Кешен Әлеуметтік психология


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәннің аталуы – Әлеуметтік психология
Мамандығы – 5В010300-Педагогика және психология
Шифр атауы
Оқу түрі: Күндізгі
Қызылорда, 2015
Оқу әдістемелік кешенді «Педагогика және психология» кафедрасының пс.ғ. магистры аға оқытушысы Утегенов Ж.М., оқытушы Смагулова Э.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені ҚР ББМЖМС 5В10300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша «Педагогикалық психология» пәні оқу бағдарламасы негізінде жасалған.


«Психология және адам дамуы» пәнінен оқу әдістемелік кешен «Педагогика және психология» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № _____ «_________» _________________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ пс.ғ.к., А.Ж.Аяғанова
«Гуманитарлық-педагогикалық» институты оқу бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
«_____» _______________ 2015 ж. Хаттама №
Төрағасы _____________ ф-м.ғ.д. Абдикаримов Б.Ж.
Дәріс тақырыбы 1. Әлеуметтік психологияның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
Жоспар
1. "Әлеуметтік психология" пәнінің психология ғылымдары жүйесіндегі алатын орны мен ролі.
2. "Әлеуметтік психология" пәнінің негізгі зерттеу әдістері- бақылау, эксперимент, сұрау.
3. Отандық және шетелдік психологиядағы "Әлеуметтік психология" ғылымының дамуы мен қалыптасуы
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36.
Қосымша әдебиеттер:13,32
Қазіргі кездегі әлеуметтік психология - адамдардың және тұтас топтардың әлеуметтік мінез - құлығының заңдылықтары туралы жалпы ғылыми білім және осы мінез-құлықты тәжірибе жүзінде зерттеу әдістері, және де осындай мінез-құлыққа тиімді түрде әсер ететін құралдар мен әлеуметтік әсер ету технологиясының жиынтығы, - деп қарастыруға болады.
Әлеуметтік психология ғылымының маңызы - адам өмірінің барлық жақтары қарым-қатынас, топ ішілік және топ аралық қатынастардан құрылатынымен байланысты. Әсіресе, бұл ғылымның оқыту және тәрбиелеу практикасында, педагогикалық әсерлесуді ұйымдастыруда маңызы зор.
Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек ғылымның - әлеуметтану және психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.
Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер көбіне қоғамдық бұқараның психологиясын зерттеуге көңіл бөлсе (топтар, көпшіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртурлі адам-аралық қатынастарға үңіле бастады. Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті.
Американ психологы Д.Майерстің анықтауынша: «әлеуметтік психология - адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайды, бір-біріне қалай әсер етеді және бір-біріне қалай қарайтынын зерттейтін ғылым.
Кез-келген ғылымның белгілі бір дәрежеге жетуі жаңа деректерді жинауға мүмкіндік беретін зерттеу әдістерінің болуымен анықталады. Әлеуметтік психологияның нақты әдістерін жасау теориялық негізгі және методологиялық принциптерге сүйенеді. Әдетте әдіснамалық талдаудың үш деңгейі анықталады.
1.Жалпы әдіснама. Жалпы таным принциптерін, шындықтағы құбылыстарды талдауға философиялық тұрғыдан келуді қарастырды. Демек, әлеуметтік – психологиялық зерттеу диалектикалық әдістердің талаптарымен анықталады.
Зерттеудің философиялық – методологиялық деңгейі алынған нәтижелерге дүниетанымдық қорытынды береді.
2.Арнаулы әдіснама. Әлеуметтік – психологиялық зерттеудің объектілеріне жалпы философиялық принциптерді қолдануды қамтамассыз ететін деңгей. Әлеуметтік – психологияда арнаулы методология екі ғылымның – психологияның және социологияның методологиялық принциптеріне негізделеді. Арнаулы методология әлеуметтік – психологиялық (және социологиялық) теорияларды жасауға зерттелетін объектілердегі негізгі байланыстар мен құрылымдарды анықтауға нұсқаулар береді.
3. Әдіснаманың үшінші деңгейі әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде нақты әдістердің, әдістемелердің жиынтығын құрайды. Практикалық зерттеу мен әдіснаманың осы деңгейі өзара тығыз байланысты.
Әлеуметтік психологияның әдістерін әр түрлі негіздерге сүйене отырып жіктеуге болады. Әлеуметтік психологияда әзірше жалпы ортақ жіктеу әлі де жоқ. Зерттеу әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Деректерді жинау әдісі (байқау, эксперимент, құжаттарды талдау, әрекет нәтижесін талдау, сұрақ- жауап т.б )
2. Алынған деректерді талдау әдісітері (мәіметтерді теориялық және логикалық талдау, математикалық статистика әдістерін қолдану.)
Деректерді талдау әдістері әлеуметтік- психологиялық әдістерге жатпайды, ол алғашқы деректі мазмұнды талдауға даярлайтын жалпы ғылыми әдістердің үлкен тобы.
Дәріс тақырыбы 2. Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы.
Жоспар
1. Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуының алғышарттары.
2. Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар ("Халықтар психологиясы" М.Лацарус, Г.Штейнтал, В.Вундт: "Көпшілік психологиясы" Г.Тард: В.Макдугаллдың "Әлеуметтік жүріс-тұрыс инстинкті" теориясы).
3. Әлеуметтік психология тарихының кезеңдері (Г.М. Андреева және Е.С.Кузьмин бойынша).
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер:13,17,26,27,28,29,30.
Әлеуметтік психология адамаралық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері мен жан дүниесінің әркандай қыр-сырын зерттейтін пән болғандыктан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай түсінік адамның іс-әрекеттері мен жасампаздығын
өрістетіп отыруға жетелейді. Әлуметтік психология ғылымының, рөлі өскелең буынға тәлім-тәрбие беру ісінде айқын көрінеді. Психологиялык таным процестері—түйсік-қабылдау, ойлау және сөйлеудің даму зандылықтары-оқыту теориясындағы дидактиканы құруға, тәлім-істерінің мазмұны мен ауқымын анықтауға, окыту-әгдістерін ғылыми негізде үйымдастыруға, оқу күралдарын жасауға кажет болатын ғылыми тірек.
-Адамнын жеке басына тән психологиялық касиеттердің бірі — оқу-тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен коғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратыны айқын. Осы орайда, адамның. жан дүниесінің қыр-сырын жандандыру, оның, жеке басынын касиеттері мен сипаттарын жетілдіру, ұстаздар мен тәрбиешілердің таным процестері мен психологиялық зандылыктарды жете білуі шәкірттерге тәлім-тәрбие беру жұмысын женілдетсді.
Адам өз психологиясының дамуы процесінде акыл-ойын, сана-сезімін жетілдірді. Дене еңбегін жеңілдетіп, оның нәтижелі болуы үшін кажетті құрал-саймандар жасап шығарып, тиісті амал-тәсілдерді менгерді. Қазіргі заманда адам өзінің психикалык әрекетін жеңілдете-тін және оны нәтижелі ететін тәсілдерді ойлап табуды мақсат етуде. Ондай мақсат қазіргі кезде автоматика, телемеханика,- радиотехника, электроника, бионика, ға-рышкерлік және баска ғылыми жетістіктердің салалары арқылы жүзеге асып отыр.
Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиет-тері мен жеке басының кажеттері болып табылатын дү-ниетанымдық көзкарасын, мінез-кұлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру — психология ғы.іы-мынық басты міндеті. Жеке адамнын жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты бояып отыратындығы бүл ғылымньщ түрлі салаларын оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөитіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындагы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды.
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің кұпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамнын дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мүндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі — қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі — қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. XIII гасырда де-нені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамнын. физиологиялык тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры аткарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері адамның психикалык әрекетінің негізгі органы — жүрек, оның аткаратын кызметі біртіндеп миға ауысады деген түжырым жасады Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөлшектен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден — өттен және қан мен шырыннан құрылған, осы үш түрлі нәрсенің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.
Осы негізге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген: 1) адамның бойында өттің не қан қүрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, козғалғыш болады, маймыл-әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3) шырынның басымдылығы — қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды.
Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзкарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық күбылыстар жайындағы ақылға конымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.
Б. з. д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі. жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралық ерек-шеліктеріне орай түрліше түсіндірді. Ал йога бағытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жене білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан гұламаларының пікірінше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын меңгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік (этикалық) жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық— діни ой-пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б.з.д. 551—479 жж.) есімімен байланысты. Оның іргесін өзі калаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары - туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып, бұзатын — сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сырттан әсер еткен зиянды қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дүниесіне терең бойлап, акыл-ойының кемелдене тусуіне бой ұрғаны жөн деп үйретеді.
Конфуцийдің бул пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып, ел арасына кеңінен жайды.
Адамның тәні мен психикалық тіршілігінде қан айна лу процесінің айрықша маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр , Қытай мен Үндістан сияқты ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымында-ғы бөлшектер мен адам психикасының дамуы туралы жалпы заңдылықтардың бір арнаға келіп құятынын көр сетеді. Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүние сіне қатысты мәселенің өте ерте кездерде-ақ адамзат мәдениетінің, дұниетанымы мен білімінің философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды мағлүматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын көрсетеді. Міне, осы орайда психология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пәннін практикалық маңызы мен ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғы лымдарының түйіскен торабынан өрбіп шыққандығымен түсіндіреді. Бүл — объективтік шындық және ғылыми тұжырым.
Ежелгі психология
Сонау ерте замандардан бері адамдардың әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан алуан іс-әрекеттерінен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінін сырын бейнелейтін психологиялық ерекшеліктерінен, мі нез-құлық сипаттарының өзара айырмашылықтарынан тұратындығы белгілі болған. Осындай ұғым-түсініктер-де адамның жаны тәнімен бірге болады деп саналған.
Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен мәдениеттің, салт-сана-ның дамуымен қатар әр алуан әдет-ғұрыптар да калыптасып отырады. Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, кұбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анимизм (латынша «анима» — жан деген сөзден шыққан) деп аталады
Ежелгі грек жұртының ғұламалары — Гераклит (б. з. д. VI F.), Демокрит (б. з. д. V F.) жан-табиғаттың' бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттын атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алгашқы ілім-психиканы адам тәнінін кызметі-, деген бірыңгай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғүлама ойшылы Платон (б. з. д. 427— Ісж.) жан-мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтын мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б. з. д. 384—322 жж.) психологиялык ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология .мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бүл шығармасында жан дүниесінің (психиканын) әрекетін шындык әдіс арқылы зёрттеп, оны тәжірибеге негіздеп қүруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналғанды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір суретінін айта келіп, психикалык әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұргыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын объективтік шындыкка, материалистік бағытка қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнін келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды.
. Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын,тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б. з. д. I ғ.), Гален (б. з. д. II ғ.) психологияның дүниесінің сырымен байланысты табиғи негіздерін іздестірді.. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б. з. д. 470—399 жж.) «өзінді өзің тани біл» деген үлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды. Сондай-ақ, адамньң жаны тәніне тән деп санап, ол акыл-ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағы ой-пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның эконо-микалық-саяси құрылысына орай түрлі идеялық бағытта (материалистік не идеалистік) болуы таңданарлық жайт емес.
Орта ғасырлардағы жан туралы ілім
Ежелгі дүниенің, құл иеленушілік қоғамның іргесі каусап, тарих сахнасынан кеткен соң оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық коғам орнады. Бұл дәуірдің тарихи даму сипаты ғылыми идеялар мсн жеке адамның даралық өсу қасиеттерін токырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптаскан адам психикасы жай-ындағы ілім мистикалык және діни көзқарастар ықпа лына көшті. Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді . деп уағыздалды. Психика туралы ертеден калыптаскан тәжірибелік зерттеулер схоластикамен алмасты. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді.
Алайда, VIII—XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайьш, ғылы ми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындагы ілім жанданып, жаңа сипатка ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениет пен ғылымнын орта ғасырларда Еуропа мен басқа да елдерге тарап, кең қанат жаюы жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне эсер етті. VII ғасырда Халифат мемлекетінің кұрылып, араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінін, таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен езге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзілік мәдениеттің орталығына ай налдырды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары еркен жайып, ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп, бұл еңбек тер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Пиреней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендеген халықтардың төл мәдениетінің, философия мен өзге де ғылымдардың қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді.
Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып. біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл Фараби (870—950 жж.), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980—1037 жж.), Ибн Рошд (Аввероэс) (1126-1198 жж.) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулер! арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (Әлгазен) (965-1039 жж.), Иранның медик ғалымы Закария Рази (865-925 жж.) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді.
Әбу Насыр әл-Фараби — сан алуан енбектер жазып, «Әлемнің екінші үстазы» атанған данышпан ғалым.Оның адам жан дүниесінін қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалары бар. Солардың ішінде «Ізгі қала тұрғындары», «Азаматтык саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері» тәрізді басқа да шығармасында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, әдеп пен социологияға дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінен талдайды, сонымен катар әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер бередi. Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін, әсіресе, оның «Жан туралы» деп аталат.ын шығармасын жете зерттеп, араб тіліне аударды. Жан жүйесінің сырын зерттеуде Әл-Фарабидің Аристотель ықпалында болғандығы — шындық фактор.
Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғы-лыми пайым жасайды. Сондай-ақ, ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат кабілетінің негізгі түрлері мынадай деп көрсетті; адамды қуаттандыратын күш (арабша — «әл куат әл-газийа»); түйсіну қуаты; қиялдау куаты; ақыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ум-тылу қуаты. Адам бойындағы күш-куатын ол-Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәяіне дәл келеді. Ал ол езінің «Екінші ұстаздын сөз (ақыл-ой) мағынасы туралы ой толғамдары» дейтін еңбегінде психикалық процестердің барлығына жуығын •адамның белгілі мүшелсрінің қатысуымен жасалып отыратын материалдық кұбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам жанының акыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл осы мағынада карастырады.Әл-Фарабидің психология жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғьідан шешкен көзқарас деуге болады.
Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген араб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста —Ибн Сина, ал батыста— Ибн Рошд болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеумен шұғылданып, олардың нәтижелері еуропалық елдерде кеңінен таралды. Ибн Синаның «Медицина қағидасы» деп аталатын еңбегі бес жүз жыл бойы жұмыр дүниенің шартарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден-бір құрал болды. Ал Ибн Рошдтың ақыл-ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластиканы діңкелетіп, дүние болмысы мен Адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд көзқарастары табиғаттың мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі тәнге байланысты, оның заңдылығын қалай болса, солай өзгерту мүмкін емес, әрбір адамның Жаны мен даралығын мәңгілік деп санау шындыққа сай келмейдідейтін мистикалық ұғымның жалғандығын ашып көрсетті.
Ибн Синаның көзқарастарындағы тағы бір маңызды мәселе – оның жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір-біріне қайшы пікірі. Оның анықтауынша, жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Алайда , ол бұл мәселенің психофизиологиялық мәнін ашып көрсету үшін тәжірибелік зерттеулерді барынша үдете түсу керек дейді. Медициналық психология саласында Ибн Сина пікірлерінің түйіні - өткен замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей бермей, шығыс медицинасының табыстарына иек артып, неғұрлым тәжірибеге, оның жетістіктеріне сүйену қажет дейді. Мұндай ой-тұжырымдарын ол өзінің «Медицина қағидаларында» кеңінен баяндайды. Адам психикасының ми қызметіне тәуелді болып отыратындығы бұл еңбекте материалистік тұрғыдан қарастырылады. Ибн Сина зерттеулерінде жанның (психиканың) адамның көңіл- күйіне қатысты сезімі мен эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сол замандағы психология іліміндегі жаңашылдық бағыт еді. Ибн Синаның психологиялық ой-пікірлері мен зерттеулері, негізінен, тәжірибелік бақылауға жүгінді.
Орта ғасырлық араб тілді ғұламалар Закария Разидің ғылымды бақылау нәтижелері мен тәжірибеге негіздеу жағындағы ой-пікірі, Ибн әл-Хайсамның психофизиологиялық идеяларын Ибн Сина зерттеулерімен ұштасып, жан жүйесі жайындағы ғылымның қанат жаюына алаулі үлес қосты.
Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома Аквинский ( 1225 – 1274 жж. ) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктердің шындыққа сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175 – 1263 жж.), оның шәкірті Роджер Бэкон (1214 – 1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді деген аристотельдік қағиданы жаңғыртты. Психологияның даму тарихында орта ғасырлық дәуір талас-тартысты оқиғаларға толы болды.
Психология ғылымының тарихында XVII ғасырдың алатын орны ерекше. Бұл кезеңде Европа халықтары дамуында елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жайында жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561 -1626 жж.) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге негіздеп, оның нәтижелерін адамның құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы білімін өсіріп, күш қуатын артыру керек. Бұл орайда, дүниенің сырын тәжірибелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп тапты. XVII ғасырдағы психологиялық ой-пікірді дамытуда: а) жанды дененің, соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардың құпия сырларын ашу; ә) әрбір индивидке (жеке адамға) тән сананы, оның ішкі дүниесін бақылау арқылы өзіндік психикалық күй-жайын; б) адамның құмарлығы мен аффектті күйлерін,оның өз мінез-құлқын меңгеруін, жақсы, жаман істерге бой ұруын; в) денесінің күш-қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді. Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар – Декарт (1596-1650 жж.), Т.Гоббс (1588 – 1679 жж.), Б.Спиноза (1632 – 1677 жж.), Г.Лейбниц (1646 – 1716 жж.), Дж. Локк (1632 – 1704 жж.) сияқты аттары әлемге әйгілі адамдар
Ассоциативтік психология. Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заны XIX ғасырдың сонына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Локк есімдерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені, бүл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға не-гіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациялық (байланысты) қағидаларды қолданудың өрісін көне замандардағы Үндістан мен ертедегі грек рұламалары да қарастырған болатын. XVIII ғасырдағы ассоциация нағыз детерминистік сипат алып, дене процестерінің жиынтығы атқаратын қызмет машинамен істелетін әрекеттер сияқты болады деген ойға негізделді.
Психология - тарихында ассоцнаішяны жалпы категориялык ұғым деңгейіне тұнғыш рет көтеріп, оны дәріптеуші — ағылшын дәрігері Гартли (1705—1757 жж.). Ол психикалық процестердің бәрі ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің «Адамды бакылау» деген кітабы (1749 ж.) ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып калыптасуының бастамасы болды. Осы енбегінде ол көптеген психикалык процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекетерін материалистік түрғыдан түсіндіруге күш салды. Соның нәтижесінде Гартли адамның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер касиеттерін де анықтайды.
Бұл зерттеулер — санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалнстік тұжырым.
Бір сөзбен айтқанда, Гартли теориясын XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің шыңы деуге болады.
' ХІХ ғасырдың бірінші жартысы — психологияның даму тарихындағы елеулі кезеңнің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациалық бұрынғы концепция материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т, Браун (1778—1820), Джемс Милль (1778—1830), Дж. .Ст. Милль (1806 — 1873) сияқты зерттеушілер қолдады. Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден, ассоциация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық кұрылымдар — елес, oй, сезім екінші деп саналады; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топтағы психикалык процестер аркылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірибе арқылы санада жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекиді.
Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жұйке физиологиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады. Г. Гельмгольц (1821 — 1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің кызметі деп санаса, ал Ч. Дарвин ассоциацияны эмоция аркылы түсіндірді. Орыс физиологы И. М. Сеченев (1829 — 1905) ассоциацияның физио-логиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г. Спенсер (1820—1903) оны психикалық филогенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез-құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді.
XIX ғасырдың 80—90 жылдарында Г. Эббингауз (1850—1909), Г. Мюллер (1850—1934) тәрізді баска да психологтардын еңбектерінде ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологияның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік сипаты айқындалып, оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физиологиялык, зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіге иек артты.
Дәріс тақырыбы 3. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теоретикалық бағыттары.
Жоспар
1. Қазіргі әлеуметтік психологиядағы необихевиоризм.
2. Әлеуметтік психологиядағы қазіргі психоаналитикалық тұжырымдамалар және З.Фрейд позициясы.
3. Әлеуметтік психологиядағы интеракционизм.
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер:13,23,32.
XX ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалық талаптарына орай сана психологиясының дағдарысы қылаң берді. Интроспектгік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.
Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы «зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай бейсанаға тәуелді әрекет-қылықтар экспсрименталды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.
Бұл дәуірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасада. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырауы мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Революциялық теория ықпалында интроспекция әдісін қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды.
Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.
Бихевиоризм - XX ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанатгардың әрекет-қылығы сыртқы орта әсеріне болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр. XIX-XX ғ.ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психихикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін-өзі бақылау тәсілін пайдалану мүмкін болмағандықтан, эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бұл әдісті бихевиористер адам психикасын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмнің философиялық принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған заты баяндауы тиіс, ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтермен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет-қылықты зерттеуі керек деген негізгі тезис тұжырымдады. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субъективті мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды, сөйтеді де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихеворизм теориясын қалаушы - Э. Торндайк.
Гештальтпсихология ( бейне, құрылым, бір тұтас форма) - XX ғ. бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Гештальт-психолотия механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Гештальттылар "элементтер психологиясына" қарсы әрбір психологиялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын аяқтады. Олар тұтастықты элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды. Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуация меп оның формальды құрылымының бір бүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды. Оның айтуынша, бұл ұғым мынадай мазмұнды қамтиды: айталық, бірнеше дыбыс тітіркендіргіштері іркес-тіркес берілді дейік. Сонда, бұл дыбыстар бір-бірімен байланыссыз әсерлер ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың "гештальты" болып табылатын "әуен" ретінде қабылданады.
Гештальтпсихология бағытының осал тарапы психологиялық құбылыс бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына біағынатын ерекше мәнді құбылыс саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйінде қала берді. Осы екі маңызды категориялардың (бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты таңдаудың ортақ жүйесін бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылымы мектебі соғыс жылдарында тарады.
Генетикалық психология. Швейцария ғалымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-есінің қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интеллектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.
Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектінің құрылымын зерттеу. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, және интеллекттік күрделі ақыл-естің жай психикалық элементтерден құралатынын далелдемекші болды.
Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі - баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-естің өрістеу тұғырын інтеллектін өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.
Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі бітпейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре білмеді.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы-кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік- қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.
Фрейдизм. Негізін австриялық психолог 3. Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есі ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсіндіруге бағышталған бұл ілім кейін адам жөніндегі жалпы тағлимат дәрежесінде ұсынылды. Фрейдизм ілімінің негізгі сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер (олардың ішіндегі ең бастысы - либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі , өшпес келіспестік пен арпалыста дамиды, қалыптасады.
Қоғам өзінің шектеулерінен адамды күйзеліске түсіреді, оның санаға бағынбайтын құмарлықтарын басуға тырысады. Сондықтан бұл көңіл шарпуларында және сезім көріністері айналма жолдармен невротикалық белгілер түрінде жарыққа шығады (түс көру; қате, жаңсақ сөйлеу, жазу; қажет, бірақ ұнамсыз болғанды ұмыта қалу, ойланбай айтып салған оспақ әзіл, т.б.). Осыдан 3. Фрейд адам іс-әрекетінің бәрі обьектив болмыс туындатқан сана басқарымында болмай, адамның өзі сезе бермейтін бейсанадағы ықпалдар жетегінде жүреді деген тұжырымды бетке ұстайды. Санада ешқандай күш жоқ, яғни организм мен қоғам адамның саналы күтпеген көңіл шарпуларының илеміндегі қамыр. Фрейдизм, ақырында, адам қылығы қоғамдық даму заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштер ықпалында болуын даріптеуінен, адам әрекетінің бәрі агрессив, оны тәрбиемен өзгерту мүмкін емес деген реакцион идеяның арқауына айналды.
Ашық дағдарыс кезеңдерінде пайда болып, кейін елеулі өзгерістерге кезіккен айтарлықтай маңызды теориялық бағыттар 60 жылдардың басында өздерінің бұрынғы абыройынан айрыла бастады. Әрекет-қылық пен психиканы түсіндірудегі теориялық ішкі қайшылықтар олардың негізгі бастау позицияларын қайта қарастыруды талап етті. Бұл дағдарыстардың аса бір мәнді себебі - эксперименгальды зерттеулер мен теориялар саласында жаңа өнімді көзқарас, бағыттардың туындауынан болды: танымдық іс-әрекет зерттеулері аймағында когнитивтік психология, гуманистік психология, ми жөніндегі ғылымдар шеңберінде адам санасын зерттеуге орай - нейрофизиология, неироморфология, нейропсихология, қанат жайған және бір бағыт - бұл адам нсихологиясы еді.
Осы ғылыми-теориялық бағыттардың қысқаша сипаттамасына тоқталайық.
Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнетивтік психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағьгг бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне карсылық білдірумен ғылым сахнасына келген еді. Когнитивтік психология необихевиористер зерттеулерінің нәтиесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші адам организмі жүйелі құрылым деген танымды әрі жалғастырды, яғни адам әрқилы ақпараттарға ыкпалды әсер етуге қабілетті: бөтен таңбалар формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек, ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Когнитивтік психологияның көрнекті өкілдері
Дж. Брунер, Д. Норман, Л. Фестингер, Ф. Хайдер, У. Найсер, П.Лиднсей, Г. Саймон.
Бұл бағыттың бұл күнде бірнеше салалары бар. Солардың ішінде ең танымал болғаны есептеу варианты мұнда танымдық процестер шектен тыс механистік негізде түсіндіріледі: психика сигналдарды өзгеріске келтіруші тұрақты қабілетке ие тетік күйінде қарастырылады. Әсіресе таным процесіндегі ішкі когнитивтік құрылымдар мен ізденуші организм белсенділігіне аса мән беріледі.
Когнитивтік психологняның негізгі зерттеу аймағы танымдық процестер - ес, тіл мен сөздің психологиялық қырлары, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және танымдық даму. Бұл таным психологаясының әдістері жеке адамның көңіл-күйі мен себеп-түрткілерін, сонымен бірге әлеумет психологиясын зерттеуге де қолданылды. Адам танымының барлық формалары электрондық есептеу машиналарына ұқсастығымен ақпарат жинау және өңдеудің бір ізді блоктары ретінде бағаланды. Адамның ақпарат өңдеу, сақтау және пайдалануына байланысты танымдық белсенділігінің белгілі деңгей дәрежесінде көрінетіні жөнінде пікір пайда болды. Ес, қабылдау процестері, зейін, ойлау мен оның сөзбен не сөзден тыс бершетін бірліктері көптеген құрылымдық моделдерге келтірілді.
Дегенмен, когнитивтік психологияда танымдық процестерді жете түсіндіре алған тұтас бір теория қалыптаса қоймады. Субъект проблемасынан алшақ тұрумен, когнитивтік психология психикалық әрекеттің иесі деп әсерленген бір дерексіз бастаушыны (гомункулюс) мойындауына мәжбүр болды. Когнитивтік психологияның бұдан былайғы өміршеңдігі осы әдіснамалық қиыншылықтан құтылудың жолын табуға байланысты. Оны уақыт көрсете жатар.
Бихевиоризм мен психоанализ теорияларына тікелей қарсылығымен танылған ірі бағыттардың және бірі - бұл гуманистік психология. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты - бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларын орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршең психологияны таңдап алу еді. Өз зерттеулерінің объекті ретінде гуманист-психологтар салауатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Мұндай міндетті бұл уақытқа дейін ешбір психологиялық ғылыми мектеп өз мойнына артқан емес еді. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты - өзін-өзі кемелдендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып, жая білуі.
Гуманистік бағыт көрнекті өкілдерінің бірі Абрахам Маслоу еді. Ол жеке адам психологиясын есі ауысқандарды зерттеумен білу мүмкін еместігін қадап айтқан. Маслоу адам , іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік кажеттілік - адамдарға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмтылу (адам табиғатынан қайырымды). Дарвин теориясын өзінше түсіндірген Маслоу, тек жыртқыш та күшті хайуанаттар ғана өмір сүруге бейімді деген
Ч. Ддрвиннің ұйғарымымен келіспей, бұл жануардың негізгі инстинкті еместігін дәлелдеуге тырысты: тоқ арыстан көрінгенге тап бермейді Оның жыртқыштығы икемденудің амалсыз құралы. Маслоу жануардағы өз ұрпағын жалғастыруға деген инстинкт адамдағыдан бірде кем еместігін, ал сол инстинкт оларды бір-біріне көмектесуге мәжбүрлейтінін талай баса айтқан.
Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндетті. Ал мұндай міндетті атқару қажеттілігі, Маслоуша, тек дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер мен жүйке сырқатына шалдыққандар өз алдына мұндай талап қоя алмайды. Сырқаттың өзі де адамның осы өз мүмкіншіліктерінен дұрыс та толық пайдалана алмай, қанағаттану рахатына бөленбегенінен болып отыр.
Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқыдан қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге шығаруы тиіс. Егер онда құрттайынан актерлік байқалса ол актер болуға ұмтылуы тиіс, ойлау қабілеті дамыған болса ғалым болуға тырысуы қажет. Егер адам осыны істемесе, өмір жағдайлары бұған кедергі жасайтын болса, "болуы тиіс еді, неге болмады?" - деген шешімін таппай, өз бойы мен ойындағы бітпес дау-дамайға тап болып, жүйке сырқатына кезігеді.
Өз мүмкіншілігін ашудың мәні не? Маслоу пікірінше, бұл - тума. құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, адамгершілік, тілектестікке деген қажетсінумен дүниеге келеді. Бұлардың бәрі адам өзегінде, оның міндеті осы гуманистік қажеттерді іске асыруда белсенділік көрсету. Осы идеясымен Маслоу фрейдистер көзқарасына тікелей қарсы шықты. (Фрейд адамның әлеуметтенуін оның негізгі инстинктеріне шек қою деп білді).
Маслоу бірінен біріне күрделене ауысып отыратын адам қажеттіліктерін жіктеп, көрсетіп берді: 1) физиологиялық қажеттіліктер, 2) қорғаныс қажеттіліктері, 3) қорек-танымдық қажеттіліктер; осылардың бәрінен жоғары адамгершілік (гуманоидтық) қажетсінулер, яғни 4) шындық, қарапайымдылық, әділдікті керек ету. Міне, осылардың бәрі өз мүмкіншіліктерін өз белсенділігімен іске асыруына байланысты адамда көрінетін жалпы қажеттіліктердің мазмұнын құрайды. Қажеттіліктерге орай Маслоудың осы тұжырымының біз үшін аса қызықты тарапы: өзіндік
кемелдену адамға тума дарығанына қарамастан, алдыңғы үш топ қажеттіктер орындалған жағдайда ғана шын мәніндегі өз көрінісін береді. Дұрыс тұжырым, алайда Маслоу тағлиматының кемшілігі де осы пікірде: егер кей адамдардың алғы үш топ қажеттіктерге орай қанағаттануы болмаса, онда әділдік, өз қадірін білу, сыйластық құсаған гуманистік қажеттіктер қалай қалыптасады? Бұл жағы Маслоу теориясында жұмбақ. Маслоу антропологиялық бағдар шырмауынан шыға алмай, қажеттіктердің әлеуметтік қорына мән бермеді.
Маслоу теориясының басты кемшілігі - оның биологизаторлық пікірден аса алмағандығында, әлбетте, біздің қайырымды, игілікті болып дүниеге келетініміз, жаман болу біздің еркімізде еместігі - әрқайсысымыздың да көңілімізге қонымды. Бірақ инабаттылық қасиеттері табиғаттан берілмейтіндігін мойындаған жөн: қайырымды болып та туылатын адам жоқ, жатырынан жауыз болатын да пенде әзірге көргеніміз жоқ. Бұлардың бәрі өмір барысында қалыптасады. Адамгершілік, этникалық қасиеттерді тума құбылыс деп тану - биологиязациялық дағдарысқа тірелудің басы.
Дәріс тақырыбы 4. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы.
Жоспар
1. Ғылыми зерттеу әдіснамасы түсінігі.
2. Әлеуметтік-психологиялық зерттеудегі; сұрау, бақылау, құжаттарды талдау әдістерінің жалпы сипаттамасы.
3. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттің негізгі типтері мен ерекшеліктері.
4. Әлеуметтік-психологиялық әсер етудің белсенді әдістері: мазмұны, типтері, мүмкіндіктері мен шектеулері.
5. Әлеуметтік-психологиялық тренинг және оның түрлері.
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер:13,23,32.
Ғылыми зерттеудің аталып өткен қасиеттері әлеуметтік психологиясында өз спецификасына ие. Ғылымның логикасы мен әдіснамасында ұсынылған ғылыми зерттеудің моделі тік тғылымдардың, әсіресе физиканың мысалдарына сүйеніп отырады. Осының нәтижесінде, ғылыми пәндерге маңызды қасиеттер жоғалып отырады. Сондықтан да әлеуметтік психологияның кейбір спецификалық мәселелерін атап өткенді жөн көреміз.
Ең алғашқы болып эмпирикалық мәліметтердің мәселесі қойылады. Әлеуметтік психологияда мәліметтер болып индивидтердік топтардағы ашық жүрісі туралы немесе осы индивидтердің санасынының кейбір мінездемелері, немесе осы топтың психологиялық мінездемелері туралы мәліметтері саналады. Осы сұрақ жөнінде әлеуметтік психологияда пікір-талас болып жатыр, себебі әртүрлі теориялық бағыттарда бұл мәселе әр түрлі шешіледі.
Бихевиористік элеуметтік психологияда тек қана ашық жүріс-тұрыстың фактілері мәліметтер болып алынса, когнитивизм бағытында индивидтің когнитивті әлемін мінездейтін (бейнелер, құндылықтар) мәліметтер қарастырылады. Әлеуметтік психологияда кез келген мәліметтердің шығу тегі болып адам алынады, бірақ әдістердің біреулері оның жүріс-тұрысының актілерін белгілеуге жарамды болса, басқалары – оның когнитивтік құрылымындарын тіркеуге арналған.
Мәліметтер мәселесін тағы да бір жағы бар: олардың көлемі қандай болуы керек? Осыған байланысты әлеуметтік-психологиялық зерттеу 2-ге бөлінеді:
А) корреляциялық, арасында әр түрлі корреляциялар анықталатын үлкен мәліметтер массивіне негізделетін түрі;
Б) Эксперименталды, зерттеуші шектелген мәліметтер көлемімен жұмыс етеді және осы жұмыстың мазмұны жаңа мәлеметтерді ерікті енгізіп, оларды бақылауына негізделеді. Ғылыми зерттеудің 2-ші қасиеті – алынған мәліметтерді принциптерге біріктіру, болжамдар мен теорияларды құру. Бұл да қасиет әлеуметтік психологияда ерекше анықталады. Ғылымның логикасы мен әдіснамасындағы теорияларды алсақ, олар әлеуметтік психологияға тән емес екені айқындалады. Басқа да гуманитарлық ғылымдарда сияқты әлеуметтік психологияның теориялары дедуктивтік емес, яғни бірінн бірін шығаратын қалыптардың жақсы қалыптасқан байланысы болмайды. Әлеуметтік-психологиялық зерттеуде божам білімнің теориялық формасын айқындайды. Осыдан бұл зерттеудің ең негізгі бөлігі – болжамды құрастыру. Көптеген зерттеулердің кемшіліктерінің себебі – болжамның болмауы немесе оларды сауатсыз құрастырылуы болады.
Ғылыми зерттеудің 3-ші қасиеті – болжамның міндетті түрде тексерілуі және оның негізінде болжауларда жасау болады. Сөзсіз, болжамды тексеру ғылыми зерттеудің қажетті элементі болады. Сонымен қатар әлеуметтік психологияда болжамды тексеруде бірнеше қүндылықтар бар.
«Қатал» верификация идеясын негізге алса, ғылымның кез келген жалпыланған тұжырымдамасының болуға құқығы жоқ. Осыған орай позитивистік бағытталған зерттеушілер қолданылатын 2 негізгі салдар пайда болады:
ғылымның тек эксперимент әдісін қолдануға мүмкіндігі бар (себебі тек осы жағдайда тұжырымдаманы сезімдік тәжірибенің мәліметтерімен салыстыруға болады);
негізінде ғылым тек теориялық білімдермен ғана шұғылданбайды (себебі, кез келген теориялық түсінік верификацияланған бола бермейді).
Сонымен, ғылыми зерттеуге қойылатын аталып кеткен 3 талаптар әлеуметтік психологияда да қолданылады. Бүкіл әдістерді 2 үлкен топқа бөлуге болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері. Зерттеу әдістері ақпаратты жинау және оны өңдеу әдістеріне бөледі. Сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістерінің басқа да топтастырылулары бар. Мысалы, әдістердің 3 тобы: 1) эмпирикалық зерттеу әдістері; 2) модельдеу әдістері; 3) басқару-тәрбие әдістері (Свенцицкий, 1977).
Ақпаратты жинау әдістеріне мыналар кіреді: бақылау, құжаттарды зерттеу (контент-талдау), әр түрлі сұрақнамалар (анкета, интервью), әр түрлі тестілер (соның ішінде социометриялық тест), эксперимент (лабораторлық, табиғи),
Бақылау әлеуметтік психологияның «көне» әдістеріне жатады және кейде эксперимент әдісіне қарсы қойылады. Сонымен қатар әлеуметтік психологияда бақылау әдісінің барлық мүмкіндіктері қолданылмайды: ашық жүріс-тұрыс, индивидтердің әрекеттері туралы мәліметтерді алуда бақылау әдісі маңызды роль атқарады. Осы әдісті қолдану барысында негізгі мәселе мінездемелердің белгілі кластарын белгілеу, яғни бақылау протоколының басқа да зерттеушіге де түсінікті, ұғымды болуы және болжамның терминдерінде өңдеуге мүмкін екендігін. Басқаша айтқанда нені бақылау? Оны қалай белгілеу керек? Деген сұрақтар. Әлеуметтік-психологиялық зерттеуде бақылауға алынған құбылыстардың кластарын бөліп алу зерттеу пәнін ескерген жағдайда нақты оқиғаға ерекше шешіледі.
Құжаттарды зерттеудің маңыздылығы адамның іс-әрекетінің өнімдерін талдауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ең негізгі мәселе – құжатты талдайтын зерттеуші, яғни өзіндік даралық психологиялық ерекшеліктері бар адам екендігінде. Құжатты зерттеу жағдайда тексті түсіну қабілеті негізгі роль атқарады.
«Субъективтіліктің» осы түрін жою үшін «контент-талдау» (мазмұнды талдау) атты ерекше тәсіл енгізіледі. Бұл тәсілдің негізінде тексттің ішінде «арнайы бірліктерді» анықтау және оларды қолдану жиілігін анықтау және оларды қолдану жиілігін санау жатады. Контент-талдау әдісін ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс еткенде қолдану жөн. Ал әлеуметтік психологияда бұл әдіс көпшілік коммуникациялар саласын зерттегенде қолданылады. Тексттің бірліктерін бөліп алу зерттеушінің теориялық позициясына шығармашылық мүмкіндіктеріне байланысты. Әлеуметтік психологияның басқа да көптеген әдістерін қолданылғанда болатын сәттілік пен сәтсіздік себептері зерттеушінің шеберлігіне байланысты.
Сұрақнама - әлеуметтік-психологиялық зерттеуде кең көлемде қолданылатын әдістерінің бірі. Осы әдістің кең тараған түрлері – интервью мен анкета (әсіресе үлкен топтарды зерттеген жағдайда).
Бұл әдістерді қолданған жағдайда негізгі әдіснамалық мәселелер сұрақнаманы құрастыруға болады. Қойылатын талаптардың біріншісі құрастыру логикасында, болжам бойынша қажетті ақпаратты жинауға арналғанында және осы алынған ақпараттың сенімділігінде болады. Әр сұрақты қоюдың, оларды белгілі ретпен орналастырудың және т.с.с. көптеген ережелері бар. Әдебиетте сұрақнаманы дұрыс құрастырмаған жағдайда пайда болатын жиі кездесетін қателер анықталған. Сұрақнаманы құрастыру өте қиын, тез істелетін жұмыс емес, себебі дұрыс құрастырылмаған сұрақтар әдістің нәтижесін жоққа шығарады.
Интервью әдісін қолдану ерекше үлкен мәселе болып табылады, себебі бұл жағдайда интервьюрер мен респонденттің өзара әрекеттесуі орын алады. Интервью барысында әлеуметтік психологияда сипатталатын бір адамның басқаға әсер ету тәсілдері, адамдарды бірін бірі қабылдау заңдары, олардың қарым-қатынас нормалары өз көрінісін табады. Осы мінездемелердің әрқайсысы алынған ақпаратты сапасына әсер етіп, яғни «субъективтіліктің» тағы да бір түрін айқындайды.
Тест әдісі әлеуметтік-психологиялықұ зерттеудің спецификалық әдістеріне жатпайды, психологияның басқа салаларында да кең көлемде қолданылады. Тест негізінде сынаудың ерекше түрі, яғни сыналушы арнайы тапсырманы орындайды немесе сұрақтарға жауап беру жатады. Өңдеудің негізінде алынған жауаптарды белгілі параметрлермен «кілт» арқылы қатынастыру болады, мысалы жеке адамның мінездемелерімен егер жеке адамдық тестілер қарастырса. Бұл тестілердің көбісі патопсихологияда клиникалық бақылау әдістерімен біріктіріліп қолданылады. Жеке адам тестілерінің ең үлкен кемшілігі олардың жеке адамның тек бір жағын ғана қарастыруында. Бұл кемшілік күрделі тестілерде, мысалы, Кеттел немесе ММРІ тестілерінде аздап жойылады.
Әлеуметтік психологияда тестілер зерттеудің қосымша әдісі ретінде қолдануы мүмкін. Алынған мәліметтер басқа әдістердің нәтижелерімен салыстырылып отырылады. Топтарды диагностикалау да көбінесе социометриялық әдісті қолданылады.
Эксперимент әлеуметтік психологияның негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Оның 2 негізгі түрі бар: лабораторлық және табиғи. Осы 2 түрінің кейбір жалпы ережелері бар: экспериментатордың тәуелсіз бөлімдерді ерікті енгізуді және оларды бақылау. Сонымен қатар контрольды және эксперименталды топтарды белгілеу талабы да бұларға жалпы болады.
ІІ модуль ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯСЫ
Дәріс – 6 сағат, практикалық сабақ – 2 сағат, СӨЖ – 14 сағат
Дәріс тақырыбы 5. Тұлға әлеуметтік-психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
Жоспар
1. Тұлға мен қоғамның өзара байланысы әлеуметтік психологияның түйінді мәселелерінің бірі ретінде.
2. Әлеуметтік психологиядағы тұлғаны зерттеудің дәстүрлері мен қазіргі жағдайлары.
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер:22,23,51.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады.
"Жеке адам" түсінігімен қатар біздің қолданымымызда "адам", "дара адам", "даралық" терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әркайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - "адам" түсінігі қамтиды. Адам өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, Қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік-тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам - "homo sapiens" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
"Жеке адам" түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік - себеп аймағы - жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында калыптасады Адам тәнінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі-адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.
Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күңделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухи мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құңдылықтарымен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принпиптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да, ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметгік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің дәлелі.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттернің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация - дара адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз "Мені" негізінде қатынас түзеді. Ғылымда "жеке адамдық рефлексия" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзі ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын, өз мүмкіндіктерін және өз қадірін сезе білу сияқты сапаларып қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.
Адам өмірі нақты тарихи-әлеуметгік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар ендіру ерекшеліті, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.
Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын, жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады. Әлеуметтік құнды салт - бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ыкпалдар билігінде калып қоймай, ішкі заңдылықты ниет-себептер жүйесін аркау етеді, өзінің әлеуметін мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады.
Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделікті күйбеңнен аса алмайды, осыдан мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алмай, өміршеңдігі кемиді, рухани-адамгершілік талаптары тарылады.
Жеке адамдағы барша өмірлік күйзеліс - ауытқулар оның өзіндік "Менің" танымаудан, объективті мәнді жеке басының құнды тараптарын сезіне алмаудан келіп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткіші - оның өз психикалық жағдайын басқара алу және әрекет-қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестіре білу дәрежесі.
Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дараланады, тұлғаның барша ерекшеліктері оның тума, нәсілдік және әлеуметтік-мәдени сапаларының бірлігінен калыптасады.
Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. Болмысын бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруіш нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей аныктама беріледі мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шындыққа сай заңдылық ретіңде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р. Г. Агеева). Қорыта айтқанда, адамның әрқаңдай қылық - әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.
Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін жене керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әрекет нәтижесі де әртүрлі болады.
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік-қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіл, адам өмірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.
Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөніндегі мәселе психологиядағы басты проблемалардан. Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен бірі деңгейі бойынша жоғарылай түскен қажетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асыра. Бірақ А. Маслоу талдауындағы дара адам әлеуметтік қатынастар жүйесінен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пікірінше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана.
Б.Ф.Ломов, басқа да орыс психологтарының пайымдаулары нақты, әрекетшең дара адамның қоғамдық қатынастар жүйесіне қосылып, сол жүйенің оның санасында бейнелеуіне негізделеді. Б. Ф. Ломов мотивтік-қажетсіну аймағы мәнін (құрамы, құрылымы, қозғалысы) және сол аймақтың дамуын түсіну үшін жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтік аймағының басқа факторлардан тәуелділігін зерттеуде сол тәуелділіктің тікелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемді және сипатты екенін бірде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерімен болған тікелей байланыс шеңберінен шығу мүмкіндігіне ие, осыдан оның кажетсіну аймағы қоғамдық өмірдің күшті ықпалымен өрістей бастайды (саяси пікір, саясат, этика және т.б.). Адамның қажетсіну талаптары қоғамдық құрылымдардың әсерімен де дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрі - нақты тұлға мүшесі болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсінуі көп жағдайда осы қауымның жетегінде болады. Ал нақты адам бір қауымдастық шеңберінде қалып қоймайды, өмір бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерістерге келіп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттіктері оның ішкі жан-дүниелік әрекеттерінің нәгижесі ғана емес, ол әртүрлі адамдар бірлестігімен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бір деңгейдегі қажетсінулерден өзгесіне көшу-адамның өзіндік даму зандылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастарынан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенін ұмытпау керек.
Адамның көптеген мотивтерінде өзі араласқан әртүрлі қауымдастықтарға тән қажетсінулер бейнеленуі мүмкін. Осыдан, мотив өте күрделі де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзінің рухани күштерін (жеке адам мақсаттары, мұраттары, қажетсінулері, өмірлік бағыт-бағдар және т.б.) көп жағдайда сезе бермейді. Егер олай болғанда, адам мүлтіксіз өзіндік санаға ие болумен, өзі жөнінде шексіз хабардар болып, өзіне өзі нақ баға бере алған болар еді. Ал, шынына келсек, нақты адам өзі жөнінде өзгелерден кемдеу біледі, басқалардың ол турасында бағасы шындықка сәйкестеу келеді. Әлбетте, әрбір адам дәл мезеттегі нақты әрекеттерінің тікелей мақсатын айқын сезеді, өз өмірінің бүгі-жігін одан артық ешкім де білмейді. Ал танданғандай жәйт адам өзінің қандайда бір қылық, әрекеттерінің дәл себептерін көбіне анықтап бере алмайды, не айқын білмейді Адам әрекеті, қылықтары түрткілерінің көбі оның өзі сезіп білмеген ықпалдар жетегіңде жүреді.
Саналық негізге ие болмаған ықпалдардың бірі психикалық көрсетпе - талаптар. Көрсетпе - талаптар психологияда жеке адамның қандай да қажеттігін қанағаттандыру үшін болған әрекетке өзі сезінбеген дайынық, бейімділік қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда, - объекті белгілі бір күйде қабылдауға, түсінуге, мәнін аңғаруға күні бүрын дайын болып, беймділік танытып, сол саналық дайыңдықты өткен тәжірибемен ұштастыра әрекетке кірісуге негіз.
Тұрақтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның әрекет қылықтарын айқыңдап отырады. Мұңдай көптеген көрсетпе-талаптардың мәнін құрайтын сипат - алдын ала шешімін дайындап қою - адамның жеке тәжірибесінен алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгілі қоғамдық топта қабылданған сіңірлі піікір - ой стандарттарына бағынышты болудың нәтижесі.
Қоғамдық өмірдің әрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенім сипатын алуы мүмкін. Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөліктен тұратыны зерттелген: когнитивтік бірлік - адамның біліп, қабылдайтын затының бейнесі; көңіл-күй – бағалау бірлігі - объектіде болған адамның ұнатуы мен жек көруі; әрекет-қылық бірлігі - іс объекті бағытында қаңдай да әрекет етуге дайын болу, еріктік күштерді іске қосу.
Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексізденген ықпал ниет ретінде құмарлық та кіреді.
Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті ретіңде оның психологиялық қалпын айқындайды.
Адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар - адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе-талаптар. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейі жағынан бірінен бірі жоғары бірнеше формалар кіреді: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейімділік, мұрат, көзқарас, наным. Адам бағыт-бағдарының барша формалары оның іс-әрекетінің түрткілері есептеледі.
Аталған формалардың қысқаша мәні:
Құмарлық - бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;
Ниет - саналы қажетсіну; толық белгілі затқа құмарлық;
Ұмтылыс - ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болады;
Қызығу - бағыт-бағдардың кандай да затқа ауысуындағы танымдық форма;
Қызығуға еріктік күш қосылса, бейімділік пайда болады;
Көзқарас - қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалык, жаратылыстану және басқа ғылымдар жүйесінде тану;
Наным - адамды өз танымы, принципі, көзқарастарына орай әрекетке ыкпалдаушы мотивтер жүйесі, бағыт-бағдардын ең жоғарғы формасы.
Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тіпті де байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы іргетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты іс-әректтік және өмірлік болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы іс-әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбірі өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара іс-әрекеттің мақсаты жеке адам бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетін қайсы бір қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. Өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды біріктіруші фактор. Жеке мақсаттардың әрқайсысы өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам келешегінің санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың іске асу жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады.
Өз болашағын көрегендікпен тани білуге қажет адам қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулер психологияда - фрустрация делінеді. Мұндай психикалык қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергілерге кезіккенінде туындайды. Фрустрациялық жағдайдың белгілері-мақсатқа ерісудің қажеттілік себебі анық, сонымен бірге оған жетудің жолында күшті кедергі бары да көрініп тұр. Адам мұндайда фрустрацияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе алуы мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келіп, фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындаға әрекетінің берекетсіздікке ұшырауына себепші болады. Мақсатты әрекет бұзылысының келесі түрлері (Ф. Е. Василюк) белгілі а) қозғалысты қозу мәнсіз қимыл-әрекеттер; б) тұңіліс; в) ашуға беріліп, әрекеттен қалу; г) стереотипия-үйреншікті әрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия - өмірдің алғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге еліктей, ойсыз қимылдау (қазақта "балалығына түсті").
Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттіктері қандайда себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мүндайда әрекет-қылық психологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл-әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.
Психологиялық қорғаныс қызметі өзінің мән-мағынасы бойынша қарама-қарсы екі тарапты құбылыс: бір жағынан, ол адамды өзінің шын мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкестенуге ойыстырса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін кемітеді. (Р. М. Грановская) Психологияда көптен белгілі бітпеген іс әсері деп аталатын құбылыс бар. Оның мәні -әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орындаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы орайластырылған формасы деп түсінсе де болады.
Қорғаныс механизмдері табысқа жетудің қалыпты шарттары мүмкін болмаған кезде немесе адам істің түбегейлі бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныстардың түрлері: жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулай және т.б.
Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан-дүниелік көрсетпелеріне қайшы келіп, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік бағасына қатер төндіретіндей сеп-түрткілердің пайда болуынан көрінетін қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шыгару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай объектив бағалауды шектейді, осыдан, әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпаратгарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеп әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлі, себебі олар жеке бастың эгоистік мүдделерін ақтау үшін қоғамда қабылданған ресми дәлелдерді орынсыз пайдалануға итермелейді. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны басқалардың оған істеген жамандығы емес, ал оның өзіне өзі не төңірегіндегілерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары. Өзіне жақпайтын, күйзеліске түсіретін ақпаратарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетіп әлек болмайды, олар өзінен өзі естен шығып қалады.
Көшіру - адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез-қылық кемшіліктерін: мойындағысы келмей ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатыи жаманшылық, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
Сәйкестендіру - адамның өз қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметтік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген, мысалы, жас өспірім баланың әкесінің әрекеттерін ойланбастан қайталап, оның мақтау-мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнегелерге ойсыз еліктеп, мақсат мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.
Жаңалау - адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз кадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлелдеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың объектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз көңілін арбауы. Мысалы, баланың жегісі келіп тамсанып, бірақ, қанша тырысса да, қолы жетпеген тәтті жүзімді "ой, әлі піспеген, ащы ғой" деп қолын сілтей салуы.
Ауыстыру - адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң, оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіліктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады. Өз алдына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келген мәнсіз қимылға ауыса салады, осыдан көңіл-күйі жеңілдеп, үлкен күйзеліске түспейді. Кейде ауыстыру әрекеттерінен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мәнді істен, болымсыз, фантазиялық кейіпке де түсуі мүмкін.
Оқшаулау - адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілге алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болған оқиға немесе өз толғаныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрсетеді.
Психологиялық қорғаныс әсері адамға қай жағдайда да өзінің ішкі қалыпты көңіл-кейпін тұрақты сақтауына жәрдемдеседі. Тіпті әлеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз қылығының зиян тарапын кеміте, оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадірін тани білсе, өзінің қандай әрекетте болмасын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз әрекеттері мен мінезін өзгертеді, ал өзгерген ұнамды тұлға сапасы оның санасын жаңалып, өмірлік серігіне айналады. Егер адамның өз қадірін сақтауына тірек боларлық ниеттелген қылық пен күнделікті жүріс-тұрыс арасындағы сәйкессіздік туралы ақпарат санамен қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты іске қосып, ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешімі табылмайтын болса, адамның өзін өзі жетілдіруі мүмкін емес.
Дәріс тақырыбы 6. Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.
Жоспар
1. Әлеуметтену түсінігі.
2. Адамзаттың әлеуметтену түсінігі.
3. Әлеуметтенудің түрлі кезеңдеріндегі тұлғаны психодиагностикалау мен түзету әдістерінің жалпы сипаттамасы.
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер:10,11,12,17,41,50.
Әлеуметтену ұғымы. Әлеуметтену ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеументтік ортаға енуі», «әлеументтік әсерлерді игеруі», «әлеументтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. процестерден түсінуге болдаы. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерін игеруіне қажет бүкіл әлеументтік процестерінің жиынтығы.
Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада: іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіндік сананың қалыптасуында іске асырылады.
Әлеуметтенудің әрбір сатысында көрінетін осы процестің екі жағын: әлеуметтену процесінің кезеңдерін (сатыларын) және ол процестердің іске асырылатын аумағы-әлеуметтік интитуттарды анықтау қажет. Әлеуметтену процесінің сатыларын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: еңбекке дейінгі, еңбек тану кезеңіндегі, еңбектен кейінг.і
Еңбекке дейінгі кезең адамның еңбектенуіне дейінгі бүкіл кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнен өзі де екі кезеңге бөлінеді:
а) ерте кездегі әлеуметтану-баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында оны-ерте балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).
ә) оқыту кезеңі, кең мағынадағы бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған мектеп кезеңі тұтастай жатады.
Әлеуметтенудің еңбек кезеңі-адамның ер жету, кемеліне келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамның бүкіл еңбектікіс-әрекет кезеңі. Осы кезеңде әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, оны қайта құруы-кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.
Еңбектен кейінгі кезең өте күрделі мәселе, себебі әлеуметтік психология үшін бұл мәселе әлі жаңа.
Еңбекке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік инстиуттар: ерте балалық шақта-отбасы және мектепке дейінгі балалар мекемелері. Отбасында бала қарым-қатынастың алғашқы дағдыларын қабылдап, алғашқы әлеуметтік рөлдері игереді, бастапқы нормалар мен құндылықтарды түсіне бастайды. Ата-анасының қылықтарының типі (әкімшіл немесе либералды) баланың «Мен» бейнесінің қалыптасуына әсер етеді.
Мектепке дейінгі балалар мекемелері кейінгі кезгедейін тек жас ерекшеліктері психологиясының зерттеу объектісі болып келді. Әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер әлі күнге дейін толық зерттелінбеген, бірақ мұндай талдаудың қажеттілігі қазірде айқын болып отыр.
Әлеументтенудің ерте сатысындағы екінші әлеуметтік интитут –мектеп. Жас ерекшеліктері және педагогикалық психология ғылымдарымен қатар, әлеуметтік пихология да бұл зерттеуобъектісіне аса үлкен назар аударады. Мектеп оқушыларды жүйелі біліммен қамтамасыз етеді, оның өзі әлеуметтенудің маңызды элементі, сонымен қатар мектеп адамды қоғамға өмір сүруге, жалпы өмірге дайындауы қажет.
Еңбектік кезеңдегі әлеуметтану институтының ішіндегі маңыздысы-еңбек ұжымы. Әлеуметтік психологиядағы көптеген зерттеулер еңбек ұжымдарының материалдарына жасалынған, дегенмен олардың әлеуметтану институты ретіндегі ролін анықтау әлі жеткіліксіз. Кез келген еңбек ұжымын зерттеу материалдарын таладуды осы тұрғыдан қарастыруға болады, мәселен жетекшілік стилін немесе топтық шешім қабылдау, бұлар да еңбек ұжымының кейбір жақтарын әлеуметтену институты ретінде сипаттайды.
Еңбектен кейінгі кезеңдегі әлеуметтену мәселесінің шешілмеуіне байланысты бұл кезеңдегі әлеуметтену институттары туралы пікір де айқындалмаған. Мосқал адамдар проблемаларын қарастыру бағытында зерттеулер жүргізу, әлеуметтену институттарын анықтау алдағы күн мәселесі деп айтуға болады.
Дәріс тақырыбы 7. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудің психологиялық механизмдері.
Жоспар
1. Әлеуметтік бағдар түсінігі.
2. Әлеуметтік бағдар құрылымы.
3. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын реттеудегі әлеуметтік бағдардың қызметтері.
Түлғаның әлеуметтік мінез-құлықтың психикалық реттеуде қажеттіліктер, мотивтері, қызығушылықтары, құндылықтар, ережелер, әлеуметтік бағдар және олардың тұлғаның әлеуметтік мінез-құлықтың психикалық реттеуде маңызды роль атқарады.
Психологтардьң ойынша тұлғаның әлеуметтенуі адам өміріндегі іс-әрекетте, қарым-қатынас және өзіндік сана негізінде жүзеге асады. А.Н.Леонтьев әлеуметтенуді әрекет аймағында іске асырылады дей отырып, «баланың істей алатын әрекетінің кеңеюі» деп анықтама берді. Тұлға әр жас кезеңінің дамуына тән әрекеттін жетекші формаларын меңгеріп, оның әлеуметтенуі жүзеге асады деп тұжырымдады. Онтогенездегі тұлға психикасының дамуының ерекшелігіне тән жетекші әрекеттерді атап бөліп көрсетті:
1. Сәбидің ересектермен тікелей қарым-қатынасы.
2. Ерте балалық шаққа тән заттық-манипуляциялық әрекет, бұл процесс негізінде белгілі заттармен әрекет ету қалыптасады.
3. Мектепке дейінгі кезеңге тән сюжеттік-рольдік ойындар;
4. Кіші мектеп жасына дейінгі әрекеті;
5. Жасөспірімдердің қоғамдык-пайдалы әрекеті;
6. Ерте жастық кезеңге тән кәсіби оқу әрекеті;
Психиканың дамуының әр түрлі кезеңіне сай әрекеттерді меңгеруі тұлғаның қажеттіліктері, мотивтері, қызығушылықтары, құндылықтары, ережелер, әлеуметтік бағдар және тұлғаның әлеуметтік мінез-құлықтың психикалық реттеуде маңызды роль атқарады.
Тұлғаның әлеуметтенуіне келесі факторлар әсер етеді:
1. макрофактор-тұлғаның дамуына әсер ететін әлеуметтік және табиғи шарттар жатады, яғни, әлеуметтік қауым, ел, мемлекет.
2. Мезафактор-тұлғаның дамуына этностың, ұлттың, тұрғылықты жер, коммуникацияның әсер етуі.
3. Микрофактор-қоғамдық институттар, көше, тікелей араласатын орта (сынып, ұжым, жолдастары, отбасы).
Әлеуметтану тұлғаның қалыптасу процесіне тікелей әсерін тигізеді. Бұл индивид дүниеге келгеннен барлық өмір бойы жалғасады.
Тұлғаның әлеуметтенуі келесі кезеңдерден тұрады:
1-інші стадия - айнала қоршаған ортаға сенімділікті орнату. Эриксонның ойынша, бала үшін бұл толық тамақтануы, тоқ болып жүруі, мейірімділік, жылылық, т.б.
2-інші стадия - қарама-қайшылыктың пайда болуы, яғни баланың басқаларға «жоқ» деп айтуы. Мысалы, бала өзі қалаған жерде болмасада жүріп ойнауы, алуға болмайтын заттарды ұстауға ұмтылуы.
3-інші стадия - иници болуы.
4-інші стадия - мектепке барудың алғашқы жылдарындағы еңбексүйгіштік пен өзінің қызуқандылық емес арасындағы шиеленіске шешім табу. Бала мектепке барып белгілі міндеттерді шешеді, оған сәйкес дағдыларды игереді. Сол кезеңде бала бойында өзіне деген сенімділікті қалыптастыру маңызды.
5-інші стадия – жасөспірімділік кезеңде мамандық таңдау мен өмірдегі орны, оны іске асыру арасында шиеленістің туындауымен ерекше.
6-ыншы стадия – жасөспірімділік шақтан ересек өмірге өтуі. Өз алдына шешімдер қабылдап, кейбір жағдайларға төзімділік таныта білу арасындағы шиеленіс.
7-інші стадия - ересек адамның орта жас кезеңіндегі тұрақтылыққа ұмтылуында пайда болған шиеленісті шешу. Бұған бала сүю, өмірге шығармашылықпен қарай білу, өз мақсаттарын іске асыру.
8-інші стадия- тұлғаның ез бойындағы шиеленіс, яғни кол жеткізгендерін електен өткізіп оған канағаттану сезіміндегі шиеленістің пайда болуы.
Адамның дамуының кез-келген процесі, оның ішінде әлеуметтану — бұл әлеуметтік топтарда, қарым-қатынаста, қоғамдық шарттарда жеке дамитын процесс. Әр адам өзі тікелей, жеке әлеуметтану жолынан етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Андреева Г.М.Социальная психология.М,1999.
Битянова М.Р.Социштьная психология.М, 19994.
Журавлёв А.Л., Соснин В.Л., Красников М.А., Социальная психология. М, 2006.
Кузьмин Е.С.Основы социальной психологии.-Л,ЛГУ,1987.
Парыгин Б.Д.Социальная психология.-СПб,1997,2001.
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер:10,11,12,17,41,50.
Дәріс тақырыбы 8. Қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.
Жоспар
1. Қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.
2. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
3. Қарым-қатынас қиындықтары мен кедергілері.
4. Деструктивті қарым-қатынас түсінігі.
Негізгі әдебиеттер: 1,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер:10,11,12,17,41,50.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс.
Тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морена (1958) ұсынған әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) кең қолданылады.
Психолог Г. М. Андреева қарым – қатынастың үш жағын ашып берді.
1.Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді.
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы.
Коммуникативтік қарым-қатынастың екі түрі бар: вербальды коммуникация және вербальды емес коммуникация
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды.
Вербальды емес коммуникацияға кіреді
оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесі (мимика, ым-ишара, қол, дене қимылы). Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
проксемика- қарым-қатынас түсушілердің аралығындағы қашықтықтың коммуникативтік мәніне көңіл аударады.
Төрт түрлі ара қатынас бар: көңілдестік (0м - 0,5 м); жеке бастық (0,5 м -1,2 м); әлеуметтік(1,2 м -3,7 м); көпшіліктік (3,7 м – жоғары).
3.Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі
Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс мәнері.
Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.
4.Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі- бұл көзбен қарым қатынасқа түсу (визуалды қатынас).
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - адамаралық қарым-қатынастың, адамадардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Өзара әрекет бірлескен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Л. И. Уманский бірлескен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді:
«бірлескен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар, мысалы, өндірістік бригада)
«бірізді-бірлескен әрекет»
«бірлескен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар)
Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер.
Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас серіктесін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы.
Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуйияны жатқызуға болады.
Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі.
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы-тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы.
Әлеументтік психологияның ерекше саласы-каузалды атрибуция деп аталады. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге келеді. Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны-себепті телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.
Дәріс тақырыбы 9. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы: вербальды қарым-қатынас.
Жоспар
1. Коммуникация түрлері.
2. Қарым-қатынастық барьер типтері.
3. Тілдік стереотиптер мен тілдік этикет.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,10,13,18,19.
Қосымша әдебиеттер: 37
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс.
Тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морена (1958) ұсынған әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) кең қолданылады.
Психолог Г. М. Андреева қарым – қатынастың үш жағын ашып берді.
1.Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді.
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы.
Коммуникативтік қарым-қатынастың екі түрі бар: вербальды коммуникация және вербальды емес коммуникация
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды.
Вербальды емес коммуникацияға кіреді
оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесі (мимика, ым-ишара, қол, дене қимылы). Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
проксемика- қарым-қатынас түсушілердің аралығындағы қашықтықтың коммуникативтік мәніне көңіл аударады.
Төрт түрлі ара қатынас бар: көңілдестік (0м - 0,5 м); жеке бастық (0,5 м -1,2 м); әлеуметтік(1,2 м -3,7 м); көпшіліктік (3,7 м – жоғары).
3.Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі
Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс мәнері.
Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.
4.Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі- бұл көзбен қарым қатынасқа түсу (визуалды қатынас).
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - адамаралық қарым-қатынастың, адамадардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Өзара әрекет бірлескен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Л. И. Уманский бірлескен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді:
«бірлескен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар, мысалы, өндірістік бригада)
«бірізді-бірлескен әрекет»
«бірлескен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар)
Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер.
Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас серіктесін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы.
Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуйияны жатқызуға болады.
Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі.
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы-тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы.
Әлеументтік психологияның ерекше саласы-каузалды атрибуция деп аталады. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге келеді. Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны-себепті телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.
Дәріс тақырыбы 10. Вербальды емес қарым-қатынас.
Жоспар
1. Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі.
2. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының (түрлері) жалпы сипаттамасы.
3. Кинесика және оның компоненттері (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) – қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде.
4. Қарым-қатынастың кеңістікті-уақыттық ұйымдастырылуы.
Негізгі әдебиеттер:
1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер: 10,11,12,17,41,50.
Дәріс тақырыбы 11. Қарым-қатынастың перцептивті жағы: тұлға аралық қабылдау және өзара түсіністік.
Жоспар
1. Қарым-қатынас процесіндегі тұлға аралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі.
2. Қабылдау механизмдері мен эффектілері.
3. Әлеуметтік стереотип түсінігі және оның түрлері мен қызметі.
4. Рефлексия түсінігі. Эмпатия құбылысы.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер: 10,11,12,17,41,50
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс.
Тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морена (1958) ұсынған әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) кең қолданылады.
Психолог Г. М. Андреева қарым – қатынастың үш жағын ашып берді.
1.Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді.
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы.
Коммуникативтік қарым-қатынастың екі түрі бар: вербальды коммуникация және вербальды емес коммуникация
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды.
Вербальды емес коммуникацияға кіреді
оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесі (мимика, ым-ишара, қол, дене қимылы). Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
проксемика- қарым-қатынас түсушілердің аралығындағы қашықтықтың коммуникативтік мәніне көңіл аударады.
Төрт түрлі ара қатынас бар: көңілдестік (0м - 0,5 м); жеке бастық (0,5 м -1,2 м); әлеуметтік(1,2 м -3,7 м); көпшіліктік (3,7 м – жоғары).
3.Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі
Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс мәнері.
Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.
4.Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі- бұл көзбен қарым қатынасқа түсу (визуалды қатынас).
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - адамаралық қарым-қатынастың, адамадардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Өзара әрекет бірлескен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Л. И. Уманский бірлескен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді:
«бірлескен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар, мысалы, өндірістік бригада)
«бірізді-бірлескен әрекет»
«бірлескен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар)
Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер.
Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас серіктесін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы.
Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуйияны жатқызуға болады.
Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі.
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы-тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы.
Әлеументтік психологияның ерекше саласы-каузалды атрибуция деп аталады. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге келеді. Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны-себепті телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.
Дәріс тақырыбы 12. Қарым-қатынастың интерактивті жағы: Тұлға аралық өзара әрекеттестік.
Жоспар
1. Тұлға аралық өзара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік-психологиялық зерттеу пәні ретінде.
2. Бәсекелестік пен бірлестік өзара әрекеттестіктің түрлері ретінде.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер: 10,11,12,17,41,50
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көпжоспарлы процесс.
Тұлға аралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морена (1958) ұсынған әлеуметтік өлшем әдісі (социометрия) кең қолданылады.
Психолог Г. М. Андреева қарым – қатынастың үш жағын ашып берді.
1.Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2. Интерактивтік жағы
3. Перцептік жағы
Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін стратегиялық жоспар құруын көрсетеді.
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін – бірі қабылдауы.
Коммуникативтік қарым-қатынастың екі түрі бар: вербальды коммуникация және вербальды емес коммуникация
Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні өзгеріске аз ұшырайды.
Вербальды емес коммуникацияға кіреді
оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесі (мимика, ым-ишара, қол, дене қимылы). Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
проксемика- қарым-қатынас түсушілердің аралығындағы қашықтықтың коммуникативтік мәніне көңіл аударады.
Төрт түрлі ара қатынас бар: көңілдестік (0м - 0,5 м); жеке бастық (0,5 м -1,2 м); әлеуметтік(1,2 м -3,7 м); көпшіліктік (3,7 м – жоғары).
3.Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі
Паралингвистикалық жүйе - бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс мәнері.
Экстралингвистикалық жүйе - сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.
4.Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі- бұл көзбен қарым қатынасқа түсу (визуалды қатынас).
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - адамаралық қарым-қатынастың, адамадардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Өзара әрекет бірлескен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Л. И. Уманский бірлескен әрекетті ұйымдастырудың үш формасын бөліп көрсетеді:
«бірлескен әрекет» (әрқайсысының өз міндеті бар, мысалы, өндірістік бригада)
«бірізді-бірлескен әрекет»
«бірлескен-өзара әрекет» (мысалы, спорттық командалар)
Әлеументтік психологияда әлеументтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеументтік детерминантасы деп қолданылады. Бұл терминді 1947 ж. алған енгізген Дж Брунер.
Әлеументтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-қатынас серіктесін тануы, өзара түсініктік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық қатынастардың іске асырылуы.
Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуйияны жатқызуға болады.
Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі.
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы-тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы.
Әлеументтік психологияның ерекше саласы-каузалды атрибуция деп аталады. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенге келеді. Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны-себепті телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы.
Дәріс тақырыбы 13. Жеке адам аралық шиеленіс және оны шешудің тәсілдері.
Жоспар
1. Тұлға аралық шиеленіс түсінігі.
2. Шиеленістің пайда болуы, өтуі және шешілуіндегі "үшінші адам" ролі.
3. Тұлға аралық шиеленістерді шешу мен реттеудің тәсілдері.
4. Келіссөз жүргізудің негізгі әдістері.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер: 10,11,12,17,41,50
Дәріс тақырыбы 14. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері.
Жоспар
1. Шағын топ дефинициасы.
2. Шағын топтардың жіктелуі.
3. Шағын топ психологиясын зерттеудің негізгі теоретикалық бағдарлары (бекіту теориясы, интеракционизм, өріс теориясы, психоаналитикалық бағдар, социометрикалық бағыт, іс-әрекет бағыты, жүйе теориясы).
4. Топтық құбылыстарды зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер: 10,11,12,17,41,50
Кіші топтың анықтамасы мен оның шекарасы. Сонымен, кіші топты зерттеуге кірісер алдында мынадай сұрақ қоямыз, ол кіші топ дегеніміз не, оның белгілері мен шекарасы қандай? Егер кіші топтың сансыз анықтамаларының ішінен жинақы түрін таңдап алатын болсақ, ол төмендегідей: «Кіші топ деп құрамы бойынша адамдар саны көп емес, бір-бірімен эмоционалдық және тікелей жеке адамдық қарым-қатынасы бар, топтық нормалар мен топтық процеске біріккен ортақ әлеуметтік іс-әрекет жасайтын адамдар тобын айтамыз». Бұл жеткілікті түрдегі әмбебап анықтама болып табылады. Негізінен мұнда жалпы анықтама берілген. Егер интеракционистік бағыттан талқылайтын болсақ, ондағы негізгі түсінік «өзара іс-әрекет» деп алынған. Ал когнитивистік бағыт бойынша «нормалар мен құндылықтар» алынған. Мұнда әлеуметтік іс-әрекет қоғамның әлеуметтік құрылымында кең мағынада алынған еңбек бөлінісін сипаттайды. Бұл жерде кіші топ әлеуметтік іс-әрекет субъектісі ретінде алынған. Сондықтан, бұл интерпретация жеткілікті анықтама беру үшін оның ішінен мәнді болып табылатын сөйлемді бөліп аламыз. «Кіші топ бұл - қоғамдық қарым-қатынастар және тікелей жеке адамдық контактілерден көрінетін топ». Бұл анықтама бойынша кіші топтың ең негізгі белгілері алынған.
Мұндай түсінік бойынша кіші топ вакуумда емес, қоғамдық и қатынастағы белгілі бір жүйеде ақиқи өмір сүреді. Ол «нақтылы бір қоғамдық жүйенің орталығы және қоғамдық құрылымның бөлігі» секілді әлеуметтік іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде көрінеді. (Буева 1968. 145 б).
Сонымен кіші топтың үлкен топтан ерекше айырмашылығы -қоғамдық қарым-қатынастар тікелей және контактілер формасында болуында. Психологияда кеңінен тараған «контактілік топ» термині осы жерде нақтылы мазмұнға ие болады: Кіші топ - ол жай ғана кез-келген адамдардың арасындағы контакт емес ( қандай да болмасын контакт адамдар болған жерде болады ), ол белгілі –бір қоғамдық байланыста көрінетін біріккен іс-әрекеттегі контакт болып табылады.
Енді кіші топты сандық жағынан сипаттау қажет. Әдебиеттерде кіші топтың төменгі және жоғарғы шегі туралы дискуссия ертеден келе жатыр. Зерттеулердің көпшілігінде кіші топтың саны 2 мен 7-нің арасында ауытқып отырады. Бұл қорытынды бойынша 2 саны 71%-ті алып отыр. Сондықтан 2 адамнан құралған диадалық топ көп жағдайда дұрыс деп есептелінеді.
Мұндай көзқарасты жақтаушылар болғанмен де, оған қарсы көзқарас – кіші топтың төменгі деңгейі 3 адамнан тұрады деген пікірді айтушылар да кездеседі. Бұл бәсеке толассыз жалғасып келеді. Кіші топты зерттеуде эксперименталдық тәжірибеге сүйене отырып авторлар мынадай қорытындыға келеді. Диадада ең қарапайым генетикалық алғашқы қарым-қатынас формасы -таза эмоционалдық контакт. Диаданы жанама түрде біріккен іс-әрекет жасауда мынадай жағдайда іс-әрекеттің субъектісі деп қарастыру қиынға соғады: диадада таза жеке адамаралық қарым-қатынастан туған конфликт шешілмейді. Ал топтп үшінші адамның болуында, ол жаңа позицияны бақылаушы ролін құрады. Соның нәтижесінде конфликт шешімін табады. Бұл көзқарас көп жағдайда көпшіліктің қолдауын табады. Бірақ та бұл сұрақ осымен шешілді деп айтуға болмайды.
Тәжірибеде қалай болғанда да кіші топ диададан, не триададан басталады. Диаданың пайдасы ретінде диадалық өзара әрекет есептелінеді кіші топтың бұл моделі бойынша (жұмыс істегенде) математикалық ойын аппараттарымен жұмыс істегенде олар жеңіске жетіп отырған.
Кейбір әдебиеттерде диаданы кіші топ деп санауға болмайды деген пікірлер айтылады. Осылайша, еуропалық оқулықтардың бірінде элементтер психологияның бір бөлігінде авторлар Диада ма, кіші топ па? Деп атайды, бұл жерде авторлар диада әлі топ емес деген пікірге тоқтайды. Мұндай жағдайда бұл сұрақ бойынша дискуссия әлі де аяқталмаған.
Ал енді кіші топтың жоғарғы шегі туралы айтатын болсақ, бұл сұрақ туралы да әр түрлі ойлар айтылады. Бұл туралы Дж.Миллердің оперативті ойлаудың көлемін зерттеудегі 7+-2 «логикалық саны» кіші топтың жоғарғы шегін анықтауда жеткілікті қолдауға ие болды және көп уақыт бойы 7+-2 саны кіші топтың жоғарғы шегі болып саналды. Кіші топтың жоғарғы шегін оперативті естің көлемімен өлшеу кейіннен зерттеуде нақтылы дұрыс деп бекітуге ие бола алмады.
Жоғары шекті анықтауда зерттеу тәжірибелеріне келсек ең көп кездесетін сан 10, 15, 20 адам. Кейбір зерттеудің авторы Дж.Морено кіші топқа арналған әдістемесін мектеп кластарына байланысты 30-40 адамға қолданған.
Егер де зерттеліп отырған кіші топ шын мәнінде өмір сүретін болса және іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылып отырса, онда оған логикалық түрде оның жоғарғы шегін қатал шектеп қоюға болмайды, оны солай топ ретінде қарау керек. Басқаша айтқанда, егер топ қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір іс-әрекетті орындауды жеткілікті түрде жасай алатын болса, онда ол топтың жоғарғы шегін осы қарастырылып отырған кіші топқа сай деп алуға болады.
Бұл біршама шартталған және мәселені спецификалық шешу болып табылады.
Олай болса кіші топ біріккен іс-әрекет бірлігімен және мөлшері жағынан эмиприкалық анықталады. Мысалы, жанұяны кіші топ ретінде алатын болсақ, онда үш адам болса да, он екі адам болса да ол кіші топ болып есептеледі. Сондай-ақ жұмысшылар бригадасын алсақ, онда бес адам болсын, немесе қырық адам болсын, егер олар біріккен іс-әрекетті жеткілікті түрде жасай алатын болса, олар кіші топ болып саналады.
Кіші топтың жіктелуі. Қоғамда кіші топ әр түрлілігімен көзге түседі, ал оны зерттеу үшін оның классификациясы қажет болып табылады. Кіші топ түсінігі бір мағыналы болмағандықтан оның жіктелуі де бір мағыналы емес. Қазіргі кезде кіші топтың жіктелуінің өте көп түрлері кездеседі. Мысалы, топтың өмір сүруіне байланысты ұзақ уақытты және қысқа уақытты топ, сондай-ақ топ мүшелері арасындағы контактінің тығыздығына байланысты, т.б. Қазіргі кезде елуден астам кіші топтың классификациясы кездеседі. Солардың ішінен ең көп таралған түрін алатын болсақ:
Кіші топтың бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінуі.
Формальді және формальды емес топтар.
Референттік топтар мен топ мүшелігіне бөлінуі.
Кіші топтың біріншілік және екніші реттік болып жіктелуінің негізін салған Ч.Нули. Ол басында бірінші реттік топқа жай ғана сипаттамалық анықтама беріп мұндай топ ретінде - жанұяны, достар тобын және жақын көршілерді көрсетті. Ал кейіннен Ч.Нули бірінші реттік топтың белгісі ретінде контактінің тікелей болуы деп көрсетті. Кіші топтың белгісі оның контактілігі болғандықтан бұл жіктелуі өзінің мәнін жоғалтты. Ал, екінші реттік топ бұл жерде тікелей контакт жоқ топ деп көрсетті.
Екінші жіктелу ол топтың формальді және формальді емес болып бөлінуі. Бұл жіктеу Э.Мэейонның белгілі Хеторн экспериментін кізуімен байланысты. Э.Мэйо бойынша формальді топ топтық нормалардың болуымен және ондағы мүшелердің нақты позициясы болуымен ерекшеленді. Сонымен қатар формальді топта бағыну жүйесі бойынша қатал түрде топ мүшелерінің ролі бөлініп беріледі. Формальді топқ мысал ретінде кез келген қандай да бір нақтылы іс-әрекетпен айналысатын топ: жұмысшылар бригадасы, мектеп класы, спорт командалары, т.б. алуға болады. Э.Мэйо формальді топтың ішінен өз өзінен пайда болатын формальді емес топты бөліп көрсетті. Онда өзара қарым-қатынас жүйесінде әдейілеп бөлген рольдер де, статустар да жоқ.
Формальді емес топ формальді топтың ішінен, мысалы, мектеп класындағы қандай да бір қызығушылықтары бойынша біріккен жақын достардан құралады, осылай формальді топтың ішінде екі қарым-қатынас құрылымы болады. Формальді емес топ формальді топқа қатыссыз өз өзінен пайда болуы да мүмкін, мысалы, жағажайда немесе басқа жерде белгілі бір ойын ойнау үшін біріккен кездейсоқ адамдар, тығыз қатынастағы достар компаниясы, т.б. Кейде осындай топтың шеңберінде (мысалы, саяхатқа бір күнде аттанған туристтер тобы) формальді емес сипатына қарамастан қысқа уақытқа болса да формальді топқа тән қасиеттер біріккен іс-әрекет және ондағы адамдардың статусы мен ролі пайда болады. Өмірде шын мәнінде формальді және формальді емес топтардың ара жігін ажырату, әсіресе, формальді емес топ формальді топтың рамкасында пайда болса қиынға соғады.
Сондықтан әлеуметтік психологияда осы дихотомияны шешетін жолы пайда болды. Бір жағынан топтың формальді және формальді емес құрылымдары, ендігі жерде топ емес, ал олардың ішіндегі қарым-қатынас сипатының типі деп ажыратылатын болды. Екінші жағынан әлеуметтік психологияның дамуына байланысты “топ” және “ұйым” түсініктерінің радикалды айырмашылықтары пайда болды. Сонда да әлеуметтік психологияда ұйым мәселесі жеткілікті зерттелсе де, “ұйым” және “формальді топ” арасында айқын шекарасы жоқ. Соған байланысты формальді топтың формальдік емес топтан айырмашылығы ұйымға тән қасиетке ие болуымен ерекшеленеді.
Кейбір терминологиялардың анық еместігіне қарамастан бұл кіші топтың екі құрылымы үлкен мәнге ие болды. Ол Мэйоның зерттеуінде анықталып, соның нәтижесінде әлеуметтік мәні бар, қарым-қатынастың формальді емес құрылымын ұйымның қызығушылығына қолдануға болады деген қорытынды жасалды. Қазіргі кезде формальді және формальді емес топ құрылымының біріккендігін, өнімділігін зерттейтін эксперименталдық зерттеулер көптеп кездеседі.
Сонымен топ жіктелуінің үшінші түрі референттік топ және топ мүшесі болып саналады. Ол “референттік топ” феноменін ашқан Г.Хайменнің есімімен байланысты. Хайменнің эксперименті бойынша қандай да бір кіші топтың белгілі бір бөлігі (бұл жағдайда студенттік топ алынған) өзінің емес басқа бір өздері бағдарланатын топтың жүріс-тұрыс нормаларын қабылдайтындығын көрсетті.
М.Шерифтің еңбектерінде бұл топтардың нақты мүшелік топтарға қарағанда айырмашылығы айқын кәрсетілген.Референтті топ түсінігі «есеп беру жүйесімен» байланыстырылған,мұны индивид әз статусын басқа адамдардың статусымен салыстыру үшін қолданады. Кейінірек Г.Келли референтті топ ұғымын карастырып оның екі функциясын кәрсеткен:салыстырмалы және нормативті.Референтті топ индивид өз жүріс тұрысын салыстыру эталоны немесе нормативті баға ретінде керек.
Қазіргі кездегі әдебиеттерде «референтті топ» ұғымы екі жақты қолданылады:кейде мүшелік топқа қарсы топ ретінде,кейде мүшелік топтың ішіндегі топ ретінде. Бұл екінші жағдайда референтті топ «мәнді қатынас аймағы» ретінде анықталады, яғни нақты топ мүшелерінің арасынан индивид үшін мәнді деп таңдалған адамдар. Осы кезде келесідей жағдай туындауы мүмкін,топта қабылданған нормалар мәнді қатынас аймағы» қабылдағаннан кейін ғана индивид қабылдауы мүмкін,яғни индивид өзін салыстыратын аралық бағыт пайда болуы мүмкін.Мұндай түсіндірудің белгілі мағынасы бар,бірақ бұл жағдайда референтті топ» емес референтті ТМ» туралы айту керек, мұнда топ мүшесі өзінің жүріс тұрысына белгілі бір адамдарды таңдайды.(Щедрина,1979).
Мүшелік топ және референтті топқа бөлу зерттеулер үшін қызықты перспектива ашады,мысалы жас өспірімдердің жүріс тұрысының қарама қайшылықтарын түсінуде.Неге мектеп сыныбы немесе спорт командасына мүше болып кірген бала сол топтағы нормаларды емес басқа топтың нормаларын орындай бастайды? Референті топтың әсер ету механизмін қарастыру бұл фактінің интерпретациясын жасауға мүмкіндік береді: индивид үшін мүшелік топ өзінің мәнін жоғалтқан, ол өзінің жүріс тұрысын басқа топпен біріктіреді. Әрине, неге бұл топ ол үшін маңызды, ал басқа топ ол маңыздылықты жоғалтты деген сұраққа әлі жауап емес.Референтті топ мәселесі әлі дамуда, өйткені индивид үшін қай топ референтті екені анықталды, бірақ неге дәл осы топ екені түсіндірілген жоқ.
Дәріс тақырыбы 15. Тұлға және топ.
Жоспар
1. Тұлға мен қоғам өзара қатынасы шағын топты әлеуметтік-психологиялық зерттеудің бастапқы мәселесі ретінде (Н.Триплет, В.Меде, В.М.Бехтерев және т б.).
2. Тұлға аралық қарым-қатынас жүйесіндегі жеке адам: персонализация концепциясы (А.В. Петровский, В.А. Петровский).
3. Жеке адамның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі. "Бедел" және "роль" түсініктерінің арақатынасы.
4. Топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуал түсінігі.
5. Топтағы жеке адамды диагностикалау мен түзету әдістері.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер: 10,11,12,17,41,50
Кіші топтардағы динамикалық процестерді сипаттауда, ең алдымен топ қалай ұйымдасатыны туралы, оны ұйымдастыруда фнукцияларды кім өзіне алады, топты басқару іс-әрекетінің психологиялық суреті қандай деген сұрақ туатындығы мәлім. Озықтық пен жетекшілік мәселесі әлеуметтік психологияның кардиналды мәселелерінің бірі болып табылады, немесе бұл процестер топтық іс-әрекетті интеграциялау мәселесіне жатып ғана қоймайды,сонымен бірге осы интеграцияның субъектін психологиялық түрде бейнелейді. Мәселе егер “озықтық мәселе” болып белгіленсе, онда осы феноменді зерттеумен байланысты әлеуметтік-психологиялық дәстүрдің дұрыстығы мойындалады. Қазіргі заманғы жағдайларда мәселе, топты басқару мәселесі сияқты неғұрлым кеңінен қойылуы керек. Сондықтан да ең алдымен терминологиялық дәлелдемелер жасау және “озық” пен “жетекші” ұғымдарын айырып алу керек. Орыс тілінде осы екі түрлі құбылысты белгілеу үшін екі арнайы термин бар (неміс тілінде де, бірақ ағылшын тілінде “озық” сөзі екі жағдайда да қолданылады) және бұл түсініктердің мазмұынындағы айырмашылықтар анықталған. Бірақ “озық” сөзі саясат терминологиясында қолданылмайды. Б.Д.Парыгин озық пен жетекшінің келесі айырмашылықтарын атайды:
озық негізінде топтағы тұлғааралық қатынастарды реттеуді, сонымен қатар жетекші ретінде кейбір әлеуметтік ұйымдарда топтардың арнайы қарым-қатынастарын реттеуді жүзеге асырады.
озықтықты микроорта жағдайларында белгілеуге болады (кіші топ қандай болса), жетекшілік - макроорта элементі, яғни ол қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесімен байланысты;
озықтық күтпегеннен пайда болады, жетекшілік нақты әлеуметтік топпен не сайланады, не тағайындалады, бірақ ол ешқашанда күтпеген процес болмайды, керісінше мақсатты бағытталған, әлеуметтік құрылымның әр түрлі элементтерінің бақылауымен жүзеге сады;
озықтық құбылысы аз тұрақты, озықтың шығуы көбіне топтың көңіл-күйіне байланысты, ал жетекшілік - анағұрлым тұрақты құбылыс;
жетекшілік қарамағындағыларына, озықтыққа қарағанда озық қолында жоқ әр түрлі жазалау шаралар жүйесін қолдана алады;
жетекшінің шешім қабылдау процесі (жалпы жетекшілік жүйесінде) елеулі күрделі және көптеген жағдайлар мен пікірлерге сүйенеді, сонымен қатар озық ретінде топтық іс-әрекетке қатысты тікелей шешімдер қабылдайды;
озықтың іс-әрекет өрісі - көбінесе өзі озық болып табылатын кіші топ, жетекшінің іс-әрекет өрісі кеңірек, себебі ол кіші топты анағұрлым кең әлеуметтік топ ретінде түсінеді (Парыгин, 1ұ71). Бұл айырмашылықтарды (кейбір нұсқаларымен) басқа да авторлар атайды.
Келтірілген пікірлерден көрінгендей озық пен жетекші бір ретті мәселемен, яғни олар топты реттеумен, оны қандай да бір мәселелерді шешуге бағыттаумен айналысады, оның көмегімен шешуге болатын тәсілдер туралы ойлайды. Алайда озық пен жетекші пайда болуы жағынан өзгеше болғанмен, психологиялық мінездемелерінде олардың іс-әрекеттерінде ортақ қасиеттер бар. Озықтық - топтық белгілі мүшелерінің жүріс-тұрыстарының психологиялық сипаттамасы, жетекшілік - көбіне топтағы қарым-қатынастардың әлеуметтік сипаттамасы. Жетекшіліктің озықтықтан айырмашылығы, ол қоғаммен белгіленген заңды процесс ретінде саналады. Жетекшінің іс-әрекетінің психологиялық мазмұнын қарастыру үшін озықтық механизм білімін пайдалануға болады, бірақ бұл механизмнің жалғыз мәні ешқашанда жетекші іс-әрекетінің толық сипаттамасын бере алмайды.
Сондықтан осы мәселені талдау жүйесі мынадай болуы керек: алдымен озықтық механизмінің ортақ сипаттамасын анықтау, содан кейін жетекшінің нақты бір іс-әрекеті шегінде бұл механизмді интерпретациялау.
Озық болып топ құруға арналған нақты бір мәселе шешуде топ мүшелерінің өзара қарым-ұатынасы нәтижесінде шығатын кіші топ мүшесі табылады. Ол басқа топ мүшелеріне қарағанда неғұрлым жоғары белсенділік деңгейін, қатысуын, осы мәселені шешуде әсерін көрсетеді. Сондықтан, озық нақты жағдайларда өзіне белгілі бір қызметтерді ала отырып алдыға шығады. Басқа топ мүшелері озықтықты қабыл алады, яғни олар озықпен озық жүргізеді, ал олар орындайды деген қарым-қатынас орнатады. Озықтықты топтық құбылыс ретінде қарастыру қажет: озық жалғыздықта мәні жоқ, ол әрқашан топтық құрылымның элементі ретінде беріледі, ал озықтық осы құрылымдағы қарым-қатынастар жүйесі. Сондықтан да озықтық феномені кіші топтың динамикалық процестеріне жатады. Бұл процесс жеткілікті түрде қарама-қайшы болуы мүмкін: озықтың тартылу шамасы мен топтың басқа мүшелерінің оны жетекші рольге қабылдауға дайын болу шамасы теңгерілмеуі мүмкін.
Озықтың іс-әрекеттік мүмкіндіктерін анықтау - яғни озықты топтың басқа мүшелері қалай қабылдайтындығын анықтау. Озықтың топқа әсері шамасы тұрақты шама болып табылмайды, кейбір жағдайларда озықтық мүмкіндіктер өсуі мүмкін, ал басқа жағдайларда керісінше, төмендеуі мүмкін. Кейбір кезде озық түсінігі “бедел” ұғымымен теңестіріледі, әрине кейде озық “беделді” ретінде алдыға шығады, бірақ кез келген беделділер озықтық мүмкіндіктерді білдірмейді. Озық қандай да бір мәселені шешуді ұйымдастыру керек, ал авторитет мұндай функциялар атқармайды, ол жай мысал, идеал ретінде ерекшеленуі мүмкін, бірақ мәселелер шешуде емес. Сондықтан озықтық феномені - бұл ешқандай да басқа түсініктермен бейнеленбейтін спецификалық құбылыс.
Озықтықтың пайда болу теориялары. Озықтықтың шығу тегін теоретикалық түсіндіруде үш негізгі тәсіл бар. “Қасиеттер теориясы” (кейде “харизматикалық теория” деп аталады), “харизма”, яғни “береке” сөзінен шығады) XIX ғ. аяғы - XX ғасырдың басында неміс психологиясы ережесінен шыққан және озықтың туа біткен сапаларына зейінін аударады.
Осы теорияға сәйкес озық болып тек тұлғалық қасиеттердің немесе белгілі психологиялық қасиеттерді бойына жинаған адам саналады. Көптеген авторлар бұл озыққа қажетті қасиеттер мен сапаларды бөліп көрсетуге тырысты. Американдық әлеуметтік психологияда бұл сапалар таңдауы ерекше мұқият тексерілді, олар адамдарды - мүмкін болатын озықтарды іріктеуде тесттер жүйесін құру үшін негіз болуы керек болды. Бірақ мұндай қасиеттер тізімін құру мүмкін еместігі тез анықталды. 1ұңқ жылы К.Бэрд түрлі зерттеушілермен құрастырылған “озықтықтың” 7ұ қасиетінен тұратын тізім жасады. Олардың ішінде: инициативтілік, қатынасшылдық, әзілдік, энтузиазм, өз-өзіне сенімділік, достық сүйгіштік (кейіннен Р.Стогдилл оларға қырағылықты, әйгілілікті, шешендікті қосты) аталады. Стогдиллдің тізімге жаңа қосуларынан кейін қасиеттер теориясы бекерге шығарылатын қайшы пікір туды. Бұл теорияға елеулі қарсылық Г.Дженнингстің қасиеттер теориясы озық сапалары емес, көбіне экспериментатор сапаларын бейнелейді деген ескертуі болды. Қасиеттер теориясына деген түңілушіліктің соншалықты үлкен болуы, тіпті ол теорияға қарсы “қасиеттерсіз озық” теориясы шығарылды. Бірақ ол мәнісі бойынша озықтар қайдан шығатындығы және сол озықтық феноменінің пайда болуы қалайша екендігі жайлы жауап бере алмады.
Қасиеттер теориясының орнына жаңа, “озықтықтың жағдайлы теориясында” қалыптасқан түсінік келді. Қасиеттер теориясы бұл концептуалды схемада толық берілмейді, бірақ озықтық негізінен - жағдай өінімі екендігі бекітіледі. Топтық өмірдің әр түрлі жағдайларында басқалардан ерекше, тіпті бір сапасы өзгеше топтың жеке мүшелері бөлініп шығады, ал бұл сапа бұл жағдайда қажетті болады, осы сапаға ие адам озық болып қалыптасады. Осылайша, туа біткен сапа пікірі жоққа шығарылады, ал оның орнына озық басқалардан гөрі оған берілген сапаны нақты жағдайда артық өзектендіре алады (басқаларда да бұл сапаның бар болуы жоққа шығарылмайды). Озықтың қасиеттері, түрлері және сапалары салыстырмалы. Озықтықтың жаңдайлы (ситуациялық) теориясының осы тұсы Ж.Пиаже жағынан сынға түсті, ол осындай тәсілде озықтың тұлғалық белсенділігі туралы мәселе толық алып тасталады, ол қандай да “флюгерге” айналады деп айтады. Жағдайлық теорияның бұл әлсіз жерін оған қосылған пікірде алып тастай алмады: жағдайлық теорияның нұсқаларының біріне озықтың пайда болуының басты сәті оның топтың сайлауы деп есептеу ұсынылды, себебі тек топ ғана осы адамға қатысты қандай да экспектация сезінеді, одан берілген жағдайда керекті мінез көрсетуін күтеді (бұл тәсілді тағы да функционалды деп атайды).
Осы сияқты дауларда кезекті қарама-қайшылықты жою үшін Е.Хартли неліктен қандай да бір адамдар озық болып шығады және неліктен тек жағдайлар олардың шығуын анықтамайды деген фактілерге интерпретация беретін төрт “үлгі” ұсынды. Біріншіден, егер бір жағдайда кімде кім озық болып шықса, басқа жағдайда да сол адам солай болып шығуы мүмкін. Екіншіден, бір жағдайдағы лидерлер стереотиптерінің әсері салдары кейде топпен “жалпы” лидерлер ретінде қарастырылады. Және үшіншіден, адам бір жағдайда озық болса, ол беделге ие болады, және бұл бедел одан ары да бұл адамды басқа жағдайда да озықтыққа таңдауға қызмет етеді. Төртіншіден, жекелеген адамдар “пост іздеуге” талпынады, және олар өздерін солай ұстағандықтан, оларға “пост береді”. Бұл пікірталастарды озық сапаларының салыстырмалылығын толық жоққа шығаруда жеткілікті түрде сенімді деп есептеу мүмкін бола ма. Және жағдайлық теория мейлінше әйгілі: дәл осының негізінде топтық динамика мектебінде озықтыққа жалпы эксперименталды зерттеулер жүргізілген.
Ғылымдар тарихында бұндай сирек болған: екі мүлдем кері тәсіл үшіншіні тудырған, ол мәселені шешуде анағұрлым компромистіі нұсқа. Бұл үшінші нұсқа озықтықтың жүйелі теориясында ұсынылған, мұнда озықтық топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты ұйымдастыру процесі ретінде, ал озық - осы процесті басқару субъектісі ретінде қарастырылады. Осындай тәсілде озықтық топ функциясы ретінде интерпретацияланады, және оны сондықтан да топтың мақсаттары мен мәселелері жағынан зерттеу қажет, дегенмен де озықтың тұлғалық құрылымы да есептен алынбауы керек. Топтың өміріне жататын басқа да айнымалыларды, мысалы оның өмір сүру ұзықтығы, есепке алу ұсынылады. Мұндай мағынада жүйелі теория әрине мінге ие. Олар тек озықтық жайлы ғана емес, сонымен қатар жетекшілік туралы да сөз қозғалғанда анығырақ: Ф.Фидлер ұсынған жеткшілік эффективтілігі ықтималды үлгісі ерекше әйгілі болып табылады.
Озықтықтың отандық зерттеулерінің көбі осы үлгіге жақын шеңберде жүзеге асады, бірақ бұған топтағы динамикалық процестерді зерттеулердің жалпы алғышарттары: кіші топтардағы озықтық феномені топтық біріккен іс-әрекет контекстінде қарастырылған, яғни бұрыштың басына тек жай “жағдай” емес, топтың қандай да бір мүшелері осы мәселелерді шешуде өзінің топты ұйымдастыра алу қабілетін көрсете алатын топтық іс-әрекеттің нақты бір мәселелері қойылатын. Озықтың басқа топ мүшелерінен айырмашылығы онда ерекше сапалардың бар болуында емес, онда неғұрлым жоғары әсер ете алу деңгейінің бар болуы.
Осы жағдайда қызықты болып Р.Л.Кричевский жасаған озықтың шығу механизмі ретіндегі құндылық алмасу концепциясы табылады. Құндылықты алмасу пікірі адамдардың өзара қарым-қатынасында және бұрын әлеуметтік психологияда ұсынылған (Дж.Хоманс, Д.Тибо, К.Келли және басқалары). Осы жерде де құндылықты алмасу ойы озықтық феноменін түсіндіруде қолданылған: топ мүшелерінің құндылықты мінездемелері (тұлғаның елеулі қасиеттері) беделге және озықты мойындауға айырбасталады. Озық болып кімде, әсіресе топтық іс-әрекетке арналған ерекше мәнді қасиеттер толық түрде бар, сол қарастырылады, яғни топ үшін құндылықтар болып табылатын. Осылайша, өзара әрекеттестіктер бойынша озықтық орынға топтық құндылықтардың толық жиынтығымен идентификацияланатын топ мүшесі шығады.Тек сондықтанда ол жоғары әсер етуге ие болады.
Озықтық стилі. Дереу айта кететін жәйт, әлеуметтік психология дәстүрінде жетекшілік емес, озықтық стилі туралы ғана мәселе зерттеледі. Бірақ терминдерді бір мәнді емес пайдалануға байланысты мәселені жетекшілік стилі ретінде өте жиі белгілейді. Өкінішке орай, қатаңдықтың жоқтығы осы мәселе бойынша көптеген классикалық эксперименттер үшін де тән, оның ішінде К.Левин, Р.Липпита және Р.Уайт жетекшілігімен орындалған эксперименке де. Эксперимент ерексектердің көмегімен папье-машедан маскалар жасап жатқан балалар-жасөспірімдер тобында жүргізілді. Үш топ жетекшілері (ескерте кетейік, бұл жерде озық жайында емес, ересек жетекшілер туралы айтылып отыр) әр түрлі стильді көрсетті және экспериментаторы үш топтың іс-әрекет эффективтілігін салыстырды. Ересектер көрсеткен жетекшілік стильдері белгілеулер иеленді, олар “авторитарлы”, “демократиялы”, “жол берушілік” әлеуметтік-психологиялық әдебиетте нық түбірге ие болды. Үш стильдің ұсынылған терминдермен белгілеудің Левиннің жеке өмірбаяны мен позициясымен байланысты өз негіздемесі бар. Эксперименттер олардың фашистік Германиядан эмиграциялануынан кейін, екінші дүниежүзілік соғыстың басталу кезінде жүзеге асты. Левин өзінің антифашистік позициясын көрсете отырып, ол қандай да бір саяси мағынаға ие “авторитарлы”, “демократиялы” терминдерін қолданды. Бірақ, анықталған жетекшілік стильдерінің біреуінің де саяси мәні болған жоқ.
Алайда, қабылданған терминология зерттеуде қиындықтар енгізеді. Әрқашан да “авторитарлы”, “демократиялы” немесе “жол берушілік” туралы сөз болғанда өте дәл анықтама бере білу керек. Кейбір авторлар бұл терминологиядан мүлдем бас тартуды, олардың орнына басқа белгілеулер енгізуді ұсынады. Мысалы, “директивті”, “коллегиалды” және “шешілгіш” (“либералды”) стиль, белгіленген стильдердің психологиялық суреті белгілі тұрақтылықты сақтайтындығы анық.
Сондықтан, ең алдымен, Левинмен көрсетілген озықтылық стильдерінің әрқайсысы нені білдіретіні туралы анықтап алу керек. Осындай әрекеттер жеткілікті түрде жасалынды және олардың негізгі нәтижесі - кемінде екі жақтың, яғни топтың лидерімен ұсынылатын шешімдердің мазмұнының және осы шешімдерді жүзеге асыру тәсілдерінің нақтылануы және айқындалуы болып табылады. Сонда үш стильдің әрқайсысын екі сипаттама бойынша бөлуге болады :
Формальды жағы , Мазмұнды жағы, Авторитарлы стиль:
Іскерлік, қысқа бұйрықтар. Топтағы істер алдын-ала жоспарланады. Кешірімсіз, қауіппен айтылатын тыйымдар. Тікелей мақсаттар ғана анықталады, алыс мақсаттар белгісіз. Айқын тіл, жылы шырайсыз үн. Басқарушының дауысы – шешуші, маңызды. Мақтаулар мен ұрсулар субъективті. Эмоциялар есепке алынбайды. Тәсілдерді қолдану – жүйе емес. Лидердің позициясы топтан тыс.
Демократиялық стиль:
Ұсыныстар сөйлемдер ретінде болады. Шаралар алдын-ала жоспарланбайды. Достық үн, көңілді тіл. Белгілі бір ұсыныстарды жүзеге асыруға барлығы жауапты. Мақтау мен бетке басулар – кеңес берулермен. Жұмыстың барлық бөлімдері беріліп, талқыланады. Ұйғарымдар мен тыйым салулар – дискуссиялармен бірге. Лидердің позициясы – топ ішінде.
Немқұрайлық стиль:
Конвенционалды үн. Топтағы істер өз бетінше жүреді. Мақтау мен бетке басулар жоқ болады. Лидер нұсқауларды бермейді. Ешқандай ынтымақтастық жоқ. Жұмыстың бөлімдері жекеленген қызығушылықтардан құралады. Лидердің позициясы білінбейді.
Дәріс тақырыбы 16. Шағын топтың генезисі мен дамуы.
Жоспар
1. Шағын топтың пайда болуының объективті және субъективті себепкерлері әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.
2. Топ дамушы жүйе ретінде.
3. Топтың даму үлгілері (Б.Такмен, Г.Стенфорд, А.В.Петровский, Л.И.Уманский және т.б.). Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер :33,34,35,36.
Шағын топ деп құрамы көп емес, мүшелері ортақ әлеуметтік әрекетпен біріктірілген және эмоционалдық қатысқа, топтық нормалар мен топтық даму процесіне негіз болатын тікелей қарым-қатынаста болатын топ.
Шағын топ әлеуметтік психология қарастыратын кез келген топтардың белгілеріне ие. Кіші топ белгілі бір қоғамдық қатынастар жүйесінде шынайы өмір сүретін, әлеуметтік әрекеттің нақты бір түрінің объектісі болатын, белгілі бір қоғамдық жүйенің звеносы ретінде, қоғамдық құрылымның бөлігі ретінде көрінетін топ. Мұнда үлкен топтардағыдай емес, қоғамдық қатынас тікелей қарым-қатынастар түрінде көрінеді.
Кіші топ бұл адамдар арасындағы кез келген қарым-қатынас емес, ол белгілі бір қоғамдық байланыстарды туғызатын, бірлескен әрекетке негіз болатын қарым-қатынас. Кіші топта 2-3 адамнан 30-40 адамға дейін құрамында болады.
Шағын топ құрлымы:
топтың композициясы (оның құрамы)
топтың құрылымы
топтық процесс
топтық нормалар және құндылықтар
санкция жүйесі
Қоғамда шағын топтардың өте көптігі, әрі олардың сан алуандығы оларды терең зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты оларды жіктеу қажеттігі тұрады. Қазіргі кезде елуге тарта жіктеу бар.
Батыста шағын топтарды жіктеудің 3 түрі кеңінен тараған.
Кіші топтар «бастапқы топ» және «екінші топтар» болып бөлінеді.
Кіші топтарды «ресми топ» және «ресми емес топтар» деп бөледі.
Мүшелік және референт топтар деп бөледі.
Кіші топтарды бастапқы және екінші деп бөлуді алғаш ұсынған американ зерттеушісі Ч. Кули болды. Алғашында Ч. Кули бастапқы топтарға сипаттаушы анықтама берді. Бастапқы топтарға ол жанұя, жолдастар тобын, жақын көршілер тобын жатқызды. Кейінірек Ч. Кули бастапқы топтарды басқаларынан ажыратып тұратын негізгі белгілерін ұсынады. Осындай белгі ретінде тікелей қарым-қатынасты атап көрсетті. Алайда бастапқы топпен кіші топтардың арасындағы айырмашылық жойылып кетті, сондықтан осылайша жіктеудің мәні жойылды.
Кіші топтарды жіктеу тарихындағы екінші жіктеу оларды ресми және ресми емес деп жіктеу болды. Мұны ұсынған американ зерттеушісі Э. Мэйо болды. Мэйо бойынша ресми топта топ мүшелерінің бағыттары анықталған, әрі олар тпотық нормалармен белгіленген. Осыған сәйкес топ мүшелерінің рөлдері, бағыну жүйесі қатаң бөлінген. Бұл топқа мысал ретінде белгілі бір нақты әрекет жағдайында құрылған кез келген топ бола алады. Мысалы, жұмысшылар тобы, мектеп сыныбы, спорт командасы т. б.
Ресми топтан басқа Э. Мэйо олардың ішінен ресми емес топтарды байқаған, олар кенеттен өз бетінше құрылып пайда болатын, статусы мен рөлдері белгіленбеген, бағыну жүйесі жоқ топтар. Ресми емес топтар ресми топтардың ішінде пайда болады. Мәселен мектеп сыныбы ішінде едәуір кіші топтар пайда болады. Ол ортақ қызығушылықтарымен біріккен жақын жолдастар тобы. Ресми емес топтар ресми топтардан тыс пайда болуы мүмкін.
Жіктеудің үшінші түрі топты мүшелік және референттік топтар деп жіктейді. Оны алғаш 1942 жылы американ зерттеушісі Г. Хаймен енгізген. Ол референттік топ ұғымын ашты. Г. Хаймен эксперименті бойынша белгілі бір кіші топтың бір бөлігі бұл топқа тән емес басқа топтың мінез-құлық нормаларын басшылыққа алады. Индивид өзі сол топқа мүше емес, бірақ сол топтың нормасын қабылдаған топтарды референт топ деп атайды. М. Шериф еңбектерінде мүшелік топтар шынайы топтардан ерекшеленеді. Мұнда индивид өз статусын басқа адамдардың статусымен салыстырады. Кейін Г. Келли референттік топ ұғымын талдауда олардың екі қызметін ашып көрсетеді: салыстырмалы және нормативті. Демек, референттік топ индивид үшін өз мінез – құлқын онымен салыстыру үшін немесе оны нормативтік бағалау үшін қажет деп атап көрсетті.
Дәріс тақырыбы 17. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.
Жоспар
1. Топ бірлескен іс-әрекет субъектісі ретінде (Г.М.Андреева, А.В.Петровский және т.б.).
2. Жетекшілік пен лидерлік топтың өмірлік іс-әрекеті процестерін басқару феномені ретінде.
3. Топтық шешім қабылдау процесі.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер :33,34,35,36.
Әлеуметтік –психологиялық зерттеулер мінездемесі үлкен топтарда көптеген бірқатар қиындықтармен қақтығысады.Олар негізінен бұл жерде үлкен ұйымдардағы, тұрақты әлеуметтік топтардағы қиыншылықтар айтылған. Ұсақ топтардағы әртүрлі үрдістерді зерттеу -әдістемелік зерттеулер -әдіс тәсілдерінің жоқтығын сипаттайды. Мысалы, топтың ұлттық және т.б. осындай топтардың психологиялық бейнелері су зерттелген. Осыдан келіп, кейбір жағдайларда мынындай түсінік қалыптасады.:
Үлкен топтардың жалпы психологиялық облысы ғылыми тандауларға негізделуге
жатпайды. Әдіс-тәсілдердің жоқтығы кейбір зерттеулерде , осындай қалыптасқан көзқарастарды бұдан да мықты қолдай түседі.
Осыған байланысты әлеуметтік психология үлкен топтар психология бөлімінсіз нақты әлеуметтік психология сөзінің мағынасын білдіре алмайды. Г.Т. Дилигенскийдің пікірінше, үлкен топтардың психологиясынқарастыру бірқатар мәселелер сияқты, үлкен әлеуметтік-психология бөлімінің өзекті мәселелерінің
Бірі болып табылады. Ал оның маңызды мәселесі –оның «кіші әлеуметтік дәрежеде ғана адамның психикалық ерекшеліктері қалыптасуының әлеуметтік мазмұны».
(Дилигенский,1971 жыл) Қалай болғанда да өзара тұлғалық қарым-қатынас кезінде кіші топтар үлкен рол атқарады. Бұл қатынастар тұлғаның қалыптасу үрдісіне көмектеседі. Олар өзінен өзі тарихи нақты әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, принциптерді, қажеттіліктерді тудырмайды. Осының барлығы және басқа да мазмұнды элементтері қоғамдық психологияда үлкен топтардың тарихи тәжірибелері негізінде қалыптасады. Ол тәжірибелер жалпылама белгілер, мәдени және идеологиялық жүйелер: бұл тәжірбиелер кіші топтардың индивидтер арқылы және өзара тұлғалық араласуда пайда болады.Сондықтан әлеуметтік-психологиялық талдауларда үлкен топтарды индивидтер психикасының мазмұнын түсінудегі «кілт»ретінде қарастырылған жөн. Әрине, үлкен әлеуметтік топтардың маңызы мағынасы қоамдық психологиядағы мазмұнды элементтерді түсіну үшін және
көптеген әлеуметтік үрдістер мен қозғалыстардың мағынасын түсін үшін қажет. Қоғамдық өзгерістердің мінездемесі және қайта құрулар , революциялық және контрреволюциялық қозғалыстарға қатысу , қоғамдық ойлардың қалыптасуының күрделі үрдістер осы барлық және басқа да аз мән берілмейтін факторлар үркен топтарда барлық психологиялық қатарлар мінездемесін құрайды. Сондықтан нақтылап айтқанда, сонымен қатар әлеуметтік қозғалыстар мен үрдістерде үлкен әлеуметтік топтарды әлеуметтік-психологиялық талдау қажеттілігін баса айтқан жөн . Бірақ, осы көптеген үрдістер мен қозғалыстар өзінің субьектісі ретінде үлкен әлеуметтік топтарды қарастырады. Қысқартып айту үшін оның мына бөлімін –«үлкен әлеуметтік топтардың психологиясын»айта кеткен дұрыс. Кейбір нақты үлкен топтардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырмас бұрын, оның ең аз дегенде әдістемелік принципі мәселелерін ажыратып алу керек. Бұл мәселелерді шешпей , мұны қарастыру табысты бола алмайды.
Осы мәселені қарастырмас бұрын, топтарды үлкен топтар ретінде қарастырамыз. Әрі қарай, үлкен топтарды психологиялық құрылымы қандай, оның негізгі элементтері, оның тәуелділіктері, олардың өзара байланысының мінездемесін қалай білу қажет . Үшіншіден, бұл сұрақ топтарға кіретін жеке индивидтердің психикалық қатынастарының осы топтардың психологиялық элементтерімен өзара байланысын анықтайды. Соңында, төртіншіден, осы барлық құбылыстарды зерттегенде қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бірден айта кету керек, бұл сұрақтарға жауаптарды алу үшін, тек қана психология ғылымынан , іздеп қана қоймай, әлеуметтану ғылымының мағлұматтарын да қолдану керек.Бұл деген психологиялық әдебиеттерде осындай мәселелер қарастырылмайды деген түсінік емес, бұл сонымен бірге бұл мәселелердің аз зерттелгенің көрсетеді.Бұл факті , көбінесе , қазіргі еуропалық әлеуметтік психологиядан көрінеді. Орталық ойлардың бірінің авторы С. Московский үлкен әлеуметтік топтарды зерттеуде үлкен акцент жасалуына тоқталады. Оны «әлеуметтендіру»терминімен белгілейді.
Бұл - өзіндік әлеуметтік психологияның көрсетілген мәселелерін шеше алмайтындығын мойындайды. Сондықтан әлеуметтік білімдерді ұғыну керек; «Әлеуметтік психология бұл жерде әлеуметтік үрдістерді зерттеуде тәсілдер жиынтығы болып табылады. Бұл үрдістер қоғамда және үлкен масштабта жалпы ағымдар болады. » (Московией, 1984жыл, 200-бет) Бірақ, бұл жолда әлеуметтік психология бірінші қадамдар жасайды. Еуропалық салт-дәстүрлер, сонымен бірге отандық әлеуметтік психология дайындаған әдістемелік принциптері, осы жолды дамытуға әсер етеді.
Сөйтіп, «үлкен әлеуметтік топ» деген не?
Топтардың түсінудің жалпылама принциптерін түсіну негіздерінен арыла отырып, біз бұл түсініктемеге көптеген анықтаманы бере алмаймыз. Жоғарыда көрсетілген жүйедегідей, «үлкен» топтасқан адамдар қатынасы 2 түрге бөлінеді: белгілі бір
ағдайлармен аз уақытқа пайда болған қауымдық. Бұған: тобыр, халық, аудитория-бұл 1-шітүр, ал2-ші түр: қоғамдық тарихи даму барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастарға белгілі бір орын алатын, қоғамның нақты түрлерінде болатын,
сондықтан өзінің пайда болуында тұрақты, ұзақ уақытқа созылған нақты әлеуметтік топтар. Осы 2-ші топқа ең алдымен әлеуметтік топтарды, әртүрлі этникалық топтарды(бұлардың ең басты өзгешелігі-ұлттар), мамандырылған топтар, жасы, жынысына бөлінетін топтар ( осы көзқарасты қарастырғанда мысал ретінде жастарды, әйелдер, үлкен адамдарды және т.б. ашуға болады) Осы бөлімде осы 2-ші түрдегі зерттеу принциптерін қарастырғанда, бұл топтар қызығушылық туғызады. Өйткені бұл топтар тарихи үрдістегі психологиялық мінездемедені түсіну үшін үлкен мән береді.
Барлық көрсетілген әлеуметтік топтар мінездемесі сөйтіп, кейбір жалпылама белгілерді білдіреді. Бұл белгілер үлкен топтарды кіші топтардан ажыратып тұрады. Үлкен топтарда әлеуметтік мінездерді зерттейтін құралдар –арнайы регуляторлар
бар, бұл кіші топтарда жоқ. Бұл әдет-ғұрып,салт-дәстүр бұлардың пайда болуы қоғамдық тәжірибедегі шарттармен негізделеді. Бұл шарттар осы топтармен тығыз байланысты және осы тәжірибеде тарихи түр ретінде тұрақтанып қалған. Арнайы регуляторымен қоса, осындай топтарды өмірлік көзқарас тұрғысымен бірігіп қарастырса, олардағы мінез-құлықтар топтардағы өмір салты мінез-құлықтарының
мінездемесін береді. Оның зерттеулері ерекше қарым-қатынас түрлерін, ерекше контакк типтерін зерттеуде адамдар арасындағы байланыстарды анықтайды. Нақты өмір салты шеңберінде бұл қатынастар мағыналы құндылықтар қажеттіліктер, қызығушылықтар туғызады. Айтылған үлкен топтардағы психологиялық мінездемеде тілдік ерекшеліктер ақырғы ролдерді атқармайды. Осы этникалық топтарға-сондай-ақ басқа топтарға нақты мінездемені анықтауда (тіл үлкен рол атқарады Мысалы, нақты жаргон мамандандырылған топтарда, жас ерекшелік топтарында оның ішінде жастарға тән.
Бірақ жалпы ерекшеліктер үлкен топтарға тән болғанмен оларды абсолютті деп айтуға болмайды. Осы топтардың әртүрлі өзіндік ерекшелікке тән:бір қатарға топтарды, ұлттарды, мамандарды және жастарды жатқызуға болмайды. Бұл үлкен топтардың әрқайсысы тарихи үрдіс белгілерімен ерекшеленеді және көптеген ерекшеліктерімен айырмашылықтары бар, сондықтан барлық тікелей мінездемелер үлкен топтарда арнайы мазмұндармен толықтыруы керек. Ұйымдастырылған топтар: тобыр (әлеуметтік фасилитасия феномені,әлеуметтік еріншектік бағалауға қорқу жалғыздыққа қарсы болу, ірленген ойларды симптомы) және аудитория (адамдарға әсер ететін факторлар: өзін өзі бағалау жас мөлшері білімі мағлұматтарға хабарларға
Деген қызығушылық интелект сезімге берушілік бумеран эффектісі, перцептивті жекешелену эффектісі тобыр.
Тобыр дегеніміз-белгілі бір қоғамда физикалық кеністтікке біріктірілген уақытша адамдар жиынтығы. Тобырдын әлеуметтік құрлымы өте қарапайым және кейбір кездерде күрделі болады. Бірақ тобыр-бұл өте үлкен қарапайым жиынтығына
қарағанда үлкен кеңістік алады. Физикалық шектелген кеңістікте өзара қарым-қатынас кезінде тобырдағы адамдар әлеуметтік өзара араласудан қашып отырады. Қоршаған адамдардың қарапайым сезінуі түсінбеушілікке әкеп соғады. Бірақ бай әрер қалдырушылық өзара ой бөлісуге әкеліп соғады.Қарым –қатынас негіздерінде көз
контаксі беттегі мимика-қолмен нұсқаулар адам тұрыстары және тіпті киім киістері үлкен рол атқарады.
Тобыр өзінің мінездемесімен тәртібі жөнінен қатты ерекшеленеді бір типті тобырлар тез арада басқа типтегі тобырларға айнала алады. Мысалы, ағылып жатқан адамдар жиыны бірақ, көбінесе тобырлар нақты жалпы мінездемелерге тән:
Қысым жасаушылық; тобырдағы адамдар негізінде сырттағы бос адамдарға қарағанда қысымда тұрады. Олар үлкен үмітпен көпшіліктің ойларын, сезімдерін және қозғалыстарын тез қабылдайды.
Жасырушылық жалғыз адам тобырда өзінің белгісіз және танымашылық сезімде тұрады. Тобырлар оған оның жеке мүшелеріне үлкен әсер етеді.және оларды жеке қабылдамайды.
Пісіп күйіп қалушылық. Тобырды құрайтын адамдар кәдімгі өмірдегі шарттарға қарағанда әрбір мінезге күйіп пісіп тұру тенденциясы байқалады. Олар негізінде өздерінің қимыл қозғалыстарымен тобырдағы тәртіптеріне ойланбайды бұл жағдай тобырда сезімдерге байланысты.
Өздерін алшақ ұстау. Тобырды құрайтын адамдар жасырын ұйымдасқандықтан
олар өздерін әлеуметтік бақылаудан алыс тұрған сезімде болады. Олар өздеріне «қиын жетеді»деп түсінеді. Мысалы, фудбаль жанкүйерлерінің вандалдық іс әрекеттері (терезе, шыныларды сындыру, вогон, метро, бүлдіру және осындай тағы басқа әрекеттер ). Олардың әрқайсылары көпшілікпен бірге қимылдағандықтан өздерін жауапты деп санамайды.
Тобырларды өздерін қалыптасу және өзін-өзі ұстау әдістермен байланысты бірнеше түрге бөлуге болады.
Кездейсоқ тобыр- анықталмаған құрылымы мен ерекшеленеді. Мұндай тобыр түріне оқиға болған жердегі, көшелердегі қарапайым адамдар жиыны мысал бола алады. (атақты адамдардың пайда болуы,көшеге шығуы, автомобиль қақтығыстары және т.б.) Бұл тобыр түріндегі адамдарды белгіленбеген мақсаттар немесе тіпті мақсатсыз уақыт өткізу жағдайлар біріктіреді. Индивидтер қарапайым тобырларға әлсіз сезіммен беріледі және өздерін олардан еркін ажырата алады. Бірақ шарттардың өзгеруі жағдайында олар қайта құрылады және үлкен бірігушілік пайда болады Шартталған тобырлар - алдын ала жоспарланған және алдын ала құрылған адамдар жиыны бұл жағдайда тобыр «шартты»сол мағынада, оның мүшелерінің өзін-өзіұстауы анықталған іс әрекеттерімен жүредіжәне арнайы әлеуметтік алдын ала жасалған әлеуметтік нормалармен қалыптасқан. Мысалы, ол тобырлар, қойылым көруге келгендер, театрда , стадионда, жиналыстарда және т.б. жерлерде өздерін әртүрлі ұстайды. Осының барлығы шартталған тобыр түрі.
Эксперсивті тобыр - оныңмүшелерінің жеке рахатына бөленушілік мақсатына құрылған әлеуметтік топ және ондағы белсенді адамдар оның мақсаты мен нәтижесі
болып табылады. Мысалы, билер, діни жиналыстар, рок фестивалы және т.б.
Қозғалысты тобыр – қозғалысты, термині ұғымында тобырдың бар кешенді қозғалыстары айтылады. Бұл қатты әсерлер тобыры немесе қоғамдағы ерекше мінез құлықтар көрсететін тиіпттер қозғалысты тобырлардың әлеуметтік үрдістерін зерттегенде көп жағдайда олардың басқа топтарға қарағанда ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі.
Осындай қозғалысты тобырлардың маңызды түрлерінің бірі жиындар-
қыздырмалы тобыр олар қорлау қимыл қозғалыстарына жақын болып тұрады. Жиындарда өздерінің лидірлер болады ал лидер өзінің агресивті нұсқауларын мүшелерінен талап етеді. Жиындардың қимыл қозғалыстары белгілі бір обьекті бағытталады және қысқа уақытты мінездемелерімен анықталады. Осыдан келген жиындар тәртіп бойынша таратылады. Жиындардың кең таралған мысалы, Лин Чующую бұл өте қысқа бағытты және өз мақсатына жеткен тез таратылатын тобыр бұл тобырлардағы адамдар күнделікті өмірде қатал мүшелерді еске түсірмейді және белсенді қозғалыстағы жиын болып табылады.
Қозғалысты тобырлардың маңызды түрі-қайта құрылған тобырлар бұл өте қатал және қорланған ұжымдық жарылыс бұл тобыр жиындардан тәртіпті қайта келтіруде және мақсаты, бағыты, жөнінен ерекшеленеді. Бұл тобыр тұрақты қайта құрылған тобыр әртүрлі мақсаттағы әртүрлі топтардан құралуы мүмкін бірақ қиын жағдайда бірге қимыл жасайды бұл тобыр түрі әртүрлі кездейсоқ жағдайларға тап болады.
Көптеген жағдайларда олардың қозғалыстарын сөзбен айтып жеткізу қиын.
Тобырлардың құрылу механизмдері көп жағдайда адамның тәртібіне әсер етеді. Қозғалыстын тобырлардағы жағдайлар психолог ғалымдарды әрқашан қызықтырған. Кейбір тиариктер тобыр мінездерін, тәртіптерін әсіресе қозғалыстағы тобырлары
«инфекция»жемісі деп қарастырады нәтижесінде индивидтер көп жағдайда өзінің ерекшеліктерін жоғалтады тіпті өзін-өзі бақылау қабілетінен айырады. Осындай түсініктің жүйесін алғаш рет теориясын ұсынған 1845 жылы француз ғалымы Густав Лебон болды. Оның түсініктемесі бойынша «ұжымдық тырысушылық» тобырларда пайда болған жағдайда тұлғалардың сана сезімін төмендетеді және оны толық жоғалтады. Лебонның айтуынша тобыр мүшелері кейбір қоғамдық әрекеттермен импулссезімінде болады олар тобырларға тән. Импулстер мен қозғалыстар. Құпия импулстар күштері «Ұжымдық тырысуда» өзін көрсетеді. Бірақ олар тұлғаларға әртүрлі әсер етеді. Жоғарғы мәдениетті тұлғалар ешқашанда «ұжымдық тырысушылық» «аурулармен ауырмайды» бұл «енфекциямен» ауыратындар қоғамдағы төменгі топтардан шыққан адамдар. Олардын жеке мәдениеті дұрыс анықталмаған. Мұндай қабаттар тобырларда әрқашанда сінісіп кетеді. Тырысушылық
«ауруларын» жұқтырады.
Енді белгілі болғандай «ұжымдық тырысушылық» идеясы қате түсінік тобыр мінез – құлқы –оның жеке мүшелерінің мінез-құлықтарының жиынтығы.
Олар тәуелсіз тұра алмайды және қоғамдық тырысушылық кезінде белгісіз жақтардан пайда болады.
Кейінгі жырлардағы зерттеулер көрсеткендей, пайда болған нормалар теориясы тобырда болып жатқан үрдістерді ашық мақсатта түсіндіреді. Осыдан шығатыны тобырдың тәртібін басқарғанда пайда болған номалардын көздерін анықтап алу керек және оны жіберушілермен таратушыларды оны жасайтындардың мақсатты қозғалыстарының мүмкіндіктерін анықтап алу керек.
Дәріс тақырыбы 19. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары.
Жоспар
1. Әлеуметтік психологиядағы үлкен топтарды зерттеудің теоретикалық және әдістемелік принциптері, мәселелері.
2. Үлкен әлеуметтік топтардың жіктелуі.
3. Діни қауымдастықтар мен бірлестіктердің психологиялық сипаттамасы.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер :33,34,35,36.
Үлкен әлеуметтік топтар – бұл мүшелері бір-бірімен тікелей қарым қатынасқа түспейтін, топтық коммуникацияның психологиялық механизмдері арқылы жанама байланысқа түсетін әлеуметтік қауымдастық. Үлкен топтарда әлеуметтік мінез –құлық нормалары, құндылықтар, дәстүрлер, әлеуметтік стереотиптер, қажеттіліктер, мүдделер, бағдарлар, өмірлік мақсаттар және т.б. қалыптасады.
Үлкен топтарды кіші топтардан айыратын негізгі ерекшеліктер:
Үлкен топтарда әеуметтік мінез- құлықты реттеп отыратын арнайы реттегіштер бар. Бұл - дәстүр, салт, рәсім.
Топтардың өмір сүру салты. Бұл адамдар арасындағы ерекше әрекет пен қарым-қатынасқа байланысты.
Арнаулы тілдің болуы. Этнотоптар үшін тіл негізгі белгі, ал жастар тобы үшін жаргон сөздер, кәсіби топтар үшін кәсіптік тіл.
Үлкен топтарда мынадай психологиялық сипаттамалар бар: топтық мүдде, топтық қажеттілік, топтық құндылықтар, топтық нормалар, топтық мақсаттар.
Үлкен әлеуметтік топтардың дамуының негізгі 3 кезеңі бар:
1-кезең. Типологиялық кезең - бұл кезең топ мүшелерінің қоғамдағы орнын бейнелейтін ортақ психологиялық ерекшеліктерінің болуымен сипатталады.
2-кезең. Идентификациялық (теңдестіру, сәйкестендіру) кезең - бұл кезеңде топ мүшелері өздерінің осы топқа жататынын түсінеді, өзін сол топ мүшелерімен теңдестіреді.Топтық өзіндік сана пайда болады.
3-кезең. Ынтымақтастық кезең – бұл кезеңде топ мүшелері ортақ қажеттілік пен мүддені түсінеді, әлеуметтік ұқсас бағдар мен ұжымдық мақсат үшін топтың бірлесіп әрекет етуге дайындығының негізі қаланады.
Топ қауымдастығының әлеуметтік психологиялық даму деңгейі қоғамдық тарихи процестегі топтың нақты ролін бағалауға мүмкіндік береді.
Үлкен әлеуметтік топтарға түрлі этникалық топтар, гендерлік топтар, кәсіби топтар және т.б. жатады.
«Сол және басқа топтың мүшесі, тұлғасы бола отырып, оған хабарланады және айтылады» ( Бобнев, 1978 72-бет) Соған байланысты санкцияларды тандау механизмдері топтағы өз мүшесін тәртіпті жолға түсірді. Санкциялар екі типті болуы мүмкін:1)мақтайтын және тыйым салатын, 2) позитивті және негативті санкция жүйесі тәртіп нормаларын қадағалау үшін ғана емес, сонымен бірге оны қамтамасыздандыруға арналған. Санкция зерттеулері нақты топтарда өзінің нормалар мазмұнын тандағанда ғана мағыналы болады.
Сөйтіп, қарастырылған ұғымдар топтардың әлеуметтік –психологиялық сипаттамасын анықтауда көп көмегін тигізді. Сонымен қатар тағы бір концепциялық тордың мазмұның толықтыру міндеті тұр.
Осындай концепциялық тор пайдалы және қажет. Бірақ оның қызметін түсінуде , оны жәй,қарапайым констатициялармен салыстырмауға, бұл жолдың өзіндік шынайы үрдісінде , алға жылжушылық , топтар арасындағы ағымдар жайлы мәселе қорғайды. Талдау жолына тағы бір қадам жасау үшін, енді топтарды жіктеу қажеттілігі туындайды. Бұлар әлеуметтік психологияның құрамдары болып табылады.
Әлеуметтік –психологиялық зерттеулер мінездемесі үлкен топтарда көптеген бірқатар қиындықтармен қақтығысады.Олар негізінен бұл жерде үлкен ұйымдардағы, тұрақты әлеуметтік топтардағы қиыншылықтар айтылған. Ұсақ топтардағы әртүрлі үрдістерді зерттеу -әдістемелік зерттеулер -әдіс тәсілдерінің жоқтығын сипаттайды. Мысалы, топтың ұлттық және т.б. осындай топтардың психологиялық бейнелері су зерттелген. Осыдан келіп, кейбір жағдайларда мынындай түсінік қалыптасады.:
Үлкен топтардың жалпы психологиялық облысы ғылыми тандауларға негізделуге
жатпайды. Әдіс-тәсілдердің жоқтығы кейбір зерттеулерде , осындай қалыптасқан көзқарастарды бұдан да мықты қолдай түседі.
Осыған байланысты әлеуметтік психология үлкен топтар психология бөлімінсіз нақты әлеуметтік психология сөзінің мағынасын білдіре алмайды. Г.Т. Дилигенскийдің пікірінше, үлкен топтардың психологиясынқарастыру бірқатар мәселелер сияқты, үлкен әлеуметтік-психология бөлімінің өзекті мәселелерінің
Бірі болып табылады. Ал оның маңызды мәселесі –оның «кіші әлеуметтік дәрежеде ғана адамның психикалық ерекшеліктері қалыптасуының әлеуметтік мазмұны».
(Дилигенский,1971 жыл) Қалай болғанда да өзара тұлғалық қарым-қатынас кезінде кіші топтар үлкен рол атқарады. Бұл қатынастар тұлғаның қалыптасу үрдісіне көмектеседі. Олар өзінен өзі тарихи нақты әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, принциптерді, қажеттіліктерді тудырмайды. Осының барлығы және басқа да мазмұнды элементтері қоғамдық психологияда үлкен топтардың тарихи тәжірибелері негізінде қалыптасады. Ол тәжірибелер жалпылама белгілер, мәдени және идеологиялық жүйелер: бұл тәжірбиелер кіші топтардың индивидтер арқылы және өзара тұлғалық араласуда пайда болады.Сондықтан әлеуметтік-психологиялық талдауларда үлкен топтарды индивидтер психикасының мазмұнын түсінудегі «кілт»ретінде қарастырылған жөн. Әрине, үлкен әлеуметтік топтардың маңызы мағынасы қоамдық психологиядағы мазмұнды элементтерді түсіну үшін және көптеген әлеуметтік үрдістер мен қозғалыстардың мағынасын түсін үшін қажет. Қоғамдық өзгерістердің мінездемесі және қайта құрулар , революциялық және контрреволюциялық қозғалыстарға қатысу , қоғамдық ойлардың қалыптасуының күрделі үрдістер осы барлық және басқа да аз мән берілмейтін факторлар үркен топтарда барлық психологиялық қатарлар мінездемесін құрайды. Сондықтан нақтылап айтқанда, сонымен қатар әлеуметтік қозғалыстар мен үрдістерде үлкен әлеуметтік топтарды әлеуметтік-психологиялық талдау қажеттілігін баса айтқан жөн . Бірақ, осы көптеген үрдістер мен қозғалыстар өзінің субьектісі ретінде үлкен әлеуметтік топтарды қарастырады. Қысқартып айту үшін оның мына бөлімін –«үлкен әлеуметтік топтардың психологиясын»айта кеткен дұрыс. Кейбір нақты үлкен топтардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырмас бұрын, оның ең аз дегенде әдістемелік принципі мәселелерін ажыратып алу керек. Бұл мәселелерді шешпей , мұны қарастыру табысты бола алмайды.
Осы мәселені қарастырмас бұрын, топтарды үлкен топтар ретінде қарастырамыз. Әрі қарай, үлкен топтарды психологиялық құрылымы қандай, оның негізгі элементтері, оның тәуелділіктері, олардың өзара байланысының мінездемесін қалай білу қажет . Үшіншіден, бұл сұрақ топтарға кіретін жеке индивидтердің психикалық қатынастарының осы топтардың психологиялық элементтерімен өзара байланысын анықтайды. Соңында, төртіншіден, осы барлық құбылыстарды зерттегенде қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бірден айта кету керек, бұл сұрақтарға жауаптарды алу үшін, тек қана психология ғылымынан , іздеп қана қоймай, әлеуметтану ғылымының мағлұматтарын да қолдану керек.Бұл деген психологиялық әдебиеттерде осындай мәселелер қарастырылмайды деген түсінік емес, бұл сонымен бірге бұл мәселелердің аз зерттелгенің көрсетеді.Бұл факті , көбінесе , қазіргі еуропалық әлеуметтік психологиядан көрінеді. Орталық ойлардың бірінің авторы С. Московский үлкен әлеуметтік топтарды зерттеуде үлкен акцент жасалуына тоқталады. Оны «әлеуметтендіру»терминімен белгілейді.
Бұл - өзіндік әлеуметтік психологияның көрсетілген мәселелерін шеше алмайтындығын мойындайды. Сондықтан әлеуметтік білімдерді ұғыну керек; «Әлеуметтік психология бұл жерде әлеуметтік үрдістерді зерттеуде тәсілдер жиынтығы болып табылады. Бұл үрдістер қоғамда және үлкен масштабта жалпы ағымдар болады. » (Московией, 1984жыл, 200-бет) Бірақ, бұл жолда әлеуметтік психология бірінші қадамдар жасайды. Еуропалық салт-дәстүрлер, сонымен бірге отандық әлеуметтік психология дайындаған әдістемелік принциптері, осы жолды дамытуға әсер етеді.
Сөйтіп, «үлкен әлеуметтік топ» деген не?
Топтардың түсінудің жалпылама принциптерін түсіну негіздерінен арыла отырып, біз бұл түсініктемеге көптеген анықтаманы бере алмаймыз. Жоғарыда көрсетілген жүйедегідей, «үлкен» топтасқан адамдар қатынасы 2 түрге бөлінеді: белгілі бір
ағдайлармен аз уақытқа пайда болған қауымдық. Бұған: тобыр, халық, аудитория-бұл 1-шітүр, ал2-ші түр: қоғамдық тарихи даму барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастарға белгілі бір орын алатын, қоғамның нақты түрлерінде болатын, сондықтан өзінің пайда болуында тұрақты, ұзақ уақытқа созылған нақты әлеуметтік топтар. Осы 2-ші топқа ең алдымен әлеуметтік топтарды, әртүрлі этникалық топтарды(бұлардың ең басты өзгешелігі-ұлттар), мамандырылған топтар, жасы, жынысына бөлінетін топтар ( осы көзқарасты қарастырғанда мысал ретінде жастарды, әйелдер, үлкен адамдарды және т.б. ашуға болады) Осы бөлімде осы 2-ші түрдегі зерттеу принциптерін қарастырғанда, бұл топтар қызығушылық туғызады. Өйткені бұл топтар тарихи үрдістегі психологиялық мінездемедені түсіну үшін үлкен мән береді.
Барлық көрсетілген әлеуметтік топтар мінездемесі сөйтіп, кейбір жалпылама белгілерді білдіреді. Бұл белгілер үлкен топтарды кіші топтардан ажыратып тұрады. Үлкен топтарда әлеуметтік мінездерді зерттейтін құралдар –арнайы регуляторлар
бар, бұл кіші топтарда жоқ. Бұл әдет-ғұрып,салт-дәстүр бұлардың пайда болуы қоғамдық тәжірибедегі шарттармен негізделеді. Бұл шарттар осы топтармен тығыз байланысты және осы тәжірибеде тарихи түр ретінде тұрақтанып қалған. Арнайы регуляторымен қоса, осындай топтарды өмірлік көзқарас тұрғысымен бірігіп қарастырса, олардағы мінез-құлықтар топтардағы өмір салты мінез-құлықтарының
мінездемесін береді. Оның зерттеулері ерекше қарым-қатынас түрлерін, ерекше контакк типтерін зерттеуде адамдар арасындағы байланыстарды анықтайды. Нақты өмір салты шеңберінде бұл қатынастар мағыналы құндылықтар қажеттіліктер, қызығушылықтар туғызады. Айтылған үлкен топтардағы психологиялық мінездемеде тілдік ерекшеліктер ақырғы ролдерді атқармайды. Осы этникалық топтарға-сондай-ақ басқа топтарға нақты мінездемені анықтауда (тіл үлкен рол атқарады Мысалы, нақты жаргон мамандандырылған топтарда, жас ерекшелік топтарында оның ішінде жастарға тән.
Бірақ жалпы ерекшеліктер үлкен топтарға тән болғанмен оларды абсолютті деп айтуға болмайды. Осы топтардың әртүрлі өзіндік ерекшелікке тән:бір қатарға топтарды, ұлттарды, мамандарды және жастарды жатқызуға болмайды. Бұл үлкен топтардың әрқайсысы тарихи үрдіс белгілерімен ерекшеленеді және көптеген ерекшеліктерімен айырмашылықтары бар, сондықтан барлық тікелей мінездемелер үлкен топтарда арнайы мазмұндармен толықтыруы керек. Ұйымдастырылған топтар: тобыр (әлеуметтік фасилитасия феномені,әлеуметтік еріншектік бағалауға қорқу жалғыздыққа қарсы болу, ірленген ойларды симптомы) және аудитория (адамдарға әсер ететін факторлар: өзін өзі бағалау жас мөлшері білімі мағлұматтарға хабарларға
Деген қызығушылық интелект сезімге берушілік бумеран эффектісі, перцептивті жекешелену эффектісі тобыр.
Тобыр дегеніміз-белгілі бір қоғамда физикалық кеністтікке біріктірілген уақытша адамдар жиынтығы. Тобырдын әлеуметтік құрлымы өте қарапайым және кейбір кездерде күрделі болады. Бірақ тобыр-бұл өте үлкен қарапайым жиынтығына қарағанда үлкен кеңістік алады. Физикалық шектелген кеңістікте өзара қарым-қатынас кезінде тобырдағы адамдар әлеуметтік өзара араласудан қашып отырады. Қоршаған адамдардың қарапайым сезінуі түсінбеушілікке әкеп соғады. Бірақ бай әрер қалдырушылық өзара ой бөлісуге әкеліп соғады.Қарым –қатынас негіздерінде көз
контаксі беттегі мимико-қолмен нұсқаулар адам тұрыстары және тіпті киім киістері үлкен рол атқарады.
Тобыр өзінің мінездемесімен тәртібі жөнінен қатты ерекшеленеді бір типті тобырлар тез арада басқа типтегі тобырларға айнала алады. Мысалы, ағылып жатқан адамдар жиыны бірақ, көбінесе тобырлар нақты жалпы мінездемелерге тән:
Қысым жасаушылық; тобырдағы адамдар негізінде сырттағы бос адамдарға қарағанда қысымда тұрады. Олар үлкен үмітпен көпшіліктің ойларын, сезімдерін және қозғалыстарын тез қабылдайды.
Жасырушылық жалғыз адам тобырда өзінің белгісіз және танымашылық сезімде тұрады. Тобырлар оған оның жеке мүшелеріне үлкен әсер етеді.және оларды жеке қабылдамайды.
Пісіп күйіп қалушылық. Тобырды құрайтын адамдар кәдімгі өмірдегі шарттарға қарағанда әрбір мінезге күйіп пісіп тұру тенденциясы байқалады. Олар негізінде өздерінің қимыл қозғалыстарымен тобырдағы тәртіптеріне ойланбайды бұл жағдай тобырда сезімдерге байланысты.
Өздерін алшақ ұстау. Тобырды құрайтын адамдар жасырын ұйымдасқандықтан
олар өздерін әлеуметтік бақылаудан алыс тұрған сезімде болады. Олар өздеріне «қиын жетеді»деп түсінеді. Мысалы, фудбаль жанкүйерлерінің вандалдық іс әрекеттері (терезе, шыныларды сындыру, вогон, метро, бүлдіру және осындай тағы басқа әрекеттер ). Олардың әрқайсылары көпшілікпен бірге қимылдағандықтан өздерін жауапты деп санамайды.
Тобырларды өздерін қалыптасу және өзін-өзі ұстау әдістермен байланысты бірнеше түрге бөлуге болады.
Кездейсоқ тобыр- анықталмаған құрылымы мен ерекшеленеді. Мұндай тобыр түріне оқиға болған жердегі, көшелердегі қарапайым адамдар жиыны мысал бола алады. (атақты адамдардың пайда болуы,көшеге шығуы, автомобиль қақтығыстары және т.б.) Бұл тобыр түріндегі адамдарды белгіленбеген мақсаттар немесе тіпті мақсатсыз уақыт өткізу жағдайлар біріктіреді. Индивидтер қарапайым тобырларға әлсіз сезіммен беріледі және өздерін олардан еркін ажырата алады. Бірақ шарттардың өзгеруі жағдайында олар қайта құрылады және үлкен бірігушілік пайда болады.
Шартталған тобырлар - алдын ала жоспарланған және алдын ала құрылған адамдар жиыны бұл жағдайда тобыр «шартты»сол мағынада, оның мүшелерінің өзін-өзіұстауы анықталған іс әрекеттерімен жүредіжәне арнайы әлеуметтік алдын ала жасалған әлеуметтік нормалармен қалыптасқан. Мысалы, ол тобырлар, қойылым көруге келгендер, театрда , стадионда, жиналыстарда және т.б. жерлерде өздерін әртүрлі ұстайды. Осының барлығы шартталған тобыр түрі.
Эксперсивті тобыр - оныңмүшелерінің жеке рахатына бөленушілік мақсатына құрылған әлеуметтік топ және ондағы белсенді адамдар оның мақсаты мен нәтижесі
болып табылады. Мысалы, билер, діни жиналыстар, рок фестивалы және т.б.
Қозғалысты тобыр – қозғалысты, термині ұғымында тобырдың бар кешенді қозғалыстары айтылады. Бұл қатты әсерлер тобыры немесе қоғамдағы ерекше мінез құлықтар көрсететін тиіпттер қозғалысты тобырлардың әлеуметтік үрдістерін зерттегенде көп жағдайда олардың басқа топтарға қарағанда ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі.
Осындай қозғалысты тобырлардың маңызды түрлерінің бірі жиындар-
қыздырмалы тобыр олар қорлау қимыл қозғалыстарына жақын болып тұрады. Жиындарда өздерінің лидірлер болады ал лидер өзінің агресивті нұсқауларын мүшелерінен талап етеді. Жиындардың қимыл қозғалыстары белгілі бір обьекті бағытталады және қысқа уақытты мінездемелерімен анықталады. Осыдан келген жиындар тәртіп бойынша таратылады. Жиындардың кең таралған мысалы, Лин Чующую бұл өте қысқа бағытты және өз мақсатына жеткен тез таратылатын тобыр бұл тобырлардағы адамдар күнделікті өмірде қатал мүшелерді еске түсірмейді және белсенді қозғалыстағы жиын болып табылады.
Қозғалысты тобырлардың маңызды түрі-қайта құрылған тобырлар бұл өте қатал және қорланған ұжымдық жарылыс бұл тобыр жиындардан тәртіпті қайта келтіруде және мақсаты, бағыты, жөнінен ерекшеленеді. Бұл тобыр тұрақты қайта құрылған тобыр әртүрлі мақсаттағы әртүрлі топтардан құралуы мүмкін бірақ қиын жағдайда бірге қимыл жасайды бұл тобыр түрі әртүрлі кездейсоқ жағдайларға тап болады.
Көптеген жағдайларда олардың қозғалыстарын сөзбен айтып жеткізу қиын.
Тобырлардың құрылу механизмдері көп жағдайда адамның тәртібіне әсер етеді. Қозғалыстын тобырлардағы жағдайлар психолог ғалымдарды әрқашан қызықтырған. Кейбір тиариктер тобыр мінездерін, тәртіптерін әсіресе қозғалыстағы тобырлары
«инфекция»жемісі деп қарастырады нәтижесінде индивидтер көп жағдайда өзінің ерекшеліктерін жоғалтады тіпті өзін-өзі бақылау қабілетінен айырады. Осындай түсініктің жүйесін алғаш рет теориясын ұсынған 1845 жылы француз ғалымы Густав Лебон болды. Оның түсініктемесі бойынша «ұжымдық тырысушылық» тобырларда пайда болған жағдайда тұлғалардың сана сезімін төмендетеді және оны толық жоғалтады. Лебонның айтуынша тобыр мүшелері кейбір қоғамдық әрекеттермен импулссезімінде болады олар тобырларға тән. Импулстер мен қозғалыстар. Құпия импулстар күштері «Ұжымдық тырысуда» өзін көрсетеді. Бірақ олар тұлғаларға әртүрлі әсер етеді. Жоғарғы мәдениетті тұлғалар ешқашанда «ұжымдық тырысушылық» «аурулармен ауырмайды» бұл «енфекциямен» ауыратындар қоғамдағы төменгі топтардан шыққан адамдар. Олардын жеке мәдениеті дұрыс анықталмаған. Мұндай қабаттар тобырларда әрқашанда сінісіп кетеді. Тырысушылық
«ауруларын» жұқтырады.
Енді белгілі болғандай «ұжымдық тырысушылық» идеясы қате түсінік тобыр мінез – құлқы –оның жеке мүшелерінің мінез-құлықтарының жиынтығы.
Олар тәуелсіз тұра алмайды және қоғамдық тырысушылық кезінде белгісіз жақтардан пайда болады.
Кейінгі жырлардағы зерттеулер көрсеткендей, пайда болған нормалар теориясы тобырда болып жатқан үрдістерді ашық мақсатта түсіндіреді. Осыдан шығатыны тобырдың тәртібін басқарғанда пайда болған номалардын көздерін анықтап алу керек және оны жіберушілермен таратушыларды оны жасайтындардың мақсатты қозғалыстарының мүмкіндіктерін анықтап алу керек.
Адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-катынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым кұрып, ресми топка айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық жағдайда максатты түрде істес, пікірлес болып, карым-катынаска түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағ-дыларды талап етеді. Ондағы максат — әр адамның әлеуметік орнын, коғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де — қоғам мүшесі әрі әлеуметтік тұлға. Сондыктан, оның өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі коғамдык өмірдің көрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар — әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтарға адамдардың, мысалы, жас ерекшеліктеріне, жынысына, ұлттық белгісіне немесе мамандығына т. б. сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған енгізілген адамдардың бір-біріне және осы топка тікелей ле, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар белгілі бір ерекшеліктеріне орай осы топка қатынаста тұрады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологияның объектісіне жатады.
Байланысты топ — белгілі кеңістік пен мерзім арасында максат-мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы, жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының кұрамы — мұның бәрі байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың маңызы ерекше. Отбасы — адамдардың алғашкы табиғи тобы. Сол топтардан рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінле адамдар кооперациялар құрды. Ал кооперациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып саналады.
Байланысты топка адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жаткан жолаушылар біршама уакыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі кажетті нәрселер сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, калжың әңгімелер айтып, қасындағыларды көңілдендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ адамдар тобы арасынла қарым-қатынас орнайды. Әдетте, мүндай топ өз арасындағы біреуді басшы тұтып, калғандары оның айтканларын тыңдайды. Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сырткы факторларға байланысты.
Ұйымдасқан осындай бір топ сырткы нұсқау аркылы бірі-әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде және бейресми топтар бірін-бірі толыктырады. Мәселен өнеркәсіп саласындағы өндіріс бригадасының ұйымдасьш еңбектенуі, ресми топтағы қожалык шаруашық, фермерлер, жеке меншік ретінде кұрылған өндіріс бірлестігі осыған мысал бола алады. Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез-келген топтың сайлап алған, не белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға койылған максат-мүдделерін асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшы-жетекшілігімен әралуан істерді атқарады. Топ мүшелерістерінің нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірбиелі ұстаз, тәлімгер мен тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды козғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.
Ұжымдық топ. Адамдар топтасуынын, ұйьшдасқан түрі-ұжым. Оның шығу тегі — отбасы. Отбасы — белгілі тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың әлеуметтік өмірінің тірегі де — осы отбасы. Ұрылар мен гангстерлердің бандасы да — топ. Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдасуынын ішкі және сыртқы мақсатары — жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген-зиянкестік әрекеттер. Адамдардың ұйымдасқан тобы — ұжымның түпкі ,саты — адамдардың игілікті мүрат-мүдделеріне сәйкес істерді аткарып, қоғамның дамуына өз үлесін косу. Ғылыми тұрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауым-;Й|Ығында ерікті болғанда ғана па'йдалы істермен шұ-ана алады. Сөйтіп, қоғамға өз пайдасын тигізеді.
адамдардың өзара қарым-қатынас түрлері. еттік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім еке-былайғы жүртка өзін қоршаған орта мен сырткы дү-деген катынасы аркылы таныта алады. Адамдар м-қатынасының сыр-сипаты_ коғамдык- емірде, әсі-өндірістік істердегі әрекетінен айкын байқалады. ішіндегі адамдардын, бір-біріне тәуелділігі, бағы-бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі—олар-йағыз топтық тіршілігінің заңды түрде калыптасу->рсететін сипаттар. Олардың арасындағы карым-қа-стардың мазмүнды болуы түрлі әлеуметтік жағдай-және әрбір азаматтың даралык нақты іс-әрекетте-'байланысты. Мүндағы өзекті мәселе — адамдардың імдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсат-ғы. Адамдар арасындағы тікелей карым-қатынас бір-бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жана-ма қарым-қатынас олардың бағалы заттарды өзара а,І-масуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде калып-тасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат ала-ды.
Психология пәні адамдар арасындағы жанама каты-настардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді: а) диффузиялық топ — бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы адам-дардың өзара қарым-қатынасы топтың негізгі іс-әрекеті-нё байланыссыз-ақ жүзеге асады; ә) ассоциация — бүл күрделі топ, топтың іс-әрекеті әрбір адамның мүддесінс сай келетін болғандықтан, топтар ішіндегі қарым-қаты-нас жандана бермек; б) корпорация, мұнда да жеке мүдделерге сәйкес қатынас ассоциациялық негізде да-ми бермек; в) ұжым — топтын, ең жогары деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, әрбір адамньң қоғамдық мақсат-мүддесімен үштасып жтады.
Үжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі — адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтагы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінін көңіл-күйі, сергектігі, болашақ мақсат-мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дара түрді қарастырылады. Бүл мәселелердің бәрі үжымдық мүдде деп саналады.

Қарым-қатынастың мән-жайын зерттеу тәсілдері
Американдық психолог әрі социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын үжымдар-дың жетекшілері, өндірістік-кәсіптік мекемелердегі топ-тардың басшылары қарамағындағылардың өзара карым-қатынасын анықтай алады. Бұл тәсілдің негізгі өлшемі (критерий) эр қилы. Басты мақсаты — топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтагы адамдардың өзара қарым-қатынастарының үйлесімді болуы, немесе бір-бірін ұнатуы, ұнатпауы олардың сезім-дік-эмоциялық күйлеріне байланысты. Топ ішіндегі катынастар социограммасы мен адамдардың таңдауын көрсететін кесте жатады
Дәріс тақырыбы 20. Әлеуметтік психологиядағы теоретикалық және қолданбалы білімдердің арақатынасы.
Жоспар
1. Әлеуметтік психологиядағы қолданбалы зерттеулердің негізгі аймақтары.
2. Психологиялық қызмет іс-әрекеттеріндегі әлеуметтік психологияның орны.
Негізгі әдебиеттер: 1,8,10,13,18,19,3132,33,34,35,36,37,38,39.
Қосымша әдебиеттер: 37,48
2.4 Оқытушы басшылығымен жүргізілетін студенттің өздік жұмыс сабақтарының жоспарлары
1 тақырып. Әлеуметтік психологияға кіріспе.
Тапсырма:
Әлеуметтік психология пәнін, міндеттерін және психологиялық білімдер жүйесіндегі оның орнын негіздеу.
Әлеуметтік психологияның қарастыратын мәселелер шеңберін көрсету. Әлеуметтік психологияның мәселелері мен сұрақтарын қарастыратын психологияның салаларына сипаттама беру.
Өткізілу формасы СОӨЖ. Сұрақтарды топтық талқылау.
Орындауға әдістемелік нұсқау-тапсырманы орындау үшін жалпы психологиядан алынған білімді белсендендіру қажет.
Ұсынылынатын әдебиет: 1,31,35,36,37,37,38.
2 тақырып. Әлеуметтік психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы.
Тапсырма .
Әлеуметтік психологияның даму тарихын, оның пайда болуының алғышарттарын қарастыру, оның негізгі кезеңдерін бөліп көрсету, оларға сипаттама беру.
СОӨЖ өткізу формасы. Студенттер әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары мен дербес ғылым ретінде дамуы туралы бес минуттық баяндама жасайды.
Орындауға әдістемелік нұсқау. Баяндаманы дайындауда әлеуметік психологияның негізгі түсініктерін бөліп көрсету, қарастырылған кезеңде пән, зерттеушілер аты-жөні , олардың көзқарастврының негізгі жағдайы, көзқарастарының мәні мен жетістіктерін түсіндіру, кезеңдердің ауысуының тарихи қажеттілігін көрсету.
Ұсынылған әдебиет: 1,31,32,36,37,38.
3 тақырып. Әлеуметтік - психологиялық зерттеудің әдіснамалық мәселелері.
Тапсырма .
Ғылыми зерттеудің әдіснамасы түсінігіне, әлеуметтік психологияда ғылыми зерттеуге қойылатын негізгі талаптарға, зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесінің арақатынасы туралы, әлеуметтік – психологиялық зерттеудің негізгі әдістеріне сипаттама беру. Әлеуметтік психологиялық зерттеулердің кезеңдері мен әдістерін қарастыру.Әлеуметтік - психологиялық зерттеуді ұйымдастыруда психологиялық әдістерді қолдануға мысыл келтіру.
СОӨЖ өткізу формасы.- тапсырманы жеке орындау топтық талдаумен жалғастырылады.
Орындауға әдістемелік нұсқау. Әлеуметтік психологияның әдістерін қарастыруда Б.Г.Ананьевтің психологиялық әдістерді жіктеуін қолдану.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,31,32,36,37,38..
4 тақырып. Адамдардың қарым-қатынасы заңдылықтары және өзара әрекеттері. Қарым-қатынас және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас.
Тапсырма :
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың орны мен табиғаты , қарым-қатынастың функциялары, қарым-қатынастың құрлымы туралы қарастыру. Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер туралы мысалдар келтіру.
СОӨЖ-ны өткізу формасы. Шағын топтармен жұмыс жалпы топтық талдаумен жалғастырылады.
Орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттерге әртүрлі оқулықтар материалдарынан қарым қатынасқа бірнеше анықтамалар дайындау керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,31,32,36,37,38.
5 тақырып. Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы.
Тапсырма:
Коммуникативтік процесте мәлімет алмасудың ерекшелігі, коммуникация құралы, тіл туралы қарастыру.
Вербальді емес коммуникация, оның түрлеріне мысалдар келтіру.
СОӨЖ-ны өткізу формасы. Бірігіп талдау жасау.
Орындауға әдістемелік нұсқау. Сұрақтарды қарастыруда адамдар арасындағы қарым-қатынастағы вербальды және вербальды емес белгілер жүйесінің имәніне талдау жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,31,32,36,37,38..
6 тақырып. Қарым-қатынастың интерактивтік жағы
Тапсырма:
Қарым-қатынас құрлымында өзара әрекеттің ролі, өзара әрекет типтері туралы және өзара әрекет бірлескен әрекетті ұйымдастыру ретінде қарастыру.Бірлескен әрекет типтері кооперация мен қақтығысты сипаттау.
СОӨЖ жүргізу формасы – топтық жұмыс, пікір талас.
Пікірталасты өткізу үшін, ұйымдастыру және басқаруға қажетті нақты концепцияға сай білім денгейін анықтау арналған әдістемелік нұсқау.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,31,32,36,37,38.
7 тақырып. Қарым-қатынастың перцептивтік жағы.
Тапсырма:
Әлеуметтік перцепция ұғымы, әлеуметтік – перцептивтік процестер жүйесінде перцептивтік қабылдаудың орны, қарым-қатынасс процесінде тұлға аралық қабылдаудың ролі туралы қарастыру.
Қабылдау механизхмдері мен әсерлеріне (эффектілері) мысалдар келтіру..
СОӨЖ-ны өткізу формасы. – Жеке жұмыс.
Орындауға әдістемелік нұсқау. Тапсырманы орындауда дәріс материалдарын оқудың қайнар көзі ретінде пайдаланған жөн. Тұлға аралық қабылдауды зерттеудің негізгі бағыттардың әртүрлі негізгі жағдайларын қарастыру қажет, көрсетілген бағытқа сыни тұрғыда талдау беру.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,31,32,36,37,38.
8 тақырып. Әлеуметтік психологиядағы топ мәселесі.
Тапсырма:
Топты әрекет жүйесі мен әрекет субъктісі ретінде қарастыру, қауымдастықтар мен топтар арасындағы айырмашылықты ашу,“ Топтық сана“ феноменіне анықтама беру, топтың негізгі сипаттарын ажырату , топтарды жіктеу.
СОӨЖ-ны өткізу формасы – сұрақтарды топтық талдау.
Орындауға методикалық нұсқау. Сабақтың өткізлу формасында қосымша дайындықты талап етпейді. Алынған білімнің көлемі сабақта белсенділік деңгейіне тікелей тәуелді болады. Сабақ кезінде конспекті жасау керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,31,36,37,38.
9 тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаты
Тапсырма:
Үлкен әлеуметтік топтардың психологиясын зертеуддің методологиялық мәселелерін талдау. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық құрылымы ажырату. Үлкен әлеуметтік топтардың түрлеріне мысал келтіру.
СОӨЖ өткізу формасы-әдебиеттермен жеке жұмыс.
Орындауға әдістемелік нұсқау. Студент сабаққа зерттелген мәселе материалымен келуі қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,13,18,19,31.
10 тақырып. Әлеуметтік психологияда кіші топ мәселесі
Тапсырма:
Қоғамдық өмірде кіші топтардың мәнінің өсуінің объективтік алғышарттар, батыста кіші топтарды әлеуметтік-психологиялық зерттеу дәстүрі туралы қарастыру. Кіші топтар ұғымын, жіктелуін, құрылымын талқылау.Кіші топтардың өзгермелі және құрылымдық аспектілерін ашып көрсету.
СОӨЖ-ны өткізу формасы. Шағын топтарда жұмысты бірге талқылау.
Орындауға әдістемелік нұсқау. Шағын топты әлеуметтік өлшем әдісімен зерттеу.
Ұсынылытын әдебиет: 1,28,31,36,37,38.
11 тақырып. Ұжымды зерттеудің әлеуметтік психологиялық аспектілері
Тапсырма:
Кенес ғылымдарында ұжымды зерттеу тарихын, ұжымның даму деңгейлері мен кезендерін, ұжымның әлеуметтік психологиялық теориясының методологиялық мәні талдау
СОӨЖ-ны өткізу формасы – жекелеген студенттерге кеңес беру.
Орындауға методикалық нұсқау. Тапсырманы орындауда ұжымның даму кезеңдері мен деңгейлері туралы түсініктер болуы керек.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,31,36,37,38.
12 тақырып. Жеке тұлғаның әлеуметтік -психологиялық сипатттары
Тапсырма:
Әлеуметтік бағдар ұғымына, әлеуметтік бағдардың құрылымын, әлеуметтік бағдардың функцияларын талдау.
СОӨЖ-ны өткізу формасы. Шағын топтармен жұмыс жалпы топтық талдаумен жалғастырылады.
Орындауға әдістемелік нұсқау.Студенттерге Д.Н.Узнадзе мектебі және әлеуметтік бағдар туралы материалдарды конспектілеуге нұсқау беру.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,34,37.
2.5. Практикалық сабақтың мазмұны
1 тақырып: Әлеуметтік психологияның пәні мен әдістері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Әлеуметтік психология пәнін түсінудің жалпы психология мен әлеуметтану пәндерін түсінуге тәуелділігі.
2.Әлеуметтік психология пәніне деген негізгі көзқарастар.
3.Қазіргі кезеңдегі әлеуметтік психологияның шетелдегі ағымдары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,31,35,36,37,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Психологиядағы негізгі шетел бағыттарын талдау үшін дәріс материалдарын қолдану және психологиялық әдебиеттерге сүйенуі қажет.
2 тақырып. Әлеуметтік психология және аралас пәндер: әлеуметтану, демография және саясаттану.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Әлеуметтік психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы.
2. Әлеуметтік психология және әлеуметтану, демография және саясаттану ғылымдары.
3.Әлеуметтік психология және тұлға психологиясы,.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,33,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Тапсырманы орындауда мынандай баспаларды қолдануға болады: «Вопросы психологии», «Психологический журнал »,
« Мир психологии ». Тапсырма жазбаша орындалады.
3 тақырып. Әлеуметтік психологияның қалыптасу тарихы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде бөлінуінің қоғамдық,ғылыми және идеологиялық алғышарттар.
2. Марксистік теориялық ойларда әлеуметтік – психологиялдық мәселелердің дамуы.
3. ХХ ғасырда батыс әлеуметтік психологиясында эксперименталдық даму.(Т.Лиде, Ф.Олпорт).
4. Қазіргі кезеңде Батыстағы әлеуметтік психологияның негізгі теориялық концепциялары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,31,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Семинар сұрақтары психологиясының жалпы мәселелерін қарастыратын болғандықтан, негізгі ғылыми түсініктердің мәнін ашу үшін психологиялық сөздікті қолдануды ұсынамыз.
4 тақырып. Шетелдік, отандық, қазақстандық әлеуметтік психология ғылымының қазіргі жағдайы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Социометрикалық бағыт.
2.Референтті топтар теориясы (Мертан және Хайман).
3.Э.Берннің трансактілі анализі.
4.Қазақстандағы әлеуметтік психологияның дамуы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,31,32,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Қазіргі отандық әлеуметтік психологияға іс-әрекеттік тұрғыдан келу, оның негізі болғандықтан, оның негізгі жағдайына жан-жақты талдау жасау қажет.
5 тақырып. Жеке адамның әлеуметтенуі:кезеңдері, механизмдері мен институттары.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Әлеуметтену түсінігі және феномені.
2.Әлеуметтену процесінің факторлары.
3.Әлеуметтену процесінің кезеңдері.
4.Әлеуметтену институттары.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,11,31,35.
Әдістемелік нұсқау.
Тұлғаның әлеуметтену процесін зерттеуге әртүрлі тұрғыдан келуге талдау жасап, салыстыруда, әрбір бағыттың мәніне жете түсініп психология мектептерінің категориялы терминологиялық аппараттарын, көрнекі өкілдерін жақсы білу қажет. Реферат жазу барысында психологиялық басылымдарды пайдалану ұсынылады.
6 тақырып. Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық диагностикалаудың әдістері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Әлеуметтік – психологиялық диагностикалау негіздері.
2. Тұлғаны әлеуметтік – психологиялық диагностикалаудың негізгі әдістері.
3. Топты әлеуметтік – психологиялық диагностикалау әдістері.
4.Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау жолдары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,31,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Тапсырманы орындауда мынандай баспаларды қолдануға болады: «Жантану», «Қызықты психология», «Мир психологии ». Тапсырма жазбаша орындалады.
7 тақырып. Құндылықтар, ережелер мен әлеуметтік бағдарлар жеке адамның әлеуметтік жүріс-тұрысын реттеуші ретінде.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Әлеуметтік бағдардың психология ғылымында қарастырылыуы.
2.Аттитюд мәселесінің қалыптасуы.
3.Тұлға диспозициясының иерархиялық құрылымы.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,15,18.
Әдістемелік нұсқау.
Тапсырманы орындауда психологиялық әдебиеттер мен мынандай мерзімдік басылымдарды қолдануға болады: «Жантану»,«Қызықты психология»,«Мир психологии». Тапсырма жазбаша орындалады.
8 тақырып. Қарым-қатынас психологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қарым-қатынас қоғамдық және тұлға аралық қатынастарды жүзеге асырушы ретінде.
2. Қарым-қатынастың құрлымы,мазмұны және формалары.
3. Қарым-қатынастың негізгі жақтары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,31,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Студенттерге әртүрлі оқулықтар материалдарынан қарым қатынасқа бірнеше анықтамалар дайындау керек.
9 тақырып. Қарым-қатынастағы тұлға аралық қатынас.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Әлеуметтік психологиялық феномен ретіндегі тұлға аралық қарым қатынастың жалпы сипаттамасы.
2.Адамдар арасындағы коммуникативті процесс спецификасы.
3.Коммуникативті процесс моделі.
4.Тиімді коммуникацияның психологиялық шарттары.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,8,31,34,35.
Әдістемелік нұсқау.
Тапсырманы орындауда психологиялық әдебиеттер мен мынандай мерзімдік басылымдарды қолдануға болады: «Жантану», «Қызықты психология», «Мир психологии ». Тапсырма жазбаша орындалады.
10 тақырып. Әлеуметтік-психологиялық шиеленістер мен оны шешу тәсілдері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Әлеуметтік психологияда адамдардың өзара әрекеті мәселесі.
2. Адамдардың өзара әрекеті мәселесі туралы теориялар.
3.Өзара әрекет процесінің компоненттері.
4.Әлеуметтік психологияда кооперация және қақтығыс мәселесі.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,8,31.
Әдістемелік нұсқау.
Қақтығыс мәселелерін өмірдегі мысалдармен салыстыра отырып талмада жазу.
11 тақырып. Топ бірлескен іс-әрекет субъектісі ретінде. Шағын топ әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Топ әрекет жүйесі мен әрекет субъктісі ретінде.
2. Топтарды жіктеу.
3. Шағын топтар ұғымы, жіктелуі, құрылымы.
4. Топтық іс әрекет белгілері.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау:
Нақты мәселені зерттеуде топтардың бөлінуінің әдіснамалық негіздері туралы түсініктерді бөлу қажет.
12 тақырып. Жеке адам мен топ өзара әрекеттестігі. Топаралық қатынас психологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Топаралық қатынас түсінігі.
2. Топаралық қатынас психологиясын зерттеудегі теориялық көзқарастар.
3.Топаралық өзара әрекеттің топаралық қатынас динамикасына әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,13,18,19,31.
Әдістемелік нұсқау.
Семинар сұрақтары психологиясының темперамент мәселелерін қарастыратын болғандықтан, негізгі ғылыми түсініктердің мәнін ашу үшін психологиялық сөздікті қолдануды ұсынамыз.
13 тақырып. Озықтық әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде.
1.Әлеуметтік психологиядағы озықтық ұғымы.
2.Топ арасындағы озық тұлғасының ерекшеліктері.
3.Озықтың топ ішіндегі ролі.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,34,37.
Әдістемелік нұсқау.
Әлеуметік психхологиядағы озықтық ұғымын қарастыруда әлеуметтік психология бойынша сөздіктерді қолдануды ұсынамыз.
14 тақырып. Үлкен топтар мен бұқаралық әлеуметтік процестердің әлеуметтік-психологиялық мәселелері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Үлкен топтар психологиясы мәселесі.
2. Үлкен топтарды жіктеу.
3. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық құрлымы.
4. Бұқаралық әлеуметтік процестер ұғымы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,31,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Тапсырманы орындауда психологиялық әдебиеттер мен мынандай мерзімдік басылымдарды қолдануға болады: «Жантану»,«Қызықты психология»,«Мир психологии». Тапсырма жазбаша орындалады.
15 тақырып. Топтың шешімінің тиімділігін жоғарлату әдістері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Топтық шешім ұғымын анықтау.
2.Топтық шешім қабылдау жолдары.
3.Топтық шешім қабылдау тиімділігін жоғарылату.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,34,37.
Әдістемелік нұсқау.
Топтық шешімге келудің тиімді жолдарын анықтап, жазбаша түрде дайындау.
16 тақырып. Эксперименталды әлеуметтік психологияның қолданбалы аспектілері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Зерттеу әдістерінің сапалық көрсеткіштері.
2.Зерттеу әдістерінің даму жолдары.
3.Зерттеу нәтижелерінің қолданбалы аспектілері..
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,28,31,36,37,38.
Әдістемелік нұсқау.
Семинар сұрақтары психологиясының жалпы мәселелерін қарастыратын болғандықтан, негізгі ғылыми түсініктердің мәнін ашу үшін психологиялық сөздікті қолдануды ұсынамыз.
16 тақырып. Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ): ұғымы, мақсаты, міндеті, түрлері, принциптері.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық негіздері.
2. Әлеуметтік-психологиялық тренинг типологиясы.
3. Әлеуметтік-психологиялық тренинг тәжірибесі.
Ұсынылатын әдебиеттер:1,8,31,34.
Әдістемелік нұсқау.
Әлеуметтік психологиялық тренингтерді қазақ топтарында жүргізу ерекшеліктерін анықтап, баяндама түрінде тапсыру.
ГЛОССАРИЙ
Психология-психикалық құбылыстардың пайда болуын, дамуын, қалыптасуын және қалыптасу барысындағы өзгешеліктерді зерттейтін ғылым.
Психика-объективті реалдылықтың субъективті көрінісі.
Сана-Психиканың адамға ғана тән ең жоғарғы формасы.
Еңбек психологиясы-Адамның іс әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады.
Жан-Адам мен жануардың психикасына тарихи тұрғыда өзгеріп отырған көзқарасына бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік филиософия мен психологиясында жан емес материалдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным бастауы.
Ассоцианизм-Психологиялық ойдың негізгі бағыттардың бірі, психикалық процестердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіреді.
Индивид -Жекеленген табиғи тіршілік иесі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам.
Адам -Қоғамдық тарихи процестің, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің субъектісі, генетикалық жақтан өмірдің басқа формаларымен байланысты.
Бихевиоризм -ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтынмерикандық бағыт.
Инстинкт -Санасыз ұмтылу
Интеллект -Ақыл ой деген мағынаны білдіреді. Адамның болмысын тануының негізгі түсінігі.
Мотив-Белсенділіктің ішкі көзі, тұлғаның қыықтар мен әрекеттерді таңдау негізінде жататын себептерде жандандырады.
Мотивация-Өмірге қажетті мақсаттарды туғызатын, қажеттілікті қанағаттандыруға бағыттайтын қылықтардың барлық фактор.
Сауалнама -Алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесіне жауап алуды көздейтін сауал парақ.
Анкета -Зерттеудің негізгі міндетімен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік құралы.
Социометрия -Шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі.
Іс әрекет- Адам белсенділігінің бір түрі.
Әдіс -Көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайлаланған тәсілдерін, тәлім тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.
Агрессия -Басқаның пікірін күшпен басып тастау
Абсолютті табалдырық – түйсінудің пайда болуы үшін қажетті физикалық стимулдың минималды интенсивтілігі.
Автокинетикалық қозғалыс – қозғалыс иллюзиясы, мысалы қараңғы бөлмедегі қимылсыз жарық нуктесі. Егер көру фоны жоқ болса, эффект күшейеді.
Агнозия - бас миы қабығы зақымдану салдарынан сезім органдары функциясының аздап бұзылуы немесе есте сақтау мен анық сана күйінде заттар мен құбылыстарды тану процесінің бұзылуы.
Түрлері: Оптикалық (көру); Саусақты (тактильді); Есту .
Агорафобия – ашық кеңістіктен қорқу
Адаптация – 1. Физиологияда әрекет етуші тітіркендіргіштер үшін өзгертуге бейімделу нәтижесінде болатын анализаторлардың сезгіштігінің өзгеруі.
Психологияда – қоршаған ортаның жаңа талаптарына сәйкес тұлғаның динамикалық стереотипін қайта жасауда көрінетін психикалық құбылыс.
Адаптация деңгейі – бұрын қабылданған стимулдардың «ортасын» алуға негізделген адам орнатқан субъективті деңгей. Мысалы, субъектінің бұрын көтерген, орташа салмағы бар затты қабылдауы. Орташадан жоғары салмақ ауыр деп, ал орташадан төменгісі жеңіл деп қабылданады
Адинамия – қимыл бедсенділігінің төмендеуі, өте қатты бұлшық еттік әлсіздік, ұзақ аурудан, ашығудан әлсіздену
Аккомадация – көз жанарының қисығын ауыстыратын механизм, соның арқасында көз торында заттың кескіні айқын түседі.
Аксон, нейрит – дене клеткаларына органдарға өткізілетін жүйкелік импульс, жүйкелік клеткалардың (нейронның) бөлігі; аксондардың жиынтығы жүйкені құрайды.
Аксон – рефлекс – шынайы рефлекспен салыстырғанда орталық жүйке механизмдерінің қатысуынсыз жүзеге асатын рефлекторлық реакция.
Акуметрия (Аудиометрия)- адам қабылдайтын дыбыс күштерін есту өткірлігін өлшеу
Ақ шу – ақ түске ұқсас, барлық жиіліктердің дыбыс толқындарының күрделі қоспасы.
Айналғыш фигуралар. Екі және одан да көп альтернативалы перцептивті ұйымдасулардың арасындағы шақырылған «спонтанды» тербелістер, фигуралар. Оның классикалық мысалына Неккелердің кубы жатады.
Алыстаудың монокулярлы белгілері. Монокулярлы көруде тереңдіктің әсерін қамтамасыз ететін белгілер. Оған жататындар: жабу, салыстырмалы өлшем, салыстырмалы қозғалыс, сызықты перспектива, жарық пен көлеңкенің арақатынасы, аккомадация.
Анализаторлар – адам мен жануарлардың анатомиялық, физиологиялық жүйесі, сыртқы және ішкі ортадан түсетін тітіркендіргіштерді талдау және қабылдау. Оған жататындар: сезім оргондары; әрбір анализатор рецепторлардан, өткізгіш бөліктерден және жоғары орталық және бас миы қабығындағы нейрондар тобынан тұрады.
Түрлері:
Бисцеральды, вестибулярлы, дәм, қимыл, көру, тері, иіс,сөз – қимыл, есту
Анергия – (1) кез келген тітіркендіргіштерге реакция бермеуі; (2) организмнің ортаның ауырлық келтіретін әсеріне қарсыласпауы
Анестезия – бір немесе бірнеше сезгіштік түрлерінің толық жоғалуы.
Атрофия –(1) адам мен жануардың органдарының өлшемінің азаюы, олардың функциялары бұзылады немесе тоқтатылады. (2) қандайда бір сезімді қасиетті жоғалту, тоқырау
Афферентті – перифериядан бас миына бағытталған жүйке жүйесінің қозу процесімен сипатталатын ұғым.
Ахроматопсия – түстерді көрудің бұзылуы, яғни түстерді ажырата алмауы.
Әрекет нәтижелерінің акцепторы – гипотетикалық психофизиологиялық аппаратты белгілейтін форма, орталық нерв жүйесінде болады және әрекеттің болашақ нәтижесін модельдейді, сол арқылы параметрлерді реальды орындалған әрекетпен салыстырылады.
Белсенділік – сыртқы тітіркендіргіштерге жануар организмдерінің реакция беру қасиеті (өздерінің тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен).

Приложенные файлы

  • docx 23314217
    Размер файла: 173 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий