ПЕРЕЧЕНЬ ЭКЗАМ.ВОПРОСОВ


«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСІЛГЕН»
«Фармация» ОД директоры Фармацевтикалық факультет деканы
фарм.ғ.д.. Устенова Г.О. фарм.ғ.д. Датхаев У.М.
____________________ _____________________
«____» _________2015 ж. «____» _________2015 ж.
051103 - «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
4 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН
«ДӘРІЛЕРДІҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Зертханалық шарлы диірменде 100,0 г бор қышқылын ұсақтағанда 98,0 ұсақталған өнім алынды. Електен өткізген соң еленген 78,0 мөлшерде өнім алынды, 16,6 г електен өтпеді. Сатылары бойынша (ұсақтау, елеу) шығынын ескеріп материалдық баланс құрастыру. Түсім (ɳ), шығын (ɛ) және шығын коэффицентін (Кшығын ) тап.
Жасанды карловар тұзын алуда өндірісте 100,0 г орнына 99,70 дайын өнім алынды. Материалдық баланс құрастыр. Түсім (ɳ), шығын (ɛ) және шығын коэффицентін (Кшығын ) тап. Күрделі ұнтақтың ұсақталу дәрежесін көрсет.
1 кг өнім алуды қамтамасыз ететін материалдық баланс құрастырыңыз және шығын нормасын есептеңіздер.
Карловар жасанды тұзы
(Sal carlovarum factitium)
Құрамы (ФБ 42-1615-81)
Кетірілген натрий сульфаты 44 г
Натрий гидрокарбонаты36 г
Натрий хлориді18 г
Калий сульфаты2 г
Ұсақтаушы мәшине мүрлері және алынатын өнімнің ұсақталу дәрежесіне байланысты ұсақтау түрлері.
Материалды бірдей және әртүрлі жылдамдықта айналатын валкта ұсақтаудың қандай айырмашылығы бар? Валкта қандай заттар ұсақталады?
Ұнтақтәрізді материалдарды араластырғыштардың типтерін атаңыз, жұмыс жасау принципі.
Дәл дозалау немесе дәл таблеттеуге қалай қол жеткізуге болады?
Батыру арқылы капсуланы алудың сызбасы қандай және неліктен желатинді масса ұзақ уақыт тыныштық күйде қалдырылады?
Капсулалар өндіруде желатинді массаның құрамына қандай консерванттар кіреді?
Капсулаларды тамшылатып престеу тәсілімен алудың сызбасы қандай және жұмыс істеу принципі?
Ішекте еритін капсулаларды алуда қандай көмекші заттар және не мақсатта қолданылады?
ДЗ микрокапсуладан босап шығуына пленкатүзушінің әсері қалай?
ДП микрокапсулалаудың мақсаты неде?
Ерітінділерді алуда қадай қондырғылар қолданылады? Реактор қалай жабдықталған?
Ерітінділерді алуда қандай араластырғыштар түрлері қолданылады? Жұмыс істеу принципі
Ерітінділерді тазартуға қандай сүзгілер қолданылады? Оның құрылымы және өнімділігі.
20 градустағы шыны спиртометрдің көрсетуі 95 және 70 болды. Осы көрсеткіш арқылы этанолдың концентрациясын анықтаңдар.
70 пайыздық 2 кг этанол алу үшін қанша 96 пайыздық этанол және су керек.
Бейсулы ерітінділерді алудың қандай ерекшеліктері бар, жіктелуі?
Бейсулы ерітінділерді дайындауда қолданылатын сүзгілер қандай?
Қарапайым қант сиропын қандай жолдармен алуға болады?
Неліктен қант сиропы сақтау кезінде микробтық бүлінбейді?
Дәрілік сироптардың қандай көрсеткіштеріне сай сипаттайды?
Ащы миндаль суын алу үшін шикізат болып не табылады және оның құрамында қандай эфир майы бар?
Ащы миндаль суын қандай әдіспен алады?
Жалбыздың екі ароматты суы алынды: Су буымен айдау арқылы және эфир майын еріту арқылы. Қай ароматты суды науқасқа дайындалғаннан кейін босатуға болмайды? Неліктен?
Су буымен айдалған және эфир майын ерітуден алынған бір атаулы ароматты суды бірдей препараттар деуге бола ма?
Айдалған ароматты су алуда қандай қондырғылар қолданылады?
100 мл 1% новокаин ерітіндісін алудың жұмыс жазбасын құрастыр.
100 мл 5% аскорбин қышқылын алудың жұмыс жазбасын құрастыр.
Шынының химиялық және термиялық тұрақтылығын қалай анықтайды?
Ампулаларды вакуумдық, шприцтік және бу-конденсациялық тәсілмен жуудың қандай артықшылығы бар?
Инъекциялық ерітінділердің тұрақтылығын арттыру үшін қандай заттар қосады?
Жеңіл тотығатын заттары бар инъекциялық ерітінділерді тұрақтандыру қалай жүргізіледі?
Инъекциялық ерітінділерді тұрақтандыру үшін қандай сүзгі материалдары және сүзгілер қолданылады?
Ампулаларды бітеудің қандай тәсілдері бар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңыздар?
100 мл шүйгіншөп тұндырмасын алуға шикізат пен экстрагенттің қажетті мөлшерін есептеңдер
100 мл тұндырманы перколяция, бөлшектік мацерация және басқа тәсілдермен алу
Тұндырмалардың тазарталуы мен стандартталуын жүргіз
Күшті әсерлі өсімдік шикізатынан дайындауда бастапқы шикізат пен дайын өнімнің қатынасын көрсетіңіз
1 кг пустырниктен, 1 кг красавкадан қанша тұндырма алынады?
Сақтау кезінде тұнба түзілетін тұндырманы босатуға бола ма?
Этанолдың жұтылу коэффициенті 3 екенін ескере отырып,реперколяция және қарсы ағынды экстракция әдісімен 1:1 және 1:2 қатысында 100мл сұйық экстракт дайындау үшін қажетті экстрагент мөлшерін есептеңдер.
100 мл сұйық боярышник экстрактысының 1:1 дайындау.
Пустырниктің 100 мл сұйық экстрактын дайындау.
Өңделген шикізаттан этанолды рекуперациялау және экстрактты стандарттау
Қою экстракттарды қалай стандарттайды?
Сулы, спиртті және құрғақ экстракттарды алуда экстракциялаудың қандай тәсілдері қолданылады?
Өндіріс орнында қою және құрғақ экстракт алуда тазартудың қандай тәсілдері бар?
Қандай жаңагален препараттарын білесіңдер, олардың әсер етуші заттары қандай?
1 кг шроттан этанолды ығыстыруға қанша су мөлшері қажет, рекуперацияны қалай жүргіземіз?
Стрептоцид линименті 45°С термостатта 6 сағат сақтағанда қабаттарға бөлініп кетті.Өнім сапалы ма?
Құрамы бірдей екі линимент әр түрлі әдіспен алынған,олардың біреуі стерильденген,екіншісі стерильденбеген.Линименттердің дайындалу әдістері туралы қандай қорытынды жасауға болады?
Қорғасын пластырын қайнатқанда массада қоңыр түс пайда болып,акролеин иісі шықты.Технологиялық үрдісте қандай қателіктер жіберілді және осы үрдіс соңы немен аяқталады?
Мырыш оксиді С какой целью добавляется в массу каучукового пластыря цинка оксид?
Какому виду стерилизации подлежит 1% раствор мезатона, применяемый в виде глазных капель?
Қарындаш массасы 3,3г және шығын коэффициенті 1,110-ге тең екенін ескере отырып,20 дана ашудас қарындашын алу үшін жұмыс жазбасын құрастырыңдар.
Зертханалық шарлы диірменде салицил қышқылының 100,0 г ұсақтағанда 98,0 г ұсақталған өнім алынды. Елегеннен соң 78,0 г еленген өнім алынды, електен 16,6 г өтпей қалды. Әр сатыдағы (ұсақтау, елеу) материалдық балансты құрастырыңдар. Шығынын, түсім, шығын коэффиценті (К расх).
Карловар жасанды тұзын алу кезінде 100,0 г орнына 99,70 г дайын өнім алынды. Материалдық баланс теңдеуін жазыңдар, шығын, түсім, шығын коэффицентін табыңдар. 100,0 дайын өнім алудың шығын нормасын құрастырыңдар. Күрделі ұнтақтарды ұсақтау дәрежесін көрсетіңдер.
Бір мекемеде балалар сеппесін 1,030 шығын коэффицентімен шығарады, ал басқа өнеркәсіпте – 1,060 шығын коэффицентімен өндірген. Қай өндіріс орынында технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылған.
Таблетканың орташа массасы регламент бойынша (жеке бап) 0,30 тең. Талдауға алынған жеке таблеткалар келесідей массаға ие: 0,30; 0,295; 0,301; 0,296; 0,309; 0,289; 0,306; 0,295; 0,292; 0,312; 0,292; 0,308; 0,307; 0,303; 0,292; 0,295; 0,307; 0,289; 0,311; 0,302. Жіберілетін ауытқуды ескеріп таблеткалар дұрыс дайындалған ба анықтаңдар.
Соққылау әсерлі таблетка машинасы массасы жетімсіз және беріктігі нашар таблеткалар шығарды.Сапалы таблеткаларды шығару үшін машинаны жөндегенде не істеу керек?
Таблеткаларды престегенде машинаның пуансоны матрица ұясында таблеткаға жабысып қалады.Технологиялық қате неде және оны қалай болдырмауға болады?
Қалыптағанда желатинді масссаның регламентте көрсетілген мөлшерден температурасы төмендеген жағдайда желатинді капсуланың массасы қалай өзгереді?
Қатты желатинді капсуланы алғанда қабырғасы жұқа, сынғыш болды. Технологиялық үрдістің қай сатысында қателік кеткен.
Өнеркәсіптік жағдайда жүргізілетін стерильдеу әдісінің түрлері қандай?
Көз тамшыларын ұзақ уақыттық сақтау кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қосылатын консерванттардың қандай түрлерін білесіңдер?
Желатинді капсуланың ыдырауын аныықтағанда сулы ерітінді лайланды, жағымсыз иіс пайда болды. Неліктен?
Алюминий негізгі ацетатының тығыздығы 1,050 болатын 240 мл ерітіндісі алынды. 1,040 тығыздық препарат алу үшін қанша су қосу қажет?
Қорғасын негізгі ацетатының 1,330 тығыздықты ерітіндісінен қанша алу керек, егер 3 кг 1,230 тығыздықты ерітінді алу үшін?
Қорғасын негізгі ацетатының 1,230 тығыздықты ерітіндісінен қанша алу керек, егер 5 кг 1,130 тығыздықты ерітінді алу үшін?
200 мл 20% натрий хлориді ерітіндісінен 18% ерітінді алу үшін қанша дистилденген су қосу керек?
250 мл 21% калий хлориді ерітіндісінен 19% ерітінді алу үшін қанша мл дистилденген су қосасындар.
200 мл 20% калий хлориді ерітіндісінен 19% ерітінді алу үшін қанша мл дистилденген су қосасындар.
200 мл 20% натрий хлориді ерітіндісінен 16% ерітінді алу үшін қанша мл дистилденген су қосасындар.
150 мл 21% натрий хлориді ерітіндісінен 20% ерітінді алу үшін қанша мл дистилденген су қосасындар.
.Қорғасын пластырының жұмсақ,созылмалы емес,сақтағанда шытынығыш әрі сынғыш болатыны не себептен?
Қорғасын пластырын қайнатқанда құбырдан алынған суларды қолдануға болама?
Таблеткаларды престегенде машинаның пуансоны матрица ұясында таблеткаға жабысып қалады.Технологиялық қате неде және оны қалай болдырмауға болады?
Қарындаш массасы 3,3г және шығын коэффициенті 1,110-ге тең екенін ескере отырып,20 дана ашудас қарындашын алу үшін жұмыс жазбасын құрастырыңдар.
Алғашқы массасы 100г шикізаттан қан тоқтатын, жалпы массасы 81г 8қарындаш алынған.Материалдық балансты құрып, шығын коэффициентін анықтаңдар.
Суда еритін және майда еритін препараттардың капсулаларын жеңіл ұшқыш еріткішті буландыру арқылы алу әдістерінің қандай негізгі айырмашылықтары бар?
Микрокапсулаларды ұшқыш ерітінділерді буландырып алғанда олардың мөлшерлері қандай технологиялық факторларға тәуелді болады?
Құрамы бірдей екі линимент әр түрлі әдіспен алынған,олардың біреуі стерильденген,екіншісі стерильденбеген.Линименттердің дайындалу әдістері туралы қандай қорытынды жасауға болады?
Капсулалау әдістерін таңдағанда капсуланатын заттардың қандай қасиеттері ескеріледі?
26.Микрокапсуладан дәрілік заттардың босануына пленка қабатының табиғаты қалай әсер етеді?
Микрокапсулалардың мөлшері олардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете ме?
Тұндырмалардың сапа көрсеткіштері
600г бастапқы шикізаттан мырыш жағылмасының 500г-ы дайындалған.Осыған материалдық баланс құрастырыңдар және негізді дәрілік затпен араластыру,гомогенизациялау кезеңдеріндегі өнімнің материалдық шығынын,шығын коэффициентін анықтаңдар.
Каучукты пластырь массасына мырыш оксиді қандай мақсатпен қосылады?
«Фармацевт-технолог» модулінің жетекшісі
фарм.ғ.д., доцент Сакипова З.Б.

Приложенные файлы

  • docx 26738127
    Размер файла: 86 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий