Патфиз11


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Патофизиология кафедрасы Орындаған: Көбесова К.Факультет:СтоматологияТобы: СТ11-005-02қТексерген: Алматы 2013 ж. 1.Кіріспе2.Негізгі бөлім 2.1. Сілекей бездерінің бұзылыстары 2.2.Стоматит 2.3.Макроглоссия 2.4.Афты 2.5.Хейлит 2.6.Кариес және пародонтит3.Қорытынды4.Пайдаланылған әдебиеттер Астың өңделуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен құралады. Олар: ауыз кіреберісі және нағызауыз қуысы деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектерді ашпай, тістеніп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз саңылауы болып есептеледі. Ауыз кіреберісі сырт жағынан - еріндер және уртпен, ішкі жағынан тістер және қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықеттер қаптайды және ұрт еріндермен ұласады. Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрінеді. Нағыз ауыз қуысы үстіңгі және астыңғы жақсүйектерде орналасқан тістерден басталып, соңғы жағы аранмен (зев) шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдайға жалғасып, таңдай мен жұмсақ таңдай ауыз куысын кеңсіріктен (мұрын қуысынан) бөліп тұрады.Ауыз қуысына 3 жүп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс. Ауыз қусындағы ас қорыту қоректі қабылдау және оны шайнау, сілекеймен шылау, жұту процестерінен тұрады. Қабылданған қорек ауыз қуысында шайналып, жаншылады, ұнтақталынады (механикалық өңдеу) және сілекейдің әсерімен оның құрамалары ериді, кейбір заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды (химиялық өңдеу). Қорек ауыз қуысында ұзақ аялдамайды. Сілекей құрамындағы муцин (шырыш) әсерімен қорек ұнтақтары бірігіп жентектеледі де, ол жұтылады. Жұту процесімен ауыз қуысындағы ас қорыту аяқталады. Ауыз қуысына минутына 250000-ға дейін лейкоциттер, негізінен нейтрофилдер қан тамырларынан шығады.Олар қызыл иек қалталарында орналасады.Ауыз қуысында тағамның толық шайналып, ұнтақталмауынан өңештің,қарынның жаралануы, асқазан мен ұлтабар сөлдерінің бөлінуі азаюы, асқазанның қимылдық әрекеттерінің әлсіреуі байқалады.Ұнтақталмаған тағамның кесек бөлшектері асқазанда тез ыдыратылмай, ұзақ сақталып қалады және оның шырышты қабығының бүліністерін туындатады. Сілекей бездерінің бұзылыстары олардың қызметтерінің көтерілуімен немесе төмендеуімен көрінеді.Осыдан сілекей көп немесе тым аз бөлінуі байқалады.Сілекейдің көп бөлінуін гиперсаливация,ал аз бөлінуін гипосаливация деп атайды. Сілекей бездерінің бұзылыстары Бүлінген тістерден,ауыз қуысының кілегей қабықтарынан, ас қорыту ағзаларынан жүйкелік серпіндер түсіп сілекей бездерінің қызметін көтереді.Бұл бездер парасимпатикалық жүйкелермен реттеледі.Осыдан сілекейдің көп бөлінуі:Ауыз қуысы кілегей қабықтарының қабынуларында (стоматит,гингивит), тістің және оны қоршаған тіндердің бүліністерінде(пульпит,периодонтит,тісті қажау кезінде);Ас қорыту ағзаларының дерттерінде,құсу,жүрек айну кездерінде;Жүкті әйелдердің уыттануларында;Парасимпатикалық жүйкелерді қоздыратын дәрі дәрмектер қабылдағанда байқалады. Гиперсаливация кезінде ересек адмда тәулігіне 8-14 литр сілекей бөлінеді.Көп сілекей асқазан сөлін бейтараптап, онда ас қорытылудың бұзылыстарын туындатады.Сонымен қатар, гиперсаливация, көп мөлшерде сілекеймен судың жоғалуына, организмнің сусыздануына әкеледі.Балаларда барлық сілекей жұтылмай,сыртқа ағады.Осыдан төменгі еріннің сыртында терінің базданып қабынуы дамиды.Сонымен бірге сілекей жоғары тыныс жолдарына түсіп, олардың қабынуына әкелуі мүмкін. Гипосаливация-сілекейдің аз бөлінуі.Ол мына жағдайларда:Сілекей бездерінің өспемен, қабыну үрдістерімен (сиалоденит,паротит) бүліністерінде;Олардың өзектерінде тас тұрып қалғанда(сиалолитиаз);Дене қызымы көтерілгенде;Дене сусыздануында;Парасимпатикалық жүйкелердің әсерін тежейтін дәрі дәрмектер қабылдағанда байқалады.Сілекейдің аз бөлінуімен бірге ас қорыту жолдарының сөл шығаруы, көз жасы азаюымен,жүрекқапта,өкпеқап қуысында,жоғары тыныс жолдарында, буындардарда құрғақтық дамуымен қабаттасатын дертті Шегрен ауруы дейді. Сілекейдің аз бөлінуі ауыз қуысының құрғауына әкеледі.Бұндай жағдайды ксеростомия деп атайды. Осыдан шайнау мен жұтыну қиындайды, ауыздың кілегейлі қабықтары қабынады. Олар құрғап, кеберсуінен жарылып кетеді,жаралар пайда болады.Бұл жаралар арқылы жұмсақ тіндерге, сілекей бездеріне микробтар өтіп, қабыну туындатады.Содан тістерде кариес, тілдің қабынуы (глоссит)дамиды.Тілде сыдырылған эпителий жасушаларынан тұратын таңдақтар пайда болады.Гипоcаливация кезінде асқазан мен ішектердің сөл бөлу қызметі әлсірейді. Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері бар. Егер қабыну тілде болса – глоссит, ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды. Аурудың пайда болу себептері:механикалық, физикалық және химиядық жарақаттану, улану (мысалы, темекіні көп тарту, мөлшерден тыс арақ-шарап қабылдау, өте ыстық не өте салқын, сондай-ақ, өте қышқыл не өте тұзды тағам ішу);түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша, кандидоз, тұмау, т.б.) шалдығу;дәрі-дәрмек аллергиясы;витамин жетіспеушілік (гиповитаминоз);жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың созылмалы аурулары, организмде зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б. Аллергиялық стоматитАллергиядан ауыздың қабынуы. Әр алуан аллергендер (микробты, дәрі-дәрмек, аутоаллергин т. б.) сенсибилизация туғызып, организмнің сезімталдығын күшейтіп ауыз ішін қабындырады. Зақымдайтын элементтерге полиморфизм (эр түрлілік) тән, яғни күлдіреуік, күлдіреу, жаралар, теңбіл, қызарған, қан кернеген орындар өзара қабаттасып бөртеді.Cоз стоматитіСоз кеселін қоздыратын микроб гонококк. Гонококк жүмсақ таңдай, тіл үстінің ортасын, тіл үзбесін, қызыл иек және төменгі ерінді қабындырады. Ауызда сарғыштау гоиококктсрі бар ірің бөлініп шығады. Қабыну кезінде ауыз шырышты қабығы қызарып іседі, асқынғанда жарылады. Cаңырауқүлақ стоматитіАнтибиотикті көп пайдалану ауыз қуысындағы микрофлора тепетеңдігін бүзады, кортикостеройдтарды артық жұм- сау организмнің қарсыласу күіііін әлсіретеді және т. б. себептер кандидоз ауруына алып кслсді. Ауыз шырышты қабығын қан кернейді, ерін, ұрт, тіл үстінде нүкте тәрізді ақ дақтар пайда болады да, кейін жайылып ақ таңдаққа айналады. Ауыздың уылуы күшейген кезде иек қанағыш келеді, жара пайда бола бастайды.Темекі тартушылар стоматитіНикотиннің шырышты қабықты тітіркендіруінен болатын ауыздың қабынуы. Ерін, ұрт шырышты қабығының түсі қызыл-көктеніп, эпителий мүйізденгендіктен бозғылт тартады. Дәрі-дәрмек стоматитіКейбір дәрілер жақпағанда немесе белгілі бір медикаменттерге организмнің сезімталдығы артқанда тез арада пайда болады. Әсіресе йод, новокаин, сульфаниламид және антибиотиктерден (тетраңиклин тобы) ауыз жиі қабынады. Жалақ, жара, күлдіреуік, ақ таңдақтанғанып бөрткен жағдайда бұл кеселдің өзіне тән белгісін ажырату қиынға соғады.Қызылша стоматитіҚызылша вирусі денеге енген соң қан арқылы ауыз эпителийін зақымдайды. Сонымен бірге тыныс алу, ас қорыту, көз, орталық нерв жүйесі және қан тамыр клеткаларда ауруға шалдығады. Ауыз іші эпителий тканьдері сіріленіп, кедірбұдырланады. Шырышты қабықтың беті сыдырылып түседі. Макроглоссия(көне грекше: μακρός - "үлкен" және γλῶσσα) - "тіл") — макроглоссия. Тілдің ұлғайып, ауызға симауы. Ісінген тілдің ұшында немесе қапталында тістің орны қалады. Сөйлеу қиындап, тіс-жақ жүйесінің қалпы өзгереді. Бұл организмде киста, флегмона, лимфангиома пайда болғанын білдіреді. Емі — хирургиялық тәсіл. ‎ Афты (грек. (phthaі — жара) — шырышты қабатта пайда болатын күлбірек жара. Ол ауыздың, мұрынның, көздің, жыныс мүшелерінің шырышты қабатында әр түрлі аурулардың салдарынан (вирустық герпес стоматиті, Бехчет, Турен синдромдары, герпес баспасы) пайда болады. Афтының үлкендігі 5 мм-дей, жара жиегі шеңбер сияқты, ол қызарып тұрады. Жаралар саны 50-ден 100-ге дейін жетеді, 5 — 30 күн аралығында ізі қалмай жазылып кетеді. Афтыны емдеуге антисептикалық майлар, А витамині, интерферон пайдаланылады. Тазалық ережелерінің сақталуы қажет. Хейлит-ерін қызыл жиегінің шырышты қабығы мен терісінің кабынуы. Еріннің актиндік қабынуыКүнге күюден болатын ерін жиегінің өзгеруі. Құрғақ және экссудативті түрі бар. Экссудативті түрінде ерінді қан кернеп ісінгені байқалса, құрғақ түрінде ерін жиегінде бозғылттау келген қабыршақтар пайда болады. Бірте-бірте ерін қатты құрғап бұдырланып, жара болады.Езудің инфекциядан қабынуыСтрепто-стафилококк, грибок инфекциясы, рибофлавин витаминінің жетіспеуі, ауыздағы инфекция ошақтары, тістесу ауытқулары осы аурудың пайда болуына бірден-бір себеп болады. Езуде, тілде жалақ пайда болып оған инфекция қосылады. Бұл ерін терісіне, иек астына, азу тұсына дейін жайылып ауыртады. Хейлит Еріннің арибофлавинозды қабынуыОрганизмге В2 витаминінің жетіспеуінен болады. Езу ерін шырышты қабығы мен қызыл жиегі бозарып жалақ болып түлейді. Еріндегі тіке тілінген жер тереңдеген сайын ауыз ашқанда ауырады.Еріннің грибокты қабынуыБүл ауыздың шырышты қабығы зақымданғанда кездеседі. Көбінесе жасы келген адамдардың езуінде байқалады. Тері беті қызарып, домбығып, ерін жарылып ашып ауырады.Еріннің түлеп қабынуыҚалқан безі қызметінің бүзылуы аурудың пайда болуына тікелей әсер етеді. Ерінді түгелдей жүқа қабыршақ басады. Шымшуырмен жайлап алғанда тегіс немесе түйіршектенген қабаты көрінеді. Бөртпе еріннің сырт жағынан аспайды.Еріннің қышып қабынуыТабиғаты аллергия ауруына жақын. Еріп помадасы, протездер, түрлі дәрі-дәрмектер аллерген бола алады. Ерінді қан кернеп қызарып ісінеді, ерін бет кеуіп қабыршықтанып, жалақ пайда болады. Тіс жегісі (кариесі).Тіс жегісі — тістің қатты тіндерінде (кіреуке мен дентин) қуыс ақау пайда болып, үдемелі бұзылыстармен сипатталатын дерттік үрдіс. Жер шарының кейбір аймақтары тұрғындарының арасында бұл дерттің тарауы 100%-ға дейін жетеді.Этиологиясы мен патогенезі. Тіс жегісінің негізгі себебі болып оның қатты тіндерін бүліндіретін тістердегі таңдақтардың микроорганизмдері есептеледі. Олардың іштерінде стрептококтардың А тобына ерекше маңыз беріледі. Тіс жегісі (кариес).Тіс жегісі — тістің қатты тіндерінде (кіреуке мен дентин) қуыс ақау пайда болып, үдемелі бұзылыстармен сипатталатын дерттік үрдіс. Жер шарының кейбір аймақтары тұрғындарының арасында бұл дерттің тарауы 100%-ға дейін жетеді. Этиологиясы мен патогенезі. Тіс жегісінің негізгі себебі болып оның қатты тіндерін бүліндіретін тістердегі таңдақтардың микроорганизмдері есептеледі. Олардың іштерінде стрептококтардың А тобына ерекше маңыз беріледі.Қазіргі адамдардың қоректену ерекшеліктері жануарлардың даму сатысында қалыптасқан тістер мен жақ жүйесінің құрылымдық және қызметтік талаптарына сәйкес келмейді. Тағамның алдын-ала ұнтақталудан өтуі тістерге түсетін жүктемелерді азайтса, температуралық өңделуі, оның көптеген бөлшектерінен (минералдық заттардан, фтор, кальций, амин қышқылдарынан, витаминдерден) айырылуына әкеледі. Сонымен қатар, тағамда жабысқақ көмірсуларының артық болуы тістерде таңдақтардың пайда болуына және оларда микроорганизмдердің жиналып, өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туындатады. Осы көрсетілгендермен бірге тіс жегісі дамуында қазіргі адамдардың жалпы гиподинамиясы мен шайнау бұлшықеттерінің аз күш-қуат жұмсауының маңызы үлкен. Осыдан тіс жегісі дамуы жиілейді. Бұл айтылғандар ғылыми тәжірибелерде дәлелденген. Мәселен, көмірсулары көп заттармен қоректендіру арқылы егеуқүйрықтарда және атжалмандарда тіс жегісінің дамуы жиілейтіндігі байқалды. Кариестің патогенезінде кіреукенің тамақпен жанасатын және сілекеймен шайылатын сырттарында пайда болатын үрдістерге маңызды орын беріледі. Сілекей тістің кіреукесін тазалайды, қышқылдық-сілтілік үйлесімділікті теңгеретін (буферлік) және микробтарға қарсы әсер етеді, тістерге тұздардың жиналуына (реминерализациясына) қолайлы жағдай жасайды. Ауыз қуысында сілекейдің азаюы тіс кіреукесінің сыртында таңдақтардың пайда болуына әкеледі. Оның құрамында глюкозадан өндірілген жабысқақ полигликандар болады. Ал, олар микробтардың қоректенуіне және өсіп-өнуіне таптырмайтын қолайлы жағдай болып келеді. ПародонтитПародонтит - тіс түбірін қоршаған тіндердің (периодонт, тіс ұяшықтары, қызыл иек, сүйек қабығы) қабынулық, дистрофиялық бүліністерімен сипатталатын дерттік үрдіс. Пародонтит 30 жастан асқан жер шарының тұрғындарының арасында 30-50%-ға дейін тараған. Ол тіс ұяшықтарының кері дамуымен, қызыл иек қалталарының қабынуымен, іріңдеуімен, тістердің босауымен және түсіп қалуымен көрінеді. Этиологиясы мен патогенезі.Пародонтиттің пайда болу себептеріне:● қызыл иек қалталарында микроорганизмдердің өсіп-өнуін;● адамның жалпы гиподинамиясы мен шайнау бұлшықеттеріне күш түсуінің азаюын;● тағамда нәруыздардың, С-, Р-витаминдерінің, антиоксиданттардың, калийдің жеткіліксіздіктерін т.с.с. көптеген ықпалдарды жатқызуға болады.Дегенмен, пародонтит дамуында қызыл иек қалталарында микробтардың өсіп-өнуі өте маңызды орын алады. Осыдан қабынған тіндерге лейкоциттердің шоғырлануы болып, фагоцитоз әсерленеді. Фагоцитоз кезінде лейкоциттерде пентоздық-фосфаттық тотығу үрдісі артып, оттегіні пайдалану тым көбейеді, оның бос радикалдары (супероксиданион-радикал, гидроксил радикалы, сутегінің асқын тотығы) пайда болады. Олар ары қарай жасуша мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуын туындатады. Лейкоциттердің лизосомаларынан фосфолипаза ферменттері босап шығады. Май қышқылдарының асқын тотығуынан және фосфолипазалардың артық әсерленулерінен лизосомалардың мембраналарының өткізгіштігі көтеріліп, олардан лизосомалық ферменттердің (протеазалардың) босап шығуы ауыз тіндеріне бүліндіргіш әсер етеді. Содан пародонт тінінде бүліністік өзгерістер дамиды. Сонымен бірге, пародонт жасушаларының бүліністері нәтижесінде жасуша ішіндегі нәруыздардың қанға түсуінен және иммундық жүйемен түйісуінен оларға аутоантиденелер мен сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндірілуі мүмкін. Осыдан баяу дамитын жоғары сезімталдық дамып, аутоиммундық үрдістерге әкелуі ықтимал.Пародонтит дамуында жан жарақаттары мен күйзелістерінің және басқа стрестік ауыртпалықтардың маңызына жиі назар аударады. Олардың әсер ету жолдары да осы май қышқылдарының асқын тотығуымен және фосфолипаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленулеріне байланысты дамиды. Ауыз қуысында шамамен 100-ден астам әртүрлі микроорганизмдер бар,олардың ортасында ауру туындататын түрлері де аз емес.Кариеспен бүлінген тістер, парадонтит кезіндегі қызыл иек қалталарының микроорганизмдері организмнің микробтарға сезімталдығын көтереді.Сонымен қатар, ауыз қуысына сілекеймен және қанмен шыққан лейкоциттерден босаған көптеген қорғаныстық заииар түседі.Олардың арасында бактерияларға қарсы ферменттер: лизоцим,РНК –аза,ДНК-аза,пероксидаза т.б болады.Сілекейдің сөлденістік иммундық глобулиндері де қорғаныстық қызмет атқарады. Қорытынды Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.www.google.kzwww.wikipedia.org

Приложенные файлы

  • ppt 26733647
    Размер файла: 5 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий