ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯ


С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Жалпы Хирургия кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Пластикалық хирургия мен трансплантология негіздері
Орындаған:Қалжанова Р.О
Тексерген: Сембиев Ғ.Ж
Топ:ЖМ11-17-2
Алматы-2014


ПЛАСТИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯ
Тіндер мен ағзалардың пішіні мен қызметін қалпына келтірумен айналысатын хирургияның саласы пластикалық немесе қалпына келтіретін хирургия деп аталады. Пластикалық хирургияның міндеті туа пайда болған немесе әр түрлі аурулардың, зақымданулардың, операциялардың нәтижесінде болатын, анатомиялық және функционалдық өзгерістерге әкелетін дефектілерді аластату немесе жою.
Индияда ежелде мұрын дефектін қалпына келтіру мақсатымен пластиканы аяқтың тері лоскутын маңдай аймағын жабу арқылы жасаған. Бұл әдіс әлі күнге дейін «мұрын платикасының үнділік әдісі » деп аталады. Италияда XV ғасырда мұрын пластикасын иық терісін пайдалану арқылы жасаған. 1852 жылы Н.И. Пирогов аяқтың остеоплатикалық ампутациясының әдісін жасап шығарды. 1917 жылы В.П. Филатов терінің ауыспалы қабатының платикасын ұсынды. Ц. Ру х,және П.А. Герцен 1907 жылыөңеш, аш ішек ілмегінің антеторакальді пластикасын клиникаға енгізді.
Пластикалық операция түрлері:
Аутогенді трансплантация – донор мен рецепиент бір адам, яғни өз ағзасынан алып өзіне салады.
Изогенді трансплантация – донор мен рецемпиент бір жұмыртқалы егіздер болуы шарт.
Сингенді трансплантация – донор мен рецепиент бірінші дәрежелі туыстар болуы тиіс.
Аллогенді трансплантация – донор мен рецепиент бір түрге жатуы тиіс (адамнан адамға).
Ксеногенді трансплантация – донор мен рецепиент әр түрге жатуы мүмкін (жануардан адамға).
Тіндер мен органдарды протездеу, бұл кезде синтетикалық материалдарды, металлдарды және басқа да неорганикалық заттарды пайдаланады.
Қазіргі таңда кең тарағаны аутопластика, сонымен қатар тіндер
мен ағзаларды протездеу. Ксеноплатика (жүректің биоқақпақшалары, тамырлардың ксенотрансплантаттары, эмбриональді тіндер) тіндік сәйкессіздіктің көп кездесуі салдарынан сирек кездеседі.
Тіндік пластика түрлері
Тіндерді трансплантациялау трансплантатты донордан толық бөліп алған соң жүргізіледі.Оның келесі түрлерін ажыратады:
Тіндер мен ағзаларды трансплантциялау – оларды дененің бір бөлігінен алып, екінші бір басқа бөлігіне салу немесе бір ағзадан алып екінші ағзаға салу.
Реплантация – зақымдалған тіндермен ағзаларды бұрынғы орнына қайта салу(жұлынған аяқ-қол немесе олардың бөлшектері).
Имплантация – тіндерді немесе жасушаларды жақын жатқан аймаққа көшіру.
Тері пластикасы – тіндік пластиканың ең кең тараған түрі. Жиі терінің аутопластикасын жасайды, оның байланысқан және байланыспаған түрлері бар. Байланыспаған пластиканың жүз жылдық тарихы бар, 1869 жылы J.L. Reverden алғаш рет шынтақ жазылмаған, грануляциялан жерге терінің бірнеше кішкентай кесінділерін алып салды.
Яценко-Реверден әдісі. Жергілікті жансыздандыру арқылы скальпельмен немесе ұстарамен майда трансплантатты кесіп алады (эпидермистің жұқа қабатын) диаметрі 0,3-0,5 см етіп санның сыртқы бетінен, кәрі жіліктің, іштің алдыңғы қабырғасынан кесіп алып, жараға шатыр тәріді етіп көшіреді. Трансплантаты бар жараға индифферентті май сіңірілген таңғышты 8-10 күнге салады. Бұл әдіс эпидермистің тез бұзылуына байланысты сирек қолданылады.
Янович- Чайнский –Дейвис әдісі: трансплантатты терінің барлық қабаты болатындай етіп дайындайды, себебі толық қабатты трансплантаттар аутолизге сирек ұшырайды және орнынан қозғалып кетпейді. Терінің кесінділерін шахматты кезектілікпен грануляцияланған тінге 2,5-5 мм арақашықтықта қояды.
Тирш әдісі. Ұстарамен немесе өткір пышақпен қалыңдығы 2-3 см,ұзындығы 4-5см етіп терінің емізікті қабатының ұшына дейін кесіп алып, трансплантатпен дефект болған жерді жауып, 6-10 тәулік бойы асептикалық таңғы салады. Бұл әдіс жақсы нәтиже береді, ол жазылмайтын және трофикалық жараларды емдеуде көп қолданылады.
Лоусон- Краузе әдісі. Терінің барлық қабатын қамтитын үлкен өлшемді трансплантатты грануляцияланған беткейге көшіріп дефект болған жердің жиектеріне бөлек жіптермен тігеді. Әдістің кемшіліктері: терінің бар қалыңдығында алынған трансплантат нашар сіңеді, кесіндінің үлкен өлшемі донордың терісінң қайта қалпына келуі қиындау болады.
Клиникалық практикаға дерматомды енгізу кез-келген өлшемдегі кесіндіні алу қиындық тудырмады. Қазіргі кездері электродерматомның көмегімен бір уақытта ауқымды тері дефектілерін жабуға болады(2000см2 дейін). Трансплантатты жалпы жансыздандыру әдісімен алады. Алынған майдаланған жіңішке кесіндіге арнайы аппараттың көмегімен шахматты кезектілікпен белгілі бір ұзындықта тесіп өтетін кесік салады.Осындацй трансплантатты созу кезінде ауданы алғашқы ауданынан 3-6 есе үлкен кесінді алуға болады. Тор тәрізді аутотрансплантаттар комбустиологияда ауқымды жаралардың бетін жабу үшін қолданылады.
Байланысқан терілік платика тері және теріасты шел қабаты кесіндісін өзінің аналық тінімен қоректендіргіш аяқша арқылы байланысқан тіннен жасалады. Кесіндінің аяқшасы оның қанмен қамтамасыз етуі жақсы болуы үшін айтарлықтай кең болуы тиіс.Аяқша таңғышпен қысылып қалмауы тиіс.
Жергілікті (аймақтық) терілік пластика айналасындағы тіндерді көшіріп соларды қолдану арқылы жүргізіледі,одан кейін сол жерге қарапайым тігіс салады. Z-тәрізді пластика терінің дөрекі тыртықты деформациялары кезінде, қалпына келтіру мақсатында салынады. Тыртықты тіндерді кескен соң олардың бетіне кесінділерді көшіреді. Айналмалы тіл тәріздес тері кесіндісі дефекті бар аймақтың айналасындағы сау тері аймағында дефектінің бетін жабады, донорлық бөлікті бос тері кесіндісімен жабады немесе қарапайым әдіспен тігеді.
Тері кесіндісін дененің алыс бөліктерінен көшіру пластикасы дефектінің айналасында кесінді дайындауға қолайлы тіннің болмауы кезінде жүргізіледі.Тері кесіндісін дененің алыс бөліктерінен тікелей көшіру дефект орны мен донорлық бөлікті бір-біріне жақын орналастыру мүмкін болған жағдайда, яғни дефектіні бір уақытта жабу кезінде қолданылады.
Н.В.Склифосовский ұсынған көпір тәрізді пластика саусақтың, қолдың, білектің тері дефектілері кезінде қолданылады. Донорлық аймақ ретінде іштен, білектен алынған тері кесіндісі қолданылады. Донорлық аймақта 2 паралельді кесік жасайды, олардың арасына тері бөлшегін көшіріп – «көпірше» түзеді, оның астында зақымдалған фрагмент орналасады, бұл кезде кесінді дефектіні жауып тұрады. Кесіндіні жараға тігеді, оның бітісіп кетуі 10-15 тәулікте болады, осы кезеңде кесіндіні қоректендіруші аяқшасынан бөліп алуға болады.
Көшірмелі кесінді арқылы жүргізілетін пластика да кесінді дененің басқа бөліктерінде жасалады, уақыт өте дефектке көшіріледі.
Сабақ тәрізді кесіндіні тері кесіндісінің жиегін өзара тігу арқылы, түтікшелі сабақ түзе отырып жасайды. Іштің алдыңғы бетінен бұлшықет фасциясына дейін 2 паралельді кесік жасайды(жасалатын тіліктің ұзындығы дефектінің өлшеміне байланысты),кесіндінің тері- шел қабатының жиегін және кесінді алғажерлерді тігіп тастайды. Тері кесіндісінң ұзындығының еніне қатынасы 3:1 аспауы тиіс. 10-14 күннен кейін сабаққа қан тамырлар келе бастайды, 4 апта өткен соң сабақтың ұшын кесіп тастап, қолға тігеді және 10-14 күн өткеннен кейін дефект орнына тігеді. Дөңгелек көшірмелі сабақты кесіндіні ауқымды тері дефекті кезінде, трофикалық жараларда және жазылмайтын ампутациялық культ кезінде, бет пластикасында, өңеш, жұтқыншақ, трахея хирургиясында,қынаптың атрезиясы кезінде платикасында, гермафродитизмді емдеуде қолданылады. Егер белгілі бір себептерге байланысты аутотрансплантацияны жүргізуге болмас, аллотрансплантация жүргізіледі.
Тері аллотрансплантациясын ауқымды күйіктерде немесе науқастың жалпы ауыр жағдайы (интоксикация, сепсис) аутопластиканың сол немесе басқа модификациясын қолдануға сәйкес келмеген кезде қолданады. Жаңа дайындалған және консервирленген тері аллотрансплантаттары күйік ауруының ерте сатысында (14-21күндері) немесе некрозға ұшыраған тіндерді кесіп тастаған кезде қолданылады. Қысқа уақытқа (2-3 аптаға) ауқымды аймақты трансплантатпен жабу науқастың жалпы жағдайын жақсартады. Аутотрансплантацияны жиі алло- және ксенотрансплантациямен комбинирлейді.
Брефопластика — 6айдан аспаған өлі туылған баланың терісін салу, аллотрансплантацияның бұл түрінде донор мен рецепиенттің изосерологиялық сәйкестігін ескеру қажет.
Қазіргі кезде терінің ауқымды дефектінде терінің және теріасты шел қабатының микрохирургияны пайдалана отырып тамырлы анастомозбен байланыспаған трансплантация кең қолданылуда.
Бұлшықет пластикасы. Аяққа бқлшықетті енгізу созылмалы остеомиелиті бар, бронхиальді жыланкөзі бар науқастарда сүйек қуысын бітеу мақсатында қолданылады. Аймақтық бұлшықет пластикасын ішек қабырғасы мускултура дефектін жабу мақсатында, шап жарығында, іштің ақ сызығының жарығында қолданады. Аяққа бұлшықет орнату қанмен қамтамасыз етілу мен иннервация сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Құрамына артерия кіретін тіннің кесінділері тіннің ауқымды ефектілерін ауыстыруға мүмкіндік береді. Байланыспаған бұлшықеттік пластиканы хирургиялық практикада паренхиматозды ағзалардан қан кетуді тоқтату үшін, мидың қатты қабығының зақымданған синустарын бітеу үшін қолданады.
Сіңірлер мен шандырлардың пластикасы. Сіңірлерді аяқ-қолдың бұзылған қызметін және салданған бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіру мақсатымен жүргізіледі,біріншілік тігіс салу арқылы сіңір пластикасын сіңір жарылған кезде жүргізеді.Санның кең шандырының кесіндісінің байланыспаған пластикасын буын қапшығының қатаюы үшін, мидың қатты қабығының дефектін жою мақсатында, тік ішектің жасанды сфинктерін жасау үшін қолданады.
Сүйек пластикасы. Морфологиясы мен қызметінің бұзылуын қалпына келтіру мақсатымен сүйек пластикасы әдісімен бас сүйек күмбезі немесе жақ дефектін жоя отырып сүйек трансплантациясын жасайды. Байланысқан пластиканы бірінші болып Н.И.Пирогов ұсынды, ол аяқтың остеопластикалық ампутациясын жасай отырып, тіректік қызметін қалпына келтірді. Р. Гритти мен Ю.К. Шимановский балтырдың остеопластикалық ампутациясын ұсынды. Бас сүйек трепанациясында дефектіні жабу үшін тері-сүйектік трансплантаттарды пайдаланады.
Трансплантология
Мүше трансплантациясының тарихы 
Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш рет б.з.б. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық етті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі – қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган – бүйрек болып саналады.Трансплантация мселесі 1902 жылы ғалымдар арасында қызыушылық тудырған болатын. Сол жылы австриялық зерттеуші Э.Ульман жануарлардың бүйрегін ауыстыруды тәжірибе жүзінде іске асырған болатын. Әлемде адамға алғаш трансплантация отасын хирург Ю.Ю.Вороной жасаған. 1933 жылды 3 сәуірінде жасы 60-ты есеріп, қайтыс болған қарияның бүйрегін 26 жасар келіншекке салған екен. Алайда бұл отаның соңы сәтсіз аяқталып, емделуші екі күннен кейін көз жұмады. Ю.Ю.Воронойдың сәтсіз отасынан соң, Еуропа мен АҚШ ғалымдары жануарларды тәжірибе нысанына алып жүрді. 1950 жылдың 17 маусымында АҚШ-та бүйрек трансплантациясының отасы жасалды. Бұл отадан соң емделуші бес жыл өмір сүрген. Ең алғашқы трансплантациялық оталарды тек бүйрекке жасалуының өзіндік себебі бар. Адамның екі бүйрегі бар, сондықтан бір бүйректі донорға ешбір кедергі келтірмей алып, екінші адамға салуға болады. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, трансплантациялық отадан кейін 37 жыл өмір сүрген адам да болыпты. Бұрынғы КСРО аумағында да трансплантация мәселесі кеңінен дамыған. Мселен, 1951 жылы алым В.Демихов алғаш рет иттің жрегін ауыстыран. Ал 1967 жылы Біріккен Араб әмірліктерінің ғалымы Кристиан Бернард адамның жүрегін ауыстыру отасын тұңғыш рет жүзеге асырған екен. Міне, осы уақыттан бері өмірге қажетті мүшелердңі трансплантациясы дами түсті. Бүгінде әлемде адам ағзасының мүшесін жасанды мүшемен немесе жасанды тінмен ауыстыру тәжірибесі де бар. Бұл медицина саласының заман ағымына сай дамуының нәтижесі. Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б.Петровский жасады (1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К.Барнард жасады. Пациент 18 күн өмір сүрді.
Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.
Трансплантация әлемде Әлемнің бірқатар елдерінде мүше трансплантациясын заңмен реттеліп, бір жола қойылан. Мәселен, АҚШ-та кез келген адам ерікті түрде донор атана алады. Ал дәрігерлерге донор атанған азаматтарға трансплантациялық отаны қаупі жөнінде егжей-тегжейлі тсіндіруді заң талап етеді. Бұған қоса, кез-келген адамның жүргізушілік куәлігінде трансплантацияға келісім бергені немесе бас тартақндығыы жайында ақпарат болады. Негізінде өзге біреуге тәннің бір бөлшегін беру бір қарағанда қисынсыз сияқты көрінуі мүмкін. Алайда бұл адамгершілік тұрғысынан зәру жанға қол ұшын созу дегенмен пара-пар дүние. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының шешіміне сәйкес әлем бойынша трансплантациялық отаға донор атануға рұқсат беру екі заңды үлгіде жүзеге асады. Бұл келісім арқылы немесе келісімсіз презумпциясы арқылы донор болу. Келісім беру презумпциясы - адам тірі кезінде ағза мшелерінің трансплантациясына қарсы, қарсы еместігін жарияламағандағы жағдай. Яки адам көз жұмған жадайда оның ағза органдары туған-туысқандарының келісімінсіз донор ретінде пайдаланылады. Испания, Австрия, Бельгия сынды мемлекеттерде дәл осы келісім беру презумпциясы қолданылады. Ал келісім бермеу презумпциясы, яки ақпараттық келісім беру принципі АҚШ, Ұлыбритания, Голландияда қолданысқа ие. Ал Батыс елдерінде «келісім бермегендердің» кәдуілгі базасы қалыптасқан. Дәл осы базаға кез келген адам өзіні келісім бермегенін айтып, тіркеледі. Мамандардың пайымдауынша, трансплантация мселесінің тек 25-30 пайызын ғана медицина шеше алады. Ал қалған мәселе қоғам мен заңға , дінге, моральға байланысты. Негізінен, ешбір дін адамның бір мүшесін алып тастап, жерге тапсыруға келісім бермейді. Дегенмен бүгінгі таңдағы ушыған мәселеге зер салған дін өкілдері донор атанып, өз мүшесін өзгеге беруге теріс қабақ танытып отыр Ал Испанияда мүше трансплантациясына деген қоғамдық көзқарас соңғы 4-5 жылда күрт өзгерді. Бұған насихат жқмыстары әсер етіп отыр. Аталмыш елде көшелер мен шіркеу есіктерінде: «өз ағзаңызды бір мүшесін аспанға алып кетудің керегі жоқ, ана дниеде ол сізге қажет болмайды. Ағзаңызды бір мүшесін жерде қалдырыңыз, сол сәтте ол өзге адамның өмірін құтқарып қалады» деген мағынадағы жазулар да бар. Қытайда ату жазасына кесіліп, түрмеге отырылған қылмыскерлер донор ретінде қарастырылады екен.
Біздің еліміздегі трансплантация Қазастанда мүше трансплантациясына зәру 4000 адам кезекте тұр екен. Оларды 1200-і жүрек, 1300-і бауыр жне 2 мыңы бйрек трансплантациясын қажет етеді. Жалпы, бір адамның ағзасыны мүшесі төрт адамның өмірін сақтап қалады. А.Н.Сызғанов атындағы хирургияның ұлттық орталығында 1978 жылдан бері 600-ге жуық бүйрек трансплантациясы жасалған. Мұндай ота елімізде тек квота арқылы, тегін жүзеге асырылады. Бір айта кетерлігі, қайтыс болған адам емес, емделушінің туған-туысанқдары донор ретінде қарастырылады. Ал өзге елдерде бауыр трансплантациясын жасау 300 мың евро, жүрек трансплантациясын жасау 200-250 мы евроны қажет етеді. Ұлттық орталық өмір сүруге қажетті жүрек, бауыр сияты мүшелердің трансплантациясын қолға алып отыр. Тіпті отандық 41 маман Белоруссияға барып, арнайы тәжірибеден тіп келді.
Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М.Әлиев жасады.
Қазіргі кезде Трансплантация экспериментті биология мен медицинада ауто- (өз тіндерін Трансплантациялау), гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау) және гетеротрансплантация (басқа түрдің донорынан Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. мысалы экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау. Трансплантацияға қажетті орган не тінді трансплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден өткізген соң алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы; ауруханада қайтыс болуы (немесе адам қайтыс болар алдында бірнеше сағат ауруханада болғаны) қажет.

Приложенные файлы

  • docx 26731084
    Размер файла: 35 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий