Сымбат 36-42билет


36-билет
Интернет. Негізгі түсініктер: сайт,IP адрес, порт, сокет, сервер,клиент.Интернетке қосылу
Интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет –бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес.
Интернетті кім бақылайды?
Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ басты әкімшілік жоқ. Алайда өз қалауымен Интернет Қоғамдастығын құрайтындар бар (Internet Society, ISOC). ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатындай ережелердің болуына кепілдік бередіАл клиент-сервер деген не? Клиент-сервер желісі үй жағдайында емес, мектеп, кәсіпорындар немесе кітапханалар сияқты ұйымдарда жиі кездеседі. Желілердің мұндай типінде сервер деп аталатын компьютер желінің жүрегі болып табылады. Ол ақпарат пен ресурсарды сақтап, оларды осы желінің басқа компьютерлерге қол жеткізетіндей етеді. Осы ақпаратты алу үшін желіні қолданатын қалған компьютерлер клиенттер деп аталады. Егер кітапханаға кітап тауып алу үшін барсаңыз сіз компьютер-клиентке отырасыз, ал ақпаратты серверден аласыз. Егер сіз MSN сайтынан ақпарат алғыңыз келсе, сіз клиент рөлін атқаратын өз компьютеріңізге отырып, оны Интернет деп аталатын желіден MSN серверінен аласыз. Сіз дәрігерге барған кезде тіркеу орнында желі арқылы сервермен байланысу үшін сіз жөнінде онда сақтаулы ақпаратты алу мақсатында компьютер-клиент пайдаланылады. Мұның бәрі – клиент-сервер желісін қолдану мысалдары.
Клиент-сервер желісі желіге оннан астам компьютерлерді біріктіру үшін ең жақсы амалы болып табылады Олар бір рангілі желілерден әлдеқайда қымбат, алайда үлкен компаниялар үшін ақпараттың көлемді ауқымын сақтау қажет болғанда бұл ең жақсы таңдау.
Интернеттің жұмыс істеу негіздері.
Протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын мәнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады:
TCP–протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды.
IP – протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды.
Ауқымды (глобальдық) желі – GAN (Global Area Network) – бұған желілердің желісі болып келетін Интернет желісі жатады. Интернеттің артықшылығы – ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар, медициналық, комерциялық және банкілер саласында қызмет көрсету, қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. күрделі мәліметтер студенттердің кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізері сөзсіз.Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме – Провайдер деп аталады. Интенетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңізді, телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.
37-билет.
Корпоративті есептеуіш желі, оның характеристикасы. Құрылымы, желінің негізгі компоненттері.
Компьютерлік желі дегеніміз – ол ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстыратын компьютерлер тізбегі. Желі арқылы оған қосылған кез-келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде компьютерлік кластағы бірнеше компьютерлердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Интернет желісі қазіргі кезде компьютерлік желі кез-келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде, ауруханаларда  орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.
Intranet – бұл ішкі корпоративті желі және бұл желіде Internet базасындағы әртүрлі қосымшалар орындалады. Көптеген кәсіпорындарда мұндай желіні құру — өнімділікті арттыруға және жұмысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
корпоративтік желі - корпорацияның барлық бөлімшелеріне қызмет ететін есептеу желісі;
Бұл корпоративтік желілерді ірі мекемелер, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықта орналасқан бөлімдердегі: филиалдарда, қонақ үйлерде және тағы басқа көптеген  тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушылардың шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады.
38-билет
Желінің негізгі компоненттері. Компьютерлер арасында ақпараттармен алмасу және жіберу. Желілік принтер. WWW және электронды поштаның негізгі жұмыстары. Қазіргі заманғы іздеуіш технологиялары туралы жеке-жеке атап өтіңіз
Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады.
Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдануын қамтамасыз ететін қандай да бір әдіспен біріктірілген компьютерлердің тобы компьютерлік желі деп аталады. Бір бөлмедегі, бір ғимараттағы, қаланың немесе әлемнің әр түрлі бөліктеріндегі компьютерлер біріктірілуі мүмкін.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілердің құрылуына арнайы аппараттық қамтыма (желілік жабдықтау) және арнайы программалық қамтыма (желілік программалық құралы) қажет. Ақпарат алмасу үшін екі компьютердің қарапайым қосылуы тікелей қосылу деп аталады. Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлерді тікелей қосу үшін арнайы аппараттық та, арнайы программалық қамтыма да талап етілмейді. Бұл жағдайда енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе параллельді) аппараттық құралдар болып табылады, ал программалық қамтыма ретінде операциялық жүйе құрамында болатын стандартты құралдар қолданылады.
Желі жұмысы құрылғының барлық элементтері бір-бірімен қандай да бір әдіспен біріккеніне негізделген. Әрбір компьютер және принтер, сканер, портативті компьютерлер сияқты құрылғылар түрлі өлшемді кабельдер, спутниктік байланыс немесе телефон жолдары көмегімен біріктіріледі. Бүгінгі күні компьютерлерді радиотолқындар көмегімен біріктіретін өткізгішсіз желілер де бар.
Желілер үшін құрамына кабельдер кіретін, мәселен, желілік адаптерлер сияқты ажыратқыштардың бірнеше типтері бар (network interface cards). Желілік адаптер, немесе NIC, - бұл сізге компьютеріңізді желіге қосуға мүмкіндік беретін қондырылған құрылғы. Сіз кабельді желілік адаптерге қоясыз немесе ол сізде өткізгішсіз желі бар болған жағдайда белгіні тасымалдайды. Әр компьютерге оған басқа компьютерлермен байланысуға мүмкіндік беретін программалық жабдықтама қондырылған.
Компьютерлер бір-бірімен қатынаста бола алады, өйткені оларға бірін бірі түсінуге көмектесетін ережелер жиынтығы мен хаттамалары бар. Хаттамалар байланыс үрдісі қатесіз өту үшін қажет. Хаттамалар ақпараттың қалай жіберілетінін және қабылданатынын анықтауға жәрдемдеседі.
Бүкіләмдік Тор: әдетте WWW (World Wide Web атауынан).
WWW – Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web – беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады.
Электрондық пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы мүмкін
Іздеу жүйесі дегеніміз- кілттік сөздерді пайдалану арқылы өзіңізге қызықты, қажетті ақпараттарды табу, іздеу WEBсайтын айтады. Іздеу жүйесінің көптеген түрлері бар, оны көбінесе 4 компонент арқылы ақпаратты іздеу және ұйымдастыру кеңінен қолданылады.
Олар:
«Паук»- автоматтандырылған программа. Интернет жүйесінде іздеу арқылы WEB- сайттарды табады. Сонымен қатар WEB парақтарды да анықтайды. Сол арқылы оларды бағалық тізімге енгізеді. Бот және Веб-Краулер программаларын пайдалану арқылы тұтынушыға жасырын түрде іздестіруді ұйымдастырады.
Индекстеуші программа. Ақпараттарды құрылымдайтын және ұйымдастыратын программа. Ол WEB-сайтқа сіздің табуыңызды ұйымдастыратын программа. Индекстеуші программа тұтынушыға көрінбейді.
Іздеу жүйесінің деректер қоры. Барлық ақпараттардың жиынтығы. Ол сіздің іздеуіңізге жол ашады. Ол да тұтынушыға көрінбейді.
Интерфейс. Интернет жүйесінде не керектігін кілттік сөз арқылы іздестіруді ұйымдастыратын терезе.
Іздеу жүйесін пайдалану арқылы бүкіләлемдік тордан көптеген іздеу жүйесінің тізімін таңдай аламыз. Ал қай жүйенің сізге ыңғайлы екенін білу үшін, олардың бір- бірінен айырмашылығын білуіңіз керек.
Іздеу жүйесінің негізгі 3 түрі бар:
Метамәліметтер арқылы. Бұл көптеген іздеу жүйесін зерттейтін және нәтижесін жинақтайтын жүйе. Оған мысал ретінде мыналарды алуға болады:
Yahoo!: http://ru.yahoo.com
MSN Search: http://search.msn.com
Alta Vista: http://www.altavista.com
Универсалды іздеу жүйесі. Ақпаратты әдеттен тыс іздеу арқылы ақпараттардың кең көлемде қамтитын іздеу жүйесін айтады. Оған мысал ретінде:
Google: http://www.google.ru
Yandex: http://www.yandex.ru
Rambler: http://www.rambler.ru
Іздеу агенті. Күрделі іздеуге арналған программалық құралдар.
Мысалы:Bot Spot: http://bots.internet.com
Copernic: http://www.copernic.com
39-билет
Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері. С++ тілі. Берілгендер типтері int, short, long, unsigned, float, double. Жариялау. С++ тілінің операторлары, мысал келтіре отырып түсіндір.
Жоғарғы денгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі (“классикалық”) процедуралық программалау тілдері - Фортран, Бейсик, Паскаль, логикалық тілдер - ЛИСП, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі – бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері - Borland C++ for Windows, Object Pаscal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi. Visual C++ немесе С++ тілдері TurboC программалау тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған
Дәстүрлі TurboC оқып үйренуге жеңіл және MS Dos жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Visual C++ немесе С++-те TurboC тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процесстерді программалауға болады. Visual C++ немесе С++-тің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, бұл программаны көбінесе қосымша деп атайды). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компонеттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компонеттер әлементтерінен жинақталады
Int- бүтін. Бұл типтің мәні, мына диапазонмен (-32768-ден 32767) шектелген бүтін сандар. Диапазон типке арналған ұяшықтардың Өлшемімен анықталады және нақты компьютерге байланысты. Бұдан басқа int типімен бірге қолданылатын қызметші сөздер бар: short int, unsigned int, long int бұлар сандар диапазонын қысқартады немесе ұзартады.
long-үзын.
short-қысқа.
signet-таңбалы.
unsignet-таңбасыз.
float-жылжымалы нүктелі
double-2 ece үзындықтағы жылжымалы нүктелі.
С++ тілінде С тіліндегі стандарт функциялар енгізу-шығаруға қолданылады. Сонымен қатар С++ тілінде <iostream.h> тақырыптық файлында анықталған енгізу-шығару құралдары бар. Лектік енгізу-шығару осы тақырыптық файлдағы кластар арқылы орындалады.
Мына операторлар: >> - енгізу және <<- шығару операторы - кез-келген
типті мәліметтермен жұмыс жасауда қолданылады. С++-те де үш лектік класс қарастырылған:
istream - енгізу құралдары;
ostueam - шығару құралдары;
iostream - енгізу-шығару құралдары.
Осы үш класта да <<, >> операторлары қолдынылады. С тіліндегі stdin,
stdout, stderr стандартты лектеріне сәйкес С++тілінде cin, cout, cerr, clog - объект-
лектері қарастырылған.
Cin istream класының объектісі istream енгізу легімен, ал osream класының
объектісі cout шығару легімен байланысты.
Cerr - ostream класының объектісі - қателер легі, ал clog ostream класының
объектісі - буферленген қателер легіне сәйкес.
40-билет
HTML-құжаттың жалпы құрылымы. Тегтер.HTML:контейнерлері, атрибуттар, мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
HTML тiлi - (Hypertext Markup Language) - дүниежүзiлiк құжаттардың әйгiлi стандартты гипертексттiк белгi тiлi. Барлық веб беттер HTML (немесе XHTML) тiлiнiң көмегiмен жасалады. HTML тiлi браузерде анықталады және адамға ыңғайлы құжат ретiнде көрсетiледi. HTML тiлi SGML (Standard Generalized Markup Language )-дiң қосымшасы болып табылады және әлемдiк ISO стандартына сәйкес келедi
HTML тiлiнiң кодталған мәтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын) арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( және басқа сыртқы құрылғыларға шығару ) , әрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең әйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari , Google Chrome және Opera болып табылады.
HTML құжатты қалай жасау керек?
      HTML құжаттарды жасау үшін мәтіндік редакторларды (мысалы, қойын дәптер (блокнот)), мәтіндік процессорлар (Word) және визуалдық HTML редакторларын қолданады. Сіздер қарапайым блокнотта құжатты жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып, HTML кодты мәтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз.
Тегтер - текстті белгілеу құралы. Тегтер бас әріппен де кіші әріппен де жазыла береді, еш айырмашылығы жоқ. Әрі олар жұптарымен де, жалғыз да болады. Жұптарымен тұратын тегке мысал ретінде келесі тегті келтіруге болады: <html></html>. Бұл тег кез-келген HTML құжатты ашып және жабатын тег. Тегтің екінші бөлігін бірінші бөлігінен мына символ арқылы "/" ажыратуға болады. Бірақ бірінші бөлігі қосымша параметрлерден тұруы мүмкін. Мысалы: <font size="4"></font> тегінде, size="4" параметрі мәтіннің өлшемін анықтайды. Ал дара, яғни жұп емес тегтің мысалы ретінде <hr> тегін келтіруге болады, ол HTML құжатқа көлденең сызықты орналастырады.
<body bgcolor=?> түстің мәнін қолдана отырып, құжат фонының түсін береді<body text=?> түстің мәнін қолдана отырып, құжат мәтінінің түсін береді
<body link=?> түстің мәнін қолдана отырып, гиперсілтемелердің түсін береді
<body vlink=?> түстің мәнін қолдана отырып, сіз қолданып кеткен гиперсілтемелердің түсін береді
<body alink=?> түстің мәнін қолдана отырып, гиперсілтемелерді басқан сәттегі түсін береді41-билет
С++ тілінде шартты, таңдау операторы. Мысал келтіріңіз.
● << операторында endl манипуляторы тіркелуі мүмкін.
Мысалы, cout << “бүтін сан = ” <<іа<<endl;
Комментарий – түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі. Олар ұлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы /* ... */ осындай таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше жолдардан да тұра алады. С++ тілінде жол соңында тұратын комментарийлер // симолдарынан кейін орналасады. С және С++ тілдерінде құрастырылған есептерді бір компилятор арқылы шығаруға болатындықтан, көбінесе түсініктемелердің жоғарыдағы екі түрін де пайдалана беруге болады.
/* программа ішіндегі комментарийлер осылай орналасады */
#include<iostream.h> /* енгізу-шығару əрекеттерін іске қосу */
#include<conio.h> /* экранмен жұмыс істеуді іске қосу */
#include<math.h> /* математикалық функцияларды пайдалану */
main() /* басты функция */
сlrscr(); /* экранды тазалау */
int a,b,с; /* бүтін айнымалыларды сипаттау */
42-билет
С++ тіліндегі негізгі операторлар. Мысал келтіріңіз.
Мына операторлар: >> - енгізу және <<- шығару операторы - кез-келген
типті мәліметтермен жұмыс жасауда қолданылады. С++-те де үш лектік класс қарастырылған:
istream - енгізу құралдары;
ostueam - шығару құралдары;
iostream - енгізу-шығару құралдары.
Осы үш класта да <<, >> операторлары қолдынылады. С тіліндегі stdin,
stdout, stderr стандартты лектеріне сәйкес С++тілінде cin, cout, cerr, clog - лектері қарастырылған.
Cin istream класының объектісі istream енгізу легімен, ал osream класының объектісі cout шығару легімен байланысты. Cerr - ostream класының объектісі - қателер легі, ал clog ostream класының объектісі - буферленген қателер легіне сәйкес.

Приложенные файлы

  • docx 26699805
    Размер файла: 30 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий