Стандарты каз педиатрия


Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
Құрал-жабдықтар: табақша таразы (немесе электрондық), таза жөргек, дезерітінді
Міндетті шарт: баланы бір мезгілде аш қарынға және нәжісі бөлінгеннен кейін өлшейді. Таразы бір орында тегіс және қатты жерде тұруы, кілті жабық болуы керек
Қолды жуып, құрғату
Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрту
Килограммдық және граммдық тастарды ығыстырып, «0» деген белгіге жылжытып қою (электрондық таразыны қосқанда көрсеткіштері «0» де тұрады)
Кілтті ашып, салмақ қарсылығын бұрап, теңестіремін (рычаг бақылау пунктімен бір деңгейде тұруы керек)
Кілтті жабу
Таразының табақшасына бірнеше рет бүктелген жөргек төсеу
Баланы еппен басын табақшаның кең жағына келтіріп жатқызып немесе арқасын кең жаққа қаратып отырғызу
Килограммдық тасты, рычаг бақылау пунктімен төмен түскенге дейін жылжытып, бір бөлікке кейін солға ығыстыру
Граммдық тасты еппен жылжытып рычагты теңестіру
Үлкен гирьдің сол жағындағы санды және кішкентай гирьдің сол жақтағы бөлікті қарау
Кілтті жауып, баланы таразыдан алып анасына беру
Жөргектің салмағын өлшеу
Жөргекті таразыдан алып, қолданған жөргектерге арналған қапшыққа салу
Қолды жуып, құрғату
Баланың салмақ көрсеткішін тиісті құжатқа жазу (перзентханада - нәрестенің даму тарихына, емханада – баланың даму тарихына ф112, ауруханада – сырқат тарихына)
Баланың дене салмағын өлшеп тұру керек: перзентханада – күнде, емханада 1 жасқа дейін айына 1 рет, ауруханада 10 күнде 1 рет және көрсетілімдері бойынша
Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
Қажет құрал-жабдықтар: көлденең (горизонтальдық) бой өлшегіш, таза жөргек, дезерітінді
Шкаласын өз бетіңе қаратып бой өлшегішті, тегіс жерге орналастыру
Қолды жуып, құрғатып
Бой өлшегіштің үстін дезерітіндімен сүрту
Баланы еппен алып, басын бой өлшегіштің қозғалмайтын планкасына тақап жатқызу. Көмекші басын ұстайды
Сол қолдың алақанымен баланың тізесін басып тұрып, аяғын тік жағдайға келтіру
Жылжымалы планканы оң қолмен ұстап, баланың табанына тіреу
Шкала бойынша баланың бойын анықтау
Баланы бой өлшегіштен алып анасына беру. Бой өлшегіштен жөргекті алып, қолды жуып, құрғату
Баланың бой көрсеткішін тиісті құжатқа жазу: перзентханада – нәрестенің даму тарихына, емханада – баланың даму тарихына ф112, ауруханада – сырқат тарихына)
Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың бас айналымы мен кеуде айналымын өлшеу
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау, гидроцефалияны, микроцефалияны ерте анықтау
Құрал-жабдықтар: сантиметрлік таспа, 70% этил спирті, дәке салфеткасы
Қолды жуып, құрғату
Сантиметрлік таспаның екі жағын спиртпен сүрту
Баланы шалқасынан жатқызып немесе бетін өзіңе қаратып отырғызу
Сантиметрлік таспаны екі қолға алып:
а) бас айналымын өлшегенде сантиметрлік таспаны шүйде сүйектің және қастың үстімен баланың басына айналдыра салып, түйістіру
б) кеуде айналымын өлшегенде жауырынның астыңғы бұрышымен және сүт бездің үстімен баланың кеудесіне айналдыра салып, түйістіру
5. Таспаның түйіскен жердегі көрсеткішіне қарап құжатқа жазу
Бас айналымы
Туған кезде бас айналымы ≈34-36 см, кеуде айналымынан 1-2 см артық. Бала 2-3 ай толғанда бас айналымы кеуде айналымымен теңеседі. Алғашқы 1 жыл ішінде бас айналымы ≈10-11 см қосып, 45-46 см-ге жетеді. 1 жасқа дейін бас айналымының ай сайын орта есеппен қосуы: І тоқсанда (1-3 ай)- 1,5-2 см, ІІ тоқсанда (4-6 ай)- 1 см, ІІІ-ІV тоқсанда (7-12 ай)- 0,5см. Баланың 6 жасына таман бас айналымы 50-51 см, одан кейін не бәрі 5-6 см қосады.
Кеуде айналымы
Туған кезде кеуде айналымы ≈32-34 см, бас айналымынан 1-2 см кем. Бала 2-3 ай толғанда бас айналымы кеуде айналымымен теңеседі. Алғашқы 1 жыл ішінде бас айналымы ≈13-15 см қосып, 48 см-ге жетеді. 1 жасқа дейін кеуде айналымының ай сайын орта есеппен қосуы: І тоқсанда (1-3 ай)- 2,5-3 см, ІІ тоқсанда (4-6 ай)- 1,5-2 см, ІІІ-ІV тоқсанда (7-12 ай)- 0,5см. 1 жастан кейін балаға неше жас болса, кеуде айналымы сонша см артық болады.
Стандарт: Ерте жастағы балалардың тыныс алу жиілігін есептеу. Жасына байланысты тыныс алу жиілігі
Мақсаты: тыныс түрі мен жиілігін анықтау
Құрал-жабдықтар: сағат, қалам, медициналық құжат
Міндетті шарттар:
-бала тыныш кезде санау – балаға жүктеме түскенде жиіленеді (жөргектеу, шомылдыру, ему, жылау т.б жағдайлар);
- толық 1 мин ішінде санау (тыныс орталығының функционалдық қызметінің толық жетілмегендігіне байланысты өмірінің алғашқы айдағы балалардың тыныс алуы бір қалыпты емес);
- зерттеушінің қолы жылы болу керек
1. Сабырлы жағдай ұйымдастыру, өйткені мазасыздану, жылау тыныс алуды жиілетеді
2. Қолды жуып, құрғатып, жылыту
3. Кеудесі мен іші көрінетіндей етіп баланы жатқызу (бала ұйықтап жатқанда тексерген жөн)
4. Тыныс алу түрін, ырғағын, тереңдігін анықтау және толық 1 мин ішіндегі тыныс алу жиілігін санау
5. Тыныс алу жиілігін балаға байқатпай санау керек. Тыныс жиілігін санау әдістері:
а) кеудесі мен ішінің қозғалысын визуальды анықтау – қарау әдісімен
б) визуальды әдіспен санауға мүмкіндік болмаса, тыныс алу түріне байланысты алақанды кеудесіне немесе ішіне қойып санау
в) ерте жастағы балалардың тыныс алуын фонендоскоп арқылы санауға болады – ұйықтап жатқан баланың мұрнына фонендоскопты жақындатып, демді ішке алу жиілігін санау
г) өкпені тыңдаған кезде демді ішке алу жиілігін санауға болады
6. Тыныс алу жиілігін тиісті медициналық құжаттарға жазып, толтыру
7. Қолды жуып, құрғату
1 мин ішінде тыныс алу жиілігі
Жасы
Тыныс алу жиілігі 1 минутта
Жаңа туған бала 40-60 рет
2 апта – 3 ай 40-45 рет
2-6 ай 35-40 рет
7-12 ай 30-35 рет
2-3 жас 25-30 рет
5-6 жас ≈25 рет
10-12 жас 20-22 рет
14-15 жас 18-20 рет
Тыныс алудың жиіленуі – тахипноэ
Тыныс алудың сиреуі – брадипноэ
Ескерту! Қалыпты жиілікпен салыстырғанда тыныс алудың 10%-ға дейін жиіленуі немесе сиреуі физиологиялық ауытқу болып есептеледі
Тыныс алу түрлері:
Диафрагмалдық – көкеттің қатысуымен (ішімен дем алу)
Кеуделік – қабырға бұлшық еттерінің қатысуымен
Аралас – кеуделік-көкеттік
Тыныс алу түрі баланың жасы мен жынысына байланысты:
3 жасқа дейін көкеттік түрі басым болады
3-7 жас аралығында балаларда – аралас, бірақ кеуделік түрі басым
8 жастан бастап (препубертаттық және пубертаттық кезеңдерде) ұл балаларда көкеттік, қыз балаларда кеуделік түрі қалыптасады
Стандарт: Жаңа туған нәрестеге таңғы туалет өткізу
Мақсаты: дене гигиенасын сақтау, тазалыққа қалыптастыру
Құрал-жабдықтар: қайнаған су (суық және ыстық), залалсыздандырылған өсімдік майы, мақта шариктері, мақта шиыршықтары, таза киім-кешек, жөргек жиынтығы, таза лоток және пайдаланған заттарға арналған лоток, кір киімге арналған қапшық, дезерітінді, шүберек.
Міндетті шарт: мұрын қуысы мен құлақ қуысын тазалау үшін қатты зат қолдануға болмайды
Қолды жуып, құрғату
Жөргектеу үстелдің бетін дезерітіндімен сүрту, жөргек төсеу
Нәрестені шешіндіріп, қажет болса шат аралығын жуып, жөргектеу үстеліне жатқызу
Шешкен киімдерін кір киімдерге арналған қапшыққа салу
Бетін қайнаған суға салып сулап, аздап сығып алған мақта шаригімен еппен сүртіп, құрғақ мақта шаригімен сорғыта құрғату керек
Көзін қайнаған жылы суға сулап, аздап сығып алған мақта шаригімен сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіп, құрғақ мақта тампонымен құрғатады (әр көзіне жеке мақта тампоны)
Мұрын қуысын стерильді өсімдік майына сулап алған мақта шиыршығымен, айналмалы қозғалыс қимылымен тазалау (әр мұрын қуысына жеке мақта шиыршығы)
Құлақ қуысын стерильді өсімдік майына сулап алған мақта шиыршығымен айналмалы қозғалыс қимылмен тазалау (әр құлақ қуысына жеке мақта шиыршығы). Ескерту! Нәрестенің құлақ қуысын аптасына 1 рет тазалайды немесе көрсетілімдері бойынша
Тері қыртыстарын залаласыздандырылған өсімдік майына малып алған мақта шаригімен келесі ретпен сүртеді: а) құлақ сыртын; б) мойын қыртысын; в) қолтығын; г) шынтағын; д) білезік буынын; е) тізе асты шұңқырын; ж) тірсегін; з) шабын; и) жамбас аралығын
Нәрестені киіндіріп, жөргектеп, анасына беру
Үстелдің үстін дезерітіндімен сүрту
Қолды жуып құрғату
Стандарт: Балаларда пульс алу жиілігін есептеу. Баланың жасына байланысты пульс жиілігі
Мақсаты: диагностикалық мақсатпен дені сау және ауру балаларда өткізіледі
Құрал-жабдықтар: сағат, қалам, медициналық құжат
Міндетті шарттар: артериалдық пульс көзге көрінбейді, сондықтан оны тері бетіне және сүйекке жақын артерияны саусақтармен сүйекке қысып тексереді, әдетте бұл білек артериясы, ол терінің астында біз тәрізді өскін мен білек бұлшық ет сіңірінің арасында орналасқан. Самай, ұйқы, иық, сан, тобық артерияларында да тексеруге болады. 1 жасқа дейінгі балада үлкен еңбегінің қозғалысы арқылы есептеуге болады.
- бала тыныш кезде немесе ұйықтағанда санау – балаға жүктеме түскенде жиіленеді (жөргектеу, шомылдыру, ему, жылау т.б жағдайлар);
- толық 1 мин ішінде санау
- зерттеушінің қолы жылы және бөлме температурасы 22-240С болу керек
1. Сабырлы жағдай ұйымдастыру, өйткені мазасыздану, жылау пульсті жиілетеді
2. Қолды жуып, құрғатып, жылыту
3. Баланы өзіне ыңғайлы қалыпта отырғызып немесе жатқызып, қол ұшы мен білегі үстелдің үстінде немесе керуетте бос жатуы керек
Алдымен пульсті табу керек:
а) баланың қолын сырт жағынан білезік буынының тұсынан ұстап, қолға алу;
б) бірінші саусақты білезік буынының сыртқы (шынтақ) жағына, 2-ші және 3-ші саусақтарды білезік (білек) буынының ішкі жағына орналастыру;
в) 2-3-ші саусақтармен білезік артериясын сүйекке басыңқырап сипап, пульсті табу. Саусақ астынан пульс толқыны өткенде артерия қабырғасы бір көтеріліп, бір басылады – пульс деген осы.
5. 1 жасқа дейінгі балаларда иық артериясынан, 1 жастан кейінгі балаларда пульсті ұйқы артериясынан іздеу қажет
6. Пульс жиілігін санау – 1 минут ішіндегі пульстің саны. 1 минут ішінде пульстің саны - баланың жасына байланысты, баланың жасы ұлғайған сайын пульстің саны азайып отырады.
7. Пульс жиілігінің нәтижесін баланың даму тариына (ауру тарихына) тіркеледі
8. Қолды жуып, құрғату
1 минут ішіндегі пульс жиілігі
Жас шамасы 1 мин ішіндегі PS жиілігі Жас шамасы 1 мин ішіндегі PS жиілігі
Жаңа туған бала 120-140 4 жас 100-105
6 ай 130-135 5 жас 98-100
1 жас 120-125 10 жас 78-85
2 жас 110-115 12 жас 75-82
3 жас 105-110 15 жас 70-75
Пульстің жиіленуі – тахикардия, сируі – брадикардия
1 минут ішіндегі PS жиілігінің қалыпты көрсеткіштен 10% кем болуы патология емес.
Стандарт: Жаңа туған нәрестенің шат аралығын жуу
Мақсаты: тері гигиенасын сақтау
Құрал-жабдықтар: стерильденген мақта тампондары, стерильденген өсімдік майы немесе балалар ұнтағы, лоток, клеенка дан тігілген алжапқыш
Қолды сабындап жуу, құрғату. Алжапқыш тағу
Судың температурасын өлшеп, 37-380С дейін жеткізіп реттеу
Баланың жөргектерін ашып, төсектен алып, сол қолдың білегінің ішкі беті мен алақанына жатқызып, басын сол қолға тіреп, санын сол қолдың саусақтарымен қамтып ұстау
Баланың шат аралығын жоғарыдан төмен қарай жуу, қыз балалардың шат аралығын алдынан артына қарай жуу, ұл балалардың – ыңғайына қарай
Жөргектеу үстеліне жатқызып, сорғыта сүрту
Стерильденген мақта тампонын өсімдік майына малып алып, шаптарын, жамбас аралығын сүрту
Қолды сабындап жуу, құрғату
Стандарт: Жаңа туған нарестеге гигиеналық ванна өткізу
Көрсетілімдері: дене гигиенасын сақтау, баланың “таза болу” деген сұранысын қамтамасз ету,тазалыққа қалыптастыру, шынықтыру
Міндетті шарттар: шомылдыру кезінде бөлме температурасы 24-25 0С болу керек, судың температурасын су температурасын өлшейтін термометрмен өлшеу керек (судың температурасын шынтақты суға батыру әдісімен өлшеуге болмайды), емізе салып шомылдыруға болмайды. Шомылдыру ұзақтығы 5-8'
Құрал-жабдықтар: шомылдыруға арналған ванна, қайнаған ыстық және қайнаған салқын су, щетка,жөргектер,құмыра,су температурасын өлшеуге арналған термометр, жұмсақ қолғап, бала сабыны, жұмсақ үлкен сүлгі,таза
киім-кешек пен жөргектер,залалсыздандырылған өсімдік майы (немесе балалар ұнтағы), кір заттарға арналған қапшық.
Өткізу техникасы:
1)Қолды сабындап жуып,құрғату
2)Ваннаның ішкі бетін щеткамен жуып,қайнаған ыстық сумен шаю
3)Ваннаның түбіне бірнеше рет бүктелген таза жөргек төсеу(жөргектің шеті ваннаның қабырғаларына шықпауы тиіс)
4)Ваннаға су температурасын өлшеуге арналған термометрді салу
5)Ваннаға 1/3 немесе 1/2 бөлігіне келтіріп қайнаған салқын су мен қайнаған ыстық суды кезекпен құйып араластырып температурасын 36-37 0 С дейін реттеу
6)Шаю үшін құмыраға t-сы-36-37 0 С су құю
7)Нәрестені шешіндіру, қажет болса шат аралығын ағынды сумен жуу.Киімдерін кір киімге арналған қапшыққа салу
8)Сол қолмен шүйде мен арқа жағынан оң қолмен жамбасы мен санын ұстап, нәрестені екі қолмен алу
9)Алдымен аяғы мен жамбасын содан соң денесінің жоғарғы жағын еппен суға түсіру.Су нәрестенің емізік деңгейіне дейін келіп,кеудесінің жоғарғы бөлігі ашық қалуы тиіс
10)Сол қолмен нәрестенің басы мен кеудесінің жоғарғы бөлігін судың бетінен жоғары ұстап,оң қолды босату
11)Оң қолға “қолғап” киіп (қажет болса сабындап) нәресте келесі ретпен жуындыру: басын (маңдайдан шүйдеге қарай)-» мойнын-> денесін->қол аяғын(әсіресе тері қыртыстарын мұқият жуу) ->ең соңында жыныс мүшесі мен жамбас аралығын
12)”Қолғапты ” шешу
13)Нәрестені судан шығарып,етбетіне аудару
14)Құмырадағы сумен бетін жуу,денесін шаю(суды көмекші құяды)
15)Нәрестені жылы сүлгімен жауып,жөргектеу үстелдің үстіне жатқызып,сорғызу қимылдармен құрғату
16)Тері қыртыстарын залалсыздандырылған өсімдік майға малынып алынған мақта шаригімен сүрту немесе балалар ұнтағы мен себу
17)Нәрестені киіндіріп жөргектеу,кереуетке жатқызу
18)Жөргектеу үстелдің үстіне төселген жөргекті және”қолғапты” кір киімге арналған қапшыққа салу
19)Ваннадағы суды төгіп,ваннаны шаю
20)Қолды жуып құрғату
Стандарт: Жаңа туған нәрестенің көзіне дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу
Құрал-жабдықтар: көз тамшылары, залалсыздандырылған көз пипеткасы, мақта шариктері, лоток
Міндетті шарт: көзге тамызатын дәрінің температурасы бөлмедегі ауа температурасындай болуы керек
Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Қолды жуып құрғату
Қолға резеңке қолғап кию
Баланы шалқасынан жатқызу
Көзден іріңді бөлініс болса, мақта шаригін қайнаған суға малып алып, сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту (әр көзге жеке шарик)
Пипетканы тік ұстап, 2/3 бөлігіне дейін дәріні сорғызып алу
Сол қолдың сұқ саусағымен көздің үстіңгі қабағын жоғары қарай, үлкен саусағымен астыңғы қабағын сәл төмен қарай тарту (көздің қабақтарын мақта шариктері арқылы ұстау)
Пипетканы көзге жақындау және 400 бұрышта ұстап, көздің ішкі бұрышына жақындау дәрінің 1 тамшысын бірнеше секундтан кейін екінші тамшысын тамызу
Жоғарыдағы ережелерді сақтай отырып, дәріні екінші көзге тамызу
Шариктерді пайдаланған заттарға арналған лотокқа тастау
Көздің сыртына шыққан дәріні мақта шаригімен сорғызу қимылымен сүрту
Пипетканы дезерітіндіге салу. Қолды жуып, құрғату
Стандарт: Жаңа туған нәрестенің мұрнына дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу, мұрын жолдарында қабыну процессін жою, өткізгіштігін жақсарту, инфекцияның төменгі жолдарға таралуының алдын алу
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат, залалсыздандырылған пипетка, мақта шиыршықтары (шариктері), лоток
Міндетті шарт: мұрын жолдарын шырыштан тазарту
Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Қолды жуып, құрғату
Баламен қарым-қатынас орнату
Дәрілік препараттың атын оқып, мерзімін тексеріп, дайындап, пипеткаға сорғызып алу
Дәрі тамшылары жылы болуы керек (22-240С, бөлме температурасындай)
Стерильденген мақта шиыршығымен мұрын жолдарын тазарту
Баланы шалқасынан жатқызып, басын сәл шалқайту
Бір қолдың 4 саусағын баланың маңдайына, ал үлкен (1-ші)саусақпен мұрынның ұшын сәл жоғары көтеру
Мұрынның шырышты қабатына бағыттап 2-3 тамшыны тамызу (пипетканы терең енгізбей)
Айналмалы қозғалыспен мұрын қанатын мұрын пердесіне қарай басу
Аталған әрекеттерді қайталай отырып мұрынның екінші жағына тамшыны тамызу
Қолданған заттарды дезерітіндіге салу
Қолды жуып, құрғату
Стандарт: Жаңа туған нәрестенің құлағына дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу, ортаңғы құлақта қабыну процессін жою, евстахий түтігінің өткізгіштігін жақсарту
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат, залалсыздандырылған пипетка, мақта шиыршықтары (шариктері), лоток
Міндетті шарт: сыртқы есту жолы шырышты-іріңді бөліністен тазартылуы тиіс
Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Қолды жуып, құрғату
Баламен қарым-қатынас орнату
Дәрілік препараттың атын оқып, мерзімін тексеріп, дайындап, пипеткаға сорғызып алу
Дәрі тамшылары жылы болуы керек (36-370С, бөлме температурасындай)
Баланы шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұру
Қажет болса құлақты тазалау
Пипеткаға дәріні сорғызып алу
Дәрінің температурасын тексеру (сол қолдың білезік буынының ішкі жағына тамызып көру)
Сол қолмен құлақ сырғалығын төмен қарай тарту, егер бала 1 жасқа дейін болса, немесе құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тарту, егер бала 1 жастан жоғары болса
Есту жолына тамшыны тамызу
Бірнеше рет құлақ бөбежігін басу (дәрінің ортаңғы құлаққа дейін жетуін қамтамасыз ету)
Құлаққа мақта тампонын 10-15 мин қою
10-15 мин соң тампонды алып тастау
Қолданған заттарды дезерітіндіге салу
Қолды жуып, құрғату
Стандарт: Антибиотиктерді еріту әдісі
Мақсаты: дәрігердің тағайындауларын орындау
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат (флакондағы антибиотик), новокаин 0,5% , 960 спирт, мақта тампондары, 5,0 мл, 10,0 мл шприцтер,лоток
Міндетті шарт: антибиотиктерді 0,5% новокаин ерітіндісімен (немесе ерітуге арналған сумен) ерітіледі.
Антибиотиктерді ерітудің 2 тәсілі бар:
1:1 (1000000 ЕД антибиотикке 10 мл еріткіш). 1 000 000 ЕД антибиотик болса, оған 10 мл новокаин құяды. Егер 1 000 000 ЕД барлығы тағайындалса, шприцке 10 мл барлығы сорғызып алынады. Егер 500 000 ЕД болса, онда 5 мл
2:1 (1 000 000 ЕД антибиотикке 5 мл еріткіш). 1 000 000 ЕД антибиотик болса, оған 5 мл новокаин құяды. Егер 1 000 000 ЕД тағайындалса, онда 5 мл-ң барлығын енгіземіз. Егер 500 000 ЕД енгізу керек болса, онда 1 000 000 ЕД антибиотикті 5 мл новокаинмен ерітіп 2,5 мл енгіземіз.
Мысалы: 1 000 000 ЕД антибиотикті 2-ші тәсілмен ерітіп, 600 000 ЕД енгізу керек.
1 000 000 ЕД антибиотикті 5 мл новокаинмен ерітіп, оның 3 мл енгіземіз.
Стандарт: Оральды регидратация өткізу техникасы
Мақсаты: эксикозды жою және қайталап дамуына жол бермеу.
Құрал-жабдықтар:
-глюкоза-тұз ерiтiндiлерi (регидрон, глюкосалан, цитроглюкосалан және т.б.);
-температурасы бөлме температурасындай 1 литр қайнаған су;
-мөлшерленген стакан;
-шыны, шай қасық;
-қағаз, жоғалған сұйықтықты тiркеуге арналған қалам.
Мiндеттi түрде орындалатын шарттар:
-оральды регидратацияны эксикоздың 1-2 дәрежелерiнде ғана өткiзу;
-2 кезеңмен өткiзу:
1-шi кезең – бiрiншi реттеггi регидратация. Мақсаты – баладағы жоғалған сұйықтықты толтыру;
2-шi кезең – сүйемелдеуші регидратация. Мақсаты – экзикоздың қайталап дамуына жол бермеу;
-глюкоза-тұз ерiтiндiлерiн ерiткеннен кейiн дайын ерiтiндiнi қайнатпау, 1 тәулiктен асырмай сақтау.
1. Анасына/балаға процедураның мақсаты мен өткiзу жолын түсiндiрiп, келiсiм алу
2. Қажет құрал-жабдықтарды дайындау
3. Анасын/баланы жоғалған сұйықтықты есептеуге және тiркеуге үйрету
4. Оральды регидратация өткiзуге қажет глюкоза-тұз ерiтiндiсiнiң мөлшерiн есептеу
5. Құрғақ препараттың қажет мөлшерiн анықтау. Құрғақ препаратты қайнаған судың тиiстi мөлшерiнде ерiту
6.Мөлшерленген стаканмен дайын ерiтiндiнiң алдындағы есептелген мөлшерiн өлшеу
7. Өлшенген мөлшердi дайындалған ыдысқа құю. Анасына/балаға iшкiзу үшiн беру
8. Эксикоздың дәрежесiне байланысты ерiтiндiнi 4 немесе 6 сағат бойы iшкiзiп тұру:
- 2 жасқа дейiнгi балаларға 1шай қасықтан 2-5 минут сайын, әрбiр сұйық нәжiсiнен кейiн 50-100 мл;
- ересек балаларға шыныдан 5-7 минут сайын, әрбiр сұйық нәжiсiнен кейiн 2-10 жас аралығындағы балаларға 100-200 мл,
-10 жастан кейiнгi балаларға – қалауы бойынша
9. Жоғалып жатқан сұйықтықтың мөлшерiн есептеу және тiркеу
11. 4 (немесе 6) сағаттан кейiн баладағы эксикоз белгiлерiн тексеру (үлкен еңбегiн, терiсiн, шырышты қабықтарын және т.б.)
12. Жағдайдың 3 варианты болуы мүмкiн:
а) эксикоз күшейдi – вена iшiне ерiтiндi енгiзуге көшу;
б) эксикоз азайды, бiрақ әлi бар – 1-шi кезеңдi қайталау;
в) эксикоз жоқ – сүйемелдеушi регидратация-ға көшу, яғни алдынғы 4 (немесе 6) iшiнде сұйықтықты қандай мөлшерде жоғалтса, сондай мөлшерде ерiтiндiнi келесi әрбiр 4 (немесе 6) сағат бойы энтеральдi енгiзу (жоғалған сұйқтықтың мөлшерiн тiркеу парағын қара) + жоғалып жатқан сұйықтықтың мөлшерiн тiркеу
13. Сүйемелдеушi регидратацияны iш өтуi және құсуы басылғанша өткiзу
Е С 75
Е - ОРТ-ның қажет мөлшерi, С - баланың салмағы, 75 – коэффициент
ЕГЕР БАЛАНЫҢ САЛМАҒЫ БЕЛГIЛI БОЛМАСА, КЕЛЕСI КЕСТЕНI ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ
Баланың жасы4 айға дейiн4-11
ай12-23
ай2-4
жас5-14
жас15 жас және одан ересекДене салмағы5кг-нан төмен5-7,9
кг 8-10,9
кг 11-15,9
кг 16-29,9
кг 30 кг және одан көпОРТ (мл)
200-400 400-600 600-800 800-1200 1200-2200 2200-4000
Стандарт: Ерте жастағы балалардан жалпы анализге зәр жинау әдісі
Мақсаты: зәрдегі патологиялық өзгерістерді анықтау
а) ерте жастағы қыз балалардан зәр жинау тәсілі
Құрал-жабдық: резеңке шеңбер, 2 жөргек, тарелка (Петри табақшасы), клеенка, ауызы кең таза құрғақ шыны ыдыс, клиникалық лабораторияға жолдама
Қолды жуып, құрғату
Төсекке клеенка төсеу
Резеңке шеңберге ауа үрлеп, жөргекке орау
Клеенканың үстіне тарелка қойып, оның үстіне тесігін тарелкаға сәйкес келтіріп, жөргек оралған резеңке шеңберін орналастыру (жөргектің шеті тарелкаға түспеуі тиіс)
Шат аралығын t-сы 370 ағынды сумен алдынан артына, жоғарыдан төмен қарай жуып, сорғызу қимылдарымен құрғатып, баланы резеңке шеңбердің үстіне шалқасынан бас жағын жоғары етіп ыңғайлы жатқызу
Ағынды су кранын ашу – зәр бөлінуіне рефлекторлық әсермен ынталандыру үшін
Зәр бөлгеннен кейін қыз баланы шеңберден алып, шат аралығын сорғызу қимылдарымен құрғату
Тарелкадағы зәрді еппен құрғақ таза шыны ыдысқа құю
Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға жіберу
Қолды жуып, құрғату
б) ерте жастағы ұл балалардан зәр жинау тәсілі
Құрал-жабдық:колба немесе пробирка немесе саусақ қап, мақта, жөргек, медициналық пластырь, клеенка, таза құрғақ шыны ыдыс, клиникалық лабораторияға жолдама
Қолды жуып, құрғату
Төсекке клеенка төсеу
Шат аралығын t-сы 370 ағынды сумен жоғарыдан төмен қарай жуып, сорғызу қимылдармен құрғатып, төсекке жатқызу
Жыныс мүшесіне колбаны немесе пробирканы кигізіп, медициналық лейкопластырьмен қасағасына бекіту, колбаның жан-жағына мақта саламын
Ағынды су кранын ашу – зәр бөлінуіне рефлекторлық әсермен ынталандыру үшін
Зәр бөлгеннен кейін колбаны және лейкопластырьды алу
Колбадағы зәрді еппен құрғақ таза шыны ыдысқа құю
Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға жіберу
Қолды жуып, құрғату
Жалпы зәр сынағының қалыпты көрсеткіші
Физикалық қасиеттері: түсі – сабан-сары, янтарь-сары. Мөлдірлігі – мөлдір. Салыстырмалы тығыздығы – алғашқы күндері 1008-1018; кейін 1 жасқа дейін 1003-1005; 2-5 жасында 1009-1016; 10 жасқа таман 1011-1025
Химиялық қасиеттері: реакция (рН) – қышқыл, рН 4,8-8,4 (орта есеппен - 6). Белок – жаңа туған балада «іздері» болып, кейін болмайды; кейде өтпелі протеинурия байқалуы мүмкін (ұзақ тұрғанда, көп жүргенде, физикалық жүктемеден кейін). Глюкоза, кетон денелері, ацетон, өт пигменттері – болмайды.
Микроскопиялық тексеру: лейкоциттер – 0-3 көру аймағында, эритроциттер – болмайды. Бүйрек өзекшелерінің клеткалары болмайды. Цилиндрлер – болмайды. Тұздар – аз мөлшерде ураттар, оксалаттар
Стандарт: Зимницкий тәсілімен зәр жинау
Мақсаты: бүйректің концентрациялық және бөлу қызметін анықтау
Жинау 24 сағат бойы, 3 сағат сайын, 8 порция
Жинау уақыты: таңғы сағат 9-дан келесі таңғы 6-ға дейін (1-ші порция таңғы сағат 9-да, соңғы – 8-ші порция келесі күнгі таңғы сағат 6-да)
Құрал-жабдық: сыртына этикетка жапсырылған, көлемі 200-500 мл таза құрғақ шыны банка, 8 жолдама, 2-3 қосымша банка
Зерттелушіге процедураның мақсаты мен өткізу жолын мұқият түсіндіру
Зертханаға жолдама жазып, әр банканың сыртына жабыстыру
Таңғы сағат 6-да кіші дәретін дәретханаға сындырады – түні бойы жиналған несеп ескерілмейді
Таңғы сағат 9-дан келесі таңғы сағат 6-ға дейін әр 3 сағат сайын бөлек ыдысқа несеп сындыру (әр порцияға жеке ыдыс арнау): 1-ші порция – 9.00 сағат; 2-ші порция – 12.00 сағ; 3-ші порция – 15.00 сағ; 4-ші порция – 18.00 сағ; 5-ші порция – 21 сағ; 6-шы порция – 24.00 сағ; 7-ші порция – 3.00 сағ; 8-ші порция – 6.00 сағ
Жиналған несепті клиникалық лабораторияға жіберу
Ескерту!
а) 1 мезгілде сындырған несеп ыдысқа симаса, қосымша ыдысқа сындыру, ыдыстың сыртына жолдама жабыстыру
б) 1 мезгілде несеп сындырмаса, лабораторияға бос банканы жіберу
Зимницкий байқауын бағалау
Көрсеткіштер Қалыпты жағдай Өзгерістер
Тәуліктік диурез 1 – 1,5 – 1,8 литр Азаю – олигурия – 600 мл-ден аз;
Бөлінбеу – анурия
Көбею – 2 л-ден - полиурия
Күндізгі диурез - 4 порция – таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін
Түнгі диурез – 4 порция – кешкі сағат 9-дан сағат 6-ға дейін Күндізгі диурез тәуліктік диурездің 1/3 бөлігіне тең
КД:ТД═3:1 Түнгі диурез көбірек болу - никтурия
Әр порциядағы зәрдің тығыздығы 1010 – 1028 аралығы Төмен болу – гипостенурия – 1025-ке жетпей, 1010 – 1012 шамасында болу
Әр порция арасындағы үлесті салмақтың ауытқуы 10 – 12 (1012-1025) аралығында Ауытқу 10-нан төмен – изостенурия
Әр порциядағы үлесті салмақтың төмен және порция арасындағы ауытқу 10 – нан төмен болу гипоизостенурия деп аталады
Стандарт: Нечипоренко тәсілімен зәр жинау
Мақсаты: несептің 1 мл-дегі лейкоциттер , эритроциттер, цилиндрлер санын анықтау
Зерттеледі бір сындырғандағы несептің ортаңғы бөлігі
Жинау уақыты – кез келген уақыт
Құрал-жабдық: көлемі 100-200 мл таза шыны банка, клиникалық зертханаға жолдама
Зерттелушіге процедураның мақсаты мен өткізу жолын мұқият түсіндіру
Қажетті заттарды дайындау
Клиникалық зертханаға жолдама жазу
Қолды жуып, құрғату, резеңке қолғап кию
Несеп жинау алдында астын жуу
Зәрдің алғашқы порциясын «1», «2» деп санап унитазға (горшокқа) сындыру
Зәр шығаруды тоқтатып, банканы тосып, зәрді 5-10 мл мөлшерде банкаға сындыру
Зәр шығаруды тоқтатып, банканы қойып, қалған бөлігін унитазға шығару
Жиналған несепті тез арада клиникалық зертханаға жіберу
Қолды жуып, құрғату
Стандарт: Ұлтабарды (дуоденальды) зондтау техникасы
Қажетті-құрал-жабдықтар: залалсыздалдырылған ұлтабар зонды, жұмсақ жастықша, жылытқыш, 20 мл шприц, пробиркалар салынған штатив, банка, 20-60мл. 600С температураға дейін жылытылған 33% магний сульфат ерітіндісі (немесе қолданылатын басқа ерiтiндiлердiң бiреуін: 2% натрий гидрокарбонаты, 40% глюкоза т.б.).
Зерттелушiге зерттеудiң алдында 3 күн майлы, қышқыл, ащы тамақ жеуге болмайтынын, зерттеудiң қарсаңында жеңiл кешкi тамақ қабылдау керектiгiн (ақ нан және 1 стакан жылы тәттi шай) түсiндiр. Кешкi тамақтан кейiн 8 тамшы 0,1% атропин ерiтiндiсiн бер.
Қолыңды сабындап жу, сырқатты орындыққа отырғыз.
Залалсыздандырылған зондты алып, төменгi күрек тiстерден кiндiкке дейiн өлшеп, 1-шi белгi, және одан 15 см қашықтықта 2-шi белгi қой.
Оң қолмен зондтың сопақша жағын (олива жағын) қалам ұшты ұстағандай алып, сол қолмен оның бос жағын ұста
Сырқаттың оң жағына тұрып, аузын ашуын сұра, оливаны ылғалдап, тiлiнiң түбiне салып, мұрнымен терең дем алуын, сонымен қатар жұтынуын сұра, осы кезде зондты еппен итерiп, 1-шi белгiге дейiн енгiз:
Сырқаттың зонд 2-шi белгiге дейiн енгенге дейiн жүруiн сұра.
Оны кушеткаға оң жақ қырына жатқыз, оң жақ қабырға астына жылытқыш, жамбас сүйек астына жұмсақ жастықшаны сал.
Зондтың бос ұшын банкаға сал (шырышы бар бұлдыр асқазан сөлi бөлiнедi).
30-60 минуттан кейiн зондты 1-шi пробиркаға сал – ақшыл-сары түстi сұйықтық бөлiнедi - ұлтабардағы өт –– «А» порциясы.
«В» порциясын алу үшiн зондқа 40-60мл жылы 33% магний сульфат ерiтiндiсiн (немесе басқа ерiтiндiнi) енгiзiп, 8-10минут зондты қысқышпен қысып қой.
Зондты келесi пробиркаға ауыстырып, қысқышты аш – қою сары түстi сұйықтық бөлiнедi - өт қабығындағы өт - «В» порциясы.
Зондты келесi пробиркаға ауыстыр, ақшыл-сары түстi сұйықтық бөлiнедi - бауырдағы өт –– «С» порциясы.
Зондты еппен шығарып ал.
Пробиркаларды А, В, С деп белгiлеп, жолдама жазып, лабораторияға жiбер.
ЕСКЕРТУ: 1. Процедурадан кейiн сырқатты тамақтандыру.
2. Қан бөлiнсе немесе сырқат көгерсе зондтауды тоқтату керек.
Стандарт: Жаңа туған балаға жасанды дем алдыру әдісі
Көрсетілімдері: тыныс алудың кенеттен сирек болуы немесе тоқтап қалуы
Нәресте үшін дем алғанда 3 шартты орындайды:
Ауаны ауыз бен мұрынға бір мезгілде үрлейді
Жаңа туған және емізулі баланың мойыны қысқалау, жуандау және нәзіктеу болады – басын шалқайтқанда абайлау керек
Көмек көрсетуші нәрестенің тыныс жолдарына демін түгел шығармайды, өйткені, альвеолалар жыртылып кетуі мүмкін
Өткізу әдісі
Баланы тегіс, қатты жерге шалқасынан жатқызып
Басын еппен шалқайтып, иегін сәл көтеру
Ауыз қуысын қарап шырыштан, бөгде заттардан босату немесе сорғызып алу
Ауызы мен мұрынның үстіне салфетка салу
Терең дем алып, еріндерімен баланың ауызы мен мұрнын тығыз қамту
Баланың тыныс жолдарына ауаны баланың кеудесі сәл көтерілуіне жететін мөлшерде ғана үрлеу
Ескерту! Бала жас болған сайын өкпеге үрлейтін ауаның мөлшері де аз болуы керек
Үзіліс жасап, баланың кеудесінің басылғанын күту
Өзіндік дем алуы пайда болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлік дақтары пайда болғанға дейін 6-8-ші пунктіндегі шараларды қайталау
Нәрестеге қолдан дем алдыру минутына 30 рет
Стандарт: Жаңа туған баланың жүрегіне тікелей емес массаж жасау
Көрсетілімдері: жүрек соғуы кенеттен тоқтап қалу, сирек соғу – жаңа туған нәрестелерде минутына 80-нен төмен болу
Баланы қатты, тегіс жерге шалқасынан жатқызу
Келесі әдістерді қолдануға болады:
а) бір колдың 2-ші және 3-ші саусақтардың соңғы фалангасының алақан жағын төс сүйегінің төменгі 1/3 бөлігіне (бірақ семсер тәрізді өсіндінің үстіне емес) орналастырып белгілі бір күшпен, ырғақпен басу
б) нәрестенің кеудесін 2 алақанмен қамтып, 2 қолдың үлкен саусақтарын төс сүйегінің төменгі 1/3 бөлігіне қойып белгілі бір күшпен, ырғақпен басу
Төс сүйектің үстінен басқанда төс сүйегі жотаға қарай жаңа туған нәрестеде 1-1,5 см, емізулі балада 1-2,5 см, 1 жастан кейінгі балада 3-3,5 см жылжуы тиіс
Кеудеге түсетін қысымды азайтып, оның қалпына келуін күту
Жүрекке тікелей емес массаж бен жасанды дем алдыру қоса жүргізілгенде – үрлеу мен кеудені басу ара қатынасы 1:3
Реанимациялық шараларды өткізгеннен 1 минуттан соң жүрек функциясын тексеру (жүрек соғуын, пульсін, тыныс алуын)
Реанимациялық шараларды жүрек соғуы және өзіндік дем алуы пайда болғанша, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлік дақтары пайда болғанға дейін жүргізу
Минутына кеудеге түсетін қысым жиілігі нәрестелер үшін 90-нан кем болмауы тиіс
Стандарт: Жедел тыныс жетіспеушілігінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Негізгі белгілері: ентігу, тахикардия, цианоз, тыныс алудың қосымша еттердің көмегімен болуы – тынысты ішке алғанда мұрын қанаттарының желбіреуі, қабырғааралықтардың, бұғана үсті мен астының, мойындықтардың ішке қарай тартылуы.
Дәрежелері:
1 дәреже – ентігу, ауыз айналасының көгеруі, тахикардия балаға салмақ түскенде ғана (жылау, ему, жөргектеу, т.б.). Бала тыныш жатқан кезде аталған белгілер байқалмайды
2 дәреже – ентігу, ауыз айналасының көгеріі, тахикардия бала тыныш жатқанда да байқалып, салмақ түскенде күшейеді. Тыныс алғанда мұрын қанаттары желбірейді, қабырғааралықтары ішке қарай тартылады. Еріндерінің көгеруі, акроцианоз байқалады
3 дәреже – қатты ентігу 1 минуттағы тыныс жиілігі 80-100 –ге дейін жетеді, тыныс алу үстірт, ретсіз, Чейн-Стокс, Куссмауль, Биот тынысы байқалады.Тыныс алу қосымша еттердің көмегімен, тахикардия, тері мен шырышты қабаттар көгілдір – жайылмалы цианоз. Гипоксиялық энцефалопатия димады: естен айырылу, тырысу
Көмек көрсету
Тыныш жағдай ұйымдастыру, баланы жұбату
Қысып тұрған киімдерінен босату
Таза ауамен қамтамасыз ету
Баланың басын шалқайтып, кеуде жағын көтеріңкі етіп жатқызу
Жоғарғы тыныс жолдарынан шырыш пен қақырықты сорғызып алу
Ылғалдатылған оттегін беру. Өкпенің ісігі дамыса көбік басқыштармен оттегі терапиясын жүргізу - 50% спирт ерітіндісімен немесе антифомсиланмен (Бобров аппаратындағы дистилденген сумен араластыру). Қақырық қою болса, оттегі терапиясын 2% ас содасымен өткізу
Кеуде қаңқасына вибрация жасау
Көрсетілімдер бойынша тиісті дәрілер қолдану:
а) бронхоспазмалитик – 2,4% эуфиллин көк тамырға, 5% эфедрин тері астына, 0,05% алупент бұлшық етке
б) тыныс алуы сирек болса немесе әлсін-әлсін тоқтаса тыныс аналептиктері – 1,5% этимизол- 0,1-0,5 мл немесе кордиамин 0,1-0,2 мл, немесе 10% кофеин натрий бензоат
в) жүрек гликозидтері баяу көк тамырға 0,6 % коргликон немесе 0,05% строфантин
Стандарт: Тырысу синдромында көмек көрсету
Құрысып-тырысу – бұлшық еттердің клоникалық немесе клонико-тоникалық кенеттен еріксіз жиырылуы, ес жоғалумен немесе жоғалусыз өтуі мүмкін
Себептері: дене температурасының жоғары болуы – фебрильдік құрысулар, ауыр интоксикация, гипогликемия, гипокальциемия, кетоацидоз, ОЖЖ- ның аурулары, жарақаттануы, бас миының ісінуі, дәрілермен т.б заттармен улану, т.б.
Тырысу фазалары
1 фаза - тоникалық 2 фаза - клоникалық
Сыртқы ортамен байланысты үзу Бет бұлшық еттері жыбырлап,тартылып, кейін аяқ-қолдарына беріледі
Көз қарасы өзгереді, көз алмасы жоғары және сыртқа қарай ығысады Тері қабаттарының бозаруы
Басын артқа қарай шалқайту Алақанмен білектің ішке қарай бүгілуі, аяқтарының сіресуі Көмек көрсету:
Сабырлы жағдай ұйымдастыру
Баланы дұрыс қалпына тегіс қатты жерге жатқызу – жарақаттанудан сақтау
Баланың басын бір жағына бұру
Қысып тұрған киімдерін босату
Ауызынан, тыныс жолдарынан шырышты сорғызу
Таза ауамен қамтамасыз ету
Тілін тістеп алмау үшін азу тістерінің арасына мақта мен бинт оралған шпатель қою
Тілін тілұстағышпен немесе салфеткамен ұстап шығару
Тырысуға қарсы дәрілердің біреуін енгізу: диазепам немесе брузепам 0,5 мг/кг тік ішекке 2 айға дейін, немесе көк тамыр ішіне 0,2-0,3 мг/кг 1 рет; Тырысудың себептерін анықтау – фебрильдік тырысу болса гипертермияға қарсы шаралар колдану
Тез арада ауруханаға жеткізу, құрысу – госпитализацияға абсолюттік көрсетілім
Стандарт: Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу техникасы
Мақсаты: нәжісті макро-, микроскопиялық зерттеу, тоқ ішекпен ащы ішектің жұмысының бұзылуын анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, таза құрғақ банка, таза ағаш шпатель, горшок (таза, ыстық қайнаған сумен шайылған)
Міндетті шарттар: нәжісті алынған бойда, жылы күйінде лабораторияға жеткізілуі керек (1 сағ ішінде)
Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Жолдаманы жазып, толтыру
Қолды жуып, құрғату
Резеңке қолғап кию
Зерттеу алдында ыстық қайнаған сумен шайылған горшокқа нәжісті жинау
Ағаш шпательмен бөлінген нәжістің әр жерінен (1 жасқа дейінгі баладан – 15-20 г, ересек балалардан – 100-200 г алу) алып таза шөлмек банкаға салу
Шпательді дезерітіндіге салу
Жолдаманы банкаға жабыстырып лабораторияға жіберу
1 сағат ішінде материалды жіберу қажет
Горшокты дезерітіндіге салып, ағын сумен шайып, құрғату
Резеңке қолғапты шешіп, дезерітіндіге салу
Қолды жуып, құрғату
Стандарт: Бактериологиялық егіске нәжіс жинау техникасы
Мақсаты: бактериологиялық зерттеу өткізіп, қоздырғышты анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, маска, залалсыздандырылған консервант құйылған және бір шетінде залалсыздандырылған мақта тампоны оралған сым ілмегі (Циман ілмегі) бар пробирка, пробиркаларға арналған штатив, клеенка, жолдама
Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Жолдаманы жазып, толтыру
Қолды жуып, құрғату
Резеңке қолғап кию
Қажетті құралдарды үстелдің оң жағына қойып, пробиркаға консервант құю
Жөргек үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеп баланы бір қырына тізесін жартылай бүгіп жатқызу
Оң қолмен мақта тампоны оралған сым ілмекті тығыннан ұстап алып
Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен баланың құйрығын ашу
Мақта тампоны оралған ілмекті ерте жастағы баланың тік ішегіне 3-4 см, ересек баланың тік ішегіне 9-10 см тереңдікке айналмалы қозғалыспен еппен кіргізіп шығару
Тампонды консерванты бар пробиркаға жиегі мен қабырғасына тигізбей салу
Қолғапты шешпей тұрып, қолды жуып, антисептик ерітіндісімен сүрту
Маска мен қолғапты шешу
Жиналған нәжісті алғаннан кейін 2 сағаттан, тоңазытқышта сақталса 12 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жіберу
Қолды жуып, құрғату
Стандарт: Ерте жастағы балаларға тазартқыш клизма қою техникасы
Мақсаты: қатқан нәжісті шығару, газдарды шығару
Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, алжапқыш, 20-220 С су, ұшы жұмсақ резеңке баллоны, вазелин майы, клеенка, жөргек, лоток, горшок
Қажет заттарды дайындап, балаға немесе анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Жөргек үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеу
Қолды жуып, құрғату
Резеңке қолғапты, алжапқышты кию
Резеңке баллонды оң қолға ұстап, ішіндегі ауаны шығарып, баланың жасына сай суға толтырылады:
жаңа туған бала – 25-30 мл
1 жасқа дейінгі бала – 50-100 мл
1-3 жас – 150-250 мл
Судың температурасы – 20-220 С
Баллонның ұшына вазелин майын жағу (құю тәсілімен)
Баланы бір қырына тізесін жартылай бүгіп жатқызу (6 айға дейінгі баланы шалқасынан екі аяғын жоғары қаратып жатқызады)
Сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен баланың құйрықтарының арасын ашу
Баллонның ұшын жоғары қаратып, астынан оң қолдың үлкен саусағымен басып, ішінен ауаны шығару
Баллонның ұшын анальды тесікке енгізіп, тік ішекке кіндікке қарай бағыттап енгізу
Баллонды қысылған күйінде тік ішектен шығару (оны лотокқа салу)
Баланың құйрықтарын 3-5 мин қысып тұру
Баланы (нәжістің шығуына дейін) шалқасынан жатқызып, шат аралығын жөргекпен орау немесе горшокқа отырғызу
Баланың шат аралығын жуып, терісін құрғатып майлау, киіндіру
Алжапқышты, қолғапты шешіп дезерітіндіге салу
Қолды жуып құрғату
Стандарт: Анафилактикалық шок кезінде жедел көмек
Анафилактикалық шок – бұл аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан кейін жедел түрде дамитын аллергиялық реакция.
Антиген-антитело аллергиялық реакция өту нәтижесінде клеткалардан биологиялық белсенді заттардың (әсіресе гистамин) шығуы – анафилактикалық шок негізінде жатады. Бөлініп шыққан токсикалық биологиялық белсенді заттар келесі өзгерістерге әкеледі:
қан тамыр мембарнасының өткізгіштігін күшейтеді (нәтижеде шоктың клиникалық көрінісі дамиды)
қан қысымы төмендейді, оның нәтижесінде есінен тану, тахикардия, терінің бозаруы, пульстің әлсіз болуы
бронхоспазм (сондықтан тыныс алудың қиындауы), тыныс жетіспеушілігі симптомдары өршиді (ентігу, цианоз)
Аллергеннің енгізуін тоқтату
Ауруды жатқызу:
қатты тегіс жерге
аяқ жағын жоғары қаратып
басын бір қырына қаратып
Аллергенді енгізген орынға суық басу, егер мүмкіндік болса сол жерден жоғары жгут қою
Қысып тұрған киімдерді шешу
Таза ауамен қамтамасыз ету
Көк тамырға немесе бұлшық етке келесі дәрілерді енгізу үшін дәрілік препараттарды дайындау: преднизолон, адреналин, димедрол, эуфиллин, кальция глюконат
Оттегін беру
Стандарт: Коллапс кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Коллапс – артериялық қысымның төмендеуімен сипатталатын қан тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі.
Себептері: көп мөлшерде қан жоғалту, шок, улану т.б.
Белгілері: тері мен шырыш қабықтары боз, еріндері көкшіл, тілі құрғақ, аяқ-қолдары суық, көкшіл, дене t-сы төмен, суық тер басқан, тынысы жиі, пульсі жиі, АҚ төмен
Алғашқы көмек:
Баланы тегіс жерге басын төмен, аяғын көтеріңкі етіп жатқызу
Қысып тұрған киімдерін босатып, түймелерін ағыту
Таза ауамен қамтамасыз ету
Ылғалдатылған оттегін беру
Баланы жылыту
Қан тамырларын тарылтатын дәрілерді енгізуге дайындау: мезатон немесе норадреналин 0,1 мл/жасына, преднизолон 2 мг/кг немесе гидрокортизон 10-15 мг/кг, допамин.
Қан сұйықтығының мөлшерін толтыру және АҚ көтеру мақсатымен қан жоғалтқанда қан, плазма, плазма алмастырғыш құю (қан қысымының бақылауында!)
Стандарт: Метеоризм кезінде көмек көрсету
Метеоризм – ішекте газ жиналуына байланысты іштің кебуі
Ішек перистальтикасын қамтамасыз ету үшін баланы шалқасынан жатқызып, денесінің төменгі жағын босату
Таза ауамен қамтамасыз ету – жақсы жағдай ұйымдастыру
Ішек перистальтикасын қалыпқа келтіру үшін ішіне сағат тілі бағытымен массаж жасау
Жоғарыда аталған шаралардан әсер болмаса ішектен жиналған газды шығару үшін газ шығарғыш түтікше қояды
Нәтиже болмаса келесі препараттарды қолдануға болады (әрбір келесі препараттарды алдыңғы препараттардың әсері болмаған жағдайда қолдану): per os карболен (активированный уголь) немесе бұлшық ет ішіне церукал - 1 мг/кг (1 мл=5 мг) немесе прозерин 0,1 мл/жасына – ішек перистальтикасын қалыпқа келтіреді
Тамақ рационынан газ бөлетін тағамдарды алып тастау: сүт, газдалған сусындар, көкөніс, бұршақтар, қара нан және т.б., өйткені бұл тағамдар метеоризмді күшейтеді
Стандарт: Газ шығарғыш түтікше қою әдісі
Мақсаты: ішекте жиналған газдарды шығару
Көрсетілімдері: метеоризм
Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішектен қан кету, тік ішектің , тоқ ішекте қабыну немесе жаралы процесстер
Жалпы мәліметтер: газ шығару жиі жаңа туған және 1 жасқа дейінгі балаларда қолданылады. Ересек балаларда газ шығарғыш түтікшеметеоризммен сипатталатын ауруларды қолданылады. Процедураны өткізу алдында тазартқыш клизма қойылады. Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балаларда ұзындығы 15-30 см газ шығарғыш түтікше қолданылады, мектеп жаындағыларда ұзындығы – 30-50 см. Тік ішекке енгізіп сигма тәрізді ішекке дейін жетуі тиіс: емшек жасындағы балаларда енгізу тереңдігі - 7-8 см, 1 - 3 жас – 8-10 см, 3 - 7 жас – 10-15 см, мектеп жасындағы балаларда – 20 см. Түтікшені қою ұзақтығы - 30-60 мин. 3-4 сағаттан кейін процедураны қайталауға болады.
Қажетті құрал-жабдықтар:
- газ шығарғыш түтікше, вазелин майы, су құйылған лоток, қолданған заттарға арналған лоток, жөргектер, клеенка, резеңке қолғап, алжапқыш, дезерітінді.
Қажет заттарды дайындап, балаға немесе анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Жөргек үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеу
Қолды жуып, құрғату
Резеңке қолғапты, алжапқышты кию
Газ шығарғыш түтікшені алу, енгізу тереңдігін белгілеу және сол жерге белгі қою
Баланың киімдерін шешіп (белінен төмен), үстелдің үстіне жатқызу (ерте жастағы балаларды шалқасынан, 6 айдан асқан балаларды бір жақ қырынан), көмекші екі аяғын жоғары қаратып ұстап тұрады
Түтікшені вазелин майымен майлау (вазелин майын түтікшеге құю тәсілімен)
Сол қолдың 1-ші және 2-ші саусағымен құйрығын ашып, оң қолмен газ шығарғыш түтікшені ұстап айналмалы қозғалыспен тік ішекке белгіге дейін енгізу (түтікшенің ұшын кіндікке қарай , кейін құйымшаққа паралель енгізеді)
Газдың шығуын тексеру.Ол үшін түтікшенің екінші жағын су құйылған лотокқа салу, газ шығып жатқан жағдайда суда көпіршіктер пайда болады. Егер газ шықпай жатса, онда түікшені алдына немесе артына қарай қозғап орнын өзгерту
Түтікшенің екінші жағын бірнеше рет бүктелген жөргекке орау
Ішіне сағат тілі бағытына қарай массаж жасау
Бала тоңып қалмау үшін жөргекпен жауып қою
30-60 мин соң газ шығарғыш түтікшені алу
Баланы жуып, құрғатып, перианальдық аймаққа вазелин майын жағып, киіндіру
Қолданған заттарды жинап дезерітіндіге салу
Резеңке қолғапты шешіп дезерітіндіге салып, қолды жуып, құрғату
Стандарт: Асқазанды зондтау әдісі
Мақсаты: асқазанның секреторлық функциясын зерттеу
Көрсетілімдері: созылмалы гастрит (қалыпты, жоғары, төмен секреция)
Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдары ауруларының рецидив кезеңінде
Қажет құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, резеңке алжапқыш, штатив, нөмірленген (0-9) пробиркалар (10), стерильденген жіңішке асқазан зонды, капуста қайнатпасы 39-400 С дейін жылытылған (0,5 кг капустаны 0,5 л суда 30 мин қайнатып 30мин тұндырып беріледі), сүлгі, лоток, қайнаған су, стерильденген шприц, қысқыш, сағат, ручка, жолдама
Міндетті шарттар: бөлме t-сы 22-240С, зерттеу аш қарынға жүргізіледі, тісін жумайды, зерттеуден 12 сағ бұрын дәрі-дәрмектерді қабылдау тоқтылады, капуста қайнатпасын кешкісін дайындап қою керек
Қолды сабындап жуу
Резеңке алжапқышты, қолғапты кию
Баламен қарым-қатынас орнату, анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Баланы отырғызу
Құлақ сырғалығынан алдыңғы күрек тістеріне дейінгі аралықты, одан семсер тәрізді өсіндіге дейін өлшеп, белгі қою
Зондтың «соқыр» бөлігін қайнаған сумен сулау (құю тәсілімен)
Баланың ауызын ашуын сұрап, зондтың бір ұшын («соқыр» бөлігі) оң қолмен тілдің ортаңғы сызығынан ішке қарай белгіге дейін енгізу, зондтың 2-ші жағын сол қолдың 4-ші-5-ші саусағымен қысып тұру
Оң қолдың сұқ саусағымен тістің артына қарай енгізіп, балаға тістеп тұруын сұраймыз (процедура аяқталғанша)
Баланы етбетінен жатқызып, басының астына сүлгі қойылады (түкірік сүлгіге жиналу керек)
Зондтың 2-ші шетін пробиркаға салып, асқазандағы қалған қалдықтарды жинау (егер қажет болса қосымша пробирка алынады)
Асқазанның қалдықтары жиналып біткеннен кейін зондқа қысқыш қойылады – 15 мин
1 сағат бойы шприцпен 4 порция 4 пробиркаға алынады: 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші пробиркаларға әр 15 мин сайын (әр пробиркаға ауыстырғанда зондты қысқышпен қысып қояды)
Капуста қайнатпасын зонд арқылы енгізу n х10 мөлшерде (n- баланың жасы)
Зондқа қысқыш қою 15 мин
Зондтың 2-ші жағын 5-ші пробиркаға салып, қысқышты алып енгізілген капуста қайнатпысның қалдықтарын жинау
Біткеннен кейін қысқышты зондқа қою 15 мин
1 сағат бойы 4 порция пробиркаларға тағы жиналады: 6-шы, 7-ші, 8-ші, 9-шы пробиркаларға әр 15 мин сайын (әр пробиркаға ауыстырғанда зондты қысқышпен қысып қояды)
Сүлгі арқылы зондты асқазаннан шығару
Қолданаған заттарды дезерітіндіге салу
Қолғапты шешіп, қолды жуып құрғату
Клиникалық лабораторияға жолдама жазу
Зерттеу материалдарын лабораторияға жіберу (мұздатқышта 2 сағатқа дейін сақтауға болады)
Құсқанда жедел көмек:
баланың басын көтеріңкі етіп бір қырына қаратып жатқызу (құсықпен аспирацияның алдын алу)
қысып тұрған киімдерін ағыту (тыныс алуы жақсарады, қимыл-қозғалысына ыңғайлы)
таза ауамен қамтамасыз ету (жағымсыз иістерді болдырмау)
төсектің бас жағына тазик қою
Дәрігердің тағайындауымен ғана асқазанды жуу! (кейбір жағдайларда құсу кезінде асқазанды жууға болмайды)
Келесі дәрі-дәрмектерді дайындау:
новокаин ерітіндісін (перифериялық құсу орталығының қозуын азайтады)
церукал (перистальтиканы қалыптастырады)
қайнатылған сумен ауыз қуысын шаю (құсқаннан кейін)
қажет жағдайда құсықты лабораторияға жолдама жазып жібереді
Стандарт: Оральды регидратация өткізу техникасы
Мақсаты: эксикозды жою және қайталап дамуына жол бермеу.
Құрал-жабдықтар:
-глюкоза-тұз ерiтiндiлерi (регидрон, глюкосалан, цитроглюкосалан және т.б.);
-температурасы бөлме температурасындай 1 литр қайнаған су;
-мөлшерленген стакан;
-шыны, шай қасық;
-қағаз, жоғалған сұйықтықты тiркеуге арналған қалам.
Мiндеттi түрде орындалатын шарттар:
оральды регидратацияны эксикоздың 1-2 дәрежелерiнде ғана өткiзу;
2 кезеңмен өткiзу:
1-шi кезең – бiрiншi реттеггi регидратация. Мақсаты – баладағы жоғалған сұйықтықты толтыру;
2-шi кезең – сүйемелдеуші регидратация. Мақсаты – экзикоздың қайталап дамуына жол бермеу;
глюкоза-тұз ерiтiндiлерiн ерiткеннен кейiн дайын ерiтiндiнi қайнатпау, 1 тәулiктен асырмай сақтау.
1. Анасына/балаға процедураның мақсаты мен өткiзу жолын түсiндiрiп, келiсiм алу
2. Қажет құрал-жабдықтарды дайындау
3. Анасын/баланы жоғалған сұйықтықты есептеуге және тiркеуге үйрету
4. Оральды регидратация өткiзуге қажет глюкоза-тұз ерiтiндiсiнiң мөлшерiн есептеу
5. Құрғақ препараттың қажет мөлшерiн анықтау. Құрғақ препаратты қайнаған судың тиiстi мөлшерiнде ерiту
6.Мөлшерленген стаканмен дайын ерiтiндiнiң алдындағы есептелген мөлшерiн өлшеу
7. Өлшенген мөлшердi дайындалған ыдысқа құю. Анасына/балаға iшкiзу үшiн беру
8. Эксикоздың дәрежесiне байланысты ерiтiндiнi 4 немесе 6 сағат бойы iшкiзiп тұру:
- 2 жасқа дейiнгi балаларға 1шай қасықтан 2-5 минут сайын, әрбiр сұйық нәжiсiнен кейiн 50-100 мл;
- ересек балаларға шыныдан 5-7 минут сайын, әрбiр сұйық нәжiсiнен кейiн 2-10 жас аралығындағы балаларға 100-200 мл,
-10 жастан кейiнгi балаларға – қалауы бойынша
9. Жоғалып жатқан сұйықтықтың мөлшерiн есептеу және тiркеу
11. 4 (немесе 6) сағаттан кейiн баладағы эксикоз белгiлерiн тексеру (үлкен еңбегiн, терiсiн, шырышты қабықтарын және т.б.)
12. Жағдайдың 3 варианты болуы мүмкiн:
а) эксикоз күшейдi – вена iшiне ерiтiндi енгiзуге көшу;
б) эксикоз азайды, бiрақ әлi бар – 1-шi кезеңдi қайталау;
в) эксикоз жоқ – сүйемелдеушi регидратация-ға көшу, яғни алдынғы 4 (немесе 6) iшiнде сұйықтықты қандай мөлшерде жоғалтса, сондай мөлшерде ерiтiндiнi келесi әрбiр 4 (немесе 6) сағат бойы энтеральдi енгiзу (жоғалған сұйқтықтың мөлшерiн тiркеу парағын қара) + жоғалып жатқан сұйықтықтың мөлшерiн тiркеу
13. Сүйемелдеушi регидратацияны iш өтуi және құсуы басылғанша өткiзу
Е С 75
Е - ОРТ-ның қажет мөлшерi, С - баланың салмағы, 75 – коэффициент
ЕГЕР БАЛАНЫҢ САЛМАҒЫ БЕЛГIЛI БОЛМАСА, КЕЛЕСI КЕСТЕНI ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ
Баланың жасы4 айға дейiн4-11
ай12-23
ай2-4
жас5-14
жас15 жас және одан ересекДене салмағы5кг-нан төмен5-7,9
кг 8-10,9
кг 11-15,9
кг 16-29,9
кг 30 кг және одан көпОРТ (мл)
200-400 400-600 600-800 800-1200 1200-2200 2200-4000
Стандарт: Тырысу синдромында көмек көрсету
Құрысып-тырысу – бұлшық еттердің клоникалық немесе клонико-тоникалық кенеттен еріксіз жиырылуы, ес жоғалумен немесе жоғалусыз өтуі мүмкін
Себептері: дене температурасының жоғары болуы – фебрильдік құрысулар, ауыр интоксикация, гипогликемия, гипокальциемия, кетоацидоз, ОЖЖ- ның аурулары, жарақаттануы, бас миының ісінуі, дәрілермен т.б заттармен улану, т.б.
Тырысу фазалары
1 фаза - тоникалық 2 фаза - клоникалық
Сыртқы ортамен байланысты үзу Бет бұлшық еттері жыбырлап,тартылып, кейін аяқ-қолдарына беріледі
Көз қарасы өзгереді, көз алмасы жоғары және сыртқа қарай ығысады Тері қабаттарының бозаруы
Басын артқа қарай шалқайту Алақанмен білектің ішке қарай бүгілуі, аяқтарының сіресуі Көмек көрсету:
Сабырлы жағдай ұйымдастыру
Баланы дұрыс қалпына тегіс қатты жерге жатқызу – жарақаттанудан сақтау
Баланың басын бір жағына бұру
Қысып тұрған киімдерін босату
Ауызынан, тыныс жолдарынан шырышты сорғызу
Таза ауамен қамтамасыз ету
Тілін тістеп алмау үшін азу тістерінің арасына мақта мен бинт оралған шпатель қою
Тілін тілұстағышпен немесе салфеткамен ұстап шығару
Тырысуға қарсы дәрілердің біреуін енгізу: диазепам (синонимдері: реланиум, седуксен)0,5 мг/кг тік ішекке немесе бұлшық етке 2 айға дейін, немесе көк тамыр ішіне 0,2-0,3 мг/кг 1 рет, нәтиже болмаса 10 мин кейін қайталау, максималды дозасы 10 мг (салмағы 20 кг болса); аминазин 2,5%-0,1 мл/жасына, дроперидол 0,1 мл/жасына; 25% магний сульфатын 0,2 мл/кг, ГОМК 50-100 мг/кг
Тырысудың себептерін анықтау – фебрильдік тырысу болса гипертермияға қарсы шаралар колдану
Тез арада ауруханаға жеткізу, құрысу – госпитализацияға абсолюттік көрсетілім
Стандарт: Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу техникасы
Мақсаты: нәжісті макро-, микроскопиялық зерттеу, тоқ ішекпен ащы ішектің жұмысының бұзылуын анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, таза құрғақ банка, таза ағаш шпатель, горшок (таза, ыстық қайнаған сумен шайылған)
Міндетті шарттар: нәжісті алынған бойда, жылы күйінде лабораторияға жеткізілуі керек (1 сағ ішінде)
Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Жолдаманы жазып, толтыру
Қолды жуып, құрғату
Резеңке қолғап кию
Зерттеу алдында ыстық қайнаған сумен шайылған горшокқа нәжісті жинау
Ағаш шпательмен бөлінген нәжістің әр жерінен (1 жасқа дейінгі баладан – 15-20 г, ересек балалардан – 100-200 г алу) алып таза шөлмек банкаға салу
Шпательді дезерітіндіге салу
Жолдаманы банкаға жабыстырып лабораторияға жіберу
1 сағат ішінде материалды жіберу қажет
Горшокты дезерітіндіге салып, ағын сумен шайып, құрғату
Резеңке қолғапты шешіп, дезерітіндіге салу
Қолды жуып, құрғату
Стандарт: Бактериологиялық егіске нәжіс жинау техникасы
Мақсаты: бактериологиялық зерттеу өткізіп, қоздырғышты анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: резеңке қолғап, маска, залалсыздандырылған консервант құйылған және бір шетінде залалсыздандырылған мақта тампоны оралған сым ілмегі (Циман ілмегі) бар пробирка, пробиркаларға арналған штатив, клеенка, жолдама
Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру
Жолдаманы жазып, толтыру
Қолды жуып, құрғату
Резеңке қолғап кию
Қажетті құралдарды үстелдің оң жағына қойып, пробиркаға консервант құю
Жөргек үстеліне клеенка, оның үстіне жөргек төсеп баланы бір қырына тізесін жартылай бүгіп жатқызу
Оң қолмен мақта тампоны оралған сым ілмекті тығыннан ұстап алып
Сол қолдың үлкен және сұқ саусағымен баланың құйрығын ашу
Мақта тампоны оралған ілмекті ерте жастағы баланың тік ішегіне 3-4 см, ересек баланың тік ішегіне 9-10 см тереңдікке айналмалы қозғалыспен еппен кіргізіп шығару
Тампонды консерванты бар пробиркаға жиегі мен қабырғасына тигізбей салу
Қолғапты шешпей тұрып, қолды жуып, антисептик ерітіндісімен сүрту
Маска мен қолғапты шешу
Жиналған нәжісті алғаннан кейін 2 сағаттан, тоңазытқышта сақталса 12 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жіберу
Қолды жуып, құрғату

Приложенные файлы

  • docx 26687396
    Размер файла: 74 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий