Силлабус ТМ 2013


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Туризм кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
«Туризм» кафедрасының меңгерушісі
Сыздықбаева Б.Ұ.
_______________________
________________2013 ж.

5В090200 - «Туризм» мамандығының(тарының) білім алушылары үшін
ТМ 3210 – «Туризм маркетингі»пәні бойынша
СИЛЛАБУС


Астана 2013
Силлабус
1 Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі: Ешенқұлова Гаухар Ильясқызы, экономика ғылымының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Экономика Факультеті «Туризм» кафедрасының доцент м.а.
Байланыс ақпараты: [email protected], «Туризм» кафедрасы
Оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы: Қазақстанның жер нарығы. Ауыл шаруашылығында жерді рационалды пайдаланудың экономикалық негізі. Қазақстан Республикасы Оңтүстік аймағында жерді пайдалану тиімділігі: теориясы, әдіснамасы және тәжірбиесі.
2 Пәннің коды, атауы және кредит саны
Жұмыс оқу жоспарына сәйкес пәннің аты: Туризм маркетингі
Жұмыс оқу жоспарынан оқу пәнінің коды: ТМ 3210
Пән бойынша кредит саны: 3
3 Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны
Пәнді өткізу уақыты мен орны сабақ кестесі бойынша IV семестрде.
4 Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
«Туризм маркетингі» пәннің оқытылуына бастау болатын пәндер тізімі – «Экономикалық теория», «Кәсіпорын экономикасы», «Менеджмент теориясы және практикасы», «Маркетинг негіздері», «Қаржы» және «Бухгалтерлік есеп».
«Туризм маркетингі» пәннің меңгерілуін жеңілдететін жалпы білімі мен шеберліктері және одан кейін оқытылуға тиісті пәндер тізбесі: «Әлеуметтік-экономикалық статистика», «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті», «Баға қалыптастыру».
5 Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1 Оқу пәнінің аты: Туризм маркетингі
Туризм маркетингі курсы негізгі пәндер циклінің құрамдас бөлігі болып табылады және экономикалық мамандықтардың студенттеріне оқуға арналған. Туризм маркетингі – бұл жаңа кәсіпкерлік философия, яғни қазіргі заманғы қоғам мен өндірістің қоғамдық дамуына көзқарастар жүйесі, олардың негізінде іскерлік қатынастардың әлеуметтік-этикалық және моральдік нормалары, заңды коммерциялық қызметтің халықаралық кодекстері мен ережелері, тұтынушылар мен жалпы қоғамның мүдделері қаланған. Оқу-әдістемелік кешенде туризм маркетингінің қазіргі заманғы қағидалары берілген, туризм маркетингінің типтері мен түрлері қарастырылған, маркетингтік ақпараттық жүйе анық жазылған және т.б.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
«Туризм маркетингі» пәнінің оқу мақсаты:
- туризм маркетингінің категориялық-ұғымдық аппаратын оқып білу;
- студенттерді туризм маркетингінің құралдарымен және алынған білімді практикада қолдану тәсілдерімен ұғынықты, әйгілі және жеткілікті формада таныстыру;
- маркетингтік жұмыстың түрлері мен әдістерін игеру;
- маркетинг және практикада бәсекелестерден асып түсуді, нарықтың болашақтағы өзгерістерін алдын алуды, жарнаманы жақсартуды, тұтынушылармен жағымды қарым-қатынас бекітуді, сатуды көбейтуді қамтамасыз ететін басқарушылық шешімдерді қабылдауда оны практикада қолдану жайлы тереңінен білім алу
5.3 Пәнді оқыту міндеттері
Студенттерге сабаққа қатысты қажетті ақпарат беру үшін айтылған курс мынадай міндеттер қоюды: қазіргі заманғы маркетингтің практикалық тәсілдері мен негізгі қағидаларын түрлі салаларда (тауарлар мен қызметтерді өндіретін фирмаларда, тұтыну және индустриялық нарықтарда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда, ішкі және сыртқы нарықтарда қызмет ететін компанияларда, шағын және орта бизнесте) оқу мен қолдану және т.б.
5.4 Оқу пәнінің мазмұны
- туристік нарықты анықтауы мен сегменттеуі, мақсатты сегменттердің қажеттілігін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді жайғастыруы;
- туристік өнімді жағымды және қол жетерліктей ету үшін өндірілген тауарларға баға қалыптастыруы, тауарлар мен қызметтерді тұтынушыларға жеткізу үшін маркетингтік арнаны таңдауы мен басқаруы;
- тұтынушыларды туристік өнімді таныстыру үшін оларды жарнамалауы мен жылжытуы;
- курстың теориялық сұрақтарын, берілген лекциядан басқа, жоғары мектеп экономист-студенттеріне ұсынылған негізгі оқу құралдарын қолдана отырып игеруі;
- алынған білімді семинарлық сабақтардың көмегімен, ғылыми және публицистикалық кезеңдік баспа мен БАҚ–ты оқу арқылы бекітуі;
- алынған білімді бақылау жұмыстары, тесттер арқылы тексеруі;
- алынған білімді курс бойынша жазылған рефераттар (курстық жұмыстар) арқылы бекітуі мен тереңдетуі.
5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
Апта № Тақырыптың аты Оқуды ұйымдастыру формасы және сағат саны БӨЖ тапсырмалары
1 Туризм маркетингінің теориялық негіздері мен қағидалары Шолу дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ «Туризм маркетингі» тақырыбында жазылған 4-5 мақалаларды жинақтап, әрқайсысына аннотация жазыңыз
2 Туризм маркетингінің ортасы Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Нарықтағы туристік компанияның орны мен ролін SWOT талдау мен синтезді толтыру арқылы анықтау
3 Тұтыну нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлықтары Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Кәсіпорын миссиясының және оның негізгі құзіретінің сәйкестігін МКК (MCC)  матрицасы арқылы талдау
4 Маркетингтік зерттеулер мен ақпарат Мәселелік дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Котлер бойынша тауардың5деңгейі әдісін пайдаланып, туристік өнімдерді - негізгі құндылық, негізгі тауар, күтілетін тауар, жетілдірілген тауар, потенциалдық тауар – деп жіктеп, инновациялық турөнім ұсыныңыз
5 Туристік нарықты сегменттеу мен турөнімді жайғастыру Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Нарық тартымдылығы мен бизнес бәсекелестігін GE/McKinsey матрицасын қолданып талдау
6 Туризм маркетингі жүйесіндегі тауар Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ В. Чан Ким, Р. Моборн еңбектері бойынша бәсекелестік стратегияны сыныптап, қызыл және көгілдір теңіз стратегиясыың біреуін таңдап жаңа идея ұсыну
7 Туризм маркетингіндегі тауар саясаты Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Туристік өнімдеге ассортиментік талдау жасап, BCG матрицасын толтырыңыз
8 Туризм маркетингі жүйесіндегі баға саясаты Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Ansoff матрицасын пайдаланып ассортиментттік стратегияны талдаңыз
9 Маркетинг жүйесіндегі туристік өнімді тарату саясаты Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Бәсекелестікке тәуелді саланың ресурс сыйымдылығының тартымдылығын Shell  матрицасын қолданып талдау
10 Туризм маркетингіндегі коммуникациялық саясат Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Нарықтағы жағдай мен туристік саланың өмірлік циклін ADL  матрицасын пайдаланып талдау
11 Туризм маркетингі жүйесіндегі жарнама Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ AIDAмоделін қолданып туристік өнім жарнамаларының - слоган, бастапқы бөлім, ақпараттық блок, анкеталық мәлімет, жаңғырық фразасына жіктеп, бағалаңыз
12 Туризм маркетингін жоспарлау мен бақылау Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Бәсекелестік ортаны зерттеуде Портер моделін пайдаланып, аналитикалық жұмыс жазу
13 Туризм маркетингін стратегиялық жоспарлау Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Туристік нарықтағы мүмкін болатын бәсекелестік артықшылықтарды GAPталдау арқылы іздеп, қорытынды жасау
14 Халықаралық туризм маркетингі Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Жалпы туристік нарықты зерттеу мақсатында PEST талдауды қолданып, «Қазақстан туризмінің әлемдегі орны» тақырбына эссе жазыңыз
15 Қызмет көрсету мен туризм саласындағы маркетинг Дәріс - 2 сағ., прак.сабақ -1 сағ., СОӨЖ - 3 сағ., СӨЖ - 3 сағ Қоржынды талдау әдісі арқылықызмет көрсету нарығын талдап, ондағы туризмнің ролін айқындайтын қорытынды жұмыс жазыңыз
6 Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
6.1 Негізгі әдебиет
Котлер Ф. Армстронг Г. и др. Основы маркетинга. Пер. с англ. - 2-е европ. Изд. – М.; СПб.; К.: Издательский дом «Вильямс», 1998. – 1056с.
Хершген Х. Маркетинг: основы профессионального успеха: учебник для вузов. Пер. с немец. – М.: ИНФРА – М, 2000. – ХVIII, - 334 с.
Шаекина Ж.М., Нәбиев Е.Н., Базарова С.Қ. Маркетинг негіздері. Оқу құралы. – Астана: «Парасат Әлемі» , 2003. – 242 б.
Голубков Е.П. Маркетинговые исследования: теория, методология и практика. – М.: Издательство «Финпресс». 1998. – 416 с.
Маркетинг: Учебник. Под. ред. А.Н. Романова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995. – 560с.
Козырев А.А. Мотивация потребителей. – СПб. Изд-во Михайлова В.А., 2003. – 384 с.
Ильин В.В. Поведение потребителей. – I. Marketing. http:/www.marketing.spb.ru/read/m7/index.htm. (20 нояб. 2000).
Энджел Д. Блэкуэлл Р. Поведение потребителей. – СПб.: Питер Ком, 1999. – 768 с.
ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау»: туралы Заңы 5 маусым 1991 ж.
Штерн Льюис В., Эль-Ансари Адель И. и др. Маркетинговые каналы, 5-е изд.: Пер. с англ. – М.: Изд. дом. «Вильямс», 2002. – 624с.
Леви М., Вейтц Б.А. Основы розничной торговли / Пер. с англ. под ред. Ю.Н. Каптуревского. - СПб.: Изд-во «Питер», 1999. - 448с.
Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1998. - 168с.
Даненбург В., Монкриф Р. и др. Основы оптовой торговли. Практический курс. – СПб.: «Нева-Ладога-Онега», 1993. – 238с.
6.2 Қосымша әдебиет
Андреева О.Д. Технология бизнеса: маркетинг. Учебное пособие. – М.: ИНФРА М-Норма, 1997. – 224с.
Андреев С.Н., Мельниченко Л.Н. Основы некоммерческого маркетинга. – М.: Прогресс-Традиция, 2000. – 256с.
Дорошев В.Н. Введение в теорию маркетинга: Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М, 2000. – 285с.
Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках, таблицах: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2000. – 496с.
Каренов Р.С., Шаекина Ж.М. Рыночные методы хозяйствования в экономике Казахстана. – Алматы: Гылым, 1995. – 224с.
Котлер Ф. Маркетинг от А до Я. – СПб.: Издательский дом «Нева»; 2003. – 224 с.
Океанова З.К. Социально-этический маркетинг. – М.: 1997. – 384с.
О’Шонесси Дж. Конкурентный маркетинг: стратегический подход. – СПб.: Питер, 2002. – 864 с.
Березин И.С. Маркетинг и исследования рынков. – М.: Русская Деловая литература, 1999. – 416с.
Березин И. Маркетинг сегодня. – М.: Менеджер, 1996. – 128с.
Благоев В. Маркетинг в определениях и примерах. Пер. с болг. - СПб.: ДваТрИ, 1993. - 377с.
7 Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
7.1 Бақылау түрлері (ағымдық, кезеңдік) аралық аттестаттау
Оқу пәнін оқытуда бақылаудың келесі әдістері мен түрлерін қарастырады: ағымдық, аралық, қорытынды бақылауды, бақылау жұмыстары, аралық тестер, жеке және топтық презентациялар, зерттеу жұмыстары (реферат), қорытынды емтихандар.
7.2 Бақылау формалары
Ағымдық бақылау -20%
БӨЖ тексеру -20%
Рубеждік бақылау
Зерттеу жұмысы -10%
Тестілеу -10%
Аралық аттестация – 40%
8 Оқу пәнінің саясаты
Оқу пәнін оқытуда білім алушыларға қоятын нақты талаптар тізбесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша нормативтік құжаттар мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жарғысына сәйке, олар: білім алушы бекітілген сабақ кестесіне сай барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы тиіс, консультациялық сипаттағы аудиториядан тыс СӨЖО сабақтарға оқытушыға сұрақтары бар болса және өздік жұмыстар мен жіберген сабақтарының материалдарын тапсыру үшін ғана қатысуға болады, жекелеген жағдайда осындай сипаттағы сабақтарға қатысу оқытушының талап етілуімен міндеттеледі, аудиториядағы сабақ барысында әрбір білім алушы барлық үлгідегі өткізілген сабақтарға қатысып отыруы керек (ауызша жауап, жазбаша жұмыс, ой бөлісу, пікірталас, топтық жұмыс, жобаның орындалуы т.б.), жазбаша жұмыстарды бағалау критериялары - мазмұндаманың логикалығы, таңдап алған тақырыпқа сай болу, мазмұндаманың стилі, зерттеу бастамаларының сілтемесі, берілген тақырыптың мәнін ашу.
Кафедраның әдістемелік секциясының мәжілісінде қарастырылған.
«16» қаңтар 2013 ж., хаттама №6

Приложенные файлы

  • docx 26676744
    Размер файла: 147 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий