2013ж_жана сурактар_05..05.13


2013 жылғы Қазақстан тарихынан жаңа сұрақтар.
Жинастырған: Иісова Мағишат Закенқызы
1836-1838 жылдары шаруалар көтерілісі кезінде Жәңгір ханды қолдаған қолшоқпары: Би Балқы Құдайбергенұлы, Қарауылқожа Бабажанұлы, Баймағамбет Айшуақұлы
Қасым ханның билігі тұсында, қазақ хандығының билігі: Дәуірлеу кезеңі
Бөкей Ордасындағы көтеріліс кезіндегі ірі шайқастар: Тастөбе, Ақбұлақ
Жетісу аймағындағы ру-тайпалардың Орталық Азияға,Орталық Қазақстанға қарай көшуі бұл хандықтың этносаяси қауымдастығын әлсіретті: Моғолстанның
Өлкеге азық дайындаушылар ретінде келген жұмысшылр саны: 11,500
Жоңғар шапқыншылығы кезінде аты аңызға айналған қазақ батырлары: Малайсары, Наурызбай, Саурық, Есет Баян, Қарасай, Жауғашар, Жәнібек
Меңгу-Темір Византия империясымен бейбіт келісімге келу нәтижесінде Алтын Орданың сауда қатынасы жақсарды: Жерорта теңізі бойындағы қалалармен
Алтын Орда ханы Тохты хан кезінде сауда байланысын жақсартқан ел: Кавказ елдерімен
Моғолстанның шығыс шеті шектесті: Қалмақтардың жерімен
Моғолстанның солтүстігі шектесті: Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістан мен Ташкент
Моғолстанның оңтүстігі шектесті: Ферғана, Қашқар, Ақсу, Шалыш және Турфан
Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты: Жетісу аймағы
Парсы елінде болған ат жарыста сақ жігітінің қатысып мәреге бірінші келуі жайында жазған грек ғалымы: Ксенофонт
Ресейдегі 1905-1907 жылы революция кезінде жергілікті әкімшілік билікке қарсы шаруалар қозғалысы болған облыстар: Орал, Семей, Торғай
«Біздің жүрегіміз темір емес,Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады»: Б.Момышұлы
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар үшін көктем кезінде іс: Мал өлдету
1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ымыраластық тактикасын ұстану арқылы қан төгістен аман сақтауға тырысқан зиялылар өкілі: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов
1930 жылдары театрлар ашылған қалалар: Семей, Ақтөбе, Шымкент, Пертопавл, Қарағанды
Қазақтар көктеуде отырды: 2 ай
Қыстау мен көктеу арасы шамамен созылды: 20-25 км
Қасым ханның тұсында қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте шектесті: Сырдария алабын
Шаш қаласынан (Ташкент) түріктердің былғарысы,бағалы терілері әкелінетіні туралы жазған орта ғасырлық ғалым: Әл-Макдиси
1992 ж. шілдеде Н.Ә.Назарбаев қорытынды актісіне қол қойған халықаралық ұйым: «Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы»
Малды ұзаққа апарып жайатын жайылым түрі: Жайлау
С.Датұлы көтерілісіне қатысқан батырдың жақын серіктерінің бірі Айшуақтың ұлы сұлтан: Жантөре
1860 жылы полковник Циммерман бастаған орыс әскерлері басып алған бекіністер: Тоқымақ, Пішпек
1867-68 жылғы реформа бойынша болыс және ауыл старшындарына билік көрінісі ретінде берілді: Қоладан құыйылған төс белгі, арнайы мөр
Қыпшақтардың күшеюінен қауіптеніп өзіне тәуелді етуге ұмтылған мемлекет: Хорезм
Тараз, Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан: Жетісуда
1681-1685 ж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірінші рет жасаған шабуылы кезінде қиратылған қала: Сайрам
Түріктердің діні туралы дерек беретін Макдисидің еңбегі: «Дүниенің басталуы мен тарихи кітабы»
Кенесары Касымұлы бастаған көтерілістің соңғы шайқасы болған жер: Майтөбеге жақын жердегі Кекілік сеңгір
Қазақ хандығының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болған: Қыдырғали Жалаири
1921 жылы Республика халқының аштық жайлаған бөлігі: 1/3
Орыс деректерінде Қасым ханның 1521 жылы қаза тапқаны туралы айтылған қала: Сарайшық
36. Кенесары көтерілісіне өз бастарын аман сақтап қалу үшін қосылып, кейін жазалаушылар жағына шығып кеткендер: Мұса Шорманұлы, сұлтандар Бабатай, Елемес Жайнақұлы
37. ҰОС кезінде республикаға көшіріліп әкелінген адамдар саны: 532 мың
38. 1854 жылы сәуір айында жергілікті басқарушыларға 1858 жылы көктемде Көксу өзені мен Ілеге дейінгі аралықта бірнеше бекініс салуды тапсырған адам: Госфорт
39. Қазақ хандығына қарсы бұхар 1611 әскерін басқарған хан: Имамқұли
40. 1855-1893 жылдар аралығында Ақмола облысында орыс шаңырақтары жайғасқан селолар саны: 24
41. Үйсіндер мата тоқу үшін қарапайым кәдімгі «өрмекке» ұқсас қолданған: тоқыма кермесі
42. Ежелгі үнді-иран тілінде «ратайштар» деп аталған: сақ жауынгерлері
43. Тарихшылар ерекше суреттеген ғұндардың соғыс құралы: қамал бұзатын машина
44. Сұлу қаған арабтарға қарсы күресте күш біріктірген ел: Орта Азия халықтары
45. Ислам діні құрылысының IX ғ. екінші жартысынан басталғанын дәлелдейді: Баба ата қаласы орнынан табылған мешіт қалдығы
46. Жетісу аймағындағы буддалардың балшықтан жасалып үстіне лай қабаты жағылып, бет-әлпеті қызыл бояумен боялған табылды: мүсіндер
47. Орта ғасырларда қолөнерде дамыған кәсіптердің бірі: сүйек ұқсату
48. Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды жаулап алу үшін Шыңғыс хан аттандырды: Жошыны
49. Шыңғыс хан Бұхараны жаулап алу үшін аттандырды: Төлені
50. Едігенің кезінде XV ғ. ортасында территориясы жетті: Сырдарияның орта ағысына дейін
51. «.... жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бірде-біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы әскер саны 300 мыңға жуық еді»- деген: атақты Бабыр
52. Әбілқайырдың атақты билерінің бірі Дайырқожа, ол әділ билік жүргізгені үшін атанды: Ақжол би
53. Орбұлақ шайқасында басшылық жасаған қазақ батырлары: Қарасай, Ағынтай, Көксерек, Жиембет Сарпын
54. 1588 ж. Ертіс өзенінің бойында орыс әскерлері тұтқындап, Мәскеуге алып кеткен қазақ ғұлама ғалымы: Қадырғали Жалайыри
55. ХХ ғ. 20-30 жылдарында қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған: ұжымдастыру
56. Ұлы Жібек жолында сауданың өркендеуіне байланысты Қытайдан басқа жібек өндіру жандана бастаған өңір: Жапон елінде, Кавказ жерінде
57. 1937-1938 жылдары репресияға ұшыраған алаш қайраткері: Х.Досмұхамедов
58. Табиғи-климаттық жағдайдың бүгінгі күнге ұқсас қалыптасқан кезеңі: Неолит
59. Мысты-тас ғасыры мына ғасырлар аралығын қамтиды: б.з.б 30-19 ғ
60. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады: қола дәуірінде
61. Қола дәуірінде метал кеніштері болды: Зыряновск, Жезқазған, Қарқаралы, Ақшатау
62. Солтүстік Қазақстан жеріндегі дуалдармен қоршалған қоныстар: Петровка, Боголюбов
63. Қола дәуіріндегі қоныстардағы үйлер саны: 5-10 кейде 20 шақты
64. Қола дәуірінің соңында ыдырай бастады: алғашқы қауымдық құрылыс
65. Сақтар туралы аздаған мәлімет береді: тастағы сына жазулар
66. Алтын мен темірдің мол болуына байланысты пайда болған атау: аримаспы
67. Геродотты тарихтың атасы деп атаған: Цицерон
68. Ерте темір дәуірінде пайда болды: әскери демократия
69. Сақтар дәуірі кезінде Солтүстік Қазақстан тұрғындары мына ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан тұрғындарымен байланыс орнатып отырды: б.з.б. 8-2
70. Грек-македон басқыншыларына қарсы 3 жыл партизан соғысын жүргізген сақ жауынгері: Спитамен
71. Үлкен Бесшатыр обасының атауы: патша қорғандары
72. Бесшатырдың үш үлкен обалары: 1-ші, 3-ші, 6-шы
73. Бесшатыр обасынан табылды: ақинақтар, қола жебелер, темір пышақтар, шаш түйреуіштер, моншақтар
74. Үйсіндерде обалардың көлемі: диаметрі 20 м, биіктігі 2м
75. 1831 жылы орысша білім беретін училищелер ашылды: Омбы
76. 1813 жылы әскери учелищелер ашылған қала: Орынбор
77. Бөкей Ордасындағы көтерісшілер Жәңгір ханның ордасын қоршады: 1837 жылы қазан
78. Қызыл Тураның орнында орналасқан қазіргі қала: Тюмень
79. XV-XVI ғ тайпалар одағы негізінде қалыптасқан басқару құрылымы: қазақ жүздері
80. Тәуке хан өз билігін нығайту үшін билерге арқа сүйеумен қатар, билігін шектеді: сұлтандардың
81. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісін басқан жазалаушы отряд осы өлкеден кетпеді: Үш ай бойы
82. Дың ескерткіштер кең тараған мемлекет: қарлұқ, қимақ
83. 1954-1955 жылдары тың жерлерден алыну негізделген астық мөлшері: 1100-1200 млн. пұт
84. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған көтерісшілер 1845 жылы жақсы қаруланған 2 мыңға жуық кімнің сарбаздарын жеңді: Хиуаның
85. 1840-1850 жылдарда құрылған округтер: Көкпекті, Алатау, Құсмұрын
86. Жоңғар басқыншылығына қарсы қарулы қарсылықты ұйымдастырушы батыр: Райымбек
87. Ақ ордадағы, Монғолыстандағы хандық өкіметте әскери қызметтерлерге берілген атау: Бек
88. Монғолдың “Ноян” сөзі берілді: бай шонжар мағынасында
89. XVII ғасырда Қазақстанда зерттеуге қатысқан саяхатшылар: И.Фальк, И.Георги
90. 1838 ж. Кенесары бастаған көтерілісшілерден Ақмола бекінісін қорғауды ұйымдастырған сұлтан: Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы, Карбышев
91. Қазақ КСР-де еңбек сіңірген мұғалімдер: Л.И.Добронская, Н.Волков, С.Ақышев, А.Ақатаев, Ш.Сарыбаев, С.Көбеев
92. Жазба деректерде қойға табыну салты өріс алған аймақ: Сырдария бойы
93. XVII ғасырдың басында Қазақ хандығының басқаруындағы саяси ерекшелік: Үш жүзге хандар сайланды
94. Лейпциг пен Глогау түбінде болған шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталды: Әмен Байбатырұлы
95. XVIII ғасырдың 20-Жылдары Жоңғар мемлекеті бейбіт келісімге келген мемлекет: Цинь империясы
96. XV ғасырда өмір сүрген Еділ мен Жайықты өз шығармаларында суреттеген жырау: Қазтуған
97. Құтылық негезін қалаған Шығыс Түрік қағанатының аумағына енген жер: Шығыс Түркістан
98. Қазақ АКСР-і тұсында болған мәдени саладағы ірі оқиға: Қызылордада қазақ театры ұйымдастырылды
99. Жібек жолының басты тармақтарының өзгеріп отыруының себеі: Халықаралық қақтығыстардың шиелінісуі
100. 1886 жылғы ереже бойынша ірі қалаларда құрылды: полиция басқармалары
101. Патша Хақназар ханға жіберген елшілер арқылы кімге қарсы одақ құрды: Көшім ханға
102. М.Қашғаридің «Түрік тілдерінің сөздігі » кітабын жазудағы басты мақсатты түрік тілінің мәртебесін көтеру екенін айтқан орыс ғалымы: А.Н.Кононов
103. Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер: ағылшын
104. Жылқы малын қолға үйреткен: Ботайлықтар
105. Әбілқайыр хан Балқаш өңірінің батыс бөлігін өз иелігіне қосты: XV ғ. 40 жылдары
106. Қойған талаптарын ішінара қанағаттандыруға қол жеткізген 1905 жылғы ереуіл өткен кеніш: Қарағанды көмір кешені
107. Ақпан революциясының ұлт саясатындағы маңызды қортындысы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді
108. Ақорда ханы Темір-Мәлік пен Тоқтамыстың арасында 1377 жылы шайқас өткен жер: Сауран
109. Голощекиннің саясатына қарсы өз пікірін білдірген қоғам қайраткерлері: Т.Рұсқұлов, С.Садуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев
110. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін, қанша жұмысшы – «ұжымдастырушылар» тартылды: 8 мың
111. 1995 жылы Конституция бойынша ҚР басқару формасы: Президеттік
112. Әбілқайыр хандығы тұсында Жәнібек пен Керей сұлтандарының иеліктері: Сыр өңірі мен Қаратау аймағы
113. Қаңлыларда егіншіліктің басым болған түрі: тәлімді егіншілік
114. 1989 ж. шілде айындағы Қарағанды шахтерлерінің саяси талаптары: Одақтық министрліктерлердің монополиясын жою
115. 1835 жылы Баянауыл өңірінде дүниеге келген әнші-сазгер: Жаяу Мұса
116. Қола дәуірінде жер иелігінде болды: Қауымның және рудың
117. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының алғашқы әкімшілік орталығы болған қала: Тобыл
118. Азамат соғысында (1918-1920 ж.ж.) бүлік шығарған: Чехословак корпусы
119. Атақты жырау, мемлекет қайраткері, қазіргі Павлодар облысының тумасы: Бұхар
120. Ерте темір дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі зерттелген обасы: Бектеңіз, Бірлік, Алыақаш, Покровка
121. Әртүрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медресселердің орындары табылған Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Тараз, Баласағұн, Испиджаб
122. Орал өзенінен Енисей өзеніне дейін, Батыс Сібір жерінен Памир тауларына дейінгі аумақты алып жатқан қола дәуірінің мәдениеті: Андрон мәдениеті
123. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларында мешіттердің болғандығы туралы дерек: Араб-Парсы жазбалары
124. Қазақ хандығының дербес мемлекет балып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі: Әбілқайыр хандығындағы тоқтаусыз соғыстар
125. 11 ғ қыпшақтар аталған тайпалардың көптеген аймақтарын иеленді: Оғыздар мен қимақтардың
126. Моңғол шапқыншылығына дейін Жетісу өлкесінде 200-ден астам елді мекен болса 13-14 ғ қалған қала қоныстар: 20-ға жуық
127. 1822 ж «Жарғы» бойынша енгізілген басқару жүйесі: Округтық
128. Ыбырай Алтынсариннің жарқын істерінің бірі: ғалым-этнограф, педагог, жаңашыл ағартушы, ғалым- педагог.
129. Кердері тілінде жазылған жыр: «Наһжи әл-Фарадис»
130. Әбілғазы Баһадүр хан мына әулеттің ұрпағы: Жошы ханның
131. 1716-1720 ж. Ертістің оң жағалауына салынған бекіністер: Омбы, Жәміш, Семей, Өскемен
132« Елім-ай» атты зарлы әндін жазған: Қожаберген жырау
133. 1723 жылы 20 мың жауынгерімен Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорықтар жасаған: Кіші жүз ханы Әбілқайыр.
134. Жоңғар шапқыншылығы кезінде құрылтайда әскери жасақтың бас сардарбегі болып бекітілді: Қанжығалы Бөгенбай
135. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресіндегі елеулі оқиға: «Аңырақай шайқасы»
136. 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік-батысындағы «Аңырақай» шайқасы болған жер: Итішпес Алакөл
137. Жоңғарларға қарсы қол бастаған хандар мен сұлтандар: Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет, Абылай
138. Сабалақ (Абылай) жекпе-жекте жеңген жоңғар қолбасшысы: Шарыш
139. 1730 жылы Ресейге барған қазақ елшілері: Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы
140. 1734 жылы құрылған қырғыз-қайсақ экспедициясының мақсаты: Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу
141. 1748 жылы патша әкімшілігі ресми бекіткен Кіші Жүздің ханы: Нұралы
142. Кіші жүздегі шекті руы өз билеушісі деп таныды: Батыр сұлтанды
143. Қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан қазақ хандары: Абылай, Әбілпайыз, Ералы, Нұралы, Сұлтанбай, Орыс
144. Қазақтардың қытаймен 1757 жылы жазында ең ірі соңғы шайқасы өткен жер: Тарбағатай
145. 1773 жылдың қазанынан -1774 жылдың наурызына дейінгі аралықта Орынборға тікелей шабуылға шыққан Досалының сарбаздарының саны: 200
146. Сырым Датұлы бастаған Ұлт-азаттық көтеріліске сұлтандар тобынан қатысқан: Жантөре Айшуақұлы
147. Кіші Жүздегі ру старшындарының Нұралы ханмен арадағы күрестің күшейген жылы: 1785
148. 1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып сайланды: О.Г.Игельстром
149. Сырым Датұлы көтерілісінің жеңілу себебі: Старшындардың тұрақсыздығы.
150. 1795 жылы жарық көрген И.Г.Андреевтың еңбегі: «Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің сипаттамасы»
151. Халық арасында« Көмекей Әулие» атанған жырау, мемлекет қайраткері: Бұқар Қалқаманұлы
152. Керей руынан шыққан ақын, домбырашы Байжігіттің күйлері : «Ақтабан шұбырынды», «Қайың сауған», «Аңшының зары»
153. 1832 жылы сауда-саттық дамыған хандық: Бөкей (Ішкі Орда)
154. Жәңгірдің тапсырмасымен мұсылман мешіті ашылған жыл: 1835
155. Риддер, Зырян, Белоусовка кенішінде жұмыс істейтін қазақтар 1812 жылы Отан соғысына көрсеткен ақшалай көмегі: 239 сом, екінші жауабы 22 мың сом (2 оқулық бойынша 2 түрлі)
156. 1810 жылы патша үкіметі қазақтардың Елек қалашығының маңынан тартып алған жер мөлшері: 600 мың десятина
157. Қазақстанда хандық биліктің жойылу себептерінің бірі: қазақ хандарының беделінен айырылуы.
158. Аға сұлтандыққа тегі шыңғыс әулеті емес, басқа адамдар да, сайлана алатын болды: 1854 жылдан бастап
159. Қарқаралы және Көкшетау округтары құрылған жыл: 1824
160. Аягөз округі құрылған жыл: 1831
161. Ақмола округі құрылған жыл: 1832
162. Баянауыл және Үшбұлақ округі құрылған жыл: 1833
163. Аманқарағай округі құрылған жыл: 1834
164. Көкбетті және Алатау округтері құрылған жыл: 1844
165. Сібір қырғыздарының шекаралық басқару басқармасы құрылды: 1838
166. Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлының сарбаздарының саны: 3000
167. «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» -деп жазған орыс зерттеушілерінің бірі: Л.Мейер
168. Батыс-Сібір генерал губернаторлығына Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды талап етіп Кенесары хат жолдады: 1838 жыл
169. Кенесары ауылына келген Долгов пен Герннің елшілігінің мақсаты: Ырғыз бен Торғай өзендерінің бойында бекініс салу
170. 1833 жылы Орынбор өлкесінің әскери губернаторы болып сайланды: В.А,Перовский
171. 1917 жылғы мамыр айындағы мұсылмандардың Бүкіл Ресейлік сьезінде қабылданды: Көп айел алушылыққа, қалың малға
172. 1917 жылы Ақпан революциясы ұлт саясаты саласында қолдайтынын мәлімдеді: Саяси бостандықты
173. «Алаш» партиясының облыстық ,ішінара уездік съездері болды: 1917 сәуір-мамыр айларында
174. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақ съезінде: «Қазақ облыстары ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс»- деп мәлімдеді.
175. 1916 жылғы ұл-азаттық қозғалыс кезінде Торғай көтерілісшілеріне қосылды: Орынбор Ташкент теміржол жұмысшылары.
176. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Торғайдағы соңғы шайқас өткен жер: Доғал-Үрпек
177. Конституциалық монархияны орнату бағдарламасымен келіспей кадет партиясынан шықты: Ә.Бөкейханов.
178. 1917 қазақ халқының дамуынның балама жолын ұсынды: «Алаш» партиясы
179. Қазақстанда кеңес өкіметі орнады: 1917 жылы қазанынан 1918 жылы наурызы аралығы
180. Ырғыз Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады: 1918 жылдың басында
181. Азмат соғысы кезінде Түркістан мен Қазақстанда құрылған ұлттық әскери бөлімдер: Мұсылман бөлімдері
182. 1919 қарашада Семейде құлатылды: Колчак үкіметі
183. 1919жылы 10 шілдеде құрылған қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет: Қазақ автономиясын құруға дайындық,
184. 1920 жылғы құрылған Қазақ АКСР-нің жоғарғы өкімет органдары: Орталық Атқару комитеті, Халық Комиссарлар Кеңесі
185. Индустрияландыру барысында күшейген процесс: Урбанизация.
186. Голощекиннің «Ауылды кеңестендіру» ұранына қарсы шығып «ұлтшыл» -деп айыпталған: Сәкен Сейфуллин.
187. Республикада ұжымшар құрылысы жедел дамытылды: 1929 жылдың 2- жартысынан бастап
189. 1926 жылы ашылған қазақ ұлттық театрында қойылған Ғ.Мүсіреповтың пьесасы: «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»
190. Ауыл шаруашылығына айтарлықтай ықпал еткен шешімдер қабылдаған компартия пленумы: 1965 жыл наурызда болды
191. 1970 жылға қайрай Республикадағы жергілікті ұлт үлесінің жоғарлау себебі: туу көрсеткішінің жоғарылығы.
192. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы экономикалық өзгеріс: Нарықтық қатынасқа көшу
193. 1991 жылы тамызда Мәскеуде ТЖМК-ның құрылуы: Мемлекеттік төңкеріс
194. Қазақстан Республикалық партиясы құрылды: «Азат» қозғалысы аясында
195. 1995 жылы тамызда қабылдаған Конституцияда тәжірибесі ескерілді: Францияның
196 . Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте (Аңырақай) белсене қатысқан сұлтан: Барақ
197. Әмірсана Маньчжур әскерімен Жоңғарияға басып кірді: 1755 ж.
198. Абылай хан Маньчжур-Цинь билеушілірімен келісімге келу арқылы қайтарып алған өңірі: Тарбағатай
199. Абылай ірі ұлыстарды билеуге тағайындады: Сұлтандарды.
200. Абылай туралы жазған орыс ғалымы: А.Левшин
201. Кіші жүздегі хандық биліктің әлсірей бастауының көрінісі: Нұралы бастаған сұлтандардың Орынбордан жалақы алып тұруы
202. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде Кіші жүзде қатарынан екі хан билік жүргізді: Қаратай, Айшуақ
203. 1797 жылы Кіші жүзде қалпына келтірілді: хандық билік
204. XVIII ғ. Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді: Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі
205. Жауғашар, Бекболат би, Бөгенбай батырларға жыр арнаған: Үмбетей
206. Қалқаман батырдың баласы атақты жырау: Бұхар
207. 1822 ж жарғы бойынша биліктен шеттетілді: Сұлтандар
208. ХІХ ғасырдың 20-жылдарындағы реформа артықшылықтарына шек қойды: ақсүйектердің
209. Кенесары Қасымұлы қозғалысының мақсаттарының бірі: Округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату
210. 1842 жылы Аббас Қошайұлы, Лаубай Мантайұлы бастаған көтеріліс бағытталды: Жәңгір ханға
211. 1836-38 ж.ж. Бөкей ордасындағы көтерілістің маңызы: Жәңгір сарайының салықты көтеруге шек қойды, көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді.
212. 1861 жылы 19 ақпандағы патша үкіметі қабылдаған «Ереже»: Шаруалардың басыбайлығын жойды
213. ХІХ ғасырда Атбасар жерінде жұмыс істеген жәрменке: Петровка
214. ХІХ ғасырда қазақ балалары білім алған Ресей қалалары: Қазан, Томск, Петербург
215. Патша үкіметінің 1906 жылы қабылдаған оқу-ағарту ережелері: Орыс-қазақ мектептері кеңейді
216. Қазақтарды сайлау құқығынан айырған жыл: 1907 ж.
217. Реквизиция ол: мемлекеттің мүлікті уақытша пайдалануы
218. Исатай Тайманұлы бастаған көтерісшілер Жаманқала бекінісіне жақын жерде Жайықтан шығысқа өтіп үлгерді: 1837 ж. 13 желтоқсан
219. Мұхамед Хайдар Дулатидің 7-ші атасы: Полатшы Дулати немесе Әмір Полатшы
220. І және ІІ Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан екі рет сайланған өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғаған: Шаймерден Қосшығұлұлы
221. 1861 жылы орыс әскері басып алды: Жаңақорғанды
222. Павлодарда ашылған жәрмеңке: Тайыншакөл
223. 1900 жылы өлкедегі жәрмеңкелердің саны: 104
224. Ұйғырлар мен дүнгендер көтерілісі барысында Іле өлкесінде құрылды: Іле сұлтандығы
225. ХІХ ғасырда Ауғанстанда пайда болған алғашқы қазақ диаспоралары: Кенесары жасақтары
226. 1914-1918 ж. қолжазба күйінде шыққан «Балапан» журналының бас редакторы: Көкше Кемеңгеров.
227. Кейбір зерттеушілер пікірі бойынша орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашқан деп саналатын тайпа: ғұн.
228. 1991 ж. соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздік алуына қарсы болған саяси күштердің бір идеясы: орыс автономиясын құру.
229. Қарағанды облысынан табылған тас дәуіріне тән қыш ыдыстарда бейнеленген өрнек: геометриялық.
230. 1726 жылы Әбілқайырдың Ресейге жіберген елшісі: Қойбағар Көбекұлы.
231. XVIII ғасырдың соңында II Екатерина патша тұсында ашылды: Зайырлы мектептер.
232. Исатайға қарсы сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы көтерісшілер соңына түсті: 1837 жылы 13 желтоқсанда.
233. Исатай 1838 жылы 2 – шілдеде қаза тапқан өзен бойы: Қиыл мен Ақбұлақ бойы.
234. 1838 жылы Кенесары сарбаздары шабуыл жасады: Қоңырқұлжа Құдайменді ауылына.
235. Ресей мемлекеті думасына Ішкі Ордадан екі рет сайланған Әбілқайыр ханның ұрпағы: Бақытгерей Құлманов.
236. Қазақстандық оқушылар еңбек етіп 4 млн. сомнан астам ақшаларын аударған қор: «Қазақстан пионері».
237. Пугачев өлген соң күресті жалғастырған Көктемір қозғалыстың атауы: «Көзге көрінбейтін қозғалыс».
238. XV ғасырдың 90- жылдары Едіге Ноғай ордасының беделін көтеріп, шекарасын ұлғайту мақсатында соғысты: Тоқтамыспен.
239. Жылқы малының ауру түрі: Жамандат, маңқа.
240. Ешкі малының ауыру түрі: Кебенек.
241. Қой малының ауыру түрі: Топалаң.
242. Сиыр малының ауыру түрі: Қарасан.
243. Түйе малының ауыру түрі: Ақшелек.
244. Деректер бойынша Әмір Темір Сырдария бойында жазалаған қазақ хандары: Әмен мен Сәмен.
245. Абылай ханның қайтыс болғанын естіп, көңіл айтуға елшілік аттандырған ел: Қытай.
246. Жоңғарлардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарған топ: Тибет ламалар.
247. Сауда бірлігінде саналған қой: Ісек (екі жасар тоқты).
248. Бұқар жыраумен замандас және оған рухы жағынан жақын жырау: Үмбетей Тілеуұлы.
249. XX ғ. Басында құрылған «Иттифок әл-Муслимин» Бүкілресейлік мұсылмандар партиясының ОК мүшесі қазақ: Сәлімгерей Жантөреұлы, Шәймерден Қосшығұлұлы.
250. Қоқандықтар қазақтардың көп малын күшпен айдап әкеткен жыл: 1851 жыл.
251. Түрлі аңдардың, жануарлар мен адам бейнелері орнатылып, түрлі – түсті, қызыл- қоңыр, қызыл тастармен әшекейленген зат: Қарғалыдан табылған тәті.
252. 1940 жылы Қазақ КСР – інде жалпы Одақта өнідірілген қорғасынның мөлшері: 87%.
253. «Қазақстан комсомолы» танк колонасына қаржы жинап берген комсомолдар: Шымкент теміржолы.
254. Қазақстан коммунистік идиологияга сай шығармашылыққа өріс ашқан мерзім: Кеңес өкіметі орнаған кезде.
255. 1950 жылдары Қазақстандағы теміржолдың ұзындығы: 12419 км.
256. Тың жерді игеру кезінде 1954-55 жылдары өлкеде құрылған астық кеншарлар саны: 337.
257. 1958 жылдың соңында Теміртауға көшіріліп алып келген адамдар саны: 132 мың.
258. Жалпы Теміртауға көшіріліп әкелген адамдар саны жетті: 300 мыңға.
259. КОКП Одақтық Министірліктер құру туралы шешім қабылдаған пленум боған жыл: 1965 жыл.
260. «Алаш» сөзі шамамен алғаш айтыла бастаған уақыт: IX-X ғасыр.
261. Керейлерде «Егер олар жақын тұрса тебіседі, алыс тұрса кісінеседі» - деп айттқан: Құршақұз.
262. Шыңғыс ханның Мұқылайға берген атағы: «Күй үн чінсон тәйжі».
263. XI ғасырда қыпшақтар Қазақстанның барлық жерін иеленді, тек мына аймақтан басқасын: Жетісу.
264. Жетісу қаласынан көп кездесетін құмыралардың сырты әшекейленген: Қошқармүйізді өрнекпен.
265. Ақтөбе қала жұрты орнынан табылған кірпіштерде салынған таңба: Христиандық крест.
266. Қазақстанда мешіт қалдықтары мен орындары табылған қалалар: Құйрықтөбе, Баласағұн, Тараз, Отырар.
267. 1395 жылы Ақ Орда тағына Әмір Темір отырғызды: Қойыршақ ханды.
268. 1365 жылы 22 маусымда болған «Батпақ шайқасында» жеңіске жетті: Ілияс Қожа.
269. Қазақ хандығының алғашқы қарым – қатынас жасаған елі: Моғол хандығы.
270 . Зайсан мен Қара Ертісті зерттеу үшін 1719 жылы жіберілген елшілік: Колмаков және Урусов.
271. Шағатай хан өзіне адал қызмет еткен Дулат әмірі Полатшыға берген жер: Маңлай – Сүбе (Шығыс Түркістаннан – Ферғанағ дейнгі жер).
272. Батыс Сібір тайпалары мен көрші қонып, оларға елеулі ықпал еткен қазақ тайпаларының негізі ұйытқысы: Қыпшақтар.
273. Әбілқайыр Самарқан қаласын басып алған жыл: 1446 жыл.
274. Жергілікті тұрғындардан белгіленген салықтан артық алуға тыйым салған құрылтай өтті: 1269 жыл Талас жағасында.
275. 1377-78 жылдары Әмір Темірге қашып барған Ұрұс ханның әскербасы: Ұрық – Темір.
276. XIV – XV ғасырларды Қазақстанда әр түрлі хандықтардың болуына қарамастан бірыңғай сөйледі: Түрік тілінде.
277. Қола дәуірінен басталып жалғасып келе жатқан сат-дәстүр: Отқа табынушылық.
278. XIV – XV ғасырлар аралығында Ислам дінімен қатар кейбір нанымдары өмір сүрді: Шаманизм.
279. XIII ғасырдың сәулет өнерінің дамуына үлкен нұқсан келтірді: Монғол шапқыншылығы.
280. Әбілқайыр Балқаш өңірінің терістік батыс жағын өзіне қаратты: XV ғасырдың 40-шы жылдары.
281. Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы болған қала: Сығанақ.
282. Есенбұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алу себебі: Әбілқайыр мен Әмір Темір әулетіне қарсы одақ құру.
283. XVI ғасырдың бас кезінде билік құрған хандар: Бұрындық пен Қасым.
284. Қасым ханның кезінде астана рөлін атқарған қалалар: Сығанақ, Сарайшық, Түркістан.
285. Қасым ханның кезінде қазақ хандығының құрамына кірмеді: Шығыс Түркістан.
286. Ноғай ордасымен, Орта Азия хандықтарымен, Сібір хандығымен, Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым – қатынас орнатқан хан: Хақназар.
287. Хақназар ханның кезінде қазақ хандығына қарайтын ру-тайпалар ығысты: Қызылқұм мен Сыр бойына.
288. Хақназар кезінде қазақ жасақтарының тегеуірінді шабуылына шыдамаған ноғайлар ығысты: Дон даласына.
289. Қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын болжайтын тәжірибелі адамдар шықты: XV - XVII ғасырда.
290. Аңыз бойынша жеті баласының өліміне қайғырған жағдайға байланысты дүниеге келген саз аспабы: Жетіген.
291. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жетік білген тілдері: Араб, парсы.
292. IV мемлекеттік Думаның мінбесінде 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандарды, жазалаушыларды сынға алды: Керенски.
293. Қазақ хандығының Шайбани хан әулетімен бейбіт қатынас орнату барысында, Хақназар бұл қаланы алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты: Ташкент.
294. Әмір Темірге қарсы бүлік шығарған: Сасы-Бұға.
295. Шаруаларды қазақ даласына қоныс аудару ресми түрде тоқтатқан жыл: 1891 жыл.
296. XX ғасырдың басында Ауғанстандағы қазақтар саны жетті: 2 мыңға.
297. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан сайланған: Ахмет Бірімжанов.
298. 1905-07 жылдардағы орыс революциясы: Жеңілді.
299. Көрнекті қазақ ақыны публицист, этнограф және аудармашы: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
300. 1965 жылдың соңында Қазақстандағы кеншарлардың сан: 1521.
301. Ерте Темір дәуірінде Қазақстанның батысында, шөлді аудандарда көп өсірілген мал түрі: Түйе
302. «Хун», «гун», «руң», «ю» сөзі мына тайпаға байланысты айтылған: Ғұн
303. Республикасының батысында 1960 жылы мұнай өндіру өнімі 2,5 есе артқан кәсіпорындар: Ембі, Жетібай, Өзен.



Приложенные файлы

  • docx 26673114
    Размер файла: 49 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий