тарих 52


1-СҰРАҚ
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Кезеңдері
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).[1]Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,5 млн. жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді
Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі
Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған.Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.[3]Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.[4]«Homo erectus» - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.[5]Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.[6]Біздің заманымыздан бұрынғы V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпен- дер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
2-сұрақ
Қола дәуірі. Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.[7]Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-VIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солар- дың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылы- мы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.
Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Малт шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.
Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.
Кейін, әсіресе соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған патриархаттық қауымдар барған сайын оқшаулана түсті. Мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына, отбасылық меншіктің пайда болуына әкелді. Ол туралы кейінгі тақырыптарда айтылады.
3-сұрақ
Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7 – 4 ғасырлар)
Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7 – 4 ғасырлар) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B0" \o "Қола" Қола дәуіріндегі бақташы тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Бұлардың қалыптасуына өндіргіш күштердің сол заманға сай дәрежеде мықтап өсуі себепші болды, ал өндіргіш күштер халықтың жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығына көшуіне, қола металлургиясының дамуына, темір өңдеудің жаңа әдістерін игеруге байланысты өсті.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%BB" \o "Мал" Мал жайылымдарын тиімді пайдаланып, оларды жеке ру-тайпалық топтарға бөліп берудің экономикалық қажеттігі, сондай-ақ өзінің малы мен жайылымдықтарын қорғауға ұмтылу туыстас тайпаларды тайпалық одақтарға бірігуге мәжбүр етті. Жеке отбасылық меншіктің ұлғаюы негізінде мүліктік теңсіздік күшейіп, әскери ақсүйектер тобы бөлініп шықты. Олар экономикалық және әскери жағынан неғұрлым күшті тайпалық одақтарды біріктіруші күш болды. Біртұтас одаққа кірген тайпалар мәдени-шаруашылық жағынан өзара жақындаса түсті, соның нәтижесінде материалдық және рухани мәдениеттің бүкіл тайпалық одақ үшін ортақ үлгілері жасалды.
Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ассирия деректемелерінде сақтар туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 641 – 640 жылдары айтылады. Ал Заратуштраның “Авеста” жинағында бұлар “турлар” деп аталған. Ежелгі грек тарихшысы Геродот және басқа да көне заман тарихшылары оларды “Азияскифтері” дейді. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына байланысты айтылған. Ахемен әулеті кезеңіндегі сына жазуларында олардың үш тобы туралы сөз болады: хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиграхауда сақтар (шашақ бөрікті сақтар), парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар). Алғашқы екі топ туралы Геродот та айтады, бұларды ол амюргия сақтар және ортакарибантия сақтар деп атаған. Бірқатар зерттеушілердің пікіріне сенсек, тиграхауда (көне деректерде массагеттер) мен хаумаварга сақтардың солт-тегі шекарасы Қазақстанның оңтүстік аймақтарын, батыста Арал-Каспий алабынан, шығыста Жоңғар Алатауына дейінгі жерлерді қамтыса, парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде қоныс тепкен.
Сақ тайпалық одағының құрамына өзімен туыстас исседондар, аримаспы, т.б. көптеген тайпалар кірген. Геродоттың болжауынша, исседондар Орталық Қазақстан далаларында немесе Оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақстанды, ал Солтүстік-шығыс Қазақстанды аримаспы тайпалары мекендеген. Сырдарияның төменгі бойы мен Арал маңын, Каспий теңізінің шығыс жағалауын дайлар (“Авеста” және Ксеркс жазбаларына сәйкес) қоныстанған. Батыс Қазақстанның Орал – Ақтөбе далаларын басқа, яғни савромат бірлестігіне кірген тайпалар иемденген. Бір ескертетіні, көшпелі өмір салты және көптеген мемлекеттер жеріндегі соғыстарға белсене қатысуы себепті тайпаның нақты мекендеген жерін жазбаша құжаттардың мәліметтері бойынша дәл анықтау қиын. Археологиялық зерттеулер сақтардың, массагеттердің, дахтар мен савроматтардың материалдық мәдениетінде айтарлықтай ортақтық (тұрмыстық керек жарақтардың ат-әбзелдерінің, қарудың, т.б. ұқсастығы) бар екенін айқын дәлелдеп береді. Сөйтіп жазбаша деректемелер бойынша б.з.б. 7 – 4 ғасырлардағы Қазақстан аумағында оның Оңтүстік-шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағына, ал оның батыс және ішінара солтүстік аудандарындағылары савромат тайпалар бірлестігіне кірген. Б.з.б. 4 ғасырдың аяқ шенінде қоғам өміріндегі шаруашылық және саяси өзгерістердің нәтижесінде бұл одақтар неғұрлым күрделі құрылымдарға – Үйсін және Қаңлы тайпалық одақтарына орын берді.[1]Сақтардың тайпалық одақтары
Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың тарихында және шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Бұл өзгерістер темірден жасалған құралдарды пайданала бастауымен байланысты болды. Қоғамда мүлік теңсіздігі-топтардың шығуына негіз болды. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік жіктелу процесі, әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын күшті дүниеге әкелді, ол күш — мемлекет.
Қазақстан территориясында алғашқы мемлекеттік бірлістіктер б.з.б. I мыңжылдықта пайда болды. Олар: сақ, үйсін, қаңлы, ғұн.
Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген 2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.
Сақтардың шаруашылығы.
Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:
1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.
2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды.
3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды.
Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.Сақтар тұрмысында жылқы өте бағалы саңалды. Тез семіретін және қысқы тебінге төзімді жылқы түрімен бірге, салт мінуге арналған жүйрік сәйгүліктер өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде айыр өркешті түйе өсіруді қолайлы көрді.Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы.Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады.Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған.Патшалар жауынгелер тобынан шықты.Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.).Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:1) жауынгерлер (қызыл).2) абыздар (ақ).3) басқа қауым адамдары (сары, көк).
Сақтардың өнері мен саудасы.
Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.
Сақ өнерінде аңдық стиль болды. Олар аңдар мен әр түрлі аңыздардағы жануар бейнесіндегі құбыжықтарды бейнелейтін еді. Аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда Алдыңғы Азияда дүниеге келді. Арыстан бейнесіндегі «өмір ағашы» сақтарда ең көп тараған.Сақтар әр түрлі жануарлар бейнесіндегі құдайға, табиғат күштері күнге, желге, әр түрлі құбылыстарға табынды. Мысалы, күн күркіреу құдайы қабан бейнесінде бейнеленген. Олардың түсінігінше, әлем үш бөліктен құралған:1) жер астындағы әлем. 2) орта жер әлемі . 3) аспан әлемі
Сақтардың археологиялық ескерткіштері.Шырықрабат– апасияқтардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде орналасқан.Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі – Бабыш Молда қаласы.1969 жылы Алматы облысы Есік қаласынан табылған Есік қорғаны – б.з.б. VIII-III ғасырлардағы сақ моласы. Бұл молада бай жас сақ жауынгері жерленген, оның барлық киімі алтынмен қапталып киіндірілген. Сондықтан ол «Алтын адам» деп аталған. Онымен бірге қару– жарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.Ежелгі грек тарихшысы Герадот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.
4-сұрақ
Үйсіндердің таралып, қоныстануы Қытай деректерінде үйсіндердің Орталық Азиядан шыққандығы атап көрсетіледі. Сондай-ақ олар үйсіндерді аса ірі ежелгіхалықтардың қатарына жатқызды. Үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып келді.Үйсіндер және оның мемлекеті жазба деректерде біздіңзаманымызға дейін IV—III ғасырларда аталады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80" \o "Жер" Жер аумағы Тянь-Шаньнан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Үйсіндердің шекарасы басында Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктеріне дейін, шығыс шекарасы Бесбалық ауданымен шектесті. Орталығы — Іле аңғары. Жоңғар ойпаты мен Жетісудағы үйсіндер жартылай көшпелі ел болса, өзен аңғарларында суармалы егіншілікпен де айналысты. Қытай деректері: "Шығысында — ғұндармен, батыс жағында кангюй елімен шектеседі. Жері ұлан байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі", — деп суреттейді. Үйсіндер жері біздің заманымызға дейін II ғасырда Қытай мен Батыс Еуропа елдерінің арасында сауда, мәдени қарым-қатынастардың күре тамыры іспеттес еді. 'Үйсін-қытай қарым-қатынастары. Біздің заманымызға дейін 138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде "Батыс өңірге" келген Қытай елшісі әрі саясатшы Чжан Цянь: "Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады", — деп жазды. Қытай императоры бұл ұсынысты назарда ұстай отырып, біздің заманымызға дейін 119 жылы Чжан Цяньды тағы үйсіндерге аттандырды. Үйсін күнбиі елшілерді жылы қарсы алады. Алтын ақшадан тұратын тарту жоралғылар жасалады. Нәтижесінде, күнби ғұн үстемдігінен бас тартып, Қытай империясымен жақындасады. Елшіліктер алмасып, туысқандық — некелік қарым-қатынас орнайды. Біздің заманымызға дейін 106—105 жылдары Қытай ханшасы асқансалтанатты жағдайда үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген. Біздің заманымызға дейін 70 жылдары үйсіндер арасында ғұн елшілігі болып қайтты. Ғұндар бір қызын күнбиге әйелдікке береді. Осылайша үйсіндер Қытаймен ғұндардың арасындағы күресте маңызды салмағы бар елге айналғанды. Біздің заманымызға дейін 74 жылдан кейін Хань империясы мен ғұндардың (соғыс алаңы Батыс өңірге ауысқандықтан, үйсіндер мен ғұндар арасында қақтығыстар бола бастайды. Бұл өз кезегінде үйсіндердің билеуші топтарының ішінде толқу туғызды. Тақ мұрагерлері оны үш бөлікке бөліп алды. Біздің заманымызға дейін 73 жылы Солтүстік (Шығыс), Оңтүстік (Батыс) және Орталықты күнби өзі басқарды. Қалған екі қанаты да күнбиге тәуелді болды. Біздің заманымызға дейін 64—51 жылдары Хань империясы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті таққа мұрагерлік ісіне дейін араласа бастады. Бұл халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Сондықтан үйсін халқы екі аймаққа ыдырап кетті. Ендігі үйсіндердің тарихы осы екі аймақтың тақ таласы күресіне толы. Демек, біреуі — Хань империясын қолдайтындар болса, екіншісі — ғұндармен одақты жақтайтындар еді. Үйсіндердің саяси тарихын қорытындылайтын болсақ, біздің заманымызға дейін 170—160 жылдары Үйсіндер мемлекеті құрылды.Жетісуда Үйсін мемлекеті дамып-нығайып, гүлденді. Саны 630 мың адам тұратын сол аймақтағы ең ірі елге айналды. Ғұндардың тегеурініне төтеп беру үшін үйсіндер Хань империясымен тығыз байланыс орнатты. Ал Хань империясы үшін үйсіндер ғұндарға қарсы күресте таптырмас күш еді. Хань империясының қашаннан "көшпенділердің бірігуін болдырмау", "көшпенділерді көшпенділердің күшімен талқандау" саясатын ұстанғандығы белгілі. Бұл саясат өз нәтижесін берді. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хань империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды. Біздің заманымыздың V ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.
Қаңлылар мемлекеті. Біздің заманымызға дейін II ғасырдың екінші жартысындағы "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп аталынған оқиғаның нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында өзгерістер пайда болды. Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде біздің заманымызға дейін II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді. Қытайдың деректеріне сүйенсек, "Кангюй" деп аталынады. Қытай тарихының атасы Сыма Цяньның (145—86 жылдары) еңбегінде: "Қаңлы Ферғананың (Даван) солтүстік батысында, шамамен, 2 мың ли (1 ли — 500 м) қашықтықта орналасқан көшпелімемлекет. Үлкен юэчжилермен тұрмыс-салты өте ұқсас, 90 мың әскері бар яньсай кангюлердің солтүстік-батысында 2 мың ли жерде. Көшіп-қонып жүретін олардың әдет-ғұрыптары кангюйлерге ұқсас келеді. Әскері 100 мың адам, әдетте, кангюмен араласып тұрады. Ол Ұлы көлге жапсарлас жатыр. Кангюйдің бес кіші князьдігі бар". Мәліметтерге сүйене отырып, Кангюй мемлекетінің аумағын Сырдарияның төменгі ағысына, яньсайларды Арал теңізі мен Каспий теңізінің аралығына орналастырамыз. Бұл мемлекет күш-қуаты жағынан юэчжилер мен ғұндардан кем түскенімен, Еділдің төменгі ағысын қоныстанған Яньсай (Сармат-алан тайпалары одағы) иеліктерш өз ықпалында ұстаған. Қытай дерегі Яньсайдың Қаңлыға тәуелді болғандығын атап көрсетеді. Кейін Яньсай Алания болып өзгерді. XX ғасырдың ортасына дейін кангюйлердің орналасуы туралы мәселе даулы болып келді. Қалай дегенде де, Сырдария мен Әмудария аралығына (Хорезмге дейінгі қосөзен арасы) кіргендігі белгілі. Бұл тарихи дәуірді зерттеген К. Ақышев, К. Байпаков: "Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақты енгізіп, орталығы Отырар", — деп көрсетеді. Ал қытай жылнамаларына сүйенген С.П. Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, Бактрия, батысында Хорезм, Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады. Айтылған аймақта археологтер кангюй мәденетіне тән Қауыншы, Отырар — Қаратау, Жетіасар мәдениетін бөліп көрсетеді. Н.Я. Бичурин кангюй билеушісінің қыстыгүні Битянь қаласында тұратындығын, шығысында олардың ғұндарға бағынышты болғандығын жазады.Тағы да осы деректерден Кангюй мемлекетіОрталық Азия мен Қазақстан жерін қамтыған кішігірім бес бөліктен тұрғандығын аңғарамыз. Қаңлылардың арғы ата-бабалары юэчжилерден шыққандығы, ежелгі мекені ғұндарға көршілес болғандығы туралы мәліметтер бар. Кейін олар ғұндардан жеңіліп (біздің заманымызға дейін 174 жылы), Іле-Жетісу, Ферғана өңіріне келген. 'Қаңлылардың мемлекеттік — саяси дамуы. Қытайдың "Солтүстік патшалықтар тарихында": "Олар үнемі көшіп-қонып жүреді, бір өңірде тұрақтамайды. Хань империясынан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олардың патшасының ата тегі — Үн, арғы тегі Юэчжиден шыққан... Ғұндар олардың тас-талқанын шығарғанда, батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған", — деп көрсетеді. Үйсіндер ғұндардың көмегімен юэчжилерді Іле — Жетісу өңірінен ығыстырған еді. Ауыр жеңілістерден күйзелген юэчжилердің бір тобы Ферғананың солтүстік батысына кетсе, екінші бір тобы юэчжилерден бөлініп шығып, Талас өзенінің бойында Қаңлымемлекетінің іргесін қалады. Бұл, шамамен біздің заманымызға дейін 150 жыл деп топшылауға болады. Ал Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138—125 жылдар қаңлылардың арасына келгенде толық қалыптасқан кезі болатын. Дегенмен юэчжилер мен ғұндар ықпалы әлі де байқалып тұрды. Біздің заманымызға дейін II ғасырдың соңы — I ғасырдың басында каңлыларда жоғарыда аталынған бес иелік пайда болды. Олар өздеріне Арал — Каспий аралығындағы Яньсай (сармат-алан) тайпаларын бағындырды. Сыма Цянь мен Бан Гу еңбектерінде каңлылар біздің заманымызға дейін II ғасырда Іле бойын мекендеген үйсіндердің көршісі ретінде қарастырылды. Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138 жыл Орталық Азияны билеп тұрған юэчжилерге келе жатып, қаңлыларға жол-жөнекей соққан екен. Бұл қаңлы мемлекетінің күшейіп тұрған кезі еді. "...Кезінде кангюй князі өз ұлын Қытай сарайына жіберді, жердің шалғайлығы себепті тым тәкаппарланып кетті. Басқа иеліктер сияқты тәуелді болғысы келмеді... кангюй өміршісі өркөкірек, тіпті елшілерімізге бас имейді. Біздің жіберген адамдарымызды үйсін елшілерінен төменірек отырғызды", — деп хабарлайды. Бірақ ғұн, үйсін, қаңлы сияқты үш мемлекеттің бір-бірін жақын тартатындығы, байланыстарын үзбейтіндігі де сөз болған. Шаруашылығымен тұрмыс-салтының ұксас болуы да олардың этникалық жағынан да жақын, туыскан екендігін аңғартады. Қаңлылар біздің заманымызға дейін I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Кытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тартқан. Алайда қаңлылар ғұндармен жақындасып одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасады. Қаңлы билеушісі Чжи-Чжиге өз қызын әйелдікке берді. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлыларды менсінбеуге айналды. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Ғұндар қаңлы мен үйсіндер арасындағысоғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хань империясы колдап отырды. Біздің заманымызға дейін 42 жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын (Ыстықкөл жағасындағы "Қызылаңғар қаласын") талқандайды. Ферғаналықтарға жорық жасайды. Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған каңлы, Ферғана, Бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көрші елдерден көмек іздестіре бастайды. Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Батыс өңірде үстемдік орнатуға кедергі болып отырған Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек күттірмейтін мәселеге айналды. "Чжи-Чжидің бүгінде күш-құдіреті, айбаты асқақтап, атағы алысқа тарады. Үйсін Ферғананы өзіне бағындырғалы жүр. Егер ол осы екі елді бағындырып алатын болса, онда қалалық елдерге қауіп төндіреді. Оның үстіне, адамдары сом денелі, батыр, соғыста әбден шыңдалған. Егер осылай күшейіп кете беретін болса, Батыс өңірге лаң салуы мүмкін". Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса, қалған бөлігі солтүстіктен үйсіндердің жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөл маңындағы шекарасына бет алды. Біздің заманымызға дейін 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Л. Гумилев: "Бұл шайқасқа римдік легионерлер қaтысты", — деп көрсетеді. "Ғұндардың бір бөлігі Батысқа қоныс аударып, Талас өзенінің бойындағы далаға орын теуіп, парфиялықтармен одақ құрды. Олар ғұндарға көмек көрсету үшін римдік әскери тұтқындардың жасағын жіберді". Ал қытай жылнамашысы Чжи-Чжидің соңғы демі таусылғанша қалай жанқиярлықпен шайқасқанын былайша баяндайды: "Тәңірқұты өзі сауыт киіп, қамалдың мұнарасына шықты. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қорғанға ұмтылған әскерлерді ата бастады. Тәңірқұтына оқ тиді. Әйелдер де түгелдей оққа ұшты. 1518 адамның басын алып, 145 адам тірідей ұсталып, 1000 адам тұтқындалды". Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды. Қаңлы мемлекеті біздің заманымдың III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысынашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.
5-сұрақ
Ғұндар мемлекеті
Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B0%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Тақ (мұндай бет жоқ)" Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретінуәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.[1]Ежелгі ғұндар мен юэчжилер туралы қытай деректері
Б.з.д. 1-мыңжылдыктың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтік мәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен кәшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады. ытай тарихнамашысы Сыма Цянь (Б.з.д.145—86жылдары) Орталық Азияны б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/7_%D2%93." \o "7 ғ." VII—ғасырларда мекендеген Солтүстіктегі көршілерін жундер деп атайды.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/5_%D2%93." \o "5 ғ." V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі — ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың құрамында үйсіндер де болған. Аумағы Тянь-Шаньнан бастап, Орталық және Батыс Моңғолия,Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды.
Орталық Азия көшпенділері құдіретті тайпа бірлестігіне жатады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%BD%D1%8C_%D0%93%D1%83" \o "Бань Гу" Бань Гу юэчжилердің ғұндардан да күшті болғандығын айта келіп:
“ 'Ұлы иузу елі (үлкен юэчжи) — түтін саны 400 мың; әскері 100 мың, олар көшпенді мемлекет, мал жайылымы жағдайына карай көшіп-қонып жүреді, әдет-ғұрыпы ғұндарға ұқсас' ”
, — деп көрсетеді.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/3_%D2%93." \o "3 ғ." III ғасырдың соңында олар Ганьсу провинциясының оңтүстік-батысын иемденген. Ғұндардың соққысынан б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/174" \o "174" 174 жылдан кейін батысқа кеткен юэчжилерБактрияны бағындырды, кейіннен Бактрия жерінде Кушан патшалығы пайда болды.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/4_%D2%93." \o "4 ғ." IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғүндарды алғаш рет атайды. Ғүндар б.з.д. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия кұрлығындагы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынан бастап, батысында Тарбағатай тауларына дейін кең құлаш жайып жатты.
Кейбір зерттеушілер:
“ 'Бұл мемлекеттің батыс шекарасы Арал теңізі, кейде Каспий теңізіне дейін жеткен' ”
деген пікірлер айтады. Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/4_%D2%93." \o "4 ғ." IV—III ғасырларда ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтар олардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Ғұндар мемлекетінің гүлденуі
Б.з.д. III ғасырдың соңғы онжылдығында Ғұндар мемлекетін әскери басшы тәңірқұты (шаньюй) басқарды. Сыма Цянь ғұндардың күшті тайпа бірлестігі құрылғандығы туралы былай дейді:
“ ''Ол кезде дунхулар (Маньчжурияда мекендеген монғолдардың арғы атасы, "дун" — шығыс, "ху" — тағы, жабайы деген мағына береді) әлі де күшті, ал юэчжилер гүлдену дәуірін басынан өткізуде еді. Ғұндарда Тоуман төңірқұты болатын". ”
Оның екі әйелінен туған екі так мұрагері болған еді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%BE%D1%83%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D1%8C&action=edit&redlink=1" \o "Тоумань (мұндай бет жоқ)" Тоуман екі баласының біреуі Мөдеден құтылу үшін юэчжилерге аманат ретінде жұмсайды. Мұны сезген Мөденің юэчжилер арасында жүріп калай билікті қайтарып алуға дайындалғандығын дерек көзі былайша қызықты баяндайды. Деректен ғұндардың басында юәчжилерге тәуелді болғандығын, юэчжилерге аманат ретінде тәңірқұты ұлдарын жіберіп тұрғандығы байкалады.
Осындай аманатта жүріп, Мөде юэчжилерден қашып шығады. Әскер жинап, катаң тәртіп енгізіп, билікті басып алады. "Маодунь (Мөде) өз жауынгерлерін үйрете отырып, оларға өзінің "ыскыратын жебесін" (ғұндардың тесігі бар сүйектен жасалған жебелері) қайда жетсе, сол жаққа атуға бұйырды. Жүздеген ысқырған жебелер жаудың зөресін ұшырып, олардың аттарын үркітті... Ол өз қосынындағы оқ атпағандардың басын шабуға бұйырды. Сонда ғана барлық жауынгерлер онымен бірге оқ атуды үйренді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%A9%D0%B4%D0%B5_%D2%9B%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD" \o "Мөде қаған" Маодунь уакыттың таянғанын түсінді".
Осылайша төңкеріс жолымен б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/209" \o "209" 209 жылы Мөде тәңірқұты билік басына келеді. Ғұндардың жаулап алу соғыстары дунхулардан басталды. Мөде батыстағы юәчжи тайпаларын бағындыру үшін әскери жорықтар жасады. Ол 203—201 жылдары Саян Алтайы мен Жоғары Енисей өзеніндегі ежелгі қырғыз тайпаларын бағындырып, солтүстік шекарасын кеңейтті. Ендігі негізгі карсыластары — Қытай ментюэчжилер еді.
Ғұндардың ұзак уақыт бойғы басты қарсыласы — Хань империясы (Қытай) болды. Сол кезде б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/202" \o "202" 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталып, бір орталыққа біріккен Хань әулеті билікке келді. Бұл тарихи дерек Ғұндар мемлекетінің күшеюімен тұстас келді.
Өзінің шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/200" \o "200" 200 жылы Қытай империясы ғұндарға қарсы соғысты өзі бастады. Алғашкы қақтығыстан кейін Мөде өз әскерлеріне кейін шегінуге бұйрык береді. Ал Хань әскері жауды қудалай, ізіне түсіп, негізгі күштерінен алыстап қол үзіп қалады. Алдыңғы шепте императордың езі де бар еді.
Ғүндар шегінуін тоқтатып, тертке бөлінген атты әскер белімімен тау аңғарында қытай әскерлерін жан-жақтан қоршауға алады. Жеті күн қоршауда қалған императорғұндармен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Ол шарт бойынша, император қытай ханшасын Мөдеге әйелдікке беріп, жыл сайын бағалы сыйлықтар (жібек мата, шарап, күріш) жіберіп тұруға уәде етеді. Хань императоры Гаоцзудың осы "тыныштық пен туыстық" туралы шартқа кол қоюуы, оның ғұндардың күштілігін мойындағандығын көрсетеді.
Сейтіп, 40 жылға ғұн мен Хань әулеті арасында тыныштық орнайды. Меде билік жүргізген кезде ғұндар гүлдену дәуірін басынан өткізіп, кемеліне жетті. Халық саны 300 мыңға жетіп жығылды. Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта ағысына дейінгі аралықты алып жатты. Мөденің мұрагері Лаушан (Лаошань) тәңірқұты тұсында Ғұн мемлекетінің құдіреті күшейе түсті. Бүдан кейінгі ғұндардың тарихы Шығыс Түркістандағы аса бай қалалар үшін Хань империясымен күреске толы болды.
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек б.з.д. 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуык керші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған.
Мөде б. з. д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/174" \o "174" 174 жылы қайтыс болды. Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталкан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір белігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір белігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды.
Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығыскан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты. Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бүл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/158" \o "158" 158 жылы шекарадағы сауда кездерін кеңейту мақсатында тәңірқұты Қытайға карсы соғыс ашты.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/152" \o "152" 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/133" \o "133" 133 оқылы ғұн- қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери қимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғұн әскері талқандалды.
Б.з.д. 90-жылдардағы кақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғұн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/71" \o "71" 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлыктар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді.
Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D0%B9%D1%81%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80" \o "Үйсіндер" Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/71" \o "71" 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі.
Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлыктар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.
Б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/59" \o "59" 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган құрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/55" \o "55" 55 жылы оңтустік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.
Б.з. Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін кұрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дөстүрлі тәңірқұты атағын алды.
Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар.
Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/2_%D2%93." \o "2 ғ." II ғасырдан басталып, б.з.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/4_%D2%93." \o "4 ғ." IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.
Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар ДоннанДунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/5_%D2%93." \o "5 ғ." V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.
Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/6_%D2%93." \o "6 ғ." VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.
Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%BA%D1%96_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96&action=edit&redlink=1" \o "Түркі тілі (мұндай бет жоқ)" Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.[2]6-сұрақ
Сарматтар
Сарматтар — көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.
Жалпы мәлімет[.Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады. Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Географиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еур., ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. С-дың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. С-дың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археол. деректері аса зор рөл атқарады. С-дың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.
Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді.
Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады
Грек, рим тарихшыларының мәліметі
Тарихи деректерде алғаш рет б.з.б VIII ғасырда сарматтарды савроматтар деп атаған. Савромат жөнінде грек, рим тарихшылары Диадор, Үлкен Плиний, Полибий жазу бойынша савромат-сармат тайпалары Орталық Азия мен Қара теңізі өңірі мәдениеттерін байланыстырды. Сармат тайпалары көршілес Босфор мемлекетімен байланыс орнатып, Алдыңғы Азия Солтүстік Кавказға, Парфияға жаулаушылық жорықтар жасады.
Грек тарихшысы Геродот қалдырған мәлімет бойынша:
Савроматтар скиф тіліне өте жақын тілде сөйлеген;
Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған;
Савроматтар дах, массагеттермен, исседондармен туыстас келген;
Археологиялық ескерткіштері
Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.
Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.
Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.
Шаруашылығ
Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. Жылқыны тебіндеуге үйренген түрлері және жорыққа мінетін қазанаттар өсірген. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.
Тұрмысы
Сарматтар қыс кезінде қысқа тон киіп, қайыс белбеу таққан, аяқтарына қысқа қонышты етік киген, кең шалбарының балағын етіктің қоншына салған. Әйелдері де ерлерше киінген, алайда олардың киімдері әртүрлі әшекейлермен безендірілген. Сарматтардың ыдыстары қыштан және металдан жасалған. Қыш құыралардың түбін шұңыл әрі жайпақ етіп жасаған. Тамақ пысыратын қазандарды темірден құйып жасаған. Обаларда шыныдан жасалған ыдыстар да кездескен, бірақ оларды өздері жасамаған, шығыс елдерінен алғызған. Сарматтар кейбір торсық, саба, көнек, мес сияқты ыдыстарды теріден жасап пайдаланған.
Зергерлік өнер
3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлердің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды
7-сұрақ
Түрік қағанаты (Бітік (руна) жазуымен:  [1] түр. Kök Türk) - түркілердің тайпалық одағы тарапынан орта ғасырларда (552 - 742 ж.) басқарылған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түркі қағанатының күшейген уақытында Солтүстік-Шығыс Қытай (Маньчжурия), Моңғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Казказ территорияларына иелік еткен.[2]Түрік этнонимі
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктердіғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
Тарихы
Қалыптасуы
Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік МоңғолияданШығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтайаудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты.
Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вей патшалығымен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.
Түркі қағанаты
Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Бұқрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұкан-қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.
Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Истеми (Естеми) бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».
Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді.
Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "яғбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын.
581 ж. Қытайда Чжоу династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша түріктермен барлық сауда қарым-қаныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жибек жолындағы рөлі азаюға бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді.
604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар сайланды.
Сыртқы саясаты
Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді. Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.
Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады. Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады.
Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейінҚырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.[3]Түркі тайпаларының діні
Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды.
Түркі мәдениеті
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.[4]Батыс Түрік қағанаты
Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.
Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы
Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды.
Аумағы
Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынанЖоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург,Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.
Шаруашылық-экономикалық жағдайы
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік каганатының) халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.
Қоғамдық -экономикалық қатынастары
Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.
Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түріктері де ездерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.
Суябқа жақын жазғы резиденция — Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді. Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Кәшпелі коғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%BB_%D1%88%D0%B0%D1%80%D1%83%D0%B0%D1%88%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B" \o "Мал шаруашылығы" Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді. VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудыңордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аңтерісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D0%B9%D0%B5" \o "Түйе" Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол.
Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%91%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Бектер (мұндай бет жоқ)" Бектер — тайпа бастық- тары мен өкілдері — жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Тағы бір категория — үй-қаған барынша назар аударарлық. Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да (фамилиялар) өз басшысын үй-қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды, демек бұл үй қағаны деген сөз»'°. Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлінісі партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр. Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81_%D1%82%D2%AF%D1%80%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%8B" \o "Батыс түрік қағанаты" Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеумеггік терминологиясына ұксастырып, оларды «қара бұдун» («тобыр», «қара халық») деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.
Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердін бірі әскери міндеткерлік (басқаша айтқанда «қанмен төлейтін салық») болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша, вассал тайпалардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының құрамына кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі бағынышты тайпалардын мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни алғы шепке қойылған. Бұл дәстүр барлық жерлерге тараған. Бағыныштылық арқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы қалыптасқан. Бірақ ертедегі түріктердегі «кұл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар — үстем тайпаға мал және аң терісі, т.б. түрінде салық төлеп тұруға міндетгі вассал тайпалар.
Түріктердін көршілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсаттарының бірі кұлдар алу болған, бұл орайда, әдетте, ұлдар мен қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше мың қыз баланы тұтқынға алғаны мәлім. «Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен қыздар, яшма мен жібек — мұның бәрі қаған меншігіне түседі», — делінеді сол кездегі құжаттардың бірінде11. Түріктің Білге-қағанының 720 жылы басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түріктер «олардың (басмылдардың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты»12 деп хабарлайды. Деректемелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен от- басылы қауымда әдетте «бала қылып алып», шаруашылыққа пайдаланды. Мұның бәрі қағанатта құлдыктың басқа түрлері болғанын (мысалы, қол- өнерші, қала салушы, т. с. с. құлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, бірақ құл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдық деп есептеуге мүмкіндік береді.[1]Тәуелділердің тағы бір категориясы болды. Білге-қаған ескерткішінің мәтіндерінде бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Онда мынадай жол кездеседі: «... менің шың жүректен шыққан сөзімді сендер (бәрін) осыған (ескерткішке) қарай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына жеткізіндер!» Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне тәуелді Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындары айтылатын болуы керек; түрік қағандарына бағынышты болған бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.
Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%90%D0%B7%D0%B8%D1%8F" \o "Орталық Азия" Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D1%8B" \o "Ұлы Жібек жолы" Ұлы Жібек жолыныңБатыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D0%BD" \o "Құлан" Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісудаегіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға,Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына Үнді елінен Будда дінін уағыздаушыПрабхакарамитра он шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B5%D0%B3%D1%83%D0%B9_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Шегуй хан" Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқакөшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсыеліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе(Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасыКүлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%82,_%D0%94%D1%83%D0%BB%D1%83" \o "Дулат, Дулу" дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішіндеДучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BB%D0%B0%D0%BD" \o "Құлан" Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.
8-сұрақ
Түргеш қағанаты
Түргеш қағанаты (704–756 жж.) Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%83" \o "Шу" Шубойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.
Түргеш қағанаты 704–756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.
Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706–711 жылдар. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. 712–713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Испиджабқа шабуыл ұйымдастырды.
Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715–738 жж.) тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферған қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары” және "қара” түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан (Қытай) империясы ұтымды пайдаланды. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті 756 жылы құлады.
Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оның көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Мұндай ұзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді.
9-сұрақ
Оғыз мемлекеті (9 ғасыр—11 ғасырдың басы). 9-10 ғасырлар Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар БатысҚазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%85%D0%BC%D1%83%D0%B4_%D2%9A%D0%B0%D1%88%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B8" \o "Махмуд Қашқари" Махмуд Қашқари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук жәнеүшүк (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігіЖетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдыңтөменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері жәнеЖетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикентқаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағықарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.[1][2]Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святославтын арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шөнжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға оөе мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%93%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Оғыздар" Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай рыногына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.
965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Оғыздардың хазарлармен қан төгіс шайқастары, Маңғыстауға батыс жағынан іргелесетін далаларда өткен болса керек. X ғасырдың орта кезінде Каспий теңізінін солтүстік-шығыс жағасына дейін жеткен Хазар державасының шекарасы осы жерден басталатын еді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын да күйрете женді. Орыс шежірешілері 985 жылы князь Владимирдің торқтармен (оғыздармен) одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтады. Князь әскерлері Еділмен немесе Камамен қайықпен жүзді, ал тұрқтар жағамен өздерінің жауға мінетін аттарымен жүріп отырды. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштыкпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.
Оғыз мемлекетінің құрылуы
Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқтар мен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді. IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті. Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды. Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.
Шаруашылығы
Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы
Егін шаруашылығы
Кәсіпшілік пен қолөнер
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.
Этникалық және тайпалық құрамы
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін калыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады90. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.
Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді.
Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар қатарына жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады. Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық құрамы жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген.[3]Оғыздар Қазақстан аумағында
Огыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген.[3]Қарлұқ қағанатыҚарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)–  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%83%D1%8F%D0%B1" \o "Суяб" Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Жылнамашылар мен саяхатшылар 8 – 9 ғасырда Жетісу жерін чумук, ұлығ-ақ, жабшид, түркеш-қалаш, түргеш, азғыр, қашу, барсхан, т.б. тайпалар мекендегенін жазады. Алтай мен Жетісудың саяси және әскери өмірінде қарлұқтармен қатар қаңлы тайпасы да елеулі орын алды. Олар, негізінен, Алтайда(Ертіс алабын), содан соң Ыстықкөл, Шу жағалауларын, Талас өңірін жайлады. Ыстықкөл алабында, сондай-ақ, шігілдердің де иеліктері болды. 10 – 11 ғасырда Іленің орта ағысында яғмалар тұрды. Тараз қаласысының іргесінде Яғма қыстағы болған. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында 8 – 9 ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды. Іле аңғарында Кунгут, Талһир (Талғар) қалалары болды. Әсіресе, Тараз, Құлан (Құлан сайдың қасындағы мекенжай), Мирки(Меркі), Ашпара (Шалдавар а-на таяу осы аттас өзен бойындағы қираған мекенжайдың орны) қалалары көбірек белгілі болды. 8 – 10 ғасырда Жетісу қалалары құрылысы, үйлерінің орналасуы жағынан Орта Азия қалаларынан өзгеше болды. Олар бір жағынан көшпелілерден қорғанатын бекініс еді. Қағандықтың экономика өмірінде Соғды қалалары үлкен рөл атқарды, олардың халқы, негізінен, Самарқаннан, Бұхарадан, Орта Азияның басқа да қалаларынан келгендер еді. Ірі де бай соғды мекендерінің сауда-экономика қуаты аса зор және дипломатикалық мүмкіндігі күшті болды. Сауда-саттық қалалары Шығыс пен Батыстың арасындағы көне керуен жолдарының бойына орналасты. Сол жолдардың бірі Бұхара, Самарқан,Шаш (Ташкент),Тараз, Құлан, Суяб (қазіргі Тоқмақ маңы) арқылы өтіп, Ыстықкөл ойпатымен Қарқараны, Текесті басып, Шығыс Түркістанға қарай бойлаған. Отырықшы халық көшпелілермен тығыз байланыста болып, сауда жасап, тауар алмасып отырды. Көрші елдермен қарым-қатынас жасау қала мәдениетін өсірумен бірге сырттан басқа діннің де енуіне жағдай жасады. Халықтың басым көпшілігі ата-бабалар дінін ұстанған (тәңірлік, шаман). 940 жылы Шығыстан келген «мәжусилік түріктер» қағандықты құлатты. Қарлұқ Қағандығы кезеңінде Жетісу халықтарының арасында әлеуметтік-экономикалық, этнограф және саяси бірлесудің берік негізі қаланды.
Мемлекеттің құрылуы
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқтайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D0%B3%D0%B5%D1%88" \o "Түргеш" Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81_%D3%A9%D0%B7%D0%B5%D0%BD%D1%96" \o "Талас өзені" Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81" \o "Талас" Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»
Қарлұқ тайпаларынын мекені
Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Kөшпелі және отырықшы мәдениет
Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінде. Б.з.д. 1-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғарғы Етіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргиппейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастапан. Осы жолмен жібек, терілер, иран кілемдері, асыл металдан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
Б.з.д. 2 ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды. Б.з. 2-5 ғғ. Егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжов маңындағы хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Наь-Шанның солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айрылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететін; ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға сосын Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай кететін; бұл оңтүстік жол деп аталды. Ал солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқара, Мерв арқылы хамаданға, Сирияға баратын. 11-12 ғғ. Қытайдан шығып Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа қарай өтетін жол жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол 7 ғ. ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып қалды; үшіншіден аса бай түрік қағандары олардың айналасы теңіздің арғы бетінен келген тауарларды көптеп тұтынды.
7-14 ғғ. Елшілік және сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған. Жібек жолы Орта Азия арқылы оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келетін сауда жолы 14 ғ. дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып,тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұолдызы сөнгенге дейін жұмыс істеді.
Қарлұқтардың сыртқы саясаты[өңдеу]
Қарлұқ жабғуы Оңтүстік Қазақстан маңайында Мауараннахрдың солтүстігіндегі жерлерді басып алу жөнінде белсенді саясат жүргізген арабтарға қарсы күресті басқарды. Арабтарға қарсы әр түрлі аттаныстарды қарлұқтар талай рет белсене қолдады. Қарлұктардың шығыста Ұйғыр қағанатымен бәсекелеспек болған әрекеттері кейін сәтсіздікпен аяқталды. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің әскерлерін талқандады. 812 жылы олар қарлұқтарды толық женді. Қарлұқтарды куа отырып, ұйғыр қағаны Ферғана мен Сырдарияға дейін жетті, олардың адамдары мен малын қолға түсіріп, Орталық Азияға қайтып кетті. Осы катаң жеңілістен кейін қарлұқ жабғуы Моғолиядағы орталығы Өтюкен болған ұйғыр кағанының жоғарғы билігін мойындауға мәжбүр болды.
Ұйғырлардың билеп-төстеуіне Енисей қырғыздары табанды қарсылық көрсетті. Қырғыздардың иеліктері шығыста Байкал маңында тұрған гулиган халқы аймағына дейін тарады; батыста олардың мекендерінің шекарасы Алтай тауларына дейін, оңтүстік-шығыста — Саян жотасына дейін барды. Қырғыздардың көршілері батыс жақта қимақтар, солтүстік жақта — бома халқы, оңтүстік-шығыста ұйғырлар болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%80%D2%93%D1%8B%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Қырғыздар" Қырғыздар Минуса ойпатында мейлінше жинақы мекендеді. Қырғыздар 80 мың жауынгер жасақтай алатын, халқы көп бірлестік болған еді. Жиырма жылға созылған табанды күрестің нәтижесінде қырғыздар 840 жылы ұйғырларды талқандап женді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%86%D1%88%D0%BA%D1%96_%D0%90%D0%B7%D0%B8%D1%8F&action=edit&redlink=1" \o "Ішкі Азия (мұндай бет жоқ)" Ішкі Азиядаласындағы бұл маңызды оқиға мұсылман тарихнамасында көрініс тапқан. Мәселен, Гардизи бұл жөнінде мынадай хабар келтіреді: «Түркістандықтар (кырғыздар) хақан халқына шабуыл жасады; олар бұл халықтың беделді-беделді он екі бастығын өлтірді, семсермен турап, хақандықтардың бәрін қырып-жойды. Хақандықтардың бүкіл патшалығы Чун-пан мен халлухтардың (қарлұқтардың) қолдарында қалды».  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%B9%D2%93%D1%8B%D1%80" \o "Ұйғыр" Ұйғырлардың біразы Жоңғария — Тарбағатайдың солтүстік-батыс шетіндегі қарлұқтарға қашты. Ал ұйғырлардың негізгі көпшілігі Шығыс Түркістанға және Ганьсудің батыс жағына қоныстанды, онда орталығы Тұрфан алқа- бында (847—1369 жылдар) және Ганьсуда (847—1036 жылдар) болған тәуелсіз мемлекет құрды.
Мұны ашина руынан тарағанбыз дейтін, бұл кезде күшейіп алған қарлұқ жабғуы пайдаланды. Қарлұқтардың көсемі Білге Күл Қадыр-хан — Испиджаб билеушісі (Гардизи мәліметгері бойынша Илмалмасын — жабғу) өзінің бұрынғы атағы — жабғуды тастап, қаған атағын алып, билікті өзінің алуға хақылы екенін ашықтан-ашық жариялады. Алайда қарлұқтардың билігі берік болмады, өйткені ол Орталык, Азияның түрік тайпаларына таралған жоқ.
Этникалық және тайпалық құрамы[өңдеу]
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%BB%D2%B1%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Қарлұқ (мұндай бет жоқ)" Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған. «Олар (қарлұктар) — ежелгі түріктер», — дейді Ибн әл-Факих (X ғ.)47.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%BB%D2%B1%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Қарлұқ (мұндай бет жоқ)" Қарлұқтар ежелгі түріктердін руналық ес- керткіштерінде де «үш қарлұқ» деп айтылған. Ол моңғол Алтайы мен Балқаш көлі аралығындағы аумақты алып жатқан көшпелі тайпалардың күшті одағы болды. Қарлұктар туралы уақыты жағынан алғашкы хабар арабпарсы тілдес тарихи-географиялық әдебиетте — Табариде (737 ж.) кездеседі. Ол Тоқарстанда орналасқан қарлұқтар туралы айтады.Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бұлақтар, халаждар, түргештер, азкишилер, тухсилер, шарұктар, аргулар, барсхандар кірген. Бұлардан басқа оның құрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу аумағында калған кейбір топтары, сондай-ақтүрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B0%D1%85%D0%BC%D2%B1%D0%B4_%D2%9A%D0%B0%D1%88%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%B8&action=edit&redlink=1" \o "Махмұд Қашғари (мұндай бет жоқ)" Махмұд Қашғари көптеген соғдылар түріктердің әдет-ғұрыптарын қабылдаған деп хабарлайды. Кейінірек қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың, отырықшы халықтарымен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған бір бөлегі, сондай- ақ оғыздардың соларға сәйкес топтары да түрікмендер деп аталып кетті Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды; ал Ибн Хаукальдін деректері бойьшша, «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін тіпті 30 күн жол жүру керек болған».
Қарлұқтардың ыдырауы[өңдеу]
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс Tүркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%BB%D2%B1%D2%9B_%D2%9B%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%8B" \l "cite_note-1" [
10-сұрақ
Қарахан мемлекеті[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.) Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:
Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды. Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.
XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.
11-сұрақ
Қимақ қағанатыҚимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Қимақтар" Қимақтар 7 ғасырдаАлтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%85%D0%BC%D2%B1%D1%82_%D2%9A%D0%B0%D1%88%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B8" \o "Махмұт Қашқари" Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс Түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B8%D0%B7%D0%B8" \o "Гардизи" Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендегенСырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D1%96%D0%BA" \o "Түрік" Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.
Қимақ қағанатының құрылуы[өңдеу]
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз-ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағыменқаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
Саяси тарихы[өңдеу]
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды.
Қимақтардың жазуы[өңдеу]
Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді.
Этникалық және тайпалық құрамы[өңдеу]
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады
Қимақтардың шаруашылығы[өңдеу]
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BB-%D0%98%D0%B4%D1%80%D0%B8%D1%81%D0%B8" \o "Әл-Идриси" әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D2%9B" \o "Қимақ" Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B8%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Қимақтар" Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
Қимақ қағанатының құлауы[өңдеу]
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия және т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті.Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах солардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды. Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%BF%D1%88%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Қыпшақтар" Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.[2]12-сұрақ
Керей (карайлар) — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрік халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады. Қытайда тұратын қазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларын қазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбаларда керей атауына да қатысты сәттер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады. Аудармашылар бұл жазбалардан Шеп тайпасымен бірге Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауының да ізін бағамдағандай болды. Бір қызығы, Алтай аймағыгда ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен керей Мәмидің шежіресінде де осыған үндесетін тұстар бар. Ол шежіреде Керей ұлысының арғы тегі Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады делінеді. Бұлардың Шеп, Септен басқасының бәрі қазір Керей-Уақ шежіресінде кездесетін ата-тектер... Академик Ә.Марғұлан керейлер мен үңгіттердің (уақтардың, онгуд) моңғол дәуіріне дейін мәдениеті жоғары болғаны, көне түрк жазуларын пайдаланғандығы жөнінде өзінің «Таңбалы тас жазуы» еңбегінде былай дейді: «Алтай, Жоңғар даласында, Енесайда орхон жазуы бар құлпытастар жиі кездеседі. Олардың көбін жазған керей мен үңгіттер. Моңғол дәуіріне дейін бұлар және наймандар тегіс несториан дінін қабыл еткен елдер. Бұл әсіресе олардың крест таңбасынан ашық көрінеді... бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған. Мұндай крест таңбасы бар құлпытастар (орхон жазулы) Енесай даласында көп...» Шыңғыс хан заманы туралы теңдесі жоқ жылнама түзіп кеткен Рәшид-әд-Дин еңбегінен сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құрамында Керейт, Қырқын, Қоңқайт (Тоңқат), Сақайт, Тобаут, Албат, Қарақин секілді тайпалар болғанын білеміз. Бұлардағы сөз соңындағы «т» әрпі әдетте көптік жалғауды білдіреді. М.Тынышбайұлы осындағы Сақайттан бүгінгі сақаларды (якуттарды), тубауттардан туба жұрттарының атауын көріп, оларды бір кездегі ірі Керей мемлекетінен бөлшектенген елдер болуы кәміл деген болжамды ортаға тартады. Бұл пікірді профессор С.Аманжоловтың «Тоңқатты» тубалардың құрамындағы «Тоңқат», Орхон-Енесай жазбаларында «Құрыққан» түрінде кездесетін «Қарақинді» якуттың қазіргі «Құрыққан» тайпасымен байланыстыруы одан әрі дамытады. Ал Керей мемлекетінің кезінде ірі де айбынды ел болғанына тарихта дәлел жеткілікті. Кей мемлекеттер бойынша Х ғасырда керейлер 200 мыңға жуық болған. Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөрхан, Уаң хан сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл). Ол өз кезінде Қытайдың Алтан ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған. Уаң ханның (Он ханның) осы есімі кезінде керейлердің несториан дінін ұстағанына қатысты Еуропаға «керейлердің королі Иоан поп» деген атаумен де жеткен екен. Шыңғыс хан моңғол жұрттарының басын құрап, жас мемлекетінің шаңырағын алғаш көтерген кезде, ол өз әкесінің анда-досы Уаң ханның көмегіне арқа сүйеді. Онымен бірге наймандарға қарсы соғысқа қатысты. Алайда кейіннен екеуінің арасында алауыздық туып, оның ақыры Шыңғыс ханның Керей мемлекетін жойып жіберуіне әкеліп соқты. Осы аласапыраннан кейін керейлердің бір бөлігі қонсылас наймандарға ығысып, Батыс Алтай мен Зайсан, Ертіс алқабына ауды. Ал атажұртта қалған бөлігі Шыңғыс хан қарауына өтіп, кейін жаулап алынған найман, меркіттермен бірге оның жорығына қатысып, Шыңғыс ханның жер қайысқан қолының басты күштерінің біріне айналды. Тарихшылар бүгінде Қазақстанның теріскейін жайлаған керейлер сол Керей мемлекеті күйрегеннен кейін Ертісті бойлап солтүстікке қарай ығысқан бөліктен тараған ұрпақтар екенін айтады. Олар туралы «Сібір жылнамаларында» бірқыдыру деректер бар. Ол бойынша Уаң ханның Тайбұға деген тұқымы Шыңғыстың әмірімен Ертіс, Өб бойындағы жұрттарды бағындырған әскерге басшы болып, кейіннен сол жерлерді Моңғол империясы ханының рұқсатымен өз иелігіне алған. Бұл жерде Шыңғыс ханның байтақ империясының теріскей шетіне әуелден аралас-құралас, құдандалы хан ордасының мұрагерін қою арқылы, олармен қайтадан дұрыс қарым-қатынас орнатуға құлықты болғанын көреміз. Әрі оның бұл орайда Уаң хан ұрпағының өз атамекендерінен жырақтай бергенін де мақұл көргені анық. Тайбұға Ібір-Сібір аймағын өз иелігіне алғаннан кейін Тобылдың бір сағасы Тұра өзеніне Төмен өзені құяр тұсқа Шыңғы (Шымға) деген қала салады (ол қазіргі Төмен қаласының іргесі). Тайбұға тұқымы бұл өңірде 15-ғасырдың соңғы ширегіне дейін билік жүргізді. Шайбан әулетінен шыққан Махмұд ханның баласы, Қажы Мұхаммед ханның немересі, Дешті Қыпшақ даоласын қазақ хандары билеуіне байланысты шеттетіліп қалғасын Ібір-Сібірге жеткен Ибақ хан (Абақ хан) сол кезде Сібір бегі болып отырған Марды екі ұлымен қоса өлтіріп, тағына отырды. Арада көп ұзаммай Тайбұға ұрпағы оны өлтіріп, билікті өз қолдарына қайта алады. Алайда тағы жетпіс жылдай уақыт өткенде, бұл кезде Сібір хандығы аталған мемлекет басына Ибақ ханның немересі Көшім хан келеді. Ол бүкіл Тайбұға әулетін қылыш астынан өткізіп қырғынға ұшыратты. Дегенмен, сол қасаптан Сейтек деген бір бала аман қалып, ол 16-ғасырдың соңғы ширегінде Сібір хандығының билігіне қайта оралғанымен, бектің ғұмыры қысқа болады. Жошы әулетінің бір ұрпағы Ораз-Мұхаммед сұлтан, Қадырғали би Жалаиримен бірге саясатта жүргенде, оларды Сібірді дендеп жаулай бастаған орыс әскері опасыздықпен алдап тұтқынға түсіріп, Мәскеуге жөнелтті... XVII ғасырда Ресейдің ашкөз отаршылдығының күшейе түсуі Тобыл, Тұра, Өб бойын жайлаған керейлердің Солтүстік Қазақстан өңіріне қарай қоныс аударуына мәжбүр етті. М.Тынышбайұлы керейлердің Шыңғыс ханға мойынсұнбаған бір бөлігі меркіттермен бірге Торғай даласына дейін ығысқан еді, бүгіндері Кіші жүздің Жетіруы құрамында Керейт тайпасы сол босқындардың ұрпағы болуы кәміл дегенді айтады. Ақсақ Темір жорықтары туралы жазбалардан сол кезде Керейлердің Қара Ертістен Алакөлге дейінгі аймақты мекендегенін де көреміз. Тарихтан жоңғарлардың XV ғасырдың басынан қуатты күшке айнала бастағаны белгілі. Осы шамада олар Балқаш, Алакөл аймағындағы керейлерді қатты бір соққыға душар етіп, жан-жаққа тағы ыдыратып жібергенге ұқсайды. Керейлердің бір тобы XV ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында Жошы тұқымы – Мауереннахр мен Хорасанда билік жүргізген Мұхаммед Шайбани ханның жорықтарына да қатысқан. Өз тарихында қилы-қилы дәуірлер мен аласапыран замандарды бастан өткерген көне Керей елі кейіннен қазақ халқын құрауға атсалысқан белді тайпалардың біріне айналды. Керейлер сондай-ақ өзбек халқының құрамында да бар. Кенегес тайпасының екі рулы Абақлы мен Ашамайлы деп аталады. Ол Қарақалпақтың Қоңырат деген үлкен арысына енетін рулардың да бірінің аты. Керей рулары тубалардың, Қырым татарларының, башқұрттардың да құрамында кездеседі. Дені қазақ ішінде қалған Керей елі қария сөздер бойынша Абақ және Ашамайлы болып екіге бөлінеді. Қазақ шежіресіндегі бұл ру аттарының шығу тегін тергеген тұстарына үңілсек, Абақты Керейдің Ақылбай атты ұрпағының бәйбішесінің аты еді деген түсіндірмеге жолығамыз. Оның есімі әуелі Аппақ екен, келе-келе Абаққа айналған. Қазір «12 ата Абақ» деп жүрген бірлестік әу баста сол Абақ бәйбішенің өзі тәрбиелеген он екі немересінен өрбіген делінеді. Ал Ашамайлының әуелгі аты Ғали екен (енді бір шежіреде Ақберді), әкесі ашамайға мінгізіп барып келіншек алып бергендіктен Ашамайлы атаныпты делінеді. Шежіреде Абақты Ашаммайлыдан әкеліп тарқататын нұсқалар да бар. Зерттеушілер бұл ру аттарын олардың таңбаларына қатысты өрбіген атау болуы керек деген пікірге ден қояды. Ашамай – қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «балаға арналып, екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып жасалған ер». Ру таңбасындағы «Х» әрпіне ұқсас белгі соны көрсетеді. Ал «абақ» - қасқыр, түлкі секілді аңдарды ұстауға арналған көне құралдың аты. Ол аң сиятындай екі бөліктен тұрады. Аң ішкі бөлікте жатқан етке ұмтылып кірген кезде, жоғары қарай көтеріліп тұрған сырғыма есік сарт етіп төмен түсіп жабылып қалады (Қ.Салғарұлы). осы «абақ» сөзінен түрме мағынасын білдіретін «абақты» сөзі шыққан. Сондай-ақ ғалымдар арасында «ашамай» таңбаны керейлердің баяғыдан несториан дінін ұстанған кезінен қалған бір белгі деп – «крест» таңбасынан, ал «абақ» сөзін түрк-моңғол тілдеріндегі «қандас туыстар одағы» деген мағынаны білдіретін – «обақ», «обох» сөздерінен тарқататын топшылаулар да бар. Керей еліне қатысты ата-тек мәліметтерінің бірсыпырасы Сегіз сері Баһрамұлының шежіресінде жинақталған. Бүгіндері Қазақстан Республикасы ғылым академиясының қолжазба қорында сақталған бұл шежірені әу баста XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында ғұмыр кешкен көшебе Дәулен батыр Таузарұлы жинастырған екен. Одан кейін оны баласы Толыбай, немере туысы Шәукер мырза, ұрпақтары Шақшақ би сияқты біраз сауатты кісілер толықтырған. Олардан Сегіз сері жазып алып, кейінгі ізбасарларының дамытуымен бізге жеткен Абақ керейдің қоныстанған мекен тұрағы Алтай айналасы, Моңғолияда Қобда өлкесі, Баян-Өлке аймағы, Қытайда Қаба өзені, Қара Ертістің басы, Сауыр тауының күңгейі, Үліңгір көлі маңайы. Олардың қалың ұйысқан жерлері шетте болғандықтан, біз Абақ керей туралы толық шежірелік мәліметтерде ілкіде мұқтаждық көріп отырған едік. Алайда Моңғолияда тұратын авторымыз Қ.Сартқожаұлы Баян-Өлкеде 1991 жылы басылып шыққан Абақ керей шежіресін ала келіп, біраз жыртығымызды жамап кетті. Бүгінгі тізбе-кесте де Р.Шынай деген азамат құрастырған осы жинақтағы және бұрыннан да қолда бар моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлының «Керейлер керуені» атты кітабындағы мәліметтер негізінде жасалды. Абақ шежіресін кестеге түсіру үстінде біз Шәкерім қажаның он екі ата Абақты – Жәнтекей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Ителі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ деп бөлгені дұрыс болуы керек деген ойға келдік. Біраз мәліметтерде он екі атаның бірі – Шимойын руы деп аталып жатады. Алайда тізбелеу үстінде біз Шимойын Абақтан емес, Ашамайлының Сибанынан тарайтын деп айтуының да бекер еместігіне ден қойған едік. Сегіз сеті шежіресі оны Балғанның Сибаына жатқызады. Осы соңғы шежіреде 19-ғасырдың басында Керей, Уақтың басым көпшілігі орыстан үркіп Алтай, Шәуешекке көшкенде, Шимойын керейлердің едәуір бөлігі солармен бірге өткені айтылады. Демек, Шимойынның Абаққа, Ашамайлыға да қатысы бар болуының бір төркіні осында. Қалың Абақтың арасында тұрғаннан кейін ол бірте-бірте сол қауымдастықтың бір баласы секілді болып кеткен. Алайда ата-текті тарқатқан шежіре желісіне сыналап кіре алмаған. Абақ керейдің қрамындағы Меркіт руы – ілгерідегі көне Меркіт тайпасынан жеткен бір сынық. Меркіт елі туралы алғашқы мәліметтер Қытайды билеген Лияу әулетінің жазба жылнамаларында бар. Рәшид-әд-Дин жылнамасынан оның ұдайы моңғол жұртымен, әсіресе Шыңғыс ханмен көп жауласқан тайпа болғанын көреміз. Олар бірде жас Темүжинді тұтқынға алса, енді бірде бәйбішесі Бөртені тартып алып кетеді. Темүжин араға керейдің Уаң ханын салып жүріп, бәйбішесін әзер қайтарып алады. Сол жолы Бөрте үйіне қайтып келе жатқанда, жолшыбай тұңғышы Жошыны босанады. Ол кезе меркіттердің көсемі Тоқтабек деген адам екен. Оның алты ұлы болыпты. Жылнамада сол алтауының тұңғышы Тоғыздың керейлермен соғыс кезінде, қалғандарының Шыңғыс ханмен өткен әлденеше шайқастарда көз жұмғаны айтылады. Жауынгер, бүлікшіл меркіт жұрты Шыңғыс ханға әлденеше рет қарсы көтерілген алайда бұның түбі олардың түгел дерлік қрып кетуіне де әкеп соққан еді. Шыңғыс хан меркіттердің «арба дөңгелегінен бойы асқандарының бәрін қыруға» жарлық берген екен деген деректер де бар. Меркіттердің аман қалған аз тобы керейлерге қосылып, кейін олардың бір атасы ретінде сіңісіп кетті.
Найман мемлекеті
Найман мемлекетінің пайда болуы
Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-нде Ұйғыр, Сяжұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D1%8B" \o "Ұлы Жібек жолы" Ұлы Жібек жолындаорналасқан. Найман мемлекетінің [2] көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D1%88%D0%B8%D0%B4_%D3%99%D0%B4-%D0%94%D0%B8%D0%BD" \o "Рашид әд-Дин" Рашид әд-Дин“Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды.Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл(Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлікханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.
Найман мемлекетінің ыдырауы
Осылайша Найман мемлекетітолығымен күйреп, тарих тұғырынан тайды. Найман мемлекеті жұртының бір бөлігі моңғолдарға бағынышты болып, ата мекенінде қалып қойса (Ертіс, Зайсан, Марқакөл)[3], қалғандары оңт. батысқа (Жетісу,Сарыарқа, Сыр бойына) қарай ойысты. Олар осы аймақтағы ұлыстар мен халықтардың құрамына енді (қ. Наймандар). Найман мемлекетінің тұрғындары негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Кейбір деректерде наймандардың Орхон, Ертіс өзенінің бойында арпа-бидай егіп келгені туралы мәлімет кездеседі. Найман мемлекеті Орта Азия [4] шығысындағы көшпелілердің ең өркениеттісі болды. Орхоннан Алтай, Іле, Жетісу, Ұлытауға [5] дейінгі кең өлкеде Ақбалық, Шамбалық, Қаялық(Қойлық), Бесбалық[6], Найман Сумқатарлы қалалар салды. “Тамғалы тас” ескерткіші олардың жазу мәдениеті болғандығын дәлелдейді. Олар ежелгі ұйғыр жазуын қолданған.
13-сұрақ
Қыпшақтар
Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.
Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әйтсе де Қыпшақтарды Орхон жазбаларында “сір” (мүмкін “сары”), 9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еур. нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген Қыпшақ, негізінен, [Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола,Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны — Ойбас, таңбасы — екі тік сызық (ІІ, қос әліп).
Еуразия. Еуразиядағы қыпшақтардың шекарасы, XIғ соңы — XIIғ басы.
Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның теменгі және орта аңғарынан, Аралөңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдын 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші токсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды.
Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшақға орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығайды. XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады. Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузд- жани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханынын әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағы- нан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан ұлы ұлығы», Делисұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болды. «Ұлық-ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузджани, — Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбөрі Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындагы Табар-хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан жөнінде ешқандай қосымша мәліметтер келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан менАбар-хан бірақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-хан) XI—XIII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханнын мал-мүлкі мен хан армиясын басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бәлінді. Неғұрлым күштісі он қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілді, өйткені олар кешпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсетті және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдык және мемлекеттік дамудың негізгі принцип болды.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
Қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі[өңдеу]
Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі — оларда байланыс желісінің өте жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты XI—XIII ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең- байтақ кеңістігі олардың қоғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту жеткілікті.
Әлеуметтік және сословиелік жағы[өңдеу]
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D0%BB%D2%9B%D1%8B" \o "Жылқы" Жылқы басты байлық саналды. Орта ғасырлардагы авторлардың хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жылқы, ал олардың кейбіреулері он мың және одан да көп үйірлі жылқыны иеленген.
Қыпшақ тайпаларынын көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан да астам шақырым жерге көшіп жүрді. Олардың көшетін аумағы тарихи дәстүрлерге, байлық дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық, тәжірибе ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты «отан» (этникалық аумақ) ұғымына «жайылымдық жер», «жайлау» және «қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын елеулі экономикалық, әлеуметгік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер (таңбалар) салынды. Малынан айырылған, демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғындар-жатақтар (ятұқтар) қатарына өтті. Кедей ятұқтар жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ак, ол қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ қоғамында ен құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып отыратын құлдар болды. Этникалық аумақ шептерінің көптеген ерекшеліктерін басқа халыктармен этникалық-саяси қарым-қатынастар анықтады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%BF%D1%88%D0%B0%D2%9B" \o "Қыпшақ" Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе хорезм шахтармен ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте, вассалдардың билеушілерге адалдыққа ант беріп, алым төлеуінен, оның соғыс жорықтарына өз қолдарымен қатысуынан көрінді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%BB%D0%B6%D2%B1%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Салжұқтар" Салжұқтар әскерінің құрамы көбінесе қыпшақ көсемдері бастаған тайпалық топтармен толықтырылып отырды.
XI ғасырдың екінші ширегінде хорезмшахтар салжұктардың өктемдігіне қарсы қыпшақ және оғыз тайпаларынан тұратын әскер қолдарын қызметке кең келемде тартты. 1065 жылы салжұктардың билеушісі Алып Арслан хорезмшахтарды бағындырып, қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасады, онда қыпшақтардың жақсы бекінген қамалы орналасты. Қыпшақтарды бас идіруге көндірген Алып Арслан оғыздардың шағрақ тайпасына шабуыл жасап, олардың 30 мыңдык әскерін талқандады. Осыдан кейін салжұқ сұлтаны Жент пен Сауранға жорық жасады. Осы соғыс науқанының нәтижесінде қыпшақ тайпаларынын бір бөлігі уақытша Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Осы тайталастар барысында қыпшақтар оғыз-салжұқтардың алқабұлақ тайпасын тұтқынға алса керек, бірақ соңғылары, Махмұд Қашғаридың айтуынша, олардан құдайдың көмегімен құтылып кеткен.
XI ғасырдың соңғы ширегінің аяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және түрікмен тайпаларынын жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096 жылы «құдіретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық жасады. Алайда хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Манғыстауға қайтуға мәжбүр етті.
Тайпалық және этникалық құрамы[өңдеу]
XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.
Қыпшақтардың Қазақстан аумағы[өңдеу]
Қыпшақтардың Қазақстан аумағындағы көшіп жүретін аймағы Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу бойында болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83" \o "Маңғыстау" Маңғыстау мен Үстірттегі қыстауларынан қыпшақ рулары жаздыгүні Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларына кететін, Каспий теңізінің солтүстік жаға- лауынан жаздыгүні Еділ, Бала және Үлкен өзендерінің аңғарлары мен Оңтүстік Орал тауының етегіне көшіп баратын. Араб географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында». Қыпшақ тайпаларының бірқатар рулары Арал өнірі мен Сырдария бойындағы аймақта қыстап, жаз кезінде солтүстікке, Қазақстанның орталық аудандарына кетіп отырған. Бірақ барлық жерде бірдей халықтың көпшілігі болған жоқ. Мәселен, Ертісте имектер (қимақтар) жинақы мекендеді, Арал өңірінде адам саны көп қанды тайпалары орналасты, ал Жайық пен Еділ арасында куман тайпаларынын едәуір топтары қоныстанды.
Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанда оғыз және печенег тайпаларынын қалған топтары мекендеді, Сырдарияның төменгі ағысымен Маңғыстауда — түрікмендердің жекелеген топтары, этникалық жер аумағының шығысында наймандар, керейлер мен арғындар көшіп жүрді, ал Қазақстанның оңтүстігін көшпелі және жартылай көшпелі имек, қарлұқ, жікіл, ұран, қай тайпаларынын өкілдері мекен етті.
Шаруашылығы[өңдеу]
Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының кұрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді.[3]14-сұрақ
Қарақытайлар Жетісуда
Қарақытайлар мемлекетінің құрылуына— Орталық Азиядан келген көшпелі тайпалардың шапқыншылығы себепші болды, олардың үстем тобы едәуір аумақта билікті басып алды. Бірақтұтас алғанда қарақытай конфедерация Қарахан билеушілері тұсында да шекаралық қызмет атқарған, сөйтіп бұл үшін «наградалар мен үлестер» алған Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Алтайтайпаларының, жетекші рөл атқаруы жағдайында жергілікті этникалық-саяси негізде қалыптасты».
1125 жылы Елюй Даши әскерінің Емілге келуі Жетісуда қалыптасқан мемлекеттік институттарға түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ.Қарақытайлардың саяси ықпалы Жетісудың бір бөлігіне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аудандарға таралды.
Қарақытай бірлестігін басқару органдарының қалыптасуына жергілікті дәстүрлер күшті ықпал жасады. Мұның өзі қарақытай армиясындағы езгерістердің мысалынан айқын көрінеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%BC%D0%B8%D1%8F" \o "Армия" Армияны әскери бөліністерге бөле отырып, Елюй Даши Қатүн-Балықтыңөзінде-ақ әрбір отрядтың санын 500 адамнан белгіледі. Бірақ Жетісуда гурхан бұл тәртіпті күрт өзгертті: бір әскери басшының қол астында жүзден аспайтын жауынгер болуға тиіс болды. Осы арқылы армияны басқару ішінара белшектенді. Жергілікті тайпалардың шекараларды қорғау жөніндегі қызметі сақталып қалды.
Бұдан былай қарай өз құрамына Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тайпаларын қамтыған қарақытай әскері мұңдай әскери ұйым сипатынан айырылды. Жаулап алу барысында қарақытайлардың әскери жасағы негізінен құрамында түркі тілдес тайпалар мен халықтардан тұрған армиямен алмастырылды. Сонымен бірге алғашқыдаЖетісуда, ал сонан соң Мауараннахрда — жергілікті этникалық ортада келімсек этникалық топтардың шаруашылық және этникалық «сіңісуі» жүріп жатты. Қарақытайлар келгенде қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратып келген жоқ. Қарақытайлар Орта Азияның қалаларымен және егіншілік аймақтарымен үнемі сауда жүргізуге мүдделі болды. Олардың арасында мал өсірушілермен қатар егіншілікті білетін жартылай көшпелі топтар аз емес еді. Деректемелерде: қарақытайдың таралуы бейбіт сипатта болғанын бір ауыздан атап керсетеді. «Олар (қарақытайлар) қаланы алған кезде, оның тұрғындары үшін еш өзгеріс жасамады, — деп жазды Ибн әл-Асир, — тек әр үйден бір динардан ғана алды. Егістік пен сол тәрізділерге келетін болсақ, олар халыққа берілді». Бұл орайда үлестік жерлерді иеленушілер өздерінің гурхан қамқорлығында екендігінің белгісі ретінде өзінше бір үлгідегі сақтау грамоталарын (пайцзалар) алды.
Жағдай XII ғасырдың 40-жылдарының басында Салжұқтардың Мауараннахрда жеңілуінен кейін өзгерді. Жаңадан жаулап алған аймақтарда қарақытай әскерлері шоғырланды және оларға алым төлеу міндетті бола бастады. Қарақытайлар тұтас алғанда өздеріне дейінгі болған саяси құрылымды және әр түрлі аймаңтар арасындағы өзара байланыстарды өзгертпеді. Жергілікті жерлерде билік басында осында бұрын билік еткен әулеттердің өкілдері отырды. Орын алып келген талас-тартыстар сарыны жойылмай, қайта күшейе түсті, өйткені «Түркістан патшалары», Жүзжанидың айтуынша, қарақытайлардың көмегімен бір-бірін «бағындыру және талқандау» әрекеттерін жалғастыра берді. Ұдайы жанжалдармен ездерін титықтата отырып, қарақытай әскерлерін ұстауға мол сыйлықтар беруде шашетектен шығындарға ұшырап, жаулап алушыларға алым төлеп, жергілікті билеушілер өздерінің үлестерін белшектеуді күшейтті, ал мұны гурхандар белсене қолдап отырды. Осының салдарынан қарақытай иеліктерінің құрамына кіретін Қазақстан мен Орта Азия аймақтары, сондай-ақ гурхандарға вассалдық тәуелділікті мойындаған бірлестіктер шаруашылық және саяси жағынан әлсіреді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%82%D1%96%D1%81%D1%83" \o "Жетісу" Жетісуда, Мауараннахрда, Ферғанада бір мезгілде бірнеше ұсақ және ірі мәліктер мен сұлтандар биледі.
Іле алқабы мен МауараннахрІле алқабы мен Мауараннахрдың қарлұқтары, Бесбалық ұйғырлары, Самарқанда соңғы Қарахандар іс жүзінде өздерінен алым жинайтын гурхан билеушілерінің басқаруында болды. Қарақытай шонжарларының басқаруы үлкен ауыртпалыққа ұшыратты, ал олардың қысым жасауы, әсіресе салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары наразылық туғызды. Ибн әл-Асир былай деп атап көрсетеді: «қарақытайлар» Түркістан мен Мауараннахр елінде тұрды және олардың халқын ауыр езгіге салды. Олардың әрбір қалада билеушісі (болды), ол қарақытайларға ақша жеткізіп беріп тұрды.
Хорезмде алымдар мен салықтарды гурханның арнайы жіберген жинаушылары мезгіл-мезгіл жинап алып отырды, басқа аудандарда алым жинау мен оны қарақытайлардың астанасына жеткізу құқығы жергілікті феодалдарға берілді. Империяның жариялануына дейін өздерінен де күшті болған наместниктер институтына сүйене отырып, қарақытай көсемдері өздерінің әулет меншігі ретінде үлесті жерлерді иемденуге талаптана қоймады. Кейбір өлкелердің, мәселен, Тараздың наместниктері кейін келе толық билік жүргізген әміршілерге айналып алды.
Санжар сұлтанды жеңгеннен кейін гурхан Баласағұн түбінде Ғұз-орда- да өз ордасын құрды. Ұйғыр көпестері Жетісуды Чугал (Жікіл) деп атады. Деректемелерде хабарланғанындай, оның тұрғындары бейбіт, егіншілікпен айналысады, билеушінің пайдасына оннан бір үлес төлейді, ал гурхан ордасының орасан кендігі соншалық, оны аралап шығу үшін жарты күн керек болады.
Патриархаттық-феодалдық принциптеріҚарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен бірге басқарудың патриархаттық-феодалдық принциптері орнығын, нығая берді. Алайда жоғарғы билікті мұраға қалдыру жүйесі өзіндік сипат алды; гурханға, әдетте, бұл да гурхан атағын алатын әйел мұрагер болды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылыгын туғызды. Бұл дәстүрді айыптау Шығыс авторларының шығармаларынан көрініс тапты. Мұрагерліктің мұндай принципінін бөлу себебі мынада еді: қарақытайлардың әулеттік одағы некелесетін ер және әйел ру-фратриялардан, император руы мен император әйел руынын, екі ру-фратриясынан тұратын, сондықтан олардың екеуінің де бірдей дәрежеде гурхан тағына отыруға құқығы болды. Осыдан «алмасып мұраға алу» келіп шықты, оның мәнісі екі рулас әулет топтары өкілдерінің арасында билікті бөлуде емес, одан да гөрі өздерінің соңындағы генеалогиялық ортақтығымен байланысты көшпелі тайпалардың арасында белгілі бір әскери-саяси тепе-тендікті орнықтыруда болатын.
Елюй Даши 1143 жылы өлді де, билік гурханның жесірі Табуянға көшті, ал жеті жыл өткен соң басқару тізгінін Иле алды. Оның тұсында тұңғыш ретхалықсанағы жүргізілді. 84 мың отбасы жазылды, бұл, тегінде, Сырдария мен Еміл арасын мекендеген көшпелілердің саны болса керек. Қарақытайлардың бүкіл өмір салты даланың тұрмыс белгілерін сақтады. Иленің патшалық құруы 13 жылға созылды, ол өлгеннен кейін 1155 жылы так Елюй Дашидың қарындасы Бұсұғанға берілді. Оның мұрагері Чжилугу болып, ол 1169 жылдан бастап шамамен 1203 немесе 1214 жылға дейін патшалық құрды. Қарақытай мемлекетінің тарихындағы жаңа кезең соның есімімен байланысты. Бөлшектену үрдісі қарақытай әскербасыларының шың мәнінде автономиялы наместниктерге айналуына әкеліп соққан еді. Гурханның атынан әрекет жасай отырып, олар іс жүзінде әбден дербес болды да, оған тек алым жіберіп тұрумен шектелді. Шынына келгенде, гурханның биледі деген аты ғана болды. Езгінің күшеюі және феодалдық қырқыстар. XII ғасырдың орта шенінен бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын айтарлықтай өзгертіп, ашық тонауға көшті, бейбіт қоныстарға шапқыншылық жасады, «өлтірді, тұтқынға алды, тонады және есепсіз көп адамды қолға түсірді».
Жетісу мен Мауараннахрдағы қарақытайлардың жағдайы феодалдық қырқыстардың созылуынан әлі де біраз уақыт біршама берік болып қала берді. Мәселен, отырықшы халықтан салықтар алуға мүдделі қарлұқтар өздерімен бәсекелесуші Самарқан тамғаш-ханы (1156) ықпалынан уақытша құтылды. Гурхан бұған дереу араласып, өзінің қолшоқпары Жағры-ханға қарлұқтар «қару-жарақ асынуын қойып, егіншілікпен айналысатын болсын» деп, оларды Самарқан пен Бұхарадан көшіруге бұйрық берді.
Қарақытайдың ыдырауыСамарқаннан аттанған қарлұқ атты әскері жол бойында кездескеннің бәрін «тонап, қырып жоя отырып», Бұхара жағына бет алды, бірақ қан төгіс ұрыста оны қарақытай әскерлері тас-талқан етті. Көп ұзамай гурхан Балқыдан айырылды, оның билеушісі жыл сайын харадж (жер салығын) беріп туратын еді. 1198 жылдың сәуір-мамыр айларында Хорасан мен Орта Азияның онымен шекаралас аймақтарын басып алуға ұмтылған Ауғанстан жерінен шыққан гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді.
Іле-шала гурханның қол астынан құтылуға тырысқан Хорезм де қарақытайларға қарсы күреске шықты. Гуридтерге қарсы күресте оны қолдаудан бас тартқан хорезмшахБұхараны қоршап, содан сон басып алды. 1205 жылы жазда қарақытайлар Термезден кетті, осыдан кейін олардың вассалдары — Самарқан пен Бұхара билеушілері — гурханға қарсы күресте Хорезммен одақтасу амалын іздестіре бастады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B0%D1%83%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%85%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Мауараннахр (мұндай бет жоқ)" Мауараннахр Үзкентке дейін дерлік осындағы «әрбір қала мен әрбір өлкені» алған және өздерінің наместниктерін қойған хорезмдіктердің қолында қалды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B7" \o "Тараз" Тараз да Хорезмге біршама тәуелді болып қалса керек. Жергілікті жасақтың 1210 жылы талқандалып, тұтқынға алынған қолбасшысы символды түрде таққа отырғызылып, Хорезмге жіберілді.
Алайда, Самарқанды түбегейлі өзгерістер бола қоймады. Ол былай тұрсын, хорезмшах «бәрі де қытайлар белгілегендей болсын» деп ондағы сұлтанды арнайы наместникпен бірге Самарқанға сый-сыяпатпен аттандырып салды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%83%D1%80%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Гурхан" Гурханның Іле алқабындағы (Қойлық және Алмалық) өз вассалдары - қарлұқ билеушілерімен қатынасы шиеленісе түсті. Ол Ғұз-ордадан Қашғарға көшуге мәжбүр болды. Көп кешікпей найман тайпаларының күшті конфедерациясымен одақтасқан қарлүқтар Қашғар шегінде қарақытайлардың ең соңғы гурханы Чжи- лугуді қолға түсірді. Қарақытайлардың иеліктері біржолата наймандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті.[1]15-сұрақ
Қазақстанның ортағасырлық қалаларының қалыптасуының, дамуының, гүлденуінің факторлары
Қалалардың тарихының дереккөздердің ішінде бір белгілеп айтып кететін «Үлы Таң әулеті заманындағы Батыс өлке туралы жазбалар».
Бұл Таң империясының Чжаньуань жылнамасы бойынша 20 жылы (б.з. 646 ж) жазылған қытайдың әйгілі будда зияратшы- монахы Сюань Цзанның 629 жылы Үндістанга барып кайткандагы саяхатнамасы (саяхатнама жиыны 12 бөлімнен тұрады), мысалы Суяб қаласына (қыт. Су-е-шуйчэн) берген сипаттамасы: ең ірі қалалардың бірі (оның орны қазіргі Қыргыз Республикасының Тоқмақ қаласы) қаланың іргесі V ғ-да қаланып, Х-ХІІ Ғ-га дейін өмір сүрген қала VII гасырда Батыс Түрік қағанатының, VIII г-да Түркеш қағанатының астанасы болды1 2.
Мүнда әр елдің саудагерлері мен хулар (қыт. Ни (согдылар) аралас өмір сүреді. Жерінің табиғаты тары, бидай және жүзім өсіруге жарамды, мүнда орман-тоғай сирек кездеседі. Ауа райы суық әрі боранды түрғындары киізден және шепкеннен тігілген киімдер киеді.
Ал Талас каласын сипаттаганда Сюань Цзаньның айтуы бойынша: бұл каланың жагдайы Суяб қаласымен бірдей, бірақ онда әр елден көпестер мен хулар (соғдылар) бірге өмір сүреді (Талас немесе Тараз қаласы-кыт.Даньлосы) Сырдария бойында І-ІІІ ғ белгілі ірі кала Тарбан (Отырар)-кенгерлік иелігінің орталыгы.
Қалалардың даму проблемаларын зерттеу үшін жазба, мүрагаттық, археологиялық, нумизматикалық, эпиграфикалык және ауызша деректемелерді колдану қажет.
 
 
Осы мақсаттың өзектілігі «мәдени-мұра» мемлекеттік бағдарламысында да белгіленген.
2004 жылдан бастап копгеген археографиялык экспедиция Ресейге, ҚХР-га Моңголияга, Қыргыстанга, Түркияга, Арменияга, Венгрияға және Швейцарияга жүргізілді, олардан жиналган материалдар көбіне Қазакстан мен Орталык Азияның тарихы мен мәдениеті туралы мәлімет береді.
Шығыс, Батыс қолжазбалары, мүрағаттық материалдың микрофильмдері, СД дискілеріндегі көшірмелері Қазақстан қолжазба қорының негізі болады, бүл кор жыл сайын толықтырылып отыр.
Археографиялық экспедициалар облыстарды да жүмыс істейді. Олар ескі қолжазба кітаптар, музейлері мен жеке адамдардагы шаруашылық және заңдык сипаттагы қүжаттар, кенттер мен калалардың тарихы жөнінде қүнды материалдар беретін жартастардағы, кұлпытастардағы және ортағасырлык ғимараттардагы жазбаларды зерттеп, біздің деректемелік базамызды үлғайтады.Археографтар анықтаган деректемелерде қалалардың тарихы жөнінде гана емес, сонымен қатар сауданың, сауда жолдарының жерімізде болып жатқан экспедициялардың тарихы жөнінде де бірегей маглүматтар көп.
Олар сонау XVI г-ң екінші жартысында гүлденуі, яғни өндіргіш күштерінің жаксы дамыған кезі. Жібек жолы да осы уақытта жаңа қарқын алғаны анықталды. ХІ-ХІІ гасырлардағы жазба дереқгемелерден нак осы кезеңде Қазакстан аркылы Қытайды, Индия мен Орта Азияны байланыстырган сауда жолдары дамығаны белгілі; бұл жолмен тауар етушілер, колөнершілер, әскери жасақтар жүріп өтетін. Сауда Каспий теңізі аркылы Астрахань мен Маңғыстау арасында теңіз жолымен де, сондай-ак Қаспийдің солтүстік жағалауы, Хиуа, Бүхара арқылы қүрлықпен де жүргізілді. Бүл сауданың деңгейі мен түрлері туралы барлық деректемелермен салыстырғанда негүрлым толық мәліметтер Қытайдың бірінші тарихы мүрағатынан табылған қүжаттар да бар.
 
 
XIII ғасырда Орталық Азияда жаңа қалалар қауырт пайда болып, олардың халқының саны көбейді, саду өркендеді.
Ал Қазақстандагы осы кездегі қала туралы мәліметті біз жұмысымызда береміз, сонда қала тұрғындарының этностық құрамын, сондай-ақ шаруашылықтың әртүрлі салаларын сипаттаймыз  бірақ XIII г бүкіл Орта Азияда, оның ішінде қазақ территориясында қалалардың өндіргіш күштерінің өркендеген мезгілі.
XIII ғасырдағы  тіліндегі «Тарих-и-джахан-гушай»1 (Әлемді багындырушының тарихы) атты хрониканың авторы Шыңғыс ханның сарай тарихын жазушы Ата Мәлік Жуайни Қазақстан аумағында, соның ішінде Жетісу жерінде Моңғолдарга дейінгі уақытга көптеген қалалар болганын хабарлайды. Жент, Отырар, Қойлық, Алмалық, Баласағүн жэне т.б. қалаларда. Бүл қалалардын төңірегінде, көптеген қоныстар болган. Мүнда суармалы егіншілік кеңінен қолданылган.
Жамал эл-Қаршының «Әл-Мүлхақат би-с-сурах»- шыгармасында Қазақстан туралы Шағатай үрпагы дәуірінің басқа деректемелерінде жок маңызды деректер бар. Жамал эл-Қарашы Жент, Барчлыгкент және т.б. қалаларға сипаттама береді.
Қазакстанның калалары, әсіресе Алматы туралы Бабырда да, Мүхаммед-Хайдарда да айтылады.
Географиялық атаулар, оның ішінде қалаларда бар. Ш.Ш.Уалихановтың еңбектерінде айқын көрінеді, әсіресе «Қыргыздар туралы жазбалар». Біз алдыңгы кітаптарымызды Ш.Уәлихановтың еңбектеріне жазганбыз 1853-1858 жылдары ол Тарбагатай және Тянь-Шань өңірлерінің Ойрат, қытай және Түрік тілдеріндегі географиялык атауларына салыстырмалы
 
талдау жасаган еңбектерімде ол Ресей географиялық қогамының мүшесі Я.В.Ханыковтың (1818-1862) картасы бойынша оңірлердің атауларына сілтеме жасайды. Ол Ысқкөл (Монғол ‘Гемұрту Нагур), Нарын, Манас, Боротола, Аксу, Қарасу, Алтынемел, Ташыбалық, Күнгей, Анжиан, Астак, Ақсай, Сарбагаши, Шу, Талас, Күрті, Түрген, Талгар, Гурбан Алмату (араб Тарбағатай және т.б. географиялық атаулар кездеседі.Қолөнер мен сауданың орталығы ретінде қалалар болды. Олардың пайда болуы мен дамуы ежелгі орта гасырлық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде аса маңызды орын алды.
Қалалар мен елді мекендердің калыптасуы УІ-УИ гасырлардың өзінде Жетісу өлкесінде жогары қарқынмен жүзеге асты. Оган біріншіден, колайлы табиги жағдайлар, өзендер молшылыгы, сондай-ақ Жетісуды Қытай, Иран және басқа да Араб елдерін Соғдианамен  сондай-ак Индиямен, Византиямен өзара байланыстыратын алтын көпір ретінде болуы (оны өте көп керуен жолдары дәлелдейді) үлкен мүмкіндіктер жасады.
Қолжазбаларда VI ғасырдан бастап Жетісуда 56 кала болса, кейінірек Х-ХІІ гасырда 200-ге дейін жеткендігі туралы айтылады.
ҮІІ-ҮІІІ гасырларда батыстык түріктер, түргештер мен карлұктардың ежелгі астанасы Суяб каласы ең жогары өркендеу кемеліне жетті. Ол аркылы Батыс пен Шығысты байланыстырып түрған ¥лы Жібек жолы өтті, ол Ферғана өлкесінен Оңтүстік Қазакстан пен Жетісуга карай алмасты. Түркістаннан ¥лы Жібек жолы Суяб, Навакент, Джул, Мерке. Қүлан мен Тараз арқылы Исфиджабка, Сайрамга бағытталды. XI гасырдың аягына қарай бүл сауда жолы құлдырап, Суяб кіші-гірім калашыкқа айналады.
IX ғасырдан бастап бүрынгы кішігірім Баласагүн елді мекені өркендеп, уақыт өте келе астаналык кала мәртебесіне көтеріледі.
Баласагүн тамаша бау-бакшаларымен және шебер зергерлік бүйымдарымен ерекшеленіп, белгілі болған.
Жетісудың аса ірі қаласы-саяси, экономикалык және мәдени өмірдің орталыгы, Қазакстанның өте ежелгі калаларының бірі — Тараз еді. Қала карлұктар мен қараханидтер түсында (ІХ-ХІІ ғғ.) өркендеген. Таразды біраз шагын калалар мен елді мекендер-
 
 
 
Құлан, Мерке, Аспара, Хамкент, Жікіл және тагы баскалары қоршап жатқан.
Ежелгі отырыкшылық мэдениетінің асамаңызда аймақтарының бірі Оңтүстік Қазақстан болды, мүнда сол уакыттағы сауда және қолөнері дамыған Отырар (Фараб), Исфиджаб. Сайрам, Сыганақ, Сауран, Жаркент сияқты ірі калалар болған.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда салынган барлық қалалардың феодалдық дәуірдегі қалаларға тән сипаттары болған. Бүл қалалардың сыртқы көрінісі феодалдық қоғамның қүрылымын бейнелеген. Қалалар негізгі үш қүрамдас бөліктен түрған: қамал, шахрстан, және рабад. Қаланың орталығы қамал-қала мен аймақ қожасының мекені болган. Онда әміршінің сарайы, қамба- қоймалар мен ат қоралары орналаскан. Әміршіден басқа камапда оның жақын туыстары мен қарауыл әскери қызметшілері түрған. Шахрстанда немесе ішкі қалада шонжарлар мен көпестер, сондай- ақ жоғары дінбасылар тұрақтанган. Мүнда сауда гимараттары, қоймалар, мешіттер, моншалар мен басқа да қүрылыстар болған. Қала экономикасының өсуіне және оның халқының артуына қарай кала тіршілігінің орталыгы рабадқа (сыртқы қала) ауысқан. Үлкен қшіаларда рабад шахрстанда барлық жагынан қоршап түрған, кейде оның мүнаралы дуалдары болган. Онда түратын халықтар, әр түрлі болып келген. Бүлардың басым көпшілігі — колөнершілер. үсак нарық саудагерлері, егіншілер еді. Рабадқа гиматраттар, сауда орталыктары (базарлар), керуен — сарайлар мен түргын үйлер орналасқан.
Қазақстан аумагындағы қаллар үшін, әсіресе, көшпенділермен байланыстың үлкен маңызы болды. Көшпенділер егіншілердің өніміне мұктаж болса, ал егін шаруашылыгының аукымы көбінесе көшпенділер сүранысымен анықталды. Аймақтың өзгешелігі көшпенділердің егіншілік пен қолөнер кәсібіне ауысып, отырықшы халыктыңқатарын үнемітолыктырыпотыруымен деерекшеленеді. Феодализм жағдайында, қала өмірі шапшаң дамып, кала мен дала арасындагы сауданың ролі артқан түста қала малшылар мен егіншілер арасында заттай (натуралды) айырбастың орталыгы ретінде қогамның ішкі байланысын камтамасыз етті.
 
 
Ежелгі орта ғасырлык қалалар үшін әсіресе, көпенділермен байланыстың үлкен маңызы болы. Көшпенділер егіншілердің өніміне мүктаж болса ал егін шаруашылығының ауқымы көбінесе көшпенділер сүранысымен аныкталды. Аймақтың өзгешелігі көшпенділердің егіншілік пен колөнер кәсібіне ауысып, отырықшы халыктың қатарын үнемі толықтырып отыруымен деерекшеленеді. Феодализм жагдайында, кала өмірі шапшаң дамып, кала мен дала арасындагы сауданың ролі артқан түста қала малшылар мен егіншілер арасында заттай (натуралды) айырбасгың орталығы ретінде қоғамның ішкі байланысын қамтамасыз етті.
Ежелгі ортагасырлық калалар экономикасында қолөнер мен сауда ерекше рол атқарды.
Қаладағы қолөнердің жетекші салалары ретінде қыштан бүйым жасайтын өндірісті, шыны өнер кәсібін, металды өндеу және балқытумен байланысты, мысалга, үсталык, зергенрлік кәсібін атауга болады. Көптеген қолөнер кәсіпшілігі ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болды, ол-тоқымашылык, тері өңдеу ісі, сүйектен ойып бүйым жасау және т.б. еді.
VI-XII ғғ. қалаларда үсталык кәсібі жогары денгейге жетті. Қару-жарак әшекей ондірісі колөнерлік сипатта болды. Темірден жебенің, семсердің, кылыштың, пышақтың үштыктарын, әр түрлі түтқа, шеге, балта, атқа қажетті жабдыктарды даярлады.
Таукен ісінің ерекшеліктерін жаксы білетін адамдар руда өндірумен айналысты. Темірдің, мыстың, қалайының, күмістің кен орындарын өңдеу қолға алынды.
Жезқазған маңайынан ежелгі металлургтер елдімекені- Милықүдық қалашыгы табылған, онда мыс, коргасын, қалайы, күміс алтынды балкытумен айналыскан. Маңызды металлургиялық орталықтар — Сорқүдық пен Айнакел калашықтары болған, оларды қазу жүмыстары кезінде балқытатын шлактар, коргасын мен мыс қүйма кесектері табылған. Темір көріктерде, яғни шоқ ошақтарында балқытылған. Сол жерде балқытылган металдан әр түры  бүйымдар жасап шығарылган. Қолөнершілер әйнектен жасалатын бүйымдар өндірісінде айтарлықтай табыска жеткен. Әйнек бүйымдарын жасап-даярлау X гасырда басталады, ал оның
 
 
өте жоғары өркендеуі ХІ-У ғасырларда жүзеге асады. Әйнек жогары сапасымен: түсінің тазалыгымен, ете бай әшекейлілігімен ерекшеленеді. Әр түсті әйнектен жасалған бүйымдар: күмыра, тостаган, шүңгыл ыдыстар жэне басқалары да кездескен. Шеберлер эйнекке күрделі өрнектер салған.
Х-ХІІІ г.ғ. зергерлер жоғары шеберлікке қол жеткізген. Қола мен асыл металдарын зергерлер сақина, сырга сәнді түйреуштер, алқа жасаған. Оларга барлық әдіс-тәсілдер: әшекейлі қүйма, бедер салу, бағдар қондырып қарайту, ширатпатаспа салу, оймалау мен алтын жалату, өрнек салу мен қалыпқа салып дайындау белгілі болған. Бүйым жасау үшін сүйек пен мүйіз де пайдаланылған: олардан бойтүмарлар, түйреуіштер, түймелер, ойынға арналған сүйектер және басқа да заттар жасалынған.
Айтарлықтай мөлшерде Қазақстанның ежелгі орта гасырдағы қалалар сипатын сауда анықтаған. Қолжазбалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен, Кавказбен, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыс сауда байланыстары жөнінде дәлелдейді. УІ-Х ғғ. аймактың халықаралық сауда ісінде Үлы Жібек жолы аса зор рөл атқарған. Оның Қазакстандық бөлігі Чаштан (Ташкент) Исфиджабқа, одан әрі Таразға таралған: Тараздан сауда жолы Қүланға, одан әрі Мерке мен Аспараға, кейін Навакент, Суябқа жэне соңында Шығыс Түркістанға жеткен. Сырткы сауда керуен жолдарында негізгі орын алып тұрған-Тараздың, Отырар мен Сыганақтың да зор маңызы болған, олар арқылы Орта Азиядан, жақын Орта Шығыстан ктайға жэне одан кері жүктердің негізгі басым бөлігі өтіп жатты.
Орта Азиядан әйнек, әр түрлі бағалы заттар, қолданбалы өнер бүйымдары, ал Қытайдан-жібек, кыш әкелінді. Сыртқа (экспортка) мал және мал шаруашылыгының өнімдерін, сондай-ак ертокымдар, садақ, корамсак, маталар, темір мен семсер шығарды. Аса маңызды керуен-сауда жолдарында керуен сарайлар орналасты, қүдықтар болды. Өзендер аркылы көпірлер салынды. Қала мен дала арасындағы сауда барынша қыза түседі. Қала халқы жылқы, ірі кара малын, жүн, шикізат, тері, киіз, сүт өнімдерін сатып алатын болса, көшпенділер есесіне мата, нан, ыдыс-аяктар алды.
 
 
 
 
ХІ-ХІІ ғасырларда тауар — акша катынастарыньің дамуы заттай (натуралды) айырбасты ығыстырды. Исфиджабта, Отырар, Тараз бен Яссыда теңге (монета) сарайы жумыс іст ей бастады. Айналымда өте әрқилы теңгелер болды, бірақ кең таралғаны дирхема еді. Қала халқының өсуі ауыл шаруашылығы тауарлылығының артуын талап етті, осыған байланысты қолдан суландыру жүйесі жетілдірілді. Бау-бакшамен айналысу, жүзім өсіру, диқаншылық, үйдегі мал шаруашылығында маңызды рөл атқарды. Қазакстнада айқындалған дамудың табиғи барысын монғол шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді. Адамдар, өндіргіш күштер, ғасырлар бойы жинақталған материалдық жэне мәдени бағалылыктар жойылды. Дамыған, гүлденген қалалар, мысалға, Отырар, Ашнас, Сығанақ толықтай күйреді. Шапқыншылықтың ойсыратқан салдары — халыктар үшін аса ауыртпалық түсірген салыкгар мен алымдарға байланысты болды. Ол халықтың жаппай кедейленуіне алып келді. Жаулап алу түсында киратылмаған калалар одан кейінгі кезеңде бос калды. Барлык мағлүмат көздері калалық жэне отырыкшы-егіншілік мәдениетінің қүлдырауына, әрі өлкеде моңгол үстемдігі орнағаннан кейінгі алгашқы онжылдыктың өзінде-ақ егістікке өңделген, игерілген жерлердің жайылымдарға айналғандығына назар аударады. Кезінде өркендеген, халкы тығыз орналаскан калалык мәдениеті мен отырыкшы егіншілік және көшпелі шаруашылықтары дамыған Қазақстанның оңтүстік — шығыс аумагы өзінің бүрынғы экономикалық және мәдени мағынасын тез жоғалта бастады.
Жетісуға Орталық Азиядан каптаған көшпенділер ағылып келді, бүл егістікке өңделетін жерлердің күрт кыскаруына себепші болды, отырыкшылыктың есебінен көшпенділікті күшейтті. Елді мекендерді киратып, егістіктерді малға таптатып кету, бау- бақшаларды, суландыру жүйелерін жою, отырықшы халыкты қырып-жою мен кудалау, оның монғолдардың жорыгы кезінде қиратылған қалалармен экономикалық байланыстарының күрт тарылуы-осының бэрі қаланың тіршілік етуінің экономикалық негізін жойды. Нәтижесінде XIV ғасырдың ортасында Оңтүстік- Шығыс Қазақстан өзінің ежелгі кала және отырықшылық мәдениетімен көшпенділер өлкесіне айналды.
 
 
Моңгол шапкыншылығы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалык кұрылымын дакері шегінушілікті (регресс) тудырды: монғолдар жаулап алған аймактарда кеңінен құл иеленушілік құрылыс орнап (жүздеген мың тұтқындар құлға айналдырылды), феодалдық қатынастардың ең артта қалган түрлері тарады.
Феодализмнің одан арғы даму барысының тежелеу себебі-егіншлік пен кала мэдениетінің күрт кұлдырауы мен шаруашылыкта экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы үлесінің артуы болды.
Осылайша, феодалдық катынастары калыптасу сатысында тұрган Қазақстанда, монгол шапқыншылығы патриархалдық әдет- ғұрыптың әсерімен бүркемеленген феодализмнің ең артта калган түрлерін ынғайту мен сактауга алып келді.
XIV гасырда экономикалық қайта өрлеу, феодалдык қатынастардың иыгаюы жагдайында Алтын Орда мен Шағатай болысында жергілікті түрік билеуші топтарының бағыты күшейе түседі, олар бүл елдерде өз биліктерін күру үшін күрес жүргізді, бүл түпкі нәтижесінде олардың ыдырауының бір себебі болды. Олардың кираган орындарында-Қазақстан аумағында Көк Орда, Моголстан, Әбілхайыр хандығы, одан кейін Қазак хандығы сиякты мемлекеггер пайда болды.
Өте ұзак уақыт ширегінде Қазакстан экономикасы дамуын қыскаша қорытындылай отырып, келесі жағдайды атап өтуге: тас гасырының дәуірі адамзат тарихында үзаққа созылды бүл түста оның шаруашылық әрекетінің негізі-еңбек қүралдарының көмегімен қоршаған табиги ортаның өнімдерін пайдалану багыты іс жүзінде өзгермеді.
Алғашкы кауымдык қүрылыс экономикасының одан ары дамуы жогары қарқын ала бастады, әрі ол егін және мал шаруашылыгының, үйдегі колөнер кәсібінің, таукен ісі мен металлургия нышандарының пайда болуына, Қазақстанның әр түрлі аймақтары арасында шаруашлықы және айырбас кагынастарының қалыптасуына алып келді. Сөйтіп өндіруші шаруашылықтың кезеңі басталды.
Табынды мал шаруашылығы, суғармалы егіншілік қаркынды түрде дами бастайды, калалар өркендеп, сауда мен көптеген
 
 
қолөнер кәсіпшіліп түрлерінің орталығына айналады, металлургия мен қүрылыс ісі жетілдіріледі, ақша жүйесі нығая түседі. Қазақстан экономикасы түтастай алганда, жаксы дамыған экстенсивті көп түрлі мал шаруашылығымен катар жоғары деңгейдеғі егіншілік мәдениеті қалыптасқан кешенді сипат алады.
XIV гасырда монғолдардың ойсыратып, жоқшылыққа үшыратқан шапқыншылығынан кейін Қазақстанның отырықшы- егіншілік және қала мәдениеті жойылады, жергілікті халық шаруашылығының аса маңызды саласына ғкөшпенді экстенсивті мал шаруашылығы жаппай басым болабастады. Бүдан былайғы кезенде Қазаз жандануы байқалса да, казақтардың бар экономикалы рекегі жайылымды мал шаруашылығымен және оны жегілдірумен байланысты болды.
16-сұрақ
Моңғол шапқыншылығы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есухей батыротбасында туылған.
Тэмуджин ер жете келе қол астына моңғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1206" \o "1206" 1206 ж. көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.
1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1208" \o "1208" 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағыұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1211" \o "1211" 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжіңді) бағындырды.
Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Қытай" Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханныңМәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80" \o "Моңғолдар" моңғолдарОтырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлеменбірге әскерімен Бұхарға беттеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%BE%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%BC" \o "Хорезм" Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D1%80%D0%BA%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA" \o "Қыркүйек" қыркүйек — 1220 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D0%BF%D0%B0%D0%BD" \o "Ақпан" ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырарқамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар,Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1219" \o "1219" 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
моңғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1222" \o "1222" 1222жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.
Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «моңғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдариякірді.Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.
Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы.
Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді.
Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының,Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
Шыңғыстан соң[өңдеу]
1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B%D0%BE%D1%80%D1%8B%D0%BC" \o "Қарақорым" Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%83_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Бату хан" Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін моңғол феодалдары иеленді.Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
1239 ж. басында моңғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді моңғол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%82%D1%83_%D1%85%D0%B0%D0%BD" \o "Бату хан" Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.
Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0" \o "Алтын Орда" Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділбұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D1%88%D1%82%D1%96-%D2%9A%D1%8B%D0%BF%D1%88%D0%B0%D2%9B" \o "Дешті-Қыпшақ" Дешті-Қыпшақпен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы — Еділ бойы (Сарытаудан (қазіргі Саратов) Аштараханға дейін) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид немесе Сарай-Жүк), негізгі әскери күші — қыпшақтар.
Алтын Орда өзін билеген хандары:
Бату хан 1241—1256;
Берке − 1257—1266;
Мөңке-Темір — 1266—1280;
Төде-Мөңке — 1280—1287;
Төле-Бұқа − 1287—1291 жж,
Тоқа хан — 1291—1312 жж;
Өзбек хан — 1312—1342;
Жәнібек хан — 1343—1357 жж. күшейе түсті.
Егер Жошы мен Бату хан Моңғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен,Мысырмен, Анадолымен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада — оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.
Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1238" \o "1238" 1238 ж. Бұқарда қолөнерші Махмұд Тараби бастаған көтеріліс болды. 10 мың моңғол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. моңғолдар көтерілісті басып тастады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1240" \o "1240" 1240—1241 жж, 1270 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%BC%D0%B0" \o "Кама" Кама булғарлары көтерілді. Бұл Алтын Орданы әлсіретті.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1250" \o "1250" 1250 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D0%B3%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B4&action=edit&redlink=1" \o "Ұлы Новгород (мұндай бет жоқ)" Ұлы Новгородта, 1262 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A0%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%B2&action=edit&redlink=1" \o "Ростов (мұндай бет жоқ)" Ростовта, Суздальда]], Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орда іргесі шайқалды.
1377 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%83" \o "Мәскеу" Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A0%D1%8F%D0%B7%D0%B0%D0%BD%D1%8C&action=edit&redlink=1" \o "Рязань (мұндай бет жоқ)" Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.
1380 ж.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0" \o "Алтын Орда" Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті.
Оның үстіне 14 ғ. соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/15_%D2%93." \o "15 ғ." 15 ғ. басындаТоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/15_%D2%93." \o "15 ғ." 15 ғ. 1 жартысында онан бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1480" \o "1480" 1480 жылы орыс кнәздықтары моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Аштархан (Ноғай), Қазақ, Сібір хандықтары құрылды.
моңғол шапқыншылығы кезінде моңғолдардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді. Біраз уақыттан кейін моңғолдар түркі тілдес халықпен сіңісіп кетті. моңғолдар жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар, мен тамғашылар арқылы басқарды. моңғол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы «алтын ру» (төре) өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды.
Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Ұлы жасақ» енгізді. Ол бойынша жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді. Көшпелі малшылар копчур деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.
17-сұрақ
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.
Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%B9" \o "Алтай" Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты.
Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көошпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады.
Жібек Үндістанға сол кезде барған, «сина патто» — «кытай жібегі» деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дишгоматиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады.
Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядаты Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел — Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» қалаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондықтардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы. Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, Түрік қағанаттары мен соғды князьдіктерінің Бохай мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңіздегі бөлігі «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II - V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бір жол айырылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан,Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашкарға, Аксуға және Бедел асуы арқылы Ыстыккөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл — «оңтүстік жел» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған.
VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар болатын.
САУДА ЖӘНЕ ТАУАР АЛМАСУ
Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шытаруға қызмет етті. Өз кезегінде, онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейініректе Еуропа мен Русьтен осы елдерде өңдірілетін тауарлар тасылды. Бұл тажайып, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Бұлар — мирро мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мускат жаңғағы, өміртамыр (женьшень) мен айдаһардың (питон) еті, кілемдер мен маталар, бояулар мен минералдық шикізат, алмас пен яшма, янтарь мен маржан, піл сүйегі, құйма күміс пен сом алтын, аң терілері мен теңгелер, садақтар мен жебелер, семсерлер мен найзалар және басқа да көптеген заттар. Жібек жолымен сату үшін Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, мүйізтұмсықтар мен арыстандар, барыс пен киіктер, қаршыталар мен сұнқарлар, тотықұстар мен түйеқұстар алып жүрілді. Мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдалы, қауын, тәтті татамдар мен қант, жемістер мен көкеністер Жібек жолы арқылы тарады. Алайда сауда жасалатын негізгі зат жібек болып кала берді. Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, ол патшалар мен елшілерге сыйға тартылды, жалдамалы әскерге ақы және мемлекеттік қарыз ретінде төленді. Иранның шахиншахы Хосроу I Ануширван қытай императорынан басқа тартулармен қатар, қытайдың жібек киімі» — «ушари» алған, оның көкшіл өңіріне тәж киген және әшекейлер тағынған патша бейнеленген. Қытай, Орта Азия, Шығыс Түркістан билеушілері сарайларының фрескаларында шонжарлар киген жібек киімдерде оларға тән барлық қымбат бұйымдар әшекейлерімен, ұсақ-түйектерімен, тіпті тігістерімен айнытпай салынатыны кездейсоқ емес. Жібек жолымен тасылатын жібектің де, тауарлардың бір бөлігінің де оның Қазақстан бөлігінде тұрған қалаларда қалып отырғаны әбден табиғи нәрсе. Мұны археологиялық олжалар айқын дәлелдейді.
Отырар алқабындағы Мардан қорымын қазған кезде қабірлердің біреуінен қытайдың біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жататын жеті «У- шу» теңгесі шықты. Бұл теңгелердің князь Чжан-Цзянның жолымен Батысқа, соның ішінде Кангюй мемлекетінің орталығы орналасқан Сырда- рияның орта тұсына бет алған сауда керуендерімен байланысы болғанына дау жоқ. Қытай деректемелерінде ол кездер туралы былай делінген:«.. .жуырдаты кездің өзінде шетелдік иеленушілермен қатынастар орнатуды күткен және бәрінен бұрын алыс шет аймақтарда белгілі болу даңқын қымбат тұтқан Қытай сарайы Кангюймен байланысын үзбеді».
Батыспен байланысты қымбат түратын заттар арасынан Жетісудан табылтан күміс құмыраларды атап өту керек, онда византиялық үлгіге еліктеп крестер түрінде қалыппен өрнек салынған. Құмыраларды жасатан шебер өз жұмысын Византияда істелген деп көрсету те тырысқан. Бір саптыаяқ тұтқасының иілген жерінде «көне заман сипатындагы» бас бейнелентен. Византия үлгілеріне бұлайша еліктеуге тырысушылықты «империя халқы түр-тұрпатының әсерлі әсемдігі» туғызған. Жамбыл қаласында Тараздың орнынан I Юстинианның византиялык алтын солиді табылды, оның бір бетінде дулыта киіп, найза мен қалқан ұстаған император, екінші бетінде қолына крест ұстаған Жеңіс құдайы бейнеленген. Византияның алтын солидінің кең таралтанын және халықаралық валюта ретінде қолданылғанын ескерте кеткен жөн. Кімнің билеушісі күшті екені жөнінде Византия және парсы көпестерінің айтысуы туралы Кузьма Индикоплавтың VI ғасырдың орта шеніне жататын әңгімесі мәлім.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9F%D0%B5%D1%80%D1%81%D0%B8%D1%8F&action=edit&redlink=1" \o "Персия (мұндай бет жоқ)" Персиясаудагері тек күміс көрсете алтан кезде, византиялық бүкіл әлемге таралған алтын теңге көрсетіп жеңіп шыққан.
МӘДЕНИЕТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘСЕРІ
Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен таралды. Бұл «дүние патшалықтарының» әрқайсысы замандастарының көзіне тек өзіне ғана тән артықшылықтарымен көрінді. Суй (589—618), ал содан соң Тан (618—907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы Канауджа қаласында болған үнді билеушілерінің патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі,Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының (Иран мен Византия), солтүстіктегі сайгүліктер патшасының (Түрік қағанаттары), шығыстаты адамдар патшасының (Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы, сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы — мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталды; сайгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалықка бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан сон арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының көріктілігі себепті Византияның патшасы болды.
Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқанға жақын жердегі Кушан қонысындағы үйдің қабырталарына салынтан әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екіншісінде — түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген.
Әрбір халықтын бір нәрсесімен атақты да даңкты екенін ақындар былайша суреттейді: Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды, Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең, Емдомымен жан-дүниенді козғайды. Сауық-сайран үнділердің мекені, Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді, Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен, Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың Қашан да артық бәрінен.
Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII — IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы, салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыш- тау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді.
Сол бір алыста қалған оқиғалардың замандастары болған түрлі елдердің авторлары белгілі бір мемлекеттердің неден табысқа жеткені туралы ғана емес, қайта өз халқының өзгелер мәдениеттерінің қазыналарын қалай менгергені туралы жазған, бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің нақты бір түрінің негізгі мазмұны да, міне осында болтан еді. Езілгендер мен кедейлерге жанашырлық білдіруді уағыздап, рақымсыздықты, дүние қоңыздықпен екіжүзділікті әшкерелеген, парсының атақты сопы- ақыныЖалалидцин Румидің (1207—1273) сөздері мәдениеттердің өзара әсері, өзара ұстамдылық пафосынатолы». Руми былай депжазган: «Түрік пен үндінің ортақтіл табысуы қандай жиі кездеседі. Екі түріктің жат - жандар сияқты болуы да сондай жиі кездеседі. Демек, ынтымақтылық тілі — мүлде басқа мәселе: тіл ортақтығынан, ынтымақ ортақтығы қымбат». Сондықтан Конье қаласында қайтыс болтан «жүрек дінін» жырлаушыны соңғы сапарға мұсылмандардың, христиандардың, иудейлердің, буддистердің шығарып салтаны тегін емес.
Қолданбалы өнерде, сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндемеде тауарлардың, мәдени үлгілер мен өлшемдердің Шығыс және Батыс елдеріне таралуымен қатар музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, орта ғасырлардаты өзінше бір «эстрада» өріс алды. Қызықты ойын- сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды. Бұл өнерге тілмаш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған жоқ — «дене кимылдарымен түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұтады», — деп жазды Эразм Роттердамский. Грек василевсіне де,Киев князіне де, Түрік қағанына да, қытай императорына да ұқсас нөмірлер көрсетілген.
Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы шетелдік оркестрлермен толықтырылып отырған. Олар «сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, сарайдаты ресми емес салтанаттарда да» ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын аксүйектерінің бірі Сюань-цзуньның 30 мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының Суябкажақын жердегі өз ордасында елшілер қабылдауының суреттелуі сақталған. «Қатан, - деп жазады осы рәсімді көзімен керген буддалық тауап етуші Суань-Цзян, — шарап қойып, музыка бастаута әмір берді... Осы уакыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа беледі». Тан Қытайында ең көп таралғаны Батыстың — Шығыс Түркістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болтаны мәлім. Кучаның, Қаштардың, Бұхара мен Самарқанның, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүрлері ресми қамқорлық арқылы қытайдың музыкасымен және музыкалықдәстүрімен үштасып кетті. Иран, соғды және түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп үлес қосты. Барлық артистерден бишілер — жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйтілі болды. «Батыстың секіргіш билерін» әдетте Ташкенттен келген, иран үлтілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. «Шаш биін» алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған. Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарында зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар «құйындай ұйтқыған Батыс қыздары» биін де орындады, онда алқызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілген етіктер киген соғды қыздары секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, қалықтап жүрді».
Мысалы, Константинопольге Шығыс артистерінің «гастрольге» жиі шыгып жүргені мәлім. Мәселен, ақсүйектер қонакасында Византия императрицасы орыс княгинясы Ольганың көңілін сайқымазақтар мен эквилибристикашылар көтерген, ал салжүқ сұлтаны II Арсланның құрметіне I Мануил жасаған мерекеде түрік акробаты қатерлі сальто орындаған. Бетперде киіп те ойындар көрсетілген. Бұл дәстур мұсылман елдерінде неғұрлым кейінгі кезде де сақталған. Бағдатта Наурызды мейрамдау кезінде тіпті халифтің өзінің алдында да бетперде киіп ойын көрсетілгені мәлім. Жібек жолы бойындагы ескерткіштерді қазған кезде түрлі жерлерде музыка және театр мәдениеті саласындаты өзара байланыстың дамығанына көптеген материалдық айғақтар табылды. Бұлар — Тан заманының биші жігіттері мен қыздары, бетперде киген актерлер, түйе үстіне сыйып кететін музыкалық ансамбльдер бейнеленген терракоталар жиынтығы. Бұл артистер көпшілігінің бет әлпеті Орта Азия халықтарының өкілдерін көрсетеді. Пенджикенттің, Варахшаның, Афрасиабтың, Топырақ қаланың салтанат залдарында және Шығыс Түркістан қалаларында сақталған қабырға суреттерінде бетперде киген музыканттар, актерлер бейнеленген. Пенджикентте — биші қыздың ағаштан жасалған тамаша мүсіні, Сырдария бойындагы Кедер қаласын қазтан кезде X — XI ғасыр- лардағы артистің саздан жасалған бетпердесі табылды.   HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D1%96%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%96%D0%BE%D0%BB%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D1%81%D1%96%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D1%96" \l "cite_note-1" [1]
18-сұрақ
Ақ Орда мемлекет
Мемлекет
14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер,үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымтай, Орыс хан,Қойыршақ, БарақКүшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып,Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%B0%D0%BC%D0%B0_%D0%B1%D2%B1%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Кама бұлғарлары (мұндай бет жоқ)" Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
Жаңа дәуір
1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1425" \o "1425" 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.[2][3]Моғолстан мемлекеті
Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.
Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.
14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.
Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.
1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.
1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D1%81%D0%B0%D2%9B_%D0%A2%D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%80" \o "Ақсақ Темір" Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.
Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
Моғолстанның құрылуы, жер аумағы
14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «моңғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқығы болмағандықтан, өздерін таңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.
Халқының этникалық құрамы
Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен моңғол ақсүйектері отырған. Әрине, моңғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, моңғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің моңғол атынан мүлде айырылған.
Жоғарыда көрсетілгендей, Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар келіп қоныстанды. Сондықтан да орта ғасырдан дамыған кезінде құрылған Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын, барлас, бұлғашы, т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен моңғол тайпалары да болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ру-тайпалардың басым болғанын, сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауында тұрған елдердің бірі екендігін көрсетеді.
Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы
Саяси тұрақсыздық орын алған күрделі кезенде билік басына келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың басына дейін билік еткен әулеттің негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырады. Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы болады.
Хан өзінің билігін бұрынғы қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан көруге болады. Дулат тайпасының мұралық лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын сол қалпында қалдырады. Салық жинауда кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды. Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің ислам дініне енуі баяу жүріп келсе, енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел ішінде қатал тәртіп орнатады.
Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді. Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды. Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасында шешуші “Батпақ шайқасы” болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда, кесіліскен шайқас болғаны соншалықты, екі жақтан 10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір Темір қашып құтылады.
Батпақты жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол әскерлерінің мініс аттары жамандат індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың мүмкін еместігіне көзі жеткен хан Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі билікті қайта қалпына келтіру ісінің алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады. Бұл сәтсіздіктің басты себебі, билеушілер арасындағы алауыздық, саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық талас-тартыстың құрбаны болады.
Бұдан кейін де Моғол хандығындағы билікті дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын, жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып, дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының жағдайын жақсартуға күш салады.
Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары
Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.
16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмірі Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.
Моғолстанның ыдырау кезеңі
Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед хан қаза болған соң, Моғол хандығының ішіндегі талас-тартыс қайта басталады. Бұл талас-тартысты Темірдің немересі Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің хан болуын қолдайды. Оның хан тағына отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның екінші бір немересі Уәйісті хан тағына отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек 1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.
Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Моғолстанның Қазақ хандығының құрылуындағы орны
1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.
19-сұрақ
Әбілхайыр хандығы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Жошы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары – Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Ол Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Турадан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457 жылдардағы Әбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына кетуге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілхайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда кенеттен қайтыс болды.Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.
Ноғай ордасы
Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%82%D1%8B%D0%BD_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0" \o "Алтын Орда" Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза,князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайларСырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%B0%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Ұлыстар (мұндай бет жоқ)" Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан менАстрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%B4%D1%96%D0%BB" \o "Еділ" Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D1%8B_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96" \o "Ноғайлы дәуірінің әдебиеті" Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.
20-Сұрақ
Халық болып қалыптасу үдерісі
Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.
Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:
1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;
2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
4. халықтың тілінің қалыптасуы;
5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты.[1]Глоттогенез
Қазақ тілінің де қалыптасуы — ұзақ глоттогенездік байланыстың нәтижесі. Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген тайпалардың қай тілде сөйлегені жөнінде нақты дерек жоқ. Көне түркі жазуын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан табылған жазулар көне түркі руникалық әліпбимен төркіндес.
Түркі тілі Орталық Азияға кейініректе келген тіл емес. Бұл тілдің арғы төркіні Оңтүстік-батыс Азиядағы б.з.д. 4—3-мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктердің тілімен үндесіп жатыр. Тілші ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумер тілінің ескерткіштерінде көне түркі тіліне тән көптеген лексикалық сәйкестіктер бар.
Шумерліктер мен түріктердің көптеген мәдени-рухани байланысы бар екендігін және алғаш рет көне түркі тілдерінің маманы А.Аманжолов және дарынды ақын, көне тілдерді зерттеуші ғалым О.Сүлейменов нақты мысалдармен дәлелдеді.
Біз бұл кестеде шумер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырдық. Ал қазақ тілі түркі тілдерінің тармағына жатады. Бұл жерде бір ескерте кететін мәселе, көне түркі тілі мен кейбір түркі тілдес халықтардың қазіргі тілінде шумер тіліне айтылу үндестігі жағынан да, мағынасы жағынан да жақын сөздер тіпті жиірек кездеседі.
Сонымен, шумер-түркі сөздерін осы салыстырудан нені байқаймыз. Біріншіден, шумер лексикасы түркілердікімен салыстыруға келеді. Сөздердің сыртқы үндестігімен қатар ішкі мағынасында да бірлік бар. Екіншіден, шумер тілі мен түркі тілдері бір-бірімен ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынаста, өзара ықпалдастықта болғандығын көрсетеді.[1]Этносаяси, аумақтық тұтастық
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.
Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.
Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.
Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.
Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:
1. Ру-тайпа.
2. Халық.
3. Ұлт.
Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі.Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген.

Приложенные файлы

  • docx 22672891
    Размер файла: 277 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий