тарих 66-105 Microsoft Word (2)


66
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген.
Тiл туралы Заң қабылданғаннан берi, оны жүзеге асыру үшiн Қазақстан Үкiметi бiрқатар қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.
67
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы:
XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді.
Діни конфессия, мәдени-тұрмыстық қатынастар жағынан қазақтарда айта қаларлық аймақтық айырмашылықтар да, тілдік диалектілер де болған жоқ. XVIII ғасырдың аяқ кезінде қазақ халқының жалпы саны шамамен 2,5 миллион адамға жуық болған. 1897 жылы Ресей империясында Жалпыға бірдей алғашқы халық санағы жүргізілді. Оның деректеріне қарағанда, сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 3,4 миллион адамға жуықтаған. Дала халқының түгелдей дерлік басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрды. Қалаларда тұратын қазақтардың саны небары 1,1 пайыздан асқан жоқ. Жаңа заманда қазақтардың едәуір бөлігі Қытайдың, Ресейдің, Монғолияның, Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында тұрып жатты.
68
ХІХ ғ ортасында Сыр бойы қазақтарының жағдайы ауыр күйде болды. Себебі: Екі жақты ауыр езгіге түскен еді. Бір жағынан Хиуа , Қоқан хандықтарының , екінші Ресейдің отарлық саясаты . Отарлық езгінің күшеюі.
Сырдария қазақтарынның көтеріліс 1856 ж басталды. Оған Кеңесары Қасымұлы көтерілісіне белсене қатысқан 90жастаға шекті руынның батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы жетекшілік етті .1856жылдың аяғында Қазалы аймағын түгелімен көтерілісшілер басып алды.Жанқожа батыр 1500 жасағымен Қазалы форпосын қоршап алып, Солдат слободасын жойып жіберді.Көтерілісшілерге қарсы майор Болатов және Михайловтың басшылығымен әскери отряд жіберілді. Бірақ олардың әскери қимылдарынан еш нәтиже шықпады. Көтерілісті басу үшін генерал-майор Фитингофтың зеңбіректерімен қаруланған құрамында 300казак , 320 солдаты бар қосымша әскери бөлім жіберілді.1857 ж 9 қаңтарда Арықбалық деген жерде шешуші шайқас болып, көтерілісшілердің саны 5мыңға жетсе де жеңіліске ұшырайды.Жанқожа батыр қалған жасағымен Сырдарияның оң жағына яғни Хиуа хандығына қарай өтуге мәжбүр болды. Олармен бірге 20ауыл бірге көшіп кеткен еді.Сырдария қазақтарының көтерілісі осылайша жеңіліспен аяқталды.
69
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық.
Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
70
Түрік қағанаты- ( 551-603 жж) мемлекет билеушісі : Бұмын қаған .Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. 535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады. Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады.Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді.Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:Ішкі тартыстарКөрші елдермен соғысОсы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.нің603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.
71
Қазревкомның негізгі міндеті өлкеде кеңестік автономия құру мәселесі еді.1926ж 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің төрағасы М.И Калинин мен Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин қол қойған РКФСР құрамындағы « Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы » декрет қабылданды.Астанасы: Орынбор . 1920ж 4-12қазанда Орынбор қаласында өткен Қазақ өлксіндегі Кеңестердің Құрылтай сьезі Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы еңбекшілері құқықтарының Декларациясы қабылданды.Онда Қазақ АКСР-ның құрылуы бекітілді.Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағаы болып Сейітқали Мендешов ;Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.Радус-Зенкович сайланды. Республиканың тереториясы 2 млн.км-ге жуық, Халық саны: 5млн болды. Қазақ АКСР құрамына Семей ,Ақмола ,Торғай ,Орал облыстары, Маңғыстау уезі ,Красновдск уезінің бір бөлігі ,Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аумағы енді . Қазақ жерінің екі облысы – Жетісу және Сырдария облыстары 1918 ж 30сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңесінің V сьезінде жарияланған Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасынң құрамына кірді.
72
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ жолдау
2012ж
Документ прочитать
73
Ақ Орда Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде ХІІІ-ХV ғ басында АқОрда мемлекеті өмір сүрді.АқОрданың негізін салушы : Орда Ежен (1226-1280жж) Жошының үлкен баласы.Территориясы :Сырдария алқабы ,Арал теңізінің солт-шығысынан Есіл,Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер.Ірі қалалар: Сығанақ,Йассы ,Сауран,Жаркент. Астанасы: Сығанақ. ( Сырдария орта ағысы) Халқы өзбек-қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға (1309-1315) Мұрагері: Ерзен хан 1315-1320жж тұсында : қала өсіп , қолөнер өркендеді,сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп ,басқаруға өз сұлтандарын қойды.Ислам дінін нығайтып,мешіт ,медресселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты. 14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті. 1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.
74
Бірінші дүннежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.1тамыз Ресей империясы соғысқа кірді.Соғыс қазақ өлкесіндегі халықтарға да ауыр салмақ түсіріп, ер азаматар майданға алына бастады. Әскери мобилизацияға ілінген азаматтардың отбасына көмектесі қажет деген талаппен қазақтарды әскерге алынған орыс шаруаларының шаруашылықтарында еріксіз жұмыс істеуге мәжбүр етті.Соғыс жағдайы өте көп мал,азық-түлік , көлік , жем-шөпті жаппай тартып ала бастады.Мемлекеттік салық шамадан тыс өсіп кетті.Мемлекеттік несие алуға қарапайым халықты еріксіз мәжбүрледі және арнайы әскери салық енгізді.Соғыс басталған уақыттан бастап салық 3-4 есе , ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін көтерілді.Соғыс жылдары Түркстан өлкесінен 300 мың пұт ет ,100 мың пұт балық , 70 мың пұт жылқы,13 мың пұт түйе, 14 мың пұт киіз үй, сондай-ақ 40 мың пұт мақта,1мың пұт мақта майы мен сабын алынған.Соғыстың алғашқы жылдарының өзінде-ақ , тек Жетісудан 34 млн ,сомды құрайтын мал және мал өнімдері алынды.Соғысжылдары Қазақ өлкесіндегі орыс шаруаларының жа жағдайлары қиындады..1915жНаурыз Верный ,Лепсі , Пржевальск уездеріндегі ауыл тұрғындарынығ бағаның , салық пен міндеткерліктердің өсуіне байланысты наразылық білдірді.Осы кезеңде Қазақ өлкесіндегі қалаларда Солдат әйелдерінің бүлігі басталды.Мобилизацияға ұшырағандар әскери міндеттернен бас тару оқиғалары жиілеп кетті.Оның тәртіпті келтіру үшін әскери күш қолданылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Қазақ өлкесінде төтенше жағдай әскери жағдай енгізілді.Оның негізгі талаптары: Халыққа жиналыс ашуға ,түрлі шерулер мен ереуіл жасауға тыйым салынып, полицейлік бақылау мен цензура күшейтілді.Ресе империсының соғысқа қатысуы Қазақстандағы отарлық езгіні күшейтіп , ұлттық және әлеуметтік қайшылықтарды одан әрі шиеленістіріп жіберді.
75
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау,саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 22 жыл ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006— 2013 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен әр жакты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Пекин, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде.
Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес
ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
76
Орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті
Тіл және жазу.
Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған .
Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.
Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.
Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.
Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.
Діни нанымдар.
VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.
Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:
- Көкке түркі тәңірісі,
- Тәңірі қуат берген соң,
- Тәңірі жарылқағандықтан.
Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.
Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).
Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .
77
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің(1837-47жж) шығуына себеп болды: Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі. Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің ерекшелігі: Қазақстаның барлық аумағын ,яғни үш жүзді қамтуы еді. Кенесары бастаған азаттық күрестің мақсаты: Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының территориялық тұтастығын қалпына келтіру, Ресейдің құрамына кірмеген қазақ жерлерінің тәуелсіздігін сақтап қалу болды.Кеңесары жасақтарының алғашқы соғыс қимылдары ПЕтропавлдан шыққан Ақтау бекінісінің қазақтарына шабуылымен 1837 жылы қарашада басталды.1838жылы мамырда көтерісшілер Ақмола бекінісін қоршауға алып , оны өртеп жіьереді.Содан соң Кеңесары Қасымұлы өз жасақтарынмен Кіші жүз аумағындағы Торғай өзенінің бойына орналасты.Өткенң, Кіші жүз аумағында Исатай Тайманұлының және Жоламан Тіленішұлының басшылығымен қазақтардың көтерілістері болып жатқандықтан,Кеңесары оларды бір тудың астына біріктіруді көздеген болатын.Шынанда да азаттық қозғалыс Кіші жүзді түгел шарпып, Кеңесары Қасымұлы әсерінің қатарына көбейіп нығая түсті.(20 мың әскерге дейін жетті). 1839-1840жж ол жазалаушы отрядтарға қарсы нәтижелі шайқастар жүргізілді.Дегенмен Кеңесары Қасымұлына екі майданда бірдей соғыс жүргізуіне тура келді.Солт.патша үкіметініңжазалаушы отрядарымен , ал оңтүст.Сырдарияның төменгі ағысындағы қазақтарға билік жүргізген,бұған қоса Кеңесарының үлкен ағасы Саржанды,ал одан кейін оның әкесі Қасым сұлтанды және басқа туыстарын жауыздықпен өлтірген Қоқан билеушілеріне қарсы соғысты .1841ж тамызда Кеңесары Қасымұлы әскери Қоқан хандығының қол астындағы Созақ,Жаңақоған,Ақмешіт,Жүлек бекіністерін қоршауға алды.Бұл бекіністерді азат ету көтерілісшілердің жігері мн жауынгерлік рухын көтерді.1841ж қыркүйекте қазақтың үш жүзі өкілдерінің Ұлытауда өткен құрылтайында Кеңесары Қасымұлы бүкіл қазақ ханы болып жарияланды.Ол бұдан кейін Қазақ хандығын қалпына келтірді.Кеңесары Қасымұлының соғңы сшайқасы Шу өзенінің жоғарғы ағысында ,Тоқмақ қаласына таман Алмалы жазығанда болды.Ол өзінің 32сұлтанымен қырғыз әскерлерінің қоршауына түсіп қалып ,қырғыздардың қолынан қаза тапты.Кеңесары хан көтерілісінің соңғы кезеңінде сәтсіздікке ұшырауының себептері: Бірінші –қырғыз манаптары ресей әкімшілігімен келісімге келіп, орыс әскерінің соғыс жоспарые тиімді жасауға мүмкндк берді.Екінші-Кеңесары ханның қол астына келіп қосылып , бірақ соңғы шешуші сәтте соғыз алаңын тастап кеткен Рүстем сұлтан мен Сыпатай би сияқты қазақ билеушлері Кеңесарының әскери күшін әлсіретіп кетті.Үшіншіден- Қоқан билеушілер қырғыздарға қолдау білдіріп , Кеңесарыға қарсы соғыс үшін әскери көмек берді.
78
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің дамуы
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік ал­ғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар мемлекетіміздің болашағына салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғ­ни экономикалық-әлеуметтік жағ­дайына тікелей апарар жол – сол ел­дің білімінің дамуы болып та­былады. Олай болса еліміздің болашағы үшін ұлттық білім жүйемізді дамыту заман талабы, — деп айтуымызға болады.
Тәуелсіз жиырма жыл ішінде Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің мазмұны да, бағыты да, маңызы да өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Егемен ел атанған Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі осы жиырма жыл ішінде реформалаудың бірнеше кезеңдерінен өтті [1, 1б]
Бүгінгі күні мемлкетімізде білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарын жақсартуға ерекше мән берілуде. Білім берудің жаңа моделі жасалынып, білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде қолданысқа ие болуда.
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:
ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу;
әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойған болатын. Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы мен үкіметі бекіткен жоғары және орта білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа буындағы оқулықтарды әзірлеу мен енгізу және басқа да бірқатар бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Білім беру сапасы бұл ретте әлемнің дамыған елдеріндегі біліммен салыстырарлық болуға тиіс. Білім берудің сапасын қамтамасыз етуде білім беру саласын оқу әдістемелік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету. Сонымен қатар, білім беруді дамытудың сапасын арттыруды жүзеге асыру мемлекеттік білім берудің негізгі мәселесі болып табылады.
Бүгінгі таңда білім беру жағдайы жаңа кезеңге жол ашпақ. Білімділік деңгейін көтеру халық өмірінің сапасын арттырудың неғұрлым маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi.
Білім берудi дамыту Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Fылым туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Қазақстан-2030" стра­тегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi индустриалдық ­инновациялық даму стратегия­сына", "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары бiлiм жөнiндегi бүкiл дүниежүзiлiк конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері бiлiм кеңесінің, Тәуелсiз мемлекеттер достастығына каты­сушы мемлекеттер бiлiм министр­лерiнiң және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім бсру сала­сындағы ынтымақтастығы жөнiндегi кеңeciнің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінiң жанындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөнiндегi кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзipленген [2, 1б]
Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені «білім беру стандарты» ұғымы шетелдерге біздегіден өзгеше түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие [3, 1б].
Әлемдік экономикалық дағдарыстың басты құрбандарының бірі – білім беру жүйесі. Тіпті, салыстырмалы түрде әлеуеті жоғары елдердің өзі оған төтеп бере алған жоқ. Ал Қазақстанда, керісінше, білім беру ғана емес, экономиканың барлық саласы ілгері қарай басып келеді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев төртінші шақырылған Парламенттің бесінші сессиясының ашылуы барысында, «Білім берудің құқықтық базасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет. Бұл ретте білім беру мекемелерін жан басына қарай қаржыландыру, білім беру қызметі саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары заңнамалық қамтылулары шарт. Білім берудің кепілдендірілген кредиттері жүйесін дамыту үшін құқықтық шарттарды қалыптастыру маңызды. «Білім беру туралы» заңда осындай өзгерістер қамтылатын болады», — деген болатын. Сонымен қатар, Президент зияткерлік меншік нарығын дамыту үшін заңнамалық базаны қалыптастырудың маңызын да атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қазақстандық ғылымды жіті дамытуға маңызды жағдай [4, 1б].
Давоста өткен форумға қатысушылардың бағалауынша, Қазақстан бұл жылдары ешбір елдің қысымына ұшырамай, бәсекелестікке қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 орынға көтеріліп, бүкіл әлемді таң қалдырды. Оның басты себептерінің бірі – ғылыми-білім беру саласындағы қуатты серпіліс. Бұл ел ғылым мен білімге қаржыны аямайды. Білім беруге жұмсалған шығындар өзге елдерде қысқартылып жатқанда, Қазақстанда тек соңғы екі жылдың ішінде үштен екіге артқан. Қазақстан жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-білім беру саласында қарқынды дамып жатқан ел. Онда ТМД елдерінде, көбінесе әлемде енді талқыланып жатқан жобалар іске асырылып жатыр. Мысалға, Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш болып жоғары білім берудегі "бакалавр – магистр –философия докторы" үш деңгейлі оқыту жүйесіне толығымен көшті [3, 1б].
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрімен бекітілген 2011 жылға арналған кредиттік оқу технологиясын жетілдіру жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамытуға үлкен рөл жүктелген [1, 1б].
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауында, отандық білім жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралық дәрежеге көтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін қадап айтты [5, 1].
Бiлiм беру саласында қалыптас­кан ахуал республиканы дамытудың қазiргi әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларына және жоғары дамыған елдердің прогрес­шiл тәжiрибесiне сәйкес келеңсiз құбылыстарды болдырмау, түбегейлi ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар, бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетiлдiру қажет eкeнін көрсетеді.
Білім беру жүйесіндегі басты міндет халықтың барлық деңгейлер мен сатыларда сапалы білім алуына қол жетімдігін кеңейтумен айқындалды. Осыған байланысты білім саласындағы күш жігер оның сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруға бағытталуы тиіс. Білім беру жүйесіндегі басты міндет пен іліспе мақсат үздіксіз білім беру принціпін еңгізу болып табылады. Сапа мынадай аспектіде қарастырылады: қазіргі кезде білім беру деңгейлерінің әрбірі өздері үшін тіршілік етіп жатқандай. Келесі онжылдықтың мақсаты, бір жағынан, адамның ілгершіл дамуын қамтамасыз ететін біріңғай ұлттық білім беру жүйесін құру, екінші жағынан, білім берудің ұлттық жүйесінің жалпы әлемдік жүйемен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Алдағы 10 жыл ішінде білім беру жүйесін адамды біліммен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге осы білімді білікті пайдалана білу және үздіксіз оқу дағдыларына баулу жүйесі етіп қайта құру күтіп тұр. Білім беру жүйесі экономикалық және әлеуметтік салалардан оқшау тіршілік етуін тоқтатуға тиіс. Оны үлкен әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір бөлігі болу және ел экономикасын адам ресурстарымен қамтамасыз ету міндеттерін шешу күтіп тұр [2, 1б]
Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуда мына төмендегідей міндеттерді шешуді ұсынамыз:
ЖОО-дағы білім беру нәтежиелерінің сапасын арттыру;
білімге қол жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ететін шараларды еңгізу;
білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету;
білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз ету;
ресурстарды жұмылдыру және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруда қамтамасыз ету;
білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру;
студенттерге білім берумен қоса, тәртіптік, құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыруды жоғарылату мен дамыту.
Білім берудің әр түрлі деңгейлері үшін бағдарламаның үйлесімділігін қамтамасыз ету арқылы білім берудің мазмұнын жаңарту маңызды болып табылады. Оның үстіне он жыл ішінде оқу процесін ұйымдастыруды қатаң стандарттаудан ұдайы жетілдіруге бағдарланған, ақылға қонымды шекте реттеліп отырған нысанға көшіруді жүзеге асыру күтіп тұр. Осы орайда жаңарудың әрбір кезеңіне жеткілікті ресурстық қамтамасыз етумен қолдау көрсетілуге тиіс.
79
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жеті-суда қалыптасты.Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды. Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің түрағы.Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері түратын бөлігі.Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер. VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Қүлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағүн, Орда т.б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қаланың орнын анықтаған. Қала әкімшілігі
Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы, Керми-кент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған.Қала халқы.Қалаларда халықбіршама қоныстанды. Сонымен қатар қалахалқы отырықшыға айналған көшпенділер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (ІХ-ХІ ғасырлар) Испиджаб-Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәде-ниет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі Х-ХІІ ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб ІХ-Х ға-сырларда Қарлүқ, Қарахан мемлекеттерінің қүрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталықболған.Баласағүн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бүл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша, Баласағүн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағүн қарлүқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағүнда үлы ақын, ғалым Махмүд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағүн туған. Баласағүн қаласы Ақтөбе деп те аталған. Түркістан (Иасы)
Бүл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр билеушісі АқсақТемір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған). Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндег беделі өсе берді. Сығанақ“Болса тәңірім екінші өмір қиғандай, Сығанақта көз жүмар ем қиналмай”. Бүл – орта ғасырдағы түрік ойшылы Ғисамеддин әл-Сығанакидің айтқан сөзі. Сығанақ -Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ға-сырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы болды. ¥лы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлүқтар заманында ерекше гүлденді. Бүл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: “Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор кдзылған,төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар.
Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де түрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған”, – деп жазған.
80
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпак иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі.ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің біркатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төмеңгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрды. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке карағанда олардың мал саны едәуір болған (70мың түйе, 30мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін коныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында осы Ханның кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды. Бөкейұлы Жәңгір хан (1801—1845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей
ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер. Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов. Жәңгір билік еткен кезде Еділ, Жайық өзендері мен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп соғады.
81
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер. Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы және мЕмл. тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің және соц. саяси жүйенің ыдырауы демокр. принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялылық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты (қ. Көппартиялылық). Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеум. топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеум.-экон. дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеум.-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті Ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық к-ті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экол. ұйымдары – ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықар. қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықар. қоғамдық к-ті, Экол. білім қоры, Респ. “ХХ ғасыр экологиясы”, “Жасыл майдан” экол. ассоциациялары, т.б. болды. Халық арасында кеңінен қолдау тапқан “Невада-Семей” қозғалысы респ. басшылығының қолдауымен 1989 ж. қазанда Семей полигонындағы ядр. сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қызметі тарихи-ағарту сипатындағы бірлестіктерден “Ақиқат”, “Мемориал”, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамдары, “Жерұйық” тарихи-этногр. бірлестігі жұмыс істеді. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар республикада экологияны қорғау, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында күресу мақсатында саяси сахнаға шығып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелердің шешілуіне септігін тигізді. 90-жылдары құрылып, қызмет жасаған құқық қорғау ұйымдары қатарында адам құқықтарын қорғау ісінде өзінің белсенділігімен Адам құқықтары жөніндегі Қазақстан-америка бюросы, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, Саяси қуғын-сүргін құрбандары ассоциациясы, Адам құқықтары жөніндегі демокр. к-т, т.б. болды. Қазақстанда әр түрлі одақтар мен қорлар да белсенді қызмет жасады. Мыс., Қазақстанның Агр. (Шаруалар) одағы, Қазақстан жастар одағы, архитекторлар, кинематографистер, жазушылар, суретшілер, композиторлар одақтары, Қазақстанның еркін кәсіподақтарының конфедерациясы, Қазақстанның мәдениет қоры, Бейбітшілік қоры, Ғылымға жәрдемдесу қоры, “Бөбек” балалар қайырымдылық қоры, Қылмыспен күресті қорғау қоры, Жол жүру қауіпсіздігі қоры, т.б. Қазақстанның әйелдер қозғалысы қатарында белсенді қызмет атқарған Қазақстанның мұсылман әйелдерінің респ. лигасымен қатар, Алматы фемида лигасы, “Қазақстанның кәсіпкер әйелдері”, сондай-ақ, ардагерлер ұйымдарының арасында – Ардагерлердің респ. ұйымы, Саяси жазалау құрбандарының қазақстандық ассоциациясы, “Чернобыль” қоғамы, дене мүшелерінде кемістігі бар адамдардың бірлестіктері қатарында – “Спешиал Олимпикс”, Зағиптардың спорт жөніндегі ассоциациясы, т.б. болды. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен “Азат” (1990 ж. 1 шілде), “Поколение” (1992 ж. 24 қараша), “Лад” (1993 ж. мамыр), “Азамат” азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж., мамыр), “Қазақстанның болашағы үшін” (1998 ж., ақпан) жастар қозғалысы, “Қазақстан – 2030 үшін” (1998 ж., 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, “Өрлеу” (1998), “Ақ жол” қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демокр. таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989 – 94 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет мин-нде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерді құқықтық жағынан реттеу ҚР-ның Конституциясында, “Қоғамдық бірлестіктер туралы” (31.5. 1996) және “Саяси партиялар туралы” (15.7.2002) Заңдарында қамтамасыз етілген. ҚР-ның 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес Қазақстан “Ақ жол” демократиялық партиясы, Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы, респ. “Отан” саяси партиясы, Қазақстан социал-демократиялық “Ауыл” партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан патриоттары партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеум. әділдік, демокр. құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.
82
Қимақ қағанаты: Өмір сүрген уақыты: ІХ-ХІ ғғ. Территориялық аймағы: Алтайдан солтүстікке қарай Ертіс бойын мекендеген. Қимақтарда 16 қала болғаны , оның 12 Ертіс өзені бойында орналасқаны туралы жазған ( Әл-Идриси) Орталығы: Ертістің орта алабында болғын 1) Имақия 2) екінші астанасы Алакөлкөлінде орналасқан. Тайпа құрамы : жеті-тайпадан тұрды : эймур, имақ, татар, байандур, қыпшақ, ланиказ, ажлад.Олардың ішіндегі ең ірі , әрі ықпалдасы қыпшақтар. Деректер:а) Гардизи еңбегінде айтылатын имақ этнонимі УІІ ғасырдағы Қытай шежірелеріндегі яньмо деген түркі тайпасымен бір деп саналады. б) Махмұд Қашқари қимақтарды йемақтар деп атаған.г) Махмұд Қашқари жəне Рашид-ад-дин оларды оғыз тайпасы деп қарастырады. Қимақ қағанаты туралы алғашқы мәліметтер ІХ-Х ғ араб деректерінде кездеседі.( Әл-Якуби ) Діни наным-сенімдері: IX – XI ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
83
XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басындағы сауданың дамуы. Жәрмеңкелер
Сауда
Қазақстанға капиталистік қарым-қатынастардың енуі қазақ ауылының шаруашылық өміріне кептеген өзгерістер әкелді. Қазақстанда сауда қатынастарының дамып, ішкі рыноктың құрылуына жол ашылды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамыды.
Қазақстандағы ішкі сауданың дамуына жергілікті рыноктың құрылуы, ақша қатынастарының енуі әсер етті. Дегенмен Қазақстанның барлық аймақтарының арасында бір-бірімен байланыс жүйелі түрде орнады деп айту қиын.
Қазақтардың басты тауары — мал мен мал шаруашылығы өнімдері. Қазақстан капитализм жедел қарқынмен дамып келе жатқан ресейлік рынокқа тартыла бастады. Ресейден қант, галантерея және басқа да мануфактуралық тауарлар әкелінді. Ресейге мал мен шикізат шығару, әсіресе елкеде темір жол салынғаннан кейін ұлғая түсті, егіншілік өнімдерін шығара бастады. Егіншілік енімдерінің тауарлығы артты.
XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында Қазақстанда сауданың үш түрі болды:
қозғалмалы айырбас саудасы,
маусымдық жәрмеңкелер,
тұрақты сауда.
Айырбас сауда түрімен алыпсатарлар айналысты. Олар алыс ауылдағы қазақтарға әр түрлі арзанқол тауарларды малға айырбастады. Айырбас саудада көбіне сауда тең емес, тонаушылық сипатта болды. Далалық айырбас саудасының кең қанат жаюы қалалық тұрақты сауда орындарының дамуына әсер етті. Далалық ұсақ саудагерлер үстінен қарайтын ірі саудагерлер осы бекініс шептері маңындағы қалаларда шоғырланды.
Омбы, Петропавл тағы басқа қалалар орыстың сауда капиталының қазақ даласына енуінде маңызды рел атқарды. Қалалардағы айырбас сарайлары жәрмеңкелік сауданың ірі орталықтарына айналды. Сауда нүктелері тек қалаларда ғана емес, бекініс пункттері мен қазақ-орыс станицаларында қазақтар тығыз орналасқан жерлерде, темір жол бекеттері бойында ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың шаруашылық мұқтаждықтарына неғұрлым ыңғайлы жәрмеңкелік сауда кең етек ала бастады. Олардың ішіндегі ең ірісі — Семей облысындағы Қарқаралы уезі Қоянды (немесе 1948 жылы негізін салушы көпес С.Ботовтың есімімен аталған) жәрмеңкесі болды.
XIX ғасырдың соңында оның сауда айналымының көлемі 3 млн сомға дейін жетсе, Орал облысында Ойыл, Темір жәрмеңкелері, Ақмола облысындағы Петров (Атбасар станицасы), Константинов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Петропавл уезі), Жетісу облысында ең ірі — Қарқара жәрмеңкесі, Сырдария облысында — Әулиеата жәрмеңкесі болды. XIX ғасырдың 80- жылдарынан 1909 жылға дейін тек Семей облысында 15 жөрмеңке (Екатеринск, Шар, Семей, т.б.) болды.
Мұнда мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылды. Қазақстанға орыс өнеркәсіп өнімдері, тоқыма тауарлар (мақта-мата бұйымдары), өңделген тері, металл бұйымдары (ауыл шаруашылығы құралдары), қант, сабын, керосин, галантереялық тауарлар, тұрмыстык заттар әкелінді. Орталық Азиядан кептірілген жемістер, киім, мата, қалы кілемдер, Қытайдан шай, маталар тасылды.
Жәрмеңкелерде сауда операциялары айырбас түрінде немесе ақша түрінде жүрді. Орыс көпестері жәрмеңкелерден ете үлкен пайда түсірді. Патша үкіметінің қазақ даласындағы сауда саясатының тонаушылық, отаршылдық сипаты болды. Дегенмен қазақтардың табиғи томаға-тұйық шаруашылығының ыдырауына жол ашты.
Жәрмеңкелер жылдың төрт мезгілінде өткізілді. Сондықтан оларды маусымдың жәрмеңкелер деп атайды. Қазақтар үшін, әсіресе жазда өтетін жәрмеңкелердің маңызы зор болды. Бұған алыс аудандардан жылқы, ірі қара, қой, ешкі және мал шаруашылығы өнімдері: тері, жүн, киіз, май, мүйіз, жылқының қылын әкеліп өткізіп, өздеріне қажетті заттарға, үн, шай, ыдыс-аяқ, т. б. айырбастады.
Бұлардың ішінен рынок үшін арнайы өндіретін ұлттық сауда буржуазиясы өсіп шықты. Қазақтардың арасынан шыққан саудагерлерді: ұсақ, орта және ірі деп үшке бөлуге болады. Мәселен, XIX ғасырда қазақ байларының, алыпсатарларының, саудагерлерінің, приказчиктерінің, делдалдардың ірілі-ұсақты жалпы саны 40 мыңға жеткен. Дегенмен ресейлік және ортаазиялық сауда буржуазиясының бәсекелестік әсерінен қазақ буржуазиясы әлсіз болды. Ұлттык капитал толығымен қалыптаса алмады.
Революцияға дейінгі Қазақстанда жергілікті рыноктардың бірігуі негізінде ұлттық рынок қалыптасып үлгермеді. Оған отарлық езгі, жекелеген аймақ арасындағы экономикалық байланыстардың әлсіздігі, ру қатынастарының сақталуы әсер етті.
Қазақстан мен Қытайдың шекаралас аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастық ұлғайды. Қазақ-қытай сауда орталықтары ретінде Омбы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Верный және т.б. калалар өсіп-көркейді. Қазақстан жері арқылы жүргізілетін орыс-қытай сауда қарым-қатынастары Құлжа, Айгүн, Пекин, Петербург келісімдері негізінде жандана түсті.
Сонымен қатар Сібір темір жол торабы мен Ертіс бумен жүретін кеме жолының ашылуы, кеден бекеттері салынуының ықпалы зор болды. Мысалы, Бақты, Қосағаш, Зайсан, Қатонқарағай, Жаркент, Ыстықкөл, Нарын кеден бекеттері жұмыс істеп тұрды.
84
Мәдени даму тенденциясы
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады.
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру.
Тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанның мәдени даму барысында ерекше серпіліс пайда болды. Мәдениет, өнер қайраткерлері өз шабыттары мен ұмтылыстарының тек өз шығармашы лық табыстары ғана емес, сонымен бірге бүкіл мәдениетіміздің даму жағдайы сол табыстармен байланысты екендігін түсінді. Көптеген қайраткерлер өздерінің жеке мектептерін аша бастады. Соның ішінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың музыкалық колледжі, өнертанушы Евгений Гуцалюктің көркемсурет мектебі, суреткер Бақыт Талқамбаевтың «Арттерапия» мектебі, »Қызғылт жал» атты халықаралық би фестивалінің қарамағындағы осы аттас би мектебі т. б. Сонымен бірге бірнеше жаңа творчестволық одақтар құрылды. Атап айтқанда:»Театр қайраткерлерінің одағы, »Хореографтар одағы», »Балетмейстерлер одағы». Галерея қозғалысы да жандана бастады, бұрынғы белгілі «Ұмай тәңірі», »Ұлар», »Вояджер», »Ретромен бірге жаңа «Арт-нават», »Ою», »Трибуна» галереялары өз жұмыстарын бастады. Жаңа әдеби қоғамдар құрыла бастады, солардың ішінде Рудный қаласында (Солтүстік Қазақстан облысы) жарық көретін «Пигмалион» әдеби-көркем журналы. Бұл басылым жаңа әдеби ағымдағы тәжірибелерге бағытталған. Еліміздің осы өңірдегі прогрессивті суреткерлерімен тығыз байланыстағы мәдени журнал «Тамыр» қазақ және орыс тілдерінде басылатын мәтіндерін парасатттылық ой-өріске бағыттайды.
Еліміздің негізгі мәдени орталығы Алматының шығармашылық өмірі түрлі мәдени шараларға толы, апта сайын көркемөнер көрмелері, он жыл қатарынан халықаралық ән фестивалі «Азия дауысы», және оның жас орындаушыларға арналған «Жас қанат» фестивалі, классикалық би өнерінің фестивалі, авторлық әндер конкурсы, ақындар айтысы өткізілуде, шоу-бизнес белсенді түрде дамуда.
Жалпы алғанда Қазақстанның кәсіби өнері еуропалық және жергілікті қазақи қалып пен тақырыптарды біріктіре білді, сондықтан хх ғасырда ол өнердің барлық саласында дамып, ойлау ұстанымында еуразиялық болып табылады. Бұның негізінде біздің ұлттық қалып пен мәдени мұраларға толығымен сүйенген орыстың академиялық білімді кәсіби мектебі жатыр. Кеңестік Қазақстанның мәдениет саясатында әрдайым талантты қазақ жастарын Кеңес Одағының ең үздік оқу орындарында білім алуын қамтамасыз ету шаралары болған. Екінші дүние жүзілік соғысы кезінде Қазақстанға, соның ішінде Алматыға көптеген Кеңес Одағының белгілі өнер қайраткерлері үкіметтік жеңілдіктермен эвакуациялануы ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлесін тигізді. »Мосфильм» киностудия\сының негізгі бөлігі Алматыға көшірілді. Сол уақытта С. Эйзенштейннің режиссерлігімен «Иван Грозный» фильмі түсірілді. Соғыс алдында ғана құрылған Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде кеңестік үздік профессура(А. Черкасски й, Д. Митрохин)дәріс берді. Сол кездерде алғашқы балалар және жасөспірімдер театры шаңырақ көтерді. Оның негізгі ұйымдастырушысы Наталья Сац есімімен бүгінде орыс балалар және жасөспірімдер театры аталады. Осының бәрі бүгінгі Қазақстан мәдениетінің аяғына тұруына, кәсіби биіктерге көтерілуіне себепкер болды.
Еліміздің мәдени өмірінің дамуыны өз үлесін қосып келе жатқан көптеген мұражайлар мен галереялар бар. Бүгінгі таңда республикамызда 103 мемлекеттік әр бағыттағы, яғни тарихи-ө өлкетану, көркемсурет, әдеби мемориалдық, музыкалық мұражайлар бар.
Астана еліміздің басты мәдени орталығына айналып келеді. Жаңа астанамызда Президенттік мәдени орталықтың шаңырақ көтеруі оның өміріне үлкен жаңалық әкелді. Бұл орталықтың өзгешелігі-өз құрамында мұражай, орталық кітапхана және концерттік залдың болуы. Бұл ТМД мемлекеттеріндегі осы үлгідегі алғашқы орталық.
Астанада халықаралыұ фестивальдар мен конкурстар өткізу әдетке айналды. Атап айтсақ, Қазақстан халықтарының достығы фестивалі, талантты жастардың республикалық «Шабыт» фестивалі, Қазақстанның жылдық ән конкурсы «Алтын диск», Республикалық ақындар айтысы, »Тазша бала» конкурсы, қазақ әндерінің конкурсы т. б.
2004 жылдың қаңтарына Қазақстан мәдениет министрлігінің мәлімдемесі бойынша халыққа мәдени қызмет көрсетуге 48 театр, 21 кинотеатр, 291 жылжымалы және стационарлық киножүйе, 31 концерттік ұйым, 3399кітапхана, 154 мұражай, 1988 клубтық қоғам, 25 демалыс саяжайы, 4 зоопарк өз үлестерін қосты.
Барлық творчестволық үйымдардың материалдық негізі-мәдени құрылыстар сақталып, қайта қалпына келтірілуде. Мәдениет саласында мемлекет аралық қатынастар байланысы қайта жандана түсті. Бүгін Қазақстан өнердің әр бағытында жоғары дәрежедегі халықаралық аренаға көтерілді.
Жақын арада Қазақстанда мәдениетті дамытуға бағытталған «Мәдениет туралы», »Кино туралы» заң жобалары қабылданды. Сонымен бірге осыған байланысты заңды актілер де іске қосылмақ.
Елімізде білімді, терең ойлайтын мамандар даярлауға көп көңіл бөлінген. Осы мақсатпен Қазақ мәдениет өлкетану ғылыми зерттеу институтында ауылдық жерлердегі мәдени орталық қызметкерлерінің білімін арттыру курстары жұмыс істеуде, курстар мен семинар жұмыстары қайта жандандырылуда.
Мәдени дамуымыздың басты мақсаты көп ұлтты Қазақстанда бірыңғай мәдени ақпарат кеңістігін құру. Бұл кеңістіктің ұлтымызды әлемдік деңгейде танытуда, оның рухани байлығын көтеруде, әлемдік қоғамдастықпен тең дәрәжеде болуға қосатын үлесі зор.
Ауыл мәдениетін көтеру ең басты шаралардың бірі болып табылады. Министрлік 2004-2010 жылдары ауыл аймақтарын дамытуға бағытталған Мемлекеттік бағдарлама жұмысына белсенді араласты. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ауылдағы мәдениет ошақтарына көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан мәдениет министрлігі отандық мәдениет пен өнерді жандандырумен, дамытумен бірге халықаралық мәдени қатынастарды жақсартуға да көп көңіл бөлуде. Қазақстанның мәдени саясатының басты бағыты елімізді жалпыәлемдік кеңістікте дұрыс дәрежеде таныту, әлемдік даму тенденцияна шығару. Жалпы әлемдік процесске қатысу, еліміздің жеке хабарлама кеңістігінің болуын қамтамасыз ету Қазақстанның, оның жалпы мәдениетінің қоғамда дұрыс пікірде болуына өте қажет. Осы мақсатта Қазақстан Мәдениет министрлігі ЮНЕСКО-ны ң ауызша және материалдық емес біртұма мұралар жөніндегі кезекті үшінші Прокламациясына қатысу үшін қазақтың материалдық емес мәдени мұралық өнер байлығы күй туралы түсініктеме ұсынды. »Біріккен музыкалық ұлттар бас консулдар таңдауы» атты сериялық радиохабарға қатысу мақсатымен Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі Гонконгтағы Қазақстанның Бас консулы Б. Сәрсенбаевқа еліміздің музыкалық мәдениеті жөнінде хабарлама жіберді.
Айта кететін жайт, өткізіліп жатқан түрлі фестивальдар мен концерттер ішкі және сыртқы мәдениет саясатына өз үлесін қосатыны. Бұл шаралардың нәтижесі халықтың барлық тегіне өз әсерін тигізеді, яғни қатысушылардың орындаушылық мәнерін көтереді, көрермендерді хабардар етеді, мәдениет институттарының салаларын байытады. Сонымен бірге «достықты нығайту» мәдени өмірде тек фестивальдар мен концерттер өткізумен ғана шектелмейді, сондай ақ еліміздің халқын мәдени білімдар етуге де көңіл бөлінген. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен бірлесе мәдени, білім алу жұмыстарын кеңейту мақсатында көптеген мемлекеттермен қарым қатынастар жүргізілуде. Шет елдерде білім алуға бағытталған Президенттік бағдарлама бойынша өнер, мәдениет саласы бойынша сұранымы көп мамандар дайындау ісі қолға алынған. Қазіргі кезде Германиядағы, Ресейдегі(Сургут қаласы), Башқортстандағы, Қырғызстандағы және т. б. мемлекеттердері қандастарымызбен мәдени, ғылыми байланыстар жүргізу ісі де жақсартыла бастады.
Отандық музыка өнерін шет елдерге насихаттау мақсатында да жұмыстар жүргізілуде. Аталған фестивальдар мен концерттерден өзге халықаралық конкурстарға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық жобаларға және бұрынғы Кеңестік Одақ кеңістігіндегі ұрпақ пен мәдениет арасындағы өзара диалог орнату туралы жобаға қатысу көзделуде.
Қазақстан мемлекетін толық дәрежеде таныту барысында компакт дискілер жаздыру, бағалы музыкалық аспаптар сатып алу, шет елдерден белгілі өнер шеберлерін шақырту және өз өнер қайраткерлерлерімізбен тәжірибе алмастыру жұмыстары жолға қойылған.
Сондай-ақ Қазақстанда 2004-2006 жылдарға «Мәдени мұрағат» бағдарламасы қабылданған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық мәдениетімізге елеулі үлес қосар белгілі тарихи мәдени және сәулеттік ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру , үлкен мәдени мұраларды, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениетті. фольклорды, әдет ғұрыпты зерттейтін біртұтас жүйе құру, ұлттық әдебиет пен жазбаның көпғасырлық тәжірибесін іске қосу. Әлемнің ең үздік ғылыми, мәдени және әдеби жетістіктеріне сүйене отырып мемлекеттік тілде гуманитарлық білім берудің сапалы қорын құру. Бұл бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1933, 6 млн. аса теңге бөлінді.
85
Түркі жазуының ескерткіштері:
Жазба ескерткіштегі Күлтегін — өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк — әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары, мақал-мәтелдер, арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі. Мысалы: «Көрур көзум көрмес тег бопты, білер білігім білмес тег бопты, «Түн қатып»деген сияқты қолданыстар аздаған дыбыстық ерекшеліктері болмаса, күні бүгінге дейін тілімізде сол күйінде қолданылып келеді.
Тоныкөк жазба ескерткіші – Екінші Шығыс Түрік қағандығының (6 ғасыр) саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде зор шеберлікпен бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік әдеби жәдігерлік. Бұл жырдың мәтіні көне түркі жазуымен бедерлеп жазылған. Құлпытасты 19 ғасырда Солтүстік Моңғолиядағы Селенга өзені бойынан Д.А.Клеменц тапқан. Тоныкөк құрметіне қойылған бұл ескерткіш мәтінін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және оны ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне В.Томсен, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, т.б. түркітанушы ғалымдар үлес қосты. Тоныкөк жазба ескерткішін қазақ әдебиеті тұрғысынан тұңғыш рет зерттеген М.Жолдасбеков болды. Тоныкөк жазба ескерткіші 313 өлең жолынан тұрады. Жырдағы жалпы оқиғалар желісін зерттеушілер оны он төрт циклға, яғни он төрт хикаяға бөліп қарастырады. Бұл жырда түркі елінің сан қырлы өмірінде Тоныкөктің тарихи рөл атқарғаны ерекше айтылады. Тоныкөк жазба ескерткішіне дидактикалық сарын беріп тұрған қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелдер бертін келе қазақ ақын-жыраулары поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген.
Ежелгі түркі поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбір топтаманың өзі міндетті түрде мынадай үш бөліктен тұратын болған:
оқиғаның басталуы;
оқиға желісінің біртіндеп ұлғая түсуі;
осы топтамада айтылуға тиісті ой-пікірдің түйіні.
«Күлтегін» жырының кіші жазуындағы екінші топтаманың алғашқы үш жолы Білге қағанның түркі халқына айтқан үндеу сөзі, одан кейінгі төрт жол өлеңде Түрік қағандығы жерінің ұланғайыр кең екендігі, одан кейінгі екі жол осы топтаманың түйіні – түркі елінің жері мол, ал халқы көп екендігін баяндауға арналған. «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады (құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде 53 қатар). Бұл жыр дербес алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған. Бірінші хикая – түркі халқының ұлы ата-бабалары туралы; екінші хикая – түркілерді табғаштардың бағындырып алғаны жөнінде; үшінші хикая – Елтеріс қағанды сипаттауға арналған; төртінші хикая – Қапаған қаған туралы; бесінші хикая – Білге қаған жайлы; алтыншы хикая – Күлтегін туралы.
86
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі – хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған. Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған. ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді.
87
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары қүрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақүрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кэсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика қүруда біршама жүмыстар атқарылды.
Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, эдіс-тэсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тэн, оның үлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сэйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тэжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай эр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсыпғап “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі жэне өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кэсіпорындардың үлесі өсіп, бэсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. ¥лттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі жэне сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жүмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бүзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бүлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жүмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда­рын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мүнайдың, мүнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген үранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, эр кәсіпорын ең жоғары таза пай­да алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен томен түсіп кетті.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бүл қадам нарық субъектілерін құру түрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемле­кет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.
Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің ба­рысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен- дірілді, олардың қатарында үжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бүл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртүтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бэсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жыл­дан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару жэне онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла баста­ды. Республикалық мемлекеттік жэне коммуналдық мемлекеттік кэсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі үлттық компаннялар арқылы сақталды. Мүнай-газ секторында — бүл “ҚазМүнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”.
Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарняланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бүл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа үшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экс­порта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі эдетіне басып, өзде- рінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты.
Сондықтан, бүл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы түрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің қүлдырауы тоқтатылып, экономиканы түрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тэуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бүл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.
Реформаның барысында 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі біраз тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны елеулі түрде төмендеді. Сол сияқты үлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша- қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға басушылық орын алды.
Жалпы дағдарыстан шығудың, реформаны жүргізудің пәрменді қүралының бірі — экономикалық орталық болу тиіс еді. Алайда, Министрлер кабинетінде реформаны ойластырып, алға бастыра- тын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық бола алмады. Нәтижесінде 1994—1995 жылдары дағдарысқа қарсы ша­ралар мен реформаны тереңдету бағдарламасы орындалмай қалды. Макроэкономикалық түрақтандыру жэне қүнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің наразылығын өршіткені болмаса разы етпеді.
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды қүруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.
Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Оның себебі бізде бүған дейін нарықтық экономика болмады, сондықтан біздің экономистер нарыққа көшудің жолдарын, тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші ретінде экономист-ғалымдар АҚШ-тан, Франциядан, Түркиядан, Ресейден т.б. жерлерден шақырылды. Бірақ олар өз елінде маман болғанмен, біздің жағдайды, халықтың менталитетін, психологиялық ерекшеліктерін ескермеді, тіпті білмеді де. Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тэн классикалық артық өндіру дағдарысы емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар өндірісі, тауарлық қатынастар толық қалыптасқан. Ал бізде бүлар болған жоқ. Үіиіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға кошу тез қарқын алды. Сондықтан шетел экономистерінің кеңесі тиісті нэтижесін бермей, аяқсыз қалды.
Нарықтық қатынастарға кошу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустриялан­дыру, үжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бүл үрдіске үйренбеген жэне ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі эрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің қүлдырауын тоқтату жэне өндірістің үлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нүсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің қүлдырауын тоқтату мүмкін болмады.
1991 жылы өндірістің қүлдырауы біршама түрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті.
Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі де­ген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық қүжатқа мүқтаж бо- латын. Олар “Қазақстан — 2030” ел дамуының С-тратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Э.Назарбаев республика халқына “Қазақстан — 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың жэне жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе “Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын үсынды. Бағдар- ламада еліміздің саяси, элеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы жэне стратегиялық үзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы үзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) үлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен эл-ауқатын көтеру; 5) энер­гетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақүрылым, көлік жэне байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
Тек осы аса маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.
“Қазақстан — 2030” бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот жэне құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең қүқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси жэне экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық үйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жүмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік жэне терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді.
“Қазақстан — 2030” стратегиясында көрсетілгендей, эсіресе, соңғы жылдары республикада түрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылда­ры жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды қүрады. Сау- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды қүрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80% Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвести- циясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке ай- налды. Қазір оныц қаржысы Ресей мен өцірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай жэне басқа да алыс-жақын шет ел экономи­касына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).
Әлемдік децгейдегі менеджмент қызметі қүлдырау жағдайында болган аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа шығу жэне әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаца кезец — жаца экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004).
Осыныц нәтижесінде республика экономикасыныц барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылыгында, сауда мен қызмет корсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканыц жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлгайту болып табылады. Мысалы, стати­стика мәліметтері бойынша, 2004 жылдыц I жартыжылдыгына тіркелген 194,8 мыц зацды түлганыц 192,7 мыцдайы жекеменшік секторга келеді. Бүл жалпы санныц 98%-і, оцдеу саласында бүл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылыгы мен орман шаруашылыгында 97,5%-ті қүрайды. Көптеген экономикалық процестердіц нақты қатысушысы жекеменшік иесі болып отыр. Оныц мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кецінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-қүлық қалыптастырды. Әсіресе, шагын кэсіпкерліктіц дамуы атап көрсетуге түрарлық.
“Қазақстан — 2030” багдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздіц басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту жэне экономикалық өрлеу болды. Бүл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, эл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең күшті мемлекет — АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру тура­лы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Бүл АҚШ басшылығының, американдық іскер топтар мен сарапшылардың қазақстандық реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мэртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бүл шешім Қазақстанға қатысты АҚШ жэне тағы басқа дамыған елдер тарапынан экономикалық шек- теулер мен түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде Дүниежүзілік сауда үйымына кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады.
Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Қазақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа элі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам қүрып жатырмыз. Сол себепті де Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде респу- бликамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер қүрылған. Онда 2 млн.-нан астам адам жүмысқа тартылған. Кәсіпкерлік — күнкөрісіміздің көзіне айналды. Дамыған елдердегідей “кәсібің — нәсібің” деген үстаныммен өмір сүруге көштік.
Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт үстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жүмыс істеп жатқан нарық экономикасын қүрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жүмыс істеп түрған нарықтық экономика бар.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуы- на жол ашпады. Халық шаруашылығының бүл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тэуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, эсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі қүрылыстың қысқаруы экономикаға кері эсер етті. Экономиканың түрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркэсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің қүлдырауына жол берді. Халық түтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана қүрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мүнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат қүю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Қүрылыс жэне ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.
Күрделі қүрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің қүлдырауы 1993 жэне 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық түтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркэсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.
1995 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау жэне жеке жобалар бойынша ірі объектілерді жекешелендіру жөніндегі жүмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің қүлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің қүлдырауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды.
Өндірістің қүлдырауының басты себебі — Одақ бойын­ша бүрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі — оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа, мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық түтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ісі ақсап жатты.
Жоғарыда айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандан- дыруда бірсыпыра шараларды іске асырды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның нәтижесінде 1999 жылы мүнай-газ өндіру, металлургия, химия, полиграфия жэне тоқыма-тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жалпы өнім өндіру 1%-ке, ал өндіріс көлемін арттыру 1,8%- ке өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.
Міне, осындай мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыру ба- рысында2000—2002 жылдары республикадатүрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалды. Тек соңғы 3 жылда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 42,9 пайызды қүрады. Қазақстанның өнеркәсіп саласында мүнай-газ өндірісі елеулі орын алып, ол жал­пы өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды. Бүл жылдары тек газ- мүнай шығару салаларын дамытуға 9,5 млрд. доллар шетел инвести- циясы тартылды. Қазір де мүнай-газ секторы мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көздерінің біріне айналып, республиканың жалпы ішкі өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды.
Батыс Қазақстан аймағында Теңіз бен Қарашығанақ сияқты мүнай-газ кен орындарын игеру жөніндегі ауқымды жобаларды іске асыру жүргізіліп жатыр. Каспий аймағында өнеркәсіптік мүнай өндіруді 2005 жылдан бастап қолға алу жоспарланған. Жамбыл об­лысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру жүмысы басталды. Каспий қүрлықтық мүнай қүбырының бірінші кезегін іске қосу еліміздің экспорт жөніндегі мүмкіндігін арттыра түсті. Мүнайды әлемдік нарыққа жеткізудің баламалы нүсқалары — Атырау-Баку- Жейһан, Қазақстан-Түркменстан-Иран, Батыс Қазақстан-Қытай багыттарын да үлкен болашақ күтіп түр.
Соңгы жылдары Ақтау теңіз портын, Достық-Алашанькоу шекаралық өткелін жэне Достық-Ақтогай теміржол учаскесін қайта жаңалау жүмысы, Семейдегі Ертіс көпірі мен Ақсу-Дегелең теміржол қүрылысы аяқталды. Алтынсарин-Хромтау арасындагы теміржол қүрылысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай іске қосылды. Алматы-Астана автожолын жаңалау жүмысы 2003 жылы аяқталды. Алматыдагы әуежай қалпына келтірілді. Жалпы 2002 жылы бүрынгы 2001 жылмен салыстырганда өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызга артты.
90- жылдардың басында ауыл шаруашылыгы елеулі дагдарысты бастан кешірді. Оның басты себебі — ауыл шаруашылыгы мен өнеркәсіп салалары өнімдерінің арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа үшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай жэне тез арада жекешелендірунауқаныныңүлкензардабытиді.БүрынбОО-денастам астық өндіретін, 700-дей қой шаруашылығымен шүғылданатын кеңшарлар мен колхоздар, 80-дей қүс фабрпкасы бар еді. Республика халқы жекешелендіру барысында өздерінің осы қолда барынан айырылып қалды. Бағадағы былық, бейберекеттік, жекешелендірудегі асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан төменге дейінгі жүйесін күйрету, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді алыпсатарлыққа айналдыру жэне т.б. ауыл шаруашылығын күйретуге соқтырды. 1993 жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жүмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, үқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жүмыстардың көлемі азайып кетті. Агроөнеркэсіп кешеніндегі жоғарыдағы айтылған жэне басқа да кемшіліктерді жоймай, салаға деген көзқарасты түбегейлі өзгертпей бүкіл реформаның жүзеге асуы мүмкін емес еді.
Егіншілік өнімдері азайып, егін егетін жер көлемі қысқарды. Жалпы ауылшаруашылық өнімі 1992—1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 мил­лион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір саласы — мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып кетті. Мал мен қүстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарла- уынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелен- діру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті, немесе ауыл түрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн. бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн. басқа дейін, жылқы 1,6 млн. бастан 1,0 млн. басқа дейін азайып кетті.
2000 жылдан басталған ауыл шаруашылығындағы тың серпіліс мал шаруашылығы саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000—2002 жылдары ірі қара мал 8%-ке, қой басы 9%-ке, жылқы 1%- ке, қүс өсіру 25%-ке артты. Қазір республикадағы мал басының 90%- тен астамы жеке шаруа қожалықтарының қолында жинақталған.
Қазақстан үкіметі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнді- рісін үлғайтуға бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4,3 миллиард теңге, 1997 жылы 5,3 млрд. теңге бөлінді. 1996 жылы Азия даму банкісі тара- пынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 млн. доллары 1997 жылы ауыл шаруашылығына жүмсалды. Тек 1996 жылы 630 егін жэне 100 мақта жинайтын шетелдік комбайндар сатып алынды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп отырды.
1999 жылы оған 9 млрд. теңге бөлінсе, 2000 жылы агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жүмсалды.
Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты.
2000 жылы республика көлемінде 96198 ауыл шаруашылығы қүрылымы, оның ішінде 91471 шаруа қожалығы, 1781 өндірістік кооператив, 2886 шаруашылық серіктестігі жэне 60 жекеменшік кэсіпорын жүмыс істеді. Сөйтіп, 1999—2001 жылдар аралығында ауылда тиімді шаруашылық жүргізуге қабілетті меншік иелері қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің “Жаңа кезең — жаңа экономика” атты лекция- сында атап көрсеткендей “Рынокқа берік бағдарланған фермер- лер табы пайда болды”(Егемен Қазақстан. 16 желтоқсан 2004 ж.). Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформаның нэтижесінде өндірілген өнімдердің 99 пайызы жеке меншік қүрылымдарының үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты. Ауылшаруашылығы қүрылымдарының бүрынғы қарыздарының барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5—6 жылға эрі қарай үзартылды.
Қазір ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам заңды түлға бизне- спен айналысуға мүмкіндік алса, тек шаруа қожалықтарының саны ғана 170 мыңнан асты. “Астық үшін айқас” кезеңдері үмытылды. Соңғы жылдары Қазақстан миллиард пүттан астам дэнді дақылдар өндіруге қол жеткізіп келеді. Кеңес заманында астықтың осындай мөлшерін өндіру үшін бүкіл одақ болып жүмыла кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жүмсап-ақ жинап қамбаға қүйып алатын болдық.
Ауыл шаруашылығын одан эрі дамытудың жаңа кезеңі 2002 жылдан басталды. Бүл 2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншікті енгізу жэне ауылдың әлеуметтік бейнесін жаңғырту мәселелерімен сабақтастырыла қарастырылған. Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жүмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы маусымда мемлекеттік- аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003—2005 жылдарды қамтыды, бүл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003—2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2002 жылы ауыл шаруашылығы салаларын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын жэне оған байла- нысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі түрде өсті. Мы- салы, 2003 жылы 40 млрд. тенге қаржы бөлініп, оның 30 миллиарды аграрлық секторды дамытуға, 10 миллиарды ауылдың әлеуметтік мәселесіне, оның ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге жүмсалды. Ал 2004 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бюджеттен — 50 млрд., 2005 жылы — 55 млрд. теңге бөлінді.
Кейінгі жылдары Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестици- ялар 3 еседен астам үлғайды. Бүл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Жоғарыда аталған ау­ылды қолдаудың үш жылдық бағдарламасы ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тау- ар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 2008, 7 ақпан). 2007 жылы ауылшаруашылық дақылдарының барлық дерлік түрлері бойынша жақсы өнім алынды. Әсіресе, ел диқандары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Республика бойынша 22,5 миллион тоннадан астам астық орылды. Қазақстан астық өндірісінің жан басына шаққандағы көлемі мен үн эксперты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңгы он жылда ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі 3 есе дерлік артты. Қорытып айтқанда, еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек корсету арқылы оның деңгейін көтеру, соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың санын түрақтандыру ісін жүзеге асыру көзделген. Қазір ауылдық жерлерде Қазақстан халқының 43 проценті түрып жатыр.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі, жол жүретін адамдардың тең жарымы тиеді. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Укра- ннадан кейінгі үшінші орынды алады. Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр жэне оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан. Бүл мәселелерді шешуде темір жол қүрылымын жетілдіру ерекше орын алады.
1996 жылғы 31 қаңтарда Үкімет қаулысымен Алматы, Тың жэне Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы” кәсіпорны қүрылды. Ал 2002 жылы бүл кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы үлттық компаниясы” жабық акционерлік қоғамына айналдырылды.
2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың үзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның бойындағы темір жол станцияларының саны 720 болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап жаңа темір жолдар салу жэне темір жол станциялары мен желілерді қайтадан жаңартуға ерекше назар аударылуда. Соның ішінде халықаралық темір жол желілерін қүруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда Достық станциясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол Еуропа жэне Азия елдерінің арасындагы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруда үлкен орын алады. 1991 жылы қыркүйекте Достық станциясы арқылы Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасу, ал 1992 жылы маусымда жолаушылар тасу жүзеге асырылды. 1994 жылдан бастап Достық-Алашанкоу станциялары арқылы халықаралық жүк тасу жүргізіле бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан жэне Оңтүстік Ко­рея сауда байланыстары Достық станциясы арқылы едәуір өсті. Тек
2002 жылдыц өзінде жүк тасу 1994 жылмен салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті.
“Қазақстан — 2030” бағдарламасыныц талаптарына сай 1998 жылы мамыр айында алғаш рет егемен Қазақстанныц тарихын- да Павлодар облысыныц Ақсу қаласы мен Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол қүрылысы басталып, 2000 жылы 8 желтоқсанда аяқталды. Жолдыц жалпы үзындығы — 184 шақырым. Жолды салуға республиканыц эртүрлі аудандарынан 1500 жүмысшы қатынасты, қүрылысқа 6,5 млрд. тенге жүмсалды. Бүл жол елдіц Солтүстік жэне Шыгыс облыстарыныц арасындагы қатынасты 600 шақырымга қысқартты. Павлодар облысыныц Ақсу жэне Май аудандары жеріндегі табиги байлықтарды игеруге мүмкіндік берді.
Егемен Қазақстан жеріндегі екінші мацызды темір жол құрылысы Қостанай облысындагы Алтынсарин станциясы мен Ақтөбе облысының Хромтау қаласын байланыстыратын темір жол магистралі. Жолдың үзындығы 387 шақырым, қүрылыс жүмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында аяқталып, пайдалануға берілді. Бүл жол Қазақстанның Солтүстік жэне Орталық аймақтары арасындағы жол қатынасын 1,5 мың шақырымға қысқартты жэне елді Ресейдің Қарталы-Орск темір жолына бағыныштылықтан босатты. Бүл жол- мен Қазақстанның Орталық жэне Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, астық, ал Ақтау, Новороссийск жэне Одесса теңіз порттары арқылы Украинаға қара металл, ферросплав, сондай-ақ Ақтау арқылы Республиканың солтүстік облыстарынан Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген.
Республиканың темір жол қатынасын одан эрі дамытуда оның аса қажетті магистральдық учаскелерін электр жүйесіне қосудың маңызы ерекше зор. Соңғы 10—12 жыл ішінде бүл бағытта бірсыпыра оң істер атқарылды. Мысалы, 1991—1994 жж. Арыс пен Шу станциялары арасындағы 600 шақырымдық жолды электр жүйесіне қосу жүмысы аяқталды. Ал 1993 жылдан бастап Шу мен Алматы арасындағы темір жолды электр қуатына қосу басталды. 1996—1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым Шу-Отар темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-¥зынағаш учаскесі іске қосылды, ал 2002 жылдың көктемінде Отар мен Алматы арасындағы темір жол магистралін электр қуатымен жүмыс істеуге көшіру біржолата аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жүмыс істейтін темір жол магистралінің үзындығы 3,7 мың шақырымға жетті, не- месе республикадағы барлық темір жолдың 27 пайызын қамтыды. Болашақта Алматы қаласы мен Достық станциясы арасындағы темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған.
Тәуелсіз Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаттарының бірі — адамдардың жақсы түрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда эрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, зейнетақыны жэне жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік саладағы басты міндеттер: үлттық байлықты көбейту, халықтың түрмыс-тіршілігі жөнінен дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы жэне түрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту.
Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен жэне нарықтық экономикаға көшумен байланысты халықтың түрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының қүлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жэрдемақы бұл жылдары тиісінші дэрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықты жүмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жүмыссыздық ба- сталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшарлардың таратылуына байланысты жүмыссыздық көбейді. Жастар жүмыс іздеп қалаға шүбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жүмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен, үрлық-қарлықпен шүғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті.
Қазақстанның элеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі — зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесін шешу үшін үш бағытта бірқатар жүмыс жүргізді. Бірінші — зейнетақының бүрынғы қарыздарын жабу, екінші — зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші — зейнетақы жүйесін реформалау. Бүл үш бағытта жүргізілген іс- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерек­ше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан эрі арттыру бағытында шара­лар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1997 жылы 3 мың теңге болса, 2000 жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000—2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мэрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері — 8335 теңгені қүрады.
Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі қүрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі — жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік жэне 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары түрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті.
Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орта- ша көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).
Халықтың түрмысындағы маңызды көрсеткіш — түрғын үймен қамтамасыз ету. Бүрын да, қазір де түрғын үй адамдардың ең басты мүқтажы болып отыр. 90- жылдары республикада түрғын үй салу төмендеп кетті. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жыл­дан бастап ілгерілеуімен байланысты түрғын үй қүрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй қүрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жүмсалды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Үй қүрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылғы көктемдегі Президенттің халыққа жолдауында республикадағы ар- зан үй қүрылысын кеңейту, үзақ мерзімге 9-10 пайызбен берілетін ипотекалық несиелер, жинақтаушы түрғын үй банкілерінің көмегімен мүмкіндігі томен отбасыларын түрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы жарияланды жэне оны іске асыру үшін Үкімет қазір қарқынды жүмыстар жүргізуде. 2005—2007 жылдары 19 млн. шаршы метрден астам түрғын үй пайдалануға берілді. Бүл жоспардағыдан 22 процентке артық. Осы уақыт ішінде елімізде 44 мыңнан астам пәтер салынды. Бюджеттік қаржы есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды.
Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың эл-ауқатын жақсарту, соныңішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені қүрады. Бүл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі меке- мелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мүғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бүл мүғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін үлғайтуға мүмкіндік берді.
Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған жэне басқа да санаттағы түрғындарды элеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық түрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 есе көбейді. Бүл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дэлел болады. 1999—2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орта­ша мемлекеттік әлеуметтік жэрдемақы көлемі — 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті (Назарбаев Н. Жаңа кезең — жаңа экономи­ка. // Егемен Қазақстан, 16.12.2004).
Түтастай алғанда, 90- жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті.
Халықтың денсаулығын сақтау жэне оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл — Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жэне Фармация комитеті қүрылды. Жал­пы, 2000—2002 жылдары денсаулық сақтау саласынреспубликалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен — 50%-ке дерлік үлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.Соңгы он жылда (1997—2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені қүрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жүмсалды. Соңгы бес жылда алғашқы көмек корсету буынын қүрал-жабдықтармен жэне медициналық техникамен жарақтандыру
3 есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бүрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып отыр. Тұрғыпдарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді жэне 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарла- масы табысты жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атапкөрсеткеніндей: Бүкіл д үниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005 жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке түлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 жэне 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едэуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мүның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Түтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік элеуметтік жэрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік элеуметтік жәрдемақы алады.
Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бүл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан.— Егемен Қазақстан, 7.02.2008).
Еліміздегі әлеуметтік ахуал да түрақты қалпында. 2000 жыл­дан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға жэне әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам үлғайды. Біздің 5 миллионная астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бүл көрсеткіш осыдан бес жыл бүрынғыға қарағанда екі есеге артық.
Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль қүрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де қүрастыратын бес кэсіпорын жүмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де қүрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, қүрылыс индустриясы жэне басқа салалар серпінді дамуда.
Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, элеуметтік мэселелерді шешуде біршама жүмыстар атқарылды жэне елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бэсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, элеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.
88
Үйсіндер : Б.з.б. І ғасыр аяғында Қазақстан далаларында сақтарды ығыстырған жаңа тайпалық одақтар пайда боды. Олар : Үйсіндер мен Қаңлы.Б.з.б ІІ ғасыр – үйсін тайпалары орталық азидан жетісуға қоныс аударды. Б.з.б 160 жыл- үйсіндер тиграхауда –сақтардың жерін мекендеді.Үйсіндердің негізігі орналасқан жері –Іле даласы.Территориясы: Шу мен Талас өзендері- Қаратау –Тянь –шань тауы-Балқаш көлі –Ыстықкөл. Мемлекет 3 ке бөлінген: шығыс,батыс ,орталық.б.з.б 73ж . Астанасы –Чигучен ( Қызыл аңғар ) қаласы ( Ыстықкөл жағасы). Халқы : 630 мың адам ,тұрақты атты әскері -30 мың. Соғыс жағдайында 180 мың әскер жасақталған.Үйсіндердің билеушісінің титулы -Гуньмо( күнбегі)Тайпа көсемдері мен рубасылары – бектер . Басты байлық – мал мен жер .Шаруашылығы: мал шаруашылығы мен егіншілік ұштастырыла жүргізілген. Мал шаруашылығында әсіресе жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген.Бай үйсіннің 4-5 мың жылқысы болды.Байлықтың негізгі өлшемі – жылқы саны.Егін шаруашылығымен аналысқандығын суару жүйелерінің болғандығымен дәлелдейді.Қарапайым суару жүйелері Жоңғар Алатауы, Шу-Іле бойындағы Шу аңғарында , Қырғыз Алатауының Талас аңғарында табылды.Көбінесе тары мен арпа еккен.Үйсіндер мыс,қорғасын,қалайы,алтын кен орындарын пайдаланған.Темірді балқытып пышақ, қанжар, семсер, жебе ұштарын жасаған.Зергерлік өнердің жоғары деңгейде боғандығын айқындайтын археологиялық олжалар: Актас зиратынан * алматы обл* табылған алқа.Қарғалыдан *алматы обл * диадема ұзын 35см – ені 4,7 см .алтын, тіліктен жасалған, аң-құс бейнелерімен өрнектелген.Бұл диадема 2300 м биіктегі тау шатқалынан табылды, мұндай құпия жерлерге бақсыларды жерлеу дәстүр болған.Баспасаны: отырықты : кірпіштен және тастан салынған үйлер. Көшпенді: киіз үй. Қоғам; Ежелгі үйсін қоғамында шұрайлы жерлерді жеке меншікке иелену басталды. Басты белгісі жеке адамдарға тиесілі мүліктің ерекше таңбалармен белгіленуі.Танбалар дүние мүлікке, үй малдарына салынды.Әскери басшылары мен жоғары лауазымды аксүйектердің алтынан ,мыстан жасалған мөрлері болды.Лауазымы төмен – тас және қыш саздан жасалған мөр болды.Еркерткіштер: обалары салынған уақытына қарай 3 бөлінді.
Ерте қорым –Капшағай , Өтеген , Қызыллеспе,Қызылқайнар.Ерекшелігі:солт-тен оңтүстікке карай тізбектеліп салынған, әр тізбек 5-6 оба бар. Орта кезеңге: Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Талғар. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан. Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.Үйсіндер –ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі.Бүгінде Ұлы жүз құрмындағы ру.
89
Ресей І орыс революциясының басталуына түркі болған 1905 ж 9 қаңтарда Петербургтегі Қанды жексенбі туралы хабар.1905ж ақпанда патшаның бейбіт демонстрацияға қару қолдануына қарсы Түркістан Перовск Жуалы Шалқар сияқты қазақ өлкесінің бірқатар елді мекендерінде де еңбекшілерің наразылықтары ұйымдастырылды.1905ж мамыр айында Қостанай мен Верныйда жұмысшылардың ереуілі болып өтті.1905ж жазда қазақ халқының наразылықтары ұйымдасқан жіне саяси сипатқа ие болды.Сол кездегі революциялық оқиғалар барысын қазақ халқының мүдессі жолындағы күресте ұллтық интелегенция саяси белсенділігімен таныла басталды.ХХғ басында ұлттық интелегенция көш басшысы ретінде Әлихан Бөкейханов танылды.1905ж жазда қазақ зиялылары патша үкіметіне қазақ халқының мұң-мұқтажын жеткізген петиция ұйымдастырды.Бұл тарихта Қарқаралы петициясы деген атпен белгілі оқиға болатын.Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесіне жиналған халық Бөкейханов Байтурсынов Дулатов сынды азаматтардың ұйымдатыруымен патша өкіметіне петиция қабылдады. Оған 14,5 мың адам қол қойған.Петицияда қазақ халқының өмірлік маңызды мәселелерін тез арада шешу талап етілді. Ен алдымен қазақтардан тартып алынған жерлерді қайтару,орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару саясатына тоқтату мәселелерін көтерді.Сондай-ақ бұл құжата қазақ халқына дербес мүфтилік ашу және сайлау құқығын беру туралы саяси талап та қойылған еді.1906 жылы ақпанда Семейде қазақтардың сьезі өтіп, онда өлкеге шаруаларды қоныс аударуды тоқтату , жердің қазақ меншігі екенін тану, дін еркіндігі, тіл теңдігі мен білім беруді ана тілінде дамыту талаптары қойылды.Ресей империясындағы , соның ішінде Қазақ өлкесіндегі революциялық ахуал екі жарым жылдан астам уақытқа созылды.1905 жылғы 17 қазақн Манифесі бойынша Мемлекеттік Дума құрылатын болды және онда Мемлекеттік Дума мақұлдамайынша еш бір заң күшіне ене алмайды делінді. І Мемлекеттік Дума өзінің құрамы жағынан кадеттік-либералдық болды.Ол1906жылдың 27 сәуірінен 8 шілдеге дейін ғана қызмет етті.Қазақ өлкесінен думаға 9 депутат : төртеуі қазақ халқының атынан , бесеуі орыс халқының атынан сайланды.ІДумаға сайланған қазақ халқының өкілдері жоғары білімді,зиялы азаматтар болды.Мысалы: Торғай обылысынан сайланған Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетін бітірген.Семей обылысынан сайланған Әлихан Бөкейханова Санк-Петербург орман-шаруашылығы иститутының экономика факультетінде білім алған.Алпысбай Қалменов пен Бақтыкерей Құлманов Санк-Петербург императорлық университетінің шығыстану факультетін бітірген.Орыс халқы атынан : Н.Коншин заңгер, В.Недоносков Уралец газетінің редакторы , И.Лаптев салық инпекторы , В.Ищерский дәрігер , Н.Дыхнич шаруа , сияқты азаматтар сайланды. ІІ мемлекеттік дума 1907 жылы 20 ақпанда өз жұмысын бастады.І думадағы сияқты мұнда да негізінен жер мәселесіне көп көңіл бөлінді.Өзінің құрамы жағынан бұл ІІ Дума да либерал-кадеттердеен құралды. Ал Қазақ өлкесінен 14 депутат , оның ішінде алтауы қазақ халқының өкілдері болды.ІІ мемлекеттік думаның мүшелері болып , Ақмола обл молда Шәймерден Қосшығұлов , Семей обл би Темірғали Нұркенов ,Орал обл адвокат Бақытжан Қаратаев , Торғай обл заңгер Ахмет Бірімжанов ,Жетісу обл инженер Мұхаметжан Тынышбаев , Сырдария обл Т.Аллапбергенов сайланды.
Алайда елдегі революциялық қозғалыстың құрылуы патшаға 1907 ж 3 маусымда ІІ мемлекеттік думаны да таратуға мүмкіндік берді.Бұл революцияның жеңілуі еді.Қазақ өлкесін мекендеген халықтардың 1905-1907жж революциялық қозғалысқа қатысуы , олар үшін ұлттық және әлеуметтік мүдделер жолындағы күрестегі үлкен мектеп әрі саяси тәжірибе болды.
90
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастар¬дың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интел- лектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру проңестеріне тарту. Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртүтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:
жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
өркендеу мен жаңашылдық;
тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, үлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қара- мастан жаппай қамту;
жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртүтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
білім, еңбек және жүмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету;
жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау;
жас таланттарды қолдау мен шыңдау;
жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру;
балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
91
Сарматтар— көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады. Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Географиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еур., ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. С-дың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. С-дың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археол. деректері аса зор рөл атқарады. С-дың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.Сарматтар өздері басып алған елдің саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді.Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады
Археологиялық ескерткіштері
Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.
Екінші кезеңде (орта – Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.
Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.
ШаруашылығыКөшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған.
3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды
92
93
Саяси қуғын-сүргін.
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекинның келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
Саяси қуғын-сүргін: Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған , 25 мың адам ату жазасына кесілген.
94
Батыс Түрік қағанаты : Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпаНушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпаҚоғамдық құрылымы
Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.1.Қаған
Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)
Бек (ру, тайпа басқарушысы)
Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)
Тұдын (салық жинаушы)
Қара бұдын (қарапайым халық)
таттар (құлдар)Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.
Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.
704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.
95
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:
…Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы
Жасы отыздан асқан Абай орыс тіліндегі кітаптарды мықтап оқуға бұрылады. Сол кезде Семейге айдалып келген орыс демократтарымен танысады. Соның ішінде өзінің ерекше танысып, араласқаны Михаэлис болды. 1880 жылдары айдалып келген Долгополов, Леонтьевтермен да танысып, өзі олардан үйрене жүріп, өзі де оларды халқының салт-дәстүрімен таныстырып, қол ұшын берді.
Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор.
Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Оқи жүріп, білімін толықтыра жүріп қырықтан асқан шағында біржола ақындыққа берілді.
Туған халқын сүйіп, оны қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай өлеңдері бай философиялық, күрескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
«Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» — Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған – күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай «күлме» демейді тек «орынсыз күлкіден сақ бол» дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.
Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті — өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.
Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.
Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.
Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді.
Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.
96
Қарсыласу қозғалысы
Дюнкерк шайқасы
Қарсыласу қозғалысы – екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы (1939 – 1945жж.) фашизмге қарсы бас көтерулер. Қозғалыс фашистік одаққа кіретін елдердің (Германия, Италия, Жапония, т.б.) қарулы күштеріне қарсы бағытталды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі патриоттық, азаттық, антифашистік қозғалысы.
Жаулап алынған елдерде қарсыласу қозғалысына қатысушылар арасында екі ағым болды:
1. Жергілікті коммунистік партиялардың жетегінде болған ұйымдар;
2. Батыс елдері (АҚШ, Ұлыбритания, т.б.) көмегіне сүйенген ұлттық ұйымдар. Бұл екі ағым фашизмге қарсы күресте түрлі бағыт ұстанды. Мысалы, Франция, Италия, Чехословакия, Бельгия, Дания, т.б. елдерде екі ағым ортақ жауға қарсы күш біріктірсе, Югославия, Албания, Грекия, Польша, т.б. елдерде, керісінше, өзара бәсекелестікке түсті.
Кезеңдері:Қарсыласу қозғалысы бірнеше кезеңнен тұрады.
1. 1939 ж. қыркүйек – 1941 ж. маусым – күш жинау кезеңі болып, фашизмге қарсы ұйымдар құрыла бастады. Партизан топтары (Польша, Югославия), саяси манифестация, диверсиялар (Чехословакия, Франция, Қытай) ұйымдастырылды.
2. 1941 ж. маусым – 1942 ж. қараша – неміс фашистерінің Москва түбінде жеңілуіне байланысты қарсыласу қозғалысы жалпы ұлттық сипат алды.
3. 1942 ж. қараша – 1943 ж. соңы – Кеңес әскерлерінің Сталинград және Курск шайқастарында жеңіске жетуіне байланысты Грекия, Албания, Югославия, Қытай, Италия, Вьетнам, т.б. елдерде ұлт-азаттық армиялары құрылып, кейбір аймақтар азат етіле бастады.
4. 1944 – 1945 ж. қыркүйек – Германия мен Жапония талқандалып, Батыс Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері фашизмнен азат етілді.
Сипаты:Қарсыласу қозғалысы интернационалдық сипатта болды. Тұтқыннан, концлагерьлерден қашып шыққан көптеген кеңес азаматтары жергілікті партизан қозғалыстарына қосылды. Олардың арасында қазақстандықтар да болды. Мысалы, cержант Бейсен Райысов Югославия азаттық армиясында батальон командирі болды. Дәрігер Ахмет Бектасов Франция партизандарынан арнайы топ ұйымдастырды. Қадем Жұбаниязов Испанияда, Қамкен Жанбеков, Өтеген Абдуллин, т.б. Бельгия, Голландия елдерінде құрылған партизан жасақтарында соғысты. Бұл партизан жасақтарында көптеген қазақтар болды. Мысалы, Райысовтың батальонында 90-ға жуық қазақ болған. 1965 ж. Италия ақпарат құралдары “Гуидо Боскалия” отрядында 70 қазақ болғанын хабарлады. Дегенмен қарсыласу қозғалысына қатынасқандардың көпшілігінің ерлік қимылдары әділ бағаланбай, тұтқынға түскен адамдар ретінде біржақты қаралып, кеңестік әміршіл жүйе тарапынан қуғынға ұшырады. 1946 ж. қарсыласу қозғалысына қатысып, елдеріне оралған 49 қазақ азаматы тұтқындалып, ату жазасына кесілген, кейіннен үкім өзгертіліп бәрі де 25 жылға бас бостандықтарынан айрылды.
Партизандар қозғалысы
Ұлы Отан соғысы тарихында партизан қозғалысы маңызды орын алады. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағы 11527 жауынгерлер, партизандар мен астыртын қимыл жасағандарға берілген екен. Оның 194-і осы атақты екі мәрте алғандар.
Партизандар жау гарнизондарына шабуыл жасап, соғыс техникасын, көпірлерді, қару-жарақ қоймаларын жарып, байланыс желілерін істен шығарды, жаудың әскери эшалондарын қиратты. Осының бәрі жаудың ілгері жылжуына мүмкіндік бермей, қыспаққа алды.
Партизан отрядтарымен қатар қалалар мен селоларда, аудан орталықтарында ірі теміржол станцияларында, кәсіпорындарда астыртын әскери топтар құрылды. Астыртын топтар алғашында үш-он адамнан құралса, кейін адам санының көбеюіне байланысты өзара бірігіп үлкен ұйымға айналды.
Соғыс жылдарында жау тылында 6200 партизан отряды мен астыртын әскери топ қимыл жасады, олардың құрамында 1,1 млн. аса партизан болды.
Ленинград облысындағы партизан отрядтарының құрамында 220 қазақстандық ерлікпен күресті. Белоруссияда шайқасқан 65 бригада мен отрядтар құрамында бір жарым мың қазақстандық болған. Кеңес Одағының екі мәрте батыры С.А. Ковпактың партизан құрамасында 70-тен астам қазақстандық болды.
Украинадағы партизандық құрамалар мен отрядтарда 1500 қазақ ерлікпен шайқасқан. Жаулап алынған аймақтарда қалып қойған шығысқазақстандықтар партизан отрядының құрамына кіріп, немесе өздері партизан қозғалысын ұйымдастырған. Партизандар қозғалысына 70 жерлесіміз қатысқан. Қасым Қайсенов - Шығыс Қазақстан облысының түлегі. 1941 жылдың қараша айында жау тылына жіберіліп, 1942 жылдың көктемінен партизан отрядын басқарған. Кейіннен Украинада шайқасқан Чапаев атындағы партизан құрамасын басқарған. Қасым Қайсенов пен оның отряды әсіресе, 1943 жылдың 20-22 қыркүйегінде Совет әскерлерінің Днепрді алу кезінде оң жағалауды ұстап тұруда ерекше көзге түскен. Қасым Қайсенов 1944 жылдың соңына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыниядағы партизан жорықтарына қатысқан. Тарихта Полтава мен Киев облыстарында партизан қозғалысын ұйымдастырушы ретінде қалды. Қасым Қайсенов - "Халық қаһарманы" атағын алған. І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, "Богдан Хмельницкий", "Ұлы Отан соғысы" ордендерімен, "Чехословакия партизаны" атағы, көптеген медалдармен марапатталған.
Тағы бір жерлесіміз Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының түлегі Григорий Гнидин Белоруссия өлкесіндегі кескілескен шайқастарға қатысқан. Төрт рет жараланса да қатарға қосылып отырған. Григорий Гнидин Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірінші дәрежелі “Отан соғысының партизаны” медалімен марапатталып, бригада командирінен 12 рет алғыс алған.
Партизан қозғалысына қатысқандар: лениногорлық Василий Яковлевич Абакумов, Марқакөлдің Орловка ауылынан Николай Павлович Устинов, Серебрянкадан Иван Дмитриевич Федоренко, Анна Никифоровна Пашкевич, Ұланнан Бұтабай Кентбаев, Жаңа Соградан Константин Яковлевич Трокин, Өскеменнен Иван Николаевич Павленко мен Павел Александрович Новиков, Катонқарағайдан Григорий Семенович Свинухов т.б.
Кеңес партизан қозғалысының штабы Польша, Чехословакия, Венгрия т.б. елдердің партизан қозғалысына үлкен көмек көрсетіп отырды. Біздің мыңдаған жерлестеріміз партизан қозғалысында өз парыздарын қаһармандықпен орындап, Жеңіс жолында жанқиярлықпен күресті.
97
Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. Өлкедегі барлық билікті өз қолына алуға ұмтылған Ташкенттегі Түркістан Халық комиссарлары кеңесіне балама түрде Қоқан қ-нда Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезі шешіміне орай құрылды. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Т. а. Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. 1 желтоқсан күні Т. а-ның Уақытша үкіметі өлке халқына арнап үндеу жариялады. Онда халықты Т. а-на қолдау көрсетуге шақыра отырып “Бұғаудан босаған түркістандықтардың өз жерінің толық қожайындары ретінде өз тарихын өздері жасайтын сәт туды. Біз алдымызда тұрған міндеттердің ауқымды екендігін, біздің ісіміздің дұрыстығын сезініп, Алланың ризашылығымен өз жұмысымызға кірістік” – делінді. Қоқан қ-нда мұсылмандардың Т. а-н қолдаған манифестациясы болды. Мыңнан астам адамның қатысуымен өткен бұл манифестацияда халық Ақпан революциясы ала келген бостандық негіздерін қор-ғауға және Т. а-на қолдау көрсетуге ант берді. Мұның артынша Наманганда Т. а. Уақытша үкіметіне қолдау көрсетуге арналған митинг өтті. Наманган көшелеріне лық толған адамдар “Жасасын Түркістан автономиясы мен оның үкіметі” деген плакаттар алып жүрді. 6 желтоқсан күні Ташкентте “Шуро-и-ислам” ұйымының ұйымдастыруымен Т. а-на қолдау көрсетуге арналған 60 мыңнан астам адам қатысқан митинг болды. Социал революционерлер (эсерлер) Қоқан қ-нда өлкелік съезін өткізіп, Т. а-н қолдайтындықтарын, оның үкіметімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Т. а-ның жариялануын Ташкенттегі еврейлердің “Бунд” пен Қоқандағы “Вайнер” қоғамы құттықтап, оған көмек беретіндігін танытты. Т. а-ның жариялануы өлкедегі мұсылман жұртшылығының көңілінен шығып, олардың рухын көтерді. Самарқанд, Закаспий облыстары мұсылмандарының съездері, Түркістан еңбекшілері мен диқандарының съезі, Шымкент қ. мұсылмандарының жиылысы Т. а-н қызу қуаттады. Перовск және Қазалы уездеріндегі қазақтар Т. а-н қолдайтындықтарын білдірген жеделхаттар жолдады. Мұндай пікір Ырғыз у. қазақтары тарапынан да білдірілді. Закаспий облысындағы қазақтар Т. а-на кіруге ризашылығын білдіру мақсатында Қоқанға Ж.Мыңбаевты жіберді. 13 желтоқсанда Қоқан қ-нда өткен мұсылман жұмысшылары, солдаттары мен диқандарының съезінде Т. а-ның Уақытша үкіметін қолдау жөнінде шешім қабылданып, оның құрамына мұсылман жұмысшыларынан, диқандардан және солдаттардан өкілдер енгізу жөнінде ұйғарым жасалынды. Екінші жалпықазақ съезінде Т. а-на қатынас мәселесі қаралып, Сырдария облысы қазақтарының Алаш автономиясына қосылу жайын айқындау үшін обл. съез өткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұл съез 1918 ж. 6 қаңтарда Түркістан қ-нда өтті (қ. Сырдария облыстық қазақ съезі). 1918 ж. 20 – 26 қаңтар аралығында Ташкентте өткен өлкелік кеңестердің 4 съезі Т. а-н және оның Уақытша үкіметі мүшелерін заңнан тыс деп жариялап, Т. а-н күшпен тарату жөнінде шешім қабылдады. Кеңестердің осындай шешім қабылдауына сәйкес Т. а-ның Уақытша үкіметі қорғанысқа көшуді шұғыл қолға алуға кірісті. Т. а-ның әскері 2 мыңға жетті. Сол тұста Қоқан қ. милициясының басшысы Ергештің қол астында 4 мыңға жуық қарулы жасақ болды. Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі 28 қаңтардағы мәжілісінде Т. а-н қарусыздандырып, оның әскери ұйымдарын тарату керек деген шешім қабылдап, оны жүзеге асыратын арнайы топ құрды. 29 қаңтар күні Қоқан қ-ндағы жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі қалалық төтенше өкімет органын – рев. к-т құруды ұйғарды. Осы рев. к-т Ташкенттегі Халық комиссарлар кеңесінен Т. а-на қарсы күресу үшін көмек сұрап, 4 зеңбірегі, 4 пулеметі бар 120 адамнан тұратын әскери жасақ алдырды. Мұ-ның артынша Түркістан ХКК Қоқан рев. к-тіне көмекке 11 әскери эшалон және австровенгрлік соғыс тұтқындарынан құрылған әскери бөлім мен армян (дашнак) құрамасын аттандырды. 6 ақпанда кеңестік қарулы күш Қоқан қ-н зеңбірекпен атқылап, қаланы өртке орады. Қызыл әскерлер бөлімдері мен армян құрамасы қалаға еніп, Т. а. Уақытша үкіметі мен ұлттық кеңесінің 54 мүшесінің 30-ын тұтқындады. Т. а-н күшпен тарату кезінде Қоқан қ-ның басым бөлігі өртеніп, 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Осылайша халық тілегіне сай құрылған Т. а. кеңестік биліктің қаруымен құлатылды
98
Ұлы жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды: Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі). Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді: Батыстан шығысқа бакғытталатын жол
Батыстан шығысқа бакғытталатын жол:
Іле бағытыЕуропа бағытыОрталық және Шығыс Қазақстан бағыттарыҰлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:Құлан қаласы – (қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны.
Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.Іле аңғарындағы үлкен қала – Екіоғыз (Эквиус) қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар – көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIIIғ. Деректерінен белгілі.Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы – Талас өзені –Мойынқұм, Бетпақдала – Атасу өзені. Тауар тасымалы Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.
Мәдениет пен діннің таралуыҰлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды.
Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддитзмді таратуда соғдылар үлкен роль атқарды (б.з. II-IIIғасырлар). Исфиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды.
Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.)Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.).Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы).Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде). Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды.Ислам діні VIII-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған (760ж.). Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. XI-XII ғасырларда бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.
ІХ-Х ғасырларда жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.
Ең алғаш мұсылман бейіттері Отырардан, Боран қала жұртынан табылды. Х-ХІІІ ғасырларда исламның таралуымен мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.
Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун 10-11 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 км қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан . Айша Бибі ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Қарахан кесенелері. 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлы Там кесенесі. 13 ғасырдың аяғында қабір басына тұрғызылатын мемориалды белгі, архит. ескерткіш. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 105 км, Іңкәрдария ауылынан 30 км жерде
Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынгасы күшейіп, бірін бірі байытты.Қалалар көбейді,Сыртқы байланыс дамыды,Сауда өркендеді
Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.
99
Жекешелендіру — меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Ол бұрынғы социолисттік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өзекті шарты болып табылады, шаруашылық субъектілерінің іс белсенділігін күрт арттыру үшін, экономикалық бәсекелестікті жандандыру үшін жүргізіледі. Мемлекеттік өндіріс орындарын жекешелендіру — күрделі мәселе, ол әсіресе халықтың менталитетіне тура байланысты болғандықтан қысқа мерзімде өткізу қиын. Әсіресе, жерді, оның қазба байлықтарын жекешелендіру ұзақ уақытты талап етеді. Сол сияқты кейбір стратегиялық маңызды салаларда (қару-жарақ, ядролық заттар, тағы басқа өндірістер), не болмаса нарыққа көшіруге әлі толық негіз болмаған жағдайларда (іргелі ғылым, кейбір білім,мәдениет, өнер, тағы басқа орталықтар) жекешелендіру жүргізілмейді, олар мемлекет меншігінде қала береді. Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процесі шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жөнінде заңдар жүйесімен, нормативтік актілер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар негізінде жүргізілді. Жекешелендіру Қазақстанда үш кезеңмен өтті. Бірінші кезеңде (1991 — 1992) “Кіші жекешелендіру" бағдарламасы бойынша мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары (31 мың нысандардың 50%-і) жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. Екінші кезеңде (1993 — 1996 жылдары) жаппай жекешелендіру орта және үлкен кәсіпорындар бойынша жүргізілді, жеке жобалар бойынша 5 өнеркәсіп орындары ақшаға, ал 1700 зауыттар мен фабрикалар инвестициялық купондарға сатылды, 44 ірі кәсіпорындар сенімді басқаруға тапсырылды, оның ішінде 12-сі шетел инвесторларына берілді. Үшінші кезеңде' (1997 жылдан бастап) жекешелендіру отын-энергетика, көлік, денсаулық, ғылым салаларында өтті. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Ірі және орташа кәсіпорындар үшін жабық акционерлік қоғамдар жекешелендірудің негізгі түрі болды. Оның құрылтайшылары болуға тек еңбек ұжымы мен мемлекеттік басқару органдарына құқық берілді. 1994 жылдан бастап жекешелендіру нысандарын сату саясаты жүргізілді. Жекешелендіру экономика теориясына және практикаға көп жаңалықтар әкелді. 2001 жылдан бастап жекешелендіру дәуіріне жаңа дәуір келді, оны Амирханов Жантөре алып келді. Жантөре жекешелендіруді қатты қаламаған адам еді. Бірақ та, өмірде көзі ашылып, Амирханов Жантөре деген есімді тарихта қалдырды.
100
Орта ғасырдағы Қазақстанның рухани мәдениеті
Тіл және жазу.
Түркі дәуірінде (VI –XII ғғ ). Қазақстанда өмір сүрген ру – тайпалардың түркі тілінде сөйлегендегі түркология ғылымында толығымен дәлелденген. Алайда, тіл ғылымның зерттеулеріне қарағанда, негізгі түркі тілдес қарлұқтардың, қимақ – қыпшақтардың, оғыздардың, ұйғырлардың, қырғыздардың т. б. ру – тайпалардың өздеріне тән диалектілерінің бар екендігі анықталған .
Археологиялық зерттеулерде түркі тілдес ру – тайпалар өмір сүрген жерлердегі ескерткіштерден үлкен – кіші екі жүзден астам көне түркі тіліндегі жазба деректер табылған. Оның ішінде Орхан, Енисей өзендерінің бойындағы Күлтегін, Тоныкөк «алтын тас кітабы» жазулары белгілі болса, қазақ жеріндегі Талас өзені бойындағы Тереңсайдан табылған және т.б. жазулар белгілі.
Түркі тіліндегі жазулар тіл ғылымында руна жазу деп аталған. Ол скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан сол халықтың атақты тіл білімнің ғалымы Дания университетінің профессоры В.Томсон. Одан кейін Орхан жазуларын орыс тілінде аударған тюрколог ғалым В.Радлов болды. Сөйтіп, ХІХ ғ. аяғында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетеді.
Түркі жазуында бір – бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптерден тұратындығы белгілі.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтеген», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің оқырмандарымыздың қолына тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет – ғұрып, салт – сана, діни – наным, сенім, мақал – мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі, халқымыздың тірлік – тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.
Х ғасырдан бастап ислам дінінің қазақ жерінде етек жая бастауы араб жазуының түркілер арасында ене бастағандығын көрсетеді.
Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын–жазушыларымыз Әл – Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Ал ХІІ ғ. бастап түркі жазуы жазылуы жағынан өмірден шыға бастайды. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз Әл – Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған.
Діни нанымдар.
VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.
Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:
- Көкке түркі тәңірісі,
- Тәңірі қуат берген соң,
- Тәңірі жарылқағандықтан.
Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.
Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).
Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды .
101
102.
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің тарихы туралы ғылыми түсініктің қалыптасу үрдісін мына кезеңдерде бөліп көрсетуге болады: 1-кезең — 1917-1950 жылдар ортасы: мәдениет тарихын зерттеудің және деректемелердің қалыптасуының алғашқы кезеңі. Бүл жылдары аталған кезеңнің мәдениет тарихы жайлы осы заманғы ғылым талабына сай келетін тарихи еңбектер болған жоқ. Іс жүзінде мәдениет тарихының кәсіби кадрлары да болмады. Мәдениет тарихының проблемалары саяси және мемлекеттік органдар басшылары мен сол жылдар оқиғаларына қатысушылардың сөздері мен мерзімдік басылымдар беттерінде көрініс тапты. 2-кезең –1950 жылдардың екінші жартысынан 1980 жылдардың ортасына дейін. Бұл жылдары тарихи-мәдени зерттеулердің ғылыми инфрақұрылымы, сонымен бірге кеңестік кезеңнің мәдениет тарихы бойынша ірі монографиялық еңбектер жазған мәдениет тарихының кәсіби кадрлары қалыптасты. Сонымен қатар мәдениет тарихы бойынша деректер мен құжаттық материалдардың тақырыптық бағдарлармалары жарық көрд1
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
103
V-VІІІ ғасырларда Ұлы Түрік қағанатынан бастау алатын осы Дешті Қыпшақ, яғни Қыпшақ даласы тек өз аймағында ғана емес, Еуропа мен Азия, тіпті Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка халықтарының тарихында айтарлықтай із қалдырды. Сол себепті бүгінгі Түркия, Иран, Мысыр, Сирия, Ирак, Палестина, Ливан, Болгария, Молдавия, Грузия, Армения, Мажарстан, Румыния және Ресей тарихын қыпшақтарсыз қарастыру мүмкін емес. Бейбарыстың өзі арабтардың арасында жүрсе де, қыпшақ тілінде сөйлеп, қыпшақтың салт-дәстүрлерін сол қоғамға кеңінен енгізген. Султан Бейбарыс Қыпшақ жерінде 1223 жылы дүниеге келген. Ата-бабаларының мекені Каспий теңізінің маңы, бір деректерде Еділ-Жайық бойынан десе, енді бір пікірлер Маңғыстау жерінен деген мағлұмат береді. Кіші жүздегі он екі ата Байұлының Беріш руынан көрінеді. Әкесінің аты – Жамақ, анасының аты – Әйек. Сұлтан Бейбарыс Мысыр мемлекетін 17 жыл 2 ай 12 күн билейді. Дамаск деген қалада 1277 жылы елу жастан асып, кемеліне келген шағында дүниеден өтеді. Оған өзінің бас уәзірі қыпшақ мәмлүгі Қалауын у беріп өлтіреді. Оның сүйегі Дария қаласының маңына қойылды Сұлтан Бейбарыс – Мысыр тарихында ежелгі атақты перғауындардан кейін Мысыр тарихын әлемге паш еткен тұлға. Ол Мысыр елінде өз атымен аталатын мешіт тұрғызған. Мәмлүк сәулетшілігінің дамығандығы соншалық – тарихшылар мәмлүк дәуірін ислам сәулет өнерінің «алтын ғасыры» деп атаған. 1996 жылы Мысыр астанасы Каирде Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
104.
Кіші жүз қазақтары 1868—1869 жылғы «Уақытша Ережені» енгізуден көп бұрын табиғат байлықтарынан: жерден, орманнан, өзен-көлдерінен айырылған болатын. Тұз кендері, аң аулайтын жер Орал, Орынбор казак әскерлері және генерал-губернаторлық меншігінде болды. Торғай облысы Ырғыз, Елек уезі осылайша көтерілістің бір ошағына айналса, екінші ошағы Орал облысының Орал, Калмыков уезінде қалыптасты. Калмыков уезінде Тайпақ деген жердегі Азнабай елді мекенінде алаша, байбақты рулары көп топтасты. 1869 жылғы наурыздан бастап стихиялы түрде шыққан наразылықтар белгілі формаға ие болып, ұйымдасқан сипат алды. Тіпті комиссия мүшелерімен келіссөз жүргізілді. Олар тұрақты жасақ құрып, алдыңғы шепке күзет қойды, ұсақ топқа бөлініп, үздіксіз шабуыл жасады. Өз іштерінен хан, әмір сайлап, дербес билік жүйесін құрды.1869 жылғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Шалқар көлінің маңайына Ханкөл, Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, Құрайлы, Шідерті, т.б. өңірлерін мекендеген рулардың көтерілісін Сейіл Туркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза, қылыш соғып, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестірді. Ең маңызды жерлерге салт атты шолғыншылар қойылды.
Мангыстау котерилиси: Рукин 1870 жылы 15 наурызда 40-тан астам казак-орыс және 60-ка жуық адай билері мен старшындарын алып, қару-жарақтарын 35 түйеге артты да, салық жинауға шықты. Бұл хабарды естіген халық Досан Тажиев пен Иса Тіленбаев, Алғи Жалмағамбетовтың бастауымен Рукин жасағына қарсы көтерілді. Көтерілісшілер Рукин жасағымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілердің тегеурініне төтеп бере алмай жасақ кейін шегінді. Жазалаушылар халықты «Уақытша Ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына қосты. Көптеген отбасылар Үстіртке қашып бой тасалады. 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мың адай отбасынан екі жылғы салық бірден өндірілді. Салықты өтеу үшін қазақтар соңғы малдарын сатуға мәжбүр болды. Көтерілістің нәтижесінде «Уақытша Ережеге» өзгерістер енгізіліп, түтін салығын ақшалай емес, малмен өтеуге рұқсат етілді.Көтерілістің жеңілу себептері: көтерілісшілердің мықты тылы, экономикалық базасы болмай, көпке дейін өз ауылдарынан қол үзіп кете алмай отырды. Олар тек шөлді сусыз дала Үстіртке ғана шегіне алатын жағдайда еді. Қалған жерде жан-жақтан анталаған орыс әскері тұрды. Көтерілісшілерде алдын ала ойластырылған саяси жоспар болмады, болуы да мүмкін емес еді. Іс-қимылдар оқиғаның даму барысымен ғана анықталды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың артта қалғандығы халық бірлігіне кедергі болды
105.
1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру аякталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті. Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды

Приложенные файлы

  • docx 26561010
    Размер файла: 143 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий