Тарихи грамматика


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК Филология факультетінің деканы
_________________ Ш.Қ.Жарқынбекова
(қолы)
_______________2014_ж.
МО
(модульдің атауы және шифры)
БП/МК Қазақ тілінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы
пәні бойынша

5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
5В020500 - Филология. Қазақ филологиясы
Мамандықтарының білім алушыларына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ
Астана
2014
Силлабус
1 Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы
Оқытушының аты-жөні: Сагидолда Гүлғайша Сағидолдақызы
Ғылыми атағы: филология ғылымдарының докторы
Ғылыми дәрежесі: профессор
Базалық білімі: филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы
Оқу – білім жүйесіндегі атағы: 2008 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
Ғылыми мектебі: ҚР ҰҒА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы Д.53.38.01 Диссертациялық кеңесте 2004 жылы ҚР ҰҒА-ның академигі Р.Ғ.Сыздықованың жетекшілігімен 10.02.06-түркі тілдері, 10.02.20-тарихи-салыстырмалы және салғастырмалы-типологиялық тіл білімі мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғаған
Ғылыми-зерттеу бағыттары:
Алтаистика саласы бойынша: түркі және монғол тілдерінің тарихи байланысы, қарым – қатынасы мәселелері;
Түркітану саласы бойынша: түркі жазба ескерткіштерінің тілі; түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы; қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалы грамматикасы; түркі ономастикасы; түркі тілдерінің тарихи лексикологиясы; түркі фразеологиясы; түркі лексикографиясы
Қазақ тіл білімі саласы бойынша: қазақ тілінің лексикологиясы және лексикографиясы; ономастика, фразеология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопоэтика,
Байланыс ақпараты: [email protected] mail.ru; моб. тел: +7 702 132 54 57
Пән туралы мәліметтер
Пәннің атауы және коды: БП/МК Қазақ тілінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы
Кредиттер саны: 6,26
Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
Сабақ түрі Сағаттардың жалпы саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс 15 1 15 Тәжірибелік сабақ - - - Семинарлық сабақ 45 3 45 Зертханалық сабақ - - - Студиялық сабақ - - - БӨЖ 6 - - Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
Пәннің пререквизиттері:
Тіл біліміне кіріспе
Фонетика
Лексикология
Морфология
Синтаксис
Түркітануға кіріспе
Пәннің постреквизиттері:
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Жалпы тіл білімі
Этнолингвистика
Әлеуметтік лингвистика
Оқу пәнінің сипаттамасы
Оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің негізгі мақсаты – қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту.
Пәннің міндеттері:
- қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін үйрету;
- тіл дамуының негізгі кезеңдері мен жолдарын үйрету, қазіргі қазақ тілінің құрылымынан жаңа құбылыстар мен көне тілдік күйдің қалдықтарын ажырата білу;
- Орхон-Енисей жазба ескерткіштері мен ортағасырлық мұралар тілін лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан талдай білу;
- қазіргі қазақ тілімен, басқа түркі тілдерімен салыстыра отырып, даму ерекшеліктерін саралау, этимологиялық, этнолингвистикалық талдаулар жасау;
- қазақ тіл білімінде соңғы кездердегі жарық көрген ғылыми зерттеулердің жаңа теориялық қорытындылары мен тұжырымдарын пайдалану;
5.2 Оқытылатын пәннің құзіреттілігі
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» - қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ филологиясы мамандықтарында оқытылатын лингвистикалық пәндер жүйесіндегі негізгі курс, міндетті пәндердің бірі саналады. Бұл пән түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық құрылысы жөнінде мағлұмат бере отырып, түркі тілдерінің өкілі ретінде қазақ тілінің жеке дамуы барысындағы өзгешеліктерді түркі тілдерінің тектестігін дәлелдейтін ортақтықтармен қата салыстырады. Пәнді оқыту барысында қазақ тілінің өзге түркі тілдерімен генеалогиялық жақындығы есепке алынады, көне және ортағасырлардағы түркі жазба мұраларының тілінің құрылым-құрылысының өзді-өзіне тән заңдылықтары қазақ тілінің құрылым-құрылысынының тарихи дамуының белгілі бір кезеңдері тұрғысынан қарастырылады.
5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары

Тақырып атауы Оқытуды ұйымдастырудың формалары мен сағаттар саны БӨЖ арналған тапсырма және білімді бақылаудың формасы З
Дәріс Тәжірибе (семинар) Зертханалық Студиялық БӨЖ 1
1 Кіріспе. Түркілердің этникалық қалыптасу тарихы туралы жалпы мағұлмат
11 33 Түркология ғылымының мақсат-міндеттері, зерттеу нысаны, проблемалары

Реферат түрінде
22 Түркі тілдері және олардың зерттелу тарихы
1
1 1
3 Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінің теориялық маңызы;
Ресей түркологиясының қалыптасу тарихы және қазіргі жай-күйі;
ХХғасырдағы түркология ғылымының жетістіктері
ХХІ ғасырдағы түркология ғылымының өзекті мәселелері
Баяндама түрінде
3 Түркі тілдерін классификациялау мәселелері
1 3 М.Қашқаридың, В.В.Радловтың, Ф.Корштың, А.Н.Самойловичтің, В.А.Богородицкийдің, С.Е.Маловтың, Н.А.Баскаковтың классификациялары;
тарихи классификациясы
Реферат түрінде
4 Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілдер
1 3 Салыстырмалы-тарихи әдіс және оның құрамына кіретін амал тәсілдер
Сұрақ- жауап түрінде
3
5 Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері
11 33 Қазақ тілі дамуының тарихи кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Сұрақ- жауап түрінде
6 Қазақ тілінің тарихи фонетикасы: Дауысты дыбыстар жүйесі. Түркі тілдеріндегі дыбыстық сәйкестіктердің қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі тарихи орнын анықтаудағы маңызы
Реферат
6
7 Қазақ тілінің тарихи фонетикасы: Дауыссыз дыбыстар жүйесі.
1
1 3 Қыпшақ тобы тілдерінің дауыссыз дыбыстар жүйесі. Түркі тілдеріндегі буын құрылымы мен оның типтері.
Жазбаша салыстырмалы талдау түрінде
7
8 Фонетикалық заңдылықтар, буын және екпін 1 3 Түркі тілдеріндегі үндестік заңы, фузия , метатеза , протеза, эпентеза, элизия, редукция құбылыстары
Салыстырмалы талдау
8
9 Түркі тілдерінің морфологиялық ерекшеліктері және қазақ тілінің тарихи морфологиясының мәселелері. 1 3 Түркі тілдерінде грамматикалық мағыналардың берілу жолдары
Реферат түрінде
9
10 Сөз таптары. Зат есім және оның категориялары.
Жақ және тәуелдік категорияларын сипаттайтын қосымшалар арасындағы тектестік; Көптік және септік категорияларының қалыптасуы
1 3 Зат есімнің түркі тілдерінде жасалуы. Кішірейткіш-экспрессивті мәнді сөздер жасайтын жұрнақтар. Зат есімдердің өзгеру парадигмасы.
Жазбаша талдау
11 Сын есім және оның мағыналық түрлері. Сын есімнің шырай категориясы. Сын есім тудыратын жұрнақтар. 1 3 Сын есімнің түркі тілдерінде мағыналық топтары
Салыстырмалы талдау
112 Сан есім және оның категориялары. 1 3 Түркі тілдерінде сан есімдердің топтарға бөліну принциптері, әр тілдегі сан есімнің ерекшелігі
Сұрақ-жауап түрінде
113 Есімдік және оның түрлерінің тарихи алыптасуы 1 3 114 Үстеу және оның мағыналық топтары 1 3 Түркі тілдерінде үстеудің тарихи қалыптасуы
Пікір-талас түрінде
115 Етістік және оның категориялары туралы жалпы мағұлмат 1 3 Түркі тілдеріндегі түбір етістіктердің құрылымдық моделдері
Жазбаша бақылау
Барлығы 115 145 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
№ Автор, атауы, шыққан жылы Ақпарат көзі Бары (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиет
1 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка.-Алматы, Ғылым, 1997. 1 22 Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. -Алматы, Рауан, 1991. - 3 Айдаров Г. Язык Орхон-Енисейских памятников древнетюркской письменности ҮІІІ века. -Алматы, Ғылым, 1971. 2 34 Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. -Алматы, Ғылым, 1971. 1 35 Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. -Алматы, Ғылым, 1988. 1 66 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. -Алматы, Ғылым, 1993. - 77 Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. -Алматы, Ғылым, 1975. 1 88 Қордабаев Т. Түркология және тіл білімі. –Алматы, 1998 1 9 Молгаждаров Қ.К. Шылау сөз табының қалыптасу тарихы. – Көкшетау, Келешек 2030, 2002 - 110 Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. -Алматы, Ғылым, 1986. 3 111 Наджип Э.И. Исследования по истории тюркских языков ХІ-ХІҮ в. –М., Наука, 1989. 2 112 Оразов М. Етістік. –Алматы, 2003 1 13 Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. - Алматы, Қазақ университеті, 1999. 2 114 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. - Алматы, Ғылым, 1988. 3 115 Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. - Алматы, Ғылым, 2002. 3 Қосымша әдебиет
4 Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика. -М.: Наука, 1984. -290 с.
1 22 Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. –М.: Наука, 1969. -384 с.
5 1
3 Языки мира. Тюркские языки. -Бишкек: Кыргызстан, 1997. -542 с.
5 24 Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. -М.: Восточная литература, 1962. -606 с.
3 55 Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. -Алма-Ата: Наука, 1986. -323 с.
2 66 Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. –Л.: Наука, 1970. -С. 202.
2 27 Щербак А.М. Введение в сравнительное изучение в тюркских языков. –СПб.: Наука, 1994. -191с. 2 88 Кажыбеков Е.З. Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках. -Алма-Ата: Наука, 1986. -270 1 99 Тенишев Э.Р. Избранные труды. Книга вторая. -Уфа: Гилем, 2006. -379 с.
3 110 Тенишев Э.Р. Избранные труды. Книга первая. -Уфа: Гилем, 2006. -302 с.
3 111 Бизақов С. Ветви одного могущего дерева.- Алматы: Ғылым, 2002.-238с
6 112 Шайхулов А. Структура и идеографическая парадигма односложных корневых основ в кыпчакских языках Урала-Повольжья в континууме ареальной, межтюркской и общетюркской лексики: синопсис и таксономия когнитивной сферы «Природа (неживая и живая)».-Уфа: БашГУ, 2000. -494 с.
3 113 Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. –М.: Наука, 1988. -207 с. 2 9
14 Баскаков Н.А. Историко-типологическая морфология тюркских языков (структура слова и механизм аглютинации). –М.: Наука, 1979. -217 с. 3 115 Ескеева М.Қ. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негіздері.-Алматы: Арыс, 2007.-352 б.
4 116 Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің мәселелері. –Алматы, 1991 2 Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
7.1 Бақылау түрлері: ағымдық, аралық , қорытынды.
7.2 Қорытынды бақылау формасы - билет бойынша ауызша емтихан
(Аралық бақылау түрлері бақылау түріне қатыссыз кафедралармен тәуелсіз түрде жасалады).
Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады
Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94 В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84 В- 2,67 75-79 С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 С- 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,0 50-54 F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз
Оқу пәнінің саясаты
Студенттерден аудиториялық сабақтардан қалмай әрі белсенді түрде қатысып отыру; әрбір сабаққа мұқият дайындалып келу; ұсынылған әдебиеттерді мүмкіндігінше толық қамту; барлық бақылау түрлеріне толық қатысу, өздік жұмыстарды мерзімінде орындау талап етіледі. Емтиханда жоспарланған ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулардың, өздік жұмыстардың нәтижелері ескеріледі.
Пән бойынша глоссарий
альтернация – (лат. alternatio – ауысу, алмасу) сөз құрамындағы дыбыстардың басқа дыбыстарға өзгеруі.
глоттогенез – (грек. glotta – тіл, genesis – пайда болу) – адамның дыбыстық тілінің қалыптасу процесі.
говор – өзіндік фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері бар, жергілікті диалектілердің шағын аумақты қамтитын бөлігі.
диалект – (грек. dialektos – сөйлеу) бір тіл ішіндегі, белгілі бір аумаққа тән өзіндік ерекшеліктері бар тіл.
диахрония – (грек diachronos – уақыттың өтуі) тілдердің тарихи даму жолын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.
дифтонг – (грек. diphthongos – қос дауысты) бір таңбамен белгіленетін, екі элементтен тұратын күрделі дауысты дыбыс.
ламдаизм – сөз соңында және сөз ортасындағы ш, с дыбыстарының л дыбысына ауысуы. Ламдаизм құбылысы негізінен чуваш тіліне тән.
монголизм – басқа тілдер құрамындағы монғол тілдерінің элементтері.
проспективті – тіл бірліктерінің дамуын зерттеудің бағытын айқындайтын тәсіл (көнеден жаңаға қарай).
редукция – (лат. redyctio – азаю, қысқару, шегіну) дыбыстың артикуляциялық, акустикалық сипатының әлсіреуі, өзгеруі.
реконструкция – туыс тілдерді салыстыру арқылы көне тұлғаларды (тілдік бірліктерді) жаңарту, жаңғырту, қалпына келтіру.
ретроспективті – тіл бірліктерінің дамуын зерттеудің бағытын айқындайтын тәсіл (жаңадан көнеге қарай).
ротацизм – сөз соңындағы және сөз ортасындағы з дыбысының р дыбысына ауысу құбылысы.
руна жазуы –
рунология – (гот. Runo – құпия) ІІ-ІІІ ғғ. германдықтар қолданған жазу жүйесі. Тасқа қашалған көне түркі жазбалары алғаш табылғанда шартты түрде руна жазуы деп аталған.
сына жазуларының шығу тегі мен қалыптасу жолын, сол жазулармен жазылған көне мәтіндерді оқу мәселелерін зерттейтін тарихи және филологиялық ғылым саласы.
субстрат – (лат. sub – төменгі, stratum – қабат) - өте ерте замандарда қолданылған тілдерден қалған көне элементтер.
типология – (грек. typos – үлгі, таңба, logos – ілім, сөз) тілдердің шығу тегіне қарамастан құрылымдық, функционалдық тұрғыдан салыстыра зерттеу
топоним – (грек. toрos – орын, onyma – атау) географиялық атаулар.
транскрипция – (лат. transcriptio – көшіріп жазуe – сөз дыбыстарын сол күйінде хатқа түсіру.
түркизм – басқа тілдер құрамындағы түркі тілдерінің элементтері.
түркітану (түркология) – түркі халықтарының тілін, тарихын, әдебиетін басқа да мәдени-материалдық құндылықтар зерттейтін кешенді ғылым саласы.
элизия – (лат. еlisio – шығып қалу) сөз құрамындағы соңғы дыбыстардың түсіп қалуы.
этногенез – (грек. etnos – тайпа, халық, genesis – пайда болу) этностың шығу тегі, қалыптасу процесі.
Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
№ 1 дәріс.
Тақырыбы: Түркілердің этникалық қалыптасу тарихы туралы жалпы мағұлмат
Ғылыми-көпшілік әдебиеттерде «түркі халықтары», «түркітілдес халықтар» деп әртүрлі аталатын түркілер – тарихи-мәдени және тілдік байланыстарының тамырларын заманалардың терең қойнауларынан алатын этнотілдік қауымдастық.
Түркілердің географиялық таралу ареалы өте кең. Лена өзенінен Дунайға дейінгі, Таймырдан Парсы шығанағына дейінгі территорияда қоныс теуіп отырған түркі халықтарының саны бүгінде 160- 170 миллионға жетеді. Қазіргі түркі халықтары тарихи сан алуан тарихи жағдайларды басынан өткерсе де, аса ауқымды территорияда ата-бабадан мирастыққа қалдырылған ортақ тіл мен ортақ мәдениетті сақтап отырғанымен ерекшеленеді.
Дәстүрлі алтаистикалық бағыттағы зерттеулерде түркілердің тарихи ата-жұрты «алтайлық атамекен» ұғымымен ұштастырылады. Алтай макротілдік тобын құрайтын түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей, жапон тілдерінде сөйлейтін халықтардың түпкі мекені саналатын Орталық-Азия үстіртінің солтүстік-батыс бөлігі, Алтай таулары мен Хинган таулы қыратының солтүстік бөлігі арасындағы территория түркілердіңде төл отаны, ата жұрты саналадды. Алдыңғы Азия, Кавказ, Қыпшақ даласы, тіптен Шығыс Түркістаннан ары қарай кететін аса ауқымды географиялық ареалды ескерместен, арғытүркілердің атажұртын Ордос үстіртінен (Қытайдағы) Саян-Алтайға дейінгі аралықпен шектеудің дұрыс еместігі жайлы пікірлер де жеткілікті. Мәселен А.Б. Долгопольский: «Алтай тілдерінде сөйлейтін халықтар бағзы бір замандарда Алдыңғы Азияға жақын, атап айтқанда Орта Азияда өмір сүрді. Алтай тілдерінің ең көнелері (түркі тілдері) афанасьев және андронов мәдениетіндегі еуропеоидтық тұрғындар толқынымен бірге Оңтүстік Сібір және Монголия далаларын шарпыды, кейіннен олар монголоидтық типтегі жергілікті тұрғындардың тіліне айналды» десе, жапон ғылымы С.Грит « б.з. дейін Алтайды (Солтүстік Қытайды) пазырык мәдениетін ұстанған үнді-еуропалық тайпалар мекендеді, ал алтайлықтар Сібірді б.з.д. ІІ ғ. Глазов мәдениеті тұсында игере бастады» деген пікірлермен қатар «Алтай-саян таулы қыраттары мен Енисей және Лена өзендері, Байкал көлі сияқты ірі су тораптары енетін Сібір өлкесін алтай халықтарының ата жұрты, төл мекені» деп тану да орын алатынын айта келе, қазіргі Қытайдың солтүстігін, кезінде Хун-шань мәдениетінің ошағы болған Маньчжурия территориясын алтайлық халықтардың түпкі мекені деп тану корейтану және жапонтану бағытындағы зерттеулерде көрініс бере бастағанын айтады. С.Е. Малов: «б.э. дейінгі 5 ғасыр бойы түркілер негізінен қазіргі таралған территорияларында өмір сүрді. Еуропада түркілер мекен еткен ең көне жерлер ретінде Дунай өзенін, Еділдің төменгі және орта сағасын, Орал бойын көрсетуге болады» дейді.
Тарихи деректер бойынша түркілер туралы алғашқы мәліметтер тарих аренасына ғұндардың шығуына байланысты көрініс береді. Ғұндардың далалық империясы кез келген мұндай ірі мемлекеттік құрылым сияқты этникалық құрам жағынан бір келкі болмағаны даусыз. Қытай тарихи дереккөздерінде ғұндар туралы алғашқы мәліметтер б.з.д. 4-3 ғасырларға барып саяды. Бұл дәуір түркі тілдері семьясының алғаш рет глоттохронологиялық бөлініске түсе бастаған, яғни бұлғар тобының жалпытүркі тілінен бөлініп шыққан кезеңімен тұспа-тұс келеді. Сондықтан К.Менгес, Н.А.Баскаков тәрізді белгілі түркологтар бұлғарлардың түркілерден бөлініп, батысқа қарай біртіндеп қоныс аударуын ғұндар мен байланыстырады.
Арғытүркілік (прототүрк) субстраттың этникалық тарихы тұрғындардың екі түрлі тобының синтезіне қатысты өзектеледі:
Еділ бойы, Қазақстан, Алтай және Жоғарғы Енисей өлкелері тұрғындарының тарихи тектестігімен сабақтастырылатын Б.з.д. 3-2 мың жылдықтарда Еділден батысқа қарай, сондай-ақ шығыс және оңтүстік бағыттарда ғасырлар бойы үзіліссіз жалғасқан көштердің (миграцияның) нәтижесінде қалыптасқан этникалық тарих;
ішкіазиялықтардың шығу тегімен ұштастырылатын Енисейдің шығысындағы далалы алқапта кейіннен пайда болған этникалық тарих.
Осы екі топтың екі жарым мыңжылдықтар бойы үздіксіз жалғасқан өзара тығыз байланыстары, тарихи қарым-қатынастары, бір-бірімен алма-кезек тоғысулары этникалық біртұтастануға (консолидация) жетеледі, нәтижесінде түркітілдес этникалық ортақтық қалыптасты. Осы ортақтықтан б.з. II мыңжылдықтарында қазіргі түркі халықтары бөлініп шықты.
Көп ғасырлар бойы Азия далаларында құрылған мемлекеттердің мемлекеттік-құрылымдық тұғырын көшпелі өмір салты құрады. Б.з.д. I мың жылдықтарынан басталған мемлекеттіліктің көшпелі типі Еуразия құрлығында XVII ғасырларға дейін басым болып келді.
VI-VIIІ ғасырлар - түркілердің тарих сахнасында ерекше із қалдырған кезеңі болды.
VI-VIIІ ғасырларда Орталық Азияда Түркі қағанаттары бой көтерді. 552 жылы құрылған Түркі қағанаты 603 жылы Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Батыс Түрк қағанатының (603—658) құрамына қазіргі Орта Азия, Қазахстан және Шығыс Түркістан территориялары, ал Шығыс Түрк қағанаты құрамына Монголия, солтүстік Қытай және оңтүстік Сібір өлкелері кірді. 658 жылы шығыс түркілерінің жаулауымен Батыс Түрк қағанатының құлады. 698 жылы түргеш тайпалық одағының көсемі Үшелік жаңа түрк мемлекетін - Түргеш қағанатын құрады (698-745жж.).
VIII ғ. басында басталған ұйғыр тайпаларының бірігуі процесі 742-756 жж аяқталады. Ұйғырлар конфедерациясының күшеюі нәтижесінде 745 жылы Ұйғыр қағанаты құрылады. 745 жылы құрылып, 840 жылы құлаған Ұйғыр қағанаты феодалдық мемлекет болды. Алтайдан Маньчжурияға, оңтүстікте Говь шөліне дейінгі ұлан-ғайыр территорияда үстемдік құрған Ұйғыр қағанаты құрамына ұйғырлар мен телес тайпаларының сыртында, қарлұқ, қырғыз, татар, басмал, кидан, чики, т.б. бағындырылған тайпалар енді. Қарабалғасун (Харбалгас) немесе Орду-Балық деп аталған астанасының іргесін Орхон өзенінің сол жағалауында қалаған ұйғырлар көшпелілер тарихында манихей дінін қабылдаған бірден-бір тайпа болып қалды.
Ұйғыр қағанаты құрамындағы енисей қырғыздарының IX ғ. 20 жылдары басталып 840 жылға дейін жалғасқан көтерілісі қағанаттың құлап, оның құрамындағы ұйғырлардың жан-жаққа бытырай қашуымен аяқталады. Құрамындағы тайпалардың өзара қақтығыстарының, мемлекет ішіндегі саяси жікшілдіктің, қатты жұттың әсерінен әлсіреген Ұйғыр қағанаты енисей қырғыздарына қарсы тойтарыс бере алмайды. Қытай дереккөздері бойынша Ажо деп аталатын қырғыз қағаны бастаған жүз мың қол әскер 840 жылы Орду-балықты басып алады, сөйтіп Орталық Азия және Оңтүстік Сібірде үстемдік еткен Қырғыз қағанатының іргесі қаланады.) 80 жылдай өмір сүрген Қырғыз қағанаты 920 жылдары құлайды. Қағанаттың құлауына байланысты қырғыздар Орталық Азиядағы Монголия территориясын жоғалтқанымен, өздерінің екі бірдей таралу ареалын, 1) Енисейдің жоғары және орта сағасын; 2) Алтайды және Ертіс бойын сақтап қалады. Бұдан кейінгі тарихи көштер барысында қырғыздар екіге айрылып, енисей қырғыздары мен Тянь-Шань қырғыздарының этникалық жаңа тарихының қалыптасуы басталады.
V—VIIIғ. Еуропаға келген түркі тектес көшпелі бұлғарлар Балканда Дунай бұлғарлары, Еділ –Кам өзендері бойында Еділ бұлғарлары мемлекеттерін құрды.
VII-Xғ. (650—969 жылдар аралығында) Солтүстік Кавказда Хазар каганаты өмір сүрді.
IX ғ. екінші жартысында хазарлардан ығысқан печенектер Қаратеңіздің солтүстігін ала орнықты және олар Византия мен Көнеорыс мемлекеттеріне қауіп төндірген үлкен күш саналды. XI ғасырда оңтүстік орыс далаларында печенектерді араб-парсы дереккөздерінде қыпшақтар, Еуропа және Византия дерекөздерінде кумандар, орыс дерек көздерінде половцы деп аталған түркі тайпалары алмастырды. Қыпшақтар XIII ғ. моңғолдардан жеңіліс тауып, Моңғол империясының батысында құрылған Алтын орданың құрамына кірді. Алтын Орда мемлекетінің этникалық құрамы негізінен түркі тайпаларынан құралды.
XIVғ. аяғында Орта Азияда Ақсақ Темір империясын құрды. Әйтседе ол империяның өмірі ұзаққа созылмады, 1405 жылы .Ақсақ Темірдің Империясы құлады 1391 жылы Ақсақ Темірдің Алтын Орданы жаулауы салдарынан Алтын Орда батыс (Ақорда Еділ және Дон өзендері арасында) және шығыс (Көкорда) қанатқа бөлініп кетті. XV—XVI ғ. Ақ орда Қазан, Астрахан, Қырым хандықтарына, Көкорда 1440 жылы Ноғай ордасы (қазіргі батыс Қазақстан жерінде) және Өзбек хандығына (1428 жылы Сырдария бойында құрылды. Алтын ордаға ислам дінін енгізген орданың ең соңғы хан Өзбектің атымен аталған орда). Ол хандықтардың құрамындағы ру-тайпалардың негізінде қазіргі түркітілдес халықтар қалыптасты. Мәселен, Өзбек ұлысының ханы Әбілқайыр сұлтанның саясатына көңілі толмаған Жәнібек пен Керей сұлтандар 1458 жылы Сырдарияның жағалауыннан Моғолстан билеушісі Есенбұғаға қатарсты Жетісу өңіріне қоныс аударып, 1465 жылы Қазақ хандығын құрған болса, Әбілқайырдың немересі Мухаммед Шейбани 1499 жылы оң түстіктегі Мавераннахрға жорыққа аттанып, Ақсақ Темірден соң іштей бытырап, әлсіреген Тимуридтер мемлекетін жаулап, 1500 жылы Бұхар хандыңын құрады, өзінің Сығанақтағы астанасын Бұхараға көшіреді. Шейбанимен бірге кеткен көшпелі Дешті-қыпшақ тайпалары жергілікті отырықшы тұрғындар-құрлұқтармен (сарттармен) тығыз араласып, оларға сіңіп кетті. Жаңадан құрылған ұлыстың тұрғындары жеңіске жаткен билеуші топтың атымен «өзбек» деп аталды.
Ал Түркілердің (селжуктардың) Алдыңғы Азияға (Кавказдың теріскейі, Әзірбайжан, Анадолы жері) ендеуі XI ғ. басталады. XI-XIV веках оғыздар мен татарлардың Кавказдың шығысына жасаған жорықтарының нәтижесінде Закавказья түркіленеді
XIII-XVI ғ. осман түркілері Еуропа, Кіші Азия, Африканы жаулап, Осман Империясын құрады.
XVI-XVIII ғ. алдымен Орыс мемлекеті, кейіннен Петр І патшаның реформасынан соң Ресей Империясы бұрынғы Алтын Орда территориясында пайда болған Қазан, Астрахан, Қырым, Ноғай Ордасы тәрізді хандықтардың, кейіннен XIXғ. Орта Азияны, Хоқан хандықтарының, Шығыс Кавказдағы бірнеше Әзірбайжан хандықтарының жерін өзіне қосып алады. Ал Қазақстанға келетін болсақ, XVII ғасырдың алғашқы ширегінен XVIII ортасына дейін жалғасып, қазақтардың жеңісімен және 1758 жылы Жоңғар хандығының жойылуы туралы Қытайдың аннексиясымен аяқталған Қазақ хандығы мен Жоңғар хандықтары арасындағы жаугершілік соғыстар салдарынан XVIII ғ. 30 жылдары басталған Қазақстанның Ресейге қосылуы XIXғ. орта тұсында толығымен аяқталды.
Сөйтіп, ХХғ. басында Осман империясы мен Хиуа хандығы, яғни Хорезм (1512—1920) ғана дербес түркі мемлекеттері болып қалды.
Жаһандану процесі және түркілердің басқа халықтармен бірігуі олардытарихи ареалдарының шет-шекарасынан шығуға жетеледі. Бүгінде түркілер Еуразия, Солтүстік Америка, Австралия құрлықтарындағы сан алуан мемлекеттер құрамында, Орта Азия, Кавказ, Жерорта теңізі, Оңтүстік және Шығыс Еуропадан Ресейдің Қиыр Шығысына дейінгі территорияда өмір сүруде. Қытайда, Америкада, Таяу шығыс және Батыс Еуропа мемлекеттерінде таралған шағын санды түркі этностары бүгінде жаһандану процесіне тойтарыс бере алмай біртіндеп жойылу үстінде. Түркілердің адам санына қатысты өсімі тұрғысынан алғанда Түркия бірінші орында болатын болса, таралу аймағы жағынан Ресей территориясы ең көлемдісі саналады. 2002 жылғы Бүкілресейлік санақ бойынша Ресейде 25 түркітілдес халықтар өмір сүреді.
Діни наным-сенімі тұрғысынан алғанда түркілер ерте замандардан Көк Тәңіріне табынып келді. Қазіргі кезде түркі халықтарының діндері әртүрлі. Олардың басым көпшілігі ислам дінін (ұсылман-сүнниттер), тывалар мен сарыұйғырлар будда дінін, чуваштар, гагауыздар және якуттер христиан дінін, қараимдар иудаизмді (караизм) ұстанады.
Мемлекеттік-территориялық құрылым тұрғысынан алғанда қазіргі кезде 6 тәуелсіз түркі республикалары бар. Ол мемлекеттердегі тұрғындардың жалпы санына шаққанда түркітілдес халықтардың саны Әзірбайжанда 90%, Қазақстанда -73 % (2010ж. санақ бойынша), Қырғызстанда 85 % (2009ж. санақ бойынша), Түркияда (78 % 2013ж.), Түркіменстанда 85 % , Өзбекстанда 80 % (2013ж) пайыздық көрсеткішті құрайды.
Ұлттық автономиялар саны -13:  
ҚХР- да: 1. Шынжан-Ұйғыр автономиялық районы (қазақтар, ұйғырлар, тывалар)
Ресей федерациясында:
Тыва Республикасы;
Чуваш Республиксы;
Башқұртстан Республикасы;
Татарстан Республикасы;
Саха Республикасы (Якутия);
Қарашай-Черкес Республикасы (қарашайлар, ноғайлар);
Алтай Республикасы (алтайлар, қазақтар);
Дағыстан Республикасы (құмықтар, ноғайлар, әзірбайжандар);
Кабардин-Балқар Республикасы (балқарлар, татарлар, түріктер);
Хакасия Республикасы
Молдавияда: 1. Гагаузия
Өзбекстанда: 1. Қарақалпақ Республикасы (қарақалпақтар, қазақтар, өзбектер)
Тұжырым: Қазіргі түркі тілдерінің қалыптасуы түркі халықтарының этникалық қалыптасуына ықпал еткен көптеген күрделі тарихи көші-қондармен тығыз сабақтасып жатады: 5 ғ. Азиядан Кам өзені бойына оғурлар қоныс аударды; 5-6ғ.бастап түркі тайпалары (оғыздар және басқалар) Орталық Азиядан Орта Азияға көше бастады; 10-12 ғ. Орталық Азиядан көшкен көне ұйғырлар мен оғыз тайпаларының таралу аймағының шекарасы кеңи түсті (Шығыс Түркістан, Орта және Кіші Азия); қазіргі тува, хакас, таулы алтайлықтардың арғы бабаларының бірігу процестері (консолидация) жүрілді; 2 мыңжылдықтар басында қырғыз тайпалары Енисейден қазіргі Қырғызстан территориясына қоныс аударды; 15 ғ. қазақ тайпаларының біртұтастаныуының нәтижесінде қазақ ұлты қалыптасты. Қазіргі түркі тілдерінің географиялық таралу ареалына Орта және Оңтүстік –Шығыс Азия, Оңтүстік және Батыс Сібір, Еділ-Кам өзендері бойы, Солтүстік Кавказ, Теріскей Кавказ және Қаратеңіз жағалауы кіреді.
Әдебиеттер:
 Кузьмина Е. Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. — Фрунзе, 1986.
Бернштам А.Социально-экономический строй Орхоно-Енисейских тюрок VI-VIIIвеков.-М, 1946.
Руденко С. И. Горноалтайские находки и скифы. — М.—Л., 1952.
Гумилёв Л. Н. История народа хунну. — М.: АСТ, 2004. — 2500 с. 
Гумилев Л. Н. Древние тюрки. — Москва, 1967.
Безертинов Р.Н. Древнетюркское мировоззрение Тэнгрианство. - Казань, 2006.
 Гумилев Л. Н. Древняя Русь и Кипчакская Степь в 945 −1225 гг. — Алма-Ата, 1980.
Тихвинский С. Л. Татаро-монголы в Азии и Европе — Москва, 1977.
Бартольд В. В. Тюрки. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. — Алматы: Жалын, 1998. — 194 с. 
Восток в средние века. V. Закавказье в XI—XV вв.
Крадин Н. Н. Кочевники, мир-империи и социальная эволюция // Альтернативные пути к цивилизации: Кол. монография / Под ред. Н. Н. Крадина, А. В. Коротаева,Д. М. Бондаренко, В. А. Лынши. — М., 2000.).Кляшторный С. Г., Савинов Д. Г. Степные империи Евразии // Санкт-Петербург: Фарн. 1994. - 166 с.)
Бекмаханов Е. Б. Присоединение Казахстана к России. — М., 1957.
Гаджиева Н.З. Тюркские языки // Лингвистический энциклопедический словарь. - М., 1990. - С. 527-529)№ 2дәріс
Тақырыбы: Түркі тілдері және олардың зерттелу тарихы
Түркі тілдері алтаистика және түркология бағыттындағы зерттеулерде дәстүрлі түрде алтай тілдері семьясы құрамында қарастырылады. Алтай семьясын құрайтын түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің туыстық байланысы көп жылдар бойы «ғылыми жорамал» ретіндегі даулы мәселе болып келеді. Бұл макро тілдік топта түркі тілдері туыстық жағынан моңғол тілдеріне жақындастырылып, түркі-моңғол бұтағынан таралады деп саналады.
Түркі тілдерінің саны ғылыми әдебиеттерде әр түрлі көрсетіледі. Мәселен, КСРО ҒА тарапынан 1966 жылы жарық көрген ұжымдық монографияда 23 тірі түркі тілі, ал А.А. Реформатскийдің 1967 жылғы «Тілтануға кіріспесінде» ( Реформатский А.А. Введение в языковедение. М., 1967; М.1996.-536стр.) түркі тілдерінен 25 тірі, 7 өлі тіл көрсетіледі. Н.А.Баскаков зерттеулерінде 27 тірі түркі тілдері, 12 өлі түркі тілдерінен тілдік фактологиялық материалдар қолданылатын болса, 1997 жылы жарық көрген «Әлем тілдері: Түркі тілдері» сериясы бойынша 39 тірі және 15 өлі түркі тілдері бар деп саналады.
Түркі тілдері - түркология ғылымының зерттеу нысаны болып табылады.
Түркология – түркітектес, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясын, мәдениетін т.б. рухани, мәдени құндылықтарын зерттейтін сүбелі ғылым саласы.. Түркітану ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында шығыстанудан іргесін ажыратып, дербес ғылым саласы ретінде қалыптасады.
Түркітану ғылымының жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы, түркі тілдерінің жүйелі түрде зерттеле бастауы саяси мақсаттарға байланысты Ресей және Еуропа ғалымдары тарапынан жүзеге асты (ХҮІІ-ХІХ ғғ.) десек те, түркі тілдерінің түркі топырағында зерттелуі Қараханидтер дәуірінен бастау алады. Түркі тілдері жайлы жазылған тұңғыш түркологиялық еңбек Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігі. ХІ ғасырда грамматикалық сипатта жазылған «Диуани лұғат-ит-түрк» тарихи- салыстырмалы әдісті негізге алған, түркі тілдері мен диалектілерінің негізгілерінен (оғыз, арғу, ненужек, қыпшақ, түрк, бұлғар, қарлұқ, шігіл, яғма, ябақу, тоғсы, жомул т.б.) мысалдар келтірілген тұңғыш еңбек. Мұнда М.Қашқари 29 түрлі этнонимді атап, олардың географиялық мекенін, тіліндегі фонетикалық ерекшеліктерін көрсетеді. Махмұд ибн-әл Хусаин ибн Мұхаммад әл Қашқари жазған бұл шығарма ерте орта ғасырдағы түркі тайпаларының тек тілі ғана емес, әдебиеті, өнері, этнографиясы, әкімшілік басқару жүйесі, туыстық қарым-қатынастары, мединицинасы, салт-дәстүрі, т.б. материалдық және рухани құндылықтары географиялық жағдайы, сол аймақтың фаунасы мен флорасы жайлы мәлімет беретін энциклопедиялық мұра.
ХІ ғасырда өмір сүрген филолог-түркітанушы М.Қашқаридың мұрасын түркітану ғылымының бастауы, қайнар көзі саналады.
Түркі тілдері жайлы орта ғасырда жазылған еңбектер қатарында Махмұд Замахшаридың «Мұхаддимат-ул адаб» еңбегін (ХІІ ғ.), Жалалиддин Әбу Мұхаммад Абдуллах түркидің «Китабу бүлғат ал-муштак фи луғат-ит-түрк уа-л кифчак» (ХІҮ-ХҮ ғғ.) тәрізді құнды мұраларды айтуымызға болады. Сондай-ақ араб тіл білімі үлгісінде жазылған шығармаларда да түркі тілдері зерттеу нысаны ретінде алынған. Мысалы, Джамал ад-дин ибн Муханнаның «Хилат ул инсон уа хашбат ул-лисан» еңбегі.
Араб тілінде мәмлүк қыпшақтарының тілі жөнінде жазылған Асиф ал-Дин Абу Хайыан Мухаммед ибн Али ибн Юсуф ал-Гарнатидің (Андалусий) «Китаб ал-идрак ли-сисан ал-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап») (ХІІІ-ХІҮ ғғ.) шығармасының да орны ерекше. Бұл еңбек мәмлүк қыпшақтарының тілі туралы грамматикалық оқу құралы. Белгілі ғалым Ә.Құрышжанов мәмлүк қыпшақтарының грамматикасында 32 дыбыс көрсетіліп, оларға айтылуы жөнінде талдаулар жасалғанын, сөз тұлғасындағы өзгерістер (айақ~азақ, арт~ард, ары~арығ, біт~бітік, буд~бут, бузағу~бузави, тіл~діл т.б.) ажыратылғанын және «Сөздік» бөлімінде 2400-дей сөз беріліп, олардың шыққан тегі мен өзгеру өрісі барынша дәл көрсетілгендігін айтады3. Араб тілі грамматикасы үлгісімен жазылған мәмлүк қыпшақтарының тілі жөнінде басқа да еңбектер сақталған, мәселен: Абу-л-лайт ас-самарқандидің «Китаб муқаддима» (ХІ ғ.) атты діни трактаты, ХІҮ ғасырда Мәмлүк қыпшақтары мемлекетінде қыпшақ тілін оқып-үйрену үшін жазылған «Китаб ад дура ал-мудийа фил-луғат ат-туркийа уал камал» т.б.
Түркі тілдері туралы орта ғасырда жазылған еңбектердің бірі – «Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) латын әліпбиімен қыпшақтар (куман) тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктер жинағы164 беттен тұрады. Шығармада құман тілінің қысқаша грамматикасы, қыпшақ сөздерінің жіктелу кестесі, септелу үлгісі берілген. Аталған орта ғасырлық түркі тілдері жайлы жазылған шығармалар қазіргі түркі тілдерінің даму жолын анықтауда ерекше маңызға ие тарихи қайнар көздер болып табылады.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы түркітану ғылымының дамуы біріншіден Ресей патшалығының жүргізген саясатына байланысты болса, екіншіден түркі, Сібір далаларынан табылған белгісіз ойма жазуларға қатысты болды.
ХҮІІ ғасырдың соңында 1692 жылы Амстердам бургомистрі Николай Видзеннің «…недалеко от Верхотурья на утесе найдено несколко изображений и надписей из неизвестных букв…» деп жасаған хабарламасы тек орыс зерттеушілерінің ғана емес батыс ғалымдарының да қызығушылығын тудырып, түркілер мәдениетін зерттеуге деген талапты біршама арттыра түсті.
1696 жылы тобылдық бояр Семен Ремезевке Сібірдің картасын жасау тыпсырылып, екі жылға жуық Сібірді, Орта Азия мен Қазақстан аумағын аралап шыққан зерттеуші өз жұмысының нәтижесін 1698 жылы «Чертеж всех сибирский градов и земель и чертеж земли всей безводной и малопроходной каменной степи» атласымен қорытындылайды Атлас құрамындағы Орта Азия картасында қазіргі Талас көне түркі жазбалары табылған өңірге қатысты мәліметтер кездеседі.
І Петр патшаның тақта келуіне байланысты Ресей патшалығы Орта Азия мен Қазақстан, Сібірді отарлау үшін осы өңірлерді мекендейтін шығыс халықтарын тереңдеп зерттеудің қажеттігін алға қойды. 1700 жылы 18 июнде шығыс тілдерін үйрету үшін Тобылға үш адам жіберу туралы патшаның жарлығы шығады. «А.Н.Кононов осы датаның отандық шығыстану пәнінің дүниеге келген күні деп есептейді». Осы кезден бастап түркі халықтарының, жалпы шығыс халықтарының тарихын, рухани-мәдени, материалдық құндылықтарын зерттеу ісі нақтылы шаралар негізінде жүргізіле бастады. 1707 жылы Илларион Лежайский басқарған діни миссия Монғолияға, 1714 жылы Қытайға экспедицияға шығып, христиан дінін насихаттаумен қатар жергілікті халықтардың діні, тілі, әдебиеті, тарихы, әдет-ғұрпы жайлы деректер жинап қайтады.
ХҮІІІ ғасырдың басында Хиуа хандығы мен Бұхара хандығының Ресей бодандығына өтуі І Петр патшаның Орта Азия елдеріне деген отарлау саясатының мүмкіндігін кеңейте түсті. Осы кезде жүргізілген экспедициялар ішінде Александр Бекович Черкесский басшылық еткен экспедицияның ғылыми нәтижесі үлкен болды.
1716 жылы Хиуаға аттанған экспедиция құрамында швед, неміс тұтқын офицерлері де болады. Ішкі сырын жат елге жариялауды қаламаған Хиуа ханы экспедиция мүшелерінің ішіндегі Ресей азаматтарын жойып, шетелдік офицерлерді босатып жібереді. Осы сапарда болған швед офицері Филип Иоган Страленберг Каспии мен Арал өңірінің картасын сызып алып, неміс тілінде жазылған «Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлігі» деген кітабында жариялайды4. Зерттеушінің бұл еңбегінің лингвистикалық құндылығы 32 түркі тілінің дерегін салыстыра отырып кестеге түсіруімен анықталады. («Северная и восточная часть Европы»).
ХҮІІІ ғасырда үлкен ғылыми жаңалықпен оралған экспедициялардың бірі – Д.Г.Месершмидт бастаған Батыс Сібір мен Маньчжурияға, Монғолияға жасаған сапар (1719-1722 жж.). Экспедиция мүшелері құпия таңбалы руна жазулы ескерткіштер тапқанын жариялайды. Д.Г.Мессершмидт өз күрделігінде құпия таңбалар жайлы «…изображены резные правильные четырехугольники в виде ромбов и ромбоидов» деп жазады.
Аталған сапардың табыспен оралуына экспедиция құрамында болған Ф.И.Страленбергтің де еңбегі зор болды. Осы кезеңде Кавказ бен Волга бойына ұйымдастырылған дәрігер Готлиб Шовер бастаған экспедиция да (1717-1720 жылдары) медициналық зерттеулермен қатар жергілікті татар, башқұрт халықтарының тілі жөнінде мол деректер жинап қайтты.
ХҮІІІ ғасырдың басында жазылған түркологиялық еңбектер қатарында Дмитрий Кантемирдің «Возвышение и падение дома Османов» (1716), «Система религии и состояние турецкой империй» (1720) атты Осман түріктері жайлы жазылған еңбектерін де атауға болады. Ресейде араб шрифтімен баспа ғана ұйымдастырылуы да Д.Кантемирдің есімімен байланысты. ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Орта Азия мен Қазақ даласына орыс зерттеушілерімен бірге Батыс саяхатшылары, дипломаттары да келе бастады.
1735-1732 жылдары Ресей патшалығы тарапынан ұйымдастырылған Орынбор экспедициясының құрамында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстль кіші жүз қазақтарының саяси ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қол өнері, киім-кешегі жайлы мол дерек жинақтады. Суретші Әбілқайыр ханмен, оның ұлы Ералы сұлтанмен сұхбаттасқанын жазады. Бұл күнделік неміс тілінде «Орыс тарихының материалдары» атты жинаққа қосымша ретінде еніп, 1784 жылы Ригада жарық көрді5.
Ресейде Ғылым академиясының ашылуына байланысты белгілі шығыстанушы, түркологог, тибетолог мамандардың қызметке шақырылуы түркітану ғылымының дамуына жол ашты. Олардың қатарында академик Г.З.Байер, Г.Ф.Миллер, И.Э.Фишер, П.С.Паллас, В.Н.Татищев, т.б. болды6.
1793 жылы Т.Байер мен П.С.Паллас құпия жазулы руникалық ескерткіштер табылған аймаққа экспедиция жасап, зерттеулер жүргізеді, осы сапарында Т.Байер көне түркі жазба ескерткіштерінде қолданылған жазу таңбаларын кельт жазуымен байланыстырады.
Түркі тілдері бойынша көптеген мәліметтер жинап, зерттеу жүргізген орыс ғалымы В.Н.Татищев (1686-1750), Самарада татарша-қалмақша-орысша мектеп ашылуына ұйтқы болады. Ғалымның түркі тілдері бойынша жазылған құнды еңбегі – «Лексикон Российкий, исторический, географический, политический и гражданский» деп аталады.
Түркітану тарихында аты қалған ғалымдардың бірі – Г.Ф.Миллер (1705-1783) өзінің «Описание Сибирского царства и всех происшедших в нем дел»деген көлемді еңбегімен белгілі (1750).
ХҮІІІ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер қатарынан профессор С.Г.Гмелиннің Волга татарларының тілі деректерін пайдаланған «Путешествие по России для исследования трех царств естества» атты еңбегі, «Русско-турецко-персидско-гилянский глоссарий» деген сөздігі үлкен орын алады.
ХҮІІІ ғасырда жазылған түркі тілдерінің көптеген сөздіктерінің қолжазбалары Ресей Ғылыми Академиясының, Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақталған7. Осы кезеңдерде жүргізілген түркологиялық зерттеулер ХІХ ғасырда жалғасын тауып, Ресейдегі түркітану ғылыми жандана түсті.
ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер негізінен Ресей Ғылым Академиясы тарапынан жүргізілді. Бұл кезеңде түркі халықтарының көне дәуірлердегі, орта ғасырдағы жазба мұраларын зерттеуге ерекше ден қойылды. Мәселен, Г.Ю.Клапрот (1801-1809 жж.) «Бабыр-наме», «Кодекс Куманикус» жайында зерттеулер жүргізсе, Х.Д.Френ Әбілғазының шығармаларын алғаш жариялайды. В.В.Радлов Орхон-Енисей ескерткіштерінің, ұйғыр, манихей, араб жазулы түркі мұраларын оқу, аудару, тілін зерттеу мәселелерімен айналысып, Л.Э.Лазарев Махмуд Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының тілін зерттейді. Г.С.Саблуков Әбілғазының «Шаджра-и-түрк» еңбегін және «Құранды» орыс тіліне аударумен шұғылданады.
Сондай-ақ түркі тілдерінің сол кездегі тілдік деректері негізінде де көптеген еңбектер жазылып, зерттеулер жүргізілді: Г.И.Спасскийдің «Древности Сибири»; В.В.Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) «Исследование о Касимовских царях и царевичах» (1863-1887) «Словарь джагатайско-турецкии» (1869); И.Хальфиннің «Конспект татарского языка» (1826), «Азбука и грамматика татарского языка с правилами арабского чтения» (1809); А.Казембектің «Грамматика турецко-татарского языка» (1839), «Общая грамматика турецко-татарского языка» (1846); И.Н.Березиннің «Путешествие по востоку» (1849-1852, ІІ том), «Турецкая хрестоматия» (1807, 1861, 1879, ІІІ томдық), «Сборник летописей» (1858), Н.Бичуринмен бірге жазған «Татарская грамматика» (1857); Ф.И.Эрдманның «Изьяснение некоторых слов, пришедших из восточных языков в Российской» (1828), «Труды и летописи общества истории и древностей российских» (1870); А.О.Мухлинскийдің «Выбор турецких статей для начального перевода с грамматическим разбором» (1858); Л.З.Будаговтың (1812-1878) «Турецко-татарский букварь» (1844), Практическое русководство турецко-татарского, азербайджанского наречия (1857), «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» (1869, 1871, ІІ том); Х.Фаизхановтың «Краткая учебная грамматика татарского языка».
ХІХ ғасырда өнімді еңбек еткен түркітану тарихында ерекше орын алатын ғалымдардың бірі – В.В.Радлов (1837-1918). Түркітану ғылымын «жаңа сатыға көтерген» В.В.Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты (1893-1911) салыстырмалы тарихи негізде жазылған сөздігі алтай, қазақ, қырғыз, хакас, ұйғыр тілдерінің материалдарын қамтиды. Ғалымның «Образцы народной литературы тюркских племен» деген көлемді еңбегінің (7 том) 3-томында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері (мақал-мәтелдер, дастандар, аңыз, ертегілер т.б.) берілген. В.В.Радловтың «Құдатғу білік», «Алтын яруқ» ескерткіштерінің тілі жөнінде айтқан пікірлері, зерттеу нәтижелері де өте құнды.
ХІХ ғасырда түркітану ғылымының жаңа сатыға көтерілуі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сыры ашылуымен де байланысты болды.
Орхон-Енисей руникалық жазу үлгілерін оқуға деген орыс ғалымдарының да, шетелдік ғалымдардың да тарапынан болған талпыныстардың бәрі сәтсіз аяқталды. Тек 1893 жылы (желтоқсан) ғана Дания ғалымы В.Томсен құпия жазу таңбаларының дыбыстық мәнін дұрыс ажыратып, ескерткіштердің түркі халықтарының мұрасы екенін анықтап шықты. Зерттеуші көне мұраларды оқу барысында дауыстылардың жуан, жіңішке варианттармен қолданылатындығын байқайды, бұл құбылыс түркі тілдерінің басты заңдылығы сингармонизмге сәйкес келеді. 1894 жылы қаңтар айында В.В.Радлов В.Томсеннің оқу тәсілін негізге ала отырып, «Күлтегін» кейін «Білге қаған» ескерткіштері мәтін оқып, аударып шығады. Бұл жаңалық Ресейдегі де шетелдегі де шығыстанушы ғалымдардың түркі халықтарына деген көзқарастарын өзгертіп, түркі тілдерін зерттеу ісі қарқынды түрде дами түсті.
Осы кезеңдегі түркітану ғылымының тағы бір жетістіктері ретінде Азия, Сібір халықтары туралы зерттеу мақалаларды жариялайтын тұңғыш журналдардың шығарылуын айтуға болады. Г.И.Спасскийдің ұйымдастыруымен 1818-1824 жылдары «Сибирский вестник», 1825-1827 жылдары «Азиатский вестник» журналдары жарыққа шығып тұрды.
ХІХ ғасырда түркі тілдерінің біршама жүйелі түрде зерттеле бастауы жоғары оқу орындарында шығыс тілдері, түркі тілдері кафедралары ашылып, аталған тілдер бойынша дәрістер оқылып, мамандар дайындау қолға алына бастауымен сипатталады. Мәселен, Қазан университетінде (1805 ж. ашылған) шығыстану класы ашылып, басқа шығыс тілдерімен қатар татар тілі де оқытылады, Санкт-Петербург университетінде (1819 ж. ашылған) түрік тілі, әзірбайжан тілі, татар тілі оқытылады. Көптеген түркітанушы ғалымдар аталған оқу орындарында қызмет етеді.
1917 жылға дейінгі түркі тілдерінің зерттелуі, бағыт-бағдары ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулерден ерекше ажыратылмайды. ХХ ғасырдың басында негізгі түркологиялық зерттеулер Москва Петербург тәрізді ірі қалаларда жүргізілді.
ХХ ғасырдың басында түркі тілдерін зерттеумен айналысушылардың біразы өздерінің ғылыми ізденістерін ХІХ ғасырдың соңында бастаған ғалымдар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында түркі тілдері саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың ғылыми бағыт-бағдарын анықтап тәрбиелеуде В.В.Радлов еңбегі ерекше болды. В.В,Радловтың шәкірттерінің бірі – хакас ұлтының өкілі И.Ф.Катанов 1862-1922). Петербург университетінде магистрлік дәрежеге іздену барысында тува, тофалар, хакас, қазақ тіліндері бойынша мол тілдік дерек жинап, құнды тұжырымдар мен пайымдар жасаған ғалым ғылыми дәрежені алған соң, Қазан универсиетінің түрік-татар тілі кафедрасында эксординаторлы профессор болып қызмет етеді. Кейіннен урянхай тілі бойынша докторлық диссертация қорғайды
17
. Ғалымның түркология тарихындағы құнды еңбектері – «Опыт исследования урянхайского языка с указателем главнейших родственных отношений его к другим языкам тюркского корня» (1903), «Замечания о богатырских поэмах минусинских тюрков» (1885), «О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен до наших дней» (1894) «Восточные заметки» (1896)2.
В.В.Радловтың шәкірті – П.М.Мелиоранский (1868-1906) қазақ тілінің алғашқы грамматикасын жазушылардың бірі (Краткая грамматика казах-киргизского языка) (1894). Ғалымның негізгі ғылыми бағытының бір қыры түркілердің көне мұраларын зерттеу болды. Ол 1989 жылы «Күлтегін» ескерткіші тақырыбында магистрлік, 1901 жылы «Араб филолог о турецком языке» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған3. Диссертация мазмұндары жеке-жеке кітап болып жарық көрді: Араб филолог о турецком языке. СПб., 1900; Памятник в честь Кюль-Тегина. СПб., 1900. Сондай-ақ П.М.Мелиоранский орыс тіліндегі түркизмдерді жүйелі түрде ең алғаш зерттеген ғалым. Ғалымның осы тақырыпқа арналған «Турецкие элементы в языке "Слова о полку Игорове"», «Заимствованные восточные слова в памтяниках в русской письменности домонгольского времени» деген еңбектері бар.
Ғылыми ізденістерін 1902 жылдан бастаған А.Н.Самойлович те (1880-1938) соңынан мол мұра қалдырған әрі болашақ түркітанушы мамандар даярлауға зор үлес қосқан ғалым.
ХХ ғасырдың басында маңызды түркологиялық еңбектер қалдырған ғалымдар қатарында Ф.Е.Корш (1843-1915), А.Е.Крымский (1871-1942), В.Д.Миллер (1848-1913), В.Ф.Пекарский (1853-1934), В.В.Бартольд (1869-1930), Н.И.Ашмарин (1870-1933) т.б. зерттеушілер бар. Осы кезеңде қазақ тілі жөнінде М.Бекимовтың «Руководство к изучению киргизского языка» (Ташкент, 1909); А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» (1912-25 жылдар аралығында бірнеше рет басылған), 3 бөлімнен тұратын «Тіл құрал» (Фонетика, 1915, Морфология, 1914, Синтаксис, 1916) атты еңбектері жарыққа шығып, «Айқап» журналы мен «Дала уалаяты» газетінде А.Құрманбаев, М.Малдыбаев, Сұлтанғазиндердің мақалалары жарияланды, бірнеше шағын орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер (И.Букин, Н.А.Воскресенский, А.В.Старчевский, Т.Бокин т.б. құрастырған) құрастырылды4. Аталған еңбектердің ішінде ерекшесі – А.Байтұрсынұлының «Тіл – құралы» болды. Қазақ тілінің табиғатын, ерекшеліктерін терең танытатын грамматика 1930 жылдарға дейін оқу үрдісінде қолданылды.
Түркі халықтарының негізгі бөлігі Кеңес үкіметінің құрамында болуына орай ХХ ғасырың 20-25 жылдарынан бастап ерекше қарқынмен дамыған түркітану (тіл білімі) үлкен ғылым саласына айналды, Кеңес үкіметі әлемдік түркітанудың ошағы (орталығы) қызметін атқарды. Әрбір түркі тілдері жан-жақты зерттеліп, басты-басты тілдер бойынша ұлттық кадрлар шоғыры қалыптасты. 1970 жылы КСРО ҒА-ның тіл, әдебиет бөлімшесі жанынан кеңестік Түркітану комитеті құрылып, «Советская түркология» (Баку қаласында) журналы шығарылып тұрды. Бұл журнал 1991 жылдан бастап «Түркология» деген атпен шығарылып келеді.
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан республикаларында басқа да түркі халықтары шоғырланған ірі қалаларда жоғары, орта оқу орындары ашылып, тіл – әдебиет мамандықтары бойынша ұлттық кадрлар дайындалды. Түркі халықтары тұратын басқа да аймақтарды, облыстарда ұлт тілдерін зерттеуге арналған ресми мекемелер (ғылыми-зерттеу институттары, кафедралар, секторлар) ұйымдастырылды. Әрбір тіл бойынша грамматикалар, оқу құралдары, монографиялар көптен шығарыла бастады. Түркітану ғылымының өркендеген тұсы осы кезең болды.
Осындай нақты іс-әрекеттер нәтижесінде қазақ тіл білімі, өзбек тіл білімі қырғыз тіл білімі, якут тіл білімі т.б. тәрізді ғылым салалары қалыптасып5, түркология ғылымының жандануына ықпал етті.
Кеңес дәуірінде түркітану ғылымының дамуына үлес қосып, түркі тілдерін зерттеуде жемісті еңбек еткен ғалымдар: С.Е.Малов, В.А.Богородицкий, Е.Д.Поливанов, Н.К.Дмитриев, Э.Н.Наджип, М.Насилов, Э.В.Севортян, К.К.Юдахин, Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова, И.А.Батманов, В.В.Решетов, А.М.Щербак, Э.Р.Тенишев, Б.А.Серебрянников, К.М.Мусаев, т.б. Түркітану (тіл білімі) ғылымы кең мағынасында бүкіл түркі тілдері туралы ғылым (диахронды, синхронды) болғанымен қазіргі таңда түркітану ғылымының нысаны ретінде негізінен түркі тілдерінің тарихи даму жолы, көне ескерткіштер тілі алынып жүр. Бұл сала бойынша Ә.Т.Қайдар, М.Томанов, Ғ.Айдаров, Т.Құрышжанов, М.Ибатов, Б.Сағындық, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымұлы, Ә.Керімов, А.Аманжолов, Е.Қажыбеков, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың еңбектері ерекше.
ХХ ғасырдағы түркология ғылымының үшінші кезеңінің басты ерекшелігі - әрбір түркі респубикасы өз тілдерін, оның тарихи даму жолын зертеудің бағыт-бағдарын өздері айқындауға, түркі халықтарының тарихын, мәдени мұраларын зерттеуде кеткен олқлықтардың (саяси идеологияға қатысты) орнын толтыруға мүмкіндік алып отыр. Қазақ тіл білімінде тек қазақ тілінің даму жолына қатысты мәселелер ғана емес жалпы түркологияның өзекті мәселелері – түркі тілдері зерттеу (әр деңгейде), олардың туыстық ортақтықтары мен айырмашылықтарын саралау, Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштері мәтінін түпнұсқадан қайта оқу, олардың тілі мен қазақ тілінің сабақтастығын көрсету, орта түркі ескерткіштерінің мәтіндерімен жұмыс жүргізіп, тілін зерттеу, қазақ тілімен салыстыра қарастыру, т.б. мәселелер зерттеу нысаны болуда.
Түркі тілдерін зерттеу басқа алыс шетелдерде де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, Венгрияда – Д.Немет, Г.Хазай, Ж.Какук, Л.Лигети, А.Рона-Таш, И.Қ.Мандоки т.б.; Болгарияда – Г.Глыбов, Б.Недков, Н.Тодоров, Б.Цветкова т.б.; Польшада – А.Зайончковский, Э.Трыярский, А.Дубинский т.б.; Румынияда – М.Губоглу, В.Дримба; Югославияда – Г.Елехович, Х.Заджибегич, Б.Джурдже т.б.; Америка Құрама Штаттарында – К.Г.Менгес, А.Тице, Д.Синор, И.Циртаутас; ФРГ-да – А.фон Габен, Б.Шпулер, Г.Дерфер т.б.; Англияда – Д.Клаусон; Финляндияда – М.Рясянен; Жапонияда – Широхаттори, Нобуа Ямада т.б.; ғалымдар құнды түркологиялық еңбектерімен белгілі.Түркияда түркологиялық зерттеулерге арналған «Тurk dili», «Тurk dunyasы» басылымдары шығарылады. Түркиядағы танымал түркітанушы ғалымдар қатарында З. Қорұқмас, А.Джафароғлу, Т.Текин т.б. зерттеушілерді атауымызға болады.
Тұжырым: Түркітану шығыстану ғылымының дербес бір саласы. Зерттеу нысаны – түркі халықтарының тілі (лингвистикалық). Негізгі зерттеу тәсілі – салыстырмалы-тарихи әдіс, мақсаты мен міндеті – түркі тілдерінің даму, қалыптасу жолын, өзара туыстық қатысын, өзіндік ерекшеліктері мен ортақтықтарын көрсету.
Алғашқы түркологиялық еңбектер (түркі тілдері жайлы) ХІ ғасырда Орта Азияда, Египетте, Қыпшақ даласында жазылды. Бұл еңбектер түркітану ғылымының бастау-көзі болып табылады.
Түркітану ғылымының қалыптасып, дамуына Ресей патшалығының жүргізген отарлау саясаты тікелей ықпал етті. ХҮІІІ ғасырда түркологиялық зерттулер нақты шаралар негізінде жүргізіліп, түркі тілдері бойынша мол деректер жиналды, еңбектер жарық көрді, татарша, қалмақша мектептер ашылып, араб шрифтімен баспахана ұйымдастырылды. ХІХ ғасырдағы түркологиялық зерттеулер жүргізуде Ресей Ғылым Академиясы жетекші орында болды. Жоғары оқу орындарында түркі тілдерінен дәрістер оқытылды. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің сыры ашылды. Қазақ тілі бойынша бірнеше грамматикалар мен сөздіктер жарияланды. ХХ ғасырда түркітану ғылымы жан-жақты дамып, әрқырынан зерттелді.
Әдебиет:
Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996, 3-бет.
Антонов Н.К. Лекции по тюркологии. Ч. ІҮ. Якутск, 1984, С. 3-10.
Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. М., 1969. С. 3-12.
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985, 3-5, 43-64 беттер.
Қордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. Алматы, 1998, 3-8 беттер.
Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы, 1971, 54-60 беттер.
Қашқари М. Түрк сөздігі, 1,2,3-том. Алматы, 1997.
Құрышжанов Ә. Махмұд Қашқари еңбегінің зерттеу тарихынан // Қазақ пен ұйғыр тіл білімі мәселелері. Алматы, 1963, 182-189 беттер.
Таужанова К.Д. Несколько предварительных замечаний об одной рукописи старокыпчакского письменного памятника // ҚР ҒА Хабарлары, Тіл, әдебиет сериясы. 1984, № 2, с. 43-46.
Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в России. Дооктябрский период. Ленинград, 1982, С. 21.
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985, 7-12 беттер.
Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері // Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. Алматы, 1988.
Тулепбаев Б.А. Добровольное присоединение Казахстана к России и его прогрессивное значение // Навеки вместе. Москва, 1982. С. 61-68.
Кононов А.Н. М.Мелиоранский и отечественная тюркология // Тюркологический сборник. Москва, 1973. С.10-14.
Дәріс №3
Тақырыбы: Түркі тілдерін классификациялау мәселелері
Дәріс мазмұны:
Түркі тілдеріне классификация жасаудың қажеттілігі;
Генеалогиялық классификация жасаудың негізгі ұстанымы;
М.Қашқаридың, В.В.Радловтың, Ф.Корштың, А.Н.Самойловичтің, В.А.Богородицкийдің классификациялары;
С.Е.Маловтың тарихи классификациясы
С.Е.Маловтың түркі тілдерін көне-жаңалығына қарай топтастырғанда сүйенген негізгі критерийлері;
Тарихи классификация жайлы ғылыми көзқарастар;
Тарихи классификациядағы қазақ тілінің орны.
Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы
Н.А.Баскаков классификациясының түркітану ғылымындағы маңыздылығы;
Н.А.Баскаковтың ұстанған принципі;
Батыс және Шығыс хун тілдерінің басты айырмашылықтары.
Негізгі ұғымдар: генеалогиялық классификация, фонетикалық белгі, морфологиялық белгі, аумақтық-географиялық белгі, тарихи классификация, элизия, редукция, ілгерілеу заңдылығы, батыс хун тілдері, оғыз тілдері, бұлғар тобы, қыпшақ тілдері, қарлұқ тілдері, шығыс хун тілдері, ұйғыр-оғыз тобындағы тілдер, қырғыз-қыпшақ тілдері, ротацизм, ламдаизм.
Бір негізден өрбіген 40 шақты түркі тілдері ұзақ жылдар бойы дамып, жетіліп, өзара және өзге жүйедегі тілдермен ұдайы қарым-қатынаста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасты. Әрбір тілдің даму, қалыптасу жолы да, өзара туыстық деңгейі де әр түрлі.
Туыс тілдердің фонетикалық жүйесіндегі, морфологиялық құрылымы мен лексикалық құрамындағы, синтаксистік конструкциясындағы ортақтықтар мен ерекшеліктерді анықтау қазіргі түркі тілдерінің тарихи даму жолын көрсетіп, әрбір тілдің өзіндік табиғатын айқындауда, олардың түркі тілдері жүйесіндегі орнын белгілеп, өзара туыстық қатысын ажыратуда айрықша орын алады. Түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан топтап, классификация жасаудың қажеттілігі де осы мәселеден туындайды.
Тілдердің туыс тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен, олардың лексикалық қорында семантикалық жағынан да, тұлғалық жағынан да бірдей немесе ұқсас сөздердің басым болуы шарт. Осы ортақ лексика негізінде олардың фонетикалық жүйесіндегі, грамматикалық құрылымындағы ортақтықтар мен ерекшеліктер айқындалады.
Туыс тілдерге генеалогиялық классфикация жасауда өзара жақын барлық тілдердің жеткілікті дәреже зерттелмеуі, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан тілдік элементтердің тілден-тілге ауысуы тәрізді мәселелер қиындық тудырады. Түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан топтастыруда басты қиындықтардың бірі көне дәуірлерде өмір сүрген, өзіндік тілдік ерекшеліктері бар түркі тектес ру-тайпалардың қазіргі түркі халықтарының құрамына шашырай таралуы, яғни түркі тайпалары жеке-жеке халық болып қалыптасу барысында тек қандық-туыстық негізде ғана емес территориялық-аймақтық негізде де шоғырлануынан туындайды. Сондықтан түркі тілдеріне генеалогиялық классификация жасауда тек олардың тілдік ерекшеліктері ғана ескерілмей, әрбір халықтың этностық құрамын да негізге алу басты ұстанымдардың бірі болып табылады.
Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Махмұд Қашқари. М.Қашқари түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып екі топқа бөледі: Қашқардан жоғарғы Шыңға дейінгі аумақты мекендеуші тайпалар тілі және Румға дейінгі жерлерді мекендеуші тайпалар тілі1.
ХІХ ғасырда Еуропада азды-көпті лингвистикалық және этнографиялық материалдарға сүйене отырып, А. Бальби (1848), А. Ремюза, А. Пальмблада, Г. Вамбери (1885) түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан жіктеуге талпыныс жасалды. Мәселен, А.Ремюза (1820 ж.) түркі тілдерін: якут тобы, ұйғыр тобы, ноғай тобы, қырғыз тобы, түрік тобы деп бес топқа бөліп қарастырады, мұнда ол якут, ұйғыр, шағатай, түрікмен, татар тілдеріндегі ортақ лексиканың тұлғалық өзгерістерін басшылыққа алады.
Түркі тілдерін зерттеу мен оларға классификация жасауға И. Н. Березин (1848), Н. И. Ильминский (1860), В. В. Радлов (1882), Н. Ф. Катанов (1894), Н. А. Аристов (1896), Ф. Е. Корш (1910) тәрізді орыс ғалымдары ерекше үлес қосты. Осы ғалымдардың классификациялары мен зерттеулері ХХ ғасырдағы Г. Винклер (1920),  К. Фоя, Г. Рахмати (1922), Л. Лигети (1934), М. Рясянен (1949) тәрізді еуропалық зерттеушілердің алтай және түркі тілдері бойынша ұсынған классификацияларына негіз болды.
Түркі тілдері біршама толық қамтылған классификациялар қатарына 1882 жылы жасалған В.В.Радловтың жіктеуі жатады.
В.В.Радлов түркі тілдерінің фонетикалық ерекшеліктері негізінде оларды төрт топқа бөліп көрсетеді: Шығыс топ (сібір тілдері), Батыс топ (қазақ, қырғыз, башқұрт, Батыс Сібір, Волга татарларының тілі); Орта Азия тобы (өзбек, ұйғыр); Оңтүстік топ (түрікмен, әзірбайжан, қырым татарларының говорлары). В.В.Радлов классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс тобына жатады.
Ғалым өз жіктеуінде түркі тілдеріндегі б ~ п, ш ~ ж, т ~ д, қ ~ ғ, к ~ г, дж ~ д, ч ~ ш, ч ~ ц, ө ~ ү, о ~ у дыбыс алмасуларына, басқа фонетикалық заңдылықтарға сүйенеді.
Түркітануда ерекше аталатын классификациялардың бірі – Ф.Корштың классификациясы. Бұл жіктеудің алғашқы классификациядан басты айырмашылығы тек фонетикалық ерекшеліктерге ғана емес ортақ лексиканың морфологиялық құрылымына да назар аударуында. Ғалым түркі тілдерін жіктеуде ғ ~ у сәйкестігі, сөз соңындағы немесе сөз ортасындағы ғ, г элизиясын, есімшенің -р тұлғасының қолданылу/қолданылмауын негізге ала отырып төрт топқа бөліп қарастырады: 1. Солтүстік топ (алтай, қырғыз, қарашай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт т.б.); 2. Батыс топ (түрік, әзірбайжан, гагауз, түрікмен т.б.); 3. Шығыс топ (Орхон ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр, шағатай, половец, қарағас т.б.); 4. Аралас топ (якут, чуваш т.б.). Ф.Корш классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Солтүстік тобына жатады.
1922 жылы жасалған А.Н.Самойловичтің классификациясында түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері кеңірек қамтылады. А.Н.Самойловичтің классификациясы бойынша қазақ тілі түркі тілдерінің Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы жатады, монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдердің бірі саналады.
А.Н.Самойлович түркі тілдерін алты топқа жіктеудің негізгі шарты ретінде аяқ, бол, қалған, сары, тау, тоғыз сөздерінің фонетикалық және морфологиялық өзгерістеріне сүйенеді:
1. Р-тобы немесе бұлғар, чуваш тобы (көне бұлғар тілі, чуваш тілі): ура, рул, тау / ту, қалан, сарм, тохар;
2. Д-ұйғыр немесе солтүстік- шығыс тілдері: тоқуз, пол, тағ, сариғ, қылған. Аяқ сөзінің тұлғалық өзгерістеріне қатысты іштей үш топшаға бөледі: Д-топшасы (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, тува, тофалар, салар тілдері): адақ «аяқ»; Т-топшасы (якут тілі): атақ «аяқ»; З-топшасы (сары ұйғыр, шор, хакас тілдері) азақ «аяқ»;
3. Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы: тоғуз, айақ, бул/бол, тау, сары, қалған. Монғол шапқыншылығына дейін қалыптасқан тілдер (алтай, қырғыз, телеуіт, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт), монғол шапқыншылығынан кейін қалыптасқан тілдер (қазақ, ноғай) деп іштей екі топшаға бөледі;
4. Тағлық тобы. Шағатай немесе оңтүстік-шығыс тобы (шығыс Түркістанда тұратын түркілердің тілі): тоқуз, айақ, тағ, қалған, сарық, бол;
5. Тағлы-тобы. Қыпшақ-түрікмен немесе орта топ (Хорезм өзбектерінің тілі): аяқ, доқуз, бол, қалған, сары, тағ;
6. Ол-тобы. Түрікмен немесе оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрікмен, түрік, гагауз тілдері): айақ, доқуз, ол, дағ, сары, қалан.
Түркі тілдерін топтастыруда өзіндік із қалдырған ғалымдар қатарына В.А.Богородицкий де жатады (1933 ж.). В.А.Богородицкий фонетикалық ерекшеліктермен қатар географиялық-аумақтық белгілерді де негізге ала отырып, түркі тілдерін жеті топқа бөледі: солтүстік батыс топ (якут, тува, қарағас тілдері); хакас тобы (хакас тілі); алтай тобы (алтай тілі); Батыс Сібір тобы (чұлым, Барабин, Тобыл, Түмен татарларының тілдері); Волга және Орал бойындағы татар, башқұрттардың тілдері; Орта Азия тобы (қазақ, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек тілдері); Оңтүстік батыс тобы (әзірбайжан, түрік, түрікмен тілдері)2. Қазақ тілі В.А.Богородицкий классификациясы бойынша Орта Азия тобына енеді.
Түркі тілдерін генеалогиялық тұрғыдан жіктеу мәселесіне аталған ғалымдардан басқа И.Бентинг, К.Г.Менгес, Т.Текин т.б. зерттеушілер де ат салысты.
Бұл классификациялардың бәрі де түркі тілдерінің ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін дәл көрсетіп бере алмағанмен, кейінгі зерттеушілердің жіктеулеріне негіз болып, түркі тілдеріне генеалогиялық классификация жасаудың әдіс-тәсілдерін, ғылыми ұстанымдарын жетілдіруге мүмкіндік туғызды.
Түркі тілдеріне тарихи тұрғыдан, яғни қалыптасу кезеңіне байланысты классификация жасаған ғалым – С.Е.Малов. Ғылым «Қай тілде көне элемент көбірек сақталса, сол тіл көне тіл болып есептеледі»1 деген қағиданы негізге ала отырып, көне белгі ретінде рт, лт, нт тіркестерінің түбір мен қосымша морфема жігінде қолданылуын (алты «алды», келті «келді», барты «барды», апта «онда» т.б.), ежелгі түркі жазбаларында кеңінен қолданылатын ғ/г дауыссыздарының сақталуы (тағ «тау», сарығ «сары» т.б.) көрсетеді2.
Аталған белгілердің сақталу деңгейіне байланысты түркі тілдерін төрт топқа бөледі:
1. Ең көне түркі тілдер (бұлғар, сары ұйғыр, чуваш, якут тілдері);
2. Көне түркі тілдері: (оғыз (көне түркі руникалық жазба ескерткіштерінің тілі), тофалар, тува, көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі, хакас, шор тілдері);
3. Жаңа түркі тілдері (әзірбайжан, гагауз, құманды, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік, түрікмен, Шығыс Тұркістандағы ұйғырлар тілдері);
4. Ең жаңа түркі тілдері (башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ойрат, ноғай, татар, чуваш, якут тілдері).
Бұл классификация бойынша қыпшақ тобындағы тілдер, оның ішінде қазақ тілі де ХІҮ, ХҮ ғасырларда ғана қалыптасқан ең жас тілдер қатарына жатқызылады.
Түркі тілдеріне генеалогиялық тұрғыдан жасалған классификациялардың ішіндегі барлық түркі тілдері және олардың басты фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктері толық қамтылған, қазіргі түркі тілдерінің даму жолы мен өзара туыстық деңгейін айқын көрсететін әрі көпшілік мамандар тарапынан мойындалған классификация – Н.А.Баскаковтың жіктеуі. Сондықтан қазіргі таңдағы түркі тілдерінің тарихи грамматикасы пән, түркі тілдерінің тарихына байланысты зерттеулер осы классификацияны негізге алады.
Н.А.Баскаков классификациясының өзге жіктеулерден басты айырмашылығы – тілдік ерекшеліктермен қатар тарихи принципке сүйенуінде, яғни тілді сол тілде сөйлеуші халық тарихымен бірлікте қарастыруында.
Ғалым түркі тілдерін үлкен екі бұтаққа бөледі: Батыс хун тілдері және Шығыс хун тілдері. Батыс хун тілдерін төрт топқа бөліп қарастырады.
І. Бұлғар тобына көне бұлғар, хазар және чуваш тілі жатқызылады. Фонетикалық ерекшеліктері: екі еріндік, екі езулік дыбыстардан тұратын вокализмдер жүйесінің болуы; е дыбысының йе дифтонг дыбысына айналуы; сөз соңында ротацизм құбылысының орнығуы (з ~ р); с дауыссызының й ~ ж ~ дж ~ ч дыбыстарына өзгеруі; д ~ т ~ з ~ й дыбыстарының р дыбысына ауысуы; ламдаизм құбылысының орын алуы (ш ~ с ~ л) т.б.
ІІ. Оғыз тобының негізгі фонетикалық ерекшеліктері: сегіз қысқа дауысты дыбыстың болуы; қысаң дауыстылардың қосымшалар құрамында қолданылуы; сөз басында қатаң қ/к, т дыбыстарының ұяңдануы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында сақталуы, түбір мен қосымша жігінде түсіп қалуы; сөз басындағы п/б дыбыстарының түсіп қалуы т.б. Грамматикалық ерекшеліктері: ілік септігінің -ын//-иң, табыс септігінің -ның//-ниң, -ны//-ни, -и тұлғаларының қолданылуы; барыс септігінің -а формасының, І жақ жіктік жалғауының көпше түрінің толық құрамымен бірге -ие қосымшасының болуы; есімшенің -мыш//-миш тұлғасының, қалау райдың -си тұлғасының болуы, т.б.
Оғыз тобы іштей үш топшаға бөлінеді:
1. Оғыз-түрікмен топшасы (орта ғасырлық оғыздар тілі, түрікмендер тілі, түрхмен тілі);
2. Оғыз-бұлғар топшасы (көне печенек, торк, берендей, ковуй тілдері, гагауз, балқан түріктерінің тілдері);
3. Оғыз-селжүк топшасы (көне селжүк, көне османтүріктерінің тілдері, әзірбайжан, түрік тілдері).
ІІІ. Қыпшақ тобы үшке бөлінеді: 1. Қыпшақ-половец топшасы (көне половецтер, қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілдері); 2. Қыпшақ-бұлғар топшасы (батыс Алтын Орда әдеби тілі, татар, башқұрт тілдері); 3. Қыпшақ-ноғай топшасы (қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі). Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі (й, у, в); сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі.
ІҮ. Қарлұқ тобы (Қараханидтер мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілі, шағатай, көне өзбек тілдері және ұйғыр, өзбек тілдері). Фонетикалық ерекшеліктері: дауыстылар алтыдан тоғызға дейін болуы; п, т, қ дыбыстарының сөз ортасында қолданылмауы; сөз соңында ғ, г, қ, к дыбыстарының сақталуы. Грамматикалық ерекшелігі: жинақтық сан есімдерінің -ағу//-егу тұлғасында қолданылуы; қимыл есімдерінің -ғу//-гу формасының да кездесуі. Қарлұқ тобындағы тілдердің лексикалық қоры араб, парсы элементтерінің молдығымен ерекшеленеді.
Шығыс хун тілдері екі топтан тұрады. І. Ұйғыр-оғыз тобының басты айырмашылығы: сөз ортасында й дыбысы д, т, з дыбыстарына, сөз соңында т, д дыбыстарына ауысады; сөз соңында ғ, г дыбыстары сақталады. Іштей үш топшаға бөлінеді: 1. Ұйғыр-тува (тукюй) тілдері (Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі, көне ұйғыр тілі, тува, қарағас тілдері). Фонетикалық ерекшеліктері: сөз ортасында т ~ з ~ й дыбыстарының орнына у дыбысы қолданылады; сөз соңындағы д, й дыбыстары т дыбысына өзгереді; сөз соңында ғ, г дыбыстары, түбір мен қосымша жігінде лт, рт тіркестері сақталады. Грамматикалық ерекшелігі: есімшенің -ар//-ер тұлғаларының орнына -ұр//-үр, -ыр//-ер тұлғасы, шартты райдың -сар//-сер тұлғалары қолданылады. 2. Якут тілдерінің тобына тек якут тілі ғана енеді. Басты ерекшеліктері: сөз ортасында д, з, й дыбыстары е дыбысына өзгереді. 3. Хакас тілдері екі топшаға бөлінеді: а) хакас тілі, шор тілінің иоран диалектісі, сары ұйғыр тілі, татар тілінің чулым, камасин диалектілері енеді; б) шор тілінің қосуан диалектісі, алтай тілінің сарлық диалектісі кіреді. Басты ерекшеліктері: сөз ортасында т ~ д ~ й дыбыстары з дыбысына, сөз соңындағы й дыбысы с ~ з дыбыстарына, сөз басындағы й ~ ж ~ дж ~ д ~ с дыбыстары ч, н, ң дыбыстарына өзгереді.
ІІ. Қырғыз-қыпшақ тілдеріне көне қырғыз, қазіргі қырғыз және алтай тілдері енеді. Негізгі фонетикалық белгілері: сегіз толық дауысты, алты не сегіз екінші дәрежелі созылыңқы дауыстылардың болуы; ерін үндестігінің жақсы сақталуы1.
Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы түркі тілдерінің ерекшеліктеріне, сол тілде сөйлеуші халықтардың тарихи даму жолына сәйкес келеді. Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы бойынша қазақ тілі Батыс хун тілдерінің Қыпшақ тобына, оның ішінде Қыпшақ-ноғай топшасына енеді.
Түркі тілдерін классификациялау мәселесі түркологиялық зерттеулерде әлі күнге дейін жалғасып отыр. Зерттеудің әдіс-тәсілдерінің одан әрі жетілдірілуі түркі тілдерінің бқрыннан келе жатқан топитастыруларына өзгешеліктер мен толықтарулар енгізуге, я болмаса жаңаша сипаттағы классификациялар ұсынуға жетелеуде. Мәселен, Г. Ахатов  тілдік ерекшеліктер мен олардың ортақтастығын прототүрк субстатының тарихи даму контексінде қарастыру барысында зерттеудің лингвистикалық әдістерін оптимизациялап, өзінің классификациясын ұсынады. Оның пікірінше, түркі тілдері, сөзсіз, алтай макротілдік тобына жатады. Г.Ахатов түркі тілдерін:
І. Қыпшақ тобы: 1) қыпшақ-бұлғар субтобы (татар, Сібір татар тілі, башқұрт); 2)Алан-скиф субтобы (қарачай, балқар, қырым татарларының солтүстік диалектісі); 3) Арал-Каспий субтобы (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, ноғай);
ІІ.Бұлғар тобы:бұлғар-чуваш суб тобы (чуваш тілі)
ІІІ. Қыпшақ-ортаазиялық топ: Қыпшақ-ұйғыр суб тобы (өзбек, ұйғыр);
IV. Оғыз тобы: 1) Оғыз-осман субтобы (түрік, әзірбайжан, салар, Молдавандағы гагауыз тілі, қырым татарларының оңтүстік диалектісі); 2) Оғыз-түрікмен субтобы (құмық, түрікмен, гагауыз)
V. Сібір-Алтай тобы: 1) Якут субтобы (якут, долган); 2) Карагас-тува субтобы (тува); 3) хакас субтобы (хакас, кюрин, шор, алтай тілінің солтүстік диалектілері, сарыұйғыр, фуюй қырғыздарының тілі); алтай субтобы (алтай тілінің оітүстік диалектілері) деп жіктейді.
Ең жаңа классификацияларға О. А. Мудрактың фоно-морфостатистикалық жәнеА. В. Дыбоның лексикостатистикалық топтастыруларын жатқызуға болады. Жүзсөздік екі генеалогиялық бағанды зерттей отырып, сондай-ақ лексика-статистикалық мәліметтер негізінде түркі тілдерінің генеалогиялық ағашының шартты хронологиясын анықтай келіп, А. В. Дыбо пратүркі тілінің бағанының құлауы бұлғар тобын құрайтын чуваш тілінің басқа түркі тілдерінен бөлініп кетуінен басталатынын айтады. Екі генеалогиялық бағанда да алғашқы түйін б.з.д, 30-0 жылдарды көрсетеді. Бұл мерзімді А.В.Дыбо ғұндардың жартысының Батыс Моңғолиядан батысқа қарай б.з.д. 56 ж. Шынжанның солтүстігі арқылы оңтүстік Қазақстанға, Сырдарияның бойына ауа көшуімен байланыстырады.
Тұжырым: Түркі тілдеріне генеалогиялық тұрғыдан классификация жасау қазіргі түркі тілдерінің табиғатын тереңірек танып-білуге, тарихи даму жолы мен өзара туыстық қатынасын анықтауға жол ашады. Қазақ тілінің деректері оны ең жаңа тілдер қатарына жатқызу принциптеріне толық сәйкес келмейді. Түркі тілдеріне жасалған генеалогиялық классификациялардың ішіндегі мамандар тарапынан қолдау тапқан, қазіргі түркі тілдерінің табиғатын, өзара туыстық деңгейін біршама толық көрсететін жіктеу Н.А.Баскаковтың классификациясы. Түркі тілдерін топтастыру ісі тілді зерттеудің амал-тәсілдерінің жетілдіре түсуіне байланысты одан әрі жалғасым табуда.
Әдебиет:
Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. Москва, 1969, С. 240-242.
Баскаков Н.А. Алтайскеая семья языков и ее изучение. Москва, 1981, С. 17-19.
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985. 131-135 беттер.
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алаты, 1989, 55-бет.
Малов С.Е. Древние и новые тюркские языки // ОлиЯ. Т. 2. Москва, 1952. С. 142.
Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. Ленинград, 1970., с. 158.
Кононов А.Н. История изучения тюркских языков в Россий. Л., 1982, с. 30-48.
Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1985, 120-130 беттер.
Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. -Алматы, 1971, 27-39
Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности.-Москва. Ленинград, 1951.-С. 5-7.
Ахатов Г. Х. Диалект западносибирских татар. -Уфа, 1963.-195 с.
Мудрак О. Классификация тюркских языков и диалектов с помощью методов глоттохронологии на основе вопросов по морфологии и исторической фонетике. (Серия «Orientalia и Classica». Вып.23) М., РГГУ. 2009. 186 стр. ISBN 978-5-7281-1056-9Дыбо, A. B. Хронология тюркских языков и лингвистические контакты ранних тюрков. — М.: Академия, 2004. — С. 766.
Дәріс №4
Тақырыбы: Түркі тілдерін зерттеуде қолданылатын әдіс - тәсілдер
Дәріс мазмұны:
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі туралы жалпы мәлімет
Салыстырмалы-тарихи әдіс және оның негізін қалаушылар
Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудың басты шартт ары
Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеудің ретроспективті және проспективті бағыттары
Реконструкцияжәне оның түрлері
Салыстырмалы-тарихи әдістің тілді зерттеудің типологиялық, ареалдық әдістерінен ерекшелігі
Салыстырмалы-тарихи әдісті пайдаланудың соңғы нәтижесі
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі − тіл дамуының тарихи заңдылықтарын, тілдердің генетикалық және тарихи өзара байланысын, әлемнің лингвистикалық картасының қалыптасу жолдарын, халық тарихын оның тілінің тарихымен ұштастыра зерттейтін іргелі ғылым саласы. Оның аясына лингвистикалық түркология, моңғол компаративистикасы, тұңғыстану және маньчжуртану, жапонтану және корей тіл білімі, түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы, түркі тілдерінің тарихи морфологиясы, түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы синтаксисі, қазақ тілінің тарихи лексикологиясы, қазақ тілінің тарихи-салыстырмалы грамматикасы т.б. жеке ғылым салалары да, осы ғылым салаларын бір арнаға тоғыстыратын салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімі де енеді.
Салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізгі мақсаты – туыс, туыстас тілдердің фонологиялық жүйесіндегі, морфологиялық құрылымындағы, лексикалық қорындағы, семантикалық дамуындағы, синтаксистік конструкциясындағы ортақтықтар мен айырмашылықтарды анықтап, салыстырылып отырған тілдердің туыстық қатынасын көрсету, әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктерін саралап, тарихи орнын белгілеу.
ХІХ ғ. алғашқы жартысында Ф. Бопп, Р. Раск, Я. Гримм, А.Х. Востоков, В. Гумбольдт, А. Кун, О. Шрадер, О. Бетлинг, П. Шафарик, А. Шлейхер, Ф. Миклошич т.б. ғалымдардың іргелі зерттеулері арқылы қалыптасып, дүниежүзілік ауқымда қарқынды дамуға бет бұрған салыстырмалы-тарихи тіл білімінің келелі табыстары, сондай-ақ ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары бой көтерген жасграмматизм (младограмматизм) бағыты өкілдерінің жетістіктері туыстас тілдердегі параллель элементтер арасында немесе жеке тілдегі белгілі бір элементтің әртүрлі тарихи қалып-күйлері арасында заңды түрде қайталанатын дыбыстық сәйкестіктерді қамтитын ‘дыбыстық заңдылық’ ұғымын туыстас тілдерді зерттеуде қолданатын қатаң ғылыми-әдіснамалық тұғырға айналдырды. Дыбыстық заңдылық ұғымына негізделетін салыстырмалы-тарихи әдіс үндіеуропа тілдерінің тілдерінің тарихи-салыстырмалы фонетикасы мен морфологиясының құрылымдық жүйесінің жасалуын және ол тілдердің сөздік құрамының ғылыми этимологиясын қамтамасыз етті.
Үндіеуропа тіл білімінің ізімен ХХ ғ. алғашқы ширегіне дейін алтай тілдерін зерттеуде негізінен салғастырмалы, кейіннен салыстырмалы әдіс қолданылып келген болса, ХХ ғ. екінші жартысынан алтаистикада және оның түркология, монголистика, тұңғыстану, жапонтану және корейтану тәрізді іргелі салаларында зерттеудің басты әдіс-тәсілі ретінде классикалық салыстырмалы-тарихи әдіс орнықты. Бұған тілдің эфолюциялық дамуы және оның тарихилығы мәселелерін көтеріп, түркі тілдерін зерттеудің әдістемесін салыстырмалы-тарихи әдіспен жақындастырған В.А.Богородицкий, В.В.Радлов, Е.Д.Поливанов, Н.Ф.Катанов т.б. орыс ғалымдарының зерттеулері зор ықпалын тигізді.
Түркі тілдерінің тілдерінің өзара байланысын, қарым-қатынасын зерттеуде зерттеудің негізгі әдістері ретінде тарихи-салыстырмалы, ареалдық және типологиялық әдістер кешені пайдаланылады. Түркітану ғылымы тілдік деректерді зерттеуде ең алдымен салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі басшылыққа алынады.
Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс, туыстас тілдер дамуының тарихи заңдылықтарын анықтау үшін қолданылатын зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдіс түркі тілдеріне Еуропа және орыс ғалымдарының еңбектері арқылы ене бастады (т.б.) дегенімізбен, түркі топырағында салыстырмалы-тарихи әдіс ХІ ғасырда-ақ қолданылған М.Қашқари өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында бірнеше түркі тілдерінің деректерін салыстыра отырып отызға жуық тұлғалық өзгерістерді көрсетеді.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудың басты шарты салыстырылатын туыстас тілдердің әр деңгейдегі (фонема, морфема, лексема т.б.) сәйкестіктері анықталуы қажет. Тілдердің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеу негізінен екі түрлі: ретроспективті (қазіргі күйінен көнеге қарай) және проспективті (көнеден жаңаға қарай) бағытта жүргізіледі.
Тарихи-салыстырмалы әдісті ғылыми зерттеудің басты құралы етіп пайдаланатын тарихи-генеологиялық бағыттағы тарихи-салыстырмалы тіл білімі, яғни компаративистика сипаттамалы тілдік базаны зерттеуші іргелі пәндердің (типологиялық лингвистика, ареалдық лингвистика) бірі болып табылады. Ол өзінің методикасы мен проблематикасы жағынан типологиялық және ареалдық лингвистикалық зерттеулерден мүлдем өзгеше болып келеді. Осы орайда Р.Якобсонның тұжырымдамасына жүгінетін болсақ: генетикалық әдіс тілдік туыстыққа, типологиялық әдіс негізінен тілдердегі изоморфизмге, ареалдық әдіс тілдік ‘тумаластыққа’, яғни тілдердің ‘жақындасу, жанасу, кірігу’ процесіне қатысты болып келеді . Демек, ортақ бір генетикалық дәстүрден тарамдалуы барысында, яғни дивергенция құбылысының нәтижесінде пайда болған ұқсастықтарды зерттеудің лингвистикалық түсіндірмесі ‘тілдік семья’ ұғымына, тілдердегі бір-біріне тәуелсіз, қатарласа дамудың нәтижесінде пайда болған ұқсас құбылыстар ‘тілдердің типологиялық классы’ ұғымына, ал тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі, жанасуының нәтижесінде туындайтын конвергенттік процесс барысында қалыптасатын ұқсастықтар ‘тілдік одақ’ ұғымына жетелейді.
Тарихи-салыстырмалы әдіс жекелеген тіл семьялары мен туыстас тілдер тобының тектілдік қалып-күйін танытатын тілдік моделдерді қайта жаңғырту, ірі макротоптар мен туыстас тілдер тобының топшаларға, одан әрі жеке тілдерге бөліну процесі және олардың ары қарайғы дербес дамуын зерттеуде, сондай-ақ белгілі бір генетикалық тілдік бірлестікке енетін тілдердің тарихи-салыстырмалы сипаттамасын жасауда басты құрал қызметін атқарады. Оның құрамына: тіл бірліктерінің генетикалық шығу тегін айқындау; өзара салыстырылушы тілдердің әртүрлі деңгейлерінде орын алатын жүйелі сәйкестіктер мен сөзжасамның, сөз құрылымының қалыпты үлгіден ауытқуын (анамалия) анықтау; тектілдік тұлғаларды (архетип) моделдеу; тілдің бастапқы және аралық қалып-күйін жаңғырту, қалпына келтіру; тілдік құбылыстардың хронологиялық және кеңістіктегі таралымдық шегін (локализация) айқындау; осылардың негізінде тілдердің генеалогиялық классификациясын жасау және оны қайта қарау, өзгертулер мен толықтырулар енгізу амалдары енеді. Оның құрамына ететін сан алуан амал-тәсілдердің ішінен ең бастылары қатарына Г.А. Климов мыналарды жатқызады: а) тілдік фактілерді генетикалық тұрғыдан теңдестіру; ә) тілдік туыстықты негіздеу; б) архетиптерді (тектілдік формаларды) жаңғырту; в) тілдік құбылыстарды хронологизациялау және локализациялау; г) тілдік семьяның тарихи-салыстырмалы грамматикасы жасалуының логикалық біртұтастығына қызмет ететін тілдерді генетикалық тұрғыдан топтастыру.
Cалыстыру тәсілі – тілді біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыруға негізделеді, көбінесе туыс тілдер жүйесінің тарихи дамуындағы заңдылықтарды фонетика-фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде анықтауда, дәлірек айтқанда генетикалық тегі бір сөзтүрлендіруші формалар мен сөзжасам тәсілдерін, түбір морфемалар мен қосымшалар құрамындағы дыбыстар мен фонемаларды зерттеуде қолданылады. Салыстырудың негізіне әдетте ежелгі жазу дәстүрі бар тіл алынады. Мысалы, үндіеуропа тілдері үшін санскрит тілі, түркі тілдері үшін - көне түркі тілі, моңғол тілдері үшін- көнемоңғол жазба тілі, маньчжур тілдері үшін – чжурчжэн жазба тілі, жапон тілі үшін – кандзи жазба тілі, корей тілдері үшін – хангыль, ханчча жазба тілі. Көне жазба ескерткіштерінің сыртында осы күнгі тілдер мен диалектілердің мәліметтері де тіл тарихын зерттеуде фактологиялық материалдар қызметін атқара алады.
Салыстырмалы-тарихи әдіске сүйенетін тарихи – генетикалық зерттеулердің нақты нәтижелері салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы және тарихи грамматикалар, сонымен қатар тарихи және этимологиялық сөздіктер түрінде жарық көреді.
Салыстырмалы-тарихи зерттеу ретроспективтік, яғни тілдің қазіргі күйінен бастапқы күйіне қарай, немесе проспективтік, яғни тілдің бастапқы күйінен қазіргі күйіне қарай екі түрлі бағытта болуы мүмкін. Бұл бағыттардың қай-қайсысы үшін тілдің бастапқы және аралық күйін танытатын тілдік модельдерді жаңғырту, қалпына келтіру, сондай-ақ туыстас тілдердің байырғы сөздік қорларына ортақ тіл бірліктері ретінде әбден сіңісіп, кірігіп кеткен тым ерте дәуірлердегі, немесе көне замандардағы кірме элеметтерді айқындау және олардың таралуын шектеу ─ ең көкейтесті мәселелер болып саналады.
Компаративистиканың даму тарихында салыстырмалы-тарихи әдісті типологиялық, квантативтік, филологиялық, моделдеу, контрастивтік, ареалдық-географиялық т.б. көптеген әдістермен тоғыстыру арқылы тілдердің о бастағы бір негіз тілден тарамдалуы мен диалектілік мүшелену барысын қайта жаңғырту және тіл бірлестігін құрайтын тілдер арасындағы ареалдық байланысты анықтау тәжірибесі де орын алады.
Салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімінде және лингвистикалық түркологияда, оның ішінде жеке тілдердің, айталық қазақ тілінң тарихын зерделеуде тілдік талданымға түсетін фактологиялық материалдардың арқауын қазіргі тілдер, көнежазба ескерткіштер тілі, диалектология, топонимия, этнонимияға қатысты материалдар, сонымен қатар туыс емес тілдердің мәліметтері құрайды.
‘Салыстырмалы – тарихи зерттеулердің әдіс-тәсілдері мәселелері түркологияда аса маңызды. Мұнда негізінен көне формаларды анықтаудың критерийлерін тоқтатуға, жаңғыртылған архетиптерді бір хронологиялық жазықтықта орналастырудың амалдарын табуға, дыбыстардың, сөздердің, формалардың пайда болуының шартты түрдегі хронологиялық әдісін жетілдіруге, жаңадан пайда болған тілдік құбылыстардан көне реликтілік құрылымдарды ажыратуға, тілдік жүйедегі бұрыннан келе жатқан төл ерекшеліктерді анықтауға және оларды басқа тілдердің әсерімен пайда болған ерекшеліктерден шектеуге айрықша назар аударылып отыр’ дей келіп, Н.З. Гаджиева тарихи-салыстырмалы бағыттағы зерттеулерде салыстырмалы-тарихи, типологиялық және ареалдық әдістерді кешенді пайдаланудың нақты ғылыми нәтижелерді қамтамасыз етудегі мүмкіндігі ерекше екенін атап көрсетеді. Ол: ‘Жақын және алыс туыстық қатыстықтағы тілдердің, сондай-ақ тарихи дәуірлерде өзара қарым-қатынасқа түскен тілдердің типологиялық ерекшеліктерін айқындауға бағытталатын типологиялық талдау салыстырмалы грамматиканың әртүрлі мәселелерін зерттеуде кеңінен пайдаланылады. Тілдік топтарға және бірнеше тілге тән типологиялық ерекшеліктер сол тілдер барып саятын негіз тілдің ─ тектілдің типологиялық қасиетінің жалғасы саналады. Сондықтан типологиялық талдаудың туыстас тілдер материалдарына негізделуі тектілдік архетиптердің хронологиясын болжауға, тектілдің тым көне және ертеректегі қалып-күйін айқындауға белгілі дәрежеде септігін тигізеді’ - дейді.
Тарихи-генетикалық әдістің көмегімен тұтас жүйе оның құрылым-құрылысы емес, тілдік жүйенің элементтері ғана генезис тұрғысынан біржақты салыстырылады және олардың қазіргі тіл жүйесіндегі функциясы ескерілмейді. Тілдердің тарихилығына негізделетін генетикалық әдіс бір тілдік семьяға енетін, ортақ бір тектілден өрбіген туыстас тілдердің элементтерін салыстыруға мүмкіндік бергенімен, тұтас тілдік жүйелердегі типтік ұқсастықтарды, сондай-ақ ол тілдердің басқа да тілдермен болған қарым-қатынасының нәтижесін жан-жақты, толық ашып көрсете алмайды. Осы орайда типологиялық зерттеулердің кейбір нәтижелері тілдер туыстығын зерделеуде белгілі бір алдын алушы межелік қызмет атқарып, қазіргі заманғы компаративистиканың тәжірибелеріндегі алыс реконструкцияларда, яғни төркіндес тілдердің материалдары бойынша тек тұлғаны қалпына келтіру ісінде салыстырмалы-тарихи қайта жаңғыртудың тұғыры ретінде қолданылады.
Ареалдық лингвистиканың мақсат-міндеттері аясына: тілдік құбылыстардың таралу шегін изоглосстар шоғыры негізінде анықтау арқылы тілдер мен диалектілердің шет-шекарасын географиялық картаға түсіру; тілдік одақтардың және тектілдің диалектілерінің таралу ареалын анықтау; тілдік одақ шеңберінде қарым-қатынасқа түскен тілдердегі типологиялық корреляттарды анықтау; нақты бір тілдің көне диалектілік бөлінісін айқындау; белгілі бір аймақ ауқымында өзара қарым-қатынасқа түскен тілдердің ареалдық сипаттамасын жасау; тілдік қарым-қатынастың заңдылықтарын ашу; топонимикалық және гидронимикалық ареалдарды анықтау; ареалдық байланыстағы субстраттардың рөлін анықтау; территориялық тұрғыдан бір-бірімен жақын жанасуышы тілдердің этнолингвистикалық және әлеуметтік лингвистикалық типологиясын жетілдіру сияқты мәселелер енеді. Ареалдық зерттеулердің нәтижелері лингвистикалық және диалектологиялық атластарда бекітіледі.
Лингвистикалық география ─ ареалдық лингвистикада қолданылатын басты әдіс болып саналады. Лингвистикалық география әдісі тілдік контактының, басқаша айтқанда тілдердің өзара қарым-қатынасының нәтижелерін табуға және ол нәтижелерді тектілдік реконструкцияларды түзетуде, жөндеуде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар географиялық- ареалдық әдістің көмегімен әртүрлі бағыттағы диалектілік зоналар арқылы өтетін изоглосстарды айқындауға болады. Мәселен, түрікмен, салар, әзербайжан тілдеріндегі оғуз және қапшақ элементтерін; моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі түркизмдерді, түркі тілдеріндегі моңғол элементтерін; бір бірінен алыс жатқан әртүрлі диалектілік топтардағы паралель түрленімдерді, нұсқаларды (модификация) т.б. Диалектілераралық және тілдераралық изоглосстар біршама көне тілдік бірлестіктерді, олардың арасындағы қарым-қатынасты және туыстық байланысты айқындауға мүмкіндік береді. Лингвогеографиялық, яғни ареальдық әдісті бір географиялық аймақта бір-бірімен қарым-қатынасқа түскен жақын туыс тілдердегі, алыс туыстық байланыстағы, тіптен, мүлдем туыс емес тілдердегі құбылысты зерттеу үшін де пайдалануға болады. Соңғы кездері диалектология саласында диалектілердің дыбыстық құрамын зерттеу барысында біртұтас тілдік массивтер мен жеке жүйелерді анықтау үшін лингвогеографиялық әдіске жататын инструментальдық әдістеме қолданыла бастады.
Белгілі бір аймақ ауқымында өзара тарихи қарым-қатынасқа түскен тілдерді салыстыру-салғастыру арқылы олардағы типологиялық және материалдық ұқсастықтарды айқындаумен шектелмей, ол ұқсастықтардың табиғатын, себеп-салдарын, шығу тегін түсіндіру үшін салғастырмалы-типологиялық әдіс салыстырмалы-тарихи, яғни компаративтік, ареалдық-географиялық, контактологиялық әдіс-тәсілдермен ұштасуы, толықтырылуы және тереңдетілуі қажет.
Салыстырмалы-тарихи әдісті типологиялық, ареалдық, контрастивтік әдістермен тоғыстыра отырып, түркі тілдерінің әрқайсысының фонологиялық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік жүйелерінің эволюциясын зерттеуге бағытталған этимологиялық ізденістер біртіндеп арғытүркілік жүйені, әу бастағы жалпытүркілік негіз тілдің элементтерін реконструкциялауға жетелейтіні сөзсіз.
Реконструкция тәсілі ─ салыстырмалы-тарихи әдістің құрамдас бөлігі.
Реконструкция (лат. re- жаңғырту мәніндегі қосымша, constructio – құру) - тілдік құбылыстар мен формалардың тіл дамуының бұрынғы кезеңдері мен тектілдік күйіне тән түр-тұрпатын, әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарын қайта жаңғырту үшін жеке тілдердің өз ішінде, тілдер тобы мен семьяларының арасында қолданылатын тәсілдер жиынтығы. ‘Реконструкцияда көзделетін түпкі мақсат, негізгі мүдде ─ тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістерді ашып көрсете отырып, олардың бастапқы негіз тілге-тектілге қатысын айқындау; тіл деңгейлерін (диахрондық фонология, морфология, лексикология, синтаксис) тарихи сипаттау; тілдің эволюциялық дамуының жалпы теориясын жасау сияқты жалпы лингвистикалық проблемалардың шешімін табу болып табылады’.
‘Реконструкция үшін зерттеудің бастапқы сатысында көне тілдер мен ескі (архаикалық), яғни жорамал ретіндегі тектілдің қасиеттері, ерекшеліктері біршама сақталған деп саналатын тілдердің материалдары лингвистикалық талдаудың арқауына алынатын болса, кейіннен басқа да тілдердің фактологиялық материалдары талдауға түседі. Қажет жағдайда тілдік семьяның жекелеген бұтақтарының тектілдерін жаңғыртуға тура келеді. Зерттеу барысында тілдік құбылыстардың, тілдік формалардың ең көне тұрпаты туралы бұрынғы түсінік өзгеріп, соның салдарынан тектілдің моделін басқаша етіп, қайтадан құрастыру қажеттігі туындап отырады’- дейді алтайтанушы-түрколог В. А Дыбо.
Салыстырмалы-тарихи әдістің құрамдас бөлігі саналатын реконструкциялау тәсілі фактологиялық тілдік материалдардың жеке тілдің өз ішінде, немесе жақын туыс тілдер аясында, я болмаса төркіндес тілдер ауқымында, тіптен гипотетикалық алыс туыстық қатыстағы тілдер шеңберінде қамтылуына қарай ішкі және сыртқы реконструкция, алыс және жақын реконструкция, сондай-ақ тіл деңгейлеріне қарай фонологиялық реконструкция, морфологиялық реконструкция, семантикалық реконструкция, синтаксистік реконструкция болып бөлінеді.
Белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі кезеңдерін танытатын тіл фактілеріне, бір тілдің өз ішіндегі тіл бірліктерін салыстыруға негізделетін ішкі реконструкцияда бір тілдік факт екінші бір тілдік фактіге жетелейтін дереккөз қызметін атқарады, мұнда тілдік құбылыстардың ассоциативтік байланысы ескеріледі, яғни диахрондық талдау үшін синхрондық талдау пайдаланылады. Әдістемелік тұрғыдан біршама қиыншылық тудыратын мәселелердің қатарына ‘тілдердің ортақтығы’ дәуірі мен ‘ортақтықтың жеке тілдерге ыдырап, дамудың дербес жолына түсу дәуірлері арасындағы өзгерістерді анықтау жатады. Мұндай кездерде тектілдік ортақтықтың ерте кезеңдеріндегі қалып-күйі мен тектілдің дербес тілдерге ыдырау, бөлшектену қарсаңындағы күйін сипаттайтын аралық этаптарға, яғни ‘өліара кезеңдерге’ назар аударған орынды. Тіл дамуының аралық этаптарын (промежуточный период) анықтау ішкі реконструкцияның көмегімен жүзеге асырылады. Өйткені тіл-тілдегі ‘көненің көзін’, ‘қалдық’ тұлғаларды, шағын парадигмалар мен ерекше құбылыстарды анықтап, оларды ерте кездердегі тілдік құбылыстармен байланыстыратын, сөйтіп жойылып, жоғалып кеткен тіл белгілерін жаңғыртуға мүмкіндік беретін ішкі реконструкция жеке, дербес тілдің тарихын қалпына келтірудің негізгі тәсілі болып табылады.
‘Түркі тілдері ғана емес, сол сияқты кез келген тілдік топтың салыстырмалы-тарихи грамматикасын жасауда шешуші рөл атқаратын сыртқы реконструкция жақын туыс немесе туыстас, төркіндес тілдердегі гомогенді тіл бірліктерін өзара салыстыруға негізделеді. Мұндағы көзделетін мақсат ─ шартты түрде алғандағы ең көне форманы ─ архетипті анықтау және соның негізінде тектілді, немесе негіз тілді жаңғырту. Бұл өте көне заманаларға барып саятын тектілдің бірліктерін ‘тірілту’ деген сөз емес, мұндағы мәселе онтологиялық категорияларды көрсететін модельдер туралы болмақ. Фонетикалық және грамматикалық жүйелердің қайсы бір бөліктерінің даму барысының біркелкі емес сипатына, сонымен қатар тілдік өзгерістердің қайталанып келетін тұрақты заңдылықтарына сүйенетін сыртқы реконструкция тәсілі тектілдің фонемдік және морфемдік құрамын гипотезалық тұрғыдан қайтадан қалпына келтіруге және оның қазіргі тілдердегі эволюциясын бағамдауға мүмкіндік береді’ дейді Э.Р. Тенишев.
Қазіргі компаративистиканың практикасында талданатын материалдардың сипатына қарай бір-бірімен сабақтастықта, бірін-бірі толықтыра отырып, кешенді қолданылатын лингвистикалық реконструкцияның сыртқы реконструкция, ішкі реконструкция және филологиялық әдіс сияқты үш тәсілінің базалық негіздері мен өзара айырмашылықтары туралы Г.А Климов былай дейді: ‘Сыртқы реконструкция генетикалық туыстық байланыстағы бірнеше тілдер немесе диалектілер жүйелерінің фактологиялық мәліметтеріне сүйенетін болса, ішкі реконструкция біртұтас тілдік немесе диалектілік жүйеге негізделеді, ал филологиялық әдіс қандайда бір тілдің немесе диалектінің жазба ескерткіштерінің мәліметтерін арқау етеді.
Ішкі реконструкциямен салыстырғанда сыртқы реконструкцияның орындалу тетіктерінде қалыптасқан тіптік үлгідегі біркелкілік орын алады. Мәселен, ең алдымен, генетикалық туыстық жақындығы бар тілдердегі материалдық және мағыналық тұрғыдан ұқсас немесе сәйкес болып келетін бірліктер өзара салыстырлады және олардың материалдық ортақтығының жүйелі корреспонденциясы (дыбыстық сәйкестіктер, дыбыстардың бір тілде барлық позицияда сақталып, екінші тілде редукцияға ұшырауы, т.б.) айқындалады. Сонан соң салыстырылушы бірліктердің тұрпат межесі мен мазмұн межесіндегі қатыстылықтың хронологиясы белгіленіп, бастапқы архетип анықталады. Ал ішкі реконструкцияның сыртқы реконструкциядан айырмашылығы ─ оның орындалу амалдарының әртүрлі болып келетіндігінде. Басқаша айтқанда ішкі реконструкция тіл фактілерін сипаттауы жағынан екі басқа болып келетін әдістемелердің жиынтығынан, атап айтқанда, тіл құрылысының жойылған звеноларын жүйелі түрде қалпына келтіру әдістемесі мен тілдің құрылым-құрылысында сақталып қалған ‘көне дәуір іздерін’, ‘қалдықтарды’ талдау әдістемесінен құралады.
Көне жазба дәстүрі бар тілдерді зерттеу үшін тиімді саналатын филологиялық әдіс – ішкі реконструкция әдістемесінің бір түрі. Ол көбінесе тарихи жазба ескерткіштердің хронологиялық шектеулігіне байланысты тіл тарихын зерттеуде қолданылады. Әйтседе, әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын көне жазба мұралары бар тілдер үшін архетиптердің хронологиясы мен кеңістіктегі таралу шегін біршама нақты анықтау үшін филологиялық әдіске салыстырмалы-генетикалық зерттеулер де жүгінеді. Мысалы, үндіеуропа тілдерінің әртүрлі топтары үшін санскрит, көнепарсы және авест тілдерінде жазылған мәтіндерді талдаудың маңызы зор’.
Э.Р.Тенишев тектілдік форманы жаңғыртудың түркі тілдерінің тарихы үшін айрықша маңызын: ‘Тектілдік сұлбаны (схема) реконструкциялаудың танымдық ғана емес, ғылыми-әдіснамалық маңызы зор. Ол жекелеген түркі тілдерінің тарихын зерттеуде бастапқы нүкте қызметін атқаруы керек. Тілдегі кез келген дыбыстың немесе тілдік форманың жалпы сипатын, дыбыстық немесе тұрпаттық өзгерістердің бағытын айқындау үшін олардың о бастағы көне қалып-күйін білу керек. Онсыз түркі тілдері тобына енетін қандай да бір тілдің тарихын зерттеу мүмкін емес’ деп атап көрсетеді.
Архетиптердің (тектілдік формалардың) фонетикалық құрылысын жаңғырту арқылы тектілдің фонологиялық жүйесінің құрылымын қалпына келтіру мүддесі көзделетін фонологиялық реконструкция әдісі туралы Г.Хёнигсвальд былай дейді: ‘Шынын айтқанда, реконструктивтік әдісті қолданғанда біздер, нақты хаттамаға түсірілген фонетикалық жазбаға сүйеніп емес, еншілес тілдерде жүрілетін фонетикалық өзгерістердің нәтижесіне негіздеп, тектілдің фонемдік жүйесін сипаттаймыз’.
Тектілдік фонологиялық жүйені қайта жаңғырту тілдераралық дыбыстық сәйкестіктердің фиксациясын жасаудан басталады. Фонологиялық реконструкция әдісі арқылы дыбыстардың тарихи алмасуларының, дыбыстық сәйкестіктер мен тарихи дыбыс өзгерістерінің себеп-салдарларын жақын туыс немесе туыстас, төркіндес тілдераралық деңгейде, тіл дыбыстарының даму заңдылықтарына сай айқындауға, соның негізінде о бастағы тектілдік фонемнің дыбыстық қасиетін жаңғыртуға болады. Жаңғыртылған, қалпына келтірілген деп танылған архетиптердің дәйектемелік күшінің негіздіздігі, қисынсыздығы тілдің фонетикалық субстанциясында орын алатын объективті процестерді, яғни диахрондық сипаттағы фонетикалық заңдылықтарды ескермеуден туындайды.
Морфологиялық реконструкция әдісі ─ тектілдің морфологиялық жүйесін жаңғырту мақсатында қолданылады. Сөздің, сөзтұлғаның ішкі морфемдік құрылымын оның дыбыстық құрылымымен байланыста қарастыратындықтан, морфологиялық реконструкция фонологиялық реконструкциямен тығыз байланысып жатады. Тектілдің морфологиялық жүйесін реконструкциялау оның әр элементінің белгілі бір грамматикалық семантика арқалауына байланысты, сондай-ақ ‘грамматикалық аналогия’ деген жалпы атпен белгілі көптеген факторлардың морфологиялық жүйедегі өзара қарым-қатынасына қатысты біршама күрделі болып келеді. Тектілдің морфологиялық жүйесін жаңғырту барысында жекелеген морфемдерді реконструкциялауға ғана емес, сөзтүрлендіру мен сөзжасам парадигмасын да қайта келтіруге де айрықша назар аударылады.
Осы кезге дейін салыстырмалы-тарихи синтаксистің ең басты екі проблемасы – тектілдік синтаксистік жүйе және тектілдегі сөзтіркестері мен сөйлемдер жиынтығы, оларды реконструкциялау мәселесінде қалыптасқан ортақ бір пікір жоқ деуге болады. Сондықтан реконструкция мәселесі синтаксис саласында біршама қиындықтар тудырады. Ол туралы Н.З.Гаджиева, Б.А.Серебренниковтар былай дейді: ‘Бұл салада нақты да айқын әдіс жоқ. Әсіресе синтаксистік архетипті жаңғырту мәселесі қиындау. Бір қарағанда генетикалық туыс тілдер тобына тән сөздер мен дыбыстық сәйкестіктерді білудің негізінде синтаксистік архетиптерді реконструкциялауға болатын сияқты көрінгенімен, сөзтіркестері мен сөйлем моделдерінде тұрақты лексикалық құрамның болмайтыны, ол құрамның үнемі өзгеріп ауысып отыратыны синтаксистік реконструкция жасауда біршама қиыншылықтар тудырады’. Дейтұрғанмен ‘синтаксистік архетиптерді оның морфологиялық негізіне сүйеніп анықтауға болатыны’, ‘тарихи морфологиясыз туыс тілдер тобының тарихи синтаксисі болуы мүмкін емес’ екені ғалымдар назарынан тыс қалмайды.
Қазіргі тілдердегі сияқты тектілде де басты функционалдық бірлік түбір емес, сөз (лексема) болғаны даусыз. Демек, қайта жаңғыртылған тектілдің шынайлығы үшін реконструкцияның нысанына түбірлер емес, мүмкіндігінше нақты мағына арқалаған сөз-негіздер алынуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі тілдердегідей тектілдерде сөзжасам тетіктері болды, сөздің семантикалық өзгерісі орын алды десек, тектілдің лексикасын қайта жаңғырту сөздің ең бастапқы мағынасын реконструкциялауды және ол мағынаның өзгеріске түсуін түсіндіруді қажет етеді. Тектілдің лексикалық құрамын анықтау да семантикалық реконструкцияның техникасын жетілдіре түсуді талап ететін күрделі мәселе болып саналады.
Лексика-семантикалық реконструкция әдісі – лексикалық өрістің құрылым-құрылысын және тілдің жазба тарихы барысында онда жүретін өзгерістерді айқындау үшін қолданылатын амал-тәсілдер жиынтығы. Ең бастыларына лексикалық бірліктерді дистрибуттық және компоненттік талдау, лексеманың әртүрлі кезеңдердегі қалып-күйін салыстыру амалдары жатады.
Компаративистердің басым көпшілігі салыстырмалы-тарихи фонетиканың, салыстырмалы-тарихи морфологияның, сондай–ақ тарихи семасиологияның қол жеткізген жетістіктеріне сүйеніп, сонымен қатар тілдің тарихи дамуының эксралингвистикалық және лингвистикалық факторларын ескере отырып, салыстырмалы-тарихи әдістің сан алуан амал-тәсілдерін (ішкі және сыртқы реконструкция, филологиялық әдіс, фонологиялық реконструкция, морфологиялық реконструкция, синтаксистік реконструкция, лексикасемантикалық реконструкция т.б.) типологиялық және ареалдық әдістермен тоғыстыру арқылы жасалған терең этимологиялар негізінде жалпытектілдік лексикалық қорды қалпына келтіруге болады деп санайды.
Тілдерді тарихи-генетикалық зерттеу алыс және жақын туыс тілдер арасындағы салыстыруларды этимологиялық өңдеуден өткізуге негізделуі қажет. Мұнда тіл дамуының кез келген хронологиялық деңгейінде кірмеліктің болуы мүмкін екендігі ескерілуі тиіс. Өзара туыстас немесе төркіндес тілдердің тектілдік немесе аралық кезеңдердегі қалып-күйінің реконструкциясы сол тілдердің этимологиялық сөздіктерін жасаумен, яғни олардың лексиконын қалпына келтірумен айқындалады. Туыс тілдер арасындағы байланыс жақын болған сайын қалпына келтірілген тектілдік архетиптердің басым бөлігі түбір және сөзжасамдық аффикстер тұрғысынан генетикалық сәйкес түсіп жататын біртұтас лексемдер үлесіне тиеді. Керісінше, тілдер арасындағы туыстастық алыстаған сайын компаративист түбір-негіздерді салыстырумен, яғни түбірлік деңгейдегі салыстыруға негізделетін алыс этимологиямен шектеледі .
Қорыта айтқанда, тіл бірліктерінің қалыптасу, даму, өзгеру тарихын зерттеу арқылы тектілдің жалпы сұлбасын жаңғырту және оның аралық кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындау – компаративистикада қолданылатын салыстырмалы-тарихи әдістің сан алуан амал-тәсілдерін одан ары жетілдіре түсуді талап ететін күрделі мәселе. Салыстырмалы-тарихи әдіс ғылыми әдістемелік құрал ретінде генеалогиялық тұрғыдан түп негізі бір ғана негіз-тілге, тектілге барып саятын туыс немесе төркіндес тілдердің даму тарихына қатысты көптеген міндеттерді шешуге қызмет ете отырып, ең соңында салыстырмалы-тарихи грамматика түрінде жинақталып, көрініс беретін тілдер тобының тарихи дамуы жайлы жүйелі білімді орнықтыру үшін пайдаланылады.

Тұжырым: Салыстырмалы-тарихи зерттеудің негізгі мақсаты – туыс, туыстас тілдердің фонологиялық жүйесіндегі, морфологиялық құрылымындағы, лексикалық қорындағы, семантикалық дамуындағы, синтаксистік конструкциясындағы ортақтықтар мен айырмашылықтарды анықтап, салыстырылып отырған тілдердің туыстық қатынасын көрсету, әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктерін саралап, тарихи орнын белгілеу.
Түркітану ғылымы тілдік деректерді зерттеуде салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісін басшылыққа алады. Салыстырмалы-тарихи әдістің негізін салушы ғалымдар – Ф.Бопп, Р.К.Раск, Я.Гримм, т.б. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс, туыстас тілдер дамуының тарихи заңдылықтарын анықтау үшін қолданылатын зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы. Бұл әдіс түркі тілдеріне Еуропа және орыс ғалымдарының еңбектері арқылы ене бастады (В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов т.б.) дегенімізбен, түркі топырағында салыстырмалы-тарихи әдіс ХІ ғасырда-ақ қолданылған М.Қашқари өзінің «Диуани лұғат-ит түрк» шығармасында бірнеше түркі тілдерінің деректерін салыстыра отырып отызға жуық тұлғалық өзгерістерді көрсетеді.
Түркі тілдерінің даму жолын тарихи тұрғыдан зерттеу негізінен екі түрлі: ретроспективті (қазіргі күйінен көнеге қарай) және проспективті (көнеден жаңаға қарай) бағытта жүргізіледі. Тілдің грамматикалық құрылысын зерттеуде салыстырмалы-тарихи әдісті ареалдық әдіспен тоғыстырудың маңызы зор. Себебі ареалдық әдіс арқылы тілдердің, диалектілердің өзара ықпалдасу процесінің сипаты мен дәрежесін, ондай процестің орны мен таралу аймағын айқындап, ол нәтижелерді тілдің тарихи өзгерістерінің бірі ретінде тілдің тарихи грамматикасына енгізуге болады.
Әдебиеттер:
Hoenigswald H.M. The principal step in comparative grammar // Language, 1950, vol. 26, N 3. P.363-364
Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис. М., 1986. С.17-19
Дыбо А.В. Семантическая реконструкция в алтайской этимологии. М., 1996. С.19
Blanar V. Lexicalno-semanticka rekonstrukcia. Bratislava 1984. 82-112
Қашқари М. Түрік сөздігі. І том. Алматы, 1997, 57-60 беттер
Тенишев Э.Р. О методах и источниках сравнительно-исторических исследований тюркских языков //Избранные труды. Книга первая. –Уфа: Гилем, 2006.-304с. С.22-23
Климов Г.А. Основы лингвистической компаративистики. М.: Наука, 1990.-168 с. С.83.
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005. Б.261
Дыбо В. А., Пейрос И. И. Проблемы изучения отдаленного родства языков // Вестник Российской Академии Наук. - М., 1985. - № 2. - С. 55-66
Дәріс №5
Тақырыбы: Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының
тарихи кезеңдері
Дәріс мазмұны:
«Алтай гипотезасы» туралы түсінік
Ғұн дәуірінің түркі халықтары мен олардың тілдерінің дамуындағы орны
Көне түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштер
Орта түркі дәуірі (Х-ХV ғ. аралығы)
Жаңа түркі дәуірі (ХV-ХХ ғ. аралығы)
Ең жаңа түркі дәуірі (ХХ ғ. басынан бүгінге дейін)
Түркі тілдерінің жіктелуіндегі қазақ тілінің орны
Қазақ тілінің ерекшеліктері.
Алтай дәуірі (белгісіз кезден б.з.д. ІІІ ғ.)
Тіл тоқтаусыз дамып отыратын құбылыс болғандықтан, түркі тілдері де негіз тілден бастап қазіргі тілдердің қалыптасуына дейін бірнеше даму сатысынан өткені анық. Соған орай түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің дамуын алты кезеңге бөліп қарастырады:
Алтай дәуірі
Хун дәуірі (б.з. Ү ғасырына дейін)
Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғғ.)
Орта түркі дәуірі (Х-ХҮ ғғ.)
Жаңа түркі дәуірі (ХҮ-ХХ ғғ.)
Ең жаңа дәуір (1917 жылдан кейінгі кезең)2.
Алтай дәуірі – мерзімі жағынан анықталмаған, түркі тілдерінің дамуының ең алғашқы кезеңі.
Түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон, угро-фин, самоди тілдеріндегі дауысты дыбыстар үндесуі, дауыстылардың ассимиляциясы, түбірдегі үнді дыбыстардың ұқсастығы, қосымша морфемалардың жалғамалық сипаты, жалпы мағынаны түбірдің жекеше тұлғасы арқылы беру мүмкіндігі, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштардың өздеріне қатысты сөйлем мүшесінің алдында келуі т.б. мәселелердегі ұқсастықтарды негізге ала отырып, бір топ ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады (Х.Винклер, С.М.Широкогоров, Б.Коллиндер, М.Рясянен т.б.). Бұл ғалымдардың пікірінше өте ерте кездерде (хронологиялық мерзімі анықталмаған дәуірде), орал және алтай тілдері бір негізден өрбіген. Орал тілдері кейіннен екі тармаққа: угро-фин және самоди тілдеріне бөлініп кеткен. Ал алтай тілдері үш тармаққа: түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон тілдеріне ыдыраған. Орал-алтай тіл бірлестігінен гөрі алтай тілдері деген түсінік қазіргі тіл білімінде сіңісіп, көптеген қолдаушылар тауып отыр3.
ХІХ ғ. соңы - ХХғ. басында алтай тілдерінің генеалогиялық классификациясын жасауда негізге алынған «алтай гипотезасы» бүгінгі таңда «ғылыми болжамдық» деңгейден алтаистика немесе салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімі деп аталатын дербес те сүбелі ғылым саласына айналып отыр. Өзінің бір ғасырдан астам тарихында әртүрлі ағымдар мен бағыттардың болуына, әрқилы ғылыми көзқарастар мен ой-тұжырымдардың орын алуына қарамастан, «алтайлық» тілдік материалдарды жинақтап, сұрыптауға, алтай тобына енетін тілдер арасындағы өзара байланысты, қарым-қатынасты айқындау мәселелеріне арналған Г.И.Рамстедт, Дж. Клоусон, Н.Н.Поппе, М.Рясянен, Г.Дерфер, А.М.Щербак, Д.М.Насилов, А.М.Позднеев, Т.М.Розин, О.П.Суник, В.А.Аврорин, Д.Шинор, Н.А.Баскаков, Т.А.Бертагаев, Б.Я.Владимирцов, Г.Д.Санжеев, В.И.Рассадин, Б.Х.Тодаева, А.Ронаташ, В.И.Цинциус, А.Г.Шайхулов С.А.Старостин, Л.Р.Концевич, В.Дыбо т.б. белгілі ғалымдардың іргелі еңбектері тек жалпы алтаистиканың ғана емес, сонымен қатар түркітану, монғолтану, тұнғыстану, маньчжуроведение сияқты салалардың әрқайсысының іштей саралана зерттелуінің ғылыми теориялық-методологиялық тұғырына алынып, ғылыми зерттеудің тарихи-салыстырмалы әдісі тілдік талдаудың сан алуан амал-тәсілдерімен толықтырылды.
Дербес ғылым саласы ретінде ғасырдан астам даму тарихында алтаистика «түркілік мәдениетті әлемдік өркениеттік процестердің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыратын, 2-3 ғасырлық тарихы бар түркологиялық ғылыми білімді және оның озық үлгілерін» [1, 10] өзінің теориялық-методологиялық арқауы етіп келген болса, сол сияқты Г.Рамстедт, Н.Н.Поппе, Ф.Е.Корш, М.Рясянен, В.Л.Котвич, В.М.Иллич-Свитыч, Г.К.Менгес, Н.А.Баскаков, А.М.Шербак, Г.Дерфер, Б.Я.Владимирцов, И.А.Батманов, И.В.Рассадин т.б. көрнекті алтаистердің тұжырымдары мен жинақталған «алтайлық» тілдік материалдар лингвистикалық түркологияның салыстырмалы-тарихи бағытының, түркі тілдерінің әрқайсысының тіл тарихына арналған зерттеулердің ғылыми дәйектемелік және фактологиялық негізіне алынды.
Алтайлық тектілдің ыдырау процесінің қазіргі алтай тілдеріндегі реликт белгілері қатарында – дауысты u дыбысынан кейін келетін тұңғыс тіліндегі t, маньчжур тіліндегі s дауыссыздарының түркі-монғол тілдеріндегі č≈š дауыссыздарына сәйкес келуі; якут тілінде, хакас тілінің сағай және белтир диалектілерінде, башқұрт тілінде тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі s≈t сәйкестігінің s тұлғалы вариантының сақталуы: тұңғыс тілінде gutijn, маньчжур тілінде gusijn лексемаларының монғол тіліндегі gučijn «отыз» сөзімен, маньчжур тіліндегі xusun, монғол тіліндегі küčijn сөздерінің қазіргі алтай тілінде küč, хакас тілінде küs, якут тілінде küüs, башқұрт тілінде kös “күш” лексемаларымен сәйкес келуі; чуваш тіліндегі анлаут č дыбысының басқа түркі тілдеріндегі t,d дыбыстарының орнына қолданылуы: černe ≈tïrnaq/ tïrnak“тырнақ”, čer≈ tiz/tize/diz/dize “тізе” т.б. Соңғы құбылыс чуваш тілін монғол тілдеріне, басқа түркі тілдерін тұнғыс тілдеріне жақындатады.
Осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде жалпытүркі-моңғол тек тілі іштей түркі тілдері және монғол тілдері болып екіге ажырады. Бұл жіктеліс қазіргі тілдердегі мынадай тілдік құбылыстар арқылы дәлелденеді: монғол тілдеріндегі р, л дыбыстары түркі тілдерінде з, ш//с дыбыстарына сәйкес келеді (р–з, л–ш//с). Түркі тілдері ішінде көне бұлғар тілі мен қазіргі чуваш тілі ғана монғолдық ротацизм (р) мен ламбдаизмді (л) сақтап қалған:
Монғол тілдеріндегі r, l дауыссыздары түркі тілдерінде негізінен z, š дыбыстарына ауысқанымен, көне бұлғар және чуваш тілдерінде r, l дыбыстарының сақталып қалуын зерттеушілер түркі, монғол тілдерінің өзара ыдырау кезеңінің сипатын көрсететін реликт ретінде таниды: z≈r – väräm≈uzun «ұзын», väräx≈uzaq «ұзақ», jer≈ijz «із», ker≈ küz «күз», par≈muz/buz «мұз», tijr≈dijz/tijz «тіз», xer≈qïz «қыз», xur≈qaz «қаз», xuran≈qazan «қазан», čer≈ sïz«сыз», ser≈süz «сүз», šur≈saz «саз»; š/s≈j – sul≈jïl/ žïl «жас, жыл», pijlek≈bes/beš «бес», tel≈tüš/tüs «уақыт», telek≈ tüš/tüs «ұйқы, түс», xel≈qïš/qïsw «қыс», čul≈tas/taš «тас», šal≈tis/tiš «тіс», alak≈ešijk/esik «есік», ijlt≈ešijt/esit «есіт, есті» т.б. r≈z/s/d/t/j: ajaq/ajak/adak/azak≈ura «аяқ» cәйкестігінің жекелеген нұсқалары әр түрлі тілдерге тән болуымен қатар, тарихи лексикалық қабаттарға байланысты сәйкестіктің түрлі нұсқалары бір тілдің ішінде де кездесуі мүмкін. Мысалы қазақ тілінде: qïz «қыз» лексемасының r тұлғалы нұсқасы qïz-qïrqïn «қыз-қырқын» қос сөзінің құрамында сақталса, kör≈köz, semir≈semiz синкретті жұптарында есім, етістік мәндерінде жұмсалады. Зерттеушілер түркі-монғол тілдерінің ыдырау процесінің түбегейлі аяқталуын да r, l дыбыстары мен z, s, š дыбыстарының сәйкестіктерімен байланыстырады.
2. Ғұн дәуірі (б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. V ғ.)
Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасыр мен біздің заманымыздың Ү ғасыры аралығын қамтитын кезең түркі тілдері дамуында хун дәуірі деп аталады. Хун дәуірінде өмір сүрген хун тайпасының мұрагерлерін анықтауда да даулы мәселелер көп, ғылымда олардың угро-финдік, монғолдық, түріктік және түркі-монғолдық тегі жайлы төрт түрлі жорамал бар (негізгі бағыттар). Ең алғаш монғолдық тегі жайлы болжам пайда болды. Хундардың монғолдық тегі жайлы ұғымның негізін салушылар П.С.Паллас пен Б.Бергман. Кейінгі зерттеушілер осы бағытты қолдаушы Н.Я.Бичуриннің1 пікіріне сүйенеді.
А.Н.Бернштам, Л.Лигети, В.В.Бартольд, Н.А.Аристов, К.Сиротории, А.Ремюза, Ю.Клапрот тәрізді белгілі ғалымдар хундар – түркі тайпасының ата-тегі, олар түркі тілінде сөйлеген деген пікірді қолдаса3, М.А.Кастрен, Г.Рамстедтер хун тілі түркілер мен монғолдардың ата-бабаларына ортақ тіл болған деген пікір айтады4.
Л.Н.Гумилев хундардың тілі туралы айтылған барлық пікірлерді жинақтай отырып, хундардың түркітілділігі жайлы бағытқа күдікпен қараудың негізсіздігін көрсетеді, ғұндарда жазу болғандығын, Орхон-Енисей ескерткіштері сол жазудың жалғасы дегенді айтады5.
Түркі тілдері дамуының алтай дәуірімен ұштасып жатқан хун дәуірінің алғашқы дәуірден басты айырмашылығы – аз да болса жазба деректердің, мәліметтердің сақталуында.
Хун дәуіріндегі түркі тілдерінің дамуы жайлы Н.А.Баскаков «хун дәуірінде р ~ л тілдері (көне авар, сабыр, бұлғар, қазір чуваш тілдерінің ататегі), з ~ ш тілдері (көне оғыз, көне қырғыз, көне ұйғыр, қазіргі оғыз, қыпшақ, қарлұқ тобындағы тілдердің ататегі) ажырай бастаған» дейді және оларды батыс хун тілдері, шығыс хун тілдері деп екі топқа бөледі10. Бұл дәуірде осыдан бұрын басталған түркі тілдерінің монғол тілдерінен ажырау процесі толығымен аяқталады. Қазіргі түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқын құрайтын ру-тайпалардың да түп-төркіні осы ғұндар болса керек.
3. Көне түркі дәуірі (V-Х ғ. аралығы).
Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының ортасы мен екінші жартысында түркі тілді тайпалар Орта Азия мен қазіргі Қазақстан аумағында, Оңтүстік Сібірде, төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказда Түрік қағанаты, Шығыс түрік қағанаты, Батыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Ұйғыр қағанаты тәрізді ірі мемлекеттерді құрғаны, Енисей қырғыздарының, қарлұқтардың, қимақтар, оғыздардың да мемлекеттік жүйедегі бірлестіктері болғандығы тарихтан белгілі1. Бұл кезең түркі тілдері даму тарихында көне түркі дәуірі деп аталады. Ұлы дала мәдениетін бүкіл әлемге паш еткен «көктүріктер өзінің бастау негізін, түркілік тамырын, тіпті мемлекет құрудың жөн-жоба, дәстүрін хундардан алса»3, көне түркілер тілі қазіргі түркі халықтары тілінің негізгі арнасы болып табылады.
Көне түркі дәуірінің алтай, хун дәуірлерінен басты айырмашылығы: көне түркілер өздері жайлы мол жазба мұра қалдыруында және көне түркі дәуірінің таза түркілік дәуір ретінде қарастырылуында.
Көне түркі дәуірінің баға жетпес мұрасы Орхон-Енисей ескерткіштері сырының ашылуы түркітану ғылымына үлкен бетбұрыс әкеліп, оның бағыт-бағдарын анықтап қана қойған жоқ, көшпелі дала мәдениетін бүкіл әлемге танытты. Орхон-Енисей жазбалары қазіргі және орта түркі тілдері мен түркілік тектіл арасын жалғастырушы бірден-бір лингвистикалық дерек болып табылады.
Адамзат өркениетінің рухани-мәдени құндылықтарының бірі – Орхон-Енисей ойма жазуларының тілі ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бері түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасының алтын арқауы, фонетикалық жүйесі мен грамматикалық конструкциясының, лексикалық қорының өзіндік даму үрдісін, ерекшеліктерінің деңгейін, олардың өзара туыстық қатысын белгілеудің негізгі критериі болып келеді. Қазіргі таңда Монғолиядан, Сібір мен Азиядан хронологиялық жағынан әртүрлі мерзімді қамтитын 200-ге тарта түркі ойма жазулары анықталды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі бір-біріне өте жақын болғанымен, өзара диалектілік ерекшеліктер де айқын аңғарылады. Мұндай ерекшеліктер фонетикалық, лексикалық және кейбір грамматикалық ауытқулардан көрінеді4.
Зерттеушілер көне түркі руникалық жазба ескерткіштері тіліндегі өзгешеліктердің бірнеше себебін көрсетеді: арадағы уақыттың алшақтығы (ХІІІ ғасыр), сол кездегі мемлекет құрамындағы түркі ру-тайпалары (түркі, қарлұқ, түргеш, қырғыз, қыпшақ, оғыз, тардұш, тоғызоғұз, оноқ т.б.) тілдерінің бір орнында өзгермей тұрмауы; сол тілдердің өзара айырмашылықтарының болуы; ескерткіштер жазуы емлесі негізінен консонантты принципке сүйенуі; ескерткіштерді күні бүгінге дейін оқып-аударып келе жатқан зерттеушілердің өз тұсынан қосып, алғандарының аз еместігі5.
Көне түркі жазба мұраларының тілі жайлы оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік ерекшеліктері туралы С.Е.Маловтың, А.Н.Кононовтың, И.А.Батмановтың, Ғ.Айдаровтың, А.Аманжоловтың т.б. зерттеушілердің еңбектерінде жазылған.
Көне түркі дәуірінде қазіргі түркі халықтары ата-бабаларының тілдері өзіндік ерекшеліктерімен айқын ажыратыла бастаған. Мамандар осы дәуірдегі тілді й тілі (оғыздар мен қыпшақтардың тілі), д тілі (ұйғырлардың тілі), з тілі (қырғыздардың тілі) деп топтастырады7.
Көне түркі тілінің сөздік қорындағы көптеген сөздердің қазіргі қазақ тілі лексикасында сол күйінде ешқандай тұлғалық, семантикалық өзгерістерге түспей қолданылуы (аз, бай, бар, бір, боз, бөрі, кісі, түн, күн, құл, күң т.б.), сондай-ақ көне тіліне тән дыбыс сәйкестіктерінің қазақ тілінің өз ішінде кездесуі – ғ, г ~ й (жүгір ~ жүйрік, соғым ~ сойым); т ~ д (түзу ~ дүзу); д ~ й (аяқтау ~ адақтау); с ~ ш (сама ~ шәме, сыла ~ шыла); и ~ з (игі ~ ізгі); д ~ з (бед+ер ~ без+ек) т.б., олардың екі варианты да бір мағынада қолданылып, бірі әдеби тілде, енді бірі диалектілік ерекшеліктерде қолданылуы немесе екеуі де әдеби тілде қолданыла отырып, мағыналық жағынан сараланып екі ұғымды бірдіруі қазақ тілі де басқа түркі тілдері сияқты өз негізін көне түркі тілінен алғандығының айқын дәлелі6.
4. Орта түркі дәуірі (Х-ХV ғ. аралығы)
Х-ХҮ ғасырлар аралығын қамтитын түркі тілдері дамуындағы орта ғасыр дәуірі түркі халықтарының жеке-жеке халық ретінде қалыптаса бастауымен, олардың тілдерінің жалпы түркілік тілден бөлініп шығып, өзіндік ерекшеліктері бар дербес тілдер ретінде саралана бастауымен сипатталады1.
Жеке этностың немесе оның тілінің қалыптасуы бір ғана дәуірде жүзеге аспайтыны да белгілі, белгілі бір халықтың, оның тілінің толық қалыптасып бітуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Өз бастауын бізге беймәлім, хронологиялық жағынан анықталмаған ежелгі замандардағы баба тілден алып, хун дәуірінде іштей ыдыраудың алғашқы нышандары аңғарыла бастаған жалпытүркілік тіл көне түркі дәуірінде одан әрі саралана бастаса, орта түркі дәуірінде дербес тілдердің белгілері айқын көріне бастады. Осы белгілер арқылы қазіргі түркі тілдерінің негізі жасалды. Батыста бұлғар мен хазар тілдерінің бірігуінен чуваш тілі пайда болды, қыпшақ-бұлғар тайпасы тілдері, қыпшақ-половец, қыпшақ-ноғай, оғыз-бұлғар, қарлұқ ұйғыр тіл топтары құрылды. Шығыста көне оғыз тілінен тува, қарағас, якут тілдері, көне қырғыз тілдері жасалды2.
Орта түркі дәуірі іштей екі кезеңге бөлінеді: Қараханидтер дәуірі (Х-ХІІ ғғ.) және Монғолдар дәуірі (ХІІІ-ХҮ ғғ.).
Х ғасырдың ортасына қарай Жетісу мен Қашғардың бір бөлігінде құрылған Қарахан мемлекетінің бастапқы кезеңі туралы нақты деректер сақталмаған, сондықтан алғашқы Қарахан мемлекетінің этникалық атрибуциясы толық айқындалмай келеді3. Дегенмен Қарахан мемлекетінің құрылымы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты екендігі, яғни Қарахан мемлекетінің алғашқы тарихында Қарлұқ конфедерациясы тайпалары ерекше орын алғандығы тарихи әдебиеттерде айтылып жүр. В.Д.Горяеваның көрсетуі бойынша Қарлұқ қағанатының құрамына қарлұқтармен бірге шігілдер, яғмалар да кірген4. М.Қашқари яғма тілін ең таза тілдер қатарына қосады5.
Үлкен аумақты алып жатқан Қарлұқтар мемлекетінің екі орталығы – Баласағұн және Қашғар болған және түркі тілдерінің әртүрлі диалектілерінде сөйлеген, сол диалектілер ішінде й тілі де, д тілі де болғаны анық6.
Қарахан әулеті түріктерінің тілінде жазылған ескерткіштерге Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білігі» (1069), Махмұд Қашқаридың «Диуани луғат-ит түркі» (1074), Ахмед Иүгнекидің «Хибату-л-хақайқ» (ХІІ ғ.) шығармасы, сондай-ақ құран сүрелерінің мәнін түсіндіруге арналған (Тафсирлер сериясына кіретін) бірнеше түсініктемелер кіреді.
Жалпы орта ғасырдағы араб жазулы көне түркі мұралары Қарахан әулеті түріктерінің (ХІ-ХІІ ғғ.), Орта Азия түріктерінің (ХІ-ХІҮ ғғ.), ескі қыпшақ (ХІІ-ХҮ ғғ.) және Шағатай (ХҮ-ХҮІІ ғғ.) тілінде жазылған8 деп бөлінеді (Басқа да бірнеше топтастырулар бар).
Орта Азия түріктерінің тілінде жазылған мұралардың жазылу кезеңі Қарахан мемлекетінің соңғы дәуірінен басталып, монғол шапқыншылығынан кейінгі Алтын Орда дәуірімен жалғасады. Олардың қатарына – Қожа Ахмед Йассауидің «Диуани Хикметі» (ХІ ғ), ибн Муханнаның «Тарджуман фарси уа түрки уа мағали» (ХІІІ ғ.) шығармасы, Ә.Замахшаридың «Мұқаддимат-әл-адабы», Мухаммад бин Алидің «Наһдж-ул-фарадисі» (ХІҮ ғ.), Әбілғасының «Оғызнамасы» (ХІҮ ғ.) т.б. шығармалар жатады.
Алтын Орда дәуірінің мұраларына Хорезмидің «Мухаббатнама», Сайф Сараидың «Гүлстан бит-түрки», Құтыбтың «Хұсрау уа шырын», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиқа» дестандары, Рабғұзидың «Қисса-сул-анбиясы» т.б. шығармалар жатады.
Мемлекет құрамында қыпшақтар мен оғыздар көп болғандықтан бұл шығармаларда қыпшақ, оғыз диалектілері басым болды.
Қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштердің негізгілері – Сади Ахмедтің «Ташұқнамасы», авторлары белгісіз «Қорқыт ата кітабы», «Сираж-әл - кулуб», А.Самарқандидың «Китаб мұқаддимасы», Хорезмидің «Тардждма шаһнамасы», «Китабу ад-дағуа» т.б. шығармалар. Ескі қыпшақ тілінде жазылып қалған шығармалар ескі готикалық, ескі араб, ескі армян, ескі орыс жазуларымен хатталып қалған.
ХІ-ХІҮ ғасырларда Орта Азия мен қазіргі Қазақстан аумағын мекен еткен түркі тайпаларының қалдырған жазба мұралары негізінен аралас тілде – оғыз, қыпшақ, қарлұқ элементтері аралас ортақ тілде жазылғаны белгілі Ислам дінінің үстемдік алуын, түркілердің жазба дәстүрі де араб әліпбиінің өтуіне байланысты араб-парсы элементтері де кеңінен қолданыла бастаған. С.Е. Малов осы кезеңде d тілдері j тілдеріне ауыса бастаған, халық j тілінде сөйлесе, жазба тіл d тілінде болғандығын айта отырып, ХІ-ХІҮ ғасырдағы Орта Азия түркілерінің жазба тілін өтпелі кезең тілі деп атайды. Сондықтан қыпшақ тілінің белгілерін сақтаған жазба ескерткіштер негізінен аралас тілде жазылған. Ә. Құрышжанов ескі қыпшақтардың жазба мұралары ретінде 30 ескерткішті көрсетеді және бұл ескерткіштерді екі топқа бөліп қарастырады: 1. Жалпы түркі жазушыларына ортақ әдеби тілде жазылған; 2. Қарапайым халықтың ауызекі сөйлеу тілінде жазылған. Сондай-ақ қыпшақ тілінің деректері орыс жылнамаларындағы половецтер туралы мәліметтерді, батыс ғалымдарының кумандар туралы зерттеулерінде, араб жазушылары мен зерттеушілерінің мәмлүктер жайлы еңбектерінде, армян қыпшақтарының ресми құжаттарында, сөздіктері мен грамматикаларында т.б. сақталған.
Ал қыпшақ тілінде жазылғандарының ғылымға белгілілері “Кодекс куманикус”, “Мәмлүк қыпшақтары жазба ескерткіштері” және “Армян колониясы жазба ескерткіштері”. Қыпшақ тілінің белгілері толық сақталған бұл ескерткіштерде де оғыз элементтері, кездесетінін зерттеушілер жоққа шығармайды. Ескі қыпшақ тіліндегі оғыздық белгілер қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерден де байқалуы олардың этностық құрамына, кезінде оғыздар мен қыпшақтардың тығыз қарым-қатынаста болып, оғыздардың бір бөлігі қыпшақтарға сіңіп кетуіне байланысты.
ХІ-ХҮІІ ғасырлар аралығында әртүрлі өңірде (Қырым, Подолия, Польша, Венгрия, Египетте) түрлі жазу жүйелерімен хатқа түскен қыпшақ және печенег тілдеріндегі ескерткіштердің қазіргі түркі тілдері арасында алатын орны, олардың даму тарихын көрсетудегі деңгейі жайлы тоқтала отырып, Э.Р. Тенишев бұл ескерткіштердің қазақ, қарақалпақ тілдеріне өте жақын екендігін, қазақ тілі тарихының ерте дәуірін зерттеуде аса маңызды дерек, қайнар көз болып табылатынын атап айтады.
ХІІІ ғасырдың соңында жазылған, діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын “Кодекс Куманикустың” мәтіні ескі қыпшақ тілінің фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік ерекшеліктерін толық анықтауға мүмкіндік беріп қана қойған жоқ, қазіргі қыпшақ тобындағы тілдердің даму жолы мен өзіндік сипатының қалыптасуын зерттеуге де жол ашты. С.Е. Малов ““Кодекс Куманикус” ескерткіші қазақ тілінің тарихы үшін өте бағалы. Ол оңстүтік Ресей даласында жазылғанымен … қазіргі Қазақстанның солтүстігіндегі көшпелі шығыс половецтердің тіліне өте жақын, сондай-ақ осы Оңтүстік Ресей далалықтарының тілі қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас” десе, Ә. Құрышжанов “Кодекс Куманикус” – қазіргі қыпшақ тілдерінің қалыптасу лабораториясы. Оның сөздік қоры мен грамматикалық құрылысы қазақ тілі тарихының қайнар көзі” деп көрсетеді. Ескерткіш тіліндегі негізгі фонетикалық заңдылықтар (š ≈ č сәйкестігінің š вариантын, ž ≈ j сәйкестігінің ж вариантын, d ~ t сәйкестігінің t вариантын, q/k≈ γ/g сәйкестіктерінің q/k вариантын т.б. қолдануы) мен грамматикалық, лексикалық ерекшеліктердің қазіргі қазақ тілінде қолданылуы қазақ тілі ескі қыпшақ тілінің тікелей мұрагерлерінің бірі екенін көрсетеді.
Қазіргі қазақ тілінің тарихи даму жолын анықтауда аса маңызды армян жазулы қыпшақ ескерткіштері, өкінішке орай тым аз зерттелген. Тіпті Ереван қаласындағы Матенадаран кітапханасында сақталған сегіз қолжазбаның 70%-на әлі түсініктеме де жазылмаған екен. Бұл қолжазбалардың ішінде аса құнды “Армян-қыпшақ грамматикасы” және “Армян-қыпшақ тілдерінің тарихы” атты еңбектер де бар. Белгілі армян зерттеушісі О.С. Егапянның айтуы айтуы бойынша, “Армян-қыпшақ грамматикасында” жеті септік түрі көрсетіліп, оларға 184 мысал келтірілген, сондай-ақ 500-дей зат есімдер мен сын есімдер берілген. “Дана Хикар сөзінің” тілін зерттеуші С. Құдасов ескерткіштің фонетикалық жүйесіне, морфологиялық құрылымы мен лексикалық құрамына толық сипаттама бере отырып, аталмыш мұраның тілінен ескі қыпшақ тілінің үлгісі және қазақ тілімен сабақтастығы анық байқалатынын көрсетеді.
Мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған 10 шақты грамматикалық, лексикалық, лексико-грамматикалық еңбектер сақталған. Олардың негізгілері ретінде “Терджуман турки уа араби”, “Китабат-тухфат аз-закия”, “Китаб ал-идра Ли-лисан ал-атрак”, т.б. атауға болады. Мәмлүк қыпшақтарының ескерткіштері басым көпшілігі қыпшақ тілінің негізінде жазылып, кейбіреулері оғыз тілінің әсеріне ұшыраған, енді бір тобы қарлұқ тобындағы тілдермен астарлас. Мәмлүк қыпшақтарының жазба ескерткіштері мен Алтын Орда аумағында жазылған қыпшақ-оғыз ескерткіштерінің тілі жайлы Э.Н. Наджин оғыз тобына жататын қыпшақ тілінің диалектілердің ықпалына ұшырауына байланысты ХІҮ ғасырда Алтын Орда мен Мысырда й тобындағы қыпшақ-оғыз тілі қалыптасқандығын айтады.Мәмлүк қыпшақтарының тілінде жазылған ескерткіштер қазақ тілінің даму жолы мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтауда ерекше орын алады.
Қазақ жазба тілінің мәдени деңгейін көрсететін көне мұралардың бірі – ХҮІ ғасырдың соңы мен ХҮІІ ғасырдың басында жазылған Қадырғали Қасымұлы Жалайридың “Жәми-ат тауарих” атты еңбегі. Кезінде татар халқының ұлттық мұрасы ретінде танылып келген (А. Рахимов, К. Усманов, З.Хисамиева т.б.) Қадырғали Жалайри бабамыздың еңбегі қазақ ғалымдарының тиянақты зерттеулерінің нәтижесінде өз мұрагерін тапты. Белгілі ғалым Р.Сыздықова “Язык “Жами-ат тауарих” Жалайри” атты монографиясында шежіре тілі мен қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қолданысын, образдық-танымдық болмысын салыстыра отырып, шежіре тілінің авторы мен қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы ортақтықтарды көрсетеді.
Шағатай тілі – Қараханидтер дәуіріндегі және одан кейінгі Орта Азия түріктерінің тілдерімен дәстүрлі жалғастықты сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасқан барлық түркілерге ортақ әдеби тіл. Шағатай тіліндегі ескерткіштер қатарында «Тезкерей әулие», «Бақтиярнама», «Миражнама» шығармаларын, Лутфи, Атаи, Сакаи, Гадайи тәрізді ақындар шығармаларын атауға болады. Ең шарықтау дәуірі Әлішер Науаидың шығармашылығымен байланысты қарастырылады. Шағатай тілі де й – тілдер тобына жатқызылады.
Түркі халықтары тарихындағы орта ғасыр өркендеу дәуірі болды: бірнеше жазу жүйесін меңгерген ортағасырлық түркілер сол кездегі түркі тілдерінің жай-күйін танытатын мол мұра қалдырды. Өзге түркі тілдері сияқты, қазақ тілі тарихында да, оның орта ғасыр дәуіріндегі дамуының алатын орны ерекше. Қазақ тілі орта ғасырда бытыраңқы этникалық топтардың жалпы «қыпшақ тілі туыстығы» аясында бірігіп, байырғы географиялық кеңістікте бірте-бірте жалпыхалықтық тілге айналды. Қазақ тілінің орта ғасырдағы кейінгі дамуы ауызекі және жазба тіл ретінде бірбүтін және ажырамас тұтастыққа айналуымен аяқталады. Тілдің мұндай тұтастыққа жетуі тек қана бытыраңқы ру-тайпалық топтардың бірігуі арқылы ғана емес, Орта Азия және Қазақстан аймақтарында қалыптасқан қыпшақ тіл тектестігі аясындағы өзара іштей бірігуі мен жақындасудың нәтижесі.
5) Жаңа түркі дәуірі (ХV-ХХ ғ. аралығы).
Бұл дәуірде түркі халықтары монғол шабуылынан кейін даму қарқыны төмендеп, әбден әлсіреп, бөлшектену жағдайына жетті. Түркілердің ортақ одақтары ыдырап, қазіргі түркі халықтары, олардың тілдері бір-бірінен жекеленіп бөлек-бөлек халықтар, тілдер болып қалыптасты.
ХV-ХVІ ғасырларда біртұтас қазақ тілі жайында айтуға мүмкіндік туды. Бұл заманда қазақтың бай ауыз әдебиеті туды (жыраулар поэзиясы), жазба әдебиет пайда болды. Қазақ тілінің негізгі құрамдық белгілері де осы заманда қалыптасты. Жаңа дәуірде қазақтың біртұтас тілі жүйелене бастады.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар қазақтың халық тілінің даму дәуірі болды. Бұл кезеңде белгілі бір рудың тілі дейтіндей, белгілі бір рулар одағын ерекшелейтіндей айрықша саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайлар болған жоқ. Руларымыз жүздерге бөлінгенімен, белгілі бір жүздің немесе рудың тілі ерекшеленетіндей тарихи жағдай болған жоқ. Сондықтан жалпыхалықтық тіл қазақ халқының құрамына енген негізгі рулар мен тайпалар тілдерінің жинақталған, сараланған түрі ретінде қалыптасты. Қазақ тілі құрамында сақталған тайпалық, кейін регионалдық тілдер қалдықтары диалектілерден көрінеді.
ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі қалыптасты. Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин өздерінің атақты шығармаларын жазды. Сонымен бірге бұл дәуірде қазақ баспасөзі қалыптасты.
4. Ең жаңа дәуір (ХХ ғ. басынан бастап бүгінге дейін)
Қазақ тілінің жаңа дәуірі (ХХ ғ. басынан бастап бүгінге дейін) ауызекі және жазба тілдің, сондай-ақ жазба әдеби тілдің демократиялық даму мазмұнымен және оның құрылымдық бөліктерінің жетілдірілуімен, жазу ережелерінің, лексика-грамматикалық нормаларының тұрақтануымен, функционалды стилдерінің дамып келе жатқан көп жанрлы көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік және қоғамдық-ағартушылық әдебиет негізінде саралануымен сипатталады. Бұл дәуірде түркологияның жеке бір саласы ретінде қазақ тіл білімі қалыптасты.
Тұжырым: Қазақ тілі Н.А.Баскаковтың генеалогиялық классификациясы бойынша Батыс хун тілдерінің Қыпшақ тобына, оның ішінде Қыпшақ-ноғай топшасына енеді. Қыпшақ тобының негізгі фонетикалық белгілері: сегіз не тоғыз дауысты дыбыстың болуы; қосымшаларда еріндік дауыстылардың қолданылмауы; ерін үндестігінің әлсіздігі; созылыңқы дауыстылардың болмауы; ғ, г дыбыстарының сөз соңында өзгерістерге түсуі (й, у, в); сөз басындағы й ~ ш ~ дж дыбыстарының алмасып келуі. Қазақ тілін ең жас тілдер қатарына жатқызуда С.Е.Маловтың негізгі критерий етіп алған фонетикалық заңдылықтарының бірі – қатаң дыбыстардың ұяң дыбыстарға ауысуы (асты ~ алды, берті ~ берді т.б.), екіншісі ‒ ілгерілеу заңдылығы, яғни тіл арты, тіл ортасы ғ/г дыбыстарының ілгерінді артикуляциямен айтылатын у, й дыбыстарына өзгеруі немесе редукцияға ұшырап түсіп қалуы (тағ ~ тау, кішіг ~ кішіт т.б.).
ХІХ екінші жартысында қалыптасып, бүгінде функциональдықтұрғыдан жан-жақты дамып отырған қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі өз бастауын көне түркі, орта түркі, шағатай китаби тілі жалпытүркілік жазба тіл дәстүрлеріне алады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. –Алматы, 1988
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы, 1991
Түймебаев Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. –Түркістан, 2005
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. –Алматы,1988
Ќордабаев Т. Түркология және қазақ тіл білімі. –Алматы,1998.
Қазақ тілі.Энциклопедия. –Алматы, 1998.
Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. –Алматы, 1971.
Ќайдар Ә., Оразов М. Түркітануға кіріспе. –Алматы,2001.
Қоңырбай Ө. Көне дәуір күмбірі (Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер) // Жалын. 2005, маусым. -№6, -8-28 беттер.
Дәріс №6
Тақырыбы: Қазақ тілінің тарихи фонетикасы: дауысты дыбыстар жүйесіндегі сәйкестіктер.
Дәріс мазмұны:
Тарихи фонетика тарихи тіл білімінің дербес саласы ретінде тарихи-салыстырмалы тіл білімі аясында қалыптасты. Тарихи фонетика сөйлеу тілінің (осы мерзімдегі тілдің) дыбыстарын, дыбыстық заңдылықтарын, қарастырмайды. Ол тек тілдік дыбыс жайлы ұғымды негізге алады, ал дыбыс жайлы ұғым фонетикалық белгілерді салыстыра қорытындылау барысында қалыптасады. Дыбыстың о бастағы тұлғасын анықтау тарихи-салыстырмалы әдіс және реконструкция тәсілі арқылы туыс тілдер мен диалектілер материалдарын зерттеудің нәтижесі болып табылады. Айталық, тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы түркі тілдері тарихында р>з>й, д//т>з>й, ағ//ығ//уғ//ег//іг>у//й /б ауысуларының болғандығы анықталса, қазіргі тіл фактілерін өзара салыстыру арқылы қазақ тілінде сол ауысулардың р>з, д>й, к//қ, у//й тәрізді іздері сақталған. Ал мұндай сәйкестіктер қазақ тілінің көне түркі тіліне, тіпті жалпыалтайлық (түркі-монғол) тіл бірлестігіне қатыс дәрежесін көрсетеді.
Тарихи фонетика бағытында жүргізілген түркологиялық зерттеулер бойынша түркі тілдерінің фонетикалық жүйелеріндегі ортақтықтар мынадай болып келеді:
1) сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды. Бірінші буында ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйткені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы дыбысталады. Екінші және одан кейінгі буындарда көбіне жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінетін 6 дауысты дыбыс жұмсалады. Сонымен, бірінші буын вокализмі мен екінші буын (сол сияқты одан кейінгі буындар) вокализмі сандық жағынан да, сапалық жағынан да бірдей емес, әр түрлі болып отырады;
2) Біршама жүйелі болып отыратын сингармонизм заңдылығы. Сингармонизм заңдылығы бірен-саран тілдерде (мыс., ұйғыр тілі) умлаутпен күрделеніп отырады;
3) сөз басында 7 дауыссыз фонема айтылады (кейбір ауытқуларды еске алмағанда), оның төртеуі – шұғыл дауыссыздар (б, т, қ, ч), біреуі – мұрын жолды (м), екеуі – ызың (проточные) – с, й. Сөздің ортасы мен соңында 17 дауыссыз айтылады, олардың 7-і шұғыл (взрывные) – п, б, д, к, қ, г, ч, 4-і мұрын жолды – м, р, ң, н, 4-і ызың (проточные) дауыссыздар – й, с, з, ш, екеуі – діріл дыбыстары (плавные) – л, р, сөз соңындағы шұғылдар екі вариантты, ғ, г ұяң дауыссыздары сөз ішінде тұрақты болып келеді.
4) Сөздің абсолют басында бір ғана дауыссыз айтылады, яғни сөз басында дауыссыздардың қабаттасып келуі түркі тілдерінде тән емес. Түркі тілдерінің байырғы консонантизмі басқа жүйелі тілдермен (герман, семит т.б.) салыстырғанда, сапа, тұр жағынан өзгеше болумен бірге, көп көріністі емес, бірөңкей болып келеді.
5) Түркі тілдері фонетикалық жүйесінің үлкен бір ерекшелігі – сөз екпінінің сөздің соңғы буынына түсетіндігі. Кейбір сөздер мен грамматикалық формаларға байланысты аздаған ауытқуды ескермегенде, бұл ерекшелік түркі тілдеріндегі тұрақты белгілердің тобына жатады.
Туыстас тілдер арасындағы сөздердің варианттылығы, дыбыстардың фонетикалық өзгерістері – тіл дамуының бастапқы кезеңдерінен бастау алатын ежелгі дәуірдің жемісі. Түбір сөздердің тұлғалық өзгерістері арқылы туыс тілдердің алыс-жақындығына қарай жіктелу механизмдері де тарихи құбылыс – дыбыс сәйкестіктері арқылы сипатталады. Түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де дыбыстық жүйесінің даму заңдылықтарын айқындауда Орхон, Енисей, Талас жазба ескерткіштерінің тілі негізгі діңгек ретінде қарастырылады. Түбір сөздердің тұлғалық өзгерістері арқылы туыс тілдердің алыс-жақындығына қарай жіктелу механизмдері де тарихи құбылыс – дыбыс сәйкестіктері арқылы сипатталады.
Қазіргі түркі тілдерінің вокализмдер жүйесінің жалпы сипаты ортақ болғанымен әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, жалпытүркілік баба тілдің вокализмдер жүйесіне сәйкес жаңғыртылған түркі тілдерінің дауыстылар жүйесі шартты түрде төрт топқа бөлініп қарастырылады: 1) оғыздық тип – бірінші дәрежелі созылыңқы дауыстылардың және дифтонг, полидифтонг дыбыстардың, қысқа дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе; 2) алтайлық тип - екінші дәрежелі созылыңқылар мен қысаң дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе; 3) қыпшақтық типі - созылыңқы дауыстылар мен өте қысқа дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе ; 4) тува-тофалар (қарағас) типі- екінші дәрежелі созылыңқы дауыстылар мен қысқа дауыстылардың қарама-қарсылығына негізделген жүйе. Оғыз типінің белгілері түркімен тілінің негізгі диалектілері мен әдеби тілінен, якут тілінен, халадж тілінен, өзбек тілінің оғыз говорынан көрінеді; әзірбайжан, түрік, ғағауыз және чуваш тілдерінен біршама аз байқалады. Алтай типінің көрінісі алтай, хакас, шор, қырғыз тілдерінің дауыстылар жүйесінен, кейбір түркі диалектілерінен байқалады. Қыпшақ типінің белгілерін қазақ, ноғай, қарақалпақ, қырым-татар тілдері, өзбек тілінің қыпшақ говоры, татар тілі және оның диалектілері, башқұрт тілі, сондай-ақ чуваш тілінің кейбір деректері сипаттайды. Тува-тофалар типінің ерекшеліктерін тува және тофалар (қарағас) тілдері көрсетеді 2.
Түркi вокализмдерiнiң дамуы жалпы түркi тiлдерi дамуының бес кезеңiне – алтай дәуiрiне дейiнгi кезең, алтай дәуiрi, хун дәуiрi, көне түркi дәуiрi, қазiргi түркi тiлдерiнiң қалыптасу дәуiрлерiне сәйкес қарастырылатыны белгiлi. Көне түркi дәуiрiнде түркi тiлдерiнiң бұлгар, оғыз, қыпшақ, қарлуқ, ұйғыр т.б. топтарының фонологиялық жүйесiнiң ерекше белгiлерi өзара ажырай бастаса, қазiргi түркi тiлдерi дәуiрiнде әрбiр жеке тiлдердiң өзiне тән фонологиялық белгiлерi қалыптасып, дербестiкке ие болғанын көрсеткен Н.А.Баскаковтың пікірі көпшілік зерттеушілерден қолдау тауып отыр.
Қыпшақ тобына кіретін қазақ тілінде дербес қолданылатын моносиллабтар құрамында дауысты дыбыстар өте қысқа болып айтылмайды, тек эмоционалдық-стильдік ыңғайда, императивтік мәнде жұмсалғанда ғана біршама қысқа айтылуы мүмкін. Бұл дербес моносиллабтар құрамындағы дауыстылар мен полисиллабтар құрамындағы дауыстылардың сапалық деңгейінің біркелкі еместігін айқындайды.
А.Н.Кононов ҮII-IХ ғасыр түркiлерi тiлi дауыстылар жүйесiнiң сапалық сипаттамасын жасауда жалпы адамзаттың сыртқы дыбыстау мүшелерiнiң қатысы арқылы анықталатын әлемдiк фонетикалық топтастырудың негiзгi үш критериiн қолданады. «1. Көне түркi дауыстылары жақтың ашылу деңгейi мен тiлдiң көлденең қозғалыстағы жағдайына қарай үш деңгейлi оппозиция құрайды. Ашық: а, ä. Орташа ашық: (е), о, ö. Қысаң: ï, i, u, ü. 2. Жасалу орнына қарай (жуан/соңғы қатар – жiңiшке/алдыңғы қатар) көне түркiлiк 8 дауысты былай бөлiнедi. Жуан қатар: а, о, u, ï. Жiңiшке қатар: ä (ę), ö, ü, i. 3. Ерiннiң қатысына қарай ерiндiк және ерiндiк емес (езулiк) болып бөлiнедi. Ерiндiк: о, ö, u, ü. Езулiк: а, ä (ę), ï, i» .
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі дауыстылар жүйесі қазіргі қыпшақ тобындағы дауыстылар жүйесінің құрамынан ерекше ажыратылмайды. Басты ерекшелік – қазіргі тілдерде ä дыбысының дербес фонема ретінде қолданылуында ғана. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын ä дауыстысы Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде де қолданыста болғанын, көне түркi әлiпбиi дауыстылар жүйесi 9 фонемадан тұратынын көрсететін еңбектер бар . Қазақ ғалымы Ғ.Айдаров өз еңбектерінде тек е дауыстысын ғана қолданса(Айд.I, Айд.II), И.Л.Кызласов, Л.С.Левитская тәрізді белгілі түркітанушылар ä, е дыбыстары бір фонеманың варианттары ретінде қатар қолданыста болған деген пікірде.
Қазіргі түркі тілдерінің, орта ғасыр түркі тілдерінің деректері негізінде, кей тілдерде ä фонемасының қолданылмауына байланысты мамандар таза түркілік фонема ретінде е дыбысын таниды, ä дыбысы кірме элемент ретінде қарастырылады. К.Мұсаев Сібір түркі тілдері дауыстылар жүйесінде ä дыбысының қолданылмауын, олардың араб әліпбиін пайдаланбауымен, сондықтан да ол тілдер араб-парсы ықпалына ұшырамағындығымен, түркілерге ä фонемасының келуін түркі халықтары мен парсылардың тығыз қарым-қатынаста болып, парсы мәдениетінің түркілер арасында кеңінен таралуымен байланыстырады.Ә (ä) дыбысын түркi тiлдерi фонологиялық жүйесiнiң дамуындағы кейiнгi құбылыс ретiнде таныған Н.А.Баскаков көне түркiлiк дауыстылар жүйесiне аталған дыбысты қоспайды, Иран субстратының ықпалына ұшыраған жалпытүркiлiк вокализмдер жүйесiнiң деформациалануы нәтижесiнде қалыптасқан ä дауыстысының қолданыс аясы оғыз тобындағы әзiрбайжан, гагауыз, қарлұқ тобындағы ұйғыр, өзбек, қыпшақ тобындағы татар, башқұрт тiлдерiмен ғана шектелетiнiн көрсетеді.
Көне түркi тiлi дауыстылар жүйесiнiң құрамын толық сақтаған қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi вокализмдер жүйесi аздаған артикуляциялық ерекшелiктерi бар 8-9 дауыстыдан тұрады. Салыстырсақ:
Орхон, Енисей, Талас, ескi қыпшақ ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi дауысты дыбыстардың артикуляциялық жiктелiсi, құрамы

Тiлдер Жасалуы Тiлдiк қатар
ашық жартылай ашық қысаң жартылай қысаң Тiл алды Тiл ортасы Тiл арты
езу ерiн езу ерiн езу ерiн
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi а
е о
ö ï
i
u
ü i
е ü
ö а
ï u
о
Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлi а
е
о
ö i
ï
u
ü i
е ü
ö a
ï u
о
Қазақ тiлi а
ä
е
о
ö i
ï
u
ü i
ä
е ü
ö а
ï u
о
Қарақалпақ тiлi а
ä
е
о
ö j(ij)
ü
ï
u j(ij)
ä
е ü
ö а
ï u
о
Ноғай тiлi а
ä
е
о
ö j(ij)
ü
ï
u j(ij)
ä
е ü
ö а
ï u
о
Башқұрт тiлi а
ä о
ö j(ij)
ü
е
ï j(ij)
е
ä ü
ö а
ï u
о
Татар тiлi а
ä е
ö
ï
о j(ij)
ü
u
u
е
ä
ü
ö а
ï u
о
Қарайым тiлi а
э
ö
о j(ij)
ü
ï
u j(ij)
э ü
ö ï
а
u
о
Қарашай-балқар тiлi а
э (е)
jo(ë)
о j(ij) j(ij)
э(е) ju(ю)
jo(ë) а
ï
u
о
Құмық тiлi а
е
ö
о u
ü
w(uw)
ï u
e ü
ö а
ï
о
w(uw)
Қырғыз тiлi а
аа ö
öö
э
ээ
о
оо ü
üü
j(ij)
ï
u
uu j(ij)
э, ээ ü,üü
ö,öö ï а,аа u,uu
о, оо
Қырым татарлары тiлi а
е
о,ö u,ü
ï,uw u
e ü
ö а,ï u,o ***
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiнде дауысты фоно-корреляттардың толық құрамы мынадай сәйкестiктердi қамтиды:
1. a ≈ ä сәйкестiгi: *at ≈ ät → atï ≈ ätij «жасы үлкен туыс», «әке, ата»;
2. a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;
3. a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;
4. a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈ onï «оны», ol «ол»;
5. a ≈ u сәйкестiгi: anï ≈ unï «оны», ol «ол»;
6. e ≈ i сәйкестiгi: jir ≈ žer «жер»;
7. e ≈ э сәйкестiгi: еr ≈ эr «ер адам, ер, батыр»;
8. e ≈ ä сәйкестiгi: *je ≈ *žä → jeme ≈ žäne «және»;
9. ï ≈ a сәйкестiгi: *ïγ ≈ *aγ → ïγač ≈ aγaš «ағаш»;
10. ï ≈ u сәйкестiгi: *jïm ≈ *žum → jïmčaq ≈ žumsaq «жұмсақ»;
11. ï ≈ o сәйкестiгi: *jïm ≈ *jom → jïmčaq ≈ jomšaq;
12. ï ≈ i сәйкестiгi: tïl ≈ til «тiл», «хабар»;
13. ï ≈ ij сәйкестiгi: til ≈ tijl «тiл»;
14. ï ≈ e сәйкестiгi: til ≈ tel «тiл»;
15. i ≈ э сәйкестiгi: is ≈ эš «iс», «жұмыс»;
16. i ≈ e сәйкестiгi: it ≈ et «ет, iсте»;
17. i ≈ ij сәйкестiгi: *il ≈ *ijl → ilki ≈ ijlki «iлкi, алғашқы»;
18. i ≈ ï сәйкестiгi: *sil ≈ *sïl → silik ≈ sïlïq «ару, пәк»;
19. i ≈ u сәйкестiгi: *sil ≈ *sul → silik ≈ suluw «ару, сұлу»;
20. u ≈ o сәйкестiгi: ur ≈ or «белгiлi бiр iс-әрекеттi iстей бiлу»;
21. ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ ölöč «үлес»;
22. ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
23. ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈ oj «ой»;
24. ö ≈ э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл»;
25. o ≈ ö сәйкестiгi: qop ≈ köp «көп».
Аталған сәйкестiктердiң барлығы дерлiк қыпшақ тiлдерi арасында да, бiр тiл iшiнде де қолданылды, кейбiр сәйкестiктер ескерткiштер тiлiнiң өз iшiнде де қолданылады: а ≈ о сәйкестiгi: ol ≈ anï «ол», «оны»; а ≈ е сәйкестiгi: jana ≈ jeme «және»; e ≈ i сәйкестiгi: el ≈ il «ел»; ü ≈ ö сәйкестiгi: ügüz ≈ ögüz «өзен». Ескерткіштер тіліндегі дауысты дыбыстардың қазақ тіліндегі өзгерістері төмендегідей дыбыс сәйкестіктері кешенін құрайды.
a ≈ e сәйкестiгi: *an ≈ en → ančula ≈ enšile «еншiлеу, атау, иемдену»;
a ≈ ï сәйкестiгi: taš ≈ tïs «сырты, тысы»;
a ≈ o сәйкестiгi: anï ≈onï «оны», ol «ол»;
e ≈ i сәйкестiгi: jir ≈ žer «жер»;
e ≈ ä сәйкестiгi: *je ≈ *žä → jeme ≈ žäne «және»;
ï ≈ a сәйкестiгi: *ïγ ≈ *aγ → ïγač ≈ aγaš «ағаш»;
ï ≈ u сәйкестiгi: *jïm ≈*žum → jïmčaq ≈ žumsaq «жұмсақ»;
ï ≈ i сәйкестiгi: tïl ≈ til «тiл», «хабар»;
i ≈ e сәйкестiгi: it ≈ et «ет, iсте»;
i ≈ ï сәйкестiгi: *sil ≈*sïl → silik ≈ sïlïq «ару, пәк»;
i ≈ u сәйкестiгi: *sil ≈*sul → silik ≈ suluw «ару, сұлу»;
ö ≈ ü сәйкестiгi: ög ≈ üg → ügej «шеше, ана», «өгей»;
ö ≈ o сәйкестiгi: ög ≈oj «ой»;
о≈ ö сәйкестiгi: qop ≈ köp «көп».
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар жүйесiндегi дауысты дыбыстардың фоно-морфо-семантикалық табиғаты түркi түбiрлерiндегi дауыстылардың тұрақтылық сипаты немесе олардың дауыссыздарға тәуелдiлiгi (мағыналық) жайлы тұжырымдардың тым бiржақты екенiн көрсетедi.
а≈ä сәйкестiгi. at(ï) ≈ at(a) ≈ ät(ij), ескерткіштер тілінде: at(ï) «немере, туыс» (~ тат. тілінде ät(ij), қаз., ққалп., қырғ., ноғ., құм.) at(a) түрінде тұлғаланып «әке, баба» мағынасында және жалпы егде жастағы ер адамдарға қатысты қолданылады (ЭСТЯ I, 200);
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі бірбуынды түбірлер мен түбір-негіздер құрамындағы а фонемасының ä фонемасына ауысуы қыпшақ-ноғай тобындағы тілдерден гөрі қыпшақ - бұлғар тобындағы тілдерде жиі кездесетіндігін байқауға болады: башқ. bäj(läm) «тоқу», bäj läneš «байланыс», jäj «жаз», jäš «жас», jäš(en) «жай, жасын», säs «шаш», ~ қаз., ққалп., ноғ. baj(lam), baj(lanïs), žaz, žaj, šaš.
Қазақ говорларында езу дауыстылары а, ä дыбыстарының бірінің орнына бірінің қолданылуы тамырын кең жайған құбылыс.103 Қазақ әдеби тілінде де а, ä дыбыстарының қатар қолданылуы кездеседі (қар(т), қар(ия) ≈ кәр(і); ар(ы) ≈ әр(і); бар(ы), бар(лығы) ≈ бәр(і) т.б.), бірақ негізгі құбылыс диалектілер арасында фонологиялық мән жүктемей (жана ≈ және, жаң(ағы) ≈ жәң(егі), ащы ≈ әщі, ажал ≈ әжел, шарт ≈ шәрт, шам ≈ шәм, қатты ≈ кәтті) іске асады. Қазақ тіліндегі ä фонемасының негізгі таралу аймағы Оңтүстік Қазақстан өңірі аталғанымен, солтүстік, батыс (Маңғыстау, Қостанай, Көкшетау) аймақтарда да а ≈ ä сәйкестігі жиі ұшырасады.104
а≈е сәйкестiгi. *an ≈ *en, an(čula) ~ en(šile) «еншілеу, атау» ~ қаз. enšile; jan ≈ žeņ «жеңу» ~ қаз., ққалп., қырғ., қ.балқ. žeņ, башқ. еņ, тат. žijņ.
Қазіргі қыпшақ тобындағы моносиллабтар құрамындағы е дыбысының жуан а дыбысымен қолданылуы чуваш тіліне тән: чув. al(ak) «қақпа» ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. es(ik) «дверь», чув. sa(mar) «майлы», sag(ar) «сегіз», par «дай» (СФ, 87, 161, 163) ~ қаз., ққалп., ноғ. sem(iž), seg(iž), ber, тат., башқ., қ.балқ. sem(ijž), seg(ijs), ber/bïr.
Қазақ тілінде жіңішке айтылатын моносиллабтар қырғыз, қарақалпақ тілдерінде жуан айтылса, қазақ тілінде а фонемасымен қолданылатын сөздер башқұрт, татар, ноғай тілдерінде жіңiшке е фонемасымен қолданылуы да кездеседi. Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тілдеріндегі а, ä, е дыбыстарының алмасып қолданылуы аталған дыбыстардың түп-төркіні бір екеніне дәлел бола алады.
Қыпшақ тілдері ішінде ескерткіштер тіліндегі жуан а дауыстысын толық сақтап қалған тіл – қазақ тілі. Қазақ тілінің өз ішінде де түбірлес моносиллабтар құрамында а ≈ е сәйкестігі диалектілік ерекшеліктерде біршама жиі ұшырасады: жана ≈ және, айал ≈ әйел, ажа ≈ әже, жаудыра ≈ жәудiре, шартық ≈ шәртiк, қауза ≈ кеузе т.б. Ал әдеби тілде аздау кездеседі: қақ/қау ≈ кеп/кеу, кеб(у), қаудыра ≈ кеудіре ≈ кәудiре, дам(ыл) ≈ дем(іл), қар(т)/қар/ия ≈ кәр(i), ант(ала) ≈ ент(еле), ал(аңда) ≈ ел(еңде), шат(ына) ≈ шет(іне) ≈ сет(іне) т.б.
а≈ï сәйкестiгi. көне т. taš(ï) ~ tïs «сырты» ~ қаз тілінде tïs, tïs(ta), tïs(qarï); ққалп., ноғ., қырғ. tïs; тат., башқ. tïš.
а ≈ ï сәйкестігі екі-үш сөз құрамында ғана кездескенімен қазіргі қыпшақ тілдерінің өз ішінде біршама жиі кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде: шат(ына) ≈ шыт(ына), дақ ≈ дық (көңілінде дық қалды), қақ ≈ қық/қый, қал(жың) ≈ қыл(жың), саңқ ≈ сыңқ, шарт ≈ шырт, жалт ≈ жылт т.б. Жергілікті ерекшелікке байланысты а ≈ ï сәйкестігінің аясы кеңейе түседі: дар(дай) ≈ дыр(дай), даб(ыл) ≈ дыб(ыл) арс(и) ≈ ырс(и), қал(жыңбас) ≈ қыл(жыңбас), тыр(мыс) ≈ тар(мыс), сал(қал) ≈ сыл(қыл), тан(ым) ≈ тын(ым), сал(быр) ≈ сыл(быр), мар(дымсыз) ≈ мыр(дымсыз). Қазақ тiлiнiң өз iшiнде де а ≈ ï сәйкестiктерiнiң кездесуiне байланысты зерттеушiлер а, ï фонемаларын тектес дыбыстар қатарында қарастырады.
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде жалпытүркі тілінде а дыбысымен қалыптасқан моносиллабтардың қысаң ï дыбысымен қолданылуы негізінен чуваш, якут, тува тілдеріне тән: чув. pïl «мед», ïlttan «золото», pïr «идти» ~ қаз., ққалп., тат., башқ., құм., қар., қ.-б. bal, altïn, bar/υär; а≈ï сәйкестігі түркі тілдері фонетикалық жүйесінің дамуына байланысты қалыптасқан көне тарихи құбылыстардың бірі. М.Рясянен а ≈ ï сәйкестігін орал ~ алтай тіл бірлестігі аясында қарастырады.
а ≈ о сәйкестiгi: көне т. an(ï) ≈ on(ï) ~ қаз., ққалп., ноғ. onï «оны» Тат., башқ. тiлдерiнде көне түркiлiк оl жiктеу есiмдiгiнiң табыс септiк формасы anï а ≈ u сәйкестiгiн түзiп қолданылады: unï. Қыпшақ тобындағы тiлдерде anï жiктеу есiмдiгi тұлғалық өзгерiске ұшырағанымен осы сөзбен түбiрлес сiлтеу есiмдiгi кеңiнен қолданылады: аnа (ана адам), аnаw.
Е дауыстысы қазақ тiлiнде жуан сыңарлы құрама сөздердiң басында, s, š, ž дыбыстарынан кейiн э дыбысына жуық, бейүндес буын аралығында ä фонемасына жақын айтылады. Тiл алды ашық езу фонемасы е қазіргі қыпшақ тілдеріндегі моносиллабтар құрамында толық сақталған. Қыпшақ тiлдерi iшiнде йотациялық (je, jэ) құбылысы ноғай, қарақалпақ тiлдерiнде қазақ тiлiне қарағанда күштiрек болса, шығыс қыпшақ тобына енетiн қырғыз тiлiнде е дауыстысының ашық дифтонгтық сапасы байқалмайды. Татар, башқұрт тiлдерiндегi моносиллабтар құрамында е фонемасы көбiне ij(и) дифтонгi арқылы дыбысталады: анлаут жағдайда: Орх., Е. еkі ~ қаз., ққалп., ноғ. еkі; башқ., тат. ijke, қырғ. эkij «екі»; Орх., Е., Тал. el ~ қаз., ққалп., ноғ. el, қырғ. эl «ел- жұрт»; Орх., Е. eņ ~ қаз., ққалп., ноғ. en, тат., башқ., құм., қырғ. эņ «ең»; Орх., Е., Тал. eb (ДТД, 36) ~ қаз., ққалп. құм., ноғ., қырғ. üj; тат., башқ. öj «үй»; инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. bed(iz) ~ қаз., ққалп., қырғ. bed(er), тат., башқ. bijz(äk)/bijz(ew) «ою-өрнек»; Орх., Е. keg ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. kek «кек»; Орх. šeg «өліксе» (ДТД, 82) ~ қаз. šet(ine) «шетінеу,қайтыс болу»; ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ne ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., құм., тат., башқ., қырғ. ne «не?»; Орх. te/ti (ДТС, 545) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм. de, тат. dij, башқ. tij «деу».
Ескерткіштер тілі мен қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерде е фонемасының өзгерістеріне қатысты үш дыбыс сәйкестігі кездеседі.
е ≈і сәйкестiгi. Орх. jer/jir, Е. jer ~ қаз., ққалп., қырғ. žer; тат. žijr; башқ. jer «жер». Орх., Е., Тал. el/il ~ қаз., ққалп., құм. el, тат., башқ. el/il, қырғ. эl «ел»; Орх., Е., Тал. et/it ~ қаз., құм., ққалп., қырғ. et, тат., башқ., қар.-б. it/et «делать, сделать»; Орх., Е. ked(im) ~ қаз., ққалп., құм., қ.-б. kij(im), тат. kij(em), башқ. kej(im); қырғ. kij(ijm) «кииім»; Орх., Е. kej(ik) ~ қаз., ққалп., құм. kij(ik); тат., башқ. kej(ik), қырғ. kij(ijk) «киік». Ескерткiштер тiлiнде алмасып қолданыла беретiн е ≈ і сәйкестігі қазіргі қыпшақ тілдерінiң арасында да кездеседi, кей жағдайда бір тіл ішінде екі вариант қатар қолданылады.
е≈ä сәйкестігі. Орх., Е. je(me) ≈ žä(ne): jaņïlïp ülesikiņin jeme bunta urtïm «Жаңылып көшкенiңдi және сонда айттым» (КТк. 10) ~ қаз., ққалп. žäne, тат., башқ., jänä, қар. janï «және,тағыда».
е ≈э сәйкестігі. э тұлғасы негізінен қырғ., құм., ноғ. тілдеріне тән. Орх., Е., Тал. еkі «екі», el/il «ел, ру-тайпа», eņ «ең», er «еркек; батыр» ~ қырғ. эkü, эl, эņ, эr., құм. эkij, эr
Вокализмдер жүйесiндегi ï – қысаң, жуан дауыстысы көне түркі, қыпшақ және қазақ тілдерінде V, VC, VC, CVC, CVCC, VCC модельдi моносиллабтар құрамының барлық позициясында қолданылады: анлаут жағдайда. Орх. ïd/ït «ыт, жібер» ~ қаз., ït(uw), ït(qïtuw); Енис. ït «ит» (ДТД, 85) ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. ijt; Орх., Е. ïr(aq) «жырақтау» (ДТД, 84) ~ қаз. žïr(aq), ққалп. žïraq/ïraq; инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. jïl «год» ~ қаз., ққалп., башқ. zïl, құм., тат, ноғ. jïl; Орх., Е., Тал. jïm(čaq) «жұмсақ» ~ тат., қ.тат. диалектілерінде jïm(šaq), қар. jïm(šax), ққалп. dïm(saq); Орх., Е., Тал. jïš «қалың орман, ну тоғай»~ ққалп. žïs, тат., башқ. jïs, қырғ. žïš. Қазақ тіліндегі žïnïs «қалың, ну» лексемасының көне түркілік jïš сөзімен төркіндестігі байқалады; ауслаут жағдайда: Орх. sï ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., қар. sï(n), башқ. hïņ «сындыру».
Көне түркi тiлiне қарағанда қазiргi қыпшақ тобындағы тiлдерде ï дыбысының қолданыс аясы едәуiр кеңiгенiн байқауға болады, әсiресе башқұрт тiлiнде кең тараған: bïl «это», bïr(aw) «бұрғылау», jïw(a) «жуа», jïw(an) «жуан», jïw(at) «утешать», qïw «гонять», tïw «туу».
ï≈а сәйкестiгi. Орх. ïγač «ағаш» ~ қаз., ққалп. aγaš, құм. agač , башқ. aγas , қырғ. žïgač, ноғ. аgaš; Тоникуқ жазбасында ï «бұта, шөп» тұлғасының қолданыста болуы аталған лексеманың бастапқы түбірі *а/*ï болуы мүмкіндiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiндегi арша, ырғай тәрiздi өсiмдiк атауларының моносиллабтық негiзiнде көне түркiлiк ï лексемасы жатуы мүмкiн. Қазақ тілінде ï ≈ а сәйкестiгiнiң сөз мағынасын әсерi байқалады: *қыл ≈ *қал → қылжақ «сайқымазақ, орынсыз бұрма, тәлкек сөз» ≈ қалжың «әзiл» (ҚТТС VI, 582); қар ≈ *қыр, қар «қыста жапалақтап жауатын түсi ақ атмосфералық жауын-шашын» ≈ қырау «суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бiр нәрсеге қар тәрiздi болып ағарып қонған күйi» (ҚТТС, ҮI, 34, 618). А.М.Щербак ï фонемасын түркi вокализмдерi жүйесiндегi ең көне дыбыстар ретiнде қарастырып, қазiргi тiлдерiнiң көпшiлiгiнде i дыбыстарынан басталатын моносиллабтардың архетиптерiн ï тұлғасы арқылы реконструкциялайды . Бұған қарағанда ескерткiштер тiлi мен қыпшақ тiлдерi арасындағы ï ≈ a сәйкестiгiнен жалпы алтай тiлдерiне тән қысаң дауыстылардың сыну құбылыстының iзi аңғарылады.
ï≈u сәйкестiгi. *jïm ≈ *žum, Орх., Е. jïm(čaq) «жұмсақ» (Айд. І, 213) ~ қаз. žum(saq), ноғ. jum(sak), қырғ. žum(šak). Қысаң ï фонемасының қалыптасу жолдарының бiрi ерiндiк u дыбысының делабиализация құбылысына ұшырауыболғандықтан, ï≈u фоно-корреляттарының кездесуi лингвистикалық заңдылық. Қазақ тiлi диалектiлерiнде де ï ~ u сәйкестiктерi кездеседi: *тым(ау) ≈ тұм(ау), шыб(ар) ≈ шұб(ар). u ≈ ï корреляттарының сөзжасамдық қабiлетi, тұқыл ≈ тақыл, тұс ≈ тыс, құшу ≈ қысу, мұрын ≈ мырындау жұптарынан көрiнедi.
ï ≈о сәйкестiгi. Ескерткіштер тіліндегі jïm(čaq) «жұмсақ» сөзі башқұрт тілінде о дауыстысы арқылы jom(šaq) болып қалыптасса, құмық тілінде көне түркілік тұлғасы сақталған: jïm(ïšaq). ï ≈ о сәйкестiгiнiң қазақ тiлiндегi көрiнiсi елiктеуiш, бейнелеуiш мәндi сөздерде байқалады: бырт ≈ борт, тоқ ≈ тық, ор(ғы) ≈ ыр(ғы).
ï≈і сәйкестiгi. Ескерткiштер тiлi мен қыпшақ тiлдерi арасындағы ï ≈ i сәйкестiгi бiр-екi сөз ауқымында ғана ұшырасатын сирек құбылыс: Орх. tïl «тіл» ~ қаз., ққалп til. Қазақ тiлi говорларында ï ≈ i сәйкестiгi өте жиi кездеседi: сыпыр ≈ сiпiр, ымырт ≈ iмiрт, шылбыр ≈ шiлбiр, шыбыш ≈ шiбiш. Сәйкестiктiң семантикалық белгiлерiн ыз ≈ iз, тыр(нақ) ≈ тiр(нек) т.б. параллельдерiнен байқалады.
ï ≈ ij сәйкестiгi. tïl ≈ tïjl: Орх. tïl (Тон. 36) ~ қырғ. tijl «тіл» құм. тijl. Көне түркiлiк ï дыбысының ij дауыстысына ауысуы татар, башқұрт тiлдерiнде де кездеседi. Аталған тiлдердегi ij фонемасы i дыбысына өте жақын айтылады. Сондықтан ï ≈ ij сәйкестiгiн ï ≈ i фоно-коррелятының аясында қарастырған жөн.
ï≈е сәйкестiгi. Көне түркiлiк ï дыбысының қыпшақ тiлдерiнде е дыбысына ауысуы сирек кездеседі: көне түрк. tïl «тіл» ~ башқ. tel . Қазiргi тiлдердiң iшiнде де ï ≈ е сәйкестiгi аз да болса кездеседi: қаз. сықылды ≈ секiлдi. Бұл ï дауыстысының е фонемасына тiкелей өзгеру мүмкiндiгiнiң шектеулi екенiн бiлдiредi.
Қыпшақ тiлдерiндегi бір буынды сөздердiң немесе екі, көп буынды сөздердің бірінші буынындағы ï дауыстысы алғашқы дауыстылар қатарына жатады. Башқұрт тіліндегі бірінші буындағы ï дыбысы қазақ, құмық тілдеріндегі u дыбысына сәйкес келеді: қаз. buw, bul, buz(aw), bur(aw), tum(aw); құм. buwv(mak), buw, buw(zaυ), buw(raυ), tuw(maυ) ~башқ. bïw «буу, тұншықтыру», bïl «бұл», bïž(aw) «бұзау», bïr(aw) «бұрғылау», tïmaw «тымау» . А.М.Щербак тува, якут тілдеріндегі кейбір сөздердегі ï дыбысының қалыптасуына баба түркілік а дауыстысының ықпалы болғанын (tïp «табу» <*tap, kïlïн «қалың» <*kaлïн, ïл «алу» <*ал, mïмïр «тамыр» <*mамïр, mïj «тай, бір жасар жылқы» <*maj т.б.) айта отырып, «а дыбысының ï дыбысына ауысуы түркiлiк баба тiл диалектiлерiнiң бiрiне тән ерекшелiк» деген қорытындыға келедi.
Көне жазба мұралар тіліндегі бір буынды сөздер құрамындағы і дауыстысы қыпшақ тобындағы тілдерде көп өзгеріске түспеген: анлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. il(gerü) ~ қаз. il(geri); Орх., Е. (il)ki ~қаз. il(ki); Орх. in «төмен түсу» ~ қаз. in, en «кіру», башқ. ijn(ergä) «ену, кіру» , құм. ijn «ін», ноғ. ijn , қырғ. ijin; Орх., Е., Тал. ini «іні» ~ қаз., ққалп. ini, құм. ijni , қырғ. ijni , ноғ. ijni; инлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. biz «мы» ~ қаз., ққалп. biz, құм. bijz, қырғ. bijz , ноғ. bijz; Орх., Е., Тал. bil «білу» ~ қаз., ққалп. bil, ноғ. bijl(uυ), құм. bijl; Орх., Е. jit «өлу, жіту» ~ қаз. žit; Орх., Е., Тал. kič(ig) «кіші» ~ қаз., ққалп. kiši, ноғ. kijš(kej), қырғ. kijč(ijne); Орх., Е., Тал. siņ(ili) «қарындас» ~ қаз. sin(ili), башқ. heņ(le), қырғ. sijn(dij); ауслаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ti «де, айт» ~ қаз., құм., ноғ., ққалп. de; тат. dij, башқ. tij.
і ≈ э сәйкестiгi. is ≈ эš: Орх., Е. is «іс» ~ башқ. эš «іс», Орх., Е. ič «іш» ~ башқ. эs «іш, қарын».
і ≈ е сәйкестiгi. Орх., Е., Тал. it «ет, iсте», ti «айт, де», jir «жер» ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ. et(iw), de, žer, тат. ijt, dij, žijr; башқ. ijt, tij, er; Орх., Е. bil «біл» ~ башқ. bel «знать»; Орх., Е. tir «теру» ~ қаз. ter. i ≈ e сәйкестiгiнiң қазiргi қыпшақ тiлдерiнiң бәрiнде дерлiк кездесуiн көне түркi жазба ескерткiштерi тiлiндегi i, е дыбыстарының фонемалық мән жүктемей алмасып қолданылуының табиғи жалғасы ретiнде қабылдауға болады. Ескерткiш тiлiнде jir ≈ jer «жер», il ≈ el «ел», ti ≈ te «де, айт», it ≈ et «ет, iсте», id(gü) ≈ ed(gü) «iзгi» тұлғалары бiр сөздiң сингармониялық варианты түрiнде қатар қолданыста болған.
Қазақ тiлi деректерiнен i ≈ е сәйкестiгiнiң семантикалық дифференцияға әсерi де аңғарылады. Мысалы: *er(üw) (қар ерiдi) ≈ ir(iw) (iрiдi) етiстiктерiнiң құрамындағы i, е дыбыстарының фоно-семантикалық қызметiн аңғаруға болады. Көне түркi тiлiнде *er(i) «еру», *jir(i) «іру» (ДТС, 177, 263) ~ тат. эre; құм., қар., ноғ., ққалп. ijri «шіру» ~ ққалп., қырғ. eri, башқ. iri, тат. erij «еру». Аталған сөздердiң мағынасында ортақ мазмұн сақталған.
i ≈ ij (и) сәйкестiгi. Орх. il(ki) «ілкі, алғашқы» (ДТД, 84) ~ тат., башқ. ijl(äk), қар. ilk/ijlk, қаз. ilki. Э.В.Севортян ilk/ijlk тұлғасының түпкi негiзi *ijl моделi деп санайды (ЭСТЯ I, 350). Ескерткiштер тiлiндегi i дыбысының дифтонг ij (и) фонемасына өзгеруi негiзiнен бұлғар, половец топшасындағы тiлдерге тән.
і ≈ ï сәйкестiгi. *sil ≈ *sïl, Орх. sil(ik) «сұлу, таза» ~ қаз. sïl(qïm), қырғ. sïl(ïq). Осы түбірден тараған қазақ тіліндегі suluw лексемасы (Орх. sil(ik) ~ қаз. suluw) і ≈ u сәйкестігін түзеді. Жуанды, жiңiшкелi ï/i қысаңдары қыпшақ-ноғай топшасындағы тiлдердiң моносиллабтық жүйесiнде негiзiнен анлаут, инлаут позицияларда ғана қолданылады. Қыпшақ-бұлғар топшасындағы татар тiлiнде жiңiшке i жиi қолданылса, башқұрт тiлiнде жуан ï кеңiнен тараған.
Қазақ тiлi жергiлiктi говорларында сөздiң мағынасына әсер етпей қолданыла беретiн i, ï дыбыстарының алмасуы жергiлiктi сөйлеу дәстүрiнiң ыңғайында қалыптасқан ерекшелiк саналады: ши (šij) ≈ шый, шiб(iш) ≈ шыб(ыш), ми(mij) ≈ мый, шiл(бiр) ≈ шыл(быр). Қазақ тiлiндегi ï≈i сәйкестiгiнiң фоно-морфо-семантикалық сипаты айқын көрiнетiн сөздер қатарында пыс(ық) «ширақ» ≈ пiс (пiсiру), ыз(у) «тiгiстiң түрi» ~ iз (табанның iзi), жыл(жы) ≈ iл(бi) «өте баяу жүру» т.б. атауға болады. Соңғы жұптағы *žïl, *il моносиллабтарының тұлғалық өзгерiсi анлаут ž-ның протезалық табиғатына байланысты.
Uu дыбысының төрт түрлі аллафоны – таза у, дифтонг ұу, үу, сонор у, орта ғасырларда қолданылған у (w) дыбыстары белгiлi. Көне түркі әліпбиінде таңбаланған u дауысты дыбыс екені айқын болғанымен, жалаң дауысты ма әлде дифтонг немесе қазіргі түркі тілдеріндегі u (ұ) дыбысы ма деген сұрақтарға дәл жауап беру қиын мәселе. Анлаут жағдайда: Орх. ud «ұйықтау» (ДТД, 75) ~ қаз., ноғ., ққал. uj(qï), башқ. jo(qo), тат. jo(ko), қ.тат. ju(qu). Орх. ur «ұру» (ДТД, 77) ~ қаз., ққал., ноғ. ur, тат., башқ. or; ur(ï) «ру; ұрпақ » (ДТД, 77) ~ қаз., ққалп. ur(uw), қырғ. ur(uu), башқ. ïru, ноғ. ïr(ïυ); Орх. ug/og «ұл» (ДТД, 74), ugul/ogul /oγul (ДТД, 7), ~ қаз. ul, қырғ., башқ. uwl, ноғ. uυïl/uwl; инлаут жағдайда. Орх. *buj(ruk) «бұйрық, қызмет» (ДТД, 35) ~ қаз. buj(rïq), ққалп. buj(rïk), қар. buj(rux), ноғ. buj(rïk), башқ. boj(orok), тат. bo(erïk); Орх. jut «жұт» (ДТД, 45) ~ қаз., ққалп., ноғ. žut, тат., башқ. jot, ноғ., құм. jut; ауслаут жағдайда көне түркiлiк и фонемасы дербес лексема құрамында кездеспейдi.
u≈о сәйкестiгi. uz ≈os, Е. uz «мастер, умелец» (ДТД, 75) ~ башқ. os(ta) «мастер»; ul ≈ol, Орх. ul(a) «жалғасу, соңынан еру» (Айд. I, 221) ~ тат. ol(γas), башқ. ol(as); jut ≈ jot, qul ≈ qol, Орх. qul «құл» (Айд. I, 214) ~ тат., башқ. qol; tul ≈ tol, Орх., Е., Тал. tul «вдова, сирота» (ДТС, 585) ~ тат., башқ. tol. Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасындағы u≈о сәйкестiгi негiзiнен қыпшақ-бұлғар топшасындағы тiлдерге тән. Қыпшақ-ноғай топшасында көне түркiлiк и дыбысы о фонемасына ауысуы өте сирек. Мысалы: қазақ тiлiнде bod(an) «тәуелдi халық» сөзiнiң көне тұлғасы *bud(un) «жалпы халық, қарапайым халық». Қазақ тiлiнде и, о дыбыстары сәйкестiгiнiң сөз мағынасына ықпалын көрсететiн бiрнеше түбiрлес жұптарды атауға болады: шоқ(ы) (құстың шоқуы ≈ шұқ(ы) (саусақпен шұқу); бұр(қырау)/бұр(қасын) ≈ боран;
Üü(Үү) фонемасы. VI-IX ғасыр көне түркi жазба ескерткiштерiнде кеңiнен қолданылған дауыстылардың бiрi ерiндiк ü. Түркiлiк вокализмдердiң қалыптасу тарихы туралы зерттеулер ü дауыстысының баба түркi тiлiнде де қолданыста болғанын көрсетедi (СФ, 198; ЭСТЯ I, 759; ИТФ, 73; СИГТЯ, 103). Қыпшақ-бұлғар тобын-дағы татар, башқұрт тiлдерiнде жартылай қысаң ü фонемасы ö дыбысына жақын айтылса, қыпшақ-ноғай топшасындағы қарақалпақ тiлiнде баяу және созылыңқы, қазақ тiлiнде батыл айтылады: анлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ül(е) «үлестіру», ül(üg) «үлес» ~ ноғ. öl(es), қаз., ққалп. ül(es), тат. öl(äš), башқ. öl(öš); Орх., Е. üž(e) «үсті» ~ тат. ös/öc(t)/üzre, башқ. öste/ös(tö); құм. üs(tüw); ноғ., қаз., ққалп. üs(ti); Орх. üz «үзу» (ДТД, 78) ~ қаз., ққалп., ноғ., қар., құм. üz, башқ., тат. öz; инлаут жағдайда: jüz «жүз» ~ құм., ноғ. jüwz, қар. jüz, тат., башқ. jöz, қаз., ққалп. žüz; Орх., Е. jüz «бет, жүз» (ДТД, 48) ~ тат., башқ. jöz, құм., ноғ. jüwz, ққалп., қаз. žüz, қар. jüz; Орх. jük(un) «жүгіну» ~ қаз., ққалп., ноғ. žüg(in), құм. jük(in); ауслаут жағдайда: Орх. bü(ke) «батыр» (ДТД, 38) ~ қаз. bö(kej): (антр. Бөкей хан); Орх., Е. *jü → jü(z) «жүзу», jü(r) «ходить»; ju(gur) «бежать, бегать»; jü(rek) «жүрек» (ДТД, 48) ~ қаз., ққалп. zü(z), zü(r), zü(gir), zü(rek); тат., башқ. jö(z)/jö(r), jö(ger)/jü(ger), jö(räk); ноғ., құм. jü(z), jü(r), jü(gir), jü(rek).
ü ≈ ö сәйкестiгi: *ül ≈ *öl → üles ≈ öläč, ölöš, ескерткiштер тiлiнде ül(e) «үлестiру», ül(es) «үлес» ~ ноғ. öl(ejs), тат. öl(äš), башқ. öl(öš); üz ≈ öz, Орх., Е. üz «үз» ~ тат. öz(ü), башқ. öž(örgä); ün ≈ öņ, Е. ün «үн» (ДТД, 78) ~ тат. ön, башқ. ön; üč ≈ öč, ös «үш»; Орх. üč ~ тат. öč, башқ. ös; Орх., Е. kün ~ тат., башқ. kön, т.б.
ü ≈ i сәйкестiгi. Е. *kud≈*kij, küd(egü) «күйеу» ~ тат. kij(äü), ноғ. kij(eυ).
ü ≈ e сәйкестiгi. *küd≈*kej: Е. küd(egü) «күйеу» ~ башқ. kej(äü). ü≈i, ü≈e сәйкестiктерi де бiрлi-жарым сөздi ғана қамтиды, қыпшақ-бұлғар топшасына тән.
ü≈ö сәйкестiгi. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi арасындағы ü≈ö сәйкестiгiнiң ö тұлғасы негiзiнен татар, башқұрт, iшiнара ноғай тiлдерiне тән. Қыпшақ-ноғай топшасындағы қазақ, қарақалпақ тiлдерiнде көне түркiлiк ü тұлғалы сөздер толық сақталған. Түркi тiлдерiндегi ü, ö дыбыстары тектес дыбыстар болғандықтан туыстас тiлдер арасында өзара алмасу мүмкiндiктерi жоғары.
Оо(Оо) фонемасы. Ескерткіштер тіліндегі еріндік о қазіргі қыпшақ тілдері моносиллабтар жүйесінде көп өзгерістерге түспейді. Анлаут жағдайда:Орх., Е., Тал. ol «он» ~ қаз., ққалп., құм., ноғ. ol; қар., башқ., тат. ul; Орх., Е., Тал. oγ(ul)/oγ(ulan) «бала, ұл» ~ башқ. uw(lan), тат. o(lan), қаз. u(lan); Орх., Е. or(du) «орда, астана» ~ қаз., ққалп. or(da), тат., башқ. ur(da); инлаут жағдайда: jol «жол» ~ тат., башқ. jul, ноғ., қар. jol, құм. ël, қаз., ққалп. žol; Орх. tog/toγ «шығу, туу» ~ қаз., ққалп. tuw, башқ., тат. tïw «туу»; ауслаут жағдайда. *jo→ joq «жоқ» ~ тат., башқ. juk, құм. ëq, қаз., ноғ., ққалп. žoq; қаз., ққалп. zoj «жою»; Орх., Е. *to→toq «тоқ» ~ ққалп., қаз., ноғ. toq, башқ., тат. tuq; қаз., ққалп., ноғ., құм. toj, тат., башқ. tuj.
о≈u сәйкестiгi. Көне түрк. oz ≈ uz «озу, жеңу» ~ башқ., тат. uz; jol ≈ jul «жол» (ДТД, 45) ~ тат., башқ. jul; bod ≈ buj «бой, дене» ~ тат., башқ. buj; boš ~ buš «бос» (ДТД, 35) ~ башқ., тат. buš т.б. о≈u корреляциясының u коррелятивi татар, башқұрт тiлдерiне тән. Зерттеушiлер о≈u корреляциясын түркi тiлдерiнiң тарихи дамуына байланысты қалыптасқан, рудиментарлы көне құбылыс ретiнде қарастырады (СИГТЯ, 156-157) Қазақ тiлiне u тұлғасы тән екенi белгiлi: жұнт(тай).
Ерiн дауыстысы ö фонемасының табиғи рефлексiнде қазақ, қарақалпақ, ноғай және қарашай-балқар тiлдерiнде анлаут жағдайда, құмық тiлiнде барлық позицияда дифтонгтық белгiлер байқалады. Ж.Аралбаев қыпшақ тiлдерiнiң iшiнде ö фонемасының дифтонгтық артикуляциясының күштiлiгiн және татар, башқұрт тiлдерiнде ü фонемасына таяу айтылатынын көрсетедi.
ö дауыстысының анлаут жағдайда қолданылуы: Орх., Е., Тал. ög «ой»; ög(e) «данагөй; басқарушы» ~ ög(le) «ойлау» ~ тат., башқ. uj, ққалп., құм., ноғ., қаз. oj; Орх., Е., Тал. ög «ана» ~ тат. üg(äj), құм., қаз., ққалп. ög(ej) «өгей»; Орх., Е. ör(gij) «құру» ~ қаз., ққалп. ör(uw) «өру»; Орх., Е. ök(ün) «өкіну»; ök(ünč) «қайғы, өкініш» (ДТД, 78) ~ қаз. ök(in), ök(iniš); инлаут жағдайда:Е., Орх., Тал. köz «глаза» ~ ноғ., қар., ққалп., қаз. köz, башқ., тат. küz; Е. köb(rug) «көпір» (ДТД, 55) ~ қаз., ққалп. köp(ir), башқ., тат. küp(er), құм. kijop(üjr);., Е., Тал. köl «көл» ~ қаз., ққалп., ноғ., қар. köl, башқ., тат. kül; құм. kijöl; Орх., Е. söņ(ük) «сүйек» ~ тат. söj(äk), башқ. höj(äk), ноғ. süb(ek), қаз., ққалп. süj(ek); ауслаут жағдайда. Орх. kö(tür) «көтеру, жоғарылату» ~ ққалп., қаз., ноғ. kö(ter), башқ., тат. kü(tär); Орх., Е. sö(z) «сөз» ~ қар., қаз., ққалп., ноғ. sö(z), тат. sü(z), башқ. hö(z); қаз., ққалп., ноғ., құм. sö(jle), башқ. hö(jlä), тат. sö(jlä).
ö ≈ ü сәйкестiгi. ög ≈ üg(äj): ескерткiштер тiлiнде ög «шеше» ~ башқ. üg(äj) «неродной» (БРРБУС, 75). Көне түркi тiлiнде «ана», «шеше», «мал төлiнiң енесi» мәнiн берген ög моносиллабы қазiргi қыпшақ тiлдерiнде -ej/-äj жұрнағын қабылдап, есiм мәнiмен бiрге сын есiмдiк сипатқа ие болған. Iшкi мазмұнында «қандық туыстығы жоқ, тумаған» семасы басымдық алған: өгей ұл, өгей қыз, өгей әке т.б. Öz моносиллабы мазмұнының оппозициялық шегiн öz(ge) «бөтен, басқа, жат» (ДТС, 395) сөзi таңбалайды, қар. öz(ge), диалектiлерiнде ez(ge), ež(ge) (ЭСТЯ, I, 508), құм., қ.балқ., ноғ., қырғ., ққалп. öz(ge), тат. üz(gä).
ö≈u сәйкестiгi. Орх., Е., Тал. ö/ög ≈ uj «ой» ~ тат. uj «мысль, дума» (ТРС, 584), башқ. uj «ой; ойлау».
ö≈o сәйкестiгi. ö → ög ≈ oj «ой»: ~ қаз., ноғ., құм. oj. Қазақ тiлiнде ө тұлғасы да қолданыста: өк → өкiнiш.
ö ≈е/э сәйкестiгi: öl ≈ эl «өл» (ДТС, 78). Орх., Е., Тал. Öl ~ қарайым диалектiсiнде эl «умирать» (СФ, 155).
Көне түркi тiлiндегi о, ö, ü дыбыстары қазақ тiлiнде көп өзгерiске түспегенiн байқаймыз. Ескерткiштер тiлiнде варианттас моносиллабтар құрамындағы u ≈ о, о ≈ ö, u ≈ ü, о ≈ ü, ö ≈ ü корреляттары қазақ тiлiнiң өз iшiнде жергiлiктi ерекшелiктерде де, әдеби тiлде де кездеседі: сұр(а) ≈ сор(а), қош ≈ құш, сұл(ы) ≈ сүл(i), өг(ей) ≈ үг(ей), ұм(а) ≈ өм(е), бұй(ымтай) ≈ бүй(iмтай), түр ≈ *тұр ≈ сұр ≈ *сүр: түр «бет-әлпет, ажар-көрiк, өң-түс» ~ тұр(пат) «кескiн, келбет, пiшiн» (ҚТТС IХ, 287, 337) ~ сұр «сиық, түр, түс», сүр(екет) «ұсқын, сиық, пiшiн» (ҚТТС VIII, 394, 428).
Ескерткiштер тiлiндегi дауысты дыбыстардың қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi сақталу деңгейi негiзiнен ü, i, ö фонемаларының қолданысы арқылы ажыратылады. Қыпшақ-ноғай, қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половец топшасындағы тiлдерде дауыстылардың сақталу деңгейi әртүрлi, қыпшақ-ноғай топшасындағы қазақ, қарақалпақ, ноғай тiлдерi көне түркiлiк дауыстыларды (ü, i, ö дыбыстары толық сақталған) бiршама толық сақтаса; бұлғар-қыпшақ топшасындағы башқұрт, татар тiлдерiнде бiршама өзгерiстерге түскен (ü ≈ ö, ö ≈ ü, i ≈ ij сәйкестiктерi негiзiнде); ал қыпшақ-половец топшасындағы құмық, қарайым, қарашай-балқар тiлдерiнде ü, i, ö дыбыстарының қолданысында жүйелiлiк жоқ, дыбыстардың сақталуы да, өзгерiске ұшырауы да кездеседi.
Арғытүркі тілінің дауыстылар жүйесі созылыңқы дауысты дыбыстардың кездесуімен де сипатталады. Созылыңқы дауыстылар бастапқы және екінші қатарлы дауыстылар болып екіге бөлінеді. Негізінен алтайтанушы лингвистер арасында ‘созылыңқы дауысты дыбыстар алтай тілдерінің көне кезеңдерінде болды, ал екінші қатарлы созылыңқы дауыстылар дауысты-дауыссыз немесе дауысты-дауыссыз-дауысты дыбыстар бірлігінің нәтижесінде дамыды’ деген пікір орын алады.
Түркі тілдерінде бастапқы созылыңқы дауысты дыбыстардың сол қалпын сақтауы да (мысалы: түрікмен āt ‘есім’ = якут āt; түрікмен āč ‘аш’ = якут ās; түрікмен bār = якут bār ‘бар’; түрікмен gāz ‘қаз’ = якут xās; түрікмен yāz ‘көктем’ = якут sās; түрікмен ōt ‘от’ = якут uot; түрікмен güök ‘көк’ = якут küöx; түрікм. düört ‘төрт’ = якут tüört, т.б.) немесе қысқа дауысты дыбыстарға айналуы да ( мысалы, түрік od < *ōt ‘от’, ot ‘шөп’; oda < *ōtaγ ‘бөлме’ т.б.), басқа сипаттағы созылыңқы емес дауысты дыбыстарға өзгеруі де (мысалы, сагай ut < *ōt ‘от’, ül < öl ‘дымқыл’ т.б.), қатар қолданылуы да (*āč > якут ās ‘аш’, алайда *taγ > якут tïa (tā емес), *yōq > якут suox ‘жоқ’ және yoγan > якут suon ‘қалың’; *tört > якут tüört ‘төрт’ және *ögrän- >якут üörän- ‘үйрену, оқу’ т.б. .) орын алады. Ал жаңа түркі тілдерінің біразында бар екінші қатарлы созылыңқы дауыстылар көне және орта түркі тілдерінде кездеспейді. Мысалы: көне түркі oγul ‘ұл’ > тува, сагай, шор ōl, алтай, қырғ. ūl, якут uol; көне түркі aγïz ‘ауыз’ > тува, сагай, шор ās, алтай ōs, қырғ. ōz, якут uos; көне түркі taγ ‘тау’ > алтай tū, қырғ. tō.
Әдебиеттер:
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. –Алматы:Ғылым, 2002. -315-316 беттер. Қараңыз: Сравнительная-историческая грамматика тюркских языков. Фонетика. –Москва: Наука, 1984; Баскаков А.Н. Историко-типологическая фонология тюркских языков. –Москва: Наука, 1988;
Щербак А.Н. Сравнительная фонетика тюркских языков. -Ленинград: Наука, 1970.
Языки мира. Тюркские языки. –Бишкек: Кыргызстан, 1997. –С. 91, 93; Кононов А. Н. Грамматика языка тюркских рунических письменностей ҮІІ-ІХ вв. –Ленинград: Наука, 1980. –С. 60.
Кызыласов И. Л. Рунические письменности Евразийских степей. –Москва, 1994. -С. 137; Левитская Л. С. Историческая фонетика чувашского языка. –Москва, 1966. –С. 9.
Мусаев К. О девятой гласной фонеме ä в древнетюрских языках рунических памятников и в протюркском // Түркология. № 1. 2004. –С. 48, 49, 53.
Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. –Алматы: Ғылым, 1988.
Дәріс №7
Тақырыбы: Тарихи фонетика: дауыссыз дыбыстар жүйесі
Дәріс мазмұны
Түркi тiлдерi дамуының алғашқы кезеңiндегi (баба тіл кезеңі) консонантизмдер жүйесi жайлы негiзгi үш түрлi ғылыми болжам бар: 1. Баба түркi тiлiнде қатаң дауыссыздар да, ұяң дауыссыздар да анлаут позицияда қолданылды. Бұл бағытты қолдаушылар қазiргi түркi тiлдерiндегi таза түркiлiк бiр буынды сөздердiң басындағы консонанттардың қатаң-ұяң оппозициясы негiзiнде *k – *g (j, γ, x рефлекстерi бар), d – t фонемаларын ажыратады; 2. Түркiлiк баба тiлде – 1) бiр ғана ұяң b дыбысы, 2) b, d, g дыбыстары, 3) g, k, t, b, s дыбыстары қолданыста болған; 3. Түркiлiк баба тiлде бiрде-бiр ұяң дауыссыз қолданылмаған.
Қазiргi қыпшақ тобындағы тiлдердiң дауыссыздар жүйесi Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiндегi консонанттарға берiлген артикуляциялық, акустикалық сипаттамалық жiктемеден айтарлықтай ажыратылмайды. Қараңыз: 1, 2 кесте.
1-кесте
Орхон, Енисей, Талас, ескі қыпшақ ескерткіштері және қазіргі қыпшақ тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жіктелуі
№ Тiлдер Ерiн Тiл алды Тiл ортасы Тiл арты увуляр көмей
ерiн-ерiн ерiн-тiс тiс таңдай 1 Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлi b, p, m d, t, s, n, e š, č, r j g, k, γ, q, ņ 2 Ескi қыпшақ ескерткiштерi тiлi b, p, w, b, m d, t, z, s, n, e ž, š, č, r g, k, j q, γ, x, ņ 3 Қазақ тiлi b, p, m, w υ, b d, t, z, s, tc, č, n, l ž, š, šš, j, r g, k q, γ, x, ņ h
4 Қарақалпақ тiлi b, p, w, m υ, b d, t, z, s, ts, n, l ž, š, dž, č, r j q, γ, x, ņ, g, k x
5 Ноғай тiлi b, p, w, m υ, b d, t, z, z, š, s, č, ts, n, l, r g, k, j q, γ, x, ņ 6 Башқұрт тiлi b, p, m υ, b t, z, d, s, š, l, r, č, ž g, k, j, n x, ņ q,γ h
7 Татар тiлi b, p, w, m υ, b d, t, z, ž, s, č, dž, š, tč, tš, ts, n, l, r j g, k q, γ, x, ņ h
8 Құмық тiлi b, p, υ, m b d, t, z, s, dž, č ž, š, n, l, r g, k, j q, γ, x gь
9 Қарайым тiлi b, p, v, m v, b s, z, ts, dz, n, l, r m, d, š, ž, č, dž k, g, j q, γ, x, ņ h
10 Қарашай-балқар тiлi b, p, w, m v, b d, t, z, s, n, l ž, š, dž, č, r g, k, j q, γ, x, ņ 11 Қырым татарлары тiлi b, p, m d, t, v, b z, ž, s, š, dž, č, n, l, r j g, k, q, γ, x, ņ 12 Қырғыз тiлi p, b t, s, š, č, d, z, ž, n, l,r k, g, j ņ q,γ 2-кесте
Орхон, Енисей, Талас, ескі қыпшақ ескерткіштері және қазіргі қыпшақ тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың жасалу жолына қарай жіктелуі
№ Тiлдер Үнсiз (шуыл) Сонор
шұғыл фрикатив аффрикат мұрын жолды бүйiр дiрiл
1 Орхон, Енисей, Талас ескерт. b, p, d, t, g, k, γ, q z, s, š, j č m, n, ņ l r
2 Ескi қыпшақ ескерт. b, p, d, t, g, k, q w, b, z, s, ž, š, j, γ, x č m, n, ņ l r
3 Қазақ тiлi b, p, d, t, g, k, q v, b, z, s, ž, š, šš, γ, x, h ts, č m, n, ņ w, l, j r
4 Қарақалпақ тiлi b, p, d, t, g, k, q w, v, b, z, s, ž, š, j, γ, x ts, dž, č m, n, ņ l r
5 Ноғай тiлi b, p, d, t, g, k, q v, w, b, ž, z, š, s, j, γ, x č, ts m, n, ņ l r
6 Башқұрт тiлi b, p, t, d, č, g, k, q γ, v, b, š, ž, z, s, x, h, w, j m, n, ņ l r
7 Татар тiлi b, p, d, t, g, k, q v, b, z, ž, s, dž, š, γ, x, h, w, j č, šš, ts m, n, ņ l r
8 Құмық тiлi b, p, d, t, g, k, q v, b, z, s, ž, š, γ, x dž, č m, n, ņ l r
9 Қарайым тiлi p, b, d, t, k, g, q v, b, s, z, š, ž, j, x, γ, h ts, dz, č, dž m, n, ņ l r
10 Қарашай-балқар тiлi b, p, d, t, g, k, q w, v, b, z, s, ž, š, j, γ, x dž, č m, n, ņ l r
11 Қырым татарлары тiлi b, p, d, t, g, k, q v, b, z, ž, s, š, γ, x dž, č m, n, ņ l, j r
12 Қырғыз тiлi p, b, t, d, k, g, q s, š, z, γ č, ž m, n, ņ l, j r
Bb(Бб) фонемасы. Көне түркі тiлiнде анлаут b дыбысы жиі қолданылатын фонемалар қатарына жатады. Фонологиялық зерттеулерде b дыбысы қатаң p фонемасының ұяңдануы нәтижесiнде баба түркi тiлi дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде қалыптасқан кейiнгi құбылыс ретiнде қарастырылып (СИГТЯ 182), b ~ b/υ ~ w ~ m ерiндiк дауыссыздары аллофондар ретiнде қатаң р архетипiнен таратылады. Анлаут b-ның көне түркi тiлiнде айқын сақталуы түркiлiк баба тiл дәуiрiнде-ақ анлаут b-ның қолданыста болғанын аңғартады. Анлаут жағдайда: Орх., Е. baj «бай» ~ ноғ., ққалп., башқ., құм., қаз. baj; Е. baq(ur)//bag(ïr) «бақыр (мыс), ақша» ~ құм. baγïr, қаз., ққалп., ноғ. башқ., тат. baq(ïr); ауслаут жағдайда: Ескерт. ab «охота» (ДТД, 32) ~ құм., қар., ноғ. aυ; башқ., ққалп., қаз. aw; Орх., Е., Тал. eb «дом» ~ қаз., ққалп., ноғ., қырғ., қбалқ. üj, тат., башқ. uj.
b≈m сәйкестiгi. Көне түркi тiлiндегi анлаут b дыбысының қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi өзгерiсi b ≈ m сәйкестiктiгi негiзiнде үш-төрт сөздi ғана қамтиды, басқа сөздердегi ұяң b өз сапасын сақтаған. ben ≈ men «я» (ДТД, 33) ~ қаз., ққалп., қар, құм., қбал., ноғ. men, тат., башқ. mijn; bïņ ≈ miņ «тысяча» (ДТД, 36) ~ қаз., ққалп., ноғ. mïņ, қар. miņ, тат., башқ. meņ;
b ≈ w сәйкестiгi. ab ≈aw « аң аулау» (ДТД, 32) ~ қаз., башқ., тат., ққалп. аw; ноғ. тiлiнде v тұлғасымен сақталған: aυ(laυ); «аң ұстау», av(as) «аң аулау»; Қыпшақ-половец топшасында да осы тұлға қолданылады: қар. aυ; құм. аυ(ču) «аңшы».
b≈j сәйкестiгi. ob(ut) ≈ uj(at) «ұят» Тон. 37 ~ қаз., ққалп., ноғ. uj(at), тат., башқ. oj(at); Ескерткiштер тiлi мен қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi b ≈ j сәйкестiгi eb ≈ üj «үй» лексемасынан да көрiнiс бередi.
Ескерткіштер тіліндегі моносиллабтар құрамында анлаут m сирек кездессе, ауслаут m дыбысы бiршама жиi қолданылады. Анлаут жағдайда: Орх., Е. men «мен» ~ қаз., қар., ноғ., ққалп. men; тат., башқ. mijn; ауслаут жағдайда: Орх., Е. qum «песок» (ДТД, 52) ~ ноғ., ққалп., қар., қаз. qum; Орх. tem(ir) «темір» ~ тат., башқ. tijm(er); ноғ., ққалп. tem(ijr); қаз., қар. tem(ir); Орх. tum(us) «жабу» ~ қаз. tum(šalaw).
m≈b сәйкестiгi. men ≈ ben, min ≈ bin, mïņ ≈ bïņ, т.б. Көне тiлге де қазiргi тiлдерге де ортақ бұл құбылыс негiзiнен анлаут жағдайда кездесетiнiн жоғарыда атап кеттiк (қараңыз: b дыбысының өзгерiстерi).
m≈ņ сәйкестiгi. Дауыссыз m дыбысының ņ фонемасына өзгеруi моносиллаб соңында бiр сөзде ғана кездеседi, басқа сөздерде m сақталған. tam(γa) ≈ taņ(ba) «тамга, клеймо» (ДТД, 70) ~ қаз. taņ(ba). Ауслаут позициядағы m ≈ ņ сәйкестiгi де қыпшақ тiлдерiн толық қамтыған құбылыс емес: ноғ., ққалп. tam(γa).
N(н), ņ(ң) фонемалары. Тiл алды n сонанты жалпы түркi тiлдерi бойынша сөз басында сирек қолданылатын фонема. Н.А.Баскаков n фонемасының қалыптасуы түркi тiлдерi консонатизмдер жүйесi дамуының екiншi кезеңiне сәйкес келетiнiн, аталған кезең сонор n дыбысы мен спирант s дыбыстарының қалыптасуымен ерекшеленетiнiн айтады Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi тiлiнде де анлаут n сирек кездеседi: анлаут жағдайда: Орх., Е., Тал. ne «не?» ~ ноғ., қар., қарқ., қаз. ne; тат., башқ. nij; neke «неге?» ~ қаз., ққалп., ноғ. nege; башқ. nijņa; ауслаут жағдайда: Орх., Е. an(ï) «бұл» Е. 25 ~ қаз., ноғ., ққалп. оnï; an(ta) «анда» ~ қаз., ққалп. on(da)/an(da); қар. an(da); an(tag) «анадай» ~ қаз., ққалп. on(daj), an(daj) – mundaj;
n≈ņ сәйкестiгi. jan ≈ jeņ/žеņ «жеңу» (ДТД, 42) ~ қаз., ққалп. žеņ, тат. jeņ, башқ. еņ. Қазақ тiлi деректерiнде де сөз соңындағы ņ ≈ n сәйкестiгi жиi кездеседi: өлең ≈ өлен, көбең ≈ көбен, қалың ≈ қалын, ертең ≈ ертен. Тарихи сөзжасам жүйесiнде n ≈ ņ сәйкестiгi фонетикалық сөзжасам қалыбы ретiнде қарастырылады. Ауслаут жағдайда: Орх., Е. aņ «ақыл» Тон. 34; aņ(la) Е. 38, aņ(aj) «ес, сана» ~ тат., қар. aņ(la); ноғ., ққалп. aņ(la); башқ. aņ(na); қаз. aņ(γar); Орх., Е. eņ «ең» КТү. 32, 44~ қаз. eņ;
ņ ≈ j ≈ v сәйкестiгi. *süņ/*seņ ≈ *süj ≈ süυ → süņ(uk)/seņ(ük) ≈ süj(ek) ≈ suυ(aq) «кость» (ДТД, 66) ~ қаз., ққалп. süj(ek), тат. söj(äk), ноғ. suυ(ek), құм. sij(uek).
L (л) фонемасы. Н.А.Баскаковтың пiкiрiнше ауслаут l дыбысы түркi тiлдерi дамуындағы алғашқы құбылыс, ғалым сөз соңындағы l-дiң де қалыптасуы алтайлыққа дейiнгi кезеңге сәйкес келетiнiн айтады. Ескерткiштер тiлiнде сөз басы l фонемасы үш сөзде ғана кездеседi, оның екеуi қытай антропонимдерi lüsün taj seņün «кісі аты» (ДТД, 60); likeņ «кiсi аты» (Айд. I, 216). ауслаут жағдайда: Орх. al «алу» КТк. 7, 9; ~ тат., ноғ., құм., башқ., қаз. al; Орх., Е. al(tun) «алтын» ~ қар., башқ., ноғ., тат., құм., қаз. al(tïn); Орх., Е. bal(ïq) «город» ~ құм., тат. bal(čïq);
l ≈ t сәйкестiгi. оl(ur) ≈ ot(ur) «отыр» (ДТД, 126) ~ қаз., ққал. otïr, тат. ūtïr, башқ. utïr/ultïr, қар., қырғ. otur, құм. oltur, ноғ. oltïr.
l ≈ r сәйкестiгi. Түркi тiлдерiндегi l ≈ r сәйкестiгi түбiрлес сөздерде фонологиялық мән жүктемей де, семантикалық реңк арқалап та қолданылуы сирек те болса кездеседi: ül(ker) ≈ ür(ker) «үркер» (ДТС, 625) ~ қаз., ққалп. ül(ker), башқ. ül(kär), қырғ. ür(kör). ür(ker), ur(ker) лексемаларының түбiрi *ül/*ür моносиллабтары (ЭСТЯ I, 630, 634). Аталған сәйкестiк жекелеген тiл iшiнде де ұшырасады, қазақ тiлiнде: *бұл ≈ *бұр: бұлқан-талқан ≈ бұрқан-талқан, *бол ≈ *бор: болпылдау ≈ борпылдау, *жал ≈ *жар: жалын ≈ жарық; қол ≈ қар: қолым талды ≈ қарым талды; сыл ≈ сыр: сылып алып тастау ≈ сырып алып тастау т.б.
Рp (п) фонемасы. Түркi тiлдерi консонантизмдер жүйесi дамуындағы ең көне фонемалар қатарында аталатын қатаң Рp дыбысы Орхон-Енисей, Талас ескерткіштерінде негізінен моносиллабтар соңында ғана кездеседі. Сөз басында қолданылуы өте сирек, екi-үш сөздi ғана қамтиды. Ескерткiштер тiлiндегi анлаут р -ның өзгерiстерi өзiнiң қолданыс аясына сай бiр ғана сәйкестiктен көрiнедi.
р ≈ m сәйкестiгi. pišin ≈ mešin, purum сөзiнiң қолданысынан анлаут р-ның протезалық сапасы аңғарылады, п ≈ ø: рurum ~ urïm/ürim. С.Аманжолов қазақ тiлiнiң оңтүстiк говорларында п ≈ m, m ≈ п сәйкестiктерi iшiн-ара кездесiп қалатынын көрсетiп, бiрнеше мысалдарды тiркейдi: пеш ≈ меш, қып(ша+бел) ≈ қым(ша+бел), маң(ай) ≈ паң(ай) т.б. (ВД, 318).
р ≈ m ауслаут жағдайда: Орх. Е. ap(a) «әке, қорғаушы» ~ ққалп., тат. башқ., ноғ., құм., қаз. ap(a) «ана, әпке»; Орх. alp «алып» ~ ноғ., ққалп., құм. alp, қаз. alïp: Көне түркiлiк ауслаут р қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi дербес моносиллабтар құрамында толық сақталған, морфема жiгiнде ұяңдануы байқалады.
r(р) фонемасы. Артикуляциялық ерекшелiктерi бойынша күрделi дыбысқа жататын r фонемасының ауслаут жағдайда қолданылуы алтай дәуiрiне дейiнгi кезеңде-ақ қалыптасқан құбылысқа жатады. Анлаут r-дiң көне түркi тiлiнде қолданылған қолданылмағанын анықтау қиын мәселе.Инлаут жағдайда: Орх. ürk «үрку» (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп. ürk, башқ., тат. örk; Орх. ört «өрт» (ДТД, 79) ~ қаз., ққалп., ноғ. ört, тат., башқ. ürt. Ауслаут жағдайда: Орх., Е. bar «бар» (ДТД, 33) ~ қаз., ққалп., ноғ., құм., тат., башқ. bar; Орх., Е. bir «один») ~ қаз., ноғ., құм., ққалп. bir, тат., башқ. ber;
r ≈ z сәйкестiгi. Жалпы алтай тiлдерiнде кеңiнен танымал ротацизм құбылысының сөз мағынасына әсерi жасырын синкретизм құбылысының аясында қарастырылып жүргенi белгiлi. r, z дыбыстарының күрделi табиғатын, тiл дамуындағы маңызын көрсететiн ar ≈ az, kör ≈ köz, tiz ≈ tir/ter тәрiздi түбiрлес жұптар ескерткiштер тiлiнде де жиi қолданылады. Түркi тiлдерi дыбыс жүйесiнде r дыбысының бiршама тұрақсыздық сипаты белгiлi. Ұйғыр тiлi диалектiлерiнде r ≈ j сәйкестiгi: jara ≈ jaja «рана», qarmaq ≈ qajmaq «удочка», tört ≈ döjt «четыре», jaruq ≈ jajuq «свет», bir ≈ bij «один», r ≈ l сәйкестiгi: qara ≈ qala «қарау», r ≈ ž сәйкестiгi: qïrïm ≈ qižïm «Крым», kir ≈ kiž (dim) «кіріп-шықтым», bir ≈ biž «бір» т.
Түркілік q, k, γ, g, х, h, w, j дыбыстарының даму жолы, қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысы жайлы Е.Д. Поливанов, В.А. Богородицкий, М. Рясенен, А.М.Щербак, А.Н. Кононов, Б.А. Серебрянников, Н.З. Гаджиева, Н.А.Баскаков т.б. көптеген ғалымдардың еңбектеріндежан-жақты сөз етіліді. Қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерімен даму жолында ерекше орын алатын q, k, γ, g, х, h, w, j дыбыстарының фоно-морфологиялық табиғаты қазақ тіл білімінде С.Кеңесбаев, Ж. Аралбаев, М. Томанов, С.Омарбеков, Б. Сағындық т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылды.
Түркі тілдері консонанттар жүйесіндегі q/k, γ/g, х, h дыбыстарының туыстығы талас тудырмайды, олардың кей жағдайда бір тіл ішінде де, тілдер арасында да фонологиялық жағынан ажыратылмауы да генетикалық жақындықтың көрінісі.
Qq(қ) –түркі тілдерінің көпшілігінде q дыбысы сөз соңында сақталған, көне түркі тілінде, қаз., тат., ноғ., башқ., қырғ., ұйғ., түркім., тув. тілдерінде – aq, өзб. тілінде – oq “ақ”, көне түркі тілінде, қаз., тат., құқм., каб. – балк., қырғ., тув. тілдерінде – balïk “балық”.
Әрбір тілдің өзіндік ерекшеліктеріне орай сөз соңындағы q дыбысы бірнеше өзгерістерге түседі: 1. q ≈х (як. – suox, atax, ox; хак. – ajax, čox; әзірб. – jox, ox; қаз. –ajaq, žoq, oq “аяқ”, “оқ”, “жоқ”); 2. q ~ g (әзірб. – balïg; қаз. – bаlïq); 3. q ≈ γ (өзб. – čijroγ, қаз. – šïraq); q ≈ ø (чув. – ura, čere, pure; қаз. – ajaq, žürek, büjrek).
Kk(к) –K дауыссызы сөз соңында сақталған:көне түркі, қазақ, татар, қырғыз, ноғай, қарақалпақ тілдерінде – kök, түркім., түр. тілдерінде – gök, башқ., тілінде – kük “көк, аспан”.
k ≈ х ≈ j сәйкестігі негізінен әзірбайжан диалектісінің батыс тобынан байқалады, мысалы: üzük// üzüj “жүзік”, malax // malaj “періште”, kurax // kuräj “күрек”. Қатаң k-нің j-ге ауысуы өзбек тілі диалектілерінде кездеседі: büläk//buläj “білеу, қайрақ”, teräk // teräj “терек”. Қатаң k дыбысының тұрақсыз дыбыстар қатарына жататыны оның сөз соңында элизияға ұшырауынан анық байқалады: чув. – ine ~ түрік, тув., тоф. inek, әзірб. inak; чув. atä ~ тат. itäk, қаз., ққалп. – etik, ütük “етік”.
k фонемасы көптеген түркі тілдерінде сөз ортасында кездесді: қаз., ққалп., құм., гаг., түрік, алт. – kükürt; тат. – kükart; алт. kükür “күкірт”; қаз., ноғ., құм., түрік. teke, гаг. tekä, тат., әзірб. täkä “теке”. Қазақ және қатаң k дауыссызының дауыстылар арасында ұяңдануы түркі тілдері арасында да кездеседі: қаз. тілінде egiz ~ әзірб. akiz “егіз”; қаз. egin ~ түрік. ekin “егін”. Бұл құбылыс алтай тобындағы өзге тілдерге де, мәселен, монғол, тұңғыс, маньчжур тілдеріне де тән.
γ (ғ) –дыбысы бәсең артикуляциялы дыбыс болғандықтан түркі тілдері фонетикасында тұрақсыздар қатарына жатады. Сөз аяғында γ дауыссызы қазіргі түркі тілдерінің біразында сақталған: көне түркі., әзірб., ұйғ. jaγ “май”; көне түркі., әзірб., хак. saγ “сау”, көне түркі., шағ., түрік, ұйғ. tuγ “ту”; көне түркі, хак., тув., тоф. тілдерінде – azïγ “азу тіс”; сөз ортасында: көне түркі., әзірб. aγur, ұйғ. eγir, өзб. oγir “ауыр”; көне түркі., әзірб. aγuz, ұйғ. aγïz, өзб. oγiz “ауыз”; көне түркі. aγïl “мал қора”; өзб. oγïl “мал қорасы”; ұйғ. еγil; көне түркі. әзірб. baγur “бауыр”, ұйғ. baγir “кеуде, көкірек”.
γ ≈ w сәйкестігі: қаз., тат., башқ., ққалп., ноғ., құм. taw “тау” ~ taγ; saw “сау” ~ saγ; қаз., тат., башқ. buw, ққалп. тілінде puw “бу” ~ buγ; қаз., ққалп., құм., ноғ., түркім., өзб. suw “су” ~ suγ;
γ ≈ j сәйкестігі: әзірб. sojuq “суық” ~ soγuq; қаз., ноғ., құм. тілдерінде – sïjïr, тат. säjär “сиыр” ~ sïγïr. Кей тілдерде γ дыбысы g дыбысына өзгереді: түр. тілінде bug “бу” ~ buγ; шор тілінде sug “су” ~ suγ; қырғ. тілінде – bugu “бұғы” – buγu.
Кейбір тілдерде γ-ның орнына созылыңқы дауыстылар айтылады: қырғ. тілінде to:, шағатай тілінде da:, алт. tu: “тау” ~ tay; алт., қырғ. bu: “бу” ~ buw, балк.– bu: “бұғы” ~ buγu; як. uru: “туыстық, туыс” ~ uruγ; тув., хак., шор., тоф. a:s, алтай қырғ. o:z “ауыз” ~ aγïz.
g (г) - бәсең артикуляциялы тұрақсыз дыбыстардың біріне жатады және өзгеруге, түсіп қалуға бейім тұрады. Мысалы, көне түркі ескерткіштері тілінде g дыбысымен айтылатын біраз сөздер қазіргі қыпшақ тобындағы тілдерде j дыбысымен айтылады: еgin “иық” ~ қаз. ijin; jigne “ине” ~ қаз. ijne; tügme ~ қаз. tüjme; ügür “үйір” ~ қаз. üjir.
x (х) –увуляр, спирант қатаң фонема. Оның артикуляциялық-акустикалық табиғаты жөнінде біркелкі пікір жоқ. Қазақ тілінде х дыбысы өзге тілдерден енген сөздер (орыс, араб, иран) арқылы тіліміздің дыбыстық жүйесіне орныққан деген пікір қалыптасқан. Әрине, бұл синхронды тұрғыдан қарағанда өте орынды, ал өзге түркі тілдерімен салыстыра, тарихи тұрғыдан қарасақ, әлі де анықтай түсуді қажет ететін мәселе сияқты. Себебі, q дыбысының жартылай ұяңданып х дыбысына айналу процесі чув., як., хак., тув. тілдеріндегі байырғы түркі сөздерінен көптеп кездестіруге болады: хак. xulax “құлақ” ~ қаз., құм., қырғ. qulaq, тат. qolaq; чув. suxal “сақал” ~ қаз., тат. saqal; чув. suxa “жаға” ~ тат., ұйғ.jaqa;
Түркологиялық еңбектерде бірде фарингаль, бірде ларингаль, кейде тіл арты – увуляр дыбыс деп айтылып жүрген һ спиранты қазақ тілінде негізінен араб-иран тілдерінен енген біраз сөздерде және көптеген одағайлар құрамында кездеседі.Түркі тілдерінің бәрінде h дауыссызының фонетикалық қасиеті біркелкі емес. Мәселен, түркімен, татар, құмық, ноғай тілдеріне қарағанда әзірбайжан, өзбек, ұйғыр тілдерінде ызың h сөздің мағынасын ажыратуға мүмкіндігі бар фонемалық дыбыс болып саналады. Ал түркі тілдерінің екінші бір тобында (чув., хак., тув., алт., гаг., қырғ. т.б.) h дауыссызы дербес фонема сапасында қолданылмайды.
h ≈ s сәйкестігі: башқұрт тілінде сөз басына қатысты (haj ~ қаз. saj “сай (географиялық жер бедері)”, hal ~ қаз. sal “сал (суда жүретін)”, hez ~ қаз. siz “вы”, horo ~ қаз. sur “сұр, сұрқай”, höt ~ қаз. süt “сүт”, agïl+hïz ~ қаз. aqïl+sïz “ақылы аз, ақымақ)”, aq+har ~ қаз. aq+sa “ақсау” т.б.) якут тілінде түбір сөздің соңында, сөз ортасында да кездеседі: ï:ha: ~ қаз. ïsta, ahïlïk ~ қаз. as “ас, тамақ”, т.б. Түркологиялық әдебиеттерде h дыбысының анлаут және инлаут жағдайдағы протезалық сипатына көп көңіл бөлінеді. Рамстедт-Пеллио заңдылығы бойынша h фонемасы *п, *б, *ф, *в, *у дауыссыздарымен (р/b/v ~ r/v ~ φ/ω > h > 0 ; жалпыалтайлық *p- (*φ): түрк. ø- ~ тұнғ. p- ~ маньчж. f-) негіздес қарастырылса, Г. Дерфер бабатүркілік * р дауыссызымен ғана (h ­ < бабатүркілік *р) төркіндес деп есептейді.
s≈h сәйкестігі: Башқұрт тіліндегі жалпытүркілік сөздердің негізгі бөлігінде сөз басындағы s дыбысы h дыбысына өзгереді (qorhaq “құрсақ, іш” ~ қаз. тілінде – qürsaq; jaharγa “жасау, істеу” ~ қаз. тілінде – žasaw т.б.), тек sijraq “сирақ” ~ қаз. sïjraq; söjäl “сүйел” ~ қаз. süjel тәрізді бірен-саран сөздерде және араб-парсы тілдерінен енген сөздерде (sabïj “сәби, нәресте” ~ қаз. säbij; säbäp “себеп, сылтау” ~ қаз. sebep; sijxru “сиқыр, ғажайып” ~ қаз. sïjqïr т.б.) сақталған. Башқұрт тілінде жалпытүркілік сөздерде s дауыссызының орнына h дыбысының қолданылуы тек түбір сөз деңгейінде ғана емес қосымша морфема деңгейінде де кездеседі: жіктік жалғауының екінші жағы: -hïŋ, -hеŋ, -hoŋ, -höŋ ~ қаз. sïŋ, -sіŋ; тәуелдік жалғауының үшінші жағы: -hï, -hе, -hо, -hö ~ қаз. -sï, -si; сын есім тудыратын жұрнақ: - hïz, hеz, hоz, höz ~ қаз. -sïz, -sіz т.б.). s≈h сәйкестігінің түркі (башқұрт, якут), тұңғыс-маньчжур (эвенкі), монғол (бурят) тілдерінде кездесуі бұл құбылыстың алтай дәуіріне тән екендігін, яғни алтай тіл бірлестігінен қалған белгі екенін көрсетеді.
Ww (у) – сонанты да дауыстылармен бірге қосылып дифтонг сапасын жасайды. Жалпы түркологияда w дыбысының да генезисі, эволюциясы жайлы тұрақты пікір жоқ, көптеген зерттеушілер оны кейіннен пайда болған деп санайды.
Қазақ тілінде сөз соңында қолданылатын w дыбысы басқа түркі тілдерінде түрліше қалыптасып, бірнеше дыбыс сәйкестіктерін түзеді: 1. γ ≈ w: өзб. jaγ, buγ, oγrïγ, qojuγ ~ қаз. žaw “жау”, buw “бу”, awruw “ауру”, qojuw “қою”; әзірб. baγ, saγ ~ қаз. baw, saw “бау”, “сау” т.б.; 2. g≈ w: әзірб. gïšlag, jamag, түркім., тув. bag, түрік. bуg, тув. čag ~ қаз. qistaw, žamaw, baw, buw, žaw (жаңбыр, қар)” т.б.; 3. q ≈ w: өзб. arqoq, jalqoq; тув. čadaq ~ қаз. arqaw, žalqaw, žajaw т.б.; 4. k≈ w: тув. tanak, қырғ. arkok ~ қаз. tanaw, arqaw т.б.; 5. w ≈ v: башқ. hov/hiv, чув. šïv ~ қаз. тілінде – suw “су”.
Көне түркі тілімен салыстыра қарағанда γ, g ≈ w сәйкестігімен қатар w ≈ b: сәйкестігін жиі кездестіруге болады: jabaš, jabïž, ДТС, 222, ~ žuwas, žawïr т.б. Қазақ тілінде w ≈ p алмасуы кейінді ықпалдың әсерінен болатын фонетикалық заңдылық: tаp – tаwïp, šаp – šаwïp.
Түркі тілдерінде артикуляциялық тұрғыдан біршама ұқсас w ≈ v ≈ p ≈ b дыбыстарының төркіндес дыбыстар екені толық дәлелденген. И.А. Батманов w дыбысының басқа еріндік дыбыстардан өзгешелігін айта отырып, екінші буында қолданылатын у ерін үндесуінің нәтижесі болуы мүмкін, кейде езу дауыстыларынан кейін де айтылуы ықтимал дейді .
h, w (v), j дыбыстары тарихқа белгісіз ежелгі дәуірден бері протезалық, эпентезалық қызмет атқарып келеді. Ал, протезалық, эпентезалық дыбыстардың бір-бірін алмастыра алатындығы, яғни w≈p≈b≈v сәйкестігін h≈х≈q≈k≈γ≈g сәйкестігі алмастыра алатыны түркологияда “Рамстедт-Пеллио заңдылығының” [p(-b)]≈[v(w-f)≈[h]>0 формуласы бойынша негізделуде.
Түркі тілдеріндегі q/k ≈ γ/g ≈ х ≈ h ≈ w ≈ j дыбыс сәйкестіктері тізбегінің қазіргі түркі тілдерінде түбір морфема деңгейінде де, қосымша морфема деңгейінде де кездесуі; сөздің тұлғасын ғана өзгертіп қоймай, кей жағдайда сөз мағынасына да әсер етуі; тек түркі тілдерінде ғана емес монғол тілдерінде де кездесуі сәйкестіктің күрделі фоно-морфологиялық табиғатын сипаттайды.
Jj (й) –спиранты қазақ тілінде сөздің ортасы мен аяғында қолданылады. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде j дыбысы жиі кездеседі. Тіл ортасы j дыбысы қазіргі түркі тілдерінің де бәрінде дерлік сақталған, мысалы: әзірб., түркім., құм., қаб.-балқ., ноғ., қаз., тат., ққалп., алт., ұйғ. ajaq, түрік, гаг. ajag, өзб. ojoq “аяқ”; әзірб., түркім., ноғ., тат., қаз., ққалп., қырғ., алт. ajγïr, ұйғ., өзб. ajhïr, түрік.ajqïr “айғыр”.
Түркі тілдеріндегі j фонемасының генезисі негізінен сөз басындағы j ≈ dž ≈ ž ≈ t ≈ d ≈ g ≈ ś ≈s ≈ z сәйкестігінің архетипін анықтауға байланысты қарастырылып жүр. Бұл құбылысқа ең алғаш көңіл аударған В.В. Радлов (j ≈ ž ≈ č ≈ z ≈ s ≈ ś) тізбегіндегі j дыбысын алғашқы деп танып, тізбектің даму жолын j > ž, j > č, č > z, z > s, s > ś схемасымен, сәл кейінірек j > ž, j > č, č > z, z > s, s > ś схемасымен белгілейді. Е.Д. Поливанов, Е.И. Убрятова, Б.А.Серебрянников, Н.З. Гаджиева т.б. ғалымдар j дыбысын алғашқы дауыссыздар қатарында санаса, С.Е. Малов, Н.А. Баскаков, Ш.Х. Ақбаев, Ф.А. Абдуллаев т.б. ғалымдар j дауыссызын кейін қалыптасқан дыбыстар қатарына қосады.
j≈ž сәйкестiгi. Көне түркілік анлаут j-дің қыпшақ тілдеріндегі өзгерістері негізінен j≈ž сәйкестігінен көрінеді. Қыпшақ-ноғай топшасының басты белгісі болып табылатын ž-мен сөйлеу дәстүрі қазақ, қарақалпақ тілдерін толық қамтыған: Күлтегін ескерткішінде jat «жат», jaz «жаз», jol «жол», joq «жоқ» ~ қаз., ққалп. тілдерінде žat, žol, žaz, žoq. Ал осы топшаға кіретін ноғай тілінде j тұлғасы сақталған: jat «жату», jaz «жаз», jol «жол», jok «жоқ». Қыпшақ-половец топшасындағы тілдерде ž мен сөйлеу балқар тілінде кеңірек белең алған: žol «жол», žut «жұт», žaj «жаз», žap «жабу», žaγа «жаға», žaš «жас», žan(gur) «жаңбыр», žar «жару». Аталған құбылыс қыпшақ-бұлғар топшасында да ішінара кездеседі: тат. тілінде žijņgä «жеңге», žijmeš «жеміс», žijl «жел», žijr «жер», т.б.
j≈ø. Қыпшақ тілдерінде жиі кездесетін фонетикалық заңдылықтың бірі көнетүркілік j дыбысының е дауыстысының алдында түсіп қалуы, бірақ е дыбысы біршама созылыңқы айтылады: башқ. ēl «жел», ēm «жем», ēņ «жең», ēr «жер», eņ(ew) «жеңіс», eg(et) «жігіт».
Қорыта айтқанда қазіргі түркі тілдері дауыссыздар жүйесінің даму барысын көне түркі тіліне қатысты алғанда, Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi мен қазiргi қыпшақ тiлдерi моносиллабтар құрамындағы дауыссыз дыбыстар өзгерiстерiнiң кешенiн мынадай сәйкестiктер бейнелейдi:
j ≈ ž сәйкестiгi: jol≈žol «жол», jaš ≈žas «жас»;
p≈m сәйкестiгi: *piš≈*meš → pešin≈mešin «маймыл»;
p≈v сәйкестiгi: *ap≈*av → apar ≈ avar «авар»;
b≈m сәйкестiгi: bin≈min «мiн», biņ ≈ miņ «мың»;
b≈w сәйкестiгi: ab≈aw «ау, аула», sub ≈ suw «су»;
b≈j сәйкестiгi: *ob≈*uj → obut ≈ ujat «ұят»;
m≈ŋ сәйкестiгi: *tam ≈*taŋ → tamγa ≈ taŋba «таңба»;
n≈ŋ сәйкестiгi: jan≈jeŋ /žeŋ « жеңу»;
ŋ≈j сәйкестiгi: *süŋ /seŋ ≈ suj → süŋuk/seŋük ≈ süjek «сүйек»;
ŋ≈v сәйкестiгi: *süŋ /seŋ ≈*süv → süŋek/seŋük ≈ süvek «сүйек»;
l≈t сәйкестiгi: *ol ≈*ot, oltur ≈ ottur «отыр»;
l≈r сәйкестiгi: *ül ≈*ür → ülker ≈ ürker «Үркер»;
r≈z сәйкестiгi: bor ≈boz → a «шарап, боза»;
γ≈g сәйкестiгi: *ïγ ≈*ag → ïγaš ≈ agač «ағаш»;
γ≈w сәйкестiгi: *aγ ≈*aw → aγïl ≈ awïl «мал қора», «ауыл»;
γ≈v сәйкестiгi: *aγ ≈*av → aγïz ≈ avïz «ауыз»;
γ≈j сәйкестiгi: aγ ≈aj → aγïl ≈ ajïl «ауыл»;
γ≈q сәйкестiгi: *jaγ ≈*žaq/jaq → jaγuq ≈ žaqïn/jaqïn «жақын»;
γ≈k сәйкестiгi: *jaγ ≈ *jak → jaγuq ≈ jakïn «жақын»;
g≈j сәйкестiгi: teg ≈tij «дейiн», «тию»;
q≈k сәйкестiгi: qaz ≈kaz «қазу», qop ≈ köp «көп»;
q≈x сәйкестiгi: *qat≈*xat → qatun≈ xatïn «ханым, ханша»,«әйел»;
d≈j сәйкестiгi: qod≈qoj «қой (етiстiк)»;
d≈t сәйкестiгi: öd≈öt «өт (зат есiм)»;
z≈s сәйкестiгi: *üz≈*üs → üze ≈ üsti «үстi»;
t≈d сәйкестiгi: at≈ad «есiм»;
č≈š сәйкестiгi: čöl≈šöl «шөл», ač≈aš «аш»;
č≈s сәйкестiгi: üč≈ös «үш», ač≈as «ет. аш»;
š≈s сәйкестiгi: qïš≈qïs «қыс (зат есiм)», baš≈bas «бас»;
s≈h сәйкестiгi: sa≈ha → han «сан, санау»;
s≈š сәйкестiгi: is≈эš «iс».
Ал ескерткіштер тіліндегі дауыссыздардың қазақ тіліндегі өзгерістері мынадай дыбыс сәйкестіктерінің кешенін құрайды:
j ≈ z сәйкестiгi: jol≈ žol «жол», jaš ≈ žas «жас»;
p ≈ m сәйкестiгi: *piš ≈ *meš → pešin ≈ mešin «маймыл»;
p ≈ v сәйкестiгi: *ap ≈ *av → apar≈avar «авар» (орыс тілінің ықпалы);
b ≈ m сәйкестiгi: bin ≈ min «мiну», biņ ≈ miņ «мың»;
b ≈ w сәйкестiгi: ab ≈ aw «ау, аулау», sub ≈ suw «су»;
b ≈ j сәйкестiгi: *ob ≈ *uj → obut ≈ ujat «ұят»;
m ≈ ņ сәйкестiгi: *tam ≈ *taņ → tamγa ≈ taņba «таңба»;
n ≈ ņ сәйкестiгi: jan ≈ jeņ/žeņ « жеңу»;
ņ ≈ j сәйкестiгi: *süņ/seņ ≈ suj → süņuk/seņük ≈ süjek «сүйек»;
l ≈ t сәйкестiгi: *ol ≈ *ot, oltur ≈ ottur «отыр»;
l ≈ r сәйкестiгi: *ül ≈ *ür → ülker ≈ ürker «Үркер»;
r ≈ z сәйкестiгi: bor ≈ boz → a «шарап, боза»;
γ ≈ w сәйкестiгi: *aγ ≈ *aw → aγïl ≈ awïl «мал қора», «ауыл»;
γ ≈ j сәйкестiгi: aγ ≈ aj → aγïl ≈ ajïl «ауыл»;
γ ≈ q сәйкестiгi: *jaγ ≈ *žaq/jaq → jaγuq ≈ žaqïn/jaqïn «жақын»;
g ≈ j сәйкестiгi: teg ≈ tij «дейiн», «тию»;
q ≈ k сәйкестiгi: qop ≈ köp «көп»;
d ≈ j сәйкестiгi: qod ≈ qoj «қой (етiстiк)»;
d ≈ t сәйкестiгi: öd ≈ öt «өт (зат есiм)»;
z ≈ s сәйкестiгi: *üz ≈ *üs → üze ≈ üsti «үстi»;
č ≈ š сәйкестiгi: čöl ≈ šöl «шөл», ač ≈ aš «аш»;
š ≈ s сәйкестiгi: qïš ≈ qïs «қыс (зат есiм)», baš ≈ bas «бас».
Дәріс №8
Тақырыбы: Фонетикалық заңдылықтар, буын және екпін
Дәріс мазмұны
Түркі тілдеріндегі үндестік заңы
Түркі тілдеріндегі фузия
Тркі тілдері дамуындағы метатеза құбылысы
Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия, редукция)
Түркі тіліндегі екпін және сарын
Үндестік заңы алтай тілдерінің, оның ішінде түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заңдылық болып табылады. Ол алтай тобын құрайтын тілдердің қай-қайсысының да дыбыстық және буын жүйелерінің ерекшелігін айқындайды. Үндестік заңы бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, не еріндік, не езулік болып келеді. Сөздің жуан немесе жіңішке болуы дауыстылардың жуан, жіңішке табиғатына байланысты болатын болса, ерін үндестігі алғашқы буындағы еріндіктің әсерінен кейінгі буындағы дауыстының еріндікке айналуына (лабиалдық үндестік), ал езу үндестігі тіл үстінің қатты таңдайға көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылардың бірыңғайласуына қатысты болып келеді.
Түркі, моңғол, тұңғыс, корей тілдеріндегі үндестік заңына арнайы тоқтала отырып, Н.Поппе түркі тілдерінде дауыстылар үндестігінің бірнеше түрі кездесетінін айтады. Мәселен, татар тілінде бір сөзде тек жуан немесе тек жіңішке дауыстылар ғана болатын болса (at-lar ‘аттар’, әt-lär ‘иттер’, өttï ‘алды, ие болды’, üttә ‘өтті’, немесе, жуан дауыстылары бар түбірлерге көптік жалғауының –lar, жіңішке дауыстылы түбірлерге –lär қосымшасы, жуан дауыстылы түбірге етістіктің өткен шақтағы үшінші жақ -tï, жіңішке дауыстылы түбірлерге -tә қосымшасы ғана жалғанады), басқа түркі тілдерінде еріндік және езулік дауыстылармен қатар, жуан және жіңішке дыбыстардың қарама-қарсылығы орын алады. Мәселен, татар тілінде дауысты дыбыстар жуан және жіңішке деп бөлінсе, башқұрт қазақ тілінде дауыстылар жуан және жіңішке, еріндік және езулік дауыстылар болып жіктеледі. Мысалы: татар: kәttә ‘кетті’; ӫttә ‘ән салды’; čïqtï ‘шықты’; ӫttï ‘ұтты’; башқұрт: kәttә ‘кетті’, алайда ӫttӫ ‘ән салды’; sïqtï ‘шықты’, алайда өttө ‘ұтты’.
Бір сөзде тек жіңішке (палатал) немесе жуан (велар) дауыстылар ғана кездесуі палаталдық үндестікке, алдыңғы буындағы езулік немесе еріндік дауыстылардың ортаңғы (немесе жоғарғы) дауыстыларға қатысы лабиалдық үндестікке барып саяды. Якут тіліндегі алдыңғы буындағы езулік немесе еріндік дауыстылардың төмен (кең) дауыстыларға қатысы лабиалды тартылыс деп аталады. Мысалы: aγalar ‘әкелер’ / oγolor ‘балалар’. Кейбір түркі тілдерінде тек палаталдық үндестік орын алады. Мәселен, түрікмен, қазақ, ноғай, татар тілдерінде қосымшалар ä/a немесе ә/ï дауыстыларымен ғана кездеседі (-lar көптік қосымшасы тек -lär/-lar формасында кездеседі; үшінші жақтағы қосымша -ә немесе -ï болып келеді, ü немесе –u кездеспейді). Түрік, әзірбайжан, тува, кұмық сияқты түркі тілдерінде палаталдық үндестікпен қатар лабиалдық үндестік бірге жүреді. Мысалы; көптік қосымшада ä/a дыбысы кездессе, үшінші жақтағы қосымша -i/-ï/-ü/-u болып келеді.
Чуваш тілінде тек палаталдық үндестік (arman ‘диірмен’, шығыс. arman-ăn, бағыт. arman-a, орын. arman-ta т.б орын алады. Дегенмен, шығу тегі жеке дара сөздерге барып саятын қосымшалар бұл ережеге сай жалғанбайды: ura ‘аяқ’ + sem < *sayïn ‘әр’ сөздерінен urasem ‘аяқтар’. Демек, сингормонизм заңына сай емес мұндай ауытқулардың кездесуі дауыстылар үндестігін бір сөзде белгілі бір дауыстылар ғана кездесетін морфофонемалық сипаттама ретінде айқындауға болатынын айғақтайды.
Терең веляр немесе постпалаталдық дауыссыздардың дауыстылардың жуан, жіңішкелігіне қатысы дауыссыздар үндестігі деп аталады. Мәселен, түркі тілдерінде k және g жіңішке дауыстылы сөздерде, q және g (немесе γ) жуан дауыстылы сөздерде ғана кездеседі. k немесе g дауыссыздары бар қосымшалар –kä, -gä, -qa, -γa түрінде болады, көне түркі sü-g ‘әскер’, at-ï-γ ‘ат’; il-gärü ‘ілгері’, qurï-γaru ‘артқа, батысқа қарай’; ödkä ‘уақытына қарай’, taluyqa ‘теңізге қарай’.
Н.Поппе түркі тілдерінде дауыссыздар ассимиляциясының екі түрі кездесетінін айтады. Мысалы қазақ тілінде екінші дауыссыз дыбыс алдыңғы дауыссыздың себебінен ассимиляцияға ұшырайды: қаз. attar < at + -lar. Бірінші дауыссыздың екінші дауыссыз дыбыстың әсерінен ассимиляцияға ұшырауы якут тілінде кездеседі: akka ‘атқа’ < at + -ka), ekke ‘етке’ < et + -ke(-ke бағытты білдіретін қосымша); ïččït ‘итші’ < ït ‘ит’ + -čït (-čït мамандықты білдіретін зат есім қосымшасы); appït ‘атымыз’ < at + -bït (тәуелдіктің қосымшасы). Тіптес дауыссыздардың үндесуінен пайда болатын дауыссыздар ассимиляциясы әсіресе, екі морфема қосылғанда, айталық, түбір соңындағы және қосымшаның басында келетін дауыссыздардың бір біріне әсерінен айрықша көрініс береді. Мысалы, көптеген түркі тілдерінде -lar көптік қосымшасы түбірге жалғанғанда l дыбысы өзгеріссіз қалады: түрік. oda-lar ‘бөлмелер’, ay-lar ‘айлар’, at-lar ‘аттар’, gün-ler ‘күндер’. Ал қазақ тілінде l дауыссызы бар қосымшалар тек r, ṷ, y дыбыстарынан кейін және түбір дауысты дыбысқа аяқталғанда жалғанады: qala-lar ‘қалалар’, kiši-ler ‘кісілер’, žer-ler ‘жерлер’, taṷ-lar ‘таулар’, qoy-lar ‘қойлар’. L, m, n, ŋ дауыссыздарынан кейін d, басқа дауыссыздардан кейін t келеді: aṷïl-dar ‘ауылдар’, köl-der ‘көлдер’, kün-der ‘күндер’, esik-ter ‘есіктер’, at-tar ‘аттар’.
Г.Й.Рамстедт қосымшаның басқы дыбысының негіздің соңғы дыбысымен кірігуін фузия деп атайды және оның барлық алтай тілдері үшін маңызы ерекше екенін атап көрсетеді. Фузияны ассимиляция заңына бағынатын, ілгерінді және кейінді ықпалдарға қатысы бар құбылыс ретінде қарастыра келіп, Г.Й.Рамстедт алтай тілдерінде қосымшаның басқы дыбысы негіздің соңғы дыбысына, немесе керісінше, негіздің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысына ыңғайласуы, бір- біріне әсер етуі орын алатынын айтады. Мысалы: түрк. at-qa, atima; моңғ. jabu-ǯu’ жүріп келе жатып′, gar-šu ′кетерде′; түрк. ba-j-u ′байлап жатып′ (түбір ba- ), ba-g ′байлам, түйін′, baj-la ′байлау′; кор. pa ′арқан, жіп′ (<*pag); түрк., моңғ. bag-la ′байлау′. Түркі тілдерінде ba- ′байлау′ түбір-негізі якут тілінде –j- форматы арқылы ұзарып, baj- тұлғасында етістіктің негізін құрайды. Алтай тілдерінде негіздің соңғы дыбысы қосымшаға қосылып кетуі немесе түсіп қалып, негіздің қысқаруы да көптеп кездеседі: моңғ. jabu-gad, жаңа моңғ.jaw-ād; кор. isi-da ′болу′, кейіннін is-ta, қазір itta.
Сөздердің, грамматикалық тұлғалардың тарихи дамуында із қалдырған құбылыстардың бірі – метатеза. Метатеза – сөздің өз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмастыруы, сөйтіп соңғы қалпында қалыптасып, орнығуы. Метатезалық құбылысты айқындау үшін туыстас тілдер мен көне жазбалар тілінің фактілерін бүгінгі біздің тіліміздегі сондай фактілермен салыстыру қажет. Сонда ғана дыбыстардың орын ауысуын анықтауға болады, сол арқылы олардың қандай сөздермен түбірлестігін, құрамын айқындауға мүмкіндік туады. М.Қашқари «Диуани луғат-ит түркі» (1074) еңбегінде сол заманғы түркі тайпалары тілдерінде қ мен ч, ғ мен д, ш мен н, ғ мен м, ғ мен л дыбыстарының түбір сөз ішінде метатезалық өзгерістерге түсетінін көрсетеді. Қашқаридің айтуынша, қарлығаш, қоңсы, жаңбыр сөздерінің бастапқы тура түрі қарғылач, қошны, йағмур. Егер бұрынғы сипатын еске алсақ, этимологиялық жақтан қарлығаш сөзі қар (қол, иық мәнінде) сөзінен шыққанын, ал қоңсы сөзінің қос, қосақталу сөздерімен түбірлестігін, жаңбыр сөзінің арғы түбірі йағ («жауу» етістігі) екенін байқаймыз.
Әдетте, тіл білімінде протеза, эпентеза деп аталатын құбылыстар этимологиялық тұрғыдан сөз құрамында болмаған, тілдің даму барысында пайда болып, қалыптасқан дыбыстарға қатысты болып келеді. Түркі сөздері, оның ішінде қазақ сөздері де іргелес айтылған екі дауыссыздан және л, р дыбыстарынан басталмайтыны белгілі. Сырттан, басқа тілдерден енген сөздердің барлығы да тілімізде қалыптасу процесінде осы заңдылық бойынша меңгеріледі. Мәселен, қазақ тіліне бұрынырақта енген араб-парсы сөздері де, орыс сөздері де қазақ тілінің заңдылығына лайықталып, протезалық дыбыстармен қалыптасып кеткен: ырас, ырза, ірет, үстел. Протезалық дыбыс ретінде кейде ашық о дыбысы да айтылады: орыс, ораза (бастапқы түрі русь, руза).
Эпентеза немесе сөз ішінде қатар айтылуға тиіс екі дауыссыз дыбыстың арасындағы дауыстының түсіп айтылуы да қазіргі әдеби тіл құрамындағы кездесіп отыратын құбылыс. Эпентезалық дыбыстар, әсіресе, араб-парсы тілдерінен енген сөздер құрамынан көптеп кездеседі: пікір, уақыт, өмір, ресім. Орыс тілінен енген кереует, бөрене, тұрба тәрізді сөздер де эпентеза құбылысы орын алады. Байырғы қазақ сөздері ғ, г, х, һ дыбыстарынан басталмайтыны мәлім. Осы дыбыстардан басталатын сөздер қазақ тілінде әртүрлі орныққан. Көп реттерде қазақ тілі өзіне жат құбылыстан «қашып», сөз басындағы әлгі дыбыстарды түсіріп айтқан. Осының нәтижесінде қазақ тілінде Әли, Омар, Оспан тәрізді кісі аттарымен қатар әл, әзір, өмір, өкім, әскер, әкім т.б. сөздер қалыптасты. Сонымен қатар, кей сөздер құрамындағы бұрынғы дыбыс қазақ тілі заңдылығына лайықталып, қатаңдап кеткен: Қали, Құмар, Құспан, қазір, кәзір, хал т.б.
Түркі тілдеріне тән ғ, г дыбыстарының элизиясы ( буғдай – бидай, сығыр – сиыр, бігіз – біз (ине), сарығ – сары т.б.) қазақ тіліндеде торын алады: мағына – мән, мағлұм – мәлім
Түркі тілдерінде негізгі етістік пен көмекші етістік тіркесінің редукцияға ұшырауы жиі кездесетін құбылыс: келатыр, түрегел, баратыр. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездеспейтін көмектес септігінің жалғауы да біле, іле, білен шылауларының редукциялануы арқылы қалыптасқан. Өзі бағынышты, жетегінде айтылатын есім сөзбен бір екпінге бағынудың нәтижесінде бірле шылауы редукцияланып, қазіргі тіліміздегі –мен тұлғалы жалғауға айналған
Түркі тілдері тарихында екпіннің сөздің соңына қарай жылжуы сөз құрамында белгілі бір өзгерістердің болуына жетелейді. Екпін түспеген буындар сөз құрамында әлсіреп, көмескіленіп отырады. Мысалы: қазақ тілінде жап(ы(рақ, топ(ы)рақ, көк(і)рек т.б.
Э.В.Тенишев арғыалтай тілінде екпіннің екі түрі болғанын айтады: 1) бірінші буында әуезді және динамикалық екпін; 2) бірінші буында динамикалық, ал екінші немесе үшінші буындарда әуезді екпін. Н.Поппе түркі тілдерінде бірінші буынға түсетін екпіннің динамикалық шұғыл түрі, ал екі, үш, одан да көп буынды сөздерде соңғы буынға түсетін әуезді екпін, музыкалық сарын болатынын айтады: түрік, өзбек, шор, сагай, якут, т.б. динамикалық екпін бірінші буынға, әуезді екпін соңғы буынға түседі: түрік áyàq ‘аяқ’, áyaγïm ‘аяғым’.
Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түсетіні белгілі. Бұл ежелгі құбылыс емес. Түркі сөздері, негізінен, бір буынды болып, қарқынмен айтылатын қатаң дыбыстардан басталуы, сондай-ақ поэзиядағы аллитерация құбылысы, қап-қара тәрізді интенсив формаларының қалыптасуы о баста бір буынды сөздің күшті, қарқынды айтылғандығын дәлелдейді. Бұл жай тек қана түркі тілі материалдарымен емес, монғол, тіпті батыста жатқан венгер тілі фактілермен де дәлелденіп отыр. Осыған орай қазіргі қазақ тілінің мына фактісі айрықша назар аударады: бұйрық рай тұлғасы қарқынмен айтылса, соңғы буындағы екпін бір буын кейін сөздің басына ығысады.
Екпіннің соңғы буыннан алға қарай жылжуы сын есімнің интенсив формаларынан да айқын байқалады: қап-қара, сап-сары, шіп-шикі, қып-қызыл, аппақ, т.б. сөздер құрамында екпін алдыңғы күшейтпелі буынға түседі. Қазақ тілінде екпіннің алдыңғы буынға қарай жылжуы, әсіресе, лепті сөйлемдер құрамында байқалады.
Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде сөз (түбір сөз) бір буынды болған. Мұндай бір буынды сөздерде екпін буын құрамындағы дыбыстарды біртұтас фонетикалық комплекске біріктіріп, тұтастыратын, сөйтіп сөз (түбір) тұтастығын белгілейтін тәсіл есебінде болды. Тілдің полисинтетикалық немесе аморфтық құрылымы агглютинацияға ауысуымен бірге екпін бір буынды бірнеше түбірді бір грамматикалық топқа ұйымдастырудың тәсіліне айналды. Ондай топтың құрамындағы түбірлердің біреуі (бірінші орындағы) ғана лексикалық мағына иесі болды да, қалғандары (екінші, үшінші орындағылар) грамматикалық көрсеткіштер қызметін атқарды. Даму барысында соңғылар қосымшаларға айналды. Тілдің грамматикалық құрылымы механизмінің дамуын осылай деп шамаласақ, екпіннің кейінге қарай жылжуы сөз құрамының күрделенуімен бірге болған процесс болып табылады. Екінші, үшінші орында тұрған түбірлер қосымшаға айналып, түбірге жалғанады. Алғашқы түбір құрамына түскен екпін біртұтастықты белгілеу үшін кейінгі буынға жылжиды. Тіл дамуының бұл ерекшелігі сингармонизм заңдылығының да шығу, қалыптасу жолын байқатады. Түркі тілдері тарихын зерттеушілер сингармонизмнің шығуын сөздің мағыналық тұтастығын белгілеуден туған деп қарайды.
Әдебиеттер:
Қашғари М. Диуони луғат-ат түрк. І т. - Ташкент, 1960.
Тенишев Э.В. Алтайские языки // Языки мира: Тюркские языки. М.,1996.-543. С.9
Poppe N. Introduction to Altaic Linguistics.-Wiesbaden, 1965.
Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков / под ред. Н.К.Дмитриева. М., 1955-1962. ТТ. 1-4. І т. С. 307-316
Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание. Морфология. -М.,1957.С.27
Дәріс №9
Тақырыбы: Түркі тілдерінің морфологиялық ерекшеліктері
және қазақ тілінің тарихи морфологиясының мәселелері.
Дәріс мазмұны:
Сөз құрылысының агглютинацияға байланысты ерекшелігі
Тілдің морфологиялық құрылымының даму ерекшеліктері
Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
Алғашқы түбір және қазіргі тілдергі «өлі түбірлер» туралы
Түбірлер мен қосымшалардың синкретизмі жайлы
Түркологиялық зерттеулер бойынша түркі тілдерінің барлық топтарына тән морфологиялық орақтықтар мынадай болып келеді:
а) морфологиялық құрылыстың негізі – аффиксация. Олай болатын себебі – типологиялық жағынан жалғамалы (агглютинациялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді.
Сөздің морфологиялық құрылымы үш элементтен: түбір мен суффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді: 1. Тек қана түбірден құралған сөз; 2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтардан құралған сөз; 3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан және бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз.
Түркі тілдерін зерттеушілер сөздің жоғарғы көрсетілген үш типінен басқа төртінші, аралас типін де көрсетеді (Дени т.б.). Бұл тип жоғарғы көрсетілген типтердің құрама элементтерінің кейбірінің орын ауыстыруынан және қосымшалардың аралас түрлерінің қатысуынан жасалады. Төртінші типтің құрамы мына тәріздес: түбір-жұрнақ (бір не бірнеше) – жалғау – аралас қосымша – жалғау. Мысалы: дау-лас-қан-дар-дікі-нен; ә) сөз таптары түр жағынан басқа тілдердегі сондай типтерді негізінен қайталанғанмен, олардан өзге шылаулар (предлогтардың орнына) тобынының бар екенімен ерекшеленеді. Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдеріндегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайы жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалпы, жалғамалы тілдерде сөздердің орналасу тәртібіне сәйкес шылаулар да өздері қатысты сөздерден кейін келеді. Ал басқа тілдердегі предлогтар болса, өздері қатысты сөздің алдында айтылады. Сонымен бірге, роман-герман тілдерінде кең қолданылатын артикльдер жүйесі түркі тілдерінде жоқ. Олардың (артикльдердің) мәні көбіне сөз не грамматикалық форма арқылы беріледі. Басқа ерекшелейтін тағы бір белгі – жіктеу есімдіктерімен сілтеу есімдіктерінің этимологиялық байланысы: мен – бұл, сен – ол т.б. Басқа тілдермен салыстырғанда, бұл түркі тілдерінде етістіктің функциялық түрлерін жасайтын аффикстер әлдеқайда мол да көп түрлі;
б) грамматикалық категориялар жүйесінде мына тәрізді ерекшеліктер бар: 1) индоевропа тілдерінде зат есімдер жанды және жансыз құбылыстарды білдіруіне қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі тілдерінде адамды және басқа заттар мен құбылыстарды білдіруіне қарай жіктеледі. Грамматикалық род категориясы жоқ; 2) тәуелдік жалғаулар және тәуелдікті білдіретін конструкциялар жүйесі бар. Грамматикалық категориялардың бұл түрлері басқа тілдердегі «быть» етістігімен келетін конструкциялардың мәні мен қызметін атқарады; 3) абстракт көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі, ал көптік жалғаудың бір шама нақты мәнді білдіруі; 4) көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы; 5) тәуелдік септеудің бар екені; 6) атау тұлғаның көп мәнділігі; 7) шығыс септікті конструкциялардың салыстырмалы шырайы мәнін беретіндігі.
Түркі тілдерінің морфологиялық құрылысының мынадай басты ерекшеліктері бар: 1) морфемалардың бір-бірінен жігі айқын ашылып тұратындығы; 2) түбір морфеманың семантикалық және грамматикалық жағынан біршама дербес қолданылатындығы; 3) әрбір морфема көпшілік жағдайда сөз құрамында мотивті болып келіп, белгілі бір семантиканың иесі болып отыратындығы.
Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының өзіндік ерекшеліктері олардың аглютинативтік қасиетінен туындайды. ‘Аглютинацияның мәні мынада, - деп жазады, мәселен, көрнекті моңғолтанушы Г.Д.Санжеев, - қандай-да бір сөз оның негізіне белгілі бір суффикстің жапсырылуы, яғни жалғануы арқылы өзгеріске түседі. Ал негіз ешқашан өзгеріске түспейді, бастапқы қалпын сақтайды’. Мұндай пікірді түркітанушы Л.Н.Харитонов та айтады: ‘Тілдегі сөздер және формалар түбірге аффикстердің бірізділікті сақтай отырып, біріне-бірі үстемелене жалғануы арқылы жасалады. Мұнда түбір өзінің бастапқы түрін өзгертпейді және жеке тұрып, дербес сөз бола алады’.
Аглютинативтік тілдерде әр бір сөз морфологиялық тұрғыдан сөздің түбірі, лексика-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар (аффикстер), функционалдық-грамматикалық сөзжасамдық қосымшалар, сөз түрлендіруші қосымшалар сияқты құрылымдық элементтерден тұрады.
Диахрондық тұрғыдан алғанда, агглютинативтік тілдердегі жеке морфемалардың (аффикстердің) арғы тегі сөз болуы мүмкін. Алайда бүгінгі тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен салыстыруға ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы (аффиксті) грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да принципті айырмасы бар элементтер деп есептейді. Түркі тілдерінде сөз морфологиялық құрылымы жағынан түбір мен қосымшаның қарапайым қосындысынан емес, лексикалық және грамматикалық мағына арқалаған морфемалардың күрделі тіркесінен тұрады. Жалпылама лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады, ал грамматикалық мағынаны білдіретін морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады. Түбір морфема сөздің түпкі бөлшегі ретінде құрылысы, мағынасы жағынан әрі қарай бөлшектеуге келмесе, көмекші морфемалар өз алдына жеке тұрып, ешбір мағына білдірмейді, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әртүрлі қосымша грамматикалық мағына үстейді.
Аглютинативтік тілдерде сөздің одан әрі бөлшектенбейтін және өзгермейтін бөлігі, нақты заттық мағынаға ие түбір біріншілік, туынды емес, өлі болуы мүмкін, яғни тек түбірлік ядродан тұруы, мысалы: түрк. kel- 'келу'/ (С+Г+С), je- (<jej-) 'жеу' /С+Г+(+С)/, ol-(<bol-) 'болу, істелу,жасалу, құрылу' / (С)+Г+С, e- (<jer-/-jir-) 'болу' / (С+)Г(+С) немесе екіншілік, туынды болуы, яғни түбірлік ядродан және өлі сөзжасам аффикстерінен құралуы мүмкін, мысалы: qyz-yl, jur-(g)ek т.б..
Егер дауысты дыбысты ‘Г’, дауыссыз дыбысты ‘С’ әріптерімен белгілесек, түркілік түбірлер дыбыстық құрамы тұрғысынан бір буынды (Г, СГ, ГС, СГС, ГСС, СГСС) немесе екі буынды (СГСГ, ГСГ, ГССГ, СГССГ), ал негіздер түбірге сөзжасам жұрнақтарының үстемеленуіне байланысты көпбуынды болуы мүмкін. Мысалы, Г: Көне түркі ескерткiштері тiлiнде ö түбiрiнен тараған бiрнеше түбiр-негiздер ұшырасады: ö → ög → ögüt «кеңес, үгіт » (ДТС, 382) ö → ög → ögle «талқылау»); ö → ök → ökün «өкін» (ДТС, 382). Жалпы түркiлiк o≈ö≈u≈ü түбiрiнiң даму жолы, тұлғалық, мағыналық өзгерiстерi жан-жақты талданған мәселе (ЭСТЯ I, 428-432). Қазiргi қазақ тілінде ö моделінен тараған гомогенді түбір-негіздердің бірнеше нұсқалары қолданылады: oj, ujγar, uγïm, uq, ügit, üjren т.б. Өзге қыпшақ тiлдерiнде де аталған түбiрдiң әр түрлі тұлғадағы семантикалық варианттары сақталған, мысалы: башқ. ögöt «үгіт», uj «ой, пайым», uqïw «оқу». Ескi қыпшақ ескерткiшi «Китаб-и меджму-у терджуман түрки уа аджеми уа моголи уа фарси» шығармасы тiлiнде ö түбiрiнен тараған ök «ақыл-ой, жан,рух», öküš «әрбие», örenle «ойлау, топшылау» сөздері кездеседі.
ГС: түрк*ad→adγïr «жеребец» (ДТД, 40): Kultegin Bajïrqunïņ aq adγïrïγ bïnïp oplaju tеgdi «Күлтегiн Байырғының ақ айғырын мiнiп шабуылға шықты» КТү. 35 (Айд. I, 179) ~ е. қып. *aj→ajγïr, *az→azγïr (Құрыш. 80); баш., ноғ., тат., құм., ққалп., қаз. ajγïr. Түркi-монғол тiлдерiне ортақ adγïr лексемасы жалпы алтай тiлдерi бойынша *ad ≈ *az ≈ *až ≈ *at ≈ *as ≈ *ax ≈ *aj ≈ *oj ≈ *öj түбiрлес моносиллабтар кешенiн құрайды.
СГ: ba «байлау» (ДТС, 76): Atïγ ïqa bajur ertimiz «Атты бұтаға байладық» Тон. 27 (Айд. II, 109). ~ қаз., ноғ., ққалп., құм. bajla; тат., башқ. bäjlä. Түркi тiлдерiнде baγ, baw, boγ, boq, buw, buj, bïa, buυ, bub тұлғалары қолданылады (ЭСТЯ II, 165-167; ҚТҚЭС, 58-60, 61-62; ГИК, 133, 134). А.М.Щербак ba моносиллабын pā формасында реконструкциялайды (СФ, 195). Түркi тiлдерi бойынша ba моносиллабы-ның СГС тұлғалы құрылымының соңғы дауыссыз дыбысының түрлiше қолданылуы ba лексемасын көне форма ретiнде тануға мүмкiндiк бередi. Тек қазақ тiлiнiң өзiнде ba моносиллабының бiрнеше тұлғалық варианттары болуы: baw, baj(la), buj(da), bij(da), buw, boq(ša), buγ(aq) т.б. әрi олардың есiм, етiстiк мәндерiнде араласа қолданылуы түркi түбiрлерiнiң өзгермелi табиғатын нақтылай түседi.
СГС: buz «бұзу» (ДТД, 35) КТү. 31: Altï čub soγdaq tapa süledimiz, buzdïmïz «Алты баулы Соғдаққа қарсы соғыстық, талқандадық» (Айд. I, 178) ~ қаз., ққалп. buz; башқ. boz; ноғ., құм., тат. buwz. qïz «дочь» (ДТД, 50) Тон. 48; КТү. 7: silik qïz oγlïņ küņ boltï «Сұлу қыздарың күң болды» (Айд. I, 172) ~ қаз., қалп., ноғ., башқ., тат., қырғ. qïz.
ГСС: ört «өрт» (Лев. 173) Тон. 40: Örtče qïzïp kelti «Өртше қызып келдi» (Айд. II, 111) ~ қаз., ққалп., ноғ. ört; тат., башқ. ürt;
СГСС: jurt «жер, ел, отан» (ДТД, 45) Тон. 19: Usun bunta atlï jurtda üguzke qalur erti «Үйсiн мұнда атты жұртта жатып қалып едi» (Айд. II, 107) ~ қаз. žurt; қырғ., ққалп. žuwrt; ноғ. jurt; башқ. jort; тат. jort/jïrt.
Түркі тілдеріне екі буынды ГСГ, СГСГ, СГССГ моделдегі түбірлер де тән: eke 'әпке, апай', doku-'тоқу'; түрк. balqā 'балға' т.б.
Қосымшалар да дыбыстық құрамы жағынан ашық және тұйық болып келеді: С, Г, СГ, ГС, СГС. Мысалы: түрк. ö-'түсіну', ö-g 'ақыл, ес', ö-gűr- 'үйрету, түсіндіру', ö-gűt (<ö-gűrt) 'үгіт, кеңес', ög-lä- 'түсіну', ög-rä-n- 'жете түсіну, зерттеу', ög-rä-n- ig- či 'үйренуші, шәкірт' т.б.. Түркi түбiрлерiнiң Г, ГC, CГ, CГC , ГCC, CГCC модельдерi түркiлiк тектiл дәуiрiнде-ақ қолданыста болған құбылыстар. Тектiлдiк дәуiрге дейiн де тiлдiң өмiр сүргенi, бiзге белгiлi тiлдiк құрылымның флективтi, полисинтетикалық, агглютинативтi кезеңдерiне дейiн де белгiлi бiр идея-мазмұн жүктеген тiлдiк бiрлiктердiң тұлғалық қалыптасуы дыбыс дыбыс тiркесi дыбыс тiркестерi дыбыс тiркесi дыбыс процесiнен өткенiн жоққа шығаруға болмайды.
Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшелігі туралы айтқанда бір ескеретін жай — түбірлердің синкретизмі мәселесі. Бір кезде П.М.Мелиоранский Күлтегін еекерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілдеріндегі есім, етістік түбірлердің омонимдігі проблемалық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құрамында айқындалады. Э.В.Севортян келтірген материалдар негізінде қазақ тіліндегі мынадай ұқсас түбірлерді керсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз (байқамсыз) сын есімі, сол түбірден аңда (кейде аңлау), аңса, аңду етістіктері жасалған. Бұлармен түбірлес аңсар сөзі аңсарым ауды тұрақты тіркесінде ғана сақталған. Қат — етістік, қат — зат есім (қат-қат жинау, қат-қат зат), осы түбірден: қатай, қатыр, қатқыл, қатаң, қатқақ — әрі етістік, әрі есім жасалған. Қат — етістік (тамаққа май қат), осы түбірден: қатық — зат есім (тамақтың қатығы жоқ). Егер осы келтірілген мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердегі түбір сәйкестігін – бір ғана түбірден (немесе фонетикалық құрамы бірдей түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз. Есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты ұмытуға болмайды.
Г.Рамстедт алтай тілдеріндегі қосымшаларды екі топқа бөледі:
суффикстер (о бастан-ақ тек қана қосымша болып келе жатқандар)
аффикстер (дербес сөздің өзгерісі нәтижесінде қалыптасқан қосымшалар)
Сонымен қатар Г.Рамстедт тілдің дамуы барысында аффикстердің суффикске (жұрнаққа) айналуы болып отыратынын ескертеді. Ежелгі қосымшалардың түбір құрамына еніп, бұрынғы мәнін, қолданылу активтігін жоғалтып, аморфтық күйге ауысуы болып отырады. Мұндай жағдайда ескірген қосымша үстіне жаңа қосымша жалғанады, кейде бұрынғы «өлі» қосымша мен «жаңа» қосымша бірігіп, күрделі қосымшаға айналады. А.Н.Кононов әуел бастан-ақ қосымша болған деп түркі тілдерінде ұшырасатын мына тәрізді кішірейткіш мәнді қосымшаларды атайды: -л: көгал, -с//ш: көгіс, -қ, -к: жолақ, сопақ, бұршақ т.б. Осы дара қосымшалардың сөз құрамында өзара бірігуінен күрделі қосымшалар қалыптасқан (-алақ//-елек, ымтыл//-імтіл, -ғылтым//-гілтім). Демек, түркі тілдеріндегі қосымшалардың жеке, дербес сөздердің түрлі өзгерістерге түсуі арқылы қалыптасқанын мойындай отырып, бірсыпырасының о баста-ақ қосымша болғандығын жоққа шығаруға болмайды. Түбірлердің синкретті болуы сияқты қосымшалардың өздері де алғашқы қолданылу кезеңінде синкретикалық болуы ықтимал.
Қазіргі тіл құрамындағы күрделі түбірлерді талдау арқылы қосымшалардың бір кездегі синкретикалық жалғануының ізін байқауға болады. Ұқсас түбірлерден ұқсас қосымшалар арқылы бірде есім, бірде етістік қалыптасқан. Қосымшалардың синкретизмі кейде олардың әдеттен тыс жалғануынан да байқалады. Мысалы, құданда сөзінің құрамындағы н әдетте есім түбірге қосылмайтын болса, бұл арада ол заңдылық сақталмаған. –іс/-ыс/-ес қосымшасының қатысуымен жасалған егес, барыс, жатыс, жүріс тәрізді сөздер құрамындағы қолданылуы заңды: бәрі де етістік түбірлер. Синкретикалық қосымшалар қатарына қазақ тіліндегі әрі есім, әрі етістік жасайтын –л жұрнағын (жарқыл, сартыл, қатал, жоғал, оңал) жатқызуға болады. Демек, синкретизм термині тілдің тарихи даму барысына қатысты қолданылады да, қазіргі тілдің құрамындағы синкретикалық ұқсас сөздер омонимдер деп аталады. Сонда синкретизм тарихи омоним болып шығады.
Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы сөз қозғалғанда, түбірдің фонетикалық құрылысы мен сипаты, аумақ көлемі жайлы мәселеге соқпай ету мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сөйтіп түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де ұғынылады. Сондықтан да алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін ұғымдар сол түбірді құрайтын буынның сипаты жайлы ұғыммен тығыз байланысты болады. Жекелеген түркі тілдерінің, айталық, қазақ тілінің лексикалық қорының ұйтқысы бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына жататын тілдердің ортақ ерекшелігі болып табылады.
Әдебиеттер:
Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем.-М., 1957.-254с С.29
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.– Алматы, 1996. 20
Харитонов Л.Н. Современный якутский язык. Фонетика и морфология. Якутск, 1947. С.84
Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и ее изучение. М., 1981. С.43
Санжеев Г.Д.Сравнительная грамматика монгольских языков. М., 1953. С.127
Дәріс №10
Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім және оның категориялары. Жақ және тәуелдік категорияларын сипаттайтын қосымшалар арасындағы тектестік
Дәріс мазмұны:
Сөздерді сөз таптарына бөлу тарихынан
Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
Зат есім және оның категорияларының өзіндік ерекшеліктері
Жақ мен тәуелдік қосымшалары арасындағы тарихи тектестік
Морфологиялық категориялардың ең көлемдісі және басқа категорияларға ұйтқы, негіз болатыны – сөз табы категориясы, яғни сөздердің лексика-грамматикалық тобы. Сөз табы – жалпыграмматикалық (категориалдық) мағынасы мен жекелеген грамматикалық, атап айтқанда, морфологиялық және синтаксистік белгілерінің сипаты бойынша біріктіріліп, жинақталған сөздер тобы. Мұнда морфологиялық белгі сөздердің жасалуы және өзгеруіне байланысты болатын болса, синтаксистік белгі сөздердің тіркесімділік қасиетіне қатысты болады.
Сөздерді тапқа (топқа) бөлу тіл білімінің өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуынан көп бұрын, б.з.д. ІҮ-Ү ғасырлардан Платон, Аристотель еңбектеріне барып саяды.
Түркі тілдеріндегі сөздерді тапқа бөлу Гиганов, Қазамбек, Бетлинг зерттеулерінен, ал қазақ тіліндегі сөздерді тапқа бөлу түрколог Н.И.Ильминский еңбектерінен басталады. Ол 1860-1861 жылдарда Қазақ университетінің ғылыми жазбаларында жарияланған «Материалы к изучению киргизского наречия» деген еңбегінде сөздерді тоғыз түрлі тапқа бөледі.
Сөздерді таптастыруға қатысты елеулі пікірлер 30-жылдардың орта тұсынан бастап көріне бастады. 1936 жылы «Ауыл мұғалімі» журналында (№5-6, 38-б) жарияланған С.Жиенбаевтың «Грамматикалық категориялар туралы» мақаласында сөздерді тапқа бөлуде орныққан үш принцип (семантикалық, синтаксистік, морфологиялық) бар екенін жазады..
Сөздерді тапқа бөлуде профессор Қ.Жұбанов оларды түбір тап, шылау тап, одағай тап деп үшке бөліп, басқаларын осы үшеуінен таратады. Мұндағы өзгешелік терминдік жағында. Автор есім дегеннің орнына түбір тап деген термин қолданған. Бірақ автордың қолданған темині ғылымда орнықпады. Сөздерді тапқа бөлу С.Аманжолов еңбектерінде де қарастырылған. Ол қазақ тіліндегі сөздерді тұлғасы мен лексикалық-грамматикалық белгілеріне қарай екі салаға бөліп қарайды. Терминдік, классификациялық ала-құлалықтарға қарамастан, отызыншы жылдары қазақ тіліндегі сөз таптарының негізгі түрлері, әрқайсысына тән лексикалық-грамматикалық белгілер практикалық грамматика дәрежесінде айқындалып ашылды. Сол негізге сүйеніп, кейінгі кезеңдерде тіліміздің морфологиялық жүйесі терең де жан-жақты зерттелді.
Түркі тілдерінің өте көне дәуірінде осы күнгідей сан салалы, жіктелген сөз таптары айқын көрінбеген. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының бәрі бірдей кездеспейді. Бар болған күнде де, осы күнгі тіліміздегідей дамыған, сараланған дәрежеде емес. М.Томанов ол тілде бір-бірінен айқын сараланған сөз таптары зат есімдер мен етістіктер екендігін жазады. Есімдер тобында басқалардан айқын жігін ашқаны – сан есімдер. Ал сын есімдер мен үстеулер, шылаулар қалыптасқан, сараланған сөздер есебінде көрінбейді. Олай болса, бүгіндегі сын есімдер мен шылаулардың салаланған топтары кейінгі дәуірде қалыптасқан болып шығады. Мұны олардың морфологиялық құрылымдары да дәлелдейді. Айталық, шығу тегі тұрғысынан қарағанда шейін (шек+ін), сияқты (сиық+ты), арқылы (арт+қа+лы), бойы (бой+ы), жөнінде (жөн+ін+де), шамалы (шама+лы) тәрізді септеулік шылаулардың есімдермен тектестігін, дейін (де+й+ін), қарай (қара+й), гөрі (көр+е) шылаулары бойынан олардың етістіктермен тектес екендігін байқауға болады. Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде жасалып қалыптасуынан да анық көрінеді. Мысалы: бірге, бірден, кешке т.б.
Сөз таптарының бірден емес, біртіндеп қалыптасқанын, олардың жігінің ажырап, әр басқа сөз таптарының тілдің тарихи даму барысында жасалғандығын көк, жас деген сөздердің әрі зат есім, әрі сын есім болуы да көрсете алады.
Сөз таптарының ішінде грамматикалық құрылысы, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленетін негізгі сөз таптарының бірі – зат есім. Зат есім – заттың атын, жанды-жансыз ұғымдардың атауын білдіріп, сөйлемде негізінен бастауыш пен толықтауыш болатын толық мағыналы сөздер табы. Зат есімдердің жеке сөз табы ретіндегі лексика-грамматикалық ерекшеліктері оның мағыналық және құрылымдық топтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зат есімдер мағыналық сипатына қарай деректі және дерексіз, жалпы және жалқы, көптік мәнді, реңдік және үстеулік мәнді деп бірнеше топқа бөлінеді.
Зат есімдердің түрлену жүйесі оның грамматикалық категорияларымен сипатталады. Зат есімдердің сан-мөлшерлік, тәуелділік немесе меншіктілік-объективтілік сияқты грамматикалық мағыналары және олардың сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түсуі көптік, тәуелдік және септік жалғаулары арқылы жүзеге асады.
Көптік жалғауының жалғануы зат есімдерді жекеше, көпше топтарға бөлуге ғана негіз болмай, өзі жалғанған сөздерге көптік мағынамен қатар жинақтау, тұспалдау, болжау мағыналарын да үстейді.
Белгілі бір заттың иеленуші үш жақтың біріне меншіктілігін білдіруде тәуелдік категориясы арқылы меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қатар көрсетіледі. Тәуелдеу категориясы бір заттың екінші затқа меншіктелуін ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге оның қай жаққа қатысты екендігін де білдіреді.
Зат есімдер грамматикалық және кеңістікті білдіретін септік жалғаулары арқылы түрленеді. Септік категориясы – есім сөздердің ішінде зат есімдерге ғана тән грамматикалық категориялардың бірі. Ал басқа сөз таптарының септік жалғауларын қабылдауы заттану, яғни субстантивтенумен байланысты болып келеді. Септік жалғаулары арқылы зат есімдер өзара бір-бірімен немесе басқа сөздермен байланысқа түседі. Соның нәтижесінде грамматикалық тұрғыдан құрылымдық және мағыналық өзгеріске ұшырайды.
Зат есімнің грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуінің бір жолы – оның жіктелуі. Бірақ зат есімдердің барлығы бірдей жіктік жалғауын қабылдай бермейді. Олардың ішінде адамға, оның кәсібіне, қызметіне, тегіне, мамандығына қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. Зат есімдер баяндауыш қызметінде жіктік жалғауларымен түрленеді.
Зат есімдерді түркі тілдері шеңберінде ғана емес, алтайлық тілдер аясында қарастыратын болсақ, есім сөз таптарының төл категориялары болып саналатын: субъект және предикаттың синтаксистік байланысын білдіретін жақ категориясы, атрибутивтік байланысты білдіретін меншік категориясы, объективті-предикатты қатынасты білдіретін септік категориясы, сан-мөлшерлік ұғым арқалайтын көптік категориясы сияқты сөзтүрлендірудегі басты категориялар типологиялық жағынан да, материалдық жағынанда да негізінен бірдей болып келеді, яғни ортақ қосымшалар (аффикстер) арқылы көмкеріледі.
Алтайтану бағытындағы зерттеулерде жіктік және тәуелдік жалғауларының шығу тегі, әр форманттың жалпыалтайлық архетипі жіктеу есімдіктерінің жақтық жіктелісімен байланыстырылады. Мәселен, Э.В.Тенишев түркі, моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдерінің материалдарын салыстыра отырып, түркі тілдеріндегі бірінші жақ жіктіктің -man/-mun, -m/-n, тәуелдіктің -m жалғауларының шығу тегін жіктеу есімдігінің арғыалтайлық 1-жақ жекеше *min ′мен′ тұлғасынан; түркі тілдеріндегі екінші жақ жіктіктің -san/-sïn/-sïŋ/-ïŋ /-n, тәуелдіктің -ŋ/-n жалғауларының шығу тегін ′сен′ жіктеу есімдігінің арғыалтайлық ІІ жақ жекеше *sin тұлғасынан; түркі тілдеріндегі тәуелдіктің үшінші жағының -ï/-sï/-ïn жалғауларының шығу тегін қалпына келтірілген арғыалтайлық *in ′ол′ жіктеу есімдігінен таратады.
Жіктік және тәуелдік жалғауларының үш жақтағы көпше түріне келер болсақ: қазіргі түркі тілдерінде -bïz/-mïz, -z/ -q (жіктік), -mïz/ - bïz (тәуелдік) түрінде көрініс беретін жіктік және тәуелдік жалғауларының бірінші жақ көпше түрлерінің шығу тегі ′біз′ мағынасындағы арғыалтайлық *biz тұлғасымен; Түркі тілдеріндегі көпше түрдегі екінші жақ жіктіктің sïņаr/-sïņïz/-sïz/-ņïz/-ïz/-ņаr, тәуелдіктің -ņаr/-ņïz/-nïz жалғауларының шығу тегі жіктеу есімдігінің ІІ жақ көпше түрі ретінде жаңғыртылған арғыалтайлық *san+ïz тұлғасымен; түркі тілдерінде -ï/-sï/-ïn жалғауларымен көмкерілетін тәуелдіктің үшінші жағы қалпына келтірілген арғыалтайлық *in тұлғасымен сабақтастырылады.
Г.Й.Рамстедт пікірі бойынша, о баста түрк., моңғ., тұңғ. *min ′мен′, моңғ. *tіn және түрк., тұңғ. *sin ′сен′, түрк., моңғ., тұңғ., кор. *іn ′ол′ тұрпатта болып келген жіктеу есімдіктерінің түбір-негіздері соңындағы -n дауыссызын моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері атау септігінде тарихи ерте дәуірлерде жоғалтуының салдарынан, моңғ., тұңғ. bi ′мен′, моңғ. či ′сен′ (көне моңғ. *ti ), тұңғ., маньч. si ′сен′, маньч. i ′ол′ тұлғалары қалыптасқан. Ал түркі тілдерінде екпін күшінің немесе деиктикалық күшеютудің салдарынан *min және *sin жіктеу есімдіктері män және sän тұлғаларына өзгерген.
Жіктік және тәуелдік жалғауларының шығу тегін мен, сен, ол жіктеу есімдіктерімен байланыстыратын Г.Й.Рамстедт және В.Л. Котвич пікірлерін қолдай отырып, Н.А.Баскаков алтай тілдеріндегі жіктік және тәуелдіктің 1-жағының көпше түріндегі қосымшалардың шығу тегі түркі тілдері үшін: bі (1-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігінің негізі) + z (көптіктің көрсеткіші) тұлғасында жаңғыртылатын biz жіктеу есімдігіне, немесе бірінші жақтағы bi (<*min) және екінші жақтағы si (<*sen) жіктеу есімдіктерінің бірігуінен жасалатын инклюзивті biz <bi+si ‛мен және сен’ есімдігіне барып саятынын айтады. Н.А.Баскаков жіктік және тәуелдік қосымшаларының екінші жақтағы көпше түрінің құрамын түркі тілдері үшін: sаn~sun (2-ші жақ жекеше түрдегі жіктеу есімдігі) + көптіктің көрсеткіші -lar- > -sïnlar- sïnlar-sïņ(l)ar-(sï)ņ(l)ar деп көрсетеді. Демек, түркологиядағы «тәуелдік жалғауларының арғы тегі жіктеу есімдіктеріне барып саятыны туралы» пікірді толық қалыптасқан ғылыми пікір деп санауға болады.
Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология-синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Тәуелдік жалғаулары көне түркі ескерткіштері тілінде мынадай тұрпатта кездеседі: болып келген:
ЖекешеКөптік
І жақ будун-ым /халқым/қаған-ымыз
ІІ жақ будун-ың қаған-ың (сендердің хандарың)
ІІІ жақ будун-ы, уйа-сы /ұясы, ұрпағы/қаған-ы
Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей де айтыла береді. Қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік жолмен берілетіні мәлім. Мысалы: біздің үй, сіздің бала. Меншіктілік мән туғызудың нақ осы тәсілі көне түркі ескерткіштерінің тілінде де кездеседі: Бегін ат (бектің аты).
Көптік категориясы - есімдер жүйесіндегі басты грамматикалық категориялардың бірі.
Түркі тілдерінде көптік категориясы есімдердің арнайы аффикстермен көмкерілуі және білдіретін мағынасында жинақтау-топтау мән басым болып келетін атаулар арқылы жасалады. Бірқатар есім сөздер (зат есім, сан есім, жалпылау есімдіктері) жекеше тұрып та, тіркесіп келіп те, қосарланып, қайталанып келіп те лексикалық-семантикалық композиция құрап, көптіктің топтау, жинақтау, болжау тәрізді логикалық ұғымын білдіре алады. Мысалы: түркі тілдерінде: көне түрк. jïlqï ′жылқы′, сары ұйғыр. altï jegirma ′он алты′, қаз. qïz-qïrqïn ′қыз-қырқын′ т.б. Әсіресе зат есім негіздерінің қайталанып келіп, көптік мағынаны білдіруі түркі тілдерінің барлығында кездесетін лексикалық құбылыс болып саналады. Мысалы: түркі тілдерінде: қаз. üjir- üjir ′үйір-үйір (жылқы)′, кұмық. tabun-tabun turnalar ′топ-топ тырналар′, қара-қалпақ. töbe- töbe ′төбелер′ , тува. beluk- beluk ′топ-тобымен′ , чув. vaxatran-vaxata ′кейбір кездері′, түрікмен. bašlï-bašïna ′бас-басына′, түрік.sira sira ′қатар-қатар′ т.б.;
Мұндай лексика-семантикалық композициялардың сыртында, түркі тілдерінде көптік мағына көптік жалғаулары арқылы жүзеге асады. Түркі тілдеріне ортақ көптіктің көне реликт форманттары қатарына шығу тегі арғыалтайлық тек тілге барып саятын *-l , *- r, *-s , *-z , *-t , *-d, *-n жалғауларын жатқызуға болады. Олардың қайсы бірі жеке сөздер, туынды негіз бен күрделі қосымшалар құрамында сақталған болса, енді бірі көптіктің дербес жалғауы түрінде осы кезге дейін өз қызметін атқарып келеді.
Көне түркі, орта түркі тілдерінде кең таралған өнімді жалғау -lar қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі дыбыстық вариантта актив қолданылады:: көне түрк. begler ′бектер′, kunčujlar ′әйелдер′, atlar ′аттар′, орта түркі. ügüzlar ′сулар′, taγlar ′таулар′ (МҚ), kišilär ′кісілер′(көне ұйғыр), қарах-уйғ. qušlar ′құстар′, хорезм. közlär ′көздер′, шағат. aγalar ′ағалар′, мамлүк. қыпш. munlar ′мыналар′, арм. қыпш. bular ′бұлар′, қарашай-балқ. zatlar ′заттар′, ноғ. üjler ′үйлер′, қара-қалп. qatïllar ′әйелдер′, барабин. pašlar ′бастар′, өзб. iščilar ′жұмысшылар′ т.б.
-lar /-lär қосымшасының құрамы мен шығу тегі туралы пікірлерге зер салсақ, ол пікірлердің әр қилылығы байқалады. Мәселен, поляк ғалымы Т.Ковальский -lar жалғауының түп-төркінінде болжамды білдірген бірнеше, көп сияқты қандай-да бір сөз жатуы мүмкін десе, В.А.Богородский бұл қосымшаның қалыптасуын 3 жақ жіктеу есімдігі ol мен -ar жұрнағының кірігуінен іздестіреді. Н.А. Баскаков -lar қосымшасын іс-әрекеттің қайталатынын білдіріп, есімнен етістік тудыратын -la жұрнағы мен келер шақ есімшенің -r тұлғасының бірігуінен тұратын, ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мәнге ие болған күрделі аффикс деп санайды. Ал Н.Поппе, К.Менгес, Д.Синор тәрізді алтайтанушы ғалымдардың пікірінше -lar /-lär қосымшасы көптіктің екі дербес көне *-l мен *- r форманттарының кірігуінен жасалған: -lar /-lär < (*-l+a+*-r) / -l+ä+r < (*-l+ä+*-r). Мұндағы *-l түркі тілдерінде көптіктің күрделі қосымшалары ғана емес, жинақтау мәніндегі –lïq (*-l+-*ïq) / -lik (*-l+ -*ik) көрсеткіштері құрамында да кездеседі. Мысалы: ïtlïq, qarluq (этнонимдер) . Жинақтау мәніндегі көптік мағынаны білдіретін *-r форманты қырғыз, тува, хакас тілдерінде тәуелдіктің 2-жақ көпшесінің -ŋar/-ŋär, алтай тіліндегі -γar/-ger көрсеткіші құрамында (қырғ. qolïŋar ′сіздің қолыңыз′, тув. tonuŋar ′сіздің тоныңыз′, хак. turaŋar ′сіздің үйіңіз′, алт. balaγar ′сіздің балаңыз′ , tiliger ′сіздің тіліңіз′), сондай-ақ üregir, jazgir тәрізді этнонимдер құрамында (-qïr/-gir < *-γ+*-r ) сақталып қалған.
Орхон-Енисей жазба мұраларында атақ-дәрежені, лауазым-шенді білдіретін сөздер құрамында ғана кездесетін -t қосымшасы орта түркі және қазіргі түркі тілдерінде өнімсіз қосымша болып саналады. Көптіктің көне реликт *-t форманты қазіргі түркі тілдерінің ішінен якут тілінде тәуелдіктің 1 және 2 жақ көпшесінде -but <*-buz және -γut<*-γuz <*-ŋuz: aγabut ′біздің әкелеріміз′ (aγam ′әкем′), aγaγut ′әкелерің′ (aγaŋ ′әкең′), сондай-ақ түркі этнонимдері құрамында (türküt, jomut), атақ, даңқ, дәрежені білдіретін сөздерде (tarqat ′тархандар′ (tarqan ′тархан′), erät ′ерлер, жауынгерлер′ (erän′ер,жауынгер′), tegit ′ханзадалар′ (tegin ′ханзада′, tojot ′мырзалар′ (tojon ′мырза′), xotut ′ханымдар′ (xotun ′ханым′) т.б. кездеседі. М.Томанов якут тілінде көптіктің -t және -lar тәрізді екі бірдей қосымшасының сөз түбіріне қос қабаттаса жалғануы (jol-at-lar) мен бұл ерекшеліктің «Бабурнама» тілінде кездесуін ескере отырып, «түркі тілдерінде -t форманты орта ғасырлардың соңғы кезеңдерінде өзінің көптік мағынасын жоғалты» деген пікірге келеді.
Көптіктің көне *-s /*-z көрсеткішіне барып саятын түркі тілдеріндегі -z ~ -s ~ š форманттары тәуелдіктің 3 жағының қосымшасы құрамында *-sï > алт., тув., хак., шор., чул. -zï ~ як. -ta ~ чув.-š, -še, -äše, -eše (туыстық атауларда, кейбір есімдіктер мен сан атауларында), -z тұлғасы жіктеу есімдігінің 1 және 2 жақ көпшесінде (biz < bi+z, siz < si+z), тәуелдіктің 1 және 2 жақ көпшесінің қосымшалары құрамында (-mïz < m+iz, -ŋ (-n, - γ) uz) < -ŋ (-n, - γ) +üz), баяндауыштың 2 жақ көпшесінің құрамында (-sïŋ(-n) +ïz), кейбір ру-тайпа атауларында (oγuz, qïrγïz), ал -s тұлғасы көне түркі тілінде (ïsbara′атақ′, ïsbaras ′атақтар′) кездеседі.
Көптіктің *-n көне реликт форманты түркі тілдерінде oγlan ′ұл′, eren ′ерлер′, örten ′жалын′, bodun ′тайпа′, сияқты архаизмдер, subarin, kuman сияқты этнонимдер, *-nčï (*-n+*-čï), *-lančï (*-la+*-n+*-čï), *-mine (*-m+*-ine) реттік сан есім көрсеткіштері құрамында кездеседі. Қорыта айтқанда, түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің зат есім жүйесіндегі көптіктің көрсеткіштерінің , түп- тегі тым көне заманалар қойнауына жетелейді. Олардың қайсы бірі жеке сөздер, туынды негіз бен күрделі қосымшалар құрамында сақталған болса (*-z, *-t, *-n), енді бірі көптіктің дербес жалғауы түрінде(-lar/-lеr/-dаr/-dеr/-tаr/-tеr) осы кезге дейін өз қызметін атқарып келеді.
Түркі тілдерінде барлық негізгі септіктерді жасайтын грамматикалық форманттар бір-біріне айрықша ұқсас болып келеді және септеу жүйесі септіктер санының көптігімен, септік тұлғаларының сан алуандығымен ерекшеленеді. Түркітану саласындағы зерттеулер бойынша түркі тілдерінде 6, кейбір тілдерде 7 немесе 8 септік көрсетіледі.
Түркі тілдері ғана емес, онымен төркіндес саналатын моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінің септеу жүйесіне тән басты ортақтықтардың бірі атау септігінің нақты көрсеткішінің болмауы, яғни атау септігінің нөлдік тұрпатта болып келуі. Жалпытүркілік және арғыалтайлық тектіл үшін де атау септігі осы қалыпта жаңғыртылады
Қазақ тілінің септік жүйесінің тарихи қалыптасуын түркі тілдеріндегі септік категориясының мынадай формативтері шеңберінде қарастыруға болады:
1. Атау септігі (негізгі немесе белгісіз) барлық түркі тілдерінде сөз негізіне сәйкес келеді және атау септігіндегі сөзге арнайы жалғау жалғанбайды.
2. Ілік септігінің жалғаулары қазақ тілінде -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің тұлғасында қолданылады. Көне түркі ескерткіштері -іŋ/-ïŋ -nïŋ, -nіŋ, -uŋ, -üŋ, -nuŋ, -nüŋ форманттары арқылы беріледі, сонымен қатар ілік септігінің -γ,-іg форманттары да қолданылады: аdïγïŋ→аdïγ+ïŋ «аюдың, tоnuzïn→tоnuz+ïn «доңыздың»: Аdïγlï tоnuzlï аrtüzе sоqušmïš еrmіš, аdïγïŋ qаrnï jаrïlmïš tоnuzïн аzïγïsïnmïš tіr ЫБ. 6 «Асуда аю, доңыз кездескен екен. Аюдың қарны жарылған, доңыздың аяғы сынған,-деген» Айд.ІІІ,159; ögüzіg→ögüz+іg «өгіздің»: Bіr qаrï ögüzіg bіlіn bіčе jіmіš qаmsаju umаtïн turur tіr ЫБ. 37 «Бір қары өгіздің белін майда құмырсқалар қаптапты, оның жүруге әлі жоқ, -дер» Айд.ІІІ,164;
Түркі тілдерінде *-in/-iŋ, *-nin/ -niŋ, -nuŋ, -tin /-tiŋ, -din /-diŋ, -ïn, -ˆәn қосымшалары түрінде көрініс беретін ілік септігінің қосымшаларының түп-тегі жаңғыртылған арғыалтайлық *-n формативіне барып саяды: көне түрк. süŋ ′әскердің′, ebiŋ ′үйдің′, qaγanyŋ ′қағанның′; чув. tәnwәn ′таудың′ < tu′тау′, χәrәn ′қыздың′ < χәr′қыз′, śәžijәn ′тышқанның′ < śәži′тышқан′ (мұндағы - j- дыбысы – негіз бен қосымша арасын жалғаушы көне дауыссыз), ұйғ.-қыпш. attiŋ ′аттың′, алт. köldiŋ ′көлдің′, тув. inektiŋ ′сиырдың′, қбалқ. qozularynin ′қозыларының′ т.б.
Ілік септігінің жалпытүркілік форманты ретінде А.М.Щербак *-ϊn тұлғасын көрсетеді. Түркі тілдері үшін ілік септіктің *-in/-iŋ, * -nin/ -niŋ форманттары ертеарғытүркілік тұлғалар ретінде жаңғыртылады. Н.А Баскаков түркі тілдерінде ғана емес, барлық алтай тілдерінде ілік септігі форманттарының меншіктік қатынасты білдіретін жұрнақтарға қатысы бар екенін (түркі тілінде -nікі: аγа-nікі ‘ағасына тиесілі’; монғол тілінде –jinki: aqajinki; тұнғыс тілінде –ŋі, - nŋі: акаnі ~ ака- nŋі; маньчжур тілінде –іŋge, - nіŋge), алтай тілдерінің көбінде ілік септігі басқа септіктер үшін бастапқы форма болатынын (түркі тілінде барыс сеп. biz-in-ge ′бізге′; монғол тілінде жатыс-барыс сеп. xān-ä-dә ′ханның жанында′; корей тілінде жатыс сеп. saram-ii-ge ′адамда′),сондай-ақ ілік септігіне қатысты сөз тіркесінің типтік конструкциясы орын алатынын (түркі тілінде: qaγanyŋ oγly ′қағанның ұлы′; монғол тілінде: хān-і xöwün ′ханның ұлы′) айтады.
3. Барыс септігі. Түркі тілдерінде барыс септігі негізінен -а, -γа/-qa, -jа қосымшаларымен (варианттарымен) көмкеріледі: көне түрк. taγqa ′тауға′, чув. tәva, тат., қаз., қырғ., тел. tauγа, түрік. daγа; көне түрк. qaγanqa ′қағанға′, шығыс-түрк., батыс-түрк. qaγanqa, чув. χuna,χona; көне түрк. qaγanyma ′қағаныма′, qaγanyŋa ′қағаныңа′, qaγanynγa ′қағанына′, батыс-түрк. qaγanyna′қағанына′. Зерттеушілер *-ai(-a) /-gai(-ga) формативтерін барыс септігінің арғыалтайлық тұлғасы деп санайды. Мәселен, Г.Й. Рамстедт барыс септігінің *-а тұлғасын тұңғыс тілінен басқа алтай тілдерінің барлығында -ai (немесе -a) және -gai (немесе -ga) түрінде қолданылатын қосымшалардың ең бастапқы формасы деп таниды.
ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тілінде барыс септігі -а,-е, -qа, -kе, -ru,-rü, -rа,-rе- jа-jе және -γаru, -gеrü, -еrü қосымшалары арқылы жасалады: jaz→jazï «дала, алқап» Тал. 7, «жазық, дала» КТк. 3: Ilgerü Šantuŋ jazïqa tegi süledim «Iлгерi Шантуң жазығына дейiн соғыстым» Айд. II, 168; bič→bičük «бесік (ұрпақ)» ДТД, 39, КТү. 6: Bir kisi jaņïlsar oγušï bodunï besükiŋe tegi qïdmis ermis «Бiр кiсi жаңылса, иелiгiндегi халқы, бесiгiне дейiн зардап шегедi» Сартқ. II, 170. Демек, қазіргі қазақ тіліндегі бағыт мағынасында қолданылатын тысқары, ішкері, ілгері, жоғары сөздерінен барыс септігінің көне формасының қалдығын байқауға болады. Бағыттық мағынаны білдіретін түркі тілдеріндегі -ra/-re/-ru/-rü/-rï/-ri (ebimrü ′үйіме қарай′, bärü ′бері′; барыс септігімен бірге: tаšqаru ′тысқары′) форманты арғыалтайлық *-ra/-re/-ru/-rü/-rï/-ri тұлғасыына барып саяды.
4. Табыс септігінің арғыалтайлық *-i/-ï тұлғасы түркі тілдерінде -(ï)γ/ -nï/-ï қосымшылары түрінде көрініс береді: säni, munï(bunï), bizni (жіктеу есімдіктері), көне түрк.: süγ ′әскерді′, ïükïγ ′жүкті′; оңтүстік түрк. (түрік.) ebi ′үйді′, daγï ′тауды′; батыс түркі. (тат.) űjni ′үйді′, taunï ′тауды′; қазақ. тәуелдіктің ІІІ жағынан кейін -n: malin, aγasin, atin т.б. Чуваш тілінде дыбыстық даму барысында –а/ -jа/-nа болып қалыптасқан табыс септігінің форманттары барыс септігімен сәйкес келеді. Мұндағы - j- және -n- дауыссыздары – дәнекер дыбыстар болып саналады: табыс. tәva ′тауды′, барыс. tәva ′тауға′ < ат. сеп. tu′тау′, табыс. χәrva ′қызды′, барыс. χәrva ′қызға′ < ат. сеп. χәr′қыз′.
Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септігі негізінен -ïn,-іn, -n, -ï,-і және -ïγ,-іg, -uγ,-üg жалғаулары арқылы жасалады: оγulïmïn → оγulïm+ïn «ұлымды», qïzïmïn → qïzïm+ïn «қызымды»: Еbledim оγulïmïn qïzïmïn qаlïŋsïз bertim ïmïрïmа jüz еr turïγ bertim Суд.7 «Ұлдарымды үйлендірдім. Қызымды қалың малсыз бердім. Айд.ІІІ,183. kіdіzіg→kіdіz+іg «киізді»: Kіdіzіg subqа sоqmïš tаqï ur qаtïγmï bаtіr ЫБ,33. «Киізді суға малды. Тағы ұр, қатайды ма,-дер Айд.ІІІ,163.
5. Жатыс септігі. Жатыс септік жалғауы сыртқы тұлғалық жағынан тарихқа белгілі ежелгі дәуірлерден бүгінгі тілімізге дейін өзгеріссіз жеткен. Қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік –dа//-dе варианты, ал чуваш тілінде –rа, -rе, -čе тұлғалары қолданылады. Жатыс септігі негізінен орынды білдіреді: көне түрк. taγda ′тауға′, чув. tura, тат., қаз. taudа, түрік. daγdа; көне түрк. tašda ′таста, тастардың арасында′, батыс-түрк. tašta.
Жатыс септігі өзіне -ki жұрнағын қосып алу арқылы сын есімдер жасауға қатысады: taγdaki ′таудағы′, taštaγi ′тастағы′, ebdäki ′үйдегі′. Түркі тілдеріндегі жатыстың -dа/-de, -ta/-te жалғаулары мен шығыс септігінің -dаn/-den, -tan/-ten, dіn/-dаŋ жалғауларының түп- төркіні жатыс-шығыс септігінің арғыалтайлық *-ta/-tu тұлғасына барып саяды. Түркі тілдерінде жатыс септігі көпке дейін орынды ғана емес, іс-әрекет, қозғалыстың кеңістіктегі және белгілі бір уақыт аралығындағы шығу, басталу нүктесін де білдірген: көне түрк. оγuz-dа ′оғыздарда′ және ′оғыздардан′, шағ. fathuda soŋ ′жеңістен соң′, халаж. hå vidå ′үйден′.
6. Шығыс септігі іс-әрекеттің, қимылдың неден, қай жерден басталғанын, қимыл иесінің басты объектіден алыстап, ұзап бара жатқанын сипаттайды. Кей жағдайларда іс-әрекеттің себебін, іс-қимылдың орнын да білдіреді. Шығыс септігі қазақ тілінде -дан/ден, -тан/-тен, -нан/-нен жалғауларының көмегімен жасалады. Көне белгілерді көбірек сақтап қалған сары ұйғыр тілінде шығыс септігінің –dan/-den, -tan/-ten қосымшаларының сыртында «өлі» -dïn/-din, -tïn/-tin қосымшалары кездеседі: ačatan ‘атадан’, mïntan ‘мұннан’, jaɣtan ‘майдан’, sïkten ‘есіктен’, taɣdan ‘таудан’, undunden ‘шығыстан (оң жақтан)’, meniktin ‘ақшадан, тиын тебеннен’, šulengadin ‘шенеуліктен’, jiti qonaqtïn ‘жеті қонақтан, жеті күннен’, uš uštin toquz ‘үш үштен тоғыз’ т.б.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі шығыс септік негізінен -dаn,-dеn,-tаn,-tеn,-tïn,-tin форманттары арқылы жасалады. Кей жағдайда бірдей мән беретін бір қосымшаның фонетикалық варианттары қосарланып келуі де кездеседі: oγuzdantan→oγuz+dan+tan «оғуздан»: Аnča olurur erikli oγuzdantan körüg kelti Тон.8 «Сөйтіп отырған шақта оғыздан елші келді» Айд.ІІ,105; tаšdïntаn→tаš+dïn+tаn «тыстан (сырттан)»: Аnï іčіg іrmеdіm tаšdïntаn üč qаrluq üč ïduq tаtаr...МЧ.28 «Оны ішке кіргізбедім, сырттан үш қарлұқ, үш қасиетті татар...» Айд.ІІІ, 139-144.
Шығыс септігінің -dаn/-den, -tan/-ten, dіn/-dаŋ қосымшаларын «-dа/- ta (жатыстыңжалғауы) + -n» құрамды деп санау орын алады. Мұндағы соңғы -n туралы пікірлерде қайшылық кездеседі. Мәселен, Г.Й. Рамстедт -n тұлғасының шығу тегін ′бірдеңенің жаны, бір нәрсенің сол, оң, алдыңғы, астыңғы т.б. жағы′ деген мағынадағы jаn~d`аn~nаn сөзімен байланыстырады (-da-jan>-dan- dan>-dan: *оγuzdаjan, оγuzdаnan, оγuzdаndan ′оғыздардан′ . М. Рясянен -n тұлғасын жатыс септігіне қосылған құрал мәнді септіктің қосымшасы, ал А.Н.Кононов maγan, saγan, oγan есімдіктерінде сақталған бағытты білдіретін септіктің қосымшасы деп біледі.
7. Біріккен септік. Біріккен септіктің арғыалтайлық *-lï/-li тұлғасы түркі тілдерінде -la/-li, -lan (комитатив) түрінде көрініс береді. Бұл көне форматив түркі тілдерінде қатар тұрған екі нәрсені қосарлап, біріктіріп көрсету үшін жұмсалады: көне түрк.: inili äčili ′інілі ағалы′, bägli budunlï ′бектер мен халық′; ескі ұйғ.: tünli künli ′түн мен күн′, täηrili jirli ′аспан мен жер′; қаз.: aγaly ïnïlï ′ағалы інілі′, ertelï keš ′ертелі кеш′, ülkendï kïšïlï ′үлкенді кішілі′ т.б. Сондай-ақ -la/-li, -lan қосымшасы қазіргі түркі тілдерінде bir-lä(>bir-lä) ′бірге, -мен′, bi-län(>bir-län) ′бірге ′ демеуліктері құрамында да кездеседі.
8. Көмектес септік. Қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септігінің -мен, -бен, -пен тұлғалары о бастағы дербес бірле шылауының өзгеріске түскен формасы саналады. Ә.Ибатов бұл пікірді мынадай жүйемен дәлелдеп көрсетеді:
бірлән > билән > білә > ілә > лә//ле
бінән > мінән > інән > нән
мынан > менен > ман//мен
Көне түркі тіліндегі көмектес септіктің негізгі қосымшасы -ïn,-іn, -n , -γ форманттары арқылы және birle «бірге» лексемасының қолдануынан жасалады. kölük → kölük +ün «көлікпен » ДТД, 15 Тон. 15: Ingek kölükün toγlada oγuz kelti «Сиыр көлiгiмен Тоғлада оғыз келдi» Айд. II, 107; subuγ→ subu+γ «суымен»: Anï subuγ baralïm. Тон. 27 «Аны суымен баралық.» Айд.ІІ,109;
Көмектес септіктің арғыалтайлық *-ïn/-in тұлғасына барып саятын көне -ïn/-in формативі қазіргі түркі тілдерінде үстеулер құрамында кездеседі: гаг. qïšïn ′қыс ішінде′, түрік. jazïn ′ала жаздай′, ұйғ. ärkänin ′таңертең ертемен′, башқ. kisen ′кешкісін′, өзб. jazïn – qyšïn ′жазы -қысы′, якут. soγotoγun ′жалғыз өзі′.
Әдебиеттер:
Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков: (Имя).- Л., 1977.
Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология.-М., 1988. С.89-90
Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем.-М., 1957. С.39
Малов С.Е. Язык желтых уйгуров. Словарь и грамматика. –Алма-Ата: «Издательство АН Каз ССР», 1957
Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. Б. 442.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. Б.150
Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. Б. 458.
Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и ее изучение. М., 1981. С.57
Котвич В.Л. Исследования по алтайским языкам.-М., 1962. С.139-180;
Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем.-М., 1957.С.169-180
Тенишев Э.В. Алтайские языки // Языки мира: Тюркские языки. М.,1996. С.11
Севортян Э.В. К проблеме частей речи в тюркских языках // Вопросы грамматического строя.- М., 1955. 188-225 бб.
Дәріс №11
Тақырыбы: Сын есім және сын-сапалық көрсеткіштер жүйесі
Дәріс мазмұны:
Заттық-сапалық біртұтас мағына
Бір буынды түбір сын есімдер
Шырай формаларының қалыптасуы
Сын есім жасайтын жұрақтар
Сын есімнің қалыптасуында адъективтену процесінің атқарған рөлі
Сын есімдердің сөйлемдегі қызметі
Заттың, құбылыстың, кейде іс-қимылдың қалыпты жағдайдағы сан алуан сын-сипаттық қасиетін білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы сын есім сөз табын құрайды. О баста заттық-сапалық біртұтас мағыналы атау сөздің бертін келе заттардың, құбылыстардың типтік белгілеріне қарай зат атауларына, өзіне тән қасиетіне байланысты сындық белгілердің атауына ажырауының нәтижесінде зат есім мен сын есім жеке-жеке сөз табы ретінде қалыптасқанын лингвист-мамандардың көбі мойындайды.
Заттық-сапалық атаулардың біртіндеп заттық мағыналарын жоғалту құбылысының сілемдері қазіргі түркі тілдерінде сын есімдердің семантика-функционалдық қолданыс аясынан айқын байқалады. Мәселен, тув. sooq 'суық, аяз', ažïg sooq 'қатты аяз', sooq qïš 'суық қыс', sooq suï 'суық су', bögün sooq- tur 'бүгін суық'; алт. boš: kolïm boš dök ' қолым бос', kiligi boš 'жігерсіз'; әз., алт., гаг., башқ., қаз., ноғ., тув., түркім. т.б. dar/tar 'тар, қысыңқы, сыйымдылығы аз': алт. tar d`er 'тар жер', mïnda tar 'мұнда тар', түрік. darda olmak 'қиын жағдайда қалу', әз. dara düšmek қиындыққа тап болу, таршылыққа ұшырау'.
Морфологиялық құрылымы жағынан сын есімдер жалаң, туынды және күрделі болып келеді. Сын есімдердің қайсы біреулері жалпытүркілік бір буынды түбірлерден өрбиді: көне-түрк. sariγ, түркм. sāri, түрік., қаз. sari 'сары', чув. sară 'сары' т.б.
Түркі тілдерінде сапаның, сынның әдеттегі қалыптан аздап жоғары немесе төмен екенін білдіретін қосымшалардың арасынан ең жиі кездесетіні – -(j)raq/-(j)räk, -arïq/-araq, -raq/-räk/-rek. Қазіргі түркі тілдерінде салыстырмалы шырай аффиксі саналатын бұл жұрнақтардың көне формасы ретінде түркітанушылар *-(j)raq тұлғасын көрсетеді және оны хакас, шор, тува тілдеріндегі ‘аз­аздап’ деген мағынадағы araχ/āraq шылауымен байланыстырады: хак. аraχ, тув., шор. āraq: χïzïl аraχ 'қызылырақ, қызғылтым', kök аraχ 'көкшіл', sarïγ аraχ 'сарғыш, сарғылтым', kičig аraχ 'кішірек', uzun аraχ 'ұзынырақ'; тув. saryg āraq'сарғыш, сарғылтым', kök āraq 'көкшіл', čoltaq āraq 'қысқалау'; шор тілінде āraq шылауы және оның жұрнақтық -araq тұлғасы қатар қолданылады: qïzïl а:raq ~ qïzïlаraq ~ qïzïlаrïq 'қызылырақ', qïsqa а:raq ~ qïsqaаraq ~ qïsqaаrïq 'қысқарақ,қысқалау'; алт. -arïq/-erik/-örik: agarïq 'ақшыл', sargarïq 'сарғыш, сарғылтым', qïzarïq 'қызылырақ', kögörik 'көкшіл'; басқа түркі тілдерінде -raq/-räk/-rek: әз. кödäräk 'қысқалау', башқ. tarïraq 'тарырақ, тарлау', гаг. kürürak 'кішірек', қараим. jaχšïraq/jaqsïraq 'жақсырақ', ққалп. alaraq 'аздаған аласы бар', қырғ. qatïraq 'қаттырақ', ноғ. qïzïlïraq 'қызылырақ, қызғылтым', құм. teηrek 'тегістеу, жалпақтау', қаз. alasaraq 'аласарақ', қбалқ. agïraq 'ақшыл', тат. maturraq 'сұлуырақ, әдеміше', түркім. ovnugraq 'ұсақтау', чув ǎžǎraχ 'жылырақ'.
Түркі тілдерінде сындық белгінің анық, айқын еместігін білдіруге -(j)raq/-(j)räk жұрнағынан басқа да -(ï)mtïl, -šïl, -ïl, -ïlt, -ïltïm, -ïldïm т.б. көрсеткіштер қатысады. Ал бояудың, өңнің, түстің қанықтығын, сапалық, сипаттық белгінің айқындылығын негіздің толығымен қосарлануы (башқ.: harï-harï 'сары-сары', jäšel-jäšel 'жасыл-жасыл'; қаз. uzïn-uzïn, bjik-bjik) немесе негізгі сын есімнің алдынан түбір­негіздің алғашқы буынына –p дауыссызы жалғанған тұлғаның қосарлануы (әз.: gapgara, gïpgïrmïzï, sapsarï, gupguru; қаз.: qap-qara, qïp-qïzïl, sap-sarï, qup-qurγaq) білдіреді.
Шығыс септігінде тұрған зат есімнің сын есіммен тіркесіп келуі (өзб. Jaχši sǔz baldan širin 'жақсы сөз – жарым ырыс'. Қаз. Sütten aq, sudan taza), сондай­ақ сын есімнің белгілі бір күшейткіш сөздермен тіркесуі (eη/iη 'ең': тат. iη tirän, тув. eη uluγ, қаз. eη taza) арқылы жасалатын салыстырмалы шырай түрлері көптеген түркі тілдеріне тән құбылыс. Ал сын есімнің кішірейту-еркелету мәніндегі тұлғасын жасауға оғыз тобындағы тілдерде -ǯa/-ǯe, -ǯaq/-ǯek/-ǯyq/-ǯik жұрнақтары өнімді қатысады: түркім. aqǯa ǯüjǯe 'ақ балапан', garaǯa guzï 'қара қозы', mïsenǯaq čörek 'жұмсақ нан'.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі сын есімдер мен қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімдердің табиғаты жайлы ой түйген ғалым А. Есенқұлов: «Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі сын есім мен қазіргі түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіліндегі сын есім категориясының арасында мағыналық та, тұлғалық та айырмашылық жоқ. Тек аздаған ғана фонетикалық ерекшеліктері кездеседі», - дейді. Ғалым пікірі сын есім тудыратын қосымша морфемаларға да қатысты болып келеді.
А.Есенқұловтың көзқарасы бойынша, √-q/-k,-g/-γ,-ïq/-іk-ïγ/-іg/,-uq/-ük,-uγ/-üг Орхон, Енисей жазбаларында зат есімге де, сын есімге де жалғанып, туынды сын есім жасайды, көбіне етістікке жалғанып қатыстық сындық қасиетке ие болады. Н.К. Дмитриев түркі тілдерінде зат есімдер мен сын есімдер жасауда белсенді қолданылатын√-q/-k,-g/-γ,-ïq/-іk-ïγ/-іg/,-uq/-ük,-uγ/-üг форманттарының шығу тегін есім сөздер тудыратын √-qаq/-kеk,-γаq/-gеk/-gök жұрнақтарынан таратады. Көне түркі тіліндегі сын есім тудырушы қайсы бір жұрнақтарды қазақ тілімен салыстырсақ:
VI- IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
-lï/-lі/-lü: еrіklі→еrіk+lі«ерікті»
küčlі→küč+lі«күшті» -lï/-lі, -dï/-dі, -tï/-tі
-lïγ/-lіg, -luγ/-lüg: аdаqlïγ→аdаq+lïγ «аяқты», atlïq/atlïγ→ at+lïq/lïγ «атты», bašlïγ→baš+lïγ «басты»: -lïq/-lіk, -dïq/-dіk, -tïq/-tіk
-g/-γ,-ïγ/-іg/-ijg: turuq→ tur+uq «арық, арық-тұрық»
іsіg→*іs+іg«ыстық»: tirig→*tir+ig«тірі, жаны бар, өлмеген» -q, -k
-sïz/-sіz: ačsïz →ač+sïz «ассыз», buŋsïz→ buŋ+sïz «мұңсыз», idisiz → idi+siz «йесіз» -sïz/-sіz
Сын есімнің тарихи қалыптасу тұлғалары адъективтену құбылысымен тікелей байланысты.
Түркітанушы ғалымдар сын есімдердің сөз табы ретінде ҮІ-ҮІІІ ғасырлардан бұрын қалыптаса бастағанын және әлі де даму үстінде екендігін айтады. Тіліміздегі жатаған, тебеген, алаған, береген сияқты өткен шақтық есімше мәнін беретін етістіктер, сондай-ақ қызу, жүдеу, бітеу, көсеу сияқты қимыл есімдері сын есімге айналған. Мұндай сөздер өздерінің бұрынғы есімше және қимыл есімі мәндерін жоғалтпаған, олардың аффикстері де етістіктер құрамында сол қызметте (есімше, қимыл есімі) жұмсалады. Мұндай сөздер лексикалық мағынасына және қолданылу ерекшеліктеріне қарай сын есімге тән мағынаға ие болып, сын есімге тән қызметте жұмсалып кеткен.Етістіктермен үндес, мағыналас, тұлғалас сын есімдер қатарына жарамсақ, жағымпаз, бұралқы, жинақы, оралғы, суық т.б. сөздерді жатқызуға болады. Адъективация процесі күрделі сын есімдер құрамынан айқын көрінеді:
- соңғы компоненті есімше тұлғалы етістік: қанішер, қаныпезер;
- ашық райлы етістік: қырып сал, алып қаш (алыпқашпа әңгіме), етек басты (етек басты әйел), күн қақты;
- бірыңғай мәнде айтылатын етістіктер тіркесі: ұрдажық;
- зат есім мен зат есімнің бірігуі: тасбауыр, сужүрек, безбүйрек, желаяқ, өркөкірек;
- сын есім мен зат есім бірігуі: арамтамақ, ақкөңіл, кеңпейіл, ашкөз.
Сын есімдердің сөйлемде негізінен зат есімнің алдында келіп, анықтауыш қызметін атқаруы, етістікпен тіркесіп келіп, іс-әрекет, қимылдың бейнесін көрсеткен жағдайда пысықтауыш ретінде жұмсалуы, ал сөйлем аяғында баяндауыш болуы түркі тілдеріне тән ортақтықтардың бірі саналады. Сал.: түрік. büyük ev, büyük olmak, ev büyük, қаз. суық су, суық тарту, биыл қыс қатты суық.
Әдебиеттер:
Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология.-М., 1988. С. 158
Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. – Алматы: Ғылым, 1976. – 145-бет.
Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. –Москва-Ленинград, 1940. – С.70.
Левитская Л.С. Историческая морфолдогия чувашского языка. –Москва: наука, 1976. – С.129 С.128
Юнусалиев Б. Киргизская лексикология. –Фрунзе, 1959. – С. 122-125.
Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 2002. –158-бет.
Дәріс №12
Тақырыбы: Сан есім және оның категориялары.
Дәріс мазмұны:
Сан есімнің басқа сөз табынан айырмашылығы;
Дара және күрделі сан есімдер;
Есептік, реттік , жинақтау, болжалдық сан есімдер;
Кейбір сан атауларының этимологиялық негізі
Заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сан есімдер өзіндік лексика-семантикалық ерекшеліктері, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі бар дербес сөз табын құрайды. Сан есімнің басқа сөз табынан айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, заттық ұғымның сандық сипатын анықтайды; зат есімсіз қолданылып сандық атауды білдіреді; етістіктермен тіркесіп, іс-әрекет пен қимылдың сандық сапасын сипаттайды; сан есімдер басқа сөз таптарынан жасалмайды; күрделі сан есімдер жасайтын дара сан есімдердің көлемі (саны) айқын болады.
Түркі тілдеріндегі сан есімдердің қалыптасуы В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, Г.И.Рамстедт, С.Е.Малов, А.Н.Самойлович, Н.З.Гаджиева, Б.Серебренников, А.Щербак тәрізді шетелдік зерттеушілердің, сондай-ақ, С.Аманжолов, М.Томанов, Ә.Құрышжанов, С.Исаев, Ғ.Айдаров т.б.отандық ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері тілінде құрылымына қарай жіктелетін - дара және күрделі сан есімдер, мағынасына қарай ажыратылатын - есептік, реттік, жинақтық, бөлшектік сан есімдер қолданылады.
Ескерткіштер тіліндегі дара сандар атаулары аздаған фонетикалық өзгерістерімен қазақ тілінде толық сақталған. Мысалы:
№ VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
1 bir bir
2 іkі/еkі еkі
3 üč üš
4 tört tört
5 bеš /bеs/bіш /bіs bеs
6 аltï аltï
7 jеtі/jіtі žеtі
8 sеkіz sеgіz
9 tоquz tоγuz
Ондық сан есімдер
№ VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
10 оnоn20 jіgіrmі / jеgіrmі
jіgіrmе / jіgіrmä žïjirma
30 оtuz оtïz
40 qïрq qïрq
50 еlіg / іlіg еlüw
60 аltmïš /аltmïs аlpïs
70 jеtmіš / jеtmіs
jіtmіš / jіtmіs žеtmіs
80 sеkіz оn sеksen
90 tоquz оn tоqsan
Жүздік, мыңдық, он мыңдық сан есімдер
1 2 3 4
сaн VI-IXғасыр ескерткіштері тілінде сaн Қазақ тілінде
100 jüz 100 žüz
1000 bïŋ / bіŋ, mіŋ / mïŋ 1000 mïŋ
10 000 tümеn/tümän 10 000 tümеn
Ескерткіштер тіліндегі күрделі сан есімдердің құрылымы қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінен өзгешелеу екені белгілі. Көне түркілер белгілі бір күрделі сан есімді айту үшін бірінші бірлік сан есімді, содан кейін айтылып отырған ондық сан есімді емес, одан кейінгі ондықты қолданған (аltï оtïz «жиырма алты», йеті йегірмі«он жеті» т.б.). Сондай-ақ кейбір ондық сан есімдер құрамындағы дербес лексемалық деңгейдегі морфемалардың жігі айқын көрінеді (sekiz оn «сексен», tоquz оn «тоқсан»). Мұндай ерекше белгілердің кейбірі хакас және сары ұйғыр тілдерінде кездеседі.
Сан атаулары өте ерте замандардан келе жатқан лексемалар қатарына жататындықтан түркі тілдеріндегі сан есімдердің қалай жасалғаны айқын көріне бермейді. Дегенмен сан есімнің сөзжасам жүйесінің өзіндік үлгілері бар. «Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады».
ҮІ–ІХ ғасыр түркі жазба ескерткіштері мәтініндегі сан есімдер мағынасына қарай төрт топқа бөлінеді: 1. Есептік сан есімдер;2. Реттік сан есімдер; 3. Жинақтау сан есімдері; 4. Болжалдық сан есімдер. Ғ.Айдаров көне түркі тілінің оннан кейінгі санау тәртібін бесінші топ ретінде қарастырып, аралас сан есімдер деп атайды. Түркі тілдері санау жүйесіндегі бұл ерекшелікті сан есімдердің дербес мағыналық тобы ретінде қарастыруға келмейді. Себебі олар реттік, жинақтық, болжалдық мағынасын білдіретін қосымшалар арқылы түрлену мүмкіндігі бар есептік сан есімдер.
Ескерткіштер тіліндегі есептік сан есімдер cандық мөлшерді немесе дерексіз сандық ұғымды білдіреді, ол лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалады: Дара сан есімдерді түбір және негіздерден тұратын жалаң тұлғалы сан есімдер құрайды: bіr «бір», еkі «екі», üч «үш» tört «төрт», bеs/bеš «бес», аltï «алты», jеtі «жеті», sеkіz «сегіз», tоquz«тоғыз», оn «он», jеgіrmі «жиырма», оtuz «отыз», qïrq«қырық», еlіg «елу», аltмïš«алпыс», jеtmіš «жетпіс», jüz «жүз», mïŋ/mіŋ«мың», tümеn «он мың».
Реттік сан есімдер заттар мен құбылыстардың орын тәртібін, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады. Көне түркі ескерткіштері тіліндегі реттік сан есімдер √-nč, -їnč, -іnč және√ -nti қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы: ekinti«екінші»: Ekinti Ïšbara jamtar boz atїγ binip tegdi. Ol at anta ölti. КТү.33 «Екінші /рет/ Ышбара қолбасының боз атын мініп тиді. Ол ат сонда өлді.» Айд.І, 178; . √ -nti форманты қазіргі қазақ тіліндегі ekinti namaz «екінті намаз» теонимінің құрамында сақталған.
Реттік сан есім қосымшалары
1 2 3
№ VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
1 -nč; -nči altïnč «алтыншы», besinč/besinči «бесінші», üčunč/üčinči «үшінші», jetinči «жетінші» -nšї, -nšі
2 -їnč,-іnč; -unč: törtinč «төртінші», sekizinč «сегізінші», onunč «оныншы» -їnšї, -іnšі
3 -nti: ekinti «екінші» -nti (екінті намаз)
Ескерткіштер тіліндегі сандық мөлшерді жинақтап көрсету үшін қолданылатын жинақтық сан есімдер √-egü,-gü және√-γun,-gün жалғаулары арқылы жасалады. Қазақ тіліндегідей√-аw,-еw қосымшасы арқылы жасалған жинақтау мәнінің жетіге дейінгі сан есімдерді қамтуы ескерткіштер тілінен толық көрініс таппаған.
Жинақтық сан есімдерінің қосымшалары
№ VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
1 -egü,-gü: üčegü«үшеуі» -аw/-еw: altaw, üčew, törtew
2 -γun,-gün: Ø
Көнетүркі тілінде болжалдық сан есімнің √-čа,-čе жұрнағы қосымшасы ұшырасады.
Болжалдық сан есімдердің жасалуы
№ VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
1 -čа 2 -čе: jüzčе «жүздей», еligče «елудей» 3 eki-üč bïŋ «екі-үш мың», jüž artuq «жүзден артық»: екі-үш мыңдай, жүзден артық
Сан есімдердің жасалу, қалыптасу тарихы әр алуан. Мәселен, тіліміздегі миллион, триллион сөздері батыс елдерінен енсе, «он мың» мәніндегі түмен сөзі монғол тілінен енген деген жорамал бар. Г.И.Рамстедт алтай тілдері фактілерін салыстыра отырап, бірнеше сан есімдердің қалыптасуына жеке-жеке талдау жасайды: түрк. bir ~ моңғ. büri ′барлық, бәрі, әрбір′; түрк. eki < *ek-<*hek- <*pek- ′ілесу, еру′ ~ кор. pęgim ′жақын маңдағы, келесі′ < *pek- + -im, кор. pęgim t`ę ′жақын маң′> түрк. ekinti ′екінті, түстен кейін′; түрк. beš ′бес′ ~ чув. pilək ~ pillək ~ тұңғ. лам. bilän ′білек′; түрк. *alty ′алты′ < al- ′алу′+ -ty; түрк. jeti < je- ′жеу′; түрк. sekiz < s (cал.: моңғ. ese ′жоқ′) + ekiz, ikiz ′егіз′ (<eki+-z) ~ моңғ. ikire ′егіз′; түрк. toquz ′тоғыз′ ~ моңғ. toqur/tokir ′бүгілмейтін, икемсіз саусақтар′, мұндағы -z мен sekiz сөзіндегі -z бірдей; түрк. on ′он′ ~ -an (seks+-en, toqs +- an) ~ моңғ. -an (ǯiran′алпыс′, dalan ′жетпіс′, najan ′сексен′, jiren ′тоқсан′) ~ кор. on ′жүз′; түрк. jigirmi ′жиырма′ ~ моңғ. ǯirin ′екі, екеуі де, қос′ > ǯirmesün ′жүкті, аяғы ауыр, екі қабат′ (сал.: халх. dabχur ′жүкті, аяғы ауыр′, сөзбе сөз: ′екі қабат′) < моңғ. *ǯigür- / ǯigir- ~* jigürme/ *jigürmi ′екі еселену′; түрк. jüz ′жүз′ <jü-′тиеу, арту′ (моңғ. ǯüe- /ǯüge-′тиеу, арту′); көне түрк. byŋ, ұйғ. myŋ, чув. pin′мың′ ~ моңғ. mingan ′мың′~ тұңғ. mingan ′мың′.
Қорыта айтқанда, сандық мағынаны білдіретін сөздер қай тілдің болмасын тұрақты қоры болып табылады, біртұтас құбылыс ретінде танылатын бір белгі – есептік сан есімдер. Бұл жүйенің басқа тілдерден ауысу жолымен қалыптасуы – тілдер тарихында өте сирек ұшырайтын құбылыс, сондықтан есептік сандарды білдіретін сөздердің төркіндес болып келуі тілдердің өзара жақындығының, генетикалық туыстығының дәлелі болып табылады. Сан есімдердің жалпы түркілік сипатта қалыптасуы, кейбір ескерткіштер тілінде берілуі жайында біршама зерттеулерде айтылғанымен, сан есімдердің лексикологиялық, морфологиялық белгілері теориялық тұрғыдан әлі де толық зерттеуді қажет етеді.
Әдебиеттер:
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. –Астана: Астана полиграфия, 2002. – 363-бет.
Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткішінің тілі (ҮІІІ ғасыр). -Алматы: Қазақстан, 2000. – 66-бет.
Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем.-М., 1957. С.64-68.
Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология.-М., 1988. С. 158.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1988. Б.137.
Дәріс №13
Тақырыбы: Есімдік және оның түрлерінің тарихи алыптасуы
Дәріс мазмұны:
Есімдіктердің қалыптасу, даму жолы
Көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі
Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда да, сөйлем ішінде қолданылғанда да мағыналары нақтылы емес жалпылама қалыпта болып отырады. «Есімдіктердің жалпы мағынада қолданылуын олардың реальды нақтылықтан қаншалық алшақтап, қаншалық абстракциялану дәрежесіне жету шегінің көрінісі деп ұғынған жөн».
Түркі тілдеріндегі айрықша грамматикалық топ ретінде танылатын есімдіктердің негізгі ерекшеліктері:1) қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды; 2) есімдіктер тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы түрленеді. 3) тек есімдіктерге ғана тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне де, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ.
Жіктеу, сілтеу есімдіктерінің тарихи даму барысы Г.Рамстедт, Н.Поппе, В.Котвич, А.Габен, Ж.Дени, К.Н.Менгес, О.Прицак, В.Банг, Й.Бензин, Б.А.Серебренников, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев т.б. белгілі алтаист – түркітанушылардың зерттеулерінде арнайы қарастырылып, олардың арғыалтайлық және арғытүркілік тұлғаларын жаңғыртуға айрықша назар аударылды.
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер тобы. Сол себепті жіктеу есімдіктері үнемі адаммен, яғни сөлеуші, тыңдаушы және бейтарап бөгде кісіге қатысты қолданылады.
Арғыалтай тілінде *min ‘мен’, *sin‘сен’, *in ‘ол’ тұлғасында жаңғыртылатын жекеше түрдегі жіктеу есімдіктері түркі тілдерінде men/ben ‘мен’, sen‘сен’, моңғол тілдерінде bi ‘мен’, či(<*ti) ‘сен’, тұңғыс тілдерінде si ‘сен’, маньчжур тілінде i ‘ол’ түрлерінде қолданылады. Г.Рамстедт пікірі бойынша: түрк., моңғ., тұңғ. *min ‘мен’, моңғ. *tin және түрк., тұңғ. *sin ‘сен’ архитұлғалары түркі тілдерінде екпін күшінің салдарынан немесе деиктикалық күшейту жолымен män, sän болып өзгерген, ал негіз соңындағы -n атау септігінде өте ерте кездерде-ақ жойылып кеткен. Жіктеу есімдігінің III жағы (атау сеп. i, негіз – in-) тек маньчжур тілінде ғана септелетін жеке сөз ретінде сақталып қалған, ал корей тілінде i энклиттік қолданыста атау септігінің детерминденген тұлғасын жасауға негіз болады (čip‘үй’, čibi ‘(нақ осы) үй’), ал түркі тілдерінде -i, -in- тәуелдіктің III жағының қосымшаларына айналған.
Түркітанушылардың көбі bä-n /mä-n ‘мен’ және sä-n ‘сен’ жіктеу есімдіктері соңындағы -n тұлғасын жекелікті білдіретін, я болмаса негізгі түбірге жалғанатын ‘посессивтік көрсеткіш’, *bi-z және *si-z соңындағы –z тұлғасын көптіктің көрсеткіші деп санайды. Түркітануда біршама орныққан ой-пікірлер қатарына септелетін bän-/män- және sän- негіздерінің жалпыланып, атауыштық мәндегі *bi және *si тұлғаларын алмастырғаны жайлы, яғни түркі тілдерінің көбінде о бастағы bä/ bi және sä/ si тұлғаларының орнына атау септігінде bän (>män) және sän, biz және siz қолданыла бастағаны туралы пікір де жатады.
Тарихи даму барысында өзінің жеке сөз ретіндегі дербестігінен айырылған жіктеу есімдігінің III жақ арғытүркілік *i (*n) ‘ол, сол’ тұлғасының із-сілемдері септіктерде (көне түрк. inärü~ïnaru ‘арырақ, ана жаққа қарай’, якут. innä ‘анда, ана жақта’), тәуелдіктің III жағының қосымшаларында (-ï/-i, -sï/-sï: чув.-i/-e,-ěšě/-ěš; якут. -ä/-a, -tä/-ta), сілтеу есімдіктерінде (түркім. ine ‘мынау’, балқ. in-ol ‘анау, ана біреу’, inanda ‘анау жақта’), қыстырма сөздерде (көне түрк. inčip~ïncïp‘сонымен’, хал. ïnaγda, ïna‘γča ‘былайша айтқанда’) т.б. сақталып қалған.
Орхон, Енисей, Талас ескерткіштер тілінде есімдіктердің бірнеше топтары кездеседі.
Ескерткіштер тілінде үшінші жақты білдіретін жіктеу есімдігінің жекеше және көпше түрлерінің арнайы формасы жоқ, контекске байланысты ажыратылады. Оl лексемасы сілтеу есімдігінің қызметінде де жиі қолданылады.
Жіктеу есімдіктері
VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
Ж е к е ш е
bеn/mеn mеn
sіn/sеn sеn/siz
оlоl К ө п ш е
bіz bіz
sіz sіzdеr/sender
оlоlаr
Түркі тілдеріндегі жіктеу есімдіктерінің этимологиясы жайлы бірізді пікірлердің қалыптаспауы, ғылыми тұжырымдамасының жасалмауы да есімдіктердің лингво-онтологиялық табиғатына байланысты. Жіктеу есімдіктерінің жекеше және көпше тұлғаларының, бірінші және екінші жағының, жіктік жалғауларының бірінші және екінші жағының өзара байланыстары жайлы бірнеше көзқарастар мен болжамдар бар: жіктеу есімдіктерінің көптік тұлғасы мен жекеше тұлғаларының өзаракірігуінен √-mіn, -sіn, -bіz, -sіn, -seн, -sіz морфемаларын құрайтын жіктік жалғаулары қалыптасқан (О.Бетлингт.б.); жіктеу есімдіктерінің көпше түрінің құрамындағы √-z көптікті (екі, үш немесе одан көп) білдіретін қосымша, бірінші компоненттерін құрайтын mі, sі – жекеше түрлері, есімдіктердің жекеше түрлері архиформа болып табылады, олардың даму бағыты: І.mе(n), bі(n), mі(n), se(n), sі(n), *е(n), *і(n). ІІ.bа(n), mа(n), sа(n), *а(n); ІІІ.bi(z), si(z), *і(z). Жіктеу есімдіктері морфологиялық ыдыраудың негізінде қазіргі түркі тілдерінде әртүрлі фонетикалық варианттармен қалыптасқан (В.Л.Котвич, Г.И.Рамстедт т.б); жіктеу есімдіктерінің архитұлғасы pän, sän, ïn, аn, pis, sis лексемаларынан тұрады, кейіннен қатаң дыбыс фразалық екпін нәтижесінде ұяңға өзгеріп, b, m дыбыстарына айналған: (пän) -bän (män) -mеn. І жақ тұлғасының дауысты äдыбысымен айтылатын варианты бірінші, e (mеn), і (-иІ-min), ij(І-mijn) дыбыстарымен айтылатындары кейін қалыптасуы мүмкін (Н.А.Баскаков); түркі тілдеріндегі жіктеу есімдіктерінің архиформаларын pän, sän, ïn, аn, pis, sis,аnlа тұлғалары құрайды (А.М.Щербак).
Сілтеу есімдіктеріне тән сөздердің негізгі лексикалық мағыналары аралық қатынастарды көрсету болып табылатындықтан олар әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен құбылыстардың әр алуан жақын немесе алыстық тәрізді аралық қатынастырын білдіріп отырады. Ескерткіштер тіліндегі негізгі сілтеу есімдіктерінің саны аз, олар септік тұлғаларын қабылдауы арқылы мағыналық аясын кеңейтіп отырады. Көнетүркілік сілтеу есімдіктері септік формаларының √-tа, √-čа қосымшалары арқылы жасалады:
Сілтеу есімдіктері
1 2
VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
аnta sоndа
anča sоnšа
bunta mundа/bunda
bunča bunšа/ munšа
bu bul (ауызекі тілде: bu)
оlоl, sоl

Бұл есімдігінің алғашқы түбірі бұ (бу) болған. Қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айту нормаға айналған. Басқа да түркі тілдерінде, мысалы: қырғыз: бұл, башқұрт: был, өзбек, түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, әзірбайжан, якут, алтай тілдерінде: бу, тува: бо, хакас: пу, шор: по түрінде айтылады. Көне түркі ескерткіштерінде де бу түрінде ұшырасады. Мұндай фактілер байырғы түбір құрамында –л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі бу және ол сөздерінің бірігуінің нәтижесі болса керек. Өйткені көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктері қабаттас келіп, бір қызметте әрі қазіргі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны байқалады. Мысалы: Бу ол бір сөзум (Бұл бір сөзім). Сондай-ақ бұл есімдігінің қызметінде ол сөзінің қолданылуы да ұшырасады: Ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Бұл сөзді естіп, қағанға айттым).
Мына, мынау есімдіктерін М.Томанов бұл есімдігімен түбірлес деп қарайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі мына, мынау, бынау сөздерін және олардан туындаған мынадай, мұндай, бұндай, мұнда, бұнда сөздерін салыстырсақ, барлығына ортақ түбір мын, мұн, бұн екенін көреміз. Бұлар бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары: м~б, ы~ұ. Мұнда түбірдегі –н бұл есімдігіндегі –л-дің варианты.
Мына, мынау есімдіктерінің алғашқы түбірі мын- болса, соңғы –а, -ау қосымшаларының арғы төркіні жайлы нақты пікір жоқ. Дегенмен Г.И.Рамстедт –а элементін ол сілтеу есімдігінің өзгерген түрі деп есептейді. В.Котвич мұны барыс септік қосымшасы дейді. Ал Ә.Ибатов оны ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі деген жорамал айтады. Мынау сөзіндегі –у элементін В.М.Насилов ұйғыр тіліндегі –ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты деп түсіндіреді.
Ана, анау есімдіктері ол есімдігімен түбірлес. Мұндағы ан шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты. Алайда М.Томанов ан құрамындағы –н сен жіктеу есімдігіндегі –н-мен тектес дегенді айтады.
Сол сілтеу есімдігі осы тұлғада қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілдерінде кездеседі. Басқа түркі тілдерінде шул (башқұрт, татар), ошол, ошо (қырғыз), шол, со (құмық), шу (түрік, түрікмен), сити (якут). Сол есімдігінің қалыптасуы бір кездерде есімдіктерге қабаттаса айтылған ош (уш) күшейтпелі сөзі мен ол есімдігінің бірігуімен түсіндіріледі. Келе-келе фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан сол есімдігі қалыптасса керек. Сонда: ош-ол → ос-ол → шол//сол
Осы есімдігі ош және о есімдіктерінің бірігуінен қалыптасқан. Башқұрт тілінде ошо түрінде, қырғыз тілінде ушул, ушу, түрінде айтылса, осындағы ушул тұлғасын ең ескі деп қарауға болады. Есімдіктер құрамындағы –л дыбысының (ол) тұрақсыз екені белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былайша қарауға болады: ош-ол → ос-ол → ошо//осо → осы. Сөз соңындағы еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне жат құбылыс емес.
Сұрау есімдіктері – заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін т.б. білу мақсатында қолданылатын сұрау мәнді сөздер тобы. Сұрау есімдіктерінің субстантивтік (кім? не?) және атрибутивтік (қай? қайсы?) болып бөлінуі заттың атын білу үшін қойылатын сұрақтарға және заттың белгісін білу мақсатында қойылатын сұрақтарға қатысты. Ескерткіштер тіліндегі сұрау есімдіктері қазіргі қазақ тілінде негізінен сақталған. Көнетүркілік сұрау есімдіктері септік формаларының √-kе/-gе, √-tаn, √-nï,-ni, √-tеg қосымшалары арқылы жасалады. Көне жазбалар тіліндегі қаны, қайда, қанта, қантан түрінде қолданылатын сұрау есімдіктерінің түбірінде н~й сәйкестігі байқалады.
Сұрау есімдіктері
VI-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
kim /kem kіm
kimke kimge
nе nе
nеkе/nеgе nеgе
kаč qаnšа
qanї qanї/känі,qаjdа
qаntаn qаjdаn
аntеg qаndаj
Сұрау есімдіктерінің қазіргі тұлғалары тарихи тұрғыдан құранды саналады. алтайлық тектілдік деңгейінде *ka/*ke ‘қайда’ және -*ja/-je тәрізді екі сұрау есімдігі жаңғыртылып, олардың түркі тілдерінде qa- (qana/qany/qaju ‘қайда’) / ke- (kam, kim) түріндегі тұлғалануы көрсетіледі. Қазіргі түркі тілдеріндегі сұрау есімдіктері үш түбірдің айналасына топтасады. Олар: кім, не, қай (қан).Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Барлығына ортақ түбір – қай (қан). Мұндағы қа-лай сөзінің бастапқы түбірі қа- деп те ойлауға болар еді. Алайда қазақ тілінде оған синонимдес қай-тіп дейтін сұраулық сөз бар. Оның үстіне қазіргі түркі тілдерінде қалай сұрау есімдігі хай-да (хакас), хайдах (якут), кайда (шор), қанайып, қандайып (алтай). Осы фактілермен салыстырғанда, ортақ түбір қа- емес, қай- болып шығады.
Қашан есімдігінің қалыптасуын Ф.Г.Исхаков қан-шағ-ын деп, қан және шағ сөзінің көне түркілік құралдық септік (-ын) тұлғасымен бірігуінен, сөйтіп қысқаруынан жасалған деп түсіндіреді. М.Томанов қазақ тілінде қай және шақ сөздерінің тіркесі мезгіл, уақытты білдірудің тәсілі екенін, осы тұрғыдан келгенде, бұл пікірдің шындыққа саятынын жазды.
Не сөзі немене, неге, неше сөздерінің жасалуына негіз болған. Немене сөзіндегі неме түбірі алғашқыда заттық ұғымды білдірген, сұраулық мән туғызу үшін не сөзі қосылған. Неше сөзінің құрамындағы –ше үстеулер құрамындағы қосымша болуы мүмкін. Не есімдігінің және оның әр түрлі тұлғаларының басқа сұрау есімдіктері орнына қолданылуы көне түркілік жазбаларда жиі ұшырасады. Мысалы: Не қағанқа ісіг-күчіг берүрмен (Қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын). Не йерде (Қай жерде). Негү өтүнелім (Қалай өтінейік).
Өздік есімдігі – сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан ажыратып, даралап көрсетуші сөздер. Көне түркілік ескерткіштердегі бір ғана өз сөзінің тәуелдік жалғаусыз қолданылуы ұшырасады. Мысалы: Il jeme il boltï Budun jeme budun boltï özüm qarï boltïm neŋ jerdeki qaγanlïγ budunqa Тон.56 «Ел тағы да ел болды. Халық та қайта халық болды. Өзім қартайдым, үлкен болдым Қайдағы қағандық халық болса да» Айд.ІІ,114.
Ғ.Айдаров көне түркі ескерткіштерінде кентү тұлғасындағы өздік есімдігін көрсетеді. Еdgü еlіŋе kentü jаŋïltïγ БҚ.19 «Игі Елің өзі жаңылды».
Түркі тілдерінде öz түбірінен жасалатын өздік есімдіктер септік, жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларымен түрленеді:
Өздік есімдігі
VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
öz öz
özim özim
öziŋ öziŋ
özi özi
kentü Ø
kentüm Ø
kentüsi Ø
Жалпылау есімдіктері белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына, толдықтай қамтылуына қатысты айтылатын жалпылау, жинақтау мәнді сөздерден тұрады. Орхон, Енисей ескерткіштері тілінде жалпылау, жинақтау мәні бар qamuγї «бәрі», ükül «бүкіл», üküš «барлық»сөздері қолданылады. Мысалы: Qamuγї bеš оtuzsülеdіmіz БҚ.15 «Барлығы жиырма бес рет соғыстық»; ükül «бүкіл», üküš «барлық»: Bilig bilmez kisi ol sabїγ alur, jaγur barїγ, üküš kisi ӧltig. КТк.7 «Білімсіз кісілер сол сөзге сеніп маңына барып, барлық (көп) кісі өлді».
Болымсыздық есімдігі жалпы есімдіктердің болымды мағынасына қарама-қарсы болымсыздық мәнінде қолданылатын сөздер. Қазіргі қазақ тілінде еš, еškіm, еštеŋе, еšnäрsе, еšbіr, еšqаšаn, еšqанdаj, еšqаjsï т.б. болымсыз есімдіктер қолданыста. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде болымсыздық, белгісіздік мәнді neŋ «еш» есімдігі тіркелген: Ötüken jir olurїp,arqїš-tirkiš їsar, neŋ bunuγ joq, ... КТк.8 «Өтүкен жерінде отырып /қазынаға/ керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. ... Айд.ІІІ, 55. ; Neŋ jїlsїγ budunqa olurmadїm. Ičire ašsїz, tašra tonsїz, jabїz, jablaq budunta üze olurtїm. КТү.26 «Ең болмаса, бай халыққа отырмадым. Іші ассыз, сырты тонсыз, әлсіз нашар халыққа отырдым (билік еттім). Айд. ІІІ,63.
Әдебиеттер:
Тенишев Э.В. Алтайские языки // Языки мира: Тюркские языки La parenté linguistique et le calcul des probabilités: SSUF 1946 - 1948: UUÅ 1949.. М.,1996. С.16.
Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология.-М., 1988. С. 203
Рамстедт Г.Й. Введение в алтайское языкознание: Морфология / Пер. с нем.-М., 1957. C. 75
Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских язвков: (Имя).–Ленинград, 1977.
Щербак А.М. Грамматический очерк языка тюркских текстов Х-ХІІІ вв. из Восточного Туркестана. Мрсква-Ленинград, 1961. – 204 с.
Айдаров Г. Язык орхонского памятника Бильге-кагана. –Алма-Ата: Наука, 1966. -80 с.
Айдаров Ғ., Томанов М., Құрышжанов Ә. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. –Алматы: Мектеп, 1971. -273 б.
Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников ІХ века. Ленинград: Наука, 1986. -256 с.
Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. - Алматы: Ғылым,1983.–146 б.
Томанов М. Қазақ тiлiнiң тарихи грамматикасы. –Алматы: Мектеп, 1981. -206 б.
Насилов В.М. Язык орхоно-енисейских памятников. –Москва: Восточная литература, , 1960. –87 с.
Насилов В.М. Глагольные имена в их развитии в тюркских языках // Вопросы тюркской филологии. -Москва, 1966. –С. 60-69.
Дәріс №14
Тақырыбы: Үстеу және оның қосымшалары
Дәріс мазмұны:
Түркі тілдеріндегі қимыл-әрекеттің жай-күйін, сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы – үстеулердің табиғаты тым күрделі, сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметі де нақтылы сөйлем мүшелеріне байлаулы емес, етістікпен қабыса байланысып, пысықтауыш қызметін атқарса, кейде заттанып,бастауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалады. Морфологиялық тұлғасын өзгертуге де бейім келеді, яғни есім сөздерге тән қосымшаларды қабылдап түрленеді. Сондықтан түркі тілдеріндегі үстеулерді кей жағдайда зат есім, сын есімдерден, есімдіктерден ажыратып алу қиындықтар тудырып жатады.
Түрік тілдері деректері негізінде үстеу сөздерге талдау жасаған Н.К.Дмитриев: «В турецком языке имеются целые группы слов, которые по существу не вмещаются в рамки одной одной какой–нибудь части речи, а представляют какие-то переходные величины между двумя или даже тремя категориями:1) существительное – глагол; 2) глагол–существительное; 3) существительное–прилагательное; 4) прилагательное–существительное; 5) прилагательное–наречие; 6) существительное–прилагательное–наречие; 7)наречие–прилагательное – существительное. Исходный пункт во всех этих случаях определяется семантикой отдельного слова – лексемы, а грамматическое развитие этого слова прослеживается по его синтаксической функции в предложении», - деп ой түйеді.
Ескерткіштер тілінде үстеулер зат пен құбылыстың, қимыл мен іс-әрекеттің мекенге, мезгілге, шартқа, мөлшер мен көлемге қатысты әр түрлі қалпын, жай-күйін және сынының белгілерін білдіреді. В.М.Насилов Орхон, Енисей ескерткіштері тіліндегі үстеулер дербес лексикалық категория деңгейіне әлі жете қоймаған, даму, жетілу үстіндегі сөз тобы екенін көрсетеді.
Қазіргі түркі тілдеріндегі сөз таптары жүйесімен салыстырғанда бұдан 1200-1500 жыл бұрынғы көне түркілер тіліндегі сөз таптарының даму үстінде болғаны даусыз, бұл тілдік заңдылық. Қалай болғанда да қазіргі тілдік құрылымның сілемі көне түркі жазба ескерткіштері тіліне дейін-ақ салынып қойғанын естен шығармауымыз керек. А.Н. Кононов көне түркі ескерткіштері тіліндегі үстеулердің сөзжасамдық жүйесінің төрт түрлі амалын көрсетеді: 1) арнайы аффикстер жалғану арқылы; 2) септік жалғаулары және көсемшенің жұрнақтары арқылы; 3) екі не одан көп сөздердің өзара кірігуі негізінде; 4) адвербиализация үдерісінің нәтижесінде.
Үстеулердің ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазбаларында кеңінен қолданылуы олардың Ү ғасырға дейін-ақ қолданыста болған ежелгі сөз табы екенін көрсетеді. Мысалы: еmti «енді»: Ol emti aŋїγ joq «Ол енді анық жоқ» КТк. 3; ïraq «жырақ»: Anta aŋїγ kisi anča bošγurur ermis:«їraq erser, jablaq aγї birür, jaγuq erser, edgü aγї birür»,-tir КТк.7 «Сонда өш адамдар былай сенірген еді: «Жырақ болса, жаман сыйлық берер, жакын болса, игі сыйлық берер»,-деп»; üze «үсті», asra «асты»: Üze kök teŋri asra jaγїz jir qїlїntїqta еkinara kisi oγlї qїlїnmїs. Kisi oγlγnta üze ečüm-apam Bumїn qaγan, Istemi qaγan oturmїš КТү.1 «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында кісі (адам) жаралған. Адам баласын басқаруға Бумын қаған, Істемі қаған отырған»; küntüz «күндіз»: Türk budun üčün tün udїmadїm, küntüz olurmadїm «Түрк халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым» КТү. 26.
Ғ.Айдаров Тоникуқ ескерткіші тіліндегі негізгі үстеулерге tеg «ұқсас», öŋ «ерте», ök «дәл, тек» лексемаларын, туынды үстеулерге еbgеrü «үйге қарай», küntüz «күндіз», örtčе «өрттей», іčrе «ішке» сөздерін жатқызады. Ғалым ескерткіш тіліндегі үстеулерді мағынасына қарай үшке жіктейді: 1. Мекен үстеуі: аrqаdа «арқада, кейінде», qоdï «төмен», jоqаrï«жоғары», еbgеrü «үйге қарай»; 2.Мезгіл үстеуі: küntüz «күндіз»; 3. Амал үстеуі: еbrü«кері», tegire«айнала». А. Есенқұлов Орхон, Енисей жазбаларындағы үстеулерді мағыналық жағынан «мезгіл, мекен, сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат және топтау»деп жіктейді. «Үстеулерді талдау басқа сөзтаптарына қарағанда қиындау. Өйткені, үстеудің көпшілігі басқа сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер арқылы қалыптасқан сөздер. Елеусіз ғана мағыналық және морфологиялық өзгеріс арқылы сөз табының әрқайсысы үстеуге айналады». Сондықтан үстеу тудыратын қосымша морфемалар кей жағдайда басқа сөз таптарын жасайтын қосымшалармен, септік категорияларымен, көсемшенің, есімшенің жұрнақтарымен сәйкес келіп жатады.
Ескерткіштер тіліндегі үстеу тудыратын қосымшаларды қазақ тіліндегі үстеу қосымшаларымен салыстырсақ, қазақ тілінде көне түркі тіліндегі қайсы бір қосымшалардың кездеспейтінін, кейбірінің дәл сол қалпын сақтағанын, я болмаса дыбыстық азды-көпті өзгерістерге түскенін төмендегі кестеден байқауға болады:
Үстеу тудыратын қосымшалар
№ VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
1 -γаru, -gеrü. ilgerü→il+gerü «ілгері», birgeru→bir+geru «бері қарай (оңға қарай)», qurїγaru→qurї+γaruь «кейінге қарай», jїrγaru→jїr+γaru «солға қарай» -γаrï/-gеrі: ilgeri→il+geri,
žoγarї→*žo+γarї.
Ø -qаrï/-kеrі: tïsqарï→tïs+qаrï,
іškеrі
2 -ŋаru/-ŋеrü: ortusїŋaru→ortusї+ŋaru «ортасында», jontïŋaru «жылқысына қарай»,
ebiŋerü «үйіне қарай»: Ø
3 -rа, -rе, -rü: аsrа→ аs+rа«астыда, төменде», ičire→iči+re«іші», tašra→tašra+ra«тысы, сырты» -rі (kеrі→*kе+rі)
4 -jа, -jе-:qurïja→qurï+ja «батыста»
birije→biri+je «оңы, оң жақта», jїraja→jїra+ja «солы, сол жақта» Ø
5 -а,-е: üzе→*üz+е «үстіде», еkіn аrа→ еkіn *аr+а «екеуінің арасында» -а,-е
6 -čа,- čе: оtčа→оt+čа «отша (от сияқты)», bоrčа→*bоr+čа «боранша (боран сияқты)»
tаγča→tаγ+ča«таудай»
subčа→sub+čа «суша»: -šа/-šе: bаlаšа→баlа+šа (балаша қуану), ijtšе→ijt+šе (итше ырылдасу), еrеkšе→еrеk+šе, еkеkšе→еrkеk+šе (еркекше киіну), оŋаšа→*оŋа+šа,
7 -tï/-tіtükеtі→ *tükе+tі«түгел»
edgüti→edgü+ti «жақсылап, мұқият» Ø
8 -lа/-lе bіrlе→bіr +lе «бірге» -lа/-lе (bіrlеsіp→bіr+lе(sіp) 9 -tеg > tеg «тек, текті, тектес»:
böriteg→böri+teg «бөрідей», qojteg→qoj+teg«қойдай», körmesteg→körmes+teg «көрместей», bilmezteg→bilmez+teg «білместей» -dаj/-dеj,-tаj/-tеj:
böridej→böri+dej,
qojtdaj→qoj+daj, körmestej→körmes+tej, bilmestej→bilmes+tej.
10 -сег,-сïγ: čïγödsеg→öd+sеg «уақытша, белгілі бір уақытта», аdïnčïγ→ аdïn+čïγ «айрықша, ерекше» Ø
11 -qu,/-kü,-qï/-kі,- γï/-gü:
bаšγu→bаš+γu «басқы», körgü→kör+gü «бағынышты»
-γï/-gі, -qï/-kі: аlγаšqï→аlγаš+qï, bаsqï→bаs+qï, žаzγï→žаz+γï,kеškі→kеš+kі, sоŋγï→sоŋ+γï
12 -ïn,/-іn, -ün/-un: qоpïn→qоp+ïn «көбісi»,küzün→küz+ün «күзде», jаdаγïn→jаdаγ+ïn «жаяу,жаяулап», jаlïŋïn→jаlïŋ+ïn «жалаңаш-жалпы» Ø
13 -dаn/-dеn, -tаn/-tеn: öŋden→öŋ+den«алдынан»
-dаn/-dеn,-tаn/-tеn, -nаn/-nеn: аldаn→*аl+dаn, аrttаn→аrt+tаn, аstïnаn→аstï+nаn; žоγаrïdаn→žоγаrï+dаn, tömеnnеn→tömеn+nеn, üstіnеn→üstі+nеn
14 -dа/-dе, -tа/-tе: аntа «сонда, содан соң»,bunta→ bun+ta «сонда,мұнда» -dа/-dе, -tа/-tе: bunda→ bu(n)+da, munda→ mu(n)+da
Жалпы түркі тілдеріндегі туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалатыны белгілі: бірі - сөз тудырушы жұрнақтар арқылы, екіншісі –басқа сөз таптарына тән әр түрлі сөздің кейбір көнеленген септік жалғаулары арқылы жасалады.
Орхон, Енисей ескерткіштері тіліндегі туынды үстеулердің жасалуы да осы жүйеге негізделгенін көрсеткен А.Есенқұлов: «Септік жалғауларының көнеленуі арқылы бірер ғана туынды сөздер кездеседі. Бұл туынды үстеулер тұлғасы жағынан септік жалғауларына жақын болғанмен, мағынасы жағынан мүлде алыстап, септік жалғаулы сөз қалпында қабылданылмай қалыптасып кеткен үстеу ретінде танылады»,- деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, ғалымның көрсетуі бойынша ескерткіштер тіліндегі үстеулердің мағыналық топтары мен қазіргі қазақ тіліндегі үстеулердің мағыналық топтарымен негізінен сәйкес келеді, тек көне түркі тілінде себеп-салдар үстеулері кездеспейді.
Түркі тілдерінің тарихи-салыстырмалы грамматикасына қатысты зерттеулерде бастапқы түбір) үстеулердің сапалық тобына мөлшер мәнді адвербиалды бірқатар сөздер (bek 'өте, тым' keδ 'өте', az 'аз', köp 'көп', čok 'көп', jana 'тағы' т.б.), ал пысықтауыштық тобына мезгіл мәнді жалпытүркілік, тіптен арғытүркілік ретінде қарастыруға болатын am, äm, ‘енді, қазір’, er ‘ерте’, keč ‘кеш’, baja ‘әлгіде’ т.б. үстеулер енетіні атап көрсетіледі. Бұлардың шығу тегі туралы пікірлер әрқилы болып келіп, кейбіреулерінің генезисі таза түркілік, қайсы біреулері түркі-моңғолдық, енді бірі алтайлық деңгейде қарастырылады. Мәселен, қазіргі түркі тілдерінде мезгіл мәнді көптеген туынды үстеулердің жасалуына негіз болатын ēr және kēč түбір-негіздер түркі тілдері аралық деңгейде салыстырылатын болса (ēr : түркім. i:r, чув. ir, өзб. диал. ēr, түр. er ‘ерте, ерте таңертең’ ; kēč: түркім. gi:č, аз. geǯ, құм. geč, қаз. keš ‘кеш’, чув. kas ‘кешке’, көн.түрк. keč ‘ұзақ, кеш’, салыс. көн.-түрк. keč- ‘кешігу, кідіру’), түркілік рek/ bik 'өте, тым, берік’ моңғол тіліндегі bök ‘күшті, берік, мықты’сөзімен (түр. рek 'өте, тым, берік, тұрақты', көн.-түрк., қарайм., гаг. bek ‘күшті, мықты, өте’, тат. bik ‘өте, өте-мөте, ең', қырғ. bek ‘мықты, өте’, сюг. pïq ‘күш’, әдетте моңғол тіліндегі beki ‘күшті, берік, ‘мықты’ → ‘өте’), ал түркілік бастапқы үстеу āz моңғолдық aria‘әрең’, тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі arakūkan 'баяу, азғана' сөздерімен салыстырылып, алтайлық жарыспалы-сәйкестіктер қатарында айқындалады. Мысалы: түркім. āz 'аз' (~түр., аз., қырғ., ноғ., көн.-түрк. az, алт., хақ., тув., as, башқ., äδ, тат. äz, бұлғ. *ar>мар. or/ur); моңғ. aria 'әрең', арғымоңғ. *aria = эвенк. arakūkan 'баяу, азғана', arba 'судың төменгі деңгейі' = көн.-түрк. az 'аз'.
Туынды үстеулер негізінен форманттың ортақтығы бойынша жіктеледі. Олардың да семантикасында сапалық және пысықтауыштық (мезгілдік, мекендік, себептік т.б.) үстеме мән болады. Көп жағдайда түркі тілдерінде туынды үстеулер жасайтын -ïn/-іn, -la/-le, -ča, -dï/-tï, -tïn/-tin, -dïn/-din, -tur/-tür, tïr/-tir -γaru/-gärü, -qaru/-kerü, aru/-erü, -ra тәрізді форманттар алтай тілдеріне ортақ қосымшалар тұрғысынан түсіндіріледі.В. Котвич -ča қосымшасының шығу тегін čaγ ‘уақыт, өлшем’ (салыс.: қаз. šaq ‘кез, уақыт’, моңғ. tsag ‘кез, шақ, уақыт, мезгіл’) сөзімен байланыстыратын болса, Г. Рамстедт -ča қосымшасының теңестіруші мағынасы бастапқы болды, одан салыстырмалы (эквативтік) мағына туындады деп біледі.
Сонымен, үстеулерді тұлғасына қарай негізгі (бастапқы, түбір) және туынды, құрамына қарай дара және күрделі деп бөліп көрсету түркі тілдерінің морфологиялық құрылымына қатысты еңбектерде кең таралған жіктелім болып табылады. Мағынасына қарай үстеулер әр тілде әр қилы топтастырылғанымен, олардың мекендік, мезгілдік, сын-бейнелік, мөлшерлік түрлеріне басымдылық беріледі.
Түркі тілдерінде үстеу сан жағынан өзге сөз таптары есебінен үнемі толығып отыратын, өзгеру және трансформациялану процесі үстіндегі категория саналады.
Әдебиеттер:
Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. – Москва: Издательсто восточной литературы, 1962. – С. 27.
Насилов В.М. Язык орхоно-енисейских памятников. – Москва: Наука, 1960. –С. 39.
Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников (ҮІІ-ІХ вв.). – Ленинград: Наука, 1980. – С. 135-142.
Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткішінің (ҮІІІ ғасыр) тілі. – Алматы: Қазақстан,2000. – 76-бет.
Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. –Алматы:Ғылым, 1976. –183,184-беттер. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1964. – 327,328-беттер.
Котвич В. Исследования по алтайским языкам.- М., 1962. 191
Рамстедт Г.И. Введение в алтайское языкознание: Морфология.- М., 1957.С. 52.
Дәріс №15
Тақырыбы: Етістік және оның категориялары
Дәріс мазмұны:
Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі
Есімше мен көсемше тарихы
Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі
Рай тұлғаларының тарихы
Шақ тұлғаларының тарихы
Салт және сабақты етістіктер
Етіс категориясының тарихы
Етістік түркі тілдеріндегі ең күрделі сөз таптарының бірі. Етістіктерді қимылды, процесті, әр түрлі өзгерістер мен құбылыстарды білдіретін сөздер тобы құрайды. Етістіктердің күрделі мазмұндық-тұлғалық құрылым екенін олардың лексика-семантикалық ерекшеліктерінің ауқымдылығынан, негізгі тұлғасы түрленетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан, түрленген тұлғалардың жиі трансформациялануынан, сөйлемдегі қолданысынан аңғаруға болады. «Етістіктің түбіртұлғасы (негізгі тұлғасы) қимылды, іс-әрекетті, процесті білдіреді және ол етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың екінші жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық грамматикалық мағынасы болып табылады». Тарихи-түркологиялық зерттеулерде қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларының арғы негізі қимыл есімдеріне, ал қимыл есімі тарихи грамматикада шығу тегі, мерзімі жағынан есім мен етістік қызметін қоса атқарған синкретикалық түбірлерге барып саятыны сөз етіледі.
Етістіктердің дербес граматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі ретінде қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жақ қосымшаларының етістіктер мен есімдерге бірыңғай жалғануын айтуға болады. Мысалы: баламын, барамын, баласың, барасың.
Етістік морфологиялық құрлымы жағынан түбір етістік, туынды етістік, күрделі етістік болып үшке бөлінеді. Түбір етістік ары қарай морфемаларға бөлінбейтін түбір тұлғалы болып келетінімен сипатталатын болса, туынды етістік түбір сөзге жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздердің біртұтас іс-қимылдық мағына білдіріп тіркесуінен тұрады.
Етістіктің түбірі немесе есім негіз арқау болған туынды тұрпаттағы бастапқы, біріншілік негіздер және одан өрбитін екіншілік негіз тұлғалар бір-бірімен дыбыстық, тұлғалық және мағыналық тұрғыдан сәйкесіп келіп, алтай тілдерінде параллель етістіктер қатарын түзеді. Осыған байланысты алтаистикалық бағыттағы компаративтік зерттеулерде түркі-моңғол, түркі-моңғол-тұңғыс-маньчжур және моңғол-түркі-тұңғыс-маньчжур тілдеріндегі параллель етістіктердің ілкі түбірі (бастапқы, біріншілік) дыбыстық тұрғыдан типтес болып келетініне ерекше назар аударылады:
түрк. *ora- ‘орау, алдын орап кету, алдау’, ‘орап қою’: түркім. ora, қаз. ora-, узб. ọra-, диал. horä-, ұйг. oru-, лобн. ojo-, чув. văr- ‘орау’, ‘орап тастау’, ‘айналдыра орап қою’ ~ орта-моңғ. horči-, моңғ.-жазба orči- ‘айналу’, orija-, oruγa- ‘айналдыра бұрау, орап тастау’, х.-моңғ. orō-, orči-, бур. oŕō-, oršo-, калм. orā-, orčă-, дунс. χoro-, баоань. horә-, ш.-юг. horō, моңғор. furō-, χurō ‘орау, орап тастау’ ~ тұңғ.-маньчж..: эвенк. horol- ‘айналдыру, айналу’, нег. χojil- ‘тж.’; маньчж. foro- ‘айналу)’; ‘бір нәрсені шыр айналдыру’; ульч. pori- ‘тор тоқу’;
түрк. *as- ‘асу’: түркм. as-, қаз. as-, халадж. has-, чув. us- ‘асу’ ~ жазба.-моңғ. asa-, х.-моңғ. asa-, бур. aha- ‘жоғары шығу, өрмелеу’, бур. ahā- ‘тіркеу, тағу, іліп қою, асып қою’ ~ тұңғ.-маньчж..: ороч. χasi, нан. hasi, fasi-, нан., орок. pasi- ‘асу, асылу’;
түрк. *ǖr- ‘үрлеу’: көне түрк. (көне ұйг., қарах.) ür-, шағ. hür-, әзер. üfür-, кар. г. jir-, қаз. ür, якут. ür-, чув. věr- ‘үрлеу’ ~ моңғ. *(h)uri- ‘үрлеу (бетке)’: жазба моңғ. uri-, х.-моңғ. uri-, бур. uŕā- ‘бұрқырау (шаң)’, орд. uri- ‘үрлеу’; Салыс.: орта моңғ..hüli’e-, жазба моңғ. ülije-, қалм. ülē-, х. -моңғ. ülē-, бур. ülē- ‘үрлеу’ ~ тұңғ.-маньчж.. *pū- ‘үрлеу’: эвенк. huw-, эвен. hū-, нег. χūw-, ульч., орок., нан. pū- ‘үрлеу’ және т.б.
Етістіктің лексикалық негізіне алынатын түбір тұлға сыртқы тұрпат тұрғысынан алғанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың 2-жақ жекеше тұлғасымен, негізгі етіспен сәйкес келеді
Лингвистикалық компаративистикада етістіктердің жалпытүркілік тектілге барып саятын түбір тұлғаларын жаңғыртуда дыбыстық сәйкестіктерге жүгінудің маңызы зор екені көрсетіледі. Мысалы: С. А. Старостин арғыалтайлық *ǯ дыбысы түркі тілдерінде *j , моңғол тілдерінде *ǯ, тұңғ.-маньчжур тілдерінде *ǯ , корей тілінде č-, č (=ǯ) түрінде көрініс беретінін айта келіп, ‘жеу’ мағынасындағы түркілік *jē-, тұңғыс-маньчжурлік *ǯe-, *ǯe-p-, орта корейлік *čā-, čā-si- түбір етістіктердің қалпына келтірілген арғыалтайлық тұлғасы ретінде *ǯē- етістігін көрсетеді: түрк. *jē: көне түрк., орта түрк. je-, түрік. ja-, әзер. je-, түркім. ī-, қаз. ǯe, хак. či-, як. sia-, чув. śi- 'жеу'; ~ ТМ *ǯe-, *ǯe-p- ~ орта.-кор. *čā-, čā-si- < алт. *ǯē-.): арғыалт. *dakV: түрк. *jak-: шағ. jaγ-du, тат. jak-tï, чув. śudă 'жарық, шырағдан'~ тұңғ.- маньчж. *deg-ǯe- ~ *ǯeg-de ~ орта кор. thằ- және т.б.
Түркі тілдеріндегі етістіктің сөзжасам жүйесі, етістіктің рай, есімше және көсемше тұлғалары бойынша өзгеруі және олардың іс-әрекет, қимылдың өтетін уақыт-мерзімі, оны жүзеге асыратын жақ, жекеше және көпше тұлға туралы түсініктермен тығыз байланысы, қимыл атауының септік формасын меңгеруге қабілеті, етіс категориясы және оның іс-әрекеттің түрімен байланысы тәрізді теориялық мәселелер түркологиялық зерттеулерде жан-жақты қарастырылып, етістіктің түрлері, етіс, рай, шақ, есімше, көсемше сияқты категориялар әр түркі тілінің табиғаты тұрғысынан жете зерттелді деуге болады.
ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліндегі етістік тудыратын қосымшалар қазіргі түркі тілдеріндегі етістіктердің сөзжасам жүйесіvty, соның қазақ тілінің етістіктер жүйесімен толық сәйкес келеді.
Етістік тудыратын жұрнақтар

VІ-IX ғасыр ескерткіштері тілінде Қазақ тілінде
1 2 3
-а/-е -а,-е
2 -ï/-і, -u/- ü -ï/-і
3 -lа/-lе -lа/-lе, -dа/-dе, -tа/-tе
4 -q/-k,-ïq/-іk,-uq/- ük -q/-k,-ïq/-іk
5 - ïs/-іs,-ïš/-і š, -uš/- üš - ïs/-іs,-ïš/-іš
6 -n, -ïn/-іn,-un/- ün -n, -ïn/-іn
7 - sïrа/-sіrе - sïrа/-sіrе
8 -аd/-еd Ø
9 -l,-ïl/-іl -l,-ïl/-іl
-šur/-šür/-čur Ø
- qïš -qïš/-kіš,-γïš/-gіš
-t/-ït/-іt -t/-ït/-іt
-ïr/-іr,-аr/-еr, -ur/-ür,-r -ïr/-іr,-аr/-еr,-r
Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар сан жағынан әлдеқайда көп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай процеспен байланысып жатады.
Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінде қолданыс тапса (кейбір фонетикалық айырмашылықтарын ескермегенде), бір тобы жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша болып сақталып қалған.
Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі –ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы –у-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі).
Орта ғасыр жазбалары тілінде –мыш тұлғасының істің болған-болмағанын дүдамал, оны біреудің сөзі арқылы хабарлау мәнінде де қолданылатыны кездеседі. Мысалы: ол бармыш (ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын). Қазіргі қазақ тілінде де істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын білдіретін –мыш, -мыс тұлғалары қолданылады: айтыпты-мыс. –Мыш қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс.
Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәнін беретін –ған тұлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді, бірақ Алтын Орда әдеби тілінде жиі қолданыс тапқан.
3. Көне түркі тілінде көсемшелік тұлғалар сан жағынан көп болған. Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мынадай форманттары қолданылған:
1) –а, -е: уча, тута; -й, -ы: -іти, -алы; -у, -ү: өлү, оплайу, -ты: сақынматы, қатығды.
2) –п, -пан, -пен: олурыпан.
Қазіргі қазақ тілінде мақсат көсемше деп аталып жүрген –ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде – мақсат және істің басталар уақытын білдірген.
Орта ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің –матын, -мадын, -майын тұлғалары кездеседі. Қысқа түрі –май формасында қолданылған. Қазақ тілінде толық түрі –майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырасады.
6. Етістіктерді болымды, болымсыз деп бөлу түркітануда дау туғызбайды. Болымдылық мән етістіктің түбір формасы арқылы берілсе, болымсыздық мән –ма, -ме қосымшасы арқылы немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.
-ма, -ме қосымшасы көне қосымшалардың бірі болып табылады. Ол орхан-Енисей жазба ескерткіштерінен бастап, соңғы дәуірге дейін жазылған ескерткіштер тілінде кезедеседі. Мысалы: Түрк будун учун удымадым, кунтуз олурмадым.
-ма//-ме этимологиясы жайлы айтылған пікір жоқтың қасы. Оның басты себебі - -ма, -ме қосымшасының көне дәуірден және қазіргі түркі тілдерінде бірізді қолданылуы.
Бұл қосымша осы тұлғасында монғол тілдерінде де қолданылады. Слондықтан кейбір ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігінен бері қолданылып келе жатқан қосымша деп есептейді.
Болымсыздық қазақ тілінде емес, жоқ сөздер арқылы аналитикалық жолмен де жасалады. Емес – о баста ер (эр) толымсыз етістігіне келер шақтық болымсыз есімшенің –мас, -мес қосымшасын қосу арқылы жасалынған. Мысалы: Хато эрмаз эрур хан сузлари чин (Құтб).
Тақырыбы: Етістіктің грамматикалық категориялары және үстеу
1. Бұйрық рай. Бұйрық райдың негізгі берілу тәсілі етістік түбірлері екені мәлім. Бұл тәсіл көне түркі тіліне де тән: ... едгүті есід (жақсылап есіт/тыңда).
Қазақ тілінде бұйрық райдың ІІ жақ көптік түрінің қосымшасы құрамында келетін, ал өзбек тілінде ІІ жақ жекеше түрін білдіретін –ң, -ың, -ің қосымшасы көне жазбалар тілінде ұшырасады: Сү барың тіді, Алтун йышда олурың тіді (Әскер бар деді, Алтай тауында отыр деді). Ол тілде етістік түбірге –ғыл қосымшасы жалғану арқылы да бұйрық мәні беріледі: ... едгүті урғыл.
Бұйрық райдың ІІІ жағы –зун, -зүн қосымшасы арқылы берілген: Сү басы Йнел қаған Тардуш шад барзун тіді (Әскер басы Йнел қаған/хан Тардуш уәзір барсын деді). ІІІ жақ аффиксі –сын-ның алғашқы элементі -сы монғол тілінде де ұшырасады және ол тілде ІІ жақты білдіреді. Н.А.Кононов –сын аффиксі ІІІ жақтың тәуелдік жалғауына ұқсас деген пікір білдіреді. Түркі тілдерінің көпшілігінде –сы(н) қосымшасы ІІІ жақтың форманты екені мәлім. Бұл арада бұйрық рай қосымшасы мен тәуелділіктің ІІІ жағының семантикалық байланысы бар екендігін көреміз. Екеуі де бөгде жақты, көз алдында көрініп тұрмаған субъектіні білдіреді.
Бұйрық раймен семантикалық та, грамматикалық та тығыз байланыста болып келетін – қалау рай. Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде қалау райдың І жағы –айын, -йын, -йін жекеше, -алым, -лым көпше аффикстері арқылы жасалған: Түрк будун өлтүрейін. Осы аффикстер еш өзгеріссіз орта ғасыр жазбаларында да ұшырасады.
Шартты рай тұлғасы –са, -се Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінде –сар, -сер түрінде ұшырасады: Ол йергеру барсар, түрк будун, өлтечісен (Ол жерге барсаң, түрк халқы, өлімшісің). Кейінгі дәуір жазбалары тілінде –сар аффиксі соңғы –р-сіз кездеседі.
2. Өткен шақ формасы –ды – барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисей жазбалары тілінде –ды (-ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да, ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылты (айрылды), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде –ды//-ді, бірде –ты//-ті форманттарының тіркесуі кездеседі: качды (қашты), тоқытдым (тоқыттым).
Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) өткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Оғыз тілдерінде –мыш тұлғасы актив қолданылуы көнеден жалғасып келеді.
Орта ғасыр жазбаларында –ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Улуғ аталарымыз Түкстандын келеген турур («Шежіре-терекме»).
Қазақ тіліндегі –ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда өткендігін көрсетеді:
І. -ып+турур+мен > -ып+тур+мен > -ып+мен > -ып+пын;
ІІ. -ып+турур+сен > -ып+тур+сен > -ып+сен > -ып+сың;
ІІІ. -ып+турур > -ып+тур > -ып+ту > -ып+ты.
Орхон-Енисей жазбаларында –ыпты тұлғалы өткен шақ кездеспейді. Ескерткіштер тілінде алғашқы –ып+турур+мен формасында ұшырасуы ХІІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады: Заид Расулға айтыб турур («Тефсир»).
Жіктік жалғауларын тікелей қабылдау арқылы қазақ тілінде нақ осы шақ мәнін беретін төрт қалып етістігінің (отыр, жатыр, тұр, жүр) қалыптасу жолын бақылау олардың ХІІ-ХІҮ ғасырлардан бергі кезеңде осы функцияда қолданыла бастағанын көретеді. Бұл төрт етістіктің жазбалар тілінде осы шақ мағынасын беруі -ур есімшесінің тіркесуіне байланысты болған. Тілдің даму процесінде ықшамдалу нәтижесінде қазіргі қалыпқа түскен. Мысалы: Иүрурмен йерде изни көрмек үчүн (МН), Сулайман тахт үзе ол турур (Рабғузи).
3. Біздің тілімізде әрі салт, әрі сабақты қызметте қолданылатын оқы (кітаптан оқы, кітапты оқы), жаз (қағазды жаз, қағазға жаз), қара (малды қара, малға қара), ұрыс (баланы ұрыс, балаға ұрыс), ойна (рөлді ойна, баламен ойна) т.б. сияқты етістіктер бар. Мұндай етістіктердің салт түрінен сабақтыға немесе сабақтыдан салтқа ауысуы етіс қосымшалары арқылы іске асады және бұл көне құбылыс. Бір ғана етістіктің екі түрлі грамматикалық мағынада қолданылуын көнедегі салт және сабақты мәндердің айқын жіктеліп, сараланбаған кезінің қалдығы деп есептеуге болады: табыс жалғаулы сөздер Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде тек қана тура объектілік мәнде жұмсалмайды, сонымен қатар мекен, мезгіл, мөлшер мәндерін де береді. Мұндай мәндердің болуы табыс жалғаулы сөздердің сабақтылық мән бермейтін етістіктермен тіркесе жұмсалуынан келіп туады. Мысалы: Алтун йысығ аса келтіміз (Алтай тауын аса келдік). Ертіс үгүзүг кече келтіміз (Ертіс өзенін кеше келді).
Көне түркі тілінде йоры (жорыту), йерле (орналасу) тәрізді етістіктер табыс септігімен бір тіркесте қолданылған.
Салт және сабақты етістіктердің қалыптасу, жіктелу жолын былай жобалауға болар еді: ең әуелі бейтарап түбірлердің контекстік ыңғайында салт немесе сабақты ретінде қолданылуы, содан кейін етіс аффикстерінің қалыптасуы, солар арқылы етістіктердің сабақтыға немесе салтқа айналуы.
Салт, сабақтылық мән етіс категорияларында даму барысында жіктеліп жүйеленген. Етіс категориясының арнаулы аффикстермен берілуі түркі тілдері тарихында жаңа құбылыс емес. Қазіргі тіл құрамындағы етіс қосымшаларының барлығы дерлік Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштерінен бастап қолданылады.
Өздік етіс қосымшасы ескерткіштер тілінде -н, -ын, -ін, -ун, -үн түрінде қолданылып, іс-әрекет иесі сөйлеушінің өзі екендігін білдірген. Мысалы: өзім сақынтым (өзім қайғыландым), анча сақынтым (қатты уайымдадым). Орта ғасыр жазбаларынан: Ол евге барынды (ол үйге барды). Ол асы татынды (ол астан татты). Ол тарығ тарынды (Ол тары екті).
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Тақырыбы: Тарихи грамматика – тіл тарихының дербес саласы және қазақ тілінің қалыптасуы.
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты, өзге пәндермен байланысы, айырмашылығы
2.Қазақ тілінің тарихи грамматикасының зерттелуі
3. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің әдіс-тәсілдері
4. Алтай дәуірі (белгісіз кезден б.з.д. ІІІ ғ.)
5. Ғұн дәуірі (б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. V ғ.)
6. Көне түркі дәуірі (V-Х ғ.аралығы)
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
1. Қазақ тілінің тарихи граматикасы пәнінің негізгі мақсаты
2. Пәннің диалектологиямен байланысы
3. Пәннің зерттеу көзі ретіндегі қазіргі қазақ тілінің рөлі
4. Пәннің зерттеу әдіс-тәсілдері
5. «Алтай гипотезасы» туралы түсінік
6. Ғұн дәуірінің түркі халықтары мен олардың тілдерінің дамуындағы орны
7. Көне түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштер
Тақырыбы: Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері және қазақ тілінің орны.
Практикалық сабақтың жоспары
1 Орта түркі дәуірі (Х-ХV ғ. аралығы)
2. Жаңа түркі дәуір (ХV-ХХ ғ. аралығы)
3. Ең жаңа түркі дәуірі (ХХ ғ. басынан бүгінге дейін)
4. Түркі тілдерінің жіктелуіндегі қазақ тілінің орны
5. Қазақ тілінің ерекшеліктері

Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Ескі қыпшақ тілінде жазылып қалған мұралар, олардың бүгінгі қазақ тілімен сабақтастығы
Жаңа түркі кезеңіндегі жазба мұралар
Ең жаңа түркі кезеңіндегі қазақ тілінің дамуы
Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орнын айқындайтын ерекшеліктер
Н.А.Баскаковтың классификациясы бойынша қазақ тілінің орны
Қазақ тілінің С.Е.Маловтың жіктеуі бойынша «жаңа» тілдер тобына жатқызылу себебі?
Тарихи кезеңдердегі қазақ тілінің даму ерекшеліктері
Тақырыбы: Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы
Практикалық сабақтың жоспары
Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, мақсаты
Көне түркі тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы
Ең алғашқы түбір сөздер
Лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Тарихи лексикология мен жалпылама лексикологияның айырмашылығы
Тарихи лексикологияның зерттеу мақсаты
Түркі жазба ескерткіштер тіліндегі сөздердің мағыналық топтары
Ең алғашқы түбір сөздердің мағына жағынан тұрақты/тұрақсыз болуы жайлы ғылыми пікірлер
Экстралингвистикалық факторлардың тарихи лексикологияны зерттеудегі маңызы
Тақырыбы: Кірме сөздер қабатының тарихи сипаты және сөз мағынасының өзгерістері
Практикалық сабақтың жоспары
Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
Монғол тілдерінен енген сөздер
Орыс тілінен енген сөздер
Сөз мағынасының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері
Сөз мағынасының жіктелуіне дыбыстық өңөзгерістердің әәсері
Сөз мағынасының өзгеру заңдылықтары (көпмағыналылық, синонимдік, антонимдік, омонимдік құбылыстар)
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Сөз мағынасының дамуындағы сыртқы әсердің орны
Фонетикалық құбылыстардың сөз мағынасының жіктелуіне әсері
Сөз мағынасының өзгеруіндегі синонимдік, омонимдік, антонимдік құбылыстар
Араб, парсы тілдерінен енген сөздердің лексика-семантикалық топтары
Қазақ және монғол тілдерінің бір-біріне сөз ауысу процесінің тарихи себептері
Орыс тіліндегі түркизмдердің қолданысы
Тақырыбы: Тұрақты сөз тіркестерінің қалыптасуы және тарихи фонетика
Практикалық сабақтың жоспары
Тұрақты сөз тіркестерінің этимологиясы
Тұрақты сөз тіркестерінің еркін тіркестермен байланысы
Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты
Дыбыстар жүйесініңң мәнді бөлігі – фонема.
Көне түркі тілінің дыбыстар жүйесі. Дауысты дыбыстар
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Фразеологизмдердің этимологиясын айқындаудағы ұлттық образдар
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркестер арасындағы негізгі айырым белгілер
Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар жүйесі және тарихи фонетика
Практикалық сабақтың жоспары
1. Сөз басындағы дауыссыздар
2. Жеке дауыссыздардың дамуы
3. Сингармонизмнің қалыптасуы жайлы пікірлер
4. Сингармониялық параллельдер
5. Дауыссыз дыбыстардың үндесу заңдылықтарының дамуы
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Көне түркі тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қолданысы
Сөз басындағы дауыссыздардың ерекшелігі
Экстралингвистикалық факторлар әсерінен пайда болған дауыссыздар
Сингармониялық параллельдердің қалыптасуы
Көне түркілік диссимиляция құбылысы
Сингармониялық варианттардың сингармониялық параллельдерден айырмашылығы

Тақырыбы: Фонетикалыққ заңдылықтар және буын мен екпін
Практикалық сабақтың жоспары
1. Түркі тілдері дамуындағы метатеза құбылысы
2. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия)
3. Дауыстылардың редукциясы
4. Ескі түркі буынының құрамы
5. Түркі тіліндегі екпіннің сипаты
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Түркі тілдері дамуындағы метатеза құбылысын анықтаудың қажеттілігі
Қазіргі қазақ тіліндегі протезалық, эпентезалық құбылыстардың қалыптасуындағы экстралингвистикалық факторлар әсері
Элизия құбылысының тарихи түркілік негізі
Түркі тілдеріндегі буын түрлері
Ең байырғы буын түрлері жайлы пікірлер
Екпіннің сөз тұтастығын белгілейтін тәсіл екендігі
Тақырыбы: Тарихи морфология және сөз түбірінің дамуы
Практикалық сабақтың жоспары
Тілдің морфологиялық құрылымының даму ерекшеліктері
Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
Алғашқы түбір сипаты
Түбірлердің синкретизмі жайлы
Қазіргі тілдегі «өлі түбірлер» туралы
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Тілдің морфологиялық құрылымының тарихи дамуын айқындау жолы
Тілдің морфологиялық құрамын өзгертуде тіл дамуындағы заңдылықтардың әсері
Морфологиядағы тарихи өзгерістерді айқындауда аналогия заңдылығының орны
Түркі түбірінің бір буынды екендігі жайлы зерттеулер
Синкретті түбірлердің мағыналық жақындығы
Қазіргі қазақ тіліндегі «өлі түбірлердің» кездесуі
Тақырыбы: Қосымшалар
Практикалық сабақтың жоспары
1. Қосымшалардың арғы негізі жайлы көзқарастар
2. Қосымшалар синкретизмі
3. Сөздердің сөз таптарына бөлу тарихынан
4. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Қосымшалардың дербес сөздерден пайда болғандығы жайлы пікірлер
Қосымшалардың синкретизмі мен түбірлер синкретизмі арасындағы байланыс
Сөздерді таптарға бөлу ұстанымдары
Сөз таптарының пайда болу жолдары
Тақырыбы: Зат есім тарихы және зат есімнің көптік, тәуелдік категорияларының қалыптасуы
Практикалық сабақтың жоспары
Жалпы есімдердің қалыптасуы
Септеу категориясының дамуы
Көптік жалғауларының қалыптасуы
Тәуелдік жалғауларының қалыптасуы
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Қазіргі қазақ тіліндегі көне көптік жалғауларының кездесу жиілігі
Тәуелдік жалғауларының қалыптасуының жіктеу есімдіктерімен байланысы
Көне түркі тіліндегі зат есім түрлері
Көмектес септігінің қалыптасуындағы ерекшеліктер
Тақырыбы: Сын есім және сан есім
Практикалық сабақтың жоспары
Сын есімнің құрамы, қалыптасу жолы, дамуы
Шырай түрлері, шырай туралы ғылыми пікірлер
Түркі жазбалары тіліндегі сын есімдердің қолданылу ерекшеліктері
Сан есімдердің зерттелуі
Жеке сан есімдердің қалыптасуы
Көне түркі тілдеріндегі санау жүйесі мен ерекшелігі
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Сын есімдердің қалыптасуына зат есімдердің қатысы
Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі шырай формаларының көрінісі
Адъективтенудің басқа сөз таптарының сын есімге ауысуын білдіретін конверсиялық процесс екендігі
Жеке сан есімдердің қалыптасуы жөніндегі көзқарастар
Көне түркі тіліндегі санау жүйесінің ерекшелігі
Тақырыбы: Есімдік және етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы
Практикалық сабақтың жоспары
Зерттелу тарихы. Қалыптасу, даму жолы
Есімдіктердің түрлері, генезисі
Көне түркі тілдеріндегі есімдік жүйесі мен ерекшелігі
Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі
Есімше мен көсемше тарихы
Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық жақындығы
Көне түркі жазба тіліндегі есімдіктер қолданысы
Етістік тұлғаларының есім сөздермен байланысы
Есімше, көсемше формаларының көне түркі тілінде қолданылу дәрежесі
Тақырыбы: Етістіктің грамматикалық және функциялық категориялары және үстеу
Практикалық сабақтың жоспары
1. Рай тұлғаларының тарихы
2. Шақ тұлғаларының тарихы
3. Салт және сабақты етістіктер және етіс категориясының тарихы
4. Үстеу – негізгі белгілері, сипаты, ерекшелігі
5. Көне түркі тіліндегі үстеудің мағыналық топтары
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Көне түркі тіліндегі рай қосымшаларының қолданылу сипаты
Етістіктің шақ қосымшаларының үнемделуі
Үстеулердің зерттелуі жайлы еңбектер
Орта ғасыр жазба ескертікштері тіліндегі үстеулер
Тақырыбы: Шылау сөздер тарихы және және тарихи синтаксис
Практикалық сабақтың жоспары
1. Шылаулардың қалыптасу тарихы және зерттелуі
2. Шылаулардың мағыналық түрлері
3. Шылаулардың морфологиялық құрылымы және этимологиясы
4. Түркітанудағы және қазақ тіл біліміндегі тарихи синтаксистің зерттелуі
5. Сөз тіркесі, ондағы өзгерістер
Студенттердің өздік жұмысының жоспары
Демеулік шылаулар мен жалғаулық шылаулардың көне жазбалардағы қолданысындағы тұлғалық, семантикалық ерекшеліктері
Шылау сөздердің морфологиялық құрамы жайындағы пікірлер
Сөз тіркестерінің көне жазбалардағы қолданылу сипаты
Изафет тіркестер, олардың жасалу жолы
Сөздердің байланысу түрлерінің көне жазбалардағы көрінісі
Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
СОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ
Тақырыбы: Тарихи грамматика – тіл тарихының дербес саласы және қазақ тілінің қалыптасуы.
СОӨЖтапсырмалары:
1. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты, өзге пәндермен байланысы, айырмашылығы
2.Қазақ тілінің тарихи грамматикасының зерттелуі
3. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің әдіс-тәсілдері
4. Алтай дәуірі (белгісіз кезден б.з.д. ІІІ ғ.)
5. Ғұн дәуірі (б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. V ғ.)
6. Көне түркі дәуірі (V-Х ғ.аралығы)
Тақырыбы: Қазақ тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасуының тарихи кезеңдері және қазақ тілінің орны.
СОӨЖтапсырмалары:
1 Орта түркі дәуірі (Х-ХV ғ. аралығы)
2. Жаңа түркі дәуір (ХV-ХХ ғ. аралығы)
3. Ең жаңа түркі дәуірі (ХХ ғ. басынан бүгінге дейін)
4. Түркі тілдерінің жіктелуіндегі қазақ тілінің орны
5. Қазақ тілінің ерекшеліктері

Тақырыбы: Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы
СОӨЖтапсырмалары:
Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, мақсаты
Көне түркі тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы
Ең алғашқы түбір сөздер
Лексика тарихының этимологиямен байланыстылығы
Тақырыбы: Кірме сөздер қабатының тарихи сипаты және сөз мағынасының өзгерістері
СОӨЖтапсырмалары:
Араб-парсы тілдерінен енген сөздер
Монғол тілдерінен енген сөздер
Орыс тілінен енген сөздер
Сөз ғңмағынасының өзгеру себептері: ішкі және сыртқы себептері
Сөз ңмағынасының жіктелуіне дыбыстық өңөзгерістердің әәсері
Сөз ғңмағынасыныњ өзгеру заңдылықтары (көпмағыналылық, синонимдік, антонимдік, омонимдік құбылыстар)
Тақырыбы: Тұраққты сөз тіркестерінің қалыптасуы және тарихи фонетика
СОӨЖтапсырмалары:
Тұрақты сөз тіркестерінің этимологиясы
Тұрақты сөз тіркестерінің еркін тіркестермен байланысы
Тарихи фонетиканың зерттеу нысаны, мақсаты
Дыбыстар жүйесініңң мәнді бөлігі – фонема.
Көне түүркі тілінің дыбыстар жүйесі. Дауысты дыбыстар
Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар жүйесі және тарихи фонетика
СОӨЖтапсырмалары:
1. Сөз басындағы дауыссыздар
2. Жеке дауыссыздардың дамуы
3. Сингармонизмнің қалыптасуы жайлы пікірлер
4. Сингармониялық параллельдер
5. Дауыссыз дыбыстардың үндесу заңдылықтарының дамуы

Тақырыбы: Фонетикалыққ заңдылықтар және буын мен екпін
СОӨЖтапсырмалары:
1. Түркі тілдері дамуындағы метатеза құбылысы
2. Қазақ тілінің дамуындағы дыбыс өзгерістері (протеза, эпентеза, элизия)
3. Дауыстылардың редукциясы
4. Ескі түркі буынының құрамы
5. Түркі тіліндегі екпіннің сипаты

Тақырыбы: Тарихи морфология және сөз түбірінің дамуы
СОӨЖтапсырмалары:
Тілдің морфологиялық құрылымының даму ерекшеліктері
Тіл дамуындағы заңдылықтардың сөздің морфологиялық құрамына тигізетін әсері
Алғашқы түбір сипаты
Түбірлердің синкретизмі жайлы
Қазіргі тілдегі «өлі түбірлер» туралы
Тақырыбы: Қосымшалар
СОӨЖтапсырмалары:
1. Қосымшалардың арғы негізі жайлы көзқарастар
2. Қосымшалар синкретизмі
3. Сөздердің сөз таптарына бөлу тарихынан
4. Сөздердің морфологиялық кластарға жіктелуінің тарихи-тілдік негіздері
Тақырыбы: Зат есім тарихы және зат есімнің көптік, тәуелдік категорияларының қалыптасуы
СОӨЖтапсырмалары:
Жалпы есімдердің қалыптасуы
Септеу категориясының дамуы
Көптік жалғауларының қалыптасуы
Тәуелдік жалғауларының қалыптасуы
Тақырыбы: Сын есім және сан есім
СОӨЖтапсырмалары:
Сын есімнің құрамы, қалыптасу жолы, дамуы
Шырай түрлері, шырай туралы ғылыми пікірлер
Түркі жазбалары тіліндегі сын есімдердің қолданылу ерекшеліктері
Сан есімдердің зерттелуі
Жеке сан есімдердің қалыптасуы
Көне түркі тілдеріндегі санау жүйесі мен ерекшелігі

Тақырыбы: және етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелу тарихы
СОӨЖтапсырмалары:
Зерттелу тарихы. Қалыптасу, даму жолы
Есімдіктердің түрлері, генезисі
Көне түркі тілдеріндегі есімдік жүйесі мен ерекшелігі
Қимыл есім тұлғаларының даму жүйесі
Есімше мен көсемше тарихы
Орхон-Енисей жазбаларындағы болымды-болымсыздық мағынаның көрінісі
Тақырыбы: Етістіктің грамматикалық және функциялық категориялары және үстеу
СОӨЖтапсырмалары:
1. Рай тұлғаларының тарихы
2. Шақ тұлғаларының тарихы
3. Салт және сабақты етістіктер және етіс категориясының тарихы
4. Үстеу – негізгі белгілері, сипаты, ерекшелігі
5. Көне түркі тіліндегі үстеудің мағыналық топтары
Тақырыбы: Шылау сөздер тарихы және және тарихи синтаксис
СОӨЖтапсырмалары:
1. Шылаулардың қалыптасу тарихы және зерттелуі
2. Шылаулардың мағыналық түрлері
3. Шылаулардың морфологиялық құрылымы және этимологиясы
Тәжірибелік/семинарлық және зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары
Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
апта аралығы модуль сұрақтары:
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты, зерттеу әдістері
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің басқа пәндермен байланысы
Түркі халықтары мен тілдерінің даму кезеңдері
«Алтай гипотезасы» туралы түсінік
Түркі тілдерінің көне түркі кезеңіндегі тарихи жазба ескерткіштер
Түркі тілдері дамуының орта дәуіріне тән жазба мұралар және олардың маңызы
Ескі қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер
Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны (түркі тілдерінің классификациясы бойынша)
Тарихи лексикология, зерттеу нысаны
Көне түркі тіліндегі сөздік құрам
Орта ғасыр жазбалары тіліндегі сөздердің мағыналық ерекшелігі
Түркі тілдері дамуының жаңа дәуіріндегі ескерткіштер тілінің лексика-семантикалық ерекшеліктері
Тұрақты сөз тіркестерінің этимологиясы
Тіл тарихын зерттеуде этнолингвистиканың рөлі
Қазақ тілінің сөздік құрамына кірме сөздердің әсері
Тарихи фонетика, зерттеу нысаны
Көне түркі тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі
Көне түркі тіліндегі дауыссыз дыбыстар жүйесі
Түркі тілдеріндегі дыбыстар сәйкестігі
Жазу түрлері, олардың дамуы
Тарихи сөзжасам, зерттеу нысаны
апта аралығы модуль сұрақтары:
Тарихи сөзжасамның негізгі ұғымдары
Этимон түбірлер жайлы түсінік
Микросема және макросема ұғымдары
Түбірлес сөздер, олардың жасалуындағы ортақ сема
Тарихи морфология, зерттеу нысаны
Түркі түбірінің феномен ретіндегі сипаты
Морфологиялық заңдылықтар
Сөздердің таптастырылуы
Зат есімнің қалыптасуы
Зат есім категорияларының қалыптасуы, дамуы
Сын есімнің қалыптасуы жайлы зерттеулер
Сын есім категорияларының қалыптасуы, дамуы
Сан есімнің қалыптасуы, дамуы
Көне түркі жазбаларындағы санау жүйесі
Есімдіктердің қалыптасуы, дамуы
Жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генетикалық бірлігі
Етістік тарихы туралы зерттеулер
Етістік категорияларының қалыптасуы, дамуы
Үстеу сөздердің қалыптасуы
Шылау сөздердің қалыптасуы
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:

1. Түркі тілдері қандай тілдік бірлестікке кіреді?
А) хамит-семит тобы В) иран тобы С) қытай-тибет D) роман-герман тобы Е) алтай тобы

2. Бұлғар тобына қай тіл жатады?
А) татар тілі В) якут тілі С) чуваш тілі D) қарағас тілі Е) гагауыз тілі

3. Түркі тілдеріне жататын тілдік топты көрсетіңіз.
А) қарлұқ тобы В) гаэль тобы С) балтық тобы D) тибет-бирма тобы Е) тұнғыс тобы

4. Ескі анатолы түріктерінің тілі қазіргі түркі тілдерінің қайсысына тікелей қатысты?
А) қазақ В) хакас С) қырғыз D) түрік Е) ноғай

5. Құмық тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) сарық В) хасавюрт С) гөклен D) эрсары Е) теке

6. Өзбек тілінде көптік жалғауының қай формасы қолданылады?
А) -нар В) -нер С) -тар D) -тер Е) -лар

7. Түрік тілінде неше созылыңқы дауысты бар?
А) 4 В) 2 С) 3 D) 1 Е) 5
8. Башқұрт тіліндегі топтау сан есімін көрсетіңіз.
А) -ла, -ле В) -на, -н? С) -за, -зә D) -да, -де Е) -шар, -шер

9. Татар тіліне ғана тән көптік жалғауын көрсетіңіз.
А) -нар, -нәр В) -дар, -дер С) -тар, -тер D) -ғар,-гер Е) -қар, -кәр
10. Қарақалпақ тіліне тән өткен шақ қосымшасын көрсетіңіз
А) –а, -е В) –ды, -ди С) –ып, -ип D) –ар, -ер Е) –жақ, -жек

11. . Көне түркі тіліндегі беш сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.
А) пеш В) піш С) піс D) бес Е) бәс
12. . Көне түркі тіліндегі тағ сөзінің қырғызша баламасын көрсетіңіз.
А) тау В) тав С) тоғ D) тоо Е) дағ

13. Көне түркі тіліндегі адғыр сөзінің қазақ тіліндегі баламасын көрсетіңіз.
А) азғыр В) айғыр С) азгир D) атхыр Е) адғыр

14. Гагауыз тілінің әліпбиі қашан жасалды?
А) 1960 жылы В) 1970 жылы С) 1957 жылы D) 1940 жылы Е) 1934 жылы

15. Әзірбайжан тіліндегі барыс септігінің жалғауы қандай?
А) -нын, -нин В) -ға, -ге С) -иа, -иә D) -ын, -ин Е) -йын, -йін

16. Чуваш тілінің неше диалектісі бар?
А) 3 диалекті В) 4 диалекті С) 2 диалекті D) 5 диалекті Е) 6 диалекті

17. Жазу жүйесі латын графикасына көшірілген тілді көрсетіңіз.
А) өзбек тілі В) қазақ тілі С) ноғай тілі D) қырғыз тілі Е) ұйғыр тілі

18. Чуваш тіліндегі зат есім тудыратын жұрнақты көрсетіңіз.
А) -лах, -лех В) -лық, -лік С) -шы, -ші D) -дық, -дік Е) -тық, -тік
19. Әзірбайжан тіліне ана тән ілік септігінің қосымшасын көрсетіңіз.
А) –ның, -нің В) –дың, -дің С) –тың, -тің D) –лың, -лің Е) –йын, -йін
20. Түрікмен тіліне ғана тән күшейтпелі шырай жасайтын сөз қандай?
А) өте В) ең С) тым D) өрөн Е) аса

21. Гагауыз тілінің грамматикасын жазған ғалымды көрсетіңіз
А) Л. А. Покровская В) А. М. Щербак С) И. А. Батманов D) Г. Киекбаев Е) А. Н. Кононов

22. Бұрыш сөзінің көне түркілік баламасын көрсетіңіз.
А) буз В) булт С) бунта D) булғақ Е) булуң

23. Қазіргі оғыз тілдері мен қыпшақ тілдерінде жиі кездесетін дауыссыздар сәйкестігін көрсетіңіз.
А) п ~ р В) р ~ л С) ш ~ с D) т ~ с Е) т ~ д

24. Қыз сөзі чуваш тілінде қандай тұлғада қолданылды?
А) гыз В) хер С) қиз D) кыз Е) киз

25. Салар тілінде сөйлейтін түркілерге тікелей қатысы бар көне этнонимді атаңыз.
А) оғуз В) салғур С) бұлғар D) яғма Е) қыпшақ

26. «Кодекс куманикустың» тілі қазіргі түркі тілдерінің қай тобына жақын?
А) оғыз В) қыпшақ С) қарлұқ D) бұлғар Е) сельжук

27. Қарақалпақ тілінің грамматикасын жазған ғалымды көрсетіңіз.
А) А. К. Боровков В) Э. Н. Наджип С) В. М. Насилов D) Н. А. Баскаков
Е) Е. И. Убрятова

28. Салар тіліндегі сан есімді көрсетіңіз.
А) елу В) еллиг С) еліг D) илеу Е) елліон

29. Ноғай тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) ақ ноғай В) буйнақ С) қайтақ D) хасавюрт Е) қашғар

30. Он бес сан есімінің түркімен тіліндегі айтылуы қандай?
А) он пеш В) он беш С) он мәш D) ом бес Е) он бес

31. Қазақ тіліндегі жаяу сөзінің көне түркі тіліндегі баламасын көрсетіңіз.
А) йаблақ В) йағыз С) йабуз D) йадағ Е) йағуқ

32. Татар тіліне ғана тән сөзді көрсетіңіз.
А) гөзел В) әдемі С) сұлу D) ару Е) матур

33. Қыпшақ және қарлұқ тілдері арасында сөз соңында жиі кездесетін дауыссыздар сәйкестігін көрсетіңіз.
А) т ~ р В) с ~ з С) ч ~ ш D) ? ~ ? Е) р ~ л

34. Қазақ тілінде жиі түсіп қалатын көне түркілік дауыссызды көрсетіңіз.
А) т В) р С) г D) ? Е) ш

35. Қазақ тіліндегі балық сөзінің чуваш тіліндегі баламасын көрсетіңіз.
А) балық В) балык С) палык D) пула Е) балиқ
36. Түрікмен тіліне ғана тән шырай формасын көрсетіңіз.
А) -рақ В)- рек С) -лау D) -леу Е) -жек

37. Жаңбыр сөзі хакас тілінде қалай айтылады?
А) жаңбыр В) нанмур С) йағмыр D) йамғыр Е) йаңбур

38. Жыл сөзінің якут тілінде қолданылуын көрсетіңіз.
А) сыл В) жыл С) чыл D) йыл Е) жил
39. Оғыз және қыпшақ тілдері арасында сөз соңында жиі кездесетін дауыссыздар сәйкестігін көрсетіңіз.
А) п ~ р В) р ~ л С) ш ~ с D) т ~ с Е) ш ~ д

40. Өзбек тілімен бір топшаға кіретін тілді көрсетіңіз
А) түрік В) қырғыз С) хакас D) ұйғыр Е) қазақ
41. Түркі тілдерінің құрылымы қандай?
А) полисинтетикалық В) түбір С) даралаушы D) агглютинативті Е) флективті

4 2. Түркі тілдеріне жататын тілдік топты көрсетіңіз.
А) галль тобы В) оғыз тобы С) египет тобы D) картвель тобы Е) кельт тобы

43. Гагауыз тіліндегі ілік септігінің жалғауын көрсетіңіз.
А) -нин, -нун В) -а, -е С) -йа, -йе D) -ун, -ан, -ен Е) -ы, -и, -у

44. Әзібайжан тілінде неше диалектілік топ бар?
А) 4 диалектілік топ В) 2 диалектілік топ С) 3 диалектілік топ D) 5 диалектілік топ Е) 6 диалектілік топ

45. Чуваш тіліндегі жатыс септігі жалғауын көрсетіңіз.
А) –а, -е В) –ан, -ен С) –пала, -пеле D) –ран, -рен Е) –ра, -ре

46. Қарақалпақ тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) солтүстік-шығыс В) батыс С) оңтүстік -шығыс D) шығыс Е) солтүстік -батыс

47. Башқұрт тілінің негізгі фонетикалық ерекшелігін көрсетіңіз.
А) а~ ы В) а~і С) с~һ D) с~ш Е) с~з

48. Құмық тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) эски В) бұйнақ С) бызынғы D) черкес Е) холамо

49. Емуд қай түркі тілінің диалектісі?
А) түркімен тілі В) қазақ тілі С) татар тілі D) шор тілі Е) алтай тілі
50. Татар тіліндегі келер шақ қосымшасын көрсетіңіз.
А) –ар, -әр В) –шар, -шер С) –а, -е D) –ау, -еу Е) –ачак, -әчек

51. Әзірбайжан тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) арабачы В) нукры С) сурхы D) кирач Е) карабах

52. Ұйғыр тіліндегі шығыс септік жалғауын көрсетіңіз.
А) –да, -дәВ) –дин, -тин С) –нуғ, -нүг D) –ға, -гә? Е) –ин, -ін

53. Көне түркі тіліндегі бод сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.
А) боз В) бор С) бой D) бар Е) бай

54. Өзбек тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) казах В) куба С) бакы D) қыпша? Е) ганжа

55. Хатан қай тілдің диалектісі?
А) қарашай В) түрікмен С) өзбек D) қазақ Е) тува

56. Жазу жүйесі латын графикасына ауысқан тілді көрсетіңіз.
А) әзірбайжан В) қазақ С) татар D) башқұрт Е) чуваш

57. Аяқ сөзінің хакас тіліндегі нұсқасын көрсетіңіз.
А) ура В) атақ С) айақ D) адағ Е) азах

58. Су сөзінің башқұрт тіліндегі нұсқасын көрсетіңіз.
А) суғ В) суб С) шыв D) һыу Е) су
59. Жол сөзінің якут тіліндегі нұсқасын көрсетіңіз.
А) йол В) суол С) чол D) джол Е) дзол

60. Құмық тілінің грамматикасын жазған ғалымды көрсетіңіз.
А) А. А. Юлдашев В) К. М. Мусаев С) Н. К. Дмитриев D) А. Маметов Е) Т.Қордабаев

61. Ш, ч дыбыстарыны? орнына ц дыбысын қолдану қай тілдің диалектілерінде кездеседі?
А) қарайым В) қарағас С) қырым татарлары D) қарашай- балқар Е) гагауыз

62. Ол есімдігін кол, гол тұлғаларында қолданатын қандай тіл?
А) шор В) халадж С) тат D) қырғыз Е) сары ұйғыр

63. Сарық қай тілдің диалектісі?
А) түрікмен В) өзбек С) қарайым D) шор Е) қарақалпақ

64. Ұйғыр тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) теленгит В) телеуіт С) туба D) челкан Е) қашғар
65. Алтай тілінің диалектісін көрсетіңіз.
А) лобнор В) куманды С) ганьсуй D) куча Е) турфан
66.Ұйғыр тілін зерттеген қазақ ғалымы кім?
А) М. Балақаев В) Ә. Қайдаров С) М. Томанов D) Т. Қордабаев Е) Ә. Құрышжанов

67. Көне армян жазуымен жазылған ескерткіштер тілі қай топқа жақын?
А) бұлғар В) оғыз С) қарлұқ D) қыпшақ Е) сельжүк

68. Араб әліпбиіне негізделген тұңғыш қазақ әліпбиі қай жылы жасалды?
А) 1912 жылы В) 1908 жылы С) 1914 жылы D) 1924 жылы Е) 1914 жылы

69. Якут тіліндегі тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
А) ағабыт В) ағамыз С) әтиім D) әниім Е) дадамыз

70. Құмық тіліндегі топтау сан есімін көрсетіңіз.
А) екіден В) екиден С) экишерлеп D) экилеп Е) экиден
71. Қазақ тіліндегі ауыл сөзінің тофалар тіліндегі баламасын көрсетіңіз.
А) ағыл В) аал С) айыл D) ыал Е) ауыл

72. Тува тіліндегі бағыттық септіктің қосымшасын көрсетіңіз.
А) -да, -де В) -та, -те С) -ны, -ни D) -ну, -нү Е) -ча,-же
73. Қазақ тілі мен чуваш тіліндерінде сөз соңында жиі кездесетін дауыссыздар сәйкестігін көрсетіңіз.
А) п ~ р В) с ~ л С) ш ~ с D) т ~ с Е) ш ~ д

74. Қазақ тілінде түсіп қалатын көне түркілік дауыссызды көрсетіңіз.
А) с В) г С) қ D) ш Е) р

75. Қазақ тіліндегі аю сөзінің шор тіліндегі баламасын көрсетіңіз.
А) адығ В) адыг С) азыг D) апшақ Е) айыу

76. Сөз басында ж дыбысы қолданылмайтын тілді көрсетіңіз.
А) қазақ В) қарақалпақ С) ноғай D) түрікмен Е) құмық
77. Сары ұйғыр тіліндегі салыстыру септігінің жалғауын көрсетіңіз.
А) -ға, -ке В) -дағ, -дег С) –йа,-йе D) -уғ, -ұғ Е) -ы, -і

78. Алтай тіліндегі өткен шақтық қосымшасын көрсетіңіз.
А) -ты, -ти В) -мыш, -міш С) -тачы, -течі D) -ғар, -гер Е) -дачы, -дечі

79. Татар тілімен бір топшаға жататын тілді көрсетіңіз.
А) ноғай В) қазақ С) башқұрт D) қарайым Е) ноғай

80. Қазақ тілімен бір топшаға кіретін тілді көрсетіңіз.
А) құмық В) ұйғыр С) татар D) қырғыз Е) қарақалпақ

Әзірлеуші ___________ ____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
______________________________________ кафедрасының отырысында қаралды
хаттама № ______ от «______» __________20__ ж.
Кафедра меңгерушісі ___________ ____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Факультеттің оқу-әдістемелік
Комиссиясының төрағасы ___________ ____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)


Приложенные файлы

  • docx 26560940
    Размер файла: 450 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий