тапсырмалар құқық


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Институтут Экономика және құқық
Кафедра Мемлекет және құқық теориясы

2 курс студенттеріне арналған
5В010300-«Педагогика и психология», 5В010500-«Дефиктология»,
5В010100-«Мектепке дейін оқыту және тәрбиелеу», 5В012300 –«Әлеуметтік педагогика», 5В010200-«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В012000-«Кәсіптік білім», 5В010800-«Дене шынықтыру», 5В060200-«Информатика», 5В070500-«Математиканы компьютерлік моделдеу»
«Құқық негіздері» пәнінен практикалық сабақтарға
әдістемелік нұсқаулық

Ақтөбе қ.
2014
Орындаушы
Аға оқытушы, құқық магистрі ____________ Молдабеков Е.Б.

«___»____________ 20__ ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж.
Кафедра меңгерушісі
З.ғ.к, доцент _______________ Нурлин А.Қ.
Алғы сөз
«Қазақстан Республикасының құқық негіздері» пәнің негізгі мақсаты – қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтық жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік – құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси – құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
оқу - әдістемелік кешенінің мақсаты - студент дәрістен алған білімдерін, семинар және өз бетіндік жұмыс сабағында ұштастыра білу үшін және тәжірибеде пайдалануды дағдыға айналдыра отырып, мынандай міндеттерді алға қою қажет:
А) түсінік болуы:
Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқытары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормалары туралы түсінік алу.
Б) білу керек:
Алған білімінің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды, оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімнің тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік – құқықтық құбылыстарды параллель мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасынан ашу.
В) істеу алу керек:
құқықтық құбылыстарды аналитикалық талдау жасауға;
алған құқықтық білімді өмірлік тәжірибеде пайдалануға;
өз беттеріңше құқықтық нәтижесі бар шешімді қабылдауға;
кез-келген құқықтық жағдайдың мәнін түсінуге;
таным көкжиегін кеңйтуге, заңдарда бекітілген құқықтарыңызды дұрыс қолдануға, заңды міндеттеріңізді толық орындауға қабілеттеріңізді дамытуға.
«Құқық негіздері»оқу курсы студенттердің құқықтық санасының дамуына және құқықтық мәдениеті деңгейінің өсуіне ықпал етеді.
«Құқық негіздері» курсы оқу жоспарына сәйкес, 2 кредит сағатқа есептелген. Аудиториялық сағат саны –30 сағат, оның ішінде: 15 сағат дәріс, 15 сағат практикалық сабақ, 60 сағат СӨЖ.
Бұл пәнді оқып - үйренуде студенттер Әлеуметтану, Философия, Саясаттану, Қазақстан тарихы, ҚР мемлекет және құқық тарихы. пәндеріндегі алған білімдерін негізге алады.
Құқық негіздер курсының пәні және жүйесі.
1-тақырып: Құқық негіздер курсының пәні және жүйесі
Практикалық сабақтың жоспары:
1.Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.
2.Құқықтың түсінігін анықтауға нормативтік және кең қадам.
3.Құқықтың пайда болуы.
4.Құқықтың мәні.
5. Қоғам өміріндегі құқықтың ролі
6.Құқықтың әсер етуінің негізгі бағыты.
7.Құқықтық нормалардың түсінігі және
Сабақтың мақсаты: Құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы қауымдық қоғамнан айырмашылық белгілері
Құқық нормасының алғашқы қауымдық құрылым нормасын ерекшелігі неде?
Құқық жүйесіне қандай элементтері кіреді?
Мемлекет механизмінің құрылысына қандай элементтер қіреді?
Құқық түсінігі және белгілерін атаңыз?
Құқықтың қайнар көздерін атаңыз?
Құқық қолдану актісі мен сатылары….
Коғамның саяси жүйесі…
Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде?
Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.
Глоссарий:
Өкілеттілік – лауазымды орнына байланысты және кейбір мәселелерді шешу үшін қажетті субъектіге берілген біртұтас комплексті құқық пен міндеттілік .
Қабілеттілік – заңмен белгіленген , өзінің құқығы мен міндетін өз әрекетімен жүзеге асыру.
Құқық жүйесі – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.
Қоғам –экономикалық және рухани біртұтастықпен , өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипаттайтын ,белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Құзірет- мемлекеттік орган, сондай-ақ , сол бір немесе өзге лауазымды тұлғаға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
Құқық бұзушылық- қылмыскерлердің кінәлі , құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке , жеке адамға зиян келтіреді.
Қосымша нормативті акт-заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.
Тапсырма:
Құқық қатынастарының субъектілері
Индивидтер (жеке тұлғалар )Әлеуметтік қауымдастықтар Ұйымдар (заңды тұлғалар)
Мемлекеттік Мемлекеттік емес
Тапсырма:
Кестені толытырыңыз.
Құқықтық мемлекеттің белгілері
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
1.Алғашқы қауымдық қоғамда адамдардың мінез-құлықтарын қандай нормалар реттеп отырды:
діни нормалар; С. Әлеуметтік нормалар:
заң нормалары; Д. саяси нормалар; Е. Билікті.
2. Мына құбылыстардың қайсысы тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға жатады:
саяси сана және саяси мәдениет
заңдылық,нормативті- құқықтық актілер,құқықтық сана,мемлекеттік аппарат
салт-дәстүр,ізгілік,мәдениет
әдет-ғұрып,мораль,дін
экономика,өндіргіш күштер,қаржы,салықтар
3.Күштеу теориясы бойынша мемлекеттің туындауына басты себептерді атаңыз:
ақшаның пайда болуы,қалалардың,қолөнер кәсібінің дамуы,пайда болуы
тайпалардың бірін-бірі жаулап алуы,олардың жеңгендерінің үстемдік құруы
таптардың пайда болуы,олардың араларында ымырасыз,бітіспес күрестің туындауы
климаттық жағдайдың өзгеруі,өндіріс құралдарының дамуы
мемлекет құру үшін адамдардың арасында еркін,өз ықтиярларымен келісімдердің жасалуы
4.Мемлекеттің негізгі белгі- нышандары қандай
ұлттық валюта, әскер, полиция
мемлекет егемендігі,жалпыға бірдей ережелерді қабылдау,билік аппаратының және салық жүйесінің болуы
аумақ,халық,әдет-ғұрып
астана,жалау,елтаңба,әнұран
сан алуан саяси партиялар,абақты,банк,қоғамдық ұйымдардың міндетті түрде болуы
5.Гумплович, Дюринг, К.Каутский мемлекет және құқықтың пайда болуы жөніндегі теориялардың қайсысын зерттеп зерделеді?
Патриархалдық : В: күштеу теориясын : С: психологиялық . Д: таптық: Е:органикалық
6.Мемлекет пен құқықтың п.б.таптық теория тұрғысынан түсіндіруді ұсынған ғалымдар:
Нұсқа 2
1.Азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың басты қағидасы:
Мемлекет пен ҚР азаматының өзара жауапкершілігінің қағидасы
Теңдік қағидасы
Әрбір азаматтың міндеттілігі қағидасы
Азаматтың мемлекеттік билікке бағыну қағидасы
Азаматтың мемлекетке қатысты тек қана құқықтары басты қағидасы
2.ҚР аумағында шетелдік мемлекеттердің кәсіподақтарының қызметіне:
Жол беріледі
Шетелдік мемлекеттің кєсіби одақтары ҚР бекітілген халықаралық шарттар шеңберінде әрекет еткен жағдайда жол беріледі
Жол берілмейді
Шетелдік мемлекеттің кәсіби одағының жарғысы ҚР заңнамалық актілеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі
Олардың қызметтері мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмеген жағдайда жол беріледі.
3.Аумақтық сайлау комиссияларын мәслихаттар мыналардың ұсыныстары негізінде сайлайды:
Облыс әкімдерінің
ҚР азаматтарының
Депутаттыққа кандидаттардың
Саяси партиялардың
Мєслихат хатшыларының
4.ҚР Үкіметінің құрамына кімдер кіреді?
ҚР Премьер- министрі, Премьер- министрдің орынбасарлары, министрлер және өзге де лауазымды тұлғалар
Премьер – министр, министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары
ҚР Премьер-министрі, орынбасарлары, министрлер, мемлекеттік комиттер мен агенттіктердің төрағалары
ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктермен басқа да ведомоствалар төрағалары
ҚР премьер – министрі, министрлер, агенттіктер төрағалары мен облыс әкімдері
5.ҚР Конституциялық Кеңесінің құрамына қанша адам кіреді?
А,7 адам В,15 адам С,4 адам Д,8 адам Е,10 адам
Нұсқа 3
1.ҚР Конституциясы бойынша берілген азаматтардың өлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары:
A.денсаулықты сақтау, меншік иесі болу, білім алу
B.заң жобаларын талқылауға , қоғамдық және діни бірлестіктерді құру
C.өмір сүру, меншік иесі болу.отбасын құру
D.басқару істеріне араласу, діни бірлестіктерді құру
E.бірлестіктерді құру
2.Қазақстан Республикасының коституциясы егемендік алганнан бері неше рет қабылданды және қашан?
A.1993 ж. 25 ңазан, 1995 ж. 30 тамыз - 2 рет
B.1991 ж. 25 қаңтар - 1 рет
C.1992 ж. 1 шілде, 1993 ж. 15 қараша,1995 ж. 30 тамыз-3 рет
D.1993 ж. 15 қараша
E.1992 ж. 1 шілде
3.Қазақстан Республикасының Үкіметін кім құрады?
A.Президент B.Халық C.Конституциялық кеңес D.Сот E.Парламент.
4.Азаматтардың конституция бойынша берілген міндеттері:
A.Азаматтық борышын өтеу, салық төлеу, конституцияны сақтау
B.Еңбек ету, отбасын құру, білім алуC.Өмір сүру, сайлауға қатысу
D.Орган арасындағы қатынас
E.салық төлеу
5. Нормативтік қүқықтық актілер неше топқа бөлінеді?
A,2 B.3 C.4 D.5 E.
Нұсқа 4
1.Заңның ең жоғарғы күші дегеніміз нені білдіреді?
A.Заңдылық мемлекеттің жоғаргы өкілеті мен заң шығарушы органы қабылдайды
B.Заңдардың күшін жоюды қабылдаған орган ғана жасайды
C.Барлық құқық актілер заңдарға қайшы келмеуі тиіс
D.Заң үстем E.өкілеттілігі
2.Мемлекеттің функциялары /қызметі/ нешеге бөлініп топталады?
A.3;В) 2; С) 4; D 5;Е) 6
3.Азаматтың құқық бұзушылық дегеніміз -
A.Кәсіпорындар мен мекемелердің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқыққа қарсы әрекет B.Белгілі бір тұлғаның әрекеті мен әрекетсіздігі
C.Мемлекеттік немесе қоғамдық басқару тәртібіне, азаматтардың меншігіне, құқығы мен бостандығына нұқсан келтіру мақсатында жасалған құқыққа қарсы кінәлі әрекет
D.Заңсыз әрекеттер, E.заңға қайшы келісім шарт жасау
4.Мәміле дегеніміз:
A.кездесоқ жағдайлардың шиеленісуінен пайда болатын мінез-құлық
B.заңға қайшы келетін белсендігі C.азаматтарға заңға сәйкес іс әрекеті
D.құқыққа қарсы кінәлі әрекет E.інез-құлық ережесі
5.Құқықтық реттеу тәсілдерін көрсетіңіз:A.Мәжбүр ету, сендіру
B.бастапќы тәсіл, туынды тәсіл C.позитивтік міндеттеу, тыйым салу, рұќсат ету
D.мемлекеттік-биліктік нұсќама, бұйрыќтар, жарлықтар, өкімдер
E.әкімгерлік, рұқсат ету, нормативтік
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 16.12.1991 ж.
Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөліністері туралы Қазақстан Республикасының заңы 08.12.1993 ж.
Әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,
2001 ж.
Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.
3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.
4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.
5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж
2-тақырып: Құқық теориясының негіздері,мемлекет жәнеқұқық теориясының қалыптасыуы мен дамуының тарихы
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Мемлекет және құқықтың пайда болуы
2. Мемлекет пен құқық түсінігі және белгілері
3. Мемлекет нысаны. Мемлекет механизмі
4. Құқықтың қайнар көздері. Құқық жүйесі
5. Құқықтық қатынастар
6. Құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері
Сабақтың мақсаты: мемлекет және құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттің алғашқы қауымдық қоғамнан айырмашылық белгілері
Құқық нормасының алғашқы қауымдық құрылым нормасын ерекшелігі неде?
Құқық жүйесіне қандай элементтері кіреді?
Мемлекет механизмінің құрылысына қандай элементтер қіреді?
Құқық түсінігі және белгілерін атаңыз?
Құқықтың қайнар көздерін атаңыз?
Құқық қолдану актісі мен сатылары….
Коғамның саяси жүйесі…
Қазақстан Республикасы құқықтық, әлеуметтік мемлекет ретінде?
Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы.
Глоссарий:
Абсолюттік монархия – монархиялық басқару нысанының бірі.бір адамның – монархтық шексіз мемлекеттік билігін сипаттайды
Автономия – мемлекет жерінің бір бөлігінің өзін - өзі билеу нысаны, ішкі мәселесінің шешудегі еркіндігі мен сипаты
Вето – парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоюға қарсылығы
Заң – ерекше жағдайдағы заң шығару органдарының билігімен қабылдаған, халықтың еркін білдіретін аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заңдылық күші бар нормативтік акт
Мемлекет – белгілі аумақ көлеміндегі саяси биліктің ұйымы
Азаматтық қоғам – адамгершілік, діни, ұлттық әлеуметтік – экономикалық, отбасы қатынастарының және институттарының жиынтығы
Мемлекеттік аппарат – мемлекеттің алдындағы негізгі мақсаттары, міндеттері іске асыруға қажетті мемлеекттік органдардың жиынтығы.
Демократиялық режим – мемлекеттік
Дуалистік монархия – шектклген монархия түріне жатады, конституция көлемінде әрекет етеді
Заң шығару билігі – халықпен сайланған орган, заң шығару арқылы қоғамның даму стратегиясын жасауға арналған.
Тапсырма:
Төменде көрсетілген кестелерді толытырыңыз:
1. Заң ғылымдарының жүйесін талдап толтырып беріңіз.
Тапсырма: Әрбір заң ғылымының салаларына қысқаша анықтама беру.
Заң ғылымдарының жүйесі
Жалпы теориялық заң ғылымы
Мемлекет пен құқық туралы жалпы тарихи ғылымдар:
_____________________________
_____________________________
_____________________________
Салалық заң ғылымдары:
___________________________
_____________________________
___________________________
Қолданбалы заң ғылымдары:
_______________________________
___________________________
______________________
Тапсырма: «Мемлекеттің пайда болу теориялар» атты тақырыпқа Портфолио дайындау.
«Мемлекеттің функциялары» деген тақырыпта кестені толтырыңыз.
Мемлекеттің ішкі функциялары Мемлекеттің сыртқы функциялары
Тапсырма: Мемлекеттің пайда бол теориялары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушлығын туғызып келді. Мәселен; Ж.Ж. Руссоның келісім теориясы:
- Мемлекет пайда болуы келісім шарт теориясы негізінде пайда болды.
- Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп санады. (Дюринг, Гумплович, Кауцкий).
– Диалектикалық-материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи-тарихи себептермен- өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен, таптық қарама-қайшылықтың ымырасздығымен түсіндіреді. (Маркс, Энгельс, Ленин).
– Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністеріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғышқы қауымдық қоғамның жоғары топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсіну мен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теория өкілдерінің қатарынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
а). Жоғарыда келтірілген Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгі позициялар қандай еді?
б). Мемлекет пен құқықтың пайда болу негізгі теориялары не себептен көп деп ойлайсыз?
в). Барлық ұлттарда мемлекеттің пайда болуының жалпы алғы шарттары қандай деп санайсыз?
«Мемлекеттің пайда болу туралы теорияларының» анықтамаларын толтырыңыз.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:
Теологиялық -
Патриархалды -
Шарттық -
Күштеу теориясы
Психологиялық -
Органикалық
Ирригациялық
Материалистік
Тапсырма: Парламентті монархияның белгілерін талдап беріңіз.
Кестені толтырыңыз.
Құқықтың белгілері
Тапсырма: Дуалистік монархияның белгілерін атаңыз.
Құқықтық реттеушіліктің негізгі құрамды бөліктерін атаңыз...
Тапсырма:
Кестені толтырыңыз. Құқық салаларының жіктеңіз.
Конституциялық құқық
Негізгі салалар Процессуальды құқық
Арнайы сала Кешенді сала Тапсырма: Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасуына байланысты, мемлекеттің формаларымен, оның әлеуметтік жағы мен функцияларыда өзіндік қызмет атқарады.
а) Мемлекеттің формасы дегеніміз не?
б) Мемлекет формасындағы үш негізгі элементті атаңыз?
в) Басқару формасы дегеніміз не? Монархиялық және республикалық басқару формасын қысқаша мағлұмат беріңіз..
г) Беларусь Республикасында не себепті аралас республикалық басқару формасы? Аралас басқару формасының ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
Мәнжазба тақырыптары:
Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары
Мемлекет түсінігі және белгілері
Мемлекеттің құрылыс нысаны
Құқытық норма тісінігі мен құрылымы
Блиц-тесттер:
1. Мемлекеттік органдар әрекетінің аумақтық сипатына байланысты бола алады:
A) Федералды;
B) Жалпы өкіметті;
C) Алқалы;
D) Құқық жасаушы;
E) Өкілді.
2. Құқықтың негізгі қағидалары:
A) Демократизм, әділдік, бостандық, тендік;
B) Құқықтық міндеттерден басымдылығы;
C) Әлеуметтік әділетсіздік;
D) Моральдық міндеттілік;
E) Анархизм, цинизм.
3. Қазақстан Республикасының құқықтың қайнар көздерінің қайсысы негізгі болып табылады?
A) Нормативтік-құқықтық акт;
B) Сот үлгі ісі (прецедент);
C) Мононорма;
D) Құқықтық әдет-ғұрып;
E) Нормативтік шарт.
4. Мына нормативтік құқықтық актілердің қайсының ең жоғары заңдық күші бар?
A) Конституция;
В) Үкіметтің қаулысы;
C) Жоғары сот пленумының қаулысы;
D) Президент жарлығы;
E) Конституциялық заң.
5. Құқық бұзылу нәтижесінде туындайтын жағымсыз салдар құқықтық норманың қандай элементіне тән:
A) Санкция;
B) Диспозиция;
C) Гипотеза-диспозиция;
D) Диспозиция-санкция;
E ) Гипотеза;
6. Құқықтанудың негізін қалайтын ғылымды атаңыз?
A) Мемлекет пен құқық теориясы;
B) Еңбек құқық ғылымы;
C) Қылмыстық құқық ғылымы;
D) Криминалистика;
E) Әкімшілік құқық ғылымы.
7. Мемлекеттік биліктің ел ішіндегі басымдылығы (үстем болуы) және елден тыс аумақтағы тәуелсіздігі деген белгісі:
A) Мемлекет егемендігі;
B) Құқық субъектілігі;
C) Құқық қабілеттілігі;
D) Құқық шығармашылық ісі;
E) әрекет қабілеттілігі.
Осы заманғы мемлекеттердің құқық қорғаушылық қызметтері неде?
A) Мемлекет – қоғамдағы құқық бұзушылықпен күреседі және азаматтардың құқықтарын қорғайды;
B) Мемлекет – елдің шекарасын қорғайды, тысқары жат жерлерде орналасқан;
С) ресми өкілі болады;
D) Мемлекет – тұрмысы төмендерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, студенттерге және тағы басқаларға қамқорлық көрсетеді;
E) Мемлекет – елдің экономикалық саясатын анықтайды.
Төменде көрсетілген заңды ұғымдардың қайсысы мемлекеттік экономикалық функциясына кіреді?
A) Шетелдерден инвестиция тарту, кәсіпкерлікке жағдай жасау;
B) Мәдениетті, білімді, медицинаны дамыту;
C) Тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға көмек көрсету, зейнетақымен қамсыздандыру;
D) Құқықтық тәртіпті қорғау;
E) Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы қалай түсіндіріледі:
A) Конституцияда көрсетілген процедуралар мен халықтың еркіне сәйкес;
B) ұйымдастырылған биліктің заңдылығы;
C) Билік органдардың арнайы құрылымдық ұйымдары;
D) Барлық мемлекеттік билік органдардың құрылым ұйымы;
E) Мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарына биліктің сәйкес келуі.
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі» туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы. 16.12.1991 ж.
Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық бөліністері туралы Қазақстан Республикасының заңы 08.12.1993 ж.
Әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,
2001 ж.
Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.
3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.
4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.
5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж
3- такырып: Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері
Практикалық сабақ жоспары: .
1. Конституциялық құқық –жетекші құқық саласы ретінде
2. ҚР Конституциясының тісінігі және мәні
3. ҚР Констициясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі.
4. ҚР-ғы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің түсінігі.
5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттің конституциялық құрылысы, оның ерекшеліктері, ұйымдастырылу ерекшеліктері, басқару нысанының белгілері туралы студенттерге түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы
ҚР-ғы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі.
ҚР-ғы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Референдумды өткізу тәртібі. Референдум шешімдері
ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның мемлекеттік билік
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен арақатынасы
ҚР Парламентінің жоғары билік органдары жүйесіндегі орны мен рөлі.
ҚР Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құрылу тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттік мерзімі
Сот жүйесінің орны және рөлі
Глоссарий:
Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органы.
Өкілеттілік – лауазымды орнына байланысты және кейбір мәселелерді шешу үшін қажетті субъектіге берілген біртұтас комплексті құқық пен міндеттілік .
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Преамбула – нормативтік актінің кіріспе бөлігі , онда оны қабылдаудың себептерін көрсететін жағдайлар көрсетіледі , сол құжаттың алдындағы мақсаты және міндеті баяндалады .
Референдум- Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірдің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдердің
Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, қағидалар және бағамдардың жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Сайлау округі – Парламент Мәжілісінің және Мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау үшін сайлаушылардың мөлшермен бірдей саны ескеріліп құрылған аумақтық бірлік.
Фракция – саяси партияның немесе заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген өзге де қоғамдық бірлестіктің атынан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы.
Қабілеттілік – заңмен белгіленген , өзінің құқығы мен міндетін өз әрекетімен жүзеге асыру.
Құқық жүйесі – құқықтың ішкі құрамы, бірімен-бірі тығыз байланыстағы нормалар, институттар, құқық салалары және оған қосымшалар.
Қоғам –экономикалық және рухани біртұтастықпен , өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипаттайтын ,белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Құзірет- мемлекеттік орган, сондай-ақ , сол бір немесе өзге лауазымды тұлғаға иеленетін және тиісті заңды құжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
Құқық бұзушылық- қылмыскерлердің кінәлі , құқыққа қарсы, қоғамға зиянды әрекеті, қоғамның мүддесіне мемлекетке , жеке адамға зиян келтіреді.
Қосымша нормативті акт-заңның негізінде және оны орындау үшін шығарылған нормативті акт.
Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы.
Республика Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Шетелдік азамат – Қазақстан азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігі жөнінде дәлелдемесі бар тұлға.
Кіші топпен жұмыс (работа в малых группах)
1-топ Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша «Адам мен азамат» бөлімі бойынша Қазақстан республикасында азаматтықтың конституциялық негіздерін атаңыз (баптары бойынша).
2-топ Қазақстан республикасының азаматтығына кім ие бола алады?
Мәнжазба тақырыптары:
ҚР конституциялық құрылысы түсінігі
Мемлекет егеменділігі
Мемлекеттік құрылыс нысаны
Идеологиялық және саяси плюрализм
Конституциялық-құқықтық нормалар.
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі.
Конституциялық Кеңестің құзыреті және оларды жүзеге асыру нысаны.
ҚР Үкіметінің құзыреті және оның қызметі.
ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық функциялары.
Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары.
Блиц – тесттер:
1. ҚР тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды:
A) 1978 ж;
B) 1926 ж;
C) 1937 ж;
D) 1993 ж;
E) 1995 ж.
2. ҚР қазіргі қолданып жүрген Конституциясы қай жылы қабылданды:
A) 1995 ж;
B) 1993 ж;
C) 1998 ж;
D) 1978 ж;
E) 1991 ж.
3. ҚР 1995 ж. Конституциясына қай жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
A) 7. 10. 98 ж;
B) 7. 11. 98 ж;
C) 7. 12. 98 ж;
D) 7. 09. 98 ж;
E) 7. 08. 98 ж.
4. Мемлекет егемендігін қалайша түсінеміз:
A) Экономикалық тұрақтылық;
B)Мемлекеттің өзінің ішкі сыртқы саясатын айқындауда еркіндігінің болғанымен, тәуелсіздігінің болмауы;
C) Мемлекеттің өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда өзге мемлекеттен тәуелсіз болуы;
D) Ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыруда, бір мемлекеттің екінші мемлекетке түгелдей тәуелді болуы;
E) Мемлекеттің өзінің ішкі сыртқы саясатын айқындап, іске асыруда өзге мемлекеттердің ықпалынан тәуелсіздігі мен еркіндігі.
5. ҚР территориясында қандай тіл мемлекеттік болып табылады және қандай тіл ресми түрде оған теңестірілген:
A) Қазақ және орыс;
B) Қазақ және ағылшын;
C) Орыс және ағылшын;
D) Қазақ және татар;
E) Қазақ және өзбек.
6. Адам мен азаматтың мен бостандығын мазмұнына қарай былайша жүйелеуге болады:
A) Негізгі және қосымша;
B) Жеке және ұжымдық;
C) Жеке бас және азаматтық;
D) Саяси және экономикалық;
E) Әлеуметтік және мәдени.
7. Адамның элеуметтік құқы мен бостандығы не үшін қажет:
A) Адамның рухани және қоғамдық қажеттерін қанағаттандыру үшін;
B) Материалдық өндіріс пен оны бөлу, өз мүмкіндігін жүзеге асыру үшін;
C) Адамның мәдени құндылығын қанағаттандыру үшін;
D) Адамның моральдық қажетін өтеу үшін;
E) Адамның ішкі сенімін қанағаттандыру үшін.
8. Адамның негізгі табиғи құқығы:
A) Өмір сүру;
B) Жеке басқа қол тигізбеушілік;
C) Қадір – қасиеті;
D) Ар ождан бостандығы;
E) Жеке бостандық.
9. Адамның белгілі бір мемлекет мүшесі болуынан қандай өзара заңды құқықтар мен міндеттер туындайды:
A) Азаматтық;
B) Өкілеттік;
C) Кворум;
D) Апатрид;
E) Стандарт.
10. Ешқандай келеспеушілікке жол бермейтін тең құқықтар мен жауапкершілік қағидалары:
A) Заң мен сот алдында барлығының теңдігі;
B) Іс-әрекетінің еркіндігі;
C) Заңды мінез-құлық;
D) Нормалардың сақталуы;.
E) Прецедент.
Нормативтік-құқытық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
2. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 25.10.1990.
Әдебиеттер:
Сапаргалиев Г. Конституционное право Республики Казахстан: Академический курс. Алматы: Жеті Жарғы, 2005.
Амандыкова С.К. Конституционное право Республики Казахстан.Астана.2001.
Сагындыкова А.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы. Білім. 1999.
Баишев Ж. Конституционное право Республики казахстан. Учебно-методическое пособие. Алматы: Жеті Жарғы. 2001.
Ащеулов А. Т. Конституционное право Республики Казахстан: учебник. Алматы, КазГЮА, 2001.
Баишев Ж.Н. Конституционное право Республики Казахстан: учебник. Алматы: Жеті Жаргы, 2001.
Сапаргалиев Г.С.Конституционное право Республики Казахстан: Учебник. Алматы: Жеті Жаргы, 2001.
Конституция для всех: Учебное пособие. Алматы, 2002.
Ащеулов А. Т. Этапы становления конституционного законодательства и конституционализма // Мир закона. 2000. №8.

4-тақырып. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықтық негіздері
Практикалық сабақ жоспары:
Әкімшілік құқықтың түсінігі.
Мемлекеттік қызметшілер.
Атқарушы билік органдары.
Сабақтың мақсаты: Әкімшілік құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Қандай қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың пәні болып табылады?
Әкімшілік құқықтың жүйесіне түсінік беріңіз.
Әкімшілік-құқықтық реттеу әдістерін атаңыз.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?
Қоғамдық бірлестіктерге түсінік беріңіз.
Глоссарий:
Мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік лауазым.
Әкімшілік айыппұл.
Өкім
Тапсырма -1 Осы әкімшілік әдістердің әрбіреуіне анықтама бере отырып,
«Қ.Р-ның әкімшілік құқық бұзушылық кодексін пайдалана отырып осы әдістерді баптар бойынша жіктеп беріңіз.
-10147306667500
Мәнжазба тақырыптары:
1. Әкімшілік құқықтың пәні және әдістері.
2. Әкімшілік құқықтың қатынастар.
3. Әкімшілік құқықтың субъектілері.
4.Мемлекет басқаруды үйымдастыру.
5. Әкімшілік құқық бұзышылық.

Блиц-тесттер:
Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімін қай институттар оқытады?
А) мемлекеттік меншікті басқару;
В) оқу басқармасы;
С) әдістеме басқармасы;
D) әділет басқармасы;
Е) ішкі істер басқармасы.
Әкімшілік құқықтың ерекше бөліміндегі нормалар жекелеген институттар мемлекеттік өмірдегі қандай нормаларыменен пайданылады?
А) әкімшілік құқық субъектісі;
В) басқарудың әдістемелік түрі;
С) басқарудың әдістемелік түрі;
D) мемлекет меншігін басқару;
Е) әкімшілік құқыққа кіргізу.
Әкімшілік құқық пәні:
А) әкімшілік әсердің шаралары;
В) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар;
С) әкімшілік нормалар;
D) құқық әдістерін реттейді;
Е) әкімшілік әдіс.
Құқықтық әдісті реттейтін әдістердің қандай түрін білесіз?
А) мемлекеттік қызметті іске асыру;
В) мемлекеттік меншікті басқару;
С) әдістер, амалдар, тәсілдер жиынтығы, солар арқылы әкімшілік құқық белгілі қатынастарға әсер етеді;
D) әкімшілік процесс;
Е) әкімшілік әсер шараларын қолданатын шарттар.
Әкімшілік құқықтың ғылыми пәні және құқық саласы ретіндегі айырмашылығы неде?
А) әкімшілік құқықтық құбылыстарды көрсету тәсілдері мен оларды зерттеу нәтижелері;
В) әкімшілік құқықтың құбылыстар туралы қорытындыларымен ойлау жүйесі;
С) тиісті заң саласында;
D) басқа ғылымдардың әдіс-тәсілдерінде;
Е) атқару-басқару іс-әрекеттің процесстерінде.
6. Субъективтік жақтың белгілеріне жатпайды:
А) Мотив;
В) Мақсат;
С) Менмендік;
D) Есі дұрыстық;
Е) Қасақаналық.
8.Әкімшілік өндірудің мақсаттарына жатпайды:
А) Жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу;
В) Әкімшілік заңдардың нормаларымен қаралған әрекет үшін сәйкес жауапкершілік шарасы;
С) Құқық бұзушыны тәрбиелеу;
D) Құқық бұзушыны көтермелеу;
Е) Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу.
9.Құқық бұзушылықтың құралы немесе оның тікелей объектісі болып табылатын затты еріксіз, ақысыз алу әкімшілік өндірудің қай түріне жатады:
А) Айыппұл;
В) Мүлікті реквизициялау;
С) Ескерту;
D) Тәркілеу;
Е) Әкімшілік қамау.
10.Басқарудың құқықтық емес нысандарна жатқызылады:
А) Құқықтық нысандар;
В) Нормативтік-құқықтық актілерді дайындау;
С) Нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау;
D) Ұйымдастырушылық әрекеттер;
Е) Келісімшарт жасасу.
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
ҚР Конституциясы (өзгертулер мен толықтырулармен). 1998 ж.
ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс. Алматы 2001 ж.
Сборник нормативных актов по административному праву РК. Алматы 1997
«ҚР азаматтығы туралы» ҚР-ның заңы. 20. 12. 91.
«ҚР-да шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы. 31. 05. 96.
«Нормативтік актілер туралы» ҚР заңы. 24. 03. 98.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы. 18. 12. 95.
«Мәдениет туралы» ҚР заңы. 15. 07. 96.
Қосымша әдебиеттер:
Таранов А. А. Административное право РК. Алматы, 2000 г.
Ибрагимов Х. Ю. Административное право РК. Алматы, 2000 г.
Административное право РК. Отв. ред. А. А. Таранов. Общая часть, Алматы 1996 г.
Алехин А. П. Административное право РФ. Часть 1. Москва 1994 г.
Юридические понятия и термины: пособие по разъяснению юридических и административно-управленческих понятий. Ахметов Р. И. и др. Алматы 1997 г.
Ахметов Р. И., Ибрагимов Х. Ю. Основные понятия и термины административного права и АД ОВД: учебное пособие. Алматы 1999 г.
5- тақырып : Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
Сабақтың жоспары:
1. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.
2. Қылмыст
3. Қылмыстық жаза.
4. Қылмыстық жауапкершілік
5. Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары
6. Сыбайлас жемқорлықпен бацланысты қылмыстар үшін жауапкершілік
Сабақтың мақсаты: Қылмыстық құқықтың ұғымы мен негізгі категорияларына түсінік беру
Бақылау сұрақтары:
Қылмыстық құқықтың ұғымы.
Қылмыстың құрамы.
Жаза жүйелері, түрлері.
Қылмыстық жауаптылық.
Глоссарий:
Қылмыс.
Гипотеза
Диспозиция
Санкция
Қылмыс құрамы.
Жаза
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.
Жемқорлықпен күрес.
Тапсырма: Қылмыстың құрамының белгілерін толтырыңыз.

Қылмыс құрамының элементтері Элементтердің қажетті белгілері Элементтердің факультативті белгілері
1. Қылмыс объектісі 2. Қылмыстың объективті жағы 3.Қылмыс құрамының элементтері 4.Қылмыстың субъективтік жағы Тапсырма: Есеп: Пианистің саусақтарын қасақана кесіп тастады. Бұл денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру болып табылады. Сонда пианист не нәрседен айрылды? Әлбетте пианино тарту мүмкіндігінен және екібастан пианистің мүддесіне зақым келд ме?. Бұл жерде қылмыс объектісі не?
Тапсырма: Қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер......................
А...................
Б...................
В.....................
Г...................
Мәнжазба тақырыптары:
1.Қылмыс құқығының ұғымы, міндеттері мен қағидалары.
2.Қылмыстық заң,ерекшеліктері мен маңызы.
3.Қылмыстың құрамы сипаттары мен белгілері.
4. Қылмыстарды топтастыру.
5.Жаза, оның түрлері
Блиц-тесттер:
1. ҚР Қылмыстық құқығы дегеніміз не?
А) Еңбектік құқықтық қатынастардың объектісін және негізгі мазмұнын еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке меншіктегі ұйымдарда азаматтардың еңбегін пайдалану жөнінде қалыптасатын жеке дара да, ұйымдық та қатынастар құрайды;
В) Қ.Р. құқық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен мемлекет егер орындамаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және санкциялаған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің жиынтығы;
С) бұл өзінің материалдық-құқықтық табиғаты бойынша ұқсас болып келетін белгілі бір шеңбердегі азаматтық істерді соттың бірінші сатысында қарау және шешу тәртібі;
D) адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынуы;
Е) бәрі де дұрыс жауаптар.
2. Қылмыстың өзіне тән белгілері:
А) субъектісінің есінің дұрыстығы, әрекет және әрекетсіздік;
В) кінәлілік мойындау;
С) әрекет және әрекетсіздік салдарынан;
D) субъектісінің есінің дұрыс еместігі;
Е) барлығы дұрыс.
3. Қылмыстық құқықтың принциптерін атаңыз...
А) заңдылық;
В) заң алдында азаматтардың теңдігі принципі;
С) жеке жауапкершілік принципі;
Д) айыпты жауаптылық принципі;
Е) бәрі де дұрыс.
4. Қылмыстық жауаптылыққа неше жасынан тартылады?
А) 16;
В) 18;
С) 20;
D) 17;
Е) 15;
5. Қылмыс белгілері - ….
А) қоғамға қауіптілігі;
В) заңға қайшылығы;
С) айыптылығы;
D) жазалатындығы;
Е) бәрі де дұрыс.
6. ҚР Қылмыстық Кодексі қашаннан бастап заңды күшіне енді:
А) 1998;1 қаңтар;
В) 1994;27желтоқсан;
С) 1995;30тамыз;
D) 2000; Іқаңтар;
Е) 1999;1 қаңтар.
7. Қылмыстың өзіне тән белгілері:
А) субьектінің есінің дұрыстығы.әрекет және әрекетсіздік; кінәлілік, мойындау;
В) әрекет және әрекетсіздік салдарынан;
С) субьектінің есінің дұрыс еместігі;
D) әрекетсіздік салдарынан;
Е) әрекет салдарынан;
8. Қылмыстың құрамының неше элементі бар:
А) 1
В) 3;
С) 2;
D) 5;
Е) 6.
9.Ақтөбе қаласы 5 мөлтек ауданында,12 үй алдында белгісіз біреулер Ивановты өлтірген(96 бап). Осы жағдайдағы қылмыстың құрамының обьектісін табыңыз:
А) адам өмірі;
В) қылмыс болған ер;
С) белгісіз біреулер;
D) келтірілген зардап;
Е) себеп-салдарлық байланыс.
10. Қылмыс объектісі
А) қылмыс жасаушы
В) қылмыс жасаған орны
С) қылмыстың мақсаты
D) қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар
Е) қоғамға қауіпті іс- әрекет (әрекетсіздік)
Әдебиеттер:
1. ҚР қылмыстық кодексі. А. 1 қаңтар 1998 ж.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық:жалпы бөлім. А. 1998.
3. Қылмыстық құқық терминдерінің сөздігі. Н.О.Дулатбеков және басқалар. А. 2000 ж.
4. Учебное пособие. Правоохранительные органы РК.
6- тақырып : Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері
Сабақтың жоспары:
1.Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.
2. Азаматтық істерді соттық талқылау.
3.Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.
4.Қылмыстық қудалау және оны жүзеге асыратын органдар.
Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастар субъектілерінің түсінігі
2.Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастар қатысушыларының (субъектілерінің) түсінігі.
3.Қылмыстық істерді соттық талқылау
Тапсырма: құрамының белгілерін толтырыңыз
1. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыру ерекшеліктері. 2.Қылмыстық қудалаудан басымдылық пен иммунитетке ие болатын тұлғаларға қатысты қылмыстық сот өндірісінің ерекшеліктері.
7-тақырып: Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдарының қызметі мен ұйымдастыру негіздері
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Құқық қорғау органдарының пәнінің жүйесі
2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары мен қағидалары
3. Құқық қорғау қызметін реттейтін нормативтік актілер
4. Сот билігі ұғымы және белгілері
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» құқық саласын оқыту арқылы студенттерге игеруге, осы саладағы нормативтік актілерді қолдана білу
Бақылау сұрақтары:
1. Құқық қорғау органдарының пәнінің қайнар көздері
2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттары
3. Құқық қорғау қызметінің қағидалары
4. ҚР сот жүйесінің құқықтық негіздері
Прокуратура органдарында жұмысты жоспарлау
Прокурор айыпталушыға немесе оның іс-әрекеті үшін мүліктік жауаптылығы.
Әділет Мнистрілігіне тәуелді мекеме
Жоғарғы сот кеңесіне тәуелді мекеме
Жоғарғы сот кеңесі жанындағы мекеме
Анықтау органдарының жүйесі,олардың міндеттері мен құзыреті
Глоссарий:
Сот төрелігі- адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
Соттың құзыреті- тиісті буындағы соттар үшін бірыңғай сот саясаты айқындайтын міндеттер мен функцияларға байланысты олардың қызметінің мәселелерін шешуде заңдармен белгіленген өкілеттіктер жиынтығын білдіреді.
Прокурор- өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.
ҚР Әділет министрлігінің маңызды міндеттері- қолданыстағы заңдарды жүйелеу, ҚР кодекстері мен заң жинақтарының ресми басылымдарын шығаруға дайындауға қатысу болып табылады.
Әділет органдары- азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияларды тіркеуді және беруді жүзеге асырады.
Алдын ала тергеу - өкілетті органдардың ҚР ҚІЖК сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде істің мән – жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
Алдын ала тергеу барысындағы шығарылатын қаулылар – алдын ала тергеу процесінде ҚР ҚІЖК сәйкес қандай да бір іс жүргізу шешімін қабылдау кезінде тергеуші шығаратын қаулы. Онда оның жасалған орны мен уақыты, тергеушінің аты – жөні мен лауазымы, қабылданатын шешімнің мәнісі мен негіздері, қаулының ҚР ҚІЖК қай бабына сәйкес негізделіп шығарылатыны көрсетіледі. Қаулыға тергеуші қол қояды.
Кедендік қызмет- ҚР кеден органдарында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің құрамдас бөлігі. “ҚР Мемлекеттік кызмет туралы” заңымен Мемлекеттік кіріс министрлігін кейбір арнайы актілерімен реттеледі.
Айыпталушы - өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған (және) бекіткен адам.
Азаматтық жауапкер – қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің барысында қойылған талапқа байланысты заң күшімен қылмысты не есі кіресіле – шығасылы адамның ҚР ҚК-мен тыйым салынған әрекетімен келтірілген зиян үшін мүліктік жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға.
Тапсырма: Құқық қорғау органдарының негізгі бағыттарын айқында:
Сот органдары Прокурорлық қадағалау Әділет органдарының қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының кеден органдары Қылмыстық қудалау
Тапсырма:
Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
Тапсырма: Сот жүйесінің үш буынды инстанцияларының қызметтеріне толық анықтама беріңіз.

Негізгі буыны ....... аудандық, қалалық, гарнизондық құрамалық,

Орта буыны ....... облыстық соттар, астананың және
республикалық маңызы бар
Жоғары (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты)
Мәнжазба тақырыптары:
Адвокатураны ұйымдастыру нысандары
Мемлекеттік органдар жүйесіндегі ішкі істер органдары, олардың міндеттері мен құзіреті.
Қаржы полициясы агенттігі
Блиц-тесттер:
Сот билігінің ұғымы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының қай байбында көзделген.
1-бабының 2-тармағында;
2-бабында 1-тармағында;
6-бабында;
7-бабының 2-тармағында;
3-бабында.
ҚР-ның сот жүйесін қандай заң реттейді?
«ҚР сот жүйесі және судьялардың мәртебесі» туралы заң;
«Жедел-іздестіру қызметі» туралы заң;
«Мемлекеттік тергеу комитеті» туралы заң;
«ҚР Прокуратурасы» туралы заң;
«Атқарушылық өндіріс жэәне сот орындаушылардың мәртебесі туралы».
ҚР прокуратурасы есеп береді:
ҚР Үкіметіне;
B ) ҚР Парламентіне;
C) ҚР Президентіне;
D) ҚР Жоғарғы сотына;
E) ҚР Әділет Министрлігіне.
Заңмен белгіленген тәртіпте және негіздерде прокурорлық қадағалау актілері міндетті:
A) Тек мемлекеттік билік органдарының лауазымды тұлғалары үшін;
B) Тек лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін;
C) Тек мемлекеттік билік органдарының лауазымды тұлғалары мен азаматтар үшін;
D) Тек ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар үшін;
E) Барлық органдар, ұйвмдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар үшін;
«Прокуратура туралы» Заңы қашан қабылданды:
A) 1995 ж. 21 желтоқсанда;
B) 1993 ж. 21 желтоқсанда;
C) 1994 ж. 21 қарашада;
D) 1997 ж. 20 желтоқсанда;
E) 1995 ж. 22 желтоқсанда.
6. Әділет Министрін ҚР Президенті кімнің ұсынуымен тағайындайды?
A) Премьер Министрдің;
B) Жоғары Сот төрағасының;
C) Сенат төрағасының;
D) Бас Прокурордың;
E) Парламент.
Кеден органдарының функцияларына кіреді:
A) Құқық қорғаушы және регулятивті;
B) Фискальді және регулятивті;
C) Құқық қорғаушы және фискальді;
D) Фискальді, регулятивті және құқық қорғаушы;
E ) Фискальді.
Келесілердің қайсысы кеден органының жүйесіне жатпайды?
A) Брокерлік фирмалар;
B) ҚР орталық кеден органы;
C) Кедендік басқарулар;
D) Кедендер;
E) Кеден бекеттері.
Агенттіктің Төраға жанында консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алқаның саны мен жеке құрамын кім бекітеді?
A) Агенттік төрағасы;
B) Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы;
C) ҚР Үкіметі;
D) ҚР Парламенті;
E) ҚР Президенті.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының қаржы-шаруашылық қызметін кім бақылайды:
A) ҚР қаржы министрлігі;
B) Ұлттық қауіпсіздік органдары;
C) ҚР Жоғарғы соты;
D) ҚР Прокуратура органдары;
E) Ішкі істер министрлігі.
Нормативтік -құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы, 21.05.2007 ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық кодексі. 1998 ж.
3. ҚР-ның конституциялық заң күші бар «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Заңы 25.12.2000 ж.
«ҚР-дағы кеден кодексі» ҚР-ның Заңы 01.05.2003 ж.
ҚР-ның Президентінің «Жедел іздестіру қызметі туралы» Жарлығы. 15.09.1994 ж.
ҚР-ның «Сот приставтары туралы» Заңы 07.07.1997 ж.
«Орындау өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы 30.07.1998 ж.
«Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер туралы»ҚР-ның Кодексі (Салық Кодексі) 12.06.2001 ж.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ереже 11.05.1999 ж.
«Адвокаттық қызмет туралы» ҚР-ның Заңы 14.07.1997 ж.
«Нотариат туралы» ҚР-ның Заңы 14.07.1997 ж.

Әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,
2.Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.
3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.
4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.
5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж
8- тақырып. Қазақстан Республикасының қаржы құқық негіздері
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері.
2. Қаржы құқығының негіздері.Қаржы саласындағы басқару.
3. Бюджет жүйесі.Қаржы органдарының қызметі (Қаржылық құқық бұзушылықтар).
4.Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері.
5. Салық түсінігі
6. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
7. Салықтық қатынастар
Сабақтың мақсаты:
Бұл сабақта студенттерді Қаржы терминінің түсінігін, қаржының материалдық мағынасын, оның экономикалық категория ретіндегі тісінігін, қаржы және ақша қатынастарының ара қатынасын және мемлекеттік аржылар мен жеке қаржылар ұғымын және олардың ерекшеліктерін; мемлекеттік қаржылардың басты тағайындалуын, қаржы функцияларын және мемлекеттің қаржылық қызметінің ұғымы мен оның әрекет ету сферасын және оның мақсаты туралы мағлұмат беру және меңгерту. Қазақстан Республикасының салық жүйесі, салықтық құқық қаржылық құқықтың институты ретінде: пәні және түсінгі, салық құқығының жүйесі, салықтық қатынастар, салықтық құқықтың жалпы бөлімі, салық құқығының ерекше бөлімі туралы студенттердің білуі
Бақылау сұрақтары:
1 Қаржылардың мәні неден тұрады
2 Қаржылардың негізгі қағидаларына сипаттама беру
3 Мемлекеттік қаржылардың арсында қандай қаржылар басты орынды алады
4.ҚР экономикасын реформалауда жария қаржылардың тақаратын ролі
5 Мемлекеттік қаржылардың объектісін сипаттау
6 Мемлекеттің қаржылық қызметі функцияларының әрекет етуінің негізгі бағыттары
Глоссарий
Қаржы - елдегі ақша қатынастары процесстерін сипаттайтын экономикалық, категория ретінде мемлекеттің пайда болуымен және ақша қозғалысымен байланысты мемлекеттің мұхтаждығын қанағаттандыру үшін ақша қаражатын қамтамасыздандыратын ақша қорлары
Мемлекеттің қаржылық қызметі - қаржы, несие және мемлекеттік органдардың мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталған қызметі.
Мемлекеттің қаржылық жүйесі- мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және бөлу шегіндегі мемлекеттік қаржы қатынастардың жиынтығы
Қаржылық құқықтық акт - қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша, өз құзіреттері шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер
Тапсырмалар, келесілер бойынша сызбалар сызу
1.ҚР Қаржы жүйесінің негізгі элементтерін ашатын сызба сызыңыз
2.Қаржылық қызметті жүзеге асыру әдістері негізінде оларды көрнектеп және іске асыруға мысал келтіріңіз Өзіңіз оқитын Университеттің басқару органдарында пайдалынылатын қандай құқықтық әдістерді білесіз?
3.Мемлекеттің қаржылық қызметін жүзеге асырудың құқықтық және құқықтық емес нысандарына кем дегенде 5 мысал келтіріңіз
4.Келесі айтылғандар дұрыс па екендігін көрсетіңіз:
«Мемлекет – қаржылық қызмет субъектісі»
«Мемлекет – қаржылық құқық субъектісі»
«Мемлекет – қаржылық ққықтық қатынастар субъектісі»
Осы тезистердің мәнін түсіндіріңіз.
Есептер
1.Арманов деген азамат радионы қосқанда, жаңалықтардан салық ставкаларының өзгергендігін естіді. Келесі күні ол өзінің таныс заңгер студентінен: «бұл өзгерістерді қай заңмен қолданылатындығын және қайдан оқуға болатындығын сұрады. (Арманов қойған сұрақтарға жауап беріңіз)
2.Азаматов деген студент әкімшілік аумақтық бөлініс бойынша қаржыларды топтастыра отырып, келесі қаржы түрлерін атады:
ҚР қаржылары
Ортақ қаржылар
Жергілікті қаржылар
Мемлекеттік қаржылар
Мемлекеттік емес қаржылар
Кәсіпорындардың қаржылары
Несие ұйымдарының қаржылары
Халықаралық қаржылар
Осы топтастырудың дұрыстығына кейбір студенттерде күмән туды.(Сіздің пікіріңіз қандай)
Есептер.№1«Кірпіш- монтаж» АҚ құрлыс фирмасы пайдаға салық төлеуден толық босатылған. АҚ- ды салған О-Т тапсырыс берушісі орындалған жұмысқа есептесе алмайды. Сондықтан бензинмен есептесуді ұсынды. Егер АҚ- осы ұсыныспен келіскен жағдайда,оған қандай салық төлеуі тиісжәне қандай жеңілдік арқылы.
№2 Атырау қаласының №8 кітапхана мемлекеттік бюджеттік мекеме болып табылады.Бірақ оны толық қаржыландыра мағандықтан жергілікті әкімшілік кітапханаға төлем үшін бьіршама қызметтер көрсетуге рұқсат берді. Бұл төлем мөлшері жергілікті әкімшілікпен бекітіледі. Кіткпхана бірлескен ұйым бола отырып, осы жоғарыда аталған қызмет бойынша ҚҚС төлеуі тиіс пе?(Жергілікті әкімшілік ұсынған құзіреттер шегінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша) Кітапханашы ақыға кітаптарды прокатқа бергені үшін ҚҚС салына ма?
№3 Бараков деген азамат тиісті жылға табысы туралы декларацияны салық инспекциясына ұсынбағаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік шараға тартылды. Бараковқа қолданылған салық санкциялвры салынуы тиіс және қандай мөлшерде айыппұл салынуы тиіс? Осы аталған құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік қандай нормативтік құқықтық актілерінде көзделген?
№4 «Азовсталь» кәсіпорыны көп жыл жұмыс жасағаны үшін өзінің қызметкері Табышовқа ол зейнет ақыға шыққанда төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Бірақта пәтерді рәсімдеуде одан мүлік салығы соммасы ұсталынды, ол мүлік сыйға тарту тәртібінде ауысты, содан соң аудандық салық инспекциясына оған қоса ж\еке табыс салығы есептелінді. Бұл заңды ма? Салық органының әрекетіне заңи баға беріңіз.
№5 Қопашевтар отбасы Алматы қаласынан Астана қаласына жаңа тұрғын жерге Астана қаласында пәтер иелену мақсатында көшуді қалайды, олар пәтер, саябақ, гараж сатуға мәжбүрлі. Қопашевтарға заңи кеңес беріңіздер: Осы мүліктерді сатудан алынған соммалар табыс алу болып табылама және жылдық жиынтық табысқа жатады ма?
№6 Солтүстік Батыс сауда кемелері матросы Қосщанов судна жөндеу уақытында кемелер жолдамасы бойынша Швед сауда фирмасына «Осы фирма суднасындағы жұмыстар туралы» контракт бекітті. Салық инспекциясы Қосщановты контракт бойынша, шетел валютасы бойынша алынған қаражваттарға жеке табыс салығын енгізуді міндеттеді. Қосщанов бұл талапқа жоғары тұрған салық инспекциясына шағымданды. Қосщанов шағымын қанағаттандыру мүмкін бе?
№7 Байганов деген азамат инфарктан қайтыс болды. Өз өсиетінде ол жекешелендірілген пәтерін тең үлесті зайыбымен өздерімен бірге тұратын өзінің ағайынды қарындасы- Ермағамбетоваға, ал москвич автокөлігін өзінің жиен інісі азамат Үсеновке қалдыратынын көрсетті. Аудан салық инспекциясы өсиет қалдырған Ермағанбетова мен Үсеновке мүлік салығын есептеу үшін арнайы коммисия тағайындады. Салық төлеуден тек зайыбы босатылдлы, себебі ол өсиет қалдырушының жақын туысы болғандықтан. Мұрагерлер салық инспекциясы шешімі бойынша сотқа шағымданды. Салық инспекциясы мен заң бұзушылықтарға жол берілді ме? Егер жіберілсе ол нелер болып табылады?
№8 Атырау облысы территориясындағы «АССМ» неміс фирмасы тұрғын үй құрлысын әскери қызметшілер үшін салуда.
Осы фирма жол қорына салық төлеуге тиіс пе, егер тиіс болса қандай мөлшерде?
Блиц – тест
1.Мемлекеттің қаржы қызметі процесінде тундайтын қоғамды қатынасының қаржы құқығының несі болып табылады?
А) пәні;
B) әдісі;
С) құқығы;
D) жүйесі;
E) ерекшелігі.
2.Қаржы термині латынның қандай тілінен шыққан?
А) Финанция;
B) Бақылау;
C) Бюджеттік;
D) Төлем;
E) Қарыз.
3. Бюджет дегеніміз не?
А) экономикалық қатынастардың жиынтығы;
B) орталықтандырылған ақша қоры;
C) ақша қорларының нысаны;
D) орталықтандырылмаған ақша қоры;
E) ақша қоры.
4.Қаржылық құқық нормаларымен негізделген институттардың қаржылық құқықтың несі болып табылады?
А) әдісі;
B) жүйесі;
C) пәні;
D) қағидасы;
E) міндеті.
5.Қаржылық қатынастың келісім , шарттық сипатына болуы және тарптардың 2 жақты міндеттерін тудыруы қандай әдіске жатады?
А) императивті;
B) материалды;
C) нұсқаулық;
D) заңды форма;
E) қаржы жүйесі.
6.Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастың түрлері:
А) Материалдық қажлық қатынастың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етумен байласынты қатанстар;
B) Бұл қаынастар мемлкеттік қызметінің өкімі ьолып табылады;
C) Ақща қаржыларының 1 жақты қозғалысын білдіреді;
D) қағидасы;
E) міндеті.
7. Қаржылық құқықтың құқықтық реттеу әдістері бөлінеді?
А) Диспозитивті , императивті;
B) Диспозиция , санкция;
C) Альтернативті ,факультативті;
D) орталықтандырылмаған ақша қоры;
E) ақша қоры.
8. Қаржы құқығы дегеніміз не?
А) мемлекеттің қаржы проблемасында туындайтын мемлекеттің ақша қалыптасуда бөлінуі, оларды пайдалануды ұйымдастыруды реттейтін нормалар қатынастарын реттейтін жиынтығы;
B) практикада қолданатын қаржылық құқықтық нормалардың жүйесін ғылыммен саналатын санкциялар;
C) ол қоғамның ғылым оның пәнін әлеуметтік санкциялр құрайды;
D)заңды форма;
E) қаржы жиынтығы.
9.Қаржылық ақшалай қор түсінігі.
А)Нақты функцияның максатын жүзеге асыру;
В)Несие беру;
С)Мемлекеттік қор;
D)Кәсіпкерліктің қаржы қорын жузеге асыру;
Е)Барлыгы дұрыс.
10.Қаржы жүйесінің институтын көрсет.
А)Несие;
В)Бюджет жүйесі;
С)Мекемелердің, ұйымдардың қаржысы;
D)Мүліктік және жеке сақтандыру;
Е)Барлыгы дұрыс.
11. Салықтық құқықтық қатынасқа кірмейтін тұлғаны ата.
А) ҚР Парламенті;
B) мемлекет;
C) ҚР Ұлттық Банкі;
D) ҚР Үкіметі;
E) үй жан-жануары.
12 ҚР-ның Ұлттық Банкінің жалпы құқықтық функциясын ата.
А) ақша иммиссиясы;
B) ақша айналымын ұйымдастыру;
C) кредиттік ақша;
D) банк қызметін реттеу;
E) сыртқы саясатты ұйымдастыру.
Әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,
2.Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.
3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.
4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.
5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж
9- тақырып. Қазақстан Республикасының салық құқық негіздері
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Салық түсінігі.
2. материалдық категория түріндегі салық .
3. Экономикалық категория түріндегі салық.
4. Салықтың құқықтың белгілері.
5 Салықтың экономикалық белгілері.
6. Салықтың басқа міндеті төлемдерден айырмашылығы.
7. Салық салу түсінігі.
8. Мемлекеттің салық қызметінің түсінігі
Глоссарий
ықтық реттеу - салықтық құқық субъектілерінің құқықтық мәртебелерін айқындауды, салықтық заңи фактілерге байланысты салықтық құқықтық қатынастардың туындауын, сондай-ақ салықтық қатынастарды құқықтық реттеу негізінде жатқан салық заңдарының императивтік, ұйымдастыру-құрылыстық және дмспозитивтік нормаларын қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының ұйымдастыру қызметтері болып табылады.
Салықтық заңдар - мемлекеттің салық салу саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, есептеу және төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін кодификацияланған нормативтік құқықтық акт
Есептер
№1 Атырау облысы территориясындағы «АССМ» неміс фирмасы тұрғын үй құрлысын әскери қызметшілер үшін салуда.
Осы фирма жол қорына салық төлеуге тиіс пе, егер тиіс болса қандай мөлшерде?
№ 2 Салық құқығын бұзушылық заңи құрамын тиісті заңдарды қолдана отырып ашыңыз (Салық кодексі, Қылмыстық кодекс, Әкімшілік кодекс)
№10 Салық инспекциясымен жасалынған тексеруде мекеменің салық салу органының есебі жоқ екені анықталды және ол тексеретін жылға табысты жасыру жауапкершілігін туындатты.
Мекеме қандай жацуапкершілік түрлеріне тартылды және қандай жауаапкершілік шарасы қолданылды? Бұл мәжбүрлеуді қай орган салуға құқылы?
№3 Мемлекеттік бюджеттік білім мекемесі бірнеше бюджеттік қызметтер мен қатар осы мекеменің білім процессін жүзеге асыру бойынша студенттерге ақысына жатаханада тұрғаны үшін және осы мекеменің асханасында тамақтанғаны үшін қызмет көрсетілді.Осы ақыға жасалған қызмет икөрсетулерге ҚҚС есептеуге бола ма? Жауапты әрбір көрсетілген қызмет көрсетулерге бөлек беру қажет.
Әдебиеттер:
1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Жеті Жарғы: А,
2.Дулатбеков Н, Амандықова С, ТурлаевА; Мемлекет және құқық негіздері. Фолиант. Астана; 2001 ж.
3. Алексеев С.С. «Государства и права» М, 1994 ж.
4. Жоламанов К; Мұхтарова А; Таукелев А; Мемлекет және құқық теориясы. А; 1999 ж.
5. Ағдарбек Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы 2003ж
10- тақырып Қазақстан Республикасының экологиялық құқық негіздері
Практикалық сабақтың жоспары:
1.Құқықтық реттеудің объектісі ретіндегі экология түсінігі.
2.Экологиялық құқықтың мазмұны, реттейтін қарым-қатынастар аясы, пәні.
3.Экологиялық құқықтың әдісі және қайнар көздері.
4.Қоршаған ортаны қорғаудың экологтық-құқықтық және экономикалық механизмі.
5. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері.
Сабақтың мақсаты: Қ.Р-ның экологиялық құқығының жалпы ережелеріне және жер құқығы түсінігі мен жүйесіне жалпы мағлұмат беру. жер құқығының негізгі теориялық ережелерін түсіндіру;
нарықтық экономика кұрудағы жер заңнамасының маңызын ашу;
Қазақстан Республикасының жер қоры санаттарының құрамы мен кұқықтық режимін оқыту;
жер заңнамасынын қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттеу;
студенттерде жер қатынастарының эр түрлі жағдайларына кұқықтық нормаларды дұрыс қолдану тэжірибесін қалыптастыру;
Бақылау сұрақтары:
Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.
Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
Қандай қоғамдық қатынастар жер құқығы пәні болып табылады ?
Глоссарий:
Экологияландыру әдісі. Бұл адам табиғатпен санасуы керек, яғни табиғат ортасына кіру үшін барлық әрекеттерін экологияландыру керек еген сөз.
Әкімшілік-құқықтық әдіс басқару тәртібін қамтамасыз етуде қолданылады. Мұнда құқық субъектілері тең емес, мұнда билік — бағыну жүйесі бар.
құқықтардың тізімі мен сипаты қылмыстық кодексте белгіленген. Оларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.
Азаматтық-құқықық әдісі. Бұл реттеу тәсілінде құқықтық қатынасқа қатысушылар өзара тең болып табылды.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Қоршаған ортаны қорағу мен пайдалану қатынастарында азаматтық заңдармен мынадай ережелер қаоастырылған: 1) жеке тұлғаға, ұйымға немесе мүлікке келтірілген зиянның орнын толтыру міндеттілігі; 2) егер келтірілген зиян кәсіпорын немесе басқа өндірістік қызметтің жүргізілуі салдарынан болса және жаңа зиян келтіру қаупін туғызса, азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелуі мүмкін.
Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық әрекеттер оның жазаланушылығы тек қылмыстық заңдылықпен анықталады. Қылмыстық заңдылықтың мақсаты азаматтардың құқықтаы мен бостандықтарын қорғау. Оның ішінде экологиялық құқықтарын да қорғау бар. Экологиялық
.
Тапсырма, сызба:
Тапсырма: Қазақстан Республикасында 2002 жылы қабылданған «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы» заң қабылданды. Осы қолданыстағы Заңды пайдалана отырып, атмосфералық қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтың негіздері көрсетілген. Бұл Заңда заң бұзушылықтар үшін тәртіптік, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көрсетілген. Төменде көрсетілген кестені толтырыңыз.
Тәртіптік жауапкершілік Азаматтық жауапкершілік әкімшілік жауапкершілік Қылмыстық жауапкершілік
Тапсырма: Экологиялық құқық бұзушылықтың белгілерін атаңыз.....
Мәселен: Қоғамға қауіптілігі -
Блиц-тесттер: l
1. Экологиялық құқықтың реттейтін қатынастары:
A) адамдардың әлеуметтік қатынастары;
B) қоғамдық қатынастар;
C) қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар;
D) табиғи қатынастарды;
E) экономикалық қатынастарды;
2. Қазақстан Республикасының экологиялық заңының мақсаты:
A) қоршаған ортаны қорлау;
B) жануарларды жойып жіберу;
C) қоғам-табиғат арасындағы қатынастарды реттеу;
D) табиғатты қорлау;
E) ауаны ластау;
3. Экологиялық қылмыстың түрін ата:
A) жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі;
B) әйелді зорлау;
C) жануарлар дүниесін қорғау;
D) заңсыз аңшылық;
E) дүкенді тонау;
4. Жер құқығының пәні болып табылады:
A) қоғамдық қатынастар;
B) экономикалық қатынастар;
C) жер қатынастары;
D) азаматтық қатынастар;
E) әкімшілік қатынастар;
5. Жердің функцияларына жатпайды:
A) халықаралық-экологиялық;
B) экономикалық;
C) әлеуметтік;
D) эстетикалық;
E) саяси.
6. Қай әдіс негізгі болып табылады:
A) диспозитивтік;
B) ұсынушылық;
C) санкциялаушы;
D) құқық беруші, позитивтік;
E) экологиялық.
7. Императивтік әдістерге жатпайды:
A) құқықтармен міндеттерді орнықтыру;
B) тыйымдар;
C) әрекеттерге бостандық құқығын беру;
D) құқық беруші;
E) экологиялық.
8. Жер құқығының жүйесі бұл:
A) жер құқығы нормаларының бөлінуі;
B) құқық объектілерінің бөлінуі;
C) құқықтық реттеу пәнінің түрлері;
D) құқықты оның субъектілері бойынша бөлу;
E) жер қатынастарының бөлінуі.
9. Жер құқықтық жауаптылыққа жатпайды?
A) жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзу;
B) ұтымды пайдалануережелерін бұзу;
C) жер учаскесін уақтылы пайдаланбау;
D) жер учаскесін пайдаланусыз қалдыру;
E) аталғандардың барлығы.
10. Заңды жауаптылықтың негіздері болуы мүмкін:
A) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;
B) құқыққа сай әрекет немесе әрекетсіздік;
C) кері салдарға ие құқық бұзушылықтар;
D) кері салдарға ие емес құқық бұзушылықтар;
E) құқық қатынастарының болмауы.
11. Жер пайдаланудың ерекше түрі болып табылады:
A) қызметтік жер телімдері;
B) шартты жер үлестері;
C) жер учаскесін жалға беру;
D) жер учаскесінің кепілі;
E) уақытша жер пайдалану.
12. Жер учаскесін жеке меншікке беру негіздері:
A) жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның қорытындысы;
B) жергілікті өкілді органның шешімі;
C) жергілікті атқарушы органның шешімі;
D) жер ресурстарын басқару жөніндегі органның қорытындысы;
E) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі.
Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Конституциясы.
2. ҚР Орман кодексі 23.01.93 ж.
3. Жер кодексі
4. Закон «Об охране здоровья граждан в РК» от 19.05.97 г.
5. Закон «Об охране атмосферного воздуха» от 12.06.81 г.
6. Закон «О санитарно – эпидемическом благополучии населения» от 8.07.99
Қосымша әдебиеттер:
7. Архипов И.П. «Земельное право РК» Алмата, 97г.
8. Байделбдинов Д.Л. «Экологическое законодательство РК» Алмата, 97 г.
9. Байсалов С.Б. «Комментарий к лесному кодексу РК» Алмата, 98 г.
10. Боголюбов С.А. «Экологическое право» М., 98 г.
11. Ерофеев Б.В. «Экологическое право» М., 2000 г.
11- тақырып Қазақстан Республикасының жер құқығы негіздері
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Жер құқығының түсінігі, жүйесі.
2. Жер құқығы қатынастарының объектісі. Жер құқығы қатынастарының субъектілері.
3. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасыны оқу орындарындағы студенттердің қызыметтік міндеттерін келешекте кәсібеи деңгейде орындау үшін қажетті білім, іскерлік және дағдыларды жасақтауға жұмылдырудан тұрады. Студенттерді мемлекеттік басқару жүйесімен, басқару нысаны және әдістерімен басқаруға зандылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдермен таныстыру.
Бақылау сұрақтары:
Құқықтық қорғауға жататын экологиялық жүйелер.
Қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қолайлы қоршаған ортаға құқығы.
Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығының түсінігі және түрлері.
Қандай қоғамдық қатынастар жер құқығы пәні болып табылады ?
Жер құқығының қағидалары.
Жер қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі әдістері қандай ?
Жер құқығы қайнар көздерінің түсінігі.
Жер құқығы жалпы бөлімінің нормалары мен институттары оның ерекше бөлімінің нормалары мен институттарынан немен ерекшеленеді ?
Глоссарий:
Жер – кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемімен, жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы, әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның маңызды бөлігі..
Жер құқығының пәні - обьектісі жер болып табылатын қоғамдық жер қатынастары.
Жер құқығы қатынастары – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учасклерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар;
Меншік құқығының обьектілері – мемлекеттік және жеке меншіктегі жер;
Жер учаскесіне жеке меншік құқығы – азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін заңда көзделген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығы;
Жеке меншіктегі жер учаскесін уақытша пайдалану құқығы – жер учаскесінің меншік иесі мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтеусіз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт негізінде туындайтын, субьектінің жер учаскесін иелену және пайдалану құқығы.
Жер кадастры – жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі;
Жерді қорғау – бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау;
Жерге орналастыру – жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қ Р жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралар жүйесі болып табылады.
Тапсырма: Жерге жеке меншік және мемлекеттік меншік түрлерін салыстыра отырып, олардың ерекшелігін анықтау.
Тапсырма: Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлерінің бір – бірінен ерекшеліктерін ашып көрсету.
Сызба: Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері.
Негізгі әдебиеттер:
1.ҚР Конституциясы.
2. ҚР Орман кодексі 23.01.93 ж.
3. Жер кодексі
4. Закон «Об охране здоровья граждан в РК» от 19.05.97 г.
5. Закон «Об охране атмосферного воздуха» от 12.06.81 г.
6. Закон «О санитарно – эпидемическом благополучии населения» от 8.07.99
Қосымша әдебиеттер:
7. Архипов И.П. «Земельное право РК» Алмата, 97г.
8. Байделбдинов Д.Л. «Экологическое законодательство РК» Алмата, 97 г.
9. Байсалов С.Б. «Комментарий к лесному кодексу РК» Алмата, 98 г.
10. Боголюбов С.А. «Экологическое право» М., 98 г.
11. Ерофеев Б.В. «Экологическое право» М., 2000 г.
12- тақырып Халықаралық құқық негіздері
Практикалық сабақтың жоспары:
Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері.
Халықаралық құқық-құқықтың ерекше жүйесі.
Қазіргі болмыстағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы.
Сабақтың мақсаты: Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізін
оқу орындарындағы студенттердің халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы міндеттерін құқықтық деңгейде орындау үшін қажетті білім, және дағдыларды жасақтауға жұмылдырудан тұрады. Студенттерді мемлекеттік басқару жүйесімен, басқару нысаны және әдістерімен басқаруға зандылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдермен таныстыру.
Бақылау сұрақтары:
1 Халықаралық қатынастардың жүйеленуі және үдемелі дамуы.
2Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
3Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
4.Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері
Халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару негіздері.
Тапсырма: органдарының принциптерін толтырыңыз.
10287008128000
Тапсырма: Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
мемлекеттік басқару жүйесі түсінігі, пәні мен міндеттерін талдап беру
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. ________________________________________
Тапсырма: Халықаралық құқық. жүйесінің негізгі бағыттарын анықтаңыз.
Мәнжазбалар мен баяндамалар тақырыптары:
Мемлекеттік қызмет түсінігі
Мемлекет құкықтары мен міндеттері
Мемлекет қағидалары
Мемлекеттік -құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік үшін қойылатын талаптар.
Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері
Халықаралық жария құқығы.
Халықаралық жеке құқығы.
Жауапкершілік белгілері және түрлері.
Әдебиет
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы,1995
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, 1999
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы заңы
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңы
Мюллерсон Р.А. Права человека: идеи, нормы, реальность. М., 1991г.
6. Сарсенбаев М.А Таможенное право РК Учебник, Алматы: Данекер, 2002
13- тақырып Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
Практикалық сабақ жоспары:
1. Ұғым, пән және азаматтың құқығының реттеу әдістері.
2. Азаматтық - құқықтық қатынастың субъекттері.
3. Меншіктің құқығы. Міндеттемелер
4. Мәмілелер. Мәміленің көріністері.
Сабақ мақсаты: Азаматтық құқықтың жалпы ережесiн қарап шығу. ҚазақстанРеспубликасындағы кәсiпкерлiктiң негiзiн талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтың құқығының нелер жатады?
2. Қандай қатынастар азаматтық құқыкпен реттеледі?
3. Мүліктік қатынастарға нелер жатады?
4. Азаматтың құқығының субьектісін ата.
Глосарий:
Азаматтық - адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатыстылығы. Мемлекет пен оның билігі астында болатын адам арасындағы өзара қатынастар түрінде көріңеді: мемлекет азаматқа оның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, шетелдерде оны қорғауға және жанашырлық танытуға кепілдік береді. Өз кезегінде азамат заңдарды, мемлекеттің басқа жазбаша өкімдерін, ол бекіткен міндеттерді орындауға міндетті. Бұл құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, азаматтың (азаматтығы жоқ адамдардан айырмашылығы) саяси құқықтық мәртебесін құрайды.
Азаматтық құқық - азаматтық айналысқа қатысушылардың (оның негіздеріне мәмілелер әкімшілік актілер, азаматтық құқық бұзушылықтар және т.б., сондай-ақ меншік құқығы, авторлық құқық өнертап қыштық құқық, жаңалық ашу құқығы, мүлікті иелену және өкімдік ету бойынша қатынастар) мүліктік және сонымен байланысқан жеке мүліктік емес қатынастарды (мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау) реттейтің құқықсаласының нормалары.
Азаматтық жауапкершілік - Азаматтық құқық нормаларымен бекітілген заңдық жауапкершілік түрлерінін біреуі; басқа адамның субъективті азаматтық құқықтарынын бұзылуымен байланысты, азаматтық құқықпен қарастырылған міндеттерді адамның орындамауының немесе тиісті жолмен жүзеге асырмауы.
Азаматтық айналым - міндеттемелік құқықтың шарттық және шарттан тыс институттары арасына келтірілген, экономикалық айналыстын азаматтық-құқықтық айтылуы. Азаматтық айналымның қатысуылары ұйымдар, өздерінің табыстарына иелік ететін және түрліше мүліктік құқықтық, қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар болып саналады.
Мәнжазба тақырыптары:
1. Азаматтық құқығының реттеу әдістері.
2. Азаматтық субъекттілер құқықтықтың қатынастары
3. Меншіктің құқығы. Міндеттемелер.
4. Мәмілелер. Мәміленің түрлері
5. Отбасылық құқық және ҚР отбасылық заңнамасы
6. Некенің тұжырымы. Некені бұзу
7. Дербес, мүліктік құқық және ерлі-зайыптылардың міндетт
Блиц тесттер:
1. ҚР Азаматтық заңы қашан қабылданды?
А) 27.12.1994;
В) 1.07.1999;
С) 16.12.1995;
D) 26.07.1992;
Е) 30.08.1995.
2. Азаматтық құқықтықтың қатынастарына қай элементтер тиесілі
А) объективтік жағы ;
В) Субьект, обьект, мазмұн;
С) субъективтік жағы;
D) мазмұны;
Е) Барлық жауап дұрыс.
3. Қандай қатынастар азаматтық құқықты реттейді?
А) Мүліктік және емесмүліктік;
В) Еңбектік;
С) Некелік отбасылыққа;
D) Қылмыстық;
Е) Барлық жауап дұрыс емес.
4. Азаматтық құқықтың объектілерін көрсетіңіз?
А) Мүліктік және мүліктік емес игіліктер;
В) Заңды тұлғалар;
С) Жеке тұлға;
D) ҚР азаматтары;
Е) Шет ел азаматтары.
5. Азаматтық құқықтың мүліктік игіліктерді көрсетіңіз?
А) Жеке адам өмірі;
В) Заттар, ақша;
С) Жеке өмірге қол сұқпаушылық;
D) Автор болу құқығы;
Е)Аталғандардың барлығы.
Нормативті-құқықтық актілер:
1. Конституция РК. Алматы, 2000.
2. Гражданский кодекс РК (общая часть) 27.12.
3. Закон РК «О хозяйственных товариществах) от 14.07.1997.
4. Закон РК «О частном предпринимательстве» от 19.16.1997.
5. Закон РК «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью» от 22.04.1998.
6. Закон РК «О лицензировании» от 17.04.1995
7. Закон РК «О банкротстве» от 21.01. 1997.
8. Закон РК «Об акционерных обществах» от 10.07.1998.
9. Закон РК «Об авторских и Смежных правах» от 10.06.1996. Ю.Закон РК «О жилищных отношениях» от 16.04.1997.
10. Закон РК «Л рынке ценных бумаг» от 6.03.1997.
11. 3акон РК «О регистрации сделок с ценными бумагами в РК» от 5.03.1997. 13.Закон РК «Об инвестициях» от 8.01.2003.
УказПрезидента РК имеющий силу закона«О регистрации юридических лиц» от 19.06.1995.
УказПрезидента ПК имеющий силу закона «О банках и банковской деятельности» от 30.08.1995.
Закон Республики Казахстан «О браке и семье» от 17 декабря 1998г.
Конвенция о правах ребенка.
14- тақырып Қазақстан Республикасының отбасы және неке құқығының негіздері
Практикалық сабақ жоспары:
1. Отбасылық құқық және отбасылық заңнама. Отбасылық құқықпен реттейтін қатынастар.
2. Некенің тұжырымы. Некенің бұзу
3. Дербес, мүліктік құқық және міндеттері.
4. Отбасының мүшесінің алименттік міндеттемелері. Бала-шағаның тәрбиесі. Баланы (қызды) асырап алу жолдары.

Сабақ мақсаты: Отбасы және неке құқығының негіздері мен құқықтың жалпы ережесiн қарап шығу. ҚазақстанРеспубликасындағы от басы құқығын негiзiн талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай міндеттер ара қатынас оның әке-шешелерінің бала-шағаларға деген артады?
2.Қандай уақиғада және мақсаттарда қамқорлық және қамқоршылық тағайындалады?
3. Бала асырау не үшін бекітілген?
4. Бала асырау үшін қандай жауапкершілік керек?
Глосарий:
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.
Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі.
Тапсырма:
Үлесті сатушы өзге үлесті меншік қатысушылары мүлікті сатып алудан бас тартса немесе меншік құқығындағы сатылатын үлесті алмайтын болса өз үлесін басқа тұлғаға мынадай мерзімде сатуға құқылы:
Сатып алу басымдылық құқығы бұзылған жағдайда құқығы бұзылған ортақ меншіктің қатысушысы сот арқылы сатып алушының құқықтарын өзіне аударуды талап ете алады мына мерзім ішінде:
Егер міндеттеме орындалатын жер за”дарда немесе оны” шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, міндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру:
Тапсырма:
«Шарт», «міндеттеме», «мәміле» ұғымдарын түсіндіру.
Тапсырма: «Неке және отбасы» туралы Заңына сәйкес Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттірін кесте бойынша толтырыңыз.
Ерлі зайыптылардың
Құқықтары
Міндеттері
Тапсырма: Рольдік ойын. (Ролевая игра)
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі бойынша тапсырманы орындаңыз. (Төмендегі баптарды пайдалана отырып)
6-тарау. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері
29-бап. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің
туындауы
30-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі
31-бап. Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы
7-тарау. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен
міндеттері
§1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі
32-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңдық режимі ұғымы
33-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі
34-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену,
пайдалану және оған билік ету
35-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі
36-бап. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкін
олардың бірлескен ортақ меншігі деп тану
37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу
38-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде үлестерді
айқындау
Баланың құқықтары: Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі бойынша тапсырманы орындаңыз. (Төмендегі баптарды пайдалана отырып)
10-тарау. Баланың құқықтары
60-бап. Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы
61-бап. Баланың ата- аналарымен және басқа да
туыстарымен араласу құқығы
62-бап. Баланың өз пікірін білдіру құқығы
63-бап. Баланың атын, әкесінің атын және
тегін алуға құқығы
64-бап. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту
65-бап. Баланың ұлты
66-бап. Баланың мүліктік құқықтары
67-бап. Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау құқығы
Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі бойынша тапсырманы орындаңыз. (Төмендегі баптарды пайдалана отырып)
11-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері
68-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі
69-бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы
74-бап. Ата-аналардың баланы басқа адамдардан талап ету құқығы
12-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу
75-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру
76-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі
77-бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
78-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
79-бап. Ата-ана құқықтарын шектеу
80-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары
81-бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің күшін жою
82-бап. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер
төнген жағдайда баланы айырып алу
83-бап. Баланы айырып алуға байланысты істер бойынша
сот шешімдерін орындау
Мәнжазба тақырыптары:
1. Азаматтық құқығының реттеу әдістері.
2. Азаматтық субъекттілер құқықтықтың қатынастары
3. Меншіктің құқығы. Міндеттемелер.
4. Мәмілелер. Мәміленің түрлері
5. Отбасылық құқық және ҚР отбасылық заңнамасы
6. Некенің тұжырымы. Некені бұзу
7. Дербес, мүліктік құқық және ерлі-зайыптылардың міндеттері.
Блиц тесттер:
1. Неке шарты қандай нысанда жасалады?
А) Ауызша түрде және оны нотариат куәландыруға тиіс;
Б) Жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс;
С) Жазбаша түрде жасалады және оны сот куәландыруға тиіс;
D) Тек қана ауызша түрде;
Е) Дұрыс жауап жоқ.
2. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін...
А) 19 жас;
В)18 жас;
С) 13 жас;
D) ер 19 жас, әйел 20;
Е) 15 жас.
3.Некені қию, некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап қанша мерзім өткен соң жүргізіледі?
А) 1 ай;
В) 2 ай;
С) 3 ай;
D) 4 ай;
Е) 1 жыл.
4. Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке кімдер ие бола алады
А) ерлі-зайыптылар;
Б) ата-анасы;
С) балалары;
D) аға-інілері;
Е) бәрі де дұрыс.
5. Алименттер - ...
А) еңбек ақысы;
Б) міндетті болатын асырау қаражаты;
С) мемлекеттік органымен төленетін ақы;
D) сот органымен төленетін ақысы;
Е) АХАЖ органның міндетті асырау қаражаты.
Нормативті-құқықтық актілер:
1. Конституция РК. Алматы, 2000.
2. Гражданский кодекс РК (общая часть) 27.12.
3. Закон РК «О хозяйственных товариществах) от 14.07.1997.
4. Закон РК «О частном предпринимательстве» от 19.16.1997.
5. Закон РК «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью» от 22.04.1998.
6. Закон РК «О лицензировании» от 17.04.1995
7. Закон РК «О банкротстве» от 21.01. 1997.
8. Закон РК «Об акционерных обществах» от 10.07.1998.
9. Закон РК «Об авторских и Смежных правах» от 10.06.1996. Ю.Закон РК «О жилищных отношениях» от 16.04.1997.
10. Закон РК «Л рынке ценных бумаг» от 6.03.1997.
11. 3акон РК «О регистрации сделок с ценными бумагами в РК» от 5.03.1997. 13.Закон РК «Об инвестициях» от 8.01.2003.
УказПрезидента РК имеющий силу закона«О регистрации юридических лиц» от 19.06.1995.
УказПрезидента ПК имеющий силу закона «О банках и банковской деятельности» от 30.08.1995.
Закон Республики Казахстан «О браке и семье» от 17 декабря 1998г.
Конвенция о правах ребенка.
15- тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері
Практикалық сабақ жоспары:
Еңбек құқығының түсінігі, пәні жүйесі. Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастар
Еңбек шарты ( контракт)
Еңбек тәртібі. Тәртіптік жауапкершілік
Еңбек даулары
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі
Жәрдемақы,түсінігі және түрлері
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді еңбек құқығының негіздері мен түсінігі және жүйесі жөнінде білімдерін нығайту
Бақылау сұрақтары:
Еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастың субъектісі кімдер?
Еңбек шартының түрлері
Қандай жағдайда, қандай заңға сүйене отырып, жұмыс беруші жұмысшыныны жұмыстан шығара алады?
Тәртіптік жауапкершілікті қолданудың негіздемелері
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дегеніміз не?
Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері қандай?
Жәрдемақы түсініг түрлері қандай?
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі.
Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау қалай жүзеге асады?
Жұмыс бойынша кепілдік пен компенсацияларды қалай түсінесің?
Глоссарий:
Еңбек құқығы – жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек қатынастарын, жеке еңбекті қолдануға байланысты басқа да қатынастарды реттейтін құқықтың нормалар жиынтығы. Еңбек құқығының ең басты қайнар көзі- Заңдар, заң күші бар жарлықтар,Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары, ҚР Конституциялық кеңесі мен Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары, Министірліктер мен ведомоствалардың нормативтік құқықтың актілері.
Еңбек шарты- қызметкер өз мамандығы бойынша жұмыс берушінін актісін орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және басқа да заңдылықтармен және тараптардың келісімімен қарастырылған ақшалай өтемдерді төлеуге, еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жұмыс уақыты -Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес, еңбек міндеттерін орындауға міндетті уакыт болып есептеледі.
Мерзімінен тыс жұмыстар -Белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы- Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орыны мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы
Әлеуметтік қамсыздандыруға құқық- Қазақстан Республикасының азаматы үлкейген жасқа келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де занды негіздерде оған ең төменгі жалакы мен зейнетакының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуы.
Кестелер, тапсырмалар, жағдайлар
Еңбек шартының үлгісін жасау.
Жұмыс уақыты және оның түрлері бойынша кесте құрастыру
ҚР-дағы мерекелердің тізімі мен сипаттамаларын жасау
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
Еңбек құқығының субъектілері тақырыбына есеп шығару. Есеп шығару кезінде еңбек құқығының субъектілері туралы терең түсінік болу керек және ол субъектілерді студент ажырата білу керек.
Есеп. Жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдерін Білім департаменті жұмысқа алып, жұмыстан шығарады. Зауыт директоры мекеме жарғысына сәйкес қызметкерлердің жалпы жиналысында сайланып, жұмыстан шығарылады.
Аталған жағдайлардағы еңбек құқықтық қатынасының тараптары кімдер болып табылады?
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
Тақырып бойынша терминдік сөздік жасау. Терминдік сөздік тақырып бойынша кездесетін түрлі бейтаныс сөздер мен ұғымдардың мазмұнын ашуға және тақырып бойынша кеңірек мағлұматтар алуға көмек береді. Сол себепті мысалға, келесідей ұғымдарға глоссарий жасауға болады: жалақы, кепілдік, өтемақы, тариф, тарифтік кесте, тарифтік ақы т.б. Терминдік сөздік 10 жаңа сөзден кем болмау керек.
Мәнжазба тақырыбы:
Жәрдемақы, түсінігі, түрлері
Еңбек шартының құқықтық негідері
Еңбек құқығының пәні, жүйесі және қайнар көздері
Еңбекті қорғау
Еңбек заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі, қайнар көздері
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі
Блиц-тест
1.ҚР еңбек заңы қашан қабылданды
1999ж, 29 желтоқсан;
2000ж. 1 қаңтар;
1994ж. 27 желтоқсан;
1995ж. 1 наырыз;
1999ж. 24 желтоқсан.
2.Жеке еңбек шарты:
жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы процесс;
жұмыс беруші мен еңбек ұжымының арасындағы еңбек шарты;
жұмыс беруші мен өкілді орган арасындағы қатынас;
барлығы дұрыс емес;
жұмыс беруші мен кәсіподақтар арасындағы еңбек шарты.
3 14-16 жастағы қызметкерлер үшін аптасына қысқартылған жұмыс уақыты қанша;
30;
25;
18;
24;
36.
4 16-18 жастағы қызметкерлер үшін аптасына жұмыс уақыты қанша уақыт;
36;
42;
34;
20;
27.
5. Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақыты қанша.
36 сағат;
42 сағат;
41 сағат;
24 сағат;
38 сағат.
6. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға не жатады?
Адамның есімі, оның өмірінің құпиялығы, қадір – қасиеті, іскерлік беделі;
аттар мен ақшалар;
Бағалы қағаздар, мүліктер;
Авторлық құқық, өнертапқыштық;
Барлығы дұрыс.
7. Еңбек даулары қандай мемлекеттік органдарымен қкралуы мүмкін
Комитеттер;
Үкімет;
Президент;
Парламент;
Соттар.
8. Қ.Р Еңбек туралы заң неше баптан, тұрады:
215 бап;
4 тарау, 115 бап;
99 бап;
6 тарау, 118 бап;
109 бап.
9. Еңбек тәртібін бұзған үшін қандай жауаптылыққа тартылады:
Азамматтық;
Қылмыстық;
әкімшілік
Тәртіптік
Материалдық
10. Түнгі уақыттағы жұмыс;
22 сағғаттан бастап таңергенгі сағат 6-ға дейінгі уақыт;
12 сағат болу керек;
21 сағғаттан бастап таңертенгі сағат 6-ға дейінгі уақыт;
10 сағат болу керек;
22 сағғаттан бастап таңергенгі сағат 5-ға дейінгі уақыт

Приложенные файлы

  • docx 26555724
    Размер файла: 165 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий