Eсеп сұрақ


Сфералық ойыс айнаның қисықтық радиусы R=20 см белгілі. Айнадан а1 =30 см қашықтықта биіктігі у1 =1 см нәрсе қойылған. Кескінінің орны мен биіктігін у2 табу керек. Чертежін сызу керек.
Сфералық дөнес айнаның қисықтық радиусы R=60 см белгілі. Айнадан а1 =10 см қашықтықта биіктігі у1 =2 см нәрсе қойылған. Нәрсе кескінінің орны мен биіктігін у2 табу керек. Чертежін сызу керек.
Жарықтың сәулесі параллель жазық шыны пластинканың бетіне белгілі 30º бұрышпен түседі де, одан алғашқы сәулеге параллель болып шығады. Шынының сыну көрсеткіші 1,5 белгілі. Егер сәулелердің ара қашықтығы 1,94 см-ге тең болса, пластинканың қалындығы d қандай болады?
Шынының сыну көрсеткіші n –1,52- ге тең. Мына орталардың: 1) шыны-ауа; 2) шыны – су; 3) су – ауа; беттері үшін толық ішкі шағылудың шекті бұрышын табу керек.
Жарықтың сәулесі скипидар арқылы өтіп ауаға шығады. Осы сәуле үшін толық ішкі шағылу бұрышы 42º23´ белгілі болады. Скипидардағы жарықтың таралу жылдамдығы неге тең?
Монохромат сәуле призманың бүйір бетіне қалыпты бағытпен түседі де одан шыққанда белгілі 25° - қа бұрылады. Осы сәуле үшін призма материалының сыну көрсеткіші n=1,7. Призманың сындыру бұрышын γ табу керек.
Натрийдің сары сызығы (λ=5,89·10-7м) үшін бас фокус аралығы F2=16 см -ге тең, ал осы тоқын ұзындықтары үшін кварцтың сыну көрсеткіші n1= 1,504 және n2 = 1,458-ге сәйкес келеді деп алып, сынап спектрінің ультра күлгін сызығы (λ=2,59·10-7м ) үшін кварцтан жасалған линзаның бас фокус аралығын F1 табу керек.
Мына линзалардың: 1) радиустары R1 = 15 см, ал R2 = - 25см қос-дөнес линзаның, 2) радиустары R1 = 15 см, ал R2= ∞ жазық-дөнес линзаның, 3) радиустары R1 = 15 см, ал R2 = 25 см ойыс-дөнес линзаның (оң мениск), 4) радиустары R1 = -15 см, ал R2 = 25см қос-ойыс линзаның, 5) радиустары R1=∞, ал R2 = -15см жазық-ойыс линзаның, 6) радиустары R1=25см, ал R2 =15 см дөнес – ойыс линзаның (теріс мениск) фокус аралығын F табу керек. Линзаның материалының сыну көрсеткіші n=1,5.
Қос –дөнес линза бетінің қисықтық радиустары R1 = R2=50 см. Линза материалының сыну көрсеткіші n =1,5 –ке тең. Линзаның оптикалық күшін табу керек.
Оптикалық күші D =10 диоптрия ға тең қос – дөнес линзадан а1=15 см см жерде оптикалық оське перпендикуляр етіп биіктігі у1=2 см см-ге тең нәрсе қойылған. Пайда болған кескінің орны мен биіктігін у2 табу керек. Чертежін сызу керек.
Линзаның ауадағы фокус аралығын F1=20 см-ге тең деп алып, оның суға батырылғандағы фокус аралығын F2 табу керек. Линзаның сыну көрсеткіші n=1,6 тең.
Қалыпты көз үшін лупа k=10 үлкейту беру үшін, оны шектеп тұрған беттің қисықтық радиусы R1 = R2 неге тең болу керек? Лупа жасалынған шынының сыну көрсеткіші n=1,5.
Өлшемі S=10x30 см2 парақ қағаз, күші I=100 кд жарығынан жарықталынады. Онда да оған лампының шығаратын барлық жарығының 0,5% бөлігі ғана түседі. Осы парақ қағаздың жарықталынуын табу керек.
Френель айналарымен жасалған тәжірибеде жарық көзінің жорамал кескіндерінің аралығы 0,5 мм-ге тең болды, ал экранға дейінгі ара қашықтық L=5 м-ге тең болды. Жасыл жарықтағы пайда болған интерференциялық жолақтардың бір-бірінен қашықтығы 5 мм. Жасыл жарықтың толқын ұзындығын λ табу керек.
Ньютон сақиналары қисықтық радиусы R=8,6 м-ге тең жазық шыны мен линзаның арасында пайда болады. Монохромат жарық қалыпты түседі. Жасалынған өлшеулер арқылы төртінші қараңғы сақинаның радиусы r4 9 мм-ге тең болатындығы анықталынады (центрлік қараңғы сақинаны нольдік деп есептегенде). Түскен жарықтың толқын ұзындығын λ табу керек. Бақылау шағылған жарықта жүргізіледі.
Ньютон сақиналарын алу үшін берілген қондырғы қалыпты түскен ақ жарықпен жарықталындырады. Мыналарды: 1) төртінші көк сақинаның радиусын (λ1==4·10-5см) және 2) үшінші қызыл сақинаның радиусын (λ2=6,3·10-5м) табу керек. Бақылау өткінші жарықта жүргізіледі. Линзаның қисықтық радиусы R-ге тең.
Егер жарық көзінен толқындық бетке дейінгі қашықтық а=1 м болса, ал толқындық бетінен бақылау жүргізетін нүктеге дейінгі қашықтық b= 1м-ге тең және λ=5·10-7м –ға тең деп алып, Френельдің бірінші бес зонасының радиусын rk есептеп шығару керек.
Ені а = 2 мкм саңылауға толқын ұзындығы λ=5890ºАмонохромат жарықтың параллель шоғы қалыпты түседі. Жарық минимумдары байқалатын бұрыштарды табу керек.
Егер сынаптың көк сызығы (λ =5461ºА ) бірінші ретті спектрде α=19º8´ бұрыш арқылы көрінетін болса, онда дифракциялық тордың 1 мм ұзындығындағы штрихтардың саны N0 қанша болады.
Бірінші ретті спектрдегі λ=5890ºА үшін берілген дифракциялық решетканың бұрыштық дисперсиясынанықтау керек. Решетканың тұрақтысы d=2,5·10-4 см -ге тең.
Кейбір зат үшін берілген толық іштей шағылудың шекті бұрышы α =45º -қа тең. Осы зат үшін толық поляризацияның бұрышы неге тең болады.
Толқын ұзындығы λ=5890ºА жазық-поляризацияланған жарық шоғы исланд шпатынан жасалған пластинканың оптикалық осіне перпендикуляр бағытпен түседі. Кәдімгі және ерекше сәулелер үшін берілген исланд шпатының сыну көрсеткіші сәйкес nо=1,66 және nе= 1,49 – ге тең деп алып, кәдімгі λо және ерекше λе сәулелердің кристалдағы толқын ұзындықтарын анықта.
Егер поляризатор мен анализатордан өткен табиғи жарықтың интенсивтігі төрт есе кемиді десек, онда поляризатор мен анализатордың бас жазықтарының арасындағы бұрыш неге тең болады? Жарықтың жұтылуы есепке алынбайды.
Электр лампысындағы вольфрам спиралінің диаметрі d= 0,3 мм-ға тең, спиральдің ұзындығы l =5 см-ге тең. Электр лампысының кернеуі U=127 В тізбекке қосқанда сол лампа арқылы күші I=0,31 А-ге тең ток өтетін болды. Лампының температурасын T табу керек. Тепе-теңдік орнағаннан кейін лампының қылсымында бөлініп шығатын жылу сәуле шығарудың нәтижесінде жоғалып отырады деп есептейміз. Осы температураға деген абсолют қара дене мен вольфрамның энергетикалық жарқырауларының өз ара қатынасын k=0,31 –ға тең деп аламыз.
Егер жарық көзі ретінде: 1) электр лампысының спиралі (Т1=3000º К), 2) Күннің беті (Т2=6000 º К), 3) жарылған моментінде температурасы Т3= 10 млн. градусқа дейін жететін атом бомбасы алынса, онда энергетикалық жарқыраудың максимум спектрлік тығыздығына сәйкес келетін толқын ұзындығы спектрдің қандай облысында жатады? Сәуле шығаруды абсолют қара дененің сәуле шығаруына жақын болады деп аламыз.
Температурасы адам денесінің температурасына, яғни t=37 º -ға тең абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының максимум спектрлік тығыздығы қандай толқын ұзындығына λ сәйкес келеді.
Екі атомдық газ молекуласының кинетикалық энергиясы қандай температурада толқын ұзындығы λ=5,89·10-4 мм фотонның энергиясына тең болады.
Кейбір металл үшін фотоэффектің қызыл шекарасы λ=2750 ºА –ға тең. Фотоэффекті туғызатын фотон энергиясының минимал шамасы неге тең?
Жиілігі =2,2·1015 сек-1 жарықтың кейбір металдың бетінен жұлып алатын фотоэлектрондар толығымен U1 =6,6 В потенциалмен, ал жиілігі =2,2·1015 сек-1 жарықпен жұлып алатын U2=16,5 В потенциалмен кідіртіледі деп алып, Планк тұрақтысын h табу керек.
Ауданы S=100 см2 бетке уақыт бірлігінде W=63 Дж жарық энергиясы түседі. Берілген бет: 1) барлық сәулені түгел шағылдыратын және 2) оған түскен сәулелерді толық жұтып алатын жағдайларда жарық қысымының шамасын табу керек.

Приложенные файлы

  • docx 26530633
    Размер файла: 29 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий