сөж Ә.Кекілбаев


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Ә.Кекілбаев әңгімелеріндегі тақырыптық-көркемдік ізденістер Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері.  Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996), Парламент Сенатының депутаты (2002 жылдан), аудармашы. Ә.Кекілбаев (1939 ж туған) Романдар«Шандоз»«Аңыздың ақыры»«Үркер»«Елең-Алаң»«Конец легенды»«Плеяды – созвездие надежды»«Всполохи» Повестер «Бір шөкім бұлт»«Күй»«Бәйгеторы»«Шыңырау»«Бәсеке»«Ханша дария хикаясы»«Құс қанаты»«Бір шоқ жиде»«Шеткері үй» ӘңгімелеріАш бөрі»«Ең бақытты күн»«Ажар»«Жүнді барақ»«Ақ қайың»«Ор теке»«Ауыз»«Көлденең көк атты»«Есболай»«Тасбақаның шөбі»«Керек адам»«Міне, керемет!»«Ақырғы аялдама»«Галстук сатушы қыз»«Абылай хан» Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы қылып қойған жоқ, иманды, парасатты да етті. Шын мәніндегі Ғылым, Дін, Мәдениет Жазудың арқасында ғана пайда болды. Жазу арқылы адам өткен ұрпақтардың тәжірибесімен сусындады. Жазу арқылы Адам келер ұрпақтар алдындағы жауапкершілікті сезінді. Қажет десеңіз, адам шын мәніндегі адам кейпі мен болмысына жазудың арқасына жетті. Ә. Кекілбайұлы Әбіштің алғашқы әңгімелерінің қатарына 1964 жылы жазылған «Ең бақытты күн», «Аш бөрі», «Галстук сатушы қыз» тәрізді шығармаларын айтамыз. Әбекеңнің жас қаламгерлік шағынан жақсы хабар беретін мынадай бір мысал бар. Елуінші жылдардың ортасы... Содан кейін ол орта көлемдегі шығармаларға барлау жасап, «Шыңырау», «Бәсеке», «Күй», «Ханшадрия хикаясы» атты повестерін жазды. Әбіш Кекілбаев прозаға үлкен дайындықпен келді. Бұған алғашқы әңгімелері куә. Ол бірден-ақ қаламы төселген қаламгер ретінде көрінді. Баяндаудан бастау алып сөзбен сурет салуға көшу, тақырып-нысананы терең білу, бақылағыштық, сезімталдық, өмірге құштарлық – бәрі-бәрі сөз жоқ үлкен сөз шеберлерінен үлгілі дәріс алудан. Әбіштің қалам саптасынан ұлы М. Әуезов мектебінің сабақтары айқын көрінеді. «Ең бақытты күн», «Аш бөрі» «Галстук сатушы қыз» әңгімелері – аралары алшақ үш кезең – қазақ өмірінің елеулі белестерден үзіп алынған өмір шындықтары. Бірі оқырманды өткен ғасырға алып кетсе, енді бірі екінші дүниежүзілік соғыс аласапыранының қанды ортасынан, ер азаматтардың елге оралған сәтінен елес береді, ал үшіншісі қазіргі заманғы қазақ жастары тұрмысынан бір үзік көрініске жүгіндіреді. Жазушы алғашқы талпысында-ақ халық өмірінің іргелі көріністерін бедерлі бейнелеуге ұмтылған. З. Қабдолов: «Әңгіме – қиын жанр. Алдымен көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Оқушыны бірден үйіріп әкету үшін сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс». Ең бақытты күн әңгімесі «Ең бақытты күн» әңгімесі – оқушы көз алдына бір қарағанда өткен ғасыр тұрмысынан өзгешілігі жоқ өмір көрінеді. Әңгімеде күйкі қазақы тұрмыс, әйтеуір өлместің қамы, тірі болған соң жасалып жатқандай қимыл-әрекет бейнеленеді. Баяғы қазақ ауылының суреті. Автордың әр сөзінің астарында ұлттық иіс аңқып тұр. Бәлкім осы суретті бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы қазақ тұрмысы десе, нанғандайсыз... Қайран көнбіс халық бәріне де төзе білген. Торғын - қырқыншы жылдардағы қазақ келіншектерінің жиынтық бейнесі. Оның өмірі – соғыс алдында ғана отау тіккен жас шаңырақтың, өзге үйдің табалдырығынан аттаған жаңа ғана аттаған, жар құшағынан ұмсына беріп айырылып қалған келіннің өмірі. Жеңіске деген құштарлық адамды алға жетелесе, жеңіске жеткізген майдангер жар құшағына жету құштарлығы - ең бақытты сәт. Бұл бір ғана Торғынның ғана бақыты емес, бүкіл қазақ халқының бақыты. Әңгіме қазақтың ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірінен бір үзік сыр шертеді. Күйші өмірі талай толғамдарға сыймас ұзақ баян болары хақ. Ал, бұл әңгімеде күйшінің теңіз тамшысындай ғана ғұмыр дерегі ұсынылған. Әңгіменің тақырыбына келер болсақ, мұнда ұлы адамның ащы да қилы тағдыры жатыр. Халық та күйшінің кезінде аш бөріге балағандай. Бұған негіз болған – композитордың өзі шығарған «Аш бөрі» әні. Аш бөрі, жүрген жерім қанды майдан,Шыққан жоқ атқан оғым терең сайдан.Қазақта талай қатын ұл туғанмен,Дәл мендей ұл табады қатын қайдан? Әбіш әңгімелерінің негізгі нысаны – ауыл өмірі, ауыл адамдарының тұрмысы. Терең білетіні дала өмірі, дала тіршілігі болғандықтан суреткер қаламының сол жайларды бейнелеуге бейім тұруы заңды. Алғашқы әңгімелері мен кейінгі әңгімелерінің бір-бірінен табиғаттары бөлек. Алғашқы әңгімелерде сезім көлеңкелері мен ой-толғаныстар басым болса, бұл топтағы әңгімелерде Мүсіреповке тән юмор мен сатира сәулесі сезіледі. Қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың әңгімелерінің бірі «Тасбақаның шөбі» – классикалық туынды. Онда кемел әңгімеге тән хас белгілердің бәрі бар. Басы артық оқиға, эпизод, тіпті артық сөз жоқ. Әрбір сөз, сөйлем, детальдар – үлкен ғимараттың орнын тауып қаланған кірпіштеріндей. Оның үстіне әңнімедегі жанды сурет, бейнелі орамдар – өмірдің өзегіндей шынайы да нақты. Кейіпкерлері де өмірдегідей тірі адамдар, нағыз типтік бейнелер. Шығарма тақырыбы – жетпісінші жылдардағы ауыл өмірі. Жазушының ауыл өмірін терең білетіні сондай, бар жайды өз басынан өткендей мөлдірете көрсеткен. Әңгіме бастан-аяқ екі-ақ кейіпкердің тұлғасын сомдауға жұмсалған. Шығарманың қолға ұстатқандай болмысы екі персонаж төңірегінде, олардың замандастарымен өзара қарым-қатынасы және өмірімен бетпе-бет келтірудің нәтижесінде ашылады.Бұл кейіпкерлер – Оңбай мен Қарабала. Ә. Кекілбайұлының сатиралық әңгімелерінің бірі - «Міне, керемет!». Біреуінің ойы: «Аудандағы азғантай бастықтардың бірімін дейді. Жаман емес. Енді бір секірсе, бірінші бастықтың өзі болып кетуі де мүмкін. О баста аузымен орақ орған неме еді. Біраз жерге бармай қоймас». Екіншісінің ойы:«Бұл өзі жымиып жүріп-ақ шаруасын бітіретін жымысқы неме еді. Белді треске орынбасар боп апты. Аман болса астанадағы талай-талай жұмсақ креслоға бір-бірлеп отырып шығатын шығар». Пайдаланылған әдебиеттер:1. Ә. Кекілбайұлы. Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы. Әңгімелер мен хикаялар. 6-том. – Алматы: «Жазушы», 2010. – 320 бет2. Қадыр Жүсіп. Шың мен Шыңырау. Ә. Кекілбайұлының прозасы хақында (әдеби сын-зерттеу). – Алматы: «Арыс» 2000. – 134 бет

Приложенные файлы

  • pptx 26527477
    Размер файла: 131 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий