экономика жауап



1.Экономика қағидалары және олардың негізгі атқаратын қызметтері.
Экономиканың пәні ретіндегі ерекшелігі бірнеше анықтама арқылы сипатталады:
1.Экономикалық теория – экономикалық дамудың жалпы қағидаларын, заңдылықтарын және экономикалық жүйенің қалыптасу механизмін талдайды.
2.Экономикалық теория – адамдар арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді.
3.Экономикалық теория – ғылым ретінде экономикалық құбылыстардың стратегиясын және экономикалық саясат негіздерін зерттейді.
Экономиканың негізгі қағидалары:
1.Не өндіру керек.Берілген уақытта тауарлар мен қызметтердің қай түрі және қандай мөлшерде өндірілуін анықтау.
2.Қалай өндіру.Өндірілуі қажет тауарларды қандай технологиямен және ресурспен өндірілу керектігін анықтау.
3.Кім үшін өндіру.Тауарды сатып алушыны кімге арналғандығы және қалай бөлу керек екендігі анықталады.
Атқаратын қызметтері.
1.Танымдық.Экономикалық заңдар мен құбылыстарды оқу және түсіндіру.
2.Практикалық.Зерттелген нысандардың теориясын тәжірибеде қолдану және мемлекеттің экономикалық саясаты үшін негіз қалыптастыру.
3.Дүниетанымдық.Қоғам өміріндегі ғылыми анықталған көзқарастар жүйесін қалыптастыру.
4.Әдістемелік.Экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және әдістемелік түп нұсқалар құру.
5.Болжамдық.Экономиканың және жалпы қоғамның дамуына ғылыми болжамдар жасау.
2. Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формаларының тиімділігін анықтау.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары ҚР-ң Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпкерліктің ұйымдық нысаны – кәсіпорын серіктестерінің ішкі қатынастары мен мемлекеттік органдар ж/е басқа да кәсіпорындармен қатынастарда болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал мен оны тұтыну мүмкіндігінің болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы ж/е т.б.
Мемлекеттік кәсіркерлік – тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, сонымен қатар қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлықта болатын кәсіпкерлік.
Жеке кәсіпкерлік – жеке тұлғалар айналысатын бизнес түрі.
Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:
Бәсекелік ортаны қалыптастырады
Нарықты отандық тауарлармен толтыруға мүмкіндік береді
Халықты жұмыспен қамтамасыз етеді
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқық нысандары: 1. серіктестік: толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. 2. акционерлік қоғам. 3. мемлекеттік кәсіпорындар.
1.Толық серіктестік – қатысушылары кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серіктестік б.т. Т.с. құрылтай шарты негізінде құрылады ж/е әрекет етеді. Т.с.қызметі барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.
Сенім серіктестігі – серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір н/е бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік б.т.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – бір н/е бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік. Оның мүшелері қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.
Қосымша жауапкершілігі бар сер/к-тің қатысушылары серіктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен, ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.
2.Акционерлік қоғам – бұл өз қызметін асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Акция д/з-оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталында өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін ж/е оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акц/к қоғамды құру үшін сер/к келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы д.а.Бұл қордың мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.
3. Мемлекеттік кәсіпорындар. Бюджеттік кәсіпорынға-заңды, шар/қ дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемл/к бюджет арқылы өтеледі. Мемелекеттік корпорациялар-кең тараған түрі. Олар белгілі бір құқық суб/рі ж/е өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Олар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің эк/қ негізін мемл/к қорлар есебінен құрылатын өзіндік капитал, акционерлік капитал, пайда құрайды. Аралас компаниялар-акционерлік қоғам ж/е жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады.
3. Капиталдың мәні, капитал туралы әртүрлі көзқарастарға талдау жасау.
Капитал – бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.
Марстік теорияда өндіріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор. Марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.
Капитал дегеніміз:
Өндіріс факторы
Қызметтер мен тауарлар өндірісінде қолданылатын өндіріс құралдары мен ақша қорлары
Байлық көзі
Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зертеумен қатар, ол онын мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді.К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдайды. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті – станок, машина, шикізат т.б. түрінде. Сонымен Маркс теориясы бойынша: капитал – жұмысшылардың жалдамалы еңбегіне негізделген және қоғамның таптық сипатын көрсететін өз – өзінен өсетін құн. Бұл теория бойынша капитал әлеуметтік – экономикалық категория және ол үнемі қозғалыста болады.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы қезеңі деп тұжырымдады.
Заттық немесе натуралдық концепция: Капитал - өндіріс құрал –жабдықтары н/е сатуға арналған тауарлар.
А.Смит: Капитал – жеке адамдардың иелігіндегі қорларды тұтыну сипаттамасы. Бұл теория бойынша капиталдың басты қасиеті – өз иесіне табыс әкелу.
Д.Рикардо: капитал – ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары
Маршалл теориясы бойынша 2 түсінік бар:
А) Микроэкономикалық деңгейде капитал – қолдану тәсілі мен саласынан тәуелсіз табыс табыс табу үшін қолданылатын жеке тұлғалар байлығының бөлігі.
Б) Макроэкономикалық деңгейде капитал – материалдық игіліктерді өндіру үшін еңбек және жермен бірге пайдалануға болатын өндіріс құралдарының жиынтығы.
Дж.Кларк: Капитал – еңбекпен қатар өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің запасы дейді.
П.Самуэльсон: Капитал – ірі фабрикалардың дайын өнімі ж/е жартылай өңделген шикізат қоймаларының өндірістік құрал-жабдықтары ретінде анықтайды.
Ақшалай немесе монетарлық концепция: Капитал – процент әкелетін ақша.
Дж.Кейнс: Капитал – тиімді пайдалану арқылы көп мөлшерде табыс әкелу қабілеті бар байлық. Бұл жерде банктік пайыз алу үшін ақшалай нысанда сақталатын қаржы көздері қарасытырылады.
4.Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.
Осы заманда батыс экономикада шағын бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Шағын бизнес субъектілеріне 50адамнан кем емес және активтерінің бағасы 60 000АЕК жоғары емес кәсіпорындар жатады. Шағын бизнестің типтік нормасына франчайзинг мен венчурлік кәсіпкерлігі жатады. Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасайды. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылу жеңілдіктері болады.Шағын фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді ж/е қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып отырады. Венчурлік фирма – бұл ғылыми зерттеумен ж/е оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады ж/е консультация жүргізеді. Олар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Венчурлік кәсіпкерлік 2-ші дүнжүз.соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да п.б. Венчурлік фирма Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселені шешеді:
1.Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
2.халықтың материалдық ж/е қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;
Орта бизнестің рөлі аз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін н/е мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін. Ірі бизнес – көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан ж/е мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
5.Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:
A - T ... Ө ... T1- A1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
A - Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:
... Т1 - А1 -
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
Маркс теориясы бойынша капиталдың жалпыға бірдей формуласы: А – Т – А, А – Т – А/
Капитал айналымы – қозғалыс процесінде бір формадан 2-формаға айналып әр түрлі қызмет нәтижесінде бастапқы формасына өскен көлемде қайта оралуы.
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек. Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Ақшаның капиталға айналуынан капитал айналымы туады. Капитал айналымы – үнемі жаңарып отыратын процесс, яғни кәсіпкердің жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайталанып отыратын процесс, яғни кәсіпкердің жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келуі: А- Т – А, яғни осы формуланы өндіріс көлемінде мысал келтіретін болсақ: 1.ақша→2. өндірістік қорлар→3. аяқталмаған өндіріс→4.дайын өнім→5.ақша.
6.Өндірістік шығындардың жіктемесі және оларды төмендету жолдары
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген н/е өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады н/е саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді. Марксистік теория бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған сомасы болады. Шығындарды институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.Кларк ж/е Дж.А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар мәселелерімен айналысқан ж/е шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді ж/е қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұл еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі ж/е қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.
Кәсіпорын шығындарының жіктелуі:
Бухгалтерлік шығындар – өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындар және бұл шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылады:
Шикізат материалдарының құны
Жалақы
Амортизациялық төлемдер
Аренда
Салықтар
Бухгалтерлік шығындарды айқын шығындар ретінде қарастырамыз.
Экономикалық шығындар – кәсіпорынның өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқын емес шығындар:
Меншікті капиталға процент
Кәсіпкердің еңбегңне ақы төлеу
Тұрақты шығындар – өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өндіріс көлемін өзгертпейтін шығындар:
Амортизациялық төлемдер
Ренталық төлемдер
Сақтандыру төлемдері
Әкімшілік басқару шығындары
Өзгермелі шығындар – өнім көлемімен бірге өзгеретін өндірілген өнім санына тәуелді шығындар:
Шикізат пен материалдарға кеткен шығындар
Жалақы
Отынға және энергияға жұмсалған шығындар
Транспорттық қызметтерді төлеуге кеткен шығындар
Шекті шығындар – берілген өнім көлемімен салыстырғанда өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге кеткен қосымша шығындар. Тұрақты шығындар өзгеріссіз болғандықтан шекті шығындар өзгермелі шығындардың өсіміне тең болады.
7.Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі.
Экономика ғылымы қоршаған ортаны тану мақсатымен әр түрлі әдістерді қолданады ішіндегі ең маңыздысына жататындары: Ғылыми абстракциялық әдіс, талдау әдісі(анализ), біріктіру әдісі(синтез), индукция әдісі, дедукция әдісі, графиктік, тарихи.
Ғылыми абстракциялық әдіс – зерттелетін құбылыстың жеке, кездейсоқ және нақты жағдайларын ескере отырып, сол құбылыстың мәнін ашып көрсететін тұрақты жақтарын ерекшелеп көрсету. Экономикалық зерттеу әдістерінің ең маңыздысы — ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе — бүл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы түрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. К.Маркс айтқан болатын: «...экономикалық форматтарға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивті де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс». Көбінесе құбылыстың мәнін түсінуде, сол кездегі кездейсоқ, қосарланған кейбір жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтан да басты нәрсені шешіп алу үшін — мәселенің мәнін тоқып, оны терең қорытындылау, кедергі жасайтын, екінші дәрежедегі құбылыстардан дерексіздендіру қажет. Абстракциялық ойлау процесінде экономикалық категориялар (тауар, нарық, ақша, капитал, пайда және т.б.) калыптасады. Экономикалық категория — логикалық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қайсы бір қатынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық ілімдер тарихы адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалық категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады.
Талдау әдісі(анализ) – әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды немесе зерттелу объектісін жеке-жеке бөлшекке бөліп қарастыру және нақты қорытынды шығару. Мысалы, оған нарық сұранысының қалыптасу заңдылығын зерттеу барысында баға, тұтынушының пайдасы, олардың қалауы деген факторларды зерттеу жатады.
Біріктіру әдісі(синтез) – зерттелетін негізгі объектінің жеке бөлшектерін біртұтас қарастырып, нәтиже шығару. Яғни анализден бөлініп қаралған мәселе синтезде біртұтас болып қаралады.
Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез (жинақтау) тәсілі де қолданылады. Табиғатта да, қоғамда да зерттелетін құбылыстар мен процестер қасиеттер мен сипаттар жиынтығына ие болады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен құрамдас бөліктерге жіктеу кажет. Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жактарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын тәптіштеп тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Алайда құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез (жииақтау) дейміз.
Индукция әдісі – экономикалық ойлар қозғалысының нақты құбылыстарға байланысты жалпылама қорытындысын шығару.
Дедукция әдісі – жалпы құбылыстарды нақты экономикалық дәлелдерге байланысты қорытындылау.
Тарихи әдіс – әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды және тарихи даму кезеңдерін ұштастырып, жалпы нәтижені көрсету үшін логикалық тұжырым арқылы қорытындылау. Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін колданады. Осы тенденцияның дамуын айқындау үшін, құбылыс пен процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Демек, экономикалық ілімдер тарихи принципті басшылыкка алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып, экономикалық ілімдер тарихтың соңынан ілесе алмайды. Себебі, тарих кең жағдайда кездейсоқ факторлар, қым-қиғаш құбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс әрекетіне бой алдырады. Осы кездерде экономикалық ғылымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық ілімдер тарихы әдісінің ең маңызды принциптері – зерттеудің тарихи әдісі және логикалық әдістерінің бірлігі болып табылады. Логикалық әдіс – деп жазды Ф.Энгельс, – бұл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи дамудың кездейсоғынан басталған. Экономикалық ілімдер тарихы осы тарихи сатыдағы болмысты бейнелейді және «заңға сәйкес, шындықты тарихи процестің өзі беріп отырады».
Модельдеу – әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теорияда қалыптасқан үлгі бойынша зерттеу әдісі. Бұл әдісте кәсіпорынның шаруашылық байланысын тиімді жағынан көрсету материалдық модельдеу арқылы жүзеге асырылады.
8.Қаржы жүйесі, мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.
Қаржылар – салық салу процесінде және мемлекеттік шығындарды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасқан экономикалық қатынастар.
Қаржылық жүйе – барлық қаржылық қатынастардың жиынтығы.
Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің де экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм.
Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күшті, тәртіп сақтау күшін ұстап тұру, әлеуметтік – экономикалық функцияны жүзеге асыру үшін қолданылатын үкімет қолындағы орталықтанған ақшалай ресурстар қоры. Бюджет, осымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Мемлекеттің бюджет салық саясатының құралдарына төмендегілер жатады:
Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің көтере сатып алуы
Трансферттік төлемдер
Мемлекеттік қарыз
Дотация, субсидия, субвенция
Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі салықтар болып табылады.
Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың (АҚШ), республикалардың (Ресей) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Шығыста бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрінеді.
Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады.
9.Экономикалық заңдар мен категориялар. Экономикалық заңдардың әрекет ету ерекшеліктері.
Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар – барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-әрекетінен тәуелсіз емес. 8
Экономикалық зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезенде туындап, өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық зандарға орын береді. Әрдайым ескеретін жайт – ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды, тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз әрекетін тоқтатады.
Экономикалық заңдардың түрлері:
Құн заңы
Сұраныс заңы
Ұсыныс заңы
Уақыт үнемдеу заңы
Экономикалық категориялар – тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар-қоғамның экономикалық өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, бәсеке, табыс пен шығын, жалақы,сұраныс, ұсыныс және т.б.
10.Капитал айналымына түсінік және капиталдың қорлануы
Капитал айналымы – үнемі жаңарып,қайталанып отыратын процесс, яғни кәсіпкердің жұмсаған бастапқы ақша капиталының қайта айналып келу циклі. Капитал әр түрлі жылдамдықпен қозғалады, яғни өндіріс және айналыс уақытының ұзақтығына тәуелді. Капиталдың ауыспалы айналымы: бірінші сатыда ақшаны тауарға айналдырады және өндіріс құрал жабдықтарымен жұмыс күші сатып алынады. Екінші сатыда сатып алынған тауарлар өндіріс процесінде пайдаланылады. Үщінші сатыда өндірілген тауарлар ақшаға айналады.
Бүгінде Қазақстанда болып жатқан өтпелі кезең капиталдың алғашқы қорлануымен теңестіріледі. Алайда осы процестердің арасында толық сәйкестік жоқ, сондықтан ұқсастық шартты. Капиталдың алғашқы қорлануы түсінігі ең бірінші А.Смит еңбегінде кездескен, кейіннен Маркстің «капиталында» зерттелген. Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге-идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
11. Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни активтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу жүріп отыратынын көрсетіп отырады.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Капиталдың ауыспалы айналымы 3 сатыдан тұрады:
Ақшаны тауарға айналдыру, яғни өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алу.
Сатып алынған тауарлар өнліріс процесінде пайдаланылады.
Өндірілген тауар ақшаға айналады.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады. Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскен капитал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді. Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Ауыспалы айналым мен айналым арасында айырмашылық бар. Бір ауыспалы айналым уақытында фирмаға алғашқы авансыланған капиталдың тек бір бөлігі қайтарылады. Ал бір айналым уақытында фирмаға барлық бастапқы авансыланған құн қайтарылады.
Айналыстың көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құралдардың ақша формасына айналу шапшаңдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тіклей әсер етеді.
12. Жалақы: мәні, оның формалары және өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар.
Жалақы – бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін, яғни, физикалық жіне интеллектуалдық қабілетін пайдаланғаны үшін төленетін төлем.
Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар:
1.Жалақы – еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар – сұраныс және ұсыныспен анықталады.
2.Жалақы – жұмыс күші тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар – сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д.Рикардоның теорияларына негізделген. А.Смит еңбек пен жүмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті қүнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Ол жалақы дәрежесінің төмен және оның тіршілік минимумына өте жақын болуы жұмысшы табының ұйымшылдығының жоқтығымен байланысты дейді. Д.Рикардо да А.Смит сияқты жалақыны еңбек бағасы деп ұғынды. Д.Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күн көріс заттарының минимумына ұмтылады. Осыған орай жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жүмысшының отбасында табиғи өсімді (тууды) ынталандырады да, еңбекке деген ұсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыныстың қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне әсер етеді.
Жалақының негізгі екі типі бар: номиналды және нақты.
Номиналды жалақы – ақшаға шағып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет.
Нақты жалақы – жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды жалақының өсу үрдісі байқалады. Нақты жалақының динамикасы күрделі, өйткені ол тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде төмен ылғи өзгерісте болып отырады
Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік, апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Келісімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді. Жалақының бұл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір өлшем өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген өнім санына бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті және т.б. көрсеткіштеріне тәуелді. Жалақының дәрежесі мен динамикасы жалақыың мөлшеріне әсер ететін факторлар.
Еңбекақының көлемі келесідей факторлардан тәуелді болады:
1.Жұмыс күші, жұмыс күшінің құны: жұмыскердің өмірі, еңбек қабілеттілігін қамтамасыз ететін игіліктердің құны кіреді.
2.Жұмыскердің еңбек өнімділігінің артуы.
3.Жұмыскердің біліктілігі мен еңбектің сипаты.
4.Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
5.Жалақының әлеуметтену дәрежесі – еңбекақының бір бөлігі салықтар, зейнетақы, сақтандыру, т.б. қорлар арқылы мемлекетке өтіп отырады.
13. Экономикалық ресурстар. Экономикалық теориядығы ресурстардың сиректігі және шектеулілік мәселесі.
Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды:
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек. Экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл – тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірілген құрал-жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынадай үлкен категорияға бөлінеді:
1.Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;
2.Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Өндіріс процесінде ресурстар пайдаланылады. Ресурстар – материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Ресурстардың бес түрін ажыратуға болады:
1.Табиғи ресурстар – бұл адамның тіршілік етуінің табиғи жағдайларының барлық жиынтығының бір бөлігі, өндіріс процесінде пайдаланылатын қоршаған ортаның ең маңызды құрамдас бөліктері (топырақ, су ресурс\ры, пайдалы қазбалар);
2.Еңбек ресурстары – еңбекке жарамды жастағы халық, жұмыс күшіне ие адамдар;
3.Өндіріс құралдары (машина, жабдықтар) ж\е қоғам өндірістік процесс үшін бөлетін ақшалай қаражат түріндегі капитал;
4.Ақпараттық ресурстар – автоматтандырылған өндірістің қызмет етуіне ж\е оны компьютерлік техника көмегімен басқару үшін қажетті мәліметтер;
5.Кәсіпкерлік қабілет – басқа ресурстардың барлығын игіліктер мен қызметтер жасау мақсатында үйлестіру мен құрамдастыру бойынша әрекет түрінде көрінген адамдар капиталының айрықша түрі.
Ресурстардың абсолютті ж\е салыстырмалы шектеулігі ажыратылып жүр. Абсолютті шектеулік ретінде өндірістік ресурстардың қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін айтады. Егер қажеттіліктер шеңберін тарылтса, онда қажеттіліктердің абсолюттік шектеулігі салыстырмалы болады, өйткені кажеттіліктердің шектеулі шеңбері үшін ресурстар салыстырмалы түрде шексіз болмақ. Өндіріс процесінде ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады. Ресурстар өндіріс факторлары, өнім жасау факторлары ретінде көрінеді. Әрбір адамның өндірілуіне қажетті өзінің факторлар жиынтығы бар. Факторлар былай жіктеледі:
Өндіріс процесінде жүзеге асатын еңбекке деген қабілеттілігі бар адам ресурстары;
Табиғи ресурстар ж\е адамдардың бүкіл қызметінің нәтижесінде өзгеретін, олардан жасалатын материалдар еңбек заттары ретінде көрінеді;
Адамдар олар арқылы еңбек процесінде заттарға әсер ететін еңбек қызметінің жинақталған ресурстары (еңбек құралдары, жабдықтар) еңбек құралдары ретінде көрінеді.
14.Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалы капиталға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал — бұл өндіріс процесінде тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында ақшалай формада тұтас қайтады
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу – негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы, олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:
•жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде
•табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезеңде
•техникалық-өндірістік-тұтыну құнның жойылуы
•құндық-құнның жаңа өнімге көшуі
Моралдық тозу – бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдары құнының төмендеуінің нәтижесінде немесе олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моральдық тозудың екі түрі болады:
•еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі.
•құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентабелділігі жоғары болады.
15.Өндіріс және оның факторлары.Ұдайы өндіріс теориялары.
Өндіріс – бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатында табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі немесе бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара әрекеті арқасында жүзеге асырылады. Өндіріс факторлары – өндіру барысында, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету барысында дайындалатын негізгі компоненттер: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет, табиғат ресурстары. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер факторына кәсіпорындар алып отырған аумақ, пайдалы қазындылардың, су ресурстары мен басқа да ресурстардың көзі. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Еңбек – игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер. Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Жұмыс күші – адамның дене еңбегі мен рухани қабілетінің жиынтығы. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Бұл капитал факторлары ұзақ уақыт және сан қайтара пайдалануға икемді.Өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып отыруы – ұдайы өндіріс деп аталады.
Оның өзі екіге бөлінеді:
Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – өндірістің барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылуы. Ұдайы өндіріс процесі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу → өндіріс процессі → өндірілген тауарларды өткізу. Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды. Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді.
16.Ренталық қатынас теориялары.
Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента – кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін, жер немесе мүлік, капиталдан тұрақты алынып отыратын табыс. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді, сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады
Жер рентасы 2 негізгі формада болады: дифференциалды және абсолюттік. Дифференциалды рентаның өзі де екіге бөлінеді.
- Дифференциалды рента 1: жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.
- Дифференциалды рента 2: капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.
Дифференциалдық рентаның қалыптасу көзі: сапасы жақсы және орташа жер учаскелерінде жұмыс жасайтын ауыл шаруашылығындағы қызметкерлердің біршама өнімді еңбегі.
Абсолюттік рента – жер учаскілерінің өнімділігі мен орналасуына байланыссыз алынатын рента, ауыл шаруашылығындағы капиталдың өндірістік капиталмен салыстырғанды төмен құрылысымен байланысты.
Жерді иемдену (иелік ету) – жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер теліміне (учаскесіне) құқығын мойындау. Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипатталады, ол сатып алынады және сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:
Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %
Жер бағасы теориялық тұрғыдан осылайша анықталады. Тәжірибеде жер бағасы жер учаскесінің сұранысы мен ұсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып отырған мәселелер:
-жер рентасының нақты сандық анықталуы;
-жер рентасын қоғамдық мұқтаждықтар үшін пайдаланудың және алудың қағидаларын негіздеу;
-жер рентасын жер салығы және жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;
-жер учаскелеріне бағаны анықтаудың әдістемесін негіздеу.
Рента теориялары:
1.Маркс теориясы бойынша: рента – бұл жерге меншікті жүзеге асыратын экономикалық форма.
2.Петти теориясы бойынша: рента – қосымша өнім формасы, ал жердің бағасын капиталданған рента деп қарастырады.
3.Смит теориясы бойынша: рента – еңбек құн теориясы негізінде пайда сияқты еңбектің нәтижесі.
4.Рикардо теориясы бойынша: рента – жер санының шектеулілігі мен сапасының әр түрлі болуына байланысты төлем.
17.Капиталдың жинақталуы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
Жинақтар деп кейінге қалдырылған немесе осы мерзімде тұтынылмайтын табыстар бөлшегі аталады. Жинақтар табыстар мен ағымды тұтынудың айырымына тең болады. Жинақтар болашақтағы өндірістік ж/е тұтынулық қажеттіктермен байланысты процесс болып табылады. Сөйтіп, жинақтар инвестиция жасаумен байланысты экономикалық процесс, ағымды өндірістік ж/е тұтынулық қажеттер шығындарының пайдаланылмай қалған табыстары жинақталады. Инвестиция – жаңа өндірістік қуат пен капиталдық активтер жасау мақсатпен жинақтауды пайдалану. Инвестициялардың көзі жинақ болады. Бірақ мәселе мынада: жинақты жасайтын бір шаруашылық субъектілері болса, инвестицияларды басқа шаруашылық субъектілері жасауы мүмкін. Инвестициялар тұтыну сұранысымен қатар жиынтық сұраныстың екінші құрамы болып табылады. Осымен қатар жинақтар мен инвестициялар тиімді сұраныс көлеміне қарама – қарсы бағытта әсер етеді. Жинақтар сұранысты азайтса, инвестициялар оны көбейтеді. Көпшілік халықтың жинақтары инвестициялардың көзі болып табылады. Бірақ осы адамдар нақты игіліктердің өсуімен байланысты капиталдың салымын жасамайды. Қызмет жасайтын әр түрлі фирмаларда инвестицияның көзі болады. Осы жағдайда жинақтаушы мен инвестор бір тұлға болады. Инвестиция – мемлекеттік және жеке сектордың пайда табу мақсатымен пайдаланылатын ұзақ мерзімді салымдары. Инвестицияның құрамына машиналар мен жабдықтарды алуға, құрылыс – монтаж жұмыстарын жасауға, қорды арттыруға жұмсалған барлық шығындар кіреді. Бұл физикалық немесе нақты инвестициялар болып табылады. Бағалы қағаздарға қаражат салу қаржылық немесе портфельді инвестиция деп аталады. Нақты инвестициялар елдің өндірістік қуаттылығын арттырады, ал қаржылық инвестициялар меншік құқығын қайта бөледі. Егер жинақтау сұранысты қысқартатын болса, инвестициялар оны арттырады. Инвестицияларға жинақтау маңызды әсер етеді.
Негізгі және айналмалы қорлардың қызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі түрі бар:
1)Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:
Қор қайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.
2)Сыйымдылық (қор сыйымдылығы) көрсеткіштері:
Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіні қанша өнім шығарылады деген сұраққа жауап береді.
18.Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және тарихи үлгілері. Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі – қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір – бірінен экономикалық жағынан оқшаулануы, өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғышарт қажет. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды:
Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі: мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі, нәтижесінде осы тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті.
Екінші күрделі еңбек бөлінісі: ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы. Үшінші күрделі еңбек бөлінісі: жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шарушылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс ж\е сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок те болмас еді. Тауар өндірісінің екінші шарты тауар өндірушінің жеке меншігінің болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы адамдардың, табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, күнкөрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. Өндіргіш күштердің дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал – саймандарды жетілдіру, сол сияқты отпен пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша өнімі пайда болды. Ал қосышша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок қатынасының дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек. Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады. Еңбек бөлінісі алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған. Оның қарапайым түрі еңбектің жыныстық және жас мөлшері бойынша бөлінуі болды, ал мал шаруашылығы мен жерді игерудің басталуы алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Өндіріс құралдарының жетілдірілуі жеке дара шаруашылыққа өту мүмкіндіктерін ашты, сөйтіп бірлескен еңбек түрі біртіндеп жойыла бастады. Бұл арадан жалпы ортақ меншіктен жеке меншікке өту жағдайын айқын көруге болады. Жеке меншіктің пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісімен және айырбастың дамуымен тығыз байланысты. Ең бірінші жеке меншікте мал, өндіріс құралдары болса, кейіннен жер де жеке меншікке айналды. Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамдық еңбектің де түрлері күрделене түсті, ол өз кезегінде еңбек бөлінісінің күрделенуі және маманданудың өсуінен көрінеді. Белгілі бір еңбек түріне машықтанған мамандану әрбір өндірушіге өз дағдылары мен білімдерін белгілі бір тауар өндірісінде үлкен пайдалылықпен қолдануға мүмкіндік береді. Адамдар бір бірлері үшін еңбек етеді, яғни ол белгілі бір қауым ішіндегі қоғамдық еңбек сипатына ие болады, яғни олардың еңбегінің өнімдері рынокта сатылуы үшін өндірушілер арасында өзара айырбасқа түседі, сөйтіп еңбек өнімдері тауар сипатына ие болады да қоғамда рыноктық экономика негізгі тауар шаруашылығы орныға бастайды. Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалылығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады, басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар.
Тауарлы шаруашылықтың нарық типтеріне сәйкес бірнеше түрі бар:
1.Дамымаған нарықтық тауар өндірісі
2.Еркін нарықтық тауар өндірісі
3.Реттелетін нарықтық тауар өндірісі.
19Нарық: мәні, анықтау белгілері, негізгі қызметтері.
Нарық – өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.
Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.
Ұйымдасқан және монопольдық белгілер рыноктағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.
“Рынок белгілі бір өнімдер сатылып – сатып алынатын нақты алаң емес, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмілелер еркін жасалынатын, бағалар жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік,” - А. Маршалл.
Рыноктың атқаратын қызметтері:
1.Ақпараттық қызмет – нарық субъектілерін өндірістің қоғамдық қажетті шығындары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұл қызмет 1-ден тауарлар мен қызметтердің бағасына байланысты, 2-ден несиелердің пайыздық мөлшеріне байланысты.
2.Делдалдық қызмет – тауар иелері өндірушілер мен тұтынушылар арасында сату, сатып алу процесін жүзеге асырады.
3.Баға белгілеу қызметі – қоғамдық қажетті шығындарға қажеттіліктер мен өндірістің өзгеруін реттейтін құн мен баға арасындағы байланысты қалыптастырады.
4.Реттеуші қызметі – бағаға тікелей әсер ететін сұраныс пен ұсыныс қатынасын реттеуге негізделеді.
5.Сауықтырушы қызметі – бәсекелестік негізінде нарық субьектілерін бөледі, тиімді кәсіпорындар жұмыс жасап, тиімділігі аз кәсіпорындар нарықтан шығарылады.
Нарықтың тиімді қызметін жүзеге асыратын элементтер: ақпарат, жарнама, консалтинг.
Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтиды. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.
20.Ұдайы өндіріс теориясы. Ұдайы өндіріс типтері.Ұдайы өндіріс – өндіріс процесінің қайталанып отыруы. Ұдайы өндірістің 2 түрі бар:
1) Жай ұдайы өндіріс – өндіріс процесінің алғашқы көлемінде қайталануы, сол көлем мен санды, бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Яғни, қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді тұтынуға жұмсайды. Мұндай өндіріс кейбір латынамерикалық және африкалық елдерде басым.
2)Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – өндірістің барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылуы, тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметтердің өндірістегі белгілі бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері арасындағы тепе – теңдік сақталатын өндіріс процесі.Өндірілетін тауарлардың саны өндірістегі технологиялық әдістердің ерекшеліктеріне байланысты. Өндірістің технологиялық әдісі – өндіріс факторларын, яғни шикізаттар мен ресурстарды, белгілі бір өңдеу процестері арқылы дайын өнімге айналдыру. Өндірістік процесінде қолданылатын факторларды 4 негізгі түрге бөліп қарастырамыз:
1.Шикізаттар мен материалдар;
2.Басқа өнеркәсіптің өндірген тауарлары;
3.Еңбек күші;
4.Капиталды пайдалану.
К.Маркс ойы бойынша қоғамдық ұдайы өндірісте 2 бөлім бар:
1.Өндіріс құралдары өндіріледі: машина жасаушы өнім
2.Тұтыну заттары жасалынады: өмірлік қамтамасыз ететін сфера
W=c+v+m
W – қоғамдық өнім
C – өндіріс құралдары (тұрақты капитал)
V – жұмысшы күші (айнымалы капитал)
M – қосымша өнім құны
21.Нарық түрлері мен типтері, жіктелу ерекшеліктері.
Нарық – тауар өндірушілер мен сатып алушылардың арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы.
Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады:
1.Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа:
- тұтыну тауарлары, яғни азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары жатады.
– қызмет көрсету (тұрмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет).
– тұрғын үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыноктары жатады.
2.Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы:
- жылжымайтын мүліктер рыногы;
- еңбек құралдарының рыногы;
- шикізаттар мен материалдар рыногы;
- пайдалы қазбалар рыногы;
3.Қаржы рыногы. Оған:
-капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок;
-несие рыногы;
-бағалы қағаздар рыногы;
-валюта- ақша рыноктары жатады.
4. Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары).
5. Еңбек рыногы:
- еңбекпен қамту қызметі
- кадрлар, мамандар дайындау
- жұмыс күшінің миграциясын реттеу
- еңбек биржасы
6. Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық).
Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке. Бәсеке – нарыққа қатысушы субъектілер арасындағы экономикалық күрес. Жетілген бәсекенің белгілері:
- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз;
- рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ;
- өндіріс факторларының мобильділігі жоғары;
- рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ;
- ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсеке түрлері:
1.Таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері – монопольды баға мен монопольды пайда. Монополияланудың формалары: картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру, жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер.
2.Монопсония – белгілі бір тауардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымының типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольдік пайда алады.
3.Олигополия – өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті.
4.Монополистік бәсеке – дифференциялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды.
Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі , дербестігі, тәуелсіздігі. Сату түріне байланысты:
1.Көтерме сауда нарығы. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
2.Бөлшек сауда нарығы. Бұнда сатып алушылар жеке азаматтар. Географиялық жағдайына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік нарықтық. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, еркін, аралас нарық. Экономикалық міндетіне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, қаржы нарығы, құнды қағаздар нарығы.
22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
Макроэкономика – экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары, әртүрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макроталдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну ж/е т.с.с. ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро ж/е макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланысты. Макроэкономикалық талдауды 3 кезеңге бөледі:
І кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады.
ІІ кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады. Мысалы, бір ғана фирманың өнімі емес, ЖҰӨ; жеке банктің пайыз мөлшерлемесі емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесі.
ІІІ кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау ж/е жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсілмен зерттеуді қарастыратын ерекше ғылым.
Макроэкономикалық талдау ж/е саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айнымалылар (алғашқы, «сырттан» ендірілетін ақпараттар) бірқатары бар. Егер макроэкономика жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен немесе саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалық саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті экономика арқылы экономист «егер ... болса, онда ... болады» деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен ж/е сандармен салыстырылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды ж/е қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.
Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалырақ екенін білу үшін нормативті экономикалық талдауды пайдаланады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: «мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс», «осындай саясатты жүргізу оңды болады». Жалпы нормативті талдауды нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау деп айтсақ та болады.
23.Нарықтық экономикалық жүйе және оның элементтері.
Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы, мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі, экономикалық процестердің жиынтығы.
Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, экономикалық еркіндікке және нарықтық бәсекеге негізделеді.Жүйенің ерекшеліктері:
1.Жеке меншіктің көп болуы
2.Таңдау еркіндігінің болуы
3.Еркін баға белгілеу
Жабық экономикалық жүйе – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Нарықтың негізгі элементтері:
1. Өндіруші мен тұтынушы.
2. Сұраныс.
3. Ұсыныс.
4. Баға.
5. Бәсеке.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір – бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескереміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші – географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарықтық экономикалық жүйеде баға 3 басты қызметті атқарады: бағдар беруші, ынталандырушы, бөлу. Нарық экономикасының төртінші орталық буыны – екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты. Есептелу әдістері.
Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Макроэкономика – ұлттық экономиканың жалпы даму бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі.
Ұлттық байлық – бұл елдегі барлық еңбек арқылы жасалған және жинақталған материалдық игіліктердің жиынтығы.
Жалпы ішкі өнім - елдің аумағында орналасқан барлық отандық және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.
Жалпы ұлттық өнім - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.
ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім
ТҰӨ - жанама салық = Ұлттық табыс
Жеке табыс - жеке табыс салығы = қолдағы табысы
Қосымша құн әдісі:
ЖІӨ-ді есептеу барысында аралық және соңғы өнім ұғымдары пайдаланылады. Өндіріс процесінде жұмсалған тауарлар: шикізат, материалдар, жанар-жағармай ретінде қолданылса, онда ол аралық өнім, ал осы аралық өнімді пайдаланып өндірілген дайын өнім соңғы тұтынуға жіберілсе, онда ол соңғы өнім. Мысалы, ұнның құны піскен нанның бағасына қосылады.
Батыс статистикасында қайталама есептеуді болдырмау үшін қосымша құн көрсеткіші пайдаланылады. Қосымша құнға тек қарастырылып отырылған кәсіпорында өндірілген өнімдер мен қызметтердің ғана құны жатады. Басқаша айтар болсақ, егер өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалатын құнның бір бөлігі қосымша құнға жатады.
ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеу әдісі:
ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеуде төмендегі өлшемдер қолданылады:
Y = C + I + G + NX
С – үй шаруашылығының тұтыну шығыстары, олар азық-түлікке, киімге, демалысқа жұмсалған және дәрігер, адвокат, шаштараз және т.б. қызметтеріне кеткен шығыстар;
I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға және техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;
G - мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;
NX - таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.
ЖІӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі:
ЖІӨ-ді табыс бойынша есептеуде келесідей өлшемдер қолданылады:
Y = W + P + R + I + T + A
W- еңбек ақы; P - пайда;R - рента;
I - пайыз;T - салықтар;A – амортизациялық аударымдар.
ЖІӨ-ді табысы мен шығысына байланысты есептеуде төлем балансы мен бухгалтерлік баланстағы сияқты екеуі бір-біріне тең болуы қажет, ол кез-келген шаруашылық субьектілері табыстарына қарай шығын жұмсайды дегенді білдіреді.
C + I + G + NX = Y = W + P + R + I + T + A
ЖҰӨ-ді есептеудің негізгі 3 әдісі бар:
1.Табыс бойынша есептеу, яғни қоғамда жасалған барлық табыстардың сомасы ретінде.
2.Шығындар арқылы есептеу: тұрғындардың жеке тұтыну шығындары
-тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу
-инвестициялық шығындар
-таза экспорт
3.Қосылған құн бойынша анықтау. Мұнда ЖҰӨ елдегі барлық кәсіпорындардың өндірген өнімдерінің қосылған құндарының сомасы арқылы есептелінеді.
Ұлттық есеп жүйесінің 2 деңгейі бар:
1.Құрама есеп – ЖІӨ, ұлттық табыс қозғалысы, басқа елдермен жасалған операциялар көрсетіледі.
2.Бөлшектелген есеп – мұнда салааралық байланыстар, табыстардың қозғалысы және олардың бөлінуі мен тұтынылуы көрсетіледі.
25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері. Бір түріне талдау жасау.
Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы, мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі, экономикалық процестердің жиынтығы.
Экономикалық жүйе өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады ж/е экономиканы ұйымдастырудың нысаны б.т. Басты міндеті – шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі – ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсіліне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады. Экономикалық жүйенің мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық ж/е басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан екінші тұрпатқа өзгереді. Экономикалық жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы. Басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну, материалдық ж/е рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері, жинақтау мен тұтыну, т.б. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық – рыноктық ж/е мемлекеттік өндірістің сипаты ж/е өндіріс нәтижелерін иемдену. Экономикалық жүйе мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1) меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты: дәстүрлі, орталықтан басқарылатын жоспарлы, рыноктық, аралас экономикалық жүйелер.
2) өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде: дәстүрлі – қоғамдағы экономикалық қатынастар, әдет-ғұрыптарға негізделеді, либералды – қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым ж/е жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ, аралас – бірінші ж/е екінші типтердің элементтерінен құралады.
3) сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты: жабық, ашық экономикалық жүйелер. - Дәстүрлі экономикалық жүйе – барлық экономикалық сұрақтарды әдет – ғұрып, салт – дәстүр негізінде қарастырады және ортақ меншік қатынасына негізделеді. Ерекшеліктері:
Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
Техникалық прогресс шектеулі.
Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.
Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
- Әкімшілік – әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік – әміршілдік жүйеге бұрынғы Кеңестер одағы, Шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы, экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады:
Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.
Экономикада орталықтанған жоспарлау.
Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.
Орталықталынған ресурстар қоры.
Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталығының болмауы.
- Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықтық экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттің ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешімін таба алмайды. Нарықтық экономиқаға тән қасиеттер:
Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тұтынушылардың болуы.
Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін ұолмен мақсатқа қарай бағыттайды.
-Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйені пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеумен толықтырылады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесін сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға, қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
26.Нарықтық инфрақұрылым: мақсаты және негізгі түрлері.
Рыноктың инфрақұрылымы – рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы. Нарықтық инфрақұрылымның мақсаты – нарықтың дамуы мен қызмет жасауын реттеу және қызмет көрсету. Рынок инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі - жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі - көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік есептеу негізі - банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер. Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: несие жүйесі және коммерциялық банктер; тауар, қор, валюта биржалары; жәрмеңкелер, аукциондар; мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары; ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары; салық жүйесі және салық инспекциясы; сақтандыру жүйесі; кеден жүйесі; коммерциялық - көрме кешендері; кеңес беруші және аудиторлық компаниялар; қоғамдық және мемлекеттік қорлар; еркін арнайы экономикалық аймақтар.
Жәрмеңке – ол белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен миспозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Аукцион – рынокта өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату мақсат болып табылады. Мәжбүрлі аукцион – қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион – тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.
Биржа – сатушы мен сатып алушы мәміле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі мақсаты: нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдайды реттеу.
Нарықтық инфрақұрылымның негізгі 3 түрі бар:
1.Тауар нарығының инфрақұрылымы: тауар биржаларымен, бөлшек жіне көтерме сауда кәсіпорындарымен, жәрмеңкелермен, биржалық емес сипаттағы делдал фирмалармен көрсетілген.
2.Қаржы нарығының инфрақұрылымы: қор және валюта биржалары, банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлары.
3.Еңбек нарығының инфрақұрылымы: еңбек биржалары, жұмыспен қамтамасыз ету қызметі мен кадрларды қайта дайындау, жұмыс күшінің миграциясын реттеу.
27.Тауар және оның қасиеттері. Еңбек – құн теориясы.
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Тауарлы шаруашылықта қарастырылатын ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше түсінік бойынша сипатталады:
1.Маркстік теорияға сәйкес, тауар – сатуға дайындалған, адамға пайдалы еңбек өнімі.
2.Австриялық мектептің өкілі Менгердің түсінігі бойынша, тауар – айырбастау үшін өндірілетін ерекше экономикалық игілік. Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді.
Ал ол тауардың айырбасталу немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болсын бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді. Ол тұтыну бұйымдары не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері: ол негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты; тұтыну құны сол заттың шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз; тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Жоғарыда атап өтілгендей тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті айырбас құны болуы керек. Айырбас құны ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді. Мұнда біртектес тұтыну құндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракті еңбек түрінде көрінеді. Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап астыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны екінші бір тауар арқылы анықталады. Айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы әлем екіге бөлінеді: тауарлар және ақшалар. Сонымен, тауардың 2 қасиеті бар:
1.Тұтыну құны – адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
2.Айырбас құны – басқа тауарға айырбастау қабілеті.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Еңбек – құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше айырбасталынатын тауарлардың құнын анықтайтын еңбек шығындары түріндегі ортақ негіздері болады. Шекті пайдалылық теориясын қолдаушылар пікірінше, айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындарконцепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.
28.Ұлттық байлық және оның құрылымы
Ұлттық байлық – бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының, елдегі барлық еңбек арқылы жасалған және жинақталған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлікті( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлкі), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.
Шаруашылық қызметтің негізгі жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық қоғамдық өнім болып табылады. Оны бірнеше анықтауыштар көмегімен көрсетеді: жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).
ЖҰӨ – елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны.
Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент. Барлық факторлық табыстардың сомасын көрсетеді.
Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс пен жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.
ЖІӨ – фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық көлемі. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. Мысалы, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.
Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс.
Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған - алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады.
Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.
Таза ұлттық табыс – бұл көрсеткіш қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді. ТҰТ – ЖҰӨ-нен амортизацияны алып тастағанға тең.
ЖҰӨ мен экономикалық тұрмыс арасында тікелей байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экономикалық тұрмыс жоғары болады.
29.Ақшаның пайда болуы, мәні және негізгі атқаратын қызметтері.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың
ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты.
Ақша – тауар мен қызметтерге айырбасталатын жалпыға бірдей эквивалент.
Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас сауданың даму процестерімен, шаруашылықтың нарықтық формасының нығаюымен байланыстырады. Айырмашылықтары ең алдымен тауар табиғатын түсіндіруде жатыр.
К.Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын құн формасының, яғни ауыспалы құн формасының дамуымен байланыстырады. Ол форма төртеу – жай немесе кездейсоқ; кездейсоқ немесе жан-жақты; жалпылама; ақшалай.
Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквивалентті алтын болды. Ақша сөйтіп, айырбас пен құн формасының ұзақ даму процесінің нәтижесінде пайда болды.Тауар әлемі екі полюске бөлінді: бірінде тауардың жалпы массасы, екіншісінде бір ғана тауар – ақшаның рөлін атқарған алтын. Маркс бағаны құнның ақшалай формасы деген. Маркстің теориясында ақша рөлін металдар – алтын мен күміс атқарған. Бұл 19ғ.аяғы мен 20ғ.басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді. Алтынның ақшаның рөлін атқаруға 3 себебі боды:
1.Сақталымдылығы;
2.Портативтілігі (шамалы көлемінде жоғарғы құндылықтыңболуы)
3.Экономикалық бөлінуі (алтын құймасы,яғни салмағы жағынан екіге бірдей бөлінген бөліктер құймасының құны дәл есеге азаяды).
4.Алтынның салыстырмалы түрде табиғаттағы сиректігі. Қазір алтын ақшаның рөлін атқармайды. Осы арада К.Маркстің ақшаның қызметтерін жіктеуін қарастыруға болады.
Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады (ең алдымен төлем құралы және айналыс құралы ретіндегі).
Ақша негізгі бес қызметті атқарады:
1.Тауарлар құнының өлшемі – тауарлардың айырбас құнын алтын мен күмістің белгілі бір санында көрсетуі, яғни тауар бағасын белгілеу.
2.Айналыс құралы – ақшаның қолма – қол түрінде нақты тауар айырбасында делдалдық жасауы.
3.Қор жинау құралы – ақша айналысын тоқтатып, белгілі бір мақсатқа жинақталуы.
4.Төлем құралы – қолма – қол ақшаларды қарастырмай қарызды жабуды өзара есептесу мүмкіндігі.
5.Әлемдік ақшалар – алтын немесе өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта.
20ғ.ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде алтын ақша жоғарыда аталған бес қызметті атқаруын қойды. Еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбеді; ешбір елде алтын ақша ретінде айналыста болмады; алтын төлем құрамы қызметін де атқармады. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар-доллар,евро,иена және т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен, алтынның айналыстан шығуы және оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқаруын доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын сұраққа тап боламыз. Қазіргі ақшалардың мәні, жалпы табиғаты қандай? Өйткені кімге де болса да анығы қазіргі уақытта асыл металл – ақша емес, қағаз ақша – ақша. Ақшаның бар болуы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты?
Батыстық экономикалық теорияда бұл сұрақ бойынша пікірталас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды. Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен айырылатын болса, онда оның бағалылығы төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралы мәселемен тығыз байланысты.
30. Жұмыссыздық және оның түрлері.
Жұмыссыздық - еңбек рыногының бөлінбес элементі болып табылады. . Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.
Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.
Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.
Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.
Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)
Жұмыссыздықтың негізгі формалары:
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:
-жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;
-жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.
Қазақстанда экономикалық реформалардың бастауынан ашық жұмыссыздық өсе бастады, бірақ онымен қатар жасырын жұмыссыздық та орын ала бастады.
Қазақстандағы еңбек нарығында ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.
Құрылымдық және циклдық жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетін жоғалтады.
31.Шектеулі ресурстар жағдайындағы таңдау мәселесі.
Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері өндірісте қолданылатын ресурстардың сиректігімен шектелінеді. Олар қоғамның дамуымен бірге сақталынып қана қоймай, сонымен қатар өсе түсуде. Бұл шектеулі табиғи ресурстардың сарқылуына, жаңа тауарлар мен қызметтердің өндірісті дамытуға жаңа серпілістерінің төмендеуіне әкеледі. Өз ретінде тауарлар мен қызметтердің сапалы сипаттамасы өзгеріп, тұтыну тауарлары мен инвестицияларға деген қажеттілік өседі. Бірақ ресурстар шектеулі болғандықтан, қоғам таңдау жасауы қажет. Таңдау жасай отырып,қоғам біреуінен бас тартуы керек, күткен нәтижеге жету үшін құрбандыққа баруға тура келеді.
Егер де экономикалық ресурстар тұрғын үйлерді салуға пайдаланылса, онда олардың ақшалай құнын жерге, материалдарға және жұмыс күшіне деген шығындар құрайды. Балама шығындар аурухана, мектеп, кітапхана, офистерді салуға жұмсалатын шығындар болады, олар сол экономикалық ресурстардың есебінен салынуы мүмкін. Қоғам барлық ресурстарын дерлік тұрғын үйлерді салуға жұмсауы мүмкін. Сонымен бірге түрғын үйлер мен ауруханаларға және басқа да ғимараттардың құрылысына жұмсалатын шығындар балама шығын емес, өзара бірін-бірі толықтырушы болады.
Егер де көп түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылатын әрбір фактор шектеулі болса, онда оларды қолданудың баламалық нұсқасын табу мен өндіріс факторларының ғылыми үйлесімділігін іздеу мәселесі орын алады.
Бұл мәселенің көрінуі экономиканың басты үш сұрағын анықтаумен байланысты:
1.Не өндіру керек? – Мүмкін болатын тауарлар мен қызметтердің қайсысы сол экономикалық жүйеде өндірілуі керек және қандай уақыт кезеңінде.
2.Қалай өндіру керек? – Мүмкін болатын нұсқалардан таңдап алынған тауарлар мен қызметтер өндірістік ресурстардың қандай комбинациясында қандай технологияны қолданып өндірілуі керек?
3.Кім үшін өндіру керек? – Таңдап алынған тауарлар мен қызметтерді кімдер сатып алады, кімдер пайдалана алады, ол қалай пайда болады?Осы тауарлар мен қызметтер өндірісінен түсетін қоғамның жиынтық табысы қалай анықталуы керек?
32. Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
Инфляция термині латынша – inflatio - қазақша- ісіну , қампаю дегенді білдіреді. Түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген.
Инфляция – өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.
Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады.
Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.
Дүниежүзілік тәжірібиеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
- экономиканы қамтитын аумағына байланысты – жергілікті және әлемдік инфляция.
- жүру қарқынына байланысты - біркелкі (баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы (бір қалыпты емес) инфляция.
- даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция (ползучая), онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа есеппен 5-10 %-тен аспайды; қарқынды инфляция (галопирующая)- онда бағаның өсуі орта есеппен 10 %-н 50%-ға дейін жетеді. Кейде бұл инфляцияның жоғарғы көлемін көптеген ғылыми әдебиеттер 100 % жеткізеді; ұшқыр иифляция (гиперинфляция) - онда бағаның өсуі жылына 100 %-тен асады; Халықаралық Валюта Қоры баға айына 50%-ға өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыры (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен және өндірістің құлдырауымен ұштасса, ондай құбылысты «стагфляция» деп атайды.
Инфляцияның тауар бағаларының өсуінен көрінуіне байланысты инфляцияны ашық және басыңқы деп бөледі.
Ашық инфляция – бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді.
Басыңқы инфляция – тауар тапшылығында, өнім сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтаудан көрінеді.
Инфляцияға әсер ететін:
І топтағы ақшалай факторлар: ақша айналымының бұзылуы, ұлттық валютаның қозғалысын шектеу.
ІІ топтағы ақшалай емес факторлар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылық механизмінің шығындылығы, салық саясаты, баға саясаты, мемлекеттің экономикалық саясаты.
33. Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады.
Ұсыныс – тауар өндірушілердің нарықта сатуға дайын, бағасы белгіленген тауарлар жиынтығы.
Ұсынысқа әсер етуші бағадан басқа факторлар:
1.Нарықтағы сатушылардың саны
2.Ресурстардың бағасы
3.Жаңа технологияларды пайдалану
4.Басқа тауарлар бағасының өзгеруі
5.Салықтар және жәрдемақылар
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы – басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді. Яғни, баға мен ұсыныс арасындағы тура байланысты көрсетеді.
Ұсыныс қисығы................................................
Тауардың бағасы өскен сайын, сол саланың тартымдылығы артады, сол салада алынатын пайда өседі, бұл өндірісті ұлғайтуға мүмкіншілік береді.
Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен ұсыныс қисықтары болады және көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.
Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:1) тауар өндірісінің шығындар шамасы, яғни шығын жоғарылаған сайын ұсыныс көлемі төмен болады. 2) нарықтағы сатушылардың саны. Берілген тауарларды өндірушілер санының өсуі ұсыныс көлемінің өсуіне әкеледі.3) басқа тауарлар бағасының өзгеруі. Ұқсас бір тауар бағасының өзгеруі, екінші тауар ұсынысын бір уақытта өзгертеді.
4) Салықтар ж/е жәрдемақылар. Салықтарды төмендету ж/е жеңілдіктерді қысқарту өндірістегі шығындарды азайтады ж/е ұсыныс жоғарылайды.34. Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.
Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясымен қатар халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теориясына жатады. Экономикалық цикл мерзімдік ауытқуларды қарастырады, оның себептерін зерттейді. Цикл – бұл материалдық әлемнің әмбебап және абсолюттік құрамы.
Экономикалық цикл дегеніміз – бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері:
-автономды инвестициялардың таусылуы
-ақша массасының ауытқуы
-негізгі капиталдың жаңартылуы
-мультипликатор әсерінің әлсіреуі
-көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп - тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы.
К.Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт сатысын бөліп қарастырды. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу.
Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер:
-тауар артықшылығы
-бағалардың төмендеуі
-жұмыссыздықтың артуы
-өндіріс көлемінің кысқаруы
-пайыз мөлшерлемесінің өсуі
Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер:
-өндіріс құлдырауының қысқаруы
-тауар қорының көбейюуі
-жаппай жұмыссыздық
-төмен жалақы
-пайыз мөлшерлемесінің төмен деңгейі
Жандану сатысына тән ерекшеліктер:
-құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі
-өндіріске инвестицияның келуі
-тауарлар бағасының өсуі
-жұмыссыздық мөлшерінің аздап болсын қысқаруы
-халықтың табысының біртіндеп өсуі
Өрлеу сатысына тән ерекшеліктер:
-өндірістің құлдырауға дейінгі мөлшерінен артуы
-тауарлар бағасының жоғарлауы
-жұмыссыздықтың қысқаруы
-жалақының көбеюі
-несиеге деген сұраныстың артуы
35.Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері.
Қоғамдық шаруашылықтың өндірісті экономикалық ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты 2 түрі қарастырылады:
1.Натуралды шаруашылық
2.Тауарлы шаруашылық
Натуралды шаруашылық – адамдардың өнімді өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында өндіруі. Бұл шаруашылықтың негізгі ерекшеліктері:
1.Шаруашлық қол еңбегіне негізделген
2.Айырбас және нарықтық қатынастар қарастырылмайды
3.Өндірістік күштердің ұйымдастырылуы қарапайым жүргізіледі.
4.Нені, қалай, кім үшін өндіру мәселелері шаруашылық иелерінің шешім қабылдауына байланысты болады.
5.Өндіру, тұтыну принциптері арасындағы байланыс тұрақты болып келеді.
Не, қалай және кімдер үшін өндіру сияқты өзекті мәселелерге шешімдерді өз шаруашылығының (патриархалды жанұяның) талабына сәйкес, шарушылық иелері (жұмыскерлер) шешеді. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан дәстүрлер мен көсемдердің шешімдері басты рөл атқарды. Натуралды шаруашылықтың “өндіру-тұтыну” принципі (яғни, айырбас пен қоғамдық бөлудің болмауы ) өз өміршеңдігін көрсетті, оның элементтері біздің қоғамымызда микро және макро деңгейде кездеседі. Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа бау-бақша жеріндегі жұмыс, саяжай мысал бола алады. Ал, макро деңгейдің мақсаты- бір елдің шеңберінде өздерін қамтамасыз ету болып табылатын, шетелдер мен жабық жағдайдағы шаруашылықты құруға бағытталған автархия саясаты мысал бола алады.
Мұндай саясат елді әлемдік нарықтан шектетіп экономиканы мешеулік күйге түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта болады.
Тауарлы шаруашылықтың нарық типтеріне сәйкес бірнеше түрі бар:
1.Дамымаған нарықтық тауар өндірісі
2.Еркін нарықтық тауар өндірісі
3.Реттелетін нарықтық тауар өндірісі
Натуралды шаруашылықтан тауарлы шаруашылыққа көшудің негізгі алғышарттары:
1.Қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы. Еңбек бөлінісіне сәйкес өндірушілердің сапалы өнім өндіруі үшін мамандандарылған еңбек қажет. Қоғамдық еңбек 3 сатыда қарастырылады:
1.Мал шаруашылығынан егін шаруашылығы, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.
2.Егіншіліктен қолөнер, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.
3.Өндірістен сауда бөлініп шығады, көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.
Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып, рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады. Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар – тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар.
Натуралды шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жағдайын сипаттайды. Натуралық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түріне сәйкес шаруашылық өмірдің тұйықталуы жатады. Натуралды шаруашылық жүргізуде өнім жеке адамның немесе көпшілік біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Бірақ, дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде, көбінесе, біріккен еңбектің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәніне негізделеді. Сөйтіп, бірлескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп, шаруашылық жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына себебін тигізеді. Натуралдық нысандағы еңбектің әр қилы түрлері және шаруашылық жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі, қандай да болмасын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатқа ие, өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін анағұрлым жетілген нысандарға орын беріп, құлдырауға түсті. Натуралдық шаруашылықтағы бөлу, айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес. Тарихи тұрғыдан шаруашылық жүргізудің келесі дами түскен нысаны ретінде тауарлы өндіріс пайда болды. Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып,өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келеді.
36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Экономикалық өсу – бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі, ұлттық экономикадағы ұдайы өндіріс процестерінің сандық және сапалық деңгейіне көрсеткіштер болып табылады. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-нің артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экономикалық өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экономикалық өсу – бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты ЖІӨ-нің өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі болып табылады. Экономикалық өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экономиканың жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары – экономикалық өсудің түпкілікті элементтері. Экономикалық өсу факторлары былай бөлінеді:
1.тұрғындар.
2. капитал салу.
3.инновациялар.
4.сыртқы айырбас.
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:
1.еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру.
2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру.
3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру.
4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату.
5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру.
Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экономикалық өсуді екі негізгі типке бөледі:
1.экстенсивті – сандық қатынастар деңгейінің өзгеруімен анықталады.
2.интенсивті – көбінесе сапа жөнінен анықталады.
Интенсивті экономикалық өсу – өндіріс факторларының бір қалыпта қалып, техника мен технологияның сапалық көлемімен дамуы.
Экстенсивті экономикалық өсу – керісінше, техникалық, технологиялық базасы бір қалыпта қалып, өндірістік фактор есебінен қосымша қосу арқылы өсуі.
Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. Қазіргі уақытта экономикалық өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байланысты екі типтің біріне жатқызады. Егер де нақты ЖҰӨ-нің өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%-дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.
37.Нарықтық баға және оның функциялары.
Баға дегеніміз құнның ақшалай формасы. Бағаның қалыптасуына неоклассикалық теория бойынша бірнеше сипаттама беріледі:
1.тауарға сұраныс пен рыноктағы ұсыныс әсерінен баға қалыптасады.
2.сұраныс тауар тиімділігімен анықталады.
3.тиімділік тауардың қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыруын білдіреді.
4.тауарды ұсыну оны өндіруге кеткен шығынға байланысты болады.
5.өндіріс шығындары берілген тауарларды өндіруде жұмсалған ресурстардың шығынын анықтайды. Нарықтық тепе-теңдік баға әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижесінде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады. Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетсе - мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз – ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
- Есептік өлшемдік;
- Қайта үлестіру;
- Ынталандыру;
- Баланстық н/е теңестіру;
- Өндірісті орналастыру.
Есептеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді. Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен жүргізілуі мүмкін. Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі ж/е әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы. Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізіледі.
Тепе – теңдік баға – баға мен тауар мөлшерінің өзгерістері теңескен жағдайдағы сату және сатып алу мөлшері бірдей болатын, сұраныс ұсынысқа тең болған жағдайдағы баға.
38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
1.ЭМР эк.тұрақтылық пен орнықт-ты қолдау ақсатында мемл-ң эк.проц-ге ұйымдаст-қ & құқ.жағынан араласуы;
2.ЭМР эк.дамыту мен әл.жағдайға бейімдеу мақсатында мемл-ң жүзеге асыратын заңшығ-қ,атқ-қ,бақылаушы сипатындағы қызметі.
Мемл-ң атқ қызметі:
-әскери қауіпсіздік
-сот билігі
-қоғамдық мәселе
Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.
Мемлекеттік реттеу нысаны – экономиканы реттеуді ұйымдастыру тәсілін, яғни реттеу құралдарының (нормалар, әкімшілік заңдар, стандарттар, ереже, шарттар) жиынтығын білдіреді.
Пайдаланылатын мемлекеттік реттеу нысандарын мынадай топтарға жіктеуге болады:
-Заңды-құқықтық реттеу. Экономикалық жүйенің қызмет етуінің жалпы қағидаларын, ұлттық экономикадағы және дүниежүзіндегі өндірістік, әлеуметтік қатынастардың қызмет етуін анықтайтын заңдардың, олардың механизмдерінің жиынтығы.
-Қаржы-несиелік реттеу: бюджеттік-салықтық және ақшалай-несиелік реттеу нысандарынан құралады.
-Әкімшілдік реттеу: әкімшілдік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әкімшілдік реттеу нысандарына бөлінеді. Бұл реттеу нысаны үкімет шешімдері, бұйрықтары, үкімдерімен байланысты. Әкімшілдік реттеудің негізгі құралдарына нормативтер, қатаң ережелер жүйесі жатады.
-Тікелей мемлекеттік басқару: жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.
-Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді.
-Баға арқылы реттеу. Рыноктық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады.
-Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады.
39.Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Сұраныс – рыноктың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы. Сұраныс заңы – басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады, баға мен сұраныс арасындағы кері байланысты көрсетеді. Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар:
1) Тұтынушылардың саны.
2)Табыс деңгейі.
3)Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.
4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі.
Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар:
1.тұтынушылар талғамының өзгеруі
2.табыстың өзгеруі. Тұрғындардың табысы жоғарылаған уақытта сапалы тауарларға сұраныс өседі ж/е сапасыз тауарларға сұраныс азаяды,
3.нарықтағы сатып алушылардың саны. Сатып алушылардың саны көп болған жағдайда сұраныстың көлемі артады. Бұл жағдай сатып алушылардың жас шамасына, ұлтына байланысты болады.
4.балама тауарлар бағасының өзгеруі. Егер ұқсас тауарлардың біреуінің бағасы өскен не төмендеген кезде екіншісіне деген сұраныс көбейеді. Егер бірін – бірі толықтыратын тауарлардың біреуінің бағасы жоғарылаған не төмендеген кезде екіншісіне сұраныс сәйкесінше өзгереді.
5.Қолайлы жағдайларды күту.
40.Несиенің мәні және формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
Несие ақшалай не тауарлы нысанда қайтарылымды және өсімді төлем шартына негізделген қарыз.
Несие сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп және сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім – бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады. Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек: несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.
Коммерциялық несие төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның обьектісі-тауарлық формадағы құралдар. Мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету.
Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады. Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді.
Халықаралық несие – бұл ссудалық капиталдың халықаралық экономикалық қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы н/е ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие беруші де, несие алушы да бола алады.
Мемлекеттік несие – мемлекет несиені халыққа ж/е жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады.
Тұтынушы несие – жоғары процентте(30%) көбіне анықталған мерзімге(1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға берілді. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы н/е банк ссуда беру түрінде жүреді.
Кепілдік несие – несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі обьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету ж/е теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Ақырғы мақсат:
1.экономикалық өсу
2.толық жұмысбастылық
3.бағаны тұрақтандыру
4.төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
1.ақша жиыны
2.пайыз мөлшерлемесі
3.айырбас курсы.
Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күні негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.
41. Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлері.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан іс қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономиакалық күрес, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір бірімен күресі. Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Артықшылықтары:
-қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
-тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
-тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
-өндірушілерді көп түрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандырылуы.
Кемшіліктері:
-ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер,теңіз, мухит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
-қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
-ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
-фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
-еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
-әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарықтағы жағдайға байланысты бәсеке әр түрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни нарықтық мәмілеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде нарық субъектілері аралас нысандағы нарықтық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды. Жетілген бәсеке өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауарлар өндірушілердің арасындағы күрес. Жетілген бәсеке – нарық қатысушыларының еркіндігін көрсетеді және бәсекенің бірнеше шарттарын қарастырады:
1-шарты: сатушылар арасындағы бәсекенің болуы
2-шарты: сатып алушылардың арасындағы бәсекенің болуы
3-шарты: сатушы мен сатып алушының арасындағы бәсекенің болуы
Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай нарықтық құрылым жетілмеген бәсеке болып табылады. Қазіргі нарықтық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу нарығынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші нарығын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да нарықта үстемдік ету жолдары бар:
Жосықсыз бәсеке: бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат тарату; тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау, бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану; қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау; бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану; құпия ғылыми-техникалық, өндірістік, т.б. ақпараттарды жария ету.
Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық және бағалық емес түрлері қолданылады. Бәсекелік күрестің бағалық түрі: өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау түрін пайдаланады, белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанды түрде төмендету. Бәсекелік күрестің бағалық емес түрі екі топқа бөлінеді: өнім бойынша бәсеке; сату жағдайлары бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен нарықтағы бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы, АҚШ-та ұнның он мың сорты, консервіленген жүгерінің төрт мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдары қолданылады. Оның ішінде: жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б.
42. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Ел бюджетінің қүрылымы, алдымен осы елдің мемлекеттік құрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жуйесі екі қабаттан тұратын құрылым түрін алады — мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федералдық мемлекеттік қүрылымы бар елдерде (АҚШ, ФРГ) арабуын болады: штаттардың, жерлердің және осыларға сәйкес келетін әкімшіл құрылымдардың бюджеті.
Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады.
Бюджет, осымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін бейнелейтін күрделі құжат деуге болады. Ол -мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылык жыл біткеннен соң атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді. Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердін арасында бюджет табыстарының көзін бөлу туралы, ел масштабында қаражаттарды қайта бөлу арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру туралы жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекеттік әкімшілдік-территориялык үкім Бюджет шығындарының бірінші орнына ие болушы әлеуметтік баптар: әлеуметтік жәрдемдер, білім, денсаулык сақтау және басқалар. Бұл мемлекеттік экономикалык саясатының басты мақсатын дәлелдейді — әлеуметтік-экономикалық құрылысты тұрақтандыру, нығайту және оны өзгермелі жағдайлармен үйлестіруді, осы шығындар нарық шаруашылығына тән болатын әлеуметтік топтардың жіктелу зардаптарын жеңілдетуді, әл-ауқаты төмен топтардың лайыкты білім алуын және медициналық қызметімен қамтамасыз етілуін көздейді. Олар түрғындарға белгілі бір тіршілік дәрежесін камтамасыз етуге тиісті.
Бюджеттік шығындар арқылы жүргізілетін мемлекеттік реттеудің әсерлілігі мынадай жағдайларға тәуелді болады: біріншіден, жұмсалатын соманың салыстырмалы көлеміне (ЖІӨ-дегі олардың үлес салмағына);
екіншіден, осы шығындардың құрылымына;
үшіншіден, қаражаттардың әр бірлігінің пайдалануының тиімділігіне.
Экономикалық мемлекеттік реттеу дәрежесінің, оның нақты мақсаттарының әр елдерде бірдей болмағандығынан, мемлекеттік меншіктің үлесін бағдарлаудың ұлттық тәжірибесі бірдей болмағандықтан, халық шаруашылығындағы бюджеттік шығындардың рөлі де бірдей болмайды.
43.Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.
Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық — монополия деп аталады, ал фирма — монополист деп аталады. Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.
Монополия бір жағынан бәсекенің, ал екінші жағынан мемлекеттің экономикалық жүйеге араласу нәтижесі болып табылады. Бәсекенің ерекшелігі, өндірушілердің  бәсекелік артықшылықтары тұрақты және ұзақ мерзімді сипатқа ие болу жағдайында ол өзіне қарама – қарсы монополияға үдемелі түрде ұласады. Өз кезегінде  мемлекет әрекеттерімен пайда болған монополиялар ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларын қамтып қана қоймай, сонымен бірге жалпы қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік сферасына белсенді әсер етеді.
Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады, ол монополия құрылуына әкеледі. Яғни нарықты басып алады, әлсізді шығарады. Монополия деген сөздің мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.
Монополия типтерінің ішіндегі негізгілерінің біріне табиғи монополия жатады, менің пікірімше  табиғи монополия  бір кәсіпорында белгілі – бір өнімнің өндірісінің шоғырлануының алдын – алуға бағытталған шаралар жүйесі экономикалық мақсатқа сай болмаған жағдайда пайда болады. Табиғи монополия өнім шығарылымы көлемінің өзгерісі жағдайында өндіріс құралдары көлемі өсуімен шығындар төмендеген жағдайда туындайды.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
1) Жабық монополия. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған кезде пайда болады.
2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы. Яғни, шығындарды азайту мақсатында монополия пайда болады.
3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.
44. Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарналары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің (бұдан кейін - салықтар) жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты, салықтар тікелей және жанамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және жеке тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем кабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударғаны үшін салынатын салықтар,
Жанама салықтар — бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады (мысалы, акциздер). Бұлар жарым-жартылай немесе толық тауар немесе қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:
•үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
•мұрагерлік салық;
•жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы - азаматтар және занды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық түлғаларға салынатын табыс салығы деп және занды түлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс салығы — бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогрессивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салык салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Заңды тұлғаларға табыс салығы – корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салык корпорация (фирма) занды тұлға болса ғана алынады.
Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі - қосылган құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн косқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әркайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады.
45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теорияларына талдау.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша – бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы – ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша – бұл төлем қабілеті бар жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Дж. Стюарт дамытты. «Металлистерге» сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. «Номиналистер» ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж.Локк (ХҮІІ ғ. соңы), Ш.Монтескье, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияға А.С.Пигу (ХХ ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты.
46. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады. Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірдей монополист фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі рыноктық бағаны шектелген түрде бақылай алады - бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.
Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін рынок (грек. oligos -аздаған, polio - сату). Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі - баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы рыноктағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.
Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырады, яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.
Таза монополия рынокта ешқандай бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілетін сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын). Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монопольдік пайдаға ие болады.
Билатериалдық монополия (2 жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым.
Дуополия – белгілі тауардың тек 2 жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды. Бұл олигополияның ең жабайы түрі.
47. Ақшаның функциясы, массасы ж/е агрегаты.
Ақша нарығы қаржы нарығының өте маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамды бөлшектерімен танысу керек. Осының маңыздысына ақшаның массасы жатады.
Ақша массасы -жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
•банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.
•Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
•мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен
•Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
•чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару);
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда — үш, Англия мен Францияда — екеу, Ресейде — үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Ақшаның қызметтері: Ақша негізгі бес қызметті атқарады:
1.тауарлар құнының өлшемі.
2.айналыс құралы.
3.қор жинау құралы
4.төлем құралы .
5.әлемдік ақшалар.
1.құн өлшеуші – тауарлардың айырбас құнын алтын мен күмістің, яғни тауардың белгілі бір санында көрсетуі, тауардың бағасын белгілеу.
2.айналыс құралы – ақшаның қолма-қол түрінде нақты тауарлар айырбасында делдалдық жасауы.
3.төлем құралы – қолма-қол ақшаларды қарастырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігі.
4.қор жинау құралы – ақшаны белгілі бір мақсатқа жинақтау, яғни ақшаның пайда әкелетін капиталға айналуы.
5. д/ж ақша – бұл латын н/е өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта.
48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері.
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1) нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтермейді.
2) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, фирма бұндай кәсіпкерлікпен кез-келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
3) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
4) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталарының дәмінің химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар, фирмалардың сату марқалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасау да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
-Ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
-Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
-Нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
-Ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы «ҚР Ұлттық банк туралы » ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен катар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері камтылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.
Ақша белгілерінің тұрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз акша айналысы, мұнда алтын айыр-бастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі – биметаллизм және монометаллизмге тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндык эквивалент ролін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
«ақсак» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына карама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралык реттеу нәтижесіз болды. Күмістің қүнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда – 1871-1873 жж., Франңияда – 1876 -1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852 -1893 жж., Нидерландыда 1847 – 1875 жж. қолданылды.’
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінін еркін алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
Алтын құйма стандарты – ¥ëыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда – 1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт қүймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды.
Алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
Кәсіпкерлік – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлік шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық процеске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңашылдық, көрсетілген концультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
ҚР кәсіпкерлік қызметтің субъектісі мыналар:
1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары
2.Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар;
3. Азаматтық бірлестіктер.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:
1.Шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі
2.Шығармашылық ізденістің болуы
3.Шаруашылық жүргізуде тәуекелге бара алуы
Кәсіпкерліктің қызмет мазмұнына қарай бірнеше түрлері бар:
1.Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтер, ақпараттар және рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік.
2.Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен айналысатын қызмет түрі. Бұл кәсіпкерлікте кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады.
3.Қаржылық кәсіпкерлік – сату және сатып алу объектісі ақша, бағалы қағаздар және валюта болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі.
4.Делдалдық кәсіпкерлік – өндіруші мен сатып алушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету және келісімге келтіру мақсатындағы қызмет түрі.
5.Сақтандыру кәсіпкерлігі – сақтандырылған оқиға болған кезде қайтарылатын, сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің бір түрі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік 2-ге бөлінеді:
1.Мемлекеттік кәсіпкерлік – тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, сонымен қатар қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлықта болатын кәсіпкер.
2.Жеке кәсіпкерлік – жеке тұлғалар айналысатын бизнес түрі, жеке кәсіпкерліктің артықшылығы ретінде қызмет саласының таңдау еркіндігін және бизнес көлемінің шектелмеуін қарастыруға болады.
Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысандары:
1.Серіктестіктер – 2 немесе одан да көп адам бірлесіп, айналысатын бизнес.
2.Акционерлік қоғам – өз қызметін жүзеге асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға.
51.Экономикалық циклдың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері.
Экономикалық цикл – бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Циклды 2 кезеңге бөлуге болады: төмен бағытталушы, яғни өндірістің құлдырауы және керісінше жоғары бағытталушы – өндірістің артуы. Экономикалық өрлеу және құлдырау экономикалық циклдың негізгі құраушысы болғандықтан, олар іскерлік белсенділік ауытқуларында да маңызды рөл атқарады, оны экономистер іскерлік циклы деп атайды.
Қазіргі жағдайда экономикалық циклдың мән-мазмұны өзгерді. Ол, біріншіден, экономикалық белсенділіктің ауытқуының азаюы, яғни құлдырау фазасының қысқарып, өрлеу сатысының неғұрлым ұзаруы және құлдыраудан кейін тоқырау фазасына тоқталмай, бірден жандану мен өрлеу фазаларына өтуі; екіншіден, жұмысбастылық деңгейі мен өндіріс көлемі ауытқуының диапазонының қысқаруы; үшіншіден, экономикалық циклға нарықтың монополиялық құрылымының, өндірістің ғаламдануының, экономиканы мемлекеттік реттеудің әсерінің күшейе түсуінен көрінеді.
К.Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі 4 кезеңін бөліп қарастырды. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу:
Құлдырау тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді: банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға және экономиканың басқа сфераларындағы кәсіпорынның банкрот болуына әкеледі. Құлдырау тоқыраумен алмасады: өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы онша емес. Проценттік норма барынша төмендейді. Бірақ бірте-бірте өсу нүктелері пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорын тауардың өндірісін көбейтеді, жаңа өндірістік құбылыс өседі, пайда, қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. Өсу құлдыраудың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейеді, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар және қызметтермен асыра толтырылады.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-тың экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминология бойынша цикл келесідей кезеңдерді қамтиды: жарылыс, рецессия, дағдарыс және жандану.
1.Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер:тауар артықшылығы, бағалардың төмендеуі, жұмыссыздықтың артуы, өндіріс көлемінің қысқаруы, пайыз қойылымының өсуі.
2.Дағдарыс сатысына тән ерекшеліктер: өндіріс құлдырауының қысқаруы, тауар қорының көбеюі, жаппай жұмыссыздық, төмен жалақы, саудалық пайыз көлемінің төмен деңгейі.
3.Жандану сатысына тән ерекшеліктер: құлдырауға дейінгі өндірістің өсуі, өндіріске инвестицияның келуі, тауарлар бағасының өсуі, жұмыссыздық мөлшерінің аздап болса да қысқаруы, халықтың табысының біртіндеп өсуі.
4.Өрлеу сатысының ерекшеліктері: өндірістің құлдырауға дейінгі мөлшерінің артуы, тауарлар бағасының жоғарылауы, жұмыссыздықтың қысқаруы, жалақының көбеюі ,несиеге деген сұраныстың артуы.
52.Шекті пайдалылық теориясы.
Тауардың пайдалылығын екі жақты қарастырамыз: жалпы пайдалылық, шекті пайдалылық.
Шекті пайдалылық – тұтыну тауарлары санының өсуіне байланысты келесі тұтынулардың өнімге тиімділіктің алдыңғы тауарға қарағанда аз болуы, әрбір соңғы тауардың пайдалылығы. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынына қоғамдық қажетті сипат береді. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалайды, игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемімен байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша әрбір адамның игілікті субъективті бағалауы оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал тауарлардың объективті бағасы субъективті бағалауға байланысты ж/е түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн ж/е баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясы бір жақты, сондықтан бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру жеткіліксіз екендігін көрсетті. А.Маршалл шекті пайдалылық теориясын өндіріс шығындары теориясымен байланыстырып, ұсыныс пен сұраныс теориясына біріктірді.
53.Дағдарыстар: түрлері ж/е олардың экономикалық салдары.
Экономикалық дағдарыс бұл экономикалық конъюнктурада күйзеліс процесін туындататын, тауарлар мен қызметтер арасында сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы. Қазіргі кезде дағдарыс әлемде терең экономикалық, саяси өзгерістерге байланысты бір-бірімен өзара тәуелді құбылыстар тізбегін көрсетеді. Экономикалық дағдарыстарды олардың негіздеріне байланысты жіктеуге болады:
1.Шаруашылық жүйесіндегі бұзылған тепе-теңдіктің көлемі бойынша. Жалпы дағдарыс бүкіл ұлттық экономиканы қамтиды, ал жекелеген дағдарыс экономиканың кейбір саласын ғана қамтиды. Мысалы, қаржы дағдарысы мемлекеттік қаржы жүйесінің түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырауынан ж/е бюджет тапшылығының үнемі өсуінің нәтижесінде туындайды. Ақша-несие дағдарысы ақша жүйесінің бұзылуы, коммерциялық ж/е банктік несиенің күрт қысқаруы, банктік салымдардың айналыстан бірден алынуы, ол банктердің қызметіне кері әсер беріп, банкрот болуына әкеледі. Валюталық дағдарыс әлемдік рыноктық айналыстан алтын стандарт жүйесін жою мен басқа мемлекеттің ақша бірліктерінің құнсыздануымен сипатталады. Биржалық дағдарыс бағалы қағаздарының бағамының бірден төмендеуі ж/е олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасының қызметіндегі күйзеліс. Аграрлық дағдарыс ауыл шаруашылық өнімдерінің сатылу мөлшерінің бірден қысқаруы, оның бағасының төмендеуі.
2.Тепе-теңдіктің бұзылуын реттеу дәрежесі бойынша кезеңдік, аралық, реттелмейтін.
3.Ұдайы өндіріс көлемінің өзгерісінен туындайтын дағдарыс сипаты бойынша: артық өндіру дағдарысы, жетіспеушіліктен болатын дағдарыс.
4.Ұзақтылығы бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Дағдарыстың экономикалық салдарлары:
-пайданың азаюы
-өндірістің төмендеуі
-банктік берешектердің өсуі
-банктік құлдырау
-экономиканың басқа сфераларындағы кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы.
Дағдарыс дегеніміз – біріншіден, тепе-теңдік жағдайдың ауытқуы; екіншіден, қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтануының бұзылуы; үшіншіден, экономикалық өсудуің уақытша дағдарысқа ұшырауы.
Дағдарыстың түрлері :
1. Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының бұзылуы және бюджет тапшылығы.
2. Ақша-несие дағдарысы – несиенің қысқару және банктік салымдардың толық алынбауы.
3. Валюта дағдарысы- жеке елдер валютасының құнсыздануы және валюта курсының төмендеп кетуі.
4. Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар бағасының төмендеуі және қор биржасы қызметінің қысқаруы.
5. Аграрлық дағдарыс – ауыл-шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы және осы өнімдерге бағаның төмендеуі.
6. Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы.
7. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады, шаруашылық байланыстардың бұзылуы кезінде болады.
54.Кәсіпорын табысының қалыптасу ерекшеліктері.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Өндіріс факторларын маржиналистік теорияға сәйкес төртке бөліп қарастырылады: еңбек, жер, капитал,кәсіпкерлік қабілет. Әрбір өндіріс факторы табыс әкелуге қабілетті. Табыс – белгілі уақыт аралығындағы шаруашылық қызмет нәтижесінде алынған ақша қаражаттары. Аталған өндірістік факторларға сәйкес табыстардың қалыптасу ерекшелігі:
1.Еңбекақы. Бұл еңбектің бағасы немесе еңбек қызметін көрсеткен жалдамалы жұмысшының тапқан табысы.
2. Рента. Жер иесінің жерін пайдаланғаны үшін алынатын табыс.
3. Процент. Капитал иесінің алатын капитал бағасы немесе өз иелігіндегі ресурсты иемдену құқығы үшін алынатын төлем.
4. Пайда. Кәсіпкердің іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін алатын табысы.
Табыстардың классификациясы:
1.Иелену субъектісіне байланысты:
-тұрғындар табысы
-кәсіпорын табысы
-мемлекет табысы.
2.Тұрғындар табыстарындағы алынған және нақты қолда бар табыстың көлеміне байланысты:
-номиналды табыс – алынған ақшаның жалпы сомасы
-қолдағы немесе таза табыс – салық төленгеннен кейінгі қалдық
-нақты табыс – бағалардың өзгеруіне түзетулермен қоса таза табыс
3.Кәсіпорын табысы:
-барлық тауарды өткізуден түскен пайдаға тең болатын жалпы табыс
-жалпы табысты өткізілген өнім санына бөлу арқылы сатылған өнім бірлігіне есептелген орташа табыс
-шекті табыс – бұл қосымша өнім бөлігін сатудан жалпы табыстың өсімі
Дайын өнімді сатудан түскен кәсіпорын табысы өндіріс факторларына белгілі тәуелділікте бөлінеді.
55.Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс түсінігі және оларға әсер ететін факторлар.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталуы жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстың бір-біріне әсер етуі арқылы
қалыптасады: Жиынтық сұраныс - мемлекеттің кәсіпорындарының және тұтынушылардың әртүрлі қолайлы бағамен сатып алатын өнімнің көлемі. Әсер ететін негізгі факторлар:
-процент ставкасының әсері;
-байлық (жеке, мемлекеттік, ұлттық байлық);
-импорт тауарларының әсері(қаншалықты тауар импорталады);
Жиынтық ұсыныс – экономикада өндірілген түпкі өнімдер мен қызметтердің жалпы мөлшері. Әсер ететін негізгі факторлар:
-технологиялар;
-баға ресурстары;
-салық салудағы өзгерістер.
Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек?! Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ол нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді.
Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды. Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға немесе солға жылжуына әкеледі.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі. Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.
Нарықтық құрырылымы.
Өнімділік.
Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
56.Экономикалық ауытқудың негізгі себептері
Экономикалық ауытқу- экономиканың тепе-теңдік жағдайдан ауытқуы, яғни сұраныстың азаюы мен көбеюі және өндіріс көлемінің өзгеріске ұшырауы. Бұның негізгі себептері: өндірісті шексіз дамыту; артық тауар өндірісі. Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған экономикалық циклді қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Эконом.циклдің дамуыныңнегізгі себептері:автономды-инвестициялардың азаюы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мултипликатор әсерінің әлсәреуә және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп-тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегралды теориясы жоқ. Сол себепті түрлі бағыттар мен мектеп экономистерінің циклдің болу себептеріне байл.әр-түрлі көзқарастары бар.
Экономикалық даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды, оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге болмайтын сипаты экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік құпиясы, міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап, қолайлы экономикалық ортадан (өсу) қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал – ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс – экономикалық циклдің сипатты сатысы (фаза) болып саналады. Экономикалық дамудың циклдік себептері:
1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын - ала байыпты түрде болжап білудің мүмкін еместігі;
2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да нарықтық экономиканы алдын – ала болжап білудің мүмкін еместігі, тәжірибедегі олардың тепе – теңсіздігі
3) бәсекелестік - экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты қозғаушы;
4) өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).
Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.
Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен - ақ өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т – Д - Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті түрде сатып алуға негіз болып саналмайды.Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады.Бұл функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе, онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды, сондай - ақ өзінің кредиторымен де есептесе алмайды, сондықтан олардың өндірісі де тоқтайды.Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.
Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъектив Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін (падение) сипаттайды. Цикл, өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі, экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.
Циклдің басты қасиеті - бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:
1. Тұрақты өсу;
2. Өсудің біркелкі еместігі;
3. Ауытқу(экономиканың ауытқуы түріндегі даму).
Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.
Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі. Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық (отрицательную) динамикасын сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша циклда болады деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау, инновация, өнеркәсіптік және т.б. циклда өмір сүреді . Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты – 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи циклдер; маусымдық –жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық және т.б. цикл.
Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін бөліп көрсетеді:
1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы (табиғи,саяси және т.б.ие),сыртқы цикл –құбылыс;
2)Жалпы экономикаға тән ішкі цикл –құбылыс;
3) Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ құбылыстардың ішкі және сыртқы факторларының жиынтық –цикл себептері.
Қазіргі уақытта зерттеушілер,сыртқы (экзогенді) факторлар бұл циклдердің бастапқы серпінін туғызушы,ал ішкі (эндогенді) себептер бұл серпіндерді сатылық (фазалық) ауытқушылыққа айналдырады (қайта құрады) деп болжайды .
Экзогенді (экономикадан тыс ) себеп циклдер ішінде ғылыми - техникалық жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан, циклдер проблема-ларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор - акселератор тетіктері (механизмдері) қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатының (фаза); көрсетілу шыңы мен ең төмен құлдырауының екі нүктесі болатынын ерекшелеп көрсетуге болады.
57.Макроэкономикалық тепе – теңдіктің классикалық және кейнстік модельдері.
Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:
сұраным мен ұсыным;
тауар және ақша массасы;
жинақақша мен инвестициялар;
инфляция және жұмыссыздық;
еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;
қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;
мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;
бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;
төлем балансының активі мен пассиві.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталуы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың бір-біріне әсер етуі арқылы қалыптасады. Жиынтық сұраныс дегеніміз мемлекеттің, кәсіпорындарының және тұтынушылардың әр түрлі қолайлы бағамен сатып алатын өнімінің көлемі. Жиынтық ұсыныс дегеніміз экономикада өндірілген түпкі өнімдер мен қызметтердің жалпы мөлшері. Ал макроэкономикалық тепе-теңдіктің сақталуында негізгі екі модель қарастырылады:
1.Классикалық модель экономиканың жағдайын ұзақ мерзімде бейнелейді. Классикалық теорияда жиынтық ұсыныс бірнеше жағдайлармен қарастырылады:
а.шығару көлемі өндіріс факторларының мөлшеріне және технологияға тәуелді, ал баға дәрежесіне тәуелсіз.
ә.экономикада өндіріс факторларының толық қамтылу жағдайында жұмыс істеледі. Сондықтан шығару көлемі жалпы ұлттық өнімге тең болады.
б.бағалар мен номиналды жалақы икемді, олардың өзгеруі нарықтағы тепе-теңдікке сай болады.
2.Кейнс моделі экономиканы салыстырмалы түрде қысқа мерзімде қарастырады. Бұл модельге сәйкес жиынтық ұсыныс бірнеше алғышартқа негізделеді. Алғышарттары:
а.экономика өндіріс факторларының толық қамтылмаған жағдайында жұмыс істейді.
ә.бағалар мен номиналды жалақы салыстырмалы түрде қалыпты болады.
б.нақты көрсеткіштер, яғни шығару көлемі қамтылуы нақты жалақы нарықтық өзгерістерге сәйкес ауытқып отырады.
Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең. Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.
Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды. Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.
Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: "табыстар -> сұраным", бірақ "табыстар -» жинақтау" емес.
Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең.
Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.
Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады. Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.
58. Жұмыссыздық және инфляцияның байланысы.
Жұмыссыздық ретінде әдетте, статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға дереу дайын адамдарды есептейді. Жұмысы бар, сондай-ақ толық емес жұмыс күн уақытымен жұмыс істейтіндер жұмыссыздарға жатпайды.
Жұмыспен камтылғандар мен жұмыссыздардың жиыны жұмыс күшін құрайды. Жұмыс күшінен шыққандар жұмысы жоқ бірақ еңбекке қабілетті адамдар, жұмысты белсене іздеуші оқушылар, зейнеткерлер, тұрғылықты мекені жоқтар, үй шаруашылығындағы әйелдер, сонымен бірге институционалды мекемелерде (жүйкеден ауыратындар ауруханасы, түрме т.б) ұзақ уақыт болған адамдар.
Жұмыссыздықтың болатын табиғи (тұрақты) деңгейінің негізгі себептері мыналар:
1.Жұмыссыздықты сақтандыру жүйесі жағдайында жұмыс іздеу уақытының көбеюі, жұмыссыздар санының өсуіне және оның деңгейінің артуына ықпалын тигізеді.
2.Жалақының тұрақтылығы «жұмыссыздық-ты күтуді» туғызады. Жалақының "қатаңдығы" жұмыс орындарының салыстырмалы жетіспеушілігіне әкеледі, еңбек ұсынысы сұраныстан асып кетеді.
3.Ұзақ мерзімді кезеңдегі жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің ұлғаю үрдісі мыналармен сипатталады:
жұмысқа кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартушылар; жұмысынан айырылғандар; жұмыстарын аяқтағандар; жұмыс алғандар т.с.с. Бұл өзгермелі ағындар қоғамдағы жұмыс күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.
Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.
Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.
Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеб болады. Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.
К.Маркстың қорлдану теорисына сәйкес қосымша құнның капиталға айналуында капиталдың құрылымында өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді.
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:
Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.
Жұмыссыздықтың зардаптары:
Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,
қазына – қор қысқарады,
инвестицияға сұраныс қысқарады,
өндіріс құлдырайды.
Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.
59.Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар
Қоғамдық экономикалық формацияның құрылымдық элементтері – өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар. Дамудың белгілі бір деңгейіндегі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың қозғалысының біртұтастығы мен әрекеттесуі өндіріс әдісін құрайды. Өндіріс қатынастардың жүйесі базис ретінде көрінеді, оның үстіне қондырма бой көтереді.
Қоғамдық экономикалық формация теориясы қазіргі заманғы, тіптен бұрынғы тарихи кезеңдердегі көптеген құбылыстар мен процестерді толық түсіндіре алмайды. Олардың ішінде:
-батыс елдерінің революциялық емес, эволюциялық сипатта дамуы
-таптық қайшылықтағы мүдделердің маңызының төмендеуі
-салт-дәстүрлер, дін, ұлттық психологияның ерекшеліктері, олардың материалдық өндірістік қатынастан тәуелсіздігі.
Қазіргі даму бастаулары туралы ғылыми көзқарастар бойынша жүйенің біртұтастығы арқылы жүзеге асады. Адам мен табиғат арасында қайшылық жоқ, олардың арасындағы қатынастарды үйлестіруге қабілетті ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру дамуға жағдай жасайды.
Адамның және қоғам өмірінің негізі шаруашылық қызметі - өндіріс болып табылады. Өндіріс – адамның табиғи заттарға әсер ете отырып материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі. Өндіріс адамның еңбегін, еңбек заттары және еңбек құралдарының көмегімен іске асады, оларды қарапайым еңбек процесі элементтері деп атайды. Еңбек – материалдық және рухани игіліктерді, қызметтерді қалыптастыруға бағытталған адамдардың саналы қызметі. Еңбек заттары – дайын өнімді жасау мақсатында адамдардың бір нәрсеге еңбек арқылы әсері немесе адамдардың әсер ететін заты. Еңбек құралдары – еңбек заттарына әсер ететін құралдар. Қандайда бір товарды өндіруге қажет еңбек заттарымен еңбек құралдары өндірістік құрал-жабдықтар деп аталады.
Игіліктерді өндіру кезінде 1-ден адам мен табиғат арасында қатынас орнайды оны өндіргіш күштер деп аталады,ал 2-ден адамдар арасында қатынас орнайды,оны экономикалық қатынастар деп атайды.
Өндіргіш күштер – жұмысшы күшімен заттай факторлар және олардың ара қатынасы. Өндірістік құралдар жаңа технологияның пайда болуымен жаңарады,өзгеріске ұшырайды.
Еңбек сапасы жағынан ұшырауы мүмкін, себебі, жұмысшының квалификациясын жоғарлататын ғылыми ұйымдар пайда болды, кәсіпкерлік қабілеттіліктің маңызы артады.
Экономикалық қатынастар - өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастың сипаты өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік формаларымен анықталады. Ол 1-ден өндірістік қатынастарға байланысты, 2-ден өндірістік емес сфераға байланысты болды. Ұйымдастырушылық қатынастар өндіріс,бөлу,айырбастың қалай ұйымдастырғандығына байланысты. Ұйымдастыру формалары: еңбек бөлінісі,еңбек кооперациясы,өндіріс концентрациясы және централизация (орталықтандыру) және т.б. жатады. Тарихи даму кезеңдерін атайтын болсақ:
1.қарапайым еңбек кооперациясы
2.мануфактура
3.машиналық өндіріс
Еңбек кооперациясы – бір адамның басқаруы мен бірнеше адамның біртекті жұмыс түрін орындаумен байланысты.
Мануфактура – еңбек кооперациясының бір түрі,бірақ онда еңбек бөлінісі қатысады.
Машиналық өндіріс – еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін қамтамасыз етті.
Әлеуметтік экономикалық қатынастар адамдар арасында өндірістік жағдайға қатысты өндірістік құрал-жабдықтарға деген меншік формаларын анықтайды. Меншік түріне байланысты әлемдік экономикалық қатынастар өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үшін белгіленеді. Сол қатынастың дамуы меншік иелерінің мүддесін іске асырады. Адамның жыл көлемінде шаруашылық қызметінің нәтижесі өндірілген қоғамдық өнім деп аталады.
Қоғамдық өнім 4 кезеңнен өтеді:
1.өндіру (өнімді қалыптастырумен байланысты);
2.бөлу (өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін анықтау дегенді білдіреді);
3.айырбастау (бір өнімді екінші өніммен айырбастау,бағалау);
4.тұтыну (адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірілген игіліктерді пайдалану).
Ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің қайталануы. Оның екі түрі болады: қарапайым және ұлғаймалы.
Қарапайым ұдайы өндіріс – бұрынғы масштабта өндірісті қайталау.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - өспелі масштабта өндіріс процесін жүргізу. Қоғамның өнімінің 4 кезеңі өзара тығыз байланысты және қоғамдық өндірісті құрайды.
60.ЖҰӨ-ді өлшеудің негізгі әдістері.
Жалпы ұлттық өнім – тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы. ЖҰӨ-ді есептеудің екі әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапасы бойынша немесе өнімді өндіру нәтижесінде алынған табыстар сапасы бойынша. Бірінші әдіске келсек - «шығындар ағымы». Оны қолдана отырып, барлық шығындарды қоссақ, біз ЖҰӨ көлемін аламыз. Шығындар мыналардан тұрады: тауар мен қызметтерді сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары; станок, ғимарат, үй құрылысы және т.б.алу үшін кеткен инвестициялар; мемлекеттің тауар және қызметтеріне және трансферттік төлемдерге кететін шығындары; таза экспортты, яғни экспорт пен импорт көлемнінің арасындағы айырмашылық. Ұлттық өндіріс көлеміне тек сол елдегі өндірілген өнім кіргендіктен, басқа елдердің шығындарын алып тастау керек. Екінші әдіске келсек - «табыстар ағымы». Оны қолдана отырып, егер барлық табыстарды қоссақ ЖҰӨ аламыз. Табыстар мыналардан тұрады: жалақы, рента, процент, пайда. Табыс бойынша есептелген ЖҰӨ-ге жататындар: жалақы, рента, процент, пайда, жанама салықтар және амортизациялық шығындар.
Қайталап есептеуді болдырмау үшін, ЖҰӨ - ге кірмейтіндер.
1) Аралық тауарлар, кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады. Мысалы, ЖҰӨ - ге нан пісіретін өндірістегі ақтық тауарларды алу үшін қажетті дән, ұн, ашытқы жатпайды. Егер біз оларды қоссақ, онда ЖҰӨ - нің құнын үстемеленген құнның мөлшеріне дейін өсіретін едік.
2) Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар. Оларға жататындар:
а) Төлемдер (әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы байланысты)
б) Бағалы қағаздарды сату сатып алу жөнінде келісімдер.
в) Ұсталған заттарды сатып алу

Приложенные файлы

  • docx 26448345
    Размер файла: 192 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий