жауап


«Психотерапия негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары
Психотерапияның мәні, мақсаты және міндеті.
Психотерапияның даму тарихы.
Психотерапияның пайда болуының алғы шарттары.
Психотерапияның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Психотерапия әдістерінің жіктелуі
«Медициналық психотерапия», «психологиялық психотерапия» «психокоррекция», «психологиялық консультация» ұғымдарының мәні
Психотерапевтикалық әсер етудің мәні

Психотерапияның қағидалары.
«Психологиялық килігу» және «психотерапевтік процесс» ұғымдарына сипаттама
Психологиялық денсаулықты бұзатын тәуекелдік факторлар – ішкі және сыртқы, материалдық және рухани
Психологиялық талдаудың мақсаты
Психодинамикалық психотерапияның жалпы сипаттамасы
Классикалық психологиялық талдау техникасына кіретін әдістер және олардың сипаттамалары
Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі
Клиентке бағытталған терапияның жалпы сипаттамасы, оның шығу тарихы.
Психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі
Кеңес берушілік үдерістің кезеңдері
Гештальт терапия тұжырымдамасының жалпы сипаттамасы
Трансактілік талдау тұжырымдамасының жалпы сипаттамасы
Отбасылық психотерапияның пайда болуы
Отбасылық кеңес беру ерекшеліктері
Отбасылық психотерапия кезеңдері
Арт терапияның жалпы сипаттамасы
Тән терапиясының жалпы сипаттамасы
Мінез-құлық психотерапиясының жалпы сипаттамасы
ІІ-деңгей
Психологиядағы психотехники ұғымы
Психотерапевтік көмек түрлері
З.Фрейд психоанализ негізін қалаушы
Психоаналитиктерді дайындаудың (ресейлік) стандартының негізгі шарттары
Түстердің мағынасын ашу (З.Фрейд бойынша).
Классикалық психоталдаудағы ауыстыру таладуының («трасфер») мәні
Клиентке бағытталған психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі.
Клиентке бағытталған кеңес берушілік үдерісінің кезеңдері
К.Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары
Гештальт-терапиядағы көмектің мақсаты
Гештальт-терапиядағы психолог пен клиенттің рөлі
Гештальтерапияның негізгі ұғымдары
Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты
Трансактілік талдаудағы психологиялық көмектің мақсаттары
Трансактілік талдаудағы психологиялық кеңес берудің рөлі
Трансактілік талдаудағы өмір сценарийі
Отбасылық психотерапияда жиі қолданылатын психотерапиялық тәсілдер
Отбасылық кеңес берудің негізгі қағидалары мен ережелері
Арт-терапияның негізгі бағыттары
Арт-терапия
Тән терапиясындағы кеңес берушінің рөлі
Райх теориясының негізі
Лоуэннің мінез-құлық талдауы
Гунтердің «сезімді қөзғау» техникасының сипаттамасы
Психотерапиядағы релексациялық жаттығулардың мәні
ІІІ-деңгей
Психотерапияның үш негізгі концептуальдық (психоаналитикалық, бихевиористік және гуманистік)бағыттарын салыстырмалы талдаңыз
Жұмыс құралы ретіндегі психотерапевт тұлғасының сипаттамасы
И.В.Дубровинаның еңбегіндегі «Психологиялық денсаулық» ұғымының мәнін ашыңыз
Психотерапияның негізгі ұғымдарын келтіріңіз және оларға анықтама беріңіз
Психологиялық денсаулықты бұзатын тәуекелдік факторларды анықтаңыз
Психоанализді психоәлеуметтік жұмыста қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз
Топтың даму кезеңдері және топтағы жетекшінің рөлін сипаттаңыз
Гештальт-топтарының негізгі: «қазір және осында», «МЕН-СЕН» қағидаларының мәнін ашыңыз
Релаксациялық жаттығуларды талдаңыз
«Психологиялық килігу» және «психотерапевтік процесс» ұғымдарының мәнін ашып көрсетіңіз
Психотерапевт кодексін құрастырыңыз
Психоанализдің егізгі ұғымдарын талдаңыз: өткеннің әсері, бейсаналық, мазасыздық, қорғаныс механизмдері,ы қарсыласу
Психоанализдің негізгі техникаларының мәнін ашыңыз: мазасыздықты топтық жағдаяттарда зерттеу, еркін ассоциациялар, интерпретация, түстерді талдау, инсайт.
Психологиялық талдаудың мақсатын анықтаңыз
«Мен» тұжырымдамасының негізгі мақсаты
Отбасылық мифтер ұғымының синонимдерін анықтаңыз
Александер және Фельденкрайз әдістеріне салыстырмалы талдау
Гештальт терапияда қолданылатын жаттығуларды іріктеңіз
Релаксациялық жаттығуларды іріктеңіз
Гештальт терпияның негізгі бағыттарын талдаңыз
«Ата-ана-бала-ересек» мінез-құлық түрлерін анықтауға бағытталған психодиагностикалық жаттығуларды іріктеңіз
Арт-терапия әдісі қолданатын тренинг сценарийін құрыңыз
Фейдимен және Фрейгер бойынша мінез-құлықтық психотерапия теориясының мәні көрсетілген кесте құрыңыз
Мен-тұжырымдамасының ерекшеліктерін атаңыз
З.Фрейд бойынша түс көрудегі символдардың мәнін талдаңыз
Психотерапияның мәні, мақсаты және міндеті.
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B5%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D1%85%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D0%BE%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%BC" \o "Необихевиоризм" необихевиористік, когнитивтік, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%83%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%BC" \o "Гуманизм" гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.
Сонымен, психотерапия – іс-шаралардың , адамның психикасына ықпал етудің жүйесі, психологиялық көмектің бір түр, сондай-ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы. Психотерапияны пси-қ құралдармен жүйке- психикалық және психосоматикалық ауруларды және адамның (науқастың) бұзылыстарын емдеуді білдіретін дәрігерлік және дені сау адамға (клиентке) бағдарланған әрі оның психологиялық қиыншылықтарын жеңумен айналысатын дәрігерлік емес деп екіге бөлінеді.
Станислав Кротахвил психотерапия дегеніміз- психологиялық әдістердің көмегімен әртүрлі ауруларды емдеу деп түсіндіреді. Ол аурулар психикалық процестер мен тұлғаға, сондай-ақ дене қызметтеріне де қатысты болуы мүмкін. Психологиялық әдістерге ең алдымен, сөйлеу-тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әртүрлі түрлері, қоршаған ортамен манипуляциялау жатады.
Психотерапияның ортақ мақсаты науқастарға ойлауы мен мінез-құлықтарын өзгертуге, осылайша едәуір бақытты, өнімді болуға көмектесуде. Осы мақсатқа жету үшін терапевт неғұрлым жеке міндеттерді шешеді:
Науқастың проблемаларын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
Эмоционалды үйлесімдікті жояды;
Сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды;
Науқасты проблемаларды қалайша шешуге болады болатыны жайлы жаңа идеялармен қамтамасыз етеді,
Ойлау мен мінез-құлықтың жаңа тәсілдерін терапевтік ситуациядан тыс тесеріп көруге көмектеседі.
Психотерапияның даму тарихы.
Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D.Н.) енгізді. Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж. ғана жалпы қолданылатын болады.Штротц пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.»
Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады.
Білімі немесе қызмет түрі бойынша дәрігерлер болып табылмайтын психотерапевттер «жанмен емдеу» бастапқы мағынасына негізделетін басқа – философиялық және психологиялық — психотерапияның моделін ұсынады. Бұл көзқарастың негізгі мақсаты психикалық бұзылуды емдеу емес, онда психотерапевт аурудың серігі, досы, тәлімгері ретінде болатын сана және жеке тұлға қалыптасу үдерісіндегі көмек.
Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович болды:
1) техникалар сипатындағы әдістер;
2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;
3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;
4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.
Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар, себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.
Психотерапияның пайда болуының алғы шарттары.
Психотерапия терминін алғаш рет XIX ғ. Тьюк (Tuke D.Н.) енгізді. Психотерапия термині гипнөз техникасының дамуына байланысты XIX ғ. 90-жж. ғана жалпы қолданылатын болады.Штротц пікірі бойынша: «Психотерапия — бұл психологиялық құралдармен мінез-құлықтың бұзылуын немесе аурушаң жағдайды нақты белгіленген мақсатпен және қалыпты және ауытқушылық тәртібінің теориясы негізінде оларға таныс тәсілдер арқылы емдеу мақсатында бір немесе бірнеше науқастың және бір немесе бірнеше психотерапевттердің (тиісті оқыту мен дайындықты өткендер) өзара әрекеттесуі.»Ағылшын әдебиеттерінде психотерапия термині медициналық, және одан да тар мағынаны білдіреді. Бұл ұғым психикалық талдау амалдарын қолданбайтын және ауру психикасының терең қабаттарын зерттеу талпынысынан бас тартуымен терапияның психоаналитикалық тәсілдерінен ерекшеленетін емдеу әдістерін белгілеу үшін қолданылады.Білімі немесе қызмет түрі бойынша дәрігерлер болып табылмайтын психотерапевттер «жанмен емдеу» бастапқы мағынасына негізделетін басқа – философиялық және психологиялық — психотерапияның моделін ұсынады. Бұл көзқарастың негізгі мақсаты психикалық бұзылуды емдеу емес, онда психотерапевт аурудың серігі, досы, тәлімгері ретінде болатын сана және жеке тұлға қалыптасу үдерісіндегі көмек.Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович болды:
1) техникалар сипатындағы әдістер;
2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;
3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;
4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар, себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.
Психотерапияның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
ХІХ ғасырдың 40 – жылдары Манчестерге белгілі француз магнетизері Шарль Лафонтен келді. Оның сеансына Джемс Брэд қатысты. Ол магнетизмнің ғылымға қайшы екенін әшкереледі. Гипноз құбылысына ғылыми тұрғыдан қарау осы кезден басталған еді. Гипноз (грекше – ұйқы) терминін тапқан да – осы Брэд. ӨЗінің «Нейрогипнология» деген кітабында Брэд гипнозды физиологиялық құбылыс деп қарады.
Жылытырағыш затқа ұзақ қадалып қарағаннан, көру мүшесі шаршап, гипноз пайда болады дейді ол. Брэд өзінің хирургиялық практикасында гипнозды анестезияның (жансыздандырудың) тиімділігін арттыруға қолданды.
ХІХ ғасырдан белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры, француз невропотологы М.Ж. Шарконың (1825 - 1893) тексерулері гипноздың психофизтологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды жасанды неврозды (гипноз кезінде истериялық бұлығу), нерв жүйесінің зақымдануы деп қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді. Франциядағы Ненси мектебінің бастығы Берегейм жоғарғы айтылғандарға қарсы шықты. Беренгеймнің айтуы бойынша, гипноз9 – үйретуден болған ұйқы. Алайда осыған дейін француз дәрігері Льебо да осылай айтқан екен.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басныда гипнозды психологиялық және физиологиялық тұрғыдан пайдалану жөнінде арнайы жұмыстар жүргізілді. Сендіру, түсіндіру сияқты әсерлерді қолданатын психотерапияляқ әдістің бір түрі – рационалды психотерапия туралы алғашқы сөз осы кезде айтылады. Бұл ілімді жасаушы неміс физиологы Э.Дюбуа – Реймон былай дейді: «Ауру адамның өз ауруы туралы теріс пікірін өзгерту үшін оған дау – дамайларды ақылмен шешуді түсіндіру және үйрету керек».
Орыс клиницистері де ауырған адамға психотерапиялық әсерді қолданды. Бұдан жүз жыл бұрын М.Я. Мудров: «Өнер арқылы қайғырушыны жұбатуға, шыдамсызды тыныштандыруға, қорқақты батыр, тұйықты ашық, өткір сезімді етуге болады. Бұл өнер дененің ауырғанын, зарығуды жеңеді» деген екен. Ауру адамға дәрігердің игілікті әсері туралы орыс клиницистері В.А. Маккасеин, С.П. Боткин, Г.А. Захарьин, Б.С. Корсаковтар жазған. Психотерапия мен гипнотерапияның практикада іс жүзінде пайдалануда А.А. Токарский көп еңбек сіңірді. Ол ресейде бірінші болып Мәскеу университетінде гипнология кафедрасын ашты. В.М.Бехтерев бірінші гипнология кафедрасын ашты. В.Н.Мясищев, М.С. Лебединский, Н.В. Иванов, В.Е. Рожнов және басқалар психотерапия саласында көп еңбек сіңірді. И.П. Павло сендіру мен гипноздың физиологиялық механизмін ашты. И.П. Павловтың ілімі И.М. Сеченовтың орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежеу процестеріне негізделген.
Психотерапия әдістерінің жіктелуі
Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович болды:
1) техникалар сипатындағы әдістер;
2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;
3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;
4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.
Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар (Исурина ГИПНОТЕРАПИЯ, 1995), себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.
1985 ж. өзінде Б.Д.Карвасарский психотерапияны келесідей жіктеген:
1) жеке-нысаналы психотерапия әдістері;
2) суггестивті (ұйыту) психотерапия әдістері;
3) мінез-құлық (шартты-рефлекторлық) психотерапия әдістері.
Әр түрлі жіктеулерге қарамастан, психотерапияны симптомды және жеке-нысаналы ретінде қарастыру қабылданған. Біріншіге дәстүрлі гипнотерапия, аутогендік жаттығу, иландыру және өзін-өзі иландырудың алуан түрлерін жатқызады. Маңызды жеке тұлғаның өзгерістеріне бағытталған психотерапия заманауи психологияның негізгі ағымдарына негізделеді және осыған сәйкес динамикалық, мінез-құлық және адамгершілік бағыттар болып бөлінеді.
«Медициналық психотерапия», «психологиялық психотерапия» «психокоррекция», «психологиялық консультация» ұғымдарының мәні
Психотерапия (гр. псyцһе — жан + тһерапеіа — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік,гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.
Психокоррекция дегеніміз-адамның мінез-құлқы мен психологиялық  қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.
Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрлі болады. Көп жағдайда психотерапия медициналық ұғым ретінде қабылданады. Медициналық әдебиеттерде және медицинамен аралас ғылыми салаларда психотерапия науқас адамның ағзасына психика арқылы емдік әсер ету ретінде қарастырылады. Психотерапия емдік әдіс ретінде әдістері педагогика, әлеуметтену, физиология, медицина, психология, т.б. ғылымдармен негізделеді. Психотерапия клиникалық мекемелерден тыс жерлерде де орын алуда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде: жанұялық, әлеуметтік – психикалық көмек беру кабинеттерінде, сенім телефондарында, т.б. жерлерде.
Психотерапевтикалық әсер етудің мәні
.
Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу (интервенция) түрі.
Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.
Психотерапияның қағидалары.
«Психологиялық килігу» және «психотерапевтік процесс» ұғымдарына сипаттама
Психологиялық денсаулықты бұзатын тәуекелдік факторлар – ішкі және сыртқы, материалдық және рухани
Психологиялық денсаулық – ол, жеке адамның өз-өзімен
қанағаттанатын және өмірге, өзін-өзі реттеуге қызығушылық сезінетін, болмыстың біршама тұрақты жағдайы. И.В. Дубровина психикалық денсаулықты әрбір жас кезеңінде сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ескерумен қарастыруды болжайтын онтогенетикалық амалды ұстанады. Және де сыртқы факторлар ғана ішкілер арқылы өзгермейді, сонымен қатар ішкі ықпалдар да сыртқыларын түрлендіре алады [130]. Автордың айтуынша, психологиялық денсаулықтың негізін онтогенездің барлық кезеңдеріндегі толық психикалық даму құрайды. Психологиялық денсаулық – ол өмір бойы алынатын білім, әрине, адамның өмір сүруі барысында ол үнемі сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерінен өзгеріп отырады, және де сыртқы факторлар ғана ішкілер арқылы өзгермейді, сонымен қатар ішкі ықпалдар да сыртқыларын түрлендіре алатындығы туралы айтуға болады. И.В. Дубровина психологиялық денсаулықты тұлғаның дамуындағы алуан түрлілік тұрғысынан қарастыруды, яғни психологиялық денсаулыққа рухани бастаманы енгізуді, абсолюттік құндылықтарға (Ақиқатқа, Сұлулыққа, Мейірімділікке) бағдарлануды ұсынады. Осылайша, егер адамда этикалық жүйе болмаса, онда оның психологиялық денсаулығы туралы айтуға да мүмкіндік жоқ. Біздің ойымызша, бұл қағидамен толық келісуге болады. Денсаулық психологиясы мәселелерінің бірі – ол психикалық, әлеуметтік денсаулықты бағалау өлшемдерін анықтау. Денсаулықтың психологиялық деңгейі тұлғалық контекстпен байланысты, соның төңірегінде адам тұтастық ретінде көрінеді. Психологиялық денсаулықтың маңызды өлшемдерінің ішінде – тұлғаның тұтастылығы, оның үйлесімділігі, байсалдылығы, руханилығы, өздігінен дамуға бағдарланғандығы бар.
Психологиялық талдаудың мақсаты
Психологиялық талдау мақсаты дерттік қорғаныстың азаюы арқылы мінез құрылысын қайта құру болып табылады. Психологиялық талдау нәтижесі жетілген тұлғаның қалыптасуы болу керек. Психологиялық талдау жүйкесі төзған, жеке тұлғаның бұзылуы, сексуалдық бұзылулары бар пациенттерге қолданылады.
Психологиялық талдау қалыптасуының ерте кезеңінде, оның қолданылуы Фрейд (Freud S.) және оның бірнеше шәкірттері қызметімен шектелгенде, психоаналитиктерге үміткерлерді дайындауға қатысты талаптар шағын болды.
Бастапқыда психотерапевт тұлғасы мен оның науқастармен жұмысының анализіне ерекше мән берілді. Психологиялық талдаудың дамуы мен ауруларды емдеу мерзімінің арту дәрежесі бойынша оқуға деген талаптар да өсті. 1932 ж. Висбадендегі психоаналитиктер конгресінде Халықаралық тренингтік комитеті құрылды және супервизорлар бақылауында 2 аурудан кем емес әрі қарай психоаналитикалық психотерапия өткізумен 1,5 жылдан кем емес мерзімінде жеке анализдің ұзақтығы белгіленді. 1947 ж. Психологиялық талдау Лондон институты оқыту мерзімін белгіледі – 4 жылдан кем емес жеке тренингті өткізу, ал кейін 2 ауруды 3 жыл бойы супервизия және теоретикалық оқыту жағдайында ұстау. 1937 ж. Фрейд психотерапевттің жеке анализін әр 5 жылда қайталап отыруын ұсынды.
1994 ж. Халықаралық психоаналитикалық ассоциация принциптеріне сәйкес Психологиялық талдау Шығыс-Еуропа институтының Ресей психоаналитикалық ассоциацияның, Орыс психологиялық талдауының Қайта өрлеу фонды және Психоаналитикалық медицинаның Мемлекеттік бөлімшесінің бірлескен шешімімен «Психоаналитиктерді дайындаудың (сертификация) ресейлік стандарты». Бұл стандарт келесіні анықтайды:
1) алдыңғы жоғары білімнің болуы;
2) 1132 сағаттан кем емес нұсқаулық сабақтары кіретін ең аз дегенде 4-жылдық теориялық және тәжірибелік дайындығы (клиникалық аналитиктерге — 2-жылдық қосымша курс қосылады);
3) жеке анализдің ең аз дегенде 100 сағаты;
4) екі немесе екі оқытатын аналитиктермен (супервизорлар) ең аз дегенде 100 сағат бойы жұмыс жасалған ең аз дегенде екі (бір қысқа және ұзартылған) өзіндік оқиғасы бар тәжірибе (сипаттама);
5) өзіндік супервизорлық тәжірибенің ең аз дегенде 300 сағат көлемінде болуы.
Психодинамикалық психотерапияның жалпы сипаттамасы
Психотерапевтикалық әдісті Фрейд (Freud S.) зерттеген. Санасыз психикалық үдерістер мен олардың талдауына қолданылатын психотерапевтикалық әдістері туралы түсінік негізгі ұғым болып табылады.
Психологиялық талдау психотерапияның ең қарқынды және формасы бойынша қатаң түрі. Пациент психоаналитикке аптасына 3-5 рет барады; емдеу курсының ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін. Клиент кушеткада жатады және оның артында отырған психоаналитикті көрмейді. Пациент еркін ұқсатуға талпынады, яғни бастапқы түп тамырдан шығатын ойлар қөзғалысын бақылау үшін, басына келетіннің барлығын айтқысы келеді; сондай-ақ түс көрулері мен психотерапия үдерісінде пайда болатын тасымалдау сезімі туралы айтады.
Психоаналитикке науқастың өз сезімі мен ойларын білдіре білгендігі, айқындалған репрессиясыз психологиялық тұрғыдан қалыпты болып, психоаналитикпен жасалатын эмоционалдық шиеленіске төзу, тұрақты психотерапевтикалық альянсқа деген қабілеттілігі маңызды.
Психологиялық талдау мақсаты дерттік қорғаныстың азаюы арқылы мінез құрылысын қайта құру болып табылады. Психологиялық талдау нәтижесі жетілген тұлғаның қалыптасуы болу керек. Психологиялық талдау жүйкесі төзған, жеке тұлғаның бұзылуы, сексуалдық бұзылулары бар пациенттерге қолданылады.
Психологиялық талдау қалыптасуының ерте кезеңінде, оның қолданылуы Фрейд және оның бірнеше шәкірттері қызметімен шектелгенде, психоаналитиктерге үміткерлерді дайындауға қатысты талаптар шағын болды.
Бастапқыда психотерапевт тұлғасы мен оның науқастармен жұмысының анализіне ерекше мән берілді. Психологиялық талдаудың дамуы мен ауруларды емдеу мерзімінің арту дәрежесі бойынша оқуға деген талаптар да өсті. 1932 ж. Висбадендегі психоаналитиктер конгресінде Халықаралық тренингтік комитеті құрылды және супервизорлар бақылауында 2 аурудан кем емес әрі қарай психоаналитикалық психотерапия өткізумен 1,5 жылдан кем емес мерзімінде жеке анализдің ұзақтығы белгіленді. 1947 ж. Психологиялық талдау Лондон институты оқыту мерзімін белгіледі – 4 жылдан кем емес жеке тренингті өткізу, ал кейін 2 ауруды 3 жыл бойы супервизия және теоретикалық оқыту жағдайында ұстау. 1937 ж. Фрейд психотерапевттің жеке анализін әр 5 жылда қайталап отыруын ұсынды.
1994 ж. Халықаралық психоаналитикалық ассоциация принциптеріне сәйкес Психологиялық талдау Шығыс-Еуропа институтының Ресей психоаналитикалық ассоциацияның, Орыс психологиялық талдауының Қайта өрлеу фонды және Психоаналитикалық медицинаның Мемлекеттік бөлімшесінің бірлескен шешімімен «Психоаналитиктерді дайындаудың (сертификация) ресейлік стандарты».
Классикалық психологиялық талдау техникасына кіретін әдістер және олардың сипаттамалары
Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі мен ұстанымы айтарлықтай қатаң белгіленген. Оған деген негізгі талаптар: араласпаушылық, шеттеу, бейтараптық және жеке тұйықталу; «ауыстыруға» және «контртасымалмен» жұмыс жасауға төзе білу мен шыдау қабілеттілігі; аса шебер бақылағыштық және ұқсатып түсіндіру қабілеті. Психологиялық талдаушыға деген маңызды талаптардың бірі өзіндік мәселелерін, реакцияларын түсіне білу және оның клиентке әсер ету мүмкіндігі болып табылады. Классикалық психологиялық талдауға төмендегі бес базистік техникасы кіреді: а) ерікті байланыстар әдісі; ә) түстердің мағынасын ашу; б) түсіндіру; в) қарсыласу талдауы; г) ауыстыру талдауы.
Ерікті байланыстар әдісі еркін ойға кездейсоқ түрде келіп, клиенттің кез келген күйзелісін айқындайтын ойларды жатқызуға болады.
Түстердің мағынасын ашу. Біріншіден, түс көру жарияланатын және жасырын (соңғысына «жабыраңқы, астарлы түрде ұсынылған күйзелістер» кіреді”) мазмұнды болып ажыратылады. Екіншіден, түс көру кезінде эго-қорғаныс механизмдер әлсіреп, санадан жасырынған күйзелістер өз көрінісін табатынының маңызы зор. Үшіншіден, түс көру — жабыраңқы күйзелістердің айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар олардың қабылдауға және өзін-өзі ұстауға болардық нысанға өзгеру үдерісі болып табылады. Түс көрудің дәл осы қызметін З.Фрейд «түс көру жұмысы» деп белгілеген.
Түсіндіру, яғни мағынасын ашу, талдауға үш процедура кіреді: эмоциялық сәйкестендіру , түсінік беру және клиенттің күнделікті өмір тіліне аудару.
Қарсыласу талдауы. Бұл техниканың негізгі қызметі — клиенттің өз эго-қорғаныс механизмдерін жете түсінуін қамтамасыз ету және дәл осы Эго қарсыласуы түрлі мәселелерді жете түсіну жолындағы негізгі кедергі болатынын есепке ала отыра, оларға қатысты қажетті конфронтацияны қабылдау. Қарсыласу талдауындағы маңызды жағдай оған төзу емес, өйткені психологиялық қорғаныс қажет, атап айтқанда, эго-қорғаныс қызметінің қажеті жоқ жерлерде бас жоқ, көз жоқ әрекет ететін, психологиялық механизм ретінде түсінуі.
Ауыстыру талдауы («трансфер»). Классикалық психоталдауда ауыстыру психотерапияның міндетті ерекшелігі ретінде негізге алынады және арнайы сарапшының ерекше ұстанымымен марапатталады (араласпаушылық, алшақтық, жабықтық). Талдау “ауыстыру неврөзы” — психотерапияның негізгі сәті, себебі белгілерді түсінуге жәрдемдеседі, сол белгілер клиенттің мінез-құлқы мен күйзелістерін өмірдің алғашқы бес жылдық эмоционалдық жаралармен байланысты қатынастар мен күйзелістер қосылатын психотерапевт фигурасы елес сияқты болатындай анықтайды. Ауыстыру талдауының мәні мінез-құлықтың белгіленген формаларының түпнұсқалық психикалық-эмоционалдық негіздерді табуда, олардың түсінігін ашуда, сонымен қатар оларды қайта өңдеу мен жоюға көмек көрсетуінде болады.
14 Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі
Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі мен ұстанымы айтарлықтай қатаң белгіленген. Оған деген негізгі талаптар: араласпаушылық, шеттеу, бейтараптық және жеке тұйықталу; «ауыстыруға» және «контртасымалмен» жұмыс жасауға төзе білу мен шыдау қабілеттілігі; аса шебер бақылағыштық және ұқсатып түсіндіру қабілеті. Психологиялық талдаушыға деген маңызды талаптардың бірі өзіндік мәселелерін, реакцияларын түсіне білу және оның клиентке әсер ету мүмкіндігі болып табылады.
Психотерапевтикалық әдісті Фрейд (Freud S.) зерттеген. Санасыз психикалық үдерістер мен олардың талдауына қолданылатын психотерапевтикалық әдістері туралы түсінік негізгі ұғым болып табылады.
Психологиялық талдау психотерапияның ең қарқынды және формасы бойынша қатаң түрі. Пациент психоаналитикке аптасына 3-5 рет барады; емдеу курсының ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін. Клиент кушеткада жатады және оның артында отырған психоаналитикті көрмейді. Пациент еркін ұқсатуға талпынады, яғни бастапқы түп тамырдан шығатын ойлар қөзғалысын бақылау үшін, басына келетіннің барлығын айтқысы келеді; сондай-ақ түс көрулері мен психотерапия үдерісінде пайда болатын тасымалдау сезімі туралы айтады.
15.Клиентке бағытталған терапияның жалпы сипаттамасы
К Роджерстін тұжырымдамасына сәйкес адамда шынайы мен және мінсіз мен, сонымен қатар адамға тәрбие емес бірақ, оған орасан зор әсер ететін тағы бір бөлігі құрамдас бөлігі әлеуметтік орта болады. Шынайы мен адамның өзі ойлары өз сезімдері мен талпыныстары туралы түсініктердің жүйесі. Мінсіз мен адамға қандай болғысы келетіні оның тәжірибесі және толғаныстары жатады. Әлеуметтік орта бұл адамға сырттан танылатын нәрселердің бәрін қамтиды. Шынайы мен мен мінсіз меннің арасында пайда болатын сәйкестік адамның бойында үрейлену сезімін тудырады. Клиентке бағытталған терапия гуманистік психотерапияның Роджерс пен ұсынылған нұсқасы. Психотерапияда Роджерс пациент пен клиент ұғымын қатар қолданады. Бұл аурудың кез-келген сатысында мойындау дегенді білдіреді.
Роджерстің негізгі ережелері 1. Барлық уақытта клиент өзі емделуге тырысады немесе ынталы ал психотерапевттің рөлі бұл жерде клиенттің осындай ынтасын пайдалану және оны дұрыс жолға бағыттау. 2.Терапия клиентті интелектісіне емес оның эмоциясына бағытталуы тиіс. 3. Терапия көпшілік жағдайда индивидумның өткеніне емес тікелей нақты жағдаятқа суйенуі тиіс. Сонымен психотерапияның клиентке бағыталған психотерапияның мәні психотерапевт пациентті емдеу немесе диагностикалау мақсатында емес оны мен терең жеке байланыс орнату болып табылады.
Психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі
Психологиялық көмектің негізгі мақсаты — адамға «тұтас әрекет ететін тұлға» болуға көмектесу деген болатын К. Роджерс. Ең басынан адам мәселелеріне емес, оның өзіне, оның «МЕН» дегеніне көңіл аударылады. Сондықтан психотерапияның басты мақсаты — жеке тұлға өсуінде, дамуындағы көмек, осының арқасында адам мәселелерді өзі шеше алады. Жеке-центрлік кеңес беруде клиенттер мен кеңес берушітар мақсаттары сәйкес келеді. Бұл мақсаттар Роджерс , Уолкер, Раблен және Роджерс, Маслоу еңбектерінде сипатталады.
Психолог – кеңес берушінің рөлі — қандай да болсын рөлді ойнаудан бас тартып, өзін-өзі болуға тырысу. Психолог – кеңес берушітың басты кәсіби міндеті — тиісті психологиялық климатты құру, онда клиенттің өзі қорғаныс механизмдерінен бас тартушы еді. Сонымен бірге терапевт толығымен психотерапевт рөлінен шеттеліп, қатынас жасау мен терминдердің кәсіби әдеттерінен өзінің қарапайым және табиғи сезімдер мен ойларын білдіруге көшу керек. Клиент тек қарапайым жолдастық қатынасты ғана емес, сонымен қатар терапевттің ой-пікірлердің моральдық бағалауынан толық босауын және клиент мінез-құлқын, яғни әңгімелесушінің өзін-өзі шын көрсетуін сезінуі маңызды.
Кеңес берушілік үдерістің кезеңдері
Кеңес берушілік үдерістің жеті кезеңі жіктеледі:
1. ішкі қарым-қатынастың оқшаулануы (МЕН+хабарлама немесе жеке тұлғалық мағыналардың хабарламасы жоқ, мәселенің бары теріске шығарылады, өзгеріске деген тілек жоқ );
2. Өз ойын білдіре алу (клиент қабылдау атмосферасында өзінің барлық шектеулері мен салдарымен өз сезімдерін, мәселелерін ашуға бастайды).
3-4. өзін-өзі ашу және жалпы күрделілікпен, қарама-қайшылықпен, шектеумен және аяқталмағандықпен өзін клиент ретінде қабылдау үдерісінің дамуы.
5. феноменологиялық әлемге өзіндікке сияқты жатқызу үдерісі болады, — өзінің «МЕН» дегенінен жатсынушылық жойылады, және нәтижесі ретінде өзін-өзі болуға деген қажеттілік артады.
6. конгруэнттілік, өзі қабылдаушылық және жауапкершілік дамиды, еркін ішкі қарым-қатынас, орнығады, «МЕН» мінез-құлқы мен өзін-өзі сезіну органикалық, сыртық әсерсіз болады. Жалпы жеке тұлғалық тәжірибенің бірыңғай тұтастыққа интегралдануы болады.
7. Жеке тұлғалық өзгерістер сатысы, өзінің әлем ішінде ашылуы, психолог енді керексіз болады, психотерапевтикалық жұмыстың негізгі мақсатына жеттік — өзімен және әлеммен конгруэнттілік жағдайда болу, жаңа тәжірибеге деген ашықтық және “МЕН+шынайы” және “МЕН+идеалды” арасындағы шынайы теңгерім.
18. Гештальтерапия тұжырымдамасының жалпы сипаттамасы.
Гештальтерапияның негізін қалаған Фринц Перлез. Гештальтерапияның мақсаты- топ мүшелерін мадақтау арқылы олардың организмикалық процестерін ояяту және толысу қажеттігін жете түсінуге ұйылу гештальттарды құру мен аяқтау адамның табиғи өмір сүру қалпы екені және оны адамға тигізетін әсері органикалық жағынан өзін-өзі реттеу процесіне негізделетіні эксперименталдық жол мен дәлелденген. Топ жұмысын ұйымдастырған да жаттықтырушы топтар өзі тілек білдірген эмоционалдық қызу жағдайындағы байланысты адамның әрекеттерін ұйымдастырып барлық қажеттіліктері мен оны қанағаттандыру жолдарын талдайды. Басқа қатысушылар өзін сол адам мен салыстыра отырып жаттықтырушыға қолдау көрсетіп отырады. Гештальтерапияның негізгі ұғымдары келесі дене мен оны қоршаған ортаның қатынасы қазіргі кез туралы алаңсыз ойланып оны жете түсінуі қарама-қарсылық қорғану мен жетілу функциялары. Гештальтерапевт үшін пациенттің өзіне тән қайшылас қасиеттері бар екенін түсініп ол қарама-қарсылықтар күресі қандай сезімдері туғызатынын түсінуі өте маңызды. Осы сезімді түсіндіру үшін екі орындық әдісі қолданады. Қатысушы ең бірінші бір орындыққа отырып өз сезімін шабуылшы көзқарасы мен ұстанымына байланысты көріністі баяндайды, ал сонан соң отырып қорғанушы орнында болып сөйлейді. Гештальтерапия қарсыласуға қарсы емес одан бас тартуды талап етпейді. Ол адамның табиғи қарсыласуына сүйенгенде көптеген жағымсыз сезімдердің мағынасына түсінгендіктен адам санасыз түрде осы сезімді толық сезіну арқылы өзіңіздің сана сезіміңізді үш түрге бөліп қарастырамыз, 1.Сыртқы орта, 2. Дененің ішкі ортасы, 3. Сезім ақыл-ой
19. Трансактілі талдау тұжырымдамасының жалпы сипаттамасы
Трансактілі талдау Эрик Берннің алдын-ала шешімдері мен бағдарланған деген тұжырымдамасына негізделеді. Бірақ қазіргі уақытта шешімді ол қалыптасқан топтар негізінде қабылдайды. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта іске асқысыз болып қалады. Трансакцияның негізін өмірлік сценарий құрайды. Трансакциядағы терапевтік үрдістің негізгі мақсаты тұлғаны өмірлік позицияларын қайта құру немесе жасау. Бұл жерде адамның өзінің мінез-құлқындағы өнімсіз стереотиптерді түсіну қабілетіне көп мән береді. Бұндай таптурындар тұлғаға дұрыс шешім қабылдауына құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастыру қабілетіне кедергі келтіреді. Трансактілі талдауда тұлғаның құрылымы 3 эго күйдің болуы мен сипатталады. 1. Ата-ана, 2. Бала, 3. Ересек. Әрбәр ересек адам кезінде бала болды бұл бала эго куйінде көрініс табады. Миы қалыпты дамыған әрбір адам болмысты немесе шындықты баламалы дұрыс бағалауға қабілетті болады. Әрбір баланың ата-анасы немесе орнын басатын адамдары болуы шарт. Әрбір тұлғада ата-аналық бастау бар сонымен ол ата-ана эго куйін қабылдайды.
20. Отбасылық психотерапияның пайда болуы.
Отбасылық психотерапия- отбасын зерттеп білуге және алдын алу мақсатында оған ықпал жасауды, сонымен қатар кейінгі әлеуметтік еңбек құқығын қалпына келтіруді қамтитын психотерапия саласы болып табылады. Отбасылық психотерапияның әдісі бәрінен бұрын маскүнемдік, нашақорлық психопатия ,психоздық және психосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде жүйкенің тозуы аса қызбалық және өзіне өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы қолданылады. Отбасылық психотерапияға психотерапияның басқа салалары мен қарастырылмайтын қосымша аспектілердің тобы кіреді- бұл дегеніміз отбасылық мөлшерде қызмет ету, отбасылық бұзылушылық түрлері, оларды алдын алу, отбасы мүшелерінің психикалық және соматикалық денсаулығына әсер ету отбасы тіршілігінің бұзылу диагностикасы. Отбасылық психотерапия мен бір мезгілде дәрігер және медициналық психолог қызметі ретінде педагогикалық заңгерлік экономикалық ықпал етеді. Олардың айырмашылықтары бәрінен бұрын өз мақсаттары мен анықталынады. Педагогикалық ықпал ету отбасының тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған. Отбасылық қарым-қатынас мөлшерінде ерлі –зайыптыларға көмек көрсететін психологиялық консультацияны және медициналық мақсатты алдына қоймайды. Отбасына және оған ықпал етуге арналған ғылыми әдебиеттерде кейде отбасылық психотерапияны алдына медициналық мақсат қоймайтын отбасы мен психологиялық жұмыс жасау сияқты атайтынын көрсету қажет.
21. Отбасылық кеңес беру ерекшеліктеріОтбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері отбасына кәсіптік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар-психиатрлар мен психотерапевттер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделін психоанализ негізінде пайда болды. Оны құрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. 1.Психодинамикалық көзқарас,2. Бихевиористік көзқарас, 3. Гуманистік көзқарас, 4. Психологиялық кеңес берудің моделі.5, Құрылымдық моделі. 6. Кеңес беру моделінің стратегиясы. Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фразаға бөлуге болады. 1.Байланыс орнату, 2. Проблемаларды анықтау, 3.іс-әрекет фазасы. 4. Шешім қабылдау фазасы. 5. Кері байланыс фазасы Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары Психолог клиент пен белгіленген бір уакытта кездесіп оның проблемалары бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір алмасады. Сонымен отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оның жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді. Отбасылық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады

Отбасылық психотерапия кезеңдері
Отбасылық психотерапия жиі 4 кезеңді бөледі:
1) диагностикалық (отбасылық диагнөз);
2) отбасылық кикілжіңді жою;
3) қайта құратын;
4) қолдайтын.
Отбасылық қатынастар диагностикасы отбасы тобына проблемалық диагностикалық болжамлдарды тексеріп шығаратын психотерапевттің қосылу үдерісінде жүзеге асады. Отбасылық диагностика процедурасының ерешеліктері оның толассыз сипатты, яғни Отбасылық психотерапия барлық кезеңде еріп жүреді және психотерапиялық техникалар таңдауын алдын алады.
Екінші кезеңде психотерапевттің науқастармен және олардың отбасы мүшелерімен біржақты кездесу барысында отбасы кикілжіңі бастауы анықталады мен кларификациясы болады және психотерапевтпен теңбе-тең қатынасты орнату нәтижесінде кикілжіңге тартылған отбасының әр мүшесінің эмоциональдық әсер ету арқылы оны жою жүзеге асады. Психотерапевт кикілжің қатысушыларына барлығына түсінікті тілмен сөйлеуге көмектеседі. Одан басқа, ол делдал рөлін алып, бір отбасы мүшесінен екіншісіне кикілжің туралы ақпараттың келісілген көлемінде беріп отырады.
Отбасылық қатынастардың қайта құру кезеңінде актуальды отбасылық проблемаларды топтық талқылау жеке алынған отбасында, немесе ұқсас проблемалары бар науқастар және олардың туыстарының параллельді топтарында жүзеге асады. Осы топтарда рөльдік мінез-құлық тренингі және құрылымдық таластың ережелерін оқыту жүргізіледі.
Қолдайтын кезеңде немесе белгілеу кезеңінде шынайы отбасылық жағдайларда алдыңғы кезеңдерде пайда қалыптасқан эмпатиялық қатынастың дағдылары мен рөльдік мінез-құлықтың артқан диапазоны бекітіледі.
23. Арт терапияның жалпы сипаттамасы
Арттерапия- бұл бейнелеу өнері мен емдеу дегенді білдіреді. Арттерапия –термині өнер арқылы терапия жүргізу дегенді білдіреді. Көбіне ағылшын тілді халықтар қоныстанған елдерде кеңінен тараған. Арттерапия ауру адамның психоэмоциональды халіне шығармашылық арқылы ем жүргізу және әсер етуді білдіреді. Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдің санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңіл куйлерін сипаттау жұмысында қолданылады. Кейіннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында музыкалық терапия, драмалық терапия бимен терапия жүргізу т.б қолданыла бастайды. Бірақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрі нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездері изотерапия жәнем сурет терапиясы термині қолданылады бірақ олар ағылшын тілді аналогқа келіңкіремейді және мән мағынасын тарылтады.арттерапия мынандай бағыттарды қамтиды. Сурет терапиясы драмтерапия музыка терапия, кинотерапия битерапиясы. Арттерапиялық әдістемелер жеке дара әдістеме ретінде де терапияның көмекші әдістемесі ретінде де қолданылады. Арттерапия клиенттің өзінің шығармашылығы және өнер шығармалары арқылы жүзеге асырылады. Арттерапияны бірінші кезекте күрделі эмоционалдық күйзеліске ұшырағандарға қарым-қатынаста қиналатындарға көп үндемейтіндерге ұялшақтарға қолданылады. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығы мен ойлаудың ерекшелігі мен заттарға деген сындарлы көзқарас пен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігі мен өз білімін икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуі мен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды
24. Тән терапияның жалпы сипаттамасы
Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты болып табылады. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене бейімделу психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңейюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде денемен жұмыс тәрізді анықталатын 15 әр түрлі көзқарастар сипатталған.олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық ,ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.
25. Мінез-құлық психотерапияның жалпы сипаттамасы
Қазіргі заман психотерапияның жетекші бағыттарының бірі. Жаңа даму кезеңінде Мінез-құлық психотерапиясы анықтамасы тар мағынада қолданылып, оны классикалық және операнттық келісуге негізделген техникалық тәсілдерді ғана қосса соңғы кезде термин мағынасы кеңдігінен атауы мәні жоғалуының қаупі төнуде. Мысалы Кэнфер белгілі бір стандартқа сәйкестендіру мен үйретутеориясы саласындағы ашылулар мен байланыстығыларды ғана емес экспериментальдық психологияда алынған барлық ақпаратты да қамту керек. Деп айтқан. М.П айналаны қайта құру және әлеуметтік өзара байланысты және аз деңгейде биологиялық араласулар арқылы соматикалық үдерістер түрінің өзгеруі қамтиды. Оның мақсаты ең басты-әрекет ету қабілеттерінің қалыптасуы мен нығаюы өзін-өзі бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін техникаларға ие болу. Өзінің бастапқы даму кезеңінде мінез-құлық термині М.П сыртық бақыланатын сипаттама ретінде танылса, қазіргі кезде бұл ұғымға эмоциональдық-субьективтік мотивациялық күйзелген когнитивтік және вербальдық когнитивтік сипаттары қосылады. Осылай М.П теориялық ережелердің бірлігі мен одан өрбейтін әдістемелік белгілі араласуға негізделген неғұрлым тар мағынасы мен кеңейтілген мағынасын бөліп айтуға болады, мұнда бұл байланыс мәнін жоғалтады. Райхтың мінезтанушылық талдауы Лоуэннің биоэнергетикалық талдауы.
Психологиядағы психотехники ұғымы
Психотехника (психо және гр. techne — өнер, шеберлік) — психологиядағы адамның психикасы туралы білімді еңбек іс-әрекетіне тікелей байланысты практикалық мәселелерді шешуге қолданумен шұғылданатын бағыт. Психотехника терминін 1903 ж. неміс психологі В. Штерн (1871—1938) ұсынды. Ғылым ретінде қалыптастыруға әрекеттенген Г. Мюнстерберг болды. Психотехниканың негізгі міндеттері: кәсіптік бағдар мен кәсіптік іріктеуді жүзеге асыру; адамның шаршау себептері мен еңбектегі жаттығу ықпалын зерттеу; адамды мәшинеге, мәшинені адамға ыңғайластыру мүмкіндігін арттыру;HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%83%D1%88%D1%8B" \o "Тұтынушы"тұтынушыға ықпал ететін түрлі тәсілдердің тиімділігін анықтау; жұмысшыларды кәсіптік даярлауда олардың психикалық қабілетін жетілдіру және т.б. Көп жағдайда психотехника "қолданбалы психологиямен" үйлестіріледі де, оның құрамына еңбек, сауда психологиясын, әскери психологияны енгізеді.
Психотерапевтік көмек түрлері
Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.
Қазіргі таңда практик психологтың пайда болу мәселесі тұр, өйткені ол психологтан тек оның қызметі ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік тапсырысты да қажет етеді. Ол өз кезегінде психотерапевт- психолог кәсібінің пайда болуына үлкен жауапкершілікті артып отыр.
Бұл жауапкершілік тереңдей түседі, өйткені психолог- психотерапевт психикалық денсаулық категориясы мен психикалық даму ережесі категориясымен жұмыс істейді, жеке тұлға үшін маңызды болып табылады. Психотерапевт клиенттің жеке қайта құруымен айналыса отырып, өзіне клиенттің психикалық денсаулығының көрсеткішінің бір бөлігін жауапкершілікке алады. Басқа сөзбен айтқанда, психотерапевт өзіне басқа адамның жеке элементтерін жасаушы ролін атқарады, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерге жауапкершілік атқарады.
Демек, психотерапевт өз қызметінде психикалық дамудың индивидуалды қалпы туралы ұғымды индивидуалданған, жекеленген түрде іске асырады, ол өзінде имплициттік және психикалық даму мен психикалық денсаулық сипатын құрайды. Міне, осында психолог- консультанттан психотерапевтің нағыз кәсіби айырмашылығы көрініс береді. Қысқаша түрде бұл айырмашылықтарды былай көрсетуге болады: психотерапевт ауру адаммен жұмыс істейді және оның сауығып кетуіне жауап береді, ал психолог- кеңес беруші сау адаммен жұмыс істейді және оның жеке қасиеттерінің өсуіне жағдай туғызады, ал осы өсуге жауапкершілікті клиент атқарады.
З.Фрейд психоанализ негізін қалаушы
Психоанализ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған. Зигмунд Фрейд – Австрия психологі, психиатрі және неврологі, психоанализ ілімінің негізі қалаушы. Психоанализ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. XX ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды.  З.Фрейд теориясының әлемге әйгілі ілім ретінде танылғандығы соншалық бүгінде ғалымдар «психология – бұл Фрейдтің өзі» деген қағида қалыптасқан.
Психоаналитиктерді дайындаудың (ресейлік) стандартының негізгі шарттары
Психологиялық талдау қалыптасуының ерте кезеңінде, оның қолданылуы Фрейд (Freud S.) және оның бірнеше шәкірттері қызметімен шектелгенде, психоаналитиктерге үміткерлерді дайындауға қатысты талаптар шағын болды. Бастапқыда психотерапевт тұлғасы мен оның науқастармен жұмысының анализіне ерекше мән берілді. Психологиялық талдаудың дамуы мен ауруларды емдеу мерзімінің арту дәрежесі бойынша оқуға деген талаптар да өсті. 1932 ж. Висбадендегі психоаналитиктер конгресінде Халықаралық тренингтік комитеті құрылды және супервизорлар бақылауында 2 аурудан кем емес әрі қарай психоаналитикалық психотерапия өткізумен 1,5 жылдан кем емес мерзімінде жеке анализдің ұзақтығы белгіленді. 1947 ж. Психологиялық талдау Лондон институты оқыту мерзімін белгіледі – 4 жылдан кем емес жеке тренингті өткізу, ал кейін 2 ауруды 3 жыл бойы супервизия және теоретикалық оқыту жағдайында ұстау. 1937 ж. Фрейд психотерапевттің жеке анализін әр 5 жылда қайталап отыруын ұсынды. 1994 ж. Халықаралық психоаналитикалық ассоциация принциптеріне сәйкес Психологиялық талдау Шығыс-Еуропа институтының Ресей психоаналитикалық ассоциацияның, Орыс психологиялық талдауының Қайта өрлеу фонды және Психоаналитикалық медицинаның Мемлекеттік бөлімшесінің бірлескен шешімімен «Психоаналитиктерді дайындаудың (сертификация) ресейлік стандарты». Бұл стандарт келесіні анықтайды:
1) алдыңғы жоғары білімнің болуы;
2) 1132 сағаттан кем емес нұсқаулық сабақтары кіретін ең аз дегенде 4-жылдық теориялық және тәжірибелік дайындығы (клиникалық аналитиктерге — 2-жылдық қосымша курс қосылады);
3) жеке анализдің ең аз дегенде 100 сағаты;
4) екі немесе екі оқытатын аналитиктермен (супервизорлар) ең аз дегенде 100 сағат бойы жұмыс жасалған ең аз дегенде екі (бір қысқа және ұзартылған) өзіндік оқиғасы бар тәжірибе (сипаттама);
5) өзіндік супервизорлық тәжірибенің ең аз дегенде 300 сағат көлемінде болуы.
Түстердің мағынасын ашу (З.Фрейд бойынша).
Түс – толыққанды психикалық құбылыс. Түс көру – тілектердің орындалуы. Ол біздің сергек өмірдегі белгілі рухани құбылыстармен бірге ортақ тізбек құруы ықтимал.Түс аса күрделі ақыл-парасатты іс-әрекеттің көмегімен құрылған. Сондықтан халық үнемі түсті жоруға тырысқан және оның бір-біріне ұқсамайтын екі әдісін қолданған. Біріншіден, түсті тұтастай қарастырады және оны белгілі бір ұқсас мазмұнмен алмастырады. Екіншіден, шифрлерді шешу деп аталады. Мысалы менің түсіме хат, оның соңынан жерлеу кірді десек, сонда түс жоруынан хат сөзін табамын, ол «Әттеген-ай», жерлеу дегеніміз – «некелесу» деп мазмұнын ашамын. Ендеше З. Фрейдтің түс жору кітабындағы символдарды талдап көрейік.
Жалаңаш адам жайлы түс көру. Адамның жалаңаш немесе жаман киіммен басқа біреудің алдында жүргені туралы түсте ешқандай ұят сезімі байқалмайды. Бірақ жалаңаш жайлы түс көру бізге субъектінің ұялу сезімінде болып, одан құтылғысы немесе жасырғысы келетінін, сонымен қатар ерекшк маталып байланып қалғаандай, қозғала алмай тұрғанын, жағымсыз жағдайды өзгертуге дәрменсіздікті білдіретінімен қызықты.
Тауға көтерілген тұстағы тар есік- міндетті түрде әйелдің жыныстық мүшесін, есікті ашуға көмектесуі өмірде әйеліне деген сыйластықты көрсетеді.
Ұшу туралы түс - адамның басқа тілегін білдіреді. Оны көбінде өзі «шіркін, Мен құс болсам ғой»,-деп айтып жүретін.Кейбіреулері түстерінде періште болып жүреді.Өйткені оларды шын өмірде ешкім бұлай атап көрмеген.
Құлау туралы түс көру. Бұл көбіне адамның қорқыныш сезімімен байланысты. Әйелдердің құлау туралы түс көруі - эротикалық сезімін білдіреді.
Емтихан тапсыру туралы түс көру. Емтиханнан жақсы өткен адамдар түстерінде емтихан туралы сәтсіз түстер көрген, ал құлап қалған адамдар түс көрмеген.
Жақын адамның өлімі туралы түс көру. Түстердің келесі тобына қайтыс болған жақын адамдарды, ата-ана, бауыр, сіңілі, балаларды көру жатады. Бұл түстерді екі топқа бөлуге болады: 1- топта түс көрген адам түскінде өлімге еш қайғырмайды. Ал, оянған кезде ол өзінің қаттылығына қайран қалады. 2-топта ауыр хабарды естигенен кейін түсінде қайғырып, оянғанда жылап жатқанын сезеді.
1-топтағы түсті талдай келе оның мазмұнынан алшақ – басқа бір тілектің жатқанын байқамыз. Мысалы: сіңілісінің жалғыз ұлының қайтыс болғанын апайы түсінде көрген. Бұл түсте апайы кішкене балаға өлім тілемейді, ол сүйікті адамын көп уақыттан бері көргісі келетін тілекті білдіреді.
2-топтағы түс туралы айтсақ, бұл түстердің мазмұны байынша адамға өлім тілеуден туындайды. біз бір түсті талдай келе тілектің түсте орындалуы маңызды емес. Егерде кімде-кім өзінің әкесі, шешесі, бауыры немесе сіңілісі өлгенін түсінде көрсе, және соған түсінде қатты қайғырса, онда ол қазір соларға өлім тілеудің дәлелі деп айта алмаймын, бірақ сол адам кішкентай кезінде олардың өлімін қалаған.
Әдетте,тусіңде Тіс ауруы туралы көрсең –ер балаларда жынысық қажеттілікті білдіреді.
Классикалық психоталдаудағы ауыстыру таладуының («трасфер») мәні
Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі мен ұстанымы айтарлықтай қатаң белгіленген. Оған деген негізгі талаптар: араласпаушылық, шеттеу, бейтараптық және жеке тұйықталу; «ауыстыруға» және «контртасымалмен» жұмыс жасауға төзе білу мен шыдау қабілеттілігі; аса шебер бақылағыштық және ұқсатып түсіндіру қабілеті. Психологиялық талдаушыға деген маңызды талаптардың бірі өзіндік мәселелерін, реакцияларын түсіне білу және оның клиентке әсер ету мүмкіндігі болып табылады.
Классикалық психологиялық талдауға төмендегі бес базистік техникасы кіреді:
а) ерікті байланыстар әдісі;
ә) түстердің мағынасын ашу;
б) түсіндіру;
в) қарсыласу талдауы;
г) ауыстыру талдауы.
Ауыстыру талдауы («трансфер»). Классикалық психоталдауда ауыстыру психотерапияның міндетті ерекшелігі ретінде негізге алынады және арнайы сарапшының ерекше ұстанымымен марапатталады (араласпаушылық, алшақтық, жабықтық). Талдау “ауыстыру неврөзы” — психотерапияның негізгі сәті, себебі белгілерді түсінуге жәрдемдеседі, сол белгілер клиенттің мінез-құлқы мен күйзелістерін өмірдің алғашқы бес жылдық эмоционалдық жаралармен байланысты қатынастар мен күйзелістер қосылатын психотерапевт фигурасы елес сияқты болатындай анықтайды. Ауыстыру талдауының мәні мінез-құлықтың белгіленген формаларының түпнұсқалық психикалық-эмоционалдық негіздерді табуда, олардың түсінігін ашуда, сонымен қатар оларды қайта өңдеу мен жоюға көмек көрсетуінде болады.
Клиентке бағытталған психологиялық көмектің мақсаттары, психологтың рөлі.
1930 ж. соңында — 1940-ж басында американдық психолог К.Роджерс (1902—1987) кеңес берушілікке және психотерапияға деген жаңа, директивті емес көзқарас дамыған бірқатар еңбектер жариялады. 1940-ж. басында К.Роджерс оған «клиентке бағытталған» деген атау берді. Роджерс адамның өмірі мен дамуындағы шешуші рөлі ретінде МЕН-тұжырымдаманы жатқызады, яғни оның өзін-өзі туралы көрінісі. Дәл сол МЕН-тұжырымдамасы (өзін-өзі туралы көрінісі) кез келген жағдайда адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды
Негізгі мақсаты — адамға «тұтас әрекет ететін тұлға» болуға көмектесу (К.Роджерс). Ең басынан адам мәселелеріне емес, оның өзіне, оның «МЕН» дегеніне көңіл аударылады. Сондықтан психотерапияның басты мақсаты — жеке тұлға өсуінде, дамуындағы көмек, осының арқасында адам мәселелерді өзі шеше алады. Жеке-центрлік кеңес беруде клиенттер мен кеңес берушітар мақсаттары сәйкес келеді. Бұл мақсаттар Роджерс (Rogers, 1959, 1961), Уолкер, Раблен және Роджерс (Walker, Rablen, Rogers, 1960), Маслоу (Ма51о\у, 1962,19' КомбсаиСнигга (СотЬз, Snygg, 1959) еңбектерінде сипатталады.
Психолог – кеңес берушінің рөлі — қандай да болсын рөлді ойнаудан бас тартып, өзін-өзі болуға тырысу. Психолог – кеңес берушітың басты кәсіби міндеті — тиісті психологиялық климатты құру, онда клиенттің өзі қорғаныс механизмдерінен бас тартушы еді. Сонымен бірге терапевт толығымен психотерапевт рөлінен шеттеліп, қатынас жасау мен терминдердің кәсіби әдеттерінен өзінің қарапайым және табиғи сезімдер мен ойларын білдіруге көшу керек. Клиент тек қарапайым жолдастық қатынасты ғана емес, сонымен қатар терапевттің ой-пікірлердің моральдық бағалауынан толық босауын және клиент мінез-құлқын, яғни әңгімелесушінің өзін-өзі шын көрсетуін сезінуі маңызды.
Клиентке бағытталған кеңес берушілік үдерісінің кезеңдері
Кеңес берушілік үдерістің жеті кезеңі жіктеледі:
1. ішкі қарым-қатынастың оқшаулануы (МЕН+хабарлама немесе жеке тұлғалық мағыналардың хабарламасы жоқ, мәселенің бары теріске шығарылады, өзгеріске деген тілек жоқ );
2. Өз ойын білдіре алу (клиент қабылдау атмосферасында өзінің барлық шектеулері мен салдарымен өз сезімдерін, мәселелерін ашуға бастайды).
3-4. өзін-өзі ашу және жалпы күрделілікпен, қарама-қайшылықпен, шектеумен және аяқталмағандықпен өзін клиент ретінде қабылдау үдерісінің дамуы.
5. феноменологиялық әлемге өзіндікке сияқты жатқызу үдерісі болады, — өзінің «МЕН» дегенінен жатсынушылық жойылады, және нәтижесі ретінде өзін-өзі болуға деген қажеттілік артады.
6. конгруэнттілік, өзі қабылдаушылық және жауапкершілік дамиды, еркін ішкі қарым-қатынас, орнығады, «МЕН» мінез-құлқы мен өзін-өзі сезіну органикалық, сыртық әсерсіз болады. Жалпы жеке тұлғалық тәжірибенің бірыңғай тұтастыққа интегралдануы болады.
7. Жеке тұлғалық өзгерістер сатысы, өзінің әлем ішінде ашылуы, психолог енді керексіз болады, психотерапевтикалық жұмыстың негізгі мақсатына жеттік — өзімен және әлеммен конгруэнттілік жағдайда болу, жаңа тәжірибеге деген ашықтық және “МЕН+шынайы” және “МЕН+идеалды” арасындағы шынайы теңгерім.
Жеке тұлғалық-орталық кеңес беру белгілі бір әдістемелерге сүйенбейді және клиенттер қызығушылығындағы кез келген әрекеттерді жасауды меңземейді, Роджерс «кеңес беру тиімділігі ең алдымен кеңес беруші мен клиенттің жеке өзара әрекеттесу сапасымен анықталады» деп есептеген (Rogers, 1962, >. 416). Жеке тұлғалық-центрлік кеңес беру кезінде клиенттермен бірге кеңес берушілердің де ойлары және сезімдерінің маңызы зор.
К. Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары
К.Роджерс өзінің психотерапевтік тәжірибе ортасына клиентті жеке тұлға ретінде қойды. К.Роджерс ұстанымы бастапқыдан онымен адамға деген терең сыйластық, оның қабілетінің барына деген сенім, бұл оң жеке тұлға өзгерістер шарттары айқындалып көрінетін психолог пен клиент арасындағы қатынастар болып құрылатын негізгі болжамы бар зерттеу болып жарияланды.
К.Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары:
1. Эмпатия — толығымен «негізгі сөздер МЕН-СЕН» арқылы берілетін ұғым. Бұл клиенттің тікелей оң жеке қатынасы және оның феноменологиялық әлемді қабылдау арқылы қабылданып түсіндірілетін психологтың клиентке деген қатынасы.
2. Қамқорлық — клиенттің қандай да болсын күйінде актуальды жағдайына айқындалған дайындықпен көмекке келу және жеке тұлғалық клиент әлеуетін көру болашағымен қабылдау.
3. Конгруэнттілік — сезімдер мен пікірлер мазмұны арасындағы сәйкестік; мінез-құлықтың бір беттілігі.
4. Психологиялық климат — тұжырымдамадағы негізгі ұғымдардың бірі, себебі онда терапевттік қатынастар жиналған, кәсіби (олар жеке тұлғалық) білік пен қасиеттер психотерапиядағы тұлғаның оң өсуінің (өзгерісі) басты шарты болып қарастырылады.
5. Өзіндік (self) — тұжырымдамадағы орталық ұғым. Бұл ішкі қатынастар жүйесі.
Гештальт-терапиядағы көмектің мақсаты
Негізгі мақсаты — адамға толығымен өз күш-қуатын іске асыруға жәрдемдесу. Бұл басты мақсат қосымшаларға бөлінеді:
1) актуалды өзін-өзі сезінудің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;
2) бақылау локусының ішке қарай жылжуы, тәуелсіздік пен өз-өзіне жеткіліктілікті мадақтау;
3) өсуге кедергі келтіретін психологиялық блоктардың табылуы және оларды жою.
Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы «гештальтқа», бірыңғай тұтастыққа интегралданған «катализатор», «көмекші» және «жаратушы» ретінде қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.
Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, «серікті», өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі.
Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.
Гештальт-терапиядағы психолог пен клиенттің рөлі
Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы. Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы «гештальтқа», бірыңғай тұтастыққа интегралданған «катализатор», «көмекші» және «жаратушы» ретінде қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.
Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, «серікті», өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі. Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.
Гештальтерапияның негізгі ұғымдары
Негізгі ұғымддар:
Осында және қазір. «Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын». “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса.
Пішін және фон. Перлз тұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра, осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін.
Ақыл-ойдың кеңеюі. Бұл термин психотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада. Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады.
Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген».
Сезімдердің амбиваленттілігі. Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз. Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады.
Аяқталмаған іс — гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген сезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді.
Қашқақтау — «аяқталмаған істің» қандай да болмасын жағымсыз күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты мінез-құлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.
Энергия және энергияның қоршалуы — психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.
Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты
Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады. Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, «серікті», өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі.
Трансактілік талдаудағы психологиялық көмектің мақсаттары
Трансакциялық талдау тәжірибесіне сәйкес, клиенттің мәселесін шешудің бірінші қадамы оның бұған дейін өзін шынай емес, яғни ойнағаны туралы мойындағаны болып табылады. Келесі қадам - оны ойыннан бас тарту қажеттілігіне сендіру, әйтпесе, ол мәселе сонымен шешілмейтін болады. Бірақ мұнда жалғыз, бірақ өте маңызды күрделілік бар.
Басты мақсаты — клиентке өз ойындарын, өмірлік сценарийлерді, эго-жағдайларды сезінуге және қажетінше мінез-құлық пен өмір құрылымына қатысты жаңа шешімдерді қабылдауға көмектесу. Психологиялық көмектің мәні адамды мінез-құлықтың байланған бағдарламаларының орындауынан босату және оның тәуелсіз, спонтандық, толық бағалы жақындасуы. Қабілетті болуға көмектесу болып табылады.
Тұжырымдаманың жалпы түпкі ойы мен психологиялық көмек мақсаттарынан шыға отыра, психологтың негізгі мақсаты – қажетті көрегендікпен қамтамасыз ету. Бұдан оның бағдарларына деген талаптар шығады: серіктестік, клиентті қабылдау, мұғалім мен сарапшы бағдарларының үйлесуі. Трансакциялық талдаудағы жұмыс шарты контракттың қорытындысы болып табылады. Сондықтан психотерапия курсын өту шешімін қабылдайтын клиенттің бағдары жұмыс шарты мен қатынастардың сипаты туралы екі жақты келісімі тұжырымдалады. Клиентке жасырын қатысушының рөлі беріледі, ол өз мақсаттарын оларға жетудің бағалау критерийлерін көрсетіп қояды. Осындай екі жақты жұмыс нысаны тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетеді.
Трансактілік талдаудағы психологиялық кеңес берудің рөлі
Трансакциялық талдау тәжірибесіне сәйкес, клиенттің мәселесін шешудің бірінші қадамы оның бұған дейін өзін шынай емес, яғни ойнағаны туралы мойындағаны болып табылады. Келесі қадам - оны ойыннан бас тарту қажеттілігіне сендіру, әйтпесе, ол мәселе сонымен шешілмейтін болады. Бірақ мұнда жалғыз, бірақ өте маңызды күрделілік бар.
Басты мақсаты — клиентке өз ойындарын, өмірлік сценарийлерді, эго-жағдайларды сезінуге және қажетінше мінез-құлық пен өмір құрылымына қатысты жаңа шешімдерді қабылдауға көмектесу. Психологиялық көмектің мәні адамды мінез-құлықтың байланған бағдарламаларының орындауынан босату және оның тәуелсіз, спонтандық, толық бағалы жақындасуы. Қабілетті болуға көмектесу болып табылады.
Тұжырымдаманың жалпы түпкі ойы мен психологиялық көмек мақсаттарынан шыға отыра, психологтың негізгі мақсаты – қажетті көрегендікпен қамтамасыз ету. Бұдан оның бағдарларына деген талаптар шығады: серіктестік, клиентті қабылдау, мұғалім мен сарапшы бағдарларының үйлесуі. Трансакциялық талдаудағы жұмыс шарты контракттың қорытындысы болып табылады. Сондықтан психотерапия курсын өту шешімін қабылдайтын клиенттің бағдары жұмыс шарты мен қатынастардың сипаты туралы екі жақты келісімі тұжырымдалады. Клиентке жасырын қатысушының рөлі беріледі, ол өз мақсаттарын оларға жетудің бағалау критерийлерін көрсетіп қояды. Осындай екі жақты жұмыс нысаны тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетеді.
Трансакциялық талдаудың психотехникалары негізінен гештальт-терапиядан келген. Бірақ консультативтік және психотерапиялық үдеріс ортасында тұжырымдама мазмұнынан шығатын өзгеше тәсілдер бар.

Трансактілік талдаудағы өмір сценарийі
Э. Берннің тұжырымдамасына сәйкес адам өмірлік ұстанымына қатысты «ерте шешімдермен» бағдарламаланған. Ол оның туыстарының, ең алдымен, ата-анасының белсенді қатысуымен жазылған «сценарий» бойынша өмір сүреді, өткенде оның өмір сүруіне қажет болып, ал бүгінгі күні жиі пайдасыз стереотиптерге негізделген шешімдерді осы күні қабылдайды. Психотерапевтикалық үдерістің негізгі мақсаты — өмірлік бағдарларды қайта қарау негізіндегі жеке тұлғаның қайта құрылуы, осы сәтте теңбе-тең шешімдерді қабылдауға кедергі болатын мінез-құлықтың ұтымсыз стереотиптерін сезіну, өзіндік қажеттілік пен мүмкіндіктерден шыға отыра, құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуы.
Сценарий — бұл жеке тұлға ойнайтын спектакльді еске салатын өмірлік жоспар. Ол бала кезде қабылданған бағдарларға байланысты және ата-ана мен баланың арасында болатын трансакциялар арқылы балалық МЕН-жағдайға жазылады. Адамдар ойнайтын ойындар сценарийдің бір бөлігі болып табылады. Жеке тұлға өз ойындары мен бағдарын сезіне отыра, өз өмірлік сценарийін түсіне алады. Оның талдауы Трансакциялық талдаудың негізгі мақсаты болып табылады. Берн бойынша адамзаттық іс-әрекеттің барлығы ерте балалықта басталатын өмірлік сценариймен бағдарламаланған.
Отбасылық психотерапияда жиі қолданылатын психотерапиялық тәсілдер
Э. Гипнотерапия Эйдемиллер, В. В. Юстицкис бойынша «Отбасылық психотерапия кезеңі» ұғымдары және оған теңбе-тең психотерапиялық әдістеме – бір-бірімен өзара байланысты құбылыстар. Отбасылық психотерапия неғұрлым жиі қолданылатын психотерапиялық тәсілдерге келесілер жатады (Т.М.Мишина, 1983):
1) үнсіздікті тиімді қолдану;
2) тыңдай білу;
3) сұрақтар арқылы оқыту;
4) қайталау (түйіндемелеу);
5) жалпы қайталау;
6) жан күйзелісінің көрінісі мен нақытылығы (айқындылығы);
7) конфронтация;
8) рөльдерді ойнау;
9) «тірі мүсіндерді» жасау;
10) бейнемагнитофонды жазбаларды талдау (Perrez M., 1979).
Отбасылық кеңес берудің негізгі қағидалары мен ережелері
Отбасылық кеңес беру негізгі қағидалары мен ережелерін келтіреді
1. Қатынасты орнату және кеңес берушінің клиенттерге қосылуы. Оптимальды қатынас жасауға, мимезис тәсілдеріне, кеңес беруші тынысы мен «өтініш беруші» мәселелерін үйлестіруге, отбаслықы мәселе туралы хабарлайтынның басты репрезентативтік жүйені айқындайтын сөйлеу предикаттарын қолдануға жәрдемдесетін құрылымдық дистанцияны сақтау арқылы жасалады.
2. Метаүлгілеу тәсілдері мен терапиялық метафораларды қолданумен клиенттің мәселесі туралы ақпарат жиынтығы. Психотерапиялық мақсаттың субъективтілігіне келесідей сұрақтар ықпал етеді: «Сізге не керек?», «Сіз қандай нәтижеге жеткіңз келеді?», «Сіз бұл туралы қарсылық шылауларсыз, оң нәтижелі терминдерімен айтып көріңізші».
3. Психотерапиялық шартты талқылау. Жауапкершіліктің бөлінуі талқыланады: кеңес беруші әдетте Отбасылық кеңес беру қауіпсіздігіне және клиенттің мәселені шешуге рұқсат беру технологиясына, ал соңғысы - өзіндік белсенділігіне, шынайылылығына, өзінің рөльдік мінез-құлқын өзгертуге деген тілегіне және т.б. жауапты болады.
4. Отбасылық кеңес беру процедурасындағы келесі қадам – клиенттің проблемасын оның максимальды түрдегі субъектілігі мақсатымен нақтылау және отбасы ресурстарын жалпы және оның жеке-жеке мүшелерінің ресурстарын анықтау. Оған келесідей сұрақтар көмектеседі: «Сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз, сізге не көмектесті?», «Қандай жағдайда сіз мықтылық таныттыңыз, өз күшіңізді қаай қолдандыңыз?».
5. Өзіндік кеңестер өткізу. Клиенттер сенімін кеңес беру процедурасының тасбыстылық пен қауіпсіздікке күшейту керек: «Сіздің өзгерістер жасауға деген ынтаңыз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз кеңес берушінің сізбен қызмет ету тілегімен үндесе келе, оның кәсіби қасиеттері мен тәжірибесі тасбысты жұмыстың сенімді кепілдігі болады».
6. Отбасылық кеңес беру бұл қадамы «кологиялық тексеріс» деп аталады. Кеңес беруші отбасы мүшелеріне 5-10 жылдан кейін өздерін ұқсас жағдаятта елестетіп, өздерінің жағдайларын зерттеулерін ұсынады.
7. Отбасылық кеңес беру аяғына қарай кеңес беруші «нәтижені сақтандыру» бойынша күшін салады. Бұл клиенттердің кей кездері мінез-құлықтың жаңа шаблондарын игеру кезінде сенімділік сезімінің тууына септігін тигізетін іс-әрекеттерге мұқтаж болатынынмен байланысты. Олар кеңес берушіден кез келген үй жұмысы мен алынған нәтижелерді талқылау үшін біршама уақыттан кейін қайта кеңеске келуге шақыруды ала алады.
8. Бірқатар жағдайларда «ажырату» процедурасын өткізу қажет. Ол клиенттердің берілген мақсат пен алынған нәтижемен салыстырғанда авоматты түрде бола алады, бірақ кей кездері кеңес беруші ажыратуға жағдай жасау керек.
44. Арт-терапияның негізгі бағыттары Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие.
Арт терапияның бағыттары - музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.
Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады. Біріншіден, ырғақ сақталған музыка мидың бөліктеріне әсер ету арқылы оның жұмыс істеуіне көмектеседі. Екіншіден, әр музыканың өзіндік белгілері бар. Адамның белгілі бір жағдайы мен көніл-күйімен байланыса отырып, бізге белгілі бір эмоцияның пайда болуына әсер етеді.
Бейнелеу терапиясы –қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз.
Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады. Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі. Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.
45.Арт-терапия «Арттерапия» термині (art — өнер, artterapy (сөзбе-сөз) — өнер терапиясы) көбінесе ағылшын тілдес халықтар бар елдерде кеңінен таралған және жиі науқастың психикалық-эмоциональдық жағдайына әсер ету мақсатымен пластикалық суреттеу шығармашылықпен емдеуді білдіреді. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде сонымен қатар «изотерапия» немес «көркем терапия» терминдері қолданылады, бірақ олар ағылшын тілдегіге тең емес және оның мағынасын сәл тарылтады.
А. –да науқастарға бір жағынан, өздерінің күйзелістерін, мәселелерін, ішкі қайшылықтарын, екінші жағынан, шығармашылық өзіндік байқауларының анық, нақты айқындалуы үшін психотерапевтпен немесе жалпы топпен қарым-қатынастың белсендірілуіне бағытталған суреттеу және көркем қосымша сипатты әртүрлі сабақтар (сурет, гарфика, кескіндеме, мүсін, дизайн, ұсақ пластика, бұрма, күйдіру, бедер салу, батик, гобелен, өрнек, фреска, витраж, жүн, тері, матадан жасалған әртүрлі заттар және т.б.) ұсынылады. Бүгінгі күні А.-да бейне-арт, инсталляция, перформанс, қарым-қатынастың көзбен шолатын желісі жетекші рөль атқаратын компьютерлік өнер тәрізді формалар да енгізіледі.
А. — әртүрлі формалар мен тәсілдерден тұратын жинақ ұғым. Сондықтан оның жалпыға танылған жіктемесі жоқ. Кратохвил А. сублимациялық, қызметтік және жоюалық деп бөледі. Дельфино-Бейли А. қолдануда 4 негізгі бағттарды бөледі.
1) Емдеуге бар өнер туындыларын талдау және науқаспен түсіндіру (А. пассивті) жолымен пайдалану.
2) Науқастарды өзіндік шығармашылықты талап ету, шығармашылық акт негізгі емдеу фактоы ретінде қарастырылады (белсенді А.).
3) Бірінші және екінші принциптерді бір мезгілде пайдалану.
4) Психотерапевттің өзінің рөлін, оның шығармашылыққа үйрету үдерісінде науқаспен өзара қатынастарына аса назар аудару.
46. Тән терапиясындағы кеңес берушінің рөлі
Мақсаты денеге икемделген әдістемелік тәсілдер арқылы адамның психикалық әрекет етуінің өзгеруі болып табылатын психотерапияның көп мағынада түсіндірілетін бағыты. Дене-бейімделу техникаларының дұрыс теориясының, ықпал ету ерекшеліктерінің нақты түсінігі мен қолдану принциптерінің жоқтығы дене-бейімделу (Д. П.) психотерапиясы мәні шегінің негізсіз кеңеюіне әкеледі. Бүгінгі күні аз дегенде, «денемен жұмыс» тәрізді анықталатын 15 әртүрлі көзқарастар сипатталған. Олардың кейбіреулері мәні бойынша таза психотерапиялық, ал басқаларының мақсаты тәннің денсаулығы болып табылатын терапияның әдістері ретінде неғұрлым нақты белгіленген.
Бүгінгі күнгі Д.П. әдістері біртұтас тәсілдің барлық талаптарына жауап береді: оларға адам — бір саладағы өзгерістер басқа саладағы өзгерістермен бірге жүретін дене мен психиканың қорытпасы, бірбүтін әрекет ететін бүтіндік. Оларды адамға бүтіндік сезімін қайтаруға, шеттетілген ақпаратты түсінуге ғана емес, сонымен бірге осы уақытта дене мен психиканың бірлігі, бүкіл ағзаның бүтіндігін сезінуге үйретуге тырысу біріктіреді. Д.П. барлық әдістері науқас өз тәірибесін психикалық және тәндік өзара байланысы ретінде қайғыра алатындай, өзінің әрекет етуінің жақсаруына мүмкіндік беріп, өзін сол күйде қабылдау жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
47.Райх теориясының негізі Дене терапиясы ең белгілі әдістерінің бірі мінез талдауы және Райхтың вегетотерапия тәжірибесі болып табылады. Райх науқастармен жұмыс жасауда табиғат пен мінез-құлық қызметтеріне түсініктеме беретін алғашқы аналитик болған. Ол жеке тұлға мінез-құлығының физикалық аспектілеріне, әсіресе «бұлшық ет сауыты» деп атаған сөзылмалы бұлшық ет қысқышына назар аударудың маңыздылығын атап айтқан. Райх адам денесіндегі тұрақты бұлшық ет күштенуін оның мінез-құлқы мен ауыртатын эмоциональдық тәжірибе қорғанысының түрімен байланыстырып, «бұлшық ет сауыты» теориясын әзірлеген. Оның ойынша, сөзылмалы бұлшық ет қысқыштары үш негізгі эмоциональдық жағдайды блоктайды: үрейлілік, ашу және жеңсіктік қөзу. «Бұлшық ет сауыты» адам сезімдерін шектеп және бұзып, қатты эмоцияларды сезіну мүмкіндігін бермейді. Райх жазған: «Бұлшық еттің құрысуы ығыстыру үдерісінің денелік жағы және оның ұзақ мерзімді сақталу негізі болып табылады» .
Райх теориясының негізінде адам психикасының қалыпты қызметін қиындататын қорғаныс механизмдерге денеге тікелей әсер ету арқылы қарсы әрекеттер жасауға болатыны туралы ұғым жатыр. Ол «вегетотерапия» деп атаған қорғаныс бұлшық етке тікелей әсер етуден «мінез-құлық талдауы» және «биофизикалық қызмет саласындағы мінез-құлық талдауы» деп атаған өзінің аналитикалық түсіндірулерін атаған. Райх тұлға өсуінің негізгі кедергісін адамға айналадағы адамдар мен қоршаған табиғатпен үйлесімді толыққанды өмір сүруге бөгет болатын қорғаныс бұлшық ет сауыты деп көрген. Ол денені қамтитын «бұлшық ет сауытының» жеті сегментін жіктеген: 1) көз тұсы, 2) ауыз және жақ, 3) мойын, 4) кеуде, 5) диафрагма, 6) іш, 7) жамбас.
48.Лоуэннің мінез-құлық талдауы. Лоуэннің пікірінше, неврөз, жабығу және психикалық тәндік бұзылуларының себебі сезімдердің тұншығуы болып табылады, ол адам ағзасындағы энергияның еркін ағуын жауап тастайтын және жеке тұлға қалыптасуының өзгерісіне әкелетін сөзылмалы бұлшық-ет күш салулармен бірге болады.
Сонымен бірге Лоуэннің биоэнергетикалық терапиясы Райхтың терапиясынан айырмашылығы орасан зор. Мәселен, Лоуэн бұлшық-ет сауыты блоктарының басынан аяғына дейін – бірізді әлсіреуіне талпынбайды. Ол басқаларына қарағанда психоталдауға тән науқаспен тікелей қатынасты қабылдамауды жеңе білетін ағзаға қолмен емдеу тәсілін сирек қолданады. Одан басқа Лоуэн Райхтың неврөздың жеңсіктік табиғатына деген көзқарастарымен келіспейді және сондықтан оның жұмысы замандастар арасында құпталады. Лоуэн өз сезімдерін елемеу және түсінбеу ауруларға әкеліп соғады және өз денесінен сезілетін түйсіктер өзінің эмоциональдық жағдайын түсінудің кілті болып табылады.
Адам ағзаны босату арқылы өмірлік энергияның еркін айналуымен ере жүретін бұлшық-ет күш салуынан босайды, бұл Лоуэн пікірінше науқастардың терең жеке өзгерістеріне әкеледі. Есейген тұлға өз сезімдерінің айқындалуын бақылау, сондай-ақ сыртқы әсерсіз ағымға беріліп, өзін-өзі бақылауды тоқтату сияқты тең дәрежеде болады. Ол қорқыныш, ауыру, ашу немесе реніш сияқты жағымсыз сезімдермен қатар, қанағаттандыратын жеңсіктік күйзелістер, қуаныш, махаббат сияқты сезімдерге тең дәрежеде қол жеткізе алады. Адамның өмірге деген қатынасы мен мінез-құлқы дене бітімінде, қалпында, қимылында айқындалады, адамның дене өлшемдері мен оның мінезі мен тұлға құрылуының арасында тығыз байланыс бар, деп ойлайды Лоуэн. Ол адамның психикалық және дене көріністерін негізге алып, адам мінезінің бес түрін жіктейді: «есалаң», «ауызды», «психопатиялық», «мазохистік» және «ригидтік» түрі. Одан басқа биоэнергетикалық терапияда «энергия», «бұлшық-ет сауыты», «жерге қосу» жататын ұғымдар қатары әірленген.
49.Гунтердің «сезімді қөзғау» техникасының сипаттамасы.
Селвер және Брукс жұмыстары көбінесе оның ұстазының жұмысымен үндесетін онымен «сезімді қөзғау» деп атаған техниканы шығарған Гунтерге әсерін көп тигізді. Бұл техниканың жаттығулары өз денеңді сезінуге және өз сезімдерімен үйлесуге, басқаларға жанасуға және жанасуларды қабылдай білуге үйренуге көмектеседі. Қарастырылғанна бөлек тұратын Д.П. келесі әдісі құрылымдық интеграция немесе өзінің шығарған адамы рөльф есімімен аталған рөльфинг болып табылады. Дене құрылысы, жүрісі, отыру әдебі, қарым-қатынас стилімен жұмыс жасау кіретін денені ұғынуға бағытталған кешенді көзқарас болып табылады. рөльф пікірінше, адам ағзасы қызметінің бұзылуы тек қана психикалық емес, сонымен бірге физикалық факторларға да байланысты. Ол адамның дұрыс қызмет ететін денесі тік жағдайда минимальды энергия жұмсағанда тік болады, бірақ титықтау әсерінен ол соңғының әсеріне икемделіп, өзгереді. Бүкіл дене құрылымының өзара байланысының нәтижесінде бір бөліктегі күш салу басқа дене мүшелеріне компенсаторлық әсер етеді. Қорытындыда сүйек-бұлшық-ет жүйесінің дезинтеграциясы дене салмағының тепе-тең бөлуінің жоғалуы мен оның құрылысының өзгеруіне әкеледі, ағзаның дұрыс қызмет етуін бұзады. Құрылымдық интеграция әдісіне бұлшық-ет шандырларының жағдайын өзгертуге, дененің тепе-теңдігі мен иілгіштігін қалпына келтіруге сепігін тигізетін денемен тікелей қимылдар кіреді. Шандырлармен жұмыс жасау буындардың жұмсақ тіндері табиғи жағдайын келіп, буындар дұрыс қөзғалады, ал бұлшық-еттер неғұрлым келісілді қысқартыла бастайды. Әдістің басты құрайтыны 10 сессия ішінде шандырлардың жүйелі түрде босаңсуына бағытталған саусақтар, буын және шынтақ арқылы массаж болады. рөльфинг процедурасы ауру мен дененің құрылымдық зақымданумен байланысты болған соң, оны тек қана тәжірибелі мамандар ғана жүргізу керек. рөльф пікірінше, шандырлар босаңсығанда, бұрын өткерілген естеліктер босайды. Сеанс барысында науқас өткеннің жарақат жағдайын қайта сезінуі мүмкін. Сонымен бірге сабақтар мақсаты дене интеграциясына басымдық танытады, үдерістің эмоционльдық-мінез-құлық аспектілері арнайы талдаудың объектісі болмайды.
50. Психотерапиядағы релексациялық жаттығулардың мәні Релаксация – бұның көмегімен дене немесе психикалық күйзелістен толық немесе жартылай құтылуға болады. Денсаулығыңыз мықты болу үшін үнемі және мазмұнды адамның өзіндік күші болуы тиіс. Деннің саулығы үшін төрт жағдай міндетті түрде болуы тиіс: физикалық салмақтар (жұмыс), тамақтан тартыну, уақыт және демала білу қабілеті. Ал бесіншісі – бақытты өмір! Өкініштісі, алдыңғы төртеуінсіз бақытты өмір денсаулықты қамтамасыз ете алмайды... Табиғат өте мейірімді: күніне 20-30 минут дене тәрбиесімен айналысса, дегенмен ол жаттығу адамды терлетуі, шаршатуы тиіс, оның жүрек қағысы екі есеге жиілеуі керек. Ал егер осы уақытта екі еселесек, онда өте керемет болар еді.
Біздің көпшілігіміз жан және бұлшық еттік күйзеліске үйренгеніміз сонша, оны табиғи нәрсе деп оның зияндылығын ескермейміз. Релаксацияны меңгеріп, бұл күйзелісті реттеуге, төмендетуге, әліретуге болады.
Релаксация өте пайдалы әдіс әрі оны меңгеру де оңай – ол үшін арнайы білімнің және табиғат сырының қажеті жоқ. Бірақ бір қажетті шарт – мотивацияның (түрткінің) болуы, яғни әрбір адам не үшін релаксацияны меңгеру керек, соны білген жөн. Релаксация әдістерін ертерек меңгеру керек, яғни өте қиын кезеңде шаршау мен тітіркенуге қарсы тұру үшін. Сабақ өз кезегімен өтсе, релаксациялық жаттығулар әдетке айналады және жағымды әсерлермен ассоциацияланады, оларды меңгеру үшін табандылық пен шыдамдылық қажет.
Сонымен релаксациялық жаттығуларды мейлінше жеке бөлмеде, бөтен адамдарсыз орындау керек. Жаттығулардың мақсаты – бұлшық еттердің толық босаңсуы. Толық бұлшықтық релаксация психикаға жағымды әсер етеді және жан күйінің теңдесуіне қол жеткізеді. Психикалық ауторелаксация «идеялық бостық, ештеңе жоқтық» күйін тудыру мүмкін. Бұл айнала әлеммен миға қажетті демалыс беретін психикалық және ойлау байланыстарын минуттық бұзу болып табылады. Мүндай кезде өте сақ болу керек, шамадан тыс күштеніп, зорлануға болмайды.
Психотерапияның үш негізгі концептуальдық (психоаналитикалық, бихевиористік және гуманистік)бағыттарын салыстырмалы талдаңыз
Психоаналитикалық бағыт Бихевиористік бағыт Гуманистік бағыт
Психоанализ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған. Зигмунд Фрейд – Австрия психологі, психиатрі және неврологі, психоанализ ілімінің негізі қалаушы. Психоанализ ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда болған. Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. XX ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. Адлердің З. Фрейдтен айырмашылығы – адамның ойлауы мен эмоционалдық күйіне, мінез-құлқына, бұрынғы өміріне қарағанда адамның мінез-құлқына, ойына, сезіміне тікелей және жанама әсер ететін негізгі мотивтер бар: ашық және жасырын түрде бірінші болуға ұмтылу, басқа адамдардан ерекше болу, өмірлік кеңістікте жаулап алу, т.б. Мұндай әрекеттер көп адамдардың қолынан келмеуі мүмкін, оның жүзеге аспауы невроздар мен көптеген психологиялық проблемаларды туындатады. Адлер психология мен психотерапияға толымсыздық комплексі терминін енгізді. Бұл адамның толымсыз жақтарын мақсатқа жетуге күшті энергиямен толықтыруы. Толымсыз себептері балалық шақтан басталады: бойдың аласа болуы, денелік не ақыл-ой жағынан құрдастарынан қалыс қалу, сырт келбетіндегі шын не ойдан шығарылғын қабілетсіздік, әлеуметтік, толымсыздық т.б. Адлердің жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі – холизм, яғни бұл адамның әрекеттері мен ойлары, сезімдерін бір-бірімен байланыссыз, тәуелсіз болса да ішкі (туғаннан п.б.) биологиялық нышандар және сыртқы (әлеусметтік, қоғамдық, жанұялық) факторлардың әсерінің тұтас жүйе ретінде қабылдануы. Жұмыс құралы ретіндегі психотерапевт тұлғасының сипаттамасы.
Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.
Жақсы психотерапевт тұлғасының қандай болуы керек екенін айту өте қиын. 1947 ж АҚШ психологиялық комитеті клиникалық психология саласында Жақсы психотерапевт тұлғасына сипаттама берді. Хольт және Луборски бұл сипатамма санын 25 дейін созды. Жақсы психотерапевт деп адамдарға пайдасы бар адамдарды айтамыз. Психотерапия тұлғааралық процесс болғандықтан клиентпен жұмыс кезінде тиімді әдістерді қолдана алу қажет. Ал тұлға аралық қарым-қатынас процесін түсңне алмай, оған деген жауапты өз мойына алмауы мүмкін.
Тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары:
Білікті терапевт клиентке ұнамды атмосфера орната алуы қажет. Оны Орлинский психотерапия аффирмациясы деп атады. Яғни терапевт жағымды зейін деген мағына береді. Тиімді терапия кезінде клиент өзіне деген зейін мен қолдауды сезінеді. Тиімді терапияның 3 категориясы психотерапевтпен қабылданған
Терапевттің шынайылығы;
Конфиденциялдылық;
Эмпатия .
И.В.Дубровинаның еңбегіндегі «Психологиялық денсаулық» ұғымының мәнін ашыңыз
«Психологиялық денсаулық» ұғымын ғылымға енгізген белгілі ресейлік ғалым И.В. Дубровина, оған қатысты екіжақты түсінік сақталады: біріншіден, балалардың психологиялық денсаулығы білім беру жүйесіндегі психологтардың кәсіби шеберлігі, психологиялық қызметтің тиімділігін көрсететін көрсеткіш; екіншіден, психологиялық денсаулыроқтың ғылыми анықтамасы әлі де толық нақтыланбаған. Осыған орай, адамның психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық негізін зерттеу, жас кезеңдеріне байланысты жасөспірім жасындағы балалардың психологиялық денсаулығы ерекшеліктерін қамтамасыз ету амалдарын анықтау - практикалық психологиялық қызмет үшін маңызды мәселе болып табылады.
Оның пікірінше, егер «психикалық денсаулық» термині жеке психикалық қасиеттерге және механизмдерге қатысты болса, онда «психологиялық денсаулық» термині – тұлғаға тікелей қатысты, адам жан дүниесінің жоғарғы құбылыстарымен тығыз байланыста болады және медициналық, әлеуметтік, философиялық және т.б. аспектілерге қарағанда психикалық денсаулық мәселелерінің жеке психологиялық аспектілерін шешуге мүмкіндік береді.
И.В. Дубровина психикалық денсаулықты әрбір жас кезеңінде сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ескерумен қарастыруды болжайтын онтогенетикалық амалды ұстанады. Және де сыртқы факторлар ғана ішкілер арқылы өзгермейді, сонымен қатар ішкі ықпалдар да сыртқыларын түрлендіре алады.
И.В. Дубровина психологиялық денсаулықты тұлғаның дамуындағы алуан түрлілік тұрғысынан қарастыруды, яғни психологиялық денсаулыққа рухани бастаманы енгізуді, абсолюттік құндылықтарға (Ақиқатқа, Сұлулыққа, Мейірімділікке) бағдарлануды ұсынады. Осылайша, егер адамда этикалық жүйе болмаса, онда оның психологиялық денсаулығы туралы айтуға да мүмкіндік жоқ. Біздің ойымызша, бұл қағидамен толық келісуге болады. В.Э. Пахальян психологиялық
Психотерапияның негізгі ұғымдарын келтіріңіз және оларға анықтама беріңіз
Психотерапевтикалық әсер ету — бұл белгілі мақсаттарымен, сол мақсаттарға сәйкес әсер ету құралдарының (әдістер) таңдауымен, қызметтерімен, теориялық тұрғыдан дәлелділігімен, эмпирикалық тексерісімен және кәсіби әрекеттерімен сипатталатын клиникалық-психологиялық араласу (интервенция) түрі.
Психотерапевт – бұл емдеу құралы ретінде психологиялық әсер етуді мақсатты түрде қолданатын, диагностика жасап, әсіресе психогендік ауруларды емдей алатын дайындығы бар маман. Психотерапияның ерекшелігінен ол емдеу үдерісіне қандай да болсын өзіндік тұлға, құндылықтар жүйесі, ең дұрыс теоретикалық бағдарлар мен психотерапевтикалық технологиялар өзгешелігін енгізеді. Психотерапияның әр түрлі бағыттарына емдеу тиімділігі үшін психотерапевт жеке тұлға қасиеттерінің немесе психотерапевтикалық тәсілдердің маңыздылығын бағалаудағы әр түрлі ерекшеліктер тән.
Психотерапия — психология және медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қодданылатын психологиялык, құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Бұл термин сөзі адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі.
Психологиялық денсаулықты бұзатын тәуекелдік факторларды анықтаңыз
Н.В. Жигинас студенттердің психикалық денсаулықтарының зерттеуін жүргізген. Психологиялық денсаулықты тұрақтандыру аясында студенттерде кәсіби сәйкестіктің қалыптасу үрдісіндегі дағдарысты күйлердің мәселелері көрсетілген. Зерттеу барысында студент тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер беретін, соның ішінде оларда невроз тудыратын факторларды шартты түрде үш топқа бөлуге болатындығы анықталды:
1. Әлеуметтік факторлар, ХХғ. екінші жартысында біздің елде ғана емес, сонымен қатар басқа елдердегі тұрғындарда невроздардың таралуының жалпы беталысын көрсетеді, 35 % жағдайларда кездеседі. 44
2. Психологиялық факторлар, әр түрлі шағын топтардағы адамдардың өзара қатынастарымен байланысты, 25 % жағдайларда кездеседі. Оған төмендегілерді жатқызуға болады: жанұядағы қарым-қатынас (соның ішінде ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас), жатақханада тұратын топ мүшелерінің арасындағы психологиялық үйлесімсіздік, оқу тобындағы өзара қатынас. 2.1. Жанұядағы қатынастармен байланысты күйзелісті факторлар. 2.2.Жатақханада тұратын топ мүшелерінің арасындағы психологиялық үйлесімсіздік. Бұған келесі себептер әсер етеді: топ мүшелері мінездерінің ерекшеліктеріне байланысты қатынас орнатудағы қиындықтар, қызығушылықтарындағы айырмашылықтар, жасерекшелік айырмашылықтар, бір бөлмеде тұратындардың арасындағы биологиялық ырғақтарының айырмашылықтары, бірге тұратындардың арасындағы біреуінің немесе оның отбасы мүшелерінің біреуінің сырқаты немесе қайғылы оқиға
3. Студенттерде психология-педагогикалық себептер 40 % жағдайларда кездеседі. Мысалы, педагогикалық үрдістің талаптар деңгейі студенттің бастапқы даярлығының деігейіне сәйкес келмеуі, оқытушы ұстанымының өктемдігі, психикалық, эмоционалдық торығу, сынақ және емтихан сессиялары кезінде студенттердің невротизация деңгейінің өсуі, ақпарат көлемінің тым ауқымдылығы, уақыт тапшылығы, оқыту әдістерімен қанағаттанбағандықтан оқуға деген мотивация деңгейінің төмендеуі, оқытушылармен және басқа да көмекші қызметкерлермен жанжалды жағдайлар.
56.Психоанализді психоәлеуметтік жұмыста қолдану ерекшеліктерін анықтаңыз.
Психоанализдің басты ерекшеліктері мыналар:
Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.
АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.
Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.
Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.
Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.
Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%B8%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%B8%D1%8F" \o "Психиатрия"психиатрия ғылымы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Биология"биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B6" \o "Париж"Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D1%8F%D0%BD%D1%88%D1%8B%D2%9B" \o "Қояншық"қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ ңемделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.
Топтың даму кезеңдері және топтағы жетекшінің рөлін сипаттаңыз
Топтық псхотерапияда маңызды рөльді топтық психотерапевттің мінез-құлқы алады, ол маңызды дәрежеде теориялық бағдармен анықталады, бірақ жалпы алғанда оның бағдары директивтік емес болып сипаттала алады. Топтық психотерапевттің негізгі міндеттерін келесідей құруға болады:
1) топ мүшелерін қатынастардың, бағдарлардың, мінез-құлықтың, эмоциональдық реакциялардың айқындалуы мен оларды талқылау мен талдауға, сонымен қатар ұсынылған тақырыптарды талдауға түрткі болу;
2) топ ішінде өзара қабылдау, қауіпсіздік, қолдау және қорғау атмосферасында емделушілердің өз мәселелері мен эмоциялардың толық ашылуы үшін жағдайлар жасау;
3) топ ішінде әсер етудің директивтік және директивтік емес техникаларды таңдаудағы белгілі нормалар, икемділікті әзірлеу және қолдау.
Топтық психотерапевтпен қолданылатын әсер ету құралдарын шартты түрде екіге бөлуге болады: вербалды және вербалды емес. Вербалды түрге сабақтар барысының құрылуы (психотерапевттің маңызды қызметтерінің бірі), ақпаратты жинау, түсіндіру (эмоциялардың айқындалуы, кларификация, конфронтация, өзіндік түсіндіру), сенім және қайта түсіндіру, ақпаратты ұсыну, тапсырмаларды белгілеу. Бұл жағдайда психотерапевттің белсенділігі туралы емес, белгілі бір беленділік түріне топ мүшелерінің себепші болуы туралы айтылады. Вербалды емес құралдарға ым, қолдарын сілтеу, интонация жатады.
58. Гештальт-топтарының негізгі: «қазір және осында», «МЕН-СЕН» қағидаларының мәнін ашыңыз
Гештальт топтар. Гештальт топтардың ерекшелігі –жетекші бүкіл топпен емес, топтың бір мүшесімен жұмыс істейді, яғни уақытша «ыстық орынға» отырып, ең басты тұлға болуға ерікті келісім берген қатысушы болады. Гештальт топтардың негізгі жұмыс формалары: Клиент –орталықтанған терапия; Тренер –орталықтанған терапия; «шеберхана» Бұл жаттығудың мәні – бұрын еске салынған гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын клиенттің «іске қосу» »Қазір мен ұғынамын...» фразасынан айтқаннан кейін басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап отырады.. Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес берушітар клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.
59.Релаксациялық жаттығуларды талдаңыз
Релаксация – бұның көмегімен дене немесе психикалық күйзелістен толық немесе жартылай құтылуға болады. Денсаулығыңыз мықты болу үшін үнемі және мазмұнды адамның өзіндік күші болуы тиіс. Деннің саулығы үшін төрт жағдай міндетті түрде болуы тиіс: физикалық салмақтар (жұмыс), тамақтан тартыну, уақыт және демала білу қабілеті. Ал бесіншісі – бақытты өмір! Өкініштісі, алдыңғы төртеуінсіз бақытты өмір денсаулықты қамтамасыз ете алмайды... Табиғат өте мейірімді: күніне 20-30 минут дене тәрбиесімен айналысса, дегенмен ол жаттығу адамды терлетуі, шаршатуы тиіс, оның жүрек қағысы екі есеге жиілеуі керек. Ал егер осы уақытта екі еселесек, онда өте керемет болар еді.
Біздің көпшілігіміз жан және бұлшық еттік күйзеліске үйренгеніміз сонша, оны табиғи нәрсе деп оның зияндылығын ескермейміз. Релаксацияны меңгеріп, бұл күйзелісті реттеуге, төмендетуге, әліретуге болады.
Релаксация өте пайдалы әдіс әрі оны меңгеру де оңай – ол үшін арнайы білімнің және табиғат сырының қажеті жоқ. Бірақ бір қажетті шарт – мотивацияның (түрткінің) болуы, яғни әрбір адам не үшін релаксацияны меңгеру керек, соны білген жөн. Релаксация әдістерін ертерек меңгеру керек, яғни өте қиын кезеңде шаршау мен тітіркенуге қарсы тұру үшін. Сабақ өз кезегімен өтсе, релаксациялық жаттығулар әдетке айналады және жағымды әсерлермен ассоциацияланады, оларды меңгеру үшін табандылық пен шыдамдылық қажет.
Сонымен релаксациялық жаттығуларды мейлінше жеке бөлмеде, бөтен адамдарсыз орындау керек. Жаттығулардың мақсаты – бұлшық еттердің толық босаңсуы. Толық бұлшықтық релаксация психикаға жағымды әсер етеді және жан күйінің теңдесуіне қол жеткізеді. Психикалық ауторелаксация «идеялық бостық, ештеңе жоқтық» күйін тудыру мүмкін. Бұл айнала әлеммен миға қажетті демалыс беретін психикалық және ойлау байланыстарын минуттық бұзу болып табылады. Мүндай кезде өте сақ болу керек, шамадан тыс күштеніп, зорлануға болмайды.
60.«Психологиялық килігу» және «психотерапевтік процесс» ұғымдарының мәнін ашып көрсетіңіз
Бүгінгі күні жалпы психотерпияның 500-дей жеке әдістері бар. Психотерапияның бірыңғай жалпы қолданыстағы әдістер жіктемесі жоқ. Психотерапия әдісінің ұғымы қолданылатын мағыналар түрлілігін талдауға талпынған Александрович (Aleksandrowicz J.W., 1979) болды:
1) техникалар сипатындағы әдістер;
2) психотерапия мақсаттарына жету мен оңтайландыруға септігін тигізетін жағдайларды анықтайтын әдістер;
3) психотерапевтикалық үдерісі барысында құрал мағынасында пайдаланылатын әдістер;
4) терапевтикалық интервенциялар (араласу) мағынасындағы әдістер.
Сонымен қатар тәжірибеде топтық психотерапияның жекеден айырмашылығы мағынасы да бар (Исурина ГИПНОТЕРАПИЯ, 1995), себебі олардың әрқайсысы түсініктерге, психотерапевт және сеанстарды өткізу техникасының дайындығына қатысты нақты алғышарттарға байланысты.
61. Психотерапевт кодексін құрастырыңыз
1.Қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу
Әр клиентті психотерапевттің қуана қарсы алуы, жағдайын сұрастыруы, клиенттің айтқан барлық шағымдары мен тудырған мәселелерін мұқият тыңдауы жіне оның төркінін түсінуге тырысуы маманға деген сенім тудырады. К.С Станиславскийдің ойымен: “Театр киім ілгіштен басталады”
2.Клиенттің кеңес беру процесіне кірістірілуі
Кеңес беру процесі кезінде клиент талқыланған мәселелердің барлығын эмоцияға шылыққан түрде қайтадан басынан өткеруі тиіс.
3.Клиенттің құндылығы мен нормаларына бағытталу
Бұл қағида бойынша психотерапевт өзінің жұмыс уақытында әлеуметтік ортада қабылданған ережелерге ғана емес, клиентке құнды болып табылатын өмірлік қағидалар мен идеяларына бағытталуын ойластырады.
4.Жеке және кәсіби қатынастарды шектеу
Психотерапевт өз клиенттері мен достық қарым-қатынаста өте отырып немесе өзінің достарымен жақын туыстарына психотерапиялық көмек көрсету жөнсіз.
5. Клиенттерге жауапкершілігін өз мойындарына алдыру
Кеңес беру барысында клиенттің жауапкершілік локусы өзгелерден өзіне ауыстырылуы тиіс. Бұл міндетті шешпей қандай да бір нақты нәтижеге жету мүмкін емес. Тек қана адам өз басынан өтіп жатқан оқиғаларға өзінің жауапкершілігін сезінген кезде ғана ол өз басына қиындық туғызған жағдайға өзі кінәлі екенін мойындап оны өзгертуге тырыса бастайды.
6.Кеңес берудің анонимділігі
Психотерапиялық кеңес берудің анонимділігі-құпиялылығы. Бұл қағида бойынша клиенттің айтқан кез-келген ақпаратын психотерапевт туысқандарына, достарына айтпауына кепіл береді.
7.Кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру
Кеңе беру процесіндегі психотерапевт пен клиент кеңес берушімен тең құқығы бар екенін сезінсе психотерапевтпен тең белсенділік танытып жұмыс істейді.
62Психоанализдің егізгі ұғымдарын талдаңыз: өткеннің әсері, бейсаналық, мазасыздық, қорғаныс механизмдері, қарсыласу
Бейсаналық адам мен жануарлар арасындағы ұксастықты, туыстықты аңғартады.[2] *Бейсана - санасыз акт адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарлатын әрекет. Бейсана әрекетке адам мән бере қоймайды. Бейсана субъект өзіне әсер бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбыстың ықпалымен болатын психикалық үрдістер актілер мен күйлер жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы бейнесаны ырықты бақылау және ондай әрекеттерде бағалау мүмкін емес. Бейсаналықта өткен қазіргі және болашақ жай бірігіп бір психикалық актінде іске асады (мысалы түс көруде). Бейнесалық балада ертеректе болатын (таным әрекетінде) ойлауында интуициясында аффектісінде үрейленгенде түстерінде гипноздық жағдайда көрініс береді. Бейсаналы құбылыстарды психоанализ бағытымен түсіндіруге әрекеттеніп З.Фрейд "бейсаналықты динамикалық ығыстыру" терминін ғылымға енгізді. Ол бейсаналықта әлеуметтік нормалардың талабына байланысты іске аспаған әуесқойылық пен құштарлықтар болады деп түсінген. Психологияда бейсаналықты зерттеуге қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде. «мазасыздық – ерекше жағдайда адамның үрей мен қорқыныш сезімдерін бойынан өткізуі, тұрақты және ахуалды жағдайларда жоғары мазасыздану күйінде болуы» Қарсыласу талдауы. Бұл техниканың негізгі қызметі — клиенттің өз эго-қорғаныс механизмдерін жете түсінуін қамтамасыз ету және дәл осы Эго қарсыласуы түрлі мәселелерді жете түсіну жолындағы негізгі кедергі болатынын есепке ала отыра, оларға қатысты қажетті конфронтацияны қабылдау. Қарсыласу талдауындағы маңызды жағдай оған төзу емес, өйткені психологиялық қорғаныс қажет, атап айтқанда, эго-қорғаныс қызметінің қажеті жоқ жерлерде бас жоқ, көз жоқ әрекет ететін, психологиялық механизм ретінде түсінуі.
63.Психоанализдің негізгі техникаларының мәнін ашыңыз: мазасыздықты топтық жағдаяттарда зерттеу, еркін ассоциациялар, интерпретация, түстерді талдау, инсайт.
Инсайт – (ағылш. insight — түсіну) — 1) неғүрлым жалпы мағынасы — бір нәрсені іштей сезу, ішкі түйсік; 2) стандартты жағдайда — кез келген өзіндік сана-сезім немесе өзіндік ұғыну; 3) психотерапияда — біреудін бұрын аңғарылмаған психикалық күйін түсіну немесе білу; 4) еске түсірмей-ақ, бұрынғы тәжірибеге сүйенбей, бір нәрссні жаңадан дұрыс аңғару; 5) гештальтпсихологияда — проблемалар сол арқылы шешілетін үдеріс. Түстердің мағынасын ашу. Біріншіден, түс көру жарияланатын және жасырын (соңғысына «жабыраңқы, астарлы түрде ұсынылған күйзелістер» кіреді”) мазмұнды болып ажыратылады. Екіншіден, түс көру кезінде эго-қорғаныс механизмдер әлсіреп, санадан жасырынған күйзелістер өз көрінісін табатынының маңызы зор. Үшіншіден, түс көру — жабыраңқы күйзелістердің айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар олардың қабылдауға және өзін-өзі ұстауға болардық нысанға өзгеру үдерісі болып табылады. Түс көрудің дәл осы қызметін З.Фрейд «түс көру жұмысы» деп белгілеген.

64.Психологиялық талдаудың мақсатын анықтаңыз
Психологиялық талдау мақсаты дерттік қорғаныстың азаюы арқылы мінез құрылысын қайта құру болып табылады. Психологиялық талдау нәтижесі жетілген тұлғаның қалыптасуы болу керек. Психологиялық талдау жүйкесі төзған, жеке тұлғаның бұзылуы, сексуалдық бұзылулары бар пациенттерге қолданылады. Психологиялық талдау қалыптасуының ерте кезеңінде, оның қолданылуы Фрейд (Freud S.) және оның бірнеше шәкірттері қызметімен шектелгенде, психоаналитиктерге үміткерлерді дайындауға қатысты талаптар шағын болды. Бастапқыда психотерапевт тұлғасы мен оның науқастармен жұмысының анализіне ерекше мән берілді.
Классикалық психологиялық талдау психотерапевттің (кеңес беруші) рөлі мен ұстанымы айтарлықтай қатаң белгіленген. Оған деген негізгі талаптар: араласпаушылық, шеттеу, бейтараптық және жеке тұйықталу; «ауыстыруға» және «контртасымалмен» жұмыс жасауға төзе білу мен шыдау қабілеттілігі; аса шебер бақылағыштық және ұқсатып түсіндіру қабілеті. Психологиялық талдаушыға деген маңызды талаптардың бірі өзіндік мәселелерін, реакцияларын түсіне білу және оның клиентке әсер ету мүмкіндігі болып табылады.
65.«Мен» тұжырымдамасының негізгі мақсаты
Роджерс адамның өмірі мен дамуындағы шешуші рөлі ретінде МЕН-тұжырымдаманы жатқызады, яғни оның өзін-өзі туралы көрінісі. Дәл сол МЕН-тұжырымдамасы (өзін-өзі туралы көрінісі) кез келген жағдайда адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды
Негізгі мақсаты — адамға «тұтас әрекет ететін тұлға» болуға көмектесу (К.Роджерс). Ең басынан адам мәселелеріне емес, оның өзіне, оның «МЕН» дегеніне көңіл аударылады. Сондықтан психотерапияның басты мақсаты — жеке тұлға өсуінде, дамуындағы көмек, осының арқасында адам мәселелерді өзі шеше алады. Жеке-центрлік кеңес беруде клиенттер мен кеңес берушітар мақсаттары сәйкес келеді. Бұл мақсаттар Роджерс (Rogers, 1959, 1961), Уолкер, Раблен және Роджерс (Walker, Rablen, Rogers, 1960), Маслоу (Ма51о\у, 1962,19' КомбсаиСнигга (СотЬз, Snygg, 1959) еңбектерінде сипатталады. Психолог – кеңес берушінің рөлі — қандай да болсын рөлді ойнаудан бас тартып, өзін-өзі болуға тырысу. Психолог – кеңес берушітың басты кәсіби міндеті — тиісті психологиялық климатты құру, онда клиенттің өзі қорғаныс механизмдерінен бас тартушы еді. Сонымен бірге терапевт толығымен психотерапевт рөлінен шеттеліп, қатынас жасау мен терминдердің кәсіби әдеттерінен өзінің қарапайым және табиғи сезімдер мен ойларын білдіруге көшу керек. Клиент тек қарапайым жолдастық қатынасты ғана емес, сонымен қатар терапевттің ой-пікірлердің моральдық бағалауынан толық босауын және клиент мінез-құлқын, яғни әңгімелесушінің өзін-өзі шын көрсетуін сезінуі маңызды.
66.Отбасылық мифтер ұғымының синонимдерін анықтаңыз. ОТБАСЫЛЫҚ МИФТЕР (О. М.). Феррейрамен ұсынылған термин, әрекетсіз отбасыларда бірлікті қолдауға қолданылатын белгілі қорғаныс механизмдерін білдіреді. «Илану», «пікір», «отбасылық кредо», « рөльдік экспектациялар», «келісілген қорғаныс», «отбасы бейнесі немесе «Біз» бейнесі», «аңғырт отбасылық психология» және т.б. ұғымдары О. М. синонимдері болып табылады. О. М. клиникалық және сарапамалық-психологиялық әдістермен қорғаныс механизмдерінің психоаналитикалық түсінігі, рөльдік өзара әрекеттесу теориясы, когнитивтік психология және когнитивтік-мінез-құлық психотерапия шегінде зерттеледі. Т. М. Мишина бір бүтін интеграцияланған – отбасылық өзіндік сана-сезім деп танытқан «отбасы бейнесі немесе «Біз» бейнесі» ұғымын алғаш рет енгізген. Отбасылық өзіндік сана-сезімнің аса маңызды қызметтерінің бірі отбасы мінез-құлқының үтін реттелуі, отбасының жеке мүшелерінің бағдарлар келісімі болып табылады. «Біз» теңбе-тең бейнесі отбасы өмірінің стилін, нақтырақ, ерлі-зайыптылардың қатынастары, жеке және топтық мінез-құлықтың сипаты мен ережелерін белгілейді. «Біз» теңбе-тең емес бейнесі – әр отбасы мүшесіне және жалпы отбасыға бақыланатын бұқаралық бейне – О. М. жасайтын әрекетсіз отбасылардағы өзара қарым-қатынастар сипаты туралы келісілген таңдамалы түсініктер. Осындай мифтің мақсаты — отбасы мүшелеріндегі бар қанағатсыз қажеттіліктер мен кикілжіңдерді камуфляждау және бірін-бірі туралы идеалданған түсініктер туралы келісу. Үйлесімді отбасыларға «Біз» келісілген бейнесі тиесілі, әрекетсіз жанұяларға – О. М.
Көптеген авторлар О. М. отбасы мүшелері арасындағы белгілі танылмаған өзара келісім деп түсіндіреді, оның қызметі жалпы отбасы және оның мүшелері туралы қабыл алынбаған бейнелерді (ұғымдар) сезінуге кедергі болу. «Бетсалым», «қабыл алмау», «ыдырау» тәрізді мифтер, «аңғырт отбасылық психологияда» сипатталған О. М. белгілі мазмұны бар, заманауи Ресейдегі әрекетсіз отбасыларында жиі кездесетін кейбір когнитивтік таңдамалы сценарийлер жіктеледі. Психологиялық қорғаныс механизмі – «ыдырау».
67.Александер және Фельденкрайз әдістеріне салыстырмалы талдау.
Дене терапясындағы ең тиімді әдістердің бірі Александер мен Фельденкрайз әдістері болып табылады.
Александер әдісі Фельденкрайз әдісі
Александр әдісін мүсін мен үйреншікті қалыптарды түзету техникасы ретінде қабылдайды, бірақ бұл шын мәніндегі қызметінің бір бөлігі ғана болады. Шын мәнінде бұл өзін-өзі тануға аса терең бағытталған жүйелі бағдар, ағзаға жоғалған психофизикалық бірлікті қайтаруға тырысатын әдіс. Александр бойынша адамның бүкіл әрекеті оның денемін басқару қабілетіне байланысты. Осыған көптеген қарама-қарсы мүмкіндіктер бар, бірақ әр жағдайда нәтижеге жеңіл және жылдам жетудің ең жақсы тәсілді қамтамасыз ететін бір ғана жол болады. Александр ағзаның ауруларға әкеліп соғатын қызмет ету тәсілі дене бұлшық-еттерінің теріс (тиімсіз) қолдануымен айқындалады, ол бұлшық-ет күш салуы арқылы жүзеге асады. Ол қөзғалысты орындаудың үйреншікті тәсілдерінің орнына өзіндік денені жақсартуға септігін тигізетін, ағзаны сауықтыруға ықпалын тигізіп, жаңаны құруды ұсынған. Александерден қарағанда Фельденкрайз тек «ұғыну әрекетті ниетке сәйкес жасайды» деп санап, көп көңілді сезінуге бөлген. Фельденкрайз әрекет бейнесінің теориясының әзірлемесіне үлесін қосып, ағзаның қалыптасуына деген біртұтас көзқарас мәселесіне арналған әдісті әзірледі. Ол қызметтердің бұзылуы қате құрылғылармен ғана емес, сонымен бірге адам ойланғанды орындау үдерісінде қате қимылдар жасайтынымен де байланысты деп тұжырымдайды. Фельденкрайз пікірі бойынша «мақсатты әрекетке» кедергі болатын іс-әрекет үдерісінде көптеген артық, кездейсоқ қимылдар жасалады; нәтижесінде кей әрекеттер оған қарама-қарсы бір мезгілде жасалады. Бұл адамның өзінің тек түрткілері мен әрекет нәтижесін ұғынатытынан, ал соңғының үдерісі танылмайтын болып қалады. Фельденкрайз бұлшық-ет қөзғалысын адам қимылының маңызды құрамдас бөлігі деп санаған және денені басқарудың жаңа тәсіліне үйретіп, мінез-құлықты өзгертуге тырысқан.
68.Гештальт терапияда қолданылатын жаттығуларды іріктеңіз.
Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.
Қызба орындық. Терапевтикалық топ мүшелері шеңбер болып орындыққа отырады. Топ мүшесінің бірі өз еркімен, ол әрине, тактикалық шамада терапевтпен «арандатылады», шеңбердің ортасындағы «қызба орындыққа» отырады және шынайы түрде өз мәселелері туралы айта бастайды, сондай-ақ басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Терапевт өз жұмысын осы адамнан бастайды, ал топ бұл жұмысқа қолдау ретінде және осы жеке тұлғаның белсенділігі үшін мейірбандылық жағдай тудырады. Мұндай қолдау арқылы жеке тұлға батылдық пен дербестікке ғана ие болмай, сонымен қатар басқа топ мүшелері өз мәселелерін жете ұғынуына және оның шешілуінің ұқсас жолдарын өзіндік белсендіру арқылы табуға жағдай туғызады.
Екі рөлі. «Қызба орындықта» отырған клиентке қарам-қарсы бос орындық қойылады; онда елестетілген адам отыратын тәрізді, клиентте онымен ашық немес жасырын, бірақ жабырқаңқы немесе шешілмеген кикілжің пайда болады. Клиент екі ролді атқарады. Өз орындығынан ол өз атынан елестегі серіктесіне өтінеді, ал оның орындығында максимальды түрде басқа біреудің жай-күйін түсінуге және оның орнына өз-өзіне жауап беруге тырысады. Кей кездері клиентке қарам-қарсы клиентпен таңдалған топ мүшелерінің бірі бола алады, клиент оған сол адамның рөлін түсіндіреді. Осындай түсіндіру үдерісінде ол кикілжінге еріксіз түрде басқа көзбен қарай бастайды – басқа біреуді жақсырақ түсіне бастайды.
Кері байланыс. Бұл клиент пен психотерапевттің тұрақты психологиялық байланысы, ол клиенттің өз-өзін, өз жағдаятын (мәселе) жақсырақ көретін, өз жай-күйлері мен олардың мінез-құлық құбылыстарын объективті бағалай бастайтын айна тәрізді болып табылады.
Қазір мен ұғынамын... Бұл жаттығудың мәні – бұрын еске салынған гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын клиенттің «іске қосу» »Қазір мен ұғынамын...» фразасынан айтқаннан кейін басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап отырады.
«Сараптау сұхбаты» техникасы («диссоцияланған сұхбат»), «бос орындық» деген атаумен де белгілі, клиенттің ішкі кикілжіндерін талқыға салуға арналған. Техника клиенттің екі полярлық бағдары арасында болатын психодраманы пайдалануға құрылған. Сұхбат клиенттің өзімен жүргізіледі, ол ілікпе сөздерді кезекпен алдымен бір психологиялық бағдар атынан, кейін екіншінің атынан айтады.
69.Релаксациялық жаттығуларды іріктеңіз•
Релаксация – бұның көмегімен дене немесе психикалық күйзелістен толық немесе жартылай, бөлік – бөлікпен құтылуға болады.
Минуттық релаксация
Ауыз бұрышын босатыңыз, еріндерді сулаңыз. Иықты босатыңыз, өз бетіңіз бен дене күйіне мән беріңіз. Олар эмоциялар, ойлар, ішкі күйді бейнелейтінін ұмытпаңыз.
Айналаға қарап сіз отырған бөлмені әбден зер салып қараңыз. Ең майда деген нәрселерге дейін. Оларды жақсы білсеңіз де, қараңыз. Жәймен ойша барлық заттарды бірінен соң бірін кезектестіріп қарастырыңыз. Осы құралдарға толық зеійн аударыңыз. Өзіңізге өзіңіз ойша айтыңыз: мысалы, «қоңыр стол, ақ перде, гүл үшін ваза,т.б.». Әр затқа зейін қою арқылы ішкі стресс күйзелісінен сәл ғана босайсыз.Егер жағдай болса, қатты стресс болған бөлмеден кетіңіз. Ешкім жоқ бөлмеге ауысыңыз немесе ойыңызбен жалғыз қалатын, ешкім жоқ көшеге шығыңыз. Бұл бөлмені ойша сүйек-саяғына дейін талдаңыз (егер көшеге шықсаңыз, онда – үйлер, ағаштар,т.б. алдыңғы пункттегідей).
Тез, жылдам релаксация.
арқамен ыңғайлы жатыңыз, қолдарыңыз денеңіз бойымен созылған, көздеріңіз жабық; жағымды нәрсе ойлаңыз. Көк шалғында бұлақ жағасында жатырсыз. Күн әдемі. Бұлақ сылдырап ағып жатыр. Шөп иісі аңқиды; тынышталу сезімі бойыңызды жаулап барады; әр дем алған сайын бой жазып келеді; сеансты аяқтауға асықпаңыз. Денеңіздің өзі сізге ыңғайлы қарқынды айтады.
Тыныс алу релаксациясы
Ыңғайланып отырыңыз, көзді жұмыңыз. Дем алуды бақылаңыз, әр дем шығарғанда бой жазғанды сезініңіз. Дем алғанға мән беріңіз. Ең соңғы сәтте дем алуды ұстап қалып, үшке дейін санаңыз. Сосын жәй ғана тыныс шығарыңыз, тағы да үш деп есептеп, дем алуды ұстап қалыңыз.
Осы процедураны 5-10 рет қайталаңыз. Жата беріңіз, әзірге Сізге жақсы.
Көзді жәймен ашып, дене тұрқын ауыстырғыңыз келгенше күтіңіз.

70.Гештальт терпияның негізгі бағыттарын талдаңыз Гештальт-терапиясы — әлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальт-терапиясы тәжірибелік психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі болды.
Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге, адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның «МЕНІНІҢ» »қазіргі» жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына бағытталған. Пёрлз ерте балалық естеліктердегі фрейділік «қопаруларды» қате және тиімсіз деп санап, классикалық психоталдаудан бас тартты. Перлз адамға және оның психологиялық мәселелеріне өткен өмірдің (тіпті ертедегі бабалық естеліктер), сондай-ақ ең алдымен осы күнгі және белгілі мөлшерде күтілетін оқиғалар әсер етеді деп санады.
71.«Ата-ана-бала-ересек» мінез-құлық түрлерін анықтауға бағытталған психодиагностикалық жаттығуларды іріктеңіз.
Жеке тұлға құрылысы «МЕН-нің» үш жағдайымен сипатталады: Ата-ана (Экстеропсихе), Бала (Археопсихе), Ересек (Неопсихе). МЕН-жағдай – бұл адамдармен ойналатын рөльдер емес, өзекті жағдаятпен ушықтырылатын феноменологиялық шындық, мінез-құлық стереотиптері екені атап көрсетіледі. Ата-ана — бұл ата-анадан және басқа да беделді тұлғалардан балалық шақта алынған ақпарат, өсиет, уағыз, тәртіп ережелері, әлеуметтік нормалар, тыйым салулар — кез келген жағдаятта өзін-өзі ұстау және нені жасамау керектігі туралы санатындағы ақпарат. Бір жағынан, бұл пайдалы, уақытпен тексерілген ережелер жиынтығы, екінші жағынан — соқыр нанымдар мен теріс ұғымдар орналасу жері.
Ата-ана Бақылау жасайтын (тыйым салу, санкция) және Қамқоршыл ата-ана (кеңестер, қолдау, қамқоршы) түрінде бола алады. Ата-ананың жағдайын «мен тістімін», «маған болмайды» тәрізді пікірлер бойынша диагностика жасауға болады. Басқа вербальды сипаттамаларға «ылғи», «ешқашан», «доғар мұны», «еш уақытта», «сонымен, есіңде сақта», «мен саған қанша рет айттым», «мен сенің орнында», «жаным менің», «байғұс», «сұмдық» тәрізді оқытатын, сынайтын, қолдайтын немесе сыни ескертулер жатады. Ата-ананың дене белгілеріне қабағы түйілген маңдай, қымқырған ерін, бастың шайқауы, «қатал түрі», қолдың «нұсқайтын саусағы», аяқпен соғу, белдегі қолдары, кеудеде айқастырған қолдар, дем алу, басқаның басынан сипау және т.б. жатады.
Ата-ана. Әр адам өзінде ата-анасының бейнесін сақтайды және еріксіз түрде (кей кезде саналы ниет үлесімен де) белгілі жағдайларда олардың мінез-құлық үлгілеріне (немесе олардың біреуіне) еліктейді, яғни өзіни Ата-ана сияқты сезінеді.
Ересек. Әр адам жағдаятты және өз-өзін жиі немесе сирек объективті, жетілген күйде қабылдай алады. Шындықтың осындай объективті жетілген түрінде қабылдануы ересек күйі деп аталады.
Бала. Әр адам өзіндегі бала күйіндегі қабылдауын сақтайды, яғни белгілі бір жағдайларда жасына тәуелсіз өткен өміріндегі ұл немесе қыз бала ретінде сезінеді.
Адамдардың өзара әрекеттесуі кезінде (трансакция) әр түрлі МЕН-жағдайлары іске қосыла алады. Қосымша, қиылыс және жасырын трансакциялары ажыратылады. Өзра қарым-қатынас жасайтын адамдар күтетін тілектеріне сай келетін және салауатты адамзаттық қатынастарға жауап беретін трансакияларды қосымша трансакциялар деп атайды. Осындай өзара әрекеттер конфликтогенді болмайды және шексіз уақытқа жалғасуы мүмкін. Осындай әрекеттесудегі стимул және кері серпіліс параллельді жолақтар ретінде бейнеленеді.
Трансакциялық талдауда қатынас үдерісі трансакциялар деп аталатын қатынастың шартты бірліктеріне жіктеледі. Трансакциялар трансакциялық стимулдар мен трансакцялық серпілістер деп бөлінеді. Басқа адамға қаратып айтулардың барлығы трасакциялық стимулдар санатына жатады. Ал осы немесе басқа қаратпаларға қайтарылған жауаптардың барлығы трансакциялық серпілістер деп аталады.
72.Арт-терапия әдісі қолданатын тренинг сценарийін құрыңыз
АРТ-ТЕРАПИЯ (А.). Арттерапия оқыту біздің жүзжылдықтың 20-жж Принцхорн (Prinzhorn H., 1922) еңбектерінен басталды. Ресейде 1926 ж. А. арналған бірінші монография шықты – П.И.Карповтың «Творчество душевнобольных и его влияние на развитие науки и техники» кітабы, психикалық аурулар кезіндегі шығармашылық байқаулар мәселесі тек медициналық түрде емес, сонымен бірге тарихи және биологиялық аспектілерде қарастырылды. АҚШ-та психотерапиялық үдерісте суреттеу құралдарды алғаш рет 1925 ж. өз науқастарының түстерін талдау кезінде Левис (Lewis N. D. S) қолданды. Терапияның теориялық негіздері суреттеу құралдары А. сондай психотерапиялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытпаса да, арқылы Фрейд (Freud S.) психоаналитикалық көзқарастарынан, өз суреттеулерін дербес және әмбебап символдар туралы идеялардың дәлелі ретінде қолданған Юнгтың (Jung С. G.) аналитикалық психологиясынан, Наумбургтың (Naumburg M., 1966) терапиялық көмектен динамикалық теорияға кестелік өзіндік көзқарастан шығады. Әрі қарай А. дамуына адамгершілік бағыттаманың психотерапевттері көп әсерін тигізді.
«Арттерапия» термині (art — өнер, artterapy (сөзбе-сө) — өнер терапиясы) көбінесе ағлшын тілдес халықтар бар елдерде кеңінен таралған және жиі науқастыңпсихикалық-эмоциональдық жағдайына әсер ету мақсатымен пластикалық суреттеу шығармашылықпен емдеуді білдіреді. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде сонымен қатар «изотерапия» немес «көркем терапия» терминдері қолданылады, бірақ олар ағылшын тілдегіге тең емес және оның мағынасын сәл тарылтады.
А. –да науқастарға бір жағынан, өздерінің күйзелістерін, мәселелрін, ішкі қайшылықтаын, екінші жағынан, шығармашылық өзіндік байқауларының анық, нақты айқындалуы үшін психотерапевтпен немесе жалпы топпен қарым-қатынастың белсендірілуіне бағытталған суреттеу және көркем қосымша сипатты әртүрлі сабақтар (сурет, гарфика, кескіндеме, мүсін, дизайн, ұсақ пластика, бұрма, күйдіру, бедер салу, батик, гобелен, өрнек, фреска, витраж, жүн, тері, матадан жасалған әртүрлі заттар және т.б.) ұсынылады. Бүгінгі күні А.-да бейне-арт, инсталляция, перформанс, қарым-қатынастың көзбен шолатын желісі жетекші рөль атқаратын компьютерлік өнер тәрізді формалар да енгізіледі.
73.Фейдимен және Фрейгер бойынша мінез-құлықтық психотерапия теориясының мәні көрсетілген кесте құрыңыз
М. П. Фейдимен және Фрейгер бойынша:
1 адамдардың өмірлік жағдайларына өздері қалайтындай жасауға көмектесуге тырысу, яғни олардың өз мінез-құлқы, ойлары, сезімдері әлеуетінің артуына немесе әрекет етудің теріс тәсілдерін жоюға жәрдемдесу;
2 қатынастың эмоциональдық мәні мен жеке тұлға сезімдерін өзгертуге мақсат қойылмайды;
3 жағымды терапиялық қарым-қатынас — қажетті, бірақ тиімді психотерапияға жеткліксіз шарт болып табылады;
4 пациенттің шағымы маңызы бар материал болып қабылданады, онда артынан үзіктер сияқты жатпай, терапия онда шоғырланады;
5 пациент және психотерапевт терапияның ерекше мақсаттары туралы келіседі, ол мақсаттар пациент және психотерапевт мақсаттардың қалай және қашан іске асатыны туралы білетіндей ұғынылады.
74.Мен-тұжырымдамасының ерекшеліктерін атаңыз Мен – тұжырымдамасы тұлғаның ішкі келісушілікке жетуге мүмкіндік туғызады, тәжірибе түсіндіруді анықтайды және күту көзі болып табылады, яғни не болатының көрсету. Мен – тұжырымдамасының дамуы Жеткіншек жастын кіші кезінде жаңадан пайда болу орталығы болып келеді, ал аяғы кезінде, шамамен 15 жасқа қарай өзіндік сананың дамуына тағы бір қадам жасайды. Өзін іздегеннен, тұлғалық тұрақсыздықтан кейін «Мен - тұжырымдамасы» қалыптасады – «Мен» бейнесінің өзі туралы елестеу ішкі келісушілік жүйесі. Сонымен бірге нақты «Мен» сайкес болмауы да мүмкін. «Мен – концепциясы»-нда салынғанды жасөспірім дамытуға тырысады (әсіресе, бұл нақты «Менге» сай келмесе) деп айтуға болады.Сондай бала өзінің денесін жақсартуға ұмтылады. Көп жағдайларда бұл қолынан келеді (толық шамада емес болғанымен да). Талаптанудың жоғары деңгейінде және мүмкінділіктерін толық түсінбеу мінсіз «Мен» нақтыдан тым қатты айрықшалануы мүмкін. Сонда жасөспірімнің сіз бейнесі мен нақты жағдайы арасындағы бөлініс уайымдамасы ренжігіш, қынырлық, басқыншылықта көрініс табатын сенімсіздікке әкеледі.
Мен-тұжырымдама жалпы құрылымысы. 
Мен-тұжырымдама
Нақты мен
Мінсіз мен
Когнитивтік компонент Бағалау компоненті Саралау компоненті
75. З.Фрейд бойынша түс көрудегі символдардың мәнін талдаңыз.
Түс – толыққанды психикалық құбылыс. Ендеше З. Фрейдтің түс жору кітабындағы символдарды талдап көрейік.
Жалаңаш адам жайлы түс көру. Адамның жалаңаш немесе жаман киіммен басқа біреудің алдында жүргені туралы түсте ешқандай ұят сезімі байқалмайды. Бірақ жалаңаш жайлы түс көру бізге субъектінің ұялу сезімінде болып, одан құтылғысы немесе жасырғысы келетінін, сонымен қатар ерекшк маталып байланып қалғаандай, қозғала алмай тұрғанын, жағымсыз жағдайды өзгертуге дәрменсіздікті білдіретінімен қызықты.
Тауға көтерілген тұстағы тар есік- міндетті түрде әйелдің жыныстық мүшесін, есікті ашуға көмектесуі өмірде әйеліне деген сыйластықты көрсетеді.
Ұшу туралы түс - адамның басқа тілегін білдіреді. Оны көбінде өзі «шіркін, Мен құс болсам ғой»,-деп айтып жүретін.Кейбіреулері түстерінде періште болып жүреді.Өйткені оларды шын өмірде ешкім бұлай атап көрмеген.
Құлау туралы түс көру. Бұл көбіне адамның қорқыныш сезімімен байланысты. Әйелдердің құлау туралы түс көруі - эротикалық сезімін білдіреді.
Емтихан тапсыру туралы түс көру. Емтиханнан жақсы өткен адамдар түстерінде емтихан туралы сәтсіз түстер көрген, ал құлап қалған адамдар түс көрмеген.
Жақын адамның өлімі туралы түс көру. Түстердің келесі тобына қайтыс болған жақын адамдарды, ата-ана, бауыр, сіңілі, балаларды көру жатады. Бұл түстерді екі топқа бөлуге болады: 1- топта түс көрген адам түскінде өлімге еш қайғырмайды. Ал, оянған кезде ол өзінің қаттылығына қайран қалады. 2-топта ауыр хабарды естигенен кейін түсінде қайғырып, оянғанда жылап жатқанын сезеді.
1-топтағы түсті талдай келе оның мазмұнынан алшақ – басқа бір тілектің жатқанын байқамыз. Мысалы: сіңілісінің жалғыз ұлының қайтыс болғанын апайы түсінде көрген. Бұл түсте апайы кішкене балаға өлім тілемейді, ол сүйікті адамын көп уақыттан бері көргісі келетін тілекті білдіреді.
2-топтағы түс туралы айтсақ, бұл түстердің мазмұны байынша адамға өлім тілеуден туындайды. біз бір түсті талдай келе тілектің түсте орындалуы маңызды емес. Егерде кімде-кім өзінің әкесі, шешесі, бауыры немесе сіңілісі өлгенін түсінде көрсе, және соған түсінде қатты қайғырса, онда ол қазір соларға өлім тілеудің дәлелі деп айта алмаймын, бірақ сол адам кішкентай кезінде олардың өлімін қалаған.
Әдетте,тусіңде Тіс ауруы туралы көрсең –ер балаларда жынысық қажеттілікті білдіреді.

Приложенные файлы

  • docx 26448338
    Размер файла: 135 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий