жастар жауап


Жастармен әлеуметтік жұмыс пәнi бойынша емтихан сұрақтары
Жастар әлеуметтануы пәнінің зерттеу пәні мен объектісі
Жастар социологиясының нысаны болып табылатындар; Жастардың қоғам дамуындағы рөлі мен орнын, сұраныстарын, мүдделерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын, әлеуметтік-үміт тілектерін зерттеп зеделеу;
Белсенді өмірлік позициясын , өмір сүру және мінез-құлық стилін қалыптастыру, түрлі әлеуметтік салалардығы бейімделу ерекшеліктерін талдау;Өмірлік жоспарларын зерделеу және оларды іске асырудың оңтайлы жағдайларын белгілеу;Әлеуметтік белсенділік пен енжарлық себептерінің резервтерін, жастардың түрлі деңгейлердегі әлеуметтік басқару мен өзін-өзі басқаруға қатыстырылуын зерттеу; Еңбекке және жұмыссыздыққа моральдық және психологиялы дайарлықтарын анықтау және т.с.с
Жастар социологиясын социологиялық білімнің жеке саласы ретінде шығару 20 ғ – 60 жылдарындағы жастар ревалюциясынан басталды.Ол кезде зерттеушілер жастар наразылығының мәнін түсіну қажеттілігіне қарай жастар проблематикасына көбірек назар аудара бастады.Бүгінде дәл сондай жағда туындап отыр.Реформалардың 10 жылдығынан кейін социологтар жастардың саяси экстремизм, жұмыссыздық, нашақорлық, жасөспірім жастардың қылмыстылығы, дағдарыстың әлеуметтенуі сияқты ең осал тұстарын зерделеу бойынша зерттеулер жүргізіле бастады.
Жастар социологиясы жеке адам социологиясы, девиантты мінез- құлық, жастардың субьмәдениеті,БАҚ, тәрбие, отбасы, білім алу, мораль , бос уақыт сияқты салалық социологиялармен тығыз байланысты.
Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік, және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену бала-бақша, мектеп, әлеуметтік ортада, т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол. Отбасыда алған – тәрбие, білім беру мекемелерінде алған – білімі және тағы басқа институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады. Дегенмен, бұл – әлеуметтенудің қалыпты түрі. Ал қоғамда отбасыда туылмаған, отбасы институтынан тыс адамдар да бар (жетім балалар, көше адамдары, т.б.). Немесе белгілі бір объективті, субъективті факторларға байланысты білім беру институттарынан тыс қалғандар да бар (орта немесе жоғарғы білімі жоқ азаматтар). Сондықтан да қоғамда адамдардың әлеуметтену үдерісі өте күрделі және өзекті мәселелердің біріне жатады. Адам өмірінің циклдік қарастырғанда өсу, өрлеу шағы болып табылатын жастық шағының негізгі субъектілері болып табылатын жастардың дұрыс бағдарлануы олардың келесі өмірінің жартылай іргетасы болады десек қателеспейміз. Жартылай деп айтуымыздың бір себебі, адам бойындағы біршама құндылықтардың негізгісі балалық шақта қалыптасатыны жасырын емес.
Тәрбиелеу мен білім беру институттарынан өткен адамның одан әрі жетілу, яғни әлеуметтенуі барысында адамның өзін мақсат ретінде қоя білуі маңызды рөл атқарады. Мысалы, адамның өзін өзі басқару, игеру, жетілдіру деңгейі жоғары болған сайын, сыртқы орта әсері аз болады. Ал керісінше жағдайда сыртқы ықпалдың деңгейі мол. Осы тұста жастардың өз уақыттарын дұрыс ұйымдастырмауы, өзін-өзі игере алмауының салдарынан түрлі орта әсерлеріне ұшырап отыр. Мәселен, субмәдениет, секталар, қылмыстық топтардың, т.б. дұрыс әлеуметтенбеген немесе маргинал жағдайдағы жастарға ықпал етіп отыр. Дегенмен бұл жастардың құндылықты бағдарланған жолы болуы да мүмкін. Бірақ осының әсерінен, қоғамда дисбаланс жағдайы орнап, жастарың теріс жолға түсуі артып отыр. Енді, өзін- өзі игреген, яғни өзін басқара білген әлеуметтену үдерісінде адам өзіндік мақсаттарын жүзеге асырады. Дәл осы орайда тағы да жастарға үңілсек, өзін басқара білген жас өзін жетілдіруге бағытталады. Үздіксіз білім алу, отбасы құру, қоғамға қызмет ету, т.б. ортақ классикалық құндылықтарды жүзеге асырады. Әрине, жастардың өзін-өзі басқаруы мен сыртқы орта ықпалына түсуі әсерінің салдары – бұл бүгінгі жастардың әлеуметтенуін ашатын тек бір ғана өлшем екенін еске салғым келеді.
Жастар әлеуметтік демографиялық топ ретінде
«Жастар» – бұл жас адамдардың қоғамдағы орнының жас ерекшелігі, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы олардың орны мен функциялары, олардың айрықша мүддесі мен құндылықтары уағдаластығы негізінде бөлінген әлеуметтік-демографиялық топ.
Жастардың жас шамасына адамның өмірлік кезеңінде басты әлеуметтік және демографиялық оқиғалар: жалпы білімді аяқтау, кәсіпті таңдау және кәсіптік дайындықтан өту, еңбек қызметінің басталуы, некеге тұру, бала туу тұспа-тұс келеді. Халықтың бұл санаты еңбек нарығындағы жай-күйін анықтайтын бірнеше топқа бөлінеді.
Жастардың әлеуметтік топ ретінде өзіндік ерекшелігі бары сөзсіз. Жиі олар қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделу: кәсіптік және әлеуметтік өз орнын табу, жұмысқа орналасу, тұрғын үйінің болмауы сияқты қиындықтарына жалғасып жатады.
Сонымен бірге, жастардың мемлекеттік емес секторда жұмыспен айналысуы кеңінен тараған. Тұрақты жұмыспен қамтылмауына, тұрақсыздықтың жоғары болуына, еңбек пен кәсіптік білімінің қоса атқарылуының кепілдік талабының болмауына, мамандық қажет емес жұмыстың басымдығына да қарамастан бұл үрдіс сақталып келеді. Осылайша, мемлекеттік секторда жас қызметкерлердің үлестік салмағының азаюы, олардың коммерциялық желіге, шағын бизнес жүйесіне кетуі жұмыспен қамту саласында жас азаматтарға тұрақтылыққа кепілдік бермейді.
18-24 жастағы жастар – бұл студенттер мен көбінесе кәсіптік дайындықты аяқтаған немесе аяқтауға жақын жас адамдар. Олар еңбек нарығына аяқ басқан ең осал топ болып табылады, себебі жеткілікті кәсіптік және әлеуметтік тәжірибесі жоқ, осыған орай бәсекелестікке қабілеті төмен. Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ.
Жастардың соцологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық шақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» дсген ұғымдар жоқ.
Сөйтіп, зерттеуші И.Конн «ұрпақ» терминінің көпмағыналығына назар аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың
жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгЕрлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.
Тарихшылар мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30 жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасының жасару үрдісі, ата-аналар мен балалардың арасындагы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының үлғаюы үш емес, төрт ұрпақтың бір мезгілде өмір сүруіне әкеледі.
Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе қауымдастығыньң, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар» туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, байлардың, дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды, құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясьн баса айта отырып, қаңдай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығыңдағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге жеке әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және заңды құқықтарды көрсетумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және құқықтық мәртебесі бойынша дифференциация неғұрлым нақты болады. Осы кезеңді Л. Розенмайер «жас ересектер» деп айтады. Егер бірінші кезеңде бұл кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас аралығындағы халық гетерогенді (біртекті емес). Бүл құрдастар тағдырының айырмашылығына байланысты әлеуметтік біртектілік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.
Социолог В.Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі — әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кіргізеді.
Көптеген социологтар адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады.
Мәселе, әдетте, адам ең жоғарғы жетістіктерге ересек шағында жететіндігіне қарамастан, осы жетістікке дайындық жастық шақта болатындығында. Сондықтан социологтар кульминацияның Спартаға, ал іс-әрекет спартасының жеке тұлғаны тәрбиелеу тарихына белгілі бір тәуелділігі бар екенін атап айтады.
Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап көрсетілді. Ол адамньң өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің «Адамның жастары туралы» еңбегінде нақты көрсетілген, онда ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері және белгілері бар.
Аналогия үшін ІПопенгауэр мифологиядағы құдайлардың аттарына сүйенді. Алғашқы онжылдықта Меркурий үстемдік жасайды, адам өмір жолымен тез және жеңіл жүреді, бірақ оның көңіл-күйі түрлі ұсақ-түйекке байланысты өзгермелі болады. Осы жылдардағы оқу, ойындар қозғалмалы. 20 жылдары махаббат құдайы Венераның патшалығы басталады, ол оның барлық тіршілігіне үстемдік жасайды. 30 жылдары оны Марс ауыстырады, ол адамға табандылық, батырлық, күш, батылдық, жауынгерлік әкеледі. Ол оны өжет болуға, тәуекелділікке шақырады. Адам 40 жасында Церердің үстемділік күшінде пайдалылыққа бас иеді. Веста оған үй ошағын береді, Паллада білім мен даналық сыйлайды, Юнона сияқты оның үйінде ханым-зайыбы билік жасайды. 50 жасында Юпитер билік көрсетеді, адам өзінің күшінен ләззат алады, ол тәжірибе мен білімге бай, беделге ие, басқаруға икемді. Бірақ 60 жылдары оның өмірінде Сатурн өзінің қорғасындай ауыртпашылығымен, баяулығымен және солғыңдығымен әсер ете бастайды.
Шопенгауэр өмірдің бірінші жартысының сипаты бақытқа ұмтылудың қанағаттаңдырылмауымен айқындалатынын, ал екінші жартысына тән ерекшелік – бақытсыздықтан қорықпау екенін айтады. Бұл ретте философ адамның оның жасына қатысты уақытты қабылдауындағы айырманы атап көрсетеді. Жасөспірім шақта сағаттың өтуі қарттық шақтағыдан гөрі ұзағырақ болады. Жастық шақта адам көптеген қауіп пен толқуды бастан кешіреді, оның көңіл-күйі масаттану мен энтузиазмнен бастап жабырқаушылық пен көңілсіздікке дейін өзгеріп отырады. Қарттық шақта азапқа түсумен оның құмарлығы басылады, көңіл-күйі неғұрлым тұрақты және селқос болады, ал егер денсаулығы жақсы сақталса, онда адам аса ауыртпашылыққа тап болмайды, ол қамтамасыз етілгенін, қолайльлықты жақсы көреді, тыныштықты қалайды.
Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді. Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына қатысты екені атап керсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағьнбайды. Есейген шақ — іс-қимыл жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ — алғашқы масаттану және бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне қарамастан, өнімін тек шыңы таным: ағашының түбірі болып қалады.
Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне, құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес. Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым қарқынды белігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі 1(16-29 жас).
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жастардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардың саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрады. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жағдайды өзгерту үшін үнемі әрекет жасалып отырса да бұл санның аса көп өзгерісі болмады. Осындай шаралардың бірі жастар кәсіпорыңдарын, кооперативтерді, құру, олар үшін салық жеңілдігін жасау көзделген жастардың кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар болды. Басқа да шараларда жеке тұрғын үй салуға және сатып алуға, жүруге жеңілдікті несиелер, жоғары білім алуға, жас отбасылары үшін арнайы қызмет құруға несиелер беру көзделді. Дегенмен жалпы экономикалық қиындықтар мемлекет мәлімдеген саясатты материалдық қамтамасыз етуге кедергі болды.
Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының нашарлауы олардың әлеуметтік өмірдегі қылмыстық ұяларға одан әрі тартылуынъң басты себебі болуы мүмкін.
Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмысекрлер қатарьның жасарғанын атап керсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің жартысы (54 проценті) – 14 пен 30 жас арасыңдағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14|18 жастағы кәмелетке толмағандар құрайды. Қазақстанда тиісінше — 50,9 және 6,9 процент75. 1999 жылы ҚР полиция қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған студенттері 40 проценте жуық, ал мсктеп, лицей және гимназиялардың оқушылары — 23 процентке көбейді. Жасөспірімдер жене жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық - бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың өзіндік «жиынтығы». Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мұндағы барынша «еңбек» электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. «Ең басты батырдың» жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.
Жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлқы «ересек» қылмыстық мінез-құлықтың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жасөспірім істегенін жоққа шығармай, жиі түрде өзінің кішісін мойындайды немесе іс жүзінде жоққа шығармайтын құқықтық, тыйым салуды бұзады. Осыңдай мінез-құлықты түсіңдіру үшін бейтараптық теориясына жүгінеді, оның мәні жасөспірімнің өзіне қатысты жеңілдету жағдайларынын іс-әрекетін санасыз түрде кеңейтуге, өзінің әрекетін ақтауға және тіпті оның тиімділік элементтерін енгізуге ұмтылады. Сұраулар жасөспірімдердің көпшілігі өзінің қылмысыньң себебін сыртқы жағдайлардан көретіндігін айтады, құрылғандардың ширегі осыңдай жағдайда кім де болмасын осыған баратындығына сенімді. Келтірліген зиянды қате бағалау да жөн.
Өзінің мінез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде заңдық практиканың және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың «жасару» себептерінің бірі болып табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. «Жазаңызды өтеп келгеннен кейін қылмыс жасайсыз ба?» деген сұрақтың жауабы да қарапайым: «Жоқ» — деп сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, «Қалай боларын білмеймін» — деп кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32-сі жауап берді.
«Жастар таңдауы» ұйымының тең төрайымы А.Хаматдинованың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан жастарының 15 проценті ғана тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жастардың 5 проценті ата-анасы сатып әперген үйде тұрады. «Мәселенің түйіні жастарға тұрғын үй сатып алу немесе оны салып алуға несие беру тетіктерінің қалыптаспауында жатыр»,- деді А.Хаматдинова /1/.
«Жастар таңдауы» ұйымы жас отбасыларға жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Қазіргі тұрғын үй бағасы мен жоғары несие ставкасы жастардың басым бөлігіне ипотекалық несие беру жүйесінің қызметін тұтынуға мүмкіндік бермей отыр. Осы орайда А.Хаматдинова жас отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 40 жылға дейінгі мерзімге 6-8 проценттік өсіммен несие беретін АҚШ-ты мысалға келтірді.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Тоқабаевтың түсініктемесіне жүгінсек, елімізде қазір ипотекалық несие 15 жылға 13 проценттік үстеме сыйақымен беріледі. Оның айтуынша, Қазақстан ипотекалық компаниясы несие мерзімін 20 жылға дейін ұзартуға, соның нәтижесінде несие ставкасын төмендетуге қадамдар жасауда. Демек, қазақстандық жастар үшін де ипотека қызметін тұтынатын мерзім жақын, деді Н.Тоқабаев. Ол сондай-ақ, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің шешімін табу үшін арнайы бағдарлама жобасы жасалып, муниципалдық тұрғын үйлер салына бастайды дегенге сенім білдірді /1/.
Бұл ретте жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде әртүрлі бағдарламалар қабылдаған және іс-шаралар жоспарын жасаған орынды. Онда мынадай негізгі бағыттар бойынша кезеңдік және үйлестіруші іс-әрекеттер көзделгені жөн:
1.Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау.
2.Жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау.
3.Өңірлерде жастар саясатын іске асыру.
4.Білім және ғылым саласында жастардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.
5.Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.
6.Жас таланттарды дамыту мен қолдау.
7.Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
8.Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдайлар жасау.
9.Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту.
10.Қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмін дамыту.
11.Мемлекеттік жастар саясатының нормативтік-құқықтық базасын дамыту.
Бағдалама республика жастарында мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріне ұмтылуы және белсенді қатысуына, өз қабілетін іске асыруы және өзін-өзі дамыту үшін тиісті жағдайлар жасауға дағдыландыру арқылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталуы, ол оның нарық жағдайында ойдағыдай әлеуметтендірілуіне ықпал ететін болуы тиіс.
Бағдарламаның іске асыру тетігі Бағдарламаның іс-шаралар жоспарында көрсетілген іс-шараларды жастармен жұмыс істейтін барлық мүдделі құрылымдарды тарту арқылы, кезең-кезеңімен іске асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың үйлескен іс-әрекеттерінен тұрғаны лазым.
Адамның мінез-құлқына оң немесе теріс (жағымсыз) әсерін тигізетін әлеуметтік факторлар
Орта — адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта — жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Жастарды зерттеудің негізгі қағидаттары
Бүгінде, қазіргі заманғы қоғамда жастар түбегейлі қоғамдық ұстанымды еншілейді.Оның өмірлік мүдделері, талаптары, тұрмыс стилі қоғамның саяси, экономикалық, мәдени және басқада салаларындағы әлеуметтік үдерістер дамуының түпмәнінде қаралады.Жстарды зерттеуге қатысты негізгі қағидаттарға, ең алдымен тарихи-талдамалық тәсілді жатқызуға болады, соның аясында биологиялық және жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы жастардың мезгілсіз мән мағына ретінде қарамау керек. Жастарды әрдайым нақты тарихи қоғам шеңберіндегі белгілі бір әлеуметтік топ ретінде бағалаған жөн. Олар қоғамның серпінді және жұмылғыш бөлігі болып табылады. Жастардың проблемаларына қатысты ғылыми тәсілдің келесі қағидатына жастардың нақты салтын талдау жатады.Бұл жастардың олардың әлеуметтік жағдайының, өмір салтының, субмәдениет ерекшеліктерінің, ділінің, құндылықты бағдарларының тек жалпы теориялық тұрғыда емес, сонымен бірге эмперикалық деңгейде де зерделенуі тиіс екенін білдіреді. Жастардың ұдайы даму қағидаты жастарды өздері тұратын қоғам жағдайларында қарауға мүмкіндік туғызады. Ал бұл дегеніміз жас ұрапақтың өздерінің жастарына, алған білімдеріне, нақты құндылықтары мен нормаларына, әлеуметтік мақсаттарына қарай өзгеру жағдайында екенін білдіреді.Жоғарыда аталған қағидаттардың барлығының жас ұрпақтың проблемаларын зерделеу үшін үлкен мәні бар.
Жастардың осы заманғы әлеуметтік тұжырымдамалары мен зерттеу бағыттары
Жас ұрпақ проблемаларының теориялық және қолданбалы зерттеулері әлемдік ғалымдағы ең белсенді әзірленетін бағыттардың бірін құрайды.Жастрадың проблемаларын зерттеуде қолданылатын тәсілдер әлеуметтік қатынастардың деңгейімен талдау элементтері бойынша өзгешеленеді: жеке адам(тұлға),әлеуметтік иниституттар, әлеуметтік қауымдастық пен мәдениет жас адамынң жеке басы мен әлеуметтік топтың, жалпы қоғамның өзара байланысы мен өзара іс-қимылын түсіну және бағалау бойынша; жас адамның құндылықты бағдарлану жүйесінің жұмыс істеу сипаты бойынша. Түрлі теориялар мен тәсілдердің барлық сан алуандығына бағдарлану үшін олардың жастар жөніндегі проблематикаларын зерделеуге қандай ықпал тигізетініне қарай бірнеше бағыттарға бөліп қараймыз.
Бірінші бағытты біз әлеуметтік-психологиялық бағыт ретінде белгіледік,ол әлеуметтік мәртебені,сапа ерекшеліктері мен жастардың мінез-құлқын және оларды әлеуметтендәру үрдісін өзара байланыста қарайды.Соның негізінде жатқан басты тезисті былайша тұжырымдауға болады: жастардың проблемаларын зерделеу жас ерекшеліктері мен оларға тән жеке адамның психикалық параметрлеріне негізделеді. Кеңес заманында жастардың әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерделеу жалпы теориялық психологиялық тәсілдер мен тұжырымдамалардың дамуымен тығыз байланыста болады. Сол кезеңдегі ғалымдарды қызықтырған маңызды әлеуметтік психологиялық проблемалардың біріне жас адамның өмірлік мақсаттары, дүниетанымдық ұстанымдары жатады. П. П. Колотинскийдің, Н. А. Рыбниковтің еңбектерінде жас ұрпақтың мұраттары, өмірлік құндылықтары мен мақсаттары зерделенеді: осындай түрдегі зерттеулердің талдауы біздерге сол уақыттағы жас ұрпаққа тән негізгі өмірлік ұстанымдармен және басым көңіл күйлерімен танысуға мүмкіндік береді, оларда дәл қазіргідей, әлеуметтік тұрмыстың барлық салалардағы тіршілік әрекетінің мүлде жаңа жағдайларына ауысуымен өзгешеленеді.
Екінші бағы құрылымдық-функционалдық мектеп ұстанады, осы мектептің өкілдері жас ұрпақтың сана- сезімі мен мініз-құлқын қоршаған әлеуметтік ақиқатпен өзара байланыста жүйелі түрде талдауға ұмтылады. Жастардың құрылымдық-функционалдық мектебі өкілдерінің сіңірген еңбектері жастарды «ересектер» қоғамына кіріктіру тетіктерінің тұжырымдамасын әзірлеу болып табылады.
Жастардың әлеуметтік дамуының үшінші бағытының аясында ұрпақаралық өзара ықпалдастық тұжырымдамалары әзірленеді. Осы зерттеулердің барысында жұмысшы табын, ұжымшар шарулары мен интеллегенцияны жастармен толықтыруды қалыптастыру үрдісі; ішкі және ұрпақаралық жұмылғыштық анықталады.
Осы бағыттарға сүйене отырып ұрпақтар ауысуы үрдісіндегі ортақ және ерекше құбылыстар проблемасына баса назар аударылады. Осы қарама қайшылық қазақстандық жастардың әлеуметтік бейнесінде қандай дәрежеде көрсетіледі деген сұрақтың жауабы осы зерттеудің тақырыбы болып табылады.
Батыс социологиясындағы жастар зерттеулері дамуының тарихы
Батыс социологиясындда 20 ғ шамамен 50 жылдарына қарай жастардың проблемалары жөнінде дербес теориялық тұжырымдамалар қалыптасты. 2 дүние жүзілік соғысқа дейін жазылған жастар социологиясы саласындағы санаулы теориялық еңбектердің қатарына К. Мангеймнің «ұрпақтар проблемасы» шығармасы жатады,оған қазіргі кездеде сілтеме жасайды. «Жастар» ұғымының өзі және оның түсініктемесі Г. Шельскийдің, Ф. Тенбургтың , Л. Розенмайрдың, Г. Кройцтың еңбектерінде жиі кездеседі.
«Жастар» ұғымын жүйеге келтіруге әреекеттенген К. Мангейм мына тұжырымға келді: « жастар өзінің табиғаты бойынша озық та, кертартпа да емес, жастар кез келген бастамаға дайын әлеует». Содан кейін «жыныстық жағынан жетілгенге дейін бала отбасында тұрады, әрі оның көз қарастары отбасының эмоциялық және интеллектуалды дәстүріне сәйкес қалыптасады». Отбасы бастапқы әлеуметтік құрылым ретінде қоғамның болашақ мүшесін «сомдай» бастайды, бірақ отбасындағы әлеуметтік рай жас адамның болашақта өмір сүруіне тура келетін « үлкен қоғамның» әлеуметтік райына барабар болуы өте сирек кездеседі.
Г. Шельский бірінші социологиялық тұжырымдамсын «скептик ұрпақ» еңбегінді ұсынды, оның негізгі ережелерін төмендегілер мен түйіндеуге болады:
1.Жастардың теориялық тұжырымдамасы мен оның дамуы әмбебаптыққа кінә қояды;
2. Жастардың ескірген психологиясын сыни талдау;
3.1956ж жүргізілген жаңа зерттеулердің нәтижелерін жалпылауға және түсіндіруге әрекеттену, соның негізінде ГФР жастары «скептик ұрпақ» ретінде көрсетілді.
4.Шельскийдың пікірі бойынша жасөспірімдік шақ кезеңдер теориясында айтылған 18 немесе 20-22 жаста емес,мектепті бітірген кезде басталады да, шама мен 25 жаста аяқталады;
5Жастар рөлдер теорияларының ықпалы мен қарастырылад, яғни «баланың әлеуметтік рөлінен ересектің әлеуметтік рөліне көшудегі өту сатысы ретінде».
6.Жастардың аралық жағдайы мен осы жағдайға байланысты мінез-құлықтың өзіндік нысандары, ең алдымен, мінез-құлықтың барынша құбылмалылығы, Шельскийдің пікірі бойынша, отбас мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың салдары болып табылады, бұл қазіргі замандағы кез – келген қоғам үшін тән.
Жастарды зерттеудің негізгі теориялық бағыттары
Жастармен әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі тоериялық тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты жүргізілген талдаулар кем дегенде 3 топтағы тоериялардың бар екендігін көрсетеді.
1. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық – бағдарлы теориясы;
2. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік бағдарлары тоериясы;
3. Психологиялық әлеуметтік (социологиялық) немесе жан-жақты, пән аралық бағдарлы әлеуметтік жұмыс теориясы.
Психологиялық бағдарлы теория- әлеуметтік жұмысты қазіргі заманғы қалпында теориялық пайымдау ретінде психодинамика Фрейдтен бастап оның ізін қуушылардың психоталдаулық зерттеулері негізінде қалыптасты. Олардың рөлі үшін аралас ғылыми пән ретінде әдістемелік тұрғыдан ықпал етумен шектеледі.
Алайда әлеуметтік жұмыстың психодинамикалық үлгісі негізінде ықпал етумен әзірлеме әлеуметтік жұмыстың нақты технологиясын негіздеудің ерекше үлгісінің пайда болуы мен дамуынна мүмкіндік береді. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс жүйелер теориясын қолданудың дәстүрлі 2 түрі бар:
1. Жалпы жүйе теориясын пайдалану.
2. экологиялық жүйелер теориясын әзірлеу және пайдалану. Әлеуметтік жұмыс экологиялық теориясының басты түсінігі «өмір моделі» ұғымы болды.
Қазақстандық жастардың әлеуметтенуінің негізгі ерекшеліктері
Жастармен әлеуметтік жұмысқа қатысты ғылыми білімді құрудағы әйгілі тоериялық тәсілдерге, олардың өздеріне әсер еткен аралас ғылымдарға қатысты жүргізілген талдаулар кем дегенде 3 топтағы тоериялардың бар екендігін көрсетеді.
1. Әлеуметтік жұмыстың психологиялық – бағдарлы теориясы;
2. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік бағдарлары тоериясы;
3. Психологиялық әлеуметтік (социологиялық) немесе жан-жақты, пән аралық бағдарлы әлеуметтік жұмыс теориясы.
Психологиялық бағдарлы теория- әлеуметтік жұмысты қазіргі заманғы қалпында теориялық пайымдау ретінде психодинамика Фрейдтен бастап оның ізін қуушылардың психоталдаулық зерттеулері негізінде қалыптасты. Олардың рөлі үшін аралас ғылыми пән ретінде әдістемелік тұрғыдан ықпал етумен шектеледі.
Алайда әлеуметтік жұмыстың психодинамикалық үлгісі негізінде ықпал етумен әзірлеме әлеуметтік жұмыстың нақты технологиясын негіздеудің ерекше үлгісінің пайда болуы мен дамуынна мүмкіндік береді. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс жүйелер теориясын қолданудың дәстүрлі 2 түрі бар:
1. Жалпы жүйе теориясын пайдалану.
2. экологиялық жүйелер теориясын әзірлеу және пайдалану. Әлеуметтік жұмыс экологиялық теориясының басты түсінігі «өмір моделі» ұғымы болды.
Жастардың әлеуметтенуінің осы заманғы үлгісі
Тұлға социологиясында жастар мәселесі ерекше орын алады, әсіресе олардың тәрбиесі, білімі, әртүрлі жағдайлардағы, оқиғалардағы өзіндік ұйғарымдары. Бізге көбінесе жастардың ішкі әлеміндегі жалпы адамзаттық бағалылықтардың, адамзат тарихынан қалыптасып келе жатқан дәстүрлік міндеттердің, олардың ішкі жан дүниелерінде қаншалықты орын алатыны біз үшін көңіл алаңдатар мәселе. Сонымен қатар олар қоғамымыздағы адамдардың басым көпшілігін алады және жағымды, әлеуметтік, саяси, экономикалық маңызды тапсырмаларды шешкенде арнайы ролді атқаратынын ескеруіміз қажет.
Жастар - тек қана жастық принциптерге сүйенетін категория емес, соншалықты әлеуметтік және тарихи түсінік. Әртүрлі уақытта, әртүрлі қоғамда осы жастар түсінігіне әртүрлі жастағы адамдар категориясы түсіп отырған. Сонымен қатар жақындағы өткен заманда осы категорияға сәйкес салыстырмалы жағынан осы категорияға өте тар аумақтағы жастық адамдар қабаты жатқан, олар әлеуметтік үлкендіктің алдындағы тұрған үлкендер қатарына кіретін отбасын құратын адамдар тобын айтқан.
Қазіргі шындық кезеңінде балалар көбірек оқуға тырысады және ата- анасының қол астында ұзақ жылдар бойы өмір сүріп келеді, тіпті олар отбасын құрған жағдайда да ата-анасының қол астында жүретіндері де аз емес. Сол сияқты балалық шақтан жастық кезеңге өтетін кезең бізде өткен дәуірге қарағанда ұзағырақ. Сонымен қатар балалық пен үлкендіктің арасындағы үйлесімділік жасөспірімдерге үлкендердің рольдерін меңгеруге деген қиындықтар туғызады, көптеген ішкі және сыртқы конфликтерды тудырады. Осындай жастық өтпелі кезеңнің түрлері қоғамның арнайы жастар категорнясы мен үлкендерге деген талаптарынан, нормаларының арасындағы айырмашылықтарына байланысты.
Жастар - бұл жастық нормаларына тән ерекшеліктерін игерген, мінез- құлықтың бағалылықтары мен стереотиптерін меңгерген әлеуметтік топ. Бірақ та отандық социологиялық зерттеулерде көптеген ұзақ жылдар бойы арнайы әлеуметтік топ ретінде бөлініп қарастырылған жоқ. БҰҰ-ның анықтауынша жастар деп 15 пен 24 жас аралығындағы адамдардың категориясын ажыратады. Осы статустың анықтау критерийі ретінде біздің елімізде хронологиялық жас ерекшеліктері арқылы жалпы жастық категориядан бөліп қарастырады, олар 15 жастан 29 жасқа дейін деген ұйғарымдар жасалады.
Біздің көзқарасымызша бұл критерий қандай да бір деңгейде формальдық деңгейге сәйкес келеді деп есептеуге болады. Статустың бұдан да басқа параметрлері бойынша уақыттың вертикалдық (тігінен) деңгейімен емес горизонталдық (көлденеңінен) деңгейімен өлшенеді екен: ол отбасылық, этномәдениеттік, білім берушілік, интеллектуалдық, генетикалық өзгешеліктеріне сәйкес. Осы атап айтылған көрсеткіштердің барлығы уақыт параметрімен сәйкестеліп қандай да бір статустың деңгейін анықтауға көмектеседі, яғни ол жастық немесе әлеуметтік топқа жатқызатын мінездемелер болып табылады.
Жасөспірімдер жасына қатысты қолданатын олар өмірлік бағалылықтарды, өмірлік позициялардың, өмірлік жосарлардың активті кезеңі.
Олардың біріншісі, (жасөспіірмдердің жасы 12 және 13 жәас)қоғамдық сананың әртүрлі аймақтарында жинақталған әлеуметтік категориялар мен танымдардың игеруіндегі активті кезең. Осы әлеуметтік «бағалылықтардың» жас өспірім үшін көңіл аудааррлық мінезде болады, немесе ол өзіндік тәжірибесімен әлі қалыптаса қоймаған яғни осыған сәйкес келетін базаның жоқтығы.
Келесі кезең 13-15жас аралығы, тұлға неігздерін құрайтын индивидуалды жетістіктерімен байланысты, үлкендердің өміріндегі өз өздерін тұрақтандыратын қасиеттер мен олардың өмірдегі іс-әрекеттері мен өмір «жағдайларын» меңгерумен сипатталады. Осы кезеңде жас өспірімнің әлеуметтену процесінде тұлғаның индидуалды даму мен типтену тенденциясы қалыптасады.
Жасөспірімдік әлеуметтануының үшінші сатысы16- 17- 18 жас аралығында қалыптасады.Әлеуметтік психологтар тұлғаның индивидуалды даму процесімен қатысты деген ұғымдар айтады. Біз білетіндей «осы саты басталғаннан бастап өте күшті тұлғалық қам жеуінен, қайран қалуынан, немесе соққы әкелетін уақиғалардың »болуымен қатар жүретіні біз үшін қажет фактор/10/.
Осыған сәйкес А.И.Ковалева ауытқитын әлеуметтан процесінің үш деңгейін анықтайды. Нақты индивиттің әлеуметтену процесіндегі ауытқуы, арнайы топтардың ауытқитын әлеуметтануы, кең ауқымды аномия , қағамның әлеуметтік құндылықтармен сәйкестенбеуі /11/.
Девиантты мінез-құлықтың диагностикалық маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады /12/.
-жағымды бағыттағы өмірлік жосарлар мен профессианалдық алғы шарттардың болмауы;
-оқу процесіне деген санасыздық пен тәртіптің жоқтығы;
-пайдалы қызығушылықтардың тереңдігінің және жанжақтылықтың жетіспеушілігі;
-педагогикалық әсер етушілерге сыйламаушылық қарым-қатынасат болу;
-қоршаған адамдардың іс-әрекетін құқықтық пен моральдық талаптарға сай критикалық тұрғыдан баға беер алмау;
-өзіндік критиканың болмауы;
-қоршаға ортаға деген назар аудармаушылық,эмпатияға деген талаптың болмауы;
-жаман әсерлерге бейімділігі,қиындықтар алдындағы тұрақсыздығы;
-мінез құлықтың сыртқы мәдениетінің жоқтығы (киім киуде,сөйлеу мәнерінде);
-жаман әдеттер мен қызығушылықтардың болуы (алкоголь, нашақорлық, никотин, бейберекет баалғаттау)
Отбасы жастардың әлеуметтік бағдарлануындағы құндылық есебінде
Күрделі тұтас жүйе ретінде отбасын сақтау, өркендету мен дамыту проблемасы өскелең ұрапқты өнегелі және рухани жетілуінің кепілі болып табылады. Азаматтық мінез-құлықтың негіздері тікелей отбасында қаланып, нақ сол жан ұя жастарға өзінің мәдени, адамгершілік және әлеуметтік тәжірейбесін сіңіреді. Отбасындағы райға, ата-аналр мен балалар арасындағы қарым қатынасқа жас адамның қалай болып өсетіні, өмірде алдына қандай мақсаттар қоятыны, оның сана сезімінің қандай құндылықты бағдарларды белгілейтіні тікелей байланысты болады. Жеке адам үшін отбасы сан алуан әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық қажеттіліктерді іске асырудағы бірегей орын болып табылады: аналық және әкелік мейірім, өзара түсіністік пен бірін бірі қолдау, өзінің « менмін» деген сезімін дәлелдеу, осы тұрғыдан отбасылық құндылық болып табылады.
Уақыт барысында қоғамда болатын әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістер ең алдымен отбасына өз әсерін тигізеді. Шын мәнінде,отбасы аясында бірнеше он жылдық арасында дәстүрлі рөлдердің түсініктер мен тап тауырындардың әдістері жүреді Е. Б. Брееваның пікірі бойынша, ересектердің пайымдауынша, « жаңа » қисыңсыз қылықтар мен жас ұрапқтың ойынша «ескірген» кертартпа және мезілі өткен әрекеттердің қақтығы ұдайы жүріп отырады.
Отбасы – негізгі иниституттардың бірі ған емес: неке мен отбасы туралы түсінік көпшілік адамадар үшін өмірлік философияда басты мәнге ие. Осы тұрғыда көптеген нормалар мен ұғымдарды, бағдарлар мен таптаурындарды қайта пайымдауға байланысты отбаслық құндылықтар эволюциясының проблемасы аса маңызды сияқты болып көрінеді. А. Рейс ұрпақты «күту» мен оын әлеуметтендіру шешуші функциясы мен туыстық қағидаты бойынша құрылымданған шағын топты отбасы деп атайды.
Құндылықтар бағдарлар тұрғысынан неке мен отбасы көптеген құрауыштарға жіктелген өз бетінше құндылықтар болып табылады. Бірақ отбасын құрамдас құрауыштарға екжей текжейлі таратып беру бізідің міндетімізге кірмейді. Оданда жас адамдардың отбасын жаңарту үдерісіндегі құндылықты бағдарларынаң өзгеру серпінін анықтағанымыз жөн сияқты. Отбасы туралы бұрынғы, әсіресе қазіргі заманғы таптаурындар қарама қайшы және олардың негізі әрдайым нақты да орнықты бола бермейді.
«Әлеуметтену», «интериоризация», «тәрбие» ұғымдарына анықтама беріңіздер
Интериоризация – бұл қоғамдық өмір сыртқы формасындағы процестердің сананың ішкі процесіне ауысуымен:талдап қорыту, вербалдану, ары қарай даму қабілеті. Интериоризация (лат. interior - ішкі) - сыртқы саяси өмірдің құрылымын білу арқылы адам психикасының ішкі құрылымын ашу. Бұл ұғымды француз психологтары Ж. Пьеро, Ж. Пионе, А. Валлон енгізген. Жеке тұлғалар арасындағы ішкі психика қатынасы құрылымын түсіндіретін психоанализде қолданылады.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.
Жастар әлеуметтануының даму тарихы
Жастар социологиясы – жастар әлеуметтік топтарының әлеуметтік сана сезімі мен мінез – құлқын, жастар әлеуметтануы үрдісін, аға ұрпақтармен қарым – қатынастарын, қоғамдық түйінді мәселелерді шешу ролі мен орнын зерттейтін ғылыми сала. Жастар социологиясы жеке ғылыми сала ретінде 1970жылы Варна қаласында өткен Халықаралық әлеуметтанушылық конгресте мойындалды. Бұл осы салада теориялық та, қолданбалы-тәжірибелік те мазмұндағы ақпараттар көп жиналғанын көрсетті. Жастар әлеуметтік мәселелері әлемдік әлеуметтану ғылымының ең белсенді зерттеліп жатырған бағыттарының негізгісі болып табылады. Бұған 1960 жылы кеиін бірқатар елдерде орын алған бұқаралық жастар шерулері үлкен әсер етті. Социологиялық ғылыми зертттеу бағыттары жастар қозғалыстары, жастар субмәдениеті, жастардың еңбек және қоғамдық белсенділігі, жастардың тәуелсіз еңбек жолына түсуі, құндылықтық танымдардағы өзгерістер , жастардың бейрәсми бірлестіктері, жастар әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері және т.б. көптеген мәселелерді қамтиды. Жастардың негізгі мәселелерін зерттеумен Л.Розенмайер, К.Штарке, Э.Гидденс сияқты белгілі социологтар айналысты. Жастар социологиясы көптеген арнайы социологиялық теориялармен тығыз байланыста дамиды. Көптеген әлеуметтік мәселелер жастар социологиясының дамуына үлкен әсер етті. Әлеуметтік ғылымда жастар өзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық өзгерістерімен байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі. Қазақстандық жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатырған ғаламдастыру, урбанизация, ұлттардың қартайуы, дуниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты. Жастар социологиясының зерттеу объектісі ретінде 16 мен 30жас аралығындағы үлкен қоғамдық топты құрайды.
Жастар әлеуметтенуі әлеуметтік оқытып – үйрету үдерісі ретінде
Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар–жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады. Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастардың пiкiрлерiн зерттеу, жастар саясатының үрдісіне, жастардың бүгінгі таңдағы құндылықтарына және қазiргi жай-күйiне уақытылы мониторинг жүргізу мемлекет үшiн өте маңызды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады.Жастардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы статистикалық көрсеткiштер қатарынан көрінеді және әрбір жас азаматтың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Жастық шақ кезеңіне адам өмірінің басты әлеуметтік және демографиялық құбылыстары: жалпы орта білімді аяқтау, мамандық таңдау және кәсіби білім алу, еңбек жолының бастау алуы, отбасын құруы, балалы болуы енеді. Жастық шақ - адамың балалық щақтан есейген шаққа өту кезеңі, оның жеке көзқарасының нақты калыптасу, өмірлік құндылығының және бағыт бағдарының қалыптасу кезеңі. Осы жастағы адамның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайы өте маңызды. Дамыған елдердегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттiк органдар жастарды дамыту, тәрбие жұмыстары әлеуметтiк аспектілеріне ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда негізгі күш қоғамдық-саяси іс-шараларға, жас азаматтардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға жұмсалынады.
Жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы болып тұрады. Байқау жыл сайын өткізіледі, оған келіп түскен жұмыстар белгілі ғалымдар мен сарапшы мамандардан құралған сараптау комиссиясының мұқият қарауынан өтеді, қолданбалы сипаттағы жұмыстардың авторларымен кездесулер өткізіледі. Жеңімпаздарға гранттар тапсырылады, ал ең үздік зерттеулер үшін Президент қорының арнайы сыйлығы тағайындалған.Мұндағы мақсат — жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне қызмет ету. Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар — бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі болып табылады.
Студент-жастар мен жас ғалымдар белсенділігінің артып, қатысушылар қатарының жылдан жылға көбейе түскендігі байқаудың қаншалық маңызды және қажетті екендігін көрсетеді.
Айзенштадт жастар туралы жастарды әлеуметтік зерделеудегі психикалық талдамалық тәсілдің ерекшеліктері
Айзенштадт жастардың мәдениетіне анағұрлым толық талдау жасады. Жас адамдар сол арқылы өзгерістердің әлеуметтік тәжірибесінің орнын толтыра отырып, тұрақтылық сезіміне жетуге ұмтылады. Айзенштадт атап өткендей, жастар мәдениеті осындай ұмтылыстардың қайсыбір нәтижесі сиқты, өйткені ол айналада не болып жатсада, соларды ұстану қажет құндылықтардың, позициялар мен мінез-құлық нормаларының айқын жиынтығын қамтамасыз етеді.
Оның пікірінше, қазіргі заманғы қоғамда бала өсіп-өнген отбасы мен белгілі бір өз орнын табуға тиіс әлеуметтік жүйенің арасында үлкен айырмашылық бар. Сондықтанда жаңа құрылымдық позиция – жас адамның позициясы пайда болады. Осы тұрғыдан жастық шақ – өмірдің белгілі бір кезеңі ретінде қоғамдағы маңызды құрылымдық позиция болып табылады. Осыған сәйкес, Айзенштадт жастар мәдениетін ересектердің әлеуметтік жүйесінде жас адамдарды өздерінің мәртебелік позициясын иеленуге дайындау үдерісін реттейтін әлеуметтік институт ретінде қарайды.
Мәдениетке әлеуметтік меңгерілген мінез-құлық ретінде анықтама беру мәдениеттің әлеуметтендіруші рөлін күшейтеді және ол субмәдениеттердің мазмұнын зерттеуге қолданымдылығымен шектелместен, сонымен бірге олардың мәдени айыомашылықтары тұрғысынан да маңызды сияқты. Іс жүзінде мәдениет бір жағынан біріктіруші, екінші жағынан ажыратушы күш болып табылады. Адамдар әртүрлі және бір-бірінен өзгешеленетін әлеуметтік топтарда дүниеге келеді және өмір сүреді, осы топтарда олардың бастапқы әлеуметтенуі жүреді. Нақ осы әлеуметтік-мәдени орта, әлеуметтік сәйкестік қалыптастыратын нормалар мен құндылықтарды береді. Осыған қарай кез-келген стратификацияланған қоғамда түрлі мәдениеттің болуы, олардың баламасы мен таңдау мүмкіндігі құндылықтар, стильдер, өмірлік бағдарлар, бейәлеуметтік бедел мен мінез-құлық тартыстарының себебі болып табылады.
Ш. Айзенштадт салыстырмалы деректердің көмегі арқылы жас топтары мен ұрпақтар арасындағы өзара қатынастардың жалпы теориясын қоғамның әлеуметтік құрылымына байланыссыз жасады. Жас топтарының функционалды ерекшеліктерін пайдалана отырып, Ш.Айзенштадт қоғамның құрылымдық-функционалды бірлігін абсолюттейді. Бірақ ол жастардың кейбір топтарының қалыптасқан тәртіпті, әлеуметтік нормалар мен «құндылықтар жүйесін» қолдайтынын, ал басқаларының әлеуметтік наразылық жолына түсу арқылы оларды теріске шығаратынын түсіндірмейді.
Ш. Айзенштадтдың пікірі бойынша, жастар жас бойынша топ ретінде бір жағынан, отбасы мен басқада шағын ұйымдардың, екінші жағынан, қоғамдағы макросекторлардың арасындағы «дәнекерлік», «рөлдік» сала болып табылады. Оның айтуынша, қазіргі замандағы қоғамда бала туып-өскен отбасы мен ол белгілі бір жағдайға ие болуы тиіс әлеуметтік жүйенің арасында үлкен алшақтық бар. Сондықтан да жаңа құрылымдық ұстаным- жас адамның ұстанымы туындайды. Бұдан жастық шақ – өмірдің белгілі бір кезеңі ретінде қоғамдағы маңызды құрылымдық ұстанымға жатқызылады. Осы пікірге сәйкес, Айзенштадт жастардың мәдениетін ересектердің әлеуметтік жүйесінде өзінің мәртебелік ұстанымын иеленуге жастарды дайындау үдерісін реттейтін әлеуметтік институт ретінде қарайды.
Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендіру үдерісінде отбасының рөлі
Адамның немесе индивиттің ең алғашқы әлеуметтенуі отбасынна басталады. Бала дүниеге келгенде қорғансыз, дәрменсіз болады. Оған қамқор болу, қоғамға бейімдеу ата-ананың міндеті болып саналады.
Бергер мен Лукман отбасында жүретін бастапқы әлеуметтенудің жеке адам мен қоғам үшін шешуші мәні туралы айтады. «Бастапқы әлеуметтену кезінде сәйкестендіруге байланысты ешқандай проблема жоқ. Бала өзінің елеулі сезімдерінің әлемін өзгелер үшін көптеген ықтимал әлемдердің бірі ретінде емес, жеке-дара қолданылатын және жеке-дара пайымдалатын әлем ретінде интернализациялайды. Нақ осы себептен де, бастапқы әлеуметтену үдерісінде интернализацияланатын әлем екінші қайтара әлеуметтену үдерісінде интернализацияланатын дүниетанымдармен салыстырғанда сана-сезімге анағұрлым берік ұялайды. Әрі қарай «екінші қайтара әлеуметтену айрықшылықты-рөлдік білім алу болып табылады. Ол еңбекті бөлісумен тікелей немесе жанама түрде байланысты болады». Басқаша айтқанда, екінші қайтара әлеуметтену қоғамда орын алған көптеген әлеуметтік институттар, соның ішінде мектеп пен білім арқылы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтені тетігінің қазіргі заманғы үлгісі өз дамуында бірнеше кезеңнен өтеді, алдымен дәстүрлі саты, содан кейін білім алу кезеңі өткерілсе, ең соңында, әлеуметтік қызметтің дәстүрлі емес түрімен қамтамасыз етіледі. Жас адамның жеке басының әлеуметтену тетігінің аса маңызды агенті болып табылатын отбасы оның мінез-құлқ нормаларын қалыптастырып, жеке қасиеттерін ашады. Бұл ретте отбасы институционалды тетік ретінде жаңа әлеуметтік болмыстар тарапынан нақты қысым көреді. Елде жүргізілген реформалардың өсе түскен ықпалы айқын көрініс тауып, олар қоғамға ғана емес, сонымен бірге отбасында да әрқилы әсерін тигізді. Саяси және экономикалық жүйелерде болатын әлеуметтік-мәдени түрленулер, өзгерістер тұрлаусыздық пен отбасылық байланыстардың алшақтауын туындатады. Ірі қала жағдайларында, негізінен институционалды, стильге салынған тетік жұмыс істейді. Бірақ, сонымен бірге, жас адамдардың стандарты мен өмір стилін қалыптастыратын дәстүрлі тетік ұстанымдары ауыл, сондай-ақ қала жағдайларында да әлі біршама мықты. Кейбір жағдайларда әлеуметтенудің аспектілеріне қарай бір мезгілде екі немесе үш тетіктің де қатар басым болуы байқалуы мүмкін.
Е. Л. Омельченконың айтуынша, отбасы қазіргі заманғы кезеңде өзінің «жабықтығымен» сипатталады. Бұл орайда жас адамның ересек өмірге ауысу кезеңінде, оның жеке басын қалыптастыруға отбасы ықпалының «жабық» нысандарын зерттеуге психологтар ең үлкен табыстарға жетті, олар өздерінің әдіс-амалдарының көмегімен отбасы ішіндегі өзара әрекеттестіктің, дәстүрлердің өзара ықпалының жасырын түрлерін зерделеуге қоян-қолтық жақын келеді. Социологтар өз назарын көбінесе отбасы өмірі көріністерінің сыртқы түрлеріне, «отбасылық» дәстүрдің өмір салты мен стильдеріне қатысудағы елеулі мәдени көрсеткіштеріне жұмылдырады.
Ф.Тенбургтің жастар туралы тұжырымдамасы
Ф. Тенбругтың пікірі бойынша, жастар тәуелді болатын қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс. Оның айтуынша, жастар мен жасөспірімдік шақ өзгермелі әлеуметтік құбылыстарды көрсетеді. Қазіргі кезде жастардың мінез – құлқында жіріп жатқан өзгерістер « бір жағынан, отбасы топтары мен тұратын жердегі қауымдастық, екінші жағынан, қоғам арасындағы ұлғая түскен алшақтықтың» нәтижесі болып табылады. Жастар ерекше субмәдениет аясында өмір сүреді – дейді Тенбург. Олар үшін биге, музыкага, қозғалыстарға ортақ қызығушылықтар тән. « Жастық шақ шыг мәнінде аралық саты, көпір, ересектердің рөлін орындауға дайындық мәдениетке ену кезеңі болып табылады». Жастар мен жасөспірімдік шақ, оның пікірінше, қоғамдық өзгермелі құбылыстарға жатады. Жастар субмәдениеті туралы тұжырымдамаға сәйкес бейресми топтар үлкен мәнге ие болады. Тенбургтың тұжырымдамасында осы топтарға маңызды рөл беріледі. Тек оқшауланған топ аясында ғана жас адамның даралығы ғана дамиды.
«Жастар», «жасөспірім шақ», «жастық шақ» ұғымдарына сиппаттама беріңіз
Жастар — бұл адамдардың бір буыны, олар әлеуметтану кезеңін басынан кешіп жатқанын, бастапқыда білім, кәсіби және мәдени функцияларды игеріп және атқарып жатқандар және де қоғамда нақты әлеуметтік рөлдерді толықтай игерген және атқарғандар. Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар - 14-29 жас аралығын қамтиды. Жасөспірім шақтың біраз бөлігі орта мектептің жоғары сыныбына сәйкес келеді және жеке тұлғаның қалыптасу процесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Бұл жаста /15-17 жаста/ адамның тұлғалық жағынан пісіп-жетілу кезеңі аяқталады, оның өмірге көзқардсының негізгі сипаттары қалыптасады- үлкен өмір алдындағы ең алғашқы рет өз бетімен шешім қабылдап, болашақ кәсібін тандау міндеті жүзеге асырылады. Қоғамда балалық шақтан жастық шаққа өту кезені тек қана оның тұлғалық жағынан пісіп-жетілуінің ғана белгісі емес, сонымен бірге мәдениетке ұмтылу, белгілі бір деңгейіндегі білім, нормалары мен дағды жүйесін игеруі, сол арқылы жеке тұлға еңбек етіп, қоғамдық қызметтер атқара алады және әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді. Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен – бірі үйлесімді болып келеді. 14-15 жаспен 16-17 жас аралықтары кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шактың соңы деп атылады. Жас шамасы бойынша кезеңге бөлу схемасында жасөспірімдік шақ бозбалалар үшін 13-16 жас, қыз балалар үшін 12-14 жас, ал жастық шақ жігіттер үшін 17-21 жас, қыздар үшін 16-20 жас болып анықталған. Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалар мен талаптарының араындағы айырмашьшықтың болуына байланысты. Әлеуметік және таптық жағдайы жеке тұлғаның өмірлік жолының тұлғалық жағынан қалыптасу кезеңінен бастап, білім алу деңгейі мен дүниеге көзқарасы қалыптасуында зор мәнге ие болады.
Жастардың әлеуметтенуінің топтың қалыптасу және даму үдеріс ретінде
Ғылыми әдебиетте ұсынылған түсініктемелердің арасында негізінен жеке адамды немесе тұлғаны әлеуметтендіру қаралатынын атап өтуі қажет. В. В Павловский ұсынған жастардың әлеуметтену анықтамасының нұсқасы, бізің ше, толық және жан-жақты нұсқа болып табылады. «Жастардың әлеуметтенуі-олардың ер жеткен жас тобына аусуын қоса есептегенде, бүкіл болмыстарының қалыптасу және даму үдерісі, қоғамдық формацияның, қоғамдық салт-дәстүрдің, өркениеттің, жеке қоғамның, белгілі әлеуметтік қауымдастықтардың нақты тарихи бірлігмен, ең соңында, жеке адамдарыдың даму ерекшеліктері мен сабақтасатын үдеріс; жастарды әлеуметке осылайша кезең бойынша қосу, іс – әрекетпен өзіндік әрекеттің, осы қоғамды құрайтын өзге жас топтары мен субьект-субьектты өзара іс – қимылдар жасау үдеріісінде жасқа қатысты бағдарланған бағдарламаларды іске асыру негізінде жүзеге асырылады». Анақтамадан көрінгендей жастардың әлеуметтенуі белгілі бір табиғи және қоғамдық жағдайларда, белгілі қоғамдық қатынастарда нысаналы әрекет пен өзіндік әрекеттің арқасында жүреді.
Жеке адамның әлеуметтені үдерісіндегі белсенділігін ескергенде оның бірнеше әмбебап «тетіктерін» екшеуге және шартты жіктелім түрінде мыналарды ұсынуға болады: отбас мен ең жақын орта дәстүрлі тетіктің негізін құрайды; қоғамның әлеуметтік иниституттары-институтционалды; «құрдастар тобына» жанама түрде жату, жастардың белгілі бір субьмәдениетіне жату арқылы стильдендірілген; жеке бастан кешіру арқылы рефлективті. Бірақ әртүрлі әлеуметтік мәдени және жыныс жас бойынша топтарға, соның ішінде нақты адамдарға қатысты рөлдің арақатынасы мен әркелкі тетіктердің ықпалы бір бірінен айтарлықтай өзгешеленеді.
Жастар әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері
Жастардың әлеуметтенуінің негізгі 3 кезеңі бар:
1.Түрлы құндылықтарды ұғыну және осы негізде белгілі бір құндылықты түсініктердің пайда болу үдерісі жүреді, жеке адамның дербес тәжірибесі солардың «құрылыс материалы» болып табылады. Өмірдің осы кезеңінде ата-ана, бала, отбасы жасөспірімнің әлеуметтік мәдени ортасы бойынша әлеуметтенудің қосалқы факторы маңызды рөл атқарады. Құндылықтарды игерудің бірінші кезеңіндегі құндылықты түсініктер эмперикалық сипат алады, яғни олар жеке адамның сана сезімінде үйреншікті деңгейде орын алады. осы түсініктерге сүйенгенде ол қағида бойынша, өзі қабылдаған құндылықтардың мазмұнын тиянақты түсіндіруге дәрменсіз және оларды іске асыру мүмкүндігінің өз материалдық қажеттіліктеріне сәйкес келетіндері бекітілгендерін ойланбастан және оңай меңгереді. Сондықтан өз өміріне қатысты көптеген аспекттілерге баға берудегі белгілі бір дәйексіздік жас ұрпақтың рухани әлемі сиптаттамаларының бірі болып табылады,атап айтқанда, тұрмыс, бос уақыт, сондайақ өз қылықтары мен құрдастарының қылықтары. Оның үстіне, көмескі ғана құндылықты түсініктер бар жас адам күрделі жағдайға ұшырағанда, қағида бойынша, оған жол табалмайды, жүріс-тұрыстың дұрыс түрін таңдай алмайды, ал ересектердің кейбір талартары оған кейде үстүрт болып көрінеді.
2. кезең – жастық шақ – жас адамның өзі үшін әлеуметтік өмірдің жаңа саласында қадам басуы мен байланысты, мұнда оның жеке тәжірейбесі құндылықты сипаттамаларды жете түсінуде шешуші рөл атқарады. Адамның жеке дара тәжірейбесі оның тіршілік әрекетіндегі мына деңгейді сипаттайды, мұнда құндылықты түсініктер өмірдің қажет материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандырумен тығыз байланысты болады. Жас адамның дауының осы деңгейіндегі құндылықты түсініктерінде кездейсоқтың, шектеуліктің, өзімшілдіктің үлкен элементі байқалады. Соған қарамастан құндылықтарды игерудің осы сатысында құндылықты бағдарларды қалыптастырудағы реттеуші үдерістердің бірі көрінеді және кітап білімдерінің жүйесі мен бұқаралық ақпарат жүйесі және тікелей тәжірибелік білімі арқылы жанам тәжірибе жолымен меңгеру аңғарылады.
3.Жастардың сана сезімінегі қарама-қайшылықтарды еңсеру, адамның тіршілік әрекетіндегі мағына құраушы, базистік мақсатты мен құралдыры сияқты моральдық құндылықтарға терең жеке тұрғыда, бастамалық – шығармашылық қатынас негізінде құндылықты бағдарлардың жүйесі дами және жетіле түседі. Нақ сол кәсібей маңызды қызмет үдерісінде жас адамның құндылықты бағдарлары нығаяады және тұрақтылығы сипат алады. оның бастапқы құндылықты түсініктері белгілі бір анықтық пен айқындыққа жетіп , жеке адамның анағұрлым көрнекі орнықты ерекшеліктерін көрсетеді. Құндылықты иегрудің 3 кезеңіндегі елеулі ерекшілік мынада, жеке адамқоғам мен оның әлеуметтік инисттитуттарының тарапынан реттеуге қатыты басқарылатын әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік мәдени факторлардың тұтас жүйесі болып табылады.
Ұрпақ: ұғымы мен мәні
Жастардың соцологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік табы», «жастық шақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік» «қарттық» дсген ұғымдар жоқ.
Сөйтіп, зерттеуші И.Конн «ұрпақ» терминінің көпмағыналығына назар аударады және оның төрт мағынасына көрсетеді.
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардың
жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгЕрлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.
Тарихшылар мен социологтар ұрпақты ата-анасы мен олардың балаларының туған аралыққа тең уақыт аралығы деп санай отырып статистикалық түрде 30 жылға тең деп айқындайды. Бүгінгі күні отбасының жасару үрдісі, ата-аналар мен балалардың арасындагы жас ерекшеліктің орташа айырмасының қысқаруы байқалуда, ал дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығының үлғаюы үш емес, төрт ұрпақтың бір мезгілде өмір сүруіне әкеледі.
Ұрпақ ұғымы кіретін символдық мағына бар. Онда өмірлік тәжірибе қауымдастығыньң, куәлары мен қатысушылары адамдар болған тарихи оқиғалар» туралы естеліктердің кейбір қалыптасқан жалпы әдеттердің, байлардың, дәстүрлердің, өмір заңының, тіпті талғам мен көңіл ауудың да ерекше маңызы бар. Бірақ бұл мағынада ұрпақтар арасындағы буын хронологиялық нақты шекараларда жатқан жоқ, онда әлеуметтік бөлініс, сондай-ақ аса маңызды, құндылықтарды айқындайтын тарихи оқиғаларға қатынас үлкен рөл атқарады. Осы мағынада ұрпақтың саны сапалық айқындалуының, әртүрлі ұрпақтың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін екендігінің қаншалықты болуында.
60 – 80ж.ж философиялық және социологиялық әдебиеттегі ұрпақтар проблемасы;
Ресей философиялық және социологиялық әдебиетінде ұрпақтар проблемасына қызығушылық 60-шы жылдарда туындады. Демографиядағы ұрпақтар проблемасын егжей тегжейлі зерделеуге арналған еңбектер шыға бастады. Мәселен, ұрапақтар ұзақтығын есептеу әдістері Ч.С.Улицкийдің мақаласында толық талқыланады. Б.П.Урланистің әлеуметтік демографиялық очеркінде осы елде 1906 жылы дүниеге келген адамдардың ұжымдық өмір баяны дәйекті қадағаланады. Өз еңбегінде Урланис ұғымын белгілі бір жас категориясы, бірдей жастағы адамдардың жиынтығы ретінде қарайды. Белгілі бір топтар үшін ортақ туған жыл адамдарды қайсыбір тұтастыққа біріктіреді. Бұл орайда бір жылда туған адамдар барлық тарихи оқиғаларды бірдей жаста бастарынан өткереді. Сонымен қатар ол ұрпақ ұғымының басқа да мағынасы бар екенін атап өтеді. Ұрпақ дегенде-ата-аналардың орта жасы мен балаларының арасындағы уақыт аралығы есепке алынады. Осы көз қарас тұрғысынан ұрпақтың ұзақтығы туралы айту және оны белгілі бір жас сандары мен өлшеу қажет.
70 жылдарда «ұрпақ» категориясының маңызы терең зерттелген еңбектер пайда болды. И.С.Конның, В.В.Никитенконың, А.И.Апансьеваның, В.И.Горовтың, Б.К.Павловтың және басқалардың еңбектерінде «ұрпақ» ұғымына жүйелік сипаттама берілді.
Социологиялық түсінікте ұрпақ бірнеше жас топтарын қамтиды, бірақ ұрпақтардың мұндағы межелері жылжымалы, сондықтан олар тарихи әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, аймақтық факторларға байланысты болады. Ұрпақты ауысу жиілігі, жас бойынша аралығы, мезгіл ұзақтығы әртүрлі: ұрпақтар бірінен кейін бірі жалғасып қана қоймастан, барлығы бірге әрекет жасайды. Осы аталған белгілердің негізінде аталмыш ұғымға мынадай анықтама беріледі: ұрпақ дегеніміз- объективті қалыптасатын жас бойынша жақын және бірдей тарихи кезеңде өмір сүретін адамдардың нақты тарихи жиынтығы, ол айрықша демографялық белгілерімен, тарихи белгіленген міндеттерді шешумен сипатталады.
1983 жылы шыққан «Философиялық энциклопедиялық» сөздік те ұрпақ ұғымына жеке мақала берілді. Мақалада қоғамның түрлі құрылымдары мен оның тарихын бағамдайтын осы терминнің әртүрлі түсініктемесі жазылады:
Нақты ұрпақ-халықтың жас бойынша жігін құрайтын құрдастар жиынтығы;
Тектік ұрпақ – ортақ ата-бабадан тарау сатысы (әкелер, ұлдар, немерелер, т.с.с. )
Хронологиялық ұрпақ-осы ұрпақ өмір сүретін және белсенді іс-әрекет жасайтын уақыт аралығы;
Шартты немесе болжамдық ұрапақ-өмірлері қайсы бір маңызды тарихи оқиғамен тікелей байланысты немесе «уақыт рухының» қайсыбір рухани, нышандық ортақтығы телінетін замандастардың қауымдастығы.
Ресейлік ғалымда 60-80-ші жылдарда ұрпақтар проблемасын зерттеуде таптық-идеиологиялық бағытта болғанын айту қажет. Осы үрдіс былайша көрінеді, ұрпақтардың өзара қатынастары, дау-жанжалсыз бірлік позициясынан қаралады. Социолизм заманында ұрпақтардың антагонистік жанжалдық өзара іс-қимылдары үшін объективті себептердің жоқ екенін нық сеніммен айтылады. Осы жағдайға қарамастан, көптеген еңбектер жастар проблемаларын ұрпақаралық қайшылықтар түпмәтінінде қарауға түрткі болды. Тіпті идеологиялық призма арқылы да ұрпақ проблемасын жүйелі сипаттама алады. Осы проблеманы әрі қарай зерделеу ұрпақтың теориялық үлгісінің сандық та, сапалық та құрауыштарын түсінуге мүмкіндік туғызады.
Әркім дүниеге келгенде алдымен бала содан кейін жасөспірім, жас, кейінірек-ер жеткен адам, және ең соңында қартайған адам болады. Сонымен, әрбір ұрпақ «балалар», содан кейін «әкелер», ең соңында «аталар» мәртебесіне ие болады. Адам өз өмірінің әр кезеңінде олардың жіктелімінде қарттарға дейінгі түрлі ұрпақтардың өкілі болады, сондықтан ұрпақтық мәртебе немесе ұрпақтық жас бойынша мәртебесі туралы айтуға болады.
Ресей социологтарының еңбектеріндегі ұрпақ ұғымы-22 екеуі бірдей жауап.
Ұрпақтар жанжалының жаһандық теориялары
«Әкелер мен балалар» проблемасы – мәңгі деп атайтын проблемалардың бірі. Оған антикалық заманнан бастап көптеген авторлар сілтеме жасап келеді. «Ұрапқтардың дау жанжалы» туралы пікірлер Аристотельдің, Платонның және Сократтың еңбектерінде бар.
Алдынғы параграфта айтылғандай, «ұрпақтар жанжалы» теориясы бастапқыда испан философы, идеалисі Хосе Ортега-и-Гассеттің есімімен байланысты болды, ол 1914 жылы «ұрпақтар әдіс» тұжырымдамасын ұсынды. Осы әдістә пайдаланған ол, қоғам дамуының бүкіл тарихын бірін-бірі кезең бойынша ауыстырып отыратын ұрпақтар арасындағы күрестің нәтижесі ретінде қарады. «Ұрпақтар жанжалы» туралы қазіргі Америка әдебиетінің сыншысы Ихаб Хассан былай дейді: «Жастардың дағдарысы» ересектер өмір сүруге тура келетін алаусыздықтардан, сәтсіздіктер мен шиеленістерден туындайды». Оның пікірінше, ұрпақтар арасындағы күрес, сыйып келгенде, адам тіршілігіндегі құндылықтарды жаңалайды.
«Ұрапақтар жанжалының»тұжырымдамасының түсініктеме берген К. Кенистон мынадай байлам жасайды, оның мәні қоғамның әлеуметтік құрылымының тікелей негізінде қаланған, ал жанжалдың өзі жастардың осы қоғамға және оның заңдарына қатынасын көрсетулері болып табылады. Кенистонның айтуынша, «жастардың дағдарысы»-олардың айтарлықтай бөлігінің қоғам негізіне қаланған нормалар мен құндылықтарды қабылдаудан бас тартуы. Ол мынадай болжам жасайды, наразылықтардың төркінін постиндустриалды революциядан туындаған сапа жағынан жаңа міндеттерден, өмір әдебі мен стилін іздеу керек.
Сонымен, «ұрпақтардың жаһандық тартысы» проблемасы адамзат дамуының барлық кезеңдерінде болған. Мұны осы идеяны көпшілікте, сондай – ақ әлеуметтік әдебиеттеде түсіндірген ғалымдардың түрлі көзқарастары айғақтайды. Осындай теориялардың мағыналарын жинақтап, қорытындылау ұрпақтар тартысының мәнін мынаған саяды, жас адамдар қоғамның әлеуметтік қатынастарын қабылдауға дәрменсіз.
Жастар және мәдениет: теориялық бастаулары мен талдауы
Мәдениетті жаңартудағы жас ұрпақтың рөлі, «жастардың мәдениеті» мен «ересектер мәдениетінің» өзара қатынастары туралы мәселелер аса өзекті болып табылатын сияқты, бірақ оларды ғылыми талқылау, осы ұғымдардың сапалық межелері анықталған жағдайда әдептілікке бағдарлануы мүмкін.
Жаңару және қалыптасу үстіндегі мәдениетке бейімдеу кезеңін бастан кешіретін жас ұрпақ дүниетанымдық, мағыналы өмір бағдарларында, субмәдениетке бағдарланған ұстанымдарда елеулі өзгерістерге ұшырайды.
Осы проблемалар қатарын зерттеудің әдіснамалық негізін қалағандар: В. Дильтейге, К. Маннгеймге, Г. Шельскийге тірелетін ұрпақтардың қалыптасу және әлеуметтік өзгеру теориясы; Т.Парсонсқа тірелетін құрылымдық-функционалды теориялар; жас топтары мен ұрпақтар арасындағы өзара қатынастар туралы Ш. Айзенштедттың теориясы, сондай-ақ К. Левиннің әлеуметтік-психологиялық тәсілі, А.Коэннің, Дж. Колеманның, Д. Аусубельдің, Ф. Тенбруктың және көптеген басқа ғалымдардың тұжырымдамалары.
Жастар субмәдениетінің мәнін түсіндіретін негізгі тәсілдерді белгілемесс бұрын, «жастар», «мәдениет», «субмәдениет» ұғымдарының анықтамаларын қарау қажет.
С. И. Григорьевтың пікірі бойынша, ресейлік әдебиетте бүгінгі күнге қарай «мәдениет» ұғымының дефинициялары туралы мынаддай түсініктер кең тараған:
- заттық, материялдық таратушыларға дәйектелген, келесі ұрпақтарға берілетін адамзат баласының материялдық және рухани қызметіндегі тәсілдер мен амалдардың жиынтығы;
-тарихи нақты қоғамда әлеуметтік бағдарлау функциясын орындайтын нормалардың, құндылықтар мен мұраттардың жиынтығы.
Тыйым салу мен нұсқаулардың белгілі бір жүйесінде көрінетін ұжымның мирас етпеген жады ретінде мәдениетті белгілейтін Ю. Лотман мен В. Успенскийдің таңбалау жүйесі түріндегі мәдениетті семантикалық түсіндіруге әрекет істеу ұмтылысын атап өту керек. Осы ұсынылған тұжырымдамада ішкі жинақтылықтың, бейгомотектіктің, инновациялар мен баламалардың болуы өте маңызды. Мәдениет беймәдениет пен антимәдениетке қарсы қою тұрғысында пайымдалады. Беймәдениет – белгілі бір дінге, білім саласына, өмір үлгісі мен мінез-құлқына қатысы жоқтық деген сөз, антимәдениет – мәдениеттердің орын алған үлгісіне қарай анықталады. Авторлар бөлген тұрпаттама бойынша мәдениет үлгілерінің негізгі екі түрі бар, мазмұнға бағытталған біріншісі ережелер жүйесі түрінде берілген, олар үшін тәртіпке келтірілген, тәртіпке келтірілмеген ұғымдары негізгі қарам-қарсы қою болып табылады. Айтылуға бағытталған екінші үлгі дұрыс қалыптастырылған мәтін түрінде беріледі, ол үшін дұрыс-бұрыс ұғымы негізгі қарама-қарсы қоюға жатады. Осы тәсіл жастардың субмәдениетін, олардың мазмұны жағынан да, сондай-ақ тікелей антимәдениет ретінде таңбалауға жиі ұшырайтын жастардың субмәдениеті мен оларды таратушыларға әлеуметтік жауап қату сипаттамасы тұрғысынан да талдауға қолдануға жарамдылығы жөніннен құнды болып көрінетін сияқты.
Жастардың субмәдениеті: нысандары мен тұрпаттамаларының саналуандығы
Мәдениетті жаңартудағы жас ұрпақтың рөлі, «жастардың мәдениеті мен ересектер мәдениетінің өзара қатынастары туралы мәселелер аса өзекті болып табылатын сияқты, бірақ оларды ғылыми талқылау,осы ұғымдардың сапалық межелері анықталған жағдайда әдептілікке бағдарлануы мүмкін.
Жаңару және қалыптасу үстіндегі мәдениетке бейімделу кезеңін бастан кешіретін жас ұрпақ дүние танымдық, мағыналы өмір бағдарларында, субьмәдениетке бағдарланған ұстанымдарда елеулі өзгерістерге ұшырайды.
Л. Уайт мәдениетті 3 қосалқы деңгейге бөледі: материалдық құралдардан және оларды пайдалану техникасынан тұратын технологиялық деңгей,адамдардың арасындағы өзара қатынастар мен мінез-құлықтың тиісті үлгілері негізін қалайтын әлеуметтік деңгей. Ең соңындағы, иедологиялық деңгей, сөздің және басқада нышандық түрлердің көмегімен айтылатын білім, діншілдік, идеяларының құрауыштары болып табылады. Американдық функционалистердің пікірі бойынша жастар мәдениеті тікелей мына себептен пайда болады, ол америкалық қоғамда соғыстан кейнгі өзгерістердің нәтижесінде туындаған белгілі бір проблемаларды ең алдымен, индустрияландырудың нәтижесінде шешті. Әрі социологтардың алдында мынадай міндет тұрады, әлеуметтік тәртіпті ұстауда жастардың мәдениеті атқаратын әлеуметтік функцияны табу.
Д. Баакеннің пікірі бойынша, жастардвң мәдениеті әлде бір нақты және ұйымдастырылған нәрсе емес тек «бастан кешіру мен мінез-құлық» қана, әрі, ең алдымен, ол – коммуникация нышандары деңгейінде көрінентін мінез-құлықтың әдеттен тыс стилі.
Жастар мәдениетіне қатысты функционалистің бағытты бірінші рет Т. Парсонс іске асырды. Ол қоғамда «негізгі мәдени дәстүрлердің»болуы,-аса маңызды, дейді. Олар «биологиялық тұқым қуалаушылықтың арқасында емес, оқытып үйрету жолымен ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Жастар «жақысы меңгерген» осы дәстүрлер қоғамға белгілі бір тұрақтылық пен уақыт бойынша ұзақтық беріп, «өзара іс-қимылдардың тұрақты жүйесін» құрайды. Парсонстың айтуынша, жастардың мәдениеті ересектерге түсініксіз құндылықтар жасайды. Олар өз бойларына тұтынуды, белсенділік пен жауапсыздықты сіңіреді. Осындай көзқарастың жастар мәдениеті жөніндегі, көптеген ресейлік зерттеулер үшін де тән болғанын атап өту қажет.
Жастардың өмірлік мақсаттары мен құндылықты бағдарлары
Әлеуметтік зерттеу деректері бойынша (7.19-сурет), жастардың өмірлік құндылықтар рейтингісінде отбасы көш бастайды, оны респонденттердің үштен бірі таңдаған. Екінші орында – денсаулық (14,6 %), үшінші орында – достар (9,4 %). Республиканың жас тұрғындарының 9 %-ының пікірі бойынша ақша, материалдық жақсы тұрмыс негізгі құндылық болып табылады. Бесінші орында балалардың болашағы орналасқан (8,5 %). Сонымен қатар, кейбір жас қазақстандықтар махаббат, жұмыс және мансап, білім және табысқа жету, бостандық және өзін-өзі көрсету, Отанға қызмет ету секілді құндылықтарды да бағалаған. Жастарға ұсынылған құндылықтар тізімінде ең маңыздылары – құқықтар мен бостандықты сақтау, кәсіби шеберлік, дін.
Сонымен қатар, Отанға қызмет етуді респонденттердің тек 1,1 %-ы ғана құндылық ретінде белгілегенін атап өту қажет. Қызметтің бұл түрінің беделділігі туралы сөз еткенде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚМ) деректері бойынша ағымдағы жылы әскери
қызметшілердің саны 26 627 адамды құрағанын атап көрсеткен жөн. Соның ішінде жедел қызмет әскері – 12 885 адам, келісімшарт бойынша әскери қызмет өтеушілер – 13 742 адам. Офицерлік құрамның толығымен (100 %),
ал келісімшарт негізінде әскери қызмет өтеушілердің 2 297-і, жедел әскери қызметтегілердің 1 167-і жоғары білімді екендігі қуантарлық жайт. Әлеуметтік шығу тегі бойынша олар, негізінен, жұмысшылардың (7 083) және ауыл шаруашылығы мамандарының (3 146) балалары, сонымен қатар әскери отбасыдан шыққандар (2 109) мен кәсіпкерлердің балалары да (547) кездеседі. Әскери қызметшілер қатарында заңгер, экономист, мемлекеттік
басқару, дәрігер, құрылысшы мамандықтарының түлектері де бар. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылы әскери жоғары оқу орындарында жоғары кәсіби білім алғандардың саны 3 298 адамды құрайды.
«Жастар – шынайы өмірді қайта құратын қозғаушы күш; бұл – өздерін қоғамдық өмірде де, киберкеңістікте де көрсете білетін өзгерістердің жасампаз, шығармашыл және жігерлі агенттері».
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Халықаралық жастар күніне арнаған мәлімдемесінен. 2012 жылғы 12 тамыз
Осылайша, жастар белсенді уақыт өткізуге басымдық бермей, бос уақыттарын пассивті түрде өткізуді таңдайды. Мәселен, спортпен шұғылданатындар респонденттердің небары 7,6 %-ын құрайды. Жастардың 6,8 %-ы бос уақыттарында қосымша табыс табады (7.22-сурет). Бос уақыттарын TV және интернет ресурстарына арнайтындардың пайызы тым жоғары екендігін ескере отырып, бұл жастардың Интернет-мәдениетінің белгілі бір типі екендігін атап көрсетуге болады. Жас қазақстандықтар осындай дүниетаныммен өздерінің ерекше мәдени практикасы мен өмірлік стратегиясын қалыптастырып келеді.
Қазіргі қазақстандық жастардың қоғамдық-саяси процестерге тартылуы туралы сөз еткенде, олардың саясатқа қатысу деңгейінің сапасы артқандығын атап өту қажет. Жастардың өз мүдделері мен құқықтарын ұсыну және қорғау мүмкіндіктерін іске асыру үшін жастар саясатының дамыған институционалдық құрылымы қызмет етеді.
1. Қазақстан жастарының саясатқа араласу үрдісіне мыналарды жатқызуға болады.
Қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялар қызметі арқылы азаматтық бастамаларды іске асыруға қатысу формасын таңдауда жастар аса белсенділік танытуда.
Ширек миллионға жуық жастар республиканың саяси партияларының мүшелері болып табылады, яғни жастардың жалпы санының шамамен 5,8 %-ы. Жастардың басым бөлігі «Нұр Отан» ХДП жастар қанатының мүшелігіне қабылданған.
Жастардың 33 %-ы ірі ұйымдардың қарамағында – ҚР Кәсіподақ федерациялары. Республика бойынша 7-17 жас аралығындағы жеткіншектерді балалар ұйымдарымен қамту 42,6 %-ды қамтиды, соның ішінде 22,6 %-ын 14-17 жастағы жоғары сынып оқушылары құрайды.
Мемлекеттің органдар құрылымында жастардың үлесі жалпы санынан 0,5 %-ды құрайды. 65,9 %-ы (жас қызметшілердің жалпы санынан) орталық мемлекеттік органдарды қызмет етеді. Жергілікті атқарушы билік құрылымдарында жастардың үлесі артып келеді.
2. Жастардың құндылық кеңістігін мынадай ерек- шеліктерімен сипаттауға болады. Қазақстандық жастардың ділінде отбасы құндылығы бірінші дәрежелі мәнге ие. Өмірлік маңызды құндылықтар арасында ең көп танымалылары денсаулық, достар, материалдық жағдай, балалардың болашағы, махаббат, қызықты жұмыс болып табылады. Қазақстандық жастардың күнделікті құндылықтары арасында прагматизм, дарашылдық үрдістері басымдыққа ие (ақша, табыс, тәуелсіздік, бостандық), бұл біздің қоғамның нарықтық қатынастарға көшуі фактісімен шарттастырылады.
Рухани құндылықтар қазіргі жастардың жеке тұлғасындағы құндылықтар кеңістігінде аз ғана орын алады (сенім соңғының алдындағы орында – 0,8 %). Білім құндылықтары қызықты жұмыс және мансаптан кейінгі орынға жайғасқан, бұл табысты мансапқа жету құралы ретінде жастар үшін басты құндылыққа жатпайтындығын білдіреді. Жақсы өмір сүруге қолжеткізу тәсілі ретінде еңбек құндылығының беделі төмен. Жалпы, қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтары иерархиясында оң құндылықтар бағыттары басым.
Жастардың көзқарасы бойынша көкейтесті проблемалар материалдық қиындықтар, жұмыссыздық, жоғары білім алу қиындығы және тұрғын үй проблемалары болып табылады. Бұлардың барлығы да экономикалық сипаттағы проблемалармен байланысты, бұл жастарға қолдау көрсету бойынша тиімді әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыруды талап етеді.
3. Әлеуметтік зерттеу деректері бойынша жастардың наразылық әлеуеті төмен. Сонымен қатар, Қазақстанда жастар экстремизмінің дамуына ықпал ететін маңызды себептер, респонденттердің пікірі бойынша, жұмыссыздық пен жұмысқа орналасу проблемалары, мәдениет деңгейінің төмендігі, жастардың адамгершілік-өнегелік тәрбиесінің әлсіреуі болып табылады, үшінші орында радикалды діни және өзге де топтардың ықпалы, одан кейін өмір сүру деңгейінің төмендігі тұр. Жастардың көңілі толмауы негізінде саяси емес, экономикалық сипаттағы себептер туындайды. Бұл жастардың саяси талаптарды ұсынудан гөрі жұмысқа орналасу проблемаларын шешумен көбірек айналысатындарын білдіреді.
Сонымен бірге, жастардың саясатқа араласуын іске асыру мүмкіндіктері проблемаларына бір жобадан екіншісіне дейін ғана қызмет ететін, сондай-ақ олардың санының артуы үрдісіне қарамастан бұқаралық емес сипаттағы жастар қоғамдық бірлестіктері қызметінің эпизодтық сипатын жатқызуға болады.
Кейбір жастар ҮЕҰ тек қағаз бетінде ғана өмір сүреді. Заңнама деңгейінде мұндай ҮЕҰ-ды тарату мәселесі пысықтауды талап етеді.
Әлеуметтік зерттеу қорытындылары бойынша жастардың басым бөлігі көптеген маңызды республикалық бірлестіктерді білмейтіндігі анықталды. Соның ішінде олар туралы естіген, бірақ қызметіне араласпағандардың пайызы жоғары. Бұл аталған бірлестіктер қызметін ақпараттық сүйемелдеу деңгейінің төмендігін, олардың жүргізген жұмыстарының «жемісі» аз екендігін, жас азаматтардың түрлі әлеуметтік топтарымен жеке жұмыстың болмауын білдіреді. Жастарды әлеуметтендіру, еңбек құндылығы рухында тәрбиелеу мақсатында 7-17 жас аралығындағы оқушы жастарды қамтитын балалар ұйымдарының әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмайды.
Жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысуын арттыруға жастардың барлық санаттарын әлеуметтендіру процесіне тарту, сондай-ақ жастардың жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметіне араласуын арттыру мақсатында жастар ұйымдарының жобалау қызметін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады.
Қазақстандық жастар еліміздің саяси өрісінің тұрақты акторы болып табылатындығын ескерсек, бүгінгі таңда жастардың қазақстандық қоғамды жаңғыртуға қатысуын одан әрі демократияландыру және кеңейту мақсатында оларды саяси біріктіру қажеттілігі өзекті мәселе болып табылады.
Жастардың кәсіптік білім туралы құндылықты түсініктері
21-ғасыр кәсіптік білім және кәсіби оқыту заманы. Болашақ кәсіби мамандар бойына ұлттық үлгіде тәлім беру қоғамымыздың қажеттілігі, ұлттық сұраныс.Тәуелсіздігіміздің мүмкіндігін пайдаланып , жастарымызды нағыз саналы , өз елі алдында жауапкершілігі жоғары кәсіби маман етіп даярлау біздің –міндетіміз. Өйіткені , қазіргі кәсіби мамандар тек өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қоса заманына бейімді, білімді, мәдениетті, өз халқының мәдени мұрасын терең түсінетін саналы, жан-жақты дайындалған, ұлжанды , отанын қадірлейтін , адами құндылықтар дарыған маман болу керек. Ұлы француз жазушысы В.Гюго былай деген: «Халықтың ұлылығы санымен өлшенбейді, адамның ұлылығы бойымен өлшенбейді, жалғыз ғана өлшем оның ақыл –ойының және өнеге деңгейінің дамуы».
Елбасының тікелей тапсырмасымен білім беруді жан-жақты дамытуға байланысты жасалып отырған сара саясатының арқасында ,заманға сай жастардың жан-жақты өсіп , дамып жетілуіне , лайықты білім мен тәрбие алуларына толықтай жағдай жасалуда. Ұлы мақсат қойған ұлы жетістікке жетеді демекші , келешекте,мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын , өйіткені ұлт болашағы – ұрпағында болса , ұрпақ тәрбиесі-ұстаз қолында. Өз баяндамамды Бауыржан Момышұлының сөзімен аяқтағым келеді:«Тәрбиелі- тәртіптің құлы, тәртіпті –елдің ұлы».
Мемлекеттің жастар жөнінідегі саясаты: негізгі бағыттар мен үрдістер
Қазақстанда жастар жалпы халықтың 30 пайызын құрайды. Жастар саясаты туралы заң бойынша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жастар саясатына берілген анықтама -мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi қызметінің аясы.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының жастар саясаты әлеуметтік саясаттың аса жас бағыты болып отыр. Мәселен, «Қазақстан Респубикасының Жастар саясаты туралы концепциясы» 1999 жылы 28 тамызда қабылданған, оның мағынасын кең түрде ашатын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жылы 7 шілдедегі «Жастар саясаты туралы заң» бар. Алайда, оның баптары не себепті толық орын-далмайды? Оның толық орындалмауы эффективті норамативті-құқықтық базасы жеткілкіті қамтасмасыз етілмегендіктен бе, қаржылық жетіспеушіліктен бе, қадағалаудың аздығынан ба секілді түрлі қырлары бар.
Елбасы айтуынша, төрт базалық элемент – кәсіби жақсы білім, жақсы төленетін тұрақты жұмыс, отбасы құруға арналған жек үйі, салауатты өмір салтын жүргізуге арналған мүмкіндіктің болуы жастар мәселесін шешудің қадамдарының бірі.
Мемлекеттік жастар саясаты Конституцияда және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген жас адамның, саяси, әлеуметтік-экономикалық, жеке құқықтары мен бостандықтарын толықтануға негізделеді.
МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.
Еуропалық мемлекеттік жастар саясатының стратегиялары
Жастарға қатысты саясат қазіргі әлемде жастар саясатын дамыту тұрғысында қазақстандық жастардың жағдайын көруге мүмкіндік беретін халықаралық аспектіні де қамтитындықтан, жастар саясатын әлеуметтік саясаттың немесе ішкі саясаттың бір бөлігі ретінде емес, мемлекет қызметінің маңызды дербес бағыты ретінде қарастыру қажет.
2013 жылдың басындағы жағдай бойынша әлемнің 198 елінің 99-ында (50 %) ұлттық жастар саясаты іске асырылуда. Әлемнің 56 елінде (28 %) жастар саясаты әзірлену процесінде. 43 елде (22 %) мемлекеттік жастар саясаты мүлдем жүзеге асырылмайды [9].
Мемлекеттік жастар саясатының болуы (заңнамалық актілер, стратегиялар, өзге де нормативтік құжаттар) әлем елдерінің 78 %-ында бұл мәселенің маңыздылығы мен мәнін көрсетіп отыр.
Бұл мәселеге қызығушылық таныту қазіргі кездегі жас ұрпақтың есею процесіндегі қиындықтармен шарт- тастырылады. The Economist журналының бағалауы бойынша, 2012 жылы 15-24 жас аралығындағы 290 миллионға жуық жас тұлға жұмыс істемеген және білім алмаған, бұл жер шарындағы жастардың шамамен 25 % құрайды [10].
Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының (ЭДЫҰ) бағалауы бойынша әлемнің бас елдерінің 26 миллион жас тұрғыны білім алмаған, кәсіби дайындықтан өтпеген және жұмысқа орналастырылмаған. Бұл жастар «NEET» (Not in Employment, Education or Training) санатына жатқызылады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік Банктің есебі бойынша, дамушы елдердің 260 миллионнан астам жас тұрғыны «белсенді емес» азаматтар санатына жатады. Бұған қоса, 2007-2012 жылдар аралығындағы әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде жастардың жұмыссыздығы жағдайы жалпы әлемде төмендеген [11].
«Белсенді емес» жастардың өсуі қоғамда әлеуметтік шиеленістің өсуіне алып келеді, бұл соңында наразылық жағдайға алып келуі мүмкін. Бұл проблема экономикасы дамушы елдерге де, экономикалық дамыған елдерге де өзекті проблема болып табылады. Бұған 2011 жылы Мысырда, Ливияда, Тунисте және басқа да араб елдерінде болған наразылық шерулері мен төңкерістер мысал бола алады, мұнда жастар наразылық қозғалыста маңызды рөл атқарған.
Сонымен бірге, экономикасы дамыған елдер де жастардың бүлігі қатеріне шалдығады, бұл Франциядағы (2005 ж.), Ұлыбританиядағы (2011 ж.), Швециядағы (2013 ж.) жастардың қарсылық білдіруінен көрінеді.
Осыған байланысты жастар проблемалары әлем елдерінің мемлекеттік саясатында маңызды мәнге ие болады, бұл жастар стратегиясында, заңнамалық актілерде және өзге де нормативтік құжаттарда көрініс табады.
Алайда, «жастар» феноменін зерттеудің күрделілігі бұл ұғымның бірыңғай және жалпыға ортақ мағынасының болмауына қатысты. Бұл әлемде жастар саясатын салыстырмалы талдауды жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындатады.
Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жастар тобына 15-24 жас аралығындағы тұлғаларды жатқызады [12]. Австралияда жастардың жасы 12-25 жас аралығында [13]. ТМД елдері жастарға 15-29 жас аралығындағы тұлғаларды жатқызады [14]. Сонымен қатар, Африка жастар хартиясы (African Youth Charter) жастар санатына 15-35 жас аралығындағы тұлғаларды жатқызады [15].
Жастардың жас ерекшелік шегін белгілеудегі айырмашылықтар әлем елдерінің географиялық, мәдени, әлеуметтік, саяси, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Ата-аналар мен балалардың, отбасы мен қоғамның арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-мәдени және тарихи қарым-қатынастардың да мәні зор.
Жастармен жұмыс – әлем елдерінің дамуының стратегиялық басымдығы, әрбір мемлекет жастар саясатының шегін өз бетінше анықтайды.
Озық шет елдердің тәжірибелерін салыстырмалы талдау жастар саясатының нүктелік бағыттары бойынша заңдар санының көптігін (Германия, Австрия), білім беру, қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, жастарды кәсіби даярлау, бейәлеуметтік мінез-құлықты жастарға қолдау көрсету, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жастарды қоғамдық өмірге тарту бойынша сан алуан мемлекеттік және жергілікті жастар бағдарламаларының болуын (АҚШ, Канада, Еуропа одағы мемлекеттері, Қытай), жастарға арналған бағдарламаларды айтарлықтай мемлекеттік қаржыландыруды (Қытай, АҚШ, Сингапур, Чехия), жастар ұйымдары, еріктілер (волонтер) қызметі желісінің дамуын көрсетті.
Әлемнің дамыған мемлекеттерінің тәжірибесі жастар саясатын іске асыруда биліктің барлық деңгейінің белсенді қатысуын, жастар саласындағы саясатты тиімді жүргізу бойынша мемлекеттік институттарды, қоғамдық институттардың жұмысын жетілдіруді көрсетеді.
Жастардың қоғамдағы әлеуметтік функциясы
Жастар ең зерек алғыр топ ретінде ішкі серпінді өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық элементтерімен және басқа да құрылымдарымен қарым-қатынастарын, өзара байланыстарын ұдайы шиеленістіріп отыруға бейім болады. Сонымен қатар осы буын қоғамдық-саяси, мәдени, отбасылық тыныс-тіршілікте, еңбек әрекетінде әркелкі белсенділік деңгейін көрсетеді; қалыптасқан қажеттіліктеріне, алған машықтарына, білімдеріне, өзіндік мүдделеріне, құндылықты бағдарлануларына қарай әлеуметтік икемділік танытады.
Біз тап болатын бірінші проблеманың мән-жайы мынадай: жастардың қоғамдағы маңызы тұрақты ма? Сірә, олай болмаса керек. Егде адамдарға жастармен салыстарғанда үлкен құрмет көрсетілетін қоғамдар бар. Мәселен, Ежелгі Қытайда осылай болған. Ал басқа қоғамдарда, мәселен, АҚШ-та қырық жастан асқан адам жұмысқа алу үшін тым кәрі болып есептеледі де, сондықтан жастар ғана талап етіледі. Қоғамдар жастардың тек беделімен ғана емес, сонымен бірге жастар оқиғалардың барысына ықпал ететін топтарға немесе қозғалыстарға біріккен бе, соған қарай да өзгешеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында Германияда стихиялық жастар қозғалысы пайда болды, осы қозғалысты елді басқаратын ресми топтар мен инститтутар қолдаған да, көтермелеген де жоқ. Англияда ол кезде жастрадың мұндай ұйымдары жоқ еді, ал Францияда бұдан аз ауқымдағы ұйымдар болды. Рессейде, нацистік Германияда, фашистік, Италияда және Жапонияда қазір милитаристік сипат алатын, мемлекет құрған жастардың монополистік ұйымдары бар. Англияда да, басқа бірде-бір демократиялық елдерде мұндай ұйымдар атымен жоқ. Проблема мынада, әрқашан жаңа ұрпақ пен жас бойынша жастар топтары болатынына қарамастан, оларды пайдалану мәселесі әр жолы осы қоғамның сипаты мен әлеуметтік құрылымына байланысты болады. Жастар - әрбір қоғамда бар жасырын ресурстардың біріне жатады, әрі оларды қаншалықты жұмылдыруға қарай қоғамның тіршілікке қабілеті көрінеді. Осы тезистің барынша растығына, әр елдің тіршілікке қабілетті оның жасырын ресурстарын жұмылдыруымен анықталатын соғыс уақытының бүгінгі жағдайында көзіміз жетеді. Әрбір жұмыссызды пайдаланған, әйел еңбегін өнеркәсіпте қолданған және капиталдан пайда түсірген жағдайда жеңіске жету мүмкін болады. Қалыпты аталатын жағдайларда бұл резерв жасырын болып табылады да, ал кенеттен дағдарыс орнаған немесе негізгі позицияларды өзгерту қажет болған кезде, организмнің аман қалуы осы жасырын ресурстарды дұрас және жылдам жұмылдыра білу қабілетіне байланысты болады.
Қандай қоғамдарда егде адамдардың ең жоғары беделге ие екенін, ал жастардың жаңартушы күштерінің қозғалысқа біріктелмегендігін және небәрі жасырын ресурстар күйінде ғана қалатынын аңғару қиын емес. Меніңше, өзгерістердің баяу қарқындарында біртіндеп дамитын статикалық қоғамдар негізінен аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсе керек. Олар жастардың жасырын мүмкіндіктерін іске асыруға қарсылық көрсетеді. Осындай қоғамдардағы білім дәстүрлерді табыстауға жұмылдырылады да, ал жаңғырту мен қайталау оқытып-үйретудің әдісі болып табылады. Мұндай қоғам жастардың өмірлік рухани резервтерін әдейі елемейді, өйткені қалыптасқан дәстүрледі бұзуға олар құлықты емес.
Осындай статикалық, баяу өзгеретін қоғамдарға қарама-қарсы жаңа бастапқы мүмкіндіктерге ұмтылатын серпінді қоғамдар, өздерінде үстемдік құрған әлеуметтік немесе саяси философияға қарамастан, негізінен жастармен ынтымақтастық жүргізуге сүйенеді. Олар әлеуметтік дамудың қалыптасқан барысын бұзу арқылы өздерінің өмірлік ресурстарын ұйымдастыра және пайдалана біледі. Бұл орайда реформалар мен революциялардың көмегімен өзгерістерге қол жеткізуге ұмтылатын қоғамдардың арасында ғана айырмашылық болады. Қос жағдайда да олар жастар болуы тиіс. Егде және орта жастағы буын болашақтағы өзгерістердің сипатын ғана болжауы мүмкін, осы ұрпақтың шығармашылық қиялын жаңа саясат жасау үшін пайдалануға болады,иалайда тек жас ұрпақ қана жаңаша өмір сүреді. Жас ұрпақ аға буын тек теориялық тұрғыда ғана мойындалған құндылықтарды іске асырады. Жастардың айрықша функциясы мынады, олар – жандандырушы аралық буын, алдыңғы қатарға шығатын өздігінше резерв, мұндай жандану тез өзгеретін немесе мүлде жаңа жағдайларға бейімделу үшін қажет болады.
...Кертартпа және реакциялық қозғалыстар да сондай-ақ жастарды ұйымдастыруы және еліктіруі мүмкін. Егер біз жастар әлеуметтік өмірдегі жандандырушы аралық буын деп есептесек, онда қоғамға ең басынан бастауға көмектесеті жұмылдырылатын және біріктірілетін элементтерді көрсеткеніміз мақсатқа сай болады.
Біздің пікірімізше, жасар басым дәрежеде ие авантюризм рухынан бөлек, осындай элементтердің бірі мына факт болып табылса керек, жастар әлі де әлеуметтік тәртіптің status quo-сына толық енгізілген емес. Жастардың қазіргі заманғы психологиясы мен социологиясы үйреткендей, бүгінгі жастардың ділін түсінудің кілтін тек дамудан ғана іздемеу керек. Сайып келгенде, осы параметр әмбебап және ол орнымен де, уақытпен де шектелмейді. Біздің көзқарасымыз бойынша жыныстық жетілуді айқындайтын шешуші фактор мына жайт болып табылса керек, осы жастағы жастар қоғамдық өмірге қадам басады және олар қазіргі замандағы қоғамда тұңғыш рет антагонистік бағалардың ретсіздігімен бетпе-бет кездеседі. Мына жайт дәлелденген, қарабайыр қоғамда жастардың интеллектуалдық жанжалдары болған емес, өйткені онда отбасы мен жалпы қоғамдағы мінез-құлық нормалары арасында елеулі айырмашылықтар орын алмаған. Біздің жастарымыздың анағұрлым тартысты сана-сезімі біздің қоғамымызда бар ретсіздіктің көрінісі ғана болып табылса, ал оның сасқалақтауы – жастар тәжірибесіздігінің табиғи нәтижесі. Біздің талдауымыз үшін жастардың тартысты сана-сезімі емес, ал жастардың қазіргі қоғамның тартыс-жанжалдарына сырттан қарайтын фактісі маңызды. Нақ сол себептен де жастар қоғамдағы кез келген өзгерістердің ұйытқысы болып табылады.
Жастар өзінің табиғаты бойынша ілгерішіл де, кертартпа да емес, олар кез-келген бастамаға даяр әлеует. Жыныстық кәмлетке жеткенге дейін бала отбасында тұрады және оның көзқарастары жанұясының эмоциялық және интеллектуалды дәстүрлеріне сәйкес қалыптасады. Жасөспірім шағында ол көрші-қолаңмен, қоғаммен және қоғамдық өмірдің кейбір салаларымен алғашқы байланыстар жасайды. Бозбала осылайша, жетілудің биологиялық ашу сатысында болумен қатар, ол әлеуметтік жағынан жаңа дүниеге, әдет-ғұрыптарға қадам басады да, мұндағы құндылықтардың жүйесі өзі бұрын білгендерден өзгешеленеді. Жасөспірім үшін тылсым жаңалық болып көрінген нәрсені ересектер әлдебір үйреншікті және өзінен-өзі түсінікті жайт деп қабылдайды. Қоғамға осылайша сырттан ену жастарды мүлде басқа себептер бойынша заттардың орын алған жағдайына наразылық білдіретін серпінді әлеуметтік қозғалыстарды жақтауға мәжбүрлейді. Көпшілік ересек адамдарға заң арқылы бекітілген не экономикалық, не құндылықты мүдделер жастарда әлі жоқ. Осы арқылы мына фактіні түсіндіруге болады, жасөспіріс шақта көпшілігі нағы революционер немесе реформаторлар ретінде әрекет жасайды да, ал кейінірек, тұрақты жұмыс тұрғаннан және үйлі баранды болғаннан кейін, қорғанысқа көшеді де, status quo-ны сақтауды қалайды. Социология тілінде жас адам болу қоғамның шетінде болуды, көпшілік жағдайларда аутсайдер болуды білдіреді. Расында да, жоғары сынып оқушылары мен жас студенттердің айрықша белгісіне орын алған тәртіптегі заң бекіткен мүдделіктің болмауы жатады, бұлар әлі экономикалық және психологиялық құрылымға өз үлестерін қосқан жоқ. Менің көзқарасым бойынша аутсайдердің осы позициясы – биологиялық жетілумен салыстырғанда анағұрлым маңызды фактор, ол өзгерістерге қатысты ашықтық пен бейімділікті айқындайды. Оның үстіне, осы позиция басқа себептер бойынша қоғамның шетіне шыққан қысым көрген тап, еркін кәсіптің адамдары- ақындар, әртістер сияқты басқа топтар мен жеке адамдардың позициясымен сәйкес келеді. Аутсайдердің мұндай позициясы, әрине, билеуші топтар басуы немесе жұмылдыруы және қозғалысқа біріктіруі ықтимал мүмкіндік қана.
Жасөспірім –түрлі бастамаларды жүзеге асыра алатын қоғамдық күш, өйткені ол орнатылған тәртіпті өзінен-өзі түсінікті нәрсе деп қабылдамайды және жасөспірімдер заң бекіткен не экономикалық, не рухани сипаттағы мүдделерге ие емес.
«Патриотизм», «Азаматтық», «Отанды сүю» сияқты категорияларға жастардың қатынасы
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализммен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді"
Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекетадамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі. Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. [[Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді.
Отанды сүю дегеніміз – ең ибалы сезім. Отанды құрметтеу, ең алдымен, өзіңді құрметтеуден бастау алады. Өзіңді құрметтеу жақыныңды, өз үйіңді сыйлау екені шындық. Міне, осыдан болар, Отан отбасынан басталатындығы. Патриотизм – адам бойындағы ең қасиетті сезім. Патриотизм - туған еліңді сүюмен қатар, оған қалтқысыз еңбек ету, сол елдің бір бөлшегі екеніңді сезіну.
Қазіргі заманғы жастардың өмірлік басымдықтары
Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Еліміздің алдында ауқымды жаңғырту міндеттері тұр. Күшті де гүлденген Қазақстан – Елбасының жобасы жəне Президенттің ой-жоспарларын іске асыруда ең алдымен жас қазақстандықтарға шешуші рөл жүктеледі. Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынуға жəне Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. Сондықтан біздің Президент – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев жастарды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Кезінде Елбасының өзі бүкіл елдегі жастар қозғалысының күшті ядросы ретінде «Жас Отан» Жастар қанатын құруға бастама жасаған болатын.
Бүгін біз өз дамуымыздың жаңа кезеңінде тұрмыз, өзіміздің одан арғы
қызметіміздің жаңа басымдықтары мен міндеттерін айқындап жатырмыз. Біз еліміздің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін жастарды топтастырудағы рөлімізді көріп отырмыз. Осы миссияға сəйкес өзіміздің алдағы онжылдықтағы стратегиялық басымдықтарымызды айқындаймыз.
Егемендік жылдары ішінде елдің білім беру саласы жаңа даму орамынан өтті, өйткені сапалы білім – жастардың басты капиталы болып табылады.
«Жас Отан» ЖҚ қазақстандық білім беру жүйесін одан əрі дамыту, студент жастарға, елдің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосуға дайын талантты ғалымдарға қолдау көрсету үшін əрекет етеді.
Оны іске асыру үшін мынадай негізгі қызмет бағытарын іске асыру қажет:
- техникалық жəне кəсіптік білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, білім беру жүйесінің ұсынысы мен жұмыс берушілердің колледждер мен жоғары оқу орындарының білікті түлектеріне деген сұранысы арасында теңгерімге қол жеткізуге қатысамыз;
- дуальдық жəне қашықтан оқыту жүйелерін іске асыруға қатысатын боламыз, студент, оқу орны жəне жұмыс беруші арасында үшжақты шарт енгізуді ұсынамыз;
- талапкерлердің жоғары оқу орындарына оқуға түсуіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету жəне сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес бойынша студент комитеттерімен жəне жастар істері жөніндегі кеңестермен тығыз ынтымақтастықты жолға қоямыз;
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында жастар кəсіпкерлігі мемлекет
дамуында маңызды рөл атқарады. Жас кəсіпкерлер – отандық экономиканы жаңа белестерге шығаруға қабілетті авангард. Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуын тиімді түрде іске асыру үшін қажетті жастар кəсіпкерлігіне қолдау көрсету маңызды міндетке айналып отыр.
Жастардың бейресми бірлестіктері
Әлеуметтік жұмыстың маңызды объектілеріне жастардың бейресми бірлестіктерге енген жасөспірімдер, бозбалалар мен бойжеткендер жатады. «Бейресми бірлестіктер» түсінігі әдетте саны жағынан аз мөлшердегі мүшелердің жағдайға қарай біріккені дегенді білдіреді, яғни белгілі-бір жағдайға, жағдайлардың жиынтығы реакция ретінде пайда болған тұрақты құрылым, оның ресми мәртебесі, сайланған немесе белгіленген жетекшілері, әрекеттерінің нақты жоспарлары және басқа да ресми ұйымдарға тән белгілері жоқ.
Осындай бірлестіктерге қатысушылар өздерінің мынадай ерекшеліктерін көрсетеді:
«ресмиге» қарама-қайшы, көпшілік мақұлдағанға балама альтернативті;
Өздігінен әрекет ететін, өзін-өзі басқаратын, тәуелсіз, жоғарыдан және үстінен басқарудан бас тарту;
«сепаратизмге» өзінше ұмтылу, әлеуметтік қоршаған ортадан бөліну.
Әрине, бейресми бірлестіктерге қатысуға жастардың көбірек қызығушылық танытатыны белгілі, себебі олардың әлеуметтік табиғаты мен психологиясы көп дәрежеде өзін-өзі көрсетуге қарым-қатынасқа ұмтылуға және қоғамдық, топтық мойындауды қажет етеді, оларға жаңаға, ерекшеге деген қызығушылық тән.
Дегенмен, көптеген бейресми бірлестіктердегі жастардың сипаты басқа себептермен де түсіндіріледі, осындай бірлестіктердің пайда болуы жастарды қоғамдық қатынастардың шетіне «шығарып тастауы», жас адамдардың кәсіптік және қоғамдық өсуінің қиындықтарына итеріп тастауына байланысты. Сонымен қатар, оған жастардың, жас отбасылардың материалдық қиындықтарын жатқызуға болады. Өз қажеттіліктерін «ресми» құрылымдарда жүзеге асыруға мүмкіндік таппаған, түсіністік пен қолдауды көрмеген жастар жаңа құрылымдарды, яғни әртүрлі бейресми бірлестіктерді құруға ұмтылады.
Жастардың бейресми бірлестіктері оған қатысушылардың өмірінде үлкен рөл атқарады, олардың әрекеттерін, қылықтарын, ойлары мен сезімдерін анықтайды, жастардың ең өткір қажеттіліктерінің бірі-еркін, белгіленген тәртіпсіз қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі қанағаттандырылады. Бейресми бірлестіктердің мүшелері өзара күрделі қарым-қатынас жүйесімен байланысты болады. Мұндай бірлестіктердің құрылуы мен қалыптасу процесінде оларды «ресми» ұйымдар мен басқа да бейресми топтардың бірлестігінен ерекшеленетін, топ ішілік белгілі-бір нормалар мен құрылымдар, өзіндік кіші мәдениет пайда болады. Жас адамның бейресми бірлестіктерге кіруі оның сол топ өмірінің нормаларын қабылдаумен бірге жүреді, немесе оны топтың қысымымен кейінірек қабылдайды, әйтпесе топ одан қабылдамай тастайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік қызметкерге біріншіден, бейресми бірлестіктің әрекетінің бағытының сипатын білуі керек.
Бейресми топтың құрылымы, ол әдетте төрт қосымша құрылымнан тұрады. Бірінші – коммуникациялық қосымша құрылымды білу –бірлестіктік туралы ақпараттарды бағалап, нақты болжауға мүмкіндік береді, сөйтіп топтың мүдделері мен мақсаттарын білуге көмектеседі. Қалаушылықтың қосымша құрылымын білу бірлестіктің рухани жағынан бір, өзара тығыз әрекеттесетін мүшелерін анықтауға көмектеседі. Реверентті қосымша құрылымды білу бірлестіктердің қай мүшесінің басқалары үшін эталон, үлгі, беделді болып табылады. Ең соңында, билік қосымша құрылымдды, яғни топта жетекшіні және оған бағынушылардың қатынасын психологиялық түрде тиімді бөлуді білу топта кім және қандай билік жүргізетінін білуге мүмкіндік береді.
Жастар мәдениеті, контрмәдениеттің мәдениеттен айырмашылығы
Мәдениеттің жаңартудағы жас ұрпақтың рөлі, «жастардың мәдениеті» мен «ересектер мәдениетінің» өзара қатынастары туралы мәселелер аса өзекті болып табылатын сияқты, бірақ оларды ғылыми талқылау, осы ұғымдардың сапалық межелері анықталған жағдайда әдептілікке бағдарлануы мүмкін.
Жаңару және қалыптасу үстіндегі мәдениетке бейімделу кезеңін бастан кешіретін жас ұрпақ дүниетанымдық, мағыналы өмір бағдарларында, субмәдениетке бағдарланған ұстанымдарда елеулі өзгерістерге ұшырайды.
Осы проблемалар қатарын зерттеудің әдіснамалық негізін қадағалағандар: В.Дильтейге, К.Маннгеймге, Г.Шельскийге тірелетін ұрпақтардың қалыптасу және әлеуметтік өзгеру теориясы; Т.Парсонсқа тірелетін құрылымдық-функционалды теориялар; жас топтары мен ұрпақтар арасындағы өзара қатынастар туралы Ш.Айзенштадттың теориясы, сондай-ақ К. Левиннің әлеуметтік-психологиялық тәсілі, А.Коэннің, Дж. Колеманның, Д. Аусубельдің, Ф. Тенбруктың және көптеген басқа ғалымдардың тұжырымдамалары.
Жастар субмәдениетінің мәнін түсіндіретін негізгі тәсілдерді белгілемес бұрын, «жастар», «мәдениет», «субмәдениет» ұғымдарының анықтамаларын қарау қажет.
С.И. Григорьевтың пікірі бойынша, ресейлік әдебиетте бүгінгі күнге қарай «мәдениет» ұғымының дефинициялары туралы мынадай түсініктер кең тараған:
-заттық, материалдық таратушыларға дәйектелген, келесі ұрпақтарға берілетін адамзат баласының материялдық және рухани қызметіндегі тәсілдер мен амалдардың жиынтығы;
- тарихи нақты қоғамда әлеуметтік бағдарлау функциясын орындайтын нормалардың, құндылықтар мен мұраттардың жиынтығы.
Мәдениетке әлеуметтік меңгерілген мінез-құлық ретінде анықтама беру мәдениеттің әлеуметтендіруші рөлін күшейтеді және ол субмәдениеттердің мазмұнын зерттеуге қолданымдылығымен шектелместен, сонымен бірге олардың мәдени айырмашылықтары тұрғысынан да маңызды сияқты. Іс-жүзінде мәдениет бір жағынан біріктіруші, екінші жағынан ажыратушы күш болып табылады. Адамдар әртүрлі және бір-бірінен өзгешеленетін әлеуметтік топтарда дүниеге келеді және өмір сүреді, осы топтарда олардың бастапқы әлеуметтенуі жүреді. Нақ осы әлеуметтік-мәдени орта, әлеуметтік сәйкестік қалыптастыратын нормалар мен құндылықтарды береді. Осыған қарай кез-келген стратификацияланған қоғамда түрлі мәдениеттің болуы, олардың баламасы мен таңдау мүмкіндігі құндылықтар, стильдер, өмірлік бағдарлар, биоәлеуметтік бедел мен мінез-құлық тартыстарының себебі болып табылады.
Мәдениет пен контрмәдениет бір-бірін қарама-қарсы мәдениеттер болып табылады.
Контрмәдениет - (лат. contra - қарсы және cultura - өңдеу, егу) - 60-70 жылдары батыс елдерінің жастары арасында таралған қазіргі буржуазиялық мәдениетке рухани қарсылықты көрсету формасы. Әлеуметтік құндылықтан, моральді нормалар және тұтынушылық қоғамның құлықтық идеалдары, стандарттары мен жалпы мәдениет стереотиптері, өмір салтынан ашық бас тартуымен танымал.
Постфигуративті, конфигуративті және префигуративті мәдениеттер тұрғысынан қоғам тарихының түрлі кезеңдеріндегі ұрпақтар арасындағы өзара қатынастарды сипаттаңыз:
Мәдениеттің үш үлгісі бар: Постфигуративті, конфигуративті және префигуративті. Постфигуративті – мұнда балалар ең алдымен, өздерінің алдыңғы буындарынан тәлім алса, конфигуративті мәдениетте балалар мен ересектер құрдастарынан үйренеді, және префигуративті мәдениетте ересектер сондай-ақ өз балаларынан үйренеді, бұлар біз өмір сүріп отырған заманды көрсетеді.Қарабайыр қоғамдар,шағын діни немесе идеологиялық топтар негізінен постфигуративті, өйткені олар өздерінің билігін өткенге негіздейді.Қажеттілігіне қарай жаңалықтар енгізудің рәсімдерін әзірлеген ұлы өркениеттер өздерінің құрдастарынан, ойындағы серіктерінен, оқу мен жұмыстағы әріптестерінен кофигуративті үйренудің қайсы бір түрлеріне жүгінеді.Ал енді біз тарих үшін жаңа кезеңге қадам жасап отырмыз, мұнда әлі беймәлім болашақты префигуративті зерделейтін жастарға жаңа құқұқықтар беріледі.
Постфигуративті мәдениет дегеніміз-мындай мәдениет, мұнда әр бір өзгерістің баяу және елеусіз өтетіні соншалық, жаңа туылған немерелерін қолдарына алған аталары олар үшін өздері бастарынына өткерген тағдырдан бөлек ешқандай басқа болашақты көздеріне елестете алмайды.Ересектердің өткен өмірі әрбір жаңа ұрпақ үшін болашақ өмір болып табылады,олардың тағдыры - өздерінің балалары үшін болашақтың сызбасы.Балаларының болашағы былайша қалыптасады, алдынғы буын ересек шақта бастан өткергендері балалары есейгенде діл солай қайталанады.
Кофигуративті мәдениет-осы қоғамға жататын адамдар үшін мінез-құлықтың басым үлгісі олардың замандастарының мінез-құлықтары болып табылатын мәдениет.ББір қатар постфигуративті мәдениеттерге сипаттама берілді, мұндай мәдениеттердер жастары үлкен адамдар жастар үшін мінез-құлықтың үлгісі болып қызмет атқарады және ата бабаларының дәстүрлері тіпті қазіргі уақытқа дейін тұтастық күйінде сақталады.Алайда кофигурация мәдениеті табыстаудың жалғыз нысанына айналатын қоғамдар аз, әрі бірнеше ұрпақтардың өмірінде тек осы үлгі сақталған бірде-бір қоғам белгілі емес.Мәдениетті табыстаудың жалғыз-ақ үлгісі кофигурация болатын қоғамда, кәрілері де , жастары да әрбір келесі ұрпақтың алдынғы мен салыстырғанда мінез-құлық түрлерінің өзгешелелігін «табиғи» деп есептейді.
Постфигуративті дағдарыс туындайтын жерде кофигурация басталады.Осындай дағдарыс әр түрлі жолдармен туындауы мүмкін: бүкіл халықты дерлік жоятын апаттың салдары ретінде, әсіресе осы қоғамды басқаруда ең елеулі рөл атқартын аға ұрпақтың мерт болуы; Аға ұрпаққа белгісіз техниканың жаңа түрлерін дамытудың нәтижесінде;Жас үлкендер әр қашан иммигранттар және жат болып саналатын жаңа елге қоныс аударудың салдарынан; Жаулап алудың нәтижесінде, бағындырылған халық жаулап алушылардың тілі мен ғұрыптарын игеруге мәжбүр болады; жаңа дінге жүгінудің нәтижесінде, жаңа дін қабылдаған ересектер өз балаларын жаңа мұраттар рухында тәрбиелеуге тырысады, балалары үшін мұндай наным мен балалық шақтада, жасөспірім шақта да байланыс болған немесе өзін жастар үшін өмірдің жаңа және басқа стильдерін енгізуші деп есептейтін әдейі жасалған қайсы бір революция шараларының нәтижесінде.
Кофигурация орын алған жағдай былайша сипатталады, жас ұрпақтың тәжірибесі ата-аналарының, аталарының және барлығына ортақ қауымның басқа да аға буын өкілдерінің тәжірибесінен мүлде бөлек болады.
Бүгінгі балалар аға ұрпақ білмейтін дүниеде өмір сүреді, бірақ осылай болатынын ересектердің кейбіреулері күн ілгері болжаған болатын. Осына алдын ала болжай білгендер, болашақтағы префигуративті мәдениеттің алғашқы хабаршылары болды,оның алдаға жай жапсары беймәлім.
«Жастар саясатына» анықтама беріңіз
Жастар саясаты дегеніміз күрделі динамикалық жүйе, мұнда қосалқы жүйенің әрбір құраушының жұмыс істеуі басты мақсатқа бағынуы тиіс, ол жеке адамның еркін дамуы, бойындағы бейресмиліктері мен қабілеттерін ашу, сондай-ақ жас ұрпақты қоғамдық маңызы бар әлеуметтік рөлдерді орындауға дайындау үшін жағдайлар жасау.
Жастарға қатысты мемлекеттің айрықша саясатын әзірлеу қажеттілігін халықаралық тәжірибе де растайды. Бұған Гермения, Франция, Швеция, АҚШ, Италия, Испания сияқты шетелдерде жастар саясатын жүзеге асыру практикасы айқын дәлел болады. 90-шы жылдардың бас кезіне қарай, БҰҰ-ның деректері бойынша, жастрадың дамуы мен әлеуметтік қорғалуы мәселелері жөнінде арнайы заңнамалық актілер қабылдаған әлемдегі елдердің саны 130-дан асса, 90-ға жуық елдің мемлекеттік жастар саясатын тікелей әзірлейтін және үйлестіретін жоңары мемлекеттік деңгейдегі органдарды мен құрылымдары бар.
Жастар жөніндегі саясат көптеген елдердің қызметіндегі басым бағыттардың біріне жатады да, ол мына мақсаттарда жүзеге асырылады:
-жастардың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуы бүкіл қоғамның мүдделерінде олардың әлеуметтік әлеуетін ашу үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық-ұйымдық жағдайлар жасау;
-жастардың рухани, әлеуметтік, дене тәрбиесі мен мәдени дамуына жәрдемдесу;
- жастарды тәрбиелеу және білім беру;
-жас азаматтарға көмек және әлеуметтік қызметтер көрсету.
Жастардың әлеуметтік даму стратегиясы мен саясаты мүлде жаңа тәсілдердің, атап айтқанда, жас ұрпақтың өзіндік қызмет, әлеуметтік шығармашылық, іскерлік, инновациялық жобаларды, бағдарламаларды мемлекеттік және қоғамдық институттардың белсенді қолдау көрсетуімен жүзеге асыру үдерісінде өздерін таныту негізінде құрылуы тиіс.
Жастар жөніндегі саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттары болып табылатындар: жастар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету; жастарды еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдіктер жасау; жастрадың кәсіпкерлік қызметіне көмектесу; әлеуметтік қызметтерді кепілдік көрсету; дарынды жастарды қолдау; жастардың бірлестіктерінің қызметіне қолдау көрсету және халықаралық алмасуларға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
«Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі [23].
Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қат мәселе. Коледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда.
Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен.
Ал бізде 2009 жылдың өзінде бұл қаражат 25 пайызды көтеріліп отыр. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың әлеуметтік жағдайына нақты қолдау көрсетілетіндігін дәлелдейді. Сонымен қатар, 2007 жылғы Қазақстан Халқына арналған Елбасы Жолдауында жұмыс жасайтын аяғы ауыр әйелдер үшін аналық, жүктілік және туу кепілдігі міндетті әлеуметтік сақтандыру еңгізілді. Бұл көмектің еліміздің жас отбасылы инабатты келіндері үшін қаншалықты маңызды екені жақсы түсінікті. Себебі мұндай жүйе жұмысынан айырылып қалмай мемлекеттің кәсіби дамуына үлес қосумен қатар жақсы ана, аяулы жар болуға мүмкіндік береді [24].
Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр.
Өйткені, Қазақ елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі өрелі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын — жастар болмақ.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов болды.
Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ:
— Қор қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу.
Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінде қор тарапынан сан-салалы жұмыстар қолға алынып, атқарылған шаралар аз емес. Атап айтқанда, 2011 жылы мамыр айында Қазақстанның, Ресей, Қытай, АҚШ, Израиль, Үндістан, Германия және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, саяси және іскер топтарының өкілдері қатысуымен Парламент үйінде «Н.Назарбаевтың еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Осы ғылыми жиынның жұмыс қорытындылары бойынша еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар дүниеге келді. Конференция материалдарына арналып жинақ әзірленді[25].
Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен бірлесіп Орталық Азия-Каспий аймағында қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері жөнінде (ҚР СІМ бірлесіп АӨСШК мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен) алғашқы форумды өткіздік. Форум жұмысы ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан жақсы бағаланды. «Қазақстан Республикасының стратегиясындағы ұлттық, аймақтық және ғаламдық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» (ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қатысуымен, ҚР Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетімен бірлесіп), «Әлемдік экономиканың ғаламдану және аймақтық жағдайындағы Орталық Азия мемлекеттері ұлттық экономикасының даму концепциясы», «Әлемдік және аймақтық державалардың стратегиялары және Орталық Азия мен Каспий жағалауы елдерінің мүдделері», «Саяси бәсекелестік және партиялық құрылыс: ортақтастығы және ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізді. Экономикалық даму мәселелері кеңінен қозғалып, жан-жақты талқыланған қазақстандық әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжамдау институтымен бірге ұйымсдастырылған «Посткеңестік кеңістіктегі саяси жаңару» тақырыбындағы халықаралық конференция мамандардың белсене қатысуымен өткізілді.
Бүгінде халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын туғызып отырған мәселенің бірі — ауған жерінде бейбіт тіршілік пен тұрақтылық орнықтыру жайы. Жылдарға жүк болып келе жатқан осынау жағдайға байланысты тақауда ғана «Ауғанстан айналасындағы аймақтық қауіпсіздік: лаңкестікпен күрес қаншалықты нәтижелі?» атты халықаралық конференция өткізілді. Әлемнің бірқатар елдерінен келген белгілі сарапшылардың қатысуымен жоғары деңгейде өткен бұл жиын «Халықаралық бейбітшілік үшін» Карнеги қорымен бірлесіп жүргізген алғашқы жұмыстарымыздың бірі. Міне, қордың халықаралық қарым-қатынастар және алыс-жақын шет елдердегі жетекші ғылыми, сараптамалық мекемелермен өзара байланыстарды қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық, бейбітшілік пен тұрақтылық ісіне үлес қосу бағытындағы арналы жұмысының бір сарасы осындай. Әлем экономикасын шарпыған қазіргі дағдарыс жағдайында ғылым-білімді қолдаудың маңызы тіпті ерекше.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2011  жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін — білім ғана деген байлам жасады. Мықты маман болып, өмірдің сан кетігін бүтіндер ақылды, дарынды, талапты жастарымыз аз емес.
Мәселе, солардың алғашқы қадамына қолдау көрсетіп, көмек жасауда. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды.
Қызметінің басты бағыты — мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылатын Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы болып табылады. Байқау жыл сайын өткізіледі, оған келіп түскен жұмыстар белгілі ғалымдар мен сарапшы мамандардан құралған сараптау комиссиясының мұқият қарауынан өтеді, қолданбалы сипаттағы жұмыстардың авторларымен кездесулер өткізіледі. Жеңімпаздарға гранттар тапсырылады, ал ең үздік зерттеулер үшін Президент қорының арнайы сыйлығы тағайындалған.
Мұндағы мақсат — жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне қызмет ету.
Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар — бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі болып табылады.
Студент-жастар мен жас ғалымдар белсенділігінің артып, қатысушылар қатарының жылдан жылға көбейе түскендігі байқаудың қаншалық маңызды және қажетті екендігін көрсетеді. Байқаудың 2008 жылғы қорытындысы бойынша 60-тан астам адам жеңімпаз атанып, грантқа ие болды.
Сонымен қатар желтоқсанда табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы үздік зерттеулер, жаңашылдығымен және дарындылығымен ерекшеленген шығармашылық жұмыстар үшін жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлері арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сыйлығына жарияланған 2008 жылғы байқау өз мәресіне жетіп, сыйлық иегерлерінің есімдері анықталды. Бұл іс бүгінде өз қолдауын табуда.
Жастар шығармашылығына қолдау көрсетудің тағы бір қырына тоқтала кеткен жөн. «Ақылдың елден қашуы» деген мәселенің кез келген мемлекеттің болашағы үшін қауіпті екені түсінікті. Бұл жәйттің біздің елімізге де қатысы барлығын жоққа шығара алмаймыз. Осы тұрғыда, салдарына тікелей әсер етпегенмен де қор өзінің қолдау-көмегі арқылы бұл мәселенің себебін азайтуға, яғни дарынды жастардың ғылыми-шығармашылық ізденісін ұштауға өзіндік ықпал етуде деуге болады. Мәселен, аталған байқауларға қатысушылардың қай-қайсысы болсын еліміз өміріндегі нақты бір өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерттеулер жүргізеді, шешу жолдарын өзінше негіздеп ұсынады. Жақсы идеялар жоба күйінде қалмайды, міндетті түрде жүзеге асырылады. Осылайша, байқау дарынды жастарға ізденіс ізсіз кетпейтіндігін, бағалы идеялар еленбей қалмайтындығын көрсетті. Өз елінің тағдыры мен болашағына бейжай қарай алмайтын әрбір адамның ой-арманы, талап-тілегі қашанда өз биігінен орын табатындығын сезіндірді деп ойлаймыз[26].
Ғылым өрісін кеңейтуге бағытталған шаралардың қатарында жыл да қордың ұйымдастыруымен өткен халықаралық жастар форумын айтуға болады. Жүздеген жас ғалымдар қатысқан бұл ғылыми жиын тақырып ауқымдығын, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін, еліміз бен шет елдік ғылыми ортаның белсенді ынтымақтастық байланыстарының нәтижелілігін көрсетті. Форум аясында студенттердің табиғи және қоғамдық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл шаралар кеңес жұмысының үлкен бір бағыты. Сонымен қатар, өз қызметі аясында жүргізген әлеуметтік зерттеулер негізінде жас ғалымдар кеңесі ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастырып, семинарлар мен тренингтер және жастардың ғылым-білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыруда.
Қазіргі жастардың кәсіби бағдарларынының ерекшеліктері
Жаңа ғаламдық экономикалық даму, қаржылық- экономикалық дағдарыстың салдарларын еңсеру, халықты жұмыспен қамтудың нашарлауы жағдайында әлем бойынша кәсіпкерлікке ерекше мән беріледі. Дамыған елдерде де, дамушы елдерде де бұл секторға жаңа жұмыс орындарын құруда және жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда негізгі рөл беріледі.
Қазақстан «Бизнесті жүргізу - 2012 (Doing Business)» рейтингісінде 49-орынға тұрақтады [2]. Қазақстанның инновациялық әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін Дүниежүзілік Банк әлемнің 183 елінің ішінде орташа деңгейден төмен деп бағалайды. Қазақстанның экономикасына озық технологияларды пайдаланудың жеткіліксіздігі, басқару тәжірибесінің төмен деңгейі, менеджерлердің басым бөлігінде техникалық дағдылардың шектеулілігі, қаржы ресурстарына қолжетімділіктің жеткіліксіздігі және түрлі әкімшілік кедергілер тән [3].
Осылардың негізінде ұлттық экономиканың болашақтағы басты міндеттері инновациялық-технологиялық саясатты іске асыру, адам капиталын, шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.
Әлемдік тәжірибе куәландырғандай, жастар шағын және орта бизнестің, соның ішінде инновациялық бизнестің негізгі қозғаушы күші болып табылады және әлеуметтік- экономикалық проблемаларды шешуде басты рөлді атқарады.
Қазақстанда инновациялық қызмет қарқын алып келеді және экономикалық өсу мен еңбек өнімділігін арттырудың жетекші факторына айналуға тырысуда. Осыған байланысты жастардың инновациялық мінез-құлқын және жастар кәсіпкерлігін дамытуға басты назар аударылады.
Сондықтан жастар кәсіпкерлігін дамытуды жеке толыққанды мемлекет саясаты ретінде қарастыру қажет. Кәсіпкерлік қызметте экономикалық белсенді тұрғындарды жұмыспен қамту үлесін 60-70 %-ға дейін арттыру жөніндегі міндет ел тұрғындарының барынша белсенді және іскер бөлігі ретінде оған жастардың белсенді қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес [4].
Кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарын құру көзі ретінде танылғанына қарамастан, жастар кәсіпкерлігінің қалыптасуы Қазақстанда ШОБ дамыту белгісі ретінде қарастырылып келді. Алайда, соңғы жылдары мемлекетте жастар кәсіпкерлігін ынталандыруға және жастардың кәсіпкерлік белсенділігінен әлеуетті пайда алуға бағытталған шаралар қабылдануда.
Мемлекеттік қолдау шағын бизнес масштабының өсуі және оның біртіндеп орта бизнеске айналуы үшін экономикалық ынталандыруды қамтуы тиіс. Қазақстанда 1991 жылдан бастап ШОБ қолдау және дамыту бойынша алты мемлекеттік бағдарлама іске асырылды.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес ШОБ субъектілерінің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2005 жылы 17,4 %-ды, 2010 жылы 20,2 %-ды құраған. 2020 жылға қарай елдің ЖІӨ-де ШОБ үлесін арттыру стратегиялық міндетін іске асыру қажет. Деректерге сүйенсек, елде дамыған елдермен салыстырғанда ЖІӨ-ге ШОБ үлесінің төмен екендігі байқалады (Германия – 57 %, Ұлыбритания – 52 %, АҚШ – 52 %, Франция – 50 %).
Қазақстанның жалпы жұмыспен қамту көрсеткіштерінде ШОБ секторындағы халықтың жұмыспен қамтылу үлесі дамыған мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Егер дамыған елдерде бұл көрсеткіш 47 %-дан (Канада) 70 %-ға (Жапония) дейін болса, Қазақстанда шамамен 26 %-ды құрайды [5].
Шағын кәсіпкерлік секторында тұрақты жұмыспен қамтылғандардың үлесін арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлік саласында жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік саясатқа түзетулер енгізу қажет.
Жастар кәсіпкерлігі үшін шынайы мүмкіндіктер, ең алдымен, «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Өнімділік-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» секілді маңызды құжаттарды іске асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық бағдардың ауысуымен байланысты.
Жастар кәсіпкерлігін қолдаудың маңызды сектораралық шаралары мен құралдары «Жұмыспен қамту жол картасында - 2020», «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында» қамтылған.
Кәсіпкерлік қызметке қатысатын жастардың саны туралы нақты ресми деректер жоқ. Заңнамалық деңгейде «жастар кәсіпкерлігі» санаты дербес санат ретінде бөліп анықталмаған. Сонымен қатар, бүгінгі таңда бұл мәселе бойынша жүйелі үйлестіру жоқ.
Бүгінгі таңда «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, «БРК- Лизинг» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазына капитал Менеджмент» АҚ, «Kaznex Invest» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «Қазагроқаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және басқаларды қоса алғанда жалпы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі институттардың толық қатары құрылған [6].
Жалпы мемлекеттік қолдау инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және сараптамадан өткізу, ұзақ мерзімді лизингті қаржыландыруды ұсыну немесе инновациялық гранттарды ұсыну кезінде көрсетіледі. Басталған шағын және орта бизнес инвесторлар үшін, сондай-ақ ірі жобалармен жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен қорлар үшін қызықты болып табылады. Негізінен ірі компаниялар немесе «қарқынды» жобалар қаржыландырылады, ал шағын және орта бизнес шағын несиелер жүйесімен шектеледі.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасында кәсіпкерлік секторды дамыту шаралары банктен алынған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемеде субсидиялауды, сондай-ақ өсімақысыз бірнеше салықтар
болмауы және төмен еңбек пайымдамасы, білім алу пайымдамасының жеткіліксіз деңгейі, жастардың болашақ жұмысқа қатысты артық талаптары секілді субъективті себептер кешенімен байланысты факторларды жатқызуға болады. Онымен қоса мемлекеттік менеджментпен, жоғары оқу орындары ұсынатын білім сапасының жеткіліксіздігімен, еңбек саласындағы арнайы қызметтердің әрекетсіздігімен байланысты объективті факторлар да кездеседi.
К. Кенистонның ұрпақтар тартысының тұжырымдамасына берген түсініктемесі
«Ұрпақтар тартысының (жанжалының)» тұжырымдамасына түсініктеме берген К.Кенистон мынадай байлам жасайды, оның мәні қоғамның әлеуметтік құрылымының тікелей негізіне қаланған, ал жанжалдың (тартыстың) өзі жастардың осы қоғамға және оның заңдарына қатынасын көрсетулері болып табылады. Кенистонның айтуынша, «жастардың дағдарысы» - олардың айтарлықтай бөлігінің қоғам негізіне қаланған нормалар мен құндылықтарды қабылдаудан бас тартуы. Ол мынадай болжам айтады, наразалықтардың төркінін постиндустриалды революциядан туындаған сапа жағынан жаңа міндеттерден, өмір әдебі мен стилінен іздеу керек. Кенистонның айтуынша, 18 ғасырда басталып, осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан индустриалық революция енді өмірдің сапалық жағына, оның рухани және эстетикалық байлығына, қоғамдық моральға және т.б. баса назар аударады. Осы кезеңнің ерекшелігі мынада – постиндустриялық революцияның міндеттері индустриялық революцияның шешілмеген міндеттерімен біте қайнасады. Сонымен, Кенистонның пікірі бойынша, жастардың толқуларын индустриялы елдердің кемшіліктерімен емес, жетістіктерімен, «индустриалы елдердің өздерінің уәделерін орындамағандарымен емес, олардың табыстарының кейбір салаларда күткенненде асып түскенімен» түсіндіру керек.
Өз жастарының ерекшеліктеріне қарай жастар өмірдің әлеуметтік құбылыстардың барынша өткір сезеді, және соған орай әрекет жасайды. Жастарға жеке адам қабілетінің барынша толық ашылуына, жеке ерекшеліктердің көрінуіне, бақылаудан және «әке қамқорлығынан» эмансипация қажеттілігіне, сондай-ақ үлкендер белгілеген ережелер мен тәртіптерді өзгертуге ұмтылу әрекеті тән. Алайда, жастар субмәдениетіндегі қайсыбір жеке қасиеттерді ұрпақаралық қатынастардың барлық саласына таратуға болмайды. Сән үлгілері, көркемдік талғамдар және т.б. ұрпақтың мінездемесі үшін жеткіліксіз, әрі оның үстіне осы себептен туындайтын алауыздықтар «ұрпақтар дағдарысы» себептерінің бірі болып табылмайды.
Неге ұзақ уақыт бойы жастар дербес әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қаралмай келді? Өз ойыңызды айтыңыз
Жастар ең зерек алғыр топ ретінде ішкі серпінді өзгерістер мен қоғамның әлеуметтік, саяси, экономикалық элементтерімен және басқа да құрылымдарымен қарым-қатынастарын, өзара байланыстарын ұдайы шиеленістіріп отыруға бейім болады. Сонымен қатар осы буын қоғамдық-саяси, мәдени, отбасылық тыныс-тіршілікте, еңбек әрекетінде әркелкі белсенділік деңгейін көрсетеді; қалыптасқан қажеттіліктеріне, алған машықтарына, білімдеріне, өзіндік мүдделеріне, құндылықты бағдарлануларына қарай әлеуметтік икемділік танытады.
Біз тап болатын бірінші проблеманың мән-жайы мынадай: жастардың қоғамдағы маңызы тұрақты ма? Сірә, олай болмаса керек. Егде адамдарға жастармен салыстарғанда үлкен құрмет көрсетілетін қоғамдар бар. Мәселен, Ежелгі Қытайда осылай болған. Ал басқа қоғамдарда, мәселен, АҚШ-та қырық жастан асқан адам жұмысқа алу үшін тым кәрі болып есептеледі де, сондықтан жастар ғана талап етіледі. Қоғамдар жастардың тек беделімен ғана емес, сонымен бірге жастар оқиғалардың барысына ықпал ететін топтарға немесе қозғалыстарға біріккен бе, соған қарай да өзгешеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында Германияда стихиялық жастар қозғалысы пайда болды, осы қозғалысты елді басқаратын ресми топтар мен инститтутар қолдаған да, көтермелеген де жоқ. Англияда ол кезде жастрадың мұндай ұйымдары жоқ еді, ал Францияда бұдан аз ауқымдағы ұйымдар болды. Рессейде, нацистік Германияда, фашистік, Италияда және Жапонияда қазір милитаристік сипат алатын, мемлекет құрған жастардың монополистік ұйымдары бар. Англияда да, басқа бірде-бір демократиялық елдерде мұндай ұйымдар атымен жоқ. Проблема мынада, әрқашан жаңа ұрпақ пен жас бойынша жастар топтары болатынына қарамастан, оларды пайдалану мәселесі әр жолы осы қоғамның сипаты мен әлеуметтік құрылымына байланысты болады. Жастар - әрбір қоғамда бар жасырын ресурстардың біріне жатады, әрі оларды қаншалықты жұмылдыруға қарай қоғамның тіршілікке қабілеті көрінеді. Осы тезистің барынша растығына, әр елдің тіршілікке қабілетті оның жасырын ресурстарын жұмылдыруымен анықталатын соғыс уақытының бүгінгі жағдайында көзіміз жетеді. Әрбір жұмыссызды пайдаланған, әйел еңбегін өнеркәсіпте қолданған және капиталдан пайда түсірген жағдайда жеңіске жету мүмкін болады. Қалыпты аталатын жағдайларда бұл резерв жасырын болып табылады да, ал кенеттен дағдарыс орнаған немесе негізгі позицияларды өзгерту қажет болған кезде, организмнің аман қалуы осы жасырын ресурстарды дұрас және жылдам жұмылдыра білу қабілетіне байланысты болады.
Қандай қоғамдарда егде адамдардың ең жоғары беделге ие екенін, ал жастардың жаңартушы күштерінің қозғалысқа біріктелмегендігін және небәрі жасырын ресурстар күйінде ғана қалатынын аңғару қиын емес. Меніңше, өзгерістердің баяу қарқындарында біртіндеп дамитын статикалық қоғамдар негізінен аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсе керек. Олар жастардың жасырын мүмкіндіктерін іске асыруға қарсылық көрсетеді. Осындай қоғамдардағы білім дәстүрлерді табыстауға жұмылдырылады да, ал жаңғырту мен қайталау оқытып-үйретудің әдісі болып табылады. Мұндай қоғам жастардың өмірлік рухани резервтерін әдейі елемейді, өйткені қалыптасқан дәстүрледі бұзуға олар құлықты емес.
Осындай статикалық, баяу өзгеретін қоғамдарға қарама-қарсы жаңа бастапқы мүмкіндіктерге ұмтылатын серпінді қоғамдар, өздерінде үстемдік құрған әлеуметтік немесе саяси философияға қарамастан, негізінен жастармен ынтымақтастық жүргізуге сүйенеді. Олар әлеуметтік дамудың қалыптасқан барысын бұзу арқылы өздерінің өмірлік ресурстарын ұйымдастыра және пайдалана біледі. Бұл орайда реформалар мен революциялардың көмегімен өзгерістерге қол жеткізуге ұмтылатын қоғамдардың арасында ғана айырмашылық болады. Қос жағдайда да олар жастар болуы тиіс. Егде және орта жастағы буын болашақтағы өзгерістердің сипатын ғана болжауы мүмкін, осы ұрпақтың шығармашылық қиялын жаңа саясат жасау үшін пайдалануға болады,иалайда тек жас ұрпақ қана жаңаша өмір сүреді. Жас ұрпақ аға буын тек теориялық тұрғыда ғана мойындалған құндылықтарды іске асырады. Жастардың айрықша функциясы мынады, олар – жандандырушы аралық буын, алдыңғы қатарға шығатын өздігінше резерв, мұндай жандану тез өзгеретін немесе мүлде жаңа жағдайларға бейімделу үшін қажет болады.
...Кертартпа және реакциялық қозғалыстар да сондай-ақ жастарды ұйымдастыруы және еліктіруі мүмкін. Егер біз жастар әлеуметтік өмірдегі жандандырушы аралық буын деп есептесек, онда қоғамға ең басынан бастауға көмектесеті жұмылдырылатын және біріктірілетін элементтерді көрсеткеніміз мақсатқа сай болады.
Біздің пікірімізше, жасар басым дәрежеде ие авантюризм рухынан бөлек, осындай элементтердің бірі мына факт болып табылса керек, жастар әлі де әлеуметтік тәртіптің status quo-сына толық енгізілген емес. Жастардың қазіргі заманғы психологиясы мен социологиясы үйреткендей, бүгінгі жастардың ділін түсінудің кілтін тек дамудан ғана іздемеу керек. Сайып келгенде, осы параметр әмбебап және ол орнымен де, уақытпен де шектелмейді. Біздің көзқарасымыз бойынша жыныстық жетілуді айқындайтын шешуші фактор мына жайт болып табылса керек, осы жастағы жастар қоғамдық өмірге қадам басады және олар қазіргі замандағы қоғамда тұңғыш рет антагонистік бағалардың ретсіздігімен бетпе-бет кездеседі. Мына жайт дәлелденген, қарабайыр қоғамда жастардың интеллектуалдық жанжалдары болған емес, өйткені онда отбасы мен жалпы қоғамдағы мінез-құлық нормалары арасында елеулі айырмашылықтар орын алмаған. Біздің жастарымыздың анағұрлым тартысты сана-сезімі біздің қоғамымызда бар ретсіздіктің көрінісі ғана болып табылса, ал оның сасқалақтауы – жастар тәжірибесіздігінің табиғи нәтижесі. Біздің талдауымыз үшін жастардың тартысты сана-сезімі емес, ал жастардың қазіргі қоғамның тартыс-жанжалдарына сырттан қарайтын фактісі маңызды. Нақ сол себептен де жастар қоғамдағы кез келген өзгерістердің ұйытқысы болып табылады.
Жастар өзінің табиғаты бойынша ілгерішіл де, кертартпа да емес, олар кез-келген бастамаға даяр әлеует. Жыныстық кәмлетке жеткенге дейін бала отбасында тұрады және оның көзқарастары жанұясының эмоциялық және интеллектуалды дәстүрлеріне сәйкес қалыптасады. Жасөспірім шағында ол көрші-қолаңмен, қоғаммен және қоғамдық өмірдің кейбір салаларымен алғашқы байланыстар жасайды. Бозбала осылайша, жетілудің биологиялық ашу сатысында болумен қатар, ол әлеуметтік жағынан жаңа дүниеге, әдет-ғұрыптарға қадам басады да, мұндағы құндылықтардың жүйесі өзі бұрын білгендерден өзгешеленеді. Жасөспірім үшін тылсым жаңалық болып көрінген нәрсені ересектер әлдебір үйреншікті және өзінен-өзі түсінікті жайт деп қабылдайды. Қоғамға осылайша сырттан ену жастарды мүлде басқа себептер бойынша заттардың орын алған жағдайына наразылық білдіретін серпінді әлеуметтік қозғалыстарды жақтауға мәжбүрлейді. Көпшілік ересек адамдарға заң арқылы бекітілген не экономикалық, не құндылықты мүдделер жастарда әлі жоқ. Осы арқылы мына фактіні түсіндіруге болады, жасөспіріс шақта көпшілігі нағы революционер немесе реформаторлар ретінде әрекет жасайды да, ал кейінірек, тұрақты жұмыс тұрғаннан және үйлі баранды болғаннан кейін, қорғанысқа көшеді де, status quo-ны сақтауды қалайды. Социология тілінде жас адам болу қоғамның шетінде болуды, көпшілік жағдайларда аутсайдер болуды білдіреді. Расында да, жоғары сынып оқушылары мен жас студенттердің айрықша белгісіне орын алған тәртіптегі заң бекіткен мүдделіктің болмауы жатады, бұлар әлі экономикалық және психологиялық құрылымға өз үлестерін қосқан жоқ. Менің көзқарасым бойынша аутсайдердің осы позициясы – биологиялық жетілумен салыстырғанда анағұрлым маңызды фактор, ол өзгерістерге қатысты ашықтық пен бейімділікті айқындайды. Оның үстіне, осы позиция басқа себептер бойынша қоғамның шетіне шыққан қысым көрген тап, еркін кәсіптің адамдары- ақындар, әртістер сияқты басқа топтар мен жеке адамдардың позициясымен сәйкес келеді. Аутсайдердің мұндай позициясы, әрине, билеуші топтар басуы немесе жұмылдыруы және қозғалысқа біріктіруі ықтимал мүмкіндік қана.
Жасөспірім –түрлі бастамаларды жүзеге асыра алатын қоғамдық күш, өйткені ол орнатылған тәртіпті өзінен-өзі түсінікті нәрсе деп қабылдамайды және жасөспірімдер заң бекіткен не экономикалық, не рухани сипаттағы мүдделерге ие емес.
Жастардың аудиториясына арналған жарнамалық науқанға талдау жасаңыз ( таңдауыңыз бойынша – мәселен « пепси», « сникерс» және т.б.).
Біз өмір сүріп жүрген жаңа әлем жарнама алаңына айналғандай. Біздің әрқайсысымыз күніне мыңдаған жарнаманы қабылдап, санамызға сіңіріп жатамыз. Себебі, кез келген қоғамдық ортада, аялдамаларда, қоғамдық көліктерде бір емес, бірнеше жарнамаларды кездестіреміз. Одан қалса, кеш мезгіліндегі бос уақытты пайдаланып, теледидар көре қалсақ та, уақытымыздың жартысы жарнама көрумен өтетіні сөзсіз. Әрине, мұншалықты жарнамадан алатын әсерлер біздерді өзгертпей қоймайды. Ендеше, жарнама санамызға қаншалықты әсер етеді? Осы сұраққа жауап іздейік...
Әсер етудің ең бірінші аспектісі - жарнамадағыдай жақсы өмір сүру мен бақытты болу жолында қалыптасу. Жақсы үй, жақсы көлік, жақсы жар - жарнамадағы құндылықтар болып саналады. (Алайда, оларсыз-ақ өмір сүруге болады). Бірақ, адам болған соң, бірінші есепте пенде болған соң, соның бәріне иелік еткің келеді. Жарнаманың да алға қойған мақсаты сол. Екіншіден, қозғаушы күш ретіндегі әсері мен бір ортаға жұмылдыруы. Қаншама рет бұның бәріне қарсы шыққанымен, түптің түбіне келгенде, барлық адам жарнамадағыдай өмір сүргісі келеді. Қалағанын ішікісі, жегісі келеді. Өмірін тек жақсылыққа құрғысы келеді. Бұның бәрі жарнама сыйлаған арман мен үлкен үміттер болып табылады.Тағы бір айта кетері, интернет желілері мен қоғамдық ортадан, теледидар мен газет-журнал беттерінен көріп жүрген жарнамалар адамды көзсіз еліктеуге алып келеді. Неге дейсіздер ғой? Өйткені, әлгі жарнамалардан соң, адам баласы өзі қарап жүрген дүниелерге назар аударғысы келмейді екен. Олар қиялдан артық үміттермен өмір сүреді. Ұғымға сыймас армандар мен күлкі келтіретін кереметтерді туғызады. Соларға табан астында жеткісі келеді.
Ауру ма, әлде дерт пе, әзірге белгісіз  болып келе жатқан жағдайға көбіне сенгіш, арманшыл адамдар ұшырайтын көрінеді. Аталған аурудан немесе сырқаттан құтылудың бір-ақ жолы бар екен. Ол - жарнама атаулыдан ат тонды ала қашу... Иә, теледидарды қарауды қойып, оның орнына ән мен табиғи дүниелерді тамашалап, бос күндерді табиғат аясында өткізу керек.
Бір қарағанда, қиын болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде олай емес. Жарнама жоқ жермен жүрсеңіз болғаны, аталған аурудың түрінен біржола құтылып, қалыпты өмір сүре аласыз. Немесе, жарнамаға назар салмауға тырысыңыз...

Сіз адамның биологиялық және әлеуметтік екі табиғатына сәйкес келетін «жастар» ұғымының қосарлы қос өлшемі бар деген С.И.Левикованың пікіріне келісесіз бе?
Иә келісемін. Жастардың психологиясы мен әлеуметтік дамуына қарай оларды белгілі бір жас мөлшер аралығын қамтиды. Жастар деп біз 14-29 жас арасындағы адамдарды айтамыз. Осы жас аралығындағы жастардың биологиялық және әлеуметтік дамуы жүреді.
Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).
Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18 — 21 жас), кемелдену (22 — 60 жастың арасы), егделік (61 — 74 жас), кәрілік (75 — 90 жас) деп бөлінеді. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады. Жас Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жас — адам ғұмырының белгілі бір кезеңін белгілейтін өлшем. Жас адамның физиологиялық, морфологиялық және психологиялық дамуының көрсеткіші болып табылады. Қазіргі заманғы ғылымда адамның жас ерекшелігіне қарай оның даму кезеңдерін төмендегідей бөледі:
1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3 жас арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 жас арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді: 7 мен 9-дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер); 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары сынып оқушылары (бозбалалар).
Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18 — 21 жас), кемелдену (22 — 60 жастың арасы), егделік (61 — 74 жас), кәрілік (75 — 90 жас) деп бөлінеді. Бұл кезеңдерді психология ғылымының жас ерекшелік психологиясы деп аталатын арнаулы саласы зерттейді. Мысалы, баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психикалық даму жолын жас ерекшеліктері психологиясының балалар психологиясы бөлімі зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін жас ерекшеліктері психологиясының жасөспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын бөлімдері қарастырады. Кәрі адамдардың жас ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Сонымен бірге, жас — қоғамдағы маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналады. Халықтың құрамы мен демография қуатын есептеуде жас ерекшеліктері ескеріледі. Жас ерекшеліктеріне байланысты халық санында болатын өзгерістердің динамикасын демографиялық статистика ғылымы қарастырады.
«Жас болу оңай ма?» тақырыбына эссе жазыңыз (өз ойларыңызды жазыңыздар)
Жас болу мен үшін оңай әрі қызық. Біз студенттерміз. Білім алу қолжетімді, сабақтан тыс уақытымызда көп, жұмыс істеуге болады. Ата-анамдармен, достарыммен арақатынасым жақсы. Студенттік шақ өте қызық. Жатақханадағы өмір студенттік кез қызық. Білім алуға, ақпарат іздеуге барлық жағдай жасалған. Жатақхана ішінде тегін әлеуметтік желілер, белгілі бір оқу залы бөлінген,
Ч. Кули отбасын « ерекше түрдегі бастапқы топ » ретінде қарайды, мұнда отбасының ықпалы жалпы тұлғаны қалыптастырса, ал « қосымша топтар » оған тек белгілі бір аспектілерде ғана әсерін тигізеді. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
Иә, толықтай келісеиін. Отбасы қоғамның ең алғашқы ұяшығы болып табылады. Отбасында адамның немесе индивиттің ең алғашқы әлеуметтенуі басталады. Әкесі мен анасының тәрбиесіне қарай бала өмірге бейімделеді. Ата-анасы баланы қоғамдық өмірге бейімдеді. Баласына тәрбие, білім береді. Тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Өз мейірімдерін төгіп қоғамға пайдалы азамат болуға үйретеді. Қоғамдық тәртіпке бағынуына, өзінің жеке өмірін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Сіз Ихаб Хасанның мына пікірімен келісесіз бе: « Жастар дағдарысы » ересектер өмір сүруге тура келетін алауыздықтары мен сәтсіздіктерімен және шиеленістермен сабақтасады». «....Ұрпақтар арасындағы күрес ақыр соңында адам өмір сүретін құндылықтарды жаңартады »
Өз ойларыңызды жазыңыздар
Сіз К. Юнганың « Ұжымдық сана – сезімге сай келмейтіндерді « барып тұрған әпенді » немесе есуас деп қабылдайды. Ал егер осындай әпенді кенет шын мәнінде данышпан болып шықса, оны тек екінші және үшінші ұрпақ қана мойындайды » деген пікірмен келісесіз бе?
Өз ойларыңызды жазыңыздар
Сіз М. Мидтің: « Ұрпақтар арасындағы тартыстар ең алдымен жоғары сатылас икемділіктегі таптық қоғамдарға тән »деген пікірмен келісесіз бе?
Қазіргі заманғы балалар тез есейеді. Сондықтан оларға нақты өмір туралы уақытылы нақты білім беру, жеке тәжірейбесімен дер кезінде бөлісу және үлкендердің тәжірейбесін сыйлауға үйретуі маңызды. Бұрынғыдан бас тартуға болмайды, өйткені онсыз бүгінің мен ертеңің жоқ. Ұрапақтар арасындағы түсінбеушіліктің астарында жатқан көптеген себептер сол жылдардағы әлеуметтік ахуалды, өмір тарихын білімдеуден туындайды, әрі қазіргі заманғы білім мен тәжірейбенің биігінен саралаған кезде, біз сол замандағы адамдардың психологиясын назадан тыс қалдырамыз.
Жоғарыда айтылғандай, отбасында жүретін өзгерістерге байланысты балаларға деген жаңа қарым-қатынас қалыптасады да, әрі ол екіұшты болады. Бір жағынан, балар құндылық болып саналады да, ата-аналардың көпшілігі перзенттерін қуаныш етеді. Екінші жағынан, тұрмыс жағдайларының, әлеуметтік және эконмикалық құндылықтар жүйелерінің өзгеруіне байланысты балаға құштарлық азаяды. Балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру рухани да, материалдық та үлкен күш-жігер мен жұмсалатын қаражатты талап етеді. М. Мидтің пікірі бойынша, отбасында балалардың, санын азайту ата-аналарға әр балаға көбірек көңіл бөлуге, ал балалар жақсы білім алулары мен өмірде көп нәрсеге қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Расында да солайма? Қаржы және басқа да қиындықтарға қарамастан, көпшілік жас отбасылар балаларды құнды «әлеуметтік инвестициялау» деп есептейді.
Балалалардың қаншалықты лайықты тәрбие алатынына байланысты алаңдаушылық 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың бас кезінде бұқаралық медианың тақырыптарының біріне айналды.Егер журнгалистер ұдайы көтеріп жүрген проблемалар- баланы дұрыс тәрбиелемеуге, оның мүдделерін елемеуге, балаларға күш көрсетеуге, ұрлауға, жасөспірімде қылмыстылығына назар аударатын болса, онда балалар да, олардың ата- аналарыда жаңа ұрпақтың әлеуметтену міндеттеріне сай емес деген пікір туындайды.
Отбасы- негізгі иниституттардың бірі ғана емес: неке мен отбасы туралы түсінік көпшілік адамдар үшін өмірлік философияда басты мәнге ие. Осы тұрғыда көптеген нормалар мен ұғымдарды ,бағдарлар мен таптауырындарды қайта пайымдауға байланысты отбасылық құндылыұқтар эволюциясының проблемасы аса маңызды сиякты болып көрінеді. Отбасыға барынша баламалы анықтама табу және оны жіктеу күрделі мәселе болып табылады.
«Жастар мәдениеті бұқара халықтың мәдениетінің бір түрі» деген тақырыпты талдаңыз
Жастар еліміздің бетке ұстар азаматтары, еліміздің ертеңі. Мемлекетіміздің мәдениетін қалыптастыра отырып, жастарды мәдениеттілікке тәрбиелейміз.
Мәдениеттің жаңартудағы жас ұрпақтың рөлі, «жастардың мәдениеті» мен «ересектер мәдениетінің» өзара қатынастары туралы мәселелер аса өзекті болып табылатын сияқты, бірақ оларды ғылыми талқылау, осы ұғымдардың сапалық межелері анықталған жағдайда әдептілікке бағдарлануы мүмкін.
Жаңару және қалыптасу үстіндегі мәдениетке бейімделу кезеңін бастан кешіретін жас ұрпақ дүниетанымдық, мағыналы өмір бағдарларында, субмәдениетке бағдарланған ұстанымдарда елеулі өзгерістерге ұшырайды.
Осы проблемалар қатарын зерттеудің әдіснамалық негізін қадағалағандар: В.Дильтейге, К.Маннгеймге, Г.Шельскийге тірелетін ұрпақтардың қалыптасу және әлеуметтік өзгеру теориясы; Т.Парсонсқа тірелетін құрылымдық-функционалды теориялар; жас топтары мен ұрпақтар арасындағы өзара қатынастар туралы Ш.Айзенштадттың теориясы, сондай-ақ К. Левиннің әлеуметтік-психологиялық тәсілі, А.Коэннің, Дж. Колеманның, Д. Аусубельдің, Ф. Тенбруктың және көптеген басқа ғалымдардың тұжырымдамалары.
Жастар субмәдениетінің мәнін түсіндіретін негізгі тәсілдерді белгілемес бұрын, «жастар», «мәдениет», «субмәдениет» ұғымдарының анықтамаларын қарау қажет.
С.И. Григорьевтың пікірі бойынша, ресейлік әдебиетте бүгінгі күнге қарай «мәдениет» ұғымының дефинициялары туралы мынадай түсініктер кең тараған:
-заттық, материалдық таратушыларға дәйектелген, келесі ұрпақтарға берілетін адамзат баласының материялдық және рухани қызметіндегі тәсілдер мен амалдардың жиынтығы;
- тарихи нақты қоғамда әлеуметтік бағдарлау функциясын орындайтын нормалардың, құндылықтар мен мұраттардың жиынтығы.
Мәдениетке әлеуметтік меңгерілген мінез-құлық ретінде анықтама беру мәдениеттің әлеуметтендіруші рөлін күшейтеді және ол субмәдениеттердің мазмұнын зерттеуге қолданымдылығымен шектелместен, сонымен бірге олардың мәдени айырмашылықтары тұрғысынан да маңызды сияқты. Іс-жүзінде мәдениет бір жағынан біріктіруші, екінші жағынан ажыратушы күш болып табылады. Адамдар әртүрлі және бір-бірінен өзгешеленетін әлеуметтік топтарда дүниеге келеді және өмір сүреді, осы топтарда олардың бастапқы әлеуметтенуі жүреді. Нақ осы әлеуметтік-мәдени орта, әлеуметтік сәйкестік қалыптастыратын нормалар мен құндылықтарды береді. Осыған қарай кез-келген стратификацияланған қоғамда түрлі мәдениеттің болуы, олардың баламасы мен таңдау мүмкіндігі құндылықтар, стильдер, өмірлік бағдарлар, биоәлеуметтік бедел мен мінез-құлық тартыстарының себебі болып табылады.
«Жастардың субмәдениеті: ойын ба немесе қарсылық па? » өз пікіріңізді айтыңыз
Жастардың арасындағы субмәдениет ту­ралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғы­мына ғана қатысты емес, сонымен қа­тар «жастар», «субмәдениет» тү­сініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кет­кендігінен туып тұр. Жалпы, субмәде­ниет - жас адамдардың ресми емес қаты­нас­тарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағи­далары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-­ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы.
• Жастар субмәдениетінің өзіндік құн­ды­лықтары мен тәртіп нормаларын культ­қа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адам­­дар аса көп шоғырланған үлкен мега­по­листерге тән феномен екендігін айта кет­кен жөн. Мұны «жастарға арналған мә­дениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл кө­те­ру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәс­түр­лі нормаларға қарсы тұру секілді) ша­тастырмаған жөн.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты бол­мағандығына байланысты мәдени мұ­ралар элементтерінің де соншалықты сан­қыр­лылығы байқала түседі.
Соңғы жылдары музыкалық суб­мә­дениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмә­де­ниет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорт­тық субмәдениет (паркуршілер, сноу­бордшылар, скейтбордшылар) ай­рық­ша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ та­­бынушылары секілді спецификалық суб­­мәдениеттің түрлері бізде бар бол­ға­нымен, Ресей және басқа да шетелдермен са­лыстырғанда өте сирек кездеседі. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында пси­хо­ло­гиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана та­ра­пынан болатын олқылықтардың қа­тар­ласуы салдарынан орын алады.
• Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүр­геннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын да­мудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың рес­ми емес қатынастары және олардың өз­деріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке суб­мәдениеттің қалыптасуының себебіне ай­налады.
Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөй­леу мәнерінен, жаргондардан және ай­р­ықша әуестенулерден көрініс табатын үл­кендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қар­сы­лық.
Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып та­­былатын жастардың психологиялық ерек­­шеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-ана­ла­ры мен мектеп тарапынан болатын ба­қы­лау­лардан босауға деген ұмтылыстан, эмо­­цияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсі­­релеушіліктен, өмірге қатысты ой­ла­ры­ның тым мінсіздігінен, адамгершілік ұс­та­ным­­дарының тұрақсыздығынан, жеке ада­ми құндылықтарының қалыптас­па­уы­нан.
• Жастардың өмір сүру қалпы және тір­шілік ұстанымы контрмәдениет шең­бе­­рін­де болуы мүмкін емес сияқты. Ай­талық, хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттан­дыра ал­мау­шылық мәселелері негізіндегі контр­мә­дениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пай­да болды. Ал Батыс және Шығыс Еу­ро­па елдеріндегі «тақыр басты» жастар қоз­ғалысының пайда болуы, оның Ре­сей­дегі қатыгездену және сая­сат­тану тарихы - бұл да жастар субмәде­ние­тінің емес, кон­тр­мәдениетінің көрінісі. Қазақстан - бел­гілі дәстүрлер мен жа­ңа­шыл­дықты өзі­не жинақтаған ерекше мем­лекет. Біздің жас­тар, бір жағынан, қоғамның ин­но­ва­циялық потенциалы болып табылады жә­не білім алуда, жаңашылдықты қа­был­дау­да, мамандығы бойынша өсіп-өр­кен­деу­де және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құнды­лықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы са­надағы дәстүрлілік пен діл ерек­шелігі жас­тардың ерекше суб­мә­де­ниетінің қа­лып­тасуын тежеп тұр.
• Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, ден­саулық, отбасы секілді құндылықтарға қа­рым-қатынастары оның рухани-адам­шылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақ­сат­та­рын асыра бағалауымен байланысты.
Біріншіден, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өт­пейді және субмәдениет қазіргі әлеу­меттік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бөл­­шегі етуге негізделеді.
Субмәдениет - бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Менің жоғарыда айтып кеткенімдей, контр­мә­де­ниет­ке қатысты әңгіме басқа. Міне, қо­ғамның мәдени аясын, өрісін және адам­ның өзін де осы бұзады (сөз әртүрлі діни ағымдар, жүйесіз топтар туралы). Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмір­ге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Олар­ға нағыз өмір туралы нақты кеңестер бе­ріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бө­лісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғы­лыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұр­ғы­сынан саралап, дәуір психологиясын ес­кермей, мәселені сол заман адам­дарының қандай көзқараспен таны­ған­дығын назардан тыс қалдырып жатамыз.
Бүгінде мектеп, университет және от­басы жастарға жай «бақылаушы» по­зи­ция­сын ұстанбаулары керек, керісінше, же­ке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұм­­тылу позициясын қамтамасыз ету ке­рек.
«Патриотизм жастардың құндылығы» тақырыбын мазмұндаңыз
Кейде қоғамдық орындарда үлкен кісілердің «біз жас кезімізде ондай едік, мұндай болғанбыз ал қазіргінің балалары өзгерген» деген сияқты реніштерін естіп жатамыз. Егер есімізге алсақ, Кеңес одағында жастар –мәдениетті, бәрі белгілі бір тәртіпке бағынған, Отан үшін отқа түсетін коммунистер болған. Солай болуға тиісті де еді. Өйткені, кеңестік кезең ешкімге еркінсуге мүмкіндік бермеді. Ал, қазір – демократия. Шүкір, азат елдің азаматтарымыз. Екі замандағы жағдайларды салыстыруға келмейді. Десек те, бір сәт «бүгінгі тәуелсіз елдің жастары қандай?» деген сұраққа тоқталайықшы.
Егер жастардың жағдайын, ұстанған бағытын мемлекеттік мекемелер болмаса партия ұйымдастырған шаралармен немесе олардың атқарған жұмыстарымен бағалайтын болсақ, онда көпшілігіміз «жастар – патриот, олар белсенді» деп жауап беретініміз сөзсіз. Бұл түсінікті. Себебі, қандай жиын болмасын, жастар улап-шулап, ұрандатылған сөздер жазылған плакаттарды ұстап бірінші қатарды тұрады. Бірақ, мұндай шараларға көбінесе студенттерді сабақ уақытысында жинап апаратынымыз жасырын емес. Әрине, ондай уақытта біз жастардың жағдайына емес, залды толтырудың қамына кірісеміз. Сөйтіп осылай кім-кімді алдап жүргені түсініксіз, көзбояушылыққа барамыз. Кейбіріміз осындай шараларды көріп, «өздері патриот дегеннің не екенін білмей жүріп, патриотпын деп жаһанға жар салады» - деп ашынамыз. Иә, шын мәнісінде, аузымызға жиі алатын патриотизм дегеніміз не? Егер оның нақты анықтамасын алып қарайтын болсақ, бұл сөзді грек тілінен аударғанда, patris – отан, атамекен деген мағынаны білдіреді. Яғни, патриотизм – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезім. Көрдіңіз бе, Отанына деген сүйіспеншілік сезім. Ал,қазір біз өзімізше пайымдап, парқына бара бермейтін болғанбыз. Жүрекпен сезінудің орнына, қанша рет алаңға уралап шыққанымызға есеп беретін болдық, осымен өлшейтінді шығардық.
Кез-келге елдің қозғаушы күші жастар екені айдан анық. Мемлекеттің жас өрені білімі мен таудай талабының арқасында еліне қызмет етуі тиіс. Бірақ, бүгінгі күні жастарға қатысты қаншама қордаланған мәселелер шешімін таба алмай жүр. Мәселен, өзге діни ағымдардың арандатушылығының соңында жүргендер бар. Олар туралы айтқанда көбіміз жауапкершілікті ата-анаға немесе мұғалімге аударып, тәрбиеге әкеліп тірейміз. Олардың мәселесіне мемлекетте басын ауыртуы тиіс. Себебі, қоғамда арасында өзге бағыттағы секталардың жүруіне жол бермесек, бүгінде бармағымызды тістеп, басымызды бұлғамас едік. Тағы бір өткір мәселе, оқу бітіргеннен кейін екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыздардың қатарын толтырғандар, баспанасыз жүргендер қаншама! Бұл мәселеге келгенде аузыымзға «»Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» немесе «Жол картасы» сияқты бағдарламаларды аламыз. Бірақ мемлекет тарапынан берілетін көмекке көп жастардың қолы жетпей жүргендерін ұмытпауымыз керек. Осыдан кейін оларға патриоттық туралы әңгіме айтудың өзі қиын.
Сіздің ше жас адамның өмірлік позицияларын не айқындайды?
Жастардың әлеуметтенуі барысында олар үшін маңызды заттар, оқиғалар, жандар – өмірлік құндылық болып табылады. Құндылықтардың өзі: рухани, материялдық, денсаулық, отбасы құндылығы секілді бөлінеді.
Әрбір адамда мақсат болады. Соның ішіндегі жастарды алатын болсақ, олар алаулап тұрған от секілді, өмірге деген құштарлықтары мен қызығушылықтары басым болады. Олардың мақсаттары көп болады.
Жастар өз бойындағы құндылықтары мен мақсаттарын біріктіре отырып өмірлік позицияларын айқындайды.
Ары қарай өздеріңізді мысалға келтіріп жазыңыздар.
Жастардың мамандық таңдауы қандай әлеуметтік құндылықтарды іске асырумен байланысты болады деп ойлайсыз?
Негізінен жастардың реалистік құндылықтары: ақша, атақ, қымбат заттарға жету болып табылады. Осы құндылыққа жету мақсатында адам бірінші білім алады, екінші, мамандығын танадайды сол мамандықпен жұмыс істейді. Жұмыс істеу барысында сол құндылықтарының орнын толтыра алады, ойлаған мақсатына жетеді.
Жастардың негізгі құндылықтары материялдық және рухани деп қарастырамыз. Мамандық таңдаған көбінесе рухани қажеттілігіне қарай таңдауға қарағанда материялдық құндылықтар негізінде таңдау басымырақ болып отыр. Бұл жастардың сұраныс жоғары мамандыққа түсуі немесе айлығы жоғары мамандыққа түсуі болып табылады. Біраз жылдар бұрын елімізде экономистер мен юристердің саны көбейсе, қазіргі таңда жастардың көбісі сұранысқа ие мамандыққа тапсырып, оқу бітірген соң тез жұмыс табуға тырысады.
Жастар саясатын қалыптастыруда БҰҰ- ның рөлі қандай?
Қазіргі таңда әлеуметтанушылар «жастар» деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар–жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады [1].
Мемлекетіміздің тұрақты даму үдерісіндегі шарттардың бірі – жас ұрпақтың әлеуметтік бағытталуы және азаматтық қалыптасуы үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау және оларды нығайту.
Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. 2004 жылғы Украинадағы, 2010 жылғы Қырғызстандағы,  2011 жылғы Солтүстік Африка мемлекеттеріндегі, сондай-ақ Ресейдегі соңғы Парламенттік сайлаудан кейінгі орын алған оқиғалар жастардың қоғамдағы теріс әрекеттерді өткір әрі тез қабылдайтынын, жастармен жасалатын жұмыстардағы жіберілген қателіктер қолайсыз салдарға әкеп соқтыратындығын дәлелдеді.
Жастардың пiкiрлерiн зерттеу, жастар саясатының үрдісіне, жастардың бүгінгі таңдағы құндылықтарына және қазiргi жай-күйiне уақытылы мониторинг жүргізу мемлекет үшiн өте маңызды. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының iске асырылуын зерделеу жөніндегі бірқатар социологиялық және талдамалы зерттеулер жүргiзiлуі аса маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жеткiлiктi нормативтік–құқықтық базамен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітіліп, 2004 жылы «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заң қабылданды. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында, басқа да маңызды стратегиялық құжаттарда жастар саясатына арнайы бөлім арналған. Бiлiм және ғылым министрлігінің құрылымында, аталған саладағы бейіндік мемлекеттік орган болып табылатын Жастар саясаты департаменті жұмыс iстеуде.
Бәрімізге мәлім,  соңғы жылдары мемлекетімізде жастармен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде – жастардың жаңа қоғамдық бірлестіктері құрылды, сонымен қатар облыс аудандарында әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары атқарылды, жыл сайын жастар форумдарын, кәсіптік конкурстар, фестивальдар, отансүйгіштер шеруін өткізу дәстүрге айналды, жастарды әлеуметтік қорғаудың әртүрлі нысандары енгізіліп отыр. Алайда, қазіргі таңдағы қоғамдағы беталыс,  қоғам мен мемлекет тарапынан жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиеленуі проблемаларына ерекше назар аударылуы мемлекеттегі жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа сапалы тәсілдерін әзірлеуді қажет етеді. Осы ретте, жастар саясаты бүгінгі күні жас ұрпақтың қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуінің бірден-бір мүмкін боларлық тетігі болып табылады.
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және егемен еліміздің перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады[2]. Зерттеу жұмысының негізгі аспектісі ретінде жастардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мәселесі алынды. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Жұмыссыздық және рухани шектелу қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік және осы сияқты әлеуметтік құбылыстардың таралуы - олардың басты факторы болып отыр.
Жастардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы статистикалық көрсеткiштер қатарынан көрінеді және әрбір жас азаматтың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Жастық шақ кезеңіне адам өмірінің басты әлеуметтік және демографиялық құбылыстары: жалпы орта білімді аяқтау, мамандық таңдау және кәсіби білім алу, еңбек жолының бастау алуы, отбасын құруы, балалы болуы енеді[3].
Жастық шақ - адамың балалық щақтан есейген шаққа өту кезеңі, оның жеке көзқарасының нақты калыптасу, өмірлік құндылығының және бағыт бағдарының қалыптасу кезеңі. Осы жастағы адамның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайы өте маңызды. Дамыған елдердегі жастар ісі жөніндегі мемлекеттiк органдар жастарды дамыту, тәрбие жұмыстары әлеуметтiк аспектілеріне ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда негізгі күш қоғамдық-саяси іс-шараларға, жас азаматтардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға жұмсалынады.
Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР-да 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 4 510 435 адамды, яғни жалпы халық санынан алғанда 27,4%-ды құрады. 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша, жастардың саны 3 872 566 адамды құрағандығын атап өту керек, яғни 10 жыл ішінде, жастардың абсолюттi санының өсуi 600 мың адамды құрады. Еркектердiң саны (еркектер - 2 256 228, әйелдер - 2 254 207) әйелдердiң санынан аздап қана асады. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша қалалық жастар - 55,1%, ауыл жастары - 44, 8% құрайды. Қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі жастардың саны 4728543 (еліміздегі халық санының 29,5% ), 18-19 жас аралығында – 595906 (3,7%), 20-24 жаста - 1584654 (9,9%), 25-29 жаста – 1358846 (8,5%). Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы жастар санының көп шоғырланған өңірлер болып табылады [1].Республикалық және өңірлік деңгейде жастар саясатын іске асыруда соңғы үш жыл ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен бұл мақсаттарға 4,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын жастар ұйымдарын қаржыландыру көлемі үйлесімді кезеңде 1,4 млрд. теңгеге жетті. Жастар саясатын іске асыруына республикалық бюджеттен 2009 жылы 698,5 млн.теңге, 2010 жылы 717,8 млн.теңге (немесе 2009 жылға қарағанда 2,8% артық) бөлінді. Сонымен қатар, “Жасыл ел” бағдарламасын қаржыландыру 2010 жылы 308 млн.теңгені құрады [4].
ҚР қазіргі таңда жастардың көп бөлігі ауылшаруашылық(16,7%), сауда (14,3%), білім беру және денсаулық сақтау салаларында (12,3%) жұмыспен қамтылған. Жастар арасындағы жұмысыздық - 5,2% деңгейінде [1]. Дегенмен жастар арасында жұмыспен қамтуда өз-өздерін қамтамасыз ету мен арзан табыс көзі бар жұмыс көзіне тәуелділіктерін ескеруіміз қажет. Қазақстандық жастардың жеке кірісінің деңгейiне келер болсақ, мүлдем тұрақты кірісі жоқ жас азаматтардың үлесі-24,9%,  табысы 15 мың теңге -16,4%, табысы 15-30 мың теңге-16,2%, табысы 30-60 мың теңге -21,4%, табысы 60-100 мың теңге -6,2%, 100 мың теңгеден жоғары тұрақты кірісі бар азаматтар -2,5 %[4]. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша 50%-дан астам жастардың дербес  кірісі 30 000 теңгеден төмен. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш елеулі төмен. Бұл жастардың қажетті тәжірибесінің болмауы салдарынан тұрақты жұмыс пен жалақысы жоғары жұмыс табуының қиындығымен байланысты. Бұған қоса, жастардың бір бөлігі орта және жоғары оқу орындарында оқып жүргендіктен, тұрақты кірістері жоқ. Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде репродуктивті жаста бола отырып, сонымен бірге тұрғын үймен аз қамтылғандар қатарында.  Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, респонденттердің 21,7%-жекеменшік үйім бар, 18,3%-үйді жалға алудамын, 52,7%-ата-ана, туысқандарыммен тұрамын, 6,9%- жатақханада тұрамын, 0,3%-жауап беруге қиналамын деген жауаптарды көрсеткен [4]. Проценттік көрсеткіштерден көретініміздей жастардың басым көпшілігі жеке баспанамен қамтамасыз етілмегендіктен ата-ана, туысқандарымен тұрады. ҚР жастары арасында некеге тұрудың орта  жасы ЕО мемлекетерімен (27,3 жас) шамалас, яғни 1999  жылы 25,9 жас болса, 2009 жылы 26,8 жасты құраған [1]. Бұл мәселені біріншіден, жастар арасындағы құндылықтардың батыстық сипатта өзгеруімен, екіншіден әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіруге болады. Бүгінгі таңда жастардың еңбекпен қамтамасыз етілуі 93% жуықтап (60% жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар), жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрағанымен кедей халықтың 26,9% 15-29 жас аралығындағы жастар құрайды[5]. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың (сотты болғандар) құрамы бойынша 14-29 жас аралығындағылардың үлес салмағы-45,4% құрайды [1].Осындай проблемалар қысқа және ұзақ мерзімде жастардың барлық санаттары келешекте өзіндік белсенді азаматтық санасын тәрбиелеуге, олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысуына бағытталған жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын тиімді қызмет ететін мемлекеттік органдармен қорғау жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Жастардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайы – оның дамуының, маргинализациялаудың ең төменгі деңгейіне мәлімет, жастар ортасындағы қылмыстың төмендеуінің кепілі. Сонымен, бүгінгі таңда ҚР жастары үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемалар- тұрғын үй мен жұмыс табу.
Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу жұмысының келесі аспектісі ретінде жастардың мемлекеттік, жергілікті маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы мен қабылданған шешімдерді шешуге атсалысуы, жалпы қоғамдық-саяси белсенділігі мәселесі алынды. Жастар мемлекеттің проблемаларын өткір сезінетін және қабылдайтын топтардың бірі болып табылады, бұл фактыны елемеу немесе оны жеткілікті деңгейде зерделемеу жастардың саяси жоғары бағалауларды дұрыс түсінбеуіне әкеліп соқтырады. Ол өз кезегінде жастардың бүтіндей әлеуметтік топ және жеке алғанда индивид ретінде билік институттарының: биліктен, оның практикасынан, нақты бір тұлғалардан және мекемелерден, билікті көрсететін рәсімдерден жатсыну миханизмін тудырады және қоғамның көңіл-күйі мен саяси жүйеге сенім деңгейінің маңызды индикаторы болып табылады.
Қазақстандағы жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметін сипаттаңыз
Бүгінде елімізде 10 республикалық жастар ұйымдары белсенді қызмет етуде:
«Жас Қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерді дамыту орталығы” ҚҰ
"Жас шекарашы" әскери-патриоттық клубы 2012 жылы 8 қарашада құрылған.
Клуб басшысы - Б. Байгазин.
Клуб қызметінің бағыты - Шекара қызметін насихаттау және әскери-қолданалы спорт турлерін дамыту.
«Жұмысшы жастардың одағы» АҚҰ
«Қазақстан жастарының конгрессі» ЗТБ
«Қазақстан студенттері альянсы республикалық студенттік қозғалысы» ҚҰ
«Қазақстанның жас депуттатары қауымдастығы» РҚБ
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» ЖМ
«Студенттік құрылыс және жастардың еңбек жасақтарының республикалық штабы» ЖМ
«Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ЖҚ
«Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ
Біз, өз қатарында он мың жасты біріктіріп отырған «Жас Отан» Жастар қанаты, Қазақстан Жастар Конгресі, Студенттер альянсы, «Жасыл ел» жұмысшы жастар жасақтары мен Ауыл жастарының одағы атынан Қазақстан халқы Ассамблеясында Елбасының жастар саясаты саласын қолдау бастамасын бірауыздан қолдайтындығымызды мәлімдейміз.
Президенттің бастамасын талқылап, біздің жастар ұйымдарының жүзеге асыруымен ұсыныстар әзірлеу бойынша еліміздің барлық аймағында 1000-нан аса кездесу өткізілді.
   Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдылықтардың біріне айналды.
   Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі - жастар. Ел аумағында, мың екі жүзге жуық жастар ұйымы жұмыс жасап,  мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын 50 мыңнан астам жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде экономикалық дағдарыс өрістеп, миллиондаған жастар өмірден өз орнын таппай, жұмыссыз қалуда. Қазақстанда Елбасының бастамасымен жалпы ұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі»  және «Жасыл ел» сынды жастардың жобалары жұмыс жасауда. Жыл сайын ЖОО мен колледждерді бітірген мыңдаған жас мамандар жалақысы жоғары,  сенімді жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр.
Мемлекеттің сабырлы, көрегендікпен атқарып отырған оң қадамдарының нәтижесін мыңдаған  жас қазақстандықтар сезінуде. Еліміздің жастары еліне қажет екенін үнемі сезініп, өзінің батыл ойы мен армандарын белсенді жүзеге асыруда. Біз еліміздің жастар ұйымдарының өкілдері ел Президентіне осы қамқорлығы үшін дән ризамыз!
Қазақстанның жастар қозғалысы Елбасының жастарға арналған жаңа әлеуметтік сатысын қалыптастыру бастамасын қызу қолдады. Жұмысқа қабылдау кезіндегі әділдік пен кез келген жас дарынды қазақстандық мүмкіндіктерінің тең болуын қамтамасыз етіп, өз білімдері мен тәжірибесін Отанымыздың игілігіне жұмсауға мүмкіндік береді.
Елімізде кадрларды даярлаудың қабырғалы жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл қоғам алдында тұрған ірі мәселе қазақстандық компаниялардың білікті кадрларды қажет етуінде, ал жоғары оқу орындарының жұмыс орындарына деген қажеттілігіне жауап береді. Аталған жүйе жастарға кәсіби біліктіліктерін арттыруға және оларды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Жүйелі бағытталған мемлекеттік саясат арқылы мемлекеттік органдар мен жастар, жастар ұйымдары мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас тетіктері жетілдіріліп келеді. Жыл соңына дейін 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жасалып, аталған сала бойынша заңнаманың жаңаруына мүмкіндік береді. Білім және ғылым министрлігі құрамында Жастар саясаты жөніндегі комитеттің, ал аймақтарда, сәйкесінше, басқармалардың құрылуы еліміздің әр өңірінде барлық деңгейде жастардың жедел және тиімді жобалары мен бастамаларының жүзеге асырылуына ықпал етеді. Бұл - жастарға одан әрі жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашылады деген сөз.
Елбасының жастар мәселесін үнемі назарда ұстауының нәтижесінде бүгінде бізге барлық есіктің ашық екендігін сеніммен айта аламыз! Біз үшін білім алуға және жұмыс жасауға барлық жағдайлар жасалған.
Біздер, Қазақстанның белді жастар ұйымдары, еліміздің табысты дамуына және Қазақстанның серпінді болашаққа аяқ басуына күш-қуатымызды жұмсайтынымызды мәлімдейміз!
«Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты; «Жасыл ел» ЖЕЖРШ; «Қазақстан Жастар конгресі» ЗТБ; Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығы; «Ауыл жастар одағы» ҚБ; «ҚСА» республикалық студенттік қозғалысы» ҚБ; «Ұлттық Дельфийлік комитет» ЖМ; «Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы» РҚБ; «Студенттік құрылыс жасағы» РШ ЖМ; «Қазақстан Жастар Конгресінің Мемлекеттік қызмет мектебі» ЖҚБ; «Жарқын Болашақ Белесі» ҚБ; «Казбренд» ҚБ; «Астана қаласының жастар мәслихаты» ҚБ; «Жігер» ҚБ; «Қарсы» ЖҚҚ» ҚБ; «Дипломат» ҚҚ; «Есірткісіз болашақ» КҚ; «Proдвижение» ҚҚ; «Пікірсайысшылардың республикалық қауымдастығы» ҚБ.
Мына сұрақты талқылаңыз: ұрпақтың құндылықты бағдарлары әрқашан бүкіл қоғамның құндылықты бағдарларына айналуы мүмкін бе?
Ұрпақтардың құндылықты бағдарлары әлі күнге дейін сақталып келе жатыр, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлер мен мәдени және діни құндылықтарымыздың біраз бөлігі әлі күнге дейін күнделікті өмірімзде қолданысқа еніп отыр. Ең басты құндылығымыз ол – отбасы. Мәдениетте әрқашан үлкен кісілерге деген сыйластық қалыптасқан елміз. Және де осы құндылықтарымыз қоғамдық құндылықтар болып табылады. Бала отбасында тәрбиеленген кезде баланың бойында отбасы, мәдениет құндылықтары ата-аналарының тәрбиесінен беріледі. Жастық кезеңге келген кезде жастарда материялдық құндылықтар қалыптаса бастайды.
К. Мангейм, бір ұрпақтың бойынан баламалы жайларды байқап, ұрпақ бірлігінің проблема болып табылатынын айтты. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
Біздің пікірімізше, жастар басым дәрежеге ие авантюризм рухынан бөлек, осындай элементтердің бірі мына факт болып табылса керек, жастар әлі де әлеуметтік тәртіптің, status quo – сына толық енгізілген емес. Жастардың қазіргі заманғы психологиясы мен социологиясы үйреткендей, бүгінгі жастардың ділін түсінудің кілтін тек дамудан ғана іздемеу керек. Сайып келгенде, осы параметр әмбебап және ол орнымен де, уақытпен де шектелмейді. Біздің көзқарасымыз бойынша жыныстық жетілуді айқындайтын шешуші фактор мына жайт болып табылса керек, осы жастағы жастар қоғамдық өмірге қадам басады және олар қазіргі заманғы қоғамда тұңғыш рет антагонистік бағалардың ретсіздігімен бетпе-бет кездеседі. Мына жайт дәлелденген, қарабайыр қоғамда жастардың интеллектуалдық жанжалдары болған емес, өйткені онда отбасы мен жалпы қоғамдағы мінез-құлық нормалары арасында елеулі айырмашылықтар орын алмаған. Біздің жастарымыздың анағұрлым тартысты сана – сезімі біздің қоғамымызда бар ретсіздіктің көрінісі ғана болып табылса, ал оның сасқалақтауы – жастар тәжірибесіздігінің табиғи нәтижесі. Біздің талдауымыз үшін жастардың тартысты сана-сезімі емес, ал жастардың қазіргі қоғамның тартыс – жанжалдарына сырттан қарайтын фактісі маңызды. Нақ сол себептен де жастар қоғамдағы кез-келген өзгерістердің ұйытқысы болып табылады.
Жастар өзінің табиғаты бойынша ілгершіл де, кертартпа да емес, олар-кез келген бастамаға даяр әлеует. Жыныстық кәмлетке жеткенге дейін бала отбасында тұрады және оның көзқарастары жанұясының эмоциялық және интеллектуалды дәстүрлеріне сәйкес қалыптасады. Жасөспірім шағында ол көрші-қолаңмен, қоғаммен және қоғамдық өмірдің кейбір салаларымен алғашқы байланыстар жасайды. Бозбала осылайша, жетілудің биологиялық ашу сатысында болумен қатар, ол әлеуметтік жағынан жаңа дүниеге, әдет-ғұрыптарға қадам басады да, мұндағы құндылықтардың жүйесі өзі бұрын білгендерден өзгешеленеді. Жасөспірім үшін тылсым жаңалық болып көрінген нәрсені ересектер әлдебір үйреншікті және өзінен-өзі түсінікті жайт деп қабылдайды.қоғамға осылайша сырттан ену жастарды мүлде басқа себептер бойынша заттардың орын алған жағдайына наразылық білдіретін серпінді әлеуметтік қозғалыстарды жақтауға мәжбүрлейді. Көпшілік ересек адамдарға заң арқылы бекітілген не экономикалық, не құндылықты мүдделер жастарда әлі жоқ. Осы арқылы мына фактіні түсіндіруге болады, жасөспірім шақта көпшілігі нағыз революционерлер немесе реформаторлар ретінде әрекет жасайды да, ал кейінірек, тұрақты жұмыс тұрғаннан және үйлі баранды болғаннан кейін, қорғанысқа көшеді де, status quo-ны сақтауды қалайды. Социология тілінде жас адам болу қоғамның шетінде болуды, көпшілік жағдайларда аутсайдер болуды білдіреді. Расында да, жоғары сынып оқушылары мен жас студенттердің айрықша белгісіне орын алған тәртіптегі заң бекіткен мүдделіктің болмауы жатады, бұлар әлі экономикалық және психологиялық құрылымға өз үлестерін қосқан жоқ. Менің көзқарасым бойынша аутсайдердің осы позициясы – биологиялық жетілумен салыстырғанда анағұрлым маңызды фактор, ол өзгерістерге қатысты ашықтық пен бейімділікті айқындайды. Оның үстіне, осы позиция басқа себептер бойынша қоғамның шетіне шыққан қысым көрген тап, еркін кәсіптің адамдары- ақындар, әртістер сияқты басқа топтар мен жеке адамдардың позициясымен сәйкес келеді. Аутсайдердің мұндай позициясы, әрине, билеуші топтар басуы немесе жұмылдыруы және қозғалысқа біріктіруі ықтимал мүмкіндік қана.
Жасөспірім –түрлі бастамаларды жүзеге асыра алатын қоғамдық күш, өйткені ол орнатылған тәртіпті өзінен-өзі түсінікті нәрсе деп қабылдамайды және жасөспірімдер заң бекіткен не экономикалық, не рухани сипаттағы мүдделерге ие емес.
Ағылшын ғалымы Стенли Холлдың «жастық шақ «алай – дұлей теңіз толқыны мен тегеурін», «дауыл мен түңіліс», кезеңі» деген пікіріне қатысты өз ойыңызды жазыңыз
Жастық шақ алаулап тұрған шақ. Жастар енді үлкен өмірге қадам басқан адамдар тобы болып табылады. Жастардың мінез-құлқы ауытқымалы болады. Олар жастық кезде бәрін жасай алады. Жастар физикалық және би
ологиялық тұрғыдан да алып қарағанда ең мықты топ болып табылады.
Жастар ең еліктегіш топтар болып табылады. Қоғамда діни экстремизмдер, бейресми топтар мүшелерінің көбісі жастар болып табылады. Өйткені оларды әлі толық жеке адам ретінде ойлау толық қалыптаспаған болып келеді. Әртүрлі жағдайларға қарай олардың ойларыда өзгеріп отырады. Жақсы жаңалықтар болса қуанып активный бола түседі, егер қолынан бір жұмыс келмей қалса немесе қалағаны орындалмай қалса өзін-өзі тастап жібере салатындар қатарынанда жас адамдар саны өте көп.
Жастардың арасында қылмыста, суицидте көп орын алады.
Жастық шақта адамның өзінің өмірлік маңызды құндылықтарын қалыптастырады. Оқуға тапсырып өзін-өзі қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап материялдық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз етеді. Және отбасын құрып рухани құндылықтарын қамтамасыз етеді.
Өзіңіздің отбасыңыз туралы айтып беріңіз. Сіздің әлеуметтену үдерісінде оның рөлі қандай?
Өз отбасыларыңыз туралы жазасыздар. Отбасында адамның немесе индивиттің ең алғашқы әлеуметтенуі басталады. Әкесі мен анасының тәрбиесіне қарай бала өмірге бейімделеді. Ата-анасы баланы қоғамдық өмірге бейімдеді. Баласына тәрбие, білім береді. Тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Өз мейірімдерін төгіп қоғамға пайдалы азамат болуға үйретеді. Қоғамдық тәртіпке бағынуына, өзінің жеке өмірін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады.
Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата-асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Ж.Ж.Руссоның « біздер, былайша айтқанда, өмірге екі рет келеміз: бір рет тіршілік жасау ұшін болса, екіншісінде өмір сүру үшін: бір рет тек үшін, екіншісінде жыныс үшін » деген пікірді сіз қалай түсінесіз?
Өз ойларыңызды жазыңыздар

Приложенные файлы

  • docx 26448331
    Размер файла: 183 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий