синтаксис жауап


№4
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады. И.П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен» - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; үшінші жыл – третий год» дегенде сөздердің қатар келіп, орналасатынын сөз етеді. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады. Сонымен қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерге сөз тіркесі, оның байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді. «Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады».Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз.Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет? Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар:
1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.)
2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді.
3. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады.
№6
1.Жақты сөйлем — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақты сөйлем үшке бөлінеді: 1) арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”); 2) ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”); 3) бастауышы белгісіз жақты сөйлемнегізінен, 3-жақта айтылады. Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”). Жақсыз сөйлем — сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы, “Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді”. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:
1.Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”);
2.“-Ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”);
3.Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”);
4.Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”);
5.тұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады. Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі. Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаң сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаң сөйлем сөз таптарының қатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді. Жайылма сөйлем — жалаң сөйлемнің құрамындағы бастауышты не баяндауышты, не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшелердің біреуі немесе бірнешеуі енгізілу арқылы жасалған жай сөйлемнің түрі. Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше жолдары бар. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің төңірегіне топталады. Мысалы, “Еріншек егіншіден елгезек масақшы артық” (мақал). Осындағы “елгезек” сөзі “масақшы” сөзінің (бастауыштың) анықтауышы болып тұр. Айтылуға тиісті тұрлаулы мүшелердің барлығы сөйлем құрауға қатысқан сөйлем түрін толымды сөйлем д.а. Айтылуға тиісті сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлемді толымсыз д.а. Іс-оқиға жайында баяндауды мақсат етпей, тек соған қатысты мекен,мезгіл,құбылысты атап қана көрсететін сөйлемнің түрін атаулы сөйлем д.а. Қыс.Қақаған аяз.
3. 1.бағыңынқы сөй.баян.тиянақсыз.2.бірі бағыңынқы,бірі басыңқы келеді.3.көбіне бағыңынқы сыңарлары алдында орналасады.4.бағыңынқы сөй.басыңқы сөйлемге бағынышты.5.сөй-ң баяндауыштары әр түрлі болуына сәйкес, айтылу интонациясы тиянақсыз.
№8
1.6 билеттің 1 сұрағын жазу.
2. Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады. себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді . қарсылас (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын.талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар.кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді.түсіндірмелі: жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті:біреу қолын бұлғады,біреулері оның атын атап айғайлады. Салыстырмалы: ата көрген оқ жанар, ене көрген тон пішер. Шартты.
№10.
1.Сөздердің байланысу формалары орыс. формы (типы) связи слов — сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын тәсілдер негізінде туып, қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі. Сөздердің байланысу формалары сөздердің байланысу тәсілдері негізінде жасалады. Байланысу тәсілдерінің қалыптасқан үлгілері Сөздердің байланысу формаларын жасайды. Демек, сөздердің байланысу тәсілдері Сөздердің байланысу формаларын жасаудың алғы шарты болып табылады. Сол себепті Сөздердің байланысу формаларың сөздердің байланысу тәсілдерімен шатастырмау керек. Сөздердің байланысу формаларына (типтеріне) қиысу, қабысу, менгеру, матасу, жанасу сияқты синтаксистік байланыс түрлері жатады. Бұлардын ішінде қабысу мен жанасу сөздерінің орын тәртібі тәсіліне, менгеру мен матасу қосымша тәсіліне, атап айтқанда. Септік жалғауы мен тәуелдік жалғауына негізделген. Ал қиысудың өзіндік ерекшелігі бар: қиысу синтаксистік құрылымның (сөйлемнің) бірінші сынары өзінің семантикасы мен грамматикалық мағынасы арқылы екінші сөзбен жақтық формалар арқылы байланысқа түсіп, субъектілік-предикаттық қатынастын түрін жасайды. Қиысу өзге мүшелердің емес, тек бастауыш пен баяндауыштық арасындағы байланыс түрі болып табылады.2. Аралас құрмалас сөйлем — құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл — тиянақты-тиянақсыз-тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз-тиянақты-тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған-ды (Ә.Нұрпейісов). Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу ырғағы да кең. Онда салаласқа тән тиянақты, сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты-тиянақсыз, бірде тиянақсыз-тиянақты түрде келеді. Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір-бірінен өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналық қатынастардың белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді.
№12
1.Түйдекті тіркес – сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тіркестер. Түйдекті тіркес лексика-грамматикалық тұрғыдан өзара байланыста болып, сөз тіркесінің құрамына енеді.Түйдекті тіркес құрамындағы сөздердің лексика-семантик.дербес мағынасы болмайды. Мысалы, Желідегі екі құлын мен қара ала төбеттен басқа үй маңында жан иесі байқалмайды (Қ.Жұмаділов). Мұндағы үй маңында сөз тіркесі емес, маңы – көмекші сөз, оның дербес мағынасы жоқ. Сондықтан олар сөз тіркесінің құрамында түйдектеліп, сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқарады. Түйдекті тіркес бір сөз табынан да, түрлі сөз таптарынан да бола береді, көмекші сөздің тіркесуі арқылы да жасалады. Оның құрамындағы сөздердің дербес мағыналарының болу-болмауына байланысты үлкен екі топқа бөлеміз: 1) дербес мағынасы бар; 2) негізгі сөз бен көмекші сөз арқылы жасалған. Дербес мағынасы бар түйдекті тіркес сөз таптарының күрделі түрлері (қара сұр, он жеті, т.б.) мен тұрақты тіркестер (төбе шашы тік тұру) арқылы жасалады. Түйдекті тіркестің екінші тобы негізгі сөздерге көмекші есімдер (қала іші), көмекші етістік (аға деген), септеулік шылау (сәлден соң),модаль сөздер(дала тәрізді), қосарлы сан есімдер(үш рет), т.б. көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Түйдекті тіркестің басты белгілері төмендегідей болып келеді: а) сөз тіркесі сыңарының қызметін атқарады; ә) сыңарлары бір-бірімен синтаксистік қатынаста жұмсалмайды; б) Түйдекті тіркес сыңарларында мағына болуы да, болмауы да мүмкін; в) сыңарлары ортақ бір сұраққа жауап береді; г) құрылымы мен мазмұны тиянақсыз келеді.
2. Шартты бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылғанның шартын көрсетеді, мұндай сөйлемдер шартты райлы етістіктің дәнекер болып келуін керек қылады. Мысалы: Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңіл сал. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас – кейде бағыныңқы сөйлем басыңқының мағынасына, ісіне, қимылына қарсы қойылып айтылады.Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас – мұнда бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылатын ойдың, істің, оқиғаның, болмыстың себеп-салдарын көрсетеді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас – басыңқыдағы қимыл мен бағыныңқыдағы қимылдың болуы бір мезгілге байланысты болып келген құрмалас сөйлем.Мақсат бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы ойдың, істің мақсатын білдіріп келген құрмалас сөйлем. Қыстырмалы бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқыдағы айтылған ой негізгі емес, басыңқыдағы мағыналық жақтан ешбір әсерлі байланысы жоқ, тек форма жағынан байланыса келіп, негізгі объект я субъект туралы ескерту сияқты ойды білдірген құрмаластың түрін айтады. Демек, қыстырмалы сабақтас сөйлемнің жасалуы негізінде, бағыныңқы сөйлемнің қыстырма түрінде келуіне байланысты болады. Мысалы: Баяндама демекші, ол бізге жақсы баяндама жасап кетті. Ашығырақ айтқанда, бұл жұмысқа жаңадан ғана кірістік.Сілтеулі бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқысы басыңқыдағы ойды тірек ете, соған сілтей айтылады. Осылай бір ой екінші бір ойды тірек ете, әңгіменің шешімін соңғы ой, яғни, соңғы басыңқыдағы ой шешетіндей болып келген құрмалас сөйлемді айтады. Мысалы: Қызыл Армияның күштілігі сол, ол шаруалардың жері үшін, жұмысшылар мен шаруалардың үкіметі үшін, Совет үкіметі үшін, ұрысқа бірі қалмай саналы түрде барады. Ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас – есімшенің, я тұйық етістіктің барыс жалғаулы түріне қарай, лайық шылауының қосылуы арқылы пайда болатын сабақтас. Бағыныңқыдағы істің ыңғайын басыңқы сөйлемдегі іс істелетіндікті көрсетеді. Мысалы: Әшімнің баяндама жасауына қарай, жұрт көп жиналды. Біздің барғанымызға лайық, керекті құралдар да табылды.
№14
1.Айқындауыш — анықтауыштын ерекше бір түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөз тіркесі. Айқындауыш айқындайтын сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді.
Айқындауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:
1.Қосалкы Айқындауыш — зат есімдердін (көбінесе кісі аттарынын) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.
2.Қосарлы Айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нактылап тұратын сөздер: телефон-автомат, батыр-үіиқыш. Жазуда арасына дефис белгісі қойылады.
3.Онашаланған Айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтерінкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді.
2. Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін.
Мысалы: Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт ауылының жиені, Жүсіп баласы Қожаш (С. Көбеев).Бұл сөйлемде есімше тұлғалы келген соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін емес өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер еді.
Леп белгісі мынадай орындарда қойылады:
1.Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң әр уақытта леп белгісі қойылады.
2.Сүйсінгендікті , таңғалғандықты, ренішті, ызаны білдіретін лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
3.Ерекше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады. Сызықша - жай және құрмалас сөйлемдерде қолданылатын және бөлу-ажыратудың инвариантты семантикалық-синтаксистік мәнімен біріктірлеген көп түрлі функцияларды атқаратын ұзын келбеу сызықша түріндегі тыныс белгісі.
№16
2. Көптеген ғалымдар мәтіннің кіші бірлігі деп сөйлемді емес, бірқатар сөйлемді біріктіретін ірірек бірлік – күрделі фразалық тұтастықты есептейді, оның күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін компоненті, прозалық шумақ, синтаксистік кешен, монологтық айтылым, коммуникативтік блок және басқа осы сияқты синонимдері бар.
Атаулары әр түрлі болғанымен бұл терминдердің мәні біреу – шығарманың ауқымдырақ үзіндісінің құрамдас бөлігі болып табылатын, сөйлемнен ірілеу бірлікті анықтау. мәтін шағын формалы (микромәтін) композициялық көзқарас тұрғысынан тақырып қойылатын хабар, газет мақаласы, шағын әңгіме т.с.с. болса, күрделі фразалық тұтастықтың тұтас мәтінмен сәйкес келуі мүмкін. Алайда көп жағдайда күрделі фразалық тұтастық мәтіннің ірілеу үзіндісінің құрамдас бөлігінің функциясын атқарады.«Сөйлем» мен «айтылым» ұғымдарын шектеу керек, себебі бұл ұғымдарды көбінесе ажыратпайды.Айтылым сөйлеммен тығыз байланысты болса да одан елеулі айырмашылығы бар. Сөйлем – тіл бірлігі, онда әлем үзіндісінің заттық-нышандық бейнесі жинақталып тіркеледі: «Ұл скрипка ойнап отыр», «Қыз жағажайда қыздырынып жатыр».
Сөйлемнен айырмасы – айтылымда сөзді кімнің айтқаны, кімге арналғаны, себебі, мақсаты және басқалары маңызды, яғни денотативтік функцияға қоса нақты коммуникативтік жағдай көрініс табады; ал айтылымның өзі – коммуникативтік тұрғыдағы бірлік, сондықтан контекстке кіріп, пресуппозициялармен және импликациялармен сипатталады; онда айтушының коммуникативтік ниеті (сөйлеу интенциясы), мақсаты, тақырып пен ремаға өзекті мүшелеу жүзеге асады.
Айтылымда сөйлемнің лексикалық толығуы мен просодикалық рәсімделу бар; интонация айтылымға тән. «Айтылым» терминін негізінен сөйлеуге қатысты қолданатын боламыз. Жазбаша сөзге қатысты сөйлем мен күрделі фразалық тұтастық ұғымдары қалады.
Мәтін лингвистикасы жөніндегі еңбектерде күрделі фразалық тұтастық анықтамалары мейлінше көп, сондықтан жұмыс анықтамасы ретінде мынаны таңдадық: күрделі фразалық тұтастық – ең азы екі сөйлемнен құралған, мағыналық, коммуникативтік және құрылымдық аяқталуымен және автордың хабарға қатысымен сипатталатын синтаксистік бірлік.
Күрделі фразалық тұтастық – күрделі құрылымдық-семантикалық бірлік, оның мәні оны құрайтын дербес сөйлемдердің мағыналарының жай қосылуының нәтижесі емес, бұл сапалы жаңа құрылымдық-мағыналық түзілім.
№18
1.Қиысу-синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын бір түрі. Ол сабақтаса байланысқан сөздердің бағыңынқысының басыңқы сөздерге икемделе, олардың грам. Мағыналары мен тұлғаларына үйлесіп тұратын сөздер арасында болады.Қазақ тілінде сөздер бәр-бірімен орыс тіліндегідей, септік жалғауларында қиыспайды, тек оңашаланған айқындауыштар ғана айқындайтын сөздері қандай септік жалғауда тұрса,сол жалғауда тұрып қиысуы мүмкін.Баяндауыштың бастауышпен қиысуы жақтық не көптік болады.
2. Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Ғалым құрмалас сөйлемдердің табиғатын танып, тарихына көз жүгіртумен бірге, ішкі-сыртқы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, жасалу жолдары мен жұмсалуын қарастырып, синтаксистік қызметін саралады. Н.Сауранбаев құрмалас сөйлемдегі синтаксистік компоненттердің ара жігі бірнеше тәсілдерімен ажыратылады деген қорытындыға келеді. Олар: интонация, баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулықтар, септеуліктер немесе солардың қызметін атқаратын жалғаулық сөздер. Сондықтан «сабақтастарда компоненттердің жігін көрсетуші көбінесе интонация болады да, ал салаластарда үш тәсіл (баяндауыштың тиянақты формасы, жалғаулық, демеулік, интонация) бірдей қолданылады» деп, әрқайсысына талдау жасаған.Бұл – түркологияда бұрын-соңды айтылмаған пікір. Ғалым тұжырымдарын 1939 жылы С.Аманжоловпен бірігіп жариялаған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімінде толықтырып, жетілдіре түседі. Құрмалас сөйлемдер жөнінде осы күні айтылып жүрген негізгі ұғымдар осы еңбекте берілген.
№20
2.Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін енгізді. Аманжолов – қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі.
№22
Заттану (зат есімге айналу), немесе Субстантивтену (лат. сұбстантівұм - зат есім)[1] — басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге айналуы. Субстантивтену көбінесе сын есімдер мен есімшелерге тән. Олардың бірқатары біржолата зат есімге айналып кеткен: ақтар, қызылдар, сары (ру аты), Тулкілі, Бақалы, Жыланды (жер атаулары), Дәметкен, Үлтуган, Журген (адам аттары), алашақ, берешек, қуймақ, соқпақ, піспек. Бірқатар сөз зат есім қызметін де, ездері жататын сөз таптары қызметін де атқарады: суық, салқын, жарық, жас, кәрі, ескі, жаңа. Бұлардың нақты қызметі сөз тіркесінде, сөйлем құрамында анықталады. М.Балақаев сөз тіркесінің басыңқы сыңарларын және оларға қатысты бағыныңқы сыңарларды едәуір сөз етті. Оның айтқандары қазіргі кезде де қолданыста, онда сөз тіркестерін есімді, етістікті, ортақ деп бөледі де, ал субстантивтенген басыңқы сыңарда жұмсалуына тек бірер мысал берумен шектелген. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңары туралы Р.Әмір, Т.Сайрамбаев, С.Исаев, Ә.Аблақов, Е.Ағмановтардың біраз еңбек еткені белгілі. Сонымен қазіргі кезде сөз тіркесінің есімді, етістікті, ортақ басыңқылы, әр түрлі сөз таптарының басыңқылық қызметі, үстеулі түрлері бар. Профессор Р.Әмір «Сын есім сөздер де субстантивтеніп барып тіркестің осы амалы арқылы сапаны ерекшелеп атайды. Мысалы, «әдемінің әдемісі, жүйріктің жүйрігі» десе, екінші бір жерде етістік сөздер басым компонент ретінде сөз тіркесін қабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы құрайды» деп, сын есімнің, есімшенің тәуелденіп барып басыңқылық қызметін атқаратынын сөз етеді
Айқындауыш - қазіргі қазақтың әдеби тілінде өте жиі қолданылатын, анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде берілетін ойды нақты, дәл жеткізуде аса маңызды. Сөйлем ішіндегі бір сөзге ерекше көңіл бөлу үшін немесе соны ерекшелеп айту үшін қолданылады. Сондықтан да айқындауыш сөйлемді айтатын адамның ойымен байланысты болып келеді және сол берілетін ойдың ерекше қырларын берудің амалы болып табылады. Алайда бұлар анықтауыштар сияқты синтаксистік емес, стилистика – синтаксистік тәсіл. Сонымен бірге бір заттың не нәрсенің атын, шығу тегін, я болмаса белгілі бір оқиғаның мезгілін, орнын т.б. белгілерін көрсетіп анықтайды.
Айқындауыш жайлы қазақ тіл білімінде алғаш сөз қозғағандардың бірі –С.Аманжолов. Ол өз еңбегінде: “Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады... Осы бастауышты я баяндауышты айқындау үшін тұрған сөздерді айқындауыш дейміз”,- деп анықтама береді.
Оңашаланған айқындауыш– айқындайтын сөзінен соң тұрып, оқшауланып айтылып, сол сөзді әр жағынан айқындайтын сөздер немесе сөз тіркесі. Күздің бір әдемі кешінде, жиырма тоғызыншы қазанда, олар ақыры кездесті (Қазақ әдеб.). Қосалқы айқындауыш деп екі зат есімнің тіркесуінен жасалып, алдыңғы сөздің мағынасын заттың заттық сапасы ретінде айқындайды. Ал Барақ сұлтан болса, Әбілқайыр айтқандай, хан ордасынан әжептәуір ұзап барып, ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан (І.Есенберлин.). Қосарлы айқындауыш деп мағыналас, мәндес сөздер тіркесіп, күрделі атау жасайтын сөздерді айтады. Университет бітірген жас мамандар экономист-менеджер мамандығын алып шығады.
№24
1.Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді. ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады. Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:
1.Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;
2.Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:
3.Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;
4.Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.
Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлемнің жасалуы:
1.сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
2.сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
3.сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;
4.сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.
2.соткада сурет
№2
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады.Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.Анықтауыш болатын сөз таптары:
1.Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады: Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан
2.Зат есімнен болады: Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.
3.Сан есімнен болады: Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр
4.Есімдіктен болады: Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті
5.Етістіктің есімше түрінен болады: Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады
6.Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады
1-билет.1. Синтаксис және оның салалары. Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксиссөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі .Синтаксистік байланыс — сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан: Синтетикалық байланыс — сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады. Аналитикалық байланыс — сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады. Синтаксистік емес категориялар — жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғнисөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есімшырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады . Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс. Синтаксистік категориялар — сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретінлингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т.б.Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс. Синтаксистік қатынастар — синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты. Синтаксистік құрылым — белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді. Синтаксистік мағына — синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тілқұралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық (баяндауыштық) мағына,бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді. Синтаксистік талдау — сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.
2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғыматауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы –несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелерболып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
3-билет. 1. Сөз тіркесі және оның түрлері. Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз. Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған: 1.Қайрат баяндады; 2.балаларға баяндады; 3.Досанмен болған; 4.болған әңгіменің; 5.әңгіменің мән-жайын; 6.мән-жайын баяндады. Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз. Сөздердің байланысу түрлері Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Қиысу
Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз. Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.
Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару
Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.
Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Мысалы: қызық кітап, ақ жаға, алтын сағат.
Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады. Мысалы: шарықтап ұшу, шырақтап көкке ұшу.
2. Жай сөйлемнің күрделену жолдары.жауап кітапта))
5-билет. 1.Жай сөйлемнің зерттелуі. Жауап кітапта.
2. Толықтауыш, оның түрлері. Сонда, толықтауыштың синтаксистік единицалардың, атап айтқанда сөйлемніңактуальді. Толықтауыштар мағынасына, тұлғасына қарай тура толықтауыш, жанама толықтауыш болып
Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауыш деп аталады.
Тура толықтауыштың қандай жағдайда жалғаулы, жалғаусыз болып қолданылатыны туралы
а)Жалғаулыболыпжұмсалатынжайттар:
1.Тура толықтауыш өзі қатысты сөзден (көбінесе сабақты етістіктен) қашықтап
2.Экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктің жетегінде айтылатын
Бұл сөйлемдердегі тура толықтауышты жалғаусыз айтуға болмайды.
Мынадай синтаксистік жағдайларда әрқашан жалғаулы болып айтылады:
1.Сөйлемде тура толықтауыш болған сөзге не онымен байланысты сабақты
2.Бір етістікке бағынған бірыңғай тура толықтауыш мен, бен, пен
3.Тура толықтауыш қызметіндегі зат есімдер сай-сай, тау-тау, ауыл-ауыл сияқты
4.Тура толықтауыш болатын зат есімнің мағынасы етістіктің лексикалық мағынасымен
а/Балаларүйдібасынакөтерді.
5.Алдында мынадай айқындауыш бар зат есімдер тура толықтауыш қызметінде
а/мына,ана,осы,бұл,анау,мынаусілтеуесімдіктері
ә)Есікалдындажатқаниттікөрмеппін.
Жанама толықтауыштар деп барыс, жатыс, шығыс, көмектес
Жанама толықтауыштар тура толықтауыштардай, сабақты етістіктермен ғана тығыз байланысты
Жанаматолықтауыштыңмағыналары:
Жанама толықтауыштар әр түрлі септік жалғауында, әр түрлі тіркестер
1.Барыс септігіндегі жанама толықтауыштар негізінде, қимыл процесінің кімге, неге
а)Материалдық тегін білдіретін толықтауыштар;
7-билет. 1. Құрмалас сөйлемнің зерттелуі. Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен де күрделі саласы.Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі қазақ тіл ғылымында 1920 жылдардан бері қарай зерттелініп келеді. Бұл ғылым өзінің жарыққа шыға бастаған күнінен-ақ пікір қайшылықтарының, түрлі көзқарастардың нәтижесінде дамып, қалыптасты. Қазақтың халық болып қалыптасқанына, оның қазақ тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі ХХ ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге және қазақ тілі грамматикаларының алғашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халқының зерттеушілері болды. 1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазақ-қырғыз тілдерінің қысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі - фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі – синтаксиске арналған (1897 ж). Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі - жай сөйлем синтаксисі, екіншісі - құрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалық еңбектердің ешқайсысында «құрмалас сөйлем» деген тақырып қозғалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мәселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем қазіргі түсінігіміздей сипатталған жоқ. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аты аталған қазақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз В.В.Катаринский «Грамматика киргизского языка» деген еңбегінде құрамында екі етістік келетін сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп танығанҚазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі ғылыми тұрғыда толық сөз бола қойған жоқ. Солай бола тұрса да бұл зерттеу еңбектері қазақ тілінің басқа салалары сияқты, құрмалас сөйлемнің ғылыми тұрғыда зерттелуіне, оқулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды.А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жақындық – мағына жүзіндегі жақындық. Мағына жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп анықтама бере келе, құрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және қиыса құрмаласу деп 2-ге бөледі.1991 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге бөледі. 1935 жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы» деген мақаласында үйірлі мүше құрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді. Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде құрмалас сөйлемдерді салалас және сабақтас сөйлем деп кіге бөледі. Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіледі. Қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. «Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»,-деп автор анықтамасын береді.
2. Сөз тіркесі және күрделі сөз. Сөз тіркесіне және сөйлемге тірек болатын — сөз. Негізінде, сөз дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Қарым-қатынас жасау үшін ойды басқа біреуге жеткізудің негізгі формасы — сөйлем болатын болса; сөз — сөйлем құраудың материалы, ой құраудың арқауы. Кез келген сөз бір-бірімен тіркесе алмайды. Сөздердің өзара тіркесу қабілеті олардың ең басты мағыналық-грамматикалық ерекшелігінің бірінен саналады. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп танудың басты белгілері мыналар: 1. Сөз тіркесінің құрамында толық мағынасы бар кемінде екі сөз болады; 2. сөз тіркесінің құрамындағы сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Сөйлем ішіндегі сөздер бір-бірімен түрліше байланысып отырады. Соған қарай сөз тіркесінің түрлері де көп.Мысалы: Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайрандасып жас күлер құрбысымен (Абай) деген сөйлемде мынандай сөз тіркестері бар: жаздың көркі, жыл құсымен енеді, жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып. Осылардын бәрі — сөйлемнің модельдері, ал сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары — сөз тіркестерінін аса қажетті бөлшектері — оларсыз сөз тіркестері құрылмайтын модельдер деп есептеледі. Басыңқы сынарлары сөз тіркестерінік мағыналық тіректері, діңгекті таянышы болғанмен, сөз тіркесін құрауда бағыныңқы сынарлардың синтаксистік қызметі ерекше деп танылады. Сөздердің тіркесуі екі турлі болады: бірі — тұрақты сөз тіркесі, екіншісі — еркін сөз тіркесі. Идиомалық, фразалық тіркестер еркін сөз тіркесіне емес, тұрақты сөз тіркестеріне жатады. Неше сөзден тұрса да, еркін сөз тіркесі екі сыңардан тұрады. Бір сыңардың қызметін жеке сөз атқаруы да (жаздың, жыл) бірнеше сөз атқаруы да (жайраңдасып күлер, құрбысымен жайраңдасып, жыл құсымен енуі мүмкін. Осыған байланысты сөз тіркестері құрамына қарай: жай сөз тіркесі және күрделі сөз тіркесі балып екі түрге бөлінеді. Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: ақылды жігіт, кең дала, мазмұнды әңгіме т. б. Құрамы үш не одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз тіркесі деп атайды. Мысалы: он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу. Алматы қаласында тұру, ойда жоқта кез болу т. б.
Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз.
Күрделі сөздер 4 топқа бөлінеді:
1.Қосарлы сөздер Мысалы: ата-ана, жан-жануарлар, ет-мет 2. Біріккен сөздер Мысалы: Бәйтерек, Белбеу, Бүгін
3.Қысқарған сөздер мысалы: ҰБТ, БАҚ 4. Тіркесті (тіркескен) сөздер Мысалы: Балалар бақшасы, Ауыл шаруашылығы.
9-билет. 1. Есімді және етістікті сөз тіркестері. Есімді сөз тіркестері — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады. Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Г. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен бірнеше топқа таралады. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестері: үстеулі сөз тіркестері, еліктеуіш сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері. сан есімді сөз тіркестері, зат есімді сөз тіркестері сияқты 6 топтан тұрады. меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері: табыс жалғаулы сөз тіркестері, барыс жалғаулы сөз тіркестері, шығыс жалғаулы сөз тіркестері, жатыс жалғаулы сөз тіркестері, көмектес жалғаулы сөз тіркестері, шылау сөзді тіркестер сияқты 6 топтан тұрады.
2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер. Құрамындағы сыңарларының саны үш немесе одан көп болып келетін құрылымдар қазіргі қазақ тілінде көп компонентті құрмалас сөйлем деп аталып жүр. ККҚС-дің қайсы түрінде болмасын сыңарлары арасындағы мағыналық қатынастар екі компонентті құрмаластардағыдай бір ізді болып келмейді. Олардың арасы бір сөйлемдерде түсіндірмелі, ыңғайластық немесе талғаулы, қарсылықты т.б. болып келеді.
Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмалас сөйлем туралы алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынұлы болатын. Ол бұндай құрылымдағы сөйлемдерді өрнекті сөйлемдер деп атап, оған мынадай анықтама береді: өрнекті сөйлем деп құрмаластардың бастары қосылып кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки кілемге салынған түр сияқты болмағанмен, өрнек, өрнегімен айтылады. Өрнектісөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым деп аталады.Оралым екі мүшелі болады. Бір мүшесінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір баяны болады. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер құрамындағы компоненттерінің байланысу түріне қарай көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, көп компонентті аралас құрмалас сөйлем болып үшке бөлінеді.
11-билет. 1. Сөздердің байланысу тәсілдері. Сөздердің байланысу тәсілдері – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар:
1.Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);
2.Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.
Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады.
2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері. 1.Салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыратын грамматикалық тәсілдер ішіндегі маңыздысы –жай сөйлемдерді жалғаулықтар арқылы құрмаластыру тәсілі. Мұндай жалғаулықтар қатарына мыналар жатады: а) себептестік қатынасты білдіретін сондықтан, себебі, сол себепті, өйткені, неге десең; ә) мезгілдестікқатынасты білдіретін және, да, де, та, те, әрі; б) қарсылықты қатынастыбілдіретін бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен; в) кезектестік, талғаулық, бірдейлестік қатынасты білдіретін бірде, біресе, кейде, не, немесе, болмаса, әлде, яки, я;г) бейтараптық қатынасты білдіретін мейлі, құй т.б. Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында қолданылатын бұл жалғаулықтардың мағыналарына қарай мезгілдес, қарсылас, себептес, талғаулы, кезектес, бейтарап мәнді деп бөлінетіні сияқты, бұлардың дәнекерлігі арқылы жасалатын жасалатын салалас құрмалас сөйлемдер де жалғаулықтар аттарына сәйкес бөлінеді. Мезгілдес салалас. Қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралынан бастап сөз болып келеді.1936ж. жасалған оқу бағдарламасында «ыңғайлас салалас» деп аталған. С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар авторлығымен1939ж. шығарылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта «Тіркес салалас» деп аталған. Бұдан кейінгі жылдардағы зерттеулерде салаластың бұл түрі брде «ыңғайлас», бірде «мезгілдес» деген атаулармен аталып келді. Осы оқулықтың бірінші басылымынан бастап «мезгілдес салалас» деген атау тұрақталды.Себептес салалас –компоненттері бір-брімен себептестік қатынаста тұратын құрмалас сөйлем. Салаластың бұл түрі 1936ж. оқу программасында «себеп-салдар салалас» деген атпен тұңғыш ретсөз болды. Олар өйткені,себебі, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалады.Қарсылас салалас –компоненттері бір-біріне қайшы мағынада тұратын салалас түрі. А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «қайырыңқы салалас» деп аталған да, оған «соңғысы алдыңғы сөйлемге қарсы мағыналы болып қиысады» деген анықтама береді. Қарсылас салалас бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, өйтсе де, ал, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалады.Талғаулы салалас А.Байтұрсынұлы оқу құралдарында «айырыңқы салалас» аталған. Не, немесе, болмаса, әлде, яки, я жалғаулықтары арқылы жасалады.Кезектес салалас деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің брнен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Бірде, біресе, кейде т.б. жалғаулықтар арқылы жасалады.Түсіндірмелі салалас 1961ж. жарық көрген оқулықтың бірінші басылымынан бері қарай ғана есептеліп жүр. Онда «іліктес салалас» деген атаумен аталған. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, бірінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, соншалық, сондай, соншама деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдерде түсіндірмелі салаласқа жатады.Салыстырмалы салаласқа бір-бірне антитеза немесе анология ретінде алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын сөйлемдер жатады.Шартты салалас компоненттерінің мағыналары өзара шарттас болып келеді.Шартты салалас сөйлемдер екінші компоненттегі әрекеттің болу-болмауына бірінші компоненттегі әрекет шарт болып келеді.1.Екі компонент баяндауышы да бұйрық райда айтылады: Біраз дем ал, тынығып қаласың.2.Бірінші компонент ІІ ж., екінші компонент І немесе ІІІж. Айтылады: Осыны істе, ақысын төлеймін.3. Бірінші компонент баяндауышы бұйрық райдың Іж., екінші компонент баяндауышы ІІ немесе ІІІ ж. айтылады: Мен барайын, сен қорықпайсың ба?4. Кейде қарсылық жалғаулықтары арқылы да байланысады: Біз білмеген-ақ болайық, өзі тиыш жүрсінші.5. Бірінші компонент баяндауышы ІІІ жақта, екіншінікі І жақта: Ол тез кететін болсыншы, біз үндемейік. Шартты салаластың шартты бағыныңқылы сабақтастан айырмашылығы баяндауыш формасында ғана.
13-билет.1. Бөгде сөз, оның түрлері.Автор сөйлеген кезде немесе жазғанда өзі баяндап отырған оқиғаға, мәселеге байланысты басқа біреулердің пікірін,сөзін келтіреді. Мұндай келтірінді сөздер автор үшін бөгде сөз болады. Бөгде сөздерді қолданудың түрлі тәсілдері болады:
Бөтен біреудің сөзі ешқандай өзгеріссіз, сөзбе-сөз алынады;
Ол азды-көпті өзгертіліп, грамматикалық тың формалар қосылып, не түсіріліп айтылады. Соған қарай бөгде сөз төл сөз бен төлеу сөз болып екіге бөлінеді.
2. Сөйлеуші не жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей сол күйінде келтірсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлем дейміз.
Мұнда басқа біреудің сөзі төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.
Төл сөз құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Ол жеке бір сөз болуы да, бір сөйлем болуы да немесе әлденеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін.
Қандай құрамда айтылса да ол автор сөзімен байланысты болады. Бұл байланысты қамтамасыз ететін дәнекер –де ( деді, дейтін, деген, депті, деп, десе) етістігі.
3.Автор сөзі орналасуы жағынан да түрлі-түрлі болады:
1) Төл сөзден кейін автор сөзі келеді. Мұндай жағдайда олардың арасына де етістігі кекледі. Егер автор сөзі төл сөздің иесін атаумен ғана тынатын болса, де етістігі тиянақты формада айтылады: Мені қайда апарасыңдар, – деді Ботакөз.
2) Автор сөзінен кейін төл сөз келеді: өзара қатынасы тәуелсіз тұрады. Төл сөзден бұрын келетін автор сөзі кейде өзінен кейін төл сөздің келетінін білдірсе, соған нұсқап айтылады. Мұндай жағдайда автор сөзі ішінде мынау, былай, мынаны деген тәріздес сілтеу мәнді сөздер де болады.
3) Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді. Қазақ тілі синтаксисінде көп қолданылатын, көне түрі.
4) Төл сөз – автор сөзі – төл сөз. Мұндай қолданыс әдеби тілімізде кейін қалыптасқан.
Автор біреудің айтқанын төл сөз күйінде бермей, өз тарапынан өзгеріске түсіріп те беруі мүмкін. Мұндайда біреудің айтқанының негізгі ойы сақталады да, оның өзіне тән басқа ерекшеліктері: ритмика- интонациялық бояуы өз тарапынан сөздер, қосымшалар қосып, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп пайдаланады.
Сонымен, автор сөзінің біреудің тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейміз. Арқылы
Төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Айырмашылықтары:
1)Төл сөз сөйлеуші бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз, қоспасыз
бұлжытпай келтіретін болса, төлеу сөзде олай болмайды, оның бірер сөзі болса да өзгереді, бірер сөзінің бастапқы морфологиялық формасы өзгереді., соған байланысты синтаксистік қызметін өзгертеді.
2)Төл сөздің айналасында міндетті түрде автор сөзі болады және ол екеуінің
жігі айқын байқалып, бөлектеніп тұрады. Байланыстыру үшін тұлғалық өзгерістер қажет болмайды, тек дәнекер ретінде де етістігі қолданылады.
3)Төл сөзде сөйлемнің әр алуан мағыналық түрлері болады: хабарлы, лепті,
сұраулы. Соған байланысты оның әр сөйлемінде өзіне лайықты сазы, интонациясы болып отырады. Төлеу сөзде мұның бірде-бірі сақталмайды.
4)Төл сөз бен төлеу сөз жақтық жағынан , жіктеу есімдіктерін қолдану жағынан
да біркелкі болмайды. Төл сөзде іс-әрекеттің иесі өзі болған жағдайда автор жіктеу есімдігінің І жағын қолданып сөйлей береді. Ал төлеу сөзде олай етуге болмайды.
Сөйтіп, төлеу сөз автор сөзімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады. Бірақ табыс септігі жалғауы төл сөзді төлеу сөзге айналдырудағы, оны автор сөзімен ұштастырудағы бірден-бір шешуші форма болып есептеледі.
1.15-билет. 1. Пунктуация.
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын зерттейді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да екеуі екі бөлек категория.
Пунктуация емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.
Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс белгілерінің түрі де, атқаратын қызметі де әр алуан. Бірақ солардың бәрі де бір мезгілдің ішінде, бірден пайда болмаған. Жалпы жазу тілісияқты тыныс белгілер де, оларға байланысты заң ережелері де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған.
Тарихшы ғалымдардың айтуына қарағанда, нүкте 15, сұрау белгісі 16, леп белгісі 17, көп нүкте 18, сызықша 19-ғасырдан бастап қолданылған. Алғашында тыныс белгілері жазылған пікірді әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана қолданған.
Қазіргі тілдерде кездесетін тыныс белгілеріне тән қасиет –олардың интернационалдығы. Олар түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.
Тіліміздегі тыныс белгілері сан жағынан көп болмағанымен, мағыналары, қолданылатын орындары жағынан әр алуан:
Сөйлем соңында келетін тыныс белгілері. Біршама аяқталған ойды білдіретін жай немесе құрмалас сөйлемдерден кейін олардың мағыналарына, айтылу саздарына қарай нүкте, сұрау, леп белгілерінің бірі қойылады. Сөйлем соңында келетін белгілердің әрқайсысы, негізгі екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданылады: біріншісі –сөйлемнің аяқталғанын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі –сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату. Сонымен бірге олардың әрқайсысының кейде сөйлем ішінде тұрып та атқаратын қосымша функцияларыболады.
Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері. Бұлардың негізгі қызметі –оқушыларға сөйлемнің құрамын, оның қандай бөлшектерден құралғанын, ол бөлшектердің бір-бірімен мағыналық және синтаксистік қатынастарын байқату. Солай болғанмен, сөйлем ішіндегі тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да алуан түрлі.
Үтір –тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Оның қолданылатын орындары:
1)құрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірінен бөліп көрсету;
2)сөйлемнің бірыңғай мүшелерін бір-бірінен бөліп тұру;
3)қаратпа сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;
4)қыстырма сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;
5)одағай сөзді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;
6)оқшау сөздерді сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;
7)хабарлы сөйлем түрінде айтылған төл сөзден кейін, автор сөзінің алдында қолданылады.
8)сөйлемнің басқа мүшелерінен бөліп тұру;
Нүктелі үтір –хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Бұл –аралары үтірмен бөлінгенсөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өзара байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі бар талдап, санамалап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты сөйлемдер арасында да қолданылады.
Қос нүкте мынадай орындарда қолданылады:
1) Соңғы жай сөйлемі алдыңғы жайсөйлемдегі пікірді талдап, саралап ашып түсіндіретін құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдеріарасына;
2) Бірыңғай мүшелер алдында келген жалпылауыш сөзден кейін;
3) Төл сөзден бұрын келген автор сөзінен кейін.
Көп нүкте пікірдің аяқталмағанын, әлдеқандай себептен сөйлемнің бірер сөзінің түсіп қалғандығын білдіреді.
Сызықшаның қолданылатын орындары:
1)бастауыш пен баяндауыш арасына;
2)өзінің алдындағы сөздің немесе сөздер тіркесінің мағыналарын айқындау, саралап ашып көрсету үшін қолданылатын оңашаланған айқындауыштыбөлу үшін;
3)бірыңғаймүшелерден кейінкелген жалпылауыш сөздіңалдынан сызықша қойылады да, соңғының жинақтауыш сөз екенін білдіру;
4)төл сөз бен автор сөзін бір-бірінен бөлу;
5)мезгілдік, мекендік шаманы, шектібілдіретін сөздер арасына;
6)тетедесе болған әрекеттерді білдіретін кейбір шарт мәндес құрмалас сөйлемдерарасына қойылады.
Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол шын мәнісіндегі тыныс белгісі емес. Ол мынадай функцияларда қолданылады:
1)цитат түрінде келтірілген біреудің сөзін алуүшін,
2)кері мағынада,сықақ, кекесін түрінде айтылған сөздер;
3)басылымдардың, кеме-ұшақтардың, фабрикалар мен зауыттардың т.б. аттары мен маркалары;
Жақшаға алынатындар, негізінде сөйлеммен тікелей байланысы жоқ, оның мүшелерімен грамматикалық байланыста тұрмайтын, жазушының айтқанын айқындай түсу үшін қолданылатын кейбір ескертпе сөздер мен сөйлемдер.
21-билет.1. Болымды және болымсыз сөйлемдер. Болымсыз сөйлем ( орыс. предложение отрицательное ) - объективті болмыстың, ойлаған ойдың, іс-әрекеттің болмайтының, орындалмағаның хабарлайтын сөйлем. Болымсыз сөйлем болымды сөйлем негізінде жасалады, бірақ оған қарама-қарсы мағынаны білдіреді. Сонымен бірге айтылған ойға стильдік реңк, эмоционалды-экпрессивті сипат береді. Жасалу жолдары:
•1) Болымсыз сөйлемдер -ма/-ме тұлғалы болымсыз етістіктердің баяндауыш қызметінде не баяндауыш құрамында жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Торсанның бейітіне ешкім келіп, құран оқымайды екен (Ғ.Мүсірепов);
•2) есім мен есімшелі баяндауыштардың кұрамында емес көмекші етістігінің жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Бірақ оның не екенін, қандай адамдар екенін Демеқул түсінген емес (С.Ерубаев);
•3) жоқ сөзі баяндауыш кызметінде немесе күрделі баяндауыштың кұрамында айтылу арқылы жасалады. Мысалы: Сол сәттен бастап жас босанған анаға салмақ түсірген жоқ (К. Жұмаділов);
•4) -сыз/-сіз формалысын есімдер баяндауыш кызметінде жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Бұрын осы балалар тумай тұрған кезде, қалай өмір сүріп келгені белгісіз (К.Жұмаділов);
•5) сөйлем кұрамында ешкім, ештеме, ешбір, дәнекте, тук тағы басқа болымсыз есімдіктер жұмсалуы арқылы болымсыздық мән күшейе түседі. Мысалы: Жүрегінде ешкімге алдырмайтын, түкпірге тыққан бір қатты беріш бар (К. Жұмаділов);
•6) сөйлем кұрамында болымсыздық мағына беретін сөздердің (безу, қашу, тайсақтау, кері кету, жоғалу, ғайып болу, бой тарту тағы басқа) жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Ол заманнан бұл ел бір жола безініп болған (Ғ.Мүсірепов).

Приложенные файлы

  • docx 26448317
    Размер файла: 56 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий