ОБЖ жауап


3-сұрақ
Халықты қорғаудың  ұжымдық  құралдары
 Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ кәзіргі замандағы қырып-жою құралдарының зақымданғыш факторларының қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі- адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.   Панаханалар толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткір радиациядан және радиоактивті зақымданудан, ядролық жарылыстың зақымданғыш факторларынан, сондай-ақ уланғыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.   Өндіріс күштерін қазіргі заманғы  қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:
♦ қорғаныс ғимараттарына жасыру;
♦ халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
♦ жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;
♦ дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;
♦ азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;
♦ радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дөзиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
♦ өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
♦ зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;
♦ адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу. Қорғаныс ғимараттарына жасыру — халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе жау шабуылылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.
5-сұрақ
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы 1996 ж 5 шілде қабылданды.
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;
төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы немесе пайда болуы туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнінде хабардар етуге;
қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде әскерилендірілмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдістерін үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып, оны үнемі әзірлікте ұстауға
қарауындағы өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде, соларға іргелес аумақтарда бекітілген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге;
заңдарда көзделген реттерде, төтенше жағдайлардың салдарынан қызметкерлер мен басқа да азаматтарға келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар жойылғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруға міндетті.
6- сұрақ
Радиациядан қорғайтын паналау орындары қорғаныс мақсатына арнайы салынатын ғимараттар. Олар ішіне паналаған адамдарды радиоактивті сәуле шарпуынан, жарық сәулесінен және ішінара, химиялық, радиоактивті заттардан, биологиялық қарудың зақымынан және соққы толқынынан қорғайды. Радиациядан қорғайтын паналауорындары ретінде ең алдымен подвалдар, погребтер, шөп сүрлейтін шұңқырлар, сондай-ақ жер үстіндегі тас үйлер де пайдаланылады. Подвалдар мен терең шұңқырларды кең түрде пайдалану қажет, өйткені бұларды тез арада көп шығын шығармай-ақ паналау орнына бейімдей қоюға болады. олардың қорғау қасиеттерін күшейту керек, атап айтқанда, қабырғалары мен шатырын қалыңдатып, есік-терезелерін тығыздап бекіту қажет. Үйлердің, погребтердің, қоймалардың есік-терезесіндегі тесіктер менсаңылаулар толық бекітіліп, сырттан ауа кірмейтіндей жағдайға келтіріледі. Сонымен қатар жылу жүйесі мен су жүйесі құбырларының паналау орнына кірген жері жақсылап бітеледі. Есіктерін тығыз етіп жабу үшін оларды киізбен және қалың материалдармен сыртынан қаптау керек. Ең алдымен паналаған адамдарды таза ауамен жеткілікті түрде камтамасыз етуге ерекше назар аудару керек. Бұл үшін оларға арнаулы желдеткіштер орнатылады, сондай-ақ мұндай паналау орындарында табиғи желдеткіштер жасалады. Паналау орындары арқылы инженерлік-коммуникация жүйелерін жүргізуге болмайды. Радиациядан қорғайтын паналау орындарында паналаушы адамдар орналасатын бөлмелер және тазалық торабы, желдету камерасы болады. 50 адамға дейін сиятын паналау орындарында санитарлық торап бөлініп, онан қоқыстар мен қалдықтар мезгілінде тысқа шығарылып отырады. Паналау орындарын дайындау мерзімі 2 тәуліктен аспауы керек.
7-сұрақ
Пайда болу тегіне қарай
Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%96%D0%BB%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%83" \o "Жанартаулық жерсілкіну" Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%B5%D0%BD%D1%83%D0%B4%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%96%D0%BB%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%83&action=edit&redlink=1" \o "Денудациялық жерсілкіну (мұндай бет жоқ)" Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B6%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%96%D0%BB%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%83&action=edit&redlink=1" \o "Тектоникалық жерсілкіну (мұндай бет жоқ)" Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
11-сұрақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Азаматтық қорғау туралы 1997ж 7 мамыр.
тұлғалардың құқықтары :      1) олар ұшырауы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының пайда болу қаупі және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы хабардар болуға;      2) азаматтарды, объектілерді төтенше жағдайлардан және олардың салдарынан қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және жергілікті басқару органдарына жеке жүгінуге, жеке және ұжымдық өтініштерді жіберуге;      3) төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтық қорғауға арналған басқа мүлікті пайдалануға;      4) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте төтенше жағдайлар, өрт салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуіне;      5) азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысуға;      6) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өмірінің, денсаулығының және жеке мүлкінің қорғалуына;      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарақаттануына немесе ауруына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған, асыраушысынан айрылған, жарақаттануынан немесе ауруынан қаза тапқан немесе қайтыс болған жағдайда, егер олар төтенше жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді орындау салдарынан болса, әлеуметтік қамсыздандырылуға;      8) сотқа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап-арыз қоюға құқылы.
Міндеттері:      1) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;      2) төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін авариялар, табиғи құбылыстар қаупі туралы тиісті органдарға хабарлауға;      3) «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы бойынша іс-қимыл тәртібін білуге және орындауға;      4) азаматтық қорғау жөніндегі оқудан өтуге;      5) тұрмыста және күнделікті еңбек және шаруашылық қызметте қауіпсіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соғуы мүмкін өндірістік және технологиялық тәртіптің, қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеуге;      6) өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрттерді сөндіру жөнiнде қолдан келген шараларды қабылдауға;      7) өндірістік қауіпті объектілердегі авариялардың, инциденттердің себептерін тексеру кезінде, сондай-ақ өртке қарсы қызметке өрттерді сөндіру кезінде ықпал етуге;      8) азаматтық қорғау органдарының ұйғарымдарын және өзге заңды талаптарын орындауға;      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау органдарына оларға тиісті өндірістік, шаруашылық, тұрғын және өзге үй-жайлар мен құрылыстарға азаматтық қорғау саласындағы бақылау мақсатында зерттеу және тексеріс жүргізу мүмкіндігін ұсынуға;      10) төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша өткізілетін оқу-жаттығуларға және жаттығуларға қатысуға, халық пен объектілерді қорғау құралдарында құнтты қарауға міндетті.
19-сұрақ
Қазақстан Республикасында болған күшті жер сілкіністеріне мыналар жатады: 1887 жылы 9 маусымда болған Верненск жер сілкінісі. Жер сілкінісінің кіндігі - Верный қаласының оңтүстігінен 15 шақырымда болды. Магнитудасы - 7,3 (9-10 балл). Қала түгелімен қираған болатын. 329 адам қаза тапты. Шығын - 2,6 млн сом (сол кездегі бағамен).
1889 жылы 12 шілдеде - Шелекте жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 8,3 (жер сілкінісінің кіндігінде -10 балл). 24 адам қаза тапты. 3 мыңға жуық құрылыс қирап қалды.
1911 жылы 4 қаңтардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы күшті жер сілкінісінің бірі - Кемин жер сілкінісі. Магнитудасы - 8,2 (11-12 балл). Верный қаласы мен Ыстық көлдің солтүстік жағалауы күшті зақымданды. 540 адам қаза тапты. Шығын -1,4 млн сом (сол кездегі бағамен). Мамандардың санауынша жер қойнауынан шыққан энергия Днепрогэстің 326 жыл тоқтаусыз жұмыс жасағанда шығаратын энергиясына тең болды.
1990 жылы 14 маусымда 12 сағат 47 минутга Зайсан жер сілкінісі болды. Магнитудасы - 7,0 (8 балл). 8874 үй қирап қалды. 36 000 адам баспанасыз қалды. 1 адам қаза тапты. Шығын - 300 млн сом (сол кездегі бағамен).
13-сұрақ
Жер сілкінісінің қарқындылығы дегеніміз-белгілі бір аймақта болған жер сілкінісінің күші.қазіргі кезде жер сілкінісінің қарқындылығы 12 ұпайлық өлшеммен бағаланады. Магнитуда - жер сілкінісі дүмпулерінің сейсмикалық қуатын сипаттайтын мөлшер.
Магнитуда шамасы (әрбір жер сілкінісі үшін) тұрақты бір санмен анықталатын объективті шама. Ал жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы (интенсивтігі) жер бетінде байқалатын формациялық өзгерістердің көлемімен және оның жер бетінде өмір сүретін адамдардың физиологиялық сезім мүшелеріне тигізетін әсері арқылы сипатталатын субъективті өлшем
21-сұрақ
Химиялық қауіпті заттардың организмге әсері бойынша жіктеу
Топ
саны Организмге әсерінің сипаты Заттардың атаулары1 Тұншықтырғыш әрекеті басым заттарХлор, фосген, хлорпикрин
2 Жалпы улағыш әрекеті басым заттар Көміртек тотығы, цианды сутек, қышқыл және т.б.
3
Тұншықтырғыш және жалпы улағыш әрекетіне ие
заттарАкрилонитрил, күкіртсутек, азот қышқылы және азот оксиді, күкіртті ангидрид және т.б.
4 Нейтропты улар Күкіртті көміртек, тетраэтил -қорғасын, фосфор органикалық қосылыстар
5
Тұншықтырғыш және нейтропты әрекетке ие Аммиак, гептил, гидразин және т.б.
6 Метаболиялық улар jЭтилен окисі, дихлорэтан және т.б.
Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
25-34 сұрақ
 Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдай-лар.Рихтер шкаласымен есептелінеді.
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.
36-сұрақ
Өрт– бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.
Өрттің алдын алу шаралары
құрылыстық-жобалау;
техникалық;,
ұйымдастырушылық;
37- сұрақ
Тіршілік қауіпсіздігі- адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
 40-сұрақ
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар - өндірістік, транспорттық және басқа да авариялардың, өрттердің (жарылыстардың), қатты әсер ететін радиоактивті және биологиялық қауіпті улы заттардың төгілуімен (төгілу қаупімен) байланысты авариялардың, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауының, платиналардың бұзылуының, тіршілікпен қамтамасыз етудің, электро энергетикалық және коммуникациялық жүйесіндегі, тазалау құрылыстарындағы авариялардың салдарынан болуы мүмкін. Техногендік  сипаттағы төтенше жағдайға жататындар:    өндірістік авариялар;    көліктік авариялар (темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты);    өрттер (жарылыстар);    төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) ҚӘУЗ;    төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) РЗ;    төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) БҚЗ (биологиялық қауіпті заттар);    кенеттен ғимараттың құлауы;    электр –энергия жүйесіндегі авария;    тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық  тораптардағы авариялар;    тазалау құрылғыларындағы авариялар;    гидродинамикалық  авариялар (судың бөгеттерді бұзып шығуы).
43-сұрақ
Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. 
56-сұрақ
Өндірістік ортада жаңа гигиеналық фактордың пайда болуы(иондаушы сәулелер) өткен жүз жылдықтың соңындағы физика аумағындағы үлкен бір ашылулармен байланысты.  негізгі  төрт түрін ажыратады: альфа-ыдырауы, бета – ыдырауы, гамма- ыдырауы және спонтанды деп бөлінеді.
Альфа-ыдырау. Химиялық элементтердің радиоактивті ядроларының изотоптары  альфа-бөлшектерді бөледі. Ауыр ядролар үшін альфа-ыдырау сипаты тән.
         Бета-ыдырау. Бұл кезде ядро изотоптарының элементтері өзбеттерімен электрондарды шығарады.
         Гамма–ыдырау. Атомдардың номерлерімен массалар санының өзгертілуінсіз, массасы мен зарядтары жоқ, фотонның элементарлы бөлшектері түріндегі изотоп элементтерінің көп мөлшердегі энергияларының ядролардың қозулары нәтижесінде шығарылатын жағдай.
         Спонтанды бөліну. Ядролардың спонтанды бөлінулері кезінде электрондар, гамма кванттар, сонымен қатар нейтрондар бөлінеді. Радиоактивті  ыдырау өнімдеріне тұрақты және радиоактивті изотоптар жатады. γ – сәулелердің фотондары (гамма кванттар) α және β бөлшектер сияқты зарядтары болмайды және де электрлік және магниттік алаңдар бойынша әкетулерге бөлінбейді. Нейтронды сәулелер ауыр ядроларды бөлу кезінде ыдырауы мүмкін.57-сұрақ
қан кетуді тоқтату:
зақымданған тамырды қолмен қысу;
зақымданған аяғын қатты бүгіп, тізесіне қою немесе мата орандысымен таңу;
қатты қан кеткен кезде, жараны стерильді салфеткамен жабу немесе бинтпен орау.
58-сұрақ
Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпті аймақта мына облыстар орналасқан:
Шығыс-Қазақстан облысыАлматы облысыЖамбыл облысыОңтүстік Қазақстан облысыҚызылорда облысыМаңғыстау облысы 59-сұрақ
Альфа-сәулелену-протондар мен нейтрондардан құралған ауыр бөлшектердің тасқыны. Ол қағаз бетімен тоқталатылады және адамның терісінен өте алмайды. Бірақ егер ол организмнің ішіне отып кетсе, өте қауіпті болып кетеді. Бета-сәулеленудің өтудің аса жоғары қабілеттілігі бар және адам терісіне 1-2 см-ге өтеді. Гамма – сәулеленуді тек қалын қорғасын және бетон плитасы ғана тоқтата алады.
60-сұрақ
Қан кету – қан тамырлары жарылу кезіндегі қан тамырларынан қанның ағуы. Қан кету соққы алу және қандай да бір аурудың себебінен орын алады. Осыған орай жарақаттық және жарақаттық емес қан кету деп бөлінеді. Қан тамырларының зақымдану түріне қарай қан кету: артериалды, веналық, тамшылық және аралас болуы мүмкін. Артериалды қан кету кезінде аққан қан ақшыл қызыл түсті болады, қатты шашырап ағады. Веналық қан айтарлықтай қара және жарақаттан көп мөлшерде тоқтаусыз ағады. Тамшылық қан кету кезінде қан жараның барлық бөлігін қамтиды. Аралас қан кету артериалдық және веналық қан кетудің белгілерімен сипатталады.
63-сұрақ
Жарақат – сыртқы факторлардың әсерінен ұлпа тұтастығының бұзылуы. Жарақат механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық болады.
66-сұрақ
Сынық түрлері мен олардың асқынулары
Толық сынық түрлері:
көлденең сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең келеді (түтікті сүйектерде, қысқа сүйектерде — білек, балтыр,табан сүйектері, тізе тобығы, өкше сүйегі және т.б.);
қиғаш сыну сызығы — сүйек ұзындығына көлденең (аяқ-колдың ұзын сүйектерінде жиі кездеседі);
бойлық сыну сызығы — сүйек ұзындығына параллель (көбіне саусақ сүйектерінде немесе аяқ-қол ұзын сүйектерінің буын ұштарында, бұранда тәрізді сыну сызығы — бұранда тәрізді сызық түрінде (ұзын сүйектердің бұралған кезінде — көбінесе аяқ, иық сүйектерінде);
аралас сыну (сызықтарының бірнешеуі Т—тәрізді,Ш—тәрізді) сызығы.
шаншылған сүйек сынығы — басқа сүйекке еніп ("шаншылып") кетеді.
68-сұрақ
Улағыш заттар (УЗ) химиялық қарудың негізін қүрайды. Химиялық қарудың әсерінен адамдар мен малдардың жаппай зақымдануы болған аумақ химиялық зақымдану ошағы деп аталады. 
УЗ зақымдау әсерінің белгілі ерекшеліктері бар. Олар қысқа мерзімде адамдар мен малдарды жаппай зақымдандыруы мүмкін. УЗ тек аумақты ғана емес, сондай-ақ жер үстіндегі ауа қабатын да зақымдайды. Улағыш заттардың жіктелуі.  Барлық УЗ организмге улылық әсерінің сипаты бойынша мынадай топтарға бөлінеді: 
жүйкені жансыздандыратын УЗ - фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы - зарин, зоман, V - газдар; 
жалпы улағыш әсері бар УЗ - көгілдір қышқылы, хлорциан; 
терінің қүрысуына әсер ететін УЗ - иприт, люизит; 
тұншықтырғыштық әсердегі УЗ - фосген, дифосген; 
көздің жасын ағызатын және тітіргендігіштік әсері бар УЗ - хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит СЗ (си-эс); 
психохимиялық әсер ететін УЗ - ДЛК және В2 (би-зет) лизергин қышқылының диэтиламиді; 
Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін УЗ (зарин, зоман, V -газдар, көгілдір қышқылы) және баяу әсер ететін УЗ болып бөлінеді (иприт, фосген).
72-сұрақ
Күйік оттан, будан, қайнаптұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болу мүмкін.
4 дәрежелі күйік болады:
Бірінші және екінші дәрежелі күйікте сұйықпен толтырылған көпіріктер (пузырьки) пайда болады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең тканьдар жарақатталады (обугливаются или свариваются).
Емделу:
Күйік жерін киімнен ажыратыңыз.
Күйік жерін суық суға немесе ағып тұрған суық суға салыныз және ауыр басылғанша солай үстап тұрыныз (10 минуттан 30 минутке дейін).
Содан кейін күиік жерін матамен немесе басқа таза шүбірекпен орап қойыныз.
Маймен, креммен немесе мазьбен жағуғу тиім салынады.
Қөпіріктерді (волдыри) жармаңыз, әйтпесе оған микроп түсу мүмкін.
Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.
75-сұрақ
үсік суықта көп болғанынан пайда болады.
Белгілері:
Озноб
Салқын тері (Ненормально холодная кожа).
Бетің ағаруы (Бледное лицо).
Апатия. Ұйықыңын келуі.
Қозғалудың координациясының жоғалуы.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Адамды жылу көрпеге ораңыз.
2. Оған ыстық және тәтті шәй немесе кофе берініз.
3. Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша ұқалап жіберініз.
4. Ал егер өзініз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.
79-сұрақ
Фаршоктар-Басты дүмпуге дейінгі жер сілкіністер
Афтершоктар-басты дүмпуге кейінгі жер сілкіністер
80-сұрақ
Күшті әсерлі улы заттектердің уланған аймаққа әсер етуші факторлары.
КӘУЗ-дің таралу тереңдігі мен оның ауадағы концентрациясының мөлшеріне, айтарлықтай дәрежеде ауаның вертикалды (тік) қозғалысы (ағымы) әсер етеді. Инверсия, изотермия және конвекция деп аталатын мұндай ағымдар ауаның вертикалды тұрақтылығымен сипатталады.Инверсия– бұл ауа температурасының биіктікке қатысты өсуі, яғни, топырақ пен топырақ беті температурасының анғұрлым жоғарғы қабаттағы ауа температурасыменсалыстырғанда төмен болуы. Инверсиялық ауа қабаты, ауаның вертикалдық қозғалысына кедергі жасап, КӘУЗ-дің ауаға ыдырауын қиындатады. Изотермия – бұл топырақ пен жоғары жатқан ауа қабаты температурасының тепе-теңдігімен сипатталады. Биіктікке қатысты ауа температурасы өзгермейтіндіктен изотермия инверсия жағдайындағы сияқты КӘУЗ буының ауада ыдырауын қиындатады.Конвекция – ол топырақ пен оның бетіндегі ауа температурасы, жоғары орналасқан ауа қабатына қарағанда анағұрлым жоғары болатын жағдай. Жылы ауа жоғары салқын ауамен ауыса отырып, ауа ағымы жылдамдығының бірнеше м/с-қа артуына мүмкіндік туғызады. Конвекциялық ауа ағымы шоғырланған улы бұлттың ауада тез ыдырай отырып, аумақтың КӘУЗ-бен улану ықтималдығын төмендеттеді.
81-сұрақ
Жүректі жандандыру соққысын жасау ережесі.
Жүрек жұмысын қалпына келтіру үшін көптеген жағдайда прекардиальды соғу жеткілікті, ол үшін бір қолды кеуденің төменгі бөлігіне қойып екінші қолмен қысқа, қатты соғу (удар) керек. Қайыра күре тамырдың соғуын тексеріп, егер жоқ болған жағдайда сырттан жүрекке массаж жасауға жасанды ауа жіберуді бастау керек. Зардап шеккен адамды қатты жерге жатқызып, көмек көрсетуші кеуденің төменгі тұсынан қос алақанымен жылдамырақ бар салмағымен басу керек. Кеуде клеткасы омыртқаға қарай 4-5 см басылу арқылы жүректі қысып, оның камерасынан қанды өзінің өзегінен шығарады.Жүрекке массаж жасау жиілігі минутына 60 рет, балаларға 80 рет. Тыныс алуы мен жүректің жұмыс істеуінің қайта қалпына келгенін ес-түссіз жатқан комотоздық күйде жатқан жарақаттанушыны бір қырынан жатқызады, осы жағдайда жарақаттанушы өзінің тілін жұтып қоюдан және құсатын болса, құсықтан тұншығудан сақтайды.
82-сұрақ
Жер сілкінісінің қарқындылығы дегенді қалай түсінесіз?
жер сілкінісінің қарқындылығы дегеніміз-белгілі бір аймақта болған жер сілкінісінің күші.қазіргі кезде жер сілкінісінің қарқындылығы 12 ұпайлық өлшеммен бағаланады.
1-топырақ шайқалуы арнайы аспаптармен белгіленеді.
2-тыныш сәтте отыған адамдарға сезіледі.
3-кейбір адамдарға сезіледі.
4-шайқалу көп адамдарға сезіледі.
5-ілініп тұған заттар теңселеді,ұйқтап жатқан адам оянады.
6-ғимараттың жеңіл бұзылуы
7-қабырғада жарықтар пайда болады.
8- қабырғада үлкен жарықтар пайда болады,перде ілгіштерінің ж/е мұжасының құлауы.
9-көп ғимараттарда шатырлар мен қабырғалардың құлауы.
10- көп ғимараттардың опырылуы,топырақ қабатының ені 1м-ге дейін жететін жарықтар.
11-тауларда үлкен опырылу,жердің үстінгі қабатында көптеген жарықтар пайда болуы.
12-толық қиралыстар,жердің үсінде толқындар ж/е жер бетінің ірі өзгерістері.
83-сұрақ
Радиациялық және химиялық барлау құралдары.
Радиациалық ортаны өлшеу үшін дозиметрпайдаланады. Жеке және жалпы фондық дозиметрлер болады. Кеңес одағы кезінен республикамызда ДП-5 және ДП-5В дозиметрлер қолданылады. Сонымен қатар, қазіргі заманда түрлі өндіріс дозиметрлерін шығарады. Дозиметрлар гамма-шағылыстың деңгейін өлшеуге арналған. Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В, ИМД-21 және т.б. жатады.
Химиялық барлау үшін, яғни ортада улы химиялық заттардың болуын, арнайы аспаптарды пайдаланады. Бізде ең таралған құрал – химиялық барлаудың әскери аспабы, ВПХР деп аталады (войсковой прибор химической разведки). ВПХР улайтын заттардың көбін ауада және топырақта анықтауға арналған. Сонымен қатар, медициналық және ветеринарлық қызметтерде химиялық барлау үшін аспап қолданылады (ПХР-МВ).     Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б.
84-сұрақ
Микробтық бактериялар вирустар және олардың жіктелуі.
Бактериялар – табиғатта кеңінен таралған бір жасушалы микроорганизмдер тобы. Бактериялар барлық жерде және төзімді болады. Олар топырақта, суда, өсімдіктерде, адам және жануарлар ағзасында болады.Бактериялар өмір-тіршілік үрдісінде түрлі биологиялық заттар –ферменттер, антибиотиктер, пигменттер, ұшқыш ароматты қосылыстар, токсиндер т.б. түзеді.Вирустар (латын тілінен Virus – у) – нуклеинді қышқылдан (ДНҚ немесе РНҚ) және ақуызды қабыршықтан тұратын, өте ұсақ жасушасыз бөлшектер. Олар тірі емес жасушаларда тіршілік ете алмайтын, жасушаішілік паразиттер болып табылады. Вирусты жұқпалы аурулар кеңінен таралған. Көне заманнан бері құтыру, оспа, тұмау т.б. сияқты аурулар танымал.
85-сұрақ
Жер сілкінісінің қандай түрлері болады?
Тектоникалық жер сілкінуі. Жер – бұл орасан зор организм, ол да біз сияқты үздіксіз қозғалыссыз тіршілік жасай алмайды. Іштен ол қуатты күштердің әсеріне әрдайым ұшырайды.
Техногендік жер сілкіну.Кейінгі жылдары адамның инженерлік ісінің кейбір жағдайларында жер сілкінудің пайда болуына әкелетін оқиғалар саны едәуір өсті.
86-сұрақ
Аймақ химиялық заттарда залалданған кездегі құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
Халық қоныстанған мекеннің химиялық зарарлану аумағына түсу қауіпі кезінде келесі шаралар өтілуі тиіс:
1.Халықты химиялық зарарлану туралы хабарлау.
2.адамдарды противогазбен қамтамасыз ету.
3.жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ж/е қауіпсіз орынға көшіру.
4.төтенше жағдайлар Комиссиясына хабарлау керек.
87-сұрақ
Жұқпалы аурулардан сақтану ережелері.
Сырқаттарды емдеу инфекциялық ауруханаларда немесе аурухананың инфекциялық бөлімінде, кей жағдайда үйде (мысалы, ОРЗ) жүргізіледі. Бұл жағдайда емдеу процесі, эпидемияға қарсы талаптарды қатаң орындау арқылы жүруі тиіс. Ішектің инфекциялық ауруларын алдын-алу үшін сырқаттар мен бактерия тасушыларды анықтау, изоляциялау және емдеу жұмыстарын, шыбын-шіркеймен күрес жүргізеді. Тағам өнімдерін дайындау, сақтау және тасымалдау ережелерін қатаң қадағалау маңызды болып табылады. Міндетті түрде тамақтанар алдында, дәретханадан соң сабынмен қол жуу, жемістер мен көкөністерді қолданар алдында тазалау, жуу, сүтті қайнату, залалсыздандырылған (қайнатылған) суды пайдалану сияқты іс-шараларды орындау қажет. Көптеген инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатымен түрлі сақтандыру егулерін жүзеге асырады. Қазақстанда инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы және жүйелі күрес жүруде. Қайталанбалы тиф, оба, табиғи оспа және басқа жұқпалы аурулар тәжірибе жүзінде түгелдей дерлік жойылған және басқа көптеген инфекциялармен ауру деңгейі едәуір төмендеген.
88-сұрақ
Жер сілкінісінің орналасу тереңдігіне қарай жіктелуіЖер сілкінісінің орналасу тереңдігіне қарай орналасуыЖер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км),
аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі
89-сұрақ
Адам ағзасына радиацияның әсері.
 Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке¬дергісіз ене береді. Ал одан қор¬ға¬ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы¬лым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәуле¬лен¬генін сез¬бейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процес¬тер өзге¬реді. Оның соңы ағ¬заның тұ¬тастай жүйесі бұзылуына, іш¬кі органдардың іс¬тен шыға бастауына апарып соғады. Ми, жыныс без¬дері, аш ішек, сілекейлі жер¬лер, тамыр жүйесі, ағзаның эн¬до¬криндік мү-шелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бе¬йім. Радиоактивті сәу¬леленген адам өмір бо¬йы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәж¬бүр. Себебі иммундық жү¬йенің жасушалары тез қы¬рыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іш¬тегі шарана мен
жаңа туған нәрестенің иммундық жүйе¬сін жойып жібереді.
 90-сұрақ
ҚР әлеуметтік маңызды аурулар және олардан қорғану.
Шылым шегу – тұтап жанатын кейбір өнімдердің түтінін ішке сору (темекі, табак т.б.). Нашақорлық – адам ағзасын белгілі бір уақыт ішінде наркотик қабылдау арқасында ғана қолдап тұра алатын, ағзаны психологиялық және функционалдық тұрғыда ыдырататын, күйзеліске ұшырататын ауыру түрі.Маскүнемдік)– спирттік ішімдікті жүйелі түрде ішумен байланысты созылмалы ауыру

Приложенные файлы

  • docx 26448313
    Размер файла: 48 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий