Философия жауап ауызша


Философия пәні, оның негізгі мәселелері және функциялары, қазіргі заманғы мәдениет жүйесіндегі орны.
Аңыз, дін, өнер, философия, ғылым: олардың жалпы және айырмашылық ерекшеліктері. Философиялық білімнің өзгешілігі және құрылымы.
Ежелгі Үнді философиясының мектептерінің жалпы сипаттамасы. Будда ілімі.
Ежелгі Қытай: негізгі философиялық мектептер, олардың өкілдері, әлеуметтік-философиялық және этикалық ілімдер.
Антика философиясы. Ежелгі грек философияның космоцентрикалық сипаты. Диалектиканың пайда болуы және қалыптасуы.
Софистер және олардың негізгі идеялары. Сократ.
Аристотельдің философиялық ілімі. Материя және форма..
Эллинистикалық дәуірдің философиясы: «эпикурийліктер, стоиктер, скептиктер».
Мұсылман Шығыс елдерінің ортағасырлық философиясы. Әл-Фарабидің, философиялық көзқарастары.
Батыс Европаның ортағасырлық философиясы. Христиандықтың діни негіздері және идеялары.
Қайта өрлеу дәуіріне тән ерекшеліктер және философиядағы оның орны.
Жаңа космологияның қалыптасуы, философиялық пантеизм: Н. Кузанский , Дж. Бруно, Н. Коперник және т.б.
17 ғасырдың философиясы және ғылыми революциясы. Ф. Бэконның эмпиризмі. Р. Декарттың рационализмі.
Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны: Аль-Газали, А. Иассауи.
18 ғасырда Европадағы ағартушылық философия. (Вольтер, Гольбах, Дидро, Руссо және т.б.)
И.Канттың сыни философиясы. «Категориялық» императивті.
Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.
Адам, жеке адам (индивид), тулға. Тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі. Қазіргі заманның тұлғалық үлгісі.
19.19 ғасыр философиясы: «Өмір философиясы» (А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, А. Бергсон)
20.Қазақ философиясы. 14-19 ғғ. Ақындар мен жырау шығармашылығындағы дүниеге көзқарас, адамгершілік мәселелері.
19 ғасыр қазақ ағартушылықтың классиктерінің философиялық көзқарастары және гуманизмі (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин)
Экзистенциализмде адам мәселесінің қарастыру: «шекаралық жағдай», бостандық, өмір мен өлім мәселелері.
Позитивизм философиясы (бірінші, екінші, үшінші позитивизм)
Гегельдің идеализмі. Абсолютті идея ұғымы. Диалектикалық әдіс.
Орыс философияның жалпы сипаттамасы. Евразиялық идея.
Жаһандану мәселесі. Рим клубының философиялық ізденістері.
«Болмыс» философиялық категория ретінде: оның мәні және ерекшелігі. Болмыстың негізгі формалары
Субстанция мәселесі. Материяның философиялық түсінігі.
Қозғалыс материяның айырылмас қасиеті. Кеңістік және уақыт.
Философиядағы даму идеясы. Диалектиканың категориялары және заңдары.
Таным туралы жалпы ұғым. Философия тарихындағы таным мәселесі.
Философияда және ғылымда ақиқат мәселесі. Ақиқаттың критерийлері
Сезімдік және рационалдық таным және олардың бірлігі.
Ғылыми танымның ерекшелігі, деңгейлері әдістері.
Адам және оның болмысы философияның негізгі мәселелерінің бірі ретінде.
Қоғам жүйе ретінде. Қоғамтуралы негізгі концепциялар.
Плотонның идеялары және мемлекет туралы ілімдері.
Діни сезім. Діни қатынастардың ерекшелегі.
Тарих философиясы: (К. Ясперс, Тойнби, О. Шпенглер)
Қоғамның табиғи негіздері: геоорта, биосфера, ноосфера
Философия пәні, оның негізгі мәселелері және функциялары, қазіргі заманғы мәдениет жүйесіндегі орны.
Философия – адамзат білімінің, рухани мәдениетінің өте ертеде қалыптасқан, қызықты салаларының бірі. Алғаш ертедегі Үнді, Қытай Грецияда б.з,б. ҮІ-Ү ғасырларда қалыптасып, қоғамдық сананың мықтап бекіген формасына айналды. Философия қалыптасқаннан-ақ дүниетанымдық сұрақтарды алға тартып, оларға жауап іздеді.
     Философия – болмыстың заңдары мен жалпы принциптері, адам мен әлем арақатынасы және таным жайындағы ілім.
     Философия термині гректің «phileo» - сүіспеншілік и «sophia» - даналық деген екі сөзінен құралған, «данышпандыққа құштарлық» дегенді білдіреді.
      «Философ» сөзін ендірген көне грек ойшылы Пифагор болды.
      Философия адам өзін іс-әрекетшіл тіршілік иесі ретінде табиғаттан бөліп алғанда, өз әрекеттерінің мүмкіндіктері мен шекарасына талдау жасай бастағанда, мәдениет дамуының белгілі бір деңгейінде пайда болды. Бұл әлемге деген саналы-теоретикалық қатынас. Сондай-ақ философия адамның өзіне, өз танымына, әлемге рационалды-сыни қатынасты ұсынды.
Философияның ең негізгі функциясы – бұл дүниетанымдық. Дүниегекөзқарас – дүние мен ондағы адамның орны жайындағы жалпылама көзқарастардың, принциптердің, бағалардың жиынтығы немесе жүйесі.Философия – дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде құрастырылған, рациональды дүниеге көзқарастың жүйесі. Философияға дейінгі дүниеге көзқарастың алғашқы тарихи типтері – мифология және дін.Мифология – қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы. Дін  – дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке сенімге негіздеп жасады.Дін мен философияның айрмашылығы неде? Философия – ғылым, бұл рационалды-теоретикаллық дүниетанымның. Дін тек сенімге ғана сүйенеді.
Философияның функциялары:             
дүниетанымдық                                                                
әдістемелік                                                                        
ойлаушылық                                                                     
гносеологиялық                                                               
сыни                                                                                 
аксиологиялық                                                                  
тәрбиелік
болжамдық
Философияның басты саласы — мәдениет философиясын қамтиды. Философияның мәдени жүйеде алатын орны зор. Философия мәдени-тарихи құбылыс ретінде, оның «Адам-әлем» жүйесіндегі көптеген проблемаларын,  өзара қатынастарын,  фунцияларын /қызметін/ анықтайды. Аңыз, дін, өнер, философия, ғылым: олардың жалпы және айырмашылық ерекшеліктері. Философиялық білімнің өзгешілігі және құрылымы.
Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. 
  Философиялық білімнің негізгі сипаттары. “Ежелгі Шығыс философиясы” деп бүкіл дүние жүзіне әйгілі үш өркениеттің: Үнді, Қытай және Мысырды айтамыз.Шығыс философиясының қалыптасуына әсер тигізген көптеген алғышарттар бар, олар: мифтік сананың дағдарысы, өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; ойлау еңбектің ауыр жұмыстан бөлініп шығуы; рулық-тайпалық құрылымның әлсіреуі; алғашқы мемлекеттердің пайда бола бастауы; дәстүрлі дінге оппозицияның өсуі; ғылыми және ғылыми емес білімдердің алғышарттарының пайда болуы т.б.Үнді философиясының негізгі классикалық және классикалық емес бағыттары бар, олар “Веды” беделін мойындаумен немесе мойындамаумен байланысты.Ертедегі Қытай философиясының негізгі бағыттары: конфуцийшылдық (Конфуций), даосизм (Лао-цзы), легизм (Гуан Чжун, Шан Ян), “инь” және “ян” мектебі. Олардың философиялық ілімдеріндегі қағидалар “адам-әлем” жүйесіндегі бүкіл даналықты қамтиды десек артық емес. Олар бүгінгі тәлім-тәрбиенің, адамгершіліктің өмір мектебіне айналып, өзінің мәнін эвристикалық педагогикалық іс-әрекетте көрсетіп, көзқарастық, танымдық және методологиялық концепцияларға айналып отыр.
Ежелгі Үнді философиясының мектептерінің жалпы сипаттамасы. Будда ілімі.
Көне Үнді философиясы: негізгі мектептері мен оның өкілдері.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері: 1) ғылыми оймен байланысының аздығы; 2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; 3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; 4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі; 5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі. Көне Үнді философиясының негізгі мектептері Г Жайнизм – көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы – біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны беліп көрсетті:1) джива – тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6) уақыт. Будднзм – көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы – біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетг өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті. Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты – осы нақты өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды. Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады». Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: «Сендер бүл ілімді дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің күнінде үнді қоғамындағы барлық касталардың осы діннің туы астына бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер». Шындығында да, будда дінін әлемнің көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, адамгершілік пен ізгілік принциптерін алға тартқан бұл дін Үндістан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Моңғолия менКомбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың құрметіне бөленеді.

Ежелгі Қытай: негізгі философиялық мектептер, олардың өкілдері, әлеуметтік-философиялық және этикалық ілімдер.
Көне Қытай философиясы және оның мектептері. Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне. Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII –VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мек-тептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері: Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік солҚытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер – чжухоу, беделді отбасылар – дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды. Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі. Олардың арасындағы бастысы – Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.Көрнекті өкілдері: Шан Ян, Конфуций, Лао Цзы болды.
Антика философиясы. Ежелгі грек философияның космоцентрикалық сипаты. Диалектиканың пайда болуы және қалыптасуы.
«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіреді. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.) Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты. Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор — сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатьн еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық , метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі жолдармен жүрді. Платондық Академияның ең қабілетті шәкірті Аристотельдің рухани дүниесін платонизм мен метафизикадан бас тартып, натурализм мен эмпиризмге бет бұру деп түсінуге болады. Яғни, ол ұстазының жолын қайталамай, оның ілімін алға жылжыта отырып, оның теориясы шеңберінен шыға білген. Аристотельдің таланты мен ғылыми рухы оны тәсілдер дифференциациясына, органикалық синтез бен жүйелеуге алып келді. Ол философиялық білімдердің — метафизиканың, физиканың психологияның, этиканың, саясаттың, эстетиканың, логиканың даму жолдарының негізін қалады.
Софистер және олардың негізгі идеялары. Сократ.
Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген философиялық мектеп. Бұл философиялық мектептің қайраткерлері теоретик философ болып қана емес, азаматтарды философияға, орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен, оқытушы философияға орталық өнерге басқа да білімдер түріне үйреткен , оқытушы философ ретінде де болған. Софистердің қайраткерлері
Үлкен софистер (5ғ б.э.д) Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Критий. Кіші софистер- Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми түрдежатпайды, бірақ софистердің ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған.
Сократ (б.э.д 469-399ғ) Софистикаға қатынасы бар, ең қадірлі философтың бірі. Ерекшеліктері:   
Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен  тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін  майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз  философиясын, ағартушылық  жұмысын ең  өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып  жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы  деп қараған. 
Сократтық мектептер – Сократ ойының әсерінен қалыптасқан және оның оқушыларымен дамыған философиялық ілім.
1.     Платон академиясы-б.э.д. 385 ж Платон мен қалыптасқан, философияны – діндік мектеп. Мақсаты философияның мәселелерді зерттеу, құдайлар мен музаларды қадірлеу болған. Ол б.э. 6 ғ дейін өмір сүрді. 2.     Клиниктер – еркіндік идеясын қоғамнан тыс қалыптастырған, философикалық мектеп. Бұл мектептің қайраткерлері өз философиялық зерттейтін өздеріне өойып тексерген. Клиниктер паразиттік, қаңғыбастық өмір сүрген, жанұясыз  мемлекетпен заңға, мәдениетке қарсы келген. Бұл мектептің ең   әйгілі қайраткерлеріне – Антисфен, Диоген, Синаский (Плотон, Сократ есінен таңға деп атаған.) 3.     Кирендік мектеп- Сократтың оқушысы  Киреннен  шыққан. Аристиппен  негізделген 4 б.ғ.д.ғ өмір сүргенОсы мектеп қайраткерінің көзқарасы табиғатты зерттеуге  қарсы болған.Ең жоғары деп лязатты есептеген.Сәйкесінше өмір мақсаты ляззат деп есептеп, бақытты лязаттың  жиынтығы,  байлықты – ляззатқа жету құралы  деп есептеген.
4.     Мегар мектебі. Б.э.д 4 ғ Мегарлық Сократтың оқушысы Евклидпен негізделген. Қайраткерлері Евбулид, Диодор, Крон.
Аристотельдің философиялық ілімі. Материя және форма..
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие.  Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды:  1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние. Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады. Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.).  Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты. Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Эллинистикалық дәуірдің философиясы: «эпикурийліктер, стоиктер,скептиктер
Эллиндік философия. Эллинизм дәуірі (б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырдағы) басталды. Эллинизм ойшылдары стоялықтар – Аристотель ілімін, эпикуршілдер Демокритті, скептиктер Элей мектебі мен софистерді, Платонды әрі қарай ілгері жалғастырушылар болды.
Ендеше, заманның мәнін, ішкі рухани дүниесін түсіну үшін эллинизм дәуірі, ондағы стоялықтар, эпикуршілдер және скептиктер маңызды рөл атқарды. 
Стоялық бағыттың негізін салған – Зенон. Әсіресе, стоялық ойшылдар өзінің логикасында, физика мен этикасында табиғатты, яғни сезімдік материалды, ғарышты субъекті ретінде қарап, сол арқылы адамның негізін түсінуге ұмтылды. 
Эпикуршілдік бағыттың өкілі Эпикурдің есімімен аталатын философиялық ағым сонау Демокриттің атомдық философиясын дамыта отырып, осы эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелер көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген ғылыми бағыт деп қарауға болады. Бұл ағымның негізгі бір ерекшелігі ұсақ бөлшекті атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасайды. 
Скептиктер (грек тілінде «қараймын», «зерттеймін», «күдіктенемін») бағыты адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен көптеген ойларды қамтыды. Бұл ағымның негізін қалаушылар Пиррон, Секст Эмпирик, тағы басқалары болды. Бұл философияның негзі адамның ойы арқылы айналадағы дүниеге кеңінен көз салу, оны жақсылап көріп алу, өткен жолымызға қайта қарау және танымның жетістігіне сын көзбен шолу арқылы оны қайта бағыттау. 
9 сұрақ .Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т.б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Ясауи, ибн Араби, т.б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философиялық тарихи маңызы - Ф.Бэконнан (1561 - 1626) Спинозоға (1632 - 77) дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді Шығыс перипатетиктері мен мұсылман дінтанушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (схоластика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мере, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айырылыс ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб философиясы тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Йасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.[1].2) Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII – X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 – 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол – мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуына энциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 – 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық). Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: Қ.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 – 1240ж), әл-Хуруфи (1339 – 93/94ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды. [1]10сұрақ Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнөларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.
Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.
Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл мұндай төуелділікке ұшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғасырдан бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да терендей түсті, Олардың арасында IX ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — әкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мөселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық төуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі — гректіккатоликтік, яғни православиелік деп аталды.
Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматгы жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балгерлер, емшілер, көріпкелдер және тағы да басқа қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, әсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жынсайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кеңі етек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында өртелді.
Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңызы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғасырдың өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі — Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғасыр аяғы мен VIII ғасыр басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.
Доминикан орденінің (оның негізін 1215 жылы испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226—1274 жылдар) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғасыр аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. XIII ғасыр «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.
Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғасыр) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуға белсене араласты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі — сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғасыр аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.
XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий III (1160—1216 жылдар) болды. Папа дөрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық мәселелермен, коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай  индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан газеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай құштарлықпен, үлкен үміт сеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдеғі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты — «Сенім», «Үміт» I және «Махаббат» үштігінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнәдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мүлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.
11сұрақ Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині, мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру деген ұғым білдіреді. 15 – ғасырда басталған бұл дәуірге философиясы қалыптасуына Шығыс пен Батысты сауда жолымен байланыстырып келген Жібек жолы Шыңғыс хан басқыншылары  Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Еуропа елдерін жаулап алған соң өз маңызын жойып, Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы  жаңа жағрапиялық жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру нәтежесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға, Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді адамдар дүниеге келді. Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік көрсетіп, жаңлықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғыпып өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600) Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі – Құдай, не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын – ды. Өлер алдында Джордано былай деп өсиет қалдырды:“Мейлі, мені өртеп өлтірсін, бірақ менің өлімім адам баласынжарқын болашаққа апаратын жолдарға тосқауыл ьолаалмайды”. Николай Коперник  (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында: “Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер Күнді айналып қозғалатын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Николай Кузанский (1401- 14665)салды. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік түрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шнгі бар, дүниенің жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп есептеледі.
Қайта өрлеу іс – жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа ізденіске ұмтылуды білдіреді.
Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясында басты ерекшелік адамға деген бет бұрыс егер антикалық философияда  басты проблема табиғат космологиялық өмір болса, ал қайта өрлеу дәуірінде қайырлы қоғам дүниедегі адам қызметі, адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу. Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік боды. Яғни басты тұлға құдай емес ал адам. Құдай баолық заттардың бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі. Қайта өрлеу дәуірінің ортасы негізі қайта өрлеу дәуірінің дүние танымы гуманистік бағытта адам ерікті өзінің болашағын жасаушы тұлға ретінде қарастырылды.
Дүниетанымдағы тағы бір ерекшелік шығармашылық қызметіне табыну әсемдік сұлулық символына деген құлшыныс.
Николай Кузанский өзінің “шындықты алдын ала болжау”, “Білетін білместік туралы” деген еңбектерінде әлемде бәрі қайшылықтардан түратынын дәлелдейді. Қайта қрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.
12сұрақ Жаңа космологияның, философиялық пантеизмнің қалыптасуы: Н.Кузанский, Н. Коперник, Дж. Бруно, Г. Галилей, Г.И.Кеплер
Н.Кузанскийдің (1401-1464 жж.) ғылыми зерттеулері мен натурфилософиясын орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің алтын көпірі десек те болады. Кардинал Кузанский негізінен Қайта өрлеу дәуірінің өкілі. Бірақ ол схоласт емес. Ғалым, теолог ретінде ол «ғылыми білімсіздік» деп аталатын математикаға негізделетін таным ілімін ойлап тапты. «Қарама-қайшылықтың сәйкестігі» концепциясына жүгіне отырып, әлем мен Құдай мәселесін шешеді.
Н.Кузанский неоплатонизмнің қағидаларына сүйенген. Бірақ, неоплатониктердің ойларына ортақ ұғымды тереңірек зерттеді. Бұл мінездеме ортақ нәрсені бөлуші пифагорлықтар мен элеаттарға тән еді. Осыдан ол біртұтастыққа барлық ұғым кіреді деген қорытынды шығарады. Бұл формула пантеистік және пантеистікті дамытушы Дж.Бруноның ойына ұқсас.
Н.Кузанскийдің ойынша, Құдай әлемнен тыс нәрсе емес, ол онымен бірге. Сондықтан да, «әрбірі әрбіріне» деу, Құдай барлығына, барлығы Құдай арқылы» деумен тең. Құдайды тануға ұмтылу сенімнің емес, ақыл-ойдың ілімі. Бірақ танудың мүмкіндіктері шектеулі: жоғары білімге тек математикалық деңгейдегі символикамен, жеке жетістіктермен, белсенді өмір салтымен жетуге болады. Құдайға жету мүмкін емес, ол өзін бар деп білетін, мойындайтын әлемнен табылады. Табиғат Құдайдың жаратылысы, шексіздік шексіздікпен, бірлік көпшілікпен, ал мәңгілік уақытпен ұштасады.
Шексіз әлем туралы тезис астрономияға қайта жаңғыру әкелді. Егер геометрия мен философияда шексіздік ұғымы білімімізді соңғы қатынасқа шамаласа, астрономияда бұл жаңа өлшем шекті қатынастарды байланыстырады. Шынымен де әлемдегі өлшемдердің нақты өлшемі шексіз десек, оларда ортақ нүкте болуы мүмкін емес.
Кузанскийдің тұжырымдамалары әлемнің орталығы туралы ескі пікірлерді және философиялық категориялардың арасындағы балансты түзуге көмектеседі. Платон мен Аристотель ғана емес, Птолемей мен Архимед ұстанған ғарыштық бейнені бұл тұжырымдама жарып шықты. Антикалық ғылым және философия үшін ғарыш өте үлкен, бірақ соңғы жаратылыс болып табылады. Ал дененің шексіздігінің белгісі – оның орталығын білудің соңғы мүмкіндігі, яғни «басы» мен «соңы». Кузанскийдің ойынша, ғарыштың орталығы және айналасы – Құдай, сондықтан да әлем шексіз болмаса да, оны шекті деп ойлауға болмайды.
Оның осы ойлары аристотельдік физикаға қарсы келеді. Олар антикалық және ортағасырлық ғылымдағы ғарыштық шек туралы түсінігімізді өзгертеді. Осылайша, ол бізді коперниктік астрономия революциясына, яғни Аристотель мен Птолемей картинасындағы әлемге дайындады.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінде антикалық философиядан және өзін-өзі тануға ұмтылудан жаңа философиялық әдістер пайда болды. Жаңа әлем картинасының пайда болуына натурфилософияның көрнекті өкілдері Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей, Г.Кеплер өз үлестерін қосты.
Н.Коперниктің (1473-1543жж.) «Аспан сфераларының қарым-қатынасы» атты еңбегінде гелиоцентрлік концепция ғылымға үлкен төңкеріс әкелді, әлемді тануда жаңа көзқарас пайда болды. Н.Кузанскийден кейін ол қатынас принципін (қағидасын) қолданып, жаңа астрономиялық жүйенің негізін салды.
Коперниктің ілімі жер біріншіден өз осінен айналатындығын, күн мен түннің ауысуын, аспан жұлдыздары қозғалысын түсіндірсе, екіншіден, Жер күнді айналады деп тұжырымдады. Осылайша, Коперник аристотельдік физика мен ғарыштанудың маңызды қағидасын бұзады, сонымен қатар ғарыштың шегін жоққа шығарады. Кузанскийдің ойларын дамыта отырып, Коперник ғарыштың өлшеусіз, шексіз екендігін көрсетеді. «Осындай шексіздік» деп атап, Жердің өлшемін ғалам өлшеуінен де кіші екендігін көрсетеді.
Коперниктен Ньютонға дейінгі кезеңді әдетте поляк астрономынан бастау алған «ғылыми революция кезеңі» деп атайды.
Дж. Бруно (1548-1600 жж.) Н.Кузанскийдің ойларын тереңірек зерттеді. Бұл зерттеуінде жаратылысты жаратушымен байланыстыра түсті. Ол пантеистік ілім құрып, ортағасыр тезисіне қарсы мағынада болды. Дж. Бруно тек қана Н.Кузанскийдің іліміне ғана емес, Коперниктің гелиоцентрлік астрономиясына да сүйенді. Ол Кузанскийдің Жердің күнді айналуы туралы идеясын қолдап, зерттей түсті. Белгілі болғандай, Коперник жұлдыздарды жерден алыста тұрған күндер деді. Жұлдыздардың айналасында Күннің айналасындағыдай планеталар айналып жүреді, тіпті кейбіреулерінде тіршілік бар. Бруно осылайша, ғаламның шексіздігі мен әлемнің көптігі туралы идея қозғады. Осы саланы зерттей келе, Бруно жаңа космология ашты. Ол әлемнің гелиоцентрлік картинасы ретінде философиялық шешімдерге сүйенді. Философиялық деңгейде ғана ғаламның шексіздігін, оның физикалық бірлігі мен басқа планеталарда өмір сүру мүмкіндігін түсіндіре алады деп есептеді. Бруно адам ой-санасы арқылы ғаламшарды зерттеуі керек деген және зерттей алатындығына сенімді болған.
Жаратушы мен жаратылыстың шекарасын бұза отырып, форманың қарама-қайшылық заңына қарсы пікір айтты. Бруно табиғаттың өзіне ортағасырда Құдайға тән деп таныған нәрсені тиесілі етті. Осы бағытпен Аристотель мен Платон кезеңінде тек формаға тән деп оқытылған дүниелердің қасиетін материяға жатқызды. Бруноның айтуынша, «Құдай заттарда бар».
Бруно діннің философияға, ғылымға, қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ деп тапты. Осы ойы үшін Бруно флоренциялық Платон Академиясының шіркеуі тарапынан көп жылдар бойы қуғынға ұшырады. 1660 жылы ол тұтқындалып, Рим қаласындағы «гүлдер алаңында» тірідей өртелген болатын.
XVI ғ. материя мен форманың жаңа байланыстылығы, материя туралы жаңа түсініктер антикалық ілімнен де жақсы қалыптасты. Егер ортағасырлық философ үшін жоғарыдағының шегі қалыптасқан әрі олардың барлығы бірге қалыптасқаннан да жақсырақ болса, Қайта өрлеу дәуірінің философы үшін мүмкіндік өзектіліктен қымбатырақ, қозғалыс пен қалыптасу өзгермейтін дүние деп есептелді. Осы кезеңде шексіздіктің мәні туралы ілім өзіне бағындыра білгені де бекер емес: шексіздіктің өзектілігі туралы ілім тек Николай Кузанский мен Джордано Бруноның ғана зерттеулерінде айтылып қоймай, XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында ұлы ғалым Галилейдің де еңбектерінде кездеседі.
Галилео Галилей (1564-1642 жж.) – теологиялық әлемтануға астрономиялық және математикалық есептеулермен тәжірибе жүргізу арқылы гелиоцентрлік теория өлшемінің дәлдігін дәлелдеп, теориялық әлемтануға үлкен өзгеріс әкелді. Ол сенім мен ғылымның арасындағы байланысты Қасиетті Жазбаның автономды ғылымы арқылы түсіндірді.
Галилей әлем туралы жалпы білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми тәжірибелер ойлап тапты. Тәжірибенің бақылаудан ерекшелігін Галилей қорытынды шығаруға немесе қандай да бір гипотеза жасауға болатындығымен түсіндірді. Ол іс жүзінде орындала бермейтін тәжірибелерді ойлау жүйесі арқылы да жасаған. Оны ғылыми танымдағы гипотетикті-дедуктивті әдісті теорик деп атауға да болады.
Г.И.Кеплер (1571-1630 жж.) жиырма жыл бойы зерттеген «Жаңа астрономия» атты еңбегінде Күнді айналатын ғаламшарлардың қозғалысы туралы тәжірибелік зерттеуін баяндаған. Ол ғылымға айналым сөзінің орнына эллиптикалық орбита ұғымын енгізе отырып, Коперниктің теориясын біраз түзеді. Математик-неоплатоник бола отырып, Кеплер Құдай әлемді математикалық гармониямен жаратқан, ал ғалымдардың міндеті сол жұмбақты шешу деп есептеген.
«Коперниктік астрономияның қысқаруы» (1618) және «Әлем гармониясы» (1619) атты еңбектерінде Кеплер ғаламшар қозғалысының осы күнге дейін сақталып келе жатқан үш заңын айтады. Осы заңдарды ашу – нағыз ғылыми ізденісті талап етеді. Өзінің көруі нашар болғандықтан, өз тәжірибелерінде көбіне Тихо Брагтың нақты өлшемдерін қолданған. Кеплердің арқасында ғаламшарлар қозғалысында гелиоцентрлік жүйенің мәні арта түсті.
Қайта өрлеу дәуірін қорытындылай келе, бұл дәуірдің ортағасырлық схоластикадан бөлініп, Жаңа дәуір философиясына енуімізге үлкен септігі тигенін айтуға болады.
13сұрақ Жаңа Заман философиясы, деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.
Фр. Бэкон философиясы
Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды.XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты:1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады);2.Эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі (Англия – философиядағы эмпиристік бағыт жеңіске жеткен, шешуші ақылы, рационализмге емес, тәжірибе мен сезімдік қабылдауға берілген аз санды елдер тобына енді).3.Саяси-әлеуметтік мәселелерге үлкен қызуғышылық (ағылшын философтары болмыс пен таным мәселелерін, адамның дүниедегі рөлін түсіндіруге тырысып қана қоймай, қоғам мен мемлекеттің пайда болуының себептерін іздеп, мемлекет тіршілігін дұрыс ұйымдастыру жобаларын ұсынды).Ағылшын философтары XVII ғ. үшін озық үлгіде дамыды. Ағылшын философиясынын қалыптасуына ықпал еткен саяси оқиғалар:1.XVII ғ. Ортасындағы Оливер Кромвельдің революциясы (корольді құлату мен жазалау, республиканың аз мерзімді тіршілігі, индепенденттер қозғалысы);2.1688 жылғы «даңқты революция»;3.Протестантизмнің толық жеңісі, англикан Шіркеуінің Рим папасына тәуелсіздігі мен ішкі автономияға қол жеткізу;4.Парламент рөлінің орнығуы;5.Жаңа буржуазиялық қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы.Жаңа Заманға ағылшын философиясында үлкен із қалдырғандар:1.Фр.Бэкон – философиядағы эмпиристік (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаушы;2.Томас Гоббс (мемлекет мәселесін зерттеп, «қоғамдық келісім» теориясын ұсынады);3.Дж.Локк (Т.Гоббс дәстүрін жалғасырып, мәселесін зерттеді).Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы.Негізгі еңбектері:
«Ғылымдар табысы»
«Жаңа Органон»
«Жаңа Атлантида».
Фр.Бэконның философиялық идеясының – эпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығына. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі (теориялық, практикалық) көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Бірақ ақиқат білім – түпкі мақсат емес. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты – экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу.Фр.Бэконның филофиялық кредосын бейнелейтін афоризмі: «Білім - күш».Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон.Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: әрбір құбылыс әр жолы тәжірибе жүзіндегі тексеруді қажет етеді). Адамзаттың білімінің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін (айқынсыздығын, болжамдық сипатын) жою жолы, деп түсінді Бэкон. «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:
«өрмекші жолы»
«құмырсқа жолы»
«ара жолы».
«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады. «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды». «Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпирктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.«Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап (мәселеге «сыртынан» қарап), ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы – индукцияға негізделетін (фактілерді жинау және жалпылау, тәжірибе жинау) заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік тәсілдерін пайдаланатын эмпиризм.Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:
1.Тектік елестер;
2.Үңгір елестері;
3.Базар елестері;
4.Театр елесі.
Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық).Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері). Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.Фр.Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Классификация негізі – адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым (рассудок)Еске – тарихи ғылымдар,қиялға – поэзия,пайымға – барлық ғылымдардың негізі – философия сәйкес келеді.
Философияны Бэкон:
1.Құдай;2.табиғат;3.адам туралы ғылым деп тұжырымдады.Философияның аталған 3 саласын адам түрлі жолдармен, құралдармен таниды:1.табиғатты – тікелей сезімдік қабылдау мен тәжірибе арқылы;2.Құдайды – табиғат арқылы;3.өзін - рефлекция арқылы (ойдың өз-өзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі).Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді:1.философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды;2.гносеология (таным туралы ілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралы ілім) деңгейіне жетті, және кез-келген философиялық жүйенің басты екі бөлімінің біріне айналды;3.философияның жаңа мақсаты анықталды – адамға оның өз әрекетінде практикалық нәтижелерге жетуіне көмектесу (осылайша Батыс философиясы жанама түрде болса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізін қалады);4.ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды;5.Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді. Т. Гоббс философиясыНегізгі еңбектері:«Азамат туралы бастапқы негіздеме»«Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».
Декарт философиясы
Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.Декарттың философиядағы үлесі мынадай:1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:
1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:
1.материалды (заттар),2. рухани (идеялар).Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері (атрибуттарды) болатының атап көрсетеді: дәйектілік материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік (ұзындығына, еніне, биіктігіне, тереңдігіне қарай) және олар сансыз көп рет (шексіздікке дейін) бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен (атрибуттарынан) тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады. Мысалы, дәйектіліктің модустары – форма, қозғалыс, кеңістіктегі жағдай, т.б.; ойлаудың модустары - сезімдер, тілектер, түйсіктер, т.б.Адам, Декарт пікірінше, екі – материалды (тәндік-дәйекті) және рухани (ойлаушы) субстанциялардан құралған.Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі». Физикада, математикада, т.б. түрлі ғылым салаларында қолданылатын ғылыми әдіс таным процесінде қолданылмайды, дейді Декарт. Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады. Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады. Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі, шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.Рационалистік – дедуктивті әдісті қолданумен қатар Декарт мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынады:1.Зерттеу барысында бастапқы қағидалар ретінде тек ақиқат, шын, ақылмен және логикамен дәлелденген, ешбір күдік туғызбайтын білімдерді ғана пайдалану;2.Күрделі мәселені қарапайым бөлшектерге, бөліп қарастыру;3.Белгілі және дәлелденген сұрақтардан белгісіз, дәлелденбеген сұрақтарға жүйелі түрде өту;4.Зерттеудің жүйелілігін, логикалық тізбегін қатаң сақтап, сол тізбектегі бірде-бір зерттеу бөлшегін тысқары қалдырмау.Декарт туа біткен идеялар теориясын ұсынады: таным және дедукция арқылы алынатын білімдермен қатар, ешбір дәлелді қажет етпейтін ерекше, туа біткен идеялар болады. Ол ақиқаттар (аксиомалар) о бастан айқын және шын, олар Құдай ақылы мен адам ақылында әрдайым болған және болатын, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын білімдер.
Ол білімдер екі түрде:
1.Ұғымдар;2.Пікірлер түрінде беріледі.
Туа біткен ұғымдарға жататындар:
«Құдай» (бар); «сан» (бар); «ерік»; «тән»; «жан»; «құрылым», т.б.
Туа біткен пікірлер:
«бүтін өз бөлшектерінен үлкен»; «жоқтан ештеңе пайда болмайды»; «бір мезгілде болу және болмау мүмкін емес», т.б.
Декарт практикалық танымды жақтады:Декарт бойынша таным мақсаттары мынадай болуы тиіс:
1.адамның қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейту және тереңдету;2.ол білімдерді адам мүддесі үшін табиғатты барынша пайдалануға қолдану;3.адамды жетілдіруге және4.түпкі мақсат - адамның табиғатқа үстемдігіне пайдалану.
14 сұрақ,Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен ролі.
Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфь» термині арабтың «жін шекпен» деген сөзіне орайланып алынған. Сопылар киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуы адамдар.Суфизмдегі негізгі доктрина құдайды мистикалық сүйю болып табылады. Сопылар мистикалық сүйю арқылы эстетикалық ұмтылыстары мен жан жүйесінің азап шегуімен және кездесуге құлшынуымен, құдаймен табысуға тырысады. Сопы символикасында жүрек маңызды орын алады. Ол құдай сәулесі түсірілген айна, бірақ ондағы қүдай бейнесін көру үшін бұл айнаны жалтырату керек. Сопы үшін білім жүректе орнығады. Сондықтан сенім ақиқат таным үшін қажет. Шығыс перипатиктері ақыл- ойды жоғары қойып, трактаттар жзса, сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен өз ойларын насихаттаған. Философиялық суфийлік ағымның негізін салушыларға Әл- Ғазали мен Ибн- Араби жатады. Олардың ілімі бойынша мәдениеттілік дегеніміз жан- жақты жетілген, толыққанды адамды үлгі- өнеге етіп қабылдау, сопылық бағыттағы тағы бір гуманисттік идея- ғарыш пен адамның тұтастығы, Кемеңгер жетілген адамдар ғарыш мүмкін әлемнің ең жақсысы болып есептеледі. Осы тамаша ғарыш адам арқылы өз шегіне жетеді. Өйткені адам ғарыштың нұсқасы. Ежелгі гректердегі микродүие мен макродүние арасындағы үйлесімділік идеясы араб- парсы- түрік Ренессансында да осындай өз көрінісін табады. Осыдан кейін сопылық бағытты мистикалық деу идеологиялық жала екендігінде күмән жоқ. Араб халифатының көптеген сопылары Түркістан жеріне ағылады. Олар халыққа түсінікті ету үшін өз идеяларын жергілікті түрік тілінде уағыздайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің бірне айналған- Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мұсылман өркениетімен байланыстыруында жатыр.Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма- «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»). Иассауи туралы Ы. Алтынсариннің берген бағасын келтірейік: «Муштафид ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп халыққа түсіндіріп берді».
Иассауидың басты көздеген мақсаты- Қдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: «Кімде- кім Құдайды есіне алса, ол ойымен өзінің табысқанын көре алады» Иассауи суфизмнің биік шыны – оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізеді. Ол: «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты»Иассауи адам мен қоғам мәселеріне назар аударып оларға дәстүрлі мұсылманшылықтан айырмашылығы бар ұсыныс беруге әрекет жасайды. Оның дүниетанымында этикалық ойлар да басым. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлықты, күншілікдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлардың дін арқылы түсіндіріледі. «Кімде- кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде- кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады» - дейді.Ахмет Иассауидың пайымдауынша, ол өзін өзі тазартуға, кемшілігін жоюға, игілікті істерге шақырған адам адасуы, әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес.
15сұрақ XVIII ғ. Еуропадағы ағартушылық философия (Вольтер, Гольбах, Дидро, Руссо және т.б.)XVIII ғасырды Еуропада Ағартушылық дәуір деп атайды. Ағылшын, неміс, француз, орыс, қазақ халықтарының өзінің Ағартушылық дәуірі бар. Жалпы алғанда ол феодалдық қоғамға қарсы бағытталып, орта таптың, соның ішінде жас, прогрессивті буржуазияның мүддесін қорғады және негіздеді. Бірақ ағартушылық әр елде әр түрлі сипатта болды. Бұл кезеңнің ойшылдары сол кездегі тәртіпті сынға алды, әлеуметтік дамуда оқу мен білімнің және тәрбиенің шешуші рөл атқаратынын негіздеуге тырысып, «барлық қайғы-қасіреттің себебі мен адамдардың бақытсыздығы олардың надандығынан» деді (Гельвеций). Олар XVII ғасырдың метафизикасынан бас тартып, тұрмыстық мәселелермен айналысқандықтан да өзінің назарын XVIIІ ғасырдағы материалистік теорияларға аударды. Олардың мақсаты элитарлық білім емес, халықтың практикалық өмірін жетілдіру және жақсарту. «Бұл өмір жердегі өмірге, қарапайым адамның рақаты мен қызығушылықтарына бағытталған. Антитеологиялық, антиметафизикалық, материалистік практикада олар антитеологиялық, антиметафизикалық, материалистік теорияларға сәйкестендірілуі керек» (К.Маркс). Еуропадағы ағартушылықтың отаны – Англия (Бэкон, Локк, Гоббс, Юм және т.б.). Еуропадағы классикалық ағартушылық философияның негізін қалағандар Дидро, Д. Аламбер, Вольтер, Монтескье, Руссо болды. Олар прогресс идеясын негіздеді, ғылым мен философияның жетістіктерін көпшілікке танытты, 30 жылға жуық уақыт бойы 35 томдық «Энциклопедия немесе ғылым тілі мен өнердің, кәсіптің түсіндірме сөздігін» шығарумен айналысты. Дидро «Энциклопедияның» бас редакторы әрі идеялық қолдаушысы болды. Өзімен серіктес редактор – математик әрі философ д`Аламбермен бірге бұл жобаға Вольтерді, Тюргоны, Руссоны, Монтескьені, Гольбахты, танымал жаратылыстанушылар Бюффон мен Добантонды және дәуірдің басқа да көптеген танымал қайраткерлерін тартты. Бұл дәуірдің ең көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1755 жж.) болды. Ол табиғи факторларға сүйене отырып, қоғамның мәні мен генезисін түсіндіріп беруге тырысты. Сондай-ақ, «Әлеуметтанудағы географиялық бағыттың» негізін қалаушылардың бірі болды. Монтескьенің ойынша, халықтың мінез-құлқы, оны басқарудың жолдары мен заңдары сол халық өмір сүріп отырған жердің аумағына, топырағына, ауасына байланысты. «Заңдардың рухы туралы» еңбегінде ол «табиғи» және «позитивті» заңдардың түрін анықтайды. Мысалы, әлем табиғи заң болса да, адамдардың бірін-бірі таптау сезімін тудырмайды, бірақ олар сонда да өзін-өзі «толық» және өзгелермен тең сезінбейді. Позитивтік заңдар адамдардың (халықаралық құқық), билік пен оның қол астындағылардың (қоғамдық, саяси және азаматтық құқық)арасындағықатынастардыреттейді.Қоғамныңқызметету,дамузаңдары табиғи ортаға, яғни табиғаты мен климатына байланысты болады. Монтескье биліктің үш тармағын – заң шығарушы, атқарушы және сот биліктердің арасындағы міндеттерді теңестіріп, аражігін ажырату керектігін негіздеуді алғашқылардың бірі болып ұсынды. Оның ілімінің логикалық соңы XVII ғасырдың соңында Францияның конституциялық актілерінде, 1787 жылы АҚШ-тың Конституциясында көрініс тапты. Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778 жж.) философияны әлемнің ақылға сыйымсыз жақтарымен күресу құралы деп түсіндіреді. Оның басты философиялық шығармалары «Философиялық хаттар», «Ньютон философиясының негіздері», «Философиялық сөздік», «Кандид» деп аталады.Қоғам, адам және бостандық мәселелерін қарастыруда теңдік деп заң мен құқық алдындағы теңдікті айтады. Өзінің «Философиялық сөздігінде» Вольтер еркіндік ұғымын еріктің еркіндігі деп түсіндіреді, ол жүйелі, мақсатпен жасалған әлемдегі тәртіпсіздіктерге жол береді дейді. Вольтер шіркеуді және феодалдық тәртіпті қатаң сынға алып, XVIII ғасырдың соңындағы француз буржуазиялық революциясының идеологиялық дайындығын шыңдаған ойшылдардың бірі болды. Философияда Вольтер Локктың сенсуализмін жалғастырып, оның ізбасары болды. Тәжірибе – таным көзі деп есептеді. Сондай-ақ, ол белгілі бір деңгейде агностик те, деист те болды. Вольтер Құдайдың бар екенін рационалды жолмен дәлелдеуге тырысты, ал бұл сыр ақтару туралы діни-мистикалық ілімге қайшы келетін еді. Құдайдың болмысын әлемнің қатаң жаратылысымен дәлелдейді. Ол діннің «практикалық» пайдасын ғана мойындайды, себебі дін «қарапайым халықты» тізгіндеп ұстау үшін ғана керек, сондай-ақ ол «тәртіптің» де кепілі деді. Сонымен бірге, Вольтер католицизмге, ырымға, ескі нанымға, фанатизмге қарсы күресті. Оның философиясының қайшылықты жақтары көп болды: католицизмді түбірімен сынай отырып, Құдайдың бар екенін және діннің қажеттілігін мойындайды; абсолютизмді сынайды да, «ағартушылық абсолютизмді» қолдайды. Вольтер ірі буржуазияның идеологы болды, себебі теңсіздік мәңгілік бола береді және ол әлемнің мызғымас заңы деп есептеді. Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) – француз философы, ағартушысы, моралист, жазушы. Ол әлеуметтік әділетсіздік орын алған қоғамдағы көзқарастарға бірден қарсы болды. Прогресс, адамға және табиғатқа табыну (адам және табиғат культі) ұғымдарын негіздеді; «мінсіз мораль» (идеалды) және «тәрбиенің мінсіз жолы» тұжырымдамасын; «қоғамдық келісім» идеясын ұсынды. Оның шығармашылығында адамдардың теңсіздігіне ерекше мән берілді және ол әлеуметтік теңсіздіктің қарапайым адамға тигізетін залалынан қалай арылуға болады деген сұрақтың жауабын іздеді. «Ғылымның әдет-ғұрыпқа әсері» деп аталатын еңбегінде өркениеттің, ғылымның және өнердің дамуы адамды табиғаттан алшақтатып жіберді деп жазды. Ғылым мен мәдениет жасанды қажеттіліктерді туғызады да, адамды шын болмысында «болу»-ға емес, соған «ұқсату»-ға итермелейді. Адамдар әуел бастан теңсіз болып жаратылмайды, ол «материалдық бөліністің нәтижесінде» пайда болады. Ол – жеке меншіктің пайда болу салдарының көрінісі (ең алдымен жерге меншіктің пайда болуынан) деді. Руссо теңсіздіктің үш түрін көрсетеді – физикалық, материалдық (мүліктік), саяси. Меншіктің бұл үш түрінің үшеуі де «табиғи жат және өте жиіркенішті». Әр азаматтың мүддесін қорғап, бейбітшіліктің кепілі болу үшін дүниеге келген мемлекеттің пайда болуымен теңсіздік одан сайын ұлғая түсті. Билеуші заңды да, халықты да алдап, билік билік емес, шоқпарға (деспотизм) айналғанда, «теңсіздіктің үшінші сатысы» пайда болады. Бұл жағдайды Руссо «адам заңсыздығының теңдігі» деп атайды. Ол барлық адамдар тең, адамгершіліктері бұзылмаған «табиғи қоғам болса» деп армандайды. Себебі «меншік жоқ жерде, теңсіздік те болмайды» деп есептеді. Бұл жағдайдан шығудың бір жолын көрді – өркениеттің ұсынған игіліктерінен бас тартып, өмірдің алғашқы табиғи бастауына оралу керек деді. Өйткені өркениеттің игіліктері адамдардың физикалық әрі адами болмысын бұзады және мүгедек қылады. Руссо «Табиғатқа бет бұр!» деген ұран тастады. «Қоғамдық келісім» еңбегінде мемлекеттің пайда болуы «байлардың келісімі» арқылы пайда болды деді. Олай болса, деспотизмнен қалай құтылуға болады? Бұл мәселені ағартушы билікті демократияландыру арқылы, яғни халықты заң шығару қызметіне араластыру арқылы шешуді ұсынады. Тек сонда ғана мемлекет өзінің міндеттерін тікелей атқаратын болады – қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өз азаматтарының теңдігі мен бостандығын қамтамасыз етеді. Оған жету үшін азаматтар екі жақтың да құқықтары мен міндеттері көрсетілген «қоғамдық келісімге» келулері тиіс. «Эмиль немесе тәрбие туралы» деп аталатын еңбегінде Руссо тәрбиенің ескі феодалдық-таптық жүйесін қатаң сынға алды. Ол тәрбиенің мақсаты адамгершілігі жоғары, зиянды кеселдерден таза, еңбекті қадірлейтін белсенді азамат тәрбиелеу деп біледі. Өзге де ағартушылар секілді Руссо тәрбиенің қоғам өміріндегі мәнін бәрінен де жоғары қойды, оның мәнін «жаңа адам» қалыптастырудағы және басты моральдық, әлеуметтік мәселелерді шешудегі рөлімен түсіндірді.Дени Дидро (1713-1784 жж.) Ламетри, Гольбах, Гельвеций және басқа да француз материалистерімен пікірлес болды. Олар өз зерттеулерінде ағылшын эмпирик ғалымдарының физикадағы, математикадағы, астрономиядағы, жалпы жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктерін кеңінен пайдаланды. Ол үш онжылдық қатарынан жалғасқан кең ауқымды ағартушылық жобаға – «Энциклопедия немесе ғылым тілі мен өнердің, кәсіптің түсіндірме сөздігін» жариялау ісіне дем беріп, идеялық қозғау салды. Дидро зерттеулерінде феодалдық қоғамның «адамның ақылына сыймайтын» ескі көзқарастарын сынаумен бірге, таным мен өнер теориясы, дін мен этика мәселелеріне де өзінің назарын аударды. Дидроның философиялық көзқарастары «Табиғатты түсіндіру туралы толғамдар», «д`Аламбердің Дидромен әңгімесі» және «Материя мен қозғалыстың философиялық қағидалары» атты еңбектерінен анық көрінеді. Өзін француз ағартушыларының ізбасарымын деп жариялаған ІІ Екатеринаның шақыруымен Дидро Ресейде 1 жыл болады. Мемлекеттік заңдарды шығару және қабылдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту, крепостнойлық құқықты жою, Ресей университетін ашу жөніндегі мәселелерде ол күн сайын патшайымға өзінің ақыл-кеңесін беріп отырды. Екатеринаға «Ресейде халықпен сайланатын парламентке құрылған конституциялық монархия орнату» жөніндегі өзінің жобасын ұсынды. Бірақ «патшайымның көзін ашқысы келген» ағартушының әрекеті сәтсіз аяқталды. Оның жобалары жақсы қабылданғанмен, Адмиралдықтың архивінде шаңға көміліп қала берді. Осыған қарағанда, ол жобалар күнінен бұрын дүниеге келген сияқты. Үлкен өзгерістер енгізу үшін жақсы ниет, ынта-ықылас таныту тым жеткіліксіз еді.Дидро мәңгілік шексіздік, материалдық тұтастық пен әлемнің дамуы туралы идеяларын негіздеді. Сана (ойлау) мен болмыс (шындық) бір-біріне қарама-қарсы болғанмен, екеуі біртұтастықты құрайды. Себебі екеуі де бір субстанцияның – материяның атрибуты болып табылады деді. Дидроның ойынша, болмыс тек материя мен қозғалысқа ғана тән болып келеді. Табиғат материалды, ол барлығының субстанциясы, яғни негізі болып табылады. Сезімділік – бейорганикалық табиғаттың белгісін көрсетеді. Бүкіл әлем белгілі бір деңгейде жанды болып келеді. Материяға белсенділік, қозғалыс тән болса, абсолюттік тыныштық – бұл дерексіз және ол табиғатта жоқ. Сол сияқты рухани субстанция да табиғатта жоқ, ол жеке адамнан тыс қаралғанда ғана рухани болады.Таным теориясы мәселесінде Дидро өзінің замандастары секілді «сезімділік пен ойлаудың арасында ешқандай айырмашылық жоқ» деген пікірде болды. Ал білімнің көзі – әсерлену, ойлау дегеніміздің өзі «өңделген әсерлер» деді. Біздің миымызда ойдың пайда болуына сөз әсер етеді, сөз шындық өмірді жинақтап тұрған «тетіктер» секілді қызмет атқарады. Ол заттардың жекелеген қасиеттерін дерексіздендіріп, ойлаушының назарын жалпыға аударады және бұл қасиет сөздердің басым көпшілігіне тән болып келеді. Дидро сезімдік қабылдау мен ойлаудың арасындағы байланыс пен бірлікті анықтай келіп, «деректерсіз ойлау қажетсіз алып-сатарлыққа, ал ақылмен өңделмеген көп дерек хаосқа (бейберекетсіздікке) әкеледі» деді. Басқалай айтқанда, білімнің тұрақтылығы табиғатпен, өмірлік тәжірибемен және осы тәжірибенің негізінде ой-қорытындылар жасау қабілетімен байланысты анықталады.
Діни мораль қағидаларын теріске шығара отырып, Дидро адамдардың бақытқа деген ұмтылысын адамгершілік әрекетке негіз етті. Ол адамның жеке мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ақылмен үйлестіруді насихаттады. Табиғатты материалдық тұрғыдан түсіндірсе де, осынау ұлы «энциклопедист», білгір оқымысты қоғамдық қатынастар турасындағы көзқарастарында қиялшыл-идеалист, яки утопист-идеалист болып қала берді. Қоғамның құрылысын ол қоғамның саяси ұйымдасуына тәуелділікте қарастырды. Ал қоғамның саяси ұйымдасу ерекшелігі ондағы заңнамалардан, түптеп келгенде, қоғамдағы үстем етуші идеялардан көрінеді. Байсалды қоғам құрудағы жалғыз үміт-арманын «білімді басшыға» артып қойды.Шафтсберидің «Лайықты еңбек және рақымшыл жандар туралы зерттеулер» атты еңбегінің аудармасына қатысты ойларында Дидро діншіл католик ретінде көрінбейді. Ол кейбір мәселелерде өзінің атеистік көзқарастарын білдірген, дінге деген жалаң сенім оны ұстанушыларға рақымшылық пен адамгершілік әкелетініне күмән келтіреді.
16сұрақ Иммануил Кант (1724-1804 жж.) – неміс классикалық идеализмінің негізін салушы, «Таза ақыл-ойға сын», «Практикалық ақыл-ойға сын», «Пайымдау қабілетіне сын» және т.б. шығармалардың авторы. Кант өзінің шығармашылығының алғашқы кезеңінде сол кез үшін жаңа натурфилософиялық идеяларды ұстанған болатын. «Аспанның жалпы және жаратылыс теориясы» атты трактатында ол Күн жүйесінің газ іспетті тұманнын пайда болуының табиғи себептері туралы болжамды ұсынды. Кейін ол болжам Кант-Лаплас теориясы деген атпен көпшілікке танымал болды. Бұл теория дүниенің жаратылысы туралы идеяны жоққа шығарды да, органикалық және бейорганикалық табиғаттың дамуының тарихилығы мен мақсаттылығын алға тартты. Алайда Кант Құдайдың бар екендігіне шек келтірмейді, «табиғат мәңгілікті түрлі құбылыстармен әсемдесе, Құдай – мәңгілік жаратушы – одан да үлкен әлемді жасауға қажетті материалды жасайды» деді. Шығармашылығының екінші кезеңінде Кант трансцендентальды философияны ойлап шығарды, яғни нәрсені априорлық (тәжірибеден тыс) тану туралы ұғымдар жүйесін жасап, оны сыни идеализм деп атады. Ол мән-мағынаны, ғылыми танымның шегін, оның жүзеге асу шарттарын зерттеді. «Таза ақыл-ойға сын» еңбегі біздің танымдық мүмкіншіліктерімізге сыни тұрғыдан баға беруге құрылған. Канттың ойынша, таным екі деңгейлі болады: эмпирикалық білімдер (тәжірибе арқылы алынған білімдер) және тәжірибеден тыс алынған білімдер. Априорлық білімдер – категориялар мен ұғымдар, жалпы түсініктер – сезім арқылы келетін тәжірибеге негіз болады, тәжірибе арқылы келген мәліметтерді реттеуге қатысып, эмпирикалық білімдерді уақыт пен кеңістік шеңберіне біріктіру арқылы оларға белгілі бір мағына «береді». «Мен не біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып, сезіммен келген білімдер уақыт пен кеңістік ішіндегі пайымдаулармен түсіндірілмейінше тәжірибе де, ғылым да мүмкін емес деген пікір айтады. Себебі «тәжірибе арқылы келген білім жеке әрі кездейсоқ, ал априорлық білім жалпы әрі қажетті».Теориялық танымға сыни тұрғыдан баға бере отырып, Кант оның шектеулі әрі қайшылықты екенін алға тартады. Әлем біз үшін теориялық біліммен танылатын «құбылыстарға» (феномендерге) және танылмайтын «тұйық құбылыстарға» (ноумендерге) бөлінеді, танымның қайшылығы осымен түсіндіріледі. Танымның бұл деңгейінің қайшылықты болуы ойлаудың табиғатынан көрінеді, себебі ойлау «сезім түйсіктеріне сүйенбей, әлемді түгел қамтып» түсіндіре алмайды. Канттың ойынша, «Жаңа» философия «таза» ақылды (теориялық танымды) ғана емес, «практикалық» ақыл-ойды да (мораль, адамгершілік, жүріп-тұру) сынға алуы керек. Бұл философия әлем бейнесін жасамауы керек. Дәлелденген білімнің экстенсивтілігі мен шекарасын анықтау үшін сынмен ғана айналысуы тиіс. Кант адамның ішкі әлемін сана арқылы тануға тырысады. Әлемдегі заттар мен әлем санадан тыс және оған тәуелсіз, сондықтан өзімен-өзі өмір сүре береді. Ал олар біздің өмірімізге «араласқан» кезде оны санамен түсінуде алынған нәтижелер адамнан ажырағысыз болады.«Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде Кант «адамды өмірде өзінің лайықты орнын табуға үйретіп, адам болу үшін қандай болу керектігіне жөн сілтейтін ғылым ғана ең керекті ғылым» екенін ерекше көрсетеді. Кант адамшылыққа тірек болатын мынадай үш норманы көрсетеді:
- барлығына ортақ заңдылыққа айналатын тәртіп бойынша жүру;
- адам – ең жоғары құндылық, оны көздеген мақсатқа жетудің құралы ретінде пайдалануға болмайды деген қағиданы басшылыққа алу;
- көпшілікке қуаныш әкелетін игілікті іс істеуге тырысу. Бұл нормаларды Кант әр адам өзінің өміріне тірек ететін моральдық заң, категориялық императив деп атайды.Категориялық императивте Кант адам мәселелерін діннен тыс қарайды, себебі ол мәселелерді шешуде практикалық ақыл-ойдың өзі жеткілікті. «Құқық ғылымының метафизикалық негіздері» атты еңбегінде ол сезімдік стимулдар мен мінез-құлықтың арасында тікелей байланыс жоқ болғанымен, адамның еркіндігін шартты деп көрсетті. Дербес тіршілік иесі ретінде адамның ең «басты мақсаты – оның өзі», ал басқа жануарлар ол үшін құрал болып саналады.
17сұрақ,, Л. Фейербах 1804 жылы Лансугутта туып, 1872 жылы Нюренберг қаласының маңында, Рейхенберг деген жерде қайтыс болған. Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын». Философияға Гегельдің идеалистік философиясын сынау арқылы келеді. Фейербах: «Гегель нақты ойлауды нақты адамнан айырып, шындықты жасаушыға айналдырды», - дейдi.Фейербахтың пікірінше, жаңа философия ─ теологиялық емес, антропологиялық болуы керек. Антропологизм - адам мен табиғаттың айырғысыз бірлікте және адамды табиғаттың жемісі деп қарау. Антропология - адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым. Табиғат рухтың негізі болғандықтан, ол философияның да негізі. Табиғаттан сезім мен ақыл-ой дарыған. Адам жер бетіндегі тірі жан, табиғаттың бір бөлігі екенін мойындай отыра, оны қоғам мен және тарих дамуынан тыс, абстракты түрде алып қарайды. Адам мен табиғаттың өзара әрекетінің негізі, қоғамдық-тарихи практика екенін түсінбеді.Таным туралы. Фейербах: «Дүниені танып білу дүниенің өзі секілді шексіз. Таным сезімнен басталады, шындықтың дәйегі - іштей туған сапа». Қоршаған ортаны тануға болады, ақыл-ойдың мүмкіндігі шексіз. Бірақ, бұл бірден пайда болмайды, ол адамның эволюциялық дамуы, тәжірибенің жиналуы, ғылыми-техниканын өсуіне байланысты болады. Фейербах: «Біз танымағанымызды, біздің ұрпағымыз таниды»[1] - дейді. Фейербахтың бүкіл материализмі секілді, таным теориясы да сырттай пайымдаушылық сипатта болды - бұл практикалық іс-әрекет рөлінің маңызын түсінбеушілік. Ойлау адамнан тыс және одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Ол адам миымен ажырамас байланыста болады. Тарихты түсінуде тарихи процестің қозғаушысы деп объективтi заңды емес, ақыл-ойды мойындайды.
Фейербах: «адамның өзіннің түпкі төркіні санасына байланысты, дін адамды емес, адам дінді жасайды»- деді. Адам қандай болса құдайы сондай деп, Фейербах діннің негізін қиялдан (фантазиядан) іздейді. Фейербах материализмнің күшті жағы - оның дінмен ашық күресіп діннің психологиялық түп-тамырын ашып беруiнде. Құдайы бар дінді жойып, оның орнына құдайсыз, адамдардың сүйiспеншiлiгiне негiзделген жаңа дінді жасауды ұсынды.
18сұрақ... 1. Адам текті ұғым болып табылады, сондықтан адамзат тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көзқарас адам мәнін анықтау үшін жеткіліксіз.Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында "индивид", тұлға (кісі), индивидуалдық (даралық) сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде "индивид" түрінде қарастырылады, бұл латын сөзі "бөлінбейтін", "тұтас”, "өзіндік" деген мағына береді екен. "Индивид" (дара адам, жеке адам). Жаңа туған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, адамдық сипатқа ие болған жоқ. Онда кісі болып жетілудің билогиялық та, тіпті әлеуметтік те алғышарттары, мүмкіндіктері бар. Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менін" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Содықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Бүкіл адамзат тегіне тен жалпы белгілерімен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өз қасиеттері бар. Бұл табиғи - бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениетінің әр түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. "Индивидуалдық" ұғымы "индивид” түсінігімен тығыз байланысты. Оны индивидпен байланыстыратыны - олардың негізі биологиялық, табиғи екендігі болып табылады. Индивидуалдық күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен, мінез-құлқынан, эмоционалдылығынан көрінеді. Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекеттерінен де, оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір әлеуметтік топтың өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше нәрселер тән болады.Адамның әлеуметтік қасиетінің келесі бір жоғары деңгейдегі сипаттамасы оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның биологиялық табиғатына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен салыстырғанда "тұлға" мәнінің ерекшелігі оның әлеуметтік қасиеттерге негізделетінінде. Бірақ табиғи индивидуалдықтың тұлға дамуына өз әсерін тигізетінін ескеру керек."Личностъ" - кісі, тұлға. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз.Жеке адам, тұлға қоғамнан (отбасы, ұжым, т.б.) тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның жан дүниесі тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу, іздену, іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады. Оның айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тыныс-тіршілігіне, ұстанған бағытына әсер ететін түрткілер көп. Солардың бастылары: қажет пен қызығу, таным мен сенім, мұрат пен талғам, мақсат пен мүдде, т.б. Адам нақты тарихи уақытта және әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдылық ретінде - бұл әрқашан да нақты нәтиже, өте әр алуан факторлардың өзара әрекеті мен синтезі.Кісі (тұлға) - бұл жаңа сападағы индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдың қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқат болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі.Басқаша айтқанда ол қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: "Әй, мынау кісіліктен жұрдай екен, бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде екен” деп ренжитіні белгілі. Ойлана келгенде, "кісі", "кісілік" – деген түсініктер "личность" деген ұғымға бір табан жақын келетін сияқты. Ал кісілігі мол, азаматтығы жұрттан асқан, көпшіліктің көңілінен шыққан ардақты да ақылды адамдарды халқымыздың "маңдайға біткен тұлға" деп дәріптейтіні белгілі.
19сұрақ. Өмip философиясы - 19-20 ғасыр шекарасында Германия мен Францияда пайда болған, буржуазиялық философияның субъективті-идеалистік бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерді қарастыратын философия. Иррационалстік бағыт ретінде Германияда (Шопенгауэр, Ницше, Дильтей, Зиммель) және Францияда (Бергсон) 19- 20 ғасырлар аралығында пайда болды. Олар классикалық рационализмге қарсы тұрды. Философияның бастауы ретінде «өмір» ұғымын пайдаланады.[1]Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің фбсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді: 1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады. 2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады.Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе « тарихи » нұсқа деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді « ішкі » жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі. Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда, Өмір философиясы экзистенцириализм мен персонализмге ұстанып отыр.[2]20сұрақ. Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи түрде қазақ этносының дүниетанымдық ойлау мәдениетінің бастау арналарына айналған.Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ философиясының төл тарихы Асан Қайғы мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады.. ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады. Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. Ш.Уалиханов (1835—1865) – ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған. Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді. Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз. А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді. Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады. Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді. «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді.[1]21сұрақ..Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды. Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.Қазақ ағарту ісінде, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Дүниетанымдық мәселеде ол деизмге жақын. Құдай – өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Дінбасыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты бағалап, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Абай шығармаларындағы негізгі тақырып моральдық мәселелер десек, қателеспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында бос қыдырумен күнін өткізген пысықсымақтар жөнінде:
«Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай сымпыс шолақ», -деп өмірін бос өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Әсіресе, пайдасы үшін арын сатқан, екіжүзді адамдарға жиіркенішпен қарайды. Жастарды азғырып, ру тартысы, болыс сайлауының партия таласына баурап жүрген ауыл атқамінерлеріне:«Ары кеткен алдамышМені-ақ алда, сөкпейін.Балы тамған жас қамыс,Ормасайшы көктейін», -- деп ренішін білдіреді. Жастарға ғылым таппай мақтанбауды, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты мінездерден аулақ болуды кеңес етеді. Қоғам өмірін түсінуді Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Абай – ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист.Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931). Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:
«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыда туып күнім.
Оятқан мені ерте – Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен,
Надандықтың тазарып кетті кірі».Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн,Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.Шәкәрімнің «Үш анық» атты шығармасы негізгі философиялық шығармалардың бірі болып табылады. Басқа шығармалары: «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Қодардың өлімі», «Нартайлақ-Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі» поэмалары, «Қазақтардың кітабы» (этнофилософиялық), «Мұсылмандық шарты», «Үш анық» философиялық трактаттары, «Әділ-Мария» көлемді романы, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», тарихи шығармасы және т.б.Ал, енді Шәкәрімнен кейінгі қазақ философиясын дамытуда үлкен өзіндік орны бар қазақ зиялылары: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа Шоқай.
22.1. Экзистенциализм бағытына «өмір философиясының» өкілдері көп әсер етті. Олар ─ Б. Паскаль, Ф. М. Достаевский және Ницше секілді ұлы адамдардың шығармаларынан да көп ойлар алды. Философия ілімі дамуының қазіргі кезеңі және мектептері «ақыл-ой дәлелінің» «жүрек дәлелін» алмастыра алмайтынын Б. Паскаль көрсетті. Адам мен оның болмысын ақыл-ой тәсілімен түсіндіру өте қиын. Нақты адамды ғылым көмегімен, ұдайы өзгеріп отыратын тұтас мән ретінде және оның мақсатын, пейілін, күйзелісін, қамқорлығын, қорқуын, өмір сүруі мен билікке ұмтылу еркін түсіну мүмкін емес.
Экзистенциализм идеялары әр елде, әр уақытта айтылды. Экзистенциализм өзінің мазмұны бойынша біртекті емес. Сондықтан ол: діни, атеистік болып екіге бөлінеді. Экзистенциализмге жақын теорияларды Ресейде бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Л. Шестов, Н. Бердяевтар насихаттады. Германияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін Францияда ол тез тарады (К. Марсель, Ж-П Сартр, А. Камю, т. б.), ал 50-ші жылдардың соңында АҚШ-та дамыды.
Экзистенциализмнің басты мәселесі ─ адам, адамның болмысы, оның мәні мен тағдыры. Экзистенциализмнің басты категориялары: жалғыздық жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық.Экзистенциалдық онтологияда объективтік физикалық болмыс емес, адам болмысы туралы сөз болады. Ондағы басты онтологиялық сипат - адамның жай-күйінің әртүрлі болуы. Жиі кездесетін жағдайлар - қорқыныш, ұят, намыс, күмән, үрей - күтімсіздік пен қамқорлықтың салдары. «Шынайы болмыстың» негізгі көрінісі - адамның өмір сүруі және ондағы оқиғалар. Оқиғалар ғана адам болмысының іске асуының тәсілі болады. Оқиғасыз болмыстың өзі жоқ, экзистенция жоқ, адамның өмір сүруі тоқтатылады. Адам өміріндегі оқиғаның көптігі, оның болмысының толықтығының кепілі.
Экзистенциядағы «шынайы болмыс» уақытқа сәйкес болады. Уақыт - ең алдымен адам болмысының нәтижесі, сонымен бірге болмыстың өзі оқиғаның туындысы. Уақыт - өмірдегі бір оқиғадан, басқадай нәтиженің қалыптасуы. Сондықтан олар физикалық уақыт (секунд, минут, сағат) туралы емес, оқиғалар уақыты туралы айтады. Адамның барлық уақыты өз кезегімен өтіп жатқан оқиғалардан (туу, шілдехана, үйлену, ажырасу, оқуға түсу, пенсияға шығу, жұмыс істеу, қызықты кездесулер, т. б.) тұрады. Экзистенциалдық уақыт - жеке бастың сипатында болады, ол адам өміріндегі оқиғаның саны, сапасы, уайым, қайғы-қасірет, таңдау мен жауапкершілік. Былайша айтқанда ол ─ тағдыр. Экзистенциализмнің онтологиялық тұжырымдамасының мәні: болмыс пен уақыттың арасында өзара диалектикалық байланыс бар. Оны Хайдеггер «болмыс пен уақыт» бір-бірін анықтайды дейді.
Экзистенциализм онтологиясы (болмысы) мен гносеологиясы (танымы) тиянақты байланыста болады. Экзистенциализм танымы - адамның қайғыруы және одан да күшті қайғыруы; осыған сай болмысты терең танимыз. Дүниедегі нақты болмысты, әсіресе болмыстың мәнін ашуда Ясперс енгізген «шекаралық жағдай» категориясының рөлі зор. Ясперс: «тек осы минуттарда ғана адам өзінің нағыз өмір сүруін» (өзінің табиғатын) ұғынады, басқа уақытта олар кәдімгі болмыстың күнделікті тікелей әсері арқылы жасырынып жатады ─ дейді. Дау-жанжал кезінде адамның үміт үзілуі, қайғыруы, қорқынышы шекаралық жағдайға келеді, онда шынайы өмір сүрудің мәні ашылады.
Мұндай танымды түсіну, діни және атеистік экзистенциализмге де тән. Осындай нақты шекаралық жағдайда адам өзінің таңдауын жасайды. Мысалы, Авраамның таңдауын алайық. Құдай Авраамға өз баласын өлтіруді міндеттейді. Осыдан оның жан-дүниесі күйзеліске түседі: сенімге бағыну немесе өзінің әкелік-моральдық борышын атқару мәселесі туады. Экзистенциализмдегі діни көзқарастың негізіндегі таңдау - ол дұрыс жол, Христос жолы, Құдай-адам жолы. Атеистік экзистенциалимздегі таңдау – құдайсыз-ақ өзіңді табу, іске асыру. «Жеке адам өзін-өзі іске асыруы тиіс»- дейді Сартр. Құдай арнауымен емес, өзін сырттан іздеу арқылы азат болу немесе басқа әркетте өзін табу. Адамды ештеңе, ешкім (құдайдың өзі де) өзінен құтқармайды. Бұл мәнінде: «Экзистенциализм - оптимизм, әрекет туралы ілім»,- деп жазады ол.
Экзистенциализмде таңдау ұғымдары мен бостандық категориясының толық байланыста болуы ─ ең бір негізгі ерекшелік болып саналады. Таңдау бастапқыда танылмаған бостандықпен түйіндес болады. Адам өзін-өзі жасау арқылы, өзін іске асыру тәсілін таңдайды. Экзистенциализмде таңдау мүмкіндігі әр адамның о бастан-ақ берілген еркіндігі, әрине оны ол керек етсе. Ал, бостандық - адам өмірінің өзі. Атеистік экзистенциализмде ─ бұл ұғымдар негізінен бір ретте болады, ал, діни экзистенциализмде экзистенция жердегі өмірдің арғы жағына тарайды Яғни, эсхатологиялық мәні бар, бостандық ─ өмірден де жоғары қойылады.
Экзистенциализм өкілдері өз философиясының өзегіне адамның қоғамнан жаттануын қойды. Олар адам қоғамнан алшақ болуы және оның әсерінен қашуы керек дейді. Ол үшін қиялы болып келетін осы дүниені ұмытып «шынайы шындық”, «Мен»-ге терең үңілуі керек. Жеке адам болмысы ғана бірден-бір шын дүние саналуы қажет. Экзистенциализм сезімді абсолютке айналдырып, оны ақылдан және адамның қоғамдық табиғатынан ажыратып қарайды. Экзистенциализм философиясы жетілуде, оның идеялары кең түрде әдебиетте, өнерде қолданылып, аса маңызды жалпы адамдық мәселелерді қарастырады.
23.1. ХХ ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизм тарихи түрлері (О.Конт, Э. Мах, К. Поппер). Негізі позитивизм- дұрыс пікір(лат Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді,оның бастамасын салған Огюст Конт және Дж.Стюарт Милль,Герберт Спенсер.Бұл философияның арғы түбі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі.Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан былайша айтқанда,философиядан азат ету.Олардың пікірінше әр ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет.Былайша айтқанда әр ғылымда пайдалы да пайдасыз да ойлар болады.Мақсат дейді позитивистер солардың тек дұрысын,пайдалысын қабылдап,пайдасызынан арылу.Ондағы мақсат- француз рефалюциясының теориялық негізі болған XYIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту.Олай болса позитивизм- идеалистік философия оның ішінде субъективтілік идеализм.Оның эвалюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті.Бірінші кезең-позитивизм,екіншісі- эмпириокритицизм,үшіншісі- неопозитивизм.Себептері:алдымен позититивизмнің пайда болуына кері әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі.Буржуазия идеологтары содан қауіптенеді.Диалектика метафизиканы механикалық материализм деп кемшіліктерін айқын көрсетті.Одан соң сол кезге дейін философия ғылымдардың ғылымы деген болатын.Бірақ нақты ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді.Осы себептен арнаулы философиядан бас тартып,жаңа жол іздестіріле бастады. XIXғ аяғы-XXғ басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды.Ол кезеңде оны эмпириокритизм деп атады.Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар,бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық.Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда, шындықтан әлдеқайда алшақ.Айталық позитивизм философияны емес ,нақты ғылымдарды зерттеу керек десе,эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс еш нәрсе жоқ,барлық дүние біздің сезімімізден нәтижесі деген қорытынды жасап,объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немесе логиикалық позитивизм.Ол XXғ20ж дүниеге келді.Өкілдері:Морис Шлик,Рудольф Карнап,Отто Нейрат т/б.Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды.Осыдан келіп,математикалық логика дүниеге келді.Позитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар деп тұжырымдады.
24.1. Гегельді немістің классикалық философиясының шыңы деп есептеуге
болады.
Гегель – объективтік идеалист. Дүниенің бастауы, оның ойынша,
материя немесе сана емес, бұл екеуіненде жоғары тұрған және бұларға
тәуелсіз, мәңгілік өмір сүретін әлемдік рух немесе абсолюттік идея. Идея
бірақ бір күйде (абсолют күйінде) қалып қоймайды, ішкі қайшылықтың
әсерімен дамиды, әртүрлі даму сатыларынан өтеді. Бұлар: субъективтік рух
(адам, адам санасы), объективтік рух (табиғат, қоғам), абсолюттік рух (өзіне
өзі қайтып оралған рух немесе идея).
Гегель өзінің көптеген шығармаларында адамның, қоғамның дамып
жетілуін, сананың, рухтың, танымның, ғылымның, философияның даму
жолдарын, діннің, өнердің, құқықтың дамуын философиялық тұрғыдан
суреттеді.
Гегель антика философиясы стихиялы түрде ұсынған диалектикалық
принципті жүйелі теорияға, нақты тәсілге айналдырды. «Логика ғылымы»,
«Философиялық ғылымдар экциклопедиясы» деген еңбектерінде Гегель
диалектиканың мәнін ашатын мынадай сұрақтар қояды: Даму дегеніміз не?
Дамитын не? Дамудың түпкі себебі неде? Даму үрдісі қалай жүзеге асады?
Даму үрдісі қай бағытта жүзеге асады? Осы іргелі мәселелерді талдай
отырып, Гегель диалектиканың негізгі заңдарының, диалектикалық
категориялардың жүйесін құрды.
Гегель диалектиканы да объективтік идеалистік тұрғыдан негіздеді.
Оның ойынша диалектикалық даму, өзіндік даму үрдісі тек рухани
дүниелерге тән. Энгельс және Ленин Гегельдің диалектикасын «субъективтік
диалектика» немесе «ұғымдар диалектикасы» деп атайды.
Философияның негізгі мәселесін Гегель объективтік идеализм тұрғысынан шешеді. Дүниенің түпнегізі — объективтік рух. Ол мәңгі, адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді. Ал табиғат болса осы рухтың туындысы. Объективтік рух кейде абсолюттік идея, кейде абсолюттік рух, ал кейде құдіретті сана деп те аталады. Гегель классикалық неміс философиясының дәстүрлі бағыттарын ілгері дамыта отырып, ұғымдар диалектикасына көбірек көңіл бөледі. Оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді. Өзіне дейінгі неміс философиясының және оз заманындағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін таразыдай отырып, Гегель өзінің диалектикалық тәсілін жан-жақты негіздеді. Осы негіздеу барысында философия тарихындағы субъективтік идеализм мен метафизикалық материализмді өткір сынға алды. Әсіресе, ол Кант философиясының өзіне керекті жақтарын ілгері дамыта отырып, оның"өзіндік зат" сияқты материалистік сарынын түбірімен алып тастап, танымдық теориясын, атап айтқанда, агностицизмін өлтіре сынады. Әсіресе, оның шүйліккені - Канттың "өзіндік заттарды о дүниелік деп, сондықтан біздің санамызға танымал болуы мүмкін емес" деген тұжырымы. Объективтік идеалист ретінде Гегель құбылыстар мен "өзіндік заттардың" арасындағы Кант соққан кедергіні жұлып тастап, оларды танып-білуге әбден болатындығын мәлімдейді.
 24.2. Абсолюттік идея – объективтік идеализмнің философиялық жүйелеріндегі негізгі ұғымдардың бірі. Терминді Гегель енгізген. Гегельяндықтың негізгі ұғымдарының бірі.
Мысалы, Гегель жүйесінде абсолюттік идея ұғымы дүниедегі бар заттардың ең жоғарғы жиынтығын, бастапқы негізін білдіреді, ал табиғат пен рух болса, абсолюттік идеяның ерекше өмір сүру формалары ретінде оның өзгешелік болмысын ғана білдіреді. Демек, олар абсолюттік идеядан туады. Жаңагегельшілер мен абсолюттік идеализм ілімінде абсолюттік идея ұғымы сондайлық кең мағынаны қамтымай, тек ақыл-ойды абсолютке айналдырады. Абсолюттік идея ұғымы жаратылыс тану және қоғамдық ғылымдардың жетістіктеріне қайшы келеді. Диалектік материализм абсолюттік идеяны жоққа шығарды.
25 билет. Орыс философиясының жалпы сипаттамасы. Евразиялық идея.
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі-XI-XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның тілтумалығын да теріске шығаруға болмайды.Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған хрестиандыру үдерісімен байланысты болады.Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан , славиандық патша табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, хрестиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып , сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді.Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық християндық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етеді.Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып , христиандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына сіңірді.Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.
Философиялық білім дүниетанымдық функция мен қатар данышпандық қызметті де атқарады , ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда шоғырланғандықтан , бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді.
Жалпы алғанда , философиялық және тарихи ой хрестиандық принципіне негізделді.
Орыс философиясы өзінің мазмұны жағынан универсалды , ол әр түрлі тақырыптарды зерттейді.Әлеуметтік жұмыстың әртектілігі, қайшылықтылығы әлеуметтік-саяси мәселелерге деген қызығушылықты туғызды. Орыс философиясы әлеументтік– философиялық мәселелермен қатар, өз елінің тағдыры мәселесімен де айналысады.Бұл тақырыпта деген қызығушылық XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ресейде әлеуметтік ахуалдық аса шиеленісуімен байланысты өсе түсті.Еуразиялық мектеп өкілдері қатарына эмиграциялық алғашқы толқынындағы талантты әдебиетшілердің, философтардың, публистердің, экономистердің бүтіндей тобы кіреді.Олардың арасындағы белгілері – географ П.Н.Савицкий, философ Л.П.Карсавин, филолоф Л.П.Карсаван, филолог және мәдениеттанушы Н.С.Трубецкой, тарихшы Г.В.Вернадский, музыканттанушы және өнертанушы П.П.Сувчинский, діни философтар публицистер-Г.В.Флоровский,В.Н.Ильин, сыншылар мен мәдениеттанушылар А.В.Кожевников, батыстанушы Н.Н.Алекеев, шығыстанушы В.П.Никитин, жазушы В.Н.Иванов, экономис Я.Д.Садовский.Еуразияшылдық София да, Берлин де емес, Ресейде революцияға дейін пайда болды.Бұл «алты еуразияшылдық» кезең еуразияшылдардық алдынғы буыны Г.Вернадскийдің,Л.Карсавиннің, Н.Трубецкойдың ғылыми істерімен байланысты болды.Кейінгі буын – П.Савицкий, Г.Флоровский кейінірек эмиграцияда қосылды. Тарихи уақыт шеңберінде Пушкин мен Илья Муромец бейнелері орыстылық, орыс рухын бірдей білдіре алады.Орыс идеясы XIX ғасыр әдебиеті сияқты құбылысты тудырып , әлемді таң қалдырады. Пушкин туралы Гоголь былай дейді:» Өз дамуындағы орыс адамы. Онда орыс табиғаты, орыс тілі , орыс мінезі... өзінің мінсіз таза сұлулығында көрінеді.
26 билет. Жаһандану мәселесі. Рим клубының философиялық ізденістері.
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;
2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;
3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағығарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;
5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.
27 билет. Болмыс. Болмыстың негізгі формалары.
  Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының  бірі. Ол жалпылай  алғанда “бар болу”‚ “өмір сүру”проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде “болу”, “бар болу” деген мағынаның қаның аңғару қиын емес. Бүл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуге ұмтылуынан туындаған.
   Осы заманғы философиялық әдебиеттен  болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сұретін объективті, материалдық дүниені білдіреді.                    Философия тарихинда болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.
   Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің,
  адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды.
Болмыстың негізгі түрлері:
Заттар (денелер), процестер болмысы:
А) бірінші табиғат;
Б) екінші табиғат.
Адам болмысы:
А) заттар дүниесіндегі адам болмысы;
Б) адамның өзіндік болмысы.
Рухани болмыс:
А) жеке адамның рухани болмысы;
Б) қоғамның рухани болмысы.
Әлеуметтік болмыс:
А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы;
Б) қоғам болмысы
Заттар (денелер), процестер болмысы
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады.бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін). Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.
Адам болмысы
Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.
Рухани болмыс
Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.
Әлеуметтік болмыс
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.
28 билет. Субстанция мәселесі. Материя.
Субстанция (лат. substantіa – мән, түпкі негіз) – заттың біртұтастығының мәндік қасиетін, оның барлық өзгерістерінің негізін, себебін, тіршілік етуінің түп-тамырын білдіретін философиялық категория. Сонымен қатар дүниенің бірлігі неде, сол бірлік неден туындайтынын көрсететін, ұғымдық дәрежеде түсіндіретін форма. Философиялық тұжырымдамалар дүниенің бірлігін анықтауына сай монизм (бір Субстанция), дуализм (екі Субстанция), плюрализм (бірнеше Субстанция) болып бөлінеді. Антикалық философияда ең алғаш субстанция барлық заттардың негізінде жататын белгілі бір зат ретінде қарастырылды. Ол бөлінбейтін қарапайым зат (су, ауа, апейрон, от, атом, т.с.с.). Кез келген өзгерістерде өзгермей, сақталып қалатын негіз. Аристотель Субстанцияны заттан бөлінбейтін бірінші мәнмен теңестірген. Аристотельдің форманы алғашқы себеп ретінде қарастыруы ортағасырлық философияда субстанциялық формалар туралы айтыстың тууына себепкер болған. Жаңа дәуірдегі философияда субстанцияны түсінуде екі бағыт пайда болды. Біріншісі Ф.Бэконның эмпиризмінде орын алған субстанцияны болмыстың негізі, заттың формасы ретінде түсінумен байланысты. Декарт оған қарсы екі субстанция (материя және ойлау) туралы ілімін ұсынды. Олар бір-бірінен туындамайды, екеуі дербес субстанция деп білді. Спиноза пантеистік монизмді ұсынды: субстанция біреу, оның одан ажырамайтын екі жағы бар: көлемділік және ойлау. Классик. неміс философиясы субстанцияға іс-әрекеттік сипат береді. Кант субстанция категориясын қабылдаудың, яғни тәжірибенің кез келген синтетик. бірлігі болу мүмкіндігінің шарты деп қарастырған. Кант субстанцияны диалектикалық тұрғыда түсіндірді. Гегель Канттың ойын жалғастыра отырып, субстанцияның ішкі қайшылығын, оның өзіндік дамуын дәлелдеді. Ол субстанцияны идеяның даму сатысы ретінде қарастырды. 20 ғасырда батыс философиясында субстанция категориясына, оның танымдағы рөліне теріс пікір қалыптасты.
Материя – бұл обьективті реалдылықты білдіретін, адам санасынан тәуелсіз тіршілік ететін универсалды категория. Материя түйсіктер арқылы сезілетін обьективтілік. Материяда болмыс категориясы нақтыланады. Барлық материя тірі деп қарастыратын философиялық ілім – гилозоизм деп аталады. Материя мәңгі, шексіз, жоғалмайды, күнделікті қозғалыста болады. Ол өзіне-өзі себеп деген қасиеттер материяның атрибуттарын білдіреді.Материяның атрибуты дегеніміз-барлық материялар мен материалдық обьектілерге тән қасиеттер. Материяның сондай-ақ модустары бар, олматерияның жеке түрлерінің қасиеттері. Ол құрылымдық дамудың деңгейін сипаттайды.
29билет. Қозғалыс материяның айырылмас қасиеті. Кеңістік және уақыт.
Қозғалыс-бұл материяның тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі, қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті. Қозғалыстың формасына тән ерекшелік - өзгермелік және тұрақтылық.
Кеңістік – бұл материя тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы.
Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.
Кеңістік ұғымы обьектілерді бақылау мен тәжірибелік пайдалану негізінде қалыптасты.
Уақыт ұғымы адамның оқиғалардың ауысуын сезінуінің нәтижесінде, заттардың жағдайының біртіндеп өзгеруі арқылы жүзеге асырылады.
Күнделікті адам санасында кеңістік пен уақыт үғымы қалыпты тұрмыстық жағдай ретінде есептелінеді, материя уақыт пен кеңістіктің аумағында қарастырылып, материя жоғалған күйде де, олар сақталып қала береді деп есептеледі.
Мундай көзқарас кеңістік пен уақытқа абсолютті мән береді, және бүл жайлы И.Ньютонның «Табиғат философиясының математикалық бастамалары» атты еңбегінде нақты анықтама берілді. Бұл жерде абсолютті кеңістік пен уақыт жаратылыстың материалдық процестерден тәуелсіз өзін-өзі басқаратын элементтері ретінде қарастырылады. Бұл концепция «қара жәшік концепциясы» деп аталады.
30 билет. Философиядағы даму идеясы. Диалектиканың категориялары және заңдары.
Осы уақытқа дейін біз қарастырған әлем мен адам қарым-қатынасының барлық қырында даму құбылысымен жеткілікті түрде таныстық. Әлем де, адам да, табиғат та, қоғам да ұдайы өзгерісте, дамуда. Даму дегеніміз-мәңгі, қажетті қозғалыс, өзгеріс. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз-болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика-дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол-әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі. Диалектика әлем үлгісін өзгеріп тұратын түрлер, жағдайлар және дәуірлердің бір-бірімен ауысуының мәңгі процесі деп қарастырады. Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша‚ диалектика дегеніміз - әлемдегі байланыстар, табиғаттың, қоғам мен ойлаудың қозғалысы мен дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Ойлау және таным процестері үшін бұл өте маңызды ұғымдар. Объективті диалектика дегеніміз-әлемнің, табиғаттың, объективті дүниенің дамуы, өзгеруі. Ал оның адам санасында бейнеленуінен субъективтік диалектика туындайды. Әлем, дүниенің дамуымен, өзгеруімен қатар оны бейнелейтін, түсіндіретін ұғымдар да дамып, өзгеріп отырады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: “Даму дегеніміз не?”, “Ол неліктен болады”, “Даму қалай іске асып отырады”, “Даму қайда бағытталған” сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлау иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Диалектика да грек сөзі. Ол бірден даму теориясына айналмаған. Грек мәдениеті аясында диалектика сұрақ - жауап арқылы пікір таластыру қабілетін, ұғымдарды саралау, заттарды түрі мен шыққан тегіне қарай ажырату өнерін білдірген. Сонымен қатар, оның қайшылықтар туралы ілім деген анықтамасы да болған. Көрнекті грек философы Аристотель диалектиканы ықтимал пікірлер туралы ғылым деп есептеген. Бірте-бірте диалектика даму туралы ілімге айналды. Қарапайым диалектика антикалық философияда қалыптасты. Ол көне гректердің табиғатты қарапайым пайымдауынан туындады. Диалектикалық дәстүрдің бастауы, негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит “от”, “әлемдік өрт”, “космос” ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ. Барлығы бір-біріне қарама-қарсы жақтардан тұрады, олар бір-бірімен әрекеттеседі. Қарама-қарсылықтардың өзара күресі әлем дамуының қозғаушы күші және негізгі заңдылығы. Гераклит мәңгілік және өткіншілік, Құдай және адам, өмір және өлім, сабан және алтын сияқты қарама-қарсылықтарды атап көрсеткен. Орта ғасырларда кейбір ойшылдардың шығармашылығында диалектикалық ізденістер орын алған. Мысалы, П.Абеляр диалектиканы әртүрлі пікірлер сайысында ақиқатқа жетудің тәсілі деп қарастырған. А.Августин жалпы тарихтың дамуы туралы ілім жасаған, онда балалық, бозбалалық, өрлеу, қартаю және өлу кезеңдері атап көрсетілген. Қайта өркендеу мен жаңа Дәуір философиясында диалектика Д.Бруно, Н.Коперник, Р.Декарт, Б.Спиноза, Н.Кузанский шығармашылығында дамыған. Неміс философиясы дамытқан идеалистік диалектиканың маңызы аса зор болды. Неміс философы И.Гердер әлемдік мәдениеттің даму идеясын ұсынса, И.Кант таным процесінің қозғалу логикасын анықтады. Диалектиканың дамуына қомақты‚ сүбелі үлес қосқан философ-Г.Гегель. Ол тұңғыш рет бүкіл табиғи, тарихи және рухани дүниені процесс түріндегі нәрсе деп: яғни үнемі қозғалуда, өзгеруде, қайта құрылуда және дамуда деп таныды, сөйтіп, осы қозғалу мен дамудың ішкі байланысын ашуға тырысты. Диалектиканың негізгі ұғымы - даму. Даму дегеніміз- қозғалыстың, өзгерістің бір көрінісі. Ол көп жақты, ескіден жаңаға, жаңадан ескіге, қарапайымнан күрделіге, күрделіден қарапайымға, төменгіден жоғарыға, жоғарыдан төменге даму болады. Диалектиканың маңызды принциптері бар. Оған дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір-бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Қайшылық - даму мен қозғалыстың ішкі қозғаушы күшін көрсетеді. Қайшылық дегеніміз қарама-қарсылықтардың өзара қатынасын білдіреді. Қайшылықтар тірі, өлі табиғатта да, қоғам өмірінде де кездеседі.
Диалектика жүйесіне оның негізгі заңдары кіреді. Заң ұғымының маңызды екі мағынасы бар. Біріншіден, заң дегеніміз-заттар мен құбылыстар арасындағы жалпы, тұрақты және қажетті байланыстарды білдіретін ұғым. Мысалы, әлемдік тартылу заңы, табиғи сұрыпталу заңы. Бұлардың бәрі объективті материалдық әлемнің заңдары. Екіншіден, заң дегеніміз-әлемнің байланыстарын бейнелейтін білім жүйесі. Бұл-ғылым заңдары. Диалектиканың негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама-қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама-қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі қарама-қарсылықтар туындысы деп қарайды. Бұл заңның үлкен дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді. диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді. Біріншіден, құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты - оның ішкі қайшылықтары идеясы. Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея
31 билет
Таным туралы жалпы ұғым. Философия тарихындағы таным мәселесі.
 
Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. 
Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. 
Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр.
Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.
Танымның түрлері көп:
1.Мифологиялық түрлері
2.Күнделікті практикалық таным
3.Көркем тану
4.Діни тану
5.Ғылыми таным
32билет
Философияда және ғылымда ақиқат мәселесі. Ақиқаттың критерийлері
33билет
Сезімдік және рационалдық таным және олардың бірлігі.
Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. 
Сезімдік таным : Түйсік, Қабылдау,елестету боп бөлінеді.
Түйсiк (ощущения) — адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың. Таным барысында, түйсiк, таңба (белгi) мен бейненiң бiрлiгi болып табылады.
Қабылдау (восприятие) — адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың, сезiмдiк танымның ерекшк формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол да бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады.
Елестету — сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi.
Рационалды таным:құбылыстардын мәніне олардын ішкі байланыстарына баға береді.Ұғым, пікір,ойқырыту . Философия тарихында сезімдік және рационалдык тұрады
34 билет
Ғылыми танымның құрылымы, ерекшелігі.
Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады
35 билет
Адам және оның болмысы философияның орталық мәселесі ретінде
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген саналуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға ат салысқан Д. Франклин адамға «Homo Faber» - құралданған адам деген анықтама берді. Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: «Өзіңді - өзің тани біл» - деген қанатты сөздің тұжырымдамасы екенін айта кетуге болады. Кісі, тұлға жетілгене кәмелетке жеткен адам. Кісі дегеніміз - жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моралдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқаты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субьектісі.Тұлға - белгілі бір қоғамық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағының биогенетикалық нышандарының, әлеуметтік қатынастар әсерінің және психоәлеуметтік қасиеттерінің тұтас бірігуінің нәтижесі.
Сезімдік таным – танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс - әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен құбылыстар және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс - әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Қоршаған ортаны өзгерте отырып, субъект заттың тұңғиығына үңіледі. Оның іс - әрекеті тиімді болуы үшін нысанның сыртқы ерекшеліктерін білуі жеткіліксіз, оған оның ішкі қатынастарын, қасиеттерін, заңдылықтарын да тануы қажет. Сөйтіп, сезімдік тәжірибеге сүйене отырып, оны талдап, жинақтап, соның негізінде абстрактілі ұғымдарды, ғылыми көзқарастарды тудырады.
Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір – бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдың өзара байланысы тіпті терең. Олар бірінсіз бірі бола алмайды. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады.
Сезімдік және рационалдық танымның бейнелеу түрі жағынан да бір – бірінен айырмашылықтары бар. Көрнекті етіп айқындау үшін төмендегі кестені ұсынамыз:
Сезімдік таным мен рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
1. Түйсік                                                              1. Ұғым
2. Қабылдау                                                                 2. Пікір
3. Елес                                                                           3. Ой тұжырымы
Субъектің заттармен, құбылыстармен тікелей өзара әрекеттесуі кезінде туындаған сезімдік әсерлері түйсік пен қабылдау деп аталады. Түйсіктер нысандардың жеке қасиеттерін бейнелейді – қызыл, қатты, тәтті т.б.; ал қабылдау – затты, құбылысты толық бейнелеу. Біз оның жеке белгілерін ғана емес, пішінін, көлемін көреміз, иісін сеземіз, дәмін татамыз, яғни затты барлық қасиеттерімен бірге толық қабылдаймыз.
Сезімдік әсерлер ес арқылы да қайталануы мүмкін. Мысалы, ойша Евразия университетін елестетуге болады, немесе жүріп бара жатқан поезды, машинаны елестетуге болады. Бірақ, бұл образ адамның бұрынғы тәжірибесімен тығыз байланыста туындайды. Мұндай образдарды елес деп атаймыз. Елес дегеніміз – дәл осы уақытта тікелей әрекеттеспесе де, қажет уақытында пайда болып отыратын сезімдік бейне.
39.Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
материалдық молшылықтарға жету;
ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
баюдың көзі ретінде соғысты жою;
“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.
Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады.[2]37 .Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі — Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.Платонның пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағыныштықатынастарда болады.Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1) себептілік; 2) заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; 3) заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым – «хораны» (материя) кіргізді. Хора-материя – көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті.Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір түрі. Матери көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз – от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар – заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материялық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады.Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама – әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі – өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі – өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі – сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін – демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, танып-біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады.
40.Қоғамның табиғи негіздері. Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады. Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.Қоғам туралы философиялық ілімнің тарихи дамуы ұзақ уақытқа созылды
Биосфера [2] — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. 

Приложенные файлы

  • docx 26448309
    Размер файла: 148 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий