сурак жауап


Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны.
Этнопсихология (этнос және психология) — әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этностардың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық ғылым. Этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, діл, дін, т.б.) сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғ. ортасында Ресейде, кейінірек Батыс Еуропада (Лацарус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды. Қазақ елінде бұл мәселемен Шоқан Уәлиханов т.б. айналысты. Оның еңбектерінде "халық рутаг' дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны "халықтық психология" ұғымының синонимі деуге болады. Этнопсихологияның зерттейтін сан алуан мәселелері (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт және т.б.) бар. Этнопсихология міндеттері: әртүрлі халықтар мен мәдениеттер өкілдерінің психикалық ерекшеліктерін, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық арақатынас ерекшеліктерінің мәселелерін, ұлттық мінез мәселелерін, ұлттық өздік санамен этникалық стереотиптердің міндеттері мен қалыптасу заңдылықтарын, ұлттық қоғамдастықтар мен қоғамның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.
Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.
Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:
1. Антропологиялық психология;
2. Кросс-мәдени психология.
Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.
Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.
Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.
Этнопсихологиянын зерттеу обьектиси улттар, этностар, улттык жане этникалык бирлик болып табылады.
Этнопсихологиянын пани болып журис-турыс ерекшеликтери, эмоционалды реакциялары, минез-кулкы жане психикасы болып табылады.
Этнос және оның мәні.
Қауымдастық сөзі өзінің кең мағынасында, қайталанбас өзіндік ерекшелігі бар, ортақ белгілер қатарына ие, тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастарды біріктіретін, адамдар жиынтығы болып табылады. Мәдени даму процесінде адамдармен саналы қалыптасатын қауымдастықтарға қарағанда, этностық қауымдастықтар адам санасы мен еркіне тәуелсіз, тарихи туындайды. Бұндай қауымдастықтың формалары әр түрлі – алғашқы қауым адамынан бастап қазіргі ұлтқа дейін.
Этностық қауымдастықтар – ұзақ уақыт бірлесіп өмір сүру мен өзара ортақ шығу тегімен байланысқан, адамдар тобы.
Адамдардың бірлесе отырып ұзақ уақыт өмір сүруі мен әрекет етуі процесінде, бір топты екіншісінен ерекшелейтін, әрбір топқа тән ортақ және тұрақты белгілер өндірілді. Бұндай белгілердің қатарына тіл, тұрмыстық мәдениеттің ерекшеліктері, сол немесе басқа халықтың немесе этностың қалыптасқан салт дәстүрлерін жатқызуға болады. Бұл белгілер (признаки) халықтың этностық өзіндік санасында жаңғыртылады (воспроизводятся).
Этностық қауымдастықтың функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
Қажетті ақпаратпен қамтамассыз ете отырып, қоршаған әлемде адамды бағыттау;
Ортақ өмірлік құндылықтардың болуы
Қауымдастықтың барлық мүшелеріне тәндік (физическую) және әлеуметтік қорғанысты қамтамассыз ету.
Этностық қауымдастық уақытта тұрақты болып келеді, құрамның тұрақтылығы сипатына ие, онда адам тұрақты этностық статусқа ие болады, және оны этностан алып тастау мүмкін емес, осындай этностық қауымдастық сапаларының арқасында, адамдардың әлеуметтік мәдени өмірінің аса сенімді формасы болып табылады.
«Этнос» түсінігінің этимологиясы, бұл терминнің сонау ежелгі грек тілінде туындағаны жайлы айғақтар келтіріледі; халық, тайпа, адамдар тобы, дәйекті түрде өзге тайпа деп аталатын бірнеше мағынаға ие болды.
XX 20 жылдарында «Этнос» түсінігінің ғылыми интерпритациясына үлес қосқан орыс этнографы С.М.Широкогоров. Бұл ғалым «этностың» ғылыми анықтамасын бірінші болып қалыптастырды, ол этносты «бір тілде сөйлейтін, өздерінің біріңғай шығу тегін мойындайтын, дәстүрлер комплексына ие, басқа топтардан ерекшелейтін дәстүрлері мен тұрмыс салтының болуы» деп көрсетті.
Кеңестік ғылымда 1960 жылдың ортасына дейін «этнос» түсінігі қолданылмады. Тек 1960 жылдың ортасында этностық мәселеге жүгіну көрініс тапты. Этностық мәселені талқылаудың инициаторы болып, С.А.Токарев болды. Ол этном теориясының маңызды мәселелерін қалыптастырмақшы болды. Ол келесі қорытындыға келді: « этностық қауымдастық, шығу тегіне, тілі мен территориясына, мемлекетке тиістілік пен экономикалық байланыстарына, дін, мәдениетке байланысты – аталған әлеуметтік байланыстардың бір немесе бірнеше түріне негізделетін адамдар қауымдастығы».
1970 жылдың соңына қарай, кеңестік этнологияда бұл терминге байланысты, екі өзара бәсекелес түсінік қалыптасты. Осындай түсініктердің бірін акдемик Ю.В.Бромлей ұсынды, ол этносты әлеуметтік мәдени құбылыс деп түсінді, және оны былайша анықтады: «тек ортақ бет бейнесімен ғана емес, сонымен қатар психикасы мен мәдени ерекшеліктерінің тұрақтылығына қатысты, өзінің бірлігін (единство) түсіне отырып басқалардан ерекшелену, территорияда тарихи қалыптасқан, тұрақты, көп ұрпақтық адамдар жиынтығы».
В.А.Тураев этносты былайша сипаттайды: «Өзінің бірлігін (единство) саналы түрде ұғынатын, психикасы мен мәдениетінің тұрақты ерекшелігіне ие, адамдар жиынтығы ретінде».
Л.Н.Гумилев этносты биологиялық феномен ретінде қарастырды және тамақтандырушы ландшафт пен қоршаған ортаға адамдар тобының бейімделу формасы ретінде. Этностың әлеуметтік түсінігі ретінде – өзі қалыптастыратын мәдениет көрініс тапты. Кейде этносты ақпараттық байланыстарға негізделген қауымдастықтың типі ретінде қарастырады: қызығушылықтармен және басқада нәрселермен біріккен қауымдастықты да қарастырады.
Этнос сипаттамасы. Аталған этносты басқалардан ерекшелейтін сапа ретінде, түрлі сипаттамалар көрініс табуы мүмкін: тіл, құндылықтар мен нормалар, тарихи естелік, дін, кіші отан жайлы елес, ата баба туралы аңыздар, ұлттық мінез, фольклорлық шығармалар.
Этностың барлық дерлік анықтамаларында, басты факторлардың бірі болып – қауымдастық тілі көрініс табады.Алайда қауымдастық тілі әрдайым бір этносқа жату деп есептелмейді. Себебі немістер мен швецарлықтар, австралиялықтар мен люксембург тұрғындары неміс тілінде сөйлейді, алайда әртүрлі этносқа жатады.
Этностың маңызды белгілерінің бірі болып – территорияны есептеу болып табылады. Этностық географияны оқу бойынша, адамдар түрлі аймақтарда өмір сүруі мүмкін, алайда бір этносқа жатады.
Тағы бір маңызды фактор – этностық өзіндік сана.
Қорыта келгенде, этнос немесе этностық қауымдастық – бұл ортақ мәдениетке ие, ережеге сай бір тілде сөйлейтін, ортақ өзіндік санаға ие (обладают общим самосознанием), саналы түрде өзінің қауымдастығын түсіне білетін және басқа адамдар тобынан өзін рекшелей түсетін адамдар жиынтығы.
Этнос может иметь различную структуру. Он может состоять:
1) из этнического ядра — компактно живущей на определенной территории основной части этноса;
2) этнической периферии — компактных групп представителей данного этноса, так или иначе отделенных от основной его части;
3) этнической диаспоры — отдельных членов этноса, рассеянных по территориям, которые занимают другие этнические общности.
Этнопсихология жайлы түсінік
Этнопсихология – этностар арасындағы қатынастардың психологиялық аспектілерін, этностардың психологиялық сипаттамаларын, адамдардың этно мәдени психикалық ерекшеліктерін зерттейтін пәнаралық білім саласы.
Этнопсихология термині ғылыми әлемде жалпы қабылданған болып табылмайды, көптеген ғалымдар «халық психологиясы», «психологиялық антропологияда», «салыстырмалы мәдени психологияда» өзін зерттеушімін деп айтады.
Энопсихологияның зерттеу объектісі болып, ұлттар, ұлттық қауымдастықтар болып табылады. Ал пәні – этникалық стериотиптер, ұлттық өзіндік сана, эмоциялық реакциялары мен психикасы, мінез құлық ерекшелктері.
Этникалық топтарың психикалық процестерін зерттей отырып, этнопсихология айқындалған әдістерді қолданады. Белгілері мен критерилеріне, айқындалған принциптері бойынша этникалық процестер, этникалық топтардың классификациясы мен топтасуы, салыстырмалы аналитикалық модельдер құрылатын - салыстыру мен теңестіру әдісі кең қолданысқа ие.
Этнопсихологиядағы зерттеу тәсілдеріне, жалпы психологиялық әдістер жатады: бақылау, эксперимент, әңгімелесу, тесет.
Сонымен, этнопсихология – сол немесе басқа этникалық қауымдастық мүшелерінің мінез құлқы, құндылықтар бағдары, психикалық типологиясының көріну механизмі,заңдылықтар мен факттар туралы ғылым. Бір геотарихи кеңістікте жүз жылдап тұратын, этностар арасы мен ішкі қауымдастықтың мотивтерін, мінез құлық ерекшеліктерін түсіндіріп сипаттайды.
Этнопсихология мынадай сұрақтарға жауап береді: қалайша әлеуметтік және тұлғалық механизмнің идентификациясы мен тарихи жалпылану терең психологиялық феномендерді тудырды – ұлттық өзіндік сананы, көрші этностарды сезіну, олардың ара қатынасының амбивалентті бағыттылығы.
Этнопсихология – этнопедагогика және этнография, мәдениеттану мен философия, тарих, педагогика, антропология, медицина, әлеуметтану және саясаттанумен тығыз байланысты. Зерттеу объктілері жақын болғандықтан, этнопедагогика мен этнопсихология, этнография ғылымдарын жиі теңестіреді.
Этносоциология (грек тілінене ethnos – тайпа, халық + лат. societas – қоғам + греч. logos – ғылым, үйрену) – түрлі этникалық қоғамдастықтарда болатын, әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысатын, этнография мен әлеуметтанудың түйісуінде қалыптасқан, ғылыми пән. Бұл ғылымның кейбір өкілдері, этникалық психология пәнінің көп бөлігін қамтып, тұлға аралық әлеуметтік өзара әрекеттесуді, қарым қатынас пен мінез құлықты, ұлттық қатынастарда көрінетін, адамдардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін, ұлттық сана мен өзіндік сананы зерттеуі қажет деп есептейді.
Этномәдениеттану (грек тілінен ethnos – тайпа, халық + лат. сulturа – даму + греч. logos – ғылым, оқу) – мәдениеттану ғылымының саласы, халықтардың энопсихологиялық сипаттарын анықтаушы факторы болып, мәдени ортаның әсері саналды. Осыған байланысты, мәдениет – адамдардың мінез құлқына шектеу қойю негізінен басталады, себебі, мәдени топтың тұтастығы, бір этнос өкілдерінің бірегей әлем бейнесін, жалпыға ортақ ұлттық естің болуын, бірдей мінез құлық ережелерінің өңдеуін болжайды. Тарихи даму процесінде, әрбір халық – мәдени құндылықтардың өзіне тән,біртекті жүйесін қалыптастырады. Бұл құндылықтар, өзінің этникалық санасын көрсету үшін топ мүшелерімен қолданылады.
Мәдени антропология (латын тілінене сulturа – даму + греч. аnthroроs – адам + logos – ғылым, оқу) – мәдениеттану мен этноргафияның (әлеуметтік антропология) түйісуінде пайда болған ғылым саласы; адамды – ұлттық қоғамдастықтың, түрлі мәдениеттің өкілі ретінде зерттеумен айналысады. Мәдени антропология – индивидті, сол немесе басқа қоғамға, немесе халыққа тән, белгілі бір этникалық топтың мүшесі ретінде зерттейді, нақты толық мәдениеттің бөлігі ретінде қарастырады.
Этнопедагогика (грек тілінене ethnos – тайпа, халық + раidagogika – балаларды тәрбиелеу ғылымы) – педагогикалық ғылымның саласы, ол: а) нақты халықтардың дәстүрін оқу, тәрбиелеудің әдіс тәсілдері, әдістері мен міндеттері, өзіндік міндеттерді зерттеу; б) түрлі халықтарда оқу мен тәрбиелеудің спецификасын салыстырып зерттеу; в) сол немесе басқа этникалық қауымдастықтардың тәрбиесі мен оқуына, ұлттық психологияның әсер ету анализі; Этнопедагогика этнопсихологиямен тығыз байланысты.
Этнопсихолингвистика (грек тілінене ethnos – тайпа, халық + рsусhe – жан + лат. lingua – тіл) – этностың тарихи тарихи тәжірибесін жинақтап, көрсететін, этнос психикасының қалыптасуының басты факторы ретінде, оның тілі мен ойлауының әсерін қарастырады. Бұл ғылымның өкілдерінің ойнша, қандайда болсын тіл – қоғамдық сананың этникалық, діни, құқықтық формасымен тығыз байланысты. Оларда мәнді этникалық нагрузка бар. Сонымен қатар, тіл құрылымының жоспарлы функциясында, нақты ұлттық қоғамдастықтың өкілдерінің ойлау құрылымын анықтайды, ал тілдің спецификалық функциясы – олардың психикалық процесінің өзіндік дамуына әсер ететі.
3.Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде.
Адамдардың физикалық ерекшеліктеріне, олардың ұлттық, этностық ерекшеліктеріне қарамастан, олардың барлығы адам болып табылады. Барлығы да Homo sapiens, яғни саналы адамға жатады. Тарихты дамытып, тасушы субъектісі, негізі – жалпылама адамзат болып келеді. Адамның әрекеті 20 ғасырда глобальды, дүниежүзілік сипат алады.
Қазіргі кездегі ғалымдар адамзатты зерттеуде адамның ғарыштық прогрестерімен т.б. мистикалық күштермен өзара әрекеттесуін қарастыра бастады. Ең әйгілі ғылыми білім тұрғысынан, адамның өмірі мен әрекеті, дүниежүзілік процестің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ тұрмыстық өмірде адам конфликтіге барады, соғысады. Неге адамдар тұтастығын, ортақ тағдырларын түсінбейді? Неге бірнеше достардың өзі келіспей қалады деген сұрақтар туындайды?
Себебі, көптеген адамдарды оларды біріктіретін қасиеттер емес, жіктейтін, бөлетін қасиеттерге мән береді. Адамдарды әр түрлі қасиеттер бойынша жіктеуге болады. Белгілі бір мағынада, адамзат бір ұрпақты емес, ол көптеген әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір топтарда миллионннан, миллиард адамдар болады. Мысалы, нәсілдер.
Нәсіл (расы) – биологиялық түрдің бір категориясы, латын тілінен аударғанда нәсіл дегеніміз – пайда болу бірлігі мен тарауы, дамуы белгілі бір жиынтықпен байланысты ортақ физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Нәсілдің негізгі үш түрі бар:
негроидты;
европеодты;
монголоидты.
Нәсілдерді бір-бірінен ерекшелейтін негізгі қасиет-сапаларға бөлінеді:
терісінің түсі;
көзінің, шашының түсі;
бас сүйектің формасы бойынша;
денесінің ұзындығы бойынша.
Кез-келген топтың құрылымында әрбір адамның әлеуметтік рольдері, статусы болады. Мысалы: ежелгі кездің өзінде дүниежүзілік нәсілдің бірі – индуизм - әрбір адам денесін ұстау үшін, жұмыс істеу керек деген. Адами қоғам жасайтын әрекеттеріне байланысты 4 әлеуметтік классқа жіктелген, олар:
интелегенция класы;
администрациялық класс;
сатушы класс;
жұмысшы класс.
Көптеген адам жөніндегі ғылым саласындағы мамандар – осы этнопсихологияның жетістіктері әлеуметтенуді зерттеумен байланысты. Кейбір теоретиктер балалық этнографияны еркін тәртіп сапасымен өзіндік теориямен зерттеу әдістерден ерекшелейді. Қазіргі заманда – салыстырмалы мәдени зерттеу әлеуметтенуді бала кең ауқымды меңгереді. Және оны төрт бөлімге бөледі.
әлеуметтік прцесстерді зерттеу, оның әдістері және арнайы мәдениетті меңгеру тәсілдері
балаларды тәрбиелеу мен және басқа салада өмірдік тәсілдерді зерттеу, оның тәртіп пен мақсаттылығын анықтайтын әлеуметтік институтқа ерекше көңіл аударады.
әлеуметтік зерттеу нәтижесін, т.б. – баланы тәрбиелеу мен және ересектердің мінездерін зерттеу әдістерімен өте байланысты.
Қандай да мәселе зерттелгенмен, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметттенуден мәдениетсіздікті бөле отыра, біріншіден тұлғаның адамдық интеграциясын түсіндіреді. Мәдениетсіздік процесінің – тұлғаның ойынша әлемді тану және мінез құлықты меңгереді, осының нәтижесінде оның эмоционалды және тәртіптерінің ұқсастығы нақты берілген. Мәдениет пен басқа мәдениетсіздік арасындағы айырмашылық алғашқы мәдени процесс ең алдымен баланың дүниеге келген күнінен бастап және өмірінің соңында аяқталады. Мәдениетсіздік процессінің соңы – адам, тіл жөніндегі дәстүрге байланысты Херсковиц мәдениетсіздіктің екі бөлімін қарастырды.
Балалық шақта – тілдің шыға бастағанында Херсковицтің айтуынша, осы кез мәдениетсіздіктің дамуы болып табылмайды. Ересектер оны жазалағанда, яғни баланы кешіргенде оның таңдау құқығын бөледі.
Кәмелеттік шақ – жеткіншек кезге жеткенде мәдениетсіздіктің көрінуі аяқталады. Бірақ мәдени есейген шақта мінез қалыптасады. Херцковицтің айтуынша мәдениетсіздік туралы түсіндіргенде – көптеген зерттеушілер маңызды қиындықтарға ұшырайды. М.Мид әлеуметтану арқылы әлеуиеттенуді түсіндіреді. Ол мәдениетсіздікті «шынайы зерттеу процессі» деп түсіндірді. Мәдениетсіздік әлеуметтенудің жемісі – субъектінің базалық, этнопсихологиялық аспектісі. Дегенмен әрбір саладағы зерттеушілер бізді қызықтыратын ұғымды шектейді, оларды бір шешімге келтіреді. Қазіргі таңда этнопсихологияда тағы бір ұғым қарасытылды – ол мәдени трансмиссия. Мәдени трансмиссияны қолдана отырып, топ өзінің мүмкіншілігін арттырады. Ол келер ұрпаққа өзіндік айрықша механизмдермен оқытылады.
Ешқашан да мәденитетті талап ететін «әлеуметтен және әлеумет танушылардан жалпы иерархия деңгейі» болған емес. Егер де европалықтардың көзғарасы, санасы бойынша қарайтын болсақ, оларда, ата-аналардан ең бірінші шеше-басты және жалғыз әлеуметтанушы болып табылады, барлық бөлінген функцияларды атқарады. Көптеген дәстүрлер мәдениетте, бала тек қана әке мен шешеге ғана емес, ол бүкіл қоғамдық жерде, өзі тұратын мекенінің қарауында, сәйкесінше олардың баланың тәрбиесіне әсері бар.
Американдық ғалымдар Г.Барридің басшылығымен архивтік зерттеудің тұтас айналымын жүргізді, онда HRAF-та ұсынылған, 104 мәдениеттің тәрбиелеу практикасын бағалау екі немесе одан да көп сарапшылармен жүргізілді. Шынында, зерттеушілер архивтік материалдарды қолдану көптеген ауыр мәселелерді шешуді қажет еткендігін жасырған жоқ. Біріншіден, оларға сұраққа жауап беруге тура келді - өлшеу сөйлемі әрқанда сол немесе басқа қоғамда болатын мықты интерпритацияны қамтамасыз ете ме? Шынында, көптеген этнографиялық сипаттауларда қандай да бір өлшемдердің берілгендері болмайды, бірақ бұның салдары неде екендігі аяғына дейін ашылған жоқ.
Екіншіден, алты деңгей бір-бірінен тәуелсіз екендігін анықтау. Ең соңында зерттеушілерге оларды екі полюскетік тәрбиелеу деңгейлеріне сәйкестендіру мүмкін болды. Бір полюс-уступчивостьқа оқыту (тыңдауға, жауапкершілікке, біртіндеп қамқорлыққа), екіншісі – самоутверждениюға оқыту (жетістікке ұмтылу, өз беттілікке тәуелсіздікке). Басқа сөзбен айтқанда, Барри және оның әріптестерінің ойынша, барлық мәдениетті шектеулі жол берушілігін тәрбиелеу бағытынан өзіндік бекітуге дейін ұмтылуын өңдеуге болады.
Келесі сұрақ, неге қоғам сол немесе басқа тәрбиелеудің практикасын таңдайды? Оған жауапты американдық зерттеушілер іздеген. Олар топтың ең алдымен баланың қажеттілінің, оларға есейген кезде тұрмыстық іс-әрекетінің анықталған типімен қоғамда қажет болатындығымен қызыққан. Олардың болжамдары бойынша, мал бағатын және жермен айналасатын қозғалатын мүшелері үшін, онда жыл бойы бірлесіп күш салу арқылы материалдық ресурстар жасалынады және қалыптасады және де олардың молшылықтары болуы мүмкін (қоғам «тағымның үлкен қорымен», олардың терминологиясы бойынша), ең алдымен жауапкершілік консерватизм функциоланған. Ал аңшылардың және жинаушылардың қоғам мүшелері, өздеріне сенімді және тәуекелге барушы болуы керек.
Архивтік зертеулерде қозғалыстың 104 гипотизасы мойындалды: аңшылар және жинаушылар балаларда өз беттілікті және тәуелсіздікті,ал қойшылар және жер иеленушілер – жауапкершілікті және тілалғыштылықты тәрбиелеуге бағытталған болады. Бұл байлыныс әлеуметтенудің глобальды анализіне өлшеуге арналған - өзіндік бекіту, уступчивості қолдану кезінде сақталды.
Американдық мәдени – антропологтардың нәтижелерін растайтын мысалдарды, көптеген мәдениеттердің этнографиялық сипаттамаларынан табуға болады. Осылайша, бақылаушылар бірнеше рет аңшылықпен айналасатындарға және австралиялық аборигендерді жинаушларға асқынған өзіндік бекітуге ұмтылу тән екендігін белгіленге. Сонымен қоса «басқалардың көзінше» өзіндік бекіту ғана емес, сондай-ақ «өзінің көзінде» өзіндік бекіту наөарда болады.
Жекелеген адамның этникалық «Мен концепциясы»-өзіне белгілі, өзінің этносы бейнесімен тығыз байланысты өзі туралы көзқарастарының тұтастай жүйесі болып табылады.
Адамның этникалық «Мен бейнесі»оның жалпы «Мен концепциясының» құрлымының біреуі болып табылады. Ол мыналардан тұрады:- ол мыңдаған және миллиондаған этностардың ішіндегі өз этносының бір өкілі екендігін елестету;(көзқарасы)- осы этностың көптеген басқа өкілдерімен өзіне тән қандайда бір физикалық және психикалық қасиеттері туралы елестетуі; көзқарасы (мысалы:белгілі бір физикалық, антропологиялық белгілері: көзінің түсі мен формасы, мұрнының формасы, бойы, терісінің түсі және т.б.- ең бастысы сол қауымға, оның мүшелеріне ұқсау, эмпатия сезімі мен туысқандық сезімінің болуы.
Э. Эриксонның тұлғаның даму теориясынан белгілі болғандай, адамдардағы «Менінің» ұқсастық сезімі 18-20 жасында қалыптаса бастайды.Адам ондай даму деңгейіндеөзінің кім екендігін,қай топқа жататындығын, неге талпынатындығын білгенде ғана жетеді.Бұған қарама- қайшы жағдайды Эриксон «Меннің» анықталмағандығы немесе диффуздылығы деп атады. Егер индивидтің жекелік анықталуы дамыған болса, оның кемел жасқа өтуінде еш қиындық болмайды.
Тұлғаның этникалық «Мен -концепциясының» элементтері «Мен концепциясының» барлық бөлімінде кездеседі, бірақ когнитивті, бейнелік, және бағалау элементтері бір-бірімен тығыз байланысты.
4. тұлғанын этнопсихологиялык детерминанты
Адамдардың физикалық ерекшеліктеріне, олардың ұлттық, этностық ерекшеліктеріне қарамастан, олардың барлығы адам болып табылады. Барлығы да Homo sapiens, яғни саналы адамға жатады. Тарихты дамытып, тасушы субъектісі, негізі – жалпылама адамзат болып келеді. Адамның әрекеті 20 ғасырда глобальды, дүниежүзілік сипат алады.
Қазіргі кездегі ғалымдар адамзатты зерттеуде адамның ғарыштық прогрестерімен т.б. мистикалық күштермен өзара әрекеттесуін қарастыра бастады. Ең әйгілі ғылыми білім тұрғысынан, адамның өмірі мен әрекеті, дүниежүзілік процестің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ тұрмыстық өмірде адам конфликтіге барады, соғысады. Неге адамдар тұтастығын, ортақ тағдырларын түсінбейді? Неге бірнеше достардың өзі келіспей қалады деген сұрақтар туындайды?
Себебі, көптеген адамдарды оларды біріктіретін қасиеттер емес, жіктейтін, бөлетін қасиеттерге мән береді. Адамдарды әр түрлі қасиеттер бойынша жіктеуге болады. Белгілі бір мағынада, адамзат бір ұрпақты емес, ол көптеген әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір топтарда миллионннан, миллиард адамдар болады. Мысалы, нәсілдер.
Нәсіл (расы) – биологиялық түрдің бір категориясы, латын тілінен аударғанда нәсіл дегеніміз – пайда болу бірлігі мен тарауы, дамуы белгілі бір жиынтықпен байланысты ортақ физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Нәсілдің негізгі үш түрі бар:
негроидты;
европеодты;
монголоидты.
Нәсілдерді бір-бірінен ерекшелейтін негізгі қасиет-сапаларға бөлінеді:
терісінің түсі;
көзінің, шашының түсі;
бас сүйектің формасы бойынша;
денесінің ұзындығы бойынша.
Кез-келген топтың құрылымында әрбір адамның әлеуметтік рольдері, статусы болады. Мысалы: ежелгі кездің өзінде дүниежүзілік нәсілдің бірі – индуизм - әрбір адам денесін ұстау үшін, жұмыс істеу керек деген. Адами қоғам жасайтын әрекеттеріне байланысты 4 әлеуметтік классқа жіктелген, олар:
интелегенция класы;
администрациялық класс;
сатушы класс;
жұмысшы класс.
Көптеген адам жөніндегі ғылым саласындағы мамандар – осы этнопсихологияның жетістіктері әлеуметтенуді зерттеумен байланысты. Кейбір теоретиктер балалық этнографияны еркін тәртіп сапасымен өзіндік теориямен зерттеу әдістерден ерекшелейді. Қазіргі заманда – салыстырмалы мәдени зерттеу әлеуметтенуді бала кең ауқымды меңгереді. Және оны төрт бөлімге бөледі.
әлеуметтік прцесстерді зерттеу, оның әдістері және арнайы мәдениетті меңгеру тәсілдері
балаларды тәрбиелеу мен және басқа салада өмірдік тәсілдерді зерттеу, оның тәртіп пен мақсаттылығын анықтайтын әлеуметтік институтқа ерекше көңіл аударады.
әлеуметтік зерттеу нәтижесін, т.б. – баланы тәрбиелеу мен және ересектердің мінездерін зерттеу әдістерімен өте байланысты.
Қандай да мәселе зерттелгенмен, барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Әлеуметттенуден мәдениетсіздікті бөле отыра, біріншіден тұлғаның адамдық интеграциясын түсіндіреді. Мәдениетсіздік процесінің – тұлғаның ойынша әлемді тану және мінез құлықты меңгереді, осының нәтижесінде оның эмоционалды және тәртіптерінің ұқсастығы нақты берілген. Мәдениет пен басқа мәдениетсіздік арасындағы айырмашылық алғашқы мәдени процесс ең алдымен баланың дүниеге келген күнінен бастап және өмірінің соңында аяқталады. Мәдениетсіздік процессінің соңы – адам, тіл жөніндегі дәстүрге байланысты Херсковиц мәдениетсіздіктің екі бөлімін қарастырды.
Балалық шақта – тілдің шыға бастағанында Херсковицтің айтуынша, осы кез мәдениетсіздіктің дамуы болып табылмайды. Ересектер оны жазалағанда, яғни баланы кешіргенде оның таңдау құқығын бөледі.
Кәмелеттік шақ – жеткіншек кезге жеткенде мәдениетсіздіктің көрінуі аяқталады. Бірақ мәдени есейген шақта мінез қалыптасады. Херцковицтің айтуынша мәдениетсіздік туралы түсіндіргенде – көптеген зерттеушілер маңызды қиындықтарға ұшырайды. М.Мид әлеуметтану арқылы әлеуиеттенуді түсіндіреді. Ол мәдениетсіздікті «шынайы зерттеу процессі» деп түсіндірді. Мәдениетсіздік әлеуметтенудің жемісі – субъектінің базалық, психологиялық аспектісі. Дегенмен әрбір саладағы зерттеушілер бізді қызықтыратын ұғымды шектейді, оларды бір шешімге келтіреді. әлеуметтенудің ауқымды екенін байқайды. Қазіргі таңда этнопсихологияда тағы бір ұғым қарасытылды – ол мәдени трансмиссия. Мәдени трансмиссияны қолдана отырып, топ өзінің мүмкіншілігін арттырады. Ол келер ұрпаққа өзіндік айрықша механизмдермен оқытылады. Трансмиссия үш типке бөлінеді.
Ешқашан да мәденитетті талап ететін «әлеуметтен және әлеумет танушылардан жалпы иерархия деңгейі» болған емес. Егер де европалықтардың көзғарасы, санасы бойынша қарайтын болсақ, оларда, ата-аналардан ең бірінші шеше-басты және жалғыз әлеуметтанушы болып табылады, барлық бөлінген функцияларды атқарады. Көптеген дәстүрлер мәдениетте, бала тек қана әке мен шешеге ғана емес, ол бүкіл қоғамдық жерде, өзі тұратын мекенінің қарауында, сәйкесінше олардың баланың тәрбиесіне әсері бар. ХХ ғасырдың ортасында этнографтар көптеген халықтың балаларының «қозғалысын» байқаған. Белгілі бір аралда 50-60 жылдары 61% бала ата-аналарымен бір үйде, бір жанұяда тұрмаған, олар бір жанұядан екінші жанұяға көшіп отырған. Осы кезде осылай әртүрлі жанұяда тәрбиеленушілер дәстүрі көптеп таралған. «Туыс, Әке, Шеше» деген терминді кейбір мәдениетте жаңа европалықтарға қарағанда олардан көп айырмашылық бар. Ол адамдар өзінің туған шешесін білгенімен олар бәрібір де басқа әйелдерге шеше дей береді. Бұнда негізгі баланың әке-шешесі болып, оның нақты осы уақытта тамақтандырып, асырап, тәрбиелеп отырған адамды ол ата-анасы яғни әке-шешесі болады. Бірақ ол өзге адамға да тіпті өзінің туған әке-шешесіне де шеше дей береді. Мәдениеттерде этнографиялық ұқсастық болғандықтан мысалы австриялық аборигендерде баланың бірінші жылдарды ол анасымен тығыз байланыста, ал жетім баланы олар байқұс және тәрбиеленбеген, жаман бала ретінде көреді. Оларда баланы тәрбиелеуде ата-анасының жанында көмекшілер болады, баланы қатаң тәртіппен ұстап, өсіреді. Егер ата-анасы қайтыс болған жағдайда, оны алмастырушы ретінде, осы көмекшілер керек. Баланы туғаннан бастап әр түрлі әйелдер емізеді, және оны біреуден екіншісіне бере береді. Баланы оқытқанда, тәрбиелегенде тек қана оның туыстары емес басқа да тұрғындары көмектеседі. Мұндай ортада өскен бала – М.Мид ойынша ол бала тек қана ата-анасының қорғауында емес барлық қоғамдағы адамдарға тәуелдімін деп өседі.
Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде.
Ұлттық психология — белгілі бір HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%82" \o "Ұлт"ұлт өкілдеріне тән, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D1%80%D0%BF%D0%B0%D2%9B" \o "Ұрпақ"ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "Психология"психологиялық қарекет ерекшеліктері. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%82" \o "Ұлт" Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Алайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге тәуелді ол да өзгеріп отырады.
Ұлттық психология ұғымы
Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта — қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды.
Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана — қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.
Үшіншілен, ұлттық психология — ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Ұлттық психология — әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие — этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды
Ұлттық психология ерекшеліктерінің құрылымдық эелементтеріне ұлттық талғамы жатады. Жалпы психологияда талғам мәселелерінің физиологиялық негіздеріне және пайда болуының принциптеріне аса көңіл аударылады. Бұл жалпы психология пәнініің тұрғысынан қарағанда дұрыс әйткенмен де тек талғам емес, эмоция және сезім, мұқтаждық т.б. ұлттық психологияның элементтері белгілі бір физиологиялық негізде пайда болады. Ұлттық талғам мәселелері жалпы талғам мәселелерінен ерекше бөліп алып қарауға болмайды. Талғам адамдардың бірінші өмірлік қажеттіліктерімен тікелей байланысты. К.Маркс айтқандай өмір сүру үшін ең алдымен ішіп-жеп, тұрғын-үй, киім кешек және т.б. керек. Адамзат өзін қоршаған айналаны талғам арқылы таңу, түсінуі, онтогенетикалық және филогенетикалық мағынадан алғанда үздіксіз болып тұратын процесс. Бұл танымдар оны өзіне қажетті нәрселермен қамтамасыз етумен оның әдістерін ғана дамытып қоймай, рухани дамуға да әсерін тигізеді. Талғам адамға тек физиологиялық қанағат қана әкеліп қоймай, онсыз адам өмір сүре алмайтын көптеген эмоциялық құбылыстарға ұшыратады.
Ұлттық талғам тұрмыстық тұтыну жихаздарың және оларды пайдалану мен әсемдеуден, өнерден, киім киюден т.б. анық байқалады, әрі өзіндік ерекшелік реңі болады. Осы ерекшеліктердің қалыптасуына өзіндік ерекшелік сипат беруде географиялық ортаның маңызын естен шығармаған жөн.
Талғамдар қондырмалық құбылыс және ұлттық психологияның элементі ретінде халықтар өмірінің ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, өмірдің өзгеруіне сәйкес талғам да өзгерістерге ұшырайды. Оны қазіргі ұлттар мен ұлыстар тұрмысыныан, мәдениетінен, киімінен т.б. өмірлік талғамдарынан байқаймыз. Бұл туралы атақты жазушы Шыңғыс Айтматов былай дейді: «Қырғыз әдебиетінде тезек түтінінің, қымыздың және тері тонның иісіне, - «ұлттық ерекшеліктің» осы «міндетті» қасиеттеріне жаттану... біздің маңдайымызға жасалып қоймаған... Бүгінгі таңда бізге бензиннің, машиналардың ,тракторлардың иісі анағұрылым жақын, тұрмыстан шығып, жоғалып жатқан нәрселерге қарағанда, механикамен және қазіргі өмір қарқынымен байланысты нәрселер жақынырақ». Ұлттық, саяси-әлеуметтік өмірдің өзгеруі, өркендеуі тілдің дамуына, оның сапасына да ықпалы күшті. Оны күнделікті өмірден байқау қиын емес. Бір кездегі солақай саясат қазақ тілінің жөн-жосықсыз щұбаолануына әкеп соқты. Егеменді ел жағдайында ғана мемлекеттік терминалогия комиссиясы жіберілген ауытқуларды қалпына келтіруге ұмтылып отыр.
Талғам да қоғам сарынына лайық өзгереді. Мәселен, оның тарихи жүйесін бұзып, көненің көзін жоя берсек, ұлттық талғамның жалғасуы тоқталады. Уақытысында солай болып та келеді. Ұлттық тіліміздің шұбарлануы талғамның жаңа үлгісі емес, қысымға түскен ана тілдің тағдырына немқұрайды қарау, жауапсыздық пен қырсыздық деп түсінген ләзім. Ескімен күресіп жүріп жаңаның тәрбиелік мәнін, имандылық қасиетінің деңгейін естен шығарыппыз. Халқымыз құрметтеп, ғасырлар бойы сақтаған игіліктерді жаңаның тегеурінімен тұншықтырып, салт пен сезе астағанға ұқсаймыз. Көшпелі өмірдің дана салауатының туған халқымыздың үй жихаздарын, ат тұрмандарын білезік, сақина мен жүзіктерді өрнектеу жоғалуға айналды. Оның жөн-жосығын, нәзік сырын білетіндер сирек ұшырасады. Тіпті көшіп жүрсе де, аптаған ыстық далада тоңазытқышты керек етпеген халқымыздың ұлттық асханадағы тағамдары табиғи дәмін бұзбастан дайындау мен сақтау технологиясы қазіргі уақытта да жалғасатын өмір мектебіне айналуы қажет нәрсе.
Айтып кеткеніміздей, әдетғұрыптардың жақсысы да, жаманы да бар екені даусыз. Қазақ халқында өлікті ел бірлесіп, ағайын туысқан жиналып өкінішті бірге бөлісіп жеолеу теріс ғұрып емес. Жерлеу шығынын жақындары ортасынан көтеріп, кейін киімін есекрткіш етіп бірбірден бөлісіп алу қауымшылықтың жақсы белгісі болатын. Осы күннің өзінде кей жерлерде құныққан қулар, өлген кісі жақыны болмаса да, арандары ашылып, барды місе тұтпай, тіпті «жаңа ішік, тон, пальто, костюм, мыңдаған ақша салыңдар сүйегіне» деп, шаруасы шағын отбасына да қиғылық салатынды шығарыпты. Әрине, бұл жағдайда қазақөтың туысқандарына киім беру дағдысы кінәлі емес. Бұл дүние қуалаған кейбір қожамолдалардың арсыздық қылығы. Осындай жанжалдардың ертеректегі көрінісін белгілі жазушы Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясында ерекше анық суреттейді. Осы тұста кейбір зерттеушілер әдетғұрыптың штеленісіп, дұрыс ұйымдаспауын «қазақтың өлык жерлеудегі әдетінің оңбағандығы» деп түсінетін көрінеді. Мәселе әдеттің оңбағандығы емес, оның айналдырып өз құлқынына пайдаланбақшы болған топтардың оңбағаандығы екендігін ұғынуымыз керек.
Сонымен ұлттық психологияның құрылымдық елементтеріне әрі оның тығыз байланысты құбылыстарына ықшамды мазмұнда ғана тоқталдық. Аталап көрсетілген құрылымдық елементтер бірбірімен етене байланыста, өзара шарттас болып келеді. Сондықтанда зерттеушілер үшін осындай шым-шытырық процестер жеке дара сипаттауға қиындығын түсіндіретіні рас. Оларды айқын ажырата білу, әрине, көптеген қиыншылық жағдайға тап келтіреді. Ең бастысы ұлттық психологияның ерекшеліктері мен оның құрылымдық елементтерінің әлеуметтік негізі мен табиғаты бір арнадан таралады.
10 Әлеуметтік-этностық ерекшеліктерді психологиялық өлшеу әдістерінің жіктелуі
Этнопсихология ғылым ретінде "ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар". Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, ХVІІ, ХVІІ, ХІХ ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады
Әлеуметтік психология-латынның қоғам, гректің жан туралы ғылым деген сөздерінен тұрады. Адамдардың ұлттық психика ерекшеліктерінің, нақты әлеуметтік топ өкілдерінің функциясы мен заңдылықтарының нақты анализын, талдауын жасауға бағытталған. Әлеуметтік психологияның ерекше бір саласы-этникалық психология бөлініп шығып, продуктивті дами бастады. Этникалық психология-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.​Әлеуметтік және мәдени специфика ұлттардың өмірін дұрыс түсіну қатал тиым салынуда болған кездің өзінде, басқа ғылымдардан бұрын өзінің қызығушылығымен адамдардың ұлттық және ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге кірісті. Бірақ, этнографтардың айтулары бойынша, этнопсихологиялық феномендер адамдардың индивидуалды және қоғамдық саналары психологиялық заңдылықтар емес, әлеуметтік және мәдени білімдерге түсіндіреді деп есептеген.​Шетелде жоғарыда көрсетілген бағыттар бір-бірінен алшақтап, қазір олар тек қосымша мақсатта ғана қолданылады.әлеуметтану психологтарға ұлттық топтың, сол топ өкілдерінің қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, құндылықтарын, эмоция мен сезімдерін, салт-дәстүрлерін, әдет-қылықтарын; оладың өзара әекеттесулерін, әсер ету механизімдерін методологиялық дұрыс, жан-жақты білікті нақты түсінуге көмектеседі. Әлеуметтанушылар мен этнографтардың зерттеулері бойынша, бір адамды екіншісінен айыратын айырмашылықтарға ұлттық-психологиялық ерекшеліктер емес, әлеуметтік-мәдени феномендер-ұлттардың материалдық мәдениеті, олардың құрылымы, туыстығы мен өмірлік қамтамасыз ету жүйесі, топаралық және топішілік этникалық қарым-қатынастардың спецификасы екендігі анықталды.
1. В.В. Столиннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасы
Моно және полиэтностық топтардағы студенттердің өз өзіне қатынасын анықтау мақсатында біз В.В. Столинннің «Тұлғаның өзіндік қатынасын зерттеу» сұрақнамасын алдық.
2. Мәдени құндылық бағдар тесті (Л.Г. Почебут)
Біз этностық «Менді» зерттеу барысында кез келген тұлға өзінің дамуы қоршаған ортадағы мәдениеттің ерекшеліктеріне де байланысының барын не жоқтығын байқау үшін Л.Г. По чебуттің «Мәдени құндылық бағдар» әдістемесін қолдандық.
О.И.Комиссарованың "Топтағы нормалық қалауларды өлшеу" атты әдістемесіне сипаттама:
Берілген тест индивидтің әртүрлі нормаларды қалауын зерттеуге арналған. Тест нормативті қалаулардың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бөлінген нормативті қалаулардың негізінде топтағы индивидтер де нормативті үміттердің екі типі қалыптасады және олар қабылдаудың субъектісіне беріледі. Коммуникативті және функционалды. Нормативті үміттерді білу зерттеушіге басқаны қабылдаудағы пайда болатын қателіктерді түсіндіруге және топтағы мінез-құлықтық әлеуметтік реттеу процесін адекватты сипаттауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманға этносаралық қатынастардың психологиясы.
Этносаралық қарым-қатынас – әртүрлі этностық қауымдар өнімдерінің тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай-ақ соларға тән іс-әрекеттердің жиынтығы.
Этносаралық қарым-қатынасты анықтаудың бастысы, оларды бүгінгі таңда үлкен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Дегенмен бiздi ұлтаралық қатынастар үшiн ғана тән, психологиялық оқиғалар және процесстер айрықша болмағанын түсiнемiз. Топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас үшін универсалды болып табылады.
Этностық символдардың ролі адамның психологиялық құбылыстарын зерттеуде өзіндік орны бар. Әр түрлі этностық қауымдастықтардағы этносаралық қабылдау ерекшеліктерін зерттеу қажеттігі үнемі өз маңыздылығын жоймайды. Этносаралық өзара әрекеттестік және этносаралық түсінудегі шекараларды талдау барысында этнопсихологиялық білімдер өз көрінісін нақты табады.
Қазіргі нарықтық қоғам екінші онжылдық өзінің тарихында өзгерісті кезеңді басынан кешіріп отыр. Қоғамның тіршілік әрекетінің сфералары, сонымен бірге этнопсихологияның парадигмалары да өзгерістерге ұшырап отыр. Өтіп жатқан процестер әлемдік бірлестік дамуындағы глоболизация мен интеграцияға бағытталған. Қазіргі этнопсихология мәселелері жыл сайын әртүрлі этностық бірліктегі және әлеуметтік жағдайы мен білімі әртүрлі адамдардың қызығушылығын тудырып, қоғамда өзіне аса көп назар аудартады.
Тәуелсіз, егеменді және көпұлтты мемлекетті қазіргі кезде құру этносаралық қатынастардың даму динамикасын, этносаралық өзара қатынасты, этникалық өзіңдік сананың қалыптасу ерекшелікгерін, этностық сәйкестілікті, этностық шиеленіс пен этностық конфликттердің психологиялық табиғатын зерттеуге арналған теориялық және эмпирикалық зерттеулердің пайда болуын ынталандырады.
Осыған байланысты, қазіргі кездегі қоғамның даму сатысында этносаралық қатынастарды құру тәжірибесінде құндылыққа ие этнопсихологиялық негізгі мәселелерді зерттеу ерекше орын алады.
Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі
«Этностық сәйкестілік» ұғымын 1953 жылы термин ретінде ғылыми айналымға кіргізген американ социологы Д. Рисман еді. «Сәйкестілік» У.Джеймс «Психология қағидасы» жұмысында алғашқы рет «сәй» ұғымын қолданған. Онда «сәйкестілік» ұғымы «тұлғаның-Мен» түсінігімен байланыстыра отырып, өзарабайланыстың екі жағы бар екенін сипаттады. Яғни, «біріктіретін-Мен» және «Мен объект ретінде» У.Джеймс осы ұғымдардың шеңберінде мыналарынан түйінге келді, психология пәні бұл «тұлғаның тепе-теңдік сезімі» мен «Мен»-нің өзара байланысы. «Сәйкестілік» термині психологиялық контексте алғашқы рет З.Фрейд «Адамзаттың «Мен»-ін талдау және жаппай психология» еңбектерінде пайдаланған. З.Фрейд сәйкестілік мәселесінің жаңа парадигмаларын ұсына отырып, сәйкестілік, тек баланың ата-анасымен эмоцианалды байланысында санадан тыс деңгейінде көрініс таппайды, сонымен қатарәлеуметтік топтар мен тұлғааралық өзара әрекеттердің маңызды механизмі ретінде қарастырды.
Соңғы жылдары «сәйкестілік» көптеген ғылымы білімдердің шеңберінде-әлеуметтану, саясаттану, этнология аумағында да қарастырылып келеді.
Бірақта, топ пен индивидтің қатынасын зерттеу аумағында индивидке және тұтастай әлеуметтік ортада психология көзқарасы бойынша, ғылыми мағыналы сипатқа ие.
Э. Фромның «Бегство от свободы» еңбегінде адам мен қоғамның өзаралық қатынасының ерекшеліктерін талдай отырып «сәйкестілік» ұғымын психология ғылымының басты ұғымы ретінде қарастырылды.
Әлеуметтік сәйкестілік этникалық сәйкестілікте басты орын ала отырып, әлеуметтік психологиялық феномен ретінде, ұлтаралық және ішкі топтың механизімін анықтайды және әртүрлі ұлттық этникалық топтың өкілдерінің өзара қарым-қатынастың шынайы сипатқа ие.
«Этникалық бiрдейлiк» терминінің өзі салыстырмалы жаңа, алғаш ол 1953 жылда Д.Рисманның американдық ғалымы зерттеулерiндегi жұмсалды. Трансформация (көне лат. transformatіo – айналу), генетикада – оқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық ақпаратты қандай да бір жасушаға ендіру процесі. Трансформация құбылысын 1928 жылы ағылшын ғалымы Ф.Гриффит (HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1877" \o "1877"1877 – 1941) ашқан. 
16. Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі

Дифференцияция-идентификация бірлікті процесі әлеуметтік ұқсастықтың қалыптасуына әкеледі. А.Тэшфелдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік ұқсастық – бұл индивидтің Мен-концепциясының, әлеуметтік топтағы мүшелікке берілетін құнды және эмоционалды мән-мағынасымен бірге өзінің сол мүшелігін түсінуінен туындайтын бөлігі (Tajfel, 1984, 255 б.).Қоса кетсек, ең жалпы мағынада әлеуметтік ұқсастық өз тобын басқа әлеуметтік қоғамдастықтармен салыстыру процесінің нәтижесі болып табылады.Этностық ұқсастық – тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамдас бөлігі, белгілі бір этностық қоғамдастыққа өзінің тәуелділігін түсінуге жататын психологиялық категория. Мұнымен қоса, біріншіден, бірқатар объективті қасиеттерге (ата-ананың этностық қатысын, туған жеріне, тіліне, мәдениетіне) этностық қатысын анықтауға жататын әлеуметтік категорияның этностылық пен этностық ұқсастық түсініктерін көбейту қажет және шын өмірде этностық ұқсастық ресми этностылықпен әрқашан да келісе бермейтінін есте сақтау қажет. Екіншіден, ескеретін жайт, этностық ұқсастылық өзіндік аталудан көрінетін декларацияланатын ұқсастықпен келіспеуі мүмкін және келмейді де.Этностық ұқсастық – бұл, ең алдымен, өзін этностық өкілі ретінде түсінудің танымдық-эмоционалдық прцесс нәтижесі, өзін онымен шынайыландырудың белгілі бір деңгейі және басқа этностардан бөліну. Берілген түсінік мәні бір этностық қауымдастықпен өзін шынайыландыру мен басқаларынан бөлінуді уайымдау ретінде этностық ұқсастықты қарастырған Г.Г.Шпет (1996) ұсынған терминді жақсы ашады деген пікір ұсынылады.Этностық ұқсастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамдас бөлігі деп санай отырып, жаңа заман зерттеушілері дәл сол уақытта тек оған ғана тән ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік жасауда. Осылайша, американдық этнолог Ж.Девос этностық ұқсастылықты мәдени дәстүрге айналған және осы кезге немесе болашаққа бағытталған басқа формаларына қарағанда өткенде қалған ұқсастылық формасы ретінде қарастырған. Этностық ұқсастылықтың тағы бір ерекшелігі мифологиялылық болып табылады, өйткені «оның басты тірегі - жалпы мәдениет, құрылу, тарих туралы миф немесе идея» деген Г.У.Солдатовамен келісуге болады (Солдатова, 1998, 48 б.).Этностық ұқсастылық құрылымында әдетте екі негізгі компонентті бөлуге болады – танымдық (өз тобының ерекшеліктері туралы түсініктер мен білімдер және этнодифференцияланатын қасиеттердің негізінде өзін оның мүшесі ретінде түсіну) және аффективті (өз тобының қасиеттерін бағалау, ондағы мүшелікке деген қатынас, бұл мүшеліктің мәні). Кейбір авторлар, біздің көзқарасысызға этностық ұқсастылық түсінігін шектен тыс кеңейте, сондай-ақ оның әрекет-қылық компонентін бөліп көрсетеді. Оны тек қана түсінудің ғана емес, сондай-ақ өзін белгілі бір топтың мүшесі ретінде көрсетудің нақты механизмі ретінде түсінеді (Дробижева және басқалары, 1996, 296 б.).. 
17 Қазіргі заманғы этнопсихология құрылымындағы этностық таптаурындар.

Этностық таптауырындар – түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл- ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым. Этникалық стереотиптерді зерттеу әдестері- этникалық топтар мен олардың өкілдерінің психологиясын, құндылық бағдарларын, бағыттарын, ойларын зерттейтін әдістер.
Әзірге ғылымда этникалық стереотиптің барлық компоненттерін бірден анықтап беретін әдістер ашылған жоқ. Бұлардың әрқайсысының жетістіктері де, кемшіліктері де бар. Мұндай әдістерді жүргізіп көргендер: В.Ф. Петренко, Н.И. Конюхов, В.Г. Крысько, Е.Л. Конева, т.б. Бүгінгі күнде көп қолданылатын әдістердің бірі – психосемантикалық әдістер. Соның ішінде семантикалық дифференциалды зерттеу әдісі жиі қолданылып жүр. Мұнда 40 биполярлық бағалау шкалалары белгіленеді, негізінен орыс лексикасының вербальды семантикалық дифференциал варианты қарастырылғын (В.Ф. Петренко). Этникалық стереотиптердің салыстырмалы талдауы 10 факторға негізделеді, сол арқылы бейне қалыптастырылып, зерттелуші халықтардың образдары дифференциалданады. В.Ф. Петренконың «Идентификациялар жинағы» әдісі әр ұлттың өзіне тән сипатын рөлдік позициялары мен оларға қатысты идентификациялар арқылы зерттейді. Орыстар мен әзірбайжандарды осы әдістің көмегімен таксеріп, «семантикалық кеңістікті», яғни осы ұлттарға тән кейбір ерекшеліктердің бір өлшемге енетіні анықталды. 90 мінез-құлық көріністерін 12 рөлдік позиция тұрғысынан талдаған.
19 Этностық таптаурынның әлеуметтік және психологиялық функциялары.
Этникалык таптаутырнын пайда болуы тікелей этностык стереотиптің мазмүнындағы біршама тұрақты негізгі осы халык өкілдерінің сырт келбеті,оның тарихы өткелі кеткелі өмір салтынын ерекшеліктерімен ,енбек машыктары туралы тусініктермен және оның халыктың каммуникативті және моральдык касиеттері ұлтаралык және мемлекет аралык катынастар өзгермешілігімен тыгыз байланысты.этностык таптаурыннын шындык болмыска сәйкес болуы халыктардын карым катынасынын бурынгы және казіргі карым катынасынын жагымды ,жагымсыз тәжірибесін е, бәсекелестігіне устемділік етуімен байланысты тиімділік және шынайлылык дарежесі.Шиеленістер болган кезде топтар арасында өрісатік бейнелер құралады.Т.Стефоненк;өрістік бейнелер де әр этникалык топ,өздерінен позитивті сапаларды көріп, ал дұшпандарына негативті сапаларды жүктейтін шиеленіс кезінде стереотиптерді тусіндіреді. Автостеретиптер бул баскалар ушән өзінін этникалык тобынын дәл бейнесі.Респонденттер бул арада өздерінін этникалык топтарын багалай отырып, онысын баска топтарга көрсетіп, білдіргісі келеді, соган орай өздерін үлгі ретінде кабылдаганды калайды.Гетеростеретиптер баска этникалык топ туралы жагымды және жагымсыз бейнелер. Бул сондай ак өзінің катынасын жариялау болып табылады.сонымен автостереотиптер баска адамдарга арналган біздін бейнеміз, ал гетеростереотиптерн баска адамдардынбізге арналган бейнесі.
20. Этносаралық шиеленіс психологиясы (Г.У. Солдатова). Этносаралық шиеленістің фазалары
Ғылыми әдебиеттерде шиеленіс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50 – ге жуық ). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиеленіс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Мәселен, Е. М. Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиеленіс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама – қарсылығынан немесе, мәнді айырмашылықтарынан туатын қақтығыс түрі. Әлеуметтік шиеленіс шешілуі қажет әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның білгілі бір себептері, қозғаушы күштері (таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар т.б.) болады. Сонымен бірге шиеленіс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.
Әрине бұл берілген анықтама әлеуметтік шиеленіс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеленістің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Шиеленіс болуы үшін оның барлық алғы шарттары пісіп жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеленістерді өзара тығыз байланыста болатын элементтерден тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет.
Шиеленісті құрайтын элементтрге келсек, олар төмендегідей:
1. Шшиеленісті жағдай қарама – қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екі жақ болуы мүмкін. Бұларды шиеленістің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с.с. жатады.
Сол сияқты шиеленіске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар – екі жақтан қолдаушылар, арашашылар, ақыл – кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар да болуы мүмкін . Шиеленістің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеленісті жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты роль атқарады.
Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері т.б.
Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі-конфликтік парадигма. Мұның өкілдері де қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әртүрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің әртүрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.
Міне, сол топтардың мүдделерінің әртүрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдық болуы табиғи құбылыс болып есептеледі.
Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік және беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.
Марксизм қоғамды тұтас әлеуметтік шындық ретінде қарастырады. Екіншіден, марксизм халықты қоғамды жасаушы және халық қоғамның даму нәтижесі ретінде таниды.
Сондықтан халыққа әлеуметтік қатынас, идеялар жүйесі ықпал етіп отыратын болып есептеледі. Демек, қоғамдағы әртүрлі институттар, әсіресе экономикалық, саяси, құқықтық және діни институттар өзара тәуелділікте болатын тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс дейтін ұстаным басшылыққа алынады.
Үшіншіден, марксизм қоғамның қозғалу, өзгеру даму тарихына диалектикалық көзұарасты қалыптастырады. Яғни, әлеуметтік өзгерістер қоғамдағы бір-біріне қарсы күштердің өзара күрестері негізінде болатындығын көрсетеді. Диалектикалық қозғалыс – ол қарама-қарсылықтардың күресі, қарама-қайшылықтардың конфликтінің жемісі деп көрсетіледі. Сол қайшылық немесе одан туатын конфликт қоғам дамуының қайнар көзі дейтін пікірді мойындайды марксизм. Әсіресе экономикалық жүйедегі қайшылық және конфликт әлеуметтік өзгерістегі басты фактор болып есептеледі.
Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Сайып келгенде, марксистік конфликтологиялық парадигмада қоғамның құрылымдық институттарына және оның топтық жіктерге бөліну принциптеріне сүйенеді.
Этносаралық шиеленіс психологиясы (Г.У. Солдатова). Этносаралық шиеленістің фазалары. Этносаралық конфликттің анықтамасы мен классификациясы. Топаралық кон-фликттің әлеуметтік-этностық теория-лары. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты
«Мәдениет» атауы латын тілінде алғашында «топырақ өңдеу» дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекетінен табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейінен «мәдениет» сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екінші табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз – белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Әлеуметтік субъектінің құндылықтар жүйесіне олардың алуан түрі енуі мүмкін.
1. Өмірдің мәні (қайырымдылық пен қатігездік, бақыт, мақсат) туралы;
Әмбебап құндылықтар:
а/ күнделікті өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, әл-ауқат, отбасы, туысқандар, білім, квалификация (біліктілік), құқық тәртібі;
ә/ қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жай-күй, т.б.);
б/ адамдар арасындағы қатынас (адалдық, риясыздық, айнымастық), қайырымдылық;
в/ демократиялық (сөз, ар-ождан, партиялар бостандығы, ұлттық егемендік, т.б.).
Азаматтық: а/ туған жеріне, отбасына қарайлағыштық;
ә/фетишимизмдер (соқыр сенімдер, құдайға сену, мәңгілікке ұмтылу, т.б.).
Құндылық құбылыстарға социологиялық тұрғыдан келу атап айтқанда, оларды әлеуметтік мінез-құлық стандарттары, үлгілері ретінде қарауда. Мұндай құндылықтар себептер элементтері болып қана емес, қайта ережелер, міндеттер, талаптар сипаты бар нормалар, қатынас өлшемдері мазмұнының маңызынан көрінеді. Қазіргі заманғы аксиологияның (құндылықтар теориясының) атасы Герман Лотце құндылық көзін шындықтан емес, қайта адам санасынан іздеуге тұра келеді деп көрсетеді. Құндылықтар дүниесі адам үшін айрықша маңыз алатын бірқатар мазмұнды элементтер ретінде айқындалуы мүмкін. Құндылық субъектінің мақсаттары үшін объектінің сан мен сапа көрсеткіштерінде айқындалатын мәнді қатынасты білдіреді. Шындықтың қандайда бір құбылысы құндылық болып алуы үшін пайдалылық қабілеті бар белгілі бір қасиет болуы тиіс.
Дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және белгілі бір қауымдастыққа, әлеуметтік топта ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері. Дәстүрлер барлық әлеуметтік жүйелерде қызмет атқарады және олардың өмірлік қызметінің қажетті шарты болып табылады. Дәстүрге ұқыпсыз қарау қоғам мен мәдениеттегі сабақтастықты бұзуға, адамзаттың құндылықты жетістіктерін жоғалтуға келтіреді. Ал дәстүр алдында көз жұмып бас ию қоғамдық өмірдегі керітартпалық пен тоқырауды тудырады.
Бұл сипаттамалар бір халықтың, бір ұлттың, алуан түрлі ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың, әлеуметтік топтардың және сондайлардың мәдениетіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттық мәдениетке де қатынасты болып келеді. Алайда мәдениет белгілі бір нақтылы формалардағы алуан түрлі деңгейлерде қоғамдық өзара байланыстарда қызмет етеді. Мәдениет болмысының осы нақты формасын бейнелеу үшін социологияда өзіндік мәдениет ұғымы пайдаланылады. Өзіндік мәдениет – қандай да бір қауымдастықты немесе белгілі бір әлеуметтік топты ажырататын символдар, сенімдер, құндылықтар, нормалар, мінез-құлық үлгілері жиынтығы. Әрбір қауымдастық өзіндік мәдениетін жасайды. Өзіндік мәдениет жалпы адамзаттақ мәдениетті жоққа шығармайды, қайта сонымен бір мезгілде оның өз айырмашылықтары болады. Бұл айырмашылықтар қандай да бір қауымдастықтардың өмірлік қызметінің ерекшеліктерімен байланысты.
Ұлттық, конфессиональдық, кәсіби өзіндік мәдениеттерді, ұйымдардың, әлеуметтік топтасулардың т.б. өзіндік мәдениеттерін бөліп көрсетуге болады. «Ұлттық мәдениет» термині қандай да бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдастығын сипаттайтын символдарды, наным-сенімдерді, құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін анықтау үшін қолданылады.
Лингвистикалық және этникалық жөнінен біртектес мемлекетте бір ұлттық мәдениет болуы мүмкін. Алайда жер шарындағы елдердің көпшілігінде бірнеше алуан түрлі ұлттық мәдениеттер бар. Әдетте бұл ұлттардың көпшілігінің өзіндік мәдениетін және ұлттық азшылдық өзіндік мәдениеттерін көрсетуге болады. Қазақстан мәдениеттердің осыңдай арақатынасының мысалы.
Социология үшін бұл өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар-қатар өмір сүре ме және бір-біріне шыдамдылықпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай-күйі, әлеуметтік-саяси ахуалы және күллі әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.
Конфессионалдық мәдениет өзіндік мәдениеттің басқа бір маңызды формасы болып табылады. Конфессионалдық мәдениет белгілі бір діни тұтастық негізінде жасалынады. Бұл тұтастықта символдар, құндылықтар, идеялар мен мінез-құлық үлгілері ортақтастығы қалыптасады. Тұтасынан христиан, мұсылман, будда мәдениеті туралы айтуға болады.
Кәсіби өзіндік мәдениет қандайда бір кәсіби топқа бөлінген ортақ символдар, құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері негізінде құралады. Ол қоғамға оның өкілдері алатын жұмыс мазмұнымен, рөлімен тығыз байланысты. Кәсіби білім мен дайындық бәріне ықпал етеді.
Енді мәдениеттен айрықша орын алатын, қоғамның әлеуметтік өмірінде өзіндік үлкен үлесі бар ғылымды қарастырамыз.
21. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты.
23. Этносаралық конфликттің анықтамасы мен классификациясы. (21,23 смысл одно и тоже, материала много из-за этого даже можете на 2 поделить, как 2 такырып, я взяла екеун бир )
Этникалық конфликтілер туралы түсінік
Соңғы уақыттағы қоғамда болып жатқан өзгерістер этникалық конфликтілерді зерттеуді өзекті мәселеге айналдырып отыр. Орыс-американдық социолог П.Сорокиннің есептеуіне қарағанда, адамзаттың 24 ғасырлық тарихының 4 бейбіт жылына 1 жанжалды жыл (соғыс, революция) сәйкес келеді екен. ХХ ғасыр дау-жанжалдыр 300 млн. Адамның мерт болуына әкеліп соқтырған. Ал ХХІ ғасырға адамзат дау-жанжалдарының өте ірі түрлерімен келіп кірді (Кавказ, шешендер, Таяу Шығыс, Ауғанстан, т.с.с.). конфликтологтардың пікіріне қарағанда, ХХІ ғасыр адамзатты мынадай альтернативаға әкеліп тіреді. Бұл ғасыр не дау-жанжал ғасыры болады, не өркениеттер тарихындағы соңғы ғасыр болады. Қазіргі кезде этникалық дау-жанжалын зерттеуді қарастырып отырған он бір ғылым бар, соның ішінде психология, әлеуметтану, саясаттану, т.б.
Этнопсихологиялық сөздікте этникалық дау-жанжал деп ұлттық топтар арасындағы өзара келіспеушіліктің қарулы соғысқа дейін апаратын қатынастар формаларының бірі қарастырылады. Дау-жанжал социумның бөлініп кетуі мен арасы ашылуынан, бір ұлттың екінші ұлтты жәбірлеуінен, әлеуметтік қатынастар мен адам аралық байланыстардың бұзылуынан пайда болады.
А.Я. Анцупов этникалық дау-жанжалдарды үрлі этностық әлеуметтік топтардың, екі немесе одан да көп этностардың арасында пайда болады деп қарастырса, Т. Стефаненко кез-келген топтардың арасындағы этникалық ерекшеліктеріне байланысты мәселе қозғалған жағдайдағы келіспеушіліктер деп көрсетеді.
Кейбір ғалымдар этникалық дау-жанжал таза күйінде кездеспейді деп санайды. Себебі, кез-келген дау ең алдымен экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелерден туындайды.
Этникалық конфликтілердің түрлері
Этникалық дау-жанжалды мазмұны мен мақсатына қарай мынандай түрлерге бөлуге болады:
1. Әлеуметтік-экономикалық жанжалдар: этникалық топтардың барлық өкілдеріне бірдей әлеуметтік-экономикалық теңдікті талап ету, азаматтық құқықтан бастап экономикалық жағдайға дейін;
2. Мәдени-тілдік дау-жанжал: этникалық топтардың мәдениеті мен тілінің өмір сүруі, дамуы мәселесі шешіледі;
3. Саяси дау-жанжал: этникалық топ мүшелері саяси құқықтарының орындалуын талап етеді;
4. Территориялық дау-жанжал: шекараны өзгерту, басқа мемлекетке қосылу, немесе тәуелсіз мемлекет құру.
Этникалық конфликтілердің негізгі аспектілері:
1. Этнопсихологиялық аспект – дау-жанжал жағдайында ұлттық ерекшеліктерді қорғау; мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары бұзылмауын қадағалау;
2. Социомәдени аспект – этностық топ ретіндегі, ұлт ретіндегі жойылу қаупі туғанда пайда болады;
3. Әлеуметтік-экономикалық аспект – әлеуметтік-экономикалық теңсіздік, дискриминация, аз топтардың экономикалық жағдайларына мән бермеу;
4. Саяси аспект – этникалық топтардың ішінде саяси лидерлердің пайда болу себептерін қарастырады.
Егер адам қатал тәрбиеде болған болса, ол соның нәтижесінде пайда болған агрессиясын басқа адамдарға бағыттап, «авторитарлық тұлғаға» айналады. Мұндай адам бөтен халықтарға ұнатпай қарайды, өзінің мәдениеті мен құндылықтарына беріліп, басқа этностық топтарға сол деңгейде талап қояды.
Этникалық конфликтілердің пайда болу себептері
Этникалық дау-жанжалдардың пайда болуының әлеуметтік-психологиялық механизмдерін анықтауда мынандай екі жағдайды ескеру қажет:
- Топаралық әр түрлі дау-жанжалдарда бір ғана механизм басты рөл атқаруы мүмкін;
- Тұлғааралық өзара әрекеттегі психологиялық механизмдердің топ аралық ықпал ету мүмкіндігі.
Сонымен, дау-жанжалдардың тууына себеп болатын психологиялық концепцияларды қарастырсақ:
1. Топаралық дау-жанжал адамдардың мінез ерекшеліктерінің сипатына байланысты пайда болады (туа пайда болатын).
В. Магдугалл: агрессия – адамның табиғатына қарай, ағзасында пайда болатын, зиянсыз биологиялық құбылыс.
З.Фрейд пен К.Лоренц: агрессия топты қорғауға бағытталған мінез көрінісі. З.Фрейд топтар арасындағы қарама қайшылықтарды (жау санау) тек күш көрсету арқылы жоюға болады деп санайды.
2. Дау-жанжал адам немесе топ фрустрацияға кезіккенде пайда болады.
Н.Миллер, Д.Доллард, Л.Берковиц: Бір кездерде фрустрацияға ұшыратқан адамдарға ұқсас адам дау-жанжал туғызу себепшісі болуы мүмкін. Ұлт, нәсіл, этникалық ерекшеліктері негізгі белгі бола алады.
3. «Авторитарлық тұлға» концепциясы.
Т.Адорно: Адамның басқа топтарға қатынасы оның отбасындағы тәрбиесі мен балалық шағындағы әлеуметтену процесіне байланысты қалыптасады.
Этникалық конфликтілердің пайда болу себептері
- Геттоизация тәсілі – бөтен мәдениеттен қашқақтау, жоламауға тырысы;
- Ассимиляция – индивидтің өз мәдениетінен бас тартып, өзгенің мәдениетін қабылдауы;
- Аралық тәсіл – екі жаққа бірдей келісім;
- Ассимиляцияны бөлшектеп қолдану – өмірдің кейбір жағдайларына байланысты;
- Мәдени колонизация – ірі мемлекеттердің кіші мемлекеттерге көмек көрсетуі.
Конфликтілерде арашалаушының рөлі
Осы тақырыпқа байланысты арашалаушы мен дау-жанжалдың арасындағы регламенттелген жақтарын көруге бірнеше анықтама бар.
- Дау-жанжалдаушылар өздері таңдап алған арашалаушысын кейіптеу жағынан қарау керек;
- Арашалаушы дау-жанжалға қатысушы емес, керісінше, бейтарап болуы керек;
- Егер де арашалаушы екі жақтың көзқарастарын жеке-жеке тыңдап көретін болса ғана, ол пайдалы болады;
- Дау-жанжалдаушылар арасындағы арашалаушының қатысуымен келісу керек, және нақты шешімге келген кезде арашалаушының ұсынысын қолдау керек;
- Арашалаушы екі жақтың әрқайсысының көзқарастары мен сезімдерін де қолдауы қажет;
- Арашалаушының ең басты міндеті – ақпаратты жинау және проблеманы анықтау;
- Арашалаушы дау-жанжалдаушыға жол беруіне көмектесуі керек.
Егер де қандай да бір адам арашалаушының орнында болып өз ісіне байланысты ешқандай ой таппаса, онда одан ешқандай жетістік жоқ. Әсіресе, ол басқарушының жүріс-тұрысына байланысты. Мысалы:
1. Дау-жанжалдың себебін анықтау үшін басқарушы адам қажет:
- дау-жанжалдың қандай себептен болғанын анықтау;
- дау-жанжалдың не себептен пайда болғанын білу;
- дау-жанжалға қатысушылардың қарым-қатынасын анализдеу.
2. Дау-жанжалдың анализі. Басқарушы адам арқылы:
- дау-жанжалдың қандай дәрежеде пайда болғанын
4. «Конфликтілердің шындықтағы бейнесі теориясы» (М.Шериф). Топтардың мақсат, мүдделері сай келмеген жағдайда пайда болатын дау-жанжалдар туралы теория. Этникалық топтар арасындағы бәсекелестік дау-жанжалға апарып соқтырады. Этникалық топтың өз ішінде ұйымшлдықты қалыптастырғанмен, топ арасында алауыздық пайда болады.
5. «Әлеуметтік сәйкестік теориясы» (А. Тешфел). Топтар арасындағы жауластықтың пайда болуы үшін міндетті түрде мақсат, мүдделердің сай келмеуі қажет емес, сонымен бірге өз тобына, ұлтына, этникалық ерекшеліктеріне қарай этникалық сәйкестіктің қалыптасуы да жеткілікті. Бір топтың мүшелері бірыңғай қабылданады (орыстар, шешендер).
6. «Адами қажеттіліктер теориясы» (Дж. Бертон) этникалық топ мүшелерінің онтологиялық қажеттіліктерінің жеткілікті қанағаттандырылмауынан дау-жанжал пайда болады. Мысалы, дербестігі, қауіпсіздігі, сәйкестігі жоқ болса, дау-жанжалға себепші болады.
Ғылыми әдебиеттерде шиеленіс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50 – ге жуық ). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиеленіс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.
Мәселен, Е. М. Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиеленіс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама – қарсылығынан немесе, мәнді айырмашылықтарынан туатын қақтығыс түрі. Әлеуметтік шиеленіс шешілуі қажет әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның білгілі бір себептері, қозғаушы күштері (таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар т.б.) болады. Сонымен бірге шиеленіс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.
Әрине бұл берілген анықтама әлеуметтік шиеленіс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеленістің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Шиеленіс болуы үшін оның барлық алғы шарттары пісіп жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеленістерді өзара тығыз байланыста болатын элементтерден тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет.
22. Топаралық конфликттің әлеуметтік-этностық теориялары.
Топаралық қатынастар конфликтілердің үздіксіз байланыстары мен бірлескен жұмыстан құрастырылады, бірақ қандай да болмасын қоғам үшін басты мәселелер болып көптеген конфликтілер жатады. Біз – «топаралық конфликт» дегенде ойымызға бірден, революция, діни ұстамсыздық, этноаралық қақтығыстар, жыныстар арасындағы бәсеке, қиын еңбек ұрсыстары келеді. Орыс-американдық әлеуметтанушы П. Сорокин 24 сағат ішінде адамзат тарихында 4 достық сағатқа 1 конфликтілі сағат келетінін санады. Топаралық конфликілер (кең мағынада әлеуметтік) арасынан келесілерді бөліп шығарамыз:
Саяси конфликтілер, бұнда күрделі билік, басымдық, әсер ету, авторитет;
Әлеуметтік-экономикалық (тар мағынадағы әлеуметтік) – «еңбек пен капитал» арасында, мысалы кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында;
Этникалық – этникалық қоғамдастықтардың мүдделері мен құқықтары туралы.
Сонымен, этникалық қоғамдастықтар арасындағы конфликтілер ең маңыздыларың бірі болып табылады. Бірақ та, В.А. Тишков айтқандай, этникалық конфликтілер «таза» түрінде болмайды. Тіпті конфликтолог-мамандар көп жағдайда бір көзқарасқа келе алмайды, себебі олар дәл қандай конфликтімен кездесетіндігімен толық түсінбейді. Тишков пікірінше, бұрынғы КСРО территориясындағы барлық ашық конфликтілерді этникалық категорияға кіргізуге болады.Әлеуметтанушылар, саясаттанушылар мен этнологтар конфликтіні басқа феномендерден бөліп шығуға ұмтылып, оны көп жағдайда сәйкес келмеген әрекеттердің соқтығысқан топ арасындағы реалды күрес ретінде ғана қарастырады. Конфликтіні бұлайша түсінсек, ол қарама-қарсылықтардың шыңына келудің шеткі нүктесі болып табылады. Бірақ конфликт динамикасын есепке алатын психолог көзімен топ аралық қарама қарсылықтардың өзі конфликтінің бір кезеңі ғана болап табылады – оны көбінесе объективті конфликтілі жағдай деп атайды. Нақты айтқанда, Жерде барлық орындарда этникалық қоғамдастықтар расында қарама-қарсылықтар кездеседі – кең мағынада этноаралық тұрақсыздық. Өкінішке орай, онсыз бірде-бір полиэтникалық қоғам өмір сүрмейді.Бар әлеуметтік қарама-қарсылықтар конфликтілі әрекеттер себебінің ішінде шешуші роль ойнаса да, онымен тікелей байланысты емес: конфликтілі әрекеттер қарама-қарсы жақтар өз мүдделерінің сәйкес келмегендігін түсінгенде пайда болады. Басқаша айтқанда, конфликтіні санаан өткізу және эмоциялардың пісіп-жетілу кезеңі өте маңызды. Көбінесе конфликтілер өзара әрекеттесу басталмас бұрын көп жылдар өтеді.Егер де объективті конфликтілі жағдай санадан өткізілсе, тіпті күрделі жағдайлар конфликтінің неғұрлым шеткі кезеңі ретіндегі конфликт өзара әрекеттесуге әкеп соғуы мүмкін. Конфликтілі өзара әрекеттесу кезінде этникалық конфликтілердің өсу немесе эскалация тенденциясы байқалады, яғни жақтар «жеңілден» «ауыр» тактикаға көшеді: зорлықсыз сипаттағы көпшілік әрекеттерден (митинг, манифестер, «азаматтық тәртіпсіздік» акциялары) қанды соғыстарға дейінгі қақтығыстарға әкеп соғады (мысалы, қырғыздар мен өзбектер арасындағы), тіпті этносаяси соғыстарға әкеледі (армяндық-азербайджандық, грузинік-абхаздық).Әлеуметтанушы және саясаттанушы көзімен, этникалық конфликтінің бұндай анықтамасы нақты емес болып табылады. Бірақ әлеуметтік бәсекені қосқан кезде оны түсіндіру неғұрлым кешенді болып табылады, себебі тікелей қақтығыстарға әкелуі мүмкін когнитивті және мотивациялық процестерге талдаужасалынады. Этноаралық қатынастар психологиясында үш негізгі мәселелер зерттеледі: конфликтілер қалай пайда болады, өтеді және оларды қалай реттеуге болады. Оларды әр түрлі ғылымдар зерттейтіндіктен, оның себептерін іздеумен әлеуметтанушылар да, саясаттанушылар да, психологтар да айналысады. Әлеуметтік тұрғыдан конфликтінің пайда болу себептерін түсіндіргенде қоғам мен тұрғындарың этникалық жататындығымен әлеуметтік стратегияның өзара байланысына талдау жасалынады. Саяси тұрғыдан – ең тараған трактовка интеллектуалды және саяси элиталардың этникалық сезімдерінің, этноаралық тұрақсыздық пен оның ашық конфликт деңгейіне дейінгі эскалациясында. Психологияды этникалық конфликтілердің себептері жалпы теория шегінде қарастырылады. Барлық психологиялық концепциялар топаралық конфликтілердің әлеуметтік себептерін әлеуметтік бәсеке себебіне және әрекеттер мен/немесе түсініктерде көрініс табатын дұшпандық сезімінде табады. Ағылшын тілінде соған байланысты себептердің екі түріне байланысты түрлі сөздер бар: «reason» (конфликтілі әрекеттердің не үшін болатынына байланысты) және «cause» (қастандыққа және топаралық бәсекеге әкелетін құбылыс). Топаралық конфликтілердің барлығында reasons бар және де бұл, психологтардың ойынша, белгілі бір ресурс үшін қызығушылықтар конфликтісі болып табылады, сондықтан бұны басқа ғылымдар өкілдері зерттейді. Британдық психологтар кейбір топаралық конфликтілер объективті себептерден (топтар реалды жақсылықтар үшін күреседі) туындайды дейді.Конфликтілер себебін іздеуден басқа топаралық қатынастар психологиясы тағы бір сұраққа жауап іздейді: конфликтілер қалайша өтеді, өту жолында конфликтілі жақтар қалай өгереді? З. Фрейд пікірінше, адами агрессиялар бағытын соғыс түріне келмейтіндей етіп өзгеруі қажет. Бұнда адам арасында иденттілік арқылы эмоционалды байлансытарды орнату жатады, оны Фрейд сезім ортақтастықтарына жету деп қарастырған.Австралиялық зерттеуші К.Лоренц агрессияға қарсы тұрушы ең қатты күштерге келесіні жатқызады:
Түрлі үлттардың жеке танысуы;
Адамдардың бір идеалға сенуі.
24 .Этникалық психологияның қолданбалы аспектілері.
Ана тілі – этнопсихологияның басты проблемасының бірі. Тіл - өзіндік дүниетанымның басты көрінісі. Мемлекеттік тіл, оның этнопсихологиялық аспектілері.
Тоқырау жылдарындағы қоғамдық дамудың өрескел іркілістері мектеп және халық ағарту саласында кеселді көрініс тапқанын атап көрсету қажет. Қазақ алфавитінің жиі өзгерістерге душар болуы, қазақ халқының молрухани мәдениеті мен баға жетпес халықтық тәлім-тәрбие үлгілерін мансұқ ету, тарихи сабақтастық принциптерінің бұзылуы қазақ халқының рухани мәдениетінің дамуын ғана тежемей, бүкіл ағарту ісі мен ұлттық мектептің дамуына да орасан залалын тигізді.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасында көрсетілгендей, елімізде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық сананың қалыптасуына ерекше әсер еткені хақ. Бірақ, жасыратыны жоқ жылдар бойына зардап шеккен қасиетті ана тіліміз - әлі де болса шын мәнінде ғылым тіліне айнала қойған жоқ. Ұлттық ғылым тілінің ойсырауы – Мемлекеттік тілдің мәртебесіне абырой әпермейтіні белгілі. Ғылым тілі жасалмайынша ана тілімізде оқу құралдарын шығару, қазақша жазатын кадрлар даярлау ісін дұрыс шеше алуымыз қиын.
Термин, яғни ғылыми атаулар мәселесі – ұлттық егемендік пен тәуелсіздіктің іргетасы құрылымдарының бірі өйткені, тіл – еліміздегі ғылымның сан алуан салаларының даму деңгейінің өлшемі.
Қазақстанның ұлттық мектептерінің оқу бағдарламаларының өн бойына өзек болып тартылатын басты талап – яғни мектепке дейінгілерді тек ана тілінде оқыту проблемасы. Мектепке дейінгі мекемелердің басты міндеті – тек ана тілінде оқытып тәрбиелеу-гуманистік құқықтық мемлекеттің идеясына сәйкес басты принцип. Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың қалыптасуын ежелгі тасқа жазылған дастандардан бастайды. Қазақ этнопсихологиясы соңғы жылдары ғылыми жүйеде дамып, қалыптасып келеді. Ұлттың – ұлт болып қалыптасуы оның тілі мен мәдениетіне тікелей байланысты болып табылады.
Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.
25. Этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері.
Этнопсихологияның тілмен, ойлаумен өзара байланысы жалпыға мәлім. Бұл мәселе ғылымда күшті талқыланады. Алайда халықтар, ең алдымен, әрине тіл бойынша ажыратылады және этнографияда халықтарды топтастырудың негізін этнолингвистикалық принцип құрайды. Сөйлесу тілінің қауымдастық тәсілі арқылы адамдар өзінің бірлігін саналайды.
Этнос мәдениеті және оның формасы этностық психологияның түрліше қалыптасуында маңызды рөлді ойнайды, ол сондай-ақ мәдениеттің дамуына да әсерін тигізеді. Этнос мәдениеті – бұл этностық психологияны материалды іске асыру формасы. Мәдениеттің және онымен байланысты мінез-құлықтық таптаурындардың қалыптасуы әрқашан көршілес халықтармен тығыз өзара әрекетінен болады. Бір этностың басқаларға деген қатынасына белгілі бір тобы әсер етеді; басқа халықтармен қатынасында басқа жиындар және басқа белгілер әрекет етеді.
Жазуда тіл рухы мен заңы ғана бейнеленіп қоймай, сондай-ақ халықтың өзіндік сана-сезімі, оның этностық психологиясы да бейнеленеді. Тіпті жазу түрлері, шеттен алынған немесе кірме сөздер негізінде құрылған, уақыт өте өзіндікі, өзгеше ретінде қабылданады (мысалы, монғолдардағы ұйғыр тілі). Мысалы, қытай психологиясы осы уақытқа дейін қытайдың тілдік ойлау ерекшеліктерімен байланысты және болған да.
Көп жылдар қазақтар мен орыстар кәрістердің қиын жылдарында күшті қолдау көрсетіп, бір-бірімен жақсы қарым қатынаста болады. Сондықтан да кәрістер осы екі ұлтпен жағымды қатынас сипатында болды. Кәрістер ұлтаралық қарым-қатынаста бірініші орыстар мен қазақтарды өздерінің түп тамырлары ұқсас болмағынымен де, өздерінің олармен психологиялық жақын екенін айтты. Олар өздерін орыстар мен қазақтың мәдениетіне қабылданғандығында өздерін Қазақстан Республикасының толық азаматы ретінде есептейді.
Қазақ ұлтының өкілдеріне келетін болсақ, қарым-қатынаста, тұлғааралық дистанцияны үйренуде, қазақтар орта деңгейдегі қарым-қатынаста және мәдениет қарым-қатынасында ашық екенін байқатады. Қазақтар 60 см қашықтықта бір-бірімен әңгімелеседі және қазақша сөйлейтін қазақтар өз тілінде сөйлейтін адамдарға жақындағысы келеді, қарым-қатынасты жақсы ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл ара қашықтық адаммен қаншалықты таныстығында және сол жердегі жағдайға байланысты. Позитивті қарым-қатынас жақын қарым-қатынаста, ал негативті – алыс дистанцияда болады. Әйелдер үшін еркектерге қарағанда жақын қатынаста көп болады.
Қазақтың ұлтаралық қарым-қатынасында мынадай қарама-қайшылықтар бар. Қазақ тілінде сөйлейтін қазақтар көбінесе басқа ұлттарға қарағанда жақын, тығыз ара қашықтықта болады екен. Ал орыс тілінде сөйлейтін қазақтарда өзінің қарым-қатынас аймағына өздері сияқты орыс тіліндегі қазақтарды жібереді. Ал олар қазақ тіліндегі қазақтармен қарым-қатынаста өзара тұлғалық дистанция сақтайды. Өйткені олар өздерінің қазақ тілінде сөйлей алмағандықтаынан өз ойларын толық жеткізе алмайды, сөйлесе де акцентпен сөйлейді, сондықтан да дискомфорт пайда болады. Өздеріне сенімсіз болып, ұялады.
Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысыболып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сузімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің конпен сациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.
Қазіргі жаңа этно психологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнетивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, культуралогияның және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этникалық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстартілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этнокультуралогиясы бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы модулінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады. Г.У. Кценова этникалық сана сезімдерді әлеуметтік топтардың этно мәдени болмысқабелгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың

Приложенные файлы

  • docx 26448292
    Размер файла: 87 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий