педагогика жауап


Жоғары мектеп педагогикасының пәнін, міндеттері мен қызметтерін сипаттап беріңіз.
Педагогика- бұл ғылым және басқа ғылымдар сияқты, оның өз зерттеу пәні, салалары бар. Кез-келген ғылымның қалыптасуы мен дамуы әруақытта да қоғамның практикалық қажеттілігінен туындайды. Педагогиканың пайда болуы болашақ өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауда қоғамның қажеттілігі болып табылады.
Тарихи тұрғыдан педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика өз атауын гректің пайдагогос (пайд-бала, гогос-алып бару) деген екі сөзінен шыққан., балаларды алып барушы. Ертедегі Грецияда өз қожасының балаларын мектепке алып бару міндетін құлдар атқарған. Кейіннен педагогтардың қызметін бала оқыту және тәрбиелеу, тәлімгерлік жұмысын жалдамалы адамдар атқарған. Қазір ол кезеңмен салыстырғанда педагогтардың ролі мен атқаратын қызметі мүлде өзгерді. Бүгінде педагог, ұстаз, тәлімгер, белгілі кәсіби білімі бар, арнайы кәсіби-педагогикалық даярлықтан өткен білікті ұстаздарды, тәрбиешілерді айтамыз. Алғашқы бала тәрбиесі туралы білім негізі қазақ халқының халықтық педагогикасынан бастау алған.
Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында, педагогиканың бір саласы ретінде қалыптасты.
Жоғары мектеп педагогикасы қоғамдағы өзгерістер әсерімен теорияға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу туралы ғылымға айналды.Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру, жоғары мектептің педагогикалық процесі, әлеуметтену, іс-әрекет табыстылығы.
Жоғары мектеп педагогикасы пәні- студенттер бойында кәсіпке қажетті білім, дағды, сапаны қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің арасындағы біріккен іс-әрекет. ЖМП пәнінің мақсаты- кәсіби білікті маман даярлауға, студенттердің қабілеттерін, дарындылығын көрсетуге, кәсіби біліктілікке жетуге жағымды жағдай жасау.
ЖМП-сының міндеттері:
магистранттарды,студенттерді болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау;
магистранттарды, студенттерді жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу;
магистраттарды, студенттерді жоғары оқу орындары мен жалпы мектеп арасындағы байланысты жан-жақты зерттеуге баулу.
ЖМП-сының негізгі категориялары: тәрбие, білім беру, оқыту, педагогикалық процесс, тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру, заңдылықтар, әдіснама.
Ғылыми білімнің қарқынды дамуына байланысты ЖМП-сының жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орнында тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп менеджменті, жоғары мектеп технологиялары атты салалары бар.
ЖМП-ң функциялары теориялық және технологиялық болып бөлінеді:
Теориялық функциясына: озық тәжірибені оқыту ; педагогикалық құбылыстарды анықтау; тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Технологиялық функциясына:әдістемелік құралдар дайындау (жоспар, бағдарлама, стандарттар, әдістемелер), ғылымның жетістіктерін өндіріске ендіру; ғылыми зерттеулерді анализдеу.
Педагогика ғылымы туралы өткен уақытта да, қазіргі кезеңде де ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бірінші көзқарастың өкілдерінің айтуынша, педагогика-адамзат білімінің пәнаралық саласын қамтиды деп дәлелдеген. Екінші көзқарас өкілдері педагогиканы қолданбалы пән ретінде қарастыра отырып, оның негізгі атқаратын қызметінен басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, социология) енген, тәрбие саласында пайда болған міндеттерді шешуге арналған. Ғылым мен тәжірибе үшін профессор В.В.Краевскийдің айтуынша, үшінші көзқарас педагогика өзінің зерттеу нысаны мен пәні бар дербес ғылым ретінде қарастырады. Уақыт өте педагогика –адам қалыптастырудың арнайы ұйымдасқан, мақсатты және біржүйелі қызметі, тәрбиенің, білім берудің және оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері туралы ғылым.
Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Тек шәкірттер ғана оқып, білім алып қоймайды, сонымен қатар ересектер де білім алады. Демек қазіргі педагогика ғылымы –бұл адам тәрбиесі туралы ғылым.
Педагогиканың объектісі мен пәні туралы, педагогика – бұл балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым деген қорытынды шығаруға болады.
Жоғары мектеп педагогикасының басқа ғылымдармен байланысын сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.
Педагогика ұзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында, педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды. Қазіргі заманғы ғылыми білім дифференциацияға, оқытудың бөліну аймағындағы тенденцияға енеді. Оқу орындарының оқу-тәрбие процесіндегі оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән- жалпы педагогика. Ол ірі төрт бөлімнен тұрады: педагогиканың жалпы негіздері; оқыту теориясы (дидактика); тәрбие теориясы; білім беру жүйесін басқару. Соңғы жылдары бұл бөлімдердің ауқымды кеңеюіне байланысты жеке ғылыми пәндер бөлініп шықты.
Білім және тәрбие алушылардың жас ерекшелігін ескеруге байланысты – жас ерекшелік педагогикасы қалыптасты. Оның құрамына: бүлдіршіндер, мектепке дейінгі, мектеп, жоғары мектеп педагогикасы жатады. Бүлдіршіндер педагогикасы үш жасқа дейінгі балалардың тәрбие мәселелерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке адам ретінде қалыптасу, даму, тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттейді. Мектеп педагогикасы – мектеп оқушыларының білімі және тәрбиесі мәселесімен айналысады. Бұл кезең өте күрделі болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасының ерекшелігі жоғары білім алуға байланысты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын қарастырады. Сондай-ақ, ересектер педагогикасы немесе ангдрогогика бар. Андрогогика - қарт адамдармен жұмыс істеу туралы ілім.
Педагогикалық пәндер қатарына: әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, салыстырмалы педагогика, пенитенциарлық педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы және т.б. жатады.
Әлеуметтік педагогика өмір сүру ортасындағы тіршілік ететін тәрбиені оқытады, бәрінен бұрын, көмекке зәру және тәуекелге бел буған адамдарға: маскүнемдер балаларына, наркомандарға, қылмескерлерге, жалпы анти әлеуметтік ортадағы өсіп келе жатқан топтарды тәрбиелеу, оқытумен айналысады. Сонымен қатар арнайы - дефектологиялық педагогика белгілі бір кемістігі бар адамдар тәрбиесімен айналысатын саласы бар. Зағиптардың- көздері көрмейтін адамдармен-тифлопедагогика, есту кемістігі бар адамдармен-сурдопедагогика, ойлау қабілеті төмен адамдармен- олигофренопедагогика және тіл кемістігі бар адамдармен-логопедия айналысады. Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі білім беруді талдаумен айналысады. Пенитенциарлық педагогика бас бостандықтары шектеулі адамдардың тәрбиесі сұрақтарына жауап береді. Этнопедагогика- халықтық педагогиканы зерттейтін ғылыми пән. Педагогика тарихы- педагогикалық ойлардың қалыптасып, дамуын қарастырады. Педагогика ғылымының ішкі жүйесі, қоғам мен ғылымдардың дамуын зерттейтін жаңа бөлімдерінің дамуы қазіргі күнде осындай сипатта.
Ғылымның тарихы педагогикалық ойлардың алғашқы түпнұсқалары жалпыфилософиялық ілімнің шеңберінде дамығанына дәлел бола алады. Білім беру мен тәрбиелеу идеялары діни догматтарда, мемлекет туралы ілімде, заңдылықтық қисындарда, бұрынғы әдеби шығармаларда өз сипатын берген.
Ғылыми ілімнің тереңдеп, кеңеюіне байланысты іс-әрекеттердің шынайы сипаты, өзіндік жеке бөлімдегі педагогиканың безендірілген түрі, дифференциациялық ғылымның кезеңі туды. Ары қарай, біздің бұрын көргеніміз сияқты, ішкі ғылыми дифференциация мен көптеген жеке педагогикалық ғылымдардың безендірілуі мен олардың білім беру жүйесі жүріп жатты. Ақырында, ғылыми кіріспенің дәлелдеуі бойынша, ғылыми аралық синтез кезеңі туу үстінде. Адам мен табиғат туралы ғылыми дамудың жалпы тенденциялары осындай. Енді, педагогиканың ғылыми аралық байланыстары туралы қазіргі заманғы көзқарастарды қарастырайық және оларға қысқаша түрде тоқталып өтейік.
Ішкі бөлінулері мен байланыстары қатарында педагогика басқа ғылымдармен байланысады. Академик Б.М.Кедровтың жіктеуі бойынша, ол медицина мен техникалық біліммен бірге практикалық ғылым тобына кіреді.
Педагогика интегративтік және практикалық бағдарлық сипатқа ие. Ол басқа ғылымдардың адам, табиғат, қоғам туралы ілімдерін өзінің пәні –тәрбиені оқытуда пайдаланады.
Педагогикаға бәрінен жақыны психология. Екеуінің арасында бірнеше байланыс жіптері бар. Ең бастысы – осы ғылымдардың пәндері. Психология заңдардың дамуын, адамның психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Тәрбие, ересектер мен балаларға білім беру мақсатты бағытталған (ойлау, іс-әрекет) психикалардың өзгеруі ретінде болмақ. Ол психологиялық білімдерді меңгермеген мамандарсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Екінші байланыс жібі екі ғылым – оқытудың критерилері мен көрсеткіштері және тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Оқушылар білімінің жылдамдық деңгейі жадыларының өзгеруімен, білім қорларымен, практикалық мақсатта білімдерін оңтайлы қолдана білу арқылы тіркелінеді.
Философия табиғаттың, қоғамның, таным теориясының (гносиология) жалпы даму заңдары туралы білімді бере отырып, педагогиканың әдіснамалық іргесін құрады. Әлеуметтану педагогикаға әлеуметтік ортадағы тұлғаның қалыптасуы, қоғамдық топтар, әлеуметтік қатынастар туралы ілім береді.
Этика мен эстетика өнегелік және көркемдік тәрбиенің негізін құра отырып, мораль және табиғаттық эстетика туралы ілім береді. Экономика педагогиканы білім беруге әсер ететін өндірістік, экономикалық процесстер туралы іліммен сусындандырады. Физиология педагогика мен психологияның жаратылысты ғылыми қоры. Тұлғаны қалыптастыру үшін адамның ағзасын, өмірлік қамтитын жүйелерін, жоғары нервтік әрекеттерін білу қажет.
Кибернетика, күрделі динамикалық жүйелерімен бірге басқару теориясы, педагогиканың дамуында үлкен роль атқарады яғни, педагогикалық жүйелерді басқару үрдістері тұрғысынан талданады. Информатика, жинақтау, ақпараттарды өңдеу туралы ғылым, ол да педагогика үшін өте маңызды. Тіпті ақпаратты әдістер мен педагогикадағы технологияларды оқытатын педагогикалық информатика – атты ғылыми бағыт пайда болды.
Жоғары білім мазмұнын реттейтін нормативті құжаттарға сипаттама
беріңіз. Мысал келтіріңіз.
Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.
1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.
1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.
2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.
Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.
Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі қарай дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып табылады.
Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.
Жалпы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:
Қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеру;
Соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;
Білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;
Мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;
Оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігн ескере отырып мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп көзқарасымен сәйкестендіре көрсету;
Оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;
Тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.
Біздің Республика тәуелсіз тұтас бірліктегі мемлекет, республикадағы мектептер әртүрлі тілде оқыту мен қатар жалпы білім ьеру саясатын сақтай отрып мемелекеттің қызығушылығы негізінде дамуы тиіс. Осыған байланысты білім беру мазмұны барлық мектепке бірдей міндетті түрде қарастырылады. Міндетті оқылатын пәндер мазмұнында республиканың кейбір аймақтарының экономикалық және мәдени-тарихи жағдайы көрініс табады.
Кейбір арнайы курстарда «Туған өлкенің мәдениеті мен тарихы», «Регионның экономикасы және экологиясы» т.б. жоғарыда айтылған регионның ерекшеліктері білім мазмұнында ескеріледі. Оқу жоспарындағы жалпы білім мазмұнында көрініс табады. Базистік оқу жоспары білімнің сатылық жүйелі принципіне негізделіп құраған.
Базистік оқу жоспарында қарастырылған мәселелер:
Негізгі мектепте білімін логикалық жағынан тамамдағаннан кейін өз қалауы бойынша оқуды профильдік мектепте, гимназияда, әртүрлі орта, арнайы лицейлерде т.б. оқу орындарында жалғастыру;
Мектепті гуманитарландыруға байланысты міндетті оқу жүктемесін қысқарту;
Бір сағаттық эффектісі шамалы курстарды азайту;
Республикада тіл туралы заңға байланысты оқытуды мемлекеттік (қазақ тілі) және басқа тілдерді мектпетің барлық түрінде оқыту;
Жеке тұлғаның қажеттілігіне байланысты қоғамда үш бағытта ұйымдастырылған: ғылыми, жаратылыстану, гуманитарлық-эстетикалық және кәсібі-техникалық профильді-дифференциацияланған оқытуды енгізу
Білім беру мазмұнында көрсетілгендей жалпы білім беретін мектептердің барлық типтері мен түрлерінде міндетті түрде оқыту.
Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша:
барлық пәндердің мазмұнына халық педагогикасындағы ұлттық мәдениет компоненттерін енгізу;
білім беруді гуманитарландыру;
білім беруде математика-жаратылыстану бойынша жалпы мәдени бағытты күшейту;
әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс;
оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша құру.
Базистік оқу жоспары екі бөлімнен тұрады – инварианттық және вариативтік. Инварианттық оқу жүктемесінде білім беру мазмұны міндетті түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жинтығында білім берудің негізгі компоненттері (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, коммуникативтік, эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында блок түрінде беріледі, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.
Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата-аналардың және балалардың мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып мектеп қарастырады. Оқу жүктемесінің ішкі құрылысы баланың жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарда вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу уақытымен жүзеге асады. Оларды өз таңдауы бойынша әр сабақтарды негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдау бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы көпқырлы пәндер мен сәндік курстардан тұрады. Инварианттық және вариативтік бөлігі оқытудың әртүрлі бірдей емес.
Бастауш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің 11% вариативтік бөлігі құрайды.
Инварианттық және вариативтік бөлігі I-II сатыда 85% және 15%, 44,8% және 55,2%. Жалпы білім беретін мектептердің сатылық ерекшелігі базалық куспен анықталады, оқу жүктемесінің вариативтік және инварианттық қатынасы және мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін құрайды. Осы ерекшеліктер үш базистік оқу жоспарды мемлекеттік базистік жалпы орта білім беретін оқу жоспарын жеке қарастырады. Мектепті бітіргеннен кейін өз қызығушылығымен таңдауы бойынша оқуды (профильды) көпқырлы мектептің бірінде жалғастырады. Көпқырлы мектеп ғылыми-жаратылыстану (лицей бағдарламасы бойынша) гуманитарлық-эстетикалық (гимназия бағдарламасы) және кәсіби-техникалық багытта ұйымдастырылуы мүмкін. Көпқырлы мектептің мақсаты оқушыларға жағдай жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыруға кей пәндерге терең теориялық және тәжірибелік білім беруге бағытталған. Үшінші жалпы мектепті бітіру сатысы. Білім берудің алты компоненты бірдей жалпы білім беретін мектепті бітіру дайындығына бағытталған. Бұрын міндетті емес болып есептеліп келген (Өнер) блогы құрайды. Бұл блок «Өнертануға кіріспе» деп аталады.
Алтыншы білім беру блогына дәстүрлі дене шынықтыру, еңбек, бастауыш әскери дайындық курсы кіреді. Осыған байланысты әр блоктың ішкі құрылысын ашып көрсету қажет. әрбір блок уақыттың өте аз мөлшерін қажет етеді. Білім берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден, қолданбалы курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курсатрдан тұрады. Көпқырлы пәндерге негізгі оқу пәні жатады, қолданбалы курсы негізгі пәндерден білімді тереңдетуге және тәжірибеге дайындайды. Таңдаған курсы бойынша тек факультатив қана емес, басқа да көпқырлы пәндердің нақты саласы бойынша басқа бағытта да қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы білім беретін оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті анықтайды.
«Жоғары мектеп дидактикасы» ұғымына анықтама беріңіз. Жоғары мектеп
дидактикасының негізгі категорияларына сипаттама беріңіз.
Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып-сабақ жүйесі туралы баяндалған.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқу принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика сол сияқты, жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру жүйесі, т.б. мәселелерді зерттейді.
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған, алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып-үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістемелерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады. Оқушы дүниетануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдамаларды әрі қарай дамыта түседі.
Оқыту мазмұны – өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі бола алатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда – заңдылық деп аталады. Заңдылықтар ғылыми теориялардың негізгі бөлігі болып келеді.
Оқыту заңдылықтары:
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, солғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқыту, білім беру, дамудың өзара байланыс заңдылығы. Л.С.Выготский былай деген: «Оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді».
Оқыту процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.
Оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының, әдістерінің өзара байланысы, олардың жаңарып, толықтырылуы.
5. Жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
5. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасын түсіндіріңіз.
Ғылыми деректер жинақталып қалған кезде оларды ғылыми-зертеу әдістері арқылы талдау және теориялық ұстанымдарға негіздеп зерделеу, ғылымда-әдіснама деп аталады. Мемлекеттік тілдегі «әдіснама» термині көптеген әдебиеттерде «методология» түрінде жазылып келе жатқаны белгілі. Қалайда бұл терминнің нақты мәні – «әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Өйткені қандай ғылым болмасын,оның негізгі белгілі бір теорияны. Ережені, тұжырымдаманы басшылыққа алатыны белгілі. Сол себепті педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия ілімінің жалпы заңдарына, танымдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады.
Әдіснама- ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құру ұстанымдары, формалары мен амалары туралы ғылым.
Э.Г.Юдин әдіснамалық білімдер құрылымын 4 деңгейге бөледі: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, технологиялық.
Бірінші деңгей философиялық әдіснама ғылымның категориялық құрылымын және танымның жалпы қағидаларын құрайды. Бүкіл философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады. Екінші деңгей-жалпы ғылыми әдіснама барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде қолданылытын теориялық тұжырымдамалар болып табылады. Үшінші деңгей-нақты ғылыми әдіснама белгілі бір арнаулы ғылыми пәнде қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы. Төртінші деңгей- технологиялық әдіснама зерттеу әдістемесі мен техникасы, демек, дұрыс практикалық материалды алуды қамтамасыз ететін тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Әдіснаманың барлық деңгейі күрделі жүйені құрайды.
Жалпы ғылыми әдіснама құбылыстар мен қоршаған шындық үрдістердің жалпылық байланысы мен өзара сабақтастығын бейнелейтін жүйелілік принципімен сипатталады. Жүйелілікпен қарау педагогикалық теорияны, экспериментті және практиканы бірлік принципінде іске асыруды қажет етеді. Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр-әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес. Әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау дағдысы), ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетін әдіснамалық мәдениетті меңгертеді. Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз-ол педагогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу. Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және құрастыру, педагогикалық міндеттерді сезіну, даярлау және шығармашылықпен шешу; әдістемелік рефлексия.
Ғалым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық- біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал екіншісі оларды пайдаланады.
6. Кредиттік оқыту жүйесі, Болон үдерісін түсіндіріңіз.
Еліміздегі жоғары оқу орындарында эксперимент ретінде енгізілген КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – заман талаптарына сәйкес болашақ маман бойында толыққанды білім қалыптастыруға, өздігінен жұмыс істеу және білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқыту жүйесі.
Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену үрдісі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуінен басталды.
Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктері:
дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және
кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;
білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі;
студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
«студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;
студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;
оқу үрдісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үрдісін қажетті әдістемелік материалдармен (баспа және электронды) қамтамасыз ету қажеттігі;
әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;
студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін СӨЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) болып бөлінуі;
игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;
оқу уәждемесінің артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, академиялық мойындау кепілдігі;
оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;
білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан өзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалау жатады .
Кредиттік жүйенің басты ерекшелігіне – әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың еңбегін бағалауға сынақ бірлігінің (немесе кредиттер жүйесінің) енгізілуі жатады. Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады.
А.Чучалин мен О.Боев кредиттік жүйенің мәнін білім беру бағдарламаларының мазмұнын сандық бағалау жүйесі ретінде, ал рейтингтік жүйені оны игерудің сапасын сандық бағалау жүйесі ретінде түсіндіреді.
Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
Кредиттік оқыту жүйесі сабақты жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Әлемдегі жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген кредиттік жүйенің үлгілері бірнеше типке бөлінеді:
1) кредиттерді жинақтауға бағдарланған кредиттік
жүйелер, мысалы USCS;
2) кредиттерді бір мезгілде ауыстыруға және
жинақтауға бағдарланған аралас типті кредиттік жүйелер,
мысалы CATS;
3) академиялық икемділікті қамтамасыз ету үшін
кредиттерді ауыстыруға бағытталған кредитік жүйелер,
мысалы ECTS.
Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту жоо-дағы тәрбие жұмысының жүйесін құрудың басым міндеттерінің бірі болып табылады. Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Қазақстанның Болон процесіне қосылуымен байланысты өзекті сипат алады, ал студенттік өзін-өзі ұйымдастырудың осы түрінің болуы оның негізгі талаптарының бірі болып табылады.
Қазақстандық қоғамға, жұмыс берушілерге бүгінгі таңда белсенді өмірлік ұстанымы, көшбасшылық қасиетті бар, икемді танымға ие, халықаралық ынтымақтастыққа дайын құзыретті, иманды, іскер жас адамдар қажет. Осыған байланысты қазақстандық отаншылдықтың, жоғары білімі бар қазіргі заманғы қазақстандық маманның маңызды компонентінің проблемалары да өзекті сипат алады.
Кез келген жоо уақыт талабымен алға қойылған міндеттерді жеке басты дамытудың мазмұнын, әдістері мен нысандарын жаңарту, оқу орнының нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жаңғырту арқылы шешуде өз жолын іздестіруге тиіс.
7. Жоғары мектеп оқытушысы тұлғасы және оның құзыреттілігіне қойылатын қазіргі талаптарды жіктеп, негіздеңіз.
Оқытушылардың кәсіптік құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігінің деңгейі, олардың кәсібилігін пәндік тұрғыдан, сондай-ақ педагогикалық салада арттыру формалары мен әдістері жоғары мектепті модернизациялауды орталық проблемасы ретінде қарастырылады. Инновациялық стратегияларды енгізу мекеменің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті құзыретті педагогикалық ресурстарға деген сұранысты арттыруға негізделген.
Бүгінгі таңда жоғары мектеп оқытушысына қойылатын талаптар артып қана қойған жоқ, түбегейлі өзгерді. Білім беруді модернизациялаудың объективті қажеттілігі мен оқытушы кадрлардың жағдай арасында, сондай-ақ оқытушыларды жаңа сапалы деңгейде даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру мен жоғары мектепте бұл даярлықтың бұрынғы жүйесі арасында қарама-қайшылық туындады. Шығармашылық және дамыған практикалық қызметті талап ететін объективті шарттары жоғары мектеп оқытушысына студенттерді кәсіби, диентологиялық, адамгершілік тәрбие берудің, оларда кәсіптік құзыреттілікті қалыптастырудың, ойлау мен тұлғалық сапаларды дамытудың жаңа формаларын табу жауапкершілігін жүктейді. Педагогтың қызметі оқу-тәрбие, оқу- әдістемелік, ұйымдастыру-басқарушылық қызмет түрлерінен құрылады, болашақ мамандарға нақты машықтарды берумен толықтырылады. Осы мәселелерді шешу процесінде адамның кәсіби қызметке деген дайындығы қалыптасады. Білімді реформалау мен модернизациялау, оны ізгілендіру, гуманитаризация және тұлғалық бағыттылық, сапаны тұрақты арттыру оқытушылардың жоғары кәсіби біліктілігін, жұмысқа, оқытатын пәніне кәсіби тұрғыдан қарауды қажет етеді және осы білім беру бағдарламасының өзектілігіне негізделеді.
 Педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде студенттерге үлгі болуы керек.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Студенттің білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, студен оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан студенттің білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі студенттің ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда студенттерді ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде студенттер өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Студенттер арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.
Оқытушыға қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Оқытушының бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек оқытушыға ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді.
 1/Оқытушы адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры.
2/Кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. 3/ Оқытушының тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.
4/ Байқағыштық сезімі – көрегендігі.
5/ Әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
6/ Жан – жақты дарындылығы.
7/ Үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
8/ Үлгі-өнегесі, оқытушы мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, педагогтың келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан – қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Оқытушының беделді болуының алғы шарттары: бірінші: студентке үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.
Шебер педагог көзі қырақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.
 Егемендік алғаннан кейін әр республика жоғары кәсіптік білім беруді дамытудың тұжырымдамасын жасау қажет болды. Қазақстан Республикасы Лиссабон Конвенциясының ұстанымдары мен критерийлеріне сәйкес өзінің тұжырымдамасын анықтады. Тұжырымдаманың негізі Халықаралық білім берудің біліктілік стандартының ұсыныстарына сүйенді. Жоғары кәсіптік білімді дамытудың қабылданған тұжырымдамасына сәйкес бакалавриат, магистратура стандарттары жасалды. Оларда алғаш рет «маман моделі» термині қолданылып, түйінді құзыретіліктеріне және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар» белгіленген.
Педагогикада модельдеу мынадай жағдайларда қолданылатынын байқадық: а) педагогикалық міндеттерді және педагогикалық жағдаяттарды моделдеу; б) оқыту, тәрбие, үйренушілерді дамыту үдерісін моделдеу; в) білім беру мекемелерін басқару жүйесі жағдайын моделдеу.
Кәсіби–педагогикалық мақсат пен міндеттердің мазмұны мен нормативтік көлемі педагогикалық жоғары оқу орнындағы дайындыққа қойылатын талаптар мен жоғары оқу орнынан кейінгі қызмет деңгейіне байланысты анықталады. Педагогтың дайындығы пән бойынша алатын  білім, білік, дағдыдан, арнайы қабілет пен жеке бас сапасын (интеллектіні, мінез–құлық, темперамент, психика) дамытудан, жалпы білімділік пен икемділік (бейімделу мүмкіндіктері, қарым–қатынас сапалары), сонымен қатар оқушының болашақ педагогикалық мамандыққа оқуға, педагогтік кәсіби қызметке деген көзқарасынан, қызығушылығы мен ынтасынан тұрады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қоғамның және студенттердің жеке ынтасы мен қызығушылығының үйлесімі мұғалімді кәсіби дайындаудың төмендегідей мақсаттары мен міндеттерін айқындайтынын байқадық:
1. Кәсіби маман дайындауда жоғары пәндік, педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік деңгейге жетудің критерийлері:
• оқылатын пәндерге байланысты базалық білім деңгейінің болуы (кәсіби деңгей);
• мамандыққа байланысты арнайы пәндерден академиялық білім деңгейінің болуы (іргелі білім деңгейі);
• оқылатын әр пәнді оқытуға қызығушылығының болуы (танымдық қызығушылық);
• әдістемелік және технологиялық біліктерінің базалық деңгейі.
2. Педагогикалық үдеріс барысында сынып мұғалімінің ұстаздық мамандыққа бейім тұлғасын қалыптастыру:
• бейімделу мүмкіндіктері (өзін - өзі кәсіби бағалау, қобалжу т.б.)
• қарым – қатынас, тіл табысу қасиеті;
•  педагогикалық бағыттылығы, ынтасы, қызығушылығы;
• жалпы білім, білік, дағдысының даму деңгейі.
3. Шығармашылық белсенділігін қалыптастыру:
•  мәселені шешуде қалыптан тыс тәсілдерді қолдана білуі;
• мәліметтер жинау (портфолио), ілгері жылжу және болжамды тексеру,
   нәтиже (рефлексия);
• ғылыми ойлау амалдарын қалыптастыратын оқу және зерттеушілік
сипаттағы міндеттер тізбегі (анализ, синтез, модельдеу, фондық көрнекілік т.б.).
4. Кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыту:
• педагогикалық шеберлік;
• математикалық ойлау;
• қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу, өзінің іс - әрекетіне өзі талдау жасау сияқты психиканың функционалдық тетіктері;
•  ерік, жігер, темперамент, мінез, қабілет.
5. Оқуға психологиялық, педагогикалық, технологиялық тұрғыда жағдай жасау (тұлғалық – бағдарлы педагогика).
Мұғалімді кәсіби дайындаудың әр компоненті  біртұтас педагогикалық үдеріс шеңберінде кәсіби дайындықтың сапасын бағалайтын өлшемдер мен эталондар, критерийлер сияқты базалық сипаттарының жиынтығымен айқындалуы керек. 
   Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, құзыреттіліктің құрамы төмендегідей: кәсіби дайындықтың әдіснамалық бағыттылығы; қоғамдық саяси пәндердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы; психологиялық –педагогикалық дайындықтың бағыттылығы; математикалық дайындықтың кәсіби бағыттылығы; әдістемелік дайындықтың ғылыми-теориялық және практикалық бағыттылығы; студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасының ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру; мамандарды дайындауда тұлғалық - әрекеттік тұғырды жүзеге асыру; болашақ мамандарды қазіргі педагогикалық және ақпараттық технологиямен қаруландыру; студенттердің үздіксіз компьютерлік дайындығын жүзеге асыру; оқу-ғылыми-өндірістік-педагогикалық кешен жасау.
Оқытуды ұйымдастыру түрлері: дәріс және семинар сабақтары, практикалық жұмыстардың ролін айқындап, мәнін ашыңыз
Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «fоrmа» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарга оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-эрекетін басқару жэне оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оку материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудын сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:• жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);• жеке-жұптық ( оқушы — оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым- катынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);• жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).• Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкастер жүйесі);• Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі (Мангейм жүйесі);• Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);• Американдык «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.• Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмысжәне т.б.).Оқыту түрлерінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептеріндеең көп тараған жэне үш жүзжылдық уақыт бойы элі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз-жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімінің тапсырмасын сабақ барысында жэне үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын ХҮІІ ғасырда — атақты чех педагогы Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлеріменсалыстырғанда, сыныпты-сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады; сабақ құрылымын тиімді етіп құру, барлық оқу тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық-сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық- сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларын бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы- ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.
Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекцияға қойылатын талаптар: Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі; Түсіндірудің эмоционалдық жағы; Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; Қорытындылау; Тілінің түсінікті және анық болуы; Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану; Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады. Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. "Лаборатория" латынның - "Labor" еңбек, жұмыс, қиындық деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Лабораториялық жұмыстар оқу жұмысының ерекдіелігіне байланысты, сондықган әрбір нақты жағдайда жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. Топтың біріккен іс-әрекеті - ең тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының ұйымдастырушылық шеберлігіне байланыс-ты, яғни студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде оларды ойластыру, ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында бағыттаумен анықталады. Кез-келген практикалық жұмыстьщ маңызды жағы жаттығу болып табылады, яғни негізінен есептерді шешу, графикалық жұмыстар, ғылымның негізгі ұғымдарын нактылау. Семинар сабағының оқытудың формасы ретінде өзіне тән тарихы бар. Семинар латынның " seminarium " деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытьщды түрінде өтілген. XVII ғасырда бұл форма Батыс Еуропа елдерінде, ал ХГХ ғ.-дан бастап Ресей университеттерінде қолданылып келеді. Семинар сабақтары белгілі бір жеке ғалымның басшылығымен студенттердің теориялық курс пек ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеруін сипаттайды. Семинар сабақтары жоғары мектеп алдыңдағы міндеттердің өзгеріп отыруына орай үнемі жетілдіріліп отырды. Қазіргі кездері семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлъщ және техникалық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады. Ол студенттерде ойлай білу мәдениетін дамытудың құралы болып саналады. Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.) Семинар сабақтары - студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы. Семинар сабақтарында келесі мәселелерді шешу көзделеді ( А.М.Матюшкиннің пікірі бойынша): Кәсіби шығармашылық тұрғыдан ойлауды дамыту; Танымдық мотивтер; Оқу жағдайларында кәсіби біліктілікпен білімді қолдану. Семинар сабақтарында оқытушы білімді тиянақтау, бекіту, бақылау жасау, педагогикалық қарым-қатынас сияқты жекеленген мәселелерді шешеді. Қазіргі заманауи ЖОО-да семинар сабақтарының кең тараған 3 типін ажыратуға болады: Ағымдағы семинар Жекеленген семинар Арнайы семинар
Кредиттік оқыту жүйесінің мәнін ашып беріңіз. Кредиттік оқытуға SWOT – талдау жасаңыз
Еліміздегі жоғары оқу орындарында эксперимент ретінде енгізілген КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – заман талаптарына сәйкес болашақ маман бойында толыққанды білім қалыптастыруға, өздігінен жұмыс істеу және білім алу дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқыту жүйесі.
Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену үрдісі 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуінен басталды.
Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесінен ерекшеліктері:
дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты білімнің негізінде шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және
кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;
білім алушылардың оқу жоспарындағы пәндерді таңдаудағы көп еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және таңдау курстарының көптігі;
студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
«студент-оқытушы» қарым-қатынасының «субъект-субъект» болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;
студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;
оқу үрдісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үрдісін қажетті әдістемелік материалдармен (баспа және электронды) қамтамасыз ету қажеттігі;
әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендіруі;
студенттің өздік жұмысының (СӨЖ) үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін СӨЖ және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ) болып бөлінуі;
игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;
оқу уәждемесінің артуы, шетелде оқу мүмкіндігі, академиялық мойындау кепілдігі;
оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі;
білім деңгейінің нақтылығы, баға жүйесінде дәстүрлі бағалаудан өзгеше жинақталатын сынақтық жүйенің енгізілуі және дәстүрлі бағалау жүйесіне аудару механизмінің болуы, бағалау жатады .
Кредиттік жүйенің басты ерекшелігіне – әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың еңбегін бағалауға сынақ бірлігінің (немесе кредиттер жүйесінің) енгізілуі жатады. Оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады.
А.Чучалин мен О.Боев кредиттік жүйенің мәнін білім беру бағдарламаларының мазмұнын сандық бағалау жүйесі ретінде, ал рейтингтік жүйені оны игерудің сапасын сандық бағалау жүйесі ретінде түсіндіреді.
Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
Кредиттік оқыту жүйесі сабақты жекелей жоспарлау негізінде өздігінен білім алудың және жекелендіру арқылы білімді шығармашылықпен игеру арқылы оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз етуге, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және еңбек нарығында бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Әлемдегі жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген кредиттік жүйенің үлгілері бірнеше типке бөлінеді:
1) кредиттерді жинақтауға бағдарланған кредиттік
жүйелер, мысалы USCS;
2) кредиттерді бір мезгілде ауыстыруға және
жинақтауға бағдарланған аралас типті кредиттік жүйелер,
мысалы CATS;
3) академиялық икемділікті қамтамасыз ету үшін
кредиттерді ауыстыруға бағытталған кредитік жүйелер,
мысалы ECTS.
SWOT талдау. Кредиттік жүйемен оқытудың күшті жақтары:
студенттер жекелей оқу жоспарын құра алады;
педагогтың шығармашылық еңбегі, шеберлігі, педагогикалык жетістіктері, жаңашылдығы оқытудың алгоритмін жасау негізінде көрініс табады. Олар:
оқытудың басты мәселесін іздеу, өзектілігін анықтауда;
мәселені мәнділігі бойынша реттеуде;
мәселені талдауда;
мақсатты, міндеттерді және іс-әрекет бағытын айқындауда;
мәселені шешу жолдарын белгілеуде;
мәселені шешу механизмдерін нақтылауда;
жоспар, бағдарлама жасауда;
оқытушы білім алушылардан ортақ мақсатқа бағытталған шығармашылық топтар құрып, олардың таным процесін басқарады, ынталандырады, яғни интерактивті оқыту формасын жасайды.

Кредиттік жүйе негізінде оқыту үдерісінің әлсіз жақтары:
Кредиттік жүйе бойынша оқыту үдерісінің негізгі кемшілігі ретінде оқу үлгерімі төмен немесе емтиханнан өте алмаған студенттердің пәнді қайта оқу барысында төленетін ақша көлемі студенттің сол пәнді қайта игеруі не сынақтан қайта өтуі кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Олай деуге негізгі себеп бұл үрдісте студенттің әлеуметтік жағдайы да маңызды рөл атқарады.
Жоғары мектепте оқыту әдістерінің дәстүрлі жіктемесі мен өлшемдерін сипаттап беріңіз.
Оқыту əдiсi дидактиканың негiзгi бiр құрамды бөлiгi болып табылады. Себебi, оқыту
процесi оның мақсаты, мазмұны, əдiстерi жəне ұйымдастыру формаларының бiртұтастығы болып табылады. Əдiс деген сөз гректiң ''metodos'' деген сөзiнен шыққан. Метод деген ұғым белгiлi ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудiң жолдары деген мағынаны бiлдiредi. Оқыту əдiстерi туралы əрбiр автор өз анықтамасын бередi. Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздiк ''əдiс'' – мақсатқа қол жеткiзетiн жол, тəсiл, белгiлi жолмен тəртiпке салынған iс-əрекет''- деген анықтама бередi. Оқыту əдiсi - оқушыларға бiлiм беру жəне оларды дамыту мақсатында мұғалiм мен оқушылардың бiрлесiп жасайтын қызметi мен қарым-қатынасының тəсiл-амалдары – деген де пiкiр
айтылады. Оқыту əдiстерi – оқытушы мен оқушылардың жұмыс iстеу əдiсi, оның арқасында бiлiм, iскерлiк, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабiлеттiлiгi артады. Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың бiрлесе жасайтын əрекетi. Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң барысында бiлiм алу жолдары. Оқыту əдiстерi – мұғалiм мен оқушылардың өзара əрекетiнiң негiзiнде бiлiм, тəрбие жəне таным процесiн жетiлдiру. ''Əдiске'' қатысты анықтамаларда бəрiне ортақ пiкiр: ''белгiлi бiр мақсатты көздеген мұғалiм мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жəне iс-əрекет''. Олай болса оқыту əдiстерi - оқытудың мақсат-мiндеттерiне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалiм мен оқушылардың қолданатын амал-тəсiлдерi мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалiм оқыту əдiстерiнiң көмегiмен оқушыларға бiлiм берiп, олардың тəжiрибелiк əрекетiн ұйымдастыруда өзiнiң iс-əрекетiн оқушылардың таным əрекетiне басшылық
етумен байланыстырады. Мұғалiм оқытудың нəтижесiн арттыруда оқыту əдiстерiне қатысты амал-тəсiлдерiмен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кiтаптары, көрнекi жəне техникалық құралдар жатады.
1. Оқу кiтаптары - оқулықтар, оқу-əдiстемелiк кiтаптар, анықтамалар, сөздiктер, есептер
жинағы т.б.
2. Көрнекi құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар,
тарихи, экономика-лық-географиялық карталар т.б.
3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.
Сабақтар жүйесiнде оқытудың əр алуан əдiстерiн мұғалiмнiң пайдалана бiлуi оқыту
процесiнiң дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай дейдi: ''Қандай мұғалiм болмасын, əдiстердi неғұрлым көп бiлуге тырысуға, оларды көмекшi шара ретiнде қабыл алуға тиiстi. Оқушының сабақ түсiнуiндегi қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшiлiгi емес, қайта өзiмнiң сабақ оқытудағы кемшiлiгiм деп қабылдауға тиiстi. Жаңа тəсiлдердi ойлап табу жөнiнде өзiнiң қабiлетiн дамыта беруге ұмтылуға тиiстi''. Сондықтан, əрбiр мұғалiм сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемi шығармашылықпен жұмыс iстеуi тиiс. Оқыту процесiнде оқушыларға ғылым негiздерiне сай терең де тиянақты бiлiм беру, оларды адамгершiлiк рухта тəрбиелеу жəне дамыту мiндеттерiн шешудегi мұғалiмнiң басшылық ету тəсiлдерi, амалдары мен құралдарының бiртұтастығын оқыту əдiстерi демекпiз. Оқыту əдiстерi педагогика саласында талас тудыратын күрделi мəселелердiң бiрi болып табылады. Соған орай бүгiнгi таңда оқыту əдiстерiнiң анықтамасы жəне оларды топтастыру мəселесiнде ортақ пiкiр қалыптаспаған.
Бұл мəселенi зерттеушi авторлар (С. И. Архангель-ский, С. И. Зиновьев, Н. В. Кузьмина, Т. А.
Ильина, Н. Д. Никандоров т.б.) оқыту əдiстерiне түрлiше анық-тама берiп, оларды əр түрлi негiзде
топтастыруды ұсынады.
Ғылыми педагогикалық əдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрi бар екен.
1. Оқушылардың таным белсендiлiгiне қарай (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер):
- түсiндiрмелi хабарлау əдiсi;
- репродуктивтiк əдiс;
- проблемалық баяндау əдiсi;
- эвристикалық əдiс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М. А. Данилов, Б. П. Есипов,Т. А. Ильина):
- жаңа бiлiм беру əдiсi;
- бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру əдiсi;
- Техникалық құралдармен жұмыс iстеу əдiсi;
- өзiндiк жұмыс iстеу əдiсi;
- бiлiмдi тексеру əдiсi;
- проблемалық, программаланған оқыту əдiсi.
3. Тұтас педагогикалық əрекеттiң тəсiлдерiне қарай (Ю. К. Бабанский):
- оқу-танымдық əрекеттердi ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыру;
- оқытудағы бақылау жəне өзiн-өзi бақылау əдiстерi.
4. Əдiстiң логикалық жəне психологиялық сипатына қарай (Р. Г. Лемберг):
- ауызша баяндау əдiсi;
- есеп шығару əдiсi;
- өнер құралдарын пайдалану əдiсi.
5. Мұғалiм мен оқушылардың жасайтын əрекетiнiң ерекшелiктерiне қарай (В. Оконь):
- жаңа бiлiмдi игеру əдiсi;
- өзiндiк бiлiм əдiсi;
- проблемалық əдiс;
- практикалық əдiс;
- көркем əдебиет пен өнер құралдарын пайдалану əдiсi.
Солардың iшiнде ең көп тарағаны – бiлiм берудiң көздерiне сəйкес (И. Т. Огородников,С.И. Перовский, Е. Я. Голант):
- сөздiк немесе ауызша баяндау əдiсi;
- көрнекiлiк əдiстер;
- тəжiрибелiк əдiстер.
Бұл əдiстiң ерекшелiгi: егер мұғалiм оқу материалын ауызша баяндаса, онда бiлiм алу көзi
мұғалiмнiң сөзi болып табылады немесе мұғалiм оқушыларға бiлiм беруде көрнекiлiктердi
қолданса, онда бiлiм алу көзi көрнекiлiктер болып есептелiнедi т.с.с.
3. Оқыту əдiстерiне жалпы сипаттама
Бiлiмдi меңгерту қандай жолдармен немесе тəсiлдер-мен iске асса да, оқыту əдiстерiн
таңдау негiзiнен, бiлiм берудiң мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары жəне мiндеттерiне
сəйкес анықталады.
Оқу процесiнде бiлiм берудiң көздерiне қарай қолданылатын əдiстер:
Сөздiк əдiстер: түсiндiру, əңгiме, əңгiмелесу, лекция, кiтаппен жұмыс.
Көрнекi əдiстер: иллюстрация жəне демонстрация.
Тəжiрибелiк əдiстер: лабораториялық, практикалық, графикалық, əр түрлi жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесiнде ең көп тараған дəстүрлi əдiс - сөздiк немесе мұғалiмнiң ауызша баяндау əдiсi. Бұл əдiс оқыту процесiнде басқа əдiстерге қарағанда жетекшi роль атқарады. В. А. Сухомлинский: ''Сөз – ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нəрсемен ауыстыра алмайсың…''- деп оның маңызына ерекше назар аударады Мұғалiмнiң сөзi əсерлi, тартымды, сенiмдi, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мəнерлi жəне бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дəлелдi болу үшiн Ы. Алтынсаринның пiкiрiн келтiрейiк:''Мұғалiм балалармен iстес болады: егер олар бiр нəрсенi түсiнбесе, онда мұғалiм шəкiрттердi кiналамай, оларға дұрыс түсiндiре алмағаны үшiн өзiн-өзi кiналауы керек. Мұғалiм балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексiз терминдердi қолданбастан əрбiр затты ықыласпен, қарапайым тiлмен түсiндiру керек''. Бұл əдiстi қолданғанда мұғалiм оқушыларға бiлiм берумен қатар олардың таным белсендiлiгiн арттыруға (зейiн, қабылдау, ойлау т.б. процестерiн) байланысты да əрекет жасайды. Мұғалiмнiң оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлi көрнекi жəне техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады. Ауызша баяндаудың тағы бiр ерекшелiгi, оқытушы-ның түсiндiруi мен оқушылардың ұғыну процесiнiң қатар жүруiнде. Түсiндiру барысында əңгiме, əңгiмелесу, ауызша-жазба жəне лабораториялық жұмыстарын қажетiне сай қатар қолдану керек. Түсiндiру – оқу материалын мұғалiмнiң логикалық тұрғыдан дəйектi де сындарлы баяндауы. Оның себебi, түрлi заңдылықтар мен ережелердi түсiндiру белгiлi дəрежеде логикалық жүйелiлiктi қажет етедi.
Түсiндiру əдiсiнiң мақсаты: заттардың елеулi белгi-лерiн ашып көрсету, фактiлер мен
құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалiмнiң оқу материалын түсiндiруiнде əрқашанда
пайымдау, қорыту, дəлелдеу көп болады.
Түсiндiру əдiсiнiң ең маңызды мəселелерi – оқушылардың алдына жаңа мəселенi айқын, ашық етiп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсiндiру əдiсiнiң табысты болуы мұғалiмнiң нақтылы деректердi қаншама сəттi қолдана бiлгендiгiне де байланысты. Түсiндiру əрқашанда заттар мен фактiлердiң, құбылыстардың мəнiн ашу, қағидаларды түсiндiру, осы-лардың негiзiнде оқушыларға жаңа бiлiмдi баяндауда оны терең жəне түсiнiктi ұғынуларына мүмкiндiк туғызады. Бiрақ ол оқушылардың жас ерекшелiктерiне, сынып жəне пəн ерекшелiктерiне қарай өзгерiп отырады. Əңгiме – мұғалiмнiң сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы
тəсiлi болып табылады. Сөйтiп, оқушыларға жаңа бiлiмдi түсiндiрудiң неғұрлым қарапайым жəне
түсiнiктi түрi. Əңгiме барысында мұғалiм құбылыстарды бiрiздiлiкпен көркем суреттей отыра, өз сөзiн əртүрлi көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекi құралдарды қолдану арқылы
жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактiлер мен құбылыстарды
жақсы түсiнiп, ұғынуына көмектеседi. Бұл əдiстi қолдану барысында мұғалiм мен оқушылар арасында диалог пайда болады. Əңгiме оқытудың түрлi мiндеттерiн орындауға бағытталады: жаңа бiлiмдi хабарлау, оны бекiту мақсатында қолданылатын əңгiме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткендi қайталау, оны тексеру жəне бағалау үшiн қолданылатын əңгiме. Əңгiме əдiсi көбiнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңiнен қолданылады. Мұғалiмнiң сабақта əңгiме əдiсiн қолдану ұзақтығы, берiлетiн оқу материалының сипатына
байланысты болып келедi. Əңгiмелесу - мұғалiм мен оқушылар арасында жаңа бiлiмдердi хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тəсiлiнде қолданылады. Сондықтан əңгiмелесу оқытудың аса күрделi əдiсi болып есептелiнедi. Бұл əдiстi нəтижелi пайдалану мұғалiмдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етедi. Əңгiмелесу барысында мұғалiм оқушылардың жеке басының қабiлетiн, зейiнiн (т. б. психикалық процестерiн), таным ерекшелiктерiн танып бiледi, баяндалып отырған немесе өтiлген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды. Əңгiмелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тəсiлдерi қолданылады. Бұл əдiс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тəсiлi арқылы да iске асады. Ол үшiн мұғалiмнiң сұрақтары дəл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиiс.
Дəрiсбаян - сөзге негiзделген оқыту əдiсi ретiнде ол өзiнiң құрылымы, баяндалатын оқу
материалының дəлдiгi жəне сабақтың өн бойында тыңдаушыларының ойлау қабiлетiн белсендi
етуi жағынан басқа əдiстерге қарағанда өзiндiк ерекшелiктерi бар.
Дəрiсбаян əдетте жоғары сынып оқушылары арасын-да көптеп қолданылатын əдiстiң бiрi.
Дəрiсбаян барысында оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды, қабылдайды, ұғынады, мұғалiм
сөзiне зейiн қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап отырады.
Дəрiсбаянның басқа ауызша баяндау əдiстерiнен тағы бiр ерекшелiгi, мұғалiмнен жаңа
бiлiмдi баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажеттi əдебиеттер тiзiмi-мен
таныстыруын қажет етедi. Оқушылардың лекция жоспарымен алдын-ала танысуы, оның
мазмұнын баян-дауда мұғалiмнiң ойын жақсы ұғынуға көмектеседi.
Ол үшiн лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берiлетiн бiлiмнiң
оқушыларға түсiнiктi болуы мұғалiмдер тарапынан үлкен шеберлiктi қажет етедi.
Дəрiсбаян барысында баяндалған оқу материалы-ның мазмұнын оқушылардың қысқаша
жазып отыруы, оны өз беттерiнше қайталап оқуы, дағдылануы да қажеттiлiк болып табылады.
Дəрiсбаян жəне əңгiме əдiстерi оқу материалына жұмсалатын уақытты үнемдеу жағынан
тиiмдi болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пiкiрiн айтып, кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза
алмайды. Бұл турасында əңгiмелесу əдiсiнiң мүмкiндiгi мол. Мұғалiм дəрiсбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-тəсiлдерiне жəне құрылымына назар аударады. Дəрiсбаянның мазмұнын ол оқу бағдарламасы, оқулық жəне оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бiрақ, бағдарламада көрсетiлген барлық мəселелердiң iшiнен түйiндi мəселелердi айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тəжiрибемен байланыс-тырып, материалдың белгiлi бiр бөлiгiн оқушыларға оқу-лықтан, басқа əдебиеттерден өздiгiнен оқып алуға тапсыр-малар берiп отыруды оқытушы мұқият ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқытушы-ның шеберлiгi
лекцияның тиiмдiлiгiн арттырудың кепiлi.
Оқулықпен жəне кiтаппен жұмыс iстеу əдiсi – оқушылардың өздiгiнен жаңа бiлiмдердi
қабылдау, сыныпта алған бiлiмдерiн бекiту, бiлiктiлiк пен дағды қалыптастыруда тиiмдi əдiс болып табылады. Кiтап - бiлiмнiң сарқылмас қайнар бұлағы. Ол бiлiм мазмұнын кеңiрек ашып, оқушылардың оны терең игеруiне көмегiн тигiзедi. Оқулық жəне кiтаптың көмегiмен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерiнде түрлi жаттығу жұмыстарын орындап, мұғалiмнiң басқаруымен сыныпта алған бiлiмдерiн толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен жəне басқа оқу кiтаптары-мен жұмыс iстей отырып, белгiлi бiлiм
жүйелерiн меңгередi, өздерiнiң көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрiсiн дамы-тады, өздiгiнен
жұмыс iстей бiлуге дағдыланады.
Кiтаппен жұмыс iстеу оқушы үшiн оқытуда күрделi тəсiл болып танылады. Қазiргi мектеп
тəжiрибесiне жүгiнсек, көптеген жағдайда, оны бiтiрушiлер арасында кiтапты оқи немесе нəтижелi
қолдана бiлмейтiндер кездеседi.
Кiтапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негiзгi ойын,
құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекшi идеяларын ашып көрсете немесе өз
сөзiмен тиянақты баяндай алмау мəселе-лерiн ұмытпаған жөн. Ол үшiн оқушы оқу материалының
құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгiрте қарап шығу, содан кейiн барып кейбiр маңызды
бөлiктерiне жете мəн беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есiнде сақтауға күш салуға дағдылануы тиiс. Екiншi мəселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейiн тез, iштей оқуға, оқығанды өз сөзiмен айтып беруге дағдыландыру қажет. Мəтiнмен жұмыс iстегенде оқушыларды, оның ең негiзгi мазмұнын айтуға, бөлiктерге бөлiп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тəсiлдердi қолдана бiлсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.
Кiтаппен жұмыс iстеудiң өзiндiк мəндi психологиялық ерекшелiгi бар. Кiтап оқу мұғалiмнiң
сөзiн тыңдауға қара-ғанда оқушының ақыл-ой күшi мен ерiк-жiгерiн көп керек етедi. Ол оқушының өзiндiк ойлауын, iс-əрекетiн жандан-дырып, оның бiлiм деңгейiн, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмiрге, адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға
тəрбиелейдi. Яғни, ол бiлiм беру көзi ғана емес, сонымен қатар тəрбие құралы.
Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кiтап немесе оқулық көмегiмен орындау барысында
қажеттi уақытты тиiмдi пайдалану, өзiне-өзi бақылау немесе есеп беру жұмыстарында
айтарлықтай кемшiлiктер бар. Барлық оқушылар бiрдей бiздiң жоғарыда айтқан кiтаппен жұмыс
жасау тəсiлдерiне мəн бермейдi, оның талаптарын толығы-мен сақтамайды. Соның негiзiнде бiлiм
мазмұны нашар меңгерiледi.
Сондықтан оқушының кiтаппен өз бетiнше нəтижелi жұмыс iстеуiн, оның саналы көзқарасын
жəне өзiне-өзi бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру мұғалiм тарапынан жауапкершiлiкпен
көңiл аударып отыруды қажет етедi.
Көрнекiлiк əдiстер оқу материалын оқушылардың көзiмен көрiп, нақтылы түсiнулерiне
мүмкiндiк бередi. Бұған демонстрация, иллюстрация жəне бақылау тəсiлдерi жатады.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер жəне заттардың
нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Əдiстiң бұл түрi оқылып
отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың iшкi құрылысы жəне сыртқы көрiнiсiмен немесе бiрыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейдi.
Табиғи нысананы көрсету негiзiнен сыртқы көрiнiсiнен басталады (көлемi, түсi, формасы,
өзара байланысы т. б). Келесi кезекте оның iшкi құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлiнiп
көрсетiледi. Заттың үлгiсi жəне көркем туындылар оқушылар тарапынан бiртұтастық жағдайында
қабылданады. Демонстрациялау көбiнесе оқушылардың практика-лық оқу əрекетiмен ұштаса жүргiзiледi. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нəтижесiнiң табысты болуы бiрнеше жағдайға байланысты болады:
- көрсетiлiп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрiнуi тиiс;
- оқу материалын түсiндiру кезiнде көрсету жұмыс-тары жүргiзiлiп, соңынан нысана алынып
тасталуы керек. Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайды;
- көрнекi құралдарды бақылау барысында əрбiр оқушы мұғалiмнiң нұсқауы бойынша жұмыс iстеуi
тиiс;
Иллюстрация - демонстрация əдiсiмен тығыз байланыста болады. Бұл əдiстi
иллюстративтi құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер,
картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады. Иллюстрация əдiсiнiң нəтижелi болуы, негiзiнен оның қолдану тəсiлдерiн мұғалiмнiң қаншалықты меңгер-генiне байланысты болып келедi. Соның негiзiнде оқушы-лар мен мұғалiмге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңiл меңгеруге септiгiн тигiзедi. Мектеп тəжiрибесi көрсеткендей сабақта иллюстра-циялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына əкеп соғады. Сондықтан, көрнекi құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын жəне таным процесiнде олардың рөлiн алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет. Бұған қосымша мұғалiмдер көрнекi құралдардың тиiмдi көлемiн де анықтауы қажет. Бұл əдiстердiң iшiнде ең басты рөл атқаратыны – бақылау əдiсi. Ол барлық оқу пəндерiн оқытуда кеңiнен қолданылады.
Тəжiрибелiк əдiстер. Оқушылардың сабақта алған теориялық бiлiмдерiн, бiлiктiлiк пен
дағдыларын тереңдету жəне жетiлдiре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше. Оқытудың негiзгi дəстүрлi əдiстерiмен қатар мұғалiм оқушылармен бiрiгiп сабақта, оқу- тəжiрибе участогiнде оқу приборлары жəне техника құралдары көмегiне сүйенiп оқу тəжiрибелерiн жүргiзедi. Оқытудың зертханалық тəсiлi негiзiнен биология, химия, физика пəндерiнде жиi қолданылады. Аталған пəндердiң мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етедi. Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүредi. Жаппай түрде жүргiзгенде сыныптағы оқушылардың бəрi бiрыңғай тəжiрибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда əрқайсысының жасайтын тəжiрибесi əр түрлi болады да, кейiн ол
жинақталады. Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тəжiрибе учаскесiнде жүргiзiлетiн тəжiрибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткiзу, қорыту кезеңi болып бөлiнедi. Дайындау кезеңiнде оның мақсаты белгiленедi, жоспары жасалады жəне оқушыларды қажеттi аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс iстеу принциптерiмен таныстырады.
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттарын жүйелеңіз.
Қазақстанның жоғары мектептерінің кейінгі ұрпақтарына күрделі, қарама-қайшылықтармен жан түршіктіретін «жаһандық білім беру кризисі» (ЮНЕСКО термині) мұрагерлікке қалып отыр. Оған ең алдымен оқыту мен ойлаудың технократтық тәсіліне бір жақты бағдар жасау себепкер болды- әсіресе жоғары мектептің жаратылыс-ғылыми және техникалық пәндерінің кешендері.
1.50-жылдардың соңында «білімге деген сұраныс жарылысы» деп белгіленген тұрақты құбылыс пайда болды. Ол бірқатар факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылды. Олардың ішіндегі ең бастылары- планета тұрғындарының жылдам көбеюі, дамыған елдердегі өсуі, ішкі және сыртқы миграцияның жоғары коэффициенті, жаңа білімдер мен технологиялардың дамуы мен таралу қарқынының үдеуі, содан кейін қайта құрылулар- экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени. Осылардың барлығы жеке және ұлттық деңгейдегі құндылықтар мен басымдықтар жүйесін өзгертуге себепкер болды.
2. Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық қозғалыстар білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді: жоғары білімге капиталды салудың едәуір тиімді саласы ретінде танылды және мемлекет пен корпорациялардың инвестициялық саясатындағы басым сала қатарына жатқызылды.
3. Білім берудің баламасы жоқ дәстүрлі тәжірибесі «сұраныстың жарылысы» жағдайында өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығарды. 70-жылдардан бүгінгі күнге дейін жалғасып және тереңдеп келе жатқан әлемдік білім беру кризисі. Оның негізгі белгілері- білімге деген қажеттіліктің қарқынды өсуі және оны жүзеге асыру мүмкіндігінен айтарлықтай ажырауы.
4.Білім беру саласындағы қайғының негізгі себебі- қаржылық қиындықтар. Батыстың көптеген елдеріндегі әлемдегі бірінші Жер серігінің әсерімен ұлттық экономиканың даму қарқынынан білім беруге бюджеттік қаржы бөлу асып түсетін 50-60 жылдардағы «алтын кезең» артта қалды.
ЮНЕСКО –ның «ХХI ғасыр болашағындағы білім беру философиясы» атты жобасына сәйкес жаңа білім беру философиясының негізгі принциптері мыналар:
1)Білім берудегі ізгілік, ізгіліктендіретін адам қалыптастыратын тәсіл:
2)Білімдердің белгілі бір қосындысын меңгеру ретіндегі педагогикалық процестің дәстүрлі түсінігін адам бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық актімен алмастыру.
3)Білім беру саласына қатысты философияның танымдық, әдіснамалық және жобалық-аксиологиялық функциясын зерттеу.
ХХI ғасыр-өркениет дамуының постиндустриалды кезеңі. Өркениеттің даму кезеңінің алмасуы білім беру жүйесін алмастыруға мәжбүр етті. Білім беру парадигмасын қайта құруды талап етеді. Бұл- ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлықпен қарайтын дәуір.
Европада базалық ретінде Францияның Париждік университетінің моделі қабылданған, ол бүгінде Сорбонна деген атпен танымал. Бұл модель университеттік құрылымның орталығына оқытушы мен автономия принципін университеттік норма ретінде қойды. Болондық университет ұсынған балама идея- студенттік басқару-Европада таралмады, бірақ Испаниядағы, кейін Латын Америкасындағы жоғары оқу мекемелеріндегі формаларға ықпал етті. Жоғары білім берудің еуропалық жүйесінің алғашқы моделдерінің түрі өзгеріп, күннен күнге ұлттық сипат пен ерекшеліктерге ие болды. Неміс, ағылшын, француз, кейіннен американдық моделдер пайда болды, бірақ олардың мәні бұрынғыдай болып қала берді.
Қазақстанның,Ресейдің және ТМД-ның басқа да елдерінің Орталық және Батыс Еуропа елдерінің жоғары мектебі қайта құру жолына 1980 жылдардың аяғында, жаңа әлеуметтік-экономикалық жүйе мен нарықтық экономика жағдайында, қаржылық кризис, саяси және әлеуметтік тұрақсыздық, ұлтаралық қарым-қатынастардың өршуі жағдайында- білім беру саласында қайта құруды жүргізу өте қиын жағдайға түсті.
Мысалы, Американдық модель: кіші орта мектеп- орта мектеп- үлкен орта мектеп- екі жылдық колледж – төрт жылдық колледж университет құрамындағы- магистратура- докторантура.
Француз модель: ортақ колледж- технологиялық, кәсіби және жалпыбілім беру лицей- университет, магистратура, докторантура.
Неміс моделі: жалпы мектеп- училище, гимназия және негізгі мектеп- институт және университет, магистратура, докторантура.
Ағылшын моделі: біріктірілген мектеп –грамматиклық және қазіргі мектеп, -колледж-университет, магистратура, докторантура.
Ресейлік моделі: жалпы білім беретін мектеп- толық орта мектеп, гимназия,лицей-колледж-институт,университет,академия-аспирантура-док-торантура
Қазақстандық модель: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия,,лицей- кәсіптік мектеп, лицей,колледж, училище-университет, институт,академия- магистратура, докторантура.
Қазақстанда білім беру жүйесінде белсенді қайта құрулар жүріп жатыр. ҚР –ң құрылымында 2007 жылы аспирантура мен докторантура алынып, оның орнына магистратура, PhD докторантура. 2010 жылы ҚР –ң Мемлекеттік бағдарламасына қайтадан өзгертулер кірді. ҚР-ң егемендік алғаннан бері жоғары білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттары айқындалды.
Ғалым З.А.Исаева ҚР- ң жоғары білім беру жүйесінің қайта құру процестерін төрт дейгейге бөліп қарастырады:
Бірінші бөлімі- (1991-1994жж) Жоғары білім берудің нормативтік құқықтық базасының құрылуы.
Екінші этап- (1995-1998жж). Жоғары білім берудің модернизациясы, мазмұнының жаңаруы;
Үшінші-(1999-2000жж) білім беру жүйесін ұйымдастырудың академиялық еркіндігінің кеңеюі, қаржыландыру мәселелері.
Төртінші этап (2001 ж ...) білім беру жүйесінің стратегиялық даму бағыты.
ҚР –ң білім беру жүйесінің құқықтық базасы негізінен ҚР –Конституциясы, «Білім заңы», және басқа да құқықтық заң актілері. ҚР-ң Конститутциясының 30-шы бабына сәйкес Қазақстан азаматтары міндетті орта білім және жоғары білім алуға құқылы.
ҚР-ң білім заңының реформасына сәйкес үш деңгейлік өзгерісін қарастыруға болады: 1982ж. ҚР «Білім заңы» 1999ж ҚР «Білім заңы» 2007ж ҚР «Білім заңы» 1993ж ҚР-ң «Жоғары білім заңы». Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.
1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.
1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.
2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.
Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.
Жоғары мектепте оқытудың заңдылықтары және ұстанымдарын жіктеңіз.
Оқыту процесі бес элементтен тұрады:
1.Оқытудың мақсаты
2. Оқытудың мазмұны
3.Оқыту әдісі
4.Оқытушы
5.Оқушы
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы,танымы дамиды, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Білім –адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамның даму заңдарын танып біледі. Оқыту екі жақты процесс. Ол мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастығы арқылы іске асады. Оқыту процесі ол- мұғалім сабақ береді, оқушының қызметі –білім алу. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамыту.
Оқытудың білім беру функциясы- оқушыны біліммен қамтамасыз ету, өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Оқытудың тәрбиелік функциясы- оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Жеке тұлғаға тәрбие мен оқуды жан-жақты қалыптастыру.Тәрбиелеу арқылы оқушының байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, еңбек әрекетіне дайындау.
Оқытудың дамыту функциясы- шәкірттің таным әрекетін дамыту, ой-өрісін, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға, еркін игеруге үйрету.
Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудағы шешуші құралы.
Оқыту –оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.
Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі, яғни оқыту талаптары оқу барысының тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз ететін негізгі іргелі ой жүйесі. Оқыту принциптеріне оқудың мақсаттары, мазмұны,әдістері мен ұйымдастыру түрлері, оның нәтижесін талдау, оқыту талаптарының біртұтастығы, логикалық тізбегі, оқу барысын жоспарлау және басшылыққа алу.
Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:
оқытудың мақсаттылық принципі;
оқытудың ғылымилық принципі;
саналылық пен белсенділік принципі;
жүйелілік пен бірізділік принципі;
оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;
түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;
білімнің берік болу принципі;
көрнекілік принципі;
оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.
ынталандыру принципі;
ізгілендіру принципі;
проблемалық принцип
Көрнекілік принцип- оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асады. Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негіздейді, образдық ойлауға болады.
Оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі- оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.
Ынталандыру принципі- оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.
Ізгілендіру принципі- оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау керек. Мұғалім сабақта балалармен жылы қарым-қатынаста болуы қажет.
Оқыту процесiнiң жалпы заңдылықтары:
1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерi қоғам талабына,
мүмкiндiктерiне, педагогика ғылымының даму деңгейiне тəуелдi.
2. Бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту өзара байланысты.
3. Оқушының таным белсендiлiгi артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
4. Оқытудың тиiмдiлiгi керi байланысқа, қайталауға, түзету iс-əрекеттерiне тəуелдi.
5. Əрбiр тұлғаның жас жəне дара ерекшелiктерiне байланысты таным əрекетiн
ұйымдастыру.
6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерiнiң өзгерiп, жаңарып,
толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негiзгi заңдары:
- Қоғамдық қатынастар, əлеуметтiк құрылыс пен əлеуметтiк тапсырыс тəрбие мен оқыту
жүйесiн қалып-тастыруға ықпал етуi туралы заң.
- Бiлiм алу, iс-əрекет жолдарын меңгеру жəне тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы
заң.
- Педагогикалық процестiң бөлiктерiнiң бiрлiгi жəне бiртұтастығы туралы заң.
- Оқытуда теория мен тəжiрибе бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.
- Оқу iс-əрекетiнiң жеке жəне ұжымдық түрлерiнiң бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негiзгi бөлiктерi болып келедi. Кейбiр зерттеушiлер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пiкiрдi бiлдiредi. Жоғарыда аталған педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар терiс пiкiрлердi жоққа шығарады.
Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық
принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен
заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың
категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн
сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принцип-терiн, негiзгi
қағидаларды белгiлеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты.
Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп
(табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру).
Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi
ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына,
мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға,
ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып
оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн
жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт. Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды
дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз.
Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына
сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген
қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде
бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар
бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:
- ғылымилық,
- саналылық пен белсендiлiк,
- көрнекiлiк,
- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,
- берiктiлiк,
- тиiмдiлiк,
- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.
Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық.
Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы
педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк
жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен,
принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты
шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.
Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап
қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм
дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық
жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына
жетерi сөзсiз.
Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер
педагогтық тəжiрибе-нiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады.
Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп
мақсат-мiндеттерiн iске асырады.
Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принцип-тер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық
ролi; ынталан-дыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас
жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi.
Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.
Ғылымилық принципi
Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi
меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады,
адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне
мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн
қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистiк
көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар:
- Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылым-дарының қазiргi даму дəрежесiне
сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде
тек индук-циялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу.
-Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану,
қолдану, iске асыру.
- Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды
iзденушiлiкке, шығармашы-лыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен,
анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру.
- Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым
ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм
деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану.
- Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру.
Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi
Бұл принциптiң өзектi негiздерi: адам миында сыртқы дүниенi бейнелейтiн өзара
байланысты түсiнiктер жүйесi қалыптасқанда ғана, оның бiлiмi толық жəне шынайы болады;
оқылатын оқу материалын белгiлi реттiлiкпен оқушыларға жеткiзгенде, олардың санасында
ғылыми бiлiмдер жүйесi қамтамасыз етiледi; ғылыми бiлiмдер жүйесi оқу материалының iшкi
логикасына жəне əрбiр оқушының таным мүмкiндiктерiне бағынышты; оқушыларды логикалық
ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелi түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзiлiссiз, кедергiсiз
дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципiмен тығыз байланыста болғандықтан,
ғылыми бiлiмдер негiзiн оқушылардың жүйелi түрде жəне реттiлiкпен ұғынуы сабақтардың
мазмұнының негiзгi өзегi болуы тиiс.
Əрбiр мұғалiм сабаққа əзiрлену барысында не сабақ барысында жүйелiлiк пен бiрiздiлiк
принципiн жүзеге асыру үшiн келесi ережелердi назарға алады.
- Оқу мiндеттерiн оқушылар түсiнiп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелi қабылдауы
мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
- Оқу мазмұны мен əдiстерiнiң жүйелiлiгiн сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары
сыныптардағы оқу мазмұны мен əдiстерiнiң бiрiздiлiгiн қамтамасыз ету.
- Оқу пəнi - ғылымның көшiрмесi болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесiн көрсетiп,
пəнаралық байланыс-тарды пайдалану.
- Бұрын ұғындырған бiлiмдi жиi қайталау жəне жетiлдiру; қысқа қорытындылауды сабақтың
басында, барысында жəне аяғында өткiзу.
- Тек тiл мұғалiмдерi емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой бiлдiру
əдiстерi мен түрлерiн бақылау; үнемi оларды өз қателерiн тауып, талдауға үйрету.
- Əрбiр тақырып, бөлiм, тарау, пəн аяқталғанда қорытын-дылау жəне жүйелеу сабақтарын өткiзу.
- Табиғатына байланысты, шəкiрттер бiрнеше сабақта меңгеретiн материалды бiр сабақта
''айлақорлықпен'' ұғындырмау.
- Оқушылардан əр тарау мен бүкiл бағдарлама бойынша бiлiм, дағды,бiлiк жүйесiн меңгеруiн
талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдiң ''бүгiнгi оқыту кешегiнi бекiтiп,
ертеңгiге жол салады'' өсиетiн нақтылай түседi.
Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi
Бұл принцип философияның ''тəжiрибе - танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген.
Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi,
тексередi, анықтайды; тəжiрибе - ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз
байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi;
оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез
икемделедi.
Осыған орай мұғалiм орындайтын ережелердi атап өтейiк.
- Оқу - өмiр қажеттiлiгi екенiн оқушыға түсiндiру, сездiру.
- Үнемi теория мен тəжiрибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми бiлiмдердiң
маңызын ашу.
- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық бiлiм алып қана қоймай, сол алған бiлiмдерiн өмiрде
қолдана бiлуiн қамтамасыз ету.
- Шəкiрттерге өз бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануды үйрету.
- Оқушыға проблемалық, iзденiс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тəжiрибе бiрлiгiн
дəлелдеу, өзiндiк жұмысты орындауға жəне өз бетiмен бiлiм алуды үйрету.
- Əр сабақта оқушыларға политехникалық бiлiм беру, туған жердiң шаруашылығына лайықты
мамандықтарға дайындау.
- Оқушының қоғамдық еңбегi тəлiм-тəрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.
- Тəжiрибелiк сабақтардың көмегiмен оқушылар теория-лық қағидаларды, заңдар мен ережелердi
iс жүзiнде тексерiп, ғылыми бiлiмдердi меңгеруге мүмкiншiлiктерiн жасау.
- Оқушылардың тəжiрибелiк əрекеттерi тек мектеп, сынып шеңберiнде қалып қоймай, мектептен
тыс өмiрмен, еңбек-пен ұштасып отыруы шарт.
Саналылық пен белсендiлiк принципi
Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да,
саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi
таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi,
ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең
жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.
Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде
төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.
- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын
назарға алу.
- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн
қамтамасыз ету.
- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн
негiзге алу.
- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi
қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.
- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi
ақпаратпен ұштастыра бiлу.
- өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.
- Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.
- Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.
- Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.
- Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.
Көрнекiлiк принципi
Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы
ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы
негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн
тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы,
көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен
салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез,
берiк есте сақтайды.
Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету,
қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға
нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.
- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн -
оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.
- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен
емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.
- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн,
көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.
- Көрнекiлiк - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретiнде
пайдаланылады.
- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемiн, түр-түсiн байқап, көзiмен көруге жəне əр түрлi
дыбысын естуге жағдай туғызу.
- Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да
қолданылады.
- Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс
дағдыларын қалыптастырады.
- Көрнекiлiк бақылай бiлуге, салыстыру, қатар қоя бiлуге, абстракты ұғымдарды дамытып,
жетiлдiруге жол ашады. - Көрнекiлiктi оқытудың белгiлi мақсатына сай қолдану.
- Көрнекiлiк құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтiндей, кейiн бас жəне қосалқы
бөлшектерiн, соңында тағы бүтiндей көрсету керек.
- Көрнекiлiктi оқушылармен бiрiгiп жасау.
-Көрнекi құралдарын оқу пəндерiнде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным
ерекшелiктерiн ескере отыра пайдалану.
- Көрнекiлiктердi қолдануда сан емес сапасына көңiл аудару.
Берiктiк принципi
Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы
даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi:
оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты
екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi
қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi,
уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте
сақталады.
Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.
- Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан
мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.
- Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi
санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.
- Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында
сақтату.
- Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды
анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.
- Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу
жұмыстарын ұйымдастыру.
- Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-
таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. - Бiлiмнiң
берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен
шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
- Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен
салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.
- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты
тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.
- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы
əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.
- Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу.
- Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру.
- Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу.
Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте
сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету.
Сəйкестiк принципi
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагог-тық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға
жеке-дара қарауды талап етедi.
Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты
ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара
ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен
алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою
баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне
оң /дұрыс/ ықпал етедi.
Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:
- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңiлден күрделiге көшiп оқыту.
- Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.
- Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.
- Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне
сүйену.
- Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.
- Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын
ойластыру.
- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.
- Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға
сүйенiп оқыту.
- Ең күрделi бiлiмдi игерту үшiн аналогия, салыстыру, теңдестiру, қарсы қоюды пайдаланып
оқушы ойын қоздыру.
- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық
байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.
- Баяу асығыңыздар! Қажетсiз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту жылдамдығы жас жəне дара
қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.
- Сəйкестiк мұғалiмнiң əңгiмелеу, сөйлеу, тiл анықтылығына тəуелдiлiгiн ұмытпау.
- Сəйкестiк - жеңiлдiк емес, оқушы еңбегiн жеңiлдету мақсат емес, бiрақ оқушыға өздiгiнен бiлiм
табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
- Сəйкестiк еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу сəйкестiгi кедергiсi
төмендейтiнiн ұмытпау.
Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде
үнемi дидактикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.
Интерактивті оқыту технологиясының мағынасын түсіндіріп, мысал келтіріңіз
Интерактивті оқыту әдісі – студенттердің танымдық және коммуникативтік әрекеттерін ұйымдастырудың арнайы формасы. Интерактивті сабақтардың негізін студенттер орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар құрайды. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың кәдімгілерден айырмашылығы – оларды орындау барысында студенттер оқыған материалды бекітіп қана қоймай, сонымен бірге ӛздігінен іздену нәтижесінде жаңа білім алады. Интерактивті сабақтарда оқытушының қызметі студенттердің әрекеттерін сабақтың мақсатына жетуге бағыттау болып табылады.
Оқытушының оқу және тәрбие міндеттерін шешу үшін келесідей интерактивті формаларын қолдануға болады:
 интерактивті экскурсия;
 кейс- технологияларды қолдану;
 бейнеконференциялар ұйымдастыру;
 домалақ үстел;
 «ми шабуылы»;
 тренингтер;
 іскерлік және рольдік ойындар;
 нақты, практикалық жағдаяттарды талдау;
 топтық пікірталастар.
Интерактивті сабақтарда келесідей оқыту формаларын қолдануға болады.
Тренингтер. Тренингтік сабақтармен оқыған материалдың негізгі назарын практикалық ӛңдеуге аударылатын оқыту деп түсіндіріледі. Мұнда студенттер берілген арнайы жағдаяттарды модельдеу процесінде қажетті білім, білік пен дағдыларын дамыту және оларды бекіту, ӛзінің тәжірибесіне деген қарым-қатынасын ӛзгерту, сонымен бірге басқа да жұмыс тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін алады.
«Тренинг» ұғымы жалпы жинақталған мәнде пайдаланылады. Онда түрлі әдістер және оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады, мысалы: іскерлік, рольдік және имитациялық ойындар, нақты жағдаяттарды талдау, топтық пікір-таластар және т.б.
Пікірталас. Оқытудың бұл әдісі студенттердің шағын тобында (6-15 адам) нақты проблема бойынша топтық пікір-талас жүргізумен сипатталады. Әдетте «пікірталас» түсінігімен барлық формадағы пікір алмасу түсіндіріледі. Тәжірибе тарихы кӛрсеткендей, пікір алмасусыз және оған сәйкес қайшылықтарсыз жалпы қоғамның дамуы мүмкін еместігін дәлелдейді. Әсіресе, ол адамның рухани ӛмірінің дамуына және кәсіби ӛсу аймақтарына қатысты.
Жалпы пікірталасты педагог басқарады және оны басқару процесі екі сипатта болуы мүмкін: біріншіден, пікірталасты жүргізу үшін педагог студенттердің ӛзара қарым-қатынасын құрады және оның белгілі бір деңгейін (ашықтық, бір-біріне жақсылық тілеушілік, жақсы ниет т.б.) қолдайды, яғни педагог жағынан пікірталасты басқару процесі коммуникативтік сипатта болады. Екіншіден, педагог шындықты іздеу процесін басқарады. Егер оқытушы дұрыс қорытынды жасауды қамти алатын болса ғана, пікірталасты ӛткізу жіберіледі.
Қорытындылай отыры, бұл әдістің оқыған материалды жақсы меңгеруіне әсер етіп, тыңдаушылардың тәжірибесін максималды толық қолдануға кӛмектеседі. Оның ерекшелігі мынады – топтық пікірталас барысында тыңдаушыларға қайсысы дұрыс туралы педагог емес, студенттің ӛзі оқытушы ұсынған принциптер мен тәсілдерді қамти отырып және ӛздерінің жеке тәжірибелермен максималды қолданып дәлелдейді. Топтық пікірталастар күрделі материалды оқуда және ӛңдеуде неғұрлым күшті нәтиже береді. Оқытудың мұндай белсендіру әдісі кері байланыс үшін жақсы мүмкіндіктерді камтамасыз етеді, яғни тәжірибені, мотивацияны, білім мен дағдыны бекітуге, оларды бір аймақтан екіншісіне ауыстыруға және т.б.
Іскерлік және рольдік ойындар. Оқытудың белсендіру әдістері жалпы «іскерлік ойындар» атауына ие болды. Бұл әдіс әр түрлі рольдік ойынның кешендерін кӛрсетеді және кӛбіне қатысушылардың қызығушылықтары қарсы болып келеді, ойын барысында немесе ойынның аяғында қандай да бір шешім қабылдау қажеттілігімен ерекшеленеді. Рольдік ойындар басқарушының негізгі маңызды қасиеттерін, мысалы: коммуникативтік қабілеттер, шағын топтарда жұмыс істеу іскерлігі, ӛз бетінше ойлау және т.б. қалыптастыруға кӛмектеседі.
Іскерлік ойындар ереже бойынша, топтық ойлану ізденістерімен келісілген формада етеді және ол ойынға қатысушылардың барлығынан қарым-қатынасқа еліктіруді талап етеді. Ӛзінің мәні бойынша оқытудың бұл әдісі қарым-қатынасты ортатудың ерекше формасы болып саналады.
Қарым-қатынастың кез-келген түрінде ойынға қатысушылардың бірі автор болады, ол әр уақытта ӛзінің кӛзқарасын білдіреді. Ал екінші қатысушы адам реципиент болуы мүмкін, ол автордың мәтінін қабылдап, авторлық кӛзқарасты қайта құрады, яғни түсінгені бойынша бейнені құрайды. Қарым-қатынастың үшінші қатысушысы іскерлік ойын аймағында қатынасты сыншы (критик) болады, неғұрлым жетілген және рәсімделген ӛзінің кӛзқарасын ӛңдейді. Тӛртінші қатысушы қарым-қатынасты ұйымдастырушы болуы мүмкін, жұмыстың барлық түрін бір пікірге келтіріп, авторлық кӛзқарасты жетілдіру бойынша мақсатты түрде ӛозғалыс күштерін ұйымдастырады.
Іскерлік ойындар қорытынды жасаумен аяқталады, мұнда тәжірибе үшін неғұрлым маңызды нәтижелерге талдау жасауға ерекше назар аударылады. Алайда соңғы кезең ойын барысындағы рефлексияға дейін созылуы мүмкін. Мұндай рефлексияның объекттері келесілер болуы мүмкін: ойлау процесіндегі жеке, топтық, топ аралық қозғалыс динамикасы; тұлғааралық қатынастарды ӛзгерту негізінде ұжымдық пікірлердің пайда болу динамикасы; ойыншылардың бағыты және бағыт аралық қарым-қатынасы және т.с.с.
Семинар сабақтарын ұйымдастыру. Семинар түрлеріне сипаттама беріп,нақтылаңыз.
Семинар сабағы – студенттермен жүргізілетін оқу-практикалық жұмыстарының бір түрі. Семинар оқытушылар мен профессорлардың басшылығымен жүргізіледі. Студенттер баяндама, реферат жазады, өз беттерінше кішігірім зерттеулер жасайды. Семинар пән ерекшелігіне, оқу ісінің мақсатына, оқушылар құрамына қарай университет, институттарда және басқа да оқу орындарында кеңінен тараған, сол сияқты саяси-ағарту ісі саласында жүргізіледі. Семинар студенттердің ғылымының әр тарауын терең игеруіне ықпал етеді. Студенттер семинардың нәтижесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын, одан тиісті ғылыми қорытынды жасауға үйренеді.
Семинар – тақырыпты немесе курс тарауын тереңдете ұғынуға арналады. Семинарда шәкірттер оқытушының жетекшілігімен дайындаған баяндамаларын, рефераттарын ұжым болып талқылайды. Талқылау барысында оқушылар ғалам саласының әдістемесін меңгереді, өз алдына жұмыс істеуге және оны ауызша не жазбаша баяндауға, өз қорытындыларын дәлел-уәжбен қорғауға, пікір таластыруға машықтандырады. Ертедегі Грек, Рим мектептерінен бастау алған бұл оқыту түрі қазір де қолданылады.
Семинар сабақтары оқушыларды өз бетімен оқуға, жұмыс істеуге үйретеді. Зерттелген материалдың мәнін жете түсінеді, өз ойын мазмұндап дәлелдейді.
Семинар сабағы көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылығын шыңдау мақсатын көздейді.
    Студенттердің пәнді өнімді де нәтижелі меңгеруіне көптеген факторлар мен жағдайлар әсер етеді. Солай бола тура, олардың ішінен негізгі екі жұмыс түрін ерекше атап көрсетуге болады. Олар, әрине бірінші кезекте лекция және семинар сабақтары. Бұл сабақтар студенттерде оқу уақытының 50-60% алады десек қателеспейміз. Оқу процесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар аудиториялық жұмыстың негізі болып табылатын лекция сабағында жүргізіледі. Бұл жерде көп көңіл бөлетін нәрсе, лекцияның мазмұнын өзектендіру, актуальдық деңгейге жеткізу және барынша лекцияның «әңгіме-диалог» түрінде өтілуіне белсенді түрде бет бұру. Жалпы, студенттерге лекция оқуды бастамастан бұрып, лекцияны қалай конспектілеуді (қалай жазу, немесе белгілі бір символдармен, белгілермен, сандармен белгілеу т.б.) үйрету артық болмас еді. Лектор студенттердің назарын лекция оқу кезінде мынадай жаттарға аудару керек. Біріншіден, лекция ешқашанда оқулықты түгелінен қайталамай керек, керісінше оның ең негізгі, мәнді және күрделі тұстарын қазіргі заманғы ғылыми нәтижелермен байланыстыра отырып ашып көрсету керек. Екіншідінен, лекция студенттер пайдаланатын негізгі оқулықпен мазмұны жағынан қарама-қарсы болмауы керек, яғни принципальды түрдегі айырмашылықтар болмауы керек. Лекцияны қабылдау және оны көшіріп жазу – бұл күрделі де қиын процесс, сондықтан студент лекция кезінде үнемі назарымен мен пайымдаулы меңгеруі қажет. Лектор өз кезегінде студенттерге лекцияның негізгі тұстарын әр түрлі тәсілдірмен (қарқынды тездету немесе баяулату, интонацияны көтеру, дикциясын анық жеткізу,  жекелеген ойларды қайталау) жеткізе білу керек. Әрине, бұл жерде студент лекцияны түгелінен көшірлеу керек. Олай қылу бір жағынан мүмкін емес те, сондықтан қысқартып жазу ең тиімді тәсіл. Сонымен лекцияны конспектілеу – бұл толығынан механикалық жұмыс емес, керісінше ой мен жазыны белсенді түрде жұмыс істетін қысқартып жазу жұмысы.
    Лекцияның түрлеріне келетін болсақ, лекция-диалог түрінен басқа лекция-конференциялар да қолданылады. Бірақ, бұл лекцияның бұл түрі көп алдын-ала дайындықты қажет ететіндіктен, студенттердің сурақтарымен қатар, олардың айтысын, мінбеге шығып сөйлеуін қажет ететіндіктен, ең тиімдісі, лекция-диалог болып қала береді деп ойлаймын.
    Студенттерді оқытуды жетілдіру мен белсенді жүргізудің екінші бір түрі – семинар сабақтары. Семинар сабақтарының негізгі мақсаты – студенттерге дербес, өз бетінше шығармашылық ойлауды қалыптастыру, шындықты сыни тұрғыдан талдау қабілетін және шындықты қарама-қарсылықты тенденциялардың бірлігі ретінде түсінуді қалыптастыру, алынған білімді жеке сенімге айналдыру және әр студентте дүниеге көзқарасты қалыптастыру болып табылады. семинар студенттерде еңбексүйгіштікті тәрбиелеудің ең тиімді тәсілі, сонымен қатар, ол студенттерде берілген әдебиеттер мен  оқу құралдарында және лекцияда берілген материалдарды игерудің сапасын бақылаудың бір түрі болып табылады.
    Мындай бақылау семинар кезінде студенттердің білімінің кемістігін анықтап, оны дер незінде жөндеп отыруға, көмектеседі. Егер нақтырақ айтсақ, оқытушының студентке деген көмегін былай нақтырақ көрсетуге болады: 1) семинар сабағы жоспарының мазмұнымен мұқият танысу, осы тақырып бойынша жазылған лекцияның конспектісімен танысып, оны оқып шығу, осы тақырып бойынша оқулық пен оқу құралдарынң тарауларымен танысу, осы тақырып бойынша қосымша әдебиеттермен танысу, осы тақырып бойынша қайнар көздерді оқып шығып, ол бойынша конспект жасау.
    Енді осы семинар сабақтарын өткізудің тәсілдеріне келетін болсақ, олардың көптеген түрлері бар екендігін айта кеткен жөн. Ең кең тараған түрі – берілген тақырып бойынша кең түрде, толық әңгіме жүргізу болып табылады. Бұл ең жеңіл әдіс, бұл әдіс кезінде студенттер соншалықта белсенді түрде әрекет етпейді, яғни көбісін үшін «жұмыс істейтін» бірнеше студент болады да, солардың жемісін бүкіл топ көреді.
    Ал білімді игерудің белсенді түрі - әрбір студенттің ақиқатты меңгеруге тікелей өз бетінше, дербес күйде жетуі. Бұл мақсатты шешуде бірге көмекке келетін тәсіл –пәнді оқып-үйренуде келелі мәселелерді шешіп үйрену тәсілі. Бұл тәсілдің тиімділігі-келелі мәселе көтеріліп қана қойылмайды, сонымен қатар, оны шешу кезектігі екенінде. Сондықтан бұл тәсіл – семинардың дәстүрлі түрлерін емес, керісінше белсенді түрлеріне жатады.
    Мысалы, оған семинардың мынадай екі түрін, жатқызуға болады.
    Бірінші түрі бойынша: «шағын топтар» әдәсі. Бұл семинардың түрін саны аз топтарда өткізген дұрыс. Топ екіге бөлінеде да, әр командада колбасшы (лидер) таңдап алынады. Әр командаға 1-ші сураққа жауап беру үшін дайындыққа 5 минут беріледі. 1 сураққа 1-ші лидер жауап бергеннен кейін, 2-ші команданың студенттері 1-ші командаға 5 сурақ қояды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай берілсе, керісінше әр бұрыс жауапқа 1 ұпай алынып тасталып отырады.
    Әр ұрпаққа жауап беру үшін 30 секунд бөлінеді. Сонан соң командалар өз рольдерімен ауысады: екінші команданың лидері сураққа жауап беріп, екінші команданың студенттерді 1 командаға жауап береді. Әр сурақтан соң әр команданың ұпайы саналып, жарияланып отырады. Сөйтіп семинар сабағының барлық сурақтары талқыланып болғанша жалғаса береді. Семинардың бұл түрі (оймен шабул) кезінде тақырыптың мазмұны толық және терең қарастырылуы, студенттер белсене араласады. Сабақтың аяғында барлық ұпай саналып, тиісінше ұтқан команда жақсы баға алып, ұтылған команда өзіне тиісті бағасын алады.
    Семинарлың екінші түрі: «шағын топтар» әдісі. Семинардың бұл түрі бойынша топ 4 немесе 5 кішкене топқа бөлінеді, яғни талданатын мәселелердің санына сәйкес. Семинардың басында спикер (шешен), скептик (күмәнданушы) және эксперт (бастаушы адам) тағайындалады. Уақыт белгіленгеннен кейін, спикер шығып жауаптың өз вариантын айтып береді. Онан соң, скептик шығып спикерді теріске шығарып, өз жауабын айтақаннан кейін, эксперт екі көзқарасты салыстар отырып, ақиқат пікірді көрсетеді. Бұл процесте атақты «триада»: тезис, антитезис, синтез, әрекет етеді. Семинардың мұндай түрінде студенттер тек өз ойларын белгілі бір уақыттың (регламент) ішінде айтып қана қоймай, оппонент, болу арқылы, дұрыс білімді анықтап, оны сынай отырып, диалектикалық тұрғыдан ол білімді жинақтай (синтез) алады. Қорытындылай айтсақ, танымның күрделі диалектикалық процесі жүреді. Студенттерге сабақ беру тәжірибесі көрсеткендей, сабақ берудің белсенді түрлерін жүргізу – зерттелетін тақырыпқа олардың қызығушылығын туғызып, олардың ойлануына, пайда болған мәселелерге үйреншікті емес жүрістер жасауға мәжбүрлейді.
Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады. Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау, ситуацияларды жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіруі қажетеді. Семинар сабағын топтық талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді. Семинарға дайындық барысында: семинардың тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын негізгі мәселелер мен мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша оқытушының дәрісте берген материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар; ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті болатындарынан конспекті жазыңыз; әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып, өз пікіріңізді айтуға талаптаныңыз; оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз. Семинардағы жұмыс кезіндегі үдерісте: семинарға қатысушылардың сөйлеген сөзін көңіл қойып тыңдаңыздар, оның айтқандарын өзіңіздің пікіріңізбен салыстырыңыз; қарастырылатын сұрақтарды талқылауға белсенді қатысыңыздар, өз пікіріңізді айтудан қорықпаңыз, бірақ ол сенімді дәлелдермен бекітілуі тиіс; егер сіз біреудің пікірімен келісетін болсаңыз, оған сыни тұрғыдан қараңыз, бірақ есіңізде болсын, сын негізделген және қалыптасқан болуы керек, яғни баламасы ретінде нақты ұсыныс беруіңіз қажет; семинардың соңында қарастырылған сұрақтардың дұрыс жауаптарын қысқаша тұжырымдаңыз.
Ақпарат көздерімен (оқулықтар, ғылыми әдебиеттермен зерттеулер, интернет, т.б.) жұмыс жасау. Ол үшін студент ең бірінші кітапханада катологпен жұмыс істеудің әдісін меңгеруі; тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңе қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысуы; қажетті ақпаратты жинауды үйренуі қажет. Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс олардың мазмұнынан өзіне қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттей оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады. Оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін ұсыныстар: оқу әдебиеттерін оқи білу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру студенттің дербес және алдымен сол уақыттағы оқитын материалына байланысты болады. Оқулықты оқуға кірісе отырып, студент не үшін оқитыны жөнінде өзіне есеп беруі керек. Сосын жалпы конспектіде нақты тақырыптың алатын орнын анықтап, мазмұндық құрылымын, жақын құрылымдық бірлігін ойластыруы керек.
«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды.
Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.
Презентация – бұл пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы, жариялау деген мағынаны білдіреді. Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау, даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін. Презентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі.
Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар колло́квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.
Пікірталас (дискуссия) - қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру арқылы ақиқатқа жету тәсілі. Оны өткізудің түрлері баршылық. Дискуссияның мақсаты: қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу; кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру, мүмкін көзқарастарды анықтау. Дискуссияның барысы: 1. Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы: талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру; Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады; Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау; жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргумент бөліп көрсетіледі; Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірі мен ұсыныстарын айтады; соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады. 2.Дискуссияның жағымды жақтары: мәселелер әр қырынан талқыланады; жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес; оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді. Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізген жөн. Ол студенттерді бір-бірімен айтысуға; түрлі пікірлерді айтуға; оппоненттерді тыңдауға үйретеді. Дебат өткізуде қажетті нәрселер: оппоненттің не туралы айтқанын мұқият тыңдау; әр 15 минут сайын студенттер сенімді аргументтерді жазып алып отырады; түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару; соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады.
«Ойға шабуыл» әдісі – бұл жаңа идеяларды шығару үшін кеңінен қолданылатын әдіс, қойылған мәселелердің спонтанды түрде шешілуі. Мұнда:1) Міндеттерді анықтау; 2) 5-8 адамнан тұратын шығармашылық топты құру. Шығармашылық топ 2 топтан тұрады. (ұдайы және уақытша қатысушылар). Ұдайы топқа топ жетекшісі кіреді. Уақытша қатысушы ретінде шешілетін мәселенің құрамына қарай анықтайды: а) Өту уақыты 1-2 сағат. шақыруды 2-3 күн бұрын алады. б) Идеялардың санына көп көңіл бөлінеді. Олар қысқа, әрі нақты болуы тиіс.в) Ойын барысында сын айту жіберілмейді. Сынның болмауы жақсы микроклимат тудырады. г) Микроклимат тудыруға қалжың, әзіл өз көмегін тигізеді. «Миға шабуылдың » нағыз сеансы адамдардың ерекше психологиялық көңіл-күйі. д) Жүргізушінің міндеті бейтарап жағдаят тудыру, жаңа адамдарды таныстыру, әзілмен әңгімелеу. Ақыл ой шабуылы - бір проблема жайында ұйымдастырылған пікірлесу, жоба туралы толық, ашық, еркіндікте әңгімелесу.
Ойындар:
Рөлдік ойындар: көшбасшылық ойындар.
Іскерлік ойындар: саяхат, блиц-ойындар, өндірістік ойындар.
Имитациялық ойындар.
Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары. Тренингтердің мақсаты – үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. Мұнда үйренушілер өз әрекеттерін қалайша тиімді түрде ұйымдастырып, жұмыста оң нәтижеге қалайша жету керектігі мәселесімен айналысады.
Тест студенттердің оқу жетістіктерін, олардың білім, білік, дағдыларының жиынтығын обьективті түрде өлшеу мүмкіндіктерін береді. Тесттерді әдетте ашық және жабық деп екіге бөледі. Жабық тест дегеніміз – келтіріліген жауаптардың ішінде біреуі дұрыс болатын тапсырма, студенттер бұл жауапты таңдап көрсетуі тиіс. Ашық тесттер дайын күйде берілген бір немесе бірнеше дұрыс жауаптарды іздестірмей, шығармашылық тұрғыдан шешім келтіруді талап етіп,келесідей тапсырмалардан тұрады: өзіндік түсінікті келтіру, мәсеелні шешу, ой-өрістерін дамытуға бағытталған шығрмашылық жұмыстары.
Бақылау – қандай да бір фактілерді анықтау үшін ақпаратты жинақтау құралы. Бақылау арқылы студенттің сабақта қалай жұмыс жасағандығын немесе сабақтың қалай өткендігі туралы ақпарат жинап, талдау жұмысын жүргізуге болады.
Сауалнама – берілген сұрақтарға жауап беру арқылы ақпарат жинақтау. Сауалнама алдын-ала құрастырылып, респонденттерге таратылып беріледі.
Интервью – сұрақ-жауап арқылы қандай да болмасын мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру. Интервью арқылы студенттің немесе оқытушының сабақ тақырыбы жайлы пікірлерін білуге болады.
Глоссарий – белгілі бір шығармада кездесетін, сирек қолданылатын сөздердің түсіндірме сөздігі. Сөз тіркестеріне, қазіргі кезде түсініксіз сөздерге түсінік беріледі. Сирек кездесетін кейбір аударма сөздіктер де глоссарийге жатады.
Сұхбат – негізгі бір ортақ ой төңірегінде әңгімелесіп , ой бөліседі. Сұрақтарына жауап алып, сұқбаттасушының пікірін біледі. Сұхбаттық әңгіме түрі көпшілігінде екі адамның әңгімелесуі түрінде өтеді. Сұхбатқа қатысушылар фактілерді жинақтап, қойылатын сұрақтарын айқындап, сұхбатқа қатысушы еркін,ашық, сындарлы әңгіме өткізуі тиіс.
Контент - талдау – мәтіндік материалды талдау, сол мәтінге мазмұнның сай келуін түсіндіру.
Түйін, мазмұн - сөйленген, жазылған немесе оқылған сөздің қысқаша түйіні.
Педагогикалық зерттеудің әдістеріне талдау жасаңыз.
Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Педагогикалық зерттеу əдістері көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады:
1)педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері
2) теориялық зерттеу əдістері
3) математикалық əдістер
бақылауəңгімелесу
оқушылардың жазба жұмыстарын көзден өткеру
интервьюанкеттеупедагогикалық құжаттармен танысу
индуктив
дедуктив
тіркеу (регистрация)
ранжирование (тəртіпке келтіру)
өлшемге түсіру (декодирование)


Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.
Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау əдісімен орындалады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, əрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен ұстамдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мəн-жайына енеміз.
Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;
- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар мен – əдістемелік қолданбалар.
Əдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы жəне қай мəселелердің əлі тың жатқанын білуге болады.
Əдебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік əдебиеттер тізімі; реферат жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны; конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогикадағы математикалық жəне статистикалық əдістер сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін, сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық тəуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент нəтижесін бағалауға, қортындылар сенімділігін арттыруға, теориялық тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық əдістер арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу (регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру (декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық (салыстырып бақылау жəне эксперименттік топтардың жазба жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін); медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген тізімде алтыншысының бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама таблицалар қабылданған. Осы əдістермен жинақталған көрсеткіштердің сандық тəуелділіктері графиктер, диаграммалар, таблицалар түрінде өрнектеледі.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік құзыреттілігі мен біліктілігін түсіндіріңіз.
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген.
Орыс тілінің сөздігінде «құзыреттілік» термині «әлдекімнің жақсы хабардар болуы мәселесі төңірегінде» берілген.
Латынның «compete» деген термині «білу», «жасай алу», «дегеніне жету» деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру керек.
Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.
Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру саласынан үнемі алда болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенеді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды.
Құзырлық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өте алады. Оқушының құзырлығын қалыптастыру бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама – қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығарудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзырлық деңгейі қандай болмақ? Педагогика зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми - теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды.
Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын дайындау барысында туындаған құзырлық тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғылыми педагогикалық ортада талқылануда.
Қазақстандық ғылымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңестігіне кіріктіру және қоғамыдқ сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес білім берудегі құзырлық үлесіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп тұрмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда.
Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру педагогикалық білім беру мен білікті жетілдіру мазмұнын жаңарту құралы ғана емес, оны қазіргі талапқа сай ұйымдастырудың қажетті механизм ретінде де қарастыруға болады. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру білім беру мен білікті жетілдіру жұмысына айтарлықтай өзгеріс ендіріп, оған тәжірибиелік – шығармашылық бағыт береді.
Сонымен қатар қазір негізгі мәселе «Баланы қалай оқыту керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» дегенге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беруге көшуде мектеп алдына негізгі үш бағыт басшылыққа алынады: оқушының жеке қабілетін, әлеуеттік мүмкіндіктерін, ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып, жеке-даралық бағытта оқыту. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент–мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру; профильдік компонент–профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңдігін, оқылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру; тұлғалық компонент–оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.
Төменгі деңгей (бейімделу)-құзыреттілік туралы түсініктері таяз, кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге ықтиярсыз, дидактикалық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды игеруге құлықты емес.
Орта деңгей (репродуктивтік)-кәсіби құзыреттілік жайлы білімдері, қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес, кәсіби құзыретті мұғалім болудың қажеттілігін сезінеді.
Жеткілікті деңгей (эвристикалық)-кәсіби құзыреттілікке деген көзқарасы жақсы, дидактикалық біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті бар, бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында жоғары нәтижеге жету үшін қосымша материалдарды, ақпараттарды тауып, оларды іріктей алады.
Жоғары деңгей (креативтік) - кәсіби құзыреттілікке деген қызығушылығы тұрақты, оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің мәні деп есептейді, білім, білік пен дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. Педагогикалық қызметте кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, сабақтарды жобалай біледі, ұйымдастыра алады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолданып өткізе алады, адамдармен тез тіл табысады, ұжымда, әлеуметтік ортада беделді.
Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы мектеп мұғалімі кәсіби қызметінің сапалық мазмұнына қойылатын талаптармен танысып, мұғалімінің үздіксіз даму үдерісіндегі әлеуметтік - мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын, құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болу керек екенін өздерінің міндеті ретінде түсінді.
Проблемалардың шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктердің қалыптасу жолдарын іздестірді.
Тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
Қазіргі қоғам сұранысының талаптарына сай мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру мекемелерінің жаңа бағдарын анықтап, мамандардың құзыреттілігін көтеруді талап етіп отырғандығына байланысты болып отыр.
Мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі - әлеуметтік сұранысқа сай заңды құбылыс, өйткені тұтынушылар жоғары деңгейде сапалы білім беру мектептерін таңдауға мүмкіндік алады, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі – сол мектептің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші, түлектердің білім сапасында, тәрбиесінде, жаңа ақпараттық технологияны меңгеруінде, олардың бойынан пәндік және түйінді құзыреттіліктердің көрініс табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады.
Болашақ мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін анықтауда тұлғаға бағдарлы, әрекеттік, жүйелілік, ақпараттық, мәдениетнамалық және құзыреттілік тұғырлар басшылыққа алынды. Тұлғаға бағдарлы тұғыр студенттің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасуында оларды өз ісінің субъектісі ретінде сезінуіне, өзіндік әлеуетін, сапаларын аша білуге және дамытуға ықпал етеді. Іс-әрекеттік тұғыр болашақ мұғалімнің іскерлігінің, жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына түрткі болады. Жүйелілік тұғыр студенттің білім мазмұнын сапалы меңгеруін, білім, білік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне үйретеді. Болашақ мұғалімінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда құзыреттілік тұрғыдан келу дайындықтың мазмұнын таңдауға және мақсатын белгілеуге, нәтижелі білім беруде пәндік және түйінді құзыреттіліктерді айқындауға себеп болды. Мәдениетнамалық тұғыр болашақ мұғалімнің қоғаммен, адамдармен қарым-қатынастағы мәдени қатынастардың негізі ретінде олардың адамилық, өркениеттік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Ақпараттық тұғыр қазіргі заман талабына орай болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық телекоммуникативтік технологияларды қолдана білу қабілетін дамытуға себепші болады.
Болашақ мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негізі біртұтас педагогикалық үдеріс, оқыту үдерісіндегі пәнаралық интеграция, құзыреттілікті қалыптастыру, инновациялық теорияларына сүйенеді.
Мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуы әдіснамалық, теориялық, әдістемелік және технологиялық компоненттердің бірлігінде және өлшемдер мен көрсеткіштердің негізінде жасалған құрылымдық – мазмұндық – үдерістік модельге байланысты.
Заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесінің ескі моделіне үлкен өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Соның бірі ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілердің бойында проблеманың шешімін таба білу құзыреттілігін қалыптастыру. Жас зерттеушілер алдынада ізденудің әдіснамалық құрылысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау сияқты ғылыми жұмысты зерттеу барысында, т.б. сұрақтар туындайды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының сапасын төмендететін түрлі қателіктерге ұрынбау үшін қажет.
Біздің зерттеулер мұндай қателіктер іздеу тақырыптарының ашылмауы; мысалдардың қысқа беріліп, түбегейлі түсіндіріліп, ізденушінің ғылыми ойын түсінбеуі; жаңалық пен теория мәнінің ерекшеленбеуі; ғылыми терменологияның сақталмауы, мақұлданған терминдердің орнына ауыз екі, тұрмыстық лексиканың қолдануы; жасалған жұмыстың берілуіндегі ғылыми стильдің бұзылуы, кіріспе мен іздеу бөлімінің қорытындысы мен негізігі бөлімнің мазмұнын бере алмауынан ғылыми зерттеудің негізігі мәнінің көрінуі мүмкіндігінің жоқтығы; іздеу тақырыбына мүлдем қатысы жоқ әдебиеттер мен мақалалардың қолдануы, еркірген әдебиеттердің қате әрі қолданылатын үлгілердің ауытқи дайындалуы, стильдік, орфографиялық, синтаксистік қателердің көптігі; ізденушінің зерттеуіндегі ұсынған жаңалығының пайдалану дәрежесін бағалайтын құрылғы кей кезде жеке тұлғаның даму әсерін анықтауға мүмкіндік бермеуі; зерттеу тапсырмаларының тәжірибе барысында толық көлемде шешілмеуін көрсетеді. Ғылыми зерттеу жұмысының орындалуы тұлғалық, интелектуалдық, психологиялық, күш жігер мүмкіндіктерімен жасалуымен сипатталады. Мұндай мүмкіндіктер жас зерттеушінің құзыреттілік мазмұнын құрайды. Зерттеушінің құзыреттілігі жоғарылаған сайын ғылыми зерттеу жұмысының деңгейі жоғары болады.
«Құзыреттілік» анықтамасы әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуінің, зерттеу еңбегінің нәтижесінің, жеке тұлғаның сапасын жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын, тағы басқаны білдіреді. Жас зерттеушілердің құзыреттілгін нәтижелі ғылыми зерттеу ісін іскеасыру және оның сапсына жауап беру жолындағы тұлғаның психологиялық, теориялық, әдіснамалық, технологиялық дайындығының бірігу бағыты.
Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіп, талданатын өзгерістер.
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа бағыттарын қажет етеді. Күннен күнге педагогтар қауымы өздеріне қойылатын талап пен міндетті нақты түсініп, қоғам қажеттілігінде жеке тұлғалық қасиет танытуда. Егер парадигма білім, білік, тәрбиені қалыптастыру болса, ал оқыту арқылы жеке тұлғаның мәдениетін, ғылыми шығармашылдығын дамытуға, яғни мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиеленуіне әкеледі.
Мұғалім өз пәні бойынша оқушыларға білім беріп қоймайды, соған сәйкес оқушыны тәрбиелейді және жеке басын қалыптастырады. Бұл мұғалімнің баланың жас, дара ерекшеліктерін білуді, оған сай әрекетін ұйымдастыруды, олардың қарым-қатынасын, сенімін, көзқарасын, танымын, белсенділігін дамыту әдістемесін білуді қажет етеді. Олай болса, мұғалім жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болу үшін педагогикалық және психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс.
Қарым-қатынас (коммуникативтік) біліктілігі–бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы, қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін адам ең алдымен,басқа адамды түсіне білуді, тани білу және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі қажет. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бет-бұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу, оң шешімін таба білу. Осылардың нәтижесінде мұғалімге қарым-қатынас бейімділігі және ептілігі бар адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиеті қалыптасады.

Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру,араласуң дегенді білдіреді. ХІХ ғасыр коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындаєы жолдар, құралдарң деп қолданылды. ХХ ғ. ол әлеуметтік мағынаға ие болды. «Қарым-қатынасң ұғымы – ғалымдар коммуникация ұғымы екеуі бір мағынаны білдірмей ме деп зерделеді. Оны шешуге екі түрлі амал тұрғысынан келді:
1-ші амал – мәніне қарай екі ұғымды теңестіру. Л.С.Выготский, В.Н.Курбатов, А.А.Леонтьев т.б. көптеген энциклопедиялық сөздіктерде «коммуникацияң ұғымы – хабарлау жолы, қарым-қатынас деп түсіндіріледі. Белгілі украиндық маман Ю.Д.Пирлюктің пікірінше, этимологиялық және семантикалық тұрғыдан алғанда бұл екі ұғым тең. Бастапқы мағынасына қарай «қоғамдағы ақпараттық алмасуң дегенді білдіреді. Шетелдік ғалымдар Т.Парсонс және К.Черри де осы пікірді құптайды. Т.Парасонстың пікірінше, коммуникавцияны адамдар арасындаєы қарым-қатынас, өзара әрекет деп түсінуге болады. К.Чериидің пікірінше коммуникация сан алуынан байланыс жүйесін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ең маңыздысы тіл және сөз дейді.
2-ші амал – «коммуникацияң және «қарым-қатынасң ұғымдарын бөліп қарастыру. Белгілі философ С.Каган коммуникация мен қарым-қатынастың басты екі қатынасына қарай айырмашылықтары бар дейі. Біріншіден, қарым-қатынас практикалық та, материалдық, рухани, ақпараттық және практикалық-рухани сипатқа ие, коммуникация тек ақпараттық үрдіс – белгілі бір ақпаратты тасымалдайтын дейді. Екіншіден, өзара әрекет жүйесіне түсетін байланыстардың сипаты мен ерекшеленеді. Коммуникация субъекті-объектілік байланыс, субъект қандайда бір ақпаратты береді (білім, идея, іскерлік хабарлама, мәлімет, нұсқау және т.б), ал объект ақпаратты пассивті алушы (қабылдаушы) ретінде болады.
Қазіргі таңда оқытушының коммуникативтік икемділігін , бір-бірімен қарым-қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде жоғары оқу орындарына бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Мұндай әдістемелер жастардың қарым – қатынас барыныдағы икемділігін көрсете білуін және өз көзқарасын дәлелдеп сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілеттерін қалыптастырады, сондықтан коммуникативтік икемділікті дамыту педагогикалық тәжірибе барысынды да , өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың өзара байланысының мол болуы қажет.
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын түсіндіріңіз.
Педагогика- бұл ғылым және басқа ғылымдар сияқты, оның өз зерттеу пәні, салалары бар. Кез-келген ғылымның қалыптасуы мен дамуы әруақытта да қоғамның практикалық қажеттілігінен туындайды. Педагогиканың пайда болуы болашақ өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауда қоғамның қажеттілігі болып табылады.
Тарихи тұрғыдан педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика өз атауын гректің пайдагогос (пайд-бала, гогос-алып бару) деген екі сөзінен шыққан., балаларды алып барушы. Ертедегі Грецияда өз қожасының балаларын мектепке алып бару міндетін құлдар атқарған. Кейіннен педагогтардың қызметін бала оқыту және тәрбиелеу, тәлімгерлік жұмысын жалдамалы адамдар атқарған. Қазір ол кезеңмен салыстырғанда педагогтардың ролі мен атқаратын қызметі мүлде өзгерді. Бүгінде педагог, ұстаз, тәлімгер, белгілі кәсіби білімі бар, арнайы кәсіби-педагогикалық даярлықтан өткен білікті ұстаздарды, тәрбиешілерді айтамыз. Алғашқы бала тәрбиесі туралы білім негізі қазақ халқының халықтық педагогикасынан бастау алған.
Жоғары мектеп педагогикасы жас ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында, педагогиканың бір саласы ретінде қалыптасты.
Жоғары мектеп педагогикасы қоғамдағы өзгерістер әсерімен теорияға, яғни өсіп келе жатқан тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу туралы ғылымға айналды.Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру, жоғары мектептің педагогикалық процесі, әлеуметтену, іс-әрекет табыстылығы.
Жоғары мектеп педагогикасы пәні- студенттер бойында кәсіпке қажетті білім, дағды, сапаны қалыптастыруға бағытталған оқытушылар мен студенттердің арасындағы біріккен іс-әрекет. ЖМП пәнінің мақсаты- кәсіби білікті маман даярлауға, студенттердің қабілеттерін, дарындылығын көрсетуге, кәсіби біліктілікке жетуге жағымды жағдай жасау.
Ғылыми білімнің қарқынды дамуына байланысты ЖМП-сының жоғары мектеп дидактикасы, жоғары оқу орнында тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп менеджменті, жоғары мектеп технологиялары атты салалары бар.
ЖМП-ң функциялары теориялық және технологиялық болып бөлінеді:
Теориялық функциясына: озық тәжірибені оқыту ; педагогикалық құбылыстарды анықтау; тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Технологиялық функциясына:әдістемелік құралдар дайындау (жоспар, бағдарлама, стандарттар, әдістемелер), ғылымның жетістіктерін өндіріске ендіру; ғылыми зерттеулерді анализдеу.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім беру тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы, арнайы педагогика, әлеуметтік педагогика т.б. жатады.
Жоғары мектеп педагогикасы- философия, психология, жалпы педагогика, логика, тарих, математика, этнопедагогика, этнопсихология, медицина, экология, экономика, социология, адам физиологиясы т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүзеге асады.
Педагогика ғылымы туралы өткен уақытта да, қазіргі кезеңде де ғалымдардың арасында үш түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бірінші көзқарастың өкілдерінің айтуынша, педагогика-адамзат білімінің пәнаралық саласын қамтиды деп дәлелдеген. Екінші көзқарас өкілдері педагогиканы қолданбалы пән ретінде қарастыра отырып, оның негізгі атқаратын қызметінен басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, социология) енген, тәрбие саласында пайда болған міндеттерді шешуге арналған. Ғылым мен тәжірибе үшін профессор В.В.Краевскийдің айтуынша, үшінші көзқарас педагогика өзінің зерттеу нысаны мен пәні бар дербес ғылым ретінде қарастырады. Уақыт өте педагогика –адам қалыптастырудың арнайы ұйымдасқан, мақсатты және біржүйелі қызметі, тәрбиенің, білім берудің және оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері туралы ғылым.
Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Тек шәкірттер ғана оқып, білім алып қоймайды, сонымен қатар ересектер де білім алады. Демек қазіргі педагогика ғылымы –бұл адам тәрбиесі туралы ғылым.
Педагогиканың объектісі мен пәні туралы, педагогика – бұл балалар мен ересектерді тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым деген қорытынды шығаруға болады.
  Педагогика деген сөз гректің «пайдос» – балалар, «аго»–жетелеу деген сөзінен шыққан. Сондықтан «пайдагогос» дегеніміздің сөзбе-сөз аударма-баламасы «баланы жетелеп жүруші» деген мағынаны білдіреді. Ертегі Грецияда өз қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепке көбінесе оқымысты басқа құл оқытқан. «Педагогика» сөзі кейінірек «баланы өмір ағынымен жетелеу» өнері ретінде, яғни баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсінілетін болды.
          ХХ ғасырдың ортасына дейін педагогика  баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретінде танылды. Бірақ соңғы кезеңдерде өмір (заман, қоғам) талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек балалар ғана емес сонымен қатар үлкендерде білікті педагогикалық басшылықты қажет ететіндігі мойындауда. Сондықтан, қазіргі кезеңдегі педагогика – тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, ол сонымен қатар жалпы адамзат баласының тәрбиесі туралы ғылым.
         Мұнда «тәрбие» ұғымы адамзат баласына білім беруді де, адамзат баласына оқытуды да, дамытуды да қамтып, мейлінше кең мағынада қолданылып отыр. Демек, педагогика адамзат баласының кең мағынадағы тәрбиесі туралы ғылым.
          Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларда педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика – тәрбие туралы ғылым болып табылады.
         Педагогика ғылымының басты негізгі міндеті – адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинау, тәрбие заңдылықтарын ашу, педагогтарды оқу-тәрбие процесінің теориясы бойынша білімдермен қаруландыру.
          Педагогикалық пәні, оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын тәрбие процесі болып табылады. 
         Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.
         Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде алғаш рет педагогиканың зерттейтін пәні, оның міндеттері және негізгі ұғымдары анықталып, балалардың ата-аналарының әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық балалардың бәрін бірдей оқыту идеясы айтылды. Я.А. Коменский алғаш рет кластық сабақ жүйесінің негізін жасады.
          Педагогикалық ойлардың қалыптасуына орыстың ұлы педагогы, ойшылы, философы К.Д. Ушинский зор үлес қосты. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің сипаты әлеуметтік экономикалық жағдайларға тәуелді екендігін, тәрбиенің халықтық тәрбие болуы керектігін, оқушы тұлғасын қалыптастыруда еңбектің ролі өте жоғары екендігі айтты.
          К.Д. Ушинский адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді және адамгершілік тәрбиесінің негізі дінде деп есептеді.
         Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымын құрудың және оған педагогикалық басшылық жасаудың принциптерін ұсынып, оны практика жүзінде тексерді, еңбек тәрбиесі мен отбасы тәрбиесінің және саналы тәртіпті қалыптастырудың әдістемесін жасады.
         Орыс тіліндегі «Педагогикадан» алғашқы оқу құралының авторлары П.П. Блонский (1884-1941)және А.П. Пинкевич (1884-1939) болса, қазақ тіліндегі «педагогикадан»  алғашқы оқу құралының авторы М. Жұмабаев болды.
         Педагогиканың объекті даму, қалыптасу үстіндегі адамзат баласы болып табылады.
          Ал зерттейтін пәні саналы және мақсатты түрде ұйымдастырылған педагогикалық процесс болып табылады.
          Педагогиканың функциясы педагогикалық процесті сипаттау, оны түсіндіру және болжау болып табылады.Педагогиканың функциясы үш түрге бөлінеді:
          Жалпы теориялық (педагогикалық процестің заңдылықтарын теориялық тұрғыдан талдау), болжаушылық (педагогикалық процестің дамуын негізделген түрде алдын ала болжау), практикалық (оқу, тәрбие жүйесінде жаңа әдістерің мен тәсілдерді, құралдар мен формаларды ұсыну) функциялар.
          Педагогиканың негізгі ұғымдары.
● Тәрбие деп адамзат баласының (халықтың, этностың) ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпақтың (адамның) бойына сіңіру, оларды қоғамда еңбек етіп, өмір сүруге даярлау, қоғамның одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатында аға ұрпақ пен жас ұрпақтың (педагог пен оқушылардың, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің, ата-ана мен баланың, әлеуметтік тәжірибесі мол адам мен тәжірибесіз адамның) өзара бір-бірімен әрекеттесу процесін айтамыз.
● Оқыту деп оқушыларға ғылыми білімдер, іскерліктер мен дағдылар жүйесін (мемлекеттік білім стандартына  сай ғылым негіздерін) меңгерту, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру ақыл-ой қабілеті мен күш-қуатын дамыту, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін немесе мұғалімнің басшылығы мен оқушылардың өзара бір-бірімен әрекеттесуін айтамыз.
● Білім деп оқытудың нәтижесін, оқушының оқыған пәндері бойынша қалыптасқан ұғымдарының, түсініктерінің, бейнелерінің, теорияларының, меңгерген заңдары мен заңдылықтарының, ілімдерінің ғылыми фактілерінің, принциптері мен ережелерінің, әдістері мен тәсілдерінің, білік дағдыларының жүйесінің көлемін, ойлау тәсілдерін айтады.
● Өзін-өзі тәрбиелеу деп адамның өз бойында өзі қалаған, өзіне ұнаған қасиеттер мен қабілеттерді, мінез-құлықтарды, әдет пен әдепті, дағдыларды қалыптастыру мақсатында саналы, мақсатты, белсенді жұмыс істеуін айтамыз.
● Өздігінен білім алу деп адамның өзін қызықтырған сала бойынша білімдерді іздестіруді мен меңгеруіне байланысты өз бетінше мақсатты түрде, белсенді жұмыс істеуін айтамыз.
● Қайта тәрбилеу деп осыған  дейін қолданған тәрбие әдістері мен тәсілдері, формалары нәтиже бермеген жағдайда, тәрбие әдістері мен тәсілдерін, формаларын түбегейлі өзгертуді айтамыз.
●  Даму деп адам ағзасы мен қасиеттеріндегі сандық және сапалық өзгеру процесін және нәтижесін айтамыз.
● Қалыптасу деп ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын, барлық-барлық факторлардың (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық идеологиялық, психологиялық және т.б.) ықпалы мен адамның әлеуметтік тірі жан иесі ретінде дамып жетілуін айтамыз.
         Педагогика ғылымының жүйесі бірқатар педагогиканың салаларына тұрады:
Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Арнайы педагогика – көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
          Арнайы педагогиканың салалары:
         Сурдопедагогика – саңырау, мылқау, керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
         Тифлопедагогика – соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
         Олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларды оқыту м ен тәрбиелеу;
         Логопедия – тілінің кемісі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелерін зерттейді.
         Пәндерді оқыту әдістемесі – оқыту және білім беру теориясына – жалпы дидактикаға сүйенеді.
   Мектеп педагогикасы – кіші, орта және жоғары жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін,  формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
         Жоғарғы мектеп педагогикасы – жоғарғы мектептегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
         Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы – педагогикалық процес және жұмысшы кадрларының кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандардың заңдылықтарын қарастырады.
         Әскери педагогика - әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындағы әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
         Салыстырмалы педагогика - әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді.
         Этно педагогика – ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттейді.
         Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:
Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
● Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
● Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғары
Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады. 
● Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
● Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
● Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін тұрмысының зерттейді.
● Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.
   Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
 
Педагогтың кәсіби құзіреттілігі ұғымына түсінік беріп, кәсіби құзіреттілік түрлерін талдаңыз.
Құзіреттілік – қызмет атқарушының жеке мүмкіншілігі, оның квалификациясы (білімі мен тєжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі күрделі де көп қырлы. Бұл ғылыми педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кєсіби білім берудің теориясы мен әдістерінде, акмеологияда, андрогикада, гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде.
Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тєжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Н.С.Розов құзіреттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жақты танымдық жєне практикалық жањалық енгізуді (инновация) ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты – білім беру жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын білім талаптарын анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С.Розовтыњ пікірінше, құзіреттіліктің мынадай қырлары бар:
— мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің бара-барлығын көрсетеді. Бұл контекстің аяғына осы сияқты ахуалды бағалау, ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
— проблемалық-практикалық аспект, бұл осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;
— коммуникативті аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның жєне адамның осындай жағдайда қатысын жєне өзара ықпал жасауға тиісті мєдени үлгісі, деңгейінің бара-барлығын қамтамасыз етеді.
Құзіреттілікті оның жалпы мєдени жєне кәсіби көріністерін сипаттау үшін былайша аспектілерге бөлу жасанды екенін көруге болады.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар дәйім өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адам арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын стереотиптендіруден арылта білуге тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімдар да құзіретті маман даярлау болып отыр.
Педагогтың кәсіби құзіреттілігі туралы айтсақ, педагогикалық міндеттерді өз бетімен тиімді мұғалімнің, педагог-психологтың, тєрбиешінің тұлғалық  шеше алу мүмкіндіктерін сөз етеміз.
Кәсіби құзыреттілік термині көне заманнан бері қолданылып, әр кезеңде оныњ мазмұны толықтырылып отырған.
Осындай шарықтап даму кезеңдері Платонның сатылап оқытудың жоғарғы оқу түрлері және барлық жалпы білімнің үйлесімдік базасында кәсіпке оқытудағы жоғары білім туралы Аристотельдің идеялары, ХVІІІ-ХІХ ғасырда зайырлық кәсіби білім берудің ұтымды жолдарын ұйымдастыру туралы ойлар. Содан бері жоғары оқу орындарында кәсіпке оқытуға ерекше көңіл бөлініп және соның арқасында қазіргі жоғары оқу орындарында көп деңгейлі жоғары білім беруде кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру үрдісі жалғасуда.
Жоғары білімді маманның кәсіби құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің жєне ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру дайындығына, былайша айтќанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады.
Құзіреттіліктің сипаты қандай?
Кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Ал, құзіреттілік дербес жєне жауапкершілікпен әрекет етуге, белгілі бір жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психологиялық сапаның қосылымы ретінде белгіленіп жүр. Құзіретті болу мен құзіретсіз болудың себебі бірдей. Ол адамның жеке тұлға ретіндегі ахуал, эмоциялық тұрақтылығы мен айнымалылығы, денсаулықтың жақсы-жамандығы т.б. осылардың болу-болмау себептерін анықтау үшін құзіреттілікті саралап, кәсіби психологтың қатысуыныњң маңызы зор (Кесте 2).
Құзіреттіліктің бар-жоғын адам еңбегінің нәтижесімен қарап, пайымдау қажет. Кез келген қызметкер өз әрекетімен кәсіби іс-әрекеттің түпкі нәтижесіне сай талаптарға жауап беретін жұмыстарды орындаса ғана кәсіби құзіреті саналады. Жеткен нәтиже емес, белгілі бір жетістікке жету үшін тырысуды құзіреттілікке телуге болмайды. Құзіреттілікті адамның білімдарлығымен жапсарлатуға болмайды. Өйткені, жұрт айтқандай: «… құзіретсіздік оқу орнының шаңырағында шайқалып тұр». Құзіреттілікті адамдардың белгілі бір мєселені шешу қабілетімен шатастыруға болмайды. Бұл мєселені мен шеше аламын, бірақ менің құзырыма жатпайды немесе бұл менің құзырымда, бірақ, білімдарлығым жетпейді т.б. пікірлер айтылды.
Әрбір қызметкер өз орнындағы құзіреттілігінің межесін ғана емес, дєрежесін де білсе ұтар еді. Кәсіби құзіреттіліктің түрлерін ажыратуы міндет болып саналады. Атап айтар болсақ:
— арнайы құзіреттілік — өзінің кәсіби іс-әрекетін жеткілікті дєрежеде меңгеру, өзінің кәсіби қалыптасуын жобалай білу;
— әлеуметтік құзіреттілік – бірлесе, кәсіби іс-әрекетті атқаруды, ынтымақтасуды, сондай-ақ, осы кәсіпке қарасты қатысымды меңгеру, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелері үшін әлеуметтік жауапкершілік;
— жеке тұлға құзіреттілігі — өзін көрсете білу мен қалыптастыру амалдарын, жеке тұлғасының кәсіби қарсы тұру құрамдарын игеру;
— дара құзіреттілік — өзінің қабілеттілігін асыру және кәсіп аясында өз даралығын қалыптастыруға қабілеттілік, кәсіби тұрғыдан қартаюға бой бермеу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң
ында білім беру тєрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал, оның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму жєне қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген.
(1кесте)
Тұрақты кәсіби мотивация Кәсіби айнымалы мотивация
— өз кәсібіне адалдығын сақтауға тырысу;
— мендік тұжырымның жағымдылығы, өзіндік бағамдылық;
— басқа көше алу қабілеті, әмбебаптық;
— шығармашылық бағдар, жаңа үшін ескіден бас тарта білу;
— саналы түрде рухани баюды көздеу, кєсіп арќылы өзін-өзі дамыту;
— кәсіп арқылы шығармашылықты байыту;
— жағымды эмоциялық күйдің басымдығы;
— кәсіби еңбектегі даралық;
— кәсіби еңбекке қанағаттану;
— кәсіби өзіндік сана тұтастығындағы  өз кәсібінің профессиограммасын  білу;
— кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі тану;
— мақсатты ойлау мен бөгеттерге қарсы тұра білу, әрекет етудің тұрақтылығы;
— өзіне-өзі жоба жасау;
— кәсіби жағынан машықтану. — кәсіби мінез-құлық себептерінің болмауы;
— консервативті бағдар, жаңалық енгізуге қарсылық,
— ебедейсіздік, өзгеруге деген әділетсіздік;
— ойлану әдістерінің шығармашылық әдістерден басым болуы;
— құзіреттіліктің белгілі бір деңгейге жетіп тоқтауы, кәсіби тұрғыдан өсудің тоқтауы;
— жағымсыз эмоциялық күйдің басым болуы;
—         қанағаттанбау мен өзін толық бағалы санауы;
—         тұтаса келіп тұрақтанған кәсіби меннің болмауы;
—         кәсіби өсудің кездейсоқ әсерге тәуелділігі;
—         кәсіби жағынан машықтану үйренудің аздығы, кәсіби тұйықтылық;
—         кәсіби қызметтің мотивациялық қимылдың үйлеспеуі.
 
 
Құзіреттіліктің аталған түрлері бір адамның бойынан табыла бермеуі мүмкін. Адам өз мамандығы аясында ғана жетік болуы, бірақ қарым-қатынас жасау жөнін білмеуі, өзін дамыту жолындағы міндетті жүзеге асыра алмауы мүмкін. Осыған орай, оның мамандық жағынан жоғары құзіреттілігін, ал, әлеуметтік жєне тұлғалық жағынан құзіреттіліктің әлсіз, төмен екенін пайымдауға болады. Адамға кәсібінен тысқары жерде қажетті құзіреттіліктің кейбір жалпы түрлері айқындалған. Бұлар кейбір өзекті кәсіби маңызды сапалар мен кәсіби мінез-құлық типтері, көптеген кәсіп түрлері айқындалған, мәнін жоғалтпайды. Жоғарыда сипатталған құзіреттіліктің әр түріне кәсіпаралық жалпы компоненттердің мынадай түрлерін енгізуге болады:
—   мамандыққа құзіреттілік — өндіріс процесін жоспарлауға қабілеттілік, компьютермен, оргтехникамен жұмыс істей білу, техникалық құжаттамаларды оқу, жеке тұлға құзіреттіліктері, өзінің еңбегін жоспарлауға, бақылауға жєне реттеуге қабілеттілік, өз бетімен шешім қабылдауға, үйреншікті емес шешім табуға қабілеті, дара құзіреттілік, жетістік мотивациясы т.б.
Жалпы алғанда, жетекшінің кәсіби-әдістемелік бірлестігі негізінен теориялық жєне практикалық мєселелермен айналысады. Бірлестік маслихатында тәрбие процесін басқару жєне оны кешенді жүргізу, жеке адамды ұжымда тәрбиелеу, тәрбие процесін балалардың шығармашылығын дамыту т.б. мєселелерді талқылайды. Оларды оқу-тєрбие процесінде іске асырудың тәсілдерін іздестіреді. Жеке тұлға құзіреттілігі — өзінің еңбегін жоспарлауға, реттеуге барынша еркін құқықты болуы шарт. Іс-әрекет іс жүзіндегі объектілерді бағамдауға, жобалауда және құрастыруда кєсіптік педагогикалық білімді қалыптастыруымыз қажет.
Кәсіп – адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі.
Мысалы, кәсіп – мұғалім, мамандық – физика пәнінің мұғалімі.
Қазір ғылыми тілде мұғалім жєне педагог  деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.
Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Жіктеу:
Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:
—   ақпараттық (ақпарат беру);
—   дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
—   мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
—   қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
—   коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
—   ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
—   зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:
—   ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);
—   тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
—   ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);
— коррекциялау (қайта түзету);
— диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу)
— психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау)
Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева, А.А.Леонтьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б. педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған.
Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.
Кан-Каликбылай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынас – тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы».
В.А.Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен сынып арасындағы қатынастарында кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына сіңірмегені жайлы сөз етеді. Мұғалімге коммуникативті іскерлікті меңгеріп, оны оқу және тєрбие үрдісінде қолдануы қажет екені айтылады.
В.А.Кан-Каликтің пікірі бойынша, педагог өзінің іс-әрекетімен, жүріс-тұрысы, сөйлеуі арқылы тәрбиеленушілерге үлгі болуы керек. Мұғалімге коммуникативті іскерліктің баяны мұғалім сөзінің нақтылығы, түсініктілігі, көңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы, мейірімділігі мен тартымдылығы, міне, осының барлығы ұстаздың оқушыға деген әсерін жоғарылатады.
Г.И.Щукинаның пікірібонша: қрым-қтынас оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді. Тєрбиеленушіге сенім арту, оныњ танымдық ізденуіне қолдау жасау, т.б. қызығушылықтарын тудырады, ынталандырады.
Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар практика жүзінде көз жеткізгендері – қарым-қатынас сәтті орта туғызады, тұлғааралық қарым-қатынас мєдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа, әрі тєрбиеленушіге өзін-өзі қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Приложенные файлы

  • docx 26448289
    Размер файла: 231 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий