12 билетке жауап


Қазақ тілі 9-сынып.
1-билет1. «Отбасылық дәстүрлер-шаңырақ тірегі» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Қазақ отбасында ұл баланы, қыз баланы тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – дейді халық. Отбасында ұлға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретеді, қызға тамақ пісіру, үй ұстауға үйретеді. Біздің үйде қонақ күту дәстүрі бар. Жақсы дәстүр – отбасының тірегі.
2.«Менің отбасым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сенің отбасында неше адам бар? Олар кімдер?
Менің отбасымда бес адам бар. Олар: әкем, анам, әжем, ағам және мен.
Отбасында қандай мамандықтар бар?
Менің әкем – жүргізуші, анам – шаштараз, әжем – зейнеткер, ағам – студент, ал мен – оқушымын.
Қай көшеде тұрасыңдар?
Біз Язев көшесінде тұрамыз.
Сенің отбасында қандай дәстүрлер бар?
Біздің отбасымызда қонақ күтуді ұнатамыз. Демалыс күндерін бірге өткіземіз.
Отбасы туралы мақал-мәтелдер білесің бе?
Отбасы туралы мақал-мәтелдер: «Әке – бәйтерек, бала – жапырақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер».
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндіріңіз.
Сабақтас құрмалас сөлемнің 6 түрі бар: шартты, мезгіл, мақсат, себеп, қимыл-сын, қарсылықты. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары: Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен?
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы: бағыныңқы сөйлем баяндауышының жұрнақтары: -ғанмен, -генмен, -қанмен, -кенмен, -са да, -се де. Мысалы: Көктем келсе де, күн жылы емес.
Басыңқы сөйлем: күн жылы емес. Бағыныңқы сөйлем: көктем келсе де. Бұл қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
2-билет
1.«Қазақ –қонақжай халық» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. «Қонақпен бірге құт, ырыс келеді» деген түсінік бар.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақ күту – қазақ халқының ең жауапты ісі. Ең алдымен, қонақтарға сусын (қымыз, шұбат, шай) беріледі. Қонақты жақсы қарсы алған үйді «мырза үй», ал дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң» дейді. Қазақ халқы – қонақжай халық.
2.«Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Отбасындағы асыл адамдар деген кімдер?
Отбасындағы асыл адамдар – ата, әже, әке, ана.
Ата отбасында қандай орын алады?
Ата отбасының ең сыйлы адамы, ол әкемнің, шешемнің әкесі.
Әже отбасында қандай орын алады?
Әже – әкемнің, шешемнің анасы. Ол – балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.
Әке отбасында қандай орын алады?
Әке – үйдің басшысы, асыраушысы.
Ана отбасында қандай орын алады?
Ана – өмірге бала әкелген жан. Ол үйдің ырысы, берекесі.
Отбасындағы асыл адамдар туралы мақал-мәтелдер білесің бе?
Отбасындағы асыл адамдар туралы мақал-мәтелдер: «Әке – бәйтерек, бала - жапырақ», «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап, қыз өсер»
3. Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
Құрмалас сөйлем – екі не одан көп жай сөйлемнен тұрады. Құрмалас сөйлем үшке бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөлемнің 6 түрі бар: шартты, мезгіл, мақсат, себеп, қимыл-сын, қарсылықты. Мысалы, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем: Көктем келсе де, күн жылы емес. Салалас құрмалас сөйлем жалғаулықты және жалғаулықсыз болады. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің 5 түрі бар: ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, кезектес, талғаулы. Мысалы, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем: Бүгін күн жылы, сондықтан мен достарыммен бірге паркте серуендеймін.
3-билет
1.«Батаменен ел көгерер» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Қазақ халқы өзінің әрбір ісін ақ тілек, ақ батамен бастап отырады. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер», дейді халық. Бата берудің өзіндік орны, жолы, жөні болады. Батаны топ ішіндегі жасы үлкен адам береді. Батаның мақсаты: үлкен-кішінің жолын ашу; алдағы өмірге мақсаттар белгілеу және жақсы іске бас болу.
2.«Менің отбасымнан алған тәрбием» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сенің отбасында кімдер бар?
Менің отбасымда әкем, анам, әжем, мен және менің қарындасым бар.
Әжең саған қандай тәрбие береді?
Әже – ол балалардың тәрбиешісі, ақылшысы. Ол маған әдепті болуды, үлкенді сыйлауға үйретеді.
Ата-анаң саған қандай тәрбие береді?
Ата-анам маған еңбекқор болуды, үлкенді сыйлау, кішкентайға қамқор беруді үйретеді.
Сен үйде не істейсің? Ата-аналарыңа қалай көмектесесің?
Мен күнде қоқыс шығарамын, шаңсорғышпен шаң сорамын, үйдің барлық күрделі жұмыстарын істеймін.
Сен отбасы тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер білесің бе?
Отбасы тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер: «Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер».
2.Зат есімнің анықтамасы. Зат есім тудырушы жұрнақтар.
Зат есім – заттың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: Кім? Не? Зат есім сөздің жасалу жолына қарай негізгі және туынды болады. Мысалы, негізгі зат есім: бала, дәстүр. Туынды зат есім: достық, балалық, әнші.
Зат есім тудырушы жұрнақтар:
1) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
-шы, -ші: ән-ші, бас-шы. Бұл жұрнақтар арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандықты білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лық, шебер-лік, дос-тық, т.б.
-шық, -шік: ойын-шық, үй-шік, т.б.
-хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-хана, Қазақ-стан, арба-кеш, т.б.
2) Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, кес-пе, т.б.
-ым, -ім, -м: бөл-ім, білім, т.б.
-қы, -кі, -ғы, -гі: бұр-ғы, сүз-гі, т.б.
-ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, тала-с, т.б.
-ық, -ік, -қ, -к: қаз-ық, көр-ік, сұра-қ, тіле-к, т.б.
-ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к, т.б.
-ғыш, -гіш, қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, т.б.
-ын, -ін: жау-ын, түй-ін, т.б.
-ыш, -іш, -ш: сүйен-іш, қуан-ыш, т.б.
-ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен, т.б.

4-билет
1.«Қымыз» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Қымыз – ұлттық сусын. Ол сүт тағамдарына жатады. Қымыз бие сүтінен ашытылып жасалады. Қонақ келгенде, оған алдымен қымыз беріледі. Қымыз туралы Жамбыл Жабаев «ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз» деген. Қазіргі кезде Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторийлер бар. Әр қалада қымызханалар бар. Өйткені қымыз ең қасиетті ұлттық тағамына жатады.
2.«Ұлттық сусындар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сен қандай ұлттық сусындарды білесің?
Ұлттық сусындар: қымыз, шұбат, айран, т.б.
Қымыз неден жасалады?
Қымыз бие сүтінен жасалады.
Шұбат ненің сүтінен жасалады?
Шұбат түйе сүтінен жасалады.
Айран неден жасалады?
Айран сиыр сүтінен жасалады.
Ұлттық сусындар адамға не береді?
Ұлттық сусындар адамға ем, күш-қуат береді.
Сен қандай ұлттық сусынды ұнатасың?
Мен қымызды ұнатамын. Қымыз туралы Жамбыл Жабаев айтқан: «ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз»
3.Жай сөйлемнің ережесі. Берілген жай сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз.
Жай сөйлем – белгілі бір тиянақты ойды білдіреді. Жай сөйлемнің айтылған мақсатына қарай 4 түрі бар: лепті, бұйрықты, сұраулы, хабарлы.
Лепті сөйлем: Күн қандай тамаша!
Бұйрықты сөйлем: Тәуелсіздік күні жасасын!
Сұраулы сөйлем: Бүгін ауа райы қандай?
Хабарлы сөйлем: Мен мектептен кейін досыммен бірге киноға барамын.
5-билет
1.«Шымбұлақ» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Шымбұлақ – Алматы қаласының маңында, Алатауда орналасқан тау-шаңғылы курорт. Жылдың 300 тәулігі бойы Шымбұлақта күн жарқырап тұрады, қар құрғақ әрі жеңіл. Шаңғы жолдары әр түрлі: трамплиндер, ұзақ жолдар, т.б. Шымбұлақта спортшылар мен туристер үшін барлық мүмкіндіктер бар: таза ауа, аспалы жол, түрлі демалыс орындар, т.б. Шымбұлақ бүкіл әлемге әйгілі тамаша демалыс орындарының бірі.
2.«Туған жердің табиғаты» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сенің туған жерің қай жер?
Менің туған жерім – Қарағанды қаласы. Ол Қазақстанның орталығында орналасқан.
Қазақстан табиғаты туралы не білесің?
Қазақстан табиғаты әр алуан. Мұнда тау да, дала да, шөл де, көл де көп. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орынды алады.
Қазақстанның қандай тауларын білесің?
Қазақстан таулары: Алатау, Алтай, Тянь-Шань, т.б
Қазақстанның қандай өзен-көлдерін білесің?
Қазақстан көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Қазақстан өзендері: Ертіс, Есіл, Нұра, Бұқпа, т.б.
Туған жеріңді қандай аң-құстар мекендейді?
Біздің жерімізде қасқыр, қоян, түлкі, барыс, аю, тырна, сапсандар мекендейді.
Туған жер туралы мақал-мәтел білесің бе?
Туған жер туралы мақал-мәтел: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Туған жердің жуасы да тәтті».
3. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын түсіндіріңіз.
Сабақтас құрмалас сөлемнің 6 түрі бар: шартты, мезгіл, мақсат, себеп, қимыл-сын, қарсылықты. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары: Қайтсе? Не істесе? Не қылса?
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы: бағыныңқы сөйлем баяндауышының жұрнақтары: -са, -се, -ғанда, -генде, қанда, -кенде, -май. Мысалы: Көктем келсе, күн жылынады.
Басыңқы сөйлем: күн жылынады. Бағыныңқы сөйлем: көктем келсе. Бұл шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
6-билет
1.«Шахтер командасы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
«Шахтер» футбол тобы – Қарағанды облысының футбол командасы. Ол 1958 жылы құрылған. «Шахтер» 2011, 2012 жылдары Қазақстанның чемпионы атағына жетті, ал 2013 жылы Қазақстан кубогының иегері атанды. «Шахтер» клубы Қазақстан командалары арасынан бірінші болып Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. Кеншілер клубы – Қазақстан мақтанышы. Менің досым «Шахтер» футбол тобы ның құрамында ойнайды.
2.«Ұлттық спорт түрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Қандай ұлттық спорт түрлерін білесің?
Ұлттық спорт түрлері: тоғызқұмалақ, көкпар, қазақша күрес, қыз қуу, т.б.
Тоғызқұмалақ қандай спортқа жатады?
Тоғызқұмалақ – ақыл-ой ойындарына жатады.
Тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді ме?
Иә, тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Тоғызқұмалақтан 6 рет Республика чемпионы атанған Әбділда Ақшораев.
Ат спортының қандай түрлерін білесің?
Ат спортының түрлері: бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, т.б.
Саған қандай спорт түрі ұнайды?
Маған тоғызқұмалақ өте ұнайды. Біздің мектепте тоғызқұмалақ үйірмесі бар.
3.Сын есімнің анықтамасы. Сын есімнің мағынасына қарай түрлерін ажыратыңыз.
Сын есім – заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы. Сын есімнің сұрақтары – қай? Қандай? Сын есімнің негізгі белгілері: түрі (дөңгелек), түсі (қызыл), дәмі (тәтті), салмағы (жеңіл), сапасы (жұмсақ), т.б.
Сын есімнің мағынасына қарай екі түрі бар: сапалық және қатыстық. Сапалық сын есім – заттың түсін, сынын тікелей анықтайтын негізгі сын есімнің түрі. Мысалы: көгілдір, биік, аласа, үлкен, т.б.
Қатыстық сын есім – заттың түр-түсін, сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы анықтайтын сын есім түрі. Мысалы: өнерлі, орманды, т.б.
7-билет1. «Менің арман мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Мектеп туралы «Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы» деген жұмбақ бар. Шынында да, мектеп – оқушылардың алтын ұясы. Менің арман мектебім табиғат аясында орналасқан. Оның айналасы – ағаш, бұлақ, көгалдар. Мектеп ғимараты биік әрі әсем. Мектеп ішінде үлкен бассейн және спорт залы бар сонымен қатар мектеп жанында керемет спорт алаңы салынған. Менің арман мектебім қазіргі заманға сай жабдықталған. Әр сынып бөлмесінде шағын кітапхана болады. Оқушылар мен мұғалімдер үшін демалу бөлмелер ұйымдастырылған. Менің арман мектебім таза жарық әрі ыңғайлы.
2.«Менің мектебім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сен қай мектепте оқисың?
Мен Қарағанды қаласының № 16 мектепте 9 сыныпта оқимын.
Ол қай көшеде орналасқан?
Ол қаланың Оңтүстік-Шығысында Язев көшесінде орналасқан.
Мектебің қандай, неше қабатты?
Менің мектебім 4 қабатты, ол үлкен, таза әрі жарық.
Мектеп кітапханасы, спорт залы, жиын залы нешінші қабатта орналасқан?
Мектеп кітапханасы екінші қабатта орналасқан. Біздің үлкен, әдемі жиын залымыз да екінші қабатта орналасқан. Ал спортзалы бірінші қабатта орналасқан.
Мектеп туралы мақал-мәтел білесің бе?
Мектеп туралы мен жұмбақ және мақал білемін: «Мектеп – кеме, білім – теңіз», «Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы. Бұл не?». Бұл мектеп.
3. Үстеу. Үстеудің түрлері.
Үстеу – қимылдың түрлі белгісін (мезгілін, мекенін, мақсатын, мөлшерін, амалын) білдіретін сөз табы.
Үстеудің мағынасына қарай 7 түрі бар: мақсат үстеу, мезгіл үстеу, мөлшер үстеу, мекен үстеу, себеп-салдар үстеу, қимыл-сын үстеу, күшейткіш үстеу.
Мақсат үстеу – сұрағы не мақсатпен? Әдейі.
Мезгіл үстеу – сұрағы қашан? Ертең.
Мекен үстеу – сұрағы қайда? Алға.
Қимыл-сын үстеу – сұрағы қалай? Жылдам.
Күшейткіш үстеу – қалай? Қандай? Ең, өте.
Себеп-салдар үстеу – не себептен? Неліктен? Амалсыздан.
8-билет
1.«Электронды хаттар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Электронды пошта – бұл электронды хабар алмасуға мүмкіндік беретін технология. Ол кәдімгі пошта қызметіне ұқсайды. Біреуге хат жазу үшін оның электронды адресін білу қажет. Алдымен электронды пошта жәшігін тіркеу керек. Электронды хат Интернет арқылы сіздің электронды поштаңызға келеді. Хатқа мәтін файл немесе фотосуреттер немесе аудио-, видеофайлдарды бірге жолдауға болады. Бір хатты бірнеше адамға жолдауға болады. Электронды пошта – хабар алмасу үшін өте ыңғайлы құрал.
2. «Әлеуметтік желілер» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сен қандай әлеуметтік желілерді білесің?
Мен Twitter, Facebook, Mail.ru, Одноклассники, VK әлеуметтік желілерін білемін.
Саған қандай әлеуметтік желі ұнайды?
Маған VK әлеуметтік желісі ұнайды.
Ол саған немен ұнайды?
VK әлеуметтік желісінде менің барлық досым қатысады және де жақсы музыка тыңдауға болады.
Әлеуметтік желісінің пайдасы бар ма? Қандай?
Әлеуметтік желілер арқылы бүкіл әлеммен хабарласуға болады. Мен жаңа адамдармен танысамын, өз достарыммен қатынасамын.
VK әлеуметтік желісіне телефон арқылы тіркелуге бола ма?
Иә, VK әлеуметтік желісіне телефон арқылы тіркелуге болады. Мен сізге көмектесемін.
3.Сын есімнің шырайлары.
Сын есім – заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін сөз табы. Сын есімнің сұрақтары – қай? Қандай? Сын есімнің негізгі белгілері: түрі (дөңгелек), түсі (қызыл), дәмі (тәтті), салмағы (жеңіл), сапасы (жұмсақ), т.б.
Сын есімнің 3 шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай.
Жай шырайдың қосымшалары жоқ, ол шырай түрлерінің негізі болады. Мысалы: қымбат, тәтті, ақылды.
Салыстырмалы шырай жұрнақтар арқылы жасалады. Олар: -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу, ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, шылтым, -ғыш, -гіш, -аң, т.б. Мысалы: қызғылт, қаралау, әдемілеу.
Күшейтпелі шырай күшейтпелі буын арқылы жасалады. Сын есімнің бастапқы буыны қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: қып-қызыл, үп-үлкен.
Күшейтпелі шырайдың бір түрі – асырмалы шырай. Сын есімге өте, тым, ең, аса, нағыз, орасан, т.б. күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады. Мысалы: тым үлкен, аса бай.
9-билет
1.«Полиглот болу өмір талабы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Полиглот – көп тіл білетін адам. Көп тіл білу өте пайдалы. Полиглоттың әр түрлі ұлт адамдарымен сөйлесу мүмкіндігі бар. Біздің елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Бұл өте бай тіл. Қазақ тілінде өте көп мақал-мәтел, басқа да жазба және ауыз әдебиетінің шығармалары бар. Орыс тілі – бұл қарым-қатынас тілі. Біздің мектептегі оқыту тілі қазақ және орыс тілі. Сонымен қатар біз мектепте ағылшын тілі пәнін үйренеміз. Шет тілін үйрену үлкен мүмкіндіктер береді. «Өнер алды – қызыл тіл», «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» дейді халық. Полиглот болу – өмір талабы.
2.«Мемлекеттік тіл» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды.
Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.
Қазақ тілін зерттеген ғалымдарды білесің бе?
Қазақ тілін зерттеген ғалымдар: В.Радлов, В.Бартольд, Ғ.Айдаров, Н.Сауранбаев, т.б.
Тіл туралы мақал-мәтел білесің бе?
Тіл туралы мақал-мәтелдер: «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл», «Өнер алды – қызыл тіл».
3.Етістіктің ережесі. Етістіктің шақтарын анықтаңыз.
Етістік – заттың іс-әрекет, қимылын білдіріп, не істеді, қайтті сұрақтарына жауап береді. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ ішінен нақ осы шақ және ауыспалы осы шаққа бөлінеді.
Нақ осы шақ тұр, отыр, жүр, жатыр етістіктер арқылы жасалады: Мен мектепке бара жатырмын. Ауыспалы осы шақ жұрнақтары: -а, -е, -й: Дәрігер балаларды емдейді.
Өткен шақ түрлері: бұрынғы өткен шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ жұрнақтары: -ған, ген, -қан, кен, -ып, -іп, -п. Мысалы, Ол музыка мектебінде оқыпты. Жедел өткен шақ жұрнақтары: -ды, -ді, ты, -ті. Мысалы: Бүгін бес сабақ болды. Ауыспалы өткен шақ жұрнақтары: -атын, -етін, -йтын, -йтін. Мысалы, Балалар күнде жаттығу орындайтын.
Келер шақ түрлері: болжалды келер шақ, ауыспалы келер шақ, мақсатты келер шақ. Болжалды келер шақ жұрнақтары: -ар, -ер, р. Мысалы: Ертең Сізге қонаққа барармыз. Ауыспалы келер шақ жұрнақтары: -а, -е, -й: Осы аптада біздің сынып мұражайға барады. Мақсатты келер шақ: -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. Мысалы, Осы жылы жазда Түркияға бармақшымын.
10-билет
1.«Емтихан» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Емтихан – оқушылардың білімін тексеру тәсілдерінің бірі. Біз биыл төрт пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырамыз. Міндетті пәндер – қазақ тілі, орыс тілі, математика. Таңдау бойынша бір пән. Орыс тілі мен математикадан біз жазбаша емтихан тапсырамыз. Қазақ тілінен ауызша емтихан тапсырамыз. Емтиханға біз жақсы дайындықпен келеміз, өйткені дайындық жоспарымыз бар. Емтиханға «Мен жақсы дайындалдым, мен сәтті тапсырамын» деген оймен кіру керек. Сонда көңіл-күйің жақсы болып, етиханды жақсы тапсыруыңа болады.
2.«Емтихан тапсыру» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Сен биыл емтихан тапсырасың ба?
Иә, мен биыл төрт пәннен емтихан тапсырамын.
Қандай пәндерден емтихан тапсырасың?
Мен қазақ тілі, орыс тілі, математикадан емтихан тапсырамын. Бұл міндетті пәндер. Және тағы бір емтиханды таңдау пәні бойынша тапсырамын.
Қазақ тілінен қандай емтихан тапсырасың?
Қазақ тілінен ауызша емтихан тапсырамын. Орыс тілі мен математикадан жазбаша емтихан тапсырамын.
Емтиханға қалай дайындалып жүрсің?
Мен емтиханға жақсы дайындалып жүрмін. Әр күні мен бір билетке жауап жаттаймын. Қосымша дайындаламын.
Емтиханға дайындалуға кім көмектеседі?
Емтиханға дайындалуға ата-анам, мұғалімім көмектеседі.
3.Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндіріңіз.
Сабақтас құрмалас сөлемнің 6 түрі бар: шартты, мезгіл, мақсат, себеп, қимыл-сын, қарсылықты. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары: Неліктен? Не себепті?
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы: бағыныңқы сөйлем баяндауышының жұрнақтары: -ғандықтан, -гендіктен, -қандықтан, -кендіктен, -ған соң, -маған, -меген. Мысалы: Көктем кеш келгендіктен, сайларда әлі қар жатыр.
Басыңқы сөйлем: сайларда әлі қар жатыр. Бағыныңқы сөйлем: көктем кеш келгендіктен. Бұл себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
11-билет
1.«Тәуелсіздік туралы толғау» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Республикасының өз Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бар. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік туралы толғауын» жариялады. Бұл сөзде ол еліміздің жетістіктері туралы айтып, «Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтардың еңбегі» деді.
2.«Тәуелсіз Қазақстанның шежіре парақтары» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.
Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?
Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер авторларын білесің бе?
Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік әнұранның авторлары шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібеков және Шот Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Туған жер туралы мақал мәтел білесің бе?
Туған жер туралы мақалдар «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл»
3.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалуын түсіндіріңіз.
Сабақтас құрмалас сөлемнің 6 түрі бар: шартты, мезгіл, мақсат, себеп, қимыл-сын, қарсылықты. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрақтары: Қашаннан бері? Қашан?
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы: бағыныңқы сөйлем баяндауышының жұрнақтары: -ғанда, -генде, қанда, -кенде, -ғанша, -генше, -қанша, -кенше, -ғанға дейін, -ған соң, -ғаннан кейін, ғалы, -ған кезде. Мысалы: Мен келгенше, сабақ басталып қойды.
Басыңқы сөйлем: сабақ басталып қойды. Бағыныңқы сөйлем: мен келгенше. Бұл мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
12-билет
1.«Мамандық таңдау» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін көп еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, журналист болу үшін көп оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек. Ал бағбан, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек.
Менің әкем – инженер, шешем дүкенде сатушы. Ағам университетте студент, мен өзім мектепте оқушымын. Менің әкемнің және шешемнің достары көп. Олардың кейбіреуі – тілші, суретші, балташы, енді біреулері – сәулетші, жүргізуші, жазушылар. Мен өзім мал дәрігері болғым келеді. Ол үшін институтта оқып, мамандық алып, ауылда жұмыс істеуім керек. Мал дәрігері – өте қиын және керекті жұмыс.
2.«Менің мамандығым» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Өмірде мамандықтың неше түрі бар?
Өмірде мамандықтың түрі көп.
Сенің отбасыңда қандай мамандықтар бар?
Менің әкем – құрылысшы, шешем – сатушы. Ағам – сәулетші.
Сенің кім болғың келеді?
Менің заңгер болғым келеді.
Ол үшін қайда оқуға барасың?
Мен алдымен колледжге барып, сонда «Заңгерлік» мамандығы бойынша дайындаламын. Одан кейін жоғары оқу орнына түсемін.
Заңгер мамандығы қазір қажет пе?
Меніңше, әр адам заңдарды жақсы білу керек. Және де менің арманым – басқа адамдарға көмек беру.
3.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын айтыңыз.
Салалас құрмалас сөйлем жалғаулықты және жалғаулықсыз болады. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің 5 түрі бар: ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, кезектес, талғаулы. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы: себеп-салдар жалғаулықтар арқылы – сондықтан, өйткені, себебі, сол себепті. Мысалы, Бүгін күн жылы, сондықтан мен достарыммен бірге паркте серуендеймін.

Приложенные файлы

  • docx 26448237
    Размер файла: 36 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий