ПСИХОЛОГИЯ СЕССИЯ ЖАУАП


1.Адам даму психологиясы
Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді. 
Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады. 
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды. 
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады. 
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл – әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б.) ерекшеліктері де енеді. 
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді. 
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады. 
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. 
Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады: 
1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін); 
2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін); 
3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін); 
4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін); 
5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін); 
6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін); 
7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін); 
8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін); 
9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін); 
10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы); 
11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары). 
Даму психологиясының мынадай салалалары бар: 
– балалар психологиясы; 
– жасөспірім психологиясы; 
– балаң жас психологиясы; 
– акмеология (кемелдік); 
– геронтопсихология (кәрілік). 
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. 
Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы – педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады. 
Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен (еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т. б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты. 
2 .Даму калыптасу есею түсініктерін салыстырыңыз
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз — төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы — оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Мінез-құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дербестік пен өз мінез-құлкын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипатгайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз — бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор — баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда — адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл — баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол — адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді. Есеюді сезіну жасөспірімніңинтенсивті физикалық дамуына және әлеуметтік беделіне негізделеді.Есеюдің ішкі және сыртқы сезінуі болады.
Сыртқы – сөйлеу мәнері мен киім киюі, үлкендерге еліктеуі және т.б.
Ішкі - өзін құқығы және міндеттері бар тұлға және өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі.
Есею сезімі жасөспірім тұлғасының дамуы үшін тірек болып табылады, оның өмір сүру жағдайын анықтап, қажеттіліктер және т.б. қалыптасады. Есеюге ұмтылыс негізі бар, жаңа ішкі позиция туындайды.
Жасөспірімде қалыптасқан есею сезімі, оның жаңа құқықтарға деген талабы үлкендерге деген қарым-қатынасы саласына таралады. Жасөспірімді жастық шақта үлкендермен болған қарым-қатынас түрі қызықтырмайды, себебі ол оның жеке есею деңгеі туралы көзқарасымен сәйкес келмейді. Жасөспірім үлкендердің құқығын шектеп өздерінікін кеңейтуге тырысады және өзінің жеке тұлғалығына сыйласымдылықпен қарауды талап етеді, яғни үлкендермен тең құқылы болуды қалайды. Егер үлкен адамдарда жасөспірімдерге деген, балаға қараған сияқты, қатынас сақталса, ескі қарым-қатынас түрін сақтауға ұмытылыс байқалады да, баланың өзіне жасөспірім ретінде қарайтын көзқарастарға қарам –қарсы келіп, жасөспірім мен ересектер арасындағы қақтығытың қайнар көзі болып табылады. Егер ересектер жасөспірімдерге деген қатынасын өзгертпесе, онда жасөспірім өз жаңа қарым-қатынас типіне өтудің инициаторы болып табылады.
Осындай жағдайлардың сақталуы және бұрынғы қатынастардың бұзылу барлық жасөспірімдік кезеңге созылады және әдетке айналған қақатығыс формасын алуы мүмкін. Егер ересек адам жасөспірімге деген қарым-қатынасын өзгертпесе, қақатығыс ұзаққа созылады
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.


3.Адам даму психологиясының зертеу әдістерін талдаңыз
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық,  психологиялық,  педагогикалық, әлеуметтік  сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар  бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық  іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі  көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
   Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.  Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд  ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
   Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен  өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық –зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.
2. Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
3. Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.
   Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай қанағаттандыратындығына байланысты.
Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.
Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен  көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент,  қабілет,  мінез.
Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады
4. Тұлғаның психоаналитикалық теориясы
Бүгінгі күнге дейін баланың психикалық жетілуі жөнінде толық қамтылған көрініс бере алатын бірегей теория жоқ. Балалардың жетілуінің, мінез-құлқының және тәрбиесінің артық немесе кем толық суретін алу үшін кезеңдену типінде білінетін бірнеше теориялармен танысу керек.
Психоаналитикалық (жүйкелік талдау) теориясы. Оның заты – адам эмоциялары мен тұлғааралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтің және Эрик Эриксонның. З.Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылық араласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді. Ол, балалар психикалық, турасында психосексуалдық жетілудің 5 сатысынан өтеді деп пайымдады.
Қалалардың қызығушылығы әрбір сатыда ләззат алу негізі болып қызмет ететін дененің белгілі бөлігінің айналасында шоғырланған:
1. оральдық саты (0-2 жас);
2. анальдық саты (2-3 жас);
3. фаллостық саты (4-5 жас);
4. латенттік саты (6-12 жас);
5. гениталдық саты (12-18 жас).
Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді.
1. Қоршаған әлемге сенім сенімсіздік (0-1 жас);
2. тәуелсіздік сезімі – ұят пен күмәнді сезіну (1-3 жас);
3. ынталық – күнә сезімі (4-5 жас);
4. еңбек сүйгіштік – жарты кештік сезім (6-11 жас);
5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну – бұл жынысқа сәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас);
6. интимдік қатынасқа ұмтылу – айналадағылардан оқшаулану (ерте есею);
7. өмірлік белсенділік - өзіне ғана бағытталу, жас шама проблемалары (қалыпты есею);
8. өмірді толыққанды сезіну (кеш есею).
5. Тұлға дамуындағы дағдарыс кезендерінің психологиялық сипаттамасын беріңіз
Жас ерекшелік дағдарысы адам дамудында белгілі бір жас кезеңінен, екінші жас кезеңінде өтудегі күйзелісі немесе өтпелі кезеңі деп қарастырылады.Бұл дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипатына бірінде даму кезеңі бойынша аяқталу процесі болса, екінші кезеңнің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамның темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық және әлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі. Бала кезеңдегі дағдарысты төрт кезеңге бөлініп қарастырылады.
Жаңа туылған шақтағы дағдарыс-0-2ай аралығы.
Жаңа туылғаннан кейінгі алғашқы күндері дене салмағын жоғалтуы. Ал әлеуметтік жағдайына келсек екі жақты қарастыруға болады.
1. Балада үлкендердің көмегінсіз биологиялық қозғалыстың болмауы және қажеттілігін өтей алмауы.
2. Балада қарым –қатынасқа түсетін сөйлеу тілі қалыптаспағандықтан үлкендерге деген тәуелділігі арта түседі. Бұл жаста жаңа білім алуы, жеке психикалық өмірде «жандану кешенімен» оған бірнеше құбылыстар жатады:
- үлкендер жақындағанда жалпы қимыл –қозғалыстың қозуы;
- өзіне назар аударту үшін жылауы немесе шыңғыруы;
- анасымен қатынаста жымиюы және уілдеу дыбыстарын шығаруы.
«Жандану кешені» кезеңі бала үшін қиын себебі, ол қалыпты психикалық даму көрсеткіштері болып табылады.
Бір жастағы дағдарыс, нәрестелік жастан сәбилік шаққа дейінгі аралық. Бұл жаста тәуелсіздікке байланысты жаңа аффектілі құбылыстар байқалады. Бала кішкентайынан «болмайды» сөзімен таныс, осы дағдарыс кезеңінде ол өзектеліне түсетін болады. Эмоционалды кері кету «болмайды» сөзінің күшін жылау ,шыңғыру, еденде құлау, тепкілеу, біреуді ұруға дейінгі әрекетте көрсетеді. Бұл жастағы жаңа білім – баланың өзіне тән - сөйлеу тілі /автономды тіл./
Бір жастағы дағдарыста жалпы кері кету әрекеті яғни бұзылуы төмендегідей :
-биоырғақ процесінің бұзылуы /ұйықтамау/.
-өзін қанағаттанудыру қажеттілігінің бұзылуы./ аш сезінуі, өзінің ұнататын тамағын жемеуі, тамаққа тәбетінің болмауы/.
-ашу қысуының /жылауық, өкпелегіш, жабырқаулы/ көрінуі.
Өткір дағдарыс кезеңі –үш жас болып табылады. Бала өзінің бейнесін айнадан көруге және өзгенің өзіне қалай назар аударатыны қызықтыратын болады. Үш жастағы баланы түзетудің қажеті болмайды себебі бұл дағдарыстағы нышан жеті негізгі элементтен тұрады:
1. Жағымсыз. Баланың үлкендер сөзіне қарсыласуы ол мазмұнына қарай емес, тек үлкендер айтқандықтан керісінше жасауды ұнатады.
2. Бір беткейлік. Өзіне қажет ету үшін емес, талап қойып сол бағытта өзін ұстануы.
3. Қыңырлық .Ол осы жасқа дейін қалыптасқан тәрбиеге қарсы шығуы.
4. Еріктік. Балада бәрін өзім істеймін қабілетін меңгеруі.
5. Бүлік-наразылық. Бала қоршаған орта мен жауласу деңгейінде.
6. Құнсыз ету . Бала өзінің жақынын, ата-анасын мазақтау, ызаландыру, ұрсу.
7. Қаталдық. Бала өзінің талабын ата-анасына орындатады. Қаталдық кіші сіңлі немесе ініге байланысты қызғаныштан туындайды.
Дағдарыс барысында бала өзіндік сананы әлеуметтік қатынаста қалыптастырады. Баланың көз-қарасында «Мен»,«Мен өзім», КЕРЕК және ТИІСТІ сөздерінің мағынасын түсініп қолданатын болады.
Жеті жастағы дағдарыс. Бұл бір жастағы дағдарыспен өзіндік реттелумен айқындалады. Бала өзі қажет деген мінез-құлық ережелермен өзін реттей алады. Л.С.Выготский ұсынған белгілер: сырбаздану және қылықтану. Дағдарыстың қайнар көзі: ерте жастағы сипатқа мектеп жүйе қатынасының сәйкес келмеуі . Бала өзінің сезімін ұстай, меңгере, басқара алмайды. Себебі бір мінез-құлықты жоғалта отырып, орнына жаңа қылық меңгере қойған жоқ Жеті жастағы дағдарысты меңгерген бала өз эмоциясын басқара алып, жағдайдан еркін немесе әдейі шыға алуды меңгереді
Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыс.13-14 жас-элеуметтік даму дағдарысы, бұл да үш жастағы « Мен өзім», енді әлеуметтік мағынада қолданылады. Әдебиеттерге жүгінсек, бұл жасты екінші рет кіндік кесу жасы деп те қарастырады. Негізгі сипаты өткірлік деңгейінде, оның белгілері төмендегідей: баланың оқу әрекетіндегі жемістілігі, дарынды жағының көрінуі төмендейді. Дағдарыстың екінші белгісі –жағымсыздық. Бұл кезеңді кейде үш жастағы дағдарыспен ұқсас қарастырады. Бала ортадан өзін шектейді, ұрысқа дайын тұрады, сенімсіздік, жалғыздыққа қарай өзі талпынады. Ер балада жағымсыздық ерте және ашық байқалады, ал қыз балада 14-15 жаста көрінеді. Жеткіншекте дағдарыс кезінде анау айтқан мінез – құлқында жағымсыз сипат көрінбеуі мүмкін. Осы туралы Выготский мінез-құлықты үш вариантта қарастырады.
Бірінші варианты – жеткіншекте жағымсыздық барлық жағынан ашық байқалады. Оның мерзімі бір-екі аптадан, бірнеше айға дейін созылуы мүмкін, осындай құбылыс 20 ұпайға жуық жеткіншекте көрінеді. Екінші типте балада-күшті жағымсыздық. Балада ол өмірлік жағдайдың кейбір жерінде байқалады. Қоршаған ортаның ұнамсыз құбылысына: отбасындағы қақтығыс, үлкендер жағынан қысым көрсетілуі, қолайсыз жағдай тудыруы, оған 60 ұпайдағы жеткіншектер жатады. Ал үшінші жағдайда - жағымсыз жағдай жалпы байқалмайды немесе жоқтың қасы. Ол 20 ұпайға жуық жеткіншектерде кездеседі. Жеткіншекте психологиялық қақтығыс көбіне өзіне ғана емес, тікелей қоршаған ортаға деген көз қарастан туындап отырады .
Жастық шақ дағдарысы 18-19 жас, зерттеулер көрсеткішіне сүйенсек, бұл жаста дағдарысты жеңу жағдайы төмендегідей. Алғашқы - ішкі мүмкіндіктерге сай дағдарыс жағдайынан шығуда мәнді саналы кең стратегияны пайдалана алады. Екінші жағдайда - өзінің эмоционалды күйзелісіне қарай дағдарыстан шығуда мәнді шешілу жағын қарастыра және ойын жинақтай алмауы. Үшіншіден – дағдарысты шешуден қашу, оның себебі жағымсыз күйзелістен, оны жеңуге күш салмай, басқа біреуге аудара салу, өзіне жауапкершілік алмау. Жастық шақтан ересектікке өту кезеңі 22-23 жас аралығы. Басты анықтау себебі - барлық өмір сүру жылдары ұстанатын жол деп қарастырылған.
Есею кезеңіндегі дағдарыс 33жастан ары қарай. Психологиялық ерекшелігі: адам өзінің мүмкіндігін нақты көре отырып, өзіне шектеу қою, жастық шақпен толық қоштасады. Осы жастағы басты ерекшелік – мамандықты яғни кәсіпті өзгерту болып табылады. Кәсіпті өзгерту дағдарыстан шығудың бір жолы, сондықтан 30 жастағылар түгелдей басқа кәсіпке төселе алады. Жұмысты өзгерту тәуекелге бару табысқа жететініне толық іштей сену арқылы қызығады.
6)1-3жас аралығындағы бала дамуындағы негізгі өзгерістерін анықтаңыз.
Сәбиліктен кейін адамда жаңа кезең басталады - ерте жастық шақ ( 1 жастан 3 жасқа дейін).Алғашқы үш жылда бала ұшыраған сапалы өзгерулер өте маңызды, сол себепті кейбір психологтар (мысалы, Р.Зазза) туылғанынан бастап ересек болуға дейінгі адамның психикалық даму жолының ортасы баланың үш жасы деп белгілейді.Алғашқы үш жылда бала ұшыраған сапалы өзгерулер өте маңызды, сол себепті кейбір психологтар (мысалы, Р.Зазза) туылғанынан бастап ересек болуға дейінгі адамның психикалық даму жолының ортасы баланың үш жасы деп белгілейді.Бала психикасының дамуын анықтайтын ерте жастық шақтың негізгі жетістіктері болып саналатындар мыналар: денені игеру, тілді меңгеру, заттық іс-әрекеттің дамуы,өзіндік «Меннің» шығуы және тұлғалық сезімнің пайда болуында.
Қарым-қатынас ерекшеліктері. Ерте жаста, әсіресе оның бірінші жартысында, бала әлеуметтік қатынастар әлеміне енді кіре бастайды. Ол мама, папа және әжесімен қарым-қатынас арқылы нормативті мінез-құлықты игереді . Бірақ осы кезеңдегі мінез-құлық мотивтері саналы емес және маңыздылық дәрежесіне байланысты жүйеге реттелмеген. Үлкендермен қарым-қатынаста формалардың өзгеруі бала дамуының ерте жасында шешуші мәнге ие, бұл әдеттегі заттар әлеміне кірумен және заттық іс-әрекетті игерумен байланысты. Дәл осы заттық іс-әрекетте үлкендермен қарым-қатынас арқылы сөз мәндерін игеру және оларды заттар бейнелері мен қоршаған орта құбылыстарымен байланыстыру негізі құрылады. Басқарудың «саңылау» формалары (қимылдарды көрсету, қозғалыстармен басқару, растауды жест пен мимика арқылы білдіру) баланы затты қолдану ережелері мен әдістеріне үйретуге жеткіліксіз болып бара жатыр. Баланың заттарға, олардың қасиеттері мен әрекеттеріне қызығушылықтарының өсуі үлкендерден үнемі көмек сұрауды тудырады. Бірақ көмек сұрау да, сол көмекті алу да тілдік қарым-қатынасты игерген кезде ғана болады.
Сөйлеудің дамуы. Ерте жастық шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүреді: үлкендердің сөйлеуді түсінуін жетілдіру және баланың өзінде белсенді сөйлеудің қалыптасуы.
Бір жарым жылдан кейін баланың қимылдық бағынулары үлкеннің сөздік нұсқауларына мықты бола бастайды, бірақ егер нұсқау мен орындау арасында уақыт аралығы енгізілсе немесе нұсқау дағдыланған әрекеттермен қарама-қайшы болса бұзылады. Баланың көзіншебалықты аударылған шынының ішіне салады. Содан кейін оған айтады: «балық шынының астында, алып берші балықты!», сонымен қатар баланың қолын 20-30 сек ұстап тұрады. Осы таңдаудан кейін бала басқа заттарға алаңдап, нұсқауды орындауға қиналады.Басқа жағдайда баланың алдына екі затты қояды - шыны мен қасықты - сосын айтады: «шыныны берші, шыныны берші!» деп. Ол шыныға ұмтылады. Ал егер де осы нұсқауды бірнеше рет қайталап, кейін: «қасықты берші!» десе, онда бала шыныға қолын созуды жалғастырады, үлкеннің сөздік нұсқауларына бағынбай жатқанын өзі байқамайды.Әрекетті тоқтату-басқаша. Алайда бала ерте жастан-ақ «болмайды!»сөзінің мәнін түсіне бастайды, тыйым үлкендер қарағандай магиялық түрде әсер етеді.Тек үшінші жылда ғана үлкендердің сөздік нұсқаулары баланың мінез-құлқын әр түрлі шарттарда шын мәнінде тәртіпке сала алады, оның әрекеттерін шақырады және тоқтатады, тікелей, сонымен қатар уақыты өткенде әсер ете алады. Үлкендердің сөйлеуін түсіну осы кезеңде сапалы өзгереді.Баланың активті сөйлеуінің дамуы бір жарым жасқа дейін ақырын жүреді. Осы кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін меңгереді және оларды сирек болса да қолданады.Бір жарым жастан кейін бала ынталы бола бастайды. Ол үнемі заттардың атауын сұрап қана қоймай, сол заттарды білдіретін сөздерді деайтуға тырысады. Басында оған сөздік қабілеттіліктер жетіспейді. Бірақ кейін «Бұл не?» сұрағы үлкенге айтылған үнемі шарты бола бастайды. Сөйлеудің даму шапшаңдығы бірден артады. Екінші жылдың аяғына таман бала 300 сөзге дейін қолдана алады, үшінші жылдың аяғында 500-ден 1500 сөзге дейін.
7)В.Франклдің тұлға теориясын сиппатаңыз.
Виктор Эмиль Франкл Венада, еврей отбасында 1905 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Ол жас кезінен бастап психологияға қатты қызыққан. Өзінің гимназиядағы дипломдық жұмысын философиялық ойлау психологиясына арнаған. 1923 жылы гимназияны бітіріп, Вена медицина Университетіне түсіп, неврология мен психиатрия мамандығын оқиды. Франкл депрессия мен өз-өзіне қол жұмсау психологиясын аса мән беріп зерттеген. Алғашында Франкл Адлер мен Фрейдтің оқуларына сүйенген, бірақ кейіннен олардың көзқарастарымен келіспеген. 1933-1937 жылдары Франкл Вена клиникаларының біріндегі өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу шараларымен айналысатын Selbstmordepavillion атты бөлімшені басқарады. Франклдің 30000-нан астам, өзіне қол жұмсау қауіпі бар пациенттері болды. Бірақ 1938 жылы билікке нацистердің келгенінен кейін Франклге адамдарды емдеуге тиым салынды, себебі, ол еврей тумасы болған. 1940 жылы Франкл Ротшильд ауруханасының неврологиялық бөлімін басқарған, сол жерде нейрохирург болып қызмет атқарған. Сол заманда Ротшильд ауруханасы еврейлерге келуге рұқсат етілген жалғыз ғана аурухана болған. 
Түрмедегі психотерапевт.
1942 жылдың 25 қыркүйегінде Франкл, оның отбасы, ата-аналары Терезинштадттағы концлагерге айдалады. Франкл концлегрдегі уақытын дәрігерлік іске арнайды, ол бұны, әрине, құпия сақтайды. Басқа психиатрлармен бірігіп, Франкл тұтқындағылырға психологиялық көмек көрсетті көп көмек көрсетті. 1944 жылы 19 қазанда Виктор Франкл Аушвицтегі концлагерге ауыстырылды. Ол жерде бірнеше күн ғана болып, кейіннен Тюркгеймге  жөнелтілді. Бұл жерде, Тюркгеймде, ол алты ай бойы қара жұмысшы ретінде жүреді. Оның әйелін Берген-Бельзен концлагеріне аударып, кейіннен өлтіреді. Франклдың әкесі  Терезинштадт концлагерінде өкпе қабынуынан қайтыс болады. Виктор Франклдың анасын Аушвиц концлагерінде өлтіреді. 1945 жылы 27 сәуірде американдық әскерлер Франклды тұтқындықтан босатады. Оның туған-туыстарынан тек қана әпкесі тірі қалады.
Экзистенциальді вакуум.
Қазіргі заманда көптеген адамдар ішкі жан-дүниелерінің бос екенін айтып, күйзеліп жүр. Дәл осындай күйді Франкл «экзистенциальді вакуум» деп атаған. Экзистенциальді вакуумның этиологиясы келесі фактілерден шығады. Біріншіден, адамаға, жануарларға сияқты ешқандай инстинкт немесе басқа бірдеңе  не істеу керегін айтпайды. Екіншіден, бағзы заманғы салт-дәстүрлер, құндылықтар адамға не істеу керегін айтпайды. Тіпті кейде адамның өзі де не істегісі келетітнін білмейді. Керісінше, адам басқалар не істесе соны жасағысы келеді, немесе, басқалар одан не күтсе соны жасайды. Осы жайттардан кейін спецификалық невроздық дерт пайда болады. Франкл оларды «ноогендік невроздар» деп атаған. Осы невроздарды Нибауэр, Люкс, Фрэнк, Бакли, Вернер, Вольхард, Ланген, Прилл, Попельский, Нина Толл сынды көптеген ғалымдар зерттеген. Осы зерттеулерге сәйкес, барлық невроздардың 20%-ы ноогендік невроздарға жатады екен. Осы статистикаға сәйкес, американдық студенттердің арасында өлім-жітім көрстеткіші бойынша екінші орында өз-өзіне қол жұмсау тұрады. Олардың көбісі осы ноогендік невроздарға байланысты. Ғалымдар АҚШ-тағы Айдахо қаласының универсиетеінің өз-өзіне қол жұмсамақ болған 60 студенттен неге өз-өзіне қол жұмсамақ болғандарын сұраған кезде, мынадай жайттар анықталған екен: барлық 60 студенттің 80 %-ы өмірді әрі қарай жалғастыруға еш мән жоқтығын айтқан. Ең қызығы, сол  60 студенттің 93%-ы дендері сау, материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілген, оқу үлгерімдері де жақсы екен. АҚШ-тың Білім департаменті 360 Университеттердің  189733 студенттерінен сұраған кезде, олардың 73,7 %-ы өмірдің мәнін тапсақ екен деп жауап берген. Экзистенциальді ваккум- бір мезетте тез тарап, күшейіп отыратын феномен. Тіпті фрейдтік психоаналитиктер бұны жоққа шығыра алмай отыр. Адамдарда өмірдің мәні жоқтығы дерті күннен-күнге артып отыр. Алайда, фрейдтіктер логотерапияның «экзистенциальді вакуум» деген терминін қолданбайды. Сонда, бұл экзистенциальді вакуумге түсіп қалмау үшін не істеуіміз керек деген сұрақ туындайды. Бәлкім біз бәріміз философияны оқуымыз керек шығар… Бірақ Зигмунд Фрейд философияға карсы болған.  Американдық «Эскайвер» журналында былай жазылған: «Әлем тарихында ешқашан да жыныстық қатынасқа  қатты қызыққан Америка сияқты ел болмаған». Демек, егер бұл шындық болса, онда, орташа американдық басқаларға қарағанда әлдеқайда көбірек экзистенциальді фрустрацияға түскетіні туралы гипотеза шындыққа айналып отыр. Вена медициналық Университетінің студенттерінен сұрағанда, олардың 40%-ы экзистенциальді вакуумді бастан кешіргендіктерін айтқан. Ал Американдық студенттердің 81%-ы экзистенциальді вакуумді бастан кешірген.
Экзистенциальді психотерапия.
Экзистенциальді психотерапия- экзистенциальді философия мен психология идеяларынан туындаған психотерапия. Ол адамның өмірін, оның әлеммен қатынасын зерттейді. Генри Элленбергтің айтуы бойынша, экзистенциальді психотерапия- кейбір экзистенциальді ойлардың психотерапияға қосылуы. Экзистенциализм Серен Кьеркегордан бастау алады. Серен Кьеркегор экзистенция, яғни, адамның уникальді, қайталанбас өмірі ұғымын енгізді. Экзистенциальді психотерапия: бостандық, махаббат, өлім, жалғыздық, жауапкершілік, сенім т.б. нәрселерге басты назар аударады.
8)3-4 жас аралығындағы балалық шақтың физиологиялық және психологиялық сиппаттамасын жіктеңіз.
Психологиялық сиппатама: Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы – баланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы. Соңында балада мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.Кофка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Э.Шпрангер, Ж.Пиаже, В.М. Бехтерев, Д.М.Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский, Р.Р. Лурия, А.Н. Лентьев, П.Л. Гальперин және тағы басқалар Баланың психикасынан басқа психологиялық саланың айырмашылығы – ол ерекше бірліктермен жұмыс жасайды, олар – жас немесе даму кезеңі болып табылады.Мектепке дейінгі кезеңде бала жаңа принципиалдық жетістікке жетеді. Бала ересектермен және құрдастармен қарым- қатынастың қиын- қыстау кезеңінде басқа адамдардың рефлекциясын меңгереді. Бұл кезеңде ересектермен қарым- қатынас жасау барысында идентификация қабілеті қарқынды дамиды. Кейінгі жастық шақта бала бір мезгілде позитивті және негативті даралануды меңгереді. Мектепке дейінгі кезеңде өз дене мүшелерін белсенді түрде басқара алады.
Физиологиялық сиппатттама: . Бұл шақта балада дене мүшелерінің құрылымы өзгереді. Осы кезңде баланың тілі қарқынды түрде дамиды. Осы кезеңде бала жаңа жаңа құбылыстарды меңгеруге үзілді- кесілді қарсы, ол бұрынғы меңгерген білімдерін қайта жаңғыртады.
9)Жеткіншек шақ дағдарысының психологиялық ерекшеліктерін негіздеңіз.
Жеткеншектің ер жеткендермен қарым-қатнасы. Жеткеншек шақтағы жастардың ата-анасымен, мұғаліммен және үлкендермен қарым-қатнасы ержеткеннін сезіну арқасында құралады. Есейгендікті өз ойынша түсіне , жеткеншек үлкендермен қарым-қатнаста үлкендердің талабына алғашқы қарсылығын білдіріп белсенді өзінің құқығы мен тәуелсіздігін талап етеді. Жеткеншек көбіне өз құқығын тапталған деп сезінеді, үлкендердің оны елемейтінін көтере алмайды, орталықта болғысы келеді. Жеткіншек сыртқы дүниесінде үлкендерге тікелей қарсы әрекеттерді жасағанымен шын мәнінде олардың қолдауын қажетсінеді. Жеткіншек шақтағы балалар өте сезімтал болғаны себепті ,үлкендер жеткіншекке қолдау жасай , онымен ыңғайлы формадағы қатынаста ұстануы керек. Жеткіншек өзінің қыйындықтарымен , уайымдарымен , қызық оқиғаларымен бөлісуді қалайды, бірақ жеткіншек үшін тығыз жатқан қатнастарды бастау қиынға соғады . Жеткіншектің қарым-қатынасы оның көніл-күйне тікелей байланыста. Бір неше ауқыт аралығында ол түзуден қарама-қарсы өзгеру мүмкін. Қөніл-күйнің тез өзгеруі жеткіншекті қалпсыз реакцияға әкеледі. Сөйтіп бұл реакциялардың жүзеге асуы, үлкендердің қамқорлығының мақсатында болады. Бұл реакцияны шектелтіс формада үйден қашумен көрсетеді. Жеткіншектің төзімсіздігі үлкендер тарапынан қысымды көтере алмауы, көбіне ситуациядан жәй “кете” салуға әкеледі. Жеткіншек әрекетін кейбір деңгейлері балалық кездің реакцияларымен сипатталады. Авторитарлық тәрбие стилінің қыйындығы – бұл ата-ананың баламен байланысының кикілжендері ғана емес, осы себепті жеткіншектердің адамдармен достарымен қатнасуының стилі қалыптасады. Авторитарлы стилде тәрбилеуге балалар көбіне достарымен қатал, сүйіспеншіліксіз қатнаста болады: өзінің тәуелсіз екенің көрсетеді, үлкендерді сыйламау, өзін әлеуметтік ортада дүрыс ұстамау байқалады. Мүндай балалар өзі танымайтын ортаға түскенде өз ойы толық айталмайтың, көп сөйлейтің, өзін дүрыс ұстамайтың болады. Ал қалыпты дүрыс отбасындағы жеткіншек бұл уақытта қоғам талабына сай өзін ұстайтың, әрекетін алдын-ала болжауға болатың қарым-қатынасқа бейімді бала болады.
Ерте балалық шақтағы ойлау мен тілдің дамына әсер ететін факторларды айқындаңыз.
Ерте жастық шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүреді: үлкендердің сөйлеуді түсінуін жетілдіру және баланың өзінде белсенді сөйлеудің қалыптасуы. Сөздерді көрсетілген заттарға және қимылдарға қатыстыра алу балаға бірден келмейді. Алдымен нақты зат пен құбылыс емес, жағдай түсіндіріледі. Бала үлкендермен қарым-қатынаста сөзбен анық қимылдар жасаса, басқа адаммен айтылған дәл осы сөздерге мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Осылай, бір жастағы сәби анасымен қарым-қатынаста басына, мұрнына, көзіне, аяғына және басқа да дене мүшелеріне көрсете алады, бірақ адамдардың дене мүшелерін көрсету сұрауларына ол жауап бермеуі мүмкін. Бала мен ана өте тығыз интимді байланыста болады, мұнда тек сөздер ғана емес, сонымен қатар жесттер, мимика, дауыс ырғағы және қарым-қатынас жағдайы - бәрі бірге әрекетке сигнал болады.Үлкенмен қарым-қатынаста бала оның сөздеріне дұрыс жауап береді, егер бұл сөздер көп рет анық жесттермен қайталанса. Мысалы, үлкен балаға айтады: «Қолыңды берші» - және соған сәйкес жест істейді. Бала өте тез жауапты әрекетке үйренеді. Сонда ол тек сөздерге ғана жауап бермейді, сонымен қатар толық жағдайға жауап береді.Кейінірек жағдай мәні өтіледі, бала сөздерді түсіне бастайды, оларды нені айтып жатқанын түсінеді және ол сонымен бірге ере жүретін жесттерге тәуелсіз. Бірақ бұл жерде де сөздер мен көрсетілген заттар және құбылыстар арасындағы байланыс көп уақыт тұрақсыз болады. Бұл үлкеннің балаға берген сөздік нұсқаулар кіретін жағдайларға тәуелді. Баланың активті сөйлеуінің дамуы бір жарым жасқа дейін ақырын жүреді. Осы кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін меңгереді және оларды сирек болса да қолданады. Бір жарым жастан кейін бала ынталы бола бастайды. Ол үнемі заттардың атауын сұрап қана қоймай, сол заттарды білдіретін сөздерді деайтуға тырысады. Басында оған сөздік қабілеттіліктер жетіспейді. Бірақ кейін «Бұл не?» сұрағы үлкенге айтылған үнемі шарты бола бастайды. Сөйлеудің даму шапшаңдығы бірден артады. Екінші жылдың аяғына таман бала 300 сөзге дейін қолдана алады, үшінші жылдың аяғында 500-ден 1500 сөзге дейін cөз қолданады.
Ойлаудың дамуы. Психикалық денсаулығы жақсы баланың танымдық белсенділігі болады. Баланың әр нәрсеге қызығушылығы оның айналадағы заттарды білуге негізделеді.
Қарым-қатынаста белсенді болған сайын, бала сұрақтарды да көп қоя бастайды. Бала барлық затқа қызығушылық тудыруы мүмкін: мұхит қандай тереңдікте болуы мүмкін және ондағы жануарлар қалай тыныс алады? қанша мың шақырымда жер шары орналасқан? неге таудағы қар ерімейді және төменгі жағы еріп кеткен?
Бала білімге құмар, ал білімді игеру көптеген «неге?», «қалай?», «не себептен?» деген сияқты сұрақтар арқылы жүзеге асады. Ол сұраққа нақты жауап табуы қажет. Қандай да бір тапсырмалар туындағанда бала оны өзі шеше алады. Бейнелі түрде ойлау – бастауыш мектеп кезеңіндегі ойлаудың ең негізгі түрі болып табылады, әрине, бала логикалық түрде ойлай алады.
Бастауыш мектепте баланың ойлау қабілеті эгоцетризммен ерекшеленеді.
Ж. Пиаже көрсеткендей, баланың ойлау қабілеті алты-жеті жасында орталықпен немесе айналадағы заттардың қабылдауымен жүреді. Мысаы, балаға ұзындықтары әр түрлі үш таудың суретін көрсетіп, оған өзіне жақын ,таныс таудың суретін тап деп айтса, ол бұл тапсырманы өте оңай шешеді. Ж. Пиаженің шешіміне сәйкес, балалық шақтың ойлау қабілетінің құрылымы бұл – «орталық» болып табылады.
З.Фрейдтің тұлға теориясын сипаттаңыз.  
З.Фрейдтің тұлғалық психоаналитикалық теориясы Батыста кең танымал. Оны психодинамикалық, экспериментальды емес, құрылымдық-динамикалық типке жатқызуға болады. Ол тұлғаның психологиялық қасиетін, әсіресе қажеттілігі мен себептерін сипаттайды. З.Фрейд өзіндік сананы - айсбергтің шыңына теңейді. Адам өз жанында болып жатқанның мардымсыз бөлігін ғана белсенді сезінеді. Ал оның жанында болып жатқанның негізгі бөлігі тәжірбиесі мен тұлғалануы бейсанада болады деп көрсетеді. Фрейд тұлға құрылымын үш құрамда: «Ид» , «Эго» , және «Супер эго»  деп белгілейді. «Ид» - бұл өзінің дербес бейсаналықтағы қызығушылық, қажеттілік пен себепке терең енуі; «Эго» - санасы; «Супер эго»-бұл саналык жэне бейсаналық деңгейі. «Ид» - ләззат принципіне, «Эго» - шындық принципіне, «Супер эго» - қоғамда орын алған моралдық норма мен құндылықты басшылыққа алады.Жағымсыз эмоциональдық жағдайдан құтылуға байланысты «Эго» көмегімен өзінің қорғаныстық механизімдерін жасайды. Ондай рационализация, реакуляция қалыптастыру, проекция, интеллектуализация, ескертпелер жатады. Егер осы және бұданда басқа қорғаныстық механизімдер нәтиже бермесе, ол «Ид» -дағы кодталған, символикалық формаға байланысты болғаны.З.Фрейдтің тұлға теориясы жэне неофрейдистер тұжырымдамасы шет елдер мен ресей психологтары арасында сынға ұшырады. Бұл сын адамның биологиялық шегіне, оның әлеуметтік мінезінің себебіне, оны басқару ролінің төмендігіне байланысты. Олардағы дәлелдер ғылыми негізделіп, нақтыланған дәлелденген деуге болмайды, деген олар тартымды әрі өмірлік ақиқатқа жанасымды құрылған.
12. 3 жас дағдарысының психологиялық ерекшеліктері.
Ерте балалық шақ дағдарысы немесе үш жас дағдарысы өзінің белгілері немесе көріністері жағынан отандық психологияда да, шетелдік психологияда да айтарлықтай толық сипатталған. Отандық психологтардың ішінде алғашқылардың бірі болып үш жас дағдарысын Л.С. Выготский сипаттаған. Ол осы кезеңде «бала тұлғасы қатты және кенеттен болатын өзгерістерді басынан кешіреді. Баланы тәрбиелеу қиынға соға бастайды. Ол қырсықтық, қыңырлық, негативизм, еркелік, өз еркінше әрекет етушілік таныта бастайды. Ішкі және сыртқы қақтығыстар бүкіл кезең бойында болып жатады»,– деп атап өтеді. Л.С. Выготский үш жас дағдарысының мынадайбелгілерінің сипаттамасын келтіреді. Дағдарыстың басталуы сипатталатын алғашқы белгі - негативизм. Негативизм кезінде баланың бүкіл мінез-құлқы ересек адамдар ұсынған нәрсеге қайшы келіп отырады. Бұл орайда бала қандай да бір әрекетті оны ересек адамдардың бірі ұсынғандықтан ғана жасағысы келмейді, яғни бұл – әрекеттің мазмұнына емес, ал ересек адамдар ұсынысының өзіне болатын реакция. Үш жас дағдарысының екінші белгісі – қыңырлық. Бала қыңырлығы оның сол нәрсені қатты қалағандықтан емес, ал бұны ол талап еткендіктен дегеніне көндіретіндігінен көрінеді. Қыңырлықтың арқауы баланың өздігінен қабылдаған шешімі болып табылады – ол осылай деді, ол осыны қалайды. Дағдарыстың үшінші белгісі – баланың қырсықтығы. Қырсықтық бала үшін белгіленген тәрбие нормаларына қарсы, қалыптасқан өмір салтына қарсы бағытталады; ол баланың өзіндік наразылығынан, ересек адамдардың өтініштері мен талаптарына қарсы болуынан көрініс табады, өз айтқанын істетуге ұмтылуынан көрініп жатады. Үш жас дағдарысының төртінші белгісі – өз еркінше әрекет етушілік, бірбеткейлік. Ол баланың дербестік үрдісіне байланысты: бала бәрін өзі жасағысы келеді. Ол ересек адамның қамқорлық көрсетуіне төзбеушілік қатынас көрсетеді, оның көмегінен бас тартады. Бесінші белгі – дауыл-наразылық; бала мінез-құлқындағының бәрі бірқатар жекелеген көріністерінде наразылық сипатқа ие бола бастайды. Бала мінез-құлқында наразылық белгілері бой көрсетеді, ол айналасындағы адамдармен соғыс жағдайында, олармен үнемі қақтығыста жүргендей әсер қалдырады. Дағдарыстың алтыншы белгісі – құнсыздандыру; бала ойыншықты, басқа да заттарды, ересектерді және құрдастарын құнсыздандыруға тырысады. Оның сөздік қорында балағат сөздер пайда болады. Үш жас дағдарысының жетінші белгісі екіұдай; жалғыз балалы отбасында деспотизмгеұмтылу кездеседі – бала нені қаласа, ересек адамдар соны жасаулары тиіс. Бірнеше балалы отбасында көбінесе өзінен кіші не үлкен бауырларына деген қызғаныш белгісі кездеседі. Аталған белгілердің бәрі белгілік көріністің алғашқы белдеуін немесе үш жас дағдарысының жеті жұлдызын құрайды.
13. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық процестері мен ерік-жігеріне сипаттама беріңіз.
3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Алты жаста балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.
Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 6 жастағы балалардың қозғалысы, көбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, нысананы көздеп заттарды дәл лақтыруды сенімді орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.
Осы кезеңнің маңызды жаңалығы – мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті – ойында дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды. Бұл кезеңнің жаңа құрылымы - мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі:мінез-құлықтаимпульсивтік және ашықтық пайда болып, тәртіп нормалары мен қағидаларында көрінеді, дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі еркін ұстай білу дағдысы әлі де қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу т.б.) де сезінеді, ересектердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, оларды жаңа іспен қызықтыруға болады.
Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы.Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибиесі арта түседі, қиядай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап - тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері еді де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияны ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға “Барып кел, алып кел, үйдің сурeтін сал” деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс – әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса, өз бойына лайық қажыр. Қайрат. Табандылық көрсетеді.
Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыру қажет.Баланың ерік әрекетін тәрбиелелеу жас кезеңнен басталды.Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады.
Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір – ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.
14. Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоциялары мен сезімдеріне талдау жасаңыз.
Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістерінен сипаты жағында жоғары болады, оған реңк және мәнерлік береді. Кішкентай балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдеп шырмауында қалып тырады. Үлкендермен салыстырғанда баллаларда сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез сөнеді.
Қызу шарттық артынша-ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті басты көзі – баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай балаларда сергектік шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттігінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез- құлқы балада түрлі сезімдр – қуаныш, реніш шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге , мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен ата-аналарына аға інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншішілік пен мейірімділік баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басынан түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ өлке ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқығаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімнің ішінде қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қиынсыз мінез-құлықтарына байланысты.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай өзгереді. Бірінші, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу,батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-әрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық қүбылыстары, әсіресе, ерік-жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі — түрақсыз, түрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
3-5 жаста құрдастарына құштарлық сезiмi дамиды.Жаңа әзiлдесу сезiмi оянады, әзiлдердi түсiнедi және әзiлдеуді жақсы көредi, өз эмоцияларын баяулатып, кез келген ым арқылы және ымдап сөйлесу эмоциялардың сыртқы белгiлерiн бiлдiреді. Негiзгi эмоциялары: қайғы, ашу, қорқыныш, таңдану, қызығушылық. тыныштық, қуаныш. 5-6 жаста – мектепке баратын уақыттың жақындауын сезiнедi:біреулер үрей сезiмдерi.ал, екіншісінде қуаныш сезiмдері пайда болады.. Негiзгi эмоциялар: қорқыныш, ашу, ыза, қайғы, таңдану, мүдде, тыныштық, ар, жазалау, қуаныш, күндеушiлiк, жиіркенушiлiк.
Баланың мектепте оқуға дайындығының психологиялық алғышарттарын анықтаңыз
Мектепке оқуға психологиялық дайындықтың мәні.«Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсіндіріледі.
Дамудың қажеті мен жеткілікті деңгейі, оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың ересектермен бірге отырып, қол жеткізетін жетістіктерімен айқындалады. Егер баланың психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі.
Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологялық дайындық мәселесін теориялық жетілдіру Л.С.Выготскийдің еңбектерінде негізделеді (Божович Л.И. 1968, Эльконин Д.Б. Салмина Н.Г. 1988, Кравцова Е.Е, 1991 т.б.)
«Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.
Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д.Б.Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:
- Баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы;
- Берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;
- Сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы;
Талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес орындай алуы. Бұл – еріктіліктің дамуының шамасы.
Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық сферасын зерттеуде баланың меңгерген білімдерінің жинақтық санына емес, зияттылық үдерістерінің даму деңгейіне баса көңіл бөледі: «бала қоршаған шындықтағы құбылыстардың мәнді жағын бөле білуі, оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек» (Божович Л.И.,1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін бөле білуі керек.
Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда баланың қарым-қатынас жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынастың негізгі үш сферасы бөлініп көрсетіледі:
-ересектермен ерікті қарым-қатынас
-құрдастармен ерікті қарым-қатынас
-өзінің өзіне қарым-қатынасы
Ортақ іспен шұғылданатын сыныпқа келген соң, бала өзі сияқты өзге балалар мен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Ол балалар қоғамына еніп, олармен бірігіп әрекет ете алуы және олармен келісімге келе алуы, қорғана білуі де керек. Баланың белгілі бір әлеуметтік ортадан алған мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімдері мен оған нақты бір қатынасы болуы керек.
1. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді:
-зияттылық
-эмоциялық
-әлеуметтік
Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін бөліп (дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдарды мен сенсорлық координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады.
Психолог балалардың мектепке даярлығын анықтау барысында осы тізімге сүйенеді; оқуы табысты болуы үшін аса маңызды деген салалар бірінші тексеріледі. Сонымен,1-сынып оқушысының психологиялық өлшемі:
1.Психологиялық даярлығы-
-оқу дағдарысы
-санай алу іскерлігі
-жазу дағдысы
-сурет салу дағдысы
-тілдің дыбыстық мәдениеті
-сұраққа толық жауап бере алуы
-сөздік қоры мол
-әрнәрседен хабары бар
-үлкендермен және балалармен араласу тілегі
-мұғаліммен қарым-қатынас орнату іскерлігі
-қашықтық сақтай алуы
-үлкендермен жеке қатынас жасауға қабілеттілігі
-бірлескен іс-әрекет жасай білу іскерлігі
Балада оқу мотивациясының қалыптасуы.Мектептің оқушыға қоятын талаптары мен оқу бағдарламаларын талдау мектепке дайындықтың мотивациялық, еріктік, зияттылық және тілдік сфералардан көрінетінін растайды.
Баланың жаңа жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекетін анықтайтын оқу мотивациясы оның психикасы едәуір қалыптасқан ойын іс-әрекетті екінші жоспарға ауысқанда пайда болады. Мектепке дейінгі шақтың соңында ойын «таяудағы даму аймағын» құрудағы өзінің мүмкіндігін (психикалық даму механизмі болып табылатын) жояды.
С.С.Выготский атап көрсеткендей, ойынның даму үдерісі ондағы қиялдан туған жағдаяттардың маңызының біртіндеп азайып, ережелердің рөлінің едәуір артуымен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі ересек жаста, әсіресе 6-7 жаста ережелі ойындарға, ал әрекетті ереже бойынша орындау оның негізгі мазмұныңа айналады. Осылай мотивациясының жетекші типінің ойыннан оқуға ауысуы үшін негіз дайындалып, ол баланы үнемі түрлі ережелер бойынша әрекет ететін оқушы рөліне енуге ынталандырады.
Егер баланың ойының дамуының барлық сатысынан өтпесе, мектепке аяқ басар алдында оның психикалық дамуына жеті жастағы дағдарыс байқалмайтынын толық айтуға болады. Ал бұл дағдарыс мектепке психологиялық дайындықты білдіретін оқу мотивациясының пайда болуынан туындайды
16. Бозбалалық шақтағы даму заңдылықтарын анықтаңыз.
Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процесстері басқаларының бәрінен басым болады деген ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады. Жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толыстыру мерізімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел даму нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік шақты алғашқы екі кезеңмен байланыстырады. Акселерацияға байланысты жеткіншектің кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орыны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді. Балаң жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?Дене күшінің дамуы.Балаң жастық- адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады, жігіттерде 17 мен 18-дің арасы. Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші ерте өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан еке өсіп түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам бір қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең. Жыныстық даму жөнінін жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметті - экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық мерзісдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді. Дамудың әлеуметтік жағдайы.Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыдан өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. өмірлік іс-әрекетінің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қана қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмыстық істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастады, бәріде мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға даярлану. өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатынжеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училишелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс. Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері.Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын салаларына түсуімен қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызетінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипар береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғарғы класс оқушысының мамандық таңдауға даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік беру керек. Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте үстау қажет. Жас өспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организімі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағарлаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт артырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерилер мен нормалар негізінде құруға тырысады.Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді. Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз “менін” ұғынуды, үшіншіден , өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік – адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір- бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде боған түсініктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, «менді» ұғыну бала жіктеуесімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. өзінің психикилық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компонанттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды. Өз денесінің бейнесі.Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылумен өзінің «мені» мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзіндік келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жас өспірім шағында да сақталады. өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз пкелбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымдылығын арттырыратын қасиеттер ерекше маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компонентті. Қалыпты өсудің барлық нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз «нормалар трагедиясына» айналады.Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін өзі бағалау.Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқада беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе батылдық, ерік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдіқ-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылын немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады).
Жеткіншектік дағдарысының психологиялық табиғатын сипаттаңыз
11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.
Жеткіншек жастағы қиыншылықтарды әртүрлі психофизиологиялық және психикалық кемістіктерді жыныстық жетілумен байланыстырады. Организмнің қарқынды дамуының нәтижесінде жеткіншекте қорқыныш сезім, қозушылықтың жоғалауы, депрессия болуы мүмкін. Кейбіреулер дененің жеке бөліктерінің және оның пропорцияларының даму темпінің сәйкес келмеуіне байланысты өздерін қолайсыз сезінеді, ыңғайсыздық білінеді. Бұл кезеңде бақылау жүргізушілер елеулі өзгерістерді ескере отырып, бұл кезеңді суреттеуде « скачок роста», « эндокринный шторм», «гормональная буря » - деген түсініктерді қолданады.
Жеткіншекке, жыныстық жетілуге байланысты дене және физиологиялық дамуындағы жедел өзгерістердің деңгейі жаңа жан күйзелістерін тудырады.
Осы жастағы оқушылармен нақты практикалық жұмысты жоспарлау, іске асыру үшін, біріншіден, психологтың жұмыстың нақты бағыттарын белгілеу керек.
Жеткеншектің ер жеткендермен қарым-қатнасы. Жеткеншек шақтағы жастардың ата-анасымен, мұғаліммен және үлкендермен қарым-қатнасы ержеткеннін сезіну арқасында құралады. Есейгендікті өз ойынша түсіне , жеткеншек үлкендермен қарым-қатнаста үлкендердің талабына алғашқы қарсылығын білдіріп белсенді өзінің құқығы мен тәуелсіздігін талап етеді. Жеткеншек көбіне өз құқығын тапталған деп сезінеді, үлкендердің оны елемейтінін көтере алмайды, орталықта болғысы келеді.
Жеткіншек сыртқы дүниесінде үлкендерге тікелей қарсы әрекеттерді жасағанымен шын мәнінде олардың қолдауын қажетсінеді. Көбіне ситуацияларда үлкендер еткіншектің досы ретінде болғаны пайдалы. Осы жағдайда үлкендер жеткіншекке жаңа өмірде өз орнын табуға , жаңа қатнастарды түзеле өз қабілетін бағалай білуге және өзін-өзі таный білуге көмек беруі мүмкін . Бірігіп жүргізілген іс-әрекет, біріге өткізген уақыт жеткіншекке үлкендердің онымен санасуы жайы жаңа түсінік қалыптасуына мүмкіндік береді. Осындай қарым-қатнас нәтижесінде терең рухани және эмоционалдық түйісу , бірігісу жеткіншектің өмірге қызығушылығын артырады.
Жеткіншек шақтағы балалар өте сезімтал болғаны себепті ,үлкендер жеткіншекке қолдау жасай , онымен ыңғайлы формадағы қатынаста ұстануы керек. Жеткіншек өзінің қыйындықтарымен , уайымдарымен , қызық оқиғаларымен бөлісуді қалайды, бірақ жеткіншек үшін тығыз жатқан қатнастарды бастау қиынға соғады .
Осы кезеңде жеткеншек үшін отбасының біркелкі талабы үлкен мәнге ие. Ол бұл кезде өзіне жауап кершілікті алу орны, өзінің құқығы жайлы көп орнайды. Егер жеткеншек оннан көп нәрсені күтіп жатқанын сезсе, ол жауапкершіліктен қашу мақсатында “ жақсы” көленкесіне тығылады, сондықтан жеткінше жаңа жүйені меңгеруі бейімденуі үшін үлкендер тарапынан талаптардың болуы қажет. Онай талаптар ереже бойынша жасалмайды.
Үлкендер жеткіншектерге кішкентай бала ретінде қараса олар мұндайда көбіне әр түрлі формада қарсылық, бағынбаушылықты көрсетіп, ертеде қалыптасқан қатнастарды озгіртуге тырысады. Сонда қарсылықтын әсерінен үлкендер жай саттылап жеткіншектермен жаңа формадағы қатнасты түзеуге міндетті болады. Бұл процесс барлық кезде де аурытпалықсыз отпейді, себебі үлкендерге бағынышты және тәуелді болған жеткіншектерге үлкендер тарапынан бірнеше факторлар әсеретеді. Олардың ішінде бөлік көрсететініміз экономикалық фактор (жеткіншек материалдық жағынан ата-анасына тәуелді) және әлеуметтіқ фактор (жеткіншек оқушының әлеуметтіқ орның сақтайды) осы факторлардың нәтіжесінде үлкендер және жеткіншектер арасында кикілжіңдер тууы мүмкін.
Жеткіншектің қарым-қатынасы оның көніл-күйне тікелей байланыста. Бір неше ауқыт аралығында ол түзуден қарама-қарсы өзгеру мүмкін. Қөніл-күйнің тез өзгеруі жеткіншекті қалпсыз реакцияға әкеледі. Сөйтіп бұл реакциялардың жүзеге асуы, үлкендердің қамқорлығының мақсатында болады. Бұл реакцияны шектелтіс формада үйден қашумен көрсетеді.
Жеткіншектің төзімсіздігі үлкендер тарапынан қысымды көтере алмауы, көбіне ситуациядан жәй “кете” салуға әкеледі. Жеткіншек әрекетін кейбір деңгейлері балалық кездің реакцияларымен сипатталады. Үлкендердің жеткіншектің қолынан келмейтін нәтіжені немесе жеткіншекке үлкендер тарапынан аз көніл бөлінуі, жеткіншекті оппазиция жасауна себеп болады. Ол мынадай сипатта болады: жеткіншек әртүрлі амалмен барлығының көнілін өзіне аударғысы келуі, басқа береуден көнілдерін өзіне аударуы.
Жеткіншек жасты сипаттауды олардың белгілі біреудің әрекетіне еліктеунен көруінізге болады. Жеткіншек көбіне, әлеуметтік өз орның тапқан. Мамандығын жақсы меңгерген, сыртқы бейнесі не көніл бөле еліктейді. Жеткіншектергі кейбір үлгідегі еліктеулер негативті әсерлер тігізеді. Мысалы: үлгідегі адамның тәуелсізх болмауы. Салыстырмалы түрде жеткіншектерге қарама-қатысы еліктеулер жиі кездеседі. Көбіне мүндай еліктеулер жеткіншекке қиыншылық пен қасиет әкеген әке-шешесіне еліктеу болады.
Жеткіншектін белгілі бір бағыттағы жұмысының әлсіз болуы екінші бағытта жұмысының женісті болуына тырысуын тоғызады. Өзін дамытуда іс әрекет тандалынғанда өте көп қыйыншыктар кездеседі.Үлкендердің позициясының ұстануы, жеткіншектін дамыуна кері әсер тигізуі мүмкін.
18)Л.С.Выгодскийдің теориясына сәйкес адам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз
Л. С. Выготский адамның психикалық дамуының ерекшелігі оның өмірінің барысында мəдени, əлеуметтік жоғары психикалық қызметтердің қалыптасуына байланысты деп есептеген. Жоғары психикалық қызметтер адамға тумысынан берілген табиғи қызметтерге қарама-қайшы. Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық қызметтер жайлы ілімі жоғары психикалық қызметтердің жанамаланған сипаты, ерекше құрылымы жəне шығу тегі жайлы екі болжамға негізделеді. Жоғары психикалық қызметтер əлеуметтік-тарихи дамудың өнімі болып табылады. Олар адамның тіршілік əрекетінің сипатына байланысты жəне еңбек іс-əрекетінің негізінде қалыптасады. Жоғары психикалық қызметтердің құрылымын жанамалайтын белгілер мен мəндер еңбек құралдары іспеттес адамның психикалық іс-əрекетінің құралдары болып табылады. Выготский тарихи даму барысында адам мінез-құлқының амал-тəсілдерін өзгертеді, табиғи нышандары мен қызметтерін түрлендіреді, мінез-құлықтың жаңа мəдени формаларын жасап, құрастырады деп есептеген. Нақты əлеуметтік мəнге ие белгілер: тіл, математикалық белгілер, мнемотехникалық құралдар психологиялық құралдар болып табылады. Жоғары психикалық қызметтер құрылымы бойынша (əлеуметтік белгілер мен мəндермен жанамаланған) əрі шығу тегі бойынша (басқа адамдармен қарым-қатынас жəне ынтымақтастық үдерісінде ғана туындайды) «екіжақты əлеуметтік» сипаттамасымен ерекшелінеді. Л. С. Выготский жоғары психикалық қызметтер табиғи қызметтерден құрылымы, қасиеттері жəне шығу тегі бойынша ерекшеленеді деп есептеген. Құрылымы бойынша жоғары психикалық қызметтер табиғи қызметтерден жанамаланғандығымен, яғни мəдени құралдар – белгілер мен мəндерді қолдануға негізделуімен ерекшеленеді. Мəндер өз кезегінде жинақталған қоғамдық тəжірибені анықтаса, белгілер адамның санасын өңдейтін өзіндік психологиялық құрал болып табылады. Сол себепті сананың дамуы белгілері мен мəндердің жүйесін меңгеру үдерісін білдіреді. Жоғары психикалық қызметтердің негізгі міндеті – белгілердің көмегімен адамның мінез-құлқын, қоршаған əлеммен қатынастарын іштей реттеу. Соның негізінде адамның іс-əрекеті парасатты жəне ниетті болып қалыптасып, саналы мақсатқа лайық əрекет етуге ұласады. Жоғары жəне табиғи психикалық қызметтерді анықтайтын қасиеттер – ырықтылық, саналылық жəне жүйелілік тікелей жоғары психикалық қызметтердің ерекше құрылымынан алынады.
Ырықтылық мақсатты ұстануды жəне оған қол жеткізу құралдарының болуын білдіреді. Л. С. Выготскийдің ырықтылық мəселесіне қатысты жаңалығы – мақсатқа қол жеткізу құралдарына баса назар аударуында. Сəйкес құралдарсыз мақсатты жүзеге асыру бағыттылығының өзі ырықтылықты білдірмейді. Егер мақсат болып, құрал болмаса, мінез-құлық ырықты болмайды.
Саналылық – мəн арқылы анықталады, өйткені тілде (сөйлеуде) көрініс табатын дүниенің барлығы саналы. Л. С. Выготский мəн міндеттеген жалпылаудың құрылымы сананың мағыналы құрылысын анықтайды деп жорамалдап, тілді (сөйлеуді) адам санасы дамуының маңызды факторы ретінде қарастырады.
Сана құрылысының жүйелілігі мəндерді жалпылаудың ортақ құрылымымен шартталған жоғары психикалық қызметтердің бірлігі ретінде зерттеушімен сананың жүйелі жəне мағыналы құрылысы жайындағы ілімінде жете баяндалған. Жоғары жəне табиғи психикалық қызметтердің шығу тегінің əртектілігі олардың маңызды айырмашылығы болып табылады. Табиғи психикалық қызметтерге қарағанда, жоғары психикалық қызметтер олардың дамуы туралы заңда анықталған дамудың ерекше жолын өтеді.
Жоғары психикалық қызметтердің дамуы туралы заң сананың шығу тегін анықтайды. Л. С. Выготский бойынша, кез келген жоғары психикалық қызмет алғашында ұжымдық, əлеуметтік іс-əрекет, интрапсихикалық қызмет ретінде; екінші рет, жеке-дара əрекет, бала ойлауының ішкі тəсілі жəне интрапсихикалық қызмет ретінде екі рет айқындалады. Баланың ересекпен ынтымақтастығы, жалпы қарым-қатынас жоғары психикалық қызметтердің қалыптасуының негізін құрайды. Іс-əрекеттің психикалық формалары алғаш рет ерекше үлгіде адамдардың арасындағы қатынастарды туындап, өзара əрекеттестік үдерісін ұйымдастырудың арнайы құралдарын қолданумен сипатталады. Психикалық қызметтер адамға тумысынан берілмейді,өздігінен туындамайды, тек адамдардың арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастың ерекше жағдайында ғана орын алады. Нəтижесінде олар психикалық құрылымдарға айналады. Интериоризация үдерісін қарапайым мысал арқылы түсіндіруге болады. Бала психикасы дамуының бастапқы мезеті – нəрестелік шақта кез келген жағдаят ересекке тəуелді болады. Баланың барлық қажеттіліктері ересек арқылы жəне оның бала белсенділігінің кез келген түріне енуі арқылы қанағаттандырылады. Қарым-қатынас үдерісінде ересек адам ол үдеріскке қатыстырылатын заттардың мəніне икемделіп еніп, сөйлеу тілін қолданады. Осылайша, бала дамуының бастапқыда əлеуметтік жағдаяты – бұл объективті түрде жоғары психикалық қызметтер орын алатын жағдаят болып табылады. Баланың қауқарсыздығынан оның белсенділігінің барлық түрлері ересекпен жанамаланады. Жоғары психикалық қызметтер қалыптасуының бастапқы кезеңінде объективті түрде ынтымақтастықта белгі кездескенімен, субъективті түрде бала үшін олардың еш мəні болмайды. Ересекпен ынтымақтастық болмаған жағдайда белгі мен мəн бала үшін жасырын болып қала берер еді. Сонымен, алғашында белгі объективті түрде ынтымақтастықтың құрылымында кездеседі, ересек үшін баланың іс-əрекетін ұйымдастыру құралы ретінде анықталады, ал бала үшін белгі біріккен іс-əрекет шарттарының бірі ғана болып табылады. Интериоризация үдерісінің екінші кезеңінде бала белгіге бағдарлана бастайды. Мəселен, ересек баланы киіндіргенде «Қолыңды бер», «Аяғыңды бер» деп айтса, бала аяғын созғанда, ересек мейіріммен: «Жоқ, мен қолыңды бер деп айттым» деп тіл қатады. Бала еріксіз белгінің мəніне назар аудара бастайды. Сонымен, бала алдымен белгіге, кейін оның мəніне назар аударады. Келесі кезеңде бала ересектің мінез-құлқын реттеу үшін белгіні оның өзіне бағыттайды. Бала белгіні ересектің назарын аудару үшін жəне оның мінез-құлқына ықпал ету мақсатында белсенді қолдана бастағанда, жоғары психикалық қызметтер құрылымының оның өзінің мінез-құлқында объективтелгенімен, олар əлі интериоризацияланған жоқ. Мəселен, бала болмайтын нəрсені алайын дегенде сіз: «Тиіспе!» деп бар түр-əлпетіңізбен ол затты алуға болмайтынын көрсетесіз. Ол тілдік белгінің мəніне бағдарланып, бағынады. Қайсыбір мезетте ол сіз бір істі орындап жатқанда: саусағын шошайтып: «Тиіспе!» деп, өзіңізге «ақыл айтады». Бұл бала белгіні серіктесінің мінез-құлқын реттеу үшін қолданғанымен, бірақ өзінің мінез-құлқын реттей алмайтын өтпелі кезең болып табылады. Жоғары психикалық қызметтер құрылымының қалыптасуы- ның келесі кезеңінде бала белгіні өзінің мінез-құлқын реттеу үшін қолдана бастайды. Мəселен, балаға ойыншығын жинау сұралғанда, ол тапсырманы орындайды. Ата-анасы баланы: «Жарайсың!» деп мақтайды. Келесі жолы ол ойыншықтарын жинағысы келмегенде, өз-өзіне қолдау көрсетіп: «Жина! Жина» деп демеп қояды. Осы тұста жоғары психикалық қызметтер баланың іс-əрекетінде жай объективтелініп қана қоймай, психологиялық жаңа құрылымға айналады: белгі баланың мінез-құлқын реттеуші қызметін атқарып, жанамаланады, саналылық қасиетіне ие болады. Л. С. Выготский жоғары психикалық қызметтер дамуының екі жолын көрсетеді. Біріншісі – психикалық қызметтердің интериоризациялануы болса, екіншісі – мəндердің дамуы. Психикалық қызметтердің интериоризациялануы Л. С. Высотскийдің түсінігінше – бұл белгінің сыртқы жоспардан ішкіге көшу үдерісі. Жоғары психикалық қызметтер дамуының заңы бірқатар теориялық қорытындылар мен тұрғыларды құрастыруға мүмкіндік береді: баланың бастапқыдан əлеуметенгендігі жөнінде. Даму əлеуметтенудің бір түрінен келесісіне бағытталған қозғалыс ретінде жүреді. Даралық əлеуметтену үдерісінің нəтижесі болып табылады; қарым-қатынастың рөлі жайында. Ересекпен қарым- қатынас пен ынтымақтастық психикалық дамудың негізін əрі қажет шартын құрайды; сананың ішкі жоспарының қалыптасуы ретінде интерио- ризация үдерісінің жаңа түсінігі жайында. Мəндердің дамуы дамудың екінші жолы екендігін жоғарыда баяндаған болатынбыз. Оның негізі жалпылау құрылымының өзгерісінен құралады. Ол: синкреттер (кездейсоқ объективті белгілері бойынша жалпылау); кешендер (объективті деректі, бірақ мағынасыз белгілер бойынша жалпылау); ұғымдар (маңызды объективті белгілер бойынша жалпылау) атты үш кезеңнен құралады.
19. А.Адлердің тұлғаның индивдуалды теориясына сипаттама беріңіз
Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Вена қаласында дүниеге келген.
Даралық психологиясы - адамдардың даралық психологиялық және қылықтық айырмашылықтарын сипаттайтын, түсіндіретін және зерттейтін психология ғылымының саласы. Даралық психологиясы фрейдизмнен тармақталған, А.Адлер талдап берген психоанализ бағыттарының бірі. Даралық психологиясы тұлғаның құрылымы ерекше "өмір стилі" бес жасқа дейінгі бала кезден негізі қаланады дегенді негізге алады. Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл дамуын анықтайды. Өзінің дене мүшелері жете дамымағандығы себепті балада кемсіну сезімі болады, оның оны ескеріп, өзін-өзі көрсету әрекетінде мақсат қалыптасады. Бұл мақсат шынайы болса, тұлға дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, неврозды, әлеуметтікке қарсы болып қалыптасады. Ерте жаста туа біткен әлеуметтік сезім мен толыспағандық сезімі арасында қақтығыс пайда болып, өтем және астамдық өтем механизмдерін іске қосады. Осыдан барып жеке билік жүргізуге, басқалардан үстем болуға тырысушыпық, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылық нормаларынан ауытқушылық туындайды. Психотерапияның міндеті - невроздық субъектінің өз мақсаттары мен түрткілерінің болмысқа сай емес екенін ұғынуына көмектесу, өзінің толыспағандығының есесін өтеуге тырысуы шығармашылыққа бағытталуына бағдарлау. Даралық психологиясы идеялары көптеген елдерде тұлға психологиясында ғана емес, әлеуметтік психологияда да тарап, топтық терапия әдістерінде пайдаланылды. Даралық психологиясы неофрейдизмді жақтаушыларға ықпал етті. Даралық психологиясының әдістемелік шектеулігі, ең алдымен, психикалық дамудың күн ілгері мәлімдігі туралы тұжырымдаманы қорғайды; бұл даму телеологиялық тұрғыда әу бастан терең негізделген мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады. Даралық, жекелік, өзіндік қасиет (бір адамды басқа адамнан айырмашылығын көрсететін қасиеттер жиынтығы); Адамның индивидтік қасиеттерінің өзіндік бейнесі бар, басқа адамдардан ерекшелігі.
Даралық психологиясы қазіргі кездегі бір тармағы даралық психотерапия — практикалық психология мен психотерапияның аумағы; әр клиентпен психологтің (психотерапевтің) жеке жұмыс жүргізуіне арналған психотерапиялық (психокорреакциялық) әдістердің жүйесі. Келесі тармағы дифференциалдық диагностика әр түрлі іс-әрекеттер мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып білу.
А.Адлер (1870-1937) Фрейд пен Юнгтен айырмашылығы сол ол адам мотивациясы әлеуметтік оянулармен шарттанады деді, адамдар әуелден-ақ әлеуметтік болып табылады, өздерін басқа адамдармен арақатыстырады, бірлескен әлеуметтік іс-әрекетке қатысады. А.Адлер әлеуметтік қызығулар адамда туа берілген мәнділік деп санады, осы тұрғыдан ол да Фрейд пен Юнг сияқты кейбір көзқарастары биологиялық болып табылады.
Адлер психологтардың ойына әлеуметтік өзгерткіштер дегенді салып, әлеуметтік психологияның дамуына негіз салды. Адлердің тағы бір екінші маңызды еңбегі ол тұлға теориясына жоғары персоналданған субъективті жүйе «Креативті Мен» деген ұғымды кіргізді. Үшінші айтқан маңызды жағдайы психоанализден айырмашылығы сол ол адамның уникалды сипаты жайлы айтты.
Әрбір адам уникалды қырлар, мотивтер, қызығулар, құндылықтар жүйесі деп қаралды. Адлердің теориясында сексуалдылық минимумға апарылған, адам алдымен әлеуметті жан деп саналды. Тағы бір маңызды айтқан ойы тұлғаның орталығы сана болып табылады, адамдар саналы маңыздылық, мінез-құлық себептерін түсіне алады, адамдарда өзіндік сана болады, әрекетін жоспарлайды, басқарады, психиатр ретінде көп практика жасады.
Адлердің концепциясында тұлғада болатын төмендегі жағдайларды көрсетті: фиктивті финализм, басым болуға ұмтылу, толық қанды емес сезімі мен компенсация, әлеуметтік қызығу, өмір стилі, креативті Мен. Адлер зерттеуде қолданған әдістері: туу реті мен тұлға жайлы, ертедегіні еске түсірулер, балалардың бастан кешкендері бойынша сезімдері.
20. Жастық шақтағы даму заңдылықтарын анықтаңыз.
Адамның балалық шағы мен жастық шағының дәстүрлі классификатциясы ( 11 – 12 жастан, 14 – 15жас). Осы ең қысқа астрономиялық уақыт аралығында жеткіншек өз дамуында ұлы жол жүреді: олар өзінің ішіндегі конфлектілер және басқалармен кикілжіңдер, сыртқы қайшылықтардан өту арқылы өзін тұлға сезіміне ие болуы мүмкін. Бірақта қоғам туралы енді ашылып келе жатқан сезімдері оны қатыгездікке жетелеуі мүмкін. Қазіргі ақпаратты қоғамда жеткіншектің өзіне үлкен азаматтық статусын алуы – орындала бермейтін арман. Сондықтанда жеткіншек өзіне үлкен адам сезімін емес, жастық – пісіп жетілушілік сезіміне ие болады. Жеткіншек адамдық тұрмыстың құндылықтарына заттызқ әлемінен бірдестен тәуелділікке кетеді. Заттық әлемде өмір сүре тұрып бала сол заттарға табыну обектісі ретінде қарай бастайды. Жеткіншек белгілі бір қауымдастық құрамына кіргендіктен сол ортаның мінез – құлқына сай әрекет жасап, белгілі заттарды тұтынып сол заттарды тұтыну оларға өмірінің мазмұны бола бастайды. Өзіне жаңа зат ала ала отырып ол өзі және достарының алдында құндылыққа ие болады. Жеткіншек үшін белгілі бір заттарға иелік ету, ол үшін өзінің тұлғалық қасиетін ұстап тұруға әсер етеді.
Қазіргі таңда, Ресейде дамыған елдердегідей тұтынушылық қоғамға аяқ алу, жастардың арасында тұтынушылық тәбеттері айтарлықтай өсуде. Әрине, заттар – ол өмір сүру ортасы, рухани және физикалық даму жағдайы, қажет және аңсаған меншік болып табылады. Бірақта тұтыну қоғамы жеткіншекке таңдау және міндетті түрде жие ауыстырып тұру деп қабылдайды. Қазіргі өмірде заттар жеткіншектерді мынадай мінез – құлықтарға бейімдеуі мүмкін: 1. негізгі құндылық болу үшін, өмірінің толықтығына деген мотивация тудырады; 2) табыну обектісі болу арқылы, заттардың құлы болуға, айналуы мүмкін. 3). Сыйлайтын адамдарды тәуелділікке қойып, қызғаныш пен агрессияға алып соқтырады. Жеткіншектік бизнесі – “ жеткіншек заттар әлемінде “ атты мәселені ғана шешіпқойып қана қоймай өзінше жеткіншекті олып жүру қиын болатын. Жеткіншектік шақ – ол жеткіншектің барлығын жаңадан өзінің отбасымен қарым – қатынасын түсіне бастайтын кезең. Үлкен тұлға деңгейіне ие болмасам мен қайтер едім деген сұрақ туындайды. Жасөспірім бойындағы тұлғалық қасиетін сезінуге отбасындағы “ біз деген ұғым және дәстүрдің оны қолдауы көп әсер етеді. Осыған орай жасөспірім әлі де болса өзінің “ мен “ дегенімен жалғыз қала алмайды. Өйткені ол әлі өзін - өзі терең және обьективті түрде бағалай алмайды, және жалғыз өзі бүкіл әлем алдына ерекше “ тұлға ретінде тұра алмайды. Оның жоғалған “ мені “, “Біз” деген ұғымға ұмтылады. Бірақ бұл жолы (“Біз” – топ.У. Г. Самнер.) оның қатарластары құрайды. Жеткіншек шақта – жасөспірім өзінің құрдастарымен қарым – қатынас пен, байланыстарын бағалай бастайды. Өзі сияқты тәжірибесі бар құрдастарымен араласу жасөспірімге өзіне жаңаша көз – қараспен қарауға мүмкіндік береді. Өзін - өзі дамытуда досқа деген мұқтаждық қатты байқалады. Досты және оған қызмет ету жасөспірім үшін үлкен орын алады. Достық арқылы жасөспірім адамдар арасындағы байланыс, әріптестік, бірін – бірі құтқару, екінші біреу үшін тәуекелге бару. Достық сонымен қатар сенім арқылы басқаны және өзіңді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әсіресе өскелең шақта жасөспірім достар арасындағы сатқындық, сырларын жария ету, ұрыс керіс барлығын түсіне бастайды. Қорыта келе, достық тек қана жақсылықтарға ғана емес ол сонымен қоса екінші бір адамға достық қатынаста қандай мінез – құлық таныту керектігін көрсетеді. Достық балалық шақта да, топпен жұмыстада жасөспірімнің тұлғалық қатынаста өзімшілдік қасиет тудыруға ықпал етеді. Көп жасөспірімдер өздерінің қабылдау, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі, ойлау қабілеті және оларға жаңа нәр беруге тырысады. Интенсивті түрде жұмыс істеу арқылы жасөспірім өзін тиімді санайды. Жеткіншек шақ – жасөспірімді әрдайым өзін тануға деген құштарлықтарын, өз бойынан жаңа қырын ашудың өзі баланы тыныш өмір сүруге бейімдейді. Жасөспірім алып – ұшушылық мінезінде болғандықтан шекті сезімдер көп па? Көздері махаббат оты жанып тұрған кезде өз мақсатынан басқа бүкіл әлем оған ештеңе емес. Бірақ бұл уақытта өтеді, оның жанарында ұшқын оты да біртіндеп сөнеді. Азғана уақыттан соң ол жаңа мақсат отымен айналыса бастайды. Бірақта осы кезеңде жасөспірімдер өзіне және басқаларға жаңа қырларын ашып – психологиялық кризиске түсіп кету қаупі бар. Субьективті түрде бұл ауыр күйзеліс, уайымдау, бірақ өскіншектік кезеңнің күйзелісі жасөспірімді бала күнінде ойламаған біліммен байытады. Жасөспірім өзінің қиналысынан өзінің ойлары мен достары және өзі үлкен мектеп тәрбиесінен өтеді. Бұның барлығы оған тұлға ретінде құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Э.Эриксонның тұлға теориясына сипаттама беріңіз
Э.Эриксонның тұлға даму концепциясы. Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)Даму кезеңі.Дамудың қалыпты желісі.Дамудың аномалды желісі. 1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру .Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулау.2.Кейінгі нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік, өзіне өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.Өз өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы жүргенде. Оның сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.3.Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рольдерге қосылу. Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.4. Орта балалық шақ (5 пен 11 жас аралығы) Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. “Дауыл алдындағы” немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) Өз болашағын анықтау. Уақытша перспективаның –болашаққа жоспардың дамуы. Қандай болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу, үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер. Дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу, қажет болса оларға бағыну. Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін өзі түсінуге тырысу. Еңбек белсенділігін жоғалту. Жыныстық айырмашылықты көрсететін рольдердің ауысуы, лидер болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы. 6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу, махаббат пен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану. Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әрекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің алғашқы белгілері.7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы) Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толық құнды, әр қилы өмір. Отбасылық қатынастармен қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу. Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау. 8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)Өмірдің түрлі оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына көну қабілеті. Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну.Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың көптігін сезіну. Жақындап келе жатқан өлімнен қорқу.
Даму кезеңі Дамудың қалыпты желісі Дамудың аномалды
желісі
1. Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін) Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат, үйір болу, ата-ана мен  баланың бірін бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да  қажеттіліктерін қанағаттандыру Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде  баланың адамдарға сенбеуі,  мән бермеушілік, немқұрай-лық, махаббаттан айыру.Баланы ана сүтінен  өте ерте және  күрт  айыру,  баланы эмоционалдық оқшаулау.
2. Кейінгі  нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін) Дербестік,өзіне өзі сену.Бала өзін  дербес,  жеке, бірақ  әлі ата-анасына тәуелді адам  деп санайды Өз өзіне сенбеу,  өте ұялшақ болу. Бала өзінің бейімділмегендігін сезініп,  қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым қимыл әдеттерінің  дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы  жүргенде. Оның  сөйлеу қабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін  қоршағандардан өте қатты жасыруға тырысады.
3. Ерте балалық шақ (3-5 жас  шамасында) Қызығушылық және белсенділік.  Қоршаған ортаны қызыға зерттеп,  бейнелерді елестету, ересектерге  еліктеу,  түрлі рольдерге қосылу. Пассивтілік және  адамдарға  мән  бермеу.  Инициативаның болмауы, салбыр болу,  басқа балалардан қызғану, ұсыныстардан бас тарту, рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
4. Орта балалық шақ (5 пен 11  жас  аралығы) Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және  коммуникативті білім мен  әдеттердің дамуы. Өз алдына шынайы мақсат қойып, оған жетуге тырысу.  Инструменттерде ойнауды  белсенді меңгеру,  шешімдер қабылдау. Өзін өзі кемсіту. Әлсіз дамыған  еңбек ету  қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан,  басқалармен жарысудан  бас тарту. “Дауыл алдындағы”  немесе  жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі.  Біреуге бағынушылық. Түрлі есептерді шешкенде   жұмысы зая кететіндей сезіну
5. Жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және  бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы) Өз болашағын  анықтау. Уақытша перспективаның –болашаққа жоспардың  дамуы.  Қандай  болу? Кім болу? деген сұрақтарға жауап  іздестіру.  Білім алу, үйрену.  Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер.  Дүниеге көзқарастың қалыптасуы.  Құрбылар арасында  лидер болу, қажет болса оларға бағыну. Рольдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және   араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін өзі тануға  жұмсау, сыртқы әлем,  қоршаған адамдармен  қарым-қатынас орнатудың орнына  өзін өзі түсінуге тырысу.  Еңбек белсенділігін  жоғалту. Жыныстық айырмашылықты  көрсететін рольдердің ауысуы,  лидер болуға  ұмтылмау.  Мораль мен  дүниеге  көзқарастың шатасуы.
6. Ерте ересек шақ  (20 мен 45 жас аралығы) Адамдарға жақын тарту, оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп, оларды тәрбиелеу,  махаббат пен жұмыс. Жеке бас  өмірімен қанағаттану. Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы, адамдарды таңдамай араласу,  болжамға келмейтін  әрекеттер жасау.  Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге  толы-мыс деген ойлардың әсерінен  психика ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің   алғашқы белгілері.
7. Орта ересек шақ (40-45 және 60 жас аралығы) Шығармашылық. Өзімен өзі және басқа адамдармен өнімді және  шығармашылық жұмыстар жүргізу.  Толық құнды,  әр қилы  өмір.  Отбасылық қатынастармен  қанағаттану, өз балалары үшін риза болу. Жаңа ұрпақты  үйрету және тәрбиелеу. Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм.  Жұмыстың өнімсіздігі.  Ерте мүгедек болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек өзіне ғана  күтім жасау.
8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары) Өмірдің  түрлі  оқиғаларға бай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған  саналы баға беру.  Өткен өмірді өз күйінде  қабылдау, оның пайдасын түсіну.  Тағдырдың жазғанына көну қабілеті.  Өлім қорқынышты емес екендігін   ұғыну. Үміт үзу.  Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын,  ол өте тез өтуде деп ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп    түсіну, өз күшіне, басқаға деген  сенімнің  жоғалуы. Қайта өмір  сүруді  тілеу, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын,    жаман, санасыз бастаманың көптігін  сезіну. Жақындап келе жатқан  өлімнен  қорқу.
22. Ересектік шақ дағдарысының психологиялық ерекшеліктерін көрсетіңіз
Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі . Оның басталу және соңғы шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды: 25 жастан 65 -70 жасқа дейін. Әдетте бұл жасты зейнеткерлікке шығу мен байланыстырады және тұрақты жас шамалары жоқ. Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас аралығын қамтиды, яғни бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады. Ал біз бүгін ересектік кезеңді шамамен 30 жастан бастап, сонау зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл шамамен 60-70 жасқа дейін. Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі жеке тұлғаның жекелей және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Кейбір адамдарда 40 жастан кейін дамуында бәсеңдеу процессі жүрсе, керісінше, екіншілерде 40 жастан кейін белсенді іс-әрекетпен айналысу басталады. Тіпті кейбір адамдарда шығармашылық дамуы өмірінің соңына дейін жүруі мүмкін. Осы кезеңде бір- бірімен байланысты, бірақ бір-біріне сай келмейтін үш жас түрін ажыратуға болады: Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы); Биологиялық жасы; Психологиялық жас. Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай келмеуі мүмкін. Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына байланысты жас көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста қартаюдың белгілеріі айқын көрінуі мүмкін. Психологиялық жас дегеніміз- адам өзін қалай сезінетіндігі және қалай қабылдайтындығын сипаттайды. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары пайда болды және ол «Үлкендерді танып- білуге бола ма ?»деген сұраққа жауап іздеумен байланысты болды. Оған жауап беру үшін адамның өмірлік кезеңдеріндегі психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның «нормаларын» талдау керек болды. Ең бірінші ересектер психологиясына назар аударғанН.А. Рыбников болды. Ол 1928 жылы ересектер психологиясын акмнология деп атауды ұсынды (акмэ грекше- өркендеу, шың дегенді білдіреді). Дәл осы кезеңде ересектікке қол жеткізеді (ақыл-ойы, азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби іс-әрекетте өзін табады және шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады. Ересектер психологиясының пәні- ересек адамның онтогенездегі конституциясының, нейродинамикасының, психофизиологиясының, интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы. Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық кезеңдегі ересектіктің жоғарғы және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін анықтайтын қалыптасқан пікір жоқ. Жастық шектеулерді анықтаудағы әртүрлі пікірлер жас кезеңдері классификациясын құру принципімен түсіндіріледі:физиологиялық, антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып. Б.Г. Ананьев ересектердің психофизиологиялық және интеллектуалдық дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды. 18-46 жас аралығында естің, ойлаудың, зейіннің дамуы 3 макро кезеңнен тұрады. 1 макро кезең-18-25 жас аралығы; 2. 26-35 жас аралығы; 3. 36-46 жас аралығы. Бұл жастық кезеңдер әртүрлі даму темпімен сипатталады. 40-50 жасында адам бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда, басқа психологиялық жағдайда болады. Осы уақытқа дейін үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибе жинақталады, балалары өседі, олармен қарым-қатынас жаңа сипатқа ие, ата-аналары қартаяды және оларға көмек керек. Бұл кезеңде адам организімінде заңды физиологиялық өзгерістер болады, оларға бейімделу керек: көру нашарлайды, реакциялар бәсеңдейді, ер адамдарда сексуалды потенция әлсірейді, әйел адамдар климакс кезеңін уайымдайды. Осы аталғандарды ересектер физикалық және психикалық ауыр қабылдайды. Көбінде денсаулығына байланысты мәселелер туындайды. Психофизикалық функциялар төмендегенімен,олар адамның когнитивтік сферасына еш әсерін тигізбейді- жұмысқа қабілетін төмендетпейді, еңбектік және шығармашылық белсенділігін сақтайды. Бұл кезең адам үшін жанұялық, карьералық, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Бірақ, өлім мәселесі туралы, уақыттың өтіп жатқандағы жайлы жиі ойланады. Еңбек- ересек адамның сезімдерінің көзіне айналады. Адамның эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйі көбінесе еңбек іс-әрекетінің жемісті не жемісті еместігіне байланысты. Осы кезеңде адам стресстік жағдайға жиі ұшырап, депрессия мен жалғыздық сезімін бастан кешіреді. 38-40 жаста орта жас кризисі болады. Осы кезеңде адамды мынандай сұрақтар мазалайды: ары қарай қалай өмір сүру қажет, не үшін өмір сүру керек, кіммен өмір сүру керек? 40 жасқа қарай ересектер армандары мен өмірлік жоспарларының қаншалықты іске асқандығына есеп береді. Отбасылық жағдайында өзгерістер болады: балалары ержетіп, өзбетінше өмір сүреді; жақын туысқандары мен ата-аналарының дүниеден өтуі мүмкін. Жақын адамдарынан айырылу, балаларының өміріне араласу, оларға қамқорлық көрсету ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мағынасын аша түседі. Егер оларды балалардан басқа ештеңе байланыстырмаса, ондаерлі-зайыптылар айырылысуы мүмкін. 40 жас кризисін басынан өткізген адам өмірін қайта құрып, мамандығын ауыстырып, тіпті жаңа отбасын да құруы мүмкін. Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу, жұмыс орынын ауыстыру, басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу. Ал кризистен шығудың деструктивті жолы- суицид және жеке тұлғаның ыдырауы. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен іс-әрекет құрылымы өмірлік жағдайларға байланысты. Мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері осы кезеңде де дами түседі. Ересек адамның индивидуалды қасиеттері балаларға қарағанда жекелік сипатқа ие. Әлеуметтік ересектік- бұл адамның белсенді еңбек іс-әрекеті. Онда адам іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасады және өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асырады. Әлеуметтік ержетуде (оны азаматтық деп те атауға болады) негізгі роль адамның өндірістік, қоғамдық және мәдени өмірге араласуында. Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде түрліше болады. Мысалы: ересектік жаста адамдардың көбі еске сақтаудың төмендеп кеткеніне, жұмысқа қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды. Бірақ, Б.А. Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың есіне салыстыру жүргізіп, тек 90 жастағылардың ғана еске сақтау қабілеті төмендейтінін айтты. Ересектік кезеңдегі барлық басқа өзгерістерді жекелей ерекшеліктерімен түсіндіреді. Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық және бейнелі ес тез төмендейді. Ал мазмұндық ес 70 жастан асқанша тұрақты болып келеді. Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын болсақ, көптеген мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде болатындығын көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың, кәсіби спортшылардың, балет артисттерінің және т.б. кәсіби шыңдалуы ересектіктің алғашқы сатысында басталады, одан кейін оларда тұрақтану кезеңі болады. Ал басқа мамандықтарда, мысалы, дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда кәсіби шыңдалуы ересектіктің орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі мүмкін. Барлық осындый жағдайларда кәсіби өнімділік шеберлікке, білімге, тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты.
23) Жаңа туылған сәби дамуындағы негізгі жетістіктер. Жандану сатысындағы дамудың негізгі нәтижелерін талдаңыз.
  Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып заттар мен іс-әрекет жасауды үйрену арқылы елеулі табыстарға жетеді. Ол басын дұрыс ұстап, отырып, еңбектеп, тәй-тәй тұрып, қаз-қаз басуға үйренеді. Көзіне көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды сілкілейді, лақтырады. Осы әрекеттердің бәрі адамға тән мінез-құлық формаларын біртіндеп игерудің баспалдақтары іспетті болады. Осындай прогрессивті қимылдар және іс-әрекеттермен қатар, дұрыс тәрбие болмаған жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар баланың одан әрі дамуына жағдай жасамайтыны былай тұрсын, қайта кедергі келтіреді. Қимыл мен әрекеттің прогрессивті түрлері үлкендер балаға үнемі көңіл бөліп отырғанда, оның мінез құлқына бағыт-бағдар бергенде ғана дұрыс қалыпиасады және оның психикалық дамуы үшін зор маңызы болады. Сонымен бірге, олар дамудың бала жеткен дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Әсіресе, кеңістікте еркін қозғалудың (еңбектеу, жүру), бір нәрсені ұстап әртүрлі қимыл жасаудың маңызы зор. Еңбектеу баланың өздігінен бір жерден екінші жерге қозғалуының алғашқы түрі. Бақылаулар көрсеткендей көпшілік балалар алғашқы жарты жылдың соңында, екінші жарты жылдың басында, әлдебір тартымды ойыншықты алуға тырысқанда еңбектей бастайды. Бала ойыншыққа қарай біресе оң қолын, біресе сол қолын созып талпынады, оны ұстауға ұмтылып аздап ілгері жылжиды. Өздігінен жүруді-бір жерден екінші жерге орын ауыстырудың адамға тән әдісін-үйрену үшін көп уақыт керек. Бұл мерзім ішінде сәби аяғынан тік басып тұруға, бірдеңені жағалап тәй-тәй басуға, ештеңеге сүйенбей тұруға, жүруге үйренеді.Еңбектеген бала ойлаған жеріне бару үшін жүруге асыға қоймайды. Сондықтан оны жүруге және қимыл жаттығуларына үлкендер әзілеуі тиіс. Жүре бастаған балаеңбектеуін бірден қойып кетпейді. Әдетте оған жүруден гөрі еңбектегені оңай болады да, ол алысырақ жатқан нәрсеге тезірек жету үшін еңбектей жөнеледі. Алайда үлкендердің қолдауымен болған жүру әдісі кешікпей-ақ үйреншікті іске айналады. Бұл әдетте, нәрестелік шақтан кейін жүзеге асады. Бірдеңеге жармсу туғаннан соң 3-4 ай өткенде басталады. Төсекте немесе манежде жатқан бала қолын кеудесінен жоғары көтеріп, бір қолымен екіншісін сипағандай болады.  Тек 4,5-5 айлық бала ғана ілулі тұрған ойыншыққа қолын еркін жеткізіп, көп кешікпей 6 ай болғанда бір қолымен ұстай алады. Әрине бұл бала жармасу әдісін толық меңгерді деген сөз емес. Мұның өзі әлі жетіліп болмаған. Затқа ұмтылған қол тура бармайды, доғаша иіліп, көбіне басқа жаққа ұмтылып бұрылып кетеді. Бала туғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта жармасуды онан әрі жетілдіре түседі. 1-шіден, қолды затқа қарай тура созатын болады. 2-шіден үлкен саусақты қалған саусақтарға қарсы қоюы жетіледі., сөйтіп бала затты саусақтармен ұстауға көшеді. Қолды затқа біртіндеп жақындату шамамен балаға 8 ай болғанда, ал қолды көздеген нәрсесіне ауытқытпай тура апару 1 жасқа толғанда мүмкін болады. Затқа жармасып, онан соң саусақтардың көмегімен ұстап тұру 7-8 ай болғанда қалыптасады да, жасқа толғанша жетілдіріле береді. Саусақтардың қалай орналасуы, әдетте қандай нәрсені ұстайтынына байланысты: допты саусақтарын тарбитып, ал жіпті үлкен және сұқ саусақтарының ұшымен ұстайды, кубикті ұстағанда саусақтар оның қырларына жатады.Бірақ, кешікпей затпен қимыл жасау күрделене түседі. Тіпті қарапайым қимылдардың белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Түрлі қимылдар жасауды одан әрі дамыту дегеніміз мұнда нәресте бір емес, екі затпен бірдей әрекет жасай бастайды. Бір жастың соңына қарай баланың заттармен түрлі қимылдар жасауында жаңа маңызды ерекшелік пайда болады. Бала қимыл мен әрекеттің жаңа түрлерін меңгеріп, оларды жетілдірген сайын, оның қоршаған кеңістіктегі, заттардың қасиеттері мен қатынасын бағдарлауы әлі де болса, бөлек сипатта болмайды. Нәрестенің мінез-құлқын сипаттаған кезде «бала бақылайды», «бала таниды», «бала түсінеді» дегенді жиі қолданамыз. Нәрестелік кезеңнің басында көру  аппараттары мен есту аппараттарының жұмысын дәлелдеу жүзеге асырылады. Оларды жаттықтыруға байланысты көру мен естуді шоғырландыру пайда болады. Нәрестелік кезеңнің басында көру мен естуді жетілдіру осы бағытта жүргізіледі. Бақылау көрсеткендей, 3-4 айға дейін, яғни еңбектегенге, бір нәрсеге жармасып, онымен түрлі әрекет жасағанға дейін бұл жетілдіру негізінен аяқталады. Бала көріп және естіп қана қоймайды. Ол сонымен бірге көргеннен естігеннен әсералып, қанағаттанғандық сезімге бөленеді.Демек, баланың көру әлемі бірінен-бірі өзгеше ауыспалы әсерлерден тұрады. Олар кейде тартымды, 2-шісі тартымсыз болып келеді. Нәрестенің сыртқы қимылдар мен іс-әрекеттердің көмегімен орындалатын қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық процестердің көмегімен орындалатын бағдарлаудан бұрын пайда болады және оның негізі болып табылады. Тұрақты өзгеріп тұратын әсерден кейін заттар балаға өзін қоршаған кеңістікте тұрақты өмір сүретін және өзгермейтін белгілі бір қасиеті бар нәрсе болып көріне бастайды. Сүйеніп отыру Бала тік отырады, басын кемінде 10 секунд ұстайды. Бала тепе-теңдікті ұстау немесе сүйену үшін қолын пайдаланбайды.  Еңбектеу Бала қолдары мен тізелерін кезек-кезек ауыстырып, еңбектеп алға  және артқа қарай қозғалады. Бауыры еденге тимейді. Кемінде  қатарынан үш рет ұзақ және жүйелі қимылдайды. Сүйеніп тұру Бала қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі қолымен ұстап, бірақ  теңселмей аяғына тұрады. Денесі тіреуішке тимейді, бүкіл негізгі  салмағы аяғына түседі. Сөйтіп, бала сүйеніп кемінде 10 секунд тұрады.   Сүйеніп жүру Бала арқасын тіктеп тұрады. Қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) бір немесе екі қолымен ұстап, алға қарай не жанына бір қадам жасайды. Бір аяғы денесінің салмағын ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға  басады. Сөйтіп, бала кемінде бес қадам жасайды. Өз бетімен тұру Бала арқасын тіктеп екі аяғын басып (бірақ аяғының ұшымен емес) тұрады. Аяқтары салмағын 100% ұстап тұрады. Бала басқа адамға  немесе затқа сүйенбейді. Өз бетімен кемінде 10 секунд тұрады.   Өз бетімен жүру Бала арқасын тіктеп, өз бетімен кемінде бес қадам жасай алады. Бір аяғы салмағының басым бөлігін ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады. Бала басқа адамға немесе затқа cүйенбейді.
24) Нәрестелік шақтағы қабылдау мен есту процестерінің ерекшеліктерін дәлелдеңіз.
 Нәрестенің жетістіктері – қарым – қатынасты қажетсінуі. Жетекші іс-әрекеті – эмоционалдық қарым-қатынас. Жанама түрде эмоциямен, ым-ишара мен, вербальді емес жолмен беріледі. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас баланың көңіл күйінің жақсы болуына мықты әсер етеді. Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе,сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса –ақ болды, оның көңілі көтерліп, ашуы басылады да өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, жаңа ғана жаратпай тастаған ойыншығымен қайтадан ойнай бастайды. Туғанына төрт –бес ай болғанда үлкендерді таңдап қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады. Баланың дамуында зор маңызы бар эмоционалдық қарым –қатынас қажеттілігі әрине, жағымсыз қылықтар жасауға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер үлкен адам үнемі баланың қасында болуға ұмтылса, онда бала осыған үйреніп кетеді де, үнемі оған назар аударуды талап етеді, егер бір минуттай –ақ жалғыз қалса, ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды. Дұрыс тәрбие әдістері үсітінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас (қайткенде де қарым-қатынас жасау керек болғандықтан), кешікпей белгілі бір затпен , ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да үлкен кісі баланың бірлескен іс-әркетіне айналады. Үлкендер баланы әлдебір заттық дүниеге ендіреді, оның назарын заттарға аударып, олармен не істеуге болатынын сан алуан әдістермен көрнекі көрсетіп, балалардың қимылын бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей көмектеседі. Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің ариуы  кейде қарама-қарсылыққа д әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей білген кезде ғана шешіледі. Белсенді түрде көру және есту түсініктері қалыптасады. (3- айдан 4 айға дейін). 9-10 ай балалар көз алдынан көрінбей кеткен заттарды іздей бастайтын болады, демек ол заттардың жоғалмағанын, тек басқа бір жерде тұрғанын түсінеді. Шамамен осы мерзімде затты тани бсатайды. 11 ай шамасында көріп қабылдау туады. Есі ырықсыз. Оның түрлері: эмоциональді, қимыл-қозғалыс есі. 1 жасқа толғанда бала заттың қасиеттеріне зейін аударады. Зейіні ырықсыз 1 жастың соңына орай көрнекі- әрекеттік ойлауы  көріне бастайды. Тілі пассивті түрде. 7-8 айда сөзді түсіне бастайды. 1 жасқа жуық шамасында пассивті сөздік қоры 50 сөз. 8 айда сөйлей бастайды. 7-9 айда бөбек сөздің ырғағын байқау дәрежесіне жетеді. 9-10 айда ма-ма, па-па, нә-нә, 12 айда апа, ата, су т.б. 1 жаста сөздік қоры – 2-15 сөз.
25)Кемел шақ сатысындағы даму заңдылықтарын айқындаңыз
   Кемелдену жылдарында құндылықтардың қайта бағалануы жүргізілгеннен кейін шығармашылық қызметтің жаңа гүлденуі басталады, әрі оның сандық көрсеткіштері есебінен емес, ал оның сапасының артуы есебінен. Адамның бұл жылдары басынан кешіретін негізгі сезімі – өмірдің кемелдігі, оған қанағаттану. Бұл кезеңде ересек адам өмірге, бұрынғысымен салыстырғанда, анағұрлым кең көзқараспен қарайды. Әлемнің көрінісі, өмірдің мағынасы ол үшін барған сайын тереңірек және сараланған бола түседі, болмай қоймайтын шығындарға байланысты жан құбылыстарының орны арта түскен даналығымен және төзімділігімен толтырылады. Бұл жаста көбінесе білім, өмірлік тәжірибе және хабардарлық қажет болатын жұмыстарға қызығушылық танытады. Нақ осы үлкен рухани күш салуды талап ететін шығармашылық іс-әрекеттерде, мысалы, өнерде, ғылымда, саясатта адамдар өздерін шын мәнінде көрсете алады. 45-60 жастағы адамдардың дене белсенділіктері біршама төмендеуі мүмкін, бірақ тәжірибелері мен өз мүмкіндіктерін білулері оларға өмірде табыстан табысқа жетуге мүмкіндік береді. Олар «өз аттарынан» сөйлеуге және шешімдерді бұрын-соңды болмаған жеңілдікпен және өз күштеріне сенімділікпен қабылдауға қабілетті.     Қағида бойынша, бұл жаста көптеген адамдар кәсіби және қоғамдық мансабының шырқау шыңына жетеді, олардың қолдарында қоғамдықоғамдық өмірдің әр алуан салаларындағы басқару функциялары шоғырланады; көбінесе олар директор, президент, басшы, жетекші және т.б. болады. Қоғам өмірінде кемеліне келген еркек негізгі рөл атқарады. Қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық тетіктері олардың қолында болады. Жастармен жұмыс жасайтын кәсіби мамандар, мысалы, педагогтар мен оқытушылар үшін дағдарыс жылдары нағыз сынақты білдіреді. Дағдарыстан кім сәтті өтсе, жастар мойындайтын шын мәніндегі жетекші беделге айналады; кім өз дағдарысын еңсере алмаса, соның жастардың алдында беделі түседі.     Кемел жастағы адамдар істерді жүргізуі тиіс ұрпаққа айналады. Бұл жаңа жауапкершілік кейбір қорытындыларды шығаруға алып келеді. Олар қандай да бір мақсаттарға қол жеткізбегендіктеріне, қандай да бір істердің сол күйінде аяқталмай қалғандықтарына өкінеді; бәлкім, олардың бірқатар жоспарлардың сол жоспар күйінде қалатындықтарын мойындауларына тура келетін шығар. Кемел жастағы адамдар, кез келген басқа жас топтарына қарағанда, көбірек дәрежеде қазіргісімен өмір сүрулері тиіс. Жастар болашаққа үңілуі, кәрілер өткеніне бұрылып қарауы мүмкін, бірақ екі ұрпаққа қатысты және өз-өздеріне қатысты міндеттемелер ауыртпалығы жүктелген кемел жастағы адамдар «осында және қазір» өмір сүрулері тиіс. Олар отбасылық дәстүрлерді сақтап, жетістіктерді атап көрсетіп, отбасы тарихын сақтай отырып, мейрамдарда отбасын жинап, алыста тұратын отбасы мүшелерімен байланыста болып, өздеріне отбасы сақтаушысының рөлін алады.     Кемел шақ – бұл орта кезең, екі ұрпақ арасын жалғастыратын көпір. Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай-күйі бойынша ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің шырқау шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы гүлдену, «өзіне теңдестірілу» сәтін білдірген. Отандық психолог Н.Н. Рыбников «акмеология» терминімен жас ерекшеліктері психологиясының кемел жастағы тұлғаны – адамның барлық өмірлік күштерінің гүлдену кезеңін зерттейтін арнайы бөлімін белгілеуді ұсынды. Кемел шақ кезеңі – тұлға өмір жолының шырқау шыңы, әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезіндеАдамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары – саналы болмыстың құндылықтары. Кемел жастағы адам оларды өзінің өмір туралы түсініктеріне сәйкес деп мойындап немесе олардың орнын басатын ретінде дамытып қана қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың иеленушісі болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады.  Кемел шақ кезеңінің басталуы – өте қызу уақыт. Биологиялық тұрғыдан өмірлік күштердің сарқылу уақыты басталады. Әйелдерде, бұдан басқа, репродуктивті кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы жылдарға дөп келеді. Өмірлік күштердің сарқылуы дене ұлпаларының инволюциясына негізделеді. Адам денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы болады. Кемел жастағы әрбір адам сондай-ақ өз тәжірибесінен өкпе ұлпасының икемділігі азая түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан трамвайдың немесе автобустың соңынан қатты жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына келтіре алмауынан анық көрінеді. Бүкіл бұлшық еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел жастағы адамның сол бір жұмыстың өзіне жас кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат жұмсауына алып келеді. Бұл өзгеріс біртіндеп келеді. Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды және ең белгілі өзгеріс– эндокринді бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің жыныс бездері қызметінде инволюция үдерісі басталады. Кемел шағында адам өзінің барлық дерлік ішкі сезім күштерінің нағыз басқарушысына айналады; олар енді шындық өмірдің кемелдігін оның барлық өлшемдерінде: іс-әрекеттерде, қатынастарда, дүниеге көзқарасында қалыптастыра отырып, саналы түрде іске асырыла алады.
26)Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуын талдап жазыңыз.
   Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі – баланың алаңсыз және жақсы даму кезеңі Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әртүрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардын қандай айырмашылығы бар екенін бөліп,ажырата алады.    Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады,  бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді.    Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.     Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс – әрекетінің тәжірибесінен алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс – әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс – әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады.    Мектепке дейінгі баланың мынындай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі. Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді. Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді. Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.   Баланың ойлауының дамуына түрлі іс – әрекет әсер етеді. Іс – әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс – әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс – әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс – әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.    Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы. Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым – қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол  оған оқып берген мәтіңді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін, алған әсерін ұғыңықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.    Жалпы мектепке дейінгі кезеңде үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым – қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым – қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.   Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни  «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.   Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диалогты және монологты сөздік қоры дамиды.    Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуымен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.
27. Бала психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз.
Бала психологиясы –жас ерекшелігі психологиясының негізгібөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалықшақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігіпсихологиясының іргетасы болған бала психологиясы XIX ғасырдыңаяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған – неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала психологиясының пәні – балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе – баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық
2) социогенетикалық
Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.
1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай ұйымдастыру.
1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті.
Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.
Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.
Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.
Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К.Д.Ушинский, – ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.
28. Мектепке келудің алғашқы кездерінде кездесетін қиындықтарды түсіндіріңіз.
Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атты әлеуметтік рөлді қабылдауы. Бұл кезеңнің(6-7 ден 10-11жасқа дейін) өзіне тән негізгі белгілеріне қосымша әлеуметтік рөл қосылады. Мұндай белгілер оның мінез-құлқында, санасында қайшылықтар мен үйлесім түрінде қатар жүреді . Бұл шақ баланың көзі ашылмаған потенциалдарын байқап , дұрыс дамуына қолдау көрсетумен маңызды. Бастауыш сыныпта адамның тума қасиеттеріне қоса өсе қалыптасатын адам бойындағы психологиялық қасиеттердің негізі қаланып , даму барысында әдепке айналады. Зерттеулер нәтижесін пйдалану балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі , еңбек қызметтінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 6-7 жасқа дейін баланың зерттеулері ,дүниені ,қоршаған ортаны қабылдау ерекшелігі репрадуктифті бейнелі елес күйінде болса ,7-8 жастағы баланың қабылдауы оқытудың нәтижесінде прадуктифті бейнелі елес түріндегі қабылдауға қарай өзгереді.Баланың психологиялық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы; мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйреніп , шама-шарқынша еңбек етіп жүрседе, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы етихия әр түрлі ойындар болып табылады. 1-сынып оқушылары бастан кешіретін негізгі, 3 түрлі қиындық жие байқалады. 1)Жаңа мектеп тәртібіне байланысты(дер кезінде ояну, тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, тыныш отыру үй тапсырмаларын орындау қажет т.б) тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу т. Б сәттерді жіберіп қою пайда болады. 7 жастағы бала жаңа әлеуметтік рөлін қабылдауға дайын ,тіпті оны асыға күтеді. Мұғалім ата-ана бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі,олардың орындалуын әрдайым тексеріп , балалардың жеке дара ерекшелігін есепке ала отып , шаралар қолданып отыруы қажет .Жеке дара ерекшеліктерді бөліп көрсетуміздің себебі әр бір баланың өзіне тән темпараменті қайталамбас ерекшеліктерін міндетті түрде ескеріп соған сәйкес қарым-қатынас орнатса балада жаңа рөлге тез икемделеді. 2)мұғаліммен сыныптағы жолдастарымен , отбасында болатын қарым –қатынастардан туындайды .Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып , мұғалім қайткенменде беделді де қатал тәлімгер болып табылады .Мұғалімнің ұстанымы мынандай :бала оның алдында қандайда бір икемшектік жасамай тұра алмайды . Осының салдарынан балалардың біреулері тым тұйық ,ал екіншілері босандау бола бастайды. 1-ші сынып оқушысы жаңа ортаға үйренісе алмай,өзін жалғыз сезінеді.Тәжірбиелі мұғалім барлық балаға бірдей талап қояды. Бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды.Бұл олардың мінез құлықтарының астарына көз жүгіртіп ,олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі.Бұл әдістің мақсаты барлық 1-ші сынып сабақ үстінде тыныш, ұстамды болу мінез-құлық әдетіне сабақтардың жалпы қарқынын сақтауға ,мұғалім ескертулерін орындауға тәрбиелеу болып табылады.
Мұғалім балаларға бірдей талап қоятын болғанда ,нашар оқитындарды еңбек сүйетіні үшін мадақтап жақсы оқитындарға өзіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы ойдағыдай болды. 3) 1-ші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашында мектепке қуана барады , кезк елген жаттығуларға ықыласпен кіріседі. Мұғалімнің берген бағасына мақтанады; олардың бейімді шеруіне жалпы даярлықтары сезіліп тұрады. Бірақ, 1-ші сыныпта оқу үрдісі әдетте балалар белгілі бір даяр білімі мен анықтамалар алып ,оларды есте сақтап ,қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған .Білімге деген қажеттілік қарастырылмаған. Мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі ,таным дербестігі шектеулі болады. Мектептің сыртқы атребуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген алғашқы құштарлық өте бастайды да осының нәтижесінде селсоқтылықпен немқұрайлыққа әкеледі. Қазіргі заман мектебі тұлғаның жеке дер психофизиологиялық және интелектуалдық қамтамасыз ететін оқу үлгісін жасау үстінде. Бала үшін неғұрлым ынғайлы жағдаймен қамтамасыз еттетін (тиісті мазмұны жинақталғанда ,дидактикалық принцптерге қол жеткізуге сақтанғанда ,игеру мүмкін болғанда ) оқу үрдісін жеке даралаудың неғұрлым тиімді нысанасына ,негізінде терең психологиялық және педагогикалық зерттеулер жатқан сыныптарды топтау арқылы саралап оқыту жатады. Мектепке жаңа келген бала коп талап қоятындықтан мектептен қорқу мен үрейлену пайда болады .Қорқыныш –адам санасында оның өмірінде және аман саулығына төнген қауыптың аффектифтік (эмоционалдық ұшыққан) бейнеленеді.Үрейлену қорқынышқа қарағанда үнемі кері қабылданатын сезім емес ,себебі ол қуанышты күту қобалжу ретінде болуы мүмкін .Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізі бастау ол мазасыздану .Ол мынадан көрінеді ,баладан бірдеңе сұраса абыржиды , дауысы дірілдейді және кейде мүлден үндемей қалады. Кейде артық қимыл жасауға барса ,кейде мүлдем қозғалмайды. Жас ерекшелік қорқынышы эмоция сезімтал балаларда олардың психологиалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Ата-анада қорқыныштың болуы, баламен қарым-қатынаста мазасыздану, қауіптерден шектен тыс қорғау, құрбылармен араласуын шектету байқалады. Невротикалық қорқыныштар эмоцианалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен, тұрақтылықпен, мінез –құлықтың және тұлғаның қалыптасуына кері әсер етумен; басқа невротиклық бұзулармен , күйзелістермен өзара байланстылығымен, қорқыныш нысана қорқынышта жоюдың салыстырмалы қиындығымен сипатталады. Мектептегі үрейлену - бұл баланың эмоцианалдық жайсыздығының ең жеңіл көріністері .Үрейленудің жоғары деңгейі , өзін-өзі бағалаудың төмендеуі,мектепке келумен оқудың алғашқы айлары кезеңіне тән. Үрейді жеңудің 2 тәсілі: 1)Қиын жағдайға түскен баланың конотруктивтік мінез - құлық тәсілдерін қалыптастыру ,шектен тыс мазасыздануды үрейленуді жеңетін әдістерді игеру. 2)Сенімділігін нығайту , өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту адамның тұлғалық өсуіне қамқорлық ету.
29)Кәрілік шақ сатысындағы даму заңдылықтарын анықтаңыз.
   Кәрілік шақ әлеуметтік тұрғыдан да, хронологиялық тұрғыдан да адамның зейнеткерлікке шығуымен сәйкес келеді. Адам белсенді еңбек іс-әрекетін тоқтатады, «істерден алыстайды», «отставка алады». Зейнеткерлікке кету кәрілік шақ кезеңіндегі даму жағдайының орталық мезетін құрайды. Психологияда «отставкамен естен тандыру» туралы айтылады. Отставка (немесе зейнеткерлікке шығу) адамның оған референтті топтан, ұзақ жылдар бойы өзін бағыштаған істен алыстауын білдіреді. Адам қоғамдағы маңызды әлеуметтік рөлінен және маңызды орнынан айырылады. Қоғамдық және әлеуметтік маңызды орнын жоғалту әлеуметтік-психологиялық ынталандыру көздерін жоғалтумен, қалыптасқан кәсіби және тұлғааралық қатынастардың үзілуімен түйіндеседі.Адамның қарым-қатынас шеңбері тарылады, бұл, өз кезегінде, оның тұлғасындағы өзгерістерге алып келеді. Зейнеткерлікке шығу көптеген адамдар үшін материалды жағдайларының едәуір нашарлауымен қатарласа жүреді. Бұл оларды бұрын өздеріне ешқашан шек қоймаған нәрселерінде өздерін шектеулеріне мәжбүрлейді. Материалдық шектелгендік немесе өз балаларына тәуелділік бірқатар жағымсыз психологиялық жан құбылыстарын тудырады. Белсенді кәсіби іс-әрекетін тоқтату психологиялық үдерістердің (ойлау, ес, зейін және т.б.) толыққанды жүктеме алмауына, олардың  жұмыс істеу деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Кәсіби білімдерін өзгелерге жеткізу жағдайы болмағанда, кәсіби хабардарлық та төмендейді. Г. Томэ егде жастағы адамның психикалық жай-күйінің денсаулық жағдайына және оның әлеуметтік ортасына байланысты болатындығын көрсеткен. Жалпы денсаулық жағдайының нашарлауы ең алдымен туысының өлімі немесе балалардан бөлек тұру себебінен отбасы кішірейіп, сол арқылы тұлғалық байланыстар үшін мүмкіндіктері азайған ерлер мен әйелдерде анықталған. Сондай-ақ, жалпы денсаулық жағдайы мен жағдайдың Нашарлауы қабылданған нысандар мен тәсілдердің арасындағы байланысты бақылаудың да сәті түсті: жай-күйлері табысты деп бағаланған адамдар жұмыстағы, шаруашылық немесе тұрмыстық саладағы қиындықтарға белсенді және сындарлы төтеп берген, ал денсаулықтары айтарлықтай нашарлаған адамдар, керісінше, өз проблемаларының шешімін сырттан, әсіресе өз отбасы мүшелерінің тарапынан күткен.Егде жастағы адамдардың психикалық және соматикалық денсаулықтары мен аман-саулықтары болашаққа деген қатынастарына байланысты болады. Кемел жастағы тұлғаның индикаторы болып табылатын өмірлік жоспарлардың ауқымы дәрігерлер белгілеген денсаулық деңгейімен өзара байланысты болады. Егер қоршаған ортасы адамға түрткі болуы мен ынталандыруын жалғастыратын болса және әсіресе егер болашақ әлі де оның алдында белгілі мүмкіндіктер ашатын болса, кемел шақтан егде жасқа өту кезінде мінез-құлық тұрақтылығының жоғары дәрежесін күтуге болады.Қарт адамдар өмір тіршілігінің айрықша жағдайын олардың Қарттар үйлеріне қоныс аударулары қалыптастырады. Психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер егде жастағы адамдардың өздерінің қарттарға арналған интернаттарға орналастырылуларын ауыр қабылдайтындықтарын көрсетеді, әсіресе жаңа тұрғылықты орынға ауысулары олардың еріктерінен тыс болған жағдайда. Бұл– қарт адам үшін өзіндік тәуекел факторы. Интернат қаншалықты жайлы болғанымен де, адамдар онда оқиғаларды бақылау, шешімдер қабылдау, жалпы өмірге қатысу мүмкіндігінен айырылады. Олар енді өз жоспарларын құрып, оларды жүзеге асыра алмайды. Қарт адамдардың дүниеден ерте өту себептерінің қатарында бұл қоныс аудару зейнеткерлікке шығу және зайыбының өлімі факторларымен бір қатарда тұрады. Ұзақ уақыт бірге өмір сүрген зайыбының өлімі қарт адам үшін қауіпті психологиялық сын болып табылады154. Достары мен қызметтестерінің өлімін де осы қатарда қарастыру қажет. Берілген қоғамда қалыптасқан кәрілік шақтың әлеуметтік таптаурындары туралы ерекше атап өткен жөн. Бірнеше онжылдықтар бұрын заманауи қоғамда пайдасыз және қоғамға ауыртпалық түсіретін адамдар ретіндегі қарттар бейнесі кеңінен таралды. Мұндай таптаурындар егде жастағы адамдардың көңіл-күйіне теріс ықпалын тигізеді. Өздерін керексіз адам ретінде, өз балаларына масыл деп сезіну – зейнеткерлердің қоғамдық және кәсіби енжарлықтарының психологиялық негізі. Зейнеткерліктен кейінгі ерте кезеңдегі адамдардан байқалатын жылдам инволюциялық үдерістер – олардың әлеуметтік таптаурындардың күшті әсеріне қарсы тұруға қабілетсіздіктерінің нәтижесі. Олардың әсері жақында ғана белсенді және дендері сау болған адамдардың жағымсыз жаққа өзгерулеріне алып келеді.Мұндай таптаурындар егде жастағы адамдардың объективті Медициналық және психологиялық мәртебесімен қарама- қайшылықта болады. Психологиялық зерттеулер зейнеткерлік жастағы адамдардың көпшілігі жұмысқа қабілеттіліктерін, хабардарлықтарын, интеллектуалдық әлеуеттерін сақтап қалатындығын көрсетеді. Қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан адамдар қоғамда белсенді өмір сүруге деген өз құқықтарын қорғайды, жаңа мамандықтарды меңгерулері, өз үйреншікті істерінің саласында жетілулері де мүмкін. Олардың кейбіреулері өз мамандығы немесе шектес мамандық саласындағы ең жаңа білімдерді алуды қалайды. Зейнеткерлікке кеткеннен кейін егде жастағы адамда мүлдем жаңа талант, мысалы, суретші немесе жазушы таланты байқалуы мүмкін.
30 Танымдық процестерге талдау жасау
Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиыл, ес кіреді
Түйсік
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оньщ алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Зейін
.Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейдеаттенционалды әрекеттер  деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия)— субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді. Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.
ЕС
Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады. Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Уақытша байланыстардың тiкелей тiтiркендiргiштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетедi. Бiрақ бұл жалпы долбар. Өйткенi адам есiнiң мимен қалайша байланысты екендiгi жөнiнде ғылымда әлi нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеушi ғалымдардың бiр тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (естi зерттеудегi электро физиологиялық бағыт) ендi бiр зерттеушiлер естi мидың нейро-химиясына қарай түсiндiргiсi келедi. Соңғы багыттың өкiлдерi мидың кейбiр клеткаларын (нейрондарын) бiр сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеиндi қышқылдар комплексiнiң табылуы) естiң бүкiл ми массасынан алатын орнын әлi анықтай алмай келедi. Бiр нәрсенi еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, Егер бұрын бiрнеше объектiнi бiр мезгiлде немесе бiрiнен соң бiрiн елестетсек, не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейiн объектiнiң бiреуiн ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегiн тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принциптi алғаш рет ойлап тапқан ежелгi грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тiкелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттiн, қалған түрлерiн (ойлау, қиял, ерiк т. б.) түсiндiруге бұл принциптi қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация iлiмiн шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негiзде көптеген психикалық процестердiң табиғатын түсiнуге болатындырын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екi қозу процесiнiң қабаттасып келуi не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесiнде бекiп отыратын уақытша байланыстар екенiн түсiндiрдi. ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды “Уақытша жүйкелiк байланыс жануарлар дүниесiнде де, бiздiң өзiмiзде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс.  Сонымен қатар, ол түрлi әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әрiп, сөз, әлде ойдан құрылса да, психикалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгiлi үш түрi бар. Олар: iргелестiк, ұқсастық жәнеқарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнiнде И. П. Павлов былай дейдi: “Шартты байланыс… бұл, сiрә, бiздiң бiр мезгiлдiк ассоциация дейтiнiмiз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келедi. Шартты рефлекстiң (ассоциациясылық) анализi мен синтезi, сайып келгенде, ой әрекетiнiң негiзгi процестерiмен мәнi бiрдей нәрсе”.Кезiнде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсiнуге болады: 1) Iргелестiк ассоциациясы бойынша бiр зат жөнiндегi елес өзiмен бiрге оған қатысы бар екiншi затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкiн. 2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенiң, көрiнiстiң бейнелерi өздерiне ұқсас образдарды еске түсiредi, яғни бiр зат жөнiндегi елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екiншi затты елестетедi. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзiн, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуiн т. б.) 3) Қарамақарсылық ассоциациясында бiр зат туралы елес оған қарама-қарсы екiншi затты не құбылысты еске түсiредi. (Ақ пен қара, биiк пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.). Ес процестерiнсiз адам баласы мәдениеттiң қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетiле де алмас едi.ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.
Ойлау
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі мен объектісінің арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.
Сөйлеу
Сөйлеу тілі — күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сондықтан онда сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады деген пікір бар (жекелеген адамдардың хат жазысу, күнделік жүргізу т. б.). Сөйлеу тілі мен кітаби тіл арасындағы айырмашылықтар көптеген экстралингвистикалық факторлар (бейресми жағдайда, дайындықсыз өтуі, сөйлеуші және тыңдаушы жақтардың болуы т. б.) әсерінен туындайды. Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ қарым-қатынас жағдаятына байланысты оның атқаратын қызметі және тілдік құралдардың пайдаланылуы біртекті болып келмейді. Сондықтан сөйлеу мәнері де түрліше болады. Сонымен бірге сөйлеу тілінде интонация, сөз екпіні, ым, дене қимылы үлкен қызмет атқарады. Ым мен дене қимылы сөйлеу үстінде белгілі бір нәрсенің көлемін, түрін т. б. бейнелеуді (мысалы, ұзындығы мынандай—дене қимылы—сала құлаш жылан көрдім), құптау, мақұлдауды (бас изеу), шақыруды (қол бұлғау), қорқытуды (қолын аузына апару) т. б. білдіре алады. Кітаби тіл секілді, сөйлеу тілінің қалыптасқан нормалары бар. Оның өзіндік ерекшеліктері тілдің барлық деңгейінде көрінеді. Дыбыс жүйесінде, мысалы, бір дыбыстың орнына басқа бір дыбыстың айтылуы (анаң қара), дыбыстарды түсіріп айту, (кеп-келіп, босын-болсын), дыбыстың созыңқылығы (ке-ре-мет!) т. б., морфологиядакейбір морфемалардың түсіріліп айтылуы (барам-барамын, барад- барады), синтаксисте сөздердің орын тәртібінің еркін болатындығы (Іштеме шығар ма екен осы көптен! Ғ. М.) т. б. Сөйлеу тіліне тән белгілерді кездестіруге болады.[1]
Қарым -Қатынас
Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастыңинтерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесінтүсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Қиял
Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1.әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2.қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3.қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4.қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5.адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
31. Адам дамуы және жас ерекшелік психологиясындағы эксперимент әдісінің басқа әдістерден айырмашылығы неде екенін кестеде көрсетіңіз.
Эксперимент – деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып, кейде жасанды жағдайда зерттейді.
Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперимент түрлері екіге бөлінеді: Табиғи эксперимент және Лабораториялық .
Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ, оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. Табиғи эксперименттің 1910 жылы орыс педагогі А.Ф.Лазурский (1874-1917ж) негізін қалады. Лабораториялық - арнайы лабораторияларда жүргізіледі. Жас ерекшелік психологиясында мынандай эксперимент түрлерін де қолданамыз. Констатциялау – тексерілген мәселенің бағытын аладын ала білу Қалыптастырушы- балаларды осы психикалық процестер мен сапалары қалыптастыруға бағытталған әдіс. Сонымен бірге «көлденен кесу», «бойлай» зерттеу әдістері бар ерттеуші психиканың қалыптасуның нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденен кесу әдісмен зерттейді. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы,елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Бұны бойлай зерттеу әдісі дейміз.
Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс – психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет қояды.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:
- Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;
- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;
- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.
- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.
Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:
- Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;
- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;
- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:
- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.
Әдетте мұндай эксперименттер табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануында лабораториялық және табиғи эксперименттер арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.
Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.
Психологиялық-педагогикалық эксперимент – эксперименттiң бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi. Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез» зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн суреттейдi.
Психологиялық зерттеудің әдісі болып табылатын қалыптастырушы экспериментті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын педагогикалық эксперименттен ажырата білуі керек. Сырт көзге олар бір-біріне ұқсас, екеуіне де балалар әлдене жаңалыққа үйрету, оның табысты нәтижесін ұсынылған болжамдардың дәлелі ретінде қарайды. Айырмашылық осы болжамдардың өзінің сипатында: психолог үшін ол психикалық үдерістердің, сапаның жеке бастың қасиетінің қандай ерекшеліктері даму барысында қалыптасатынын болжау болса, педагог үшін баланы оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қалай, нендей жолдармен жетуге болатынын болжау.
32.Бала дамуындағы ата-ана рөлінің маңыздылығына түсініктеме беріңіз.
Ата-аналар баланың бірінші қоғамдық ортасы болып табылады. Әрбір адамның өмірінде ата-анасының жеке басы маңызды рөл атқарады. Басымызға қиыншылық түскен кездері ата-анамызды, әсіресе анамызды ойға алатынымыз кездейсоқ емес. Ал ата-аналардың сүйіспеншілігін қажетсіну –кішкентай адам үшін өмірлік маңызды қажеттілік.
Ата-ана сүйіспеншілігі – адам өмірі жақсы болуының, дене және рухани денсаулығының көзі және кепілі. Сондықтан да ата-аналардың бірінші және негізгі міндеті балаға жұрттың оны жақсы көретінін және оған қамқорлық жасалатынына сенімділік тудыру болып табылады. Ешқашан, ешқандай жағдайда баланың ата-ана махаббатына күдіктенуіне жол беруге болмайды. Ата-аналар міндеттерінің ең табиғиы, ең қажеттілігі – балаға қай жаста болсын сүйіспеншілік таныту, көңіл бөлу.
Отбасылық тәрбиеге қойылатын басты талап - балаға деген сүйіспеншіліктің болуы. Бірақ бұл жерде баланы тек жақсы көру жеткіліксіз, ең бастысы күнделікті балаға қарым-қатынасымызда, оны тәрбиелеу кездерінде бала өзін жақсы көретіндерін түсінуі, сезінуі, сенімді болуы, оның ата-анасымен қарым-қатынасында немесе ерлі-зайыптылардың бір-бірімен қатынасында қандай жағдай орын алып жатса да өзін басы артық жағдайда ғана адамның психикалық әлемі дұрыс қалыптасады, тек махаббат негізінде адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға болады, тек махаббаттан ғана махаббат туады.
Баламен үнемі психологиялық байланыста болу - барлық ата-аналарға бірдей дәрежеде ұсынылатын, тәрбиеге қойылатын әмбебап талап. Нақ осы ата-ана махаббатын, үйірлігі мен қамқорлығын сезінуге және саналауға мүмкіндік береді.
Байланысты сақтаудың негізі – баланың өмірінде өтіп жатқанның барлығын біліп отыруға мүдделік таныту, оның балалық, тіпті түкке тұрмайтын, аңғал проблемаларына шынайы көңіл аудару, өсіп келе жатқан адамның жан-дүниесінде өтіп жатқан барлық өзгерістерді қалт жібермей біліп отыруға ынта танытушылық. Байланыс ешқашан өз-өзінен пайда болмайды, тіпті нәрестемен байланысты да қолдан құруға тиіспіз. Өзара түсіністік, балалар мен ата-аналар арасындағы эмоциялық байланыс туралы сөз болғанда біз қандай да бір диалог, бала мен ересек адамның бір-бірімен өзара әрекеттестігі жайлы айтамыз.
Көзқарастар теңдігі дегеніміз – баланы тәрбиелеудегі оның белсенді рөлін мойындау. Адам тәрбие обьектісі болмауы тиіс. Ол қашанда өзін-өзі тәрбиелеуші белсенді субьект. Ата-ана өз баласының жан-дүниесіне оның өз жетістіктеріне жету, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін оята алатындай дәрежесінде ғана билік жасай алады.
Баламен қарым-қатынас жасау, оған деген жоғары сүйіспеншілігіңді көрсете білу ретінде, оның өзіне тән жеке-даралығын үздіксіз, қажымай-талмай тани білуге сүйене отырып құрылады. Баланың ішкі әлеміне, эмоциялық жағдайына үнемі сыпайы ғана үңіліп отыру, онда болып жатқан өзгерістерді, әсіресе жан дүниесінің құрылысын сезіну – осының барлығы қай жастағы болмасын бала мен ата-ана арасындағы өзара терең түсініктің тууына негіз қалайды.
Баланың жеке-басын және мінез-құлық қасиеттерін теріс бағалаудан үзілді-кесілді бас тарту керек. Өкінішке орай, көпшілік ата-аналар үшін: „Неткен ұқпайтын баласың! Сааған неше рет айтуым керек”, „Сендей бірбеткей, оңбаған баланы туып нем бар еді!”, „Сенің орнында басқа біреу болса, айтқызбай-ақ ұға қояр еді!” тағы да басқа деп сөгу үйреншікті әдетке айналып кеткен.
Ата-ана махаббатының шынайы формуласы, қабылдау формуласы – бұл „мен сені жақсы болғанын үшін ғана емес, сенің бар болғанын үшін, қандай болсаң да осы қалпында жақсы көремін”.
Баланың қара басын емес, оның әрекеттері мен қылықтарын бағалауды авторлықты ауыстыра отырып жүзеге асырудың маңызы зор. Шынында да балаңызды икемсіз, жалқау немесе салақ деп атағаныңызбен бала келісіп, мінезін өзгерте қоймайды. Ал егер баланың жеке басын толық мойындай отырып, оның тек қана нашар қылығын талқыға салатын болсаңыз, бала өз мінез-құлқына өзі баға беріп, дұрыс қорытынды жасай алады. Ол қателесуі де мүмкін, содан келесі жолы ерік-жігерінің әлсіздігінен неғұрлым жеңіл жолды таңдап алады, бірақ ерте ме, кеш пе, әйтеуір көздегеніне жетеді, бұдан сіздің баламен байланысыңызға нұқсан келтірмейді, керісінше, қол жеткен жеңіс қуанышы сіздердің ортақ қуанышыңызға айналады.
Ата-ананың баланың теріс бағалауға бақылау жасауы тағы мына себептен де керек: көбіне ата-ананың баласына ұрсуы мүлде басқа себептен, өзінің мінез-құлқына риза болмаушылық, ашулану немесе шаршағандықтан туындауы мүмкін. Теріс бағалаушылықтың артында әрқашанда кіналау мен ашу тұрады. Қабылдау балалардың өз ішінде жатқан уайымына үңіле білуге, „жүректердің үндесуі” әсерінің пайда болуына мүмкіндік береді. Ашу емес, уайым, кекшілдік емес, іш тарту - өз баласын шын жақсы көретін, қабылдай алатын ата-ананың эмоциялары осындай болмақ.
33.Тұлға теориясын сипаттаған А.Н.Леонтев және А.Маслоу теориясына салыстырмалы сипаттама беріңіз
34) Кәрілік шақтағы психологиялық уақыт: қарттардың өткен, қазіргі, болашақ арақатынасының ерекшеліктерін табыңыз.
Кәрілік – адам ағзасы мен психикасының дамып жетілуінің соңғы шағы. Адамның жеке басының даму кезеңдерінің ішінде кәрілікк шақ – оның өмір тәжірибесінің барынша молайып, көзқарасының әбден қалыптасып, бойындағы бар қабілеті мен күш-жігерін еңбекте, ғылымда, өнерде, техникада тағы басқа сарқа пайдаланып, өзінің басынан кешірген, жүзеге асырған іс-әрекетіне көз жіберетін кезі. Бірақ кәрілік шақтың өзіне тән әлсіз жақтары бар. Әсіресе кәрілік. шақта дене өзгерісімен бірге, психикалық құбылыстар да, атап айтқанда, ұмытшақтыққа бой ұра беруі, зейін қою жағы жас кездегідей болмауы сияқты өзгерістер байқалады. Бірақ мұндай жағдай кәрі адамдардың бәріне бірдей тән емес. Жасынан салауатты өмір сүріп, бірқалыпты қызмет істеп, дұрыс дем алып, өзін-өзі сақтай білген адамдар қартайған шағында да көңіл-күйі қош, қызметке қабілетті болады.     Кәрілік шақ әлеуметтік тұрғыдан да, хронологиялық тұрғыдан да адамның зейнеткерлікке шығуымен сәйкес келеді. Адам белсенді еңбек іс-әрекетін тоқтатады, «істерден алыстайды», «отставка алады». Зейнеткерлікке кету кәрілік шақ кезеңіндегі даму жағдайының орталық мезетін құрайды. Психологияда «отставкамен естен тандыру» туралы айтылады. Отставка (немесе зейнеткерлікке шығу) адамның оған референтті топтан, ұзақ жылдар бойы өзін бағыштаған істен алыстауын білдіреді. Адам қоғамдағы маңызды әлеуметтік рөлінен және маңызды орнынан айырылады. Қоғамдық және әлеуметтік маңызды орнын жоғалту әлеуметтік-психологиялық ынталандыру көздерін жоғалтумен, қалыптасқан кәсіби және тұлғааралық қатынастардың үзілуімен түйіндеседі.Адамның қарым-қатынас шеңбері тарылады, бұл, өз кезегінде, оның тұлғасындағы өзгерістерге алып келеді. Зейнеткерлікке шығу көптеген адамдар үшін материалды жағдайларының едәуір нашарлауымен қатарласа жүреді. Бұл оларды бұрын өздеріне ешқашан шек қоймаған нәрселерінде өздерін шектеулеріне мәжбүрлейді. Материалдық шектелгендік немесе өз балаларына тәуелділік бірқатар жағымсыз психологиялық жан құбылыстарын тудырады. Белсенді кәсіби іс-әрекетін тоқтату психологиялық үдерістердің (ойлау, ес, зейін және т.б.) толыққанды жүктеме алмауына, олардың  жұмыс істеу деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Кәсіби білімдерін өзгелерге жеткізу жағдайы болмағанда, кәсіби хабардарлық та төмендейді. Г. Томэ егде жастағы адамның психикалық жай-күйінің денсаулық жағдайына және оның әлеуметтік ортасына байланысты болатындығын көрсеткен. Жалпы денсаулық жағдайының нашарлауы ең алдымен туысының өлімі немесе балалардан бөлек тұру себебінен отбасы кішірейіп, сол арқылы тұлғалық байланыстар үшін мүмкіндіктері азайған ерлер мен әйелдерде анықталған. Сондай-ақ, жалпы денсаулық жағдайы мен жағдайдың Нашарлауы қабылданған нысандар мен тәсілдердің арасындағы байланысты бақылаудың да сәті түсті: жай-күйлері табысты деп бағаланған адамдар жұмыстағы, шаруашылық немесе тұрмыстық саладағы қиындықтарға белсенді және сындарлы төтеп берген, ал денсаулықтары айтарлықтай нашарлаған адамдар, керісінше, өз проблемаларының шешімін сырттан, әсіресе өз отбасы мүшелерінің тарапынан күткен.Егде жастағы адамдардың психикалық және соматикалық денсаулықтары мен аман-саулықтары болашаққа деген қатынастарына байланысты болады. Кемел жастағы тұлғаның индикаторы болып табылатын өмірлік жоспарлардың ауқымы дәрігерлер белгілеген денсаулық деңгейімен өзара байланысты болады. Егер қоршаған ортасы адамға түрткі болуы мен ынталандыруын жалғастыратын болса және әсіресе егер болашақ әлі де оның алдында белгілі мүмкіндіктер ашатын болса, кемел шақтан егде жасқа өту кезінде мінез-құлық тұрақтылығының жоғары дәрежесін күтуге болады.Қарт адамдар өмір тіршілігінің айрықша жағдайын олардың Қарттар үйлеріне қоныс аударулары қалыптастырады. Психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер егде жастағы адамдардың өздерінің қарттарға арналған интернаттарға орналастырылуларын ауыр қабылдайтындықтарын көрсетеді, әсіресе жаңа тұрғылықты орынға ауысулары олардың еріктерінен тыс болған жағдайда. Бұл– қарт адам үшін өзіндік тәуекел факторы. Интернат қаншалықты жайлы болғанымен де, адамдар онда оқиғаларды бақылау, шешімдер қабылдау, жалпы өмірге қатысу мүмкіндігінен айырылады. Олар енді өз жоспарларын құрып, оларды жүзеге асыра алмайды. Қарт адамдардың дүниеден ерте өту себептерінің қатарында бұл қоныс аудару зейнеткерлікке шығу және зайыбының өлімі факторларымен бір қатарда тұрады. Ұзақ уақыт бірге өмір сүрген зайыбының өлімі қарт адам үшін қауіпті психологиялық сын болып табылады154. Достары мен қызметтестерінің өлімін де осы қатарда қарастыру қажет. Берілген қоғамда қалыптасқан кәрілік шақтың әлеуметтік таптаурындары туралы ерекше атап өткен жөн. Бірнеше онжылдықтар бұрын заманауи қоғамда пайдасыз және қоғамға ауыртпалық түсіретін адамдар ретіндегі қарттар бейнесі кеңінен таралды. Мұндай таптаурындар егде жастағы адамдардың көңіл-күйіне теріс ықпалын тигізеді. Өздерін керексіз адам ретінде, өз балаларына масыл деп сезіну – зейнеткерлердің қоғамдық және кәсіби енжарлықтарының психологиялық негізі. Зейнеткерліктен кейінгі ерте кезеңдегі адамдардан байқалатын жылдам инволюциялық үдерістер – олардың әлеуметтік таптаурындардың күшті әсеріне қарсы тұруға қабілетсіздіктерінің нәтижесі. Олардың әсері жақында ғана белсенді және дендері сау болған адамдардың жағымсыз жаққа өзгерулеріне алып келеді.Мұндай таптаурындар егде жастағы адамдардың объективті Медициналық және психологиялық мәртебесімен қарама- қайшылықта болады. Психологиялық зерттеулер зейнеткерлік жастағы адамдардың көпшілігі жұмысқа қабілеттіліктерін, хабардарлықтарын, интеллектуалдық әлеуеттерін сақтап қалатындығын көрсетеді. Қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан адамдар қоғамда белсенді өмір сүруге деген өз құқықтарын қорғайды, жаңа мамандықтарды меңгерулері, өз үйреншікті істерінің саласында жетілулері де мүмкін. Олардың кейбіреулері өз мамандығы немесе шектес мамандық саласындағы ең жаңа білімдерді алуды қалайды. Зейнеткерлікке кеткеннен кейін егде жастағы адамда мүлдем жаңа талант, мысалы, суретші немесе жазушы таланты байқалуы мүмкін. Бұл жасырын мүмкіндіктерінің іске асырылуы оны қанаттандырады, күш-қуаты мен денсаулығын арттырады, шығармашылығын өрістетуге мүмкіндік береді.
35. Кемел жастағы жас ерекшеліктің өзгерістерін айқындаңыз.
Кәрілік шақ психологиясында егде жастағы адамдардың интеллектуалдық іс-әрекеттерінеқатысты қарама-қайшы мәліметтер бар. Бір зерттеушілер кәрілік шақта интеллекттің төмендеуін: формальдық-логикалық ой мүмкіндігінің азаюын, шығармашылық әлеуеттің төмендеуін, есте сақтау қабілетінің, әсіресе ағымдағы оқиғаларда нашарлауын және т.с.с. көрсетеді. Енді бір зерттеушілер егде жастағы адамдардың ерекше «логикасы» болатындығын айтады. Олар үшін ойлау міндеті өмірлік проблема ретінде бой көрсетеді: олар оны тұлғаландырады, оған әртүрлі түсіндірмелер
береді, бірнеше ықтимал шешім нұсқасын табады. Кәрілік шақта есте сақтау қабілеті сапалық өзгерістерге ұшырайды. Б.А. Греков 70 жастан асқан адамдардың есте сақтау қабілеттеріне тән келесі өзгерістерді анықтаған:
1. Естің механикалық құрауышының анық әлсіреуі, яғни тікелей есте сақтау жолымен қабылдануы тиістінің бәрін, ішкі мағыналық байланыстардың қозуын болдырмайтынның бәрін еске түсірудің қатты әлсіреуі.
2. Логикалық-мағыналық ес құрауыштарының салыстырмалы түрде жақсы сақталуы.
3. Қысқа мерзімдік (жедел) естің тым қатты әлсіреуі. Қаусаған қарттық шақта мағыналық құрауыш та едәуір әлсірейді, бұл есте сақтау қабілетінің ары қарай нашарлауына алып келеді. Жоғары интеллектуалдық еңбекпен айналысқан адамдардың егде жастағы есте сақтау қабілеттерін зерттеу кезінде олардың есте сақтаулары белсенді ойлау іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатындығы анықталған. Ол материалды терең ойластыруды және қайта өңдеуді, оны қайта құруды қамтиды. Әлденені таза механикалық түрде есте сақтау міндеті, қағида бойынша, олардың ішкі наразылығын тудырады, өйткені бұл міндет сыналушылар (ғылыми жұмыскерлер) үшін жат болып табылады.
Ғылыми жұмыскерлердің егде жастағы есте сақтау қабілеттерінің енді бір ерекшелігі – оның анық көрінетін кәсіби бағыттылығы, іріктеушілігі.Кәсіби іс-әрекет үшін не ерекшемаңызды және мәнді болса, сол бәрінен де жақсырақ есте сақталады.Сыналушылардың алдында тұрған тапсырмалардың шешілуіменбайланысты материал – олардың «көкейінде жүрген», ойланып-толғанған және бастарынан өткерген, олардың «өмірлерініңажырамасбір бөлшегіне» айналған нәрсе есте неғұрлым мықты сақталады.
Кәрілік шақ дегеніміз – адамның тез, бірақ өзі байқамайтын шаршағыштығы. Ол жұмыстың сапасына теріс ықпалын тигізеді, индивид соңынан таң қала отырып байқайтын қателерге ұрындырады. Баяулық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, мінез-құлықтың жеке тәсілдерінің кірігуіне қабілетсіздік және сондықтан да жекелеген оғаштықтардың «гротескілік» көрініс табуы, сараңдық, сенімсіздік, сөзшеңдік, жабырқаңқылық, интраверсия, ригидтік және т.б. – бұл психологиялық әдебиетте белгіленген кейбір егде жастағы адамдар тұлғасының айрықшалықты белгілері.
36) Төменгі сынып, жеткіншек, жасөспірім шақтардағы оқушылардың құрбыластарымен қарым-қатынасын салыстырмалы сипаттайтын кесте сызыңыз.
  Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынастарының өз даму желісі бар. Алғашында балалардың арасындағы достық сыртқы өмірлік жағдайлардың және кездейсоқ мүдделердің ортақтығына (балалар бір партада отырады, бір үйде тұрады, бірдей қызығушылықтары бар және т.б.) негізделеді.    Олар үшін өздерінің істері мен қылықтарын мұғалімнің бағалауы басты болып табылады. Оқу іс-әрекеті бірте-бірте соның негізінде балалардың өзара қатынастары бастау алатын бірлесу нысанына айналады: оқушылардың арасында сынып істерімен, сыныптан тыс жұмыспен, мектептің қоғамдық өмірімен байланысты қызығушылықтары туындайды. Бастауыш мектеп жасында алғаш рет құрдастарына еліктеу пайда болады. Еліктеушілік бастапқыда құрдасы сияқты әрекет етуге, сабақта одан қалып қоймауға ұмтылуынан көрінеді (біреуі қол көтерсе болғаны, оның соңынан басқалары да ілеседі, егер біреуі бір мысал ойлап тапса, бәрі де дәл сондай мысал ойлап табуға ұмтылады және т.с.с.).   Сыныптағы балалардың арасындағы қатынастар көбінесе мұғалім арқылы құрылады. Мұғалім еліктеу үшін үлгі ретінде оқушылардың ішінен біреуін бөліп көрсетеді, ол олардың бір-бірі туралы пікірлеріне түсінік береді, ол олардың бірлескен іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастырады. Ересек адамдардың бастауыш мектеп оқушысына қоятын негізгі сұрағы: «Сабағың қалай?» Жақсы бағалар мен үлгілі мінез-құлық баланың ересек адамдармен және құрдастарымен өзара қатынастарының құрылуына оң негіз болады. Бастауыш мектеп жасында балалардың жаңа қоғамдастығы қалыптасады. Сыныптағы балалардың өзара қатынастары өздігінен пайда болмайды; олар өзгеру мен дамудың өз қисынына ие. Оқудың бастапқы кездерінде оқушылар бір-біріне аса көңіл аудара қоймайды, аз сөйлеседі, жолдастарының табыстары оларды қызықтырмайды. Бірақ бірте-бірте балалардың өзара қатынастары өзгереді: олар бір-біріне үңіліп қарай бастайды, байланыстар орнатады, ортақ қызығушылықтарын табады. Бірлескен оқу іс- әрекеті жалпы ұмтылушылықты тудырады, ортақ міндеттер қояды, әртүрлі көзқарастарды бөліп қарауға және келісуге мүмкіндік береді. Уақыт өте келе оқушылардың қатынастары оқу іс-әрекетінің аясынан шығады. Оларда сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыспен, қоғамдық істермен байланысты қызығушылықтар пайда болады. Бастауыш сыныптарда оқудың аяқ кезіне қарай балаларда жолдастарының арасында белгілі бір орын иеленуге деген ұмтылыс пайда болады. Енді тек ересек адамның пікірі ғана емес, сонымен қатар, сыныптастарының тарапынан болатын қатынас та баланың өзгелердің арасындағы жағдайын анықтайды. Құрдастарының пікірі мен бағалаулары біртіндеп оқушы мінез-құлқының негізгі арқауына айналады. Оқу іс-әрекетінің негізінде бастауыш мектеп оқушылары арасында байланыстар мен қатынастар жүйесінің қалыптасуы оның өрістетілуінің ерекше технологиясын ұйғарады.    Бастауыш мектеп оқушыларының бірлескен оқу іс-әрекетінің олардың субъектілігінің қалыптасуындағы рөлін В.В. Рубцов, Г.А. Цукерман және басқалары зерттеген. Құрдастарымен бірігудің, олардың қарым-қатынас сипатының бастауыш мектеп оқушыларында ойлаудың дамуына жасайтын ықпалы анықталды. Оқу мазмұнына қатысты көзқарастарды үйлестіру, оқу әрекеттерімен алмасу және оларды қайта бөлу индивидуалдық-психологиялық қабілеттер – өздігінен ойлау және түсіну қалыптасатын әлеуметтік- психологиялық кеңістікті құрады. 37. Адам дамуы психологиясындығы дағдарыстарға сипаттама беріңіз.
37) Адам дамуы психологиясындығы дағдарыстарға сипаттама беріңіз.
   Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар. Жас ерекшелік психология пәні адамның психикалық дамуының әр бір деңгейінде үйрету мен тәрбиелеу жағдайындағы психикалық процестер мен жеке тұлға онтогенезінің заңдылықтары, психикалық дамудың әрбір деңгейінде адамдарарасыгдағы индивидуалды айырмашылықтар. Даму дегеніміз не? Ол немен сипатталынады? Объектінің басқа өзгерістерінен дамудың принципиалды өзгешелігі неде? Объект өзгере алатындығы, бірақ дамымайтындығы белгілі. Осыдан өсу-бұл объекттің сандық өзгерісі, оның ішкі құрылымы және оның құрамына кіретін жекелеген элементтер мен процестердің өзгеруінсіз. Мысалы, баланың физикалық өсуін өлшей отырып, оның сандық өсуін көруге болады. Өсу  құбылысы психикалық құбылыстарда да бар. Мысалы, сөйлеу қабілетінің функциясының өзгеруінсіз баланың сөздік қорының өсуі. Осыдан өсу – бұл даму емес, бірақ оның симптомы бола алады. Даму сапалық өзгерістермен, жаңа құрылымдардың, жаңа процестердің, жаңа бейнелердің, жаңа механизмдердің пайда болуымен сипатталады. Л.С.Выготский дамудың реформдалған және реформдалмаған типтерін бөлген. Реформдалған – бұл құбылыстың (ағзаның ) өтетін кезеңі, сол сияқты соңғы нәтижесі де ең басынан бастап бекітіліп берілген даму типі. Дамудың бұл типіне мысал эмбрионалды даму бола алады. Реформдалмаған тип – бұл ең басынан бастап не құбылыс ( ағза) өтетін кезеңдері, не оның нәтижесі берілмеген даму типі. Оған мысал галактиканың, адам қоғамының дамуы бола алады. Cондай-ақ психикалық даму процесі де реформдалмаған болып табылады. Сонымен қатар бұл ерекшк процесс. Ол сол қоғам дамуының берілген деңгейінде бар іс әрекеттің теориялық және практикалық формасымен детерминатталған. Осыдан онтогенетикалық даму берілген қоғавмдв бар үлгі бойынша жүреді. Және психикалық дамудың спецификасы осында жатыр. Жалпы жеке адам дамуы адамзаттың рухани және материалдық байлығын меңгеру процесінен тыс жүруі мүмкін  емес.    Дамудың қозғаушы күштері. Жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен қарым-қатынасына, оның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне, қоғам мен индивидтің тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты. Қарама-қайшылық жаңа қасиеттердің және жеке сапалардың тууына байланысты шешіледі. Кейбір қарама-қайшылық  жаңа қарама-қайшылықпен ауысады. Егер олардың шешімі табылмаса, дамудың тежелуіне, дағдарысқа әкеп соқтырады. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайларына, қоғамдықмаңызды әрекетке қарай ұмтылады, осы мақсатты жүзеге   Жас дамуындағы дағдарыстар. Дағдарыс- бұл бір жастан екінші жас кезеңіне өту кезінде психикада өзгеріс болып, даму секірмелі сипатта болатын өтпелі кезең. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған адамдармен жиі кофликтіге түседі, ашуланшақ, қырсық болып келеді. 38. Туылу дағдарысы және оның шешу жолдарын көрсетіңіз.
38. Іс - әрекет теориясына сызба құрастырыңыз
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды. 
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер. 
А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді. 
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы 
Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер). 
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады: 
Қажеттілік Белсенділік 
Мотив Іс-әрекет 
Мақсат Әрекет 
Жағдай 
(міндет) Амал 
Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген. 
А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ. 
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады. 
Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады. 
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді. 
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды. 
Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді. 
Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек «екінші ретте» ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы. 
Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады. 
Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі. 
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін. Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды. 
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет. 
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады. 
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы бір дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес. 
Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады. 
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді. 
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені «ойланбастан», әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар. 
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет - жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.
Іс-әрекет түрлері 
Шексіз де көптүрлі адам іс-әрекеттерін әр-түрлі және бір-біріне ұқсамас көрсеткіштер негізінде жіктеуге болады: пәні, мотиві, іске асырылу тәсілі, физиологиялық механизмі, эмоциональды толықтығы т.б. Адам іс-әрекеттерінің жалпымен қабылданған және өзгелерін жоққа шығаратын жіктелуі жоқ. Жалпылай қарастыратын болсақ, іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас.
39 .1-3 жастағы дағдарыс
1 жастағы балада заттық қабылдау, бірақта ол толық жетілмеген. 2 жаста бала заттың қасиеттерін әліде болса айыра алмайды, оны тек ашық белгілеріне қарай ажырата алады. 3 жаста бала заттың формасын, көлемің, түрін ажырата алады. Сонымен бірге үлгі бойынша көріп қабылдайды. 3 жаста бала 5-6 форманы және 8 түсті меңгеруі тиіс. Естіп қабылдау жедел дамиды. Зейіні ырықсыз. Зейін көлемі тар алаңболушылық басым. Есі ырықсыз естің басты ролі қайталауда. Қимыл-қозғалыс есі басым екені көрініс береді.
Эмоционалдық өрісінің дамуы. 2 жас соңында өз атын айту «мен» деген есімдікпен ауыстырылады. «мен» жүйесі ерте сәбилік шақтың аяғына қарай пайда болатын орталық құрылым (Л.И. Божович). Бөбек өзін ересек адамнаң ажырата білуге үйреніп өзіне дербес «мен»ретінде қарай бастайды. Яғни «өзіндік сананың» алғашқы формаларын көруге болады. Оның мінез - құлқы сырт жағдайға байланысты. Бұл кездегі үлкендердің мадақтауы, қолдауы баланың мақтаныш сезімін тудырады. Олар осындай сезімге тұралықтай әрекет істеуге тырысады. Оларда ұялу сезімі басым болады.
1 жастан 3 жасқа қарай балада адамгершілік сезімінің және де жанашырлық көрсетуді (эмпатияның) көрінісін көреміз.
Дербестікке (тәуелсіздікке) ұмтылудың пайда болуы. 3 жастағы дағдарыс. Сәбилік шақтағы бала дамуының неғұрылым маңызды сәті оның ахуалдың өзгеруіне қараай өзгеріске ұшырамайтын, үлкендердің тілегімен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін өзіндік ерекше тілегі бар жеке адам екендігін сезіне бастауы болып табылады.
Сәбилік шақтың басында бала өзіне пайда болған сезім мен тілекті оларға қозғау салатаын сыртқы себептерден ажырата алмайды. Ол өне бойы қозғалыста, іс-әрекетте болады, оның ішкі жағдайы үнемі өзгеріп отырады және осы өзгергіштікте бала үшін өзінің ықыласы мен іс-әрекеті арналған адамдар мен заттар ғана көзге түседі. Адамдардың қандай жағдайда да, әр түрлі іс-әрекет жасаған кезде де со күйінде қалатынын бала сезіне бермейді. Мысалы, екі жасар баланың әкесі бір жақтан жүдеп-жадап саяжайға келгенде, ол папасын таныды, бірақ оны «кішкене папа»деп атады. Оның түсінігінше « үлкен папасы» қалада қалған сияқты. Балаға мұндайларды сезінудің қиындығы тағы да оның өзінің адам ретінде дербес, басқалардан бөлектігінде, түрлі іс-әрекеттің негзі өзі екендігінде жатыр. Өзіне көзқарасты балалар үлкендерден үйренеді. Бала екіге толғаннан бастап өзімен-өзі таныса бастайды. Бұл таныстық алдымен сыртқы бейнеге, ал кейін ішкі дүниеге қатысты болады. Екі жасқа қараған кезде, әдетте балалар айнадан, фотографиядан немесе кинодан өзін танымайды да, бар назарын өздері білетін адамдарға аударады. Өзін тану үлкендердің көмегімен жүзеге асырылады. Баланың бұған қызыға кірісетіні сондай , өз бейнесін еске сақтауға жаттыққандай болады. Өзін бала екі жарым жастан бастап тани түседі. Әр түрлі тілек пен іс-әрекетің тұрақты көзі ретінде өзін басқалардан бөлек сезіну баланың өсіп келе жатқан шын мағынасындағы дербестігінің әсерімен үш жасқа толған кезде пайда болады.
Даму жетістіктері сәбидін барлық мінез құлқың сапалы түрде өзгертеді бұл кезде олар үлкендердің көмегінсіз-ақ өздері әрекет етуге тырысады. «мен өзім» деген белсенділік, ересектермен ересектермен қарым-қатынастар жасаудың жаңа түрдін пайда болуына әкеліп соғады. Жағымсыз мінез бітістерінің тууы – бір беткейлік. Бұл кезең әдетте қиын кезең деп аталады яғни, 3 жас дағдарысы – баланын рольді ойын әрекетіне ауысу жолымен шешіледі. 3 жастағы дағдарыс - өтпелі құбылыс, онымен байланысты жаңа құрылымдар - өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен салыстыру баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам.
Мәселен, батыс европаның авторлары дағдарыстың жағымсыз сәттерін мынандай жағдайлармен байланыстырады: бала кетіп қалады, үлкендерден өздерін алшақтатады, әлеуметтік байланыстарды үзеді.
Дағдарыстың мәні туралы Л.С.Выготский., Д.Б.Эльконин және Э.Келер., М.Кечки т.б. еңбектерінен көрініс береді.
Э.Келердің «Үш жастағы баланың жеке басы туралы» атты еңбегінде дағдарыстың мынандай белгілерін көрсетеді:
-қарама-қайшылықтық. Бұл жағымсыз реакция. Бір адамның екінші бір адамға деген қарым-қатынасымен байланысты. Бала ересектердің қойған міндетіне бағынудан бас тартады. Баланың бойындағы қарама-қайшылықтық мінезді тыңдамайтын қасиетпен араластыруға болмайды. Тілалмаушылық ерте жастада байқалатын кездері бар.
-қырсықтық. Бұл реакция өзінің өзіндік шешілімен байланысты. Қырсықтықты өзінің қалағанымен қайталаушылықпен байланыстыруға болмайды. Қырсықтық – баланың өзінің қойған шарттарын және шешімінің орындалуын талап етумен құралады.
-өз еркімен әрекет ету. Бала өз еркімен іс-әрекет жасауға ұмтылады. Бұл бір бөлігінен бірінші жылдағы дағдарыс сынды келеді, ол жерде бала физмкалық жағынан өз еркімен әрекет етуге ұмтылады, ал 3 жастағы дағдарыста терең ойлаудағы еркіндік болып табылады.
-үлкендерді бағаламау. Ш.Бюлер жанұядағы баланың анасына «жынды»деген сөзді естуімен суреттейді.
-деспотизмге ұмтылу.
Д.Б.Эльконин болжамы бойынша: «Мен өзім » феномені, баланың өзіңдік арманының дамуының динамикасы пайда болды деген сөз. Сонымен бірге арманшылықтың жоғары дәрежеде болуы, баланың өз еркімен әрекет етуге ұмтылуы яғни, үлкендер сынды.
Еңбек іс-әрекеті оның жасөспірімнің жеке басының қалыптасуындағы рөлін анықтаңыз
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі – оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттердің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың еңбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды, сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның еңбекке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуына бейімделуінен көрінеді. Олай болса адамның еңбек әрекетіне араласуының басты көрсеткіші оның кәсіби бейімделуімен байланысты. «Кәсіби бейімделу» - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Оның алғашқы кезеңі өндірістік тәжірибе кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады.
Мамандық таңдау мәселесі туралы отандық ғалым Ж.Аймауытов: « ... қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ, асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс» - деп ерекше сипаттама берген.
Ал Ф.Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керектігін ескертеді.
Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады. Еңбек ету барысында өзіне-өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі, дербестігі, икемділігі, қарым–қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы шыңдала түседі.
Психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-әрекет түрін жетекші дейміз.
Еңбек мәселесін психология ғылымында оның еңбек психологиясы атты саласы қарастырады. Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу міндеттерімен тығыз байланысты.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер қарастырады:
1.кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы, мамандықтың жіктелінуі және тб.);
2.еңбектің қауіпсізідігіне, сенімділігіне, құндылығына адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;
3.адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби дайындық, бейімделу );
4. еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоциялық қысым, стресс және тб);
5. адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;
6.жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау).
Тұлғаның мамандық таңдау мен мамандыққа бағдарлануы туралы В.Д.Шадриков, Т.В.Кудрявцев, К.А.Абульханова-Славская, Ю.П.Поваренокв, Е.А.Климов еңбектерінде қарастырылған. Еңбек әрекетінің өзіндік құрылымы еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Ал еңбектің өнімділігі сол еңбек етуші субьектілердің білімі, жағдайы, еңбектегі қатынасы, еңбектің ұйымдастырылуына және тб. байланысты. Адамның психикалық өмірінің жан – жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор.
Е.А.Климов көп жақты факторларға негізделіп «Мамандықтардың төрт қабатты жіктеуін» ұсынды. Бірінші қабаты мамандық типтеріне байланысты бес жүйеден құралған:
1. адам – тірі табиғат – агроном, микробиолог және тб.;
2. адам – техника – слесарь, механик, оператор, тб.;
3. адам-адам – дәрігер, мұғалім, сатушы және тб.;
4. адам –белгі жүйесі – математик, редактор және тб.;
5. адам – көркемдік бейне – дирижор, суретші, артист және тб.
Екінші қабаты еңбектің мақсатына сай үш түрлі класқа топталған:
1. гностикалық мамандық ( грекше - білім) – дегустатор, контролер, социолог тб.;
2. көркемделуші мамандық – малшы-шебер, токарь, мұғалім, бухгалтер тб.;
3. ізденуші мамандық – бақылаушы-ұшқыш, инженер-конструктор, тәрбиеші тб.
Үшінші қабатта еңбектің негігі құралдары арқылы жоғарыдағы мамандықтар бөлінеді:
1. қол еңбек мамандығы;
2. қол-машина еңбек мамандығы;
3. автоматтандырылған және автоматты жүйедегі мамандықтар.
4. еңбектің қызметтік құралдарымен байланысты мамандық;
Төртінші қабатта еңбек жағдайының белгілері бойынша топтастырылады:
1бірқалыпты микроклиматты бөлмедегі жұмыс – зертханашы, есепші тб.;
2 ашық ауаудағы жұмыс – агроном, инспектор, тб.;
3 ерекше жағдайдағы жұмыс – шахтер, өрт сөндіруші тб.;
4 жоғары жауапкершілікті қажет ететін жұмыс – тәрбиеші, мұғалім, дәрігер.
Кәсіби іс-әрекет мотивтерінің құрылымына мінездеме беру үшін Б.Н.Додонов ұсыныстарын қолдануға болады. Кез келген іс-әрекеттің төменде көрсетілген факторлар жиынтығы - оның себептері бола алады. Олар мыналар:
1. іс-әрекеттің жүру барысынан рахат алу, қанағаттану;
2. іс-әрекеттен өнім немесе қорытынды алу (жасайтын өнім, білім, тәжірибе жинақтау және тб.);
3. іс-әрекет үшін марапатталу (жалақы, қызметінің жоғарлауы, табысқа жету және тб.);
4.іс-әрекеттен ауытқу және оны дұрыс орындамау жағдайында болатын шаралардан аулақ болуға ұмтылу, жауапқа тартылуды болдырмау.
Еңбектің психологиялық мазмұны адамның кез келген мамандықты меңгеруде ішкі және сыртқы индивидуалды қасиеттерін және бағыттылықтарын меңгеруі. Мамандыққа деген мотивация. Ол сыртқы және ішкі мотивация болып қарастырылады. Сыртқы мотивация жұмыскердің өзінен тыс тұратын мотивтерден: жалақы, қысымға түсіп кету қорқынышы, мақсатына жетуге ұмтылу және тб. Сыртқы дұрыс мотивацияларға мыналар жатады: материалдық жағдай, қызметте жоғарылау, ұжым және жолдастары тарапынан қолдау табу, бедел. Адамның өз күшін салып жұмыс істеуіне қажетті мотивтер. Сыртқы кері мотивацияға автор мыналарды жатқызады: жаза қолдану, қаржылай ақы төлеттіру, сынға ұшырату және тб.
Мамандықты меңгеру үшін ең бірініші адамның сол мамандыққа жарамдылығы қажет. Ал мамандыққа жарамдылық дегеніміз адамның еңбектің белгілі бір түріне жарамдылығын көрсететін психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерінің, оған тиісті білім, дағды, икемділіктердің жиынтығы. Кәсіби жарамдылықты ажыратуда оның алғашқы жұмысқа араласуында оның еңбек нәтижесі, бейімделуі диагностикалық тест әдісімен адамдардың мамандық таңдауында қандай мотивтердің болатындығы, олардың мән-мәнісі зерттеледі. Мұнда адам медициналық, психологиялық, физиологиялық кешенді тексеруден өтеді.
Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс - әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Еңбек – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері.
Адамының іс - әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.
Адам психикасының дамуында мамандық таңдау орын алады. Соңғы жылдарда адамның психологиясын зерттеуде психологтар мен педагог мамандар, ұстаздар мен ата – аналардың жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің тұлғаның дұрыс мамандық таңдауы. Себебі оның болашақ жемісті іс-әрекеті.
Осындай мәселенің байыбын барлап оның тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуіне жағымды ықпал жасау, қолдау көрсету, дамыту іс-шараларын ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады.
Психологиялық қызмет орталықтарының мамандары еңбек әрекетіне араласқан адамдармен жұмыс жүргізуде, психодиагностикалау мен коррекциялық іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты төмендегі жалпы тапсырмаларды шешеді:
– еңбек әрекетіне араласқан адамдардың психикалық дамуының диагностикасы мен мониторингі;
– тұлғалық және интеллектуалды – даму коррекциясы;
– әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктері;
– тұлғааралық конфликтілерді алдын алу мен шешуге көмек;
– қосымша білім беруге психологиялық қолдау;
– Тұлғалардың дағдарысты жағдайларына көмек;
– кәсіби кеңес беру мен ағарту.
Сонымен, адамдардың еңбекке араласқан жағдайдағы біріккен іс-әрекеттерінің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Ұжымдағы қолайлы іс-әрекет тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды тұлға ретінде қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
41.К.Юнгтің психоаналитикалық теорияларын сипаттаңыз.
Юнгтің психоанализді қайта жасаудың нәтижесінде білімнің әр түрлі аумағынан
(психология, философия, астрология, археология, мифология, теология, әдебиет) күделі ойлардың кешені пайда болды. Бұндай интеллектуалды ізденудің кең ауқымдығы және оған қоса оңай емес Юнгтің авторлық стилі оның психологиялық теориялар ішінен түсінуге ең қиыны деп те айтуға болады.
Жеке тұлғаның құрылымы:
Юнг жанды үш бөлек, бірақ өзара әрекеттесетін құрылымдардан тұрады деген: эго, жеке санасыздық және ұжымдық санасыздық.
Эго сана аумағының өзегі болып табылады. Сонымен қоса ол physhe компоненті де болады. Эго біздің саналылығымыздың негізі ретінде қызмет атқарады, оның арқасында біз өзіміздің күнделікті саналылық әрекеінің нәтижесін көруге қабілеттіміз.
Жеке санасыздыққа белгілі бір уақыт кезеңінде санадан өткізілген, бірақ қазір басылып тасталынған немесе ұмытылған конфликтілер мен есте қалған нәрселер жатады. Юнг жеке санасыздыққа индивидуумның өзі өткен жеке тәжірибесінен немесе тұқымқуалаушылық тәжірибесінен шығарылған эмоционалды зарядталған ойлар, сезімдер және есте қалулар жиынтықтары немесе комплекстер кіреді деген. Юнг түсінігі бойынша, күнделікті тақырыптар аясындағы бұл комплекстер индивиуумның қылық-әрекетіне өте күшті әсер тигізуі мүмкін. Мысалы үшін: билік комплексіндегі адамдар билік тақырыбымен тікелей немесе жанама байланысқан іскерлікке аса көп психикалық энергиясын кетіруі мүмкін. Белгілі бір уақытта құралып, комплекстер адамның қылық-әрекетіне не оның әлемге деген көзқарасына әсер ете бастайды. Юнг жеке санасыздық материалы әрбір адамдарда әр түрлі және көбінесе санадан өткізуге болады деген. Нәтижесінде комплекстер компоненттері немесе бүкіл комплекстің өзі санадан өткізілуі және индивидуумның өміріне тым үлкен әсер етуі мүмкін.
Ақырында, Юнг жеке тұлғаның құрылымындағы аса терең деңгей бар екені туралы
ой қозғады, оны ұжымдық санасыздық деп атады. Ұжымдық санасыздық дегеніміз –
біздің адам тәріздес ата-бабамыздың және бүкіл адамзат есіндегі латенттік іздердің
сақталынған орны. Ұжымдық санасыздықта адамдарға жалпы және біздің эмоционалды өткеніміздің нәтижесі болып табылатын ойлар мен сезімдер бейнеленген.
Осылайша, ұжымдық санасыздық мазмұны тұқымқуалаушылық арқылы жасалынып, бүкіл адамзатқа бірдей. Ұжымдық санасыздық концепциясы Юнг пен Фрейд арасындағы айырмашылықтың негізгі себебі болып табылады.
Архетиптер.
Юнг ұжымдық санасыздық аса күшті біріншілік психикалық образдардан, демекші архетиптерден тұрады деген гипотезаны айтты. Архетиптер – адамдардың белгілі бір
болған жағдай немесе нәрсеге деген қабылдаулары, сезімдері және реакциялары алғышарт болып табылатын туа біткен идеялар мен есте қалулар. Ал шынында болса, олар – сол қызметтегі есте қалулар мен образдар емес, көбінесе алғышарт болып табылатын факторлар екен. Осы факторлардың әсерінен адам өз қылық-әркетінде белгілі бір объектіге не жағдайға деген қабылдауы, ойлауы және әрекеітнің әмбебап моделін жасайды. Туа біткен болып мұнда нақты ситуациялардағы эмоционалды, когнитивті және қылық-әрекетік реакциялар тенденциясы болып табылады – мысалы, ата-анамен, сүйікті адаммен, белгісіз адаммен, жылан немесе өліммен күтпеген кездесі кезінде. Юнг әрбір архетип сәйкес объекті мен ситуациялар қабылдауындағы белгілі бір ой мен сезім типінің көрінісі тенденциясымен байланысқан деп санаған. Архетиптік образдар мен идеялар түс көру кезінде жиі кездеседі, сонымен қоса олардың сурет салу, әдебиет және дін салаларында символдар түрінде кездесетіні аз емес. Әр түрлі мәдениетке тән символдардың керемет ұқсастығы байқалады, себебі олар адамзатқа жалпы архетиптерге тіреледі. Юнг архетиптік символдарды түсіну оған пациеттің түстерінің анализін жасауға септігін тигізеді деп санаған.
Эго-бағыттылық.
Юнгтің психологияға енгізген ең белгілі жаңалығы болып, оның басты екі бағыт немесе өмірлік ұстанымды жасап шығаруы жатады: экстраверсия және интроверсия. Юнг теориясына сәйкес, аталған бағдарлаудың екеуі де адамдарда бір уақытта өмір сүреді, бірақ біреуі басым болады.
Экстраверттік ұстанымда сыртқы әлемге (басқа адамдарға және заттарға) деген
қызығушылық бағыты көрінеді. Экстраверт үнемі қозғалыста, ашық болады, қарым-
қатынастарды тез жасайды, сыртқы факторлар ол үшін итеруші күш болып табылады.
Интроверт, керісінше, өз ойлары, сезімі мен тәжірибесінің ішкі әлеміне кіріп
кеткендей. Ол бақылаушы, ұстамды, жалғыздыққа ұмтылады, объектіден алыстауы
мүмкін, оның қызығушылықтары өз-өзіне бағытталған. Юнгіге сәйкес, таза түрде
экстраверттік және интроверттік ұстаным болмайды. Көбінесе олардың екеуі де болады және олар бір-біріне оппозициялы қатынаста болады: егер де біреуі басым және рационалды болса, екіншісі көмекші және рационалды болып табылады.
Эго-бағдарлаудың басым және көмекші комбинациялары нәтижесінде қылы-
әрекет моделі белгілі және алдын ала болжанған жеке тұлғалар қалыптасады.
Қорытынды.
Фрейдтің теориясынан шеттеліп, Юнг біздің жеке тұлға құрылымы және мазмұны туралы түсінігімізді байытты. Оның ұжымдық санасыздық және архетиптер туралы концепциясы түсінуге қиын және эмпирикалық тексеруге жатпаса да, ол көп адамдарды қызықтырады. Юнг жасап шығарған концепциялары, сіңірген еңбегі өте зор: оның 2 эго-бағдарлау теориясы (экстраверт және интроверт), онымен қатар жетекші 4 психологиялық функция теорияларының жеке тұлғаның қалыптасуын анықтаудағы маңызы орасан зор. Юнг Альфред Адлер, Карен Хорни т.б. ғалымдармен қоса алғаш болып Фрейдтің психодинамикалық теориясын қайта қарастырып, өзінің тәуелсіз концепциясын жасап шығарды. Сонымен қатар Юнг алғаш рет жеке тұлға дамуына діни, рухани тәжірибенің ұнамды әсері туралы да айтты. Осыдан біз оны персонологиядағы гуманистік бағыттың бастаушысы дейміз.
Дегенмен, Юнг теориясы болжамдар деңгейінен жоғары көтерілмейді екені анық
(басқа теориялардың көбі сияқты), себебі оның негізгі гипотезаларын күрделі тексеру
мүмкін емес.
42.Шетел ғалымдарының бала психологиясының дамуына қосқан үлестерін атаңзы.
Жас ерекшеліктері психологиясының ғылыми білімнің дербес саласы ретінде қалыптасуы ХІХ ғасырдың екінші жартысына келеді. Ғасырдың орта шенінде ғылымда, ең алдымен, Г.В.Ф. Гегельдің және Ч. Дарвиннің еңбектерінің арқасында даму қағидаты кеңінен таралды. Бұл қағидат, сондай-ақ диалектикалық әдіс Г.В.Ф.Гегельдің философиясының өзегін құрады, ол адамның психикалық дамуы белгілі бір заңдылықтарға бағынған үдеріс екендігін көрсетті. Ч. Дарвиннің ықпалымен балалар психологиясы психологиялық ғылымның жеке саласы ретінде пайда болды. 1876 жылы француз философы, психологы, биологы И. Тэн «Балалардың және адамзаттың сөйлеу тілін меңгеруі туралы жазбалар» мақаласын жариялады, ол онда, тілдің тарихи дамуымен салыстыра отырып, өз қызының сөйлеу тілін меңгеру үдерісін сипаттады. Ол екі үдерістің де негізі ассоциациялар механизмі болып табылады деп пайымдады. «Бір баланың өмірбаяндық очеркі» (1877) атты балалар психологиясы бойынша жеке этюд Ч. Дарвинніңқаламынан шыққан. Очерк автордың өз ұлының туылғаннан 10 айға дейінгі даму кезеңіндегі мінез-құлқын бақылауларының сипаттамасы болып табылады. Осы мақалалардан кейін іле-шала баланың дамуын бақылау түріндегі зерттеулер пайда бола бастады (В. Прейер, Дж. Селли, С. Холл, В. Штерн, К. Гросс, К. Бюлер және басқалары). Балалар психологиясының ғылыми сала ретінде қалыптасуына В. Прейер аса үлкен ықпалын тигізді. 1881 жылы оның «Бала жаны» атты кітабы шықты, бұл кітап қатаң үлгі бойынша баланың дамуын көп жылдық бақылаудың қорытынды нәтижесі болып табылады. Баланың психикалық дамуы үдерістерін түсіндіруде эволюциялық-биологиялық немесе натуралистік көзқарас тарихи тұрғыдан бірінші бой көрсетті. Оның жақтастарының қатарына психологиядағы әртүрлі мектептердің (интроспекционизм, бихевиоризм, психоталдау және т.б.) психологтары енді; көрнекті өкілдері С. Холл, К. Бюлер, В. Штерн, Э. Клапаред, А. Гезелл, З. Фрейд және басқалары болды. Психикалық даму үдерісін түсіндіретін алғашқы теория рекапитуляция теориясы болды, оны С. Холл мен Д. Болдуин Жас ерекшелік психологиясы тұжырымдады. Бұл теорияның іргетасын Э. Геккельдің биогенетикалық заңы құрайды, Даму сапалық өзгерістермен, жаңа құрылымдардың, жаңа процестердің, жаңа бейнелердің, жаңа механизмдердің пайда болуымен сипатталады. Л.С.Выготский дамудың реформдалған және реформдалмаған типтерін бөлген. Реформдалған – бұл құбылыстың (ағзаның ) өтетін кезеңі, сол сияқты соңғы нәтижесі де ең басынан бастап бекітіліп берілген даму типі. Дамудың бұл типіне мысал эмбрионалды даму бола алады.К.Д.Ушинский адамның тұтас психологиялық концепциясын жасады. 19-шы ғасырдың 20-30 жылдарының басында даму психологиясында биогенетикалқ және социогенетикалық бағыттардың күресі күшейе түсті.Осы жылдары психологияның теориялық негіздерінің қалыптасуында көп жетістіктер болды. Осы жылдары Л.С.Выготский (1896-1934) А.Р.Лурия (1902-1977) А.Н.Леонтьев(1903-1979) психикалық дамудың мәдени-тарихи теориясын өңдеді.Л.С Выготский оқыту мен дамудың өзарақатынасын қайта қарады. Ғалымдардың көрсетуінше оқыту тиімді болады, егер даму бірінші болса. Әрі қарай жас ерекшелік психологиясының проблемаларын С.Л.Рубинштейн (1889-1960) өңдеді. «Жалпы психология негізінде» психиканы қалыптастыру проблеммаларына жан-жақты тоқталады.С.Л.Рубинштейн психиканың даму заңы бойынша бала жетіледі және дамиды, тәрбиелеу және оқыту кезінде.Бала дамуындағы қозғаушы , оның жас ерекшеліктерін анықтайтын себептер Л.Н.Леонтьев еңбектерінде де қарастырылады. Мысалы: мектеп жасқа дейінгі жаста бала қоршаған адамға тәуелді; олардың талаптармен санасады .Мектепке дейінгі жастан дамудың келесі стадиясына өткенде баланың бүкіл қарым-қатынасы жүйесі өзгереді. Баланың психикасының қалыптасуы тікелей жетекші әрекетпен шарттасады. Жетекші әрекетке байланысты баланың жасына тән психикалық жаңалық болады.Баланың психикалық дамуы проблемасы қазіргі отандық психологиядағы негізгі мәселелердің бірі. Көптеген көрнекті психологтар:П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская т.б. бұл проблеманы шешудің әртүрлі жолдарын көрсетеді.
43.Ерте жастық шақтағы махаббат мәселесіне сипаттама беріңіз. Сіздің өз пікіріңіз.
Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардың арасандағы қарым-қатнас балаң жас өспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатнастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатнасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатнастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатнас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады. Еркектер мен әйелдердің тең праволылығы принципіне негізделген совет қоғамының рухани ахуалы, бірлесіп оқыту, еңбек пен қоғамдық жұмыс – осының бәрі әлеуметтік-адамгершілік бағдарлардың қалыптасуын жеңілдетеді. Алайда осындай қолайлы жағдайлардың өзінде жастардың балаң жас өспірімдік қарым-қатнасында біршама психологиялық қиыншылықтар болмай қоймайды. Алдымен жыныстық рольдердің балалық шақтан келе жатқан саралануы әсер етеді. Қай жастағы болсын ұлдар мен қыздар әр түрлі ойындарды жақсы көреді және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Құрдас қыздары өзімен ойнамай қыз бала психолгиялық тұрғыдан алғанда ер балалардың арасында сыйлы бола алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының құрдастары ғана оның «ерлігін» тануы мүмкін. Терең қарым-қатынас пен өзара түсіністік мүмкіндіктерін ұлдар мен қыздардың жалпы толысуының қарқыны мен психологиялық айырмашылықтар да қиындатады. Жеткіншектік кластарда қыздар ер балалардан дене жағынан ғана емес, ақыл-ой дамуы жағынан да біршама озық болады. Егер ұлдарда заттық және техникалық мүдделер басым болса, қыздар көбіне ішкі жан дүние мен адамдардың қарым-қатнасы проблемаларына ден қояды.
44.Биогенетикалық және социогенетикалық бағыттарға анықтама беріңіз.
Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді: 1) биогенетикалық; 2) социогенетикалық. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент(лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психологияконцепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б.
45.Баланың табиғи психологиялық дағдарысын қалай түсінесіз.
Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс. Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын. Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.
46.Бала дамуындағы ата-ана рөлінің маңыздылығына анықтама беріңіз.
Баланын өзі-ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің негізінде өзіне қамқорлық жасағанға ауырсынып, әке-шешесімен қарым-қатнасын теңдік негізінде қайта құруға тырысады. Бұл тенденция жас өспірімдік кезде де жалғасады. Бірақ жететін автономияның нақты дәрежесі мен табиғатықандай? Жас өспірімдердің әлеуметтік психологиясына ғылым ретінде жастар қашан, қай жерде болмасын «бүлік шығарады», «ұрпақтар даудамайын» туғызадыдеп пайымдайтын сыңаржақ теориялар көп зиян тигізеді. Шын мәнінде әкелер мен балалардың өзара қарым-қатнастары әлеуметтік өзгерістердің қарқыны мен сипаты, семьяның құрылымы, тәртіп сақтау сипаты мен тәсілдері т.б. сияқты. Эмоциялық автономияның үлкен қиыншылықтары бар. Жас өспірімдерге әке-шешелері балаларында болған өзгерістерді жете бағаламайтындай, олардың толғаныстарын байыптап қарамайтындай болып көрінеді және көбіне бұлары әлбетте дұрыс та. Болмашы бір әдеп сақтамаудың өзінен-ақ жоғары класс оқушысының ішкі жан дүниесі әке-шешелері үшін, егер біржола болмаса да, ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін. Егер тәртіп тұрғысынан жеткіншектік жас неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген эмоциялық проблемалар туғызып, балалардың ата-аналарынан психологиялық тұрғыдан жатсынып кетулері жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен өзара қарым-қатнас ерекше күрделенеді. Еліміздегі және шетелдердегі көптеген зерттеулер бұл жаста да шешенің балаға әкеден гөрі жақын болатынын көрсетеді. Алайда әке-шешемен қарым-қатнаста біраз салқындық болып, оларға айтылмайтын сырлардың шығуы әсте де жатсыну емес. Есейген балалардың интимдік әлемін күшейтуге бармай, екі жаққа да сондай қажет эмоциялық жылылық пен өзара түсінісудің сақталу-сақталмауы әке-шешенің сезімталдығы мен әдептілігіне байланысты.
47.Жасөспірімнің шығармашылық белсенділігінің дамуына қандай факторлар әсер етеді.
Жасөспірімдік шақты мәдени-рухани мәнмәтінде Э. Шпрангер қарастырған. Жасөспірімдік шақтағы дамудың ерекшеліктері мәдениет пен тарих әлеміне кірістірілген индивидтің дамуының ішкі заңдылықтарына сүйене отырып түсіндірілген. Жасөспірімдік шақтың мазмұнын, Э. Шпрангер бойынша, адамның мәдениетке, берілген дәуір рухына кіріктірілуі құрайды. Психологияда оның жасөспірімнің ересек адам өміріне көшуінің әр типті сипаты туралы тұжырымы кеңінен қолдау тапты.М. Мидтің мәдени-антропологиялық зерттеулері жасөспірімдердің дамуындағы мәдени факторлардың анықтаушы мәнін айқындады. Оның Самоа аралындағы абориген балаларды зерттеуі олардың дамуында қақтығыстар мен дағдарыстардың жоқ екендігін, қорқыныш пен күйзелістердің оларға таныс емес екендігін; керісінше, өмірдің бұл кезеңі оларда қақтығыссыз, бейқамдық ахуалында өтетіндігін көрсеткен. М.Мидтің зерттеулері жасөспірімдік шақтағы даму сипатын түсіндірудің биогенетикалық әмбебаптық теориясына күмән туғызды. Онтогенездегі биологиялық даму тұрақты фактор болып табылатындығы, жалпы алғанда барлық жерде бірдей өтетіндігі, бірақ әртүрлі мәдениеттердің жасөспірімдері психологиялық тұрғыдан бір-бірлерінен едәуір өзгешеленетіндігі анықталған. Француз зерттеушісі Б. Заззо жүргізген жеткіншектік жастағы мектеп оқушылары мен жас жұмысшылардың салыстырмалы зерттеуі әлеуметтік жағдайдыңжасөспірім психологиясының көптеген аспектілеріне айқындаушы әсерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді, бұл автордың екі түрлі жеткіншектіктің: буржуазия және жас жұмысшылар жеткіншектігінің бар екендігі туралы тұжырым жасауына негіз болды.
48.Ерте жастық шақ кезеңіндегі ұлдар мен қыздар еліктейтін тұлғалық қасиеттерді сипаттап беріңіз.
Адамның балалық шағы мен жастық шағының дәстүрлі классификатциясы ( 11 – 12 жастан, 14 – 15жас). Осы ең қысқа астрономиялық уақыт аралығында жеткіншек өз дамуында ұлы жол жүреді: олар өзінің ішіндегі конфлектілер және басқалармен кикілжіңдер, сыртқы қайшылықтардан өту арқылы өзін тұлға сезіміне ие болуы мүмкін. Бірақта қоғам туралы енді ашылып келе жатқан сезімдері оны қатыгездікке жетелеуі мүмкін. Ерте жастық шақ – ол жеткіншектің барлығын жаңадан өзінің отбасымен қарым – қатынасын түсіне бастайтын кезең. Үлкен тұлға деңгейіне ие болмасам мен қайтер едім деген сұрақ туындайды.
Жасөспірім, ұл мен қыздың бойындағы тұлғалық қасиетін сезінуге отбасындағы “ біз деген ұғым және дәстүрдің оны қолдауы көп әсер етеді. Осыған орай жасөспірім әлі де болса өзінің “ мен “ дегенімен жалғыз қала алмайды. Өйткені ол әлі өзін - өзі терең және обьективті түрде бағалай алмайды, және жалғыз өзі бүкіл әлем алдына ерекше “ тұлға ретінде тұра алмайды. Оның жоғалған “ мені “, “Біз” деген ұғымға ұмтылады. Бірақ бұл жолы оның қатарластары құрайды.
Ерте жастық шақта – жасөспірім өзінің құрдастарымен қарым – қатынас пен, байланыстарын бағалай бастайды. Өзі сияқты тәжірибесі бар құрдастарымен араласу жасөспірімге өзіне жаңаша көз – қараспен қарауға мүмкіндік береді. Өзін - өзі дамытуда досқа деген мұқтаждық қатты байқалады. Досты және оған қызмет ету жасөспірім үшін үлкен орын алады. Достық арқылы жасөспірім адамдар арасындағы байланыс, әріптестік, бірін – бірі құтқару, екінші біреу үшін тәуекелге бару. Достық сонымен қатар сенім арқылы басқаны және өзіңді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әсіресе өскелең шақта жасөспірім достар арасындағы сатқындық, сырларын жария ету, ұрыс керіс барлығын түсіне бастайды. Қорыта келе, достық тек қана жақсылықтарға ғана емес ол сонымен қоса екінші бір адамға достық қатынаста қандай мінез – құлық таныту керектігін көрсетеді. Достық балалық шақта да, топпен жұмыстада жасөспірімнің тұлғалық қатынаста өзімшілдік қасиет тудыруға ықпал етеді. Көп жасөспірімдер өздерінің қабылдау, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі, ойлау қабілеті және оларға жаңа нәр беруге тырысады. Интенсивті түрде жұмыс істеу арқылы жасөспірім өзін тиімді санайды. Ерте жастық шақ – ұл мен қызды әрдайым өзін тануға деген құштарлықтарын, өз бойынан жаңа қырын ашудың өзі баланы тыныш өмір сүруге бейімдейді. Жасөспірім алып – ұшушылық мінезінде болғандықтан шекті сезімдер көп па? Көздері махаббат оты жанып тұрған кезде өз мақсатынан басқа бүкіл әлем оған ештеңе емес. Бірақ бұл уақытта өтеді, оның жанарында ұшқын оты да біртіндеп сөнеді. Азғана уақыттан соң ол жаңа мақсат отымен айналыса бастайды. Бірақта осы кезеңде жасөспірімдер өзіне және басқаларға жаңа қырларын ашып – психологиялық кризиске түсіп кету қаупі бар. Субьективті түрде бұл ауыр күйзеліс, уайымдау, бірақ өскіншектік кезеңнің күйзелісі жасөспірімді бала күнінде ойламаған біліммен байытады. Жасөспірім өзінің қиналысынан өзінің ойлары мен достары және өзі үлкен мектеп тәрбиесінен өтеді. Бұның барлығы оған тұлға ретінде құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
49.Бастауыш мектеп жасындағы баланың құрбыларымен қарым- қатынасын сипаттаңыз.
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынастарының өз даму желісі бар.Алғашында балалардың арасындағы достық сыртқы өмірлік жағдайлардың және кездейсоқ мүдделердің ортақтығына (балалар бір партада отырады, бір үйде тұрады, бірдей қызығушылықтары бар және т.б.) негізделеді. Олар үшін өздерінің істері мен қылықтарын мұғалімнің бағалауы басты болып табылады. Оқу іс-әрекеті бірте-бірте соның негізінде балалардың өзара қатынастары бастау алатын бірлесу нысанына айналады: оқушылардың арасында сынып істерімен, сыныптан тыс жұмыспен, мектептің қоғамдық өмірімен байланысты қызығушылықтары туындайды. Бастауыш мектеп жасында алғаш рет құрдастарына еліктеу пайда болады.Еліктеушілік бастапқыда құрдасы сияқты әрекет етуге, сабақта одан қалып қоймауға ұмтылуынан көрінеді (біреуі қол көтерсе болғаны, оның соңынан басқалары да ілеседі, егер біреуі бір мысал ойлап тапса, бәрі де дәл сондай мысал ойлап табуға ұмтылады және т.с.с.). Сыныптағы балалардың арасындағы қатынастар көбінесе мұғалім арқылы құрылады. Мұғалім еліктеу үшін үлгі ретінде оқушылардың ішінен біреуін бөліп көрсетеді, ол олардың бір-бірі туралы пікірлеріне түсінік береді, ол олардың бірлескен іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастырады. Ересек адамдардың бастауыш мектеп оқушысына қоятын негізгі сұрағы: «Сабағың қалай?» Жақсы бағалар мен үлгілі мінез-құлық баланың ересек адамдармен және құрдастарымен өзара қатынастарының құрылуына оң негіз болады. Бастауыш мектеп жасында балалардың жаңа қоғамдастығы қалыптасады. Сыныптағы балалардың өзара қатынастары өздігінен пайда болмайды; олар өзгеру мен дамудың өз қисынына ие. Оқудың бастапқы кездерінде оқушылар бір-біріне аса көңіл аудара қоймайды, аз сөйлеседі, жолдастарының табыстары оларды қызықтырмайды. Бірақ бірте-бірте балалардың өзара қатынастары өзгереді: олар бір-біріне үңіліп қарай бастайды, байланыстар орнатады, ортақ қызығушылықтарын табады. Бірлескен оқу іс- әрекеті жалпы ұмтылушылықты тудырады, ортақ міндеттер қояды, әртүрлі көзқарастарды бөліп қарауға және келісуге мүмкіндік береді. Уақыт өте келе оқушылардың қатынастары оқу іс-әрекетінің аясынан шығады. Оларда сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыспен, қоғамдық істермен байланысты қызығушылықтар пайда болады. Бастауыш сыныптарда оқудың аяқ кезіне қарай балаларда жолдастарының арасында белгілі бір орын иеленуге деген ұмтылыс пайда болады. Енді тек ересек адамның пікірі ғана емес, сонымен қатар, сыныптастарының тарапынан болатын қатынас та баланың өзгелердің арасындағы жағдайын анықтайды. Құрдастарының пікірі мен бағалаулары біртіндеп оқушы мінез-құлқының негізгі арқауына айналады. Оқу іс-әрекетінің негізінде бастауыш мектеп оқушылары арасында байланыстар мен қатынастар жүйесінің қалыптасуы оның өрістетілуінің ерекше технологиясын ұйғарады.
Бастауыш мектеп оқушыларының бірлескен оқу іс-әрекетінің олардың субъектілігінің қалыптасуындағы рөлін В.В. Рубцов, Г.А. Цукерман және басқалары зерттеген. Құрдастарымен бірігудің, олардың қарым-қатынас сипатының бастауыш мектеп оқушыларында ойлаудың дамуына жасайтын ықпалы анықталды. Оқу мазмұнына қатысты көзқарастарды үйлестіру, оқу әрекеттерімен алмасу және оларды қайта бөлу индивидуалдық-психологиялық қабілеттер – өздігінен ойлау және түсіну қалыптасатын әлеуметтік- психологиялық кеңістікті құрады.
50 Ж. Пиаже мектебіндегі психикалық дамудың мәселелерін анықтаңыз.
Ж. Пиаже қабылдау мен естің дамуын, өзгелермен өзара қатынастар нормаларын меңгеруді, эмоциялар мен сезімдердің қалыптасуын және т.б. анықтайтын зияттың дамуы психикалық дамудың негізі болып табылады деп пайымдаған. Сондықтан психикалық дамудың кезеңдері іс жүзінде бала жүйелі түрде өтетін зияттың даму кезеңдері болып табылады. Бала ойлауының дамуы теориясын Ж. Пиаже биология мен логика негізінде құрған. Ол баланың танымдық іс-әрекетінің дамуын органикалық өмірдің дамуының жалпы заңдары тұрғысынан қарастырған. Бала зиятының дамуын анықтайтын негізгі үдерістер ретінде Ж. Пиаже бейімделуді, ассимиляцияны, аккомодацияны және теңгеруді бөліп көрсеткен. Ассимиляция – баланың бойында қалыптасқан түсініктер мен іс-әрекеттер үлгілеріне жаңа нысанды, жаңа проблемалық жағдайды енгізу үдерісі. Аккомодация – осындай үлгілерді жаңа жағдайдың ерекшеліктеріне сәйкес өзгерту. Осы үдерістердің бірлігі олардың арасында және ағзаның ортамен қатынастарында тепе-теңдік орнатуға алып келеді. Ж. Пиаже бойынша, таным дегеніміз – ортаға бейімделуге бағытталған ағзаның ортамен ықпалдастығы. Бейімделу ассимиляция мен аккомодация үдерістерінің тепе-теңдігінен тұрады. Тепе-теңдік жай-күйі әрқашан шамамен ғана алынады және оған қол жеткізудің өзі олар үшін қолдағы мүмкіндіктер жеткіліксіз болатын жаңа міндеттердің пайда болуына алып келеді. Тепе-теңдік сөзсіз тепе- теңдіктің бұзылуымен алмасады, ал бұл қайтадан теңгеру үрдісін өзектілендіреді. Осылайша, даму ішкі қозғаушы күшке ие болады, ал теңгеру үрдісі зияттық дамудың негізгі үрдісіне айналады.
Ж. Пиаже тұжырымдамасындағы аса маңызды ұғым – «іс-әрекет үлгісі». Индивидтің жинақтаған бүкіл тәжірибесі іс-әрекет үлгілеріне қалыптастырылады. Іс-әрекет үлгісі дегеніміз – іс-әрекет әртүрлі жағдайларда қайта-қайта қайталанғанда ондағы сақталатын жалпылық (инварианттылық), ақыл-ой дамуының белгілі бір деңгейіндегі діл құрылымы, тақырыптық іс-әрекеттердің логикасын қайталайтын ойлау жүйесі немесе тұтастығы. Ж. Пиаже бүкіл онтогенетикалық даму кезінде негізгі функциялар (бейімделу, ассимиляция, аккомодация) өзгермейді, тұқым қуалаушылықпен бекітіледі, тәжірибенің мазмұнына тәуелсіз болады деп есептейді. Функциялардан айырмашылығы, құрылымдар тіршілік әрекеті барысында қалыптасады, тәжірибенің мазмұнына тәуелді болады және дамудың әртүрлі сатыларында сапалық тұрғыдан өзгешеленеді. Функция мен құрылымның арасындағы осындай арақатынас дамудың үздіксіздігін, сабақтастығын және әрбір жас сатысындағы оның сапалық ерекшелігін қамтамасыз етеді. Баланың зияттық дамуында Ж. Пиаже үш сатыны бөліп көрсеткен, олардың негізіне басымдықты зияттық құрылымдардың ауысуы алынған. Сатылар дегеніміз – жүйелі түрде бір-бірін алмастыратын даму баспалдақтары немесе деңгейлері, әрі әрбір деңгейде ағза мен ортаның салыстырмалы түрдегі тұрақты тепе-теңдігіне қол жеткізіледі. Интеллектуалды дамуының бастапқы сатысы – сенсомоторлық (туылғаннан 1,5-2 жасқа дейін); осы сатыда бала материалдық заттармен әрекет етеді, дүниені әртүрлі әрекеттердің – қараудың, ұстаудың, салыстырудың, соғудың, лақтырудың, кеңістікте жылжытудың және т.б. көмегімен танып-біледі. Теңгеру кезінде баланың зияты сезім мүшелерінің мәліметтеріне және дене қозғалыстарына сүйенеді. 2 жастан 7 жасқа дейінгі ойлаудың даму кезеңін Ж.Пиаже дамудың дербес сатысын құрамайтын, операцияға дейінгі және өтпелі ретінде белгілейді. Балалар дүниені өз іс-әрекеттері арқылы таниды. Олардың ойлауы шамадан тыс нақтылық, қайтымсыздық және шығандаған өзімшілдік үрдістеріне ие. Келесі саты – нақты амалдар сатысы (7 жастан 11-12 жасқа дейін) – баланың заттармен іс-әрекеттер жүйесін ойша, бірақ нақты материалға сүйене отырып орындау қабілеттіліктерімен сипатталады. Балалар қисынды ойлай бастайды, нақты нысандарға немесе оқиғаларға қатысты ұғымдарды пайдаланады. Олар заттарды жіктей, ұғымдар иерархиясын (тектік- түрлік тәуелділіктер) құра, сақтау заңдылықтарын жете ұғына алады. Жас ерекшелік психологиясы 83 Қорытынды сатыны нысаншылдық интеллект құрайды; оның қалыптасуы жасөспірімдік шақта (11-12 жастан 15 жасқа дейін) жүреді. Жасөспірімдер міндетті шешудің барлық қисынды нұсқаларын зерттей, шартты-болжалданған түрде ойлай, болжамдар құра және қисынды дәлелдемелердің тізбегін келтіре алады. Нысаншыл ойлау басқа адамның көзқарасын түсінуге, оның мәртебесі мен идеалдарын есепке алуға мүмкіндік береді. Нысаншыл амалдардың қалыптасуымен бірге адам ойлауының ең жоғары даму деңгейіне қол жеткізіледі. Ж. Пиаже түсініктері бойынша, интеллект дамуы сатыларының тәртібі белгілі бір жастарға сәйкес келеді, ол өзгермейді. Ересектер психикалық даму үдерісіне ықпал ете алады, бірақ оның логикасын өзгерте алмайды – оқыту дамудан кейін келеді. Оқыту бала меңгерген танымдық қүрылымдардың атқарымдануын белсендіруі тиіс. Баланың өзінің, стихиялы түрде қалыптасқан тәжірибесі оқытудың негізі болып табылады. Нақ осы тармағында Ж. Пиаженің теориясы қарсылықтар тудырады және теориялық және эксперименталдық теріске шығарудың тақырыбы ретінде бой көрсетеді.
51.Мектепке келудің алғашқы кездерінде кездесетін қиындықтарды түсіндіріңіз.
Жеті жасқа қарай белсенділіктің әлеуметтік саласы баланың өзіне деген қатынасының көзі ғана емес, сонымен қатар, мектеп өмірінің бас кезіндегі оның оқуының уәжделуін қамтамасыз ететін шарты да болады: бала өзі үшін маңызды басқа адамдардың мойындауы мен құптауы үшін оқиды. Баланың өзінің оқудағы табыстылығын өзі ұмтылатын әлеуметтік мәртебеге сәйкестік ретінде түсінуі оның әлеуметтік қатынастар субъектісіне айналуының басты көрсеткіші болып табылатын сияқты. Баланың мектепке психологиялық дайындығы проблемасына талдау жасаудың тиімді тәсілін Е.Е.Кравцова ұсынды. Проблеманы талдауда оқу іс-әрекетінің айрықша мазмұны, құрылымы және оны жүзеге асырудың өтпелі кезең жасындағы балаларда қалыптасатын алғышарттары туралы түсініктер негізге алынды. Оқу іс-әрекетінің құрылымы оқу тапсырмаларын, оқу әрекеттерін, бақылауды және бағалауды қамтиды. Оқу тапсырмаларының айрықшалығы балалар іс-әрекетінің негізгі мағынасы заттық-практикалық тапсырмалардың белгілі бір тобын шешудің жалпы тәсілдерін меңгеру болып табылатындығында; жалпы тәсілді меңгеру оқу әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде – толыққанды іс-әрекет мектеп оқушысының бақылау-бағалау әрекеттерін орындауын ұйғарады. Бұл орайда әрекеттің тәсіліне (ал тек оның нәтижесіне ғана емес) бағдарлану оқу іс-әрекетінің ең маңызды сипаттамасы болып есептеледі. Баланың оқу тапсырмасын қабылдауы мектепте оқуға дайындықтың аса маңызды өлшемі ретінде көрінеді. Оқу тапсырмасын қабылдаудың, оқу әрекеттерін, соның ішінде, бақылау-бағалау әрекеттерін де жүзеге асырудың алғышарттары баланың ересек адамдармен, сондай-ақ басқа балалармен қарым- қатынастарының ерекшеліктерінде жатыр. Баланың оқу тапсырмасын қабылдауы ол ересек адаммен қарым-қатынастың ерекше түрін орнатқан жағдайда мүмкін болатыны көрсетілген. Қарым- қатынастың бұл түрі еркіндіктің жоғары деңгейімен сипатталады: ол тек тікелей заттық жағдайға ғана емес, сонымен қатар, саналы түрде қабылданатын тапсырмаларға, ережелерге, та Еркіндіктің жоғары деңгейін, дамыған мәнмәтіндік қарым- қатынасты иеленетін балалар ересек адам ұстанымының шарттылығын көреді, оның сұрақтарының екіұшты мағынасын түсінеді, жауаптарын дұрыс құрастырудың тәсілдерін іздестіреді. Мінез- құлықтың тікелік нысанын иеленетін балалар сұрақтардың тек тура, анық мағынасын ғана қабылдайды; олар қарым-қатынастың мәнмәтініне үңілмейді, ересек адам ұстанымының шарттылығын түсінбейді және мұғалімге өзінің анасына немесе балабақшадағы тәрбиешісіне қарағандай қарайды. Осылайша, мәнмәтіндік қарым- қатынас бала мен ересек адам қатынасын жүзеге асырудың балалардың оқу тапсырмасын қабылдау кезеңіне адекватты болатын нысаны болып табылады. Баланың құрдастарымен қарым-қатынасының сипаты да мектептегі оқуының табыстылығымен және ең алдымен оның тапсырманы шешудің жалпы тәсіліне бағдарлануымен тығыз байланысты болып шықты. Мектепке жақсы дайындалған балаларда құрдастарымен қарым-қатынастың «кооперативтік-жарыспалы» ретінде белгіленетін жоғары түрі байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынастың кооперативтік-жарыспалы түрінің маңызды психологиялық сипаттамалары ересек адаммен мәнмәтіндік қарым- қатынастың сипаттамаларына жақын болады. Атап айтқанда, екі жағдайда да бала алғаш рет серіктесінің ұстанымын көре бастайды және тапсырманы шешу бойынша бүкіл іс-әрекет бойында тапсырманың ахуалын ұстап тұра алады. Баланың жағдайды тек өз көзқарасы тұрғысынан ғана емес, ал бірлескен іс-әрекеттің басқа қатысушыларының ұстанымын есепке ала отырып бағалауға қабілеттілігі тапсырмаларды шешудің жалпы тәсілдерін бөліп алудың және меңгерудің маңызды шарты болып табылады. Баланың өзіне деген қатынасы, оның өзін-өзі бағалауы да мектепте оқуға психологиялық дайындықтың маңызды құрауышы болып табылады. Мектепте оқудың қарсаңындағы өзіне деген жаңа қатынас жалпылықпен, жанамалылықпен және арта түскен объективтілікпен сипатталады. Ол баланың өзін және өз қылықтарын сырттан көре білу қабілеттілігіне сүйенеді. Оқу іс- әрекетіндегі бақылау және бағалау әрекеттері мектеп оқушысының басқалардың ұстанымын есепке ала білуіне, оның өз әрекеттеріне басқаның көзімен қарай білу қабілеттілігіне тікелей байланысты. 7 жас дағдарысы кезеңіндегі ерекше жауапкершілік ересек адамға түседі. Ата-аналары кенеттен өз баласымен қатынастардағы алшақтауды байқай бастайды (баланың оқшаулануға қалыпты талпынысына сәйкес). Олар бала үшін сөзсіз беделді, бәрін білетін және істей алатын адам болудан қалады. Дәл осы себептен Ата-ана Мұғалім, яғни абсолютті, сырттай қарама-қарсы қойылған үлгі бола алмайды. Бұл ауыспалы сатыдан шынында да оң жетістіктермен сәтті өту үшін, ересек адамның өзі өзінің мінез-құлық бағдарламасын қайта құруы тиіс. Оның негізгі мақсаты баланың өздігінен шынайы өмірге енудегі аса жауапты ісінде онымен ынтымақтастықты (теңдестірілуді) қамтамасыз ету, шындыққа араласуда, оны зерттеуде балаға қолдау көрсету болып табылады. Ересек адам ақылшы, жанашыр және түсінгіш адам болуы тиіс – бір нәрсені білу және шын мәнінде жасай алу деген қандай қиын! Ата-ананың баласының достарымен қонақжай, достық пейілде болулары тиіс, оларды өздерімен бірге киноға, саяхатқа, қонаққа және т.б. шақыру қажет. Баланың қиындықтарында, ізденістерінде, таңдауларында онымен тең, бірақ үлкен және тәжірибелі адам ретінде («Ал менде былай болған») онымен теңесе отырып, ересек адам баланың өз тұлғалылығын іздеуі үшін сенімді қорған болады. Мектеп оқшауландырады, ал отбасы бала қамымен теңдестіріледі. Бала өмірдің, іс-әрекеттің нормаларына икемделеді, өз білімдері мен шеберліктерінде дербес бола бастайды. Бала симбиоздық қоғамдастықтан оқшауланады, өзінің ата-анасына үйірлігінде теңдест Жеткіншектік сатысы баланың мектептің бастауыш сыныптарында оқу кезеңімен сәйкес келеді. Сондықтан өмірдің осы бөлігіндегі бала дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттау кезінде біз оны «жеткіншек» немесе «бастауыш мектеп оқушысы» деп атайтын боламыз. Жас ерекшелік психологиясы 229 Баланың мектепке баруы оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Мектепке келгеннен бастап адамның әлеуметтік өмірі басталады деп толық құқықпен айтуға болады. Бұл жеткіншектік кезеңге дейін индивид әлеуметтік тіршілік иесі болған жоқ дегенді білдірмейді (ол туғаннан бері сондай болып табылады). Бірақ мектепке дейінгі балалық шақта бала өзін өзінің әлеуметтік мәртебесінде сезінбейді. Мектеп оқушысы – баланың алғашқы әлеуметтік мәртебесі; бұл мәртебе оған қойылатын талаптардың жаңа жүйесімен, оның әлеуметтік міндеттері мен құқықтарының жиынтығымен байланысты. Л.И. Божовичтің бейнелі түрдегі пікірінше, мектепке барған баланы азаматтық кемелдікке апаратын сатының бірінші баспалдағын аттаған адам ретінде қарастыра бастайды. Мектеп дегеніміз – ерекше қоғамдық мекеме, онда, Г. Гегельдің айтуынша, жалпы тәртіпке сәйкес, барлығына бірдей ортақ ереже бойынша өмір басталады, онда субъективті рух өз оғаштықтарынан бас тартуға, білімге және ортақтықты қалауға келтірілуі тиіс. Бала мектепке баруы, оқу пәндерімен айналысуы, сабақта мұғалімнің талабын орындауы, мектеп тәртібіне ілесуі, мінез-құлық ережелеріне бағынуы тиіс. Балалар жаңа, өзінің мазмұны бойынша және өзінің функциясы бойынша қоғамдық болып табылатын қызметті – оқу іс-әрекетін бастайды. Олардың ересек адамдармен және құрдастарымен өзара қатынастары енді оның өзінің жаңа, қоғамдық тұрғыдан маңызды міндеттерін қалай орындайтындығымен анықталады. Бала мектепке келгеннен бастап ойын оның өмірінде маңызды орын алуын жалғастыра берсе де, біртіндеп ондағы басты рөлін жоғалта бастайды. Бастауыш мектеп оқушысының жетекші қызметі оның мінез-құлқының сипатын елеулі түрде өзгертетін, оның танымы мен санасының, оның қабілеттерінің, тұлғасының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын оқу бола бастайды. Қоғамдағы жаңа жағдайы (қоғамдық тұрғыдан маңызды қызметпен – оқу іс-әрекетімен айналысатын адамның жағдайы) өзін бағалаудың жаңа өлшемдерімен байланысты: академиялық табыстар, ұқыптылық, мектеп тәртібіне ілесу; осының бәрі басқа балалармен, ересек адамдармен қатынастарындағы, баланың өзін және өзгелерді қалай бағалайтындығындағы өзгерістерге алып келеді. Мектепте шындық өмірмен байланыстар мен қатынастардың жаңа құрылымы пайда болады, бірлескен болмыстың жаңа нысаны қалыптасады. Жаңа бірлескен болмыстағы орталық орынды сөзсіз мұғалім иеленеді. Баланың өмірінде алғаш рет Ересек адам өзінің жаңа бейнесінде – Мұғалім ретінде пайда болады. Көптеген балалар мектепке барғанға дейін балабақшаға барып жүреді. Олардың өмірінде Тәрбиешімен қарым-қатынас тәжірибесі болады. Бірақ Мұғалімнің тұғыры көп жағдайда Ата- ана тұғырымен сәйкес келіп отырған Тәрбиеші тұғырынан мүлдем өзгеше. Бала үшін Тәрбиеші Ата-ананы алмастыратын адам болып көрінеді, сондықтан ол үшін тәрбиешілермен туыстық қатынастарға ұқсас өзара қатынастар тән (денелік қарым-қатынас, еркелету, эмоционалдық ортақтасу және т.б.). Мұғалім тұғыры Тәрбиеші және Ата-ана тұғырынан түбірімен өзгешеленеді. Д.Б. Элькониннің айтуынша, баланың көзінде мұғалім бақылау мен бағалаудың барлық құралдарымен қаруланған, қоғамның атынан және соның тапсырмасы бойынша әрекет ететін қоғамның өкілетті өкілі ретінде көрінеді. Мектепке келгеннен бастап «бала – ересек адам» қатынастары қатынастардың екі жүйесіне бөлінеді: «бала – мұғалім» және «бала – ата-ана». Жетекші рөлді «бала – мұғалім» құрылымы иеленеді, ол баланың барлық қалған ересек адамдармен және құрдастарымен, отбасында және мектептен тыс қатынастарын, өз-өзіне деген қатынасын анықтайды. «Бала – мұғалім» жүйесі оның өмірінің орталығына айналады, оған көп жағдайда бала өмірінің жағымды да, жағымсыз да жағдайлары байланысты болады. Алғаш рет «бала – мұғалім» қатынасы «бала – қоғам» қатынасына айналады. Мұғалімде қоғамның объективті талаптары бой көрсетеді, мектепте барлығы үшін бірдей эталондар мен бағалау өлшемдерінің жүйесі болады. Бала мұғалімнің кімге қалай қарайтынын аса байқағыш. Сыныптағы оқушылардың өзара қатынастары мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, бірдей талап қоятын кезде қалыпты болады. Мысалы, мұғалімнің «сүйікті балаларын» бөліп қарауы оқушылардың өзара қатынастарын ширықтырады, балалардың көзіндегі оның беделін түсіреді. Мектеп баланы оқшаулау функциясын атқарады. Бала ересек адамнан ажырауы (бірақ алыстамауы!) тиіс. Бұл оқшаулану бала өзінің әлеуметтік айқындылығын табатын әлеуметтік мазмұн мәнмәтінінде болады. «Бала – ата-ана» жүйесіндегі қатынастардың даму қисыны мен функциясы өзгеше. Бала мектепке барғаннан бастап, оның өмірі күрделеніп, молықтырыла түскеннен бастап отбасы ерекше рөл ойнай бастайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте мұғалім беделінің алдында ата-ана беделінің төмендеуі туралы көптеген айғақтар бар. Бұл – даусыз факт, бірақ тек оқу мазмұнына қатысты ғана дұрыс. Мұғалім қоғам өкілі ретінде, жалпы білімнің иеленушісі ретінде баланың көзінде сөзсіз беделді, ол ата-аналардан аз білуі мүмкін емес, әрі қағида бойынша қателеспеуі тиіс болғандықтан, қателесуі де мүмкін емес. іріледі. лаптарға сүйене отырып, яғни белгілі бір мәнмәтінді есепке ала отырып құрылады.
 52 Баланың интелектуалды дамуы
Ойын – мектепке дейінгі жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын  дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау  мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды  даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Интеллектуалды  толық  дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде   зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға  көп көңіл бөлінеді.  Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа деген қызығушылықтары артады.  Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық  дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал.  Мысалы: Логикалық тізбек  ойындары.  Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына  мақсатты түрде  білім беру мамандарының, ата - аналардың, балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет.   Балалар ойыны заттық – қол қимылының (пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап интеллектуалды даму ойынына  дейін жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады.Бұл ойындар арқылы баланың интеллектуалды  дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды Мысалы, «Суреттерді есте сақта», «Керекті фигураны тап», «Қызықты геометрия»,«Лабиринт ойындары»және т.б.. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін де қалыптастырады. Қорытып айтқанда, балаларды интеллектуалды  дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге,бекітуге,оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
53) Жасөспірімдердің проблемаларына көмектесу жолдарын көрсетіңіз.
    Қазіргі  ақпараттарға сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында өзекті мәселелер және қоғам өмірінде баланы теріс бағытқа апарар түрлі жолдар өте көп кездеседі. Оларға психикалық проблемалар, зиянды  әдеттер, зорлық, суицид және т.б. жатқызылады. Жалпы жасөспірімдік кезеңде адам түрлі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетсіз және бұл кезең психикалық және денелік тұрақсыздықтың айқын көрінетін кезеңі. Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары – бұл, алдымен, оның отбасы және оқу  орны. Бұл кезеңде мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бірфактор – оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Ересектер мен жасөспірімдердің қарым-қатынас орнатуының ең тиімді формасы – тұлғалық және сенімділік негізінде құрылған қарым-қатынас. Өз кезегінде жасөспірімдер барлық сфераларда өздерін көрсетуге тырысады. Бұл кезде белгілі бір мінез акцентуациясы айқын көрінетін жасөспірімдерге де назар аудару қажет.Мінез ауытқушылығының басты себебі бұл тәрбиедегі кемшіліктер және педагогикалық қарым-қатынастың адекватты емес сипаты. Жасөспірімдердің мектептегі қарым-қатынас орнату сферасы оның тұлғалық қалыптасуына, өмірлік позицияларының қалыптасуына, өмірлік жоспарлар құруына мықты әсер етеді. Сондықтан ол білім алатын орында барлығы ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде құрылуы тиіс. Егер әрбір ата-ана баласымен сенімділік негізінде құрылған жағымды қарым-қатынас орнатып, тәрбиенің тиімді әрі әділетті әдістерін қолдана отырып, оларды материалды және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімдерде болатын дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Осы мәселелерге қысқаша тоқталып кетсек, ол ең біріншіден жасөспірімде пайда болатын психикалық проблема. Психикалық проблема      Психикалық проблемалардың көбісі жеткіншек жасында пайда болады. Социальдік қабілеттерді жақсарту және өзіне-өзі сенушілік әртүрлі мәселелерді шешуге көмегін тигізеді. Мысалы: бала тәрбиесінің бұзылуы, қорқыныш, жабығу және әр-түрлі зиянды да қауіпті әдеттер темекі шегу, есірткі қолдану, т.б. Денсаулық сақтау жұмысшылары мен психологтардың жасөспірім балалармен жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс десек қате айтпаймыз. Яғни, пайда болған проблемаларды табу және оны емдеу (кеңес беру), керек болған жағдайда психотроптық препараттармен емдеу болып табылады. Есірткі немесе басқа да зиянды заттарды    Әрине,бұл зиянды әдеттер баланың тәрбиесіне, көп жағдайда қоршаған ортасына байланысты. Жоғарыда айтылып кеткендей жасөспірім кезінде бала психикасы тұрақсыз болып келеді. Осыған байланысты онда еліктеушілік пайда болады. Демек, темекі шегу, ішімдік ішу, т.б. Солардың бірі – есірткіні қолдану. Қаншалықты жасөспірімдер шылым шегумен ертерек танысып, шылым шеге бастаса, соншалықты олар оған тез үйренеді және болашақта шылым шегуден бас тарту олар үшін өте қиын болады. Және де басқа нәрсені татып көруге қызығушылықтары туады. Яғни, темекіден әлде-қайда зиянды заттар. Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесіне білінеді. Зорлық-зомбылық    Агрессивті мінез-құлықты азайту үшін балалар мен жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын жақсарту болып келеді. Балаларға көрсетілетін қатыгездіктің себептерін былайша бөлуге болады: біріншіден, бұл ең жақсы тәрбиелеуші құрал ретінде «белбеуді» насихаттаған патриархалды тәрбиенің көп ғасырлық дәстүрі. Бүгінгі күнге дейін кейбір ата-аналар балаға осылайша тәрбиелеуші әсер ету әдісін тиімді деп есептейді, екіншіден, біздің қоғамда үгіттелетін қатыгездік көрінісі. Көбіне ата-ананың стрестік жағдайда жүруі олардан әлсіздерге – балаларына деген өшпенділік көріністерін тудырады, үшіншіден, біздің қоғамның қоғамдық және құқықтық мәдениет деңгейінің төмендігі. Бұндай қоғамда бала өзара әсер етудің субьектісі ретінде емес обьектісі ретінде болады. Егерде ата-аналар мен мұғалімдер қолдау көрсетсе жақсы дағдылардың қалыптасуына әсер етеді. Және күштемей тәрбие көрсеткен жағдайда зорлық-зомбылықтың азаюына үлкен үлес қосамыз. Суицид   Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында көп кездесетін мәселелердің бірі болып келеді.Жасөспірімдер – қоғамның әлсіз буыны. Аңғал, сенгіш, тәжірибесіз, өмірдің кез-келген құбылысын жанына жақын қабылдайды. Әлі келмеген, күші жетпеген, ақыл таппаған, жалғыз қалған тұста өлімге жүгіреді. Жастардың осы жолды таңдауына не себеп деген сұрақ, әрбіріміздің көкейімізде туындайтыны анық. Баланы суицидке әр-түрлі жағдайлар итермелейді. Ең басты себебі – олардың жалғызсырауы. Қиналған сәтте жанына жақын адам таба алмауы. Қоғамда жасөспірімдер тәрбиесімен айналысып, бағыт-бағдар беретін, оның өтпелі кезеңіндегі жан дүниесіндегі толқуларды түсінуге тырысып, көмек беріп жатқан ешкім жоқ. Мұның соңы жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соқтырып отыр. Суицидті мінез-құлық белгілері көрінетін жасөспірімдермен тек арнайы даярланған мамандар ғана емес, кез-келген ересек (ата-ана, педагогтар) жұмыс жасай алады. Олармен әңгімелесу және біріккен іс атқару кезінде келесі ережелерді ұстану қажет. Ең алдымен, суицидті мінез-құлықты жасөспірімдер әрдайым өз ойларымен өзгелермен бөлісуге тырысады, себебі оның ойлары өзін үрейлендіреді.Бұндай жасөспірімдерді мұқият, назар салып тыңдау қажет. Суицидті мінез-құлықты жасөспірім өзінің проблемасын ауқымды сипатта көреді және оған сыни көзқарас танытуға тырысыңыз. Бұған әсіресе өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз жасөспірімдер бейім болады. Сондықтан өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізді қолдана отырып, кез-келген проблеманың шешімін табуға болатындығын түсіндіріңіз. Айтылған мәселелер жасөспірімдер арасындағы көп таралғаны болып табылады. Жасөспірімнің адамгершілігі, саналылығы, оның қоршаған адамдармен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін елеулі фактор. Адамгершілік тәлімі жүрекке жан шуағын орнатып, бұрыннан бойымызда бар жақсы  қасиеттерді дамытады. Жаман әдет пен теріс қылықтан тазарып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасу – өзекті мәселе. Мейірімділік жылудан тарайды. Менің бүгінгі қозғап отырған тақырыбымда айтайын дегенім жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қазіргі қоғамның маңызды ережелерінің бірі. Сондықтан да осындай мәселелерді болдырмау және олардың алдын алу үшін әр-түрлі іс-шараларды жүргізуіміз қажет, балалардың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек деп ойлаймын. Ал бұл өз кезегінде аталған мәселелердің азаюына септігін тигізетіні сөзсіз.
54 ЛС Выготскийдің мәдени тарихи даму теориясы
Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекғі психолог ғалым Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі облысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.
Ата-анасы білімді, шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған.
Адамның жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және «бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» дел аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінсз-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіл отыратым тарихи фактор ретінде қарастырьшады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты.
Жасөспірімнің шығармашылық белсенділігінің дамуына қандай факторлардың әсері бар
Сыналушылардың талаптану деңгейін бейімделген Шварцвандер әдістемесі көмегімен анықтадық. Өзін-өзі бағалау - жеке адамның өзін, өзінің мүмкіндіктерін, қасиеттерін және басқа да адамдар арасындағы орнын бағалауы - сөзсіз бұл жеке адамның негізгі қасиеттеріне жатады. Дәл осы айналадағылармен қарым-қатынасы, сыншылдықты, өз-өзіне талап етушілікті, сәтсіздіктермен жетістіктерге қатынасын белгілейді.
Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау үшін барлық 32 пікір бойынша ұпайлардың жиынтығы анықталады. 0-ден 25-ке дейін ұпай шамасы өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейде екені мәлімденеді, бұл кезде адамға «өзін төмен бағалау кешені» ауырлығын түсірмейді, басқалардың ескертулерін дұрыс түсініп және өз іс-әрекетінде сирек күмәнданады. 26-дан 46-ға дейінгі ұпай шамасы өзін бағалау орташа деңгейде екенін дәлелдейді. Мұндай кезде адам «Өзін-өзі төмен бағалау кешенінен» сирек зардап шегеді және кейде басқалардың пікіріне бейімделуге тырысады.
Талаптану деңгейі (ТД)=5 және одан жоғары - шындыққа сай емес жоғары, ТД=3+4,99 - жоғары, ТД=1+2,99 - орташа, ТД= -1,49+0,99 - төмен, ТД= -1,50 және төмен - шындықка сай емес төмен. Талаптану деңгейі, сыналушы ұмтылатын оларға жету оқушыны қызықтыратын және мүмкін болып көрінетін мақсаттардың қиындық дәрежесімен сипатталады. Талаптану деңгейіне өмірлік жолдағы және нақты іс-эрекеттегі сәттілік пен сәтсіздіктердің динамикасы кері әсер етеді, Адекватты талаптану деңгейлері болады (адам өз алдына өзі жете алатын мақсаттарды қояды, олар оның қабілеттеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес келеді) және адекватты емес: аса көтерілген (жете алмайтын мақсаттарта талаптану) және аса төмендетілген (жеңілдетілген мақсаттарды таңдайды, одан көп қабілеті болса да). Сыналушының өзін-өзі бағалауы адекватты болған сайын, оның талаптану деңгейі де адекватты болады.
Талаптану деңгейі аса көтерілмеген оқушылар өз қабілеттерін және мүмкіндіктерін асыра бағалап, әлі келмейтін тапсырмаларды алып жиі сәтсіздікке ұшырайды. Талаптану деңгейі жоғары, бірақ шындыққа сай келетін оқушылар үнемі өз жетістіктерін арттыруға, өздігінен жетілуге, күрделі мәселелерді шешуге, қиын мақсаттарға жетуге ұмтылады. Талаптану деңгейі орташа адамдар өз жетістіктерін, қабілеттіліктерін және күрделірек мақсаттарға көшуге ұмтылмай, орташа қиын мәселелерді нақты, табысты шешеді. Талаптану деңгейі төмен немесе шындыққа сай емес төмен сыналушылар өте жеңіл және қарапайым мақсаттарды таңдайды; бұл мыналармен түсіндірілуі мүмкін:
а) өзін-өзі төмен бағалау, өз күшіне сенбеу;
б)«әлеуметтік қулықпен», яғни өзін сыйлаумен қатар, оқушы қоғамдық белсенділікпен, қиын және жауапты істерден және мақсаттардан қашқақтайды.
Жеткіншектік жас қарама-қайшылыққа және толқынысқа толы, сондықтан мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көп зейін аударуды талап етеді.
Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:
1.Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара силасуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады, да монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді және тренингтің өту барысын қиындатады.
2.Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топмүшелеріне ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту эффектісін береді.
3.Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешеім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.
4.Интеллектілі және эмоциялы сфералар гармонизациясы принципі, бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқылау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы – барлық тренинг бойы қолданылатын топтық дискуссия.
5.Дамытуды оңтайландыру принципі, жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің квалификацияланған констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.
6.Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс барысындағы өзгеруінетабиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезіндепайда болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.ъ
7.Топтың тұрақты құрамы принципі, егер тренингтік топ жабық болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептеген. Оның құрамына мектеп жасындағыларды да қосуға болады. Бірақ бұл үшін жүргізуші тренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектептерде практик-психолог қызметінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүмкіншілікке ие. Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен /10-12 адам/ жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.
8.Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымдыэффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды “елітуге”, олрдың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.
9.Бөлектену принципі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдармен кейінірек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады.
10.Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Тренинг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады.Бұл екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі.
Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту) сала жағынан айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:
1.Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершілігі.
2.Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.
3.Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.
4.Ашықтық пен адалдық.
5.“Тоқта” ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда бір сұраққа жауап бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамның “Тоқта” деп айтуына және ойыннан шығуына болады.
Тренингтің мақсаты:
өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;өзі жайында, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;
Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұғымдық, рольдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
56) «Үш жас дағдарысына» Е.Смирнова еңбегі бойынша сипаттама беріңіз
Ерте балалық шақтағы психикалық даму шартының жалпы сипаттамасы. Ерте балалықтағы жаңа құрылымдар. Заттық іс-әрекет – ерте балалықтағы жаңа құрылымдар. Заттық іс-әрекет – ерте балалықтың жетекші іс-әрекеті. Ерте балалықтағы заттық әрекетердің даму сатылары мен негізгі заңдылықтары. Ерте балалықтағы ойын іс-әрекетінің сипаттамасы. Ойын іс-әрекетінің сатылары. Ерте балалықтағы психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары. Эмоция мен жоғарғы сезімдердің даму ерекшеліктері. Ерте жастағы баланың жеке басының дамуының алғашқы формалары.  Қарым-қатынас пен сөздің дамуы. Автономды бала сөзінің рөлі және толық мәнді сөздің қалыптасуы. Психологиядағы бала сөзі теориясы. (Ж.Пиаже, А.Валлон, В.Штерн)    3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен  дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да  жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста  1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады.  3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен  жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына  ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы  кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады. 3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.  3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың  санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.  4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қозғалысқа икемділігі байқалады. Доптың немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді. 5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру,жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты  баланың граммматикалық сөздік өоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын және қарапайым еңьек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Ертегі дәне әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтидесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекеттерінің нәтижесінде өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделенеді,Барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу әрекетін орындағанда да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың құрбыларымен қарым-қатынасы
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынастарының өз даму желісі бар.Алғашында балалардың арасындағы достық сыртқы өмірлік жағдайлардың және кездейсоқ мүдделердің ортақтығына (балалар бір партада отырады, бір үйде тұрады, бірдей қызығушылықтары бар және т.б.) негізделеді. Олар үшін өздерінің істері мен қылықтарын мұғалімнің бағалауы басты болып табылады. Оқу іс-әрекеті бірте-бірте соның негізінде балалардың өзара қатынастары бастау алатын бірлесу нысанына айналады: оқушылардың арасында сынып істерімен, сыныптан тыс жұмыспен, мектептің қоғамдық өмірімен байланысты қызығушылықтары туындайды. Бастауыш мектеп жасында алғаш рет құрдастарына еліктеу пайда болады.Еліктеушілік бастапқыда құрдасы сияқты әрекет етуге, сабақта одан қалып қоймауға ұмтылуынан көрінеді (біреуі қол көтерсе болғаны, оның соңынан басқалары да ілеседі, егер біреуі бір мысал ойлап тапса, бәрі де дәл сондай мысал ойлап табуға ұмтылады және т.с.с.). Сыныптағы балалардың арасындағы қатынастар көбінесе мұғалім арқылы құрылады. Мұғалім еліктеу үшін үлгі ретінде оқушылардың ішінен біреуін бөліп көрсетеді, ол олардың бір-бірі туралы пікірлеріне түсінік береді, ол олардың бірлескен іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастырады. Ересек адамдардың бастауыш мектеп оқушысына қоятын негізгі сұрағы: «Сабағың қалай?» Жақсы бағалар мен үлгілі мінез-құлық баланың ересек адамдармен және құрдастарымен өзара қатынастарының құрылуына оң негіз болады. Бастауыш мектеп жасында балалардың жаңа қоғамдастығы қалыптасады. Сыныптағы балалардың өзара қатынастары өздігінен пайда болмайды; олар өзгеру мен дамудың өз қисынына ие. Оқудың бастапқы кездерінде оқушылар бір-біріне аса көңіл аудара қоймайды, аз сөйлеседі, жолдастарының табыстары оларды қызықтырмайды. Бірақ бірте-бірте балалардың өзара қатынастары өзгереді: олар бір-біріне үңіліп қарай бастайды, байланыстар орнатады, ортақ қызығушылықтарын табады. Бірлескен оқу іс- әрекеті жалпы ұмтылушылықты тудырады, ортақ міндеттер қояды, әртүрлі көзқарастарды бөліп қарауға және келісуге мүмкіндік береді. Уақыт өте келе оқушылардың қатынастары оқу іс-әрекетінің аясынан шығады. Оларда сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыспен, қоғамдық істермен байланысты қызығушылықтар пайда болады. Бастауыш сыныптарда оқудың аяқ кезіне қарай балаларда жолдастарының арасында белгілі бір орын иеленуге деген ұмтылыс пайда болады. Енді тек ересек адамның пікірі ғана емес, сонымен қатар, сыныптастарының тарапынан болатын қатынас та баланың өзгелердің арасындағы жағдайын анықтайды. Құрдастарының пікірі мен бағалаулары біртіндеп оқушы мінез-құлқының негізгі арқауына айналады. Оқу іс-әрекетінің негізінде бастауыш мектеп оқушылары арасында байланыстар мен қатынастар жүйесінің қалыптасуы оның өрістетілуінің ерекше технологиясын ұйғарады.
Бастауыш мектеп оқушыларының бірлескен оқу іс-әрекетінің олардың субъектілігінің қалыптасуындағы рөлін В.В. Рубцов, Г.А. Цукерман және басқалары зерттеген. Құрдастарымен бірігудің, олардың қарым-қатынас сипатының бастауыш мектеп оқушыларында ойлаудың дамуына жасайтын ықпалы анықталды. Оқу мазмұнына қатысты көзқарастарды үйлестіру, оқу әрекеттерімен алмасу және оларды қайта бөлу индивидуалдық-психологиялық қабілеттер – өздігінен ойлау және түсіну қалыптасатын әлеуметтік- психологиялық кеңістікті құрады.
Ерте жастық шақтағы махаббат мәселесін сипаттаңыз
Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардың арасандағы қарым-қатнас балаң жас өспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатнастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатнасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатнастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатнас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады. Еркектер мен әйелдердің тең праволылығы принципіне негізделген совет қоғамының рухани ахуалы, бірлесіп оқыту, еңбек пен қоғамдық жұмыс – осының бәрі әлеуметтік-адамгершілік бағдарлардың қалыптасуын жеңілдетеді. Алайда осындай қолайлы жағдайлардың өзінде жастардың балаң жас өспірімдік қарым-қатнасында біршама психологиялық қиыншылықтар болмай қоймайды. Алдымен жыныстық рольдердің балалық шақтан келе жатқан саралануы әсер етеді. Қай жастағы болсын ұлдар мен қыздар әр түрлі ойындарды жақсы көреді және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Құрдас қыздары өзімен ойнамай қыз бала психолгиялық тұрғыдан алғанда ер балалардың арасында сыйлы бола алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының құрдастары ғана оның «ерлігін» тануы мүмкін. Терең қарым-қатынас пен өзара түсіністік мүмкіндіктерін ұлдар мен қыздардың жалпы толысуының қарқыны мен психологиялық айырмашылықтар да қиындатады. Жеткіншектік кластарда қыздар ер балалардан дене жағынан ғана емес, ақыл-ой дамуы жағынан да біршама озық болады. Егер ұлдарда заттық және техникалық мүдделер басым болса, қыздар көбіне ішкі жан дүние мен адамдардың қарым-қатнасы проблемаларына ден қояды.
59) Адам дамуы психологиясы пәні бойынша глоссарий құрастырыңыз.
 Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
Агрессия – латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға немесе топ адамдарына қарсы, оларға белгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық .
Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық және жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.
Генезис – құбылыс немесе заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесі. Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер немесе гендер жиынтығы. Гормондар – биологиялық белсенді заттар, ішкі секреция бездері қызметінің жемістері. Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.
Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі. Инфантилдік – ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.
Когнитивтік сфера – сана және танымдық процестермен байланысты адам психологиясының бір бөлігі. Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.
Манипуляция – көбінесе заттың атқаратын міндетін ескермей-ақ жасалынатын бір немесе екі қолдың қарапайым қимылы.
60)Ерте жастық шақ кезеңіндегі ұлдар мен қыздар еліктейтін тұлғалық қасиеттерді сипаттап беріңіз.
 Адамның балалық шағы мен жастық шағының дәстүрлі классификатциясы ( 11 – 12 жастан, 14 – 15жас). Осы ең қысқа астрономиялық уақыт аралығында жеткіншек өз дамуында ұлы жол жүреді: олар өзінің ішіндегі конфлектілер және басқалармен кикілжіңдер, сыртқы қайшылықтардан өту арқылы өзін тұлға сезіміне ие болуы мүмкін. Бірақта қоғам туралы енді ашылып келе жатқан сезімдері оны қатыгездікке жетелеуі мүмкін.    Қазіргі ақпаратты қоғамда жеткіншектің өзіне үлкен азаматтық статусын алуы – орындала бермейтін арман. Сондықтанда жеткіншек өзіне үлкен адам сезімін емес, жастық – пісіп жетілушілік сезіміне ие болады. Жеткіншек адамдық тұрмыстың құндылықтарына заттық әлемінен бірдестен тәуелділікке кетеді. Заттық әлемде өмір сүре тұрып бала сол заттарға табыну обектісі ретінде қарай бастайды. Жеткіншек белгілі бір қауымдастық құрамына кіргендіктен сол ортаның мінез – құлқына сай әрекет жасап, белгілі заттарды тұтынып сол заттарды тұтыну оларға өмірінің мазмұны бола бастайды. Өзіне жаңа зат ала ала отырып ол өзі және достарының алдында құндылыққа ие болады. Жеткіншек үшін белгілі бір заттарға иелік ету, ол үшін өзінің тұлғалық қасиетін ұстап тұруға әсер етеді.     Жеткіншектік шақ – ол жеткіншектің барлығын жаңадан өзінің отбасымен қарым – қатынасын түсіне бастайтын кезең. Үлкен тұлға деңгейіне ие болмасам мен қайтер едім деген сұрақ туындайды.    Жасөспірім бойындағы тұлғалық қасиетін сезінуге отбасындағы “ біз деген ұғым және дәстүрдің оны қолдауы көп әсер етеді. Осыған орай жасөспірім әлі де болса өзінің “ мен “ дегенімен жалғыз қала алмайды. Өйткені ол әлі өзін - өзі терең және обьективті түрде бағалай алмайды, және жалғыз өзі бүкіл әлем алдына ерекше “ тұлға ретінде тұра алмайды. Оның жоғалған “ мені “, “Біз” деген ұғымға ұмтылады. Бірақ бұл жолы (“Біз” – топ.У. Г. Самнер.) оның қатарластары құрайды.    Жеткіншек шақта – жасөспірім өзінің құрдастарымен қарым – қатынас пен, байланыстарын бағалай бастайды. Өзі сияқты тәжірибесі бар құрдастарымен араласу жасөспірімге өзіне жаңаша көз – қараспен қарауға мүмкіндік береді. Өзін - өзі дамытуда досқа деген мұқтаждық қатты байқалады. Досты және оған қызмет ету жасөспірім үшін үлкен орын алады. Достық арқылы жасөспірім адамдар арасындағы байланыс, әріптестік, бірін – бірі құтқару, екінші біреу үшін тәуекелге бару. Достық сонымен қатар сенім арқылы басқаны және өзіңді тереңірек тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әсіресе өскелең шақта жасөспірім достар арасындағы сатқындық, сырларын жария ету, ұрыс керіс барлығын түсіне бастайды. Қорыта келе, достық тек қана жақсылықтарға ғана емес ол сонымен қоса екінші бір адамға достық қатынаста қандай мінез – құлық таныту керектігін көрсетеді.    Достық балалық шақта да, топпен жұмыстада жасөспірімнің тұлғалық қатынаста өзімшілдік қасиет тудыруға ықпал етеді.    Көп жасөспірімдер өздерінің қабылдау, есте сақтау қабілеті, сөйлеуі, ойлау қабілеті және оларға жаңа нәр беруге тырысады. Интенсивті түрде жұмыс істеу арқылы жасөспірім өзін тиімді санайды.    Жеткіншек шақ – жасөспірімді әрдайым өзін тануға деген құштарлықтарын, өз бойынан жаңа қырын ашудың өзі баланы тыныш өмір  сүруге бейімдейді. Жасөспірім алып – ұшушылық мінезінде болғандықтан шекті сезімдер көп па? Көздері махаббат оты жанып тұрған кезде өз мақсатынан басқа бүкіл әлем оған ештеңе емес. Бірақ бұл уақытта өтеді, оның жанарында ұшқын оты да біртіндеп сөнеді. Азғана уақыттан соң ол жаңа мақсат отымен айналыса бастайды. Бірақта осы кезеңде жасөспірімдер өзіне және басқаларға жаңа қырларын ашып – психологиялық кризиске түсіп кету қаупі бар. Субьективті түрде бұл ауыр күйзеліс, уайымдау, бірақ өскіншектік кезеңнің күйзелісі жасөспірімді бала күнінде ойламаған біліммен байытады. Жасөспірім өзінің қиналысынан өзінің ойлары мен достары және өзі үлкен мектеп тәрбиесінен өтеді. Бұның барлығы оған тұлға ретінде құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.  

Приложенные файлы

  • docx 26448235
    Размер файла: 203 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий