жауап


1.Білім берудегі инновациялық үрдіс тісінігі мен мәні
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялыдамымайтындықтанолбасқарудықажететеді.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:
- жалпыинноватикадағыинновациялық процесс идеялары;
- педагогикалықинноватиканыңпайдаболуы, таралуы, педагогикалықжаңалықтардымеңгеру;
- оқупроцесікезіндетеориялықталдаужасаунемесеіс – әрекетретінде.
Инновациялық процесс оқуаймағындатеориялықмодельдіңсуреттелуі.
Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.
Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.
2.Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары
Инновация латын тілінде аударғанда “жаналықты енгізу” деген мағынасын білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу.
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады.
Инновациялық технологияның мақсаты - технологияға бейімдеп, шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық технологиялар:
u    - Деңгейлеп саралап оқыту
u    - Сыни тұрғысынан ойлау
u    - Дамыта оқыту
u    - Модульдік оқыту және т.б.
3.Оқытудың инновациялық әістерінің классификациясы.
Оқу-танымдық қызметі бойынша:
Имитациялық
Ойын – оқу ойын, іскерлік ойын, ойынның жағдайы, белсенді режимдегі тренинг, ойын рәсімдері және әдістері.
Ойын емес – Case-study, ТРИЗ.
Имитациялық емес
Мәселе бойынша дәріс, дәріс-пресс-конференция, іскерлік ойын, ойынның жағдайы, белсенді режимдегі тренинг, ойын рәсімдері және әдістері.
Қатысушы саны бойынша:
Жеке – Топтық – Ұжымдық – Триада және диада
Ұйыдастырылған жері бойынша:
Аудиториялық
Аудиториялық емес – жоспарлы, экскурсиялық.
Компьютерді қолдану принципі бойынша:
Дербес компьютерсіз – Компьютерлік ойындар – Компьютерлік бағдарламалар негізінде
Қатысушылардың іс-әркеттерінің үлгілері бойынша:
Әрекеттердің және пәндердің әр-түрлі белгілері бойынша ранжирование жасау
Әлеуметтік-психологиялық, басқару, зерттеу және инженерлік-жобалау есептерді шығару
Келіспеушілік, басқару жағдайларындағы әрекеттердің тактикасын талдау
Көңіл қабілеттілігінің, ойлау тездігінің демонстрациясы және тренинг арқылы дамыту
Нысандарды жобалау және конструкциясын жасау
Құрылымдарды және үдерістерді оңтайландыру
4.Құзырлы әіс, оқытудың белгілі нәтижеге бағытталуы..
Құзырет – нақты өмірлік жағдайларда тиімді қызмет ету үшін адамның өз білімін, біліктілігін және дағдыларын және сыртқы ресурстарды жұмылдыруға дайындығы; айқын емес әрекет ету жағдайларда әрекет етіге дайындығы.
Құзіреттілік – адамның тиісті құзіреттілікті иеленуі, қожа болуы, бұған біліктілік пен қызмет пәніне оның жеке қарым-қатынасыжатады.
Құзіреттіліктің маңызды ерекшеліктері бар: әрдайым пайдалануға дайын күйде “сақталатын” білім, біліктілік пен дағдылардан айырмашылыға, құзіреттіліконы іске асыру кезінде ғана, демек,
жағдайға байланысты жауап беру кезінде ғана “жиналады” .
Құзырлы әдіс – білім беру саласындағы жаңа стандарттарының жалпы бағыты бойынша латын тілінен “competio” аударғанда “жасай алу” деген мағынаны білдіреді.
“Құзырлылық” ұғымы
Белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласн ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы.
5.Инновацияның сипаттамасы және бағалау критерилері.
«Инновация» деген сөз латынның жаңалық және енгізу сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы, «жаңару, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.
Т.И. Шамова, Т.И. Третьяковалардың еңбегінде « инновация дегеніміз – жаңа мазмұнда ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру яғни инновация үрдісі мазмұнында дамытуды жаңа мазмұнды, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясының қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.
Бағалау – бұл оқушылардың үлгереі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау. Ол оқу үрдісінің түрлі сатысында оқушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр боліктеріндегі әр оқушының дайыдық деңгейін анықтау
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындау
Оқу бағдарламасынығ тиімділігін саралау
6.Оқытудағы жеке тұлғаға бағдарланған әдіс, білімгердің қабілеттері мен қажеттіліктерін қамту арқылы оқыту принциптері.
7.Оқытудағы саралау әдісінің теориялық негіздері мен әдістемелік аспектілері.
Саралап оқытудың ең басты шарты - оқушыларды үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру
Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудьщ жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде карастырылады. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
саралап оқыту технологиясы:
-оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
-оқушының ынталандыруға;
-оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
-оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
-баға әділдігіне;
-білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Педагогикалық әдебиеттерде саралаудың түрлі аспектілері қарастырылады: бейіндік, деңгейлік, әртүрлі белгілер бойынша саралау (жас, жыныстық, этникалық, т.б.). Мәселен, қазақстандық ғалым Л.С.Сырымбетова өзінің диссертациялық зерттеу жұмысында және мақалаларында этникалық және жынысқа байланысты саралау мәселелерін жан-жақты қарастырады. Оның айтуынша саралау тұлғаның екі негізгі белгісін: этникалық және жыныстық топқа қатынасын есепке алуы керек. Осы екі белгіні есепке алу тәрбие, оқыту және даму процестерінің негізін құраушы факторы болып табылады, себебі олар объективті, адам өмірі бойында өзгеріске ұшырамайтын белгілер болып табылады. Тұлға оның биологиялық және әлеуметтік табиғатының диалектикалық бірлігі арқылы анықталатындықтан, оқу-тәрбие процесін саралауды оның биологиялық табиғаты тұрғысынан қарастырған жөн, өйткені жыныстық топқа қатынас адамзат популяциясын саралаудың негізгі, бастапқы факторы болып табылады, себебі, ол адам организмінің психологиялық-физиологиялық функцияларын айқындайды.
8. Математикадан білім берудегі оқытудың интербелсенді әдістері.
- Интербелсенді оқу білім процесінің бұрынғы біржақты түсінігін (әрекет жасаудың негізгі тұлғасы педагог болып табылатын және «үйрету»,«білім беру» секілді етістіктерді қолданатын бағдарламаға бағытталған, бағдарламацентристік)екіжақты, диалогиялық түсінікке ауыстырады.
- Интербелсенді оқу таным процесін негізгі әрекетті студент (студентцентристік),өздігімен атқаратын «білім игеру» деп таниды, мұнда «үйрену»,«тану», «оқу» сияқты етістіктер қоланылады: «Үйрету мүмкін емес, тек үйрену ғана ықтимал».
Интербелсенді оқудың әдістері
Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
Пікірталастар;
Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
Кейс-стади;
Тренингтер;
Оқытудың компьютерлік технологиялары.
Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді: Ой қозғау, Т-кестесі, Венн диаграммасы, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Кең көлемді лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Жигсо-2, Қайшыланған пікірталас, Аквариум, Эссе және басқалар.
Қазіргі таңда білім саласындағы басты талаптардың бірі білімді , сауатты шәкірт тәрбиелеу болып табылады.Бүгінгі күнде оқу процессі бұрынғыдан өзгешелеу.Өйткені техника, ақпараттық құралдар дамып келе жатыр.Оқушылар барлық мәліметті интернеттен алуға қызығады, қолына кітап алғысы, ізденгісі келмейді.Мұғалімнің алдындағы басты мәселе қайтсем оқушыны сабаққа қызықтыра аламын деген сұрақ аясында болуы керек. Интербелсенді әдістерді қолдану білім алушы мен білім берушінің арақатынасын мықтай түседі.Ол үшін мұғалім ізденімпаз,талапшыл,тапқыр болуы керек. Мұғалім бағыттаушы, ал шәкірт орындаушы болуы қажет. Дегенмен білім алушының өзі де ықылас пен ынта танытуы керек.Ұстаз қаншалықты керемет болса да, оқуға ынтасы мен қызығушылығы жоқ шәкіртті үйрете алмайды.
Білімді игеру екі жақтың да(шәкірт пен ұстаздың)белсенділігін қажет етеді.Бұл үшін ұстаз дәстүрлі сабақ түрінен бас тартып, бас рөлді шәкіртке ұсынуы қажет.Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді әдістердің айырмашылықтарын көруге болады
Дәстүрлі сабақ
1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді
2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.
3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру
4.Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау
5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді
Интербелсенді әдіс
1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырманыталқылайды
2.Мұғалім-бағыттаушы.Пікірталас кезінде көмектеседі,сұрақтар қояды
3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді
4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады
5.Жұппен және топпен жұмыс
9.Оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оны ұйымдастыру технологиялары.
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл – ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
1-Дәреже – жаңғыртушы белсенділік – шәкірттің материалды жадылап, қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға , меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1 – дәрежесіне тән көрсеткіш – оқушының бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
2-Дәреже – түсіндіруші белсенділік-оқушының оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді.2-дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
3-Дәреже – белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады.Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы. Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.
10.Жекетұлғаға бағытталған қызмет.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларыньщ, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.Жеке тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.ІІ.Жеке тұлғаның дамуы.
Жеке тұлға қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, сондай- ақ субъектісі де, яғни белсенді буын. Жеке адам басқа адамдармен қарым- қатынаста бола отырып тарихты жасайды, бірақ күшпен емес, объективті оғам заңдылықтарының қажеттілік әсерімен жасайды. Алайда тарихи қажеттіліктің өзі жеке адамның қоғам алдындағы өзіндік болмысын д, өз мінез- құлқы үшін жауапкершілігін де жоққа шығармайды.
Жеке тұлға - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз- жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата- ананың ролі- балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі- мұғалімдер коллективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
11.Инновациялық технологияларды қолданудың педагогикалық-психологиялық негізі .
12.Заманауи мектепте оқыту принциптері.
13.Көрнекілік принципі.
. Бұлертеденқолданылыпкележатқан принцип. Оныңнегізінемынадайғылымизаңдылықжатады: сезіммүшелерісыртқытітіркендіргіштердітүрлішеқабылдайды. Еңсезімталы – көрумүшелері; Оларарқылымиғаенетінақпараттароқушылардыңесіндежақсысақталады. Кейбірзаттардыестесақтаукөрнекіліксізмүмкінемес.
Шарттары:
• балалардыңақыл-ой жұмысыүшінформалар, бояулар, дыбыстаркерекекенінестеншығармау;
• оқытудық алтын ережесі: көрініптұрғандардыкөрсету, еститіндіестірту, иіскететіндіиіскету, дәмінтатыпкөретінді дәмінтаттыру;
• көрнекілік – оқытужәнеақыл-ойдыдамытуқұралы;
• оқушыұғымдаржәнеабстрактілікережелердітүсінуүшіннақтыфактілер, мысалдаркелтіру;
• көрнекіліктімәселеліжағдаяттартуындатуүшінқолдану;
• көрнекіқұралдықоқылатынзатжәнеқұбылыстуралыанықжәнедұрыстүсінікалуғакөмектесуі;
• оқушылардыңбақылауынжүйелеп, құбылыстардыңсебептерін, салдарынанықтату;
• көрнекіліктібалаларменбіргеалдыментүгелқарау, негізгісі мен негізгіемесінанықтау, соданкейінтағыбірреттолыққарапшығу;
• көрнекіліктіңалуантүрінқолдану, біраңкөпкөрнекілікқолданбау, өйткенібалалардыңназарыбасқажаққаауып, негізгінітүсінеалмайқалады;
• көрнекіліктіқолданыпоқушыныңсезімінеқозғау салу, қалыптасқантүсініктергесүйеніп, меңгерілетінұғымдынақтылау;
• балаларменбіргекөрнекілікжасау, оқушылардыңөздеріжасағанкөрнекіліктердің де әсері мол;
• қазіргікөрнекіқұралдарды, атапайтсақ: оқутеледидарларын, бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай экрандыпроекциялардыт.б. қолданып, техникалыққұралдарменжұмысістейбілу;
• көрнекіқұралдардықолданыпоқушылардың зейінін, байқампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобалайбілуін, оқуғадегенқызығушылығын