психология жауап Тоты


1б. 1.Психология пәні және оның міндеттері.
Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-
салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның
даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген
жері ежелгі Грекия.
Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым»,
«ой» деген гректің екі сӛзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің
субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы
дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес,
сезім, қабілет, мінез, т.б.) кӛпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін
ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.
Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты
психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының
заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі
жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде ӛндіріс, ғылым, медицина,
ӛнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық
заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр
түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде
гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық
факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн ӛзінің «жалпы психология негіздері»
еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық кӛрінеді
– олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен
түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады...»
Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен
кейбір зиялылардың кӛзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша
жан ерекше, тәннен бӛлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз
«жан» болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық
тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы
жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс
түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау
тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір
кӛрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде
айтып келеді, егер келмей қалса, адам ӛледі деп тұжырымдады. Осылайша,
психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп,
зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен
ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен
психология салаларының бастаулары осы ӛмір тәжірибесі мен атадан балаға
ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.
21б. «Жақсының жақсылығын айт- нұры тассын, жаманның жамандығын айт- құты қашсын» деген қазақ халқының жақсы мақалы бар.Меніңше жақсылық жасау-адамның бойынан табылар ең жақсы қасиет.Егер адам жақсылық жасаса, ол жақсылық адамға әрдайым қайтып келеді.Бүгінгі таңда адамдар жақсылық жасауға асығады,ол мені қатты қуантады.Адамдар қайырымдылық шаралары арқылы жетімдер мен қарттар үйіне азды-көпті қол ұшын созады.Мен де осындай қайырымдылық шараларына өз үлесімді қосатыныма өз басым қуанамын.Жетімдер үйіне барып, балаларға сыйлаған сыйлықтарымды көргендегі қуанышын көргенде жүрегім лүпілдеп қалады.Осындай сүйкімді балаларды ата-аналары қалай жалғыздыққа қия алатынын түсіне алмаймын...Жақсылық жасаған адамдар өзін бақытты сезінеді.Бірақ ол жақсылықты тек өзінің ниетімен жасау керек.Егер біреуге жақсы болып көріну үшін ғана жасаған жақсылық болса,ол адамның өз басын ғана ойлау деп білемін.Жақсылық жасауға асығайық,ағайын.Себебі күндердің күнінде ол жақылық өзімізге еселеп қайтып келеді.:)
41б. Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты
сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды кӛре білу. Психикалық әрекеттің
даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның
негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер
айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.
Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда
болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары
мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан
бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бӛлімін қарастырамыз:
1) психикалық процестер;
2) психикалық қасиетте;
3)психикалық қалып.
1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сӛйлеу,
қиял және елес, ес;
2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез,
қабілет.
3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену,
абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.

Приложенные файлы

  • docx 26448227
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий