1фиософия жауап


1.Философиялық танымның өзіндік ерекшеліктері
Философиялық ағымдардың қай-қайсысы болмасын келесі үлкен сұрақтарға жауап береді.Адам жағалай қоршаған ортаның шындығын танып біле ала ма әлде біле алмай ма?
Бұл сұрақ философияның үлкен тараулары- бірі гносеологияның өзегін құрайды.(gnosis-грек сөзі,тану білу, logos-ілім). Кейде гносеология ұғымымен қатар эпистемология деген термин қолданылады.(episteme-грек сөзі,-білім).Матереалистік бағыттағы философияның көпшілігі дүниені адамның танып біле алатынына ешқандай күмән келтірмейді.Ал объективті иднализмге келетін болсақ, олардың бір бөлігі дүниені танып білуге болады десе,келесілері бұл мәселені теріс шешеді.Ал адам дүниенің терең мәнін танып біле алмайды, ол мүмкін емес деген көзқарасқаагностипизм деген атақ берілді.(a-теріс,gnosis-тану)
Енді дүниені қалай таниды?алам дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады?Тарихи бірінші сұраққа үш түрлі жауап берілді.Тприхи алғашқы пайда болған жауап «қайсібәр таным тәжірибеден шығады».Мұндай танымдық тұжырымға т эмпиризм деген атақ берілді (emperia-грек сөзі,-тәжірибе). Сонау көне земенда пайда болған эмпиризм танымдық тұжырымдама ретінде XVққ-XVқққ.ғ.қалыптасады.Сонымен,егер танымның негіхзгі көзін тәжірибеде,-деп мойындаса,ондай танымдық бағытты біз эмпиризмге жатқыжзамыз.Эмпиризмге өте жақын тұрғпн танымдық ағым, ол-сенсуализм.(sensus-латын сөзі, сезім, қабылдау, түйсік).  Сенсуализм таным үрдісіндегісезіидік қабылдаудынегізгі жол деп есептейді.Сенсуализмнің негізгі тұжырымдарының бірі-«алғашқы сезімде болмаған,ақыл-ойда жоқ»
Келесі таным теориясындағы ағым-рационолизм. (ratio-латын сөзі-ақыл) Бұл ағым адамның ақыл-ойын, щзердесін танымның өзегі, негізі ретінде қарайды.Рационолизм таным тұжырымы ретінде XқX ғ.дүниеге келді. Тарихи рационолизмнің негізі сонау көне заманда пайда болды.Грек ойшылы Парменид   сол көне заманда сезімдік таным тек қана жалған пікірлер туғызады, ал ақыл-ой -арқылы ғана нағыз ақиқатқа жетуге болады,-деген ой айтқан.17-18ғ.ғылымның дамуы тіпті Европа топырағында үлкен идеологиялық ағымды-француз ағартушыларының ақыл негізінде дүние тануға,қоғамды қайта құруға,адамдарды тәрбиелеудегі ақыл-ойдың құдіретті күшіне деген зор сенім арттыруына әкеліп соқты.Бұл замандағы рационолизмді қолдайтын ойшылдар дүниені түрлі ақыл-оймен қорытудың сезімдік танымнан анағұрлым терең екенін көрсете білді.Егер сезімдік таным жеке құбылыстарыд,кездейсоқ нәрселердә ғана танып, шегіне жеткен жалпылық, қажеттік деңгейіне көтеріле алмаса, ақыл-ой, зерде арқылы адам сондай дәрежеге көтеріле алады.Сонымен ғылыми білімнің қайнар-көзі,ақиқаттың анықтамасының бәрі-ақыл-ой, зердеде.Сондықтан Лейбниц сенсуализмнің «алғашқы сезіидже болмаған, ақыл-ойда да жоқ»,-деген тұжырымдамасына «ақылдың өзінен басқа» деген сөздерді қосып, адамның рационалдық танымының құдіретін көрсеткісі келді.Сондықтан,И.Кант-«сезімдік таным ақыл-ойсыз-толық емес, ақыл-ой сезімдік танымсыз-мазмұнсыз» деген пікір айтып танымның  екі жағын бір біріне ұштастырды.Алайда, Кант мұндай көзқарасты тек қана құбылыстар әлеміне таратып «жаттың өз ішіндегісін» танудан бас тартты.
Рационолизмнің ең биік шыңы ретінде Гегельдіңфилософиясын алуға болады.Бұл кісі дүниені абсолюттік идеяның басқа болмысы ретінде қарап, таным үрдісінің өзі бабсолюттік идеяның өзін-өзі танып біліп,өзіне жаңа дәреде-абсолюттік рух ретінде қайтып оралуы деп түсінді.Сондықтан дүниенің дамуын, адмзат тарихыньГегель абсолюттік идеяның логикалық жолмен өзіне-өзі тереңдеуі деп түсініп, панлогизиді (pan-бәрі, logos-білім,ақыл-ой) тудырдыСоңғы жылдары танымның өте күрделі үрдіс екендігі, оны праксеологиямен ұштастырып қоймай, сонымен бірге аксиологиялық тұрғысынан  қарау керектігі анықталды.
2.Дүниеге көзқарастың тарихи формалары
Философия-дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырды.Бұл осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.Әриине, қайсібір адамның дүниеге деген көзқарасы бар.Ол-тұрпайы,фантастикалық, діни, мифологиялық, т.с.с. болуы мүмкін. Ертедегі гректердің айтқанындай, адам өзінің толық кемеліне, әсіресе, рухани жағынан алғанда, пісіп- жетілуі сатысына  40 жасқа келгенде келеді екен.Оны олар «акме» деп атаған.Яғни адам өмірде сол жасқа шейін шыңдалып, талай рет маңдайы тасқа соғылып, күнделікті өмірден тәжірибе қорытып, осы қоршаған дүние, қоғам өмірі, адамдардың бір-бірімен қатынасы жөнінде белгілі бір  көзқарасқа келеді.Әрі қарай жүре келе, ол тіпті белгілі бір даналықтсатысына көтеріліп, қартайған шағында философиядағы ашылған өмірге деген көп қағидаларды сол пәнді оқымай-ақ тағы да ашуы мүмкін.Қайсібір дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды,өйткені соңғыға ғана тек абстрактылық ой-өріс дамуының негізңнде дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады.(abstractio-латын сөзі, ой арқылы заттың, құбылысмтың әр түрлі жақтарын бірінен бірін бөліп алып қарау.) олай болса, философия-дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниген келді.Оны біз мифология дейміз. (miyhos-грек сөзі,-баян,аңыз, logos-грек сөзі, ілім)Миф-табиғат, адам және қоғам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер.Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төменігі,өзінің өмірге деген қажеттіліктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі-мифтердің дүниеге қайнар көзі болып табылады.Дүниеге деген жалған көзқарас мифтің қандай ерекшеліктерін атап өтуге болады?Біріншіден,миф алғаншы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде болашақта дүниге келетіон өнер, дін, саясат,мораль сияқты құбылыстардың элементін бойына сақтады.Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептеді.(synkreyismos-грек сөзі-қосылған,араласқан, бөлінбеген)Екінші ерекшелігі-мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың құбылыстары мен заттарынолардың адам  сияқты жаны,ойы, сезімі деп түсінуі.Үшіншіден- мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ,онда қоршаған орта,әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.Әлемдегі құдайлар мен адамдардың қарым-қатынасына арналған мифтердің де орны бөлекЕртедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат құбылысын тудыратын өз құдайлары болды.Уақыт өте келе мифология шеңберінен дін бөлініп шықты,-сонымен дүниеге деген көзқарас, дүниесезімнің жаңа түрі дүниеге келді.Дінде ең құдіретті жасампаз-Құдай-табиғаттан жоғары және бөлек тұр.
Антикалық философиянфның пайда болуы ж/е даму кезеңдері Антика заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.
Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э.д VII ғасырдың аяғынан  VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 ж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойыншы, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады.Пифагор (б.д.д. 580-500ж.ж ). Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Эллада» ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, Құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздайды. Пифагор философтардың ішінде бірінші болып өз ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан ғұлама. Оның ілімдері кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті. Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз  — физикалық дене, ал пифагоршылар – сан десе, элеаттарда түпнегіз – болмыс. Элеаттар ілімінің негізгі қағидалары мынаған саяды. Түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды, керісінше, олардың бәрінде өздерін ақыл-ой арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі, тек қана түсіндіруге болатын заттар  ғана нақтылы өмір сүреді.
Софистер мен Сократ философиясындағы адам проблемасын сипаттаңыз.
Софистер — Ежелгі грек философтар 5-4 ғғ. Маңызды софистов ілімдерімен орын шешендік өнер берілді. Софистов жалпы ерекшелігі түбегейлі болып табылады этикалық-саяси табиғат философиялық қайта бағдарлау мәселелері. Софистер назарында ер адамды қоюға бірінші болды философия, оның танымдық қабілеттерін талдау жүзеге асырылады, үлес қосты діни сенім-нанымнан білім мен бостандықтарын дамыту. Дамыған Релятивизма және скептицизм софистер принциптері көздерінің бірі болды.Сократ — өкілі идеалистік, діни және адамгершілік, ашық дұшпандық материализм. Сократ саналы үшін баяндалған алғаш рет болды идеализм негіздеу және көне материалистік қарсы жаратылыстану және Атеизм әлемнің түсіну. Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. Сократ: «өзіңді өзің танып біл» деген тұжырымды ұстанған. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде.    Софистер бір мектептің өкілдері болған жоқ, керісінше бір-бірімен бақталас болды, оларды тек кәсіптері ғана емес, философиялық тұжырымдамаларының пәні мен әдлдісі біріктірді.  Олардың қарастырған негізгі сұрағы: дүние мен білімнің арақатысы мәселесі болды. Софистер оъективті ақиқат жоқ, ол орынға, уақытқа, адамның өзіне байланысты, яғни ақиқат – субъективті. Сонымен қатар әлем танылмайды. Олар алғашқа агностиктер болды. Ақиқаттың салыстырмалығы адамгершілік заңдарының да – салыстырмалы екендігін көрсетеді. Софистерді былай бөледі:Аға буын софистер – Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Ксениад және кіші буын софистер – Алкидам, Фразимах, Критий және т.б.. Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады.    Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.  Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды.
Платон және Аристотель философиясының ғылым дамуыңдағы маңыздылығын көрсетіңіз.Платон (б.з.д.427-347ж)Сократтан дәріс алған,оның ілімін әрі қарай жалғастарушы,өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама ойшыл.Платон оның лақап аты Аристокл.жиырма жасында Сократтан дәріс алған,кейін Афианада Гекадем атындағы гимназияда ұстаздық етеді.Бұл мектеп алғашында Гекадемия деп,соңғы кезде академия деп атылынады.Негізгі шығармалары: «Апология(Сократты қорғау)», «Критон(заңды сыйлау)», «Федон(әділет туралы)», «Мемлекет»т/б.Платонның пікірінше, шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.Платонның болмысы Парминидтікіндей біртұтас болмыс емес,керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік.Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді,ол өзіне өзі тән.Идеялардың саны көп,бірақ шексіз емес.Платон материяның бұл түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарайды.Физикалық материя антикалық көзқарастарда қалыптасқан төрт түпнегіз от,жер,ауа,су  түрінде өмір сүреді.Сезімдік заттар заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Осыдан келіп,Платон таным процесі ол жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деп қортынды жасайды.Материалдық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан жан оларды көргенде ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгенін есіне түсіреді.Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады.Аспан әлемінің гармониясын зерттейтін ғалымдар арқылы алған білім ақиқатқа жақын,себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де,соған жақындатады.Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім шындыққа жанаспайды,себебі ол болмыс туралы білім емес,олардың көлеңкесі туралы алынған пікір .Осыдан келіп,Платон сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ,себебі түйсіктер арқылы алған деректер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес,тек адамдардың пікірінде ғана өалыптасқан ұғымдар.    Ежелгі Греция философиясының биік шыңдарының бірі ұлы ғұлама Аристотель(б.з.д384-322)болды.Ол философияның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуның негізін қалап,өз еңбектерінде басқа ғылымдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы философ.Ол франция жағалауындағы Стагир қаласында туған 17-жасында Платоннан дәріс алған Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласына ат салысып көп еңбектер жазды.Олар «категориялар», «аналитика», «физика», «реторика»т.б Арестотель білімінің тарау аумағын қарастыра келіп екі түрлі философия бар екенін айтты. «Екінші философия» физиканың пәні материямен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса,бірінші философия метафизиканың қарастыратын мәселелері табиғи құбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін мәнділік.Бірінші философия бір жақты қараса,дүниенің алғашқы бастамасы құдайға байланысты мәселелерді қарастыратын болғандықтан теология деп аталуы керек сияқты.Бірақ құдайдың өзі алғашқы бастамалардығ бірі болғандықтан және философия мәнділіктерді алғашқы бастамаларын ғана қарастырмай ,оның себептерін де зерттегендіктен,ол теологиядан әлде қайда ауқымдырақ және тереңірек.Өзінің ілімін Аристотель мәнділік болмыс деп қарастырудан бастайды да,оны сол болмыстың өзіне тән категориялары арқылы түсіндіруге тырысада.
Ежелгі Үнді философиясының ғылым дамуыңдағы орны жайлы қалай ойлайсыз.
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел.Үнді елінің ғажап ерекшелігі-оның әлеуметтік ұйымдастырылуында.Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардын тұрды.Оны-варна, я болмаса каста дейді.Үнді қоғамында  4 каста тарихы пайда болды.Олар:Брахмандар(ақтар)-айналысатын істері-ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар.Кшатрилер(қызылдар)-айналыса тын імтері-жауынгерлік істер.Вайшъилер (сарылар)-еңбек ететін адамдар,егін егу, мал бағу, қолөнер т.б.Шудралар(қаралар)-ең ауыр,кір жұмыстарымен айналысатындар.Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар.Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып өскен каста болғаннан кейін,индустар қоғамның саясм өміріне, билікке онша көп мән бермеген.Үнді халқының тағы бір ерекшелігі-оның өте бай мифологиясында.Үнді аңыздарында 3 мыңнан астам құдай кейіптері суреттелген.Олар да адам сияқты сүйсінеді,күйінеді,соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар:Ригведа,Упанишада,Махабхарата,Бхагавахгита т.с.с.Үнді космогониясына келер болсақ, онда ол Пуруша-ғарыш адамымен байланыстырылады.Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл дүние пайда болады.Үнді мифорлогиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.
Джайнизм философиясы. Джайнизм –Джина-жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл. Джайнизм «жеңіс» сөзінен шыққан.Адам кінді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме?-Жоқ, бұл дүниедегі дшынайы жеңіс-ол адамның өзін-өзі жеңуі. Жжайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар-тірі (джива), өлі(аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы(ашрава) самвара-жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу-нирджара, жанның денеден құтылуы-босауы. Джайнизмнің «үш марданы», ол-дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс. Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстануы керек. Олар:апариграха-дүниедегі заттарға қызықпау, сатья-әрқашанда шындықты айту, ахимса-ешнәрсеге зәбірлік жасамау,астея-ұрламау. Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдік құндылықтары-ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінші таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі.
Буддизм.Үнді елінде пайда болып, дүниежүзілік үшінші дінге  айнаалған философия ілімі-ол буддизм. Негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхарата. Будданың ашқан «Төрт ақиқаты». Бұл дүниедгі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір алам аттап өте алмайды, өйткені,адам бұл дүниеге жылап келеді.Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. Адам болу өте қиян.Өтпелі пенденің өмірі қиын.Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек.Оның себептерң өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік,ләззатқа тоймаудшылық.Буддизмнің айтуына қарағанда, бұд дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрі де бір-бірімен байданысып, бір-бірінен туып, бір-бірін алмастырып жатыр. Дүниеде өзімен-өзі өмір сүріп жатқан ешнәрсе екі-ақ нәссе бар-ол кеңістік пен нирвана. Буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамлды бұл дүниедегі қызыққа  байланбауға шақырады, өйткені, ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып, дүниеге тәуелді келу заңының шеңберңнен шығармайды, олай болса, бітпейтін жардап шектіреді, өйткені бұл дүние «Мая»-ұлы сағым, елес, алдасмыш.
Үнді философиясында идеалистік көзқарастармен қатар материалистік көзқаратар да бар. Натурфилософиялық көзқарасқа келетін болсақ, олар дүниені 5тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар:-жер, су,от, ауа,кеңістік.(осы дүниеде бес тұрақты қосылған,оған джива неге керек) «егер  бес тұрақтының бірі болмаса, онда ол қосылады да жоқ.Бірақ дживаны ешкім көрген жоқ», деген материалистік көзқарастарды кездестіреміз.
Ертедегі Қытай философиясының өзіндік болмысы
Гегель уақытында айтқандай, Күннің өзі шығыстан шаққаннан кейін, біз де философияның тарихын Шығыс елдернен бастаймыз.философия бір уақытта Дүниежүзінің үщш жерңнде-Қытай,Үнді,Грецияда дүниеге келдіүФилософияның мәселесі бір болғанмен,бұл үш түрлі цивилизация оларға үш түрлі жауап береді.Сол үш түрлі цивилизацияның бірі-осы Қытай елі.
Қытай философиясы өз бастауын б.д.д.VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, көрнекті философтарды дүниеге әкелді.Ежелгі Қытай философиясының незңзгң ерекшеліктер:
-Басты ерекшелігі-саяси практикалық сипатының  басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекеит мүддесіне қызмет етті.Бұл ерекшелңк сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікелей туындайды.Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды.Мемлекет басшысы ван, барлық билік соның қолында. Одан кейінгі қабаттарда әртүрлі деңгейдегі ақсүйектер:мемлекеттік шенеуліктер-чжухоу,  беделді отбасылар-дафу және ши, ең төменде-ештеңеге құқы жоқ-шужэнь орналасқан.
-Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды:философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі-адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанмен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған,адам-қарапайым «микрокосм»,табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейьтін жіптермен байланысты деп түсіндірді.Яғни, адамның міндеті-осы жіптердң үзбей, жеке белсенділік көрсетпей,өзінен жоғарыға қызмет ету, тыныш өмір сүру.
-Қытай философиясының бастауы да мифологияға байланысты деуге болады.Ежелні мифтерлдің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетіодіру,адам және қоғамның арасындағы адамгершілік келбетін жетілдіру.Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категориялпрының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
-Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселеледі «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері қарастырды.
Көне Қытай философиясының ескерткіштері : «И цзин»-«өзгерістер кітабы», «Ши цзин»- «өлеңдер кітабы», «Шу цзин»- «Тарих кітабы.»
«И цзин»-бұл Қытай мәдениетінің қалыптасуына зор әсер еткен шығарма.Ғалымдардың пікірінше бұл ежелден келе жатқан бал ашупрактикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. «И цзин»64 гексаграммалардани тұрады,олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүниенің 64 күйі мен құрылымынан тқратын, Көк- Жер-Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі.
«Ши цзин»-305 поэтикалық шығармадан тұрады.Бұл кітапта Көне Қытай қоғамындағы ван,дафу,чжухоу топтарының өмірі,адамгершілік келбеті,әлеуметтік қызметі жырланады.
«Шу цзин»-Кітапты алғаш рет Конфуций құрастырды. Қазір кітаптың 55тарауы бар, олардың арасында 33тарауының нақты нұсқасына жататыны анықталған.Қарастырылатын негізгі мәселелер:адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік,ата-баба салттары.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері:Конфуций мектебі,даосизм, легизм,моизм,натурфилософия және номиналистер мектебі.Олардың арасындағы бастысы-Конфуций мектебі деуге болады.Оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап X X ғасырдың басына дейін Қытай мемлкетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.
8.Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин).
ХIХ ғасырда қазақ жерінде білімге, прогреске ұмтылған алдыңғы қатарлы ойшылдар шыға бастады.Біз оларды революционер-демократ, социалист-утопист демейміз. Олар халықты революцияға шақырған жоқ, социализмді де армандаған емес.Дегенмен, олар ағартушы-демократ ретінде тарихтан өз орнын алды.Солардың ішіндегі алғаш шыққан қазақтың көрнекті  өкілдерінің бірі Ш.Уәлиханов (1835-1865).Ол қазақтан шыққан ұлы ғалым, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Ол Омбы кадет корпусында оқитын досы Г.Н.Потанинмен бірге прогресшіл мұғалімдердің ықпалымен ой-өрісі кеңіп, тез жетіледі.Ол Г.Х.Гасфордтың адъютанты болып жүргенінің арқасында көп жерлерге сапар шегіп, қазақ-қырғыз халықтарының өмір тынысымен танысып үлгереді. Ол қазақ қауымын демократиялық жолмен өзгертуді көкседі, халқын Европа мәдениетінен үйренуге, прогреске шақырды. Діннің гносеологиялық тамырын ашты. Шоқан алдымен елжанды, адамгершіл, интернационалист жан еді. «Ең алдымен өзімнің туған халқымды, сосын Сібірді, сосын бүкіл Ресейді, содан кейін барлық әлемді сүйемін», — деп жазды Шоқан.  Ы.Алтынсарин(1841-1889) қазақ халқының тарихына аса көрнекті ағартушы, жаңашыл, педагог, жазушы, қоғам қайраткері ретінде кірді. Орынборда оқып жүрген кезінде  орыс зиялыларымен араласып, Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен дәріс алады. Еліне оралған соң 1864 жылы мектеп үйін салады. Бала оқытып, тәрбиелеу жұмысында ол дүние жүзі педагогика классиктерінің идеяларын басшылыққа ала білді. 1879 жылы «Киргизская хрестоматия» кітабын жазды. Ол  мектептегі діни-схоластикалық оқуға қарсы шықты.Ол өз халқын мәдениетті,төнерлі елдердің қатарына қосуды арман етті.
9.Конфуцийшілдік және даосизм – Ежелгі Қытай философиясының негізгі ағымдарының мағынасын толық ашыңыз.
Конфуцийшілдік. Бұл ілімнің негізін қалаған көрнекті ойшыл, саясатшы — Конфуций (б.д.б. 551-479 ж.ж.) болған. Конфуция көзқарастары «Лунь юй» («Әңгімелер мен пайымдар») атты кітапта берілген. Конфуцийшілдік – бұл, ең алдымен моралдық-этикалық ілім, әрбір адамның дүниедегі алатын орны туралы сұраққа жауап іздеді. Мұнда ақсүйектерді құрметтеу, қоғамдағы өз орныңды біліп, оны мықтап ұстау және т.б. орындалуы тиіс этикалық ережелердің жиынтығы. «Сяо» — «ата-ананы құрметтеу», «ди»- «үлкен ағаны құрметттеу», «чжун» — «өз басшыңа адал болу және оны құрметтеу». Осы ережелермен жүру бұрыннан қалыптасқан тәртіптің бұзылмауын қамтамасыз етеді.     Конфуцийдің адамның қоғамдық өмірдегі жүріс-тұрысының алтын ережесі: өзіңе қаламағанды өзгеге жасама. конфуцийшілдік қытай дәстүріне негізделіп жасалған,  ал даосизм – әлемдік философияға негізделген. Даолықтар әлеуметтіліктен тысқары космосқа қарай өтуін тұлғаның жалпыадамзаттық ұмтылыстарының «жердегі» шеңберден, мемлекеттілік тұйық шеңберде шығуымен түсіндіргісі келді.   Адам барлық уақытта жалпыадамзаттық ұмтылысында өзін микрокосмосом, өзінің соңғы құрыламы мен мәні бойынша космостың табиғи элементі ретінде сезінуге тырысты.
Даосизм — атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі  Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм — табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.[1]Даосизмбайырғы  Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген. «Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып,  табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао (әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеялар Қытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады.«Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады.
Әл Кинди, Әл Фараби, ибн Сина, ибн Рушд перипатетизмі ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесін ашып көрсетіңіз
10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Саяси және әлеум. тұрғыдан алғанда, ислам дербестіктің, филос.-этик. тұрғыдан – рухани және адамгершілік құндылықтардың символы болып қала берді. Кеңестік кезең тұсындағы қазақстандық философияда Ислам философиясы. ретінде “мұсылмандық ренессанс” (“шығыс ренессансы”) деген атқа ие болған ислам мәдениетінің классик. даму кезеңіне тән шығыс немесе араб тілді перипатетизм (жаңа аристотельшілдік) танылды. Көрнекті орта ғасыр ойшылдары Әбу Наср әл-Фараби, Әбу-л-Уәлид Мұхаммед ибн Сина, Әбу Әли ибн Рушд және т.б. ұстанған перипатетизм ислам өркениетінің талаптары мен ізденістеріне сай келетін көне филос. дәстүрді мирас ете отырып, орта ғасырлық Батыс Еуропа ғалымдарының философиясы ой-пікірлеріне ықпал етті. Сондай-ақ, қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман философиясына өз әсерін тигізді. Ислам философиясы-нда перипатетикалық бағыттан өзге кәлам, сопылық, исмаилшылдық, т.б.қалыптасқан дәстүрлердің әрқайсысының өз тарихы бар. Дәстүрлі Ислам философиясы-нда Әбу Наср әл-Фараби идеяларының рөлі мен маңызы ерекше. Еуропаға табынушылық бағыттағы көзқарастар, әдетте, орта ғасырлардағы ислам философтарының, соның ішінде әл-Фарабидің де еңбегі мен жетістігі, көбінесе, тек қана гректер мұрасын жеткізуінде деп қате тұжырым жасайды. Анығында, оның еңбегінің мәнін пайғамбардан кейінгі кезеңнен бастап өз дәуіріне дейінгі тарихи тұрғыдан жаңа, рухани шындықты ұғынуынан, адам өмірінің шынайы ақиқатын түсінуге ұмтылуынан іздеген жөн. Мұны философия тілінде жүзеге асыруға мүмкіндік берген әдіс – Платонның, Аристотельдің және олардың ізбасарларының ізденістеріндегі ойлар мен дәлелдер жүйесін түсіндіру еді.
Әл Ғазали және арабтілді философиясының теологиялық дамуы ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі жайлы қалай ойлайсыз.
Әл-Ғазали діни догматиканың ықпалынан босану үшін шындықты іздеді, сондай-ақ өз заманының төрт бірдей идеялық ағымдарын – мұсылман теологиясы – каламды, исмаилиттер ілімін, философтар мен суфистердің көзқарастарын сын тұрғыдан талдады.
Әл-Ғазали білім әдеп ғылымынан және жаңаны ашу ғылымының құралатынына күмәнданбайды. Білімнің қайнар көзі – діни ұйғарымда, діни наным-сенімде, Құранның өзі. Адамға сенім табандылығымен келетін білім жетіспейді. Метафизикалық проблемаларды парасатпен икемдеуге болмайды. Метафизикалық мәселелер күмәндылықты тудырады. К үмәндану, Әл-Ғазалидің пікірінше, шындықты іздестірудің қозғаушы күші.
Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Ғазали (1058- 1111) сияқты ірі теолог қостады. Әл-Ғазалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Ғазали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты билігін заңдастыру  негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Ғазали халиф пен сұлтан арақатынасы мәселесін жан-жақты сипаттап, имамат теориясын дайындайды. Ғазалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мұсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол «Философтарды терістеу» деген еңбегінде Фарабиді, Ибн Синаны сынап, оларға «әлемнің ешнәрседен жаратылысы» туралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкіл қоргаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін құдайдың шексіз еркі туралы ойды негіздейді.Әл-Ғазали адамның мәні түсініктілеу болуы үшін рух ұғымының мағынасын, бұның жүрек, нәпсі, ақыл ұғымдарымен қатынасын терең зерттеген «Ихия» еңбегінің «Жүректің ғажайыптары» деген бөлімінде бұл төрт ұғымның психологиялық, этикалық тұрғыдан бірдей мағынаға келетінін ортаға қойған. Сондай-ақ Ғазалидің мезгіл-мезгіл рухтың орнына басқа ұғымдарды да қолданғаны байқалады. Ол адамның болмыс бітімін зерттегенде көбірек көңіл бөлген мәселесі рухани жақтар болып табылады.
Әл-Фараби философиясының ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтаңыз. Ақыл-ой және танымға сипаттама беріңіз.Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек—Риммәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия,  логика,  этика, эстетика,саясат,  социология,  лингвистика,  поэзия,  шешендік,  музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия,география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр менматерия ара қатынасынан іздеді.  Аристотель  қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек,Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінедіБұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді.
Қайта Өрлеу дәуріндегі ғылыми орталық кезеніне сипаттама беріңізҚайта өрлеу дәуірі XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды.Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады.Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Н. Кеплер және Г. Галилеедің математикалық танымның ролі туралы қысқаша анықтама беріңіз.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінде антикалық философиядан және өзін-өзі тануға ұмтылудан жаңа философиялық әдістер пайда болды. Жаңа әлем картинасының пайда болуына натурфилософияның көрнекті өкілдері Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей, Г.Кеплер өз үлестерін қосты
Галилео Галилей (1564-1642 жж.) – теологиялық әлемтануға астрономиялық және математикалық есептеулермен тәжірибе жүргізу арқылы гелиоцентрлік теория өлшемінің дәлдігін дәлелдеп, теориялық әлемтануға үлкен өзгеріс әкелді. Ол сенім мен ғылымның арасындағы байланысты Қасиетті Жазбаның автономды ғылымы арқылы түсіндірді.
Галилей әлем туралы жалпы білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми тәжірибелер ойлап тапты. Тәжірибенің бақылаудан ерекшелігін Галилей қорытынды шығаруға немесе қандай да бір гипотеза жасауға болатындығымен түсіндірді. Ол іс жүзінде орындала бермейтін тәжірибелерді ойлау жүйесі арқылы да жасаған. Оны ғылыми танымдағы гипотетикті-дедуктивті әдісті теорик деп атауға да болады.
Г.И.Кеплер (1571-1630 жж.) жиырма жыл бойы зерттеген «Жаңа астрономия» атты еңбегінде Күнді айналатын ғаламшарлардың қозғалысы туралы тәжірибелік зерттеуін баяндаған. Ол ғылымға айналым сөзінің орнына эллиптикалық орбита ұғымын енгізе отырып, Коперниктің теориясын біраз түзеді. Математик-неоплатоник бола отырып, Кеплер Құдай әлемді математикалық гармониямен жаратқан, ал ғалымдардың міндеті сол жұмбақты шешу деп есептеген.
 
Н. Коперник және Д. Бруноның Космостың шексіздігі туралы идеясын ашып көрсетіңіз.
Н.Коперниктің (1473-1543жж.) «Аспан сфераларының қарым-қатынасы» атты еңбегінде гелиоцентрлік концепция ғылымға үлкен төңкеріс әкелді, әлемді тануда жаңа көзқарас пайда болды. Н.Кузанскийден кейін ол қатынас принципін (қағидасын) қолданып, жаңа астрономиялық жүйенің негізін салды.Коперниктің ілімі жер біріншіден өз осінен айналатындығын, күн мен түннің ауысуын, аспан жұлдыздары қозғалысын түсіндірсе, екіншіден, Жер күнді айналады деп тұжырымдады. Осылайша, Коперник аристотельдік физика мен ғарыштанудың маңызды қағидасын бұзады, сонымен қатар ғарыштың шегін жоққа шығарады. Кузанскийдің ойларын дамыта отырып, Коперник ғарыштың өлшеусіз, шексіз екендігін көрсетеді. «Осындай шексіздік» деп атап, Жердің өлшемін ғалам өлшеуінен де кіші екендігін көрсетеді.Коперниктен Ньютонға дейінгі кезеңді әдетте поляк астрономынан бастау алған «ғылыми революция кезеңі» деп атайды.
Дж. Бруно (1548-1600 жж.) Н.Кузанскийдің ойларын тереңірек зерттеді. Бұл зерттеуінде жаратылысты жаратушымен байланыстыра түсті. Ол пантеистік ілім құрып, ортағасыр тезисіне қарсы мағынада болды. Дж. Бруно тек қана Н.Кузанскийдің іліміне ғана емес, Коперниктің гелиоцентрлік астрономиясына да сүйенді. Ол Кузанскийдің Жердің күнді айналуы туралы идеясын қолдап, зерттей түсті. Белгілі болғандай, Коперник жұлдыздарды жерден алыста тұрған күндер деді. Жұлдыздардың айналасында Күннің айналасындағыдай планеталар айналып жүреді, тіпті кейбіреулерінде тіршілік бар. Бруно осылайша, ғаламның шексіздігі мен әлемнің көптігі туралы идея қозғады. Осы саланы зерттей келе, Бруно жаңа космология ашты. Ол әлемнің гелиоцентрлік картинасы ретінде философиялық шешімдерге сүйенді. Философиялық деңгейде ғана ғаламның шексіздігін, оның физикалық бірлігі мен басқа планеталарда өмір сүру мүмкіндігін түсіндіре алады деп есептеді. Бруно адам ой-санасы арқылы ғаламшарды зерттеуі керек деген және зерттей алатындығына сенімді болған.
Жаратушы мен жаратылыстың шекарасын бұза отырып, форманың қарама-қайшылық заңына қарсы пікір айтты. Бруно табиғаттың өзіне ортағасырда Құдайға тән деп таныған нәрсені тиесілі етті. Осы бағытпен Аристотель мен Платон кезеңінде тек формаға тән деп оқытылған дүниелердің қасиетін материяға жатқызды. Бруноның айтуынша, «Құдай заттарда бар».
Бруно діннің философияға, ғылымға, қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ деп тапты. Осы ойы үшін Бруно флоренциялық Платон Академиясының шіркеуі тарапынан көп жылдар бойы қуғынға ұшырады. 1660 жылы ол тұтқындалып, Рим қаласындағы «гүлдер алаңында» тірідей өртелген болатын.
Қайта Өрлеу Дәуірі философиясының «антропоцентризм» және «пантеизм» ұғымдарына сүйене отырып, ерекшеліктеріне анықтама беріңіз  ( Л. Д. Винчи, Н. Кузанский,  Г. Галилей т.б.).
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) XVI-CVII ғ.ғ. қайта өрлеу Еуропаның басқа елдеріне тарап, өркендей бастады. Әр елде өзіндік ерекшелігімен көрініс тапты. Ортағасырлық діни ұғымнан гөрі ғылыми дүниетаным басымдық танытты, Реннесанс дәуірі мәдениетіне байланысты қай елде болмасын, антикаға деген көзқарасы, дүниетанымның ерекше түрінің пайда болуы, өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты өзіндік гуманизм пайда болды. Ренессанстық дәуір титанизмніің пайда болуымен ерекшеленеді. Адам жөнінде өзгеше пікірлер қалыптасты. Адам-құдайға ұқсас образда жаратылған «жаратылыс бастауы». Бар тіршілік – табиғат, адамды Құдай жаратты деген пікірді ұстанды. Адам әсемдік пен шеберлікке, махаббат пен сүйіспеншілікке толы жан иесі деген түсінік қалыптасты. Бұл дәуірде мәдениет пен философия шіркеу иелігінен босап, жаңаша өнердің дамуын бастады (бейнелеу өнері, архитектура, музыка, театр, әдебиет). Қазіргі замандық өркениеттің барлық жетістіктеріне тікелей ықпал етті.Қайта өрлеу дәуіріндегі қалыптасқан негізгі философиялық бағыттар: пантеизм, натурафилософия және гуманизм.Пантеизм (гр. рап- бәрі және tcheos -құдай) – құдай табиғаттан тыс болмайды, құдайдан тыс табиғат жоқ, құдай бәрін жаратушы бастама деп есептейтін философиялық ілім. Пантеизм құдайды табиғатпен тұтастай алып құрайды, табиғаттан тыс бастаманы теріске шығарады. Терминді Толанд енгізген (1705). Пантеизм Н. Кузанский мен Дж. Бруноның еңбектерінде көп кездеседі.
Натурафилософия (табиғат туралы философия). Алғашында магиямен әуестенумен пайда болып дамыған лім. Магия мен ғылымды жаратушы күш туралы ұстаным байланыстырады. Натурфилософтар қатарына Теофраст Гогенгеим (Парацелес), Бернардино Телезио саналады. Гуманизм (лат. humanus — иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті.
Ф.Бэконның эмпиризмі және Р.Декарттың рационализмі – Жаңа Дәуір философиясының ағымдарын салыстырыңыз.
Жаңа заман философиясы 17-19 ғғ аралығын қамтитын капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениет бастауы болған құбылыс.
Болмыс пен танымның негізі ақыл-ой деп сенетін фил\қ бағыт-рационализмнің негізгі өкілі- Р. Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц.
Декарт-рационализмнің негізін қалаушы, француз философы, ғалым-математик.
Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт.
Дүниені танудағы ақыл-ойдың ролін негіздеуі, субстанция туралы ілімді ұсынуы, философиядағы материализм мен идеализм ұғымдарын бір-біріне жақындату негізінде дуализм түсінігін енгізуі Декарттың философияның дамуына қосқан үлесі болатын.
Дүниеде орын алатын құбылыстар мен заттар сансыз көп, есесіне олардың кез келгеніне күмәндануға болады, күмәндану ойдың қасиеті, демек адамдар күмәндану кезінде ойлай алады, ал ойлау-ақылдың жұмысы, сол себепті болмыс пен таным негізі ретінде ақылды ғана тани аламыз деген тұжырымға келген.
Осы тұжырымдамасына сәйкес ол «Мен ойлаймын немесе мен күмәнданамын, демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Эмпиризм  — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.
Материалистік бағыттылық, эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі, саяси-әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылық Жаңа заман кезеңіндегі ағылшын ф\ң көркейгендігінің сипаты болды.
Ф. Бэкон-философиядағы тәжірибелік бағыттың негізін қалаған ағылшын философы. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Атлантида», т.б.
Таным негізінде тек қана тәжірибе жатады деп тұжырымдауы Бэконның философиялық идеясының мәні болып табылады. Оның пікірінше, білім мен тәжірибенің басты мақсаты-экономиканың дамуына, адамның табиғатқа үстемдік ете алуына, адамдардың өз әрекеттерінде жетістіктерге жете алуына көмектесу. Ол философияда « танымның басты әдісі индукция болуы тиіс» деген идея ұсынды.
Ал индукция дегеніміз-көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде бірыңғай немесе жалпы қорытындылар жасау.
Ол мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюін индуктивтік әдістің артықшылығы деп таныды. Ал осы индукция әдісіндегі болжамдық сипаты мен айқынсыздығын оның кемшілігі ретінде білді. Осы кемшілікті адамдардың барлық білім салаларында көптеп тәжірибе жинақтауы мен биіктерді бағындыруы нәтижесінде жоюға болады деп түсінді және түсіндірді.
Танымның басты әдісін индукция деп таныған ол, осы таным әрекеті іске асатын «өрмекші жолы», «құмырсқа жолы» және «ара жолы» деп атау берген жолдарын ұсынды.
«Өрмекші жолы»-бұл ой өрнегін өз ойларынан тоқитындар немесе тәжірибе мәнін ескермейтіндер жолы;
«Құмырсқа жолы»-заттар мен құбылыстардың ішкі мәніне назар аудармай, білімнің, сол сияқты басқа да құбылыстардың сыртқы көрінісіне ғана мән бергендер, жалпы айтқанда тек тәжірибеге ғана сүйенетіндер жолы;
«Ара жолы»-жоғарыда келтірілген танымның іске асу жолдарының жақсы тұстарын ғана негізге ала отырып, ақыл мүмкіндігі көмегімен мәселенің ішіне үңіліп мәнін түсінушілер жолы және бұл Бэконың танымның іске асуындағы ең дұрыс деп көрсеткен жолы болып табылады.
Сонымен қатар Ф. Бэкон адамзаттың ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді анықтады, бұл себептерді «идолдар» деп атады. Тектік идолдар-білімнің ақиқаттығын төмендету;
Үңгір идолы-адамның таным процесіне әсері;
Базар идолы-тілдегі ұғымдарды дұрыс қолданбаудан туындайтын адасушылық;
Д.Локк, Д.Беркли және Д.Юмнің гносеологиясы мен таным теориясын айқындап көрсетіңіз.
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемдіи тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет.
Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі).  Егер рационалистер(Р.Декрт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен –өзі көрнекіліктен көрсе ,ал эмпиристер (Локк, Юм және т.б.) «айқындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді.
Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды.
Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе».
Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:
1.дүние материалды;
2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);
3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa);
5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние;
6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;
7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;
8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет.
Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.
Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ – субстанция, оның  атрибуттары мен акциденциялары  мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз- өзіне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан   ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.
Т.Гоббс  барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің  барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады.  Ал Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы, ло Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды. Беркли өзінің «өмір сүру демек қабылдану»  деген методологиялық принципке сәйкес жалғыз өмір сүретін  Құдай деп есептейді. Берклидің тұжырымдауынша, Құдай ждаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болап табылады, өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір- бірімен байланысты.
Берклидің ізінше  Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Сонымен Юм  әлемдегі барлық білім тәжірибеден алынады деді.
Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары шенеуніктер мен буржуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік сақталып қалды. Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбництің онтологиясы және ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын ашып беріңіз
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. ХҮІІ ғасырға қарай келассикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспеприментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ- рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ- эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демокрациялау туралы мәселені шешумен айналысты.
Дәл осы жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. ХҮІІ ғасыр – бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт және т.б. жатады.
Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі).  Егер рационалистер(Р.Декрт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен –өзі көрнекіліктен көрсе ,ал эмпиристер (Локк, Юм және т.б.) «айқындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ – субстанция, оның  атрибуттары мен акциденциялары  мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз- өзіне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан   ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.
Беркли өзінің «өмір сүру демек қабылдану»  деген методологиялық принципке сәйкес жалғыз өмір сүретін  Құдай деп есептейді. Берклидің тұжырымдауынша, Құдай ждаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болап табылады, өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір- бірімен байланысты.
Берклидің ізінше  Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Сонымен Юм  әлемдегі барлық білім тәжірибеден алынады деді.
XVIII ғасырдағы француз материализміндегі табиғат, қоғам және адам туралы Ағартушылық идеяларың сипаттаңыз.
XVIII ғасырдағы Францияның әлеуметтік-тарихи дамуы ешқандай ымырашылдыққа жол қалдырмаған алпауыттар мен буржуазияның шиеленіскен күрес жағдайында өтіп жатты. Франциядағы буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан дайындау ісінде жалпы ағартушылық қозғалыстың маңызы ерекше болды. Олар алпауыттар билігіне, шіркеудің үстемдігіне қарсы табанды күрес жүргізді.
Вольтер — буржуазиялық революция қарсаңындағы алдыңғы қатарлы төңкерісшіл таптың өкілі. Ол — басыбайлыққа, пұшаймандыққа, алпауыттардың үрметіне, сот ұлықтарының парақорлығына қарсы жігерлі әрі ымырасыз күрес жүргізген адам. Ол мемлекеттік басқарудың озық үлгісі ретінде ағартушылық монархияны жақтады. Вольтер өзін Локктың, Ньютонның, Бэконның ізбасары ретінде санаған. Таным теориясында Локктың ілімін толық жақтайды да «туа біткен идеяларға» (Декарт) қарсы шығады. Вольтер мәдениет тарихын қолға алуға мұрындық болады және де алғаш рет «Тарих философиясы» деген сөзтізбекті дүниеге келтірген де Вольтер. Алайда, жоғарыда айтылғандай, Вольтер өз дәуірінің шеңберінен шыға алмады, оның дүниетанымы айтарлықтай шектеулі болды. Оның бұл кемшілігі Руссомен пікірталас кезінде айқын көрінді. Ол екеуі де француз «Ағартушылық» қозғалысының көрнекті өкілдері болғанымен шын мәнісінде бір-біріне кереғар бағытта болды. Мысалы, егер Вольтер ірі буржуазияның жақтаушысы болған болса, Руссо — ұсақ буржуазиялық демократияның жаршысы. Вольтер алпауыттарға қарсы күрескенімен, олардан мүлдем қол үзіп кете алмаған адам, «ағартушылық» монархияны жақтайды, әлеуметтік теңсіздікті заңды нәрсе ретінде қарастырады. Руссоны толғандырған негізгі мәселе — теңсіздік және одан құтылудың жолдарын іздестіру мәселесі. Теңсіздіктің шығу себебі — байлық. Байлық — керенаулықтың, жалқаулықтың, тоқтықтың көзі. Ал олар адамгершіліктің, мінез — құлықтың азғындауына әкеліп соғады, — дейді Руссо. Оның бұл пікірі Абайдың «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын, таласып босқа, жау болып досқа, қор болып құрып барасың», — деген ойымен тамаша үндесіп жатыр.
Гельвеций 1773 жылы жарық көрген «Адам туралы» деген еңбегінің алғашқы беттерінен — ақ өз пікірлерінен айнымайтындай жариялады. Оның «Ақыл-ой туралы» атты кітабы 1760 жылдың қаңтарында отқа өртелді. Бүкіл материалистік дүниетанымын қалыптастыру ісіңде Гельвеций, негізінен, Локктың қағидаларьша сүйенді. Алайда, ол сана мен болмыс арақатынасын сараптауда жіберген Локктың кейбір ауытқушылықтарын кезінде сынаған болатын. Гельвеций өзінің «Адам туралы» деген соңын еңбегін баспаға бергенімен оның жарыққа шыққанын көре алмай кетті.
XVIII ғасырдағы француз материалисттері Болмыс туралы әлемнің түпнегізі ретінде табиғатты, материяны ілім   қарастырған еді. Философияның негізгі мәселесін олардың бәрі материалистік тұрғыдан шешкен-ді. Бірақ та кейбір ерекшеліктері де болмай қалған жоқ.
Мысалы, Ламетри мен Дидро Декарттың материалистік дәстүрін жалғастыра отырып, табиғатты түпнегіз етіп алған болса, Гольбах пен Гельвеций Локктың сезімдік таным туралы теориясының негізінде материалистік философияның қағидаларын тұжырымдайды. Олардың ішінде материяны философиялық категория дәрежесіне көтерген Гольбах болды. Алайда, заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен материя категориясын біртектес тұрғыдан қарастыру француз материалисттерінің бәріне де тән болды. Олардың табиғат, болмыс туралы ілімі, әрине, кеңістік пен уақытқа да тікелей байланысты еді. Олардың бәрі де әлемді кеңістік пен уақыттан бөліп алып қарастырмаған, керісінше, олардың ажырамас бірлігін тұжырымдаған болатын.
 
 
 
 
 
 
Орта ғасырдағы жалған ғылымдардың қалыптасуы – магия, оккультизм, алхимия мен астрология. Мағынасын ашып, айқындап көрсетңіз.
Магия ( лат. magia гр. μαγεία — сиқыршылық) — алғашқы қауымдық дін формаларының бірі; іс-әрекеттердің (жеке дара немесе ұжымдық) символдық бейнесі. Магия алғашқы қауым адамы ойының көрінісі және жаратылыстан тыс күштерге сенімнің күшеюімен тікелей байланысты болды. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялықілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.
Қазіргі түсінік
Қазіргі кезде зерттеушілер магияны контактілі (магиялық күші бар объектімен тікелей әрекеттесу), инициалды (Магиялық іс-әрекет субъектісі үшін қол жетпейтін объектіге магиялық әрекеттің бағытталуы), парциалды (шаш немесе тырнақ, тамақ қалдықтары арқылы жанама ықпал ету), имитативті (магиялық объектіге ұқсас затқа ықпал ету) деп бөледі. Ежелгі дін формаларын зерттеуші Б.Малиновский магияны жемісті, сақтандырушы және деструктивтік деп жіктейді. Дж.Фрезер бойынша магиялық әрекеттер ұқсас немесе бірінен кейін бірі келетін шектес құбылыстарды жалған себеп-салдарлық қиыстыруға негізделген. Осыдан магияның гомеопатиялық (ұқсастық бойынша, еліктеушілік) және контагиозды (шектесуі бойынша, жұқтыру) деген екі түрі көрінеді. Әлемдік діни жүйелерде магиялық салт-жоралар елеулі рөл атқарады. Леви-Стростың пікірінше, магия мен дін бірін-бірі толықтырады. Магия белгілі бір әрекетке және сөздерге “кереметтік” қасиет беріп, дәріптейтін күш ретінде адамның объектіге тікелей әсер етуі және мақсатына жету жолында өз мүмкіндігіне деген сенімге негізделген. Магиялық әдет-ғұрыптар дүниеге, табиғат құбылыстарына, адамдарға, рухтарға табиғаттан тыс жолмен ықпал етуге бағытталады.
Оккультизм (лат. occultus – жасырын, құпиялы) – ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен тылсым күштердің бар екенін мойындайтын және олармен өзара іс-қимылдың ерекше әдістерін жасайтын ілім.[1] 19-ғасырда мистик. ағым ретінде пайда болған оккультизм барлық заттар тұтастықты, жиынтықты құрайды, олардың арасында мақсатты қатынастар болады деген теорияға негізделеді. Оған ‘’магия, теософия, спиритизм’’ секілді әр түрлі ілімдердің мистик. бағыттары жатады. Оккультизм тәжірибелік мақсаттар үшін пайдалану мүмкін деп есептейтін жасырын табиғи күштерді зерттеумен шұғылданады.
Алхимия (лат. alchemіa) — химия дәуірлерінің алғашқысы, ерте дүние мен орта ғасырлардағы (1,5 мың жыл бұрын) ғылыми және мәдени дәстүр; оның негізі табиғатта кездеспейтін «философиялық тас» жай металдарды алтынға айналдырады деген сенімнен туған.[1] Алхимия жер бетіндегі және космостағыпроцестерді, жанды және жансыз табиғатты, табиғат пен қоғамды, адам әрекеттері мен зат әрекеттерін тұтас алып қарауды білдіреді.
Астрология (көне грекше: ἄστρον — жұлдыз, көне грекше: λόγος — ғылым) — аспан шырақтары мен адамдар арасында байланыс бар деп есептейтін ілім; орта ғасырларда таралған, қазір де келешекті болжап айту үшін (гороскоп құрастыру үшін) астрологтар пайдаланады. Табиғат құбылыстарның шын мәнісін түсінбеген ертедегі адамдар аспан шырақтарын да құдай деп қастерлеп, оларға табынатын болған. Міне , сондықтан да абыздар планеталарды өздері табынатын құдайларының атымен Юпитер, Марс, Венера т.т деп атайтын болған. Осыдан барып аспан денелері жер бетіндегі уақиғаларға, адамның тағдырына әсерін тигізеді деген сенім туды. Аспан шырақтарының аспандағы орнына қарап жердегі уақиғаларды жеке адамдардың тағдырын күні бұрын болжайтын жалған ғылым – астрология- әсіресе орта ғасырларда Еуропада күшті өркендеді. Патшалар , корольдер, князьдар , т.т Күннің ,Айдың, планеталардың орнына қарап келешекті болжап отыратын қолдарына арнаулы адамдарды ұстады.
Орта ғасырлық христиан философиясының «болмыс» ұғымына баса назар аударып, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз(Августин Аврелий, Фома Аквинский).
А. Августин-ежелгі рим философы, христиандық фил\ң негізін қалаушылардың бірі, Батыс патристикасының көрнекті өкілі( патристика-ілімдері ортодоксалды христиандық фиң қалыптасу кезеңінде басты роль атқарған құдайтанушылардың діни-философиялық ілімдері. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни “нанымсыз білім, ақиқат жоқ” деген принципке бағынады.
Негізгі еңбектері-«Құдай қаласы туралы»(грек философиясына талдау жасайды), «о музыке», «об учителе», «бессмертие души», «академиктерге қарсы»(Платон Академиясында қалыптасқан скептицизмді сынға алады), т.б. Августин ілімі ортағасырдың бас кезінде бүкіл батысеуропалық философияға ықпал етті,
Болмыс оның пікірінше-христиандық сенім ілімі мен неоплатондық философияның синтезі болып табылады. Оның философиясында Құдай жаратқандықтан әлемдегінің бәрі ізгі, игі деп түсініледі. Ол құдай дұниені жоқтан жаратты және өзі жаратқан дүниесін қолдап-қорғауда, егер құдайдың құдіреті мен қолдауы шегіне жеткен болса, онда дүние өз тіршілігін тоқтатқан болар еді, дүние мен уақыт шектеулі, дүниені жаратқан құдай, дүние біреу, біздің дүниемізге дейін ешқандай тіршілік болмаған, күнәға батқандар құдаймен бірге, құдайға табынушылық арқасында ғана тазармақ, дүние-құдай жаратқан құбылыс болғандықтан дүниені тану,зерттеу құдай туралы түсінікке жақындай түсу деп тұжырымдады.
Ф. Аквинский-ортағасырлық философияның көрнекті өкілі, схоластиканы жүйелеуші, томизимнің авторы. Негізгі еңбектері-«сумма теологии», «сумма философии», «інжілге түсіндірмелер», «аристотель шығармаларына түсіндірмелер». Ол құдайдың бар екендігінің онтологиялық дәлелі жеткіліксіз деп есептеді.
–қозғалыс, дүниеге о бастан қозғау берген және қозғап тұрған күш бар, барлығының қозғаушысы-құдай, себеп, себепсіз ешнәрсе орын алмайды, демек дүниенің жаратылуына себеп болған-құдай, қажеттілік, дүниенің жаратылуын қажет еткен-құдай, бұл аталғандар Аквинский бойынша құдайдың бар екендігінің дәлелдері. Фома Аквинский ақылмен құдайды, құдай болмысын тануға болады, ақылмен танылмайтындар дүние жаратылуы, ең алғашқы күнә деп атап көрсетті.
Жалпы алғанда ол құдай болмысын емес, дүние болмысын, жаратылысын зерттеумен айналысқан.
Ф. Аквинский философиясының тарихи мәні құдайдың бар екндігіне 5 дәлел келтіргендігі, философия мен теология екі салаға ажыратылғандығында болып отыр.
Жаңа дәуір философиясындағы рационалдық және эмпиристік бағыттарын атап көрсетіп, мысалдар келтіріңіз (Ф. Бэкон, Р.Декарт, Б.Спиноза және т.б.).
Жаңа заман философиясы 17-19 ғғ аралығын қамтитын капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениет бастауы болған құбылыс.
Болмыс пен танымның негізі ақыл-ой деп сенетін фил\қ бағыт-рационализмнің негізгі өкілі- Р. Декарт, өкілдері Б.Спиноза, Г.Лейбниц.
Декарт-рационализмнің негізін қалаушы, француз философы, ғалым-математик.
Рационализм (лат. зерде) — танымның негізі зерде деп тұжырымдайтын философиялық бағыт.
Дүниені танудағы ақыл-ойдың ролін негіздеуі, субстанция туралы ілімді ұсынуы, философиядағы материализм мен идеализм ұғымдарын бір-біріне жақындату негізінде дуализм түсінігін енгізуі Декарттың философияның дамуына қосқан үлесі болатын.
Дүниеде орын алатын құбылыстар мен заттар сансыз көп, есесіне олардың кез келгеніне күмәндануға болады, күмәндану ойдың қасиеті, демек адамдар күмәндану кезінде ойлай алады, ал ойлау-ақылдың жұмысы, сол себепті болмыс пен таным негізі ретінде ақылды ғана тани аламыз деген тұжырымға келген.
Осы тұжырымдамасына сәйкес ол «Мен ойлаймын немесе мен күмәнданамын, демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.
Эмпиризм  — танымның негізі тәжірибеде деп есептейтін философиялық бағыт негізін салушы Ф. Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк, Д.Дьюи.
Материалистік бағыттылық, эмпиризмнің рационализмнен үстемдігі, саяси-әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылық Жаңа заман кезеңіндегі ағылшын ф\ң көркейгендігінің сипаты болды.
Ф. Бэкон-философиядағы тәжірибелік бағыттың негізін қалаған ағылшын философы. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Атлантида», т.б.
Таным негізінде тек қана тәжірибе жатады деп тұжырымдауы Бэконның философиялық идеясының мәні болып табылады. Оның пікірінше, білім мен тәжірибенің басты мақсаты-экономиканың дамуына, адамның табиғатқа үстемдік ете алуына, адамдардың өз әрекеттерінде жетістіктерге жете алуына көмектесу. Ол философияда « танымның басты әдісі индукция болуы тиіс» деген идея ұсынды.
Ал индукция дегеніміз-көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде бірыңғай немесе жалпы қорытындылар жасау.
Ол мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюін индуктивтік әдістің артықшылығы деп таныды. Ал осы индукция әдісіндегі болжамдық сипаты мен айқынсыздығын оның кемшілігі ретінде білді. Осы кемшілікті адамдардың барлық білім салаларында көптеп тәжірибе жинақтауы мен биіктерді бағындыруы нәтижесінде жоюға болады деп түсінді және түсіндірді.
Танымның басты әдісін индукция деп таныған ол, осы таным әрекеті іске асатын «өрмекші жолы», «құмырсқа жолы» және «ара жолы» деп атау берген жолдарын ұсынды.
Сонымен қатар Ф. Бэкон адамзаттың ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді анықтады, бұл себептерді «идолдар» деп атады.
Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ – субстанция, оның  атрибуттары мен акциденциялары  мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз- өзіне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан   ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.
Философия тарихындағы сана мәселесін қалай түсінесіз? Тарихи маңызы қандай деп ойлайсыз?
Сана-бұл тірі табигаттың дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болатын,өте күрделі көп аспектілі құбылыс. Сана құбылысы өзінің көп құрылыгына қарай, әр түрлі ғылымдар тарапынан зерттеледі. Бұлардың әрқайсысы, оган өздерінің мақсаттары мен мүделеріне сай анықтама беруге бейм. Осыдан кейін пайда болган анықтамалар толық емес немесе бір жақты болып келеді.Ал философиялық тұргыдан, сана деп – адам миының объективті шындықты сезімді немесе логикалық образдарда мақсатты түрде жан-жақты және бага беру түрінде бейнелеуін айтамыз.Сана бұл текқана қандайда бір образ гана емес дүниенің белсенді түрде бейнелеумен оны қайта бейнелеуге багытталган әрекеттің ең жетілген түрі.Адам санасының ең маңызды қасиеттерінің бірі – оның белсенділігі. Сананың белсенділігі мынадай жагдайларда жүзеге шыгады дүниені мақсатты түрде және таңдау арқылы бейнелеуде.қоршаган дүниенің заңдылықтарын түсіндіретін теориялық модельдерді құрастырады.Табиги және әлеуметтік құбылыстармен проңесстердің даму туралы болжамын жасайды адамның қайта өзгеру әрекетінің негізгі ретінде қызмет етеді.
2. Сананың пайда болуы табигат әвалютңиясының нәтижесі болып табылады. Жердегі өмірдің күрделенуімен бейнелеудің тітіркенушілік, қозушылық, сезушілік деп аталатын қарапайым түрлерінің болуымен сипатталатын тірі табигат болады. Егерде сана мидың функңиясы дейтін болсақ ал ми орталық нерв жүйесінсіз мүмкін емес. Орталық нерв жүйесінен адам ми жануарлардың психихасы түзіледі.Психиканың дамуының ең жаңа кезеңі адам санасының пайда болуы. Бұл еңбек құралдарын ойлап табу ретіндегі адамдардың жасалган мәдениет заттары ретіндегі және адамның белгілі бір даму кезеңінде пайда болган белгі жүйелері әлеуметтік фактурлардың себепшісі болуымен байланысты.Адам санасының пайда болуымен дамуының алгы шарты тілдің дамуымен ұштастырылган адамдардың сайман жасау іс — әрекеттері.Бұл іс-әрекет адамдардың бір-бірімен қоян-қолтық араласуын, өзара әрекеттесуін талап етеді. Ол жалпыга ортақ мақсатсыз мүмкін емес.Дамуының бастапқы кезінде адам санасының сыртқы сипаты тән. Адам өзін бұл дүниеден тыс сезінеді. Кейінірек адамда өзін-өзі танитын қабілеті пайда болады. Бұл багыт сапаның дамуына рефлекстік деп аталады.Екінші багыт ойлаудың дамуымен байланысты ұгынушылық деп атайды
Неміс философиясының «адам» және «гносеология» мәселелеріне ерекше
 тоқталып, сипаттама
беріңіз (И.Кант, Ф.Шеллинг, И.Фихте).
Неміс классикалық философиясы 18-19 ғғ аралығын қамтыды. Философиядағы таным мен болмысты зерттеу мәселелерін адам мәнін зерттеу мәселесімен алмастыру, тарихты тұтас процесс ретінде қарастыру неміс кл\қ фил\сын тұтас құбылыс деп тануға себеп болды. Өкілдері: И. Кант, Фихте, Гегель, т.б.
Фихте философиясында адам үшін басты әрі жалғыз ақиқат-адамың өзі, оның санасы деп қарастырылды.
Гегель фил\да «диалектиканы» , яғни жалпы даму мен оның заңдылықтарын негіздеуімен ерекшеленеді.
Н. К. Ф-дағы басты бағыттар: объективті идеализм, субъективті идеализм, материализм.
Н. К. Ф-ның негізін қалаған-Иммануил Кант. Ол философия қолданатын барынша жалпы ұғымдарды, адам ақылының  танымдық қасиетінің шектеулі екендігін, т.б. негіздеді. Неміс философы. Канттың шығармашылығын «сынға дейінгі» (18 ғ 70 ж дейін) және «сыни» (18 ғ 70 ж-нан 1804ж дейін) деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. «сынға дейінгі» кезеңде Кант шығармашылығы табиғат пен жаратылыс мәселелеріне бағытталды, ал «сыни» кезеңде Кант ақыл, таным, таным механизмдері сынды мәселелерді зерттеумен айналысты. Кант таным процесін бастапқыда сыртқы құбылыстар адам танымына әсер етеді, адамның сезім мүшелері сыртқы құбылыстарды қабылдайды, осы қабылданған сыртқы құбылыстар нәтижесінде адам ақылында сыртқы дүниенің сипаты, көрінісі пайда болады,  ал адам ақылы қоршаған ортадағы құбылыстардың бейнесін ғана қабылдай алады, ал олардың ішкі әлемін түсінеді деп келтіру ақылға сыйымсыз деп қорытындылайды. Оның фил\дағы тағы да бір үлесі болып категориялар туралы ілімі танылған. Бұл категориялар-барша тіршілікті, құбылыстар мен қоршаған ортадағы заттарды түсіндіруге бағытталған жалпы ұғымдардың жиынтығы.
Ол тұжырымдаған категориялар саны-12 және бұл категориялар өз кезегінде 4 топқа біріктірілген.
Сан- даралық, көптік, тұтастық;
Сапа-ақиқаттылық, терістеу, шектеу;
Қатынас-өз бетінше немесе бағыныштылық негізде қызмет атқару, өзара әрекеттесу;
Модальдылық-тіршілік пен бейтіршілік, қажеттілік пен кездейсоқтық. Көріп отырғанымыздай, топтардағы әр алдыңғы 2 категория осы топтағы қарама-қайшылыө, ал үшіншісі олардың синтезі.
Кант жеке қоғамдағы, мемлекеттер мен халықтар арасындағы демократияны жақтады.
Сонымен ойлау негізін калайтын барынша жалпы ұғымдар енгізуі, адам ақылының шегі туралы идея тұжырымдауы, жеке қоғамдағы және халықаралық қатынастардағы демократия туралы идеяны ұсынуы Кант философиясының мәні облып есептеледі.
Шеллингтің натурфилософиясы.
Фридрих Вильгельм Шеллинг-неміс классикалық философиясындағы объективті идеализм бағытының өкілі. Ол бостандық құрылымы табиғатта о бастан берілгендігі туралы идеяны ұсынды.
Болмыс мен ойлауды түсіндіру Шеллинг философиясындағы басты мақсат.
Шеллингтің философиясы даму барысында 3 кезеңнен өтті. Олар: натурфилософиялық, практикалық және иррационализм.
Сұрақта көрсетілгендей Шеллингтің натурфилософиясына тоқталсақ…
Өзінің бұл фил\қ бағытында философ табиғат құбылыстарына объективті идеализм тұрғысынан сипаттама жасайды. Өзінің натурфилософиясы бойынша өзіне дейінгі табиғатқа, табиғат құбылыстарына берілген түсіндірмелерді терістейді және табиғатқа өзінше анықтама береді. Ол бойынша табиғат дегеніміз-бәрін қамтып өз бойына жинақтау қабілеті бар дүниенің бастауы.
Аталған фил\қ бағыты бойынша материя мен рух бір және олар табиғаттың қасиеттері.
Гегельдің  философиялық жүйесі және диалектикалық әдісіне тоқталып, анықтама беріңіз.
Георг Гегель-н.к.ф\ң өкілі, болмыс пен ойлауды бір ұғым ретінде алып, бүкіл тіршіліктің бастамасы деп абсолютті идея ілімін тұжырымдаушы.
Объективті идеализм теориясы мен диалектика оның фил\дағы орнының ерекше екендігінің дәлелі бола алады. Оның басты фил\қ еңбектері: «логика ғылымы», «Құқық фил\сы», т.б.
Философтың болмыс пен ойлауды теңестіруі болмыс туралы іліміндегі басты идеясы болды. Осы теңестіруі нәтижесінде ол ғылымға «абсолютті идея» түсінігін енгізді.Абсолюттік идея-тіршілікте орын алған бірден-бір реалдылық, қоршаған дүние мен ондығы заттардың туындауының, пайда болуының басты себебі.
Гегель пікірінше, философия-бұл өнер мен діннің ұштасуы, абсолютті идеяның соңы мен басының бірігуі, барлық ақиқаттың толық ашылуы.
Диалектика ұғымын ғылымға енгізуі Гегельдің фил\ға қосқан зор үлесі. Оның тұжырымдамасы бойынша, диалектика-әлемдік күш пен ол жаратқан дүниенің тіршілік етуі мен дамуының негізгі заңдылығы.
Осы диалектиканың категориялары:
1-адамдарда, қоршаған орта мен оны құраушы элементтерде қараса-қарсы бастамалар бар;
2-осы бастамалар қарама-қайшылықта болса да, бір мәндес және олар өзара әрекеттеседі;
3-қарама-қарсылықтардың бірлігі немесе күресі-дүниедегілердің тіршілігі мен дамуы.
XX ғасырдағы батыс философиясындағы сциентистік үрдістерге қысқаша мінездеме беріңіз.
Негізі позитивизм- дұрыс пікір(лат Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді,оның бастамасын салған Огюст Конт және Дж.Стюарт Милль,Герберт Спенсер.Бұл философияның арғы түбі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі.Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан  былайша айтқанда,философиядан азат ету.Олардың пікірінше әр ғылым өз алдына философия.Сол ғылымдарды зерттеу қажет.Былайша айтқанда әр ғылымда пайдалы да пайдасыз да ойлар болады.Мақсат дейді позитивистер солардың тек дұрысын,пайдалысын қабылдап,пайдасызынан арылу.Ондағы мақсат- француз рефалюциясының теориялық негізі болған XYIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту.Олай болса позитивизм- идеалистік философия оның ішінде субъективтілік идеализм.Оның эвалюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті.Бірінші кезең-позитивизм,екіншісі- эмпириокритицизм,үшіншісі-неопозитивизм.
Себептері:алдымен позититивизмнің пайда болуына кері әсер еткен Гегель диалектикасының дүниеге келуі.Буржуазия идеологтары содан қауіптенеді. Диалектика метафизиканы механикалық материализм деп кемшіліктерін айқын көрсетті.Одан соң сол кезге дейін философия ғылымдардың ғылымы деген болатын.Бірақ нақты ғылымдардың ғылымы емес екенін айқын дәлелдеді.Осы себептен арнаулы философиядан бас тартып,жаңа жол іздестіріле бастады. XIXғ аяғы-XXғ басында позитивизмнің жаңа дәуірі туды.Ол кезеңде оны эмпириокритизм деп атады.Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар,бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық.Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда, шындықтан әлдеқайда алшақ.Айталық позитивизм философияны емес ,нақты ғылымдарды зерттеу керек десе,эмпириокритицизм біздің сезімімізден тыс еш нәрсе жоқ,барлық дүние біздің сезімімізден нәтижесі деген қорытынды жасап,объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.Позитивизмнің үшінші түрі неопозитивизм немесе логиикалық позитивизм.Ол XXғ20ж дүниеге келді.Өкілдері:Морис Шлик,Рудольф Карнап,Отто Нейрат т/б.Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға негіздемек болды.Осыдан келіп,математикалық логика дүниеге келді.Позитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар деп тұжырымдады.
ХХ  ғасырдағы батыс философиясындағы позитивизмнің тарихи түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіріңіз (О.Конт, Э. Мах, К. Поппер).
Негізі позитивизм- дұрыс пікір(лат Positives) деп аталатын ұғым болып дүниеге келді,оның бастамасын салған Огюст Конт және Дж.Стюарт Милль,Герберт Спенсер.Бұл философияның арғы түбі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі.Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан  былайша айтқанда,философиядан азат ету.
Философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.
Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді  ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.
Олардың әртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ идеяларын шамамен төмендегідей қарастыруға болады:
1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;
2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;
3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;
4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;
5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.
К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады.
ХХ  ғасырдағы батыс философиясындағы прагматизм және структурализм бағыттары жайлы түсінік беріңіз (Ч. Пирс, У. Джемс, Леви-Стросс)
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында жаңа философиялық ағымдар структурализм, прагматизм, сыни рационализм, сциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты. Прагматизм (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизм терминін ғылыми айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр.
Прагматизм — шапшаң әлеуметтік өзгерістер кезеңінде дүниеге келген практикалық философия, ол парасатты ой мен логикалық әдісті практикалық істермен астастыруға тырысып, тәжірибеге жүгінеді. У.Джеймс өзінің “Прагматизм” атты еңбегінде “Прагматикалық әдіс… әрбір ұғымды тиісті практикалық нәтижелерімен түсіндіруге тырысады. Джеймс еңбектерінде прагматизм қандай да бір теориядан туатын “практикалық нәтижелерді” салыстыру жолымен филоселосы таласты шешу тәсілі және ақиқат теориясы ретінде тұжырымдалады: ақиқат дегеніміз — “біз үшін тиімді болатын, өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келіп, біздің бүкіл тәжірибеміздің жиынтығымен ұштасып жатқан әрекет” дейді. Сөйтіп, прагматизмның “практика” мен ақиқатты субъективті тұрғыдан түсінуі оның ұғымды (идеяны) әрекет “құралы” (Дж. Дьюи) деп, ал танымды субъективтік “ақиқаттардың” жиынтығы (Ф.К.С. Шиллер) деп анықтама беруіне әкеліп тірейді.
Структурализм (К.Леви – Стросс. Ж.Лакан. М.П.Фуко, Л.Альтюсер). Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын (структурасын) айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы негізде, олардың мәнін түсінуге талпыну. Леви-Стросс әр түрлі халықтардың, тайпалардың аңыз, ертегілерін, мифтерін зерттей келе, кез келген бір миф жер жүзінің әр  аймағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады, олай болса, мифологиялық ойлау әр халықта белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. Ғылыми ойлау да осы сияқты логикалық заңдылыққа бағынады. Структурализмнің іімінше, құрылымдық тәсілдің негізінде кез-келген зерттеп отырған құбылыстарды өзгерткенде, олардың құрылымының (олардың қатынастарының жиынтығы ретінде) бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. Оның үстіне, құрылым объектінің «екелет» болмайтын кейбір бөлшектердің, т.б. өзгерту арқылы бір объектіден екіншіні, екіншіден үшіншіні т.с.с. алуға болатын ережелер жиынтығы.
Экзистенциалды философиясындағы «адамның мәні» мәселесін талдап, түсіндіріңіз (С Кьеркегор, А. Камю, К Ясперс).
Экзистенциализм «өмір философиясындай» жалпы өмір мәселесін қарастырмай,бар күштерін адамның жеке өмірін-«экзистенция»(өмір сүрудің қарапайым нақтылығы), «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден-жеке даралық болғандықтан,сол себепті жалпы мәнділікке ұмтыолмайд,екіншіден, экзистенция-біздің өзіміз. Олай блса, біз оған ғылыми қарамайтындай объективті түрде қарай алмаймыз. Өмір сүру дегеніміз-адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз –күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің,сенімі мен қауіптілігінің,тәжірибесі мен үмітінің жиынтығы. Экзистенцияның шын мәніндегі тереңдігі тек айрықша, шекаралық жағдайларда ғана түсіне аламыз. Адамның өлетінін, қиындыққа тап болып, оны шешу осының барі шекаралық жағдай. Э-м жеке адамдар басқаларға салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда басқалардың адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байанысқа түседі. Э-м болмысқа қарама-қарсы иемдену ұғымын да қарастырады.М.Хайддегер(1889-1976) XX ғасырдың аса ірі философтарының бірі. «болмыс және Уақыт» еңбегінде адамның әлемнен бөлінуі техникалық өркениетке тән деп сипаттайды. Техникалық өркениет адам мен әлемді бір-біріне қарсы қояды, ал субъект пен объект бөлінісінің философиялық негізделуі, сонымен қатар субъектінің объектіге белсенді ықпалы мен оны бағындыруы Жаңа заманда жүзеге асты. Еуропалық нигилизм феноменін сынап зерделей отырып, Хайддегер болмыс тақырыбына оралып, адамның өз болмысын өзекті мәселе ретінде қарастырады. Философтың ойынша адам осындағы-болмыс болып табылады.Сартр(1905-1980) адам өмірінің шектеулілігін, жалғыздығы мен өткіншілігін, сонымен қатар оның еркіндігін атап көрсетеді,өиткені оны шектейтін объективті нормалар мен қағидалар жоқ. Адамның өз еркіндігін сезінуі оның өмір сүруі үрдісінде жүзеге асады. Сартрдың ойынша адамның кім және қандай тұлға болуы оның шешіміне, таңдауына байланысты.Камю(1913-1960) өзінің «Сизиф туралы аңыз», «Бунт көтеруші адам» еңбектерінде экзистенциялдық шарасыздық позициясын бөліседі. Ол Құдайға сенім жоғалған, барлық сүйеніштен айырылған бұл әлемдегі құндылықтар қақтығысында өмір сүріп отырған адамның санасын таңдайды. Сүйеніш іздеудің мәні жоқ екендігін ұққан, санасы «жұлмаланған» мұндай адам ендігі жерде тек қана өзіне сенуі тиіс. Тек бір нәрсе бар-адам өмірінің ашықтығы.
 
Герменевтика және мәтінді түсіндіру мәселелеріне сипаттама беріңіз ( В. Дильтей Г. Гадамер).
Герменевтика талдау жасау және  түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне әдеби ескерткіштерді саналы түрде түсіну негізінде қалыптасқан тіл туралы ғылымның ерекше әдісі ретінде дүниеге келіп, ХIХ ғасырда  В.Дильтей, Г.Гадамердің ілімдерінің арқасында рух туралы ғылымның тәсіліне айналды. Қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы ғылымның мәселелер өрісін ғылыми тұрғыдан түсінуді айтады. Бұл жерде түсіну – сананың сыртқы және ішкі әсерлер күшімен, туындаған қабілетін, субъектінің солар туралы түйсінуі мен мазмұнының шынайы екеніне күмән келтірмеуі. Ғылыми түсінуде денелердің,  заттардың маңызы, мәні түсіндіріледі. Гадамер түсіну проблемаларын философияның негізгі мәніне айналдырып, герменевтикаға универсалды мән берді. Сөйтіп, герменевтика өкілдерінің пікірінше, философияның пәні адамдардың қатынасы ретінде түсінілген  адамдар әлемі болып табылады. Сөйтіп, тек осындай қатынастарда  ғана адамдардың күнделікті өмірі өтіп жатады, мәдени және ғылыми құндылықтар туындайды. Ал, қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен болып жатқан құбылыстар.
Философия мен ғылымдағы материя, кеңістік пен уақыт ұғымдарының маңыздылығы қандай деп ойлайсыз?
Материя ұғымы- дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз объективті ақиқат деп қарайтын материалистік дүние танымның мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.Кеңістік пен уақыт материяның ішкі ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. «кеңістік»және «уақыт» ұғымдары тек бір қарағанда ғана өзінен өзі түсінікті, қарапайым сияқты көрінеді,ал шын мәнінде олар күрделі, мағынасы терең ұғымдар. Сондықтан бұл ұғымдарға байланысты материализм мен идеализмнің диалектика мен метафизиканың арасында ымырасыз күрес жүріп келді. Дүниенің құрылымдық қасиеттерін, материалдық объектілердің және жүйелердің, оларды құрайтын бөлшектердің аумағын, басқа заттардың, денелердің,құбылыстар мен процестердің арасындағы алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңістік ұғымы сипаттайды. Қозғалыстағы материя бір қалыпта тұрмайтынын, үнемі өзгеріп, дамып, бір күйден екінші күйге, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысып жататынын білеміз. Осы процесті уақытт ұғымы сипаттайды. Идеалистік философияда И.Кант(ХVIII ғ.) кеңістік пен уақытты адамдардың сырттан алған әсерін қабылдаудың априорлық сезімдік формасы деп қараған. Яғни И.Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт санадан тыс, объективті өмір сүре алмайды. Э.Мах және оның жақтастары уақыт пен кеңістікті ретімен тізілген түйсіктердің жүйесі деп есептеді.Кеңістік уақытты тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттардың, құбылыстардың және процестердің қасиеті деп түсінуге болмайды.
Ғылыми танымның логикасы мен методологиясының негіздерін ашып беріңіз.
Ғылыми танымның логикасы, методологиясы мен әдістері тур алы сөз еткенде міндетті түрде логика, методология және әдіс деген ұғымдардың мазмүнын ашып көрсету қажет. Ғылым логикасы деп материалистік диалектиканы түсінеміз. Өйткені, ғылыми танымдағы негізгі мақсат – толық емес, дәл емес білімнің толығырақ, дәлірек білімге айналуы, жаңа теорияны жасау мен дамыту, ескі теориядан жаңа теорияға көтерілу, яғни ғылыми таным-қайшылықты, күрделі әлеуметтік процесс.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға,  яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.  Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін — өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында. Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс — зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі.
Материя туралы қазіргі заманғы ғылыми бейнесіне сипаттама беріңіз.
Материя— кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.
В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесiжасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш.т.ж.18т.138б.).
Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының, ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды. Оның методологиялық мәнi, мiне осында. Материя категориясы абстракция, өйткенi“таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе
Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза- материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның жеке түрлерiнiң әр түрлiкүйлерi мен құрылымдық даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.).
Астрономияда, космологияда және физикада Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың, макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар, планеталар, органикалық денелерт.б. тiрi организмдердiн  пайда болуына әкелдi).
 
 
Кеңістік пен уақыт материя болмысының формаларын ашыңыз. Кеңістік  және дүниенің ғылыми бейнесіне сипаттама беріңіз.
Кеңістік және Уақыт-Механикалық козғалысты карастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін сөз еттік. Бұл екі үғымның физикадағы маңызы өте зор. Оқиғаньің бәрі әйтеуір бір жерде және кандай да бір мезгілде, баскаша айтқанда, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді. Кеңістіктен орын алмай және кеңістіктен тыс өмір сүретін бірде-бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланысты. Өтіп жаткан сан алуан окиғаларды қарастыра отырып, біздің санамызда кең және тap, жуан және жіңішке, ұрзын және қысқа, алыс және жақын деген сияқты кеңістіктің салыстырмалы түрдегі сипатын кәрсететін ұғымдар қалыптасады. Кеңістіктің негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады).Кеңістіктің бір кесіндісін, яғни ара кашыктықты өлшеу үшін сызғыштан бастап, әр түрлі ұзындык өлшеуіш кұралдар колданылады. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі метр болып табылады. Ғылым мен техникада метрдің еселік және үлестік өлшемдері де пайдаланылады. дене козғалғанда өзінің орнын тек кеңістікте ғана өзгертіп қоймай, уақыт бойынша да өзгертеді. Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланысты.  Кез келген өзгерістің немесе окиғаның бастамасы және соңы болады (түзу кесінді сиякты). Кейбір өзгерістер көз алдымызда басталып, кө алдымызда аякталады (судың қайнауы); екінші біреуі көзді ашып-жүмғанша, лезде өтеді; ал үшіншілері бірден байқалмайды (мысалы, ағаштың өсуі). Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзкарасымыз калыптасады. Уақытқа катысты тез және ұзақ, болған және болады, қазіргі шақ және болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады. Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір калыптылығы, бір бағыттылығы (уакыт тек алға карай, өткеннен болашакка қарай жылжиды). Уакыт арнаулы кұрал — сағаттың көмегімен елшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуан түрлі болады. Уакыттың негізгі өлшем бірлігіне секунд алынады. Кеңістік шексіз, уақыт үздіксіз болғандықтан, физикада кеңістіктің бір кесіндісі және кайсыбір уакыт аралығы өлшенеді. [1] Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды.
Сана адамның өмір сүру формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгерту құралы ретінде ашып берініз.
Дүниедегі ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер, зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Адам миы 1020 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда оның Мәскеудегі В. И. Ленин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есіне сақтай алатын мүмкіндігі бар. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тен 3-4 пайызын ғана пайдалана алады екен. Олай болса адам миы ешқашан тоқырауға ұшырамайды. Оның мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады.Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел бола алады. Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады. Белгілі ой түжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру ғана: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақықатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет. Қысқаша айтқанда, біздің санамыз сыртқы дүниенің бейнелену нәтижесі. Ал енді сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет үшін аса қажет. Материалдық практикалық қызмет – адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуы, қалыптасуы мен дамуының түпкі негізі практикалық іс әрекет, еңбек, қызмет болмақ.
Ғылыми таным дамуындағы араб-мұсылмандық әлемнің тарихи бастамаларына сипаттама беріңіз.
Орта ғасырлардағы араб тілді философия мен мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік рухани даму процесінде алатын орны ерекше. Мұхаммед (570-632) көшпелі араб тайпаларын біріктіруге тырысты. Арабтардың рухани қуаты молая түсті. VII ғасырдың ортасына таман араб хилифаты бұрынғы Рим империясынан да үлкен құрылымға айналды. Оның бірнеше рухани орталықтары болды. Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығына, Шығыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен өнердің ошағына айналды. VIII-XII ғасырлар аралығында араб әлемінде, алдымен Шығыста, сонан соң батыс облыстарында, әсіресе Испанияда ғылымдардың дамуы басталады. Алдымен тригонометрия, алгебра, сонан соң оптика мен психология, астрономия, химия, география, зоология, медицина дамиды. Бірте – бірте философиялық, діни сипаттағы ізденістер де пайда болады. Араб – мұсылман философиясын қызықтырған объектінің көп және кең болғанына қарамастан, оларды ерекше толғандырған бірнеше мәселелерді арнайы атап өткен жөн: Құдайдың мәні және оның жердегі өмірге қатынасы, мән мен құбылыстың, жалпы мен жекенің, о дүниедегі өмірдің құпиялары. Жан, ақыл, материя ұғымдары да мұқият зерттелді. Жалпы араб философиясында екі түрлі ағым қалыптасты. Бірінші ағым грек философиясының дәстүрлерімен тығыз байланысты. Шығыс – араб перипатетитзмнің дамуында екі тарихи кезең ерекше көзге түседі. Бірінші кезең – IX-X ғасыр. Бұл Шығыстың атақты философтары әл – Кинди, әл – Фараби, ибн – Сина есімдерімен тығыз байланысты. X ғасыр араб мәдениетінің гүлденген кезеңі, не болмаса А. Мец айтқандай: «Мұсылмандық ренессанс» дәуірі. Екінші кезең XII-XIII ғасырлар мұсылмандық Испаниядағы араб философиясының гүлденуі. Ибн Баджа, ибн Туфеиль, ибн Рушд сияқты философтар осы дәуірде өмір сүрген. Екінші ағым – мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы – Құранға сүйенген философиялық концепциялар, мүтәкәлімдер, мүтәзәлиттер (VIII-IX ғасырлар), калам доктринасы (X-XII ғасырлар). Орта ғасырлық араб мәдениеті көптеген халықтардың біріккен еңбегі арқылы дүниеге келді. Оның қалыптасуына арабтармен қатар парсылар, сириялықтар, еврейлер, сонымен қатар, қазіргі қазақтардың, өзбектердің, тәжіктердің, түркмендердің арғы аталары атсалысты.
Сананың функцияларын атаңыз. Сана және ойлауға анықтама беріңіз. Сана және тіл мағыналарын сипаттаңыз.
Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.   Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешөашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың «шыбын – жан” деген сөзі осындай ұғымнан туындаған.  Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген.  Органикалық және органикалық емес дүние арасындағы дәнекер – нуклеин қышқылдары бір жағынан органикалық емес, екінші жағынан органикалық дүниеге жатады. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Олардың ойынша,адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-сайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады.  Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізгеәсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешімжасайды. Әрейне адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нірсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше.Дүние танымда адамдардың іздерісмүмкіндіктерінорасан зор дамытқанғылымкиберннетика. Ол күрделі информацияны қабылдап, оны сұрыптап, талдап белгілі жүйеге түсірпі, нақтылы шешімге келтіретін және ол процестерді баққаратын ғылым.  Сана белгілі бір дәрежеге – сана – сезімге айналады. Сана – сезім өзін — өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың еі жоғарғы сатысы.Сана – сезім дегеніміз – адамның өзін — өзі ойлай алатын, сезе білетін, әрекентенетін субъект ретінде тұсіне бастауы. Адамның сана сезімі қанша таптық, топтық, қоғамдық сана – сезімдерге тығыз байланысты.Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам бөлініп алады. Сана өзінің шығу жағынан екігші. Бірақ сана енжар емес, белсенді перменді рөлі бар құбылыс.
Марксизм философиясындағы «тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру»және «қоғамдық-экономикалық формация» ұғымдарына түсінік беріңіз.
Маркстік философиямен, жан-жақты философиялық, әлуметтік-экономикалық, саяси ілім ретіндегі марксизммен ТМД елдері халықтарының ХХ ғасырдағы өмірі мен тағдыры тығыз байланысты. Дүниежүзілік тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизинің негізінде коммунистік қоғам орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтік эксперименттің құрбаны болды. Енді міне, бүгінгі өтпелі дәуірде өмір сүріп жатқан адамдар сол заманға ір түрлі баға беруде. Ал енді тікелей өзіміз оқып отырған философия пәніне келер болсақ, жақын тарихымызда «маркстік философия – дүниежүзілік 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биік шыңы». Содан кейін, өтпелі қоғамның шеңберінде, оған қарама-қарсы, маркстік философияның жетістіктерін жоққа шығаруға бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгеріп отыратын адамдардың пікірлері де көптеп пайда бола бастады.
Маркстік философия – адамзаттың рухани ізденісінің көп шыңдарының біреуі, оны асра да, кеміте де бағалауға болмайды, әсіресе оның гуманистік, рухани жақтары осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың жүрегінде ұялаған.
Маркстік философияның негізін қалаған екі неміс ойшылы Карл Маркс (1818-1883жж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895жж.) болды.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірудің, яғни тарихи материализмнің шығуы белгілі бір нақтылы жағдайларға байланысты. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге келіп, қоғамдағы пролетариат табының ғылыми көзқарасының біртұтас бөлігін жасау үшін қажет болды. Оны К.Маркс пен Ф.Энгельс жасап, олардың ілімін В.И.Ленин жалғастырды.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру, яғни тарихи материализмнің шығуы – өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жай жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихи материализмнің пайда болуы материализмге табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми-философиялық көзқарас сипатын берді.
Тарихи материализм қоғамның, оның дамуының философиялық-социологиялық теориясы болып табылады. Философия теория ретінде тарихи материализм қоғамдық құбылыстарды зерттеп-талдағанда, философияның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды.
 
 
Философиядағы болмыс  ұғымының маңыздылығын көрсетіңіз.
Болмыс ұғымының қайнар көзі  дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі. Болмыс ұғымы– дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория. Әлемнің сыр-сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процесстердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін,адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі– «болмыс» деп аталатын философиялық ұғымның қалыптасуының алғышарты болып табылады. Болмыс мәселесінің бірінші қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегінен топшыланады: не бар, не қмір сүреді? Дүние деген не ? Ол қайда? Болмыс мәселесінің түбірі,  оның күрделілігі  осы сынды сұраұтармен  сипатталады.  Басқаша айтқанда дүние өмір сүру үрдісіннде, болмысында біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал оның жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым сөзімен айтқанда «алдамшы, жалған дүние». Тұтастық  ретіндегі дүниенің болмысын  бүкіл дүниедегі бардың болмысынан  ажыратып қарауға болмайды.  Алайда дүниенің болмысы мен оны құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында айырмашылықтар бар. Сөйте тұра  дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап тұтасттық тән. Дүние тұрақты, тұтас нәрсе ретінде адамның санасынан  тыс және оның еркінен тәуелсіз өмір сүреді.Әрине, бұл тұтастықтың өзі алуан түрлі көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігінде табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортақ бірлігін іздеуге тырысады. Табиғат заттары, рухани құбылыстар, қоғам және табиғат , түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендігі, өмір сүріп отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі. 
Адамның жеке дамуындағы табиғилық пен қоғамдықтың өзара қатынасын көрсетіп берініз. Қазіргі замандағы маңызы қандай деп ойласыз?
Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
К. Маркс адамзат тарихының даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі қарапайым, әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінген болатын: адамдар саясатпан, ғылыммен, өнермен, дінмен т. б. шұғылданбас бұрын, ең әуелі тамақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды», — деп халқымыздың тұжырымдағанындай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз-күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ. Олай болса, қоғамдық өмірдің мәні, қайнар көзі материалдық игіліктерді өндірумен тікелей байланысты. Қоғам материалдық игіліктерді өндіруді, сондай-ақ өндірілген материалдық игіліктерді тұтынуды бір. сәтке де тоқтата алмайды. Қоғамның онсыз мәні де, мағынасы да жоқ.  Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым – қатынастың мән – мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой – толғамдар жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар.
Адамзат тарихында даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі бұлтартпайтын өмірлік мысалға жүгінуге болады: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен, т.б. шұғылданбас бұрын ең әуелі тармақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. “Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды” – деп халқымыздың тұжырымдағандай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз – күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыспақ.
Танымның көптүрлігі. Ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс білімдер формалар жайлы қысқаша анықтама беріңіз.
Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуде таным теориясы деп атайды. Философия негізгі мәселесін дұрыс немесе бұрыс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және идеалистік) қалыптасты. Сонымен бірге адамның дүниені танып — білу мүмкіндігін жоққа шығаратын бағытты — агностицизм деп атайды.
Шындық пен нақты болмысты танудың диалектикалық жолы – тікелей байқап, сезуден бейнақты ойлауға, одан практикаға өту.
Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам жəне адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу.
Алайда таным мен оқу ортасында болатын маңызды ерекшеліктерді ескермеу мүмкін емес:
таным –бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам жəне адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шəкірттердің жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық бейімге келтірілген əрі қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен айналысады. Сонымен бірге, оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі тікелей не жанама, мұғалім болуын керек қылады, ал ғалым тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді.
 жаңалықтар ашуға арналған таным процесі ұзақты кезеңдік ғылыми ізденістерді қажет етеді. Ал оқу процесінде белгіліні қайтадан ашып, игеру жолы қысқа əрі мұғалім шеберлігімен жеңілдетіледі;
 таным процесі материалдық не рухани нысандарды қабылдауды талап етеді де, ал олардың шынайылығын практика дəлелдеуі тиіс. Оқу барысында мұғалім білім игеру процесі бөліктерін ауыстыруы жəне оны практикалық ептілік, дағдылармен кезектестіріп немесе біріктіріп жүргізуі мүмкін.
Сонымен, таным мен оқу процесі арасында қаншалықты ортақтастық болса, соншалықты айырмашылық та бар. Оқу процесі оқушының психикалық іс-əрекеттерінде жүріп жататын заңдылықтар негізінде өзіне ғана тəн ішкі қисындылық (логика) бойынша орындалады.
Қоғамдық сананың формаларын атап кетіңіз.
Сананың түрлері көп. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. олай болу үшін сана көптеген адамнеың ойын, мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін, уағыздайтын болу керек. Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Қоғамды сана – қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі, соның туындысы. Қоғамдық сана әр адамның жеке санасынан гөрі, жоғары, ауқымды. Жеке адамдар мен ғалымдардың айтқан сөздері көпшілік бұқараның көңілінен шықса, олар дереу ортақ ойға айналады. Ал, егер айтылған сөз көпшіліктен тегіс қолдау таппаса, әрбір адам айтқан төңіректе қалып қойса, ол сананың қоғамдық түріне айнала алмайды. Қоғамдық сана әрбір жеке адамдардың жай ойларының біріккен жиынтығы емес, ол  мағызды, объективтік дүниені бейнелеуі жағынан жеке санадан әлдеқайда жоғары, күрделі сана. Қоғамдық сана – өте ауқымдыда кең ұғым. Ол объективтік өмірді адам адам санасында жан-жақты бейнелеудің нәтижесі. Қоғамдық сананың түрлеріне тоқталмас бұрын ғылым мен мәдениетті өз алдына бөліп қарастырған жөн. Мәселен, ғылым өндіріске жақын, қазіргі құрал- жабдықтар – материалдандырылған ғылыми идеялар. Ғылым тікелей өндіргіш күштерге айналған. Олай болса, ғылым, бір жағынан, рухани құбылыс, екінші жағынан, материалдық құбылыс.
Саяси сана. Бұл таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдфқ ой формасы. Саяси идеология тап күресін, саяси партиялар мен мемлекеттердің мүддесін қорғау үшін пайда болған ж/е соны іске асырады. Саяси идеялар қоғамдық сананың барлық түрлерін қамтып, оларға ықпалын жасайды. Қоғамдық сананың қандай түріне болсын мұрындық болатын саяси сана. Саяси санадағы басты мақсат — әкімшілдік-әміршілдік жүйенің  қалдықтарын жою, демократиялық дүрдараз қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі қайшылықтары болса да, көп жағынан біртұтас өмір екенін ұғынып, соған көшу болып табылады.
Құқылық сана. Бұл сананы жасаушы үстем тап, оның көзқарастары Құқық дегеніміз, К. Маркс айтқандай экономикалық жағынан үстем таптың заңға айналдырылған еркі.   Құқылық сананың негізгі мақсаты демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен брстандығын қорғау. Біздің елімізде құқылық мемлекет орнатудың күн тәртібіне  қойылуына байланысты құқылық сананың маңызы орасан зор артып отыр. Қандай жұмыс жасалса да, ол құқылық принциптерге негізделген болу керек. Заңға бағынушылық, қабылданған заңды ешкімнің бұза алмауы – бәрі құқылық мемлекет құрудың басты нышандары.
Ғылым – танымның арнаулы формасына сипаттама беріңіз.
«Ғылым» деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады. Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика — өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына — механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына — тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пәндерді құрайды.
Мәдени кұндылықтардың жаттануы қоғам мен өркениеттің дағдарысының көрінісі ретінде сиппатама берініз
 Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады. Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн.Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:Адамды калыптастыру қызметі.Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді.
 Ғылыми және көркемдік танымды қалай түсінесіз.
«Ғылым» деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.
Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу.
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез,дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.
Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу),
47 Интиутивтік және дискурсивтік танымды сипаттаңыз.
Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды.
*Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.)- таным екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi деп түсiнiп, ал бiлiм енжарлы (пассивный) субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады.
*Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.)- әлеуметтiк таным теориясынның бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект дәне объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi, әлеуметтiкмәдени ортаға тәуелдiқалыптасатың адамның қабiлетi  деп түсiну.*генетикалық эпистемология (Ж.Пиаже 1896-1980, “Баланың тiлi мен ойлау қабiлетi”, “Логика туралы трактат”,“Интелект психологиясы”, швейцар психологы, генетикалық эпистемологияның негiзiн қалаушы, интелектiн дамуында төрт сатыны бөлдi:сенсомоторлық, операцияға дейiнгi, нақты операциялар кезенi, формальды операциялар кезенi, ал операция деп субъектiнiң iшкi әрекетi мен сыртқы заттық әрекетiнiң ттуындысыңтүсiндi) танымды объектi мен белсендi әрекет жасаушы табиғи (биологиялық) субъектiнiң арақатынасы деп түсiнедi. Осы қатынастардың негiзiнде, “субъектi объектiнi тану және оның мәнiң түсiну негiзiнде өзiнiң әрекеттерiн, оның интелект және ойлау операцияларын қамтитын, бiркелкi жүйеге ұымдастырады.”*танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, онаң ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.
Жоғарыда аталған тұғырнамалар мен қатар басқада теориялар бар, олардың арасындағы сындарлы (конструктивное) қарым-қатынас жүруге мүмкiндiк беретiн және гносеологияның дамуына ықпалың тигiзетiн.Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiнбелгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды.  Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие.
Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы  бейнеленуi. Олар, қоршаған айнала туралы жiктелмеген (дифференциациалған емес) және затталған емес әсерлер, дабылдық (белгi) және бағыттау қызметтерiн атқаратың.
 48 Ақиқат өлшемдері. Ақиқаттың нақтылығы. Ақиқат, адасу және жалған. Анықтама беріңіз.
Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымасілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.[1]Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді.Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельденбасталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.
Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді
Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен адасудың арасьш қалай ажыратып алуға болады? «Ақиқат елшемі» деп, әдетте, бір — қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз. Ақиқаттың елшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек:
ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек;
құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай елшемді табу ақиқатты адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.
Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп — тиімділікті, пайдалылықты және жайлылықты (прагматизм), енді біреулері жалпыға танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен қиыстыратын, ақикаттың формалды логикаөлшемімен шектеледі, төртішпілер білімнід ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың елшемі ақылдан тысқары шығарылмайды, сондықтан білім езімен-өзі түйықталады, ал акикатты айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мүндайда ақикат өлшемі шарттарын практика, демек, қоғамдық — тарихи үдеріс ретінде түсіндіретш материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады. Практика коғамдағы адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады.
49 Сезімдік және рационалдық таным формаларының өзара байланысын көрсетіңіз.  
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды. Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік таным және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекелеген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама-қарсы жағы‚ бір-бірімен өте тығыз байланысты, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оны көрнекті етіп көрсету үшін мынандай жіктелуді жасауға болады:
Сезімдік таным:
Тікелей бейнелеу;
Сыртқыны бейнелеу;
Жекеніі бейнелеу.
Рационалдық таным:
Жанама бейнелеу;
Ішкіні бейнелеу;
Жалпыны бейнелеу.
Бұл кестеде сезімдік танымды сипаттайтын әрбір ережеге қарама-қарсы рационалдық танымға тән ерекшелік көрсетілген. Мұның мәні танымда бір-біріне қарама-қарсы екі процесс өзара әрекеттеседі, оның біреуі шындықты тікелей қабылдаумен, сезімдік образды бейнелеумен, ал екіншісі абстракты ойлаумен тығыз байланысты.
Сезімдік таным-танымның төменгі деңгейі. Адамдар өзінің өмірлік іс-әрекетінде қоршаған ортамен тікелей қатынасқа түседі. Олар заттар мен заттық және адами қатынастар әлемінде өмір сүреді, өзін қоршаған ортада еркін сезіну үшін осы ортаның қисынын түсінуі қажет. Практикалық іс-әрекет процесінде адамдарда түйсіктер, қабылдаулар, елестер қалыптасады. Бірақ сезімдік тәжірибенің аясы тар. Сезімдік таным мен абстрактілі ойлау бір-бірімен тарихи және логикалық байланысқан. Сезім мен ақылдық өзара байланысы тіпті терең. Өйткені, адамның сезімдік образдары ойлы сипатта болады, олар тілмен тікелей байланысты, ал мұның өзі сезімдік образдарда әлеуметтік бағалаудың болуына меңзейді. Сонымен қатар, логикалық ұғымдар, абстракциялар танымда сезімдік тәжірибемен тығыз байланыста қолданылады. Сезімдік таным түрлері:
Түйсік;
Қабылдау;
Елес.
Рационалдық танымның бейнелеу түрлері:
Ұғым;
Пікір;
Ой-тұжырымы.
Метод және методология  ұғымы. Ғылыми методтар  типологиясың.сипаттаңыз.
Методология (грек. metodos – таным жолы, logos – ілім) :белгілі бір ғылымда қолданылатын танымдық әдіс-тәсілдердің жиынтығы;
танымның принципін, формасы мен әдіс-тәсілін құру жөніндегі ілім.
Методология адамның теориялық және тәжірибелік қызметін ұйымдастыру мен түзудің түпкілікті принциптері мен тәсілдерін жүйелі түрде сұрыптап, жан-жақты талдап, олардың қолдану аясын, мүмкіндіктерін, өзара байланысын, шындықтың өз қасиеттері мен заңдылықтарына сәйкестігін анықтап, философиялық-логикалық, танымдық-теориялық] тұрғыдан негіздеп, таным мен қоғамдық тәжірибенің әрі қарай дамуына жол ашады. Философия тарихында методологиялық мәселелер мәдениет дамуының деңгейіне сай шешіліп отырды.Ертедегі философиялық жүйелерде методологияның негізі салынды. Аристотель ашқан ойлаудың формалары мен заңдылықтары барлық ғылыми зерттеулер мен ғылыми жүйенің құрылысы үшін аса маңызды болды. Жаңа дәуір философиясында жаратылыстану ғылымының қарқынды дамуына байланысты методология теориялық ойлаудың негізіне айналды. Ағылшын философы Ф.Бэкон материяны және оның әр түрлі формаларын материалистік философия принциптері негізінде жан-жақты зерттей отырып, байқау мен экспериментке сүйенетін методологияның ең негізгі, тиімді әдіс деп есептеді. Р.Декарттың “Әдіс туралы ойлауында” Бэконның эмпиризміне қарсы қойған рационалистік әдісі де белгілі бір филосфиялық принциптердің салдары болды. Бұл дәуірдегі методологиялық ғылым ретіндегі философия математиканың философиялық құрылысын үлгі ретінде ала отырып, табиғи ғылыми жүйелілікке және дәлдікке ұмтылды. XVII-XVIII ғасырларда дәл ғылымдардың философияға әсерінің ұлғаюы жаратылыстанудың методология ретіндегі механикалық материализмнің кеңінен таралуына септігін тигізді. И.Кант “Таза ақыл” жүйесінің формальды шарттарын ашуға тиіс трансценденталды методология идеясын ұсына отырып, философияны методологияға айналдыруға ұмтылды. Кант одан кейін Г.Гегель қарапайым әдісті кез келген ғылым (механика немесе математика) үшін даму принципі етіп алғысы келмеді.XX ғасырда ғылым мен техниканың зор жетістіктері, қоғам өміріндегі күрделі өзгерістер, жаһандық мәселелердің туындауы методологияның ілгері дамуына, білімнің ерекше саласы ретінде бөлініп шығуына әкелді. Методологияның 3 деңгейі бар: философилық, жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми милософиялық методология – жалпы әмбебап әдіс туралы ілім, таным мен тәжірибенің жалпылама принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйесі. Жалпы-ғылыми методология ғылыми танымға ортақ жүйелілік, модельдеу, құрылымдық-функционалдық талдау, ықтималдылық секілді әдістерді зерттейді. Жеке-ғылымиметодология жекелеген ғылымдар саласында қолданылатын әдістерді, принциптерді ғыл. танымның деңгейлеріне қатынасында қарастырады. Методологияның деңгейлері бір-бірімен тығыз байланысып, философиялық-методологиялық принциптер мен тұжырымдарды нақтылайды, сондай-ақ терең негізделіп, сұрыпталып, өзінің қолдану аясын, мүмкіндіктерін анықтайды.
Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер.
Методология — зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы.
Эмпирикалық таным методтары: бақылау, өлшеу,салыстыру, эксперимент мағынасын ашыңыз.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді. Әдетте, ойша әрекет бағдарламасын жоспарлайды және алынған айғақтарға, демек, реалдылық туралы білімдерге сәйкес келетін түсінік береді.
Бақылау үдерісінде зерттеуші салыстыру және өлшеу операцияларын қолданады. Зерттеуші объектіні белгілі бір белгісі бойынша салыстырады, сонан кейін оны өлшейді. Өлшеу барысында субъективтілікті мейлінше азайтады. Ал өлшеу кезінде өлшеу құралдарын қолдану зерттеушіні физикалық үдерістерді тіркеудің; сезім органдары сияқты сенімсіз құралдарынан бас тартқызады.
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау жолымен әсер етуін айтамыз. Мұндай жағдайда зерттеуші алдын ала объектінің белгісіз (жасырын) сипаттарын ашу үшін, оның өту жағдайларын өзгерте отырып, табиғи үдеріс барысына енеді.
.Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Теориялық танымның  методтары: анализ және синтез, индукция және дедукция, иделизация және моделдеу. Жүйелі қатынас.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері  ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың  пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін — өзі жоюшы нәтижеге алып келеді  (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден  объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
— анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
— синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
— абстракциялау — зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
— жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
— индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
— дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
— аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі,  басқаша айтқанда, аналогия — ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның  екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
— классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Абстрактіліктен нақтылыққа өту жолы диалектикалық логиканың методы ретінде сипаттама беріңіз.
Логикалық әдіс — белгілі бір логикалық жүйеге келтірілген жаңа білімге жету тәсілдерінің жиынтығы. Философия мен басқа да ғылымдар тарихында әр түрлі Логикалық әдістер дамыған. Мысалы, Аристотельдің дедуктивтік-силлогистиктік әдісі, индуктивтік-логикалық әдіс, аксиоматиктік әдіс, гипотетиктік-дедуктивтік әдіс, диалектикалық-логикалық әдіс, т.б. ұыл. зерттеуде Логикалық әдіс туралы мәселе күрделі объектілерді теорияда талдау кезінде туындайды. Мұндай объектілерді теория жүзінде қайта жаңғырту үшін диалектикалық-логикалық әдіс қолданылады. Ол үшін оны неден бастау керектігін, яғни бастама мәселесін қарастыру қажет. Бастама ретінде зерттеліп отырған жүйенің ең қарапайым қатынасы, “торлы көзі” алынады. Мұны талдау кезінде оның қайшылықтары ашылып, оларды шешу жолдары сараланады. Диалектиканың категориялары мен принциптері осындай талдаудың жалпы қаңқасын анықтап береді. Диалектикалық-логикалық талдаудың бұл жолын абстрактіліктен нақтылыққа өту әдісі деп атайды.
 54 Ғылыми танымның мәні  және құрылымы; проблема, гипотеза, теория. К. Поппердің ғылыми танымның дамуы концепциясының мағынасын ашыңыз.
Ғылыми таным – танымның ең жоғарғы пішімі. Ғылыми таным рационалдық сипатының басымдылығымен сипатталатын өте күрделі құбылыс. Ол негізінен ұғымдар жүйесі, теориялар, заңдар сияқты басқа да ойлау процестерінің түрлері арқылы айқындалады. Әрине, мұнда сезімдік танымның рөлі де жоққа шығарылмайды, алайда ол ғылыми танымның теория ауқымында жанама, екінші рөл атқарады. Ғылыми таным құбылыстар мен процестердің ішкі әмбебаптық байланыстары мен заңдылықтарын эмпирикалық білім мен ақыл-ойға табан тіреп, рационалды түрде сараптау арқылы бейнелейді. Мұндай сараптау ұғымдар жүйесі, ой қорытындысы, заңдар, категориялар мен принциптер сияқты жоғары дәрежедегі абстракциялар жүйесі арқылы іске асады. Ғылыми танымның ең маңызды міндеті – мейлінше ақиқатқа жету, оның мазмұнын жан-жақты ашу. Осы міндетті іске асыру үшін ғылыми танымның көптеген тәсілдері кеңінен пайдаланылады, оларға: абстракциялау, идеализациялау, синтез,дедукция, асбстрактіліктен нақтылыққа өрлеу, тарихилық және логикалық әдістер жатады. Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді.
Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.
Теория – бұл тәжірибенің, практиканың және бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда уақыт өте келе пештің суығанын, ал бөлме ішіндегі ауа қызғанын байқаймыз.
Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар әдетте мына пікірлер кейпінде болады. Егер: А және В арасында R қатынасында болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: алғашқы және теориялық.
55 Ғылымдағы түсіну проблемасы. Түсіну типтері және деңгейлері. Түсіну және  түсініктемені айқындап көрсетіңіз
Тусіну – ойлау әрекетінің нәтижесінде белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мағынасы жайлы ой-тұжырымға келу. Тусіну мүмкіндігімен сан алуан құбылыстардың себеп-салдарын, елеулі белгілерін, өзара байланысын, маңызы мен мағынасын ұғынуға болады. Басқа адамның амал-әрекетінің, ой-пікірінің мазмұнын ұғынуда, кез келген ақпаратты қабылдап, оған лайық ой түю түсіну арқылы жүзеге асады. Түсінудің арқасында адам қоғамдық және мәдени ортада, өзара қарым-қатынаста, ақпараттық кеңістікте өз орнын, өзіндік ой-пікірінің лайықты мүмкіндігін айқындайды. өзгенің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын түсінбей тұрып, өзіндік ой-пікір тұжырымдау, қарым-қатынасқа түсу мүмкін емес. Сондықтан түсінудің алғышарты өзгемен санасу, оны мұқият тыңдау. Ғылымдағы түсіну жүзеге асуы үшін арнаулы методол. ережелер, логик. қисындар, ғыл.-теор. нәтижелер пайдаланылады. Мәселені дұрыс түсіну үшін адамға тиянақты, саналы білім, ақыл-парасат, дағды қажет. Түсіну үшін мәселенің негізгі мәнін іздеу, түйінін шешетін сұрақ қоя білу, дәл тұжырымдау, жалпылау, топтастыру, т.б. шарттарды орындау керек.
 
Таным процесiнде адам әр-түрлi бiлiмдер алады, бiрақ ол әрдайым не бiлетiнiң түсiнеме ? Мысалы, әр адам телевизордың пультiнiң қай кнопкасына басу керек екенiң бiледi, ал әр адам бұл дистанционды процесс қалай өтетiнiң бiлеме? Немесе студен белгiлi бiр қағиданы жаттап алып, оны практикалық жұмыста қолдана алмайды, өйткенi ол оны түсiнбейдi.  Және кейбiр жағдайларда “түсiну” терминiң кейбiр бiлiмдерге қатысты қолданған орынсыз, мысалы адам өз қаласын, тұратың көшесiн т.б. жақсыбiле алады; бiрақ мұнда бiлiм туралы айтқан жөн бе?
Соымен, “бiлу” және “түсiну” дегенiмiз бiр ұғым емес. Түсiну-бұл ең бiрiншiден мәнге терең үнiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша. Түсiну- дегенiмiз бұл процесс те, сол сәтте бiрдененiң мән-мағынасын тану да. Түсiнудiң мұндай анықтамасы оны екi тұрғыдан қарастыруға мүмкiндiк бередi: 1) табиғи және (формальное) нысаншылдық тiлдердi логикалық және семантикалық тұрғыдан түсiну дi бiлдiредi, бұланалитикалық философияға тән, жалпы әленiң модельдерi арқылы; 2) текстер мен мәдени құбылыстарды түсiндiру процедурасымен байланысты, оның мақсаты шындық дүниенi және адамның танымының ерекшелiктерiн түсiну.
56 Қазіргі қоғамдағы тұлғаның қалыптасуы,оның рухани- адамгершілік даму ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
Әрбір дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол  қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық –саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді. Бұл сатылардың әрқайсысында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Мысалы, “әке мен бала” мәселесі.
Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер.
Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, құндылықтары жатады. 57 Ғылым — танымның арнаулы формасын айқындап көрсетіңіз.
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады.Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі.Ғылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды.Қысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді
 
 
58 Ұстаз бен шәкірт таным процесіндегі негізгі құндылық компоненттерін атап көрсетіңіз.
Біреудің табиғаты (жаны) – ұстаз, біреудің кәсібі – ұстаздық. Алғашқысын туа бітті ұстаз, соңғысын жүре келе қалыптасатын ұстаз ретінде мінездеуге болады.Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті.
Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп, оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап отыратын болса, онда шәкірт мінезінің ұнамды қасиеттерін бірізділікпен қалыптастыруға болады
59 Қазіргі қоғамдағы «ғылым» және «адамгершілік»мәселелеріне тоқталып өтіңіз. 
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым-қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі қоғамдағы сан-салалы мәселелер ғылымның көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс.Ғылым – тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бұл әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бұл үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Ғылым – адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерекшеліктері мен мақсаттары бар, бұларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол – тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Ғылым – жаратылыс туралы обьективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бұл түсініктің мазмұнына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механимздері кіреді.
ғылым дегеніміз – арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған обьективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру-табиғат обьектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу-жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу-қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін көрсету;
4) болжам жасау – дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қортынды жасау – табиғаттағы болып өткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау 
60 Жаңа өркениеттегі ақпараттық қоғамның рөлін көрсетіңіз.
Ақпараттық қоғам — өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларн құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950—1970— шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық «техникаландырылған»және «ақпараттандырыл-ған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер)

Приложенные файлы

  • docx 26448226
    Размер файла: 150 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий