СЫН ТОЛЫК ЖАУАП


1.Халыктык эстетика
Талай ғасырданбері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті эстетикалық мұратты қалыптастыру барысында елдік пен ерлікті, әсемдік пен сұлулықты, әділдік пен имандылықты ардактауды, қадірлеуді, жалғандық пен жамандықтан, зорлық пен зомбылықтан, ажарсыз бен көріксіздіктен жиренуді уйрету , ұғындыру арқылы жұрттың көркемдік талап талғамын жетілдіруде озық үлгі өнегесі бар ауыз әдебиеті көне дәуірде де, бүгінгі заманда да өзінің ықпалынан арылған жоқ. Мысалға ертегілерді алайық. Одан керемет поэзия желі еседі, көркемдік шеберліктің тамаша үлгісі көрінеді. Халық ертегілері әрқашанда адамды тәрбиелеудің тамаша құралы болып , әділдік жолында бас байлатып, зұлымдықтан жирентеді. Пушкинді еске түсірейікші, ол балалық шағында ғана емес , атақты ақын болған кезінде де Арина Родионованың айтқан ертегілерін құмарта тыңдаған. Осы ойды қазақтың халық батыры , жазушы Бауыржан Момышұлының: «Менің осы күнгі келіндерім бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатканда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қала ма деп қорқамын» -деп қоюлата түскені тағы бар.Халық даналығынан туып , тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақал мен мәтелдердің өміршеңдігін, жиіқолданылатындығын ,оның эстетикалық қуаты мен қауқары , әсері мен ықпалының молдығын кім жоққа шығара алмақ? Ән әуені естілген жерде қуаныш шаттықтың желі еседі.Халықтын өнер сайысына, ақындар айтысына айрықша ілтипат білдіруі тегіннен тегін болмаса керек. Бұл күнде тұрмыс салт жырлары той томалағымыздың сәніне айналуда Фольклордың қай туындысын алсақ та ғибрат айтарлық , жөн жоба мен үлгі өнеге көрсетерік қасиеті мол. Мұның бәрі де халаһық пікірі, келешек ұрпақты тәрбиелеудің эстетикалық құралы деп тануды қажет етеді. Тіпті тұрмыс салт жырының бір саласы бет ашардың мәніне назар аударайықшы. Қайың жұрттың бар адамын мінезде , сипаттай келіп , жас келінге олардың әрқайсысына қандай сый құрмет көрсетуді айтқанда ибалы тәрбиенің қағидаларымен қатар тіршілікке қажетті іс әрекеттерді түсіндіруі басым жатады. Демек мұның өзі тек дидактикалық сипат алып қана қоймай,ғасырлар бойы тәжірибеде шыңдалған шындықтарды іріктеп , сұрыптап айтуға негізделеді де , эстетикалық мәнге ие болады. Творчестволық саралаудан өткен осындай көзқарастың халықтың сыншылық ой пікірі көрінедіХалық ауыз әдебиетінің ең көне түрлерінің бір айтыс жанры. М. Әуезовтың сөзімен айтқанда ,«өлең жарысы , өнер жарысы» ретінде «ақынның сынға түсетін майданына »(Е.Ысмайылов) айналды.
2.Көне дәуірдегі әдеби сын
Бағзы замандардан өнер мен талғам қатар жүрген. Талғам тек тамсанудан ғана тумайды. Жақсы мен жаманның ,ізгілік пен зұлымдықтың , сұлулық пен жарсыздықтың ара жігін ажырататын таным білік, парасат, түсінік әрқашан әділдік туын тіккен. Бұл процесс халықтық эстетикада ғана емес , көне замандағы түркі ескерткіштерінде ,ортағасырлық жазбаларда, мұсылман, қараханит, Алтын Орда замандарындғы, Қазақ хандығы тұсындағы жыраулардың ,шешен билердің туындыларында , мемлекет қайраткерлері мен ғұламалардың тарихи зерттеулерінде, жарғыларында кездеседі. Қазақстанның кең өлкесін жайлаған тайпалардан қалған ескерткіштер ежелгі мәдениет үшін де ,оның әр қилы салалары үшін де айрықша құнды. Сондықтан V- XV ғасырларда жасалған рухани байлықты бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасынан бөлмей,әр халық өзіне қатысты барларын жалпының бөлшегі ретінде зерттеп , өзіндік ианым білікке пайдалануға тиіс. Сондықтан қазақ әдебиеті сынының қайнар көзі , мәнді бір арнасы ретінде сонау көне заман ескерткіштерінен бастау алғаны жөн . Көне дәуірдегі туындылардың көркемдік сипатына Б.Кенжебаев пен Ә.Марғұлан Ұлы Отан соғыысына дейінгі кезеңде ақ көңіл аударды.Ал «V-VIII ғасырлардағы халық фольклорында эпостық поэзияның Орхон ескерткіштерінде жазылып қалған ең ертедегі ақындық тәсілдері мен дәстүрлері белгілене бастаған. Бұл поэзияның элементтерін Күлтегін мен Білге ханның басына қойылған құлпытастардағы жазулардан көруге болады. Бұл жазулардың тексі эпостық әңгіме стилінде жазылған. » Көркемдік танымның алғашқы элементтеріне жататын пікірлер мен бейнелі ойлар Орхон Енисей , Талас Шу ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Мәселен , «Табғаш халқының сөзі тәтті , бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып ,түркі халқы қырылдың, түркі халқы жойылдың»дегендерді де немесе «Қол қосылса –күш өсер », «Жұқаны таптау- оңай, жіңішкені үзу- оңай » деген мақал –мәтелдермен қатар «Орхон» ескерткіштерінде шешендік арнаудың , келісімді ырғақтың , ойлы мақалдың , азалы жоқтаудың үлгілері көп ұшырасуы халықтың эстетикалық таным білігін , сайып келгенде , көркемдік түсінігін қалыптастыра беруге септігін тигізді. М.Әуезов сол жазуларда «эпостық аңыздардың шағын да ықшам фабулалық желілері бар» деп тапқан болатын. Қорқыт әфсаналары мен «Оғызнамадан» біз талай үлгілерді көреміз. Қорқыттың Желмаямен желіп жүріп жерұйық іздегенде әр өлке- аймаққа берген
нақыл, өсиет сөздерде «Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді», «Ескі темір біз болмас , ескі дұшпан дос болмас», «Күйің үшін өлейін, құлыным», «Тізгінсіз тіл бас жұтқызар», «Ақын тілі қақсауық » дегендерде сыни көзқараспен қатар пәлсафалық ой ағыны күшті екенін көреміз.
3.ХV-XVIII ғасырлардағы ақын-жыраулар поэзиясындағы сын
Қазақ халқының HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/15_ғ."XV—XVII ғасырдағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Ауыз_әдебиеті"Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVIII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болғанжыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.Шалкиіз жырау қазақ жыраулық HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Поэзия"поэзиясының атасы саналады.ШалкиізТіленшіұлы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1465"1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді.Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Жапырағы_жасыл_жаутерек&action=edit&redlink=1"Жапырағы жасыл жаутерек, Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен. Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде: HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Құдайға_құлшылық_ету_тек_Меккеге_барумен_Ó%10"Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен өлшенбейді, — дей келіп, былай түйеді:
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Төңіріңнің үйі көбені,
Сұлтан ием,Қарсы алдыңнан жасапты.
Деген жолдарда да адамгершілік, ізгілік, парасаттылықтың адамның бойында табылса ардайым жақсылық жанынан табылатынын кереметт жеткізген. Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі — HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Абылай_хан"Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез.. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын есіне салатын:
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай үл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшағаҚызметші болып тұр едің —
Қалтақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердіңТүйесін баққан құл едін...
Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған.XVIII ғасырдағы жыраулардың ен, көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудыңҚанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады.
4.Жаңа заманның жаңа эстетикалық идеалы.
Қалай десек те Қазан төңкерісінен кейін жаңа заман басталғаны анық. Қазақ даласындағы азын аулақ өндірісі бар қалалар мен кәсіпорындарда жұмысшы, шаруа , солдат депутаттарының кеңестері (совдептері) үш төрт ай ереуілдегені болмаса ,1920 жылдың ортасына дейін Қазақстанда жайма шуақ күн болған жоқ. Ақтар қашты, қызылдар қуды,әйтеуір қазақ сахарасы жынның ойнағына айналды. Құлағаны да , орнатайын деп жатқаны да елдің зәресін ұшырды.Халық азды , жүдеді.«Қазақ елінің оңаша отауын құрамыз . Ресейдің қол астында автономиясын алып береміз» деген алаш қозғалысының идеясын ресейде орнап жатқан не большевиктер өіметі ,не тарихи сахнадан шығып бара жатқан уақытша үкіметтердің бірде бірі қолдамады, мойындамады. Соның салдарынан 1919 жылы науырызда Байтұрсынов , Дулатов бастаған Торғай отряды кеңес үкіметжағына шыққаннан кейін не істерін білмей , Алашорда қожырай бостады. Ақпан революциясын қуанышпен қарсы алған халық Қазан төңкерісіне жылы қабақ көрсетіп, жүгірмегенімен ,жетектеуге оңай көнді. Өйткені патша заманында көрген қорлығы қайтып орала ма деп қорықты, буржуазиялық бостандықтың дәмін тата бастағанмен ,не екенін айыра алмай қалды , әйтеуір кедей кепшікті жақсылыққа бастаймыз дегендер көп болды. Қазан төңкерісінің дүрмегіне ілескендердің қай қайсысы болмасын көпшілікті қызықтырған идея соңынан түсті де кетті. Бұл идеяның « бұрын езіліп ,тапталған ,қорлықты көп көрген еңбекшілерді , кедей кепшіктерді дүниенің әміршісіне айналдырамыз » деген ұранның тартымдылығы күшті болды.Жиырмасыншы жылдардағы қазақтың әдеби сынына сол кездегі қоғамдық сана мен көркемдік таным түсініктің деңгейінен қарау шарт. Төңкерістен кейінгі 10-15 жылда әлеуметтік және эстетикалық көркемдік ізденістің қуаты ,екпіні айрықша күшті болды. Өйткені тұрмыс тіршілік те , сана сезім де дәуір толқынына кезекті де , ескіні қирату, жаңаны орнықтыру процесі мейлінше қатты жүрді. Бұл –бір. Екіншіден, патша заманында тұншыққан ой пікір демократиялық негізде ағыл тегіл айтылуына мүмкіндік туды . Жиырмасыншы жылдары ойды тежеу ,сақтана сөйлеу , көрбілтелеп айту машығы болмады. Үшіншіден , «Бойшыл, ұлтшыл жазушылардың творчестволық жағынан профессионалдық дәрежеде болғанын , оқыған , білімді екенін бүгуге , әрине , болмайды »
5.Жиырмасыншы ғасырдың басындағы әдеби сын.
Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ кітаптарының шыға бастауы сыншыл ойлардың ояна түсуіне жағдай жасады. Әсіресе 1909 жылы үш бірдей кітаптың- Абай өлеңдерінің, Ахметтің «Қырық мысалының » және Міржақыптың «Оян қазағының! » шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, сыншыл ойлар өрісін де кеңейте түскен айтулы оқиғаға айналды. Арғы бергі әдебиет жайлы жазылған мақалаларда Абайға соқпай өтпейтін болды. Тіпті әлеуметтік мәдени өмірдің түрлі мәселелеріне арналғандарының өзінде де ойға дәйек ретінде Абайға жүгіну жйі кездесті.Қазақ әдеби ой-пікірлерінің дамуында «Айқап» журналы мен «Қазақ газетінің» шығып тұруы тарихи рөл атқарды. Әсіресе әдебиет пен мәдениет айрықша назарда тұрды. Ұлттық бағыттағы өлеңдер жиі жарияланды. Қазақ әдебиетінің жай күйін, болашағын айқындауға сол кездегі ұлт азаттық бағыттағы қазақ қаламгерлерінің дені қатысты. Ә. Бөкейханов Абайдың ұлылығын алғаш танып, халыққа таныстыруға, насихаттауға айтарлықтай кңбек сіңірді. Абай қаитыс брлған соң, ол семейде орыс тілінде шығып тұратын «Семипалатинский листокта» ақынның өмірбаянымен таныстырған қазанама жариялады. Абай өзінің бар қабілетін, дарынын ел арасындағы дау дамай мен кемшіліктерге қарсы күреске жұмсауға мәжбүр болған «самородок» еді дейді автор.Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының тек қазақ көлемінде қалып қоймай, туысқан түркі халықтарына да көз салып отырғандығы көрінді. Татар Р. Тоқай, башқұрт Ә. Дибай жайлы мақалалар осыны аңғартады. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің елеулі оқиғаның бірі Есенғұл Мамановтың романға бәйге жариалауы болды. Қазақ газетінің 1914 жылғы 52 нөмірінде Есенғұлдың «Бәйге тігемін» атты хабарламасы мұнда орл өлген баласының құрметіне қазақ романынына бәйге жариялайтынын мәлімдеген.
6.Отызыншы жылдардағы әдеби сын.
32жылы партияның «Көркемөнер ұйымдарын қайта құру» қаулысы шығып, шығармашылықты жақсартуға бағытталған қадамдар жасалды. Әдебиеттің сын саласына білімді жастардың, әсіресе, сынды өздерінің өнерпаздық арнасы деп таныған Е. Ысмайыловтың, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Мансұр Ғатауллин, Рахымжан Жаманқұлов, Рахым Уәлиахметов, Әлібек Қоңыратбаев, Құлмырза Өтепов сияқты сыншылардың алғашқы қадамдарын сыннан бастаған С. Ерубаев пен З. Шашкин, Х. Есенжанов сынды жазушылардың қазақ әдебиетінің әлеміне келуіне байланысты білікті, мәдениетті, эстетикалық сауатты сын өріс алып, аз жылда жетекші тенденцияға ие болар деген үміт оты жылт етті. Қазақ сынының шуақты кезеңі (отыз екінші жылдың екінші – отыз жетінші жылдың бірінші жартысы) шын шығармашылыққа бұрылды. М.Әуезов өзінің ашық хатымен әдебиетке қосылды. Отыз екінші жылдың желтоқсанында Жазушылар Одағының пленумы болып, Ілияс Жансүгіров төраға сайланды. Әдеби атмосфераны жақсарту жөнінде бірқатар игілікті қадам жасалып, сынның сөз саптауы инабаттылыққа ауыса бастады. Шығармашылық айтыс түсінісуге беттеді, бірін-бірі құптай да мәдениетті міней сөйлеу машығы сіңе бастады. «Сын майданын көтермелеуіміз керек» деп Қ.Өтепов өткен-кеткенді біраз шолып, Б.Кенжебаевпен екеуі «Тағы да әдебиет сыны туралы» мақала жазғанда «пәлсафалы сынның» болмағандығын үлкен айып санап, өздері сынға келген кезден тарихты тарихты бастау дағдысына ойысқанмен де, білім толықтыруға, мәдениетті көтеруге, жікшілдіктен безуге шақырды. Ақын жазушылардың туындыларына «дербес сынды өркендетіп, жеке шығармаларды сынау үшін әдебиет сыны методологиясын жасауымыз, шешуіміз, айқындауымыз керек» деген ұсыныс жасады. Бұл ойды Ғ. Тоғжанов «Қазақ әдебиетіндегі сын туралы кейбір ойларымыз» деген мақаласында жалғастыра түсіп, отыз екінші жылдан шыққан елу шақты кітапқа бірде-бір дұрыс сын жазылмады деп білді және «өткен жылдардағы сынның бәрін бүйтіп мансұқ қылу әрине дұрыс пікір емес. Дұрыс емесі былай тұрсын бұл зиянды пікір» деп табады да, дербес сынды күшейтуге үндейді.
7.ҚазААп-тың тұсындағыәдеби сын.
1925 жылы12 маусымдаҚазАПП – тың(Қазақтың пролетар жазушыларының ассоциациясы) ұйымдастыру бюросы құрылды. Оның платформасы жарияланып, мүшелер тартыла бастағанымен, пәрменді жұмысы аздау болды. Негізгі күш жігер газет бетінде айтыс ұйымдастыруға бағытталды. Бұл тұстағы әдеби сында яғни 20-жылдардың екінші жартысында РАПП-тың ұрандарына бой алдырды, дөрекі социологизмнің желі мықтап көтерілді. Ақын-жазушыларды бүгінгі күн шындығын суреттеуге үндеген ұран көбінесе социологиялық арнамен өрбіді де, эстетикалық таным жапа шекті. М.Қайыпназаровтың сөздерінен, ҚазАПП жиын-съезінің қаулыларынан кездестіреміз. ҚазАПП-қа екі үш жыл басшы болған ол «Пролетариат-колхозшы әдебиетіміз қазіргі қарқынға ере алмай келеді, артта қалып келеді. Осы күні партиямыз түрлі саяси-шаруашылық науқандарын жүргізіп жатыр: мал дайындау, астық дайындау, егіс науқаны, жаппай оқу, колхоздану т.б. Осы туралы біздің пролетариат бағытындамыз деген жазушыларымых: Сәбит, Сәкен, Ілияс, Бейімбет т.б.лары төселіп, ештеңе жаза алмай жүр » деді. 1929 жылы «Тар жол тайғақ кешу» мен «Нәзірдің сыны туралы», «Әдебиеттегі Смағұлшылдық» (Ә.Тәжібаев), «Сәдуақасовшыл Мұстанбайұлын тазалау талқысында», «Әдебиет майданында», «Пролетар әдебиеті жөніндегі айтыстар» (Сәкен), «Әдебиеттегі жікшілдікке қарсы», «Жолдастарға жауап» (Ғ.Мүсірепов), «Сәбит, ейімбет, Ілиясқа жолдастық хат» (Ғ.Тоғжанов) сияқты мақалалар жауып кетті. Сонымен ҚазАПП сыны дәуірлеп тұрғанда әдеби шығарманың көркемдігіне назар өте аз аударылды. 30-33 жылдардағы көп шығармалардың өлі тууына, жансыз «поэзияның» мол болуына дөрекі сын кең жол ашты да, жалпы әдебиеттің дамуына кесірін тигізді.
8.Абай өнері әдеби сында.
Қазақ әдебиет сынының туу дәуірінде оның эстетикалық өрісін едәуір биікке көтеруге себепші болған шешуші фактордың бірі – ұлы Абай творчествосы. Қазақтың сыншылдық ойының оянып, туа бастау шағында ұлы ағартушы-демократымыз Шоқан, Ыбырай және Абай қоғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбіткенімәлім. Шоқан Уалиханов өзінің әдебиет жайындағы ой-пікірлерін ғылыми арнамен, Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйемен баяндаса, Абай Құнанбаев эстетикалық таныммен тұжырымдады. Демек қанатын қомдап, ұшуға талпынған сәби сынға бұл үш сала, яғни ғылыми, педагогикалық және эстетикалық баяндаулар мен танымдар үлкен таяныш болып оның алар қамалдарын, асар асуларын бірсыдырғы дәл белгіледі. Келешектегі социологиялық – эстетикалық ойлардың озық та мәнді, өрелі де биік деңгейіне жөн-жоба көрсетті.Қазір Абайдың өмірі мен шығармашылығының қыры мен сыры түгел аян. Зерттеу еңбектері, әсіресе әуезовтың Абай жолы эпопеясының ұлы дарынның қадір қасиетін жұрттшылыұұа танытты. Абай жөніндегі тқңғыш еңбек Кәкітай Ысқақұлының «Абай(Ибраһим) Құнанбайұлының өмірі» атты мақаласы. Осы мақалады К. Ысқақов З мәселені баяндауды мақсат еткен, бірінші, Абайдың ата тегі және оның Абайдың ақындық өнеріне жасаған әсері, екінші, Абайдың әлеуметтік өмірі, үшінші, кемеңгер ақын шығармашылығының негізгі идеялық эстетикалық арнасы. Кәкітай мақаласының шоқтығын көтеретін мәселелер Абайдың қоғамдық өмірі мен өнерпаздығына объективті талдау жасауға талаптанған бөлімдері. Абайдың аты тұңғыш рет «Дала уалаяты» газетінде аталған ж\е «Айқап» журналының бетінде емін еркін орын алған. Абайдың шығармаларын насихъаттау ісінде қазақтың тұңғыш журналисті Назипа Құлжанованың еібегі айрықша. Абайды еске түсіру кезінде баяндама жасаған Назипа «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да Абай секілді, бәлки онан да артық данышпандар туғызар» дегенде, тыңдаушы қазақтардың ішінде көзіне жас алғандар да болды. Сөйтіп, Абай шығармашылығы ж\е өнегелі өмірі Қазан төңкерісіне дейін орыс қазақ тілінде жарияланған арнайы мақалалалар мен еңбектері қазақ еліне жария болды
9.Жиырмасыншы жылдардағы әдебиеттану.
Төңкерістен кейінгі 10-15 жылда әлеуметтік және эстетикалық-көркемдік ізденіс күшті болды. Патша заманында тұншыққан ой-пікір демократиялық негізде ағыл-тегіл айтылуына мүмкіндік туды. 1920-1925 жылдар аралығында әдебиеттің жалпы проблемасынан гөрі жеке дарындардың күш қуатын, алған бағытын, ұстанған мұратын айқындау мәселесі төңірегінде пікір сайыстары болды. С.Сейфуллиннің қоғамдық, мемлекеттік ісі, әлеумет алдындағы абыройы 1922 жылы үш кітабын «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Қызыл сұңқарлар» төңкерісшіл пъесасы, «Бақыт жолында» драмасын шығаруға мүмкіндік жасады.1926 жылы А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегін жариялауы қазақтың эстетикалық ойының заңды жалғасы. 20-жылдардағы сын Сәкен, Мағжан, Мұхтар төңірегінде көп болды. Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» пъесасын бірінші болып Әуезов сынады. Оған нәзірдің «асау тұлпар» жинағын сынап жазған мақалары қосылды. Н.Төреқұлов Мағжан хақында былай деді: «Мағжанның өлеңінде қазақтың шаруашылығына, әдебиетіне, саясатына үлкен қарсылығы бар. Мағжан ақын, бірақ қазақ ақыны емес, қазақтың тұрмысынан айрылған ақын». 20-жылдары ойды тежеу, сақтана сөйлеу машығы болмады. 20-жылдардың эстетикалық-сыншылық бел-белестерін әңгімелеген уақытта сынды өзінің негізгі өнерпаздық арнасы санағандарды, өз еңбектерімен қазақ сынын биікке көтергендерді атай кеткен жөн. Олар: Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Мәжит Дәулетбаев сынды көркем шығармаларымен жарқырап көрінген, өздерінің көзқарасын ашық жазған тұлғалар еді. 20-жылдары қазақтың профессионал сыншылары айқындалып, өнерпаздық келбеттерін таныта бастады. Олар: А.Байтұрсынов, Ғ.Тоғжанов, Ә.Байдилдин, Ж.Сәрсенбин, Қ.Кемеңгеров, Д.Ысқақов, А.Байтасов, Б.Кенжебаев, Ә.Мәметова т.б.
10.Отызыншы жылдардағы әдеби айтыстар.
Жалпы қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде өтілуі 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды.Басқа ақын-жазушыларымызды былай қойғанда, қазақтың шын мәніндегі көркем әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы классигіміз Абай творчествосының өзі де 20-30 жылдардағы әдебиет сындарында маркстік тұрғыдан дұрыс баға ала алған жоқ. Абайдың өмірбаяны, творчествосы туралы жазылған мақала, қызу айтыстар көп болды. Бірақ Абай творчествосының тарихи-әлеуметтік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін оқушылар дұрыс ұғынарлық қорытындыға олар келе алмады. Өйткені ол кездегі сындарда ұлы ақынымыздың бізге қалдырып кеткен құнды мұрасын зерттеу, тарихи рөлін айқындау үшін керекті мәселенің өзі дұрыс қойылмады.Айтысушылар «Абай феодал ақыны ма?» әлде «Жаңа туып келе жатқан буржуазия ақыны ма?» деген сұрақтардың төңірегінде айтыс ашып, сол сұрақтарға Абай творчествосынан жауап іздеді. Олар өздерінің көзқарастарын дәлелдеу үшін марксизм классиктерінен үзінділер келтіріп, оны Абай творчествосына жанастырмақ болып талпынса да, тұрпайы социологиядан ұзап кете алмады. Абайдың туысы мен тегі, өскен ортасы олардың әрдайым көз алдарында тұрды. Бұған қарағанда ол не феодал, не қазақ байларының жыршысы болуы шарт деген қорытынды шығарып, ұлы ақынның творчествосын түгел алып қарауға, ондағы прогресшілдік, халықтық, демократтық, интернационалдық идеялар, эстетикалық тәлім-тәрбие беруде Абай творчествосының рөлі қандай еді деген сұрақтар ол кездегі сыншы-зерттеушілеріміздің назарын көп аудармады. Абайдың творчествосындағы демократтық идея еске алынбады. Еске алынса не жалаң адамгершілікке, не либералдыққа апарып тіреді. «Абай - ақсүйек, атасы Құнанбайдай ел билеген жуан жұдырық. Бұдан еңбекшілерге ешбір жақсылық жоқ» деген солақай пікірді еске алмағанда, Абай жөнінде негізгі пікір екеу-ақ: 1) «Абай - ескішіл-феодал табының ақыны»; 2) «Абай - қазақтың жаңашыл буржуазия табының ақыны». М.Әуезов, С.Мұқанов тәрізді үлкен жазушы, ғалым әдебиетшілеріміз де ол жылдарда Абай туралы кейбір қателіктер жіберсе де, 30 жылдардан кейін олар өзінің ол қателерін түзеп, Абай творчествосына халықтық, демократтық тұрғыдан баға берді.
11. 1930 жылдағы әдебиеттану.
32жылы партияның «Көркемөнер ұйымдарын қайта құру» қаулысы шығып, шығармашылықты жақсартуға бағытталған қадамдар жасалды. Әдебиеттің сын саласына білімді жастардың, әсіресе, сынды өздерінің өнерпаздық арнасы деп таныған Е. Ысмайыловтың, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Мансұр Ғатауллин, Рахымжан Жаманқұлов, Рахым Уәлиахметов, Әлібек Қоңыратбаев, Құлмырза Өтепов сияқты сыншылардың алғашқы қадамдарын сыннан бастаған С. Ерубаев пен З. Шашкин, Х. Есенжанов сынды жазушылардың қазақ әдебиетінің әлеміне келуіне байланысты білікті, мәдениетті, эстетикалық сауатты сын өріс алып, аз жылда жетекші тенденцияға ие болар деген үміт оты жылт етті. Қазақ сынының шуақты кезеңі (отыз екінші жылдың екінші – отыз жетінші жылдың бірінші жартысы) шын шығармашылыққа бұрылды. М.Әуезов өзінің ашық хатымен әдебиетке қосылды. Отыз екінші жылдың желтоқсанында Жазушылар Одағының пленумы болып, Ілияс Жансүгіров төраға сайланды. Әдеби атмосфераны жақсарту жөнінде бірқатар игілікті қадам жасалып, сынның сөз саптауы инабаттылыққа ауыса бастады. Шығармашылық айтыс түсінісуге беттеді, бірін-бірі құптай да мәдениетті міней сөйлеу машығы сіңе бастады. «Сын майданын көтермелеуіміз керек» деп Қ.Өтепов өткен-кеткенді біраз шолып, Б.Кенжебаевпен екеуі «Тағы да әдебиет сыны туралы» мақала жазғанда «пәлсафалы сынның» болмағандығын үлкен айып санап, өздері сынға келген кезден тарихты тарихты бастау дағдысына ойысқанмен де, білім толықтыруға, мәдениетті көтеруге, жікшілдіктен безуге шақырды. Ақын жазушылардың туындыларына «дербес сынды өркендетіп, жеке шығармаларды сынау үшін әдебиет сыны методологиясын жасауымыз, шешуіміз, айқындауымыз керек» деген ұсыныс жасады. Бұл ойды Ғ. Тоғжанов «Қазақ әдебиетіндегі сын туралы кейбір ойларымыз» деген мақаласында жалғастыра түсіп, отыз екінші жылдан шыққан елу шақты кітапқа бірде-бір дұрыс сын жазылмады деп білді және «өткен жылдардағы сынның бәрін бүйтіп мансұқ қылу әрине дұрыс пікір емес. Дұрыс емесі былай тұрсын бұл зиянды пікір» деп табады да, дербес сынды күшейтуге үндейді.

12.1937жылғы ойран.
Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. қуғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Әдеби сыны 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Қазіргі қоғамдық, рухани өміріміздің барлық салаларында түбірлі бетбұрыстар өріс алған заманда кешегіміз бен бүгінімізді тағы да сана сарабына салып, ой елегінен өткеріп жатқан жайымыз бар. Әдебиетіміздің революцияға дейінгі проблемаларын былай қойғанның өзінде Октябрьден кейінгі кезеңнің ішінде де дұрыс шешімін күтіп жатқан мәселелер жеткілікті. Сондай мәселеніің бірі соғысқа дейінгі қазақ қаламгерлерінің көпшілігіне «ұлтшылдықтың» таңбасы басылып, қуғындалуы еді. Әдебиет пен мәдениетке партиялық басшылық жасау дегенді сылтауратып, күні кешеге дейін көркемдік дамуға солақайлықтың, өктем саясаттың тежеу болып келгендігі, тіпті зиянын да тигізгені қазір ашық айтылып жатыр. Елімізге күштеп жүргізілген осындай саяси-әлеуметтік зорлық саясаты мәдени, әдеби өмірге тікелей әсер етті. Онсызда Алашорда қозғалысын, алашорды әдебиетін «әшкерелеуде» зор саяси қырағылық танытқан кейбір «белсенділер» бүкіл отызыншы жылдардың өн бойында қарап жатқан жоқ болатын. Халық жауларына қарсы саяси қырағылықты күшейтуге үндеп Ілияс Қабылов бірнеше мақала жазды. «Қазақ большевиктерінің міндеті – қазақ ұлтшылдарына қарсы баса күресу» атты төрт тараудан тұратын мақаласы түгелдей алашорда қозғалысын, Бөкейханов, Дулатов, Досмұхамедов, Тынышбаев сынды азаматтарды ұлтшыл деп әшкереумен болды. Газет беттерінде халықтың «халық жауларына» деген өшпенділігінтьтуғызу мақсатында көлемді материалдармен қатар көпшілік пікірлері де жиілей беріліп тұрды. С. Сейуллин қыркүйектің 27-сінде «халық жауы» ретінде қамалды.Оның ұсталуына сол кезде баспасөз бетінде жарияланған «әшкерелегіш» мақалалармен мақалалар тікелей әсер етті.Қазақ поэзиясының «Құлагері» І. Жансүгіровке де «ұлтшылдықтың» қара күйесі барынша жағылып жатты. Қалай дегенмен де сталиндік қанқұйлы саясаттың тікелей нәтижесі болатын 30 ж-дың қаралы оқиғалары әсіресе, ұлт аймақтарында айықпас аурудың, жазылмас жараның негізін салып кетті. Өзімізге өзіміз сын көзімен қарап, не бар, не жоғымызды тарих тағылымының таразысына салып пайымдау – әркімнің азаматтық абыройының айғағы деп ұққан жөн.
13. «Айқап» журналындағы әдеби сын.
« Айқап» (1911-1915) журналының қазақ баспасөзінің тарихындағы орны айрықша. Ағартушы-демократ жазушы Мұхамеджан Сералиннің басшылығымен шығып тұрған бұл басылым ХХ ғ басындағы қазақ халқының ұлттық, әлеуметтік санасының оянуына айтарлықтай қызмет етті.Журналдың тақырыптық аясы өте кең. Сол кездегі қазақ қауымын толғандырған әлеуметтік, экономикалық мәдени мәселелердің ішінде басылым басылым бетінде көтерілмегені жоқ десе болғандай. «Айқаптың» қанатын кең жайып, кеңінен тарауына А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С. Торайғыров, С.Сейфуллин, Б,Майлин, М.Тұрғанбаев т.б сынды қаламгерлер айтарлықтай үлес қосты.«Айқап» журналындағы сыни материалдарда шығармаға баға бергенде көбіне объективті түрде келіп отырғандығы көрінеді. Ағын ақ, қарасын қара деп айтуға тырысқан. «Айқапта» хатшы болып қызмет істеген С.Торайғыров, журналдың мазмұнды шығуына көп еңбек еткен. Оның осында жарияланған «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» және «Өлең мен айтушылар» атты мақалаларының орны ерекше. Жарияланған. «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» атты мақаланың құндылығы сол – ол қазақ әдеби сыны тарихындағы алғашқы шолу мақалаларының бірі, әрі бірегейі. Сыртқы түрі шолу сияқты көрінгенімен де мақаланың проблемалық сипаты басым. Мұнда сол кездегі қазақ әдебиетінің ең бір өзекті мәселесі – тіл тағдырына батыл бара білген. Мақалада тіл тазалығы өткір көтерілген. Сол кезде шығып жатқан кітаптардың тіліне көңіл толмайтындығын ашық айтады. Айқап бетіндегі сын ескертпелер мен мақалаларды негізінен екі салаға бөліп қарастырамыз. Бірінші, педаг. сипаты айқын сыншылық ой пікірлер; екінші әдебиетке тікелей қатысты жайлардан өрбитін сыни ойлар. Айқап журналында пед. Мақсатты көздеген алғашқы сыни пікір М. Нұрбаевтың «қазақша әліппе» атты кітабына айтылды. Айқап журналы әсіресе әліппе кітаптарына назар аударды. Жарияланған мақалалар: Торайғыров «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», Мәмеков Ғ. «Өлең жырларымыз туралы»,Ж. Тілеулен «Баспасөз», Е. Қасабулатовтың «Баспасөзге қарсы» т.б.
14.Қазақ газетіндегі әдеби сын
«Қазақ» газеті (1913-1918) А.Байтұрсыновтың редакторлығымен Орынборда шығып тұрған. Газет туралы М.Әуезов « Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне жан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын»-деп жазған болатын.«Қазақ» газеті халқымыздың рухани өмірінде терең із қалдырған саяси-әлеуметтік жағынан жетіліп, ұлттық сана-сезімінің оянуына айтарлықтай үлес қосқан халқының қамы үшін отқа түсірген, болашағы үшін күресе білген, кезінде қазақтың мүлгіген даласында шамшырақтай жанып болашаққа бағыт көрсеткен айтулы басылым болатын.«Қазақтың» шығарушылары әдебиетшілер болғандықтан да газет бетінде әдебиетке қатысты материялдар айтарлықтай орын алған. Газетте сынның барлық жанырларына дерлік, мақалалар беріліп,жетіліп – жетігіп, айқындала түсті.
Газетте А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», М.Дулатовтың «Абай», «Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан», «Ахмет Яссауи», «Тоқай», Мұстафа Шөкдеевтің «Әбубәкір Диваев» сияқты мақалалары жарық көрді.«Сын өнері менде жоқтықтан ба» дегенімен де Ә.Бөкейханов әдеби сын саласында бірсыпыра мақалалар жазды. Бөкейхановты әдебиет сыншысы ретінде танытатын мақалалары- оның «Қара қыпшақ Қобыланды», Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектеріне жазған рецензиялары.Осы газетте жарық көрген елеулі мақалалардың бірі- «Роман не нәрсе?». А.Баржақсиннің «мақалаларында ауыз әдебиеті үлгілері алғаш рет жүйелеуге әрекет жасалынса, Арысұлының бұл мақаласында жазба әдебиеттегі романға жанрлық тұрғыдан түсініктер берген. «Роман не нәрсені?» қазақ әдеби сынындағы алғашқы теориялық мақалалардың бірі деп қарау керек.
Газет түрлі тақырыптағы әдеби шығармаларды, олар туралы зерттеу пікірлерді жүйелі түрде беріп тұрды. Тіпті жер-жерлерде өтіп жататын әдебиет кештері жайлы хабарлар да жиі көрініп тұрды. «Қазақтағы» тұрақты тақырыптардың бірі тіл мәселесі болды. М: А.Байтұрсыновтың «Жазу мәселесі», «Жазуды жөндеу», т.б мақалалары жарық көрді.
Сонымен «Қазақ» газеті ұлттық әдеби сынның қалыптасып, дамуына тарихи еңбек сіңірді. Сол кездегі бүкіл қазақ аузына қараған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Баржақсин, Р.мәрсеков сынды маңдайалды зиялылырымыз осы газеттің маңына топтасып, ұлттық әдебиетіміздің дұрыс жолда дамуы үшін ұлтжанды пікірлер айтып, қызмет етті.
15.Темірқазық журналындағы әдеби сын
20 ж. басынан қазақ әдебиетінің қатары жас ақын-жазушылармен толыққаны белгілі. Олардың туындылары «Шолпан», «Темірқазық», «Таң», «Ұшқын», «Тілші», «Жас қайрат» сияқты журналдарда жарияланды. Мәскеуде шығып тұрған «Темірқазық» журналында Н.Төреқұловтың Сәкеннің «Асау тұлпар», «Тар жол, тайғақ кешу», «Бақыт жолында» туындыларын түкке алғысыз еткен үш бірдей мақаласы жарық көрді. Нәзір бұл шығармаларды өмір шындығынан алшақ, жалған схематизмге құрылған деп сынады. Бірнеше нөмірі ғана жарық көрген бұл журналда Ә. Бөкейхановтың « Керейдің ажалы», «Бекет батыр», «Мырза Едіге», Ғ.Тоғжановтың «Ұлт деген не?», « Ұлт мәселесі», Қ. Кемеңгеровтің «Қазақтың саяси-тарихи тұрмысы», М.Дәулетбаевтың «Қазақ һәм музыка» сияқты материялдарының басылуынан-ақ бұл басылымның алға қойған мақсаты мен бағыт-бағдары айқын көрінеді. Үкімет ел ішінен шыққан «бандысымақтармен» күресуде газет-журналдарды шебер пайдала білді. Газет, журналды бұзақылардың атын атап, қылмысын ортаға салуға шақырды. Жергілікті халыққа әкімшілік органдарда жұмыс істейтіндер қызмет бабын пайдаланып, қоқан-лоққы көрсетіп те отырды. Бұл жәйт «Темірқазық» журналының 1923 ж. 2-3 сандарында «Малай» деген бүркеншік атпен жарияланған «Елдің күйі» деген мақалада айқын жазылды.Үкімет «тәртіпсіздер» қатарына салық мөлшерінің көптігіне наразылық білдіргендерді немесе үкімет адамын дұрыстап сыйламаған, жергілікті әкімшілік билігіне қарсы пікір айтқандарды жатқызды. Тіпті оларға «банда» деп айдар да тақты. Екі-үш қазақтың басы қосылса, «үкіметке қарсы шыққалы жүр» деген желеумен қамауға алып, өтірік куәлер тартылып, қарапайым халықты сендіріп, ақыры жазаға тартып жатты. «Банды» іздей шыққан отрядтар халықтың зәресін алып, дүрліктіріп, қорқыту, жала жабу сияқты әдістерді кеңінен қолданып жатқандығы баспасөз бетінен қалыс қалмады. Мәселен, «Бостандық туы» мен «Қазақ тілі» газеттерінде «Ақмолада пәлен отряд атып кетіпті, Қарқаралыда пәлен отряд қиратып, талап кетіпті. Керекуде пәлен отряд ұрып кетіпті» деп, олардың қылмыстарын бетіне басқан ашық мақалалар жарияланса, ал «Темірқазық» журналы «агент, отряд» дегенді естісе елдің зәресі ұшатындығын мысал ретінде жазды.
16.Абайдың сыни ойлары
Абай қазақ халқының тұрмыс – халіне жіті қарап, өз бағалауын хатқа түсіріп отырған, ақындық шығармаларының да дені елінің қаракетін сипаттап, сын көзінен өткізгенін аңғартады. Ұлы ақынның сыншылдығын міншілдігі деп түсінбеуіміз керек. Абайдың сыны әр тарапты, әрі ауқымды: адамның мінез – құлқын ғана сынамайды, қоғамдық, әлеуметтік, әдеби де өнерлік, ғылыми, ұстаздық болып келеді. Алдымен ұлт мінезін қатал сынайды: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз...» - дейді жиырма төртінші сөзінде. Міне, ұлы ойшылдың арманы – осылай асқақ, көксеуі - күрделі, сыны – сындарлы.
Ақынның сыншылдығын, негізінен, үш салаға даралаймыз:
1. Әлеумет өміріне, замана көзқарасы.
2. Өнер мен әдебиетке, ғылымға көзқарасы..
3. жеке адамның мінез – құлқын адамшылық, имандылық, ұстаздық тұрғысынан бағалауы...
Абай елдің тұрмыс – халін, өз тұсының халық ұғымы тұрғысынан талдап түсіндіреді. Қайғысы не десең, мақалдарынан танисың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», « Малының беті – жарық, малсыздың беті – шарық», «Елдің малы – елде, еріккенде - қолда» т.б. Мақал – мәтелдер ел тұрмысы, адам өмірінен туған қисынды даналық десек, Абай ұлттық, дәстүрлік ой – пікірдің қисынына сүйене отырып, қалыптасқан теріс өнегені сынға алады. Сол сияқты ақын алтыншы сөзінде тағы бір мақалға мән беріп, мазмұнына талдау жасайды: «Өнер алды – бірлік, ырыс – алды тірлік». Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлігі ат ортақ. Киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не зиян? Ағайын құрмай мал іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес, малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бұл бірлікке, « өңкей келісім сылдырап тұрған» бірлікке жету үшін адам санасының өте жоғары болатынына меңзеп отыр. Абай өз ортасында ойшылдығы, сыншылдығы мен соншалық жоғары: сол тұстың әкімдерін, құрылысын әжуалап, мысқылдап, керек десеңіз, әшкерелеп те отырады. Өлеңінде «Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап» деп күлкіге айналдырса, ғақлиясынан да сол күлкінің зілін көреміз. «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ». Ел арасын бұзатын, пара алып байыған пасықтарды Абай басқа шығармаларында да әшкерелейді. Өз тұсындағы әлеуметтік құрылысқа наразылығы Абай шығармаларында үнемі жүріп отырады. Бұдан біз ұлы ақынның демократ бағытында көреміз
17.Д. Ысқақов – сыншы
Д.Ысқақов - Семейдің мұғалімдер гимназиясындаЖ.Аймауытовпен, М.Әуезовпен қатар оқыған. «Алашорданың» Семейдегі «Талап» жас алаш ұйымын құрушы, оның жарнашысы, «Абай» журналының демеушісі болған.. Даниал Ысқақовтың алғашқы әдеби сыны "Қорғансыздар" (Әуезұлының „Бәйбіше-Тоқалына" тексеру) - деген атпен автордың өзі басқарма мүшесі яғни шығарушысы болған "Сана» журналының 1924 жылғы №2-3 сандарында басылған. Мақаланың соңында: «Егер «Бәйбіше-тоқалдың» идеясы, әсердің түрі осы айтылғандай деп танысақ, тексерушінің ендігі міндеті: жазушының ол мақсатын қандай дәрежеде орындай алғанын, пьесаның көріністерін, байланыстарын сол мақсатына үйлестіре алған, үйлестіре алмағанын қарастыру болмақ. Енді соны орындауға көшеміз. Даниял. (Аяғы бар)»,- деп көрсетілген.Журналдың жабылуына байланысты мақаланың соңы басылмай қалды. Қолжазбасы сақталды ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Т.Жұртбайдың алғысөзімен 1986 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде, сондай-ақ "Абай"журналының 1993 жылғы № 6 санында жарияланды. Ал оның аудармалары мыналар: "Үлкен бақшашының өмірі" - А.П. Чеховтің әңгімесі. 1926 жылы Мәскеудегі Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан 3.000 данамен басылып шыққан. "Төрт күн" - орыс жазушысы В.М.Гаршиннің «Четыре дня» деген әңгімесінің аудармасы. 1926 жылы Мәскеудегі Қазақстан мемлекет баспасының Күншығыс бөлімі 3.000 данамен басып шығарған. Сонымен қатар Г.И.Серебрякованың «Маркстың жас шағы», поляк-орыс жазушысы Бруно Ясенскийдің "Терісін ауыстырған адам" ("Человек меняет кожу") атты романдары 1935 жылы Д.Ысқақовтың тәржімасымен қазақша басылып шыққаны туралы «Әдеби өмір шежіресінде» («Қазақ Совет әдебиетінің тарихы». Бірінші кітап, 1967) атап көрсетілген. Бірақ бұл екі аударма кітап әзірше табылмай отыр. Д.Ысқақовтың бұл әдеби шығармаларыТ.Жұртбайдың құрастыруымен шыққан «Алаш ақиықтары» атты жинақта барынша жинақталып басылды.Абдолла Байтасовпен бірігіп «Көркем әдебиет туралы» мақала жазып, Сәбиттің, Әбдірахманның, Қошкенің пікірлеріне пікір қосады, Әбдірахманның сыңаржақ пікірлерін сынайды, әдебиеттің ұлттық сипатта болуын қостайды. "Көркем әдебиет туралы" мақаласы - «Еңбекші қазақ» газетінің 1927 жылғы 8-9 тамыздағы сандарында "Екеу" деген бүркеншік атпен жарияланды. Кейін "Қазақ әдебиетінің" 1989 жылғы 3 қарашадағы санында басылды. Авторлары - Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов деп, екі жазушының "Екеу" деген бүркеншік атпен қол қойған ертеректегі мақалаларына сүйеніп жаңылыс көрсетілгенНағында бұл - белгілі алаш мәдениетінің қайраткерлері, әдебиет сыншылары, аудармашы Абдолла Байтасов пен Даниял Ысқақовтың мақаласы. Осы мақаласы үшін екеуі де 1930 жылы тергеуге алынып, түрмеге қамалған.
18.Қ. Ергөбек – сыншы
Әдебиетші, сыншы, публицист, филология ғылымының докторы, профессор, Гуманитарлық Ғылымдар академиясының Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағы Басқарма мүшесі Қ.Ергөбек 1952 ж. 26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Ақынтоғай ауылында, шопан отбасында дүниеге келген. Алты жасында әкеден жетім қалды. 1970-1975 жылдары Әл-Фараби /С.М.Киров/ атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін оқып, аяқтайды. Қ.Ергөбек әдеби процеске студент кезінен араласты. Талапты жастың ерте қанаттануына университет профессорлары — Б.Кенжебаев, Т.Кәкішев сынды үлкен жүректі ұстаздары ерекше ықпал етті. 1970 жылдардан әдеби сынға араласқан оның ағымдағы баспасөзде осы уақыт аралығында 600-ден астам мақаласы жарияланды. «Адасқандар ақиқаты», «Терең тамырлар» повест-зерттеулері кітап болып шықты. Ол әсіресе Сәбит Мұқанов өмірі мен шығармашылығын дендей зерттеген ғалым. Оның «Жан жылуы» /1981/, «Сәбит Мұқанов» /1989/, «Жақсыдан қалған сөз» /1991/, «Баянғұмыр» /1991/, «Сәбит Мұқанов» /1999/ «Жазушы шеберханасы» /2002/ аталатын сын-зерттеу, монографиялық еңбектері қазақ әдебиеті классигі С.Мұқановтың шығармашылық тағдырына бағышталған.Бірсыпыра жыл Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті кеңесін басқарған ол республикадағы осы саланың санаулы сыншы, зерттеушісінен саналады. Құлбек Ергөбектің Бейсембай Кенжебаев жөнінде ерекше тоқталған, тәпсірлеген тақырыбының бірі – ғалымның «Зар» деп аталатын туындысы. Бұл шығарманың осы заман талабымен, құрылымымен, психологиясымен үндесетіндіктен ерекше атаудамыз. Бұл шығарма формалық жағынан очерк үлгісіне келіңкірейді. Ойы өткір де, құнарлы дүние. Бұл – қазақтың қамын ойлауға, қазақ ұлтының ұлт болып тарих бетіне қалуына жасалған жанашырлық пікір жүйесі деуге болатын шығарма. Ғалым Құлбек Ергөбек өзінің «Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы немесе профессор Бейсембай Кенжебайұлының рухани ерліктері жайлы хикая» деп аталатын зерттеуінде Бейсембай Кенжебаев шығармашылығының он бес қырын сөз етеді. Мұны ғалым он бес ерлік тұрғысында түсіндіреді. Біз мұны бейсамбайтанудың он бес концепциясы деп таныдық. Он бестің баршасы да- үлкен белестер. Оның біреуінің өзі бір адамның өмір бойы атқарарлық жұмысымен пара-пар. Б.Кенжебаевтың барлық шығармашылығы он бес тараппен жазылып, жетілді десек, бұлардың барлығы да зиялы орта мен биліктен сын естіп, әдеби теперіш көріп, сол кездегі әділетсіз уақыт пен әділетсіз қоғамның талқысына түсіп аяусыз сыналып еді.. Қалай десек те, ғалым осы еңбегі арқылы өзінің ұлы ұстазына, қазақ әдебиеттануындағы Ахаңнан кейінгі екінші орынды иеленген Бейсембей Кенжебаевқа аса көрнекті де, еңселі әдеби ескерткіш жасағандай танылады.
19. З.Қабдолов – әдебиет теориясын негіздеушілердің бірі.
Әдебиеттанудың іргелі саласының бірі – әдебиет теориясының ұлттық негіздегі алғашқы толғамдары. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы», Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы», Е. Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының мәселелері» еібектерінде бастау алып, өзінің тарих алдындағы алғы шарттарға сай өсіп-өркендеу және жеке ғылым ретінде туу, даму жолындағы жаңа қадамдар жасауға бет алды.Бұл ірі еңбектерден соң әдебиет мәселелерінде ортадан ойып тұрып алатын еңбектердің бірі – З. Қабдоловтың «Сөз өнері» («Әдебиет теориясы негіздері»). Бұл еңбек бірнеше рет жарық көрген және де өзгертіліп, өңделіп отырған. Себебі, З. Қабдолов – еңбекті жаздым, жарыққа шығардым деп жылы жауып қоймай, үнемі ізденіс, тынымсыз еңбектену үстінде жүретіндігі. Сонау жетпісінші жылдарда басылған еңбек арада кейде үш, кейде алты-жеті жыл салнып, өзгертіліп, толықтырылып басылғандығы белгілі.З. Қабдолов әуелі әдебиеттің өзін,сосын әдебиеттің барша қадір-қасиетін, жарқырап көрінетін нақты – әдеби шығарманы, ең соңында даму, құбылту үстіндегі әдебиетті – әдеби процесті қарастырады. Бұл автордың алдына қойған: біріншіден, «әдебиеттің теориясын оның практикамен байланыстыру», екіншіден, «теориялық толғамдарды жазушылық шеберлік мәселесімен, қажет жағдайда қаламгерлік өнердің қиын иірімдерімен ұштастыра, көркем творчествоның психологиясымен байланыстыра жүйелеу» мақсатындағы екі өзекті міндеттің екеуін де ойдағыдай жүзеге асырып шығуына қолайлы жағдай жасаған.
З. Қабдолов әдебиеттің қоғамдық мәнін, халықтық, ұлттық сипатын оының қондырмалық сиаптынан өрбітеді. Сол арқылы әдебиеттің әлеуметтік сипаттарының тектік бірлігі мен түрлік әр алуандығын – өзара байланыстарын саралап түсіндіреді. Автордың әдебиеттің мұндай өрелі категорияларын өзара сабақтастыра қарауы аталмыш ұғымдарды бұрынғы оқулықтарда ұшырасып жүрген схоластикалық түсініктемелер мен екіұштылықтарынан арылтып, ғылыми негізге орнықты, логикалық дәлелі дәйекті, көңілге қонымды анықтамаларға ие еткен.
«Әдебиет теориясының негіздері» - әлемдік әдебиет тану мектебінің азаматтық дәйектілік, ғылыми көрегендік, биік парасат, творчестволық ізденіс, философиялық тереңдік, дәлдік пен дәлелділік сияқты өзіндік сипаттарының бәрі де жарқырап жақсы көрінген туынды.
20. Б.Сарбала – сыншы.
Қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін талқыға салып, қаламгерлер шығармаларын дер кезінде қадағалап, оларға салиқалы пікір айтып жүрген, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты – Бақыт Сарбала. Қазіргі кезде «Сын» журналының бас редакторы, журналдың негізін қалаушы.Алғаш сын деген әлемге қадам басқаны туралы мынадай ой қозғайды: «1965 жылы «Лениншіл жас» газетінде «Сізге қандай өлең ұнайды?» деген тақырыпта ұзақ уақыт пікірталас жүрді. Өз пікірімді жазып жіберейін деп ойладым. Шабыт келгесін бір жарым оқушы дәптерін толтырып жазып жібердім. Бұл менің әдеби көркем сын жанрындағы тырнақалды мақалам еді. Содан кейін сын жанрына шындап ықыласым ауды. Қолымнан сын жазу келетінін жете ұғындым. Алғашқы мақаламда С. Сейфулиннің өлеңін сынадым. «Советстан поэмасында «Социализмстан» деген өлеңі болатұғын. Буын-буынға құрып: «Айдап бақ, тра-тра-тат...» деп келетін жолдары кездесетін. Солардың бәрі маған поэзия сияқты көрінбеді. Өйткені, ол формализм, түр қуушылық. Мұны қабылдамайтынымды айттым.Жалпы, «мына өмірде кез келген адам – сыншы» деп ойлаймын. Әке – балаға сыншы. Қандай жұмыс атқарылса да, кітап оқысаң да, патша көңілмен баға беру – сіздің құқыңызда».
21. Т.Кәкішев – Сәкентанушы.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті кезеңінің әдеби бағыттары мен қаламгерлерінің тарихтағы орындарын айқындаған Т. Кәкішұлы ғылыми шығармашылығының мәні мен маңызы өте құнды. Себебі, оның қазақ кеңес әдебиетінің тарихында елеулі орны бар, әр жанрда қалам тартқан, төңкерісшіл әдебиеттің ірі өкілі С. Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақынның өзі өмір сүрген кезден бастап бүгінгі күнге дейін әдеби, ғылыми, мәдени, тарихи салаларда жазылған еңбектерінің саны біршама. Ал, олардың барлығы біртұтас бірігіп келіп, қазақ әдбиеті тарихының кеңес дәуірі әдебиеті тарихында айшықты қолтаңбасымен дараланған ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттейтін «Сәкентану» атты саласын құрайды.Т. Кәкішұлының Сәкенді зерттеуі 50-жылдары жарық көрген мақалаларынан көрінеді: «Жаңа әдебиеттің жаршысы», «Сәкеннің замана бейнесін жасаудағы жаңалығы», «Сәкеннің жаңашылдығы жайында», «Тар жол тайғақ кешу» туралы, т.б. Ғалым алғашқы «Октябрь өркені» монографиясында С. Сейфуллин шығармашылығы жөнінде біраз пікір білдіреді. Одан кейін де ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты жүзге тарта мақалалары мен бірнаша зерттеу еңбектері жарық көрді. 1968 жылғы «Қызыл сұңқарлар» атты тарихи-әдеби очеркінен бастап, құмырнамалық хикаялары, «Сәкен Сейфуллин», «Мағжан – Сәкен», «Сәкен сүйген сұлулар», «Сәкен мен Гүлбаһрам», «Сайыс», «Ескірмейді естелік» сияқты еңбектерінің жазылуына күрескер ақынның бейнесі арқау болса, «Дәуір суреттері», «Ұлы Октябрь шуағы», «Дәуір дидары», «сСын сапары», т.б. еңбектерінде С. Сейфулиннің шығармашылығы әр қырынан ашылып, ақын өмір сүрген дәуірінің сырлары жан-жақты талданып баяндалған.Өзгелер ақын өмірін қолда бар деркетеріне сүйене баяндап, шығармаларын талдаумен ғана шектеліп жатса, ғалым оның көркем дүниелерінің жазылу себептерін, олардың прототиптерін және қандай жағдайда жазылғандығын анықтау барысында С. Сейфулиннің әдебиеттегі, ғылымдағы шығармашылық шеберханасын толық ашып көрсете алды.
22.Ш.Уәлихановтың әдеби сын мақалалары.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың еңбектерінің қайсысы болса да әрі қызықты, әрі тартымды жазылып, көркемдік бояулары ажарлы, публицистикалық сазы қалың болғандығы Т.Н.Потанинге «қазақ халқы оның жазғандарын оқыса, Шоқан өз халқының данышпаны болар еді және өз елінің әдебиетін өркендетуге негіз сала алар еді» деген айтқызған болатын. «Жоңғария очеркі», «Ыстықкөл сапарының күнделігі»,«Қырғыздың ата-тегі» және т.б. еңбектері ғылыми тереңдігімен қатар, оқушыны баурап алатын көркемдік қасиеттерімен де құнды.Қоғамдық ғылымдардың саласы туралы жазған еңбектерінде Шоқанның оқымыстылық парасаты мен сыни көзқарасы ажырамас бірлік тауып, үлкен әлеуметтік мәнге ие болды. Шоқан халық ауыз үлгілерін көп жинады және қажетті кезінде пікір айтып отырды. Қырғыз халқының ұлы дастаны «Манас» туралы ғылыми қорытындылар жасап, орыс тіліне аударды. «Қазақтың халық өлеңінің түрлері туралы» ғылыми еңбек жазды.Өзінің басқа шығармаларында әр елдің әдебиеті, аңыз-жырлары жөнінде тамаша ойлар айтып, көзқарасын білдіріп отырды. Шоқанның әдеби-эстетикалық көзқарасының дәйектілігі мен құнарлылығын дәлелдейтін еңбектері өте мол.Қазақ халқының ақынжандылығын, көркем сөздің қасиетін қадірлей білетіндігін Шоқан шығысты зерттеуші ғалымдардан көп бұрын айтқан және сөз өнерінің сыртқы көрінісіне ішкі маңызын қабыстыра, терең зерттеп айтқан. «Оңтүстік сібір тайпаларының тарихы жайында» деген еңбегінде Европаның халықтары мен оның зиялыларының көшпелі тайпалар мен елдерді әлі күнге дейін тағылық деңгейдегі надан халықтар деп түсініп келе жатқанына Шоқан қарсы шығып: «Бұл тағылардың басым көпшілігінің жазба да, ауызша да әдебиеті мен аңыз-жырлары бар. Жазба әдебиеті барлар– жоңғарлар мен моңғолдар, ал ауыз әдебиеті барлар – моңғол –түрік тұқымдас көшпелілер. Дала халқы– қазақтар өзінің моральдық жағынан да, санасы жағынан да отырықшы қара шекпендерден, татар, түріктен әлдеқайда биік» деп пікір айтты. Шоқан «өзінің поэтикалық дарындылығы жағынан қазақтар бірінші орынға ие екеніне дау айту қиын» деп білді.Шоқан А.Майковқа 1862 жылы жазған бір хатында : «Қазақтың өлең-жыры көп, ақылды бабаларымыз шығарып кеткен мақал-мәтелдері мен нақылдары телегей-теңіз» екенін айтып, қазақ жырлары жайындағы зерттеуін жолдамақ ниеті барын хабарлайды.Сонымен бірге, оның қазақ поэзиясының өсіп-өркендеу және іштей жіктелу жөніндегі алғашқы еңбектерінің бірі – «Қазақтың халықтық поэзиясының түрлері туралы» еңбегінде өлең –жырлардың жалпы мән-мақсаты ғана емес, олардың қалың тыңдаушыға қалай әсер ететіні, қай формада жететіні де сөз болады,Шоқанның эстетикалық талап-талғамы білігінің биік өресі айқындалады.Шоқан өз тұсындағы қазақ поэзиясын бес түрге бөледі.Бұл –поэзияның ішкі ерекшеліктерін ескере отырып айтылған тұңғыш эстетикалық пікір.
23.Ғ. Тоғжанов – сыншы.
Ғ.Тоғжанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы Жарқын ауылында Сәдуақас бидің отбасында дүниеге келген.Бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтының, қазіргі республика Президенті мұражайында Ғаббас Тоғжановтың өз қолымен жазған толық өмірбаяны сақталған.Ғаббас Тоғжановтың сыншылдық таланты алғашқы монографиясынан танылды» деп келтіреді Нұрбек Түсіпхан өз мақаласында. Мақалада: «Көрнекті ғалым, қазақ әдебиеті сының тарихына ең алғашқы болып ғылыми талдау жасаған ф.ғ.д профессор Тұрсынбек Кәкішұлы «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» атты зерттеуінде: «Ғаббас Тоғжановтың қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш монографиясында қайшылықты ой-пікірлер, түйіндер кездессе де, Абайды ғылыми жолмен танудың белесті бір шығармасы болды. Ұлы Абайды ұлт ақыны деп тану және бар өнімді ой-пікірлерді осы тұжырым аясынан өрбіту келешектегі көп ізденістер мен зерттеулерге соқпақ салып берді... " - деп, таза әділ әрі зиялы пікір білдіргендігі айтылады. « Ғаббас Тоғжанұлының «Абай» кітабы 1935 жылы Алматы мен Қазанда, «Қазақстан көркем әдебиет» баспасынан шыққан. Сыншы ғалым Абай туралы жазарда алғы сөз ретінде «Абайды әлі білгеміз жоқ» деген мақаласын келтірген.Ол бұрын да 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналының №11-12 сандарында шыққан еді. Одан кейін «Абайдың заманы», «Абайдың өмірі, өскен ортасы, алған тәрбиесі», «Абайдың өлеңдеріндегі қайшылықтар», «Абайдың реализмі», «Абайдың ұлтшылдығы», «Абайдың кедейге, бұқараға көзқарасы», «Абай өлеңдерінде әйел мәселесі», «Абайға орыс культурасының қандай әсері болды», «Абайдың ақындығы» деген бөлімдері және «Қорытынды», соңғы қосымша ретінде «Ескі әдебиет мұраларын пайдалану жайында» деген ой-толғамын да енгізген екен. Ғаббас Тоғжанұлы Абайдың осы сөздерін мысалға келтіре отырып, оның жанын, орыс ақын-жазушыларына құмарлығын түсіндіргісі келеді. Ғаббас Тоғжанұлы ұлы ақынды «байшыл» дегендегі көзқарасы коммунистік идеяға қарсы, зиянды бай табына қоспайды. Керісінше, «керітартпа саналған бұрынғы байларды кедейлерге, еңбекшілерге пайда келтіріп, өркениетке, мәдениетке ұмтылып, әлемдік дамудан, көштен қалмауға шақырды» деген тұжырымға тоқталады .Ғаббас кітабындағы ең бір өзекті деген бөлімнің бірі «Абайдың ақындығы» деп аталады.Абайдың әдебиеттегі жаңалығы біреу емес - әлденеше.Бірінші жаңалығы - Абайдың көркем сөзге - поэзияға көзқарасы. Абайдың екінші жаңалығы - қазақтың жазба ұлт әдебиетін жасауға бас болғаны .Абайдың қазақ әдебиетіне кіргізген үшінші жаңалығы - орыс әдебиетінің үлгілерін алуы..Абайдың төртінші жаңалығы - қазақтың тіл байлығын ұқсата білуі Абайдың қазақ әдебиетіндегі бесінші жаңалығы - Абайдың жаңа әдебиет түрлерін жасауы.Ғаббас Тоғжанұлының еңбектері мен сыни ойларына, жеке басына байланысты бүгінгі күнде де әлі оңды көзқарас қалыптасты деуге болмайды.Оған себеп сыншының кеңестік, таптық тұрғыдан айтқан ауыр ойлары мен бүгінгі ғылыми ортаның әлі күнге «біреуді ақтау үшін біреуді қаралау» ұстанымынан шыға алмай келе жатқаны.
24.М.Ғабдуллин шығармашылығы.
М.Ғ. - қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, фил.ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), академик 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік пед. институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыған.М.Ғ. ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті."Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми - методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті.Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты.Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды.М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді.Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерін атауға болады .М.Ғабдуллин сыншы педагог - жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғ. бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Ата – аналарға тәрбие жөнінде кеңес беруде бірнеше сыни талаптар қояды. Онда балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде айтылған. Сонымен қатар , жазушының « Майдан очерктері» деген еңбегі оның сыншылдық өнерін терең таныта түскен . Оған дәлел ретінде , автордың өз сөзін келтірейік : « ...очерктерде баяндалатын оқиғалар , оған қатысатын адамдар автордың ойынан шығарғаны емес , өмір шындығы».Осыдан байқағанымыздай , жазушының шыншылдығы оның нағыз сыншы екенін аңғартады .
25. Т. Нұртазин шығармашылығы.
Темірғали Нұртазин сыншы ретінде де, жазушыретінде де, ғалым, педагог ретінде де мәлім.Ол өзінің творчестволық, әсіресе ғылымдық ой-пікірін шашыратпай, белгілі бір арнаға бағыттай және айтайын дегенін жеріне жеткізе айтады.Ғалымдық тұлғасының өзіне тән осы ерекшелігіне оның публицистік қаламының ұшқырлығы, зерттеушілік дарынының нәрлілігі, аудармашылық қабілетінің сан-салалығы қиюын тауып қабысады. Орыс, қазақ, татар тілінде қалам жебеп:«Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Красная татария», «Қызыл Өзбекстан» газеттерінде жарияланған көркем суреттемелері мен публицистикалары; «Мұрат» атты повесі, «Жаңа саты», «Адам бекер жасамайды» деген әңгіме-очерктер жинақтары оның дарынының бір қырын танытады. Алайда, профессор Т. Нұртазиннің қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегінің сүбелісі де, көрнектісі де қазақ әдебиеттану ғылымы саласында.Осы жөнінен келгенде Темірғали Нұртазиннің қазақ совет әдебиетінің негізін қадаушылардың бірі Сәбит Мұқановтың творчествосын зерттеуінен көп ғалым, әсіресе жас ғалымдар ғибрат ласа керек.Т.Нұртазин 1960 жылы «Б. Майлин творчествосы» атты көлемді монографиясын жариялады.Қазақ әдебиетінің классигі Б. Майлин творчествосын тұңғыш рет кең көлемде зерттеп, оның көркемдік шеберлегінің қадау-қадау биіктері мен өзіне тән ерекшеліктерін білгірлікпен, оқымыстылықпен баяндағаны іргесі жаңадан қаланып келе жатқан бейімбеттану іліміне негіз болары хақ.Ол қазақ әдебиетінің бүгінгі жанды процесіне тікелей араласып, өзінің жауынгер сыншы да екендігін танытты.М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Жамбыл, Ж.Сайын, Қ.Бекхожин, С.Мауленов және басқа ақын-жазушылардың шығармалары жайында пікірлер айтқан болатын.Олар автордың мүшелді мерекесіне шығайын деп жатқан «шеберлік туралы ойлар» деген жинағанда жариялануда. Ол өзінің 1971 жылы «Қазақ әдебиетінде» жарияланған «Түзіктік кепілі» атты сыни мақаласында әдеби сынның жалпы сыннан айырмасын ашып көрсеткен. «...сын босаңсымайды, елеусіздікке ұшырамайды, тез ширайды, өршиді. Әдеби шығармалар да туу, жасалц үстінде талай бақылаудан, бағалаудан, сыннан өтеді» – дейді. Қорытынды сөзінде: «Қазіргі сында босаңдық, селқостық, отсыздық байқалады. Бірақ, үңірейіп, қиюы қашып қалған ештеңке жоқ.Әдебиетіміз де сынымыз да өсуде.Кадрлары да жеткілікті.«Аттан» салу қажет емес.Сын, сыншылар – әдебиет пен өнердегі партиямыздың, дәуіріміздің өкілі.Олар өз рөлі деңгейінде болу үшін лайықты талап, назар керек» – дейді.
26.С.Қирабаев – сыншы.
Білім саласына, әдеби-мәдени және ғылыми ортаға танымал Серік Смайылұлы Қирабаев – бүгінде ел ақсақалы, әдебиеттану абызы дәрежесіне жеткен тұлға.Әдебиет, мәдениет және білім саласы мамандары үшін «академик Қирабаев» атанған абзал азаматтың кемі алпыс бес жылдан асатын шығармашылық дәуірі ұлтымен бірге жасап, халқының рухани тағдырымен бірге өріліп келеді десек жаңылыспаймыз. Серік Қирабаевтың шекпенінен шыққан шәкірттерінің бірі ретінде қарт ҚазПИ-дің ескі ғимараты мен сықырлаған парталары елестейтін тәтті түсімізде ол кісіні «ағай!» деп ағаласақ та, өңімізде «академик Қирабаев» деп мақтанатынымыз рас. Қазір ғылым талабының қиюы қашты ма, әлде адамдардың біліми талғамы әлсіреді ме, әйтеуір «мәртебелі академия» дегенді де, «ҚР ҰҒА» дегенді де ұмыта бастағандаймыз.Қарапайым ше­неу­нік пен PhD үміткерлеріне түсінікті болсын, біздің Серік ағай – Қаныш Сәтбаев құрған академияның академигі.ҚР ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлт­тық ғылым академиясы.Яғни, ғылым­ның тасы өрге дөңгелеген кезең акаде­миясының мүшесі.Асылы, академик С.Қирабаев – бақытты ғалым.Өйткені, ол қиындықты да, қиындықтан сабақ алған кезеңді де, сол сабақтың кеңес заманы мен тәуелсіздік тұсындағы қызығын да, шыжығын да көрді және көріп келеді.Ғалым осы үде­рістің бәрін әдебиет аясында қарас­ты­ра­ды.«Әдебиет – ұлттық мәдениеттің бір са­ласы.Оның дамуы ұлттың тілімен, ділімен, ұғым-түсінігімен, парасатымен, дүниетанымымен тікелей байланысты.Осының бәрі көркем туынды арқылы көрініп, халықтың санасына сіңген, оның рухани өмірін қалыптастырған.Әдебиет туралы ғылым көркем әдебиеттің осы жолдағы ізденісін, ойлау мен бейнелеудің жолдарын жинақтайды, қорытындылай­ды», дейді ғалым. Кейде «XX ғасыр әдебиеті мен әде­биеттануы несімен ерекшеленеді?» деген сұрақ қойыла қалса, оған: «Аталған ға­сыр таланты терең, қабілеті ерен ақын-жазушыларды шығарып қана қоймай, көр­кемөнерді түптеп зерттей алған әде­биетшілерді дүниеге әкелді» деп жауап қайырып жатамыз. Әдебиет – арғы ға­сыр­лардан жеткен сөз болса, әдебиетші – сол ғасырдың сөзі.Ұлт руханиятында әде­биетті жеке-дара зерттеу нысанасы етіп қарастыру XX ғасырдың басынан Ә.Бөкейхан мен А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш тұлғаларының еңбегінің арқа­сында ғылым арнасына түсті.Оның буыны беки бастаған кезі – 20-жылдар болса, қаз-қаз тұрып, алға адымдаған шағы – 50-60 жылдар.Ұлт пешенесіне жазылған тағдыр солай болған шығар, әдебиет зерт­теуді ғылым арнасына түсірген Алаш зиялыларының бәрі дерлік 30-жылдары тоталитаризм құрбаны боп кете барды.Ал бұл саланы қалыптастырған олардан кейінгі екі буынға әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында жұмыс жасау оңайға түс­пе­ді.Оның үстіне соңғыларының балалық шағы – қазақты жаппай қырған ашар­шы­лық жылдарына, жасөспірім-бозбала кезі – фашизмге қарсы соғыс уақытына тура келді.Яғни, олар балалық бал дәуре­ні­мен, қамсыз бозбала шағымен амалсыз ерте қоштасты.Бұларды еңбек ерте есейтті.Сондықтан да осы толқын «руханияттың еңбекторысы» деген теңеуге әбден лайық.
27.Р.Бердібаев – сыншы.
Р.Бердібай 1927 жылы 2 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының Көкіш ауылында өмірге келген.Түркістан педагогикалық училищесін бітіріп, Қызылорда педаго¬ги-калық институты мен Қазақ Мемлекеттік университетінде оқыған.Р.Бердібай 34 жыл бойы Алматы қалалық қазақ әдебиеті мен өнері халық университетінің ректоры міндетін қоғам¬дық негізде атқарды.1961 жылы «Қазіргі қазақ рома¬нын¬дағы сюжет проблемасы» тақырыбында кандидаттық, 1970 жылы «Қазақ романдарының негізгі теориялық проблемалары» бойынша докторлық диссертация қорғады. XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап, әдебиеттің сыншысы болған ғалымның 1967 жылы шыққан «Роман және заман» атты зерттеу еңбегі де уақытында аса жоғары бағаланған. Қазақ романының теориялық мәселелерін зерттеудегі соны тұжырымдары ғалымның ғылымдағы ерекше келбетін танытып т ұрады.1971 жылы “Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы», 1973 жылы «Дәстүр тағлымы» атты кітабы жарық көреді. 1975 жылы «Қазақ романы», 1976 жылы «От легенды к роману», 1977 жылы «Ғасырлар толғауы», 1979 «Қазақ тарихи романы», 1985 жылы «Замана сазы» жазылған екен. Қазақтың көркемдік ойлау жүйесінің кемелдігін танытатын қазақ романының жанашыры болған ғалымның терең танымы қазіргі күні таң қалдырғандай. Ұлы ғұлама М.Әуезовтің шәкірті болғанын тәңірдің сыйындай көретін ғалым М.Әуезовтің әдебиеттану ғылымындағы өзгеше ұстанымын ерте бастан дұрыс таныған. Қазақ романын зерттеуде осы ұстанымды темірқазық етіп отырған.1997 жылы жарияланған «Мұхтар шыңы» монографиясында өз зерттеулерінің сырын ашқандай болады.Әуезовтің жолымен халықтың ұлттық санасын оятаттын тарихи көркем шығармалар екеніне толық ден қояды. «Көптеген халық өз тарихын тарих оқулықтарынан емес, тарихи романдар арқылы таниды»,- деп, өзінің тарихи романдарды ерекше назарға алу себебін түсіндіргендей. Құрғақ насихаттан гөрі тарихи романдардың ұлт санасын көтерудегі ролін танығандықтан, студенттерге Тарихи роман деген атпен арнайы дәріс өткізуді қолға алып, оның оқулығын да жазып шығарды.«Тарихи роман» оқулығы 1997 жылы жарық көрді.Р.Бердібай дәуірдің жазушы шығармашылығына тигізер әсері, сюжет пен мінез, замандас бейнесі, жанр сипаттары жайлы терең толғамды тұжырымдар жасап, мақалалар жазды. Ғалымның «Сарқылмас қазына», «Кәусар бұлақ», «Эпос – ел қазынасы», «Жыршылық дәстүр», «Қазақ түркі эпостарының мәселе-лері» сияқты күрделі зерттеулері қазақ халқының аса бай эпостық мұра-сының мәселелерін зерттеуге арналды. Ол «Қазақ тарихи жырларының мәселелері», «Фольклор шындығы», «Қазақ фольклористикасының тарихы», «Қазақ фольклорының поэтикасы», «Қазақ фольклорының типологиясы» секілді іргелі академиялық зерттеулердің жазылуына жетекшілік жасады, осы зерттеулердің негізгі тарауларын жазысты.
28 С. Әшімбаев – сыншы.Орыс әдебиетінің бағына туған Писарев секілді құйрықты жұлдыздай жарқырап жанып, ағып түскен жарықтарымыздың бірі – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, ұлттық сананың өсуіне үлкен үлес қосып кеткен асылымыз Сағат Әшімбаев еді.Саңлақ сыншы Сағат әдебиет әлеміне алғаш аудармамен келді. Ол 1966 жылы Мәскеудің “Прогресс” баспасынан шыққан “Афоризмы” атты әлем ақыл-ой алыптарының даналық сөздері болатын. “Сын мұраты” (1974) атты тырнақалды туындысы үшін 1976 жылы Жастар сыйлығының лауреаты атанды.“Талантқа тағзым” (1982), “Парасатқа құштарлық” (1985), атты сын кітаптарын жұртшылық жылы қабылдады.Өзі өмірден өткен соң “Шындыққа сүйіспеншілік” (1993) атты еңбегі жарық көрді.Аталған еңбектердің әдеби, ғылыми айналымнан түспей, әркез сұранысқа ие болуы Сағат есімінің сан ғасырларға баратынының, артында қалған мұрасының өлмейтіндігінің айқын айғағы.Сағат әсіресе үш ұлыны пір санапты, ардақ тұтыпты.Шығармаларын талдап, желісіне арқау болған алуан түрлі оқиғалардағы ұлттың ұлылығын, халқының қасиетін бір арнада тоғыстырып, биікке көтеріпті. Олар – данышпан Абай, ұлы Мұхтар Әуезов, қара сөздің хас шебері Ғабит Мүсірепов.“ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ халқы сана-сезімі оянуының бұрқ еткен ең айқын көрінісі – Абай поэзиясы. Ұлттық сана-сезім оянуының басы Абай…”, – дейді Сағат. С. Ә. саналы ғұмырында қадірлеп өткен Ғабит Мүсіреповтің шығар¬машылығын сөз еткенде, болмыстағы бояу мен атаудың сан түрлі болатынын, бірақ солардың түп атасы жеті түрлі, атап айтқанда ақ, қара, көк, жасыл, қызыл, қоңыр, сары дейді де, бұлардың бәрі қай заманда да өз түр-түсін сақтап келе жатқанын, өзгермейтінін ескертеді. Ол: “Әдебиет – ардың ісі” деген сөз. Сол ардың ісіне адалдық танытқан азаматтардың бірі – Сағат Әшімбаев. Қазақ әдебиеті сынына алғаш философиялық бояу дарытқан да осы Сағат Әшімбаев болатын.Төл әдебиет сынымызда Сағат салған сара жол сайрап жатыр. Т. Ахтановтай қазақ әдебиетіндегі орны бөлек, қайталанбас қаламгердің сан қырлы шығармашылығының тереңіне бойлайтын бұл кітаптың басты құндылығы – жазушы портретінің бүгінгі тәуелсіз санамыздың, тәуелсіз танымның биігінен сомдалғандығы. Сыншының бұл жолы да қаламгер туралы өзіне дейінгі жазылған дүниелерді қайталамай, Т.Ахтанов қаламынан шыққан: “Қаһарлы күндер”, “Махаббат мұңы”, “Дала сыры”, “Боран”, “Ант”, “Шырағың сөнбесін”, “Күй аңызы”, “Жоғалған дос” сияқты көркемдік жаратылысы бөлек шығармалардың суреткерлік болмыс-бітімін, ең бастысы осынау туындылардың қазақ руханияты мен ұлттық мүдде тұрғысынан қандай олжа салғандығын тереңнен тартып сөз ететіндігі айрықша көзге түседі. Бір ерекшелігі, сыншының әдеби-эстетикалық талдаудың тосын, әрі қызықты, әрі өнімді көрінетін әдісі – Тахауи Ахтановты Ахтановтың өз көзімен ашуға ұмтылуы әсерлі шыққан.
29. М.Қаратаев – сыншы.
Ғалым-сыншы М.Қаратаев - жиырмадан астам әдеби сын, зерттеу кітаптарының, әлденеше жүздеген мақалалардың авторы.Ғалым-сыншы М.Қаратаевтың «Туған әдебиет туралы ойлар» (1958 ж.) атты мақалалар жинағы оған филология ғылымының кандидаты ғылыми атағын алып берген болатын.Одан кейін бірінен соң бірі жария-ланған «Жыр қанатында» (1959 ж.), «Өнерпаз болсаң, арқалан» (1960 ж), «Шеберлік шыңына» (1963ж.), «Эпос¬тан эпопеяға» (1969ж.), «Әдебиет және эстетика» (1970ж.), «Ізденіс іздері» (1984ж), т.б. кітаптары - қазақ әдебиеттану ғылымының қазынасын молайтқан бағалы еңбектер. «Сынның дәрежесі – жалпы әдеиеттік ілімнің дәрежесін көрсетеді», - дейді Пушкин. Отызыншы жылдарда қазақ әдебиеті сынында мамандаған сыншылдар легі көріне бастады. М.Қаратаев “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген баяндамасын оқыды. Қазақ әдебиет сынының туу, қалыптасуы туралы ғалым-сыншыларымыз әртүрлі пікірлерді ортаға салған.М.Қаратаев “Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсында, айналасы осы 10-15 жылдың ішінде.Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе” — десе, ғалым Е.Ысмайылов “Біздегі әдебиет сыны мен әдебиет тану ғылымы тек совет дәуірінің жемісі, бұрын сыншылдық, әдебиетшілік дәстүрі мүлде жоқ, тыңнан туып жасалған” — деп тар шеңберден шыр айналып, тереңнен қазбаған.Оған белгілі дәрежеде үстем көзқарас, яғни орыс елінің тарихынан асып түсер, ерте пайда болар құбылыстар болмауы керек дегенді қызыл сөзбен тұмшалаудың салдары себепші болғанын жоққа шығармау керек.Алайда 60-жылдардағы “жылымықта” жаңаша толғаулар айтыла бастады.Соның нәтижесінде ғалым Т.Кәкішұлы сынның қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатқанын айтып, оның қанаттануын Шоқаннан, Ыбырайдан, Абайдан таратқан.Сыншылық пен ғалымдықтың тұ¬тасқан сапаларын бойға сіңіру, әрине, қаламгерлік шығармашылық қабі¬летпен, автордың терең білімдар-лығымен тығыз байланысты. М.Қаратаевтың әдеби-сыншылық еңбек¬теріне тән басты сипаттардың қата¬рында жинақтаушылық, теориялық тұжырымдарының тиянақтылығы, тереңдігі, қазақ әдебиетінің тари-хындағы кесек туындыларды жанр табиғатына орай талдай білушілігі, фольклор мен әдебиетке тән ортақ және айырым белгілерді, жеке қалам-герлердің шығармашылық шебер¬лігін, кемшіліктерін дәл бағалай білетіні - әдебиетті сүйетін барша оқырмандарға мәлім.
30.Қ.Жұмалиев шығармашылығы.
Қ.Жұмалиев – ғалым, фил.ғылым докторы, проф, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).Жұмалиев шығармашылық жолын ақындықтан бастаған.Оның алғашқы өлеңі “Батырақ Ғалиасқар” 1928 жылы “Лениншіл жас” газетінде жарияланды. “Ерғожа мен Егізбай” поэмасы (1929), “Шабуыл” (1933), “Қанды су” (1934), “Өмір жыры” (1938), “Қырдағы күрес” (1957) деп аталатын өлеңдері мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері “Айқас” деген атпен басылған (1942).Жұмалиев – “Біржан-Сара” операсы либреттосының, “Арбасу” (Ә.Сәрсенбаевпен бірге) атты пьесаның авторы.Филология ғылымдарының докторы проф.Қажым Жұмалиевтің артына қалдырған мол мұрасы біз үшін теңдесі жоқ байлық.Ол әдеби сынға байланысты жазылған «Стиль – өнер ерекшелігі» атты әдеби зерттеу мақаласында әр ақын, жазушының жазу мәнері мен стиль ерекшелігіне тоқтала кетіп, қазіргі қазақ сыншылары мен әдебиетшілерінің творчествалық ерекшеліктерін сөз етеді.Сонымен қатар, зерттеуші «Ұлы ойлардың ұшқыны» атты тарауында ұлы сыншы Белинский жайлы айтады. Ол былай дейді: «Мүшесі кем, мүсіні қисық ғаріптерді жұтып жіберіп, қайта құсқанда айтарлықтай ақылды сұқтанарлық сұлу етіп шығаратын ертектердегі самұрық құс тәрізді Белинский де өзіне бұрынғы және өз кезіндегі тарих, әдебиет, теория, философиялық ғылымдарды өз саласынан өткізіп, басқаша мазмұн, басқаша түрде қайта жасап шығарды...» Осы сөздерден ақ Белинскийдің асқан ақыл, үздік талант, терең ой, сынампаз мінез иесі екенін бірден байқаймыз.Ұлы сыншы ғылым мен искусстваның өзара айырмашылығын да көрсетіп, олардың байланысына да нақтылы ғылыми талдаулар жасағанын айтады. Жұмалиев Белинский жайлы көп мәліметтер айта келіп, ұлы сыншының сынға берген анықтамасына тоқталады: «Сын деген не? Сын көркем шығармаға берілетін баға, теорияны тәжірибеге қолдана білушілік, немесе нақтылы фактілерден теория жасауға тырысушылық.Кейде алдынғысы, кейде соңғысы, көбіне соның екеуі де...» дейді.Қорыта айтқанда ұлы сыншы В.Г.Белинский еңбектері революцияшыл демократтық идеясы жағынан болсын, әдебиет тарихын, теориясын білу, эстетикалық талғамымызды өрістету, көркем әдебиетке талдаудың методын үйрену жағынан болсын, күні бүгінге шейін көрнекті құрал, тамаша үлгі.Бұған Жұмалиевтің осы еңбегі куә.Ойға азық, сезімге қуат берерлік бұл туынды арқылы сын жайлы, сын тарихы мен сыншылар жайлы көп мәліметтер ала аламыз.
31.Сын дегеніміз не?
Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келді. Көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады. Түптеп келгенде, сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігімен өлшенеді. 1972 жылы "Әдеби-көркем сын туралы" қаулы алынды. Эстетикалық ойды тереңдетудің бір жолы-сыншы кадрлар даярлпу мәселесіне айрықша назар аударылып, ол міндеттің негізігі салмағы университеттерге жүктелді. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты. Әдебиеттің даму поцесі өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді де, соған орай сын пікірлерін тудырып отырады. Жазба әдебиеттің идеялық-шығармашылық арнасынан бағыт-бағдар алып, ұлттық ой-сана мен эстетикалық талап-талғам деңгейінен көрінеді. Сыншылдық ойдың ояну процесі тұрғысынан алғанда мәселенің түйіні-автор пікірінің дұрыс-бұрыстығында емес, өз ойын жүйелеп, нақтылап айтып беруінде.Айтар ойды біріне-бірін жалғастырып, өзі айтқанын дәлелдеуге тырысу-логикалық ойдың, сынның қасиеті. Ең алдымен, қазақ әдебиеті сынының туу процесіне өнерпаздық берген Абай шығармашылығы екенін айту ләзім. Абайдың азаматтық лирикалары, әлеуметтік сатирасы, ойлы да өткір толғаулары, үлгі-өнегесі мен ғибраты мол ғақлиялары- өз оқушысын ойландырмай-толғандырмай қоймайтын көркем туындылар.Қазақ өмірінің болмысын суреттейтін Абай өлеңдері біреуді қуантса, біреуді ренжіткені ақиқат, демек ол жөніндегі пікір де әр қилы болуға тиіс. Қалай болғанда да, Абай шығармасы тыңдаушылар мен оқушылардың ойын оятып, пікір айтқызғаны анық.Қазан революциясына дейін шыққан өлең жинақтары мен белгілі бір авторлардың шығармаларына назар аударсақ, сыни ой-пікірі бар дәйектеме материалдар жиі ұшырасады. Дәйектеме-сынның жарнама-сыннан және аннотациядан едәуір айырмасы бар. Егер жарнама-сын көркем шығарманың дүниеге келгендігін хабарлау міндетін атқарса, аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысөа түйіндейді, талдау жасауды мақсат етпейді. Ал дәлелдеме-сын пәлендей талдау жасай қоймағанымен, оқушыға шығарманың оқиғасын, мәні, жазылу себебін түсіндіреді. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің шығармаларында осындай сын материалдары жиі кездескендіктен, оны аннотация мен рецензия аралығындағы құбылыс екендігін ескеріп, дәйектеме-сын деп атаған орынды.
32.Хабарландыру-сын жанры.
Хабарландыру шағын жанр болғанымен де,ұтымды пайдалана білгенге берер мүмкіндігі мол. Аз көлемді, шебер жазылған хабарландырудың өзінен проблемалық мақалаға тән мағлұматтарды алатын жағдай да кез болады. «Қазақ әдебиеті» газетінің «М.Әуезов мұражайында» атты тұрақты айдармен беріліп тұратын хабарлардың жаңа мүмкіндігін танытарлық сипаттарын атап айтуға болады. Бұл айдарда айына екі рет Әуезовтың мұражайында өткізіліп тұратын қазақ әдебиеті мен өнер университетінің сабақтары жайлы хабарландырулар беріліп тұрады. Хабарландыру түрінде жазылғанымен де бұл хабарлар жанр шеңберінен шығып, ғұмырнамалық, проблемалық, ғылымилық сипатқа тұтасып жатады. Айдардың тұрақты авторы белгілі әдебиетші Т.Әкімовтың қысқа жанрдың ішкі мүмкіндіктерін барынша пайдалана білетін шеберлігі арқасында мұндағы хабарлардың әрқайсысы бір біріне ұқамай, жеке дара көркем публицистикалық кейіпке енеді. Нақты мысалға жүгінейік. «Ағып өткен бір жұлдыздың» тексі мынадай: «Құдайдың ықыласы ауып, сүйіп жаратқан құлдары яғни адамдары болады : сол бір сүйген құлдарына ол бәрін де:қабілет дарын, ақыл ой, зейін зерде, түр тұрпат, мейір шапағат, көмейден ағылар сөз дейсің бе аямай үйіп төгіп бере салады.Сол санаттағы адам Смағұл Сәдуақасов. Хабарландыру жанрының басты шарты көлемнің шағын болуы. Басты мақсаты әдеби маңызы бар деп танылған оқиға жайлы оқырманды уақытылы хабардар етіп отыру. Осы жерде мынаны ескеру керек: басты мақсаты хабарлау болғанымен де көлемі жағынан көбейе берсе, белгілі бір мөлшерде санның сапаға айналатыны сияқты, хабар да өзінің жанрлық табиғатын жоғалтып, басқа кейіпке ауысып кетеді. Сол сияқты жоғарыда әңгімелеген мүшелтойлар жайлы қысқа хабарларды кеңейтіңкіреп жаза беретін болсақ, хабарымыз, егер қалай өткенін суреттеу басым болса, сол жиыннан жазылған репортажға, егер кімдердің қатысып, не айтқанын тәптіштеу көбірек болса, есепке айналып кетуі мүмкін.
33.Аннотация
Аннотация(лат.annotatie- ескертпе)- кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. Аннотация-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Аннотацияның объектісі-бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты-кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Әдеби сынның басқа жанрлары сияқты, алдына көп міндеттер қоймайды; жоғарыда айтылған бір ғана мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның негізгі жанрлық ерекшелігін айқындайтын өлшем болып табылады. Академик М.Қаратаев бір мақаласында аннотацияны «қысқаша мазмұндама» деп атапты. Профессор Т.Амандосов аннотацияны рецензияның «ең шағын қысқа түрі» екендігін, ол «шығарманы қысқа, тұжырымды баяндап береді» деп жазады. Мысалы, «Дала уалаятының газеті»(А., Ғылым, 1990) кітабының аннотациясы: «Бұл жинақта Омбы қаласында қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрған «Дала уалаятының газетінде» 1895-1898 жылдар арасында жарияланған әдеби нұсқалар сол қалпында беріліп отыр. Жинақ ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттерге, аспиранттарға, сондай-ақ революцияға дейінгі Қазақстанның рухани өмірі қызықтыратын оқырмандарға арналған».
Мұнда кітаптың не жайлы екендігі, кімдерге арналғандығы жайлы ғана айтылған. Кітаптың мазмұны сөз болмайды. Бұл мысалда аннотацияның басты жанрлық өлшемдері- қысқаша сипаттама, шағын көлем- толық орындалған. Сынның басқа жанрлары негізінен баспасөз беттерінде өмір сүрсе, аннотация көбіне өзі таныстырып отырған кітаппен бірге жүреді.
34.Әдеби хабар.
Сын жанрларының ішіндегі « жасы жағынан ең үлкенінің де, көлемінен шағыны да, икемділігінен шапшаңы да, ең елгезек «тіл алғышы» да – әдеби хабар.Баспасөз бетіндегі әдеби пікірлер ең алғаш рет хабар түрінде көрінді десе де болады.Мәдени өмірдегі елеулу деп табылған әдеби фактілер оқырманға ең алдымен, хабар түрінде баспасөз арқылы жетеді.Қандай оқиғаны хабардың обьектісі етіп алудың өзінде де сыншылық – бағалаушылық сипат бар.Көбіне оқырманға пайдасы бар, ұнамды оқиғалар хабардың обьектісіне айналады.Хабар жанрының аты айтып тұрғандай, басты міндет- жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету.Хабардың «жаны»- жаңалық.Жаңалығы жоқ болса, хабар да жоқ.Хабар жанрының басты шарты- көлемінің шағын болуы.Басты мақсаты- әдеби маңызы бар танылған оқиға жайлы оқырманды уақытылы хабардар етіп отыру.Көлем жағынан келгенде тіпті бір сөйлемнен тұратын хабарлар да бола береді.Мысалы, С.Жанәбіловтың «Жазушыға құрмет» атты хабары «Әлжаппар Жылқышиевқа Шымкент қаласының құрметті азаматы атағы берілді деген сөйлемнен ғана тұрады.Сонда да болса жоғарыда айтқан жанрдың басты шарттары орындалып тұр.Осы жерде мынаны ескеру қажет:басты мақсаты хабарлау болғанымен де көлемі жағынан көбейе берсе, белгілі мөлшерде санның сапаға айналатыны сияқты, хабар да өзінің жанрлық табиғатын жоғалтып, басқа кейіпке ауысып кетеді.
35.Мақала сын жанры
Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады.Кей зерттеушліер мақаланың әдеби сында ең көп қолданылатындығын, талдаушылық пікір білдірушілік мүмкіндіктерінің молдығын, көлемі формасы жағынан ыңғайлығын ескере отырып оны сын жанрларының ішіндегі ең бастысы, негізгісі деп те біледі.Мақаланың мкақсаты әдеби өмірде болып жатқан құбылыстарды, оқиғаларды, талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандар,а түсіндіріп отыру. Сондықтан да мақалада әдеби сынның ғылыми -публицистикалық сипаты айқын көрінеді. М-ның құрылымдық жағына келсек, мұнда сынныңм басқа жанрларының көптеген элементтерінің кездесетіні көрінеді. Мысалы: мақала жеке кітаптарға пікір білдіретін рецензияның, жекеленген қаламгерлердің шығармашылық портретін жасайтын творчествалық портреттің, бір жанрдағы шығармаларды бағдарлауға арналған щолудың талдаудағы, ой айтудағы өзіндік артықшылықтарын мақала емін-еркін пайдаланады. Сондықтан мақала әдеби сынның құрылымы жағынан аса күрделі, сипаты жағынан сын жанрларының аса қажетті сипатын бойына сіңірген, пікір білдірудің небір ыңғайлы, ұтымды формаларын тауып, қолдана білетін өміршең де әмбебап жанр. Мақаланың басқа сын жанрларынан өзгешеленіп тұратын өзіндік ерекшеліктері бар. Мақала міндетті түрде күн тәртібінде тұрған әдеби процесс алға ұсынған қоғамдық маңызы бар зәру мәселеге арналады. МАҚАЛАНЫҢ ТҮРЛЕРІ теориялық немесе ғылыми мақала, проблемалық мақала, айтыс мақала. МАҚАЛА терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Бірінші, көбіне баспасөз бетінде жарияланған материалдардың жалпы аты ретінде қолданылып жүр. «Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу, фельетон да болуы мүмкін. Екінші, нақтылы баспасөз жанрының атауы. Газеттің хабар, аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да сол секілді осы қатардан белді орын алады. Мақала баспасөз жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын мүмкіндігі молырағы.
36 Баспасөз және сын
Әдеби сынның даму арнасы – баспасөз. Сондықтан да сынның дамуы баспасөздбің дамуына тікелей байланысты. ХІХ ғасырдың екінші жарымында қазақ даласында баспасөздің тууы шын мәніндегі жазба әдеби сынның пайда болуына тікелей қолайлы жағдай туғызды. Әдебиетке қатысты алғашқы сын мақалалар ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде шыға бастаған. «Түркістан уәлаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» беттерінде көрінді. Қазақ баспасөзінің қарлығаштары болған бұл газеттер әлеуметтік рухани ойларды оятумен бірге әдеби ой-пікірлердің де көшбасында тұрды. Бұл газеттер қаншама ресмиліктің қыспағына түссе де, қазақтың қоғамдық ой-пікірін оятуға себепші болды. «Түркістан уалаяты» газетінде қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары, ақындардың өлең-жырлары, әңгімелері мен ертектері жарияланып отырған. 1875-1878 жылдар аралығында сыншылдық ой-пікірге қатысы бар материалдарды жариялап, халықтың сана-сезімін ояту бағытында бірқыдыру үлкен еңбек сіңірсе, екінші жағынан, қазақ әдебиет сынының тууына дайындық жасады. Бұл кезеңдегі әдеби сын элементтері әлі де болса саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік мәселелермен қабаттаса айтылып, мәнді арна табуға ыңғайы бар екенін аңғартты. Қазақ әдебиет сынының эстетикалық дәрежесі мен өрісі онша биік талапқа жауап беріп, алқалы өңірден көріне қоймағанымен ел-жұртты елең еткізер екпінін аңғартып, өзінің жанрлық сипатын «Айқап» журанлы мен «Қазақ» газетінде айқын танытты. «Айқаптың» тұңғыш санынан бастап «Кітаптар жайынан» деген арнаулы бөлім ашылып, жаңа шыққан кітаптарға аннотация, жарнама-сын беріліп отырды.Айқап бетіндегі сын-ескертпелер мен мақалаларды негізінен екі салаға бөле қарастырамыз. Бірінші – педагогикалық сипаты айқын сыншылық ой-пікірлерді алдымен әңгімелейміз, өйткені бұл кезеңде мектептерді оқу құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі ең көкейтесті праактикалық іс болатын. Екінші – әдебиетке тікелей қатысты жайлардан өрбитін сыни ойларға назар аударып, олардың жанрлық болмысы мен табиғатын айқындау қажеттігі негізгі проблема болмақ. «Қазақ» газетінің позициясы әшейіндегі ағартушылық идеясын насихаттау емес, нақты практикалық тұрғыдан шешуге, іске айналдыруға тырысқандығымен дараландырады, түбегейлі өзгерісті қалаған төңкерісшілдікті аңғартады. 1918 жылы шыққа «Абай» журналы жазба шешендіктің, ойды дөңгелетіп ажарлы жеткізудің жаңа бір амалын жасауға талпынды. Сонымен баспасөз бен сынның кіндігі бір екендігі осыншама сүбелі де жүйелі ой-пікірлерден аңғарылады. Сын – коллективтік ұжымның жігер-күшімен дүниеге келер жанр. Ұзақ толғақпен туған жанрды қазақ басылымдары аяқтандырып, көркемдік сахнасына еркін шығарды.
37Рецензия.
Рецензия.– сын жанрларының ішіндегі ең көп қолданылатын өрісі көп жанр. (лат.тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру). Р. дегеніміз әдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып баяндайтын, пікір білдіретін әдеби сынның жанры. Рецензия –әдеби үдерістің барысында туындап отыратын әрбір жаңа шығармаға ізін суытпай, дер кезінде пікір білдіріп отыратын шапшаң жанр. Сондықтан да рецензия баспасөз бетінде жиі көрініп, көп оқылады. Оның осы қасиетіне байланысты болса керек, сын туралы қаулыда рецензияға баса назар аударылды. «Рецензиялау практикасында елеулі кемшіліктер бар. Жарияланған рецензиялар көп реттерде сыңаржақты сипатта болады, ешқандай негізсіз қағытушылық кездеседі, олар шығарманы атүсті айтып шығуға саяды, оның маңызы мен құндылығын нақты көрсетіп бере алмайды» деп, қатты сынға алды. Сөйтіп алдағы уақыттарда жаңадан шығып жатқан кітаптарды рецензиялау жұмыстарын жақсарту міндеттерін алға қойды. Қаулы шыққаннан кейін, баспасөз бетінде сынның рецензия жанры әдәуір жандана түсті. Республикадағы бірден-бір үлкен әдеби журнал «Жұлдыз» беттерінде рецензиялық мақалалардың жариялануы жиілей түсті. Рецензия сан жағынан ғана емес, жанрлық жағынан да жетіліп, сапасы арта түсті. Шағын көлемде толымды пікір айту, әсіресе, жас сыншылардың шеберлік мектебіне айналды. Жаңадан шығып жатқан шығармалар өзі туралы айтылар бағаны алғаш рет осы рецензиядан алып жатты. Әдетте рецензия шағын келеді. Әрине рецензия жанрында көрінген кейбір мақалалармен пікір жарыстыруға, талдаушылық шеберлігіне тоқталып жатуға мүмкіндіктің жоқтығынан олардыі кейбіреуіне ғана тоқтала кеткенді жөн көрдік. І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған «Алмас қылыш» романының кезінде идеялық жағынан қатты сынға ұшырағаны белгілі. Осы роман кіретін «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясына арнап белгілі әдебиетші Х. Әдібаев сын жазды. Автор «Сыншы міндеті – би болып, үкім шығару, кесім айту н/е мәңгілікке мандат беру емес, ойға ой, сезімге сезім қосып, шығарманың жетістік-кемістігін анықтау ғой деп түсінеміз. Алдымызда жатқан үш қалың кітаптың негізгі сипатын ағымыздан жарылып, газеттік маақаланың мүмкіндігінше талдадық–дей келіп, - Шығармада күрделі жемсі бар, жетістік аз емес; ренжітерлік, жетпей жатқан жерлерін де айттық... Қайталап айтамыз, жазушы І. Есенберлин бүгінгі таңда ел-жұртына мейлінше қажет, мың сан оқушысын тапқан, туған әдебиеттің тақырыптық шеңберін көбейткен күрделі романдар циклын бітірді»(«Қазақ әдебиеті», 12.04.1974)– деген ой түйеді. Шағын да шапшаң жанр рецензияның бірсыпырасы алдын-ала ойластырылған белгілі бір мақсаттармен жазылып, біржақтылыққа ұрынған, сөйтіп өзіне жүктелген абыройлы міндеттің үдесінен шыға ламаған кездері де болды. Сын қара қылды қақ жарып, шындықты шырылдап тұрып айтуға тиіс болса, кейбір рецензияларда бір кітапқа пікір айта отырып, авторының ар-ұжданына, намысына тиетін сөздер айтып, тіпті оның шығармашылық болашағын кесіп-пішіп қоятын жағдайлар да ұшырасты.
38.Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. HYPERLINK \l "cite_note-Source_4-0"[1].Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбекбиблиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады.Қазақ әдебиеттану ғылымына Ғ.Тоғжановтың «Абай» атты 1935 жылы шыққан зерттеуі әжептәуір үлес қосты. Әрине бұл монографияны Абай шығармашылығының бар проблематикасын әңгімелеген, көбіне оңтайлы жауап берген ғылыми эстетикалық еңбектен гөрі социологиялық ақау басын монографиялық очерк деп атаған орынды. Өйткені бұл еңбек алғашқы тәжірибе болса, екінші, Абайтанудың революцияға және революциядан кейінгі жан күйіне шолу жасап, көп мәселелер жайында автордың өз пікірі айтылады. Абайдың заманы, оның туып өскен ортасы қоғамдық – әлеуметтік мәселелерге көзқарас туралы автор көп тоқталады және бәріне де таптық тұрғыдан жауап іздейді. Ғ.Тоғжановтың қазақ әдебиет тарихындағы тұңғыш монографиясында қайшылықты ой пікірлер, түйіндер кездессе де, Абайды ғылыми жолмен тануды белесті бір шығармасы болды. Ұлы Абайды ұлт ақыны деп тану және бар өнімді ой пікірлерді осы тұжырым аясында өрбіту келешектегі көп ізденістер мен зерттеулерге көп соқпақ берді. Ғ.Тоғжановтың тұңғыш монографиясы көп мәселені айқындап ендігі жерде көркемдік шеберлік өнерпаздық биігіне Абайдың қалай көтерілгенін айқындау міндетін көлдеңен тартты. Ғ.Тоғжанов 1935 жылғы моногрфиясында Абайды тап ақыны, сонымен қатар ұлт ақыны деген тұжырымды барынша сақтана айтып, ру қамын емес жалпы қазақ халқын ойлаған, бақытын көксеген, қазақ шаруасын мәдени жолға түсіруді, теңсіздікті жоюды, қазақтың ұлт мәдениетін, ұлт әдебиетін өсіруді арман еткен, ұлттық самознаниесі күшті қазақ халқыны бірінші ұлы ақыны деген ең негізгі пікірді дәлелдей айтуы 1937-39 жылдарда үлкен ерлік қана емес, ғылыми эстетикалық жаңалық болатын. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады
39. Сын және сыншы
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымыныңі тарихи белестерінен 3 кезеңнен тұрады. 1-кезең –қазақ әдебие сынынң туу дәуірі. Қ.ә туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. 2-кезең – қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасуы және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі (1917-1937). 3-кезең – қазақ әдебиет сынның өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі (1938-1985). Әдеби сынның туу, қалыптасу проблемалары тек творчествалық емес, саяси-әлеуметік мәселелермен де тікелей байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында оны орағытып өту мүмкін емес. Сынның социологиялық және эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді. Әдеби сын –көркем шығармаларды талдап, баға беріп олардың идеялық-көркемдік мәніні, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы. Сыншы-әдеби сынның объектісі. Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді.Көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады.Бұл заңды да.Ал енді көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келген сынның дәрежесі қандай болмақ деген мәселеге келгенде , екі себепке:субъективтік және объективтік себептері бар.Сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиетің шыққан биігімен өлшенеді.Сынның кейде социологиялық, кейде эстетикалық таңдауларға ден қоюынын өзі де әдебиеттің қамтыған өмір шындығын белгілі дәрежеде тәуелді болатын кезін естен шығармау қажет.Қай кез болмасын,әдебиеттің өрлеу кезінде де, оның кейде көркемдік жағынан да,қоғамдық пікірді ұйымдастыру жағынан да биік деңгейден табылмай қалатын шағында да сыншының білім-парасаты мен эст.талғамы санаттан шығып қалған емес.Мұның өзі сын дәрежесін аңғаруға қажеті субъективтік себеп.Егер көркем шығармалар өзінің қоғамдық мәні жағынан көркем бейнелер жасау,типтік жағдайларды көрініспен суреттеу,тіл байлығын игеру,оқушыны ілгері ұмтылдыраын эст.идеяларды белгілеу жағынан биік деңгейде болса, онда сынның өрісі биік болғаны.Сыншы әрқашан көркемдік дамудың кезеңді асуларында ойын өрбітуге қажетті дәлелдерді әдебиетің күнделікті шындығынан ала отырып, келешекте шығар биіктерді бағдарлайды, әдебиеттің өркендер арнасын анықтайды, әдеби процеске белсене араласады.Сынның негізгі мақсатының бірі – ажарсыз бен келіссізді мінеу емес,ең алдымен адамның жан дүниесін, талап талғамын әсемдік ен сұлулыққа,ізгідікке тәрбиелеу. Ауыз әдебиетінің қай үлгісі болмасын халықтық эстетиканы,халықтың сыншылдық көзқарасы мен парасатын танытып отырады.Өйкені көркемдіктен ләззат алу,әсемдік пен сұлулықты ардақтау,озық үлгі-өнеге бастап, жамандыұтан жирендіріп отыру – халықтық талап –талғамның жемісі,сыншылдық көзқарасардың нышандары. Ақыл-сана жүрген жерде сыншылық көзқарас еріксіз араласып отыратыны табиғи процесс.Ахмет Байтұрсынов: «Сыншы сынау үшін мәтіннің сыналу тәртібін білу керек» деген.
40.Эссе
Эссе латынның таразылау, француздың очерк, мақала деген ұғымын білдіреді. Эссе жанрының негізін салған – француздың үлкен гуманист, философ жазушысы М.Монтень. Ол 1580 жылы «Эссе» деген кітап жазып, онда қоғам, адам тағдыры туралы толғаныстарын ұсынған. Бұл кейіннен орыс тіліне аударылып, «Тәжірибелер» деген атпен басылып шықты. 1597 жылы Ф.Бэкон да осындай атпен еңбек жазды. Кейіннен бұл жанрда көптеген жазушылар, философтар, қоғам қайраткерлері қалам тартып, әдебиеттің ерекше эстетика саласы қалыптасты. Эссенің өміршеңдік танытуы оның көркем әдебиет пен ғылымның жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, оқырман ойын қозғай білуіне байланысты болса керек. Эссенің негізгі жанрлық ерекшелігі – оның композициялық құрылымның еркіндік танытуы. Эссе-көркем жанр. Солай бола тұра, оның сыншылдық сипаты айқын. Әдетте әдебиеттің тарихында өзіндік орны бар үлкен қайраткерлер жайында естелік не толғаныс түрінде жазылып, оған деген автордың субъективті пікірлері айтылады. Қазіргі қазақ қаламгерлерінің ішінде осы жанрда өнімді еңбек етіп келе жатқандардың қатарында С.Шәймерденов пен М.Әлімбаевты бөліп атауға болады. Жалпы эссе жанрының дамуында екі түрлі бағытты байқауға болады. Бірі-алынып отырған объектісінің көркем бейнесін жасаушылық, сол арқылы өз бағасын ұсыну. Мұндай эсселерді көркем әңгімеден, естеліктен айыру қиын. Екінші бағыт-жанрдың жазушы туралы авторлық толғаныстарға құрылуы. Мұнда көркем суреттеулерден гөрі ағынан жарылып, өз ойларын ортаға салушылық көрінеді. Әдеби талдауларға, сол арқылы бағалауға құрылған эсселер көркем тілмен әсерлі жазылып, оқырманын баурап алады.
41.Кәсіби сыншы
Нағыз сыншы шығарманы талдау кезінде шығарманың авторына назар аудармай,шығармаға көлеңке түсіріп тұрған жерді оқырманға көрсетеді. Сондай кәсіби деңгейдегі сыншылардың бірі Зейнолла Серікқалиев. Зейнолла Серікқалиев кәсіби деңгейдегі сыншы ретінде танытын оның еңбектері: «Ойлар толғаныстар» , «Жылдар сазы» , «Тағдыр және біз»,т.б. атты сыни еңбектері. З.Серікқалиевтің «ойлар, толғаныстар» атты кітабы қазақ әдебиетінің 80-ші жылдардағы қазақ әдебиетінің көкейтесті мәселеліріне арналған. Композициялық құрылысы жағынан бұған дейінгі сын жанрларынан өзгеше.Жұп жұптан берілген ,бір бірімен сабақтас проблемалық материалдар циклін тек бірыңғай мақалалардан гөрі біртұтас әдебисын кітап деп қарау орынды. «Ой.Сезім.Образ» бөлімінде автор қазақ лирикасының жай күйін , «Көп жыл өтккен соң» , «Қан мен тер», «Ақбоз ат», «Дәмелі» деген романдарын талдайды. «Білім.Парасат.Талант» бөлімі әдебиет сынына көзқарас. «Сын және жауапкершілік», «Ойлы досқа айтар сөз» «Қына тасқа, білім басқа» деп аталатын мақалаларда парасатты, әділ, мәдениетті сынның мүддесі сөз болған. Оқырман мен сыншы арасындағы мәңгі мұңдасу мен сырласуды өзінің әдебиетші-сыншы ретіндегі ұстанымы ете білген Зейнолла Серікқалиев халықтың эстетикалық мәдениетін көтеруге, оқырманның әдеби-эстетикалық талғамын тәрбие леуге, қалыптастыруға, дамытуға дәнекер болып өмір бойы табанды түрде еңбек етті. Кеңестік кезеңде көптеген сын мақалалар мен ғылыми еңбектерде бой көрсеткен шығарманың мазмұнын баяндап шығу немесе құрғақ талдау сияқты сұйықтықтан өзін таза, сырт ұстаған сыншы боссөзділікке орын бермеген.Көрнекті әдебиетші, сыншы Зейнолла Серікқалиев көбіне оттың ортасында жүрді. Өйтетін себебі ол барлық кезде әділдікті сүйіп еді. Айталық, кезінде қоғамнан шеттетіліп, әдеби ортадан қашық жүр генде елдің неше түрлі алып-қашпа сөзіне іліккен қос таланттың /Ас қар Сүлейменов пен Мұқағали Ма қатаев/ тағдыры мен шығар ма шылығын таза көркемдік құнды лықтары тұрғысынан танып, оны оқырмандарына өзінің биік өресі мен теориялық нанымды да дәлелді талдауларымен мойын дата білген қатал сыншы Зейнолла Серікқалиев еді.
42.Әдеби шолу
Әдеби шолудың негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір де, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. Негізгі мәселе – сыншының әдеби өмірді, даму бағыттарын қалай көре білуінде, негізгі даму бағыттарын айқындайтын әдеби фактілерді дұрыс айыра алуында. Көркемдік даму процесі ылғи да бір бағытта бола бермейді. Шығармашылық ізденіс жолында аяқтың шалыс түскен тұстары да, қиындықпен келген жетістіктері де қатар жүріп жатады. Әдеби шолудың сынның басқа жанрларынан басты ерекшелігі – шолынып отырған әдеби объектісінің шынайы көрінісін жасау. Ал, әдеби өмір дегеніміз – жекелеген әдеби фактілердің, құбылыстардың жиынтығы. Сыншы үшін аса күрделі міндет-сан алуан фактілерді ажыратып, сол фактілердің негізінде барып әдеби өмірдің шындығын айту. Шолудың негізгі жанрлық белгісі қарастырып отырған объектісінің, яғни әдеби өмірдің біртұтас панорамасын жасау, сол туралы пікір білдіру болса, осы мақсатқа жету үшін ол сынның басқа да жанрларының мүмкіндіктерін еркін пайдаланады. Шолудың ішінде библиографияның, хабардың, аннотацияның,рецензияның,мақаланың,шығармашылық портреттің элементтері жүре береді. Сыншы айтар ойының ығытына қарай баяндау, толғаныс, суреттеу, талдау, жинақтау секілді тәсілдерді кеңінен қолданады. Қайсысын көп, қайсысын аз – мәселе шеберлікке келіп тіреледі. Әдеби шолудың ішкі анатомиялық құрылысы негізгі үш түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Біріншісі-әдеби фактілер,екіншісі-шолуда міндетті түрде әдебиеттің фактілеріне негізделген ой айтылу керек. Үшіншісі-әдеби фактілерге берілген түсініктемелер. Шолулар қамту объектісіне, көлеміне, тақырыбына қарай іштей жіктелініп жүр.
43.Әдебиет сынының қоғам өміріндегі рөлі.
«Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы.Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби - публицистикалық ғылыми – эстетикалық шығармашылық түрі.Әдеби сын— аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс » екендігі белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, қоғам көркем шығарма дүниеге келген тұстан бастап сыни пікір тудыратын кіші сын ортасы болып табылады. Яғни, қоғам кәсіби сыншы ортасы емес. Дегенмен, кез – келген көркем шығарманың тағдыры қоғамда алатын орнына, Т. Кәкіштей айтқанда «биік деңгейден» көріне алуына да өзара байланысты. Сын әдебиетті ғана жетілдіріп қоймай, қоғамды да тәрбиелей алуға белсенді. Осы арада « Сын – шын болсын» деген тіркестің қолданылуы босқа емес. Сондықтан, Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымы дүниеге келген әрбір көркем туындының идеясын, айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін, нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті.Әдебиет қоғам өмірін айнаға түсіретін құбылыс болып табылады.
44.Жазушы сыншы
 Қазақстанның рухани тәуелсіздігін нығайтуда, тарихы мен мәдениетінің тарихын түбірлі зерттеуде алдыңғы қатарда жүрген қоғамдық ғылым саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай.Тарихи шығармалардың көркемдік ерекшеліктері мен тарихи негіздері, ұлттық нысана және тарихи шындық, прозадаға түрлік және жанрлық ізденістер, тілдік бояулар мен жастардың шығармашылығы туралы сыни мақалалар жазды. Сол тұстағы СССР Жазушылар одағының сын кеңесінің пленум мүшесі ретінде қазақ әдебиетіндегі үздік шығармалардың тек Қазақстанда ғана емес, Кеңестер одағының көлемінде танылуы мен насихатталуына атсалысып, одақтық басылымдарда сыни мақалалары мен шолулары жарияланды.І.Есенберлиннің,Ш.Әбеновтің, Қ.Мұхамедхановтың,Т.Әбдірахманованың, О.Сүлейменовтің,Ж.Жұмақановтың, С.Мұратбековтің, Қ.Жұмаділовтің, М.Мағауиннің, Б.Тілегеновтің, Р.Нұрғалидің, О.Бөкеевтің, А.Жақсыбаевтің,   Р.Сейсенбаевтің,  С.Әшімбаевтің,  Ж.Әбдірәшевтің,  Н.Айттың, Д.Әшімхановтың және т.б. шығармашылық өмірі мен шеберліктері хақындағы сыни эсселер жазды.Т.Жұртбайдың бойындағы шығармашылық қабілет пен сыни көркем талдауға бейімділік, ұлы тұлғалардың шығармашылық өміріне деген ынта, мұрағат мұраларымен жақсы таныстығы оның қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ілімінде бұрын нышан танытпаған роман-эссе жанрына қалам тартуына әсер етті. «Бесігіңді түзе!..», «Бесігіңді ая!..», «Бесігіңді аяла!..», «Бесігіңді ұмытпа!..», «Бұзылған бесік...», «Бейуақ», «Талқы» атты туындылары арқылы көркем саралаудың жаңа бағытының қалыптасуына ықпалын тигізді. М.Әуезовтің өмірі мен шығармаларының жазылу тарихын салыстыра талдай отырып, жазушының қилы-қилы тағдыры мен туындыларының жазылу тарихына қатысты бұрын әдеби ортаға белгісіз екі жүзге тарта тың деректерді ғылыми айналымға түсірді.Сыншы ретінде ғалым Т.Жұртбай тарихи және көркемдік шындық, өмірлік тартыс және көркемдік шешім, тарихи көркем баяндау, авторлық баяндау мен авторлық мәтін, қойын дәптер және қолжазба, түпнұсқалық және кітаптық мәтін, қаламгер мен шығарма тағдыры, көркем дүниедегі кеңістік пен уақыт, көркем түйсік  пен  көркем таным, тарихи көркем шындықтың теориялық мәселелері мен тарихи ойлау жүйесі, тұлға мен туынды тағдыры, тарихи шығармалардағы тарихи шындықтың, авторлық кейіпкердің, кеңістік пен уақыттың жағырафиялық, жетекші және басты кейіпкер іспетті жазушы психологиясына тереңдеп баруға мүмкіндік беретін әдебиеттанудағы күрделі мәселелерді көтерді.
45.Ғалым сыншы.
Темірғали Нұртазин сыншы ретінде де, жазушыретінде де, ғалым, педагог ретінде де мәлім.Ол өзінің творчестволық, әсіресе ғылымдық ой-пікірін шашыратпай, белгілі бір арнаға бағыттай және айтайын дегенін жеріне жеткізе айтады.Ғалымдық тұлғасының өзіне тән осы ерекшелігіне оның публицистік қаламының ұшқырлығы, зерттеушілік дарынының нәрлілігі, аудармашылық қабілетінің сан-салалығы қиюын тауып қабысады. Орыс, қазақ, татар тілінде қалам жебеп: «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Красная татария», «Қызыл Өзбекстан» газеттерінде жарияланған көркем суреттемелері мен публицистикалары; «Мұрат» атты повесі, «Жаңа саты», «Адам бекер жасамайды» деген әңгіме-очерктер жинақтары оның дарынының бір қырын танытады. Алайда, профессор Т. Нұртазиннің қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегінің сүбелісі де, көрнектісі де қазақ әдебиеттану ғылымы саласында.Осы жөнінен келгенде Темірғали Нұртазиннің қазақ совет әдебиетінің негізін қадаушылардың бірі Сәбит Мұқановтың творчествосын зерттеуінен көп ғалым, әсіресе жас ғалымдар ғибрат ласа керек.Т.Нұртазин 1960 жылы «Б. Майлин творчествосы» атты көлемді монографиясын жариялады.Қазақ әдебиетінің классигі Б. Майлин творчествосын тұңғыш рет кең көлемде зерттеп, оның көркемдік шеберлегінің қадау-қадау биіктері мен өзіне тән ерекшеліктерін білгірлікпен, оқымыстылықпен баяндағаны іргесі жаңадан қаланып келе жатқан бейімбеттану іліміне негіз болары хақ.Ол қазақ әдебиетінің бүгінгі жанды процесіне тікелей араласып, өзінің жауынгер сыншы да екендігін танытты.М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Жамбыл, Ж.Сайын, Қ.Бекхожин, С.Мауленов және басқа ақын-жазушылардың шығармалары жайында пікірлер айтқан болатын.Олар автордың мүшелді мерекесіне шығайын деп жатқан «шеберлік туралы ойлар» деген жинағанда жариялануда. Ол өзінің 1971 жылы «Қазақ әдебиетінде» жарияланған «Түзіктік кепілі» атты сыни мақаласында әдеби сынның жалпы сыннан айырмасын ашып көрсеткен. «...сын босаңсымайды, елеусіздікке ұшырамайды, тез ширайды, өршиді. Әдеби шығармалар да туу, жасалц үстінде талай бақылаудан, бағалаудан, сыннан өтеді» – дейді. Қорытынды сөзінде: «Қазіргі сында босаңдық, селқостық, отсыздық байқалады. Бірақ, үңірейіп, қиюы қашып қалған ештеңке жоқ.Әдебиетіміз де сынымыз да өсуде.Кадрлары да жеткілікті.«Аттан» салу қажет емес.Сын, сыншылар – әдебиет пен өнердегі партиямыздың, дәуіріміздің өкілі.Олар өз рөлі деңгейінде болу үшін лайықты талап, назар керек» – дейді.
46.Сын жанрларының дамуы.
Қазақ әдебиетіндегі жанр мәселесінде түрліше пікірлер көрінеді. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаған А.Байтұрсынов жанр сөзін қолданбаған.Ал, академик З. Қабдолов «Әдеби жанр термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1)әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2)әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, трагедия, т.б.» деп жазады. Әдеби хабар – сын жанрларының ішіндегі «жасы жағынан да ең үлкені де, көлемі жағынан шағыны да, икемділігінен де шапшаңы да, елгезек «тіл алғышы». Хабар жанрының аты да айтып тұрғандай, басты міндет – жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету. Хабардың «жаны» - жаңалық. Алғашқы сынның мұндай түрін проф. Т. Кәкішев «жарнама-сын» деп атады. Аннотация – сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Аннотацияның объектісі – бір ғана шығарма, кітап. Мақсаты – кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Әдеби сынның басқа жанрлары сияқты, алдына көп міндеттер қоймайды; жоғарыда айтылған бір ғана мақсатты шағын көлемде орындау аннотацияның негізгі жанрлық ерекшелігін айқындайтын өлшем болып табылады. Рецензия – сын жанрларының ішінде ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Бұрын «рецензия сынның синонимі ретінде ұғынылатын кездер де болған.Рецензияда бір кітап не, бір швғарма әңгіме арқауы болады. Мақаланың мақсаты – әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Сондықтан мақалада әдеби сынның ғылыми-публицистикалық сипаты айқынырақ көрінеді. Шығармашылық портрет көбіне қалың оқырманға арналып жазылып баспасөз бетінде жарияланатындықтан да көркем публицистика түрінде жазылады. Эссе, негізінде – көркем жанр. Сола й бола тұра, оның сыншылдық сипаты айқын. Эссенің негізгі жанрлық ерекшелігі – оның композициялық құрылымның еркіндік танытуы. Әдеби шолудың сынның басқа жанрларынан айырмашылығы – шолынып отырған әдеби объектісінің шынайы көрінісн жасау. Ал, әдеби өмір дегеніміз - жекелеген әдеби фактілердің, құбылыстардың жиынтығы. Олардың барлығын қамту қиын, қажеті де шамалы. Сыншы үшін аса күрделі де қиын міндет – саналуан фактілерді ажырата біліп, сол фактілердің негізінде барып әдеби өмірдің шындығын айту.
47.Әдеби сынның объектісі.
Алдымен, әдебиет сынына анықтама берейік .Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы.Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби – публицистикалық, ғылыми – эстетикалық шығармашылық түрі.Әдеби сын — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс.Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методологиялық - сын қолданады.Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы.Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Әдеби сында оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады.Әдеби сында берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні.Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да.Әдеби сын көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Әдеби сынның тарихы ертеден басталады.Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Әдеби сынның рөлі зор болды.Ол жазба әдебиеті ғылымы дамуымен бірге өрбіп отырады.Ортағасырлық ғұлама әл-Фарабидың ,Махмуд Қашқаридың,Жүсіп Баласағұнның сөз өнері жайлы жазған пікірлері ,Шоқан Уалихановтың,Ы.Алтынсариннің,А.Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі десек болады.19ғасырдың 2-жартысында «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты»газеттерінің беттерінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі Әдебиет сыны тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. «Айқап» журналы мен «Қазақ»газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап,жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар,әдеби шолулар,түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көрінебастады.Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,М.Дулатов т/б қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты.20ғасырлардың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі,көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды.
48.Бүгінгі әдеби процесс және сын.
80жылдардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ әдебиеті сынына да тың серпіліс әкелді,алға жаңа міндеттер қойды.Мұндай үлкен міндетерді атқаруға сынның ғылыми сипаты артып,әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті.Қазіргі кезде әдебиет сыны жан-жақты өркендеп,жанрлық түрлері дамыды.Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала,сын пікір(рецензия),шолу мақала,эссе(ғылыми очерктер),сын-монографиялар т/б жанрлық түрлері дами бастады.Қазақ руханиятында қайталанбас көркем мұра сыйлаған Ғ.Мүсірепов, Т.Әлімқұлов, Қ.Мұхаметжанов, қазір де қолынан қаламы түспеген Ә.Нұрпейісов, Ш.Мұртаза, Ф.Оңғарсынова сынды шынайы суреткерлер жайындағы толымды,тағылымы биік әдеби-эстетикалық эсселер мен әдеби талдау мақалалар шоғыры осының барлығы әдебиет сыншысының кейінгі он-он бес жыл көлемінде тынымсыз ізденіс үстінде екенін көрсетеді.Әрқайсысы қазақ әдебиетінің бір-бір шоқтығынга айналған жоғарыда аты аталған қаламгерлердің шығармашылық зертханасының,олардың көркемдік әлемнің қазіргі әдебиеттану,сыни-эстетикалық дүниетанымымыздың бүгінгі жеткен биігінен талдау арнасында қарастырылуы басты рухани олжамыз дер едік.Әдебиетімізге тәуелсіздік кезеңінде келген жастардың шығармашы лығы да толымды әңгіме көтеруді талап етеді.Олардың нысаны-тұнып тұрған бүгінгі күн,бүгінгі заман десек болады.Жалпы,айта кетсек,әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді . Көркемдік даму мен эстетикалық талап – талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір – бірінің ілгері - кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады. Ал енді көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келген сынның дәрежесі қандай болмақ деген мәселеге келгенде, екі себепке, атап айтқанда, субъективтік және объективтік себептерге тоқтала кеткен жөн. Субъективтік себепте ең алдымен, сыншының білім деңгейі мен эстетикалық талғамының мол – аздығын еске алу керек. Қай кез болмасын, әдебиеттің өрлеу кезінде де, оның кейде көркемдік жағынан да, қоғамдық пікірді ұйымдастыру жағынан да биік деңгейден табылмай қалатын шағында да сыншыға қойылатын субъективтік талап шығып қалған емес. Екінші объективтік себеп – көбіне әдебиеттің жалпы дәрежесіне тәуелді. Егер көркем шығармалар өзінің қоғамдық мәні жағынан көркем бейнелер жасау, типтік жағдайларды көрініспен суреттеу, тіл байлығын игеру, оқушыны ілгері ұмтылдыратын эстетикалық идеяларды белгілеу жағынан биік деңгейден табылып жатса, онда сынның өресі биік болғаны. сыншы әрқашан көркемдік дамудың кезеңді асуларында ойын өрбітуге қажетті дәлелдерді әдебиеттің күнделікті шындығынан ала отырып, келешекте шығар биіктерді бағдарлайды, әдебиеттің өркендер арнасын анықтайды, әдеби процеске белсене араласады.
49 Сыншыл реализм
Сыншыл реализм–әдебиеттегі көркемдік әдіс.Өмірді сан қырынан зерттеп, қоғамның адамзаттық нормаларға қайшы келетін кемшіліктерін сынға алады.Типтік жағдайда типтік образдар жасау арқылы өмірді неғұрлым шынайы суреттеуге ұмтылып, адамдар тағдырын, олардың мінез - бітімін, қоғамдағы қайшылықтарды сынайды.Адам мен қоғам арақатынасын, адамзаттың қоғамдағы жасампаздық, белсенділік қызметін, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік қалыптарын сақтай отырып, бақытты өмір сүру жолындағы ұмтылысын, күресін бейнелейді.Қоғамдық дамудың дұрыс жолды таңдауында сынның рөлі қаншалықты болса, Сыншыл реализм де өнер құдіретімен өмірдің көлеңкелі тұстарын шынайы бейнелеуге ұмтылып, оны жою мен әділетті қоғам орнатуға үндейді. Қоғамда белең алған кемшіліктер мен әділетсіздікті сынап, оны болдырмауға шақыру Сыншыл реализмнің басты сипаты саналады.Қазақ әдебиетінде жыраулар поэзиясында қоғамға деген сыни көзқарас, халықтың арман - мұратын ел билеушілерден қаймықпастан жыр өрнектерімен жеткізу негізгі сарынды құрады. Бұқараның мұңын жоқтап, билеуші топтың елге жасаған әділетсіздігін әшкерелей жырлау қазақ әдебиеті дамуының басты бағытына айналды.Сыншыл реализм әдісі жыраулар поэзиясы мен әлем классиктері дәстүрлерін үлгі-өнеге тұтқан Абай шығармаларында берік орын алды.20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде өмір құбылыстарын көркем бейнелеудің бір тәсілі ретінде сыншыл сарын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, тағы басқа шығармаларында өрісті арна болды.Сыншыл реализм өмір шындығы.Әдетте, өткен дәуірде өмір кешкен ақын – жазушылардың жазғандарын жеке талдап айта салу оңай да, шеберлікті, өзіне - өзі үлкен талап етіп қойған әдеби бағытын дұрыс тану көп еңбекті керек етеді.Бұлай дейтініміз қандай әдеби ағын болмасын, тіпті әр елдікі, халықтікі десек те ұқсастық, ерекшелік болатындығы аңғарылады. «Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» десек те өзгешеліктері мен бірге үндестігі болатынын білдік... Себебі қоғамы ұқсас болған елде қарама – қайшылық та, үстем топқа деген наразылық та бірдей болатыны даусыз.Біз жоғарыдағы орыс ақын – жазушылары мен Абай шығармаларын салыстыра қарағанымызда мейлі орыс, қоғамы болсын, мейлі қазақ қоғамы болсын ұқсастық барын ұқтық.Ал айырмашылығы әр ұлттың ұлттық менталитетіне ғана тірелгендей.Сыншыл реализм - өмір шындығын нақты көрсете алатын әдеби ағым болғандықтан осы ағымға қалай сілтеген ақын – жазушылардың көздеген мүдде тұрғысынан шыққаны айқын.Өйткені өмір шындығы әр елде кездесетін, әр халықтың арасынан табылатын шындық.Сол шындықты ашына айтқан сыншыл реалистік жазушылардың бұл ретте өз елінің көзін ашуды көздеген мақсаттары үшін еңбек еткені рас.
50.Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері.
«Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді қарастырамыз . Бірінші кезең - қазақ әдебиет сынының туу дәуірі . Екінші кезең – қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі .бұл процесс 1917 - 1937 жылдардың арасын қамтиды . Үшінші кезең – қазақ әдебиет сынының өсіп – өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938 – 1985 жылдар аралығы» деп көрсетеді Т.Кәкішұлы. Байқап отырғанымыздай, қазақ әдеби сынының даму процесі кезеңдік айырмашылықтарға байланысты алдына өзіндік мақсаттар қойған Осы тұрғыдан алғанда, мақсат бар жерде міндеттердің көрсетілуі де даусыз . Әрине , ол міндеттерді тәптіштеп бір арнаға , бір қалыпқа сыйдыру қиын - ақ . Дегенмен , Т. Кәкіштің өзі айтқандай : « Халық болған жерде өнер бар , оған деген көзқарас, эстетикалық талғам бар . Халық ауыз әдебиетінен тартылған жайлар жазба әдебиет туындыларына ұласып , өзінше бір көркемдік әлем жасағаны даусыз. Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымы дүниеге келген әрбір көркем туындының идеясын , айтар ойын , эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін , нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті».Сынның әлеуметтік және эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді болғандықтан, сыншыға қойылатын талап міндеттеменің басында тұруы қажет .
51.Әдебиет сыны және мерзімді басылым.
Қазақ әдеби сынының алпысыншы жылдардағы даму өркендеу жолы «жылымық» сәттен бастау алды.Әдеби процесс өнімді де жемісті бола бастады.Батыл, жаңаша көзқарасқа, демократиялық сипатқа негізделген, ұлттық болмысты жарқырата көрсетуге ниеттенген, олқылығымызды толықтыруға бағытталған әдеби сын дүниеге келді.Ол өзінің алдындағы үрдісті сақтай отырса да, қоғамдағы сәл де болса жүріп жатқан өзгеріс, сипаттарға орай жаңаша лепке толы болғанын жоққа шығаруға болмайды.Алпысыншы жылдары әдеби басылымдар әдеби өмірдің тайқазанына айналды, Газет-журнал беттерінде жаңа шығармалар көптеп көріне бастады.«Жұлдыз» журналының әдеби шолуынан төмендегідей жолдарды оқимыз.«Журнал редакциясына күнбе-күн көп-көп өлеңдер түсіп жатады.Осы өлеңдердің жарамдылары іріктеліп алынып, журналдың «Жастар дауысы» бөлімінде жарияланғаны оқушыларымызға аян.Жас ақындардың шығармалары сонымен қатар журналдың жеке сандарынан да қағыс қалмай келеді. Мерзімді басылым беттерінде жаңа шығып жатқан кітаптарға пікір білдірген рецензиялар жиі көрініп тұрды. Атап айтқанда, Т. Әлімқұловтың «Махаббат дастаны» («Қазақ әдебиеті». 11.03.1960, С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романы туралы), Р. Бердібаевтың «Махаббат пен зұлымдық» («Лениншіл жас»), Ә. Нарымбетовтің «Балалар әдебиеті жайлы құнды кітап» («Қазақстан мұғалімі», 19.05 1960), Ш. Ахметовтің «Балалар әдебиетінің очеркі» деген еңбегі; A.Нұрқатовтың «Өмір шындығы» («Социалистік Қазақстан» 15.05.1960, Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романы хақында). Осылайша, мерзімді басылым арқылы, шығармашылық портрет, портреттік очерк, библиографиялық очерк, эссе, монографиялық очерк түрлерінде көрініп, жанрдың жағалауы кеңи түсті.
52.Дәйектеме сын.
Дәйектеме – сынның жарнама – сыннан және аннотациядан едәуір айырмасы бар.Егер жарнама – сын көркем шығарманың дүниеге келгендігін хабарлау міндетін атқарса, аннотация сол шығарманың негізгі мән – маңызын қысқа түйіндейді, талдау жасауды мақсат етпейді.Ал дәйектеме – сын пәлендей талдау жасай қоймағанымен, оқушыға шығарманың оқиғасын, мәнін, жазылу себебін түсіндіреді.XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің шығармаларында осындай сын материалдары жиі кездескендіктен, оны аннотация мен рецензия аралығындағы құбылыс екендігін ескеріп, дәйектеме – сын деп атаған орынды.Оны іштей үш топқа бөліп қарастырған жөн. Ең алдымен,ағарту идеясы мол жырланды және сыншылық ой елегінен мүмкін қадірінше өтіп отырады. Екінші, өз шығармасы туралы өзі пікір айтып, түсіндірме жазушылар да едәуір кездесті.Үшінші, әдеби – сын элементтері айқын да басым дәйектемелер. Дәйектеме сынның алғашқы көріністерінде әр автор өз шығармасының нендей мақсатпен жазылғандығын түсіндірсе, оны оқып шығуды кем-кетігі болса сынап, келесіде түзерліктей тілек-талаптарын жазып жіберуді, жазған еңбегі ұнаса, оны көпшілікке таратуды, ойын қылып беруді өтінген авторлық пікірлер ХХ ғасырдың басында шыққан кітаптарда бірқыдыру мол кездеседі. Сонымен қатар, дәйектеме сынның сапалық қасиетін көтере түсетін, әдеби талдауға ұмтылып, өзінің ойын айтуға талаптанатын сын-пікірлер де жоқ емес.Бұлар сан жағынан аз болғанымен мән-маңыз жағынан әлдеқайда алымды да құнарлы.Дәйектемелер социологиялық-эстетикалық сынға барар жолдағы үлкен өнерпаздық өткел болғаны анық.Сонымен, қазақ баспасөзінің туу дәуірінде шыққан көркем шығармалар мен өлең жинақтарына, оқу құралдарына, басқадай кітаптарға жазылған, олардың мән-мақсатын түсіндірген комментттарийлердің эстетикалық өрісіне қарап, оларды дәйектеме-сын деп атаған орынды.Қорыта келгенде, дәйектеме – сын көркемдік талдауы мен эстетикалық дәлелдеуі, әлеуметтік түсіндірмелері аралас жүретін мәнді сын мақалаларға, құнды рецензияларға барар жолдағы бір басқыш.
53.Әдеби мұра және сын.
Әдебиет ол қай халықтың болмасын асыл мұрасы, таусылмас қазынасы іспеттес. Әдебиет үлкен қазына болса, сол қазынаны сын арқылы байытуға болады. Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы.Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик.шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс.Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді.Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы.Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады.Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні.Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик.үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады.Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады.19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды.
54.Сын жанрының зерттелуі
Қазақ әдебиеттануы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу, қалыптасу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отыр. әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тін шығармашылық ғылыми мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді. Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең – қазақ әдебиет дәуірінің туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды. Үшінші кезең – қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар аралығы. Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының өсіп-өркендеуінің соңғы екі кезеңі пәлендей дау туғызбайды. Ал бірінші кезең, яғни, Қазан төңкерісіне дейін қазақ әдебиет сынының туу дәуірі жайлы әр қилы сиырқұйымшақ пікірлер бар. Бұл жөнінде европацентриятік кейбір ой пікірлерді сөз етудің қажеттілігі шамалы. Қоғамдық сананың әрбір саласын, әсіресе, қазақ әдебите жанрларының ғана емес, тіпті ешбір шүбә тудырмайтын тарихи желісі үзілмеген мәселелердің өзі төңкерістен кейін сапалыө жаңа қасиеттермен толысқанын тілге тиік етіп, бұрынғыны мансұқтатын, місе тұтпайтын кезіміз аз болмайды. Соны әдебиет жанрларына жақын тартқанда, әсіресе қазақтың әдеби сыны туралы шолақ пішіп, нығырта айтуды мақұл көріп келдік. Мұның өзі аксиома түрінде тұжырымдалды.
55.Фольклор және сын
Талай ғасырдан бері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті эстетикалық мұратты қалыптастыру барысында озық үлгі өнегесі бар ауыз әдебиеті көне дәуірде де, бүгінгі заманда да өзінің ықпалынан арылған жоқ. Мысалға ертегілерді алайық, одан керемет поэзияның желі еседі, көркемдік шеберліктің тамаша үлгісі еседі. Халық ертегілері әрқашанда адамды тәрбиелеудің тамаша құралы болып, әділдік жолына бас байлатып, зұлымдықтан жирентеді. Пушкинді еске түсіріңіздерші, ол балалық шағында ғана емес, атақты ақын болған соң да Арина Родионованың айтқан ертегілерін құмарта тыңдаған ғой. Осы орайда қазақтың халық батыры Бауыржан Момышұлының: «Менің осы күнгі келіндерім бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керек болып қала ма деп қорқамын»-деп қоюлата түскені тағы бар. Халық даналығынан туып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін мақал мен мәтелдің өміршеңдігін, жиі қолданатындығын, оның эстетикалық қуаты мен қауқары, әсері мен ықпалының молдығын кім жоққа шығара алмақ? Ән әуені естілген жерде қуаныш-шаттықтың желі еседі. Халықтың қнер сайысына, ақындар айтысына айрықша ілтипат білдіруі де тегіннен-тегін болмаса керек. Бұл күнде тұрмыс-салт жырлары той-томалағымыздың сәніне айналуда.
Сынның негізгі мақсаттарының бірі – ажарсыз бен келіссізді мінеу емес, ең алдымен адамның жан дүниесін, талап-талғамын әсемдік пен сұлулыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Ендеше ауыз әдебиетіндегі талай тамаша көркемдік тәсңлдерді қадірлеп, оның шын мән-мағынасын ашуға тиіспіз.
56.ХХ ғасыр басындағы әдеби сынның қалыптасуы
Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазақ әдебиетінің өткендегі даму жолдарын зерттеп, дәуірлерге бөліп, ғылыми жүйеге түсіруге ұмтылған еңбектер көріне бастады. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) қазақ әдебиетін ғылыми тұрғыдан тұтастай алып, теориялық, тарихи тұрғыдан зерттеудің жолдарын алғаш рет жүйелеген еңбек болды. Мұнда жалпы әдебиетті ауыз әдебиеті және жазба әдебиет деп екіге бөліп, ары қарай тағы да іштей түрлерге, жанрларға жіктеген. Қазақтың жазба әдебиетінің тарихын «діндар дәуір», «ділмар дәуір», «сындар дәуір» аталған кезеңдерге бөлген. Діндар дәуірге араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті, ділмар дәуірге орыс әдебиетінен өнеге ала бастаған кезден бергіні, сындар дәуірге Абайдан кейінгі кезді жатқызған. Мұнда әдебиеттің тарихын кезеңдерге бөлуге алғаш рет әрекет жасалынып, ғылыми ұстаным ретінде хронология емес, әдебиеттің негізгі бағыты, мазмұны, сыйпаты алынғандығы көрінеді. Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышында» тұңғыш рет қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөліп, оны дәуірлеудің өзіндік принциптері ұсынылды. 1927 жылы М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы» шықты. Кітап осылайша аталынғанымен де онда негізінен қазақ халқының ауыз әдебиеті қарастырылған. Мұнда ауыз әдебиетіне анықтама беріліп, сыршылдық салт өлеңдері, әңгімелі өлеңдер (батырлар әңгімесі, ел помасы, тарихи өлеңдер), айтыс-тақпақ, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ түрлеріне жіктелінген. Әдебиеттің тарихын әңгімелегенде, Х1Х ғасыр әдебиетін «зар заман» әдебиеті атаған. Қазақ әдебиетінің тарихын Асан Қайғыдан бастап, Бұқар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай, Ығылман, Абай, Нармамбет сияқты ұлт мүддесін жырлаған ақындардың шығармашылықтарын жоғары бағалаған. Ұлт-азаттық күресті жырлаған ақын-жыраулардың поэзиясын насихаттады деген айыппен «Әдебиет тарихы» жарық көре салысымен «қамауға алынды». Халел Досмұхамедовтің «Қазақ халық әдебиетінде» (1928, орыс тілінде) ауыз әдебиетінің табиғаты, жазба әдебиеттен ерекшелігі, халық өмірімен байланыстылығы кеңінен әңгімеленді. «Халық әдебиетінің қайсы бір үлгі нұсқасының із-түзсіз жойылып кетуі мәдениетіміз үшін орын толмас өкініш болмақ» деп білген Халел қазақ ауыз әдебиетінің 46 түрін көрсетеді. Тәуелсіздік алғанға дейін фольклористика ғылымында қазақ ауыз әдебиетінің он шақты-ақ түрі ғылыми айналымда болып келгенін ескерер болсақ, Х. Досмұхамедов зерттеуінің мәні мен маңызы толығырақ түсініледі. Халелдің Махамбет, Мұрат, Шортанбай туралы зерттеулері кейіннен қазақ әдебиетінің тарихын жасау кездерінде кірпіш болып, қаланды десе де болғандай. Қазақ әдебиетінің өткен кездердегі тарихын зерттеу істерінде С. Сейфуллин айтарлықтай еңбек сіңірді. Ол жиырмасыншы жылдардың соңына қарай баспасөз бетінде ауыз әдебиетін, әдеби мұраны жинауға үндеген бірнеше хат-мақала жазды. Нәтижесінде «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Қазақ әдебиеті» (1932) өмірге келді. Профессор Т. Кәкішевтің дәлелдеуі бойынша, С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің тарихына арнап бірнеше кітап жазуды жоспарлаған. Бізге жеткені соның екеуі ғана.
57.Қазақ әдебиеті сынының қоғамдық ой-пікірде алатын орны.
Қазақ әдебиеті сынының қоғамдық ой-пікірде алатын орны ерекше. Сыншылар қоғамдық мәселелерді көтеру арқылы аталмыш саланы дамытты. Өз заманының әлеуметтік, көркемдік, эсте­тикалық ізденістерінің алдында болған сыншы халықтың рухани өмірінде әдеби сынның алатын орны мен атқаратын қызметі туралы бұрын-соңды ойға келмеген, ауызға түспеген озық ойлар, тамаша толғамдар толғады. Сыншы болу оңай емес. Сын – қиын өнер. Сын жазғанның бәрі жұрттың көңілінен шығып, көзіне түсе бермейді. Сыншы таланты – аса сирек талант. Өйткені сыншы жазушыдан гөрі таланттырақ болуы шарт. Ол өмір шындықтарын, елі мен жерінің тарихын, философиясын, тұрмыс-салтын жазушыдан артық білуі қажет. Ол интеллект жағынан да жазушыдан биік тұруы ләзім. Сонда ғана оның сыны жазушыға ой салып, әдебиеттің дамуына, қоғамдық, әдеби-эстетикалық ойдың өсуіне ықпал ете алады. «Сын – уақыт қажеттілігінен туған, қоғамдық, эстетикалық, фи­лософиялық ой-сананың өзгеше бір формасы»,– деді ол. Әдеби сынды шындықпен, ақиқатпен сабақтас қарады. «Шындыққа – сүйіспеншілік, ақиқатқа іңкәрлік жоқ жерде сын да жоқ», – деп ойланды. «Сынның аты – шындық, заты – сүйіспеншілік», – деп тол­ғанды. «Сынның аты ащы болғанымен, заты тұщы», – дейді белгілі сыншы Сағат Әшімбаев.. Осының бәрі сыншының үл­кен азаматтығынан өсіп-өнген биік мәдениеттіліктің, ойлау мен сөйлеудегі, талдау мен жи­нақ­таудағы тереңдіктің үлгісі еді. Сыншының азаматтық позиция, азаматтық пафос туралы қалыптастырған ұғымдары, әдеби-эстетикалық ойлары мен толғаныстары, анықтаулары мен айқындаулары дәлелді де дә­йекті болумен бірге эмоциялық мазмұнының байлығы жағынан да аса бағалы. Азаматтық позиция – сыншы пайымдауында, суреткерлік айрықша па­ра­сат­тылық. Ал суреткерлік ай­рықша парасаттылық дегеніміз – рухани қасиеттің төресі.
58.Жазба әдебиет және сын.
Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары. XIX ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар және оның реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудаға игі ықпал жасады. Әдебиет пен сын өмірге бірге келді. Сын алғашқы ақын жұрт алдында шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Әдеби сын көркем әдебиеттің болашақ даму жолдарын көрсетіп отыратыны болғандықтан да оның пікірлерінде болжамдық сипат болады. Әдеби сынның дәрежесі ең алдымен оның субъектісіне, яғни сыншыға байланысты. Сыншы – аса күрделі тұлға. Сыншыға бір ғана көркем әдебиетті біліп, әдебиетші болу аз. Ол - әдебиеттану ғылымымен, одан қалды бүкіл қоғамдық ғылымдардың жетістіктерімен жан – жақты қаруланған, білімдар адам да. Енді сын жанрларына тоқталсақ: ӘДЕБИ ХАБАР-жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты оқырманға хабардар ету. Бұл шағын жанр болғанымен де, ұтымды пайдалана білгенге берер мүмкіндігі мол. АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. РЕЦЕНЗИЯ-бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді. Аннотацияда хабарлаушылық, үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе, даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты қасиеттерінің біріне айналды. МАҚАЛА-«Газетке мақала шығыпты» дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Ал баспасөзде бұл бөлек жанр. Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады. Мақаланың мақсаты-әдеби өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс, ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ-жазушы туралы құжатты «очерк». ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды. Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру. ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз, қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға жеткізудің бір арнасы.
59.Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы.
Қазақ әдебиеті сынының тарихи пәні - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сыншыл көзқарастар тарихи - әлеуметтік жағдайлар, ішкі қайшылықтар тұрмыс – тіршілікке байланысты туындайтыны белгілі. Соның мәні мен әлеуметтік қызметі халық өмірімен тікелей байланысты. Сынның ғылыми, идеялық-көркемдік дәрежесін, пәрмендігін, әдеби процесте атқаратын рөлін күшейту дегенде сынның өзін-өзі танып-білудің, оның теориясы мен методологиялық мәселелерін зерттеудің аса қажеттілігі қатар қойылуға тиіс. Әдеби сынды дамыту істері алдымен, оның өзін зерттеп білуден басталуға тиіс.Сынсыз әдеби даму процесін бағдарлау қиын.Сын әдебиет бар жерде бар да, онымен бірге дамиды.Сын әдебиетке көмекші сала ретінде, В.Г.Белинский айтқандай, әдебиетті әр кезеңде өзін-өзі танып отыру қажеттілігінен пайда болды."Сын жанры - жалғыз қазақ әдебиетінде ғана емес, басқа әдебиеттерде де барынша аз зерттелген творчестволық сала. Сыншылық ой-пікірдің өрістеу жолдары тек әдеби құбылыстарға ғана емес, срнымен қатар қоғамдық-әлеуметтік толғаныстарға іш тартып жататындықтан сын тарихын кең көлемде қарастырып, ел жұрт түсінігінің, эстетикалық таным бірлігінің әрі даралану, әрі жалпылану жай-күйі ескеріледі. Студенттердің таным білігі осы өреден шықса, онда пәннің ықпалы мәндене түседі, яғни студенттердің сыни ойлау жүйесі белгілі бір арнаға түсіп, көркемдікті тану қабілеті арта түседі. Осымен қатар бұл курстың утилитарлық ой мақсатының бірі - сыншылық қабілеті бар студенттерді осы қиын да абырлы жолға түсіру. Пәнді оқыту барысында шәкірттерді қазақ әдеби сынының пайда болу, қалыптасу жолдарынан, өткен ұзақ тарихынан хабардар ету, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту. Ол үшін курстық жұмыс жүйесі дұрыс пайдаланылады. өз бетінше орындаған жұмыстың аяқ алысы, қалам жебеуі ескеріліп, дұрыс та мәнді орындалған жұмыстарды газет-журналдарда жариялау қамы жасалады. Сын тарихының зерттелу жайы. Қазан революциясына дейінгі әдеби сын жайындағы көзқарастар мен ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну және әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі процесс - қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі.
60. Жарнама
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) —әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Интернет"Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Коммуникация"коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Институционал&action=edit&redlink=1"институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/Ежелгі_Грекия"Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (affіcher — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді.
Халықтық эстетика
Көне дәуірдегі әдеби сын
15-18 ғасырдағы ақын-жыраулар поэзиясындағы сын
Жаңа заманның жаңа эстетикалық идеалы
20 жылдардағы әдеби сын
30 жылдардағы әдеби сын
ҚазААП-тың тұсындағы әдеби сын
Абай өнері әдеби сында
20 жылдардағы әдебиеттану
30жж әдебии айтыстар
30жж әдебиеттану
Отыз жетінші жыл ойраны
«Айқап» журналындағы әдеби сын
«Қазақ» газетіндегі әдеби сын
«Темірқазық журналындағы әдеби сын
Абайдың сыни ойлары
Д.Ысқақов – сыншы.
Қ.Ергөбек – сыншы.
З.Қабдолов – әдебиет теориясын негіздеушілердің бірі.
Б.Сарбала – сыншы.
Т.Кәкішев–Сәкентанушы.
Ш.Уәлихановтың әдеби-сын мақалалары.
Ғ.Тоғжанов – сыншы.   
М.Ғабдуллин шығармашылығы.
Т.Нұртазин шығармашылығы.
С.Қирабаев – сыншы.
Р.Бердібаев – сыншы.
С.Әшімбаев – сыншы.
М.Қаратаев – сыншы.
Қ.Жұмалиев шығармашылығы
Сын дегеніміз не?
Хабарландыру – сын жанры.
Аннотация.
Әдеби хабар.
Мақала – сын жанры.
Баспасөз және сын.
Рецензия.
Монография.
Сын және сыншы.
Эссе.
Кәсіби сыншы.
Әдеби шолу
Әдебиет сынының қоғам өміріндегі ролі.
Жазушы сыншы
Ғалым – сыншы.
Сын жанрларының дамуы.
Әдеби сынның объектісі.
Бүгінгі әдеби процесс және сын.
Сыншыл реализм.
Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері.
Әдебиет сыны және мерзімді басылым.
Дәйектеме сын.
Әдеби мұра және сын.
Сын жанрының зерттелуі.
Фольклор және сын.
XX ғасырдың басындағы әдеби сынның қалыптасуы. 
Қазақ әдеби сынының қоғамдық ой - пікірде алатын орны.
Жазба әдебиет және сын.
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы.
Жарнама

Приложенные файлы

  • docx 26448225
    Размер файла: 128 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий