окы галия жауап


1. Қазақстан Конституциясындағы демократия принциптері
ҚР Конституциясының 1-бабы: 1. ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары; 2. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бұкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық реферундумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу;
2. ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңындағы негізгі ұғымдар мен тараулар, ондағы қамтылған мәселелер?
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР-ның 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-1 Заңы 5 тарау (I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР, II ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ, III ТАРАУ. САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР, IV ТАРАУ. МҮЛIКТIК ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҰЖЫМДЫҚ БАСҚАРУ, V ТАРАУ. АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ), 49 баптан тұрады.
1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;2) авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары;3) авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралы - туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қол жеткізуді бақылайтын, автор, сабақтас құқықтар иесі немесе өзге де айрықша құқықтар иесі туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты рұқсат етпеген іс-әрекеттерді жүзеге асыруды болғызбайтын не шектейтін техникалық (бағдарламалық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттері;4) авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы - жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына орай авторлық құқықтың және (немесе) сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады;5) авторлық шарт - нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін пайдалануға мүліктік құқықтарды беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады;6) айрықша емес құқық - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, автордың немесе өзге құқық иеленушінің тиісті рұқсатымен басқа адамдардың құқық иеленушімен бір мезгілде туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын пайдалана алатын құқығы;7) айрықша құқық - автордың немесе өзге құқық иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңда белгіленген мерзім ішінде өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы;8) аккредиттеу - ұжымдық басқару салаларында мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың осы Заңда белгіленген заңды құқықтарын уәкілетті органның ресми тану рәсімі;8-1) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдардың жиынтығы;9) деректер базасы - деректер электронды-есептеу машинасының (бұдан әрі - ЭЕМ) көмегімен табылатындай және өңделетіндей етіп жүйеге түсірілген материалдардың іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер (мақалалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Деректер базасы ұғымы оның көмегімен деректер базасының материалдарына электрондық қол жеткізуді жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға қолданылмайды;10) дыбыстау-бейнелеу туындысы - тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердің (дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей) түсірілген сериясынан құралатын туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу тәсіліне қарамастан, кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың барлығын (телефильмдерді және бейнефильмдерді, диафильмдер мен слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды;11) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы - осындай туындыны жасаудың бастамасы мен жауапкершілігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелер болмаған кезде, осы туындыда есімі немесе атауы белгіленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады;12) жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техникалық құралдардың көмегімен оларды бірнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкіндік беретін қандай да бір материалдық нысанда жазып алу;13) жалпы жұрттың назарына жеткізу - авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін көпшілік оларға өзінің жеке қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтік режимде) қол жеткізуді жүзеге асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау;14) жариялау - автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілеріне өзге құқық иеленушінің келісімімен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың даналарын көпшіліктің орынды қажеттіліктерін қанағаттандыратын мөлшерде көпшілікке ұсыну;14-1) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;15) кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың назарына кәбіл, сым, оптикалық талшық арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегімен хабарлау;16) көпшілік алдында орындау - туындыны мәнерлеп оқу, ойнау, билеу немесе қандай да бір өзге жолмен, соның ішінде техникалық құралдардың көмегімен отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда орындау;17) көпшілікке көрсету - туындының түпнұсқасын немесе данасын тікелей немесе слайд, кино-, телекадр түрінде экранда, басқа кез келген техникалық құралдың көмегімен немесе кез келген өзге әдіспен (дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты - олардың реттілігінен тыс жеке кадрларды көрсету) отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда көрсету;18) көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару) - жазбаша және басқа да графикалық туындылар түпнұсқаларының немесе көшірмелерінің фотокөшірме жолымен немесе басып шығарудан өзге басқа да техникалық құралдар арқылы кез келген мөлшерде және нысанда бір немесе одан да көп данасын факсимильдік қайта шығару. Репрографиялық қайта шығаруға аталған көшірмелерді электрондық (цифрлық көшірмелерін қоса), оптикалық немесе машинамен оқылатын өзге де нысанда сақтау немесе қайта шығару кірмейді;19) қайта шығару - туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Қайта шығару түрлері дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық нысанда, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау болып табылады;20) құқық иеленуші - авторлық құқыққа қатысты автор (оның мұрагерлері), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлері), фонограммаларды жасаушы, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе осы Заңда көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға айрықша құқық алған өзге де жеке немесе заңды тұлғалар;21) құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат - туындыны, туынды авторын, орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа не фонограммаға не туындыны, орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа қайсыбір құқық иеленушіні бірдейлендіретін ақпарат. Ақпараттың кез келген элементі туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың данасына қоса берілетін, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және (немесе) жеткізуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берілген кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат деп ұғынылады;22) құрамдас туынды - материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесін білдіретін туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы);23) орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды тікелей орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бір техникалық құралдардың (телерадио хабарлары, кәбілдік телевизия және басқалары) көмегімен көрсету, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысының кадрларын реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету;24) орындаушы - актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын, интерпретациялайтын немесе әдебиет және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірлерін) немесе халық шығармашылығы туындыларын өзгедей жолмен орындайтын басқа адам, сондай-ақ спектакльді қоюшы-режиссер және дирижер;25) пайдаланушы - авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын жеке немесе заңды тұлға;26) прокатқа (жалға) беру - туындының немесе фонограмманың данасын тікелей немесе жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру;27) сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары;28) сәндік-қолданбалы өнер туындысы - көркем кәсіпшілік туындысын немесе өнеркәсіптік әдіспен дайындалған туындыны қоса алғанда, іс жүзінде пайдаланылатын заттарға көшірілген екі өлшемді немесе үш өлшемді өнер туындысы;29) спектакльді қоюшы-режиссер - театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклін немесе өзге де спектакль (көрсетілім) қойылымын жүзеге асырған адам;30) туындыны аудару - шығарманы түпнұсқа шығарманың тілінен басқа тілде білдіру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да, стилін де бұрмаламайтын болуға тиіс;31) туындының данасы - туындының кез келген материалдық нысанда, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде дайындалған көшiрмесi;32) туындыны жариялау - туындыны жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына жеткізу арқылы және өзге де әдістермен оған көпшіліктің алғаш рет қолын жеткізетін іс-әрекетті автордың келісімімен жүзеге асыру;33) туындыны өңдеу - түпнұсқа туындыны бір жанрдан екінші жанрға өзгерту. Бұл ретте түпнұсқа туындыны сахналау, қою және аранжировка жасау туындыны өңдеу түрлері болып табылады;34) туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесінде жасалған туынды;35) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;36) фонограмма - орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгізілген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру;37) фонограмманың данасы - фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бір бөлiгiн қамтитын кез келген материалдық жеткізгіштегі, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желілердегі фонограмма көшiрмесi;38) фонограмма шығарушы - қайсыбір орындаушылықты немесе өзге де дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасы үшін бастамашылық пен жауапкершілікті мойнына алған жеке немесе заңды тұлға;39) халық шығармашылығы туындысы - дәстүрлі көркемдік мұраларға (халық ертегілері, халық поэзиясы, халық әндері, халық аспаптық музыкасы, халық билері мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдік нысандары және басқалар) тән элементтерді қамтитын туынды;40) ЭЕМ-ге арналған бағдарлама - табиғатына орай ЭЕМ-ге арналған бағдарлама олардың неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын дайындық материалдарын қоса алғанда, машинада оқылатын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндеттерді орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін сөздер, схемалар немесе бейнелеудің өзге де кез келген түрінде бейнеленген командалар жиынтығы;41) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру - ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодын белгілеу мақсатында объектілік кодты бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;42) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны бейімдеу - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу;43) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны түрлендіру (өңдеу) - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;44) эфирге беру - туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (көрсетуді немесе орындауды қоса алғанда) радио немесе телевизия арқылы (кәбілдік телевизияны қоспағанда) беру жолымен жалпы жұрттың назарына хабарлау. Туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын жерсерік арқылы эфирге беру кезінде жердегі станциядан жерсерікке сигналдар қабылдау және жерсеріктен сигналдар беру эфирге беру деп түсініледі, солар арқылы туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды, фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын көпшіліктің нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына жеткізу мүмкін болады. Егер көпшілікке кодты ажырату құралдарын эфирлік хабар тарату ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берілсе, код белгіленген сигналдарды беру эфирге беру болып табылады;45) эфирге кейінгі беру - бұрын эфирде берілген немесе кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарланған шығармаларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін қайталап беру;45-1) эфирлiк және кабельдік хабар тарату ұйымдары - туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы қамтитын теле-, радиоарналарды, теле-, радиобағдарламаларды (теле-, радио хабарларды) эфирге және (немесе) кабель арқылы хабарлауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Эфирге және (немесе) кабель арқылы хабарлау ұқсас эфирлік, көпарналы хабар тарату (цифрлық эфирлік, спутниктік, кабельдік телерадио хабарларын тарату) арқылы жүзеге асырылады.46) эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабары - эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының өзі жасаған, сондай-ақ соның қаражаты есебінен соның тапсырысы бойынша басқа ұйым жасаған хабар.
3. «Заң» газетінің тарихы, ерекшеліктері мен айдарлары?
Қазақ тіліндегі республикалық құқықтық алғашқы басылым. Алғашқы саны 1994 жылы 3 қарашада жарық көрді. Тұңғыш редакторы - М.Тоқашбаев. Газетте ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары, ҚР Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады. Көлемі 4 баспа табақ. Таралымы 17000 дана(сол кездегі). Бүгінде жалпы таралым - 40640. Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалары арқылы газет жұртшылықты құқықтық реформаның жүргізілу барысымен таныстырып келеді. Әрбір мақаласымен халықтың құқықтық санасын арттырып, заңды білуіне үлес қосты. Бұл басылымда белгілі заңгер Н.Шайкеновпен қоса академик, заң институтының алғалқы ректоры С.Зиманов та қызмет атқарып, заңдарымыздың мәні мен мазмұнын, ролін халыққа жеткізуде шын мәніндегі насихатшы, үгітші, ұйымдастырушы ретінде зор үлес қосты. Ирак Елекеев «Заң газетін ашу арманымыз еді» атты мақаласында: «Сонда ғой «құқық» деген сөздің алғаш қолданысқа енгені. Өзіміздің бұрын заң жасау тәжірибеміз болмағандықтан заң терминдерін қазақы қалыпқа түсіру оңай болған жоқ. Пікір қайшылығы, көзқарастардың сәйкеспеуі жиі орын алатын. Солардың бір парасы осы «құқық» сөзі төңірегінде өршіді. «Бұл қайдан шыққан сөз? Құқық деп тұтығудың қажеті қанша?» деген сөздер айтылды. Алайда, осы сөздің қолданысқа енуіне қарсы болған небір мықты тіл саласының маманы мен ғалымы «право» деген орыс сөзінің «құқықтан» артық баламасын таба алмады. Ақыры, осы сөз заңның төл термині секілді қолданысқа еніп кетті». Газеттің мынадай айдарлары бар: «Бүгін», «Құқық», «Әлеумет», «Қазына», «Адвокат», «Биік мінбер», «Демография», «Алқа», «Ашық әңгіме», «Оқырман хаттары», «Заң тәпсір», «Безбен», «Қоғам», «Төртінші билік», «Аймақ», «Шартарап», «Ізкесер», «Руханият», «Соңғы бет», «Спорт», «Эксклюзив», «Нормативті құқықтық актілер».
4. Баспасөз бостандығына заң жүзінде кепілдік беретін құжаттар?
ҚР Конституциясы, оның 20-бабы: А) сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Б) Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. ҚР-ның мемл.құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. В) Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. «БАҚ туралы Заң».
5. Авторлық құқық дегеніміз не? Сабақтас құқықтар дегеніміз не?
Авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары;сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке мүліктік емес құқықтары;
6. «Егемен Қазақстан» газетіндегі құқықтық мәселелердің жазылуы: әркім ауызша газет бойынша жауап береді
7. Баспасөз және азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi. Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады. Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады: сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсiздiгiн нығайту және ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығын қамтамасыз ету.т.б
8. Кеңестік кезеңдегі цензура
Ресейде алғаш 16 ғ-да діни Цензура дүниеге келді. Оны 1721 жылдан бастап Синод жүзеге асырды. 19 ғ-да Цензура ны жүзеге асыру тәртібі арнаулы жарғылармен айқындалды. Ресей тарихында 1848 — 55 ж. кезеңі цензуралық террор дәуірі ретінде енді. Бұрыннан қолданылып жүрген алдын ала Цензура мен қатар жазалау Цензура сы да қолданылады. Онда шығармалар жойылып, авторлар қуғындалады. 1865 ж. Ц. мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның бақылауымен КСРО республикаларында қатаң Цензура жүзеге асырылды. ОЛарды біз алаш зиялыларының шығармаларынан байқай аламыз. Алаш арыстарының бүркеншік ат пайдалануы да сол кеңестік цензураның әсері болды деп айтуымызға болады.
9. «Айқын» газетіндегі құқықтық мәселелердің жазылуы
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны - 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жылы газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Еліміздегі белді де беделді басылымға айнала отырып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеңістігінде өз орнымызды таптық. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. «Айқын» газетінің негізгі тақырыбы саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер. Күнделікті таралымы 40517. Ал апталық таралымы 202585. Бейсенбі күні 32 беттік «Айқын-апта» қосымшасы жарық көреді.
10. Авторлық құқық объектісі болып табылатын және табылмайтын туындылар?
7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар
1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; Z010242
10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған
туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография
мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; Z020332
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
8-бап. Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және
дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;
2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi
және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);
3) халық шығармашылығы туындылары;
4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар
11. Журналистің сөз еркіндігі
20-бап
 1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады.
2. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.
3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiненұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.
12. Құқық мәселесіне арналған салалық басылымдар?
Сақшы– республикалық газет. 1933 ж. На страже – Сақшы алғашқы саны жарық көрген. 1935 жылға дейін Ішкі істер мин-нің органы ретінде Орынборда шығып тұрған. 1957 – 1960 ж. аралығында Казахстанская милиция болып аталды. 1990 жылдан На страже деген атпен орыс тіл«Сақшы-На страже» газеттерінің жарық көргеніне 2011 жылы 78 жыл толды. Басылым 1933 жылдан бастап орысша шығып тұрған. 50-жылдары газет «Казахстанская милиция» деген атпен аталды. 60-жылдардан бастап «Сақшы-На страже» деген атпен жарық көріп келеді. Ішкі істер министрлігінің төл газеті осы жылдар ішінде бірнеше мыңдық таралымы бар үлкен басылымға айналып, ішкі істер органдарындағы көптеген буындардың ажырамас көмекшісі бола білді. Алғашқы редакторлары С.Телешов, И.Ильченько, Г.Сармурзин газеттің басылымға айшықты жол салып берді.
«Заң және заман»-«Закон и время» - қазақ және орыс тілдерінде ай сайын (алғашында екі айда бір рет) шығатын республикалық қоғамдық-саяси, ғылыми-құқықтық журнал. Алғашқы саны 1996 жылы мамыр айында жарық көрген. Құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы. Журналдың басты мақсаты - жұртшылықты еліміздегі құқықтық реформаның нәтижелерімен таныстырып отыру. Прокуратура органдарының кадағалау қызметі, сот билігі және тергеу, салық, кеден, тағы басқа. Құқық қорғау салалары жұмысына да ерекше мән беріледі. Адам құқығын, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі - журналдың басты тақырыбы. 2004 жылға дейін А5 көлемде жарық көрсе кейін А4нұсқасына ауысты. 80 беттен тұрады, мұқабасы ішкі мұқаба жылтырақ қағазда. Журнал 1996 жылдан бастап Алматы қаласында шықты, 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Астанақаласына көшірілді. Таралымы – 3200 -5000 дана. Журналдың бас редакторлары: 1996-2004 жылдары Самат Бектенұлы Ибраим, 2004-2009 жылдары Шолпан Арапбайқызы Забих, 2010 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жанат Қабылдаұлы Қалықов.
Заң Газеті– қазақ тіліндегі республикалық апталық газет. Алғашқы саны 1994 жылы 3 қарашада жарық көрді. Тұңғыш редакторы – М.Тоқашбаев. Газетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары, Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады.[1] Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалары арқылы газет жұртшылықты құқықтық реформаның жүргізілу барысымен таныстырып келеді. Көлемі 4 баспа табақ. Таралымы 17000 дана.
Айғақ – республикалық газет, 1996 жылдан шығады. Республиканың барлық облыстарына тарайды. Газет жанынан «Айғақ – Оңтүстік», «Айғақ-ТВ», «Айғақ – Махаббат», «Айғақ – 18 мың ғалам» сияқты басылымдар жарық көріп келеді. Басылымның басшысы Дулат Назарбекұлы Әбіш ҚР Президенті жанындағы Бұқаралық ақпарат-құралдары жөніндегі кеңестің, Қазақстан Журналистер Конгресі атқару комитетінің мүшесі, «Медиа-Юг» қорының президенті, Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті.Басылымды дамыту стратегиясын дұрыс таңдау, редакция ұжымының кәсіби шеберліктері, материалдардың тәуелсіз және объективті сипатта жариялануы, Қазақстанда демократияның даму принциптерін ұстануы – «Айғақ» газетінің ақпарат тарату кеңістігіндегі орнын белгілеп, демократиялық бағыттағы басылымдардың біріне айналуына мүмкіндік туғызды. Газет Қазақстан Журналистер Одағының Саттар Ерубаев, Тұрар Рысқұлов атындағы сыйлықтарының, Қазақстан Журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты. Ал газет басшысы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына байланысты Президент Н.Назарбаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталған. Газет журналистері жыл сайын өткізілетін Еуразиялық Медиа-форум, Қазақстан Журналистер Конгресінің, сонымен қатар, ОБСЕ, «Интерньюс», «Әділ сөз» сияқты мемлекеттік емес ұйымдардың түрлі семинар-тренингтеріне қатысып тұрады.Газет редакциясының өз баспаханасы бар, Ұлттық баспасөз клубы жұмыс істейді. Газет редакциясы Шымкент қаласында орналасқан. 
«Егемен Қазақстан» — Қазақстан Республикасында жарыққа шығатын мемлекеттік ресми баспасөз құралы. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді және басқа да ресми ақпаратты жариялайды. Газет 1919 жылдың 17 желтоқсанынанбастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын.
«Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.
13. Авторлық құқық объектілері заңмен қаншалықты қорғалған?
Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады. 7-бап АВТ құқық
14. Баспа ісіне қатысты қазақ жерінде қолданылған алғашқы заңдар?
15. Қазақ басылымдарындағы құқық тақырыбы?
16. Авторлық шарттың ережелерi, нысаны, ол бойынша жауапкершілік?
32-бап. Авторлық шарттың ережелерi. Авторлық шарттың
нысаны. Авторлық шарт бойынша жауапкершiлiк
1. Авторлық шартта:
1) туындыны пайдалану әдiстерi (осы шарт бойынша берiлетiн нақты құқықтар);
2) құқық берiлетiн мерзiм мен аумақ;
3) сыйақы мөлшерi және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбiр әдiсi үшiн сыйақы мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ тараптар осы шарт үшiн маңызды деп есептейтiн басқа да жағдайлар көзделуге тиiс.
2. Авторлық шартта құқықтың берiлу мерзiмi туралы ереже болмаған жағдайда, егер пайдаланушыға бұл жөнiнде шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса, автор шартты ол жасалған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұза алады.
3. Авторлық шартта құқық берiлетiн аумақ туралы ереже болмаған жағдайда шарт бойынша берiлетiн құқықтың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
4. Туындыны пайдалануға авторлық шарт бойынша тiкелей берiлмеген құқықтар берiлмедi деп саналады.
5. Шарт жасалған кезде белгiсiз болған туындыны пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.
6. Сыйақы туындыны тиiсiнше пайдалану әдiсiне сәйкес түсетiн табыс процентi түрiнде авторлық шартта немесе, егер мұны туындының сипатынан немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, шартта көрсетiлген сома түрiнде не басқаша түрде белгiленедi.
7. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер ол тек шартта тiкелей көзделген болса, басқа адамдарға түгелдей немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.
8. Осы Заңның 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автордың болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.
9. Автордың болашақта белгiлi бiр тақырыпта немесе белгiлi бiр салада туынды жасауына шек қоятын авторлық шарт ережесi жарамсыз болып табылады.
10. Осы Заң ережелерiне қайшы келетiн авторлық шарт ережелерi жарамсыз болып табылады.
11. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалуға тиiс. Туындыны мерзiмдi баспасөзде пайдалану туралы авторлық шарт ауызша түрде жасалуы мүмкiн.
12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көпшiлiк пайдаланушыларға оны пайдалануға рұқсат беру кезiнде оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртiбiн қолдануға болады.
13. Авторлық шартта көрсетiлген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған тарап екiншi тарапқа келтiрiлген залалды, соның iшiнде алынбаған пайдасын өтеуге мiндеттi.
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 586 Заңымен.
33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты
1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi.
2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта белгiленедi.
3. Тапсырыс шартының ережелерiне тапсырыс туындысын табыс етпеген автор тапсырыс берушiге келтiрген нақты зиянды өтеуге мiндеттi.
17. ҚР «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы, негізгі ұғымдары мен қамтылған мәселелер?
ҚР 03.05.01 ж. N 181-II Заңымен 1-бап толықтырылды
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;
2) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;
3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
4) теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы - толық атауы бар және кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы;
5) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагнитті жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;
7) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;
8) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру;
9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
10) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;
11) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;
12) таратушы - меншiк иесiмен, баспагермен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
13) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу;
14) эротикалық сипаттағы өнiм - тұтас алғанда және үнемi секске әуестенушiлiктi қаузайтын баспасөз басылымы немесе теледидар радио бағдарламасы;
16) ретрансляция - техникалық құралдарды пайдалануға қарамастан, басқа бұқаралық ақпарат құралының теле- немесе радио бағдарламаларын (теле- немесе радио хабарларының жиынтығы) қабылдау және бір мезгілде не жазып алып толық және өзгеріссіз тарату;
17) кешен - бір бірімен ортақ мақсаттарымен байланысты және бірыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы;
18) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;
19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).
18. Оқырман хаттарын қысқартуға, редакциялауға бола ма?
17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар
1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның ішінде интеллектуалдық меншікке авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға міндетті.
2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі.
3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндеттеуге құқығы жоқ.
19. Журналистердің жазуына тыйым салынатын құжаттар мен тақырыптар?
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олар­дың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпа­ратты тарату, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсор­ларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгіттеу, порногра­фиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгіт жүргізу, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халық­аралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлау­да белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгітке тыйым салынған кезеңде оны жүргізу, ереуілге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақ­стан Республикасының бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бір жыл ішінде қайталап бұзу заңда белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі, олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.
3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.
Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды.
4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
20. Авторлық құқық қанша жылға дейін сақталады?
1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
2. Авторлыққұқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шеек қойылмайды.
4. Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқық ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер аталған мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк атпен шығарылған туындының авторы өзiнiң шын есiмiн немесе оның кiм екенi ендiгi жерде күмән туғызбаса, осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылады.
5. Тең авторлар жасаған туындыға авторлық құқық өмiр бойы және басқа тең авторлардан ұзақ өмiр сүрген ең соңғы автор қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
6. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi реет жарыққа шығарылған туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
7. Егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.
8. Осы бапта көзделген мерзiм сол мерзiмнiң басталуы үшiн негiз болып табылатын заңды факт болған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептеле бастайды.
21. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарына Заң бойынша қойылатын талап?
8-бап. Ақпарат агенттігі (БАҚ туралы заң)
1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға. 2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс. 3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті. 4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады. 
Қазақстандық ақпарат агенттіктері авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңға түзетулер енгізілгеніне қолдау білдірді. Алайда осыған қарамастан, көптеген БАҚ-тар зияткерлік меншік құқықтарын бұзуды жалғастыруда. Бұл қазақстандық ақпарат агенттіктердің жаңалықтарын заңсыз таратуға қатысты.
Ақпарат агенттіктерінің жаңалықтарын редакцияның рұқсатымен ғана таратуға болатынын еске салғымыз келеді. Бірқатар ақпарат агенттіктері үшін ақылы жазылудың негізінде, бастапқы дереккөзіне міндетті сілтеме жасау арқылы және бұл материалдарды пайдалану ережелерінде қарастырылған.
Атап айтқанда, көптеген шетелдік және қазақстандық ақпарат агенттіктерінің материалдарды пайдалану ережелерінде аталған агенттіктердің жазбаша рұқсатынсыз қайта басуға немесе ретрансляциялауға, қандай да бір формада кез-келген ресурстарда, соның ішінде интернет-сайттарда да, жаңғыртуға, көшіруге немесе таратуға тыйым салынады. Егер ол материалдарды пайдалану қажеттілігі туындаса, аталған субъект ол материалдарды заңды негізде пайдалану үшін ақпарат агенттігімен келісімге отыруға тиіс.
Сонымен бірге, ақпарат агенттіктерімен қол қойылған келісімдерді қатаң сақтау керектігіне назар аударамыз. Егер келісімде бір ақпарат көзі үшін (газеттерде, журналдарда жариялау) материалдың бір бөлігін пайдалану туралы жазылса, редакциялардың ақпарат агенттіктерінің жаңалықтарын өз сайттарында ашық түрде жариялауға құқықтары жоқ.Телеарналарға, радиостанциялар мен басқа БАҚ-тарға келетін болсақ, олар өздерінің жаңалықтар шығарылымында ол материалды ретрансляциялаған порталға емес, бастапқы ақпарат көзіне – ақпарат агенттіктеріне міндетті түрде сілтеме жасауға тиіс, мұны телеарналар мен радиостанциялар жиі назарға алмайды.
22. Демократиялық қоғамдағы плюрализм мен қоғамдық пікір
Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті әзін-озі басқаруынан кәрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді
Плюрализм, пікір алуандығы (ағылш. плұралісм; лат. плұраліс; множествепиый, многообразный) Әздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлеріи білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда гүрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдык ұйымдардын (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекет тестігі Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады.Плюрализм – дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәу-елсіздігін мойындайды. Қоғамдық пікір - қайшылықты қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде қалыптасқан бұқаралық сананың өзекті күйі, адамдардың ірі топтарының осы жағдайларға қатынастарын бейнелейді; бір нәрсе немесе біреу жөнінде қоғамда көпшілік адамдарда сол бір сәтте қалыптасқан пікір.
Қоғамдық пікір– қоғам мүшелерінің ағымдық істер, не саяси мәселелер бойынша позициясының көрсеткіші. Қоғамдық пікірді зерттеу мен коршаған орта жайлы дұрыс ақпарат алу үшін пікіртерім әдісі қолданылады. Пікіртерім алғашқы әлеуметтік ақпарат жинаудың бір әдісі. Сұраудың екі негізгі әдісі бар: ауызша - анкета (сауалнама), жазбаша - интервью алу. Қазіргі кезде пікіртерім әлеуметтануда кең таралған әдіс болып табылады, барлық қоғамдық салада әлеуметтік пікірді зерделеу үшін қолданылады.
Қоғамдық пікір – жалпы қоғам немесе қоғамның белгілі бір бөлігінің ашық көрінетін іс-әрекеттер мен ұстанымдарды жақтауы немесе оларға қарсы болуы. Қоғамдық пікір қоғамдық жүйе үшін маңызды мәселелерге байланысты өз ойларын ашық білдіретін адамдардың үлкен топтарының тарихи кесімді және өзгеріп отыратын қоғамдық санасы.
23. Журналистің міндеттері? (ҚР «БАҚ туралы» Заң бойынша)?
Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 23 шілде N 451
21-бап. Журналистiң мiндеттерi
Журналист: 1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;4-1) азаматтармен сұхбат жүргiзген кезде дыбыс- немесе бейнежазбаны пайдалануға келiсiм алуға;5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.Ескерту. 21-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 181 Заңымен.
24. ҚР Азматтық Кодексіндегі журналистің заң алдындағы жауапкершілігіне қатысты баптардағы айыптаулар?
142-бап. Мүлiктiк құқықтармен байланысты мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар
Мүлiктiк емес өзiндiк және мүлiктiк құқықтар бiр мезгiлде бұзылған жағдайда мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың бұзылғандығы үшiн жәбiрленушiге тиесiлi өтем ескерiле отырып, мүлiктiк зиянның орнын толтыру мөлшерi ұлғаяды.
143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау
1. Азамат немесе заңды тұлға өзiнiң ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендiгiн дәлелдей алмаса, сот арқылы терiске шығаруды талап етуге құқылы. 2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, бұл құжаттағы мағлұматтардың шындыққа сай келмейтiндiгi туралы тиiстi адамға мiндеттi түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе керi сұратып алынуға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегiн жариялауға құқылы.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы азаматтың немесе заңды тұлғаның талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған ретте, сотта қаралады.
5. Егер соттың шешiмi орындалмаса, сот тәртiп бұзушыға бюджеттiң кiрiсiне өндiрiлiп алынатын айыппұл салуға құқылы. Айыппұл азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде салынады. Айыппұл төлеу тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.
6. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды терiске шығарумен бiрге олардың таратылуымен өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
7. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкiн болмаса, өзi жөнiнде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейдi деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы.
144-бап. Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы
1. Азаматтың жеке бас құпиясын, оның iшiнде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделiктер, естелiктер, жазбалар, iшкi жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрiгерлiк, адвокаттық құпияны, банктiк салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар.
Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгiленген реттерде ғана ашылуы мүмкiн.
2. Күнделiктердi, жазбаларды, естелiктердi және басқа құжаттарды жариялауға - олардың авторының келiсiмiмен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келiсiмiмен ғана жариялауға жол берiледi. Олардың қайсыбiрi қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келiсiмiмен жариялануы мүмкiн.
Ескерту. 144-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
145-бап. Өз бейнесiне құқық
1. Қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.
2. Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi. Егер заң құжаттарында белгiленсе, не бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса, ондай келiсiм талап етiлмейдi.
25. Халықаралық қауымдастықта «адам құқығы» түсінігі қай уақытта пайда болды?
Халықаралық құқықтағы адам құқығы. Алғаш рет “адам құқығы” ұғымы халықаралық құқықта Ұлы Француз революциясынан кейін пайда болды. Адам құқығының көпшілігі ол туған сәттен басталатын азаматтығымен анықталады. Азаматтық-бұл белгілі бір мемлекетке қатысты және оның билігіне бағынуда нақты құқықтар мен міндеттерге ие болуында көрінетін жеке тұлғаның нақты мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. (Қосымша. 1991ж. 20 желтоқсандағы “ҚР азаматтығы туралы” заңда осы түсінікке былай деп анықтама берілген: “ҚР азаматтығы тұлғаның нақты мемлекетпен байланыс жасағанда олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы”).
26. Қазақстан Республикасы Конституциясындағы мемлекеттік тілге қатысты баптар?
7-бап.
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды
27. Кәсіби қызметі үшін сотқа тартылған және жазаланған нақты журналистің айыпталу себептері туралы мысал келтір
«Маңқа қазақ» деген сөз тіркесі үшін журналист сотқа тартылды. Қарашаның 21-і күні Алматының Медеу аудандық сотында журналист Гүлжанат Шонабайға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Ол ұлтаралық дүрдараздықты өршітіп, қазақ халқының ар-намысына тиген деген айыпқа қалып отыр. Қылмыстық істің қозғалуына журналистің биылғы жылы «Тасжарған» газетінде жарияланған қос мақаласы түрткі болған. Газеттің шілденің 9-ындағы санында «Бір қазақты екі ұйғыр неге өлтірді?» және 16-шы шілдеде «Малыбайдағы маңқа қазақ бейшаралығына күйінеді» деген екі мақалада Гүлжанат Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Малыбай ауылында болған кісі өлтіру оқиғасы жайында жазған еді. Негізінен қазақ және ұйғыр ұлтының өкілдері тұрып жатқан ауылдағы азаматтардың арасында болған жанжалдан қаза тапқан Айдын Халықұлына қатысты жазылған сол екі мақала шыққан соң арада екі ай өткенде құқық қорғау органдары Гүлжанат Шонабайға ҚР Қылмыстық кодексінің 164 бабының 2 тармағы бойынша «ұлттық және әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздыруға алғышарт болатын шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратты» деген айып тағып, қылмыстық іс қозғаған. Журналистің өз айтуынша, бұл істі Астанадан арнайы келген Ішкі істер министрлігіне қарасты тергеу комитетінің бас тергеушісі Ержан Артықбаев жүргізіпті. Сонымен бірге, ҚР Әділет министрлігі жанындағы Сот сараптау орталығының жүргізген психологиялық-филологиялық сараптама қортындысында журналист Шонабай мақаласындағы «маңқа қазақ» деген сөз тіркесі «қазақ ұлтының өкілдеріне теріс баға беріп, қазақтардың ұлттық ар-намысына тиеді» деген баға берілген. (Соңғы қылмыстық оқиға осы, әлі сот шешімін шығарған жоқ!)
28. Авторлық құқық объектісінің сабақтас құқықтар субъектілерінен айырмашылғы?
35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.
2. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.
3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. № 179-IV Заңдарымен.
6-бап. Авторлық құқық объектiсi. Жалпы ережелер
1. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
2. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
2) ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне - немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемдi - кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, және сол сияқты);
6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
3. Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгiлерi бар және дербес қолдануға болатын туынды бөлiгi (оның атауымен, кейiпкерлердiң атауларымен қоса) авторлық құқық объектiсi болып табылады.
4. Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердiң, әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң, жаңалықтардың, фактiлердiң өздерiне қолданылмайды.
5. Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектiнi меншiктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.

29. БАҚ-тың эфирге шығарылуы кімнің шешімі арқылы уақытша тоқтатылады?
13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату
1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару не бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, радио және телевизия бағдарламаларының эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды уақытша тоқтату түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.
30. Қандай жағдайда журналист аккредитация құқығынан айырылуы мүмкін?
Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн. (БАҚ туралы заң 22-бап, 4-тармақ)
31. «Тең авторлардың» құқықтық дәрежелері тең бе? © деген халықаралық белгі нені білдіреді?
10-бап. Тең авторлар
1. Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең авторларға тиесiлi болады.
Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.
Егер тең авторлар арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, олардың әрқайсысы туындының дербес мәнi бар өзi жасаған бөлiгiн өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.
3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады:
1) қоршауға алынған латынша "С" әрпi;
2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
3) туындының алғаш жарияланған жылы.
32. «Бұқаралық ақпарат құралдары» тіркесінің мағынасы?
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)- арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. Француз жазушысы О. Де Бальзак баспаөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси-биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
33. Біріккен Ұлттар Ұйымын құрудағы негізгі мақсат?
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді. Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:
- бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;
- ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;
- халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен
- адам құқығын құрметтеуді қолдау;
Осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.
БҰҰ өзінің көп қырлы функцияларын қосқанда әлемдік қауымдастық қызметінің барлық дерліктей салаларын қамтиды. Оның өзектілігі, әсіресе өсіп келе жатқан ғаламдық тәуелділік пен мемлекетттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін біріктіруді талап етумен ерекшеленетін қазіргі заманның қақтығыстарын шешудегі рөлі өте зор.
БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.
Бүгінгі таңда ол халықаралық қауымдастықтың көкейкесті мәселелерін шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау, қоршаған ортаны қорғау, аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу, босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау. Көптеген жылдар бойына ұйым халықаралық дағдарыстардың алдын-алу және ұзаққа созылған қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді. Бейбітшілікті орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол өршіп келе жатқан қақтығыстардың алдын-алу шараларын қолға алды. Қақтығыс соңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізгін жою мен тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі қолға алуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері.Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді:
• халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту;
• экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамыту мен қолдауда әріптестікті жүзеге асыру;
• ұлттардың осы мақсаттарға жету жолында үйлестіруші орталық болу. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді:
• оның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі;
• олардың мойнына алған барлық халықаралық міндеттемелерді адал орындауы;
• олардың арасында туындайтын халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу;
• басқа мемлекеттерге қарсы күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетпеу;
• олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес жүргізілетін барлық шараларға жанжақты кәмек көрсетуі керек;
• Біріккен Ұлттар Ұйымы оған мүше емес барлық мемлекеттердің осы принциптерді ұстануын талап етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет;
• Біріккен Ұлттар Ұйымына Жарғы ешқандай жағдайда мемлекеттердің ішкі ісіне жататын әрекеттерге араласуына құқық бермейді. Кез келген бейбітшілік сүйгіш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мойындап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңесте және Экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Секретариат.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.
34. Құрамдас туындылар дегеніміз не?
Құрамдас туынды - материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесін білдіретін туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы);
11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық
1. Жинақтың және басқа да құрама туындылардың авторына (құрастырушысына) шығармашылық (құрастырушылық) еңбек нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi.
Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады. Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.
Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.
2. Энциклопедияларды, энциклопедиялық сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа да мерзiмдi басылымдарды жарыққа шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы.
Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.
35. Қандай жағдайда БАҚ-ты тіркеу талап етілмейді?
ҚР 03.05.01 ж. N 181-II Заңымен 12-бап толықтырылды
12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату
Таралымы:
- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
- сот практикасының бюллетеньдерін;
- кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.
36. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралары туралы» Заңында журналист жауапкершілігіне қатысты баптарда не айтылған?
5-тарау. Журналистің құқықтары мен міндеттері
20-бап. Журналистiң құқықтары
1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
ҚР 03.05.01 ж. N 181-II Заңымен 21-бап толықтырылды
21-бап. Журналистiң мiндеттерi
1) Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа ала отырып, өзi шарттық қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) шындыққа сәйкес келмейтiн ақпаратты таратпауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтiнiштердi қанағаттандыруға;
4) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн құрметтеуге;
4-1) 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
22 бап
6) Егер журналист аккредиттеу ережелерiн бұзса не өзiн аккредиттеген мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратса, оның аккредиттелуі күшiн жоюы мүмкiн.
37. Сабақтас құқықтардың субъектілерін ата? Сабақтас құқық субъектілері заң жүзінде қалай қорғалған?
35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектiлерi болып табылады.
2. Фонограмма жасаушы, эфир және кәбіл бойынша хабар таратушы ұйымдар осы тарауда көзделген құқықтарын орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша берiлетiн туындыны орындаушымен, сондай-ақ оның авторымен жасалған шарт бойынша алған құқықтары шегiнде жүзеге асырады.
3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшiн қандай да болсын формальдылықты сақтау талап етiлмейдi. Фонограмма шығарушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшiн фонограмманың әр данасында және (немесе) оның әрбiр қорбындата көрсетiлетiн және үш элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпi: Р;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесiнiң есiмi (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есiмi немесе атауы көрсетiлген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.10. № 179-IV Заңдарымен.
38. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы бойынша темекі және алкоголь өнімдерін насихаттайтын теле, радиохабарлар, жарнама роликтерін эфирге шығаруға бола ма?
Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.(БАҚ т.заң 14б.)
39. Баспа мен автор арасындағы нақты келісім-шарт бойынша талдау жүргізіп, ерекшеліктерін айқындау
40. "Журналистiң ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқығы бар» деген тұжырым қай құжатта жазылған?
БАҚ туралы заңның 20-бабы Журналистің құқығы
Журналистiң:
1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға;
5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жариялануынан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
41. Шетелдік аудиторияға арналған бұқаралық ақпарат құралдары қай жерде тіркеледі?
1. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерiнің және басқа да шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiптiк қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Заңның нормаларын бұзатын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн таратуға сот тәртiбiмен тыйым салынады, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін – Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру көзделеді.
42. Ксенофобия дегеніміз не?
Ксенофобия, үргедектік – (грек. xenos «жат»+phobos «қорқыныш») толерантылыққа мүлде қарама-қайшы ұғым. Этноәлеуметтану ғылымында «ксенофобия – діні, салт-дәстүрі, ұлты бөлек жандардан қорқу, оларды жек көру» деп түсіндіріледі (мысалы, русофобия-орыстармен жауласу, антисемитизм –еврейлерге өштесу және т.б)
43. ҚР Қылмыстық Кодексіндегі журналистің заң алдындағы жауапкершілігіне қатысты баптарда қандай жазалау шаралары көзделген?
155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк ќызметiне кедергi келтiру
1. Журналистiн занды касiптiк ќызметiне оны аќпарат таратуга не оны таратудан бас тартуга мажбїрлеу арќылы кедергi келтiру - елуден жуз айлыќ есептiк корсеткiшке дейiнгi молшерде айыппўл салуга не жуз сексен сагатќа дейiнгi мерзiмге ќогамдыќ жўмыстарга тартуга, не бiр жылга дейiнгi мерзiмге тузеу жўмыстарына жазаланады.
2. Адам ќызмет бабын пайдалана отырып, сол сияќты куш ќолданып немесе куш ќолданамын деп ќорќыта отырып жасаган арекет -
Екi жылга дейiнгi мерзімге тузеу жўмыстарына не уш жылга дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атќару немесе белгiлi бiр ќызметпен айналысу ќўќыгынан айырып немесе онсыз уш жылга дейiнгi мерзiмге бас бостандыєынан айыруга жазаланады.
44. Заңның кейбір баптарын бұзған жағдайда БАҚ қызметін кім тоқтата алады?
45. БҰҰ-дағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссия қашан құрылды, негізгі қызметі?
1946 жылы құрылған БҰҰ-ның адам құққтары бойынша комиссиясы декларация негізінде адам құқығы саласында маңызды халықаралық құжаттар құрастырды.
Адам құқығын қорғау әлемдік қоғамдастыққа жүктелген ең маңызды міндеттер қатарына жатады. Қауіпсіздік пен тұрақтылыққа жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуы әлемдік қауымдастықты адам құқықтарын қамтамасыз ету тетігінің тиімділігіне белсенді және мақсатты түрде қол жеткізуге ынталандырады. Жалпы, қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар мен қоғамдық үдерістер адам құқықтарын қорғау мәселесіне көп көңіл аудартады. Сондықтан, қазіргі кезеңде халықаралық ұйымдар адам құқықтарын қорғау бойынша қызметін күшейтті. Тарихқа жүгінсек, халықаралық ұйымдардың адам құқығын қорғау бойынша қызметі бұрыннан және түрлі формаларда жүзеге асырылуда. Бастамасы 1919 ж. Халықаралық еңбек ұйымын құрумен Ұлттар Лигасының тиісті Конвенциясын қабылдаумен қаланды. Алайда екі бірдей дүние жүзілік соғысты бастан кешіргеннен кейін ғана әлемдік қоғамдастық жеке тұлғаны бағалай бастады. Мәселен, БҰҰ Жарғысы (1 бап, 3 тармақ) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді.
БҰҰ жүйесіндегі және аймақтық халықаралық ұйымдардың шешімдерін айтпағанда, тек БҰҰ-ның өзі адам құқықтары бойынша 60 жуық декларациялар мен конвенциялар құрастырып, қабылдады. Адам құқығы халықаралық қатынастардың анықтаушы факторы ретінде 1948 ж. желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қабылдануынан кейін қалыптаса бастады. 1950 жылдан бастап әр 10 желтоқсанда Адам құқықтар күні атап өтіледі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы алғашқы халықаралық әмбебап құжат ретінде адам құқықтарының қазіргі заманғы тұжырымдамасының негізін салды және оның халықаралық қатынастарда таралуына ықпал етті. Декларацияның баптары қазіргі халықаралық құқықтың және әлемнің барлық мемлекеттерінің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы халықаралық келісім-шарт еместігіне қарамастан, соның негізінде БҰҰ-ның басқа барлық құжаттары қабылданатын ереже ретінде қалыптасты.
1946 жылы құрылған БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы Декларация негізінде адам құқығы саласында маңызды халықаралық құжаттар құрастырды. Сонымен қатар, Бас Ассамблея 1950 ж. БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссар Басқармасын құрды. Басқарма өз қызметін 1951 ж. 1 қаңтардан бастады. Биполярлық әлем жағдайында азаматтық-саяси немесе әлеуметтік-экономикалық құқықтардың басымдылығы жөнінде сөз таластыру болғанын айта кету керек. АҚШ бастаған Батыс елдері адамның азаматтық және саяси құқықтарын қорғау тетігі жөнінде халықаралық құжатты құрастыруды ұсынды. Өз кезегінде социалистік елдер экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт құрастыруды ұсынды. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы екі жақтың мүддесін ескере отырып, екі құжат даярлады. Нәтижесінде 1966 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 23 наурызда 35 мемлекет бекіткеннен кейін күшіне енген) және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 3 қаңтарда күшіне енді) қабылдады. Осы пакттерде Декларацияға қосылмаған өз табиғи байлықтары мен ресурстарын еркін қолдану құқығы мен халықтардың өзін-өзі билеу құқықтары қосылды. 
Комитет по правам человека ООН — организация, занимающаяся надзором за исполнением Международного пакта о гражданских и политических правах в странах-участницах пакта. Учреждён согласно части 4 Пакта. Состоит из 18 экспертов, избираемых на срок в 4 года Комитет оценивает доклады об исполнении Пакта, представляемые странами-участницами, составляет комментарии к Пакту («замечания общего порядка») и высказывает по жалобам государств и частных лиц о нарушении Пакта (кроме статьи 1) странами, ратифицировавшими Первый факультативный протокол к Пакту, соображения. Члены комитета имеют право высказывать особые мнения, прилагаемые к соображениям. Правовое значение соображений Я. Мёллер и А. де Заяс (англ.) оценивают так: «несмотря на тот факт, что формально соображения Комитета не являются юридически обязывающими, набирает силу мнение, что государства-участники обязаны обеспечить жертву нарушения, констатированного Комитетом, эффективным правовой защиты в соответствии с ч. 3(а) статьи 2 Пакта»
46. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияның 19-бабы нені көздейді?
Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ Декларация мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт ой-пікір еркіндігі құқығына кепілдік береді. Екі құжатта да 19-бап осыны көздейді. Сонымен қатар көпшілік мойындайтын тағы бір шындық – сөз бостандығы жеке-дара ғана маңызды емес, ол басқа құқықтардың орындалуы үшін де маңызды. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ Декларация тұңғыш рет сөз бостандығына ерік беріп, ол кең түрде мойындалды. Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің ынтымақтастықта, адамның құқы мен негізгі бостандықтарының сақталып, құрметтелуіне қол ұшын беруге бел буғанын ескере отырып, осы жолдағы міндеттемені толық жүзеге асырудың ұшан-теңіз маңызы бар деп есептейді. Сөйтіп Бас Ассамблея осынау жалпыға бірдей Декларацияны жариялайды. Адамзат әулеті ұрпағының бәріне тән ар-абыройын әрі олардың терезесі тең ажырамас құқы бостандық пен әділеттіліктің, баршаға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынын ұдайы назарда ұстап, міндеттемелерін орындауға барша халықтар мен мемлекеттер, әрбір адам мен қоғам талпынуы тиіс.Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қол сұғылмайтын дербестікке құқы бар. Әрбір адам нәсіліне, түсіне, жынысына, дініне, саяси және басқа сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, дүние-мүлкіне, атақ-дәрежесіне қарамастан осынау Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықты пайдалануы тиіс. Оның үстіне саяси, құқықтық немесе елдер мен аймақтардың халықаралық мәртебесі арасында ешқандай айырмашылық ескерілуге тиіс емес. Барлық адам заң алдында тең. Ешкім де азаптауға, қатыгездікке, ар-намыс аяққа тапталатындай жәбірлеу мен жазалауға тап болмауы тиіс. Әрбір адам қуғындалған жағдайда басқа елдерден пана сұрап, қорғануына құқы бар. Декларацияның 19 бабында былай делінген: «Әрбір адамның ой-пікір бостандығы мен оны еркін жеткізуге құқығы бар; бұл құқық оларға мемлекеттік шекараға қарамастан кез-келген құралдармен еш кедергісіз өз ой-пікірін ұстануға, ақпаратты іздеуге, алуға және таратуға еркіндік береді». Декларация талапратын орындау міндетті емес, бірақ ол көпшілік мойындаған құжат болғандықтан, 19 бап халықаралық аренада қолданылатын қарапайым құқықтың нормасына айналған. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (ағылш. Universal Declaration of Human Rights, UDHR) — адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жария еткен бірден-бір халықаралық-құқықтық құжат. 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 217 А (III) жарғысымен қабылданған және жарияланған. Құжатта белгіленіп, бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей мойындалуын, сақталуын және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бұл құжаттың негізгі міндеті.Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы ерекшелігі мен маңыздылығы адам құқықтары мен бостандықтарын алғашқы болып халықаралық дәрежеге көтергендігінде жатыр. Декларацияның міндеттілігі, заңдық сипаты жоқ, яғни бекітілген нормалар сөзсіз орындалуға тиісті емес. Дегенмен құжатта белгіленген адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі қағидалардың маңыздылығына байланысты Декларация жалпыға бірдей акт ретінде танылады және оны қабылдауға дауыс берген мемлекеттердің барлығы бірдей орындауға тырысады.
47. Америка құрама штаттарындағы баспа ісі мен бақ-қа қатысты заңдар мен басқа да құжаттар?
Жер жүзіндегі ең ірі капиталистік ел Америка Құрама Штаттарындағы баспа істерін мысалға алып қарасақ, олардың барлығы да ірі капиталистердің қолында шоғырландырылған.
АҚШ-та алғашқы типография Гарвард коллежінің Бостогға жақын жерінде 1639 жылы ашылды. Алғашқы американдық типографтар Стивен мен Мэтью Дей «Клятва свободного человека», «Альманах на 1639 год» және «Книга псалмов»(1640) кітаптарын шығарды.АҚШ-тың баспа орталықтары НЬЮ-ЙОРК-те 80% кітап өнімі шығарылады.Сонымен қатар, Бостон,Филадельфи,Чикагода ірі баспалар орналасқан.
АҚШ-та сөз бостандығы бірінші толықтырылған Конституциясымен қорғалады. АҚШ-та ешқандай жеке баспаға немесе БАҚ-қа арналған заң жоқ.
По всеобщему мнению, пресса США является одной из самых свободных в мире. Однако существует целый ряд факторов, которые говорят о сознательном ущемлении этой свободы. Среди таких факторов необходимо назвать самоцензуру (особенно корпоративную), требования рынка, влияние и нажим на журналистов со стороны владельцев и издателей СМИ, правовые ограничения и многое другое. США не имеют законодательно закрепленной системы регулирования отношений в сфере массовой информации, т.е. там нет, например «Законов о СМИ», каковые существуют во многих странах. Лишь отдельные федеральные акты и законы штатов затрагивают различные аспекты деятельности прессы.Конечно, как уже отмечалось, пресса на общих основаниях является объектом регулирования со стороны законодательства о собственности. Первая поправка к Конституции США воспринимается как защита от принятия каких-либо актов, направленных исключительно против прессы. В отличие от печатных средств массовой информации электронные СМИ являются объектом специального нормативного регулирования, в том числе по вопросам собственности. Это различие в подходах объясняется государственной монополией на эфир и ограниченностью эфирного пространства. Опосредованно и печатные СМИ испытывают влияние норм о праве собственности, относящихся к электронным СМИ, поскольку к ним относится запрет на одновременное владение одним лицом газетами и телевизионными станциями в одном городе или на одном информационном рынке.США не имеют законодательно закрепленной системы регулирования отношений в сфере массовой информации, т.е. там нет, например «Законов о СМИ», каковые существуют во многих странах. Лишь отдельные федеральные акты и законы штатов затрагивают различные аспекты деятельности прессы.  Как отмечал Джон Мэррилл, «американская пресса свободна в обыденном смысле этого слова. Это не вседозволенность, а законно контролируемая, социально ответственная свобода, разрешенная Первой поправкой к Конституции. Естественно, что свобода журналистов не является абсолютной, так как на средства информации давят различные социальные факторы. Но СМИ могут публиковать все, что угодно, без предварительной цензуры со стороны правительства. Это и есть то, что мы в США считаем свободой слова. Ее ядром является «журналистская автономия». Редакционная политика и ее задачи не имеют отношения к свободе печати, однако они влияют на свободу рядовых журналистов. Первая поправка охраняет свободу прессы, а если свободу нужно охранять – значит, она существует».
48. Толенранттық дегеніміз не?
Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.  Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары.
49. Біріккен Ұлттар Ұйымы қашан құрылды? Негізгі мақсаты? Қазіргі қызметі?
Біріккен Ұлттар Ұйымы–екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағ конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Секретариат. Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді: • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту;
50. Орта Азия мемлекеттеріндегі баспа ісі мен БАҚ-тың құқықтық жағынан реттелуі?
51. Омбудсмен дегеніміз кім?
Омбудсмен билік органы немесе мемлекеттік басқару органы да, сот органы да емес. Бұл лауазым парламентаризм шеңберінде әрекет етеді және оның әрекеті мемлекеттік органдардың қызметін бақылауға бағытталған. Оның қызметі жеке тұлғаның құқықтарын іске асырушы басқа органдармен салыстырып қарағанда қарапайым, әрі түсінікті. Бүкіл дүние жүзінде ол жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын әсерлі қорғайтын органдар жүйесінде маңызды орын алды. Әрбір елдің жағдайының ерекшелігі, оның мемлекеттік құрылысы омбудсмен институтының белгілі бір үлгісін қалыптастырды.
52. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Адам құқықтары және негізгі бостандықтары туралы Конвенция қай жылы қабылданды, негізгі мазмұны?
53. ҚР «Тіл туралы» Заңын бұзғаны үшін қандай жауапкершіліктер қарастырылған?
Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.
54. ҚР «Жарнама туралы» Заңын бұзғаны үшін қандай жауапкершіліктер қарастырылған?
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
      1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.      2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.      3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.      4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.
55. Еуропа мемлекеттеріндегі баспа мен БАҚ саласының құқықтық жағынан реттелуі?
56. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңындағы жарнамаға қатысты тыйымдар?
14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі, олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.
3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.
Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.
3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.
Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды.
4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.
57. Әр замандағы ойшылдардың тілге қатысты ой-пікірлері, ұлағатты сөздері?
Тәрбие басы – тіл.Қашқари.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл, бірақ өз тіліңнің қадір-қасиетін жоғалтып, өгейсітпе.Көрінеді тілден түйсік білім де,Біле білсек, жарылқаушы – тіліңде.Жүсіп Баласағүн.Тілі екеудің – діні екеу.Әбубәкір Кердері.Қазақ тілі – түркі тілінің ішіндегі ең бай тілШоқан Уәлиханов.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.Абай.Адамдарды алдауға емес, оқытуға келген кісі олардың өз тілінде сөйлеуі керек.К.Гельвеций.Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады.Р.Эмерсон.
Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.Л.ТолстойФранцуз тілі Европаға қандай әсер етсе, қазақтың тілі түркі мәдениетіне дәл сондай әсер еткен.Қазақ тілі – шығыстың француз тілі.В.РадловТүркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.С.Малов.
Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.А.Брем.Тіл – ұлттық рухтың ең соңғы қорғаны.Ш.Монтескье.Ұлттың ұлттық қасиетін қайтару процесі тілден басталады... Өйткені ұлттың негізгі ұлттық көрсеткіші – тіл. Отарлаушы елдің басым тілі отарланған, соры қайнаған елдің ұлттық тілінің дамуына үлкен кедергі жасайды. Ұлттық құндылықтарға оралу процесінің аяғына тұсау болады. Сондықтан да постколониализм дәуірінде жаншылған ұлттар ең алдымен өзінің мәдениетін, тарихын қалыпқа келтіруге күш салуы керек.Сандра Камбиселлис.
58. Ресейдегі баспа ісі мен БАҚ-тың құқықтық жағынан реттелуі?
59. ҚР «Тіл туралы» заңындағы негізгі ұғымдар?
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;
топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру.
терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
уәкiлеттi орган - тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.
60. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын басқа мемлекеттің осы саладағы заңдарымен салыстырмалы талдау
61. Баспа редакторының құқықтары мен міндеттері?
62. ҚР «Жарнама туралы» Заңындағы негізгі ұғымдар?
3-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;1-1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;5) жарнама таратушы - мүлiктi, соның iшiнде радио және (немесе) теледидар хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер.Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.
63. Этика. Этикет. Эстетика және баспа ісі
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады. Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.–Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. 
Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.Өнер — мәдениеттің маңызды саласының біріЭстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие — имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
64. ҚР «Баспа ісі туралы» Заң жобасы туралы пікірің? Қандай мәселелер қамтылмаған деп ойлайсыз?
65. Баспагер, журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі
66. Ұлттық-халықтық салт-дәстүрдің баспа ісіндегі көрінісі
67. Журналист этикасы мен құқығы туралы жалпы түсінік
Журналист өзінің қызметінде кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды.
Журналист қолы қойылған, бүркеншік немесе анонимді атымен, бірақ рұқсаты және келісімі бойынша таратылған кез келген хабарламаның сенімділігі үшін өзінің атымен және беделімен жауап береді.
Журналист қоғамның моральдық және этикалық қағидаттарының нығаюына ықпал етеді.
Журналист адалдық пен қасақанашылдық емес қағидаттарын ұстанады, кез-келген сырттан жасалатын қысымды жоққа шығарады. и
Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-1 Заңының 20-бабында журналистiң құқықтары белгіленген. Журналистiң: 1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға; 2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысандарындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға; 3) ҚР заң актiлерiнде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның iшiнде оларды дыбыс бейне техникасын, кино-фото түсiру құралдарын пайдалана отырып жасауға; 4) журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға; 5) құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлiметтерi бар үзiндiлерiн қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға; 6) алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге; 7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге; 8) өзi дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға; 9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып, жариялануынан бас тартуға; 10) авторлық және ақпарат көздерiнiң құпиясы соттың талап етуiмен жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.
68. Редакторлық шығармашылық кезеңдерін көрсет?
69. Қазақстан Республикасындағы баспалардың жай-күйі, өзекті мәселелері?
70. Демократиялық журналистиканың жауапкершілік этикасы
Демократияның негізсалушы қағидасы азаматтардың ақпаратты және білімді болуынан тұрады. Өз елінің қоғамдық өмірінде қарқынды роль атқару үшін адамдар дер кезінде ақпаратпен қамтамасыз етілуі қажет. Өз елінде үздік басшыны таңдап алуға талпынған және жалпы мемлекеттік, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі мәселелер бойынша жан-жақты негізделген шешім қабылдағысы келген азаматтар үшін тәуелсіз және жауапты бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өте маңызды ақпарат көзі қызметін атқарады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен таратылатын ақпарат экономикалық мәселелерді саналы түрде шешуге, жеке шешім қабылдауда және дұрыс саяси таңдау жасауда тең дәрежелі қажет. Ашық бұқаралық ақпарат құралдары мен тәуелсіз экономикалық жүйелер арасында тығыз байланыста өмір сүреді. Дүниежүзілік банктің жүргізген кейінгі зерттеулері дамушы елдер үшін экономикалық прогресс табысты болу үшін тәуелсіз БАҚ-тың қажеттілігі дәлелденіп отыр. АҚШ үкіметі шет елдердегі ашық және жауапты бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуын қолдау саясатын жүргізеді және еркін баспасөз инфрақұрлымын қолдайтын заңшығарушылық базасын нығайтуға, қаржы жағынан тәуелсіздігіне, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарындағы анықтық пен оқиғаны объективті түрде жалтақтамай бейнелейтін журналист мамандарын дамытуды қолдайды. Тәуелсіз және жауапты БАҚ қалыптастыру бұл – әрқашан тоқтаусыз қадағалауды қажет етеді.
71. ҚР баспа ісін реттейтін заңдар мен шетелдің осы саланың құқықтық жағынан реттелуін салыстырмалы талдау
72. Жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрдің баспасөзде жазылуы
73. Демократия және авторитаризм жағдайындағы баспасөз
74. Баспа редакторының мәтінді редакциялау барысындағы негізгі ұстанымдары мен сөз әдебі, авторлық қолжазбалармен жұмыс тәртібі?
75. Плюрализм дегеніміз не?
Плюрализм, пікір алуандығы (ағылш. Pluralism; лат. pluralis; множествепиый, многообразный) Әздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлеріи білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда гүрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдык ұйымдардын (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекет тестігі. Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады.
76. Сөз Бостандығының ең айқын белгісі
«Ақпарат бостандығы» атты атау алған барынша жалпы құқықтың құрамдас бөлігінен тұратын азаматтың саяси құқықтары мен адамның негізгі жеке құқықтарының бірі. Өзінің пікірін (ойларын) жария түрде (ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жазбаша) білдіру мүмкіндігі түрінде көрінеді.Демократиялық елдердің заңнамасы мен сот тәжірибесі, сөз бостандығын теріс пайдаланушылыққа жол бермеу мақсатымен оны шектеудің жүйесін жасап шыкты. Атап айтқанда, әлемнің көптеген мемлекеттерінде сөз бостандығын заңды билікті күштеп кетіруге, мемлекеттік құпияны жариялауға, қылмыс жасауға арандатуға, ұлттық, нәсілдік, діни және басқа араздасуды тоқтату үшін пайдалануға, басқа адамдарды қорлау және оларға жала жабу үшін пайдалануға, қоғамдық мораль мен адамгершілікке қастандық жасау құралы ретінде пайдалануға тыйым салады. Бұл тізімдер ауқымы ТЖ режимі әрекеті кезеңінде недәуір кеңуі мүмкін.Сөздердің белгілі мағынаны, ұгы ды жалпылап, топшылап барып ұғындыру қасиеті — оларды бойына біткен ең негізгі ерекшелігі.Жаңа ұғым бұрыннан бар белгілі байланысы арқылы дамып, байырғы сөзге ұқсас жаңа сөздер жасалып отырады. Сөйтіп, қоғамдағы адамдардың колдануы мен түсінігі^ретінде бейнеленді. Сондықтан да сөздер бір тілде сөйлеуші адамдарды бәріне бірдей түсінікті болады. Белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігіне ие болған сөздердің бәрі де белгілі бір мағанасын білдіреді:Фонема мен сөздің айырмашылығы сөзде белгілі мағана болады,ал фонемада еш магына жоқ, тек’сөз құрамында мағына ажырату ролі бар.Әрбір сөз сол тілдің граматикалық заңдарына бүтіндей бағынып, соған тән тұлғаларға ие болып солардың түр-тұрпатының біреуінде ғана көріне алады:Сондықтан да сөз грамма-Аханов. Тіл білімініц негіздері, 1973, 113-тикалық жағын біртұтас тұлғаланған единица деп есептеледі:Бұл жағынан сөз бен сөз тіркестерінің түбірлі айырмасы бар. Еркін сөз тіркесі де, тұрақты сөз тіркестср де біртұтас грам-атикалық тұлғаланған единица деп қаралмайды. Дербес сөз болу үшін оның құрылым құрылысына ешбір өзеріс ендіруге, басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы қажет. Яғни сөздің кұрылымдық тұйықтығы тұтас сақталуы керек. Меселен, базар, базарлық, қазан, қазандық, құлақ, құлақшын, көз, көзілдірік, табан, табандау, табалдырық тәрізді сөздсрдің құрылымына басқаша бір дыбысқосылса, онда бұл сөздердіц дыбыстық қүрылымының бірлігіне нүқсан келіп, сөз үғымын өзгертіп жіберуі сөзсіз. Сөздің мағыналық бөлшектерінің аралығына бас артық ешбір дыбыс, ешбір сөз енбеуге тиіс. Еркін сөз тіркестерінде мұндай принцип сақталмайды. Мысалы: колхоз — колхоз мүшесі, колхоздың озат мүшесі, колхоздың озат қарт мүшесі,ат — жүйрік ат, жүйрік торы ат т. б.Еркін сөз тіркесі мен сөйлем ‘нақ сөйлеу үстінде құрастырылады. Ал сөз, керісінше, тілде бұрыннан бар даяр қалпында сөйлем мен еркін сөз тіркесінің құрамына кіреді. Сөздің даяр тұрған түтас единица ретінде жұмсалу қасиеті идиом мен фразага жақындасады. Алайда сөз бен фразеологиялық оралымдар дәл бірдей болмайтындығы, өзі-өзі-нен түсінікті болса керек.Сөздің тілдік табиғатына тән айырым-белгілер мен оны тіл-дегі өзге единицалардан ажырататын белгілер осы айтылған-дармең шектеледі.
77. ЕҰЫҰ-ға мүше-мемлекеттердегі БАҚ саласындағы заңдардың сөз бостандығының халықаралық стандарттарға сәйкестігін кім қадағалайды? БҰҰ қадағалайды.
Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың ЕҚЫҰ-ның атқарушы төрағасы ретіндегі сөз бостандығының бақ саласындағы заңдардың халықаралық заңдарының стандарттарына негіз жасайды. Сонымен қатар Нұрлан Бақытжанұлы Ұйымның өзі үшін де бірегей оқиға болып табылады. Алғаш рет, Қазақстан секілді 18 жылдық қана тәуелсіз тарихы бар елге әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың ірі аймақтық Ұйымын басқару мүмкіндігі беріліп отыр. Қазақстанның төрағалығына байланысты еліміздің және ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі БАҚ пен саяси, сондай-ақ қоғамдық-саяси орталардың ерекше назарында болуын бірқатар объективті факторлармен түсіндіруге болады. Осы орайда, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті, Бельгия сенатының депутаты Пол Вилле Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне орай “Өкілеттік мерзімі шектеулі, әлеуеті шексіз” атты мақаласында: “Алғаш рет ЕҚЫҰ тарихында бұрынғы Кеңес Одағынан шыққан, мұсылман халқы басым мемлекет аймақтық Ұйымның тізгінін ұстады. Барлығы таңданды. Бұл ел нені іске асырады? Ол зор жауапкершілік жүгін арқалап, толып жатқан замана сындары мен қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Ұйымның өн бойына қан жүгірте ала ма?” деп жазып, сіз қойып отырған сұрақтар төңірегінде ой бөліседі. Бұл арада бельгиялық сенатордың төрағалық мерзімінің шектеулі екендігі туралы айтқанына келіспеуге болмайды. Өзіміз куә болып отырғандай, еліміздің ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі нақтылы бағдарламасы қарқынды орындалуда. Сондықтан жылдың соңына қарай атқарылған істердің нақты нәтижелерін айта аламыз деп үміттенемін. – Нұрлан Бақытжанұлы, қаласақ та, қаламасақ та, әр уақыттың, әр дәуірдің адамзат алдына қоятын талаптары, қауіп-қатерлері болады әрі олар әркез күн тәртібінен түспейді.
78. «Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы» деп ҚР Азаматтық Кодексінің қай бабында айтылған?
ҚР Азаматтық Кодексінің 143- бап, 3- тарау, Азаматтық құқықта объектілері, параграф 3 Мүліктік емес өзіндік құқықтар.
79. Халықаралық қауымдастықта «адам құқығы» түсінігі қай уақытта пайда болды?
Алғашқы рет адам құқықтарының либералды концепциясы өзінің құқықтық бекітілуін 1789 жылғы американдық құқықтар жөніндегі Биллге негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сәл кешірек адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді. Адамзаттың прогрессивті күштерінің адам құқықтары үшін күресі өзінің логикалық көрінісін БҰҰ Бас Ассамблеясымен 10 желтоқсан 1948 жылы қабылданған "Адам құқықтарының жалпылай Декларациясынан" тапты. Бұл адамзат тарихындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының тізімін бекіткен алғашқы халықаралық құжат. Бұл актінің қабылдану себептерінің бірі - БҰҰ Жарғысы нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жан-жақты мадақтау және құрметтеу ісіне мемлекеттердің міндеттерін бекіте отырып, бұл құқықтардың тізімін белгілемеуінде. Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады.
80. Қандай жағдайда мерзімді басылымды тіркеу талап етілмейді?
12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату.Таралымы:- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;- сот практикасының бюллетеньдерін;- кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.
81. ''Қазақты еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған "Қазақ" газеті болатын", - деген кімнің бағасы? Мұхтар Әуезов
82. Публицистика дегеніміз не?Көсемсөз, публицистика (лат. publіcus – қоғамдық) әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы. Публицист сөзі «Публицистика» деп аталатын жанрға қатысты пайда болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика- латынның «publich» - қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және бсқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзұарастарымен байланыстырады. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бір мақсатқа жұмылдырады.
83. "Журналистiң ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқығы бар» деген тұжырым қай құжатта жазылған? БАҚ туралы заңда
84. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе занды мүдделеріне нұқсан келтіретін мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегін жариялауға құқылы ма? Иә, тегін жариялауға құқығы бар.
85. Мораль мен этиканың арасында қандай байланыс бар?
Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:
Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:
теориялық этика;
нормативті этика;
эмпириялық этика.
Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
86. Қандай жағдайда бұқаралық ақпарат құралы есепке қоюдан босатылады?
12-бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату
Таралымы:
- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
- сот практикасының бюллетеньдерін;
- кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.
87. Теріске шығару құқығы дегеніміз не?
19-бап. Теріске шығару құқығы (БАҚ туралы ЗАҢ)
1. Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.
2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс.
Егер аталған мәлiметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмейтiндiгi туралы адресатқа мiндеттi түрде хабарлануға тиiс.
Өзге реттерде терiске шығару тәртiбiн сот белгілейдi.
3. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат органы мұндай жарияланымнан бас тартса не бiр айдың iшiнде жарияланым жасамаса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда, сотта қаралады.
4. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған болса, олар мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздерiне келтiрiлген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
88. Журналистің кәсіби этикасы дегеніміз не?
1. КӘСІБИ ПАРЫЗ
1.1. Журналист өзінің қызметінде кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды.
1.2. Журналист қолы қойылған, бүркеншік немесе анонимді атымен, бірақ рұқсаты және келісімі бойынша таратылған кез келген хабарламаның сенімділігі үшін өзінің атымен және беделімен жауап береді.
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК2.1. Журналист қоғамның моральдық және этикалық қағидаттарының нығаюына ықпал етеді.
2.2. Журналист өзіне жүктелген қоғамдық жауапкершілікті сезінеді және оның қызметі қоғамдық мүддеге залал келтірмеуін үнемі қадағалайды.
2.3. Журналист қоғамдық тәртіптің тұрақсыздығын, әлеуметтік араздықты қоздыруды болдырмас үшін дәлелденбеген ақпараттан, асығыс және тексерілмеген ақпаратты жариялау мен таратудан бас тартады немесе аталған ақпараттың тексерілмеген сипатын көрсетеді.
89. «Журналистік сауал» дегеніміз не?
Журналистік сауал – ресми органға жолданатын өтініш. Ол ақпарат алуға ғана емес, қалыптасқан жағдайды кәсіби тұрғыдан ұғынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресми органның берген жауабы ақпараттың шындыққа сәйкестігін анықтайды. Бұл журналист үшін өте маңызды. Себебі жауапкершілік ақпаратты берген тұлғаға жүктеледі.
90. Ашық сот отырысын фотоға, бейнетаспаға түсіру, тікелей радио және телетрансляция арқылы жариялауға кім рұқсат береді?
Менің ойымша, судья, я болмаса, тиісті уәкілетті орган рұқсат береді.


Приложенные файлы

  • docx 26448216
    Размер файла: 122 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий