Экономика жауап


47. Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар және мамандарды дайындау жүйесінің мәнін ашып көрсетіңіз.
Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
      Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейді.      2. Әлеуметтік қызметкерге мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:      1) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша жоғары білім немесе «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы сертификат (куәлік);      2) балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғау мәселелері бойынша жәрдем көрсету, сырқат балаға жалпы күтудің практикалық дағдыларына, баланың дамуына мүмкіндік беретін әдістерге үйрету, сондай-ақ мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға, үйде көмек алуына, қажетті компенсаторлық техникалық, протезді-ортопедиялық және қосалқы құралдарды алуға ықпал ету, өзіне-өзі қызмет көрсету, тәртіп, өзін-өзі бақылау мен тілдесу дағдыларына үйрету;       3) баланың отбасымен қосылу жағдайын, отбасыларды қолдау ата-ана құқықтарын қайта қалпына келтіру, бала асырап алуды, қорғаншылықты, қамқоршылықты рәсімдеу үшін материалдар ұсыну және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік патронажды жүзеге асыру;      4) туындаған қиындықтардың, шиеленісті жағдайлардың себептерін анықтау және оны шешуге, әлеуметтік қорғауға, отбасылық тәрбиеде көмек көрсетуге, кәмелетке толмаған балалары бар адамдарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге еңбек шартын жасасуға, жұмысқа орналастыруға, патронаж жүргізуге, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен қамтамасыз етуге, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушылардың жинақ салымдарын рәсімдеуге, құнды қағаздарды пайдалануға жәрдем көрсету;      5) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет (тұрақты немесе уақытша) немесе қорғаншылық пен қамқоршылық алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша кеңес беру, мұқтаждарды стационарлық емдеу мекемелеріне орналастыруға, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға, оқытуға, біліктілігін арттыруға ықпал ету;      6) әлеуметтік жетімдіктің, қадағалаусыздықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу, әлеуметтік оңалту және бейімдеу, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бейім балаларға әлеуметтік патронаж ұйымдастыру, отбасы және неке мәселелері бойынша кеңес беру, ассоциативтік мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау;      7) кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау, өмірлік қиын жағдайдағы баланың және оның отбасының құқықтарын қорғау кезінде қоғамдық қорғаушы ретінде сотқа қатысу, бас бостандығынан айыру орындарындағы арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерінен келген адамдарды және тұрғылықты жері бойынша сотқа дейінгі сатыдағы қалпына келтіру сөт төрелігі бағдарламаларына оның қатысуы кезінде әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру;      8) балаларға қатысты қатігездіктің алдын алу, анықтау және қөңіл бөлу, виктимді балаларды тіркеу және оңалтуға қолдау көрсету.      3. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметіне қойылатын талаптар:      1) әлеуметтік мазмұнды және әлеуметтік қызмет көрсету және перспектива жүйесін, халықаралық практиканы, әдістерді, технологияларды; баланың тұлғалық дамуының жас ерекшелігін, адамдардың этникалық және діни ерекшелігін; отбасында және әлеуметтік топтарда балаға қатысты қатігездікпен жұмыс жасай білуі; суицидтік мінез-құлықтың белгілерін және онлармен жұмыс жасай білуі; этикалық нормалар мен кемсітушілікке қарсы қағидаларды білуі қажет;      2) әлеуметтік ортаны тарта отырып, балалар мен отбасыларға арналған әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын, әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологияларын қолдана отырып, әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын әзірлей білуі, модельдей және қолдана білуі, өзара іс-қимыл жасай білуі, консультация бере білуі, тренинг өткізе білуі, оқыта білуі, баламен және отбасымен әлеуметтік жағдайларда алып жүру технолгияларын білуі, зорлық-зомбылық қолданған жағдайларды анықтай білуі және ондай жағдайларда қолдау көрсете білуі;      3) мынадай дағдылар мен жеке сипаттарының: айналамен қарым-қатынас жасау, әртүрлі нысаналы топтардың қажеттіліктерін түсіну, адамдармен өзара іс-қимыл жасау және олардың арасындағы қарым-қатынасты түсіну, әртүрлі әлеуметтік статустағы адамадарға сену, икемділік, әдептілік, жағдайға баға бере білу қабілеті, күрделі жағдайларды қарау, құжаттармен жұмыс жасау үшін әкімшілік дағдылары болуы қажет.      4. Біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:       1) жоғары санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, немесе (және) арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну бойынша мамандығы/магистратура, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;       2) бірінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;      3) екінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;       4) санаты жоқтарға - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), жұмыс өтіліне талап қойылмайды.       5. Біліктілігі орта деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік педагогтің) біліктілігіне қойылатын талаптар:       1) жоғары санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;       2) бірінші санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;      3) екінші санатқа - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;      4) санаты жоқтарға - техникалық және кәсіптік арнаулы орта, кәсіптік орта (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды. 1991 жылы елімізде «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы ресми түрде қолданысқа енді. Әлеуметтік жұмыс - бұл қиын жағдайларға тап болған адамға немесе адамдар тобына көмек көрсетуге, адамның өзіне-өзі көмек көрсете алуын тәрбиелеуге, қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастың үйлесімділігін орнықтыруға бағытталған кәсіби мамандық. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмысты мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдар жүзеге асырады. Бүгінде қайырымдылық көрсетумен айналысатын мың бес жүзге жуық қоғамдық бірлестіктер бар, олардың біреулері айықпас дертке шалдыққандарға көмек көрсетумен және оларды әлеуметті оңалтумен айналысса, екіншілері әсери қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады, енді біреулері балаларға, жұмыссыздарға, қаңғыбастарға әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетеді және т.б. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдарының бірнеше типтері қалыптасты:
1) жергілікті орталық билік органдары жанындағы қорлар;
2) ірі өнеркәсіптер мен ведомствалар жанындағы қорлар;
3) ірі банктер немесе коммерциялық фирмалар жанындағы фондтар;
4) жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдары.
ҚР әлеуметтік жұмыс мамандығы енді-енді қолға алынып, Республикамыздын басты
бағытына айналды.
Қазақстан бүгінгі таңда өз алдына жаңартылған, әсерлі мемлекеттер қатарына кіреді. әлемдік бірлестік Қазақстандағы өзгерулерге оң көзбен қарайды. Қазақстанда әлеуметтану өз алдына қатаң ғылыми тәртіп қояды. Жоғары деңгейлі Ресей оқу орындарына сүйене келгенбіз. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 1910ж. әлеуметтік салада жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бөлімдер ашыла бастады. Қазақ мемлекеттік университеті, жаңа атауы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтік жұмыс бөлімі ашылды. Осы уақыттан бері жоғары білікті әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. 1190ж. әлеуметтік қызметкерлердің дайындықтары күшейе түседі. Республиканың басқада жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыс бөлімі ашыла бастады. Қазіргі таңда еліміздің жеті жоғарғы оқу орындарында әлеуметтану кафедрасы құрылған. Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде және Л.Румилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әлеуметтік қызыметкердің жоғары деңгейде дайындау жүзеге асырылуда. Бұл жоғары оқу орнында педагоктар, әлеуметтік жұмыс саласын зерттейтін ғалымдар, әлеуметтік жұмыс ғылымы саласындағы ғалымдар жұмыс жасайды.

48. Денсаулық сақтау мен осы бағыттағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлін сыни талдаңыз.
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтікқызметтер көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.      2. Осы Стандарт өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге (бұдан әрі – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер) қатысты.      3. Осы Стандартта денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірегейлендірілген талаптары мен жалпы қағидаттары, түрі, нысаны және оларды көрсету шарттары белгіленген.       4. Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы осы Стандартқа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері
      5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.      6. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді мынадай денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді:      1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;      2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;      3) қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары;      4) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдар;      5) АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.      7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің бұл тізімі жеткілікті емес.      8. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді денсаулық сақтау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлері көрсетеді.
3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері мен нысандары
      9. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер:      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмір сүру сапасын жақсарту мен арттыру, басқа азаматтармен бірге қоғам өміріне қатысудың тең мүмкіндігін туғызу мақсатында өз денсаулығына өздерінің жауапкершілігін арттыру арқылы жақындарымен қоса пациенттердің өздерін белсенді қатыстырып, медициналық-әлеуметтік технологияларды қолдану арқылы аурулардың алдын алуға, денсаулығын қалпына келтіруге, сақтауға және нығайтуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтер;      2) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтік-психологиялық бейімдеу әрі қоғамда оңалту мақсатында психологиялық ағарту, психологиялық профилактика, психодиагностика, түзету жұмыстарын жүргізу, консультациялық және ақпараттық көмек көрсету арқылы әлеуметтік-психологиялық қолдауды көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтер;      3) физикалық мүмкіншіліктері мен ақыл қабілеттерін ескере отырып, қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) педагогикалық түзетуге және оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер;      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тиісті деңгейде өмір сүруін қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтер;      5) денсаулық сақтау саласында медициналық қызметтер көрсету мен құқық мәселелері бойынша құқықтық ағартуды, ақпараттық-құқықтық көмек көрсетуді, консультация беруді және әлеуметтік-құқықтық қорғауды көздейтін әлуметтік-құқықтық қызметтер;      6) жеке мұқтаждықтан туындайтын қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) тұрмыс-тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер;      7) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері;      8) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.      10. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылады және адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді, арнаулы әлеуметтік қызметтер мыналарды қамтиды:      1) консультация беру (жеке және топтық);      2) үйге жиі бару, белсенді көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);      3) "сенім телефоны" бойынша көмек (консультация беру) көрсету;      4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу.      11. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну қоса денсаулық жағдайын, жас және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып одан әрі жеке және кешенді жоспар құру арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен белгілеу негізінде жүзеге асырылады.      12. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде әлеуметтік жұмысқа волонтерлер, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады.      13. Денсаулық сақтау саласында әлеуметтік қызметкерлер өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткенде медициналық ұйымдар арасында сабақтастық сақталу керек.      14. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік  қызметтердің көлемі
      15. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:      1) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) әлеуметтік-терапиялық жұмысты ұйымдастыру (бағалау, проблемаларды белгілеу, кешенді жоспар құру, жасын ескере отырып көмек көрсету және жағдайдың позитивті жаққа өзгеру мониторингі);      2) тұрмыста және қоғамдық жерлерде өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлық, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларын қалыптастыру;      3) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық білім негіздеріне үйрету;      4) ауыр науқастардың, жалғыз басты қарт адамдардың, мүгедектердің, мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың үйіне жиі барып көмек көрсету және үй жағдайында бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);      5) пациенттерді әлеуметтік орталықтарға және қызметтерге жолдау үшін құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктер бойынша консультация беру және ақпараттандыру (жеңілдіктер, әлеуметтік төлеулер, жәрдемақы, өтемақы, алименттер алу, тұрғын үй жағдайын және басқа да жағдайларын жақсарту);      7) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету;      8) жұмысқа орналасу мәселелеріне көмек көрсету, емдеу және басқа да мекемелерге көмек көрсету;      9) еріктілерді ауыр науқастарға, жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, мүмкіндіктері шектелген тұлғаларға медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге даярлау және үйрету.      16. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:      1) психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізу;      2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) жеке және топтық қолдау көрсетуге жағдай жасау;      3) жеке әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізу, интерактивті әдістер қолдану.      17. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:      1) әлеуметтік және шығармашылық бастамаларын қолдауды топшылайтын ұйымдастыру қызметтері, қоғамдық-құнды қызметті ұйымдастыруға көмек көрсету;      2) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер.      18. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:      1) әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді айқындау мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды диагностикалау;      2) әлеуметтік-экономикалық патронаж және қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беру.      19. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:      1) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету және пациенттердің құқығын қорғаудың құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша пациенттерге тегін консультация беруге көмек көрсету;      2) медициналық қызмет көрсетудің әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша, денсаулық сақтау саласындағы құқықтар бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге көмек көрсету;      3) денсаулық сақтау саласында құқықтық мәдениетті арттыру, халықты құқықтық ағарту бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға көмек көрсету;      4) әлеуметтік, құқықтық және басқа да қоғамдық маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған пациенттердің азаматтық бастамаларын қолдау.      20. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:      1) пациенттің өмірлік жағдайын әлеуметтік диагностикалау, әлеуметтік-тұрмыстық өмір жағдайын зерделеу;      2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) тұрмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту және консультация беру.      21. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері.      22. Бос уақытты ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тарту.
5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау, қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының деңгейіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
      23. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны, жағдайын ескере келе, күтуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, соның ішінде санитариялық-гигиеналық қызмет (сүртіп алу, жуып алу, гигиеналық шомылдыру, тырнақтарын алу, шашын тарау) көрсету;      2) санаторийлік және оңалту іс-шараларын алуға көмек көрсету;      3) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету;      24. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:      1) психологиялық диагностика жүргізу және жеке немесе топтық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;      2) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған әлеуметтік-психологиялық білім негіздеріне үйрету, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлыққа дағдыландыру, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларына үйрету;      3) пациенттерді тіршілік әрекетінің түрлі салаларында медициналық қызмет көрсетуде, тұлғалық және әлеуметтік бейімделуде әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;      4) өзін-өзі сақтау мінез-құлқына үйрету мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу;      5) халықтың түрлі топтарының психологиялық құзыретін жоғарылату мақсатында БАҚ, буклеттер, үндеухаттар шығару арқылы жарияланатын ақпараттық және білім беру іс-шараларын жүргізу.      25. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:      1) тұлғаның өзінің мүмкіндіктерін, тәрбиелік әлеуетін пайдалана отырып, өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау және әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер;      2) пациенттерде мүмкін болатын психологиялық-педагогикалық проблемаларын алдын алу;      3) қандай да бір себеппен қоғамдық байланыс пен қарым-қатынастарын, әлеуметтік және жеке басының маңызы бар сипатын, қасиеті мен мүмкіншіліктерін жойған не жоғалтқан пациенттерді қалпына келтіру;      4) мүмкіншіліктері шектелген, сондай-ақ, әлжуаз топтар мен дұрыс жолдан адасқан пациенттер тобын әлеуметтік ортаға әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу.      26. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасы) өмірінің әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларының мәселесін айқындау;      2) әлеуметтік-экономикалық көмек мәселелері бойынша консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету.      27. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) әлеуметтік-құқықтық мәселелерін айқындау;      2) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету, құқықтарын қорғау бойынша заңды қызметтер мен құқықтық консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету;      3) медициналық қызмет көрсету мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге, заңнамамен көзделген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, кепілдіктерді алуға көмек көрсету;      4) медициналық қызмет көрсетуге байланысты заң бұзушылықтың әлеуметтік түрде алдын алуға заңды мекемелер мен ұйымдарға көмек көрсету;      5) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) құқықтық мәдениетін жоғарылату бойынша құқықтық ағарту бағдарламалары мен іс-шараларын іске асыруға көмек көрсету.      28. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:      1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеу, консультация беру және жеке қызмет көрсету мен гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;      2) ауыр науқастардың, мүгедектердің, мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың және де басқалардың тұрмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту.      29. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері.      30. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.
Денсаулық сақтау саласындағыарнаулы әлеуметтік қызметтеркөрсету стандартына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтеркөрсету мониторингінің индикаторлары
N Индикаторлар Барлығы
1. Осы ұйымдағы әлеуметтік қызметкерлердің штат бойынша/нақты саны 2. Жыныстық/жас және әлеуметтік сипаттағы халықтың жалпы саны, оның ішінде:0–15 жасқа дейінгі балалар 15-18 жастағы жасөспірімдер 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі ересектер (58 жас - әйелдер, 63 жас - ерлер) зейнеткерлік жастағы тұлғалар - 80 жасқа дейін 80 жастан асқан адамдар 3. Жетім балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың саны 4. Кәмелетке толмаған қараусыз қалғандар, оның ішінде девиантты мінез-құлықтылары бар балалардың саны 5. Психофизикалық дамуда мүмкіндігі шектелген 0-ден 3 жасқа дейінгі балалардың саны 6. Физикалық және (немесе) ақыл қабілетіне байланысты ағза қызметінің тұрақты бұзылуы бар пациенттер саны, оның ішінде балалардың арасында 7. Тіршілік әрекеті:әлеуметтік маңызы бар аурулар- айналасына қауіп төндіретін аурулардың салдарынан мүмкіндіктері шектелген пациенттердің саны,- оның ішінде балалар 8. Өзіне өзі қызмет ете алмайтын пациенттердің саны:- егде жасқа байланысты- бастан кешкен ауруының салдарынан- мүгедектігінен- оның ішінді балалардың арасында 9. Мейірімсіз қылыққа тап болған пациенттер саны,- әлеуметтік адасуға –- әлеуметтік депривацияға апарып соққан,- оның ішінде балалар арасында 10. Баспанасы жоқтар саны (тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар),- оның ішінде балалар 11. Бас бостандығынан айырылған жерден босап шыққан тұлғалар саны,- оның ішінде балалар 12. Үйге бару саны 13. "Сенім телефоны" бойынша телефон шалу саны 14. Медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер саны 15. Тренингтер саны/қатысушылар саны 16. Халықтың арасындағы белсенділер (волонтерлар) саны

Приложенные файлы

  • docx 26448215
    Размер файла: 34 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий