deviantologia жауап


2. девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз.
І мағынада – қоғамда ресми орныққан нормаға сәйкес келмейтін адам әрекеті, қылық – бұл психологияның, педгогиканың, психиатрияның пәні;
ІІ мағынада – әлеуметтік құбылыс – әлеуметтану, құқық, әлеуметтік психология пәні.Əлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының
себептерін түсіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді.Н.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқаннормалар мен типтерге сай келмейтін іс-əрекеттерді түсіну қажет»деп жазған. Кейбір зерттеушілер аталмыш ұғымды анықтаудақосымша, дəлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады.Сонымен, Роберт Мертон «Əлеуметтік құрылым жəне аномия»атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуыныңсебептері қоғам ұсынған мақсаттар мен оларға қол жеткізуқұралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқашаайтқанда, адамдар аномия күйіне əртүрлі жолдармен бейімделеді:конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың əр алуантүрлерімен. В. Фокс девиантты мінез-құлық «тəртіп бұзушынытүрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға əкелетін, нормаданауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-құлық»ұғымының мазмұнын едəуір тарылтады, өйткені əлеуметтік-құқықсаласының аз ғана бөлігін қамтиды.
ХХ ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық —
психологиялық ғылым пəні деп жариялағаннан кейін, адамның
мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-
құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон
(1931) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық
— жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын жəне ағзаның
дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны».
Тұлғаның мінез-құлқын зерттейтін бұл пəнаралық саланың
қазіргі күйі ынтымақтастық емес, қарама-қарсыластық сияқты
көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған əрекеттің бірі девиантты мінез-
құлық психологиясы мен психопатологиясының қарама-қарсы-
лығы болып табылады, яғни сау жəне ауру психикалық іс-əрекет
мəселелерін шектеу, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыру.
Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы — есірткі заттардың
қолданылуы. Оның психологиялық мəселесі (есірткіге психоло-гиялық тəуелділік) жəне медициналық (наркотикті теріс пайда-
лану), физикалық тəуелділік — нашақорлық. В.Д.Менделевичтің
бұл күрделі мəселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті əрі
қызықты. Əртүрлі көзқарастардың біржақты, тайыз кəсібилігін
ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының»
ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады.
девиантты
Психиатрия ↔ мінез-құлық ↔ клиникалық ↔ психология
психологиясы
Бұл схема девиация түріндегі бір мінез-құлықтық құбылысты
мамандардың психопатиялық симптом ретінде де, психологиялық
құбылыс ретінде де түсіндіретіндіктерін көрсетеді. В.Д.Менде-
левичтің пікірінше, «нормадан ауытқыған кез келген мінез-құлық
стереотипін девиантты деп белгілеу анағұрлым адекватты болып
табылады».
девиантты 1. Психопатологияның белгілерінсіз
Норма ↔ мінез-құлық 2. Психопатология негізінде
Автор қалыпты жəне гармониялық мінез-құлық құрамын бөліп
көрсетеді: психикалық үрдістердің теңгерілуі (темпераментқасиеті), икемділік жəне өзін-өзі актуальдендіру (мінез-құлық
ерекшеліктері), имандылық, жауапкершілік, ұяттылық (жеке тұлға
деңгейінде). Норма да, ауытқушылық та жеке тұлғаның осы
аталған үш элементіне негізделеді. Өз көзқарастарының басты ой
желісін ескере отырып, В.Д.Менделевич кітабында мынандай
анықтама береді: «Адамның девиантты мінез-құлқы қоғамда
қабылданған нормаларға қарсы келетін жəне психикалық
үрдістердің теңсіздігінде, бейімсіздікте, өзін-өзі актуальдендіру
үрдісінің бұзылуы кезінде жəне өзінің мінез-құлқына эстетикалық
жəне өнегелі қадағалаудан ауытқу кезінде пайда болатын қылық
жүйесі немесе жеке қылық болып табылады»
Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта
қарастырылады: біріншісі — психикалық денсаулық нормасынан
ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары, психосома-
тикалық бұзылулар, патологиялық күй жəне т.б.); екіншісі —«əлеуметтендіру — дезадаптация — оқшаулау» құқықтық, мəдени
жəне əлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты əлеуметтікке
қарсы мінез-құлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делин-__квентті (құқыққа қарсы) жəне криминалды (қылмыстық) мінез-
құлық жатады. Психологиялық сөздікте девиантты мінез-құлық
«адамның белгілі бір қоғамда бекітілген немесе қалыптасқан
нормалар мен үміттерге сай келмейтін іс-əрекеті, қылығы» деген
мағынада берілген. Сондықтан да ауытқыған мінез-құлық психо-
логия, педагогика, психиатрия секілді ғылымдардың зерттеу
нысаны болса, əлеуметтік құбылыс ретінде əлеуметтану, құқық,
əлеуметтік психология ғылымдарының зерттеу пəні болып
табылады.
5. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз.
Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-əрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-əрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлық деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті əрекет, қылмыстық). Негізге алынатын факт ретінде, біз девиантты мінез-құлық — бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құ- былыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макроəлеуметтік, əлеуметтік-психологиялық жəне жеке тұлғалық факторлар бірлесе əрекет етеді. Сондықтан да девиантты құбылыстардың себеп- терінің жиынтығын зерттеу пəнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пəндер салаларының ешқайсысында да осы құбы- лыстарды түсіндіруге жəне олардың қоғамдық əрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: əлеуметтану, пси- хология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика жəне т.б. девиантты құбылыстардың барлық «өлшем- дерін» тұтас талдай жəне алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предевиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тəсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді.
6. виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
Виктимология сөзбе-сөз мағынада "жəбірленуші туралы ілім" дегенді [латын тілінің vikmima — жəбір (құрбан), грек тілінің Logos-ілім сөздерінен шыққан] білдіреді. Жəбірленушіні зерттеу- мен айналысатын ғылым виктимология деп аталады. Тар мағы- насында виктимология немесе криминалдық виктимология деп қылмыс жəбірленушісін зерттеу деп түсіну қажет.Қылмыс жасау механизміндегі құрбанның рөлі идеясы жаңа емес, көне дəуірден бастап, бұл идея көптеген заң жəне əдеби ескерткіштер мен басқа да дереккөздерде көрініс тапқан. Афиналық шешен жəне көрнекті саяси қайраткер Демосфен (біздің дəуірге дейінгі 384 —322 жылдар) өлтіру ісі бойынша сотта сөйлеген сөзінде былай деген: "Иə, менің ойымша, ең басында осы істер туралы құқықтық нұсқауларды бекіткен төрешілер, адамдар ең алдымен жалпы өлтіруді рұқсат етілмейтін іс деп есептеу немесе кейбір жағдайда оны əділ деп мойындау қажет деген сұрақпен айналысқан; бірақ, мына оқиғаны ескере отырып, Орест анасын өлтіргендігі үшін айыпты деп мойындалғанымен, оны бəрібір ақтады, құдайлар сотында, олар кейде өлтіру əділ іс болады деген тұжырымға келді..." [Аристотель "Афина саяса- ты".— М., 1937, 76 —79 беттер]. Бұл мифта зардап шегушінің кінəсі айыпталушының жауапкершілігін жеңілдетеді немесе жояды немесе оның заңсыз əрекеті біріншінің мінез-құлқынан туындайды деген идея бар. Сонымен қатар, бұл жерде "қыл- мыскер-құрбан", "құрбан-қылмыскер" жай-күйінің динамикасы жақсы көрсетілген. Мифта сипатталған өлтіру жағдайы ең жақын туысқандардың арасындағы қарым-қатынастардан туындаған. Əкесі өз туған қызын құрбандыққа шалады..., əйелі күйеуін өлтіреді..., ұл өзінің ақ сүт беріп өсірген анасын өлтіреді. Басқа түрде виктимгендік жағдай Авельді ағасы Каинның өлтіруі туралы жалпыға танымал інжілдік аңызда "үлгіленген" ["Інжіл аңыздары".— М., 1968, 21 бет]. Аталмыш жағдайда құрбан өзі қылмыстың жасалуына себепкер болады, ол бұл істі өз қа- лауынсыз, осы əрекетімен, белгілі бір жағдайда, ренішті ағасының қызғанышын тудырады, қызғанышқа бой алдырған ағасы өзінің ең жолы болғыш "бəсекелесін" өлтіруге шешім қабылдайды. Авель ағасы Каинның тұнжыраңқы көңіл күйін көреді, төніп келе жатқан қауіпті сезеді, ағасының алдында қандай да бір кінəсін сезеді, алайда өлім қақпанына оңай түседі. Озбырлық алдында болған, құрбанның жоғарыда суреттелген жай-күйі "Авель синдромы" деп аталады.Жəбірленушінің сұлбасына, заң бұзушылықтың орын алуын- дағы оның рөліне, жəбірленушінің кінəсі мəселесіне баса назар аударған римдік құқық нормалары даусыз қызығушылық тудырады. ХΙΙ кестелер заңдарында былай жазылған: "Егер дене мүшесін зақымдаған болса жəне жəбірленушімен татуласпаған болса, онда оған да дəл сондай зақым келтіріледі". Римдік құқық жəбірленушіден де, заң бұзушыдан да қамқоршылықтың жоғары деңгейін талап етті. Римдік заңгерлердің дигесталарды басшы- лыққа ала отырып, төбелеске қатысушылардың кінəлеріне қатысы мəселелерді шешу тəсілі үлгі тұтарлық (Дигесталар — Римнің классикалық заңгерлерінің құқық мəселелері бойынша жəне заңдық күші болған шығармаларының жүйелі орналасқан жəне тақырыптар бойынша біріктірілген жинағы: арзан асхананың қасында болған түнгі төбелес туралы əңгіме). Қылмыстың виктимологиялық аспектілері бірнеше көрнекті жазушылардың туындыларында анық көрініс тапқан: Ф.М. Дос- тоевскийдің "Ағайынды Карамазовтар", Ф.Верфельдің "Өлтіруші емес, құрбан кінəлі", Л.Франктің "Себеп", Т.Драйзердің "Амери- кандық қайғы" жəне басқалар туындылары.ХІХ ғасырдың соңында — ХХ ғасырдың басында құрбан тақырыбы əдебиетшілердің ғана емес, заңгерлердің, психологтар- дың жəне криминологтардың шығармаларында айқын көрініс тапты. Виктимологияның пайда болуы неміс ғалымы Ганс фон Хентингтің есімімен байланыстырылады. Ол қылмыскерлердің нақты санаты мен жəбірленушілердің нақты түрлерінің арасын- дағы тəуелділік туралы идеяны ұсынды ["Қылмыскер жəне оның құрбаны", 1948]. Аталған тақырыпты алғашқы ашушылардың ішінде — Ф.Т.Джас ["Өлтіру мен оның мотивтері"], ал 1958 жылы М.Е.Вольфганг "Өлтірудің түрлері" атты еңбек жариялады. Бұл еңбекте ғалым көптеген зерттеулердің нəтижелерін қорытып, өлтірушілердің өздерінің құрбандарымен қарым-қатынасы кезінде қалыптасатын жағдаяттардың түрлерін анықтады. Алаяқтық, қарақшылық шабуылдар, азаптау, бұзақылық, зорлау жəне тағы кейбір түрлері секілді қылмыстардың виктимологиялық аспекті- лері ғалымдардың назарын өзіне аудартты. 1967 жылы израилдық ғалым Менашем Амир зорлау барысында туындайтын жағдаят- тарды зерттеді ["Зорлау түрлері", 1971 жыл].
7. Суицидтік мінез-құлық себептері және мотивтеріне сипаттама беріңіз.
«Суицид» латын тілінен алынған «Өзін-өзі өлтіру,өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы . Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы. Сонымен бірге, өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет мінез-құлықтың бұзылу формасының ең шегі.Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар кӛрінеді. Оның біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам ӛмірден түңіледі, үнемі кӛңілсіз жүреді. Ӛмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры ӛзіне-ӛзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар ӛлместен бұрын ӛлгісі келетіндігіне ӛзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, «ӛлем» деп ӛзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар ӛзіне-ӛзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ болып кӛрінеді. Бұған кӛпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады. Жасырын сиуицид. Ӛмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан ӛзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері ӛмірмен қоштасуға итермелейтінің кӛріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, ӛтініп- жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды. Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез келген күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл ӛз-ӛзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам ӛзінің санасында немесе санасынан тыс ӛлімге байланысты үрейі арқылы ӛз-ӛзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, кӛбінде ӛзі арандатып жасаған) кӛз жұмады. Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде ӛлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын ӛлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен ӛмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде кӛрініс табады. Жасырын суициденттерді киллер, ӛрт сӛндіруші, құтқарушы, кӛлікті жылдам жүргізетіндер, шылымды кӛп шегетіндер, ӛте толық адамдар арасынан табуға болады. Тірі кезінде осылар жақындарына ӛз қорқыныштары, күйзелуі жайлы айтпайды, сондықтан туыстары оның суицидке байланысты проблемалары бар деп ойламайды.
А.Г.Амбрумова өз ойын былай білдіреді «Өзін-өзі өлтіру шынайы суицид, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге әрекет аяқталмаған суицид»
Ал А.Е.Личконың пікірі бойынша суицидалдық мінез-құлық жасөспірімде демонстративті, аффекті және шынайы болып келеді.
Мына мінез-құлық әрекеттеріне байланысты:
Біріншіден, ол демонстративтік- байбаламдық мінез-құлқын бөлектеді, екіншіден, оның пікірі бойынша өзін-өзі зақымдау мен қандай да бір дене мүшесіне жарақат салу, зақымдаумен шектеледі. Үшіншіден, мұндай мінез-құлықтар айналып келегенде бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады.
Суицидальды мінез-құлық мыналардан тұрады: а)аяқталған ӛзін-ӛзі ӛлтіру, ә)суицидальдық әрекеттер (ӛз ӛміріне қауіп тӛндіру), б)ниет (ӛзін-ӛзі ӛлтіру идеясы)
Суициальды мінез-құлықтың себебін (мотивтерін) дұрыс түсіну үшін әрбір нақты жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: «не себепті» адам суицидті әрекетке барды немесе бармақшы болды және «неге» оны жасағысы келді?Бірінші сұрақққа жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарының обьективтік жағдайына талдау жасауды қажет етеді.Екінші сұраққа жауап суициденттің бұл жағдайға қандай баға беретінін,қоршағандарының оны қалай қабылдайтынын және ол осы суициальды қорқыту нәтижесінде немесе оны жүзеге асырғанда неге қолы жетті деген мәселелерді түсіндіруі керек.Қалай болса да,суицид -ең алдымен адамның ӛзбетімен ӛмірлік күрделі де қиын жағдайларды игере алмайтынын білдіретін жеке психологиялық реакциясы. Г.Блэйннің айтуынша, жастардың арасындағы жүгенсіздік бейбастықтық,имансыздық пен бүлікшіл кӛңіл күйдің ӛсуі отбасындағы тәрбиенің кемшіліктерінен болады. Жастардың ӛмірдің әлеуметтік құбылыстарын барынша ӛткір сезеді және соған орай әрекет жасайды. Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады. Стресс ӛте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер тӛнгенде,іс әрекеттің ӛте ауыр да жауапты кезеңде, әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.
9.Девиантты мінез-құлықты психологиялық-педагогикалық түзету әдістерін анықтаңыз
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету тұлға мінез-құлқының ұстанымдарын, мотивациясын, құндылық бағдарларын реттеуге бағытталғн бір-бірімен байланысты әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық іс-шаралар кешені болып табылады.
Девиантты мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстары әдістерін екі топқа жіктеуге болады: педагогикалық әдістер және психотерапевтік әдістер. Педагогикалық әдістерді кеңірек қарастырайық.
1. Қоғамдық ықпал ету әдістері:
еріктік ақауларды түзету;
қорқынышты;
елемеу әдісі;
мәдени демалыс әдісі;
ойлар мен іс-әрекетті түзету әдісі;
қайыршылықты түзету әдісі;
өзін-өзі түзету әдісі.
2. Арнайы және жеке түзету әдістері:
балалар мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету;
агрессивтілік мінез-құлықты түзету.
3. Еңбекке баулу арқылы түзету әдісі.
4. Балалар ұжымын тиімді ұйымдастыру арқылы түзету әдісі
Психотерапевтік әдістерге:
сендіру және өзін-өзі сендіру әдістері;
гипноз;
сендіру әдістері;
психоанализ.
Түзету жұмыстарының тиімді жүзеге асуы адамның ерік-жігеріне байланысты. Олар тұлғаның ішкі күштерін тек жағымды атфосферада ғана емес, дағдарыс, кейкілжіңдік ситуацияларда белсенділік танытуға мүмкіндік береді. Тұлғалық қасиеттерді, іс-әрекеттер мен мінез-құлықты тұзетуге ерік-жігердің жұмылдыруына байланысты өзін-өзі түзету деген сипатқа ие болады.
Өзін-өзі түзету жұмыстарына жатады:
мақсатты қабылдау,
іс-әрекет шартын ескеру,
оны бағдарламалау,
нәтиже бағасы,
түзету.
10.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз
Ұжымда аутсайдерлер пайда болады. Аутсайдерлік — жасөспірімдерді бір-біріне тартып, жақындастырады. Бұл қоғамға қарсы бағытталған формальды емес топтардың қалыптасуына септігін тигізетін əлеуметтік-психологиялық шынайылық, ал мұқтаж-дылықты қанағаттандыру мен мүдделерді жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектеулігі қарсы шығудың жəне объективті шынайылықта өзін-өзі тұрақтандырудың құқыққа қарсы тəсілдерін таңдауға субъективті даярлықтың алмасуын жеделдетеді, басқаша айтқанда, аутсайдерлік — əлеуметтік тығырыққа тірелген жəне одан шығуға талпынған адамның күйі. Бұл қақтығыстың үш түрінің туындауына себепкер болады: жасөспірім мен мұғалімнің, тəрбиешінің, жетекшінің арасындағы, жасөспірім мен сынып ұжымы, топ, бірлестік арасындағы, жас өспірім мен отбасы арасындағы қақтығыстар. Егер қақтығыстар дер кезінде шешімін таппаса, жасөспірімдер негізгі əлеуметтік институттарынан ығыстырылып шығарылады. Бұл жастың психологиялық ерек- шелігі жасөспірім жалғыздықта бола алмайтындығымен жəне ол өзіне тең топ іздеуімен сипатталады. Жəне ондай топты өзі сияқты күйге тап болған балалардың арасынан табады. Өзін-өзі таныту үшін олар бірігеді. Осылайша сабақтан қашатын, қауіпті жасөспірімдер топтары (наразылық: «мен бəрібір ештеңе түсінбеймін»), қаңғыбастар топтары (отбасының сенбеушілігі мен
түсінбеушілігіне қарсы: «тек қана ұрсады жəне ұрады, ештеңені түсінгілері келмейді»), еңбек пен сабақтан бос топтар (кəсіби емес, жалақысы аз жұмыс) құрылады. Іс-əрекеттің негізгі түрлерінде сəтсіздікке ұшырау (оқуда,мамандықты меңгеруде) өз күшіне сенімділіктің орнына өз-өзін төмен бағалауды, өзінің маңыздылық сезімінің орнына зиян келтірушілік пен қажетсіздік сезімін тудырады.
Көптеген зерттеушілер қауіпті топтардың құрылуын маргинализация үрдісімен жəне оның теріс əсерлерімен байланыстырады. Маргиналдылық топтардың қалыптасуының себебі емес, тек аутсайдерлікке қарқынды ену ғана. Қолы бос жасөспірімдер тобына тəн өзін қоршаған ортаға қарсы қою олардың наразылық сипатты мінез-құлықтарының ерекшеліктері қатарында көрінеді.
Бұған, бірінші кезекте, киімдеріндегі ерекшеліктер, жаргондар (жастарға тəн сөйлеу тілі) секілді олардың тəуелсіздігі мен үлкендерге қарсылығының белгілері (символдары) жатады. Жасөспірімдер қолданатын терминдер, көбінесе дөрекі, шартты жəне сөздерге олардың үйреншікті мағынасына қарама-қайшы мағына беріледі, қылмыскер лексикондарынан алынған сөздер жиі кездеседі. Бұндай сөздердің барлығы «өздерінікін» «өзгелерден» айырып тану қызметін атқарады, сонымен қатар топтық ынтымақ- тастықты нығайтады. Алайда үлкендер əлемі мен жас өспірімдер əлемінің арасындағы айырмашылықтар тек осы сыртқы атри- буттармен ғана шектелмейді.
11. А.Г.Абрумова , Л.Я:Жезлова бойынша девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік - психологиялық тәсілге негізделген тұжырымына сипаттама беріңіз.
Абрумова А .Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің, әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген, тұжырымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:
Тәртіпке қарсы мінез-құлық – оқу-тәрбиелеу барысында жеке мәселе ретінде қалыптасқан режим мен тәртіпті бұзу жатады.Мыс: сабақтан күнделікті қашу , оқу тапсырмаларын орындамау немесе орындаудан бас тарту.
Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы) - мінез-құлықтың көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек әрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сексуалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатқызуға болады.
Деликвентті (құкыққа қайшы келетін) – бұл ұғым кәмелетке толмағандар құқықты бұзу әрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бүзушы әрекеттер жатады.Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары баланың жеке тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет.Оларға әртүрлі этиологияның көптеген психологиялық күйлері , есалаңдықтың және мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады.
Аутоагрессивті мінез-құлық – адамның өшпенділік әрекеті өзіңе бағытталған жағдай өзін-өзі нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсау.
12. жасөспірімдердің және бозбалалардың формалды емес топтардың қалыптасу тетігін сипаттаңыз.
Формалды емес жасөспірімдер топтарының құрылу тетігі мәселенің екі тобын қамтиды:
Жасөспірім(бозбала) әлеуметтенудің дәстүрлі топтарынан қалайша бас тартады?
Олар неліктен әлеуметтікке қарсы бағытталған қауіпті топтарға бірігеді?
Формалды емес топтарда қарым-қатынас жасау мынандай мұқтаждықтарды қанағаттандыруға мүмкіндік береді:
Қорғанысты
Жүйкелік психикалық шиеленістерді шешу
Түсіну, жанашырлық
Достық
Тәелсіздік , өзімен-өзі болу
Жеке тұлғалық мәртебеге ие болу
Әлеуметтік мәртебеге ие болу
Жаңа ақпарат алу
Эмоционалды жайлылыққа ие болу
Жағымсыз әлеуметтік жағдайларда жасөспірімдер тобы біртіндеп асоциалды топтарға кейіннен қоғамға қарсы топтарға айналуы мүмкін
Топтың жағымсыз дамуының бірінші кезеңінде балалардың бір-бірімен байланысы терең емес, әлсіз топтар, барлығы мойындаған көшбасшысы жоқ
Екінші кезеңде егер топ сақталатын болса, ол тұрақтанады, онда басшы пайда болад.
Үшінші кезеңде топ өзінің асоциалды мінез-құлықтарын ақтаушы, өздерінің қалыптастырған топтық нормаларымен өмір сүреді.
Формалды емес топтарды өзін-өзі танытудың басқада тәсілдері қолданылады. Зерттеушілер оларды топқа топтастырған:
Негізгі және міндеттерді орындамау;
Қоғамда қабылданған мінез-құлық қалыптарын орындамау;
Моральға қайшы міне-құлық;
Құқықты бұзу.
Мектеппен байланыс мүлдем үзіліп, девиантты мінез-құлық қылмескерлікке айналады. Осылайша топ криминогенді топқа айналады.криминогенді топтардың өз мүшелеріне ықпал ету тетігі былайша жүзеге асады:
Басымдылық көрсету;
Мақсатсыз уақытты бос өткізу;
Маскүнемдік;
Бір-бірімен төбелесу;
Ұрлық жасау.
13.Қиын бала түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген : 1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар; 2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар. Қиын баламен жұмыс педагог психологпен бірлескен іс-әрекеттер негізінде жүзеге асады. Жоғарыда ғалымдардың зерттеулерінде айтылып кеткендей, қиын баланың пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім
13. «Қиын бала» түсінігі мен оныңерекшеліктерінайқындаңыз
Қазіргікездегіпедагогикалықөзектіжәнекүрделімәселелердіңбірі – «қиынбалалар» мәселесі. Соңғыуақыттағы статистика мәліметтерінесүйенсек, оқушыларарасындағынашақорлық, алкогольдіпайдалану, адамөлтіру, ұрлықсияқтыжағымсызіс-әрекеттеріжылдан-жылғакүртөсуде. Осығанбайланыстыкоғамдықақпаратқұралдарындамақалаларжазылып, педагогикалықғылыми-зерттеулержүргізіліпжатсада, «қиын бала» мәселесіәлідекүнтәртібінентүспейкледі. «Қиын бала» мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында «Мінез-құлықтағы қиындық жәнеқиынбалалар» ұғымындағана, ғылымитұрғыдазерттеуөрісінеенбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарыныңзейінінөзінеүнеміаударыпотырды, сөйтіп, өткенғасырдың орта шеніненбастапарнайыпедагогикалық, психологиялық, әлеуметтікғылыми-зерттеулердіңнысанасынаайналды. Қиынбалалардыңжекеерекшеліктерін, қоғамдық, әлеуметтікөміржағдайымен, тәрбиелікфакторлардыңөзараәрекеттестігіменбіртұтастықтаалғашқыболыпкешендізерттегенП.П.Блонский (1936) болды. Зерттедіңнегізгімақсаты – қиынбалалардыңмінез-құлықтарихынмектеп, отбасыарқылыашыпкөрсетеотырып, қиынбалалардыңөмірінанықтау. Соныменқатар, қиынбалаларғамұғалімніңқатынасыарқылы «қиыноқушы» терминіннақтылауеді. Блонский П.П.: «Қиын бала, бұлеңалдыменкәдімгі бала, оғантабиғиқарапайымтұқымқуалаушылықтән. Айырмашылығы, олпедагогикалыққараусызқалған. Сондықтан, оны денісауқараусызқалған бала ретіндетәрбиелеукерек» депнұсқаулы ой қорытады. Психолог Л.С.Выготский «Қиынбалалықшақтыңпедагогикалықклиникасыжәнедамудыңдиагностикасы» еңбегінде: «Жеке адамныңкүйзелісіменкүресу, оныңсебептерінжоюжолыменғанаемес, соныменбіргеадамдыжөнгесалудыңбелсендіжолымен, білімбірлігімен, дамуынажағдайжасауарқылы да нәтижегежетугеболады» дептұжырымдайотырып, «қиындықтытәрбиеарқылытүзетудің», осы қайшылықпенкүресудіңнақтыжолынанықтапберді. Педагог – ғылымдар «қиын» балалармәселерінжан-жақтызерттеуде. Бұлмәселемен 20-30 жылдарыеліміздің аса көрнектіпедагогтары мен психолгтарыА.Макаренко, Шацкий, Выготский, Блонскийшұғылданды. Олелуіншіжылдарғадейінобьективтіжағдайларғабайланыстытоқырапқалды да, тек солжылдарданкейін «қиын» балалармәселелеріменшұғылданушылардыңжемістіғылымиеңбектерішығабастады. “Қиын” балаларнамысқойкеледі, оларбірнәрсегеөзініңжарамсызекенінсезіптұрадыжәнесолсебептенқиянатжасауғафизикалықкүшінжұмсап, “мағанбәріжоғарыдантөменқарайды, меніадамекендепсанамайды, мен оларғакөрсетемін”  деген ой тұжырымдапөзін-өзісендіреді. .Тәрбиешітәрбиеніжасерекшеліктерінеқарайжүргізсе, баланыңынтасындамытаотыруарқылыәдіс-тәсілдердіжаңартыпотырсанәтижеліболады. «Егер бала бұзақы бола бастаса, ондабұған бала кінәліемес, педагогикалықәдістеркінәлі», – деген А. С. Макаренконыңпікіріөтеорынды. Пайдасызәдістердіңзияндысалдарынтүзеуүшін, жан-жақтыойластырылған, ғылыминегізделгенпсихологиялық – педагогикалықжүйеболуыкерек. Бұлжүйеніңерекшелігі – «қиындардың» түзелумүмкіндігінеғанаемес, соныменбіргеолардыңруханижағынан да бүтіндейқайтаөзгеретіндігінекәміл сену қажеттігінде.
14.Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз:
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
15. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз.
Латын тілінен аударғанда «норма» - ереже, үлгі, жарғы. Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарда норма жүйелерді саұтау мен өзгерту үшін өлшем, шегі ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік нормалар нормалардың бір түрі болып табылады. Әлеуметтік норма – іс-әрекет пен қарым-қатынастарды реттеу мақсатында әлеуметтік қоғам (топ, ұйым, класс, қоғам) қоятын талап-тілектердің жиынтығы.
Әлеуметтік нормалардың келесідей негізгі қасиеттері бар: объективтілік, тарихилық, әмбебаптылық, жүйелілік, дәлділік.
Әлеуметтік нормалардың түрлері және оларды реттеу жолдары
Әлеуметтік нормалар әр түрлі форма мен мазмұнға ие. Норма – заң, ереже, нұсқаулық түрінде жазылуы да мүмкін. Алайда қоғамдық сана, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік ұстанымдар, қоғамдық пікір секілді формаларда жиі кездеседі.. Нормалардың түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Қарым- қатынастарды реттеу аймағына қарай әлеуметтік нормаларды келесідей топтардға бөліп көрсетуге болады: рухани-адамгершілік, моралдық-этикалық, құқықтық-саяси, ұйымдастырушылық-кәсіби.
Әлеуметтік ауытқу
Бұл белгілі бір жалпылықпен, тұрақтылықпен және таруымен сипатталатын әлеуметтік нормалардың бұзылуы. Әлеуметтік ауытқудың келесідей белгілері бар: тарихи детерминанттық; қоғам үшін негативті салдарлар; жалпылық және тұрақты.
С.А. Беличева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:
а)пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктікпайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық.Бұлар: ұрлық, тонау. Алыпсатарлық, алаяқтық және т.б.;
ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға карсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б.;
б)әлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас іарту; жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т.б. жатады.
16. тәуелді м-қ/тың негізгі формаларын жіктеңіз
Аса күрделі жəне əртүрлі "тұлғаның ауытқушы мінез-құлқы" санатының ішінен тəуелді мінез-құлық немесе тəуелділік деп аталатын топ бөлініп шығады. Тұлғаның тəуелді мінез-құлқы маңызды əлеуметтік мəселе болып табылады, өйткені ол жұмысқа жарамдылықты жойып алу, айналасындағылармен қақтығыстар, қылмыстар жасау секілді жағымсыз салдарға əкеліп соқтыруы мүмкін. Бұған қоса, бұл қалай болғанда да кез келген отбасының басына келетін, девиацияның ең кең тараған түрі болып табылады. Көне заманнан бері тəуелді мінез-құлықтың əртүрлі форма- ларын зиянды немесе жағымсыз əдеттерді атаған, бұндай əдет- терге: ішімдікке салыну, артық жеу, құмар ойындар жəне басқа да əуестіктер жатқызылған. Қазіргі заманғы медициналық əдебиетте патологиялық əдеттер термині кеңінен қолданылады. "Тəуелділік" ұғымы медицина саласынан енген, қазіргі таңда салыстырмалы тұрғыда жаңа жəне танымал болып табылады. Барлық адамдар ауа, су, тағам секілді өмірге маңызды объекті- лерге "қарапайым" тəуелділікті сезінеді. Адамдардың көбінде ата- анаға, достарға, жұбайларына қатысты жақсы көрушілік сезімі болады. Кейде тəуелділіктің əдеттегі қатынасын бұзу байқалады. Мысалы, тұлғаның аутикалық, шизоидтық, қоғамға қарсы бұзы- луы басқа адамдарға жеткіліксіз үйірліктің салдарынан туындайды.Шамадан тыс тəуелділікке бейімділік, керісінше, мəселелік симбиотикалық қарым-қатынастар немесе тəуелді мінез-құлықтың пайда болуына əкеледі. Осылайша, тəуелді мінез-құлық тұлға тарапынан бір нəрсені немесе біреуді теріс пайдаланушылықпен жəне оның мұқтаждықтарының бұзылуымен тығыз байланысты болып табылады. Арнайы əдебиетте қарастырылып отырған ақиқаттың тағы бір атауы қолданылады — аддиктивті мінез- құлық, ағылшын тілінен аударғанда "бейімділік, өлтіретін əдет" деген мағына береді. Тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық жеке тұлғаның девиантты мінез-құлық түрі ретінде, өз кезегінде, көбінесе аддикция нысаны бойынша анықталатын көптеген түрлерге бөлінеді. Теориялық тұрғыдан (нақты жағдайларда) бұл кез келген нысандар немесе белсенділік формалары болуы мүмкін — химиялық зат, ақша, жұ- мыс, ойындар, физикалық жаттығулар немесе жыныстық қатынас. Шынайы өмірде тəуелділіктің мынандай түрлері кең тараған: а) психоактивті заттар (заңды жəне заңсыз есірткі заттары); ə) ішімдік (көптеген сыныптамаларда бірінші топқа жатқызылады); б) тағам; в) ойындар; г) жыныстық қатынас; ғ) дін жəне діни ғибадаттар. Осы аталған нысандарға байланысты тəуелді мінез-құлықтың төмендегі формалары анықталады: y химиялық тəуелділік (шылым шегу, токсикомания, есірткіге тəуелділік, дəрі-дəрмекке тəуелділік, ішімдікке тəуелділік); y тамақтану тəртібін бұзу (артық жеу, ашығу, тамақтан бас тарту); y гэмблинг — ойындарға тəуелділік (компьютерлік тəуелділік, құмар ойындар); y сексуалды аддикциялар (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазо- хизм (глоссарийді қараңыз); y діни деструктивті мінез-құлықтар (діни фанатизм, секталарға қатысу). Адамдардың өмірінің өзгеруіне байланысты тəуелді мінез- құлықтың жаңа формалары пайда болады, мысалы бүгінгі таңда 78 компьютерлік тəуелділік өте тез тарап бара жатыр. Бұған қоса, кейбір формалар өзінің девианттылығын жоғалтады. Мəселен, біздің ойымызша, гомосексуализмді қазіргі əлеуметтік жағдайда девианттылыққа жатқызуға болмайды, əрине, ол күмəнсіз маргиналды мінез-құлық (норманың шеткі шекарасынан орын алатын жəне əзірге адамдар қабылдамайтын мінез-құлық) қата- рында қала береді. Тəуелді мінез-құлыққа шынайы зиян келтірмейтін, белсенділіктің күнделікті формаларын жатқызудан аулақ болу қажет, мысалы кофе ішу немесе тəтті жеу əдетін. Сонымен, тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық — өзін-өзі реттеу немесе бейімдеу мақсатында бір нəрсені немесе біреуді теріс қолданумен байланысты, тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының формаларының бірі
17.Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
1.Психопрофилактикалық жұмыс - ата-аналармен оқушылар, ұстаздардың психологиялық білімінің қажет екендігін, әрі оны өз жұмыстарында пайдалану мен жеке басының дамуына септігін тигізетіндігін, әрбір баланың жас кезеңдеріне байланысты жан-жақты дамуына жағдай жасау, интеллектуалдық және жеке тұлғалың қалыптасуына кедергі болатын жәйттарды анықтау, әрі олармен жұмыс жүргізу. Оқу-тәрбие орталықтарының типтеріне байланысты әлеуметтік педагогтың өткізетін психопрофилактикалық жұмысы төмендегілерді қамтиды: 1.Кабинетке келген балаларды психологиялық-педагогикалық тексеруден өткізу;2.Жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін, бейімділігін, ынтасын ашу мақсатында баланың тәртібіне дамуына психологиялық анализ жасау; 3. Баланың психикалық дамуында кедеңсіз құбылыстарды болдырмау үшін жүйелі жұмыстар жүргізу;4.Тілін дамыта отырып, психологиялық өзгерістерді дамыту; 5.Баланың балабақшаға үйренуі бойынша ата-аналарға кеңестер беру; 6.Жоғарғы топтан мектепке баруға дайындық кезеңінде кездесетін проблемаларды шешуге тырысу, әрі ата-аналарға кеңестер беру. 7.Коррекциялық бағдарламалардың, әдістердің дамуына психикалық ауытқушылығы бар балаларман жұмыс істеу бағытында пайдалану, әрі көмек беру; 8.Көкейкесті кездейсоқ жағдайларда балаларға, жас жасөспірімтерге психологиялық көмек көрсету. 2.Дамыту және психокоррекциялық жұмыстар әлеуметтік педагогтың арнайы жұмыстарында, ата-ананың қатынасымен әр баламен жекеленіп немесе топпен жүзеге асырылады. Дамыту және психокоррекциялық жұмыстар жүзеге асырылады, егер ол жүйке-жүйенің немесе психикалық ауытқулардың нәтижесінде пайда болмаған болса.3.Кеңес беру жұмыстары;
Принциптері:
Клиенттер, зерттеушілер, тексерушілер алдындағы психологтың ерекше жауапкершілігі.
Клиенттерменжұмыскезінде психолог сыпайылықтанытуы.
Практик психологтыңжұмысыәрадамныңтәуелсізинтеллектуалдыжәнетұлғалық даму жолындағышектеулердіжоюбағытталған.
Психолог өзжұмысынтұлғаныңқұқығынсақтайжәнебелсендітүрдеқорғайотырыпістейді.
Психолог психодиагностикалықжәнепсихокоррекциялықәдістердітаңдауда, соныменқатарөзініңталдаулары мен ұсынысберуіндемұқиятжәнеұқыптыболуытиіс.
Психолог адамныңдамындажәнебостандығынафизикалықжәнепсихологиялыққұқығынақолсұқпауыжәнешектемеуікерек.
Психолог өзінбасқарушытұлғағаақпараттандырыпоытруыміндетті, соныменқатарбасқатұлғалардыңадамқұқығынбұзуынбайқағанжағдайдаөзініңпрофессионалдыбірлестігіменмәлімдеуікерек.
Психолог тек өзіжетікмеңгергенбіліміжәнеквалификациясыбойыншағанаөкмеккөрсетуітиіс.
Психодиагностикалықжәнепсихокоррекциялықәдістерді, барлықғылымистандарттарғажауапберушінемесетолықапробацияданөтпегенжағдайдаамалсызданөткізукеректігін, қызығушылықтанытқантұлғалардыескертіпжәнеөзтаңдаулары мен ұсыныстарындаерекшемұқиятболуытиіс.
Психолог психодиагностикалық, психокоррекциялықжәнепсихотерапиялықәдістердікомпоненттілігіжоқтұлғаларғаберугеқұқығыжоқ.
Психологиялықбіліміжөніндедайындығыжоқжәне осы сферадабілімсізпсихологияққызметкөрсетіпжүргенадамдарғапсиходиагностикалықжәнепсихологиялықәсеретуәдістерінқолдануғақарсылықтанытып, олардыескертіп, қолдануға психолог тыйымсалуықажет.
Психолог, клиенттіңқалауыбойыншазерттеудіжәнекеңес беру барысындабасқаадамдардыңқатысуынақарсылықкөрсетпеуікерек(сотықпсихологиялықнемесемедициналықпсихологиялықзаңдытүрдеанықталғанэкспертизаларданбасқалары).
Психолог индивидуалдыпсихологиялықзерттеулернәтижелерінүшіншібірадамға беру жәнемәлімдеу тек клиенттердіңкелісімібойыншағанажүзегеасырылады.
Психолог іс - әрекетініңконфедециалдықпринципісенімдіқарым – қатынаснегізіндепсихологтыңзерттелінушіменжұмыспроцесіндеалынғанматериалдыңсапалытүрденемесекездейсоқтаралуынболдырмауыжәне осы мәліметтертапсырысберушінің, не зерттелінушінің, не психологтың, не болмаса психология ғылымынакомпромисжасалмайтындайетіпкөрсетілуітиіс.
Психологиялықсипаттағымәліметтердікодтауережесі. Психологтыбарлықпсихологиялықсипаттағымәліметтердезерттелінушілердіңаты – жөнінемес код арқылыбелгілеугеміндеттейді. Документ – дешифратор бірғанажалғызэкземплярдатолтырыладыжәне осы мәліметтерпсихологтыңжекекабинетінде, басқалардыңқолынатүспеуінқадағалаукерек.
Психологиялықсипаттағымәліметтердіңсақтаудыбақылауережелері.Тапсырысберушіадамменбірге, алынғанмәліметтергебасқа да адамдардыңқолжеткізутізімін, мәліметтердісақтаушарттары, орны, мерзіміжәнеолардыжоюжөніндеалғашқыкелісімбойыншақарастырылады.
Психологиялықсипаттағымәліметтердікорректілеудеқолдануережелері, психологқатапсырысберуші мен зерттелінушініжарақаттайтынкездейсоқнемесеалдын ала бағытталғанмәліметтердіжоюғакелісімалуынақолжеткізуінекөмекбереді.
Келісімжайындахабардар болу принципі. Психологтың, тапсырысберушініңжәнезерттелінушініңпсихологиялықіс - әрекеттіңэтикалықпринциптеріжәнеережелері, мақсаты, тәсілдеріжөніндехабардарболуынжәнеөзеріктеріменқатысуынталапетеді.
18. Педагог – психологтың девиантты мінез – құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшелігін айқындаңыз.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету тұлға мінез-құлқының ұстанымдарын, мотивациясын, құндылық бағдарларын реттеуге бағытталғн бір-бірімен байланысты әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық іс-шаралар кешені болып табылады.
Девиантты мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстары әдістерін екі топқа жіктеуге болады: педагогикалық әдістер және психотерапевтік әдістер. Педагогикалық әдістерді кеңірек қарастырайық.
1. Қоғамдық ықпал ету әдістері:
еріктік ақауларды түзету;
қорқынышты;
елемеу әдісі;
мәдени демалыс әдісі;
ойлар мен іс-әрекетті түзету әдісі;
қайыршылықты түзету әдісі;
өзін-өзі түзету әдісі.
2. Арнайы және жеке түзету әдістері:
балалар мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету;
агрессивтілік мінез-құлықты түзету.
3. Еңбекке баулу арқылы түзету әдісі.
4. Балалар ұжымын тиімді ұйымдастыру арқылы түзету әдісі
Психотерапевтік әдістерге:
сендіру және өзін-өзі сендіру әдістері;
гипноз;
сендіру әдістері;
психоанализ.
Түзету жұмыстарының тиімді жүзеге асуы адамның ерік-жігеріне байланысты. Олар тұлғаның ішкі күштерін тек жағымды атфосферада ғана емес, дағдарыс, кейкілжіңдік ситуацияларда белсенділік танытуға мүмкіндік береді. Тұлғалық қасиеттерді, іс-әрекеттер мен мінез-құлықты тұзетуге ерік-жігердің жұмылдыруына байланысты өзін-өзі түзету деген сипатқа ие болады.
Өзін-өзі түзету жұмыстарына жатады:
мақсатты қабылдау,
іс-әрекет шартын ескеру,
оны бағдарламалау,
нәтиже бағасы,
түзету.
Девиантты мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында келесідей ұстанымдарды ескеру қажет:
диагностика мен түзету бірлігі;
дамудың бірқалыптылығы;
психикалық іс-әрекет дамуының жүйелілігі;
түзетудің іс-әрекеттік ұстанымы;
әлеуметтік-психологиялық көмектің адамгершілік-гуманистік бағыттылығы;
түсіну;
әлеуметтік-психологиялық ықпал етудің прагматизмі;
әлеуметтік мәселелерді алдын алу басымдылығы;
өз мерзімінде көмек пен қолдау көрсету;
жұмыста мамандандыру мен кешенділіктің шығармашылық үйлесуі;
мамандардың кәсібилігі – психологтар, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлердің және т.б мамандардың кәсібилігі.
Балалардың жеке қасиеттерін түзетудің негізгі ұстанымдары мен әдістемелері.
2 Балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Жеке немесе топтық психотерапвтік жұмыстар (жеке кеңс беру мен топтық тренингтер)
Балаларда қиыншылықтардың туындау себебі мен шарттарын анықтауға және оларды жоюдың тиімді тәсілдерін таңдауға бағытталған. (Арттерапия – өнер арқылы тұлғаның эмоционалдық көңіл-күйін анықтау).
2. Педагогикалық үдеріске араласу арқылы (оқыту мен тәрбиелеуді жекелендіру, тәрбиелік ықпал ету тәсілдерін түзету және мұғалім-оқушы қатынасын белсендіру).
Бұл әдістемелер төмендегідей педагогикалық ұсынымдарды басшылыққа алған уақытта тиімді деп саналады:
1. Тәрбиеленушілердің талаптарының бірдей болуы.
2. Балаға өз өміріне қатысты шешімді өзіне қабылдатып үйрету. Баланың өз өміріне жауапкершілігін сезіндіру.
3. Жасөспірімге қолайлы атфесфера құру. Бала мұғалімді өзіне қарсы адам ретінде сезінбеуі тиіс.
4. Жасөспірімде өзіне деген сенімділігін және жауапкершілік деңгейін арттыруға, тәрбие үдерісінде адамгершілік құндылықтарын өзгертуге алып келетін жағдай туғызу.
5. Педагогтың өз қатесін мойындап, кешірім сұрауы.
7. Психокоррекциялық жұмыстан бірден нәтиже күтуге болмайды. Ол біршама ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.
Педагогикалық түзету теориясы Ресейлік Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурии, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн және т.б. психолог ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыстарының мәні мен мазмұны психология мен педагогика ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады.
Түзету ұғымы арнайы психологиялық-педагогикалық тәсілдер мен іс-шаралардың арнайы жүйенің көмегімен балаларда психикалық және физикалық дамуының кемшіліктерін түзету ұғымымен түсіндіріледі.
Түзету жұмысының негізгі мақсаты - девиантты мінез-құлықты формалардың көріну жиілігін азайту. Түзету оқу-тәрбие үдерісі немесе оқушылардың әр түрлі әрекеті барысында қажетті қасиеттерді қалыптастыру арқылы девиантты мінез-құлықты формаларын жою жолын қарастырамыз.
Педагогикалық-коррекциялық әрекет – бұл педагогикалық іс-әрекет субъектілері жататын мақсаттық, мазмұндық, операциялық – іс-әрекеттік және нәтижелік компоненттерден тұратын тұтас педагогикалық жүйе ретінде әрекет ететін білім беру үдерісін тұтас қамтитын күрделі психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық жүйе.
Түзету жұмысының психологиялық- педагогикалық аспектісі ретінде девиантты мінез-құлықты балаларда онтогенетикалық даму заңдылықтарына сәйкес психикалық іс-әрекеттің жоғары формаларын қалыптастыру үшін жағдай туғызу болып табылады. Түзету мақсаты негативті емес, позитивті болуы керек. Сонымен қатар оқушының индивидуалды және психологиялық мүмкіншіліктерін ескеріп, оларды әлеуметтік-педагогикалық ортаға сәйкестендіріп түзейді.
Девиантты мінез-құлықты түзету бойынша кезеңдер:
Диагностика. Баланың потенциалды мүмкіншіліктері мен қабілеттерін анықтау, ұжымдағы орнын зерттеу, мінез-құлқының себептерін анықтау.
Мінез-құлықтағы ауытқушылықты түзету мақсатында тәрбиелік іс-шараларды құрастыру. Сынып жетекшіге, ата-анаға, пән мұғалімдеріне, оқушыларға арналған тәрбиелік іс-шаралар түрінде педагогикалық түзету жобасын құрастыру. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құру.
Қиын ситуацияға түскен баланы сауықтыру. Кез келген жағдайда бала қызығушылығын қорғау.
4 . Психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын жүзеге асыру.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған әлеуметтік-педагогикалық технологиялар қазіргі кездегі девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізуде маңызы зор. Аталмыш әлеуметтік-педагогикалық технологиялар кешенін тұтастай қолдану арқылы іс-әрекет мақсатын жүзеге асыруға болады.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету тұлға мінез-құлқының ұстанымдарын, мотивациясын, құндылық бағдарларын реттеуге бағытталғн бір-бірімен байланысты әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық іс-шаралар кешені болып табылады.
Девиантты мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстары әдістерін екі топқа жіктеуге болады: педагогикалық әдістер және психотерапевтік әдістер. Педагогикалық әдістерді кеңірек қарастырайық.
1. Қоғамдық ықпал ету әдістері:
еріктік ақауларды түзету;
қорқынышты;
елемеу әдісі;
мәдени демалыс әдісі;
ойлар мен іс-әрекетті түзету әдісі;
қайыршылықты түзету әдісі;
өзін-өзі түзету әдісі.
2. Арнайы және жеке түзету әдістері:
балалар мінез-құлқындағы кемшіліктерді түзету;
агрессивтілік мінез-құлықты түзету.
3. Еңбекке баулу арқылы түзету әдісі.
4. Балалар ұжымын тиімді ұйымдастыру арқылы түзету әдісі
Психотерапевтік әдістерге:
сендіру және өзін-өзі сендіру әдістері;
гипноз;
сендіру әдістері;
психоанализ.
Түзету жұмыстарының тиімді жүзеге асуы адамның ерік-жігеріне байланысты. Олар тұлғаның ішкі күштерін тек жағымды атфосферада ғана емес, дағдарыс, кейкілжіңдік ситуацияларда белсенділік танытуға мүмкіндік береді. Тұлғалық қасиеттерді, іс-әрекеттер мен мінез-құлықты тұзетуге ерік-жігердің жұмылдыруына байланысты өзін-өзі түзету деген сипатқа ие болады.
Өзін-өзі түзету жұмыстарына жатады:
мақсатты қабылдау,
іс-әрекет шартын ескеру,
оны бағдарламалау,
нәтиже бағасы,
түзету.
Девиантты мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстарын ұйымдастыру барысында келесідей ұстанымдарды ескеру қажет:
диагностика мен түзету бірлігі;
дамудың бірқалыптылығы;
психикалық іс-әрекет дамуының жүйелілігі;
түзетудің іс-әрекеттік ұстанымы;
әлеуметтік-психологиялық көмектің адамгершілік-гуманистік бағыттылығы;
түсіну;
әлеуметтік-психологиялық ықпал етудің прагматизмі;
әлеуметтік мәселелерді алдын алу басымдылығы;
өз мерзімінде көмек пен қолдау көрсету;
жұмыста мамандандыру мен кешенділіктің шығармашылық үйлесуі;
мамандардың кәсібилігі – психологтар, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлердің және т.б мамандардың кәсібилігі.
Балалардың жеке қасиеттерін түзетудің негізгі ұстанымдары мен әдістемелері.
2 Балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Жеке немесе топтық психотерапвтік жұмыстар (жеке кеңс беру мен топтық тренингтер)
Балаларда қиыншылықтардың туындау себебі мен шарттарын анықтауға және оларды жоюдың тиімді тәсілдерін таңдауға бағытталған. (Арттерапия – өнер арқылы тұлғаның эмоционалдық көңіл-күйін анықтау).
2. Педагогикалық үдеріске араласу арқылы (оқыту мен тәрбиелеуді жекелендіру, тәрбиелік ықпал ету тәсілдерін түзету және мұғалім-оқушы қатынасын белсендіру).
Бұл әдістемелер төмендегідей педагогикалық ұсынымдарды басшылыққа алған уақытта тиімді деп саналады:
1. Тәрбиеленушілердің талаптарының бірдей болуы.
2. Балаға өз өміріне қатысты шешімді өзіне қабылдатып үйрету. Баланың өз өміріне жауапкершілігін сезіндіру.
3. Жасөспірімге қолайлы атфесфера құру. Бала мұғалімді өзіне қарсы адам ретінде сезінбеуі тиіс.
4. Жасөспірімде өзіне деген сенімділігін және жауапкершілік деңгейін арттыруға, тәрбие үдерісінде адамгершілік құндылықтарын өзгертуге алып келетін жағдай туғызу.
5. Педагогтың өз қатесін мойындап, кешірім сұрауы.
7. Психокоррекциялық жұмыстан бірден нәтиже күтуге болмайды. Ол біршама ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.
Педагогикалық түзету теориясы Ресейлік Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурии, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн және т.б. психолог ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыстарының мәні мен мазмұны психология мен педагогика ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады.
Түзету ұғымы арнайы психологиялық-педагогикалық тәсілдер мен іс-шаралардың арнайы жүйенің көмегімен балаларда психикалық және физикалық дамуының кемшіліктерін түзету ұғымымен түсіндіріледі.
Түзету жұмысының негізгі мақсаты - девиантты мінез-құлықты формалардың көріну жиілігін азайту. Түзету оқу-тәрбие үдерісі немесе оқушылардың әр түрлі әрекеті барысында қажетті қасиеттерді қалыптастыру арқылы девиантты мінез-құлықты формаларын жою жолын қарастырамыз.
Педагогикалық-коррекциялық әрекет – бұл педагогикалық іс-әрекет субъектілері жататын мақсаттық, мазмұндық, операциялық – іс-әрекеттік және нәтижелік компоненттерден тұратын тұтас педагогикалық жүйе ретінде әрекет ететін білім беру үдерісін тұтас қамтитын күрделі психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық жүйе.
Түзету жұмысының психологиялық- педагогикалық аспектісі ретінде девиантты мінез-құлықты балаларда онтогенетикалық даму заңдылықтарына сәйкес психикалық іс-әрекеттің жоғары формаларын қалыптастыру үшін жағдай туғызу болып табылады. Түзету мақсаты негативті емес, позитивті болуы керек. Сонымен қатар оқушының индивидуалды және психологиялық мүмкіншіліктерін ескеріп, оларды әлеуметтік-педагогикалық ортаға сәйкестендіріп түзейді.
Девиантты мінез-құлықты түзету бойынша кезеңдер:
Диагностика. Баланың потенциалды мүмкіншіліктері мен қабілеттерін анықтау, ұжымдағы орнын зерттеу, мінез-құлқының себептерін анықтау.
Мінез-құлықтағы ауытқушылықты түзету мақсатында тәрбиелік іс-шараларды құрастыру. Сынып жетекшіге, ата-анаға, пән мұғалімдеріне, оқушыларға арналған тәрбиелік іс-шаралар түрінде педагогикалық түзету жобасын құрастыру. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құру.
Қиын ситуацияға түскен баланы сауықтыру. Кез келген жағдайда бала қызығушылығын қорғау.
4 . Психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын жүзеге асыру.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған әлеуметтік-педагогикалық технологиялар қазіргі кездегі девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізуде маңызы зор. Аталмыш әлеуметтік-педагогикалық технологиялар кешенін тұтастай қолдану арқылы іс-әрекет мақсатын жүзеге асыруға болады.
19. БАҚ-тың девиантты м-қ қалыптасуына ықпалы?
Қоғамның қазіргі күйінің үрей тудыратын симптомы — мінез-құлқында ауытқушылық бар кəмелетке толмаған балалар санының өсуі болып табылады. Мінез-құлықтың асоциалды, агрессивті, деструктивті, аддиктивті формаларының көріну үдерісіне бұқа- ралық ақпарат құралдары (БАҚ), əсіресе теледидар, компьютерлік ойындар, видеофильмдер жəне т.б. үлкен əсер етеді. БАҚ-тың девиантты мінез-құлыққа ықпалын зерттеу үшін зерттеу əдістері жəне бұл мəселеде əртүрлі ғылыми психологиялық теорияларды білу керек. Бұндай теориялар мен əдістер төмендегі ғылыми бағыттар болып табылады:1. Бихевиористтік психология қойнауында туындаған, А.Бандура мен оның əріптестері тұжырымдаған əлеуметтік ілім теориясы. Осы аталған теорияға сəйкес, адам айналасындағылардың іс-əрекеттеріне қарап мінез-құлық үлгілерін меңгереді. Бұл жағдайда БАҚ жəне оның рөлі өте маңызды, себебі бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін көрсетілімдер ілім көзі болады.А.Бандураның тəжірибелерінде ересек адам қуыршақты балғамен ұру арқылы агрессивтіліктің осы тəрізді ұшқындарының мүмкін екендігін көрсетті, бұл балада болатын бастаудың босаңсуына əкеледі."Медианы түсіну: адамның сыртқы өсуі" атты еңбегінде М.Маклюэн бойға біткен əдеттер мен мінез ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлықтың өзгермелі, күшейтпелі немесе, керісінше, əлсіреуші үлгілерінің іріктелуіне назар аударады:а) үлгіге еліктеу ə) сенсибилизация б) десенсибилизация в) қуаттану.
2. Когнитивтік (танымдық) теория — ақпаратты алу, меңгеру үдерісінде соңынан қайтадан еске түсіруде адамдар жəне оқиғалар туралы тұлғаның еске түсіруін реттейтін "схема" қатысады
3. Тарату, əдетке айналдыру теориясы — бұл теорияның негізгі ережелерінің бірі БАҚ-тың ұзаққа созылған қайталанбалы ықпалы (əсіресе теледидар, компьютерлік ойындар) балалардың шынайы жəне əлеуметтік əлем туралы түсініктерін үнемі өзгертеді.
4. Əлеуметтену теориясы — тарату, əдетке айналдыру теориясымен ортақ белгілері көп, əсіресе БАҚ-тың ұзаққа созылатын əсер ету үдерісімен байланысы бар, адамдардың əлем туралы білімге қажеттілігін қамтамасыз етеді, өз рөлін жəне ондағы маңыздылығын анықтайды, жеке тұлғаның өнегелі-моральдық қасиеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
5. Идентификация — қандай да бір телебағдарламаның əсерінен туындаған адамның эмоционалды күйі. Бұл өзін кейіпкермен салыстыру мен эмпатиялық əсерленушілік деңгейіне байланысты.
6. Қолдану жəне қанағаттану теориясы — адамдарды Бұқаралық ақпарат құралдарының қандай да бір түрін таңдауға, сонымен қатар шешім қабылдау мен өнімді қолдануда мақсаттарды анықтауда аудиторияның белсенді рөліне түрткі болатын факторларға үлкен мəн береді.
20Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан алдын алу жолдарын көрсетіңіз
Алдын алу жұмысы барлық үш деңгейдегі іс-шаралар кешеніне кіре алады. Психопрофилактикалық жұмыстың бірнеше формалары бар:
əлеуметтік ортаны (отбасы, əлеуметтік топ, нақты тұлға)ұйымдастыруға: салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жасалатын əлеуметтік жарнама, БАҚ, жастардың субмəдениетімен жұмыс;
мəлімет беру (дəрістер, əңгімелесулер, арнайы əдебиеттерді, видео жəне телефильмдерді тарату);
əлеуметтік тұрғыдан маңызды дағдыларды белсенді əлеуметтік үйрету;
Резистенттілік (əлеуметтік жағымсыз əсерге тұрақтылық) тренингі. Тренинг барысында девиантты мінез-құлыққа нұсқаулар өзгереді, жарнамалық стратегияларды тани білу дағдыларын қалыптастыру, құрдастар қысым көрсеткен кезде "жоқ" деп айту қабілетін дамыту, ата-аналар мен басқа үлкендердің (мысалы, ішімдік ішетіндердің) ықтимал жағымсыз əсері туралы ақпарат беріледі.
2. Ассертивтілік тренингі, немесе аффективті — құндылыққа үйрету тренингі. Ол девиантты мінез-құлық эмоционалды ауытқушылықтармен тікелей байланысты деген түсінікке негізделеді. Аталмыш мəселенің алдын алу үшін жасөспірімдер эмоцияларды тани білуге, оларды қолайлы түрде көрсетуге жəне түңілуді (стрес) жеңе білуге үйретіледі.
3. Өмірлік дағдыларды қалыптастыру тренингі. Өмірлік дағдылар дегеніміз — тұлғаның ең маңызды əлеуметтік іскерліктері. Ең алдымен, бұл қарым-қатынас жасау, достық байланыстарды сақтау жəне тұлғааралық қарым-қатынастардағы қақтығыстарды шешу іскерлігі, сонымен қатар бұл өзіне жауапкершілік алу, алдына мақсат қою,
Девиантты мінез-құлықтың ерекшелігіне сəйкес психопрофилактикалық жұмыстың мынандай принциптерін ажыратуға болады:
кешенділік (əлеуметтік кеңістіктің, отбасының жəне тұлғаның əртүрлі деңгейлеріне əсерді ұйымдастыру);
ақпараттың жағымдылығы;
жағымсыз салдарды азайту;
?бағыттылық (жас ерекшелігі, жыныстық жəне əлеуметтік сипаттамаларды ескеру);
көпшілікке арнаушылық (жұмыстың топтық формасының басымдылығы;болашаққа ұмтылыс мінез-құлық салдары, жағымды құндылықтар мен мақсаттарды белсендендіру, девиантты емес мінез-құлықтың болашағын жоспарлау).
22. мектептегі педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсеіңіз.
Педагогтың балаға жағымсыз қатынасын айтпастан бұрын, педагогтың жеткіншек оқушыны бағалауы жөнінде сөз қозғау қажет. Үлгерім жөніндегі баға туралы айтылып жатыр. Бұдан туатын заңды сұрақ: бағамен не бағаланады? Оқушы жауабының деңгейі ме, әлде қандай амалмен болса да алынған бақылау жұмысының сапасы ма? Негізінен әрбір жауап үшін емес, өткен сабаққа қарағандағы жетістігі үшін қойылған дұрыс еді. Балалар психиатриясы оқулығының авторы Р. Лемп былай деп айтқан: «Әдеттегі бестігін алған оқушыға қарағанда, екіге оқитын оқушының үштік бағаны алуы оның ілгері қадам жасауы. Дегенмен үштік баға төрттік бағасына қарағанда бағалау иерархиясында төмен тұрғандықтан бағаны жақсартудың нақтылы эффектісі төмендеп өзіндік бағасын жоғалтады»
Педагог-психологтар оқушылар мен педагогтардың арасында осындай келіспеушілік жағдайын тудырмау үшін және оқушылардың мінез-құлықтарына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты кеңес беру жұмыстарын атқарады.
Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:
Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,
ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,
ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,
әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.
Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие
мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.
Өзін — өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар
мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Сонымен қатар педагог-психологтар Жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары да атқарады.
Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.
Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.
2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады.
3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:
— жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;
— балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;
— тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
— баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады
Ауытқулармен бұзылулар орталық жүйке жүйесінің немесе психологикалық аурулардың ағзалық зақымдануы болып табылмайтын жағдайда ғана педаго гикалық- психологикалық түзету жұмыстары жүзеге асырыды және саралау диагностикасының барысында белгілі болатын әкімшілік – тәрбиелік сипаттағы қатаң шараларды қолдануды талап етпейді. Айқын ауытқулар кезінде, көбінесе патопсихологикалық, дефектологиялық жақтары жақтары немесе ашық байқалғанда және де психолог хабардарлығының шекарасынан асып кеткен жағдайда ол тек сарапшы немесе кеңесші ретінде сәйкес салалардағы мамандармен тартылады.
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру. Бастауыш мектептен 5-сыныпқа өткенде, орта буын сыныбындағы дағдыға бейімделу кезінде балада дағдарыс сипаттары болады. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, шәкірт психикасының өзгеруіне , эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді. Әр түрлі ұстаздардың дәріс жүргізу әдіс-тәсілдерінің түрліше болуы, мектеп ережесіне үйренуі, оқу үлгерімінің төмендеуі салдарынан ата-аналарының баланың жас ерекшелігіндегі құбылыстарын ескерместен наразылық тудыруы; бала болмысында аффектілі мінездердің көрініс беруі, қарым-қатынас барысында эмоциялық реакцилар, невротикалық күйзелістер байқалады. Бейімделу кезеңіндегі баланың дағдарыстан шығу жолдарын зерттеудің бір объектісі – отбасы болып табылады. Баланың жалпы интеллектісінің арнайы, шығармашылық қабіллетінің дамуында жанұяның микроортасы негізгі фактор болады.
Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол кәсіпті бірінші өзі жете түсінуі қажет ,сол кәсіп жайында мағлұматтары болып кәсіби даярлығы болуы керек. Себебі педагог-психолог маманының адаммен қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және адамдармен араласқанда орларды өзіне қарата алушылық және сол сөзіне иландыра алу, ұйымдастырушылық қабілеті болуы керек .Профессограмма – мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Жіктеу:
Педагог-психологтың атқаратын қызметін жіктеу:
— ақпараттық (ақпарат беру);
— дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
— мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
— қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
— коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
— ұйымдастырушылық (оқытушыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
— зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:
— ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);
— тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тєрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
— ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);
- коррекциялау (қайта түзету);
- диагностикалау (болжамдық зерттеулер жүргізу)
- психопрофилактика (психологиялық кеңестер беру, жеке жұмыс жасау)
Педагогикалық қарым-қатынастың мәні мен ерекшеліктерін А.А.Бодалева, А.А.Леонтьева, Н.В.Кузьмина, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, А.А.Реан, т.б. педагогтар мен психологтар өз еңбегінде қарастырған.
Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.
Кан-Каликбылай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынас – тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог пен оқушының өзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы».
В.А.Кан-Калик өзінің және басқалардың педагогикалық тәжірибелеріне сүйене отырып, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен сынып арасындағы қатынастарында кездесетін қиындықтардың себебі, мұғалімнің педагогикалық қатынастың егжей-тегжейін әлі де бойына сіңірмегені жайлы сөз етеді. Мұғалімге коммуникативті іскерлікті меңгеріп, оны оқу және тєрбие үрдісінде қолдануы қажет екені айтылады.
В.А.Кан-Каликтің пікірі бойынша, педагог өзінің іс-әрекетімен, жүріс-тұрысы, сөйлеуі арқылы тәрбиеленушілерге үлгі болуы керек. Мұғалімге коммуникативті іскерліктің баяны мұғалім сөзінің нақтылығы, түсініктілігі, көңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сөздерінің анықтылығы, мейірімділігі мен тартымдылығы, міне, осының барлығы ұстаздың оқушыға деген әсерін жоғарылатады.
Г.И.Щукинаның пікірібонша: қрым-қтынас оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді. Тєрбиеленушіге сенім арту, оныњ танымдық ізденуіне қолдау жасау, т.б. қызығушылықтарын тудырады, ынталандырады.
Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар практика жүзінде көз жеткізгендері – қарым-қатынас сәтті орта туғызады, тұлғааралық қарым-қатынас мєдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа, әрі тєрбиеленушіге өзін-өзі қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Осындай қасиетті меңгерген маман қарым-қатынас негізінде, мектеп ұжымы мұғалімдермен, оқушылармен (қиын балалармен, дарынды балалармен, жас ерекшеліктеріне байланысты), отбасы яғни ата-аналармен және сонымен қатар біз бітіру жұмысына алып отырған проблемамызға орай жоғары сынып оқушыларымен зерттеу жұмысы барысында жоғарыдағы (1-сурете) бейнеленген.
Толықтай дәлелдеп өтер болсақ коррекциялау, диагностикалау, психопрофилактика және т.б. іс-шараларды жүргізу арқылы оқушы тұлғасын дамытуда әртүрлі жұмыстар жасалды.
25. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз.
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды.
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық үдерістерге әсер етеді.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру арқылы іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез-құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
«Девиантты мінез-құлық» әлеуметтік, криминологиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде, «ауытқулық», «патологиялық», «бейәлеуметтік», «деликвенттік» және т.с.с. бірқатар сарапшылардың белсенді түрде қатысуымен кең таралған. Сонымен қатар, кейбір ғалымдардың пікірінше көрсетілген терминдер синонимдік болып табылады, басқалары оларға түрлі мағына береді. Нәтижесінде қарастырылатын терминнің мағынасы психикалық тұрғыдан ауру және сау адамдардың мінез-құлқындағы бұзылулардың барлық формаларына тарала отырып не кеңейеді, не сау адамдардың ғана мінез-құлқындағы ауытқуларға дейін тарылады. Бұл жағдай терминологияны және жоғарыда көрсетілген түсініктердің мазмұнын анықтауды талап етеді.
Қазіргі кезде ең кең тарағаны «ауытқыған мінез-құлық» термині, ол қабылданған әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін іс-әрекеттер мен қылықтарын белгілеу үшін қолданылады . Мысалы, А.С.Белкинның пікіріне сәйкес, оқушылардың мінез-құлқындағы ауытқулар деп мектеп тәртібінің нормалары мен ережелерін бұзуды түсінуге болады [43]. И.В.Акинфиевтың ойынша, бұл мінез-құлық толықтай немесе белгілі бір дәрежеде қоғамның моральды нормаларына қарама-қайшы келетін және жеткіншектің психологиялық ерекшеліктеріне, тәрбиелеу және даму жағдайларына себепші болады. В.А.Попов әлеуметтік нормаларға қарама-қарсы келетін индивидтің мінез-құлқы, өмір сүру салты, қызмет түрі ретінде әлеуметтік ауытқулардың жалпылама түсінігін енгізуді ұсынады.
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарағанда, ауытқулық мінез-құлыққа айқынырақ түсінік З.А.Раевскаяның зерттеулерінде берілген, ол мінез-құлықты девиантты деп атайды да, мектептік және адамгершілік нормаларға сай емес деп түсіндіреді. Автордың пікірінше, девиантты мінез-құлықтың криминалдықтан айырмашылығы құқық нормаларын бұзуды жорамалдамайды, ал аномалиялықтан айырмашылығы – ол тек психикалық жағынан сау балаларға тән. Мұндай мінез-құлықтың қалыпты белгілері ретінде ғалым жағымды қызығушылық және ұмтылыстың болмауын, тәртіпсіздігін, дау-жанжалға бейімдігін, қырсықтығын, ашу-ызасын, қоғамның жақтырмауын көрсетеді.
Педагогикалық теория және тәжірибесінде қарастырылып отырған «қиындықпен тәрбиеленетін» және «педагогикалық жағынан қараусыз қалған» жасөспірім түсініктер анықтамасы белгілі назар аударуды талап етеді. Бірқатар ғалымдардың жұмыстарында дамып келе жатқан педагогикалық қараусыз қалушылық нәтижесінде қиындықпен тәрбиеленушілік құбылысы заңды болып келе жатыр. В.А.Крутецкийдың пайымдауынша, «қиындық келтіретін балалар - педагогикалық қараусыз қалған балалар, біреумен, бір жерден, кеткен педагогикалық қателік, ... олардың жеке тұлғаны түзеу бойынша уақытылы шара қолданбағандық».
Л.М.Зюбин басқаша ойлайды. «Қиын» және «педагогикалық қараусыз қалған» деген түсініктердің теңдестірілуіне қарсы бола тұрып, ол оқушыларды тәрбиелеу жұмысы барысында түрлі себептер туындайды. Олар педагогикалық қараусыз қалудан басқа психологиялық бұзылу, ақыл-ой дамуында уақытша кідіруі, жүйке жүйелік процесстердің тез әлсіреуі және т.б. сияқты себептерден болуы мүмкін. Овчарова қиындықпен тәрбиелеушілік үдерісі себепші болатын көптеген факторлардың барын ескере отырып, «әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалу» терминін қолдану қажеттілігін айтады. Алайда, келіспеушіліктерге қарамастан, нормадан ауытқитын түрлі мінез-құлықтардың заңдылықтарының және маңыздылығын кешенді зерттеу қажеттілігі туралы оймен көптеген ғалымдар келіседі.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқына қатысты өзінің сыртқы көріністері бойынша деликвенттікке ұқсайды, алайда қылмыстық заңдылықтар аясына кірмейді. Бұл «қылмыстық жазаланбайтын заң бұзушылық сипатына ие болатын, қабылданған нормаларға қарсылас мінез-құлық». И.С.Конның анықтауынша, девиантты мінез-құлық - бұл «құқық, мәдениет немесе моральдың жалпы қабылданған нормалардан ауытқыған іс-әрекеттер жүйесі». Е.Д.Дедков және Е.Г.Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған әлеуметтік нормалардан ауытқыған мінез-құлық. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді ұсынатын, қылмысты мінез-құлық болып табылады. Осылайша, «девиантты мінез-құлық» және «деликвенттік мінез-құлық» түсініктері мағынасы бірдей болмайды, өйткені индивид мінез-құлқындағы бұзылулардың түрлі дәрежедегі көрсетулерді білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларды анализдеу және зерттеу негізінде девиантты мінез-құлық феноменін біз психикалық жағынан сау индивидтің қоғамдағы оның белгілі бір даму кезеңінде қалыптасқан нормалар мен ережелерге сәйкес емес, немесе қарсы іс-әрекеттері немесе жеке мінез-қылықтар жүйесі деп өзіміздің анықтамамызды ұсынамыз.
Девиантты мінез-құлықтың мәнін ашу–диалектикалық бірлікте шығатын биологиялық, әлеуметтік, психологиялық сияқты оған себепші болатын факторлар жиынтығының ролін ұғынуды талап етеді. Фактор ретінде біз белгілі бір жағдайда себепке айналып, қандай да бір үдеріс немесе құбылыстың қажетті шарты бола алатын қозғаушы күшті түсінеміз. Жеке тұлғаның дамуындағы факторлардың салыстырмалы салмағы ғалымдармен бірдей түсіндіріледі. ХХ ғасырдың ортасындағы бейәлеуметтік тұжырымдамалардың танымал авторлары биологиялық факторларға: дене құрылысына (У.Шелдон), физикалық ерекшеліктерге (Ч.Ломброзо), мінез-құлықтың белгілі бір көрсетулеріне адамның генетикалық бейімі (А.Геззел), Д.Бромлей, А.Айзенк және т.б. шешуші мағына береді. Нейрохирургия мен генетика (Э.Уилсон, С.Джефери) жетістіктеріне сүйенетін қазіргі биологиялық теориялар, сәтсіз балалармен тәрбие жұмысында пайдаланатын биопсихикалық, психотерапиялық және медициналық көмек әдістерін өңдеуге арналған негіздемелер болды. Алайда мұндай әдістер шектеулі мүмкіндіктерге ие және өз бетімен белсенді емес педагогикалық әсер етуінсіз жасөспірімнің девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша жұмысы нәтижелілігін қамтамасыз ете алмайды.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден,бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.
Белгілі бір ғылыми қызығушылық психологиялық бағытты көрсетеді, олардың авторлары ауытқушы мінез-құлықтың әлеуметтік тамырларына сілтейді (С.Беккер, Ф.Танненбаум, У.Томас және т.б.). Олардың ойынша девианттықтың дамуын қоздыратын басты факторлардың бірі «әлеуметтік таңба», ол индивидті «тәртіпті бұзушылармен» алдын ала теңдестіруден тұрады. Бұл ғылыми бағыттың өкілдері девиантты мінез-құлықтың дамуын қоғамдағы өзгерістермен түсіндіреді, олардың нәтижесінде бұрынғы бағыттар өздерінің мағынасын жоғалтады, ол өз алдына қоғамның қайта ұйымдастырылуына әкеледі, оның барысында біреулері ескі нормалар мен бағалауларды ұстанса, екіншілері – жаңадан пайда болғандарын ұстанады.
Балаларда девиантты мінез-құлқының өзгермелі үдерісіне тікелей әсер ететін биологиялық, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеудің жүйелі тәсілі назарға ие бола алады. Біздің пікірімізше, жүйелі зерттеулер ғана зерттелетін үдеріске шынайы шарттарды ғылыми қамтамасыз етудің объективті суретін бере алады. Осындай тәсіл жоғарыда көрсетілген тұжырымдамалар талдауының негізінде ғалымдар мінез-құлық формаларының құрылу барысында өзара әрекет ететін сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (психологиялық) факторларды бөліп көрсете алады. Осыдан шығар қорытынды, әлеуметтік педагогика, психология ғылымдарында төмендегідей заңдылық орнатылған: біріншіден, сыртқы факторлар ішкі факторлар арқылы әрекет етеді сонымен өздерін анықтайды; екіншіден, ішкі факторлар сыртқылары арқылы әрекет етеді де өздерін өзгертеді.
26. дев м-қ/ты балалармен жұмыс жасаудың негізнгі бағытарын көрсетіңіз
Девиантты мінез-құлықтың әртүрлі көріністерінің үздіксіз өсуі, олардың объективтілігі мен шарасыздық прогрессиялық тенденциясы қоғамның, нақты әлеуметтік қызметтің және әлеуметтік педагогтың алдына дезадаптацияланған жасөспірімдермен жұмыс технологиялары мен әдістерін, формаларын, баланың реабилитациясына бағытталған ұмтылыстардың концентрациясын, кәмелетке толмағандардың іс-әрекеттері мен қылықтарына тікелей немесе жанама теріс әсер ететін әлеуметтік жағдайларды жоюды, яғни әлеуметтік нормадан ауытқулардың алдын алу жолдарын іздеу сұрағын қояды. Сондықтан ғылым мен тәжірибеде девиантты және деликвентті мінез-құлықты жасөсіпірімдермен жұмыс істеудің екі негізгі технологиясы – профилактикалық және реабилитациялық кең таралған.
Профилактика — бұл жасөспірімдердің мінез-құлқындағы әртүрлі әлеуметтік ауытқуларға алып келетін негізгі себептер мен жағдайларды жою немесе нейтралдау, алдын алуға бағытталған мемлекеттік, қоғамддық, әлеуметтік-тәрбиелік шаралардың жиынтығы. Әлеуметтік педагогикада профилактиканың астарында ең алдымен ғылыми негізделген және келесілерге бағытталған өз уақытында қабылданған іс-әрекеттер түсіндіріледі:
— жеке балада немесе әлеуметтік тәуекел топқа кіретін кіретін жасөспірімдерде туындауы мүмкін физикалық, психологиялық немесе әлеуметтік мәдени жағдайлардың алдын алу;
— бала өмірі мен денсаулығының қалыпты деңгейін сақтау, қолдау және қорғау;
— балаға әлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуге көмектесу және оның ішкі потенциалын ашу.
«Профилактика» терминінің өзі әдетте қандай да бір жағымсыз істің алдын жоспарлы түрде алумен, яғни қажетсіз салдарға алып келуге қабілетті себептерді жоюмен ассоциацияланады. Әлеуметтік ауытқулар түрлі себептер мен жағдайлардан туындауы мүмкін болғандықтан, профилактикалық шаралардың бірнеше типін бөліп көрсетуге болады:
— нейтралдаушы;
— коппенсациялаушы;
— әлеуметтік ауытқушылыққа ықпал ететін жағдайлардың пайда болуын болдырмау;
— осы жағдайларды жоюшы;
— жүргізілетін профилактикалық жұмысты және оның нәтижелерін бақылаушы.
Девиантты мінез-құлықтың профилактикасының негізгі бағыттарының арасында ақпараттық және әлеуметтік-профилактикалық тұғырлармен қатар, ерекше орынды медико-биологиялық тұғыр алады. Оның болмысы әлеуметтік нормалардан мүмкін ауытқушылықты түрлі психикалық аномалиялармен зардап шегуші, яғни биологиялық деңгейдегі патологиялы адамдарға қатысты емдік-профилактикалық сипаттағы мақсатты шаралармен алдын алуда. Ақыл-есі дұрыс адам өзінің еріктік сапалары, моральдық нормалары мен құндылықтары көмегімен қылмыстық әрекеттерден сақтануға қабілетті екені белгілі. Адамда психикалық даму мен денсаулығында патология болғанда ол өзінің психофизиологиялық ерекшеліктерінің себебінен моральдық-құқықтық нормаларды бұзуы мүмкін. Субъектінің бұл жағдайы ақыл-есінің дұрыс еместігі ретінде қарастырылады. Жасөспірімде ойланбаған әрекеттер жасауға алып келуі мүмкін, психиканың патологиялық бұзылыстарын дер кезінде анықтаған өте маңызды. Ол медициналық емдеумен сәйкес, әлеуметтік педагог тарапынан қосымша белгілі бір тәрбиелік әсермен психиатрдың қарауынан өту керек.
реабилитациясы
Әлеуметтік педагогтың бейімделмеген жасөспірімдермен жұмыс технологиясының екіншісі реабилитация (қайта бейімдеу) болып табылады. Реабилитация мәселесін әдіснамалық және теориялық жоспарда қарастыру оның анықтамалырының бірмәнді еместігін мойындауға мүмкіндік береді. Реабилитация жетклікті кең аралықтағы – элементарлы дағдыларды баулудан бастап адамның қоғамдағы толық интеграциясына дейінгі міндеттердің шешіміне бағытталған өлшемдердің жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Реабилитация тұлғаға, оның жеке психикалық және физикалық қызметтеріне әсердің нәтижесі ретінде де қарастырылуы мүмкін. Ағзаның қорға жиналған (резервті) мүмкіндіктерін қолдану арқылы икемделу құралы ретінде көрсетілетін адаптацияға (бейімделуге) қарағанда реабилитация қалпына келтіру, белсендіру сияқты түсіндіріледі.
Реабилитацияның әртүрлі түрлерін ажыратқан жөн: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби, тұрмыстық.
Медициналық реабилитация бала ағзасының қандай да бір жоғалған қызметін толық немесе бөлшектік қалпына келтіру немесе өтеу немесе мүмкін прогрессиялық ауруларды бәеңдетуге бағытталған.
Психологиялық реабилитация жасөспірімнің психикалық аймағына бағытталған және мақсаты девиантты мінез-құлықты жасөспірімнің танымындағы оның тұлға ретінде қажетсіздігі мен жарамсыздығы туралы ойын жеңу болып табылады.
Кәсіби реабилитация жасөспірімге қолжетімді еңбек формаларына оқыту немесе қайта оқытуды, оған еңбек шарттары жеңілдетілген және жұмыс күні қысқартылған жұмыс орнын іздеуді қарастырады.
Тұрмыстық реабилитация жасөспірім өмірінің қалыпты шарттарын қалыптастыруды қарастырады.
Әлеуметтік реабилитация – бұл баланың әлеуметтік ортада өмір сүру қабілеттерін қалпына келтіру үрдісі, сонымен қатар қандай да бір себептермен бұзылған немесе шектелген, тұлғаның өмір сүру шарттары мен әлеуметтік ортаны қалпына келтіру үрдісі.
Әлеуметтік-экономикалық реабилитацияның астарында жасөспірімде жоқ қаржылық төлемдермен қамтамасыз етуге, оның заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауға мақсатты бағытталған іс-шаралар кешені түсіндіріледі.
Девиантты мінез-құлықты балалардың әлеуметтік-педагогикалық реабилитациясы, ереже бойынша, реабилитациялық орталықтар деп аталатын арнайы мекемелерде жүзеге асырылады. Мұндай мекемелердің міндеттері болып табылады:
— дезадаптацияланған балалар мен жасөспірімдердің қаңғыбастығының, қараусыздығының алдын алу;
— ата-аналарының кінәсынан немесе экстремальді жағдаятқа (соның ішінде физикалық және психикалық зорлық-зомбылық, өмір сүрудің қауіпті жағдайлары және т.б.) байланысты өмірлік қиын жағдайға түскен балаларға медико-психологиялық көмек көрсету;
— әлеуметік жүріс-тұрыстың, айналадағы адамдармен өзара әсер мен қарым-қатынас дағдыларының оңтайлы тәжірибесін қалыптастыру;
— ата-аналарының қамқорлығынсыз немесе өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандарға қатысты қамқоршылық қызметтерін атқару;
— тұлғаның дағдарыстық жағдайларын жоюға ықпал ететін психологиялық және педагогикалық қолдау;
— отбасына оралуға әрекеттесу;
— қалыпты даму, білім алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
— бұдан кейінгі кәсіби және тұрмыстық орнығуға қамқор болу.
27. Ювеналды мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
Девиация (лат. deviatio — ауытқу) — бұл:
Әлеуметтануда: — «қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы, не әлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез-құлықтан ауытқитын әлеуметтік мінез-құлық.[1Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының  себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық(ювеналды мінез-құлық).
Криминалды (ювеналды) мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Қылмыстары девиантты немесе деликвинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған. Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипаттамалар беруге болады: - Қылмыс түрлері мен сипатына қарай; - Деңгейі және көлеміне немесе масштабына қарай – жеке, ұйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді; - Құрылымына қарай – әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар; - Қоршаған ортаға байланысты – отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, ұрып – соғу немесе өз басына байланысты
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиацияның тағы бір түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
29. Алдын алу шарасы және оның жіктелуінің психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтаңыз
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу - бұл индивидке әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын сақтауға және қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шаралардың жиынтығы. Девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы алдын алу шаралары жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің қалыпты өтуі үшін психолого-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар ескерту шараларын жүзеге асыру болып табылады. Арнайы алдын-алу шаралары нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған шара қолдану жүйелерін жүзеге асыру болып табылады: наркомания, делинквентті мінез-құлық, қараусыз қалу, балалық-жеткіншектік жезөкшеліктің алдын – алушаралары және т.б.
«Психологиялық-педагогикалық алдын алу – бала дамуында ауытқушылықтар тудыратын сыртқы факторлар мен шарттар, себептерді болдырмаумен байланысты алдын алу шаралар жүйесі. Педагогикалық үдерістің жалпы ізгілендіру негізінде жүзеге асады.
Әлеуметтік педагогикалық алдын алу бала мен жасөсіпірімнің белсенді дамуына оптималды жағдай туғызуға бағытталған әлеуметтік тәрбие шаралар жүйесі».
Девиантты мінез-құлық саласындағы алдын алу жұмыстарын мынадай басты бағыттарға бөлуге болады:
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тәрбиелік және басқа да тапсырмалардың жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейде шешілуі;
адамның тіршілік ететін микроортасын сауықтыруға бағытталған әлеуметтік –педагогикалық шараларды жүзеге асыру;
нақты адамның мінез-құлқындағы девиацияны ескерту мен түзетуге бағытталған индивидуалды тәрбиелік-алдын-алу шараларын өткізу.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу түрлері болып:
алғашқы алдын алу шаралары, бұл ауытқыған мінез-құлықтың қалыптасуына негативті әсер ететін факторларды тоқтатуға арналған шаралар;
екінші алдын алу шаралары, бұл өмірдің қиын жағдайында қалған девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдерге бұдан да жаман іс-әрекеттерге, заң бұзушылыққа, қылмыстарға жол бермеуге, дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, құқықтық шаралар жиынтығы.
Девиантты мінез-құлықты алдын алудың ерекше түрі, кейде үшінші алдын алу деп те атайды, жазаларын өтеп қамау орындарынан шыққан жасөспірімдерге қайтадан қылмыстық іс-әрекеттер жасамауына бағытталған әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық шаралар.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын алдын алу процесі әртүрлі әлеуметтік институттар кешені арқылы жүзеге асады. Алдын алу шараларымен отбасы, мектептен тыс демалыс мекемелері (спорттық секциялар, клубтар және т.б.) сияқты әлеуметтік институттар да айналысады. Олардың алдын алу шаралары жасөспірімдерге қоғамда қабылданған тәсілдермен өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруге және жағдай жасауға бағытталған, сонымен қатар, индивидке өмірлік субъективті қиын жағдайларда дер кезінде кәсіби көмектер көрсету.
30.отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәнін ашыңыз.
Девиантты мінез-құлықтың мәнін ашу–диалектикалық бірлікте шығатын биологиялық, әлеуметтік, психологиялық сияқты оған себепші болатын факторлар жиынтығының ролін ұғынуды талап етеді. Фактор ретінде біз белгілі бір жағдайда себепке айналып, қандай да бір үдеріс немесе құбылыстың қажетті шарты бола алатын қозғаушы күшті түсінеміз. Жеке тұлғаның дамуындағы факторлардың салыстырмалы салмағы ғалымдармен бірдей түсіндіріледі. ХХ ғасырдың ортасындағы бейәлеуметтік тұжырымдамалардың танымал авторлары биологиялық факторларға: дене құрылысына (У.Шелдон), физикалық ерекшеліктерге (Ч.Ломброзо), мінез-құлықтың белгілі бір көрсетулеріне адамның генетикалық бейімі (А.Геззел), Д.Бромлей, А.Айзенк және т.б. шешуші мағына береді. Нейрохирургия мен генетика (Э.Уилсон, С.Джефери) жетістіктеріне сүйенетін қазіргі биологиялық теориялар, сәтсіз балалармен тәрбие жұмысында пайдаланатын биопсихикалық, психотерапиялық және медициналық көмек әдістерін өңдеуге арналған негіздемелер болды. Алайда мұндай әдістер шектеулі мүмкіндіктерге ие және өз бетімен белсенді емес педагогикалық әсер етуінсіз жасөспірімнің девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша жұмысы нәтижелілігін қамтамасыз ете алмайды.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден,бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.
Белгілі бір ғылыми қызығушылық психологиялық бағытты көрсетеді, олардың авторлары ауытқушы мінез-құлықтың әлеуметтік тамырларына сілтейді (С.Беккер, Ф.Танненбаум, У.Томас және т.б.). Олардың ойынша девианттықтың дамуын қоздыратын басты факторлардың бірі «әлеуметтік таңба», ол индивидті «тәртіпті бұзушылармен» алдын ала теңдестіруден тұрады. Бұл ғылыми бағыттың өкілдері девиантты мінез-құлықтың дамуын қоғамдағы өзгерістермен түсіндіреді, олардың нәтижесінде бұрынғы бағыттар өздерінің мағынасын жоғалтады, ол өз алдына қоғамның қайта ұйымдастырылуына әкеледі, оның барысында біреулері ескі нормалар мен бағалауларды ұстанса, екіншілері – жаңадан пайда болғандарын ұстанады.
Балаларда девиантты мінез-құлқының өзгермелі үдерісіне тікелей әсер ететін биологиялық, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеудің жүйелі тәсілі назарға ие бола алады. Біздің пікірімізше, жүйелі зерттеулер ғана зерттелетін үдеріске шынайы шарттарды ғылыми қамтамасыз етудің объективті суретін бере алады. Осындай тәсіл жоғарыда көрсетілген тұжырымдамалар талдауының негізінде ғалымдар мінез-құлық формаларының құрылу барысында өзара әрекет ететін сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (психологиялық) факторларды бөліп көрсете алады. Осыдан шығар қорытынды, әлеуметтік педагогика, психология ғылымдарында төмендегідей заңдылық орнатылған: біріншіден, сыртқы факторлар ішкі факторлар арқылы әрекет етеді сонымен өздерін анықтайды; екіншіден, ішкі факторлар сыртқылары арқылы әрекет етеді де өздерін өзгертеді.
31. Әлеуметтік девиацияның объективті факторларына сипаттама беріңіз.
" Девиация” термині латынның "deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Девиация бірнеше типтен тұрады:
әлеуметтік ( әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық);
делинквентті (агрессивтік,ашкөздік,наша сату);
криминалды мінез-құлық ( заң бұзушылық,балалардың сот үкімі бойынша жасалған қылмысы жазалануы).
Факторлары:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік  жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол  пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және  бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
- оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
-  мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
- криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
- дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар  қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
5.  Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.
32. қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру келтіру мақсатында психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйсін құрастырып, талдаңыз.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде.Қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік – тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:1)дайындық кезеңі;2)қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;3)екінші кезең – қиын оқушылар  мен көш жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау. 3)Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың  арасында күрес басталады.  4)Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге  талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек. Психологиялық түзету жолындағы бағыты. Мақсаты: Жасөспірімдердің өзіндік анықтауын қалыптастыру, өзіне баға беру, өз ерекшелігін білу, өз мүмкіндіктерін анықтау, жалпы талдау жасауды меңгеру. Міндеті:-оқушыларды өзіндік диагностикаға үйрету, рефлекцияға үйрету. -өз мінез-құлқының реакцияын, қатынасын, қажеттілігін түсіндіру. -өз кемшіліктері мен қателіктерін жете түсінуін қалыптастыру.

Атқарылған жұмыстар Формасы
1 Ата-анасымен «Отбасылық психологиялық таным», ең алдымен ата- ананың өзін-өзі тану бағытындағы жұмыстар. а. Диагностикалық бағыттағы сауалнамалар.
б. Пікір алмасу, кеңес беру.
2 Ұжым аралық қарым –қатынас бағыты: өзінің әлеуметтік рөлін, статусын түсінуге және болашаққа көзқарасын анықтау. а. Тренинг – сабақ.
б. Дөңгелек үтел, пікір алмасу.
3 Жеке тұлғалық жұмыс:
Оқушының жан-жақты жағымды (+), жағымсыз (-) жақтарын анықтау, жағымсыз жақтарын түзетуге бет бұрыс жасау.
а.Жаттығулар «мен бейнесін анықтау»бағытында.
б. Кеңес беру.
4 Баланың бос уақытын қадағалау:
Балаға бағыт беру жолында, секцияларға, үйірмелерге баулу.
а. Бабментон секциясы.
б. Теннис үйірмесі.
5 Қортындысы: бала өзін - өзі анықтау жолындағы ұстаған бағыты қанағаттанарлық. Сабақты себепсіз  босатпайды, оқушылармен  қарым-қатынасы тұрақты, мұғалімдермен конфликтісі жоқ. Бос уақытын тиімді пайдаланады. 33.Қиынөміржағдайындақалғанбалаларменжұмыжасаудағынегізгіталаптардыкөрсетіңіз. Қиын өміржағдайындағы бала (балалар) - қалыптасқанжағдайларсалдарынанөміртіршілігібұзылғанжәне осы мән-жағдайлардыөзбетіншенемесеотбасыныңкөмегіменеңсереалмайтын бала (балалар);Қазіргізаманжастарыныңқоғамдағыжағдайынәлеуметтікдепривациялықжағдайретінде, яғниолардыңөмірсүруі мен тұлғалықдамуынажағдайдыңжеткіліксізболуы, шектеулік,  материалдықжәнеруханиресурстардың  жеткіліксізболуынайтуғаболады. Күнделікті т өмірдежастарішімдікпен, нашақорлықпен,  ассоциалдық  мінез-құлықпен, қылмыспенкездесуде.  Баланың  жаны мен  психикасынажағымсызәсерететін  толықемес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалдыотбасыларкөбеюде. Балалар мен жастарүнемібілім беру мен тәрбиесаласында да әлеуметтікдепривцияға  түсуде.Қазіргітаңдасапалы  білімалутікелейотбасыныңматериалдықжағдайына, байланыстыболыпотыр. Әлеуметтікқатынастадепривациялық фактор әлеуметтікжіктелудіңкүнненкүнгетереңдеуінежәнеқала мен ауыларасындағыайырмашылыққабайланыстыболыпотыр.
  Әлеуметтікдепривацияныңкөрінісініңбіріретіндееліміздегіжартылайжетімжәнежетімбалаларсаныныңкөбейіпотырғандығынайтсақболады. Бұл проблема барлықменмлекеттерде бар мәселе .Бірақ та тіріата-анасы бар кездежәнеолар мемлекет үшінтоварғаацналыпотырғанкездежаңакөрініс-әлеуметтікжетімдердіңкөбеюқаупітуындауда.Әлеуметтікжетімдердеуініңсебебі-қоғамөзмүшелерінеотбасылық, аналықборышынөтеугежағдайтудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылықжәнемейірімділіксезімінқалыптастырмайотыратындығында. Мемлекет пен солелдіңазаматыныңарасындағықатігездік, немқұрайлықатаана мен бала арасындағықатынастаөзкөрінісінтабады
34.Мектептегі девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз(жыл,ай,тоқсан)
Атқарылатын іс-шаралар Мерзімі Жауапты
- девиантты оқушыларға әлеуметтік диагностика жасау;
- Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтер жинау;
- Әлеуметтік қамқорлықтағы оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету;
- Мектеп асханасынан арендатор есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушыларды анықтау;
- Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын және картотекасын жасау:
Тұл жетім, жартылай жетім балалар тізімі;
Көп балалы отбасы балалар тізімі;
Оралман оқушылардың тізімі;
Үйде оқытылатын оқушылар тізімі;
Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының тізімі;
Тәртібінде ауытқуы бар оқушылар тізімі.
ҚББ сарапшыларға осы мағлұматтарды тапсыру.
Қыркүйек
1 апта
2 апта
3 апта
4 апта
4 апта Әлеуметтік педагог,
сынып жетекшілер,психолог
Әлеуметтік педагог
-девиантыы мінез-құлықты оқушылармен жүргізілген диагностикалық жұмыстың нәтижелерін сынып жетекшілермен таныстыру;
- Мектеп әкімшілігімен және сынып жетекшілермен бірлесе ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенцияны талқылау;
- Әр сыныпқа әлеуметтік диагностикалық куәлік (паспорт) жасау;
- Балаларды қорғау бұрышын ұйымдастыру
Қазан
1 апта
2 апта
3 апта
4 апта Әлеуметтік педагог
Сынып жетекшілер
психолог
Тәлімгерлер
Оқушылармен жұмыс
- Мектеп оқушыларының қоршаған ортасының дамуына бақылау мониторингін жасау;
- Оқушылардың әлеуметтік ортасын (отбасы, әлеуметтік ортасы және қызығушылығы) диагностикалау және отбасын анықтау мақсатында анкеталар жүргізу (8-11 сыныптар арасында).
- Девианты мінез-құлықтың балада пайда болу себептерін талдау Қараша
1 апта
2 апта
Әлеуметтік педагог
психолог
Отбасымен жұмыс - девиатты балалардың тұрғын-жайын зерттеу актілерін жүргізу;
- олардың отбасылық жағдайын талдау және мониторингін құру;
- Ата-аналар жиналыстарына қатысу;
- Сынып жетекшілерінің девиантты балалармен ата-аналарымен байланысын қадағалау.
3 апта
4 апта
Тоқсан сайын
Үнемі Әлеуметтік педагог
Сынып жетекшілер
- Девиантты мінез-құлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыру;
- Әлеуметтік педагог, пән мұғалімдері, психологтар, сынып жетекшілермен және әкімшілікпен кеңесе отырып бірқатар іс-шаралар өткізу;
- Девиантты балаларда қоғамға бейімдеу
- Ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау Желтоқсан
1 апта
2 апта
3 апта
4 апта Әлеуметтік педагог
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
35. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышарттарын атап , талдау жасаңыз.
Тұлғаның мінез-құлқына əсер ететін маңызды факторлардың бірі — ішкі, биологиялық жағдайлар, яғни кез келген сыртқы жағдайлармен бірлесіп əрекет ететін табиғи өріс. Биологиялық алғышарттарға мыналар кіреді: мұралық-генетикалық ерекше- ліктер, индивидтің туа біткен қасиеттері (ана құрсағында даму барысында игерген қасиеттер), импринтинг (онтогенездің ерте кезеңдеріндегі қабылдаған мəлімет).
Биологиялық фактор жеке тұлға тұрмысының төмендегі сипаттамаларын реттейді: 1. Онтогенез үрдісінің индивидуалдық өзгешелігі (соның ішін- де, пісіп жетілу, қартаю темпі); 2. Гендерлік (жыныстық) айырмашылықтар; 3. Жас ерекшеліктері; 4. Дене бітімі; 5. Денсаулық жəне төзімділік; 6. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері мен күйі.
Девиантты мінез-құлық табиғаты мен себептерінің биологиялық түсіндірмесінің көне тарихы бар. ХІХ ғасырда итальяндық дəрігер-психиатр əрі криминалист Чезаре Ломброзо (1836 —1909) биосоциологиялық теория ұсынды, бұл теорияда ғалым адамның қылмыстық іс-əрекетін оның анатомиялық құрылымымен байла- ныстырды. Басты назар аударылған объектілер: бас сүйегі, ми, мұрын, құлақтар, шаштың түсі, татуировка, қолтаңба, терінің сезімталдығы, қылмыскерлердің психикалық қасиеттері. Антро- пометрикалық əдісті қолданып, зерттеуші «туа біткен қылмыскер типтің» 37 мінездемесін бөліп көрсетті, соның ішінде, астыңғы жақтың шығыңқылығы, пұшық мұрын, сақалдың аздығы, құлақ- тың сырғалықтарының үлкендігі. Кейіннен Ч.Ломброзо теориясы тарихқа ғылыми ой ретінде енгенімен, ғылыми тұрғыда жарамсыз деп танылды. Аталмыш бағыттың тағы бір көрнекті өкілдерінің бірі — американдық дəрігер жəне психолог Уильям Шелдон (1898 —1984) темперамент түрлері (жəне мінез-құлық) арасындағы, сонымен қатар, адамның соматикалық құрылымының түрлері арасындағы байланыстарды анықтады. Ғалым дене бітімнің үш түрін бөліп көрсеткен: эндоморфты, мезоморфты, эктоморфты. Дене бітімнің бұл үш түрі темпераменттің: висцеротония, соматотония, церебро- тония секілді үш түрімен байланысады. Олардың үйлесімділігі — психотип. Мысалы, соматотонияға рахаттануға мұқтаждық, белсенділік, үстемдікке жəне билікке ұмтылу, қатерге бас тігуге 34 бейімдік, агрессивтілік, сезімсіздік. Керісінше, церебротонияда ұстамдылық, сезімталдық, социофобия, жалғыздыққа бейімділік байқалады. Чарльз Дарвин ұсынған табиғи іріктеу мен мұрагерлік заң- дарына негізделген эволюциялық əдіс биологиялық теориялардың ішінде ерекше орын алады. Эволюциялық əдісті жақтаушылар адам мінез-құлқының əр түрлі аспектілерін мұрагерлік бағдарла- малардың көрінісі ретінде қарастырса, аталмыш əдісті сынау- шылар жануарлардың мінез-құлқына қатысты заңдарды адам психологиясын зерттеуде қолдануды негізсіз, орынсыз деп есеп- тейді. Дарвин идеясын дамытатын, Конрад Лоренцтің (1903 —1989) адам мінез-құлқының əртүрлі құбылыстарын түсіндіреді, мəселен, агрессия, ең алдымен өмір сүру үшін күрестің туа біткен инстинкті. «Агрессияның пайда болуы, көбінесе өлім инстинктінің пайда болуымен теңдестіріледі, бұл да басқалары сияқты инстинкт, табиғи жағдайларда басқа инстинкттер секілді өмір мен түрді сақтауға септігін тигізеді». Қазіргі таңда адам мінез-құлқындағы биологиялық детерми- нанттарды зерттеу ғылымның бірнеше саласында белсенді түрде жүзеге асады: биологияда, медицинада, криминологияда, физио- логияда жəне əсіресе, генетикада. ХІХ ғасырдың атақты ғалымдары Фрэнсис Гальтон (1822 — 1911) мен Грегор Менделдің (1822 —1884) есімдері психогенетика дамуының басталуымен байланысты. 1865 жылы олар психоге- нетика немесе евгеника саласындағы алғашқы зерттеулерінің нəтижелерін жариялады. Кейінгі жылдары Ф.Гальтон алғаш рет егіздер жəне статистикалық əдістерді қолдана отырып, жеке тұлғалық айырмашылықтарға жүйелі зерттеу жүргізді. Оның еңбектері интеллект детерминанттарын зерттейтін ғылыми ізде- ністерге бастама болды. Тұлғалық мінездемелер мен мінез-құлық- тар аз деңгейде зерттелді. Тағы да бір ескеретін зерттеулер əлемнің көптеген елдерінде жүргізілген экстраверсия мен нейротизмді қарастыратын зерт- теулер болып табылады. Мысалы, Америкада, Австралияда жəне Еуропада (1992) швед ғалымы Нэнси Петерсон қиғаш кескіндер əдісімен он бес мың туысқандық жұпқа жүргізген зерттеуі мынан- дай екі тұжырым жасауға мүмкіндік берді: 35 1) нейротизм мен экстраверсия қасиеттері онтогенез барысын- дағы генетикалық шарттастықпен сипатталады; 2) жастың үлкеюімен мұра қылушылық көрсеткіштері төмен- дейді (əсіресе, нейротизм жағдайында). ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасында У. Петерс генети- калық зерттеулер нəтижесінде ер адамдарда У — хромосо- маларының артық болуы олардың криминалы зорлық-зомбылыққа бейімділігін анықтайды деген қорытындыға келген (тұтқындардың арасында бұндай ауытқушылық əдеттегіден 15 рет жиірек кездеседі). Тұтқындарды зерттей отырып, Г.Айзенк экстраверттер интраверттерге қарағанда қылмыс жасауға бейімдірек, ал бұл, өз кезегінде, генетикалық деңгейде анықталған деген қорытындыға келеді. Сонымен қатар, кейбір кəмелетке толмаған заң бұзу- шылардың бас миының маңдай бөліктерінің дамуындағы артта қалушылық айқындалған, бұл құбылыс нейрофизиологиялық бұзылуға, ақырында құқыққа қайшы келетін əрекеттерге əкеліп соғады. Мінез-құлықтың қандай да бір нақты түріне жауап беретін геннің анықталмағанына қарамастан, көптеген мамандар мұра- герлік пен мінез-құлық арасындағы түзетуді мойындайды. Ауыт- қыған мінез-құлықтың басқа да биологиялық детерминанттарының ішінде гормондардың ықпалы да аталады (атап айтқанда, тестостерон). Төрт мың соғыс ардагерлеріне зерттеу жасай оты- рып, Даббс мен Моррис (1990) тестостерон деңгейі мен қоғамға қарсы мінез-құлыққа бейімділіктің арасында байланыс болады деген қорытындыға келген. Жүйке жүйесінің қасиеті адам темпераментінің — оның психикалық өмірінің динамикалық құрылымын анықтайтындығы белгілі. Сəбилердің бір жылғы өмірін зерттеген Нью-Йорктік лонгитюдті зерттеулері өмірдің бірінші айында пренаталды жағ- дайлар мен босану ерекшеліктері секілді факторлар басым рөл атқарады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Генетикалық тұрғыдан берілген жеке тұлғалық динамикалық мінездемелер (яғ- ни темперамент) саласында шамамен тоғыз айлық жастан бастап көрінеді. А.Торгерсеннің егіздер зерттеулерінің мəліметтері бойынша, 6 жаста қиын темперамент синдромының компоненттерінің бесеуі жоғары генетикалық құрылымдарға ие болады: əлсіз реакция, 36 реакцияның жоғары интенсивтілігі, төмен ырғақтық. Бұл кезде нашар бейімделушілік жалпы отбасылық ортамен анықталса, жағымсыз көңіл-күй индивидуалды ортада қалыптасады. Тұтас алғанда, заманауи білімдер тұқым қуалаушылық жолмен ауытқушы мінез-құлықтың қандай да бір нақты формасы беріл- мейді (мəселен, қылмыскерлік), девианттылықтың қалыптасу мүмкіншілігін арттыратын индивидуалды-типологиялық қасиеттер беріледі, мəселен импульсивтілік немесе көшбасшы болуға ұмты- лыс деп айтуға мүмкіндік береді. Осылайша, ішкі биологиялық үрдістер ауытқушы мінез-құлық- тың қалыптасуында белгілі бір рөл атқарады. Олар қоршаған ортаның кез келген əсеріне қатысты біздің реакциямызды анық- тайды. Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негіздерін дəлел- дейтін фактілердің барлығына қарамастан, олар белгілі бір əлеу- меттік ортада ғана іске асады. Оған қоса, мысалы, жүйке жүйесінің реактивтілігін немесе гормоналды төмендеуді анықтай отырып, əлеуметтік жағдайлардың өздері ағзада биологиялық өзгерістер туындатуы мүмкін. Тұтас алғанда жеке тұлғаның ауытқушы мінез-құлқы əлеумет- тік жəне биологиялық факторлардың өзара күрделі əсерлерінің нəтижесі болып табылады. Əлеуметтік жəне биологиялық фактор- лардың əрекеттері өз кезегінде тұлғаның қарым-қатынас жүйесі арқылы өтеді.
36. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
Баланың мектептегі өмірі белгілі бір тәртіппен және ұйымдасқан түрде өтсе, ол мектептен тыс ортада жасырын қарама-қайшылықта және ерекше жағдайда өтеді. Мектепте және үйде баланың өзіне тиісті міндеттері болады, бақылаумен ұйымдастырылады. Ал, көшеде бала өзін бақылаудан және жауапкершіліктен еркін сезінеді. Сондықтан да балалардың шағын мектептен тыс уақытын қалай өткізетінін есепке алып отырудың маңызы зор.
Оқушылардың тұратын жерлерін, оның жеке басын қалыптастыратын және дамытатын кіші ортаның бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұрған жерінде бала мектепке келгенше өзімен таныс адамдармен қарым – қатынас жасап та үлгереді. Сондықтан да балалардың тұрған жеріндегі тәрбиелік жұмысты төменгі сыныптан бастап жүргізу керек. Бұл орайда олардың бос уақытын дұрыс өткізуіне, әрбір іс - әрекетін үлкен қызығушылықпен және ынтамен ат салысуын қадағалау орынды болып саналады.
Мектеп бұл жағдайда ата – анамен көпшіліктің біріккен жұмысын бір салаға салып, реттеп, онда бала тәрбиесінің нәтижелі өтуіне мүмкүндіктер жасайды.
Бала тәрбиесінің мектеп алдына қойған міндет талаптарын тиімді жолмен шешіп және оның жан – жақты дамып, әлеуметтенуін қамтамасыз ету үшін мектепте педагог – психолог мамандықтармен қоса әлеуметтік педагог мамандығы да ұйымдастырылған.
Әлеуметтік педагог - өзінің негізгі жұмыс бағыттарын оқушының сабақтан бос уақытын тиімді пайдалану ата–анасымен бірлесе отырып мектептен тыс көптеген қызықты жұмыстар жүргізе алады. Оқушылардың сабақтан бос уақыттағы іс-әрекеті әлеуметтік педагогтің үлесіне тиеді.
Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әр түрлі бағытта жүргізіледі. Ең алдымен алдын алу жұмыстары ұйымдастырылады.
Жалпы орта білім беретін мектептерде девиантты мінез-құлықты балалармен алдын алу жұмыс жүйесі бойынша төмендегідей шараларды ұсынады
37.Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктемелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.
Тәрбиелеуге қиын балалар мен педаготың оқудағы қарым-қатынасын, балалардың қараусыз қалушылығын педагогикалық рөлдің субъектпен байланымын көрсетуінде функционалдық байланыс бар.Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмі:1)әлеуметтік емес тәртіп фактілерін анықтау және алдын алу, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру; 2)мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру, ол үлкендерге балалар мен жасөспірімдердің жас-жыныстық және жеке бастық-психологитялық ерекшеліктерін дұрыс түсінуге көмектеседі;3)педагогтар, оқушылар, ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекеттестіктің нығаюына әсер ету (тренингтер);4)әлеуметтік- педагогикалық проблемалар бойынша ата-аналар, педагогтар үшін кездесулер, «дөңгелек үстелдер», семинардар ұйымдастыру (салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер мен оларддың ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету);5)жасөспірімдер спорт секцияларына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту.
38. Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан педагог – психолгтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
Девиантты мінезді оқушыға ата-анасының да, мектептің де жағымды әсер етуі арқылы оны дұрыс жолға салуға болмайтыны белгілі болса, онда ол баланы кешіктермей дәл уақытысында жабық түрдегі ерекше педагогикалық режимдегі арнайы тәрбие мекемесіне жіберу керек. Әрине, бұл соңғы шара, себебі қиын балалармен жұмыс жүйесін қалыптастыру қаншалықты ауыр болса да, мінез-құлқын түзету шараларын төмендегіше ұйымдастыру жөн деп санаймыз.
1.Тәртіп пен заңды бұзуға бейім тұратын, сабақ үлгерімі нашар оқушыларды сынып және мектеп бойынша анықтау. Ол үшін біріншіден, әр тоқсан сайын бір немесе екі пәннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тәртібі нашар болмас, алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пәндерден үлгермейтіні ақиқат. Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны жолға қою мәселесін шешу қажет. Зерттеулер көрсеткендй, девиантты мінезді балалардың басым көпшілігі бір немесе бірнеше мұғалімдердің шиеленісті жағдайда болады,ондай қарым-қатынас олардың түзелуіне кері әсер етеді. Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі өз сыныбында – басбұзар, іріткі салушылар және өзі сияқты бұзақылардың жетекшісі болып келеді. Төртіншіден, ата-аналармен және достарымен әңгімелесу арқылы тәрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-тұратынын, қандай топтарда, орталарда болатынын анықтау. Себебі дәл сол бейресми топтарда болу арқылы олар темекі шегу, арақ ішу, құмар ойындарын ойнауды әдетке айналдырады.
Сонымен қатар, олар өзінен кішілерге әлімжеттік жасауын, жануарларды қаншалықты жәбірлейтінін анықтау да олардың мінез-құлқының бұзылығын көрсетеді.
Жоғары да көрсетілген төрт көрсеткіштің екеуінің бар болуының өзі-ақ оқушыны тәрбиесі қиын балалар қатарына қосуға жеткілікті.
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың  мақсаты.
1.Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.
2.Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
3.Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
39. Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия түрлері.
Интервенция мақсаттарына байланысты психотерапия үш түрге
бөлінеді:
1. Қолдаушы психотерапия — бар қорғаныш күштерін қолдауды жəне мінез-құлықтың тиімдірек тəсілдерін жасауды қамтамасыз етеді;
2. Қайта оқыту психотерапиясы — мінез-құлықты өзгертуге тырысу;
3. Тұлғалық-реконструктивті — интрапсихикалық қақтығыстарды жете түсіну арқылы ішкі тұлғалық өзгерістерге бағытталады.
Психотерапия əртүрлі формада жүзеге асырылады, мысалы, топтық, отбасылық немесе индивидуалдық немесе қысқа мерзімді, нұсқаулық немесе нұсқаулық емес мəселелерді шешуге немесе жеке тұлғалық өзгерістерге бағытталған. Бұған қоса негізгі психотерапевтік əдістердің көптеген өзгерістері бар. Мысалы, Б.Д.Карвасарскийдің редакциялық басқаруымен құрастырылған Психотерапевтік энциклопедияда жүзге жуық психотерапевтік əдістемелер сипаттамаланады, олардың шын саны бұдан да көп. Көптеген авторлар маманның жеке тұлғасының негізгі маңыздылығын атай келе, психотерапияның əр алуан түрлерінің тиімділігі шамамен бірдей екендігін атап көрсетеді.
40 Әлеуметтік педагогтың мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
Оқушыларды оқуда да, одан тыс процестерде де ұйымдастыра отырып, оқытушы олармен өзара үнемі араласады. Әлеуметтік функцияны тасушы ғана емес, нақтылы жеке адам ретінде де көірентін мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы – педагогтық қызметтің құрамдас бөлігі. Оның оқушылармен қарым-қатынасы екі негізгі. Информацтялық және интегративті-компенсаторлы функция бар тәрбие процесінің өзіне тән жолымен басқару ретінде көрінеді. Бұл жерде хабар екі бағытта басқару субъектісінен (мұғалімнен) басқарылатын объектіге (оқушыға) және керісінше – объектінің субъектіге қарай жүреді. Тікелей адамдар арасындағы қатынаста педагог тәрбиелеушілер, жалпы коллектив туралы, ондағы ішкі процестер туралы сан алуан мәліметтер алып отыр. Өз ретінде, педагог қатынас процесінде тәрбиеленушілерге мақсатты бағытталған, оқушыларға оның үндеуінің шағын текстегі ретінде спонтанды, жарып шығатын қаптаған информация береді. Қатынасу арқылы мәліметтер алады. Тікелей қарым-қатынас жеке адамды түрлі жағдайда және жәйттерде танып ұғынуға мүмкіндік береді. Ол жеке адамның ашық, неғұрлым айқын байқалатын сыртқы қылықтарын біліп қоймай, майда шамалы мәлімденген қылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, олар жеке адамды түсіну үшін аса елеулі, маңызды ішкі процестердің байқалу нышандары болуы мүмкін.
42. «қиын» жасөспірімдердің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз.
«Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар
жəне ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік жəне əлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.
«Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:
1. Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір көшелік субмəдениетке, яғни белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады жəне оның əлеуметтену үрдісін бағыттайды;
2. Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тəрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, əлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан
тұтады; ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтыпқана қоймайды, ол бұны мақтанетіп, батырсынады;
3. Өзіндік сананың қалыптасу үрдісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс əрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұрғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың əртүрлі амалдарын қолданады.
Тəрбиелеуге қиын жасөспірімде, көзбояушылықтағы секілді, балалық шақтың психологиялық жəне педагогикалық, медициналық жəне биологиялық, əлеуметтік мəселелері бір-бірімен ұшта-
сып жатады.
Қазіргі заманғы ресейлік əлеуметтануда Я.И.Гилинскийдің
ұстанымы айрықша қызықты, ғалымның пікірінше, девиацияның
бастау көзі — қоғамда əлеуметтік теңсіздіктің, əртүрлі əлеуметтік
топтардың өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүмкіншіліктері
арасындағы айырмашылық деңгейінің өте үлкен болуы. Жеке
тұлғалық мінез-құлық деңгейіндегі девиацияның ең жалпы себебі
— жеке тұлғаның объективті қасиеттерінің, соның ішінде оның
талаптарының, қабілеттерінің, сонымен қатар əлеуметтену үрді-
сінде қалыптасқан қасиеттердің қоғамдық қарым-қатынастар
жүйесіндегі алатын позиция талаптарымен сəйкессіздігінің нəти-
жесі ретінде «əлеуметтік тəртіпке келтірілмегендік» болып табы-
лады.
Зерттеулер жасөспірімдердің қылмыскерлігі үлкендердің қыл-
мыскерлігіне қарағанда олармен күресу шараларына «сезімтал»
келеді. Ең алдымен, бұл жергілікті билік орындары жүзеге асы-
ратын (əкімат) аймақтық деңгейде жүзеге асыратын жал-
пыəлеуметтік, экономикалық, ұйымдастыру шаралары. Алдын алу
жұмысын оқу орындарында жəне сол оқу орындарында қызмет
атқаратын адамдармен тікелей ұйымдастыру қажет. Бұл жұмыс
жалпы шаралармен қоса, жасөспірімдердің топтық жəне инди-
видуалды қылмыстарының алдын алу бойынша арнайы мақсатқа
бағытталған психологиялық, педагогикалық, арнайы кримино-
логиялық шараларды қамтуы қажет.
Жалпы шаралар жалпы оқу үдерісінің сапасын арттыруды, оныұйымдастыруды, əдістемелік деңгейін жетілдіруді қажет етеді. Бұл— оқу жоспарын нақты орындау, сабақтарға орынсыз себептерменкелмей қалуларды ескерту, оқушылардың күнделікті сабақтанкейінгі уақыт өткізулерін ұйымдастыру, мəдени іс-шараларұйымдастырып өткізу жəне т.б. Сонымен қатар жалпы шараларғатəрбиелік шаралар да енеді. Бұған тек «оқытудың тəрбиелік рөлін
жетілдіру» ғана емес, сонымен қатар педагогтердің оқушыларментұлғааралық қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынандамыту да енеді.
Арнайы психологиялық жəне педагогикалық шаралар:
􀁹 психодиагностикалық: оқуға түскен контингентті зерттеужəне қылмыс жасауға бейім тұлғаларды (есепте тұрған, қиын жəнепедагогикалық қараусыз қалған, сонымен қатар, сотталғандар,арнайы мектептер мен колониялардан келген оқушыларды) анықтау, олардың мектептегі жəне мектептен тыс достық байла-ныстарын анықтау;
􀁹 психологиялық түзету: жұмыстың индивидуалды жəне ұжым-дық формаларын қолданып, осы оқушылармен жүйелі түрдеқұқықтық тəрбиелеу жұмыстарын жүргізу; олардың тұлғааралыққарым-қатынастарын бақылау;
􀁹 психопрофилактикалық: жайсыз отбасынан, сонымен қатароқу топтарынан «шеттетілген» жасөспірімдердің топтық заңбұзушылықтарының ерте алдын алу шараларды кеңінен қолдану;оқу орындарында жəне олардан тыс жерлерде де үнемі бақылаужүргізу.Аталған шаралардың нəтижелі болуы кəмелетке толмағандар-дың қылмыстық əрекеттерінің алдын алумен айналысатын
мамандардың жоғары деңгейі мен психологиялық жəне педагогикалық біліктілігіне, терең білімі мен профилактикалық жұмыс-
тың негізгі принциптерін ұстануына тығыз байланысты. Про-
филактикалық жұмысқа қатысушының əрқайсысы жасөспірімдер
қылмыстық əрекеттерінің ерекшеліктерін жəне олардың алдын алу
жұмыстарының ерекшеліктерін жақсы білуі керек.
Жасөспірімдердің қайталанбалы қылмыстарымен күресудің
негізгі, маңызды бағыттарының бірі арнайы оқу-тəрбиелеу меке-
мелерінен жəне еңбекпен тəрбиелеу колонияларынан келген
жасөспірімдердің əлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету болыптабылады. Бұл күрделі мəселе, себебі бұндай мекемелерденқайтып оралған жасөспірімдердің тең жартысы ата-ананыңқамқорлығынсыз қалған жетім балалар. Оларды ешкім күтпейді,көбінің тұратын жер, жейтін тамағы жоқ. Жұмысқа орналасу мен
тұрғын үй мəселесін шешу өте қиын
45. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
Девиантты мінез-құлықтың мәнін ашу – диалектикалық бірлікте шығатын биологиялық, әлеуметтік, психологиялық сияқты оған себепші болатын факторлар жиынтығының ролін ұғынуды талап етеді. Фактор ретінде біз белгілі бір жағдайда себепке айналып, қандай да бір үдеріс немесе құбылыстың қажетті шарты бола алатын қозғаушы күшті түсінеміз. Жеке тұлғаның дамуындағы факторлардың салыстырмалы салмағы ғалымдармен бірдей түсіндіріледі. ХХ ғасырдың ортасындағы бейәлеуметтік тұжырымдамалардың танымал авторлары биологиялық факторларға: дене құрылысына (У.Шелдон), физикалық ерекшеліктерге (Ч.Ломброзо), мінез-құлықтың белгілі бір көрсетулеріне адамның генетикалық бейімі (А.Геззел), Д.Бромлей, А.Айзенк және т.б. шешуші мағына береді. Нейрохирургия мен генетика (Э.Уилсон, С.Джефери) жетістіктеріне сүйенетін қазіргі биологизаторлық теориялар, сәтсіз балалармен тәрбие жұмысында пайдаланатын биопсихикалық, психотерапиялық және медициналық көмек әдістерін өңдеуге арналған негіздемелер болды. Алайда мұндай әдістер шектеулі мүмкіндіктерге ие және өз бетімен белсенді емес педагогикалық әсер етуінсіз жеткіншектің девиантты мінез-құлқының алдын-алу бойынша жұмысы нәтижелілігін қамтамасыз ете алмайды.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу - бұл индивидке әлеуметтік ортаның жағымсыз факторларының әсерін жоюға және олардың қалыпты өмір деңгейін қорғауға, денсаулығын сақтауға және қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық және медициналық ғылыми негізделген және дер кезінде қолданылған кешенді шаралардың жиынтығы. Девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы алдын алу шаралары жеке тұлғаның әлеуметтену процесінің қалыпты өтуі үшін психолого-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар ескерту шараларын жүзеге асыру болып табылады. Арнайы алдын-алу шаралары нақты тапсырмаларды шешуге бағытталған шара қолдану жүйелерін жүзеге асыру болып табылады: наркомания, делинквентті мінез-құлық, қараусыз қалу, балалық-жеткіншектік жезөкшеліктің алдын – алушаралары және т.б.
«Психологиялық-педагогикалық алдын алу – бала дамуында ауытқушылықтар тудыратын сыртқы факторлар мен шарттар, себептерді болдырмаумен байланысты алдын алу шаралар жүйесі. Педагогикалық үдерістің жалпы ізгілендіру негізінде жүзеге асады.
Әлеуметтік педагогикалық алдын алу бала мен жасөсіпірімнің белсенді дамуына оптималды жағдай туғызуға бағытталған әлеуметтік тәрбие шаралар жүйесі».
Девиантты мінез-құлық саласындағы алдын алу жұмыстарын мынадай басты бағыттарға бөлуге болады:
әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тәрбиелік және басқа да тапсырмалардың жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейде шешілуі;
адамның тіршілік ететін микроортасын сауықтыруға бағытталған әлеуметтік –педагогикалық шараларды жүзеге асыру;
нақты адамның мінез-құлқындағы девиацияны ескерту мен түзетуге бағытталған индивидуалды тәрбиелік-алдын-алу шараларын өткізу.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу түрлері болып:
алғашқы алдын алу шаралары, бұл ауытқыған мінез-құлықтың қалыптасуына негативті әсер ететін факторларды тоқтатуға арналған шаралар;
екінші алдын алу шаралары, бұл өмірдің қиын жағдайында қалған девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдерге бұдан да жаман іс-әрекеттерге, заң бұзушылыққа, қылмыстарға жол бермеуге, дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, құқықтық шаралар жиынтығы.
Девиантты мінез-құлықты алдын алудың ерекше түрі, кейде үшінші алдын алу деп те атайды, жазаларын өтеп қамау орындарынан шыққан жасөспірімдерге қайтадан қылмыстық іс-әрекеттер жасамауына бағытталған әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және құқықтық шаралар.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын алдын алу процесі әртүрлі әлеуметтік институттар кешені арқылы жүзеге асады. Алдын алу шараларымен отбасы, мектептен тыс демалыс мекемелері (спорттық секциялар, клубтар және т.б.) сияқты әлеуметтік институттар да айналысады. Олардың алдын алу шаралары жасөспірімдерге қоғамда қабылданған тәсілдермен өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруге және жағдай жасауға бағытталған, сонымен қатар, индивидке өмірлік субъективті қиын жағдайларда дер кезінде кәсіби көмектер көрсету
46. әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды.
Теориялық және тәжірибелік маңызы
-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында қолдау, тәрбиелеу, әлеу-меттену үдерістеріндегі өзара байланыстар (ықпалдастыру) арқылы әлеуметтенудің теориялық ау-қымын кеңейту; -іс-әрекет мазмұнына модератор, менеджер, фасилитатор және т.б. қызметтерді енгізе отырып, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы өзара әрекеттің ұғымын байыту; -әлеуметтік-психологиялық қолдау және жәрдемдесу үдеріснің арақатысын қарастыратын тә-сілдерді жүйелендіру; -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында әлеуметтік-психология-лық қолдау үдерісінің өзіндік ерекшеліктерін ұлғайту; -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың балалар үйі жағдайында әлеуметтенуін әлеумет-тік-психологиялық қолдаудың психологиялық жағдайларын сипаттау және әдістемелік ұсыныстарды ғылыми түрде әзірлеп, оларды сынақтан өткізу; -тәрбиеленіп жатқан мекеменің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік-психологиялық қолдау бағдарламасын әзірлеу; -ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйі жағдайында инвариантты және бала-малы құрамды қолдаудың ықтималды психологиялық жағдайларын (құрылымы, мазмұны, техноло-гиясы) қарастыру. Балалар үйінде жұмыс іс-тейтін ұстаздардың біліктілігін көтеру жүйесінде, жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкер, психолог, ұстаздар даярлауда қолдануға болады.
Тәсілмақсат әдістемелік негіз(технологиясы)
Тәрбиеленушіні дербес өмірге дайындау технологиялары Қажетті әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру арқылы дербес өмірге дайындықты қалыптас-тыру Дамыту ортасын құру, әлеуметтік-психологиялық тренинг
Тәрбиеленушілердің әлеумет-тік-кәсіби бейімделуін қалып-тастыруға бағытталған техноло-гиялар Жасөспірімді белсенді жұмыс әрекетіне қоса отырып, алғашқы кәсіби дағдыны қалыптастыру және тұлғаны дамыту Өзара әрекеттің бригадалық түрін ұйымдастыру, ынта-ландыру және шара қолдану жүйесі
Тәрбиеленушінің тұлғасына не-гізделген технологиялар Тәрбиеленушінің үйлесімді тұлға ретінде дамуы Психологиялық тренингтер мен кеңес беру
47. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
 Мінез-құлқы ауытқыған балалар өз қылықтарына жауапкершілікпен қарамайды, ата-анасының рұқсатынсыз жүріп-тұрады, сабақтан қашады, қаңғырып кетіп қалады, алкоголизм, наркомания және т.б. тұлғаның патологиялық даму формалары да көрініс береді. Қоршаған ортадан агрессивті түрде қорғанады, өзінің іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмайды, көңіл-күйдің құлазуына бейім болады, сондықтан басқалармен жиі керісіп қала береді. Құрбыларымен де дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайды.
Жасөспірімнің мінез-құлқы -  отбасындағы қарым-қатынас қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені отбасынан бастаған жөн. Отбасындағы өзара қарым-қатынасты түзеу керек. Әлеуметтік педагог әрбір отбасы ерекшелігіне байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың отбасымен жұмыс жасауда келесідей алгоритм бойынша жұмыс жасаған жөн. Ол үшін ең алдымен сәтсіз отбасының пайда болу себептерін анықтау керек. Ол әр отбасында әртүрлі болуы мүмкін. Ондай отбасын бес түрге бөлуге болады.
      1.Толық емес отбасы.
      Жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасында «қиын» бала көбірек кездеседі. Бұндай отбасындағы жағдай өте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың жоқтығы аңғарылады. Әлеуметтік педагог осындай отбасымен жұмыс жүргізуде жетістікке жету үшін мынадай бағыттарды ұстануы қажет:
Баланың анасының сеніміне кіру, баланың анасының орнына өзін қойып көру,. Себебі ол оған деген көзқарасын бақылай білуге көмектеседі.
Баланың болашағына қызықтыру, балаға деген ананың және баланың анаға деген жауапкершілігін ояту. Баланың жан дүниесін түсінуге, ойын бөлісуге шақыру. Баласына ашылып, өзінің жоспарын айқындау жөн екендігін түсіндіру.
      2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ отбасы.
     Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір болып келеді. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсіністік, тіпті бала мен ата-ана арасындағы байланыстың болмауы. Бұл жағдайда әлеуметтік педагогқа не істеуі қажет?
       Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зиян келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар әке-шешенің осындай жүріс-тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен қиналысына көңіл аударту. Отбасында ата-ананың қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның отбасы өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл отбасындағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.
     3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы.
    Бұл отбасындағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді.  Тек мектеп пен мұғалімді кінәлап, баланың көзінше беделін түсіреді.
    Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес, дәріс, іскерлік ойындар өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін көтеруге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.
 
     4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын отбасы.
     Бұндай отбасындағы бала өзімшіл келеді, ата-анасы баласының бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады.
     Бұндай жағдайда әлеуметтік педагог басқа отбасындағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.
      5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін отбасы.
     Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайтын ата-аналар. Әдетте бұл үйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді.
      Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көздерін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмыстарына ата-ананы араластыру қажет. Себебі, педагогикалық іш-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қарым-қатынасын өзгертеді.
Отбасымен жұмыс жасау барысында баламен жүргізілетін коррекциялық жұмыс дұрыс жоспарлауы қажет.
Олар келесілер:  Даму ерекшелігі мен дефект құрылымын ескере отырып әр түрлі методикалар әзірлеу;  Дамудың еерте жастан ынталандыру жүйелерін қадағалау;  Бала үшін жақын дамдар жағынан ыңғайлы жағдай жасау ;  Баланың оқуы мен тәрбиесінде баланың отбасы мен оларды ауыстырушы адамдарға жағдай жасау;  Ата-ана және бала жүйесінде қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру;  Диагностикалау мен коррекциялық жұмыстарға комплексті қатынас жасау, яғни әр сала мамандарымен кеңесе отырып жұмыс жасау;  Жұмыс барысында ата-аналармен тығыз байланыста болу;
50 Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.Бүгінгі қоғамда қаңғыбас балалардың саны күн санап артып келе жатқандығы жөнінде күнделікті ақпарат құралдарынан байқап жүрміз.  Бұл – қазаққа өткен ХХ ғасырда келген індет дейді, ғалымдар. Рас XIX- ғасырдың аяғына дейін қазақ даласында жетім балалар болғанымен қаңғыбас деген ұғым болмағанын тарихтан жақсы білеміз. Бұған дейін бұл атаудың қазақшасы далабезер болатын. Жаңаша атауы – қаңғыбас. Ертеректе күні бойы үй бетін көрмей, дала кезіп, ойынға құныққан баланы қазақ далабезер деген болса,  иесіз не үйшіксіз далада қаңғып жүретін иеттерді қаңғыбас ит деп   атаған. Бірақ далабезер бала түбі пысық, еті тірі өз күнін өзі көрерлік өжет  болып өсетін. Біреудің ала жібін аттап, ұрлық-қарлық жасамайтын, жаман әдеттерге бойын аулақ ұстайтын.  Өкінішке орай соңғы жылдары баспасөз беттерінен, телехабарлардан «қаңғыбас балалар» туралы айтыла бастады. Тіпті олардың тіршілік ететін  орталары жайында деректі фильмдер де түсіріліп, құқық қорғау орындары біршама рейттер ұыймдастырды. Бірақ жағдай оңалудың орынына күрделеніп бара жатқанға ұқсайды.
Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес беру мынадай ережелерге сай болуы қажет: 1)оқшаулау бейімдеу орталықтарына бағыт корсету керек; 2) ата аналарын түсінуіне ықпал жасау керек; 3) мектептен тыс қоғамдық, шығармашылық жұмыстарға, іс шараларға араласуына жарнамалау керек; 4) ата анасына құрмет көрсету керектігін түсіндіру керек; 5) жағымсыз, зиян әдеттерден арылу керектігін түсіндіру керек;
51. Өмірге бейімделу мен шығармашылықпен өзінше емделуде жаттығулардың біріне мысал келтіріңіз.
«Мен – жағдайы» өткенім,бүгінім,бо лашағым...
Мақсаты: Өзіндік «Менін» қалыптастыру,өзгертулер енгізу.
Өтілу барысы: 3-4 адамнан бірігіп,топқа бөлінеді.Арақашықтық 1,5 – 2 м.
Бұл жаттығу 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім : Мен бұрында...
2 бөлім : Мен шын мәнінде...
3 бөлім : Мен жақында...
Өтетін уақыт: 5 – 10 мин
Қорытынды : Соңында 1 ғана шеңбер болып, жаттығу барысында не ұнады, не ұнамады; не туралы айту қиынға соқты, қай бөлімде қатты қиындық туды.
Проективті жаттығу - «Менің болмысым»
Жаттығу мақсаты: өзіндік «Менін» және өзін бағалауын дұрыс қалыптастыруға үйрету.
Жаттығу формасы: топтық.
Жаттығу барысы: топтың барлық қатысушылары өз бейнелерін қағаз бетіне түсіреді. Қатысушылар бір бірінің салған суреттерін көрмеуі тиіс. Салынып болған суреттер жиналып, араластырылады. Қатысушылар арасында әрбір суретке байланысты өз әсерлерін бөлісу орындалады.
Жаттығу нәтижесі: әрбір қатысушы өзге жаттығу қатысушыларынан өзі туралы сипаттамалар, мінездемелер ала алады.
« Мен және мен »
Жаттығу мақсаты: өзіндік «Мен» бейнесін және өзін бағалауын дұрыс қалыптастыруға үйрету.
Жаттығу формасы: топтық.
Жаттығу барысы: әрбір қатысушыға аяқталмаған фразалары бар карточкалар таратылады. Ешбір дайындықсыз қатысушылар фразаларды жалғастырып, аяқтауы қажет.
« Мен кіммін...»
« Менің мақсатым...»
«Кей кезде адамдар мені түсінбейді, себебі мен...»
«Сенемін, мен...»
«Мен ұяламын,...»
« Мен жеңемін...»
52. девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
Мақсат міндеттері: 1)Девиантты мінез-құлықтың теориялық мазмұнын ашу барысында әдебиеттерге шолу жасау;2)девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсету; 3) Жасөспірім балалардың девиантты мінез - құлығын, ерекшеліктерін анықтауда эксперименталды-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; 4)Девиантты жасөспірімдермен психокоррекциялық жұмысты өткізу және оның тиімділігін анықтау.Девиантты мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстары әдістерін 2 топқа жіктеуге болады: педагогикалық әдістер және психотерапевтикалық әдістер. Педагогикалық әдістер:
Қоғамдық ықпал ету әдістері: еріктік ақауларды түзету, қорқынышты жою, елемеу әдісі, мәдени демалыс әдісі, ойлар мен іс-әрекетті түзету әдісі, қайыршылықты түзету әдісі, өзін-өзі түзету әдісі.
Аранайы және жеке түзету әдістері: балалар м.қ. кемшіліктерді түзету, агрессивті м.қ. түзету, еңбекке баулу арқылы түзету әдісі, балалар ұжымын тиімді ұйымдастыру арқылы түзету әдісі.
Психотерапевтикалық әдістер: сендіру және өзін-өзі сендіру әдістері, гипноз, сендіру әдістері, психоанализ.
53. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау-баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбегін құрастырыңыз.
Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау - баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторларды екіге бөлуге болады:Жеке даралық факторы(жасы жынысы, шыдамдылығы, түлғалық ерекшеліктері, білімі). Ұйымдық факторы: жұмысбастылық, уақыттын жетіпеуі, клиенттердің коп болып кетуі,кәсіби даярлықтың жоқтығы.Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.1 жас дағдарысы. Дағдарыстың мәні: баланың тікелей-эмоционалдық қарым-қатынастан жаңа жетекші іс-әрекетке – заттық-қарулық іс-әрекетке өтуі. Тұлға қалыптасуының алғышарттарының, балада өзі туралы пікірдің қалыптасуы - өзіндік сана, өз «менін» саналы ұғыну.Мінез-құлық жағдайға байланысты болып табылады, яғни бала дәл қазіргі сәтте пайда болған сезімдер мен тілектер әсерімен әрекеттенеді. 1-ден 3 жасқа дейін адамгершіліктік сезімдердің алғашқы нышандары қалыптаса бастайды: симпатия, эмпатия.3 жас дағдарысы. Мәні: баланың өз бетіншелігін танытуы. Дағдарыстың байқалуы: қырсықтық, негативизм. Т.б.
53. Жақынадамдарменэмоционалдықарым-қатынасжасау-баланыңтолыққандыдамуынаәсерінбілдіретінфакторлардыңтізбесінқұрастырыңыз.
Еріксізестесақтаумектепкедейінгікезеңденақтыжәнебаяндыболуымүмкін. Егербалалықшақтағы осы оқиғаларэмоционалдықмәнгеиеболып, балағаәсеретсе, оларбаланыңесіндеөмірбойықалады.
Бала метепкедейінгікезеңдеөзмінез-құлқынқаншалықтысанаса да, оныңбағасынегізіндеертебалалықшақтатуындайтынөзінедегенжағымдыэмоционалдыққарым-қатынасжатады.
Балаларөсекележағымсызэтикалықэталонныңмағынасынтүсініп, негативтііс-әрекетткеэмоционалдыңқызығушылығынсақтайды.
Қалыпты дамушы әрбір бала тұлғасының құрылымы негізінде жататын өз-өзіне эмоционалдық жағымды қарым-қатынасты ( «Мен жақсымын »), оны дұрыс этикалық эталонына бағыттайды.
Баланыңүлкенменжәнеүлкенніңбаламенидентификациялықарым-қатынасындасәбидібасқаадамғадегенэмоционалдықатынасқадайындайды.
Құрдастарыменқарым-қатынас- әлеуметтікқарым- қатынастыңқатаңмектебі. Осы құрдастарыменқарым- қатынасжоғарыэмоционалдықкүштіталапетеді.
Эмоционалдыфункцияныңбарлығыоныңбарлықжақтарынқамтиотырып, экспрессивттікфункцияға қызмет атқарады. Экспрессивті функция автономдыфункцияданбастап, барықфункцияғаұқсасболыпкеледі.
54.Оқушыларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастыру

«Біз біргеміз!» деген тақырыпта өткізілген іс-шара
       Мақсаты:  оқушылардың бейімделуіне ықпал ету
Міндеттері:
  1.Балаларды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету
2.Олардың өзара сыйластығын қалыптастыру
Жүргізілуі
1.Балалардың бір-бірімен танысу негізінде ойындар ұйымдастырылады
2.Балалардың бір-бірін жақын тарту негізінде топтық жұмыс беріледі
3.Өнерлерін,пікірлерін ортаға салатындай мүмкіндік жасалады
55. Педагог-психологтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз.
Әлеуметтік педагогтың құжаттары: Тәжірибелік жұмыс жоспары. Бір жылға жұмыс жоспары.Диагностикалық жұмыстар.Құқықтық тәрбие. Отбасымен жұмыс. Класс жетекшілермен жұмыс. Ағарту іс-шаралары. Ерекше назардағы баламен жұмыс. Тәртібінде ауытқушылығы бар балалардың жеке іс қағаздары. Атқарылған жұмыстардың жылдық есебі.Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:ҚР Конституциясы.Білім туралы Заң. Бала құқығы туралы Конвенция. Бала құқығын қорғау Заңы. Неке және отбасы туралы Заң. Әдеп кодексі.Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілер.
56. девиантты м-қ/ты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрыңыз
Әлеуметтік педагогтың осындай девиантты мінез-құлықты балаларымен жұмыс технологиясында осы сипаттағы балаларды мәселесіндегі оңалту (реабилитация) жұмыстарынан басталады. Оңалту мәселелерін әдістемелік және теориялық жағынан қарастыру адамның қоғаммен толық өзара әрекет жасау дағдыларына баулу болып табылады. Оңалту жұмыстары тұлғаның жеке психикалық және физикалық қызметтеріне әрекет ету қорытындыларынан көрінеді. Оңалту жұмысының бейімделуден ерекшелігі, яғни қосымша мүмкіндіктерді қолдана отырып үйрету, ал оңалатуда қайта қалпына келтіру, белсендірумен түсінідіріледі. Оңалту үдерісінде өмірдің жаңа сатысын бағындыруда қосымша механизм, ал бейімделу үдерісінде соған дағдыландыру болып табылады. Яғни, оңалту жұмыстары – баланы қоғам өміріне және қоғамдық пайдалы еңбекке қайта оралуына деген мақсаттан тұратын іс-шаралардың жүйесі. Оңалту жұмыстарының түрлері: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби, тұрмыстық.
Әлеуметтік - педагогикалық оңлату жұмыстары – баланың қоғаммен өзара байланысына әрекет ететін тұлғалық сапаларын реттеуге бағытталған міндетті білім алу, қоғамда жүріс-тұрыс нормаларын білу, өзін-өзі тәрбиелеуде білік пен дағдыны игеруде тәрбиелік сипаттағы іс-шаралардың жүйесі болып табылады. Девиантты мінез-құлықтағы балаларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту жұмыстары арнайы мекемелер мен оңалту орталықтарында өткізіледі. Оңалту бағдарламалары әрбір балаға жеке құрастырылуда өзінің мақсаты, міндеттері, әдістері мен формалары, құралдары, іс-әрекет кезеңдерін ескеруі қажет. Оңалту жұмыстарының басты мақсаты болып тұлғаның адамгершілік қасиеттерін реттеу мен түзету, қарым-қатынас дағдыларын игеруде көмек көрсету болып табылады [4].
Девианттық мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық оңалту жұмыстарының бағдарламасын құрастыруда келесілерді ескеру қажет:
баланың жақсы мінез-құлық сапаларын ескеру. Әлеуметтік педагог тәртібінде аутықушылығы бар балаларды сынаудан бас тартуы қажет. Балаға «сәтті жағдаят» құрастыру жолында баланың жағымды жақтарын таба білуі керек.
болашақ өмірлік ұмтылыстарын реттеу. Мысал ретінде бала мектептегі оқу үлгерімнің нашарлауына байланысты өзіне сенімі болмай, болашағын көрмейді. Ондай оқушыларға әлеуметтік педагог психолог маманмен бірлесе отырып, кәсіби бағыт-бағдар беру керек.
еңбек қабілетімен бірге балаларда мораль, жүріс-тұрыс нормалары, үлгі-өнеге сияқты қоғамдық-тиімді іс-әрекеттерге дағдыландыру қажет. Бұл күрделі міндет болып табылғандықтан, мұндай іс-әрекеттерді балалар ұжымымен бірге реттеуге болады.
балалармен құрмет пен сенімділік негізінде қарым-қатынас жасау. Девиантты мінез-құлықтағы балаларда мейірімділік, жағымды қарым-қатынас жасауда олардың белсенді қарсылығы кездеседі. Осы ретте осындай балалармен жұмыста әлеуметтік педагог сабырлықты сақтауы тиіс.
Әлеуметтік-педагогикалық оңалту іс-әрекетінің үдерісінде әлеуметтік педагог келесі қызметтерді атқарады:
Девианттық мінез-құлықтың болуына дейінгі кезеңде болған жағымды қасиеттерін болжап, қалпына келтіру;
Балада қажетті қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттері бар ұмытылыстарын реттеу, өзін-өзі жетілдіруде балалардың қажеттіліктерін белсендіру;
Түрлі тәрбиенің тәсілдері – сендіру, үлгі-өнеге және тағы басқалары бар баланың жағымды ынталандыру іс-әрекетін белсендіру.
Әлеуметтік педагогтың бұл категориядағы балалармен жұмыс жасауда негізінен баланың ішкі жан дүниесін әлеуметтік тұрғыда сауықтыруға бағытталған. Әлеуметтік педагог баланың қандай жағдай болуы туралы жедел диагностикалық тәсілдерді қолдана білуі керек. Яғни, баланың отбасында, мектепте, ұжымда болған мәселелерін және әлеуметтік-тұлғалық-эмоционалдық ауытқушылықтарның туу себептерін айқындайды. Осы реттегі басты іс-әрекет түрлеріне: жеке кеңес беру, жағымсыз эмоционалды мәні бар жағдайлардың мақсатын анықтауда балаларды жаттығу топтарына ендіру, қақтығыстық жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдері мен әлеуметтік дағдыларға үйрету. Осындай жұмыстар бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнауында да маңызды орын алады. Агрессивті мінез-құлықтағы балалармен эмоционалды жағдайын жедел түрде диагностикалау, мәселесінің себебін анықтау, «МЕН-концепциясымен» жұмыс жасалады.
57.Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз.
Тоқсанға арналған жұмыс жоспары:
Айы Жұмыстың мазмұны Жүргізу формасы Кім жүргізеді
Қыркүйек 1-2апта“ құқық бұзушы және жас ерекшеліктерінде кездесетін қиындықтар”.
3-4аптаСабақ барысында тәртіпсіз оқушыларға жеке баппен қарау. Лекция Психолог
Қазан 1-2апта Мінездің акцентуациясын зерттеу.
3-4апта Коммуникациялық дағдыны дамыту Тестілеу
Тренинг - // -
қараша 1-2апта“ Құқық бұзушы балалармен” жұмыста тұлғалық бабын табу. Топтық кеңес - // -
Құқықтықбілім беру – адамныңқұқықтықсанасынқалыптастырумақсатындаорындалатынқұқықтықтәрбиеніңнегізгіықпалетушіәдісі.Нақтыайтсақ, құқықтықбілім беру арқылыжасөспірімқұқықтыұғынадыжәнеоныңсанасықалыптасып, дамиды.Құқықтыұғынуменқоса, тұлғанызаңдықұрметтеуге, қорғауға, орындауғадағдыландыру мен заңныңәділдігінесендіру- құқықтықсананыңнегізгібелгілері.Аталынғанбелгілероқушылардықұқықтықтәрбиелеунегізіндеотбасынанжәнемектептабалдырығынанбастапжүзегеасады.Есейгенадамғақарағандасанасы мен мінез-құлқыжаңаданқалыптасабастағанжасөспірім- тәрбиеніңқолайлыобьектісіболыптабылады
Құқықтықмәдениеттіңнегізгібелгілері: заңнормаларынбілу, заңнормаларынорындау: қоғамдықтәртіпті; заңнормаларынбұзбау; заңкүшіне сену жәнет.б.. Құқықтықмәдениетідамығантұлға-құқықтықмемлекеттіңүлгіліазаматыболады.Құқықтықтәрбие беру арқылыжастардыөзқұқықтарынпайдаланып, азаматтықміндеттерінорындайотырыпқоғамдаөмірсүруге, заңдар мен ережелерді  тәжірибедебелсендіқолданабілугеүйреТугеболады
А.С.Макаренконың: «анағұрлымқиынтиетінқайтатәрбиелеужұмысынаоралмауүшін, әуелдендұрыстәрбиеберугетырысукерек» дегенпікірінұмытпағанжөн.
Құқықтықтәрбиеберудіңнегізгімақсаты – оқушылардақұқықтықмәдениет пен құқықтықәрекет-қылыққалыптастырып, олардықұқықтықзаңдылықталаптарынтүсінугеәрімойындауғабаулу.Құқық пен тәрбиеніңөзарабайланыстыәрекетінегізіненжанаматүрдетәрбиегеараласқаната-аналар мен ұстаздарарқылыіскеасырылады.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялардың, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер және т.б.
 Оқушылар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша  көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекеттіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.
58. Оқуында қиындығы бар оқушыларға психологиялық – педагогикалық көмек берудің әдіс – тәсілдерін көрсетіп, талдаңыз.
Оқуында қиындығы бар балалардың оқу мәселелері
1.Үлгермеушілік себептерінталдау.
2.Педагогикалық бағаның психологиялық талдауы.
3.Танымдық мотивациялардың ( түрткілердің) диагностикасы мен дамуы.
4.Танымдық үрдістердің диагностикасы мен дамуы.
5.Мектептік үрейдің диагностикасы мен коррекциясы.

Жаңашыл психологиядағы психодиагностикалық әдістер өздерінің сапасы бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: Формализденген әдістер зерттеудің нақты риламенттік процедурасына (инсрукциясы нақты сақталған, материалды белгілі әдістермен шешу) стндартизация (нәтижені бағалаудың басқа нормаларын немесе критерилердің болуы) сенімділік пен нақтылық кіреді. Бұл әдістер аз уақыт ішінде дигностикалық ақпаратты алуға, индивид пен адамдарды саналы салыстыруға мүмкіндік береді.
1. Тест – (ағылшын тілінен аударғанда «тексеру, дайындау» деген мағынаны білдіреді.) бұл стандартталған қысқа, көбіне уақыт бойынша шектелген бақылау. Сандық және сапалық айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.
2. Сауалнама – психодиагностиканың бұл әдісінде тапсырма сұрақ пен ойлар түрінде беріледі. Бұл әдіс зерттелушінің сөздерінен ақпарат алуға негізделген. Сауалнамалар диагностикалық инструменттердің ішіндегі ең көп таралған түрі болып есептелінеді.
3. Психофизиологиялық әдістер – ол адамның табиғи ерекшеліктерін диагностикалайды. Бұл әдістің айырмашылығы анық теориялық негіздері бар. Бұл әдіс көбіне мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолданылады.
4. Аппаратуралық мінез-құлықтық әдістің көмегімен қарапайым психикалық қызметтерді (мысалы, теңдік) және жүйке жүйесінің қасиеттерін диагностикалауға болады. Сол сияқты диагностикалық аппаратуралалық диагностика арқылы психологиялық сәйкестілікті жүзеге асыруға болады. Аппаратуралық әдістерде белгілі бір кәсіби қабілеттерді диагностикалау үшін тест-тренажерлер бар.

Ал, аз формализденген әдістер клиент туралы құнды мәліметтер береді. Соған қоса, аз формализденген әдістер көп еңбекті қажет етеді. Мысалы, бақылау бірнеше айға созылуы мүмкін.
1. Бақылау – психодиагностикалық ежелгі әдіс. Ол арқылы адам туралы ауқымды ақпарат алуға болады. Ол стандартталған процедуралар белгісіз, анық емес кезде қажет. Бақылау жүргізген кезде келісушілік немесе адамның өзінің қатысуының басқа формасы керек емес. Бақылау – белгілі бір мақсат қойып обьектіні әдійі қабылдау. Психологияда бақылау кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын, психикасын жүйелі жоспарлы түрде бақылайды.
2. Контент-анализ – («контент» сөзі құжаттың мағынасы деген түсінікті береді) құжаттардағы зерттеп отырған құбылыс немесе процес жайлы сандық мәліметтерді жинау әдісі. Ол түрлі әлеуметтік зерттеулерде соның ішінде әлеуметтік психологияда кең қолданылады. Контент-анализдің мақсаты – құжат мәтінінің негізінде нақты адамдар мен құбылыстар туралы, олардың әлеуметтік-психологиялық қасиеттері туралы қорытынды жасау.
3. Рөлдік ойын - оқытушылық іс-әркетті ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжірибесі арқылы білім, дағды қалыптастыру мүмкіндіктерінің жүйелі түрі. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың жеңіске жету немесе жеңілуін айқындайтын іс-әрекет. Іскерлік немесе рольдік ойын біртұтас әрекет ретінде сипатталатын қарым-қатынас жүйесінің бейнесі, маманның болашақ кәсіптік әрекетінің пәндік және қоғамдық мазмұнының қалыптасу формасы ретінде көрініс табады.
Іскерлік, рольдік ойындарда таңбалық құралдар (тіл, сөйлеу, графика, кесте, құжаттар) көмегімен шынайы мәндік негізге сәйкес кәсіби орта қалыптасады. Сонымен қоса мұнда біркелкі, әрі уақыт аясына сай жоспарланған жағдаяттар туындайды.
4. Эксперимент – бұл әрекет етушінің және эксперимент жүргізушінің бір-бірімен қарым-қатынасы. Әрекет етуші өзінің өмірін тәжірибесімен, мотивімен экспериментаторға келеді. Зерттеушінің нәтижесі тұлғалық эксперимент қарым-қатынасынан көрінеді. Эксперименттік әдістің артықшылығы – бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Экспериментатор өзіне қажетті үрдісті өзі тудырады.
59. Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырыңыз,талдау жасау.
Қиын баламен жұмыс.
Әлеуметтік педагог ең бірінші мінезі қиын баламен жұмыс жасағанда баланың ата-анасымен әңгімелесу қажет. Ата-анасымен әңгімелесу барысында әлеуметтік педагог отбасының жағдайын, тұрмыс тіршілігін, балаға қаншалықты уақыт бөлетінін анықтап алу бірінші қадам.
Екінші қадам-мұнда әлеуметтік педагог баланың ата-анасымен әңгімелесе отырып баланың арласатын ортасын, достарын анықтап алу.
Үшінші қадам мектепте отбасы тарапынан жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарына белсене араласуын өтіну (ата-аналар жиналысы т.б.)
Төртінші қадам- Бала үшін өнегелі құқықтық құнды-
лықтар ата-анасының бойынан табылады. Сол себепті ата-ана баласы үшін өнегелі тұлға болуы қажет.
Қиын жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуының маңызды факторы отбасындағы жағымсыз жағдайлар болып табылады. Əке мен ананың бала тəрбиелеу əдістеріндегі ымырасыздығы жасөспірімге не жақсы, не жаман, нақты жағдайда кімдікі дұрыс,ата-ананың қайсысына сену қажет, кімді тыңдау керек екендігін дұрыс ұғынуға кедергі жасайды.Ата-анаға деген абырой мен сый-құрметті жазғырумен немесе жанашырлық сезімге шақырумен қалыптастыра алмайды. Бедел байыпты, парасатты, адал жолмен жүзеге асқан қарым-қатынас
нəтижесінде бірте-бірте өседі. Жасөспірімдер ата-анасының
сөздері мен іс-əрекеттерін олардың кəсіби дəрежелері мен білім
деңгейлерімен салыстыруға бейім. Жасөспірімдік кезеңде ата-аналардан ерекше психологиялық түйсік пен педагогикалымəдениет талап етіледі. Бұл ата-анаға жасөспірімдермен өзарақарым-қатынас сипатын дер кезінде өзгертіп, жасөспірімдерге өмірлік тəжірибесі мен өзінің біліктілігінің арқасында олардың
өздері дұрыс шеше алатын мəселелерге қатысты іс-əрекеттеріне еркіндік беру қажет. Ата-аналар мен жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынас
сипаты олардың қарым-қатынасының өмірлік болашағына қатты əсер етеді. Үлкендер балалардың орнына бірдеңені жиі жасай салуға тырысады не бəрін жасай салады немесе олардың іс- əрекетін, əр қадамын қадағалап, кірісіп отырады. Бұндай жағдайдажасөспірімде таңдау болмайды, оларға өз бетінше шешім қабыл- даудың қажеті жоқ болады. Осыдан өмірде кездесетін əр алуан
жағдайлармен бетпе-бет келгенде дəрменсіздік, тұрақсыздық пайда болады. Жасөспірімнің мінез-құлқын анықтайтын негізгі мотив, өз ісінің дұрыстығын дəлелдеуді қалау бұндай тыйымдар атмосферасында жүзеге аспай қалады. Осының кесірінен өзарақарым-қатынас босаңсып, тіпті нашарлап кетуі мүмкін. Ата-аналаржасөспірімдердің өздерінің пікірін елемеуін, олардың нұсқауына
қарсы əрекет етуін, олардың бақылауына қарсылық көрсетуін
байқайды. Психологиялық шиеленісушілік атмосферасы, отбасында кикілжіңдердің жиі болуы балаға қатты əсер етеді жəне жиі бірден теріс əсер етеді. Бұндай күйде балалар ықпалға тез көнеді, өйткені олар ішкі күйзелісінен арылуға тырысады. Отбасындағы сəтсіз жағдайлар əртүрлі болады — ұрыстар мен өзара түсініспеу-шіліктер, жасөспірімге деген ата-ана мейірімінің жетіспеушілігі.
60 Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
Әлеуметтік ауытқулар - ұқсас әлеуметтік жағдайларда белгілі бір бұқаралығымен, тұрақтылығымен және жайылушылығымен сипатталатын әлеуметтік нормалардың бұзылуы. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік - ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермей-ді, керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге келеді. Девиантты мінез- құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық іс-шаралар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру.

Приложенные файлы

  • docx 26448196
    Размер файла: 159 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий