Осы документтен кейбир сурактарга жауап бар


№ 1 емтихан билеті
1.Билік туралы ұғым. Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей эр түрлі тәсілдері бар: Телеологиялық (гр.сөзі teleos — мақсат + logos -түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті өлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ыкдалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді Билікті еріктің, жігердің көрінуі ретінде түсіну. Бұл тәсілде биліктік ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады, және субъект субъектілік катынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін.
2. Сайлау жүйелерінің жіктемесі. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді); қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
3.Билік заңдылығының үлгілері. Билік заңдылығы мен тиімділігінің арақатынасы. Билік заңдылығы немесе легальдылығы - Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. Билік заңды болып егер де халық тарапынан ресми мойындалған және заңды жолмен билікке қол жеткізген болса мойындалады. Билік легальдылығы бірден танылған және уақыт өткен соң танылуы мүмкін. Билік заңдылығы мен заңдастырудың мынадай үлгілері бар:
Сайлау арқылы билікке қол жеткізу;
Төңкеріс нәтижесінде билікке қол жеткізу, бұл жағдайда билік белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана заңды болып танылады.
Авторитарлы режимдер үшін билікті заңдастыру процессі.
Билік заңдылығы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс бар. Заңсыз билік халық тарапынан қарсылық пен наразылық тудырып отырады, сол себептен оның жүзеге асу жолдары мен тиімділігі айтарлықтай қиыншылықтарға тап болады.
№ 2 емтихан билеті
Басшылық және бағыну, бағыну себептері.
Адам өзінің табиғатына байланысты билікке қол жеткізуге, басқа адамдарға басшылық жасауға ұмтылады. Сол себепті басшылар мен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас тек саяси ғылымдарда емес, өзге маңызды ғылым салаларының да зерттеу объектісі болып табылады. Басшылық қатынастарын зерттеген көрнекті ғалым Макс Вебер бағынудың мынадай себептерін көрсеткен болатын:
Басшылықтың беделі мен мәртебесіне орай бағыну;
Күш қолданудың тікелей қаупі;
Ресми жолдармен танылған басшылыққа заңды бағыну.
Сонымен, басшылық пен бағынушылар арасындағы қарым-қатынас ертеден келе жатқан адамдар арасындағы дәстүрлі қатынастардың бір түрі. Дегенмен, бұл қатынастар кез келген қоғамда орталық рөл алады және онсыз адами қатынастарды елестету мүмкін емес.
Биліктің ресурстары мен түрлері. Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу,демографиялық.Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратурақұрайды.Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.
Посткоммунистік және посткеңестік демократиялық транзиттер.
Демократиялық транзиттер – бір елдің белгілі бір саяси режимнен (тоталитаризм, авторитаризм) демократиялық режимге өту процесстерінің жалпы жиынтығы. Бұл термин бұрынғы КСРО және социалистік лагерь елдерінің демократиялық тәртіпке өту процесстерін сипаттау үшін енгізілген термин болып табылады.
Жалпы, посткоммунистік және посткеңестік елдердегі демократиялық ахуал – әлсіз және бағытталмаған болып есептеледі. Аталған елдердің көпшілігінде авторитарлы режимдер билікке келіп, демократиялық үрдістер стагнацияға ұшыраған болатын. Демократиялық ахуалдың кең етек алуы айталық Шығыс Еуропа елдері мен Украинада кеңінен етек алды деп айтуға болады.
№ 3 емтихан билеті
Саяси билік туралы ұғым. Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей эр түрлі тәсілдері бар: Телеологиялық (гр.сөзі teleos — мақсат + logos -түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті өлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ыкдалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді Билікті еріктің, жігердің көрінуі ретінде түсіну. Бұл тәсілде биліктік ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады, және субъект субъектілік катынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін.
Билік қоғамдағы қарым-қатынастарды басқару және реттеу құралы.
Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.
Билік – қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлі құралы. Билік қоғамның ұдайы дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Билік адамдар арасында саяси, әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынастарды басқарып отырады және олардың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Теориялық саясаттанудағы авторитарлық және тоталитарлық режимдерді салыстыру.
Авторитарлық саяси режимдер – барлық атқарушы билік тек бір адамның қолында шоғырланған саяси режимнің бір түрі болып табылады. Авторитаризмнің бір ерекшелігі – демократиялық құндылықтар мен адам құқықытары ресми мойындалады, демократиялық қайта құруларға жол ашылады алайда билік басында дәстүрлі ескі басшылар қалып, элита ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.
Тоталитарлық саяси режимдер - деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. 
Көпшілік жағдайда авторитаризм демократия мен тоталитаризм арасындағы өтпелі билік формасы ретінде танылады және бір режимнің екінші режимге өтудың заңды процессі болып саналады.
№ 4 емтихан билеті
1. Саяси билік ерекшеліктері. Саяси биліктің маңызды қырлары: адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші субъектілер мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату; адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті; нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру мүмкіндігі; түтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мүндай мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды. Саяси биліктің ерекшеліктері:
-          Ол- адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады да, қоғам сол тап мүддесі тұрғысынан басқарылады.
-           Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық- саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі.
-           Саяси биліктің ерекшелігі- арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.
2.Билік қорлары. Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу,демографиялық.Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратурақұрайды.Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.
3.Демократиялық транзиттерді зерттеудегі негізгі көзқарастар.
Демократиялық транзиттер – бір елдің белгілі бір саяси режимнен (тоталитаризм, авторитаризм) демократиялық режимге өту процесстерінің жалпы жиынтығы. Бұл термин бұрынғы КСРО және социалистік лагерь елдерінің демократиялық тәртіпке өту процесстерін сипаттау үшін енгізілген термин болып табылады.
Демократиялық транзиттерді зерттеудегі негізгі көзқарастар батыстық және ресейлік болып жіктеледі. Батыстық көзқарас бойынша, посткоммунистік елдердегі демократизация толқындары жеткіліксіз және шын мәнінде демократия бұл елдерде жоқ. Батыстық жіктеме бойынша бұл елдер авторитарлы болып саналады. Ресейлік көзқарас бұл мәселеге ресейлік саяси жүйе тұрғысынана қарап, осы елдердегі демократизация мәселелерін жүзеге асқан болып есептейді.
№ 5 емтихан билеті
1.Саяси билік функциялары. Билік функциялары оның әлеуметтік қажеттілігі мен мәнін бейнелейді. Биліктің функциялары:
Ұйымдастырушылық функциясы. Билік адамдар қауымдастығын белгілі бір тұтастыкқа ұйымдастырады. Ол осы қауымдастық өзінің тіршілік әрекетін іске асыратын әлеуметтік кеңістікті қалыптастырып, қауымдастық агенттері арасыңдағы әлеуметтік қатынастардың дамуы мен олардың қажеттіліктерінің канағаттануына қолғабыс етеді.
Идеологиялық функция. Адамдардың тіршілік етуі саналы процесс болғандықтан, билік бірігіп тіршілік етудің керек екенін жөне қауымдастықта төртіпті сақтаудың, оның тіршілік әрекетінің перспективаларын айқындаудың мәнін теориялық тұрғыда негіздейді. Адамдар қауымдастығында іргелілігі мен қажеттілігіне орай билік бағалайтын саяси кұндылықтар бар.
Мәжбүрлеу, көндіру функциясы. Биліктің бұл функциясы "агрессивтілігімен" сипатталынады, ол мақсатты жөне бағынушыдан белгілі бір реакцияны талап етеді, өзінің еркін таңа отырып, шектеулер қою арқылы оның жүрістұрысын нормалайды. Мәжбүрлеу, көндіру үшін билік жазалау, сондай-ақ марапаттау сияқты ықпал ету құралдарын пайдаланады.
Келісім функциясы. Бұл функция биліктің маңызды функцияларының бірі. Билік төреші рөлін орындай отырып, дербес орган ретінде субъект-субъектілік қатынастар жүйесінде әрекет етеді.
Басқару функциясы. Бұл функция біріктіруші сипатқа ие. Ол белгілі бір дәрежеде жоғарыда аталып өткен функциялардың барлығын қамтығанымен, олардың бірдебіреуіне жатпайды. Олар тұтастай басқару процесінің сәттері, тараптары ретінде байқалады. Билік — басқарудың өзегі, басқару жауапкершілігін көтеретін оның белсенді әрі әрекетшіл бастамасы.
2. Демократия үлгілері. Демократия - алғашында классикалық  либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия - халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
3.Федеративті мемлекеттік құрылыстардың қазіргі заманғы үдерістері.
Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордыңрөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:
территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика);
ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);
аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария).
Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу.[1]№ 6 емтихан билеті
М.Вебердің саяси билік туралы теориясы.
Макс Вебер – ХІХ ғасырдың көрнекті неміс саясаттанушысы әрі әлеуметтанушысы, ғалым, философ. Оның билікке деген көзқарасы және билік негіздемесі «саясат кәсіп және өнер ретінде» атты еңбегінде білдірілген болатын. Вебер бойынша кез келген биліктің басты ресурсы – күш қолдануға монополия. Вебер билікті адамға табиғатынан тән құбылыс ретінде түсіндіруге тырысқан. Вебер пайымдауынша, билікке қатысуға және билік етуге деген ұмтылыс кез келген адамның қозғаушы күші болып табылады.Сонымен қатар, Вебер билікті 3 тармаққа бөлген ғалымдардың бірі болатын. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті үш түрге бөлді. 1) харизматикалық; 2) дәстүрлік; 3) бюрократты. Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы. Осыдан барып “бюрократизм” деген ұнамсыз ұғым пайда болды. Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу. Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтардың кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.
Теориялық саясаттанудағы өтпелі режимдер жіктемесі. Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары. Түрлері: Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.
Саяси билікті жүзеге асырудың түрлері мен тәсілдері.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау,күштеу арқылы жүзеге асырылады.
Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстары деп атайды. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:
-          экономикалық (материалдық қажеттіліктер)
-          әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)
-          күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)
-          ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)
-          демографиалық (адам- ең түпкі құрал)
№ 7 емтихан билеті
1.Саяси мәдениет түрлері және саяси режим. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады; "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады; "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары. Түрлері: Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.
2.Биліктің үлгілері немесе билік негіздемесі.
Биліктің тарихи қалыптасқан мынадай типтері бар:
Монархия;
Республика
Монархия [1] (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф,король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты. Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды
Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас.
3.Авторитарлық режимнің бүгінгі көрінісі.
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамғадейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмгеұласады.
№ 8 емтихан билеті
1.Билік түсінігі, құрылымы және агенттері. Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану,саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі
.Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет еді:1.Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.2.Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.3.Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
2.Авторитарлық режимнің түрлері. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. 
Диктатура (ағылш. dictatorship; нем. Diktaturf; лат. dictatura < dictatus — жазылып қойған)
Ежелгі Римде - уәкілеттілік, билік немесе диктатордың билік жүргізу уақыты
Көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік. Диктаторлық басқаруды орнату, әрекет етуші биліктің экономикалық, әлеуметтік базасыныңтарылуы, басқарушы саяси құрылымдардың қоғамды тиімді басқаруға қабілетсіздігі, қоғамды тұрақсыздандыруға апарып соғып, тұрғын халықтын, сенімін жоғалтатын қоғамдық қайшылықтардың асқынуы нәтижесінде жүзеге асады. Диктатура биліктің бөлінуінің жоктығымен, азаматтық қоғамды тұншықтыруымен, кезкелген түрдегі азаматтық бағынбаушылықты террор (лаңкестік) жолымен жоқ етуге және шексіз билікті пайдаланатын адамның, диктатордың қолына барлыкбилікті шоғырландырумен сипатталады.
Теократия - [ гр. theos - құдай, kratos - билік] - саяси билік шіркеу басшысының, дін басының қолында шоғырланатын басқару түрі.
Посттотаритарлық режим политический режим, эволюционирующий от Тоталитаризма к Демократии; то же, что Авторитаризм3.Саяси билік адамдарды біріктіретін құрал іспетті.
Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.
Билік – қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлі құралы. Билік қоғамның ұдайы дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Билік адамдар арасында саяси, әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынастарды басқарып отырады және олардың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
№ 9 емтихан билеті
Билік тармақтары.
Билiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік органдар тиесілі билік түрін өз өкілеттерінің шегінде, өзге факторлардың ықпалынсыз жүзеге асыруға тиіс. Жалпы, билікті тармақтарға бөлу — көне замандарда пайда болған саяси-құқықтық қағида. Соған сәйкес “мемлекеттік билік” ұғымының өзі бір-біріне тәуелсіз органдар жүзеге асыратын әр қилы билік жүргізу қызметтерінің (заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері) жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Ежелгі және орта ғасырлардағы ойшылдардың (Аристотельдің, Марсилий Падуанскийдің, т.б.) билікті тармақтарға бөлу идеясын 18 ғасырдың орта шенінде Ш. Монтескье (1689 — 1755) дербес ілім ретінде дамытты. Маркстік-лениндік теория “мемлекеттің таптық болмысына” қайшы құбылыс ретінде билікті тармақтарға бөлу ілімін теріске шығарды, соның салдарынан бұрынғы КСРО-да және марксшіл-лениншіл уағызға ұйыған т.б. елдерде тоталитарлық тәртіп үстемдік құрды.
Қазақстанда билікті тармақтарға бөлу принципі елдің конституциялық құрылысы негіздерінің бірі ретінде жүзеге асырылады. Мәселен, ҚР Конституциясының 3-бабында “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады” делінген.
2.Теориялық саясаттанудағы саяси режимдер жіктемесі. Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары. Түрлері: Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.
3.Теориялық саясаттанудағы авторитарлық және тоталитарлық режимдерді салыстыру.
Авторитарлық саяси режимдер – барлық атқарушы билік тек бір адамның қолында шоғырланған саяси режимнің бір түрі болып табылады. Авторитаризмнің бір ерекшелігі – демократиялық құндылықтар мен адам құқықытары ресми мойындалады, демократиялық қайта құруларға жол ашылады алайда билік басында дәстүрлі ескі басшылар қалып, элита ешқандай өзгерістерге ұшырамайды. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар менидеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.
Тоталитарлық саяси режимдер - деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. 
Көпшілік жағдайда авторитаризм демократия мен тоталитаризм арасындағы өтпелі билік формасы ретінде танылады және бір режимнің екінші режимге өтудың заңды процессі болып саналады.
№ 10 емтихан билеті
Билік легитимділігі. "Легитимділік" термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды. "Легитимділік" терминін тарихи тұрғыда 1830 ж. Франциядағы шілде революциясы кезеңінде пайда болған легитимистер партиясының іс-әрекеттерімен байланыстырады. Олар 1789-1794 жж. революциялар нәтижесінде биліктен аластатылған ФранциядағыБурбондар династиясының идеяларын заңды және қажетті деп танып, оны заңды билік ретінде қайта жаңғыртуды ұсынған еді. Аталмыш ұғым саяси дағдарыстар, биліктік құрылымдардағы түпкілікті өзгерістер, биліктің ауысу жағдайларында және осы жағдайлардағы билік өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі пайда болғанда, олардың зандылық дәрежесі күмән тудырғанда ерекше өткір саяси мәселеге айналады. Яғни билікті тартып алу, оны заңсыз жаулап алу және басып алушының өз еркін тану тенденциясы пайда болады. Кандай билік болмасын өзінің заңды екендігін қорғайды. Билік легитимациясы — азаматтарға тікелей ықпал ету актісі емес, ол — осы билікті мойындайтын қоғамдық келісім деңгейінде заңды әлеуметтік-саяси ортаны қалыптастыру процесі. Легитимацияның актілері биліктің, оның шешімдері мен іс-әрекетінің маңыздылығы туралы қоғамдық пікірді қалыптастыратын идеологиялық, саяси, құқықгық іс-әрекет болып табылады. 
Авторитарлық режимнің түрлері.
Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. 
Диктатура (ағылш. dictatorship; нем. Diktaturf; лат. dictatura < dictatus — жазылып қойған)
Ежелгі Римде - уәкілеттілік, билік немесе диктатордың билік жүргізу уақыты;[1]Көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік. Диктаторлық басқаруды орнату, әрекет етуші биліктің экономикалық, әлеуметтік базасыныңтарылуы, басқарушы саяси құрылымдардың қоғамды тиімді басқаруға қабілетсіздігі, қоғамды тұрақсыздандыруға апарып соғып, тұрғын халықтын, сенімін жоғалтатын қоғамдық қайшылықтардың асқынуы нәтижесінде жүзеге асады. Диктатура биліктің бөлінуінің жоктығымен, азаматтық қоғамды тұншықтыруымен, кезкелген түрдегі азаматтық бағынбаушылықты террор (лаңкестік) жолымен жоқ етуге және шексіз билікті пайдаланатын адамның, диктатордың қолына барлыкбилікті шоғырландырумен сипатталады.
Теократия - [ гр. theos - құдай, kratos - билік] - саяси билік шіркеу басшысының, дін басының қолында шоғырланатын басқару түрі.
Посттотаритарлық режим политический режим, эволюционирующий отТоталитаризма к Демократии; то же, что АвторитаризмПосткеңестік елдердегі партиялық жүйелерді салыстыру.
посткеңестік елдердегі партиялық жүйелердің қалыптасуына бірнеше фактор әсер етті. Ең бастысы, қайта құру кезінде, 80-жылдардың соңында көптеген саяси партиялар клубтық негізде пайда болды. Яғни сол кездегі көптеген қоғамдық ұйымдар бастапқыда саяси пікірталас клубтар негізінде құрылып, кейіннен партияларға айналды.
Ал біздегі партиялардың бірден үлкен қолдауға ие бола алмай, ірі саяси күшке айналып кетпеуінің себебі - Қазақстанда ірі әлеуметтік-саяси қозғалыстар болған жоқ. Сол кездегі көпшіліктің қолдауына ие болған қозғалыстардың ең беделділері «Невада-Семей» саяси емес, экологиялық сипатта болса, «Азаттың» мақсаты тәуелсіздік болғандықтан, КСРО ыдырағаннан кейін оның да ықпалы азая бастады. Ал енді КСРО-ның басқа республикаларында, әсіресе Балтық жағалауы елдерінде билікке келген партиялардың көпшілігі әлеуметтік-саяси қозғалыстардың негізінде құрылды.
Екіншіден, бізде нарықтық жағдайға байланысты әлеуметтік жіктеліс күшейгенімен, әлі күнге дейін әлеуметтік топтардың идеологиясы қалыптасқан жоқ. Оны саяси партиялар қалыптастыруы керек. Олар қалыптастыра алмағандықтан, өздеріне әлеуметтік тірек таба алмай отыр. Мысалы, Англиядағы лейбористер, Германияның социал-демократиялық партиясы жұмысшы қозғалысының негізінде пайда болғандықтан, әлі күнге солардың мүддесін көздеп, солардың көмегіне сүйенеді.
Үшіншіден, басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда әлеуметтік-саяси қозғалыстардың кең қанат жаймай қалуы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін қоғамдық ұйымдарға қысым жасалуына байланысты. Ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономика бірінші орынға шығып кетті де, саяси мәселелермен айналысуға ешкім құлықты бола қойған жоқ. Соның салдарынан бізде әлеуметтік мақсаттары әлі де айқын емес партиялар бар. Мысалы, Ресейде кешегі кеңестік кезеңдегі әлеуметтік теңдікті, нарықтық қатынастардың кері әсерін дәлелдеуді мақсат еткен ұлтшыл-патриоттар қозғалысы бар. Сол идеяны насихаттайтын ұсақ ұйымдар да бар. Ал олардың арасынан лидер болып ашық саясатқа шығып отырған - коммунистік партия. Дәл сол сияқты либералды құндылықтарды көксейтін көптеген әлеуметтік топтар қалыптасқан. Ал олардың мүддесін қорғап отырған бірнеше партия бар. Сондықтан Ресейде бірнеше көзқарастағы топтардың мүддесін қорғайтын партиялар лайықты бәсекелестікке ұмтылып отыр. Сонымен қатар партияның әлеуметтік базасы болуға тиіс жұмысшы күштері тәуелсіздіктің алғашқы жылдары селдіреп қалды. Зауыттар, кәсіпорындар өз қызметтерін тоқтатқаннан кейін онда істеген орыстардың көбі Ресейге қоныс аударды.
№ 11 емтихан билеті
Саяси партияларға теориялық талдау.
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
2. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. 
Диктатура (ағылш. dictatorship; нем. Diktaturf; лат. dictatura < dictatus — жазылып қойған)
Ежелгі Римде - уәкілеттілік, билік немесе диктатордың билік жүргізу уақыты;
Көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік. Диктаторлық басқаруды орнату, әрекет етуші биліктің экономикалық, әлеуметтік базасыныңтарылуы, басқарушы саяси құрылымдардың қоғамды тиімді басқаруға қабілетсіздігі, қоғамды тұрақсыздандыруға апарып соғып, тұрғын халықтын, сенімін жоғалтатын қоғамдық қайшылықтардың асқынуы нәтижесінде жүзеге асады. Диктатура биліктің бөлінуінің жоктығымен, азаматтық қоғамды тұншықтыруымен, кезкелген түрдегі азаматтық бағынбаушылықты террор (лаңкестік) жолымен жоқ етуге және шексіз билікті пайдаланатын адамның, диктатордың қолына барлыкбилікті шоғырландырумен сипатталады.
Теократия - [ гр. theos - құдай, kratos - билік] - саяси билік шіркеу басшысының, дін басының қолында шоғырланатын басқару түрі.
Посттотаритарлық режим политический режим, эволюционирующий отТоталитаризма к Демократии; то же, что Авторитаризм3. Саяси режимдерді өлшеу.
Саяси режим — саяси билікті жүзеге асырудын түрі, формасы, әдістері, онын салаларын ұйымдастыру кағидалары. Түрлері: Демократия – сөзі (гр. demos –халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.
№ 12 емтихан билеті
1. Демократия теориялары және түрлері. Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
2. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену теориялары. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады; "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады; "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Саяси әлеуметтену - қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси әлеуметтенудің мақсаты - жеке түлғаның азаматтық өзін-өзі ұқсатуы. Ғылыми айналымға "саяси әлеуметтену" ұғымын 1959 ж. Г.Хаймен енгізген.
Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орны, саяси ұйым, ұжым сияқты өмірдің сан саласының ортасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Ол тәрбие, үлгі-өнеге, саяси насихат, өмір салтының ықпалын және өзінің саяси тәрбиесі арқылы іске асады. Оның қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіптің сипаты, топтың, таптың, үлттың өзгешіліктері және т.с.с. әсер етеді.
3.Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру: мониторинг және баға беру.
Мемлекеттік саясат - мемлекетпен әрбір қоғамдық-экономикалық салада жүзеге асырылатын шаралардың жиынтығы. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиісті салаларда министрліктерге, агенттіктерге мен ведомстволарға, ал жеке өлкелерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктелген. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процессінде мониторинг және баға беру маңызды орын алады, себебі ұдайы мониторинг пен талдау жүргізу кез келген саланың қызмет етуінің кепілі болып табылады. Мониторинг- тұтас объектінің жағдайы\ іс-әрекеті туралы түсінікті қалыптастыру үшін жүргізілетін белгілі бір маңызды қасиеттер мен өлшемдерге жасланатын талдау, сақтау, ақпаратты жинау мен тіркеудің жүйесі. Басқаша айтқанда, мониторинг- маңызды қасиеттер мен сипаттамаларға талдау жасау арқылы объектіні зерттеу. Мониторинг жүйелі түрде ақпаратты жинау мен өңдеуге негізделеді, оның басты мақсаты – саясатқа, бағғдарламаларға баға беру немесе үдерістерге қатысты тенденцияларды айқындау. Мониторинг 3 негізгі ұйымдастырушылық функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді.
•Қоршаған орта жағдайындағы өзгерістер мен алуан түрлі факторлардың ықпалын зерттейді;
•Саясат пен бағдарламалар арсындағы байланысты анықтайды және оны нығайтады
№ 13 емтихан билеті
1.Демократизация үрдістері: теориялары мен индекстері.
демократизация [ көне грекше: δῆμος — халық және көне грекше: κράτος - билік ] - демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер. 1990-шы жылдардың басында саяси ғылымда"демократизация толқындары" деген жаңа ұғым енді. Ол еларалық кеңістікті - демократиялық процесс уақытын көрсетеді. Демократиялық процесс толқындары теориясын жасауда және оны талдауда С. Хантингтонның қосқан үлесі зор. 1991 жылы жарияланған "XX ғасырдың соңындағы демократизацияның үшінші толқыны" атты монографиясында ол қазіргі әлемде жүріп жатқан өзгерістерді толықтай көрсетіп, тоталитаризм мен авторитаризмнен демократияға өту жолдары мен алғышарттарын талдады. Бүл еңбекте Хантингтон "демократизация толқындарына" келесідей анықтама береді: "демократизация толқыны дегеніміз - демократиялық емес тәртіптегі елдердің демократиялыққа өту кезеңдері".
Демократия индексі — Economist Intelligence Unit демократия деңгейі бойынша әлемнің 167 елін санаттау.
Санаттау кезінде 5 санатқа жататын 60 түрлі көрсеткіштер ескеріледі: сайлау мен плюрализм, азаматтық бостандық, Үкімет қызметі, халықтың саяси алуандығы мен саяси сауаттылығы. индекс алғашқы рет 2007 жылы жасалды, ал 2008 және2010 жылдары толықтырылды.
Тату Ванханен демократия индексі. Жоба шеңберінде шыққан еңбектер: «Демократияның пайда болуы», «Демократизация үдерісі», «Демократия келешегі». Басты фактор- қоғамдағы ресурстарды бөлу. Автократия: ресурстардың бір топтың қолында шоғырлануы, демократия:әрбір топтар арасында ресурстардың бөлінуі.
2.Сайлау жүйелерінің жіктемесі. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді); қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
3.Посткеңестік елдердегі федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылысына талдау жасау.
федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:
территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла,Бразилия, Мексика);
ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);
аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария). Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтасУкраинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін.
№ 14 емтихан билеті
1.Басқару түрі: түсінігі және жіктемесі. Басқару түрi- жоғары мемле¬кеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі белгілі: монар¬хия және республика. ‘’Монархия’’ - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басы – монарх - әдетте билікке мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлаушыларға бағынышты емес. Монархияның екі түрі бар: абсолютті және конституциялық. Бірінші түрінде мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші түрінде монарх билігі мем¬лекетКонституциясымен шектелген. Кейбір жағдайларда ол заңшығарушы билікке қүзыры жетпей, монарх тек өкілдік қызмет атқарады. Бүл парламенттік монархия. Басқа жағдайлар¬дамонарх атқарушы биліктің тізгінін өзі үстап, парламентке айрықша ықпал етеді: ол өз алдында жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешімдерін кері қайтару қүқына ие,парламенттің жоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі парла¬мента таратуға қүқылы. Бүл түрінде, көріп отырғанымыздай, монарх пен пар¬ламент мемлекет билігін бөліседі. Кон¬ституциялық монархияның бүл түрін дуапистік деп атау да қалыптасқан. Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік.
2.Мемлекеттік саясатқа теориялық талдау.
Мемлекеттік саясат - мемлекетпен әрбір қоғамдық-экономикалық салада жүзеге асырылатын шаралардың жиынтығы. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиісті салаларда министрліктерге, агенттіктерге мен ведомстволарға, ал жеке өлкелерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктелген. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процессінде мониторинг және баға беру маңызды орын алады, себебі ұдайы мониторинг пен талдау жүргізу кез келген саланың қызмет етуінің кепілі болып табылады.
3.Билікті бөлу, мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принцептері. Билiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу. Яғни, мемлекеттік органдар тиесілі билік түрін өз өкілеттерінің шегінде, өзге факторлардың ықпалынсыз жүзеге асыруға тиіс. Жалпы, билікті тармақтарға бөлу — көне замандарда пайда болған саяси-құқықтық қағида. Соған сәйкес “мемлекеттік билік” ұғымының өзі бір-біріне тәуелсіз органдар жүзеге асыратын әр қилы билік жүргізу қызметтерінің (заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері) жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Ежелгі және орта ғасырлардағы ойшылдардың (Аристотельдің, Марсилий Падуанскийдің, т.б.) билікті тармақтарға бөлу идеясын 18 ғасырдың орта шенінде Ш. Монтескье (1689 — 1755) дербес ілім ретінде дамытты. Маркстік-лениндік теория “мемлекеттің таптық болмысына” қайшы құбылыс ретінде билікті тармақтарға бөлу ілімін теріске шығарды, соның салдарынан бұрынғыКСРО-да және марксшіл-лениншіл уағызға ұйыған т.б. елдерде тоталитарлық тәртіп үстемдік құрды.
Қазақстанда билікті тармақтарға бөлу принципі елдің конституциялық құрылысы негіздерінің бірі ретінде жүзеге асырылады. Мәселен, ҚР Конституциясының 3-бабында “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және соттармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады” делінген.
№ 15 емтихан билеті
1.Билік принциптері, оның түрлері. Саяси билік принциптері - легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі. Саяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
2.Мемлекекттік биліктегі тепе-теңдік және тежемелік жүйесі.
Тепе-теңдік және тежемелік жүйесі – билік тармақтарын өзара сәйкестендіру және олардың арасында балансты сақтау үшін қолданылатын жүйе. Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді: атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығару-шылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.
3.Унитарлы мемлекеттік құрылыстардың қазіргі заманғы үдерістері.
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтасУкраинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония,Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
№ 16 емтихан билеті
1.Саяси биліктің түрлері. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді.1. Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі.2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық, т.с.с. болып топталады. 5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел, т.с.с. билігі болып бөлінеді.6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т.с.с. болып бөлінеді.
2.Саяси партиялардың жіктемесі. Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:
а) маманданған;
ә) бұқаралық деп жіктейді.
Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;
3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.
Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.
3.Посткоммунистік және посткеңестік демократиялық транзиттер.
Демократиялық транзиттер – бір елдің белгілі бір саяси режимнен (тоталитаризм, авторитаризм) демократиялық режимге өту процесстерінің жалпы жиынтығы. Бұл термин бұрынғы КСРО және социалистік лагерь елдерінің демократиялық тәртіпке өту процесстерін сипаттау үшін енгізілген термин болып табылады.
Жалпы, посткоммунистік және посткеңестік елдердегі демократиялық ахуал – әлсіз және бағытталмаған болып есептеледі. Аталған елдердің көпшілігінде авторитарлы режимдер билікке келіп, демократиялық үрдістер стагнацияға ұшыраған болатын. Демократиялық ахуалдың кең етек алуы айталық Шығыс Еуропа елдері мен Украинада кеңінен етек алды деп айтуға болады.
№ 17 емтихан билеті
1.Саяси партиялар мен партиялық жүйелердің дамуы. Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды."Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:1. Аристократиялық үйірмелер.2. Саяси клубтар.3. Көпшілік партиялар.Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:1.  Партия белгілі  бір идеологияны қорғайды; 2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.3.  Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:4. Әр партия өзіне халықтың  дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:1. Партия бағдарламасынын болуы;2. Саяси билік үшін күрестің болуы:3.  Партиялық тәртіптің болуы:4. Партияға мүшелік ету;5. Мүшелік жарна төлеу;6. Партияның  жарғысының болуы:7. Баспа органдарының, болуы;8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесеәлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
2,Саяси транзиттің әдіснамалық мәселелері.
3.Әр түрлі саяси режим жағдайындағы саяси қатысу деңгейі.
№ 18 емтихан билеті
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезеңдері.
2.Саяси билікті жүзеге асыру тәсілдері. Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау,күштеу арқылы жүзеге асырылады. Бедел - [лат. autoritas - билік, ықпал] - бағындыруды көздеп, нұсқаулар мен қарарларды, ережелерді енгізуін басқалардың өз еріктерімен мойындауына негізделетін субъектілердің ықпалы. Саясаттануда: 1) қандай да бір іс-әрекеттер негізінде ие болған бедел немесе қоғамда ерекше бағаланатын құндылықтарға негізделген билікті жүзеге асыру түрі; 2) күш қолданбай ықпал ету құралы; 3) бағынушылар ерікті түрде заңдылығын мойындаған билікті басқару түрі. 
Сендіру (Иландыру) — бір адамның мағынасыз түрде басқа адамның психологиясы мен қылығын белгілі дәрежеге өзгерту. Сендіру адамда қажетті қасиеттерді дамыту мақсатында, оның санасына, еркіне және сезіміне жан-жақты әсер ету.
Алдап-арбау - Қос сөздің қазіргі мағынасы — қулықпен, айламен қолға түсіру, дегеніне көндіру.
3.Президент институтының саяси үдерістегі рөлі мен орны. Қазақстан Республикасы Президенттік басқару формасындағы мемлекет болғандықтан еліміздегі президенттік институтты зерттеу, президенттік институттың дамуындағы тенденцияларды анықтау өте өзекті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесінде Президенттің атқаратын рөлі ерекше болып табылады. Конституциямыздың 40-бабының 1-тармақшасында «Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару жүйесі аз жылдардың ішінде үлкен даму кезендерін, қалыптасу уақытын бастан өткерді. Президенттік институттың елдегі демократияландыру үрдістеріне ықпалын анықтау да маңызды. Осыған орай біздің елдегі президенттік институтты жетілдіру механизмдерін жасауымыз қажет.
№ 19 емтихан билеті
1.Теориялық зерттеулердегі саяси мәдениет. Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние, образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады;
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып табылады;
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
2.Саяси биліктің заңдылық проблемасы. Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.
3.Билікті жүзеге асырудағы саяси идеологияның рөлі.
Идеология – ілім, қоғамдық сана (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік. Көп партиялық қоғамда айқын анық бірнеше идеология өмір сүреді. Олардан мемлекеттік идеология жоғары тұрады. Мемлекеттік идеология – бүгінгі күнде үкіметті қолында ұстап отырған партияның идеологиясы.Унитарлық мемлекетте жалыз ресми идеология болады. Ал басқа идеологиялар болса олар қалтарыста өмір сүреді. Егер үкімет қатаң тәртіпті ұстанса, мемлекеттік идеология міндетті, оның идеялары, қағидалары, ұрандары жұттың барлығы бұлжытпай орындайтын заңға айналады. Мұндай тәртіп орнаған елдерде мемлекеттік идеология екі дәрежеде кездесуі мүмкін.
№ 20 емтихан билеті
1.Сайлау жүйелерінің жіктемесі. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді); қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
2.Мемлекеттік саясатты қалыптастыру үлгілері.
Мемлекеттік саясат - мемлекетпен әрбір қоғамдық-экономикалық салада жүзеге асырылатын шаралардың жиынтығы. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиісті салаларда министрліктерге, агенттіктерге мен ведомстволарға, ал жеке өлкелерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктелген. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процессінде мониторинг және баға беру маңызды орын алады, себебі ұдайы мониторинг пен талдау жүргізу кез келген саланың қызмет етуінің кепілі болып табылады.
3.Саяси зерттеулердегі индекс және оның маңызы.
Саяси индекстер – белгілі бір саланың дамуын, мемлекеттер мен конфликттердің жіктемесі мен болжамын жасауға мүмкіншілік беретін көрсеткіш. Индекстер арнайы жоба барысында мамандырылған зерттеу орталықтары мен ғылыми институттармен әзірленеді. Сандық көрсеткіш ретінде индекс статисткалық мәнге ие және көп жағдайда ол мәселенің шынайылығы мен дұрыстығын көрсетпейді. Алайда, мемлекеттік даму саласын бағалау, мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен демокртизациялау, коррупция сияқты мәселелерде индекстерге алдыңғы қатарлы орын берілетіні сөзсіз.
№ 21 емтихан билеті
Президент институты: теориялық талдау.
Президент[1] (латын тілінде praesіdens — басшы, алдыңғы қатарда отыратын) — 1) республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге (3 жылдан (Латвия) 7 жылға (Франция) дейін) сайланады. Көбіне бір адам екі реттен, кейбір елдерде (мысалы, Мексикада) бір реттен артық президент бола алмайды. Бірқатар елде (Франция, Египет, т.б.) қайта сайлану санына шек қойылмаған. Президентті тікелей азаматтар (Ресейде), іріктелген сайлаушылар (АҚШ-та), парламент (Түркияда), арнаулы сайлау алқасы (Германияда) сайлайды.[2] Көлемдері әр түрлі болғанмен президент өкілеттігі барлық елдерде бір-біріне ұқсас (ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық) яғни президентке басты билік тетіктері (үкімет, әскер) берілген, бірақ президент өкілеттігі басқару нысанына байланысты әр түрлі жолмен жүзеге асырылады. Көптеген мемлекеттерде президентке ешкімнің тиіспеушілік құқығы берілген. Оны әкімшілік тәртіпте ұстауға және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды, қылмыстық жазаға лауазымынан айырғаннан кейін ғана тартылуы мүмкін; 
Билік бастауларының бихеовиористік, психологиялық, құрылымды– функционалды теориялары.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Қазіргі кезде саяси биліктің мынадай концепциялары бар: бихевиорстік, құрылымды –функционалды, психологиялық, инстиутционалды, дәстүрлі, әлеуметтанулық.
Бихевиористік концепцияға сай билік бұл қоғамдық іс-әрекеттерді мен мінез- құлықты реттеу мен басқаруды маңыздымаңыздырден-бір құралы болып есептеледі.
Психологиялық концепцияға сәйкес, билік феномені адам психикасының табиғатымен түсіндіріледі және билік бұл табиғи құбылыс ретінде түсінідірілдеді.
Құрылымды-функционалды жіктемеге сай, билік қоғамның әр түрлі элементтері мен бөліктерінің бірлесе қызмет етуі мен билікті сайлауы ретінде танылады.
Билік заңдылығының қалыпты-құқықтық негіздері.
Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.
№ 22 емтихан билеті
Мемлекеттік саясат қалыптастыру кезеңдері.
Мемлекеттік саясат - мемлекетпен әрбір қоғамдық-экономикалық салада жүзеге асырылатын шаралардың жиынтығы. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиісті салаларда министрліктерге, агенттіктерге мен ведомстволарға, ал жеке өлкелерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктелген. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процессінде мониторинг және баға беру маңызды орын алады, себебі ұдайы мониторинг пен талдау жүргізу кез келген саланың қызмет етуінің кепілі болып табылады. Кез келген салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезеңдері келесідей:
Жағдайға мониторинг пен сараптама жасау арқылы жағдайға нақтылы баға беру;
Мәселеге қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен оны талдамадан өткізу;
Іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру;
Ұдайы мониторинг жасау.
Қазіргі заманғы саяси атлас: құрылымы, қайнар көздері, талаптары.
Қазіргі заманғы саяси атлас – бұл Ресейлік МГИМО саясаттанушы ғалымдары әзірлеген кең көлемді саяси жоба. Жоба бірнеше жіктеме мен индекстерден тұрады. Жобада әлемдегі егеменді 192 мемлекетке сипаттама беріліп, олардың саяси жүйесі, әлеуметтік қамсыздандыруы мен дамуына баға беріледі. Жоба жетекшісі – саяси ғылымдар докторы- Александр Мельвиль.
Биліктерді бөлудін институционалдық тұрғылары.
Биліктің институционалды негіздеріне сәйкес – қоғамдық институттар мен құрамдас элементтерінің өзінің функциялары мен қызметтерін атқаруға қабілеттілігі ретінде танылады. Билікті бөлу принципі саяси инстиуттардың құзыреттерін нақты анықтау мен шектеуге бағытталған институционалды тәсілдердің бірі болып есептеледі. Институционалды тұрғыдан қарасақ, билікті бөлу –заңды және қажетті шаралар жобасы. Әлбетте, институционалды концепция заманауи саяси үрдістерге толығымен сай келетін, жалпы заман талабы. Институционалды көзқарас билік тармақтарын мына институттармен сәйкестендіреді:
Атқарушы – үкімет;
Заң шығарушы – парлмаент,
Сот – прокураткра мен сот.
№ 23 емтихан билеті
Билікті жүзеге асырудағы саяси идеологияның рөлі.
Идеология[1] – ілім, қоғамдық сана (гр. идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік. Көп партиялық қоғамда айқын анық бірнеше идеология өмір сүреді. Олардан мемлекеттік идеология жоғары тұрады. Мемлекеттік идеология – бүгінгі күнде үкіметті қолында ұстап отырған партияның идеологиясы.Унитарлық мемлекетте жалыз ресми идеология болады. Ал басқа идеологиялар болса олар қалтарыста өмір сүреді. Егер үкімет қатаң тәртіпті ұстанса, мемлекеттік идеология міндетті, оның идеялары, қағидалары, ұрандары жұттың барлығы бұлжытпай орындайтын заңға айналады. Мұндай тәртіп орнаған елдерде мемлекеттік идеология екі дәрежеде кездесуі мүмкін.
Билік заңдылығының үлгілері. Билік заңдылығы мен тиімділігінің арақатынасы.
Билік заңдылығы немесе легальдылығы - Биліктік іс-әрекеттің өзінің мойындалуын сипаттайтын маңызды тұстарының бірі легитимділік туралы мәселе. Билік заңды болып егер де халық тарапынан ресми мойындалған және заңды жолмен билікке қол жеткізген болса мойындалады. Билік легальдылығы бірден танылған және уақыт өткен соң танылуы мүмкін. Билік заңдылығы мен заңдастырудың мынадай үлгілері бар:
Сайлау арқылы билікке қол жеткізу;
Төңкеріс нәтижесінде билікке қол жеткізу, бұл жағдайда билік белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана заңды болып танылады.
Авторитарлы режимдер үшін биліктіт заңдастыру процессі.
Билік заңдылығы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс бар. Заңсыз билік халық тарапынан қарсылық пен наразылық тудырып отырады, сол себептен оның жүзеге асу жолдары мен тиімділігі айтарлықтай қиыншылықтарға тап болады.
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру үлгілері.
Мемлекеттік саясат - мемлекетпен әрбір қоғамдық-экономикалық салада жүзеге асырылатын шаралардың жиынтығы. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тиісті салаларда министрліктерге, агенттіктерге мен ведомстволарға, ал жеке өлкелерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүктелген. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процессінде мониторинг және баға беру маңызды орын алады, себебі ұдайы мониторинг пен талдау жүргізу кез келген саланың қызмет етуінің кепілі болып табылады. Кез келген салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезеңдері келесідей:
Жағдайға мониторинг пен сараптама жасау арқылы жағдайға нақтылы баға беру;
Мәселеге қатысты іс-шаралар жоспарын әзірлеу мен оны талдамадан өткізу;
Іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру;
Ұдайы мониторинг жасау.
№ 24 емтихан билеті
Әр түрлі саяси режим жағдайындағы саяси қатысу деңгейі.
Саяси қатысу - жеке азаматтармен, топтармен мемлекеттік немесе қоғамдық саясатқа, мемлекеттік істерді басқаруға я болмаса саяси басшылықты, саяси биліктің барлық деңгейіндегі жетекшілерді таңдауға ықпал ету мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер. Саяси қатысу - қатардағы азаматтардың талап-тілектерін, мүдделерін жүзеге асыратын тәсілдер.
Саясатқа қатысудың ең кең тараған анықтамасын американдық саясаттанушы Дж.Нагель енгізді. Оның пікірінше, саясатқа қатысу - бұл кез келген саяси жүйенің қатардағы мүшелерінің оның қызметінің нәтижесіне ықпал етуі немесе ықпал етуге тырысатын іс-әрекеттері. Бұл анықтамада саяси қатысу білім, наным сияқты пассивті құрамдас бөліктері негізінде емес, керісінше, белсенді қызмет аспектісі, саяси үрдіске қатысуы ретінде қарастырылған. Нақты нәтиже беретін жеке түлғаның белсенді қатысуы айтылады. Сонымен, саяси қатысу тек бақылап, бағдарлауды емес, белсенді іс-әрекетті білдіреді.
Саяси қатысу туралы сөз қозғағанда С.Верба мен Н.Ни анықтамасын айта кеткен жөн. Олардың пікірінше, "Қатысу - бұл бірінші кезекте құрал ретіндегі белсенділік, себебі оның көмегімен азаматтар үкіметке өздеріне қажет деген шешімдерді қабылдатуға тырысады".
Демократия үлгілері.
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.[Сайлау жүйелерін бағалау.
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді); қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

№ 25 емтихан билеті
1.Сайлау жүйелерінің жіктемесі. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді); қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
2.Мемлекеттік қызмет: үлгілері және теориялары.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесінсаяси
әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.
3.Посткеңестік елдердегі президент институтының ерекшеліктері.
№ 26 емтихан билеті
Саяси билікті жүзеге асырудың түрлері мен тәсілдері.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері - құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.
Басқару түрлерін өлшеу.
Саяси биліктің заңдылық проблемасы.
Саяси биліктің заңдылық проблемасы. Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялық төңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.
№ 27 емтихан билеті
1.Билік түсінігі, құрылымы және агенттері. . Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану,саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі
.Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет еді:1.Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.2.Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.3.Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
2.Президент институтының қалыптасуы және түрлері. Қазақстан Республикасы Президенттік басқару формасындағы мемлекет болғандықтан еліміздегі президенттік институтты зерттеу, президенттік институттың дамуындағы тенденцияларды анықтау өте өзекті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесінде Президенттің атқаратын рөлі ерекше болып табылады. Конституциямыздың 40-бабының 1-тармақшасында «Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы Президенттік басқару жүйесі аз жылдардың ішінде үлкен даму кезендерін, қалыптасу уақытын бастан өткерді. Президенттік институттың елдегі демократияландыру үрдістеріне ықпалын анықтау да маңызды. Осыған орай біздің елдегі президенттік институтты жетілдіру механизмдерін жасауымыз қажет.
3.Саяси партиялар мен партиялық жүйелердің дамуы.
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды."Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:1. Аристократиялық үйірмелер.2. Саяси клубтар.3. Көпшілік партиялар.Мұнда аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаса, саяси клубтар буржуазияның мүддесін корғады. Ал көпшілік партия үнемі көпшілікпен байланысты болады. Барынша өз қатарына көбірек адамдарды тартады. Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияның либералдық(виги) және консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа партиялар әр түрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік партияға айналды.Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбри¬танияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:1.  Партия белгілі  бір идеологияны қорғайды; 2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап , халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.3.  Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:4. Әр партия өзіне халықтың  дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы сая¬си партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:1. Партия бағдарламасынын болуы;2. Саяси билік үшін күрестің болуы:3.  Партиялық тәртіптің болуы:4. Партияға мүшелік ету;5. Мүшелік жарна төлеу;6. Партияның  жарғысының болуы:7. Баспа органдарының, болуы;8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесеәлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.
№ 28 емтихан билеті
1.Саяси транзитологияның қалыптасуы және дамуы.
2.Авторитарлық режимнің түрлері. Авторитаризм - (гр. 'autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. 
Диктатура (ағылш. dictatorship; нем. Diktaturf; лат. dictatura < dictatus — жазылып қойған)
Ежелгі Римде - уәкілеттілік, билік немесе диктатордың билік жүргізу уақыты;[1]Көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік. Диктаторлық басқаруды орнату, әрекет етуші биліктің экономикалық, әлеуметтік базасыныңтарылуы, басқарушы саяси құрылымдардың қоғамды тиімді басқаруға қабілетсіздігі, қоғамды тұрақсыздандыруға апарып соғып, тұрғын халықтын, сенімін жоғалтатын қоғамдық қайшылықтардың асқынуы нәтижесінде жүзеге асады. Диктатура биліктің бөлінуінің жоктығымен, азаматтық қоғамды тұншықтыруымен, кезкелген түрдегі азаматтық бағынбаушылықты террор (лаңкестік) жолымен жоқ етуге және шексіз билікті пайдаланатын адамның, диктатордың қолына барлыкбилікті шоғырландырумен сипатталады.
Теократия - [ гр. theos - құдай, kratos - билік] - саяси билік шіркеу басшысының, дін басының қолында шоғырланатын басқару түрі.
Посттотаритарлық режим политический режим, эволюционирующий отТоталитаризма к Демократии; то же, что Авторитаризм3.Посткеңестік елдердегі федеративті және унитарлы мемлекеттік құрылыстарға талдау жасау. федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:
территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла,Бразилия, Мексика);
ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан);
аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария). Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтасУкраинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін.
№ 29 емтихан билеті
Биліктің үлгілері немесе билік негіздемесі.
Биліктің тарихи қалыптасқан мынадай типтері бар:
Монархия;
Республика
Монархия [1] (грек. monarchіa – дара билік) — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф,король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты. Ерте тарихи даму кезеңінде барлық халықтар Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды
Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас.
Сайлау жүйелерін бағалау.
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді); қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Әр түрлі сайлау жүйелерінің саяси салдары.
№ 30 емтихан билеті
1.Саяси билік туралы ұғым. Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей эр түрлі тәсілдері бар: Телеологиялық (гр.сөзі teleos — мақсат + logos -түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті өлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ыкдалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді Билікті еріктің, жігердің көрінуі ретінде түсіну. Бұл тәсілде биліктік ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады, және субъект субъектілік катынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін.
2.Демократиялық транзиттерді зерттеудегі негізгі көзқарастар.
Демократиялық транзиттер – бір елдің белгілі бір саяси режимнен (тоталитаризм, авторитаризм) демократиялық режимге өту процесстерінің жалпы жиынтығы. Бұл термин бұрынғы КСРО және социалистік лагерь елдерінің демократиялық тәртіпке өту процесстерін сипаттау үшін енгізілген термин болып табылады.
Демократиялық транзиттерді зерттеудегі негізгі көзқарастар батыстық және ресейлік болып жіктеледі. Батыстық көзқарас бойынша, посткоммунистік елдердегі демократизация толқындары жеткіліксіз және шын мәнінде демократия бұл елдерде жоқ. Батыстық жіктеме бойынша бұл елдер авторитарлы болып саналады. Ресейлік көзқарас бұл мәселеге ресейлік саяси жүйе тұрғысынана қарап, осы елдердегі демократизация мәселелерін жүзеге асқан болып есептейді.
3.Теориялық саясаттанудағы демократияны зерттеу.
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризмбелгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

Приложенные файлы

  • docx 26448195
    Размер файла: 128 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий