кудіктіден жауап алу


Күдіктіден жауап алуХАТТАМАСЫ

28.01.2016 Астана қаласы

Астана қаласы Есіл ауданы ІІД-нің ТБ-ң тергеушісі полиция капитаны М.Б.Айтмамбет ПБ-нің № 9 кабинетте ҚР ҚПК-нің 208,209,210,216,217 талаптарын сақтай отырып, күдікті ретінде жауап алдым,
Аты-жөні: Нуралиева Аида Сейлхановна Туған жылы: 10.10.1990
Туған жері: Астана қаласы
Ұлты: Қазақ
Білімі: Жоғары
Азаматтығы: ҚР Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған
Соттылығы: жоқ
Жұмыс орны: ҚазГЗУ
Жеке басын анықтайтын құжат: № 020202022, 02.04.2009жылы ІІМ берілген жеке куәлік
Мекен жайы: Астана қаласы, Ш.Айманов көшесі № 13 үй, №15 пәтер.
Қай тілде жауап бересін деген сұраққа, қазақ тілінде деп, жауап берді.
Жауап алу басталар алдында күдікті А.С.Нуралиеваға сезік келтірудің мәнісі хабарланды.
Күдікті: А.С.Нуралиева
Қорғаушы: А.А.ЖамалханКүдікті А.С.Нуралиеваға ҚР ҚПК-нің 64-бабына сәйкес құқықтары түсіндірілді.
Сонымен бірге А.С.Нургалиеваға ҚР ҚПК-нің 64-бабына сәйкес айғақ берудан бас тарту құқығы және оның айтқандары өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екендігі түсіндірілді.
Күдікті: А.С.Нуралиева
Қорғаушы: А.А.ЖамалханЖауап алу барысында SONY маркалы бейнежазу қолданды, ол туралы жауап алу басталар алдынла сезікті А.С.Нуралиеваға хабарланды. Сезікті А.С.Нуралиева жауап алуда бейнежазуды пайдалануға қарсы емес.
Қорғаушысы:
Жауап алуда сезікті күмәнң туралы және өзінің пікірінше іс үшін маңызы бар басқа барлық мән-жайлар бойынша айғақ беруін сұрағанда сезікті былай деп жауап берді;
Мен жоғарғы аталған мекен-жайда өзімнің анам Несіп Ғаниқызы Қарабаевамен тұрамын. Ол кісі кондитерлік фабрикада жұмыс істейді. Біз екеумізден басқа ешкім тұрмайды.Мен Қазақ гуманитарлық заң университетінің қылмыстық іс жүргізу және криминалистка кафедрасында лаборант болып жүміс жасаймын. Қазіргі жұмысқа орналасқаныма 3 жыл болды. Ешқашан басымнан соққы алып миыма зақым келген жоқ. Мен аталған суық қарудың өзіме тиесілі екенін мойындамаймын және менің сөмкемнің қасында қалай пайда болғанында білмеймін.
Сұрақ: Сіз бұл суық қаруды бұрын соңды көргенбедіңіз?
Жауап: Жоқ, бұрын соңды көрмегем.
Сұрақ: Сіз бұл суық қарудың сіздің сөмкеңіздің жанынан табылуын қалай түсініресіз?
Жауап: Бұл суық қарудың менің сөмкемнің қасында қалай пайда болғанын білмеймін.
Сұрақ: Кафедра қызметкерлерінен бұрын соңды аталған суық қаруды байқаған бедіңіз?
Жауап: Жоқ, байқамағам.
Бейнежазу 15 сағ. 30 мин тоқтатылды. Хаттама дауыстап оқылып шықты, бейнежазу қаралып шығарылды, дұрыс жазылған, өзгертулер мен толықтырулар жоқ.
Күдікті: А.С.Нуралиева
Қорғаушы: А.А.ЖамалханАстана қаласы,
Есіл ауданы ІІБ-ның ТБ-нің тергеушісі,
полиция капитаны М.Б.Айтмамбет

Приложенные файлы

  • docx 26448193
    Размер файла: 16 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий