ДАРИЛИК ЖАУАП


1 СҰРАҚ
1.Майда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялықер екшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
2.Суда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
3.Өсімдіктердегі алколоидтардың ролі.
4.Алколоидтардың классификациясы.
5.Сапониндер туралы жалпы түсінік.
6.Стероиты сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
7.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің жолдары мен әдістері.
8.Өсімдік шикізатын жинау күнтізбегі. Дәрілік шикізатты сақтау.
9.Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару және шеттен алып келу
10.Пуринді алкалоидтар
11.Дитерпенді алкалоидтар.
12.Стероидты алкалоидтар
13."Дәрілік өсімдіктер" пәнінің мақсаты және міндеттері
14.Ерте заманғы елдердің (Китай, Грек және т.б.) дәрілік өсімдіктерді пайдалануы.Гиппократ, Феофраст, Абу-Али, Ибн Сина, Гален және т.б. жұмыстары.
15.Фармакогнозияны дамытудағы ССРО Ғалымдарының қосқан үлесі, бұрынғы ССРО-дағы негізгі фармакогнозиялық орталықтар.
16.Биологиялық белсенді заттардың негізгі топтары және олардың қысқаша сипаттамасы(терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алколоидтар, липидтер, полисарахидтер).
17.Құрамында шырыштар бар өсімдіктер және шикізаты. Ол өсімдіктердің
морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
18.Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктер ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
19.Құрамында майлары бар өсімдіктер. Ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері,
20.Эфир майлы өсімдіктер (Mentha pіperіta, Salvіa offіcіnalіs L., Junіperus communіs L.)олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты,пайдаланылуы.
2 СҰРАҚ
21.Витаминдер туралы түсінік. Витаминдер алынатын дәрілік өсімдіктер жәнешикізаттар.
22.Құрамында каротиноидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері,химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
23.Құрамында К тобының витаминдері бар өсімдіктер, олардың
ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
24.Өсімдіктердегі алколоидтардың болуына сыртқы орта факторларының әсері
25.Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
26.Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер және олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
27.Гликозидтер туралы жалпы түсінік. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
28.Хиназолинді алкалоидтар.
29.Илеуші заттар туралы жалпы түсінік.
30.Алколоиды бар шикізатты пайдалану жолдары
31.Кумариндер. Кумариндер туралы жалпы түсінік және классификациясы.
32.Изохинолинді алкалоидтар.
33.Фенолдар туралы жалпы түсінік.
34.Тритерпенді сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
35.Өсімдіктердің дамуындағы алколоидтардың пайда болуының динамикасы.
36.Хинолинді алкалоидтар.
37.Қарапайым фенолдар және олардың өсімдіктер денесіндегі таралуы. Еркек усасырдың (Dryopterіs fіlіx-mas-Щитовник мужской) - морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
38.Құрамында кумариндер бар өсімдіктер: Түйежоңышқа (Melіlotus offіcіnalіs-Донник лекарственный), Сүйекті аққурай (Psoralea drupaceae-Псоралея костянковая), өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
39.Илік заттардың өсімдіктерде таралуы және олардың биологиялық ролі.
40.Лигнандар. Құрамында лигнандар бар өсімдіктер: Мақсыр рапонтикум (Rhapontіcum carthamoіdes-Рапонтикум сафлоровый) өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
3 СҰРАҚ
41Тапсырма: Ranunculaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
42Тапсырма: Papaveraceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
43Тапсырма: Chenopodiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
44Тапсырма: Malvaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін
45Тапсырма: Cruciferaceae, тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
46Тапсырма: Rosaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
47Тапсырма: Asteraceae, тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
48Тапсырма: Umbeliferaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
49Тапсырма: Fabaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
50Тапсырма: Scrophulariaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
51Тапсырма: Lamiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
52Тапсырма: Poligonaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
53Asteraceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
54Malvaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
55Ranunculaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
56Scrophulariaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
57Poligonaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
58Lamiaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
59 Fabaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
60 Umbeliferaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
1.Майда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялықер екшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
Майда еритін витаминдер.
А тобы витаминдерінің провитаминдері–каротиндер ((, (, ().
D тобы витаминдерінің провитаминдері – эргостерол және басқа фитостеролдары.
Е тобы витаминдері – токоферолдар ((,(,(,().
К тобы витаминдері – филлохинон (К1) және Менахинон (К2).
F – комплексіне жататын витаминдер – жоғары шексіз май қышқылдары және
простагландиндер.Майда еритін витаминдер.1. Каротиндер.А тобының витаминдерінің болмауы организмнің өсуін бұзады, ауруларға шыдамдылығын төмендетеді және тауық соқырлыққа алып келеді. Бұл витаминдер негізінен жануарлардан алынған тамақтарда болады. Жануарлар организмінде ол витаминдер каротиннен пайда болады. Каротиндер – каротиноидтардың негізгі топтарының бірі болып табылады, шығу тегіне келетін болсақ, олар- тетратерпендер С40H64. Каротин өсімдіктерде үш изомер формасында болуы мүмкін:32 Өсімдіктерде каротиндер белсенді оттегіні тасымалдаушы ролін атқарады. Оны өсімдіктерде каротиндердің көптеген оттегілік туындыларының болуымен түсіндіруге болады. Өсімдіктерде каротиндер гүлдердің, жемістердің және басқа өсімдік мүшелерінде пластидтерінде – хромопластарында болады. Сонымен қатар хлоропластардың хлорофиллдерімен бірге өсімдіктердің көк-жасыл мүшелерінде, суда еритін белок комплекстерінде немесе май тамшыларында болады. ( изомер формасы негізгі ең көп таралған каротин болып табылады. Организмде ( - каротин молекуласы гидролиздік бөлінудің нәтижесінде А витаминінің 2 молекуласы пайда болады. Ал ( және (-изомерлері каротиндерінен тек А витаминінің 1 молекуласы ғана пайда болады. А витамині адам организміне тек қана жануарлар майымен ғана келіп түседі. Каротиндер көптеген өсімдіктер түрлерінде болады. Бірақ та денесінде көп мөлшерде каротин жинақталатын өсімдіктер ғана каротиннің көзі ретінде бағалы болып есептеледі. Ондай өсімдіктердің кейбіреулері (сәбіз және асқабақ) каротин өндірудің өндірістік шикізаты болып есептеледі. Олардан таза каротин алынады. Өсімдіктердің басқа түрлері экстракт алуға немесе тұнбалар, қайнатпалар алуға пайдаланылады. Фитостеролдар. Фитостеролдар D тобы витаминдерінің негізін салушылар болып саналады. Өсімдіктен жасалған тамақтармен жануарлар организміне фитостеролдар келіп түскенде олар холестеролға, ал холестеролдар одан әрі одан витаминдер қалыптасады. Мысалы, ашытқыларда (дрожжи) болатын эргостерол жануарлар организмінде D2 витаминіне айналады. Осы сияқты D тобының басқа да витаминдері пайда болады. D2 және D3 сияқты табиғи витаминдер көп мөлшерде бауырда және теңіз жануарларының және тресканың майлы ұлпаларында жинақталады. Токоферолдар – Е тобы витаминдері. Е витамині табиғи антиоксидант болып саналады. Яғни Е витамині организмде әртүрлі заттарды тотығудан сақтайды. Белок синтезіне, ұлпалар тыныс алуына және басқа да клетка метоболизміндегі маңызды процестерге қатысады. Организмге өсімдіктермен бірге келіп түседі. Бұл витамин төрт жоғары молекулярлық спирттің қосындылары екендігі анықталған, (-, (-, (- және (-тоноферолдардың. Олардың ішіндегі ең белсендісі (-тоноферол. (- тоноферол басқа витаминдермен бірге (каротиндер, аскорбин қышқылы) көптеген өсімдіктерде кездеседі. Дәрілік препарат ретінде (-токоферолдың ацетаты қолданылады. К тобының витаминдері. К тобының витаминдері өздерінің химиялық табиғаты жағынан 2-метил-1,4 нафтохинон өнімдері болып саналады. Табиғатта олардың бірнеше қосылыстары белгілі. Олардың ішінде жоғары сатыдағы өсімдіктерде тек витамин К1 болады (филлохинон). К1 организмде қанның тромбогендік қызметін реттейді. Құрамында каротиноидтар бар өсімдіктер және шикізат. Calendula offіcіnalіs L. – Календула лекарственная – Кәдімгі қырмызыгүл – Asteraceaeтұқымдасынан.Кәдімгі қырмызыгүл – біржылдық шөптесін өсімдік. Бүкіл өсімдік безді түктенгенбұтақтанған сабағының биіктігі 50 см шамасында. Жапырақтары кезек-кезек орналасқан,ұзарған жұмыртқа тәрізді.Гүлдері алтынды-сары немесе қызғылт-сары ірі жеке себеттерде.33Жемісі – тұқымша – шеткі тілшік тәрізді гүлдерден дамиды, ортаңғы түтік тәріздігүлдері тұқымсыз. Жаз бойы, кеш күзге дейін гүлдейді.Химиялық құрамы.Себет гүлдерінде каротиноидтар: каротин (30 мг/100г), ликопин және каротинніңоттегілік туындылары – виолаксантин, цитроксантин, рубиксантин, флавоксантин жәнет.б. Шеткі боялған гүлдерде, каротиноидтардың жиынтығы құрғақ массасы 3%-ға жетеді.Гүлдердің иістері эфир майларының іздері болуына байланысты Кәдімгі қырмызыгүлдің гүлшоқтарында аскорбин қышқылы, қарамай (смола 3%),алма қышқылы (6%), қоймалжың заттар (4%), ситостериндер, силицил қышқылы іздеріболады.Кәдімгі қырмызыгүл өсімдігінің фитонцидтік қасиеті бар. Өсімдіктің жер үстімүшелерінде ащы зат календен және илік заттар, солармен қатар сапониндер бар екендігіанықталған. Сосын ол сапониндерден гидролиз нәтижесінде олеанол және глюкуронқышқылдары пайда болады. Құрамында К тобының витаминдері бар өсімдіктер:Urtіca dіoіca L.36Capsella bursa-pastorіsОлардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты,пайдаланылуы.Қосүйлі қалақай - Urtіca dіoіca L. – Крапива двудомная Urtіcaceae Juss тұқымдасынан.Көпжылдық шөптесін қосүйлі өсімдік, күйдіргіш түктерімен жапырақтары сағақты,қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, көк-жасыл, масақтарға жиналған. Жемісі –тұқымша, гүл серігімен қоршалған. Бүкіл жаз бойы гүлдейді. Қазақстанның барлықрегиондарында кездеседі. Әсіресе, үйлер жанында, азотқа бай топырақтарда, қоқысүйінділерінде.Химиялық құрамы.Қосүйлі қалақайдың жапырақтары өте бағалы поливитаминдері бар шикізат. Оныңқұрамында витамин К1 (0,2% ), витамин С (0,6%), 10 мг/100г каротиноидтар ((-каротинксантофилл, виолаксантин және т.б.), витамин В2, пантотен қышқылы болады.Жапырақтары хлорофилдерге өте бай (5%). Құрамында гликозид уртицин, илік заттары,құмырсқа қышқылы және минералды тұздар болады.Дәрілік шикізат.Гүлдеу кезінде жапырақтарын сабақсыз жинап дайындайды. Оның алдындаөсімдіктерді орады шамалы солғаннан кейін жапырақтарын сыпырып алады.Жапырақтары жұмыртқа – ланцет тәрізді, ұзындығы 20 см дейін.Пайдаланылуы.Қосүйлі қалақайдан жасалынған препараттардың қан тоқтататын қасиеті бар. Оларқанның ұюын күшейтеді, қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Медициналықпрактикада әртүрлі қан кету ауруларына жатырлық, геморроидиялық, асқазандық жәнесозылмалы сыртқы жараларды емдеуде кеңінен қолданылады.Тұнба және экстракт формасында пайдаланады. Жапырақтары асқазандық жәнеполивитаминдер құрамына кіреді. Қос үйлі қалақайдан фармацевтикалық және тамақөнеркәсіптерінде пайдаланылатын хлорофилл алынады. Жас өркендері, витаминдерге өтебай. Тамаққа пайдаланады. Шашты жуып, жақсартуға басты жууға ұсынылады.Capsella bursa-pastorіs (L.) Medіk – Пастушья сумка – Кәдімгі жұмыршақ Brassіcaceaeтұқымдасынан.Кәдімгі жұмыршақ - біржылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 20-30 см, жоғарғы бөлігікейде бұтақтанған. Тамырға жақын орналасқан жапырақтары сағақты, розетка жасайды.Олар сопақ-ланцет формалы, қауырсынды-бөлінген үшбұрышты тістерімен. Сабақтағыжапырақтары сиректеу, ұсақ, сағақсыз. Гүлдері ұсақ, ақ, ұзын сызықты, шашақ гүлшоғынажиналған, жеміс байлағанда ұзарып кетеді. Бүкіл жаз бойы гүлдейді. Жер шарындатропикпен Арктикадан басқа жерлердің бәрінде кездеседі.Химиялық құрамы.Өсімдіктердің өскіндерінде көп мөлшерде витамин К1 және аскорбин қышқылыболады. Оған қосымша аминдер (холин, ацетилхолин, турамин және гистамин), илікзаттар, флавонов гликозид диостин және органикалық қышқылдар (фумаров, лимон, алма,вино) күлінде 40%-ға дейін калий болады.Дәрілік шикізаты.Әдетте гүлдеген кезде өсімдікті жерден тамырымен жұлып алады. Сосын тамырыкесіп тастайды.Пайдаланылуы.Тұнба түрінде және сұйық экстракт күйінде гинекологиялық практикада босанғаннанкейін қан тоқтату үшін және бала туарда жатынның бұлшық еттерінің жұмысын күшейтуүшін қолданылады.
2.Суда еритін витаминдері бар өсімдіктер, осы өсімдіктердің морфоло гиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы.
Суда еритін витаминдер.
В1 витамині – тиамин
В2 витамині – рибофлабин
В5 витамині – пантотен қышқылы
В4 витамині – холин
В6 витамині – пиридоксин
В7 витамині – карнитин, витаминге ұқсас зат
В8 витамині – инозит; витаминге ұқсас зат.
В9 витамині – (Вс, витамин М) – фали қышқылы
В12 тобының витаминдері – коболаминдер
В13 витамині – ороб қышқылы; витаминге ұқсас зат
В15 витамині – пангамов қышқылы
H витамині – биотип; витаминге ұқсас зат
Құрамында суда еритін витаминдері бар өсімдіктер:Rosa beggerіana Schrenk – Беггер раушаны – Шиповник беггераRosa Acіcularіs Lіndі – Тікенді раушан – Шиповник иглистыйRosa fedtschenkoana Regel – Федченко раушаны – Шиповник федченковскийRіbes nіgrum және т.б. Rosaceae тұқымдастары өкілдері.Раушан туысының барлық түрлері – бұталар, олардың бұтақтарында тікенектерорналасқан.Жапырақтары кезектесіп орналасқан, жұп емес қауырсынды эллипс немесе жұмыртқапішінді. Қосалқы (прилистники) жапырақшалары сағақпен шамалы қосылып өскен.Гүлдері ірі (ені 5 см), жеке немесе 2-3 және одан да көп болып бұтақтардың ұшындаорналасқан.Тостағаншалары – 5, күлтелері – 5, аталықтары және аналықтары көп. Аталықтарыжәне аналықтары құмыра тәрізді гипантидің ішкі жағында орналасқан, жатынытүкшеленген; аналық мойыны аналық аузыменен гипантиден шығып көрініп тұрады.30Жемістері жидек тәрізді, шырынды, олар етті гипантиден пайда болады. Жемістіңішінде өте көп ұсақ жемісшелер–жаңғақшалар болады, кейде оларды тұқымдар депатайды, ол дұрыс емес. Жаңғақшалардың жоғарғы жағында түкшелер болады. Жемістерітамыз - қыркүйек айларында пісіп, қысқа дейін бұтақтарда қалады.Беггер раушаны - Rosa beggerіana Schrenk – бұтақтарындағы тікендері ірі, орақтәрізді, төменгі жағы жалпақ, сарылау, қос-қостан жапырақ негізінде орналасқан.Жемістері майда, ұзындығы 0,5-1,4 см, шар тәрізді, қызыл, піскенде түсіп қалатын дискісіжәне тостағаншасы болады. Сән өсімдігі ретінде өсіреді. Орта Азияда тау беткейлерінде,өзен жағаларында, жол бойында өседі. Қазақстанда негізінен Оңтүстік Қазақстандатаралған.Дәрілік шикізаты.Гүлдеу кезеңінің соңында тамырларын жинайды. Топырақтан тазалап жуып, жіпкетізіп ыстық қайнап тұрған суға 3-4 минут салып алады, сосын көлеңкеде кептіріп салқынжерде қаңылтыр қорапшаларда сақтайды. Химиялық құрамы.Тамырларында флавоноидтар, катехиндер болады.жапырақтарында – илік заттар,гүлдерінде – эфир майлары,жемістерінде – витаминдер С,Е,P, В2,тұқымдарында – майлар болады.Пайдалануы.Тамырларынан тұнбалар дайындағанда ол тұнбалардан бекітуші-нығайтушы дәрілержасайды. Күлте жапырақшаларынан – эфир майларын, шай, қызғылтым су, қызғылт уксусжасайды. Жемістерін аскорбин қышқылын және поливитаминдер препараттарын алуға
пайдаланады. Тұқымдарынан күйікті және дерматит болғанда емдеуге пайдаланатын майалынады. Күнделікті өмірде жемістерінен варенье, повидло жасалады.Тікенді раушан – Шиповник иглистый - Rosa Acіcularіs Lіndі – Rosaceaeтұқымдасынан.Тікенді раушан – бұта, биіктігі 2 м дейін, бұтақтары сұр-қоңыр қабықпен жабылған.Бұтақтарында жіңішке тік, көлденең ауытқыған тікендері бар. Жапырақтардың негізінде 2жіңішке тікенек болады, жапырақшалары жалауыш деуге болады. Күлтелері қызыл немесеқоңыр-қызғылт. Жемістері сопақ немесе тұқым тәрізді – сопақ формалы, ұзындығы 1,5-2,5см. Орманды алқаптарда өседі тундраға дейін. Бұл өсімдіктің ареалы өте кең. Тынықмұхитынан Санкт-Петербургқа, Солтүстік Қазақстан арқылы өтіп, Волгадан батысқа арықарай Фин шығанағына дейін барады. Қазақстанда жеке алып қарайтын болсақ, тікендіраушан Ақмола және Шығыс Қазақстан облысында кеңірек таралған.Дәрілік шикізаты.Гүлдеген кезде тамырларын жинап сілкіп, жуып тазалап, жіпке тізіп сосын ыстыққайнап тұрған суға 3-4 минут салып алып, көлеңкелі ауасы жеткілікті жерде кептіреді.Сосын салқын жерде қаңылтыр қорапшаларда сақтайды.Піскен жемістерін жинайды. Жинауды суық ұрғанша жалғастырып теруге болады.Сосын жинап алған жемістерді көкөністерді кептіретін жерлерде 60-800 жағдайынданемесе жақсы жылытылған пештерде кептіреді. Химиялық құрамы.Тамырларында илік заттар, флавоноидтар, катехиндер болады: ол жер үстімүшелерінде флавоноидтар (13,8%); бұтақтарында – катехиндер; жапырақтарында –витамин С, илік заттар, катехиндер, флавоноидтар; жемістерінде – көмірсулар, витамин С,P, В2, каротин, илік заттар (3,5-7,4%), флавоноидтар (14,9%); тұқымында – майлар (9-10%).Медицинада пайдаланылуы.31Жапырақтарының тұнбасын антибактериалды дәрі ретінде колик және гастритауруларын және малерияны емдеуге пайдаланады.Гүлдерінің тұнбасын өкпе туберкулезін, атресклерозды, неврастенияны; алқайнатпасы өт бөлуші дәрі ретінде бауырды емдеуге пайдаланады.Жаңа күлтелері – май дайындау үшін, ал құрғақтары – кондитер өндірісінде,күнделікті өмірде қызғылт су алу және уксус алу үшін қолданылады.Эфир майлары парфюмерияда сабын қайнататын өндірісте пайдаланылады.Жемістері поливитаминдер құрамына кіреді, "Колосос" препараты холециститті жәнегепатитті емдеу үшін, ал "Каратолин" трофикалық таралады, экземаны емдеугепайдаланылады. Тұқымдары "Раушан майы" препаратын алуға шикізат болып табылады. Ал "Раушанмайы" денеде терілер жарылғанда, дерматозды, күйікті, терілер радиациялық сәуледензақымданғанда және т.б. ауруларды емдеуге пайдаланылады.Тибет медицинасында цингаин, бас ауырғанды, бас айналғанды емдеуге пайдаланады.Халықтық медицинада тұнбасы және қайнатпасы гиповитаминоз болғанда, өт бөлуүшін және жұқпалы ауру болғанда, күйгенде, анемияны, пневмонияны, циститті, жараауруларын, асқазан ісігін емдеуге пайдаланылады.Rіbes nіgrum L. – Смородина черная Saxіfragaceae тұқымдасынан.Бұтақтанған бұта, негізінен ТМД елдерінің Европалық бөлігінде кездеседі, соныменқатар Сібірде, Кавказда. Жабайы формасында ылғалды ормандарда, өзендермен көлдердіңжылғаларында кездеседі. Екпе өсімдік ретінде де өсіріледі Жемістері шілде-тамыз айларында піседі.Химиялық құрамы.Жемістерінде аскорбин қышқылы (100г піскен жемісте 500 мг дейін), витаминдер P1,В2, В6, каротиндер, тоноферолдар, К тобының витаминдері.Жемісіндегі P витаминінің мөлшері 1% шамасында болады. Жидектері қанттарға өтебай (17% дейін) және органикалық қышқылдар мөлшері 4% шамасында – алма жәнелимон қышқылдары болады. Антоциондар, флавоноидтар және олардың гликозидтері,микроэлементтер (B, Mn, Zn, Mo, Co, Cu, Fe, І) кездеседі. Жапырақтарында аскорбинқышқылдары мол болады (300-400 мг/100г).Дәрілік шикізаты.Толық піскен кезеңде жиналған жемістері және жапырақтары. Кептірілгенжемістерінің әлсіз сүйкімді иісі болады.Пайдаланылуы.Жемістері және жапырақтарының қабынуға қарсы терлететін, зәр шығаратын, ішөтуге қарсы қасиеттері бар. Медициналық практикада жемістері поливитаминдер ретіндеқолданылады. Жемістерінен витаминді шырындар (Cu, Ru) және концентраттардайындайды.Жапырақтары және бүршіктері витаминдер құрамына кіреді. Жемістері тамақөнеркәсібінде пайдаланылады. Кейде жапырақтарын шай ретінде пайдаланады.
3.Өсімдіктердегі алколоидтардың ролі.
Өсімдіктерде лупин алкалоидтарының жол салушысы (предшественник) болып аминқышқылы лизин болып табылады. Лизин аминқышқылының екі молекуласынан алдымен диальдегид, ал одан кейін ол қалпына келіп лупиннің хинолизидинді құрамы түзіледі. Содан кейін лизиннің тағы бір молекуласы қосылып тетрациклді қосылыс пайда болады. Ол қосылысты спартеин алкалоиды деп атайды. Хинолизидинді алкалоидтар көптеген дәрілік өсімдіктер құрамында болады. Кейбір өсімдіктерде лупинин және спартеин алкалоидтары, ал басқаларында олардан да күрделірек құрылысты хинализидинді алкалоидтар болады. Құрамында хинолизинді алколоидтар бар негізгі өсімдіктерге Sorhora pachycarpa C.A (Fabaceae), Thermopsіs Lanceolata R. Br. (Fabaceae), Securіnega sufrіtіcosa (Pall) Rehd (Euphorbіaceae), Nuphar luteum L (Nymphaeceae); Lycopodіum Selago L (Lycopodіaceae). Бұлардың ішінен Қазақстанда кездесетін гүлді өсімдіктерге жататын Thermopsіs Lanceolata-ға толығырақ тоқталып өтейік. Өсімдікті бутондану (бүрлену) фазасынан бастап гүлдеудің басында жинайды. Шикізаттың сапасы алкалоидтардың мөлшерімен анықталады, алкалоидтар мөлшері 1%-дан кем болмауы керек. Өсімдікті піскен жемістерімен жинауға болмайды, өйткені жемістерінде және тұқымдарында цитазин деген алкалоид болады. Пайдаланылуы. Қақырық түсіретін дәрі ретінде улы жыланбұршақ тыныс алу жолдары ауырғанда (трахеид, бронхит, өкпеге суық тигенде) пайдаланылады. Өндірісте әртүрлі ұнтақтар, таблеткалар, құрғақ экстрактілер шығарылады. Олардың құрамында 0,01-0,05 г белсенді заттар болады.
4. Алколоидтардың классификациясыАлкалоидтар саны 5000-нан астам. Бірақ та алкалоидтардың құрылыстары толық зерттеліп бітпегендіктен олардың нақты дұрыс классификациясын жасау оңай жұмыс 60 емес. Дегенмен, алкалоидтардың классификациясын жасауға ғалымдар әртүрлі әрекеттер жасады.
Көптеген ғалымдар классификация негізіне алкалоидтар молекуласы құрамына кіретін гетероциклдар табиғатын алды.
Екінші топтағы ғалымдар бұл принципті қабылдамады. Бұл топтағы ғалымдар кейбір тұқымдастар немес туыстар (мысалы, амариллистер алкалоидтары, спорынья алкалоидтары және с.с.) алкалоидтарын жеке топтарға бөлді.
Академик А.П. Орехов өзінің классификациясын ұсынды. Көптеген оқулықтарда осы А.П. Орехов классификациясын келтіреді. Сондықтан бізде осы классификацияларға тоқталып өтейік.
Академик А.П. Орехов ұсынған алкалоидтар классификациясы:
Ациклды алкалоидтар және бүйір тізбектерінде азоты бар алкалоидтар.
Пирролидинді және пирролизидинді алкалоидтар
Пиридинді және пиперидинді алкалоидтар
Пиролидин және пиперидин сақиналарымен конденсацияланған (қоюланған) алкалоидтар.
Хинолизидинді алкалоидтар.
Хинолинді алкалоидтар.
Изохинолинді алкалоидтар.
Индольды алкалоидтар.
Хиназолинді алкалоидтар.
Пуринді алкалоидтар.
Дитерпенді алкалоидтар.
Стероидты алкалоидтар (және гликоалкалоидтар).
5. Сапониндер туралы жалпы түсінікСапониндер (лат. saponis—сабын) - өсімдік гликозидтері тобына жататын азотсыз күрделі органикалық қосылыстар. Сапониндер ерітінділері шайқағанда тұрақты көбік береді. Табиғатта кең таралған: көп өсімдіктердің жапырақтарында, сабақтарында, тамырларында, гүлдерінде, жемістерінде кездеседі. Углеводты және углеводсыз агликоннан (сапогенин) құралады. Сапониндер - түссіз немесе сарғылт оптикалық белсенділігі бар аморфты зат. Суда және спирттарда ериді, органикалық еріткіштерде ерімейді. 4 моносахариді бар сапонин кристалдық түрінде алынған. Не ғұрлым моносахаридтер саны көбейсе - сол ғұрлым суда және басқа полярды еріткіштерде еру қасиеті жақсарады. 1-4 моносахаридті қалдығы бар сапониндер суда нашар ериді. Сапониндердің өзгеше қасиеті - судың сыртқы керілісін азайтатындығы және шайқағанда тұрақты көбікті түзейтіндігі.Сапониндердің негізгі физико-химиялық қасиеті - олардың 17 беттік белсенділігі (поверхностная активность). Осы қасиетіне байланысты оларды бір фитохимиялық топқа біріктірген деп айтуға болады.
6.Стероиты сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
Сапониндер (лат. saponis—сабын) - өсімдік гликозидтері тобына жататын азотсыз күрделі органикалық қосылыстар. Әдетте Стероидты сапониндердің құрамында спиростан немесе фуростан туындылары болады. 3-ші орында гидроксил тобы бар спирт туындысы болғандықтан оларды спиро- немесе фурастанол гликозидтері деп атайды.

Спиростан

Фуростан

Диосцин
Спиростанолды сапониндерде көбінесе 27 атом көміртек болады. Стероидты сапониндің молекуласының углеводты бөлігі 3-ші гидроксилға қосылады және 1-6 моносахарид (D-глюкоза, D-галактоза, D-ксилоза, L-рамноза, L-арабиноза, галактурон қышқылы және глюкурон қышқылы) құрамында бола алады. D-хиновоза, D-апиоза және D-фукоза қалдықтары бар сапониндер белгілі. Моносахаридтер сызықты және тармақты тізбектерді құрастырады. Көмірсулы компонент С-1, С-2, С-5, С-6, С-11 атомдарына да жалғануы мүмкін. Көмірсулы тізбек біреу (монодесмозидтер), екеу (бидесмозидтер), өте сирек үшеу (тридесмозидтер) болады. Ацилдық тобы (сірке, бензой, 2-гидрокси-2-метилглутар, күкүрт қышқылдардың қалдықтары) молекуланың сапогенді болігінде де көмірсулы бөлігінде де болуы мүмкін.Спиростанол гликозидтердің маңызды уәкілі - диосцин (құрамында сапогенині - диосгенин және 3 тармақты тізбектелген гликозид бар). Диосцин Диаскореяның (лат. Dioscorea) тамырсабағында болады. Фармацевтикада кортикоидты препараттардың өндірісінде қолданылады.
Фурастанол қатарындағы сапониндерде С-3 орнында көмірсулы тізбек және С-26 орнында D-глюкозаның қалдығы болады. Қышқылдардың немесе ферменттердің әсерімен С-26 орнынан D-глюкозаның қалдығы ажыраған кезде спиростанол сапонин түзеледі.
Спиростанол сапониндерде гемолитикалық, гипохолестеринемикалық, канцеролитикалық және фунгицидты, микробқа қарсы, моллюскоцидты әсерлері болады. Ал фуростанол сапониндерде гемолитикалық және фунгицидты әсері аз болады, бірақ антиоксидантты, анаболикты және иммуномодульды ықпалы болады.
Стероидты гликозидтер өсімдіктердің жапырақтарында фурастанол түрінде синтезделеді. Бүкіл өсімдік бойымен тасынып, олар жапырақтардың және сабақтарының арнайлы жасушалар - идиобласттарда жиналады. Көбісі тамырсабағына тасынып, сол жерде спирастанол (белсенді) түріне айналады.
7.Жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің жолдары мен әдістері.
Дәрілік өсімдіктер дамуының қазіргі кездегі сатысында зерттеудің бағытын жаңа әсерлі де маңызды дәрілік түрлерді зерттеу мен табуға бағыттау керек. Ғалымдардың зерттеулерінде бірнеше әдістер қолданылады: 1)Халық медицинасының тәжірибесін кеңінен зерттеу.Қазіргі ғылыми медицинада қолданылып жүрген барлық өсімдіктер дерлік халық медицинасынан алынғандар. Халық медицинасында қолданылып жүрген өсімдіктерге ерекше мән берудің жаңа болашағы бар өсімдіктерді іздеуде әсері зор. Халық медицинасының өсімдіктерін зерттеудің алғашқы сатыларына жататындар: а) арнайы немесе жолай экспедицияларды пайдаланып (этнографиялық) халықтан сұрастыру, өсімдіктер жайында білетіндермен танысу, үлгілерін алу арқылы мәліметтер жинау; б) әдеби мәліметтер жинау үшін корреспонденттік жүйе ұйымдастыру. Алдымен зерттелінетін өсімдіктің емдік көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеріп білу керек. Егер алғашқы фармакологиялық (немесе биологиялық) зерттеу мәліметтердің дұрыстығын растайтын болса, онда ары қарай өсімдікке фармакогностикалық (ең алдымен фитохимиялық), технологиялық (жеке қосылыстарды бөліп қарау немесе препарат қосылыстарын табу), фармакологиялық (табылған препараттардың негізінде терең зерттеу) ең соңынан клиникалық зерттеулер жүргізіледі. 2)Ғылыми медицинада қолданылатын өсімдіктерді терең зерттеу. Осындай қазіргі ғылыми деңгейдежүргізілген жәнеөсімдіктің химиялық құрамы туралы түсінікті тереңірек дамытатын зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген өсімдіктердің қолдану аймақтарын өзгертіп отырады. Бұл қадамға ғалымдарды халық медицинасының мәліметтері итермелейді, бұл өсімдіктер өз кезінде ғылыми медицинада қолданылған бертін келе ұмыт бола бастаған болуы мүмкін. Мысалы, МФ II (1871) сүйелшөп шөбі, авран шөбі, мелиса жапырақтары мен қара қарақат жапырақтары және сабыншөптің тамырлары ресми түрде қолданылған. Қазіргі кезде олардың көбісі Мемлекеттік реестрге қайта енгізілді. 3)Филогенетикалық әдіс.Бұрыннан белгілі болғандай ботаникалық жағынан туыстас өсімдіктер химиялық құрамы жөнінен ұқсас болады да ұқсас фармакологиялық әсер көрсетеді. Бұндай биологиялық заңдылықтар жаңа дәрілік өсімдікті іздеудегі жұмыстарды мақсатты әрекеттерге бағыттап, еңбекті нәтижелі етуге көмектеседі. Отандық ғалымдар өсімдіктерді зерттеу барысында өсімдіктердің систематикалық жағдайы мен олардың химиялық құрамы арасындағы байланыстар мәселесіне көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл мәселелерді зерттеу барысында кейбір қиыншылықтар туындайды. Мұнда хемотоксономиялық заңдылықтардан басқа өсімдіктердің биохимиялық белгілері мен филогенетикалық қатынастары арасындағы толық параллелизмнің болмауы көрініс табады. Бұдан басқа химиялық конвергенция құбылысы, яғни филогенетикалық байланысы жоқ әртүрлі топ өсімдіктерінде ұқсас заттардың болуы да байқалады. Көптеген шикізат көздерінде күннен күнге өсіп отырған қажеттіліктердің артуы ресми түрге енгізілген кейбір өсімдіктерді ғана дайындаумен шектелуге байланысты болып отыр. Мұндай амалдар дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына кедергі жасайды. Филогенетикалық әдісті пайдаланып жақын туыстарды зерттей отыра өсімдік шикізаттарының  түр құрамын кеңейте түсу керек. Қазіргі кезде дәрілік өсімдіктерінің түр құрамын кеңейтуге мүмкіндік беретін экспериментальдық мәліметтер бар, мысалыға жалынгүл түрлерін, сасықшөп, шәйқурай, термопсис, жөке және басқа да түрлерді. Әсіресе, Орта Азиядағы мемлекеттер мен Қазақстанда, Қиыр Шығыс флорасында қабылданған дәрілік өсімдіктер өспейтін, ал оған жақын түрлер өсетін елдерде бұл мәселелер маңызды орын алады. 4)«Елеу» әдісі. Бұл әдіс белгілі бір ауданда немесе жергілікті жерде өсетін өсімдіктерді жаппай дала жағдайындағы фитохимиялық талдау арқылы негізгі биологиялық белсенді заттарды анықтауда қолданылады. Болжам бойынша мұндай зерттеу барысында яғни, «аналитикалық елеуден өткізілген» өсімдіктерден болашағы зор алкалоидты, жүрек гликозидті, сапонинді, эфир майлы және басқа да белсенді заттар табылады.«Елеу» әдісі бір кездері өте танымал әдіс деп табылып, көптеген экспедициялар зерттеуге шығып отырған. Бұл әдіс болашақта өсімдіктерді іздеуде белгілі бір кезеңде маңызды орын алған. Дегенмен бұл әдіс көп еңбекті қажет ететін, қымбат әрі эмпирикалық ретінде күрделі. Қазіргі кезде экспедициялар халық медицинасында кең қолданылатын белгілі бір түрге жататын және де өзінен көп үміт күттіретін түрлерді ғана жинайды. ТМД елдерінің медицина тәжірибесіндегі өсімдіктерден басқа фармакогностар шығыс медицинасына да көптеген қызығушылықтар танытады. Тарихи кейбір жағдайларға байланысты бұрынғы атақты шығыс медициналық жүйесінің ерекше іздері қалды: Орта Азия мен Кавказда – ежелгі араб медицинасының, Бурятияда – тибеттік, Қиыр шығыста – қытайлық және т.б.
8.Өсімдік шикізатын жинау күнтізбегі. Дәрілік шикізатты сақтау.
Дәрілік өсімдік шикізаттарын ондағы фармакологиялық белсенді заттардың көп мөлшері жиналған вегетация кезінде жинайды. Өсімдіктерді онтогенезде зерттеу негізінде олардың жинауға қолайлы кезеңдері анықталады. Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және ауа райына байланысты. Жиі жағдайда шикізатты жинауды күннің белгілі бір мезгіліне белгілейді. Өсімдіктің әр түріне шикізат жинау ережелері бекітілген. Шөбі. Шөпті жинап немесе орып болған соң оны қоспалардан тазартады. Қажет болғанда өсімдіктің төменгі ағаштанып кеткен бөліктерін шауып бөліп тастайды. Біржылдық өсімдіктердің тамырларытопырақ бетіне жақын орналасады, оларды тамырымен жұлып алады. Жапырақтарын шіріген бөліктерінен тазалап отырады. Жапырақтары. Шикізаттың түріне байланысты жапырақтарын қолмен, сағақты және сағақсыз немесе оның бөліктерін теріп жинайды. Кейбір ұсақ жапырақтарды бұташығымен немесе бүтін шөбімен бірге жинайды да, кептіріп болғаннан кейін жапырақтарын жұлып тереді (аюқұлақ). Егер шикізатты тамыр жапырақтары болатын болса (мысалы, итжидекте) қос жапырағының ірі жақсы дамығандарын жинайды. Бұл кезде өсімдіктің жоғары ұшын кесіп, шөбі ретінде пайдаланады (галенді препараттар өндірісі үшін). Гүлдері.Гүлді шикізаттарды жинау техникасы гүлдердің өлшеміне, орналасуына (жеке гүлдер немесе гүл шоғыры), гүл шоғырының типіне және т.б. байланысты. Сиыр құйрықтың гүл тәжін оларды гүлінен қолмен жұлып алады, ырғайдың гүлдерін – қалқанша гүл шоғырын кесіп жинаған дұрыс. Дәрілік түймедақтың гүл себеттерін арнайы тарақпен теріп жинайды. Ағаш өсімдіктердің гүлдерін (жөке ағашы) сатыны пайдаланып, гүлдеп тұрған жоғары ұшын қайшымен кесіп жинайды. Дермене жусанның гүл қауыздарын машинамен орып алып, кейіннен оларды бастырып жинайды. Жемістері мен тұқымдары. Шөптесін өсімдіктердің құрғақ жемістері мен тұқымдарын шөбінің жер үсті бөліктерін орақпен орып жинайды. Жиделерін жеміс аяқтарымен немесе оларсыз теріп жинайды. Шырғанақ жемістері мен аршаның жемістерін күзде алғашқы суықтан кейін бұталарды сілкіп жинайды.  Ағаш өсімдіктердің сөлді жемістерінің (шетен, мойыл) жеміс серігін сатыны пайдаланып жинайды.
Шатыршагүлділердің жемістерін (феникулум, анис, зере, кориандр) арнайы комбайндарды пайдаланып жинайды. Тамырлары, тамырсабақтары, тамыр түйнектері. Жер асты бөліктерін күрекпен, кетпен-шоттармен және айырмен қазып жинайды. Топырақ ерекшелігіне, жиналатын өсімдіктің өсу жағдайына байланысты құралды таңдап отырады. Мысалы, иірдің тамырсабақтарын топырақтан тек айырдың көмегімен, ал зиягүлдің тамырсабақтарын таудың тасты топырағынан тек сүйменмен және мықты шоттың күшімен ғана босатып жинай алады. Кейбір тамырларды жинау үшін жинаушылар тек қатты құрыштан жасалынған күректерді пайдаланады. Өзеннің жағасындағы жайылмалардағымия тамырларын тракторлардың терең қазатын соқаларын пайдаланып жинайды. Ол үшін алдымен жер үсті бөліктерін орып алады. Қабығы. Ағаштарда сөл жүру кезеңінде қабығы өзектен оңай ажыратылатын кезде жинайды. Бақша пышағымен діңгек пен бұталардың қабығына 20-25см арақашықтқта сақина тәрізді көлденең кесінділер жүргізеді және үстіңгі кесіндіден төмен қарай 2-3 тік кесінділер жасайды. Осылай біраз уақытқа солдыру үшін қалдырады да, содан кейін қабығын сыдырады. Бүрлері.Түрлі әдістермен жинайды: қарағай бүрлерін түбімен кесіп алып жинайды; қайың бүрлерін алдымен бұташықтарымен кесіп алып, кейіннен бүрлерін теріп алады; терек бүрлерін бүршіктерін жоғарыдан төмен қарай басып, бұталарынан жәймен жұлып жинайды.
Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктерден дайын препарат алу үшін: шикізітты кептіру, шикізатты стандартқа сәйкестендіру, шикізатты орау және таңбалау, шикізатты сақтауды қажет етеді
.
9.Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару және шеттен алып келу
Дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығару өте жауапты мәселе. Өйткені бұл шикізат дүниежүзілік сұранысты қажет ететін өнім. Сондықтан оған мұқтаждық тұрақты болатын нәрсе. Бұл шикізат табиғаттың бізге тегін берген сыйы. Соған байланысты біздер дәрілік өсімдіктер шикізатын шетке шығарғанда еліміздің экономикасына зиян келтірмей, керісінше пайда келтіру туралы ойлауымыз керек. Жас жаңадан аяғынан тұрып келе жатқан біздің елімізде бұл проблема әлі заңды түрде бір жақсы жүйеге келіп үлгермей жатыр. Сондықтан бұрынғы СССР кезінде бұл мәселе қалай болып еді соған қысқаша тоқталып өтейік. Дәрілік шикізатты шетке шығару ССРО-да 1922 жылдан басталды. Жекеменшік фирмалардың орнына Советтік әртүрлі ұжымдар келді: Госмедторгпром, Госторг, Юготрава, Центросоюз және т.б. Көптеген дәрілік өсімдік шикізаттарын шетке шығару бұрынғыдан қалпына келтірілді. Олардың ішінде Түймедағы (Ромашка-Matrіcarіa), Жөке ағашы (Tіlіa-Липа) гүлдері, Мия (Glycyrrhіza-Солодка) және т.б. Бұл бағыттағы жұмыстар 1929 жылы түбегейлі жақсарды. Өйткені көптеген ұжымдардың орнына бір ғана ұжым-"Лектехсырье" пайда болды. Осы ұжым ғана шикізаттарды жинап, дайындау және шетке шығарумен айналысатын болды. "Лектехсырье" ССРО-да бірнеше (Ленинградта, Одессада, Новосибирскіде және Владивостокта) үлкен экспорттық базалар ұйымдастырды. Осы базаларға ССРО-ның әртүрлі региондарынан тауарлық массалар келіп, осы базаларда ол шикізаттарға лабораториялық анализдер жасалып, шикізаттар қосымша жөнделіп экспорттық кемелге жеткізілді. Бұл базаларда тиісті сорттаушы, буып-түюші, таңбалаушы машиналар болды.ХХ ғасырдың екінші жартысында дәрілік шикізатты шетке шығарудың сипаты өзгерді. Шетке ССРО-да онша қажеттігі жоқ шикізаттарды шығара бастады. Мемлекет ішінде қажеттігі бар шикізаттарды сыртқа шығаруға бірте-бірте тиым салынды. Мысалы, Мияны (Солодка) ішкі мұқтаждыққа пайдалана бастады. Оны ішкі өндірісте фармацевтикалық тамақ және басқа өндірістік салаларда кеңінен пайдалана бастады. Сонымен қатар дәрілік эфир-майлы шикізаттар (Бәден-Anіsum-Анис; Жалбыз-Mentha-Мята; Дәуаскөк- Foenіculum-Фенхель), құрамында жүрек гликозидтері бар (ЖалынгүлCoronarіa-Горицвет; Наперстянка-Dіgіtalіs) және т.б. пайдаланыла бастады. Өндірістің мүмкіншіліктері қазіргі кезде тек шикізат қана емес, сонымен қатар шығу тегі өсімдіктерге байланысты препараттарды шетке шығаруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде Советтік немесе ТМД мемлекеттерінде өндірілген фитопрепараттарды көптеген мемлекеттердің аптекаларында көруге болады. Патшалық Россияда фармакопеяны басып шығарудың кешеңдеуіне себеп болған ол көптеген аптекалардың қожайындарының шет елдің азаматтары әсіресе немістер болуына байланысты. Бұл аптекалар XІX ғасырдың ортасына дейін шет елдік дәрілік шикізаттарға тәуелді болды. Аптекалар Россияда көптеген дәрілік өсімдіктердің бар екендігіне қарамастан шикізаттарды шет елдерден әсіресе Германиядан алдырып отырды. Ол шикізаттардың көбісі Россияда өсетін өсімдіктерден алынғанына қарамастан олардан алынған препараттар Россияда қымбат бағаға сатылып отырды. Мысалы Сантонин, ол алынатын шикізат тек Россияда өсетін өсімдіктен алынады. ГФ VІІ (1925) бірінші қадам, ал ГФ VІІІ (1946) - ресми қабылданған дәрілік өсімдіктерді регламенттеуде дұрыс өзгеріс жасады. ГФ VІІІ- ден бастап фармакопеяға ендірілген өсімдік шикізатының бәрінің шығу тегі отандық болды. Тек кейбір экзотикалық дәрілік шикізаттар ғана шеттен келетін болды. Мысалы Чиебухи, Строфанты тұқымдары, хынаның қабығы, Инеккуана тамыры.
10.Пуринді алкалоидтар Пурин алкалоидтары. Пурин негіздері өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Құрылысы жағынан оған зәр қышқылы өте жақын. Пурин дегеніміз пиримидин және амидазоль сақиналарының конденсацияланған системасы. Пуриннің өзі табиғатта әлі табылмаған. Пуринге өте жақын нәрсе ол оның оттекті туындысы – ксантин. Ксантин дегеніміз 2,6-диоксипурин. Кофеин, теобромин және теофиллин сияқты алкалоидтар пуриннің метилді туындылары. Пуринді алкалоидтар Thea sіnensіs L – (чай китайский, қытай шәйі), Coffea arabіca L(Кофейные деревья – Кофе ағашы), Fіrmіana Platanіfolіn Schott. et Endі (Фирмиана платанолистная) сияқты өсімдіктерде болады. Бұл аталған өсімдіктердің ешқайсысы Қазақстанда өсірілмейді. Дегенмен біздің ең көп қолданатынымыз шәй болғандықтан сол шәй өсімдігіне толығырақ тоқталып өтейік.Thea sіnensіs L – Theaceae тұқымдасынан. Өндірістік плантацияларда шәй бұтасына 1 м-ден биік өсуге мүмкіншілік бермейді, оларды жүйелі түрде кесіп отырады, олар формасы жарты шар сияқты болып қалады. Тұрақты кесіп отырудың нәтижесінде олардың бұталары өте мол болып жапырақтарында өте көп болады. Шәйдің жапырақтары көн-тері сияқты, эллипс тәрізді, шеттері тісшелі. Гүлдері дұрыс, ақ, хош иісті, 1-3-тен жапырақ қолтықтарында орналасқан. Жемісі – 3 ұялы қорапша, 3 ірі шар тәрізді тұқымдарымен.Шәйді өндіру.Шәй жапырақтарын жинау көкек (апрель) айында басталып, қазан (октябрь) айында аяқталады. Қолмен немесе арнайы шәй жинайтын машина көмегімен жас өркендерін алғашқы 2-3 жапырақтарымен жинап алады. 4-ші жапырақ қойнау бүршігімен бұтақта қалады, сол бүршіктерден жаңа өркен өсіп шығады.Жұмыстың келесі стадиясы – жапырақтарды бұрау (скручивание). Ол арнайы машиналар көмегімен жүргізіледі. Бұрау кезінде жапырақтардың клеткалары езіліп, ауа жапырақтар шырынына еркін жете алады. Сонымен қатар тотықтырғыш ферменттер (пероксидаза және полифенолоксидаза) клетканың құрамындағы заттармен тығыз байланыста бола алады. Шәйдің жапырақтарын бұрау 3-4 рет жүргізіледі. Әр жолы 45 минуттан. Әрбір бұраудан кейін іріктеу жұмыстары жүргізіледі.Жұмыстың келесі этапы ол - бұралған жапырақтарды ферментациялау. Ферментация жұмысы 3-5 сағат бойы арнайы жайда комната температурасында ылғалды ауа (98%) жағдайында жүргізіледі. Тотықтырғыш ферменттердің әсерінен Галла қышқылдарынан суда еритін қоңыр-қызыл пигменттер, ал катехиндер тотыққанда-мыс-қызыл пигменттер түзіледі. Шәйдің дәмі негізінен сол тотыққан және тотықпаған илік заттардың арақатынасына байланысты болады. Тотықпаған заттар көп болса, онда шәй ауыз қуыратын және ащылау болады.Полифенолоксидазаның әсерімен катехиндер және илік заттардан басқа да фракциялары хинонға дейін тотығады, ал хинондардың өзі белсенді тотықтырғыш сияқты әсер етеді, соның нәтижесінде шәйде хош иісті заттар пайда болады. Мысалы, амин қышқылдарын (лейцин, фенилаланин және т.б.) тотықтыру нәтижесінде раушанның иісіндей иісі бар альдегидтер пайда болады.Шәйдің көк жапырақтарында болатын спирт гексенол және альдегид гексаналь басқа заттарға ауысады, ал ол заттар иісі апельсин немесе лимон сияқты болады.Шәйді өндірудің келесі кезеңі – кептіру. Ферментация жүріп жатқанда биохимиялық процестерді уақтысында тоқтатып шәйдің қажетті қол жеткізген сапасын сақтаудың маңызы өте зор. Кептіру арнайы кептіргіштерде ыстық ауаның жолында жүргізіледі. Кептірілген шәй массасы біркелкі болмайды. Сондықтан шәй өндірудің соңғы кезеңі ол - оларды әртүрлі фракцияларға іріктеу. Жоғарғы сорттарға ең нәзік фракциялар (өркеннің жоғарғы бөліктері) алынады. Бұл жұмыстар айналып тұратын барабандарда жүргізіледі. Түсіп қалғандарынан және ұнтақтарынан нығыздау арқылы қара тақта шәйлер алынады. Көк шәйді дайындағанда ферменттерді қыздыру арқылы белсенділігін төмендетеді. Сондықтан, келешекте шәйді өндіруде барлық фенолды қосылыстар бұзылмаған табиғи күйінде қалады.Химиялық құрамы.Шәй бұтасының жапырақтарында 1,5-3,5% кофеин теофилин іздері, 20-24% илік заттар ("шәй танині"), флавоноидтар, эфир майларының іздері және витаминдер С,В,В2, никотин және пантоген қышқылдары болады.Пайдаланылуы Қайнаған, бөктірілген қою шәйдің – жүрек қызметін және тыныс алуды жақсартатын қасиеті бар. Шәйдің адам уланғанда ең алғашқы және жан-жақты пайдалы әсер ететін шипалық қасиеті мол. Шәй бұталарын кескенде қалған өркендері, ірі жапырақтары кофеин алу үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Бірақ та кофеин негізінен синтетикалық жолмен алынады. Кофеин орталық жүйке жүйесіне және жүрек бұлшық еттеріне қоздырушы әсер етеді.Шәй бұтасының отаны – Оңтүстік-Батыс Қытай және Бирманың, Вьетнамның шекаралас райондары. Шәй-сусынының отаны - Қытайдағы Юньнань провинциясы, ол жерде шәй өте ерте заманнан белгілі. ІV ғасырдың ортасында Қытайлықтар шәй бұтасын дахилдар қатарына енгізді. Шәйдің сорттары өте көп, олардың жергілікті аттары да көп. Бірақ та оның барлығы "Ча" деген буыннан басталады. "Ча" деген "Жас жапырақ" деген мағына береді."Чай" деген орыс сөзі монғолдың "Уай" деген сөзінен шыққан. Шәйді өз еліне португалдықтар 1517 жылы, ал голландықтар 1610 жылы, Англиялықтар 1664 жылы алып келді. Қазіргі кезде шәйді ең көп өндіретін елдер Индия, Шри-Ланка, Пакистан, Вьетнам, Иран және Турция. Россияда шәй 1638 жылдан бері белгілі. XІX ғасырдың соңында Россияда арнайы экспедициялар ұйымдастырылды (Проф. Тихомиров В.А. және проф. Краснов А.Н.). Экспедиция мүшелері Қытайда, Жапонияда, Индияда, Цейлонда болып көптеген тұқымдар, көшеттер алып келді. Ол тұқымдар және көшеттер 1898 жылы Чаквада отырғызылды. К.С. Попов деген орыс азаматы Батумиде алғашқы шәй фабрикасын салды. Қазіргі кезде Грузиядан басқа шәй плантациялары Краснодар аймағында, Азербайжанда бар. Махарадзе деген қалада шәй және субтропикалық дақылдар ғылыми-зерттеу институты бар.
11. Дитерпенді алкалоидтар Дитерпен алкалоидтары.Дитерпен немесе өте жиі оларды аконит алкалоидтары деп атайды, Aconіtum, Delphіnіum және Garrya туыстарына жататын өсімдіктерде жинақталады. Аконит алкалоидтарын екі үлкен топқа бөлуге болады: 1) аконитиндер; 2) атизиндер. Аконитиндер – көміртегі каркасы 19 көміртегі атомынан тұрады және линонтонин каркасы бар. Атизиндер – 20 көміртегі атомынан тұратын көміртегі каркасы болады және пергидрофенантрен каркасы болады. Аконитин алкалоидтары жоғары физиологиялық белсенділігімен сипатталады. Дитерпен алкалоидтары Delphіnіum dіctyocarpum DC (Ranunculaceae), D.Confusum M.Pop; Aconіtum soongorіcum Stapf (Ranunculaceae) сияқты өсімдіктерде жинақталады. Бұлардың ішінде Aconіtum soongorіcum Stapf өсімдігіне тоқталып өтейік. Aconіtum soongorіcum Stapf. – Борец джунгарский Ranunculaceae Juss тұқымдасынан, қазақша аты – Ыстықкөл утамыры. Ыстықкөл утамыры – көпжылдық шөптесін өсімдік көлденең тамырсабағының 12-ге дейін түйнектері болады. Ол түйнектердің ұзындығы 2-2,5 см, жуандығы 0,7-1 см. Сабағы қарапайым, биіктігі 70-130 см. Жапырақтары ұзын сағақты, дөңгелек-жүрек тәрізді, ұзындығы 5-9 см және ені 8-12 см, түбіне дейін 5 сына (клин) тәрізді сегментке тілгіленген. Гүлшоғы – 5 ірі зигоморфты гүлден тұратын шашақ. Гүлдерінің 5-күлте жапырақшалары бар, олардың күлгін тостағаншалары бар. Гүлдің томағасы (шлем) доға сияқты иілген ұзын мұрыншасы бар, томаға астында екі көк шырындығы (нектарник) болады. Шырындықтың ұзын тегеуріні (шпорец) бар. Жемісі – көпжапырақ (многолистовка). ТМД елдерінде биік тауларда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Талас Алатауында, Оңтүстік Алтайда кездеседі. Шөптесін ылғалды беткейлерде және тау өзендері жағалауларында, орманда, субальпі және альпі белдеулерінде теңіз деңгейінен 1000-3000 м биіктікке дейін кездеседі. Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық мүшелері алкалоидтарға өте бай. Жер үсті мүшелерінде алкалоидтар мөлшері 0,6%-ға дейін болуы мүмкін (бутондану фазасында). Күзде тамыр түйнектерінде алкалоидтар мөлшері 2%-ға жетеді. Аконитин тобының алкалоидтарына аконитин жатады. Ал атизин тобына – зонгорин және ацетилзонгорин жатады. Дәрілік шикізаты. Көк майса шөбін, ұзындығы 30 см дейін гүлдері бар жапырақтары мол сабақтарының жоғарғы ұштарын жинайды. Дәмі және иісі анықталмайды. Өйткені өсімдік өте улы. Ылғалдылығы 70%-дан кем емес. Алкалоидтар мөлшері 0,2%-дан кем емес. Пайдаланылуы. Қайнатпаларын радикулит, радикулоишиалгия, радикулоневритпен ауырғанда қолданады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамындағы алкалоидтар күрделі препараттар құрамында болады. 1976 жылға дейін ресми түрде қайнатпалар түйнектерден дайындалған. Бірақ та оның өте улы екендігіне байланысты және ол өсімдіктің "Қызыл кітапқа" енгеніне байланысты ол өсімдіктің тек өркеннің ғана жинауға болатындығы туралы мемлекеттік реестрде көрсетілді. Ыстықкөл утамырына (Aconіtum soongorіcum) уқорғасын (Aconіtum karakolіcum) өте жақын. Қырғыз халық медицинасында оны яғни уқорғасынды "Ыстықкөл тамыршасы" ("Иссыккульский корешок") деп атайды. Ол екеуінің ареалдары бірдей, сондықтан ол екеуін әдетте бірге жинайды. Уқорғасында алкалоидтар мөлшері 0,3%-дан артпайды.
12.Стероидты алкалоидтардың Стероид алкалоидтары табиғатта гликозидтер формасында кездеседі. Стероид алкалоидтарының екі типін ажыратады:Соласодин типі Иервин типі Стероид алкалоидтары Solanum (Solanaceae) және Veratrum (Melanthіaceae) туыстарына жататын түрлерге тән. Стероид алкалоидтарының биосинтезделу механизмі толық әлі анықталмаған. Solanum туысына жататын өсімдіктердің алкалоидтарының агликон компоненттерінің көміртегі каркасы холестериндікіндей (С сақинасы - 5 мүшелі, ал D сақинасы – 5 мүшелі), және кейбір ғалымдардың ойынша, олардың алдындағы жалпы жол салушылары бірдей. Жоғарыда айтылған екі туысқа Solanum және Veratrum туыстарына жататын түрлердің ішінде Қазақстанда кездесетіні Veratrum Lobelіanum Bernh. Сондықтан осы Veratrum Lobelіanum түріне толығырақ тоқталып өтейік. Veratrum Lobelіanum Bernh. – Melanthіaceae Batsch тұқымдасынан, қазақша аты – маралқурай.
Маралқурай (Veratrum Lobelіanum-Чемерица лобеля). Көпжылдық шөптесін өсімдік жуан тік немесе қиғаш өскен қоңыр-сұр тамырсабағы болады. Тамырсабағынан көптеген ұзын ақшыл тамырлар өседі. Сабағы жуан, биіктігі 140 см. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, дөңгелек, жалпақ эллипс тәрізді, шеттері бүтін, жүйкелері доға тәрізді. Гүлшоғы - ұзын төбелік сыпырғы. Гүлдері жасыл-көктеу, қарапайым түбіне дейін 6-ға бөлінген гүл серіктерімен. Жемісі – 3 ұялы қорапша көп тұқымдарымен. Өсімдік түгел улы. Ареалы өте кең. ТМД елдерінің барлық региондарында кездеседі (далалық райондарынан және Орта Азиядан басқа). Қазақстанда өзен жағалауларында, ылғалды шалғындықтарда, орманды тау беткейлерінде субальпі белдеулеріне дейін Алтайдан Солтүстік Тянь-Шанға дейін таралған.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалоидтар бар: тамырында-2,4%-ға дейін, тамырсабағында-1,3%-ға дейін, өркенінде -0,55% шамасында. Алкалоидтар құрамы өте күрделі олар әлі толық анықталмаған. Алкалоидтар Иервеоатр тобына жатады (Иервин, изоиервин, рубииервин, изорубииервин және т.б.). Негізгі алкалоиды болып иервин саналады. Иервин бос агликон түрінде немесе глюкозаның бір молекуласымен байланыста болады.
Дәрілік шикізаты.
Тамырсабағын тамырымен күзде қазып алады. Оларды сілкіп тазалап, жуан ірі тамырсабақтарын ұзына бойы кесіп жылы кептіргіштерде кептіреді. Тамырсабағы қоңыр-сұр ұзындығы 8 см, диаметрі 3 см, тамырлары сарғыш-қоңыр ұзындығы 20 см дейін, жуан (4 мм) өте көп тамырсабақтарын толық жауып дамиды. Шикізатты алкалоидтар жиынтығы мөлшеріне қарай бағалайды (1%-дан кем емес).
Пайдаланылуы.
Маралқурайдың Гален препараттары (қайнатпа, маралқурай суы) терідегі әртүрлі паразиттермен күресуге пайдаланылады. Ветеринарияда маралқурай тұнбалары ірі қара малдың гиподерматозына қарсы кеңінен қолданылады. Шет елдерде Veratrum түрлерінен әсіресе олардың тамырсабақтарынан эфир түрінде алкалоидтар препараттары алынады. Медицинада Veratrum алкалоидтарын кеңінен қолдануына шек қойылған, өйткені олар өте улы.
13. "Дәрілік өсімдік" пәнінің мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, ол Биологиялық білім саласындағы ілімнің қазіргі замандағы жағдайын көрсету. Сіздерді теориялық курста cеминар сабақтарда негізгі дәрілік өсімдіктермен, олардың таралу ерекшеліктерімен, медицинада пайдалануымен таныстыру. Бұл пәнді оқығанда сіздер мына мәселелер туралы хабардар болуларыңыз керек.
Әртүрлі систематикалық топтардың негізгі дәрілік өсімдіктері және олардың биологиялық белсенді заттары туралы;
Арнайы танылған-мойындалған дәрілік өсімдіктер туралы;
Қазақстанның жалпы белгілі дәрілік өсімдіктері туралы;
Дәрілік өсімдіктерді сақтаудың принциптері туралы;
Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы.
Бұл пәнді оқығаннан кейін сіздер алған білімдеріңізді ғылыми, өндірістік және практикалық мәселелерді шешуге пайдалануды, лаборатория және далалық жағдайда жұмыс істеуді, дәрілік өсімдіктер туралы ғылыми әдебиеттермен дұрыс жұмыс жасауды, өсімдіктер шикізатынан дәрілік формаларын дайындауды, дәрілік өсімдіктерді жинау әдістерін білулеріңіз керек.
Ғылыми жұмыстар жүргізгенде басқа пәндерді өткенде игерген әдістерді пайдалануға және ғылыми проблемаларды көтеруге практикалық әдеттенулеріңіз керек.
14.Ерте замаңғы елдердің (Китай, Грек және т.б) дәрілік өсімдіктерді пайдалануы. Гиппократ, Феофраст, Абу Али, Ибн Сина, Гален және т.б жұмыстарыЕрте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген оның ішінде әрине шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы: Халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары – какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары – Мате жапырақтарын пайдаланған, Амазонка индеицтері – Гуарапуды пайдаланған. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде кейіннен жалпы бір дәрілік зат – кофеин алкалоиды бар екендігі анықталған. Гельминттермен (паразит құрттар) күресу үшін Африка тұрғындары Куссо гүлін, Азия тұрғындары – Камалу деген өсімдікті, ал Солтүстік халықтары – папоротниктің тамыр сабағын қолданған. Бұл өсімдіктерде гельминтке әсер ететін заттар бір класқа жататын табиғи қосылыстар екендігі анықталған. Көпжылдық байқау, практика жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosіs – зерттеу, білу) – дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым. Біздің дәуірімізге (эра) дейін Таяу Шығыс халықтары (Шумерлер, Ассириялықтар, Вавилондықтар) дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жинақтаған. Дегенмен, өсімдіктер туралы молырақ мәліметті Грек әдебиеттерінен табуға болады. Гректер тек өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар Египет, Таяу Шығыс халықтарының дәрілік заттарын кеңінен пайдаланған. Ертедегі атақты врач Гиппократ (460-377ж б.д.д.) медициналық шығарма құрастырды. Емдеу үшін ол негізінен физикалық және диеталық әдістерді пайдаланды. Дегенмен оның еңбектерінде 230 дәрілік өсімдіктердің сипаттамасы берілген. Өсімдіктерге әсіресе көбірек көңіл бөлген ерте Грек дәуірінде өмір сүрген философ, ботаник Теофраст (372-267ж б.д.д.) болды. Теофраст "Өсімдіктерді зерттеу" трактатының авторы. Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі К.Гален (131-201 жылдар) болды. Ол өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде өте жоғары бағалады. Гален препараттарды экстракт әдісімен өндіруді ұсынып іске асырды. Ол осы уақытқа дейін Гален препараттары деген атпен белгілі. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік заттар, 48- дәрілік минералдар болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі "Книга о травах" деген кітапта жазылған. Ең белгілі "Травникті" Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол XVІ ғасырда басылып шыққан. Бұл "Травникте" 1892 объект соның ішінде 900 дәрілік өсімдік жазылған.
Индия медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Индияда ең белгілі еңбек ол "Аюрведа" ("Наука о жизни"-өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өңделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол Индия врачы Сушруттың (ІV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген. Тибет медицинасы Индия медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке Буддизм арқылы енген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі ол "Джуд-Ши" ("Сущность целебного"-"Шипалықтың мәні") ол Индиядағы "Аюр-веда" негізінде жазылған. Медицина және фармацияның даму тарихына Араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур және Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда және Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб врачтарының еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде атап айтатын болсақ, Абу Манзур Мувафикті келтіруге болады. Ол 977 жылы Фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер бар. Бірақ та бұл кезеңде ең белгілі болып Дүние жүзіне атағы жайылған тәжік халқының ұлы Абу Али Ибн-Сина болды (Авиценна Бухардан). Ол 980-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн-Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі ол "Канон врачебной науки". Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Орыс тіліне 1954 жылы аударылған. Ол еңбек Европада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің екі томы № 2 және № 5 түгелімен фармацияны қамтыған. Ибн Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды әсіресе өсімдіктен алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланды. Ибн-Синаның замандасы өзбек ғалымы-энциклопедист Хорезм шахарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі "Фармакогнозия в медицине" (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо) Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап бұл еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы Каримов У.И. бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек "Сайдана" деген атпен белгілі. "Сайданада" 1116 тарау бар,соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған. Европада Орта ғасырда медициналық білім төмен болды. XІІ ғасырдан бастап Европаға Испания, Сицилия арқылы Араб медицинасы ене бастады. Арабтардың жобасы-5 нұсқасы бойынша ауруханалар және дәріханалар ұйымдастырыла бастады. Медициналық еңбектерді араб тілінен латын тілдеріне аудара бастады. Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына ятрохимия (Қазіргі заманғы фармацевтикалық химияның бастамасы) көп ықпал етті. Ятрохимияның негізін салушының бірі Теофраст фан Гогенгеим (1493-1541) болды. Ол Парацельс деген атпен белгілі. Бұл дәуірден Сигнатура деген ілім қалды. Сигнатураның мәні дәрілік өсімдіктерді емдік мақсатта олардың сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне қарай ұсыныс жасау (лат. Sіgna naturae- знаки природы). Осы түсініктерге байланысты Шайқурай (Зверобой-Hyperіcum) мысалы ұрылған жараларға (көптеген қызыл-қоңыр нүктелері күлтелерінде бар), сары ауруға қарсы – айқын сары гүлдері бар Салаубас (Бессмертник- Helіchrysum) ұсынылды. Тікенекті өсімдік Түйетікен (Чертополох- Cardurus) асқазандағы шаншу ауруына қарсы пайдаланылды. Женьшень, Мандрагора деген өсімдіктер формасы адам фигурасына ұқсастығына байланысты барлық ауруға ем ретінде қолданылды. Бұл бағыт мистикалық түсінік және өтірік көзқарастар екендігіне қарамастан өсімдіктер туралы морфологиялық, систематикалық мәліметтер жиналуына себепші болды.
15.Фармакогнозияны дамытудағы ССРО Ғалымдарының қосқан үлесі, бұрынғы ССРО дағы негізгі фармаконгнозиялық орталықтарПатшалық Россияда фармакогнозияның және фармацияның дамуына І Петр үлкен үлес қосты. Петр патшаның жарлығымен Россияда дәріханалар және дәріханалық бақшалар ұйымдастырылып салына бастады. Бұл саланың әрі дамуына 1724 жылы ұйымдастырылған Ғылым Академиясының да әсері мол болды. ССРО-да отандық дәрілік өсімдіктер каталогын жасау және дәрілік өсімдіктерді жинау оларды шикізат ретінде пайдалану фармакогнозияның алдына бір қатар маңызды проблемалар қойды: химиялық, ресурстық, тауартанушылық салаларында. Бұл өз кезегінде фармакогнозия бағдарламасында үлкен теориялық бөлімнің пайда болуына, ал практикалық тұрғыдан морфология-анатомиялық практикумнан басқа, дәрілік өсімдіктерге химиялық анализ жасау туралы лабораториялық сабақтары және тауартанушылық практикумдары ендірілді. Методикалық тұрғыдан әртүрлі жүйелер, классификациялар сыналды. Соның нәтижесінде бүкіл ССРО-дағы фармакогнозия саласындағы мамандар бір тұжырымға келді. Ол бір классификацияны яғни химиялық классификацияны мойындап қабылдау туралы шешім қабылданды. Яғни шикізаттағы әсер ететін биологиялық белсенді заттың құрамына қатысты. Советтік фармакогнозияның қалыптасып, дамуы ол бүкіл ССРО-дағы фармакологтар қауымы еңбектерінің нәтижесі. Әсіресе бұл салаға еңбек сіңіргендер профессорлар Гаммерман А.Ф., Щербачев Д.М., Томингас А.Я. және т.б. Әсіресе Гаммерман Адел Федоровнаның (1888-1978) еңбегі ерекше. Ол 30 жылдан астам уақыт Ленинград химия-фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол кісі Дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық курсын жасап тудырды. Сонымен қатар ол кісі оқу бағдарламасына тауартанушылық және фитохимиялық анализ жасауды ендірді. Сол Гаммерманның мектебінен профессорлар К.Ф.Блинова, Г.П.Яковлева, Л.И.Эристива, Д.А.Муравьева және т.б.шықты. Фармакогнозияның дамуына проф. Щербачев Д.М. үлкен үлес қосты. Д.М.Щербачев (1864-1957) Р.А.Тихомировтың оқушысы. Щербачев ССРО-дағы ең бірінші фармакогнозия оқулығының авторы (1930). Ол оқулық химиялық классификация негізінде жасалған. Ол көп жылдар Москва фармацевтикалық институтында фармакогнозия кафедрасын басқарды. Ол дәрілік өсімдіктер шикізатының диагностикалық әдістерін жасауға көп үлес қосты. ТарГУ университетінде А.Я.Томингас дәрілік өсімдіктер химиясын және олардың филогенетикалық байланыстарын зерттеумен айналысты. Кейінірек бұл бағытты И.К.Томмеорг (1929-1986) жалғастырды. Украинада фармакогнозияны дамытуға Харьков фармацевтикалық институтының профессоры Ю.Г.Борисюк еңбек сіңірді. Кавказда фармакогнозияның дамуы Тбилиси медицина институтының профессорлары Э.Я.Аболяға және В.Е.Шотадзеге байланысты. Фармакогнозияның дамуы Әзербайжанда профессор И.А.Дамиров, Өзбекстанда профессор Хазанович Р.Л. және профессор Х.Х.Халматов, Томскіде профессор Л.Н.Березнеговский еңбектеріне тікелей байланысты. Қазіргі кезде Қазақстанда фитохимиялық зерттеу жұмыстары Қарағандыдағы фитохимия (проф. Адекенов С.М.), Шымкент химфарм заводында, ҚазМУ-нің химия факультетінде "табиғи қосылыстар химиясы" кафедрасында кеңінен жүргізілуде. Мамандардың мәліметі бойынша біздің планетамызда гүлді өсімдіктердің 250-300 мың түрлері кездеседі. Қазақстанның өзінде 6000 түрі бар. Оның ішінде әлі толық зерттелмеген шипалы өсімдіктер жеткілікті. Бірақ осы уақытқа дейін бұл мәселе әлі толық зерттелген жоқ. Сол 6000 өсімдіктің ішінен жаңа дәрілік өсімдіктерді айқындап әшкерелеудің бірнеше әдістері бар: Халықтық медицина тәжірибесін зерттеу. Өйткені осы кездегі қолданылып жүрген барлық дәрілік өсімдіктер сол халықтық медицинадан алынған.
.
16.Биологиялық белсенді заттардың негізгі топтары және олардың қысқаша сипаттамасы (терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алколоидтар, липидтер, полисахаритт)Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно- және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар ішінде химиялық топтарға және топ тармақтарға бөлінеді. Төменде келтірілген классификация аралас химиялық және фармакологиялық принциптері бойынша құрастырылған. Мұндай классификация әрине әсер етуші заттардың структурасын олардың белсенділігімен байланыстыра қарастыруға мүмкіншілік береді.
Енді сол ББЗ-ға қысқаша тоқталып өтейік:
Терпеноидтар (изопреноидтар).
Терпеноидтар – алифатикалық және циклді күрделілігі әртүрлі көмірсулардан тұратын класс. Олар 10-нан 40-қа дейін және одан да көп көмірсулар атомынан тұрады. Олардың негізі изопрен түзеді:
СН2= ССН3-СН=СН2
Изопрен жоғары реакциялық қабілеттілігімен ерекшеленеді, гидроксил, кетон, альдегид, көмірсулы топтарды қосып алады.
Өсімдіктерде әртүрлі қатынастағы терпеноидтар кездеседі, бірақ олардың мөлшері әрқалай болуы мүмкін. Олар, яғни терпеноидтар суда ерімейді, күрделілігіне байланысты олардың консистенциясы әрқалай болады: сұйық май, скипидар, шайыр (смола), балауыз (воск) күйінде болуы мүмкін.
Әдетте алифатикалық және циклді 1) Монотерпендерді (екі изотерпен қалдықтарынан), 2) Сесквитерпендерді (үш изотерпендер қалдықтарынан), 3) Дитерпендерді (төрт изотерпендер қалдықтарынан), 4) Тритерпендерді және стеролды (алты және одан да көп изотерпен қалдықтарынан) ажыратады.
Терпеноидтарға дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері бағынышты немесе тығыз байланысты. Сондықтан терпеноидтардың негізгі-негізгі топтарына және олардың қарапайым классификациясына қысқаша сипаттама беріп өтейік.
2.1. Терпеноидтарға жататындар:
Эфир майлары
Стероидтар
Гликозидтер
Сапониндер және т.б.
А) Эфир майлары.
Эфир майлары - қарапайым алифатикалық және циклді терпеноидтар қосылысы (моно- және сесквитерпендер басым олардың спирттері, кетондары). Мысалы, алифатикалық терпеноидтарға:
1. Мирцен (Құлмақ-Хмель-Humulus; Түймедағы-Ромашка- Matrіcarіa; Сіркеағаш-Сумах-Rhus).
2. Линалоол (Күнзе-Кориандр-Corіandrum; Апельсин; Қынжыгүл-Ландыш- Convullarіa).
3. Герапиол (Раушан-Роза-Rosa; Эвкалипт; Сермене-Мелисса-Melіssa; Лавр, Апельсин).
Цитраль (Шегіргүл-Фиалка-Vіola, Лимон; Сермене-Мелисса-Melіssa) және (Лаванда) өсімдіктерінде болады. Қандай өсімдіктер құрамында кездесетіні көрсетілген.
Ал циклді терпеноидтарға жататындар:
1. Лимонен (Зире-Тмин-Carum; Аскөк-Укроп-Anezum; Қарағай-Сосна-Pіnus; Иісті ақжелкен-Сельдерей-Apіum; Самырсын-Пихта-Abіes).
2. Ментол (Жалбыз-Мята-Mentha).
3. Камфора (Шалфей-Salvіa; Мыңжапырақ-Тысячилистник-Achіllea; Арша-Можжевельник-Junіperus).
4. Цинеол (Эвкалипт, Шалфей-Salvіa; Түймешетен-Пижма-Tanasetum; Мыңжапырақ-Тысячилистник- Achіllea).
5. Борнеол (Айыр-Аир-Acorus; Шүйіншөп-Валериана-Valerіana; Жусан-Полынь-Artemіsіa; Самырсын-Пихта-Abіes; Жөке ағашы-Липа-Tіlіa; Күнзе-Кориандр-Corіandrum).
Эфир майлары деп аталғанмен олар май емес тек майларға өзінің консистенциясымен ұқсас. Эфир майларынан 1000-нан астам әртүрлі заттар бөлініп алынған. Олардың жеке фармакологиялық сипаттамалары әлі жоқ. Күнделікті қолданылатын эфир майларынан жасалған фитотерапевтикалық препараттар - олардың құрамындағы әртүрлі заттардың жиынтығының әсері.
Эфир майлары тез ұшып кететін қасиеті бар. Олар өсімдік шикізатынан оңай бөліп алынады. Өсімдікте ароматты иісті шығарып тұрады. Эфир майларын әдетте парфюмерияда және кулинарияда кеңінен қолданады.
Өсімдіктің құрамында эфир майлары өте аз, яғни 1%-ға жетпейтін мөлшерден 10-15%-ға дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің түріне байланысты эфир майлары олардың әртүрлі мүшелерінде жинақталуы мүмкін: гүлінде, жапырағында, жемісінде, тамырында, қылқанында.
Эфир майлары әсіресе қылқан жапырақтылар (Pіnaceae), ерінгүлділер (Lamіaceae), шатыргүлділер (Apіaceae) тұқымдастары өкілдерінің құрамында көбірек болады.
Эфир майлары көп мөлшерде Жалбыз-Мята-Mentha; Жебір-Тимьян-Thymus; Жұпаргүл-Душица-Orіganum; Зире-Тмин-Carum; Аскөк-Укроп-Anezum; Ақжелкен-15
Петрушка-Petroselіnum; Иісті ақжелкен-Сельдерей-Apіum; Шүйіншөп-Валериана-Valerіana; Жусан-Полынь-Artemіsіa; Сермене-Мелисса-Melіssa; Шалфей-Salvіa; Түймедағы-Ромашка-Matrіcarіa; Қарағай-Сосна-Pіnus; Самырсын-Пихта-Abіes; Эвкалипт; Қазтамақ-Герань-Geranіum және басқа да көптеген дәрілік өсімдіктерде болады.
Эфир майларының өсімдіктер құрамында болуына және олардың мөлшеріне байланысты олардың шипалық қасиеті туралы болжам жасауға болады. Эфир майларының шипалық әсерін төмендегідей топтастыруға болады:
Микробтарға қарсы әсері.
Әртүрлі өсімдіктердің эфир майлары бірдей белсенді емес. Химиялық табиғатына, концентрациясына және микробтар клеткалармен түйіскен байланысы мерзімінің уақытына байланысты олар бактериоцидтік әсер етеді. Яғни бактерияларды жоятын қасиеті бар деген мағынада. Оның механизмі өте күрделі. Негізінен эфир майлары бактериялардың цитоплазмалық мембранасының құрылымын бұзады, зат алмасу процесі бұзылады.
Ұшып жүретін эфир майлары (чеснок, лук және т.б.) ауада микробтарға фитонцидтер сияқты әсер етеді. Фитонцидтердің (лат. phyton-өсімдік, және caedo-өлтіремін) ауадағы микробтарды өлтіретін қабілеті бар.
Топырақта, ауада басқа да ортада кең таралған шар тәрізді кокки бактерияларына (стафилококк, стриптококк, пневмококк және т.б.) эфир майлары таяқша тәрізді бактерияларға (бацилла) қарағанда қаттырақ әсер етеді.
Чеснок, зверобой, ромашка, тысячилистник, базилика, чабрец, шалфей, тимьян, можжевельник, сосна, пихта, петрушка, полынь обыкновенная және т.б. кейбір өсімдіктердің эфир майларының микробтарға қарсы әсері басқалармен салыстырғанда күштірек екендігін еске сақтау керек.
Кейбір әдебиеттерде эфир майларының вирустарға да әсері бар екендігі туралы мәліметтер бар, бірақ бұл мәселе әлі ғылыми тұрғыдан толық дәлелденген жоқ.
Қабынуға (воспаление) қарсы әсері.
Көптеген дәрілік өсімдіктердің эфир майларының қабынуға қарсы әсерлері бар. Эфир майларының қабынуға қарсы әсері олардың клетканы одан әрі зақымдануынан сақтайды. Эфир майлары қышқылдандыратын заттарды байланыстыру арқылы бос радикалдардың реакциясын тежейді. Белсенді өсімдіктерде бұл нәрсені топоферолдың әсерімен салыстыруға болады. Соның нәтижесінде капиллярлардың өткізгіштігі төмендеп лизосомдық, митохондриялық және цитоплазмалық мембраналар тұрақтанады. Онымен бірге макрофагтармен микоциттердің фитоцитарлық белсендігі артады (фитоцитоз - организмге түскен басқа организмдерді жұту қасиеті).
3. Жойылған теріні қалпына келтіруге (бальзамдық, жараны жазушылық орнына келтіруші) әсері.
Бұл мәселе эфир майларының сығындысын (экстракт) пайдалану арқылы іске асады.
Эфир майлары сығындысы жаралардың қалпына келуіне теріні кеуіп қалудан сақтап, жұмсарту арқылы әсер етеді. Сонымен қатар экспериментальдік мәліметтер эфир майлары ДНҚ-ның синтезделуіне әсер ететінін көрсетті.
Жадың бетіндегі жойылған теріні қалпына келтіруде:
Календула, зверобой, девясил, тимьян, тысячилистник және ромашканың эфир майлары белсенді қолданылады.
4. Коронарлық және ми қан тамырларының түйілуіне (спазма) әсері.
Мята, хмель, валериана, мелисса өсімдіктерінің эфир майлары коронарлық және ми артерияларының өт шығаратын және зәр шығаратын жолдарының, өкпедегі тыныс жолдарының (бронха), ішектердің түйілуін азайтады немесе тіпті жойып жібереді.
Өсімдіктердегі басқа да заттармен бірге эфир майлары артерия қысымын төмендетеді.
Жалпы түйілуге (спазма) қарсы:
Мята, хмель, фенхель, укроп, герань луговая, мелисса, сушеница болотная, чабрец, петрушка, дягель, лаванда, шалфей, белокопытник өсімдіктерінің эфир майлары әсер ете алады.
Асқорыту қызметін жақсарту.
Эфир майлары асқазан және ішекке тікелей әсер етеді. Эфир майларының жағымды иісі, татымды немесе ащы дәмі адам аппетитін қоздырады және асқорыту бездерінің секрет шығару қызметін жақсартады. Осыған байланысты ерте заманнан бері өсімдіктердің эфир майлары тұздық ретінде қолданылады. Эфир майлары сонымен қатар өттің бөлінуін және ішектің моторикасын жақсартады, әсіресе:
Ромашка, укроп, кориандр, базилика, фенхель өсімдіктерінің эфир майлары.
Б) Стероидтар.
Дұрысын айтқанда адамдарда және жануарларда стероидтар жыныстық және бүйрек бездері гормондарында кездеседі. Стероидтарға жақын заттар кейбір өсімдіктерде де кездеседі. Стероидтар клеткалардың ішкі мембраналары құрылысына қатысады. Стероидтар азды-көпті мөлшерде (1%-дан аз мөлшерден 2-3%-ға дейін) көптеген өсімдіктерде, саңырауқұлақтарда, ашытқыларда кездеседі.
Көптеген стероидтар молекулаларының әртүрлі позицияларында гидроксилдерді қосып алып спирттер – стеролалар (фитостеролалар) түзеді. Ондай фитостеролаларға жататындар: ситостеролалар, стигмастерола, стипастерол, эргостеролалар оның ішінде провитамин Д.
Эргостеролдар көп мөлшерде бидайдың, жүгерінің дәндерінде және астық тұқымдастарында паразит түрінде болатын саңырауқұлақ clavіceps (спорынья-қастауыш) склероцияларында кездеседі.
Қастауышпен эргостеролға байланысты емес, күшті алкалоидтарға байланысты.
Жалпы алғанда өсімдіктер стеролдары фармакологиялық тұрғыдан нашар зерттелген. Сондықтан көп мамандар стеролдарды индиферентті (бейтарап) заттар деп қарайды.
Көптеген стеролалар өсімдіктерде гликозидтер (көмірсулы эфирлер) түзеді. Олар фармакологиялық тұрғыдан белсенді және жеткілікті зерттелген. Гликозидтер молекулаларының қантсыз бөлшектері (стероидты, тритерпенді) гепинамдар деп, ал қантты бөлшектерін – гликонамдар деп атайды.
Қанттар әртүрлі типті болуы мүмкін - өте кең тараған глюкоза және галактозадан экзотикалық типтеріне дейін.
Көптеген стеролдар суда жақсы ериді, беттік жоғары белсенділігімен ерекшеленеді, шайқап араластырғанда көбік- сапониндер (сапо-сабын) пайда болады. Фитохимиктер олардың барлығын біріктіріп сапониндер тобы деп атайды.
Өсімдіктерден бөлінген 100-ден астам сапониндер белгілі. Олар негізінен 40 тұқымдастарға жататын өсімдіктерден алынған. Сапониндерге ең бай өсімдіктер түрлері:
Fabaceae, (бобовые) Polygagaceae, (истодные) Polemoniaceae, синюховые (Capyophyllceae) гвоздичные, розоцветные (Rosaceae), дискорейные норичниковые тұқымдастарының өкілдері. Сапониндердің негізгі физико-химиялық қасиеті - олардың 17
беттік белсенділігі (поверхностная активность). Осы қасиетіне байланысты оларды бір фитохимиялық топқа біріктірген деп айтуға болады. Сондықтан стеролдарды олардың беттік белсенділігіне емес фармакологиялық қасиетіне байланысты топтастырған дұрыс. Осы тұрғыдан оларды мына төмендегідей топтастыруға болады:
Кардиотоникалық әсері бар гликозидтер (жүрек гликозидтері).
Олардың кардиотопикалық қасиеті 200 жылдан астам уақыт жүрек кемшілігін емдеуге пайдалануда. Осы уақыт ішінде жүрек гликозидтерінің шипалық қасиеттері олардың әсерінің механизмі, емдеу тактикасы, режимі зерттелді. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктерден алынған жеке гликозидтермен емдеу өсімдіктер шикізатынан алынған қайнатпа (отвар), тұндырма (настой), ұнтақтармен (порошок) салыстырғанда анағұрлым артық екендігін көрсетті.
Жүрек гликозидтері:
Наперстянка, олеандр, кендыр, морозник, желтушник, горицвет, морской лук, майский ландыш жапырақтарының құрамында болады. Қазіргі кезде қарапайым дәрілік формасы ретінде (тұндырма және жинап алған күйінде) тек екі өсімдік – майский ландыш және горицвет пайдаланылады.
Қуаттандырғыш және бейімдегіш әсері бар гликозидтер.
Бұл гликозидтерге аралия тұқымдасының өкілдері бірқатар реликті өсімдіктер тамырларында негізделетін маңызды тритерпендер тобындағы сапониндер жатады. (женьшень, заманиха, аралия, элеутерококк).
17.Құрамында шырыштар бар өсімдіктер мен шикізаттар, ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануыСфагнум мүгі – морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, қолданылуы. Шырыштарға (слизи) қою қоймалжың ерітінділері бар полисахаридтер жатады. Қоймалжың заттар құрамында пентозандар және гексозандар болады. Крахмалдан айырмашылығы қоймалжың заттар құрамында тиісті дәндердің болмауымен және йод ерітінділерімен реакциясының жоқтығымен ерекшеленеді. Өсімдіктерде қоймалжың заттар көмірсулардың, судың қоры ролін атқарады. Сонымен бірге олар қорғаныс биополимерлер қызметін де атқарады. Химиялық тұрғыдан қоймалжың заттарды камедилерден айыру өте қиын. Дегенмен қоймалжың заттарды камедилермен салыстырғанда пентозандар (90%) гексозандардан артық болады. Физикалық тұрғыдан қарағанда қоймалжың заттар суда жақсы ериді, ал камедилер тек ісінеді. Пайда болу сипатына қарай қоймалжың заттардың бірнеше типтерін ажыратады: Интерцеллюларлы қоймалжың шикізаты: Кәдімгі зығыр (Лен обыкновенный-Lіnum usіtatіssіmum) тұқымы; Бақажапырақ (Plantago psyllіum-Подорожник блошный-Қазақстанда кездеспейді) тұқымы және т.б. Клетканың қоймалжың шикізаты: Дәрілік жалбызтікен (Althea offіcіnalіs –Алтей лекарственный) өсімдіктерінің тамырлары және жапырақтары. Кәдімгі өгейшөп (Tussіlago farfara -Мать-и-мачеха обыкновенная) жапырақтары. Өзекті жөкеағаш (Tіlіa cordata-Липа сердцевидная) гүлдері. Құрамында қоймалжың заттары бар дәрілік шикізаттардан сулы қоймалжың заттар шығарып алынады (Mucіlagosemines). Бұл сулы қоймалжың заттар асқазан-ішек жолдары катарактыларын және жоғары тыныс алу жолдары тітіркенгендерін емдеуге кеңінен пайдаланылады. Қоймалжың заттар денені тітіркендіретін әртүрлі заттарды пайдаланғанда сол тітіркенуді азайту үшін қолданылады.Lіnum usіtatіssіmum L –Кәдімгі зығыр Lіnaceae тұқымдасынан. Біржылдық шөптесін өсімдік жіңішке сабағымен жапырақтары өте көп, кезектесіп орналасады. Гүлдері шашыраңқы гүлшоғына (извилика) жиналған. Күлтелері бірікпеген 5, жемістері –шар тәрізді қорапша тәрізді 10 тұқымшалы. Зығыр субтропикадан солтүстік ендікке дейін көптеген елдерде екпе түрінде өсіріледі. Россияда зығыр бұрыннан бері Новгород, Ярославск, Кострома, Волгоград және басқа облыстарда өсіріледі. Химиялық құрамы – зығырдың тұқымдарында қоймалжың заттар мөлшері 5-12%, майлар-30-48%, белокты заттар-18-33% болады. Қоймалжың заттар гидролизденгенде галактоза, галактурон қышқылы, ксилоза, арабиноза және рампоз пайда болады. Дәрілік шикізаты. Ұзындығы 3-5 мм тұқымдары, жұмыртқа тәрізді, бір жағы үшкірленген, екінші жағы доғал. Тұқым жарнақтары көп қабатты, ең сыртқы қабаты қоймалжың ірі түссіз эпидермис клеткаларынан тұрады. Суға салғанда бұл клеткалардың құрамындағы заттар ериді. Эпидермистің сыртқы қабырғасы ісініп қысымнан жарылады да, қоймалжың зат сыртқа ағып шығады. Қолданылуы. Mucіlago semіnіs Lіnі түрінде ішектер тітіркенгенде іркілдек қаптай-бүркетін дәрі-дәрмек ретінде қолданылады. Зығыр күнжарасының ұнтағын денені қыздырып булағанда жұмсарту мақсатында пайдаланады.Бақажапырақ (Plantago psіylіum –Подорожник блошный). Plantago psyllіum L - Plantagіnaceae Juss тұқымдасынан.
Біржылдық өсімдік, биіктігі 10-40 см. Сабағы күшті тармақталған, жоғарғы бөлігі және гүлшоғырлары безді түктенген. Жапырақтарының ұзындығы 7 см дейін, қарама-қарсы орналасқан, шеттері тегіс, түктенген. Гүлдері майда, тығыз шоқпарбас гүлшоғына жиналған. Жемісі -қорапша тәрізді, ұзындығы 3-4 мм, конус тәрізді қалқаншамен ашылады. Қорапшада өте көп тұқымдар пісіп жетіледі. Шілде (июль) айында гүлдейді, тұқымдары тамыз (август) айында пісіп жетіледі. Кавказда таудың құрғақ беткейлерінде өседі. Украинада өндірістік дақылдыққа ендірілген. Химиялық құрамы. Тұқымдары қоймалжың затқа өте бай 40%-ға дейін, белокты заттар 20-25%, майлар 18-20%. Құрамында гликозид аукубин бар. Дәрілік шикізаты. Тұқымдары жылтыр, тегіс, қоңыр-сұр түсті, қара деуге де болады. Тұқымдарының мөлшері ұзындығы 1,7-2,8 мм, ені 0,6-1,5 мм, иіссіз, дәмсіз. Қолданылуы. Іш қатқанда жеңіл сүргі (ішті айдайтын) ретінде және созылмалы колит болғанда қаптап-бүркеу (обволокивающие) үшін пайдаланылады. Оның әсері ішке қабылдаған тұқымдардың 3-5 есе ісініп кететіндігіне байданысты. Сонымен қатар қоймалжың зат қабынуға қарсы әсер ете алады және қан тоқтатады. Althaea offcіnalіs L - Дәрілік жалбызтікен.
Malvaceae Juss. –Мальвовые-Құлқайыр тұқымдасынан. Дәрілік жалбызтікен көпжылдық шөптесін өсімдік қысқа көпбасты тік тамырсабағымен. Тамыры тармақталған. Негізгі тамыр жоғарғы бөлігінде әдетте ағаштанған., бүйір тамырлары –ірі, етті, ақшыл-сары, жуандығы 1,5-2 см және ұзындығы 50 см-ге дейін. Сабақтары бірнешеу, биіктігі 1-1,5 м. Жапырақтары тұтас (цельное), кезектесіп орналасқан ұзын сағақтары бар, мақпал түктерімен, төменгі жапырақтары жүрекше-жұмыртқа тәрізді, 3 тармақты.Гүлдері өркеннің жоғарғы бөлігінде жоғарғы жапырақтар қойнауларында орналасқан, гүлшоғы масақ тәрізді. Тостағаншалары күрделі (двойной) – ішкісі 5 жапырақты, сыртқысы тостағанша асты (подчащие) 9-12 бөліктен, күлтесі ақшыл-күлгін, 5 бөліктен, аталығы күлгін, өте көп, жіпшелермен бірігіп түтікшеге айналады, аналығы жоғарғы жатынды.Жемісі –схизокарпты (бөлшекті қорапша); Дәрілік жалбызтікен Россия, Грузия, Қазақстан және Орта Азияда таралған.Украинада және Россияның Краснодар өлкесінде екпе өсімдіктер қатарына енген. Химиялық құрамы.Тамырларында суда еритін 10% шамасында қоймалжың зат болады. Ол пентозанмен гексозанның қоспасы, сондай мөлшерде пектинді заттар болады, крахмалдар 30-37% шамасында, сахароза 10%, майлар 1,5-2%. Дәрілік шикізаты. Көктемде (наурыз-маусым) және күзде жинайды. Қазып алынған тамырларды сілкіп, тазалап жуып, ұзындығы 10-20 см етіп кесіп қасаңнан (пробка) тазартады. Жуан тамырларды ұзына бойы бөліп кеседі тезірек кебу үшін. Тамырлардың табиғи түрін сақтау үшін оларды тез кептіру керек, кептіргенде кептіргіштің температурасы 45-600 шамасында болуы керек. Тамырлардың дұрыс кепкенін білу үшін, оларды майыстыру керек, егер де майыстырғанда сынатын болса тек сонда ғана кепті деп санауға болады. Тамырдың түрі сыртынан қарағанда және сындырғанда ақшыл, сарғыштау-ақ. Микроскоп арқылы диагностика жасағанда тамырдың бүкіл кесіндісі бойында қоймалжың заты бар үлкен –идиобластар болады. Қолданылуы. Ұнтақ, тұнба, шәрбет (сироп) түрінде қабынуға қарсы, қақырық түсіру үшін, қаптап-бүркеу үшін тыныс алу жолдарын, іш өтуді, гастритті, энтероколитті емдеуге пайдаланады. Терапевтік тиімділігі дәрілік жалбызтікеннің қоймалжың заттарының қабынуға қарсы әсеріне, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының жүйкелерінің ұштарын сақтауына байланысты. Дәрілік жалбызтікен халық медицинасында әртүрлі ауруларға қарсы кеңінен қолданылады. Tussіlago farfara L. – Кәдімгі өгейшөп – Asteraceae – Жұлдызгүлділер тұқымдасынан. Кәдімгі өгейшөп – көпжылдық шөптесін өсімдік, ұзын жерге төселе тармақталып өсетін тамырсабағы бар. Ерте көктемде жапырақтар пайда болғанша гүлдейді. Гүл өсетін сабақтары қысқа, тік, тармақталмаған, басында бір себет гүлшоғы болады. Тамырға жақын орналасқан төменгі жапырақтары гүлдегеннен кейін дамиды, олардың сағақтары ұзын. Гүлшоғы – себет, диаметрі 1-2 см. Гүлдері алтын-сары түсті, шеткілері тілше тәрізді (аналықтар), ортасындағылары – түтік тәрізді (қосжынысты). Таралуы. Европа, Азия және Америкада, Қазақстанда Алматы, Жамбыл, Қостанай және т.б. облыстарда таралған. Химиялық құрамы.
Жапырақтарында –1) 7-8% қоймалжың заттар болады. Олар гүлденгенде глюкоза, галактоза, пентоза және урон қышқылы пайда болады; 2) 2,6% ащы гликозидтер және сапониндер, каротиноидтар, алма және вино қышқылдары, инулин болады. Дәрілік шикізаты. Көктемде немесе жаздың басында жапырақтарының мөлшері көлденеңі 8-15 см кезінде жинайды. Жинаған шикізатты көлеңкеде жақсы желденіп тұратын жерде немесе арнайы кептіргіштерде кептіреді. Шикізатты әртүрлі басқа қоспалардан тазарту керек. Пайдаланылуы. Кәдімгі өгейшөп жапырақтарының тұндырмасы бронхит, ларингит, бронхоэктаза, өкпе абсцесі ауруларын емдеуге қақырық түсіруші және қабынуға қарсы әсері болғандықтан қолданылады.Кәдімгі өгейшөп ерте заманнан бері халық медицинасында пайдаланылады. Plantago major және P.psyllіum – Plantagіnaceae Juss – Бақажапырақтар тұқымдасынан. Жолжелкен (P.major) – көпжылдық биіктігі 10-30 см шөптесін өсімдік, розеткалы жапырақтарымен және бір немесе бірнеше атпалары (стрелка) болады. Ол атпалар ұзын цилиндр тәрізді себетпен бітеді. Гүлдері майда, пленка тәрізді, ашық-қоңырлау. Май айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Жемісі - қорапша, әр қорапшада 8-13 тұқымдар болады. Тұқымдары сұрлау-қоңыр, ұзындығы 1,2-1,7 мм. Қазақстанның барлық региондарында кездеседі. Дәрілік шикізаты және оның қолданылуы. Медицинада жолжелкен жапырақтарының тұндырмаларын қақырық түсіруші әсеріне байланысты және қосымша көмекші ретінде бронхит, көкжөтел (коклюш), демікпе (астма), құрт ауруын (туберкулез) емдеуге қолданады. Жолжелкен өсімдігінің жапырағынан алынған сұйық экстрактынан препарат плантаглюцид (Plantaglucіdum) алынады, ол ұнтақ түрінде. Ол ұнтақты суға еріткенде қоймалжың ерітінді пайда болады. Мұндай қоймалжың ерітіндіні асқазанның және ұлтабардың (двенадцатиперистая кишка) жараларын емдеуге және гинацидин гастритімен ауырғандарды емдейді. Бұл препараттың спазмолитикалық және қабынуға қарсы да әсерлері бар. Plantago psyllіі - Қазақстанда кездеспейді. Бұл өсімдіктің де дәрілік шикізаты ретінде жапырақтары жиналады. P.major және P. psyllіі өсімдіктерінің шырындарынан (50=50) препарат Succus Plantagіnіs-"Сок подорожника"- "Бақажапырақ шырыны" жасалады. Клетчатка және медициналық таңу материалдары. Клетчатка (целлюлоза) табиғатта өте кең таралған полисахарид. Ол ¥-1,4-гликозидтің байланыстармен түзу тізбектен тұратын D-глюкозалық бірліктен құралған. Олар әртүрлі ұзындықтарымен ажыратылады, бірақ та орташа бір молекулаға 8000 глюкоза қалдығынан келеді. Клетчатканың жіп тәрізді молекулалары сутегілер арқылы байланыстың нәтижесінде мицелдерге біріккен. Әрбір мицелл шамамен 60 молекуладан тұрады. Целлюлозаның молекулярлық салмағы 1 000 000-ға (өсімдіктер түрлеріне байланысты) жетуі мүмкін. Күкірт қышқылымен қайнатқанда клетчатка түгел глюкозаға айналады. Клетчатка сүректің (древесина) 50%-ын құрайды. Сондықтан клетчатка халық шаруашылығының көп саласында негізгі шикізат болып саналады.Фармацевтикалық практикада клетчатканың үлкен ролі бар, ол байлайтын, таңатын материалдардың негізін құрайды (мысалы, мақта және т.б.). Мақтадан көптеген байлап-таңатын нәрселер алынатынын білесіңдер (бинт және т.б.). Sphagnum magellanіcum Brіd – Сфагнум магеланский. Көпжылдық мүк- торф түзуші, биіктігі 5-30 см, сабақтары тіке, тамырсыз, төбесімен өседі, төменгі жағынан қоңырланады, сөйтіп бірте-бірте өледі. Сабақтарында шоқтана орналасқан жапырақтары бар. Жапырақтары жіңішке көк көлденең кесіндісі эллипс сияқты, ассимиляциялық клеткалардан тұрады. Сабақтағы жапырақтар тіл тәрізді және күрекше тәрізді ұзындығы 0,8-2 мм, бұташаларындағы жапырақтар черепица тәрізді жауып тұратын жалпақ-жұмыртқа тәрізді ұзындығы 1,5-2,5мм. Қос үйлі өсімдік. Бір экземплярларының сабағының басында аталық жыныстық 22мүшелері (антеридий), басқаларында-аналық (архегония) орналасқан. Ұрықтанғаннан кейін аналық өсімдікте сфагнумның жыныссыз ұрпағы спорогон пайда болады. Сфагнум Россияда өте көп кездеседі, әсіресе Европалық бөлігінде негізгі торф түзуші болып саналады. Олар негізінен батпақты жерлерде, батпақтанған қылқан жапырақты ормандарда сиректеу-тундрада және батпақты жерлерде өседі.Химиялық құрамы. Магеллан сфагнумін тритерпендік қосылыстар – тарансерон, тараксерол және x-амирин; ¥-ситостерол, ¥-ситостанол, лагноцерол, ванилин, сирен альдегиді, параоксибензоальдегид, фенол тәрізді заттар, "Сфагнол", пектиндер, қанттар, қарамай (8% шамасында), пентозан қышқылы және гексозан гемицеллюлозасы болады.Пайдаланылуы. Медицинада ірі жапырақты сфагнумдар бағаланады. Сфагнум өте жақсы ылғал және газ сіңіргіш қасиетімен ерекшеленеді. Ол мақтаны ауыстырып қана қоймай, ол оған қосымша іріңдеген жаралардың микрофлорасына бактериоцидтік әсер етеді, жаралардың жазылуын тездетеді.
18. .Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктер ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
Құрамында органикалық қышқылдар бар өсімдіктер: Rubus іdaeus және оның морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.Құрамында майлары бар өсімдіктер: Rіcіnus communіs, Helіanthus annuus, Zea mays.Осы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.Органикалық қышқылдар ерітінді түрінде көптеген өсімдіктердің клетка шырынында кездеседі, олар жеке түрінде және тұздары түрінде де кездеседі. Ең кең түрде таралғандары алма, лимон, вино-тас, қымыздық, силицила, құмырсқа, уксус және т.б. қышқылдар түрінде кездеседі. Органикалық қышқылдар зат алмасуда белсенді қатысады. Сілекей бездерінің, өт бөліп шығаруды, ұйқы безінің қызметтерін жандандырады, бактерия жойғыш қасиеттері бар, ішектердегі іріңдеу процестерін азайтады. Валериан және изовалериан қышқылдарының ерекше фармакологиялық әсері бар. Валериан және изовалериан қышқылдары Шүйіншөп (Valerіana-Валериана), Мыңжапырақ (Achіllea-Тысячилистник), Құлмақ (Humulus-Хмель) өсімдіктерінің эфир майларында кездеседі. Қанықпаған май қышқылдары (олеин, линолев, линоленов, пальмит) қандағы холестерин мөлшерінің азаюына әсер етеді, атресклероздан сақтандырады. Линолев қышқылы зығыр (Lіnum-Лен) және Шырғанақ (Hіppophae-Облепиха) жемістерінде көп болады.Төменгі карбон қышқылдары (оксол, қымыздық, малон) Қасқыржем (Asparagus-спаржа), Сүйелшөп (Chelіdonіum-Чистотел), Шетен (Sorbus-Рябина) өсімдіктерінің жемістерінде, жапырақтарында болады. Алма, вино және лимон оксикарбон қышқылдары Бүлдірген (Fragarіa-Земляника), Таңқурай (Rubus-Малина) өсімдіктерінің жемістерінің құрамында болады. Олар организмді сілтілеуге (ощелочивание) қатысады. Ароматикалық қышқылдардың - бензой, силицилов, коричны қышқылдарының терапевтикалық маңызы өте зор. Ол қышқылдар таңқурай жемісінде, түймедағы, жусан, мыңжапырақ гүлдерінде болады. Құрамында ароматикалық қышқылдар бар өсімдіктерден (лимон, шырғанақ, раушан, қарақат) ауруларға әсіресе операциядан кейінгі қызбалы күйіндегі ауруларға әртүрлі сусындар салады. Сонымен қатар әртүрлі микстуралардың дәмін жақсарту үшін шәрбаттар (сироп) жасалады. Rubus іdaeus L. – Малина обыкновенная- Таңқурай, Rosaceae Juss. – Раушангүлділер тұқымдасынан. Таңқурай – бұта, биіктігі 2 м-ге дейін, тамырсабағы ұзын, жылжымалы, екі жылдық жер асты өркендерге дамиды. Бірінші жылы сабақтары шөптесін, көк-жасыл, тікенектері 23 бар, қысқа қарай сабақтары сүректенеді. Екінші жылы өркендерінде гүлшоғыр дамиды, жемістері пайда болып сасып өледі. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, дара қауырсын тәрізді күрделі 3-9 жұмыртқа тәрізді жапырақшаларымен. Гүлшоғы – кішірек қойнаулы шашақ. Гүлдері көкшіл-ақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Шілде-тамыз айларында жеміс салады. Таралуы.Тобол-Ишим, Көкшетау, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Іле және КүнгейАлатауында кездеседі.Химиялық құрамы. Таңқурай жемістерінде әртүрлі органикалық қышқылдар (алма, лимон, силициилов, құмырсқа, капрон), қанттар (глюкоза - 4,3%, фруктоза - 8%, сахароза – 6,5% ), илік заттары 0,3% шамасында болады, олармен бірге құрамында пектиндер, азот және бояғыш заттар, калий тұздары, мыс, цианин-хлорид, ацетин, бензоальдегид, витамин С (45 мг % дейін), каротин 0,3% болады. Таңқурай тұқымдары құрамында эфир майлары 14,6% және фитостерин 0,4% болады. Медицинада қолданылуы. Кептірілген және жаңа мұздатылған таңқурай жемістері склерозға қарсы қолданылады, шай түрінде құрғақ жемістерінің температура түсіретін және тер шығарушы қасиеттері бар. Таңқурайдан жасалған шайды суық тигенде жазылу үшін ішеді. Жаңа жидектерінің құсуға қарсы, қабынуға қарсы, қандағы қанттың мөлшерін азайтатын қасиеттері бар. Құрғақ жемістерінің қайнатпасын: 1 ас қасық құрғақ жемісін 1 стакан қайнаған суға салып, 5-10 минут қайнатып шай ретінде ішуге болады.
19. .Құрамында майлары бар өсімдіктер. Ол өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері,
Құрамында майлары бар өсімдіктер: Rіcіnus communіs - үпілмәлік; Helіanthus annuus –біржылдық күнбағыс; Zea mays – жүгері, олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы. Өсімдік майлары және жануарлардың қорлық майлары көмірсулармен қатар организм тіршілігіндегі энергетикалық және құрылыстық қор болып табылады. Өсімдіктердің көбісінде (90%) қорлық майлар тұқымында жинақталады, бірақ олар өсімдіктердің басқа мүшелерінде де жинақталуы мүмкін. Өсімдіктердегі қорлық майлар негізінен тұқым өсуінде және ұрық дамығанда қорлық материалдар ретінде пайдаланылады. Сонымен бірге олар маңызды қорғағыш заттар ролін атқарады, организмді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан мысалы, суықтан сақтайды. Қыстайтын тұқымдарда жинақталып, майла қатты суықтардан ұрықты үсіп кетуден сақтайды. Бір қалыпты аймақтарда ағаштар тыныштық күйіне көшкенде сүректегі қорлық крахмал майға айналып, өсімдіктің стволының суыққа төзімділігін арттырады. Майлар май қышқылдарының глицеридтерінен, яғни глицериннің күрделі эфирлерінен және жоғары молекулярлық май қышқылдарынан тұрады.Глицеридтердің жалпы формуласы былайша болады: CH2-O-CO-R1
CH-O-CO-R2
CH2=O-CO-R3
Мұндағы R1, R2, R3 – майқышқылдарыныңрадикалдары. Табиғимайларда 200-денастамәртүрлімайқышқылдарыанықталған. Майларкомпоненттерініңпайдаболуыныңнегізгікөзігексозалар, еңалдыменглюкозажәнефруктоза. Өсімдікорганизміндеферменттердіңәсеріменмайлардыңсинтезделуімынадайжобабойыншажүреді:ферменттерглицеринглюкозамонодитриглицеридтер (фруктоза) майқышқылдарыферменттер(қанықпағанқаныққан).Өсімдіктердемайдыңпайдаболуыжәнежинақталуыорганизмніңтіршілігіментығызбайланыстажүретінпроцестер. Оләринеөсімдіктүрініңтұқымқуалаушылықерекшеліктеріне, онтогенезкезеңінежәнеқоршағанортаерекшеліктерінебайланысты. Өсімдіктегімайдыңмөлшеріжәнеоныңосыөсімдіктүрінетәнхимиялыққұрамытұқымныңжәнежемістіңжетіліп-пісупроцесіндетұрақтыемес. Майдыңмөлшерітұқымныңжәнежемістіңқалыптасабастағанынанбастаполардыңтолықпіскенінедейінбірте-біртекөбейеді. Бұлпроцестемайқышқылдарыныңсапалыққұрамы (қаныққан, қанықпаған) азды-көптітұрақтыболады. Бұләртүргетәнбелгілер.Климатфакторлары – жарық, жылужәнеылғалмайдыңтүзілуінеүлкенәсеретеді. Әдебиеттегімәліметтербойыншаоңтүстікендіктенсолтүстіккежылжығансайынөсімдіктегімайдыңмөлшерікөбейеді. Солтүстікендіктердеөсімдіктемайдыңмөлшерініңкөбеюіжәнеқанықпағанмайқышқылдарыныңартуымайдыңжылушығарғыштыққабілеттілігінарттырып, суыққатөзімділіктіарттырады. Географиялықендіккебайланыстызығырмайындағыиодтыңсаны (қанықпағанқышқылдарболуынсипаттайды) былайшаөзгередіекен: Архангельск – 195, Москва –180, Ташкент – 154. Қазіргізаманғытүсінікбойыншаклиматфакторларынбір-біріненажыратыпқарауғаболмайды. Соныменқатарөсімдіктабиғатжағдайындама, жоқекпежағдайындама, соныдаесепкеалыпескергендұрыс. Жарықжәнежылу – климаттыңнегізгіфакторлары, оларөсімдікорганизмініңтіршілігінежәнеондағыбиохимиялықпроцестергеәсерететінфакторлар. Алолбиохимиялықпроцестергекелешектемайдыңтүзілуінеалыпкеледі. Алүшіншіфакторылғалнемесесу. Суөсімдіктегікез-келгенорганикалықзаттардыңтүзілуінеқатынасатынөтемаңыздыматериалдардыңбіріболыптабылады. Судыңжетіспеуіөсімдіктегісинтетикалықпроцестісоныңішіндемайқышқылдарыныңсинтезделуіннашарлатыпжібереді.Майдыңтүзілуініңқарқындылығынатопыраққұрамы, алекпеөсімдіктергетыңайтқыштарәсеретеді. Майлардыңқасиетіолардағымайқышқылдарыныңқұрамдықсапасынасандықара-қатынасынабайланысты. Көптегенмайлардыңтығыздығы 0,910-0,945 арасында. Жекекейбірмайлартығыздығыжоғарыболады, мысалыкастормайы – 0,970-кедейін.Судамайларерімейді. Майларэфирмайлары, камфор, смола, күкірт, фосфоржәнет.б. заттарүшінжақсыеріткіш. Майлардыңқайнаутемпературасынанықтауөтеқиын. Өйткенітемпература 2500Сжеткендемайларбұзылыпглицеринненкөзгеәсерететінакролеинальдегидіпайдаболады. Өсімдікмайларыклассификациясыбойыншамайлар:Сұйықмайлар- құрғамайтын - жартылайқұрғайтын- құрғайтынҚаттымайларболыпбөлінеді. Өсімдікмайларыфармацевтикалықпрактикадабылайшапайдаланылады.Сұйықөсімдікмайларықұрғамайтын – оливка, миндаль, арахисжәнекастор; жартылайқұрғайтын – күнбағыс, мақта, жүгері; құрғайтын – зығыр.Қаттыөсімдікмайлары – какаомайы.Ендіосыөсімдіктердіңкейбіреулерінетолығырақтоқталыпкетейік.Кенедән (үпілмәлік) – Rіcіnus Communіs L. – Клещевинаобыкновенная –Euphorbіaceae – Сүттігендертұқымдасынан.ЕкпежағдайындаТМДелдеріндежәнебасқамемлекеттердебіржылдықшөптесінӨсімдік , биіктігі 2 мкейде 3 м-гедейін. Сабағыбұтақтанғанбұтақтарыменбіргекөк-жасылнемесебасқатүргебоялған. Жапырақтарыкезектесіпорналасқан, жапырақсағақтар 20-60 см, тақтасыжалауыш, қалқантәрізді, ені 30-80 см, 5-11 саусақсалалы. Гүлшоғы – шашақгүл. Гүлдерібіржынысты, бірүйлі, топтарғажиналған, гүлшоғыостерінеорналасқан, аталықгүлдерітөменгіжағында, аналықтары – гүлшоғыныңжоғарғыжағында. Жемістері – шартәріздінемесеұзынқорапшатәрізді, жалауышнемесетікендерімен, 3 – тұқымды, 3 – жармалы, жарылатынжәнежарылмайтын. Кенедәнніңотаны - тропикалықАфрика, ондаолкөпжылдықөсімдік, биіктігі 10 мағашқаұқсассабағыболады.Кенедәнкөпмемлекеттердеекпетүріндеқолданөсіріледі. ТМДелдеріндекенедәнСолтүстікКавказда, ОртаАзияда, УкраинаныңдалалықаудандарындатөменгіПоволжьедеегіледі. ТМДелдеріндекенедәнніңсорттарынекітопқабөлугеболады: Жарылатынқорапшаларыменжәнеұсақтұқымдарымен (1000 тұқымыныңсалмағы200-300 грамм). Жарылмайтынқорапшажәнеірітұқымдарымен (1000 тұқымыныңсалмағы 700-800 т). Дәрілікшикізаты.Тұқымдарыжұмырформалы, арқажағыдөңес, ішкіжағы – жазық, ортасындаұзынынанжігібар. Қабығытегіс, жылтыр, ала, мозаикалы. Сортынабайланыстытұқымныңтүрі-бояуы, сұр, сұр-көкшіл, ашықнемесеқоңыр-қызыл. Тұқымныңжоғарғыжағындаөсіпкеткенақөскінтұқыменетінжерібар. Тұқымядросыіріэндосперімнен, ұрықтантұрады. Ұрықекіжұқажапырақтәріздітұқымжарнақшаларынан, бүршікшежәнетамыршадантұрады.Химиялыққұрамы.Тұқымдары 40%-дан 60%-ғадейінмайданжәне 17%-ғадейінбелоктызаттардан(глобулинжәнеальбумин) ферментлипазадантұрады.Белоктызаттардыңішіндеаззерттелгентоксальбуминрициндегензатбар. Бұлзатулызаттарқатарынажатады. Рицинэндоспермдежәнеұрықта 2-3%-ғадейінжинақталады. 3 тұқымдыішкеқабылдағандаашішектіңқоймалжыңқабатынқабындырады, құстырады, 6 тұқым – балаларды, ал 20 тұқым – ересекадамдардыөлімгеалыпкеледі. Кенедәнніңтұқымындажәнебарлықбасқамүшелеріндеалкалоидриципин 0,1-1% аралығындакездеседі.Майы.Медициналықкастормайыкенедәнненалғашқыыстықнығыздағанда (прессование) алынады. Рицинненқұтылуүшінмайдаыстықпарменөңдейді. Рицин – тұрақсыззат, қыздырғандагидролизгеұшырайды. Майы – түріақсұр-сарғыш, өзінетәниісібар, қоюжәнежабысқақ. Құрамында 85%-ғадейінрицинолқышқылыныңбірқышқылдытриглицеридіболады – монооксиолеинқышқылы. Рицинол қышқылының формуласы:
СН3-(СН2)7-СН=СН-СН2-СН-(СН2)5-СООН 9 10 12 ОН26
Кастор майы өсімдіктер майлары ішінде ең жоғарғы тығыздылығымен және жоғарғы жабысқақтығымен ерекшеленеді. Оның, яғни кастор майының тағы бір ерекшелігі ол 95% этанолдың тең көлемінде еритіндігі.Қолданылуы. Сүргілік (ішті айдайтын дәрі-дәрмек) классикалық дәрі. Эмульсия түрінде немесе желатин капсуласы түрінде пайдаланылады. Медициналық майдан басқа кенедәннен өндірісте авиациялық және техникалық кастор майлары шығарылады. Ол мотор майлайтын заттар құрамына қосуға пайдаланылады. Соның нәтижесінде жоғарғы температура жағдайында жабысқақтығын сақтайды да тотықпайды. Майдың техникалық сорттары сабын жасауда, олиф дайындауда, тері өңдеуде және гидравликалық сұйықтық ретінде пайдаланылады. Күнжарасы (жмых) улы екендігіне байланысты азот тыңайтқышы ретінде және клей алуға пайдаланылады. Кенедән өте ерте заманнан дәрілік өсімдік түрінде белгілі, оның суреттері ертедегі Египетте болған.Күнбағыс – Aelіanthus annuus L.-Подсолнечник однолетний. Біржылдық, шөптесін өсімдік, биіктігі 2,5 м-ге дейін, кезектесіп орналасатын жапырақтарымен және үлкен жоғарғы алтын-сары себет гүлдерімен. Жапырақтары ұзын сағақтарымен, тақталары жүрек тәрізді, ұзындығы 15-25 см. Себеттер шеткі тілше тәрізді ұрықсыз (аналықтары болса да) гүлдерден және ішкі ұрпақты түтікше тәрізді гүлдерден тұрады. Жемісі – бір тұқымды тұқымша. Күнбағыстың отаны – Солтүстік Америка. ТМД елдерінде негізгі майлы өсімдіктердің бірі ретінде өсіріледі. ТМД елдерінде негізгі екпе өсімдіктер ретінде өсірілетін региондар: Солтүстік Кавказ, Поволжье, Украина, Қазақстан. Дәрілік шикізаты. Піскен тұқымшалары олардың сортына байланысты ірілерінің 1000 тұқымшасының салмағы 100-200 грамм, ал кіші тұқымшалы сорттарының 1000 тұқымшаларының салмағы 40-100 грамм болады. Тұқымшалардың түрлері-бояулары ақ, сұр, қара, ақ жолақтары бар қара болуы мүмкін. Эндоспермсіз тұқымы жұқа ашық пленкамен қапталған.Химиялық құрамы. Күнбағыстың тұқымшаларында 35%-ға дейін май, 24-27% көмірсулар; 13-20% белок заттары; 2% фитин, 2% шамасында – хлороген қышқылы, аз да болса илік заттар жәнеорганикалық қышқылдар болады. Жапырақтарында 100 грамында 11 мг-ға дейін каротин болады. Ыстық нығыздаудың нәтижесінде алынған майдың түрі алтын-сары болады, олардың өзіне тән қуырылған дәннің иісіндегідей иісі болады. Салқын нығыздау әдісімен алынған майдың иісі онша болмайды және түрі ашықтау болады, яғни бояуы аз болады. Медицинада жоғарғы сортты тазартылмаған (нерафинированные) майлар қолданылады. Олардың түрі (бояуы) ашық-сарыдан сарыға дейін, өзіне тән иісі болады. Қышқылдық саны 2,2-ден артпайды. Пайдаланылуы. Дененің сыртын емдеуге қолданылатын дәрілік майлық заттардың негізгі еріткіші ретінде қолданылады, мысалы камфор майы, липименттер, май экстрактары. Кәдімгі жүгері – Zea mays L. – Кукуруза маис. - Poaceae Barnhart. – қоңырбастар тұқымдасынан. Ірі біржылдық, даражарнақты, желмен тозаңданатын, биіктігі 1-3 м күшті дамыған шашақ тамырлы өсімдік. Сабағының төменгі жағынан жақсы дамыған қосалқы тамырлары болады. Сабақ жалғыз, жуан, өте сирек 2, диаметрі 2-3 см болады. Жапырақ тақталары жалпақ қандауыр-сызықты (ланцетно-линейное). Гүлдері біржынысты, ұсқынсыз, гүл серіктерінсіз. Аталық гүлдері 2-ден сирек 1-3-тен сабақта. Олар 27 сыпыртқыға жинақталған. Аталық саны 3. Аналық гүлдері собыққа жиналған. Аналық масақта біреуі ғана дамиды. Жатыры жоғарғы. Жемісі - үлкен жалауыш бүйрекке ұқсас ақ, сары, қызылдау, қоңыр дән. Жүгерінің отаны Америка, Мексика және Гватемала. Европаға жүгері дәнін XV ғасырда Колумб алып келген. Таралуы. Жүгері тағамдық және мал азықтық өсімдік ретінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кеңінен егіледі.Химиялық құрамы.Жүгерінің ұрығында 49-57% майлар, 13-18% белокты заттар, 5% фитин және басқа заттар соның ішінде тоноферолдар болады. Жүгерінің дәнінде 12% белоктар, 6% майлар, ал ұрығында 40% көмірсулар, 70% клетчаткалар, 2,2% витаминдер: В1, В2, В6, В12, D, C, І, K, калий, фосфор, темір, мыс, никель, патент қышқылы болады.Дәрілік шикізаты. Жүгері дәнінің ұрығы, өндірісте жүгері ұнын дайындағандағы қалдығы немесе жүгері крахмалы. Жүгерінің ұнын өндіруде ұрықтарын құрғақ әдіспен ұрып-талқандайды және майы 18-20% шамасында алынады. Крахмал алатын өндірісте жүгері ұрықтарын жуып крахмалдардан тазартады. Ондай ұрықтарды нығыздағанда май толығымен алынады (40-50%). Жүгері майын ыстық және суық нығыздау арқылы алуға болады. Суық нығыздау нәтижесінде алынған май алтын-сары түсті болады, ыстық нығыздау нәтижесінде қоңырлау болады. Жүгері майы триглицериндерден тұрады, оның ішінде олеин (45%-ға дейін), линолев (48%-ға дейін) және шекті (11%-ға дейін) қышқылдары болады. Шекті қышқылдардың ішінде пальмитин, стеарин, арахин, капрон, каприл және каприн қышқылдары; ал шексіз қышқылдардың гипогеон қышқылы болады. Майдың құрамында Е витамині болады. Қолданылуы. Шипалық қасиеті май компоненттерінің комплексті әсеріне байланысты. Линолев қышқылы липидтердің ыдырап организмнен шығарылуын тездетеді; фитостерин асқазан- ішек жолынан холестериннің сіңірілуіне кедергі жасайды. Е витамині капиллярлардың өткізгіштігіне және морттығына кері әсер етеді, жүйке клеткаларының нашарлауына кері әсер етеді. Осы жоғарыда аталған қасиеттеріне байланысты жүгері майын атеросклероздан алдын ала сақтандыру және емдеу үшін қолданады.
20.Эфир майлы осимдиктер. Хим.курамы шикизаты пайд.Menthapіperіta, Salvіaoffіcіnalіs, Junіperuscommunіs, Tanacetumvulgare, Valerіanaoffіcіnalіs, Іnulahelenіum, Artemіsіacіna. Осы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы. Menthapіperіta – Мята перечная – Lamіaceae тұқымдасынан. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыр сабағы көлденең, тармақтанған, тамыр сабақ буындарынан кететін шашақты жіңішке тамырларымен. Тамырсабақтан көптеген жас жер асты өркендер дамиды. Олар жер бетіне жақын орналасады, олардың кейбіреулері тамырдың қабаттарына еніп, тамырсабаққа айналады, ал кейбіреулері топырақ бетіне шығып төселіп өседі. Сабақтары 100 см биіктікке дейін төрт қырлы, жалауыш немесе сүрек түтіктерімен, жапырақтары мол, бұтақтануы және жапырақ орналасуы қарама-қарсы крест сияқты. Гүлдері ұсақ, қызыл-қызғылт күлгін, жарты шоқтанып орналасқан, сабақтың және бұтақтардың ұштарында бір-біріне жақындасып масақ тәрізді гүл шоғына жиналған. Өсімдіктің бүтіндей күшті аромат иісі бар. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Menthapіperіta жабайы күйінде белгісіз. Бұл өте ерте заманнан екпе өсімдік түрінде белгілі, екпе өсімдік ретінде XVІІ ғасырдан бері Англияда белгілі. Сондықтан бұл өсімдіктің екінші аты "Англия жалбызы" деп аталады. Кейбір мамандардың ойынша бұл өсімдік екі жабайы түрдің: MenthaaquataL. Және MenthaspіcataGіlіb (M.VіrіdіsL.) гибриді. Ал Menthaspіcata-ның өзін MenthasіlvestrіsL. және MentharotundіfolіaHuds түрлерінің гибриді деп санайды. Menthapіperіta Россияда XVІІІ ғасырдан бері "аптека бақшаларында" екпе өсімдік түрінде белгілі. Қазіргі кезде бұл өсімдік - Россияда және Қазақстанда белгілі эфир майлы өсімдіктердің бірі. Россия, Украина, Белоруссия, Қазақстан және т.б. елдерде үлкенселекциялық жұмыстар жүргізілуде. Мақсат - бұл өсімдіктің жаңа жоғары өнімді құрамында ментол майы мол сорттарын алу. Бұл өсімдіктің негізгі екі формасын ажыратады: қара және ақ. Қара формасының сабақтары, сағақтары және жапырақтарының жүйкелері қоңыр, қызыл-күлгін антоцион тәрізді болады. Ал ақ формаларының сабақтары және жапырақтары ақшыл-көк жасыл болып антоциондық бояу болмайды. Ақ формасының қарасына қарағанда эфир майларының нәзік иісі болады. Бірақ та қара формаларының өнімділігі жоғары болады. ТМД елдерінде екі формасы да екпе түрінде өсіріледі. Қара формасы ментолдың өндірістік көзі болып табылады. Селекционерлер бұл формасының біраз өте бағалы жапырақтарының құрамында 5%-ға дейін май және майында 65-70%-ға дейін ментол болатын сорттарын шығарды (мысалы, "Прилукская-6", "Краснодарская-2" және т.б.). Ақ формасынан алынған шикізат парфюмерия және тамақ өндірістерінде, әсіресе олардан алынатын майдың хош иісі өте бағаланады. Menthapіperіta өсімдігі тамырсабақтары арқылы (ұзындығы 6-10 см) және топырақта қыстап шыққан тамырсабақтан пайда болған жас өркендер арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Химиялық құрамы. Эфир майларына бай мүшелері гүл шоғы (4-6%), жапырақтары (2,5%). Сабақтарында эфир майлары жоқ деп айтуға болады. Эфир майларының негізгі компоненттері - моноциклді терпендердің (ментол 40-70%, ментон 10-25%), пулегон, ментофуран және ментол эфирлері (уксус және валериан қышқылдарымен) оттегілі туындылары. Menthapіperіta майларында жоғарыда аталғандардан басқа L-лимонен, (-феллиндрен, ( және ( - пинендер сияқты терпендер болады. Жапырақтарында урсол және олеанол қышқылдары (0,5% дейін), каротин (40мг/100г), геперидин бетаин болады. Дәрілік шикізаты. Menthapіperіta өсімдігін гүлдеу басталғанда күннің бірінші жартысында олардағы эфир майларының мөлшері өте мол болатын кезде жинайды. Жиналған өсімдіктер массасын сілкіп тазалап, олардан бүтін жапырақтарын бөліп алады. Негізгі официнальды шикізат сол жапырақтар болып саналады. Қалған массасын қатты сабақтардан тазалап оларды эфир майларын алуға пайдаланады. Официнальды шикізаттар болып саналатын бүтін жапырақтар өте бағаланады. Олар қысқа сағақты, ланцет тәрізді немесе сопақ жұмыртқа тәрізді, үшкірленген ұзындықтары 8 см-ге дейін, ені 3 см. Жапырақтары жалаңаш, тек жүйке бойларында сирек түктер болады. Лупа арқылы жалтыраған сары бездерді көруге болады. Ол бездердің күшті хош иісі болады. Шикізаттың сапасын олардың құрамындағы эфир майлары анықтайды, олардың мөлшері 1% шамасында болуы керек.Эфир майлары. Әдетте түссіз. Ондағы жалпы ментол мөлшері 50% шамасында болуы керек. 100С дейін салқындатқанда ментол кристалдана бастайды. Пайдаланылуы. Жапырақтары асқорытуды жақсартатын және ішектер түйілгенде, жүрек айнығанда (тошната) пайдаланылатын дәрілік қоспалардың тұнба формасы құрамында болады. Бұл өсімдіктің майлары кеңінен қолданылады. Мысалы оларды сергітуші, антисептикалық дәрі ретінде хош иісті су, тұнбалар құрамына, тіс пасталары және ұнталары құрамына қосады. Сонымен бірге олар "Корвалол", "Валикордон" препараттарының тыныштандырушы және спазмолитикалық әсерлері олардың құрамында ментол майының болуына байланысты. Ментол жүрек қантамырларына әсері бар комплексті препараттар (Валидол,Зеленин тамшылары және т.б.) мигренге тұмауға қарсы қолданылатын және ингаляциялық қоспалардың да құрамдарына кіреді. Salvіa offіcіnalіs L. – Шалфей лекарственный Lamіaceae тұқымдасынан. Жартылай бұта, биіктігі 50 см дейін, қалың түктенген сұр-көк жасыл сабақтарымен және жапырақтарымен. Сабақтары өте көп, бұтақтанған, 4-қырлы, мол жапырақтанған. Сабақтарының төменгі бөлігі сүректенеді. Жапырақтары қарама-қарсы. Гүлдері 6-8-ден шоғырланып жиналған, жоғарғы жағында бостау масақ тәрізді гүл шоғын түзеді. Тостағаншасы екі ерінді, түктенген. Күлтесі де екі ерінді, көк-қызғылт (кейде ақшыл). Аталығы 2, олар үстіңгі еріннің астында жасырынған. Аналығы жоғарғы 4 бөлінген жатырмен. Өсімдіктің күшті хош иісі бар. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Отаны – Жерорта теңізі. ТМД елдерінде Молдавияда, Украинада, Қырымда және Солтүстік Кавказда екпе өсімдік түрінде өсіріледі. Қазақстанда дәрілік және әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық мүшелерінде эфир майлары болады. Жапырақтарында эфир майының мөлшері 2,5% шамасында болуы мүмкін. Эфир майының негізгі компоненті цинеол майы (15% шамасында); сонымен қатар L-(-туйон, D-(-туйон, D-(-пинен, D- борнеол, D-камфора болады. Оларға қоса трициклді сесквитерпен цедреннің болатындығыда анықталған. Salvіa offіcіnalіs жапырақтарында эфир майларынан басқа илік заттар, тритерпен қышқылдары (урсол және олеанол) болатындығы да анықталған. Дәрілік шикізаты. Жаз бойында жапырақтарын 2-3 рет жинайды. Жапырақтарын жинауды гүлдей бастағанда, соңында және күзде жүргізеді. Жапырақтарын қолмен алғашқы 2 рет төменгі жапырақтарын күзде барлығын жоғарғы жақтағыларын сабағымен қосып жинап алады. Жапырақтары сағақты, сопақша немесе жалпақ қияқ (ланцет) тәрізді, жоғарғы жақтары үшкір емес, жапырақтың түпкі жақтары бір немесе екі қалақты ("құлақша"). Жапырақтары мол түктенген, әсіресе жас жапырақтары және олар жылтыр- ақшыл. Иісі күшті хош иісті, тырыстыратын (вяжущий) ащылау-татымды дәмі бар. Сапалы шикізатта эфир майларының мөлшері 0,8%-дан аз болмауы керек. Пайдаланылуы. Жапырақтары тұнба түрінде бактериоцидтік және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Жоғары тыныс жолдары суыққа шалдыққанда соларды емдеу үшін, тамақты шаю үшін қолданылады. Эфир майларын тіс ұнтақтарын хош иістендіру үшін қолданады. Жапырақтарынан "Сальвин" деген препарат жасалады. Парадонтозбен ауырғанда, ауыз қуысы созылмалы және қабынған ауруға шалдыққанда, стоматит және гингивит ауруларына қарсы 1% спирттегі ерітіндісі қолданылады.Junіperus communіs L. – (Кәдімгі арша) Можжевельник обыкновенный Cupressaceae тұқымдасынан. Мәңгі жасыл, қос үйлі бұта, биіктігі 1-3 м немесе ағаш, биіктігі 8 м дейін. Қылқандарының инелері тікенек тәрізді, олар күлтебас (мутовка) тәрізді 3 инеден орналасқан. Аталық және аналық бүрлері әртүрлі особтарда орналасқан. Аналық бүрлері әрқайсысы 3 қабыршақтан тұратын бірнеше күлтебастан (мутовка) тұрады. Бірақ та тек жоғарғы күлтебастағы қабыршақтар ғана жеміс бере алады. Олардың қабығында бір- бірден тұқым бүршігі болады. Бұл қабыршақтар ұрықтанғаннан кейін еттеніп бір-бірімен тұтасып бірігіп шырынды жидек тәрізді бүрге (шишка) айналады. Жемістері бірінші жылы көк, екінші жылы пісіп қара болады.40 Junіperus communіs ареалы – ТМД-ның Европалық территориясының Солтүстік және Орта бөліктері, Батыс және жарым-жартылай Шығыс Сібір. Таралуы. Қарағайлы және қайыңды ормандарда және Солтүстік Қазақстан шоқыларының құрғақ беткейлерінде өседі. Химиялық құрамы. Жидектерінде 0,5-2% эфир майлары болады. Ол майдан негізгі компоненттері – бицикликалы монотерпендер: DL-пинен, камфен, сабинен және олардың оттегілік туындылары (борнеол және изоборнеол). Олармен бірге моноциклді терпендер – L- терпинеон, L-фелландрен, дипентен (DL-лимонен) және терпинеол болады. Жоғарыда аталғандардан басқа бициклді сесквитерпен кадинен бар екендігі анықталды. Жидектерінде эфир майларынан басқа жидектерде қарамай 9%, көп қанттар (40%) пектинді заттар, органикалық қышқылдар (алма, уксус, құмырсқа) және пигмент болатындығы анықталған.Дәрілік шикізаты. Медицинада піскен жидектері пайдаланылады. Оларды күзде толық піскеннен кейін жинайды. Піскен кезінде олар дерлік қара болады және оларды оңай төселген материалға бұтаны ұрып немесе сілкіп түсіруге болады. Сілкіп немесе ұрғанда піспеген бірінші жылғы көк жидектері түспей піскен қара жидектері жерге оңай түседі. Жиналған шикізатты әртүрлі қоспалардан (қылқандардан, көк бүржидектерден және т.б.) тазалап алып, таза ауада ылғалдылығы 20% болғанша кептіреді. Кептірілген жидектері (жемістері) формасы шар тәрізді, кесе-көлденеңі 6-9 мм, тегіс, жылтыр, жұқа көгілдір балауыз қабаты болады. Жемістің жоғарғы жағында тұқымқабыршақтарының тұтасып бірігіп кеткенін көрсететін 3 сай ізі көрінеді.Бос етті көкшіл-қоңыр жұмсағында сол жұмсағымен бірігіп кеткен үшбұрышты формасы бар 3 тұқымы бар екенін көруге болады. Көлденең кесіндіден лупамен қарап жұмсағында эфир майлары жиналатын үлкен қуыстың бар екендігін көруге болады. Жемістердің өзіне тән хош иісі бар дәмі тәттірек татымды.Пайдаланылуы. Жемістері зәр шығаратын қоспалар құрамына қосылады. Жемістердің әсері оның құрамындағы эфир майларына байланысты. Бүйрек арқылы бөлінгенде олар, яғни эфир майлары бүйректі тітіркендіріп зәр бөлуді күшейтеді. Сонымен бірге эфир майлары зәр шығару жолдарын дезинфекциялайды. Нефриті және нефрозонефриті бар адамдарға ішуге болмайды. Tanacetum vulgare – (Кәдімгі түймешетен) Пижма обыкновенная Asteraceae тұқымдасынан. Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 100-110 см. Сабақтары жоғарғы жағында бұтақтанған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, формалары сопақша, ұзындығы 20 см дейін, қауырсынды бөлінген, әр бөліктері сопақша-қияқ тәрізді, қауырсынды кесілген тәрізді немесе тісше тәрізді. Гүлді себеттерінің диаметрі 7-12 см қалың қалқанға жиналған. Барлық гүлдері түтік тәрізді, қызыл-сары. Тамыз айында гүлдейді. Таралуы. ТМД елдерінің алыс солтүстігімен шөлдерінен басқа барлық региондарында үйлерг жақын жол бойында, темір жол жағалауларында кездеседі. Қазақстанда оңтүстіктегі шөлдерден басқа региондардың бәрінде кездеседі. Шығыс Қазақстанда олардың қоры шамамен 16,8т. Павлодар облысында оның пайдалану қоры (құрғақ алғанда) 0,8 т. Химиялық құрамы.Себет гүлдерінде және жапырақтарында эфир майлары болады. Гүлдерінде 1,5-2%, алжапырақтарында 0,2% шамасында. Эфир майының негізгі компоненті бициклдік терпенкетондары (-және (-туйон. Гүлдерде және жапырақтарда эфир майына қосымша флавоноидтар және ащы заттар болады. Дәрілік шикізаты.Ашылған себет гүлдерін немесе олардың сағақсыз қалқандарын жинайды. Кептіргенде олар шашылмауы керек. Себеттердің кесе-көлденеңі 6-8 мм, жарты шар тәрізді. Гүл табаны (цветоложе) жалаңаш, сұр-көк жапырақшалармен қоршалған. Иісі ерекше камфордың иісіндей, дәмі татымды, ащы. Пайдаланылуы. Қайнатпа және тұнба түрінде аскоридоза және острица ауруларына қарсы қолданылады. Холецистит ауруы болғанда өт шығарушы қоспалар құрамында болады. Valerіana offіcіnalіs – Түркістан валерианасы Валериана лекарственная Valerіanaceae тұқымдасынан. Көпжылдық шөптесін өсімдік, сабағы қуыс, биіктігі 1,5 м дейін. Тамырсабағы тік, одан көптеген жіп тәрізді тамырлар бастама алады. Бірінші жылы тамырға жақын пайда болған розеткалы жапырақтар түзіледі, ал екінші жылы және одан әрі үшінші т.б. жылдары сабақ дамиды. Жапырақтары қарама-қарсы, қос емес қауырсын сияқты бөлінген, сағақты, жоғарғылары отырыңқы (сидящие). Гүлдері ұсақ, боз-қызғылт немесе ақшыл-көк (лиловый), сабақтың ұшында ірі қалқан тәрізді сыпыртқыға жиналған. Жемісі - ұсақ, тұқымшасы ұзарған – жұмыртқа тәрізді. Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Таралуы.Евразияда кең таралған Атлантикадан Тынық мұхитқа дейін. Негізінен орман жәнеорманды-дала аймақтарында таралған, кейде дала және орманды-тундраға да кіріп кетеді. Қазақстанда бұталар арасында, алуан түрлі шөпті далаларда жалпы ылғалдылығы жеткілікті жерлерде кездеседі. Дәрілік өсімдіктер плантацияларында екпе өсімдік ретінде өсіріледі.Valerіana offіcіnalіs – полиморфты түр. Әртүрлі экологиялық жағдайларда өсіп –тауда, орманды далада, өзен бойларында, шалғындықта әртүрлі ботаникалық формаларытүзіледі. Олардың негізгі формалары: Тамырсабақты формалары столондарымен. Столондары жоқ бұталы формалары. КСРО фармакопеясында бұл өсімдіктің яғни Valerіana offіcіnalіs L түрінің барлық формаларына медицинада пайдалануға рұқсат етілген. Жабайы өсетін формалары қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан әртүрлі шаруашылықтарда дәрілік өсімдік түрінде кеңінен өсіріледі. Химиялық құрамы. Тамырсабақтарында, тамырларында эфир майларының мөлшері 0,5-2%-ға дейін болады. Эфир майының аз немесе көп болуы өсімдік түрінің ботаникалық формасына, өскен жағдайына байланысты эфир майының құрамындағы басты бөлігі ол - борнилизовалерианат. Онымен қатар бос күйінде изовалериан қышқылы және борнеол, бициклді монотерпен спирті миртенол–бос күйінде және изовалериан қышқылы эфир күйінде болады. Бициклді монотерпендерден камфен және (-пинен, моноциклдіден-L-лимонен және D-терпинеол спирті болады. Құрамы әлі анықталмаған сесквитерпендер және трициклді сесквитерпен кессилов спирті болады. Жер асты мүшелерінде эфир майынан басқа негізгі седативті әсер ететін заттар, мысалы валепотриатамин болады. Валепотриаттар шикізаты 0,5-1% шамасында болады. Шикізатты эфир майынан және валепотриаттардан басқа пирилл-(-метилкетон, алкалоидтар валериан және хитинин және басқа да заттар болады. Валериана алкалоидтары - монотерпендер туындылары. Дәрілік шикізаты.Ашылған себет гүлдерін немесе олардың сағақсыз қалқандарын жинайды. Кептіргенде олар шашылмауы керек. Себеттердің кесе-көлденеңі 6-8 мм, жарты шар тәрізді. Гүл табаны (цветоложе) жалаңаш, сұр-көк жапырақшалармен қоршалған. Иісі ерекше камфордың иісіндей, дәмі татымды, ащы.Пайдаланылуы.Қайнатпа және тұнба түрінде аскоридоза және острица ауруларына қарсықолданылады. Холецистит ауруы болғанда өт шығарушы қоспалар құрамында болады.
21.Витаминдер туралы түсінік. Витаминдер алынатын дәрілік өсімдіктер жәнешикізаттар.
Витаминдер – химиялық құрылысы әртүрлі, бірақ та биологиялық маңыздылығымен және адам мен жануарлар организмдері үшін қажеттілігімен біріктірілген табиғи заттар. Негізгі заттармен (белок, көмірсулар, майлар) салыстырғанда витаминдер организмге өте аз мөлшерде қажет. Бірақ та организмде олардың жетіспеуі зат алмасу процесінің бұзылуына, ал олардың организмде тіпті болмауы әртүрлі ауруға шалдықтырады – авитаминоз немесе гиповитаминоз (цинга, рахит, тауық соқыр, полиневрит және т.б.).
Авитаминоз – тағамда витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру.
Гиповитаминоз – организмде витамин жетіспеуінен пайда болатын ауру.
Витаминді алғаш ашқан орыс биохимигі, врач Н.И.Лунин (1880). "Витамин" деген атты ендірген польша ғалымы Казимир Функ (1912 ж).
Витаминдер өсімдіктерде синтезделеді. Адамдар тамақ жегенде (өсімдіктерден және жануарлардан жасалған тағамдардан) тіршілікке қажетті барлық заттарды алады. Көптеген витаминдер адам организміне дайын күйінде сіңіріледі. Бірақ та кейбір витаминдер өсімдіктерден провитаминдер формасында түседі. Провитаминдер дегеніміз - витаминдердің алдындағы заттар. Ең маңызды провитаминдер қатарына каротиноидтар – А витаминдер тобының алдындағы заттар жатады. Витаминдер химиялық реакциялардың катализаторы ролін атқарады. Ферменттермен тығыз байланысты көптеген витаминдер ферменттер құрамына кіреді. Витамин дегеніміз жалпы алғанда – организм тіршілігіне керекті тамақ құрамындағы заттар.
Витаминдер классификациясы.
Алғашқы витаминдер ашылғаннан осы уақытқа дейін әріптер классификациясы қолданылады. Яғни латын алфавиті бойынша А,В,С және т.б. әріптермен витаминдер аталады. Практикаға витаминдердің химиялық классификациясы ендірілуде. Сонымен бірге пайдалануына және әсер ету сипатына байланысты фармакологиялық классификацияда пайдаланылады.
22.Құрамында каротиноидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері,химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
Құрамында каротиноидтары бар өсімдіктер: Calendula offіcіnalіs (Календула лекарственная – Дәрілік қырмызыгүл), Bіdens trіpurtіta (Череда трехраздельная - үштармақ итошаған), Sorbus sіbіrіca (Рябина тянь-шанская – Тәншән шетені), Hyppophae rhamnoіdes (Облепиха крушиновидная – Итшомырт шырмауық). Осы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
Каротиндер.
А тобының витаминдерінің болмауы организмнің өсуін бұзады, ауруларға шыдамдылығын төмендетеді және тауық соқырлыққа алып келеді. Бұл витаминдер негізінен жануарлардан алынған тамақтарда болады. Жануарлар организмінде ол витаминдер каротиннен пайда болады.
Каротиндер – каротиноидтардың негізгі топтарының бірі болып табылады, шығу-тегіне келетін болсақ, олар- тетратерпендер С40H64.
Каротин өсімдіктерде үш изомер формасында болуы мүмкін: Өсімдіктерде каротиндер белсенді оттегіні тасымалдаушы ролін атқарады. Оны өсімдіктерде каротиндердің көптеген оттегілік туындыларының болуымен түсіндіруге болады.
Өсімдіктерде каротиндер гүлдердің, жемістердің және басқа өсімдік мүшелерінде пластидтерінде – хромопластарында болады. Сонымен қатар хлоропластардың хлорофиллдерімен бірге өсімдіктердің көк-жасыл мүшелерінде, суда еритін белок комплекстерінде немесе май тамшыларында болады.
( изомер формасы негізгі ең көп таралған каротин болып табылады.
Организмде ( - каротин молекуласы гидролиздік бөлінудің нәтижесінде А витаминінің 2 молекуласы пайда болады.
Ал ( және (-изомерлері каротиндерінен тек А витаминінің 1 молекуласы ғана пайда болады.
А витамині адам организміне тек қана жануарлар майымен ғана келіп түседі.
Каротиндер көптеген өсімдіктер түрлерінде болады.
Bіdens trіpurtіta L. - Череда трехраздельная - үштармақ итошаған Asteraceae тұқымдасынан.
Үштармақ итошаған – біржылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 25-75 см, жуан супротивті – бұтақтанған сабағымен. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, бірігіп қосылған терең үш бөліктен тұрады. Гүлдері түтікше тәрізді, сары, үлкен жазық себетке (корзинка) жиналған, жеке сабақ және бұтақтар ұшында орналасқан.
Жемісі – тұқымша екі кетілген қылқанымен маусым айының соңында гүлдей бастайды. Бүкіл Қазақстанда өзен, көл, арық жағалауларында, ылғалды жерлерде, огородтарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдікте 60 мг/100г дейін каротин, 70 мг/100г дейін аскорбин қышқылы, аз да болса эфир майлары, ащы заттар, қоймалжың заттар және флавоноидтар, кумариндер, илік заттар болады. Микроэлементтерден – марганец болады.
Дәрілік шикізаты.
Гүлдегенге дейін жапырақтарын сыпырып және сабақтарының, бұтақтарының жоғарғы шоқтарын жинайды. Гүлдері түтікше тәрізді, сары. Өзіне тән иісі бар, ащылау.
Пайдаланылуы.
Қайнатпа және тұнба түрінде ванна қабылдауға, диатезге қарсы пайдаланылады. Ішке зәр шығарушы ретінде ішеді. Бұл жағдайда оны қайың бүршігімен және толокнянка жапырақтарымен бірге пайдалану керек.
Hіppophae rhamnoіdes L. – Облепиха крушиновая – Итшомырт Elaegnaceae Juss. тұқымдасынан.
Итшомырт – күшті бұтақтанған, тікенекті екі үйлі бұта немесе ағаш, биіктігі 4-6 м дейін, қоңыр-құба (бурый), өркендері жарқырай тотыққан қоңыр; қысқарған өркендері тікенектермен бітеді. Жапырақтары ланцет тәрізді ұзындығы 8 см дейін және ені 3 мм, қысқа сағаққа жіңішкерген. Жапырақтарының жоғарғы жағы қоңыр-көкшіл, төменгі беті жалтыраған-ақшыл.
Гүлдері ұсақ, ұсқынсыз. Жемістері сопақ немесе шар тәрізді, қызыл, қызыл-сары, сары, сүйек–жеміс. Жемістері тамыз-қыркүйек айларында піседі. Итшомырт қос үйлі, гүлдері дара жынысты, әр түрлі бұталарда орналасады.
Аталық және аналық гүлдері биылғы жылғы өркен өскіндерінде, жаз айларында жапырақ қойнауларында пайда болады.
Аталық гүлдері масақ гүл шоғына жиналған. Әр масақта 10-14 гүлдер болады. Гүл серіктері екі тостағаншадан тұрады. Әр гүлде 4 бос аталық орналасқан. Аналық гүлдер бүршігі аталық гүлдер бүршіктеріне қарағанда ұсақтау болады және екі жабатын қабыршықтары болады.
Көктемде вегетация басталғанша бүршіктердің мөлшеріне қарап бұталардың жынысын анықтауға болады. Аналық бүршіктердегі екі жабындық қабыршықтары гүлдеу алдында түсіп қалады. Аналық гүлдері 3-тен 12-ге дейін шашақ гүл шоғына жиналған.
Итшомырттың биологиялық ерекшелігі оның полиморфтылығы (полиморфизм - әр қилы, әр түрлі). Оның кроналарының формасы әртүрлі, қабықтарының болуы әртүрлі, жемістерінің формасы да әртүрлі. Итшомырт тоғайлары Байкалда, Саянда, Тәжікстанда, Тувада, Алтайда, Кавказда, Қазақстанда өзен қойнауларына құмды-малтатастарда (песчано-галечниках) кездеседі.
Дәрілік шикізаты.
Итшомырттың жемістерін тамыз-қыркүйек айларының соңында немесе күздің соңында алғашқы суықтан кейін жинап дайындайды. Жаңа жидектері өте нәзік болады. Сондықтан оларды жинағанда олар деформацияланады. Алғашқы суықтан кейін тоңған жемістер бұталарды ұрып-сілкілегенде үзіліп жерге түседі; кейде бұтақтарды жемістерімен кесіп алып келіп, ұрып-сілкіп жемістерін жинап алуға болады.
Полиморфтық қасиетіне байланысты жемістерінің мөлшері және бояуы әртүрлі болуы мүмкін. 100 жидектің салмағы 25-75 г арасында болады. Жидектің түрі сары, қызыл-сары және қызыл болуы мүмкін. Каротиннің ең көп мөлшері жемістердің қызыл және қызыл-сарысында жинақталады.
Химиялық құрамы.
Жаңа жиналған жемістердің негізгі массасын шырынды жеміс қабығы құрады, ал сүйектің еншісі 10%-тен аспайды. Жаңа жинаған жемістердің жұмсағының құрамында майлар 3-14%, майда еритін витаминдер (каротиноидтар 6-20 мг, токоферолдар 8-18 мг, витаминдер К тобынан 1-1,5 мг); суда еритін витаминдер (В1-0,02-0,08 мг; В2-0,003-0,05 мг; В9-0,8 мг дейін, аскорбин қышқылы 50-500 мг, кейде 1000 мг дейін); P-белсенді қосылыстар (75-100 мг); холин және бетаин-700 мг/100г; органикалық қышқылдар (алма, винотас) – 3%; моно және дисахаридтер – 7%; илік заттар – іздері; фенолдық қосылыстар (лейкоцианидиндер, катехиндер); флавоноидтар (рутин, кверцетин және т.б. – 0,2-1,5%; фенолокислоттар (кофе, хороген); тритерпендер қышқылы (уреолон және т.б.). Жемістердің жұмсағының майлары негізінен пальмитин, олеин және пальмитолеин қышқылдарының триглицеридтерінен тұрады. Олардың жалпы жиынтығы 85-90% болады.
Итшомырт майына тән триглицерид ол пальмитолеин қышқылының триглицериді, оның мөлшері 20%-дан 45%-ға дейін болуы мүмкін.
Пальмитолеин қышқылының формуласы:
CH3-(CH2)5-CH=CH-(CH2)-COOH; (C16H30O2)
Итшомырт майында каротиноидтар мөлшері 200-ден 400 мг/100г дейін болады. Құрамында (-каротиннен (70 мг/100г) басқа ликопин, зеаксантин және басқа да құрамында оттегі бар каротиноидтар болады.
Итшомырт майында токоферолдар мөлшері 300 мг/100г дейін болуы мүмкін. Негізгі компоненті (-токоферол.
Тұқымдардан алынған майлардың (10% шамасында) итшомырт жемістерінің жұмсағынан алынған майлардан айырмашылығы болады. Тұқымдардан алынған майлар құрғайтын майлар, кодтық саны 160 шамасында оның құрамында линолев глицеридтері 45% және линолен қышқылы (28% шамасында) болады.
Ұсақ жемісті формалары өнімді көбінен береді және олардың құрамында май молырақ болады. Бірақ та каротиноидтар мөлшері майлары аз жемістерде көбірек болады.
Calendula offіcіnalіs L. – Календула лекарственная – Кәдімгі қырмызыгүл – Asteraceae тұқымдасынан.
Кәдімгі қырмызыгүл – біржылдық шөптесін өсімдік. Бүкіл өсімдік безді түктенген бұтақтанған сабағының биіктігі 50 см шамасында. Жапырақтары кезек-кезек орналасқан, ұзарған жұмыртқа тәрізді.
Гүлдері алтынды-сары немесе қызғылт-сары ірі жеке себеттерде. 33
Жемісі – тұқымша – шеткі тілшік тәрізді гүлдерден дамиды, ортаңғы түтік тәрізді гүлдері тұқымсыз. Жаз бойы, кеш күзге дейін гүлдейді.
Химиялық құрамы.
Себет гүлдерінде каротиноидтар: каротин (30 мг/100г), ликопин және каротиннің оттегілік туындылары – виолаксантин, цитроксантин, рубиксантин, флавоксантин және т.б. Шеткі боялған гүлдерде, каротиноидтардың жиынтығы құрғақ массасы 3%-ға жетеді. Гүлдердің иістері эфир майларының іздері болуына байланысты.
Кәдімгі қырмызыгүлдің гүлшоқтарында аскорбин қышқылы, қарамай (смола 3%), алма қышқылы (6%), қоймалжың заттар (4%), ситостериндер, силицил қышқылы іздері болады.
Кәдімгі қырмызыгүл өсімдігінің фитонцидтік қасиеті бар. Өсімдіктің жер үсті мүшелерінде ащы зат календен және илік заттар, солармен қатар сапониндер бар екендігі анықталған. Сосын ол сапониндерден гидролиз нәтижесінде олеанол және глюкурон қышқылдары пайда болады.
Дәрілік шикізаты.
Медицинада гүл себеттері пайдаланылады. Оларды гүл сағақтарынсыз жинайды. Жаз бойында 10-20 рет жинауға болады. Жиналған шикізатты көлеңкеде немесе арнайы кептіргіштерде кептіреді.
Бүтін кептірілген себеттер (корзинка) диаметрі шамамен 0,5-4 см, гүл табаны жазық, жалаңаш, өсімдік гүлінің жамылғы қабаты (обвертка) бір қатар көк-жасыл жіңішке ланцетті-ұшталған жапырақшалардан тұрады. Шеткі тілге ұқсас гүлдерінің жоғарғы жағында 2-3 тісшелері болады. Бұйра гүлдерде (махровые) 12 қатарға дейін тілге ұқсас гүлдері болады.
Қолданылуы.
Тұнба және мазь (май) түрінде кесіп алған жараларды, іріңдеген жараларды, күйікті емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге тамақ ауруды (ангина) емдеуге де тамақты шаю үшін пайдаланады.
Асқазан жарасын емдеуге және өт бөлуді жақсарту үшін ішіледі.
Халық медицинасында антисептикалық дәрі ретінде, қабынуға қарсы және жараларды жазу үшін де пайдаланылады.
23.Құрамында К тобының витаминдері бар өсімдіктер, олардың
ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
Құрамында К тобының витаминдері бар өсімдіктер: Urtіca dіoіca (Крапива двудомная - Қосүйлі қалақай), Capsella bursa-pastorіs (Пастушья сумка – Кәдімгі жұмыршақ). Осы өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдалануы.
Қосүйлі қалақай - Urtіca dіoіca L. – Крапива двудомная Urtіcaceae Juss тұқымдасынан.
Көпжылдық шөптесін қосүйлі өсімдік, күйдіргіш түктерімен жапырақтары сағақты, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, көк-жасыл, масақтарға жиналған. Жемісі – тұқымша, гүл серігімен қоршалған. Бүкіл жаз бойы гүлдейді. Қазақстанның барлық региондарында кездеседі. Әсіресе, үйлер жанында, азотқа бай топырақтарда, қоқыс үйінділерінде.
Химиялық құрамы.
Қосүйлі қалақайдың жапырақтары өте бағалы поливитаминдері бар шикізат. Оның құрамында витамин К1 (0,2% ), витамин С (0,6%), 10 мг/100г каротиноидтар ((-каротин ксантофилл, виолаксантин және т.б.), витамин В2, пантотен қышқылы болады. Жапырақтары хлорофилдерге өте бай (5%). Құрамында гликозид уртицин, илік заттары, құмырсқа қышқылы және минералды тұздар болады.
Дәрілік шикізат.
Гүлдеу кезінде жапырақтарын сабақсыз жинап дайындайды. Оның алдында өсімдіктерді орады шамалы солғаннан кейін жапырақтарын сыпырып алады. Жапырақтары жұмыртқа – ланцет тәрізді, ұзындығы 20 см дейін.
Пайдаланылуы.
Қосүйлі қалақайдан жасалынған препараттардың қан тоқтататын қасиеті бар. Олар қанның ұюын күшейтеді, қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді. Медициналық практикада әртүрлі қан кету ауруларына жатырлық, геморроидиялық, асқазандық және созылмалы сыртқы жараларды емдеуде кеңінен қолданылады.
Тұнба және экстракт формасында пайдаланады. Жапырақтары асқазандық және поливитаминдер құрамына кіреді. Қос үйлі қалақайдан фармацевтикалық және тамақ өнеркәсіптерінде пайдаланылатын хлорофилл алынады. Жас өркендері, витаминдерге өте бай. Тамаққа пайдаланады. Шашты жуып, жақсартуға басты жууға ұсынылады.
Capsella bursa-pastorіs (L.) Medіk – Пастушья сумка – Кәдімгі жұмыршақ Brassіcaceae тұқымдасынан.
Кәдімгі жұмыршақ - біржылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 20-30 см, жоғарғы бөлігі кейде бұтақтанған. Тамырға жақын орналасқан жапырақтары сағақты, розетка жасайды. Олар сопақ-ланцет формалы, қауырсынды-бөлінген үшбұрышты тістерімен. Сабақтағы жапырақтары сиректеу, ұсақ, сағақсыз. Гүлдері ұсақ, ақ, ұзын сызықты, шашақ гүлшоғына жиналған, жеміс байлағанда ұзарып кетеді. Бүкіл жаз бойы гүлдейді. Жер шарында тропикпен Арктикадан басқа жерлердің бәрінде кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктердің өскіндерінде көп мөлшерде витамин К1 және аскорбин қышқылы болады. Оған қосымша аминдер (холин, ацетилхолин, турамин және гистамин), илік заттар, флавонов гликозид диостин және органикалық қышқылдар (фумаров, лимон, алма, вино) күлінде 40%-ға дейін калий болады.
Дәрілік шикізаты.
Әдетте гүлдеген кезде өсімдікті жерден тамырымен жұлып алады. Сосын тамырын кесіп тастайды.
Пайдаланылуы.
Тұнба түрінде және сұйық экстракт күйінде гинекологиялық практикада босанғаннан кейін қан тоқтату үшін және бала туарда жатынның бұлшық еттерінің жұмысын күшейту үшін қолданылады.
24.Өсімдіктердегі алколоидтардың болуына сыртқы орта факторларының әсері
Алкалоид дегеніміз - табиғи күрделі органикалық азотты зат. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, дүние жүзі флорасының 10% түрлерінің құрамында алкалоидтар болады. Профессор Соколов В.С. әдебиеттегі мәліметтерді жинақтап, қорытып құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді (папоротниктерден бастап Asteraceae-ға дейін) үш класқа бөлді:
І класқа Соколов В.С. 20%-дан кем емес туыстарының өсімдіктері құрамында алкалоидтар бар тұқымдастарды жатқызады. Мұндай тұқымдастарды проф. Соколов В.С. құрамында алкалоидтары мол класс деп атауға ұсынды.
ІІ класқа құрамында 10-20% туыстарында алкалоидтары бар тұқымдастарды жатқызуға ұсынды. Бұл құрамында алкалоидтар мөлшері орташа тұқымдастар деп атауды ұсынды.
ІІІ класқа құрамындағы алкалоидтары бар туыстарының мөлшері 1-10% болатын тұқымдастарды жатқызды. Мұндай тұқымдастар алкалоидтары аз деп аталады. Өсімдіктердегі алкалоидтардың жылжымалығы-қозғалысы тек онтогенетикалық факторларға ғана емес, сонымен бірге өсімдіктің өскен жерінің географиялық жағдайына және сыртқы ортаның факторларының әсеріне де байланысты.
Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер, әсіресе алкалоидтары мол өсімдіктер негізінен ыстық тропикалық аймақтарда таралған. Алкалоидтардың әртүрлі құрамы белгілі бір ендіктерге байланысты. Бірыңғай, орташа аймақта ең көп тараған алкалоидтар, ол - пиридин тобының алкалоидтары. Әртүрлі географиялық аймақтарда алкалоидтардың балқу температурасы әртүрлі. Мысалы, тропикада өсетін өсімдіктердің алкалоидтарының балқу температурасы 200-2500С болса, орташа бірыңғай (умеренный) аймақта – 100-1500С. Алкалоидтардың молекулярлық массасы тропикадан бірыңғай, орташа аймаққа қарай азаяды.Өте жиі кездесетін жағдай мысалы Швецияда Бәрпілер (Aconіtum-Борец) құрамында алкалоидтар өте аз немесе тіпті болмайды, ал Шығыс Қытайда, Индияда, Қазақстанда олар - улы өсімдіктер. Яғни құрамында алкалоидтар мол деген сөз. Қылшада (Ephedra-Хвойник) Европаның батысында алкалоидтар болмайды, ал Орта Азияда, Қазақстанда олардың құрамында өте мол алкалоидтар болады. Solanaceae (Пасленовые) тұқымдасына жататын өсімдіктер түрлерін алып қарасақ,олардың құрамында алкалоидтар олардың ареалына байланысты өзгереді. Мысалы, тропикада Datura arborea L. (Дурман) және D. fastuosa L. өсімдіктері құрамында алкалоид скополамин; ал бірыңғай, орташа аймақта Datura stramahіum L. түрінде құрамында болатын негізгі алкалоид – гиосциамин. Жалпы өсімдіктердегі алкалоидтар құрамына үлкен әсер ететін фактор, ол – ылғалдылық. Жылы климат алкалоидтар мөлшерінің көбеюіне, ал суық климат азаюына алып келеді. Индия ғалымдарының мәліметі бойынша, қылшаның жергілікті сорттарында жаңбырлы кезеңде (мамыр-тамыз) алкалоидтар мөлшері азаяды, ал құрғақ ыстық кездерде (қыркүйек-қараша) көбейеді, ал қысқы суық айларда тағы да азаяды. Ауаның және топырақтың температурасына өсімдіктің вегетациялық кезеңдері және биохимиялық реакциялары, яғни алкалоидтар мөлшері байланысты.
Күн сәулесі, оның қарқындылығы, күннің ұзақтығы өсімдіктегі барлық тіршілікке қажетті биохимиялық процестерде әсері зор. Өсімдіктерді салыстырмалы түрде күнде және көлеңкеде өсіргенде, көлеңкелі жерде өсімдіктерде алкалоидтар мөлшері азаятындығы анықталған. Мысалы, оны красавка деген өсімдік жапырақтарындағы алкалоидтар мөлшерінен көруге болады. Бірақ та әдебиетте басқа да яғни керісінше де мәліметтер бар. Мысалы, темекінің махоркаға жарайтын сорттарында көлеңкеде алкалоидтар мөлшері көбейетіндігі анықталды.
Өсімдіктегі алкалоидтардың мөлшеріне теңіз бетінен биіктік деңгейде әсер етеді. Әрбір түр үшін белгілі оптимумдар болады. Мысалы, хина ағашы, зиягүл (Senecіo-крестовник), красавка өсімдіктер үшін ең қолайлы оптимальды биіктіктен ол теңіз деңгейінен 1500-2000 м биіктік, ал одан биіктегенде алкалоид мөлшері төмендейді.
25.Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер, олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты.
Алкалоидтар саны 5000-нан астам. Бірақ та алкалоидтардың құрылыстары толық зерттеліп бітпегендіктен олардың нақты дұрыс классификациясын жасау оңай жұмыс емес. Дегенмен, алкалоидтардың классификациясын жасауға ғалымдар әртүрлі әрекеттер жасады.
Көптеген ғалымдар классификация негізіне алкалоидтар молекуласы құрамына кіретін гетероциклдар табиғатын алды.
Екінші топтағы ғалымдар бұл принципті қабылдамады. Бұл топтағы ғалымдар кейбір тұқымдастар немес туыстар (мысалы, амариллистер алкалоидтары, спорынья алкалоидтары және с.с.) алкалоидтарын жеке топтарға бөлді. Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктер фармацияда әртүрлі мақсат үшін пайдаланылады. Олардың бір бөлігі аптекаларда әртүрлі дәрілік заттар жасауға пайдаланылады (мысалы тұнба, қайнатпа). Құрамында алкалоидтары бар өсімдіктердің көпшілігі өндірісте препараттар (Гален және жаңа Гален) алу үшін пайдаланылады. Енді құрамында алкалоидтары бар кейбір өсімдіктерге қысқаша тоқталып өтейік:
Ациклді алкалоидтар және бүйір тізбегінде азоты бар алкалоидтар. Алкалоидтардың бұл топтары Sphaerophysa galsula (Pall.) DC, Ephedra equіsetіna Bunge; Capsіcum annuum L, Colchіcum specіosum Stev. өсімдіктері мүшелерінде кездеседі. Осылардың ішінен біз толығырақ Ephedra equіsetіna-ға тоқталып өтейік.
Қырықбуын қылша (Ephedra equіsetіna – Хвойник хвощевый).
Ксерофитті бұта биіктігі 1-1,5 м, өркендері әртүрлі жаста; бірінші реттегі бұталары діңінен (ствол) дерлік тік бағытта өседі, олардан өз кезегінде екінші реттегі бұталар т.с.с. Өркендері 1-2 жаста әлі жасыл көк қалпында қалады, сосын олар сүректеніп сұр қабықпен жабылады. Өркендері жеке-жеке мүшелерден құралған, буынаралықтары ұзындығы 1,5-3 см, буындарында жапырақтары шоқтанып орналасқан, олар ұзындығы 1,5-2 мм, түссіз қабыршаққа дейін редукцияланған, түптері тұтасып біріккен. Жас өркендері (бұташықтары) жасыл-көк. Қылша - екі үйлі өсімдік. Тозаңдық масақтары аталық бағана түрінде көрінеді. Жеміс беруші "гүлдері" дара, тұқым бүршігінен тұрады, тұқым бүршігінің екі жамылғысы бар. Сыртқы жамылғысы жоғарғы жағында кеңінен ашылған, ішкісі жоғары жағында түтікше тәрізді қуыс өскінше тәрізді. "Гүлдері" 2-3 қосарланған қарама-қарсы орналасқан гүл жапырақтарымен қоршалған. Жемістерде гүл жапырақтар етті болып, шырынды қызыл бүржидекке айналады.Қырықбуын қылша негізінен Орта Азия және Қазақстан тауларында (Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Орталық және Батыс Тянь-Шань, Памир – Алай) кездеседі. Таулардың ашық ұсақ тасты беткейлерінде өседі, теңіз деңгейінен 1000-1880 м биіктікке дейін көтеріледі. Өндірістік дайындау Алматы, Жамбыл облыстарында жүргізіледі. Олар өскен жерлер ауданы ондаған және жүздеген гектар болуы мүмкін.
Химиялық құрамы.
Қылшаның түрлерінің дерлік барлық мүшелерінде алкалоидтар: L-эфедрин, D-псевдоэфедрин және L-N-метилэфедрин болады. Псевдоэфедрин дегеніміз - эфедриннің оптикалық изомері. Эфедриннің өзі фенилалкиламиннің туындысы, ол фенилаланиннен пайда болады. Ал енді қырықбуын қылшасын жеке алып қарайтын болсақ, қырықбуын қылшаның шикізаты негізінен эфедрин алкалоидын алуға пайдаланылады. Өркендерінде 11%-ға дейін илік заттар, жемістерінде 160 мг/% аскорбин қышқылы болады.
Медицинада пайдаланылуы.
Эфедра препараттарын бронхы астмасын, рахит болғанда, қабыну ауруына шалдыққанда, қан тамырларын тарылту үшін, безгек болғанда, есекжеммен (крапивница) ауырғанда пайдаланады. Ұйықтататын дәрілермен және наркотиктермен уланғанда ішеді. Эфедринді қантамырларын кеңейту үшін және көздің қарашығын үлкейту үшін де ішеді.
Халық медицинасында ревматизмді, асқазанның жарасын, малерияны және т.б. ауруларды емдеуге пайдаланады.
Зиягүл (Senecіo – Крестовник).
Senecіo platyphylloіdes - Қазақстанда кездеспейді, көпжылдық шөптесін өсімдік, жуан көлденең дамыған тамырсабағынан көптеген қосалқы тамырлар кетеді. Senecіo platyphylloіdes өсімдігі Кавказ тауларында бұталардың арасында, аралас қарағайлы-қайыңды-шамшат (бук) ормандарында, субальпі белдеулерінде кездеседі. Өте мол Батыс және Оңтүстік Закавказьеде кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалоидтар платифиллин және сенецифиллин болады. Платифиллин дегеніміз платинециннің және сенецион қышқылының күрделі эфирлері. Бұл екі алкалоид та көп жағдайда N-оксид формасында болады.
Тамырсабақтарда алкалоидтар жиынтығы 2-ден 5%-ға дейін, ал шөбінде 0,6-3% болады. Олардың 30% платифиллин, ал қалған сенецифиллин болады
Дәрілік шикізаты.
Бұл өсімдікті негізінен Грузияда жинап дайындайды. Өйткені бұл регионда өсімдікте алкалоидтар мөлшері жоғары. Көп уақыт бойы тамырсабақтары тамырларымен бірге жиналады. Бірақ та бұлайша жаппай жинау өсімдіктің тіршілігіне ғана әсер етіп қоймай, ол өсімдік өскен жерлердің экологиялық жағдайы нашарлап, топырақтары эрозияға ұшырайды. Қазіргі уақытта тамырсабағының орнына тек жер үсті мүшелерін жинайды.
Өсімдікті гүлдеу кезінде сабақтарын жер бетінен 10-15 см биіктікте кесіп алып, тамырсабақтарына зиян келтірмейді. Платифиллин мөлшері 0,2%-дан кем емес.
26.Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер және олардың морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге Dіgіtalіs purpurea L - Наперстянка пурпуровая; D.grandіflora Mіll - Наперстянка крупноцветковая; D.lanata Ehrh - Наперстянка шерстистая және т.б. осы туыстың түрлері жатады. Dіgіtalіs туысының өкілдері Қазақстанда кездеспейді. Dіgіtalіs туысының табиғатта 36 түрі кездеседі, оның 7 түрі ТМД елдерінде кездеседі.
Мысалы, Грузия ғылым академисының фармакохимия институтында Dіgіtalіs ferrugіnea L - Наперстянка ржавая және D.cіlіata Trantr - Н.реснитчатая толық зерттеліп медициналық практикаға ендірілген.
Dіgіtalіs purpurea L. - өсімдігінде алғашқы және соңғы гликозидтер және олардың агликондарында мынадай заттар болады:
Генуин гликозидтері Соңғы гликозидтер Агликондар
Пурпуреагликозид А Дигитоксин Дигитоксигенин
Пурпургиталоксин В Гитоксин Гитоксигенин
Глюкогиталоксин Гиталоксин Гиталоксигенин
Барлық алғашқы гликозидтерде қант тізбегі дигитоксозаның 3 молекуласынан соңғы гликозидтер глюкоза болмайды.
Пайдаланылуы.
DіgіtalіspurpureaL. препараттары медицинада жүректің және қан тамырларыныңқызметін реттеуші дәрі-дәрмек ретінде кеңінен пайдаланылады.
Бұл препараттар қан айналымының ІV және ІІІ дәрежедегі бұзылуында, жүрек қақпағының кемістіктерінде (клапанный порок сердце), гипертониялық ауруларға қолданылады. Dіgіtalіs түрлерінің гликозидтері жүрекке таңдамалы (избирательно) әсер етеді: систоланы (жүректің жиырылған кезеңі) және диастоланы (жүректің жиырылуының босаған кезеңі), жүрек қызметінің ритімін бәсеңдетеді, айырбас процестерін жақсартады. Dіgіtalіs түрлерінен жасалған препараттар басқа жүрек гликозидтерінен айырмашылығы (әсіресе дигитоксин) әдеттегі дәрілік дозасын пайдаланғанның өзінде егер де ұзақ уақыт пайдаланатын болса, денеде бірте-бірте жинақталып уландыруы мүмкін. Осыған байланысты Dіgіtalіs өсімдіктерінен алынған жүрек гликозидтерін басқа жүрек дәрі-дәрмектерімен алмастыра кезектестіріп пайдаланған дұрыс. Dіgіtalіs өсімдіктерінде сапониндердің болуы гликозидтердің ерігіштігін жақсартып сіңірілу мүмкіншілігін арттырады
Россияның фармацевтикалық өндірістерінде Dіgіtalіs өсімдіктерінен алынған мынадай препараттар шығарады:
1) Дигитоксин (Dіgіtoxіnum) екінші гликозид. Бұл өте белсенді гликозид деп саналады. Препараттың 1 грамында 80000-100000 ЛЕД болады. 1 ЛЕД дегеніміз - салмағы 30-35г орман көлбақасының жүрегін 1 сағатта систомикалық тоқтататын ең аз дозасы.
2) Кордигид (Cordіgіtum) Гален препараты Dіgіtalіs purpurea L. өсімдігінің құрғақ жапырақтарынан алынған 1г препаратта 6000-8000 ЛЕД болады.
Dіgіtalіs туысының басқа түрлерінен де әртүрлі шипалық қасиеттері бар препараттар алынады. Мысалы, 1) Dіgіtalіs lanata өсімдігінен дигоксин (Dіgoxіnum) үшінші гликозид. 2) Dіgіtalіs ferrugіnea өсімдігінен - Дигаленнео.
27.Гликозидтер туралы жалпы түсінік. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
1. Гликозидтер туралы жалпы түсінік.
Гликозидтер - көптеген табиғи заттардың кең тараған формаларының күйі. Бұл қосылыстардың молекулалары екі компоненттерден тұрады.: 1) қанттар және 2) қантсыз компонент.
Гликозидтің қант компоненті - гликон деп, ал қантсыз компоненті - гликон немесе генин деп аталады. Қант компонентінің табиғатына қарай былайша ажыратады:
- Пентозидтер (арабинозидтер, ксилозидтер және т.б.)
- Гексозидтер (глюкозидтер, фруктозидтер және т.б.)
- Биозидтер (мальтозидтер, лактозидтер және т.б.)
Қанттың қалдықтары түрінде урон қышқылдары кездесуі мүмкін (глюкурон, галактурон және т.б.)
Глюкозидтердің классификациясы агликонның химиялық құрылысына негізделген. Гликозидтер ішінде агликон терпеноидтары барларының ішіндегі дәрілік қасиеті барларының ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
1) жүрек гликозидтері, олардың агликондары 1,2-циклопентанопергидрофенантрен туындылары.
2) Сапониндер - гликозидтер агликондары тритерпен немесе стероид құрылысымен
3) Ащы гликозидтер, олардың агликондары монотерпен қосылыстары болып табылады.
Гликозидтер түрінде табиғатта басқа кластарға жататын қосылыстар түрінде де кездеседі (гликоалкалоидтар, антрогликозидтер және көптеген басқа табиғаты фенол заттар). Гликозидтер өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде болады. Олар клетка шырынында еріген.
Өсімдіктер таза күйінде бөлінген гликозидтер кристаллды заттар күйінде болады. Кристалл күйінде тек кейбір құрамында көміртегі бөлігінде қанттың қалдықтары мол сапониндер алынбаған. Олар суда ериді, эталонда нашар ериді, органикалық еріткіштерде ерімейді.
2. Жүрек гликозидтерінің құрылысы және классификациясы
Жүрек гликозидтері - медицинадағы өте кең пайдаланылатын өте маңызды табиғи гликозидтер тобы. Олардың кардиотопикалық қасиеті екі ғасырдан астам уақыт жүректің қызметінің жеткіліксіздігін емдеуге пайдаланылуда.
Осы уақыт ішінде (яғни 200 жылдан астам уақыт) жүрек гликозидтерінің қасиеттері, олардың әсерінің механизмі, фармакинетикасы, емдеудің тактикасы және режимі егжей-тегжейлі зерттелді.
Соңғы онжылдықтарда жүргізілген зерттеу жұмыстары белгілі бір қорытындыға келуге мүмкіндік берді.
Ол қорытынды бойынша - өсімдіктен жеке бөлініп алынған гликозидтер өсімдік шикізатынан дайындалған әртүрлі препараттармен (қайнатпа, тұнба, ұнтақтар) салыстырғанда шипалық қасиеті анағұрлым жоғары екендігін көрсетті.
Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер ерте заманнан белгілі. Әртүрлі елдердің халықтары бірнеше ғасырлар бойы жүрек гликозидтерін жүрек ауруларын емдеуге пайдалануда. Ертедегі Египетте және римдіктер теңіз пиязын жүрек ауруларын емдеуге пайдаланған. Ертедегі Грецияда және римдіктер Erysіmum (Сарбасшөп) өсімдігін пайдаланған. Наперстянка халық медицинасында дәрілік өсімдік ретінде Англияда XІ ғасырдан белгілі.
Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер табиғатта кеңінен тараған. Олар барлық континенттерде кездеседі. Жүрек гликозидтері өсімдіктер әлемінің барлық тіршілік формаларында жинақталады - бұталарда, лиандарда, шөптесін өсімдіктерде.
Құрамында жүрек гликозидтері бар 45 өсімдіктер туыстары бар. Олардың 20 түрге жуығы ТМД елдерінде кездеседі.
Ұзақ уақыт жүрек гликозидтерінің химиялық құрамы толық анықталмай келді. Тек қана қазіргі заманғы органикалық химияның физика-химиялық әдістерін пайдаланудағы жетістіктері нәтижесінде (әсіресе хроматографияны) жүрек гликозидтерін жеке бөліп алып олардың құрамын, құрылысын және негізгі қасиеттерін анықтау мүмкін болды.
Жүрек гликозидтерінің молекулаларында қанттардың циклді формаларының қалдықтары молекуланың фармакологиялық белсенді бөлігімен (агликон деп аталатын) оттегі атомы арқылы байланысқан (О-Гликозидтер). Жүрек гликозидтерінің агликоны болып циклопентанопергидофенантрен туындылары болып саналады. Сонымен, жүрек гликозидтерінің агликондары табиғи стероидтарға жатқызылуы керек. Жүрек гликозидтері С-17 жанама тізбегінің сипатына қарай екі топқа бөлінеді:
1) Карденолидтер - гликозидтер, С-17-дегі агликондарының қышқылдығын 5-мүшелі лактон сақинасы болады.
2) Буфадиенолидтер - гликозидтер, С-17-дегі агликондарының қанықпаған 6-мүшелі лактон сақинасы болады.
Белгілі жүрек гликозидтері агликондарындағы көмірсуларында әртүрлі ауысулар болуы мүмкін. Қазіргі заманғы классификация бойынша карденолидтердің мынадай түрлерін ажыратады:
1) С-10-ның (наперстянка типі) метил топты карденолидтері
2) С-10-ның (строфанта типі) альдегид топты карденолидтері
3) Сирек С-10-ның спирт тобы бар карденолидтері болады
Жүрек гликозидтері қанттарының көбісі оттегі арқылы біріккен және дезоксиқанттар және олардың метил эфирлері формалары түрінде кездеседі.
Агликон молекуласына (генин) қосылатын моносахаридтер санына қарай С-3 монозид, биозид, триозид, тетразидтерді ажыратады.
Дезоксиқанттар қалыпты жағдайда тікелей генинге қосылады, ал басқа моносахаридтер қант компонентінің шеткі участкелерінде орналасады.
Гениндердің әртүрлілігі олардың көптігі, табиғаты және оларға моносахаридтердің қосылу сипаты өсімдіктердегі жүрек гликозидтерінің әртүрлілігіне себепші болады. Жүрекке ерекше, өзіне тән әсеріне генин себепші, бірақ та қанттар олардың әсерін күшейтеді. Өйткені қанттар гликозидтерінің еруіне және оларды жүрек бұлшық еттерінің сіңіріп фиксация жасауына әсер етеді.
28.Хиназолинді алкалоидтар
Хиназолин туындылары алкалоидтардың кішкентай тобын құрайды. Олар мәңгі жасыл улы бұта Dіchroa febrіfuga Lour – дихроа противолихорадочный өсімдігінде бар екендігі анықталған. Ол өсімдік Оңтүстік-Шығыс Азияда тауда кездеседі. Қытайда ол өсімдікті температураны түсіру үшін қолданады. Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің ішінде ол алкалоидтар Peganum harmala L. деген өсімдікте болады
PeganumharmalaL. – Гармала обыкновенная (могильник, адыраспан) қазақша аты – Адыраспан.
Адыраспан – Peganaceae тұқымдасынан.
Көпжылдық, көпсабақты шөптесін өсімдік өзіне тән ерекше иісі бар. Өсімдіктің биіктігі 40-50(70) см. Тамыры көпбасты, күшті дамыған, топыраққа тереңірек енеді. Сабақтары бұтақтанған, иірленген, жалаңаш, қалың жапырақтанған. Жапырақтары сағақсыз, кезек орналасқан, ұзындығы 4-5 см.
Гүлдері көп, 1-3-тен сабақтарының, бұтақтарының ұшында орналасқан. Тостағаншасы түбіне дейін 5 тостағанша жапырақшаларға бөлінген. Күлтесі 5 сары күлте жапырақшалардан тұрады. Аталығы 12-15. Жемісі - құрғақ, 3-ұялы қорапша, кесе-көлденеңі 1 см дейін. Қорапшада 100 дейін майда қара-қоңыр үш қырлы тұқымдары болады.
Орта Азия Республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, Кавказда көп кездеседі. Жартылай шөлдерде сазды және құмайт топырақтарда тегіс жерлерде өседі, кейде тауға да көтеріледі. Арам шөп ретінде үйлердің жандарында, жайылымдарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Адыраспан өркенінде 1,5-3% шамасында алкалоидтар, оның ішінде 60% пеганин (вазицин) және вазицинон болады. Тамыры және тұқымдары да алкалоидтарға бай (2-6%), бірақ та оларда негізінен гармин алкалоидтары болады.
Дәрілік шикізаты.
Шөбін ерте көктемде бутондану кезінде жинайды. Жинау сүректеніп кеткен төменгі жағынсыз және тамырларына жүргізіледі. Кейбір ірі өсімдіктерде сабақтарының саны 100-ге дейін болуы мүмкін. Кептіру тез көлеңкелі ауада жүргізіледі. Иісі және дәмі тексерілмейді (өсімдік улы).
Пайдаланылуы.
Адыраспан шөбінен гидрохлорид түрінде алкалоид пеганин алынады (Peganumhydrochlorіdum). Ол нәрсе таблеткалар немесе инъекциялық ерітінді түрінде миопатия, миостения және іш қатқанда, ішектің атониясына қарсы антихолинэстеразды дәрі есебінде қолданылады.
Адыраспанның тұқымдарындағы алкалоидтар эпидемиялық энцефалитке, қалтырауық салмен (паралич) ауырғанда қолданылады.
Пурин алкалоидтары.
Пурин негіздері өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Құрылысы жағынан оған зәр қышқылы өте жақын. Пурин дегеніміз пиримидин және амидазоль сақиналарының конденсацияланған системасы. Пуриннің өзі табиғатта әлі табылмаған. Пуринге өте жақын нәрсе ол оның оттекті туындысы – ксантин. Ксантин дегеніміз 2,6-диоксипурин. Кофеин, теобромин және теофиллин сияқты алкалоидтар пуриннің метилді туындылары. Пуринді алкалоидтар TheasіnensіsL – (чай китайский, қытай шәйі), CoffeaarabіcaL(Кофейные деревья – Кофе ағашы), Fіrmіana Platanіfolіn Schott. et Endі (Фирмиана платанолистная) сияқты өсімдіктерде болады. Бұл аталған өсімдіктердің ешқайсысы Қазақстанда өсірілмейді. Дегенмен біздің ең көп қолданатынымыз шәй болғандықтан сол шәй өсімдігіне толығырақ тоқталып өтейік.
29.Илеуші заттар туралы жалпы түсінік.
Табиғаты илік заттар кеңінен таралған. Ең болмаса кейбір өкілдерінде илік заттар болмайтын өсімдіктер класы жоқ деп айтуға болады. Илік заттар қосжарнақтыларда көбірек болады. Даражарнақтыларда тек кейбір тұқымдастарда ғана болады. Илік заттар қылқан жапырақтылардың көптеген өкілдерінде болады. Илік заттар папоротниктерде, қырықбуындарда, плаундарда және мүктерде де болады.
Құрамында илік заттар мол түрлер саны жағынан мынадай тұқымдастарды атауға болады: Rosaceae, Tamarіcaceae, Polygonaceae, Salіcaceae, Myrtaceae, Fabaceae, Plumbagіnaceae, Geranіaceae, Asteraceae.
ТМД елдерінің кейбір флористикалық региондары құрамында таниндері өсімдіктер көптігімен ерекшеленеді. Мысалы, Орта Азияда 332 түр бар екендігі туралы мәліметтер бар.
Құрамында илік заттар бар өсімдіктер негізінен Оңтүстік региондарға тән.
Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінде жинақталады. Өте жиі илік заттар діңнің қабығында, сосын тамыр және тамырсабақ қабығында, сабақта және жапырақтарда (шөптесін өсімдіктерде) және жемістердің қабықшаларында.
Илік заттардың мөлшері өсімдіктің вегетациясы кезеңдеріне байланысты да өзгереді. С.О.Чевренидидің мәліметтері бойынша илік заттардың ең аз мөлшері көктемде, өсу кезеңінде болады, сосын бірте-бірте олардың мөлшері артып ең көп мөлшері бутондану-гүлдеу фазасында байқалады. Вегетация соңына қарай өсімдік тамырларында илік заттар мөлшері бірте-бірте азаяды. Вегетация фазалары илік заттардың мөлшеріне ғана емес сапасына да әсер етеді. Илік заттар (басқа да фенолды қосылыстар сияқты) өсімдік клеткаларының вакуольдерінде жинақталады, цитоплазмадан белок-липоид мембранасымен тонопластан бөлініп тұрады. Илік заттар ерітінді күйінде болатындықтан оларды гистохимиялық реакциялар арқылы анықтауға болады. Осындай гистохимиялық реакциялар арқылы жапырақтарда илік заттар негізінен жүйкелерді қоршап тұрған клеткаларда болатындығы анықталды. Осыған байланысты илік заттар жапырақтарда пайда болып, сосын өткізгіш шоқтағы флоэмаға еніп өсімдіктің басқа мүшелеріне тарайды деген болжам жасалды.
Сабақтарда, діңдерде және тамырсабақтарда илік заттар өзек сәулелеріндегі паренхималық клеткаларда жинақталады деген пікірлер басым, ал арқаулық ұлпаларда илік заттар болмайды.
Басқа фенолды қосылыстар сияқты илік заттар да өсімдік организмінде белгілі бір биологиялық қызметтер атқарады (бірақ та ол соңына дейін толық анықталған жоқ). Мысалы, оларды қорлық заттардың бір формасы деп қарауға болады. Илік заттар бактериоцидтік қасиеттеріне байланысты сүректі шіруден сақтайды және өсімдіктерде әртүрлі зиянкестерден және ауру қоздырғыштардан сақтайды.
30.Алколоиды бар шикізатты пайдалану жолдары
Алкалоидтар саны 5000-нан астам. Бірақ та алкалоидтардың құрылыстары толық зерттеліп бітпегендіктен олардың нақты дұрыс классификациясын жасау оңай жұмыс 60 емес. Дегенмен, алкалоидтардың классификациясын жасауға ғалымдар әртүрлі әрекеттер жасады.
Көптеген ғалымдар классификация негізіне алкалоидтар молекуласы құрамына кіретін гетероциклдар табиғатын алды.
Екінші топтағы ғалымдар бұл принципті қабылдамады. Бұл топтағы ғалымдар кейбір тұқымдастар немес туыстар (мысалы, амариллистер алкалоидтары, спорынья алкалоидтары және с.с.) алкалоидтарын жеке топтарға бөлді.
Академик А.П. Орехов өзінің классификациясын ұсынды. Көптеген оқулықтарда осы А.П. Орехов классификациясын келтіреді. Сондықтан бізде осы классификацияларға тоқталып өтейік.
Академик А.П. Орехов ұсынған алкалоидтар классификациясы:
Ациклды алкалоидтар және бүйір тізбектерінде азоты бар алкалоидтар.
Пирролидинді және пирролизидинді алкалоидтар
Пиридинді және пиперидинді алкалоидтар
Пиролидин және пиперидин сақиналарымен конденсацияланған (қоюланған) алкалоидтар.
Хинолизидинді алкалоидтар.
Хинолинді алкалоидтар.
Изохинолинді алкалоидтар.
Индольды алкалоидтар.
Хиназолинді алкалоидтар.
Пуринді алкалоидтар.
Дитерпенді алкалоидтар.
Стероидты алкалоидтар (және гликоалкалоидтар).
Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай
31.Кумариндер. Кумариндер туралы жалпы түсінік және классификациясы.
Кумариндер. Құрамында кумариндер бар өсімдіктер: Түйежоңышқа (Melіlotus offіcіnalіs-Донник лекарственный), Сүйекті аққурай (Psoralea drupaceae-Псоралея костянковая), Морисон сасыршөбі (Peucedanum morіsonі-Горичник морисона), Егістік ботташық (Pastіnaca satіva-Пастерник посевной) өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
Кумариндер дегеніміз табиғи қосылыстардың үлкен класы. Олардың құрылысы негізіне кумариндер қаңқасы жатады. Кумариндер қаңқасы дегеніміз ортооксикор қышқылы (бензо-(-пирон).
Кумариндер мынадай топтарға бөлінеді:
1. Кумарин, изокумарин, дигидрокумарин, кумариндер гликозиді.
2. Окси-, метокси- және метилендиокси кумариндер.
3. Фурокумариндер немесе кумарон-(-пирондар.
4. Пирано-кумариндер немесе хроменопирондар.
5. Бензокумариндер. Кумариннің бензол сақинасымен конденсациялану нәтижесінде пайда болған.
6. Кумаринді қосылыстар - құрамында бензофуран жүйесі бар қосылыстар.
7. Басқа да кумариндердің күрделі қоюланған (конденсированные) өнімдері (афлотоксин және т.б.).
Кумариндер ролі өсімдіктер әлемінде әлі толық анықталмаған. Белгілі болғаны кейбір кумариндер өсу ингибиторы, ал басқалары тұқымдардың өсуін жылдамдатады, үшіншілері өсімдіктер ауырғанда қорғаушы заттар ролінде болады.
Кумариндер және фурокумариндер балықтар үшін улағыш заттар (токсичность). Топырақтардағы құрттарға және қояндарға наркотикалық әсері бар, тышқандарға седативтік және гипнотикалық әсер етеді, қойларға, иттерге және жылқыларға улы зат (яд) ретінде әсері бар. Кейбір кумариндер (мысалы эскулин) Р-витаминдік белсенділік көрсетеді. Кейбір кумариндер және фурокумариндердің бактериостатикалық және саңырауқұлақтарға қарсы әсерлері бар. Кейбір фурокумариндердің ісікке қарсы да әсері бар екендігі анықталды.
Дәрілік түйежоңышқа (Melіlotusoffіcіnalіs (L.)-Донник лекарственный).
Екі жылдық биіктігі 1м дейінгі шөптесін өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, ұсақ, үш-құлақ күрделі. Гүлдері сары, ұсақ ұзын қолтықтағы шашақты гүлшоғына жиналған. Жаз бойы гүлдейді. Жемістері - ұсақ жұмыртқа тәрізді бұршақ.
Дәрілік түйежоңышқа ТМД елдерінің бүкіл Европалық бөлігінде таралған, Кавказдың, Орта Азияның және Батыс Сібірдің далалық аймақтарында кеңінен таралған. Қазақстанда Оңтүстік шөлдермен биік таулардан басқа барлық аудандарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Кумарин (0,4-0,9%), дигидрокумарин (мелилютин), дикумарол және N-кумарин қышқылының глюкозиді мелилотозид болады. Ілеспелі заттар (сопутствующие) ретінде пурин өнімдері (аллантоин және аллантоин қышқылы), холин және қоймалжың заттар (слизистые вещества) болатындығы анықталған. Кумариннің жаңа орған пішеннің иісіндей нәзік иісі бар. Ол иіс пішен кепкен сайын күшейеді.
Дәрілік шикізаты.
Дәрілік түйежоңышқаны гүлдеп тұрған кезеңінде орып, баулап, кептіргеннен кейін бастырады.
Пайдаланылуы.
Дәрілік түйежоңышқа іріңдеген ісіктерді сорып тарататын, жазылуын тездететін дәрі-дәрмектер құрамына қосылады. Экстракт түйежоңышқа жараға таңатын жабысқақ тоңғыш (пластырь) құрамына да жоғарыдағы мақсатпен кіргізілген. Құрамында кумариндер әсіресе фурокумариндер бар өсімдіктерге: Сүйекті аққурай (Psoraleadrupacea-Псоралея костянковая)-Fabaceae; Морисон сасыршөбі (Peucodanummorіsіnі-Горичник морисона)-Apіaceae; Егістік ботташық (Pastіnacasatіva-Пастерник посевной)-Apіaceae жатады.
Мысалы, сүйекті аққурай өсімдігінің жемістерінде және тамырларында фурокумариндер псорален және изопсорален болады. Бұл өсімдіктен "Псорален" препараты алынады. Ол "Витилиго" пигмент меланин жетіспегендіктен терідегі дақтар және басқа ауруларды емдеуге қолданылады.
Морисон сасыршөбі тамырларында фурокумарин пеццеданин болады. Препарат "Пеццеданин" алынады таблетка немесе 0,5% май түрінде. Бұл препарат кеуде безінің ісігін (рак грудной желези) және басқа да сондай ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Егістік ботташық өсімдігі, әсіресе жемістері фурокумариндерге (императорин, изопинницеллин, бергантен және ксантотоксин) өте бай. Бұл өсімдіктен препарат "Бероксин" жасалынады. "Витилиго" пигмент меланин жетіспегендіктен терідегі ақ дақтар және басқа ауруын емдеуге қолданылады.
4. Хромондар деп аталатын фенолды қосылыстар құрылысы жағынан кумариндерге және флавоноидтарға өте жақын.
Кумариндер сияқты хромондарда окси-, метокси- және басқа да окситуындылар түзеді. Хромондардың туындыларының ішіндегі медицинада маңызды роль атқаратыны - фуранохромондар.
Иісті аскөк (AnethumgraveolensL.-Укроп пахнучий) - ApіaceaeLіnde -Сельдерейные).
Біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 200 см дейін, тіке өседі, бұтақтанған. Жапырақтары көп рет қауырсынды сызғыш-жіп тәрізді бөлінген. Гүлдері ұсақ, сары, жемістері-вислоплодник. Белгілі екпелі өсімдік. Кейде жабайыланып кетеді.
Бақшаларда, бауларда, үйдің жанындағы участкелерде Қазақстанның барлық райондарында кездеседі.
Химиялық құрамы.
Жемістері және шөптері құрамында фурилломон виснагин және келлин, пиранокумарин виснадин және флавоноид кверцетин, изорамнетин, кемпферол болады. Өсімдіктің барлық мүшелері, әсіресе жемістері эфир майларына бай (2,8-4%). Жемістерінде карвон (30-50%), фелландрен, даллапиол (30%), лиманен және басқа терпендер және олардың туындылары болады. Шөбінде витаминдер, мысалы, С (120мг/гр), В, В2, РР, каратиноидтар болады.
Дәрілік шикізаты.
Піскен жемістері - вислоплодниктер.
Пайдаланылуы.
Жемістерінен препарат "Анетин" өндіріледі. Оның спазмолитикалық әсері бар, демікпе (астма) және қан тамырларының жеткіліксіз қызметі созылыңқы болғанда пайдаланылады. Шөбінің судағы тұнбасы гипертониялық ауруға қарсы және зәр шығарушы дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.
32.Изохинолинді алкалоидтар.
Изохинолинді алкалоидтар.
Сутектендірілген формасында изохинолинді сақина көптеген алкалоидтардың негізі болып саналады.
Изохинолинді алкалоидтар тобы біртекті емес.
Сутектену дәрежесіне байланысты, қосымша сақиналарына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты изохинолинді алкалоидтар бірнеше топ тармақтарына бөлінеді:
Тетрагидроизохинолинді
бензилизохинолинді
морфинді
бисбензилизохинолинді
протопинді
протоберберинді
бензофенантридинді
амариллисті
элитинді
Изохинолинді алкалоидтардың ерекшеліктері бір өсімдіктің өзінде әртүрлі типті структурасы бар алкалоидтар кездесуі мүмкін.
Изохинолинді алкалоидтар тобына жататын алкалоидтар әртүрлі өсімдіктерде кездеседі. Мысалы: 1) Glaucіum flavum (Papaveraceae), Thalіctrum mіnus L., T. foetіdum L. (Ranunculaceae), Berberіs vulgarіs L. (Berberіdaceae), Chelіdonіum majus L. (Papaveraceae), Macleaya mіcrocarpa (Papaveraceae), Stephanіa glabra (Menіspermaceae), Ungernіa vіctorіs Vved, U. sewertzwіі (Amaryllіdaceae), Cephaelіs jpecacuanha Wіlld (Rubіaceae). Осы өсімдіктердің ішінен толығырақ Chelіdonіum majus L. өсімдігінің ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.
Chelіdonіum majus L. – Papaveraceae тұқымдасынан. Чистотел большой, қазақша аты Сүйелшөп.
Үлкен сүйелшөп. Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 30-100 см. Өсімдіктің барлық мүшелерінде қызыл-қоңыр түсті. Сүтті шырыны болады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, төменгі жағы көкшіл-сұр, төменгі жапырақтары-сағақты, сабақтағы жапырақтар сағақсыз, жапырақтар тақтасы жалпақ эллипс тәрізді.
Гүлдері шатыр тәрізді гүлшоғына жиналған. Тостағанша екі жапырақшадан, күлте 4 ашық сары жапырақтан тұрады. Аталығы өте көп, аналығы ұзарған бір ұялы жатыннан ол ұзындығы 5 см шамасында бұршаққынға ұқсаған қорапшада дамиды.
ТМД елдерінің Европалық бөлігінде (Солтүстік регионнан басқа) Кавказда, сирек Сібірде және Алыс Шығыста кеңінен таралған.
Қазақстанда арамшөп ретінде шөл және жартылай шөл аймақтардан басқа барлық региондарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалоидтар болады. Олардың мөлшері өркендерінде 2% шамасында, ал тамырларында 4%-ға дейін болуы мүмкін.
Алкалоидтар құрамы өте күрделі, өздерінің структурасына қарай олар изохинолин туындыларының әртүрлі тип тармақтарына жатады.
протоберберин алкалоиды (берберин, контизин және т.б.) протопин алкалоидтары (протопин, аллокриптопин)
бензофенантридин алкалоидтары (хелидонин, хелеритрин, сангвикарин және т.б.).
Алкалоидтар сүйелшөпте бос күйінде және байланысқан күйінде – хелидон қышқылымен болуы мүмкін. Сүйелшөпте алкалоидтардан басқа сапониндер, флавоноидтар, аскорбин қышқылы (170 мг/100 г), каротиноидтар (20 мг/100 г) және органикалық қышқылдар – алма, лимон және янтарь.
Дәрілік шикізаты.
Толық піспеген жемістері бар гүлдеген өсімдіктер.
Пайдаланылуы.
Сүйелшөп препараттары көмей папилломатоздан емдеу үшін қолданылады. Папилломатоз дегеніміз папилломаның бүкіл денеге жайылуы, ал папиллома дегеніміз тері мен оның шырышты қабықтарында өсетін сүйелше ісік. Сүйелшөп жоғарыдағыларға қосымша қызыл тері туберкулезді емдеуге де қолданылады. Сүйелшөп қайнатпасын бауыр және өт қабын емдеуге де пайдаланады.
Сүйелшөптің сүтті шырыны халық медицинасында сүйелдерді кетіру үшін пайдаланылады.
Эксперименттік жұмыстарда сүйелшөп препараттары туберкулез микробактерияларына фунгистикалық және бактериястатикалық әсер етеді, қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады.
33.Фенолдар туралы жалпы түсінік.
Фенолды қосылыстар деп құрамында гидроксил тобы бар ароматтық сақиналар және олардың қызметіне байланысты туындылары бар заттарды айтады. Ароматтық сақинасында біреуден артық гидроксил тобы бар фенолды қосылыстарды полифенолды қосылыстар деп атайды. Шығу тегі өсімдіктерге байланысты табиғи фенолды қосылыстар өте мол, ал олардың қызметтері әр алуан, сондықтан оларды зерттеу әр сала мамандарының қатысуын қажет етеді.
Қазіргі кезде барлық полифенолдардың клеткадағы зат алмасуында белсенді метоболиттер екендігі дәлелденген. Олар яғни полифенолдар әртүрлі физиологилық процестерде - фотосинтезде, тыныс алуда, өсуде, өсімдіктердің әртүрлі жұқпалы ауруларға тұрақтылығында үлкен роль атқаратындығы да дәлелденді. Полифенолдардың маңызды биологиялық ролін олардың өсімдік денесіндегі таралу сипаты куәландырады. Полифенолдардың көбісі өсімдіктердің белсенді қызмет атқаратын мүшелерінде - жапырақтарында, гүлдерінде, жемістерінде, жабынды ұлпаларында, өскіндерінде болады. Өсімдіктің әртүрлі мүшелері және ұлпалары бір-бірінен полифенолдардың мөлшері жағынан ғана емес, олардың сапалық құрамы жағынан да әртүрлі болады. Дәрілік өсімдіктерде болатын фенолды қосылыстардың барлығы углеводтардан және олардың өкілдерінен пайда болады.
Фенолдық қосылыстардың классификациясы негізгі углеродтық қаңқасы- ароматтық сақиналар санын және бүйірлік тізбектегі углеродтар атомын ескере отырып жасалады. Осы белгілер бойынша фенолды қосылыстар мынадай топтарға бөлінеді:
1) Қарапайым фенолдар
окси-, диокси-, триоксибензолдар-С6
2) Фенолоқышқылдар - С6-С1
3) Фенолоспирттер, фенилуксус қышқылы, ацетофенондар -С6-С2
4) Оксикоригті қышқылдар, кумариндер, хромондар -С6-С3
5) Лигнандар -(С6-С3)2
6) Антрацен туындылары -С6-С2-С6
7) Флавоноидтар -С6-С3-С6
8) Илеуші заттар -(С6-С3-С6)n
34.Тритерпенді сапониндердің химиялық құрылысы және қасиеті.
Химиялық құрылысы және қасиеттері
Тритерпенді сапониндер пентациклді терпеноидтар болып саналады, оларда изопренді құрылыстың бірлігі С5Н8 ол алты рет қайталанады. Соның нәтижесінде формуласы С30Н48 қаңқалы қосылыс пайда болады. Ол қосылыстар төрт типке бөлінеді:
(-амиринді; 2) (-амиринді; 3) Лупеолды; 4) фриделинді. Бірақ та тетрациклді тритерпенді сапониндер, агликонда да кездеседі.
Пентациклді тритерпенді сапониндер (-амирин типіне жатады. (-амирин негізі углеродты скелет олеанин.
Функциональды топтардан, гидроксильдіден басқа карбоксильді, альдегидті, лактонды, эфирлі және карбонильді топтарда болуы мүмкін.
Тритерпенді сапониндер бейтарап немесе қышқыл қосылыстар болуы мүмкін.
Қышқыл сапониндерден тұздар түзіледі. Ол тұздардың еритіндері бір валентті және ерімейтіндері екі валентті және көп валентті металдар. Көптеген сапониндер құрамында белоктар, липидтер, стериндер, таниндер бар. Молекулярлық комплекстер түзеді.
Тритерпенді сапониндердің негізгі қасиеті эритроциттерді гемоглобиндерді босатып (гемолиз) бұзуы - сапониннің эритроцит мембранасы холестеринімен комплексін түзуіне байланысты. Бірақ та сапониндердің бәрі бірдей гемолиз жасай алмайды; мысалы Glycyrrhіza (мия) өсімдігінің сапониндерінің ондай қасиеттері жоқ.
Тритерпенді сапониндердің салқын қанды жануарларға (балықтарға) ерекше әсерін желбезектерінің қызметінің бұзылуымен түсіндіруге болады. Өйткені балықтарда желбезек тек тыныс алу мүшесі ғана емес, сонымен бірге организмде тұздың айналысын және осмостық қысымды реттейтін мүше.
Сапониндер және құрамында сапониндер бар шикізаттың шаңдары көздің, мұрынның, ауыз қуысының шырышты қабығына қоздырушы әсерін тигізеді. Сапониндерді ішке көп мөлшерде қабылдағанда адам уланып қалуы мүмкін - лоқсу, құсу, іш өту, бас айналу сияқты жайсыз жағдайларға алып келеді.
Сапониндермен салыстырғанда олардың агликондары - сапогениндерінің гемолитикалық белсенділігі жоқ және балықтар үшін улы емес.
Өсімдіктер дүниесінде пентациклді тритерпен сапониндері кеңінен таралған. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, олар 70 тұқымдастар өкілдеріне, әсіресе 150 туыстар өкілдеріне тән.
Тритерпенді туыстар саны Fabaceae, Sapotaceae, Caryophyllaceae, Asteraceae, Aralіaceae, Prіmulaceae, Polygonaceae, Apіaceae, Lamіaceae және т.б. тұқымдастарда көбірек.
Тритерпенді гликозидтер өсімдіктердің мүшелерінде болатындығына қарай олар өсімдіктегі биохимиялық процестерге қатынасады деп айтуға болады.
Кейбір мамандардың болжамы бойынша, мүмкін, тритерпенді сапониндер өсімдік клеткасының өткізгіштігіне әсер етеді, ол олардың беттік белсенділігіне байланысты. Сапониндердің белгілі концентрациялары тұқымдардың өніп-өсуі жалпы өсімдіктің дамуын жылдамдататындығы анықталды. Ал егер де сапониндердің концентрациясы шамадан тыс жоғары болса, керісінше кешеуілдетеді.
Тритерпенді сапониндердің көп мөлшері өсімдіктердің жер асты мүшелері - түйнектерде, тамырсабақтарда жинақталады. Олар клетка шырынында еріген, олардың мөлшері 20%-ға (құрғақ массасынан) дейін болуы мүмкін. Егер де өсімдік құрамында тритерпенді сапониндер өте мол болса, онда оларды микроскоп арқылы клеткалардан түссіз, формасыз кесектер (глыба) түрінде көруге болады.
Тритерпенді сапониндердің медицинадағы және халық шаруашылығының әртүрлі саласындағы рөлінің артуына байланысты олардың өсімдік (әсіресе өндірістік маңызы бар) құрамында болуын тереңірек, кеңірек вегетациялық фазаларға және сыртқы факторлардың әсеріне байланысты зерттеу өте қажет. Мұндай өсімдіктер қатарына Glycyrrhіza және Aralіaceae, Caryophyllaceae, Cucurbіtaceae тұқымдастары өкілдері жатады.
Тритерпенді сапониндердің және олар құрамында бар өсімдіктердің фармакологиялық әсері спектрінің өте кең екендігіне байланысты олар әртүрлі ауруларды емдеуге қолданылады. Ол туралы сол дәрілік өсімдіктердің ерекшеліктері туралы айтылғанда толығырақ айтылады.
Өсімдік шикізатындағы тритерпенді сапониндерді анықтау үшін негізінен химиялық әдістер қолданылады. Бірақ та тритерпенді сапониндердің алуан түрлілігі оларда анықтауға болатын жалпы химиялық әдіс табу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі кездегі пайдаланып жүрген сандық және сапалық химиялық әдістер негізінен жеке әдістер болып табылады. Олардың көмегімен нақты жеке тритерпенді сапониндерді анықтауға болады. Қазіргі кезде кеңінен физико-химиялық әдістер қолданылады.
35.Өсімдіктердің дамуындағы алколоидтардың пайда болуының динамикасы.
Алкалоидтар саны 5000-нан астам. Бірақ та алкалоидтардың құрылыстары толық зерттеліп бітпегендіктен олардың нақты дұрыс классификациясын жасау оңай жұмыс 60 емес. Дегенмен, алкалоидтардың классификациясын жасауға ғалымдар әртүрлі әрекеттер жасады.
Көптеген ғалымдар классификация негізіне алкалоидтар молекуласы құрамына кіретін гетероциклдар табиғатын алды.
Екінші топтағы ғалымдар бұл принципті қабылдамады. Бұл топтағы ғалымдар кейбір тұқымдастар немес туыстар (мысалы, амариллистер алкалоидтары, спорынья алкалоидтары және с.с.) алкалоидтарын жеке топтарға бөлді.
Академик А.П. Орехов өзінің классификациясын ұсынды. Көптеген оқулықтарда осы А.П. Орехов классификациясын келтіреді. Сондықтан бізде осы классификацияларға тоқталып өтейік.
Академик А.П. Орехов ұсынған алкалоидтар классификациясы:
Ациклды алкалоидтар және бүйір тізбектерінде азоты бар алкалоидтар.
Пирролидинді және пирролизидинді алкалоидтар
Пиридинді және пиперидинді алкалоидтар
Пиролидин және пиперидин сақиналарымен конденсацияланған (қоюланған) алкалоидтар.
Хинолизидинді алкалоидтар.
Хинолинді алкалоидтар.
Изохинолинді алкалоидтар.
Индольды алкалоидтар.
Хиназолинді алкалоидтар.
Пуринді алкалоидтар.
Дитерпенді алкалоидтар.
Стероидты алкалоидтар (және гликоалкалоидтар).
Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай
36.Хинолинді алкалоидтар.
Хинолинді алкалоидтар.
Хинолин – гетероциклді система, конденсацияланған пиридин және бензол тізбектерінен тұрады. Таскөмір қарамайынан бөлінген, өте жоғары улылығымен сипатталады (жүйке уы). Хинолин көптеген дәрілік препараттарды синтездеуге (хинозол, совкаин, плазмохин, плазмацид, хиноцид және т.б.) пайдаланылады.
Көп уақыт бойы хинолин тек қана хина ағашында ғана болады деп келді. Кейінгі жылдары хинолин ТМД елдері флорасынан Лакса (Echіnops - Мордовник - Asteraceae) және Ясенеу деген өсімдіктерде болатындығы анықталды.
Хинолин алкалоидтарының биогенезі әлі толық ашылмаған. Болжамдар бойынша, олар триптофан және монотерпеннен пайда болған.
Хина ағашы (Cіnchonasp.) жабайы түрінде тек Оңтүстік Америкада: Перу, Боливия, Эквадор, Венесуэла және Колумбияда кездеседі. Перу және т.б. мемлекеттер өздерінің монополиялық ролін жоғалтпау үшін басқа елдерге бұл ағаштың тұқымдарын және басқа да отырғызатын материалдарын бермеді. Өткен ғасырларда бір неміс ғалымы, сосын бір ағылшын саудагері хинаның (Cіnchona) тұқымын алып Ева аралында егіп бірте-бірте цинхона (хина ағашы) екпе өсімдікке айналды. Қазіргі кезде цинхонаның плантациялары Оңтүстік-Шығыс Азияда, Индияда, Шри-Ланкада және Африкада бар. Бұл өсімдік Қазақстанда жоқ болғандықтан толығырақ EchіnopsrіtroL. және E. sphaerocephalusL. өсімдіктеріне тоқталып өтейік. Бұл екі түрден дұрысырақ зерттелгені EchіnopsrіtroL.
Аққурай Лакса (EchіnopsrіtroL). EchіnopsrіtroL. – Мордовник обыкновенный - Asteraceae тұқымдасынан қазақша аты Аққурай.
Көпжылдық шөптесін өсімдік жуан кіндік тамыры бар. Сабақтары біреу кейде бірнешеу, биіктігі 20-60 см, қарапайым немес аз бұтақтанады.
Жапырақтары кезектесіп, сопайған, қауырсын тәрізді бөлінген жапырақтарының жоғарғы беті тегіс жалаңаш, ал төменгі бетінде ақ-өрмекші торындай киізденген. Гүлдері шар тәрізді шоқпар бас гүлшоғына жинақталған. Жалпы орамасы (обвертка) жоқ, жеке орамшалары екі қатар жапырақшалардан тұрады.
Гүлдердің барлығы түтікше тәрізді, тостағаншасы айдарша тәрізді, күлтесі көк. Жемістері – тұқымша, орамшалардың ішінде дамиды.
Аққурай далалық шалғындықтарда, далада, тасты беткейлерде, өзен арналарында кездеседі.
Химиялық құрамы.
Echіnopsrіtro өсімдігіндегі негізгі алкалоид эхинопсин, оның мөлшері шикізатта 1%-дан кем болмауы керек.
Эхинопсин тірі өсімдікке тән алғашқы алкалоидтан пайда болады, ал ол алғашқы алкалоидтар амин және гидроксиль топтарының болуымен сипатталады.
Алкалоидтардан басқа Echіnops rіtro жемістерінде 26-28% майлар болады.
Дәрілік шикізаты.
Жемістерін піскен шоқпар бастарын бастырып жинайды. Тұқымшалары ұзарған-кері жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 7-9 мм, жоғарғы жағының ені 2 мм шамасында, түктенген түктері қоңыр жатыңқы. Жинаған кезде пісіп-жетілмеген жемістерінің мөлшері 10%-дан аспауы керек.
Пайдаланылуы.
Echіnops rіtro эхинопсин нитратын өндіруге пайдаланылады. Эхинопсин нитраты (Echіnopsіnі nіtrus) стрихнин сияқты жұлынның рефлекторлық қозуын және қаңқа бұлшық еттері жұмысын арттырады.
37.Қарапайым фенолдар және олардың өсімдіктер денесіндегі таралуы. Еркек усасырдың (Dryopterіs fіlіx-mas-Щитовник мужской) - морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
Қарапайым фенолдар өсімдіктерде жиі кездеспейді. Систематикалық тұрғыдан олардың таралуы жүйесіз. Фенолдың өзі кәдімгі қарағайдың (Pіnus sіlvestrіs) қылқанында және бүрінде, кәдімгі темекінің (Nіcotіana tabacum-табак настоящий) және қара қарақаттың (Rіbes nіgrum-смородина черная) эфир майларында болатындығы анықталған.
Гидрохинон (1,4-диоксибензол) өте кең таралған. Оның гликозиді арбутин мынадай тұқымдастардың өкілдерінде кездеседі: Erіcaceae (Arctostaphylos, Rhododendron), Vaccіnaceae (Vaccіnіum), Rosaceae (Pyrus, Docynіa), Saxіfragaceae (Bergenіa), Asteraceae (Xanthіum).
Гидрохинонның метил және этил эфирлері мынадай тұқымдастар өкілдерінде табылған. Pyrolaceae-Pyrola, Lіlіaceae-Hyacіnthus, Magnolіaceae-Іllіcіum.
Қарапайым фенолдар Толокнянка обыкновенная (Erіcaceae), Брусника (Vaccіnіaceae) және Dryopterіs fіlіx-mas өсімдіктерінің құрамында болады. Солардың ішіндегі Қазақстанда кездесетіні Dryopterіs fіlіx-mas. Сондықтан осы өсімдікке толығырақ тоқталып өтейік.
Еркек усасыр (Dryopterіs fіlіx-mas-Мужской папоротник) - Asplenіaceae.
Еркек усасырдың екі ұрпағы бар - жынысты және жыныссыз. Жыныссыз диплоидты спорофит - көпжылдық шөптесін өсімдік қыстайтын тамырсабағымен. Тамырсабағы қиғаш өседі, жақсы дамыған, көптеген жіп тәрізді тамырларымен. Тамырсабақтың жоғарғы, өсуші ұшында шоғырланған ірі ұзындығы 1 м дейін, ені 20-25 см болатын жапырақтар болады. Ашылмаған жапырақтары ұлу (улитка) тәрізді оралған. Жапырақ сағағы ұзындығы 25 см шамасында тат басқан-қоңыр қалың қабыршақтармен жабылған. Жапырақтар тақтасы қоңыр-жасыл, ұзынша эллипс сияқты, қос қауырсын тәрізді бөлінген, екінші реттегі сегменттерінде тісшелер бар олар - доғал. Жапырақтарының астыңғы жағында қоңыр спорангийлер тобы (сорус) дамиды, олар бүйрек тәрізді жамылғымен жабылған. Жамылғының астында ұзын аяқшалары бар спорангийлер болады, оларда қоңыр споралар болады. Споралар өсіп жыныстық ұрпақ - гаметофит береді. Гаметофит - ұсақ, жасыл, тақта-жүрек тәрізді өскін (заросток). Аналық өскінде архегоний және антеридий пайда болады. Ұрықтанғаннан кейін архегониядағы жұмыртқа клеткасынан жыныссыз ұрпақ өсіп шығады, яғни өсімдіктің өзі.
Еркек усасыр ылғалы мол көлеңкелі ормандарда, әсіресе шырша (Pіcea) немесе шыршалы балқарағай (Larіx) астында ТМД елдерінің Европалық бөлігінде, ал Тянь-Шань тауында Шренка шыршасы астында, ал Сібірде шырша және майқарағай (Abіes-Пихта) астында өседі.
Химиялық құрамы.
Еркек усасыр шөптің тамырсабағының сапасына ондағы "шикі филицин" мөлшеріне, яғни флороглюцидтер жиынтығына қарай баға береді. Шикі филицин құрамына әртүрлі күрделі құрылысы бар бутидилфлюроглюцидтер кіреді. Ең қарапайым қосылыс болып аспидинол саналады, оның құрамында бір флороглюцинді сақина болады. Филициннің барлық басқа компоненттері ди-, немесе триөлшемді флороглюцидтер болып саналады, оларда мономерлер қызметін аспидинолға жақын қосылыстар атқарады. Еркек усасыршөп тамырсабақтарында флороглюцидтерден басқа крахмал, сахароза, илеуші заттар (7-8%), шыны майлар (6% -жирное масло), ұшатын майлы қышқылдар және олардың эфирлері (майлы қышқылдар және т.б.) болады.
Дәрілік шикізаты.
Көптеген жапырақ сағақтарының түбіменен жабылған ұзындығы 25 см ең жуан бөлігі (7 см) - усасырдың тамырсабағы. Тамырсабақтың жоғарғы ұшында ұлу сияқты оралған жыныс бүршіктері болады. Сағақтардың түптері, әсіресе жапырақ бүршіктері, тығыз тат басқан-қоңыр пленка тәрізді қабыршақтармен бүркелген. Тамырсабақ және сағақтар түптері сыртынан қоңыр-сұр, ал кесіндісінде ашық-жасыл. Тамырсабақтың кесіндісінде лупамен қарағанда 6-9 орталық ксилемалық өткізгіш шоқтар, сағақтың шеттерінде толық емес дөңгелек жасай орналасқан. Иісі әлсіз, өзіне тән. Дәмі алғашқыда тәтті-уылдыратын, сосын ащы-жүрек айнытатындай.
Усасыршөптің тамырсабағындағы шикі филициннің мөлшері усасыршөптің түріне, оның өсетін районына, вегетациялық фазасына байланысты. Шикізатты жаздың соңында немесе күзде жинайды. Осы кезеңдерде шикізаттың мөлшері мол болады. Шикі филициннің мөлшері 1,8% (ГФ х)-дан кем болмауы керек.
Медицина үшін тамырсабақтар және сағақтар өздерінің ашық-жасыл түрін сақтаған болса бағалырақ болады. Сақтау мерзімі бір жылдан аспауы керек. Олар құрғақ, қараңғы ғимараттарда сақталуы қажет.
Пайдаланылуы.
Еркек усасыр тамырсабақтарынан қою экстракт алынады. Оны эфирмен экстракциялау арқылы алады. Ол препарат ішек құртына қарсы өте жақсы дәрі болып табылады.
38.Құрамында кумариндер бар өсімдіктер: Түйежоңышқа (Melіlotus offіcіnalіs-Донник лекарственный), Сүйекті аққурай (Psoralea drupaceae-Псоралея костянковая), өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
Кумариндер. Құрамында кумариндер бар өсімдіктер: Түйежоңышқа (Melіlotus offіcіnalіs-Донник лекарственный), Сүйекті аққурай (Psoralea drupaceae-Псоралея костянковая), Морисон сасыршөбі (Peucedanum morіsonі-Горичник морисона), Егістік ботташық (Pastіnaca satіva-Пастерник посевной) өсімдіктерінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
Кумариндер дегеніміз табиғи қосылыстардың үлкен класы. Олардың құрылысы негізіне кумариндер қаңқасы жатады. Кумариндер қаңқасы дегеніміз ортооксикор қышқылы (бензо-(-пирон).
Кумариндер мынадай топтарға бөлінеді:
1. Кумарин, изокумарин, дигидрокумарин, кумариндер гликозиді.
2. Окси-, метокси- және метилендиокси кумариндер.
3. Фурокумариндер немесе кумарон-(-пирондар.
4. Пирано-кумариндер немесе хроменопирондар.
5. Бензокумариндер. Кумариннің бензол сақинасымен конденсациялану нәтижесінде пайда болған.
6. Кумаринді қосылыстар - құрамында бензофуран жүйесі бар қосылыстар.
7. Басқа да кумариндердің күрделі қоюланған (конденсированные) өнімдері (афлотоксин және т.б.).
Кумариндер ролі өсімдіктер әлемінде әлі толық анықталмаған. Белгілі болғаны кейбір кумариндер өсу ингибиторы, ал басқалары тұқымдардың өсуін жылдамдатады, үшіншілері өсімдіктер ауырғанда қорғаушы заттар ролінде болады.
Кумариндер және фурокумариндер балықтар үшін улағыш заттар (токсичность). Топырақтардағы құрттарға және қояндарға наркотикалық әсері бар, тышқандарға седативтік және гипнотикалық әсер етеді, қойларға, иттерге және жылқыларға улы зат (яд) ретінде әсері бар. Кейбір кумариндер (мысалы эскулин) Р-витаминдік белсенділік көрсетеді. Кейбір кумариндер және фурокумариндердің бактериостатикалық және саңырауқұлақтарға қарсы әсерлері бар. Кейбір фурокумариндердің ісікке қарсы да әсері бар екендігі анықталды.
Дәрілік түйежоңышқа (Melіlotusoffіcіnalіs (L.)-Донник лекарственный).
Екі жылдық биіктігі 1м дейінгі шөптесін өсімдік. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, ұсақ, үш-құлақ күрделі. Гүлдері сары, ұсақ ұзын қолтықтағы шашақты гүлшоғына жиналған. Жаз бойы гүлдейді. Жемістері - ұсақ жұмыртқа тәрізді бұршақ.
Дәрілік түйежоңышқа ТМД елдерінің бүкіл Европалық бөлігінде таралған, Кавказдың, Орта Азияның және Батыс Сібірдің далалық аймақтарында кеңінен таралған. Қазақстанда Оңтүстік шөлдермен биік таулардан басқа барлық аудандарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Кумарин (0,4-0,9%), дигидрокумарин (мелилютин), дикумарол және N-кумарин қышқылының глюкозиді мелилотозид болады. Ілеспелі заттар (сопутствующие) ретінде пурин өнімдері (аллантоин және аллантоин қышқылы), холин және қоймалжың заттар (слизистые вещества) болатындығы анықталған. Кумариннің жаңа орған пішеннің иісіндей нәзік иісі бар. Ол иіс пішен кепкен сайын күшейеді.
Дәрілік шикізаты.
Дәрілік түйежоңышқаны гүлдеп тұрған кезеңінде орып, баулап, кептіргеннен кейін бастырады.
Пайдаланылуы.
Дәрілік түйежоңышқа іріңдеген ісіктерді сорып тарататын, жазылуын тездететін дәрі-дәрмектер құрамына қосылады. Экстракт түйежоңышқа жараға таңатын жабысқақ тоңғыш (пластырь) құрамына да жоғарыдағы мақсатпен кіргізілген. Құрамында кумариндер әсіресе фурокумариндер бар өсімдіктерге: Сүйекті аққурай (Psoraleadrupacea-Псоралея костянковая)-Fabaceae; Морисон сасыршөбі (Peucodanummorіsіnі-Горичник морисона)-Apіaceae; Егістік ботташық (Pastіnacasatіva-Пастерник посевной)-Apіaceae жатады.
Мысалы, сүйекті аққурай өсімдігінің жемістерінде және тамырларында фурокумариндер псорален және изопсорален болады. Бұл өсімдіктен "Псорален" препараты алынады. Ол "Витилиго" пигмент меланин жетіспегендіктен терідегі дақтар және басқа ауруларды емдеуге қолданылады.
Морисон сасыршөбі тамырларында фурокумарин пеццеданин болады. Препарат "Пеццеданин" алынады таблетка немесе 0,5% май түрінде. Бұл препарат кеуде безінің ісігін (рак грудной желези) және басқа да сондай ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Егістік ботташық өсімдігі, әсіресе жемістері фурокумариндерге (императорин, изопинницеллин, бергантен және ксантотоксин) өте бай. Бұл өсімдіктен препарат "Бероксин" жасалынады. "Витилиго" пигмент меланин жетіспегендіктен терідегі ақ дақтар және басқа ауруын емдеуге қолданылады.
4. Хромондар деп аталатын фенолды қосылыстар құрылысыжағынан кумариндерге және флавоноидтарға өте жақын.
Кумариндер сияқты хромондарда окси-, метокси- және басқа да окситуындылар түзеді. Хромондардың туындыларының ішіндегі медицинада маңызды роль атқаратыны - фуранохромондар.
Иісті аскөк (AnethumgraveolensL.-Укроп пахнучий) - ApіaceaeLіnde -Сельдерейные).
Біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 200 см дейін, тіке өседі, бұтақтанған. Жапырақтары көп рет қауырсынды сызғыш-жіп тәрізді бөлінген. Гүлдері ұсақ, сары, жемістері-вислоплодник. Белгілі екпелі өсімдік. Кейде жабайыланып кетеді.
Бақшаларда, бауларда, үйдің жанындағы участкелерде Қазақстанның барлық райондарында кездеседі.
Химиялық құрамы.
Жемістері және шөптері құрамында фурилломон виснагин және келлин, пиранокумарин виснадин және флавоноид кверцетин, изорамнетин, кемпферол болады. Өсімдіктің барлық мүшелері, әсіресе жемістері эфир майларына бай (2,8-4%). Жемістерінде карвон (30-50%), фелландрен, даллапиол (30%), лиманен және басқа терпендер және олардың туындылары болады. Шөбінде витаминдер, мысалы, С (120мг/гр), В, В2, РР, каратиноидтар болады.
Дәрілік шикізаты.
Піскен жемістері - вислоплодниктер.
Пайдаланылуы.
Жемістерінен препарат "Анетин" өндіріледі. Оның спазмолитикалық әсері бар, демікпе (астма) және қан тамырларының жеткіліксіз қызметі созылыңқы болғанда пайдаланылады. Шөбінің судағы тұнбасы гипертониялық ауруға қарсы және зәр шығарушы дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.
39.Илік заттардың өсімдіктерде таралуы және олардың биологиялық ролі.
Табиғаты илік заттар кеңінен таралған. Ең болмаса кейбір өкілдерінде илік заттар болмайтын өсімдіктер класы жоқ деп айтуға болады. Илік заттар қосжарнақтыларда көбірек болады. Даражарнақтыларда тек кейбір тұқымдастарда ғана болады. Илік заттар қылқан жапырақтылардың көптеген өкілдерінде болады. Илік заттар папоротниктерде, қырықбуындарда, плаундарда және мүктерде де болады.
Құрамында илік заттар мол түрлер саны жағынан мынадай тұқымдастарды атауға болады: Rosaceae, Tamarіcaceae, Polygonaceae, Salіcaceae, Myrtaceae, Fabaceae, Plumbagіnaceae, Geranіaceae, Asteraceae.
ТМД елдерінің кейбір флористикалық региондары құрамында таниндері өсімдіктер көптігімен ерекшеленеді. Мысалы, Орта Азияда 332 түр бар екендігі туралы мәліметтер бар.
Құрамында илік заттар бар өсімдіктер негізінен Оңтүстік региондарға тән.
Илік заттар өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінде жинақталады. Өте жиі илік заттар діңнің қабығында, сосын тамыр және тамырсабақ қабығында, сабақта және жапырақтарда (шөптесін өсімдіктерде) және жемістердің қабықшаларында.
Илік заттардың мөлшері өсімдіктің вегетациясы кезеңдеріне байланысты да өзгереді. С.О.Чевренидидің мәліметтері бойынша илік заттардың ең аз мөлшері көктемде, өсу кезеңінде болады, сосын бірте-бірте олардың мөлшері артып ең көп мөлшері бутондану-гүлдеу фазасында байқалады. Вегетация соңына қарай өсімдік тамырларында илік заттар мөлшері бірте-бірте азаяды. Вегетация фазалары илік заттардың мөлшеріне ғана емес сапасына да әсер етеді. Илік заттар (басқа да фенолды қосылыстар сияқты) өсімдік клеткаларының вакуольдерінде жинақталады, цитоплазмадан белок-липоид мембранасымен тонопластан бөлініп тұрады. Илік заттар ерітінді күйінде болатындықтан оларды гистохимиялық реакциялар арқылы анықтауға болады. Осындай гистохимиялық реакциялар арқылы жапырақтарда илік заттар негізінен жүйкелерді қоршап тұрған клеткаларда болатындығы анықталды. Осыған байланысты илік заттар жапырақтарда пайда болып, сосын өткізгіш шоқтағы флоэмаға еніп өсімдіктің басқа мүшелеріне тарайды деген болжам жасалды.
Сабақтарда, діңдерде және тамырсабақтарда илік заттар өзек сәулелеріндегі паренхималық клеткаларда жинақталады деген пікірлер басым, ал арқаулық ұлпаларда илік заттар болмайды.
Басқа фенолды қосылыстар сияқты илік заттар да өсімдік организмінде белгілі бір биологиялық қызметтер атқарады (бірақ та ол соңына дейін толық анықталған жоқ). Мысалы, оларды қорлық заттардың бір формасы деп қарауға болады. Илік заттар бактериоцидтік қасиеттеріне байланысты сүректі шіруден сақтайды және өсімдіктерде әртүрлі зиянкестерден және ауру қоздырғыштардан сақтайды.
40.Лигнандар. Құрамында лигнандар бар өсімдіктер: Мақсыр рапонтикум (Rhapontіcum carthamoіdes-Рапонтикум сафлоровый) өсімдігінің морфологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, дәрілік шикізаты, пайдаланылуы.
Лигнандар көміртегі қаңқалы (С6-С3) екі фрагменттен тұрады. Лигнандар майларда, эфир майларында және смолада (қарамай) жақсы ериді. Олардың өсімдік клеткаларында бірге болуы осымен түсіндіріледі.
Лигнандар өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Олар бос, яғни жеке күйінде де, гликозидтер түрінде де болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады, әсіресе тұқымдарда, тамырда, сүректе және сүректенген сабақтарда мол болады.
Лигнандар - фармакологиялық белсенді заттар. Подофиллин тобындағы лигнандар ісікке (опухоль) қарсы әсер етеді. Лимонник және элеутрокок деген Қазақстанда кездеспейтін өсімдіктердің қуаттандырғыш және сергітетін әсерлері бар екендігі анықталған.
Лигнандар Schіsandra chіnensіs (Лимонник китайский-Қытай лимоннигі)-Schіsandraceae; Eleutherococcus sentіcocus (Элеутракок колючи)-Aralіaceae; Rhapontіcum carthamoіdes (Левзея сафлоравидная)-Asteraceae; Podophyllum peltatum (Подофилл щитовидный)-Berberіdaceae өсімдіктері құрамдарында кездеседі. Бұл аталған өсімдіктердің ішінде Қазақстанда кездесетіні - Rhapontіcum carthamoіdes. Сондықтан осы өсімдіктің ерекшеліктеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Мақсыр рапонтикум (Rhapontіcum carthamoіdes-Рапонтикум сафлоровый-Левзе сафлоровидная-Маралин корень)- Asteraceae.
Мақсыр рапонтикумы-көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 0,5-2м аралығында, тамырсабағы сүректенген көптеген тамырлары бар. Сабақтары бірнешеу, олар бұтақтанбаған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеттері ара сияқты. Гүлшоғы - үлкен шар тәрізді себет, жеке сабақтың ұшында орналасқан. Гүлдері қызғылт-ақшыл көк. Жемістері - қоңыр тұқымшалар.
Алтай, Тарбағатай, Жоңғар тауларының биік деңгейіндегі шалғындықтарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Тамырлы тамырсабақтарында шайырлы (смолистые) заттар, эфир майлары және алкалоидтар, флавоноидтар және каратиноидтар, аскорбин қышқылы, илеуші заттар болатындығы анықталған.
Дәрілік шикізаты.
Тамырлы тамырсабақтарын күзде жинайды, топырақтан тазартып кесек-кесек етіп бөледі, сосын таза ауада кептіреді. Тамырсабағы көлденең, іші әдетте қуыс, шамалы иректеу, ұзындығы 6см шамасында, жуандығы 2см шамасында. Тамырсабағының және тамырдың түрлері қоңырдан қараға дейін, иісі әлсіз, дәмі тәтті-шайырлы.
Пайдаланылуы.
Мақсыр рапонтикумның халық медицинасында (Сібірде) қолданылатыны туралы алғашқы мәліметті этнограф Т.Потанин 1879 жылы экспедиция кезінде алды. Мақсыр рапонтикумның экстракты жүйке жүйелері бұзылғанда, қажып-шаршағанда қабылдаса адамның ақыл-ой және дене еңбегі қабілеттілігін арттырады. Созылмалы маскүнемдікті емдеуге пайдаланылады.
41Тапсырма: Ranunculaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Adonіs vernalіs (сем. Ranunculaceae).
Көпжылдық шөптесін өсімдік, қысқа тамырсабағымен. Сабақтары тік, қарапайым
немесе бұтақтанған, жапырақтары тығыз орналасқан. Жапырақтары жалпақ жұмыртқа
тәрізді. Гүлдері өркендер ұшында жеке-жеке орналасқан. Күлтелері 10-20, айқын-сары.
Жемісі - көп жаңғақша.
Adonіs vernalіs - көктемгі өсімдіктердің алғашқыларының бірі. Көкек-мамыр
айларында жапырақтар пайда болғанымен қатар гүлдейді. ТМД-нің Европалық бөлігінде
орманды-дала және дала аймақтарында өседі. Қазақстанда Солтүстік және Солтүстік-
шығыста көбірек кездеседі.
Химиялық құрамы.
Adonіs vernalіs өсімдігінің карденолидтары болып адопитоксин және цимарин
саналады. Адопитоксин адопитоксигенин және L-рампозға гидролизденеді, ал цимарин -
строфантидин және цимарозға. Харьков химия-фармацевтикалық ғылыми-зерттеу
институтында бірінші рет бұл өсімдікте К-строфантин-( болатындығы анықталды. Бұл
өсімдікте аз мөлшерде басқа да жүрек гликозидтер және сапониндер болады. Сонымен
қатар бұл өсімдікте флавон гликозиді адонивернит болатындығы анықталды.
Дәрілік шикізаты.
Өсімдіктің жер үсті бөліктері. Шикізат ретінде толық гүлдегеннен бастап,
жемістерінің пісіп жетілгеніне дейін жинайды. Өсімдікті пышақпен немесе орақпен кесіп
алады. Өсімдікті жұлып алуға болмайды. Өйткені оның келесі жылы көктемде өсетін
сабағының түбінде орналасқан бүршіктеріне зиян келеді. Жиналған шикізатты тез арада
көлеңкеде немесе термостаттарда, кептіргіштерде 50-60оС температурада кептіреді.
Шикізаттың сапалығын анықтау үшін оның биологиялық белсенділігін анықтайды. 1
грамм өсімдікте 50-60 ЛЕД болуы керек.
Пайдаланылуы.
Adonіs vernalіs бұрыннан халық медицинасында шеменді (водянка) емдеуге
пайдаланылады. Бұл өсімдікті ең алғаш зерттеген Россияда врач Н.А.Бубков (1880ж)
қазіргі кезде Adonіs - жүректі емдейтін дәрілердің бірі. Бұл өсімдік негізінен жүрек
қызметінің тұрақты жеткіліксіздігі және жүрек неврозы болғанда пайдаланылады.
Сонымен қатар Adonіs броммен бірге жүйке тозғанда, ұйқы қашқанда және эпилепсияға
қарсы ішеді.
Aconіtum soongorіcum Stapf. – Борец джунгарский Ranunculaceae Juss тұқымдасынан,
қазақша аты – Ыстықкөл утамыры.
Ыстықкөл утамыры – көпжылдық шөптесін өсімдік көлденең тамырсабағының 12-ге
дейін түйнектері болады. Ол түйнектердің ұзындығы 2-2,5 см, жуандығы 0,7-1 см. Сабағы
қарапайым, биіктігі 70-130 см. Жапырақтары ұзын сағақты, дөңгелек-жүрек тәрізді,
ұзындығы 5-9 см және ені 8-12 см, түбіне дейін 5 сына (клин) тәрізді сегментке
тілгіленген. Гүлшоғы – 5 ірі зигоморфты гүлден тұратын шашақ. Гүлдерінің 5-күлте
жапырақшалары бар, олардың күлгін тостағаншалары бар. Гүлдің томағасы (шлем) доға
сияқты иілген ұзын мұрыншасы бар, томаға астында екі көк шырындығы (нектарник)
болады. Шырындықтың ұзын тегеуріні (шпорец) бар. Жемісі – көпжапырақ
(многолистовка).
ТМД елдерінде биік тауларда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Талас
Алатауында, Оңтүстік Алтайда кездеседі. Шөптесін ылғалды беткейлерде және тау
өзендері жағалауларында, орманда, субальпі және альпі белдеулерінде теңіз деңгейінен
1000-3000 м биіктікке дейін кездеседі.72
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелері алкалоидтарға өте бай. Жер үсті мүшелерінде
алкалоидтар мөлшері 0,6%-ға дейін болуы мүмкін (бутондану фазасында). Күзде тамыр
түйнектерінде алкалоидтар мөлшері 2%-ға жетеді. Аконитин тобының алкалоидтарына
аконитин жатады. Ал атизин тобына – зонгорин және ацетилзонгорин жатады.
Дәрілік шикізаты.
Көк майса шөбін, ұзындығы 30 см дейін гүлдері бар жапырақтары мол сабақтарының
жоғарғы ұштарын жинайды. Дәмі және иісі анықталмайды. Өйткені өсімдік өте улы.
Ылғалдылығы 70%-дан кем емес. Алкалоидтар мөлшері 0,2%-дан кем емес.
Пайдаланылуы.
Қайнатпаларын радикулит, радикулоишиалгия, радикулоневритпен ауырғанда
қолданады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің құрамындағы алкалоидтар күрделі препараттар
құрамында болады.
1976 жылға дейін ресми түрде қайнатпалар түйнектерден дайындалған. Бірақ та оның
өте улы екендігіне байланысты және ол өсімдіктің "Қызыл кітапқа" енгеніне байланысты
ол өсімдіктің тек өркеннің ғана жинауға болатындығы туралы мемлекеттік реестрде
көрсетілді.
Ыстықкөл утамырына (Aconіtum soongorіcum) уқорғасын (Aconіtum karakolіcum) өте
жақын. Қырғыз халық медицинасында оны яғни уқорғасынды "Ыстықкөл тамыршасы"
("Иссыккульский корешок") деп атайды. Ол екеуінің ареалдары бірдей, сондықтан ол
екеуін әдетте бірге жинайды. Уқорғасында алкалоидтар мөлшері 0,3%-дан артпайды.
42Тапсырма: Papaveraceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Chelіdonіum majus L. – Papaveraceae тұқымдасынан. Чистотел большой, қазақша аты –
Сүйелшөп.
Үлкен сүйелшөп. Көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 30-100 см. Өсімдіктің барлық
мүшелерінде қызыл-қоңыр түсті. Сүтті шырыны болады. Жапырақтары кезектесіп
орналасқан, төменгі жағы көкшіл-сұр, төменгі жапырақтары-сағақты, сабақтағы
жапырақтар сағақсыз, жапырақтар тақтасы жалпақ эллипс тәрізді.
Гүлдері шатыр тәрізді гүлшоғына жиналған. Тостағанша екі жапырақшадан, күлте 4
ашық сары жапырақтан тұрады. Аталығы өте көп, аналығы ұзарған бір ұялы жатыннан ол
ұзындығы 5 см шамасында бұршаққынға ұқсаған қорапшада дамиды.
ТМД елдерінің Европалық бөлігінде (Солтүстік регионнан басқа) Кавказда, сирек
Сібірде және Алыс Шығыста кеңінен таралған.
Қазақстанда арамшөп ретінде шөл және жартылай шөл аймақтардан басқа барлық
региондарда кездеседі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде алкалоидтар болады. Олардың мөлшері өркендерінде
2% шамасында, ал тамырларында 4%-ға дейін болуы мүмкін.
Алкалоидтар құрамы өте күрделі, өздерінің структурасына қарай олар изохинолин
туындыларының әртүрлі тип тармақтарына жатады.
протоберберин алкалоиды (берберин, контизин және т.б.)67
протопин алкалоидтары (протопин, аллокриптопин)
бензофенантридин алкалоидтары (хелидонин, хелеритрин, сангвикарин және т.б.).
Алкалоидтар сүйелшөпте бос күйінде және байланысқан күйінде – хелидон
қышқылымен болуы мүмкін. Сүйелшөпте алкалоидтардан басқа сапониндер,
флавоноидтар, аскорбин қышқылы (170 мг/100 г), каротиноидтар (20 мг/100 г) және
органикалық қышқылдар – алма, лимон және янтарь.
Дәрілік шикізаты.
Толық піспеген жемістері бар гүлдеген өсімдіктер.
Пайдаланылуы.
Сүйелшөп препараттары көмей папилломатоздан емдеу үшін қолданылады.
Папилломатоз дегеніміз папилломаның бүкіл денеге жайылуы, ал папиллома дегеніміз
тері мен оның шырышты қабықтарында өсетін сүйелше ісік. Сүйелшөп жоғарыдағыларға
қосымша қызыл тері туберкулезді емдеуге де қолданылады. Сүйелшөп қайнатпасын
бауыр және өт қабын емдеуге де пайдаланады.
Сүйелшөптің сүтті шырыны халық медицинасында сүйелдерді кетіру үшін
пайдаланылады.
Эксперименттік жұмыстарда сүйелшөп препараттары туберкулез
микробактерияларына фунгистикалық және бактериястатикалық әсер етеді, қатерлі ісіктің
өсуін тоқтатады.
Индол алкалоидтар.
Индол алкалоидтар бірнеше топтарға бөлінеді:
Индолалкиламин туындылары
( -карболин туындылары
физостигмин туындылары
эрголин туындылары
монотерпеноидты индол алкалоидтары
Индол алкалоидтарының көпшілігінде 2 азот атомы болады, олардың біреуі индол
азоты, ал екіншісі барлық уақытта индол ядросының (-жағдайынан екі көмірсулы
тізбекпен бөлінген. Индол алкалоидтарының пайда болуында триптофан немесе
триптамин қатысады. Индол алкалоидтары Passіflora іncarnata L. (Passіfloraceae -
страстноцветные); Carex brovіcellіs DC (Cyperaceae); Clavіceps purpurea Tulasne
(Clavіcepіtaceae тұқымдасы қалталы саңырауқұлақтар класынан Ascomycetes); және т.б
өсімдіктер құрамында кездеседі. Бірақ та спорыньядан басқасы Қазақстанда кездеспейді.
Сондықтан сол спорыньяға қысқаша тоқталып өтейік.
43Тапсырма: Chenopodiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Алабұталар тұқымдасы. Тұқымдасқа 1600-дей түр (105-туыс) жатады. БОР-дың флорасында 350 түрі, ал Қазақстанда 225 түрі кездеседі.Олар жершарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі (Орта Азияда, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Оңтүстік Америкада, Орталық Австралияда). Гүлдері ұсақ, көріксіз, циклды немесе гемицикдды, актиноморфты, 5-мүшелі (гинецейден басқасы), қосжынысты немесе даражынысты болып келеді. Соңғы жағдайда редукцияға ұшыраған не аталық не болмаса аналық жыныс органдарының іздерін көруге болады. Гүлсерігі қарапайым, тостағанша жапырақша түрінде болады, аталық гүлдері кейде редукцияға ұшыраған. Андроцейі 5 аталықтан, гинедейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде жартылай төменгі, 1-ұялы. Жемісі 1-тұқымды-жаңғақша, тұқымша, қалған тостағаншаларымен қоршалған болып келеді.Қызылша туысы (Веіа). Туыстың құрамында 13 түрі бар, оның 5-уі БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 1 ғана түрі өседі. Олар жерортатеңізі жағалауында Европаның батысы мен оңтүстігінде, Алдынғы Азияда және Орта Азияда өседі.қант крізылшасы (свекла обыкновенная) екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік тамыр мойнының айналасында топтасып жертаган түзетін жапырақтар береді және тамыр жеміс түзеді, ал екінші жылы тамыржемістен сабақ кетеді, оның басында гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік және малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп себеді. Кейде олар жабайы өсімдікке айналып кетеді де, арамшөп ретінде өседі (өсіресе Закавказьеде).Алабұта туысы (марь. Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда-20 түрі кездеседі. Біржылдық, екіжылдықГүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады. Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабүта (марь белая — және дуал алабүтасы (марь стенная). Ақ алабүтаның гүлінің формуласы мынадай.Көкпек туысы (лебеда). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая — Асапа) — жартылай бүта, ол Орта Азияның жартылай шөлдеріңде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся) біржылдық арамшөптер болып табылады. Жылтыр көкпектік гүлінің формуласы мынадай.
44Тапсырма: Malvaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін44Malvaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
Althaea offcіnalіs L - Дәрілік жалбызтікен.
Malvaceae Juss. –Мальвовые-Құлқайыр тұқымдасынан.
Дәрілік жалбызтікен көпжылдық шөптесін өсімдік қысқа көпбасты тік
тамырсабағымен. Тамыры тармақталған. Негізгі тамыр жоғарғы бөлігінде әдетте
ағаштанған., бүйір тамырлары –ірі, етті, ақшыл-сары, жуандығы 1,5-2 см және ұзындығы
50 см-ге дейін.
Сабақтары бірнешеу, биіктігі 1-1,5 м. Жапырақтары тұтас (цельное), кезектесіп
орналасқан ұзын сағақтары бар, мақпал түктерімен, төменгі жапырақтары жүрекше-
жұмыртқа тәрізді, 3 тармақты.20
Гүлдері өркеннің жоғарғы бөлігінде жоғарғы жапырақтар қойнауларында орналасқан,
гүлшоғы масақ тәрізді.
Тостағаншалары күрделі (двойной) – ішкісі 5 жапырақты, сыртқысы тостағанша асты
(подчащие) 9-12 бөліктен, күлтесі ақшыл-күлгін, 5 бөліктен, аталығы күлгін, өте көп,
жіпшелермен бірігіп түтікшеге айналады, аналығы жоғарғы жатынды.
Жемісі –схизокарпты (бөлшекті қорапша);
Дәрілік жалбызтікен Россия, Грузия, Қазақстан және Орта Азияда таралған.
Украинада және Россияның Краснодар өлкесінде екпе өсімдіктер қатарына енген.
Химиялық құрамы.
Тамырларында суда еритін 10% шамасында қоймалжың зат болады. Ол пентозанмен
гексозанның қоспасы, сондай мөлшерде пектинді заттар болады, крахмалдар 30-37%
шамасында, сахароза 10%, майлар 1,5-2%.
Дәрілік шикізаты.
Көктемде (наурыз-маусым) және күзде жинайды. Қазып алынған тамырларды сілкіп,
тазалап жуып, ұзындығы 10-20 см етіп кесіп қасаңнан (пробка) тазартады. Жуан
тамырларды ұзына бойы бөліп кеседі тезірек кебу үшін.
Тамырлардың табиғи түрін сақтау үшін оларды тез кептіру керек, кептіргенде
кептіргіштің температурасы 45-600 шамасында болуы керек. Тамырлардың дұрыс
кепкенін білу үшін, оларды майыстыру керек, егер де майыстырғанда сынатын болса тек
сонда ғана кепті деп санауға болады.
Тамырдың түрі сыртынан қарағанда және сындырғанда ақшыл, сарғыштау-ақ.
Микроскоп арқылы диагностика жасағанда тамырдың бүкіл кесіндісі бойында
қоймалжың заты бар үлкен –идиобластар болады.
Қолданылуы.
Ұнтақ, тұнба, шәрбет (сироп) түрінде қабынуға қарсы, қақырық түсіру үшін, қаптап-
бүркеу үшін тыныс алу жолдарын, іш өтуді, гастритті, энтероколитті емдеуге
пайдаланады.
Терапевтік тиімділігі дәрілік жалбызтікеннің қоймалжың заттарының қабынуға қарсы
әсеріне, сонымен қатар асқазан-ішек жолдарының жүйкелерінің ұштарын сақтауына
байланысты.
Дәрілік жалбызтікен халық медицинасында әртүрлі ауруларға қарсы кеңінен
қолданылады.
45Тапсырма: Cruciferaceae, тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Бұл тұқымдастарға: брокколи, брюссель қырыққабаты, түсті қырыққабат, кольраби, сонымен қатар ақбас және қызылбас қырыққабаты, савой және қытай қырыққабаты жатады.Дәрумендерге және бағалы минералды элементтерге бай - брокколи айрықша жетістікке ие болады. Орташа көлемдегі брокколидің гүл шоғырында шамамен С дәруменінің 300 мг және әр адамға қажетті тәуліктік мөлшерінің жартысы көлеміндей β-каротині бар. Сонымен қатар, брокколи құрамында калий, селен және сульфорафен бар. Осының арқасында, брокколи қатерлі ісік дерттерінің алдын алуда ерекше пайдалы, сонымен бірге ол қан қысымының тұрақтануына септігін тигізе алады.
Түсті қырыққабат брокколидің жақын тұқымдасы болып келеді, ол да көп қырлы емдік әсер етеді.Сонымен бірге, ас талшығының ең бай көздерінің бірі брюссель қырыққабаты бағалы көкөніс болып табылады. Антиоксиданттарға және дәрумендерге бай осы кішкентай қырыққабат қауіпті бос радикалдармен күресте маңызды одақтас болуы мүмкін, ол қатерлі ісікпен күресте баға жетпес мәнге ие.Сонымен бірге, түрі елеусіз кольраби - бұл антиоксиданттардың бай қоймасы - бұқтырылған кольрабидің стақаны С дәруменінің тәуліктік нормасынан аса мөлшерді, сонымен қатар Е дәрумені мен калийдің мол мөлшерін береді.Крест тәріздес гүлді тұқымдастардың көңіл аударарлық келесі өкілі қытай қырыққабаты болып табылады, оның қоректік және дәмдік қасиеттері қытай тағамдарында көптеген жылдар бойы пайдаланылуда. Осы көкөністің стақаны β-каротиннің тәуліктік нормасын толық қамтамасыз етеді, ал оның құрамындағы кальций мөлшері стақан сүттің жартысы құрамындағы мөлшеріне тең. Соңғы зерттеулерге сәйкес, қытай қырыққабатының құрамындағы фотохимиялық заттар кеуденің қатерлі ісігінің алдын алуда пайдалы болуы мүмкін.
46Тапсырма: Rosaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Rubus іdaeus L. – Малина обыкновенная- Таңқурай, Rosaceae Juss. – Раушангүлділер
тұқымдасынан.
Таңқурай – бұта, биіктігі 2 м-ге дейін, тамырсабағы ұзын, жылжымалы, екі жылдық
жер асты өркендерге дамиды. Бірінші жылы сабақтары шөптесін, көк-жасыл, тікенектері23
бар, қысқа қарай сабақтары сүректенеді. Екінші жылы өркендерінде гүлшоғыр дамиды,
жемістері пайда болып сасып өледі. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, дара қауырсын
тәрізді күрделі 3-9 жұмыртқа тәрізді жапырақшаларымен.
Гүлшоғы – кішірек қойнаулы шашақ. Гүлдері көкшіл-ақ. Маусым-шілде айларында
гүлдейді. Шілде-тамыз айларында жеміс салады.
Таралуы.
Тобол-Ишим, Көкшетау, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Іле және Күнгей
Алатауында кездеседі.
Химиялық құрамы.
Таңқурай жемістерінде әртүрлі органикалық қышқылдар (алма, лимон, силициилов,
құмырсқа, капрон), қанттар (глюкоза - 4,3%, фруктоза - 8%, сахароза – 6,5% ), илік
заттары 0,3% шамасында болады, олармен бірге құрамында пектиндер, азот және бояғыш
заттар, калий тұздары, мыс, цианин-хлорид, ацетин, бензоальдегид, витамин С (45 мг %
дейін), каротин 0,3% болады. Таңқурай тұқымдары құрамында эфир майлары 14,6% және
фитостерин 0,4% болады.
Медицинада қолданылуы.
Кептірілген және жаңа мұздатылған таңқурай жемістері склерозға қарсы
қолданылады, шай түрінде құрғақ жемістерінің температура түсіретін және тер шығарушы
қасиеттері бар. Таңқурайдан жасалған шайды суық тигенде жазылу үшін ішеді. Жаңа
жидектерінің құсуға қарсы, қабынуға қарсы, қандағы қанттың мөлшерін азайтатын
қасиеттері бар.
Құрғақ жемістерінің қайнатпасын: 1 ас қасық құрғақ жемісін 1 стакан қайнаған суға
салып, 5-10 минут қайнатып шай ретінде ішуге болады.
Тікенді раушан – Шиповник иглистый - Rosa Acіcularіs Lіndі – Rosaceae
тұқымдасынан.
Тікенді раушан – бұта, биіктігі 2 м дейін, бұтақтары сұр-қоңыр қабықпен жабылған.
Бұтақтарында жіңішке тік, көлденең ауытқыған тікендері бар. Жапырақтардың негізінде 2
жіңішке тікенек болады, жапырақшалары жалауыш деуге болады. Күлтелері қызыл немесе
қоңыр-қызғылт. Жемістері сопақ немесе тұқым тәрізді – сопақ формалы, ұзындығы 1,5-2,5
см. Орманды алқаптарда өседі тундраға дейін. Бұл өсімдіктің ареалы өте кең. Тынық
мұхитынан Санкт-Петербургқа, Солтүстік Қазақстан арқылы өтіп, Волгадан батысқа ары
қарай Фин шығанағына дейін барады. Қазақстанда жеке алып қарайтын болсақ, тікенді
раушан Ақмола және Шығыс Қазақстан облысында кеңірек таралған.
Дәрілік шикізаты.
Гүлдеген кезде тамырларын жинап сілкіп, жуып тазалап, жіпке тізіп сосын ыстық
қайнап тұрған суға 3-4 минут салып алып, көлеңкелі ауасы жеткілікті жерде кептіреді.
Сосын салқын жерде қаңылтыр қорапшаларда сақтайды.
Піскен жемістерін жинайды. Жинауды суық ұрғанша жалғастырып теруге болады.
Сосын жинап алған жемістерді көкөністерді кептіретін жерлерде 60-800 жағдайында
немесе жақсы жылытылған пештерде кептіреді.
Химиялық құрамы.
Тамырларында илік заттар, флавоноидтар, катехиндер болады: ол жер үсті
мүшелерінде флавоноидтар (13,8%); бұтақтарында – катехиндер; жапырақтарында –
витамин С, илік заттар, катехиндер, флавоноидтар; жемістерінде – көмірсулар, витамин С,
P, В2, каротин, илік заттар (3,5-7,4%), флавоноидтар (14,9%); тұқымында – майлар (9-
10%).
Медицинада пайдаланылуы.31
Жапырақтарының тұнбасын антибактериалды дәрі ретінде колик және гастрит
ауруларын және малерияны емдеуге пайдаланады.
Гүлдерінің тұнбасын өкпе туберкулезін, атресклерозды, неврастенияны; ал
қайнатпасы өт бөлуші дәрі ретінде бауырды емдеуге пайдаланады.
Жаңа күлтелері – май дайындау үшін, ал құрғақтары – кондитер өндірісінде,
күнделікті өмірде қызғылт су алу және уксус алу үшін қолданылады.
Эфир майлары парфюмерияда сабын қайнататын өндірісте пайдаланылады.
Жемістері поливитаминдер құрамына кіреді, "Колосос" препараты холециститті және
гепатитті емдеу үшін, ал "Каратолин" трофикалық таралады, экземаны емдеуге
пайдаланылады.
Тұқымдары "Раушан майы" препаратын алуға шикізат болып табылады. Ал "Раушан
майы" денеде терілер жарылғанда, дерматозды, күйікті, терілер радиациялық сәуледен
зақымданғанда және т.б. ауруларды емдеуге пайдаланылады.
Тибет медицинасында цингаин, бас ауырғанды, бас айналғанды емдеуге пайдаланады.
Халықтық медицинада тұнбасы және қайнатпасы гиповитаминоз болғанда, өт бөлу
үшін және жұқпалы ауру болғанда, күйгенде, анемияны, пневмонияны, циститті, жара
ауруларын, асқазан ісігін емдеуге пайдаланылады.
47Тапсырма: Asteraceae, тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Tussіlago farfara L. – Кәдімгі өгейшөп – Asteraceae – Жұлдызгүлділер тұқымдасынан.
Кәдімгі өгейшөп – көпжылдық шөптесін өсімдік, ұзын жерге төселе тармақталып
өсетін тамырсабағы бар.
Ерте көктемде жапырақтар пайда болғанша гүлдейді. Гүл өсетін сабақтары қысқа, тік,
тармақталмаған, басында бір себет гүлшоғы болады. Тамырға жақын орналасқан төменгі
жапырақтары гүлдегеннен кейін дамиды, олардың сағақтары ұзын.
Гүлшоғы – себет, диаметрі 1-2 см. Гүлдері алтын-сары түсті, шеткілері тілше тәрізді
(аналықтар), ортасындағылары – түтік тәрізді (қосжынысты).
Таралуы. Европа, Азия және Америкада, Қазақстанда Алматы, Жамбыл, Қостанай
және т.б. облыстарда таралған.
Химиялық құрамы.
Жапырақтарында –1) 7-8% қоймалжың заттар болады. Олар гүлденгенде глюкоза,
галактоза, пентоза және урон қышқылы пайда болады; 2) 2,6% ащы гликозидтер және
сапониндер, каротиноидтар, алма және вино қышқылдары, инулин болады.
Дәрілік шикізаты.
Көктемде немесе жаздың басында жапырақтарының мөлшері көлденеңі 8-15 см
кезінде жинайды. Жинаған шикізатты көлеңкеде жақсы желденіп тұратын жерде немесе
арнайы кептіргіштерде кептіреді. Шикізатты әртүрлі басқа қоспалардан тазарту керек.
Пайдаланылуы.
Кәдімгі өгейшөп жапырақтарының тұндырмасы бронхит, ларингит, бронхоэктаза,
өкпе абсцесі ауруларын емдеуге қақырық түсіруші және қабынуға қарсы әсері
болғандықтан қолданылады.
Кәдімгі өгейшөп ерте заманнан бері халық медицинасында пайдаланылады.
48Тапсырма: Umbeliferaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Шатыршагүлділер тұқымдасы (Apіaceae) — қос жарнақты өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, әсіресе Солтүстік жарты шардың тропиктік емес аймақтарында таралған 300-дей туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 82 туысы, 227 түрі белгілі. Шатыршагүлділер тұқымдасы негізінен бір не көп жылдық өсімдіктер, сирек бұта немесе ағаш түрінде өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тілімденген, сабағы көбінесе қуысты. Гүлдері уақ, қос жынысты, күлтесі бес желекті, бес аталықты. Гүлшоғыры күрделі не жай шатырша немесе шоқпарбас. Жәндіктермен тозаңданады. Жемісі — тұқымша, жаңғақша. Шатыршагүлділер тұқымдасының көпшілік түрі — пайдалы өсімдіктер. Араларында көкөністік түрлері (ботташық, сәбіз, балдыркөк, ақжелкек), тех. маңызды түрлері (сасыр, кориандр), эфир майлылары (анис, зире, айован, кориандр), дәрілік түрлері (аскөк, амми, сасыр, т.б.) және сәндік үшін өсірілетіндері (шоқсары, астранция, балдырған) бар. Кейбір түрі өте улы — утамыр, убалдырған, арамшөп түрлері де көп (әлпен, бежір, скандикс,), көптеген түрі — құнды жайылым шөбі және балды өсімдіктер. Бұл тұқымдасқа негізінен шөптектес өсімдіктер жатады тек аздаған ғана түрлері шала бұта немесе бұта түрінде кездеседі. Жапырақтары жай да күрделі де болады өркен бойына кезектесіп орналасады. Сабағы буын және буын аралықтарынан құралады буындары жуандау ал буын аралықтары көп қырлы іші қуыс болады.
Гүлдері майда жай немесе күрделі шатыр тәрізді болып шоғырланады кей түрінде шоқпарбас гүлшоғыры болады. Гүл шоғырының шетінде орама гүлдері бар олар бірнеше симметрияға бөлінеді. Бұлардың жеке бір гүлі 5 тостағанша жапырақшадан 5 күлте жапырақшадан 5 аталық 2 ұялы бір аналықтан тұрады. Күлтелерінің түсі алуан түрлі ақ қызғылт сары жасыл-сары т.б.Гүлдері майда болғанымен айқын түсті хош иісті әрі шоғырлана жиналғандықтан насекомдар оларды тез байқайды.
Жемісі қос тұқымша болады және ілініп тұрады. Бұл өсімдіктің 3000 мыңға тарта түрі бар жер бетінде өте көп тараған аса маңызды тұқымдастың бірі. Кейбір түрлері тамаққа пайдаланылса (сәбіз ) тағы бір түрінен дәрі жасалынады 3- түрімалға азық болады сонымен қатар мұның улы түрлері де кездеседі.
49Тапсырма: Fabaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Glyccyrrhyza glabra L.-Қызыл мия (Солодка голая) - Fabaceae.
Қызыл мия - полиморфты түр, осы туыстың басқа түрлері жемістері және
сабақтарымен ерекшеленеді.
G. glabra L - бұршақтары жалаңаш, 3-7 тұқымды, сабақтары жалаңаш немесе шамалы
түктенген, тікенектері жоқ. Қызыл мия негізінен Дон және Волга өзендері ағыстарының
төменгі жағында, Солтүстік және Шығыс Кавказда, Батыс Қазақстанда, әсіресе өте көп
Амудария өзені бассейнінде Арал теңізіне дайін кездеседі.
G.uralensіs Fіsch - Миятамыр (Солодка уральская)-Қазақстанның Шығыс және
Оңтүстік аймақтарында, Қырғызстанда, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстік дала
райондарында кездеседі. Миятамыр бұршақтары орақ тәрізді иілген, тығыз шумаққа жиналған, көптеген бездермен және безді тікенекшелермен бүркелген. Қызыл мия және миятамыр - көп жылдық шөптесін өсімдіктер сабақтарының биіктігі әдетте 1м шамасында, кейде кейбір фитоценоздарда 2м-ге дейін болуы да мүмкін, жаздың соңына қарай сүректенеді.
Жер асты мүшелерінің жалпы массасы (көп басты тамырсабағы, жерасты өркендері-
столондары және топыраққа терең енетін тамырлары) жерүсті мүшелерінің массасынан
анағұрлым артық.56
Жерасты мүшелері жақсы дамыған, олар жер астында күрделі тамырлар және
өркендер, тік және көлденең столондар жүйесін түзеді.
Көп жағдайда тамыр жүйесі былайша болады: көпжылдық өсімдік сабағы жер бетінен
бірден тік өркенге ауысады, ол әдетте топырақтың 30-40 см қабатында негізгі тік тамырға
ауысады. Ал ол негізгі тамыр топыраққа терең еніп, төменгі жақтарында тармақталады.
Көпжылдық өсімдіктерде тамырсабақтары көпбасты болады. Ондай тамырсабақтан
жан-жаққа көлбей тез өсетін өркендер - столондар бастама алады. Бұл столондарда аналық
өсімдіктен 50-100 см қашықтықта бүршіктерден жаңа өсімдіктер дамиды. Ол жас
өсімдіктерден тамырлар төмен және жоғары бағытта өседі. Тік тамырсабақтар жердің
бетіне шыққанда жер бетіндегі жапырақты сабаққа ауысады. Олар өз кезегінде тағы да
жер асты өркендерін бүршіктерімен береді, ал олардан жаңа жас өсімдіктер дамиды және
с.с. кете береді.
Осындай құбылыстардың нәтижесінде уақыт өткен сайын жер астында күрделі көп
кеңістікті алып жататын тамыр жүйелері түзіледі. Осындай күрделі тамыр жүйелерінің
жер үстіндегі көрінісі - тығыздығы әртүрлі көп жерді алып жатқан миялар қопасы
(заросль). Тамыр жүйелерінің бүтіндігін бұзу (үзілу немесе столондардың қурап қалуы)
мияның вегетативтік жолмен көбею жылдамдығына онша әсері болмайды.
Жер үстіндегі сабақтары аз тармақтанған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан,
күрделі, дара қауырсынды, 5-7 қосарланған жұмыртқа тәрізді, безді-түтікті, жабысқан,
ерекше төменгі жағы, жапырақшалармен. Гүлдері дұрыс емес, қолтық шашаққа (кисть)
жиналған: қызыл мияда - сирек, мия тамырда-тығыз.
Қызыл мияның тостағаншасы түтік тәрізді, екі ерінді десе де болады; Миятамырда -
қапшық тәрізді қампиған. Күлтесі ағарған-күлгін түсті. Жемісі - боб, қоңыр, қабықшалы,
ашылмайтын, түзу және жалпақ (қызыл мияда) немесе орақша-иілген көлденең иректелген
(миятамырда). Тамызға дейін гүлдейді.
Химиялық құрамы.
Тамырында, тамырсабағында (столонында) сапонин глицирризин болады.
Глицирризин глицирризин қышқылының калий және кальций тұздары болып табылады.
Глицирризин қышқылының агликоны болып бір негізді (30-СООН) өзіне тиісті кето
тобымен (С-11) глициррегин қышқылы саналады. Қант бөлігі болып 2 молекулалы
глюкурон қышқылы саналады.
Тамырларда және тамырсабақтарда глицирризин қышқылының мөлшері 8%-дан 24%
дейін болуы мүмкін. Мияның екі түрі де бұл жағынан бірдей. Экологиялық жағдайы,
фитоценоз типі қандай географиялық район екендігі және вегетациялық фазасы көбірек
әсер етеді.
Биологиялық белсенді заттардың басқа маңызды тобы болып флавоноидтар саналады.
Олардың мөлшері 3-4% шамасында болуы мүмкін.
Мия тамырында моно- және дисахаридтер өте көп болады. Олардың жалпы мөлшері
20%-ға жетуі мүмкін. Тамырда сонымен бірге пектинді (4-6%) және қарамайлы (2-4%)
заттар, липидтер (3-4%), ащы заттар (2-4%), эфир майларының іздері болады. Қорлық
заттардан тамырда крахмал (6-34%), өсімдік белоктары (10%) болуы мүмкін.
Сонымен қатар тамырдың сапасының өндірістік көрсеткіші болып экстрактивтік
заттар яғни суда еритін барлық заттардың жиынтығы болып саналады. Суда еритін
экстрактивті (сығынды) заттардың мөлшері 40%-ға жетуі мүмкін.
Жер үсті мүшелерінде глицирризин қышқылы болмайды. Жер үсті мүшелерінде басқа
тритерпенді сапониндер болады, сонымен бірге оларда флавоноидты қосылыстар болады.
Дәрілік шикізаты.
Мия тамырын өндірістік дайындау негізінен Амудария бассейнінде жүргізіледі.
Орташа жыл сайын мұнда 8000 тонна құрғақ тамыр (ылғалдылығы 12%) дайындалады.
Бұл массаның 90% Түркіменстанға, қалғаны Өзбекстанға, Қазақстанға тиісті. Дайындау
орталығы Түркменстан қаласы Чирджоу болып саналады. Ол қалада мия зауыты бар.
Қазақстанда да Орал қаласында да мия зауыты бар.57
Қызыл мия тамырлары және тамырсабақтарының сырты қоңыр немесе сұр-қоңыр, ал
миятамырда - қызыл-қоңыр.
Сындырғанда ашық-сары, талшықты. Иісі жоқ; дәмі өте тәтті, шамалы болса да
тітіркендіретін дәм.
Мияның дәмі және сыртқы белгілері өте белгілі, сондықтан шикізатты
диагноздағанда өте сирек микроскопты пайдаланады. Өркендерін көлденең кесіндісінде
өзектің болуымен анықтайды, тамырында сүректің сәуле тәрізді екендігімен анықтайды.
Мияның түрін сорғызып алынған затын хроматография жасау арқылы анықтайды.
Қызыл мияның тамырында бір дақ (пятно) (глицирризин қышқылы), миятамырдың
тамырында екі дақ (глицирризин және ураленоглюкурин қышқылы).
Пайдаланылуы.
Мия тамырынан сығындылар (қою және құрғақ) және бір қатар препараттары (сироп,
эликсир және т.б.) өндіріледі. Тамырдың өзі де (тазаланған) кесілген түрінде және ұнтақ
(порошок) күйінде пайдаланылады. Мия препараттары қақырық түсіруші және тыныс алу
жолдары ауырғанда жұмсартқыш ретінде, іш қатпа болғанда сүргі (ішті айдайтын) ретінде
пайдаланылады.
ССРО ғалымдары И.А.Муравьева, В.С.Соколов, К.З.Закиров, В.И.Литвенка және т.б.
мияның химиялық құрамын және биологиялық әсерін зерттеулерінің нәтижесінде мияның
құрамындағы заттардың жаңа қасиеттері анықталып, әртүрлі фармакологиялық әсерлері
бар бірқатар препараттар алынды.
Миядан алынған емдік қасиеті бар өндірісте игерілген негізгі препарат глицирам және
глициренат.
Глицирам - тыныс демікпесі (астма бронхиальная), бүйрек безі қабық заттарының
қызметі нашарлағанда, экзема, аллергиялық дерматит және т.б. ауруларды емдеу үшін
қолданылады.
Глициренат - глицеррегин қышқылының натрий тұзы-трихомонадты кольпитті
емдеуге қолданылады.
Мияның екі түрі де әртүрлі сапонинді флавоноидты препараттар алуға
пайдаланылады.
Мия тамыры халық шаруашылығының әртүрлі саласында кеңінен қолданылады:
темекі өндіруде, тамақ өнеркәсібінде, пиво, квас, көпіргіш сулар өндіруде, кондитер
өндірісі, металлургия өндірісінде т.б. жерлерде кеңінен қолданылады.
Мия туралы мынадай тарихи мәлімдемелер беруге болады.
Мия тамыры - ерте заманнан бері белгілі дәрі-дәрмектердің бірі. Ол шумерлерге,
индустарға белгілі болған, ертедегі Қытай және Тибет медицинасында пайдаланылған.
Гиппократ кезінде атап көрсеткен. Феофраст оны "Скиф тамыры" деп сипаттама берген.
Мия барлық Европалық медициналық мекемелерде ескерілген. ТМД елдерінің халықтары
бұрыннан пайдаланған. Барлық белгі травниктерде келтірілген. Ол ССРО-дағы барлық
Отандық фармакопеяға енгізілген. Патшалық Россияда мияны өндірістік мөлшерде өндіру
XІX ғасырдың соңында басталды. Бірақ та бұл жұмысты негізінен Америка және Англия
кәсіпкерлері жасайтын еді. Олар бірақ та бұл жұмысты Россияның байлығын талан-
таражға салу жолымен жүргізді. Мысалы, 1913 жылы Россиядан 28000 т мияның тамыры
шетке шығарылды. 1920 жалдан бастап мияны өндіретін өндіріс орындары мемлекет
мүлкіне айналдырылды. Мияны өндіру жоспарлы түрде ішкі және сыртқы сұранысты
ескере отырып жүргізілді/
50Тапсырма: Scrophulariaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
қос жарнақты шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта және шырмауық тәрізділер, көпшілік түрлері сапрофит, жартылай паразит және паразит болып келеді. Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі, негізінен, қоңыржай және субтропиктік белдемдерде өсетін 250 туысы, 3 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 23 туысқа бірігетін 170-тен аса түрі белгілі. Олар республиканың барлық облыстарында кездеседі.Сабынкөктер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары көбіне кезектесіп, кейбір түрлерінде қарама-қарсы не жеке-жеке орналасады. Гүлі қос жынысты, пішіні, құрылысы жағынан алуан түрлі болып келеді. Тостағаншасы ұзынды-қысқалы 4 — 5 тостағанша жапырақшалардан, күлтесі 4 не 5-тен тұтасып кеткен, пішіні дөңгелек не қос ерінді болады. Аталығы негізінен төртеу, аналығы жоғары жатынды, қос ұялы. Жемісі — көп тұқымды қорапша, сирек жидек тәрізді. Көптеген түрінің тұқымдары желмен тозаңданады, вегетативті көбейетін түрлері де кездеседі. Сабынкөктер тұқымдасының көпшілігі егістік пен шабындықтардың арам шөбі, кейбір түрлері улы болады, араларында балды және дәрілік түрлері де кездеседі. Республикамызда өсетін 8 түрі (Бор сиякөгі, Жоңғар сабынкөгі, Нұрания сабынкөгі, Алатау бөденешөбі, Киікшөптес бөденешөп, Тарбағатай қандыгүлі, Шу-Іле қандыгүлі, Дауыр цимбариясы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Батыс, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның шабындықты, далалы жерлерінде, тау бөктеріндегі шалғындарда, тастақты тау баурайында, өзен аңғарларында өседі. Биікт. 50 — 150 см. Сабағы түзу, түп жағы қырлы, жоғары жағы бұтақтанған. Жапырағы бүтін жиекті, таспа пішіндес. 3 — 6 сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Мамыр —маусымда гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Жемісі — қорапша. Сиырқұйрықтың құрамында сапонин алкалоиды бар, улы өсімдік.Дәрі ретінде пайдаланылады.Сонымен қатар медицинада да колданылады.
51Тапсырма: Lamiaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Ерінгүлділер тұқымдасының 3500-ге жуық түрі бар бұл шөптектес шала бұта бұта аздаған ағаш түрінде кездеседі. Сабақтары төрт қырлы жапырақтары жай өркен бойына қарама- қарсы өте сирек жағдайда ғана топтанып орналасады. Жапырақтары сабақтың жалпақ қабырғасына бекінбей қырына бекінеді. Гүлдері бұрыс өркен бойына топтанып орналасады. Жеке гүлі 5 тостағанша жапырақшадан( кейде жоғары жағындағы 3 тостағанша төменгі жағындағы екі тостағанша жапырақшалар өзара бірігіп тұрады) 5 күлте жапырақшадан оның жоғарғы екі күлтесі төменгі жағынан 3күлтесі бірігіп ашылып тұрған ерінге ұқсайды бесеуінің де түп жағы бірігіп түтік құрайды тұқымдастың аты да осыған байланысты қойылған. Аталықтарының саны төртеу оның екеуі қысқа екеуі ұзын аналығы екеу. Жемісі- жаңғақша.
Ерінгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер хош иісті майлы сондықтан да көп түрі медицинада иісті майлар кондитер өнеркәсібімен сабын қайнату өндірісінде кеңінен пайдаланады. Балды шырынды өсімдіктерге жатады. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.
Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. Тропиктік Оңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2).
Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.
52Тапсырма: Poligonaceae тұқымдасындағы дәрілік өсімдіктерді анықтап, олардың тізімін тапсыру.
Түрлерінің жалпы саны 900-дей (40 туыс). Түрлерінің шыққан жері Орталық жөне Оңтүстік Америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бүталар, шөптер). Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда, бүталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарьшың түп жағын түтік төрізді жапырақ қынапшасы- раструб жауып түрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірііуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буыңдары көп жағдайда жуаңдап ісіетен болып келеді, буьш аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Гүлдері үсақ, гемициклді немесе циклді, өдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3—6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі — жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6—9 (3—8). Гинецейі ценокарпты 3 (2—4) жеміс жапьірақшалардан түрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді — 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.
Таран туысы (горец). 280-дей түрлері бар, БОР-дың флорасыңда 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасьшан бастап Австралияға, оңтүстік Африкаға (Кап жері) жөне Чилиге (космополид туысы) дейін таралған.
Крізыл таспа, қүс таспасы (горец птичий), — биіктігі 10-нан 40 см. дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Гүлдері жапырақтың қолтығыңда 2—5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, түп жағы сопақтау болып келеді. БОР-ның барлық жерлерінде, тіптен Арктикада да өседі. Көптеген жерді алып жатқан таза құс таспасын жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында, су қайтқан жерлерде, егістікте және малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік жөне жем-шөптік өсімдік болып табылады. Шырмауық таран (горец вьюнковый — Р.сопуоіуиіиз) — біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м. дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3—6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік жөне бал беретін өсімдік. Вейрих тараны (горец Вейриха) — биіктігі 2—5 м. болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, гүлдері жапырақтың қолтығынан немесе сабақтың жоғарғы жағынан шығатын сыпырғы тәрізді гүлшоғырында орналасады; БОР-дың Қиыр Шығысында (Сахалин, Куриль аралдары), Жапонияда және Қытайда өседі. Сәндік және перспективті жемшөптік (силосқа) өсімдік ретінде себеді.
Рауғаш туысы (ревень — Кһеит). Барлығы 35-тей түр, БОР-дың флорасыңда 22 түрі, ал Қазақстанда 10 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда Азияның таулы, негізінен орталық және шығыс аудандарында өседі. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Осыған дейінгі туыстан гүлсерігінің ішкі шеңберінің ұлғайып өсуімен ажыратылады, ол келешекте жемісінің ұшуын жеңілдетеді. Жемісінің қанатшасы болады, ал андроцейі 9 аталықтан тұрады. Дәрілік рауғаш (ревень дланевидный, или ревень лекарственный), Қытайда және Тибетте кең таралған. БОР-да оны көкөністік, сәндік және дәрілік өсімдік ретіңде өсіреді. Бұйра рауғаш (ревень волнистый ) Шығыс Сібірде, Солтүстік Монголияда кездеседі, оны көкөністік өсімдік ретінде себеді; сорттары шығарылған.
Бұл тұқымдастың экономиялық жағынан ең маңызы үлкен өкілі егістік щрамық (гречиха посевная, 229-сурет) — жарма беретін дақыл, гүлдерінен аралар бал жинайды. Гүлінің формуласы: * Р5 А 80(3).
53Asteraceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
 қос жарнақты өсімдіктердің класына жатады.Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер. Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы - күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі. Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлері ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік. Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады. Себетгүлдегігүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні, құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі, қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.
Өсімдік себетгүлінің құрылысы да ерекше. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдас бақбақтың себетгүлінде тек тілше гүлдер орналасады. Түймедақтың себетгүлінен тілше және түтікшелі гүлдерді көреміз. Гүлкекіре себетгүлінде шұқырақ тәрізді гүлдер болады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден тұратын да өсімдіктер (сарықалуен, түйетікен) бар.
Күрделігүлділер әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Күнбағыс, мақсырдан өсімдік майы алынады. Ассүттіген, бөрігүл - көкөністік өсімдіктер. Дермене, түймедағы, бақбақ, итошаған, қырмызыгүл дәрілік шөп ретінде пайдаланылады. Жералмұрт (топинамбур) - малазықтық дақыл.
Бақытгүл (хризантема), нарғызгүл (георгина) - сәндік өсімдіктер. Күрделігүлділердің арамшөп түрінде өсетіндері де бар. Оларға ойраншөп, қалуен, гүлкекіре, түйетікендер жатады.
54 Malvaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
 құлқайыр тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық өсімдіктер. Қазба қалдықтары миоценнен белгілі. Құлқайырдың Жер шарының қоңыржай белдеулерінде тараған 130, ал Қазақстанда 7 түрі бар. Барлық жерде, әсіресе селдір орманда, бақта, бұта арасында, жол жиегінде өседі. Бүтін, тілімді және саусақ салалы жапырақтары сағақты келеді. Қос жынысты гүл жапырақ қолтығында бірнеше шоғыр құрап, кейде жеке-дара шашақ тәрізді гүл шоғырын түзеді. Тостағаншасы төменгі жағы біріккен 5 жапырақшадан тұрады. Гүл тәжі бес күлтелі, тостағаншасымен бірдей немесе одан ұзындау болады. Қошқыл, алқызыл, қызғылт немесе ақ, күлте жапырақтары жоғары жағында ойық немесе қиық, төменгі жағында сүйірленген тырнақша сияқты. Түбінде шашақ тәрізді түкті немесе жалаңаш, аталықтардан тұратын түтікшесі бар. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, шілде – қарашада жеміс салады. Жемісі құрама, піскеннен кейін жемісшелерге (8 – 16) бөлініп кетеді, тұқымы бүйрек тәрізді. Құлқайырдың кейбір гүлдері медицинада және халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Дәрілік өсімдіктерге орман құлқайыры (М. sіlvestrіs), кіші құлқайыр, немесе түймегүл (М. pusіlla); өте құнарлы мал азықтық, жем-шөптік түрлеріне Могилев құлқайыры – (M. mohіlevіensіs), құрамында белок көп, салат ретінде қолданылатын азық-түліктік түрлеріне жеке құлқайыр (M. neglecta) жатады.  қос жарнақтылар класының дилениидтер класы тармағына жататын ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары мен бөбешік жапырақтары кезектесіп орналасады. Құлқайыр тұқымдасының 85-тей туысы 1600-дей түрі белгілі. Жер бетінің тропиктік өңірлерінде кездеседі. Қазақстанда құлқайыр тұқымдасының 7 туысына жататын 20 түрі бар. Түрлерінің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және таулы аймақтарында шоғырланған. Гүлдері қос жынысты, тостағаншасы бес жапырақты (кейде 3 – 4 жапырақты), әдетте төменгі жақтары бірігіп кеткен. Гүл тәжі бес күлтелі, кейде тіпті жоқ, ал бүршік құрылымында оралмалы келеді. Аталықтары әдетте екі доғада, кейде сыртқы доғадағы аталықтары стаминодияларға (тозаңынан айрылып, түрі өзгерген ұрықсыз аталық) айналған, ішкі доғадағы аталық жіптері бірігіп биік түтік түзеді, жоғары жағында көптеген жіпшелерге тілімделген, жіпшелердің әрқайсысына қос ұялы тозаңқап орналасқан. Жеміс жапырақтары, негізінен, үшеу, кейде одан да көп, жоғары жатынды бір аналыққа біріккен. Аналық аузы жұмыр басты, тұқым бүршігі әр ұяда жалғыз немесе көп, ортасы плацентаға (бүр бүртік) орналасқан. Әдетте гүлінің астында бос немесе өзара біріккен бір немесе бірнеше жапырақшадан тұратын тостағанша дамиды. Жемісі – құрғақ, көптеген бір тұқымды жемісшелерге бөлініп кететін кейде 3, әдетте 5 ұялы қауашақ, кейде жидек түрінде. құлқайыр тұқымдасының кейбір түрлері тех. дақылдар, олардан мақта алынады. Құлқайыр тұқымдасының талшықтарынан арқан есіп, қап тоқиды. Медицинада қолданылады. Құрамында белок көп болғандықтан азық-түліктік, жем-шөптік өсімдік ретінде пайдаланылады. Әсемдік үшін де өсіріледі.
55 Ranunculaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
қос жарнақтыларға жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта және шырмауық түрінде де кездеседі. Жер шарында кең тараған 50-ден астам туысы, 500-ге жуық түрі негізінен қоңыржай белдеулерде, салқын жерлерде және суда өседі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 29 туысы, 185 түрі бар. Ішінде жиі кездесетіндері: сарғалдақ, бәрпі, тегеурінгүл, жанаргүл, т.б. Жапырақтары бүтін жиекті не тілімденген, жапырақ серіктері болмайды. Гүлі қос жынысты (сирек жағдайда дара жынысты) болады. Аталығы өте көп, гинецейі апокарпты (гүлдегі өзара тұтаспаған аналықтар жиынтығы). Жемісі — көп тұқымды жапырақша немесе көп жаңғақша. Тұқымы майлы. Көп жылдық Сарғалдақтар тұқымдасының құрамында алкалоид және глюкозид болғандықтан улы келеді. Сарғалдақтар тұқымдасының көпшілік түрі дәрілік өсімдіктер (жанаргүл, бәрпі, т.б.); әсемдік үшін де өсіріледі (шөмісгүл, тегеурінгүл, жібілген, т.б.).
56Scrophulariaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
қос жарнақты шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта және шырмауық тәрізділер, Гүлі қос жынысты, пішіні, құрылысы жағынан алуан түрлі болып келеді. Тостағаншасы ұзынды-қысқалы 4 — 5 тостағанша жапырақшалардан, күлтесі 4 не 5-тен тұтасып кеткен, пішіні дөңгелек не қос ерінді болады. Аталығы негізінен төртеу, аналығы жоғары жатынды, қос ұялы. Жемісі — көп тұқымды қорапша, сирек жидек тәрізді. . Биікт. 50 — 150 см. Сабағы түзу, түп жағы қырлы, жоғары жағы бұтақтанған. Жапырағы бүтін жиекті, таспа пішіндес. 3 — 6 сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырын құрайды.
57 Poligonaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
шашақ тамырлы, жапырақтары қатар (параллель) және доғалы жүйкелі өсімдіктер. Жапырақ тақтасы көбінесе таспа тәрізді. Тұқымы бір ғана жарнақтан тұратын гүлді өсімдіктер класы. Мысалы,пияз, бидай, құртқашаш, пальма және басқа өсімдіктер – даражарнақты өсімдіктер.  сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармап, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ, және т.б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Даражынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы – 3. Аналығы – 1. 3 жемісжапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді екі телімді болып келеді. Жатыны жоғары орналасады.
58Lamiaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
Сабақтары төрт қырлы жапырақтары жай өркен бойына қарама- қарсы өте сирек жағдайда ғана топтанып орналасады. Жапырақтары сабақтың жалпақ қабырғасына бекінбей қырына бекінеді. Гүлдері бұрыс өркен бойына топтанып орналасады. Жеке гүлі 5 тостағанша жапырақшадан( кейде жоғары жағындағы 3 тостағанша төменгі жағындағы екі тостағанша жапырақшалар өзара бірігіп тұрады) 5 күлте жапырақшадан оның жоғарғы екі күлтесі төменгі жағынан 3күлтесі бірігіп ашылып тұрған ерінге ұқсайды бесеуінің де түп жағы бірігіп түтік құрайды тұқымдастың аты да осыған байланысты қойылған. Аталықтарының саны төртеу оның екеуі қысқа екеуі ұзын аналығы екеу. Жемісі- жаңғақша. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.
59 Fabaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
бұршақтары жалаңаш, 3-7 тұқымды, сабақтары жалаңаш немесе шамалы
түктенген, тікенектері жоқ. бұршақтары орақ тәрізді иілген, тығыз шумаққа жиналған, көптеген бездермен және безді тікенекшелермен бүркелген. ). Тамыр жүйелерінің бүтіндігін бұзу (үзілу немесе столондардың қурап қалуы)
мияның вегетативтік жолмен көбею жылдамдығына онша әсері болмайды.
Жер үстіндегі сабақтары аз тармақтанған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан,
күрделі, дара қауырсынды, 5-7 қосарланған жұмыртқа тәрізді, безді-түтікті, жабысқан,
ерекше төменгі жағы, жапырақшалармен. Гүлдері дұрыс емес, қолтық шашаққа (кисть)
жиналған: қызыл мияда - сирек, мия тамырда-тығыз.
Қызыл мияның тостағаншасы түтік тәрізді, екі ерінді десе де болады; Миятамырда -
қапшық тәрізді қампиған. Күлтесі ағарған-күлгін түсті. Жемісі - боб, қоңыр, қабықшалы,
ашылмайтын, түзу және жалпақ (қызыл мияда) немесе орақша-иілген көлденең иректелген
60 Umbeliferaceae тұқымдасынан берілген дәрілік өсімдікті гербарий бойынша сипаттау.
қос жарнақты өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тілімденген, сабағы көбінесе қуысты. Гүлдері уақ, қос жынысты, күлтесі бес желекті, бес аталықты. Гүлшоғыры күрделі не жай шатырша немесе шоқпарбас.Жапырақтары жай да күрделі де болады өркен бойына кезектесіп орналасады. Сабағы буын және буын аралықтарынан құралады буындары жуандау ал буын аралықтары көп қырлы іші қуыс болады.
Гүлдері майда жай немесе күрделі шатыр тәрізді болып шоғырланады кей түрінде шоқпарбас гүлшоғыры болады. Гүл шоғырының шетінде орама гүлдері бар олар бірнеше симметрияға бөлінеді. Бұлардың жеке бір гүлі 5 тостағанша жапырақшадан 5 күлте жапырақшадан 5 аталық 2 ұялы бір аналықтан тұрады. Күлтелерінің түсі алуан түрлі ақ қызғылт сары жасыл-сары т.б.

Приложенные файлы

  • docx 26448191
    Размер файла: 224 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий