География 11 сынып Геоморфология Жанартау Презе..


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Жанартау Жанартау, вулкан (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау мантиялық (30 – 70 км және одан да терең), қыртыстық (5 – 45 км) және аралас болып бөлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші жағдайда басым көпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары, үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады. Магманың екі түрі бар. Сілтілі немесе базальт құрайды Қышқыл немесе гранит құрайды Жанартаудың түрі Жанартау шығу жолдарына байланысты орталық және жарықшақты болып бөлінеді. Жанартаудың атқылау түрі Магма жоғарығы қысымның әсерінен жер жарықшақтары арқылы жер бетіне қысылып шығуы. Интрузивтік жыныстар жер қыртысының терең (абис-салдық) қабаттарында кристалданады. Лакколиттер (грек тілінде «лакос» — шұңқыр деген мағынада) Лакколиттер (грек тілінде «лакос» — шұңқыр деген мағынада) Батолиттер (грек тілінде «батос» — тереңдік деген мағынада) сияқты интрузиялық денелерден тұрады. Эффузивті жанартау жердің бетіне ақтарыла төгілген магмадан (лавадан) жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылайды. конус тәріздес жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде) болады. Жанартау, вулкан (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. Жанартаулардың орналасуы Тынық мұхитында орналасқан жанартау ошақтары Осы мысал арқылы жанартаудың атқылауы, пішіні , құрамы т.б сұрақтар қойып әңгімелесу бекіту. Вулкандық атқылаудың түрлері: СтратовулканВулкандардың этновезувиандық түрлеріне Неаполйтан шығанағында орналасқан Везувий, Жерорта теңізінде — Вулкано, Сицилия жерінде — Этна, Камчатка жарты аралындағы көптеген вулкандарды (Қлючевск, Карымск, Авачинск және т. б.), Курильск аралдарындағы (Аюлы, Тятя), Жапониядағы және т. б. жерлердегі вулкандарды жатқызуға болады. Олардың құрылысы өте күрделі: вулкандық (ескі) конустың үстінде өте үл-кен кальдера (апан-шұңқыр), оның ішінде жаңадан пайда болған жас конус орналасып, оның өзі де (қосымша) бүйірлік конустармен қосылып онан сайын күрделене түседі. Гаваялық вулкандар тұрі Гавая аралдарында (Мауна-Лоа және Килауэа вулкандарында) кездеседі. Олардың құрамы температурасы жоғары (~1200°С) негізді базальтты лавалардан тұрады. Сондықтан да мүндай лавалар өте қозғалмалы болып келеді. Кратерлік көл-дерде лавалар деңгейі біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, бұрқ-сарқ етіп, ылғи қайнау үстінде болады. Лаванын, құрамындағы газдар фонтан болып жоғары шап-шып (бірнеше метрден жүздеген метрге дейін) атқылайды. Вулкан кратері лаваға әбден толған кезде, лава одан асып төгіліп, вулкан беткейімен аға бастайды. Олардың ағу жылдамдығы 30—40 км/сағ-қа дейін жетеді.Гаваялық вулкандар биік қыраттар курайды. Олардың беткейлері көлбеу (5—10″) болып келеді. Мұндай вулкандардың пішіні жантая орналасқан қалқанға ұқсайды. Сондықтан олар кейде қалқанды вулкандар деп аталады. Мауна-Лоа вулканының конусы мұхит түбінен бастап көтеріліп (4650 метрлік тереңдіктен), мұхит дең-гейінен 4170 м жоғары биіктікте орналасады. Бұл вулканның жалпы биіктігі шамамен 9000 м-ге дейін жетеді. Оның ең биік шыңында (ұзындығы 6 км, ені 1,8—3 км-лік) кальдера байқалады.Щитообразный Куполообразный вулкан Вулкандық атқылаудың түрлері. гаваялық пелелік стромболиандық вулкано плиналық Жанартаудың өте жоғары қысымдағы бір рет атқылауынан маар деп аталатын төңкерілген конус пішінді ойыс, ал аса күшті атқылау кезінде жанартау конусы мен оның маңайының опырылуынан диаметрі кейде ондаған км-ге жететін кальдера деп аталатын үлкен ойыстар пайда болады Жанартау кратері - жанартаудың белсенді әрекетінен қалыптасатын тостаған тәрізді ойыс; Жанартау кратері жанартау көмейімен, жалпы жанартау өңешімен тығыз байланыста қалыптасады, яғни олар бір ғана тектік жүйенің құрамбөліктері.[1]Жанартау конусы – жанартау көмейі төңірегінде сол жанартау өнімдері есебінен қалыптасатын қиық конус пішіндес құрылым Жанартау өңеші – жанартау ошағын жер бетімен жалғастыратын тік немесе көлбей бағытталған кұбыр тұрқылас әйтпесе жарық пішіндес канал. Жанартау әрекеті барысында жанартау өңеші. Магманың әрбір келесі бөлігін жоғары карай өң бойынан өткізіп отыратын лықсу кұбыры рөлін атқармақ [1]. Жанартау ошағы – жанартау қоректенетін Жердің жоғары мантиясындағы немесе жер қабығындағы магманың оқшау тұрған камерасы немесе резервуары. Жанартау ошағы әр түрлі тереңдікте орналасады

Приложенные файлы

  • ppt 22667831
    Размер файла: 3 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий