Антология альфавит


Адал Қалиұлы
Қыран ғұмыр
(Қоғам қайраткеры Анар Жоңқабайұлы қайтыс болғандығының 20 жылдығына)
Ғұмыр бойы көтеруге қам қылған,
Өз халқының теңдігі мен елдігін.
Кең мекен мен мол өнеге қалтырған,
Есіл ерін есіне алды ел бүгін.
Асқар таулар көрген сайын алыстан,
Өр тұлғасы асқақтайды біртіндеп.
Жаралғандай батырлық пен намыстан,
Туған ұлсың елім, жерім, ұлтым деп.
Жігер, намыс өр танымын ұлғайтып,
Қорғап қалдың бабалардың мекенін.
Кейінгіге тұрғандайсың күнде айтып,
Қалай бастық болу керек екенін.
Жоқ еді ғой жақын-жатқа жаттығың,
Даңғыл сана = жасандылық қоспаған.
"Рулы елдей жүрген жері жақсының"
деген мақал арналған ба тек саған.
Әзілге орап өміріңнің әр тұсын,
Бір жақындық сездіруші ең адамға.
‹‹Санағатқа сирағыңның жартысын
бердің бе?›› деп қалжыңдап ең маған да.
Тарих—ана бақ пен сорға жерік боп,
Тең туады батыры мен байқұсын.
Өткен екен хас батырға еліктеп,
Өміріңнің алсадағы қай тұсын.
Өр еңбегің ешкімнен де кем емес,
Көз жұмсаң да ердің жасы елуде.
Сексен, тоқсан жасау деген сөз емес,
Гап – сол жасқа еңбектемей келуде.
Қыран тағдыр құзға қарай беттесе,
Замана өзі дайындайды тұғырын.
Ұзақ жасау мақсат та емес, әйтпесе,
Кешіре алсаң қырандардың ғұмырын.
Ешбір бөгет бола алмады жолыңа,
Жасалса да күндестіктер, қастықтар.
Су құйып та бере алмады қолыңа,
Бар мен жоғы білінбейтін бастықтар.
Заманыңда ағып едің тулай бір,
Ұқсап бейне өркеші мол өзенге,
Амал қанша, сендей тұлға тумай жүр,
Ардагер аз, саудагер көп кезеңде.
Қыран болу оңай емес қияқты,
Ұша бермес қос топшысын түйгендер,
Рухыңның алдында әлі ұятты,
Ұлтын, жерін сатып самғап жүргендер.
Десек тағы кереметпіз, батырмыз,
Ұстамай ұлт рухының қазығын,
Тіліп-тіліп жатқа сатып жатырмыз,
Сен ап берген ауитанның жазығын.
Ерлер жоқта белгілі боп қалады,
Кім дарынсыз, кім жалтақой, кім масыл?
Кейде адамды нар кұманға салады,
Анарлар жоқ, аярлар көп бұл ғасыр.
Бүгін тағы еске алып тұр әз ұлын,
Қаранор боп келген халық қазаңа,
Рухыңа етіп тұрмыз тағызым,
Асыл аға, батыр аға, әз аға.
Ми ـ мүгедек, санаـ сасық, денеـ сау
Аярлардың аузына құм құйылсын.
Мың жасайтын құзғын ғұмыр емес-ау,
Бізге сендей қыран тағдыр бұйырсын!
Тоқыр бас еркектер және шаш туралы әзіл
Тоқыр болу болмасада жоспарым,
Шаш күтудің жасамаппын еш қамын.
Шашың неге ерте түсіп қалған деп,
Мазалайды мені жиі достарым.
«Ол, әншейін, заңдылық қой» деп едім,
Бас шайқады таппағандай керегін.
Әлі күнге әуре болып келеді,
Біреуі де дұрыс таппай дерегін.
Кетердей іс болмаса да ісініп,
Кейбіреулер көрсетіп жүр кіслік.
Еркектердің тоқыр басы жөнінде,
Бере кетсем деп отырмын түсінік.
Қарап тұрсаң не керемет бастар бар,
Әрбір баста бір-бір тарих, астар бар.
Қартайғанша қараятын шаштар бар,
Шашпен ерте қош айтысқан жастар бар.
Оған себеп-ыс пен газдың уы ма?
Сәй ме, ауа ма, тырубаның суы ма?
Түсіп қалған шығар, бәлкім, ол шаштар,
Шыдай алмай парасаттың буына!
Жантақ жеуге жаннан кешкен нар шыдар,
Кей тілден бал, кей тілден зәр тамшылар.
Кім біледі түсуіне бұл шаштың,
Әйелдердің үлесі де бар шығар.
Қанша көктеп шықсадағы жоғары,
Ұстарада болсын оның обалы.
«Жүздың көркі-сақал» деген мақал бар,
«Бастың көркі-шаш» деген сөз жоқ әлі.
Емес мұным, шашы барға қызғаныш,
Шашты күту, жасау деген бір барыс.
Төбелесте жауың тұр ғой жарың да,
Шаштан ала түсетіні тұрған іс!
Шаш-әнтеннә, елес қосар елеске,
Деп айтады, көп ғылми кеңесте.
Ал, ендеше, тоқыр бастар кадімгі,
Автоматты сымсыз торап емес пе?
Иә, болмыстың барлық емін ми табар,
Бар тіршілік күннен қуат, си табар.
Тірлік мәнін толық сезіп кете алмас,
Күннің көзін көрмей өткен құйқалар.
Кейде бұл шаш-мисыз басқа құр айбар,
(Бәрін теңшеп тұратұғын құдай бар) .
Шырқау шыңға шөп те шалаң шығады,
Өйткені, онда алтын, күміс, мұнай бар.
Бас дегенің таусылмайтын күй табақ,
Шашты басқа бит-қожайын, би-тарақ.
Жүнді басты қопсытқанша құйқалап,
Тақыр басты жатқан жақсы сипалап.
Ал, ағайын, сіздерге айттым аз әзіл,
Шаш болмасын ортамызға әзазыл.
Қасқа болсаң, зерттеп, ұғып, жаза жүр,
Шашты болсаң, жуып-шайып, таза жүр.
Ойлар болсаң, басыма бақ қонсын деп,
Тілек айтам: басың миға толсын деп.
Сөздің соңын тоқтатайын өсімен,
Шашың емес, басың аман болсын деп!
Жоқтау жыры
(Көзінің кемтарлығына бола өзіне қол жұмсаған сабақтасымның қазасына)
Қандай қимас нар тұлға едің, қыраным,
Қазаңды естіп, қайғы құшып жыладым.
Естігенше ғазиз жанның қазасын,
Тас керең боп қалса еді ғой құлағым!
Неге, қалқам, ұжымаққа құмарсың.
Алдыңда еді-ау, өзің ғана шығар шың.
Намысшыл ең, бір көзбенен дүниені,
Көруге, әлде, шыдамаған шығарсың.
Қысқа ойлап тағдырыңды сөктің бе?
Үмітсіздік шүңетіне шөктің бе?
Тәуекелшіл мінезің бар ер едің,
Өлімге де кеуде керіп кеттің бе?
Бұл өмірге кету үшін кеп пе едің,
Жауыздықты неге басқа теппедің.
Әлде, бізден барып алып алысқа,
Сағындыра түсейінші деп пе едің!
Әлде, болмыс бір қысымға алды ма?
Әлде, сайтан қиғаш жолға салды ма?
Иә болмаса, өзіңдей бір намысты ер,
О дүниеге қажет болып қалды ма?
Өміріңді бергенің не тегінге,
Дақ түсті ме болашақтық сенімге.
Не болмаса, кейін келер ұрпаққа,
Кемтәр әке атанбайын дедің бе?
Тағдырыңнан, әлде бір мұң сездің бе?
Жемір қиял жетегінде бездің бе?
Әлде мынау әуресі көп тұрмыстың,
Мағынасыз михынатынан бездің бе?
Дедің бе әлде «күнәсіз ғой оралсын,
Жаным, тәнім тыныштыққа орансын»
Ағайынның қарағысы көп, алғысы аз,
Мінезінен жалыққан да боларсың!
Үміт жібін өзің біліп кестің бе?
Мазасыздық дәриәсін кештің бе?
Күншілдерге күнде таба болғанша,
Күндік жерге кетейін деп шештің бе?
«Жер бетінен өсек – аяң жоғалсын,
Бұл дүние менсіз ғана оңалсын»
Дегенді айтып аттанарда ақырын,
Үнсіз бізге қош айтқан да боларсың.
Уақыт деген барлық дерттің емі ғой,
Халық іші-жанашырлық кені ғой.
Көкірегің толы болса үмітке,
Сенің әның аласармас еді ғой.
Біздің осы кедергілер көп неге,
Өкпелейміз бір жапырақ етке де.
Қазаңды естіп, қалқам, қатты ашындым,
Бірақ, бірақ қия алмадым өкпеге!
Қарауытып отыр қазір айналам,
Сусып түсіп қолымдағы май қалам.
Мақтау жырын жазам ғой деп жүруші ем,
Жоқтау жырын жазам деп кім ойлаған?
Күреңітіп өзің жүрген қырау бақ,
Қайтқан құстай кете бердің тыраулап.
Сабақтастың естіп мұңлы әуенін,
Түскен шығар аруағың да бір аунап.
Тірі жанға бұл өмірдің мол мәні,
Сабазым-ай, болмады ғой, болмады.....
Енді қайтем...
өтінішім ақырғы,
Ұжымақтан күтіп алсаң болғаны!
Жалған ұлтшылға жаза жыры
Қамқоршысы секілденіп қазақтың,
Жанарыңа жиналғандай азап-мұң.
«қазағым» деп отырасың қиналып,
Азабына түскендей боп тозақтың.
Амалдарды іске салып не түрлі,
Ептеп жүріп оңап алдың бетіңді.
Жиын, топта аттандайсың аһ ұрып,
Қайта туған асанқайғы секілді.
Қабағыңа тұнғанға ұқсап ауыр ой,
Жалғандыққа ұрып жүрсің әлі бой.
«қалың елім, қазағым» деп қан жұтып,
Абай болып тапқың келед аброй.
Бар қазақты тиегендей кемеңе,
Дүрілдейсің (соған ұрпақ сене ме?) ?
Немене, өзі, аңқау, адал ұлтыңа,
Рухани ұстаз болғың келе ме!
Тапқанға ұқсап жамандаудан ем-дауа,
Апама ұқсап ақыл айттың ең «дана» .
Бар қазақты пәс көрсетіп басқа ұлтқа,
Озып туған секілдісің сен ғана!
Көргенім жоқ көмегіңді досқа тән,
Көкейіңде басқа мақсат, басқа сан.
Дәстүрімді жазғаныңмен там-тұмдап,
Мақтан тұтып көрген жоқсың ешқашан.
Саған ұлтты жәбірлеу ме керегі,
Сөзіңде жоқ ұлылардың дерегі.
Сен жасаған образы қазақтың,
Ылғи ойсыз, ұятсыз боп келеді.
Дымды білмей мін тағасың шатылған,
Кесіп-пішіп, барлығын өз атыңнан.
Иығына қонып алып қазақтың,
Сенсің бе, әлде, күнә жазар катибан!
Құлдық сана жайлап алған құлқыңды,
Арам пайда жаулап алған құлқынды.
Абайға ұқсап айтқан жоқсың ақылды,
Алдыменен сүйіп тұрып ұлтыңды!
Жүдеу жұртың жәбір естіп, жалтаңдап,
Өзің ғана өмір кештің талтаңдап.
Атағыңды асқақтатып келесің,
Ақша күймес, арба сынбас жол таңдап.
Келе жатсың ылғи кері кетумен,
Өз ұлтыңды көзге түрткі етумен.
Ұғасың ба, ұлтын сүю ұғымы,
Басталады ұлтын мақтан етуден.
Көктен түсіп қалғамыз жоқ кенеттен,
Кесел көрдік кежегені кері еткен,
Кемшілігі болса егер ұлтымның,
Ізде оны тарихы ұзақ себептен.
Сөзіңді естіп, аттан салып белсенген,
Көмек іздеп барды талай ел сенген.
Білесің бе, жерден ауыр сөз естіп,
Қанша қазақ жылап шықты кеңсеңнен.
Ұлтпыз ғой біз нанын тапқан, жанын жеп,
Жебесеңші «жасық» демей, «жалын» деп,
Дарыгер де ем іздеген бейбақты,
Науқассың деп көрген емес жәбірлеп.
Қазақ үшін шығардың ба аз ақша,
Бір балаңды оқыттың ба қазақша.
Мінін теріп, мыңын надан санайтын,
Қазақ саған осы ғұрлы мазақ па!
Мен де алғаш арман іздеп жүгірдім,
Ақыл сұрап, алдыңа кеп жүгіндім.
Жылқы мінез қазақ қой деп барып ем,
Доңыз мінез болмысыңнан түңілдім.
Тасаға ұстап тарихыңның тазасын,
Жалғаны мен жарамсызын жазасың,
Онсыздағы қайғысы мол қазақтың,
″апатай-ау″, ала берме мазасын!
Оралман қарғалардың ұрпақтарымен сырласу
Келгенде ата жұртқа қадам басып,
Алдымнан шықтың шулап амандасып .
Сендерменен сырласу қуанышы,
Шіркін-ай, болғанын-ай маған нәсіп!
Жүруші ем жолықтырмай маң даладан,
Жүрсің бе, айналайын, қарғам, аман?
Кеше көр кешше ақын жерлесіңді,
Бір өлең бұрын саған арнамаған .
Жыйрма жыл көрмей кеткен қарғалар-ай,
Көңілімді бір жақындық баурағаны-ай.
Бір кездегі оралман қарғалардың,
Немере-шөбересі бар ма, қалай!
Еркіңді еркіндікке алмастырып,
Бір-бір нән қарағайға "малдас құрып"
Тербеліп бейбітшілік бесігінде,
Жатыпсың тірлігіңді жалғастырып .
Талпынып тасада атар тасы жоққа,
Байламай асын уға, басын оққа .
Алды деп тәуелсіздік қазақ елі,
Аттанып кетіпсіңдер осы жаққа!
Әліптың артын бақпай тоқыраған,
Салтың-ай өз көзіңды шоқымаған.
Тірліктен де бірлікті биік қойып,
Бұл жаққа жетіпсіңдер сосын аман.
Жаныңда жоқ секілді, сірә, қайғы,
Қақпайды ешкім шетке, сынамайды.
Шекара, шектеулерді білмейсіңдер,
Ешкім сенен куәлік сұрамайды!
Ауылға жан кіргізіп, шу шығарып,
Апамның қашатұғын құртын алып.
Артыңнан ұялмастан келіп тұрмын,
Сенің ата-бабаңды құртып алып!
Болдың да азат елдің оралманы,
Сол беті біздің жаққа жол алмадың.
Кеш, баба, қарға тамыр қазақ деуші ең,
Әулетің қарға ғұрлы бола алмады …
"Күңгірттерге" күңірену
1.Кірісу
Күңгірт беюақ, күңгірт сезім, күңгірт күй,
Күңгірт жырды тудыруда күңгірт ми.
Измдердің түсіп алып ізіне,
Бұзылып жүр санамдағы жым-жырт күй!
2.Сезіну
Санасында сырғып ағып неше рең,
Жүрегіне жыр еккендей тесемен.
Уақыттың саусағымен сурет сап,
Ақын отыр "іңір ішіп кесемен"
Бұлдыр ойдың тұманына жыр сіңіп,
Сан сұраудың басы ашылмай қырсығып.
Ғашығының не айтқанын ұға алмай,
Ару отыр күңгірт күйде күрсініп .
Әлде нені алардай-ақ аңғарып,
Оқып еді жанарынан шам жанып.
Кезіккендей тілсым ғылым сырына,
Ғалым отыр құбылыс деп таңғалып.
Бұйра буын бұрқыратып қотандар,
Жыр іздеп ед жігеріне от арнар.
Бызбен ешбір қатысы жоқ екен деп,
Таяғын ап қойға тартты шопандар.
Оқыды да көп өлеңді кіл топыр,
Көре тұра болдым ба деп шын соқыр .
Измдердің ешбіріне сала алмай,
Ірің ішіп, іштей тынып сыншы отыр .
Өзім жайлы не жазды деп татып жер,
Іздеп еді мадақ, мақтау мәтіндер.
Көз жүгіртіп, аздап қарап тұрды да,
Қолын сілтеп кете берді әкімдер...
Ұғуымен жұмысы жоқ кім? Қайтып?
Іңірді айтып…, саусақты айтып…, мұңды айтып ....
Түсіне алмай кімге керек екенін,
Кеңістікте күңгірт өлең жүр қалқып!
3.Тіксіну
Өн бойынан шылғи мұң мен жас ағып,
Жаңалықтың жалында ойнап қасарып.
Ұқсас, ұсақ, майда жырлар қаптады,
Мода қуған жас қыздардай жасанып .
Айырылып бастау, тұма, тамырдан,
"измдер"мен "стилдерге" таңылған .
Қара өлеңнің алып бәйтерегіне
Будан бұтақ жабысып жүр жарым жан!
Жыры мұңмен суарылған пақырлар,
Өз қайғысы өзін ғана тақымдар.
Жыр жазып жүр бір бірінен айнымай,
Келер ғасыр оқылатын ақындар!
Сырлы, тілсым сөз ойнатып нетүрлі,
Қиналмайтын жүлге тауып өтімді.
Ылғи ойсыз, қансыз, сөлсіз, пішінсіз
"есәләңнің естелігі "секілді .
Неше түрлі тұрпат жасап бірдемде,
Тіксіндірді"жілән уын үргенде"*
Тілсым ойлар шүңетіне тартады,
Тілсым сөзден құтыла алмай жүргенде!
Жаңалық па? (дерміз онда, о, бәлі-ай!) !?
Амал қанша, оған да тұр жоламай .
Ұпа-далап, бояулармен баттасқан
Қасиетты қара өлеңге обал-ай!
Шетсіз, шексіз көкжиегі, көлемі,
Сезілмейтін, білінбейтін дерегі .
Көрінбейтін, ұстатпайтын сұлбасын,
Кейініңнен күңгірт ұрпақ келеді …
4.Толғану
Иә, жырда көп жаңғырту жасалды,
Жыр тегінен сонда да кім аса алды?
(кейбіреулер қиналатын секілді,
Екі аяқпен жүреміз деп қашанғы! ?) !?
Дүниеде жаңалық жоқ, бар ағым,
Жаңарту бар (жаңарта алсаң, жарадың!) !
Айға жайған жас жүректің саусағын,
Абай атаң айтып кеткен, қарағым!
Десең дағы жыр жолында тер төктік,
Жыр жаздың ба, мөлдір, мөлдір, мөлтек қып,
Жалмауызды жер жыртығын жамаған,
Сенің әжең талай айтқан ертек қып!
Менің ғана дара жолым емес деп,
Жыр жазарда ұлыларды елестет!
Жас қайыңның жапырағын жүрек қып,
Мұқағали мұңға батқан емес пе ед?
5.Кеңесу
Ағым жасап, изм іздеп шалшықтан,
Музаға азап әкелмесін артық сән.
Шетімізден нюа әулие секілді,
Адам жасап аламыз ба балшықтан!
Керексіздің қаңсығына қызығып,
Дерексіздің таңсығына қызынып .
Оқырман боп ойланып ал, әлдімен,
Құбылыс боп жасамай-ақ құбыжық!
"абай, пушкин, лермантовсыз, гетесіз,
Қалай ғана дара шауып кетесіз! " !
жырлармен-ақ шала туған некесіз,
Қара өлеңнің түбіне сіз жетесіз!
Өлең алсаң, өнер атты базардан,
Көрнеу шындық тыс қалмасын назардан.
Күңгірт ойдың көрпесіне көмілмей,
Өлең өзін түсіндірсін, жазарман!!
АЙБАТЫР СЕЙТАҚ
Ту
Шәкен Ниязбеков – тәуелсіз Қазақ елінің Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанның өнер қайраткері, еліміздегі дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1992 жылы Шәкен Оңласынұлы жас мемлекеттің Туын жасауда Қазақстан, сонымен қатар ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200-ге тарта қылқалам шеберлері қатысқан конкурста жеңіп шыққан. Әлемде теңдессіз көркем туындының бірі – Мемлекеттік Туымызды қазақ халқына сыйлаған Шәкен Ниязбековке, сондай-ақ көк байрағымыздың осы нұсқасын қолдаған Елбасына және қабылдаған Ел ағаларына бүгінгі азаматтардың да, келер ұрпақтың да айтар алғысы шексіз.
Автор
Ғасыр қанша өз еркің жоқ дегізген,
Сабақ алдық тарихи өткен ізден!
Көк Туымыз бояуын алған екен
Ашық аспан, кең дала, көк теңізден!
Түспесін деп ешкімнің көзіне – мұң,
Тақпасын деп ешкім де сөзіңе – мін
Адамзатқа арайын шашып тұрған
Отан-Күннің жылуын сезінемін!
Аманат боп мәңгілік қалатын да,
Жүректердің алауын жағатын да,
Қазағымның арман мен мұраты бар
Қалықтаған қыранның қанатында!
Дәлелдеген мұраның мың жылдығын
Салт-дәстүрім әлемге үлгі бүгін!
Алтын түсті өрілген ою-өрнек
Көрсетеді ұлтымның құндылығын!
Шуақ шашып тұрғанда шұғыла Күн,
Алыстарға тарайды тұнық әнім.
Азат елді әлемге әйгілеген
Көк байрақтың қадірін ұғынамын!
Бейбіт күнді әрдайым ел тілесін!
Тек шаттықпен жүректер елжіресін!
Абыройын көтеріп асқақ елдің
Желбіресін көк Туым, желбіресін!
Қарағай
Дауылы мол дәуірлерді санамай,
Тарих көшін көп өткерген, далам-ай!
Ғасырларды ғасырларға жалғап тұр
Құм Нарынға көрік берген Қарағай!
Тарих тасы қалмас, сірә, шашылып,
Сұлулықты қоймас ешкім жасырып!
Көк тіреген қарағайлар өсіп тұр
Хан Орданың салтанатын асырып!
Ата-бабаң ат ойнатып жүрген жер,
Дәл осында ұзақ өмір сүргендер,
Бағалайды құтты мекен қадірін
Қарағайдың қасиетін білгендер!
Қарағайды егу жұрттың арманы,
Жап-жасыл боп тұрса дейді бар маңы.
Топырақ пен таза суды таңдайтын
Қарағайдың тым ерекше талғамы!
Өседі ол ылди менен дөңесте,
Шақырады шыға келсең белеске.
Қысы-жазы жап-жасыл боп тұрғаны –
Құбылмайтын қасиеті емес пе?!
Жұпар жыры жан-жағына таралған,
Жомарттықтың белгісі боп жаралған
Қарағаймын!
Ақ Жайықтың суы мен
Құм Нарынның құнарынан нәр алған.
Қостанайдың «Шаңжұқпас» сәйгүлігі
Ұлылыққа суарып іңкәр жанын
Туған халқым өмірдің ұққан заңын.
Баптай білген қазағым, мақтай білген
Шашасына шаң жұқпас тұлпарларын!
Қуат алған дала мен тауларынан,
Даңқы кеткен алысқа аумағынан.
Шығып еді «Шаңжұқпас» деген тұлпар
Қостанайдың Қамысты ауданынан.
Қарап көрсең сыншыдай әр тұсынан,
Бар қасиет байқалған тұрқысынан.
Туған екен шын жүйрік, асыл текті
Қарабайыр қазақтың жылқысынан.
Қосылса ол жүйріктер жарысына,
Ел сүйсінді толағай табысына.
Сәті түсіп бір жолы куә болдым
Шаңжұқпастың ерекше шабысына.
Тектілігін танытқан тай кезінде,
Бойындағы қайраты сай төзімге,
Бір топ аттың ішінде Шаңжұқпас та
Келе жатты аламан бәйгесінде.
Соңғы айналым!
Көрсеңші ғаламатты!
Артқа тастап бір-бірден санап атты,
Топ ішінен шыққанда суырылып,
Жүрегімді бірге алып бара жатты..
Ұмытылмас желтоқсанның шындығы

16 – 86 – 37
Баршаға сый ұсынар шыққан Ай, Күн.
Ойымды түсінген жан құптар айқын,
Өмірдің өз заңдары болса-дағы,
Жылдардан бір сәйкестік ұққандаймын!
Кезеңдер өткенімен дөңасқандай,
Табады ұлт күресі толас қандай?!
16 – ұлт азаттық көтеріліс –
Патшаның құлауына жол ашқандай!
Ұлтымның аз болмады өкпе-шері,
Күй болып 86 төкпеледі!
Жастарым Желтоқсанда қарусыз-ақ
Кеңестің қабырғасын сөккен еді!
Кезеңдер өтті қанша ұрандаған,
Бәріне куә болған туған далам.
Тарихта 37, 87 –
Ұлтжанды арыстарды қудалаған!
... Аз емес бүгін менің табыстарым,
Ер қазақ жеңген дәйім алысқанын!
Халқым бар хан көтеріп қадірлейтін
Алаштың азат ойлы арыстарын!
Алпысыншы жылдардың түлектері
Естімедік ешкімнің өктем үнін,
Шошымадық шуына «көп бөрінің»,
Қатал Заман қысынан кейін келген
Алпысыншы жылдардың Көктемімін!
Соғыс-ажал айырып арысынан,
Талай-талай отаудың шамы сынған.
Абыроймен оралған әкелердің
Жаралғанбыз найзағай намысынан!
Сондықтан да ер жеттік, еркін өстік,
Тура айту – жігіттің серті дестік.
Қара ормандай от тиген қоғамның да
Өлім-Өмір айқасқан өртін кештік.
Бірі Тарғын демеспін, бірі – Қамбар,
Соғыс өртін біледі ұғынғандар,
Ауғанстан жерінде қан кешкен де
Алпысыншы жылдары туылғандар.
Сілтеген соң сұм қоғам бұрыс бағыт,
Шейіт болды арыстар ұрыста анық.
Қасіреттің салмағын танытқандай
Талай үйге жетті ғой мырыш табыт!
Біріккенде жас алаш білектері
86 – Жер жаһан дір еткені!
Желтоқсанның алауын жаққан жастар
Алпысыншы жылдардың түлектері!
Кім көріпті Нарықтың жүдеткенін
Алпысыншы жылдардың түлектерін!
Ол шыңдалған ұрпақ деп біліңіздер
Қайсарлыққа суарған жүректерін.
Көрсетпесін Заманның түнектерін,
Мен қалаймын жүзіңді Күн өпкенін,
Құрметтей біл, жас досым, әрқашан да
Алпысыншы жылдардың түлектерін!
Әскердің қарумын жазалаған
Шыққанда бейбіт шеру бас алаңға!
Елімнің азаттығы, арманы үшін
Алаңға ала таңнан барғаны шын.
Соққыға жығылғанмен,
Жастық жалын,
Ешкімге таптатпаған Ар-намысын!
АЙГҮЛ НҰРЫШҚЫЗЫ
Келемін саған Астана
Есілдің жағасында жайраңдаған,
Көркіңе көз тоймайтын қайран қалам.
Бұл қала асыл қала, арман қала.
Анам дай ыстық құшақ жайған маған.
Бейнелеп ел тілегін,
Мәуелі бәйтерегім.
Ерліктің дастанындай,
Бақыттың бастауындай,
Астанам арман қалам,
Астанам сәлем саған!
Үміттің жалауындай желбіреген,
Сағыныш моншағындай мөлдіреген.
Көк туым қуат беріп арманыма,
Көктемнің шуағындай елжіреген.
Батырдың тұлғасындай,
Сұлудың сымбатындай,
Бірлік пен берекенің,
Қайнары мерекенің,
Астанам арман қалам,
Бабалар қасиетін тоғыстырған.
Бақ қонған ыдыр дарып кең өлкеме,
Сен бейне жүрегімсің сырғып тұрған.
Ән күй боп тербетілген,
Айналдым келбетіңнен.
Астанам арман қалам,
Астанам сәлем саған!
Алуан алуан тағдырдың,
Бұғауын сан шешкен ел.
Үміттің жайып желкенін,
Күннен күнге өскен ел.
Мың өліп мың тіріліп,
Өлместің суын ішкен ел.
Ерлікпен еңсе көтерген,
Сәлем саған әз халқым,
Тағзым еттім иіліп,
Жанғандай боп өшкенім.
Сағынып саған жеткенім,
Жанғандай болып өшкенім.
Өз отаным елім деп,
еркелейін деп келдім,
Ой түлетіп ортаңда,
Көркейейін деп келдім.
Сағыныштың сарығын,
Бір басайын деп келдім.
Жақсы дос жахут қазына,
Сырласайын деп келдім.
Мың күнге қимас бір күнмен,
Бір жасайын деп келдім.
Мазарына бабамның,
Бұрылайын деп келдім.
Тағдырларды ел сүйген,
Ұғынайын деп келдім.
Тамашалап өлкеңе,
Құнығайын деп келдім.
Көктем шуағымен Есілге,
Жуынайын деп келдім.
Алтын зермен сезімді,
Кестелейін деп келдім.
Санама алуан ұғымды,
Зерделейін дкеп келдім.
Ақын деген абыз жұрт,
Көшке ерейін деп келдім.
Кеш болса да қарманып,
Еш демейін деп келдім.
Шағаласын шабыттың,
Ұшырайын деп келдім.
Талай шикі ойымды,
Пысырайын деп келдім.
Ақ жүректі еліме,
Ұсынайын деп келдім.
Саф өнердің дәміне,
Тұшынайын деп келдім.
Жақсыларды жат көрмей,
Ағалайын деп келдім.
Тайбурылды сапарға,
Тағалайын деп келдім.
Абыз дала төсіне,
Бір аунайын деп келдім.
Құлын ойдан қымыздық,
Жыр арнайын деп келдім.
Ұлыс күнгі тойыңа,
Құтты болсын дей келдім.
Шаттығыңа шомылдым,
Мерей толы бейнеңнің,
Сәлем саған өз елім!
АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК

Әкем – Тәңір, өзің – Ұмайсың, мама
Мама
Мен сені Тәңірден сұрадым, мама,
Осы арудың құрсағына бітемін деп.
Мен сен үшін талай жыладым, мама,
Ақынның анасы боп өтеді деп.
Мен сені жұбата алмаймын, мама,
Арайлы бір таңың атады деп.
Мен бұл өмірді ұната алмаймын, мама,
Қабырғама бар мұңы батады кеп.
Мен өмірді сонда да сүйіппін, мама,
Сыздайды тек іште, жарам ғана.
Мен бар мұңнан биікпін, мама,
Мен үшін алаңдама!
Бұл өмірде қай ақын жарыған, мама?
Жүрген соң тағдырдың өтінде көп.
Бар болмысым өзіңнен дарыған, мама,
Сен ғарышты туғаныңа өкінбе тек.
Сен мені қазаққа сыйладың, мама,
Ғажаптардан қағылсаң да.
Мен сені азапқа қимадым, мама,
Қанша жыл сағынсам да.
Әйтпесе, білсең ғой, жаным, мама,
Ішім менің – шексіз әлем.
Бұл менің сорым әрі бағым, мама,
Жанарымдағы өксік өлең.
Ішім менің гүлдерге толы ғой, мама,
Нұрға да толы жүрегім ақ.
Біздің тағдыр – азап жолы ғой, мама,
Әйтеуір тілегім ақ.
Әкем – Тәңір, өзің – Ұмайсың, мама,
Ал, мен – Құдайдың баласымын.
Сен бәрібір маған ұнайсың, мама,
Көзімдегі қарашығым..!

Генетика
Жетінші әкем ішімде менің,
Жылайды аспан тезінен.
Сансыз белгі.
Түсінбегенмін,
Байқамағанмын,
Сезінем.
Бөтен сезім,
Өзге пайыммен,
Өте ме екен тегі өмір.
Енді кіммен, қандай ойынмен,
Сынайды екен мені Тәңір?
Таныс емес мына түстерім,
Бейтаныс тым маған әлем.
Күрсінеді үнемі іштегі,
Сыртқа шықпай қалған өлең…
Қайда бастап барады мені,
Мына сүрлеу, мына жарық.
Күндер, жылдар тонады мені,
Қай көшеде тұра қалып?
Құпияға жетемін дедім,
Ойлан, сұра, ақымағым!
Қыс келгенде бітеді сенің,
Дірілдеген жапырағың…
Ішімдегі жетінші әкенің,
Дауысы тұр ғой жаңғырып.
Кімсің өзің менің бөтенім,
Қайдан келгенсің қаңғырып? ..
Жауап бермейді. Ішімде менің,
Жылайды тағы қанша рух.
Мен ештеңе түсінбегенмін,
Ақымақ болар ма ем, соншалық…
Алабұрту
Мен баяғы баламын, кекілдімін,
Мен бірдеңе білетін секілдімін.
Түнде мені құшақтап жатады мұң,
Таңсәріде сүйеді бетімді Күн.
Армандар мен күйреулер арасында,
Тоңып тұрмын өмірдің жағасында.
Түстерімде сабылып сан аруақ,
Біреу маған сыбырлар таң астында.
Шаршадым ба өмірден,
Жалықтым ба,
Жұмақ сонда…
Білемін, тамұқ мұнда.
Менің ішкі дүниемді аластауға,
Құдыреті жетпейді-ау жарықтың да.
Бір үмітті іздеймін бекер күннен...
Бір үмітті іздеймін бекер күннен
Өлең жаздым…
Ал, содан өтелді нем?
Нәрестенің иісін аңсап жүрмін,
Әлде қатты сағындым әкемді мен?.
Жігіттің монологы
Тағдыр мені сынады, бағынбадым,
Жаулар маған тап берді, алынбадым.
Жаутаңдауды білмедім, жәбірленсем,
Өзімнен күштілерге жалынбадым.
Іште шерім болса да, ойымда мұң,
Тағдыр мені сынады, мойымадым.
Түнек басса жер бетін, таң боп аттым,
Күн күйдірсе, түн болып жайыламын.
Тағдыр мені сынады, басылмадым,
Түсінбесе өкпем жоқ, қасымдағым.
Мейірімді адамға құрақ ұштым,
Әлсіздерді ешқашан басынбадым.
Тағдыр мені сынады, құламадым,
Өксік қысып тұрса да, жыламадым.
Мені осындай жаратқан Тәңірімнен,
Тек сабыр мен парасат сұрағаным.
Тағдыр мені сынады, үміт көрем,
Бәрін-бәрін ұмыттым, ұмыт дегем.
Мықты болу керек қой ер адамға,
Қасқайып өлу керек жігіт деген!
Мәлімдеме
Жүрегімді күйретпендер,
Ештеңені үйретпендер,
Ұнамаған, ұнаған бар,
Ешнәрсені сұрамаңдар,
Көзін сүртсін жылағандар,
Көтерілсін құлағандар!
Кешіріндер, ренжімендер,
Мінеген мен сынағандар.
Еш адамға ақтатпандар,
Еш адамға жоқтатпандар.
Еш адамға даттатпандар,
Өлеңімді жаттатпандар,
Тірі жанға мақтатпандар,
Тылсымданған аппақ таңға,
Кетіп барам, тоқтатпандар!
Ақбөкен Имәнбекұлы
Жылқы дәуірі
Болсада бүгін ескірген,
Тыңдағым келед сарынын.
Апамынан талай естіп ем,
Жылқының сонау дәуірін.
Күн-түні жарау байланып,
Мазасы кетіп жылқының .
Далада босып қайран ұлт,
Болмапты жанда бір тыным.
Қадалып баба төсіне,
Садақтың улы жебесі.
Сондада жауға өшіге,
Тоқтамай ердің егесі.
Болыпты сұмдық әр тұстан,
Болыпты дәуір тымырсық.
Ана мен бала жер құшқан,
Тынысы бітіп-ыңырсып.
Ыңылдап аруақ моладан,
Ашынған мүмкін тіріге.
Кектеніп жауға жатыпты,
Жетер деп ұрпақ түбіне.
Дерт алып елдің кеудесін,
Өрт апты мына өлкені.
Қаптатып қолын келгесін,
Жұңғардың долы тентегі...
* * *
Жетім мен жесір көбейіп,
Ұлар-шу бопты бар ауыл.
Ырысы жердің кемейіп,
Жұтапты гүлден дала бұл.
Сондай бір тұста сарбаздар,
Тақымға найза қыстырған.
Беріпті бата тарлаландар,
«жауыңа шап!»-деп күш қылған. !
Батыры депті ерленіп,
-жемейміз күлік күн үшін.
Даладай мекен көрмедік,
Даласыз күндер құрысын!
Қолына ұстап қамшсын,
Атына мініп тірісі.
Сарқыпты қанның тамшсын,
Кеткенде елдің тыншы.
Таптатып қалай шыдасын,
Мекеннің арлы намсын.
Жылқылар сонда қарлықбай,
Күтіпті бірге тағы сын.
-егейлер екен шетінен,
Даланың мына халқы-деп.
Қайтыпты жауы бетінен,
Ызалы елден әлсіреп.
Сындырып сағын ел кегі,
Алыпты жауды қысаға.
Жұңғардың долы тентегі,
Қалыпты сонда құсада...

* * *
Бұрыпты әлем назарын,
Жылқының сонда тұяғы.
Көтеріп дәуір азабын,
Жаңғыртып тау мен қияны.
Деуші еді апам:-«жылқының,
Даламен жаны тынстас.» .
Сол үшін жылқы дәуірін,
Даланың елі ұмытбас.
Рас-ау, рас жануар,
Қанаты бопсың батырдың.
Қаюансың намыс, ары бар,
Атойда оқ боп атылдың.
Шықбай сол дәуір есімнен,
Үдейді жүрек дірілі.
Шымшылап намыс бетімнен,
Кетеді жанның тынмы.
Сондай бір тұста үмітпен,
Ерлерге әйтеу елтемін.
Арылам алуан күдіктен,
Өткеннің тыңдап ертегін.
Төсінде жүріп даланың,
Қуамын ойдың сағымын.
Бабаны еске аламын,
Жылқының сипап сауырын!
Ақша
Қызыл қағаз, көк қағаз алуан ірең,
Жүздеспейсің күндесен ал бәрімен.
Жармақ емес саусақтар доллар санап,
Базардағы жоғарлар жол бәрінен.
Қайда барсаң базардың заңы солай,
Ағарама?
оны айтсам тағы самай.
Ақшам азда алмайды сәлемімді,-
Қаладағы қалталы таныс ағай...
Өкпе-назым емес бұл шаңын қаққан,
Пендеміз ғой бір үйдің шамын жаққан.
Түн болса деп жанымды дамылдатқан,
Күн болса деп қаппаған таңын қақпан!
Жаңбыр жауып, аспанын бұлты басып,
Бақтар тұрды қалада бүршік ашып.
Кетпесін деп ақшаның қырсығы асып,
Жүрдік сонда жанардан ұйқы қашып.
Өтті күндер тік тұрып қарбыз жеген,
Талай достар сүрінді алғыр деген.
Ақша билеп көбінде кетеді екен,
Үйленуді қалада қай қыз бенен.
Болғаннан соң пенденің баратыны,
Бары де ақша, базардың бәрі ақылы.
Қалталы боп көрген жоқ өлең жазып,
Қаладағы қазақтың бар ақыны!
Бір басынан өткірген осы қалды,
Болды менің жанашыр досым арлы.
Айтпаса да тойларда тасып әнды,
Намыс санап жүретін жасығанды.
Сол досымды ел бүгін бай атады,
Сілкіне алсаң заманың оятады.
Қасқалардың алдында қасқайып жүр,
Қостан мініп авди мен тойотаны.
Ауылдастың жүр тағы демеп көбін,
Аттап өтті шетелге ел өткелін.
Ақша шіркін жетпеске жеткізеді,
Жарлыға да ұсынды көмек қолын.
Ақша –байлық шіркінге қалсаң батып,
Шыға келед екенсің алшаң басып.
Табаныңның астында сайтан жасып,
Жуасиды қолыңда тарпаң бақыт!
Алтын теңге, мыс теңге, күміс теңге,
Зәру үшін іздейіміз тыныс-демге.
Құлың болып кетеді қуыс кеуде,
Қожаң болып өтеді дұрыс пенде!

Рухи дүние
Рухи дүние сұлусың-ау,
сырлсың,
Сенің бейнең кейде сұлу гүл мүсін.
Жайнатар ем көңілімнің ажарын,
өмірімнің базарын,
Өзің үшін ұшыра алсам жыр құсын.
Еш көрмеген асып қыр,
Боз өкпедей бозармайын жасып құр.
Көктегі айға ғашық қылсаң-ғашық қыл,
Қиялымның аппақ қолын созайын,
Қас батырдай ат үстінде тасып бір.
Көңілім-ау,
Жас бүркіттей ауық-ауық сілкініп,
Арманымды қарға аунаттың түлкі қып.
Бірақ сені тояттатпай келеді,
Бұлаң қағып қайталаған тіршілік!
Бірде мені көкжал құсап жорттырдың,
Көз қызартты мерген болып көп құрбым.
Бір сапардан олжа алып,
Бір сапардан толғанып,
Ала қызып қиыр-шеттен кеп тұрдым...
Сергітем деп өзіңді,
Алмас жүзы төнсе дағы қылштың.
Бастым талай жан ұшыртып қыл үстін,
Біреулермен жалғасып,
Біреулермен арбасып,
Сан сыналдым діндәріндәй шығыстың.
Көктем көңіл сарғаймашы, көкте сен,
Сен демесем,
Жол азабын шекпес ем.
Құс ішегін сар қурайға тағып бір,
Сазды әуенді,
Зарлы әуенді,
Мен шертейін шерт десең.
Таба алсам да алтын, гауһар, жақұтты,
Таба алмадым өткен істі-уақытты.
Уайымның сілкіп тастап,
саған қонған тозаңын,
Жалғандықпен жағаласып барамын, ـ
Қалай ғана боламын деп бақытты?!
Ақылбек Дәлелбекұлы Сейілхан
Елеспін мен...
Жанарымда толқиды жасыл далам,
Айналайын,
Ақ бұлттар, асыл маған!
Еркін дүние еншімде,
Елеспін мен-
Ешкімге бас ұрмаған.
Аулақ менен, армансыз шулағандар,
Жаулап көрем көңілді...
Тыңда, адамдар!
Жапырлаған маңыма жәутіктерден,
Жақын маған, кадімгі мұңлы аралдар...
Мейлі, мұнар қонса да...
Шуақ ұшқан,
Мұңлы аралдар, жетелеп жұбанышқа...
Жұмбақ уайым жайына қалып былай,
Жұлдызданам, телміріп ту алысқа.
Қанатынан қиялдың жел естірген,
Елеңдете береді-ау, жол ескірген.
Көргенбе едің, көгілдыр сағыныштай-
Ертегісін оранып елестің сен...
Өмір ғой бұл!
Бұлдансам-бұрқанғаным...
Көрдім мен, айдан қанды ніл тамғанын.
Айтқым келді нұрлы сөз...
Аялдатып
Алты қабат аспанның сұңқарларын.
Елеспін мен!
Кеңістік-жүрегімде,
Елеспін!
Өле ғашық бұл өмірге.
Өзегімнен нұрлы сөз келеді өрлеп,
Көнбейтін тірі өлімге...
Бойтұмар
Кеудемдегі бөрі ұлыған бөктерде,
Бөлтірік-жыр көзін ашқан көктемде.
Шулап үміт...
Тілерсегі тілінген,
Бура-күдік жар басына шөккенде,
Бөлтірік-жыр көзін ашқан көктемде.
Құлазытқан шақта...ызгылык кемдігі,.
Құлағыма құдыреттың келді үні...
Тұлпар-әлем тұяғына қан қатса,
Неге тұрмақ қара бастың шер-мұңы.
Бөлтірік-жыр кескіндеген кейіпкер,
Шемен емес, шеңбер бұзған шейттер.
Күледі әлі, жетімдердің жүрегі,
Күңіренбе, жел кемірген, бейіттер!
Көкше қиял көкжиекке тіленіп,
Өзегімде долы дауыс жүр өріп...
Тәж кигізер едім өгей тағдырға,
Өмір берсе өрлігіме бір ерік.
Шам түбінде қараңғылық...шалқалап,.
Тыңдамайды заман зарын занталақ!
Тырмалайды тынштықтың іргесін,
Тырнағы өскен қайшылықтар анталап.
Кеюәнә жер, кері намыс, кереңдер...
Қайда арғымақ, айғай шықса елеңдер?
Жемтік иісі тарап тарғыл бойынан,
Терең көрге жетелейді тебен жол...
Жасыл шарым-жалғыз ғана баспана,
Ой кешемін кесек арман жастана.
Рухыңа үймелетіп жын-шайтан,
Жерді басып тірі жүрсең масқара!
Соқсаң бірлік сойылдарын сор қашпақ,
Қолдасайын, сол жалғызды қорғаштап.
Кеудемдегі бөрі ұлыған бөктерге,
Көк тәңіры!
Көкжалдарды кел бастап!
Рухыңның сәулелерін шаш, бері...
Елеңдесең...
Ескі жұртқа кел, тектім!
Мен тәңірдың еркесі емес,
Ертекпін!
Күнгейімде – жүзы күңгірт күбірлер,
Теріскейім – тентек мұң.
Көңілімде – бояулары боз кештің,
Көлеңкелер көбейгелі, сөз кескін.
Ақырғы үміт аттанғанша аспанға,
Ақиқаттан безбеспін.
Құс жолына асықтырған соқпағы,
Алау маған ақиқаттың оттары.
Арқарлардай алысқа ауған адалдық,
Әйтеу бір күн...
Қайтар біздің жаққа әлі.
Мәңгіліктің жұтпас сірә, мазағы,
Жұмыр қайғым-теріскейдің ғазалы.
Текті арманнан-
Алақұйын күдіктің,
Әйтеу бір күн...
Ажалы!
Жартасты ұрған жалғандықтың күңгірін
Шым батырса...
Шындық дейтін мұңлығым.
Аунайды әлі, жан-сарайға ізгілік,
Жаулайды әлі, нұрлы күн!
Мәртебелі...
Мәз...
Тірліктің мәстегі,
Бола тұрсын,
Елемегін әсте оны.
Кеңістіктің дауысымен сәруәр,
Рухыңның сәулелерін шаш бері...
* * *
Айқаспайды-ау, кірпіктерім бұл күндер,
Ойқастайды-ау, ойымда әттең, дүлдүлдер.
Таңғы арайға ауады ылғи аңсарым,
Сол маңайда соғушы еді күлгін жел.
Мыйығынан жымыятын жылы ағыс,
Жұмбағы мол жүрегіме жұбаныш.
Көкке ынтызар ақиқаттың көзіндей,
Сол маңайда болушы еді құба құс.
Күлгін желге аманаттап күлкімді,
Күбірлетіп...күрең төбел жұртымды.
Кеудесіне кеткем еніп елестің,
Түкпірінде сәуле ұйықтаған бір түрлі.
Кеткем...
Кеткем...
Кешікпей бір келем!-деп, !
Құбақан құс қалған үнсіз елеңдеп.
Қасыйетын іздей жорттым тірліктің,
Қасыретым ай астында тебендеп.
Жалғызбын да...
Жаяумын-ау...
Жол жырақ,
Түлкі-тірлік!
Түрме мейлі, сен құлақ.
Ұйқыдағы сол сәулені оятпай,
Оралмаспын...
Жоғалмаспын... Мен, бірақ!
Жан-сарайда жатпайды енді бұғып от,
Сәулелерсіз-ғұмырдың да құны жоқ!
Сенім-серік, сезімде төрт қуатым-
Сен...
Күлгін жел...
Құбақан құс...
Құдырет...
Табиғатқа дауысымды жетеле...
Тағдырымды орап отқа таңғы ойлар,
Жүрегімнің таңдайына қонды айбар.
Табиғатқа дауысымды жетеле,
Сүйген, туған топырағын...
Торғайлар!
Жаудырсам!-деп бар кеудеге ар нұрын, !
Жан айғайын жалғадым мен, жарлының.
Тауларына тартпаса, әттең!
Түйсінер-
Жанарымда толқындаған қанды кім?
Көкірегін көзсыз мұңға төсеген,
Арпалыс-ау!
Тәңір жазған пешенем.
Өмірге дәт... Айтқызарын кеш білдім,.
Көңілге жат, көлгір анау көшелер...
Сол көшелер!
Содан ары жол жұмбақ...
Шайқады аппақ үмітімді, шаң жырлап.
Елеңдетпес кері ағысқа еркімді,
Рухымда тамыр жайған таңғы ырғақ.
Көңіл қайтқан дұшпан түгіл, достан да,
Хақым да жоқ, жолағымды шашпауға.
Шаңды шаяр, ақ жаңбырға айналып,
Даусым қалса болғаны тек аспанда.
Тағдырымды орап отқа таңғы ойлар,
Жүрегімнің таңдайына қонды айбар.
Табиғатқа дауысымды жетеле,
Сүйген, туған топырағын..
Торғайлар!
Қара бүркіт
Қара бүркіт!
Ұшатын бұлыт ішінде,
Қайсар рухың қамшылап жүр түсімде.
Түйреп...түлкі-заманға бұл түскім бар,
Баяғыдай...
Қандыбалақ пішінде!
Көкірекке көктей кіріп сағымдар,
Көресіңбе...
Соғып өткен дауыл бар.
Көз алдымда, сырттаны жоқ байырғы,
Сырты бүтін, іші түтін ауылдар...
Арман маған, айтылмаған сөз әлі,
Тал қармаған тағдырлардың ғазалы.
Топырақтың қышқыл иісін тонаған,
Толқиыды әне, хан көшенің тозаңы.
Арғымақтар үркіп алға жүрмеген,
Сол көшенің түп жағынан түн көрем...
Қанжарласып қасиет пен қасырет,
Жан сарайда жатыр салып дүрбелең.
Қай мұңымды айтам барып қанденге,
Қалай көнсін үнсіздікке нар кеуде.
Көлеңкелер ордасыына тіленген,
Теріскейдің теңбіл тілі бар менде.
Қанатымен бұлыттарды ескен ежелден,
Қара бүркіт!
Зар күйімді сезер ме ең?
Рухыңның сәулелерін уыстап,
Көшпенділер кеңістігін кезем мен...
Бір тамшы қан, жанарымда тұнатын,
Тарағанша....
Тасқайрақ бол, қуатым!
Өзің ұшқан бәйтеректің түбінде,
Көкке қарап қол жайып тұр бір ақын!
АЛМАС ТЕМІРБАЙ
ЖАУАП ХАТМіне, тағы хат келді сағындыртып,Жүрген шақта тағатсыз жаным күтіп.Тұмарындай сезімнің Тəңір берген,Қастерлеймін хатыңды əрбір келген.Айдың күміс сəулесін шырақ қылып,Хатыңды оқып отырмын жылап, күліп.«Ұмытпа!» деп жазыпсың хат соңында,Сөзін қара түсерсің, қап, қолыма.Неге ұмытам? Сен жайлы түсім кілең,Жақсы ырым деп көптігін түсіндім мен.Мың қосылып жүремін, мың айырылып,Кейде шошып оянам Құдай ұрып.Айырылуым – алыста жүргендігің,Қосылуым – өтері бірге күнім....Қызық болды өткенде; жылы жүзді,Карта ашты сығанның сұлу қызы.Түйді сөзін: «Сіз оны сүймейсіз» деп,Мен жымидым: «Бал ашу білмейсіз» деп.Қыз сөзіне, қайтейін, нанып сонша,Сүйетінім бір сені анық болса!..
КӨКТЕМ, СЕН ҚАШАН КЕЛЕСІҢ?! Көктем, сен қашан келесің?! Мен сені сағындым... Күн нұры ойнаған күніңді сағындым, Бұлбұлы сайраған түніңді сағындым, Бәйшешек, сарғалдақ, жауқазын, қызғалдақ, Жыл сайын теретін гүліңді сағындым... ...Қар басқан қайыңның шынтағы тұр сынып, Теңселген теректер түнімен күрсініп. Ақ қардың астында жатыр ғой тұншығып, Көктемге жете алмай, о, қанша, тіршілік?! Ақ боран ұлып тұр қасқырдай уілдеп, Күтемін көктемді қалардай бүгін кеп... Қыс түссе, мен неге қыздарды аяймын, Қып-қызыл еріні жүретін дірілдеп... Көшелер гүл аңқып, ағаштар бүр жарып,Тіршілік тірілер аспаннан нұр жауып. О, қанша көліктің тұмсығы бұзылар, Көшеге қыз шықса ырғалып-жырғалып... Наурызды еске алып, көктемді жыр етем, Біреудің әкесін сықпыртып жүр әкем: «Жаңа жыл көктемнен басталу керек қой, «Бірінші қаңтар» деп шатасқан кім екен?! » Аязды, ақ қарды, ақпанды ұмытып, Боранда бүріскен шақтарды ұмытып. Жатсам ғой шалқамнан көк шөптің үстінде, Жатсам ғой жалаңаш кеудемді жылытып... Ақпан пен наурыздың арасы бір-ақ ай, Бір-ақ ай дегенің не тәйір, құдай-ай, Қанша рет мұңайдың, қанша рет өкіндің,Көктемнен көктемге жеткенше шыдамай?! Бүгінгі арманым ─ Ертеңгі жан-жарым, Биылғы көктемді мен саған арнадым! ...Әркімнің өзінің көктемі болады, Бұл көктем ─ сенікі, ала ғой, ал, бәрін... Көктемдей көкөрім кезімді сағындым, Алғашқы алдамшы сезімді сағындым. ...Өзгеріп кетіппін, өмір-ай, баяғы Өзіме ұнайтын Өзімді сағындым... Көктем, сен қашан келесің?! Мен сені сағындым, сағындым, сағындым... ҚЫЗ КҮНДЕЛІГІНЕНСен мені танымай қалдың ба,танымай қалдың ба, шынымен?!Қоңыр күз келердің алдындакірдім ғой түсіңе түнімен...Сол бір түс о, қандай тәтті еді,біздерге бір-ақ берілген.Сәтті еді сезімнің сәттерісүйген кез сыйқырлы еріннен.Елжіреп, еске алып бейнеңдіесер жел есікті қаққанда,Құмардан құр қалған кеудемдіай нұры аймалап жатқанда,Жеңілтек жан деме желіккен,сағынам, сағынам несіне?!.Тұрмын ғой тағы да келіп менал енді түстім бе есіңе?..Тағы да сені іздеп келеміншыдамай, Жаңа жыл алдында.Жаныма жар болам деп едің,Құдай-ай, ұмытып қалдың ба!?.Ұмытсаң, ұмытқан шығарсың,көнем бе, өлем бе... білмеймін.Кешірші, халімді ұғарсың,мен енді түсіңе кірмеймін..
РАХМЕТ, САҒАН, АНА...(Қазіргінің қыздарына құлаққағыс)Рахмет, саған, Ана, Мені тастап кетпегенің үшін, Жетім бала етпегенің үшін! Тектілігіңді жоғалтпай, Темекі де шекпегенің үшін! Рахмет, саған, Ана, Жаман жолға түспегенің үшін, Адал еңбек істегенің үшін! Балаңды ойлап болашақ, Арақ-сыра ішпегенің үшін!Рахмет, саған, Ана,Әркімді бір сүймегенің үшін, Әркімге бір тимегенің үшін!Ұрпағың үшін үнемдеп, Қымбат киім кимегенің үшін!Рахмет, саған, Ана, Маған бәрін әпергенің үшін, Мінезімді көтергенің үшін!Он екі мүшемді сау қылып, Дүниеге әкелгенің үшін! Рахмет, саған, Ана, Кінәм болса, кешіргенің үшін, Ауыр бейнет кешіргенің үшін! Ауырмайтын, аман-сау Адам қылып өсіргенің үшін! Рахмет, саған, Ана, Сенің әрбір жылағаның үшін, Жоқтан барды құрағаның үшін! Бақыты үшін балаңның, Барлығына шыдағаның үшін! Рахмет, саған, Ана,Арсыз іске бармағаның үшін, Аборт жасап, алмағаның үшін!Біздерді ойлап, шырылдап,Бар өміріңді арнағаның үшін!Рахмет, саған, Ана, Болашақ менің баламның атынан, Бұрынғы ата-бабамның атынан, Жеті миллиард адамның атынан, Он сегіз мың ғаламның атынан, 
ƏДЕМІ ƏЙЕЛӘдемі әйелЖаңа жылды жалғыз өзі қарсы алды,Келмей қойып көптен күткен аңсары.Көңілдегі көзайымын көрсетпей,Алдағы жыл алдар екен қанша әлі…Қашан, қашан қымбаттысы келеді?..Үш жыл күткен үміті еді ол, себебі.Қырсыққандай құр кетті ме, «жаңа жылЖаңа бақыт сыйласа ғой…» – дегені.Өзіне-өзі өткен жылы әперген,Патефонның үні естіліп пәтерден.Ескі үстелдің үстіндегі үш тал гүлЖатты солып… ((кеше өзі әкелген)).Көне сурет күлім қаққан төрдегі,Көре тұра, оған көңіл бөлмеді.Кенет, үш тал гүлді жұлды бір-бірлеп,«Сүйеді, жоқ, сүймейді – деп – ол мені…»Жаңа жылды тағы жалғыз қарсы алды,Биыл дағы былтырғыдай… шаршады!!!…Бір мас еркек көше кезіп түніменСол әдемі әйел жайлы ән салды...
АЛМАТ ИСӘДІЛ
БҮГІН...
Өзгерді бүгін қоғам -
Көз көрді түрін жаман.
Кез келді Ақиқаттың,
Көмейін тығындаған.
 
Тағдырды мойындадық,
Әр күнді уайымдадық.
Жақсылар жасып қалды,
Жаманның жайын бағып.
 
Күдіктен көңіл сынып,
Үмітпен өмір сүріп,
Өзгелер менсінбейді,
Бізді әлі тобырсынып.
 
Заңғардан өте алмадық,
Арманға жете алмадық.
Жылтырақ дүниеге,
Арбалып, неше алданып?!
 
Жасырып шындығыңды,
Ақыры сұмдық ұрды.
Алаштың - тірегі еді,
Ластадық тілді, дінді.
 
Тар жолда тығындалып,
Ақ жолға бұрылмыдық.
Мастанған төрелерге,
Мадақтау жырын жазып.
 
Ақшадан оңалмадық,
Жақсы адам бола алмадық.
Тілге тіл қосып алып,
Басқаша амалдадық.
 
Даланы күмілжітіп,
Қаланың уын жұтып,
Шындықты айта алмайсың,
Тұрса да тілің қышып.
 
Уақыт - құйын, боран -
Артына бұрылмаған.
Алдыңда жер қалмады,
Тұзақ, тор құрылмаған.
 
Әлі де тыйылмаған,
Бұрынғы қиын заман.
Жол кесіп Батыраштар,
Жасап жүр бұрын қадам.
 
Құйғытып Құлагермен,
Асқанда құба белден,
Баяғы Батыраштар,
Балта алып, шыға келген...
 
ЖЫЛЫЛЫҚ
Әкемнен қалған жылылық,
Шешемнен қалған жылылық.
Лебіңе жүрем жылынып...
Сарсаңға түскен сәттерде,
Мұз болып қатқан көңіліме,
Көктем боп келдің жылымық.
Бабамның салған жолымен,
Әйтеуір, келем сүрініп,
Әлсіздігім де білініп...
Бір Алла берген ғұмырдың
Көшіне әрең ілігіп.
Ей, Әлем, сен де бір ұлдың
Айтылмай жүрген сырын ұқ;
Бақыт та кетті қона алмай,
Басымнан кері бұрылып.
Уақыт та кетті таба алмай,
Ақыннан кінә, бір ілік.
Шытынап түйсік-терезем,
Аязды күнгі атыздай
Айғыз да, айғыз тілініп.
Ағадан көрмей ірілік,
Кішіден көрмей інілік.
Аспалы көпір шетінде,
Тұрғандай болам ілініп.
Сондай бір сұрқай сәттерде,
Әкемнен қалған жылылық,
Шешемнен қалған жылылық -
Лебіңе жүрем жылынып...
Маңымда қалған жақсылар,
Сендермен қайғым жоқ шығар,
Болыстың маған жұмылып.
Жаныммен сүйдім бәріңді,
Алдыңда белім бүгіліп.
Сыртымнан өсек боратқан,
Басыма пәле жалатқан.
Жандарға кінә тақпаймын,
Жатсам да жолда жығылып.
Өйткені менің бойымда,
Жағып тұр Өмір шырағын -
Әкемнен қалған жылылық,
Шешемнен қалған жылылық.
Тағдырға көндім амалсыз,
Жетелеп алға бір Үміт.
Біресе Мысым басылып,
Біресе Рухым тіріліп.
Ескексіз қалған қайықтай,
Жанашыр адам жолықпай.
Болам деп жүрген кезімде,
Өмірдің сырын ұғынып,
Бәріне мені үйреткен -
Әкемнен қалған жылылық,
Шешемнен қалған жылылық.
Және де
Өлеңнен қалған ұлылық.
 
 
«АҚЫРЗАМАН»
(аяқталмаған картина)
Өмір жайлы көп ойды талдап, теріп,
Қиялының түкпірін барлап көріп.
Суретші шал бір күні ниеттенді,
"Ақырзаман" суретін салмақ болып.
 
Сұр кенепті ағашқа керді-дағы,
Палитраға бояқты көрді жағып.
Өзін-өзі сезінді баратқандай,
Тылсым тірлік сырына енді қанып.
 
Қылқаламы бір кезде кідіріп қап,
Жалт етті де жоқ болды жылымық сәт.
Суретшінің қолы да дір-дір етті,
Тірелгенін білдіріп тығырыққа.
 
...Айтушы еді өнерде жол қиын деп,
Талқан қылды көп ойды зор құйын кеп.
Суретші шал бояқты жиып қойып,
Сұр кенепті қалдырды сол күйінде...
 
ҚАЛА КӨРМЕГЕН АҒАМА ХАТ
Аман ба ауылдағы ағайындар,
Аман ба атқамінер бағалы ұлдар?!
Аман ба аталарым, әжелерім,
Беттерін - әжім басқан, самайын - қар?!
 
Аман ба бала-шаға - уаймы жоқ,
Аман ба әкім-қара - айыбы көп?!
Қазақтың тілейтіні - жан саулығы,
Болмаса, қу дүниенің қайыры жоқ.
 
Қоңыр тірлік, қараша үй, қараша ауыл,
Төзіп жүрген кәріне қарашаның.
Қайран әжем, жөнелтіп қара шалын,
Жалғыз ішіп қалды ма қара шәйін?
 
Қала десе ат тонын ала қашар,
Ауыл жақтан келмей жүр хабар-ошар,
Далада еркін өскен есіл ағам,
Сіздіңше ауыл-жақсы, қала-нашар.
 
Соқпай кетті, ә ауылға «Ауыл жылы»?!
Азаймады тірліктің ауыр жүгі.
Ұялы телефон да ұстамайды,
Керек емес ешкімге қауым мұңы.
 
Жаһандану Рухымды қанап тынған,
Бұл «майданда» тағы да қазақ құрбан.
Мен де жаңа ғасырдың ұрпағымын -
Болашаққа балконнан қарап тұрған.
 
Аға, солай өтуде даңғаза күн,
Арасында алқызыл жарнаманың.
Батысқа бет түзеген көшімізді,
Шығысқа  қайтаруға бар ма амалың?
 
Иманынан барады жұрт тоналып,
(Кетер ме еді шіркін-ай, күрт тазарып!)
«Алдымен ел болуды ойлайық» - деп,
Ашынушы ең ащы су ұрттап алып.
 
Біздікі сол - бетон үй, кеңсе, қала,
Көресің ғой барлығын келсең, аға.
Мен де ауылды сағындым,
Барам, бірақ -
Бастық жазда демалыс берсе ғана...
 
«ЖАБАЙЫ РОЗА». ҚАРА СИЫР...
Кешқұрым мезгіл. Сиырын сауып
Болған соң, көне киімін қағып -
Үйге енді әжей, мал қора жаққа
Бұрылып, көздің қиығын салып.
 
Шалы отыр төрде - түр-түсі семген,
Жүретін ылғи қырқысып елмен.
Келіні болса - кенже баласын,
Жұбата алмай жүр, ұйықысы келген.
 
Шүйілтіп қалың қабағын ана,
Күңк етті оған - баланы қара!
-Теледидарды қосыңдар кәне,
Басталып кетті «Жабайы Роза!»
 
-Бейшара қыздың бағы жанбады...
Деп, кемпір жайды тағы болжады.
Әдеттегідей, бір кезде сөніп,
Ауылдың таңға шамы болмады.
 
-Тауысып ішіп қалған арақты,
Өкіметке айтып бар жаманатты,
Көсіліп сөйлеп, көсемси бермей,
Бір қарап қайтшы мал қора жақты.
 
Деді де кемпір, ауыр күрсінді,
Мазалап бір ой жанын біртүрлі.
Шал болса қамсыз шалқайып жатты,
Қарсы алды солай ауыл бұл түнді.
 
Далада иттер жарыса үріп,
Сала бастады тағыша бүлік.
Тағы да кімдер нені бүлдірді,
Әлдекімдердің тауы шағылып?..
 
Көрініп күннің сұлбасы жаңа,
Шал ерте тұрды - тұлғасы дара.
...Қорада тұрған қара сиырдың,
Қалыпты ала бұйдасы ғана.
АМАНГҮЛ МҰРАТБЕКҚЫЗЫ
Шырын қызым
Төгілгендей арнасынан өлеңім,
Қуанышымды ақ қағазға төгемін.
Шырын қызым сен келдің де өмірге,
Таусылмайтын бар бақытқа бөледім.
Шырын қызым, айдай әсем таң жүзді,
Сен жалғадың ғұмырымды алға ізгі.
Сен туғанда бар шаттығым теңіз боп,
Сол теңізде жыр шағалам таң жүзді.
Сен туғанда шырқап салдым асқақ ән,
Шат заманда сыйлап келдің бақ маған.
Өнерлі боп,өрелі боп өсе ғой,
Балдай тәтті сенің әрбір қылығың,
Бақытты боп өсе қойшы, Шырыным.
Екеуіңе бақыт сыйлап өтем ғой,
Ұза болсын, қос құлыным ғұмырың.
Өмірім менің өлеңім
Өмірім менің өлеңім,
Ойымды баптап өсірген.
Қиялдың қанат құсымын,
Бақытты тірлік кешірген.
Өмірім менің өлеңім,
Шуақты күндей таңғы әсем.
Ақ жағалаулы өзенім,
Сарқырап ағар арнасы ем.
Өмірім менің өлеңім,
Ізгілік жердің кенішін.
Үміттің өршіл биігі,
Арманның асақ өрісі,
Өмірім менің өлеңім.
Жұлдыздай көкте тұратын,
Халқымнан тауып керегін.
Кешегі елдің мұратын мұратын,
Таусылмас шәрбат бал дәмді.
Мәйек қып тынбай өлеңді.
Шарлаймын шексіз заңғарды,
Өмірім менің өлеңім.
Көсегем деймін көгерген.
Жетелеп ойды шегерген.
Арғынбек Мақсатұлы
Шаршатты жаңа қазақ салты мені
Шаршатты жаңа қазақ салты мені
Солٴ ошын бабам қанын сарқып еді.
Кадімгі тор төбелше жерді тарпып
Кснейді анамның алтын ері.
Кім дұрыс түснеді
Мен ғана естдім, ер кснеді.
Кадімгі тор төбелше жерді тарпып
Есіме бала күнді түсіреді.
Мен ғана естдім, ел естмеді
Ер тозып жоғалады ескіреді.
Менің сәби жүрегімді шынқтырып
Таудың қиын жолмен көш жүреді.
Балалық-ай! Құдаймен тілдесетін !
Әр көш сайын анама мнгесетін.
Төртөбел қандай қиын болсадағы
Сүрінбейді деп шалдар гулесетін.
Береді уақыт өзі сиңды алдан
Сиңды ал да, аллаға сиын қарғам.
Деп анам тыншталды, тағы айтарым
Тор төбелше сүрінбе деп қыйндардан.
Таудың қиын жолында көш келеді
Есіме алғым келмейді ештеңені.
Тор төбелдің кшкене төбелндей
Маңдайыма бір бақыт жазған шығар.
Арғын өлді
Қара аспанға
Мендік жұлдыз ٴсонды енді
Мүмкін үлкен құпиялық ашарсың.
Арғын өлді,
Аңыз қылған сені елге,
Айдалаға
Қашарсың...
Естмеуге мұндай сұмдық хабарды.
Мен оқыған өлеңдерді тағы әлгі...
Арғын өлді,
Деген хабар тараған,
Ғасыр болды
Естіп алған бар адам.
Тек сен ғана, естмедің
иіт тірлік
Сол ақынды қаншама рет талаған...
Тек сен ғана естмедің естуге,
Дәтің білем жетпеді.
Симай кеткен бұл сұмпайы бес күнге,
Тентек бейне көзалдыңнан кетпеді..
Өлді арғын көз жасына тұншғып,
Саған жақсы жыр арнауға құлшнып.
Қабырымның басында ескі жылама,
Келеді әне күн шығып...
Бұлттың суық қабатында
Күн бояуы сңген сарғыш ауамен
Жанымды емдесем бе,.
Бұлттың суық қабатында тосам сені
Мені іздеп келмесеңде.
Бұлттың суық қабатнда сағншым,
Күн сәулесі жылу таппай қашатын.
Исңнің әсерімен емделіп
Өзің жайлы түс көреді жас ақын.
Түс көреді әлденеге қызығып
Сабағынан кетер бәлкім үзіліп.
Қанатымен жүрегімді тілгілеп
Барады ұшып тырна сезім тізіліп.
Тырналардың тырауына елткен
Көлеңкенің бійлегенін көріп пе ең.
Екеуміздің сұлбамыз ғой жел тербеп
Жербетне түсіп тұрған сағымы....
АРДАҚ ОШАНҰЛЫ
Көк тудың көрімдігі
Тауға қарап ұлымау қасқырға сын
Білдім де сағыныштың жатқызбасын
Аңсап жүріп ақыры Атажұрттың
Іргесіне тіредім аттың басын
Жаттың көзін жасқантар айбаттары
Күндіз түні күзеткен нән қақпаны
Сәлем беріп алдымнан арсы алып тұр
Шегарасы қазақтың солдаттары
Айналайын азамат солдаттарым
Сағындырған о менің қандастарым
Сендерсіңдер қорғайтын жау жаладан
Атажұртың ерке абат аймақтарын
Күні күліп тұратын аспаны бар
Емес еді ау жай мекен жатқа қияр
Енді бір сәт мұрсам жоқ аялдайтын
Міне құжат, әне жүк ақтарыңдар
Енді менің жайым жоқ шетте жүрер
Алабұртқан жанымды ескеріңдер
Алып ұшып барад асау жаным
Өткізіңдер тезірек тексеріңдер
Көріп көріп алды да жайлап бәрін
Маңайымажиыылды солдаттарың
Құжатымның барлығы толық еді
Тұрып қалдым біле алмай жай жапсарын.
Аға, деді, сағынған екенсіз де,
Біздің жүрек ауырады ма екен сізге.
Құжатыңыз дұп дұрыс, ал, тоқталма,
Көк туыңды сүйесің, өтесің де!
Босағанмен үзілмес көңіл жібі,
Бұдан артық не сөз бар өмірде ұлы?!
Қойыныма қолымды салдым дағы,
Қане, ал інім, көк тудың көрімдігі?!
Жас дәурен жыры
Сезімдер қайда сүйкімді,
Жанарға мөлдір жас келген.
Келтірмей түнде ұйқымды,
Барады жылжып жас дәурен.
Бұлдырап қайда жатыр ау,
Біз жүрген қайран таныс бақ.
Күлкімен назың япырау,
Кеткен бе көші алыстап.
Қараймын бүгін қия алмай,
Жас өмір өр ме, еңіс пе?
Ұясын салды ұялмай,
Иекке қалың періште.
Наздарын айтқан жарысып,
Көргенде менің төбемді.
Басқамен кетті табысып,
Кешегі қыздар жоқ еді.
Көбінің тойы болды ғой,
Кер марал өңшең керімдер,
Түске де енбей қойды ғой,
Қып қызыл тәтті ерәндер.
Тұрушы еді жарып мұрынды,
Аңқыған әтір, далаптар,
Қайда екен қайда бұрынғы,
Ақ ұлпа аппақ тамақтар.
Ұмытсын қайтіп тірі адам
Жоғалды қайда сұлулар,
Кешегі біздер сылаған,
Иықтар, белдер, бұрымдар.
Шырыннан шіркін сорушы ек,
Бізден де талай із қалды,
Күлдіріп ала қоюшы ек,
Жылата салып қыздарды.
Тамырға тарай жүгірген,
Құрбының ыстық қалжыңы,
Ойланып тұрсам бүгін мен,
Тек елес екен барлығы.
Қаншама әнді шырқадық,
Нұр еді, бәрі гүл еді.
Мұңайып қайтем мұншалық,
Қасымда қалса біреуі.
Сағыныш тұр ғой, меңдетіп,
Қыздардың сол бір бәрі есте.
Отырма бүгін тербетіп,
Барлығы бір бір нәресте.
Жо әлдн біздей кексе боп,
Бауырға арап бүлдіршін.
Кешегі қызық есте жоқ,
Тамсанып жүр ме кім білсін.
Айналды қалай сағымға,
Жұтты ғой уақыт шайнамай.
Дәл қазір менің жанымда,
Осқылап жатыр найзағай.
Кезінде судай тасыған,
Көңіл шын бүгін ауырды.
Қыздардың көрем қасынан,
Бозөкпе бүгін бауырды.
Қуалап бізден жас шақты,
Інілер алды майданды.
Бұлар да енді бастапты,
Біз салып кеткен сайранды.
Ыңғайға қайтіп көнерсің,
Біз айтпай кеткен қайсы ән бар?!
Ағалап отыр не дерсің,
Бүлдіршін қыздар, сайтандар.
Кішкене, әттең, кішкене.
Қарындас бәлкім келіндер.
Сөйтсе де, қарғам, сүйкене,
Келіңдер, биге, келіңдер!
Сыңғыр да сыңғыр сыңғырлы,
Естіліп жатыр не сырлы үн,
Демей ақ мынау бүлдірді,
Бауырлар үнсіз кешіргін.
Сүйе алмай сұлу меңдерді,
Не дейән саған, жас, қыздар.
Торып жүр бүгін сендерді,
Бізден де пәле қасқырлар.
Сұлудың ара көзінен,
Қараңғы түнде жас та емген,
Келмес ау қайта сезінем,
Барады көшіп, жас дәурен.
Тауға барып келейін
Жексенбі мен сенбіден пайдаланып,
Тауға барып, келейін, тауға барып.
Көршілерім аман сау жатыр ма екен,
Көш алдынан шығатын айран алып.
Әлі есімде, барлығы әлі есімде,
Шам жағатын, матырып кәресінге.
Аунап, қунап, бір түнеп қайтайын да,
Әкем марқұм сап кеткен ағаш үйде.
Тағдырыма қарадай бұлданғанша ақ,
Бүгінімнің соқпағын тыңнан жасап,
Бозайғырдың бозала үйіріне,
Ащы төгіп қайтармын тым болмаса ақ.
Беткейінен шіл шулап, ұлар ұшқан,
Арман еткен бір балаң тұр алыстау.
Біз көшкенде қалып ед жетімсіреп,
Балалығын ұрлаған кәрі қыстау.
Қарлы таудың қаһарлы өатпарында,
Ойнап өскен жігіт ем ат жалында.
Бөрінің де дауысын сағынамын,
Бейқұт үйде қамалып жатқанымда.
Бәрі есімде қойнауы, беткейі де,
Таныс ді қарғасы, кептері де.
Ата қоныс алаңдап жатыр ма екен,
Алты ай қыста бір бармай кеткенміде.
Тауға барып келейін, тауға барып,
Тауда қалған тағдырым таңбаланып.
Тауда өскен қазақтың жүрегінің,
Тауға қарап ұлуы айдан анық.
АСЫЛЗАТ АРЫСТАНБЕК
Бесінші маусымТөрт-ақ маусым, төрт мезгіл, төрт құбыла, Талайына пенденің шақ ғұмыр,ә?! Бір маусымнан көшкенше бір маусымға, Басыңнан да көшеді бақ құбыла. Бақ көшеді, қонады қайда барып, Ақын отыр аларып, Айға налып. Құлагер-қаламына мініп алып, Қалыңдық іздеп кетті бойдақ әріп. Аспанда алақанын жайған Ай-ды, Алайда ол да бізді ойламайды. Қаламын жетектеген әріп-ақын, Қағаздың аппақ тәнін аймалайды. Тағдырдың тісін санап кетілмеген, Келеді ақын тобыр, нөпірменен. Екі ғасыр өмірге бұрын келіп, Еліне жаны ашиды жетілмеген. Ес – бүтін, ақыл – аман, сана – сергек, Өмір өзі жүзіңе салады өрнек. Бесінші бір маусымды күтіп ақын, Бейітінің басында қала бермек. Қыс өтер көрпелері құрақтанып, Көктем келер көзінен шуақ тамып. Жаз бен Күз, сонан кейін тұрады ылғи, Тағы да бір маусым бар сияқтанып. Төрт маусым жол тартады кезеңдерге, Тағдырдың талқысына төзер мен бе? Беу, ақын, бұ жақта емес, бақи жақта, Бесінші маусым барын сезем мен де.
КӨЗҮш көзім бар, дір етпе, Екі көзім маңдайда, үшіншісі – жүректе. Екі көзім көре көзге алдайды, Кешіп өмір мәз әнін. Үшіншісі көргенінен танбайды, Жүрек нені көрсе, соны жазамын. Иә, солай, үш көзі бар кісің мен! Кей маңдайдан екі көздің орнынан, Екі безді көремін мен ісінген. Көз қуанса, көңіліңнің жуылады кірі кей. Кейбіреудің екі көзі – екі көр, Жұтады да жібереді тірідей. Көз көрместі көргенімен жүрегі, Үндемейді. Қақпан дей ме құрулы. Кейбіреулер жалғыз көзбен жүреді, Оның өзі жұмулы! Иә, ол да жұмулы, соқыр қоғам сорын-ай, Жалғыз көзбен қарау қайда жаһанға, Құнанбайдың құдіреті дарымай. Бас болған соң көз болуы заңдылық, Адамизат табиғатқа телиік, Бірақ мынау бассыз елде қаңғырып, Көзсіз бастар бара жатыр көбейіп! Сабыр, сабыр, жүрек-көзім кектенбе! Астафралла! Ал мына бір адамның Басы түгел ауыз болып кеткен бе?! Түрі жоқ қой кілең көзден арланар, Дүниенің шындығы мен сұмдығын, Ауызымен көре ме екен сонда олар? Құбыжықтай басқа біткен құлқыны, Көмей текті аңырайған ауызға, Көзілдірік кигені де күлкілі. Ол ауыздың іші боқтық, салақ тіл, Мына бастың көзі түгел болғанмен, Екі көзі екі жаққа қарап тұр. Қайран қазақ, өзді өзін алдаған, Құлыншақ қыз қадап апты көзмоншақ, Кімнің көзі тиеді екен сонда оған? Көзмоншағы күннің нұрын қарығыр, Көзсіз бастар көріктінің бәріне, Көңілдес деп қарайды ғой бәрібір. Айналамда кілең соқыр, қырт-қамау, Шамасы: Бірін бірі көзге шұқып құртқан-ау. Осы шығар көр-ақырдың жеткені, Өз өзінің көзін шұқып, көк көз бен Қысық көзге құл болғаны неткені?! Қасіретті, адамзаттың соры нақ, Ақиқатты көргің келсе, ей, соқыр, Жүрегімді берер едім ойып-ақ! Осы менің көргенім, Екі көздің көргені сол – дарақы, Өз көзіме өзім сенбей, жүрегіммен қараймын, Ал жүректің көргені – одан өткен сорақы! Көзсіз өмір өмір дейді сайтаным, Сайтаныңды енді қалай жеңесің. Илана алмай Иллаһымды айтамын, Төбемізден КӨЗ қарап тұр дегесін! P. S. Ал Сізде Көз бар ма?
«Енді ешқашан сүймеймін!» деп сөз бергенАдастым да жарық күнде жол таппай,Арт жағыма қарай бердім жалтақтай.Жердің жүзін шарлап кеткім келеді,Жүрегімді қоятұғын жер таппай.Күйбең тірлік батырмайды балына,Сүйген жүрек ең әуелі сор татпай.Оқылмай-ақ тозған көне кітаптай,Отыз жылым өтті зулап сынаптай.Отырғаным мынау енді ой бағып,Сыр мен жырым жанымды үгіп шыдатпай.Бір меже бар Аспан жақта, сол жерге,Өлеңімді апарсам-ау құлатпай.Сабақ алып жаңылысқан кездерден,Қарап алып ішкі түйсік көздермен,Қарсы сұрақ қоятынды шығардым,Қайқы маңдай қаһаныңа кез келген.Ұйықтап кетіп, отыз жаста оянып,Мықтап тұрып сияқтымын өзгерген....Жүрек құрғыр тек сөзінде тұрмайды,«Енді ешқашан сүймеймін!» деп сөз берген.
МінезАдамзаттың таусылған ба құмары, Болған емес бір мінезде тұрағы. Менің өзім бетпақтанып кей кезде, Беттен алып ұрысқым кеп тұрады. Әр күнімді жүрмін міне парақтап, Дейтін анам «аяғыңды санап бақ». Салмақтырақ көрінгенмен кетеді-ай, Қызғаныштың қызыл иті жалақтап. Тапсам деймін бір бағытта тек тұрақ, Түніменен мазамды алар көп сұрақ. Тегі қымбат өлең жазып жүрсем де, Кейде арзан өсек айтқым кеп тұрад. Жүрем кейде көше кезіп сенделіп, Түнде отырам есті сөзбен «емделіп». Алла мені адам қылып жаратса, Өмір мынау жіберіпті пенде қып. Атақ қуып сыймай кетем өлкеге, Долданатын кездерім көп жер тебе. Ақындығым аламанда алдырмас, Әйелдігім – ол өзінше бір төбе.
СҮЮДІ БАҚЫТ ДЕЙТІННІҢ БӘРІ...Сүйіп те тұрып, сүйікті болып,Сетінеп жаным, шерленем,Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,Әлі де сүйіп көрмеген.Адасып барып, таласып-талып,Сүрініп, сосын, ес кірді.Адамның нағыз бақытты шағы –Сүймеген кезі ешкімді.Жылынып барып, жұлынып-жарып,Жүрек көзінен жас тамад.Махаббат оты тұтанған күннен,Бақытсыздықтар басталад.Көрінбес көзге елесті қуып,Көңілді, сосын, бір демдер.Адамның бәрі сүйіскен сәттен,Бақытын іздеп жүргендер.Санасы әбден ескірген деме,Санама жасық, пасыққа.Бақытты болғың келсе егер, досым,Сүюге онда асықпа!Адастым дей бер, адамның бәрі,Бақытқа сендей асыққан.Бақыттымын деп айтпайды бірақ,Себебі, олар – ғашықтар!Өзім де – тұтқын, шыға алмай келем,Жүректей жұқа бөлмеден.Сүюді – бақыт дейтіннің бәрі,Ешқашан сүйіп көрмеген.
Әбілмәжін Орысбайұлы
Тағайын қайтып елге мін
Қазақты жікке бөлмедім,
Жіксіз қазақты көрмедім.
Жіктерін жымдастырсам деп,
Өзімше қару жөндедім.
Адал ниетімді арқау қып,
Қылыш қып тілды сермедім.
Адарғым②-ара қатынас,
Оны да қолдан бермедім.
Бірлігі бекем өмірдің,
Тоқысам деп ем өрнегін.
Дат басқан кейбір көңілдің,
Шұқысам деп ем шөлмегін.
Жіктелген жіптер бірікпей,
Шатасып жатыр өрмегім.
Есіктен озбай еңбегім,
От ашып жатыр төрдегім.
Балақтан тартса жердегім,
Тұмсықтан қақты өрдегім.
Жондарын теріс қаратып,
Жол бермей қойды белдерім.
Айналам шалқар көл дедім,
Көлде де кейде шөлдедім.
Көлімді лайламайын деп,
Ескегімді ептеп тербедім.
Жікшілім айтса ермедім,
Мінім боп шықты ол менің.
Туада бөлек боп шықты,
Тұлғасы бір деп сенгенім.
Жер басып жүрген пендемін,
Тағайын қайтып елге мін.
Ит талас көрген түсімді,
Бақталас етіп көрді өңім.
Тартысқа салды көнбедім,
Талап та көрді өлмедім.
Өзгеден көрмей дертімді,
Өзімді өзім емдедім.
Тұлпарым-жырым, жемдедім,
Қуаныш, мұңым теңдедім.
Бақытым, барым сол менің,
Ақылым, арым, еңбегім.
Ескерту: ①қылыш, ②адарғы-бұлар өрмек тоқуда істетілетін ағаш құралдар.
Қайың сауған
Қазынам-қартым, тауым бар,
Тауым да тұнған әным бар.
Бәрі де толған сыр-тарих,
Жартастар, Шырша, Қайыңдар.
Қайыңнан еске түсіп тұр,
Кешегі аштық, уайымдар.
Қазақтың төніп басына,
Сүркейлі қара дауылдар.
Қайың сауған жылдары,
Жер құшты қанша бауырлар.
Ата жұртынан айрылып,
Тоз-тозы шыққан ауылдар...
Сақтапты қайың сауса да,
Салт-Сана, Тілін, бәрін дәл.
«Орнында бары оңалып»,
Жайнады қайта қағырлар.
Бүгін де осы тауым да,
Жасаған бейбіт қауым бар.
Ақ балтыр қайың секілді,
Бұралған әппақ арулар.
Қайың сауғаны несі дер,
Қарны тоқ біздің нар ұлдар.
Саналарында бар ма екен,
«Елім-ай!» лаған сарындар.
Дәстүр мен Тарих, Ана тіл,
Адамдық адал танымдар.
Кім бұны жоймақ болса егер,
Сол менің ата жауым дәл.
Бақытты мынау заман ғой,
Демеймін қайың сауыңдар.
Ай маңдай ұлдар, арулар,
Жараса сөзім алыңдар.
Ұмытпай өткен күнді де,
Тыңға да түрен салыңдар.
Қайың сүті емес, Халықтың
Уыз жырына қаныңдар.
Қайыңнан алған қағаздай,
Кір шалмаған арым бар.
Дәстүрім, Тілім деп шөлдеп,
Қайың сауғандай жәйім бар.
Мұқағалиға

Қашық кеткен арманың,
Орындалды Мұқа аға.
Шашып кеткен маржаның,
Қолымда жүр Мұқа аға.
Мірдің оғы әр сөзің,
Жарқылдаған жасын ең.
Тұяғында бар төзім,
Тұлпар екен «бәсірең».
Қызығына бес күннің,
Алданбадың сен мүлде.
Жырларыңды ешкімнің,
Жыртпасына сендің де.
Кеттің жырақ зымырап,
Тұлпарыңа міндің де.
Еккеніңді жиып ап,
Азық еттік бұл күнде.
Бір-бірімен таласып,
Өзегіне шоқ түсіп.
Қала берді адасып,
Сені қуған көп күшік.
Құлаймын деп хауып қып,
Өрге тарттың құламай.
Бүгін сені жарықтық,
Қасына алды ұлы абай.
Жыр жолында ту ұстар,
Сиынарым және сен.
Атаң таққан құйысқан,
Жоғалмапты бар екен.
Аңызындай гректің,
Қырқысады көп құдай.
Бірақ нағыз жүректің,
Ешбірінде жоқтығы-ай.
Ала қашып тулаған,
Тарпаңдық бар тегінде.
Қамқор атам сыйлаған,
Бәсірем бар менің де.
Келем солай зырлатып,
Сөз айта алмай бір нұсқа.
Уақытымды ұрлатып,
Алдым білем тұрмысқа.
Қағаздарым әлі аппақ,
Көп өшірем түзетіп.
Сөз асылын сараптап,
Сен тұрма деп күзетіп.
Бәйге алаңында
Қазаққа мынау ат шабыс,
Салтанат әрі мақтаныш.
Ат бәйге салған жігіттің,
Атағы тарап кетті алыс.
Тұлпар жарыс салғаны,
Тулап бір тұрған арманы.
Рухы үстем халықтың,
Бұл да бір биік талғамы.
«атқа шапса баласы,
Тақымын қысқан анасы» .
Жылқы жанды халықтың,
Жиналғанын қарашы.
Дауысын көптен оздырып,
Аттардың жәйін сөз қылып.
Төреші жүр айғайлап,
Желігін жұрттың қоздырып.
Жарысқа қарап мына елдің,
Жыгер оты маздап тұр.
Дүбіріне еріп тұлпардың,
Ұшып кете жаздап тұр.
Тұлпар болып майданға,
Түсіп кете жаздап тұр.
Төбеде ойнап құлағы,
От шашып болат тұяғы.
Құйындай ағып барады,
Даланың өңкей пырағы.
Екпіні дауыл соқтырып,
Арт жағын шаңға бөктіріп.
Ағылған аттың көз алдын,
Сұрту де қандай ептілік.
Таранған жалын ту қылып,
Шықты әне күрең сурылып.
Таяп та қалды көмбеге,
Маңдайы жанып туды үміт.
Тебініп, жебеп саңлақты,
Ұрандап бала зар қақты.
Жандаса шапқан даяшы,
Шылбырға келіп жармасты.
Дүрлікті қауым жол бермей,
Жылқыны жаңа көргендей.
Ат емес шептен баласы,
Жеңіспен қайта келгендей.
Әділбек Жәкейұлы
Менің көркем мекенімде Жетарал
Менің жомарыт жер анам да жеті арал.
Екеуі де баспанам
Екеуі де тас молам.
Айналайын аман болсын тіршілік,
Жер бетінде адам ата бастаған.
Отаулары көк шалғын ба ? Тоғай ма ?
Жасыл шымылдық жапырақ шығар қалайда..
Ұлы жерде, үліңгірде сау болсын,
Хау анамыз жұзын көрген көл айна.
Табиғатқа табиғат боп сүйенген,
Түрмесі жоқ тарихымды сүйем мен.
Қан аңсаған қаруы бар қолдарды,
Хауа топырақ құрсаулай тұс киеңмен.
Тарихымның қасиетты бар сыры,
Керуен ол және де итің арсылы.
Қорқыт болып ажалынан қорқарма,
Ана-жердің алтыбақан алты ұлы.
* * *
Барлығына шыдап келем :
Жалғыздыққа, жарлылққа,
Сезімдегі дерткеде.
Жылымға да түсер едім өрткеде.
Жол қоямын жарлығына өмірдің,
Қол қоямын қасамғада, серткеде.
Топшымды мен тасқа соққам қонарда,
Өрттей өмір түлкі қашқан сонарда.
Тар соқпақпен тайғанақтап жол алғам,
Екі нәрсе сарғайтады өмірде :
Балалығым, қара бұрым жоғалған.
Кеселді өмір кермек мұң,
Сортаң тағдыр сорлылау боп ержеттім.
Жеті құрлық жетім балаға ұқсаса,
Кім уатар тербетіп.
Мен ғана емес қапалы,
Патшаның соңғы күні батады.
Омырдың бе ? Күнің нұры әлсіреп, ?
Ана-жерде аппақ мұз боп қатады.
Сүрінбейді уақыттың тұлпары,
Жағаң түгіл кебініңді жыртады.
Соңғы күнге бейбіт жасап жетерме,
Адамзаттың алаңғасар ұрпағы.
Он сегіз жас
Он сегіз жас сырым-жыр,
Он сегіз жас бұрымдым...
Бәрі қазір қашықта,
Қой шулайды қырылғыр,
Жерме өзімді ашықса.
«Ас болады» алты айда,
Жанымды жеп семіріп.
Шар сауылқтар қартайған,
Ғұмырымды кеміріп.
Алты ай жазым алтайда,
Шілдесінде қар жатқан.
Алты ай қысым құбыда,
Сексеуілі зар қаққан.
Тықыршыса кер бесті,
Жарқылдап күміс пстаны.
Қара таудан ел көшті.
Барар жері қыстауы.
Жоқ...тұлыктен түңілмен,.
(Бабам өмір өткізген).
Тарихымды бүгінге,
Нар арқалап жеткізген.
Ақ сарбастың қанында,
Арғымақтың жалында,
Қара нардың қомында,
Қара таудың жонында,
Көк бөрінің ізінде,
Ақ семсердің жүзінде,
Жатыр менің тарихым мен тағдырым.
Бақытым мен байлығым,
Қуаныш және қайғы мұң...
Нарын құм
Сәби қиялым көк бөріңді ерттеген,
Қызғыш құс жырлар серттерім жетпеген.
Бұйрат құмдар буралар жайылған,
Өркешіне сексеуіл көктеген.
Шілдеде қаталап құлан қаңғырған,
Жыланың басына қыран саңғырған.
Өлі түндердің ұйқысын бұзып,
Айсыз аспанда ұран жаңғырған.
Көштердің ізін көшкен құм жасырған,
Кешкен күн ызын өткен күн жасырған.
Моласыз ерлердің ерлігін бізге,
Жырлары жеткізген өткен бір ғасырдан.
Қаралы нарын құм мың жылға қайғы алған,
Қарға, құзғындар құм жылғада айналған.
Ерлер өлгенде ермен тұл болған,
Ереуіл аттар жыңғылға байланған.
Қанымен ұрпаққа жетпек көп кек мейілі,
Жетім жел үнін көкбекке септейді.
Махамбет қайғысы белін опырған,
Құм түзгендері екпеттеп көктейді.
Бір елі балықты, екі елі балық жұтқан,
Мен ойлаймын құмдар байырғы теңізбе екен деп.
Омырмен өлім егізбе екен деп,
Омырымды жұмсап нені іздесем деп,
Нарын құмын ойласам...
Ертегі емес......
Күлме сен қарғам біле, біл,
Мұңайып ағаң жазса арман.
Ертегі емес бұл өмір,
Патшаның қызын тазша алған.
Күлме сен қарындас біле жүр,
Көзінен көңілі көрінген.
Ертегі емес бұл өмір,
Жезтырнақтары жеңілген.
Шалғұйырық шапқан белдердей,
Көкебұлақтың бөктері.
Түндерде тоссаң кезігердей,
Перінің қызы бектөрі.
Тор көзды сауыт жамылған,
Ер едім бір үй толардай.
Айды алқа етіп тағынған,
Арулар ғашық боларма?
Байлықты кешіп белшеден,
Бірдеме қайыр тілеймін.
Безініп аққу көрпеден,
Тас молаларға түнеймін.
Құрдастан дос жар кешеде,
Жүрегім кейде қорқады.
Мыстан кемпірләр көшеде,
Бикешке айланып жортады.
Қара тауларды құлата,
Тәукөшірерді тебер деп,
Мені де күткен бір ата,
Өмірге қашан келер деп,
Қолына семсер ұстанып.
Ақымақ ханды білемін,
Таңданба қарғам сен маған.
Көл таусармен бірге түнедім,
Таңданба қарғам сен маған.
Еместі...
Бірақ ұқсайды,
Ертеггі өмір оңбаған,
Ертегі емес бұл өмір.
Құлақ асқаның жөн маған.
ӘЛІБЕК ШЕГЕБАЙ
Туған жер
Мен жаныммен сүйемін осы ауылды, Мен қаныммен сүйемін осы ауылды. Қалай ғана сүймейін, Қалай ғана, Кіндігім мен кессе ол тұсауымды.
Сүйем оның іңірін, ақ таңын да, Сүйем оның өзен, көл, бақтарын да. Сүйеніп тұрып талай мұң шаққанмын, Маңдайыма тас тиген шақтарында.
Сүйем оның құмын да қыраттарын, Сүйем оның қасиетті бұлақтарын. Қалай ғана сүймейін, Осы ауылдың Бала күнде бір қызын ұнатқанмын!
Осы ауылда тербелген бесігім де, Осы ауылда қойылған есімім де. Араздасып қалғанда ара-ағайын Ақсақалы жүреді кешірімге.
Көріп өстім таң атып, күн батқанын, Көріп өстім тағдырлы мың қатпарын. Қалай ғана сүймейін, Бейіт болып, Осы ауылда жатыр ғой қымбаттарым!
Татсам дағы дәмінің қандайынан, Кеткен емес уызы таңдайымнан. Атам болып кей-кейде қабақ түйсе, Әжем болып сипайды маңдайымнан.
Қалай ғана сүймейін, қалай ғана, Таң шапағын, тарайтын арайлана. Арман қуып алысқа қанат қақты Осы ауылдан талай қыз, талай бала.
Қолын бұлғап көк көркі Көктөбенің, Осы ауылдан мен де ұзап кеткен едім. Қамысы мен жыңғылын, шеңгелін де Сенсең досым, түсімде көп көремін.
Нені аңсадым, білмеймін, нені іздедім, Жан – жарамды ұққандай теңіз менің. Шағаласы шарқ ұрған, Шайыр мінез Осы ауылмен жүрегім егіз менің.
Жанарыңнан нұр көрем жасымаған, Таңың аман тұрса екен, тасың аман. Бақыт деген не десе сені айтар ем Айналайын, Туған Жер, Асыл Анам!
Жеті сан. Жетім мұң
Ата-бабам аңсап өткен азат күн, Басымызда тұр ғой бәрі ғажаптың. Жетесіздің демесін – деп, баласы Жеті санын қадір тұтқан қазақпын.
Жұт та жетеу, құт та жетеу, жеті күн, Жеті дыбыс, жеті байлық, жеті мұң. Жел ығымен жетілер – деп, Бұл қазақ Жылатпаған жесірін де жетімін.
Жақсылығын жеті жұртқа қаратып, Жеті атасын сәбиіне санатып. Отырады әруаққа бағыштап Жұма сайын жеті нанын таратып.
Кешсе дағы бастан талай мұңды азап, Тәуба деумен күтті мынау күнді азат. Анасынан алтау болып туса да Өле-өле жетеу болған бұл қазақ.
Содан бері қанша көктем көктеді,Содан бері қанша нөсер төкпеді.., Жаныма кеп жантаяды жетім мұң, Жетінші жыл, Әкем менің кеткелі.
Әке арманы

Арманымның ерттеп мініп тор атын, Аттанғанмын, жерім де жоқ қонатын. Құшақ жайып мені сонда қарсы алған Басқа Алматы болатын!
Алатаудың ақ таңдағы арайын Тамашалап, көшелерін, сарайын. Жырымды оқып ағалардың алдында Көңілдердің кездестірдім талайын.
Оранғам жоқ үлде менен бүлдеге, Ақындық жол – азапты жол, бұл неге? Он кластық білімі де болмаған Қайран әкем, білген екен бірдеңе!...Елемейді, елегісі келмейді, Өлеңді емес, өңіріңді тергейді. Жарты бет боп жарық көрген жырыма, Түсінбедім... Анау неге терлейді?!
Басқа қонған байламақ боп бағыңды, Осындайлар қайнатады қаныңды. Түсіне алмай торыққан бір сәттерде Сағынасың сонау мөлдір шағыңды..!
Жазған әкем, сөзіңді әсте бөлмейтін Өзгертпестен сол арманын, сол кейпін. «Өлең деген тірлік па екен, Балам-ау, Тілімді алсаң «зоотехник» бол» – дейтін!
Қарық қылар жем мен шөпке, сабанға, (Әке арманы осындай-ау, шамамда). Қонышына көк дәптерін қыстырған «Зоотехник» баласы бар.., Жаман ба?!
Содан бері өтті талай күй бастан, Жоқтау жасын ағыл-тегіл құйды аспан. Аз күн жүріп әкей кетті, Cол ұлға, Одан өзге «қызметті қимастан»!
Жетім қозы жетілгенмен отығып, Көңіл қалды үлгермеген тоқылып. Жолы ауыр жырларымды оқимын Бейітінде бетті сипап отырып.
Талай-талай шағылғанмен тауым да, Ақын деген атым жетті ауылға. Жиын-тойда таныстырып жатады Пәленшенің ұлы ғой – деп, қауымға.
Алматының бір бұрышын мекендеп, Сол ауылдан кеттік біз де, бөтен боп. ...Оңашада кейде ойға батамын, Әкем тілін неге алмадым екен – деп!

Су астында қалған сыр
«Мына теңіз астында қорым қалған...»Есенғали Раушанов

Кейпін көріп мұнартқан мұңды ауылдың,Елге барсам басады зілмауыр мұң. Шұғыласын алдымен суға шашар Қамыс – таңдар ұшырған қырғауыл – күн.
Бақыттымын, әйтсе де байтақ елмін, Кеткен едім, ал, бүгін қайта келдім. Тамырынан тартатын терең сыр бар Сырдың бойын жайлаған жалпақ елдің.Теңіз беті болғанмен шағалалы, Шағыл жұтып жиегін, жоғалады. Өткен күннің қалдырған өрнектері, Су астында.., Бабамның молалары!
Орақ пенен кешегі балғалардан, Су перісі Сүлеймен арбап алған. Теңіз болып толқиды баба ауылдар «Әжемсеңгір» сонан соң «Арба қалған»!
Еңіс па екен, жоқ әлде, қиыр ма екен, Тарқалмайтын, мен үшін түйін бекем. Күн сәулесі ойнаған сұлулыққа Құран оқып, бет сипау... Қиын екен!
ӘМІРХАН БАЛҚЫБЕК
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қырық бес жасқа қараған шағында келместің кемесіне мініп, мәңгілік оралмас сапарға бағыт алған дарынның соңында мол әдеби мұрасы қалды.
ИТАЯҚ
Бабалар ырымы бойынша тiлi шығуы кешеуiлдей бастаған сәбиге итаяқтан су iшкiзедi екен. Сондай жағдай менiң басымда да қайталаныпты.
Жұтаңдаумын, демен бiрақ жарлымын,
Баба ырымы, әлегi емес жарғының.
Қызыл тiлдi сөзге иiлту үшiн де,
Итаяқтан суды да iшкен бар күнiм.
Итаяқтан суды да iшкем, сөкпегiн,
Айыптарға өзге күнәм көп менiң.
Ырзығымды табам қазiр еңбекпен,
Тiлдi бiрақ иемдендiм теп-тегiн.
Итаяқтан суды да iшкен бар шағым,
Кез емес-тi ол көңiл күптi, арса мұң.
Сен шаршадың сәндi қуып, мен байғұс,
Баба-ырымға баға таппай шаршадым.
Итаяқтан суды да iшкем, Бабаның
ырымына мiнезi жат қаланың
көшесiнде көп – көрiктi қызбен де,
Қызып кетсем ырылдасып қаламын.
Осы болды-ау замананың өлеңi,
Көп болған соң көр сезiмi, көбеңi.
Исi тiлге илiкпеген тiлдерге,
Итаяқпен тамақ бергiм келедi,
Құдай сақтасын.
Екiұшты тағдыр
Әкеме
Тiршiлiкке бейiмi жоқ ұлыңа,
Қазiр сенде болып жүр-ау аз өкпе.
Кiтап алып қаламақы пұлына
Екi-үш жырым басылғалы газетке.
Бала кездегi өлеңнен
Айтушы ең Омар Хаямды,
Оқушы ең жырын жатқа да.
Деушi едiң тек жыр баянды.
Басқаны, балам, мақтама.
Сағдимен сырлы мазалап,
Жәмимен жора қылып ең.
Хафиз боп бiрде ғазалдап,
Бедiл боп бiрде күлiп ең.
Ауылдың жайлы кешiнде,
Жұмекен дедiң жыр пiрi.
Сол бiр сөз әлi есiмде,
Есiмде әлi жүр тiрi.
Ақыннан елге қалары
Екi-үш жыр дедiң болғаны.
Жыр жазғын нөпiр қаралы –
Қалғаны соның жолдары.
Екi-үш жыр... жаздым, жазбадым?
Иемiн екi жинаққа.
Ақында басқа аз ба мұң?
Екi-үш жыр... менi қиналтпа!
Жоғалмас мәңгi жарқылы,
Сендердi жазбай кетем бе!
Екi-үш жыр... ақын тағдыры –
Екi ұшты тағдыр екен де...
Өткелде
Ауру емес,
Қасап қолдан өлем мен.
Сүйер ару
Ерiнiмнен көгерген.
– Түсiнбеппiн
Ғұмырыңды ұранды,
Кеш,– деп жылар
Алдыңдағы күнәмдi
– Мен күнәңдi,
Кешкем сонау тiрiмде,–
деп айтар ем,
Шықпайды, әттең, үнiм де.
Жүрегiме
Жатқанымен жас толып,
Айта алмаймын,
Жағым қалған тас болып.
Ұлым тұрар
Қос жанары мөлдiреп.
Ойламайды ол
Бiрақ менi өлдi деп.
Батасы игi
Бабалардың жолымен.
Жамандықтан
Қорғап жүрем оны мен.
Осы бiр шақ
Жұлдызыма жөнелген.
Бәрi шындық,
Бәрi өтiрiк дегенмен.
Басыма кеп
Жылап тұрар үш адам.
Өлмейдi олар
Мен өлдi деп құсадан.
Шындық үшiн
Мен кесiлген тiлдеймiн.
Үшiншiсi
Кiм екенiн бiлмеймiн.

Біздің кезең
Құр ауаға қалды асылып қанша әнім,
Жер бетінде сенделем бе әлі көп.
Мен жарықты күте-күте шаршадым,
Ендігі өмір түс сияқты мәні жоқ.
Уақытымды күте-күте бітті әлім,
Маңдай тұман, жұлдыз біткен адасты.
Кім біледі кімдер не істеп жатқанын,
Кімдер қалай жұбатарын Алашты?
Қасіретімді түсін мейлі, түсінбе,
Өз талайын әркім өзі тапқандай.
Жонарқамда, жұлынымның ішінде,
Жауынқұрты қабір қазып жатқандай.
Тас төбемде шұбалады бұлттар,
Шұбалшаңдай қорқынышты көздері.
Біздің кезең, кім біледі, Рухтар
Жер бетіне түсе алмайтын кез бе еді?
Осы болды-ау зар-заманға жалғас ән.
Есімді алып арқан қиған алқымдар
Жапан түзге шығып алып зарласам,
Сырласым боп қарға ғана қарқылдар.
Мен ендігі өмірімді түс көрем,
Не боларын оянғасын болжармын.
Бұрын соңды ешбір әруақ түспеген
Ортасында жүргендеймін жанжалдың.
Мешіт құр үй, молда болса ібіліс,
Қырсыққанда ақыл берер аға аяр.
Ендігі жер неге керек кідіріс,
Жер бетінде не қалды енді аялар?!
Оянғанда алда көпір күтеді,
Қайта ұйқыға кетеді ол да құласа.
Маған, маған қас қағым сәт жетеді,
Барлығын да көру үшін жаңаша.
Кеудемді өртеп жанарымнан жас тамар,
Жас емес пе ем, қалай ғана алқындым?
Ендігі өмір түс сияқты, басқа амал
Қалмағасын оянуға талпындым.
Тас төбемде шұбалады бұлттар,
Шұбалшаңдай қорқынышты көздері.
Біздің кезең, кім біледі, Рухтар
Жер бетіне түсе алмайтын кез бе еді?
Сана сайтан, жүрек болса ібіліс,
Кез болып тұр арлы үшін де арланар.
Ендігі жер неге керек кідіріс,
Жер бетінде не қалды енді қарманар?
Естелiк
Жүректе жазылмас жарасың,
Қайтейiн, қайран жоқ,
көнем де.
Деп едiң – ұлы ақын боларсың,
... Құл болып кеттiм мен өлеңге.
Сен маған жерiмдi сүюдi,
Үйреттiң өзiңдi сүйдiрiп.
Үйреттiң ел үшiн күюдi,
Некемдi өлеңмен қидырып.
Тауға да, тасқа да сыр аштым,
Қырлардың гүл демiн
жырладым.
Көлдермен хал-жағдай
сұрастым,
Белдердiң бөлiстiм сырларын.
Солар ғой өлеңнiң өзегi,
Өндiрдей өлеңнiң өзi де.
Туған жер өлеңнiң өз елi,
Екенiн алдым мен сезiне.
Ақынмын ел бiлген бағасын,
Жаным-ай, көрiпкел ме
едiң шын!?
Жүректе сыздаған жарасың,
Көкейден кетпейтiн шерiмсiң.
Азғантай наз да бар бұл менде,
Күлкiлi-ау, әйтсе де күлмегiн.
Менi ақын етудi бiлгенде,
Сүюдi қалайша бiлмедiң?..
Әділбек Тоқабекұлы
Сағыныш
Сағындым бала күнді қырда қалған,
Уақыт баяғыда ұрлап алған.
Қайран қамсыз шақтарым қош болыңдар,
Тайға мынып талпынып қуған арман!
Жатырсыңба сайрамның қойнауында?
Кеттіңбе әлде қыдырып қойлы ауылға?
Ал, мен қазір басқа адам басқа жанмын,
Ұқсамайды бұрынға ойларымда.
Қалдыңба әлде қыстаудың тауларында?
Әлі сондай боз жусан қауладыма?
Ал, мен қазір алаңсыз жүре алмаймын,
Достарымда көбейді жауларымда.
Жүрсіңбе әлде көктемнің гүлін теріп?
Ала бұртып, алаулап, нұрың толып!
Көңілімде быр жайсыз күй кешіп тұр,
Қауышармең бала күн бүгін келіп!
Бала күнді сағындым қырда қалған,
Баяғыда уақыт ұрлап алған.
Қайран қамсыз шақтарым қош болыңдар,
Тайға мынып талпынып қуған арман!
Біз кімбіз
Біз кімбіз?
Қазақ деген асылданбыз,
Жақсылардың мерейін асырғанбыз.
Жақсылыққа шашу боп шашылғанбыз,
Береке мен бірлікке бас ұрғанбыз,
Жаудың құтын осылай қашырғанбыз.
Быз кімбіз? ?
Қазақ деген атаданбыз,
Жақсыға өз, жаманға жат адамбыз.
Нәр алып ата берген батадан біз,
Қазақ салтын, дәстүрін жасағанбыз.
Өнерге әуес пәледен қашағанбыз.
Біз қайдан? ?
Ұлы таудан жаралғанбыз,
Тап-таза табыйғаттан нәр алғанбыз.
Дүнійеге осылай таралғанбыз,
Қажетыне керпіш боп қаланғанбыз,
Жәуінгер, қайсар, еркін саналғанбыз.
Біз кімбіз? ?
Қазақ деген ұлыстанбыз,
Жақсыларға жайнаған гүлістәнбіз.
Бетіне айтып есерге ұрысқанбыз,
Шыныққанбыз, болаттай құрыштанбыз,
біз-бізбіз, қазақ деген ұлттанбыз!
Дала тылы
У-шудан мынау шегініп,
Суыққа салып денені.
Тор атқа мынып тебініп,
Далаға кеткім келеді.
Болмасадағы мәңгі ұстар,
бір қысқа толық жететін.
Бар тіршілігін аң-құстар,
Ақ қарға жазып кететін.
Бар қуанышпен наза-мұң,
Шашылып онда қалатын.
Хат білмеседе қазағым,
Даладан оқып алатын.
Даланың тылы-ғажап тыл,
бір қарап бәр ел білетін.
Бар тіршілікке жарап тұр,
Жер шары деген бір есім.
Жасаған басқа дәлелді,
Тілдері бөлек, сөз бөтен.
Тілсімдендірген әлемді,
Адамдардың өзі екен.
Әріпжан Әбітайұлы
Бұлттар
Бұлттар, бұлттар,
Бұларда арман бар ма?
Сыр ашады кештерге, таңдарға да.
Көк аспанда қалықтап, маңып келіп,
Омырауын ағытар заңғарларға.
Жер бетіне жақсылық сыйлайды олар,
Мөлдір тамшы саған да құйған болар.
Шексіз әлемге кетер ед шеру тартып,
Мына гүлзәр дүниені қимайды олар.
Махаббатты үйрендім мен бұлардан,
Бұлттан туды, бауырым, мендік арман.
Мен жер бетін бұлттардай сүйіп өтем,
Өмірімді гүлге орап енді қалған.
Ғарышқа да кетпеймін талақ болып,
Мен бұлттарға сенемін санат көріп.
Өле қалсам құмдағы молама кеп,
Бусандырып кетеді шарап төгіп.
* * *
Жасқаншақ, үркек кез емес,
Жүрекке ғана бағынам.
Таныстым екен неге кеш,
Түн сайын сені сағынам!
* * *
Жырыңнан сезіп жаныңды,
Жұбатқым ылғи келеді,
Барымды салып, барымды,
Қуантқым ылғи келеді.
* * *
Мойылдай қара көзіңды,
Өбектеп сүйгім келеді.
Кеудемдегі асыл сезімді,
Шелектеп құйғым келеді!
* * *
Қаншама жылдан кейін де,
Ұстадым қалам сен деп мен.
Бөленіп ғажап сезімге,
Құштарым, маған, көр деппе ең?
* * *
Не айтам енді тағыда,
Сағынар бір жан таптым, беу!
Апарарма екен жаныңа,
Түсімде жүрген ақ сүрлеу?
Түлкі ымырт келер бүлкілдеп
От қызды бөлме жайнады,
Сыпырып қойғам әйбаттап.
Ызыңдап шәугім қайнады,
Шай ішем қазір қаймақтап.
Үйірсек болды ой маған,
Шылым да шегем жатып ап.
Жатып ап ұзақ ойланам,
Өткен күндерді бақылап.
Құйырығы, жоны қызарып,
Түлкі ымырт келер бүлкілдеп.
Содан соң жетер түн арып,
Өлеңге бүгін құлқым жоқ.
Әзір де жатып күлгем мен,
Тоқ болсаң күлкі жақының.
Өлең деп өліп жүргенмен,
Кім сыйлап жатыр ақынын!
Өлеңге киім келмейді,
Қалмайын осы жалаңаш.
Жазғаныңды ешкім көрмейді,
Көрсе де жөнді қарамас.
Айтып ед әкем өткенде:
(Өн-бойым сонда дір еткен).
ــ Жазушы деген көп пенде,
Ауырады,-деп жүрекпен.
Сонда анам мені құшақтап,
Аман бол,- деген әманда.
Әкеме ұрысты: кітапқа,
Атың шықса да жаман ба!
Жақсы сөз осы әсылы,
Жақсы өлең ـ жақсы балам ғой.
Елімнен қайтем жасырып,
Туса жыр, бермей маған бой.
* * *
Қырғауыл ـ қызық қуып,
Тоғайдың арасында.
Жүргенде қызықтырып,
Өзеннің жағасында.
Бұлқынып бұла-жеңгем,
Бұлтыйп омырауы ــ
Ағамен бауға келген,
Шаттанып шомылады.
Айлақта мен тұрамын,
Жүрегім атқалақтап.
Кетеді енді бәрі,
Жұмысқа – шаппа жаққа.
Ызғытып арман-керді,
Қиялға ерік берем.
Шат күлкі қалған жерді,
Қызықтап көріп келем.
Кішкентәй жүрегімді,
Құрсаулап бір жат құмар
Ысықылап білегімді,
Дірілдеп «мұздап тұрам».
Тамылжып тамыз айы,
Мен сонда кешіп мың ой.
Кеш білдім, не қылайын!
Есейіп кетіппін ғой.
* * *
Сен мені тағы алдадың,
Пәленге тиемін,-деп.
Айттым ғой саған жаным:
- Тек сені сүйемін деп.
Біржола кет демейсің,
Қарайсың сынап маған.
Өтірік өкпейсің,
Екі күн, бір аптаға.
Қылығың баладай нақ,
Соныңды ұнаттым ғой.
Халымды және абайлап,
Досымнан сұраптың ғой.
Құрбыңа қасыңдағы,
Көрсеттің мені алыстан.
Не дедің?
Жасырмағын,
Не деді, ол дәнішпән?
Бейтәніс «күйеуіңді»,
Ойыңнан сызып қойғын.
Тек мені сүйеріңді,
Мен ептеп біліп қойдым.
* * *
Кездестік екі мәрте,
Кездерде бек көңілді.
Сездің бе, досым ерте!
Есейіп кеткенімді.
Өзгеріп кетіптің,-деп,
Кейін де бір күлдің-ау.
Қайтесың шертіп, күндеп,
Не білдің құрғыр қыз-ау!
Сүйеніп балдағыңа,
Сен кеттің арман қуып.
Мен мұнда қалмадым ба,
Тағдырым алдандырып.
Кештім ғой бұл өмірді,
Өзімді азаптап ақ.
Өзгертті жүрегімді,
Ит тағдыр қажап-қажап.
Сосын да ақын болдым,
Өлең де өзімсінді.
Жандарға жақын болдым,
Жүрегі өзім сынды.
Кездерде мұң-қайғым көп,
Жанымды азат қылдым.
Бақытын жырлайын деп,
Өзіңдей қазағымның.
Байсенім Әбдібек
Жалғыздық
Дала жатыр айғыз-айғыз,
Әжым басып мұң жұзын.
Сұңқылдайды жалғыз байғыз,
Кім тыңдайды сырлы үнін?… ?
Жапандағы жалғыз қайың,
Мұң шағады кіміне?
Айтады оған байғыз жайын,
Түсіне ме ол үніне?
Жапандағы жалғыздыққа,
Ай қарайды еш үнсіз.
Қайың мұңлы, байғыз құса,
Бәрі жұмбақ шешусіз.
Байғыз тынбай сұңқылдайды,
Қайың тұрар мұңданып.
Байғыз сені кім тыңдайды,
Қайың сен де бір ғарып.
Байғыз үні шақырады,
Мені тымық түндерге.
Жалғыз қайың жапырағы,
Пана болар кімдерге?
Бабамен сырласу
Жүз жыл.
Жүз жаз,.
Жүз күз,
Жүз қыс,
Жүз көктем...
Қабырыңды самал тербеп,
Боран мұжып, күн де өпкен.
Жыл құстары бұл өңірге жүз оралып, жүз кеткен,
Кім біледі бұл мекенге кімдер келіп, кім кеткен?
Жүз жыл бұрын қарашада қара шапан оранып,
Қасқа барар тарам-тарам соқпақтарға қадалып:
Елім қалай оңалар деп,
Ертең күні не болар, - деп
Қара тауға қарап ұзақ тұрдың ба,
Жан дүниең тоналып?
Жүз жыл бұрын ақ ақпанда сеңсең ішік жамылып,
Сайрамда өткен сал күніңді, жаз күніңді сағынып:
Бура талдың бұйра басын,
Қара арғымақ турағасын,
Елге қоныс қайдан таптым, _
Деп тұрдың ба аһ ұрып,
Батар күннің шұғыласына малынып?
Жүз жыл бұрын гүл көктемде ақ қалпағың басыңда,
Жүз жылқыңды айдап салып қас бойында жасылға:
Елге қоныс сайдан таптық,
Енді өнеге қайдан таптық, _
Деп тұрдың ба кеңесіп,
Асылқаның қасыңда,
Түрлен бикеш, қырлан бикеш ойнақтаған жасында.
Жүз жыл бұрын сайран жазда ақ сақалың желбіреп,
Елім неге есерлердің илеуіне көнді деп;
Есе кетсе ел қолында
Ық болам деп жел жағында
Үзілгенше соңғы леп, _
Қара тауға қимай ұзақ қарадың ба соңғы рет...
Жүз жыл. Жүз жаз,.
Жүз күз, жүз қыс, жүз көктем...
Қабырыңды самал тербеп,
Боран мұжып, күн де өпкен.
Жыл құстары бұл өңірге жүз оралып, жүз кеткен,
Біз келеміз сол баяғы сіздер салған сүрдекпен...
Қыз көзіндегі көл
Қанас, сен бір ертегі
Өзіңді аңсап алыстан
Өр іленің тентегі
Пәк жүрегін ала ұшқан.
Ұшқыр қиял өркені,
Қияндармен жарысқан.
Күміс толқын мен сені,
Аңсап келдім алыстан.
Бір көруге өзіңді,
Ынтызар ем, беу, қанас!
Бұғалықтап сезімді,
Бұлқынар ем, беу, қанас!
Сәби қиял болдырып,
Жылдар салып араға.
Азамат боп бел буып,
Әзер жеттім жағаңа.
Айдын төсің сыр тұнып,
Мөлдірейді жәудіреп.
Толқыныңды кіл тұнық,
Аймалайды таңғы леп.
Тұнығыңа қарадым,
Қымыз исі аңқыған.
Қанас қызы, жанарың _
Мөлдіреген жан тұмаң.
Көзіңе ай сәулесі,
Құйылғандай ғарыштан.
Қайдан көрдім жанды осы,
Таныс бейне, таныс маң?
Маған таныс секілді,
Албыраған жамалың.
Маған таныс секілді,
Мөлдіреген жанарың.
Хордың қызы емес пе ең,
Жұлдыздарға айналған?
Бұл қай жанар?
Жоқ есте,
Көрдім, сірә, қай маңнан?
... Көнбей бабам тарлыққа,.
Көнбей батқан тізеге
Жетісудән барлыққа,
Жайыр таудан ілеге _
Сайрам бойлап көшіпті,
Айтып зарлы ғазалын.
Көлге көміп кетіпті,
Ғашық жардың жанарын.
... Нар өркешке қарадым,.
Күй сарыны шалқыған.
Қазақ қызы, жанарың _
Мөлдіреген жан тұмаң.
Қанас қызы жанарың,
Тұнған тұма _ аумаған.
Қанас қызы жанарың,
Тілды үнсіз байлаған.
Әлі есімде жан бабам,
Сайрам бойлап көшкені.
Қалған тамшы... Мен соған.
Ұқсатыппын, кеш мені!. !
«Ағажайлап» көшкен ел,
Айтып зарлы ғазалын;
Көлге көміп кеткен ел
Ғашық жардың жанарын _
Құлағымда боздаған,
Зарлы әуенің тұрады.
Көлге ұқсайтын сол жанар,
Көкейімде жүр, әлі..
Ған қылышының жарқылы
Жарын тосып қанша сұлу зарланды,
Ұлын аңсап ананың көзі талғанды .
Жетім бала, жесір әйел жас төгііп,
Соғыс жылдар жалмап талай тарланды .
Кешегі анау қан сасыған далаңды,
Таңбасындай тарихыңның санаулы .
Ғасыр аунап мұжымасын уақыт,
Ертеңгі ұрпақ еске сақта бабаңды .
Ұрпақ өссін ана тілін ардақтар,
Асылын да, масылын да салмақтар.
Тіл мен ділің сақталғанда қазағым,
Аунап түсер бейіштегі аруақтар .
Тіктеп кеткен тұғырыңды батырың,
Ұраның боп айқай салған ақының .
Қобыз ұнмен құңыр дала тыңдатты,
Ер қанаты дүбірінде атының .
Ұрпағыма өнеге етіп бүгін мен,
Ертең үшін өткеніме жүгінем.
Домбыраның күмбірлеген күйімен,
Сөйлейді ұлың өзі туған тылымен .
Қаны таза, ары таза қазағым,
Жүрегімнің соғып тұрған дірілі ең!
Түс
Кіл ойменен толғаттым жыр аңсаудан,
Махаббат картинасын сызам содан.
Жүрегіме тұнған бір сағыныш бар,
Сыбыры таусылмайтын түн аңсаған.
Содан тағы қиялым қырық құлаш,
От сезімнің мөлдірі тұныпты рас.
Су алғалы мен барсам бұлақ жаққа,
Суарғалы жорғасын жігіт тұрад.
Мен қысылып қаламын тартыншақтап,
Қыз қылықпен атаның салтын сақтап.
Әттең құрғыр жүрегім ала сұрды – ау,
Жүрген жігіт осы еді атын жаттап .
Кібіртіктеп олдағы аялдады,
Еңіс еді бұлақ бар сай орманы.
Су алысып шелекті көтерісіп,
Алып ұшты оның да ой арманы.
Ұстай алып қолымнан тұрар болса,
«сүйесіңбе жаным»-деп сұрау қойса.
Қоя бермей құшақтан дем ауысып,
Біз отырсақ сырласып түн ауғанша.
Арман солай ап қашты ерік бермей,
Көк шалғын жайлауына көрік бермей.
Селт етіп ояндым тұсым екен,
Күй кештім ғашығыма кездескендей.
Күндіз ойда түн болса түсімдегі,
Қонбайтұғын бағым боп құсым еді.
Тым тұлғалы деп оны ойлағаннан,
Мендік ойлар мәңгілік кішіреді.
Аңсап жүрем сағынып сол жігітті,
Такапарлау көрінер керме иықты .
Оныңдағы мені аңсар құмар көңілі,
Өмір құрғыр құрыққа көндіріпті.
Қарағым сен менің
Мен сені сүйемін,
Өзгеше бір ыстық сезіммен.
Өртеніп отыңа күйемін,
Айырылып еркімнен, төзімнен.
Мен сені сағынам,
Бір сәтке есімнен шығармай .
Іздесең қасыңнан табылам,
Бір алла сап кеткен тұмардай .
Сен менің қарағым,
Арманым сияқты әнымсың .
Табарсың жүректің қалауын,
Ашылар дәл сонда бағым шын .
Көргім кеп тұрады,
Көктемім сияқты көк белім .
Махаббатымның тұрағы,
Күйдірді – ау от лебің .
Сен әдемі әнімсің
Мендік ойдан әдемі жыр тұнады,
Төгіліп арай күннің нұр шуағы.
Өлеңімнің ұйқасы секілденіп,
Тармағымның табылған бір сыңары.
Тармағымның өзің боп бір сыңары,
Көңілімнен көктедің жыр шынары.
Сыңғыр-сыңғыр сызылып сырнайлатса,
Толқыны жағаны ұрып бұлқынады.
Сен аңсаған секілді қыз көңілім,
Көктемсіз-ақ ашылды күзде гүлім.
Мен айтатын әнымның бір ырғағы,
Ұйқасысың жырымның тізбегінің.
Ұқсаттым ба білмеймін құзға биік,
Таппай теңеу жүрегім сыздайды ұйып.
Әлемдегі жақсының бәрін айытсам,
Жай табарма байыздап қыздағы үміт .
Жыр оқыдың әуелі аңсадым деп,
Өлеңменен ойыңды жар салғың кеп.
Сыңғырлаған сырғамды сырға елітіп,
Әуелетіп біржандай ән салдың көп.
Сосын менде күй қалды шертілмеген,
Шағи көйлек үстімде желпілдеген.
Өзің жәйлі ойландым от көңілмен,
Көн етікті біреуді мен сүймегем.
Баяғының серісі секілденіп,
Орнығасың жай сөйлеп бекімденіп.
Әдемі ән боп ойыма оралмасаң,
Менің жырым қалар ед жетім болып.
БАҚЫТЖАН АЛДИЯР
ӨМІРБАЯН«Өтемістен туған он едік...»Махамбет Атадан туған алты едік, Алты бөлек жалқы едік. Кілең шеккі жеп өстік, Бір емшекті тарта еміп. Алты бірдей жетімек, Апыл-тапыл жетіп ек. Қақты бізді әруақ, Бақты бізді өкімет. Жерді еңкейіп емгенбіз, Елге ербиіп ергенбіз. Дәрменсіздік дәнініңДәмін татып көргенбіз. Құлатпадық күйді епті, Ұнатпадық күйректі. Аңшы әкеміз адымдыАңдап басуды үйретті. Дәмін сездік аш тілдің, Бәрін кездік тас, қырдың. Қабыланмен қағысып, Қанын жұттық қасқырдың. Иен дала, ерен дүз, Иесі біз дегенбіз. Алан сүтін ішкенбіз, Аю өтін жегенбіз. Әкеден ап үлгіні, Тұтынғанбыз пірді ұлы. ...Қансонардан сол әкеҚайтпай қалды бір күні. Тезге салып төте сын, Түзетті өмір қатесін. Әл-дәруан көргенбізӘкеміздің әкесін. Көндіге алмай ізге бір, Күреңіткен күз-көңіл. Пісте сатты шешеміз... Пісірді ғой бізді өмір. Дара қондық әлемге, Бала болдық бар елге. Жан емеспіз деуші едік, Жатыры бір, жаны өңге. Жас еді деп тым әлі, Жұрт өтірік жылады. ...Бейіш жақтан боп шықты, Бесінші ұлдың тұрағы. Алтау едік, бес қалдық, Алла барын еске алдық. Көп жерлеген КеңестенКөрген жоқпыз еш тарлық. Көлге көзде жас тұнбай, Кеудені езге бастырмай, Жанымыздың жарасынЖалап жаздық қасқырдай. Тон ішінде жетіліп, Көп ішінде бекідік. «Жетім қозы – тасбауыр...» Дегеніңіз өтірік! Тоқтамайтын көші ұдай, Тағдыр ғой бұл, досым-ай. Менің өмірбаянымӨрім-терім осылай. Жаныма ұйып мұң ұяң, Жылағым кеп... жымиям. ...Жібісеңші сен де енді, Зарпы ойламай зымиян, Ей,тасбауыр Дүнием!
КӨКБӨРІНІҢ ЖЫРЫ Ай-й-й, аламан жылдар алып бір қашқан заманым!Аяр жүзіңнен айналып теріс барамын,Айдамкезін пір тұтқан.Айналасын күн тұтқанАй-ана сынды қаусырды қала-қамалың,Таусылды білем амалым.Сонау бір сонау жылдарда,Соңымнан ерген бөлтірікСодыр қол келіп ұрғанда,Айықпас бір дерт еңсемді езіп қорғасын,Айға мұң шағып, аңырап қалған сор басым.Әй, өр Түрік, ер Түрік!Қылшығыма орап өсірген,Құбыла қарап көсілген,Иманын теріс келтіріп.Инаят тапқан бір жауың перзентті мендік өлтіріп,Ұл орнына ұл болып,Ұлы иығына Бөрі атам берген Пір қонып,Сен едің сонда соңымнан ерген бөлтірік.Алп, алп сені бастырдым,Алып бір таудан астырдым.Мыстанның мысын қаштырып,Дұшпанның сырын аштырдым.Иілдің-дағы иландың әуел сөзінеИығыңдағы хас Пірдің.Иманыңды енді ұмытып,Иласыз күйі басыңды неге тасқа ұрдың?!Таптырып көкте Ай тоят,Қасиетіңді қайта оят,Қаныңда қалса қасықтай қаны Қасқырдың!Танып ал Бөрі-иеңді,Тауып ал қайта киеңді,Тау сынды берік түзеп ал жүйке-жүйеңді.Әулекі сөзбен тілдескен,Әупірімменен күн кешкен,Әуегіңді қайта жи енді:Күрек тісі – көк құрыш,Көк құрыштан құтылатын жоқ-ты күш.Жүрегінен аққан қанын жалаған,Әулетіне жаны алаң,Әуегімнің әулиесі абадан,Ай-й-й, Ата Бөрі, қайдасың?!Азу тісі – ақ алмас,Ажалы қанша қуса даАттап бір басып алдына ешкім бара алмас,Ай-й-й, Ана Бөрі, қайдасың?!Айкезбе болып адамзат ұқпас мұңынан,Айға бір қарап ұлыған.Айырдан туған жампоздың өзін талдырған,Айнала белгі салдырған.Аяусыз кейде қақпанға түссе –Аяғын кесіп қалдырған,Ай-й-й, әуегім, енді қайдасың?!Керуенің түзеп кел, сана,Көшімнен қалмай ер, сана.Керегесін күн жеген,Кеуде тұсын мұң жегенКері кеткен ерлеріңді көр, сана.Бөрі атымызға ылайықБөлінбес шерік құрайық.Бөрілі басы байрақ ап,Арғымақ атты алшайтып мініп айқабақ,Алшыдай қырға шығайық.Бір қолымда – Құраным,Бір қолымда – Күн көтерген қыраным,Тәуекел десіп тұрайық,Тәңірден тәубе сұрайық!… Деп балконнан бір Бөрі Айға ұлиды мұңайып…

ГҮЛБАХОР(баллада)Балалық шақта барлығы да әсем, тәтті өмір,Таңсәрі сайын ататын балдай дара таң.Жайсыз бір күйге түсіп қалатын пәк көңіл,«Жайлаудың қызын әперем» десе шал атам.«Өзбектің қызы өзгеден болар тәтті» деп,Өзгеше көзбен жымиып шалым қараса,Өзектен шыққан өлеңдерден де сәттірекӨрім бір ойға батушы ем сонда тамаша.Гөзәлдің сол бір Гүлбахор еді-ау есімі,Бахор дегенің көктем ғой менің тілімде.Бала көңілдің сондағы батыл шешімі,Қолымды саған жеткізем дегем түбінде.Көктемнен тіпті болмайтын титтей айырмаң,ГүлКөктем сұлу, көктегі ару Күнді өпкен.Атадан тірі, анадан өлі айырғанАяр Тағдырға жоқ еді сенің дым да өкпең.Бала қиялдың түбіне кейде ой жексең,Сан қилы арман тоғыса келіп санаңа,Нанталап болып кетемін деуші ең бойжетсең,Намәлім маған Наманган дейтін қалаға.Наманган деген нән қаламенен ауырған,Намысым келіп сендегі балаң арманға,Абайлап сосын сұраушы ем туған бауырдан,Сол қала жайлы оңаша кейде қалғанда.Сұраймын тағы «қазақтар онда көп пе, аға?!»Жоқ дейді бауыр, қазақтар онда неғылсын?!Қазағы болмас ол қандай қала жоқ баға,Көзіме сурет келеді сосын небір сұм.Жыраққа сол бір жібергім келмей өзіңді,Кеудеме қонған қызғаныш құсын сөйлеткем.Байқамай жүріп мендегі адал сезімді,Бойжетіп бір күн кеттің сен әтлес көйлекпен.Ержеттім мен де, еркіндеу өстім ер мінез,Еркелеу едім, кедей де болсам кердеңмін.… Тағдырдың сыны тағы да саған келді кез,Көршіңе сені ұзатып әкең берген күн.Қаттылықтан сол қалаға кеткем қаңғырып,Қауақ басыма Тағдырдың жазып жарлығын.Өзіңді сосын ұмытпақ болдым мәңгілік,Ұмытпақ болдым Көктемді, Гүлді, барлығын.Ұмытқым келді сәттерді сонау тым шырын,Өшіргім келді сезімнің отын сен жаққан.… Мәжнүнталдар атқанда жаңа бүршігін,Бір сұмдық хабар естілді бір күн ел жақтан.Қырқада біздің құлпырғанда әсем қырмызы,Қып-қызыл қанға боялды мендік шер-дәптер.Көктемнің көркем көк көйлек киген Гүл қызыМәжнүнталға асылып қапты деп жатты ел.Жалғанда мынау жақындай бере жалтарған,Көктемнің солай көгілдір Гүлі солды әсем.Қарт көрші біздің хат тауып апты қалтаңнан,«Наманган жаққа кеттім мен…» депсің онда сен.Хатыңнан сол бір қатты боп біттім түбінде,Түңіле қарап өткінші жалған бес күнге.Көктемді көргім келмейді менің бүгінде,Гүл атаулыны сыйлаған жоқпын ешкімге.Кешіргей досым жасасам кейде асылық,Көктемді де алғам өзіме қазір жау етіп.Туған күн сайын тулаған жанын жасырып,Тұрады жарым, тұрады бір гүл дәметіп.Аңғал да адал арылып асыл әдеттен,Қатыгез болып кетсе егер жайсаң кешегі ерГүл мінез жарым гүлдесте-ғұмыр дәметкен,Гүл менен Көктем, Гүлбахор ару…Кеше гөр!
***
Дүрия көйлек кигенім, Дүния кезіп сүйгенім. Алпыс та екі тамырымАлбыртып тұрып игенім. Дүрия көйлек әппағым, Дүния кезіп тапқаным. Жарығым, сезермісің сенЖанымның тулап жатқанын. Жүректі жалын, от қарып, Қаншама жылдар өтті ағып. Сен мені, ал мен өзіңдіСенделіп жүріп жоқтадық. Сенделген күйі мен кеттім, Сен басқа бесік тербеттің. Бақытым, сені таптым баБәрін де кезіп жер-көктің. Тағдырлас маған ғұмыр ең, Таптым ба сені шынымен – Жоғалған бағым жалғанныңЖанарындағы шығымен. Жырларым жылап баршағаЖоқтадым сені қаншама. Ажырата алмас бізді ендіАжалдың өзі болса да. У менен өрттен күйген мың, Ерніме сенің тиді ернің. Өзіңді көріп...келді ғойӨмір сүруді үйренгім. Сәтте осы шаттық шайқаған, Өлмеймін деп те айта алам. ... Мен өлсем өлем - өзіңді Жоғалтқан күні қайтадан... 
***
Жұмбақтамай айтсам сөздің шындығын, Жұрт көзіне көп түсу де мін бүгін. Кей ағайын кейіп-ақ жүр ауылданҰзай алмай қойды ғой деп кіндігің. Ұзар едім, кетер едім жайға алыс, Табар едім өзіме тән жайлы ағыс. Тек... ауылмен арамызда бар біздіңБархаят бір жан ұқпайтын байланыс. Көктегі Ием Жерден бөліп жай маған, Кіндіккентке кіндігімнен байлаған. Мен осы елдің топырағынан жаралғам, Тағы осы елдің топырағына айналам. Тіршіліктің алды - сағым, арты – елес, Тірі ақынға қажеті жоқ мәртебе еш. Ауылда да ақынмын мен! Сондықтан, Астанаға барып өлу шарт емес. Жер бетінде жоқ нәрсеге таласқан, Адамдарға үрке қарап адасқан, Миығымнан күліп бара жатамын, Иығымда көк аспан...
БАУЫРЖАН БАБАЖАНҰЛЫ
КӨКТЕМ. ӨЛЕҢ
Көктемнің айтты жайын бар,Тізбегін құстар бұзбай кеп.Бүр жарды кенет қайыңдар,Бойжеткен биыл қыздай боп.

Жан-дүниең қайтіп түлемес, Сүюдің балын татқанда ой.Өріктің гүлі гүл емес,Көктем-қыз жазған хаттар ғой...

Сезімге, бұл сәт, кім ие,Беймаза бір күй тапты ойлы ұл.Тал ғана емес, дүние,Көңілдер гүлдер шақ қой — бұл!

Аруға, анау, арна жыр,Болмайды ол, сірә, кетәрі.Жүрегі оның дәл қазір — Бәйшешектердің отаны.
Жұпарын шашып бау-бақ та,Дүркірер кез ғой, дүркірер,Жөнеліп жатыр жан-жаққа,Ақсүйек іздеп күлкілер...

Табады дүр сөз тілерде ел:«Көктемнің аты — Ізгі үміт!»«Махаббат!» — дейді біреулер,«Бақыт!» — дер біреу үздігіп.

Бақыттың аты-затына,Сенбейтін жанмен дос емен....Көктемнің жазған хатына,Жауабым менің – осы өлең!

КӨКТЕМ. ОН ҮШІНШІ НАУРЫЗ

«Түс көрдім... Бүгін!» Жеңешем қадап айтқалы, сол боп «жау» біздің... ...«Көк...», «Көк...» — деді әкем терезе қарап, Он үші еді Наурыздың.
Күн өтірік күліп, жайтаңдай қапты,Ажары тайған қар да өңсіз.«Көктем...» — деп толық айта алмай жатты, Қылтамақ әкем, дәрменсіз.

Мына сөз көзден жас домалатты, ә... Сезген-ау, ғазиз жүрегі. Әкемдікі — рас, Бесқала жақта, Он үшінде Жыл кіреді...

Жазғанын қайдам жеңгемнің неден, Бәріміз күткен... «уақиға» — Көрісті-дағы келген жылменен,Жөнелді әкем бақиға.

Өзімді бұрын санағам берік,Бор екем... Көңіл тоналды... «Шүкір де, бала...» — деді ағам келіп, Шүкірден басқа не қалды?!

Шүкірлік етсең, болар қайыры, Кінә артпа көңлім, оған көп.Көктемде тұрған не бар, тәйірі, Құдайлық іске амал жоқ.

Тәңір салғанын көтерем, дұрыс, Мен — өрге тартқан қара нар. ...«Көк...», «Көк..», — деп күрк-күрк жөтеледі Қыс, Құдайлық іске жоқ амал...

ӨЛІАРА

Көп боп әуре-сарсаңы,Бойда қалмай түк дәрмен,Қыс шаршады, шаршады,Арса-арсасы шықты әбден.

Қояр әлсіз ышқынып,Ой көбейер мұндайда.Боран болып ысқырып,Билік айтар күн қайда?!

Ай, мәз емес жағдайы,Іштей бәрін топшылар.Айқайласа, айқайы,Жылағандай боп шығар.

Кімге айтады өкпесін,Бек ұғады шал бұны, — Қолдан билік кеткесін,Кімге дәрі хандығы...

Айтып өзен-көлге өкім,Қызыл су жүр аралай.Қарақотыр жер беті, Жазылатын жарадай.

Жерге төккен отын бар,Күнге қарап елеңдей.Жылтырайды тоқым қар,«Мен де еримін» — дегендей.

Тастады, Қыс, қанжарды,Біткені ме дау біздің?...Е, тағы да қар жауды,Ақша қары наурыздың.

Балпақ шығып жиі іннен, Бетіне опа жағып қыр.Аппақ болып киінген,Көктем есік қағып тұр...

САПАР

Әуелде мен өзіме сенем деп ем...Алайда бас білмейді өлең деген.Аулынан баяғының бір шығарды,Салт мініп сол шіркінге жөнелген ем.

Құс үркіп, дүбірімнен жылан қашып,Көзімде қараңғы мен нұр арбасып.Қиқулап ел шетіне іліккенде,Тұр екен айналаны тұман басып.

Кеп жеттім сәскеде ме, бесінде ме,Тоқтатқан, ай, мынау ел көшін неге?Жұрттың бәрі жынды су ішіп апты,(Абай жазған әлгі аңыз есіңде ме?).

Жұрт көрсін, төрге озайық, өлеңім, ал,Құйма құлақ мен ем ғой көнені ұғар....Алдында ас, жынды суы... өлеңі бар,Қонақты елемейді-ей неге бұлар?!

... су құйған кәрлен кесе келдіңіз бе?Тартайық (не амал бар енді бізде?...).Қарасам, анау да ұлы, мынау да ұлы,Кіл мықты тұратын ел көрдіңіз бе?!

Ай, дәурен, айхай дәурен, бұла дәурен,Басыңнан өтпейтіндей мына дәурен.Бірін-бірін жарыса мақтайтұғын,Осы елде, сірә, өлгенше тұрам-ау мен.

Бас тартар түскен елдің ғұрпынан кім...Әйтсе де басымды бір сілкіп алдым.(Тұмшалап жан-жағыңды көрсетпейтін,Ғажабы бар екен ғой бұл тұманның).

Алады бір бозбала зорға демін,—Біз, — дейді, — заманында... болмақ ерің!Мына тұман ашылса не болады-ей,...Ай, бірақ, не шаруам бар онда менің?..

Сөз ағып... ел-жұрт үшін қам жегендей,Содан соң тағы да той... ән дегендей.... Ауылға қайтар уақыт болып қапты-ау,Бізде де қатын-бала бар дегендей.

Бағзының елін көріп, ертеңі — күз...Аяқталды бұл — сапар-ертегіміз....Өлеңім, көрмегейміз тертені біз.Сеніммен өрге жүзіп бара жатқан, Біз деген бақытты елдің желкеніміз!

АҚЫН АҒАНЫН ӘҢГІМЕСІ

«Жыр жазу түк болмай қалды бүгінде...Көп шабандоз қосылды кеп дүбірге.Еркіндік бар, батылдық бар үнінде,(Даусы мықты құлақ аспас күбірге...).

Айқай сап тұр қала-дағы, дала да,(Айқай салсаң ғана бағың жана ма?!)Шұрайлы сөз тіркестері...Бірақ та,Өлең деген — сөз ойнату ғана ма?

Самарқанның көк тасын да еріткен,Талай дүрді жүрмін күнде көріп мен.Жырларынан мін таппайсың.Алайда,Жүрегімді қозғамайды-ей, неліктен?

Керек жерге қоймағандай үтірді,Қаншама ой айтса-дағы ұтырлы,Қазіргі өлең — құс кеп ұя салмайтын,Шаһардағы бетон үйлер сықылды.

Өлең үшін қабырғасы қайысып,Қатар шапқан адалы мен дәйісі.Сөз ойнатқан бір-бірінен асырып,Жүріп жатыр шеберлердің сайысы.

Ал АҚЫН қайда?!»
БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ
«НҮКТЕЛЕР ТОҒЫСҚАНДА...»
A. Нүктесі
"Бармын..." деп ойымды ойға сендіремін...– ...Дүния-ай, неге сонша мөлдіредің?!– Жасаурап қос жанарым Жаным ұлып,Бейуақыт күнбатысқа телміремін...– "Күнбатысқа күдіксіз қарасаңыз..."– Батыстан Күн шыққанша адасамыз...– Уақыт баяулайды, Жын асығып,Жарассақ жүрекпенен жарасамыз.– Өзімнен-өзім қорқам сенесіз бе?!– Тағдырдың салғанына көнесіз де...– Ол Бізді мойындайды, (кесірді айтам)Өшікті неге маған, неге Сізге?!– Расында ол да көркем, мен де көркем,Құдайға сен бе бөтен, мен бе бөтен?!– Жал-құйрықсыз жалғаннан, оқтай зулап,Жарқ етіп, Сіз сияқты мен де кетем.X. Нүктесіне...
B. Нүктесі
- Жер ауырлап барады...– Ауырласын.– Ой да ауыр...– Иманың ауырмасын.Жүрегін ауыртпашы адамдардың,Әр адам – тағдырласың, бауырласың.– Мен талай айғай салдым "сүйемін" деп,...алдайды.., содан кейін күйемін кеп...– Айғай мен ақыл қатар жүре ме екен?– Білмедім... Сабырымды тірек етем...– Сені сөзбен сипаған алдамшылар,Өзінің алданғанын біле ме екен?!– Біздегі уақыттың өлшемінде,Зіл басып көтертпейді еңсем мүлде...– Ой таза да – Жан таза, Өлім сұлу,Шер толқыр көңіліңнің кемсеңінде!– Жер ауырлап барады, ұрыспағын...– Айттым ғой, барлық адам – туыстарың.– Нені іздеймін білмеймін нені аңсаймын???– Көздеріңнен сүйейін, дұрыс бәрі...

С. Нүктесі
Мына Жолды...– Еріктен тыс тағдырменен жазғасын,Нені ойласын тәуекелшіл әз басың.– Уақыт пен кеңістікке тәуелдіОй деген не?! – Менің қоңыр күрсінісім - көз жасым.– Ақ дұғадан жаралдым,Бәлкім, мәңгі дұға болып қалармын...– Құпиясы, кілті мына ғаламның,Күлкісінде, жүрегінде анаңның...– Күлкі???– және Көз жасы ғой...– Кім үшін?– Ана деген – жүрек үшін... Нұр үшін.Оқылады мейірімен анаңныңЖүрек деген – Кітап қой ол дұрысы.– Ештеңені түсінбедім, құрысын!– О дүние мен Бұ дүнияның арасы –Сабырыңның тобасы.– Мына Жолды...– F. Нүктесін қарашы...
D. Нүктесі
Құдай Қалам сілтегенде жаралдың...– Уақыт пен кеңістікте жоғалдым.– Ұмытшақсың...– Сен есіңе түсірші.– Сөзге айналған жүректегі жанардын,мөлдірімін...– Қайдан келдің, қайда кетіп барасың?!– Тағдырыммен таба алмадым жарасым.– Рухыңмен жалғамақшы боласың,Екі дүние арасын.– Ғұмырыммен ғарыш жаққа ұмтылдым...– Бекер бәрі...– Жан ішінде жұлқындым.– Таңдау еркің қақ маңдайдан үсіген,Қоршауында құмарменен құлқынның.– Дүниені өзгертпекші болғанмын,– О, ендеше тағы, тағы алдандың.– Мен - ғарышпын...– Ия, оған дауым жоқ...Неге сонша жалғыз қалсаң қорландың?!– Әуел бастан Аңсар едім – себебі...– Ой ішінде ойлар сөніп, өледі.– Парақташы жүрегіңнің кітабын,Ғайып өзі Сәлем алып келеді.
Е. Нүктесі
- Күбірлеп өз-өзіне бұлданатын,Адам емес, есімім - мұң болатын.– Терезеңнің алдында жылап тұрған,Сен емессің, сезімтал түн болатын...– Қалайша, қалай енді жай табамын,Жалғыз қалсам Ол болды айтар əнім..– Жек көресің өзіңді, іштей үгіп,«Сүймеймін» деп неше рет қайталадың?!– Дəл бұлайша сүйгем жоқ жан баласын,Күлесің ғой, білемін, таңданасың.– «Досым» дейсің, сездірмей ештеңені,Өз сөзіңе өтірік алданасың...– Тағдыр-ай, кірпіктерде бұлдыраған,Жан əлемі... Жалғыздық тұнжыраған.– Бүгін айдың нешесі?– Жүрек күні,Мен емес, терезеде түн жылаған...
F. Нүктесі
Қасиетті Рухпен қуаттанған,Ар іздедім сөзінен шуақ тамған.Не табамын өмірді күлдіргеннен?!– Не табасың өмірді жылатқаннан?!– Қойшы өмірді... Дәл қазір жан жылаған,Жолын іздеп кімдер бар қаңғымаған?– Күбір-сыбыр, күңкілдек, айғай-шудан,жазғы түн-ай, жалыққан, қалжыраған...– Тым белсенді, тіл тапқыш, ұшып-қонған,Шаршап жүрген шығарсың пысықтардан?!– Балаларды аяймын суық сөздіңжалынына меселі үсіп қалған...– Жол іздеймін бір ғажап...– Не қыласың?!– Жалғыздықтан бір күні жарыласың...Топыраққа жүрегің оралады,Жаратқанның алдынан табыласың...
X. Нүктесі
–Қайда?!
– Өмірдің босағасын аттағанда,Жатырқап жылап кірдім жат ғаламға.Өлімге секунд сайын жақындаймын, Білмеймін, сор табам ба, бақ табам ба?!Мәңгілік жарығыма ұмтыламын... Жалықтым тыңдай-тыңдай құлқын әнін.Торында қутыңдаған қу тірліктің,Балықтай жанұшырып бұлқынамын.Рухым асқақ еді, білгір еді,Құтқарса сол құтқарар, кім біледі?Ішімде Құдайды аңсап Жан жылайдыСыртымда сайтанға еріп Жын күледі.Ғажабын ғақылымның ұғынғанша,Япыр-ай, қалды екен ғұмыр қанша?!Шіркін-ай, жүрегімнің құпиясын,Сезем бе қос жанарым жұмылғанша?!Ғайыпқа жетелесе ой торабы,Көкейім жалғыз Сөзді қайталады.Тағдырым түнгі аспанға телміргенде,Неліктен қайран көңіл жай табады?!Өлімнің босағасын аттағанда,Білмеймін, сор табам ба, бақ табам ба?!Білерім, боз жусандай көктеп шығам,Біздегі жасыл уақыт тоқтағанда...
Бейсенәлі Метқали
Күз көшімен жыр інгенін жетектеп
1-көрініс
Қойыныма тыққыштап түн денесін
Бояп әлек қалқаның күзгі елесін.
Тым сумақы жел орап етегімді,
Айтады бірдемесін...
... Не дейді екен, ымдайды әлде нені, .
Қою бұлыттың күбірлеп сәлделі өңі.
Жаз көңілді шақырып жаназаға,
Ұмытшақ күз оқиды карлы өлеңін.
Қаз қаңқылы адасып көкте биік,
мұңлы әуенмен құлайды кешке күйік.
Мені сүйреп бөктерге бұлыт аунаған,
Сұрланады күзеудің көш көңілі...
Жапырақ күз ұрылып жаз жанарға,
<соқыр теке> ойнайды қан базарда.
Қия беттен сүрінген жөтел дәурен
Жығылады ентігіп таң намазға...
2-көрініс
Таңнан ұрып танауға ашшы кермек
Қиялымның өзегін жаттым өрлеп.
Бұлыт өрді кеудемнен кенерелеп,
Жүрегіңмен жайлаған тақты бер деп.
Соқыр тұман көзінен сорасы аққан,
Ессіз қайыр тілейді болашақтан.
Бозарады ақ таңда қусырынып,
Шыққан тұтын ерініп көп ошақтан.
Жапырақты жасқа орап еңіреген,
Тал басына қонақтап көңіл – елең,
Күз кеудесін жұлқиды қара дауыл
Байрағының ұшында қоңыр өлең.
Қоңыр өлең сияқты қоңыр дауыс,
Қалып қалған қайғылы өңірде алыс
Құлазыған келейін жұртты жоқтап
Бетін бұра кетпесе омыр – қалыс!
3-көрініс
Беу, дүние шіркін жалған,
Мезглдің бұйрығымен ырқыңды алған.
Құшаққа алып тұрсам – ау жапырақты
Іңірде де күзеуге күртік жауған!
Өліара
1-көрініс
Мен іңірді итерем жаға жақтан,
Таңдайыма өрнектеп таңғы мұсын.
Өзегіме енген түн ұйқылы-ояу,
Өлеңіме сермейді қан қылышын.
Қызыл ымырт қызғаныш, жыр-пышақпен
Бауыздалып бататын тамағынан.
Көбік қардың көремін қос өкпесін,
Омбылаған ойымның балағынан.
Қоқаңдама,
ей байқұс,
Ышытарлық,
Көлеңкеңді мен емес құя кірер.
Теріскейдің қарындай бейшәрәсің,
Текті жылқы тарпыған тұяғымен.
...көңілдегі күрсінген күн шуағы, .
Атпайтындай шығыстан енді күліп.
Ауызына аяздың қыстырылған,
Оянамын одағай сөзді қуып!
2-көрініс
Тобылғының бүрінде күн қызарып,
Ақша қардың айтылмай сөзі кеткен.
Жылтырайды жанары қырат жақтан,
Мейірімге тойынған қозы-көктем.
Бұл да өмірдің бір қыры қос қолімен,
Амандаса беретін кезіккенде.
Енесінің иітіп жан әлемін,
Емеуірінге кететін еріп кейде.
Қозы – көктем іздеген оттыққанда,
Кеуде тұсым кенеулі кеуіл күбір
Мендегі күй – діңінен дымқыл тартып,
Көктеген жыр бүрінде тобылғының!
3– көрініс
Өләрәмен бет сипап отырайын,
Ақиқаттың шуағы себілгенше.
Аунамай тұр ей, маусым – марқа көңіл
Күнге қарап періште керілгенше.
Өләрәмен қол жуып үйге енейін,
Есігімнен шәуілдеп ұйқы үргенше.
Сілкінбей тұр, ей, мезгіл – дауыл ғұмыр,
Жапырағын жанымның күз сүйгенше!
Қан реңін қауып ұрттап ымырттың...
1-көрініс
Қайыршының қонышынан дәметкен,
Айналайын көлгірсіген әдептен.
Сенсіз сақал қырқылмайды екен ғой,
Алыссаңда арып-ашып әлекпен.
Ерке шабыт етекте жүр күрсініп,
Жас баладай тұлымына ту тігіп.
Шал көңілдің шаранасы құрғамай
Маңырайды, жыр – анаға ұмсынып.
Бағыты жоқ теңселетін мас қауым,
Сығалайды тереземнің жақтауын.
Қадалады қабағыма түйілген,
Қабағында ашылған көз басқаның.
Тебінгіде шырып болды – ау, тектілік,
Есерсоққа тасталмаған еш құрық.
Таң сәріден қайғы шығын ұрттаймын,
Мұң – қылғаға жыр-тұманын шөктіріп.
Азбанымен абыройлы бұлытты өңір,
Азынайды есек дәме-күйтке бұл,
Тауға қарап ұлымайды екен ғой,
Қиялына боқ түнеген иіт көңіл!
2-көрініс
Саусағымның арасынан төгілген,
Қараңғыны қасырет ғой дедім мен.
Сипамадым бетімді де о, тәубе,
Алақаным өзіме жат сезілген.
Таң шапағын маңдайымнан сыпырып,
Кетсем деп ем кіл шаттықтан құтылып.
Бақытыңды аямадың деді өмір,
Ынжықсың деп кетті тағы түкіріп.
Жалғыздықтың аралынан арша алып,
Біз қаншама, шөліркедік, шаршадық.
Балағымнан ала берді – ау бір тобыр,
Жей алмаған қолыменен нан тауып.
Қан реңін қауып ұрттап ымырттың,
Өртене алсам, өртей алсам жігітпін,
Әмірінен асқар алып тау жасап,
Маңдайдағы мағынасыз сызықтың...
3-көрініс
Өксі жүрек, олымыңды көрсетпей,
Естіл ұнсыз ертеңіңе ертектей.
Сауырлайын қанжығалап қайғымды,
Өзін ғана тәңір көрген тентектей!
БЕКЖАН ӘШІРБАЕВ
Өмірбаян
Бала кезім... кеуде таудай еңселі,Әке сөзі – алдағы күн өлшемі.«Оқуына түскің келсе әртістің,Ең алдымен жылауды үйрен»,– деуші еді.Өмір – ойын, қазір біраз қол қашты,Бұрын ондай сәтсіз жүріс болмас-ты.Тек көктемді көріп тұрған көзімнен,Шығара алмай қиналғанмын сол жасты.Ғарышкерден емес даңқы мысқал кем,Бір керемет өлең жазу ішкі әурем.Телефоны тыңдалатын адамдай,Әдебиетте сөйлеу керек тұспалмен.«Өнер» деген өзен бойын жағаттай,Жүріп келем, тап болады сабат қай?Том-том кітап қалмас менің артымда,Табақ-табақ тойға тартқан тамақтай.Бір сұлу деп атқа қонды талай ер,Сезім азса, атанармыз жабайы ел.«Қарай берсең, жасартатын айна бар»,–Десем қазір іздеп кетер бар әйел.Он сегізде кездеспеген қызды ойлап,Көңіліме алғаным бар күз байлап.Жапырақтың сарғаюын тоқтату,Ғылым үшін тақырып боп тұр қайнап.Ей, бауырым, әр күніңе тәубе де,Жоғыңды іздеп түсе берме әуреге.Меншігіңе айналдырсаң барлығын,Сіздің үйге симай қойды тау неге?!Үміт деген – жеуге келмес көк өрік,Кел, оданда сәтті күнге сенелік!!!Мүмкін сізді соғар көлік бүйірден,Бағдаршамда қалды бүгін бөгеліп...
Айбергенов атындағы сағыныш

Ақын аты – ар-ұяты әр ұлттың, Бәдiк сөздiң өтiмi аз баяғы. Тынымсыз боп кетерi бар шабыттың, Жас баладай ендi шыққан аяғы.
Берместi алар бәйгеден кеп баппенен, Тақым толар тай мiнуге жарармын. Жырларымда рухы жатыр ақберен, Кете берер кеңдiгi бар даламның!
Кiмге бедел жаза беру өнiмдi, Бейпұл емес, болса дейсiң сөз үнем. Нашар өлең оқығанда өзiмдi, Тойдан қалып қойған жандай сезiнем.
Жұтаң тартса өлеңдегi келiсiм, Атын бiлмей шақырғаның ұятты. Қайталану жалған әсер мен үшiн, Мультфильмнiң табиғаты сияқты.
Тарлық бiтiп, тас атпадым тасадан, Ақ парақпен алысу бұл – әдiл iс. Бiр анығы, менен ақын жасаған – Айбергенов атындағы сағыныш!
Ақын тағдыры
Бұйырып нарық генерал-тұлға, Қайтемiз бiздi көзiрден қақса? Сатуға қояр не бар ақында, Сүрленген еттей сөзiнен басқа?! Тоқсың ба, шендiм, ақылға кенен, Бәйгеге қостың әздек атыңды. Мүшәйра аңдып отырған менен Жасаған қайсың мәздем ақынды? Бақастық бермес басшыға көрiк, Ботана болып лайланды iш те. Үкiмет ылғи жақсыға жорып, Экономика айналды түске... Мылқаумен қойдық бәдiктi қатар, Үмiттiң қалай жараттым атын?! Пәтер де мынау пәпiктi басар, Балконы iшке қарап тұратын. Қоғамда мынау – бәрi ендi жеке, Кiм салды басқа байлап шiренi?.. Көшеде тұрған пагонды көке, Ысқырығыңмен «ойнатшы» менi. Соғатын желдей жәдиде тарпаң, Тасбауыр тағдыр айбат қылады. Карта ойнағалы казино барсаң, Ол қайта сенi ойнап тынады. Тартса да көне көңiлдiң бөзi, Тiршiлiк үшiн сана күресер. Күрделi емес – өмiрдiң өзi, Күрделi одан алатын әсер... 
Тотыдай тiлдi киiндiрiптi ой, Танытсын нәтiн найқала нарлар. Ақын тағдыры – қиын трюк қой, Үй жағдайында қайталамаңдар!!! 
Құрлықтың акуласы
Сексен алты сынап берген серт үлгi, 
Тоқсан бiрдiң рухы неге кертiлдi?! Қазақшалап сөйлегенге таң қалдық Тiсi бүтiн кемпiр көрген секiлдi. Тамырынан безген алмай сазайын, Түнге тұтқын азат реңдi арайым. Тiлiмiзге теңдiк келмей қойды ғой Тойға ауызша шақырғандай ағайын. Тез ұмыттық таптағанын әлдiнiң, Қабiрi жоқ жапырақтың тағдырын. Ұлт мүддесi – гострольдiк баладай, Әке табу қиын одан дәл бүгiн. Алынғанмен мойнымыздан қарғыбау, Жайын ауыз жаһандану – алғы дау. Жариялы, ашық қоғам құруды Стриптизбен шатастырып алдық-ау... Өз жерiнде бiзден басқа кiм кезбе? Ұлттан кету жамап бiттi түрдi өзге. Хазар халқы сақтау үшiн өз тiлiн Тоты құсқа жаттатыпты бiр кезде. Бұл мысалдан мәнi терең сырды ұқтым, Сау басымды бәңгi етерлiк мұң жұттым. Ойлант бiздi, түркiлердiң тотемi – Қасқыр бабам – акуласы құрлықтың! 
Жоқтау
Қолында ұзын бар тізім,Көрінер кейде тым мырза.Арпылдап ажал арсызым,Екі ағамды алды бір жылда.
Айтқызып мұңды бәйіт тағы,Сүйретті қайғы көкпардай.Екі ұлын іздеп қайтқалы, Әжеміз кетті көп болмай.
Азаға жанды бөктіре,Жау болып тиді көшке не?Қаралы хабар жетті де,Жүрегім түсті өкшеме.
Өмірден адам озады,Тоқтайды бірде арба алғы.Бетінің шығып бозағы,Ботадай боздап жар қалды.
Мін терсең тере бересің,Айғыздар көңіл әйнегін.Егеске қиған енесін,Елесеке қиған қай келін?!..
Жылайды екен жесір шын,Бақылдасқанда бағы алдап.Бас мүфти мені кешірсін,Өлімді кетсем жамандап.
Бейіттің басы. Қара күн.Дауыстар шықты құмығып.Ертеңі бітіп қаларын,Еріншек көршім тұрды ұғып.
Қияқты ай түсті көзіме,Төмпешік болды дүр көкем.Шақырып елді өзіне,Жарнама бермес бұл мекен.
Қызықтап сұлу бәденді әр,Айналма ары шығайға.Көлденең барар әлем бар,Тік жүргеніңде тік ойла!
Күнәңді айтар тізіп ап,Амал дәптерің – тұғырың.Аяқтың ғана ізі қап,Аяқталмасын ғұмырың!
Гулжан Зарқынбекқызы
Сүйген жандар дұшпан болып қалмаңдар
Көркем әнді көкейіне жазып ап, Құстар кетті әдемі бір сазын ап. Мұң құшақтап күздің күрең желінен, Қала бердім сағыныштан азынап.
Құстар кетті бізде кеттік қоштасып, Күндер қалды жаным дескен қолдасып. Дұшпан болып қалмайықшы бырақта, Деп тіледім дос болуға ет нәсіп. Махаббат ғой басталатын күлкімен, Гүлге оранған ару едім сылқым ем . Он сегізге оралғандай ой-санам, Жүрегімді сенен ғана жылтып ем. Ару көктем шақырғандай қол бұлғап, Әсем гүлдер тербеледі жыр-жырлап. Сыбырындай ғашықтардың тәтті бір, Сыңғырлайды үй қасында мыңбұлақ. Жүзімізден бал-бұл жанған нұр ұшып, Үнсіз ғана жанымызды ұғысып. Әсемдіктің әрясі әуелеп, Қасіретте қалды шетте бүрісіп. Міне осындай махаббатың әлемі, Жүрек жарды сезім жыры сәлемі. Іңкарлықтан інжу-маржан төгілер, Ғажайып бір қүдыреттің дәлелі. Сондықтанда сезім ұлы киелі, Ай құшақтап күн көзіңнен сүйеді. Ғашық жүрек ғаламатты әлем деп, Қаншама адам жырлар жазды жүйелі. Тұтанғанда тәттілікпен ғашықтық, Еске алмадық ешнәрсені пасықтық. Албырттықтың алыс тауын басыптық, Биігіне әйтеу тым- тым асықтық. Айырсада арамызды реніш, Құласада сезім тауы тіреніш. Бақыт тілеп сүйгеніңе бір кезде ,Амандықты ізгілікті тілеп ұш. Төгілседе күрсіністі көз жастар, Өкінішпен өкірседе тау-тастар. Таңғажайып тарихың табиғатың, Кешірмеңнің кеніші боп сөз бастар. Мейлі кешір-кешірмеңдер біріңді, Мейлі жүрек қаншама рет тілінді. Дос көңілге сидырғайсың жаныңды, Деп ойлама бәрі-бәрі бүлінді. Толса жүрек күйіктерге назалы, Күндер өтсе қаншама бір азалы. Есте сақта Шахановтың тағлымын, Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады. Құштарлықтың әсем әнін салғандар. Сезім гүлін бірге теріп алғандар. Үзілседе симфоня сезімдер, Үнсіз ғана жақсылықпен жалғаңдар. Сүйе алмайтын жүрексіз де жандар бар, Сүйдіре алмай сүйкімсіздер армандар. Ал сүйе алған, сүйдіре алған жаным-ау, Бақыттысың , Бақыт нұрын сепкейсің, Тек кісілік тастап ғана кеткейсің. Сүйген жандар дұшпан болып қалмаңдар.
Жек көріп кетсем болушы ед
Мұрнымды қысып ауыртқан кезде, Еркелей мені сағынтқан кезде, Жек көріп кетсем болушы ед. Жалғыздықтан жабыққан кезде, Таң бойы күтіп сарылытқан кезде, Жек көріп кетсем болушы ед. Тосын мінез тоғысқан кезде, Ренжіп кейде соғысқан кезде, Жек көріп кетсем болушы ед. Қолфонды жауып жоғалған кезде, Қуаныш мүлде тоналған кезде, Жек көріп кетсем болушы ед. Қутыңдап мені алдаған кезде, Жаным деп мені арбаған кезде, Жек көріп кетсем болушы ед. Сезімім морттай майырылған кезде, Сабырдан бір сәт айырылған кезде, Жек көріп кетсем болушы ед. Ұмыту ұшін торыққан кезде, Басқа бір жанмен жолыққан кезде, Жек көріп кетсем болушы ед. Гүл алып одан қуанған кезде, Өкпелеп саған жұбанған кезде, Жек көріп кетсем болушы ед.Қызғаныш мұңдар сабылтқан кезде Күдікті ойлар тарылтқан кезде Жек көріп кетсем болушы ед. Сен жәйлі сенім сөгілген кезде Көзімнен жасым төгілген кезде Жек көріп кетсем болушы ед. Ойласам сен бір ғажапсың, Ғажайып сезім азапсың. Жек көріп кетсем болушы ед, Бырақта жаным жүректі , Тәп-тәтті мұңға орапсың. Мендегі сетер сезімді, Тереңнен толғап тонапсың .
Әй досым ,байқадыңба? Әй, досым байқадыңба? Қабақ сынық, жан жұтаң, көңіл күрең, Күлімсіреп қоямын, жалған күлем. Отырсамда сонша адам арасында, Жалғыздықпен жабысқан бірге жүрем. Әй,досым байқадыңба? Қайғы жүр қуанышқа араласқан, Қызғаныш жеңістермен жағаласқан. Күннің көзін бұлттар басып әлек, Басын шайқап, күрсініп барады аспан. Әй, досым байқадыңба? Пенделер жүр пейілсіз өмір кешкен, Делбелер жүр дес бермей төбелескен. Жояндар жүр жойқынды елеместен, Қояндар жүр өзінше ерегескен. Әй, досым байқадыңба? Кекесін бар сұлу сөз арасында, Білмеген боп қоясың, қабасыңба? Табысыңды құттықтар таңданыспен, Досың кейде тұнжырар, нанасыңба? Әй, досым байқадыңба? Даттау сөзден мәңгілік дақ қалғанын, Жылы сөзден жүректер шаттанғанын. Көңіл қалып жандары жақын жаннан , Асыл достың ах ұрып аттанғанын. Әй, досым байқадыңба? Кірбең түсіп көңілдің кірлегенін, Сары күзде сағыныш үрлегенін. Бейтанысқа айналған сол бір жаннан, Іңкар жүрек күдерін үзбегенін. Әй, досым байқадыңба? Адамдардың тосыннан өзгергенін, Соғып кеуде келеді кез келгенін. Астамсыған арам ой арасында, Күйретеді жан-жағын тектен-тегін. Әй, досым байқадыңба? Күлкілер бар көлгірсу жасырынған, Жағымпаз жүр жақсыдан басып озған. Тәлейсіздер тағдырмен тайталасқан, Жауыздар жүр жол бермей жанталасқан. Әй, досым байқадыңба? Жанарыма Мөлдір жас іркілгенін, Отқа оранып барады,шіркін демім. Жүрегімді жұлып ап сілкіледім, Қасіреттен арылар мүмкін дедім. Әй,досым байқадыңба? Бүгін менің кеткен бе тауым құлап, Әр нәрсені айттым ғой жаным жылап. Шалыс айтсам досым-ау кешірерсің, Көкіректі кернеген көп-көп сұрақ .
ГҮЛЗАДА НИЕТҚАЛИЕВА
Әппақ қармен сырлас болып қалайын...
Сіз патшайым- жаныңда нөкерлерің,
Салып ұрып, жалғанға жетер ме едің?
Патшаны да тағынан төңкерердей,
Дауыл тұрды кеудемде бекер менің...
Сіз патшайым, күймеңіз алтындатқан,
Жарқ етсеңіз, жыр болып жарқын жақтан...
Айылын жияр ма екен, дәмелілер
Поэзия деген сол алтын тақтан...
Сіз патшайым, қанатты арғымағың,
Екпіні езді есінен тандыратын...
Жалқы сәтке көз қырын сап кетсеңіз
Жүргендерге серік қып ар тұмарын...
Сіз патшайым...Елесі Ай жанында,
Ұқсастықты мендегі байқадың ба?!
Пырақпен желдей есіп баратам ба,
Түп иеме фәниден қайтарымда?!
Сіз патшайым, мекенің - жұлдызды аспан,
Күн күлгенде елесі үнсіз қашқан...
Тұнжыраймын, ішімде мұң жылайды:
Не өтпейді жалғанға құнсыз бастан?!
Сіз патшайым, көзіңіз тұнжыраңқы,
Күн жылаңқы боп алды Түн жылаңқы.
Ақ сауытпен, ақ күйме, ақбоз атпен,
Айналып жүргендей ме мұң Тұранды?!
* * *
Дүрия-дүние, бұл фәни аумалы-төкпелі,
Басыма бақ боп қар жауғаны көктегі...
Ақ қардың соңынан соқты да аязы
Жүректің жаурады көктемі...
Жүректің жаурады көктемі...Қайтадан көктер ме,
Жайықтың самалы жәй ғана өпкенде?
Жұмаққа айналып айнала кеткенде,
Салауат айта алам өткенге...
Салауат айта алам өткенге, өмір бұл-керуен,
Пенделік тірліктен көңілім жеріген.
Періште қанатың күнге алып ұшқанда,
Жылындым, ерідім сенімен.
Жылындым, ерідім сенімен... бүр жардым, көктедім,
Жердегі өмірде мұң қалды...Көктемін...
Ақ бұлтқа оранып, арманға оралып
Баптадым бір талды...Сөкпегін...
* * *
Үндемей бас изейміз кездескенде,
Тұнжыр мұңды жүректе сезбес пенде...
Көзбен ғана бар жәйді ұғысатын
Дәл мұндай мұң бар ма екен, өзге ешкімде?!
Сырттай күліп, ішімнен тұнжырағам,
Көздерімнің түбіне түн құлаған...
Құлан жортқан даладан үн келеді-
Боз жусан ба, сораң ба кім жылаған?!
Көз жасы оның, білемін, кермек дәмді,
Тағдырларды екіге бөлмек мәңгі...
Сезіміме қылбұрау салған тағдыр,
Жүрегіме тұрғандай жерлеп таңды...
Сыр білдірмей, көзбенен ұғынысып,
Тек алыстан...армандап, жиі құшып...
Тұнжыр бұлттай түйіліп отырамын,
Сезімнің бал екен деп, уын ішіп....
* * *
Алыстан...көз қадаймыз ұрланысып,
Көңілдер бір-біріне тұрған ұшып...
Фәнидің бір белгісі – тұрлаусыздық,
Сезімге күле қарар мұндағы жұрт...
Көзіңнен...
Оянып ем ұшқын көріп,
Алыстан...болсаң да елес...құшқым келіп.
Бозторғай дәл төбемде шырылдайды:
Жүректі жүрегіме ұштым теліп...
Самғадым ақ бұлттан да асып әрі,
Жер беті – шарттылыққа бас ұрады...
Жаныңның тереңінде қайнап жатқан,
Сезімді...көздер қалай жасырады?!
Бір мерген көздеп тұрған...құралаймын,
Бағымды берсе дедім, сынамай күн.
Алыстан...көзбен ғана арбасуға
Шыдайсың ба?
Мен енді шыдамаймын...
Галина Кузьминадан еркін аударма
Қанатымның қауырсынын жұлса да...
Ал мен ұштым ешнәрсеге қарамай...
Демалдырмай, тұншықтырмақ болса да...
Ауа жұтқым келіп менің барады- ай!
Шын сезімге жолама деп қорқытқан...
Ал мен болсам, естен тана сүйгенмін!
Ауыстырмақ болса дағы ақылдан,
Ұмытпады сорлы жүрек күйгенін...
Дерт азабы ауырлау...деп сендірді...
Ал мен болсам, көндім, төздім бәріне,
Дұшпаныңды аяма деп ел тұрды,
Мен аядым...қарамастан әліме...
Мені тағы аяғымнан шалғаны...
Бірақ тағы тұратұғын күш таптым,
Таба алмайсың ...Өміріңнің бар мәнін...
Десе-дағы оны іздеумен түн қаттым...
Айтты бәрі: керегі не армандап...
Ал мен болсам, армандаудан қашпаймын,
Мынау әлем кетсін, мейлі, талқан боп...
Бәрін қайта бастаймын...
Гүлниса Алпысбай
Іңірдің қанатынан қар тамып тұр
Бұлттарды ақ аспанға арқалық қып,
Тайғақсып сұр тұманнан жалтарып нұр.
Жүкті етіп жүректерді сағынышқа,
Іңірдің қанатынан қар тамып тұр.
Аңсатып алыстағы әннің лебі,
Дәриға-ай, сен есіңе алдың нені?
Аяз жоқ, самал да жоқ, бақ үстінде
Дір қағып алқынып тұр қардың демі.
Бұлттардың шыға алмай қалқасынан,
Ақ маржан үзіп беріп алқасынан.
Ай ұйықтап...
Мен келемін көше бойлап
Қарға мас ымырт жатыр шалқасынан.
Қарға мас ымырт жатты, жырға мас мен,
Көңілдің құйқылжиды ырғағы әсем.
Әппақ қар, әппақ көше, әппақ қала
Үңіліп күбірлейді нұрға бәсең...
Сағынбағаным өтірік
Көрмедім дегенім өтірік,
Кезіксе жырыңды оқығам.
Асты - сыз, аңсаудық беті - үміт,
Ынтығу,
Ал сосын тоқырау.
Балғын мұң кемірсе жанымды,
Нәп-нәзік тілекке оранған.
Үзіліп қалған сол әніңді,
Іздеймін жоғалған.
Алқызыл арайға шыланып,
Батса кеш қарадым көз сүзіп.
Жадымда, сүйгенім тұр анық,
Құладың неліктен, тез сөніп?
Дір етті терезе пердесі,
Тербеген жел екен қуақы.
Сезімің мен жайлы өлгесін,
Қайтесің уатып.
Жапырақ күз болмай құлады,
Көз жасын аспанның көтеріп.
Жадымда аңсауым тұр анық,
Ал, сағынбағаным өтірік!
Жанарымда қалдырдыңыз қаймақ-мұң
Күн жұтады шөптегі мың таң шығын,
(Әттең, сізді сүйетінім – бар шыным)
Атлантыны ерітетін мейірімім,
Сізге сыйлай алмапты-ау бір тамшы нұр.
Тәкаппарлау, жаны жарқы, айбаттым,
Жанарыма қалдырдыңыз қаймақ-мұң.
Шу асауды шалмалайтын шашымның,
Бір талымен сізді байлай алмаппын.
Көкжиекке күн барады қамалып,
Қандай нұрдан қалды екенсіз жаралып.
Найзағайды жебе ететін кірпігім,
Сізге ғана тарта алмапты-ау садағын.
Құлағандай көктен жұлдыз ай теуіп,
Менің халім осы болды, әйтеуір.
Жұлдыздарды уыстаған саусағым,
Сізге созсам жетпейтінін қайтейін!
ДӘУЛЕТКЕРЕЙ КӘПҰЛЫ
***
Тобылғы торы  тіршілігім –ау,
Көбеңсіп қапсың көптен шын.
Дүлдүл тұяқтың дүрсілі дырау,
Дүр рухыма от берсін!
 
Сексеуіл шоқты жанарым менің,
Жасын ойнатшы жалғанға.
Бақытқа байтақ бала күндерім,
Алақан жайсын арманға.
 
Бала күндерім- балауыз бақыт,
Баяның кеткен жырақтап.
Қаймақ ерінге қара уыз қатып,
Қаймана жылдар жұбатпақ.
                   
Жұбаныштарым-жыр ағыстарым,
Балауса белдің тұмасы.
Жанымның жазға құрақ ұшқанын,
Сарғалдақтардан сұрашы.
 
 Бөрте жусанды,бұйырғын белді
Үйірлі жылқым жусаған.
Құйғыта шапқан құйын күндерді,
Талғажау етіп жүр санам.
 
*  *  *
Жота кездім, жүдедім,
Қыр басына түнедім.
Балбалтасқа бас сүйеп,
Қалғып кетсем – тілегім.
 
Таң нұрына боялсам,
Күнге құшақ жая алсам.
Балбалтастың жүрегі,
Бүлк еткенде оянсам.
 
Балбалтасым – балбөбек,
Саған да әлди ән керек.
Құсасы ма бабамның –
Құлағымда  зар бөлек.
 
Балбалым-ай,  мұңлығым,
Көк Тәңірге құлдығым.
Туған жерге сен ғана,
Байлап қойған кіндігін.
 
Құлағымда  мұңлы үнің,
Іңір кештім, ілбідім.
...шекесін кеп қасып тұр,
Жұртта адасқан бір құлын.
 
* * *
Желекті жиде ой ырғап,
Көзімді қайың көгендеп.
Есентай өзен бойында,
Есімді жидым өлең деп.
 
Арман тұрды Айға асыла,
Басылмай жүрек лүпілі.
Ғалым Боқаштың басына,
Кітап құлаған бір түні.
 
Қара өлең – қарашығымда,
Басымызға онда бақ ғашық.
ҚазМҰУ-дың қалашығында.
«Ақшамнан жүрдік хат тасып».
 
Тауып ап мәз боп  қаладан,
Өзгеріп салды бар таным.
«Торғайлар жұмыртқалаған»,
Тыныштықбектің «қалпағын».
 
Жан жүрекпенен сүйініп,
Алтайдың алқатасына.
Оралханды оқып, ұйыдық;
«Тағанның пәлсапасына».
 
Асқардан тауып марқадам,
Ақан, Біржанмен тілдестік.
Ақсұңқарұлы Арқадан,
«Ұлыған» даусын күнде естіп.
 
Бәсіре жырым бұла тай,
Қасиет тегің – Қамбарда.
Кенежиренді Жұматай,
Кеңсайға кетіп қалғанда.
 
Кешігіп келген кекілді ұл,
Өксігін қалай басарсың?!
Өмірім өтпей өкіндір,
Көктемім мәңгі жасарсын!
  
Аңсар
Толыбай да жоқ заманда Күреңбай да жоқ,
Қазанат тұқым кеттің бе кілең майда боп?
Әбдіғайса шал жасаған ауыздығымен,
Ауылға барсам іздеймін жүген қайда деп?!
 
Басымнан менің аса алмай бұлт табандасын,
Жүйрік деп өткен бабамның ұрттағам жасын.
Құмарым қанбай қойды бір, тақымым толмай,
Құмарбек шапқан ертоқым жұртта қалғасын.
 
Елеңдеуменен құлақты еліме түріп,
Сонау күндерге қызығам шегіне тұрып.
«Халықтың жауы» Құмар шал қатал ед, неткен,
Жез сыбызғысын ап кеткен жеңіне тығып.
 
Туған жер сені көп болды жырламағалы,
Көліңнен аққу-қаз әнін тыңдамағалы.
Әке, сен аңғал екенсің, «қожанасырлау»,
Құлынға құда түсетін тумаған әлі.
 
Еңіреп ерлер жетеді ел деп арманға,
Жүйріктер сүйреп жүйткиді кең даламды алға.
Құрдастарың да есімде, әлі сенбейтін,
Жотасы биік сол құлын жорға болғанға.
 
Мінем деп талай құлынды өскенде ат қылып,
Бәсірелерді санаушы ем, бас бармақ бүгіп.
Тайқызыл жорға тағдырың қандай болды екен,
Әкеммен бірге жылаған көштен қап тұрып?!
 
Заманның мынау жеткендей заңды асқарына,
Көшпелі кербез тірліктен мән қашқаны ма?
Сұлу жорғаны әспеттеп сөйлеп қайтейін,
Сұлы дорбаны білмейтін қандастарыма.
 
Бабын тапсам ба деп едім бабамдай жырдың,
Бүгін де жүйрік мінбедім, соған қайғырдым.
Атам басына барар ем, білмеймін қайда,
Алаяқ аттың басына бара алмай жүрмін!!!
                                  
*         *         *
Үрпі ұшынған үр жалғанның,
Ешкіемері емшек тістеп.
Тұлдыр жаным тұлданған күн,
Кебінімді өлшеп пішпек.
 
Жанға тәнді құл ете алмай,
Құбылуда  құбылам мың.
Күллі иманым күнәһардай-
Ірігені қымыранның.
 
 Қасқа маңдай   қақшияды,
Мүсіркесе мүләйім күн.
Ұртқа сыймай ақсияды,
Ұры тісі уайымның.
 
Сәулеленер сәтті ой қашан,
Ай да жатыр жаңаланып?
...Оңашада қап қоймасам,
Қастауыштан қалам алып!
ДӘУРЕН БЕРІКҚАЖЫҰЛЫ

* * *
Тірліктің күйбеңі әттең бітер ме,
Білмейсің сен алдыңнан күтер не.
Өзіме бір керек алғалы,
Кіріп ем дүкенге.
Ақкөңіл алаулаған нұр жүзді,
Құлпырған қырдағы қырмызы.
Көріп жаным жаныцп кетті от болып,
Зат сатушы бір қызды.
Оны көріп адасып қалдым естен мен,
Жоқ екен бірақ оны ескерген.
Затын алып төлерінде ақшасын,
Жетпей қалды бес теңгем.
Қарыз болмасын деп ертең өлгенде,
Дүниесін қайтарып бере бергенде.
Берсеңіз болды деді күліп қыз,
Тағы бір келгенде.
Адам болғасын уәдеңді орында,
Алған дүгнием бар пакетім қолымда.
Қимай қимай кете бердім ол аруды,
Түстім де жолыма.
Уәдені орныдау ұлылық,
Жоқтай болғанмен бес теңгенің құны түк.
Алмен болсам дүкендегі қарызды,
Кетіппін ұмытып.
Бірақта сол сәттер бар ма есіңде,
Екеуміз бірге жүрген кешірме.
Қол ұстасып жүрген едік астананың,
Айлы кешінде.
Бір өзіңсіз атқан әрбір таң ызғар,
Сені ойласам жүреек жылап жан мұздар.
Болып қалды бұл күні саған деген,
Сағынышым қарыздар.
Мендік сезім емес сірә жай тегін,
Өзің тауып қане жаным айт емін.
Бес теңгені мииллион ғып қайтарам,
Сағынышты қайтемін.
Сыңар сырға
Жол үсті жаяу жүріп келе жаттым мен,
Келе жатып сыңар сырға таптым мен.
Таптым ба шексіз ойға баттым мен,
Кімдікі екенін жаным білмей тұрғаны.
Қандай жан жоғалтып алы екен бұл сырғаны,
Құлағынан түсті қандай арудың.
Іздесем бұл өмірден мүмкін бе сені табуым,
Жүрегімде үміт отын жанғыздың.
Себебі сырға сыңар,
Сырғадай мен де жалғызбын.
Іздеуге сені жаным бекінді,
Періштенің алтын етігін тауып алған,
Аңыздағы ханзада секілді,
О сыңар сырғаның иесі айдасың?!
ІЗ.БІЗ.ҚЫЗ
Ақ қарда,
Баралап нұрға шомылып жатқанда,
Бардық біздер мүлгіген анау бақтарға.
Екеуіміз,
Бақта екеуіміз ғана екенбіз.
Деп ойлап ем осылай мәңгілік,
Өтерміз ғана екеуміз.
Бірақта,
Жете алмадым сол бір мұратқа.
Мен қалдым сен кеттің жыраққа,
Қайран із,біз, қыз.
Думан Бәзілжән
Үрімжі
Ай қарап аспаннан,
Мастанған маң-маң түн.
Оу, менің үрімжі ــ
Бас қалам!
Бар халқын ــ
Басады баурына,
Шашады жұлдыздар сәулесін.
Қайтпайтын қазақ бар ауылына,
Дәндесе, дәндесін!
Сырнайлы сазды, беу,
Естіртіп
Беймезгіл билейді еркімді.
Бетіне түкірдім бәз біреу,
Шаһар деп шақтаса бертінгі.
Тоғанақ теңдеткен абылай,
Кешегі жанады көштегі от.
Төбемде ــ тәңірім,
Бар құдай,
Жар құдай!
Еженхан тәпсірі есте жоқ.
Жұңғардан қайысқан.
Майысқан белімді көтеріп,
Үрімжі, үһ!. !
Мен саған жеттім-ау,
Астымда от арба ــ
«күрс, күрс!» жөтеліп. !
Бәріне үйрендім,
Күйлерім оң бұрау, сол бұрау!
Жібек жол сорым-ау ــ
Дүбірге ұласты ①дұнхуаңнан
Естілген қоңырау.
Тарих қартайған,
Әртайған сыр тұна,
Сақтардың сарқыты, үйсіннің ұрқы да
Сенеді-ау!
Қайырып сөз басын,
Көк түрк көз жасын
Тапсырдың табғаштың жұртына ــ
Үрімжі!
Бүгінгі бағы үстем,
Мұңлықпын менде бір зәрі іштен
Қайнаған,
Шайырың шарапқа бөгіп ап
Қайтады-ау!
Қайтеды-ау?
Ли байдың сарқытын
Қара ішкен, хан ішкен.
Сырнайшы
②Байтолланың азанымен таласқан,
Сырнайлатып шал тұрады,
Кары аспан ــ
Телміреді тірлігіне пенденің,
Жоғалтып ап жұлдыздарын жарасқан.
Есін алса есіл сырнай озандап,
Іргедегі ел-жұрт нені сезе алмақ!
Қандырса еді құлағының құрышын,
Сыпсың, сыпсың жүргенненше сөз аңдап.
Жаймаса да жер-жаһанға атағын,
Сырнайшы шал сырып өтті қатарын.
Соқыр жармақ дәметкенмен өзгеден,
Жанын жалдап сатқан емес сақалын,
Тапжылмаған еңбегіне таңданбай,
Өте алмайсың,
Кете алмайсың арланбай.
Мынау жұртты ұйқысынан оятар,
Жорықтарға жөн сілтеген сардардай.
Ол үшін тек атқан әр бір таң бөлек,
Жалбарынбас жасамаса жан көмек.
Өмір күйін жазып кеткен секілді,
Өркестірін әсем, сұлу ән демеп.
Өткен шығар өмір бойы азық қып.
Сал сырнайдың сазды ұнымен жазып құт.
Күз де келді, сырнай кенет үзілді,
Қайда кетіп қалдың екен жарықтық!
Архушы
Пернесіз архуын,
Боздатып буалдыр күйге еніп.
Қарашы:
Қара шал шалқуын
Дүние ішектер үнінде иленіп.
Шулайды һұндардың құлағы,
Тулайды тамырымда тасып қан.
Үйсіннің жел-қабыз пырағы,
Дүбірлеп өтеді,
Ордаға асыққан.
Қалың мал деседі,
Есебі:
Хас сұлу қыздары
Қайғырмас
Жұртым мен жылқының
Тағдырын шешеді,
Айырбас!
④ханнама қатталып,
Жатталып жадында
Архуын арық шал
Сарнатып
Түседі ағынға.
Сәл ғана бүгіп бел,
Түңілсе тірліктен тарықса.
Жалғайды ол жеңімпаз,
Патшаның жадыгер мұрасын.
Жай ғана жаны жаз
Бақшаның ـ
Маймылы секілді тынасың!
Тынасың...
Қайдағы!
мен деген түркінің түлегі
Көк пен жер айлағы.
Қане кім тиіспек!
Әкелші, ей,
Арық шал!
Архуың қобызбен туыс деп,
Қайтайын құлағын бір иіскеп.
дұнхуаң ــ ішкі қытайдан шинжияңға кірердегі ежелгі жібек жолының бойындағы қала.
② байтолла ــ құлжа қаласындағы 250 жылдық тарихқа ие мешіт.
арху ــ қытайдың ыспалы саз аспабы
ханнама ــ қытайдың ежелгі тарихи кітәбі.
Дүйсеналы Әлімақын
Күз . Әке . Сағыныш .
Сағыныш жырын тыңда сарай далам,
Дүние осындай ма мен ойлаған .
Күз келсе сонау шағым түседі еске,
Шұбыртып төр жайлаудан мал айдаған .
Бала шақтың өшкіндеп сергектігі,
Жүдетті дүниенің жөргек мұңы .
Шұбырманың төсінде құйындаушы ем,
Жаратып мініп күзде кер бестіні .
Бұйырмаған ешкімге мұндай бақыт,
Жүйрігін жылқылы ауыл күнде ойнатып .
Тосар еді құлағын төрткіл әлем,
Әкем салған әуенге угайлатып .
Аяңына үн қосып төрт түліктің,
Ғазалына үн қосып ескі жұрттың .
Шылбырдай ғұмыры бар қайран дәурен,
Жалт етіп кететінін кеш былыппын .
Азаматтың сыналып естілігі,
Қазанаттың білінер тектілігі .
Азап ұшын ондағы күрсінбейтін,
Қазақ ұшын тым қымбат көш қызығы .
Әкем айтқан әуенге қосылып ап,
Саған жетіп қонушы-ек, о, шымбұлақ .
Сол баяғы шағымды есіме алсам,
Жанарымның кетеді жасы құлап .
Опа күтпеөткенін ұмытқанға,
Мезгілімен ататын ұмыт таңда .
Жол азабы қалатын естен шығып,
Күзектегі үйге жетіп тыныққанда .
Тағы міне естілді күздің әны,
Көз алдымда ескі елес бұлдырады .
Балғын шағын еске алып сағынышпен,
Ақын жігіт өзінше жыр құрады .
Сағыныш жырын тыңда сарай далам,
Дүние осындай ма мен ойлаған ?
Төртөбелдің үстіне қисық мініп,
Әкем келе жатыр-ау мал айдаған .
Уақыт-қыз
Күз келді соғылды қоңырау,
Недеген қып-қысқа өмір-ау .
Жырыма сұйынсын уақыт-қыз,
Кеудеңде тырсиған омырау .
Уаз кешіп түнерген түндеден,
Жарықты ес кете сүйгем мен .
Уақыт-қыз ақ қолың әлі есте,
Мамырда сыйлыққа гүл берген .
Тез қайтып барасың соншалық,
Санама салмақты ой салып .
Сен қайтып барасың асығыс,
Мен қалдым соңыңда томсарып .
Уақыт-қыз ғашығым ақ бала,
Риясыз сұйдым мен мастана .
Сағынсаң оқырсың еске алып,
Жыр жазып кеттім мен қақпаңа .
Уақыт-қыз ғашығым ақ бала .
* * *
Ақ әлемді сағыншыпен боядым,
Жұзы жасты өтпесін деп арманым .
Сағынғанда сұйып-сұйып қояйын,
Саған жазған жырларымның тармағын .
Қай жақтарға жетеледі тағдырым,
Сартап ойлар санамды ойып жеді ғой .
Сары таңда жымияды сары күн,
Шарпыңның да тұсы сары еді ғой .
Өн бойымды малындырар шуаққа,
Сағныыш нұр себелетіп сары күн .
Сені сүйгем, сені сүйгем бырақта,
Сен сенбейсің жарығым .
* * *
Арып-шаршап қол жетпестей арманнан,
Қай қиырда жұр екенсің сен қарғам ?
Сен саламат өтсе екен деп тілеймін,
Мен адасқан соқпағы мол жолдардан .
Ұмыт-жұлдыз қолын бұлғап мың жерден,
Қиялыма қанат сыйлап үлгерген .
Сен уайымсыз өтсе екен деп тілеймін,
Мен ұйқысыз көз ілмеген түндерден .
Мен күлкісіз хош айтысқан күндерден .
Тасаландым сұғы қалың көздерден,
Досымның да сататынын сезгем мен .
Сенің жаның қалмаса екен жабырқап,
Мен жайында айтылатын сөздерден .
Ертең қайда, бағыт қайда біз күткен,
Енді ешкімнен жібі тұзу си күтпен .
Сен көрсе екен деп тілеймін шын мадақ,
Мен ат тонын алып қашқан тірліктен .
* * *
Сен жоқ қалқам құлазып тұр мына бақ,
Ақ нөсерде сыр айтады тына қап .
Мен омырдың келем шексіз жолында,
Сен отырған автобосты қуалап .
Кеттің ұнсыз ерте қайтқан көктемдей,
Саған еріп жүрегім де кеткендей .
Ләйлісіне арнап өлең жазарда,
Мәжнүн мұңға оранбаған тек мендей .
Сенмен кетті менің бүкіл жастығым,
Енді қайта оралмайды-ау шаттығым .
Қорлан сезім қол бұлғаса алыстан,
Естайға ұқсап алмайды енді жақ тыным .
Енді маған ашық күннен дауыл көп,
Жұрттың сөзі тиер тағы ауыр боп .
Енді ешкімге хат жазбаймын жаным деп,
Енді келген телефоннан қайыр жоқ .
Сен жоқ қалқам құлазып тұр мына бақ,
Ақ нөсерде сыр айтады тына қап .
Жеңілмейтін батыр сынды күйдемін,
Өмір дейтін автобусты қуалап .
Ділмүрәт Жұмақан
Дауыс
Білмеймін кеудем шертеді нені ?
Жанымды билер сол дауыс-
Ерлікке бастар ертегі ме еді,
Серігім болар жолда алыс ?
Намысты ердің азабы ма екен,
Кеудесін тұяқ таптаған .
Хафиыздың әлде ғазалы ма екен,
Мың жылда мекен таппаған ?
Қандай бір ойдың құрығы жетер,
Санаға қамап ұстар кім ?
Қарашадағы әлде шырылы ма екен,
Қанаты күйген құстардың ?
Үміттің кейде шамдары күндей,
Жарығын сыйлар кеште бір...
Сол үшін дағы арбалып жүр ғой,
Есәләң ғұмыр ...
... Ескі өмір .
Кеудеңнен қайытқан жаңғырығымның,
Күбірі ме екен қапалы ?
Жүректен туған қанды жырымның,
Сол болар мұңлы мақамы ?
Күндердің дені қапырық мүлдем,
Таппадым мекен басқа бір ...
Үні ме мені шақырып жүрген,
Тыныштық жұрты –тас қабыр ?
..тірліктің бітбес жай әны шұбап .
Жетімсірегенде парақтар .
Алланың мүмкін аяны шығар,
Жалғыздық үшін жаратқан ...
дауыс!
Алдаспан
Көкірегім көр ғаламмен арбасқан,
Қиялымдадерексыз сол алдаспан.
Сарбазым жоқ,
жоқ тағы да боз күлік-
Ағайраң алтын таңды асқан.
Бұл өлкеде болмаған соң тірі абыз,
Дастандарға тәуәп етіп тұрамыз.
мың-мың батпан сұрағымды жайып ем,
Басын шайқап жылай берді бұла күз....
Жапырақ-ғұмыр сұлап жатты...
бақ мұңлы,
Кімге серік болар дейсің сатқын күн?
Бір суық қол жүрегімді жұлып-ап,
Өткен күннің моласына лақтырды....
Еркіндікті жүрген таңда мұң сыбап,
Аяз соққан бөлтіріктей қыңсылап-
Бейіс түнде мазамды алып жүр ылғи,
Жауабы жоқ мың сұрақ!
О, сұраулар...
панасыз һәм жетімек,
Жәудір жанар келдің менен не тілеп?
Құшағыма жылап кіріп жатасың,
Місе таппай құлан жердің бетінен.
Көкірегіме түне қайғы түне мұң,
Жұмыр басқа қашандағы бір өлім!
Суарылған жетім сұрақ жасына,
Менің семсер жүрегім.
Билесе ындын жұлдыз көзін ақылдың,
Кім айырсын пақыры кім, батыр кім?
Ұзақ түнде ұйқы қашып көзімнен,
Хиялдарға құлдық ұрып жатырмын....
Бұлағайлы тумаса да басқа күн,
Қобыз кеудем бірмұңлы әуен бастады.
Кеберсіген ерініммен сүйдім көп,
Тарихтың ізі қалған тастарын...
Сайын дала құлағың сал естігін,
Көкірегімде боздайды-ау бір ескі мұң.
Өткен күннің арын арлар айбарлы,
Біз едік қой марқасқаң да десті ұлың!
Аяс аспан аясында жүрмін деп,
Арға қияс уағыздарды міңгірлеп,
Намысты өртер мұң ошағын күнде үрлеп-
Кетсем, мені жұтсын ажал бір күн кеп!
* * *
Семсерлерін серт ұстатып арына,
Жау жүйрікке ерін салып нар ұлан.
Ұрысқанда-
сақпандағы сұр жебе,
Қанша боздақ көкірекке дарыған?
Болат тұяқ көсіле алмай шөгірден,
Айдарлы ердің қаны судай төгілген.
Жат қолында жалаңдаған сүңгіден,
Алтын тонның жағасы да сөгілген...
Ойсыз-мұңсыз өткенімен бәләкүн,
Бүгін міне көкіректе жара мың.
Аласат күннің кетті қанша қанжары,
Қанмен бояп ақ жаулығын ананың?
Жігерге сап тағдырының кесімін,
Көрсіз қалды қанша адай, есілің?
Қанды көздер түйреп салды қаншама,
Сап-сары уыз балапанның бесігін?
Көкірегім көр ғаламмен арбасқан,
Хиялымда дерексіз сол алдаспан.
Сарбазым жоқ,
жоқ тағы да боз күлік-
Ағайраң алтын таңды асқан.
Сөнгендей жыр жүректерді отты етер,
Содан ба әйтеу жанарларда кек бөтен.
Алдаспанды алты алашқа ту болған,
Күшлік бабам қайда тастап кетті екен?
Күдіктердің құйған сұмдық шідерін,
Салдырмайды менің тентек жүрегім.
Сегіз ғасыр отседағы ақ алмас-
Алдаспанды дат шаламасын білемін!
Қанша үміт жөргегінде қаусады?
Қанша күдік сенімдерді таусады?
Сағынудан қылшылдап бір тұрма екен,
Кекке толы ұрпақтардың саусағын?
Көңілімде көп болғанмен шер-шемен,
Елім мені қылағай деп өлшеме.
Сапарыма боз қасқаңды айтып сой,
Мен ерліктің рухын іздеп жол шегем!
Ертеңдерге жалғайтұғын ізгі үнін,
Сұңғыла елдің миятымыз біз бүгін.
О, ұлы аруақ жетеле-
Ұлың мінген желқебыздың тізгінін!
Елемейді ел тарихтың сұрағын...
Ұмыттық па бабалардың ұранын?
Іздеп табам алдаспанды,
Айт маған-
түңкелі орман,
барқыт белдер,
құла құм....
Қақсадағы наубатымнан мені өмір,
Жасымаймын тағдырымнан көремін.
О, бұлғыр тау,
мың сан жұлдыз,
мың аңыз...
Айтшы маған алдаспанның дерегін!
Асылдардың сынықтарын теріп көп,
Өткендерге жүрем ылғи еліктеп.
Ханғай таудың бауырында алдаспан,
Жатырма әлде аруақтарға серік боп?
Бәрін айтып тұрса тастар таңбалы,
Ана тарих, сені ұмытсақ арға мін,
Жусада күн бәдізшінің қан дағын,
Бірақ, бірақ сені өшіре алмады...
Білем, білем хас далам,
Ұрпақтарға мұра қылып тастаған.
Асыл семсер жатыр сонау өлкеде,
Сатқындық пен жалғандықтар баспаған...
Десі басып кетті екен деп хиялдың,
Аңсауладың көзіне құм құяр кім?
Әлі-ақ туар алдаспанды ту етіп,
Аясына отты ерлерді жияр күн!
Көрік болар намыстардың отына,
Қашан шіркін «тәс тарих» оқылар?
Түсімде ылғи таңғы арайға күбірлеп,
Алдаспанды тауға жанып отырам!
Арғымақ
О, алты жал құла айғыр...
Жұлдыздайын ағып отшы былай бір.
Арманыма арымай бір жетсін деп,
Күлігі мең сиға берген құдайдың?
Арғымақсыз сәнің кетер түзелмей,
Тұлпарлардың жалғассын деп ізі өлмей...
Ой, жануар! Шыңғырып кеп қарғиды, !
Қыл шылбырын үзердей.
Пай-пай жалған...
өңге айналған түспе бұл?
Ал шарықта, қыран болып ұш көңіл!
Көзі дана сыншыдайын тұлпардың,
Көріп жаттым шаша, сауыр, тістерін...
Тасқа төсеп табандарым ойылған-
Күнде елес еді ол шықпас ойымнан.
Айналайын нағашым-ау мың алғыс,
Жоғалмаған қазақ исі бойыңнан.
Осқырына қайшылап бір құлағын,
Тұрған мынау кербез тұрқы ұнады.
Бәпкер ағам бағы қалай болар деп,
Ауылына алып кетті құланы.
Құла кетті құлазытып көңілді,
Онда мынау бала діләй не былды?
Қос айылды мықтап тартып құламен,
Құйғытып бір көрсем деп ем өмірді.
Тұлпар жайлы сөзге салып көп елді,
Құла арғымақ шу дегеннен жөнелді...
Бәпкер ағам бас жүлде деп байлады,
Омыраулы жиірен төбел дөненді.
Жылынардай бар ма бүгін санамда от?
Бұл өлкеде алған жөнді бағам жоқ.
Құла арғымақ мінездес-ау сенімен деп,
Бәпкер ағам айтатұғын маған көп.
Шаһар бардым көкірегіме шер түнеп,
Құла қалды күзгі ауылдың көркі боп.
Мұнда ешкім тұлпар жайлы сөз айтпас,
Сағыныштың содан өтер өрті бек.
Қасыретымды сезінетін бір жоқ,
Қайырақ құла...сағындырған күні көп.
...бәпкеріміз ұқсамайды-ау .
Сен-бәйге.
Менің жүрген күнім мынау құдырет!
Сейіс құрметтың әңгімесі немесе ластайға сағыныш
Бірінші жыр
Қапшық сайы,
басы өрлеп шыңға барар,
Наурыз соңы, тығылған жылғаға қар.
Әр сайынан қазақы түтін ұшып,
Көңіліңді тоғайтар қыр-далалар.
Бұлдыраған таулардың боз сағымын,
Қармайтындай саусағын созса жырым.
...ата көрген жігіт,-деп, кадекең шал .
Мың құбылта бастайды сөз сарынын.
Қой көзінен аңғартып көркем ойды,
Арғымақтар көп туған өлке дейді,-
Құрмет досым,
сылаған жарау кердің,
Кекілімен жел ойнап еркелейді.
-күз аяғы, шаруалар тегіс біткен,
(бәйге салмау бұл шақта теріс тіптен.) .
Жүздей жылқы шабатын, жағадағы-
Бәйге алаңын жасадық егістіктен.
Маң даланы сүйіп тұр күз демімен,
...қауқылдасқан бәпкерміз бізде кілең.
-‹‹ардон қара›› бабында екен,
әй бірақ та,
Алыс жолдың аты еді ‹‹сүзбе күрең›› ...
Арғы сай бергі қырдың бар ұланы,
Осы аламан дүбірден табылады.
Жанымды отқа орады, сан күліктен,
Әкбәр шалдың қара керді танығаны...
Қаракер еліре бас шұлғиды кеп,
Жануар мұң кеудеме жыр құйды бек.
Алаштан алтын жамбы алмасада,
Момын ауыл баптаған қыл құйрық ед.
-иә, сәт!
шын арғымақ текке елірмес,
Қарсы дау көреген көз көпке жүрмес.
Беу жарау кер, топқа кір,
шаба алмасаң-
Қара терді аямай төккенің де еш.
-тамсандырып көз тіккен тамам елді,
Бір қылқұйрық көмбеге дара келді.
Аспандатқан даңқымды, айналайын,
Сондағы осы жануар қаракер-ды...
Қыстау,
ымырт,
Күн кеткен қырдан ары,
‹‹қысыр›› сөзге ұласқан ‹‹жыр›› манағы.
-қайсы тілде шығар деп ұлдың тілі?
Тосын қайғы кеудесін тырмалады.
Тілім, дінім, ділім де қорланғасын,
Мәңгіріп кеткен сенер жан жолдасым.
Қай қуысқа көмілер ертең тәнім?
Қайда апармақ қаңғырып қалған басым?
...тым алысқа кеткендей бағы да ұзап, .
Ғажап бір от жанарында жанып ұзақ,
Сорып-сорып тастайды ол сосын үнсіз,-
Пеш шоғымен шылымын тамызып ап.
...көз байланған ымыртқа түн ұласып, .
Келін жүрді ауыз үйде сүріні асып,
Аспан жаққа тарайды пеш түбінен,
Шертпе күйдің соңынан ‹‹қызыл асық›› .
‹‹қыз емес қыздың аты қызыл асық...›› .
Екінші жыр
Құсбегы шал
Жақсы аға,
Жарқын ауыл...
Көңіл тағы тау жаққа бұрылғасын,
-сағыныш,-деп бастадым жырым басын.
Аласұрған кеудемнің бар аңсауын,
Жақсылық деп жүрегім ырымдасын.
Қазақ тауға, қазаққа тауым жерік,
Берекесін сақтаған қауым берік.
Сайдан өрген тоғайға, бисмлләһ,-деп,
Жасыл желек жапты ма сәуір келіп?
Төбеден тырнаның көп отты легі,
Жас бүршіктің сай жақтан кеп тұр лебі.
...түлетті ме кадыр шал, ақпандағы-.
Тауға қашқыш тентектеу ‹‹көк тірнегін›› ?
Қанатыңдай көретін ‹‹ластай кері››,
Аламанда ап тұрма бас бәйгені?
...кеуде толы сырыңды ап, сейіс құрмет, .
Жан ұшыра тартсаңшы қастай бері.
...асыңды ішіп болмастан алдыңдағы, .
Жарау керге еріңді салдың тағы.
Сені дағы матады-ау, қанша ғасыр,
Қазақ қолын байлаған малдың қамы.
Сені салған осы бір жолға бөлек,
Қыр жайлы жыр кеудеме толған ерек.
Қария тау,
баба тау,
қойныңдағы,
Қырық руды піріндей қолда демеп.
...неге деме бұл халық тынып алды,
Жан пендеге шаға алмас мұңы бар-ды.
Бауырыңа басшы бір емірене,
Сенен өзге сүйенер кімі қалды?
‹‹арғымақтар көп туған››
қараша ауыл,
Қараша ауыл, ханы жоқ, қараша кіл...
Саз сырнайдың сарқылған соңғы үніндей,
Мүлгіген беюақ мұңға даласы ауыр.
қараша ауыл...
Еркежан Бейсенбекқызы
Арман ғана
Бас көтертпес жүректегі мұң пақыр,
Жұбатуға ақыл бітті бір батыл.
Ымырыт қыздың ерніндей үлбіреп,
Ыхыласым сізге ауып тынды ақыр.
Жасың кіші болғанменен сіз дедім,
Елесіңді есім шыға іздедім.
Құлазыған махаббатты құшақтап,
Сағынышпен сарғайтты ғой күз лебің...
Қаламыма сия емес шер жұққан,
Сарай салып сиға тарыттым сөз құстан.
Құдыреттың құлға қимас сыйындай,
Құрақ ұшып құрметтеуым сондықтан.
Асу бермес сапар болып басталдың,
Енді келсең деме мені тас бауыр,
Сіз кететін есіктердің барлығын,
Ашылмастай шегелеп-ақ тастармын.
Ондай батыр шақтар тумас қой менен,
Теңіздерге батып тынар ой кемем.
Тағдырыңды тым такаппар еске алып,
Өзіме-озым қимай қалам кейде мен.
Сіз биіктеп кеткен жақты бетке алып,
Аңтарыла қарап қалса көп халық,
Жүрегімді өртеп сонда отырам,
Қаламымнан сия емес шоқ тамып.
Аман болсаң-барлығына көнем деп,
Есіміңз шыққан жаққа елеңдеп.
Сыздың кітап сөреңіздің шетінде,
Қыстырылып тұра берем өлең боп.
Ата мекенге ақ сәлем
Сәлем саған ата мекен, дана елім,
Қабыл болғай құзырыңа сәлемім.
Нар атанның оқ кескенде бұйдасын
Кебежеде кеткен кекті бала едім.
Кімсің деме,
Сынбай кеткем (иілгем).
Әке ерлігі ем,
Жаулары да сүйінген.
Жүз егіліп, мың езілген жүрекпін,
Аналардың жаулығына түйлген.
Жанарладан арман болып қалғыдым,
Кісенделдім,
Кісіндедім,
Қарғыдым!
Көкбөрідей көкке тамып көз жасы,
Айбарланып айға ұлыған тағдырмын.
Кімсің деме,
Өтінде қап дауылдың,
Аяр жылдар арқалатқан ауыр мұң ـ
Шегерәнің сыртындағы шерменде
Шолпысында шер байланған арумын!
Сүйегім-сақ,
Түбімді ізде ـ түркімін.
Қасреттен қатып қалған кірпігім.
Ата жаудың алдаспаны өтпеген
Мен қазақтың қалғымаған рухымын.
«Ләзәттәрдің» мойыл қара көзі едім,
Желтоқсанның қарып кеткем өзегін.
Қарусыз-ақ қарғып шыққан майданға
«Қайраттардың» ең ақырғы сөзі едім!
Тәтті сиын ұсынғандай тәңірым,
Азаттықтың арайланған таңымын.
Тізе бүкпей басын берген жауына
Мен қазақтың жалғыз тамшы қанымын!
У да іштім,
Удай ашты болмады.
Бал да жұттым,
Балдай тәтті болмады.
Әтәмекен ауаңды бір жұтпасам,
Менің әйтеу, кем-кетігім толмады.
Дұға қылып бабалардың басына,
Әтәмекен жеттім саған асыға.
Өшкен жанып, тірілгендей өлгенім,
Төбем көкке тиді деген осы ма!
Қорғансыз қап қорқаулардан қорықтым,
Тобыр болып кетем бе деп торықтым.
Қонақтайтын өз ұясы болса егер,
Қорғаламай құс та ұшады,
Соны ұқтым!
Аш та болғам,
Сүргін көргем қуылып,
Міне, астанам бердің маған жылулық.
Өксіп-өксіп алсам бе екен жел болып,
Ала таудың бауырына тығылып.
Жер бетінде көп емеспін,
Аз-ақпын.
Сен барда елім,
Етер мені мазақ кім?
Азат күнін айырбастап шаттыққа,
Азаттығын тойлап жатқан қазақпын.
Кімсің деме,
Мен қазақпын, азатпын!
Ертіске ерке сыр
Екі ауылдың арасын жол қыласыз,
Жанарыңда жаудырап сөз кінәсіз,
Сырғанап саусақтарың күй шертесің,
Домбырасыз...
Күлмейсің... Ешкімді де күндемейсің,.
Жұлымыр қиялға сап бір мені ойсыз.
Қызықты хикая айтып отырасың,
Үндемейсің.
Қолыңа қондырып ап күн-мен айды,
Күбірлейді көбелек... Гүл мен... Қайғы,.
Ескірмес ертегі айтып отырасың,
Бір мен жайлы.
Сырғалылар сыр түйген басқа назға,
Жанып жатқан секліді тастар маздап.
Кірпігңмен жыр жазып отырасың,
Ақ қағазға.
Бұлғақтайсың бұғаусыз бұйырың тоқ,
Күйбің қиял қаларсың күйігім боп.
Алтындарға тастайсың малындырып,
Тиының жоқ.
Беу жастық көлбеңдейді естен бұлдыр,
Тұлпарлар тұяғымен жеткен дұбыр,
Көбелек қанатының көлеңкесі,
Көктем ғұмыр.
Қала қасіреті
Алшысынан түспейді-ау арман асық,
Сәби көңіл ауылда қалды адасып.
Тұяғына бүлдірген нілі жұғып,
Тұлпар күн бара жатты таудан асып...
Мен сонда жетпес сапар бастағанымын,
Бұлтқа бетін төсеген аспан арым.
Талықсп толқын жырым үздігеді,
Таңдайын жібіте алмай тас қаланың.
Тыныштықты тыңдаймын армандаймын,
Сидыра алмас бақытын тар маңдаймын.
Мұнар тұнып жататын бұл қалаға,
Мен өзімді жоғалтып алғандаймын.
Қала... Қала... Қасірет тұнбасындай,.
Қабағың қойдау маған мүлде ашылмай,
Қалың нөпір ішінде ағып барам,
Сұлудың суға түскен сырғасындай...
Бекер басып алдым-ау күс қаланы,
Шырқалмайды шындықшыл құстар әны.
Қалжырап біткен қалың кірпіктерді,
Жанардың ақ жаңбыры құтқарады.
Тас қала басын сүйер дана тауға,
Қағылмайды қиялдың қанаты алға.
Тынымсыз бұл әлемді ұйыықтатар мем,
Бесік жырмен әлдилеп алақанда.
ЕРЛАН ЖҮНІС
«ПЕРІШТЕҢЕ АЙНАЛАМЫН МЕН СЕНІҢ...»
* * *
Саған, саған таңнан бұрын жетемін,Тауда болсын, қырда болсын мекенің.Терезеңді айқара ашып,ЖастыққаБір тал дала гүлін қойып кетемін.
Саған, саған түннен бұрын барамын,Сансыз шамы сөнгенінше қаланың.Қымтай жауып ақ көрпеңді,ЖастыққаБір тал гүлін қойып кетем даланың.
Саған, саған бұрын жетем өзімнен,Бұрын жетем сағыныштан, төзімнен.Есімімді ести алмай аузыңнан,Келбетімді көрмесем де көзіңнен.
Саған, саған бұрын жетем мұңдардан,Бұрын жетем бұл қатыгез жылдардан.Сәтсіздіктен, тағдырыңнан, сынғаннан,Жалғызсырап, жыламсырап тұрғаннан.
Бұрын жетем үміттен де, арманнан,Керексіз боп, лақтырылып қалғаннан.Қартаюдан, жас өмірің солғаннан,Сені ұға алмас жай кездейсоқ жандардан.
Бұрын жетем көз жасыңнан төгілген,Сәттеріңнен шегінген де жеңілген.Күннен, түннен, мұңнан, жастан қорғаушыПеріштеңе айналамын сенің мен.
Қатал уақыт қайраңдатсын, тежесін,Қатал адам қара қолын кезесін.Тым алыста жүргенімді білгенмен,Тым жақында тұрғанымды сезесің.
Көрген түсте кездессек біз, өң деп біл,Тар кезеңде жолықсақ біз, кең деп біл.Қара сәтте бір ақ сәуле жылт етсе,Саған, саған бұрын жеткен мен деп біл.
***
Ауырсынып шықты бүгін түн мені,Жыларын да, күлерін де білмеді,Қуарын да, кетерін де білмеді,Ауырсынып шықты бүгін түн мені.
Солай мені ауырсынып өткерді:Сағынышты, жалғыздықты, өкпемді;Қаралады, мазалады, жек көрді;Солай мені ауырсынып өткерді.
Ай «аз ғана тынықшы» деп өтінді,Жұлдыз «бәрін ұмытшы» деп өтінді.Құшақтады, сүйді, өпті бетімді,Содан маған жеңіл болар секілді.
Аңыз айтты, әрі мұңлы, әрі ізгі,Айта алмады аманатты, парызды,Айтты, айтты қарашаны, тамызды,Мен ертекке алданатын тәрізді.
Бір мезгілде «ұйқы бер» деп сұрады,Бір мезгілде қып-қызыл боп жылады.Бір мезгілде, таусылды ма шыдамы,Талықсып кеп, талығып кеп құлады.
Ауырсынып шықты мені түн бүгін,Ауырсына көрмеңдерші, құлдығым…Екі ғашық секілдендік екеуміз,Жек көретін бір-бірін…Ауырсынып шықты мені түн бүгін.

* * *
Майлы бояу май айы,Жан-тәніңе түн жұғар.Көктем – мезгіл әйәйі,Құмары бар, тынжы бар.
Әлі кебе қоймаған,Күн шуағы таңдағы.Әлі сөне қоймаған,Жаңбыр ізі – жап-жарық.
Тағы тұрып… түн ішіБір ғасырға көнердім.Түзде – қоғам жұмысы,Үйде – ісі өлеңнің.
Тағы түнмен таласып,Бір ғасырға жаңардым.Түзде – адам баласы,Үйде – әкесі адамның.
Сана – заман шалығы,Көңіл – құстың тауысы.Ит даусының жарығы,Ай нұрының дауысы.
Түннің жады – қыз жады,Жуар бәрін жаспенен.Жазу керек бізге әлі,Жазылмаған баспенен.
Абдыру бар, алаң бар,Армандар бар құлаты.…Жасарады адамдар,Қартаяды уақыт.

* * *
Түнімен ауырды бұлттар,Желтоқсан жөтеліп шықты.Ештеңе таппадым ұрттарУайымнан мықты.
Жаңа жыр жазбадым түнде,Түсімде құстарды көрдім.Күбірлеп беймәлім тілдеШошына бердім.
Көбелек ұшпайды қыста,Сағыныш – көшпелі алтын.Көрші қыз шықпады тысқа,Ақ қардан ұялды, бәлкім…
Кешікпей көктем де келер,Газетке шығармыз күліп.Әлдекім бізге де сенер,әлдене біліп…
Өттім
Алып қала – алаңғасар, аңғал тым,Алданады қасынан да, досынан.Марғау бұлттар мағынасыз маңған түн,Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан.
Тұрды жігіт, қызды құшып, иіскепШылым иісі сіңіп қалған шашынан.Мен де талай, бәлкім солай сүйіскем,Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан.
Духаналар – жүзім қаны, нан жасы,Қайрауықтың күйіндей ме, ғасыл ән?!Көңілімде келер күннің таңбасы,Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан.
Вокзал, вокзал… Қайда асығар адамдар?Мен ғой менің ғасырыма асығам.Әлдеқайда әлдеқалай қараңдап,Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан.
Қаңғыбастар, қайыршылар, кезбелер,О, арымды қайда апарып жасырам?!Сезім де өлер, сенім де өлер, сөз де өлер,Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан.
Үнпарақтар, қорғандағы жазбалар,Жарнамалар, жол бойында жосыған.Бойжеткендер… Нені бұлдап назданар?!Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан.
Тұрғын үйлер – берілмейтін, берілмес,Көшпес ақын, көше алмайды қосынан.Мұңлы жырдай тағдырыммен көрінбес,Өтіп бара жаттым үнсіз қасынан.
Сезбей сезіп, ойсыз тағы ойланып,Кітаптардан күдіктеніп шашылған…Бәлкім бәрі бір-біріне байланып,Өтіп бара жатты ма үнсіз қасымнан?!
* * *
Аққан жұлдыз, өткен қызды бақылап,Күттім оны, күттім оны не керек?!Сағатыңыз қанша болды, жапырақ,Сағатыңыз неше болды, көбелек?
Ол кешікті, жол кешіпті ол қалай,Адасты ма, кір шалды ма қанатын?Уақытты айтшы маған, толған ай,Уақытты айтшы маған, қара түн!
Құлады ма, жылады ма, білмедім,Сыңары ма, тұмары ма ол басқаның?Сағат тілі қанша болды, гүлдерім,Сағат тілі қанша болды, тастарым?
Жаңа жырым бар еді оған оқымақ,Жаңа сыйым бар еді оған керемет.Сағатыңыз қанша болды, жапырақ,Сағатыңыз неше болды, көбелек?
Жанатбек Серғазыұлы
Ертіспен сырласу
Самалдан да бір сағыныш тұр аңқып,
Түнгі аспанда тұмен жұлдыз мұнартып.
Ертіс сыңсып ағасың-ау тұншыға,
Әлде кімге сенде мендей кінә артып.
Жас пішеннің жалбыз иісі улай ма,
Тамырымда бір құштарлық тулай ма.
Солар жақтың жұлдызына қараймын,
Солар жаққа ауып барад мұңлы айда.
Тамылжыйды-ау тамыздағы түн жұмақ,
Сен құлдайсың жағаны жай ұрғылап.
Мендік аңсау соған барып тынады,
Ал, сен болсаң,
Аңсағаның тым жырақ.
Сағынғаным сол ғанама?
Жоқ күз бе,
Мен де өзіңше бой ұрсам ба шексізге.
Оны күтіп отырсам ба телміріп,
Есігіме кеп тірелген ескі ізге.
Ей, түнгі ертіс, сырлассаңшы аялдап,
Мен өткенді бергім кеп тұр баяндап.
Ескі дертті жағаңызға қалтырып,
Сәл жеңілдеп қайтсам деймін аяңдап.
Бүгін аспан сәл-пал ғана ауырлап,
Түнгі самал жатыр ағып бауырлап.
Мен жағаңа келіп тұрмын, ертісім,
Сағынштың сар арқасын сауырлап.
Сыбызғыдай сыңсый ағып тұншығып,
Күй бастайсың, күреңіте күрсініп.
Мендік аңсау сендік аңсау секілді,
Құлдай ағад,
Құшағыңа тұр сыңып.
Сен жетесің,
Ал менікі нар күмән,
Жолдар жақын, бырақ бөгет, сан бұраң.
Асығасың сен жетуге ол жаққа,
Мен аңсаумен жанарымды талдырам.
Алтай һам Алтынай
Ару алтай қызындай ғой аспанның,
Керім кеудем келбетіне қанбаған.
Сен бір алтай секілдісің алтыным,
Таңыр берген ұқсастыққа таң қалам.
Аппақ қары анау сұлу алтайдың,
Сенің кірсіз пәктігіңнің куәсі.
Ал қоңыр жел қоңыраулы белдегі,
Тұр сендегі мінезбенен ұнасып.
Арқаңдағы құлап жатқан құлаң шәш,
Құлдай аққан ертісімнен аумайды.
Қос жанарың үліңгірмен қанасым,
Жайлап қана жанды бірден баурайды.
Ағажайдың асулары секілді,
Саған біткен жарасымды керме иық.
Ал, төсіңе төңгерілген олٴтылсым,
Нар алтайдың шыңдары ғой ең бійк.
Қас-кірпігің ақ қайыңдар емеспе,
Жалғызсырап жабыққанда мың барған.
Ал ерінің бүлдіргені секілді,
Дәмін татып көруім де мұң болған.
Ақ жусанның ақ жұпары аңқыған,
Шаштарыңды искейінші мақпалдай.
Бауырыма тартайыншы өзіңді,
Құшағыма күллі алтайды басқандай.

* * *
Бұрымыңда толқыйды бір сұлу түн,
Сол толқынға тұншығып жұр тынсым.
Көбелектей көгілдыр мұң көтеріп,
Гүлге қонған сол менің күрсінісім.
Толқын-толқын сағыныш,
Мұң ұрғылап,
Көкірегім тұр ұнсыз, түбінде ырғақ.
Сол суық қол уақыт сыңғырлай кеп,
Сыйдаң-сыйдаң қашады сырымды ұрлап.
Мен мезгілден күтпедім еш төрелік,
Кімге сенем,
Тоғжаным кетсе жеріп.
Саған жазған ең соңғы хатымды да,
Тастағамын,
Қоңырқай кешке көміп.
Соңғы тұрақ сол ғана,
Соны былдым.
Топырағы да томпаяр торы мұңның.
Біздің мекен жырақтан бұлдырайды,
Қайда қалар сор маңдай соңы жырдың.
Беу, тоғжаным,
Басы не ?
Ақыры не?
Бұл кеудеде сағыныш жатыр үдеп.
Түн толқыған бұрымның тереңіне,
тозған менің жанымды жасырып өт.
Бұрымыңда толқыйды бір сұлу түн.
ЖАНАР НҰРҒАЛИ
«АЛАСАРМА!» деп...
«Аласарма!» деп, Ай төсін,
Кезетін мен деп жалғыз үн!..
Жоғалып кетсе, қайтесің,
Жер бетіндегі жалғызың?..
Ұққансып Сені сөзіңнен,
Тақылдағанда жүз көмей,
Ішінен мені көзіңмен
Тұра алармысың іздемей?..
Кеудеңе кенет енгенде,
Бір көктем менсіз «күз» дерсің,
Тірімде тұрмақ өлгенде
Еңіреп жүріп, іздерсің...
Кешіріңіз...
Келмеске мүлде кеткім келеді – Жетінші қатқа, «Сағынып сені кеттім» деп еді, ...Нешінші қақпа? Тамұқ па сенің тынығар жерің – Жырынды ғалам? Есеймейтұғын кім ұғар менің Мұңымды балаң? Кеудемде жүрген күлегеш үміт, Жылай ма налып?.. Шағынсам ба екен, дүреге өшігіп... Құдайға барып?.. Батпағын жердің тізеден кештім – Алданам босқа... Ойлы ақымақты түземейді ешкім, Алладан басқа... Күнәлі ауызға есіміңіз, Түсіп кетіпті... кешіріңіз...
Нөл
Аяғы не басы жоқ,
Нөлге айналдым, сенер кім?
Бетін сызып жасын-от,
Безереді келер күн.
«Нең бар?-дейді, нем қалды? –
Дөңгеленген шеңбермін,
Кеудемде елес ем бар-ды,
Сол біткенде-ақ өлгенмін.
Оққа, отқа көрінген,
Жүрегімді тестірдім.
Нөл боп туар едім мен,
Ерте білсем... кеш білдім!..
Жерлеп бітті төзімді,
Сауалдары көп күннің.
Күнпарақтан өзімді
Жыртып алып жоқ қылдым...
түсімде...
Ән айтқызушы ем...
Ән айтқызушы ем, өзіңе әркез қалаған сәтте,
аласұрғанда, жүректі жалын жалаған сәтте.
Әнмен жұбанып, жүруші ем сені сүйенішім деп,
кімге айтам енді, мұңдардан менің күйеді ішім деп?!
Шырқашы келіп, даусыңды мүлде сағынып кеттім,
жарадан барлық келе ме осылай жазылып кеткім?..
Әніңе сенің қалар ма ем мәңгі ғашық күйімде,
демесе көзің көңлімді нәзік басып, «күйінбе!»
Отырушы ең ғой, тылсым әуенмен әлдилеп мені,
жабыққанымда жұбаныш болып, ән күйретпеді.
Бүгінде сол ән жараламаса, жұбатпайды енді,
сенің әуенің әйтеуір менен жырақтай берді.
Дедім бе, әлде жүректі тағы тырналап кетер,
күйдірер сонсоң, көзімнен жастар сырғанап бекер.
Естімен мүлде, керегі жоқ ән, жақындамасын!
Осыменен-ақ маған деген бар ақыңды ал...
САҒЫНЫШЫМ
Табынатын тірлікте бәрі күштің,
Сездім барын кеудемде сағыныштың.
Жазылмаған өлеңді сағынғанда
От боп жанды ішімде жалын ұшқын.
Жапырақты өмірге жаны құштар,
Сарғайтпай ма күзде бір сағыныштар.
Дүрс-дүрс соққан менің пәк жүрегімде
Тоң мұздақты жібітер сағыныш бар.
Мен өлеңсіз қалайша күнелтемін?
Менен үлкен іс күтіп тұр ертеңім.
Өлең мені әлдилеп өтсе деймін,
Керек емес басқасы – құр ертегі.
Жырға деген бітпейді сағынышым,
Досым – мұң боп, жүрермін жанып ішім.
Сенің нұрың тек маған дем беретін,
О, қара өлең, жанымның жарығысың.
ЖАНАТ ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ
АЛТАЙ. АЛТЫ ҚЫЗ АҢЫЗЫ.
Алты құсқа айналғанАлты қыздың зарын-ай!Қара жерден қайғы алған Жарым көңіл налыды ай...
Алтай ойға шомады,Адамдарды түсінбей.Ақша бұлт – қонағыҰсынған нәр ішілмей.
Алты қыздың жайлауыҚұлазиды күні-түн,Жоқ па тәңір байлауы,Айтылмай ма бір үкім...
Алты құсты іздедім,Алты қызды көрердей.Жаңғырады түздегі үн – Жаңарады, көнермей.
Алтай үнсіз тыңдады,Басы – қайғы, шер- қойын.Алты құстың мұңлы әніШымырлатып өн-бойын.
Таңдайына тамыз бал,Алтай тұрсын дін аман.Алты қыз жоқ... аңыз бар, Алты құс боп жылаған.
* * *
Қаракөз бұлақ, қамықпа, жаным,Қасыңда мәңгі қалып барамын.Жалғанның шерлі қарашығынанАп-ащы жас боп тамып барамын.
Қаракөз бұлақ, киелім менің,Құрақтан көйлек киемін дедім.Өзіңдей мөлдір өзге біреудіӨзегім жанып, сүйе білгемін.
Сұрқия тірлік сұғын қадады,Жұбым жығылып, жүгім қалады.Сұмдықтың оты жайратар бір күн –Уақыт бірақ құнымды алады.
Қаракөз бұлақ, қайғырма көкем!Ілесіп саған айдынға кетем...Айкезбе қылмай ақымақ қыздыТәңірім неге ай қылмады екен...
Тағдырым оқшау, табамын кімді,Шалады келіп шанағым мұңды.Қаракөз бұлақ – күрсінген өлең,Қаракөз бұлақ – жанарым мұңлы.
* * *Ту сыртымнан Көкжорға кісінеді,Кісінеуі кімді еске түсіреді.Иесінің жоқтығы - өңім еді,Ер-тоқымсыз келгені түсім еді....Ту сыртымнан Көкжорға кісінеді...
Сор тіледі, қайсысы бақ тіледі,Өзегімді ащы өксік қақ тіледі.Еңіреген Ертісті артқа тастап,Жағасынан Есілдің тапты мені.
Түнеремін, жүзімді желге беріп,Жел табалар, жанымды шерге көміп.Толқып жатқан Есілді ес тұтқандай,Келді жорға... мұң шаққам мен де келіп.
Қарашықта қалқытып нала-мұңды,Шомылдырдым кірбіңге қабағымды.Шылбырына жорғаның оралып ем,Аңдып жүрген дұшпан-жел таба қылды.
Көкірегімде бір үміт көзін ілді,Жұлқылады озбыр жел төзімімді.... Көкшіл сағым ішіне жұтылайын,Жетекке алып Көк жорға-сезімімді.
* * *
Бір кебісімді түн алып қалды, Шолпанға ұқсап кеттім мен.Пенделер қылар күнәні ұққан-ды, Періште ай, сырын көкке ілген.
Сыңар кебіспен сытылып шықтым,Жете алмай қалдым аспанға.Ұтамын деп ем, ұтылып шықтым – Жығылып түстім тастарға...
Қалдырдым, сірә, түннің көңілін,Жасымды төгіп қойнына.Жамылып шығып мұңның кебінін,Асылдым таңның мойнына...
Тән менен Жанның келісімі үшін,Өзімше болжап, жөн ұғам.Қолында қалған кебісім үшін,Қайтадан түнге жолығам.
 
ХІ ғасыр өлеңі немесе Қыпшақ қызының Оғыз оғланына арзуы
Жанарымда күн күлгенмен түн жылап,Мен жұртыңда қала бергем тұнжырап.Оғыз-оғлан, қайрылмастан кетіп ең,Қиыр жайлап, ұзадың-ау тым жырақ.
Өкпек желді өңменіңнен өткеріп,Өткен істі ағайынға өкпе ғып,«Барар жерім – Балқан тау» деп кеткенсің,Ала бұлтты сауырыңа бөктеріп.
Көшті уақыт тұяғында күліктің,Ата жұртты, ару қызды ұмыттың.Сайын дала самалына мұң шаққам – Шылбырына оратылып үміттің.
Қуқыл тартып құла дүзде гүл-өңім,Қара жолға қарайлаумен жүдедім.Сағынышым нажағай боп ойнағанТүлей түннің қақ айырып түнегін.
Тағдыр айдап Ұрым кеткен Оғланым,Құрылықты дүбірлеткен Оғланым,Ұрын келер ғұрпың бар-ды жұртыңда,Сол ғұрпыңнан түңіл деп пе ем, Оғланым!
Арғымағын тарпаң еткен Оғланым,Жат қамалын талқан еткен Оғланым,Бөтен жұртта бөрілі ту көтеріп,Түркі даңқын қалқан еткен Оғланым!
Аманат жұрт менде қалған, Оғланым,Жүрегімді шерге малғам, Оғланым.Тәнім – тасқа, жаным – жасқа айналып, Көмбе болды мендегі арман, Оғланым!
Түске айналдың, ғайып болып өңімнен,Бұл ғасыр да бұлт боп көшті көгімнен.Саған тағар түк кінәм жоқ... әншейінБір бейкүнә сезім қалды егілген.
Ата жұрттың айта аламыз жайын біз,Маңдайдағы жазмышқа да қайылмыз.Қайта оралып соғар болсаң қарсы алар Балбал мүсін болып тұрған айым-қыз.
ЖАННА ЕЛЕУСІЗ
«Күле алмадым қосылып көп тобырға, сорыма орай, олардан естірек ем…»
* * *
Мен Өлеңді аяймын. Сендер кімді?
Алдына оның барасың жылап қалып.
Тағдырыңнан теперіш көргеніңді,
болмағанын тірлігің тұрақталып.
Тағы айтасың жаныңда бір Мұң барын,
сыздайтынын кеудеңді жарып оның!
Түз-өмірдің тағылау тұрғындары,
тап осылай іздейді бәрі жоғын.
Жөргемінде алысқан, жарысқанның,
мен қиналсам жұтатын Дем ең соңғы —
еліктейін осылып арыстанның,
азуында бара ма Өлең сорлы!
Болсын дей ме, лайым, тоқ бөрісін –
ағызғанда қанынан ғазал-бұлақ,
көкпар қылып тартқанға көк терісін,
ақ көңілі аспаннан қарар жылап…
* * *
Шұғыласын қырларға шашып, төгіп…
Көктем келді!..Көтеріп бұлғауышын…
Тамырымды тағы бір басып көріп,
Тағдырымды тағы бір сынау үшін…
Көктем келді ұқсамай еш көктемге,
Тірліктен көңілі қалып, ЕС кеткенге,
Бір жапырақ жымиып, бүр жарады,
Сәл кешірім өтіне кештеткенге…
Қыс шіркіннің әлі де сағы берік..
Күннің көзі дегенмен алып ерік,
Тез қатайып, жұмсарар мінезімдей,
Қарлар да, әне, барады тағы еріп…
Болар дейсің қашанғы қара суық…
Қозғалтады кірпігін қала суық..
Бір бақыттан көздері шоқтай жанып,
Бара жатыр бір Жастық аласұрып!..
Ысқырығы қыр түгіл, жон керітіп,
Қарасұрлау қабағы, өңдері тік.
Бір топ бұлтты алдына айдап салып,
Бір үйір жел келеді тоңды ерітіп!..
Бір үйеңкі сыр ашып бір еменге…
Келмейтұғын көшпен де, кіремен де.
Қар астынан тірілді бір қызғалдақ,
Айналарын білген соң бір Өлеңге!..
* * *
Даланы сүйіп қайтса таң самалы,
қарағай қаладағы ән салады…
Жаныңнан пыр-пыр ұшса аққу-өлең,
Жүректің сезілмейді-ау шаршағаны…
Ақпанның артта қалып дауылдары,
Ақкөңіл бұлттың бәрі ауылдағы-
аңқылдап жауып кетсе Ақтөбеге!.
Жүректің ұмытылар ауырғаны…
Бұл көктем…көктем емес, тылсым ба еді?
Бұл өмір өмір емес, қыршын ба еді…
Күркіреп бір найзағай ойнап кетсе —
Жүректің білінбес ед күрсінгені!..
Күндердің қызылы не, күреңі не…
Бір дүмпу беріңдерші Жүрегіме!..
* * *
Керек емес ештеңе. Ешкім. Өлең,
Мен болайын әндерін естімеген.
Күле алмадым қосылып көп тобырға,
сорыма орай,
олардан естірек ем…
Келмейді енді оралғым ортасына,
жүре берсін бөленіп торқасына.
Жалғыз дауыс шығады «қайдалаған»,
ол да күмән — шыны ма, жортасы ма?!
Сүрем үнсіз бір ғұмыр. Іздемегін.
Туа бермес мендей қыз Күз дегенің..
Бір ағашқа жан бітсе биыл көктем,
бұл тірліктен сол-күдер үзбегенім!
Бақытыңды жырлаңдар қурамаған…
Біреулерге ұнағам, ұнамағам.
Бір қыз осы – қайдам, өмірінде…
Өлеңінде ешқашан жыламаған…
* * *
Сен де бөтен. Мен де саған бөтенмін…
Өз мұңымды өзім үнсіз көтердім…
Сен де қиын. Мен де саған қиынмын..
шілдедегі аспандай сап тыйылдым…
Сен де жаңбыр. Мен де сондай жаңбырмын!
Жауғызбаған, жауа алмаған тағдырмын…
Сендегі аспан…мендегі көк тамаша.
Тек оңаша жылайтының болмаса..
тек оңаша жылайтыным болмаса…
Сен де кешір…мен де сені кешіргем…
кетпейтінім болмаса тек есіңнен…
кетпейтінің болмаса тек есімнен!..
жалап-жұқтап, жағып жүр пысық торғай…
құс көрмеймін қаланың аспанынан…
ЖАРАС СӘРСЕК
АҢСАУҚураған қу жанымды жалын қылған,Жан ең ғой жаным, малым-бәрі құрбан.Сансырап қай қиырда жүр екенсің,Жан сәулем,Жарық сәулем- сағындырған!Сарғайтып жапырағын күз келеді,Күзге еріп күпі киген сыз келеді.Жанарың жас жасырған жарығым-ай,Көрінбес көмгенің не ізге мені?!Жаныңды қоятындай жер таба алмай,Зарыңды айтатындай ел таба алмай,Көзіңнен аққан жасың көлдей болып,Егіліп жүр ма екенсің мендей болып.Неліктен,Неге бәрін сезбей қалғам,Неліктен,Неге ертерек езге айналғам?Сөзіңнен айналайын- көлдей болған,Көзіңнен айналайын- сөздей болған.Жанарың – жазылмаған сөз екенін,Жазғаның – жәудіреген көз екенінКеш ұқтым,Кешір мені кеткен ұшыпАқ құсым, аян болды ез екенім!..Ездіктен есімде жоқ жазылғаным,Қайтейін қайрат барын, қажыр барын.Қыс пен даз,Күз бен көктем- бәрі де өтті,Мезгілмін – мен бесінші қазір жаным...Тірілермен тілдесуҚарайған жұртта қалқайыпҚалқаным қалған болатын,Қажет деп ұлға қалдырғамЖүрегі жұрт деп соғатын.Найзамды тастап кеткен емКөлденең жаудың жолына,Жанары шалса жауымныңЖаны ысып, тәні тоңатын.Қалқаным қайрат болды ма,Қараша үйім аман ба,Уығы бүтін болсын депБермеген ұйқы маған да.Найзамның жайын, жамағат,Сұрағым келіп тұр тағы,Найсапқа қадай алдың ба,Ер керек есіл заманда?Даламның жайын сұрайын,Түгел ме тау-тас, өзенім,Есесі кеткен іргеңдеЖай жатыр әлі, сеземін.Жер қосып беріп жеріңеӨткенбіз өмір көшінен,Кетік қып алма кеңіңдіКеліп бір жатса кезегің.Елімнің жайын сұрайын,Еңсесін тіктей алды ма,Шүйліккен ешкім жоқ шығарАры аппақ момын-малдыға?Алауыздық пен араздық,Алакөздік пен арамдықӘлсіреп қалған болатынАқтық сөз айтып арлыға...Олар да батыр болатын,Болатын және ептірек,Есеппен ерлік жасайтынЕлемей ел-жұрт кетті деп.Өлетін өрлік осылай,Жылайтын жүрек кеудеде:«Өрлікті өлтіргендердіӨртейтін мезгіл жетті»- деп.Оларда ана болмайтын,Өздерін – өзі туатын,Арымен адал жандардыңМүңкіген иісін жуатын.Өзінің кеуде тұсынаЖерлемек едік оларды...Жеткізбей кеткен сол ғана,Жете алмай кеткен мұратым.Соларды – сорлы-лығың – дыЖүр ме екенсіңдер масыл қып,Сарғайған жапырақтарын амалсыз бояп – жасыл қып.Өздерін – өзі туатынАнасыздарың күрт асса,Айып жоқ менде, айып жоқАртымда қалған асыл жұрт!Жер үстіндегі ерке елім,Келмесе бізбен суысқыңҚайғылан мейлі сол жылдаҚансыра, қорлан, у ішкін,Үлгірмей кеткен үзіліп-Адал бол армандарынаӨзіңнен саны басымдауЖер астындағы туыстың.
* * *Өзге жанды «өзім» қылған Өзіңсің,Өрт те,От та,Жоқ та қылған кезімсің.Шыр-шыр еткен кеудемдегікесектіАшықтырып, тоқ та қылған Өзіңсің.Екеуміздегі екі жақтан тапқан кім,Айырған кім екі жаққа,Сатқан кім?Таңмен бірге қайта оралам деуші еді,Қып-қызыл боп көкжиекке батқан Күн.Мезгілдер мен мезгіл жатыр алмасып,Күндер – айға,Ай – жылдарға жалғасып.Мені – саған,Сені – маған жалғағанҚара жолды жатыр қазір қар басып.Байлап қанат жет десең де, көркемім,Өліп-өшіп өп десең де, көркемім,Ол жол бізді бастамайды бақытқа,Біз сол жолда кетпеп пе едік өртеніп...
***Өмірде болмасам да өзім өктем,Қарайып хатқа түскен сөзім өктем.Кеудесі кір тасындай кісіңізгеКішіріп күмімжитін кезім өткен.Әй қойшы...Болмасам жа өзім жақсы,Сүзіліп сыртқа шыққан сөзім жақсы.Патшадай Паң қалпында ойға шомып.Отырар оңашада кезім жақсы.Әйтеуір алабарқын күй кешемін,Жоқ әсте жү артатын үйде есегім.Келемін өзімді-өзім өрге сүйреп,Жүрмейді сыйға есебім, күйге есебім.Қирағам,Қиратылғам,Өлгемін жоқ ,Өнгеннен кез де болған көмгенім көп.Әйтеуір алабарқын осы күйменАдамнан аласапыран көргемін жоқ.Ұнасын,ҰнамасынАнығындаӨзімнің өмір сүрдім қалыбымда.Қараңдап әлдекімге көрінермінБілтенің дір-дір еткен жарығанда.Ой – құнар,Өлең – дәнім,Дән – дерегім,Дәнімнің бәрін емес, ал керегін.Суындай абылхаят болмасам да,Аз-аздап аз жақсыға нәр беремін.Бірде – күз,Бірде – көктем,Жаз боламын,Бірге – көп,Ал, екеуге аз боламын.Құылған құтыдағы су секілдіОртайып бара жатып мәз боламын.
ӨЗІМЕСен молаңа беттеп кетіп барасың,талбесікке бөлену жоқ екі рет.Өз тұсыңнан ептеп өтіп барасың,не бітірдің, әй жетімек, жетімек?!От- жалының қайда желмен өршитін,жанға жылу берді ме өзі жанғаның?Дем біткен күн өзегі өрт боп өкситін,шыныңды айтшы, қанша адамды қамдадың?Досың кеткен доп ойынын қойғасын,өмір заңын өзгерту жоқ саған да.Барыңды асап ол да кетті тоймасың,жалғыз қалдың ат шаптырып алаңда.Қасыңда жоқ қанжар сілтер қасында,қайратыңды жанқалтаңа салып қой.Бәрі-бәрі басқаша еді басында,қаралы үйде жасамайтын халық той...Заманынан асып туған кімің бар,дәмелі әркім пендеге тән бақыттан.Сенің де рас бір жазықсыз мұңың бар,ал ол мұңың-қалып қоймау уақыттан.Уайымыңды уақыт сенің не етеді,оған артқа қарайлау жоқ Жарасжан.Шалқұйрықтай шаң қаптырып өтеді,сол көк шаңда сен бір жансың адасқан.Қабақ шытыпМаған,саған,оған да,басымыздан өтер көктем, өтер күз.Құшағына кездік қысқан қоғамда,Қалай,қайтіп күнелтеміз екеуміз.Ер өлгенде етігімен су кешіп,«ел....ел» -дедің,Ел сенсіз де еленді.Айдыныңнан кеткен кезде қу көшіп,«жер...жер» -дедің,жер сенсіз де көгерді.Сөз азғанда ақ қағазға жармасып,«өлең» -дедің,ол бұрын да бар болған.Жазық жерде жүрдің әр кез жар басып,жандармен жақсы күнге зар болған.Әлдекімнің күс-күс қолы қарысып,сенің анау алқымыңда жүр әлі.Жеңе алмайсын сен оларды асылып,таға алмайсың тіптен және кінәні.Бұған сенің азаттығың жазықты,бұғу атты ада болдың ұғымнан.Қалай қағу керектігін қазықты,жан болса егер тауып берші ұғынған.Мойындашы,бір басыңа жетерлік,Кемшілік көп,серпіл,сілкін,жалын қап.Дауыл тұрғыз,кетсін ұшып тозаңдар,кезің бе бұл отыратын дамылдап?..Сен молаңа беттеп кетіп барасың,талбесікке бөлену жоқ екі рет.Өз тұсыңнан ептеп өтіп барасың,не бітірдің, әй жетімек, жетімек?!.Бер барыңды,сеп дәніңді,көрсет сен,әз жұртыңа қай тереңде жақұт бар.Өміріңді өксітпегей өлшеп кең,түр жеңіңді,өлуге әлі уақыт бар...
ЖАРҚЫН УТЕШОВА
Жүрегіңді жүдетпе!Жүрегің таза болса егер, сөз әдемі өрілер ,Бұлақтың көзін аршысаң, су мөлдіреп төгілер.Таза болса ыдысың, бойыңа асың сіңеді ,Балдай тәтті, пәк өмір, ары тазаға келеді!Жүрегіңді толтырма, арамдыққа, қорлыққа,Сөзіңді шашпа бекерге, сөз ұқпасқа торықпа!Жүрегің таза болса егер, өңіңнен тұрар көрініп,Жақсы сөз шығып жүректен, жолыңа нұрың төгіліп!Бекерге жұмсап күшіңді, болмағанға болыспа,Айтсада өсек жамандар, ұрыссада ұрыспа!Жақсыларға жақында, білмесіңді ұғып ал,Жамандардан жүр аулақ ,бәлесін жабар басыңа!Жат жерде жүріп жұртым-ау, талайларға жолықтым,Үйретем деп жаманды, денсаулықты құрыттым!Білмегенге болыстым, әлсіздерді демедім,Жақсыларға жақындап, өмірден сабақ үйрендім!Біреулерге жағармын, біреулерге жақпаспын.Бүгінде міне мен өзім, талайларға қақпақпын!Ұққанымды өмірден, жазамын шамам жеткенше,Ұқсаң жарат қажетке, мені салма өсекке!Жүрегіңді жүдетпе, жақсылығыңды міндет етпе,Аллаға жетер бір тілек, жақсы тілек тілеп өтте!Бір жүрек пен бір өмір, бір-ақ тағдыр адамда,Ертең түзеп алам деп, өмірді мынау қор етпе!!!

Таба қылма, денсаулығым ,теңселме...
Барлық мынау, көре алмайтын көздерге,
Барлық мынау , қыңыр-қырсық кездерге,
Барлық мынау, өсек-өтірік сөздерге,
Таба қылма, денсаулығым ,теңселме!!!
Қаратаудың ғасыр тасын сүйетін,
Жүрегім,сен жаңылыспа сыр берме!!!
Жамандарға, жасықтарға күлкі етпе,
Жеңіліске мойыма, еш түңілме!!!
Қошқар мүйіз құлжасындай қиядан,
Секіретін архарымдай сүрінбе !!!
Қызғалдақтай тасын жарып өсетін,
Сұлу жүзім, күлімде, әр күнімде!!!
Тастарындай Қаратаудың қайыспа!!!
Сайында өскен тал-шыбықтай майыспа!!!
Таба қылма денсаулығым өтінем,
Жарты жолда қалдырма өмір жарыста!!!
Барлық сонау жүріп өткен жерлерден,
Барлық жақсы, қасиетті елдерден,
Шапағаты жақсылардың берілсін,
Теңселме сен, денсаулығым , еш жерден!!!
Қаратаудың жаман қызы демесін,
Әр жотасы мені желеп, жебесін!!!
Қаратаудың ғасыр қызы десін жұрт,
Әр тасын жанындай жақсы көретін!!!

Қайтқан құстай
Қайтқан құспен бірге ұшып кеттім менде,Жылы емес,солтүстік суық елге. Құлазыған көңілім бөлшек-бөлшек,Жапырақтай жалбырап түскен жерге.Құшағыңда жарқырап жүрген көңіл, Жабылғандай сұр бұлтпен теңбіл-теңбіл. Алты ай қыста не болар, кім біледі? Қайтқанымша өзіңе, ұшып мен бір... Құстар қайтып барады,топ-топ болып,Бұлтта жылап тұр оған, көңілі еріп.Кетерінде бір көріп қалайын деп,Бұлт астынан шықты күн мейір төгіп..! Өкініш қалмайтын
Төзім бер, маған, болаттай мықты майыспас!
Қайрат бер ,маған, нардай мықты қайыспас!
Сезім бер, маған, моншақтай жырлар жазатын,
Жүректерге еніп, ауруларын жазар айықпас...!
Талап бер, таудай биіктеп еш талмайтын,
Талант бер , тәтті таусылмайтын, тозбайтын!
Денсаулық бер, суға батып, отқа жанбайтын,
Немере, шөбере бақытын бірге тойлайтын!
Бақыт бер,маған, бал дәміне қанбайтын,
Өріс бер, маған, өркенім өсіп, жайлайтын!
Жалғанның мынау жалпағын еш аяма,
Жалғанай, -деп, артымда өкініш қалмайтын!!!

Өмір жүйрік.Өзім күліп, өмір жайнап тұрғанмен,Әрбір күннен күтем істі үлкен мен!Жүрегімде бір сұрақ тұр салмақты,Сол сұраққа жауап іздеп жүрмін мен!Досым да көп, жолдас та көп жанымда,Ал, мен жалғыз, сұрақтардың жанында.Ұғар жан жоқ , жан дүнием жылайды,Қоршап сұрақ жан алқымнан алуда!!!Бітпей жатқан қаншама іс тұр күтіп,Бітірем бе, күш жетер ме, сол күдік?Әрбір күннен күтем істі салмақты,Жүйрік күндер, зымырауда бір күндік!!!Өмір жүйрік, өмір жүйрік бір күндік,Қарамайды , сұрамайды ол тымпыйып! Сұрақтарды тізіп қойып, жаныңа,Байге атындай, шауып өтер шарық ұрып! 
Жеңісхан Бұқарханұлы
Қатулы шалдың қамшысы
Өзге ешкімнен сұрамайтын, ақылды,
Айтарында, адуынды, батымды.
Алаламас, алыс пенен жақынды,
Болған еді, бір атамыз, қатулы.
Көргенде анау, тұрған қасты түксиіп,
Үрей билеп, жылайтынбыз, қыстығып.
Сөйлегенде, іргедегі түлікте,
Қоймауы шарт, абайсыздан пысқырып.
Жықпай тынбан, жеме-жемде қарсысын,
(тұрғызатын, атқан сәтте, алшысын).
Шәй үстінде ғана басып тізеге,
Қалған кезде, тастамайтын, қамшысын.
Алты таспа, тіліп өрген теріні,
Апам мақтап, отыратын, "серіні".
Жәбірейіл, көрінетін біздерге,
сол қамшының бұзау тісті өрімі.
Қушық жақты, шәлкес мінез, тар маңдай,
Төрдегі анау, сұсты-ақ еді, шал қандай.
Қолындағы, тобылғы сап дырауы,
Сезілетін қанға малып алғандай.
Қайда өмірдің, түсінетін, о, заңын,
Күйттеуші-ек, апамыздың обалын.
Зәуде ғалам, жүзіне тік қараса,
Күрең дырау, қағатығұн, тозаңын.
Үйге оралса қамшы ұстаған атамыз,
Шыбын ұшпай, тыныштыққа батамыз.
Үнсіз ғана, шәугіміне жегіліп,
Шәй құятын, тары салып, апамыз.
Былседағы, қатулы ата айбатын,
Ешкім сірә, айтпас титтей ғайбатын.
Шығуы шарт, шегіншектеп, "сәлем" ғып,
Келген ізбен, үйге кірген қай қатын.
Жасаған соң «ұрпақты бол...» батасын,.
Бір ғажабы, терең ойға бататын.
Ал, ауылдың, ақ, көк сақал шалдары,
Аттан түсіп, «ассалау» лап, жататын.
Қамшыны атам, тұмардайын қол артқан,
Сұрап алып, апам сынды, жомарттан.
Тәңірінен тілеп көрген жалғызы,
Ат-қып мініп, әлде қашан жоғалтқан.
...жыл артынан, шумақталып, жыл өтті,.
Екі қартқа, келін болды, күзетші.
Алжыды ма, атамыздан ертерек,
Апам байқұс, қамшыны ойлап, жүдепті.
Құдыретыңе қайыран ақпын, о, жалған!
Төрде қазір, екі кары, омалған.
Қашан көрсең, мүлгу ғана, үн-түнсіз,
Шауып қойған мөдел сынды, томардан.
Ұғу қайда, біреу қазір, біреуді,
Жаңалықтар, жасырды әбден бұл елді.
Ынжық ұлды, шаһар келін шаштады...
Жүдеді апам, бір жөла үзіп, күдерді...
Өсекіштің жарнамасы
Қиянат биден көрсеңде,
Ішіңде сақта өлсеңде.
Мұңына жұрттың кез болсаң,
Қапысын тауып кемсеңде.
Жүрегің тартпай тұрсада,
” үлкен “бар жерде, еңкеңде.
Күлкіні үйірен қошәмет,
Сөйлесең мақтау қоса кет.
Төбеге, төрге шығуға,
Ес қатар түбі осы әдет.
Ізгілік деген тәйір-ай,
Жай күнгі жауыр, бос әдеп.
Жүрсеңде мейлі” бура “боп,
Берік бол әйтеу сырға бек.
Мықтының мінін білсеңде,
Айтуға жаттық тура деп.
Қабағын түйсе иеңіз,
Қасында оның тұрма көп.
Бастықтың білмей жәй күйін,
Сөз сөйлеу деген әй, қиын.
Біліктілердің алдында,
Үстіңде болсын жай киім.
Абай бол, қолдау таппаса,
Кемінде салар ән-күйің.
Әрқандай істе парық бар,
Табаның тайса, тамұқ тар.
Талмау жерден талдырып,
Төменгіні шалып қал.
Өзіңнен өргі аузыңа,
Қақырсадағы, қағып сал.
Қорлық жоқ деген сақтықта,
Алдымен пікір, ап шықпа.
Күлімдеп барып, қосылғын,
Ықпалы жүрген бастыққа.
Табақтас болсаң мықтымен,
Кыназдық байқат, аптықпа.
Ежелден өстіп тырбандық,
Мақсатым қойды мұң-зар ғып.
Төреміз қажет етсе егер,
Жарымыздағы, құрбандық.
Иеміз үшін күй болып,
Құйқылжып жыр боп, жырландық.
Тілімды алсаң көкем-ай,
Түбі бір жүзың от арай.
Өсудің жолы осылай,
Біз үшін мәңгі оп-оңай.
Сынап бір тағы көріңдер,
Тұрғанда баста осы орай!
Торғай жырдың шырылына құлақ түр
Жаның жадап, қағажу көп өсектен,
Өмірге де, көбінде берешек, сен.
Үмітіңді кетеді-ау, адастырып,
Армандарың алыстап келешектен.
Тұлпарыңды басқа ұрып, мимырттаған,
Жүлде алғанда, жылпостар көк есекпен.
Жанашырың жоныңнан таспа алсада,
«еті ауырмас құлынның ене тепкен».
Өмір заңы тым қызық, сондай сәтте,
Жау жағадан, жармасар бөрі етектен.
Асау көңіл басылар су сепкендей,
Аңғалдықпен, аярды төреші етсең.
Пәктік қажет қашанда тұғырыма,
Күдік артпа, турашыл, құлыныңа.
Тасың болып төселем табаныңа,
Керек болса, биікке шығуыңа.
Жаным пида туған жер, тас лақтырса,
Жат ниетті суық қол, тұнығыңа.
Өршіл ұлың тек саған бас иеді,
Туған елім, тұғырлы ғұзырыңа.
Өтпен-судан қайтпаған, торғай жырдың,
Құлағың түр жан дауыс шырылына.
Сағыныш
Сонау тұрған кары қыстау, қоңыр алаң,
Атам жиған қи қора, қобыраған.
Асалы әже, шықты әне, жер опыннан,
Күз желімен самайы додыраған!
-«бесін десем»-күбірлеп,-«кеш кірді ме?» ?
...шырт өзгерді,.
кенеттен, кескін мүлде.
Қоя салып құманын, күн сап тұрды,
Қайтқан құстың қиқуы, естілді де.
Көңіліне бір сезім, ұрын барып,
Қарт әже тұр қаусаған, діріл қағып.
-«қаншама рет, сендерді ұзатып сап,
Қарсы алып-ем, дариғай, күлім қағып!
Қарашаның қарыған ызғарындай,
Қайталаттың ескірген, мұң зарымды-ай.
Сұңқылдаған еркелер, хош тұрыңдар!
Бейне менің ұзатқан қыздарымдай.
Тұнымдағы қараңғы, таңымдағы,
Мынау бастан бір аңсау арылмады.
Келер көктем, кім білер,
кім бар, кім жоқ...
...өздеріңді қай мезгіл, сағынғалы!» !
Тоқсан көктем, тоқсан күз, осы арадан,
Бар сиына тағдырдың босамаған.
Құстың, әлсыз, ілесіп әуеніне,
Еңкілдеуін қарашы...
... «осал адам».
Тырау салып аттанған, түз көлінен,
Қайтқан құстың жаңылмай, тізбегінен.
Бәлкім әже жастығын, есіне алды,
Қиялының көмескі іздерінен.
-«дәл осы кез,
осы жер,
...тойым болып»-.
"селк" еткізді, жылы дем, қолын келіп.
Ерке-шолжаң, ит ерткен, шөбересі,
Шорт жіберді, әженің ойын бөліп.
Биіктетіп ұшырған арман құсын,
Шөбересі, әже ойын, қайдан білсін?
...үзік қалған қиялын, әжеміздің,.
Қыз-жігіттер тоқсанда, жалғап жүрсін!
Қабыкен Зейнұрайн
Кандидат
Күн мен түн заулап алмасқан,
Соқтырып санды сан айлар.
Ада боп парыз болмастан
Қаза боп кеткен талайлар.
Шал болам деме бір күндер,
Өз жасын кескен адам жоқ.
Жайнамаз жайып үлгірмей,
Бейнамаз кеткен адам көп.
Аумайды адам арадан
Күні үшін жүрген бал жинап.
Пәниге қонақ әр адам,
Бақиға бәрі кандидат.
Бес күндік тірлік ниғыметті
Азапқа балап жылайсың.
Еш тірлік төзбес,
Құдыретты
Тозаққа қалай шыдайсың?!
Күмәнмен көмбей өмірді,
Құранмен өлген бейалаң.
Салдарың, сөзсіз, өлім-ді,
Алланы таны, ей, адам!
«Сіз»
Әммесінен пәк күлкіден басқаның,
Ада әрі аңқау күйде аспаным.
Күйімде алғаш алфавиттен аш қарын,
Есімде әлі әліппені ашқаным.
Тұрған жанға үйренгелі, білгелі,
Ұстаздардың сөйлегені, жүргені.
Бәрі өнеге.
Әсіресе, бір ұстаз
Маған алғаш күле қарап «Сіз» деді.
Онда әрине, маған ерсі естілді,
Кешір ұстаз, шәкіртіңіз кеш білді.
Баласындай балдырғанға «Сіз» деген,
Көргенім жоқ сізден ұлы ешкімді.
Тым өзгеше «Құлыным» мен «Қарғам» нан,
Осы сөзді естігенде таң қалғам.
Жұдырықтай жүрегімде сол сәттен,
Кісілерге деген құрмет жанданған.
Басып өмір жолдарымның тастағын,
Келем бетке ап келешектің асқарын.
Сөгіп өздік тарихмның астарын,
Әңгімемді мен де «Сіз» ден бастадым.
Тәулігіне доллар тапқан мың жарым,
Бар біздерде дөкей бастық, дүр ғалым.
Кішіні сен, үлкендерді сіз дейтін,
Сәбиге тән сауаттан да тұржағын.
Бұл күнде де,
Келешекте,
Кеше де
Опалы ұрпақ керек әке-шешеге.
Білім емес, біріншіден өренді
Сыйластықтың жосынымен жетеле.
Әр қырынан үлгі болмай балаға,
Мұғалімдық білім беру ғана ма?
Азды-көпті білгендерін басқаға
Баян ете біледі жас бала да.
Мұнан парқы көзге ұрарлық болмаса,
Ұстаз нағыз ұстаз бола алама?
Себебі сол
Қанша ақылды болғанмен,
Ахылақтан ақсақ адам дана ма?!
Ядролық қырғындаушы құралды,
Қара қолды,
Апиынды,
Құмарды;
Компъютерлік вирустарды бұралқы
Адам ненің арқасында шығарды?
Маман емес қойылтатын уранды,
Адам керек бәлки бізге мөрәлды.
Құлықты адам ету үшін ұланды,
Құныттаған жөн әуелі құранды.
Дүлей күшпен қаруланып жасынан,
Үрейлі іспен даму емес бас ұран.
Бейбіт бесік ету үшін жер бетін,
«Сіз» десуді жаттап өссін жас ұлан.
Жалпы адамзат жарасыммен қосып ән,
Қоңсы қонғай қайырымның қосына.
Туыс-туған шығысымы «сіз-біз» ден,
Ұлт аралық ынтымақ та осыдан.
Жүргенімен жем-шөбі деп он қойдың,
Қазақ нағыз иегері қоңды ойдың.
Бес күнгі өмір, «сіз-біз» десіп өтелік,
Деген ұлы кесіміне қол қойдым...
Жастар жыры
Қалмаған дүбірден,
Талмаған күдірден.
Оғландар ортамда,
Самғаған біліммен.
Намысқа ар байлап,
Қарысқан нар қайрақ.
Жұртым деп жүгірген,
Ұлтым деп айғайлап.
Қылықты қыздары,
Рухты ұлдары.
Күлтегін тұлғалы,
Намыстың құлдары.
Ерліктің семсері,
Өрліктің өлшемі.
Елімнің ертеңі
Сендермен еңселі.
Дінімнің діңгегі,
Ділімнің мінбері.
Жарыстан жарқырап,
Оралған жүлделі.
Бабамнан жалғасқан,
Дәстүрге ән қосқан.
Шетінен шабандоз,
Шетінен алдаспан.
Өлкемнің мақтаны,
Ертеңнің дастаны.
Жасай бер Қазақтың,
Жалынды жастары!
ҚАЛҚАМАН САРИН
АРДА МҰҢ...
Ақиқатында, денеде бір кесек ет бар. Егер сол ет сау болса, бүкіл дене сау болады. Ал ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Ол – жүрек!
(Хадис)
Тәңірім! Сен жаратқан мен ақының,
Тауфих бер, таусылғанша дем-ақылым.
Жүйткіген жылдарымды жүгендеп ап,
Айналып бара жатыр жер ақырын.
Жұтылып жерге мен де кетем ертең,
Жүгім де болмай, сірә, көтерер кем.
Өзекті жан болсам да өлері хақ,
Өлеңдей өнер бердің өте көркем!

Жан-ИЕМ, жаздың солай пешенемді,
Көгерткен көркем өлең көсегемді.
Қимас ем арда мұңым – ақындықты,
Берсе де бір басыма бес өнерді.
Жұрт үшін жасағам жоқ өзгеше еңбек,
Көп іші көрінгенмен көзге сергек.
Жанымды қоярға жер таппай қалам,
Төбемнен төгілгенде сөз нөсерлеп...

Құлазып, құлап түсіп, көктен көңіл,
Бір сәтте-ақ күзге айналар көктемгі өңір.
Киермін сағыныштың сар шекпенін,
Болғанмен әлем – шексіз...
Шектеулі өмір...
Өмір бұл шындығы жоқ, сұмдығы көп,
Бәрінің бас иесі – бір Құдірет!
Сұп-суық тасқа айналып кетпесе екен,
Жып-жылы кеудемдегі жұп-жұмыр ет.

* * *
Көп қарғаның аңдығаны – өлексе,
Көрінгенге болған емен кіріптар.
Менде өйткені ешкімде жоқ ерекше,
Сағыныш бар,
Махаббат бар,
Үміт бар!..
Тәңір-Ием олжа беріп, о, бастан,
Иесі еткен һәм адами ғұмырдың.
Ашылғанда алақаным – көк аспан,
Жұмылғанда – қара жердей жұмырмын.
Сағыныштың сары уайым түбі, әттең,
Сабыр қашып күзгі ормандай сыңсимын.
Біреулердей бұғып қалып бірақ мен,
Жалтақтамай шын сағынып, шын сүйдім..
Махаббаттан, мейірімнен ЕҢ ҰЛЫ,
Жаратылған болмысым бар бірегей.
Бұл күндері күздей налып көңілі –
Еркеліктің естіледі үні өгей.
Тағдырымды түсіне алмай түйсініп,
Тар көрініп көп кещеге кең мекен.
Менің сұлу ғұмырыма сүйсініп,
Бұл өмірден өтеді олар...
Мен де өтем!
КҮЗГІ КӨРІНІС...
Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп,
Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.
Құлайды жапырақтар құба талдан,
Күрең күз құдіретіне тағзым етіп.
Кеші еді солқылдаған күздің суық,
Не шара, жасыл жаздан үздірсе үміт?
Базары тарқап кеткен бақ ішінде
Күтіп тұр әлдекімді Қыз күрсініп.
Жас талдың аптыққан жел есін алды,
Құрғырдың қылығы жоқ еш ұнамды.
Жылаған жапырақтың жетім күйі,
Әп сәтте көңіліме көшіп алды.
Арқаның өңменімнен өтті желі,
Күдерін қайтқан құстан көк те үзеді,
Бозбауыр бала бұлттар боздап тұрып,
Бораған қыстан хабар жеткізеді.
Бәлкім бұл кездесу ме тұңғыш, аппақ,
Бақтағы қыз да сабыр тұрды сақтап.
...Бір жігіт сұр көшеге көрік беріп,
Келеді қызыл-жасыл гүл құшақтап.
Елемей қырды гүлсіз, күнді нұрсыз,
Кездесіп тұрды екеуі.
...Тұрмын үнсіз.
Батырған мені мұңға қоңыр
Күз бен Жігіттің қолындағы гүл ғұмырсыз.
КҮЗГІ ХАТ...
Сенесіз бе?
Сағыным,
Сізді көрмей…
Үмітіммен күй кештім үздігердей.
Сізді әйтеуір жаныма жақын тұтам,
Бәлкім, жақсы көрерсіз күзді мендей?!

Мен білмеймін.
Сезімді кештік нендей?
Бірақ бізге бір бақыт кеш біткендей,
Сағынуға, сүюге бола ма екен,
ҮНІН, ӨЗІН... Адамның естіп… Көрмей…
Мүмкін, сізді көрдім мен…
Бірақ қашан?
(Болған іске болды әсте кінә артпасам)
…Жаныңызда жүргендей сезінемін,
Жаныңыздан не болам, жырақтасам?
Білесіз бе,
Сіз сирек хат жазасыз?
Содан менде жиілеп сәт мазасыз,
Ауыр ойдан қаламын арыла алмай,
…Ал сіз ше?
Тап-тазасыз!
...Бүгін жаңбыр.
Мейлі, аспан төксін жасын,
Жалғыздықтай жалғанда жоқ сырласым.
Неге екенін білмеймін,
Сіз дегенде,
Кешірімшіл әйтеуір кекшіл басым.
КҮЗ бен БІЗ...
Сары түсті сағыныштан Күз моншақ,
Тағып алып тағы келді бізді аңсап.
...Көздеріңді тұрды менен жасырып,
Кірпіктерің қызғаншақ.
Сұр қалаға сыр айтады сыңсып Күз,
Ал, екеуміз күзде ашылған бүршікпіз.
Кірпіктерің күні-түні күзеткен,
Көзіңдегі сезім бе еді кіршіксіз?!
Сезім екен сақтағаны сол көздің,
Киялға еріп бір әлемді мен кездім.
Күннің әлсіз сәулесіне жылынып,
Көз ішінде керіледі кербез – мұң.
Жасыл бақтың жапырағын ұрлап Күз,
Жатыр әне. Сірә біздер тым жатпыз?
Көше бойлап келе жаттық сырласып,
Үнсіздіктің үн таспасын тыңдап біз.
Еміс-еміс қос жүректің дүрсілі,
Естіледі, бұл – махаббат тылсымы.
Өзің жайлы ойларымды ұрлайды,
Күзгі жаңбыр. Тамшылардың тырсылы.
ҚҰРАЛАЙ ОМАР
* * *
Бәрiмiз нүктемiз түбiнде.
Бақытты сұраймыз бүгiнге.
Керек пе?!
Жалғанның қызығын, байлығын
Ол жаққа апара алмаймыз, түгiн де –
Қабiрге қойылған ең соңғы гүлiн де.
Жаныммен аттанар тек қана өлеңiм,
Жазылған мөп-мөлдiр тамшының үнiнде.
Сұрақшы тiзгенде қатемдi,
Жыр оқып беремiн,
Перiште түсiнер жүректiң тiлiнде.
Жұмаққа жол алып жырларым, жаным да.
Дос қылған адамын, құсын да, аңын да,
Мен сосын оянам пейiштiң таңында.
Алланың қардай ақ сенiмiн арқалап,
Әзiрге жүрмiн-ау сол сәттiң қамында.
Күндерiм жоғалды, таң ұмыт, кеш ұмыт.
Қол бұлғап алыста неше арман, неше үмiт
Жетелеп жүрiп-ақ есейттi, өсiрiп.
Құдайын ұмытқан жандарды
Адам деп түсiнiп,
Пенде деп кешiрiп,
Қаламға құйылған Тәңiрдiң жолдарын
Кей-кейде отырам қағазға көшiрiп.
* * *
Бола алмады дала, қала, үй мекен,Бәрі өзгеше, көңілдегі күй бөтен.Күтіп жүрсем кірпігіме мұз қатып,"Мына аязда... ессіз шығар" дей ме екен?
Ақыл ауып, төзімімді тауысып,Ай жаңарды, тағы да бір ауысып.Елеңдемей жүрер ме едім, қайтер ем,Естілмесе "келем" деген дауысы.
Түсініксіз отырысым, тұрысым,Солым қайсы, қайсы оңым - дұрысым?Ештеңе де керек емес, тек қанаПаналасам жүрегінің бұрышын,Жай табар ем...
* * *
Жолайрықта жолықтық, жол екіге бөлінді.Өзіңізсіз өмірім тым көңілсіз көрінді.
Кезіктіңіз неліктен жүрегімнің сорына?Шыға алмадым, шырмалып сезімімнің торына.
Сағынышым түндерде жөнеледі хат болып,Жүдетеді жанымды кеткеніңіз жат болып.
Саусақтарым сүйеді телефонның пернесін,Қайда жүрсіз, қай жерде, енді оралып келмесім?
Армандарым алыста, жұлдыздан да жоғары,Белгісіздеу бақыттың қайта айналып соғары.
Балауызын үміттің көз жасыммен сөндірдім,Хат жазбауға өзімді әрең-әрең көндірдім.
Жанардың хатыОралхан Бөкейге
1
Өзегімді неге өртейді барша мұң?Ораларма, оралмас па бал шағым?Сізсізөмір, көзсіз қоғам ішіндеӨзімдііздеп, жоғымды іздеп шаршадым.
Сұп-сұртұман, дала ма, әлдеқалама?Әлдекімдертұзсебедіжарама.Жан айқайыместілмейдіешкімге,Жұрттыңбәрісаңыраубоп бара ма?
Өз ойыма өзім сосын күйемін,Тарқатса ғой қалың шердің жиегін.Ақтарылар жан таба алмай, басымдыМұздай суық қабырғаға сүйедім.
Жабырқатар жалғыздық қой мекенім,Кімнің енді ес тұтамын жетегін?"Соқыр ғой" деп қарайтындар сезбейді-ау,Жүрегімде жанарым бар екенін.
2Қуантпады жазмышым... сыйсыз неге?Батар ма екен қайраңға күйсіз кеме?Әр түн сайын жылаймын ағыл-тегіл,«Соқыр көзден жас шықпайды» дейсіз бе, не?
Жан жыласа, жанарданағармұңым,Тағы да сарыуайымтабарбүгін.Тағдырымдықайтемін, күрсіндіріп,Алқымыма ап-ауыртағаржүгін?
Ауырлаған бұл күні кірпігім де,Бақыт біткен біз жақтан үркіді ме?Ақтарылғым келсе де, ашыла алмай,Айтарымды айтқызбай іркіді не?
Үміт суық, арман мұз, сенімім сыз,Түнек тірлік жұтады мені де үнсіз.Адастым-ау... мәңгі түн әлемімніңШамшырағы, жарығы едіңіз сіз...
ҚҰРМЕТ МҰРАТХАНҰЛЫ
Уыз
Тоң ғасырлар тастап кеткен сан ызғар,
Сол ызғардан тағылым түйген абыздар.
Жолбарысқа күзеттіріп сарайын,
Патша ажалы содан келген аңыз бар.
Ол заманның аңдары да тым асқақ,
Темірқол ғой бұл заманғы мың аспап.
Келер ғасыр еншісінде әсілі,
Тума түйсік жайлы үлкен сыр ашпақ.
Қасиет деп ана сүттен дарыған,
Ақылмандар сөз қозғайды арыдан.
Бөрі бақсаң тауға арап үриді,
Тауық тірлік аса алмайды тарыдан.
Ойдан құрап отырғам жоқ оны мен,
Көрдім кенет теледидар төрінен.
Енелері қапаста өлген тым арып,
Мәулендерді мегеженге теңеген.
Жабы мінсең алыс болар әудем жер,
Артта қалсаң көтере алмас әуреңді ел.
Содан текті жыртқыштығын жойыпты,
Доңыз сүтін еміп өскен мәулендер.
Жолбарыстан көрмейсіз деп жасықты,
Бақташысы тай жесін деп асықты.
Шу асауды көріп азған жолбарыс,
Құты қалмай торларына қашыпты.
Тексіздіңктің көргендей боп қақпасын,
Қаным қозып шымырлайды нақ басым.
Елім анам омырауымның уызын,
Ендігі ұрпақ енбегеннен сақтасын.
Түнгі қар
Бүр саулаған қара ағашташтай қарлы түн,
Бұтағында ай бағұзың зарлы тым.
Боз бура тау бұлдырайды боз түнде,
Арыстан жал нар мықын.
Боз бура тау мұзға айналған жан кірмей,
Шудасымен қар бірдей.
Бұрқасында булығады ұс жолы,
Тамырыңда қан жүрмей.
Боз көйлегін көлбіретіп көркем түн,
Сансыз ақ гүл үзіледі аспаннан.
Кірсіз дүние көркіңді орап өртендім,
Жүрек тулап мас болған.
Жүрегімді бір кіршіксіз аптап нұр,
Шарықтадым уыз сәби күйге ендім.
Көк аспанды мекен қылған аппақ гүл,
Ерініме ти келіп.
Ақ қалада жүріп келем аялсыз,
Ерінімде бақыт таңы тағдыр бұл.
Табанымда тапталады аяусыз,
Жерде өлген сан мың гүл.
Жүріп келем аяз сүйіп бетімді,
Түн кеудесін дүрсілдетті күн жүрек.
Жел толқытқан ыз шарфысы секілді,
Таң сөгілді үлбіреп.
Жұлдыз емесмиллион миллион мұң ұшқан,
О қарлы түн зымыстан.
Сансыз ғасыр сені қуып шаршады,
Гайза көрмек күмістан.
Қорқыт дүние қобызыңды тартамын,
Беу қарлы түн сенен тарқармын.
Темірқазық жұлдызыңды найза ғып,
Төсіңе оям ай мүйізін арқардың.
Түнгі қар
Аяз сүйсе бар пендені қариды,
Тастай тірлік тоңдырды ма о мұздай,
Жатырсың ба жел шайқалтса ақ үйді
Құс жастыққа құлап түскен қобыздай.
Өмір ғой бұл, жолдас болсаң мұң зарға,
Жүрегіңді ас қылатыг кеміріп.
Ұйқыға бат пана болсын ызғарға,
Аппақ төсің қолаң шашқа көміліп.
Шатағым жоқ ақ аязға тоңғанмен,
Жауырында құндыз жаға күрдегім.
Денем жылы ісім сәтті болғанмен,
Еркем сенсіз жанцым жаурап жүр менің.
Сансыз пенде құр тиынға құр болып,
Аз тірлікте шаттықтары тоналған.
Біз ғұмырдан аттанармыз бір қонып,
Бізді бастар қай биікке жол арман.
Тұршы орныңнан жаурамайық бекерге,
Секілденіп қайтпай қалған сорлы құс.
Қысқы бақта бір жүрейік кетерде,
Биылғы қыс жүрегіме соңғы қыс.
Қуат Асылбекұлы
Қар мекені менің аңсар тұрағым
1
Сені қанша сағындым мен аппақ құстар...аппақ қар,.
Сенің келген мекеныңебарғым келді... Бастап бар!
Мың хикымет ақша қарлар, қайда сенің мекенің?
Ең жоғары сол өңірге тек қиялым жетеді.
Саулап тұрған төбемізден, қарма сонда сәулеме?
Еріп кеткен сәулелерге рухым ба?!..әлде не ? !
Қиялымда тұрған жерді жеткізе жеткізе алмай тілменен.
Жыр жазамын,
Сыр жазамын,
Мұң жазамын,
Күнде мен!
Қиялымда тұрған жерді жеткізе алмай өлеңмен,
Қолым жетпей,
Сөзім жетпей,
Көзім жетпей келем мен!
Бейтәніс бір ырғаққа ұқсап өз ғазалым өз әным,
Құлап жатқан ақша қарға саусағымды созамын.
Туған жердің кеудесінде көкірегіммен тыныстап,
Пәтеріме қар әкелдім, кең даладан уыстап.
Келген қонақ үйімізге қарашаны өткеріп,
Бір уыс қар қолымдағы көз жасымдай кетті еріп.
Қардай суық,
Балдай тәтті,
Қиял қалып арқамда,
Қар мекенін ұнсыз аңсап ақын тұрды бәлкөндә...
2
Қар мекені мен аңсаған тұрағым,
Тілсыз қардан тұрақ-елін сұрадым.
Шымыр етіп көкірегім тұсынан,
Тамырымды билеп алды бір ағын.
Кешікпейді жаратқанның әміры,
Қол жетпейтін шексіздікке тамыры.
Қар мекені-саған көрші болармын,
Нұрлы аспаннан орын алса қабырым!
Саған менің жоқ талабым басқалай,
Өз кезінде қолға қонбай өтті орай.
Жан рухым саған ұшар сол сәтте,
Есігіңді қуанып аш... Көк сарай!
Қанатыма аппақ..аппақ қар жұққан,.
Періштеге толған болса барлық маң.
Қар мекені жан тамырым сияқты,
Жерде тұрып сені аңсаймын сондықтан!
3
Болған ба жүрек қиялға жерік,
Өз қиялымнан ұялам.
Жазылған өлең-қар құстарындай,
Ұшатын кеуде ұйадан.
Кеңістік жақтан майдан ашамын,
Қар мекеніне жолым бар.
Қардай аппақ боп тазарған жандар,
Сендер бақытты болыңдар.
Тербейтін сол күй қашанда бізді,
Жүреді және дос таңдап.
Баратын жерім белгілі болсада,
Ұшатын жағым аспан жақ.
Тербейтін сол күй қашанда бізді,
Сарғайып сезім санасы.
Тұратын жерім арайлы таңда,
Бозарған кітап арасы.
Табиғат
Жанарыма сиған аспан көлемі,
Құдыретке мың таңырқап келемін.
Сенің терең жұмбағыңның жауабын,
Тілсыз айтып, тұнжырайды өлеңім.
Сенің терең жұмбағыңды...
Сезінем,
Суреттеймін арзан адам сөзімен.
Еш мүлтіксіз тұлғаңды ойлап..
Шет-шексіз,
Жас ағады жүрегімнің көзінен.
Саған сыйлар жоқ әзірге си-сауғам,
Домбыраның шанағынан күй сауған.
Мен ұқсаймын өн-бойымдағы атызға,
Өлең егіп дән өсірген диқанға...
Әр күн сайын тіршілікке құлшынар,
Кеңістікке көтеріліп күн шығар.
Жүрегімнің көз жасынан көп ішкен,
Көкіректен көктеп өсер мың шынар.
Жапырағы түскен нұрға таласып,
Қонған құстың тағдырына жаны ашып.
Мың шынарлы мендегі бұл табиғат,
Табиғатпен қосылады жарасып.
Гүл көмкерген жасыл шардың көрпесін,
Аңыз етіп жырлайды адам... Еркесі!
Жұрт ұғатын табиғаттың тілінде,
Шындықты айтп дауыстаймын мен сосын...
Тамырыма таратып-ап таң әнын,
Саған шексіз жақындасам...
Жарадым!
Жас ағады жүрегімнің көзінен,
Есіме алсам жұмбағыңның жауабын.
Мақсат Нұрғазин
Жылқы баққан қазақтың баласымын
Жаным бөлең емес-ты дұйым жұрттан,
Жасқанғанда емеспін қиындықтан.
Жылқы баққан қазақтың пейілімін,
Адамдардың алдында сиымды ұққан.
Жылқы баққан қазақтың баласымын,
Кеңдігін місе тұтпас даласының.
Береке деп білетін қонақтарын,
Денсаулыққа балаған бар асылын.
Нар көтерген тарихым талмас бүгін,
Шежіреден шертетін жалғастығын.
Алты таспа қамшымен нар атамыз,
Жынын қағып алатын албастының.
Салыт-санаға үйлескен шариғатың,
Атар заңын бұзбаған жамиғатың.
Бұрымындай қызығын аялаған,
Кең даласын, келсті табиғатын.
Тау аласа тұрады алып көктен,
Азбаса екен ағайын халық тектен.
Тілім-тілім жондағы жолдарңды,
Тұяғымен тұлпарлар салып кеткен.
Сұңқарлардың мекені сұлу далам,
Бұлағы анам, тауларды тарлан бабам.
Жетем деген жеріңе жете алмайсың,
Жылқысыз қазекеңның күні қаран.
Салиқалысан ауыл санатынан,
Ат үстінде күй шертіп, салатын ән.
Ат мінбеген қазағың қазақ емес,
Айырылған құс бейне қанатынан.
Жалын шарпып жатсада жанып ірге,
Жел боп ескен жылқының жалы бірде.
Ксінесіп табысқан кіл ғұмырда,
Қазақ пенен жылқының жаны біреге.
Жылқы
Бабамының түлігі
жануар жылқы,
Қазаққа оқсаған мінезі құлқы.
Басқан жері ошақтай боп қалатын,
Кешегі тұлпардың рухы.
Жануар жылқы
бабамының малы,
Қайда барсада, қанаты, ары.
Жалын сыйлаған жанарлы ұлға,
Жел боп ескен жылқының жалы.
Жануар жылқы
бабамының бағы,
Ат көтерген алтыннан тағы.
Тұлпарға байланған тұла ғұмырын,
Кешегі өткен үйсін мен сағы.
Жануар жылқы
бабамының қолы,
Ұландар мінген рухы толы.
Жайпап өтетін жая қылшпен,
Жаяулап келген жауының соры.
Жануар жылқы
бабамының аяғы,
Тұлпар мен батыр тарихқой баяғы.
Ғашықтарда жылқымен қауышқан,
Кешегі өткен жібек пен баяны.
Жануар жылқы
бабамының көзі,
Тұяқ дүбірі тұлпардың сөзі.
Кісінеп келген киелі ғұмыр,
Ақ сұтын берген анамының өзі.
Аққуым
Айдындағы аққу едің,
Ақша бұлытқа айналдың.
Көзден ғайып боласың –ау,
Отуымен айлардың.
Өтуіне мен ілеспен,
Алдамшы бұл айлардың.
Мұнар түнде мұңлы саз боп,
Жүрегіме байландың.
Мың бір түннен табылады,
Оферда, дастанда.
Аққу айым, сұлу сазым,
Көтерілдің аспанға.
Ақ жүзіңе қарай алмай,
Бұлытқа орады күн көзін.
Ай сәулелі перштеге,
Айналғаның бұл кезің.
Темір етік теңгедей боп,
Сапар шеккен жаңылыс.
Бұлытқа мініп желдей ескен,
О, махаббат сағыныш.
Сен ұйықтасаң
Тау суы мең, таудан аққан бұлақпең,
Гүлім менің нұрланасың шуақпен.
Сен қуансақ күн күледі төбемнен,
Мұңаймашы, қалам бірақ құлап мен.
Жамалыңда айдың аппақ нұры бар,
Сенің замзам ләзәтіңді түн ұғар.
Ақ бұранда аласұрған перште,
Махабаттың от деміне жылынар.
Пәк сезімінің аппақ әлем, ақша қар,
Ақша қарды аппақ ару жастанар.
Оттай ыстық құшағыңа оранып,
Сүйкен жігіт ерніңнен бақ табар.
Көзің мәр-мәр махаббатқа айналып,
Ғашық жүрек кете алмай жұр байланып.
Өзің жоқта дала дүлей, тымық тұн,
Өзің барда аспан ашық ай жарық.
Сенің лебің самал болып өбеді,
Жаныма жар нұршуағын себеді.
Жанарыңды жұма көрме жарқыным,
Сен ұйықтасаң жұлдыздарда сөнеді.

Ақ жол
Мұнарланған көк алқаптан,
қиқу дүбір естілп,
Соны естіп ер жетіп –ем,
бала кезден ес былып.
Әжелердің ертегі мен
батыр рухы сомдалған,
Қайда мені жетеледі
тұлпар шабыт сонда арман.
Тау ішінен тасты жарған,
тұнық дауыс естіліп,
Бойға сіңген ұлт рухы,
ұрпақ ұшын естелік.
Зеңгірдегі ақша қардай,
сенің көңіл ақтғың,
Қарағайдың қабығындай,
қатпар-қатпар тағдырың.
Аспаны ашық тауы биік,
Даласы кең халықтың,
Арғы атасы кеңдік екен,
дәл бүгінгі нарықтың.
Жас қырандар көтерілді,
биіктерге шарықтап.
Кеңдігіміз кетті міне
көк жүзіне қалықтап.
Жаңбырлы алқап табиғатта,
асырады айласын,
Тау асасың, мұз басасың,
Тұлпарларың таймасын.
Адастырып кетер кейде,
біздерді де қара түн,
Көңіл айдын көз ұшында,
жолдар ұзақ баратын.

Сағыныш
Арай көрдім аспаныңнан,
себелейді нұр үміт,
Бұлытқа шөккен биіктгім,
Қарай бердім бұрылып.
О, туған жер анам менің,
мен алсқа кетерде,
Қош балам деп ақжол тіле,
иығңа көтерде.
Құлағыма келеді еміс
тас бұлақтың сыңғыры,
Сонаудағы арман үміт,
Сағымдалып бұлдыры.
Мен барамын шалғай жаққа
иректелген жол жатыр,
Армандаған шуақты айым
қолын бұлғап сонда тұр.
Жанат жайлау, мыңғырған мал
ырысты ел, кең дала,
Кеңсірігім кеуіп кейде
сағынышым сен ғана.
МАРАЛТАЙ ЫБЫРАЕВ
«КӨШБАСШЫ» поэмадан үзінді
Көптеген елдерді араладым… Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…
Нұрсұлтан Назарбаев
Қара Жер жаралғалы қазағымның,Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,Жетті деп тарихымды жазатын күн.Уақыттың диірмендей тасы айналад…Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,Тарихты Тұлға ғана жасай алмақ!Жанардың жәудіретіп нұрын ала,Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,Күн шықты арай шашып құбылаға.Күн шықты арай шашып аспаныма,Дүния кілт айналды басқа ағымға.Ол Ана ұл тумапты, нұр туыптыБүгінгі өзек болар дастаныма.Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!Кеш туған зарықтырып уақытынан.Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,Халықтың арман, тілек, бақытынан.Қалауын қабыл қыл деп құс – көңілдің,Асығы алшысынан түскен ұлдың.Алладан мәдет тілеп жатқан шығар,Бауырында Әбіш әкей Үшқоңырдың.Адал боп ақыреттік жан-жарына,Қарайлап қоңыр тірлік, мал-жанына.Ұлтына тұтқа болар перзент сыйлап,Ол да, әне, үнсіз жатыр Әлжан-Ана.Жанардың жәудіретіп нұрын ала,Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,Күн шықты арай шашып құбылаға.Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.Бабалар армандаған ізгі үмітпен,Арылды дана халық жүз күдіктен.– Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
РУХ
Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.
Нұрсұлтан Назарбаев
Бас ием бұл далаға байтағым деп,Басыңнан өткен мұңды айтамын көп.Арманы Абылайдың орындалды-ау,Феникс құс сияқты қайта түлеп.Бағзыда көкке ұлыған көкбөрі едім,Жүректі қарсы айырып шеккен шерім.Аспанға шашу шашып жатырмысың,Өз қолы өз аузына жеткен елім.Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды…Мұндай күн – қарқаләзи, іргем бүтін,Болған жоқ қазақ қазақ болғалы әлі.Пырақтай мәресіне жетер дара,Қазақты шың басына көтерді аға…Ұққанға: “–Мен Абылай емеспін…” – деп,Айтқан жоқ Елбасымыз бекер ғана.Алысты мойындатқан іспен ірі,Біледі дос-дұшпаның іштен мұны.Анасы аян берген ақ мылтықтай,Алланың Алты Алашқа түскен нұры.Әз баба, аруақтар көкте тұрып,Ел бастар Ер ұлынан еткен үміт.Жоталы қызыл ала жолбарыстай,Кешегі Қарасайдан жеткен Рух!Ел билеу – екі дүние ғарасаты,Алтыннан мүсін қойса жарасады.Уыздай ұйып тұрған мынау қоғам –Нұрсұлтан, Нұрағамның – парасаты.Ақ найза қолда ойнаған толғамалы,Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды.Мұндай күн бұрын-соңды тауарихта,Болған жоқ, қазақ-қазақ болғалы әлі.…Оң ісің ниет еткен оңғарылсын,Жан пида намысыңды қорғау үшін.Жанары ор киіктей ойқастаған,Азуы – алты қарыс жолбарысым!
ТҰЛҒА
Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады.
Нұрсұлтан Назарбаев
Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,Не болса да пешенемнен көрем деп.Елің үшін түстің талай додаға,“Күн астынан орын тауып берем!” – деп.Емен құсап ерек біткен еренім,Көз жетпеске ой жеткізген төрелім.Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап,“Халқым үшін жаным құрбан!” – деп едің.Ірікпестен лықсып келген сезімді,Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді.(Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!)“Айналайын, елім!” – деген сөзіңді.Қызғанады-ау, кейбіреулер бағыңды,Ардақтауға ары жетпей нар ұлды.Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл –Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.Ел билеудің қияметін сезем мен,Елді бастап өткелі жоқ өзеннен,Алып өттің, ел басына күн туып,Етікпенен су кешетін кезеңнен.Бардың қанша нартәуекел қадамға,Түсініксіз көрінгенмен наданға.Судың өзі жол береді екен ғой,Жүрегінде от лаулаған адамға.Сыншы көп қой біткен іске сынайтын,Ғұмыр кештің ұлтың үшін ұнайтын.Жатыр елім күндіз-түні той тойлап,Құрметіне құрбан шалып Құдайдың.Шартарапқа байлығымен байқалған,Қазағымды бақытсыз деп айта алман.Сара жолға түсті елім тәубә деп,Жорға сынды төрт аяғы тайпалған.Атажұрттың керегесі керіліп,Оғыландар атқа қонды тебініп.Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің,Көкжиегі көз ұшынан көрініп.…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.“Ер қадірін ел біледі”, – деуші еді,Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!
ЕЛТАҢБА
Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк Туы, Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Нұрсұлтан Назарбаев
Елордам қазағымның төрі емес пе,Әлемнің бар елімен тең емес пе!Өзгеге өзімізді танытатын,Елтаңба Елбасының мөрі емес пе!Қазақтың бүгінгі мен бұрынғысын,Тарихын терең танып ұғу үшін.Қарасаң Елтаңбама көз тояды,Көргендей шын өнердің туындысын.Әріден сыр тартады қоюланған,Қос жерден қошқармүйіз оюланған.Тылсым бір әлемге бой ұрасың,Шыға алмай шежіреден ойыңды алған.Шаңырақ ортада тұр тірегімдей,Өлмейтін рухымның реңіндей.Барлық ұлт тату-тәтті болса деген,Мейірімді Елбасының жүрегіндей.Көркейіп көгерсін деп құрақтарым,Әуеге қанат жайған пырақтарым.Қорғап тұр мүйізімен көкті тіреп,Келешек ұрпағымның мұраттарын.Ой-арман үйлесіммен өрнек өріп,Байланған о, осынау Жерге берік.Тәуелсіз егемен ел – Елтаңбамда,Барады көкті кезіп дөңгеленіп.Басса да бар ғаламды қара тұман,Қозғалмас мынау жұлдыз дара тұрған.Сияқты Нұрағамның ұстанымы,Сөйлейтін маңдайға алып Ар атынан.Ол жұлдыз – Темірқазық маңдайдағы,Жұлдызға талай қазақ самғайды әлі.Елтаңбам өзгермейді ел аманда,Сөзім де өзгермейді таңдайдағы.Көк аспан тұрсын солай зеңгірленіп,Дәуірлеп ел түрленіп, жер гүлденіп.Алдымен Елтаңбама тәу еткейсің,Ынтықсаң біздің елді көргің келіп.Шаңырақ ортада тұр тірегімдей,Өлмейтін рухымның реңіндей.Барлық ұлт тату-тәтті болса деген,Мейірімді Елбасының жүрегіндей.
ӘНҰРАН
Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөлеп, біртұтас отбасы сезімін сезінуге, қазір бүкіл дүние жүзі білетін Республика Туын, Елтаңбасын, Гимнін ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.
Нұрсұлтан Назарбаев
Ұлдарым төрге шықса байрақпенен,Басталар Әнұраным айбатпенен.Рухтың ұлағатты көзі емес пе,Әнұран – әр қазаққа қайрат берген.Әнұран – менің оттай Ар-намысым,Намысым зау биіктен аңғарылсын.Әнұран айтылғанда кеудемдегі,Жүрегім дайын тұрар самғау үшін.Осынау Жер мен Көктің арасында,Алаштың қамқор болған баласына.Әнұран – қазағымның Тағдыры еді,Тапсырған Нұрсұлтандай данасына.Ерліктің басы бар да, жоқ аяғы,Көңілім ұрандасам тоғаяды.Көтерсе қозып кетер қай-қайдағың,Бөрілі байрағымдай о, баяғы!Ұрандап жауға шапқан ата-бабам,Ұрандап ел-жұртына бата қылған.Әнұран бірге барып, бірге қайтар,Елбасы әр аттанған сапарынан.Әр сөзі, әрбір жолы ой ұқтырып,Кеудеден орын алған ойып тұрып.Тербелем Әнұранға, жаным балқып,Қолымды жүрегіме қойып тұрып.Еріксіз бас иесің дана тілге,Ұмтылған жаңа дәуір, жаңа күнге.Елімді мекендеген барша халық,Шырқаса Әнұранды Ана тілде.Шайқалмай нық тұрсын деп шаңырағым,Өткізген ой-електен бәрі, бәрін.Елбасы қаламының ұшы тиген,Ұлтымның мақтанышы – Әнұраным!Ұлы Отан – нұрлы Отаным – табынарым,Болашақ мақсатынан мән ұғамын.Шырқалып жатса, шіркін, салтанатпен,Күні-түн күллі әлемде Әнұраным.Әнұран – менің оттай Ар-намысым,Намысым зау биіктен аңғарылсын.Әнұран айтылғанда кеудемдегі,Жүрегім дайын тұрар самғау үшін.
МАРЖАН ЕРШУ
ТАБИҒАТЫМ
Кеудемде – от,
Көзім – жалын.
Сезінбеймін жел ызғарын.
Өзегімді өртей өтіп
Тепкілеші теңіз-дарын.
Табиғатпен егіз жаным,
Әзір аман! Сезім! Халім!
Асқар таулар ұғыңдаршы
Айтылмаған сөзім барын.
Үмітіме үкі тағып,
Келем таңды күтіп алып.
Пейілімді ағартады
Ай бетінің сүті тамып.
Аямасын бағын Құдай,
Жоғалмаспын қағынғыдай.
Ақша бұлтқа оранамын
Анам берген жамылғыдай.
Түн. Мінезін құбылтады,
Түс көріппін бүгін тағы.
Қыдыр атам аян беріп
Құс жолымен қыдыртады.
Ұнатамын сұрапылды,
Табам содан мұратымды.
Көсегемді көгерте гөр
Жасаған-ай! Рахымды!
Қара жерде – қалы кілем,
Тозаңданса қағып ілем.
Өлеңімді көкке жазам
Жұлдыздардың жарығымен!..
***
Көп ішінде. Қалың ойда. Көңілім,
Көше кездім тек өзіңді ойладым.
Арманыммен қауышпастай өмірім
Жұттым үнсіз сезімімнің қаймағын.
Келдің жаным, көңіліңнен күй арнай,
Маған жазған Тәңірімнің сыйы боп.
Жүрегім де өз кеудеме сыя алмай
Тілсіз, мұңсыз сүйіп ед.
Ай дөңгелеп келе жатыр тұнық күн,
Дидарыңнан нұр тарайтын секілді.
Жанарыңның жарқылынан сыр ұқтым
Тостым сосын ақ самалға бетімді.
Қызық еді. Сол жымиған сәттерің,
Үмітімді үкіледің үсірмей.
Сол бір шағым, мөлдір шағым тәтті еді
Таңғажайып түсімдей...
* * *
Қайран уақыт!
Қандай қатал!
Сүйіктімді қартайтатын.
Күндер зулап жанға батар
Қайырылмас шалқайса тым.
Өмір-көштің дүрмегінде,
Қара шашы ағарады.
Әжімдер ол маңдайдағы
Тұңғиық ой-санадағы.
Кәрілікке пенде қонып,
Өткізеді қанша айды да,
Дос-жаранға кенде болып
Таяқ ұстап шаршайды ма?
Құмар қанып ішпес, сірә,
Шарап толы кесені де.
Ұнжырғасы түспес бірақ
Көңіл жылап кешегіге.
Қызыл күннің қызуы кем,
Кең маңдайын қақтар өңін.
Сезінбеген сезімімен
Махаббатын жоқтар еді.
Өткен дәурен тамаша ма?
Көз алдында кімдер тұрар.
Адамға емес, оңашада
Өзіменен-өзі жылар.
Қайрат кеміп, семіп жағы,
Күрсіне ме, кім біледі.
Көңілімдегі елес-бейне
Бір жылатып, күлдіреді...

Жахыт Сытхы Таранжыдан
( Аударма )
Отыз бес жас
Отыз бес жастамын,
Өмір қас-қағым.
Үлкендік ауылына
Жол бастадым.
Айнада – шимай жүз,..
Бұл адам мен емес, иланғыз!
Ақ шашым көбейген,
Достарым азайған
Мен – жалғыз!
Тастың сырын да кеш білдім,
Күн сайын ескірдім.
Дауыл есіріп, нөсер құйғандай
Жүрегім – алапат көшкінмін.
Өртті күндерім! Айқайлы!
Мені адамдар енді байқайды.
Орда бұзар отыз бес жасым
Жүзімнен әр тайды,
Сол – қайғы!
Өткен жыл парағын ашсам,
Қуаныш, сосын, мұңым бар,
Таңдайда қалса шырын-бал
Ащы-тәттімді ұғыңдар.
Құлаққа дауыс келгендей, сірә,
Жаназа үні. Өлген кім?
Арманы менен қайғысы жоқ деп
Айта алмас едім өлгеннің.
Өлім де әжімдей бетке қонған,
Қашарсың қайда қаңғырып.
Шағынып едім тауға барып,
Дауысым жатты жаңғырып...

МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ
Бір жапырақ ет секілді,
Қып-қызыл оттай жүрегім.
Сенде тағдырым,
Махаббат, өрлігім,
Ізгілік – тілегім
Ақын жүрекпен
Өмір сүремін.
Өзіңсің, Қожам да, Ием де,
Тоңам ба, күйем бе?
Талса да білегім,
Тоқтама жүрегім.
Ақын жүрекпен
Өмір сүремін.
Сүріндім, құладым,
Кімдерге ұнамай, кімге ұнадым?!
Тірлік дегеннің
Тоқтамас сынағы
Өзіңді тыңдасын –
Көзім мен құлағым.
О, менің кішкентай жүрегім!
Киелім!
Өлең боп өріліп,
Өлең боп төгіліп
Қиын сәттерде
Мені сүйедің!..
Жүрегім – реңім, лебім...
Мейірбан Жәнәбіл
Рухым қалғып бара жатқанда...
Өртенген сәтте санам оттарға,
жұректен шындық қанап аққанда.
селт етіп тұйсік, оянар шошып,
рухым қалғып бара жатқанда...
жоғалттық талай асылымызды,
жоғалттық жігер, жас ұнімізді.
құдай-ау қайда барады бастап,
болашақ күннің ғасыры бізді?!
Ақан жоқ елде, құләгер тумас,
жетесіз ұрпақ жолыңды қумас.
алтынның құны аспандағанда,
адамның құны теңгеге тұрмас.
бас ұрып билік мұдеге ғана,
қарын тойғызып жұреме аға?!
ұлтының ұлы рухи күшін,
тамыры таяз біле ме бала?!
тұсірсе ойлар санаға қысым,
сағындырады бала дауысым.
періште пейіл керек-ау кейде,
өмірді мынау бағалау үшін.
өртенген сәтте санам оттарға,
жұректен шындық қанап аққанда.
селт етіп тұйсік, оянар шошып,
рухым қалғып бара жатқанда...
Жалғанда жалған жалған күн...
жалғанда жалған жалған күн,
жалтылдағыңа алдандым.
жортамын жолсыз жондарда,
елесін қуып арманның,
тасқа да салса тозбайтын,
тұяғы едім тарланның,
бөгелмей асқан белдерден,
болтірігі едім арланның,
ұсақтап бара жатырмын,
жетегіне еріп жалғанның...
ақиқат-аңыз кешені,
тарихым қайда кешегі?
жоғалтпай маған жауап бер,
жылнамалардың есебі.
сақтардан қалған сарбаздың,
сақталған соңы- осы еді,
үйірін бұгін тапса да,
кешегі соры бес елі.
солғындап кеткен сораптар,
өшеді талай, көшеді...
мазалар күнде мың сұрақ,
бетімді ұят шымшылап.
бабаның бөрі рухы ем,
қанден боп кеттім қыңсылап,
«алтын шынжырлар» сұйреп жүр,
алқымнан алып жұлқылап,
намыстың нардай кеудесін,
қарындар басып тұншығад.
"алты малта ас қылып"
тұлпарға қамшы бастырып,
жұлқысқан жауын жылатып,
қиқулап қуған састырып,
рухың қайда, бабалар,
кетті ме кімдер мас қылып?
жауап бер ғасыр қақпасы,
жауап бер маған тас құлып.
жауабын сенен алмасам,
жәләумен жазған жан жарам,
қабынар қайта асқынып.
жалғанда жалған жалған күн,
жалтылдағыңа алдандым,
жаңылып кеиде жар басып,
жағалауыңа қармандым.
кекілін сипап кештердің
арайын жұттым таңдардың...
жоғымды іздеп жортып кеп,
басында тұрмын жауапсыз,
замана деитін заңғардың...
Күрсінбе досым, күрсінбе!
күрсінбе досым, күрсінбе,
жұрмеиді өкпе тілсімге.
жұп-жұмыр жердің төсінде,
жұрек боп тынбай дұрсілде.
қаймана жұрттың қайғысын,
қәсиетсіз жан білсін бе?!
адам боп өмір кешіру-
ең ұлкен ерлік бұл күнде,
сайын даланың сұлуы,
сайтан боп кетер бір тұнде...
мұңыңды шақтың маған кіл,
силаимын қалай, саған нұр?
алтын көтерген адамдар,
қайыршы болған заман бұл.
азайып кеткен арлы қыз,
арзандап кеткен табанды ұл.
қарынсыз болсаң амал не,
дәрінсіздәрмен бағаң бір.
көңілде досым көп сұрақ,
айықпас мұнар, алаң жүр.
тұмшалап қял, тымық түн,
сөзіңнен талай сыр ұқтым,
тұтқыны болар тірі жан,
тағдыр деитін құрықтың.
пенделер жылап жатсада,
таң ата берер, күліп күн,
ұңілсең шындап уайым бар,
қабағында да ұлықтың!
дос едің айтар сырың бір,
көңілің неге бұлыңғыр?!
кісінеп тұрғой кеудеңде,
ақиқат айтар құлын жыр.
ағытшы ойдың желісін,
арындап шабар күнің бұл.
келмеске көңіл ауыртпай,
келешек күнге туіңдііл!
заманнан бірәз зар токтің,
басыңды көтер, ал тектім,
қаламыңды алып қолыңа,
жасынды өймен жалт еткін.
қиуадан қиып сөз бастар,
самаржағы бар әр тектің.
кеиіпкеріміз өлгенше,
өзіміз жазар ертектің...
Балауыз шам
күңгірт бөлме,
ортада балауыз шам,
көздеріміз үн-түнсіз қадалысқан.
қялымыз қянға қанат қағып,
алыс-алыс арманға жол алысқан.
сен қарайсың жанарың шамдай жанып,
мен қараймын көркіңе қанбай қалып,
қалқам біздің қып-қызыл жұрегіміз,
еріп тұрма қып-қызыл шамға айналып?!
сен қарайсың жұзіңде құйын ойнап,
мен қараймын сезімге жиі бойлап.
үнсіз ғана осылай отырамыз,
тілімізді сезімнің қылы байлап.
бірімізді біріміз көзбен оқып,
жұмысымыз болмайды өзгеде тұк.
дәл осындай шақтарда уақыттың,
кететіні-ай лыпылдап тезден өтіп.
бөлме тұр,
тініштіқпен тұмшаланып,
сұлуланып кеткенсің мұнша нағып?!
үнсіз маңгі осылай отырар ем,
ортамызда махаббат-балауыз шам,
сәуле шашып сөнбестен тұрса жанып...
Мұрат Әуес
Қарсыдағы қара орманға жете алмай...
Қызыл жыңғыл
(Элегия)
Қызыл жыңғыл!. 
Дариға-ай, қызыл жыңғыл, 
Нарттай болып жайнайды жүзің гүл-гүл. 
...Бір әуенді ойда жоқ бастап алып, 
Әрі қарай айта алмай... үзілдім құр. 
Ұлы дала керуені кенерелеп- 
Келген бойда тастапты-ау сені өрелеп. 
Қосыларсың қай күні 
Запы болған- 
Онсыз-дағы боздауық келеңе кеп?! 
Өркен жайдың қасқайып құба құмға, 
Құба құмда құмығып жыладың ба?! 
Сені көріп 
Жаңғырып тұрып алды-ау, 
Бір мұңды зар сыңсып кеп құлағымда. 
Сол адасқақ зарлы әуен, 
(Неге керек)- 
Жүрегімді жатқандай селебелеп... 
Бейпіл кеткен бедеу құм безереді, 
«Тағдырыңа ендігі мен еге!»- деп. 
Көрмегендей ал, сенің көзің бұлау, 
Қырмызыдай құлпырған кезің мынау. 
Осыныңа аң-таң қап әлі тұрмын, 
Үндемейсің, оу неге, төзімдім-ау!. 
Жалғыз қарағай. Мұң
«Жалғыз ағаш көрсең, тиспе, әй, қарақ!»- 
Көрдім.
Сездім.
Тағдыры шын тайғанақ... 
Қойны-қоншын жел тіміскіп кезеді, 
Тек күн мен ай толғанады аймалап. 
Жалғыз қарағай – жалғыз баладай, 
Жалғыз баладай – жалғыз қарағай!. 
Қатып қалған шемен-жүрек бетондай, 
Әрі суық, әрі ыстық мекенді-ай!. 
Қайысады, майысады беймезгіл, 
Қарсыдағы қара орманға жете алмай. 
Жалғыз баладай – жалғыз қарағай, 
Жалғыз қарағай – жалғыз баладай. 
Қанша ғасыр? 
Қаншама сыр... 
Қайда бақ? 
Өте алмайсың, кете алмайсың жай қарап. 
...Тағдыр деген шынымен де тайғанақ, 
Жалғыз ағаш көрсең, тиспе, әй, қарақ! 
Жалғыз қарағай – жалғыз баладай, 
Жалғыз баладай – жалғыз қарағай!. 
Ақтабанның үйірі
(баллада)
Үйірі Ақтабанның кіл қарагер, 
Қостанып Тегерекке бір барады ел. 
...Ала жаз шайлап жатқан көп жылқыға, 
Тұтқиыл қасқыр тиді. 
Тұн. 
Қаракөл. 
Өлкені тұмсығымен сан ақтарған- 
Әккі арлан жата-жата барақ-таңнан 
Кеш бата 
«Жылқылы ауыл қайдасың!»-деп, 
Сынаптай сырғып ағып бері аттанған. 
Бүлкілдеп түн қойнында желе жортып, 
Есіктей омырауы ерек елтіп, 
Нән көкжал 
Күдірейіп желке тұсы, 
Кәнігі бөрі үйірін келеді ертіп. 
Жаз бойы осы өңірге қарап талған- 
Көк қаншық көзі жайнап қанаттанған! 
Күшіктер 
Тоқты-торым місе болмай, 
Бұл күнде тай-тайыншаға жарап қалған... 
Ұйыған тыныштықты жыртып түнгі, 
Саққұлақ меңзеп үрді бір түкпірді. 
Жаппадан ұйқылы-ояу қарғып шығып, 
Қақалып қарашолақ мылтық тұрды! 
Тұтасып қара бұлттай көшкен кері, 
Шұрқырап қалың жылқы төске өрледі. 
Ауылдан шыққан тақау айқай-ұйқай, 
Әйткенмен, бөрілерге дес бермеді. 
Делдиіп пысқырынған танаулары, 
Көп жылқы қырдан асып, әрі аунады. 
Қасқырлар андыздай кеп 
Шеттеу жатқан 
Үйірін ақтабанның қамаулады. 
Шоқ шашып қызыл-жасыл... 
Бұлт үйіріп, 
Анталап арлан тобы тұр түйіліп. 
Ақтабан арлы-берлі ойқастап жүр, 
Үйірін тар қолатта шырқ иіріп. 
Мұндайдан мама бие запы барлық- 
Құлынын қорғап әлек оқыранып. 
Баспалап бөрі үйірі жатып алды, 
Айғырдың ауашалау сәтін аңдып... 
Сесінен зытып берген ай да батып, 
Абадан жатыр анда айбар атып! 
Ақтабан жалғыз түнде жарап алды, 
Шоқпардай кекілінен жай боратып! 
Түстіктен талып жеткен тау самалы, 
Тірлікті қоздатқандай аңсамалы... 
Ширығып алған айғыр бастырмады, 
Көк қаншық көп бұлтаққа салса-дағы. 
Айдау қып көк қауланды қолаттағы, 
Ақтабан арлан тобын жолатпады. 
Ақыры арпалысты шорт тәмәмдап, 
Ағарып атты жаздың шолақ таңы! 
Мал бермес барымтаға жырынды ердей, 
Түн бойы ақкөз айғыр тыным көрмей- 
Үйірін аман-есен алып қалды, 
Азулы бөріге бір құлын бермей!. 
Тегерек. 
Қымыз ішіп қырланады ел, 
Шайқалып шарайнадай тұр Қаракөл. 
Айдында жүзіп ішіп, 
Жалт-жұлт етіп 
Құндыздай құбылады кіл қарагер.
МӨЛДІР АЙТБАЙ
Сүйгенмін
Бақылдап баққа бақа мұң,Кептірмей кекті шапағың.Арманын күткен ботамынЗаманның ішіп заһарын, Күйгенмін.Келмейтініңе көз жетіп,Тауыспай төзім тез кетіп.Өлеңге салып өртімді,Қиялдамауға өзге түк,Үйрендім.Көңілден көктем күй ұшып,Қуарып ернім у ішіп.Қаламнан қалған сиямен Көзімнің жасы сүйісіп,Түйрелдім.Қайтып ал, қалқам, қабылда,Жаныма кел деп жалынба.Таппайсың оттың табын да,Сүймеймін, күнім, жаңылма,Сүйгенмін...
* * *
Мені ойлап бордай езілген,Жүрегіңізден айналдым.Осынша еркін сезінгенБатылдығыңа қайранмын.Сен мені іздеп зарықтың,Мен жүрмін іздеп біреуді.Дәл сендей, мен де қамықтым,Жүрегім содан жүдеулі.Сен мені аңсап сағындың,Мен жүрмін аңсап өзгені.Мойныма тағып лағыл мұң,Жаңбырдай жасым көздегі.Сен жүрсің қайтпай сабақтан,Қалқаңа қарап қия алмай.Не деген шебер Жаратқан,Мен қайтып кетем, ұялмай.Сен мені тосып тұрасың,Мен торып жолын өзгенің.Біздегі жүрек шыдасын,Жасырып ішке сезгенін.Сен мені сүйед екенсің,Мен сүйем өзге жігітті.Арманда бәлкім жетерсің,Мені де арман жылытты...
* * *
Құрбым ашып сырлы көңіл сандығын,Сіз туралы талай қызық тыңдағам.Бір соған деп ән жырың мен әр гүлің,Жүрегіңнен бар еркіңді ұрлаған.Есім кете қызығушы ем құрбыма,Сіздей ақын музасына айналған.Бірақ оған арнамапсыз дымды да,Оның бәрі арман екен ойға алған.Бар шындықты өзіңізден білгелі,Құрбым маған қылмыскердей қарайды.Құрметім де өзгерген жоқ күндегі,Бірақ одан көре алмадым арайды.Қайғы-мұңның қара бұлты құралып,Қара аспаннан қара нөсер төгілді.Қуыршақсыз қалған қыздай жылауық,Жан-дүнием ағыл-тегіл егілді.Жұбаттыңыз мені марқұм әкемдей,Мейірімнен одан бетер жыладым.Бәрі сол сәт ғайып болып кетердей,Іштей әлем өзгермеуін сұрадым.Содан бері ғашықпын-ау мен сізге,Әйтеуір, жыр жаза берем сізге арнап.Бәйтерексіз сая болар елсізге,Мен – қауызын жаңа жарған қызғалдақ.Сондықтан да соңғы жырдың барлығыСізге екенін ешкімге де айтпаймын.Өтірікші құрбым сынды тағдыры,Кешіріңіз,Ғашық – Мөлдір Айтбаймын.
Арпалыс
Жарылқау етіп Тәңірім,Көрсін деп берген жарығы.Адам да болғым келмейді,Әр басқан қадам – қабірім...Сарқытын ішіп сорының,Күзетіп күміс қорымын,Бақытты болғым келмейді,Қайғының ұқпас қадірін.Алауы сөніп шоқ болмас,Артық деп сенер тақтан бас.Ақын да болғым келмейді,Өлсе де ары ақталмас.Алшыдан тұрса сақалар,Орманын орап от алар.Атақ та жиғым келмейді,Апатқа әр күн апарар.Бақытсыз бақыт бүр атар,Ұмытамын деп ұнатар.Сүйгім де келмес біреуді,Жылытамын деп жылатар.Жұлдыз боп жанның жанатын,Қанатын қия салатын.Өмір де сүргім келмейді,Өліммен бітіп қалатын.Құшағын ашып екі елі,Мәңгілігімнің мекені.Құдайға сүйген құл болып,Құм болып кетсем, жетеді...
Бір түн бер
Біреулер мұны ібіліс ілген құлқын дер,Қайрылмай кетсін көңілден көктем шіркіндер.Алаңдай көрме, арымды өтем аялап,Өмірде өлмес өлеңім үшін бір түн бер.Бір түн бер маған, орнына жүрек, жанымды ал,Көңілден өшсін көре алмас күңшіл дабырлар.Желкілдегенге жеңіл ойлама, жарқыным,Тәніме тиме, ана сүтіндей арым бар.Аманатыма жақпаймын күйе, жаманат,Қаламан мен де қонғанын басқа қара бақ.Жырларым саған жындыдай ғашық есалаң,Жүректі тыңдап, жаныңда жатсам қанағат.Қайтейін, қалқам, шындықты байғұс шыр-пыр ғып,Үрдей үміттің үркерін жағып ұмтылдық.Өкінбе, күнім, өмірлік шығар өлеңім,Өлеңнің бірақ, сезімі салғырт бір түндік...
НАЗИРА БЕРДӘЛІ
***Үйренемін, әлі-ақ мен төселемін деСәл көңілсізбін, мұңымды еселедім бе?Сағынып келем жып-жылы жаз ауылымдыАлматының қар басқан көшелерінде.Қар болмайын деп ел-жұрттың алғаны шатырТабиғат үнсіз, Алатау ойланып жатыр.Абай көшесі, әнеки Неке сарайыӘдеттегіше, әрине, той болып жатыр.Той болып жатырАқ қайнар босатып буды,Күн сәлде болса ақ қарды жұмсартып тұрды.Өзі де күйеу болардай сүйкімді жігітНеке сарайы алдында гүл сатып тұрды.Қарадым оған: сен қара, қарада тұрғын,Ауылдықпын ғой демеймін, қалада тудым.Үлкен көшенің шуынан құлағым тұнып,Театрға қарай аяңдап бара жатырмын.Алтын күзімнің ақ боран жалғасымысың,Ақ қайың арман ой салған алғашқы мүсін?Алабыртқан көңілге не әкелерсіңАлматыдағы алғашқы қысым?
***Күз келгенін бақтан байқа, сары алтынмен апталған,Тағы сабақ, телеxабар, тағы сөздер... Жатталған.Тағы да үміт,Тағы күліп... Сізді сұрау ақ таңнан,Жаным менің жапырақ боп көшелерде тапталған...Таптап жатып, "асқан бақыт" тілеп едің әрқайсың...Кім біледі, тағдыр алда тосады әлі қандай сын?Түзілмеген жырың мен ем,Күзіңменен арбайсың,Алтын қала!Жарқылдама, алдайсың ғой... Алдайсың.... Ішінде жүрмін сіріңке толы қораптың,Үстінде тұрмын, түйіскен тоғыз тораптың.Тағы да сөнді.Тағы да сөнді жолақ Күн...Бұл жолақ күнге мен бір-ақ сәттік қонақпын.Қонақпын Сізге!Қонақпын Күзге...Сол-ақпын...
***Тағы бір күн... Тағы бір күн сүрілді. Тереземді ұрланып кеп Түн ұрды. Меңірейген тыныштықта жалғызбын, Сахнаның шымылдығы түрілді.Біз - әртіспіз! Біз - әншіміз! Ақынбыз... Ойнап жүріп ақылдымыз, Ойнап жүріп батырмыз. Ойнап жүріп көріктіміз, Ойнап жүріп жақынбыз... "Жер" аталған үлкен-үлкен пәтерді,Жалға алып, өмір сүріп жатырмыз.Үстел үстінде суыған тамақ, шәйнек, гүл... Сағынсаң, Түннің орнына келіп, әйнекті ұр! Көрерменсіз зал көңілімдей менің бос қалды. Жарықтар сөнді... Сүртілді грим... Сау боп тұр!Келесі бір күн... Ол күнді де Түн тағы ұтты.Тек төрт қабырға,(Еске салатын табытты...) Мен бұдан былай ойнай алмаймын, Кешірші! Мені бұл рөлім қажытты...
*** Ұйқыда ғалам...Ұйқыда далам, Отырмын сені әлдилеп.Кішкентай адам, ең қымбат маған -Ұйықтасын тыныш сәбилер!Айымсың әппақ, өзің - күн, жұлдыз,Тәп-тәтті сенің келбетің.Ең ғажап шақтар: қайғысыз-мұңсызБалапаныңды тербету.Әлди-ай бөпем, ұйықтай ғой, көкем,Тыныш болсыншы заманың!Арманы осы, тілегі осыӘр ата, әрбір ананың.Еліңді сүйіп, нәр алып өсшіӘкеңнің салған әнінен.Өзіңді титтей, баурыма тығыпҚорғағым келед бәрінен!Аштықтан азып, алақан жазыпСұрамасыншы сәбилер!Соғысты көріп, көктей боп солыпЖыламасыншы сәбилер!Ұйқыда ғалам. Ұйықта балам,Сүйсінер саған анашың.Өзің деп сүйем, кең жүрекпененӘлемнің барлық баласын.Оятса сені күн нұры ғанаОятып таңда әлдилер.Өмірдің мәні - өздерің ғана,Ұйықтасын тыныш сәбилер!
КЕШТЕРДЕ БІРБұлым да бұлым бұрымым бар едБелімді құшып жататын.Аналар көріп, ырым қылар ед,Бабалар беріп батасын.Жалғыздығым тек жырыма сыйып,Қызықтырмайтын жай тегін.Жусан иіс шашым жыныма тиіп,Желкеден қидым, қайтейін?Шашбаусыз менің сымбатым — сән бе?Қазақ ем «бұрым — мүлік» дер.Жыныма тиген шашым ба, әлдеШашыма ғашық жігіттер?Әйтеуір әкем қатты да қатты үн,Деді анам: «Түрін, жақсартып…»Сол күні сосын солқылдап жаттым,Сұлу болудан бас тартып.«Жайнадың» дейді гүлдей солсам да,Күл болсам дейді «лауладың».Шөпжелкелердің бірі болсам да«Қодарлардан» құтыла алмадым.Бұлым да бұлым бұрымым бар ед,Кестім бе екен бекерге?Біреулер содан сырымды ұғар ед,Ұғылмай енді кетем бе?Аңшылар әлі құрады тұзақ,Кей ағам кетті ұсақтап.Кештерде кейбір жылаймын ұзақ,Кесілген шашты құшақтап…
Наурызбек САРШАНЫҢ өлеңдері:
Жетім бақ
Сен кеткенсіңДендеген дертім қалған,Еліктей қыз, қайдасың еркімді алған?Мен тұрған маң мұңыма масаңданып,Салтанатын табатын сен тұрған маң.
Жеңілтек жел басылмас желігі ептеп.Жаныңды жүруші еді төңіректеп.Сағағынан үзілген жапырақ та,Аяғыңа құлайтын еңіреп кеп.
Сығып алып көз жасын сыралғы бақ,Біз жоқпыз ғой…Булығып тұрар жылап.Барар едім… бетім жоқ,Сыртта жүремЖалғыздықты жаныма сыңар ғып ап.
Біз сондаймыз,Сезімге сараң жанбыз,Мен де кетем,Жетім бақ қалар жалғыз.Жолыңды қарамауға серт еткенмін,Жанымды жаралауға жаралған қыз
Естимісің???
Сары гүл
Аласармайтын арманы,
Сағыну жалған заңы бұл,Үйіңде сенің бар ма әлі,Мен теріп берген сары гүл?
Шалынар көзге шалғайдан,Нәзік ең, нәркес гүлге тең,Сағынышымдай сарғайған,Сары гүл солмай тұр ма екен?!
Өзіңе деген антым бұл,Айналып кеткен түп гүлге.Сезімі деп сары ақынның,Су құйып баптап күттің бе?!
Болайын сенің кең далаң,Кеудеме өссең гүл құсап.Гүл сыйлап едім,Сен маған,Мұң сыйладың-ау, бір құшақ!
Соры ма бастың бағы ма,Үлгердім саған гүл беріп.Айта алмай қалдым тағы да,Тілінгір тілім күрмеліп.
Білдірмесем де бәрібір,Кеудемді менің кезді үміт.Қолыңда тұрды сары гүл,Сезімді тілсіз сездіріп.
Аласармайтын арманы,Сағыну жалған заңы бұл.Үйіңде сенің бар ма әлі,Сары ақын берген сары гүл?!
Қоштасу
Тағдыр енді біздерді қоспасы анық,Қайтеміз жанға қаяу босқа салып.Үтірлі үміттерге нүкте қойып,Енді біз де, қалқам-ау, қоштасалық.
Көктем соңы ұласты қара күзге,Сенде менен жырақ бол хабар үз де.Жазылмас жара салған жанымызға,Жазмыштың жазуына шарамыз не?!
Келіп еді сертіңе айналғым-ақ,Құрбан болды арманым айдан құлап.Сен бақытты боларсың өзгеменен,Мен бақытты болам ба?…Қайдам, бірақ…
Бақытыңа, бағыңа тілекшің-ем,Тілекшің боп дәл мендей кім өксіген.Неліктен сенің сәби жүрегіңді,Жүрегімнен жұлуға жүрексінем?!
Жапырақтай жүректі желдей жұлып,Кетіп-ең, паң басымды жерге идіріп,Сеңгір-сеңгір сезімі сеңдей жібіп,Сені де сүйер ме екен мендей жігіт?!
Қош айтып сені сүйген сол жігітке,Соңғы нүкте қоярсың сорлы үмітке.Қош, ендеше, жазылған өзің жайлыЖырыма да қойылды соңғы нүкте.
Қош!!!
Жазғы таң
Алакеуім. Сейілді қараң аумақ,
Алтын нұрға алғандай далам аунап.
Алмадайын көрініп көкжиектен,
Алқызыл күн келеді шала лаулап.
Көрінді күн жамылып нұр шапанын,
Көркем деп ойлаппын ба мұнша таңым?!
Көрпесін серпіп жердің періштелер,
Көктен төмен шашып жүр күн шапағын.
Тамызғы шақ...  білінді таң шығыстан,
Тамған жасқа жердегі тамшы құштар.
Тамырымды иітіп бара жатыр,
Тамылжытып сайраған әнші құстар.
Мең-зең қылған күтемін уақыттан не?
Мен отырмын меңіреу батып халге.
Мекендеген мөлдір шық шөптің басын,
Меруерт пе, лағыл ма, жаһұт па әлде?!
Таңғы самал не деген тартымды еді,
Тандырды естен өпкен сол салқын лебі.
Таңдандырып таңымның табиғаты-ай,
Таңып койды сезімге бәлкім мені.
Қалаға нала
Пейілі кең пенделерге бұл шаһар,
Мейірімі маған неге мұнша тар?!
Арманымды артпас па едім білгенде,
Бармағымды тістетерін бұл сапар.
Тас қалада тарылып жүр тынысым,
Баспанаға жарыған күн – құрысын!
Туыстардың жағаладым үйлерін,
Қуыстандым бұрышын.
Ауылымның бауырынан ығыстым,
Жауыр қылып құлағымды жымысқы үн.
Басқа амалым болса егер де айт, өмір,
Қас қабағын қарайлаймын туыстың.
Тілім нанның қадірін көп түсініп,
Білім де алдым желігімді ысырып.
Таңдайыма зәр-заһарын татырды-ау,
Маңдайыма Тәңір талқы ұсынып.
Жылуыңды суығыңнан аз көрдім,
Сұлуыңды сүйіп қалып мәз болдым.
Кеуде керген сәлем алмай көшеңде,
Пенделерден қалып біткен әз көңлім.
Қайда барсам шешілмейтін көп түйін,
Көп түйінді шешетұғын жоқ күйім.
Соққандарға соққы беріп үйрендім,
Сотқарларға бергенім жоқ көк тиын.
Көрер жазам кеңірдектен асты деп,
Өлең жазам өңешіме жас тіреп.
...Бір бейбақтың базынасын кім тыңдар?
Тас қала ма – таскерең?
Тағдырым ба – тас жүрек?
Шаршадым...
Ақын
«Хақ Мұхаммед айтып кеткен кешегі, Келеді деп... Келген Ақын... Сол – Менмін!» Маралтай Райымбек
Дімкәс – дәуірдің дәруін іздеп,
Сарсаң болдың ба құтпанда?!
Заманның ащы зәрін уыз деп,
Масаң болдың ба
Жұтқанда?!
Жыр оқыдың ба
Көшеде мұңлы?!
Көшеде...
Мұңдас жан таппай...
Қайғыға ессіз төсеп ерніңді,
Сүйдің бе мұңды ардақтай?!
Мұңыңды айтып масаң қылдың ба?!
Түндерді кеткен көз іле...
Жырыңды оқып жас алдырдың ба?!
Қасаң тағдырдың көзіне!
Сәуірді сүйсе сары – күз кеудең,
Жүректің меңдеп кеселі...
Дәуірге ақын дәру іздеумен
Дәруіш – тағдыр кешеді.
Пайғамбар емес
Ауыр мұңдылау...
Ендігі келер елшісі –
Ақын келеді Дәуірдің мынау –
Дәруін іздеп емшісі.
Жалғанның талмап зәрін ішерсің
Аңғалдығы үшін адамның.
Дәуірдің демек Дәруі – Сенсің!
Зәруі де – Сен
Заманның!..
Күз
Жүрегім менің сыздап алар-ды,
Дегбірімді алып дегдар мұң.
Жанымда жалғыз күз ғана қалды,
Жанында күздің мен қалдым.
Тыраулап көкте тырналар ұшқан,
Мейірін аңсап мекеннің.
Сағыныш дейтін мұңға қауышқан,
Жалғыз мен емес екенмін.
Тырналап көкті тыраула, құстар
Сағынышыңды сездірме.
Көңілдің бұлты жылауға құштар,
Онсыз да осы мезгілде.
Татқызыңдаршы еркіндік дәмін,
Қалқысын небір құс әні.
Әуелетіңдер серпілтіп бәрін,
Шалқысын көңіл – құсалы.
Тұнжыр аспанды сазға бөлеңдер,
Арылсын сүркей түрінен.
Жапырақтарға жазған өлеңдер,
Оқылсын желдің үнімен.
Тыраулап көкте тырналар ұшқан,
Сендерге мендік жетерме үн?!
Кеудемді менің тырналап ұшқан,
Сағынышымды не етермін?...
Нұраш Айткенқызы
Өлең және туған жер
«Әуелде Алтай ақ құс екен киелі,
Сұңқылдаса – босатқан жан жүйені! »
Зүлкапілдің Мұраты
Ағажайды «ақ құс» деді бір досым
Сендім саған, жігіт сөзің шын болсын.
Кане, кімдер дәті барып аңсамас,
Аппақ құстың
Оң қанаты – күн бетін.
Алтайда боп, Алтайды аңсау ـــ тағдырым,
Толғақты ойдың күту қалды ай-күнін.
Халымды ұғып тұрсың ба сен, туған жер,
Жүректегі жалғызым.
Сусылымен тербететін әлемді,
Ғұмыр қымбат ـــ ақшыл құсқа тәуелді.
Түндер бойы өлең жазып өтермін
Бір көтеріп тастау үшін мәреңді.
Ақын айтса, жұрттың көбі сенбейді,
Көз ـــ жақында.
Көп інкәсі ـــ өзгерді.
Бұл Ағажай
Құсы түгіл аспанның
Перілерінің түсіне енген жер дейді.
Сенде қалың ақымақ бар.
Бірі ـــ мен.
Ақ өлеңсің ـــ Талай өліп-тірілген.
«Алтай, Алтай!..» ٴсөзім ағып барады!
Ұлы ертістің ізімен.
Қашу
Қарсы алдымда жүз бөлме.
Қайсысында сен барсың,
Бұл ақымақ тағы да адасар деп ойларсың?!
Есігіңді ашпағын, әлде не деп жарыңа
Әңгіме айтшы, даусыңнан
Жүрек шөлім бір қансын.
Есігіңді қақпаймын, естанды боп тұрсам да
Махаббатсың сен маған.
Елес емес.
(Иыншалла!)
Уілдеген үн шығып, түн ішінде оянсаң
Бөлмелердің сыртында жүргенімді біл сонда.
Көп бөлмелі дәлізге, келмеуіме болмайды.
Жанға жайлы күн кешіп, ойға батам сен жайлы.
Жылдам басып жетем де, жәбірленіп қайтамын
Түнде тіптен үнсіздік.
Шам таусылған.
Жанбайды.
Таң. Тыныштық.
Тағдыр бұл-тамырымды суырған.
Денем мұздап, дәлізде даусыңды естіп жылынам.
Пешенеме жазылған, кешкен күй бұл бұрыннан
Қай бөлмеден шыққаныңды көргім келмей,
Бұрылғам.
Ту сыртымда барсың сен.
Махаббат
Егер мен сені сүйсем,
Гүлдерге ұқсас жаныңнан жылу іздеп
Шұғылаңмен тірілтіп жүріңіз деп,
Өтінбеймін, балаша жылап барып
Шекемнен, тек шекемнен сұйыңыз деп.
Егер мен сені сүйсем,
Құстарға ұқсас тілімды табыңыз деп,
Әнімнен кейде қуат алыңыз деп,
Терезеңе қонбаймын, қанатымды
Аяймын. Тек аспаннан дәру іздеп.
Егер мен сені сүйсем,
Бұлаққа ұқсас көктемгі жаңбырлармен
Қосылып, нұр еріткен қар-мүздармен
Саған қарай, сен жүрген жерге қарай
Мың бұралып ақпас ем алдыңда мен.
Егер мен сені сүйсем,
Табаныңының астында жатқан тынып,
Топыраққа көктер ем. Аспан сұйып.
Жер өсірген емендей үнсіз ғана
Желді тосып, бұтағы жатқан сынып.
Шөлдетуге бара алмас көлді мекен,
Жапырақтарым жайқалып ой күзетем.
Нән еменге бір күні сен сүйеніп
Жанымның шығар тұсын соңғы көрсең,
Егер сен мені сүйсең!
Нұрболат Әбдіқадыр
Сәждем қара жер
Аспан болсам дей ме екен бәрі -бәрі,
Аспан қойға қозы боп маңырады.
Адамның аспан жаққа аузы аңқайып,
Өмірін өткізбей тұр мағыналы.
Қара деп астыңдағы қара жерге,
Өзімше албарынды болам «елге».
Күнде өздері дәлелдеп шалқаяды,
Құдайы болмайтынын одан өңге.
Ұмытып қара жерге қайтарын да,
Мейлінше қара аспанға шалқайуда.
Жер әлдйлер салып ап бесігіне,
Жатқызып шалқасынан ең соңында.
Ақымға кірер және табан жағы,
Жабылғанда пенденің жанарлары.
Әуелі асқақтамай босқа адамзат,
Жерге қарап кіші бол онан−дағы.
Жер, қызықта! Жоныңнан зар желгенін,
Топырақтан жаралған зәндемдерің.
Еңкейіп маңдайымды тийгізетін,
Қасиетті қара жер − сәждем менің!
Ауаға жазылған жыр
Жәбірлеуге құмар_ақ, сірә, бұлар.
Жыртылды жыр—
ақынның жүрегі дал!
Кейде әулйе көремін жыр _ сүлейді,
Қолда _ құран,
мойнында тұмары бар.
Жырды жыртып тастапты, міне, міне!
Сенген соң,
жүрегі емес,
білегіне.
Біледі ме қадірін жырдың, сайтан?
Бұл жазылсын кәтйман “тілегіне”!
Ұл қалмасын жыр қалсын демесем де,
Мен де қабырғамменен кеңесем де.
Көзге де көрінбейтін сйқыр әлем—
Жырға теңеу таппаймын теңесем де...
Тұрмайтын ақыл дейтін алақанға,
Сезімнің ең тарпаңы және сонда.
Қанатында жүр өлең жыл құсының,
Өлең жүр сары дала, қара тауда.
Өлең бар _ толқынында судың аққан,
Қайыңның жапырағында сылдыр атқан.
Кйелі бір дыбыс ол бебеулеген,
Қобыздың омырауынан күй құлатқан.
Бар өлең _ жел айдаған бұлт ішінде,
Сәбйдің жылауында, кұлкісінде.
Әженің әжімінің іздерінде;
Ал, оның _ өңінде емес, жүр түсінде.
Жансызы емес,
шын жырдың жаны бары—
Қағазға емес, ауаға жазылады.
Жыр _ тәбйғат ақыры жыртылмай қап,
Соның сөзін сөйлейді бәрі _бәрі.
Жырды да жыртқан болды, бәлі, бәлі!
Қағаз екен деп қалды _ау оны_ дағы.
Адамдар жырды жырдай сыйламаса,
жырдың_дағы ренжіп жүреді аруағы...
Үш бесігім
Тұқымы екені анық тегім жердің,
Әуелі, жанды бесік, өмір бердің.
Аиналып өз өсімде, жер форымдас
Анамның құрсағына көмілгенмін.
Анамның құрсағынан жерге түстім,
Тал бесікке сап, анам, тербетістің.
Жерді анаға, ананы жерге теңеп,
Есеиіп, естілермен төрлетістім.
Мен де жердіың жер құрлы пендесімін,
Үшінші де тербеиді жер бесігім.
Жерден өндім, жерге енді қаита қаитсам,
Торқалы топырақтың теңдесімін.
Анамның құрсағында, әуел, қалқам,
Көміліп көргеннен соң неден қорқам.
Тал бесікте аспанның асты көмді!
Сосын, елді толқытқан өлеңді аитам.
Жүрек сенген жырымда жан бар бөгде!
Таластым тәбиғат боп таңдармен де.
Мен үшін үш бесігім бәрі ұжымақ,
Қара жер құшағына алғанмен де!
Нұрбақ Биғазин
Менің елім
Мен – нақ қазақпын,
Қазақпын, бодан күннен нақты азатпын.
Елдігім, теңдігім бар, өрлігім бар,
Ғаламат көкесімін көп ғажаптың.
Мен – нақ қазақпын,
Таулықпын, тау суындай тап-таза, ақпын.
Тарихым бәрін көрген бақ-тозақтың,
Өрт жаным жалында ойнап ақбоз аттың.
Мен – нақ түрікпін,
Көңілі көк аспандай ақ-тұнықпын.
Сол аспан, ғалам сырын жатқа ұғыппын,
Жадыма бәрін жинап жақсылықтың.
Мен – нақ түрікпін,
Нар таудың жонында өсіп, нақ шынықтым.
Жолымнан жосын жинап, көп сыр ұқтым,
Досқа адал, жауға жасын от бүріктім.
Мен – бөрі сақпын,
«Тәңір» деп, тау біткеннен қоныс аппын.
Досым деп таяғанға таныс-ақпын,
Жау болсаң, жайпап өтер жаны шоқпын.
Мен – бөрі сақпын,
Өрінен көк шыңдардың өріс аппын.
Алтайы ақ бұлақтан арым туып,
Марқайғам маздауымен намыс оттың.
Мен – көшпелі елмін,
Көктегі бұлтқа мініп өскен ермін.
Ерімді өрде шыңап екшегенмін,
Жерімнің бейбіт күнін көксегенмін.
Мен – қыран елмін,
Шүйілген суылымнан бұлақ өрдім.
Жарыстым, жалында ойнап құлагердың,
Бабамның бар рухына мүрәгермін.
Мен – намысты елмін,
Нар болған намысымен, табысты ермін.
Бағзыдан тұлпар мініп, тұрақ еткем,
Арасын байқал, орал, барыс көлдің.
Мен – батыр елмін,
Ұл атын ұран қылған батыр-ердің.
Тарихтан сан соғыстың отына ендім,
Қаскойдың бітіспейтін қасы болдым.
Мен – ақын елмін,
Бәрі өлең бақытымның, бәсіремнің.
Бәрі де ән,-қуаныш пен жұбанышым,
Көңілді, хас жақсының досы болдым.
Мен – бірлікті елмін,
Бірлік деп, әлмисақтан тірлік көрдім.
Жақтадым әдыл бірлік, ақиқатты,
Жақсыға төрден орын сырғып бердім.
Мен – ибалы елмін,
Ибамды иілгенге сиға бөлдім.
Әлемде инабатым әр елге үлгі,
Ибалы жан біткенге бүйдәгермін.
Мен – көкжал елмін.
Көк жонда көкборымен олжа бөлдім.
Осындай өр биікте зор да болдым,
Алтындай ұлыма алтын орда бердім.
Мен – жайсаң елмін,
Жан досқа жаны жайсаң, майса болдым.
Кешегі, сол керемет елдігімді,
Мінеки, мырза күнде қайта көрдім.
Мен – дербес елмін,
Әлемге құшағы ашық, кең – көшелмін.
Жосыным,... Бәрі дара, жол – көшемнің,.
Елден өр, ел бастаған ерге сендім.
Мен – асқақ елмін,
Басқаның қолы жетпес асқақ – өрмін.
Жазылған тарихым боп, таста белгім,
Жалғасқан хасым ханнан қасқа жолмын.
Мен – дәулетті елмін,
Сол дара дәулетіммен сәулеттендім.
Тасты ұгер жігеріммен қамал таптап,
Тәстүлек талантыммен тау бөктердім.
Мен – жосынды елмін,
Бақ жолын жосын еткен есімдердің.
Жәнібек, тәуке, абылай, көшімдердің,
Ұлтымын ұлы абайдай есілдердің.
Мен – бақытты елмін,
Нүрекем нұрлы жол сап бақыт көрдім.
Айбынды әйдініммен** айғада өрлеп,
Жұлдыздар жанарынан жахұт тердім.
Мен – бейбіт елмін,
Бірі жоқ, бұрынғы өткен қайғы – шердің.
Қуаныш құшқан жердің құшағында,
Ырысты иесімін тойлы төрдің.
Мен,... Сондай елмін,.
Ездік пен жамандықтан шалғай ермін.
Таңдайым талантымен тамсантса елді,
Басқадан басым да озық, маңдайы өрмін.
Мен,... Осындай ел,.
Мені дос, көрем десең, осында кел.
Достарым, қанатымдай қасымда бол,
(Қаскойды арыман қу, асырма бел).
Мен мынау ғаламатты ғасырдан өр,
Өсірген ақылды ұрпақ, тошындай ер,
Мәңгі ізі,... Астанасы асыл мәнер,
Әлемге ақылман ел.
Мен, міне осындай ел.
Мені дос, көрем десең, осында кел,
Мен – қазақ, осындай ел.
Түсінік : * алтын орда хандығы айтылып отыр.
Түсінік : **-ғарышкер айдын айембетов.
Дырау қамшы
Қамшы десе, жон, арқаң шым – шым етер,
Қамшы тисе, халыңды шын түгетер.
Қасиетты бабадан қалған қамшым,
Сен-қаруым, серте ұстап сілкіп өтер.
Бабам сені ойнатып оң білекте,
Ел тілегін орнатып жан – жүрекке.
Ақ боз тұлпар астында,... Көкше қыран,.
Қолында ұшып, көз ұшы – қонды көкке.
Қолда қамшы, аста ақ боз, көкте қыран,
Бабам қандай бар үні өктем ұран ?
Бүкіл әулет бірігіп сол ұранға,
Бүкіл жерді, оң – солын нақ таныған.
Оңда қамшы, дәл солай, солда тізгін,
Әлем – жерді, әз бабам, сонда жүздың.
Елден бұрын ер тірлік кешкеніңе,
Өзі куә бүгін тас таңбамыздың.
Бес қаруда, бас қару осы қамшың,
Жамандықты осымен осып әр күн.
Қағып түскен қас жаудың басы – бөркін,
Қамшың барда, рас бабам басынар кім ?
Қамшың барда, хас бабам, әулие едің,
Қамшың ерек сенімді жан күйерің.
Қамшың еді дерттің де ем – дәруі,
Қамшың еді бастауы тәрбиенің.
Қамшың барда, заулаған хас тұлпар да,
Қамшың барда қалады қасқыр сорға.
Қамшың мұқым жер емес, көк тағысы,-
Тіл қосады, от қыран, оқ сұңқарға...
Бар жаманды дәл солай, қамшы жасқап,
Ал, жақсыны ақ ту ғып әр күні асқақ.
Беріктеген әз бабам бесігін де,
Сәбиге әлди жаттатып, қамшы жастап.
Бабам солай, қамшысын қастерлеген,
Қамшы қаққан, жыныңды басқа өрлеген.
Ақыл құйып келінге, ал, қамшымен,
Бетін ашқан, си төгіп қос пернеден.
Бар ғұмырға, сондықтан қамшым айғақ,
Қамшы мұра,-жез бауыр, алтын оймақ.
Қамшы қару болғанмен, бүгінгі оны,
Оқ – бомбыға ұқсатпа салқын ойлап.
Оқ – бомбыдай албаты жан алмайды ол,
От төкпейді, жұртымен жоғалмайды ел.
Ондай емес. Бақ қамшым бақ сыйлайды,.
Бағыт нұсқап, жүргенге таба алмай жол.
Әкем талай қамшымен ұрды жоннан,
Сол қамшымен біздің де тірлік оңған.
Бір қартымен ауылдың қамшы ұстаған,
Бүкіл елдің болған-ды бірлігі – орман.
Бүкіл бір ұлт тел ұйып бір қамшыға,
Сол қамшыны ап сөйлеген бір қартына.
Ұлдар атпал, қыздар гүл,... Жатушы еді ел,.
Қамшысымен жол сыйлап мың жалпыға.
Сол қамшысын жан халқым сан түрлеген,
Айшықтаған әсем жез,... Алтынменен.
Алты таспа бұзау тіс,... Айқай дырау,.
Әспеттеген осындай нар тылменен.
Тоқ тобылғы сабында, сан өрмелі,
Көздың құртын суырған сан өрнегі.
«мәңгі сақта салтыңды...»! Деген сөздей,-!
Сол өрменің өзегі,... Мәнер жолы.
Бес қарудың бірі сен,-дырау қамшым,
Сенімен жол түзеген жырау халқым.
Бүгін өзіңді үкілеп ілдім төрге,
Бұзылма деп бейбіт күн.... Жылау қалсын!
Қамшы, өйткені мәңгілік қажет бізге,
Қамшы өзекті, нәр құймақ өзексізге.
қамшы түзер бұзылған ұл – қызды да,
(өз етіңді қол жұмсап,... Баж еткізбе)!
Қамшы сондай киелі, ел – қаруым,
Бұзылғанды түзейтін ем – дәруім.
Қамшы қолдан, астан ат түскен бүгін,
Тіпті төрден түспес ол,-ең зәруім.
Рас бүгін, ат қалған, мінген ұшақ,
Заман озып, дамыған жүлделі шақ.
Деседе, атсыз, қамшысыз бүгінгі ұрпақ,
Барады азып, бойда жоқ мүлде нысап.
Ноқта – жүген, тізгінсіз асау тарпаң,
Ер – тұрмансыз, қамшысыз басар талтаң.
Әне, сондай бүгінгі асау ұлды,
Тағы атаның қамшысы тосар, қалқам.
Қамшы, өйткені, киелі бас қаруым,
Тегін емес бесікте – ақ жастануым.
Жамандықтың жайпайды ол бастағы уын,
Сол қамшымен сомдалған қасқа құлын.
Сондықтан да, тұлпарсыз таңда бұл күн,
Түссең де одан, қамшысыз қалма жұртым.
Ел амандап тұратын,-ер қаруы ол,
Төріңе іл де ұлтыңның жалға ғұрпын.
Қасқыр соққан хас баба қамшысымен,
Ұлтты ұлықтар ұлыңның сомда кілтін.
Төріңе іл де ұлтыңның жалға ғұрпын.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Еркек боп сонда, елім деп қанша елп еттім ?
Иесі болып жүріппін қайта, ұят – ай,
Бастығым мыжып, мылжалап берген жентектің.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Рас еркектікпенен сан ару жүзге дерт ектім.
Нас еркектікпенен әлсыз деп әйел заттарын,
Кей кірсіз жүрек, сендерді беюәз өртеппін.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Мен еркекпін деп, бір өмір солай жол шектім.
Бірақ та, жолай, өзімнен зорлар жолықса,
Еркектік жайда, әншейін әлсыз көлкекпін.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Мен – еркекпін деп, тәңірге қанша серт еттім.
Бірақ та, сол серт, еркектік кейде еш болып,
Көбелекке ұсап, көзсыз отқа өзім көліп еттім.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Еркекке серік – әйделдер затын көрші еттім.
Еркектің көбі өзгерген бүгін дейді олар,
Сондықтан кейде, соларға сендім, шер төктім.
деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Еркекпін деймін, ел үшін жанды тәркі еттім.
Еркектер өтті бұрын да талай,... Бүгін де,.
Соларға ұқсап, келеді сондай мәрт өткім.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Еркектігімді келеді кейде өлшеткім.
Өйткені, неге, еркекпін десем ерлік жоқ,
Кейде әлсыз деген, өз әйелімнен де кем соқтым.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Десем де солай, неге жоқ кейде өрт екпін ?
Осылай жүріп, жігіт аға да боп қойдық,
Бас шұлғып міне, астында бағызы телпектің.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Деп тұрып тағы аз жабығысқа мөлт еттім.
Бабадан қалған ерлікті ту ғып тіксем де,
Түзеп тұра алмай, тағы да ездік көрсеттім.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Адам атадан бүгінге келген бөлшекпін.
Әкенің қаны, бабаның рухы бойда – ғой,
Тасындай неге ойнадым онда қол шоттың ?
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Еркек тоқтыдай құрбаны болам мен көптің, …
Деп жүрсем досым, өзімді биік өлшеппін,
Құнындай екем, кейде ұлым жиған шөмшектің.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Ер бабам сынды келеді ел деп тер төккім.
Аластап елден ез – жаман сынды ессізді,
Келеді тіпті ғаламды ғажап өрт еткім.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Мен еркекпін деп, іс қылған ерге қол соқтым.
Ермін деп тұрып, ер ісін қылмау езге тән,
Иесі болу ортадағы оңай шелпектің.
Деймін – ау, шіркін, еркекпін,
Ерлігің қайда деп қалса біреу селт еттім.
Сондықтан, ерге еркектік істеу-ең игі іс,
Алғысын алар адамзат дейтін ел – көптің.
Осындай, мен де еркекпін,
Еркектігіме қажетсыз архив – әнкеттің.
Әр ісім бүгін, әңгіме – жыр боп жүрсе елде,
Герөйі болсам, ертеңгі ел айтар ертектің.
Осындай міне еркекпін,
Тошындай ердің келеді күшін көрсеткім.
Алтындай елім, бір өзің үшін бұл ғұмыр,
Таңдайдың жырын, маңдайдың терін тамшы еттім.
Осындай бүгін еркекпін,
Келмейді желдей, кей іске жеңіл желп еткім.
Рухым – арлан, бабадан қалған бас – тұлғам,
Асыл әкемнің қанынан тамған бөлшекпін.
Келеді көкжал бабамның рухын көрсеткім.
Мен – еркекпін! … !
Нұрғабыл Жеңісбекұлы
Мен
көк-месіден қотарылған тұман-сұт,
уыз өлкем.
әлде кімді құмартып.
жанарымнан шауып өтті ٴбыр қайғы,
жусандарда жылқылардың мұңы аңқып.
дала кезген, ауа кезген ٴтыры мұң,
мекендейді кірпігімнің дірілін.
кеудемдегі топыраққа тамыздым,
шықтардағы боз торғайдың шырылын.
мен туарда әнге бөлеп даласын,
айға жерік болған екен анашым.
ақ сүтіне ніл ғып қосып беріпті,
таулардағы домбыраның наласын.
қобыз ұны ұйып қалған іңірден,
шашыраған шапақ сынды жүгірем.
тұяғынан тосыт жасап тұлпардың,
күрсінем де
көз жасымды сімірем.
кірпігіме біткен қына қанды қақ,
таңдайыма тамшыласа таң _ бұлақ
мең-зең күймен мен басымды көтерем,
азуыма ай қонақтап
балбырап.
Іздеу
жусанның жұпары өніп ми ішінде,
ғарыштан қалқып жеткен күй ішуде.
көкжалдың көз жасының мұңы аңқыйды,
тамырымдағы іңірдің иісінде.
ерменнің еніп кірген ішіне мұң,
менің қайғым екенін түсінемін.
домбырадан саусағым тарпыйды іздеп,
бұлтқа сіңген жылқының кісінеуін.
кірпігіме жалғасқан жол шұбалып,
оңашада отырам-
(көрші барып).
бөзінген көмейіне иірімденген,
қобыздың көз жасына ой суарып.
өзімді-өзім осылай жоқтап-ай мен,
таппасамда іздеймін тоқтамай мен.
кейде қажып күрсінем,
ымырыт сүйген
көңілімді түймелеп көктегі аймен!
Тану
ғарыштағы жасыл нұрмен өріліп,
домбырамның шанағында бөрі ұлып.
ей, өлеңім
ақ туымды азуына бер іліп!
тірлік жатсын тысын шұқып
қой баққан,
аттанайын
қаракер тұн тақымымда ойнақтап.
жартастардың жақпарынан
жапырақ берен тікітіріп,
ٴбыр жорыққа шығарымды ұқтырып,
таудан киген дуылғамды
зерлеп көк-
арқар мұйыз өзендермен өрнектеп.
қара тамақ қылпылдаған найзамның,
ұшында аунап бара жатар
қай залым ?
қырлы қырдың ең өткірін
қынға сап,
айдан иген ақ садағым _
көн садақ,
жебесінің желі тисе.

Мың жасақ!
хас сақтардың қасқырындай қасқыйып,
ٴбыр жорыққа аттанайын тас тұйын.
дүбірінен таң жыртылған тұлпарым,
шашасынан шаң қырқылған тұлпарым,
шабысымен шоқ лақтырған тұлпарым,
тұяғымен кек лақтырған тұлпарым
тақымымда ойнақтап
қара жолдың қатқақ бетін сойғақтап,
құсжолында құйғып бара жатамын,
(осы емеспе мәңгілікке бастап барар сапарым).
жұмақ ٴиыс жусан омырау анамның
ғарыш жақтан сіңдіргемін мақамын.
сондықтанда
домбырамның шанағы _
менің апаным!
НҰРЛАН ҚАЛҚА
Абайға жүгіну
«Өзiңе сен, өзiңдi алып шығар,Еңбегiң мен ақылың екi жақтап».Абай
Мен бiлмеппiн алданып қаларымды,Бiр кейiстiк жауларын қабағымды.Өзiм ғана арқалап кетсем деймін,Жүректерге түсiрмей нала-мұңды.
Мен бiлмеппiн аяқтан шалар мыңды,Күлiп тұрып кей досың тағар мiндi.«Кең болсаң – кем болмайсың»дейтін анам,Айтып қайтем аздан соң тарар мұңды.
Мен бiлмеппiн көңiлдiң алалығын,(Аңқаулығым, әлде, бұл адалдығым).Кім кiнәлi: тағдыр ма, адамдар ма?Көрсетті ғой дүние жалғандығын.
Мен бiлмеппiн пенденiң көп қылығын,Тасадан-ақ тастарын дөп құрығын.Сенгiш көңiл секемшiл күйге түскен,Үзе жаздап сенген жан дәп жұлынын.
Ойлаппын ба, Абайға жүгiнем деп,Жауһар жырлар жатыр-ау бүгiн емдеп.Ақыл–досым, сенгенiм–адал еңбек,Налымаймын арқалар жүгiм көп деп,Қайта-қайта Абайға жүгiнем кеп.
Жетісу – алтын бесік
Төржайлауым – Шәлкөде, Құр-Қарқара,Хас сұлудың бөркiндей тұр Қарқара.Мыңжылқыда дәм татып бал қымыздан,Шертсем деймiн шiркiн-ай, сыр қалқама.
Белден келер шiлдеде жасыл шалғын,Жасыл шалғын төсiнде асыр салдым.Шарын ассам, қол бұлғар Қулық тауым,Желкесiнде тұрғандай ғасыр-шалдың.
Талай-талай сай-сала, тауыңды астым,Сар даламды мұншалық сағынбаспын.Жер жаннаты – Жетiсу – алтын бесiк,Пейiш iздеп сен барда сабылмаспын.
Ауылға бардым
Ауылға бардым, анамды көріп, қуандым,Көңілім босап, әкемді көріп, жұбандым.Туыстар келіп, арқа да жарқа, ән салып,Атап өтілді туған үйімде туған күн.
Ауылға бардым, ауасы қандай, тұп-тұнық,Қулықтан* келер бұлағы қандай, сұп-суық!Тауларым қандай, күзетіп тұрған ауылды,Аспаны қандай, шөкімдей бұлт жоқ, тып-тымық.
Жылысай барып, дәм таттым аға үйінен,Тірлігін көріп, қуандым іштей, сүйінгем.Қайқыны асып, құдаға барып, жыр оқып,Серпіліп қалдым, арылып  сұп-сұр күйімнен.
Ауылға бардым, бата алдым абыз ападан,(Жүрсемші енді қалмастан көштен,қатардан).Кегеннің желі шашымнан сипап, сергітті,Қуат ап қайттым ауылға барған сапардан.
* тау аты
Мұқағалидың мұңы
(монолог)
«Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,Менің нәзік жанымды кім түсінер?»Мұқағали Мақатаев 
Иттер-ау, иттер талады-ау,
Жаныма батып барады-ау.
Күні ертең олар ұмыт боп,
Артымда жырым қалады-ау.
 
Сыртымнан иттер үреді,
Ізімді аңдып жүреді.
Кетермін бір күн, өтермін,
Өлеңім өмір сүреді.
 
«Ішкен» деп біреу сөгеді,
Қара бұлт болып төнеді.
Жаныма қадап қанжарын,
Ақынға кәрін төгеді.
 
Жанымды сонша жаралап,
Бітті ғой иттер қаралап.
Тыңшысы түсіп артыма,
Мүлт кетсем мені қамайды.
 
Иттер-ау, иттер талады-ау,
Даттау ғой ісі, қаралау.
Қиянат нағыз, қиянат,
Ақынды адам санамау.
 
Достарым жоқ-ау жанашыр,
Туысым жоқ-ау санасар.
Мұңымды кім бар бөлісер?!
Пенде жоқ ұғып, қарасар.
 
Иттер-ау, иттер қабады,
Табалап, кінә табады.
Тып-тыныш жүрген ақынды,
Қаумалап кейде сабады.
Жүрек таза
Жүрек таза, ниетім де ақ қардай,Ойлап көрсем, кінәм жоқ-ау батпандай.Еш пендеге жасамаппын өктемдік,Сенсең, досым, пиғылым да ақ таңдай.
Қуанамын біреу жетсе табысқа,Тілеулеспін түскен болса жарысқа.Көріп келем пешенеме жазғанын,Жүгінемін адалдыққа, намысқа.
Ұрпағыма тимесе деп кесірім,Жасай салам кейбір жанға кешірім.Балаларға қалмаса да мол байлық,Жақсы ісім тигізсінші септігін.
РАХАТ МЕЛЛАТХАНҰЛЫ
Өмір айдын
Өмір тылсым, алып бір теңіз бе едің,
Арпалысып, айдыннан мені іздедің,
Пешенеме жазылған несібемнен,
Қағылдырып қалайша жегізбедің.
Тамшы болып, кезікті көл дегенің,
Бүтін болып шықпады тең дегенім.
Шексіз әлем көгінен жарық іздеп,
Арпалысқан пендеңмін мен дегенің.
Мен дегенің осылай мен дегенің,
Бүтін болса жартыға тең бөлемін.
Өмір, сенің арпалыс айдыныңнан,
Сүзіп алып шығамын ең керегін.
Сүзіп алып, шығып ап ең керегін,
Дей алмаймын соңында сенделемін,
Арпалыс айдынында алға тартып,
Қажырлы қайратыммен мен келемін.
Ақ қырау
Кеуде тосқан кең жайлау салқынына,
Шөл қандырған тас бұлақ алқымына,
Ақ қырау аяз да кеп жетті бүгін,
Семсерде суарылған ар суына.
Ақ қырау аяз өрнектеп ойға бір елес,
Ағарған ақ таң ырысқа толы тың белес.
Өмірдің өрнек әр қатпарлары жазылған,
Пендеге арман ғұмыр да бітіп түк емес.
Тамтығы жоқ, талғамсыз ой құр егес,
Тосқауылдап шындықты ол бөгемес,
Жазғы өмірдің жазиралы шаттығы,
Аласұрған аққыраумен іргелес.
Аққырау аяз аққардың асыл символы,
Мезгіл де толды тамашалайтын дәл оны,
Санаға сәуле, көңілге түйіп бір ұғым,
Қадірле халқым, аққардай таза рухыңды!
Ақпан
Ақ мамық кеңістікке бұл торланып,
Ақпан айы ақ түтек тұр бұрқанып.
Ақтүтек аспан асты тың тіршілік,
Жүйкесі жұқарғандай суға жатып.
Үскірік ақ ырауға ұрсауланып,
Еркі жетпей самғауға қанат қағып.
Центорлы, системалы жыл айналып,
Ақ қырау ақпан айы жетті айналып.
Ну орман көмкерілген асқар тауға,
Сауға ғып моншақтарын қойды тағып.
Көкжайсаң жасыл алқап табиғатта,
Ақ көрпесін қымталап жатыр жауып.
Долы боран ақ түтек көкті кезіп,
Жараған ақ бурадай жынын төгіп,
Қылаулап түнегеннен қыраулы үсік,
Қайралған ақ семсердей дір еткізіп.
РОЗА СЕЙІЛХАН
Қызылсай
Қызылсай, қызыл өңір, қызыл құмдар,Төріңді мекен еткен Қызырың бар.Қайран сол, балалық шақ бақытты еді-ау,Өзіңде қап кеткендей қызығым бар.Қызылсай — қызыл мекен, қызыл арай,Биікте саған тіпті қызығар Ай.Үйірін көп бөкеннің қызықтаушы ем,Қалған ба, енді соның ізі қалмай.Қызылсай, қызыл алап, қызыл бәрі,Суың бал, шөбің шүйгін, тұзың дәрі.Жәудіреп топ киіктің жанарындай,Көңілдің қиын болды бұзылғаны.Жалғыз үй, жалғыз отар, жалғыз үміт,Қарайтын күн күлімдеп, таң қызығып.Білдім бе, білмедім-ау, сол бір сәттің,Кетерін көз алдымнан мәңгі үзіліп.Қызылсай, болдың арман,Елесің бар,Мен оны сүйіп өтем сенесің бе Ар!Әкемді менен, сенен алып кеткен,Өмірге өле өлгенше егесім бар.Қызылсай, қызыл алап, қыналы сай,Сол шақтың тәттісін-ай, тым алысы-ай.Әкетіп бара жатыр екеумізді,Өмірдің өзгермейтін бір ағысы-ай.Қызылсай, сұрайыншы, күйің қалай?Қоштасу өзіңменен қиын қалай.Топ киік ол да кетті сені тастап,Өзіңе жалғыздықтың бұйырғаны-ай.
* * *Жарық әлем, мен саған шын құмармын,Сүрінермін, құлап ап, бір тұрармын.Жапырақтай сарғайып, күз келгенде,Көктем келе қайтадан құлпырармын.Мен өлеңмін, өлеңде кінә бар ма,Жарық күннің жетелер шуағы алға.Түсініксіз бір жәйтті жиі өткерем,Көз көрмейтін кеткім кеп бір аралға.Тамшыларын үйірді жанарға мұң,Өзімді іздеп өзімнен таба алмадым.Бақытымды бағамдай алмасам кеш,Үмітімді жалғай гөр, ақ арманым.Мен әйелмін, мұңаяр жабыққанда,Қанатым жоқ қайтейін қалықтарға.Мен ақынмын, шарасыз ақын жанын,Не жетеді шіркін-ай, жары ұққанға.
* * *Өзің едің кінәлі еткен мені,Көрінбей-ақ кетіп ең көптен бері.Сен екеуміз қоштасқан сол көктемнің,Қаншама рет сарғайды көк көйлегі.Болғандай-ақ бақытты мен де, сен де,Күн өтуде сенсіз де, келмесең де.Жамандыққа қимаймын неге екенін,Ұрсып тұрып жеккөріп жерлесем де.Бұл не сезім өзім де ұға алмаған,Құлағымда ызыңдап жыларман ән.Ендігәрі жолыңды күтпеймін деп,Қайран сертім, алданған, мың алдаған.Мен өмірге, өмір де құмар маған,Сәттік күлкі, сәттік ой, мұнарлаған.Сені биік қоюшы ем бәрінен де,Ал биіктер көп екен шыға алмаған.Жақсылықтар келер-ау еселеніп,Бәрін, бәрін ұғындым өсе келіп.Көк көйлегін кимеген көктем қанша,Келген сайын төбемнен көше ме бұлт.
* * *Бара алмаймын ауылға,Барар едім...Бақытымды сол жақтан табар едім.Бәлкім сонда от болып жанар едім,Тамшы болып мөлтілдеп тамар едім.Ағын судай тасып бір ағар едім.Сырқаты көп анама,Бауырға да,Ініге де, сіңліге алаң едім.Бара алмаймын ауылғаБарар едім...Мен ауылда жүргенде Самал едім,Алынбайтын мәңгілік Қамал едім.Әлі сонда жүргенде кім біледі,Періштеге өзімді балар едім.Кінә тақпас ол үшін маған елім,Бара алмаймын ауылға,Барар едім.Түк бергем жоқ, ауылға. Ауыл – мағанӨлең берді, бұрқаған, дауылдаған.Жүрегіме от берді жалындаған,Сезім берді ақылға бағынбаған.Ауыл аман болсыншыТауым аман,Ауылдағы аңқылдақҚауым аман.Таудың қызы екенім рас болса,Бір биікке шығармын,Жанымда аман.Мен бір бұлтпын,Түнерсе жауындаған.Жақсылығы көңілде арындаған.Өз жерінде жүрсе де өгейсітіп,Жүк көтеріп арқасы жауыр болған.Жертөленің сызы өтіп кетсе дағы,Төменшектеп тауы бір шағылмаған.Сондадағы біреуге жағынбаған,Сондадағы біреуге шағынбаған.Білсеңдер ғой, білсеңдерАуылдастар!Бүгін менің жерім жоқ ауырмаған.Сендер бірақ білмей-ақ өтсе деп ем,Ақын қыздың хәл-күйін ауырлаған,Бара алмаймын ауылғаБарар едім...
РУСЛАН НҰРБАЙ
Ихлас
Иықтарды иман қосып, тәкбір деп,Ниеттердің нысанасы - ҚҰБЫЛАМ!Ертең неге нәпсі-наша нақ гүлдеп,Тағы барып тағдыр-тамға тығылам....
Иықтарды иман қысып, бас төмен,Көзімізді көк кілемге қададық.Мына тірлік мұңайғанда басқа әлем,Армандардан арам ойды ада ғып...
Иықтарды иман қорып, қол байлап,Көк кілемнің көбелек қып гүлдерін.Арман емес, рухың мен арды ойлап,Құран үні!Құбылады түр-демім.
Иықтарға иман қонып, оң қолым...Сол білектің соғып тұр-ау сорларын.Неге күнде тән тырбанып, жан-жарым,Ұмытамыз сауал-жауап, көр барын...
Иықтарда иман ұшып, тым-тырыс...Рукухте бір иілесің нұр сұрап,Ертең тағы өмір, өлең, сын, жұмыс.Қадам сайын қатарласқан тұр сұрақ.
Иықтарды иман құшып, «Алла!»-деп.Алда сәжде сұлап түс те, сыр ақтар...Үлгер үммет!Құлшылық ет, салма әлек.Кеудеңдегі кетер жанып шырақтар.
Иықтар да иман тосар шын, әділ...Қалам-сүре қам қаракет құр қалған.Кәлам айтып мойыныңды бұра жүр,Абай алып ақиқаттан жыр жазған.
Иықтарды иман қосар, ұға біл...Бір құдырет бар екені ып-ырас!Бес күн жалған жарыс емес, дұға қыл.Құт-ырысың ҚҰЛХУАЛЛА-Ықылас.

Нәпсі мен нәсіп
Нәсібі болса,Ұлылығынан жерінің ұлты маздаған.Аманатынан Алланың бір құлы озбаған.Құдайдан кейін қонағын Қыдыр деп санап,Ертегі болды естісең, бұл күні ол қоғам.Қазақпыз!
Нәпсісі қозса,Балақтан басқа жеткенше битін алмаған,Иесін силап, сүйекпен итін алдаған.Құлқынға құл боп, құдайға құлшылық етпей,Қарыны тойса, қасынып, ұйқы қанбаған.Мазақпыз!
Нәсібі болса,Қамыстан қабан атуға құлқы болмаған.Аты доңыз деп, ас үшін мылтық алмаған.Тасаттық жасап, тағалаға құрбандық шалса,Еңсесі үшін елімнің бұлты боздаған,Аз-ақпыз!
Нәпсісі қозса,Иманы кетсе, имуниттетің исі бармаған.Нашақорлықпен шараптан шайтан күлкі жолдаған.Делебең қозса, дерт болып дене-денеге,Ауру таратқан айналаң түрпі-қандалаң.Кәззәппыз!
Нәсібі болса,Шаңырақтың шуынан шалы ши шығармаған.Қайғы-сынға да шыланса кірпігі аздаған,Сабыр сақтаса санаға бәрі сауап боларын,Сезетін және келерін әлі шылқыған заман.Ғажаппыз!
Нәпсісі қозса,Елшілікке жүретін әлгі «түлкі қолбалаң».Сатқан байлықтың сұрауы қайда, мүлкің – ол далаң.Қарекет үшін қазына қарпып, қасиет санап,Өз ұлтынан ұрлайтын әлі, мүмкін өз балаң.Азаппыз!
Нәсібі болса,Иманың қайтып, иланып Алла, құлпырар азан.Базарым дедім, Қазағым менің – нұр тұнар қазан,Ықылымнан бері «Ырыстың алды ынтымақ» деп ең,Тәубе! Басыңда байрақ бабамның Рухы қоздаған.Азатпыз!
Трансплантация
Уа Алла!Құбыжықты көп көреміз құлдардан.Жаңылысып бара жатыр бұл жалған.Ұлылық пен жылылықтан жұлынып,Құздан төмен құлдырайды құнды арман.
Жуындыға тойып алған «жырынды»,Жоқ оларда иман, ынсап бұрынғы.Тілек біреу, тірек сынып кетпесе..Жүрек те жоқ!Қан айдайтын құрылғы.
Паркте жүр парик киген пәтшағар,Мәз болады мото мінген «атшабар»Айырбастауға болады оған барлығын.Ақша да бар, маска да бар, «каска» бар.
Суреттерден көрсеткендей қыр гүлін.Пұшық қызға керек боп тұр бір мұрын...Бағдарлама барлығына бас көз боп,Тағдырда емес, таблода тірлігің.
Тілім, тілім таңдайыма жабысып,Өзге тілде ой өзектен жарысып.Бүйрегім тұр хлор судан тас жиып,Бауырым жүр у-арақпен алысып.
Орган қорған бола ала ма ұзаққа,Ажал тағдыр іліндірсе тұзаққа.Бүйрегімді бұрам жиі басқаға,Бауырымды бере алмаймын бірақ та...
Өркениет көкке ұшырды-ау күлімді,Иман іште, шығармаспын үнімді...Өзге тілде сөйлеп жүрген бейбаққа,Мен тегінге берейінші тілімді!«Уа Алла кешіре гөр құлыңды!»-деп қана үнсіз жаза берем жырымды...

Септік сыры
Атау септік сұрақ қойса атың кім?Адаммын мен иесі ой мен ақылдың.Ұрыс-ылаң мен ырыс ұланның айранынҰйытамын деген Руслан ақынмын.
Ілік септік-кімнің? Ненің?Ал ұқтыр!Үмбетімін Мұхаммедтей алыптың.Тағала деп тапжылмаған тұғырдан,Ұлымын мен Қазақ деген халықтың.
Барыс септік-кімге? Неге? Барасың...Топтайтын кім, тозақ-жұмақ арасын?!Таңғы азанмен тәубе деген пендемін,Дауысынан дірілдейтін дара шың.
Табыс септік- кімді? Нені?Тапты өрен.Тағдырымды тар маңдайға бақ көрем.Тоба! -десең татқаның да тәтті ерен.Бар табысым, арқа күшім жақсы өлең.
Жатыс септік-мазалайды кімде?- деп.Туған жерім, онда ән мен жыр бөлек.Жатып-тұру, қайта жату сәжде-сыр,Серілікті сезім қайтып үндемек.
Шығыс септік-кімнен?- дейді осы бақ,Періштелер сұраққа алар тосып ап.Сәби иісі сейілгелі қай заман,Ерте-кеш пе күтер шыққан топырақ.
Кіммен!-дейді соңғы септік көмектес.СҮБХАН АЛЛА! Сауабын кім дәметпес,Жалған лезде бітсе жәрдем иманың.Болған кезде бақилыққа бөлек көш.
Жеті қат көк, жер бетіне жетті ме үн!Жеті қабат жерге қанша кетті мұң?Жеті қазына, жеті жоқтың шеті жоқ.Жетелейтін осы жеті септігім.Көмектес, көне көк пірім!

Әріп пен ұғым
Көз алдымда зымырайды елік-күн,Елік-күнге мен қалайша еріппін?!ЖАН деген бір үш әріп кеп ғайыптан,ӨМІР деген төрт әріпке еніппін.
Содан бері бұлдырайды сағым-күн,Сағым күнде сабылумен жаным жүр.АНА деген үш әріпке жаутаңдап,БАЛА деген төрт әріпті жамылдым.
Сол атауды өтіп жатқан жеңді күн,Жеңді күнім, менің атым енді кім?!ӘКЕ деген үш әріптен таныдым,ДАЛА деген төрт әріптің кендігін.
Жайсаң жанға шапағатын құйсын күн!Құйсын күнім, махаббаттан күйсін мұң.АРУ деген үш әріпті армандап,СҰЛУ деген төрт әріпке сүйсіндім.
Ақ пен қара жолдарымның жолағы,Жолағы да уақыттың қонағы.ДОС деген сол үш-ақ әріп кей кезде,ТУЫС деген төрт әріптен жоғары.
Тас төбемде жарқ еткенде жасын күн,Жасын күнде жасағандай жасым мың.ЖЫР деген сол үш әріпке ғашық боп,АҚЫН деген төрт әріпке бас идім.
Тістенумен кейде көзге жас алып,Жас алумен кете алмассың жасарып.ЖЕР деген бір үш әріпте жүрміз-ау,ӨЛЕҢ деген төрт әріптен өш алып.
Ғажап шақтың өтеріне ой салмай,Ой сала алмай, тентектіктен тайсалмай.АҒА деген үш әріпке жетіппіз,АҚЫЛ деген төрт әріпті айта алмай...
Желтоқсан жендетіне
Оянып едік сол күні, талықсып кеттік қайтадан.Бабалар жақтан үн жетті - «Қалғыма халқым қайта оян!Аспанкөз, қызыл кәпірдің кәрінен кегім от болыпСоққыдан тиген санаға ес кірді сонда айт оған».
Күректен қалған жүректе бір тыртық жатыр сол ақ па!..Жыртылып болдық, жаншылып, балғамен анау ораққа.Маңдайға тиген шоқпардан таңдайда қанның кермегі.Орыңды қазды-ау күрегің түбі бір оңбас одаққа.
Қан жұтқан анау қызыл ту көрінбей тұр ма басқаға!Түс көрсең егер бұл түні мынаны естен тастама.Томирис туған текті елім тынышу бермес тірлікте,Сәбира, Ләззат сімірер қаныңды құйып каскаңа.
Түршіксін сенің түйсігің түссе егер сол күн бір еске,Орағың ай боп моладан, айналып балғаң крестке.Құлаққа тұнсын қарғысы қайғылы ана ақтарған,Жұлынған бұрым оралып тартатын шығар түнекке.
Еске алсам сол бір жылдарды жалғасып кетер ой мұңға.Қаралы күндер өткен соң, ертеңі ерен той мұнда.Желтоқсан сайын сезінсең жетеді саған жендет сұм,Қайраттың қайыс белбеуі тұрғандай сенің мойныңда.
Оянып едік сол күні талықсып кеттік қайтадан.Бабалар жақтан үн жетті - «Асықпасын де айт оған!Тәуелсіздіктің бесігін түрмеде тербеп, тұсауынТікенек сыммен кескенге жәрдем жоқ дейді бұл жақтаМұхамед, Мұса, Ғайсадан».
Сағыныш Намазшамова.
Жадымда әлі.
Ол кезде жаз болатын,
жаз болатын жер-дүние назданатын.
Көкірегіме бақыт кеп құйылатын,
Аспан сілкіп жіберсе боз қанатын.
Жазға деген жанымның құштары анық,
Ай сыланып, жүретін құс таранып.
Төбемнен қалқып түссе қауырсындар,
Мен Сізге хат жазар ем ұстап алып.
Жүрегіме Сіз еккен ақ гүл өсіп,
бас айналып жүрер ем, бақты кешіп,
Есіңде ме,
таңда да, бесінде де,
Тұрар еді жанымнан жастық есіп.
Ескі жылдан есіме бір жетті елес,
Гүлге оранған қалада гүлдесте-кеш.
... Мені мәңгі сүюге, аялауға,
Сағынуға ешкім де міндетті емес.
* * *
Бір күндік өлең жазбауым керек,Азабы оның аз ба ауыр?!Нәзира-күннің наздары бөлек,Маң басса бұлттар қазбауыр.
Жаныңа келіп жайғасып алсаХафиздер төккен ғазалдар,Мың жерден мұқым айласы болсын,Адасады әлі ажалдар.
Шарапқа толы шайқалып көзе,Шалқыса сол күн шайырлар,Шалдығып тұрып «қайталық» деме,Түбінде оның қайыр бар.
Күндерді бастан кештің бе жарқын,Күлкіде де бар күрсініс.Дабырсыз мүлгіп кеттің бе, бәлкім,Дүние дейтін сілкініс.
Шіркеуден емес, шірнеуіштерденҚоңырау үнін тауып кел.Көресің сонда, жыр теуіп іштенБебеулеп шығар бәйіттер.
Шатыр да шұтыр шытынай алмай,Жатқызам сөздің тігісін.Түбімді танып, тұшына да алмай,Адасып жүрмін, Шығысым. 
* * *
Апыл-ғұпыл асықтырып алға күн,
Қызыл-жасыл түске бояп арманын
Екеумізді шақырады ертегі -
Кемпірқосақ қақпасының ар жағы.
Жо-жоқ, маған керек емес ертегі,
Сенем десе, сене берсін ел тегі.
Өткенімен өкіндіріп, өксітіп
Сүйем мынау өмір дейтін өлкені.
Ертегі әлем, еліктірме, шақырма,
(Бұл мүмкіндік біздер үшін ақырғы, ә?)
Біздің арман дүниеге келе алмай
Бебеулейді тәні бедеу жатырда.
Е, қайтеміз, біз көрмеген құқай ма?
Басымызға қашан бақыт құтайған?!
... Тоқтамады кісі толы автобус
Келесісін күт, айнам!
* * *
Қауырсындар, қауырсындар!
Бір ерек қауымсыңдар.
Кімдерге ауырсыңдар,
Кімдерге бауырсыңдар.
Қауырсындар!
Құстарға медетсіңдер,
Ұшқанға себепсіңдер.
Кімдерге елеусіздеу,
Кімдерге керексіңдер.
Қауырсындар!
Нәп-нәзік, балаңсыңдар,
Бәріне алаңсыңдар.
Кімдерге сынық қанат,
Кімдерге қаламсыңдар.
Қауырсындар!
Үлпілдек мамықсыңдар,
Сонда да алыпсыңдар!
Жетем деп ұмтылғанмен
Көк пен жер арасында
Қалықтап қалыпсыңдар...
Әттең...
*****
Бір ұлы шеруге ұласқан
Сезімнің ілгегін кім ашқан?
Бір жалғыз Сөз ғана – жұмыр Жер,
Бір жалғыз Көз ғана – бұл Аспан.
Кірлетіп жатса да кіл ағын
Жанымды жаңбырмен жуамын.
Көнеден қарасаң – кіршіксіз,
Төбеден қарасаң – күнәмін.
Түсіне алады кімді кім,
Бұл қоғам түсірер түндігін,
Шырқырап шығам деп ұмтылса
Сандықта сақтаған шындығым.
Шығады тұс-тұстан қырық үн,
Қырық үн, сан қилы қылығың.
Бір сөзге жүрегім жылынып,
Бір көзге сыятын ғұмырым.
САЯ СЕРІК
Тіл сақшысы немесе МҰХТАР ШАХАНОВҚА
Қазағымның маңдайына біткен дара тұлғасың, Отаныңның жырға қосып жан айқайын, мұң-зарын. Ащы сөзбен қара өлеңнің қара өрнегін тоқитын, Аллам сақта қалаулымды, Мұхтар деген ұл жанын. Қазақ тілдің құлап барад өз жерінде жалауы, Бабалардың көптен күткен осы ма еді қалауы? Жалғыз адам шырқырап жүр тілі үшін күйреген, Өз жерінде сөніп барад қазақ тілдің алауы. Алаңдама қосыламыз қатарыңа ақыным,Көп естиміз əлі ақ біздер қазақ тілдің ақ үнін. Күресетін жастарың бар қазақ үшін жан берер, Тыңдап өскен кішкентайдан сіздейлердің ақылын.Ұлтың үшін алаңдайсың тілің үшін тым əлсіз, Бірақ өмір болмайды ғой еш қиындық, тұмансыз. Бұл тұманда өтер, кетер, бір күн келер шуақты, Самғар кезі келер бір күн қазақ тілім күмəнсіз. Ия, қазір қазақ тілдің мəртебесі тым төмен, Орыс тілде сайрап жүр ғой көшедегі кім көрген. Жөн сұрасаң бейтаныстан қазақшалап сұрамай,Орысшалап сұрау керек жөнді жауап іздесең.
Намаз
Бас тигенде сəждеге толқыр жүрек,Қиям кезде болады толқынды леп.Рүкұғке кеп иілгенде Алла алдында,Көз жасыңды тұрады солқыл тіреп.Намаз-жанның тазалығы, қасиетті,Парыз қылып Жаратқан үкім етті.Бес уақытта жақындап Алла алдына,Ризық үшін етесің шүкірлікті.Сексен мəрте сəждеге барар басың,Шынайылық куəсі тамған жасың.Ей, пенделер, намаз баста, дəл қазірден,Мына өмірде мұсылман боп жаралған соң.
***
Күлімдеп мөлдір ақ таңда,шығатын күндей ғанасыз.Өңімде күткен xаттарды,Түсімде келіп жазасыз.Түсімде жиі көремін,жиірек тіпті өңімнен.Сарғайып күтіп келемін,таусылмас сабыр төзіммен.Көзіңе қарап есімнен,адасып кете жаздаймын.Жауапсыз мынау сезімнен,кешкенім осы жағдайым.Үндемей ғана жанымнан,елемей өтіп кетесіз.Жүрегім сізді таңдағансіз оны білем сезесіз......сезесіз бірақ келмейсіз...
Жүрек үні
Сұраймын сізден мазалама деп жүректі,Көктемгі сезім жүрегіме кеп гүл екті.Тосылмай неге тулайды екен толқындай,Көргенде сізді кеудемнің тұсы дір етті.Жасанды жүрек тұрғандай болад тым жансыз,Электр тогы сіз болып жалғап тұрғансыз.Ғайып боп көзден кеткенде жырақ көрінбей,Кішкентай етті алып кеткендей боласыз.Лүпілден сезем тұрғаныңызды жақында,Ғашық екенмін ес түссіз сізге хақында.Сезерсіз бəлкім көзімнен шыққан отымнан,Жүрегің жібір бүр күні мендей ақынға.
***
Бойға тарап ыстық жалын сіз десе,Қобалжудан суық терге малынам.Қайтем енді жүрегіңіз сезбесе,Тіпті кейде сұлбаңызды сағынам.Қиялымда сіз едіңіз кейіпкер,Суық көңіл жүрегімді суытсын.Қатігездеу еніңізші кейіпке,Аңғал жүрек өзіңізді ұмытсын.Есім кетед көзіңізге қарасам,Тұнығына батқандаймын теңіздің.Емделмейтін жүрегімнің жарасын,Емдеушісі сіз екенін сезіндім.Дауысыңыз ерек әсем күй сынды,Ол мен үшін ең жағымды әуендей.Көрсеңіз ғой менің мынау сиқымды,Елестеткен ғажап сізді әлемдей.Жанарыңыз теңіз сынды тұп-тұнық,Көз алмастай қарай бергім келеді.Айналама қарай берем. Ынтығып,Бір болсада сізді көргім келеді.
СЕРІК СЕЙІТМАН
Ар соты
Қаныма анам сіңіртіп бар салтымды,
Хат танымай танып алғам қалпымды.
Отан-Ана!
Қажет емес заң маған,
Заңсыз-дағы қадірлеймін халқымды.
Туа сала кешпесем де суыңды,
Иткөйлегім өзеніңе жуылды.
Отан-Ана!
Қажет емес заң маған,
Заңсыз-дағы кірлетпеймін Туыңды.
Алтын көрсе айналатын түлкіге,
Заңгер аз ба қалып жүрген күлкіге.
Отан-Ана!
Қажет емес заң маған,
Заңсыз-дағы қол сұқпаймын мүлкіңе.
Айналайын жылы жұмақ ұядан!
Сені есеппен сыйлап жүр-ау кей адам.
Отан-Ана!
Қажет емес заң маған,
Заңсыз-дағы мәңгі өзіңді сүйе алам.
Қаңбақ құсап көшкенімен қонысқа әр,
Отаныбар!
Ер медет қып соны ұстар.
Қажет емес,
Қажет емес заң маған,
Заңнан күшті менде биік Борыш бар.
Мейлі маған бермей-ақ қой көп бәйгі,
«Өзге Отан» деп жүрегім еш соқпайды.
Борышымнан айнып кетсем бір елі,
Ең алдымен Арым келіп соттайды.
Домбыра
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра.
Қадыр ақын
Нағыз қазақ арғы атамның баяғы
Арғы өмірге аттап кетті аяғы.
Арғы атамның көзін көрген қауымнан
Көзі тірі – домбыра ғой аялы.
Тақымыңа тайғақ-кешу жолда сын,
Мықты болсаң, сонда рухың солмасын.
Қоңыр даусын жоғалтқан жоқ домбыра,
Қақ төбесін ойғанда да қорғасын.
Сол домбыра қасиеттім, киелім,
Одан артық кімді қалай сүйемін?
Төрімдегі бас қонақ қып сүйегін,
Мойнымдағы тұмар еттім тиегін.
Домбыраның пернесінде ән ғажап,
Домбыраның шанағында зарлы азап.
Қазақ болып қалды мәңгі домбыра,
Домбыра боп қалса екен-ау әр қазақ.
Қазақтың қаны
Түсінбей қалмаңыз қалай деп,
Балдырған сәтім ол таза-шық,
Тұмсығым қанады талай рет
Қазақтың қызына таласып...
Қасында қазақтың мұңының
Бір тиын үлде мен бүлдеңіз.
Ұлтымның қансүйер ұлымын,
Қанішер деп ойлап жүрмеңіз.
Қазақ деп қақсамай тізеңіз,
Алаш деп ақпаса қаныңыз,
Қара қыз,
Тез менен күдер үз,
Жаныммен үйлеспес жаныңыз.
Кеудеңді «ұлтым!» деп кернеген
Намысың болмаса қаныңда,
Есімің құрысын Ер деген,
Жігітім, батыр боп танылма.
Ертеңге елеңмін, алаңмын,
Бозарып барады самай-дүр.
Өз қанын сүймейтін адамның
Жүрегі тоқтамай қалай жүр?!.
Егемен елміз деп қуанған
Бабалар шаттанып көрінде.
Атажау қанына суарған
Атамның қылышы төрімде.
Тіленіп бақытсыз ұрысты,
Қанымды болса кім жылатқан,
Төрдегі қайқыбел қылышты
Қайтадан суырам қынаптан!
Малым бар – жаныма садаға!
Жаным бар – арыма садаға!
Арым бар – қаныма садаға!
Қаным бар – қаныма садаға!
Көк серке
Қарсы алдыңда дәу тұрса да не көрім,
Бойыңдағы намыс еді сенерің.
Қарағайдай мүйізі бар көк серке,
Бір отардың көшбасшысы сен едің.
Малдың жауы шибөрі де шибөрі
Мысың басып, отарыңа тимеді.
Саған сеніп, жамыраған қозы-лақ
Өрісінде ойнақтады, биледі.
Кер ешкінің сенен туған лағы бар,
Лақ та болса күжірейген жалы бар.
Бақылдаушы ең,
Бақырдың да бұл жолы,
Бауыздалып кете бардың, жануар.
Тулақтай боп тапталдың да аттарға,
Лезде айналып кеттің солай көкпарға.
Отарыңда топ бастайтын дәстүрді
Аманаттап қалдырдың ба лақтарға?!
Қой бастаған қоңыраулы көк серке,
Тарихымды еске салдың ескерте.
Қарап тұрып көкпардағы кейпіңе,
Ойға оралды-ау Алаштағы Көп Серке!..
ТАЛҒАТ ЕШЕНҰЛЫ
Бауырға хат
Уа, бауырым!Қобдалық, тәшкендік һәм өлгейлік!Қазақтың бір баласыТілдей осы қағазға Датын жазды көлдей қып.
Алтайдай зор еңселім!Жарық күнде жау тиіп, жаттан құқай көрсе елім,Құйысқаным көтерілсе, Суырылар деп қынынанЕс тұтатын семсерім!
Қара орманым!Телегейкөк теңізім!Абадандай атамның,Алтын құрсақты анамның Махаббатынан жаратылған егізім! Тілін тығып ауызына, Ділін тығып бауырына,  Сары майдай сақтап отырған негізім!
Қонысы екі жарылған,Өріс-оты тарылғанБайтағым!Шалдарының ет жүрегі елжіреп,Балаларының тұлымшағы желбіреп,Атажұртқа қашан, қалай қайтарынКім біледі? Соқыр, мылқау, керең болса ұлығым,Арызымды кімге барып айтамын?..
Қамаудағы қасқыр боп,Сағынышың тасқын боп,Сен де жүрсің,Қанша ретҚара түнде Қажытайдай қашқың кеп.Мен де жүрмін,Қанша рет Қара түнде есігімді аштым кеп – Жалғыз қаракөрінсеемірене құшағыма басқым кеп.
Сен ол жақта көзің жасқа тұнып бір,Мен бұл жақта көкірегім ұлып бір,Қарға адымда қауыша алмай отырмыз – Шекарадақұлып тұр.
Уа, бауырым!Кілт төресі - жүректегі кілт бұл.Ашылмайтынесікті топсасымен жұлып кір!Қара басың қандысайда қалса да – Емшектегі баланы ел шетіне іліктір!
Мойынымызға заман салған сынақ бұл, Бір жауабын біз ғана таба алатын сұрақ бұл:Қуат қылсаң – өз еліңді қуат қыл, Суат қылсаң – өз жеріңді суат қыл.Жыласаң да, күлсең деОтаныңда жылап, күл! Қара басың қандысайда қалса да – Ұлды жеткіз – «Алла жар» деп артынан жүгеніңді лақтыр!
Сенің басың – ноқталы,Менің басым – оқдәрі:Ұлы дала оянып, ақ таңымның атқаны, Ұл-қызымның шұрқырасып жатқаны,Астананың жымың қаққан оттары,Масайраған, маужыраған шақтары –  Бәрі-бәрі қуантады, Қорқытады нақ тағы.Шаңырағымда қырық рулы ұлыс бар,Қазақстан көгерсе екен деп тілеп, Зар қып жүрген жоқ бәрі.
Жұртты көріп маңайдағы бүлінген,Ұлтты көріп өз жанынан түңілген, Сен қорқасың айырылам деп тілімнен, Айырылам деп ділімнен.Ол қорқыныш қорқыныш па,Мен қорқам: Айырылам ба деп елден мына түріммен!
Бәрінқазақ көтерген,Бәріне де еті өлген:Қайыр күтпей біреуден я бүгіннен,Қысылғанда Құдайына ғана жүгінген. Тек мемлекетімнің болашағынан қорқамын – Әрнеге бір жалтақтап,Әркімге бір жүгірген.
Уа, бауырым!Менің жаным, сенің жаның тегінненБабаларымның қан мен тері төгілген,Аналарымның жас пен сүті төгілгенЖерұйықтысақтау үшін Қарызға ғана берілген:Қарыс сүйемжерімізден айырылсақ,Бізге ұжмақ бола алмайды өмір де,Бізге жаза бола алмайды өлім де!
Уа, бауырым!Қобдалық, тәшкендік һәм өлгейлік!Қазақтың бір баласыТілдей осы қағазға Датын жазды көлдей қып.
Әуелден-ақ тағдырымыз алағай да бұлағай,Сен ешкімге қарамай,Ештеңеге қарамай,Көшің түзе!Бұқараңды баста, кел.Азаппен кел, тозақпен кел, Қаш та кел, Ұрым-Қырымаста кел.Көшің түзе!Күтпесе де ұлығы,Көзі төрт боп тосқан ел. Көрсек – бірге, Туған елдің тойындаБостандықтың шәрбатдәмін татайық.Өлсек – бірге,Туған жердің сайында құшағымыз ажырамай жатайық!
ТАНАКӨЗ ТОЛҚЫНҚЫЗЫ
***
Сіз жай ғана әлеміме еніңіз,
Дәл мендей боп тарылады деміңіз.
Қайраңдағы қайран балық тұншығып,
-Өлдім!-десе, шын айтады ол, сеніңіз.
Бірінші боп хабарлашы көктемді.
Құтқарып қал ой түбіне шөккенді.
Бірінші боп «Қайырлы таң!» - дей салшы,
Керегі жоқ көп нүкте де, көп белгі.
Қарда өскен бәйшешекті қолда шын,
Ерте оянған, еркелік-ау, тоңбашы.
Бақыт деген таудай шығар деп жүрсем,
Бақыт деген нәрсе екен ғой болмашы.
***
Сен несіне мені сонша әуре еттің?
Әлеміңе мас боп кіріп, сау кеттім...
Сені сүйген мына жүрек жау маған,
Мен өзіме өзім келген нәубетпін.
Бұлтыңменен будандасып ұшқанмын,
Қадалмашы кірпігіме құшқан мұң.
Құстардың да құштарлығы қасірет,
Мен өзіме сенен де өткен дұшпанмын.
Ұшу үшін жаратылған құс едім,
Шырғаңызға өзім келіп түсемін.
Құса емін таба алмадым сондықтан,
Өзіңізді у секілді ішемін...
Мұңды желді босатайын еркіне,
Мұңды жырды босатайын еркіне
Аз ғана сәт аялдай гөр дертіме,
Аялдашы өзің қойған өртіңе...
***
Мына әлемге керек ауа, керек күз.
Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.
Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,
Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.
Сүйсе деп ем қыңыр-қисық қалпыммен.
Салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.
Сұп-суық деп ойлайды екен оны да
Тым сезімтал жұбай болар қар кіммен?
Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,
Және көңіл көтерген соң кешқұрым.
Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі,
Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.
Күн егер де не болады күлмесе?
Бәрімізде жан қалмайды Күн десе.
Түнге ғашық адамдарға таң қалма,
Түнді неге сүйетінін білмесе.
Кетер едім құс боп ұшып дерексіз,
Кете алмадым жан секілді керексіз.
Мен біреуді сүйсем екен жай ғана,
Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.
Мағжан Жұмабаев (Қойшының әләуләйі)
Әләуләй,әләуләй, әләуләй!
Ылғи ет жеп жүреді елде болысың-ай.
Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім,
Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Мына қолдың саласынан май тамар,
Ішіп болмай қымыз деген жай қалар.
Болыс болсам, арманым не, уа, шіркін!
Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар?
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Сағиласы маған көзін салады-ай!
Heгe десең, мені түртіп қалады-ай,
Түрту түгіл, кейде нұқып «адыралай»,
Санымнан да шымшып-шымшып алады-ай! Әләуләй,әләуләй, әләуләй!
Ой, қой, ой, қой, ой, бұзылған, соққан-ай,
Мына ісіңді егер білсе, бәлем, бай,
Екеумізді айдап шығар қосақтай,
Қой, бұзылған, қой, жолама, қой, ойбай!
Қой демекші, қойым қайда, Тәңір-ай?
Тапқан ба екен кебенегі тақыр жай?
Күннің көзі ысып кетті-ау, апырмай,
Қиын болды-ау ақсақ қойдай пақырға-ай!
Сағила бүгін тұщы қатық берсе егер,
Жарар еді-ау, апырмай, апырмай!
Шулай берме, Шопан ата, шәй, шей, шәй!
Осылай да адам сағынады екен
Осылай да адам сағынады екен,
Сағынады екен, Тәңірім!
Жылауға себеп табылады екен
Жүрекке жүрмей әмірің.
Мүмкін екен ғой құлай сүюің
Құлай сүюің абайсыз.
Жүректің Сізді бұлай сүюін
Байқамай жүрсіз, қалай Сіз?
Көңілде неге тұрып алдыңыз
Тұрып алдыңыз мызғымай?
Хатыма, бәлкім, күліп алдыңыз
Күлмейтін шығар Күз бұлай.
Тағдырым осы - шатпақтап шығар
Сөйлесе іште бір өкпе.
Атың аталса атқақтап шығар
Не болған мына жүрекке?
Жынданып адам кетеді екен ғой,
Жұтып алғандай жасынды.
Қас қағым бір сәт жетеді екен ғой,
Жоғалту үшін басыңды.Шынарбек Тұрсынбекұлы
Тоқта сағат,
Ғұмырымды ұрламай,
Өмірімді қайтарып бер дегенмен.
Найза тілің жүрегімді шаншылай,
Сен еркіме көнбейсің-ау,
Сезем мен.
Тоқта сағат,
Тірлігімді тонадың,
Қайырылып қарамайсың сен неге.
Артып бара жатыр содан қадырың,
Тыры жүрген тірліктегі пендеге.
Тоқта сағат,
Шексіздікке сіңбе сен,
Уақыт қатал дейміз содан күрсініп.
Зырылдаған синквндттардың тылымен,
Шырайналып бара жатыр тіршілік.
Тоқта сағат,
Мыңға жетсін жасамыз,
Деп қиялға шомар көбі пенденің.
Қанағатым қаймықпасын дейміз біз,
Аз ғұмырдың тарттырсаңда кермегін.
Тоқта сағат,
Ажал бәлкім жолдасың,
Қара жердің құзырына бастарсың.
Иманымды жеңе алмайсың бәрі бір,
Алып кете алмасамда басқасын.
Сары арқаның сағымы
Мұрат нұр,
Арман гүл.
Тасжарған-
Өмір-жыр,
Сары жапырақ қалықтаған көңіл бұл.
Жүректегі сарқылмайды сағыныш,
Ой теңізін тербетеді самал сыр.
Таужамылған тұнды оятар таң күліп,
Көкжиегім нұрға шомар заңдылық.
Айқайлаймын жауап іздеп жартастан,
Өз тілімде қайталайды жаңғырық.
Әлде кімге мұң шаға алмай шөлдедім,
Бай табыйғат салды өмірге өрнегін.
Жанарымда сары арқаның сағымы,
Толтырмайды көңілімнің кем жерін.
Көл бойында мұңға батып тұрамын,
Қамыстардан сырнайлатып шығар үн.
Сұңқылына құлақ тұрдым аққудың,
Бұл өмірден табаалмаған сыңарын.
Сары арқаның кең төсінде тербелген,
Жылқы ғұмыр кісінейді кеудемнен.
Қарағайдай терең тартқан тамырын,
Бір елі де айрылмаймын елден мен.
Манаурайды күндей ыстық жалыным,
Санамды ойға сапырады сабырым.
Аршыл жүрек аңсайды да тұрады,
Сары арқаның сазы сіңген сағымын.
Алаңғасар күндерім
Жыламсырап бара жатыр бір бақыт,
Мен себебін сұрап едім тіл қатып.
Аспан жаққа нарау қарап күрсінді,
Мұңға батқан айдың тілін тыңдатып.
Шешілмеген жұмбақ шығар бұл әлі,
Аспан-аспан тіршіліктің нұр әны.
Жүректегі айтылмаған жырларым,
Жұлдыздардың кірпігіне тұнады.
Бұра бұлттар сырларымды жасырып,
Құс жолынан адасамын аһ ұрып.
Ал бақыт шы,
Олда мені жатсынып,
Алыс жаққа бара жатыр асығып.
Тегі бір-ау тағдырыммен білгенім,
Айғай менің алаңғасар күндерім.
Дүниенің қадырыне жетсем деп,
Тірлігімнің түбірлетем дүрмегін.
Ыбырай Дүйсенұлы
Тәнім топырақ, жаным жыр, шаранам бұлт
Жер жасарған қойнында, ел көгеріп,
Құштай дейтін киенің өркені едік.
Шиін самал ырғаса аңыз есер,
Қиын тепсең шығатын ертегі өніп.
Маңдайды өбіп оятса таңы арайлы,
Түсі сая сыйлайтын қарағайды.
Қиял сүйгіш түндерім шаңырақтан,
Жақындатып қоятын маған айды.
Күн сап қарап көгіне сан қиянның,
Сарылынан өзеннің саз жия алдым.
Тастан тайып тасырқап қалғанымда,
Бастап сипап тұрғызды алдияр күн.
Қой қайырып, тай мініп, көңде ержеттм,
Тайлақ сынды соңынан ерген көштің.
Ұзап кеттім құштайдан содан кейін,
Ұшып жатты елессіз желмен көп күн.
Талайдан соң оралған сәтім мынау,
Шалған екен анамның шашын қырау.
Зілдей болған жасымды сабырға орап,
Күзге айналған кеудеме жасырдым-ау.
(- толқыса да төбемде құйын-дүбір,
Көр дағы ойлан,-дегендей,-күйімді бұл).
Өзім еккен өріктер тұр гүл ашып,
Демек жеміс береді биылғы жыл.
Тәнім топырақ, жаным жыр, шаранам бұлт,
Сәби ем ғой, көңіл қам, санам албырт.
Менен дағы бір жеміс күтетіндей,
Қанатыма қауырсын қадаған жұрт.
Тамыз таңы. Әке
Уыз дәмі кетпеген таңдайының,
Балғын шағым.
көрместен таң байызын
Жұрт ағылып жатады шабындыққа,
Иығына артып ап шалғы, айырын.
Солық-солық желіп астында торы бәсең,
(көрінетін сол сурет көзіме әсем)
Төрттен-бестен біріккен топ ішінде,
Жалғыз бара жататын менің әкем.
Қапырық күн, қақпайды құс қанатын,
Айта жүріп күбірлеп күстәнәсін.
Шәй, қарбызын түйіп ап шабындыққа,
Шешем барып келеді түске жақын.
Шалғы дүзі, айырдың сабы жасық,
Қажиды әбден, жұрттың да бабы қашып.
Батады кеш, күн асып кеткен қырдан,
Көпке дейін тұрады жалын атып.
Солық-солық желіп астында торы бәсең,
(көрінетін сол сурет көзіме әсем)
Төрттен-бестен біріккен топ ішінде,
Жалғыз келе жатады менің әкем.
Жиылғанда аспаннан сары жалау,
Аяқталар шешемнің сауыны анау.
Шам түбінде әкем мені алдына алып,
Шәйге отырған сәттерді сағынам-ау.
-қалай шығар мал байқұс қыстан ұзын?
-қайтем енді! Бауыр жоқ, пыспады ұлым. !
Екеу ара шайды ұзақ сораптайды,
Әңгіме етіп қу қолдың қысқалығын.
-бітер бір күн, қай жаққа қашпақ міндет,
Жалғыздықты қайтетын даттап, күндеп.
Маңдайымнан сүйетін сосын әкем,
Осы қарғам ержетсін тоқтап тұр деп.
Тоқтамады бірақ та күресін жыл,
Жігіт болдым бұл күнде үлесім жыр.
Әкем әлі көтеріп шалғы, айырын,
Баяғыдай малымен күресіп жүр.
Бізді дағы ел айтады ау толысқан деп,
Қалта қоңыр болғанда қоныс тар бек.
Жүрмін қалада оянып, әкем түгіл,
Әр таңына тамыздың борыштар боп...
* * *
Жел дағы шайқай алмас бәйтерегім,
Жапанда жалғыз өсіп қайтер едің?
Болсаң да қанша биік, зор, мәуелі,
Жалғыздық жатпай ма ана жолда әуелі.
Қойныңды жатпаған соң құс аралап,
Айтшы өзің басты айналып ұшама бақ?
Тұтпаса ешкім қадыр көлеңкеңді,
Кең жая алармысың сен өркенді.
Саяңда қаптап өріп жегі ұл туса,
Кеспек боп тамырыңды ол кері ұмтылса.
Сор ұрпақ, тіпті қара түндей кешше,
«бәйтерек» екеніңді білмей кессе.
Кешеден келіп шөлге, желге ырғалмай,
Ертеңге бір сүйем де белгің қалмай...
...қисайып жатсақ мына құла дүзде,.
Кім сүйеу болмақ сонда, мына бізге...
Жұртыңа өн. Жұртыңа өс. Бәйтерек!
* * *
Жазайын деп жазбайсың кейде өлеңді,
Шідерлеуге болсын ба ой дегенді.
Екітәләй шақтарда жылан болып,
Жолға жатып алады ол көлденең бір.
Есті бірден көзіның оты қамап,
Ғажайыпқа бөленіп сосын абат.
Бір мұңлыққа бір мұңлық қосылғандай,
Тұңғиыққа шөгесің отыра қап.
Тамшылайды ой, әудем соң, хатқа бәсең,
Ондай кезде, періште, патша да сен.
Еленбейді ен байлық, жалпақ дүние,
Көрінбейді ештеңе асқақ, әсем.
Секілденіп жаныңды жын қысатын,
Кейде тіпті құспен де бірге ұшасың.
Әлгі алып қара құс есіңде ме,
Дәл сондай ой жұтасың, жыр құсасың.
Көңіл өршіп, тіленіп тұрады өрді,
Мерейлі сәт болсын ба бұдан енді...
Оу... Сәлден соң бусанып отырасың,.
Тастағандай босанып бір әлемді.
Жыр бітеді.
Зер шашып, асыл көрік,
Жылан қалғи бастайды қасын керіп.
Салып алып қойныңа содан оны,
Кетіп бара жатасың, ақын болып!
Мұндай жанға қоңсы ылғи қасат қайғы,
Жақындайды кейде аздап, атақ та әйгі.
Жаны ластар бұларға өш болады,
Ондайды енді жылан да жақатпайды...
Мәпелесең, әрине әлің тасып,
Өмір, өнер жатады бәрі ұйқасып.
Харамдыққа ешқашан жолай көрме,
Оған жылан тұрады зәрін шашып.
Басы-шабыт, денесі-ар, сол жыланды,
Талайлары басына сор ғып алды.
Зар жыланды зәр жұтып, ал біреуі
Жүр адасып таба алмай жолды мәңгі.
Ықылымдар бұл жайды айтады ана.
Мен білмеймін, қонды ма, қай санаңа?
Жыланың бар секілді сенің дағы,
Байқа бала, әйтеуір, байқа бала...

Приложенные файлы

  • docx 25793954
    Размер файла: 347 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий