Тарих тест жауабы 3


№1билет
3) Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
№2 билет
3) Элита - [ лат. eligere - таңдау, фр. elite - ең жақсы, іріктелген немесе бекзат] – қоғамның,партияның,мемлекеттің таңдаулы топтары немесе әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы (бұл стратификацияның негізінен тәуелсіз; саяси тұрғыда сөз саяси элита жайлы). Ағылшын тіліңде elite деп ХУЛ ғ. жоғары сапалы тауарлар, XVIII ғ. - іріктелген әске¬ри бөлімдер аталды; ұғым генетикада, тұқым шаруашылығында ең жақсы, жеке дара, өзгешелерді атауда қолданыла бастады; XIX ғ. ұғым әлеуметтік иерархия жүйесінде (аристократияның синонимі ретінде) жоғарғы страталарға қатысты қолданыла бастады; әлеуметтануға В. Парето енгізді.
№ 3билет
3) Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.Фашизм (италианша fascismo-буда ,байлам,шоқ,біріктіру )-ашықтан ашық демократиялқ бостандық пен прогрестік қоғамдық ұйымдардың әрекетін терорлық – диктаторлық әдіспен басып жаншу саясаты.
Фашизмге тән белгілер
билікті сакрализациялау, мемлекеттің, оның диктаторлық функцияларының қызметінің күшеюі,
Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды.
Германияда агрессивті фашизмнің салтанат құруы (нацизмнің), сондай-ақ Ресейдегі (КСРО) агрессивті "социалистік" ("коммунистік") тәртіптің орнығуы Еуропаны және бүкіл әлемді соғысқа жетеледі. Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бүл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан әткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні әткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн әткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қар- сылар қатарын толықтыруға дайын.[1]№4 билет
3) Радикализм – (лат.radix-түбірлі )-терең батыл шаралар қолдану әрекеті.Мәмілеге келмейтін саяси ұйымдар тобы.
1) жақтастары өмір сүріп отырған әлеуметтік-саяси жүйені сынға алатын және түбегейлі өзгерістер мен реформалардың жүргізілуін талап ететін саяси агым;
2) қандай да бір істердегі жағдайды түбірімен түбегейлі өзгертудегі талпыныстардың, тәуекелді ымырасыз талаптардың жүзеге асырылуы.[1]№ 5билет
3) Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады. 1) қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық — бюрократиялык мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс. Тоталитарлы саяси жүйе ең сорақы түрі — фашистік тәртіп; 2) саяси ой-жүйедегі тоталитарлық тәртіпті атқарушы бағыт.[1]№ 6билет
3)
№ 7билет
3)1932 жылы қарашадағы призденттік сайлауға Герберт Гувер демократиялық партия өкілі Франклин Рузвельт бәсекелес болып жеңіп шықты
Рузвельт сайлау науқанында мен американ халқына жаңа бағыт ұсынамын деп 1933 жылдың наурыз-маусым 100 күнді шешуші жариялап өз ұсынған заңдарын конгреске қабылдауға қол жеткізді
Жаңа бағыттың теориялық базасы болып Джон Кейнстің экономикалық ілімі саналады
Бұл ілім бойынша,өндірістің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың мемлекет тарапынан белсенді реттелуі қажет.Рузвелтьтің жаңа бағыт саясатының негізгі міндеті
Мемлекеттің өнім өндіру үрдісіне тікелей араласуымен елді дағдарыстан шығару болатын
Банк жүйесін тұрақтандыру және жұмыссыздарға көмек көрсетуді ұйымдастыруды призиденттің өзі атқарып,бұл үшін 500 млн доллар бөлінді Кейде күш қолданатын шаралар енгізуде ұсынылды.
Соған орай ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң ҰӨҚК өмірге келді Заң үш бөлімне тұрады:
1)адал бәсеке кодексі
2)кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы қатынасты реттеді
3)Қоғамдық жұмыстар,мемлекеттік және әскери объектілер салу
1935 жылы НИРА-ның баптарымен еңбек қатынастары туралы заң қабылданды (вагнер заңы),Ауыл шаруашылығының фермерге көмектесу қарастырылды.
№8 билет
3) Иосиф Виссарионович Сталин
Сталин, Иосиф Виссарионович (рас тегі — Джугашвили/Жұғашвили, грузинше  — Ioseb Besarionis Dze Jughashvili; 1878 ж. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_18" \o "Желтоқсанның 18"желтоқсанның 18 (е.м. 6) не 1879 ж. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_21" \o "Желтоқсанның 21"желтоқсанның 21 (е.м. 9) — 1953 жылы наурыздың 5) — кеңестік мемлекеттік, саяси және әскери қайраткері, 1922 жылдан бастап Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің бас хатшысы, Кеңестік Үкіметінің басқарушысы (1941 жылдан бастап КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, 1946 жылдан бастап КСРО министрлер кеңесінің төрағасы), Кеңес Одағы Генералиссимусы (1945).
Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссарионович
Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссарионович (9.12.1879, Гори қаласы, қазіргі Грузия Респблика – 5.3.1953, Мәскеу қаласы) – саяси қайраткер, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (1922 – 53), Кеңес Одағының маршалы (1943), Кеңес Одағының генералиссимусы (1945). HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1894_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1894 жыл"1894 жылы Тбилисидегі православиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, “Месамедаси” (үшінші топ) атты грузин социал-демокр. ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1901_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1901 жыл"1901 жылы РСДЖП-ға мүшелікке өтті. “Коба” деген лақап атты иемденді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП-ның ОК-не мүшелікке сайланды. 1912 – 13 жылы Санкт-Петербургте жұмыс істей жүріп, “Звезда” және “Правда” газеттерінің жұмысына белсенді ат салысты. Осы кезде “Марксизм және ұлт мәселесі” деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциянан кейін оралып, РСДЖП-ның ОК бюросының құрамына және “Правда” газеті редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысты. Кеңестердің Бүкілресейлік 2-съезінде (8.11. 1917) Ұлт істері халкомы (1917 – 22) ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 – 22 жылы Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. Азамат соғысы (1918 – 20) кезінде Оңт., Батыс және Оңтүстік-Батыс майдандарының революция әскери куаттінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК-нің Бас хатшысы етіп сайлады. КСРО-ны құруға белсене қатысты. Алғашқы кезде “автономияландыру” (бүкіл республикалардың РКФСР-ге автономия құрастурықығында енуі) жобасын ұсынды. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%BD" \o "Ленин"Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына топтастыруға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1-съезіне (1922 жылы желтоқсан) жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П-ның 13-съезі (1924 жылы мамыр) Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды (қ. Кәмпескелеу). Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін “халық жаулары” ретінде қуғындауды күшейтті. “Халық жаулары” жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды (қ. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%A3%D0%9B%D0%90%D0%93" \o "ГУЛАГ"ГУЛАГ). Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді етті. Ол гитлерлік Германияның КСРО-ға соғыс ашу мерзімін бағалауда қателік жіберді. 2-дүниежүзүлік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Кеңес Одағының басшысы ретінде үш держава – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшыларының Тегеран (1943), Қырым (1945) және Потсдам (1945) конференцияларына қатысты. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны онан әрі өрістеді. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып-жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді. КОКП-ның 1956 жылы өткен 20-съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты сынға алды. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет “Жеңіс” орденімен, Социалдық Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. Мәскеудегі Қызыл алаңға жерленген.
№ 9билет
3) Рейганомика - 1981 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейганның міндет атқарудың алдында айтқан әлуметтік-экономикалық бағдарламасы, АҚШ-та және шет елдерде кең таралды.[1]Реганомиканың негізгі міндеттері мыналар болды
Мемлекет шығынын азайту
Салықты қысқарту
Мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту
Снижение инфляции путем сокращения денежной массы.
№ 10билет
3) Реваншизм - [фран. revanche - кек қайтару] - соғыста жеңіліске ұшыраған елдің үстемдік етуші топтарының қандай да жолмен болмасын, тіпті, жаңа соғыс жариялау жолымен болсын бұрынғы үстемдік жағдайын орнына келтіру үшін талпыныс саясаты. [1]№11 билет
3) локаут – ( ағылшынша-есікті жабу) еңбек жағдайын нашарлату мақсатымен кәсіп иелерінің кәсіпорынды жауып, жұмысшыларды көптеп жұмыстан шығаруы локаут жұмыскерлердің тұрмысын және еңбек жағдайын нашарлату үшін тап күресінің құралы ретінде қолданылады
Ұсынған талаптарынан бас тартуға мәжбүрлеу мақсатымен, қожайындардың өз кәсіпорындарын бір уақытта жауып, жұмысшылар мен қызметшілерді жаппай жұмыстан босатуы. Жұмыс берушілердің ереуілдерге қарсы қорғану шарасы.[1]№ 12билет
3)Приватизация (лат-privatus – жекешелендіру) мемлекеттік меншікті жекешелендіру үдерісі . Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік — адамзат қоғамындағы мәнді құбылыс, ол адамның өмір сүруінің негізгі болып табылады. Жеке меншіктің пайда болуы Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим, т.б. сол сияқты мемлекеттердің қалыптасуы мен даму бағыттарын айқындады.
Қазақтың әдеп-ғұрып заңында жерге жеке меншік құқығы болған жоқ. Жеке меншікте тек мал мен мүлік болды. Меншік құқығын бекіту үшін малдың құлағына ен салатын.
Бүгінгі түсінік бойынша меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
№ 13билет
3) Агрессия[1] (лат. agressio - шабуыл) – бір немесе бірнеше мемлекеттердің басқа мемлекеттің жерін басып алу тәуелсіздігінен айыру немесе шектеу,оның қоғамдық құрлысын күштеп өзгерту ниетімен шабуыл жасау.Мемлекеттің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған, БҰҰ- ның Жарғысына қайшы келетін тікелей немесе жанама күш қолдану.[2] Агрессия ұғымы 1974 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді. Агрессия белгілі бір мемлекет екінші бір мемлекетке қатысты бірінші болып күш қолданғанда орын алады. Қарулы шабуыл - аса қауіпті түрі. Бірақ агрессия экономикалық, идеологиялық, психологиялық түрлері де кездеседі. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D2%B0%D2%B0" \o "БҰҰ" БҰҰ-ның Жарғысы агрессияны айыптайды. Қазіргі халықаралық құқық талаптарына сай агрессия актілері үшін жауапқа тартылады. Бұл тұрғыда қолданылатын санкциялар саяси, экономикалық, қылмыстық, өнегелік сипат алуы мүмкін. Агрессияның алдын алу - кез келген мемлекеттің, халықтың, бейбітшілікті сүйгіш демократиялық күштердің басты парызы
Күнделікті  өмірде  агрессия  дегеніміз: «Жағымсыз  қатынас  туғызатын ашық  түрдегі  өшпенділік,  ал  агрессивті  бұл  күш  салу,  зиян  келтіру   əрекеті ретінде түсіндіріледі». Жалпы «агрессия» термині күш салу,  күш жұмсаумен байланысты  əрекеттерді  белгілеу  үшін  кеңінен  қолданылады.  Агрессия  түсінігіне  формасы  мен  нəтижесі  бойынша  əр  түрлі əрекеттер  біріктіріледі,  соның  ішінде  орынсыз  əзіл-қалжың,  өсек,  нұқсан келтіру  ойларынан  бастап,  кісі  өліміне  дейін.  Өшпенділік  неғұрлым  тар мағынада  алынады,  белгілі  бір  объектіге  бағытталады.  Əдетте  өшпенділік жəне  агрессивтілік  үйлесімде  болады,  бірақ  адамдар  өшпнділік  сипатындағы қарым-қатынаста бола  отырып,  агрессивтілік  көрсетпеуі мүмкін. Агрессияны анықтаудағы  маңызды  мəселе  бұл  осы  терминнің  əр  түрлі  əрекеттер мағынасында болуы.
№14 билет
3) Репарация –(лат,reparatio – төлем) – жеңілген елдің жеңен мемлекетке соғыс зиянын түгел не болмаса жартылай төлеуі. халықаралық құқықта материалдық-құқықтық жауапкершілік түрі: мемлекеттің әскери шабуыл жасалған елге келтірген зиянын ақшалай не өзгедей нысандалық немесе ішінара өтеуі. Репарация төлеу әдетте бітім шартында қарастырылады.[1]№15 билет
3) Интеграция(лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F" \l "cite_note-1" [1]
№16 билет
3) Путч (нем. Putsch - бүліншілік) – мемлекеттік төңкеріске ұмтылған шағын топтың әрекеті.
№17 билет
3) Космополитизм (гр. kosmopolіtes) – әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану процесі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт. Космополитизм бағыты жекелеген мемлекеттерді баулуы мүмкін немесе бұл жағдай ұлт пен жеке дара адам арасына терең моральді, әр түрлі экономикалық, саясаттық қарым-қатынастарға әкеліп соғады. Космополитизм ұғымын кез келген саласынан жақтайтын адамдарды космополит дейді.
№ 18билет
3)Постиндустриализм - Батыс Еуропалық елдерден шыққан саяси әлуметтік тұжырымда.Қоғамның даму тарихын үш кезеңге бөледі,индустрияға дейнгі,индустриалдық постиндустриалдық.Бұл аталған жаңа Қоғамда даму негізі ғылымға тірелмекші.Қоғамда ғылымның теориялық және зерттеу мекемелері ерекше орын алмақшы.
№ 19билет
3) Алья́нс (фр. Alliance- одақ )-мемлекеттер арасындағы одақ немесе қандай болсада бір ұйымдардың халқаралық бірлестігі.
№20 билет
3) Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.
№21 билет
3) Революция [1](лат. revolutіc — бетбұрыс, төңкеріс) — табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC" \o "Білім" Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады. Әлеум. Революция қоғамның жаңа сапаға ауысуына жол ашып, сапалы өзгерістерді бейнелейді. Әлеум. Революция қоғамның саяси, экон., рухани өміріне түбірлі өзгерістер енгізу үрдісін бастап береді. Революция өзінің даму мүмкіндіктерін сарқыған қоғамның прогрессивті сатыға өтуін қамтамасыз етіп, оның әлеум.-экон. құрылымын түбегейлі өзгертуге қызмет етеді. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D0%B7%D0%B0%D1%82&action=edit&redlink=1" \o "Адамзат (мұндай бет жоқ)" Адамзат тарихын қоғамдық-экон. формациялардың бірін-бірі алмастыру тұрғысынан зерттеушілер осы алмасу үрдісін жүзеге асыру әлеум. Революцияның басты міндеті деп санайды. Осы қағиданы басшылыққа алған К.Маркс және оның жолын қуушылар (В.Ленин, т.б.) өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуымен қатар қоғамның бір-біріне қарсы топтарға бөлінуінен бастап социализмге өткенге дейін бір қоғамдық экон. формациядан екіншісіне (феодализмнен капитализмге, одан социализмге) өту әлеум. Революция арқылы жүзеге асады деп санады. В.И. Ленин басқарған коммунистік партия айтылған қағиданы Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінің шындығына айналдыру үшін 1917 ж. Қазан төңкерісін ұйымдастырып, оны “Ұлы Октябрь социалистік революциясы” деп атады. Кез келген Революцияның экон. негізі қоғамдық өндіргіш күштердің өсу деңгейі мен оған сай келмейтін консервативтік өндірістік қатынастардың шиеленісуі болып табылады. Ал ол әлеум., таптық қайшылықтарды шырқау шегіне жеткізеді. Мұндай жағдайда әлеум. және рухани қиыншылықтарға душар болған жекелеген таптар мен әлеум. топтар Революцияның қозғаушы күштері ретінде батыл әрекеттерге барады. Революция жеңіске жету үшін алдымен оның объективті және субъективті алғышарттары қалыптасып, қоғамда Революциялық жағдай пайда болуы қажет. Бұған Революциялық жағдайды Революцияға айналдыру үшін саяси партиялар мен ұйымдардың белсенді іс-әрекеттері қосылуы керек. Егер осы факторлар қоғам мүшелерінің басым көпшілігінің басты мақсат-мүдделеріне сай келсе, Революция жеңіске жетеді. Тарихи қажеттіліктен туындаған Революция көп жағдайда ашық түрде өтетіндігіне қарамастан, ол әрбір елдің өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі формада болады. Буржуазиялық революция - әлеуметтік революцияның бір түрі. Өндіруші күштермен және феодалдық экономикалық, саяси құрылыстың арасындағы қайшылыкты шешу.
№ 22билет
3) Геосаясат – саяси – географиялық білім арқылы күшті дамыған елдердің әлемдік мүддесі мен сыртқы саясатын дәлелдеу тұжырымдамасы.
№ 23билет
3) Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%B8%D0%BF%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%8F_%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Дипломатия тарихы (мұндай бет жоқ)" Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыда дипломатия келісімнің көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын үш мағынада қолдану орын алған:
Өз мемлекетінің атынан саясат және келіс сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;
"Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.
Дипломатияның құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі дипломатияның "құнсыздануы" жайлы айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері кеңінен таралған.
Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.
Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.
Экономикалық дипломатия
1950-1960-шы жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=C%D1%8D%D0%BC%D1%8E%D0%B5%D0%BB%D1%8C_%D0%A5%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D1%82%D0%BE%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Cэмюель Хантингтон (мұндай бет жоқ)" С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен қысым көрсету тетіктері ретінде сауда және ғылыми-техникалық байланыстарды пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар, халықаралық істерде мемлекеттің жалпы сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер мен әдістерді және экономикалық шаралар мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу, көмек алу) қолдануы. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B4%D0%B8%D0%BF%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%8F&action=edit&redlink=1" \o "Экономикалық дипломатия (мұндай бет жоқ)" Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда және қаржы секторын қолдау мақсатында дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық әнімдерді сату мен әткізуге қолайлы жағдай туғызу.
Жариялық немесе халықтық дипломатия
Жариялық немесе халықтық дипломатия - осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа кәзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бәлігі болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады
№ 24билет
3)Реформа(лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі. Экономикалық Реформа — қоғамның экономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және экономикалық Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді. Көш бастаушының үш түрі болады, олар:
негіздеуші көсем (харизматик),
қорғаушы көш бастаушы
заң шығарушы реформатор.
Дүние жүзі таныған реформалаушы көш бастаушы ретінде Мұстафа Кемал Ататүрікті (Түркия), Дэн Сяопинді (Қытай), Ли Куан Юді (Сингапур), Махатхир Мұхамедті (Малайзия) айтуға болады. Осы қатардан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы да заңды түрде орын алады, ол тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстанды сілкіністер арнасынан сенімді де тұрақты өсу жолына шығара алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік (1991) алғаннан кейін үлкен әлеуметтік-саяси реформалар жүргізді: президенттік ин-т орнықтырылып, заң шығарушы биліктің құрамына өзгерістер енгізілді, саяси партиялар мен саяси-экономикалық қауымдастық (кедендік одақ, Еуроазия экономикалық қауымдастығы) құрыла бастады, БҰҰ-мен және НАТО-мен ынтымақтастық орнатылды. Қазақстан халықар. қауымдастыққа демокр. сипаттағы бейбітшіл мемлекет ретінде танылды. Қазақстан орт-тандырылған экон. жүйеден нарықтық жүйеге ауысып, нарықтық инфрақұрылымдарды біртіндеп игеріп шықты. Заңдық негіз жалпы алғанда толық қалыптастырылды, салық, бюджет және әлеуметтік Реформа, ақша Реформасы, баға мен тариф Реформасы, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау, білім беру Реформасы жүргізілді. Ел экономикасына халықаралық капиталды тартуға маңыз беріліп, инвестицияның келуіне қолайлы ахуал жасалды. Қазақстан мұнай мен қара және түсті металдардың әлемдік рыногына берік орнықты. Осындай факторлардың арқасында Қазақстанның экон. әлеуеті тұрақты экон. өсімге қол жеткізді. Жүргізілген Реформалардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы келешекте инновациялық экономика секторларын дамытуға құлшыныс жасап, индустрия-инновациялық стратегияны жүзеге асыра бастады.[1]№ 25билет
3) Картамен жұмыс
№ 26билет
3) Капитализм[1] – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс.
№27 билет
3) Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) —
бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы;
салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді.[1] [2]№ 28билет
3) Интеграция(лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F" \l "cite_note-1"[1]
№ 29билет
3)Картамен жұмыс
№30 билет
3) Реформа(лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі. Экономикалық Реформа — қоғамның экономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және экономикалық Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді. Көш бастаушының үш түрі болады, олар:
негіздеуші көсем (харизматик),
қорғаушы көш бастаушы
заң шығарушы реформатор.

Приложенные файлы

  • docx 25063453
    Размер файла: 56 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий