E 1187 bek zhauap


36 жастағы А.К. Ибраев
Жалпы жұмысында діріл ауруының симптомдары көрінген. Діріл ауруы клиникалық симптомдарының полиморфтылығы және ағымдылығымен ерекшеленетін кәсиби ауру. Оның негізгі этиологиялық факторы өндірістік діріл болып табылады. Діріл ауруы кәсиби аурулардың ішінде кең таралған. Көбіне көлік құрылысы, металлургия, авия, тау кен өндірісінде, ауыл шаруашылығымен айналысатындарда кездеседі. Жұмысшының денесіне қатысты діріл ауруы жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Есептің берілгені бойынша жұмысшыда жергілікті діріл ауруы байқалады, яғни ауруда қан тамыр бұзылуы байқалады. Қол терісінің түсінің өзгеруі, дистальды фалангаралық буындарының деформациясы, капиллярлардың тонусының өзгеруі, спазм ,,спастикоатониялық жағдайы, кей жағдайда қол саусақтары барабан таяқшалары және акромегалик тәрізді болып келуі мүмкін.
Шумовиброэнтегратор логарифмерлейтін ШВИЛ 01: 20-170дб массасы 1,5кг локальды дірілді анықтайды. Діріл өлшеуіші ВШВ - 003м2, ал 22-140 дб массасы 4,5кг жалпы және жергілікті дірілді анықтайды. Шумомер виброметр диагностикалық шу өлшегіш және діріл өлшегіш ШВД -001 күші 30-14- дб массасы 5 кг. Шумомер виброметр интегрирующий ШВИ 30-140дб масса 4 кг.
ҚР ДСМ 2005 ж. 23 маусым №294 бұйрық «Кәсіби аурулармен оларды тіркеу тексеру,есепке алу және олар бойынша есеп беру ережесі» ҚР ДСМ 2009ж.12 караша №706 бұйрық, 25.01.2012ж.№166 « Міндетті медициналық тексеру жүргізілетін мамандықтардың, зиянды өндірістік факторлардың тізімін бекіту туралы. Міндетті медициналық тексеру жүргізу ережесі.» негізінде регламенттеледі.
Ауруды уақытша еңбекке жарамсыз деп санаймыз.Жұмыстан міндетті түрде босатылады. Ауруға бір екі айға еңбекке жарамсыз қағазын береміз. Амбулаторлы ем жағдайда ем алу қажет.Егер клиникалық симптомдар жойылмаса діріл мен байланысты жұмыстан босатылады. Басқа жұмысқа ауыстырылады. Алдын алу шаралары бір сағат сайын он мин демалыс.арнайы гимнастика физио терпаиялық процедуралар ұйымдастыру керек. Ауысым басталғаннан кейін екі сағат сайын жиырма мин және түскі үзілістен кейін екі сағаттан соң отыз мин берілу керек. Медициналық текесерістен бір жылда бір рет терапевтік невропатолог отоларингологтің қатысуымен өтуі тиіс.
Кезеңді тексеру кезінде ЭМӨ
Бұл жерде ҚР ДСМ 2004 ж, 18 тамыз № 632 бұйрығымен бекітілген «Әйелдердің еңбек ету жағдайына қойылатын сан.эпид. талаптар» туралы сан.эпид. ережелер мен нормалар; ҚР ДСМ 2009 ж. 16 қарашадағы №709 бұйрығымен бекітілген «Алдын ала және міндетті медициналық тексерістен өту ережелеріне» құжаттарына сәйкес регламенттеледі.
Осы келтірілген құжаттарға сәйкес № 632 бұйрық ережелерінің 3-тармақшасы бойынша, әйелдердің жүктілігі анықталған күнінен бастап және сәбиді емізу кезеңінде, олар, видеотерминалдармен және дербес компьютерлермен байланысты жұмыстарды, яғни, жұмыс нәтижесінде ЭМ сәулелену бөлінетін жұмыстарды орындауға жіберілмеуі тиіс. Сонымен бірге, жүкті әйелдер аяқпен басу арқылы басқарылатын қондырғыларда, мәжбүрлі ырғақта жұмыс істейтін, конвейрлерде жұмыс істеуге, инфрақызыл сәулелердің әсері бар жерлерде жабдықтардың беті және қоршалған жұмысшы аумағының tº+35ºC және одан да жоғары көтеріліп қызатын жерлерде, киімі және аяқ киімі су болған жағдайда; жел өтінінде; терезесіз және жарықсыз үй жайларды; әйел адам жұмыс күні тұрақты болатын жұмыстарға (тұру, отыру, қозғалу) жұмыстарға тартылмауы керек. Және де №709 бұйрығына байланысты ереженің 2- тармақшасы яғни, зиянды, қауіпті заттармен және қолайсыз өндірістік факторларға байланысты жұмысқа жіберуге жалпы медициналық қарсы көрсетілімдерге сәйкес жүктілік және лактация кезеңі бар адамдар рұқсат етілмейді.
Соған байланысты, санитарлық дәрігер 12 апталық жүктілік бар жұмысшы әйелдің ЭМӨ арналған индукциялық жылуды қолданылатын цехта әрі қарай жұмыс жасауына тиым салуы керек. Зиянды қауіпті факторлары жоқ жұмысқа ауыстыруға шешім қабылдауы керек.
ЭМӨ уақыттар бойы бағыты өзгеретін тоқтармен жайылады. ЭМӨ алмастырылмалы электрлік және магниттік өрістің сәйкестілігімен сипатталады. ЭМӨ биологиялық әсеріне байланысты: жылулық және жылулық емес әсер болып бөлінеді. Жылулық әсер сәулеленудің интенсивтілігіне байланысты. ЭМӨ деңгейі төмендеген сайын ағзаға термиялық әсері төмендеп арнайы жылулық емес әсерге айналады. Кез келген ЭМӨ көзін үш зонаға бөлеміз: Жақын – индукция зонасы; индукция зонасында ЭМӨ нің әртүрлі ұзындықтағы ТЖ, ОЖ және ЖЖ, ОЖЖ диапазонды сәулелену көздері кездеседі. (ТЖ – ұзын толқын, ОЖ – орташа толқын, ЖЖ – қысқа толқын, ОЖЖ – ультра қысқа толқын); аралық – интерференция зонасы және қашықтық – толқындық зонасы. Қашықтықтың толқындық зонасын да ЭМӨ нің жайылған дециметрлік, сантиметрлік, миллиметрлік толқын диапазондары болады. ЭМӨ ОЖЖ не әсер етіп, жоғары қозғыштыққа әкеледі. Эндокринді жүйеге әсер еткенде гормоналды ауытқуға әкеледі, әсіресе нерв эндокринді реттеуді бұзып, стресске әкеледі, гипоталамо гипофизарлы жүйеге әсер етіп өсу гармонының бөлінуі тоқтап, кортикостероидты гармондардың бөлінуін стимулдайды. Қан және иммундық реакцияға әсері қан жүйесінде эритроциттердің, лейкоциттердің, гемоглабиннің санын өзгертіп, лейкоцитоз, эозинопения тудырады. Көзге әсері шыны денешіктің бұлдырлауы катаракта ауруына әкеледі.
ЭМӨ қорғанудың барлық жағдайлары мен әдістері үш топқа бөлінеді: ұйымдастырушы, инженерлі техникалық, емдеу алдын алу. Қызметкерлерді ЭМӨ нің зиянды сәуледен қорғау үшін технологиялық үрдістерді автоматизациялау және дистанционды басқару жүйесін қарастыру, сәулелену көзінен жұмысшыларды алыстату, жұмыс индукторларын экранирлеу керек.
Полиметалдық рудникте жарылғыш
Ауа шаңдануына б/ты ауа көлемі ГОСТ 12.1.005-88 б/ша t-293°К болғанда, атмосф/қ қысым 760 мм с.б. б.к. Ауа көлемі формула б/ша анықталады.: V=qt, бұл жерде q-1минуттағы ауа шығыны, t- өлшеу жүргізу ұзақтығы, мин. Максимальды бірреттік концентрация. Шаң факторын бағалау алынған макс.бірреттік концентрац/ң мәнін шекті рұқсат етілген конц/мен салыстыру арқылы жүргізіледі. Жұмыс зонасы ауасы жалпы санит/қ талаптар,мем/к станд/қа сай силикоз қауіпті шаңдар үшін шекті рұқсат етілген деңг. 1 мг/м3 болады егер бос кремний қос тотығы 70% б/са; ал 2 мг\м3 егер оның құрамы 10-70% б/са; қалған түрлері үшін 3- 10 мг/м3 аралығында. Бір фильтрдегі шаң массаларын өлшеу нәтижелері б/ша ауадағы концентр/дан шаңұстағыш арқылы алғанда мына формуламен есептейді.:
Со=(m1- m0)Vx1000Со - шаңның концентрациясы, мг/м3
m1 – сынама алғаннан кейінгі фильтрдің салмағы, мг
m0 – сынама алар алдындағы фильтрдің салмағы, мг
V – фильтр арқылы өткен ауа көлемі, дм3
Со=2,0200x1000= 10 мг\м3, V=qt=20х10=200м2Жұмыс зонасы ауасының зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы № 1.02. 011-94 санит/ережелірнде, 1995ж. Козловский редакциясы кітабында келтірілгендей кремний қос тотығы шаңда 70% ден жоғары болғ/да 1 мг/м3 ПДК сы. Ауа шаңдану конц/сы 10 мг/м3, бұл ШРЭК тен 10 есе асады. Бұл фиброгенді әсер етеді ағзаға, қауіптілік класы б/ша 3- классқа жатады.
Пневмокониоз фиброгенді өндірістік аэрозольдердің ұзақ ингаляционды әсері нәтиж/де фиброзды өзгерістер дамуымен сипат/н созылмалы өкпенің шаңды аурулары. Пневмокониоздар: силикоз, силикатоз, силикотуберкулез, антракоз, биссиноз, багассоз, фермер өкпесі, металлокониоз. Силикоз бұл пневмокониоз кварцты шаң тозаңды жұту нәтижесінде б/ды, яғни, шаңның құрамында бос кремний оксиді 10% астам бар болғанда дамиды. Силикатоздар пневк/з, минералдар шаңын жұту нәтиж/де б/ды, құрамында кремний оксиді әртүрлі металл оксидтерімен байланысқан, асбестоз, талькоз, каолиноз ж/е т.б. Металлокониоздар металл шаңдарынан дамитын пневмокониоздар : темір, алюминий. Карбокониоздар құрамында көмірсутегі бар шаңдар әсерінен болатын пневмокониоз. Олар: көміртас, кокс, графит шаңдары антракоз, графитоз. Аралас шаңды пневмокониоз бос кремний оксиді бар, құрамында бос кремний оксиді жоқ ж/е аз мөлшерде б/н пневмокон/р. Орг/қ шаңдар әсерінен бол/н пневмокон/р. Бұлар көбіне өсімдік талшықтарынан әртүрлі ауылшаруашылығы шаңдарынан синтетик/қ заттар шаңдары б/ды.
Жұмыс орнында шаң концентрациясын өлшеу жүргізуде мұрын деңгейінде тыныс алу зонасында өлшейді н/е ондай сынама мүмкін болмағанда өлшеу аймағын шаңжинағыш түтікке жақын өлшейді н/е жерден 1,5 м биіктікте одан көп емес биіктікте өлшейді. Егер жұмыс орны бекітілмеген б/са, шаң концент/н өлшеуді уақыт ауысымының 50% жоғары кезінде жұмысшылар көп болатын зонасы нүктелерінде жүргізеді.
Өндірістік шаң шығу тегі б/ша бөлінеді: орг/қ, бейорг/қ, аралас; түзілу б/ша: аэрозоль дезинтеграция, конденсация; бөлшектер өлшемі б/ша: көзбен көрінетін (10 мкм көп), микроскопиялық (0,25-10 мкм) ж/е ультрамикроскопиялық (0,25 мкм төмен). Шаң ағзаға әртүрлі әсер етеді: фиброгенді, токсикалық, тітіркендіргіш ж/е т.б. Шаң аэродисперсті жүйе, онда дисперсті орта ауа, ал дисперсті фаза шаң бөлшектері. Шаңның құрамының гиг/қ маңызы зор. Неғұрлым шаң ультрамикроскопиялық мөлшерде б/са, соғұрлым тыныс жолы мен өкпе альвеоларына тұну мен ену жылдамдығы жоғары б/ды. Токсикалық шаңдар бронх қабырғасы арқылы қанға өтіп ағзаға таралады. Шаңның құрамы мен көлемі. А) ұсақ дисперсті d-2-5 мкм бұл шаңдар тыныс жолдарына терең енеді. Б) ультрамикроскопиялық ұшқыш б/ды, онша төмен түспейді. 0,25 төмен.В) көзге көрінетін d-10 мкм көп. Г) микроскопиялық d- 0,25-10 мкм.
19 жастағы әйел адам құс фермасына жұмысқа орналасады.
Қазіргі симптамдар аллергиялық ауруларды көрсетеді. Яғни, адамның сезімталдығына жоғарғы деңгейде әсер ету немесе ағза қызметін бұзу қасиеті. Бұл симптомдар талшық түрінде әсер ететін органикалық жануар шаңынан болатын пневмокониоз түрін көрсетеді. Аллергиялық бронхит, аллергиялық дерматит, құс қауырсынының аллергиялық реакциясы.
Жұмыс аймағы ауасының шаңдануы осы шағымдарды тудырып отыр.Жануар шаңы жүн, үлпек ,құс қауырсыны шаңдары өндірістік фактор болып отыр. Құс фермасының шаң құрамында азықтық антибиотиктер болады, олар өсуді тездететін тетрациклин, биомицин. Сонымен қатар, шаң құрамында улы химикаттар, гербицидтер ( азықты, шөптерді өңдейтін), дәндер дихлофоспен өңделуі мүмкін. Улы химикаттар дезинфекция мен дератизация үшін қолданылады. Сондықтан, мұндай шаң фиброгенді, аллергиялық, сенсибилизациялық және токсикалық қасиетке ие. Ең негізгісі аллергиялық әсер етуі болып табылады. Өте жоғары шаңдану азықты ұсақтағанда, қоспаларды азықпен араластырғанда, құрғақ азықтарды таратқанда, ғимараттарды тазалағанда болады. Құс фермасында инкубаторлық цехтарда шаң концентрациясы балапандарды сұрыптағанда жоғарлайды.(34-48 мг\м3 дейін, ғимараттарды тазалағанда 58-60 мг\м3 дейін жоғарлайды.Инкубаторлық шаң-органикалық шаң болып табылады, ол құстың қауырсынынан тұрады. Сонымен бірге, ауа бактериальды ластанады.(ақ және алтын түсті стафилакоктар, гемолитикалық стрептококтар, сальмонелла, протей таяқшасы, саңыраулықтар).Жұмысшылар аурушаңдығы бойынша, бірінші орында аллергиялық аурулар- аллергиялық ринопатия,созылмалы астмалы бронхит және көзде аллергиялық коньюктивит, дерматит және экзема.
Өнеркәсіпті лабораториялы, инструментальды әдістер қолдана отырып зерттеу жүргізу. Ауаның шаңдануын асперациялық, седиментациялық әдістер арқылы тексеру. Микроклиматты реттеу үшін пультты яғни автоматты техникалық құралдармен басқару керек. Жеке қорғаныс қондырғыларын қолдану керек.Жұмыс бөлмесіндегі ауаның токсикалық заттарының концентрациясын бақылау керек. Жұмысқа кірер алдында кезеңді медициналық тексеріс жасау керек. Денсаулық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауыстыру, емдік, диеталық тағамдар ұсыну, санаторийлік курорттық демалысқа жіберу. Шаң минералдық және органикалық комплекстерден тұруы мүмкін. Минералдық компоненттер топырақ, жем шаңы,жануарлардың өздерінің қозғалу кезіндегі шаңдары да жатады. Органикалық шаңдар құстардың өздерінің бөлінділерін құрайды. Құстың органикалық шаңдары құс фермасы көп қабатты болған жағдайда жоғары болып табылады. Шаңның ПДК 34-48 мг\м3 дан жоғары болмауы керек. №632 18.08.2004ж. «Әйелдердің еңбек ету жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».
Педагогикалық институттың компьютер орталығындағы 20 жұмыс орыны бар
Сәйкес келмейді. СанПиН бойынша ДК пайдаланатын бір жұмыс орнына бөлінетін алаң 6м2 тан кем болмауы керек. 20 орынға – 120 м2 болу керек. Қатарласа және орталықта немесе периметр бойынша орналасқан жағдайда 4м2 кем болмауы керек. Ал 20 орынға – 80 м2 ауданы болу керек. Қатарымен орналасса екі столдың арақашықтығы 2 метрден кем болмауы керек. Периметралды орналасса 50 см болу керек. Бүйір қабырғаның ара қашықтығы 1,6- 2 см болу керек.
ДК жұмыс орындаған жағдайда, жұмыс үстелдері мен бейнемонитордың арақашықтығы сыртқы беті жағынан бір бейнемонитордан екінші экранға дейін кемінде 2 м, бейнемонитордың бүйіріндегі бетінің арақашықтығы кемінде 1,2 м болуы керек. Жұмыс үстелінің құрылымы қолданатын жабдықтың жұмысшы бетіндегі санын құрылымдық ерекшеліктерін, орындайтын жұмыстың сипатын ескере отырып, тиімді орналасуын қамтамасыз ету керек. Жұмысшы орындығының құрылымы ДК жұмыс істеу барысында тиімді жұмыс кейпін ұстауға, тез шаршаудан сақтандыру үшін мойынның бұлшықеттері мен арқасына түсетін салмақты азайтып, кепін жеңіл ауыстырып отыруды қамтамасыз етуге тиіс. Жұмысшы орындығы көтеріліп бұрылатын, отыратын жерінің және арқасының биіктігі мен еңкею бұрышы, сол сияқты арқасының орындықтың алдыңғы шетінен қашықтығы реттелетін, бұл жағдайда реттелетін әрбір параметрі бір біріне тәуелді емес, жеңіл орындалып және мықты бекітілуі керек. Орындықтың беті, арқасы және басқа элементтердің сырғанамалығын, жеңіл электрлігін және ауа өтетін, тез тазартуға болатын, жартылай жұмсақ қабы болу керек. Үстелдің жұмысшы бетінің биіктігі 680 – 800 мм шегінде реттелу керек. Жұмысшы үстелдің аяққа арналған биіктігі 600 мм кем емес, тереңдігі тізенің деңгейінде – 450 мм және созылған аяқ деңгейінде 650 мм болатын кеңістігі болу керек. ДК қолданушының жұмыс орны кеңдігі 300 мм, тереңдігі 400 мм болатын, биіктігі 150 мм дейін, тірейтін бетінің еңкею бұрышы 20º дейін реттелетін аяқ қойғышпен жабдықталуы тиіс. Аяқ қойғыштың беті бүдірлі және алдыңғы жиегінің биіктігі 10 мм болатын ернеуі болуы керек. Жұмысшы үстелінің құрылымы: орындықтың бетіне тең екендігі мен тереңдігін; орындық бетінің алдыңғы бөлігінің шеттері доғалдануын; орындық бетінің 400 – 550 мм аралығында биіктігі және еңкею бұрыштары; алға қарай 15º және артқа қарай 5º реттелуін қамтамасыз етуі керек. Орындықтың сүйенетін арқасының биіктігі 300 (+20) мм, кеңдігі 380 мм кем емес, көлденең жалпақтығының қисық радиусы – 400 мм; арқасының еңкею бұрышы тік жазықтықта +30º болу керек. Орындық арқасының отыратын алдыңғы жиегінен қашықтығы 260 – 400 мм шегінде реттелу керек.
2004 ж. 18 қыркүйек № 631 бұйрық «Дербес компьютерлерге, бейнематериалдарға және олармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар». Қазірде 01.12.2012 №1430 «Адамға әсер ететін физикалық фактор (компьтер және видеотерминалдар) көздерімен жұмыс жасау жағдайына қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар ережесне сәйкес регламенттеледі.
Шошқа өсіретін комплекс құрылысының
06.05.2005 ж. №143 ҚР ДСМ бекіткен «Мал және аң шаруашылығы обьектілерінің эксплуатациясы мен құрылымына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормасы қолданылады.
Мал және аң шаруашылығы обьектілерін орналастыруға жер таңдауға және үй-жайын салуға жер таңдау санитарлық қорғаныш аймағын анықтау үшін желдің бағытын есепке ала отырып, ауыз сумен қамтамасыз ету сапасына, жинау, ағынды сулар мен қиларды жоюды есепке ала отырып жүзеге аыру керек. Территорияс қоршалған болуы, обьектілердің өндірістік және арнайы сыйымдылығына байланысты бірнеше өтетін жолдары болуы керек.Территорияға кірер кезде дезинфицирленген барьерлер және санитарлық өткелмен бақылау –өткелдік пункті болуы керек. Санитарлық қорғаныс аймағының өлшемі мал шаруашылығында 5 мың басқа (шошқа) дейін шошқа өсру мен жеміне 1000 м, ал 5 мың бастан жоғары малға СҚА 2000 м болуы керек. Территория шаруашылық-әкімшілік зонаға, жем дайындау мен сақтау бөлмесі, қи сақтау және мал көметін зонаға бөлінеді. Жоба келісіміндегі шошқа шаруашылығының СҚА 550 м болуы аз, кемінде 1000 м болуы керек. Санитарлық қадағалау дәрігерінің әрекеті мал шаруашылығы обьектілерінің территориясына қойылатын талаптарға сәйкестігін, СҚА-ң бекітілуін, жарықтану, шу, вибрация жүйесі, сумен қамтуға, мал өнімі қалдықтарының жойылуы жолын есепке алып шошқа өсіретін комплекс құрылыс жобасына санитарлық –эпидемиологиялық қорытынды беру үшін қайта қарауға жіберу керек. Себебі, СҚА-ң санитарлық ережелерге сай келмеуі.
Мал шаруашылығының обьектілерін салу мен эксплуатациялауға қойылатын талптарға тоқталсақ, территориясы бойынша 50 бастан көп болғанда мал моласы пункті қарастырылуы керек.Мемлекеттік орган қызметкерлерімен бекітілген жабдықтармен жабдықталуы керек. Бұл тұрғын, үй обьекті территориясынан алыс орналасуы керек. Қиларын жинайтын сақтағыш бөлме қарастырылуы керек. Қи сақтағыш қоршалуы және обьектіге қатысты жел жағында орналаспауы керек, рельефі мал шаруашылығы ғимаратынан 100 м аз емес ара қашықтықта төмен орналасуы керек. Аула дәретханасы сиыр тұратын және басқа да бөлмелерден 25 м-ден жақын емес қашықтықта орналасуы және 3\2 бөлігі толғанда тазартылуы керек. Обьектіде жоспарлы дератизациялық шаралар, жердің рекультивациясы (рельефін тегістеу, траншей себу, котлован қою) территорияны жинау, уақытылы бөлме жөндеулері жүргізілуі керек. Табиғи және жасанды жарықтану өндірістік және қосымша бөлмелерде 60-150 люкс орындалатын жұмысқа байланысты болуы керек Қысқы температура есептелетін райондарда сыртқы ауа температурасы -20 ºС төмен болғанда қақпа тамбурмен қамтамасыз етілуі керек. Өндірістік мақсатта техникалық су қолданылады. Ауыз суға және өндіріске арналған су құбырлары бөлек, айқын түстерге ажыратылуы керек. Су алатын нүктелерінде «ауыз су» және «техникалық» деген жазулары болуы қажет. Қиларын жою механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық әдістермен жүргізілуі керек. Механикалық әдісте скребки, транспортер және бульдозерлер, ал гидравликалық және пневматикалықта-арнайы құрылғы қолданады.
Үй құрылыс комбинатының кассет цехының микроклиматын зерттеген кезде
Үй құрылыс комбинаттарының ықшам климаты 3 негізгі компоненттен құрылады: температура, ылғалдылық ж/е ауа қозғалысы. Сонымен бірге,жылу сәулелену интенсивтілігі.Гигиеналық жағынан микроклиматтың едәуір маңызды элементіне ауа температурасы жатады. Жылдың жылы кезеңінде: ауа t° - +30°С жоғары болмауы керек, салыстырмалы ылғалдылығы 65% жоғары болмауы керек, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/сек жоғары болмауы к/к. Жылдың суық кезеңінде: ауа t – сы 18-22°С, салыстырмалы ылғалдылығы 65% жоғ,болм,к/к, ауа қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/с жоғ болм к/к. Енді бұл есептегі микроклимат талапқа сай келмейді. СанНжЕ талаптарына сәйкес ауа температурасы тұрақты жұмыста 26°С, ал температурасы тұрақсыз жұмыс орындарында 28°С болуы к/к, ылғалдылығы 40-60% не 75% дейін рұқсат етіледі. Ауа қозғалыс жылдамдығы 0,2-0,6м/с. Қорытындылай айтсақ, есепте температура жоғары, оны төмендету к/к. Ауа қозғалыс жылдамдығы нормада. Өндірістік бөлмелерде, яғни микроклиматтың шекті рұқсат етілген нормаларын технологиялық талаптарға, техниканың жеткіліксіздігінен бекіту мүмкін болмағанда,жұмысшыларды қызып кетуден және салқындаудан қорғау шараларын жүргізген жөн.(жергілікті кондиционерлеу жүйесі, демалу үшін ауалы душ, арнайы киімдерді қолдану,жұмыс уақыты мен демалысты регламенттеу).Жылулық жарақаттың алдын алу мақсатында қорғау құрылғысы температурасы 45ºС жоғары болмауы керек.Өндірістік бөлмелердің ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 1-қосымшасы бойынша ауырлығы ІІ а категориясына жатады.ІІ а категория—жүрумен байланысты, ұсақ өнімдерді тасымалдау жұмыстары,белгілі физикалық жүктемені қажет ететін отырып және тұрып жұмыс істейтін жұмыстар.Энергия шығыны 150-200 ккал\сағ құрайды.
СанПиН № 355, 14.07.2005ж бекітілген «Өндірістік үй жайлардың ауасына қойылатын сан эпид/қ талаптар».
Полировальды машина жұмысшы әйелі (33 жаста)
Діріл механикалық тербелмелі қозғалыс. Ол жергілікті қол арқылы ж/е жалпы отырған кезде жамбас арқылы барлық денеге н/е тұрғанда табан арқылы беріледі. Төменгі жиіліктегі діріл 8-16 гц, орташа 31,5-63 гц, жоғары 125,250,500 +1000 гц дейін барады. Енді бұл жұмыста әрі қарай әйелге жұмыс жасауына рұқсат етілмейді, өйткені бұл жерде діріл деңгейі ШРЕД тен асып тұр. Әйелге арналған діріл деңгейі мына мөлшерден аспау к/к: көліктік діріл – 101дб ж/е 0,28м/с2, техникалық діріл – 86дб ж/е 0,14 м/с2.
1)СанПиН «Әйелдердің еңбек ету жағдайына қойылатын» сан эпид талаптар 18.08.04 № 632. 2)№528 2 бап 25.02.04 «Еңбекті қорғау» заңы,15 бап б/ша «Әйелді уақытша жұмысының ауыстыру ж/е диспансерлік бақылауға алу.»
3)№1.002.12.94 «Жұмыс орнындағы дірілдің сан нормалары» , №310 10.08.2010ж. «Дірілдің әсер ету жағдайына қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар»
3.Машинаны ж/е жабдықтарды жасау барысын бақылағанда олардың жұмыскерлерді шуылдан ж/е дірілден қорғау жөнінде жобалық құжаттарға сәйкестігін тексереді.Машиналар ж/е жабдықтардың дірілі 12дБ (4,0 есе) артық ж/е кез-келген октавалық жолақта дыбыс қысымының деңгейі 135дб жоғары болса оларды пайдалануға,олармен жұмыс істеуге тиым салынады.
Ұзақ уақыт өндірілетін діріл әйел организміне әсер ету уақытынан бұрын босануға,ұрықтың құрсақ ішінде плацента аралық айналасының нашарлауына алып келеді.Жүктілік сатысы бұзылады.Кіші ж/е үлкен жиілік амплитудадағы дірілдер әйел организміне маңызы күшті.Себебі жекелеген мүшелерде ауытқу тудырады.Соның салдарынан әйелді жұмысынан ауыстыру керек.
Ультрадыбысты құрылым зауыт цехының орталығында қондырылған.
1.№334 17.08.05 «Өндіріс обьектілерінің жобасына қойылатын талаптар»
№1.02.017-94.Өндірістік ультрадыбыстық қондырғылармен жұмыс жасау кезінде сан ережелер.
2.Жұмыс орнында ШРЕД жоғарлауы ж/е ұжымдық қорғану шараларын қолданбауы байқалады.
УД әсер ету мех-де механикалық,термиялық ж/е физ-хим-қ әсер орын алады.Мех-қ әсер УД табиғатымен (қысылған ж/е созылған орталар),ал термиялық-механикалық энергияның жылу энергиясына ауысуымен байланысты.УД сұйықтарға таралған кезде кавитация әсері,яғни іші сұйықтық буына толған ж/е онда еріген газдар бар көпіршектердің түзілуі пайда болады.Мұнымен УД-тың физ-хим-лық әсері түсіндіріледі.Толқындар өткен кезде бұл көріністер жоғалып кетеді,бірақ температурасы жоғалып,жоғары қысым дамиды,сомен қатар электр разряды,люминесцентті жарықтану,ионизация п/да б/ды.
Рұқсат етілген деңгейден жоғары УД пен шудың ұзақ тұрақты әсер етуі нәтижесінде ОЖЖ ж/е оның шеткі бөлімінің,жүрек-тамыр жүйесінің,вестибулярлы ж/е есту қызметінің функционалды бұзылыстары дамиды.
УД ауамен таралуы кезінде жұмысшының денсаулық жағдайының өзгерістері уд-пен шудың бірге әсер етуі нәтижесінде болады.Денсаулық бұзылыстары астеновег-ті реакциялар формасында,бас ауыру,ұйқының бұзылуы,тітіркенгіштік,шаршау т.б ж/е эндокринді жүйке қызметі бұзылады.Жанасу жолымен таралатын уд өнд-к ортаның қолайсыз факторлары-ң кешенімен қосарланады қанағаттанарлықсыз микроклимат жағдайы,ауаның шаңдануы ж/е газдануы шудың жоғ деңгейі т.б.М/ы :уд-ты дефектоскопия операторлары-ң еңбегі психоэмоциональды жүктемемен ж/е көру анализаторының шаршауымен тірек-қимыл апп-ның әсіресе саусақтарға артық күш түсуімен бірге жүреді.Қоршау перделері жоқтығы басты бұзылыс.
3.УД серпімді ж/е қатты денелерде таралатын мех-лық тербеліс.Ол 20кГц жиіліктен жоғ акустикалық тербеліс болып табылады.УД құрылғыларды оқшауланған бөлмелерде,алыстан басқару кабинеттерде орнату к/к.Дыбыс оқшаулағыш құралдар,болат н/е дюралюминий резинкамен қапталған экрандар қолдану керек.Қолдың УД жанасуынан қорғау үшін арналған діріл оқшаулағыш ұстайтын жері бар құралдар пайдалану керек.
Егер өндірістік себептермен шу интенсивтілігі мен УД деңгейі төмендеу мүмкін болса,жеке қорғаныс құралдарын,яғни ішінен мақта қағаздарды, беткейі бар резинкалы қолғаптар ,шуға қарсы шлемдер қолдану керек.Егер жұмыс уақытының 50% УД жанасумен журсе, 1,5сағ сайын 15 мин үзіліс қарастыру к/к.Жұмысшылар кезеңді ж/е алдын ала мед тексеру өткізілу керек.18 жастан төмен балалар жұмысқа жіберілмейді.
Карбонильді әдіспен никель өндіруші цех зауытында жалпы желдету.
1. Желдетілу жеткіліксіз. Желдетілуге тоқтап кететін болсақ,жұмыс орнында қалыпты ауа температурасын ұстап тұру үшін қолданылатын шаралар мен құрылғылар жиынтығы.
Ауаның таралуына қарай табиғи және механикалық болып бөлінеді.Ауа алмасуына қарай жергілікті және жалпы болып бөлінеді.Қызмет түріне қарай сорып шығаратын (ауаны жоюға бағыт-н),ағымды (ауаның берілуімен іске асатын) оған ауа душтары,оазистер жатады.Табиғи желдету ұйымдасқан ж/е ұйымдаспаған түрде болады.Ұйымдасқан түрінде ауа түсуі мен шығарылуы есік,терезе арқылы ж/е ішкі жақтаулар арқылы жүзеге асырылады.
Сорып шығаратын ж/е апат желдеткіштері болуы керек.Сонымен қатар, 2 зоналы жалпы көлемдік тартқыштар болуы керек ж/е де сорғыштар.
Никель өндірісінде төмендей кететін жергілікті сору желдеткіштері қарастырылады.Карбонилдi әдiспен таза никель алу өндiрiсiнде: 1) никель карбонилiмен зертханаларда орындалатын барлық жұмыстар және сынамалар тартқыш шкафтар iшiнде орындалуы тиiс.2) реакторларды түсiретiн жерде желдеткiштер болуы керек.3) өндiрiсте қолданылатын материалдарды түсiру, үю және никель ұнтақтарымен жұмыстар механикаландырылуы керек. Никель өндiрiсiнде мына:1) дайын агломераттарды, сомдалған материалдарды конвейерге немесе темiржол вагондарына өздiгiнен түсiрiлетiн жерiнен;  2) конвертер шлактарын өңдейтiн электр пештерiнiң тиейтiн тесiктерiнен, «КС» пештерiнен, никель тотығын балқытатын доғал электр пештерiнiң тиейтiн терезелерiнен; 3) құятын машиналардан;  4) кендiк термиялық пештердiң күмбез үстi кеңiстiктерiнен және никель құрамдас материалдарды күйдiргеннен қалған қалдықтар мен никель тотығын түсiретiн жерлерден жергiлiктi сору желдеткiштерi қарастырылады.
Карбонилдi әдiспен никель алу және кобальт өндiрiсiнде: 1) синтездеу, ректификациялау, ыдырату, пiсiру, өлшеп салу және балқыту бөлмелерiнде сонымен бiрге, компрессорлар мен насостар кабиналарында есiк ашылған кезде 20 паскальға тiтiркендiретiн ағынды-сорғыш желдеткiштер орнатылуы керек; 2) никель карбонилiнiң буы шығатын бөлмелерде апат желдеткiштерi болуы керек. Оның қосылуы газ анализаторларынан автоматты түрде жүргiзiледi;  3) күкiрттi газ алатын бөлмелердегi балқытқыш моншалар үстiн тұтас жабатын 1,5-2 м/сек жылдамдықтағы жабындармен және екi зоналы жалпы көлемдiк тартқыштармен қамтамасыз ету керек; 4) шаң шығатын көздердiң бәрi (кобальт гидрототығын қыздыратын пештер, шихталарды жинайтын, ұнтайтын, ұсақтайтын және футеровкалар мен шлактарды магниттi елейтiн, тауарлық кобалт тотығын ыдыстарға құйыстыратын жерлер, балқытқыш пештер маңы, кальцинирлинген соданы ерiту үшiн қолданылатын агитаторлар, қалдықтарды кюбельдерге салатын жерлер) жергiлiктi сорғыштармен жабдықталуы тиiс.Карбонильді никель булары бөлінетін бөлмелерде авариялық желдетілу болуы керек.Қосылуы газанализаторлардан бөлек автоматты түрде болуы керек.
2. №227 13.05.2005 «Түсті металлургия ұйымдарын күтіп ұстауға ж/е пайдалануға қойылатын сан эпид талаптар.»
№628 2010ж 11 тамыздағы 2 қосымша «Түсті металлургия обьектілеріне қойылатын сан эпид талаптар.»
3.Өндірістік орындарының жұмыс барысында қайталамалы түрде күнделікті жұмыс аймағындағы ауа жағдайын қадағалайды.Егер жұмыс аймағының ауасы нормалар мен талаптарға сай болмаса,өндірістік желдетілудің тиімділігі қарастырады. Жеке қорғаныс құралдары. Кезеңді және алдын ала медициналық тексерулер жүргізу. Токсикалық заттармен жұмыс істеу кезіндегі жеке бас гигиенасы шаралары және техникалық қауіпсіздік жөнінде сынақ тапсыру арқылы жүйелі өндірістік инструктажды барлық кәсіпорын жұмысшылары өтуі қажет. Нақты өндіріске қатысты профпатология және еңбек негіздерімен таныс болуы керек.
Синтетикалық жуғыш өнеркәсіп алаңында заттарды өндіру цехын жағалай, қатты жабынды төсеген.
СанПин №1.05.057-94 «Синтетикалық жуғыш заттар өндірісіне қойылатын санитарлық ережелер».
Бұл жердегі бұзылыстар-өндіріс қалдықтарын сақтау болып отыр. Синтетикалық жуғыш заттар өндіретін өнеркәсіп территориясында нөсерлік канализациямен қамтамасыз етілуі керек, нөсерлік ағындар жергілікті тазарту құрылғыларында синтетикалық беткей-белсенді заттардан тазартылуы керек, өлшемдік заттар мен мұнай өнімдері келесідей коррекциялануы қажет:рН 6,5-8,5 дейін. Сусымалы шикізатты, қолданған орамаларды және өндіріс қалдықтарын ашық алаңда сақтауға тыйым салынады. Синтетикалық жуғыш заттар өндіретін цехтің өндіріс алаңы, шикізат және дайын өнімдерді сақтайтын қоймалар барлық периметрі бойынша қатты жабынмен қапталуы керек, яғни беткейі еңгістеу болып қалдық, нөсер суларды жинау және жергілікті тазарту құрылғыларына жіберіледі. Синтетикалық жуғыш заттар өндірісінің қалдықтарын утилизациялау тек токсикалық өндіріс қалдықтарын утилизациялау бойынша полигондарда ғана жүргізілуі керек. Атмосфераға шекті рұқсат етілген тастамалар есебінен шығатыны, синтетикалық жуғыш заттар шаңының концентрациясы 0,03 мг\м3 аспауы керек. Өнеркәсіп аймақтық-өндірістік комплекс ретінде орналастыру үшін мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының келісімімен жүзеге асырылуы керек. Өндіріс орындарына байланысты СҚА-ң ІІ-класына жатады, яғни синтетикалық жуғыш заттар өндіріс орны СҚА -500м аз емес болуы қажет. Сондықтан, өндіріс қалдықтарын 50 м қашықтықта орналастырып сақтауы дұрыс емес, дайын ұнтақтар қоймасына жақын орналастыруға болмайды. СҚА-ң өзі 500 м болса, қалдықтарды арнайы полигондарда утилизациялау қажет.
СанПин талаптарына сәйкес тексеру жүргізілгені жөнінде предписание беру, жауапты тұлғалар мен өндіріс басшысына администрациялық шаралар қолдану. Санитарлық қорғау аймағына бөлінген территория өсімдік жабыны бар реконструкцияға бағытталған фитофильтр ұйымдастыруға қолданылуы керек. Экранирлеу қызметі биологиялық фильтрмен қатар және декоративті эффектпен бірге жасанды екпе түзу керек.Синтетикалық материал өндірісі бойынша цех өндіріс ауданында және шикізат сақтайтын қоймаларда және дайын өнімдерге арналған алаңдар периметрі бойынша қатты,тегіс еңгістігімен жабын болуы керек, яғни су қалдықтарын жинау және тазарту жергілікті тазарту құрылғыларына жіберілуі керек. Сусымалы шикізаттарды, қолданылған орамаларды және өндіріс қалдықтарын ашық алаңға сақтауға тыйым салынады.
Мұнай скважиналарына жөндеу жүргізгенде топырақ ластанған.
2010ж.29-шілдедегі №561 –бұйрық « Мұнай өндіретін өнеркәсіп обьектілеріне арналған санитарлық ережелер»;
Топырақтың мұнаймен ластану қауіптілігі бұл—мұнай қоспаларының ішінде күкіртті қосылыстардың( күкіртті сутек, меркаптан, тиофан, тиофен) болуымен байланысты.Мұнай ашық жерге төгілген кезде құрамындағы улы күкіртті газдар ауаға тарайды.Бұл осы аумақтың топырағының, ауасының ластануы мен жақын аумақтағы тұрғындар денсаулығына өз септігін тигізеді. Мұнайдың құрамының зияндылығының әсерінен жұмысшылыр арасында мынадай ауру түрлері тіркелуі мүмкін: жоғары тыныс мүшелерінің зақымдалуы, тері қабатының ауруларының дамуы, висцеральды және ішкі мүшелердің ісіктеріне әкеліп соқтыруы мүмкін.--- Қоршаған ортаны қорғау шаралар комплексі ретінде атмосфералық ауа мен топырақ ластануының алдын алу қажет. –Кез-келген мұнай өндіретін мекемеде қоршаған ортаны қорғау шаралары комплексі қарастырылады. Өндірістік бірлестіктер мен мекемелер сыртқы орта обьектілеріне лабораториялық бақылау жасап отыруы қажет. Бұл жыл сайын гидрометрологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бақылауымен жүргізіледі.----Скважина жөнделуі кезінде мұнай газ бөлінуін ескерту.---Скважиналарды гермитизациялау, олардың техникалық жағдайын бақылау.---«Пайдалы қазбаларды өндіру, геологиялық жұмыстар мен құрылыстарын жүргізуде зақымдалған жер бөлігін рекультивациялау» құжатына сүйене отырып мұнаймен ластанған жер бқлігін рекультивациялау және жердің өсім беру қабатының құндылығын сақтауға жоба құру.---Мұнай төгілген топырақты қайта қалпына келтіруде нейтралдау, Скважинадан бөлінген сұйықтықты жинауда герметикалық сыйымдылықтарды қолдану, утилизациялау немесе нейтралдау.
Кәсіпорын әкімшілігіне зақымдалған грунтты(топырақ) жинау және утилизациялау бойынша предписание беру.
Фермер шаруашылығына пестицидтер әкелінді
ҚР мемлекеттік бас санит/қ дәрігері бекіткен № 6.01.003.99 ж. «Өсімдіктерді қорғауда химиялық заттарды сақтауға, тасымалдауға ж/е қолдануға қойылатын санит/қ ережелер мен нормалар» қолданылатын басты фермер шаруашылығына әкелінген пестицидтің тасымалдануы мен сақталуындағы ереже бұзушылықтар анықталып тексеріледі.
Пестицидтер бұл ауыл шаруаш/да дақылдарды түрлі зиянкестерден, арамшөптерден ж/е түрлі аурулардан қорғау үшін қолдан/н түрлі дәрежедегі уыттылығы бар химиялық синтетикалық заттар. Пестицидтерді тасымалдау арнайы жабдықталған автотранспортпен жүргізіледі. Пестицидтерді тасымалдауға ғана арналған арнайы транспорттың кузовы сигналды бояумен боялып, «Осторожно ядохимикат» деген жазуы болуы міндетті. Пестицидті жақын аймаққа тасымалдайтын транспорт көлік кабинасы мен кузов бұрыштарына бекітілген сигналды жалаушалармен жабдықталуы қажет. Пестиц/ді тасымалдау ж/е тарату нормативтік құжаттарға сай көрсетілген талаптар б/ша бүтіндігі бұзылмаған, тығыз жабылатын тарамен тасымалданады. Тара сыртында сүртілмейтін бояумен міндетті түрде мыналар көрсетіледі: а) товар белгісі, б) препарат атауы, в) препараттық тағайындалуы, г) брутто, нетто, д) партия номері, е) дайындалған уақыты, ж) стандарт номері, техникалық жағдайы, з) өрт қауіпті н/е взрывоопасно белгісі болуы, и) тара сыртында ескертпе жолақтардың болуы: қызыл – гербицид, жасыл – фунгицид, сары – зооцид, қара – нематоцид, ақ –дефолианттарға арналған белгі. Пестицидтерді ұнтақ н/е бүтіндігі бұзылған тарамен тасымалдауға рұқсат етілмейді. Барлық шаруашылық администрациясы ж/е жекеменшік түрлері (ферма, ТОО) жұмысшыларын міндетті түрде арнайы киіммен, аяқ киіммен, қол, тыныс ж/е көрі органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарымен жабдықтау міндетті. ЖҚҚ таңдау да пестицидтің токсикалық дәрежесі, ұшу қабілеті ж/е тері резорбтивті әсері ескеріледі. Арнайы киім, аяқ киім, қолғап, көзілдірік, респиратор н/е противогаздар жұмысш/ң бойы мен өлшеміне б/ты таңдалынады. Денені қорғау мақсатында мақтадан тігілген тез жуылатын, бүтін, дененін 85% жабатын комбинезон беріледі, басты ж/е мойынды қорғауда мақталы қағазды шляпа мен жеңіл жуылатын шарф тағу міндетті. Қолды қорғауда резеңкелі, ұзын қолды қолғап беріледі. Тыныс жолы арқылы пестицидтің ағзаға енуін алдын алуда ЖҚҚ ретінде сүзгілеуші респиратор, противогаз қолданылады. Арнайы аяқ киім ретінде резиналы текстильді аяқ киім н/е брезентті бахила қолданылады. Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауда қолдан/н пестиц/р арнайы қоймада сақталады. Қойма құрылысы, жобасы ж/е эксплуатациясы мемлекеттік стандартта, құрылыс ж/е СанПиН ге сай болуы қажет. Қойма қоршалған, есігі ж/е қақпасына кілт салынуы қажет. Есігінде «Пестицид қоймасы. Өзгелерге кіруге болмайды» деген жазу б.к. Қойма орналасқан аумағы қоршалған, көгалдандырылған, екі шығу қақпасы болумен қатар автомашина мен тракторлардың бұрылып шығуына жеткілікті б.к. Пестицидтер қоймасы бірнеше секциясы болады: а) пестицидтерді жалпы сақтау бөлімі, б) өрт ж/е жарылуға қауіпті заттарды сақтайтын бөлім, в) өте қауіпті заттар үшін. Қойма стеллаж бен сөрелермен жабдықталады.
Пестицидтердің тасымалдануы СанНжЕ сәйкес келмейді. Пестиц/ң ашық кузовпен,айыратын белгісі жоқ автотранспортпен тасымалдануы ереже бұзушылық б.т. сондықтан фермер шаруашылығы басшылығына айыппул салынады. Тасымалдаушылар қорғаныс заттарымен жабдықталмаған, сонд. оларды медиц/қ тексеруден өткізуде ұсыныс беру. Пестиц/ң ашық аулада жинастырылуы, сақталуы, санитарлық ереже бұзушылық. Сонд. пест/д ауамен, топырақпен өзара байланысады. Сонд/н ол жержің ауасы мен топырағына з/у жүргізіледі.
Көмір шахта учаскесінде көмір комбайн көмегімен шығарылады
2009 ж. 16-қарашадағы №709 « Міндетті медициналық тексеріп қараулар өткізу ережесі»; 2009 ж. 12-қарашадағы №706 бұйрық «Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, есеп жүргізу ережесі»; 2010 ж. 11-тамыздағы №628 бұйрық «Көмір өндіру обьектісіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ; №1.02.11-94 « Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК».
Жұмысшыда шаң әсерінен пневмокониоздар дамиды, оның ішінде антракоз, силикоз, шаңды бронхит дамуы мүмкін.Бұл жұмыс орнындағы шаңның концентрациясы 4-120 мг\м3 дейін. «Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың ШРЕК» көрсетілген көрсеткіш бойынша көмір шаңы концентрациясы 16 мг\м3 аспауы қажет. Бұл ШРЕК бойынша максимальды көрсеткіш болып табылады. Жұмыс орнындағы көмір шаңы құрамы адам организміне зиянды әсер ету класы бойынша 4 (қауіптілігі төмен) классқа жатады.Көмір шаңы аэрозольі организмге фиброгенді әсер етеді. Ал көмір шахтасындағы шаңның концентрациясы бірнеше есе артқан. Сондықтан, жұмысшыда пневмокониоз дамып отыр. Шахта жұмысшыларында сонымен қатар техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмауынан- әртүрлі жарақаттар, организмнің үнемі салқындауы, киімнің сулануы себебінен тұмау, жоғары тыныс жолдарының катары, ангина,терінің үнемі шаңмен ластанып, арнайы киімнің ылғалданып, шаңдануы-терінің зақымданып, іріңді аурулардың дамуыеа әкеледі. Жұмысшыда дамыған пневмокониоз түрі көмір түріне, қаттылығына, көмір құрамындағы кремний диоксиді процентіне және шахтадағы жұмыс стажы мен ауаның шаңдану дәрежесіне байланысты болады. Шахтада әртүрлі жұмыстар машиналар құрылғыларымен жүргізілуіне байланысты вибрациялық ауру дамуы да мүмкін. Жұмысшы А-да есту нервісінің невриті мен шудың патологиялық симптомдары да орын алуы мүмкін. Бұл шу ауруының дамуы комбайн, әртүрлі машиналар дыбысы әсерінен болуы ықтимал.
Жұмысшыны толық медициналық тексеруден өтуге,-ауруына байланысты ем алуға, - 14 шахта жұмысшыларын бақылауға алу,--жұмыс орнын тексеру, -жұмысшылар еңбек жағдайын тексеру, - көмір шаңы концентрациясын нормалауды талап ету, --жұмысшылардың міндетті медициналық бақылаудан өткендігін тексеру, --А-жұмысшыны медициналық қорытындысына байланысты өндіріс факторларымен байланысы жоқ жұмыс түріне ауыстыруына ұсыныс беру.
Биохимиялық зертханада жасанды жарықтандыру деңгейі: люменисцентті лампалардан 200 – 250 лк.
Жеткілікті емес. Қалыпты жағдайда биохимиялық зертханада жарықтандыру 300 лк, ал аралас болса – 500 лк болуы керек. Жарық көздері еденнен 2,6 м биіктікте болуы қажет.
Жарықтандыруды люксметр құралымен өлшейміз. Құралдың жұмыс істеу принципі екі жарықты салыстыруға негізделген біреуі зерттелетін жарық, ал екінші қалыпты нормаға келтірілген жарық (визуалды люксметр немесе объективті люксметр). Люксметрді фотометр деп те атайды. Визуальды люксметрде жарық айқын өрісінің теңдестіруі көздің көмегімен жүргізіледі. Бұл өлшеудің жақтылығы жеткіліксіз болып табылады. Өйткені бұл бақылаушы субъективті қасиеттеріне яғни оның көзінің қасиеттеріне шаршау деңгейіне байланысты. Сондықтан қазіргі кезде санитарлық практикада объективті лк қолданылады. Онда көз қызметін селенді фотоэлемент атқарады. Объективті лк : фотоэлементтен және оған жалғанған стрелкалы гальванометрден тұрады. Фотоэлемент қышқылдардан тазартылған темір пластинкадан тұрады. Сырты селенмен қапталған. Оның сырты алтын немесе платинамен қапталады. Бұл электродтың қызметін атқарады. Механикалық зақымдалудан қорғау үшін оның сырты түссіз лакпен боялады. Ұстауға ыңғайлы болуы үшін ұстағышы болады. Ол шыны тәрізді болады. Бұл шыны фотоэлементті тікелей күн сәулесінен қорғайды. Фотоэлементтің жұмыс істеуі, жарық сәулелері фотоэлементтердің қабылдағыш бөліміне түскеннен кейін оның фотобелсенді қабаты селенде, алтын немесе платина қабатының шегінде электрондардың ағыны пайда болады. Бұл сыртқы тізбекте фото тоқ құрайды. Соның әсерінен гальванометрдің стрелкасын жарықтанудың интенсивтілігіне сәйкес өзгереді. Қазіргі кезде қолданылатын объективті лк: Ю16.
Жалпы білім беретін мектептердегі мектеп интернаттарда орта кәсіптік және техникалық мамандандыру мекемелерінде жалпы жарықтандыру – 400 лк кем болмау керек. Техникумдарда және жоғарғы оқу орынарында оқу кабинеттерде – 400лк болады. Информатика және есептеуіш техникум кабинеттерде дисплей экранында 200 лк ал жұмыс столдар мен парталарда 400 лк. Сызу және сурет кабинеттерде – 500 лк. Шеберханаларда – 300 лк. Спорт залдарда – 200 лк. Жабық бассейнде – 150 лк. Акт залдары – 200 лк. Мұғалімдер кабинеті – 300 лк. Рекреация – 150 лк. Оқу орындарында қыздыру н/е люминис/к шамдар қолд/ы, бір бөлмеде екеуін бірге қолдануға болмайды. Люминис/к шамдар жарық түсіретін қабырғаға параллель орнал/ы, сыртқы қабырғадан 1,2 м ж/е ішкі қабырғ/н 1,5 м қашықтықта орналасады. Шамдарды жылына екі реттен кем емес тазалап тұру қажет, күйіп кеткендер уақытында алмастырылуы қажет.
СанПиН 2.04.05.2002 «Табиғи және жасанды жарықтану» 9 қосымша таблица 9.1
Машина құрылысы зауытының жұмысшысы К.И. Ахметов
Шулы аурудың симптомдары бас ауру, шаршау, ұйқы бұзылу, әлсіздік, естудің төмендеуі.
Шу әсерін төмендету үшін қолданылатын санитарлық гигиеналық шаралар. Шудың деңгейін қалыпты нормаға келтіру ( қалыпты жағдайда 80-85 дб). Жеке қорғаныш құралдары. Глушитель, резонатор, қаптаманың көмегімен құрылымдардың дыбысын оқшаулау. Қабырғаны, еденді, төбені облицовкалау арқылы дыбысты оқшаулау. Сағаттық жұмыс ауысымында бір сағат 2 дб, бір сағат 6 дб, Жұмыс уақытының 40% пневматикалық машинамен жүргізілетіндіктен, әрбір екі сағат сайын бес минут үзіліс жасау. Шуды оқшаулау. Шудан қорғану шаралары: шудың шығу көзіне қатысты қолданылатын шаралар. Олар инженерлік техникалық және ұйымдастыру әкімшілік әдістер б/п бөлінеді. Шудың шығу көзінен бастап, қорғайтын нысанға дейінгі таралу жолында қолд. шаралар. Бұлар көбінесе қала салу ж/е құрылыс акустикалық әдістер. Нысанда шудан қорғауға жүрг. шаралар. Бұған қоршаған дыбысты оқшаулауды жоғарылату ж/е жоспарлау әдістері жатады. Ең тиімді шара шығу көзінде шуды азайту, бірақ шуы аз қондырғыны ойлап табу күрделі техникалық тапсырма б.т. Дыбыс толқынын таралу жолында төмендету бірқатар сәулеттік құрылыстық шаралар арқасында жүзеге асырылады: дыбыстан изоляциялау, дыбысты сіңіру ж/е дыбысты шағылыстыру. Дыбысты изоляциялау бұл қоршаулар мен қалқалардың ауалық ж/е соғылудан п.б. шудың дыбыс энергиясын әлсірету қасиеті. Бір қабатты қоршаулардың (қабырға, есік, терезе) дыбысты изоляциялауы олардың массасына тура пропорционалды. Сондай массадағы көп қабатты қоршаулар (екі қабатты есіктер, терезелер) едәуір тиімді б/ы. Жабындылардың дыбысты изоляциялауы едендерді серпімді негіздегі н/е себілген заттарға орналасқан кезде нәтижелі б/ы. Еденнің өзі қабырғалардан ені екі см дей дыбысты изоляциялайтын материалдар арқылы бөлінеді. Дыбысты сіңіру шағылысқан дыбыс толқындарының энергясын әлсірету үшін қолд. Дыбысты сіңіретін бетке (беткейлік жабын материалы, экран) түскен шу одан аздау энергиямен шағылысады. Беткейлік жабын материалдары ретінде минералды мақталардан, гипстен , әйнек талшықтарынан, құрылыс бетондарынан және т.б. жасалған тақталар қолд/ы. Мұндай материалдармен жабу акустикалық өңдеу д.а.
«Санитарные нормы и правила по ограничению вибрации и шума на местах» №139 24 наурыз 2005 ж. «Гигиенические нормативы уровней шума на рабочих местах».
Ахметов №709 2009 16 қараша бұйрығы бойынша жылына бір рет мед. тексерістен өту. Кәсіби патолог, терапевт, оториноларинголог, невропатолог. Зертханалық зерттеу ЭКГ, ФГ, он жыл сайын жоспарлы аудиометрия, вестибулятор және анализатор зреттемесі, көз қарашығын офтальмоскопиясы. Басқа жұмысқа ауыстыру. Ауруханаға жолдама жібертіп, емдеу.
Түсті металлургия өндірісіндегі еңбек жағдайларын зерттеу нәтижесінде
Рециркуляция ( ре- және циркуляция қайта айналдыру деген сөзді )—көпретті толық немесе бөлшектік газ, сұйықтық немесе қатты заттардың ағынын қайта айналдыру, яғни технологиялық үрдісте, аппарат бекітуде т.б қолданады. Рециркуляцияның мақсаты әртүрлі: мысалға,қоспадағы компоненттер концентрациясын, жылу алмасудағы температураларды реттейді.т.б. Ауа рециркуляциясы-жабық ауамен қамтамасыз ету жүйесінде ауа көлемін, оның қайта өңделуімен( фильтрлеу, жұмсартуымен,зарарсыздандыру) көпретті қолдану болып табылады.Желдету,ауамен жылыту және ауаны кондиционерлеу үшін ауаны рециркуляциялау өндіріс ортасында тиым салынады, яғни егер ауада ауру тудыратын бактериялар, вирустар н/е саңырауқұлақтар болса, сонымен қатар айқын жағымсыз иіс болғанда. Зиянды зат/дың көздері жергілікті сорғышы бар жергілікті желдетумен қамтамасыз етілу керек. Өндірістік ортадағы ауаны бақылау мыналардың есебімен жүзеге асады: а) технологиялық процестің, температуралық режимнің, бөлінетін зиянды заттардың мөлшерінің ерекшелігі, б) бақыланатын зат/дың физико химиялық қасиеті (агрегаттық күйі, ұшқыштығы, тұнудағы жылдамдығы), в) заттардың қауіптілік класы, биолог/қ әсері, г) ғимараттың жоспарлануы (қабат, қабатаралық өткізгіш), д) жұмыс орнының түрі мен мөлшері, е) жұмысшының жұмыс күнінде өндірістегі жұмыс орнында болу уақыты. Ауаны рециркуляциялауға қолдануға болмайды.
Егер тартқыш зондтар мен сорғыштар жұмысы ШРЕК ті қалпына келтіретін б/са, және жұмысшылар денсаулығына зиян келтіретін газ бен металл қалдықтары жойылса рециркуляциялауды қолдануға болады. Қорғасын ПДК – 0,01 мг/м3, Көміртегі оксиді ПДК – 20 мг/м3, Кобальт – 0,05-0,01 мг/м3. Мынадай шаралар жүргізілу қажет: а)герметизациялау,автоматизациялау,б)желдету,сорып шығару жүйелерімен желдету;в)жеке қорғаныш құралдары;г)жеке бас гигиенасы(ауыз қуысын санациялау,жұмыстан соң жуыну,өнд орныныда тамақтанбау,темекі шекпеу);д)өнд орнында қауіпті газ концентрациясы асқанын білдіретін сигнализация қою; е)жұмыс жасауға қарсы көрсетпелер:анемия,перифериялық жүйке жүйесінің аурулары,эндоартерит,наркомания, алкоголизм,эндогенді психоздар,қан аурулары,өкпе аурулары;ж)кезеңді мед,тексеру.
№628 11.08.2010ж. «Өндірістің бірқатар салаларында қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», №355 2005ж 14-маусым «өндірістегі үй-жайлардың ауасына қойылатын сан.эпид талаптар»
№481 «Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттар концентрациясы ПДК»
Кезеңді медициналық тексеру кезінде темір соғатын
Жұмысшыны одан әрі бұл жұмысқа жібермейді.Өйткені қарсы көрсетпелер бар:есту төмендеу, гипертоникалық ауруы. Жұмыс орнындағы шу деңгейі жоғары,қалыпты жағдайда 85дб. Жоғ шу ерте қажуға,жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне,аурушаңдықтың жоғарлауына акеледі. Гигиеналық тұрғыдан шу дегеніміз адам организмінің жұмыс жасауы мен демалуына қолайсыз әсер ететін әртүрлі жиілік пен интенсивтіліктегі жағымсыз дыбыстар болып табылады. Шудың адам организміне кері әсері көп. Интенсивті шу әсерінен жүйке жүйесі жағынан айқын өзгерістер байқалады және есту мүшесінің патологиясына әкеліп соқтырады.Жұмысшылар бас ауруға,жүйелі емес бас айналуға,есте сақтаудың төмендеуіне, жоғары қажуға,эмоциональды тұрақсыздыққа,ұйқысының бұзылуына,жүрек тұсының ауырғанына,жүрек соғысының тездеуіне, тәбеттің төмендеуіне шағымданады.Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің өзгерістеріне,әсіресе нейроциркуляторлы дистония (кардиальды,гипертензивті,гипотензивті типтері). Шу патологиясының ішінде ең көп кездесетіні кохлеарлы неврит типті естудің төмендеуі және нецросенсорлы тугоухость. Шу спектрі бойынша бөлінеді:кең жолақты-ені 1 октавадан жоғары үздіксіз спектрлі, тональды-спектрінде айқын дискретті тондар бар. Уақытша сипаттамасы бойынша бөлінеді:тұрақты-8 сағ жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақыт бойынша 5 дб-ге дейін өзгеретін шу,тұрақсыз-5 дб-ден жоғ өзгеретін шу. Шу жұмыс орнында дыбыс деңгейінің(дб) бағалаумен сипатталады.Тұрақсыз шу дыбыстық эквивалентті деңгейімен сипатталады. Шуды анықтайтын құрал- шумомер(Ш63)- 30-140дб арасындағы, 40-10000 гц жиілікті диапазондағы шуды анықтайды. ИШВ-1 шу мен дірілді өлшейтін құрал.
СЭҚ дәрігерінің әрекеті: жұмысшыны тереңдетілген тексеруге жіберу,кәсіби аурулар орталығына бағыттау; жұмыс орнын өндірістік гигиеналық тексеру,шуға қарсы технологиялық шараларды тексеру,жеке қорғаныс құралдарының қолданылуын,жұмыс режимін тексеру; жұмысшылардың уақытылы мед тексеруден өтуін қарау, 80-99дб шулы жерде жұмыс жасайтын болса 2 жылда 1 рет отолоринголог,невропатолог,терапевт тексереді, 100 дб-ден жоғары болса 1 жылда 1 рет тексереді; жұмысшыны шумен байланысы жоқ басқа жұмысқа ауыстыруды ұсыну. Шумен күресу шаралары техникалық, архитектуралы-жоспарлы, ұйымдастырылған және медико-профилактикалық болып келеді. Техникалық шаралар шу көзіне, берілу жолдарына бағытталады. Мыс:қондырғыларды конструкцияснда төменгі акустикалық қасиетті материалдарды қолдану, дыбыс оқшаулағыш терілерді қолдану,дыбыс оқшаулағыш камералар,кабиналар қолдану. Жоспарлы шаралар шу локализациясына және оның таралуын төмендетуге бағытталу керек. Шулы бөлмелерді ғимаараттың бір жағына топтастырылып,қосымша бөлмелермен,коридорлармен бөліну керек. Сонымен қатар жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамту, мед бақылау, жұмысшыларға күнделікті 2мг В1 витаминін, 50 мг С вит қабылдау ұсынылады(2 апта 1 апта сайын), санаторлық-курорттық емдер,демалыстар беру, жұмыс жағдайын дұрыс ұйымдастыру.
2005 ж 24-наурыз №139 «Жұмыс орнындағы шу деңгейіне қойылатын гиг нормативтер туралы» 2005ж 8-шілде №334 «Өндіріс нысандарының жобасына қойылатын талаптар» №709 бұйрық «Кезеңді және алдын ала мед тексеру туралы» №1.02.007-94 «Сан нормы допустимых уровней шума на рабочих местах»
Видеодисплей терминал операторының жұмыс бөлмесінде
18.08.04 №631 «Дербес комп-лер, видеотермналдармен жұмыс жасауға қойылатын сан эпид талаптар» №355 14.07.05 «СЭТ к воздуху производственных помещений»
Оператор бөлмесіндегі микроклимат қалыпты нормаға сәйкес келмейді. оператор жұмысы жүйкелік-эмоциональдық жүктемемен байланысты. Микроклиматтың қалыпты нормада болмауы тез шаршауға,қажуға әкеліп соқтырады. Оператор бөлмесінің микроклиматы қалыпты жағдайда: температура жұмыс басында 19-21ºС, жұмыс соңында 23-25ºС ылғалдылық жұм басында 62-55%, соңында 60-40%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,1м/с болу керек.
Бөлменің микроклиматын қалыптылауды ұсынады, желдету, ылғалдағыштар орнатуды талап етеді. ДК-ны пайдалана отырып жұмыс істеу қосалқы, негізгі болып табылатын (диспетчерлік, операторлық, есептеу бөлмелері, кабиналар және басқару бекеттері, есептеу техникасының залдары) және жүйке-эмоциялық жүктемемен байланысты өндірістік үй-жайларға арналған микроклиматтың оңтайлы нормалары №1430 «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының HYPERLINK "jl:51050540.2" 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес келу керек.. ДК және БТ орналасқан барлық үлгідегі білім беру ұйымдарының үй-жайларында және бос уақыт өткізетін объектілерде осы Санитариялық қағидаларға HYPERLINK "jl:51050540.22" 2-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес микроклиматтың оңтайлы параметрлері қамтамасыз етіледі. ДК және БТ бар үй-жайлар жылыту жүйелерімен жабдықталады және жалпы алмасу желдету жүйесі болуы тиіс. Микроклиматты жылы, салқын мезгілдерде жұмыс уақытында 3рет (басында ортасында, аяғында) өлшеу керек.Температураны,ылғалдылықты және ауаның қозғ жылд еденнен отырып жұмыс жасағанда 1м, тұрып жұмыс жасағанда 1,5м биіктікте өлшейді. 100м² -ге дейінгі ауданды бөлмелерде 4 жерден өлшейді, 101-400м² 8 жерден. Сонымен қатар жұмыс режимін дұрыс ұйымдастыру қажет.ДК-мен жұмыс істеу ұзақтығы 2сағ аспау керек.Түнгі ауысымда жұмыс жасағанда 30мин-60минутқа ұзартылады.Жұмыс ауысымы 12сағ болғанда алғашқы 8 сағаттағы үзіліс 30-70мин, соңғы 4 сағатта үзіліс уақыты әрбір сағ сайын 15 мин болу керек.
Темір соғатын зауыт цехындағы штампылаушы жұмысшы
Жергілікті діріл және шуға байланысты болу мүмкін. Шу және тағы басқа қолайсыз өндірістік факторлармен қатар әсер ететін ұзақ уақыттық дірілдің әсерінен жұмысшы организмінде тұрақты патологиялық бұзылыс-діріл ауруы туындайды. Діріл рецепторлық аппаратта, ОЖЖ-де , тірек-қимыл аппаратында айқын бұзылыстар тудырады. Діріл жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Қантамырлық бұзылыстар діріл ауруының негізгі симптомдарының бірі болып саналады.көбінесе ол перифериялық қан айналысының бұзылысымен,капиллярлар тонусының өзгеруімен,жалпы гемодинамиканың өзгеруімен аякталады.Діріл ауруы 5-10 жыл жұмыс жасаған адамдарда дамиды.
Жұмыс орнындағы зиянды факторларды инструментальды зерттеу керек.Шуды және дірілді, т.б. қолайсыз факторларды(микроклимат көрсеткіштерін) деңгейін анықтау керек. ИШВ-1- шу мен дірілді анықтайтын аралас құрал. Ол шу мен дірілдің интенсивтілігін өлшейді және олардың спектрін талдайды. 16-16000 Гц жиіліктегі 30-140дб интенсивтілікті шуды анықтайды. Температураны термометрмен, ылғалдылықты психрометрмен, ауаның қозғ жылдамдығын анемометрмен анықтайды. Жұмысшыны тереңдетілген мед тексеруденн өткізуге кәсіптік аурулар орталығына жібереді. Шу мен дірілмен байланысы жоқ жұмысқа ауыстыру. Жұмыс режимін тексеру.
Дірілді гиг бағалау 3 әдіспен жүргізіледі:нормаланатын көрсеткіштердің жиілікті анализімен,көрсеткіштердің жиілік бойынша интегральды бағасымен,дозалық бағасымен. Қол құралдарымен жұмыс жасағанда құралдардың салмағы 10кг-дан аспау керек, ал қысу күші бір қолмен ұстайтын құралдарда 100 Н, екі қолдыда 200Н. Бөлме темп 16градустан төмен болмау керек, сал.ылғалдылық 40-60%, ауауның қозғ жылд 0,3м/с аспау керек. Өндіріс процестерін автоматизациялау, дистанционды басқару дірілдің әсерін азайтады. Еңбек жағдайы мен демалысты дұрыс ұйымдастыру қажет,діріл деңгейі қалыпты деңгейден 3дб асып кетсе жұмыс уақыты 160 минуттан аспау керек.12дб-ге асса дірілмен жұмыс жасау уақыты20 минутқа қысқарады.жұмысшыларды алдын ала және кезеңді мед тексерістен өткізу керек(невропатолог,терапевт,отоларинголог). Функционалдық зерттеулер жасалады,мыс:салқын сынама,дірілдге сезімталдық,динамометриялық көрсеткіштерді анықтау.Емдік-профилактикалық шаралар ішінде дірілдің аурудың алдын алуда ерте диагностикалау жұмысшыларды диспансерлік бақылауға алу б.т. сауықтыру шаралары: гидропроцедура түрінде қолға арналған жылу процедуралары, қолға,иыққа массаж жасау, өндірістік гимнастика, УФ-сәулелену, витаминопрофилактика.
№139 24.03.2005ж. «Жұмыс орнындағы шу деңгейіне қойылатын гиг нормативтер туралы», №310 10.08.2010ж «Дірілдің әсер ету жағдайына қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар»
Медициналық тексеру кезінде шлифовальды машинаның жұмысшысы
Тербеліс—көптеген халық шаруашылығында пайдаланылатын технологияға байланысты техниканың қолдануы нәтижесінде вибрация туғызады.Жергілікті діріл қол арқылы тербеліс құралын ұстаған кезде болатын жергілікті тербеліс 3 спектрге бөлінеді: 1. 16гц-төмен спектр; 2.30-63гц—орташа; 3.125-1000 гц –жоғары спектр. Ең қауіптісі 16-250 гц.Спектрінің сипатына байланысты жіңішке қуысты және кең қуысты болады. Жиілігіне байланысты: төмен жиілікті1 октавалық жолақта,мах деңгейде 8-16 гц , орташа жиілікті 35,5-63 гц және жоғары жиілікті—125, 250,500,1000гц
Науқаста стеноздаушы лигоментит болуы мүмкін. Бұл ауру көбінесе қолға күш түскенде болады.Бұл аурумен шлифовщиктер, штукатур, полировщиктер, малярлар, столярлар, сауыншылар ауырады.Яғни симптомдары қолдың сыздап,шаншып ауруы, қолдың ұюымен байланысты .
Аурудың алғашқы сатысы болса да рецидив беруінің алдын алу үшін уақытша басқа жұмысқа ауыстарылады.(6 апта-2 айға). Профпатолог диспансерлік бақылауға тіркейді.
2009 ж. 16-қарашадағы №709 « Міндетті медициналық тексеріп қараулар өткізу ережесі»; 2009 ж. 12-қарашадағы №706 бұйрық «Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, есеп жүргізу ережесі»; №310 10.08.2010ж «Дірілдің әсер ету жағдайына қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар»
Мейірбике №2 перзентханаға жұмысқа қабылданды.
№ 766 бұйрық «Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бетіту туралы» СанНмЕ; № 709 «Кезеңді және алдын-ала медициналық тексерістен өту» құжаттарын негізге аламыз.
Жұмысқа жіберілмейді. Міндетті медициналық тексерулер мыналарды қамтиды: терапевт, дермато-венеролог, гинеколог дәрігерлердің қарауын; туберкулезге( флюорография арқылы көкірек қуысын тексеру). Ішек жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын тасымалдауға бактериологиялық тексеру: гельминттердің болуына, сифилиске, гонореяға тексеру,патогендік стафилококты тасымалдауға таңдай және мұрыннан жағынды алу.Мынадай жай-күйлер анықталған жұмыскерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді: -жұқпалы аурулармен ауырып жүрген, -іш сүзегі, қылау, сальмонеллез, дизентерия қоздырғыштары табылса,-гельминттер қабыршақтарын тасымалдауға,- гонорея, сифилис, жұқпалы тері аурулары;- өкпе туберкулезінің жұқпалы нысаны, жыланкөзі,бакриуриясы бар өкпеден тыс туберкулез мысалы, бет пен қолдың туберкулезді қызыл жегісі,---өкпедегі белсенді емес туберкулезді өзгерістер-перзентханаларда, балалар ауруханаларында,мектепке дейінгі ұйымда.—дерматиттер. Осы қарсы көрсеткіштерге байланысты мейірбике жұмысқа қабылданбауы қажет.
Әрбір 6 айдан кейін мерзімдік тексерулер, әрбір 12 айдан кейін зертханалық және функциональдық зерттеулер болуын қадағалау. Кезекті медициналық тексеруге рұқсатты-профилактикалық медициналық тексерулер жөніндегі комиссияның төрағасы береді, жұмысқа рұқсатты аумақтағы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет береді.Жұқпалы және паразиттік ауруларын диогностикаланған, сондай-ақ жұмысты орындаудағы берілетін рұқсатқа қарсы айғақ болып табылатын жұқпалы аурулар қоздырғышының тасымалдаушысы анықталған жағдайда комиссияның төрағасы ол туралы тиісті аумақтағы МСЭҚ органына хабарлауға және науқасты емдеу үшін тұрақты мекен бойынша тиісті емдеу-алдын алу ұйымына жіберуге тиіс.
Цехта сынапты тазалағанда және айырғанда кездейсоқ еденге 25 гр сынап төгілді.
Төгілген ауданды өлшейміз. Адамдарды оқшаулау керек. Аймақтық төтенше жағдайлар ұйымына хабарлаймыз. Төгілген сынапты жинап, бөлмені желдету керек. Ластанған жерді 0,025%КМпО4 ерітіндісімен жуамыз, сосын сумен тағы ағынды сумен шаямыз, яғни демеркуризация шараларын жүргіземіз. Арнайы киім қою керек. Сынап төгілген жағдайда тез арада қажетті шаралар жүргізу қажет. Төгілген сынап организм үшін қауіп тудырмайды, ал сынап булары өте қауіпті. Сынап улылығы жоғары протоплазиялық у қатарына жатады, сондықтан сынаптан жедел және созылмалы улану болуы мүмкін. Цехта төгілген сынаптың булануының алдын алу шарасы ретінде демеркуризация қолданылады. Демеркуризация—сынапты және оның қосындыларын физико-химиялық немесе механикалық әдіс арқылы уланудың алдын алу. Ал, демеркуризациялауда қолданылатын демеркуризаторларға мыналар жатады: 0,2%калий перманганаты, 20%хлорлы әк, 4-5%дихлорамин, 20% хлорлы темір ерітіндісі. Демеркуризаторлар—сынаптың булану жылдамдығын бәсеңдетуде қолданылатын химиялық заттарды айтамыз. Төгілген сынапты жинап жабық ыдысқа салады. Химиялық демеркуризация ретінде сынапты FeCl3 ерітіндісімен өңдейді. Химиялық реакция нәтижесінде сынап тамшылары қышқыл мен хлорға айналады. FeCl3 20% ерітіндісін 10л 20-30 кв.м көлемді аумаққа өлшейді.
«Сынап және оның қоспаларымен жұмыс жасау кезіндегі және сынап толтырылған приборлармен жұмысқа арналған санитарлық талаптар» № 1.10.083-94 құжаты бойынша регламенттеледі.
Санитарлық нормаға сай жұмыс ұйымдастыру керек. Сынап көзін утилизациялауды тексеру керек. Сынаппен жұмыс істеу жабық аппараттарда жүргізу керек. Ашық жағдайда жұмыс жасағанда сору шкафы болуы керек. Сынапты тазалау және айдау бөлмелері басқа өндірістік аумақтардан оқшаулануы керек.Жұмыс жиһаздары, еден, қабырға, сынап сіңірретін материалдардан жасалмау керек. Еденде тесіктер болмау керек. ПДК жұмыс зонасының ауасындағы 0,01 мг\м3 орташа, ауысымдық 0,05 мг\м3.
Мұнай өңдеу зауытында 1 жылдың ішінде екі жұмысшыда өкпенің қатерлі ісігі
Ауру себебі болуы мүмкін;--мұнай қнімдеріне: полициклді ароматты көмірсутектер, өндірістік технологиялар кезінде бөлінетін газдар, шаңдар.Жұмыстың тұрғын жеріне, жұмыс түріне, жаман әдеттеріне байланысты болуы мүмкін. Мұнай өнімдері канцерогенді әсер етеді және де жұмысшылардың жұмыс өтіліне байланысты да кәсіби ауру дамып отыр.
Келесідей негізгі зерттеулер жүргізілуі керек: --жұмысшының кезеңді медициналық тексерістен өткендігін тексереміз;--науқасты еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығына жібереміз, одан диогностикалық зерттеулер жүргізгендігі, кәсіби анамнез жиналады.---Зауыттың сауықтыру шараларының жүргізілуін, еңбек пен демалыстың дұрыс ұйымдастырылуын, санаторлық-курорттық жолдама беру-бермеуін тексереміз.---жұмыс орнының ауасынан сынама алу,құрамындағы зиянды заттардың ШРЕК-н анықтау.
Егер науқасқа кәсіби ауру диагнозы қойылса, өндіріс орнына толық санитарлық-гигиеналық тексеру жүргіземіз.Науқастың ем алуы және кәсіби жарамдылығы анықталғаннан кейін оны жұмысқа жіберу туралы мәселе шешіледі. №706 ,2009ж. 2-қараша «Кәсіби аурулар мен улану жағдайын тіркеу, есепке алу» бойынша есептегі науқасқа кәсіби сараптама жүргізіледі. Комисся құрамында 3 адам болады.Қажетті материалдар: медициналық ұйымның жолдама қағазы, аурудың медициналық картасынан алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді тексеріс туралы, зертханалық-функциональдық тексеріс туралы мағлұмат алу керек. Деректкр №330 «Кәсіби ауруларды тексеру журналы» тіркеледі. Сонымен қатар жағдай №561 бұйрық « Мұнай өндіретін өнеркәсіптік обьектілерге қойылатын талаптар» құжатымен де қаралады.
35 жастағы әйел адам қосалқы жұмысшы қызметін атқарады.
№ 528 «Еңбекті қорғау заңы» 15-бап, №632 18.08.2004ж. «Әйелдердің еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаттарын қолдана отырып шешімін қарастырамыз.
Әйелдің бұндай 15 кг салмақтағы жүкті үнемі көтеруіне және тасымалдануына болмайды. СанПинге сәйкес, жүкті көтеріп және жылжыту басқа жұмыспен алмастыра отырып(сағатына 2 ретке дейін) жасалатын жағдайда 10 кг-нан аспау керек. Жүкті көтеріп және жылжыту тұрақты және ауысым бойы жасалған жағдайда 7 кг-нан аспау керек. Есептің берілгеніндегі 15 кг салмақты әйел адамның көтеріп, тасымалдауына рұқсат етілмейді.
Әйелді басқа жұмысқа ауыстыруға немесе жүктің салмағын төмендетуге, сондай-ақ қосалқы жұмысты тоқтатуға ұсыныс жасау. Өндіріс орнын және әйелдің еңбек ету жағдайына қойылатын талаптардың сақталуын тексеру.1) өндірістегі микроклимат
2.Типтік нормаға сәйкес арналған киіммен, аяқ киіммен және қарапайым қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге тиіс.Жеке қорғаныс құралдарын таңдау (түрлерін және топтарын) еңбек жағдайына байланысты жүргізіледі. 3.Уақытылы медициналық тексеруден өтулерін тескеру.4. Діріл деңгейін есепке алу: көліктік-технологиялық—95 дб,көліктік—101 дб, технологиялық-86 дб болуы керек.5. Өзі жүретін ауыр машиналарда және жүк тасымалдайтын көліктерде әйелдерге жұмыс жасауға болмайтындығын қарау. Жалпы, ауыр жүк көтеру жұмысымен айналысатын әйелдерде жатыр ретрофлексиясы, ішкі жыныс мүшелерінің төмен түсуі, өздігінен түсік сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Әйелдердің еңбек жағдайын қорғауда жүкті көтеру және тасымалдау кезінде шекті салмағы, тиімді еңбек және демалыс режимін енгізу,түнгі мезгілде әйелдерге жұмыс жасауын шектеу. Әйелдердің еңбектерінде толық емес жұмыс күнін немесе толық емес аптаны қолдану туралы көрсетілген.
Мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыт
Химиялық зауыттың санитарлық қорғаныс аймағының көлемі талапқа сай келмейді. Өйткені, өндірістік кәсіпорындар обьектілерінің СҚА - қауіптілік класына, СҚА шекарасына, орналасқан аудандық территорияға байланысты анықталып бекітілген. Санитарлық қорғаныс аймағы дегеніміз—арнайы мақсаттағы зонаны бөлетін территория, сонымен қатар, тұрғын пунктегі өндірістік ұйымдар және басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық обьектілердің жақын селитебті территориялардан, тұрғын үй мен имараттардан олардың жағымсыз факторларының әсерін азайту мақсатында бөліп тұратын территория. Осыған байланысты, обьектінің қауіптілік кластары анықталады. СҚА-ң 5 класы бар. Обьектінің қауіптілік класы--обьектінің эксплуатация жағдайы мен сыйымдылығына байланысты, қоршаған ортаны ластаушы заттардың бөліну мөлшері мен сипатына, шу, вибрация, сәулелену тудыруымен байланысты, қоршаған орта мен адам денсаулығына жағымсыз әсер етудегі обьектінің категориясы. Бұл жерде мышьяк және оның қосылыстарын өндіретін химиялық зауыттың санитарлық қорғаныс аймағы 1-классқа жатады, яғни СҚА 1000м-ден кем болмауы керек.Есепте берілген 200 м көлемі талапқа сай келмейді. Сонымен қатар, 1-классқа химиялық өндірістерден азот байланыстарын, жасанды және синтетикалық талшықтарды, фтор және фторлы сутекті, фосфор және фосфоорганикалық қосылыстарды, жасанды және синтетикалық каучукті, синтетикалық химико-фармацевтикалық және дәрілік препараттарды, хром және хром ангидридін, күрделі эфир және т.б. өндіретін өндірістік зауыттар жатады.
6-қазан 2010 ж. №795 «Өндірістік обьектілерінің санитарлық қорғаныс аймағын бекітуге қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі, №334 бұйрық 17-тамыз 2005ж. «Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаттарына негізден қорытынды береміз.
Бұл жерде санитарлық дәрігердің шешімі, өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын талаптарға негізделіп, химиялық зауыттың жобасына келісім берілмейтіндігін, яғни жобаны қайта қарауға жіберілуін тапсырады.
Механизацияланған ұсталар цехында жазғы уақытта жұмыс істеу зонасында
Механизацияланған ұсталар цехында ұсталарға қыздырушы микроклимат тән. Бұл жерде жылу бөлу көлемі бірнеше есеге жоғарлайды. Жылдың жылы мезгілінде ұсталардың жұмыс орнында ауа температурасы қалыпты нормадан 8-10ºС –қа жоғарлауы мүмкін. Ұсталар жұмысы металдың белгілі температурада пластикалылығы мен оның қатуына байланысты жоғары темпті жұмыс саналып, еңбектің орташа ауырлықты немесе ауыр категориясына жатады. Бұл жерде микроклимат жағдайларын № 355 14.07.2005ж. «Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» сәйкес бағалаймыз. Жабық өнеркәсіптік үй-жайлардағы метерологиялық жағдайлардың керекті мөлшерінің көрсеткіштері мен оңтайлылығын анықтаймыз. Рұқсат етілген және оңтайлы микроклиматтық жағдайларды есепке ала отырып, осы құжаттың 1-қосымшасына сәйкес, өндірістің түрі 3-категорияға жатады, жылдың жылы мезгілінде оптимальды ауа температурасы-18-20, тұрақты жұмыс орнында 15-26ºС, тұрақсызда 13-28ºС болуы керек; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы оптимальды 40-60%,рұқсат етілген деңгейі 75%болуы керек. Ауаның қозғалыс жылдамдығы оптимальды 0,4 м\с ,рұқсат етілгені 0,2-0,6 м\с дейін болуы керек. Есеп бойынша жұмыс істеу зонасының ауа температурасы артық, жылу сәулелендіру интенсивтілгі жоғары, салыстырмалы ылғалдылығы төмен болып, ауаның қозғалыс жылдамдылығы артып отыр. Яғни, жұмыс ортасы құрғақ бумен байланысты.
Микроклиматты нормалау үшін, яғни өндірістік микроклиматтың жағымсыз әсерімен күресу үшін технологиялық, санитарлы-техникалық және медико-профилактикалық шараларды қолдану керек. Технологиялық шараларға,қста цехындапешті жоғары жиілікті токтардың индукциялық қыздырылуын азайтатын пештерге алмастыру.Санитарлы-техникалық шараларға жылу бөлінуді локализациялайтын және жылуизоляциялау,құрылғыдан жылу бөлінуін және жылулық сәулелену интенсивтілігін төмендетуге бағытталған шаралар жатады. Яғни,жұмыс зонасында қыздырушы беттерді жылу изоляциялайтын материалдармен қаптау(стекловат, асбестті мастик, асботермит т.б). Қабырғаларды термоизоляциялау термиялық пештерде беткей температураны бірнеше есе төмендетіп, жылубөлінуді 5 есе төмендетеді. Сонымен қатар, құрылғыларды герметизациялау керек. Және түрлі жылушағылыстыратын,жылужұтатын экрандар қолданылады. Ауа температурасын төмендету үшін ыстық цехта рациональды желдету жүйесін жүзеге асыру керек. Егер жылу сәулелендіру интенсивтілігі348 вт\м2 көп болса ауалы себезгі қолданылады. Жеке қорғаныш құралдары да маңызды орын алады. Яғни, киімдері ауа және ылғалөткізгіш болуы, инфрақызыл сәулелерден қорғайтын жұқа қабатты метал жұғындысынан тұруы керек. Осындай ауыр физикалық фактор әсер ететін жұмыстарда сыртқы ауа температурасы 25 –тен 33-ке дейін болғанда 45 минут жұмыс сайын 15 мин үзіліс жасап отыруы және ыстық уақыт кезінде жұмыс ауысымын 4-5 сағатқа үзу керек. Сонымен қатар, қызып кетудің алдын алу үшін дұрыс рациональды тамақтану мен сулы режим қарастырылуы керек. Калий тұздары қосылған минеральды су беруі керек. Бұл механизацияланған цехта температура мен ауаның қозғалыс жылдамдылығын төмендету және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын оптимальдау керек
Аяқ-киім фабрикасының аяқ-киім тігу цехында ең үлкен ауысымда
Бұл жерде №1.08.067-094 «Аяқ киім өнеркәсібі еңбек гигиенасы бойынша санитарлық талаптар», №334 08.07.2005ж. «Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», №632 18.08.2004ж. «Әйелдер еңбек жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» құжаттары негізінде қаралады. Бұл жерде өндірістік процестің тобы 1 а және 1 б. Өйткені, 1а санатына отырып жасалатын және физикалық күшті қажет етпейтін, энергия шығыны сағатына 120 килокалорий (бұдан әрі – ккал/сағ) болатын жұмыстар жатады. 1б санатына түрегеп тұрып, отырып жасайтын немесе жүрумен байланысты және физикалық күш жұмсалатын, энергия шығыны 120-дан 150 ккал/сағ дейін болатын жұмыстар жатады. Бұл өндіріске қатысты санитарлық-тұрмыстық бөлмелер: 1) гардероб,2) жұмысшылардың арнайы киімдерін тазалайтын химиялық тазалау және жөндеу бөлмелері( клей, краска тазалау), 3) демалу бөлмесі, 4) душтық бөлме. 5) негізгі өндірістік үрдіс жүретін бөлмелер.Сонымен қатар келесідей технологиялық үрдістер жүреді: 1) аяқ киім клейін дайындау; 2) ыстық вулканизациялық әдіспен аяқ киім шығару; 3) құю әдісімен аяқ киім шығару; 4) табандарын галогенирлеу; 5) синтетикалық теріні өңдеу үрдістері; 6) полимерлік материалдарды өңдеу; 7) жасанды теріні өңдеу;8) синтетикалық алмастырғыштарды өңдеу үрдістері жүреді.
Әйелдердің жеке бас гигиенасы бөлемесі (ӘЖГ) жұмысшы әйелдердің жалпы саны 500 адам болатын кәсіпорындарда қарастырылуы керек.Жұмысшы құрамындағы әйелдер саны 500-ден аз шағын кәсіпорындарда кабиналар санымен сәйкестендірілген әйелдер жеке гигиенасына арналған 1 бөлме қарастырылуы керек. ӘЖГБ –нде тамбур және жеке кабиналар, 2 м аласа емес өткелдер болуы керек. Тамбурда қолжуғыш яғни ыстық және салқын сумен қамтылған болуы керек, персоналдарға қажет стол, қолды электрокептіргіш, қоқыс корзинасы, магнитті сабынсалғыш болуы қажет.Жеке кабиналар ыстық және суық су сместительімен және унитазбен пайдаланылған пакетке арналған жабылатын бөшкесімен және киім ілгіштерімен жабдықталуы керек. Жеке кабиналар саны 1 кабинаға 100 жұмысшы есебінен есептелсе, шаңдануы жоғары кәсіпорында 1 кабина 50 әйелге қарастырылуы керек. ЖГ бөлмесі цехтің дәретханасымен байланыспауы керек. ЖГ бөлмесі жұмыс орнынан 150 м-ден көп емес ара қашықтықта болуы қажет.
Цехтың тұрақсыз жұмыс орындарында орташа ауырлықта ( II категория ) жұмыс орындалады.
Жұмыс орны – еңбек іс әрекеті барысында жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орны. Тұрақсыз жұмыс орны – жұмысшы өзінің жұмыс уақытының аз мөлшерін өткізетін орны ( 50% төмен немесе тұрақты түрде екі сағ. аз). Оптималды микроклимат жағдайы – адамның қалыпты жылулық жағдайының сақталуын қамтамасыз ететін ұзақ және жүйелі түрде әсер ететін микроклимат көрсеткіштерінің сәйкестілігі. Салқын жыл мезгілі – сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік көрсеткіші +10ºC және одан төмен болатын жыл периоды. Жылы жыл мезгілі – сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік көрсеткіші +10ºC тан жоғары болатын жыл периоды. Жұмыс категориялары – ағзаның жалпы энергия шығыны (ккал/сағ) негізінде жұмыстың ауырлық дәрежелерінің шектелуі: 1) Жеңіл (I категория) – энергия шығыны 150 ккал/сағ. аспайтын жұмыс түрі. 2) Орташа (II категория) – энергия шығыны 151 – 250 ккал/сағ. Болатын жұмыс түрі. II а категория – энергия шығыны 150-200 ккал/сағ. болатын жұмыс түрі. Бұл категорияға жүрумен байланысты, тұрған немесе отырған күйде ұсақ (1 кг дейін) өнімдер мен заттарды тасымалдайтын және белгілі бір физикалық жүктемесін талап ететін жұмыс түрлері жатады. II б категория – энергия шығыны 200 – 250 ккал/сағ. болатын жұмыс түрі. Бұл категорияға тұрған күйде, жүрумен байланысты, орташа көлемді (10 кг дейін) ауырлықты тасымалдайтын және орташа дәрежедегі физикалық жүктемемен жүретін жұмыс түрлері. 3) Ауыр (III категория) - энергия шығыны 250 ккал/сағ асатын жұмыс түрі.
Салқын жыл мезгілінде: II а категория бойынша: оптималды – 18-20ºС; tº- 15-24ºС; ылғалдылығы - 40-75%, ауа жылдамдығы - 0,2-0,3 м/с, II б категория: оптималды – 17 – 19 ºC, tº - 13 – 23 ºC, ылғалдылығы - 40-75%, ауа жылдамдығы - 0,2-0,4 м/с.
Жылы жыл мезгілінде: II а категория бойынша: оптималды – 21-23ºС; tº- 17-29ºС; ылғалдылығы - 40-60% немесе 40-65%, ауа жылдамдығы - 0,2-0,4 м/с, II б категория: оптималды – 20 – 22 ºC, tº - 15 – 29ºC, ылғалдылығы - 40-70%, ауа жылдамдығы - 0,2-0,5 м/с.
№ «Өндірістік бөлмелердің микроклиматына қойылатын санитарлық нормалары».
Бетон өндіретін үй салу комбинатында құрамына кремнийдің 60% бос қос тотығы бар силикатты
Шаңның концентрациясын анықтау үшін мына формуланы қолданамыз:
Со=(m1- m0)Vx1000Со - шаңның концентрациясы, мг/м3
m1 – сынама алғаннан кейінгі фильтрдің салмағы, мг
m0 – сынама алар алдындағы фильтрдің салмағы, мг
V – фильтр арқылы өткен ауа көлемі, дм3
V=qt q - бір минут өткен ауа көлемі
t – сынама алған уақыт ұзақтығы
v – 15 л/мин 10 мин = 150 л.
Со=(71- 69)150x1000= 13 дм3Санитарлық талап б/ша шаң құрамындағы кремний бос қостотығы 70% жоғары болса, ШРЭК – 1 мг/м3, 10 - 70% - 2 мг/м3 болу керек.
Нәтижесінде бетон өндіретін үй салу комбинатында шаңның концентр. нормадан 6,5 есе артық.
Шаң дегеніміз өндірістік процестер кезінде түзілетін және ауа құрамында аралас күйде ұзақ уақыт болатын қатты заттардың ұсақ бөлшек түріндегі жиынтығы. Шығу тегіне б/ты шаң: органикалық, бейорганикалық, аралас. Орг/қ шаңға: табиғи: жануартекті, өсімдіктекті (мақта, жүн, ағаш) және жасанды пластмасса, резина, смола, бояулар мен әртүрлі синтетикалық өнімдер. Бейорг/қ шаңға: минералдар (кварцты, силикатты, асбестті, цементті, фарфорлы) жәнеметаллды (мырышты, темір, мыс, қорғасын, марганец). Аралас шаң: орг/қ және бейорг/қ түрлері жатады (металлургия, химия өндірісі). Түзілуіне б/ты: аэрозольды – дезинтеграциялық және конденсациялық деп бөледі. Дезинтеграциялық аэрозоль қатты заттарды механикалық бөлшектеу, ұсақтау, бөлу (бұрғылау, сындыру, жару), механикалық өңдеу (полировка, тазалау). Конденсациялық аэрозоль қатты заттарды термиялық өңдеу процесінде (балқыту, электросварка) түзіледі. Көлеміне б/ты: көзге көрінетін 10 мкм жоғары, микроскопиялық көлемі – 0, 25 – 10 мкм, ультрамикроскопиялық көлемі 0,25 мкм кіші. Химиялық құрамына байланысты шаң организмге фиброгенді, тітіркендіргіш, токсикалық, аллергиялық әсер көрсетеді. Өкпе ауруларына шаңның минералогиялық құрамы кремний қос тотығы әсер етеді. Кремнийдің фиброгенді қасиеті оның кристалл торларының құрылымына б/ты: әсіресе екі кремний тотығын қыздыруда алынатын тридимит, кристобалиттен фиброгенді әсер ету деңгейі жоғары. Ал төменгі фиброгенді әсер көрсететін кристалды кремнезим бұзылған кристал торлы аморфты кремний диоксидінің фиброгендік әсері төмен.
ШРЭК күнделікті жұмыс кезінде (8 сағат бойы және аптасына 40 сағ. аспайтын) барлық жұмыс өтілі барысында денсаулығында, ұрпақтарында ауруды немесе ауытқуды болдырмайтын зиянды заттар концентрациясы. ШРЭК бір мерзімдік және орта ауысымдық нормативтер түрінде белгіленеді. Орта ауысымдық ШРЭК көбіне созылмалы уыттануды тудыратын (фиброген шаңдары, металлдардың аэрозольдері) заттарға арналып бекітіледі. Тікелей бағытталған уытты әсері бар заттарға барынша бір мерзімдік концентр/р белгіленеді. Әсері кезінде соз/ы улану да, тікелей улану да дамытуы мүмкін зат/ға бір мерзімдік және орта ауысымдық ШРЭК қатар белгіленеді. Орта ауысымдық ШРЭК – барлық уақытты қосқанда жұмыс ауысымы ұзақтығы 75% аз болмайтын ауаны үздіксіз н/е үздікті іріктеу кезінде алынған орта конц/я ж/е барлық ауысым ұзақтығы уақытындағы жұмыс істеушілердің демалу аумағында олардың тұрақты н/е ұзақ болуы орындарындағы орташа өлшенген конц/я. Бір мерзімдік ШРЭК тең концентр/дың ауысым барысында жұмыс істеушіге әсер ету ұзақтығы, көбіне фиброгенді әсері бар аэрозольге ж/е ол бір ауысымда 4 реттен артық қайталануы мүмкін – 15 мин пен 30мин аспау к/к. Шаңның ШРЭК өсуі шаңның дисперстілігіне б/т. Шаңның дисперстілігінің гигиен/қ маңызы бар, себебі шаңды бөлшектер көлеміне, салмағына ж/е формасына б/ты шаңның ауада болу ұзақтығы анықт/ды. Аэрозоль дисперстілігі шаңның сыртқы ортада тұну жылдамдығын анықтайды. Мөлшері 0,01 – 0,1 мкм бөлшектер ауада ұзақ уақыт болады. Ірі бөлшектердің мөлшері мен салмағына сәйкес болады.

Приложенные файлы

  • docx 24145234
    Размер файла: 90 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий