Aray bkh


ІІІ деңгей
1.Науқас: М., 46 жаста, сыздауық шығуына байланысты хирургия бөлімшесінде жатыр. Анамнезінде: соңғы екі жылда іріңді ауруларға бейімділігі бар, қатты шаршағыштық байқалады. Зерттеулерде: ЖАҚ -өзгеріссіз, ЖЗА - өзгеріссіз, жалпы холестерин – 6,0 ммоль/л, триглицерид -2,4 ммоль/л, мочевина -6,2 ммоль/л, қан креатинині -57 ммоль /л, ашқарынға қандағы глюкоза -7,0 ммоль/л.
Алынған лабораториялық мәлімметтерге қарап қандай нәтиже бере аласыз?
Қосымша зерттеу әдісітері қажет деп ойлайсыз ба?
Жауабы:
Қалыпты мөлшерде
жалпы холестерин 3,11-6,48 ммоль/л,
триглицерид бұл жынысқа және жасқа байланысты өзеріп отырады, 45-50жас аралығында ерлерде 0,65-3,70 ммоль/л,әйел адамдарда 0,52-2,42 ммоль/л
мечевина 3,33-6,66 ммоль/л
креатинин 45-115(45-97) ммоль/л
глюкоза 3,5-5,5 ммоль/л
Осыған байланысты глюкоза нормадан жоғарылағанын байқауға болады. Бұл көрсеткіш эндокринді жүйенің бұзылғанын көрсетеді.Яғни, гипергликемияны сипаттайды.
Болжам диагноз: Қант диабеті.Себебі: глюкоза мөлшері нормадан жоғары. Қалған көрсеткіштер нормаға сай. Қосымша зерттеу әдістері қажет, эндокринді жүйені зерттеу қажет.
2.Науқас Н. 27 жаста. Глюкоза- 5,69 ммоль/л, Креатинин- 85,99 ммоль/л, Холестерин -5,01 ммоль/л, Триглициридтер – 1,12 ммоль/л, АЛТ-22,75, АСТ-12,74. Көрсеткіштерді талдаңыз?
Жауабы :
Қалыпты мөлшерде
глюкоза 3,05-6,38 ммоль/л
креатинин 45-115(45-97) ммоль/л
жалпы холестерин 3,11-6,48 ммоль/л,
триглицерид бұл жынысқа және жасқа байланысты өзеріп отырады, 45-50жас аралығында ерлерде 0,65-3,70 ммоль/л,әйел адамдарда 0,52-2,42 ммол/л
АЛТ 5-30 ед
АСТ 8-40 ед
Осы көрсеткіштерге қарайтын болсақ,барлығы нормаға сай.Науқастын биохимиялық зерттеуінде ешқандай ауытқу жоқ
3.Науқас: С., 53 жаста, Артериальды гипертензия, 3 кезең, жоғары қауіп тобы диагнозымен терапия бөлімшесінде жатыр. Дене салмағы 34,5 кг/м2. гипертониямен 3 жылдай ауырады. Соғы 5 жылдай етеккірі тоқтаған.
Биохимиялық зерттеулері: ашқарынға қандағы глюкоза -6,0 ммоль/л, жалпы холестерин -7,2 ммоль/л, Төменгі тығыздықты липопротеидті холестерин – 5,5 ммоль/л, жоғарғы тығыздықты липопротеинті холестерин -1,0 ммоль/л, үшглицеридтер -1,54ммоль/л.
Дислипидемияның қай түріне жатады? Ашқарынға қандағы глюкоза нәтижесін қалай интерпретациялауға болады? Қосымша зерттеу әдістері қажет деп ойлайсыз ба?
Жауабы:
Қалыпты мөлшерде
глюкоза 3,05-6,38 ммоль/л
жалпы холестерин 3,11-6,48 ммоль/л,
ТТЛХ > 4,9 ммоль/л
ЖТЛХ >0,9 ммоль/л
триглицерид бұл жынысқа және жасқа байланысты өзеріп отырады, 45-50жас аралығында ерлерде 0,65-3,70 ммоль/л,әйел адамдарда 0,52-2,42 ммол/л
Холестерин мен ТТЛХ нормадан жоғарылаған, қан тамырларында холестерин жиналу әсерінен фиброзды түйіндер пайда болуы мүмкін. Артериялды гипертензия асқыну салдарынан атеросклероз дамуы мүмкін.Қорыта айтқанда бүл көрсетілген себептерден атеросклероз дамиды. Қосымша зерттеу әдістері қажет: экг, эндокринді жүйені тексеру.
4.Науқас Р. 52 жаста. Глюкоза 5,68 ммоль/л, мочевина-4,34 ммоль/л, креатинин -65,98 ммоль/л, жалпы белок -70,16 г/л, АЛТ – 21,57, АСТ-15,01. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін талдаңыз?
Жауабы: Науқастың қанының биохимиялық көрсеткіштері қалыпты, тек глюкоза кішкене мөлшерде жоғарылаған (қалыптыда 3,5-5,7 ммоль/л). Яғни қалыпты мөлшерде мочевина 3,3-6,6 ммоль/л, креатинин ер адамдарда 88-177 мкмоль/л; әйел адамдарда 44-141 мкмоль/л, жалпы белок 65-85 г/л, АЛТ (аланинаминотрансфераза) 3-26 МЕ/л, АСТ (аспартатаминотрансфераза) 6-25 МЕ/л. Глюкоза мөлшерінің көбеюі гипергликемиямен сипатталады, инсулин гормонының бұзылыстары байқалуы мүмкін. Алдын алмаса қант диабетіне шалдығуы мүмкін. Болжам диагноз диабет алды, яғни қант диабетінің бастапқы сатысы. Диагнозды нақтылау үшін науқастың шағымдарына назар аудару керек және эндокринолог тексеруіне жолдама беру керек.
5. Науқас Б., 63 жаста, оң аяғыны бас бармақ буынының ісініп, қызарумен келді, қатты ауырсыну және буындарының қозғалғыштығы шектелген. Науқас аяғының жарақаттануы мен жырылуын жоқтығын айтады.
Қандай болжамалы диагноз қоя аласыз? Қандай критерилерге сүйене отырып диагнозды нақтылай немесе жоққа шығара аласыз?
Жауабы: Болжам диагноз – подагра ауруы. Бұл аурумен көбінесе әйел адамдар 55 жастан кейін, ал ер адамдар 40 жастан кейін шалдығады. Пуриндік алмасу бұзылыстары салдарынан адам ағзасында зәр қышқылдарының жиналып қалуы. Буындардың ісініп, қызаруымен, қатты ауырсынуы мен қозғалысының шектелуімен сипатталады. Болжам диагнозды нақтылау үшін науқасты зертханалық тексеруге жіберу керек, жалпы қан анализіне, биохимиялық қан анализіне креатинин және зәр қышқылының деңгейін білу үшін, ең маңызыд диагностикалық әдіс поляризацияланған микроскопия арқылы натрий, урат кристалдарын анықтау.
6. Науқас Қ.50 жаста. Глюкоза -6,20 ммоль/л, Креатинин 51,12 ммоль/л, Холестерин 8,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
Жауабы : зерттеу нәтижесін бақылау барысында глюкоза мөлшері мен холестерин мөлшерінің жоғарылауы байқалады. Глюкоза («сахар в крови») — норма 3,33—5,55 миллимолей на литр.  Норма креатинина — 44—106 микромолей на литр. Норма общего холестерина от 3,6 ммоль/л до 7,8 ммоль/л. қандағы глюкоза деңгейінің жоғарлау салдарынан қант диабетіне алып келеді. Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабетинсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.Қорыта айтқанда бүл көрсетілген себептерден атеросклероз дамиды. Қосымша зерттеу әдістері қажет: экг, эндокринді жүйені тексеру.
7. Науқас Ш., 16 жаста, тізе, шынтақ буындарының ауырсынуына және ісінуіне, тамақтану кезінде қасықты ұстап тамақтанғанда қолда қатты әлсіздікке шағымданады. Қарағанда буындарының ісінуіне қызаруына және бөртпелер байқауға болады. Қандай болжамалы диагноз қоя аласыз? Қандай критерилерге сүйене отырып диагнозды нақтылай немесе жоққа шығара аласыз?
Жауабы : Болжам диагноз - ревматоидты артрит. Бұл ауру буындардың эрозиялық – деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің жүйелі ауруы. Бұл сырқатпен кәрі де жас та ауырады (тұқымқуалайтыны да анықталған). Белгілері: буындардың ауырсынуы, ісінуі, әлсіздік, қимылсыз жағдайдан кейін буындардың 1 сағаттай сіресіп қалуы, буын маңында теріастылық түйіндер мен бөртпелердің болуы, т.б. Болжам диагнозды нақтылау үшін жалпы қан мен зәр анализі, биохимиялық қан анализі, иммунологиялық зерттеулер тағайындалады. Сонымен бірге инструментальды зерттеулер ЭКГ, буындардың рентгенографиясы, УДЗ мен КТ жасау керек.
8. Науқас Н.31 жаста. Глюкоза 4,54 ммоль/л, Креатинин 60,17, Холестерин 4,49 ммоль/л, Триглицирид -1,24 ммоль/л, ХС ӨЖТЛП – 0,69 ммоль/л, ХС ТТЛП-2,59 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
Жауабы: -- Глюкоза («сахар в крови») — норма 3,33—5,55 миллимолей на литр.  
- Норма креатинина — 44—106 микромолей на литр.
- Норма общего холестерина от 3,6 ммоль/л до 7,8 ммоль/л.
- норма триглицеридов 0 - 2,25 ммоль/л
- Холестерин-ЛПНП — липопротеины низкой плотности, LDL. Норма для мужчин — 2,02—4,79 ммоль/л, для женщин 1,92—4,51 ммоль/л.
- Холестерин-ЛПВП — липопротеины высокой плотности, HDL. Норма для мужчин — 0,72—1,63 ммоль/л, для женщин 0,86—2,28 ммоль/л.
зерттеу көрсеткішіне қарайтын болсақ ӨЖТЛП нормадан төмен.Бұл көрсеткіш атеросклероздың дамуына алып келеді.
Атеросклероз (atherosclerosіs; гр. athrа — ботқа және sklrsіs — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі. Негізінен қарт кісілерде кездеседі. Атеросклероздың пайда болу себептеріне қан қысымының жоғары болуы, эндокриндік аурулар және семіру жатады. Атеросклероздың асқынған түрі хирургиялық емдеуді талап етеді. Атеросклероздан сақтану үшін дұрыс тамақтану, әсіресе, өсімдік майын пайдалану, спортпен шұғылдану керек
9. Науқас А., 70 жаста, қабылдау бөлімшесіне белбеу тәрізді және эпигастрий аймағының ауырсынуы мен іш өтуімен келіп түсті. Соңғы 2 күн бойы ауырады. Аурудың басталуын майлы тағам жеумен байланыстырады. Қарап тексергенде склерасының сарғыштануы, эпигастр тұсының, оң және сол қабырға астының ауырсынуы анықталды.Қандай болжамалы диагноз қоюға болады? Қандай қосымша зерттеу әдістері қажет деп ойлайсыз? Ұсынылған зерттеу әдісін негізденіз?
Жауабы: көрсетілген клиникалық белгілерге карап паренхиматозды сарғаю ауруларына жатқызуға болады. Паренхиматозды сарғаю-бауыр паренхимасының түрлі зақымдалуы кезінде пайда болады. Вирусты гепатиттің ауыр формаларында, лептоспирозда, гепототоксикалық улармен уланғанда, сепсис кезінде байқалады. Бұл процесс нәтижесінде қан сарысуында билирубин мөлшері көбейеді.(50-200 мкмоль/л дейін, немесе одан жоғары). Сонымен қатар науқасқа жалпы биохимиялық қан сараптамасын жасату қажет. Себебі: склераның сарғаю көрінісі байқалған.
10. Науқас Б. 50 жаста. Глюкоза 9,82 ммоль/л, Жалпы билирубин 20,86 ммоль/л, Холестерин -4,25 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
Жауабы: глюкоза мен жалпы билирубин мөлшері жоғары. Қандағы глюкоза мөлшерінің жоғарылауы гипергликемияға алып келеді.гипергликемия қант диабетіне алып келеді. Қант диабеті бұл ұйқы безінде инсулиннің жоғарылауынан болады. Билирубин мөлшерінің жоғарылауы бауыр клеткасының сарғаюына алып келеді. Қорыта айтқанда бұл паренхиматозды сарғаюға келеді.Паренхиматозды сарғаю-бауыр паренхимасының түрлі зақымдалуы кезінде пайда болады.
11. Науқас В., 37 жаста, 10 жыл шамасындай созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Жоспарлы түрде ем қабылдауға келіп түсті.
Қандай лабораторлы зерттеу әдістерін жүргізу керек? Ұсынылған зерттеу әдісін негіздеңіз?
Жауабы : жалпы кіші дәрет сараптамасына:эритроциттірдің, лейкоциттердің, ақуызды мөлшерін анықтау; УДЗ- бүйректі түсіру; ЭКГ; бүйрек биопсиясына тексеруге жібереміз.
12. Науқас Б. 32 жаста. Глюкоза – 6,16 ммоль/л, ХС ЖТЛП – 0,9 ммоль/л, ХС ТТЛП -3,01 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
Жауабы: глюкоза нормадан жоғары бұл көрсеткіш гипергликемияны сипаттайды. Қалған көрсеткіштер нормада. Қант диабеті ауруының белгілері бар, себебі: глюкоза мөлшері нормадан жоғары. Сонымен қатар артериалды гипертензия
13. Науқас П., 65 жаста, 25 жыл бойы артериальды гипортониямен ауырады. Қарап тексергенде науқастың бойы 160 см, салмағы 90 кг. Артериальды қысымы 180/110 мм с.б.б.
Қанның биохимиялық зерттеуінде креатинин деңгейі 120 мкмоль/л.
Қандай болжамалы диагноз қоясыз және қандай зерттеу жоспарларын жүргізуге болады?
Жауабы: Диагнозы Артериалды гипертензия III дәрежесі-қауіпті тобына жатады,Емі базисті препараттар, Ингибитор АПФ, пристариюм, пренесса-Қан тамырларды кеңейту үшін қолданылады.Креатинин мөлшері жоғары-бүйректің қабынуын көріп тұрмыз.Жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіБұл жерде бүйрек,жүрек,ми зақымдалады.Бүйрек қызметі бұзылысы себебінен Артериялық қан қысымы жоғарылаған.зерттеу жұмыстары:Бүйрек гемодиализін жинау , бүйректің функциясын атқаратын.Бүйректің қандарын аппаратпен тазалау жұмысы жүргізілуі керек.Емі-Блокаторлар яғни қанды сұйылтатын препараттар беру.Науқас тұз,қант,май мөлшерін азайту керек.
14. Науқас Н. 27 жаста. Глюкоза- 5,69 ммоль/л, Креатинин- 85,99 ммоль/л, Холестерин -5,01 ммоль/л, Триглициридтер – 1,12 ммоль/л, АЛТ-22,75, АСТ-12,74. Көрсеткіштерді талдаңыз?
Жауабы: Глюкоза мөлшері қалыпты жағдайда, ен жоғары көрсеткіші 6,03ммоль/л болады.Креатинин мөлшері- 90 ммоль/л дейін қалыптыХолестерин-5,2 ммоль/л дейін қалыптыАЛТ-50 ммоль/л дейін қалыптыАСТ-50 ммоль/л дейін қалыптыНауқастын биохимиялық зерттеуінде ешқандай ауытқу жоқ.
15. Науқас С., 45 жаста, ашқарынға 6 ммоль/л, қантты жүктемеден кейін (нан мен май): 30 мин. кейін – 9,0 ммоль/л,60 мин.кейін - 12 ммоль/л, 120 мин. кейін - 9,0 ммоль/л, 150 мин. кейін – 6,0 ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз? Науқасқа беретін ұсыныстар? Ұсыныстарды негіздеңіз?
Жауабы:Науқаста қант мөлшерінің көтерілу себебі: ашқарынға қантты көп мөлшерде пайдаланған.ДиагнозҚалыпты жағдай,тек қанда глюкоза толеранттылығы байқалады, яғни жоғарылап кетуі.Емі- Науқасқа тағам мөлшерін дұрыс пайдалануды ұсынамын,және №9 диеталық стол тағайындалады.Олар тағамда тұз,қант,май мөлшерін азайтып,салауатты өмір салтын ұстанып,физикалық күшпен шұғылданғаны дұрыс.
16. Науқас Р. 52 жаста. Глюкоза 5,68 ммоль/л, мочевина-4,34 ммоль/л, креатинин -65,98 ммоль/л, жалпы белок -70,16 г/л, АЛТ – 21,57, АСТ-15,01. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін талдаңыз?
Бұл науқастың қан анализінің көрсеткіштері қалыпты.
Глюкоза қалыптыда 3,3 – 5,0ммоль/л . Ал бұл науқастың жас ерекшелігіне қарасақ егде адам екен, бірақ жасы келген адамдарда және екі қабат әйелдерде глюкозаның көрсеткіші қалыптадан жоғары болып келеді. 4,6 - 6,7 ммоль/л.
Мочевина(2,5-8,3ммоль/л) белоктардың ыдырауының негізгі өнімі.Тіндердің энергетикалық алмасуына қатысады. Физикалық жүктемеден кейін және интенсивті жаттығулардан кейін мочевинаның көрсеткіші уақытша жоғарылайды.
Креатинин(әйелдерде 44 – 97 мкмоль/л. Ерлерде 62 – 124 мкмоль/л.) – мочевина сияқты бүйрек жұмысының көрсеткішін сипаттайды. Креатининнің жоғарылауы бүйрек жетіспеушілігін көрсетеді және гипертиреоз.
Қан анализінің калыпты жағдайдағы көрсеткіштері:
Жалпы белок – 63-87г/л.
Мочевина – 2,5-8,3ммоль/л.
Креатинин – әйелдерде 44 – 97 мкмоль/л. Ерлерде 62 – 124 мкмоль/л.
Глюкоза – 3,3-5,0ммоль/л.
Жалпы холестерин – 3,3-5,8ммоль/л.
ЛПНП – 3ммоль/л ден төмен
ЛПВП – ә 1,2тең немесе көп ерлерде 1ммоль/л
Билирубин – 8,49-20,58мкмоль/л
Аланинаминотрансфераза АЛТ – 38ЕД/Л ге дейін
АспартааминотрансферазаАСТ – 42ЕД/л ге дейін
Креатинкиназа КК – 180ЕД/л ге дейін
Натрий 130-155ммоль/л
Калий -3,35-5,35ммоль/л
17. Науқас М., 51 жаста, дәрігерге лоқсу, селқостық, бас ауруына шағымдармен келді. Қанның биохимиялық анализінде: креатинин – 190 мкмоль/л, мочевина – 15 ммоль/л. Қандай болжам диагноз қоясыз? Қандай қосымша зерттеу әдістерін тағайындайсыз?
Науқастың анализ көрсеткішіне қарасақ креатинин мен мочевинанын мөлшері жоғары. Қалыптыда олар:
Мочевина(2,5-8,3ммоль/л) белоктардың ыдырауының негізгі өнімі. Тіндердің энергетикалық алмасуына қатысады. Физикалық жүктемеден кейін және интенсивті жаттығулардан кейін мочевинаның көрсеткіші уақытша жоғарылайды. Мочевинаның жоғарылауы гломерулонефрит, бүйрек жетіспеушілігі.
Креатинин(әйелдерде 44 – 97 мкмоль/л. Ерлерде 62 – 124 мкмоль/л.) – Креатининнің мөлшері жалпы дене салмағына байланысты. Мочевина сияқты бүйрек жұмысының көрсеткішін сипаттайды. Креатининнің жоғарылауы бүйрек жетіспеушілігін көрсетеді және гипертиреоз.
Менің болжам диагнозым: Бүйрек жетіспеушілігі, соның ішінде созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің екінші азотемиялық сатысы. Клиникалық белгілеріде сай келеді.
Қосымша зерттеу әдістері: шумақтық филтрация жылдамдығын зерттеу , Реберг әдісі(креатинин),зәрдің жалпы анализі,Зимницкий бойынша зәр анализі,бүйректі ультрадыбысты сканерлеу.
18. Науқас М. 21 жаста. Глюкоза – 4,79 ммоль/л, Креатинин – 48,90 ммоль/л, холестерин -4,16 ммоль/л, ХС ЛПВП -0,8 ммоль/л. Зерттеулердің нәтиже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
Науқастың қан анализінің көрсеткішінде тек холестериннің ЛПВП(0,8ммоль/л) көрсеткіші қалыптыдан төмен (ерлерде 0,90, әйелдерде 1,14ммоль/л). Мөлшерінің төмен болуына байланысты,бұл көрсеткіш жүректің ишемиялық ауруының мүмкін болуын көрсетеді.
Мына сиптомдар кезінде Холестерин ЛПВП ға анализ алады:
Атеросклероз,жүрек-қан тамыр жүйесіне байланысты аурулар кезінде ,инфаркт миокарды(қауіп факторын анықтау үшін), бүйрек ауру кезінде. Қалған көрсеткіштер нормада:
Глюкоза – 3,3-5,0ммоль/л. Креатинин – әйелдерде 44 – 97 мкмоль/л. Ерлерде 62 – 124 мкмоль/л.
Жалпы холестерин – 3,3-5,8ммоль/л.
19.Нарестеде туылғаннан кейін 4 апта бойы тері қабатының сарғаюы сақталынады. Бұл жағдай қандай процесске байланысты? Қандай зерттеу әдісі және емдеу әдісі қажет? Бұл процессті нәрестелерің физиологиялық сарғаюы деп айтады. Қандағы билирубиннің транзиторлы жоғарлауы тәжірибе жүзінде барлық нәрестелердің өмір сүруінің 2-5 күнінде байқалады. Кіндік қанының сарысуындағы билирубиннің қалыпты концентрациясы 26-34 мкмоль/л болып табылады. Тәжірибе жүзінде нәрестелердің барлығында туылғаннан кейін алғашқы күндерінде қан сарысуындағы билирубин концентрациясы 1,7-2,6 мкмоль/л жылдамдықта жоғарлайды. Билирубин деңгейі 80 мкмоль/л жоғары болған кезде сарғаю айқын көріне бастайды, бұл физиологиялық сарғаю деп аталады. Дене салмағы төмен нәрестелерде терің сарғаюы қан сарысуындағы билирубин деңгейі көбіне жоғарғы көрсеткіштерде көрінеді, бұл баладағы теріасты шел майының жеткіліксіз дамуымен байланысты.
Егер нәрестеде транзиторлы сарғаю болғанда 2 аптада қалпына келеді. Бауыр клеткаларының толық жетілуіне байланысты улы билурибин усыздануына қатысатын глюкуронилтрансфераза ферментінің жетіспеушілігінің салдарынан қанда билурибин артады. Бұл сарғаюға әкеледі. Қанның биохимиялық анализі, АЛТ, АСТ, тексереміз. Бауыр жасушаларын жақсарту керек. Дәрігердің бақылауында болу қажет.
20. Науқас М. 25 жаста. Глюкоза 5,60 ммоль/л, Креатинин -49,73 ммоль/л, Холестерин 5,21 ммоль/л, триглицирид -3,07 ммоль/л, ХС ЖТЛП – 1,41 ммоль/л, АЛТ – 80,31. СКФ -187,95, ХС ӨТТЛП – 1,40 ммоль/л, ХС ТТЛП -2,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
Қан анализінің калыпты жағдайдағы көрсеткіштері:
Жалпы белок – 63-87г/л.
Креатинин – әйелдерде 44 – 97 мкмоль/л. Ерлерде 62 – 124 мкмоль/л.
Глюкоза – 3,3-5,0ммоль/л.
Жалпы холестерин – 3,3-5,8ммоль/л.
ЛПНП – 3ммоль/л ден төмен
ЛПВП – ә 1,2тең немесе көп. ерлерде 1ммоль/л
Аланинаминотрансфераза АЛТ – 38ЕД/Л ге дейін
АспартааминотрансферазаАСТ – 42ЕД/л ге дейін
Триглицирид – 1,13 ммол/л жоғары
21. Мектеп жасындағы жасөспірімде оң қабырғаасты ауырсынуына, лоқсу, құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Объективті тексеруде тері қабаты сарғайған, зәрі қоңыр тустес, нәжісі түссізденген. Сіздің қоятын болжам диагнозыңыз? Қандай зерттеу әдістері қажет? Ойыңызды негіздеңіз?
Жауабы: Бауыр астылық өт жолдарының таспен, ұйқы безі ісігінің қабыну салдарынан бітеліп қалуына байланысты, өттің ішекке құйылмауы салдарынан дамиды. Бүл кезде қандағы тікелей билурибин көбейюіне ьайланысты артады. Зәр түсі қою,стеркобилиноген вена арқылы бүйрекке тасымалданып зәрмен шығады зәрдің түсін береді, нәжіс түссіз. Диагноз механикалық сарғаю. Биохимиялық анализ билирубин және узи
22. Науқас М. 25 жаста. Глюкоза 5,60 ммоль/л, Креатинин -49,73 ммоль/л, Холестерин 5,21 ммоль/л, триглицирид -3,07 ммоль/л, ХС ЖТЛП – 1,41 ммоль/л, АЛТ – 80,31. СКФ -187,95, ХС ӨТТЛП – 1,40 ммоль/л, ХС ТТЛП -2,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
Қан анализінің қалыпты көрсеткіштері:
Глюкоза аш қарынға қалыпты – 3,3-5,0ммоль/л.
Креатинин қалыпты – әйелдерде 44 – 97 мкмоль/л. Ерлерде 62 – 124 мкмоль/л.
Жалпы холестерин қалыптыдан жоғары – 3,3-5,8ммоль/л.
ТТЛП қалыпты – 3ммоль/л ден төмен
ЖТЛП мөлшері қалыпты – ә 1,2тең немесе көп. ерлерде 1ммоль/л
Аланинаминотрансфераза АЛТ қалыптыдан жоғары – (0,12 – 0,88мккат/л)38ЕД/Л ге дейін
Триглицирид қалыптыдан жоғары – 0,45 – 1,81ммоль/л ерлерде
СКФ қалыптыдан жоғары – 125мл/мин ерлерде
Холестерин ӨТТЛП – жоғарылаған – (0,2-0,5ммоль/л)
25. Науқас Қ.50 жаста. Глюкоза -6,20 ммоль/л, Креатинин 51,12 ммоль/л, Холестерин 8,40 ммоль/л. Зерттеулердің нәтеже көрсеткіштерін интерпритация жасаңыз?
глюкоза мен холестерин мөлшері қалыпты нормадан жоғарылаған. Глюкоза мөлшерінің артуы артериалды гипертензияға, ал холестериннің көбеюі атеросклерозға алып келеді. Артериялды гипертензия атеросклероздың эндогенді факторы болып табылады.
26. Науқас С., 45 жаста, ашқарынға 6 ммоль/л, қантты жүктемеден кейін (нан мен май): 30 мин. кейін – 9,0 ммоль/л,60 мин.кейін - 12 ммоль/л, 120 мин. кейін - 9,0 ммоль/л, 150 мин. кейін – 6,0 ммоль/л. Сіздің болжам диагнозыңыз? Науқасқа беретін ұсыныстар? Ұсыныстарды негіздеңіз?
Науқаста қант мөлшерінің көтерілу себебі: ашқарынға қантты көп мөлшерде пайдаланған.ДиагнозҚалыпты жағдай,тек қанда глюкоза толеранттылығы байқалады, яғни жоғарылап кетуі.Емі- Науқасқа тағам мөлшерін дұрыс пайдалануды ұсынамын,және №9 диеталық стол тағайындалады.Олар тағамда тұз,қант,май мөлшерін азайтып,салауатты өмір салтын ұстанып,физикалық күшпен шұғылданғаны дұрыс
27. Қалыпты жағдайда қанның құрамында натрийдің мөлшері гипо-, гиперфункциялары. Натрий -135-155 ммоль/ л плазмада эритроцитке қарағанда көп мөлшерде болады. Клеткадан тыс сыртындағы сұйықта натрий негізгі ион деп есептеледі, ол плазма катиондариның 90 пр құрайды.натрий иондарының негізгі қызметі: 1/сұйықтың осмостық қысымын біркелкі ұстап тұру.2/ натрий иондары каллоидтардың ісінуіне, жүрек, бұлшық ет,нерв клеткаларының дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді ( калиймен бірге).3/ гипернатриемия( қандағы натрийдің көбеюі). Организмдегі гидратациясы( паренхиматозды нефрит) ауруға шалдыққанда, жүректің туа пайда болған кемістіктерінде, бастапқы немесе кейіннен пайда болған гиперальдостеронизмде кездеседі.гипонатриемия(азаюы)Қатты терлегенде, шамадан тыснесеппен шығарғанда несеп айдағыш дәрілер пайдаланылғанда жиі құсқанда, біріңғай тұзсыз тамақтанғанда кездеседі.Натрий жетіспеген кезде, денеде әлсіздік, ынтасызды. Еңжарлық пайда болады, қан қысымы төмендейді. Қанда натрий хлор иондарымен байланысып. Натрийхлориді түрінде болады. Қалыпты жағдайда натрийхлор мөлшері өте тұрақты, паталогия кезінде мөлшері өзгеруі мүмкін( натрий сияқты) 77-96 ммоль/л
28. Қалыпты жағдайда қанның құрамында калийдің мөлшері гипо-.гиперфукциялары.Калий 3,4-5,3 ммоль/л плазмада 78-108 моль/л мөлшерде эритроциттерде кездеседі. Қандағы мөлшері клетка ыдырағанда ,эритроциттерлің гемолизі кезінде, бүйрек жұмысы күрт төмендегенде,бүйрек үсті безінің жұмысы нашарлағанда көбейеді.( альдестерон шықпағаннан соң натрий және Н20 көп жоғалтып калийді ұстап қалады.) Гипокалиемия ( азаю) –альдестерон( бүйрек үсті шығаратын гормон) шамасы көбейгенде денеден калий иондары көп шығарылады. Бұл жүрек қызметін ауыр жағдайға шалдықтырады.
29. Қалыпты жағдайда қан құрамында темірдің мөлшері.гипо-.гиперфукциялары.Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері — пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүргізетін цитохромдық ферменттер құрамы на енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент, гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия). Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті.Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп болады. Адам денесіндетемірқұрамы 3 - 7 грдейін (ткань, қан, ішкіоргандарда) болады. Темірбіздіңорганизмгетамақарқылыкеледі. Ересекадамныңтәулікқажеттілігі 11 - 30 мг құрайды. Бұлшықетақуызы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы еткеқызғылттүсбереді. Қанбелогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанғақызылтүсбереді, сүйеккемігіндетүзіледі. Темірэлементініңрөліденсаулықүшінөтезор. Егертеміржетіспесе, баршамызғабелгілі анемия немесеқаназдықауруыпайдаболады. Бұлэлементтіңағзадағытәуліктікмөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуықтемір бар. Оныңмөлшерікөрсетілгеншамадантөменболса, қанныңқызылжасушасының, яғнигемоглобинніңтүзілуінашарлап, тынысалуфункциясытөмендейді. Темірағзағасырттантүседі, тамақтыңқұрамындағытемір ионы он екіеліішектіңжоғарғыбөлігіндеқанғасіңеді. Темірдіңағзағадұрыссіңбеуіасқазандагытұзқышқылыныңжетіспеуіненнемесетемірдіңақуызбенбайланысыныңнашарлауынанболады
30.Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы күкірт мөлшері .Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы,  егерадамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммысболады. Күкірт (мөлшері 0,25% шамасында) — цистеин, цистин, метионин амин қышқылдарының, В дәрмендәрісі мен кейбір ферменттердің құрамы на енеді. Организмде ол креатин, муцин, глютатион, инсулин, питуитрин, кофермент А, таурин мен оның туындылары құрамында кездеседі. Бұл элемент жүннің, мүйіздің, құс қауырсыны мен мамығының құрамында көп мөлшерде кездеседі. Ол организмде күкірт қышқылын түзіп, тоқ ішекте түзілетін улы заттарды залалсыздандыруда маңызды қызмет атқарады.
31.Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы йод мөлшері .Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Йод — қалқанша безі гормойдарының құрамы на енеді, зат алмасу процесін жандандырып, өсу процесін күшейтеді. Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80 – 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:
1)      йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге жүруі қажет.
2)      микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.
3)      кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу деген  емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.
4)      йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз, көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.
5)      йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін .
Йод мөлшері 0,2 мг - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша безі үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы мүше). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сыртынан қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық,белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет. Йод жетіспеушілігі кезінде қалқанша безі гормондарының синтезі қысым көреді, теріс яғни кері байланыстың механизмі бойынша ТТГ өнімі көбейеді, осы- ның ықпалымен асқазан-ішек жолында йодтың адсорбциясы қатаяды, ағзаға йод- ты «үнемдеуге» мүмкіндік беретін Т3 өнімі өседі, бірақ осымен бір уақытта фол- ликулаларда коллоид жинақталады және зоб қалыптасады. Фертильділік төмендейд
32. Қалыпты жағдайда қанның құрамында мырыштың мөлшері гипо-гиперфункциялары. Мырыш (Zn). 3-15 гр.Ересек адамның ағзасындағы мырыш бұлшық еттерде 65%,сүйектерде 20% жинақталған. Ал қалған бөлігі қан плазмасында,бауырда және эритоциттердеболады. Zn – ең көп мөлшері қуықасты безінде кездеседі.Мырыш-қанның құрамындағы қанттың мөлшерін реттеп отырады.Негізгі мырыш қарабидай кебегінде көп болады.Адам ағзасы мырышты ет, сүт және жұмыртқа тағамдарын пайдалану арқылы қабылдайды. Мырыш алкольдегидрогеназа, сілтілік фосфотаза, карбоангидраза, карбок- сипептидаза, асқазан асты безі, нуклеотидилтрансферазамен қоса, көптеген фер- менттердің құрамына кіреді. Мырыш ақуыз синтезі үрдісінің және нуклеин қыш- қылдарының, гендер экспрессиясының жақсы ағымда болуы үшін қажет. Мырыш- тың жетіспеуі адам ағзасының жүйелерінде және барлық мүшелерінде байқалады. Құрамында глутатионның сульфогидридтік топтары бар қышқылдарын реакция кезінде тотықпен қамтамасыз ететін ағза–глутатионпероксидозаның ан- тиоксиданттық жүйесі ферменттерінің біреуінің құрамында селен элементі қаты- сатындықтан, селеннің маңыздылығы жоғары дәрежеде зерттелген. Осындай бай- ланыста селеннің жетіспеуі ағзадағы көптеген патологиялық үрдістерінде, әсіресе қабыну және диструктивті үрдістерінде байқалады.
33. Қалыпты жағдайда қанның құрамында магнийдің мөлшері гипо- гиперфункциялары. . магний 0,7-1,2 ммоль/л Магнийдің мөлшері 10- 42 гр Магний- адам ағзасындағы зат алмасу процестерін жақсартатын ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада магнийдің жетіспеуі жастардың бойының өсуін нашарлатып, жүйке жүйесінің қызметін бұзады,әртүрлі тері ауруларына шалдықтырады. Ондай адамдардың шаштары түскіш келеді. Егер ауру адамдарға аспен бірге магний тұзын берсе, жүйке мен қан тамырлары жүйелерінің қызметі дұрысталып,ішек пен өт қызметтерінің жақсаратынына анықталды. Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек
34.Қалыпты жағдайда қанның құрамында фосфордың мөлшері гипо-.гиперфукциялары.Фосфор 3-5 ммоль/л көбейетін жағдайлары: гипопаратиреоз, Д витамидің гипервитаминозы кезінде тироксинді қолданған кезде, ультракүлкін сәулесі әсер еткенде бауырдың дистрофиясы кезінде , лейкоздарада болады. Фосфор мөлшерінің азаюы рахит ауруы кезінде байқалады. Гипофосфатимия инсулин препаратын қолданған кезде, гипербаратиреозда, сүйек жұмсарғанда байқалады. Сүйек ұлпасындағы фосфордың негізгі мөлшері – 600 г. Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85% – ын құрайды. Фосфор тістің қатты ұлпаларында концентрленеді, ал табиғатта кальций, хлор, фтор элементтерімен қосылыстар түрінде, фторапатиттер құрамында кездесетіндігі белгілі. Фосфор тұздары. Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай–ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа мүшелерде жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады. Міне, сондықтан бұлшық еттер көп жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ол ересек адамға тәулігіне 1 – 2 грамм мөлшерінде қажет болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыға бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін. Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасушаядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор ірімшікте, сүзбеде, етте өте көп.
35. Қалыпты жағдайда қанның құрамында хлордың мөлшері гипо-.гиперфукциялары. Қалыпты жағдайдағы мөлшері 98-107 ммоль /л . Қалыптыданауытқужоғарылайды: ағзағасудың аз түсуінебайланыстысусыздану, жеделбүйректікжеткіліксіздік, бүйрекүстілік гиперфункция, қанттыемес диабет, респираторлық алкалоз төмендегенде; Қалыптыданаутқутөмендейді: көптерлеу, құсужәне диарея арқылысұйықтықжоғалтудансусыздану, респираторлыжәнеметаболикалық ацидоз, альдостеронизм, бас жарақаттары.
36. Миокард кезіндегі биохимиялық өзгерістер.
Миокард некрозының маркерлері. Бұған жоғарыда аталғандар (тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа) жатады. Қанда тропониндер немесе МВ-КФК табылса, оларды келесі 12 сағатта ауырсыну синдромынан кейін тағы анықтау керек. Бұл миокард некрозын нақтылауға қажет. Миокард некрозының маркерлері. Бұған жоғарыда аталғандар (тропониндер, МВ-фракция креатининфосфокиназа) жатады. Қанда тропониндер немесе МВ-КФК табылса, оларды келесі 12 сағатта ауырсыну синдромынан кейін тағы анықтау керек. Бұл миокард некрозын нақтылауға қажет. белоктарына аталған факторлар әсер еткен кезде оларда бұзылмайтын байланыс түрін көрсетіңіз: пептидті, дисульфидтік Метотрексат – фоль қышқылының құрылымдық аналогы, ісікке қарсы әсерлі препарат және клиникада кең қолданылады. Ол пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер синтезі жылдамдығын баяулатады, тез өсуші жасушалардың өсуі мен көбеюін тежейді. Бірақ, бұл препараттың жанама әсері амырлардағы тромбоз болып табылады. Метотрексаттың жанама әсерінің механизмін түсіндіріңіз: фолий қышқылының тапшылығы, гомоцистеин көбейеді, тромбоцит дгезиясы мен агрегациясы стимулденеді.Метотрексат ісікке қарсы әсерлі препарат және клиникада кең қолданылады. Ол пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтер синтезі жылдамдығын баяулатады, тез өсуші жасушалардың өсуі мен көбеюін тежейді. Метотрексаттың цитостатикалық әсерінің механизмін көрсетіңіз: фоль қышқылының құрылымдық аналогы болып табылады.
37. Психикалық аурулар кезінде байқалатын биогенді аминдер алмасуының бұзылыстары.
Психикалык аурулар кез3нде байкалатын биогендіАминдер — молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH2) алмасқан көмірсутектердіңтуындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты жәнеароматты болып бөлінеді.Аминдерді аммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады.Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер, полиаминдер болып Аминдерді аммиак молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп қарастыруға болады. Аминдер негіздік қасиет көрсетеді. Радикалдың құрылысына байланысты алифатты және ароматты болып бөлінеді. Негіздік қасиеттері осы радикалдың құрылысына байланысты болады.Дофамин төмендеуі Панкерсон ягни козгалуы бұзылады. Диоксифенилалани базальды ганглиден отип закымдап жерге жетіп дикорбоказамен допаминге айырк. В6 дофаминді нормада биогенді аминдер арі карай озгерісі береді.
38. Белок фракцияларына сипаттама, оларды анықтаудың маңызы.
Қанда ақуыздардың 5 фракциясы кездеседі. Адам қанының плазмасында 100 артық ақуыз түрлері бар. 90% ақуыздар албуминдер, иммуноглобулиндер, липопротеиндер, фибриноген, трансферрин басқа ақуыздар бар бірақ аз мөлшерде. Плазма ақуызының синтезі жүреді: бауыр-толықтай синтездейді қанның албумині мен фибриногенін, көп бөлігі глобулинді. Ретикулаэндотелиады жүйе жасушалары- сүйек миының және лимфатикалық түйіндер, глобулиннің және иммуноглобулиннің бөліктері. Антигендер — адам және жануарлар ағзасына түскенде иммундық реакция шақыратын заттар. Олар бөтен ерекшелігі бар биополимерлер немесе олардың жасанды түрлері (аналогтары). Антигенге қарсы ағзада арнайы антидене түзіліп немесе лимфоциттердің сенсибилизациясы болып, айрықша клондары арқылы иммундық реакция жүреді. Антигеннің үстінде арнайы иммунологиялық реакцияға түсіп, антиденемен байланысатын белсенді орталығы детерминант деп аталады. Иммундық жауабының ерекшелігі детерминантқа байланысты. Фибриноген - тромбин әсерінен, қан плазмасының фибринге айналатын, суда ерімейтін ақуыздық зат (белок).
39. Қанның ферменттері, оларды анықтаудың маңызы
Қалыпты жағдайда қандағы ферменттер өте аз шамада ғана болады, олардың активтілігі де төмен. Сбебі тканьдермен қанға өтпейді, өтседе өте аза мөлшерде түседі. Әр түрлі патологиялық жағдайда клетка мембранасының өткізгіштігі бұзылғанда немесе клетка тіршілігін жойғанда бұл ферменттер көп мөлшерде қанға түсіп, қоздырғыш әсерлері молаяды. Бқл жағдай бауыр ауруларын, ұйқы безі ауруын, жүрек инфарктын т б ауруларды ажыратуға септігін тигізеді. Ферменттердің 3 түрі болады .1/ Секреторлы-бауырда түзіліп қанға шығады( холенэстераза қан ұюуына қатысатын ферменттер) бұлардың диагностикалықт мәні көп емес. 2/ индикаторлы (клеткалық ферменттер-клеткада түзіліп тек сол жерде қызметін атқарады. Ауруға шалдыққанда, болмаса клетка бұзылғанда олар қанға түсіп, дигностикалық маңыз алады. Мысалы, ЛДГ-4 және ЛДГ-5 көбейгені бауыр ауруларын көрсетеді. ЛДГ -1 және ЛДГ-2 көбейгені жүрек аурығанын білдіреді. АЛТ нің активтілігі ұлғайса гепатит, КФКның активтілігі артса жүрек инфаркты пайда болғанын дәлелдеуге болады.Диастаза(альфа амилаза) 3/ Экскреторлы (сыртқа бөлініп шығарылатын ферменттер-бауырда ситезделіп, өт арқылы сыртқа бөлініп шығады. Паталогиялық процесстерде өттен бөлінуі бұзыладыда қандағы активтік қасиетін жоғарылайды. Бұлда диагностикалық мәні бар жағдай. Экскреторлы ферменттерге –сілтілі фосфотаза, лейцинаминопептидаза.
40.Қабынудың жедел фазасының белоктары, диагностикалық маңызы.
Қабынудың жедел фазасының белоктары (acute-phase proteins)- қабыну процесі (күйік, вирустық және бактериялық инфекция т.б.) кезінде концентрациясы өзгеретін, глобулиндер тобына жататын қанның белоктары. Оған жатады: С-реактивті белок, комплемент жүйесі, альфа-1-гликопротеин, фибриноген, протромбин, VIII фактор, гаптоглобин, плазминоген, ферритин, иммуноглобулиндер, церулоплазмин және т.б. Травмалық, күйіктік және инфекциялық зақымдану кезінде қабынуалды цитокиндер бұл белоктарды активтендіріп, қорғаныс қызметін атқарады. Қабынудың жедел фазасының белоктары бауырда синтезделіп, әр түрлі зақымдалу кезінде мөлшері күрт жоғарылайды. Диагностикалық маңызы – көптеген әр түрлі аурулардың патогенезінде басты рөл атқаратын компонент, яғни нақты ауру түрін анықтауда, диагноз қоюда өте маңызды.
41.Қалыпты жағдайда қанның құрамында хромның мөлшері гипо - , гиперфункциялары. . хромның мөлшері.тәуліктік қабылдау мөлшері 30 мкг. Хром жеткіліксіздігі мына ауруларда байқалады ;ұзаққа созылған толықтай паренталды тамақтану, және перифериялық нейрпатиялар, салмақ жоғалту, глюкозаға толеранттылықтың жоғауымен білінеді. Организмде негізінен зәр арқылы сыртқа шығарылады.қантты диабеттпен ауыратындар да хроиһмдың сіңімділігі 3 есе көбейеді. Тағамнан жіңішке ішекте 0,4-0,7 % сіңіріледі.
42.Қалдық азотты құрайтын заттар, химиялық табиғаты қандай заттардың алмасуының соңғы өнімдері. Қалдық азотты анықтаудың маңызы.
Егер плазманың белоктарын тұнбаға түсірсе,сұйықтықта аздаған кейбір азотты заттар қалады.Ол заттар белоксыз қалдықты азоттар деп аталады.Қалдықты азот дегеніміз плазмадағы барлық азоттан белоктың азот алып тастағандағы қалған бөлігі.Қалыпты жағдайда қалдықты азоттың плазмадағы мөлшері 15-30 мм.л тең.Қалдықты азотты былай белгілеуге болады.Құрамына белок алмасуының аралық және соңғы өнімдері кіреді;
1.Мочевина азоты-оның мөлшері 3,3-6,6 мМ.л аралығында.
2.Несеп қышқылының азоты.Плазмадағы саны 0,18-29Мм.л тең.Несеп қышқылының көбеюіподагра ауруында байқалады.Осы жағдайда оның мөлшері 1мМ.л-ге дейін артуы мүмкін.
3.Креатин және креатининнің азоты кіреді,креатиннің мөлшері 15-70 мМ.л тең,ал креатининнің мөлшері 44-115ммоль.л тең.
4.Билирубиннің азоты-билирубиннің мөлшері 8-20мкмоль.л
5.Полипептидтердің азоты.
6.Күкірт және глюкуронды эфирлердің азоты.
8.Холин,глютатион,нуклеотидтердің азоты.
9.Гиппур қышқылының азоты.
Қалдық азоттың диагностикалық маңызы аз,ал көбейген жағдайын гиперазотемия деп атайды.Оның диагностикалық маңызы зор.Гиперазотемия даму механизміне қарай екіге бөлінеді.
Гиперазотемия
Ретенционды
продукционды

Ретенционды-қанға азотты заттар тканьдерден қалыпты мөлшерде түседі,ал зәрмен олар дұрыс бөліне алмайды.Бұл жағдай бүйрекке тәуелді және бүйрекке тәуелсіз болып бөлінеді.Қалыпты жағдайда қалдвқ азоттың 50% мочевинаның азатынан тұрады.
Продукционды-белокты заттардың шамадан артық ыыдыраған кезінде,қанға заттардың көп мөлшерде түскенінде байқалады.Мысалы,органдар мен тканьдер көп уақыт жаншып жатқан,күйік,әр түрлі ісіктер пайда болғанда кездеседі.
Қалдық азоттың мөлшері есе көбейсе уремияға шалдықтырады.Қандағы мочевина азотының қалдықты азотына қатынасын анықтаудың диагностикалық маңызы зор.Қалыптыда ол-48-ге тең.Бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде 90-ға дейін өседі,ал бауырда мочевинаның синтезі төмендегенде 45-ке дейін төмендейді.
43. Несеп қышқылы, химиялық табиғаты, тәуліктік бөліну мөлшері, патология кезінде өзгерісі.


Приложенные файлы

  • docx 24059181
    Размер файла: 115 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий