audarma-1


Аударма теориясының негізгі салалары:
А.В.Федоров «Аударманың жалпы теориясының негіздері» еңбегінде аударма теориясын лингвистикалық тұрғыдан қарай отырып үш салаға бөледі:
1. Аударма теориясының тарихы
2.Аударма тілімен жұмыс істеудің жалпы міндеттері мен шарттары
3.Материалдың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты аударманың міндеттері мен шарттары, жеке, ақты аударманы талдаудың принциптерін жасау, жеке стильге байланысты жұмыстар.
Ал, В.Н.Комиссаров «Теория перевода/ Лингвист.аспекты» кітабында аударма заңдылықтарын үш сала етіп қарастырады:
1.Аударманың жалпы теориясы
2.Аударманың жеке теориясы
3.Аударманың арнайы теориясы
Осылардықорыта келе, біз ударма теориясын төрт сала етіп тексергенді жөн көреміз:
1.Аударматану тарихы
2.Аударманың жалпы теориясы
3.Аударманың жеке теориясы
4.Аударманың арнайы теориясы (бұл Ж.Жақыповтың кітабынан. Аударматануды аңдату)
Аударымпаздылық туралы мәселе:
Аударымпаздылық аударманың толыққандығы туралы ұғым.
Кез келген дамыған тілдің басқа тілде бейнеленген дүниенің осыған сай пішінін бруге мүмкіндігі бар. Мұндайда аударма тілдегі стильдік құралдар түпнұсқа тілдің формалдық ерекшеліктерін беруге емес, сол пішін арқылы берілетін тілдің стильдік, мазмұндық функцияларын беруге қызмет етеді.
Аударылымпаздық ұстанымын жүзеге асыру мүмкін екенін аударма жүзесі де көрсетіп отыр. Алайда, бұлпринципте ауытқушылық бар ма, қолдануға келмейтін жағдайлар кездесе ме, онығ ұстаным ретіндегі мәні шектеле ме? Осы мәселені шешіп алған жөн.
Аудармашы Вильгельм фон Гумбольд бұл ұстанымға, оның мүмкіндігін теріске шығаратын идеяға түрткі салды. Дәйексөз келтірейік: «Всякий перевод представляется мне безусловно попыткой разрешить невыполнимую задачу. Ибо каждый переводчик неизбежно должен разбиться об один из двух подводных камней, слишком точнопридерживаясь либо своего подлинника засчет вкуса и языка собственного народа, либо своеобразия собственного народа засчет своего подлинника. Нечто среднее между тем и другим не только труднодостижимо, но и просто невозможно». В. Фон Гумбоьдтың аудармаға деген бұл көзқарасы оның тілді халықтың рухымен, мәнімен бірдейлестіріп, теңестіре қарайтын лингвистикалық-философиялық тұжырымдамасынан шығып отыр. Аталмыш ғалымның сол кездегі беделі, оның ізін қуған ғылыми топтар мен мектептер бұл пікірді ушықтырып жіберді және аудару мәселесін жоққа шығаруға дейін барды. Қазақтың белгілі аудармашысы І.Жарылғаповта да осындай күмән нышаны болғаны байқалады: бұл ғалым «аударманы» «аударма» деу дұрыс емес екенін, оған «туындама» деген атаудың сай екені туралы «Революция саңлағы» атты 1981 жылы шыққан аудармасының «Бет жабарында» ұсыныс жасаған.
Бір тілден екінші тілге дұрыс аудару мүмкін емес деген идеяны қолдаушылап сөздік қор және сөздік құрам жағынан әр тіл әр түрлі: «бірі – кедей, бірі – бай,» деген дәлел ұсынады немесе түпнұсқадағы ерекшеліктерді аударма дәл бере алмайды дегенді тілге тиек етеді.
Аударманың лингвистикалық теориясын жетілдіру барысында аударымпаздылықты теріске шығаратын көзқарастардың өміршең еместгі дәлелденді. Аударма мен түпнұсқа тепе-тең болмауы туындату мүмкіндігін жоққа шығара алмайды. Аударылып жатқан мәтіннің кей элементтерінің түсіп қалуы ол мәтін аударылмайды деген сөз емес. Түпнұсқадағы жекелеген қызметін анықтау және оны дәл жеткізу, алмастыру я түсіріп айту мүмкіндігі мен заңдылығы мазмұн мен пішін бірлігінен келіп шығады. Бұдан шығатын қорытынды – аударылымпаздық ұстанымы мазмұнсыз не мазмұнды қасақана көмескілендіретін эксперименттерге, ақылға сыймайтын дүниелерге, мазмұны мен пішіні ыдыраңқы шығармаларға жүрмейді.
Аудармашының қызметтік қағидалары:
Аудармашы- өзге тілдегі жазбаша я ауызша мәтінді келесі тілге жеткізуші, яғни, аударманың белгілі бір түрін рәсімдеуші.
Аудармашы мамандар аударма ісінде төмендегі қағидаттармен үнемі жұмыс жүргізуі керек:
- ресми құжат мазмұнын қысқа әрі тұжырымды тілде жазуда;
-ол тұжырымдардың дәл, нақты болуында;
-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдалануда;
-терминдер мен тұрақты оралымдардың бірегейлігін сақтауда;
-бірнеше нұсқадағы терминдердің мүмкіндігінше терминологиялық комиссия тарапынан бекітілген немесе ресми тілде стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолданылу жиілігі жоғары нұсқасын пайдалануда;
.-өзі аударған мәтіндегі сөйлемдерді (абзацтарды) түпнұсқамен салыстыруда;
-аударманың әрбір сөйлемінде, қолданылған терминологияның бірізділігін, мазмұндау логикасының түпнұсқаға сәйкестігін тексеруде;
-мәтінді аударма тіліне жатпайтын ұғымдар мен тіркестерден арылтуда;
- мағыналық және стилистикалық түзетулер енгізуде. Осы жолда әрбір аудармашы өзімен үнемі жұмыс жүргізуі керек.
Аудармашы жұмысқа қажетті материалдармен (қағазбен, кеңсе бұйымдарымен), сондай-ақ жалпы және арнаулы сипаттағы сөздік-анықтамалық материалмен:
Арнаулы сөздіктер
А. Қос тілді арнаулы сөздіктер
Б. Бір тілдегі арнаулы сөздіктер
II. Арнаулы (терминологиялық) энциклопедиялар
III. Анықтамалар
IV. Арнаулы әдебиет
V.Автоматтандырылған жүйенің дерекқормен уақытылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Аудармашының этикасы:
Аудармашы клиенттің сұхбаттасушысы немесе оппоненті емес, ол бір тілде жасалған мәтінді басқа тілде қайта бейнелейтін транслятор;
Аудармашыға мәтінге қол сұғуға болмайды. Өз қалауынша мәтіннің мағынасын және құрамын өзгертуге, қысқартуға немесе толықтыруға құқысы жоқ;
Аудару кезінде аудармашы түпнұсқаның функционалдық басымдылықтарын бағдарлай отырып бастапқы мәтіннің инвариантын барынша жеткізуге тырысады;
Аударма кезінде қарым-қатынас этикасын сақтауға, клиентті құрметтей отырып, абыройын түсірмеуге міндетті;
Аудармашының тараптардың қатынасына, аударып отырған мәтін мазмұнына өзінің жеке көзқарасын білдіруге немесе клиент пікірін бағалауға құқы жоқ;
Сол сияқты клиенттердің қимыл-әрекетін қайталау, солармен өзін бірдей ұстау да дұрыс емес.

Приложенные файлы

  • docx 24028960
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий