30 algoritm SD kaz (1)


«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша стандарттар тізімі.
1.Стандарт: Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы
2.Стандарт: Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-А, анти-В).
3.Стандарт: «Іш теспесі » кезінде жедел көмек көрсету.
4.Стандарт: Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу.
5.Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
6. Стандарт: Сүт безіне таңғыш салу техникасы
7.Стандарт: Гипсті лангета салу.
8.Стандарт: Операциядан кейінгі таза өңдеуді жүргізу.
9.Стандарт: Резус - факторды анти – Д цоликлонмен анықтау техникасы.
10.Стандарт: Гипс лангеталарын дайындау.
11.Стандарт: Екі көзге байлам салу.
12.Стандарт: Биологиялық сынама жүргізу тәсілі.
13.Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату .
14. Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату.
15. Стандарт: «Дезо» байламын салу.
16. Стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу.
17. Стандарт: Сіреспеге қарсы профилактика жүргізу ережесі.
18. Стандарт: Жгут салу арқылы артериядан кеткен қанды тоқтату.
19. Стандарт: «Гиппократ» қалпағы таңғышын салу техникасы.
20.Стандарт: Медбикенің залалсыздандырылған халат,қалпақ,маска,қолғапты кию
тәсілдері.
21.Стандарт: Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек.
22.Стандарт: Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны өңдеу тәсілі.
23.Стандарт: Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасы.
24.Стандарт: Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек көрсету.
25.Стандарт:«Филончиков-Гроссих»бойынша операциялық алаңды өңдеу.
26. Стандарт:«Ноқта» тәрізді байлам салу тәсілі.
27.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда «Крамер» жақтауын салу.
28.Стандарт: Гипсті таңғышты салу тәртібі.
29.Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
30.Стандарт: Кеңірдек пен көмейдің бөгде затпен бітелуі кезінде жедел көмек көрсету
Стандарт: Барлық саусаққа қолғап тәрізді спиральді таңғыш салу техникасы Мақсаты:Таңғыш материалды бекіту. Көрсеткіші: Күйік, ісік, саусақтың жарақаты. Керекті-құралдар: Қайшы,бинт 5 см. Іс –әрекет алгоритмі: 1.Науқасты өзімізге қарап отырғызып жараққаттанған қолды үстелдің үстіне қою; 2.Науқасты тыныштандырып ем-шара барысын түсіндіру; 3.Бинтті сол қолға ал ұшын оң қолға ұстау; 4.Білезік тұсынан бекіту жасау;
5. Білезіктен қиғаш саусақты орап, қайта білезіке апару. Ескерту: Оң қол бас бармақтан бастап таңылады. Ал сол 5ші саусақтан. 1.Бинтпен саусақты түгел орау. 2.Саусақты білезік буынына орап жасау.1-ші 2-ші 3-ші орамды қайталай отырып әр саусақты орау білезік тұсынан бекіту жасау.
3. Білезікті орап 3 ші турды айналдыру.
4. Білезіке орап бекіту. Ескерту:Барлық саусақтарды бинттеу дұрыс тану кезінде алақан ашық болу керек.
2. Cтандарт: Цоликлонды қолдану арқылы қан тобын анықтау(анти-А, анти-В).
Мақсаты: Қан құйғаннан кейінгі асқынулардың алдын алу.
Көрсеткіш:Қан және оның құрамдас заттарын құюдың қажеттілігі. Анти- А және анти –В цоликлондары ABO жүйесі бойынша қан тобын анықтауға арналған, стандартты изогемоагглютициялық сары судың орнына .
Қарама-қарсы көрсеткіші: жарамдылық мерзімі өткен цоликлон қолдану, қан тобын анықтайтын жерде температуралық режимнің дұрыс сақталмауы, жарықтың дұрыс түспеуі.
Керекті құралдар:
-Залалсыздандырылған қолғап.
-Цоликлоны бар 2 мл ампулалар анти-А (қызғылт түсті), анти-В (көк түсті).
-Сарысуды алуға және тамызуға арналған пипеткалар.
-Таңбаланған арнайы пластинкалар немесе стандартты планшеттер
-Әйнек таяқшалар және төрт бұрышты шыны.
-Құмсағат 5 минуттық
-Физ.ерітінді натрий хлориді.
-Залалсыздандырылған шприцтер20мл(1-2 дана) және олардың инелері
-96%спирт - 50 мл
-Залалсыздандырылған материал (шариктер, салфеткалар)
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
-қан алу кезіндегі қорқыныш пен ауру сезімі.
-асептиканың ережесінің бұзылуы салдарынан пункция орнына инфекцияның түсуі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Залалсыздандырылған қолғапты кию.
2. Анти -А және анти - В цоликлондарының үлкен 1 тамшысын (0,1 мл) планшетке, сәйкес белгілерінің тұсына тамызамыз;
3. Сонан соң қасына тексерілетін қанның тамшысын тамызамыз(1:10 қатынасында).
4. Сонан соң реагент пен қанды араластырамыз да планшетті жеңіл шайқай отырып реакциясын бақылаймыз.
5. Әдетте цоликлон анти –А және анти – В мен агглютинация құбылысы 5 секундтан кейін пайда болады.
6. Агглютинация кеш байқалуы мүмкін болғандықтан 2-5 минуттай бақылау қажет;
7. АВ(1/0) қан тобымен кенет байқалатын агглютинацияға күдіктенген жағдайда 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісімен бақылау жүргізіледі.
Нәтижесін бағалау:
- Цоликлон анти-А, цоликлон анти-В ешқайсысымен де агглютинация болмаса , бұл 0(1) қан тобына жатады.
-агглютинация цоликлон анти-А мен болса, бұлА(2)қан тобына жатады
- агглютинация цоликлон анти-В мен болса, бұлВ(3)қан тобына жатады
-агглютинация цоликлон анти-А мен де және анти-В мен деболса, бұл АВ(4)қан тобына жатады.
3. Стандарт: «Іш теспесі» кезінде жедел көмек көрсету.
Мақсаты: Іш құрылысының патологиясының, іштен қан кетудің, перитониттің алдын алу.
Көрсеткіштері: Әр түрлі жабық жарақаттар, іш құрылысының хирургиялық аурулары (асқазан, 12 елі ішек , ішек, бауыр, көк бауыр, ұйқы безі, перитонит).
Қарсы көрсеткіштері: Жылытқыш қолдану, клизма қою, іш өткізетін препартаттар беру, асқазанды жуу, ауырсынуды басу, су ішу, тамақ ішу, антибиотиктер енгізу.
Керекті құралдар:
Зембіл
Мұзды мұйық
Жастықша
Асқынулар:
Ауырсыну сезімі
Бас ауыру, әлсіздік, температураның көтерілуі.
Перитонит, шок
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқастың жағдайын бағалау
2. Науқасты тыныштандыру
3. Науқасты шалқасынан, аяғының астына жастықша қойып жатқызу.
4. Іш аймағына мұзды мұйық қою.
5. Хирургия бөлімшесіне жеткізу.
Нәтижені бағалау: Жағдайының жақсаруы, ауырсыну сезімінің азаюы, гемодинамикасының тұрақтылығы.
4.Стандарт: Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу.
Мақсаты:терминалдық және клиникалық өлім жағдайындағы зардап шегушілер мен науқастарды жандандыру.
Көрсеткіші:Жүректің кенеттен тоқтауы, клиникалық өлім, электр жарақаты, суға батып кету, жол апаты, оқыс жағдайлар және т.б.
Қарсы көрсеткіштері:Реанимация шарасын кеш бастау, онкологиялық және созылмалы аурулардың терминалді кезеңдері, қарттық кезең.
Керекті құралдары:
залалсыздандырылған қолғап , бет перде.
Залалсыздандырылған таңғыш заттар (салфеткалар, бинттер, медициналық дәке)
Науқаста болуы мүмкін жағдайлар :
Декортикация
Реанимациядан кейінгі синдром.
Қабырғалардың сынуы, кеуде тұсының зақымдануы.
Тілді жұту салдарынан тыныс жолдарының жабылып қалуы, тыныс алу жолының құсықпен бітелуі.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүрек - өкпе реанимациясынжүргізу көрсеткішін, жүрек пен өкпе қызметінің тежелуі белгілерін анықтау,
2. Науқасқа реанимация жасау үшін, қатты жерге жатқызап орналастыру керек.
3. Сафаридің үш әдісін жасаймыз ( басын артқа шалқайтамыз, төменгі жақ сүйегін алдыға қарай жылжытамыз, аузын ашамыз)
4. Тыныс жолының өткізгіштігін тексереміз, ауыз қуысын бөгде заттардан тазалаймыз.
5.Аузын салфеткамен жабамыз, бір қолмен маңдайын тірей ұстап мұрнын қысамыз, екінші қолмен астыңғы жағын ұстап тұрамыз;
6. Өкпеге ауа жинап, науқастың ернін ернімізбен толық қамтып 2 рет ауа жібереміз: кеуде қуысы 3 – 4 см көтерілгенше, пассивті дем шыққанша, дем беру жиілігі минутына 12 рет;
7. Бір қолдың алақанын төс сүйегінің төменгі 3/1 бөлігіне, семсер өсіндісінен 2 см жоғары қоямыз. Екінші алақанымызды соның үстіне саусақтарымызды айқастыра қойып, қолымызды тік ұстаймыз;
8. Қолымызды алмастан төсті 3 – 4 см ішке қарай ығыстыра,минутына 60 – 80 рет жиілікте басамыз . Жасанды дем беру мен компрессия қатынасы - 2:30;
9. Әр 1 – 2 минутта реанимацияның тиімділігін анықтаймыз (ұйқы артериясының тамыр соғысын анықтау, көз қарашығыныңтарылуы, терінің түсінің өзгеруі)
Нәтижені бағалау:Ұйқы артериясында пульстың анықталуы, көз ұарашығының тарылуы, тері түсінің өзгеруі.
5. Стандарт: Иық сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.
Мақсаты: Ауру сезімін азайту, жарақаттық шоктың алдын алу, тіннің қайта зақымдануы, екіншілік қан кету, жараның асқынуы, науқасты тасымалдауға жағдай жасау.
Көрсеткіші: Жауырынның, иықтың және қол сүйектерінің сынығында.
Қарама-қарсы көрсеткіштері: Науқастың жағдайы өмірмен сиымсыз, ауыр шок.
Керекті құралдар:
-крамер жақтауы ұзындығы 1м, көлденеңі 10см;
-залалсыздандырылған таңғыш заттар ( салфетка, мақта шариктері);
-бинт, дәке, мақта; мақта-дәке жастықшасы;
-залалсыздандырылған шприц;
-ауырсынуды басатын дәрілер (баралгин ерітіндісі-5,0 немесе1мл 2% промедол, фентанил 1мл 0,005% көк тамырға, трамал-100мг);зембіл;
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
- жарақат аймағының ауруы, қорқыныш сезімі;
-жарақаттың болуы, қансырау;
-естен тану, шок; қозғалыстың шектелуі;
- терінің, буындардың және жүйке талшықтарының сүйек жарықшағымен екіншілік зақымдануы; жарақатқа инфекцияның түсуі.
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Зақымданған қолға қозғалтпайтын жағдай жасау мақсатында жақтаулар дайындау, жақтау зақымдалған қолдың иық, шынтақ пен білезік буындарын қозғалтпайтындай жағдай туғызуы тиіс;.
2. Жақтау салудың алдында зақымданған жерді жансыздандыру, ағып жатқан қанды тоқтату, жараға асептикалық таңғыш салу.
3. Жақтау дайын болмаса, жақтауды жұмсақ материалмен орау қажет (бинт, мақта), сүйектің шығып тұрған жеріне ойылудың алдын алу үшін мақта шариктерін қоямыз;
4. Зақымдалған қолдың қосымша жарақатын болдырмау үшін жақтауды киімнің үстінен саламыз.
5. Көмек көрсетуші жақтауды өзіне өлшеп алады. Жақтаудың бір ұшына 2 ұзын бинт байланады. Егер жақтауды қойған кезде дұрыс өлшенбегені байқалса оны алып тастап, қайта өлшеу керек;
6. Жақтау салатын мүшеге ыңғайлы жағдай жасау керек: қолтық астына иығын аздап шалқайту үшін кішкене жастықша қоямыз:
7. Қолын шынтақ буынынан 90 градусқа бүгіп, білезік буынын 45градуста жазып, пронация мен супинация аралығындағы орташа жағдай жағдай туғызамыз;
8. Жақтаудың бір басына шынтағы мен білезігін, саусақтарын қойып, бос қолымызбен екінші шетін ұстаймыз да жақтауды иық пен арқаның артқы жағымен сау қолының иық тұсына бағыттаймыз
9. Жақтаудың жоғарғы жағы қозғалмау үшін, алдынан және артынан сау иық буынына жақтау ұшына байланған бинтпен бекітеміз.
10. Жақтауды қолға бинтпен бекітеміз (спираль тәрізді, тасбақа тәрізді, масақ тәрізді).
11. Қолын орамалмен мойнына іліп қоямыз..
12. Науқасты отырғызып зембілмен ауруханаға тасымалдаймыз.
Нәтижені бағалау: Қол сүйектері жақсы бекітілген,ауру сезімі басылды, зақымдалушының жалпы жағдайы жақсарды.
6.Стандарт: Сүт безіне таңғыш салу техникасы.
Мақсаты:Таңу материалын бекіту.
Көрсеткіші:Сүт безінің қабынуы, жарақаттар, күйіктер, операциядан кейін.
Жабдықтар: бинт ені 20см, қайшы.
Іс-әрекеті:
Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.Тыныштаңдыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу,бинттің басын- оң жақ қолға,сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.
Омырау астында, кеудеге 2 бекітетін тур жасау.
Арқа мен қолтық астына бинтті жылжыту.
Сүт безін астыңғы жағынан бекітіп, бинтті қиғаш түрінде қарама-қарсы иық жаққа көтеру.
Арқа мен қолтық астына арт жағынан өткізу
Сүт безін жоғарғы жақтан айналып бинтті сау сүт безден қолтық астына жылжыту.4-5-6-ші пунктер қайталанады.
Омырау толық жабылғанша бинттің турлары салынады.
Омырау астынан бекітетін турмен жүргізіп, байламның шеттін қиып,түйінмен байлау.
7.Стандарт: Гипсті лангетаны салу.
Мақсаты: Ашық және жабық сынықтар кезінде, шыққан сүйекті түзету, сүйек сынықтарын қалпына келтіруден соң таңып бекітуді қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: Ашық және жабық сынықтар, шығу, буын шығуы кезінде және сүйек сынықтарын қалпына келтірген кезде жарақат орнын таңып бекіту .
Құрал-жабдықтар:
- таңу бөлмесі,суы бар ыдыс, гипсты суға батыруға арнаалған ыдыс.
-гипс дәкелерін және лонгет дайындайтын стол.
-ортопедиялық стол, гипсты сақтайтын қораптар, гипс дәкелері және лангета.
- дымқыл лангеталарды жаятын тақташа;
- гипсті таңғыштарды кептіретін заттар;
- таңғыш материалдар және дәрі-дәрмектер (мақта, дәке, медициналық таңғыштар)
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
- лангетаның ыңғайсыз дайындалуы, түйіндер мен қатпарлардың болуы;
- буындар мен жүйкелердің, жұмсақ тіндердің гипсті таңғыштармен жаншылуы;
-гипсті таңғыштың астында ауру сезімінің болуы, жансыздану, сезімталдықтың жоғалуы;
- гипсті таңғышты салғаннан кейін ісіктің, көгерудің, қолдың немесе аяқтың салқындауының пайда болуы;
- қансырау, іріңді жұқпаның дамуы, сүйек сынықтарының екіншілік ығысуы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Аяқ-қол сүйектерінің шығыңқы тұстарын мақталы дәкемен жабамыз;
2. Гисп лангетасын сулап, сығып болған соң мейірбике оны бастапқы қалпына дейін жазады, лангетаның ұзындығы зақымдалған қолдың немесе аяқты толық қамтитындай ұзындықта болуы керек, ( бір,екі буынды немесе үш буынды қозғалтпайтындай болу керек )
3.Үстелге ұзынынан жайып тегістейміз;
4. Дайын болган лангетаны стол үстінде алакан комегімен тегістеп сынған жерге коямыз
5.Осыдан кейін лангентаны сынған жерге дұрыстап бекітіп таңғышпен таңып коямыз
6. Дайын болған лангентаны айналмалы түрдедәкемен жасалған бинтпен ораймыз
7. Аяқ-қол саусақтарына гипс жағылмауы және бинтпен оралмауы керек, себебі олардың терісінің түсін, температурасын бақылай отырып жұмсак тіндердің қысылып калмауының алдын аламыз.
Нәтижені бағалау: таңғыш дұрыс, ыңғайлы, ауырсынусыз салынды, шетекрі тамыр соғысы сақталған, аяқ-қолдары жылы, терісі қызғылт.
Стандарт: Операциядан кейінгі таза жараны өңдеуді жүргізутехникасы
Мақсаты:Жараға асептикалық таңғыш салу
Көрсеткіштері:Отадан кейінгі жараның болуы
Құрал- жабдықтар: Залалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған резеңке қолғаптар, залалсыздандырылған таңғыш дәкелер, пинцеттер, зонд, ұшы жоқ инелі шприц, жалпақ резеңке түтікшелер, антисептик ерітіндісі, жара кеңейткіш, 3% сутегі асқын тотығы, 1%йодонат, КБУ.
Іс-әрекет алгоритмі :
Қолды гигиеналық деңгейде жуу.
Резеңке қолғап кию.
Жарадағы ескі таңғышты пинцетпен алу.
Пинцетпен жарадағы жалпақ резенке дренажды алу.
Жараның айналасын , 3 % сутегі асқын тотығымен пинцетпен ұстаған дәке салфеткасымен өңдеу.
Жараның айналасын пинцетпен ұстаған салфеткамен құрғату.
Жараның айналасын 1%йодонат ерітіндісімен пинцетпен ұстаған салфетка арқылы өңдеу.
Жараны жаракергішпен немесе зондпен қарау.
Жараны 3% сутегі асқын тотығымен ұшы жоқ инесі бар шприц арқылы жуу.
Жараны салфеткамен құрғату.
Қолданған құрал жабдықтарды лотокқа саламыз.
Жараның айналасын 1%йодонат ерітіндісіменпинцетпен ұстаған салфетка арқылы өңдеу.
Жарағажалпақ резенке дренажды пинцет арқылы немесе зондпен енгізу.
Антисептика ерітіндісіне салынған салфетканы пинцетпен қою.
Лейкопластырь мен немесе клеолмен таңғышты бекітеміз.
Қолданған құрал жабдықтарды, қолғапты , таңғыш материалдарды КБУ ға тастаймыз.
Стандарт: Резус - факторды анти – Д цоликлонмен анықтау техникасы.
Мақсаты: Резус- факторды анықтау.
Көрсеткіші: қан құйылу, операция уақытында, операция алдында
Құрал жабдықтар:цоликлон анти – Д, планшет, әйнек таяқшалар, залалсыздандырылған қолғап, сағат, КБУ.
Іс -әрекет алгоритмі:
Анти - Д цоликлонның сапасын сыртқы түріне қарап тексеру: (ашық түсті, мөлдір), ампуланың сақталуы, мерзімі.
Науқасқа іс-шара барысын түсіндіру.
Науқасты отырғызып немес жатқызып, жалпы жағдайын бақылау.
Қолды гигиеналық деңгейде жуу (деконтоминация)
Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз
Планшетке анти – Д тамызыңыз (0,1 мл)
Тексерілетін қанның 1 тамшысын алыңыз (0,2 мл) , оны реагентпен әйнек таяқша арқылы араластырыңыз (1:5 қатынасында)
Планшетті қолыңызда айналдыра ұстап 3 минут бойы нәтижесін бақылаңыз
Нәтижесін бағалаңыз
Агглютинацияның болуы тексерілетін қанның оң резусты екендігін көрсетеді
Агглютинацияның болмауы тексерілетін қанның теріс резусты екендігін көрсетеді
Қолғапты шешіп, КБУ ға салу.
Стандарт: Гипс лангеталарын дайындау
Мақсаты:Аяқ-қолдың әр түрлі жарақаттарында иммобилизация жүргізуге арналған гипс лангеталарын дайындау, алдын ала дайындалған стандартты лангеталар манипуляция уақытын қысқартады.
Көрсеткіштері:Ашық және жабық сынықтар, шығу, буын шығуы кезінде және сүйек сынықтарын қалпына келтірген кезде жарақат орнын таңып бекіту .
Қарсы көрсеткіштері: Жоқ.
Керекті құралдар:
Темір жабындымен немесе полиэтиленмен жабылған беті тегіс стол.
Арнайы ыдыста гипс, елгезер, гипске арналған жалпақ лоток
Бинттер немесе ұзындығы – 100 см және ені – 10-20 см кесілген медициналық дәке
Матаға арналған қайшы
Арнайы киім (кленка фартук, халат, қалпақ, жуылатын аяқ киім, бет перде, мата қолғап)
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:
Ыңғайсыз, тегіс дайындалмаған лангета
Түйіндер немесе қыртыстың болуы
Дәкенің қабатына гипс қалыңдығының сәйкес келмеуі, бұл аяқ-қолға салғанда иммобилизация сапасын төмендетеді
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Арнайы киімді кию. (кленка фартук, халат, қалпақ, жуылатын аяқ киім, бет перде, мата қолғап)
2. Арнайы гипсі бар ыдысты дайындау, елгезермен елеу
3. Науқастың сау аяқ немесе қолына гипсті лангетаның қажетті ұзындығ мен енін бинтпен өлшеп алу.
4.Гипсті бинтті лангетаның өлшеп алған науқасқа керекті ұзындығына сәйкес дайындайды, гипсті бинтті бірнеше қабат орайды (иық үсті үшін 5-6 қабат, тірсекке –
5-10 қабат, санға - 10,12,14 қабат):
5. Лангета үшін бинтті белгілі бір қалыңдықта қабаттау былайша жүргізіледі : олардың шеттері қалың болмауы керек, ол үшін бинттің орамы лангетаның ұштарында баспалдақ тәрізденіп аяқталуы керек.
6. Содан кейін гипсті лангетаны екі жағынан ортасына қарай бостау етіп жинайды, содан соң кітап тәрізді бүктейді.
7. Дайын лангетаны сулайды, гипсті бинтті сулап сығамыз да, зақымданған жерге салады, ал, дайын лангеталарды арнайы корапта құрғақ жерде сақтайды.
Нәтижені бағалау:Дұрыс дайындалған лангета зақымданған жерді жақсы бекітеді, ыңғайсыз жағдай тудырмайды.
11. Стандарт: Екі көзге байлам салу техникасы.
Мақсаты:Көзге қойылған таңғышты бекіту
Көрсеткіштері:Операциядан кейінгі жара, көз жарақаттары
Керекті құралдар: Бинт ені 10-12см, қайшы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты бет жағын өзіне қаратып отырғызу;
Науқасты тыныштандырып, өткізілетін ем шара мақсатын түсіндіру;
Науқасты қарап, жарақатын анықтау.
Ені 10-12 см бинтті алыңыз.
Бинттің бастапқы ұшын сол қолға, ал бинтті оң қолға ұстаңыз;
Бастың маңдай бөлігіне бинтті орналастыру, сол жақтан оңға қарай айналдыра байлау;
Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау;
Шүйде сүйектен құлақ астына бет жақтан жоғары бинттің бөлігін түсіру,осы жолмен сол көз жабылады;
Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау.
Шүйде сүйектен бастап маңдайға бинтті апарып, оң жақ көз жабылады.
Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау;
Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап, бастың маңдай бөлігінде;
12. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау техникасы
Мақсаты: Донормен реципиенттің қанының сәйкес болуын анықтау
Көрсеткіші: Қан құю
Құрал-жабдықтар: Донордың қаны, система, залалсыздандырылған дәке шариктері, спирт, залалсыздандырылған пинцет, қолғап, КБУ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа әс-шараның жүргізілу барысын және мақсатын түсіндіру.
Науқасты ыңғайлы жатқызып, жағдайын бақылау.
Қолды гигиеналық деңгейде жуып деконтоминация жүргізіңіз
Залалсыз қолғапты киіңіз
Системаны құрыңыз
Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз
Системаны 3 минутқа жабыңыз
Науқастың жағдайын бақылаңыз
Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз
Системаны 3 минутқа жабу
Науқастың жағдайын бақылаңыз
Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз
Науқастың жағдайын бақылаңыз
Қалған қанды минутына 8-10 тамшыдан жәймен енгізіңіз
Қолғапты шешіп, КБУ ға тастаңыз
Ескерту: Тамызып болған қанның 10-15 мл тоңазтқышта сақтау;
- Флакондағы этикетканы сырқатнамаға жабыстыру
- Зәрдің бірінші бөлігін зәрдің жаллпы зерттеуіне жіберу
- Қан құю кезінде науқастың қасында қадағалап тұру
- Науқастың дене қызуын 3 қайтара тексеру
Іштің, кеуденің, белдің ауырсынуларында, құсқанда, бас ауырғанда, дем жетіспеген кезде, денесінде бөртпе пайда болса, тахикардия кезінде қан құюға болмайды!
Биологиялық сынама кезінде болған асқынуға алғашқы көмек көрсету:
Тез арада системаны тоқтату
Система мен флаконды шығару, инені тамырда қалдыру
Дәрігерге хабарлау
Инені тұзды ерітінділі басқа системаға жалғау
Жағдайы жақсарған соң 2 сағат бойы науқастың жағдайын бақылау.
Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасы
Мақсаты:Қан ағуды уақытша тоқтату .
Көрсеткіштері: Артериялық қан кету
Іс - әрекет алгоритмі:
Артерияларды саусақпен басудың анатомиялық орындары мыналар:
1. Жалпы ұйқы артериясын төс-бұғана-емізік бұлшық етінің ішкі шетінің ортасына, 6 мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің ұйқы төмпешігіне қарай 1 саусақпен немесе қалған 4 саусақпен басады:
2. Сыртқы жақ артериясын астыңғы жақтың төменгі жиегіне, оның артқы және ортаңғы бөлігінің аралығын басады
3. Самай артериясын бас бармақпен құлақтың алдыңғы жағынан бас бармақпен самай сүйегіне қысып басамыз
4. Бұғана асты артериясын бұғана үсті аймағының ортасынан бірінші қабырғаның төмпешігіне қарай басамыз.
5. Иық артериясын иық сүйегіне екі басты бұлшық еттің ішкі жағына қарай басамыз.
6. Қолтық асты артериясын қолтық асты ойығына тоқпан жіліктің басына қарай басамыз.
7. Шыбық артериясын пульсты анықтайтын жерде, шыбық сүйегіне басамыз.
8. Шынтақ артериясы ншынтақ сүйегіне басамыз.
9. Сан артерияны пупарттық байламның ортасынан қасаға сүйектің көлденең тармағына қарай басамыз.
10.Іш қолқасының омыртқаға кіндік тұсының сол жағынан жұдырықпен басамыз.
Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату
Мақсаты: Қан ағуды уақытша тоқтату
Көрсеткіштері: Артериялық қан кетіп жатқан жара.
Керекті құралдар: Бинт, мақта,таңу пакеті, жастықша, орамал немесе белдік.
Іс - әрекет алгоритмі:
Бұғана асты артериясынан қан ағуды тоқтату үшін : иықты артқа қарай максималды тартып, орамалмен немесе белдікпен шынтақ буынының үстінен қатты байлап тастау.
Иық артериясынан қан ағуды тоқтату жолдары: білекті шынтақ буынынан максималды бүгу, білек пен тоқпан жілікті 3/1 бөлігінің тұсынан белдікпен немесе орамалмен бекіту
Тізе артындағы артериядан қан ағуды тоқтату: тізе буынын максимальді бүгіп орамалмен немесе белдікпен байлайды.
Сан артериясынан қан ағуды тоқтату үшін: жамбас буынын шат аймағында
максималды бүгіп, белдікпен немесе орамалмен байлау керек.
Ескерту: Буынды барынша бүгу кезінде бүгілген буынға жастықша қойылу керек.
15. Стандарт: «Дезо» байламын салу техникасы
Мақсаты: Дезо таңғышы қолды денеге бекіту үшін бұғана мен иық шыққанда жедел көмек кезінде қолданылады.
Көрсеткіші: Иық сынығы және иық буынының шығуы
Құрал жабдықтар :Бинт 20 см, қайшы, түйрегіш
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұксатын алыңыз.
Қолды жуу, қолғап кию
Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті жүргізу.
Кеудеге 2 бекітетін тур өткізу,ауырған қолды иық аймақта,арқада,қолтық астында сау жақтан.
Қолтық астына валик салу.Білекті кеудеге қысу.
Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті жүргізу.
Ауырған иықтың артқы жағымен шынтақ астынан бинтті түсіру.Шынтақ буынды бекітіп,білекке қарай,білезік буынды бекітіп,сау қолтық астына бинтті апару.Қолтық астынан арқамен ауырған иыққа бинтті жүргізу.Сау жақ қолтық астына арқамен бинтті сырғыту.
Иық толық бекітілгенше бинттің турлары қайталанып отырады.Кеудеде 2 бекітетін турмен байламды бітіреді,байламның шетін түйреуішпен бекіту.
Ескерту: Қолдың сол жағы жарақаттанса бинтті оң қол жағынан бастаймыз. Егер сол қол жарақаттанса, оң қол жағынан бастаймыз.
16. стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу
Көрсеткіштері: Жұмсақ тіндердің жаралануы
Қарсы көрсеткіштері:Шок, қан жоғалту, коллапс(талықсу), жараның іріндеуі
Керекті құралдар:
Залалсыздандырылған аспаптар үстелі
Ота жаймасы және қолғап, танғыш материал, тігін материал
Жайма қорабы, хирургиялық және анатомиялық пинцет
Кохер және Бильрот қысқышы, Дешана инесі
Тескіш инелер, жара кеңейткіш: тісті және Фарабеф
Бір рет қолданатын шприц, және ине ұстағыш
Фурациллин ерітіндісі
1% йоданат ерітіндісі
70% этил спирті
0,5-0,25% новокаин ерітіндісі
3% сутек асқын тотығы
0,9% натрий хлорид ерітіндісі
Іс-әрекет алгоритмі:
Отаға арналған киімді және резеңкелі қолғапты кию.
Дәкемен жараның айналасын фурацилин ерітіндісімен немесе 3 % сутек асқын тотығымен өңдеу
Дәкемен тағы бір қайтара жараны өңдеу
Жараны дәкемен кептіру
Қолданылған пинцетпен дәкені залалсыздандырылған лотокқа салып қою
Жараның айналасын йоданат ерітіндісімен 2 мәрте өңдеу
Жаранын айналасын залалсыз дәкемен танамыз.
Жараның айналасын этил спиртімен өңдеу
Жергілікті анестезияны анықтау.
Жара кергішпен жараны ашып, бетінен түбіне дейін қарап шығу.
Пинцеттің немесе қайшының көмегімен бөгде заттарды алып тастау.
Скальпель мен пинцеттің көмегімен жараның бетінен түбіне дейінгі өлі еттенген тіндерді алып тастау.
Жараны антисептиктің көмегімен жуу
Қан кеткен тамырды тігу немесе байлау арқылы қан ағуды тоқтату
Жараны дәкемен кептіру
Жараның айналасын йоданат ерітіндісімен өңдеу
Пинцет, ине ұстағыш және иненің көмегімен жараға қабаты бойынша тігіс салу.
Йоданат ерітіндісімен жараны сорғыш қозғалыспен өңдеу
Пинцетпен жараға құрғақ дәке қою
Жараны дәкемен таңу
Қолданылған инструменттерді, таңу материалдарын зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салу.
Қолғапты шешіп қап жинағышқа тастау.
Ескерту: Егер жара жыртылса, инфекцияланса, жараланған уақыттан 24 сағат өтсе тігіс салынбайды, жара дренаждалады.
17.Стандарт: Сіреспенің арнайы профилактикасын жүргізу .
Мақсаты: Сіреспенің шұғыл спецификалық алдын-алу шарасы.
Көрсеткіштері: Жарақат, 2-3 дәрежелі күйік, үсік және т.б.
Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған қолғап, спирт, залалсыздандырылған таңғыш материал, шприц, сіреспеге қарсы анатоксин, сіреспеге қарсы иммуноглобулин, егер иммуноглобулин болмаса пептикалық қорытылу әдісімен тазартылған сіреспеге қарсы концентрацияланған сұйық сарысу, КБУ
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолды гигиеналық деңгейде жуу.
Резеңке қолғап кию
Теріні 70% спиртпен өңдеу
Білектің ішкі бетіне тері астына 0,1 мл 1:100 сіреспеге қарсы сарысу енгізу
20 мин кейін нәтижені бағалау, егер папула көлемі 0,9 мм дейін болса, онда нәтиже теріс және ол кезде тері астына 0,1 мл сіреспеге қарсы сарысу енгізіп, 20 минутан кейін қалған доза (3000 ХБ) енгізіледі.
Науқасты 1 сағат бойы бақылау.
Қолданған инструменттер, қолғап, таңғыш материалдар КБУ салынады.
Ескерту: Сіреспенің алдын-алу сезімталдығын анықталған соң жасалады.
Сіреспеге қарсы екпені емдік мақсатта науқастарға ауру басталмас бұрын 100000-200000 ХБ енгізіледі.
Сарысуды көктамырға немесе жұлын каналына енгізу.
Аурудың ауырлығына байланысты сарысуды рефлекторлы тырысу тоқтағанша қайталап енгізеді.
18.Стандарт: Жгут салу арқылы артериядан кеткен қанды тоқтату.
Мақсаты:Қан кетуді тоқтату
Көрсеткіштері: артерия қан тамырларының зақымдануында
Қарсы көрсеткіштері: жоқ
Керекті құралдар:
Салфетка
Резеңке жгут
Ақ қағаз,калам
Резеңке қолғапты
зарарсыздандырылған ертіндісі бар ыдыс
Бинт.
Іс-әрекет алгоритмі:
Резеңке қолғапты кию.
Зақымданған жағын денеден біраз көтеріңкі етіп қою.
Жарақатты қарау.
Қан кеткен жерден жоғарырақ,жараға тақау жерге салфетка қою немесе жараның үстінен киімін жинау.
Жгутты жараның үстінен байлау керек.
Жгутты қатты қысып1 орам,одан кейін 2-3 орам,қан ағу,тамыр соғуының тоқтағанға дейін.
Жгуттың әрбір орамы алдыңғы орамның қасына түсуі керек.
Жгуттың шетін ілгешекпен бекітеді немесе екі басын байлап тастайды.
Жгуттың салынған уақытын:күні,сағаты мен минутын көрсетіп жазып,жгуттың оралу бағытының астына салады.
Ескерту!:Жгутты 1 сағаттан артық салуға болмайды,суық уақыттарда 30 минуттан артық салуға болмайды.Егер белгіленген уақыт бітсе,жгутты 5-10 минуттай босаңсытып,бұрынғы орнынан жоғарырақ жгутты қайта салу керек.Жгутты 2сағаттан артық салуға болмайды
19. Стандарт: «Гиппократ» қалпағын салу ережесі.
Мақсаты:Бастағы таңғыш материалды бекіту.
Көрсеткіші: Бас жарақатында.
Құрал- жабдықтар: Бинт ені 10 см, қайшы , лейкопластырь
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.Тыныштаңдыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
2 бинт алыңыз да оларды 15 см ұзындықта тарқатыңыз.
Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне қойып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта ораңыз, 2 басты бинт жасалады.
2 басты бинтті оң және сол қолыңызға алыңыз
Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойып, 2 басын шүйде аймағына қарай апарыңыз
Шүйде аймағында айқастырыңыз, 1 басын шүйдеден маңдайға қарай төбе бөлігін жауып, екінші басымен басты айналдыра ораңыз
№2 бинттің басымен маңдай аймағында айқастыра отырып №1 бинтпен маңдайдан шүйдеге қарай жүріңіз. №2 бинтті төбе арқылы әкеліп №1 бинтті жабыңыз.
Төбе аймағы жабылғанша басты айналдыра ораңыз
Бинттің турын бас сүйек толық жабылғанша қайталаңыз
20.Стандарт: Медбикенің залалсыздандырылған халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдері.
Мақсаты:Студеннтерге операциялық іс-шаралар алдында залалсыздандырылған халат,қалпақ,маска,қолғапты кию тәсілдерін үйрету.
Керекті құрал - жабдықтар:
1.операциялық киімдері бар залалсыздандырылған бикс
2.96 % этил спирті
3.Залалсыздандырылған шарик
4.Залалсыздандырылған корнцанг
5.Залалсыздандырылған пинцет
6.Залалсыздандырылған вазелин майы
7.Залалсыздандырылған қолғап
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолды гигиеналык денгейде жуу
Қолды хирургиялық деңгейде өңдеу
Педальдің көмегімен биксті ашыңыз, (немесе 1 рет қолданылатын киімді пайдаланыңыз)
Индикаторды алып, оның жағдайын бағалаңыз .(көрсеткіш балқытылған болу керек).
Колды этил спиртімен ылғалданған мақта шаригымен өңдеу
Залалсыздандырылғанорамалмен колды құрғату
Залалсыздандырылған бет пердені кию, орамалды тарту, санитарка арт жағынан байлауга көмектеседі.
Биксті жабу
Қолды залалсыздандырылған салфеткамен өңдейміз.
Биксті қайтадан ашып халатты аламыз.
Халатты бикстен жағасынан ұстап алып жанындағы заттарға тимейтіндей етіп жазып ұстаймыз
Халаттың ішкі бетін өзіңіңзге қаратыңыз
Халаттың 2 қолын бір мезгілде көмекшінің көмегімен киіңіз
Артынан халаттың жоғарғы бауларын байлаңыз (көмекші).
Мейірбике халаттың жеңінің бауларын өзі байлайды
Халаттың белдігін көмекшіге қолын тигізбеі береді, көмекші арт жағынан байлайды.
Қолғапты мейірбикенің өзі киеді.
Қолғапты спиртпен өңдейді .
21.Стандарт: Асқазан-ішек жолдарынан қан кеткенде жедел көмек көрсету.
Мақсаты: Перитониттің, қансыраудың, қан кетудің,септикалық жене геморрагиялық шоктың алдын алу.
Көрсеткіштері: Асқазан және 12 елі ішек ойық жарасында, созылмалы ойық жарада.
Қарсы көрсеткіштері: Жылытқыш қолдану, клизма қою, іш өткізетін препараттар беруге, асқазанды жууға, жансыздандыруға, су, тамақ ішуге, антибиотиктер салуға болмайды.
Керекті құралдар:
Зембіл
Кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0
5% аминокопрон қышқылы – 2 мл
12,5% этамзилит ерітіндісі – 2 мл
Мұзды мұйық
Жастықша
Асқынулар:
Қансырау, қан кету
Бас ауруы, әлсіреу, АҚҚ төмендеуі
Геморрагиялық шок
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасты тыныштандырып шалқасынан жатқызу
2.Ішке мұзды мұйық қою
3. Қан тоқтатын дәрілер кальций хлор ерітіндісі – 10%-10,0 к/т енгізу.
4. 5% аминокопрон қышқылы – 10 мл немесе 12,5% этамзилит ерітіндісі – 2 мл к/т енгізу.
5. Хирургия бөлімшесіне жеткізу.
22. Стандарт: «Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны өңдеу тәсілі»
Мақсаты: Жараның микробтармен ластануын азайту
Көрсеткіштері: жараның болуы
Керекті құрал-жабдықтар:2 пинцет, залалсыздандырылған материалдары бар бикс, антисептик ерітінділері, залалсыздандырылған қолғаптар, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, 1% йодонат, или 70%спирт, КБУ.
Іс – әрекет алгоритмі:
Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз
Жүргізілетін іс-шараны түсіндіріңіз
Қолыңызды спиртпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз
Жараны қараңыз
2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол енгізіп, ауырсынуды басыңыз
Жараның айналасын 1% йодонатқа немесе 70%спиртке батырылған залалсыз салфеткамен пинцет арқылы 2 рет өңдеңіз
Жараның бетіне пинцет арқылы залалсыз салфетка қойыңыз
Таңғыш материалды кез-келген әдіспен бекітіңіз
Қолғабыңызды шешіп КБУ ға тастаңыз
Стационарға тасымалдаңыз
Ескерту:
жарадан қан кетіп жатса тоқтатыңыз,
Сіреспенің, газды гангренаның алдын алу шаралары емханада немесе қабылдау бөлімінде жүргізіледі
Тістелген жара болса құтырудың алдын алу шаралары жүргізіліп, есепке алынады
Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасы
Мақсаты: Жарақаттанған қолдың иммобилизациясын (қозғалмауын) қамтамасыз ету
Көрсеткіштері:Таңғыш материалды, гипс лангетін, шинаны бекіту.
Құрал-жабдықтар: Жалпақ бинт, қайшы
Іс-әрекет алгоритмі:
Тоқпан жіліктің жоғарғы үштен бір бөлігіне 1-2 рет айналдыра отырып бекіту жасау.
Бинтті кеуденің артқы бөлігінен айналдырыңыз.
Арқадан кеуде арқылы қолтық астынан жүргізу.
Бинтті кеуденің алдынан алып, иықтың жараланған жерінен жүргізіңіз.
Иықты циркуляторлы жүргізіп, арқадан өткізіп, алдыңғы орамның 2/1 немесе 3/2 бөлігін жабу.
Иықты толық жабу үшін 1 және 2 орамды қайта жүргізу.
Бинтті иықтың төменгі жағынан бекіту.
Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек
Мақсаты: Тыныс бұзылуының, механикалық асфиксияның алдын алу, пневмотораксты жою
Көрсеткіші: Тесілген жерден плевра куысына ауаның еркін еніп кетуі,
тыныс жеткіліксіздігінің дамуы
Қарсы көрсеткіштері: Жоқ
Керекті құралдар:
Зембіл
залалсыздандырылған шприц 2,0 анальгетик енгізу үшін
Кетатоп ерітіндісі 2,0
Залалсыздандырылған мақта шариктері, дәке
Спирт, антисептикалық ерітінді
Оттегі
Қолғап
Дамуы мүмкін асқынулары:
Ентігу, тұншығу, шок , естен тану,
Механикалық асфиксия
Тыныс алу және жүрек-тамыр жетіспеушілігі
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Ауырсыну сезімін басу үшін б/е трамадол ерітіндісін 2,0 енгізу.
2. Жарақатты антисептикпен өңдеу.
3. Жарақаттың айналысын спиртпен, йодпен өңдеп стерильді окклюзионды (ауа жібермейтін) таңғыш қою.
4. Мұзды мұйық қою.
5.Оксигенотерапия жүргізу.
6. Науқасты зембілмен отырғызып хирургия бөлімшеге жеткізу.
7. АҚҚ, пульс, тыныс алуды бақылау.
Нәтижесін бағалау:Тыныс алуының, АҚҚ, пульстің жақсаруы.
25.Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу.
Мақсаты: Операциялық аймақты өңдеу.
Керекті құрал- жабдықтар:Қауіпсізұстара, 1% йодонат ерітіндісі, заласыздандырылған мақта тампондары, пинцет, 70% спирт.
Іс-әрекет алгоритмі:
1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен алыңыз.
Операция жасалатын аймақты шетіне қарай 1% йодонат ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз.
70% спиртке малынған салфетканы пинцетпен алыңыз.
Операция жасалатын аймақты шетіне қарай 70% спирт ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз.
Залалсыздандырылған матамен операция орныноқшаулаңыз, 1% йод ерітіндісімен және 70% спиртпен сүртіңіз.
Тігіс салу алдында және тігіс салғаннан кейін операция аймағын 1% йод ерітіндісмен өңдеңіз.
Ескерту:
Науқасқа операция алдында жалпы гигиеналық ванна жүргізіңіз.
Төсек жаймаларын, іш киімдерін ауыстырыңыз.
Операция алдында таңертең операция аймағындағы түктерді құрғақ тәсілмен қыруыңыз
Операциядан 30минутбұрын науқасты шешіндіріңіз.
Басына орамал тартыңыз.
Аяғына бахила кигізіңіз.
Науқасты каталкаға жатқызыңыз.
Операция бөлімшесіне жеткізңіз.
26.Стандарт: « Ноқта » тәрізді байлам салу тәсілі.
Көрсеткіші:Беттің және астыңғы жақтың зақымдануы
Құрал-жабдықтар: Бинт ені 10см., қайшы
Іс әрекет алгоритмі:
Пациентті өзіне қаратып отырғызу,тыныштандыру,манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бір ұшын сол жақ қолға, бинттіоң жақ қолға .
Бастың маңдай,шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу.
Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру,әрі қарай шүйде аймаққа барып баста бекіту.
Бинтті шүйде сүйекке түсіріп,әрі қарай иекке,бет жаққа, бастың маңдай бөлігіне өткізу,әрі қарай шүйде сүйектен бас жаққа бекітетін турмен бітіру.
Бинттің турларын қайталап отырып,иекке бет жаққа қарай апару .
Бас жақта бекітетін турлармен байламды бекіту.
Бинттің шетін бастың маңдай жағында байлап бекіту.
27.Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу.
Мақсаты: Сынған жерді қозғалтпау трамматикалык шоктын алдын алу ұлпалардын қосымша зақымдануын алдын алу
Көрсеткіші: Балтырдың жарақаттануы. Буынның шығуы немесе сынуы
Қарама қарсы көрсеткіші: Жоқ
Құрал-жабдықтар:
-сатылы Крамер жақтауы
-залалсыздандырылған таңғыш материялдар( дәке тампоны, макта шариктері ),
-медициналык дәке , мата
-жастықшалар
-залалсыздандырылған шприц инесімен
-жансыздандыруғрарналған дәрілер (баралгин ерітіндісі – 0,5 немесе 1 мл 2 % ,немесе -фентанил 1 мл 0,005% , ерітінді көк тамырға немесе трамал – 100 мл )
-зембіл .
Науқаста мүмкін болатын жағдайлар
Жаракат болған жердін ауырсынуы, қоркыныш
Жара . Жарадан кан кету
Естен тану . Есенгіреу, Шок
Жарақаттанған аймақта қозгалысының шектелуі
Тіннің екіншілік зақымдалуы,тамырлар мен нервтердің сүйек үгінділерімен зақымдауы
Жараға иньфекцияның түсуі
Іс- әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшараны түсіндіру.Науқасты сынған жердің табан буыны мен тізе буынын қамтитын жақтауды аламыз .
2. Іс шаранын алдынан сынған жерді жансыздандырып қан ағуды тоқтатамыз асептикалық таңғыш таңамыз
3. Егер жақтау дайын болмаса бинт немесе мақта мен ораймыз
4.Қосымша жарақат болдырмау үшін жақтауды киімнің үстіне саламыз
5. Көмектесуші жақтауды сау аяғына өлшеп жарақаттанған аяққа салады, егер жақтауды дұрыс салмаған жағдайда, оны тез шешіп қайтадан салу керек
6. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітіңіз.
7. Табан буынына мақталы – дәкені қоямыз.
8. Жақтаудың біреуін дайындап, табаннан бастап сан сүйегінің 3/1 бөлігіне дейін қамтимыз
9. Екі жақтауды екі жағынан салып бекітеміз немесе U тәріздес, табан буыны тік бұрышты болу керек
10. Жақтауларды бинтпен бекітеміз
11. Науқасты зембілге ыңғайлы қалыпта орналастырамыз
Нәтижені бағалау. Жақтау дұрыс салынған, ауырсыну басылған, таңғыш құрғақ, пациенттің жағдайы жақсарған.
28.Стандарт: Гипсті таңғышты салу тәртібі.
Мақсаты:Жарақаттанған жағдайда емдік иммобилизация үшін (сынықтар, буынның шығулары)
Көрсеткіштері: Аяқ - қолдың механикалық жарақаттары
Іс-әрекет алгоритмі:
Жұмыс барысында арнайы киім – бет перде, қолғап, ал жапқыш, бас киім кию керек
Гипсті бинт беті металмен немесе мрамормен қапталған арнайы столда дайындалады
Гипсті таңғышты дайындар алдында гипстің сапасын тексеру қажет
Гипс тез қатаю үшін гипстелген бинтті жылы суға салу керек
Гипсті жылы судан алар алдында, судағы ауа көпіршіктері бөлінісінің тоқтауын бақылау керек
Пациентті бинт орауға ыңғайлы етіп отырғызамыз
Аяқ – қолына ыңғайлы қалып береміз ( абайлаңыз ).
Сау аяқ – қолға гипсті лангетаны өлшеп аламыз
Гипс салатын жердің терісіне вазелин немесе балалрға арналған крем жағу керек
Сүйектің шығыңқы жерлеріне дәке салфеткаларын саламыз немесе барлық аймақты мақта –дәке орамымен оқшаулаймыз.
Таңғышты абайлап саламыз
Саусақтарын қан айналымын бақылау үшін ашық қалдырамыз
Таңғыштың түріне байланысты оны қосымша бинтпен бекітеміз
Гипс толық қатқанша аяқ – қолын қозғалтпау керек
Гипсті салғаннан кейін науқасты 2 сағаттай бақылаймыз, стационарлық емдеу жағдайында 2 күнге дейін
Ескерту: Гипстің сапасын тексеру.
Гипс пен бөлме температурасындағы суды бірдей мөлшерде алып, араластырамыз. Қоймалжың масса 6-7 мин соң қатаюы тиіс, пайда болған гипс пластинкасы үгітілмеуі тиіс, тек сынады
Гипсті уысымызға алып қатты қысамыз, сол кезде егер сапасы жақсы болса, гипс сусылдап қолдан түседі, ал, , егер сапасы жаман болса түйіршіктер пайда болады жәнесаусақтың ізі қалады
Суға араластырылған гипсте сасыған жұмыртқаның иісі болмау керек.
29. Стандарт: «Тақия» таңғышын салу техникасы.
Мақсаты:Басты таңу.
Көрсеткіші:бас жарақаты кезінде маңдай мен иекті жабу.
Құрал жабдықтар: бинт ені 10 см, қайшы.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты отырғызып, тыныштандырып, манипулияцияны тусіндіреміз.
80 сантимертлік бинтті кесіп дайындаңыз.
Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру,құлақтын алдында салбырап түру керек,бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстату.
Бинттен ұзындығы 1метрдей бинті дайындаймыз байлауға,қосымша орташа бинт ені 10-12 см байлам кесіп алу.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинтттің басын оң жақ қолға алу. Маңдай, шүйде сүйектен бекітін орамды өткізу.
Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару сол жақ байламға дейін.
Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу.
Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу.
Байламды екі рет айналдыра орамды бітіру, байламның бір жақ шетіне бинт байлау.
Пациент ұстап отырған бинттің шетін иек астынан байлау.
30.Стандарт:Кеңірдек пен көмейдің бөгде затпен бітелуі кезінде жедел көмек
көрсету.
Мақсаты: механикалық асфексияны, жедел өкпе тежелуін болдырмау.
Көрсеткіштері: ентігу, тұншығу, тыныс алу тоқтауы.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Зембіл
Дюфо инесі
Трахеостомаға арналған жиынтық
Жергілікті анестетик: новокаин 0,25%-10,0
Залалсыздандырылған шприц 10,0 анестетик енгізу үшін
Скальпель, ұшы үшкір ілмек, Труссоның жара кеңейткіші
Залалсыздандырылған мақта шариктері
Спирт, антисептикалық ерітінді
Қолғап
Асқынулары:
Есін жоғалту
Гипоксикалық кома
Клиникалық өлім
Жүректің, тыныс алудың тоқтауы
Іс-әрекет алгоритмі:
1. науқастың жағдайын тез бағалау.
2. стеноздың 1-2 дәрежесінде науқасты саныңызға бетін төмен қаратып жатқызыңыз, кеудесі саныңызда жату керек, рефлокторлы түрде дем шығарту үшін жөтелуін сұрау, қолмен жауырын тұсынан ептеп итеру.
3. Нәтиже болмаса зардап шегушіні арт жағынан құшақтап, кеуде тұсын қысыңыз.
4. 3-4 дәрежелі стенозда науқасты жауырын астына жастықша қойып шалқасынан жатқызып, Дюфо инесімен трахеотомиялық пункция жүргізіңіз.
5. Егер бұл әрекет көмектеспесе трахеостома қоямыз.
6. Түтік айналасына залалсыздандырылған салфетка қоямыз, тыныс алу қиындағанда трахеостоманы тазалаймыз..
7.Тыныс алу, АҚҚ, пульсті бақылау.
8. Науқасты трахеостомиялық пункциядан соң жартылай отырғызып, ал, трахеостомадан соң жатқызып зембілмен хирургия бөлімшесіне жеткізу.
Нәтижесін бағалау:науқас жағдайы жақсарған, АҚҚ бірқалыпты, тұншығу және ентігу басылған

Приложенные файлы

  • docx 23997019
    Размер файла: 256 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий