БАЗА ТАРИХ 9 СЫНЫП


- сынып Қазақстан тарихы Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт азаттық қозғалысы
§1.Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты
Бірінші дүниежүзілік жылдарындағы Қазақстан 1914-1918 жылдар
XIX ғ. Қазақстан үшін немен ерекшеленді? Ресей имп.тұтастай бодандыққа көшуімен
Ресейдін алға шығуына негізгі кедергі феодализм қалдықтары
Халықтардын ұлттық езілуі сияқты фактор бұратана
XX ғ.басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті
«Қазақ» газетінде Ә.Бөкейханов «Тағы соғыс» мақаласында не деп жазды? «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғ.Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімдердін алдында ақталмақ?»
1907-1912ж. Ресейдің еуропалық бөлігінен елімізге қанша адам келіп қоныстандырылды? 2 млн.400 мын
Столыпин реформасынын бас кезінде «Санкт петербургские ведомости» газеті не деп жазды? «егер мемлекет мұддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудын қажеті жоқ...»
1917ж. қазақстанда ең жақсы егістік жер мен жайылымдардың қанша жері тартып алынды? 45млн-нан астам десятина жер
Т.Рысқұлов не деп жазды? «1889 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдін сипатты белгісіне айналды...»
Патша әкімшілігі реселік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды қашан ойластырды? 1916 жылы
А.Байтұрсынұлы 1913 жылы не деп жазды? «қазақ ұлтынын өмір сүруінін озі проблемаға айналды»
Көтеріліске күшті желеу болған негізгі себепші фактор қазақтан қара жұмысқа жігіт алу
1916 жылгы 25 маусымдагы патша жарлығы бойынша, қара жұмысқа кімдер алынды? 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды ер адамдар
Түркістан мен Дала өлкесінен қанша адам алу көзделді? 500мыңнан астам жігіт
М.Дулатұлы не деп айтты? «жұрт сендей соғылды,түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»
Генерал губарнатор А.Куропаткиннін қара жұмысқа шақырудан босатылғандар туралы құпия бұйрығы қашан шықты? 1916 жылғы 23 тамыз
Қостанай уезі Мендіқара болысының батырақ шаруалары не деп жазған? «кедейлердің ауру балалары «жұмысқа жарамды» деп танылды, ал бай балалалы дені сау және тепсе темір үзетін болса да, әскери алқалардың төрағасы мен мқшелеріне көп пара бергендіктен, үйлеріне қайтарылды»
Патша жарлығына қарсы көтаріліске шыққан халық бірінші кезекте нені қалпына келтірді? Отарлауға дейінгі дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйесі
Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектарінің неше өкілі хан болып сайланды? 9
Ақмола облысының Ерексай және Әйелді болыстарында 1 хан жане 4 қазы сайланды
Шерубай Нұра болысында – Нұрлан Қияшев, Қарашақ болысында Оспан Шонов хан болып жарияланды
Верный уезінін Жайымтал болысының ханы болып кім сайланды? Бекболат Әшекеев
Ел бегі - әкім, сот алқасы - жасақшы, қазына билеушісі - қазынашы, көтерілісшілер армиясының қолбасшысы - сардарбек.
Верный уезінің көтерілісшілері кімдермен байланыс орнатты? Наманған және Таластың жоғарғы ағысындағы Әулиеата уездерінің көтерілісшілерімен
Көтеріліске шыққан албандар кімдермен күш біріктіріп қимыл жасады? Ұйғыр, қырғыз, дүнгендермен
Жергілікті патша әкімшіліктін анықтамасы бойынша, қазақ даласында 2 партия құрылды. Қандай партия? Біреуі жұмысшылар берғісі келмейтін, екіншісі бұйрықты орындауға келісетін
Қазақтын либерал демокрратиялық зиялы қауымы қазақтарды кім деп санады? «ресей мемл.бодандары, Отанның перзенттері»
Ахмет байтұрсынұлы не деп жазды? «қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарынла соғыс майданында қару жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: «бірі барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі «бармаймын» деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді»
Көтеріліс басшылары не деп қауіптенді? «қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады»деп
1916жылғы қазандағы Үндеу хатында не деп жазылды ? «тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»
1916 жылғы қозғалыс қей жерлерді қамтыды? Бүкіл Қазақстанды, Орта азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін
Қозғалыстың басты күші? Халық бұқарасы
§2. ұлт-азаттық қозғалытың барысы
1916 ЖЫЛҒЫ ұлт азаттық қозғалыстың ірі орталықтарының бірі Жетісу
1916 жылгы 20шілдеде Түркістан өлкесінің генерал губернаторы болып тағаайындалған кім? А.Куропаткин
Генерал губернатор А.Куропаткин неге нұсқау берді? «қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «лаң сатушыларға қарсы күресу үшінбайырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын пайдалануға»
Жетісудың генерал губернаторы М.А.Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядын ұйымдастыру үшін не істеді? Казак станцияларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді
Тоқмақты қоршаған қазақ қырғыз көтерілісшілерінің саны? 10 мыңнан астам
Жаркент уезінде котерілісшілер қандай қоныстарды басып алды? Таврия, Владислав, Мещеры, Краснояр, Новокиев
Жазалау отрядтарының басшыыларына қандай нұсқау берілді? «қырғыздардың топтасып бас қосуын бүлік деп санап, ондайларды жаныштандар, толқудың алғашқы нышаны байқалғанда ақ екінші дәрежелі басшыларын болса да тұтқынға алып, дала сотына беріндер де, дарға асындар»
Патша режімімен күреске бел байлағандардың ірі ошағы Қарқара өңірі
5мыңнан астам көтерілісші жазалау отрядын талқандап, Қарқара жәрменкесін басып алған жыл? 1916 жыл тамыз
Әулиеата көтерілісшілері қай жерде табан тірескен күрес жүргізді? Мойынқұм
Көтеріліске шыққан халықтын қалауымен көтерілісшілерді кімдер басқарды? Бекболат Әшекеев(верный), жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов (Қарқара), Ақкөз Қосанов(Құрықты болысы)
Түркістан өлкесінде жазаланғандар саны? 347 адам атылды, 168 адам жер аударылган
Жетісуда көтеріліс жасаған адамдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болғандардың саны? 238 мыңнан астам
1916ж.қозғалыстың ең ірі оқиғалардың бірі қай жерде орын алды? Торғай облысында
Торғай уезіне көтеріліска шыққандар кімді хан етіп сайлады? Әбділғафар жанбосынов
Әбділғафар Жанбосынов кімнің туысы? Орта жүздің ықпалды биі Нияздың немересі
Атақты Иман батырдың немересі? Амангелді
Торғай уезінің сардарбегісі кім болып тағайындалды? Амангелді иманов
Торғайдағы қозғалы несімен көзге түсті? Қозғалыс ошағы бір орталықта болуымен,көтерілісшілер қозғалысын басқарудың тәртпке келуімен
Торғай уезіндегі әскери іс мәселелеріне баса назар аударып отырғандар? Әскери Кеңес
Торғай уезінде А.Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын қашан құрды? 1916ж. қыркүйекте
Қару жасаушыларды ұйымдастырып, көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйреткен кім? Амангелді иманов
Амангелді иманов жасағындағы көтерілішілер саны? 20 мыңға жуық
А.Иманов мергендерді қай жерлерге орналастырған? Құмдардын арасына
Қазан айының соңында А.иманов бастаған 15 мың көтерілісші қай қаланы қоршап алды? Торғай
Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі кімдерді жіберді? Генерал Лавреньтев бақарған тоғыз адамды жазалаушы экспедиция
Амангелдінің серігі, атақты мерген, жазалаушылардың зәресін ұшырған кім? Кейкі батыр
Доғал Үрпек маңындағы шайқас немен аяқталды? Жеңіліспен
Доғал Үрпек маңындағы шайқаста шегіне отырып күрес жүргізген сарбаз саны? 40
Патша үкіметі көтерілісшілерден аяусыз кек алды. Қанша адам жазаланды? 3000 ға жуық
1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс қандай сипатта болды? Имперализмге, отаршылдыққа қарсы
Жетіу өңірінде қоныстанушылардың нешеуі көтерілісшілердің шабуылына ұшырады? 94
Ұлтаралық қақтығыстардың салдарынан орыс пен украиндардын нешеуі өлді және жараланды? 2,5 мыңнан астам
IV Мемлекеттік Думаның мінберінен жазалаушыларды әшкерелеп , патша үкіметін және Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін сынға алған кім? А.Ф.Керенский
«қарбалақтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазды шығарған кім? С.Ужкин
Торғайда көтерілішілерді соғы ісі шеберлігіне үйретіп , өзі жазалаушыларға қарсы шайқата қаза тапқан орыс? Никита Кротов
Қозғалыстың Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі? Е.Е.Курев
Көтерілісшілер жағында шайқасқан орыс кәсіпкердің қызы? Софья Вербицкая
Патша үкіметінің дала стратегиясы? Қазақстан мен Қырғызстанның отарлауға қолайлы жерлерін «тазалау»
1916 жылы Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны қаншаға кеміді? Жарты млнға жуық
Көтерілістің жеңіліс табуының басты себептері? Бытыранқылық, ұйымшылдықтын жоқтығы,арақатынастың тұрақты болмауы
Жетісудағы көтерілістің басшысы Бекболат Әшекеев қалай жазаланды? Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды
Жәмеңке Мәмбетовқа қандай жаза қолданылды? Абақтыға қамалып, басқа 12 басшымен біргк азаптап өлтірілді
Көтеріліс қазақ халқының несін корсетті? Таптық сана сезімнің өскендігін
Көтеріліс туралы Әлихан Бокейханов не деп жазды? «Қазақ қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенің корсетті... алыспаған жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да басына да ие болмайды»
II.ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙДЕГІ 1917 ЖЫЛҒЫ АҚПАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ МЕН КАЗАН ТӨҢКЕРІСІ КЕЗІНДЕ
§3.буржуазиялық демократиялық ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан
Ресейде буржуазиялық демократиялық революция болып монархия құлатылған жыл? 1917ж.ақпанда
Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ә.Бөкейханов Минскіден қалай сәлем жолдады? «Ресей халықтары үшін туысқандық, теңдік және бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі қажет. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстерды нығайту керек. Құрылтай жиналысы сайлауына дайындалу керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіңдер!....»
Әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері қашан құрылды? 1917 ж. Наурыз сәуір айларында
Қаңдай қалаларда қырғыз ұлттық комитеттері пайда болды? Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулиеата
Кеңестермен бірге қеңдай орган жұмыс атқарды? Уақытша үкімет
Уақытша үкімет Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына н\е ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын қаңдай да болсын шектеуді қашан жойды? 1917ж.20 наурызда
1917 жылғы Ақпан революциясы патша үкіметінің қаңдай саясатын тежеді? Геноцид
Уақытша үкімет «бұратана жұмысшы жасақтары» туралы қаңдай шешім қабылдады? Оларды отанына қайтару туралы
Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Кеңестерді бағдарламасына қаңдай талаптарды қосуға күшін қосты? 8 сағаттық жқмыс күні, помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды
Бұрынғы «реквизицияланған жұмысшылар» 1917 жылдың шілдесінде Верныйда қаңдай одақ құрды? «қара жұмышылар одағы»
Сергипольде 800 майдангер солдаттар мен «тыл жұмысына» арналған қазақтар қандай ұйымды ұйымдастырды? «солдаттардың орыс мұсылман ұйымы»
Тыл жұмыстарына Петропавлдан алынғандар қайтып келген соң қаңдай одақ құрды? «жас арбакештер одағы»
Әлихан Бөкейханов бастаған қозғалыстың басты мақсаты? Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру
1905 жылы бой көрсеткен Алаш қозғалысы қашан қайта жанданды? Ақпан революциясынан кейін
Алаш партиясының облыстық ішінара уездік съездер қашан болып отті? 1917ж.сәуір мамыр айларында
Қазақтардыың 1917 жылғы көктеміндегі Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне қаңдай ұсыныс жасады? Қазақстанның болашақ автономиясын құру
Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен ішкі Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан съезд? 1917 жылгы 21-26 шілдеде Орынборда болған Жалпықазақ съезі
Ақпан революциясынан кейін Ресейдің қлттық аймақтарында қаңдай қозғалыстар жандана түсті? Мұсылмандар қозғалысы
Түркістан Башқұртстан Татарстан Кавкааз мұсылмандарының съезі қашан болды? 1917 сәуір айында
Мұсылмандардың Бүкілрасейлік съезі қашан болды? 1917 мамырда
Мұсылман әйелдері мен еркектерінің тең болуы туралы қарарға қанша адам қарсы болды? 250 молда
1917 жылғы қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы? Түркістан феодалистер партиясы
1917 жылы Әулиеата мен меркеде қандай одақ құрылды? Қазақ жастарының революцияшыл одағы
Ақмолада қаңдай ұйым жұмыс істеді? Жас қазақ
Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік обоыстарында қаңдай ұйымдар жұмысын жандандыра түсті? Кадеттер ұйымы
Семейде кадеттер ұйымы қаңдай газет шығарып отырды? Свободная речь
1917 жылдың сәуір айында қаңдай ұйымдар пайда бола бастады? Эсер
1917 жылдың жаз айларында барлық кеңестер кімдердің қолдарында болды? Эсер ұйымдарының
Клерикалық буржуазиялық топтардың ықпалы күшті болған жекелеген аудандарда еңбекшілер таптық ұстаным бойынша не құрды? Кеңестер
§4.Қазақстан 1917ж.қазан төңкерісі кезінде
Ташкентте қаңдай кеңес пайда болды? Мұсылман жұмысшылары депутаттарының Кеңесі
1917 ж.маусым айында шаруа және қазақ депутаттарының қаңдай кеңесі құрылды? Біріккен Қостанай уездік Кеңесі
Мамыр айында семей облысындағы қай кешен жұмысшылары ереуіл жасады? Даубай кешені
Перовск кеңесі кәсіподақтарымен және солдаттарымен бірлескен мәжіліінде бүкіл өкімет билігін кеңестерге беру қажет екендігі туралы қаарды қашан қабылдады? 1917ж.29 тамызда
Революциялық өрлеу қуатты серпін алған уақыт? 1917ж.күзіне қарай
Қазан төңкерісі қашан болды? 1917ж.
Большевиктардың үндеуі? «ресей мен шығыстың барлық мұсылмандарына»
Ферғана хандығының бұрынғы астанасы? Қоқан
Бүкілтүркістандық Тқтенше IV съезд қашан және қай жеже ашылды? Қоқан қаласында 22қарашада
Съезді кім ашты? Мұстафа Шоқай
Съезд нені жариялады? «Түркістан – Ресей Фед.құрамындағы аумақтық орналасуы жағынан автономиялық республика»
Түркістан автономиясының нормаларын белгілеу қайда жүктелді? Құрылтай жиналысына
Съезд салтанатты түрде нені мәлімдеді? Түркістанды мекендейтін аз ұлттардың құқықтары баоынша сақталады
Түркістанның үкіметі? Уақытша кеңес
Министр төраға және ішкі істер министрі? М.Тынышбаев кейінірек оны алмастырған м.Шоқай
Жаңа мемлекеттік құрылым қалай аталды? Туркестони Мухтариат(Түркістан автономиясы)
Автономиядағы мемл.дін? ислам
Съездін Түркістан халықтарына үндеуі? «...қазір бұғаудан азат болған Түркістанға өз жерінің қожайыны болып өз тарихын жасайтын күн туып отыр...»
Қоқанда мұсылмандардың орасан зор манифестациясы қашан болды? 1917ж.қарашада
Ташкенттің қай жерінде мындаған адам қатысқан митинг отті? Жәми мешітінде
Ташкент кеңесі қос мұсылман үкіметін қашан жоймақшы болды? 1918ж.қаңтарда
Орынборда өткен Жалпықазақ съезі қашан болды? 1917ж.желтоқсанда
«алаш» партиясы бағдарламасының жобасы қай газетте жарияланды? Қазақ
Жетісу губерниясында «алаш» партиясының блогы сайлаушылар дауысының 57,5%-ын алды. «алаш» партиясы Семей уезінде 85,6%, Торғай, Орал губернияларында 75% дауыс жинады.
Өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппозиция болғандар? «алаш» партиясы
1917 ж.қарашасы мен 1918 ж.қаңтары аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі «алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдатының көрсетті
ЕКІНШІ ТАРАУ
КЕҢЕСТЕР ҚАЗАҚСТАНДА. АЗАМАТ СОҒЫСЫ. 1920ЖЫЛДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
§5.Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРЛІ АУДАНДАРЫНДА әр кезде орнатылған үкімет? Кеңес
Барлық демократиялықұйымдар мен жұмысшы, шаруа солдат қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалистік партиялардың, қала думаларының Ташкентте өткен өлкелік съезі қашан болды? 1917ж.15-22 қарашада
Түркістан өлкесінде орнаған жаңа үкімет? «түркістан халық комиссарлары кеңесі»
Халық комиссарлары кеңесі неше адамнаң тұрды? 14 адамнан, алайда мұсылман халқының бірде бір адамы болған жоқ
Кеңес үіметі кең байтақ Ресей жеріне өз билігін орнатып үлгерген уақыт? 1917 ж.қазанынаң 1918ж.наурыздың басына дейін
Қазақ даласына Кеңес билігі ең алдымен қай жерлерде орнады? Теміржол бойындағы қалаларда
1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының билігін өз колдарына алғандар? Перовск (Қызылорда) кеңесі
Әулиеата, Черняев қалаларындағы билік кеңес қолына қашан көшті? 1917 ж.қарашада
Атаман А.И.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқаран Алашорда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер орталық кеңес үкіметіне қарсы бірікті.
Балтық теңізшілері азық отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған жыл? 1917ж.желтоқсан
1918ж. қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі қаңдай шешім қабылдады? Бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату
Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі қашан жеңіп шықты? 1918ж.басында
Ақмола даласы мен Ертіс бойындағы Атбасар, Қызылжар, Көкшетау қалаларында Кеңес өкіметі орнауына не ықпал етті? Батыс Сібірдің уақытша революциялық комитеті
Атбаса, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігі Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қай съезде қабылданды? Батыс сібір кеңестерінің III съезі
Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып , кеңес өкіметі орнатылғаның хабарлаған ревком? Ақмола
Қызыл гвардия отрядының қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі өкімет билігін өз қолына қашан алды? 1918ж.қаңтарында
Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып , Семей большевиктеріне көмеке келгендер? Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер
Семейде өкімет билігі Кеңестер қолына қашан көшті? 1918ж.акпаннын 16-сынан 17-сіне қараған түні
Оралда Кеңес өкметі қиын жағдайда қашан орнады? 1918ж.қаңтарда
1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің облыстық съезі болып, онда Орал обл.да өкімет билігінің облыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казактардың «әскери үкіметі» мен алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды.
Контрреволюциялық күштер төңкеріс жасаған түн? Наурыздың 28-нен 29-на қараған түн
Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, оллардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты.
Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі қашан жарияланды? 1917ж.желтоқсанда
Жетісуда жұмысшылар майдангер солдаттар және «Жетісу -2» қазақ полкінің революциялық пиғылдағы жауынгерлері кқтеріліс қашан жасады? 1918ж.наурыздың 2нен 3не қараған түнде
Бүкіл жетісу облысында Кеңес үіметі қашан жеңіп шықты? 1918ж.наурыз
Іріткі салу және ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін кеңес елінің барлық жерінде қаңдай орган құрылды? Бүкілресейлік төтенше комиссия
Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық I съезд қашан болды? 1918ж.наурыз, сәуірде
Осы съезд қаңдай шешім қабылдады? Қызыл Армия бөлімдерін құру және жергілікті өкімет органдары туралы
Қазақ депутаттары Кеңестерінін ақмола уездік съезі алашорда автономиясын теріске шығарған қарарды қашан қабылдады? 1918ж.наурызда
Торғай облыстық кеңестер съезінің қаулысымен Алашорданың Орынборда шығарылып тұрған орталық органы – «Қазақ» газеті жабылды
Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезі қашан өтті? 1918ж.сәуірде
Съезд РКФСР-дің ажырағысыз бөлігі ретінде Түркістан автономиялы Кеңестік Социалстік Републикасын жариялады.
Кеңестік Шығыстағы тұнғыш кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым болған оның құрамына Сырдария және Жетісу облыстары да енді.
Қазақ, ұйғыр және орыс еңбекшілері арсындағы қатынастарды жақсартуға өз үлесін қосқан? А.Розыбакиев
Қазақ АКСР – ін құру жөніндегі жұмыстар интервенция және азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды
Екібастұз, Қарағанды, Риддер кеніштерін, Ембі кәсіпшіліктерін, Спасск мыс балқыту зауытын, темір жолдарды, Ертіс пен арал кемешілігін, балық, тұз кәсіпшіліктерін, банк пен қазынашыларды, Зингер компаниясының кәсіпорындарын , былғары зауыттарын, диірмендерді, баспаханаларды мемлекет қарамағына алу туралы декрет қашан қабылданды? 1918ж.көктемде
Кәсіпорындарда 8сағаттық, ал шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді
Кедей шаруаларға бұрын казактардың, капиталистер мен патша шенеуніктерінің қарамағында болып келген 3,5 млн десятина жер қайтарылады.
«шабуыл мен тегеурін» кеселіне шалдыққан большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, осы арқылы орта шаруаларды социализмге сүйреп енгізбек болды
1918 жылдың қаңтар наурыз айларында астық отрядтары Петроградқа, басқа да орталық аудандарға 6млн пұтқа жуық астық, соның ішінде Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық жіберді
Семей, Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері азық комитетіне қашан берілді? 1918ж.көктемінде
Халық шаруашылығының негізінде теңестіре білу ұстанымын қабылдаған қаңдай құрылғы пайда болды? Әскери комунистік
Жаңа дүние орнатудың әмбебап әдісі ретінде не қолданылды? «қанаушыларды экспроприациялау» психологиясы
§6.Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында(1918-1920жж)
Азамат соғысы- мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы
Бірігіп большевиктерге қарсы азамат соғысын бастағандар? Ақтар деп аталатын күш
Ақ легионерлер Петропавлды 1918ж.мамырдың соныңда, ал маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей Қостанайды басып алды
1918ж.маусымда Орынборды алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастаған кім? Атаман А.Дутов
Ақгвариялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған алашорда үкіметі атаман А.Дутовпен бірігіп Кеңес өкіметіне қарсы шықты
Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды
Тамыз айында Иран мен капии сырты облысына ағылшын әскерлері енді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылардың басып алу қаупі төнді
Орал облыстық Кеңесін талқандаған ақ казактар қаланы қашан алды? 1918ж.наурызда
Ақ казактарда қарсы күресу үшін құрылған «ерекше армия» сол жылдың жазында Оралды азат етуге екі рет әрекет жасады, бірақ қаланы алудың сәті түспеді
«Сібір армиясының» Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Аннековтың дивизиясын және басқа да әскер бөлімдерін қашан жіберді? 1918ж.қараша айында
Кеңестер Қазақстан мен Түркістанда қаңдай әскери бөлімдер құрды? Мұылман бөлімдері
Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинаау қашан көрініс тапты? 1920ж.
1920 жылдың соңында Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасында, Орал және Торғай облыстарында неше әскери бөлім мен бөлімше құрды? 37
1919жылдың қаңтар айында Қызыл армия қай қалаларды алды? Орынбор мен Орал
Әскер бөлімдеін құру істерімен Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә.Жангелдин, Торғай уезінің әкери комиссары А.Иманов, қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев, сонымен қатар әскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары және басқалар белсене қатысты.
Кеңарал болысында астыртын жұмысты 1916жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі Өтеп Ыбыраев, Ой болысында Кәкімжан Саркин басқарды
Солтүстік Жетісуда Кеңес үкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған қоғаныс? Черкасск қорғанысы(1918 жылғы маусым - 1919 жылғы қазан)
Колчак тылында шаруалар көтеріліс жасап, 1919ж.сәуірде қай қаланы шабуылмен алды? Қостанай
Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау кімдерге жүктелді? Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына
Оңтүстік топты кім басқарды? Фрунзе
Оңтүстік топ Уфаны қашан азат етті? 1919ж.маусымда
Шілдеде Оралды қоршауға алған ақ гвардияшыл әскерлерді талқандауға кімдер қатысты? 25-чапаев дивизиясы мен қазақ атты әскер бригадасы
1919ж.жазында Колча қолын Оралдан асыра қуып тастаған әскер? Шығыс әскер
Орынбор контрреволюциясының неегізгі күші — Колчак әскерлерінің Оңтүстік армисына қарсы Ақтөбе бағытында шабуылға шыққандар? Түркістан майданының 1-армиясы
1919жылы қыркүйекте 1-армия ақтөбе майданының бөлімдерімен түйіскен станция? Мұғалжар станциясы
Түркістан майданының әскерлері атырауды қашан алды? 1920ж. 5 қаңтарда
Шығыс майданының 5-армия қолбасшысы? Тухачевский
1919ж.күзінде Шығыс майданның 5-армиясы Солтүстік, содаң соң Шығыс Қазақстанды азат ете бастады
1919ж.қарашасындаКолчак үкіметі құлатылып, әскери революциялық комитет құрылған қала? Семей
Семей облысының солтүстігі ақ гвардияшылардан азат етіліп, Жетісу майданы жойылды? 1920ж.наурыздың аяғы
1919 жылғы желтоқсанда Кеңес үкіметі қаңдай теміржол желісін салуға шешім қабылдады? Александров – Гай — Ембі. Бұл теміржол оралЕмбі мұнайлы ауданың Орталық ресеймен жалғастыруға тиіс еді.
Кеңес үкіметі елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз ету үшін қаңдай теміржол желісін салуды маңызды деп санады? Жетісу теміржолының Петропавл —Көкшетау желісі
Астық дайындау мен бөлу монополиясына азық салғырты қашан қосылды? 1919ж.қаңтарда
Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі, егістіктерді суландыру,тжол салу, отын дайндау, жүк тасу жұмыстарын орындау үшін не енгізілді? Еңбек салығы
1920-1921жж өлкедегі еңбек армиясының қатарында қанша адам болды? 6 мыңға жуық
Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан аудандарында астық дайындалды
Көктем және жазда өлкеге орталықтан астық дайындаушылар ретінде қанша жұмысшы келді? 11 500-ге жуық
1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнайды өңдіру 4 есе, ал Қарағандыда көмір өндіру 5 есе қысқарды. Ал мыс өндіру тоқтап қалды.
1921 жылдың ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен есаул Токарев бастаған 25 мың адамнаң тұратын отряд Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты
1921 ж.наурыз айында Орал губерниясында Сапожков отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінің 70-тен астам басшы партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолына қаза тапты.
Азамат соғысының кескілескен қырғыныңда қаза болғандар саны? 8 млн адам
Ерекше қатыгездікпен көзге түскен казактар? Атамандар Дуов пен Анненков
Б.Анненковтың сот процесі қашан болды? 1927ж.Семейде
Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі А.Байтұрсынұлының сіңірген еңбегі зор болды. Ол «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазды
Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі қаулсында: «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар, сондай ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауы тиіс»

§7. Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі
В.И.Ленин Қырғыз(қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қашан қол қойды? 1919ж.10 шілдеде
Декретте оның мақсаттары мен міндеттері — контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленді.
Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді.
Қазақ ревкомының басшысы болып кім тағайындалды? С.Пестковский
Қазревкомнвң органы? «Ұшқын» газеті
Алашорданы тарату туралы шешім қашан қабылданды? 1920ж.9 наурыз
Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретті қашан шығарды? 1920ж.20 тамызда
1920 жылы 4 қазанда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалстік Республикасы (ҚазАКСР) Кеңестерінің құрылтай съезі қай қалада болды? Орынбор
Съезде РКФСР құрамындағы ҚазАКСРі жарияланды
ҚазАКСР–нің жоғарғы өкімет органдары? Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлары Кеңесі
ҚазАКСР Орталық атқару комитетінің төрағасы? С.Меңдешев
Қазақ АКСР Халық комиссарлары Кеңеснің төрағасы? В.Радус–Зенковичь
Орыньордағы съезде қабылданды? «ҚазАКСР еңбекшілер құқықтарының Декларациясы»
ҚазАКСР–нің тұнғыш астанаы? Орынбор (1920-1924жж)
Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосуды дәледегендер? Байтұрсынов пен Сералин
1921ж.Батыс Сібірден Қазақстан құрамына енген облыстар? Семей және Ақмола
Қазақстан респуликасының мүддесін жақтаған? Ленин
1921ж.бұрын қазақтар иеленіп келген 10 шақырымдық Жайық және Ертіс өңірі қазақ халқына қайтарылды
Республика аумағының 1/3-індейі кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті, халқы 1 млн  468 мың адамға кобейіп, жалпы халық саны 5 млн 230 мың адам болды
Қазақтар бүкіл республика халқының – 61,3 %-ын құрады (1926ж.санақ)
1924ж. Қазақстан астанасы Қызылордаға көшірілді
Қазақстан астанасы Алматыға көшірілген жыл? 1929ж
1925 жылы өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін «Алдағы уақыттарда қырғыз–қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады
§8. Жаңа өмірдің қиындықтары
1925 жылы ақпан айында Қырғыз облыстық партия ұйымы өлкелік парртия ұйымы деп өзгертілді
Орынбордағы Қазақстан комсомолының I съезі қашан болды? 1921 жылы шілдеде
Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушысы, Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз бюросының тұңғыш төрағасы? Ғани Мұратбаев
Әйелдер қозғалысының көрнекті қайратерлері? А.Оразбаева, Н.Құлжанова, С.Есова, Ш.Иманбаева
Ауылдарда ағарту жұмысының орталықтарына айналғандар? Қызыл отаулар
Қазақстан Орталық Атқау комитеті «қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қашан қабылданды? 1923ж. 22 қарашада
Қазақтың ондаған мың зиялы өкілдеріне қаңдай айдар тағылды? Ұлтшыл
Функционерлердің партиялық мемлекеттік машинасы «жау бейнесін» ойлап тапты
Республиканың едәуір бөлігін қуаншылық қашан жайлады? 1921ж.
Република халқының 1/3 бөлігін аштық жайлады
Ашыққандар 1921 жылдың қарашасында 1млн 508 мың адам болды, 1922 жылдыың наурыз йында 2 млн 303200 адамға жетті, мамыр, маусым айларында бұл мөлшер кеми бастады
1921 жылдың жазында Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің декретімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары аштық жайлаған губернияларға айналды
1922 жылдын маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың жалпы саны халықтың 82 %-ына дейін жетті
Маусым айына қарай Семей және Ақмола губернияларының шаруаларынаң азық салығы бойынша 4 млн пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды
1922 ж.егіс көлемінің 60 %-ына жуығына Кеңес үкіметі берген дән себілді
1921 жылы 14 маусымда енгізілген декрет? «нақты ет салығы туралы» декрет
Қайыршылық пен аштық Кеңес үкіметі органдарынаң өлкенің қанша ашққан халқына көмек көрсету жөнінде төтенше шаралар қолдануды талап етті? 2 млннан астам
Кенестік Түркістан туысқандық комек көрсетіп қанша ашыққан адамды қабылдады? 20 мың
1921-1922жж.аштықтың салдарынан республиканың көшпелі және жартылай көшпелі аудандарындағы демографиялық жағдай одан сайын асқына түсті
1922ж. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауыл халқының саны аштыққа дейінгі санының 1/3-іне дейін азайын кетті. 700 мыңнан астам адам , соның ішінде Ресей мен Украинадан келген шаруалар республикадан тысқары жерге көшіп кетті.
Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декрет қашан қабылданды? 1921ж.сәуірде. ертіс жағалауындағы жерлер қацтарылды
Жетісуда жер реформасы қашан жүргізілді? 1921ж.
1921 жылы құрылған кедейлер ұйымы? «қосшы одағы»
1921-1922 жылдардағы жер реформасы паша үкіметінің аграрлық қатынастар саласындағы отаршылдық аясатына соққы берді
Билік иелері 1921 жығы наурызда азық салғыртын азық салығымен алмастыру, әскери комунизмнен қаңдай саясатқа көшу туралы шешім қабылдады? Жаңа экономикалық саясатқа
Нарықтық қатынастардың нығаюына қарай салық төйлеудің тек ақшалай түрі қашан енгізіді? 1924ж. 1 қаңтарда
«қосшы одағы» 1930 жылдан бастап қалай аталды? «кедей одағы»
Республикаға тракторлар қашан әкеліне бастады? 1924-1925 жж.
Қазақ АКСР–нің егіс көлемі 1913ж.жылғы деңгейіне қашан жетті? 1928ж.(4,4 млн га)
1924-1928 жж.мал саны 24,8 млн-нан 41 млн–га жетті
Қазақстанның кен зауыт өнеркәсібіне, әсіресе түүсті металлдар өндіруге көңіл бөлінді
Риддер қорғасын зауыты мерзіміен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндірілетін қорғасынның 40 %-ын бере бастады
Шымкент сатонин (дермене) зауыты қашан ашылды? 1920ж.
Қарсақбай комбинатында мыс қашан өндіріл бастады? 1927ж.
1927жылы республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрменке жұмыс істеп, олардың сауда айнаымы 30 млн сом болды
IV.XX ҒАСЫРДЫҢ 20-ЖЫЛДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН 30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫ
§9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы
Қазақстандағы индустрияландыру ісі уақыты жағынан КСРО халық шарушылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен сәйкес келеді. 1928-1932жж.
Тұтас алғанда өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейдің қай пайызына дейін жетті? 61 %-на
1925-1933жж.билік басында болған бұрынғы кәсіпқой революционер? Ф.И.Голощекин
«Кіші қазан» көтерілісін насихаттаған кім? Ф.И.Голощекин
Сталиннің Голошекинның хатына қысқа әрі айқын жауабы? «Голощекиннің ұсынысы бірден бір дұрыс саясат»
Қазақстанда индустриландыру неен басталды? Болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеу
КСРО ғылым академиясы ұйымдастырған кешенді экспидициялар республиканың барлық аумағын қамтыған жыл? 1920 жалдың соңы – 1930 жылдың басы
Орталық Қазақстанның минералды шикізат байлықтарың зерттеген академик? Н.С.Курнаков
Н.С.Курнаков қаңдай тұжырым жасады? «Кеңес Одағының тұтас металлогенді аймағы болып табылады»
Орал – Ембі мұнайлы ауданың зерттеумен айналысқан академик? И.М.Губкин
И.М.ГУБКИННІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ? « Бұл кен орны елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі»
Жезқазған ауданыңдағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, өңірдің болашағы зор екенің дәлелдеген кім? Қ.И.Сәтбаев
Түркістан – Сібір темір жол магистралі қашан салына бастады? 1927ж.
Қаңдай теміржол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде енді? Түркістан – Сібір теміржолы
Оның құрылысына ңанша адам қатысты? 100 мыңдай адам
Қатардағы жұмысшыдан Түрксіб теміржолының бастығына дейін көтерілген кім? Д.Омаров
Қатардағы құрылысшылардан «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің бастығына дейін көтерілген? Т.Қазыбеков
Түрксіб неше жылда салынып бітті? Үш
1930ж.28 сәуірде солтүстік және оңтүстік учаскілері Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды, 1931 жылы тұрақты пайдалануға берілді
Индустриландыру жалдары салынған комбинаттар? Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс балқыту, Лениногор, Зырянов полиметалл комбинаттары, Ащысай, Қоңырат кеңіштері, Жезқазған кен орны
Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты? Кенді Алтай
Мырыш, мыс, қорғасын және т.б.стратегиялық металдар ондіру жөнінен КСРОда жетекші орын алатын үшбұрыш? Орал – Сібір – Қазақстан
Соғысқа дейінгі бесжылдықта салынған кәсіпорындар? Түрксіб теміржолы, Ембі мұнайлы кәсіпшілігі, Қаррағанды шахтасы, Шымкент қорғасын, Балқаш пен Жезқазған кен металлургич комбинаты, Кенді Алтай мен Ащысай полиметалл кәсіпорны, ақтөбе комбинаты
Индустриландыру әміршіл әкімшіл басқару жүйесінің әдістеімен – директивалық жоспарлаумен , орталықтың әмірімен іске асырылды
Шикізат көздері қарқанды игерілді. Респбликада дайынөнім шығарылмады.
Мқнай өндейтін кәсіпорын қай жерде салынды? Орскіде
Темір жол тасымалының жүк айналымы 1913 жылғы деңгейден қанша есе асып түсті? 21,3 есе
«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп жазған кім? С.Сәдуақасов
1939ж.қалаларда қанша қазақ тұрды? 375 мың
§10,11. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Республикадағы мал саны 40,5 млн-ға жетті
Ф.Голощекин қандай ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық саяси негізін жасады? «Ауылды кеңестендіру»
Бұған наразылық білдірген Т.Рысқұлов және басқа ұлт зиялылары БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырылып алынды, ал С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қосжанов, Ж.Мыңбаевтар «ұлтшыл» деп айыпталды
Ф.Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді. Астық дайындау барысында 31 мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды
Қазақстан орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі « Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу жіне жер аудару туралы» декретті қашан қабылдады? 1928ж.
Адай окр.,бұрынғы Жетісу және Сырдария губернияларының мақта егетін аудандрын қоспағанда, кәмпескелеу республианың барлық адандарында жүргізілді. Ең ірі 657 жартылай феодалдар мен байлар жер аударылды. Олардан 145 мың мал алынып, ауыл шаруашылығы құралдары 877 ұжымшарға, 24491 шаруашылыққа бөлініп берілді.
Компартияның 1927 жылғы желтоқсанда откен XV съезі нені жариялады? Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты
Қаңдай идея КСРОдағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды? «өркенетті кооператорлар қоғамын» құру
Орталық комитет Қазақ АКСРінде ұжымдастыруды қашан аяқтауды көздеді? 1932 ж.көктеміне қарай
Республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды? 1929ж.ек3нш3 жартысы
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін, жергілікті белсенділерге қосымша қанша жұмысшы–ұжымдастырушылар тартылды? 8 мың
Республикаға Мәскеуден, Иваново–Вознескіден, Харьковтан, Ленинградтан 1204 адам жіберілді
Абыралы ауданында барлық шарушылықтардың бірден 70 %-ы, Жымпиты ауданында 60 %-ы, Жәнібек ауданында 95 %-ы ұжымдастырылды
1928ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2 %-ы ұжымдастырылған болса, 1932 ж.қазан айында 65 %-ы ұжымдастырылды
Ауыл шаруашылығы өнімін дайындауға «әскери комунизм» кезіндегі төтенше әрекет сипаты қашан берілді? 1929 жылы
1931-1932жылдары Шұбартау ауданында барлық малдың 80 %-ы мемлекетке етке өткізілді
173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды
Торғайлық асыра сілтеушілердің ұраны? «асыра сілтеу болмсын, аша тұяқ қалмасын!»
Торғайда млн-ға жуық малдың не бары 98 мыңы қалды
Республикада 56498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы сотталған жыл? 1929ж.
1929-1933жж. Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік Саяси басқарма уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. 3386 ату жазасы, 13151адам 3-10 жылга лагерьге.
Әлеуметтік құрамы бойынша олар: байлар мен кулактар – 4832, орташалар – 1509, кедейлер – 505, дін өкілдері -181, зиялылар – 242.
1933ж.Қазақстан БМСБ уәкілетті өкілдері өанша адамды қамауға алды? 21 мыңнан астам
Үштіктін хаттамалары Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық мәжілістерінде қаралып, оларға хатшылардың бірі Голощекин, Құрамысов, ал 1930 ж.9наурыздан бастап, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г.Рошаль қол қойып отырды
1930-1932жж.елде аштық жайлады. Аштықтан түрлі індеттерден халықтың 40%ы қырылды
1930ж.аштықтан қайтыс болғандар саны? 313 мың
1931ж.қайтыс болғандар саны? 755 мын
1932ж.өлгендер мен шетелге көшкендер саны? 769 мың
Бір млн–нан астам қазақ республикадан тыс жерге кошіп кетті. Оның 616 мыны қайтып оралған жоқ, 414 мыңы қайтып оралды.
1931-1932жж.республиканың 6,2 млн тұрғынының 2,1 млны аштықтан қырылды. Оның ішінде,иқазақтан басқа халықтың шығыны 0,4 млн адам. Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.
1933ж.1қаңтардағы республикадағы мал саны? 4,5 млн
1932ж.шілдеде республика қайраткерлерінің бір тобы – Ғ.Мүсірепов, М.Ғаттаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев аштық және оның себептері туралы БК(б)П өлкелік комтетіне, тікелей Голощекинге хат жазды. Бұл хат тарихта қалай аталады? «Бесеудің хаты»
Тұрар Рысқұлов 1933ж.наурызда кімге хат жазды? И.В.Сталинге
1930-1932жж.аштық тарихқа қалай енді? Ұлы жүт
Қазақстанда қарулы қарсылықтар толқыны қашан болды? 1929-1931жж.
Қарақұм көтерілісін басып тастағандар? Орынбордағы 8 дивизия
Қай аудандағы көтеріліс табандылығымен және шебер өйымдастырылуымен ерешеленді? Созақ ауданындағы
Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарында котеріліс жасаған шаруалар тұгел дерліктей қырылып тасталған жыл? 1931ж.көктемде
Ауыл шарушылығын жаппай ұжымдастыру жылдары республика аумағында қанша толқулар мен көтерілістер болды? 372
Компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулыны қашан қабылдады? 1932ж.қыркүйекте
Қаулыда не деп көрсетілді? «ұжымдастыруды жүргізген кезде республиканың шаруашылық және мәдени даму деңгейі мен шаруалардың даярлық дәрежесін ескеру қажет»
Екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, онда ауыл шаруаш.артелінің жаңа үлгідегі Жарғысы қашан қабылднды? 1935ж.ақпан
1938ж.қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлт(Посьет) ауданынаң Қазақстанға қанша адам көшіріліп әкелінді? 100 мыңнан астам
Қызылорда және Алматы обл.қоныс аударушы корейлерден тұратын қанша ұжымшар құрылды? 57
§12. 1930ж. қоғамдық саяси өмір
Елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнаған жыл? 1930ж.
Елде Сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру қашан орнықты? 1936ж.
Социализм қаңдай сипат алды? Тоталитарлық, казармалық
Сталиннін теориясы? «социализм жолымен ілгеріліген сайын тап күресі шиеленісе түседі»
1930ж.сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймаутовты атуға үкім шығарды
Қазақстанда « Кызыл астананы салушылардың қаскүнеемдігі» ашылды деп сотқа тартылғандар? Будасси, Голдгор, Баграков, Тынышбаев
Лаңкестік жаппай сипат алған жылдар? 1937-1938жж.
Жазаға ұшыраған қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті тұлғалары? Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров, Жұмабаев, Дулатұлы
Қазақ тілі білімінің ғылыми маркстік негізін салушы Байтұрсынұлы, көрнекті тіл танушы ғалым профессор Жұбанов, қазақтығ тарихи білімінің негізін салушы Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиялы басшыларының бірі Төлепов жазалау шараларының құрбаны болды
Қазақстан картасында Карлаг пайда болды
Салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі бірегей еңбектін авторы Чижевский, атақты селекционер, академик, екі мәрте Социалистік Еңбек ері атағын алған Пустовайт, радияциялық генетиканың негізін салған Тимофеев–ресовский, жыулық техникасы жөніндегі ірі маман, пофессор Пржецлавский, Сәулет академиясының корреспондент мүшесі Людвиг Карлагта ұзақ жылдар бойы азап шекті
1931ж. осакаров ауданында қанша қоныс обсервация пайда болды ? 25
Жазалауға ұшыраған кубаньдықтардың бірнеше эшелоны қашан әкелінді? 1932ж.күз
101 мың қазақстандықтар ГУЛАГ азабын отті, 27 мың атылды
Республикада қанша адам ақталды? 40 мың
1930-1940ж. жане 1950ж.контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын сот органдары емес, БМСБ алқасы, «үштіктер», ерекше кеңестер қарағаны анықталды
Далалық лагерьде, Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналғанн лагерьде ұзақ мерзімге жазықсыз сотталғандар жапа шекті
РКФСР құрамында Қазақ АКСРі дамыған индустриялы аграрлы республикаға айналды
Соғыс қарсаныңда 3,3 млн еңбекке жарамды халықтың 1 млнға жуығы қалалар мен жұмысшы поселкелерінің жұмысшылары мен қызметшілері болды
Ауылдарда өзекті тұлғаларға айналғандар? Механизаторлар
Қазақстанның автономиялық республикадан КСРО құрамындағы одақтас республика дәрежесіне жеткенше 15 жыл қажет болды
КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемл.жаңа негізгі Заның – КСРО Конституциясын қашан қабылдады? 1936ж.5 желтоқсанда
КСРО деп аталатын федерациялық құрылымға енген республикалар саны? 11-ге жетті
РФ құрамында автономия болып келген Қазақстан бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазКСР) деп аталатын болды
Қазақстан Кеңестерінің Төтенше Х съезі одақтас мемл.– Қазақ Кеңес Социалистік
Республикасның конституциясын қашан қабылдады? 1937ж.наурызда
1938 жылы маусым айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлаунда қанша депутат сайланды? 300
Сайланған депутаттардың нешеуі қазақ? 152
Қазақ КСР Конституциясында Қазақ КСРнің саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі социалмстік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен жабдықтарына социалистік меншік болып табылатыны жарияланды
1937ж.желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Оған республикадан 44 депутат сайланды
Депутаттардың ішінде шахтер Күзембаев, мұнайшы Зұрбаев, комбайншы Логвиненко, сауыншы Оңғарбаева, паравоз машинисі Березняк және басқалар болды
V тарау. ҚАЗАҚСТАН 1941-1945ЖЖ.ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫ
§13. Қазақстанның экономикалық қуатының артуы
Коммунистік партия 1939 ж.елдің индустриялық қуатын арттыру, оның қорғаныс қабілетін нығайту бағытына ден қойды
1938-1941 жж. Қарсақбай мыс балқыту зауытын қайта құру мен кеңейту, Жезқазған мыс балқыту зауытын салу, алтайда түсті металлургияны дамыту, Ембідегі геологияялық жұмыстар мен барлап бұрғылау ісін жеделдету шаралары жүргізілді
Мемлекеттік еңбек резервтерінің жүйесі қашан пайда болды? 1940ж.соңында
1940ж.ұзындығы 806 шақырым болатын Ақмола–Қарталы күре жолы 9айға толмайтын уақыт ішінде халықтық екпінді құрылыс ретінде салынды
Қарағандыдан Магнитогорскіге көміт тасу 500 шақырымға қысқарды
Атырау – Қандыағаш, Қандыағаш – Орск жол тораптары, Шығыс Қазақстан және Семей обл. « Шығыс орамы» (806шақырым), алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл, барлығы 2681 шақырым теміржол салынып, оның 1358 шақырымы пайдалануға берілді
Шымкенттің «СЧСЗ» таңбалы қорғасыны одақтағы таңдаулы қорғасыны деп танылды
1940 ж. Қазақ КСРнде жалпы одақта өндірілетін қорғасынның 87 %-ы , мыстың 21 %-ы балқытылды
1940ж.республикада 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеді, олардың бәрі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді
Кімнің бастамасымен ондаған мың қыздар мен әйелднр тракторшы мамандығын меңгерді? П.Н.Ангелина
Батыс Қазақстанда қаңдай канал пайдалануға берілді? Жайық – Көшім
Немістердің жасаған жоспары? Барбаросса
Барбароссаны жасаған кезде Германия билеушілері КСРОны көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай этностық конгломерат деп есептеді
Фашистер басып алынатын Кеңес аумағында Остланд(Белорусь пен Балтық жағалауы), Украина, Московия, Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ –Орал рейхкомиссариатын құруды жоспарлады
«Арбайтегемайншафт Түркістан» атты жоғары барлау мектебі қандай карта жасады? Үлкен Түркістан
Гитлершілердің дүние жүзіне үстемдік құру жолындағы басты нысаналарының бірі? Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халқын құлдыққа түсіру
Республикада қанша адам әскери даярлықтан өтті? Екі млннан астам
Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды
Қазақстандағы 27 әскери оқу орны соғыс жылдары 16 мың офицер даярлап шығарды
өнеркәсіп орындары елдің шығыс бөлігіне қарай көшірілді. 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанда орналастырылды. Республикаға тамақ өнеркәсібінің 54, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелініп, қалпына келтірілді
Көшіріліп келген зауыттар мен фабрикалар , негізінен, Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында орналасты
1942ж.Қазақ КСРінің егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейіп, жалпы КСРО бойынша артқан егіс көлемінің 30 %-ын құрады
Звено жетекшілері Берсиевтін, Жақаевтың, Ким Ман Самның, Дацкованың, Сомжүрекованың, Оңғарбаеваның еңбектегі даңқы бүкіл елге тарады
§14,15. Қазақстандықтардың Ұлы Отан Соғысына қатысуы
Соғыстың алғашқы кезеңінде Қазақ КСРнде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды
Брест қамалын қорғаушылар арасында қазақстандықтар Наганов, Фурсов, Тұрдиев, Шолтырев және басқалар болдыдивизия комиссары, Оңтүстік – Батыс майдан әскери Кеңесінің мүшесі Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер неміс фашист басқыншыларымен қашан шайқақа түсті? 1941ж.20 қыркүйекте
И.В.Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы? 316
1941 ж.қарашада Дубосеково түбінде ұрыс салған 1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге мәлім болды
В.Г.Клочковтың ұраны? «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Мәскеу»
Мәскеу үшін шайқаста ерекше табандылық пен қаһармандық көрсеткен жауынгерлер? Карпов басқарған атқыштар полкі, Б.Момышұлы басқарған батальон
Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлігі үшін 316-атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, қаңдай марапатпен марапатталды? Қызыл ту ордені
Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Мәлік Ғабдулинге қаңдай атақ берілді? Кеңес Одағының Батыры
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5неміс офицерінің көзін жойған,ерлікпен қаза тапқан, кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген? Төлеген Тоқтаров
Ұлы Отан Соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы? Б.Момышұлы
ұзақ жылдар бойы соғыстың алғашқы күндері бірінші болып жауға қарсы ұшағын бағыттағвн адам кім болып саналып келді? Николай Гастелло
кейін зерттеушілер мұндай ерлікті алғаш жасаған кім екенің анықтады? А.Масловтың экипажы. Оларға Ресей батыры атағы берілді
А.Масловтың экипажында болған Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы қашан берілді? 1998ж.
«Киров» крейсерінде қанша қазақстандық жауынгер сапта тұрды? 156
Ленинград үшін шайқаста ерлікпен қаза тапқан жауынгер? Сұлтан Баймағамбетов (Кеңес Одағының Батыры)
Ориенбаум алғы шебінде шайқасқан 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені? Дүйсенбай Шыныбеков
1941 .ж. Жамбылдың ленинградтықтарға арнаған жыры? Ленинградтық өренім
Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар қашан жүріп жатты? 1943ж.күз
Қазақстан Сталинградпен қанша шақырым шекаралас еді? 500шақырымдай
Каспий өңіріне соғыс жағдайы қашан енгізілді? 1942ж.күз
Қазақстандықтардың Еділ бойындағы қаһарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде не деп көрсетілді? «Сталинград – Шығыстың кілті»
Полковник Ғани Сафиулин басқарған 73- гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды. Бұл дивизия «Сталинградтық» деген атақ алды
Нүркен Әбдіров 1942 ж.19 желтоқсанда Боковская – Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты
«Павлов үйі» үшін соғысқан қазақ жауынгері? Толыбай Мырзаев
Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады
Дон мен Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезіндеқазақстандық подполковник Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті
Сталинград қорғанысының батыры, екі Даңқ орденінің иегері, Кеңес Одағының батыры І.Айтықов
Днепр үшін ұрыстарда қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағының батыры? 18 жасар Жәнібек Елеусізов
Қазақ партизандарының жалпы саны? 3,5 мыңнан астам
Қарсыласу қозғалысына қатысқан кеңес Одағының Батырлары? Егоров пен Құсайынов
Берлин операциясы қашан басталды? 1945ж.16 сәуір
Кеңес Армиясы Берлинді түгелімен қашан алды? 1945ж.2 мамыр
Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлнрін бастап кірді
Р.Қошқарбаев өзінің досы Булатовпен бірге алғашқылардың бірі болып Рейгхстагта Жеңіс туын тікті
Мәденов пен Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тікті
Берлинге шабуыл жасауға « Қазақстан комсомолы» танк тізбегінің 3 танкісі қатысты
Екі мәрте Кеңес Одағы батыры атанғандар? Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван Павлов
Ленин орденімен, Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған қазақ қыздары? 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова, 54-атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова
Кеңес Одағының батыры атағын алған адамдар саны? 500-ге жуық
Германияны женген соң Қазақстандық әскелер Квантунь армиясына қарсы соғысты
Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз бригадасы негізінде құрылған 292-атқыштар дивизиясы Жапондарға қарсы күресті
Забайкалье, І Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында Қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді
Қазақстандық минометшілер 2027 жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды
«Қазақстан комсомолы» танкіне қаржы жинап бергендер – Шымкент теміржол торабының комсомолдары
1942ж.қыркүйек айында «Қазақстан комсомолы» деген жазуы бар неше жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді? 45
Республикада танк колонналары мен авиация эскадрильялары үшін қанша ақша жиналды? 480 млн сом
Оқушылар өздері тапқан 4 млн сом ақшасын қаңдай қорға аударды? «Қазақстан пионері»
Киров атындағы Қазақ мемл.университетінің студенттері «Кеңес студенті» танк колоннасын жасауға қанша ақша жиналды? 600 мын сом
Оңт.Қазақстан жастары «Қазақстан комсомолы» сүңгуір қайығын жасаттыру бастамасын қашан көтерді? 1943ж.қыркүйекте
«Қазақстан комсомолы» жойғыш ұшақ эскадрильясын жасақтау үшін республика жастарынын қанша ақша жиналды? 3 млн сом
1943ж.желтоқсанда үш күннің ішінде Алматы жастары 400 мың сомнан астам ақша жинап, жаңа жылға қарай жаңа ұшақты кімге табыстады? Луганскийге
1943ж.республикадан зауыттарды қалпына келтіру үшін қанша комсомол жіберілді? 1439
Қазақстан тқрғындары фашистік оташылдықтың ауыртпалықтарын бастан кешірген 12 қала 45аудан қамқорлыққа алынды
Республика қанша көшірілген адамдарды қабыл алды? 532 мын
Соғыс қарсаңында Қазақстанғақанша поляк айдап әкелінді? 102 мын
Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілген немістер саны? 360 мыңнан астам
КСРО мемл.Қауіпсіздік Комитеті ІІІ Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша зорлықпен жер аударылғандар саны? 2 млн 464 мын
IV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
§16. Білім және ғылым
«сауатсыздықты жою» қоғамы қашан ұйымдастырылды? 1924ж.
Республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті сауат ашу қашан енгізілді? 1931ж.
Республиканың Халық комиссарлары Кеңесі «Қазақ АКСР бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қашан қабылдады? 1926ж.мамыр
1930/31 жылдары отырықшы аудандарда, 1931 жылы көктемнен бастап көшпелі аудандарда жалпыға бірдей білім беру енгізілді
Қыздар үшін Шымкентте, Түркістанда, Алматыда, Ордада арнаулы мектептер ашылды
1920 ж.орта шенінде республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс, эстон бастауыш мектептері жұмыс істеп, оқу ана тілдерінде жүргізілді
1931-1932жж.аштық салдарынан балалар саны күрт азайып , жетім балалар саны көбейді
1932ж.күзінде балалар үйлеріне 68 мың бала орналастырылды
С.Көбеев, Добранская, Волков, Ақышев, Ақатов, Сарыбаев және басқа халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері «Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын алды
Қазақстанда тұнғыш жоғарғы оқу орны педагогикалық институт 1928ж.ашылды. кейін Абай аты берілді
1931-1932жж.Орал мен Қызылордада пединститут ашылды
1929-1931жж.Алматыды зоотехникалық малдәрігерлік, ауыл шаруашылығы, медициналық оқу орындары ашылды
Киров атындағы Қазақ мемл.университеті қашан ашылды? 1934ж.
Ұлы Отан соғысы қарсанында Қазақстанда 20 жоғарғы оқу орны жұмыс істеп,  118 орта арнаулы оқу орны істеп, оларда 40 мыңдай адам оқыды
1930ж.өзге республ.ЖОО мен техникумдарында 20 мындай қазақстандық жастар білім алды
Қазақстан ғылымның қалыптасқан кезені? 1920-1930
Қазақстандық зерттеу қоғамы құрылды
Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында Қоғамның бөлімшелері жұмыс істеді
М.Е.Массон Тараз қаласында қазба жұмысарын жүргізген жыл? 1926ж.
1926-1927жж.КСРО Ғылым академиясының кешенді экспидициясы бүкіл Қазақстан аумағында статистикалық экономкалық, топырақ ботаникалық, геологялық, гидрогеологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді
КСРОҒылым академиясының Қазақстандағы базасы қашан құрылды? 1932ж.
Қазақ ұлттық өнер ғылыми зерттеу институты қашан ашылды? 1935ж.
Қазақстандағы ғылыми дамудың негізгі бағыттарын белгілеуге Вавилов Комаров Самойлович Архангельский белсене қатысты
Қазақстан ғылымынын дамуына Сәтбаевтың қосқан үлесі зор болды
1935 ж.прфессор Асфендияров жазған «Қазақстаның көне заманнан бергі тарихының» бірінші бөлімі жарық көрді
Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде 1700-ден астам ғалым еңбек етті
§17. Әдебиет пен өнер
Қазақ әдебиетінің туыын ұстап, Абай дәстүрін жалғастырып, поэзияға соны серпін, барша әдебиетке екпінді рух берген кім? С.Сейфуллин
1913ж.жарық көрген М.Жұмабаевтың алғашқы жыр жинағы? Шолпан
С.Сейфуллиннің қазақ халқының 1916ж.азаттық қозғалысына, Ақпан рев. мен қазақ төнк., Азамат соғысына қатысуын шынайы суреттеген романы? Тар жол, тайғақ кешу(1927ж.)
Этнограф және сазгер Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, «Қырғыз халқының 1000 әні», «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар жариялады
Сазгерге 1932ж.Қазақстан халық әртісі атағы берілді
Асафьев «Қазақтың 1000 әні» еңбегін ғасырлық, тіпті мыңжылдық мәдениеттің аса құнды ескерткіші деп орынды бағалады
1922ж.Қарқаралыда халық жыршылары бәйгесі өткізілді
М.В.Коцык басқаратын Петропавл педагогика училищесінің қазақ хоры КСРО халықтары музыкасының Мәскеуде откен концертіне қатысты
1925ж.парижде, 1927ж.франкфуртте өткен дүниежүзілік музыкалық көрме концерттеріне қатысқан қазақтың әншісі ?Әмре Қашаубаев
Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылған жыл? 1926ж.қаңтар
Театрды Жұмат Шарин басқарды
Сахнада қойылған алғашқы шығарма? Еңлік Кебек
Театрға Қазақ академиялық драма театры атағы берілген жыл? 1937ж.
1930жж.Семейде, Ақтөбеде, Шымкент,Петропавл,Қарағандада театрлар ашылды
1933ж. Алматыда ұйғыр музыкалық драма театры, 1937ж.Қызылордада корей театры ұйымдастырылды
Қазақстан кино өнері 1930жж.бастау алды
«Шығыскино» треінің Алматы бөлімшесі болды
1934ж.хроникалық фильмдер студиясы ұйымдастырылды
1938ж. «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі «Амангелді» шықты
1934ж.қаңтарда Қазақ мемл.музыка театры ашылды
1934ж.А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемл.оркестрін құрды
1936ж.Жамбыл атындағы Қазақ мемл.фиилармониясы ашылды
Қазақстанның өнері 1936ж.мамыр айында Мәскеуде өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде озінің өсіп, толыққаның көрсетті
Әнші Күләш Байсеитоваға КСРО халық әртісі атағы берілді
П.Г.Хлудовтың шеберханасы қазақтың кәсби кескіндеме өнерінің орталығына айналды
Хлудовтың талантты шәкірттерінің бірі? Әбілхан Қастеев
1930ж.кітапханалар саны 290 болса, 1939ж.3304-ке жетті
1939ж. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы ашылды
Республикада 5237 мәдениет үйлері мен клубтар жұмыс істедіі
Соғыс басталған соң « КСРО Ғылым академиясының Орал, Батыс Сібір және Қазақстан байлықтарын қорғаныс мұқтажына жұмылдрыру жөнінднгі комиссиясы» құрылды
Ресспублика астанасында 20-дан астам ғылыми зерттеу институты орналасты
КСРО үкіметінің шешімімен 1946ж.1 маусымда Қазақ Ғылым академиясы ашылды
Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орнына сіңірген көп жылдық еңбегі үшін 1942ж.мемл.сыйлық берілді
Қазқстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақындар соғыс майдандарында соғысты
Әуезовтың көптомдық « Абай» эпопеясының бірінші кітабы, мұқановтың өмірбаяндық «Өмір мектебі» повесі, Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Мұстафиннің « Шығанақ», Әбішевтің «Жас түлектер» повестеріжарыққа шықты
Қазақстанға Мәскеудің, Киевтің, Харьковтың және басқа қалалардың 23 көркемөнер ұжымы көшіріліп әкелінді
1941ж.қараша айында көшіріліп әкелінген «Мосфильм», «Ленфильм» киностдиялары мен Алматы киностудиясы негіінде көркем фильмдердін біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды
Төрт жылдық қазақ киноактерлер мектебі ұйымдастырылды
Қақастанның өнер қызметкерлерінен құрылған 2 концерт бригадасы коптеген әскери бөлімдерге конерттер қйымдастырды
1942-1944жж. Қазаөстанға майданнан 22 делегация келіп қайтты
VII ТАРАУ. 1940-1960ЖЖ. ҚАЗАҚСТАН
§18. Қоғамдық саяси өмір
Кеңес одағының комунистік партиясы (КОКП) бұл кезде өзінің саяси ұйым ретінде функциясын кейін ысырып өойып, мемлекетті басқару жүйесімен бірігіп кеткен, жоғарыдан төмен қарай, бұйрықпен басқарылатын, иерархиялық пирамидалық құрылымға айналған болатын
Партия өзінің жұмысын қолында күші бар ведомстваларға Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне, Ішкі істер министрлігіне сүйеніп жүргізді
1949ж.Қазақстан комунистік большевиктер партичсының IV СЪЕЗІ болып өтті.
Қазақастан К(б)П орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланды. Ол ұйымды 1954ж.дейін басқарды
1950ж.комунистердн саны 58920 адам болса, 1960ж. 345115-ке жетті
Республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы Қазақ Кеңес Социалисті Республикасының Жоғарғы Кеңесі деп есептелді
1957ж.КОКП Орталық комитетінің «Еңбекшілер депутаттары Кеңестерінің қызметін жақарту және олардың бұқарамен байланысын күшейту туралы» қаулы қабылдады
Осы қаулыдан кейін Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссияларының саны 3-тен 8-ге жетті
1947 жылғы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрамында 300 депутат болса,үшінші сайлауында 400, 1955ж.төртінші сайлауында 450 депутат болды
Жоғарғы және жергілікті кеңестер депутаттарының мөлшермен 2\3-сі комунистер болып отырды
1940ж.соныңда Қазақстан кәсіпшілер одақтары 1млннан астам еңбекшілерді біріктірді
1948ж.Қазақстан кәсіподақтарының республикалық I конференциясы өтті
1963ж.кәсіподақ мүшелерінің саны 3 млн 281 мын адамға жетті. Бүл жұмыс істейтіндердін 89 пайызы
Қазақстан комсомолы екпінді құрылыстарға, ірі кәсіпорындардың салынуына, тың игеруге үлес қосты
Комсомол ұйымы жастар тәрбиесі мен балалардың коммунистік құрылымы пионер ұйымының жұмысына бақылау жасады
1951 жылдан 1960 жылға дейінгі аралықта республикадағы комсомол мүшелерінің саны екі есе артып, 760 мың жасты біріктірді
Әкімшіл әміршілік басқару жүйесі 1950 жылдардың ортасында ғана одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мәселелерін күн тәртібіне қойды
КСРО Министрлер Кеңесінің 1955ж.мамыр айындағы қаулысы бойынша одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тәртібі өзгертілді
1954-1956жж.одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті
1956-1958жж.бастап одақтас республикалар әділет органдарына басшылық жасау, сот құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекіту істерімен аналысатын болды
1957ж.КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына лауазым бойынша одақтас республикалар Министрліктер Кеңестерінің төрағасы, ал КСРО Жоғарғы сотының құрамына одақтас республикалар Жоғарғы соттарының трағалары енгізілді
§19. Саяси қысым жағдайында
1946ж. БК(б)П Орталық комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулылары шығып, бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің соққыға ұшырауы Қазақстандағы ұлт зиялылырының қудалаудың жаңа толқыны жол ашты
1947ж. «Қазақ КСР ҒА-ның тіл және әдебиет институттарының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысымен ХХ ғасыр басындағы рухани мұраны ғылыми зерттеуге шек қойылды
Мәскеуде «Дәрәгерлер ісі», Ленинградта «ленингрд ісі» жүріп жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» жүріп жатты
1943 жылы Алматыда жарық көрегн «Қазақ КСР тарихы атты» көлемді еңбектің негізгі авторларының бірі? Ермұхан Бекмаханов
Е.Бекмахановтың сынға алынған монографиясы? «ХІХ ғасырдыың1920-1940жж. Қазақстан»
Сынаушылар Бекмахановтың еңбектерін орысқа қарсы жазылған және онда Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деп айыптады
1950ж.желтоқсанында «Правда газетінде» «Қазақстан тарихы мәселелерінің маркстік лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаланың жариялануы Бекмахановты реси түрде саяси айыптаудың басы болды
1951ж.сәуірде Қазақстан К(б)П Орталық комитетіосы мақалаға байланысты қаулы қабылдап, оны дұрыс деп бағалап, автордың « буржуазиялық ұлтшылдық көзқарастарын» айыптады
Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылып, алыс лагерьлердің біріне айдалды
Мәскеу мен Ленинградтағы кейбір ірі ғалымдардың араласуымен Бекмаханов 1954ж.ақталып шықты
1940-1950жж.басында әділетсіз саяси айыптауға ұшырамаған қазақ зиялылары кемде кем
Саяси айыптауға ұшыраған зиялылар? Жұбанов, Жұмалиев, Сүйлейменов, Ысмайлов, Кеңесбаев, Мұқанов
Биология медицина және геология ғылымдары салаларында жемісті еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдарға «Космополит» деген айып тағылды
1950 жылдары «Өзгеше ойлайтын»» деп жаза тартқан кеңес азаматтары 90 мыңнан астам
КОКП нын ХХ съезінен кейін ақталғандар: Асфендияров, Жандосов, Исаев, Мирозиян, Мендешев, Масанчи, Нұрмақов, Розыбакиев, Сейфуллин
§20. Республика өнеркәсібін қайта құру жіне одан әрі дамыту
Қазақстан өнеркәсібінің жақсы дамыған саласы? Отын энергетика саласы
1950жж.көмір шабу, қопару және олады вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды
Республика бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгі деңгейден 6,5 есе артып, 1950 ж. 17,4 млн тоннага, ал 1960ж. 32,3 млн Тоннаға жетті
1950жж.екінші жартысында электр станциялары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарылды
1945ж.республикада 1,15 млрд кВт сағ электр энергиясы өндірілсе, 1960ж.ол 10,6 млрд кВт сағ-қа жетті
Республиканың батысында осы жылдар ішінде мұнай өндіру 2,5 есе ұлғайды
1947ж. Өскемен қорғасын мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді
1950жж.алғашқы жартысында өнеркәсіп үлесіне республикаға бөлнген күрделі қаржының 40,4 % тиді
1950жж.екінші жартысында республика бойынша жыл сайын жүздеген өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылып отырды
Соғыстан кеінгі кезеннен бастап, 1960ж.ортасына дейінгі уақыт аралығында республикада химия өнеркәсібі пайда болып дами бастады
1950жж.бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты
Химия кәсіпорындарының ірі лері Қазақстанның оңтүстігінде орын тепті
1960ж.басында біздің республикамызда КСРОдағы күміс қорының 3\4-і, қорғасынның, мыстың, мырыштың жартысынан астамы жатыр деп есептелінді
1965ж.респблика одақта өндірілетін шойынның 2,5 %-ын, темір рудасының 9,2 %-ын, көмірдің 7,9 %-ын, болаттың 1,2 %-ын берді
1945ж.республика теміржолының ұзындығыь 8212 км болса, 1950ж. 12419 м-ге жетті
Мойынты – Шу, Өскемен – Зырянов, Ақмола – Павлодар, Мақат – Ақтау теміржол желілері салынды
Автомобиль жолдарының ұзындығы 108 мың шақырымға жетті
1950-1960жж. Қазақстан эномикасында бірқатар келенсіз жағдайлар пайда болды. Шикізаттық бағдар белең алды
1930жж.пайда болған қағида бойынша, өнеркәсіптің «Б» тобына (тұтыну құралдарын өндіру) қарағанда «А» тобын (өндіріс құралдарын өндіру) жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды
Қазақстан «бәрі болса да, түгі жоқ, бай болса да тәуелді» Ресейден ешқашан ажырай алмайтын мемлекетке айналды
§21. Экономикалық реформаларғатлпыныс. Әлеумттік даму
Қазақстанда 1940 ж.634 мың жұмысшы, 912 мың шаруа болған
Егер 1945 ж.халық шаруашыллығында жұмыс істеп жүрген жұмысшылар мен қызметшілердің cаны 1044 мың , өнеркәсіпте істейтіндері 304 мың адам болса, 1960ж.жұмысшылар саны 2,2 млн болып, шаруалар саны 611 мың болды
1950жж. Ішінде өнеркәсіп құрылыста тасымал мен байланыс жүйесінде істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің саны едәуір артты
Шымкент пресс автоматтары зауыты 20-Дан астам машина шығаруды игерді
1956-1960жж.арасында 767,2 Мың жұмысшы (барлық жұмысшылардың 58,5 %-ы) мамандығын жетілдірді
1947ж.соңында еңбекшілерге өнеркәсіп және азық өнімдерін карточкамен өлшеп беру жойылды
1947ж.ақша реформасы жүргізілді. Бұл жолы ескі ақшаны 1\10 қатынаспен алмастырып – ұлттық валютаның қызметін орнына келтірді
Жұмысшылар мен қызметшілердің айлық орташа еңбекақысы 1940ж.29,8 сомнан, 1950ж. 62 сомга, 1965ж. 97,4 сомға дейін өсті
1950жж.әлеуметтік қамсыздандыруға арналған қаржының көлемі артты
1940жж.соңынан бастап, тұрғын үй салуға мемлекет тарапынан қаржы бөліне бастады
Соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде үнемі көтерілумен болған баға 1948ж. 1940 жылмен салыстырғанда үш есе жоғары болатын
1950ж.басында ұжымшар мүшелері орта есеппен айына 16,4 сом жалақы алды. Бұл жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысынан 4 есе кем еді
1958ж.бастап кейбір қалаларда пәтерлерге газ беріле бастады
1950-1965жж.ішінде аурухана саны 2,4 есе, олардағы төсек саны 3,5 есе,дәрігерлер саны 3,5 есе артты
1956ж.бастап жұмысшы және қызметші әйелдерге босануға берілетін ақылы демалыс 112 күнге дейіін ұзартылды
1965ж. республикада 79 санаторий мен 23 демалыс үйі жұмыс істеп тұрды
60-жылдардын басында жыл сайын 200 Мыңға жуық бала пионер лагерьлерде дем алды
Еңбекшілердің жинақ кассаларына ақша салуының орташа мөлшері 1950ж. Жан басына 88 сомнан келсе, 1965ж. 298 сомға жетті
§22. Ауыл шарушылығының дамуы
1949ж. мал шаруашылығын дамыту жоспары қабылданды
Қазақстан ұжымшарларына түрлі ұйымдардың 214 млн сом берешегі, көптеген мал, техника және заңсыз алынған 540 мың га жер қайтарылып берілді
Қазақстан кеншарлары мал шаруашылығы бағытында болды
Қазақстанның ауыл шаруашылығы халықтың қажетін қанағаттандыра алмады
1946-1950жж.егістік жердіің әр гектарының алынған өнім орта есеппен 5-6 ц ғана болды
1952ж. республикадағы ірі қара мал саны 1928 жылдан төмен болды
1953 жылдың соныныда тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты
«Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіріді» деген республика партия ұйымының басшылары орындарынан алынды
Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетітнің бірінші хатшысы болып Пономаренко сайланды, ал оның орынбасары , біріз уақыттыа кейін бірінші хатшы болып сайланған Брежнев отырды
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдын көктемінде қабылданды
Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн га-ға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді
Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылығының механизаторлары еді
Әр отбасына 500-1000 сомнан, оның әр мүшесіне 150-200 сомнан бір мезеттік көмек көрсетілді
Тың игерушілер 2 жылдан 5 жылға шейін ауыл шаруашылығы салығынан босатылды
1954ж.бастап егіске жарамды жерді зерттеу жұмыстары жүргізілді
Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді
1954жылдың көктемінен 1955 жылдың көктеміне дейінгі бір жыл ішінде тың өлкесінде 337 астык кеңшары (совхоз) құрылды. Олардың 10 млн га егіске жарамды жер болды
1954 жылдың өзінде Қазақстанда 6,5 млн га тын жер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың тоннаға жетті
1950 жылы Қазақстанда 7854 Мың га жерге дән себіліп, одан 4,7 млн т астык жиналды. 1955 жылы егіс көлемі 1954 жылғымен салыстырғанда екі еседен аса көбейіп, 20,6 млн Га жер жыртылғанымен, ауа райы қолайсыздығынан 4750 т ғана астық жиналды
1956ж. республика 16 млн т астық жинады. Мұны коммунистер 1 млрд пұт деп айтып жүрді
1956-1958жж.республикада тағы да 4,8 млн га тың жер игеріліп , егіс аумағы 28,6 млн гектарға дейін өсті. Мұнын ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн га еді
Қостанай облысындағы «Украинский» кеңшарының механзаторлары егінді топтап жинау әдісін тиімді қолдана білді
Ақмола облысының «Ярославский» кеңшарының бригадирі Довжик, Қостанай облысындағы Павлов атындағы кеңшарының комбайншысы Демеев, Павлодар обл.Буденный ұжымшарының комбайншыы Музыка тағы басқа тыңгерлер еңбеккте тамаша жетістіктерге қол жеткізді
Қызылорда обл. Шиелі ауданы «Қызыл ту» ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштен рекордты өнім алуға қол жетізіп, еселі еңбектің тамаша үлгісін көрсетті
§23. Тың игерудін нәтижелері
1940-1950жж.ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды
Алтыншы бесжылдық (1956-1960жж.) жоспардың орындалмауын көрер көзге жасыру үшін, жетіжылдық (1959-1965жж.) жоспардың өзі орындалмады
Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70 %- ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде ол 15 %-ға ғана артты
Тың игерушіге «адам мекендемеген құла түзге» бара жатқандықтары, олардың « иесіз жатқан ен даланы тұнғыш игеруші» болатындықтары туралы қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс түсінік берілді
Тың игеру желеуімен 1960ж.басына дейін Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам қоныс аударды
Сол жылдары Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты «Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс» деп жарияланған болатын
1958ж.соңына дейін облысқа 132 мын адам, келесі жылы тағы да 170 Мың адам келіп қоныстанды
Айналасы бірнеше жылдың ішінде бір облысқа 300 мыңнан астам адамды орналастыра қою оңайға түспеді
Нәтижесінде қала халқының үлесі 1939 жылғы 28 %-дан 1959 жылы 44 %-ға дейін артты
1939 жылмен салыстырғанда, республика тұрғындарының саны 3 млн 216 мың адамға өсіп, 1959 жылы 9 млн 295 мың адамға жетті
Аталған мерзм ішінде Одақ халқы 9,5 %-ға көбейгенде, Қазақстанда бұл көрсеткіш 52,8 % болды
1959 жылғы халық санағы бойынша, республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мың, барлық халықтың 29 % ғана
1950 жылдардың ортасынан бастап, Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасыынаң бір бөлігі тарихи отанына оралуға мүмкіндік алды
1960жж.басына дейін Қытайда тұратын қазақтардың 200 мыңы Қазақстанға оралды
1950 жж.мал шаруашылығының жағдайы ауыр болды
1951-1952жж.шығын көп болып , мал басы мардымсыз өсті. Тек 1951 жылы ғана 330 мын ірі қара, 3,2 млн қой мен ешкі, 89 мың жылқы, 64 мың шошқа шығын болды
47 ұжымшар мен 225 кеңшар ет өндіруге бағытталып қайта құрылды
1954-1958жж.мал шаруашылығана 52 мыңнан астам адам жіберілді
1958 жылы 1239 комсомол жастар бригадалары құрылды
1956 жылмен салыстырганда, 1965 жылы мал басы 67,4 %-ға көбейіп, жалпы саны 39 млнға жетті
§24. Мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер
1946 жылы маусым айында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылыым академиясы құрылды
Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға Вавилов, Бардин, Панкратов ұйымдастырушылық көмек көрсетті
Академияның тұнғыш президенті болып Қаныш Иантайұлы Сәтбаев сайланды
1950-1965 жж.арасында республикадағы ғылыми зерттеу институттарының, филиалдар мен бөлімшелерінің ссаны 38 ден 84 ке дейін, ал оларда істейтін қызметкерлердің саны 3,3 мыңнан 18,2 мыңға дейін өсті
Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелері 1946-1949жж.халық шаруашылығана енгізу үшін 900-ден астам ұсыныстар мен зерттеулер ұсынды
Сәтбаев бастаған бір топ ғалымға металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілді
1950 жылдар ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді
ҚазМУде философия факултеті ашылды
1958ж. Қазақ КСР ҒА ның Философия және құқық институты құрылды
1961ж.Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары шаңырақ көтерді
Тарихшылар 1957-1959жж. «Қазақ КСР тарихының» екі томдығы жариялады
1950жылдардың соңында «КСРОда социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген ресми түпкілікті шешім қабылдады
1947 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» романының екі кітабын жазып бітірді. Шығарма КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды
1955 ж.жазушының іргелі туындысының жалғасы « Абай жолы эпопеясы» дүниеге келді
1959ж.Мұхтар Әуезовке әдебиет пен өнер саласындағы Лениндік сыйлық берілді
Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» романы 1950 жылдардағы ұлттық прозаның тағы бір жетістігі болды
Сәбит Мұқанов «Сырдария» романында замандастарының өмірін, еңбегін, армандарын, мақсаттарын нанымды бейнеледі. Сонымен қатар ол «Өмір мектебі» трилогиясын жазды
Ғабиден Мұстафин 1949 ж. Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде орыс тіліне аударылған «Шығанақ», «Миллионер» повестері әдеби қауымның назарын аударды. Кейіннен «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарын жазды
1950жж.қазақ поэзиясы неғұрлым байып,алуан түрлі сипатты ала бастады
Әбділдә Тәжібаев бірқатар пэзиялық циклдер, «Шайтан», «Портреттер» поэмаларын жазды
Ерғалиев «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы»; Жароков «Жапанда орман жанғыртты»; Бекхожин «Мариям Жагорқызы»; Молдағалиев «Жыр туралы жыр» поэмаларын жазды
Шуховтың «Тың игерушілер» атты очерктер кітабы одаққа танымал шығарма болды
Ұйғыр жазушысы Абдуллин «Гүлстан» повесін жазды
1952ж. Голубович Қазақ драма театрында М.Әуезовтың «Абай» драмасын қойды
Штейн басқарған жылдары Орыс драма театры қазіргі заман тақырыптарын игеруге бетбұрыс жасады
Харламова өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО халық әртісі атағын алды
Сац басқарған Жасөспірімдер театры үлкен шығармашылық өрлеу үстінде болды
Қазақ мемлекеттік хор капелласы шығармашылық ұйым ретінде қалыптасты
Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VІ фестивалінің лауреаты атанды
Дерижёр Қажығалиевтің басшылығымен Құрманғазы атындағы ұлт аспапатар оркестрі ұлттық және әлем классиктерінің шығармаларын орындады
Қазақ Мемлекеттік филармониясы еңбекшілерге мәдени қызмет көрсетті
1946 жылы «Біржан – Сара» операсы қойылды
1949жылы осы қойылым үшін сазгер Төлебаев, қоюшылар мен орындаушылар бір тобы КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері атанды
Сазгер Брусиловский «Дударай», Төлебаевпен бірігіп «Амангелді» операларын, Қожамияров тұнғыш ұйғыр операсы «Назугумды» жазды
Ұйғыр сазгерінің «Ризвангүл» симфониялық поэмасы 1954ж. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды
Қазақ академиялық опера және балет театрында осы өнердің көп ұлтты ұжымы қалыптасты
Симфониялық музыка өнеріндегі композиторлар: Великанов, Мусин, Рахмадиев, Мұхаматжанов, Жұбанова
Телжанов «Жамал», «Атамекен»; Мәмбеев «Тауда», «Киіз үй жанында»; Кенбаев «Шопан әні», «Сұхбат» атты суреттердің авторы
VІІІ ТАРАУ. ТОҚЫРАУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
§25. Қоғамдық-саяси дамудың қайшылықтары
Шартты түрде тоқырау деп аталып жүрген кезең? 1960ж.ортасынан 1980ж.ортасына дейін
Дамудың жаңа бағытына ойысуға деген құлшыныс 1968 жылы Чехословакияда болған оқиғалардан айқын көрініс береді
КСРОдан іргесін аулақтатқан елдер? Югославия, КХДР, КХР
1960-жылдардың екінші жартысында КСРОда коммунизм құрудың негізгі үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды
«Социализм кемелденіп, өзінің толық даму мүмкіндігін алды» деген түсініктер етек алды
«Кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылыады» деп жариялаған кім? Леонид Брежнев,1967 жылы
Кеңес қоғамының даму үрдісіндегі бітіспес қарама қайшылықтардың КСРОның 1977 жылы қабылданған Конституциясынын көрініс тапты
Жаңа Конституция 1961 жылы КОКПның ХХІІ съезінде қабылданған, іс жүзінде орындалмайтын , коммунизм құрудың негізгі үш міндетін тағы да алға тартты
Қазақстандағы ең жоғарғы заңды билік органы Жоғарғы Кеңес те, атқарушы билік Министрлер Кеңесі болды
Қазақстан КП Орталық Комитетінің 1960 жылы қаңтарда болған пленумында республика партия ұйымының бірінші хатшысы болып Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев сайланды
1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарған ол 1964 жылдан бастап қайтадан Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып , 1986 жылдың желтоқсан ына дейін сол қызметін атқарды
1978 жылы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынды
Конституция Қазақстан Коммунистік партиясының мақұлдауымен 1978 жылы сәуірдің 20-сында Жоғарғы Кеңестің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті
§26. Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКПның ұлттық саясаты
1980 жылдардың ортасына қарай КСРО экономикалық даму қарқыны бәсен, тұрғындары әлеуметтік қамсыздандыру жағы орташа, әскери қуаты орасан мол тұтас мемлекеттерді қирата алатын алып империяға айналды
1960 жылдары қолында күші бар министрліктерге сүйенген коммунистік партия ел ішінде дара билігін орнатып, ұлттық құрылымдағы кадр саясатын түгелдей өз қолына алған болатын
1960 жылдардың ішінде Мәскеуде оқитын қазақ жастары «Жас тұлпар» атты ұлттық демократиялық бейресми ұйым құрды
Оның басты ұйымдастырушысы Мұрат Әуезов еді
«Жас тұлпар» ансамбілі айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірді
Қарағандыда ол «Жас қазақ», ал Семейде «Тайшұбар» деген атпен әрекет етті
1970 жылдары республикада ғана емес, әлемнің көптеген елднріне танымал болған «Гүлдер», «Дос Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдері де «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған болатын
1975 жылы Олжас Сүйлеменовтың «Аз и Я» атты кітабы жарыққа шықты
КОКП Орталық комитеті 1979 жылдық көктемінде Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру жөнінде шешім қабылдады
Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттің басшысы А.Коркин болды
Болашақ автономияның әкімшілік орталығы етіп Ақмола обл.Ерейментау қаласын белгілеуге ұйғарым жасалды
1979 ж. 16 маусым күні қазақ жастарының үлкен бір тобы Целиноград қаласының орталығындағы Ленин атындағы орталққа жинала бастады. Олардың қолдаында «Қазақстан бөлінбейді!», « Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазулары бар транспаранттар болды
Митингіде сөйлеген бір студент «Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз!» дегенді айтты
19 маусымда болған шеруде облыс басшылары Ақмола жерінде ешқандай автономия құрылмайтының мәлімдеді
§27. Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай.
1964 жылдың қазан айында болған пленумында КОКП Орталық Комитеті шаруашылық мәселелерін шешудегі субъективтілікті, волюнтаристікті және өктемдікке әуестікті айыптады
КОКПның 1965 жылғы қыркүйек пленумында өнеркәсәпті аумақтық ұстаным бойынша басқару тиімсіз болып шыққандығы сөз болды
1965 жылы КСРО Жоғарғы кеңесі «өнеркәсәпті басқару органдарының жүйесін өзгерту және мемлекеттік кейбір органдарын қайта құру» туралы заң қабылдады
1960 жылдың ортасында жүргізілмек болған шаруашылық реформасы аясында жаслған өндірісті техникалық жараөтандыру шаралары еңбек процесін ұйымдастыруға дұрыс жол ашқандай болды
1967 жылдың аяғына қарай республиканың барлық өнеркәсіп орындарының 10%-ын құрайтын 193 кәсіпорын жаңаша жұмыс істей бастады. Олардыа барлық жұмысшылардың 1\4 еңбек етіп, өнімнің жалпы көлемінің 1\3-іне жуығын өндірді. 1970 жылға қараған мерзімде республика кәсіпорындарының 80 %-ы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшті
1960-1980 жж.республиканың отын энергетика кешені жоғарғы қарқынмен дамыды
1960ж.екінші жартысында Жамбыл, 1972 жылы Қапшағай электр станциялары салынды
Республикада 1970 жылы 34,7 млрд кВт.сағ электр қуаты өндірілген еді, ал қайта құру басталар алдндағы 1984 жылы оның көлемі екі еседен астам артып 74,6 млрд кВт.сағ жетті
1984 жылы Қазақстанда шығарылатые көмір көлемі 1970 жылмен салыстырғанда екі еседен астам артты, жылдық өнімі 125,5 млн тоннға жетіп, одақ бойынша өндірілетін көлемнің 17,6 %-ын құрады
1960 жылдын екінші жартысында Маңғыстау түбегінде мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастады
1965 жылы Өзеннен алғашқы мұнай алынды
1970 жылдардың алғашқы жартысында мұнайға бөлінген қаржы екі есе артты
Республикада мұнай өндіруді 1,8 есе,газ өндіруді 2,5 есе арттыруға мүмкіндік болды
1960 жылдар ішінде Ленингор мырыш зауыты, Өскеменде титан магний комбинаты, 1970-1980жж. Шығыс Қазақстан мыс химия комбинаты салынды
Жезқазғанда, Жезкентте, Қашарда, Қарағандыда жаңа кен байыту комбинаттары, Павлодарда алюминий зауыты іске қосылды
Темір кенің өңдірудің жылдық өнімі 1984 жылы 24 млн тоннаға жетті
1960 жж.екінші жартысында Ертіс химия металлургия, атырау мұнай химия зауыттары салынды
1970жж.республика сары фосфор өндіруден Одақта жетекші орынға шықты, минералды тыңайтқыштар шығару ұлғайды
1960 жылы Павлодардағы машина жасау зауытының негізінде құралған трактор зауыты, Ақмоладағы «Қазауылмаш», Семейде арматура зауыты саланың басты кәсіпорындары болды
Трактор және ауыл шаруашылығы машиналары республиканың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнімінің 2\5-сін берді
Семейде кабель, Текеліде аккумулятор, Өскеменде конденсатор, Кентауда трансформатор, Алматыда төмен вольтты аппараттар зауыттары салынды
Ауыл шаруашылығы шикізатының молдығы 1960 жылдар ішінде Қазақстанда жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға ықпал етті
1970 жылға қараған шақта жеңіл өнеркәсіп республиканың жалпы өнеркәсіп өнімінің 16%-ын беріп тұрды
1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды
Батыс Қазақстанда Капустин Яр деген атом полигоны жұмыс істеп тұрды
КСРО Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары? Генерал Моисеев
Семей полигонында 1949 жылдын 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада қуаты әр түрлі 113 ашық жарылыс жасалған
1964 жылдан 1989 жылдын 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 килотоннаға дейінгі 343 жер асты жарылыстары жасалған
Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70 %-ға жуығы Семей полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны 300-ге жетті
Арал теңізінің суы үш есе азайып , бұрынғы жағалаудан кей жерлерде 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 метрлк деңгейге дейін төмендеді. Теңіздің құрғап қалған табанының өзі 300 мың шаршы шақырымға жетті
Экологиялық дағдарыстың шиеленісуі ірі кәсіпорындар шоғырланған Алматы, Қарағанда, Шымкент, Жамбыл, Өскемен, Теміртау тәрізді қалаларда да көрініс берді
§28. Ауыл шаруашылығы
Ертеректе басталған ұжымшарларды кеңшарларға айналдыру үрдісі 1960 жылдардың алғашқы жартысында жаңа қарқынмен жүргізілді
1965 жылдың соңында Қазақстандағы кеңшарлардың саны 1521-ге жетіп, олар ауыл шаруашылығы өнімдерінің 57 %-ын өндірді
Астық өндіруде кеңшарлардың үлесі 80 %-ға, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде 52,8 %-ға жетті
1970 жылға дейінгі кезеңде ғылыми зерттеу институттарының жанында оқу эксперименттік кеңшарлар және 104 мал семіртетін кеңшарлар құрылды
Бұл жылдары жүргізіле бастаған реформалар шеңберінде Қазақстанның 586 кеңшары толық шаруашылық есепке көшті
КОКП Орталық комитетінің 1965 жылғы наурыз пленумында қабылданған шешімдер сөз болып отырған кезеңдегі КСРОның ауыл шаруашылығына айтарлықтай ықпал етті
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу бағасы 2 есе арттырылып , жоспардан тыс өнім өндіретіндігі үшін үстем ақы төйленетін болды
1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді
Республиканың 50-ден астам кәсіпорны ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығара бастады
1970 жылдар ішінде Қазақстан орта есеппен Одақ көлемінде өндірілетін бидайдың 23,9 %-ын, күріштін 24,6%-ын өндірді
1970 жылдары ауыл шаруашылығының салалық өндірісін, материалдық техникалық базасын нығайту, даму қарқының арттыру, мамандандыру мен шоғырландыру жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Одақтас елдер ішінде астықтан екінші, ет пен жұмыртқадан үшінші, сүттен төртінші, қаракөл дайындаудан екінші орында болды
1971-1975жж.ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқыны 13%-ға дейін құлдырады
Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Күрті аудандарында кеңшар директоры болып істеген Худенко басқарудың жаңа пішіндерін енгізуге тырысты
1975 жылдың соңына қарай барлық категориялы шаруашылықтарда 34,6 млн қой мен ешкі болды
Республиканың үлесіне Одақта өндірілген жүннің 24 %-ына жуығы, қой етінің 23,3 %-ы және қаракөл елтірісінің 34 %-ы тиді
Қазақстанның өзінде ет өндіру мен дайындауда қой етінің үлесі 25-30 % аралығында болып отырды
1960жылдардың соңына қарай республика бойынша қой өсірумен айналысытын 1285 шаруашылықтыың 587-сі осы салаға арнайы мамандандырылған еді
1971 жылы Семей облысының Шұбартау ауданының комсомол ұйымы бастама көтеріп, мектеп бітіретін жастарды қой шаруашылығына келуге шақырды
Қой өсіруші комсомол жастар бригадалары жаппай құрыла бастады
Бригада бұрынғыдай отармен емес, 3-5 мың қойды бір жерде, ауысыммен бағуға тиіс болды
Компартия Қазақстан жастарының алдына қой саның таяудағы жылдарда 50 млнға жеткізуді мақсат етіп қойды. Жастар «50млн меже емес» деп жауап берді
Комсомол жастар дәуірлеп тұрған кезеңде қой саны көбейе қоймады, керісінше азайып кетті
§29. Әлеуметтік даму
1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда славян текті өкілдерді қалаларға, жергілікті тұрғындарды ауылдарға шоғырландыру басталды
Қазақстанда жергілікті ұлт өкілдері басым қалалар? Қызылорда, Атырау
1979 жылғы санақ бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 11 % болған қала? Алматы
Солтүстікткгі өнеркісіптік қалалардағы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі? 3-15%
Республика бойнша өнеркәсіпте істейтін қазақ жұмысшыларының үлесі 12 %, ал оның ішіндегі маманданғандар саны 3 %
Ресми мәліметтер бойынша жергілікті ұлт өкілдерінің ішіндегі жұмысшылардың үлесі 20 % делінетін
Жергілікті ұлт өкілдерінің республика тұрғындарының арасындағы үлесі 1959 жылгы 29 %-дан 1971 жылы 32,6%-га, 1979 жылы 39%-ға дейін өсті
Орыс ұлтының үлесі төмендеп 1979 жылы 40,8 % болды
1960 жылдардын ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі кезеңде қазақстандықтардың тұрмысы да кеңестік өзге республикалардағылардай әркелкі және қарама қайшылықты болды
Республика жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа айлық табысы 1971-1989 жж.арасында 89%-ға, 123,7 сомнан 233,7 сомга дейін, өнеркәсіп жұмысшыларының табысы 93,6 %-га, 133,9 сомнан 259,3 сомға дейін өсті
Кеңшар жұмысшыларының жалақысы 247 сомға, ұжымшар мүшелерінің кепілді жалақысы 20 сомға жетті
Жасына байланысты төленетін айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға жейін көтерілді
Өнеркәсіптік таза өнімдегі жалақының үлесі төмендеп 1985 жылы 36%-ды ғана құрды
1970-1986 жж.нақты жалақының 20%-ға төмендегеніне көз жеткізуге болар еді
1985 жылгы 1 сом 1960 жылдардын Ортасындағы 54 тиынға тең болатын
1980 жылдардың ортасына қарай медециналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік салаларда артта қалушылық жыл өткен сайын айқын көрініс бере бастады
§30. Республиканың рухани өмірі
Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі 1949 жылы қайта қолға алынды
1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі 200 Мың адам болса, 1955 жылы 16 мыңға түсті
1950 жылдар ішінде мектептерде политехникалық білімді тиянақтауға, оқушыларды өндірісті еңбекпен араластыруға, мектептің өмірімен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілді
1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «мектептің өмірімен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСРінде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады
1962-1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді
1946-1956жж.республиканың кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман жұмысшылар дайындалды
1954 жылдан бастап ашыла бастаған орта білімі бар жастар қабылданған техникалық училищеде фрезершілер, жүргізушілер, краншылар, экскаваторшылар дайындалды
1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесі қабылдаған «Қазақ КСРнде жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары» туралы қаулы қабылдады
1965-1966 оку жылдары 39 оку орындарында 144,7 мың студент оқыды
Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11 есеге өсті
1965 жылы республика халық шаруашылығында 0,5 млн-нан астам дипломды маман жұмыс істеп жатты
1970 жылдар ішінде жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды
1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды
Кезекті метеп реформасы 1984 жылы басталды
1970 жылдар ішінде ірі агрокешендер құрылып, «болашағы жоқ» елді мекендер қараусыз қалғанда олардағы жүздеген мектептер жабыла бастады
1950-1970 жылдар ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мекттептердің саны 1,5 Мыңға артқанда, қазақ мектептерінің саны кеміп 3891-ден 2577-ге Түсті
1980 жылы ЖОО саны 55-ке жетті
Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті
Республиканың барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 550 мың студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандақ алып шығып жатты
1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРОдағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды
Академик Соокольский катализаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін дұрыс көтере білді
Социалистік Еңбек Ері, академик Ахметсафин республикадағы гидрогеология және гидрофизика ғылымдары саласында нәтижелі еңбек етті
Айтхожин бастаған ғалымдардың бір тобы генетика иен мкробиология саласында қомақты табыстарға жетті. Олар инфромасомаларды ашты
Академиктер Марғұлан мен Букетов еімдері ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да кеңінен танымал болды
Академик Бараев топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді
Республикада 40377 ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Олардың 864-і ғылым докторы, 650-і Ғылым академиясының академиктері, корреспондент мүшелері және профессор лар болды
Ғылыми еңбектердің 95%-ы орыс тілінде жазылды
1970 жылдар ішінде құқықтық ғылымда жаңа бағыттар пайда болып , заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты
Отырарда жүргізілген қазба жұмыстары археологтарды табыстарға жеткізді
1970 жылы Есік қаласының жанындағы қорғаннан б.з.д. ІV-ІІІ ғ.өмір сүрген алтын адам табылды
Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды
§31. Әдебиет және өнер
1960 жылдары жергілікті ұлт өкілдері қоныстанған ауылдарда қазақша тілдік орта сақталып қалған еді
Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды
«қан мен тер» трилогиясының авторы Ә.Нұрпейісов, майталман ақын Жұбан Молдағалиев КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды
Ілияс Есенберлин романдары бұқара арасында кең танымал болып, қолдан қолға өтіп жүрді
Ә.Әлімжанов, Б.Момышұлы, О.Сүйлейменов орыс және қазақ тілінде шығарма жазатын жазушылар
Әнуар Әлімжанов Әбу Насыр Әл Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» романың жазды. Ол Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды
Б.Момышұлының соғыс туралы шығамалары да оқырман көңілінен шықты
1961 жылдың сәуір айында Олжас Сүйлейменовтың тұнғыш ғарышкерге арналған «Адамға табын, Жер, енді» шығармасы жарыққа шықты
Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді бейнелеп, бірегей жеке тұлғаларды кейіптеген Т.Ахтанов, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев шығармалы қазақ оқырмандарының көңілінен шықты
1981 жылы «Қазақкітап» бірлестігі бойынша республика баспаларынан қазақ тілінде шыққан кітаптар 6 млн 051 мын сомға сатылса, 1985 жылы сатылған кітаптар ішінде қазақ тіліндегісі 2 млн 171 Мың сомға түсіп, орыс тіліндегі кітаптардың сатылу сомасы 13 млн 599 мың сомға жеткен
Республика баспаларының шығып жатқан кітаптардың қазақ тіліндегі туындылардың үлесі 1981 жылы 37,95 %-дан 1985 жылы 13,7 %-ға дейін құлдыраған, ал орыс тіліндегі кітаптардың үлесі осы мерзім ішінде 61,4 %-дан 85,4 %-ға дейін артқан
Бұл жылдары Қазақстанда тұратын орыс жазушылыры Шухов, Снегин, Щеголихин, ұйғыр жазушысы Сәмеди , неміс жазушысы Бельгер жемісті еңбек етті
Бұл кезеңде классикалық музыка жанрында сазгерлер Рахмадиев, Жұбанова, Күмісбеков, ұйғыр сазгері Қожамияров өнімді еңбек етті
Әнші Дінішев есімі әлемге әйгілі болды
Нұргиса Тілендиев этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды үлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды
«Дос Мұқасан» ансамблі, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева халықаралық сайыстар лауреаттары атанды
Эпостық шығармаларды сахналаумен бұқара арасында едәуір бедел жинаған ұлттық теарт өнері де 1980 жылдары нашарлай бастады
Шыңғыс Айтматовтың «Құс жолы» повесі мен Нұрпейісовтың «Қан ман тер» романының сахналық үлгілерін жасау театрға уақытша бедел сақтау мүмкіндігін әперді
Айтматовтың «Атаманның ақыры», Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмдері түсірілді
1960-1970жж.республикада телеберілімдер бағдарламалық орталықтары мен телестудиялар торабы кеңейді
1980 жылдарға таман республика тұрғындарының 75 %-ы теледидар көре алатын болды
4 республикалық, 19 облыстық бағдарламалар халыққа телехабарлар таратты
Республикада жаңа баспалар пайда болды: «Қазақ совет энцеклопедиясының бас редакциясы», «Қайран», «Жалын», «Өнер»
Оларда жылына екі мыңға жуық кітап, 30 млн данаға жуық таралыммен шығып тұрды
12 томдық «Қазақ совет энцеклопедиясын» шығару 1978 жылы аяяқталды
1978 жылы республикада 19 мыңнан астам кітапхана болды
Республиканың бірыңға кітап қоорында 160 млн-нан астам кітап жинақталды
1970жж. Шығыстың аса ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл Фарибидың туғанына 100 жыл толуы, жалпы және қолданбалы химия жөніндегі ІІ Менделеев съезі, Азия және Африка жазушыларының V мәслихаты өткізілді
ІХ тарау. ҚАЗАҚСТАН ТҮБЕГЕЙЛІ
БЕТБҰРЫСТАР КЕЗЕҢІНДЕ
§32. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Аса ауыр да күрделі, аумалы төкпелі заман 1985 жылдың көктемінде басталды
1985 жылы наурызда КОКПның басшылығына Михаил Сергеевч Горбачев келді
Компартияның 1985 жылгы сәуір айындағы пленумында КСРОның әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдету бағыты қабылданды
1986 жылдың ақпанында болған КОКПның ХХVІІ съезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. Сонымен қатар партия мүшелерінің моральдық келбеті мәселелері де өткір қойылды
Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам 1987 жылы жасалды
1986 жылдың желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде республикада қоғамдық саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған реформалар бола қойған жоқ
Қырық жылдан астам Қазақстан қкіметінің, республика партия ұйымының басшылығында болған Қонаев КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюромының мүшелігіне дейін көтерілді, Кеңес Одағының ішкі және сыртқы саясатына араласты
КОКП орталық Комитетінің нұсқауымен 1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды
Жиналысты КОКП ОКнің хатшысы Разумовский жүргізді
Қонаевтың орнына орталық өкілінің ұсынысы бойынша Колбинді сайлау ұсынылды
Пленум бір ауыздан Колбинді Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады
Келесі күні таңертеннен бастап Брежнев атындағы аланға (Республика алаңы) адамдар жинала бастады. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастар еді
Алматыға елдің түрлі аудандарынаң Ішкі істер министрлігіне қарасты әкердің арнайы бөлімшелері әкелінді
Желтоқсанның 18 күні сағат 13-те алаңға әскери училещінің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды
КСРО мемлекеттік қауіпсізді комитетінің шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездікпен көзге түсті
Бейбіт шеру күшпен басылғаннан кейін, аса қатыгездікпен және мейрімсіздікпен жаппай жазалау басталды
Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Тқралқасының Алматыдағы 1986 ж.желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы? Мұхтар Шаханов
Желтоқсан оқиғаларына қатысқын 8500-ге жуық адам ұсталып жаза тартты. Толық емес мәліметтер бойынша , 1720 адам жарақат алды. Су шашақаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 ЖООның ректорлары орындарынан алып тасталды. 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталды, оның екеуі өлім жазасына кесілді
Жүрегінде намыс алауы лапылдаған жігерлі жас, жалынды ақын? Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Рысқұлбековқа қандай жаза тағылды? «Жасақшы Савицкийді өлтірді»
Құқық қорғау жүйесінің 5 қызметкері «Савицкийді өлтірушіні тез тапқаны үшін» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды
Рысқұлбековтың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды
Республикалық Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері 17-18 желтоқсан күндері кино және телекамерамен түсірілген материалдар бойынша шеруге қатысқандардың суреттерін шығарды
Коммунистік әкімшілітің ұйғаруыен «Бұрқасын-86» деген құпия жедел жоспар жасалған болып шықты
ол жоспар бойынша билік иелері кез келген уақытта оқиғаны өздеріне қажетті арнаға бейімдеп, жастарға «қылмыстық» немесе «ұлтшылдық» деп айдар тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге мүмкіндік алды
Алматыға арнайы жіберілген КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Соломонцевтің нұсқауы бойынша, КСРОның барлық бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаны «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылыққ, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді
Алматыдағы оқиғалар КСРОда басталған қайта құру ұрандарына сай демократиялық қозғалыстардың Қазақстандағы бастамасы болды
§33. Қоғамды жаңарту шараларының
қарқын алуы
1987 жылдын басынан 1991 жылдың соңына дейінгі уақытта Қазақстан Ресей қарамағындағы келешегі күңгірт, тәуелді одақтас республикадан дүние жүзіндегі іргелі мемлекеттермен терезесі тең, тәуелсіз елге айналды, тарихтың осындай қысқа мерзімі ішінде ғасырлардың үлесіне татитын ауыр да маңызды жолдан өтті
Қазақстанның жаңа басшысы Колбин шын мәнінде генерал губернатор миссиясын атқарды
Жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының І съезінде Колбиннің Халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне сайланып, Қазақстаннан кетуіне дейін осылай болды
1989 ж.маусымда Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.Назарбаев келді
1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылры шықты
«Қазақ КСРндегі тілдер туралы Қазақ КСРнің заңын» республиканың жоғарғы Кеңесі 1989 жылы қыркүйекте қабылдады
Бұл құжатта егеменді Қазақстан республикасының мемлекетті тілі қазақ тілі деп көрсетілді
1990 жылдың маусымынан 1991жылдың маусымына дейін республикада қазақ тілінде 482 балабақша, 155 мектеп, 4 кәсіптік техникалық , ЖОО факультеттері, бөлімдері ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды
1988ж.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950жж.жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды. Олар: Шәкерім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақым Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев
Осы кезден бастап баспасоз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанжа Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады
§34. Демократяландыру үрдісінің одан
әрі жалғасуы
1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы және жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті. Бұл сайлауда алғаш рет балама кандидаттардың дауысқа түсу құбылысы көрініс берді
1990жылдарға аяқ басар шақта партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады
1980 жылдардың соңында Қазақстанда жоғарылардың бұйрығынсыз, компартияның рұқсатынсыз, халықтың қайнаған ортасынан шыққан саяси белсенді адамдардың ұйымдастыруымен түрлі қозғалыстармен саяси бірлестіктер пайда бола бастады
Алдына ізгі мақсаттар қойған, антиядролық, экологиялық қозғалыс? Невада – Семей
1989 ж.28 ақпанда Алматыда бой көтерген бұл қозғалыстың ұйымдастырушысы, деялық жетекшісі? Олжас Сүлейменов
Бұл саяси ұйым «5-5» формуласы бойынша әлемдегі аса ірі полгондардың бәрін жою, әскери мақсаттағы – ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді
1990 ж.жазында «азат» азаматтық қозғалысы құрылды
«Славян» қоғамы Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылды
Қазақстандық немістердің «Видергебурд» ұйымы аз уақыт ішінде мүшелері көп, қаражаты мол, танымал бірлестікке айналды
1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы бірлестіктер саны жүзден асып кетті
1991 ж.маусымда «Қазақ КСРндегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды
1989ж.шілдеде Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағанды көмір бассейнінде істейтін жұмысшылардың бас көтеруіне ықпал етті
Кеншілер алғашында экономикалық талаптар қойды:еңбекақыны көбейту, шахтадағы жұмысты жақсарту, азық түлік түрлерін молайтуды алға тартты. Кейін саяси талаптар қойды
Ереуілшілерді тоқтату үшін Қарағандыға келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі Шадовтың уәделеріне олар қанағаттанбады
Осы кезде Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев шұғыл түрде ұшып келіп кеншілермен бірнеше кездесулер өткізді
1989 ж.маусым аййында Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды
§35. Экономикада қалыптасқан жағдай
«Қазақ КСРнднгі меншік туралы заң» бұған дейінгі социалистік қоғамдық даму бағытынан бас тартып, экономикада түбегейлі бетбұрыс жасап нарықтық қатынастарды еңгізудің бастамасы болды
Әлемдік экономикалық кеңістіктердің 1\3-іне дейін таралып, жарты ғасырлық тәжірибеден өткен социалистік өндіріс тәсілінің тамырына балта шабылды
1988ж.республикадан сыртқа 6,7 млрд кеңестік сомның өнімі шығарылғанда, 13,8 млрд сомның өнімі сырттан әкелінген еді
Ресми түрде жарияланған «шаруашылықтың экстенсивті формаларыны интенсивті формаларына көшейік» деген бағдардан кейін де іс оңға баспай қойды
1991 ж.ішінде республикаға келісім бойынша жеткізілмеген бұйымдардың мөлшері ай сайынекі есеге жуық артып отырды
Бұл жылы республика кәсіпорындарының 11 %-ын құрайтын 533 зауыт пен фабрика зиянмен шыықты
1980 ж.соңында Орталық тарапынан бақылаудың әлсіреуінен республикалардың тікелей шет елдермен экономикалық, сауда байланыстарын жасау мүмкіндігі арта түсті
Қазақстанның бұл уақытөа дейінгі экспортының 97 %-ы шикізаттар, материалдар және жартылай дайын өнімдерден тұрды
Орталықтан аулақтану тенденциясы меңдеген сол кездегі өзге одақтас республикалар сияқты Қазақстан үкіметі де «Қазақ КСРндегі еркін экономикалық аймақ туралы», «Қазақ КСРндегі шетел инвстицялары туралы» заңдар қабылдады
Республикалық сыртқы экономикалық байланыс министрлігі, Сыртқы экономикалық банк құрылды
1990 ж.сауданың көлемі 1,5 есе артты
1990ж.қарашасында Сауд Арабиясымен біріккен «Әл-Баракабанк-Қазақстан» құрылды
Корея республикасының «Самсунг» корпорациясымен байланыс орнады
Оңтүстік Корея кәсіпшілері Алматыда ресторан ашты
Қазақстанның Қытаймен сауда байланыстары артты, Алматы–Үрімші әуе, Жаркент–Инин автобус қатынасы орнады
1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен 35 біріккен кәсіпорын ресми тіркелді
Республикаға сырттан тартылған инвесторды 5 жылға дейін пайда салығынан босатты
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Х тарау. ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА
§36. Тәуелсіздік жолындағы қадам
1988 жылдан бастап, алдымен Балтық бойындағы ұлттық деморатиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады
1989 жылдың жазынан былайғы кезеңдегі КСРО шеңберіндегі саяси оқиғалар, орталықтандырылған жүйені бұзып, тоталитарлық рухтың көзін жойып, түбегейлік құрылымдық өзгерістер жасамайынша реформаларды жалғастыруға болмайтының крсетті
Жаңадан сайланған халық дпутаттарының 1989 ж.маусымда өткен І съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырауы себептерін талдауға талпыныс жасалды
1990 ж.күзінде бұрынғы КСРО құрамындағы республикалар бірінен соң бірі өз тәуелсіздіктерін жариялаай бастады
1989ж. КСРОны тұрақты одақ ұстанымдары негізінде қайта құру мүмкіндіктері болды
Орталық теледидар, «Правда», «Советская Россия» сяқты газеттер «Балтық Бойындағы республикаларды адам құқығы бұзылуда, олардан үлгі алған КСРОның басқа құрамдас бөліктері «халықтар достығына» қарсы жолға түсуі ықтимал» деген шу көтерді
1990 ж. сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСРі Президентінің қызметіне Н.Назарбаев тағайындалды
Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті
1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады
Қазақстан 1990-1991 жж.ішінде Беларусьпен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украинамен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды
§37. Егемендік жағдайындағы саяси даму
1990 жылдың жазына қарайғы кезеңдегі саяси оқиғалар тағы сол КСРОның тағдырына қатысты өрбіп жатты
20 шілдеде Қазақстан Компартясы Орталық Комитетінің ІV пленумы болды
Н.Назарбаев Қазақстан Компартиясы Оталық Комитетінің одақтық шарттың жобасы жөніндегі айқындамасы туралы баяндама жасады
Тарихта тамыз бүлігі деп аталған акцияны ұйымдастырушылар өздерін «Кеңес басшылығы» деп атап, алдарына керегесі босап, шаңырағы шайқалған КСРОны қалпына келтіруді мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді
1991ж.19 тамызда Президент Назарбаев республикалық теледидар арқылы Қазақстан халқына арнап сөз сойледі
20 тамыз күні Назарбаев жаңа мәлімдеме жасады
Тек жоғары шеңді әскерилер мен партиялық номенклатураның басындағы топтар ғана қолдаған, халық бұқарасы тарапынан қарсылыққа кезіккен ТЖМК 1991 жылгы 21 тамызда толық жеңіліс тапты
1991 жылгы 20 тамызда қол қойуға келісілген жаңа одақтық шарттың енді керегі жоқ болды
1990 жылдың соңына қарай Қазақстан Компартиясының құрамында 800 мың дай коммунист болды
1991 жылы тамыздың 23-інде Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының құрамынан шығатының мәлімдеді
Кейіннен Қазақстан Компартихрясының өзі де тұтастай КОКПның құрамынан шықты
1991 жылы 28 тамызда Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды
Төтенше съезд 1991 жылы 7 қыркүйекте болды
Съезд Компартияның орнына жаңа ұйым «Социалистік партияны» құрды
74 жыл бойы Кеңестер одағы аталған ірі мемлекетті билеп келген Кеңес Одағының Коммунистік партичсы осылайша тарих сахнасынан түсті
1991 жылы 17 наурыз күні референдум жүргізілді. Бұл кезде Қазақстан ақпаратының үгітіе иланған бұқара халықтың 94,1 %-ы Одақта сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын
Одақтық шартты болдырмай, КСРОны сақтап қалып, бұрынғыша билей беруді көздеген Компартияның Жоғарғы эшелонындағы қылмысты топтың 1991ж. 19-22 тамыз күндері ұйымдастырған бүлігі одақтың ыдырап, 1991 жылы қыркүйекте Компартияның таралуына әкеліп соқтырды
§38. Тәуелсіздіктің жариялануы алдында
1991ж. 8 желтоқсан күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, 1922жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаның жариялады
Сол күні Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы құрылды
1991жылы 13 желтоқсан күні Ашхабадта Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстанның жетекшілері бас қосты
Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Өзбексстан, Тәжікстан, Түркменстан, Украйна, Эстония мемлекеттері азаттыққа қол жеткізді
1991 жылдың желтоқсанына дейін бұрынғы КСРО құрамындағы республкалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады
Солженицынның шулы мақаласы? «Біз Ресейді қалай көркейтеміз?»
Қазақстан Республикасының атауы қабылданды? 1991 жылы 10 желтоқсан
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 қазанда қаулы қабылдады. Бұл қаулы бойынша президенттікке кандидаттар тіркеу қарашаның 10-на дейін, ал сайлау желтоқсансанның 1-і күні болады деп белгіленді
Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88,23 %-ы сайлауға қатысып, олардың 98,78 %-ы Н.Назарбаевты жақтап шықты
Сонымен желтоқсансанның 1-і Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды
Желтоқсансанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасының халық сайлаған президенті ретінде ресми іске кірісті
Н.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Қарағандв облысының Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінде жұмысшы болып бастады
1969 жылы партиялық жұмысқа ауысты
1973-1977жж.Қарағанды металлургия комбинатында партком хатшысы, облыстық партия комитетінде екінші хатшы қызметтерін атқарды
1979-1984жж.Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы, 1984 жылдаң Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарды
1990 жылы сәуірде Қазақ КСР Президенті болып сайланды
§39. Қазақстанның тәуелсіздігінің
жариялануы
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы» қабылдынады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін ІІ жарым ғасырдан астам уақыттам астам патша отаршылдары мен большевиктік шовенизмге қарсы болған көтерілістердің саны? 400-ге жуық
Тәуелсіз Қазақстан демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды
Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған республикалар басшылары 20 желтоқсан күні Алматыда бас қосты
21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттер жетекшілері жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де Қазақстан Президентінің рецензиясына жиналды
Сағат 15.00-де бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталып, 11 тәуелсіз мемлекеттің басшылары жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де тәуелсіз мемлекеттердің жаңа ұйымын құрандары туралы жаңа хаттамаға қол қойды
Алматыдаға кездесудің нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды
Бұрынғы Кеңес Одағын Ойға түсірмеу үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз «достастық» сөзімен алмастырылды
1991 жылғы желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттер? Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь
ХІ тарау. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ
САЯСИ ДАМУЫ
§40. Жоғарғы Кеңес және 1993 жылғы
Конституция
1990 жылдың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХІІ шақырылымының құрамы бұрынғыдай жылына екі рет формальді мәжілістерін өткізіп, тарап кетіп отырмай, шын мәніндегі парламенттің атқаратын төл ісімен заң шығарумен тұрақты айналыса бастады
1992 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының ішкі істер әскерлері туралы», осы жылдың желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды
1992 ж.2 шілдеде «Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы жарыққа шықты
Қазақстанда үш тармақты билік пен басқару жүйесінің негізі қаланды
1992 ж.маусымында тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды. Кейінрек осы жылдыың желтоқсан айында Әнұранның жаңа мәтіні қабылданды
1992 ж.тамызда «Жеке кәсіпкерліктіі қорғау және қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды
Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен мемлекеттік маңызы бар құжаттарға жолдама берді
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтар күні қабылдынды
Төрт бөлімнен тұратын Негізгі Заң 21 тарау мен 131 бапты біріктірді
Негізгі заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл Қазақ тілі екендігі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп анықталды
1993 жылғы конституция өтпелі кезеңнің ахуалын сипаттайтын құжат ретінде, жүріп жатқан реформаларға байланысты міндеттерді, әлеуметтік экономикалық және саяси мәселелерді шешуге бағытталды
1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін өзі тарата бастады
1993 жылы қарашаның соңына дейін түрлі деңгейдегі 100-ге жуық кеңестер өзін өзі ьарататындығын жариялады
1993 жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестіңтратылғаның ресми түрде жариялаған? С.Әбділдіин
§41. Қаазақстандық парламентаризм.
1995 жылғы Конституция
Президент 1993 ж.9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды
Жаңа Кодекс бойынша,Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңсіні құрамы 117 депутаттан тұратын болды
Оның 42-сі Қазақстан Президеннті жасайтын мемлекеттік тізім бойынша сайланады
Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесіне және мәслихат деп атала бастаған жергілікті билік органдарына сайлау өткізу 1994 ж.7 наурызына белгіленді
Қазақстанда коммунистік партия ыдыраған соң, құрылған алғашқы партиялардың бірі Қазақстан Республикалық партиясы
1992-1993жж.ҚРП аса ауыр даңдарыс жағдайын басынан кешірді
Қазақстан Республикалық партияға балама саяси ұйым Халықтық Конгресс партиясы құрылды
1993ж.ақпанында Қазақстан халық бірлігі одағы дүниеге келді
1993 ж.соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген үш партия жұмыс істеді: Социалистік партия, Қазақстан Республикалық партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиялары
Қоғамдық қозғалытар арасынан «Невада Семей», «Азат» және КХБО ел арасында беделді және танымал болды
Бұлардан басқа 11 ірі ұлттық мәдени құрылымдар, 300-ден астам саяси бірлестіктер жұмыс жасады\
Депутаттар сайлауға сайлау құқығы бар азаматтардың 73,52 %-ы қатысты. Барлығы 176 депутат сайланды
Қоғамдық бірлестіктер арасынан ең көп орынды ҚХБО алды
Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясынан 11 адам, Қазақстан Халықтық Конгресс партиясынан 9 адам, Қазақстан социалистік партиясынан 8 адам, Қазақстан Республиасының шаруалар одағынан 4 адам, «Лад» қоғамдық қозғалысынан 4 адам депутаттық орынды иемденді
1994ж.19 сәуір күні жаңа парламент өз жұмысын бастады
Қазақстан Республикасы жаңа парламентінің төрағасы болып депутат Әбіш Кекілбаев сайланды
«Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдары туралы» заң бойынша жергілікті жиналыс мәслихаттарға сайланатың депутаттардыі саны едәуір азайып, облыстарда 45, қалаларда 30, облыстық аудандарда 25 адамға дейін қысқартылды
1994 ж.7 наурызда сайланған парламент Конституциялық соттың осы сайлау барысында кейбір учаскелреде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты 1995 жылы көктемде таратылды
1995 ж.Қазақстан халықтары ассамблеясының үндеуіне және республика президентінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығына сәйкес референдум өткізілді
Референдум нәтижесінде Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылға дейін ұзартылды
Қазақстан Республикасы президентінің ұсынысымен 1995 ж. 30 Тамыызда өткен республикалық референдумда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылдынды
1995 жылғы Конституцияның негізіне алдымен адам мен азаматтардың құқықтары алынды
Конституция 98 бапты біріктіретін 9 бөлімнен тұрады: Жалпы Ережелер, Адам және азамат, Президент, Парламент, Үкімет, Соттар және Соттар төрелігі,т Жергілікті басқару және өзін өзі басқару, Қорытынды және өтпелі ережелер
1995ж. Конституция бойынша Қазақстан Парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан Сенат пен Мәжілістен тұрады
Мәжіліс 67 депутаттан тұрады. Ал Сенат әр облыстың, республиалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының әрқайсысынан сайланып келген еі адамнан, және қосымша 7 депутаттан тұрады
1995 жылы күзде республика парлламентінің жаңа сайлауы өтті
Парламент өз жұмысын 1996 жылдың 30 қаңтарында өз жұмысын бастады
1997 ж. 7 Мамырда Республика президентінің жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақтан Республикасының Қорғаныс министрліггі болып қайта құрылды
Алғашқы Қорғаныс министрі болып генерел лейтенант Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды
1997ж.қарашасынан бастап Республика Қарулы күштері жалпы міндеттерді орындайтын, әуе кеңістігі мен мемлекеттік шекараны қорғаййтын үш бөліністен тұратын құрылымға көше бастады
§42. Экономикалық даму
1990-1991жж.кооперативтер, шағын кәсіпорындар, саудамен айналысатын фирмалар құрыла бастаған болатын
Қағаз ақшана шамадан тыс көп шығару салдарынан оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында 13 млрд сомға жуық тауармен қамтамасыз етілмеген ақша шоғырланды
1992ж.басынан Ресейде бағаның босатылуы республикадағы жағдайды қиындата түсті
Республика Президенті Қазақстаның Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімімен 1992 жылдың 6 қаңтарынан бастап бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шығарды
1992 жылы бұрынғы Одақтың күйреуінен басталған өңдірістің құлдырауы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды
Өнім шығару 1991 ж. салыстырғанда 14,8 %-ға, ұлттық табыстың көлемі 14,2 %- ға кеміп кетті
Электр қуатын өндіру 3,9 %-ға төмендеді
Шойын қорыту 5,8 %, болат 4,9 %, темір кенің өндіру 20 %-ға қысқарды
1992ж.республика диқандары астықтан рекордты түсім 33 млн тонна өнім жинауға қол жеткізді
Өсімдік шаруашылығынан 66,5 млрд сом шамасында пайда түсті
1993-1994жж.қыстың қытымырлығынан мал шығыны айтарлықтай көп болды
ТМД елдеріндегі хромит қорының 98%, бариттің 82%, мыстын 28%, фосфориттің 64 %, вольфрамнын 53%, қорғасынның 38 %, молибденнің 29 %-ы Қазақстан аумаында орналсқанымен, бұларды әлемдік рынокқа шығарып пайда табудың сәті түспеді
1994ж.егіс алаңы 6 млн гектерға дейін қысқартылды
Соңғы жылдары төлем дағдарысы деген пайда болды
Республиканың жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн тоннадай мұнай керек болса, 1990 ж.басында оның көлемі 27 млн тоннаға жетті. Келесі ғасырдың басында жылдық өнімді 100-120 млн тоннаға жеткізу мүмкіндігі айқындалды
1993ж.күзіне дейін Қазақстан үкіметі Достастық елдеріндегі өзара тиімді ынтымақтастық жағдайындағы экономикалық интеграция бағытын ұстаып келді
1961-1992жж.шығарылған ақша үлгілерінің 500 рубль 1 теңгеге тең болып белгіленді. АҚШтың 1 доллары 4,7 теңгеге тең болды
Қазақстан аумағын тұрақты мекендейтін 16 жастан асқан әр азаматқа 100 мың Рубльді теңгеге айырбастауға мүмкіндік берілді
1993ж. 12 қарашада Президент Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттігіне сәйкес , 15 қараша күні сағат 8-ден бастап елімізде ұлттық валюта теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойғаның хабарлады
§43. Жекешелендіру үрдісі
1993ж. соңына қарай республика үкіметінің бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды
1993ж.қазан айында республкада 3,5 мыңнан астам кооператив, 15 Мыңнан астам шағын кәсіпорын және 11 Мыңнан астам жеке кәсіпорын жұмыс істеді
Ауылдарда 15 Мыңға жуық фермерлік және шаруа қожалықтары құрылды
Коммерциялық банктер саны 160-қа, Түрлі биржалар саны 37-ге жетті
7000 мың кәсіпорын жекешелендірілді, олардың 5000-ға жуығы сауда және қыызмет көрсету салаларінікі болды
Ауыл шаруашылығындағы жеке сектордың үлесі оның жалпы өнімінің 35 %-ын құрады
1994ж. жекешелендірудің екінші кезеңі басталды
Жекешелендірудің екінші кезенінде әр азамат 100 купон алды
БҰҰ Даму бағдарламасы шеңберінде 1997ж. жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елінің арасында 93 орында, ал бұрынғы КСРО елдері бойынша 7 орында болды
1990-1995жж. Адамның орташа жасы 4,7 жасқа қысқырған, білім алушылардың мөлшері 39 %-ға азайған, ұлттық табыс мөлшері 7 Есе кеміп, 1995 жылы республика 129 Орынға сырғыған
1997ж. соңына қарай ресми органдар сарапшыларының берген бағаларына қарағанда, республика тұрғындарының жарымынан астамы кедейлікпен күн кешті
1997ж.соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел дерліктей өтеуге мүмкіндік алды
1995-1998жж. Қазақстанда маңызды әлеуметтік экономикалық өзгерістер болды
1998ж.аяғында ел экономикасының 90 %-ы жеке сектордың қолында болды, 500 мыңға жуық жеке шаруашылық өкілдері кәсіпкерлер тобы дүниеге келді
1998ж. 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету» туралы Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді
1991 жылдан Қазақстанда белсенді миграциялық үрдістер басталды
Қазақстан Республикасында «Көші қон туралы заң» қабылданды және Көші қон және демография жөніндегі агенттік құрылды
5 жыл ішінде әр 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 19,2-ден 14,7-ге Түсті
1997ж. 1 шілдесіне қараған шақта республика тұрғындарының ішіндегі жергілікті халықтың үлесі 50 %-дық межеден асты
§44. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық
жағдайы
1991ж.аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тіуелсіздігін 18 ел таныды
Тәуелсіздіктің алғашқы жылында елімізді 108 мемлекет танып, онын 70-інің дипломатиялық өкілдіктері ел астанасында жұмысқа кірісті
1992ж.наурыз айында Қазақстан дүние жүзі мемлекеттерінің басын қосып, оларды жарқын идеалдарға бағыттап отырған ең мәртебелі ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды
Қазақстан Халықаралық қайта құру және өркендей банкіне, Еуропалық қайта құру және қркендеу банкіне, Халықаралық валюта қорына, ЮНЕСКО-ға мүше болып кірді
Қазақстанның жалпыадамзаттық қауымдастыққа төте енуіндегі үлкен қадамдардың бірі 1992ж. 8 шілде күні Финляндия астанасы Хельсинкиде өтті
1992 ж. 25 мамырда Мәскеуде Ресеймен достық,ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарқа қол қойылды
Қазақстан Таулы Қарабақ пен Тәжікстандағы қақтығыстарды реттеуге айтарлықтай күш қосты
Президент Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеген сөзі қарулы жанжалдардың алдың алуға бағытталған Қазақстанның сыртқы істер қызметінің көрінісі іспетті болды
1991ж.21 желтоқсанда Алматыда қабылданған декларацияда ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар жүргізу келісілді
1996ж.26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында шекаралары шектесіп жатқан 5 мемлекет–Қазақстан,Ресей,Қырғызстан,Қытай,Тәжікстан басшыларының алғашқы кездесуі өтті
Осы форумға қатысқан мемлекеттердің басшылары кейін Мәскеуде (1997.), Алмтыда (1998ж.), және Бішкекте (1999ж.) кездесті
1996ж. Шанхайда өткен алғашқы басқосуда ортақ шекараларға байланысы әскери саладағы сенім мәселелері талқаланды
Мәскеуде өткен кездесуде шекаралық аудандардағы қарулы күштерді қысқарту жөніндегі құжатқа қол қойылды
1998ж.Алматыда өткен кездесуде «ШЫҰ» елдеріндегі өзара қатынастарындағы басым басым бағыттар айқындалып, осы елдер арасындағы сауда экономикалық қатынастарды теңдік және өзара тиімділік негізінде даыту мәселелері талқыланды
Бішкекте өткен басқосуда өңірдегі қауіпсіздік пен қарым қатынас мәселелеріталқыланды және «Бішкек декларациясы» деген маңызды құжат қабылданды
Осы кездесудің алдында Қазақстан республикасының Президенті Назарбаев Қытайдың Төрағасы Цзян Цземинмен әңгімелесті
Жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын Шағын Оба асуы мен Сарышелді өзендеріаудандарындағы жердің 57 %-ы Қазақстанға, 43 %-ы Қатайға жатады деп шешілді
Қысқа мерзімде Түркияның белсенді қатысуымен Алматыда «Анкара» қонақ үйі салынды
Жүздеген қазақ жастары Стамбул мен Анкараның университеттерінде оқыды
«Болашақ» бағдарламасы(1995ж.) аясында қазақстандық студенттер АҚШтың, Францияның, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде
1992ж.күзінде Назарбаев Германияда болып, канцлер Кольмен кездесті
Сол жылы Қазақстанның президентің Елисей сарайында Францияның президенті Миттер қарсы алды
Назарбаев жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды
Қақазстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен қатынасы егемендік жарияланбай тұрған кезде басталған болатын
ХІІ тарау. ЕЛДІҢ МӘДЕНИ РУХАНИ ӨМІРІ
§45-46. Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени
құрылыс
Республика Президентінің жарлығымен 1997ж. «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын сүргңн құрбандарын есе алу жылы», 1998ж. «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», 1999ж. «Ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы»
1995ж. Республика үкіметі «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» мақұлдады
1998ж.бастап Ұлттық Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Отан тарихы» атты жаңа журнал шығара бастады
Тарихқа жаңа қөзқарас қалыптастыруға «Қазақ тарихы», әл Фараби атындағы ҚазМҰУдың «Хабаршы» журналдары айтарлықтай үлес қосты
1999ж. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы жарық көрді
ХХ ғасырдың соңында Абай мен Жамбылдың 150 жылдық, Әуезов пен Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойлары ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді
1995ж.өткізілген Абай Құнанбаевтың мерейтойы бүкілхалықтық мерекеге айналды. 9 тамызда Алматыда болған салтанатты мәжілісте Назарбаев баяндаа жасады. Абай энцеклопедиясы жарық көрді
1996 ж. суырыпсалма ақын, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың жылы деп жарияланды
1997ж. ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы дүниежүзілік және жоғары интелектуалдық деңгейде өтті
М.Әуезовтың 50 томдық шығармалар жинағы шыға бастады
«Әуезов үйі» ғылыми мәдени орталығы ашылып, «Мұхтар Әуезов әлемі» атты жинақ кітабы жарық көрді
1999ж. Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы болды
Қазақстан Үкіметі 1998ж.сәуір айында «Қ.Сәтбаевтың есімін мәңгі сақтау туралы» арнайы қаулы алды
1998ж.25 қарашасында Павлодар қаласында Сәтбаевтың 100 жылдығына дайындықтың барысы жөнінде мәжіліс өтті
1999ж. 13-23 сәуір аралығында ЮНЕСКОның Париждегі штаб пәтерінде Сәтбаевқа арналған «Қазақстан ғылымы кешегіден бүгінге» деген тақырыпта көрме жұмыс істеді
Сәрсекені кітаптары: «Қазақтың Қанышы», «Сатбаев әлемі»
Президенттің 2003ж.24 қазандағы жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылатын болды
1997ж.бастап қаражат тапшылығын желеу еткен бюджеттік мекемелерді «оңтайландыру» аталған солақай саясат жүргізілді
Оңтайландырудың нәтжесінде 1997-1998жж.көптеген мектептер, мектепке дейігі мекемелер, кітапханалар, шалғай ауылдардағы медициналық обьектілер жабылып қалды
Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры бірнеше жыл бойы ауыр жағдайды басынан өткерді
«Қазақстан» Ұлттық энцеклопедияның 2004ж. 5 томы жарық көрді
Қазақстан Тәууелсіздігінің 10 жылдығына орай екі тілде «Қазақстан Республикасы» энцнклопедиялық анықтамасы жарық көрді
О.Сүлейменовтың «Жазу тілі» кітабы жарияланды
Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы» кітабы жарық көрді
Ә.Нүрпейісов Арал және ондағы адам тағдыры туралы «Соңғы парыз», Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» тетралогиясының соңғы екі томын, М.Мағауин «Мен» атты философиялық толғауын,, Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы «Дарабаз» дилогиясын оқырмандарға ұсынды
Ақындар Мырзалиев, Медетбеков, Оразбаев жаңа поэтикалық шығармаларымен көрінді
Композитор Рахмадиевтің Кекілбаевтың либреттосы бойынша жазылған «Абылай хан» операсы жанр табысы деп танылды
1999Ж. Республика Парламенті «Білім туралы заңнын» өзгерген редакциясын қабылдады
Жаңа заң боынша негізгі мектеп 9 сыныпта аяқталып, 10-11 сыныптар бағдарлы мектеп болып жұмыс жасайтын болды
2004-2005жж.республика бойынша барлық метептерде оқу 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын төл оқулықтары мен оқу кешен комплекс құралдарымен жүргізілді
2004 жылғы «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» бойынша орта білім беру 4+6+2 құрылымы бойынша 12 жылға созылатын болды
Ғасырдың басында Республикада 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істеп, онда 3 млннан астам оқушы білім алды
1992 жылдың қыркүйек,қазан айларында дүние жүзінің қазақтарының құрылтайы өтті
Оған Азия,Африка,Еуропа және Американың 70-ке жуық елдеріндегі 3 млн 200 мың қазақ диаспорасының (д.ж.бар қазақтың 32 %) өкілдері қатысты
Д.ж. қазақтарының құрылтайының мәнді оқиғасы 1992ж.19 қыркүйегнде Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті
«Қазақстар:кеше, бүгін, ертен» атты тақырыппен ашылған ғылыми конфренция болды
Құрылтайдың ресми ашылуы 30 қыркүйекте Республика сарайында болды. Н.Назарбаев «Құшағымыз қазақтарға ашық» деген баяндама жасады
Құрылтайда сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері Халифа Алтай
Құрылтайда Дүние Жүзі Қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды. Оның төрағасы болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды
§47. Ғасырлар тоғысындағы
Қазақстан
1997 жылдың соңында Президент Назарбаев 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды
«Қазақстан 2030» стратегиясы жеті бағытты бөле көрсетеді: Ұлттық қауіпсіздік; Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; экономиалық өрлеу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты; Энергетика ресурстары; Инфрақұрылым, көлік және байланыс; Кәсіпқой мемлекет
Республика Президентінің 1995 жылғы қыркүйектегі Жарлығы бойынша ел астанасының Ақмолаға көшірілетіні хабарланды
1997 жылы астана Ақмалаға көшірілді
Алдымен Парламент мен министрлер кабинеті, жекелеген министрліктермен ведомствалар Есілдегі жаңа ордаға табан тіреді. Кейін, Президент аппаратымен тұтас барып орналасты
Елбасы Н.Назарбаев 1998 ж. 17 наурызда зиялы қауым өкілдерімен кездесті
1998ж.маусымда жаңа астананың тұсаукесер рәсімі өтіп, Ақмола енді Астана аталатын болды
1999ж. 10 қаңтарда Қазақстан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы өтті
1998ж. Коституцияға өзгерістер енгізілді: ПРезиденттің өкілеттік мерзімі 5 жылдан 7 жылға ұзартылып, үміткер жасының 65-тен аспауы керектігін айқындайтын шек алынып тасталды
1998ж. қазанынан 1999ж. қантарына дейін созылған сайлау алдындағы науқан ел өмірінлегі ірі саяси оқиға болды
Парламент сайлауы екі кезеңге бөлініп жүргізілді. 17 қыркүйекте Сенаттың құрамы жаңарды
10-24 қазан аралығында мәжіліс депутаттары сайланды
2500-ден астам шетелдік бақылаушылар сайлау барысын қадағалады
Республка парламентінің жаңа құрамы 1 желтоқсанда өзінің төл ісіне кірісіп кетті
1999ж. ақпан, наурыз айларында Қазақстанда 1989 жылдан кейінгі халық санағы өткізілді
Санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 14 млн 952,7 Мың адам тұратыны анықталды. (1989ж. 16 млн 199,2 мың болған еді)
Санақ қорытындысы бойынша қала халқы 56 %, ауыл халқы 44 %, еркектер 48,2 %, әйелдер 51,8 %, қазақ халқы 53,4 % екнің көрсетті
2001 ж.Қазақстанның саяси көкжиегінде жас олигархтар ұйымдастырған «Қазақстанның демократиялық тандауы» қоғамдық қозғалысы пайда болды
Осы қозғалыс негізінде Қазақстанның Демократиялық партиясы «Ақжол» және «Қазақстанның демократиялық таңдауы» Халықтық партиясы құрылды
Қоғамды демократияландыру жөнінде «Ұлттық комиссия құру» туралы Президент Жарлығына қол қойылды
2004ж. қырүйекте саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша партияға ресми тіркелу үшін 50000 мүшесі болуы керк
Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны 12 болды

ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
1914-1918жж. – Бірінші дүниежүзілік соғыс
1916ж. 25 маусым – Бұратаналарды тыл жұмыстарына алу итуралы патша жарлығы шықты
1916ж. – Қазақстан және орта Азиядағы ұлт азаттық қозғалыс
1917ж. 27 акпан – Буржуазиялық демократиялық Ақпан революциясы. Патша үкіметінің құлауы. Уақытша үкіметтің орнауы
1917ж. – Бүкілресейлік мұсылмандар съезі
1917ж. 25 қазан – Ресейдегі Қазаң төңкерісі
1917ж. – «Үш жүз» партиясының құрылуы
1917ж. қазан – 1918ж. наурыз – Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы
1917ж. қараша – Орынбордағы, Жетісудағы контрреволюциялық төңкерістер
1917ж. қараша – Қоқан автономиясының құрылуы (Тынышпаев, Шоқай)
1917ж. қараша – Орынбордағы ІІ Бүкілқаззақ съезі. «Алашорда» үкіметінің құрылуы
1918ж. мамыр – Жетісу орыс казактарының бүліктері. Олардың солтүстік пен шығыстағы қалаларды басып алуы
1918ж. мамыр – Міндетті әскери борыштың енгізілуі
1918-1920жж. – шетелдік интервенция және Азамат соғысы
1918ж. – Шығыс майданының ашылуы
1918ж. тамыз- 1919ж. шілде – Черкааск қорғанысы
1919ж. – Оралда, Петропавлда, Ақтөбеде, Ақмолада, Орынборда Кеңес өкіметінің қайта орнауы
1920ж. акпан – Колчак әскерінің талқандалуы
1920ж. 26 тамыз – Қырғыз (Қазақ) АКСРнің құрылуы
1920ж. – ҚАКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы
1920-1924жж. – Республика астанасы Орынбор
1921ж. наурыз – Жаңа экономикалық саясатқа көшу
1921ж. – Жер су реформасы, «Қосшы одағының» құрылуы
1922ж. – КСРОның құрылуы
1923ж. – Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу
1925ж. – Қырғыз АКСРнің Қазақ АКСР болып аталуы
1925ж. – республика астанасы Қызылорда
1927-1931жж. – Түркістан Сібір теміржолының салынуы
1928ж. – Тұңғыш жоғарғы оқу орны Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуы
1929ж. – Қазақ мемлекеттік мал дәрігерлік институтының ашылуы
1929ж. – Республика астанасы Алматы
1929-1933 жж. – Күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер. Қазақстардың аштан қырылуы және республкадан ауа көшуі
1930ж. – ОАК және ХККнің «Жалпыға бірдей бастауыш білім беру» қаулысы.
ХХғ. 30-жылдары – Жаппай жазадау
1931ж. – Қазақ мемлекеттіа медицина институның ашылуы
1934ж. – Қазақ мемлекеттік университеттерінің ашылуы
1936ж. – Қазақ АКСРнің одақтас республика (ҚазССР) болып аталуы
1937ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы
1939ж. 1 қыркүйек – Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
1941ж. 22 маусым – Ұлы Отан соғысының басталуы
1942ж. 3 қыркүйек – Орал және Гурьев облыстарында әскери жағдайдың енгізілуі
1945ж. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Фашистік Германияның тізе бүгуі
1945ж. 2 қыркүйек – Екінші Дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысының аяқталуы
1946ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы
1947ж. қаңтар – Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы қаулысы»
1947ж. – Ақша реформасы
1947ж. – Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында» атты монографиясының жарық көруі
1947ж. – Өскемен қорғасын мырыш комбинатының іске қосылуы
1947ж. желтоксан – Азық түлік пен өнеркәсіп заттарына карточка жүйесінің қолданылуы
1949 ж. – Семей ядролық полигонындағы алғашқы жарылыс
1953ж. 5 наурыз – Сталиннің қайтыс болуы
1953ж. – Алғашқы термоядролық жарылыс
1953-1964жж. – КСРОның басшылығында Хрущев
1954ж. акпан – Тың және тыңайған жерлерді игерудң басталуы
1954-1956жж. – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің екінші, соңынан бірінші хатшысы болып Брежневтің сайлануы
1956ж. – Қазақстанның алғашқы миллиард пұт астық алуы
1956ж. – КОКПның ХХ съезі, Сталиннің жеке басына табынудың айыпталуы
ХХғ. 50- жылдары – Байқоңыр ғарыш кешенінің іске қосылуы
1956ж.- Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім берудің енгізілуі
1958ж. – Теміртау қаласындағы жұмысшылар толқулары
1959ж. – Шымкент емент зауытының іске қосылуы
1959ж. – Жалпыға бірдей сегіз жылдық білім берудің енгізілуі
1961ж. – Ақмала қаласының Целиноград деп аталуы
1961ж. 12 сәуір – Байқоңыр космодромынан алғашқы ғарышкердің ұшуы
1963ж. – Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта, және су астында сынауға тыйым салу туралы шарт
1964ж. – Қазақ агниткасындағы бірінші мартен пеші\
1964-1986жж. – Республиканың бірінші басышы Қонаев
1965ж. – Шаруашылық реформасы
1965ж. – Өзен кен орнынан алғашқы Манғышлақ мұнайының алынуы
1969ж. – Даман аралындғы,Жалаңаашкөл маңындағы Қытай әкерімен болған қақтығыстар
ХХғ. 60-жылдар – Жаңа қалалардық салынуы (Рудный, Щевченко, Қаратау, Серебрянск)
ХХғ. 60ж. соны 70 ж. басы – Сауатсыздықтың түпкілікі жойылуы
1969-1970жж. – Маңғыстау оьлысындағы жер асты ядролық сынақтары
ХХғ. 70- жылдар – Аумақтық өндірістік кешендерінң құрылуы
ХХғ. 70- жылдар – Худенконың ауыл шаруашылығын экономикалық тәсілмен басқару әдісін енгізу
ХХғ. 70- жылдар – Жалпыға бірдей орта білім берілудің енгізілуі
1975ж. – Сүлейменовтың «АЗ и Я» кітабының жарыққа шағуы
1977ж. – КСРО Конституциясының қабылдануы
1978ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы
1979ж. – Целиноград қаласындағы Қазақстанда неміс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері
1979ж. – Кеңес әсерлерінің Ауғанстанға енгізілуі
1982ж. – Азық түлік бағдарламасының қабылдануы
1985ж. – КОКП ОКі Бас хатшысы Горбачевтың сайлануы. Қайта құру курсының жариялануы
1986ж.17 желтоксан – Алматыдағы жаппай толқулар
1986ж. 18 желтоксан – Саяси толқулардың әскери күшпен басып жаншылуы, Қазақстанның басқа қалаларындағы толқулар
1988ж. – Шәкәрім Құдайбердіұлының, Міржақып Дулатұлының, Ахмет Байтұрсынұлының, Жүсіпбек Аймаутовтың, Мағжан Жұмабаевтың ақталуы
1989ж. – Жаңаөзендегі толқулар
1989ж. – Қарағанды кеншілерінің ереуілі
1989ж. – «Невада Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы
1989ж. – Тарихи ағартушылық «Әділет» қоғамының құрылуы
1989ж. – Ауғанстаннаң Кеңес әскерлерінің әкетілуі
1989ж. – Қазақстан РЕспубликасының «Тіл туралы» заңы. Қазақ тілінің мемлееттік тіл мәртебесін алуы
1990ж. – Қазақстанда социал демократиялық партиялардың құрылуы
1990ж. 25 қазан – Қазақстанның Егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы
1991ж. тамыз – Мәскеудегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті
1991ж. – Қазақ КСР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылуы
1991ж. – Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ КСР үкіметі қарамағына өтуі
1991ж. – Қазақ КСРнің алтын және алмас қорларының қалыптастырылуы
1991ж. – Семей ядролық полигонының жабылуы
1991ж. – Қазақстан Компартиясының таратылуы
1991ж. – «Қазақстан Халық Конгресі» партиясының құрылуы
1991ж. – Оралдағы казачествоға қарсы толқулар
1991ж. – ЛКЖОның Қазақстан Жастар Одағы болып аталуы
1991ж. – Қазақстанда тұнғыш халықаралық банктің ашылуы
1991 ж. – Қазақ КСРнің Қазақстан Республикасы болып аталуы
1991ж. – 1986ж. 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтардың ақталуы
1991ж. 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы заңының қабылдануы
1991ж. 21 желтоқсан – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы
1992ж. – Қазақстан Республикасының ішкі әскерінің құрылуы
1992ж. – Бағаның ырықтандырылуы
1992ж. – Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы
1992ж. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттің Жалауы, Елтаңбасы және әнұранының бекітілуі
1993ж. 28 қаңтар – Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы
1993ж. 15 қараша – Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі
1995ж. 30 тамыз – Жаңа Коституция қабылданды
1997ж. – Қазақстан Республикасы астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді
1997ж. 10 қазан – «Қазақстан 2030». Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауының жарыққа шығуы
1997ж. – Жалпыұлттық татулық және қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы
1998ж. – Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы
1999ж. – Ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы
2000ж. – Мәдениет жылы
2002ж. - Денсаулық жылы
2003-2005жж. – Ауылды дамыту жылдары.

Приложенные файлы

  • docx 23981399
    Размер файла: 153 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий