7,77778E+24


15- 18 ғғ қазақтардың халық ауыз әдебиеті.Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды. Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды. Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды. XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып, феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі («Құтты білік», «Ақиқат сыйы», «Жылнамалар жинағы», т. б.). XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Доспамбет, Сыпыра, Қазтуған, Асан қайғы, Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
16 ғ 2 жартысындағы Қазақ хандығы. Хақназардың билік құруы. Хақназар хан Хақназар хан — (1538—1580) билік құрған. Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) хан тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді.1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған дәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады. Негізгі мақсаты: Қасым хан кезіндегі иелікті қалпына келтіру. Хақназар хан саясатының маңызы: 1.Хандықтың аумағының кеңеюі.2.Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болды.3.Хан билігінің күшеюі.4.Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.Хақназар хан қазақ халқын біріктіріп, мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірді.
16-17ғғ қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.Қазақ халқының әлеуметтік құрамы 2-топқа бөлінді: феодалдар және қарапайым халық.
18 ғ екінші жартысы мен 19 ғасырдағы Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.1856 жылы Верныйда Орталық Россия губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саңы бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.XIX ғасырдың екінші жартасында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт тұрған.Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті.Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды.1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды.1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.Бұл оқиғаның прогресті жағы: 1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды.Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.
18 ғ. қазақ-жоңғар соғыстары. Қазақ халқының жоңғар агрессиясына қарсы күресі.жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ХVIІІ ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағынаойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%BF%D1%88%D0%B0%D2%9B_%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B" \o "Қыпшақ даласы"Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды.Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға үшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы«Сібір қырғыздары туралы уставты» 1822 жылы М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты.Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.Орта жүздің әкімшілік құрылымы:ОКРУГ(15-20 болыс) Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан
БОЛЫС(10-120 ауыл) Басқарушысы-болыс сұлтаны
АУЫЛ(50-70 шаңырақ) Басқарушысы- ауыл старшыны
1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.
Әкімшілік-саяси реформаның салдары:
-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді.
-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.
-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.
-Хандық билікті жойды.
1824 ж «Орынбор қазақтары туралы» ереже.Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.
1837-1847жж Кенесары ханның басшылығымен болған ұлт-азаттық көтерілісі. Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады. 1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды. Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті. Көтерілістің мақсаты 1. Россияның отарлау саясатына шек қою. 2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау. 3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату. 4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету. Көтерілістің қозғаушы күштері. Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты: 1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу. Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты. Көтерілістің барысы. 1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды. Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды. 1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады. 1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды. Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек басуға тырысады. Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге жуық адамды өлтірді. 1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді. 1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17тамызда полковник Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді. 1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары: 1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою. 2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру. 3. Салық жинауды тоқтату. Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қөйған екінші талаптары. Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне дейінгі өңірді Россия билігінен босату. 1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды. Патша әкімшілігінің қойған талаптары: 1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. 2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету. 3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды, Қоқан ханы Худьярмен ымырластық келісімге келді:Ташкент билеушісі болып Мырза Ахмет орнына, інісі Мұрат Аталық сайланды.Котеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылығы.Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасызды Кенесарының хандық билігі. 1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды Кенесарының ақырғы жорығы. Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісіға ойысуға мәжбур болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан ханына қарсы куресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалнына келтіру де Кенесарының ойында болды. 1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті. Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынасын қабылдамады. 1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті.
19 ғ 2жартысындағы реформалар бойынша Қазақстанның саяси басқаруы мен әкімшілік құрылымындағы өзгерістер.1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар XIX ғасырдың 60-жылдарына қарай бірте-бірте жарамсыз болып қала бастады. Сондықтан да жаңа реформалар жүргізудің қажеттігі туындады. Өйткені біріншіден, қазақ даласында сұлтандардың билігі әлі де бұрынғысынша сақталып қала берген еді. Олардың билігі патша үкіметінің Қазақстан аймағын неғұрлым тезірек отарлауына кедергі келтірумен болды. Екіншіден, кезінде тиісті жарғыларға сай қабылданған әкімшілік-аумақтық бөлініс оған қосымша аумақтардың қосылуына байланысты жаңа жағдайдағы өзгерістерге сәйкес келмей қалды. Мәселен, XIX ғасырдың 60-жылдарында Ресей империясына Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аумағы қосылған болатын. Сондықтан да енді осы аймақтарды әкімшілік жағынан бағындыру және шаруашылық жағынан нығайта түсу қажет болды. Өлкені басқару ісін Ресейдің өзге аймақтарындағы басқару құрылымынабарынша жақындатып, бірыңғайландыру талап етілді. Үшіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп үшін арзан шикізат көздері мен жұмысшы күшіқажет болды. Төртіншіден, Қазақстанның кең-байтақ аумағын мекендеген қазақтар үшін бірыңғай салық жүйесін енгізу талап етілді. Бесіншіден, Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жері жоқшаруаларды Қазақстан аумағына ұйымдастырылған түрде көшіру көзделді. Міне, тап осы себептерге байланысты Қазақстанда жаңа әкімшілік-аумақтық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жасау қажеттігі туындады. Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді: 1.әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;2.кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);3.сот функциясы (уездік соттарды бекітті).Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталды.Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай облыстарынан басқа) казак әскерінің атаманы болып саналды. Бұл ережелер екі жылдық сынақ мерзімі белгіленіп, уақытша статус алғандықтан, халық наразылықтарының тууына байланысты тек. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1886" \o "1886"1886 жылдары Түркістанда, 1891 жылы Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді.Міне, осы құрылған әкімшілік, әскери, полициялық аппаратты ұстап тұру үшін орасан зор қаржы керек еді. Орталық Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық армия сақталып қалды. Әкімшілік аппаратты, әскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды.Жергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс себептері, сипаты, негізгі ошақтары мен қозғалыс басшылары.1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтеріліс – патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.Қазақстандағы көтерілістіңалғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған болыс басқарушылары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады, өйткені жасалған тізімдер әуел бастан жаппай парақорлық, көзбояушылық пен қиянатқа негізделді. Әкімшілік жүйе ол кезде қазақтарда тууы туралы куәліктердің болмағандығын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізіп, ал ауқатты әулеттерден пара алып, олардың өкілдерін шақырудан босатты. Оның үстіне патшалық өкімет орындары өлке тұрғындарының кейбір әлеуметтік топтарының өкілдерін (болыс басқарушылары, жергілікті халықтан шыққан төменгі шенді полицейлер, имамдар мен молдалар, ақсүйектер мен құрметті азамат құқықтары барлар, т.б.) майданның қара жұмысынан босатты. Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласа бастады. Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері – отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды. Көтеріліске, сондай-ақ қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының (байлар, болыстар мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатынасты. Соңғылары кейбір аймақтарда жетекші рөл атқарды. Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер, т.б. ұлт өкілдері қатысқан оңтүстік облыстарды (Жетісумен Сырдария) қоспағанда Он алтыншы жылғы көтеріліс құрамы жағынан бір ұлттық қозғалыс болды. Сол кездегі қазақ қоғамындағы саяси қайраткерлердің арасында көтеріліске бірыңғай көзқарас болған жоқ. Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т.Бокин, Ж.Ниязбеков, Ә.Жүнісов, Т.Рысқұлов, С.Меңдешев, Б.Алманов, Ә.Жангелдин, т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды. 
1917 ж Қазан төңкерісі кезіндегі Қ-н. 1917ж 24-25 қазан Қосөкімет жойылып, Кеңес үкіметі жеңіске жетті. 1917 қараша Түркістанда “Түркістан халық Комиссарлар Кеңесі” орнады. Қазақтарды кеңеске кіргізбеді. 1917ж 22-қараша - Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше 4 съезд ашылды: 1. Уақытша кеңес құрылды; 2. Түркістан автономиясы құрылды (президенті М.Шоқай); 3. Ислам мемлекеттік дін деп танылды. Ресей үкіметінің осыған қарсылығы негізінде Қоқан қаласын шабуылмен алып, өртеді. 1917ж Орынборда өткен жалпы қазақ съезінде: Алаш атты Ұлттық автономия құру, Конституциясын Бүкілресейлік құрылтайда бекіту, Ә.Бөкейхановты Кеңестің төрағасы ету. 1917 21-қарашада Алаш партиясының бағдарлама жобасы қабылданды:жер халық меншігі, дінді мемлекеттен бөлектеу, сотты қазақ тілінде жүргізу, әскери борышты өз елінде өтеу, жалпыға бірдей ақысыз оқуды енгізу, сөз, баспасөз еркіндігі. Бұл бағдарлама халық көңілінен шықты, бірақ оларға большевиктер қарсы шықты. 2 түрлі жолмен орнады: 1.өнеркәсіп орталықтары, темір жолға жақын, жұмысшылар көп оңт. ж/е солт. аудандарда – бейбіт жолмен. 2. казак-кулактар біріккен, контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолмен. 1917 жылдың жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады. Бұған халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды. 1917ж 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы, солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1 қарашада Ташкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда, қаңтарда Ақтөбеде, 18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетісу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы өлкедегі түрлі жағдайлардың себебінен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Дегенмен, осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орнап болды. Кеңес үкіметі мен Алаш-Орда. Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастапан қазақ қоғамы Орынборда (1917ж. 5-13 желтоқсанда) 2 Бүкілқазақ съезін өткізді. Съезді Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құлманов болды. Съезде алдымен тез өзгеріп жатқан саяси жағдайда партия тактикасын, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру айтылды. Негізінен қаралған мәселе саны 10 болды: Сібір, Түркістан автономиясы және оңтүстік-шығыс одағы туралы; қазақ-қырғыз автономиясы; милиция туралы; ұлт кеңесі; ұлт қазынасы; мүфтилік мәселесі; халық соты; ауылды басқару және азық-түлік мәселесі.
1920-1930 жылд-ғы Қ-ғы қоғамдық саяси жағдай. 1937ж Қазақ СССРның конституциясы30 ж КСрода социалистік қатыгастар орнап болды. Социализмнің тоталитарлық корінісі ме млекеттік меншік нығайып шаруалар жерден шеттетілді. Республика толық егемендік алмады. Республикалардығң заң шығару бастамасы болмады. Елде сталиндік теория үстемдік етті. Жазалау шаралары: Ату, жер аул\дару, еньекпен түзеу лагерлерінде қамау, Ксродан тыс жерлерге куу. Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтұан адам халық жауы атанды. 1927-1929 ж Т Рысқұлов, Н Нұрмақов, с Қожанов, м мырзағалиев республикадан аластатылды. 1928ж Қызылордада Қызыл астаның салушылардың қаскүнемдігі ашылыд, талантты саулетші мени инженерлер Тынышбаев, Буддаси, Голдгор сотқа тартылды. 1930ж 4 сәуір Ж аймауытовты атуға үкім шығарфылды. Сол жылы М Дулатов та ату жазасына кесіліп, кейін он жыл қамауға ауыстырылып, 1935 Соловки лагерінде ққ.1937-38 террор жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары халық жаулары атанып, сталиндік жазадан олтірілді. С Сейфуллин, майлин,Жансүгіров, Жумабаев, Дулатов жазаға ұшырап, олтирилди. Лагерлік жүйесі құрылды. КАрлаг Қарағанды енбекпен тузету лагери, ЧсИР, АЛЖИР. Ғалым Чижевский сауатсыздық жағдайындығы қан айналымы теориясы жөніндегі енбек авторы. Айтаков Түркімен КСР отралық атқару комитетенің торагасы. 1931 Осакаров ауданында 25 қоныс обсервация пайда болды. 101мың қазақстандық Гулагка жабылып, 27мыңы атылды, қазір 40мыны ақталды.1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ СССР Конституциясы 11 бөлім және 125 баптан құралды.1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу, демалысқа құқылы болу, кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру, денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.
1930-1940 жылдарындағы Қазақстанға халықтардың күштеп қоныс аударылуы.Депортация-күштеп көшіру белгілі бір адамдар тобын немесе халықтарды жаза ретінде туған жерінен басқа өлкеге жер аудару саясаты соғысқа дейін-ақ қолданылды. Депортацияға ұшыраған халықтар тарихына тереңірек үңілсек, Қ-ға басқа халықтарды жаппай қоныстандыру 1937 ж басталғанын көреміз.. Алғашқы жер аударылуға ұшыраған Украинаның шекаралық аймағын мекендеген поляктар болды. 1936 жылдың 28 сәуіріндегі оларды қ-ға жер аудару туралы ХКК қаулысы қабылданды. 1937 жылы қиыр Шығыстан Қ-ға 95903 корей жер аударылды. Сонымен, 30-40 ж-да халыққа, оның ішінде жеке ұлттарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін, осы кезеңді (40 ж-ғы) жүргізілген саясаттың құрамдас бөлігі болды. Мұндай заңсыздықтар, автономиялық құрылымдарды жою, көп жағдайда Сталиннің субъективтік шешімімен жүзеге асырылып отырды.
1950-1960жж Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы 1950-1960жж Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.
Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді..Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.гектар қажетті.Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр.
Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:
1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;
2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет
Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:
1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;
тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:
• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;
• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды.
Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:
• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі – жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;
• 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісіғіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:
• галымдардын. есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған жердің көлемі 26,4 млн. га болса, оның 14,5 млн. гсктары жел
эрозиясына бейімді екен;
5) Тың игеру ата мекеннің халқьь қазактардың үлес салмағыиың кемуіне
әкеліп соқтырды.
• Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың – Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1,5 млн. адам келді, • Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндікболғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.
• Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған.
• Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.
1954-1964 жж Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі Хрущевтік жылымдылық. 1954 ж 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесі шешудің теориялық тұрғыда 2 бағыты болды: 1 Интенсивтік бағыт – экономиканы реттеудің нарықтық қатынасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді.2 Экстенсивті бағыт – астық өнімді жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы 2-ші жолды таңдады. Қ.О.б ала 1954 ж 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қаз-ды 1 жыл ішінде 337 савхоз құрылды. Тың игерудің негізгі қорытындысы – ол сол уақыттан осы күнге дейін Қаз-н халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. 1960 ж қарай Қаз-ң тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жж аралығында тың игеру үшін Қаз-ға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. 1962 ж Ақмола-Целиноград. 50 ж соңы Қаз-да 36,4 млн-нан астам мал басы болды.
1965-85жж. Қ-ң әлеуметтік экономикалық дамуы1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ке жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонның зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті. Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, ерекшелігі ескерілмеді. Кеңес халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра бағалау процесі жүрді. Біздің тарихымыздың бір бөлігі болып табылатын көшпелілік цивилизациясы мен шығыс мәдениеті жауып тасталды. Адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Қазақстанда тіл саясатын тек ұлтаралық қатынас тілін ғана қолдап, ол ұлт тілі туралы айтылмады. Қазақ тілі тек тұрмыстық саламен шектеліп, іс жүргізуге, мемлекеттік дипломатиялық әскери өмірде, жоғары мектептерде қолданылмады. Кітаптың 95%-і орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70%-і орыс тілінде болды.Осы жылдары басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланады. Әдебиет пен өнер саласындағы бірқатар интеллигенттер қуғынға ұшырады. Ақын О.Сүлейменовтың «Аз и Я» деген кітабы ұлтшылдық, пантюркистік деп қуғынға түсті. Философия институтының коллективі даярлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы» деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы» деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды.1979 жылы жазда орталық Қазақстан басшыларымен, жергілікті қазақ халқымен сананспай Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының бірсыпыра аудандарынан орталығы Ерейментау қаласы етіп, Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялы облыс құру, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. Олар Ақмолада, Ерейментауда, Көкшетауда митингілер өткізіп, «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономия болмасын» деген ұрандар көтерді.
1986 ж-ы Желтоқсан көтерілісінің тарихи, әлеуметтік-экономикалық себептері. Маңызы. Желтоқсан көтерілісі Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды,Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.
19ғ. Және 20ғ. басындағы музыкалық мәдениеті.XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің гүлденген дәуірі болды. Бұл кезеңде өмір сүрген көптеген аса көрнекті кәсіби ком­позитор-әншілер мен күйшілердің шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген халық композиторлары өз заманындағы білімді адам­дар еді; олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуына Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-му­зыканттар үлкен үлес қосты. Абай әндері қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы бауырлас достықты нығайтуға игі ықпал етті. Пушкиннің «Евгений Онегин» по­эмасынан аударған Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды. Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаков көп еңбек сіңірді. Ол 100-ден астам ән жинады. Қазақтың ән әуендері оркестрлік шығармаларда да пайдаланылды.
19ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы.Жетісуда егіншіліктің дамуына XIX ғасырдың 70–90 жылдарында Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендер ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды. Бірінші кезеңде 1877 жылы Тоқмақ ауданына (Солтүстік Қырғызстан) шэньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881–1883 жылдары, Санкт-Петербург шартына сәй­кес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды. Қоныстанушылардың жаңадан 5 болыс: Жаркент және Кетпен (қазіргі Панфилов ауданының аумағында), Ақсу-Шарын (Ұйғыр ауданында), Малыбай (Шелек ауданын­да), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында) болыстары құрылды. Жетісуда ең жақсы жерлер казактардың пайдасына тартып алынып қойғандықтан, ұйғырлар мен дүнгендер қолдан суландырылмайынша егіншілікке онша жарамды болмаған учаскелер алды. Облыстың село халқын жерге орналастыру жөнінде 1882 жылы Жетісу облыстық басқармасы белгілеген ережелер негізінде дүнгендер мен ұйғырлар әрбір еркек адамға 10 десятинадан жер алуға тиісті еді. Алайда 1885 жылы қоныстанушыларға үлесті жер бөліп беру қолға алынған кезде, әрбір еркек адамға 4–5 десятинадан ғана жер бөлініп беріліп, 1892 жылдың 1 қаңтарынан бастап оброктық алым – салық салынатын болды. Селодағы және қаладағы ұйғыр мен дүнген халықтары өздерінің әкімшілігі, мешіті және оны басқаратын дінбасы бар қауымдарға бөлінді. Қоныстанушылардың кедейленген бөлігі алғашқы кездерде өздеріне берілген үлесті жердің шағын учаскелерін ғана игере алды. Соның нәтижесінде қауымдар ішінде өзінше бір арендалық қатынастар қалыптасып, қауымның кедей мүшелері өздерінің үлесті жерлерін немесе олардың едәуір бөлігін қауымның әлді мүшелеріне беріп отырды, ал өздері «арендаторларға» күнделікті жұмысшылар (мердігерлер) ретінде өнімнің бір бөлігін алатын болып жалданды. Бұл үлесті жерлер формальды жағынан әлі де бұрынғы иелерінің атында болып қалғанымен, іс жүзінде олар жаңа қожайындардың толық иелігіне көшетін.Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды жолмен суландырылатын егіншіліктің қалыптасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақылдар ішінде бидай ба­сым болып, жердің жартысынан астамына бидай егілді.
19ғасырдағы ұлттық-аумақтық межелеуҰлттық-аумақтық межелеу Жоғарыда айтылғандай, ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді. [1]. Олар Түркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСР-і құрамына кірді.Азамат соғысының аяқталуы және 1922 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы елде ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін одан әрі дамытуға оң ықпал етті. Атап айтқанда, РКФСР құрамындағы барлық кеңестік республикалар мен облыстар құрылды. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдарды құрушы халықтардың, оның ішінде Қазақ АКСР-інің басшылары мен жекелеген өкілдері Орталықтың алдына қайсыбір халықтың ұлттық-мемлекеттілігі аясында бүкіл этникалық аумаққа бірлесуі (қайта бірігуі) туралы мәселе қоя бастады.Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Атап айтқанда, Сырдария және Жетісу облыстарын ҚазақАКСР-і құрамына қосу қажеттігі туралы мәселе жүйелі түрде көтерілді. Осымен бірге көп ұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түркімендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын құру туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Осы кезде Түркістан АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің (ТүрАОАК) Төрағасы міндетін атқарушы Тұрар Рысқұлов 1920 жылғы қаңтардағы Түркістан Компартиясының V өлкелік конференциясында Түркістанның дербес ұлттық коммунистік ұйымдарын біртұтас «Түрік халықтарының коммунистік партиясына біріктіру» туралы мәселе көтерді және Түркістан АКСР-ін Түркістан Кеңестік Республикасы деп атауды ұсынды, ал сол жылдың 27 мамырында ол Түркістан АОАК-нің Төрағасы ретінде РК(б)П ОК мен РКФСР ХКК-не негізі жоғарыда аталған идея-ұсыныстар болып табылатын «Ресей Социалист Федерациясының құрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы ережелерінің» жобасын ұсынды.Ел басшылығы атынан В.И. Ленин мен оның әріптестері БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Түркістан істері жөніндегі комиссиясы [2]. мүшелерінің айтуымен Т. Рысқұловтың ұсынысын қабылдамай тастады. 1920 жылғы 13 маусымда РК(б)П ОК-і «РК(б)П-ның Түркістандағы міндеттері туралы» шешімдерінің жобасына ол өз ескертпелерін жазды, онда: «Меніңше, комиссияның жобасы дұрыс, Т. Рысқұловтың жобасын қабылдамау керек...», - деп атап көрсетті. Өз ескертпелерін В.И. Ленин мынадай сөйлемдермен аяқтады: « # Өзбек, Қырғыз және Түркімен бөлімшелерімен Түркістанның картасын (этнографиялық және т.б.) жасау тапсырылсын. # Осы 3 бөліктін қосу мен ажырату шарттары егжей-тегжейлі анықталсын». Қажетті саяси және экономикалық жағдайлардың қалыптасуына (Азамат соғысының аяқталуына, шартты түрде тұрақтылықтың орнығуына, ұлттық басшы кадрлардың даярлануына, өңірде халық шаруашылығының қалпына келе бастауына, аумақтың этникалық тұтастығын қалпына келтіру негізінде, Кеңес өкіметінің принциптері бойынша болса да, Орта Азия халықтарының өзінің ұлттық мемлекеттілігін құру қажеттігін сезінуіне) қарай Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік межелеу жөніндегі күрделі жұмысқа тікелей кірісу мүмкіндігі туды. Мұндай межелеу, бірінші кезекте, өңірдегі әрбір халықты ұлтқа ұйыстыру процесін күшейту мен орнықтыру үшін қажет болды. Осы ретте, Орта Азияда межелеуге дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың (Түркістан АКСР-інің, Бұхар және Хорезм халық республикаларының) революцияға дейінгі (1917 жылғы қазанға дейінгі) Түркістан генерал-губернаторлығы, Бұхар әмірлігі мен Хиуа хандығы әкімшілік шекарасында құрылғанын және Орта Азияның негізгі халықтарының этникалық орналасу шекарасына сәйкес келмегенің, Түркістан АКСР-інің (1918 жылғы мамыр), Хорезм (1920 жылғы сәуір) және Бұхар (1920 жылғы қазан) республикалары құрылуының этникалық жағдайды өзгертпегенін атап өткен жөн. Орта Азиядағы бірде бір халық осы республикалар тұрғындарының тұтаса орналасуын қамтамасыз ете алмады.Айталық, өзбектердің көпшілік бөлігі (66,5%) Түркістан АКСР-інде тұрды, алайда олар тұрғындардың жартысынан аз бөлігін (41,4%) құрады, өзбек халқының 22,2%-ы Бұхар және 11,3%-ы Хорезм республикасын мекендеді.Түркімендердің 40%-ынан астамы Түркістан АКСР-інде, 29,8%-ы Хорезм республикасында және 27%-ы Бұхар республикасында қоныстанды, бірақ еш жерде халықтың көпшілік бөлігін құрай алған жоқ; Түркістан АКСР-інде олардың тек 4,7%-ын, Бұхарада — 10,6%-ын, Хорезмде 28,7%-ын ғана құрады. Тәжіктер негізінен екі республикада тұрды: олардың үлесі Түркістан АКСР-інде - 7,7%, Бұхарада - 31% ғана болды. Қырғыздар негізінен Түркістан АКСР-інде (98,6%) орналасты, бірақ республика халқының бар болғаны 10,8%-ын ғана құрады. Қарақалпақтардың үштен екісінен астамы Түркістан АКСР-ін мекендеді, дегенмен олар ондағы халықтың тек 1,4%-ына ғана тең болды. Орта Азияда тұрған қазақтар үш республикада да шашырай орналасты, ол барлық жерде де азшылық бөлікті құрады: Түркістан АКСР-інде - 19,3%, Бұхарда - 1,5%, Хорезмде - 3,5% ғана болды.
19ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайыXIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық ка­питалы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ ша­руашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олар­дың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жа­нынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50 ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді.XIX ғасырдың 80–90 жылдарында Қазақстанда өсімқорлық сауда жаппай тараған кез еді. Өлкеде тауар айналымы өскен сайын өсімқорлықпен қатар, банктер мен басқа да кредит мекемелері беретін қарыздардың капиталистік формалары орын ала бастады.1871 жылы Қазақстанда алғашқы ашылған банктердің бірі – Петропавлдағы негізгі капиталы 40 мың сом болатын қалалық қоғамдық банк еді. 1875 жылы Ташкентте Мемлекеттік банк бөлімшесі құрылды.XIX ғ. 70-ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874–1876 жылдары Орынбор темір жолы салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды.
20 ғ 60-80 жылдарындағы ғылым мен мәдениеттің дамуы.Қазақстанның мәдениеті. Қазақстанды қосып алғаннан кейін Ресей өлкенің таиғатын, тарихын экономикасын зерттеуге көңіл бөлді. Осы мақсатпен қазақ жеріне орыс ғалымдары, саяхатшылары келе бастады. XVIII ғасырда, 1769 жылы шығарылған ең алғашқы экспедицияны П.С.Паллас басқарығ, "Ресей империясының провинцияларына саяхат" (1773 ж.) деген еңбегін жариялады. 1772 жылы Н.Рычков "Кағитан Н.Рычковтың 1771 жылы Қырғыз-қайсақ өлкесіне жасаған саяхатынан күнделік жазбаларын" басып шығарды. 1832 жылы А.И.Левшиннің "Қырғыз-қайсақ, немесе кырғыз-қазақ ордалары мен даласын баяндау" деп аталатын кітабының жарық көруі орыстардың Қазақстанды зерттеуіндегі маңызды белес болды. ХІХ ғасырдағы қазақ өлкесін зерттеушілердің бірі атақты ғалым, Орыс Географиялық Қоғамының басшысы П.П.Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) болды. Оның басшылығымен көп томдық "Ресей. Отанды геграфиялық тұрғыдан толық баяндау" деп аталатын зерттеу құрастырылып, басып шығарылды. Оның "Қырғыз өлкесі", "Түркістан өлкесі" деп аталынатын екі томы Қазақстан мен Орта Азиянының географиялық жағдайын, табиғи байлығын, тарихын, халық тұрмысын баяндауға арналды. "Түркі тайғаларының ауыз әдебиетінің үлгілері" атты еңбек жазған Петербург Академиясының академигі В.В.Радлов (1837-1918) қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге зор үлес қосты. Сондай-ақ "Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу", "Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер" деп аталынатын кітаптардың авторы шығыстанушы-ғалым В.В.Вельяминов-Зернов (1830-1904) қазақ халқының тарихының маңызды кезеңдерін зерттеді. Өлке тарихын зерттеумен А.И.Добросмыслов, Н.Н.Аристов, М.Красовский және т.б. айналысты.ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының дамуына ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелері маңызды роль атқарды. Орыс Географиялық Қоғамының бөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1877 ж.), 1897 жылы Түркістанда ашылды. Олар тарих, этнография, география туралы материалдар жарияланған жинақтар шығарды. ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттер құрылып, олардың жариялаған еңбектерінде де өлкенің тарихы, мәдениеті, статистикасы, этнографиясы туралы мол мәліметтер жазылды. Сондай-ақ Қазақстанды зерттеумен Ауыл шаруашылығы қоғамы, Шығыстың тарихы мен археологиясының әуесқойлары, антропология, жаратылыстану әуесқойлары қоғамдары да айналысты. Мұндай ғылыми орындардың жұмыстарына қазақ зиялылары да, мысалы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев араласығ тұрды.Бұл кезеңде білім беру, оқу ісінде де өзгерістер болды. Ауқаттылардың балалары Бұхара, Самарқанд, хиуа, Ташкент медреселерінде, кедей қазақтардың балалары ауылдағы мұсылман мектептерінде арабша сауаттарын ашты. Ал азаматтық сипаттағы орыс оқу орындары отарлық аппараттың шенеуніктерін даярлау үшін қажет болды. 1786 жылы Омбыда Азиат мектебі, 1789 жылы Орынборда Үкіметтік мектеп осы мақсатта ашылды. 1825 жылы Орынборда, 1846 жылы Омбыда кадет корпустары, 1841 жылы Бөкей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан қазақ азаматтық мектебі ашылды. 1877 жылы Ы.Алтынсариннің күш салуымен Ырғызда қыздар училищесі құрылды. 1890-1896 жылдары Торпайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды. 1879 жылы Түркістанда мұғалімдер семинариясы, 1883 жылы Орынборда қазақ мұғалімдік мектеп ашылды.ХІХ ғ. ІІ ж. қазақ халқының ірі өкілдері Ш.Уәлиханов, М.-С. Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев өмір сүріп, шығармашылықпен айналысса, ХХ ғасырдың басында олардың қатарын Ш.Құдайбердиев ("Түріктердің: қырғыздардың және хандық династияның шығу шежіресі"), М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов ("Қырық мысал", "Маса"), М.Дулатов ("Оян, қазақ!") және т.б. толықтырды.ХІХ -ХХ ғ. басында қазақ музыка мәдениеті өрлев кезеңінде болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дина Нұрғейісова, Тәттімбет, Ықылас, әнші-сазгерлер Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Мәди шығармашылықтары кең танымал болдыҚазақ басғасөзінің өмірге келуі осы кезеңде басталды. 1870 жылы 28 наурызда "Түркістан уәлаяты" газеті, 1911 жылы бірінші қазақ журналы "Айқап" алғашқы сандарын жариялады. 1913-1918 жылдар аралыпында шыққан "Қазақ" газеті қазақ қоғамының барлық жақтарын жазып тұрды.Сайып келгенде, қоғамның мәдени өміріндегі бұл өзгерістердің игілігін барлық қазақ халқы отаршылдық саясат зардабынан көре алмады.
20 ғ басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы.XX ғасыр басындағы саяси ахуал.Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.Ереуілге шығу себептері: Жалақының аздығы; Ағылшын капиталистері ;Мессен, Гиббердің қатыгездіктері;Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы; Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды: -Азық – түлік бағысын төмендету; -Жалақыны 15, 25% - ға көтеру; -Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу; -Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту; -Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды.1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды.Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан – молда Қосшығұлұлы, Жетісудан – федералист Тынышбайұлы, Оралдан – кадет Бірімжанұлы, Семейден – бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі.1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері: 1) Қазақ жұмысшыларының аздығы; 2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы;3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі; 4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы. Революцияның тарихи маңызы: -Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды; Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді.-Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді. -Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды.
20 ғ. 80 жыл-ғы Қ-ндық қоғамның әлеуметтік жағдайындағы жағымсыз үрдістер.Ресейде аграрлық мәселенің шешілмеві, қазақ даласына қоныс аудару саясатының жоспарлы түрде жүргізілуі өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайына өзгерістер енгізді. Бұрынғы жағдай көшпелі шаруашылықтардың орнына енді отырықшылықты - мал шаруашылыпы және отырықшылықты - егіншілік сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды.Қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айырылу қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызды. Кедейленген қазақтардың қала және село пролетариаты - жатақтарға айналуы өсе түсті.Аталған кезеңде Қазақстанда өнеркәсіп өндірістері, түрлі кәсіпшіліктер ашылып, олардың дамуы жеделдеді. Мысалы: ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін - май шайқайтын, былғары шығаратын, ұн тартатын және т.б. Шымкент сантонин зауыты (1822ж.) химия өнеркәсібінің бастамасы болды.Сондай-ақ оңтүстік аудандарда, Шымкент пен Түркістанда мақта тазалайтын бірнеше зауыттар, ал Верный қаласында темекі шығаратын екі кәсіпорын жұмыс істеді.Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде тұз-кен орындары ашылды. Әсіресе ғасыр басында оның маңызы күшейді. Тұз жергілікті мұқтаж үшін де, сол сияқты шетке шығару үшін де өндірілді. Олардың неғұрлым ірісі ішкі Ордадағы 5 мың қазақ жұмыс істеген Басқұншақ, Павлодар уезіндегі Коряковск кәсіпшіліктері болды.Жайық, Ембі, Ертіс өзендері, Арал мен Каспий теңіздері аймақтарында балық кәсіпшілігі дамыды.Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Спасск мыс қорыту зауыты, Успенск руднигі, Қарағанды көмір кені, Екібастұз және Риддер кәсіпорындары шетел өнеркәсіпшілерінің де (АҚШ, Германия, Бельгия, Шуеция) назарын аударып, өлке байлығы талан-таражға түсті.ХХ ғасырдың басында алтын шығару, көмір өндіру (екібастұзда, Қарағандыда), мұнай (Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі аймағында) шығару арта түсті.Ресей капитализмінің кеңейе дамығ, оның ұлттық шет аймақтарға жылжуы Қазақстанда банк филиалдары мен кредит (несие) мекемелерінің құрылуына әкелді. Мемлекеттік банктің өлкедегі бөлімдері сауда-өнеркәсіптік орталықтар - Оралда (1876 ж.), Петропавлда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омскіде (1895 ж.), Верныйда (1912 ж.) ашылды. Өлке территориясындағы филиалдарының саны жөнінен екінші орынды сауда айналымын несиелендіруге көп қаржы салған Орыс сауда-өнеркәсіптік банкі алды.Сауда-саттық, алыс-беріс күшейді. Саудаға түсетін товар негізінен мал болды. Әр жазда Сарысу уезі арқылы Ресей орталыпына Ақмола, Қарқаралы және Сарысу уездерінен 60 мыңға дейін мүйізді ірі қара мал, 200 мыңға дейін қой айдап әкелінді. Сыртқа шығарылатын астық көлемі де артты. Орал, Орынбор, Семей қалалары астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналды.ХІХ ғ. ІІ ж. мен ХХ ғ. басында сауда-саттықтың жаңа -жәрмеңкелік түрі шықты. Қарқаралы уезіндегі Қоянды, Петропавл уезіндегі Тайыншакөл, Ақмола уезіндегі Константиновск, Атбасар уезіндегі Перовск, Верный уезіндегі Қарқара жәрмеңкелері неғұрлым ірі жәрмеңкелер саналды.ХХ ғ. басында қала халқының саны өсе түсті. Орал (47,5 мың адам), Петропавл мен Верный (43,2 мыңнан), Семей (34,4 мың) ірі қалалар саналды.Қазақстанның капиталистік өнеркәсіптің шикізат көздері мен оны сыртқа шығару аймағына айналуында темір жолдың маңызы зор болды. Өлкеде Орынбор-Ташкент, Троицк, Алтай және Жетісу темір жолдарын салу өрістетілді. 1917 жылға дейін Қазақстанда барлығы 2793 шақырым жол төселді.Су жолдары да (Семей облысында) ғайдаланылды. Ертіс арқылы жүктерді "Пароход шаруашылығы мен сауданың Батыс-Сібір серіктестігінің" пароход компаниялары және басқалар тасыды.Өнеркәсіптің дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолының кеңінен пайдаланылуы Қазақстанда жұмысшы кадрлары қалыптасуына да алғышарт болды.1913 жылы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Ал Қазан төңкерісі мен төңкеріс жүріп жатқан кезеңде Қазақстан жұмысшыларының саны 90 мыңдай болды. Фабрика-зауыт жұмысшылары болған қазақ жұмысшыларының жағдайы төмен (жұмыстың ең ауырына жіберілуі, мардымсыз жалақы, көптеген штрафтар, басқа ұлт жұмысшыларынан алалаушылық) болды. ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басында қазақ өлкесі Ресейге толығымен кіріптар болды.Қазақстандағы темір жол салынуының басталуы. Сібір темір жолы.Сібір темір жолы Ресейдің европалық аудандарын Қиыр Шығыспен тікелей байланыстыратын торағ. 1891-1915 жылдары салынды. Батыс Сібір, Орта Сібір, Байкал, Амур, Уссурий және Шығыс Қытай болып 7 бөлікте жұмыс бірдей жүргізілді. Сібір темір жолы Челябинскіден Владиуостокқа дейін созылды (10 мың км). Батыс Сібір учаскесі (1891-1896 жж., ұзындығы 1324 км) сол кездегі Ақмола облысының Омбы және Петропавл уездерін басып өтті. 1900 жылы аяқталған Орта Сібір учаскесі Обь өзенінен Иркутскіге дейін) мен Батыс Сібір учаскесі бірігіп, Сібір темір жолы болып аталды. Солтүстік Қазақстанда магистраль арқылы Ресейдің ішкі аудандарынан ауыл шаруашылығы машиналары мен құрал-саймандар, өнеркәсіп заттары әкелінді.
20 ғ. басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің белсенділігінің артуы.Әлеуметтік-жағдай.XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:Түркістан генерал-губернаторлығы:(Орталығы – Ташкент) ;Сырдария облысы ;Жетісу облысы. Дала генерал-губернаторлығы: (Орталығы - Омбы) ; Ақмола облысы; Семей облысы; Орал облысы ; Торғай облысы; 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
20ғ 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы.Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.) XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.
С. Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.
М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды. XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді.
А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.
1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті.
1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды.
Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. Театрдың алғашқы директоры актер, режиссер Жұман Шанин болды. Театр ұйымдастыру ісіне Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – театрда алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа театрда Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», Б. Майлиннің «Шаншар молда», С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар», М. Әуезов пен Л. Соболевтың «Абай», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Д. А. Фурмановтың «Бүкіл», Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор», «Үйлену» қойылымдары сахнаға шығарылды.9-12ғғ Қазақстандағы қала мәдениеті.Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған. Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мы­салы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған. Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар) Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған. Тараз. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар заманында ерекше гүлденді. Бұл қала Та­лас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған», — деп жазған. Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр биле­ушісі Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған.) Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндегі беделі өсе берді. Сығанақ – Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ғасырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы болды. Баласағұн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша Баласағұн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп аталған.
VІ – Х ғ.ғ Қ-н қала-ы: экон-қ, этника-қ, әлеуметтік саяси талдау. ортағасырлық қалалардың сипатын белгілі бір мөлшерде сауда анықтайтын. Дала мен отырықшы егінші аудандар тұрғындарының қарым қатынасы айырбас үшін егіншілік, мал шаруашылығы немесе қолөнер өнімдерін ұсынды. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.
1.Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің түрағы.
2.Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері түратын бөлігі.
3.Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Қүлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағүн, Орда т.б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қаланың орнын анықтаған.
Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы, Керми-кент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған.
Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (ІХ-ХІ ғасырлар).
Испиджаб Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәде-ниет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі Х-ХІІ ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб ІХ-Х ға-сырларда Қарлүқ, Қарахан мемлекеттерінің қүрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталықболған.
Тараз ¥лы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлүқтар заманында ерекше гүлденді. Бүл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орналасқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: “Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор кдзылған,төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар.Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де түрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған”, – деп жазған.
Түркістан (Иасы) Бүл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр билеушісі АқсақТемір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған). Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндег беделі өсе берді.
Сығанақ “Болса тәңірім екінші өмір қиғандай, Сығанақта көз жүмар ем қиналмай”. Бүл – орта ғасырдағы түрік ойшылы Ғисамеддин әл-Сығанакидің айтқан сөзі. Сығанақ -Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ға-сырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы болды.
Баласағүн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бүл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша, Баласағүн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағүн қарлүқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағүнда үлы ақын, ғалым Махмүд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағүн туған. Баласағүн қаласы Ақтөбе деп те аталған
Сауран қаласында «Байлығымен, оғыз көпестерінің Орталығы болуымен қатар маңызды сауда нүктесі ретінде де ерекшеленеді.
XVIII-XIXғғ Қазақстан мен ортаазиялық мемлекеттерХиуа хандығы — 1512 — 1920 жылдар аралығында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекет. Өзбек ханы Елбарыстың басшылығымен, Шайбани әулетінен бөліну негізінде құрылды. Астанасы бастапқы кезде Вазир мен Үргеніш қалалары болды. 16 ғасырдың 70-жылдары астана Хиуа қаласына көшірілді. Қоңырат әулетінің ірі өкілі Мұхаммед Рахым хан болды (1806 — 25). Ол Хиуа хандығын бір орталлыққа біріктірді. Жоғарғы кеңес құрып, салық реформасын жүзеге асырды, мемлекеттік кірісті ұлғайтты, көршілес ұсақ иеліктерді (Арал маңы, қарақалпақтар, т.б.) бағындырды. Бұл орталық өкіметтің нығайып, күшейген кезеңі болды. 1714 — 17 жылы Петр І патша Хиуаға А.Бекович-Черкасский басқарған экспедиция аттандырды (қ. Хиуа экспедициясы). 19 ғасырдың бас кезінде Хиуа хандығы Арал маңы мен Үстіртті мекендеген Кіші жүз қазақтарына шабуыл жасауды үдетті (қ. Хиуа хандығының Қазақстанға шапқыншылығы). Орталық Азия үшін күресте Ұлыбританиямен бәсекелескен Ресей өкіметі 1839 — 40 жылы В.А. Перовскийдің басшылығымен Хиуа хандығына қарсы әскери шабуыл ұйымдастырды. Кіші жүзді билеген кейбір қазақ билеушілерінің көмегіне қарамастан Ресей империясының бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Бірақ Орталық Азияға біржолата орнығуды көздеген Ресей отаршылары Хиуа хандығына үнемі әскери және экономикалық қысым жасап отырды. Ақыры 1873 жылы К.П. Кауфман бастаған Ресей әскерлері Хиуаны басып алды. 1808 – 1815 жылдары Қоқан хандығы жойқын ұрыстардың нәтижесінде Абылай хан тұқымының қарамағындағы Шымкент, Түркістан қалаларын жаулап алды. Түркістан қаласын жаулап алуы Қоқан хандығы мен Бұхара әмірі арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыра түсті. Түркістаннан қашқан Тоқай төре Бұхара әміріне барып паналады. 19 ғасырдың 20-жылдары қоқандықтар Ұлы, Орта және Кіші жүз қазақтары қоныстанған Арал тенізінен Шу, Іле өзендеріне дейінгі аралықты жаулап алды. Соның нәтижесінде Қоқан хандығы ның шекарасы батыста Хиуа, Бұхар хандықтарымен, шығысында Шығыс Түркістанмен, оңтүстікте Қаратегін, Дарбаза және Кулябпен шектесіп жатты, солтүстікнде Шудың орта ағысын бойлай отырып Балқашқа дейін жетті. Қоқан хандығы билеушілері Сырдария бойында Дінқорған, Қошқорған, Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған, Жүлек, Шудың бойында Тоқмақ, Пішпек, Меркі, Сарысуда Қаражар, Төртқұман, Ұлытау бекіністерін Қорағаты өз. бойында Иткешу бекінісін салдырды. 1826 жылы Әулиеата бекінісінің негізі қаланды. Қоқан бекіністері төңірегінде көшіп-қонып жүрген қазақ қауымдары жылына түндік басы 6 қой, 24 қап көмір, 4 өгіз арба сексеуіл, 100 бау қамыс тапсыруға міндетті болды. Ал егіншілер егіс өнімінің үштен бірін Қоқан хандығы қазынасына төлеуге тиісті еді. Оның үстіне соғыс кезінде қару ұстауға жарайтын әрбір қазақ Қоқан бектерінің қол астында әскери қызмет атқаратын. Осындай езгіге қарсы қазақ халқы талай рет бас көтерді (1821, 1858). Бұл қозғалыстар жақсы ұйымдастырылмай жеңіліске ұшырады. Қоқан хандығы нда халықтың негізгі кәсібі егіншілік болды. Басты дақылдары мақта және күріш екті. Хандықтағы Қоқан, Әндіжан, Маргелан секілді ірі қалаларында жібек және мата шығаратын ұсақ кәсіпшіліктер едәуір дамыған болатын. Олардың беретін өнімдері елдің өз ішінде ғана сауда-саттыққа түсіп қоймай, басқа жақтарға да шығарылатын. Сонымен қатар Ферғана жазығын суландыру жүйелерін салу да кеңінен дамытылды. Мәделі хан билігінің ақырғы кезеңінде күшейген халық наразылығын, сол халықтың бас көтерулерін пайдаланған Бұхар әмірі Насрулла 1839, 1841 – 1842 жылдары Қоқан хандығы на бірнеше рет ойсырата соққы берді. Қоқан хандығының Ташкент, Ходжент, т.б. жерлерін өзіне қаратып алды, өз адамын Қоқанға әкім етіп тағайындады. Алайда көп ұзамай Әлім ханның немере інісі Шерәлі хан (1842 – 45) Қоқан хандығы н Бұхар әкімдерінен тазартып, Қоқанда хан болып біржолата орнықты. Насрулла жаулап алған Ташкент пен Ходжентті қайтарып алды. Шерәлі ханның мирасқорлары Худаяр (үзілісімен 1845 – 1875және Малля (1858 – 1862) хандар тұсында Қоқан хандығы ның ішкі жағдайы барынша әлсіреді. 19 ғасырдың 2-жартысында Ресей әскерлерінің Орта Азия хандықтарын бағындыруға бағытталған шабуылы басталды. Орынбор ген.-губернаторы Перовский ұйымдастырған Хиуа экспедициясының (1839) сәтсіздігінен кейін, Ресей өкіметі Қоқан хандығы н жаулап алуға кірісті. Бұхар мен Хиуа хандықтарына қарсы болашақ жорықтарда патша өкіметі Қоқан хандығын өте қолайлы плацдарм деп қарады. Іштей әлсіреген Қоқан хандығы жақсы қаруланған Ресей әскеріне айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. 1864 жылы маусым айының 4(17) күні полковник М.Г. Черняев басқарған орыс әскері Қоқанға қарасты Әулиеата қаласын басып алды. Қоқан билігіне қарсы Байзақ датқаны қоқандықтар 1864 жылы тамыз кезінде Шымкентте зеңбірек аузына байлап атады. Ресей әскері 1865 жылы 17 мамырда Ташкентті, 1866 жылы 24 мамырда Ходжентті алды.
XVIIIғ.ІІжарт Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан-тарихи хан.Абылай хан – (Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай сұлтан, Абылай баһадүр) қазақтың белгілі ұлы хандарының бірі. Ол 1711 жылы, кезінде Орта Азияның бірнеше қаласының билеушісі «қанішер Абылайдың» баласы «Көркем Уәлидің» шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеген кезінде, шайқастардың бірінде қазаға ұшыраған. Жау қолынан туған-туыс, үй іші бірдей қырылады. Ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғыннан жас ханзаданы Ораз аталық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды. Абылай өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Төле би үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен оған осы есімді қойған екен-мыс. 1729 жылы жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. 1733 жылы болған соғыстардың бірінде жеңіске жетеді. Сабалақ ортаға «Абылай» деп ұрандатып шығып, қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді. Қалмақтың қас батырын жеңген Сабалақтың аты қазақ даласына тарап, енді оны «Абылай» деп атап кетеді. Осы шайқастан кейін Абылайдың шыққан тегі мәлім болып, қазақтың ханы Әбілмәмбет «тақ сенікі» деп тағын ұсынған екен. Абылай ресми түрде 1771 жылы, тек Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін ғана таққа отырады. Абылай өз заманының көреген де ақылды саясаткері, жаужүрек батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған. Ол сонымен қатар мұсылмандық білім алған, сауатты да айбынды билеуші болған. 1730 жылы Абылай хан көрші елдермен келісімдерге қатысып, қазақтардың барлық әскери жорықтарын басқарады.
1740–1750 жылдары Абылай жоңғарлармен бейбіт келісімге келіп, жоңғарлар қазақтарға Сырдария маңындағы қалаларды қайтарып береді. 60-жылдары ол Ресей және Қытаймен дипломатиялық байланыстар орнатады. Осылайша Абылай қазақтың жерін көршілерінен қорғап қалу саясатын ұстанды. Абылай ханның көреген және шебер дипломатиялық саясатының нәтижесінде XVIII ғасырдағы көшпелі этностардың ішінде қазақтар алдыңғы орынға шықты.
Абылай хан Қазақстанда және одан тысқары жерде дарынды қолбасшы, зерделі саясаткер ретінде танылды. Ол қазақ хандығын қуатты мемлекетке айналдыруды мақсат етті.
1754–1755 жылдары Қытай Жоңғарияны жаулап алып, Қазақстанның шекарасына жақындайды. Қазақтар Абылайдың бастауымен жеңілген жоңғарларға көмек көрсе­теді. Олар қалмақтардың соңғы ханы Әмірсананы Қытайға бермей, қайта Қытай әскерлеріне қарсы соғысады (1756 ж.). Қазақ билеушілері Жоңғар мемлекетін сақтап қалуды көздеді, өйткені ол Қазақстан мен қытай арасында өткел ел (буфер) ретінде еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Абылайдың ішкі саясаты орталық билікті нығайтуға бағытталды. Абылай елді ұлыс жүйесімен басқаруды енгізді.
Орталық билікті күшейтуде Абылай ханның жасаған екінші бір шарасы өз дәуіріндегі беделді, талантты жеке тұлғаларға сүйену болды. Абылай ханды XVIII ғасырдағы ұлы жыраулар Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, батырлардан Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, атақты билер Ұлы жүздегі Төле би және Орта жүздегі Қазыбек би мен Кіші жүздегі Әйтеке билер үнемі қолдап отырды.
Абылай ханның көрегендікпен жүргізген ішкі және сыртқы саясаты барысында Қазақ хандығы қуатты, біртұтас мемлекетке айналды. 1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болып, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленеді.
XVII-XІXғғ Орыс ғалымддарының Қазақстандағы зерттеудегі үлесі.Қазақстанның тарихы мен географиясын, этнографиясын және мәдениетін зерттеуде Ресей ғалымдарының сіңірген еңбегі зор болды. Ресей зиялы қауымының Қазақстан аумағына саяси себептермен жер аударылып келген өкілдері көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Олар, әрине, әр түрлі кәсіп пен мамандық иелері — ақын-жазушылар, тарихшылар, географтар, әскери қызметкерлер мен дәрігерлер болатын. Сонымен қатар олар қазақ өлкесін отарлау саясатына ғылыми тұрғыдан негіздеуге де ішінара қызмет етті. Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігі Орынборға, Омбыға, Ташкентке — Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкелерінің әкімшілік орталықтарына шоғырланды. 1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицері Б.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы жарияланды. Онда Солтүстік-шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан, өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен егжей-тегжейлі құнды деректер берілген. Белгілі тарихшы А .И. Левшин (1799— 1879) «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Семенов-Тян-Шанский(1827—1914) де Қазақстанды зерттеуші ірі ғалымдардың бірі болды. Ол Алтай мен Жетісудың және Қазақстанның оңтүстік өңірін зерттеуге қатысты. Ғалым «Ресей. Толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық серияның «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі екі томын әзірлеуге белсене қатысты. Оларда Қазақстанның географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттығы және шаруашылық қызметінің түрлері туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтірілген. Белгілі ғалым әрі Батыс Сібірдің әкімшілік қызметкері В.В. Велъяминов-Зернов XVI—XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихын мұқият зерттеді. Ол «Қасымов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу», «Кырғыз-қайсақтар туралы тарихи деректер» деген еңбектер жазды.Торғай облысының мал дәрігері А.И. Добросмыслов қыруар мол дерек көздері негізінде «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбек жазып қалдырды. Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы мен саяси оқиғалар егжей-тегжейлі толық сипатталған. Автор XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар барысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек «Кіші қырғыз Ордасындағы орын алған, қазір де ішінара орын алып келе жатқан халықтық әдет-ғұрыптар» деген атпен қазақтардың әдет-ғұрып құқықтарының жинағын құрастырып, басып шығарды. Баллюзек Қазақстанда қызмет еткен кезінде орыс шенеуніктеріне қазақтың билері мен сұлтандарынан дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтары туралы материалдар жинастыру жөнінде тапсырма беретін. Ол сондағы жиналған материалдарды өндеп, кітап етіп шығарды. XIX ғасырдың орта кезінде M M. Красовский «Сібір қырғыздарының аймағы» атты үш томдық еңбек жазды. Онда Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы қазақтардың өмірінен көптеген егжей-тегжейлі тарихи-статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. Аса көрнекті орыс ғалымы, тарихшы әрі этнограф Н.Н Аристов «Түркі тайпаларының этностық құрамы туралы жазбалар», «Үлкен орда қырғыз-қазақтарының және қырғыздардың этностық құрамын анықтау тәжірибесі» сияқты тағы басқа да теңдесі жоқ тарихи-этнографиялық еңбектер жазып қалдырды
XVIIғ. ІІжартысындағы жоңғар хандығының агрессиялық саясатының себептері мен басталуы.Қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау – жоңғарлар еді. Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін қақтығыстар XV ғасырда басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара сал­мағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қонтайшы (1634–1654 жж.) билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670–1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Цеван-Рабтан (1697–1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 жылы ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңыз­ды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді. 1710–1711 жылдары жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді. 1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осын­да Ертістің бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір балқытып, зеңбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әріп құюға үйретеді. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарын жасап, жүз мыңнан астам әскер құрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда қазақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардың шекарасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзен­дерінің аралығымен өтетін. 1723 жылдың көктемінде жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының ба­урайына орналасты.
XVI-XVIIғғ қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысы. Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан феодалдық мемлекет болды.Оның көшпелі және жартылай көшпелі далалық өңірінде патриархалдық – феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші аймақтарда феодалдық қатынас қалыптасты. Қазақ хандығында облыстық басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі қолданылды. Басқару жүйесінде ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он шақты түтін бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл бір ата (аймақ) болды. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды. Осы рулардан тайпа құралды. Қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Ол қазақ хандығына бағынды. Хан – қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстады.Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, тайпаларды билер, руларды ру басылары, аймақтарды (аталар) ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі екінші қазақ қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды.Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқысы бай малшылар алысқа көше алды (кіші және орта жүз жерінде жылына 700-1000 шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы шикізат – жүн, тері, елтірі өнімдерін берді.Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениетінің бесігі болған орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды.Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер – зергер деп аталды.
XV-XVIII ғ.ғ Қ-н мәдениеті Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тeгі жағынан біp-біpінe жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты. XV ғ - қазақ тілі өзіне тін ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. XV-XVIIғ қазақтар араб жазуын қолданды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-XVIIIғ кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет - қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай». XV-XVII ғасырларда өміp сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғаска, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Буқар. Доспамбет жырау (1490-1523ж.) – шешен және батыр. Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған. Шалкиіз Тіленішұлы (1465-1560/к.) Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен. Жиембет жырау Бортоғашұлы - XVI ғасырдың соңғы ширегі XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген жырау. Есім ханның Kіші жуздегі ел басқарушы биі, әскербасы болған. Актамберді Сарыұлы - (1668-1762 ж.ж.) жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайратксрі. Ол 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармсн соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" оқиғаларының куәгері. Оның 26 туындысы бізге жеткен. Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781жж), халық арасында "көмекей әулие" атанған. Бұқар Тәуке хан тұсында ел билеу іcінe араласып, кейін Абылай х ақылшысы болған. Ол қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бip орталыққа бағынған күшті мемлекет болуын аңсаған. Абылайды осы арманды жүзсге асырушы деп есептеп, хандық өкімстінің берік болуы жолында күреседі. Үмбетей жырау Тітеуұлы (1697-1786ж.) Әкесі - шебер қобызшы, жыршы. Жорықтарға қатысып, батырлардың ерліктерін көріп, оларды мадақтап өлеңдер шығарды. Оның "Бөгенбай өліміне".
Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.Абай Құнанбаев (1845-1904) – ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау етеді. Терең философиялық ой мен азаматтық пафосқа толы оның өлеңдері езгі мен надандыққа қарсы күреске шақырады. Жаңа заман ақыны ретінде Абай қазақ әдебиетінде поэма жанрының орнығуына ықпал етті. Оның поэмаларының мазмұны (“Масғұд”, “Ескендір”) шығыс классикалық әдебиетінің мәнерімен Абайдың өзгеше ойлауымен құрылған көркемдік прозаның дамуына Абай қосқан үлес оның “Қара сөздерімен” бағаланады, бұл кітапта Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы айқын көрсетіліп, көптеген тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер көтеріледі. Олардың айрықша ерекшелігі тілдің көркемдігі, мазмұн байлығы, философиялық тереңдігі. Ақынның азаматтық борыш, тұрмыс мәні туралы қасиетті ойлары жас ұрпаққа бағытталған.Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық  өнері тарихында ерекше  орын  алады. Абайдың әуендік таланты халықтық  негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген.  Абайдың  “Көзімнің қарасы”, “Не іздейсің көңілім”, “Айттым сәлем, Қаламқас”,  “Татьянаның хаты”  және  т.б. әндері арқылы халықтық ән шығармашылығына жаңа ырғақ, ана тілді көркемдік-мәнді қолданудың жаңа қағидалары ендірілді. Абай халықтық музыка қорын ырғақтық ән өнерімен байыта отырып, жаңалық із салды.
Ақ Орда-ң саяси тарихы мен мемлекеттік құрылымы. ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.). Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ.), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ.) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы: Батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар.Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы – Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты. Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруа-ғын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді. Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды және бұл кезде Ақ Орданың өзіне Әмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс ханға түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір-Мәлікті (1376-1379 жж.) 1379 жылы жеңіп, Ақ Орда билеушісі болды. Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІҮ ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады. ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар. 1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.
Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған, сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.Алашорда үкіметінің төрағасы болып Ә. Бөкейханов сайланды. Орт-Семей. «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.«Алаш» партиясының бағдарламасы:басқару түрі;автономия;азаматтық негізгі құқықтары;дін ұстану туралы мәселе;соттар туралы;қорғаныс;салық;жұмысшы мәселесі;халық ағарту;жер мәсе­лесі.1917 ж көкьемінде болып өткен облыстық Қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комиттерінің мүшелері «Алаш» партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 ж. өзінде-ақ құруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы іс жүзінде 1917ж мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 ж желтоқсанында жүзеге асқан еді. Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ ұлттық саяси партиясын шын мәнінде заңдастырды. 1917 ж 21 қараша «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды: «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау, дінді мем-тен бөлектеу, сот ісін қазақ тілінде жүргізу, әскери қызметті өз жерінде атқару, жұмысшыларды заңмен қорғау, «Алаш» партиясы жұмысшылар туралы социол-демократтардың меньшевиктік тобының бағдарламасын жақтады, Оқудың жалпыға бірдей және ақысыз болуы, жиналыс, сөз, баспасөз еркіндігі, жерді алдымен жергілікті халыққа беру. 1917 ж қараша 1918 ж қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында -57,5%, Семей уезінде -85,6%, Торғай, Орал губерниясында -75%. Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. «Алаш» қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды.
Алтын Орданың құрылуы, нығаюы және ыдырауының тарихы:1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының көпшілік бөлігін қыпшақтар құрады. Сондықтан деректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа монғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территориясының бір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді.Алтын Орда көпұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол әралуан халықтар мен тайпалардан құралды. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХІҮ ғасырда монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады. Сонымен, белгілі шығыстанушы Л.Н. Гумилев атап көрсеткендей (Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992, 208-б.) «жеңген монғолдар өздері құрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген және бағындырылған халықтар шын мәніндегі қуатты күшке айналып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушылар бұл күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың ұлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242-1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде ұстады. 1260 ж. Монғол империясы тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256-1266) тұсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады. ХІІІ ғасырдың 80-ші жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Бірақ билеушілердің хан тағына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың құлдырауы басталды. 1357-1380 жылдары ондаған хан ауысады. Сөйтіп, бұл жылдар Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мәуераннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380-1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ ХІҮ ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. ХҮ ғ. орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді. Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік құрылысының негізгі бастамасы сақталды. Жошы ұрпағының мемлекеті саяси құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстары неғұрлым ұсақ үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекет болған еді.
Алтын Орданың құрылуы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орданың этносаяси байланыстары.1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Европаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды. Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғол армиясының көпшілік бөлігін қыпшақтар құрады. Сондықтан деректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236-1242 жж. Еділ Бұлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны талқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мұнда жаңа монғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды. Бұл мемлекеттің аумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияның төменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. Алтын Орда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм және Батыс Сібір территориясының бір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағы Сарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласына Еділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді. Алтын Орда көпұлтты мемлекеттік құрылым еді. Ол әралуан халықтар мен тайпалардан құралды. Монғолдардың өздері тіпті аз еді. ХІҮ ғасырда монғолдар іс жүзінде түріктеніп кеткен еді, ал Алтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады. Сонымен, белгілі шығыстанушы Л.Н. Гумилев атап көрсеткендей (Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992, 208-б.) «жеңген монғолдар өздері құрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген және бағындырылған халықтар шын мәніндегі қуатты күшке айналып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушылар бұл күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың ұлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242-1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде ұстады. 1260 ж. Монғол империясы тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256-1266) тұсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266-1280) тұсында Алтын Орда тұңғыш рет өз атынан теңге құя бастады. ХІІІ ғасырдың 80-ші жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір ұрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298-1312) алауыздық өзара күреске ұласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді. Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Бірақ билеушілердің хан тағына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың құлдырауы басталды. 1357-1380 жылдары ондаған хан ауысады. Сөйтіп, бұл жылдар Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Жошының ұрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мәуераннахр мен Кавказдың ар жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380-1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ ХІҮ ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. ХҮ ғ. орта кезінде Алтын Орда құлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді. Алтын Ордада Жошы ұлысының мемлекеттік құрылысының негізгі бастамасы сақталды. Жошы ұрпағының мемлекеті саяси құрылысы жағынан ұлыстарға бөлінген, өз кезегінде ұлыстары неғұрлым ұсақ үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелі мемлекет болған еді.
Батыс түрік қағанаты. Батыс Түрік қағанатының аумағыШу,Іле,Әмудария,яғни Жетісу жері.ОрдасыСуяб,Жазғы ордасы-Мыңбұлақ.Халқы он оқ бұдын. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аумақты қамтыған.Тайпа өз ішінен 5нушеби, 5дулу болып бөлінген. Қағанатты Түріктің ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Ең жоғарғы билеуші-қаған болды. Одан кейінгі,шад,жабғу,елтеберлер ашина руынан шыққандар ғана болды. Қарапайым халық-қара будын деп аталды. Алғашқы қағаны-Тардуш. Ол 2-ге бөлінген қағанатын жаулап,өзін қаған деп жариялады. Бірақ телілердің бас көтеруінен қағанаттар қайта бөлінді. Қағанат Шегу жане Тон қағандар тусында арта тусті. Шегу қаған саясаты (610-618)-шығыстағы жане батыстағы шекараны кенейтті.Тон қаған саясаты(618-630)-батыс шекараны ұлғайтты,627ж-Иранға қарсы византиямен одақтасты. Кейіннен Елтеріс қаған кезінде,659ж Қытай Жетісуға басып кіреді,Елтеріс қаған қаза табады.704ж батыс турік қағанаты құлап,орнына Түргеш қағанаты келді.. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды
Бөкей Ордасының құрылуы.XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жылы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әскери бекіністі шептердің іш жағында орна­ласқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ноғай, жетіру, масқар, серкеш, тана қызылқұрт, кете, таз, төлеңгіт, ру – тайпалары енді.Патша шенеуніктерінің сипаттауынша Бөкей «жоғары мәртебелі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру ба­рысында Бөкей өз мүдделерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына отыру мүмкіндігі мен беделі жетіспей жүрген ол орыс билеушісінің сенімін пайдаланып, Жайықтың оң жағалауында өз хандығының негізін қалауды ниет етті. Жаңа хандықты орыс жерлері мен бекіністі шептер жан-жағынан қоршап тұрды. Жайық бойында – әскери шептің казактар форпосттары, солтүстігінде – Жаңа өзен шебінің форпосттары, батысында – тұз жолдарының бекеттері мен Астрахан казак әскерлерінің тосқауыл отрядтары, қалмақтар жайлаулары, оңтүстігінде – Каспий теңізінің жағалауларындағы орыс қоныстары орналасты. Хандық шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерлерді қамтыды. Жайықтың батыс жағалауына көшіп барған қазақтардың кері қайтуларына рұқсат етілмеді. 1812 жылдың басында патша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қайсақ ордасының ханы» етіп ресми түрде бекітті. 1815 жылғы 12 мамырда орданың негізін қалаушы Бөкей дүниеден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақтарына ғана бекітіп берген еді. Өлер алдындағы өсиетінде хандық билігін сол кезде 14 жастағы баласы Жәңгірге қалдыратынын айтқан болатын. Жас Жәңгір кәмелетке толғанша орданы Шығай биледі. Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отаршыл әкімшіліктің өзіне жүктеген міндеттеріне сай қазақтардың өмірі мен тұрмысының және дәстүрлі ел басқару жүйесінің кейбір бағыттарына батыл түрде өзгерту енгізе бастады. Жәңгір көшпелі халықты отырықшыландыру мақсатымен олардың егін егуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Орыс хуторлары мен деревняларының үлгісі бойынша тұрақты қоныстар салуға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ордасынан бастап ауылдарда мектептер, училище­лер мен мешіттер ашты. Ол патша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйектерінің мүдделерін ұштастыру саясатын жүргізді. 1827 жылы Нарын құмы Жасқұс шатқалындағы қонысты орда орталығы етіп жариялады. Ол әлеуметтік-экономикалық бағытта Ішкі Ордада феодалдық тәртіп ор­натты. XIX ғ. 30 ж. ортасында Ішкі Орданың тұрғындары хан мен оның айналасындағылар патша әкімшілігінің аяусыз қанаушылығына ұшырады.
Бірінші дүние жүзілік соғыс жыл-ғы Қ-н.Бірінші д.ж.лік соғыс 1914 ж. 19 шілдеде басталды. Соғыс басталған соң жалпы Империяда ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте бірте кеми берді.Яғни Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты.Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерстер енгізді.Ең алдымен ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен Қаз.н бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913ж. Салыстырғанда 1917ж. 63,5%-ға жазғы бидай -8,4%-ға ,тары 22,1%-ға,картоп 46,3%-ға қысқарды.Қаз.ң барлық аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу шаруашылықтың да құлдырауына әкеліп соқты.Ұсақ мал көбірек ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Мал санының қырқауы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттеріне мәжбүрлеу тәртібімен етберуге міндетті болғандығынан орын алды.I Д.ж.лік соғыс басталған соң Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді.Успен және Сасық Қарасу кеніштерінен темір кенінөндіру арта түстіБұл кенштерден 1914 ж. 246құт,ал 1916 ж. 1551құт темір кені өндірілді.Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Көмір өндіру Семей,Торғай, Ақмола, обл.да жүргізілді және Екібастұз кен орындары елеулі роль атқарды.Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың,қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады.жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат ал кейде 16 сағатжұмыс істеді.Селолар қалалар мен ауыл.р еңбекшілер жағдайының нашарлауы 1914-ж.өзін ақ Қарағанды,Екібастұз шах.да теміржол жұмысшылары арасында бас көтерілулер мен ереулдерге алып келді. Нәтижесинде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт азаттық қозғалысына зор ықпал жасады.
Ежелгі тас ғасыры дәуіріндегі Қ-н: Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит көзендерінен түрады. Палеолит ез кезеңінде ежелгі және соңғы - палеолитке бөлінеді.Ежелгі палеолит ірі-ірі үш дәуірге: олдуеай (бүдан бұрынғы 2,6 млн - 700 мың жыл), ашель (бүдан бүрынғы 700 мың - 150-120 мың жыл) және мустье (бүдан бұрынғы 150-120 мың - 35-30 мыңжыл) бөлінеді. Бүкіл тас дәуірі бойына еңбек қүралын жасауда басты ролді тас атқарады. Ежелгі палеолитке тән тастан жасалынған еңбек қүралдары Кеңірдек елді жанынан, Каратау жотасының оңтү-стік-батысындағы Арыстанды өзені алқабынан табылған. Ашель дәуірінің тұрақтары Бөріқазған мен Тәңірқазған Қаратаудың солтүстік- шығысында табылған. Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстанда да табылған. Мустье дәуірінің ескерткіштері Оңтүстік және Орталық Қазақстанның жерлерінде кептеп табылған.Жалпылама археолог ғалымдарының пікірі бойынша ежелгі палеолит тұрғындары эволюциялық дамуы жөнінен Ноmо Sаріеns сатысына сәйкес келетін питекантроп пен синантроптың замандастары болады. Олар сол кезде - ақ от жағып, оны сақтай білген, ірі және майда жануарларды аулаумен, жеміс - жидек жинаумен айналысқан.Соңғы палеолит біздің заманымыздан бүрынғы 40-35 мың жылдан басталып, 10 мың жылмен аяқталады. Бүл кезең жер шарының барлық аймақтарына адамзаттың кеңінен тарап және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Соңғы палеолитте адамның ақыл-ойы дамып саналы адам (Ноmо Sаріеns), олардың рулық қауымдастығы пайда болды. Рулық қауым барлық жерлерде шеше жағынан топтасты, ал осыған сай әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады. Сонғы палеолитте адамның дүние танымы к\.рделеніп адамның жаны туралы, о дүниедегі өмір туралы ұғымдар қалыптасып, әдет-ғұрыптық рәсімдер пайда болды.Казақстан өңірінде соңғы палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері көп емес. Шығыс Қазақстанда Қанай, Сеинчатка, Пещера, Новое-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.Мезолит. Казақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін толық зерттелемегн. Әдебиетте мезолиттің ер турлі хронологиялық шеңберлері кездеседі. Казақстан өңірі үшін ең қолайлысы б.з.б Х-УІІ мыңжылдықтар. Палеолиттен мезолитке кешу адамзатты қоршаған ортадағы езгерістермен байланысты. Табиғаттың өзгеруі, тамақ табудың бүрынғы әдістерін жарамсыз етіп, жаңа әдістерді, еңбек қүралдарын іздестіру қажеттігін туғызды. Мезолит дәуірінде садақ пен жебе пайда болды. Егіншілік, мал шаруашылығы, аңшылық квсіптері қалыптасты. Қазақстан өңірінде осы кезге дейін 20 шақты мезолиттік тұрақтар табылған. Олардың ішінде Қызылжар қаласына жақын Есіл бойында Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар маңында Тельман-7,- 3 а,- 9 а,- 14 а, Қарағанды маңында - Әкімбек, Кэрағанды - 15, Торғай ойпаңы ауданында Дүзбай-6, Крстанай қаласы маңында Дачная, Еегеньевка және т.б. тұрақтар бар.Неолит. Бүл дәуірдің басталуы шамамен б.з.б. VII мыңжылдықтың екінші жартысы VI мыңжылдықтың басы. Ол - тас өндеу техникасының жетілген дәуірі. Еңбек қүралдарын ендіру (мал шаруашылығы, егіншілік) жетілді. Қыш қүмыра, тоқымашылық дамыды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Олар орналасу сипатына қарай - бүлақтық, өзендік, келдік, үңгірлік тұрақ болып 4 түрге бөлінеді. Казақстан аумағынан, негізінен Солтүстік Казақстанның әзірше неолиттік бірнеше қабір табылған. Барлық қабірлерде сүйекгермен бірге жебелердің табылуы бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қоймай, соғыстарға да араласып тұрғанын көрсетеді.Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың. орын алады.Энеолитте мыс пен тастан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылды.Мысты тас ғасырында еңбек бөлінісі мен аталық ру орнады. Соңғы уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп қарстырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалар-дың гүлденуімен байланыстырады. Қаз.терр ерекше ескерткіш Солт.Қаз Ботай тұрағы болып табылабы. Ботай тұрағы 3-2 мыңж жатады, қазу кезінде 158 тұрғын үй табылған. Сонымен қатар, Маңғыстаудан энеолит дәуіріне жататын Шебір тұрағы табылды.Сөйтіп, қорыта келгенде, тас дәуірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы және алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастауы үрдісі жүрді.
Ежелгі үйсіндердің әлеуметтік және саяси тарихыБ.з.д. ІІ – б.з ҮІ ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін – қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог О. Смағұлұлының дәлел-деуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды. Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым Н. Мұқаметқанұлы: “Үйсін мемлекеті дегеніміз – үйсін тайпалар одағынан құрылған Қазақстан аумағында б.з.д. ІІ – ҮІ ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы “Усунь” деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған тарихи деректер мол, қазылған археологиялық мұралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес”... Аталмыш “Үйсін” деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған “Тарихнама - Ши цзы. Хұндар тарауында” хатталған”, - деп көрсетеді. Үйсін мемлекетінің негізгі терр-сы қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қытайдың Іле аймағы болды. Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Үйсі мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғұндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған. Ол Ыстық көлдің жағасында орналасқан. Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай деректеріндегі мәліметтерге қарағанда – үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 әскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі құрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік ұйымы болды. Әлеуметтік қатынастар заңдар арқылы реттелді, күшті, ұйымдасқан әскері болып, қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.Үйсін қоғамы біртекті болмаған, онда байлары – тайпа мен ру дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара – малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер қоғамында құлдар да болған, олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралды және үй шаруашылығында пайдаланылды. Үйсін қоғамында мүліктік және әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жазба деректер мәлімдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандарының көлемі әртүрлі - үлкен, орташа және шағын болып келеді Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады.Үйсін шаруа-ғы:Үйсіндердің шаруашылығы мен мәдениеті жайындағы деректер археологиялық қазбалардан анықталып отыр. Қытай жазбаларында үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б. 105 жылы үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы. Әсіресе, жылқы мен қой өсіру жақсы дамыды. Кейбір байлардың 4-5 мың жылқысы болған. Сонымен қатар егіншілік те дамыған, бау-бақша өсірілген, кейбір қожалықтар жартылай отырықшылық тіршілікке көшті. Іле, Шу, Талас өзендері алқабынан суландыру жүйесінің іздері анықталды. Обалардан табылған мәдени мұралар қолөнер кәсібінің болғандығын да дәлелдейді. Үйсін мемлекеті біртұтас ел ретінде б.з. ҮІ ғасырының ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік қағанатының құрамына енеді. 34. ХҮ-ХҮІІІ ғ. бас. қазақ халқының мәдениетін ашып көрсетіңіз. Ақын- жыраулар: Асан Қайғы, Шалгиіз, Қазтуған, Доспанбет, Ақтамберді, Бұқар және т.б. шығармаларына талдау жасаңыз.
Енисей және Монғолияда табылған руналық мәтіндердің мазмұны мен маңызыКөшпенділер екінші дүниежүзілік өркениеттің бір бөлігі Еуразиялық континенттің тарихында көшпенділердің рөлі орасан зор. Енисейден Дунайға дейінгі алқапты тұрған тас мүсіндер соның айғағы сияқты. Енисейден және Монғолиядан табылған үлкен руналық мәтіндер өте маңызды құжат және көрнекті әдеби шығарма әсіресе екі мәтінді атауға болады. Олар Білге қағанның атынан жаылған, бүкіл ортағасырлық түрік тәдебиетінде осы саяси прозадан асқан үлгі жоқ және бұл араторлық өнердің көрінісі. Осы мәнтінде де қағанның, батырлардың отан қорғау қызметі байқалады. Екі мәтіннің композиторы құсас. Кіріспе дәуірінде өткен заманды баяндау барысында Тәңірлі, Ұмайды Ыдық Иер Суб басты құдайлары аталады.
VІІІ Х ғасыр руна мәтініне көп халықтың жалпы әдебиет тілі болды. Онымен оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар, қыпшақтар, қимақтар қолданған. Ертедегі ортағасырлық ежелгі түрік мемлекетінде жазбаның 2 түрі орын алған: руналық және ұйғырлық.
Ертеректегі ортағасырлық мемлекеттердің шаруашылығыҚазақстан аумағындағы орта ғасырлық мемлекеттердің шаруашылығы отырықшы егіншілікпен тығыз байланысты көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Сырдария, Талас, Іле, шу өзендерінің алқаптарындағы Испинджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Янгикент, Суяб, Қойлық, Мерке, Құлан сияқты т.б да қалалар мәдениет, сауда және әкімшілік орталықтары болды. Бұл қалалар отырықшы-егінші алқаптары мен көшпелі далалық аймақтар арасындағы, Ұлы Жібек жолы бойымен шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын көпір рөлін атқарды. Олар 6-10ғасырларда егіншілік пен қолөнершілердің қоныстары негізінде билеушілер ордасының жанында, тұрақты қыстау орындарында пайда болған еді.
Есім ханның саяси қызметі. Есім хан саясаты (1598-1628 жж).ерекшелігі: 1.Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды. 2.Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды. 3.Оңтүстік Қаз-ғы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.4.Бұхар ханымен бітмге келіп, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. 5.Қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді. 4.Сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді. 5Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті. 6.«Есім ханның ескі жолы» атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда: 1.Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті. 2.Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.3.Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.
Еуропадағы ЕҚЫҰ20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 56 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. 20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 56 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді.
Жанқожа Нұрмұхаммедов пен Есет Көтібаров бастаған көтеріліс-р. Территориясы: Хиуа хандығы. Қоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері: Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ, қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі, Салықтың көбеюі, тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3 сом 50 тиын қосымша салық салуы. Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы. Көтеріліс барысы: 1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді. Наразылық басқа аймақтарда да күшейді. Көтерілісшілер Әулиеата, Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді. Қозғаушы күштері: Көтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды. Негізгі қозғаушы күші – қазақ, қырғыз шаруалары. Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді. Жеңілу себептері: Күрестің стихиялылы-гы. Ұйымдастырудың әлсіздігі. Феодалдар-дың опасыздығы. Тарихи маңызы: Қазақ, қырғыз біріккен қозғалысы. Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.Көп жыл-р бойы патша өкіметіне Есет Көтібарұлыда қарсылық көрсетті 1847ж 18маусымда Ембі өзені бойында олар Орынбордан шыққан жазалаушы отрядқа шабуыл жасайды. қарсыластарының жақсы қаруланған күштеріне төтеп бере алмай жеңіліске ұшырапкейін шегінеді. 1870жылы наурызда Маңғыстау түбінде көтеріліс болды. Бозашы түбіндегі көтерілісті Досан Тәжұлы мен Иса Тіленбайұлы басқарды. Көтерілісшілермен жазалау отрядтары арасындағы болған шайқаста патша әскері әскері жәңіліске ұшырайды. Жараланған Рукин өзін-өзі атып тастайды. Патша өкіметі жан-жақтан әскер жинайды. Көтерілісші-р женіліске ұшырайды. 1870ж Иса,Досан өз жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетеді. Патша өкіметі көтеріліске қатысушыларды аяусыз жазалап соғыс шығыны ретінде адайлық-ға 90000мың қой көлемінде салық салады.
Жаңа экономикалық саясат және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері: 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты. Өнеркәсіп өнімі 6,3% болды. Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды. Мал саны 29,9 млн.-нан - 16,3 млн.-ға кеміді. 1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды: Азық-түлікті, отынды тегін босату; Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету; Ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдау. Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады: Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 1921 ж ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. 1921 ж наурыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты. XX ғ. 20ж. басында ауылдар мен селоларда халық наразылығының ұлғаюының себептері: Мемлекеттің еңбекші халыққа күш қолдану саясаты. 1921 – 1922жж. жаппай ашаршылық. Мал шаруашылығының ауыр жағдайы. Егін алқаптарының күрт азаюы. Осы жағдайлардан ұсақ тауарлы өндіріспен айналысатын шаруалардың мүдделерін ескеретін жаңа экономикалық саясат қажеттігі айқындала түсті. 1921 ж наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды (партияның X съезі). ЖЭС-тің белгілері: Азық-түлік салығы. Сауда еркіндігі. Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. Ауыл шаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. Енбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. ЖЭС-тің мәні – салғыртты салықпен ауыстыру. 1921 ж наурыз-сәуір – өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 1921 ж маусым – Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды. Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты: Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды және одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды. Бірыңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925жж өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жж өнімнің 1/13 бөлігі алынды. 1924 ж 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналган каражаттар мына салаларға бөлінді: Қорғаныс ісіне. Халық ағарту ісіне. Ауыл шаруашылығына. Ірі өнеркәсіпке. Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жж республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер: Егіс көлемі 1924 ж – 2,1 млн.га, 1928 ж - 4 млн.га-ға өсті. Мал шаруашылығы 1924 ж – 24,8 млн., 1928 ж - 41 млн.-ға көбейді. Шаруа қожалыктары 1924 ж – 737мың, 1928 ж - 1 млн.333 мыңға жетті. Астық өндіру 1924-1925 жж – 64618650 пұт, 1928-1929 жж – 240 млн. пұтқа артты. 103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы (Оңтүстік Қазакстан) құрылды. Шаруалардың жіктелу процесі күшейді: Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 1928 жылы шаруалардың 3/4бөлігі орташаларға айналды. Кулак-бай кожалықтар 6,6%-дан 14,8%-ға көбейді. ЖЭС жылдары өнеркәсіпте де өзгерістер болып жатты. Халық шаруашылығының Қазақ Орталық Кеңесі 8 тресті біріктірді. Одактық маңызы бар трестер құрылды: «Эмбанефть», «Алтайказполиметалл», «Атбасцветмет». Жалпыодактық трестер республика бюджетіне табыстарының бір бөлігін аударып отырды: «Эмбанефть» мұнайынан алынған табыстың 5%-ын Қазак АКСР-інің өлкелік бюджетіне аударды. Осылайша одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді. Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды. Ресейдің орталық аудандарынан республикаға бірқатар өнеркәсіп орындары көшірілді: Орынбор тоқыма фабрикасы, Қостанай шұға фабрикасы т.б. Өлкедегі кен өнерАқмола губерниясында – Атбасар. Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір. Бөкей ордасында – Орда. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж)
Жекешелендіру ҚР-ғы экон-қ реформа-дың негізгі бағыты. Жекешелендіру арқылы мемлкеттік моноолияны және тікелей тауар өндірушілердің өз еңбегінің қорытындысынан алыстауын жеңуге болады. Осыған бәйім респ-да «Мемл қарамағына алу мен жекешелендіру туралы» заң қабылданды. Жекешелендіру – жоққа шығаруға болмайтын, ұзаққа созылатын және күрделі процесс.
--Экон-қ реформалар басталғанда мем-ң меншігінде негізгі қорлардың 80%-ы болуы, жекешелендіру барысында мемл-к сектордың үлесін 30-40%-ға түсіру көзделді.
--жекешелендіру экон-қ дағдарыс күрделеніп, үдеп келе жатқанда жүргізіледі.
--инфляциялық процестердіңкүшеюі тұрмыс дәрежесінің төмендеууіне әкеп соқтырды, өйткені өндііріс құрал-жабдықтарын сатып алуға халықтың жеткілікті қаржысы болмады.
--республиканың халық шаруашылығы кешендерінде ірі кәсіпорындардың үлес салмағы жоғары болды.
--экномика шикізаттың және өндірушілік бағытта болды.
--кәсіпорындар аймақтар бойынша қалалар мен селолар арасында біркелкі бөлінбеді.
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы көтерілістері(1836-1838 жж.)Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін.Көтерілістің себептері:Ақшалай салықтың өсуі.Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.Мақсаты: Хан озбырлығына шек қою. Шаруалар жағдайын жақсарту.Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтеріліс барысы1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.
1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.
1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы .
1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті
1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.
1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.
Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .
Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
Нәтижесі:Салық мөлшеріне шек қойылды.Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.
Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Тарихи маңызы: XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.Отаршылдыққа қарсы бағытталды.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
Жеңілу себептері: Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.Көтеріліс басш-ның Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.Қару-жарақтың теңсіздігі.Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.
И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.
Көшпелі Ғұн империясының құрылуы. Саяси тарихыСаяси тарихы. Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпа­лық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі импери­ясы зор тарихи із қалдырды.Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, са­палық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамала­рында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.
Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңын­да қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.
Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген.
Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды.
Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйым­дардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін ала­тын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.Ғұндардың қоғамдық құрылысы. Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрыл­ды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Көшпелі Өзбек хандығының саяси тарихы.XV ғ. 20 жылдарында Қазақстанның далалық кеңістігінде Ақ Орданың ыдырауы мен Жошы әулетінің бақталастығының нәтижесінде пайда болған мемлекет Әбілхайыр хандығы немесе көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталды. Шайбан әулетінен шыққан Әбілхайыр жеке хандық құрып, 40 жылдан аса Қазақстанның далалық аудандарын біріктіріп, билікті өз қолына ұстап тұрды. Хандықтың шегарасы шығысында Балқаштан Жайыққа, солтүстігінде Ертістен Тобылдың орта ағысына, оңтүстігінде Сырдың төменгі ағысынан Аралға дейін созылып жатты.
Қазақ жүздері, этникалық аумағы. Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
Ұлы жүз тайпалары
Қазақ шежіресі бойынша Ұлы жүз мынадай тайпалардан тұрады:сарыүйсін; шапырашты; ошақты; ысты; албан; суан; дулат; сіргелі; қаңлы; жалайыр; шанышқылы.
Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы — Жетісу, Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдарияның орта ағысы. XIX ғасырдың аяғында Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мыңдай болды
Орта жүз тайпалары
Орта жүз тайпалары алты атадан тұрады (оларды "алты арыс" дейді): арғын; найман; қыпшақ; қоңырат; керей; уақ.
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы — Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанда Сырдарияның жоғарғы және орта ағысы аймағы. Орта жүздің арғын, найман тайпалары Жетісудың солтүстік-шығысында, Шу өзені мен Сыр өзенінің аралығында әр жерде шоқ-шоқ болып та жайғасқан.[1]
Кіші жүз тайпалары
Кіші жүз қазақтарына: байұлы, әлімұлы, жетіру деп аталатын үлкен үш тайпалар одағы кірді. Кіші жүз қазақтарының жері бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр. Шығыста Тобыл, Торғай, Ырғыз өзендері мен Мұғалжар тауларынан батысында Каспий теңізі мен Еділдің орта, төменгі ағысына дейінгі жерді, оңтүстігінде Сырдың орта, төменгі ағысы мен Маңғыстау түбегі, Үстірттен солтүстігінде Тобыл, Жайық өзендеріне дейінгі аймақты алып жатты. Кіші жүз қазақтарының XIX—XX ғасырлар шегіндегі саны 1 млн 200 мың адам болды
Қазақ қоғамының рухани өміріндегі Қожа Ахмет Яссауидің орны. Шығыстың атақты философ – ғалымы Әбу Насыр әл – Фараби (870-850) Бұқара мен Бағдатқа және тағы басқа қалаларда білім алып матем, логика, медицина, музыка және тіл ғылымы саласында орасасан зор еңбектер қалдырды. 948 жыл Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары тұрған трактат» әл Фарабидың ең кемел туындыларының бірінен саналады. Ол «Мұғалим - ассана» - «Екінші ұстаз» деген атаққа ие болған. Әл Фараби әлемдік деңгейдегі ғалым, әрі ойшыл. Ол шығармашылық қызметінде араб, парсы, грек, үнші, түркі мәдениеті мен ғалымдарының жетістіктерін ұстана отырып дамытты. Оның «Муза – ң үлкен кітабы», «Ғылымның жетілуі туралы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат» және тағы басқа еңбектері бізге жеткен. Әл – Фараби қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында сақтаулы. Ортағасырлық ғылымның тағы бір аса көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауи. Ол исламдағы сопылық бағыттың негізін салушы, ойшыл әрі ақын. Иассауидің ең басты еңбегі «Диуани хикмет» (ақыл кітабы деп аталады). Ахмет Иассауи көптеген атақтарға ие болған, соның ішінде жиі кездесетіні «Түркістан тұрғындарының тәрбиешісі», «Құдаймен бірлікте болуға қол жеткізгендерге жәрдем көрсетуші, ақиқатты таныған шапағатты сұлтан». Ол ХІ ғ. Орта Азиядағы Ислам ғылымы мен мәдениетінің орталығына айналған. Испиджаб қаласында туылған.Қазақ Совет мемлекетінің құрылуы. ҚАССР –дің әкімшілік – территориялық құрылымының өзгеруі. 1917ж 25 қазанда Ресей империясының астанасы петроград қаласында қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі кеңестердің қолына көшті.Қазан төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі кеңестердің қолына көшті.Қазан төңкерісінің идеологы яғни басшысы В.И:Ульиянов.Қазан төңкерісінен кейін билікті қолына алған кеңестер«Ресей халықтары құқықтарының декларациясын »қабылдады.Осыдан кейін кеңестерді Ресей мен шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына үндеуі жарияланды.Аталған үндеуде халықтардың діни сенімдері мен ұлттық мүдделеріне ешкім тиіспейтіні,барлық халықтың құқықтары бірдей болатыны туралы айтылған.1917-18 ж Қазақстанда кеңестер өкіметі кейбір өңірлерде күрес нәтижесінде,ал енді бір жерлерде бейбіт түрде орнады.1917 жылы 1қарашада 4 күнге созылған шайқас негізінде Ташкентте кеңес өкіметі орнады.Кеңестер билігі 1917ж қарашада Шымкентте,1917ж 7 қарашада Түркістанда орнады.Казревком 1919ж құрылды.Оның міндеттері:контреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.Өлкеде мемлекеттік шаруашылық мәдени құрылыс үшін жағдай жасау.Өлке кеңестерінің құрылтай сьезін әзірлеу.Оның құрамына Семей,Ақмола,Орал,Торғай обл-тарының шығыс бөлігі кіреді.Казревком төрағасы Пестковский.Мүшелері А,Байтұрсынов,Ә. Жангелдин,С.Сейфуллин және т.б КАКСР 1920 жылы 20 тамызда-қазақ автономиялы кеңестік-социалистік республика құру туралы декрет шықты.Астанасы Орынбор қаласы. Аумағы Семей Ақмола Торғай Орал обл-тары.
Қазақ халқының шығу тегінің этникалық түбірлері.Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т.б.) иран тілдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі.Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері "Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” – деп көрсетеді.Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн. халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп – жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін – мемлекеттік дін ретінде қабылдаған. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғ. – II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық торабы болды, мұнда Қазақстанның ірі екі этникалық қауымдастығының тоғысқан жері жатты. Олар – Орталық, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда- ғы үйсін тайпалар одағы, бұларға Сырдарияның төменгі ағысы арқылы Кіші жүз тайпалары келіп қосылады.XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында "қазақ” деген атпен белгілі болған. Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе "қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде "өзбек-қазақ”, кейін "қазақ” деп аталған дейді. "Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ” деген сөз "басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де "қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде XIV-XV ғас. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс.
Қазақ хандығының қалыптасуы. ХV ғ соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары. Қазақ хандығының қалыптасуы. ХV ғ соңындағы алғашқы қазақ хандарының жер және қалалар үшін соғыстары. Жетісуда Қазақ хандығының шаңырағын көтеру жөніндегі шешімді тек Жошы тұқымы Жәнібек пен Керей сұлтандардың қазақ қоғамының ішкі өмірін реттеп отырған ру-тайпаақсүйектерінің келісімінсіз қабылдауы, тіпті де мүмкін еместін. Жаңа мемлекеттік жүйе құру аса күрделі екендігі түсінікті. Жәнібек пен Керейдің "Алаш мыңын" бастап Жетісуға бет алуы, бұл, әрине, тарихи үдерістің сыртқы көрінісі ғана болатын.Тарихшы Қадырғали бидің шежіресі бойынша, "Алаш мыңы" одағының қалыптасқан мезгілі XIII ғасырдың соңы — XIV ғасырдың бас кезі. Шамамен, Тоңқа би тұсында "Алаш мыңы" одағы Өзбекиядан бөлініп шығып, Қазақ хандығын құрды. Яғни, Тоңка би оның соңғы биі. Бұдан былайғы уақытта "Алаш мыңы" одағының бастапқы құрылымы өзінің бұрынғы маңызы мен өзектілігін жоя бастайды. Өйткені өмірге ру-тайпалық құрамы жағынан анағұрлым кең, күрделі әрі жаңа қауымдастық — мемлекеттік ұйым келген еді. Қадырғали би Тоңка биден соң "Алаш мыңының" бас биі болған адам есімін атамайды. Өзі өмір сүрген XVI ғасырда ондай міндетті атқарған тұлға болса, оны тарихшы міндетті түрде атаған болар еді, яғни ҚадырғалиРесейге аттанған кезде "Алаш мыңы" одағы да, сонымен бірге бас билік мәртебесі де бұрынғы мәнін жоғалта бастаған еді.Егер бұл тұжырымның тарихи шындыққа жақын екендігін мойындасақ, онда, әрине, "Алаш мыңы" ішіндегі үш сан халықтың кейінірек қазақ болып қалыптаскан ұлттың құрамындағы үш жүздің сол тарихи кезеңдегі көрінісі екендігі күмән тудырмаса керек. Ал бұл одақтың құрамында, ең аз дегенде, қазақ халқының негізін құраған үйсін, дулат, қаңлы, арғын, найман, қыпшақ және алшын сияқты тайпалық одақтардың болғандығы жөнінде тұжырым жасауға болады.Әбілхайыр қазасынан соң (1468 жылы) Өзбек ұлысының ішінде берекесіздік етек алады. Билік үшін тынымсыз талас, өзара алауыздық Есенбұғы өлгеннен кейін де (1462 жылы) тоқталған жоқ. Мұның өзі осы кезде Моғолстан және басқа ортаазиялық мемлекеттерге де тән құбылыс-тын. Яғни, XV ғасырдың екінші жартысында Жәнібек пен Керей ұлысына сырттан қауіп төндіре алатындай басқа ықпалды мемлекеттер жоқ болатын. Мұндай жағдай өмірге жаңа ғана келген мемлекеттің буынының бекуіне қолайлы жағдай туғызды.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында. Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
Қазақстан ГУЛАГ жүйесінде.(Лагерлердің Бас Басқармасы). 1930 жылғы 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ атала бастады. қазақстанда 1930 жылдардың басында лагерьлер жүйесі калыптасты. 1930 жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру туралы» қаулы қабылдады. 1931 жылы 19 желтоқсанда «Гигант» кеңшары ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Қарлаг ОГПУ» аталды. Қарлагта 1 млн-дай тұтқын тіркелген. Тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды. Жаңадан леклегімен адамдар әкелініп, кезең-кезеңмен өзге лагерьлерге жәнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал, шын мәнінде, мұнда 75 мыңға жуық адам отырды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халық шаруашылығы міндеттерімен-Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарын салу құрылысымен тығыз байланыста болды. Сонымен бірге тұтқындардың көпшілігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына да тартылды. Қарлаг жүйесінде мал шаруашылығы фермаларымен қатар, жеміскөкөніс өсіру, жер жырту, кірпіш зауыттары, әк өндіру карьерлері, тас көмір шахталары болды. Тұтқындар Балқаш мыс қорыту зауытының құрылысында, халықаралық атом электр станциясында, темір жол желілерінде еңбек етті. Кеңестік биліктің қуғын-сургін саясаты 1937-1938 жылдары өзінің шарықтау шегіне жетті. Толық анықталмаған кәрсетулер бойынша қазақстанда 103 мың адам сотталып, олардың 25 мыңнан астамы өлім жазасына кесіліп, атылды. Сөйтіп, өз азаматтарың жою ісінде кеңестік билік фашистік жүйелерден асып түспесе, кем түскен жоқ. 30-жылдары «отанына опасыздық жасады» деген желеумен сотталған кісілердің жарларын қамауда ұстайтын лагерьлер ашылды. Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров, М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6 қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын. Балқаш түбіндегі әскерилерге арналған лагерьдегі жерлеу орындары Соғыстан кейінгі кезеңде тұтқындардың жаңа категориясы пайда болды: бұрынғы әскери тұтқындар, басқыншыларға көмек-тескендер, жер аударылған халықтар, тұтқын немістер мен қылмыскерлер үшін КСРО ішкі істер комиссариатының ерекше лагерьлері құрылды. Мұндай лагерьлер қатарыңа қазақстандағы далалық лагерь жатқызылды. Далалық лагерь тұтқындары «Қазмысқұрылыс» тресі мен Жезқазған руда басқармасында жұмыс істеді. Ресми құжаттарда «Қарлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» деген атпен белгілі болған лагерьлер осы.Гулаг жүйесінің бір бөлімшесі болып табылады. Ал Гулагтың құрамына әр түрлі салалық өнерқәсіп басқармалары енді. Осылайша НКВД жазалау-куштеу органы бола отырып, шаруашылық-экономикалық мекемелердің жұмысын атқаратын орынға айналды. Қазақстанда 1939 жылы 21 еңбекпен түзету лагерьлері мен колониялары орналасты.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гулаг жүйесі одан әрі кеңейе түсті. Оның құрамында 56 еңбекпен түзету лагерьлері, 910 лагерь бөлімшелері, 424 еңбекпен түзету колониялары орналасты.1953 жылы 1 қаңтарда қазақстанда 1 млн-ға жуық арнайы қоныс аударылғандардың 13 мыңга жуығы лагерьлерде, колонияларда және түрмелерде тұтқында отырды. Арнайы қоныстанушылардың ішінде 450 мыңы неміс, 245 мыңы шешен, 80 мыңы ингуш, 37 мыңы грек, 35 мыңы поляк, 33 мыңы Грузиядан, 6,5 мыңы Қырымнан жер аударылған аз ұлт өкілдері еді.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары:саяси жүйесі, қарулы күштері 1991 16желтоқсан Қ-н теуелсіздігін жариялады. ҚР теуелсіздігін бірінші болып таныған Түркия. 1991 жылы 2 аптаның ішінде ҚР теуелсіздігін 18 ел таныды 1992жылдың соңына дейін 108мемлекет танып, 70 мем-н дипломатиялық қатынас орнатты. 1993ж-алғашқы конституция қабылданды. 1995жылы жаңа конституция қабылданды. ҚРда 1993ж-ң соңында 3саяси партия болды олар:Қ-н социалистік, Қ-н респ-қ, халық конгресс партиясы. Қ-н мемлекеттік теуелсіздігін жариялағаннан кейін қорғаныс комитеті құрылды. 1997 7мамыр –қорғаныс комитеті *ҚР қорғаныс министрлігі* болып құрылды. Алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетов
Қазақстан тәуелсіздік жолында. Қ-н тәуелсіздік жолында 1 кезеңі: 1989 – 1990 ж. 2 кезеңі: 1990ж 25 қазан – 1991ж желтоқсан. 3 кезеңі: 1991ж 16 желтоқсан – 1992ж.4 кезең: 1993ж – 1995 ж. 5 кезең: 1995ж наурыздан жаңа кезең басталды. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасынҚазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.
Қазақстан териториясындағы Ұлы Жібек жолы: тармақтары, сауда және мәдениет байланыстары. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры Юстинианның стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Мұның үстіне ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған.Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғ. хатқа енген. Жамухаттың жәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзенінің бойындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте жатыр, оның үйінділерін кәзір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 ж. оның бінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерде, Талас бойымен теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлегінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Бұлар күміс кендеріне жуық жерден қоныс тепкенді. Керуендер Талас алқабына Ферғана аймағынан Шатқал қыратындағы Шанаш асуы және Талас Алатауындағы Қарабура арқылы да өтіп келетін. Жолдың осы бөлегі Жібек жолының рғаналық және Жетісулық бағыттарын біріктіретін. Тараздан шыққан жол шығысқа, Құлан қаласына қарай асатын Тараз бен Құлан аралығындағы территория қарлұқтерге жататын. Құланға бара жатқанда жол Касрибас, Күлшөп, Жолшөп сияқты қалалардан өтетін. Құланнан әрірек шығыста бір-бірінен фарсақтай жерде Меркі мен Аспара қалалары барды. Сосын сауда керуендері Нұзкент, Харраджуан, Жол қалаларына соғып өтіп жолдан кейін ол Сарығ, «түрік қағанының қыстағына» Қырмырауға баратын.Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудың ең ірі қаланың бірі — Науакентке (Қытайша Синчен) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болған.Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кей түргештер, қарлықтар астанасы) Суябқа келеді. Бұ қала туралы қытай, араб саяхатшылары X ғ, дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін XIII ғ. бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ XIV ғ. тағы да ойрандалып, үйінділері ғана қалады. Бұ қалалардың тұрған жері кәзіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың кепке белгілі екі ескерткішіне — Ақбешім мен Боран қала жұртына сәйкес келеді.Суяб қаласынан керуен жолдың не солтүстік, не оңтүстік тармақтарымен жүріп, Ыссық көлдің жағалауына шығады.
Қазақстан тер-ы діни жүйелер Қазақстан аумағын мекендеген көшпелі тайпалардың діни түсініктері әр түрлі болды. Ерте ортағасырлық түріктер пұтқа табынған. Түріктер Көкке (Тәңір), Жерге, Суға (Иер-Су) табынды. Түрік қағандары Көк тәңірінің желеуімен билік жүргізді. Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай құдай-ана киелі саналған. IX-XI ғасырларда Қазақстанда мекендеген тайпалар арасында буддизм, христиан, манихейлік, зороастризм діндері таралған. Бұл діндерге тән өлікті жерлеу түркі тілдес тайпалар арасында VI-IX ғасырларда болған. Буддизм діні – Түрік қағанатының ақсүйектер арасында танымал болған ерте ортағасырлық дін. Жетісудағы Суяб қаласының орнынан будда храмы, Шығыс Қазақстан өңірінен буддалық мола табылған (қимақ әйелі) Қазақстан жерінде ерте орта ғасырда христиан, манихейлік діндер болғаны анықталып отыр Бұл діндердің таралуы VI-IX ғасырларды қамтиды. Аргу-Талас (Тараз) пен Жетісудың 4 қаласында манихейлік дін кең тарағаны жайында VIII ғасырдағы «Қос негіздің қасиетті кітабында» айтылады. Тараз, Мерке, Мервте христиан шіркеулері болған. Қазақстан аумағындағы осындай діндерді ислам діні ығыстырған. IX-X ғасырларда қазақ жерін мекендеген халықтар арасында ислам діні кең тарай бастады.
Қазақстандағы индустрияландыру міндеттері, ерекшеліктері, қорытындылары. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на жетті. 1925 ж желтоқсан - БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бес-жылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты: Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90%-ы шаруалар. Жергілікті мамандардың жетіспеуі. ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы. Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі. Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4%) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері: Өлкенің техникалық-экономикалық жағынан артта қалуын жою. Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің (1925-1933ж.ж.) келуімен күшейе түсті. Ол "қазақ аулы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет" деген идеясын ұсынды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдап, "Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын" деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. "Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты: Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту. Өлкені шикізат базасы ету. Голощекин бұл қағидасын 1927 ж ұсынып, 1930 ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді. Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуакасов "Кіші Қазан" бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты: Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру. Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты: "Түйеден социализмге" өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды. Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді. Қазақтармен енеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес. Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмеді. С.Сәдуакасов пен Ж.Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары "ұлтшылдық көрініс" деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер "ұлыдержавалық шовинизм көрінісі" деп есептелді. Индустрияландыруды жүзеге асыру. Индустрияландыру – өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. Акамедик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлыктарын зерттеп, "ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы" деген тұжырым жасады. Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезказған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді. 1927 жыл - Түркістан-Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды. В.С.Шатов - құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов (1894-1938жж) – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы. Т.Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М.Тынышбаев (1879-І937жж) енгізілді. Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелерінің бірі – Жетісу жолына тәулігіне 1500 м жол теселіп, 7 айда салынды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті: 1930 жылғы 28 сәуір - солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді. 1931 ж қаңтар - Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы: Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды. Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті. Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды: Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 ж деңгейінен 213 есе асып түсті. Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары: Шаруаларға үстеме салықтар салу. Республикалардың барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу (тонау). Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. Жазалау саясатын қолдану. Ұжымдастыру және аштықтан бас сауғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану. Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: Халық дәстүрі бұзылды. Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. Лагерьлер жүйесі орнықты. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді. Индустрияландыру ерекшеліктері: Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан әкелінді. Жергілікті мамандар жетіспеді. Урбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді: 1930 ж аяғы - қала халқы- 29,8%; 1939 ж - қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп) 1926 ж – қазақтар 2,1%, соғыс қарсаңында – қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда 16%-ға жетті. Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты. 1928 ж 19,8%; 1935 ж - 43,%-га өсті. Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: Аграрлық республиканың индустриялды-аграрлық аймаққа айналуы. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі. Ұлттық жұмысшы табының құрылуы. Инженер-техникалық зиялылардың қалыптаса бастауы. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.
Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты. Коммунистік партияның XV съезінде ауыл шаруашылғын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақ жерінде колхоз құрылысы 1922 жылдан бастап кеңейді.
Ұжымдастыру ісіне көмек ретінде ауылды жерлерге 8000 жұмысшы жіберілді. 25 мыңдықшылар деп аталған 1204 "ұжымдастырушы" Мәскеу, Ленинград сиқты орта­лықтардан жіберілді.
Ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы өте қатал жағдайда жүргізілді. 1931 жылы көшпенді және жартылай көшпенді шаруаларды жаппай отырықшыландыру жөнінде міндет қойылды. Ұжымдастыру жедел және жоспарсыз жүргізіле бастады.
1928–1931 жылдардағы ұжымдастыру барысы:
республика шаруашылығының 1928 жылы 2% -ы,
1930 жылы сәуірде 56,4%-ы,
1931 жылы қазанда 69%-ы ұжымдастырылды.
Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.
Кулактарды жою ісі қатал жүргізілді. Шолақ белсенділер орташалармен қатар кедей шаруаларға да зорлық жасады.
Ұжымдастыру зардабы
1929–1933 жылдар аралығында Қазақстандағы біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) 3386 адамды ату, 13151 адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Көптеген адамдар өздерінің малдарынан айырылды.
1930–1932 жылдары Қазақстанды әйгілі ұлы жұт аштық жайлады.
Қазақстанның ТМД елдермен қарым-қатынасы. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
Қазіргі Қазақстан: әлеуметтәк-экономикалық дамуы. Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:
1) социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
2) дағдарысқа қарсы бағдарлама;
3) макроэкономикалық тұрақтандыру;
4) дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
5) экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992)
Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады.
Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)
Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды.
Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)
Үшiншi кезеңде Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды.
Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)
Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). 1997 жылдың аяғында басталған дүниежүзілік қаржы дағдарысы Қазақстанның экспорттық салаларына айтарлықтай ықпал жасады.
Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.)
"Қазақмыс" корпорациясының Жезқазғандағы офисі.
Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiм жыл сайын өсiп отырды: тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша 2000 ж. — 87607,5 млн. АҚШ доллоры, 2001 ж. — 101674,1 млн. АҚШ доллоры. 2002 ж. жалпы iшкi өнiм көлемi бұрынғыдан 9,5%-ға көбейдi. 1999 — 2000 ж. бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 ж. iшкi инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 — 02 ж. елдiң экономикалық дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды. Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен 119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада (1,2 млрд. АҚШ доллоры) инвестициялық мiндеттеме қабылданды.
"Қазмұнайгаз" компаниясының Астанадағы штаб-квартирасы..
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, қарашiрiк, синтетикалық каучук, шайыр, пластмасса, химиялық талшықтар, автомобиль шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын, рентген аппараттарын, ауыл шаруашылығы машиналарын, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарушы елМұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина, Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж. 49,3% болды
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi.
Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк магистралiнiң ұзындығы 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — темір жол, 87,4 мың км — автомобиль жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында Достық — Алашанькоу шекаралық темір жолы өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс – Мешхед темір жолы өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран, Түркия, Жерорта теңізі мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомобиль жолдарының торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта теңізінiң, Үндi мұхитының порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий теңізінде Ақтау порты арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара теңіз бен Балтық теңізіне шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда.
Қазіргі Қазақстандағы мәдениетттің дамуы. Театрлар және қазақтың дәстүрлі өнері шығармашылық жаңа серпін мен еркіндікке қол жеткізді.Сонымен қатар өкімет тарапынан қамқорлық пен бақылауға әбден қалыптасып қалған бірқатар мәдениет қайраткерлерінің өмірдің жаңа жағдайына дайын еместігі де байқалды. Олар «кеңестік алтын ғасыр туралы» сағыныштан өзге жұртшылыққа ештеңе ұсына алмады.Кино өнерінде, монументті кескіндеме жасауда өзіндік көркемдік ойы, және идеялық принциптері бар жаңа ұрпақ келіп қосыллды. Қазақ режиссерлерінің көптеген фильмдері әлемдегі ірі фестивальдердің лауреаттары атанды. 1996 жылы Алматыда Тәуелсіздік монументі мен Ж. Жабаев ескерткіші, Астанада Кенесары Қасымов, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.2003-2005 жылдарда қазақ-американ кинематографистері (Голливуд, Қазақфильм) «Көшпенділер» кинофильмін түсірді. Бұл алғашқы маңызды халықаралық жоба еді. ЮНЕСКО бағдарламасы шеңберінде Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы республикада кеңінен атап өтілді. 1999 жылы сәуірде Парижде осы оқиғаға арналған халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында «Қазақстан мен түркі әлемінің рухани тарихындағы Түркістан және Қожа Ахмет Йасауи» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерден 200-ден аса ғалым мен мамандар қатысты. 2001 жылы 12 шілдеде «Ғылым туралы» Заң қабылданды. 2003 жылы қазанда Ғылым академиясы жаңа заман талабына сәйкес қайта құрылды. 2001 жылдың акпан айында «Асыл мұра» атты Қазақстанның музыкалық мұрасы жобасының тұсаукесері Алматы қаласында өтті. Жоба мақсаты құнды ұлттық музыкалық мұраны табу, жүйелеу, қайта өңдеу және қазіргі аудиотаспаларға көшіру. Жоба аясында халықтық, классикалық және қазіргі Қазақстанның үздік мәдени мұра үлгілері қалпына келтірілді.
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуы. 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан (870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. Құрылтайда Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды.
Қазіргі Қ-н қоғамындағы демографиялық тенденция-р. Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты мақсатының бірі – адамдардың жақсы тұрмысын ететін қоғам орнату еліміздің барлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайда әсерін тигізді.Мұны бала туу мен өлім- жітімнің, сондай-ақ халықтың республикадан тыс жерлерге көшіп кету шілердің жол-күйін сипаттайтын көрсеткіштерін анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жж. Аралығында әр мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21,0 адамнан 16,1 адамға дейін азаяды, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т.б. жерлерге қоныс аударушылар көбейді. Республика көлемінде 131 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатты. Бір айрықша бөліп айта кететін жайт, қазақтар саны бірте-бірте басымдыққа ие болып келеді. Мәселен, ХХ ғ. 60 жылдары қазақтар елде тұратын халықтың үштен бірін қамтыса, 1997 жылдың басында олар республика халқының тең жарымын құрады.1999 жылы халық санағы бойынша қазақтың саны 8,2 млн. Адамға жетіп жалпыхалықтың 53,4% -ын қамтыса , 2004 жылы 8,6 млн-нан асып республика халқының 58%-ын құрады.
Қайта құру жылдарындағы Қазақстан. 1985 жылғы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. КОКП Орталық ко­митетінің сәуір айында болған пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды. Пленумда әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Бұл серпілісті саяси басшылық дамудың экономикалық қарқынының бәсеңдеуіне жол бермеу және негізгі күштерді осы бағытқа жұмылдыру арқылы жүзеге асығуға тырысты.Ғылыми-техникалық прогресс негізінде экономиканың құрылымдық қайта құру проблемаларын КОКП Орталық Комитетінің ірі мәжілісінде талқылау жаңа басшы­лықтың алғашқы қадамы болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның XXVII съезінде бұл бағыт қолдау тауып, дамытылды.Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардағы түпкілікті өзгерістер социализмді жетілдірудің құралы, социалистік құрылыстың орасан зор артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ашудың шарты деп қаралды.Сәуір (1985 ж.) пленумы, одан кейінгі пленумдар да, КОКП-ның XXVII съезі де КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмай­тын еді.Жеделдету бағыты терең ұғынылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді. Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі кінәлілері жекелеген басшы коммунистер болып жариялануы белгілі бір заңдылық тәрізді. Мысалы, Мәскеуде В. В. Гришин, Ленинградта Г. В. Романов, ұлттық рес­публикаларда Д. Қонаев пен Г. Алиев.Жаңарудағы тежеудің ұшығы әміршіл-әкімшіл жүйенің бұрынғыша сақталуында, оның саяси институттарының тиімсіздігіне, халыққа жаттығында, адамға жақсы еңбек ету негізінен тиімсіз болған, оның экономикалық құрылымдарының өміршең еместігінде жатты. Қоғам дамуының қажеттерінен ғылым да қалып қойды.Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына жеткізді.
Қаңлы мемл-ң этносаяси тарихы Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» кездеседі.. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан. Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған. Шаруашылығы. Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты. Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды. Олардың Қаңлылардың діні. Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады. Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған.
Қарахан мем-ң саяси тарихы Х ғасырдың орта кезінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Кейіннен мемлекеттің батыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды.
Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің құрылуы мен даму тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға қарлұқтармен бірге шігіл және ягма, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер осы тайпалардан алма – кезек ауысып тұрған. Х ғ. ягманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек, ХІ ғ. ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында да тұрады. Ыстық көлдің Солтүстік жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Карахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955жж), қарлұқ қағаны Білге Қадыр ханның немересі. Сатұқ Бограхан саманилердің қолдауына сүйеніп, өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап, Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Қарахан мемлекетінің астанасы – Қашғар қаласы болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен – ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра хан мұра етіп алды. Мұса өлгенннен соң жоғары қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар, ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде – ақ ықпалды әрі күшті екі әулеттің - Әли Арсылан хан мен Хасан Боғра ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (Хасанилерге) көшті.Х ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Саманилер өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтармен, феодалдық талас – тартыстар мен қырқыстардан әлсіреп құлдырады. Осыны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланып, Хасан Бограхан 990 жылы Исфиджабты, 992 жылы Бұхараны жаулап алады. Осы жылы оның баласы Жүсіп Қадыр хан Қотан қаласын басып алған. Ал Хасанның немере інісі Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилерге қарсы жорыққа шығып, ойсырата соққы берген. Қарахан хандығы қиян кескі ұзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс Қағанат болып бөлініп, екі иеліктен тұрды:
1. Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы – Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған.
2. Батыс хандық: Мәуеренахр жерлері. Оның орталығы Самарқан қаласы болды.
Шығыс хандық Қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан оның ханы дәстүр бойынша жоғарғы Ұлы қаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлік болмай, олар жиі жеке – жеке бөлініп кетіп отырған. 1056 жылы Қадырханның ұлы Йинал - тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол көп ұзамай у беріліп өлтіріледі. Тәж – таққа Йинал – тегінің баласы Ибраһим ие болады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан әміршімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы (1059-1074 жж.) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрұл мен Бограхан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Бограхан Харунның (1075-1102 жж.) – Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожалығының қол астына көшеді. Қарахан мемлекетінің әлсіреуін пайдаланып 1089 жылы селжұқ сұлтаны Мәлік шах Самарқанды басып алады, сөйтіп Бограхан Мәлік шахтың кіріптар вассалына айналады. 1102 ж. Бограхан өлген соң көп ұзамай Мәуеренахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадырхан Жабырайыл шабуыл жасап, Әмударияға дейінгі жерлердің бәрін басып алды, бірақ Термез қаласының түбінде жеңіліс тауып, өзі тұтқынға түсіп жазаланады. Құдіретті сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157 жж.) селжұқтар Мәуераннахрға шексіз билігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастаған еді. ХІІ ғасырдың ортасында қаптаған Қарақытай (Қидандар) Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалған иеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, құдіретті Қарахан мемлекеті ХІІ ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады.Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі – хақанның қолында болды, оған ең жақын кеңесші, көмекші – уәзірі болды. Бұдан басқа күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар және елшілер қызмет істеді.Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери мұралық жүйе болды. Хандар елді өзіне жақын адамдармен және уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше ұлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе иесін иктадар деп атаған. Тұтас алғанда Қарахандар дәуірі сапалық жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.
Қараханидтер мемлекетіндегі басқарудың әскери-тайпалық және әкімшіл жүйесінің ерекшеліктері Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хакан­ның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруалар­ды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жер­ден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.
Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы, әскери әкімшілік басқару жүйесі. .Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қасым хан саясаты (1511-1518жж): Қазақ хандығы ең жоғары қуаттылығы XVI ғ бірінші ширегінде, Қасым хан тұсында жетті. Қасым әз Жәнібектің ұлы. Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу. Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қырғыздарға билігі жүрген жоқ.
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы және Моғолмтанның батысындағы тайпалар енді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін белсене күресті. Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы-«Қасым ханның қасқа жолын» шығарды.
Заң 5 бөліктен тұрды:
1)Мал-мүлік және жерге байланысты қатынастар.
2)Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар.
3)Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазалар.
4)Елшілік қатынастарды реттеу.
5)Халықтық дәстүрлерді өткізу тәртібі.
Қимақ қағанаты: құрылуы, тайпалық құрамы, құлауының себептері. Х ғасырдың басындағы Ертіс өзенінің орта ағысы мен Солтүстік Шығыс Жетісуда мемлекет құрып оның басында «байгу», «жабғу» атағы бар билушісі тұрған,ол ІХ ғасырдың аяғы мен Х ғасырдың басында жалпы түріктік «қаған» дәрежесіне көтерілген қимақ тайпасының тарихына зер салмақпын!Қимақ қағанатының әлеуметтік және саяси дамуына қарай тайпадан мемлекеттік құрылымға дейін билеушілерінің атақ дәрежесіне төменгі баспалдақтан жоғары қарай өсу қарқыны байқалады, мәселен, шад түтік пен жабғудан қағанға дейін (шад жабғу, ұлық шад үлкен шад) кішік (кіші) қаған ұлық (ұлы) қаған.Қимақтардың қағаны өз мем/ң аумағындағы тайпа ақсүйектерінің өкілі болып келетін билеушілерді тағайындап шынайы өз қолында ұстады. Билікті мұраға қалдыру тек қана қаған (жанұясы) мен хан руында ғана емес, тайпа ақ сүйектерінде де кездесіп отырды. Қимақ қағанының он бір билеушісі өз жерлерін балаларына мұра ретінде қалдырып кеткен. Қимақтар VI – IX ғасырларда ежелгі түрік қоғамында қалыптасқан әлеуметтік және мәдени дәстүрлерді дамыта отырып, ІХ ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында өздері де толыққанды мемлекет құрды.Қимақ мемлекеті ХІ ғасырда ішкі күштер мен әлеуметтік теңсіздіктің әсері мен дағдарысқа ұшырай бастады.Оның қылауын батыстан жылжыған көшпелі тайпалар тездете түсті. Бұл процестер 916жылы Солтүстік Қытайдағы Ляо мемлекетін құрған қидандардың (қарақытайлардың) күш алып, өз ықпалын жүргізе бастауымен де байланысты. Осының арқасында қимақтар өз кезеңінде Қимақ мемлекетінің жалғастырушысы болды.
Қ-ң ресейге қосылуы Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады.Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді.Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.
Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды
қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.
Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж.) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды.Әбілхайыр ханнын мақсаттары. 1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату. 2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу. 3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау. 4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру. Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату. Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын. 1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды. Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А.И.Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. 1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді. Кіші жүздің Хиуа хандығымен аудандары Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды: - М.Макшеев, И.Завалишин т .б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды. - А.И.Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп түйіндейді.
Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андрон мәдениеті Адамдар мыс пен қалайыны қосу арқылы жаңа металл қола алуды үйренді. Бұл кезең ғылымда қола дәуірі д.а. Қоладан жасалған бұйымдар тастан және мыстан жасалған құралдарды ығыстырды. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді. Малдың түр құрамы да артты. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды.Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды.Кен ісі, металлургия. Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштердің дамуында мал шаруашылығымен және егіншілікпен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті ұқсату аса маңызды рөл атқарды.Қоныстар мен тұрғын үйлер. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі қоныстарының көп екені мәлім, олардың 60-да археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар орналасты.Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дәуірде кең таралған өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді.Қола дәуірінде тайпалардың ата-бабаларына табынуы және о дүниеге сенуі кеңінен таралды. Сондықтан қола дәуірінің тайпалары өлген құралдармен, қарумен, сәндік заттармен мүмкіндігінше жақсылап жабдықтауға тырысты. Бейіттері үйге ұқсас етіп салынды және айналасы шарбақтармен қоршалған.Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылады. 1933 жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырған «Нұра экспедициясының» көрнекті мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Синицин сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай. Қола дәуірін зерттеуде бұлардың ашқан басты жаңалықтарының бірі Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан қола дәуірінің атақты Дандыбай ескерткіштерін табуы. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірін зерттеуде ғалым О.А.Кривцова-Грекованың еңбегі зор. Әсіресе, Тарих, археология және этнография институтының жанынан ұйымдастырылған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының меңгерушісі Ә. Марғұланның жүргізген жұмыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы, Дандыбай сияқты ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ә.Марғұланның қола дәуірі туралы екі үлкен монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Шығыс Қазақстанның жерінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде жемісті жұмыс жүргізген көрнекті ғалым С.С.Черников. ХХ ғ. 50-жылдары қола дәуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңірген археолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р. Максимовалар болды. Андронов мәдениеті Оңт.Сібір, Қаз-тан, Орта Азияның кең алқабын мекендеген тайпалардың қола дәуіріндегі мәдениеті. Бұған тән археологиялық мұралар 1914 жылы Ачинск қ-сы маңындағы Андронов селосынан табылған, сондықтан да Андронов мәдениеті аталған. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.
Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
•Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы).
•Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы.
•Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы.
•Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті.
•Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
Андроновшылар шаруашылығы. Ан-дроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы – қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дәстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қаз-тан аум. орналасқан. Орталық Қазақстанға Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы мәдениетін құрды.
Қосүкіметтің орнауы және оның ерекшеліктері. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар – Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері  және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты.
ҚР әлемдік қауымдастыққа қосылуы. Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.
1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.

ҚР Конституциясы. Тарихи мазмұны. 1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
ҚР рухани даму. “Мәдени мұра» бағдарламасы.
2004 жыл ҚР-ның мәдени саясатын дамытиу үшін ерекше маңызды болды. 13 қаңтарда Президент мемлекеттін «Мәдени мұра» бағдарламасын бекітті. Оның мақсаты «рухани және білім салаларын дамыту елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету». Онда археологиялық ескерткіштер мен тарихи маңызды жәдігерлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениет, фольклор, дәстүрді зерттеудің бүтін жүйесін жасау, ұлттық әдебиет пен жазудың көп ғасырлық тәжңрбиесін жинақтау, көркем және ғылыми сериялар жасау, әлемдік ғылым, ой, мәдениет және әдебиет жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің құнды қорын мемлекеттік тілде жасау белгіленді. «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде қыруар жұмыстар атқарып, ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздың аса құнды мұралары ғылыми айналымға енгізіліп, көпшілік оқырманның игілігіне айналды. Бұл жерде ерекше тоқтала кететін жайт, мұрағаттарымыздың Ресей мен Қытайдың мемлекеттік мұрағаттарынан алынған Қазақ тарихына қатысты жаңа тарихи құжаттармен толынды еді.
Қыпшақ мемлекетіндегі әскери ұйым және сатылы бағыныштылық жүйе. Қыпшақ” атауы ең алғаш рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордобектің 846-847 жылы жазған “Жолдар мен провинциялар кітабында” қарлұқтар мен қыпшақтарды VIII ғасырларға жататын түрік тайпаларының тізімінде келтіреді.656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар Кимек қағанатының құрамына кірген еді, ал ХІ ғасырда Кимек қағанаты құлағаннан кейін, кимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді.ХІ ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне орай, Х ғ. екінші ширегінде “Оғыздар даласы” (Мафазат әл-гуз) деген атаудың орнына “Дешті Қыпшақ” (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады. Маңғыстау мен оған жақын жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді.ХІ ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжып, Орыс және Қара теңіз өңірі далалары мен Византия, Венгрия шекараларына дейін қоныс аударады. Еділден Днепрге дейінгі қыпшақтар қоныстанған аумақ орыс жылнамаларында половцылар, “Половецтер өлкесі” деп атала бастайды. 1071 жылы қыпшақтар Кіші Азияға жетіп Анатоли қаласын жаулапалады, сөйтіп, османдық түріктердің негізін қалады, осы жылдары Трансилвания арқылы Молдавияға өтеді. Қазіргі Венгриядағы мадиярлар, Молдавиядағы гагауыздар қыпшақтарға жатады. Осылайша Батыс Европа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мәлім болады.ХI ғ. басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысы шығыста Ертістен батысында Орал тауына, Доннан және Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан шығысындағы бөлігі Ел-бөрілі руынан шыққан хан әулеті билеген Шығыс қыпшак қағанаты, Кавказ, Қырым өңірін және одан әрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық әулеті түрған Батыс қыпшақ бірлестігі болып екіге бөлінеді.Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысының билігінде болды. Қазақстан жеріндегі қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең: қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы – VІІ ғ. екінші жартысынан VІІІ ғ. соңына дейін.Екінші кезең: VIII ғ. аяғынан – ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары және Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының құрамына Мұғалжар жеріндегі кумандар және қимақ тайпалары кіреді. XI ғасырдан ХІІІ ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бұл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсіп, олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, куман, ежелгі башқұрт, оғыз т.б. тайпалар кірді. қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, шығыс Түркстаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. ХІІ ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесіп, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды.ХІ-ХII ғғ. Қазақстан аумағында тұрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді. Бірінші қанаты - оң қанат Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Ал, ордасы - Сарайшық қаласы болды. Торғай өңірінде жоғарғы ханның ордасы болса керек.Екінші қанат - сол қанат Орталық және Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралықтағы жерлерді қамтиды. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы ұран тайпасынан шыққан. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені ол көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұрагерлікпен әкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын ең әулетті ру елбөрілі еді. Орда деп аталатын хан қамалында ханның дүние–мүлкі мен әскерінің ісін жүргізетін басқару аппараты болды. Әскери-әкімшілік басқару жағынан Қыпшак хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтаған. Қыпшақ тайпаларының басында хан, тархан, басқақ, бек пен байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі - малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған, жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігін заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктенген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Қоғамның қатардағы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Сөйтіп, Қыпшақ хандығы қалыптасқан феодалдық мемлекет болды, ол көне түрік мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.Қыпшақтардың саяси жағдайына келсек, 1065 жылы селжұқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығып, қыпшақ тайпаларының бір бөлігін Хорасан селжұқтарына тәуелді етті. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде де қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғыша өз билігін жүргізіп тұрды. 1096 жылы қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды. XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, Сырдарияның төменгі ағысындағы тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің қолына қарағанымен, XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мұсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кескі ұрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.XII ғ. екінші жартысынан, әсіресе, Текеш (1172-1200 жж.) билеген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары әртүрлі қызметтерге тартады. Бұдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы, XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-дин Мұхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Осының арқасында Әмин Мәлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.Хорезм шахы Мұхаммед /1200-1220 жж./ өз мемлекетінің құрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бұл кезде Хорезмшахы Мұхаммед Дешті қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, бұдан кейін монғол басқыншылығының дәуірі басталады
Қыпшақ хандығының саяси тарихы. шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.
Моғолстан: құрылымы, территориясы және этникалық құрамы. Мемлекеттің әлсіреуі мен ыдырауы ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғ. ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының көсемі Әмір Болатшы. Алғашқы ханы – Тоғылық Темір (1348-1362 жж.), ол Моғолстан билеушілері әулетінің негізін салды. Астанасы – Іле алқабындағы Алмалық қаласы болды. Территориясы: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, үйсіндер, барластар т.б. түрік және түріктенген монғол тайпалары. Олар мемлекет атауына сай моғолдар деп аталды. Осынау тайпалардың Жетісуды жайлайтын едәуір бөлегі кейін қазақ халқының құрамына енеді, ал оның Тянь-Шань өңірі мен Шығыс Түркістанды мекендейтін екінші бөлегі қырғыздар мен ұйғырлар құрамына кетеді. Осылардың ішінде дулаттар ең қуатты тайпа болды. Билеушінің дәрежесі – хан. Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болған. Дулат тайпасы әмірлерінен ханның көмекшілері - ұлысбектер тағайындалды. Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты. Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленудің икта, инджу, сойырғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аудандарда жер қауымның қарауында болған. Бірақ мал ақсүйектер қолында шоғырланғандығы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің көпшілігі солардың меншігінде болды. Салықтың бірнеше түрі жиналды.Моғолстанның саяси тарихында феодалдық соғыстар мен ішкі қырқыс, көрші мемлекеттер тарапынан жасаған шапқыншылықтарды тойтару жағы өте көп болған. Тоғылық Темір 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына 1362-1385 жж. Моғолстанның билеушісі болды. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: Дулат әмірі Қамар ад-Дин – Жетісуды, Енке төре – Іле мен Тарбағатайды биледі. Осыны пайдаланған Әмір Темір ХІҮ ғасырдың 70-80-жылдары Моғолстанға оншақты рет шапқыншылықтар жасайды. Қызыр Қожа хан (1385-1399 жж.) өзін Темірдің вассалы деп мойындайды. Қызыр Қожаның ұлы Мұхаммед хан тұсында (1408-1418) елдің жағдайы біраз нығайды. Оның кезінде Моғолстанның Темір тұқымынан тәуелсіз болуға қолы жетеді. Біраз уақыт өзара қырқыс пен талас-тартыс толастайды. Мемлекетті бір орталыққа бағындыру үшін Мұхаммед хан исламды енгізуге күш салады. ХҮ ғ. 1-ші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі. Уайс хан (1418-1428) ойраттарға батыл қарсылық көрсетті, олармен ұзақ соғыс жүргізді. Ол өз ордасын Тұрфаннан Ілебалық деген жерге көшіруге мәжбүр болады. Уайстың баласы Есен Бұға хан (1433-1462) ХҮ ғ. 30-жылдарының басында өкімет билігін иеленді. ХҮ ғ. 50-жылдарының аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған тайпалар көшіп келді. Моғолстан ханы Есен Бұға оларға жер бөліп берді. Мұндағы Есен Бұғаның мақсаты: - қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;- қарсыласы Әбілқайыр мен інісі Жүніске қарсы қою.Жүніс хан тұсында (1462-1487) мемлекет жағдайы біраз нығаяды, бірақ ол 1472 жылы Жетісуға шабуыл жасаған ойраттардан жеңіліп қалады. Жүнісханның баласы сұлтан Махмұт хан (1487-1508) Жетісуда және Сырдария қалалары үшін қазақ хандарымен соғысады. Моғолстан билеушілерінің ең соңғысы Жүніс ханның немересі Сейітхан 1514 жылы Қашғарияны басып алып, Шығыс Түркістанда Моғолия атты жаңа мемлекет құрады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары 60 жж. бастап Қазақ хандығының құрамына енеді. Сөйтіп, ХҮІ ғ.басында феодалдық өзара қырқыстар, халық наразылығының жиілеуі және олардың Қазақ хандығына барып қосылуы салдарынан Моғолстан ыдырап, жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты. Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық негіз болды.
Н.Ә. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы жаһандық қоғамды серпілту, түйінді мәселелер хақында ортаға өзін толғандырып жүрген, жүрегін ауыртатын ойларды тастау, соларды шешудің өз тұрғысындағы жолдарын айта отырып, баршаны үн қатысуға шақырады. Кітап кіріспе мен түйіннен басқа бес бөлімнен тұрады. Автор өмірлік маңызды проблемаларға – қоршаған ортаны, табиғатты, адамдардың сенімі мен сана сезімін, халықтар арасындағы қоғамдық уағдаластықты бүлдіретін қара ниет күштер алдындағы алаңдаушылығына сендіріп, оқырманды пайымдасына, ниеттесіне айналдыра алады. Кітапта метафоралық өз басынан өткізіп барып сеніммен түйіндеген тұжырымдар аз емес «Жабық қоғам дегеніңіз қанша үлкен болса да тор ішінде , ашық аспанда ұшқанмен пара – пар» (233 – бет). Мұндай мысалдарды кітапты мұқият, ыждағатпен оқыған адам көптеп кездестіре алады.Кітапта баяндаудың әрқилы әдістері қолданылған. Кітап өте жатық, түсінікті тілмен жазылған.
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты жолдауындағы басым бағыттар. – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғарыболатынашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты.Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.Инфрақұрылым (көлікжәне байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.Кәсіпқоймемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемл. қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемл. қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі. 1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбекте автор ел тарихын 12 кезеңге бөлген.Еңбектің маңызы – тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған, автор «Тарих толқынында» атты еңбегінде ұлттық тарих мәселелерін кеңінен талдап көрсеткен. соңғы бес-алты мың жыл аясында Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-саяси және мәдени-рухани дамуды Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты кітабында он екі кезеңге бөліп қарастыруы, әдіснамалық тұрғыдан алып қарағанда, әрі тың, әрі ұрпақ зердесіне қонымды жүйе деп білемін. Көктей шолып өтуге болады. Бірінші кезең – ежелгі арий тайпалары, ведалық абыздардың дүниетанымдары Сынтасты, Арқайым қорым-кешендерінен белгі береді. Екінші кезең – Оңтүстік Оралдан Үнді өзендерінің алқаптарына қарай жылыстаған арий тайпаларының жұртында қалған ұрпақтардың өмір-тіршілігіне айғақ болатын Таңбалы қонысы. Үшінші кезең – бұдан 2,5-2 мың жыл бұрын төбе көрсеткен ғұн тайпаларының тол­қыны, олардың Тәңірі-аспанға, Жер-суға, Ұмай-анаға табынған транцендентті дүниетанымы. Төртінші кезең – бұдан 1, 5 мың жыл бұрын түркілердің тарих сахнасына шығып, мәңгілік Ел жасақтай бастауы. Бесінші кезең – осыдан 1300-1100 жыл бұрын Түркі Қағанатының шаңырақ көтеруі, Білге, Бұмын, Тоныкөк, Күлтегін, Қорқыт сияқты ел бастаған қағандардың, қол бастаған батырлардың, ақылгөй абыздардың ұлы істері, сол ұлы істерін ұрпағына өнеге етіп, тасқа қашап қалдырған жазба мәдениеті, өз заманындағы мойны озық өркениеттілік. Алтыншы кезең – бұдан 1100-900 жыл бұрын Қазақ даласына араб-ислам рухының ене бастауы, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари сияқты әлем мойындаған ғұламалардың өлмес мұралар туындатуы. Жетінші кезең – Түркістан топырағының рухани құнарынан нәр алған, түркілердің тұңғыш сопысы Қожа Ахмет Ясауи ғұмыр кешкен ХІ ғасыр. Сегізінші кезең – ХІІ-ХІV ғасырлар. Шыңғыс ханның шаңды жорығы. Қазақ даласын­дағы этносаяси жіктелулер мен жаңғырулар. Ел-жұртты ұйыстырудағы Майқы би сияқты тұлғалардың даналығы. Тоғызыншы кезең – ХV-ХVІІ ғасырлар. Түркі әлемінің кіндік жұртынан Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі. Ел қамын ойлап, мемлекеттігіміздің іргесін бекемдеген Асанқайғы, Қазтуған, Бұқар сияқты абыз-жыраулар, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты дана билер, Керей, Жәнібек, Есім, Қасым, Тәуке сияқты елжанды хандар, Қобыланды, Жалаңтөс, Қарасай сияқты құрбаншыл батырлар, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жалайыр Қосымұлы Қадырғали сияқты шежіреші-тарихшылар, елдің елдігін паш ететін эпикалық жырлар мен ән-күйлер, далалық заңнама деп атауға әбден болатын әдет-ғұрыптар мен жарғылар. Оныншы кезең – ХVІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл – елдіктің де, ерліктің де, саяси көрегендіктің де сынға түскен кезеңі. Бұл – Абылай, Кенесары, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Сырым, Исатай, Махамбет, Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты пассионар тұлғалардың Отан үшін, ел үшін арпалыспен өткен заманы. Он бірінші кезең – ХХ ғасыр. Бұл – жүйелік алмасулар болған, этносаяси аласапыран кезең, алмағайып заман. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулати, Халел Досмұхамедұлы сияқты Алашорда көсемдерінің, Тұрар Рысқұлов, Мұстафа Шоқайұлы сияқты саяси күрескерлердің, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев, Мұқан Төлебаев, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, Шәкен Айманов сияқты суреткерлердің от пен суды белшесінен кешіп жүріп, елі мен жерінің қамы үшін тындырған толағай істері. Он екінші кезең – 1980 жылдың ортасынан басталған, дәлірек айтқанда, 1986 жылғы Желтоқсан толқуынан бастау алған халық рухының жаңғыру кезеңі. Империяның құлауы. Қазақ халқының тәуелсіз даму жолын бастауы. Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда “қазақ халқының тарих толқынында өзінің ұлттық “МЕН” дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет мүмкіндік алуы”.
Найман мен керейіт ұлыстары: мемлекетінің құрылуы, қоғамдық құрылымның деңгейі. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азияаумағына қоныстанған. Қидандардың Ляо әулетікезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде монғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген. Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығықарсаңында керейіттер бүкіл қазіргі Монголия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған.Жалайырлар Шыңғысхан империясының өрлеу кезіне қарай Хилок және Селенга өзендерінің бойын, дәлірек айтқанда, Селенгаға құятын Орхон сағасын мекендеген.Орталық Азияның көшпелі тайпаларының XII ғасыр бойында күш-қуатының артуы олардың ең ірілерінде — наймандарда, керейіттерде — алдыңғы феодалдық мемлекеттік құрылымдар — ұлыстардың пайда болуына жеткізді. Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердің ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары болып, олар ара-тұра болса да қорғалып отырды. Шыңғысхан талқандаған керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның наймандар иелігін қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапқан.
Ноғай Ордасының саяси тарихы. Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді.
Оғыз мемлекетінің құрылуы мен этносаяси байланыстары. Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы – Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды "Жабғы” атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген. Жабғудың "инал” деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға "қатын” деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі се­беп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмады. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір кұшейді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жа­улап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп Жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары осыдан кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ биле­ушілерінің қол астына көшті. Ал XI ғасырдың ортасында қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың түркі тілдес тайпа­ларына сіңіп кетті.
Орта ғасырлық Қазақстан ғылымы Әл – Фарабидің әлемдік ғылымының дамуына қосқан үлесі. Әбу Насыр Әл-Фараби  әлемге әйгілі ойшыл,  философ,  социолог,  математик,  физик,  астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика,химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.
Отан және әлем тарихындағы ғұн-дың рөлі. Ғалым В.П. Алексеев айтқандай европеоидтердің ішінде қою қара шашты, қисық көзді, аз таныс адамдар пайда бола бастады. Ғұндар б.з.д. III ғасырдан бастап б.з. I ғасырда осы күнгі Шығыс Монғолияның Қытаймен шекаралас территориясында орналасқан, Қытаймен қашанда болса күрескен, таласқан.(б.з.д. 206) басқыншылығымен ғұн тайпалары сан рет қытайлықтарды жеңіп, олардың көп тұрғынды Хэнань Чжили провинцияларын алып алған. Ғұндардың батысқа қарай жылжуының басты себебі – Орталық Азиядағы дағдарыс еді.Ғұндардың бір бөлігі Тянь – Шань арқылы Оңтүстік Қазақстан территориясында өтеді. Ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны б.з. 93ж. Бастады. Бұл қозғалыс “ұлы қоныс аудару” атты тарихқа енді, өте маңызды қозғалыс болды, яғни көптеген халықтардың этникалық тарихында әсерін тигізді, соның ішінде Қазақстан да бар.
Патшалық Ресейдің қоныс аударуы саясаты және оның кезең-і.ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдарының соңы мен 30-шы жылдардың басындағы жеңістердің нәтижесінде жоңғарлар қазақтың біраз жерін босатуға мәжбүр болады. Әрине, қазақтың барлық жері түгел азат етілмесе де, бұл үлкен жетістік еді. Қазақтар осы шайқастарда біріксе ғана біртұтас күш ретінде елі мен жерін қорғауға шамасы жететінін көрсетті. Алайда, Ұлы хандық билік үшін күрес қазақтарды тағы бөлшектеді. Ұлы хандықтан үміткер Кіші жүзден - Әбілқайыр, Орта жүзден - Сәмеке өздерін елеусіз қалдырды деп, Аңырақайдағы жеңістен соң шайқас алаңын тастап кетіп қалды. Осы ішкі алауыздықтарды, қырқысуларды пайдаланған жоңғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін қайтадан батысқа қарай жылжыды. Осындай қиын–қыстау жағдай Әбілқайыр ханды Ресей мемлекеті сияқты одақтас іздеуге мәжбүр етті. 1730 жылы жазда Әбілқайыр Уфа наместнигі арқылы Петербургке Сейітқұл Құндағұлы мен Құтлымбет Қоштайұлын елші етіп жіберіп, Ресей империясының бодандығына қабылдауды өтінеді. Тұтас алғанда Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының объективті негіздерін жоққа шығармай, Әбілқайырдың алысты көздейтін жеке басының менмендігін, оның барған сайын айқын көріне түскен қара басын ойлаған мүдделерін естен шығармау керек екенін атап өтеміз. Хатында Әбілхайыр хан Орта және Кіші жүз қазақтарымен түгел Ресей бодандығын қабылдайтынын атап көрсетті.Еділ қалмақтарын, Қабарда княздігін, Грузин билеушілерінің жерлерін Ресей құрамына қабылдау Сыртқы істер алқасы дипломатиялық қызметінің өрісін едәуір кеңейтті. Бұл жолы да Әбілхайыр ханның елшілігіне барынша құрмет көрсетілді. Оның Құтлымбет Қоштайұлы бастаған 7 адамнан тұратын елшілері құрметпен қабылданып, бағалы сыйлықтар тартылды. 1731 жылы 19 ақпанда Ресейдің патшасы Анна Иоановна қазақтарды Ресей бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Осы грамотаны қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 31 сәуірінде Ресей Кіші жүзге Сыртқы істер коллегиясының тілмәші А.И.Тевкелев бастаған арнайы елшілік жіберді.1731 жылы 5 қазанда А.И.Тевкелев Ырғыз өзеніндегі хан ордасы орналасқан Майтөбе сайына келді. Бірінші болып бодандыққа Әбілхайыр хан ант берді, оған Бөкенбай ақсақал, содан соң Есет батыр қосылды. Сол арада адалдыққа 27 ақсақал ант берді. Сонымен қатар Ресей патшалығы қазақ хандықтарын түгел өзіне қарату мақсатында бұл өлкеге бірнеше экспедиция жасақтады. 1734 жылы мамырда қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Көп кешікпей оны Орынбор экспедициясы деп атады. Ол экспедицияны сенаттың обер хатшысы И. К. Кириллов басқарды. Ол өлген соң 1737 жылы Н. Татищев келді. Бұл экспедициялардың мақсаты Кіші жүз және Орта жүздегі ықпалды Шыңғыс ұрпақтарының бодандығын нығайту болды. 1740 жылы Орынбор бекінісіне олар қазақтың беделді сұлтандарын шақырып, Ресейге өздерінің бодандығын мойындауды талап етті. Осы жолы орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Алайда, айта кету керек, бұл жерде бодандық қабылдау тұралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ. ХVІІІ ғасырдың 30-40 жылдары-ақ Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Себебі, қазақ билеушілері бұл кезде жоңғар жаулаушыларымен қырғи-қабақ соғыста еді. Оның үстіне Қазақстан шекарасында күшті Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеліп соқты. Жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне әлсін-әлсін шабуылын Ресей үкіметі тиімді пайдалануға тырысты. Осыған орай Қазақстанның осы аймақтарын Ресей бодандығында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды.Ресейдің Қазақстан территориясына экспанциясы нәтижесінде 1752 жылдан бастап Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. Ресей империясы қазақ жерін отарлау саясатын барған сайын күшейтті. Шекаралық өкімет билеушісі И.И.Неплюевтің “бөліп ал да билей бер“ принципіне негізделген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шықты. Кейін ол 1756 жылы толықтырылып, түгел Жайық пен Еділ арасында қазақтарға көшіп-қонуға тиым салынды. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тиым салынды. Осылай 1730-1740 жж. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандығын қабылдауы нәтижесінде солтүстік–батыс Қазақстан жері Ресей империясының отарына айналды.
Президент Н.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өсу» 2010ж жолдауы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауының маңыздылығы
ерекше, әрі жігерге толы.
Өйткені, Президент жыл сайынғы кезекті
Жолдауында елдегі жағдайды талдап, зерделейді, шынайы түрде бағасын береді. Қандай шаруалардың басын қайырғанымызды, дамудың жаңа сатысында жеткен жетістіктерімізді, алдағы міндеттерді жан-жақты саралап, келелі тапсырмаларды нақты тұжырымдайды. Жолдауда 5 жылға созылуы мүмкін әлемдік дағдарысқа қарсы Қазақстанның өркендеу жоспары айқындалған. Атап айтқанда: елдің әлеуметтік-экономикалық,рухани саласын дамытудың ғылыми негізделген және халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың, үдемелі индустриялы өркендеудің негізгі бағыттары белгіленіп отыр.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикалық, сондай-ақ саяси тұрғыда да межелі асуларды бағындыра білді. Сөйтіп, біздің сүйікті Отанымыз расында да Еуропа мен Азияны жалғаған алтын көпірі, жаңашылдық пен бастамашылдықтың айтулы ұйытқысына айналды.
Елімізде маңызды мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде әлеуметтік жүйелерді жетілдіру, ауылды өркендету, білім, денсаулық, мәдениет салаларын жақсартуға қомақты қаржылар бөлінді.
Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір Жолдауында ауыл адамдары мен ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударылды.
Сақ дәуірі тайпаларының мәдениеті және өнері : Сақтар туралы Страбон: «құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандыққа шалады»,- деп жазып қалдырған. Және де отырықшы сақтар жерді «ана тәңірі» деп таныған. Олар соғыс тәңіріне де сыйынып, қылышты жерге шаншып қойып оның үстіне сүт құйып тәубе еткен.Сақтардың зергерлік өнерінде Аңдық стиль болды. Аң стилі б.з.б.VII – VI ғ.ғ. пайда болған. Сақтар қару – жарағында аң бейнесін бейнелеп, ол шайқаста рух, жеңіс береді деп түсінді. Аң стилі дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорықтар кезінде танысқан. олардың өмір сүруінің өзгермелі жағдайларына икемденуіне мүмкіндік тудырды. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған
Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы Сақ дәуіріндегі өмір сүрген тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысыМал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылғанКәсіптері Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндев, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.
Сақ тайпаларының саяси тарихы және қоғамдық құрылысы Сақтардың саяси тарихы: :Б.з.б 530ж парсы патшасы Кир, сақтарға қарсы соғыс қимылдарын бастады. Парсыларға қарсы сақ қолбасшысы Томирис патшайым болатын, нәтижесінде парсылар жеңіліс табады. Аңызға сүйенсек, Томирис меске қан толтырып, оған Кирдің басын салып тұрып: «Сен қанқұмар едің, енді тоя іш» депті.Кирдің Орта Азияны жаулап алмақшы болған жорығын I Дарий жалғастырды. I Дарийге қарсы сақ қолбасшысы Скунха болатын. Осы соғыста туылған таңғажайып оқиға, бұл малшы Ширақ ерлігі болатын. Ол өз елін жаудан аман алып қалады.• Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен бірдей белсене ат салысып, ерлік көрсеткен. Бұл туралы грек авторы Ктеси: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс кезінде ерлеріне көмектеседі» деп жазған. Қоғамдық құрылысыСақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.
Соғыс коммунизм саясаты Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.
Соғыстан кейінгі жыл-ғы қоғамдық-саяси дамуы (1946-1953 жж.). Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалғына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылды, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды, Ақтөбе қайта балқыту зауытының қуаты арттырылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру жүрді, нәтижесінде 1945 -1952 жылдары колхоздар саны 3 есе қысқарығ, 2047-ге жетті.Республикада 4-ші бесжылдықта егіс көлемі бір млн. Га-дан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. 1950 ж. Астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 процент асып түсті. ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді. 1951 ж. Бар болғаны 4,5 млн. ірі қара (1928 ж. 6,5 млн болған), 1,5 млн. Жылқы (3,5млн), 127 мың түйе (1млн) болды. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкі саны 18036 мың басқа жетті.1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті.Алайда бұл жетістіктердің бәрі әміршіл-әкімшіл жүйенің басқаруымен жүзеге асты. Қазақстан бұрынғысынша Одақтың тірек базаларының бірі болып қалды. Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.Осы жылдарда Қарғанды, Семей медицина институттары, Өскемен педагогикалық, Семей мал дәрігерлік-зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты ашылады. Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент мұғалімдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылды.Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум, арнаулы оқу орны жұмыс істеді. Онда 1,5 млн. адам оқыды.
Сталиндік аграрлық революция 1927 жылы желтоқсан айында тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 жылы 27 тамызда «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» және 13 қыркүйекте «Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы» деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылыктың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса бау-бақша, ауыл шаруашылығы құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының колымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды өзара араздастыру саясаты тереңдей түсті.
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептерін, барысын, ерекшеліктерін ашып беріңіз. Қоғамдағы әлеуметтік - саяси себептер С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтеріліске шығуына негіз болды, Яғни 1783 жылдың көктемінде Жайық казактарының қазақтардың 4 мыңнан аса жылқысын айдап әкетуі елдің ішіндегі жағдайды одан әрі шиеленістіріп, көтерілістің басталуына әкеп соғады. Көтеріліс алғаш Кіші жүздің батыс өңірін Тама руын қамтып, кейін Орал мен Жем өзендерінің арасына қоныстанған басқа да руларға таралды. Көтеріліске елге жастайынан ақылдылығымен, шешендігімен танымал болып бала би атанған халық арасында беделі зор, ықпалы күшті Байбақты руының старшыны С.Датұлы жетекшілік жасады. 1783 жылы көтерілісшілер қазақ ауылдарына шабуыл жасаған казак-орыс атамандарының бірі Чагановтың отрядын талқандап, оның өзін тұтқынға алып, кейін Хиуа хандығына құлдыққа сатып жібереді. Осы жағдайдан кейін көтерілісшілерге қарсы Орал қаласынан әскер шығып, 1783 жылдың желтоқсанында күтпеген жерден С.Датұлын қолға түсіреді. Бірнеше ай түрмеде отырған Сырымды құдасы Нұралы хан 1784 жылы кепілдікке 70 жылқы, 350 рубль ақша төлеп босатып алады. 1784 жылдың мамырында елге оралған Сырым өз жасағымен Орал әскерлеріне қайта шабуыл бастайды. Бірақ, оның бұл әрекеті Нұралы хан тарапынан қолдау таппайды. Нұралы оған керісінше қарсы болып, көтерілісті басуға әкімшіліктен қосымша әскер жіберуді сұрайды. Нұралы ханның бұл ісіне риза болмаған Сырым, онымен араздасып, енді көтеріліс тек Жайық казактарына ғана емес, Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға да қарсы бағытталады. Көтерілісшілер өз тарапынан патша әкімшілігіне мынадай талаптар қояды: 1) Еділ мен Жайық арасындағы қоныстарды қайтару; 2) Орал казак-орыс әскерлерінің жазалау отрядтарын жіберуді тоқтату; 3) Нұралы ханды тақтан түсіру. Елшіліктен қайтып келген М.Құсайынов патша ІІ Екатеринаға көтерілісшілердің талаптарын ескертіп, хабарлама жолдайды. 1785 жылдың күзінде тағы да старшындар мен көтерілісшілер қатысқан жиналыс өтіп, оған қатысушылар Нұралы ханды тақтан түсіру жөніндегі шешімдерін күшінде қалдырып, бұдан былай оны хан ретінде мойындамайтындықтарын білдіреді. 1791 жылы күзіне қарай генерал-губернатордың қатысуымен Ор қаласының жанында өткен жиналыста билер мен ру басыларының шешіміне қарамастан Ералы хан сайланды. Ералының хан сайлануы ел ішінде наразылық тудырып, стихиялық баскөтерулер байқалды.1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңа хан сайлауға біршама ойланып барып, 1795 жылы Нұралының баласы Есім хандыққа сайланады. 1795-1796 жылдардағы ауа райының қолайсыздығы Кіші жүз халқының шаруашылығын күйзелтіп кетеді. Оған қарамастан Есім хан түрлі салық жинауды тоқтатпайды. 1797 жылы О.А.Игельстром Орынбор генерал-губернаторлығына қайта тағайындалады. Осыдан кейін Сырымның Есім ханға қарсы қозғалысы басталады. 77 жастағы Айшуақ сұлтанды 1797 жылы қазан айында патша үкіметі хан етіп тағайындайды. Осылайша, 1783 жылдан 1797 жылға дейін 14 жылға созылған Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың босқа қырылмауы, ел ішінде тыныштық сақтау мақсатында тоқтатылады. Көтерілістің қозғаушы күші - халық болды. Оған билер мен батырлар, старшындар мен ру басылары да, қарапайым шаруалар да қатысты.Қорыта айтқанда, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қазақ тарихында Ресей империясының отаршылдық саясаты мен жергілікті билеуші топ өкілдерінің езгісіне қарсы бағытталған маңызы зор азаттық қозғалыстың бірі болды.
Татар – монғол шапқыншылығы: тұжырымдама-ы, кезеңдері, қорытындылары және зардаптары. Тұжырымдамалары:
1. Еуро – Руссо центристық, советтік тқжырымдама: бұл тұжырымдаманың маңызы мынандай: олар варварлар, олар тек Қазақстан жеріне Орта Азияға
2. Бұл осы уақыттағы ірі – тайпалардың бірімен – бірі жерге билікке талас. Ол үшін тайпалардың ірі мемлекет орнатуға күресі.
3. Бұл көшпелі Шыңғыс империясының отырықшы Хорезм мемлкеті мен соғысы.
Кезеңдері:
1218 ж. - Шапқыншылықтың басы
1219 -1221 - Қазақстанды жаулап алу кезеңі.
1224 ж. - Қазақстаннан тыс жерлерге тыс Шыңғыс хан империясының кеңеюі.
Шыңғыс ханның қаптаған әскері мен Қазақстан аумағына кіріуіне формалды түрде «Отырар апаты» себеп болды. Шыңғыс хан мен Хорезм шахы Мұхаммед арасында соғыс болмай қоймайтын еді. Ең алдымен монғол – татар шапқыншылғы Қазақстанның өндірістік күштерінің дамуына негізгі орын алатын көшпелі шаруашылық жағдайы мен дамуына теріс әсер етті. Мал басының өсуі кенеттен тоқтап, көшіп – қонудыі дәстүрлі цикілдері мен жолдары бұзылды. Монғол шапқыншылығы көшпелі жіне отырықшы шаруашылықтың жағдайына теріс әсер етті. Шұрайлы жайылымдарды басып алып, жергілікті тұрңындарды шеттету, ұлыстарға бөлу Қазақстанның мал шаруашылығы аудандары мен Орта Азияның егіншілік орталықтары арасында экономикалық байланыстардың тарлық құрылымын жоюға, мал басының азаюына, көшіп – қонудың дәстүрлі цикілдері мен бағыттарын бұзуға алып келді. Монғол шапқыншылығы Қазақстан аумағында халықтың қалыптасуына тежеу салды. Ірі тайпалардың ауысуы болды. Монғол ақ сүйектерінің шұрайлы жайылымдарды тартып алуы ол жерден жергілікті халықтың кетуіне, ал монғолдардың аумақты ұлыстарына бөлуі этникалық туысқан топтардың ыдырауына Монғол – татар шапқыншылығының Қазақстан мен Орта Азия халықтарына тигізген әлеуметтік экономикалық зардабы өте ауыр және қайғылы болды.
Тәуекел хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы. Өмірден кеткен Хақназар ханның орнына таққа Қасым ханның інісі Жәдік ханның баласы жас кезінде шайқастарда ерлігімен көзге түскен, сексен жастағы Шығай сұлтан отырғанда, елді басқару тізгіні оның ақылды да ержүрек ұлы Тәуекел сұлтанның қолына көшеді. Ортаазиялық деректер Шығай хан ұлымен Бұхара билеушісі Абдаллах ханның жағында Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы бірнеше жорықтарға қатысып, ең соңында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның басын алып тынғанын айтады.Қазақ сұлтанының қызметіне риза болған Абдаллах хан сұлтанға өз әкесі Ескендір ханның сүйікті иелігі Самарқанға таяу маңдағы бір уәлаятын сыйға береді.1582 жылы Ходжентке жақын Күмішкент атты елді мекенде Шығай хан қаза табады. Келесі 1583 жылы Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтар жолда Абдаллах ханнан сезіктенген Тәуекел хан атының басын Дешті Қыпшаққа бұрады. Оның мынадай екі себебі бартын. Өзінің қарсыластарын түгелдей дерлік жойып тынған Абдаллах ханға ендігі уақытта, әрине, Тәуекел хан сияқты одақтастың керегі жоқ-ты. Оның үстіне, Жошы тұқымы Тәуекелдің де Мәуереннахр тағынан үміттенуі ықтимал еді. Бүл кезде Тәуекел ханның Бұхара билеушісінің Түркістан мен оның төңірегіндегі калаларды беру туралы уәдесін орындаудан бас тартқанына әбден көзі жеткен болатын.Осы кезде Тәуекел сұлтан қазақ елінің бір бөлігін ғана билейді. Елдің біраз бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ. 90-жылдардың ортасына қарай Тәуекел сұлтан бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды. 1594 жылы Тәуекел хан орыс тұтқынындағы немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен босатып алу үшін орыс патшасы Федорға Құл-Мұхаммед атты елшісін аттандырады. Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыстардың Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді. Яғни, бұл уақытқа дейін Тәуекелдің бүкіл хандық атынан орыс патшасына елшілік жіберуге мүмкіндігі болмаған-ды.Қазақ елшілігінің алдына екі міндет қойылды. Олар: Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен тұтқыннан қайтару және орыс патшасынан Абдаллах ханға қарсы күресте көмек сұрау. Өзінің батыс шекарасындағы көршілерімен қызу саяси күрес жағдайында тұрған Ресейдің бұл кезде Орталық Азия мәселелерімен белсенді түрде айналысуға мүмкіндігі жоқ еді. Соған қарамастан, осы кезеңнің өзінде-ақ Ресей үкіметі Қазақ хандығы және Орталық Азиядағы саяси жағдаймен тұрақты айналысып, үлкен мүдделілік таныта бастайды.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Жеті жарғы - Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би,Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістердетөрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
Тәуке ханның саяси және дипломатиялық қызметі. «Жеті жарғы» қабылданғаннан кейін ішкі қырқыстар азайып, қоғамда біршама тыныштық орнады. Тәуке хан мемлекеттің ішкі жағдайын нығайту барысында басқа да шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, кіші жүздің аз жеті руын бір тайпаға, орта жүздің уақтары мен керейлерін бір уақ-керей бірлестігіне біріктірді. Сөйтсе де, көшпелі қоғам салты мен оның геосаяси жағдайы мемлекет бірлігіне қайшы келді. Тәуке ханның билік құрған соңғы жылдарының өзінде басқа хандар мен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылысы байқалды.Тәуке ханның сыртқы саясаты көрші елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан 1687 жылы Бұхар ханы Субханқұлымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізіп, оны қазақтар иелігінде қалдырды. Бұхар хандығымен сауданы дамытуға күш салды. Нәтижесінде Қазақ мемлекеті мен Бұхар хандығы арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, Бұхар саудагерлері қазақ жеріне кіріп сауда жасауға мүмкіншілік алған. Қазақ жерінде Бұхар көпестерін тонауға қарсы Тәуке хан арнайы жарлық шығарып, ендігі жерде тонаушылар қатаң жазаланып отыратын болған. Бұхар басшыларының тарапынан жоңғарларға қарсы соғыста қазақтарға көмек көрсетілмеді. Бұл мемлекетпен байланыс тек сауда қатынастарының жандануымен шектелді. Тәуке хан билік құрған жылдары Ресеймен қарым-қатынас  жанданды.  Осы жылдары  шекара аудандарындағы орыс бекіністері мен қазақ ауылдары арасындағы қақтығыс шиеленіседі.  Осындай келеңсіз әрекеттерді бейбіт жолмен шешу үшін Тәуке хан  1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған елшілік жібереді. Бұл елшілік сауда қатынастарын жандандыруды да мақсат етеді. Сөйтіп, Тәуке хан Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты. 1686-1693 жж. аралығында Тәуке хан Ресейге бес елшілік жібереді. 1694 жылы хан ордасында орыс елшілері Скибин мен Трощинді қабылдаған. Сөйтсе де, орыс-қазақ қарым-қатынастары 17-ші ғасырдың соңы мен 18-ші ғасырдың басында барынша шиеленіседі. Өйткені осы жылдары Ресей мен Жоңғар мемлекеттері жақындасады. Қазақ мемлекетінің күшейгенін байқаған орыстар жоңғарлармен жақындасып, оларды қазақтарға қарсы қою саясатын жүргізеді. әуке хан дипломат-мәмілегер, айлакер қолбасшы, әдеттік құқық жүйесінің реформаторы және қазақ ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды. 
Тоталитарлық жүйенің орнауы. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 ж орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиял. қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектелсе, одан кейінгі кезеңде ол өте-мөте қатал жаппай саяси қуғынға ұласты. Алаш зиял.қарсы күрестің жандануына 1925 ж. 29 мамырда Сталиннің Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросына өлкелік “Ақ жол” газетінің ұстанған бағытын айыптап арн.жазған хаты себеп болды. Ол хатта газет бетіндегі жарияланған мақалалардың бұл кезде шет елде эммиграцияда жүрген М.Шоқайдың ойымен “үндес және пікірлес екенін, яғни алашордашыл, ұлшыл идеяларды жаңғыртатыны” атап көрсетілді. Сондай-ақ алдағы уақытта осындай көзқарастағы партияда жоқ зиялы қауым өкілдерін жастарды тәрбиелеуге жібермеу ескертілді. Көп кешікпей-ақ, 1926 ж. болған партия конференциясында Ф.Голощекин басында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сияқты қазақ зиялылары тұрған ұлттық қозғалысты “реакцияшыл, тіптен контрреволюцияшыл” деп бағалады. Кеңес өкіметінің өлкедегі әртүрлі айыптау науқаны жаппай саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйым-ру кезеңі 1920 ж. аяғы мен 1930 ж.ортасы болды. Большевиктердің Алаш зия. қарсы саяси қуғынды бастауының негізгі себебіне тоқталсақ, ол мынандай жағдайға байл.болды. Большевиктер ірі байларды тәркілеуге байл.бас көтерулерді ұйым-лар деп қазақ интеллигенциясын айыптап, оларға қарсы шабуылды бастады. Соның нәтижесінде 1928-шы жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлі саладағы зиял. және Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Габбасов және т.б., барлығы 44 адам қуғындалып, тұтқындалды. 1930 ж.қыр.қазан айларында ұлттық интеллингенцияның екінші бір тобы (40-қа жуық адам), құр. Х. Және Ж.Досмұхамедовтер, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков және өзге де зиялы қауым өкілдері бар, тұтқындалды. Көп кешікпей олардың 15-і (Х. және Ж.Досмұхамедовтер, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, К.Кемеңгеров және басқалары) Ресейдің Орталық қара топырақты ауданына жер аударылды. Мұндай іс-әрекеттердің барлығы большевиктердің өздеріне идеялық жағынан қарсылық көрсете алатын зиялылардан құтылу жолы екенін байқатады.
Тұрар Рысқұловтың саяси қызметі. Тұрардың дүниетанымында отаршылдыққа қарсы сарын бірден көрінеді. Ол Түркістанның түркі тектес халықтарының бөлшектенбей біртұтас болып біріккенінде ғана отаршылдыққа қарсы шыға алатынын түсінді. Сондықтан ол 20-30 жылдары мемлекеттік саяси іске белсене араласып, белді ұйымдастырушысы болды.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен одан кейінгі саяси оқиғалар Т.Рысқұловты демократиялық интеллигенцияның алдындағы шоғырынан өсіп шыққан революционер ретінде қалыптастырды. Т.Рысқұлов құрған одаққа 30 ға тарта қазақ, қырғыз, орыс т.б. жастар бірікті. Одақ оқушы өкілдерін интелегенттердің демократиялық бөлігін және прогрессивті ауыл мұғалімдерін біріктіріп, жергілікті болшевиктер мен әскери гарнизондармен байланыс жасай отырып, өзінің жұмысын негізінен қазақ еңбекшілерінің арасында жүргізді. 1918 жылы қарашада Т.Рысқұлов Түркістан АКСР Кеңестерінің VI сьезіне қатысып, Орталық Атқару Комитетінің құрамына сайланып, ТүркОКА-ның аппаратына қызметке ауысады. Қазақ-орыс қатынастарын реттеу, ұрлық, тонаушылықпен айналысқандарға тойтарыс беру, Әулиеата уезінің экономикалық жағдайын жандандыру сияқты мәселелерді шешуге тікелей араласады. Уездік Кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Т.Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерін ашаршылықпен күресу ісіне бағыттайды. 1919 жылы наурызда Түркістан Республикасы Кеңесінің төтенше VIІ сьезінде Т.Рысқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады1920 ж. 21 қаңтарда Түрккомиссияның қолдауымен Тұрар.Рысқұлов.Т.О.А. Комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы кезде Тұрар Рысқұлов өзінің «Кеңестік Түрік Республикасын құру» турасындағы идеясын ұсынды. 1921 ж. 21 қаңтарда Тұрар Рысқұлов ОАК- тің төрағасы болып сайланды.
Түргеш қағанатының құрылуы. Түргеш қағанатының құрылуы. Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "То­ныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704–756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан әскер ұстады. Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706–711 жылдар. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қира­та жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары” және "қара” түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан (Қытай) империясы ұтымды пайдаланды. 751 жылы Тараздың қасындағы Ат­лах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытай­лықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті 756 жылы құлады.
Түрік жазба әдебиеті. Жүсіп Баласағұни мен Махмуд Қашқар. Көне түркі тілінде 200 аса жәдігерлер табылған. Күнделікті тұрмыста ауызекі сөздерді қолданған. Нәтижесінде VІІІ ғ. түріктердің жазба әдебиеті шықты. Әдеби туындылар: мақал-мәтел, жоқтау дегендерге бай. Мыс.: өлімнен ұят күшті. Жоқтау кітапта. «Қорқыт ата» кітабы 10 жырдың қосындысы. Қызылорда Қармақшыда ескерткіші бар. Кітап мазмұнына қарағанда Қорқыт айтты деген нақыл сөздер жиынтығы көне түрік ауыз әдебиеті жинастырылған. Қорқыт кітабы жастарды тәрбиелі болуға, жер, елін қорғауға, батыр, батыл болуға шақырады. Бірлікті уағыздайды. Сонымен оларда жазба әдебиет пен әдеби тілдің жақсы дамығанын көре аламыз. Жүсіп Баласағұни(1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Махмұд Қашқари (1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы.Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөлжағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді.
Түрік қағанаты-ң этносаяси тарихы мен басқару жүйесі. VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды.Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені маңайынан табылғандықтан “Орхон-Енисей” жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер – VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар.Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі. Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кейде, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін тұтқынға алып, өз армиясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мұрагері Мұқан-қаған (553-572жж.) билік құрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып тұрды.Бір тілде сөйлеген түркі халқының құрамында оғыз, қарлұқ, қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар біріккен. Бұл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қазіргі қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне сіңіріп жіберген.Түріктер әуелгіде Орта Азияны өзіне бағындыруда Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерлерге ие эфталиттерге қарсы Иранмен одақ құрып, 587 ж. Бұхара түбінде оларды жеңеді. Тохаристан облысы Иран қарауына өтіп, Батыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпал жасау аймағының шекарасы Амудария бойымен өтеді.Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 ж. қағанаттың екіге - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады
Ұжымдастыру жылдарындағы жұттың демографиялық салдары. Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру аякталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды. Ұжымдастыру жылдарындағы халық шығыны: 1930 жылы аштықтан – 313 мың адам;1931 жылы аштықтан – 755 мың адам;1932 жылы аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40 пайызын жоғалттық. Жиыны – 1 млн 750 мың адам. 1 миллионнан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931-1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 миллионы өлді. 1929 жылы Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 жылы тек 4,5 млн ғана қалды», – депті Тұрар Рысқұлов өз хатында...
Ұлы Жібек Жолы. Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б. з. б. III-II ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі та­уары жібек (Қытай) болған. Сонымен қатар VII ғасырда будда ламасы Сюань-Цзянь Ыстықкөл маңындағы Түрік қағанатының Суяб қаласына келеді. Түрік қағанының оған жібекті сыйға бергені айтылады. Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Ұзындығы — 7 мың шақырымнан астам. Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді. Қазақстандағы Жібек жолы. Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Са­марқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш. Весидж, Шауғар т. б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейіннен XIII-XIV ғасыр­ларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы артқан.
Жібек жолы бағыты: Хуанхэ өзені – Ұлы Қытай қорғанының батысы – Іле өзені – Ыстықкөл. Бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды.
Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран – Месопатамия – Мысыр – Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.
Дала жолы (б. з. б. 1 мыңжылдықтың ортасы).
Жібек жолындағы тауарлар.
Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары та­сылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген.
Жібек жолының маңызы.
Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуен­дері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.
Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандық әскери құрамалар мен жауынгерлер. 1940ж 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы барбаросса соғыс жоспарын жасады. Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар Қазақстан орта азия , татарстан, башқұртстан, әзірбайжан, солт кавказ, қырым, шыңжан, ауғанстанның солт. Еңбекшілер отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Алматы мединституты студенті Мәметова ағам да апам да жоқ сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін деп сұрады. Республикада екі млн нан астам адам әскери дайындықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарына 1.196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылып ҚазКСРне 700мын астам адам шақырыдлы. 27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды. 1941 45 ж, әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Шымкент авиация училище түлегі Кожедуб үш мәрте кеңес одағының батыры атанды. 220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1943 желтоқсан Алматы жастары ұшқыш Луганскийге жаңа истребитель табыс етті. Алғаш рет 1942 ж 22 шілде кеңес одағы батыры атағын алған қазақстандық Семенченко болды. Мәскеу шайқасында 316 атқыштар дивизиясы шайқасты. Олар қызыл ту орденімен марапатталды. 1941 18 қараша дивизия командирі генерал Панфилов ерлікпен қаза тапты. Ленинград түбінде 310, 314 дивизиялары шайқасты. Оған қатысқан С.Баймағамбетов жау дзотын кеудесімен жауып батыр атанды. 1941 қыркүйек Жамбылдың Ленинградтық өренім жыры достықтың шынайы әнұранына айналды. 1943 қаңтар 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды. 1942 жылы 17 шілдеде Сталинград түбінде кескілескен ұрыс басталды. Оның жалыны Батыс Қаз. Күзде жетті.1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды. 1942 ж Нүркен Әбдіров понамаренкода әуе шайқасында шағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. Жамбылдың ұлы Алғадай Сенильниково қаласында қаза тапты. Толыбай Мырзаев Павлов үйін қорғауда, Қасым Аманжолов та осы шайқаста қайтыс баолды. Ж. Елеусізов ең жас батыр . Қазақстандық партизандардың жалпы саны 3,5 мың. Р.Қошқарбаев рейхстагқа ту тікті. ҰОС ерліктер үшін барлығы 11600, қазақстандықтар 497, қазақтар 97. Екі мәрте кеңес одағының батыр атағын алған Бегильдинов, Леонид Игнатьевич, Павлов, Луганский. Солдат ерлігі ордені иегері 142 қазақстандық. Кеңес одағы орденімен марапатталған 96638 қазақстандықтар.
Ұлы Отан соғысының соңғы кезіндегі Қазақстан (1944-1945 жж). Қазақстандықтардың партизан қозғалысына қатысуы. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды. Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті. Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б. 1944-1945 жылдары майдан арсеналдарының бірі –
Қазақстан полиметалл рудаларын, түсті және сирек
Республиканың тамақ және жеңіл өнеркәсібі майданды
Тамақ өнеркәсібінің 36 объектісі, оның ішінде
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары майданға және елдің
Тігін және аяқкиім фабрикалары мен кәсіпшілік
Сонымен бірге Алматы кәсіпорындары 
армиясын, Югославия халық-азаттық армиясы
ҰОС жылдарындағы жалпыодақтық экономикаға қосқан Қазақстан үлесі
ҰОС жылдарындағы жалпыодақтық экономикаға қосқан Қазақстан үлесі. ҰОС жылдарындағы жалпыодақтық экономикаға қосқан Қазақстан үлесі. Майданға ерікті көмек кең құлаш жайды. Халықтың патриоттық үлестерінен жиналған қорғаныс қоры 1943 жылы қазанға дейін ақшалай 185,5 млн. сомға және тапсы­рылған облигациялардың құны 193,6 млн. сомға жетті. 1941 жылы күзден бастап патриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтарын сатып алу науқаны басталды. Олар нақты жауынгерге арналды. Сондай-ақ бүтіндей колонна, эскадрилья сатып алынды. Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотереялардың құнын есептегенде республика халқының майдан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың екі жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді. Әсіресе соғыстың бірінші қысында жылы киім көмегі едәуір болды. Республикада халықтың 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5мың шолақ тон, 312мың пар киіз бай­пақ түсті. Мұның үстіне майдандағы солдаттарға 1600 вагон жеке және ұжымдық сәлем-сауқаттар жіберілді, кейде оларды облыстың немесе республиканың арнаулы өкілдері алып барды. Отан қорғаушылардың олармен кездесуі, сол сияқты Қазақстан артистерінің майдан шебіндегі ормандарда, жер астындағы клубтарда немесе алдыңғы шептегі блиндаждарда көрсеткен 1216 концерттері майдан мен тылдың бірлігінің айқын көрінісі болды. 1943 жылы Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс облыстарына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осының бәрін жеткізіп апарғандардың ішінен 295 комбайншы, 636 трактор бригадасының бригадирі, 115 механи­затор, 115 агроном, 65 МТС директоры сонда қалып, шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесті.
Ш.Уалихановтың ғылыми, әдеби және қоғамдық қызметі. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммедханафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы,  тарихшы,  фольклоршы,  этнограф, географ,  ағартушы. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады

Приложенные файлы

  • docx 23974419
    Размер файла: 243 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий