8 Лекции Пед.тарихы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Дәріс курсы
Пәннің атауы: «Педагогика тарихы»
Көкшетау – 2015
1 дәріс «Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы»
Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Қорытындыда әдіснамалық негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді ерекше бөлініп берілген.
Әдіснамалық шындықты танудың ерекше жалпы жолдары туралы ғылым ретінде қарастырылды. Әдіснаманың басқа да анықтамалары баршылық. Мәселен, ондағы танымдық мәселені бөле отырып, әдіснаманы шындықты танудың жолдары туралы ғылым деп анықтама беруге болады.
Болмыстың мәні, болмыс пен сананың қатысы, адамның мәнін тану сияқты мәселелердің әдіснамалық тұрғыдан мәні ерекше. Бұл мәселелерді диалектикалық-материалистік негіздеуде әруақытта да болмыстың біріншілігі және сананың екінщілігі туралы түсіндірілді. Осындай орын алған, қалыптасқан көзқарас рухани дүниенің мәнін, сананың белсенділігін тежеп келді.
Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша, рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына әсерін атап көрсетті.
Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарынң әртүрлі саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.
Тарихи-педагогикалық білімді әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің мәнін түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде кіреді.
Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.
Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі, диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі тәрбиенің, білім берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін қарастырғанда және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі.
Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-педагогикалық құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің тарихи-теориялық теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік тұрғыдан оларыдң тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.
Дей тұрғанмен, барлық кеңестік кезеңдегі педагогика тарихының дамуын тек ғана біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмаған болар еді. Кезінде педагогика тарихынан оқулықтар мен оқу құралдарын жазған белгілі ғалымдар Н.А.Константинов, Е.Н.Медонский, М.Ф.Шабалда, тұңғыш қазақ тілінде шыққан “Педагогика тарихы” оқулығының авторлары, белгілі ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай Бекенұлы Бержанов пен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сыздық Мусиннің еңбегін ерекше атаған жөн. Бірақ бұл оқулықтар ескі әдіснама мен идеологияға негізделіп жазылғандықтан, қазіргі уақыт талабына сай көптеген тарихи мәселелерді тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қайтадан қарастыру қажет болды.
Тарихи-педагогиканың білім беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілк жасайды, оның дамуын қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.
Келесі педагогика тарихының мәнді әдіснамалық негіздеріне мәдениеттану тұрғысынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру мағынасында қолданылады. Осы мәдениет, адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымдарының өзара байланысында, мәдениеттанудың негіздері жатыр. Екінші байланысы-тарихи-педагогикалық ілімінің өзі – бұл мәдениеттің бір бөлігі.
Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта түседі.
Педагогика тарихы курсында өткендегі көрнекті педагогтардың ілімдерімен қатар аса дарынды философтардың, ойшылдардың, жазушылардың және қоғамдық қайраткерлердің педагогикалық көзқарастары талданылады, олар кәсіптік білімі бар педагогтар-болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту үшін ерекше еңбек сіңірді, тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері туралы, кейбір әдістемелік мәселелер туралы құнды идеялар қалдырды.
Қазіргі кезде өткендегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуде үкіметтің “Мәдени мұра” атты мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, сол бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық мұраны тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық теориялар мен көрнекті педагогтарымыздың мұраларын зерделеуде тарихилық қағида басшылыққа алынды.
“Педагогиканың қазіргі мәселелерін,- деп жазды профессор Н.К.Гончаров, барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үрдістер немесе құбылыстардың мәні тарихи дамуда ашылады, ал құбылыстың өзі педагогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады”.
Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының бастауында тұрған зерттеу ілімдерден, ағартушы-ойшылдардан мұрагерлікпен қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні бүгінге дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келеді.
Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндерттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы талдауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.
Тәрбиені зерттеу – педагогикалық зертеудің ертеден қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу әдісі тәрбиенің тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу-тәрбие жүйелерін айқын көрсетуге бағытталған ұйымдасқан таным қызметі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен нақтылы мәселелерді шешудің жолдары талқыланады, жаңа тарихи жағдайда оны қолданудың қажеттігі туралы ойластырылған қорытынды жасалады. Сондықтан да қарастырып отырған әдісті кейде тарихи әдіс деп те атайды.
Бұл әдіс әдебиетпен жұмыс істеу әдісімен тығыз байланысты.
Педагогика тарихын зертеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Ата Заңымыз, Білім беру туралы заң, 2004-2010 жылдарға дейін арналған Білім беру тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен нормативті құжаттары);
2. Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері бойынша классиктердің еңбектері; тарихи-педагогикалық әдебиеттері; мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи-педагогикалық материалдар; мерзімді педагогикалық басылым;
3. Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; халықтың педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері (мақал-мәтелдер, ертегілер, шешендік өнері, айтыс өнері, батырлар жырлары мен дастандар және т.б.); тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың, ойшылдардың, педагогтардың әр кезеңдердегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектері және т.б. жатады.
Педагогика тарихы - ғылым және пән ретінде көптеген гуманитарлық ғылымдармен байланысты. Педагогика тарихы ең алдымен мәдениет тарихымен тығыз байланысты.
Педагогика тарихы тарих ғылымдарының өзімен, әдебиет және өнермен, психология және социологиямен де байланысады.
Адам тәрбие субъектісі ретінде мәдениетті тұтынушы және оның иесі болып табылады. Тәрбиенің білім берудің, оқытудың міндеттерін дұрыс шеше білу – қоғамдағы мәдениеттің дамуының басты шарты. Жас ұрпақтың мәдениеті мен тәрбиесінің дамуының арасындағы өзара байланысты тарихи-педагогикалық үрдісте анықтау-педагогика тарихының ғылым және оқу пәні ретінде негізгі міндеттерінің бірі.
Педагогикалық ой-пікірдің кез-келген өкілі мәдениеттің жаршысы, насихаттысы болып табылады. Тарихи-педагогикалық мәселелелерді зердеулеуде зерттеуші адамзат тарихының, мәдениет тарихының, философия тарихының, әдебииет тарихының қайнар көздерін әртүрлі еңбектерін кеінен пайдаланады.
Педагогика тарихы азамат тарихымен байланысты. Ең алдымен педагогика тарихын дәуірлерге бөлуде азамат тарихында алынған негізгі кезеңдермен сәйкес келеді.
2 дәріс. Көне дүниедегі мектеп және тәрбие.
Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.
Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және мектеп.
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.
Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған.
Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.
Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.
Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.
Ертедегі Египетте жанұя тәрбиесі мен оқыту әйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасының сипатын бейнелейді. Бұл қарым-қатынас тепе-теңдік негізінде құрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларға оқытуға бірдей көңіл бөлінді.
Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге үйретті. “Тыңдай білу – адамның ең негізгі қасиеті” қанатты сөзі кеңінен қолданылды. Мұғалім күнделікті өз шәкіртіне мынадай сөздерді жиі қолданды: “зейінді бол және менің сөзімді тыңда, менің саған айтқан сөзімнің ешқайсысын да ұмытпа”.
Египеттіктер дене жағынан жазалауға ерекше мән берді. Дене жағынан жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетте әкенің, тәлімгердің ерекше беделін қастерледі. “Әруақытта да әкенің және ата-бабаңның адалымен жүр” деген дәстүрмен тұқым арқылы мамандықты беру дәстүрі тығыз байланысты.
Ертедегі Индия тарихы ені дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия жартыаралының б.э.2-мыңыншы жылдықтың бірінші жартысына дейін жергілікті халықтың давид тайпаларының өркениеті Екі өзеннің арасындағы алғашқы мемлекеттердің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту жанұялық-тектілік сипатта болды, жанұяның ролі ерекше болды.
Ертедегі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың инезисінің екінші негізгі жағдайларының біріне діни идеологияның (буддизмнің) әсері болды.
Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста-брахмандар болды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамыту қажет болды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллеутуалдық артықшылыққа, екінші каста – кшатрийлер – мықтылық пен ерлікке, вайшьилер – еңбек сүйгіштікке және шыдамдылыққа, ал шудралар – құлшылық етуге ерекше мән беріледі.
Идеялық тәрбие беруге тек ғана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық.
Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын “Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды.
Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты Ертедегі Қытайдың бай және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық құрылысқа кететін жанұялық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі жатады.
Әрбір жанұядағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық жанұя мүшелері белгілі ережелерді және шектеушіліктерді сақтау қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға зиянды қылықтарға тиым салу.
Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, “өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды.
Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.
Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.
Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.
Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты.
Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ертедегі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құл иеленушілік мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілікпен айналысты. Құлдар бұл мемлекетте мемлекеттің жекеменшілігіне айналды. Спартандық және афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуының және мәдениеті жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екі мемлекетте құлиеленуші мемлекеттер болды, қоғамдық тәрбие жүйесі тек ғана құлиеленушілердің бағаларын оқыту және тәрбиелеу ісімен айналысты. Бұл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатынды. Сондықтан да Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Осы жағдай спартактарды қарудың күшімен өздерінің үстемдігін орнатып отырды.
Осындай жағдайда ерекше спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесі қалыптасты, оның мақсаты-спартиат балаларының әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды болашақ құлиеленушілерді дайындау болды. Мемлекет балаларды туғаннан бастап, жанұя тәрбиесін бақылап отырды. Ақсақалдар жаңа туған баланы тексеріп, тек ғана дендері сауларын ғана әкесіне қайтарып берген ал аурулары мен әлсіздерін жоққылып өлтіріп отырған.
Осы аталғандар спартандық тәрбие жүйесінің ерекшеліктерін білдіреді. 7 жасқа дейін спартиаттар – балалар (спартиаттар деп аристократтар-құлиеленушілерді атады) үйде тәрбиеленді. 7 жастан бастап мемлекеттік тәрбие мекемелерінде дене тәрбиесі және әскери жаттығуларға ерекше мән берілді.
Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суықтыққа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп үйрету. Жас спартиаттарды жүгіруге, секіруге, найзаласуға, күресе білуге, жекпе-жек тәсілдерін меңгеруге, әскери әндер айтуға үйретті. Дене тәрбиесімен қатар саз, ән айту және діни билер қатар жүргізілді. Саз және ән айту әскери сипатта берілді.
18-20 жаста жастар эфебия деп аталатын ерекше топқа аударылды, онда әскери қызметін атқарды. Спартада қыз балаларға да әскери дене тәрбиесі берілді. Оның мақсаты – ерлер әскери жорықтарға қатысқан кезде әйелдер ерлердің орнына әскери міндеттерін атқару үшін қажет.
Афиналық тәрбие жүйесі. Афинаның географиялық жағынан ыңғайлы орналасуының арқасында ертедегі Шығыс елдерімен сауда-саттық ісі ерте дамыды. Егін шаруашылығынан басқа онда кейбір қолөнер кәсібі жан-жақты дами бастады.
Афинада мәдениет өз дамуының жоғары дәрежесіне жетті. Афина мемлекеті Спарта мемлекетінен өзінің қоғамдық құрылысы, мәдениет деңгейі жағынан өзгешелігі бар. Сонымен қатар тәрбие және білім беру жүйесінде де ерекшеліктер кездеседі. Афина тәрбиесі мен білім беру жүйесі әскери жауынгерді дайындау емес, одан гөрі білімді, қабілетті жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды тәрбиелеу.
Афиналық тәрбие жүйесі Ү-ҮІ ғғ.б.э.д.төмендегіше қалыптасты: 7 жасқа дейін ер балалар мен қыз балалар анасының басшылығымен үйде тәрбиеленді және бекітілген құлдар тәрбие ісіне араласады. Қыз балалар 7 жасқа толғаннан кейін ананың басшылығымен үйде жанұя тәрбиесіне жалғастырады (олар негізінен үй шаруашылығына үйретіледі). Ер балалар 7 жастан бастап үйде жеке меншік мектептерге қатынасады (мемлекеттік мектептер болмады): 7 жастан 14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау) және кифарист мектебіне (саз, ән-күй, тақпақ айту), 14 жастан полестра-мектебіне (күрес мектебі) қатынасады, онда 2-3 және жаттығулармен айналысады. Полестра мектебінде жаттығулардан басқа оқушылармен саяси және адамгершілік тақырыптарында әңгімелер өткізіледі: Ауқатты жанұялардан шыққан жастар кейіннен мемлекетте басқару лауазымдарына даярланады, гимназияда білімдерін жалғастырады, онда философия мен саясатты оқып үйренеді.
18 жастан 20 жасқа дейін жастар әскери қызметке даярланады, онда әскери даярлығын арттырумен қатар, өздерінің саяси білімін жалғастырады, елдің заңдарын оқып үйренеді.
Афиналық тәрбие жүйесінде дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен қатар ерекше роль атқарды. Сонымен қатар Спартада да, Афинада да құлиеленушілердің балалары дене еңбегіне жеккөрушілікпен қарады.
Қарапайым ата-аналардың балалары өз әкелерінен қандай болмасын қолөнердің түріне үйренді. Спартада да, Афинада да құлдардың балалары білім алуға мүмкіншілігі болмады.
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.
Демокриттің педагогикалық теориясы.
Ертедегі грек философиясының шыңы, ғұлама философ-материалист, атомистік теорияның негізін алушы Демокрит (460-370 жж.б.э.д) болды. Оның бізге жеткен көптеген шығармаларының үзінділерінен біз Демокриттің ғылымының барлық салаларында қолтаңбасын қалдырғандығын аңғаруға болады, оның философия, педагогика, математика, физика, биология, медицина, психология, өнер салаларында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. Оны К.Маркс Демокритке былай деп баға берген болатынды: “Гректердің арасынан шыққан бірінші әмбебап ақыл-ой”.
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой-пікірдің тарихында ерекше мәні зор. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдың, бір-бірінен түрі, қатарға және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ақзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді.
Демокрит жанның өлмейтіндігін жоққа шығарды. Демокрит адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мәселен, Демокрит еңбектерінен кейбір үзінді келтіретін болсақ; “Егер де оқымаса, ешкімнің де өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді”, “Табиғаттан гөрі, жаттығудың арқасында көптеген адамдар жақсылық қасиеттерді меңгереді”, “Кейде жас адамдарға ақыл, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ақылға үйрететін уақыт емес, ол дұрыс қойылған тәрбие және табиғат”.
Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне (“Әкенің жағымды ойы-балаларға ең жақсы өсиет”), сөздік әсеріне, сендірумен тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді.
Демокриттің бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою туралы жан-жақты айтылды.
Демокриттің материалистік таным теориясы бойынша, білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше болды. Демокрит ойды, ақылды дамыту туралы мынадай мәнерлі сөздермен аяқтады: “Көптеген көп білетіндер (білгіштер) – ақылсыз (ойсыз)” деген болатынды.
Сократтың педагогикалық теориясы.
Сократ (469-399жж.б.э.д) философ-идеалист болды, өзінің демократиялық шығу тегіне қарамастан (кедей қолөнершінің баласы), оның консервативтік жер аристократиясының идеологі болып табылады. Болғандығы оның философиялық және педагогикалық көзқарастарында бейнеленді. Оның түсіндіруінше, дүниенің құрылымы, заттардың физикалық табиғатын тануға болмайды, адамдар тек ғана өзін-өзі тануы мүмкін, жалпыға бірдей, мәңгілік және өзгермейтін адамгершілік ұғымдар өмір сүреді.
Тәрбиенің мақсаты, Сократтың көзқарасы бойынша, заттардың табиғатын зерттеу емес, ал өзін-өзі танып білу, адамгершілікті жетілдіру болу керек деді.
Платонның педагогикалық теориясы.
Платон (427-347 жж.б.э.д) белгілі грек философы, идеалисі, Сократтың шәкірті болды. Оның айтуынша, тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес келуі керек.
Платон философияда идеялар туралы іліммен белгілі. Оның пікірінше, тек ғана идеялар нағыз шындық ретінде өмір сүреді. Олар мәңгілік және өзгермейді. Бізді қоршаған заттар иек ғана идеялардың әлсіз бейнеленуі, көленкесі болып табылады.
Өзінің педагогикалық жүйесінде Платон спартандық және афиналық тәрбиенің кейбір белгілерін біріктіруге ұмтылды.
Платонның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсер етуі, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыруы. Ол “оқу” ұғымына ғылымдарды оқып-үйрену арқылы білімді меңгеруді жатқызды, ол “шындық үшін ойлауды пайдалануда жанды ояту” деп түсінді. Кішкентай балалардың ішкі негізі Платон айтуынша, эмоциялар болып табылады деді.
Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді.
Көптеген шығармалардың авторы ретінде Платон тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді. Тәрбиені ұйымдастыруда өзінің көзқарастар жүйесін “Мемлекет” және “Заңдар” сияқты трактаттарында қарастырды.
“Мемлекет” атты еңбегінде Платон кішкентай жас кезінен бастап балаларға қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынды және ооны ұйымдастырудың белгілі жүйесін қарастырды.
3 жастан 6 жасқа дейін барлық балаларды мемлекеттің тағайындаған тәрбиешілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұйымдастыруға ерекше мән берді. Кішкентай балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде ойынның ролін жоғары бағалады.
7 жастан 12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектепке барады, онда оқуға, жазуға, сынауға, саз өнеріне және ән-күйге үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейін дене тәрбиесімен жан-жақты айналысатын мектепке – полестраға қатысады. Онда гимнастикалық жаттығулармен айналысады.
16 жастан бастап ғылым негіздерін арифметикалы, геометрияны, астрономияны, практикалық мақсатта оқып-үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін эфебияда аранулы әскери-дене даярлығын алады. 20 жастан бастап, ақыл-ой сабақтарына ешқандай қабілеттілік аңғартпаған жастар әскер қатарына алынады. Ал жастардың аз ғана бөлігі, қабілеттілері 30 жасқа дейін білім берудің жоғары үшінші сатысына өтеді, онда философияны, арифметиканы, геометрияны, астрономияны және саз теориясын философиялық-теориялық негізде оқып-үйренеді. Олар мемлекеттік қызметке даярланады. Ерекше дарындылық аңғартқан кейбіреулері философиялық білімін тағы да 5 жыл жалғастырады (35 жасқа дейін) одан кейін 35 тен 50 жасқа дейін мемлекет басқару ісімен айналысады.
Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесіне деген жеккөрушілікке негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тыйым салынады.
Бірақ, Платон мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенің бірізді мемлекеттік жүйесі туралы, жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу талаптарын және т.б. ұсынды.
Аристотельдің педагогикалық теориясы.
Аристотель (384-322 жж.б.э.д), Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертеден Грецияның ғұлама ғалымы. Ал Платонның шәкірті бола отырып, өз ұстазының көзқарасымен келіспеді. Аристотель Платонның екі түрлі ерекше дүние туралы ілімін сынға алады: идеялар дүниесі және құбылыстар дүниесі. Аристотель дүниенің бірлігін мойындады, заттар идеяларын заттардың өзінен бөлуге болмайды. Кез-келген зат материямен түрдің бірлігі болып табылады.
Аристотель өзінің даму туралы теориясына сүйене отырып, жанның 3 түрі туралы айтты: тағамда және көбеюде байқалатын өсімдік түрі; түйсіктерде және қажеттілікте байқалатын жануар түрі; ойлау және таным тән ақыл-ой түрі жатады.
Жанның 3 түріне сәйкес олардың әрқайсысы ерекше әсер етуді қажет етеді. Аристотель тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсетті – дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі.
Аристотель адамда тәні мен жаны болатындығы, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл-ойтәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың 1 жас ерекшеліктерін ескеріп атқаруды ұсынды.
Аристотель педагогикалық ой-пікірдің тарихында алғаш рет балаларды жас кезеңдерге бөлуді ұсынды. Балалардың өмірін үш кезеңге бөліп қарастырды:
1) туғаннан бастап, 7 жасқа дейін кезең; 2) 7 жастан 14 жасқа дейін; 3) 14 жастан 26 жасқа дейін. Аристотельдің пікірінше, бұл жас кезеңдері табиғатына сәйкес келеді.
Аристотель жанұя тәрбиесіне ерекше мән берді. Ал 7 жасқа дейін балалар жанұяда тәрбиеленуі тиіс дей келіп, өзінің табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасына сүйенеді.
7 жастан бастап балалар мемлекеттік мектептерге барады (ерлер сияқты әйелдерге ондай білім берудің қажеттілігі жоқ екендігін Аристотель атап көрсетті). Аристотель мектептер мемлекеттік болу керек, жеке меншік болмау қажет, себебі бала тәрбиелеу ісі мемлекеттің қамқорлығында екендігін атап өтті. Мектептерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді, басқа мектептерде балалар оқуға, жазуға, санауға, сурет салуға және саз өнеріне оңай үйренеді. Ал одан жоғары жас кезеңінде жастар әдебиетті, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны оқып-үйренеді. Аристотель эстетикалық және адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде саз өнеріне ерекше мән берді.
Аристотель бойынша, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік мінез-құлықтағы жаттығуларға негізделеді – қажетті әрекеттері жиі қайталау. Балалардың адамгершілік тәрбиесімен негізінен ата-аналар айналысуы қажет.
Өзінің педагогикалық теориясын дамыта отырып, Аристотель құлиеленуші аристократияның өкілі ретінде ерікті туған азаматтарды тәрбиелеу туралы, құл иеленуші мемлекет туралы қамқорлық жасағаны белгілі.
Аристотельдің көзқарасы антигнал педагогикаға және педагогика ғылымының кейінгі дамуына ерекше ықпал етті.
Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
Ертедегі Римде көп ғасырлық тарихының, дамуында жанұя және мектеп тәрбиесі мен білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты.
Ұзақ уақыт Рим жанұясында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталған болатын-ды, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан жанұяның қандай орын алатындығына байланысты.
Римде әйел белгілі құққа ие болады (мәселен тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік ете, басқара білді.
4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар жанұяда бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Қыздардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысады, оларды сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты жанұяларда – грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ерлер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандары. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне үйретті, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті.
Бастауыш білімді ауқатты емес балалар элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.
Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді.
Римде шешендік мектептер ашылды, онда ауқаттылардан шыққан жастар жоғары ақыға грек тіліне, шешендік өнеріне, заңтануға, математикаға, философияға оқыды. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады.
Рим империясының пайда болуымен (ІІ ғ.б.э.д) императорлар грамматикалық мектептер мен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырды, олардың міндеті – императорлық өкіметке берілген чиновниктерді тәрбилеу.
Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Жанұядағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.
Квинтилианның педагогикалық көзқарасы.
Марк Фабий Квинтилиан – белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік болды.
Өз мектебінің тәжірибесі және античный дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан “Шешеннің тәрбиесі туралы” алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.
Квинтилиан адам табиғатының оның дамуындағы ролі туралы мәселені түсінуге өз үлесін қосты. Ол адамның табиғи көрсеткіштеріне үлкен мән берді, балалардың табиғи қабілеттерін өте жоғары бағалады, ерте жас кезінің өзінде қабілеттіліктердің дәрежесін анықтауға болатындығына ешқандай күмән келтірмеді (кішкентай балалардың ойының алғашқы белгілері – есі, тез және дәл қабылдауы және қабылдағанды ұзақ сақтау, балада еліктеуге ұмтылудың ерте дамуы) сонымен қатар тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді.
Квинтилиан Рим қоғамының билігінің жоғары деңгейіндегі жанұя тәрбиесін сынға алды, балалардың жағымсыз адамгершілік қасеиттерін және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынаған болатынды, жеке тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны үшін ата-аналарға ескерту жасады.
5-тен 7 жасқа дейін Квинтилиан Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. Оның айтуынша, балалар 7 жасқа дейін екі тілді меңгеруге тиісті – ана тілін және грек тілін, әуелі грек тілін содан кейін ана тілін. Квинтилиан балаларды мадақтап отыруға кеңес берді, өз құрбыларымен бірге оларды жарысқа шақырып отыруға, марапаттардың қажеттігін айтты.
Рим педагогі балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға әдістемелік кеңестер беріп отырды. Ол оқыту үрлісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше мән берді, оқытуда біржүйелік және бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді.
Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы және интонация, мәнерлі сөз, мимика қажет деген болатынды.
Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау екенін, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне тоқталды, оқытуды теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып, құру керектігіне мән берді.
Педагогикалық ой-аікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.
3 дәріс. Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Жүсіп Баласағұни.
Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.
В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады.
Дарынды ақынның, көреген ойшыл-дананың Жүсіп Баласағұнның өз сөзінен белгілі болғандай. Ол былай дейді: «Осы кітаптың авторы – Баласағұни қаласында дүниеге келген адамгершілігі жоғары – ұстамды азамат. Еңбекті Қашқарда аяқтап, Шығысты билеуші Табаш-ханға ұсынды, ол шығарманың авторын лұғылап, дәріптеп, оған «хасс-Хаджит» деген атақ берді»1.
Поэманың өзінен Жүсіп Баласағұнның асқан дарынды ақын, белгілі ағартушы, білімді адам, философ, ғалым-әмбебаб, данышпан, ақылғөй, араб және парсы поэзиясының, түркі халықтары фольклорін жетік білетін дана астроном, математик болды.
«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады.
Идеясы жағынан дастан имандылық, ізгілік рухында жазылған еңбек. Жүсіп Баласағұнидың «Құдатғу білік» түркі тілдес халықтардың ішінде бізге жеткен алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ жеке ұлт болып қалыптасқанына дейінгі ортақ мәдени мұра болып есептеледі.
Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім-тәрбиелік, ғибарттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады.
Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын ролі туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді.
Сонымен қатар ғұлама ағартушы Құдадғу білік Х.Сүйінішалиев айтқандай, «орта ғасыр ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерді таңқалдырған әдеби көркем туынды. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілердің және олардың мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра».1
Дастанда «Тіл туралы» айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. «Тіл адамның даңқын асырады», «Адам ол арқылы бақыт табады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа». Көп сөзділіктен пайда да, жақсылық та көрмейді. «Көп сөйлеме. Сабыр қып, әр сөзіңді салмақтай айт», «Он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз, кісі көркі – жүз, жүздің көркі – көз!».
Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…
«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!».
Жүсіп Баласағұнның осындай дидактикалық өсиет, ғибрат, ақыл-кеңеске құрылған дастаны 6500 бәйіттен тұрады. Дастанның соңында ақын қарттықтың келгеніне қоса достардың қатігездігін айта отырып, өзіне-өзі сабыр, өзіне-өзі тоқату, ақыл-кеңес айтады.
Ортағасырлық Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты.
Махмұт Қашғари. (ХІ ғ.)
Жүсіп Баласағұнның замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы ғұмырын Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») деп аталады. Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі Махмұт әл-Қашқари. күні бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз. Оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.
Махмұт Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Ұйғыр ғалымдары Махмұт Қашқариды «Қашқари» есіміне қарап, ұйғыр әдебиетінің өкілі, тек ұйғыр халқының перзенті деп жазады. Бұл пікірдің негізсіз екендігін автордың өз сөзіне қарағанда ол ортағасырлық әскери басшы, белгілі бек отбасынан, яғни, оғыз ортасынан шыққан. Сондықтан да Махмұт Қашқари – тегі жағынан ұйғыр емес, оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген түркі халықтарының ортақ перзенті. Сол себепті де оның шығармасы да ортақ қазына, ортақ классикалық мұра екендігін ескерткен жөн.
Сөздік тек ғана тіл білімінің мәселелеріне арналған еңбек ғана емес, сонымен қатар ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететін сан-салалы еңбек болып табылады. Еңбекте Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан мәлімет беретін құнды туынды.
«Диуана лұғат ат-түрк» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді.
Махмұт Қашқари түркі тілдерінің түрлі говорлары (жергілікті тілдік ерекшеліктер) жайлы айта келіп, мысал ретінде берген сөздерінің ішінде қазіргі қазақ тілінде де айна-қатерсіз қолданылып жүрген төмендегідей сөздерді де ұшыраттық. Мысалы: «арық, ақыр, қар, қара, азық, қозы, қыз, қашты, көмді, білді, тірілді, өлік, су, ат, топырақ». Соған қарағанда, қазақ тілі түрккі тілдері тілінде ата сөздерін көп сақтаған таза тілдердің бірі деп әбден болады.
Махмұт Қашқаридың «Жинағы» күні бүгінге дейін дүние жүзі ғалымдарының назарын аудартумен келеді. Орыс зертетеушілерінен бұл шығарма жайлы өз ойларын айтқан негізінен В.В:Бартольд, С.Е.Малов және А.Б.Халидов болды.
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.
Махмұт Қашқаридың аталған шығармасында да әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын көрінеді.
Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма. Қазіргі қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді де, маңызды, түркі халықтарының мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы. Қазақстанды мекендеген көптеген түркі тайпалары қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.
«Жинақта» тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».
Сөздікте ерекше тәлімдік-тәрбиелік, ғибарттық мәні бар мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер жиі кездеседі: «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…» , «Ұлым менің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады».
Сөздікте қаншама адамгершілікті, рақымшылдықты, дәріптейтін тәлімдік ой-пікірлер орынды берілген:
«Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен болма», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет…»
4 дәріс. Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж).
Жоспар
Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы туралы.
Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.
Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.
Осындай демократиялық сектаттық ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында табориттердің діни-коммунистік қауымы болды, осы қозғалыстың атымен аталды (Табор деген қаланың аты). Табориттер Чехиядағы бірден-бір радикалды, гуситтік ұлттық-діни қозғалыстың неміс дворяндары мен католиктік шіркеуге қарсы бағытталған плебейлік қанаты болып табылады. Табориттердің айтуынша, жақын арада “байлар да, жарлылар да болмайтын” күн туады, бәрі де тең болады, жекеменшік болмайды, бәрі де ортақ болады деген болатын-ды.
ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты,оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді. Я.А.Коменский 1592 жылы 26 наурызда Чехияда “чех ағайындары” демократиялық қауымға жататын жанұяда дүниеге келді. Бұл қауым чех халқының тәуелсіздігі үшін күреске бағытталған патриоттық бірлестігі болып табылады.
Я.А.Коменский ата-аналарынан ерте айырылып, ол “чех ағайындары” қауымдастығының қамқорлығының арқасында алғашында бастауыш және орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг университетіне түсіп, онда математикамен айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді. Европаның сол кездегі ірі орталықтарының бірі Амстердамда болды. Студент кезінің өзінде, Коменский чех тілінде халқы үшін кітаптар жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар үшін ғылымды кітаптарда жасырып қоюға болмайды, себебі білім бәріне де қол жететіндей түсінікті болу керек”. Осы демократиялық идеялсына Коменский өмірінің соңына дейін берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан кейін, Коменский кезінде орта білім алған мектепте мектеп басшысы болып тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары” қауымы өздерінің қауымының священнигі етіп сайлайды. Коменский мектепке ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер мен шәкірттердің қарым-қатынасында гуманистік бастаманы талап етті, мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен таныстыруға, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, оны тануға қызығуын қалыптастыруға, “чех ағайындары” қоғамының мүшелерінің арасында насихаттауға, ерекше көңіл бөлді. Бұл кезеңде Коменский бірнеше педагогикалық еңбектерді жазуға кіріскен болатынды.
Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халықмен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я.А.Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Я.А.Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда тағы да ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдері кеңінен мадақталды.
Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы ол өзінің ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды.
“Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы – дидактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т.б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды.
1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде ол даярлап және 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегі жарық көрді және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты оқулығы “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты даярланды кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдерінде аударылып, жарық көрді. Көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді.
1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.
Дидактиканың пайда болып дамуы.
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян. Амон Коменский (1592-1670) Оның 1632 жылы шыққан «Ұлы Дидактика» кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат – адамшылық, оған жету жолы – білім беру және оқыту деп санады. «Көп емес, өмірге керекті білімдерді» беруге шақырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А. Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді. «Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары» деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
оқушыларды сыныптарға бөлу;
әр сыныпқа бір бөлме беру;
күніне 4 сабақ өткізу;
әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
қоңыраудың соғылуы;
тәртіп;
бір сабақтың ұзақтығы бір сағаттан аспау керек;
сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский тақырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты үш бөлімге бөлген: басы, жалғасы, соңы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А. Коменский «Мұғалім – сабақты жаратушы, оның жүрегі», - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ. Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған.
Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.
Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.
Сол кезеңдегі материалистік бағыттар айтқанда, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді (Бруно) Беконның философиясын, ағылшын материализмнің негізін салушы ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды, тәжірибені индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталды, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештеңе болмайды деп үйреткен болатын-ды.
Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы.Мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.
Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды.
Гуманизм және демократизм Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы бойынша, бұл “жетілдірілген, керемет құрылым”, ол табиғаттан қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқы, әрбір адаманың табиғи құқы ретінде қарастырылады. Каменский мектепті “адамгершіліктің шеберханасы” деді.
Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: “Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда”. Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалыпға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К.Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы.
Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып, ұлы педагог-гуманист өнерде “бәрін барлық ғылымдарға үйрету” табиғаттың нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді.
Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан адам туралы көзқарастарға сүйене отырып, Коменский адамды табиғаттың бір бөлігі деп есептеді және табиғатта бәрі де, адамды қоса есептегенде, табиғаттың бәріне бірдей, әмбебап заңдарына бағындырылған.
Коменский “жалпыға бірдей табиғи әдісті” жасау тұжырымдады, ол негізінен “заттардың табиғатынан” туындайды және оның айтуынша, “адам табиғатына” негізделеді деген болатынды. Сондықтан да, ол өзінің педагогикалық қағидаларын негіздей келіп, ол табиғат құбылыстарын жиі-жиі сілтеме жасап отырды және адам іс-әрекетінен мысалдар келтірді.
Мысалы, оқытуды жалпы пәнмен таныстырудан, балалардың оны тұтас қабылдауынан бастау қажет екендігін, одан кейін оқып-ұйренудің жеке бөліктеріне көшуді дәлелдеу үшін, Коменский табиғат барлығын да жалпыдан бастап, жекемен аяқтайды: мәселен, жұмыртқадан балапан шығарғанда, әуелі оның жалпы белгісі пайда болады, содан кейін барып оның жекелеген мүшелері дамиды. Осы сияқты Коменскийдің айтуынша, суретші де солай әрекет жасайды, ол әуелі бейнелейтін заттың жалпы белгісін жасайды, ал содан кейін оның жеке бөліктерін салады.
Бірақ, мынаны ескере кетуіміз керек, адамдардың табиғаты мен іс-әрекетіне жиі сілтеме жасау Коменскийде өзінің педагогикалық қағидаларының дұрыстығын дәлелдеу үшін қолданылған тек ғана өзіндік тәсіл болып табылады. Осындай мысалдар оған өзінің бай педагогикалық тәжірибесін және сол кезден алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені дәлелдеу үшін көмектесті.
Коменский оқыту үрдісінің табиғатына терең бойлады. Баланың психикасымен санаспаған схоластикалық мектепке қарсы болды, ол оқыту үрдісін адам дамуының заңдылықтарын білуге құруға ұмтылды.
Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарады. Табиғатқа сәйкес деп, Коменский бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған оқыту үрдісі болып табылады.
Коменскийдің барлық педагогикалық шығармаларының өне бойына, оның ішінде негзігі педагогикалық шығарма – “Ұлы дидактиканың негізіне дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатқа сәйкес болу керек” деген тұжырым жасалды.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы, Коменскийден бастап, ХҮІІ және ХІХ ғ.ғ педагогиалық жүйелерінде әлденеше рет кездеседі. Әрбір педагогика (Коменский, Руссо, Песталоцци, Дистервег және т.б.) бұл қағиданы әртүрлі қарастырды.
Коменскийдің айтуынша, адам табиғаттың бір бөлігі ретінде өсімдіктер және жануарлар жүйесінде, сонымен қатар адамдарға қатысты іске асатын табиғаттың негізгі, жалпы заңдарына бағынады.
Коменский “мектептің жұмыс тәртібін табиғаттан үйрену керек” деді.
4. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне сүйену кездеседі.
Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.
балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін;
жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін;
ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ- есі мен қиялының, оның орындаушы органдары – тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта – ерік-қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.
Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады.
6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынады.
Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынады.
Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстарда – академия ұсынады.
Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын-ды.
Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады.
Аналық мектеп – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болды. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз, тас, темір, ағаш, шөп және т.б. дегеніміз не екендігін білу қажет болды, табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балалар бояуды ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы жағырафия ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.
Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.)
Ана тілі мектебі аналық мектептен басталған оқытуды жалғастыра отырып, онда алған білімді кеңіте және тереңдете отырып, адам өміріне қажетті: атап айтқанда, ана тілінде жазылғанның бәрін еркін оқу, анық, тез және дұрыс жаза білу, санай, өлшей білу, ән салу және т.б.
Бірақ Коменский онымен шектелмеді. Оның түсіндіруінше, шәкірттер мораль қағидаларын білу, түсіну және өмірде іске асыруға ұмтылу қажет, азаматтық тарих туралы жалпы түсініктері болуы, космографияның және жағырапияның элементтерін білу, шаруашылықтан және саясаттан хабардар болу қажеттігіне тоқталды.
Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады. Ана тілі мектебінің ортағасырлық мектептерден ерекшелігі ортағасырлық мектептерде барлық оқыту өмірден алшақ берілді, тек ғана латын тілінде оқытылды, ал ана тілі мектебінде бастауыш мектептегі оқыту тек ғана ана тілінің негізіне сүйенді.
Латын мектебін немесе гимназия ұйымдастыруды Коменский әрбір қалада белгіледі. Латын мектебінің бағдараламасына ортағасыр мектептеріне тән “жеті ерікті өнерлермен” ескі мазмұнымен жаңа мазмұнын ұштастыруға ерекше мән берді.
Академияда Коменский сол кездегі жоғары оқу орынары тәжірибесінде кеңінен қолданылған үш факультетті ұйымдастыруға, діни, заңгерлік және дәрігерлік.
5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.
Мектеп, Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, “ізгіліктің шеберханасы”, “жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.
Осыдан келіп, ұл ыпедагог жалып білім беретін мектептердің бағдарламасына жан-жақты білім негіздерін енгізді (гуманитарлық және реалдық). Мектепте моральді оқытуды енгізуді ұсынды. Дінге сенетін адам ретінде мектепте дінге ерекше мән берді.
“Ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды адамдарды” дұрыс даярлау үшін, уақытында оқу бағдарламасын уақытында жемісті іске асыру үшін Коменский мкеетп ескі оқытудың әдістерінен, қорқытудың варварлық тәсілдерінен және оқушының жеке басын жаншудан бас тартудың қажеттігін атап өтті. Осыны қамтамасыз ету үшін, демек, оқытудың тиімді ұйымдастыру үшін оқытудың дидактика негіздерін түбірімен өзгерту керек деген болатын-ды.
Ескі ортағасырлық мектепте негізделген жүйеге қарама-қарсы ол өзінің көптеген ережелерінде жаңа дидактикалық негізде қарастырды.
Коменскийдің дидактикасы ортағасырлық мектепке қарағанда, оқыту үрдісін “өміршең және табиғи, жеңіл және жемісті” ету үшін бағытталды.
Ескі варварлық оқыту әдістеріне, өз мәні жағынан негізіне “табиғи әдісті” немесе табиғатқа сәйкестікті, яғни, оқытудың әдістерімен табиғат заңдылықтарының арасындағы сәйкестікті жатқызады. Коменский өз дидактикалық қағидаларын табиғатқа сілтеме жасау арқылы дәлелдейді және бекітеді. Ол негізінен өсімдіктердің өміріне, құстардың дамуына, бағбанның, архитектордың қызметінесілтеме жасайды және т.б.
Біріншіден, Коменскийдің түсіндіруінше, дидактиканың “алтын ережесін” төменгіше түсіндірді: “Бәрі де сезім органдары арқылы қабылданады, атап айтсақ: көретін нәрсе – қабылдау үшін көру сезімімен, еститін нәрсе – есту сезімімен, иіс – иіс сезімімен, дәмінтату – дәм сезімімен, сипай-сезу, сипай-сезу арқылы іске асады. Егер де қандай ма болмасын заттар мен құбылыстарды бірнеше сезіммен бірден қабылдауға болады, мейлі олар бірден бірнеше сезімдер арқылы қабылдансын”.
Коменскийдің талап етуінше, оқу заттар мен құбылыстартуралы сөздік баяндаудан басталмау керек, бірақ оларды нақты бақылаудан бастау керек. Табиғи мүмкін болатынды бақылау қажет, бірақ заттарды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда оларды суреттермен, моделдермен, картинкалармен ауыстыру керек.
Негізгі дидактикалық қағидалардың бірі ретінде көрнекілікті талдауда Коменскийдің сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Сол кездегі қалыптасқан көрнекілік оқытудың кейбір практикалық іс-тәжірибесін ол ұлы ғұлама педагог ретінде негіздеді, жинақтады, әрі қарай тереңдетті және кеңейтті, тәжірибеде көрнекілікті кеңінен қолданды, өзінің оқулықтарын суреттермен қамтамасыз етті. Мағынасыз, механикалық жаттауға, догматикалық оқытуға Коменский оқытудың саналылық талаптарын қарсы қойды.
Коменский біржүйелік оқытуға ерекше мән берді. Ол құбылыстардың арасындағы байланыстарды оқушылардың түсінуінің қажеттігін атап көрсетті, оқу материалын біржүйелікпен дұрыс ұйымдастыру керек, ол шәкірттерге хаос (жүйесіз) болмауы керек, негізгі қағидалар түрінде қысқаша баяндалған болуы керек.
Оқыту үрдісінде, оның айтуынша, деректерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге жүріп отыру керек, демек, бұл деректер мен мысалдарды біржүйелейді, жинақтайды; нақтылыдан абстрактыға, жеңілден қиынға, жалпыдан жалқыға жүріп отыруды талап етті.
Коменский дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдық тікелей жалғасы болуы керек.
Коменский балалардың жас ерекшеліктерімен санаса отырып, ең алдымен шәкірттердің түйсіктерін, одан кейін есін, одан әрі ойларын, ең соңында тіл мен қолын дамыту қажет деп кеңес береді, себебі шәкірт меңгергенді дұрыс айта білуі және оны күнделікті ісінде қолдана білуі қажет.
Коменский оқытудың түсініктілік қағидасы туралы құнды кеңестер береді. Шәкірттерге оқыту тек ғана жас шамасына лайықтап беру керек. Шамаға лайықтылық және түсініктілік қағидаларын оықтудың анықтығына, негізгі мәселелерді хабарлау арқылы іске алады.
Сонымен қатар Коменский оқытудың беріктілік қағидасы туралы да құнды кеңестер берді. Коменский “берік негіз қалану керек, оқытуда асықпау керек, оқушылар берілген материалды толық меңгеруі қажет”.
Оқу материалын берік меңгеруде жаттығулардың және қайталаудың мәні орасан зор.
Коменский оқушылардың таным қабілеттіліктерін дамытуға ұмтылып отырды.
Оқыту жұмысының нәтижесі белгілі дәрежеде қолданылатын ұйымдастыру түрлеріне, әдістеріне және тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі.
Коменскийді сол кезде үстемдік еткен оқытудың түрі де, оқытудың қолданылатын әдістері де ешқандай да қанағаттандырмады. Оқытудың түрі оқушыларға негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан сабақ сұраумен шектелді.
Ал педагогика тарихында тұңғыш рет әртүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынды, оның ішінде көрнекті оқыту әдістеріне ерекше орын берді. Коменский алғаш рет жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсына отырып, төмендегі негізгі мәселелерге ерекше назар аударды:
1) оқу жылы белгілі жыл мезгілінің тек ғана бір күні басталуы қажеттігін ұсынды; 2) ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөліну туралы; 3) уақыт сондай дәл бөлінген болу керек, әрбір жыл, ай, күннің өзінің ерекше міндеттері болу керек. Коменский оқу жылы және оның оқу тоқсандарына бөлінуі ұғымын алғаш рет бекітті, оқу демалыстарын (каникулдары) енгізді, оқу күнін ұйымдастыруды анықтады (4 сағат ана тілі мектебінде, 6 сағат латын мектебінде) теориялық тұрғыдан сынып-сабақ жүйесінің негізін салды және оны тәжірибеде қолданды, іске асырды.
Коменскийге дейін мектептерге шәкірттерді қабылдау әртүрлі уақытта, бүкіл оқу жылының бойында жүргізілді. Шәкірттер сыныпта бірге отырғанмен, бірақ сыныптағы барлық оқу шәкірттермен көп жағдайда ұжымдық сабақ болмады. Мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жүргізді. Сонымен, Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінің негізін сабақты қалай жоспарлау, өткізу керек, шәкірттерден сұрап отыруға, сонымен қатар сабақта жаңа материалды түсіндіріп отыруға және жаттығуларға ерекше көңіл бөлді.
Сабақты жүргізуде мұғалімнің атқаратын қызметі ерекше. Кітаптар, оқулықтар – бұл тілсіз мұғалімдер. Тек ғана мұғалімнің сабақта материалды түсіндіргеннен кейін ол шәкірттің жан дүниесінде жаңарып, терең із қалдырады. Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән берді. Ал зейінді жарықпен салыстырады. Әсіресе, сабақты ойдағыдай меңгеру шәкірттің сабаққа зейін аударуына тікелей байланысты.
Коменский мұғалімдерді шәкірттермен, сыныппен жұмыс істей білуге үйретті.
Коменский мұғалімге ерекше мән берді. Мұғалім мамандығының өте құремтті, абыройлы мамандық екеніне тоқтала келіп, оны өте жоғары бағалады: “Оларға (мұғалімдерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес”, - деген болатын-ды. Бұл мұғалімге, оны ұлы мәртебелі ісіне жаңаша, прогрессивті көзқарас болып табылады. Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Коменский мұғалім,- деп жазды, -ол әруақыттада таза, белсенді, табанды, шәкірттерге адамгершілік қасиеттің үлгісін көрсетуі тиіс, сонымен қатар білімді, еңбексүйгіш болуы керек.
Коменский теориялық оқулық қандай болу керектігі туралы құнды теориялық ойларды ұсынды және бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, осы теориялық қағидаларын іс жүзіне асырды. Оның айтуынша, оқулықтар дәл және түсінікті тілмен жазылуы керек, оның сыртқы түрі балалар үшін өте тартымды болуына тоқталды.
Коменскийдің “Тілдердің және барлық ғылымдардың есігі ашық” (1631) және “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” (1658) оқулықтары ерекше кеңінен тарады.
Россияда Коменскийдің оқу кітаптары кеңінен тарады. Оның ішінде “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқу құралы ХҮ ғ.аяғында Ресейде қолданыла бастады. Ол кітаптарды Москва, Петербург оқу орындарында ХҮІІІ ғ.ІІ жартысында Москва университеті басып шығарды.
6. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
Коменский білім беру мен тәрбие мәселелерін бір-бірінен бөліп қараған жоқ, әр уақытта бірінсіз екіншісін елестете алмады. Білім беру мен тәрие ісін бір-бірімен байланыста қарастырды.
Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеттері болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) және құдайға құлшылық ету (діни тәрбие). Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ол оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім беру шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.
Коменский тәрбиенің ролін өте жоғары бағалады. Адам тәрбиенің арқасында ғана адам болады, ол балалық жас кезеңінде берілуі қажет деп жазды. Ол “кез-келген баладан адам қалыптастыруға болады”,- деп тұжырымдады. Қабілетті, ұқыпты және педагогтың ықпалына көнгіш балалармен қатар, қабілетсіз жалқау және қыңыр келетін өте аз балалардың тобы кездеседі дей келіп, Коменский бұл топтағы балаларды да тәрбиелеу және оқыту керек екендігін сендірді.
Адамның өзін-өзі басқара білуі, Коменскийдің көзқарасы бойынша, тәрбиенің үш түрінің бірі болып табылады. Ол адамгершілік тәрбие арқылы іске асады.
Платоннан және Аристотельден кейін, Коменский негізгі адамгершілік сапарларға даналық, бірқалыптылық, батылдық және әділеттілікті жатқызды.
Даналық ұғымы Коменскийдің көзқарасы бойынша, бұл адамгершілік қасиет негізінен оқыту үрдісінде шәкірттерді ғылым, өнер және тілдер негіздеріне үйретуде, демек, “ғылыми білім” үрдісінде тәрбиелейді.
Батылдылық және басқа да адамгершілік қасиеттер оқушыларға бірден берілмейді, оқыту үрдісінде бірте-бірте беріледі.
Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру. Бұл адамгершілік қасиет, Коменскийдің айтуынша, жастық шақ кезіндегі жастарға ерекше қажет. Еңбектегі шыдамдылықты қалыптастыру әруақытта да балалардың қандай болмасын іспен айналысуы болып табылады.
Осы басты адамгершілік қасиеттермен қатар, Коменский балаларда қарапайымдылық, басқаның айтқанын тыңдау, ұқыптылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға кеңес берді.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарына Коменский: ата-ананың, мұғалімдердің, жолдастарының үлгісін, балаларға ақыл-кеңес беру, әңгіме өткізу, адамгершілік мінез-құлыққа балаларды жаттықтау, жағымсыз мінез-құлыққа қарсы күресті жатқызды.
Коменский адамгершілік тәрбиесіне төмендегідей негізгі талаптарды қойды:
адамгершілік қасиеттерді кішкентай кезден бастау керек;
адамгершілік қасиеттерді сөзбен емес, іс-әрекетпен тәрбиелеу;
балаларды тәрбиелеуде өмірден және тарихтан алынған мысалдарды кеңінен пайдалану;
балаларды бүлінген адамдардың қауымынан және кез-келген басқа да адамгершілікке жат қылықтардан сақтандыру;
Оқыту және тәрбие мәселелерімен тығыз байланыста тәртіп мәселесін оны жаңаша және кең көлемде шеше біледі.Тәртіп әрбір мектепке ауадай қажет. “Тәртіпсіз мектеп, сусыз айналған диірменмен бірдей” деген чех халқының мақалын жиі пайдаланды.
Коменскийдің тәртіп мәселесіне ерекше мән бере отырып, үлкен үлес қосты. Ол баланың адамгершілік қасиеті мен жеке басын басып-жаншуға, ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне негізделген ортағасырлық мектепке қарсы шықты. Ол тәртіпті қоя білді, сонымен қатар мұғалім оқушылардың арасында қажетті тәртіпті орнатудың қажеттігін түсіне білді. “Жақсы үлгілермен, жылы сөздермен және әруақытта да шынайы да, балаға жүрек жылуымен тәртіпті орнатуды қолдады”.
Коменский балалардың дене жағынан жазалауға қарсы шыға отырып, мектептерде қолданбауды күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселеде екіжақтылық аңғартты. Ол ерекше жағдайларда және мектеп кеңесінің шешімі бойынша, егер оқушы құдайға қарсылық білдірген жағдайда немесе тентектік жасаған қолдануды қажет деп тапты.
“Жақсы ұйымдасқан мектептің заңдары” атты шағын шығармасында қысқаша ережелер түрінде көптеген құнды ұсыныстар жасады. Онда мектеп ережесін дұрыс ұйымдастыруға, мектепті басқаруға, мұғалімдердің міндеттеріне, оқушылардың тәртібіне қатысты мәселелерге қатысты болды.
Ережелер оқушылардың білімін ескертудің тәртібі мен тәсілдерін жан-жақты бекітеді.
7. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы.
Педагогика тарихында Коменский – ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.
Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие болып табылады. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз дәуірінің материалистік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.
Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы және т.б.).
Белгілі дидакт ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшелерін айқындап берді.
Ол алғаш рет сабақ теориясны терең талдап берді.
Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия және т.б.).
Оның оқулықтары көптеген шет тілдерге аударылды, оның ішінде ХҮІІ және ХҮІІІ ғ.ғ. Ресейде аударылды. Бұл оқулықтар алғашқы оқытудың 150 жылдан астам уақыт ең сапалы оқулықтары ретінде басқа прогрессивті педагогтардың оқулықтар жасау үшін үлгі болып табылды.
Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский ХІХғ. 60 жылдарында былай деп жазды: “Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар туралы ғылым педагогикалық бастауын біз Коменскийдің “Дүниенің картинкалар арқылы бейнелеу” еңбегі деп есептейміз”.
Коменскийдің оқулықтары мен дидактика мәселелері жөніндегі ұсыныстары күні бүгінге дейін әртүрлі елдердің мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Коменский ұсынған дидактикалық қағидалар, жалпыға бірдей міндетті білім беру, мектепті демократияландыру, ана тілі, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күні де күн тәртібінен түспеген мәселелер болып табылады.
Лейбництің айтуынша, Декарт пен Бекон философияның, Коперник астрономияның дауында қандай еңбек сіңірсе, педагогика ғылымын дамытуда Коменский сондай еңбек сіңірген болатын-ды.
Ұлы педагогтің қиялдаған көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз мәнін жазған жоқ. Я.А.Коменский бала тәрбиесі туралы ғылымның негізін сала отырып, педагогиканың дидактика саласында жаңашылдық идеяны негіздей отырып, бүкіл әлемдік педагогиканың дамуына ерекше ықпал етті.
Коменскийдің педагогикалық мұрасын орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы ағартушы, педагогі Ы.Алтынсарин және басқа да ХІХ ғ.ІІ жартысында Ресейді мекендеген орыс емес ұлттардың педагогикасының өкілдері Я.С.Гогебашвили, Уавчавадзе, М.Ф.Ахундов, Г.Агаян, Карм Насыри, И.Я.Яковлев және т.б. ағартушы-педагогтары өз шығармаларында Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұрасын насихаттауда біршама еңбек сіңірді.
5 дәріс. «Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы»
Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.
1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.
Руссо бірнеше еңбектер жазды: “Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), “Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), “Жаңа Элоиза” (1761), “Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман “Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.
Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады.
Руссо, Плехановтың айтуынша, “тырнағының аяғына дейін демократ”, қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық дайындауда ерекше роль атқарды.
Жан-Жак Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін, еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы болды.
Руссо адамдарды табиғат аясына шақырды. Ол сол кездегі өркениетке жеккөрушілікпен қарады, себебі оның игілігін пайдаланып отырған байлар, ауқатты адамдар екендігін жақсы түсінді. Ол адамдарды табиғатқа жақын болуға, қарапайым ауыл шаруашылығымен және қолөнермен айналысуға шақырды. Бұл жерде Руссоның шектеушілігі аңғарылды, мәдениеттің, техниканың прогрессивтік мәнін түсінбеді.
“Эмиль, және тәрбие туралы” деп аталатын педагогикалық романында Руссо феодалдық қоғамның шырмауынан еркін жаңа адамды тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп беруге талпынды. Бұл роман прогрессивті ортада ерекше қызығушылық танытты, ал реакциялық топтардың арасында, атап айтқанда чиновниктер мен діниелері – жеккөрушілікпен қарады. 1762 жылы париж парламенті романды өртеуге, ал оның авторын түрмеге қамауға шешім шығарды.
Руссо Швейцарияға қашып кетуге мәжбүр болды. Бірақ онда да осындай жағдайға душар болды. Оның “Эмиль, және Тәрбие туралы”, “Қоғамдық шарт” еңбектерін өртеп жіберді. Швейцариядан кетуге мәжбүр болған Руссо іздеушілерден жасырынуға тура келді. Тек ғана 1770 жылы Парижге қайта оралуға мүмкіншілік алды. Ауру, қайыршылықтың күнін кешіп, 1778 жылы Париждің қасында қайтыс болды.
Ескі тәрбие жүйесін сынау.
Тұтас алғанда феодалдық қоғамды және оның тәрбие жүйесін Руссо тәрбиеленушілерді дұрыс дамытуға кедергі келтіретін, зиян екендігін атап өтті. Ол бұл жүйе шәкірттерді пайдалы білімдермен және ептіліктермен қаруландыра алмайды, олардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерінің дамуына көмектесе алмайды, керісінше, балалардың жеке басын басып-жаншудың құрғақ жаттау мен басқа да тәсілдері арқылы олардың дамуын тежеп отырады деп тұжырымдады. Бұл жүйе баланы тәрбиелейді, цирктегі аттар сияқты үйретеді деп қатты сынға алды.
Руссо бұл жүйені сынай отырып, феодалдық тәрбие жүйесіне қатты соққы берді. Жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия табын жаңа адамды тәрбиелеу туралы феодалдық қоғамға қарсы күресінде ерекше роль атқарды.
Руссо әрбір балада табиғатынан жағымды нышандар берілетіндігін атап көрсетті. “Табиғи тәрбие” Руссоның теориясы бойынша, тәрбиеші баланың жеке басын терең құрметтеудің және табиғи жас ерекшеліктерін ескеру негізінде өзінің негізгі міндеті балада нышандары мен қабілеттіктерінің дұрыс дамуы үшін жағдай жасау және оны бұзылған ортаның ықпалынан сақтау болып табылады.
Руссо тәрбиені психологиялық негіздеуге ерекше мән берді. Ол баланың жас кезең ерекшеліктерін терең түсінді.
“Табиғи тәрбие” беру теориясы бойынша, баланы ерікті іс-әрекетте, еңбекте, жеке тәжірибенің негізінде, табиғатты және қоршаған өмірді тану жолымен, жаттығулар мен барлық сезім органдарының үрдісінде тәрбиелеу қажет. Осыдан келіп, мынадай талаптар қойылды: тәрбие үрдісінде неғұрлым аз сөйлеу мен аз моральдық үгіттеу және солғұрлым көп бақылау, жаттығу және тәжірибе.
Тәрбиенің нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі шарттарға Руссо төмендегілерді жатқызды:
тәрбиенің тәрбиеленушіге сүйіспеншілігі, оның шығармашылық белсенділігін және еркіндікке және өз бетімен әрекетке ұмтылуды мадақтау;
тәрбиенің педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейде болу мүмкіндігі.
Руссо “табиғи және еркін тәрбиеге” ерекше мән берді. Руссоның айтуы бойынша, балалар табиғи, табиғатқа сәйкес тәрбиеленуі тиіс. Оның себебі тәрбие жұмысында баланың табиғатына сәйкес оның жас ерекшелігін ескеру. Оның түсіндіруінше тәрбие үш түрлі қайнар көзден нәр алады дейді: табиғаттан, қоршаған адамдардан және қоршаған заттардан.
Руссо табиғи тәрбиелік тікелей байланысты еркін тәрбиені қатар қойды. Адамның табиғи құқының біріншісі - еркіндік, сондықтан да ол еркін тәрбиеге ерекше мән берді.
Жас кезеңдері туралы.
Тәрбиеленушінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, Жан-Жак Руссо балалардың жас ерекшеліктерін төмендегідей кезеңдерге бөлді:
Бірінші кезең – туғаннан бастап, екі жасқа дейінгі кезең; екінші кезең – екі жастан он екі жасқа дейін; үшінші кезең – он екі жастан он бес жасқа дейін; төртінші кезең – он бес жастан ересектік жасқа дейін.
Бірінші кезеңде, Руссо баланың дене тәрбиесіне ерекше мән берді. Бұл кезеңде, оның пікірі бойынша, баланы қоршаған заттармен таныстыру қажеттігіне тоқталды. Мейлі бала заттарды ұстап қарасын, ойыншықтарды мейлі қаратсын, сындырсын деген болатын-ды Руссо. Осылай ол көруді, сипай сезумен байланыстырудың алғашқы дағдыларын меңгереді және кеңістікті елестете алады.
Екінші кезеңде, Руссоның айтуынша, бала әлі де ойлауға және дерексіз ұғымдарды меңгеруге қабілетсіз, сондықтан да балаларға әртүрлі үгіт насихат айту және мәтіндерді жаттауға зорлаудың қажеттілігі жоқ. Ол балаларға кітап беруді ұсынбайды, оның түсіндіруінше, олар үшін ең жақсы кітап қоршаған табиғат болып табылады. Бұл кезеңде дене тәрбиесін жалғастыру, денсаулығын нығайту, әсіресе баланың сыртқы сезімдерін дамыту қажет. Әсіресе, көру, сипай сезу органдарын дамыту, демек балаға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылауға, өлшеуге, салыстыруға, санауға жан-жақты мүмкіншіліктер беру. Сезім органдарын дамыту ақыл-ой дамуының негізгі алғышарттары. Сондықтан да балаға еркіндік беру керек.
Руссо былай деп жазды: “Мейлі ол жүгірсін, секірсін, мейлі ол ойнасын, әрекет етсін, әруақытта да үздіксіз қозғалыста болады”.
Үшінші кезең, Руссоның сипаттауынша, ақыл-ой және еңбек тәрбиесінің кезеңі болып табылады. 12 жасқа келгенде бала дене жағынан жеткілікті жетілген және еңбекке қабілетті, өзінің сыртқы сезім органдарының көмегімен қоршаған дүниедегі негізгі заттар мен құбылыстарды тез бағдарлай және қабылдай алады. Ал жағырафиядан, астрономиядан және табиғаттанудан білімдерді түсіну және меңгеру қабілеттілігін толық іске асырады. Руссоның айтуынша, бала дамуының бұл кезеңінде ақыл-ой тәрбиесі осы үш пән бойынша білімдерді меңгерумен шектелуі тиіс.
Үшінші кезеңді Руссо еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Еңбек тәрбиесінің негізгі құралы, Руссоның айтуынша, тәрбиеленушінің еңбек үрдісіне тікелей қатынасы болып табылады.
Төртінші кезеңді Руссо адамгершілік тәрбиесінің кезеңі деп атады. Бұл дегеніміз; бұл кезеңде тәрбиеленуші адамгершілік ұғымдарды қабылдауға қабілетті болып табылады. Руссо тәрбиенің алдына үш міндеттерді қояды: 1) жақсы сезімдерді тәрбиелеу, немесе, басқаша айтқанда, “жүрек тәрбиесі”; 2) жағымды пікірлерді тәрбиелеу; 3) жағымды ерікті тәрбиелеу. Осы міндеттерді шешу, Руссоның пікірінше, моральдық тұжырымдаулармен және ақыл айтумен ғана емес, басқа жолдармен: жағымды үлгілермен, жағымды істерді орындаумен және ұлы адамдардың ғұмырнамасын оқып-үйрету арқылы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
20 жаста Эмиль дене жағынан мықты дамыған, өз бетімен жұмыс істей алатын, ол өзін қоршаған ортаны өзінің сыртқы сезім органдары арқылы танып білді.
Руссоның балаларды жас кезеңдерге бөлуі Я.А.Коменскийдің жас кезеңдерімен салыстырғанда бір қадам ілгері басқандық байқалады. Алғаш рет Руссо баланың дамуының ішкі заңдылықтарын анықтауға әрекет жасады, бірақ ол баланың белгілі кезеңдерінің ерекшеліктерін терең зерттеумен айналыса алмады.
Руссоның әйел тәрбиесі туралы ойлары (Эмильдің болашақ зайыбы) оның әйел табиғаты туралы көзқарастарымен анықталды. Руссоның көзқарасынша, оның мәні ана болу, шаруашылықты жүргізе білу жанұяда жағдай жасау білу, жолдасына ұнай білу, пайдалы болу. Сондықтан да қыз баланың табиғи тәрбиесі, Руссоның айтуынша, ер баланың тәрбиесінен түбірімен ерекше болуы керек. Қыз балаға тән қасиет тәуелді болу, басқаның көзқарасын меңгеруге даяр болу.
Әйел адам лені сау және мықты бала тууға жаратылған, сондықтан да табиғи сұлулықты және әдемілікті меңгерген болуы керек, демек, оларға білім берудің қажеті жоқ деген болатын-ды.
Руссо Эмильдің болашақ зайыбына білім беруді шектей отырып, балалық жастан бастап, олардры дінге үйрету керек деген пікірді айтты.
Руссоның педагогикалық теориясының маңызы.
Руссоның педагогикалық теориясының кейбір қарама-қайшылықтары мен қате тұжырымдарына қарамастан оның педагогикалық мұрасының тарихи прогрессивтік мәні ерекше және кейінгі педагогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен әсер етті.
Руссо баланың жеке басын басып-жаншитын өмірі өтіп бара жатқан феодалдық тәрбие жүйесін қатты сынға алды: білім беру саласындағы таптық шектеушілік, сөздік оқыту, догматизм мен құрғақ жаттау, таяқ тәртібі, дене жазалауы.
Өз кезіндегі алдыңғы қатарлы адамдардың көзқарасын білдіре отырып, ол адамды феодалдық қанаудан құтқару, балалардың құқын қорғау мәселелерін қоя білді. Руссо балаға сүйіспеншілікпен қарауға, оның жас және дара ерекшеліктерін зерттей білуге, оның қажеттіліктерімен есептесуге шақырды.
Руссо оқушылардың белсенділігін арттыруға, ойлау ерекшеліктерін, қабілеттіліктерімен өзбетімен жұмыс істеуін дамытуға ерекше мән берді. Ұлы гуманист ретінде Руссо адамдарды сүюге, балаларды құрметтеуге үгіттеді. Ол балалардың сезім органдарын тәрбиелеу, олардың бақылампаздығын дамыту қажеттігін ерекше атап көрсетті.
Сонымен қатар Руссоның педагогикалық тұжырымдарының барлығын дұрыс деп айта алмаймыз: Мысалы: оның дара “еркін тәрбие”, әртүрлі педагогикалық әсерлердің қажеттігін жоққа шығару, баланың жеке басының тәжірибесін бүкіл адамзаттың тәжірибесіне қарсы қою, қоғамдағы әйел адамдардың орнын дұрыс бағаламау және одан туындайтын тәрбие мәселелеріне реакциялық көзқарастарды атауға болады.
Дей тұрғанмен, Руссоның белсенді, ойлай білетін ерікн адамды тәрбиелеу туралы идеялары көптеген елдерде педагогикалық теория мен практиканың дамуына жағымды әсер етті, бірақ кейін бұл идеяларды буржуазиялық педагогика толықтай жоққа шығарды. ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.басында буржуазия Руссоның мұрасынан бас тарта бастады немесе оны жоққа шығарды.
Коменскиймен салыстырғанда Руссо феодалдық тәрбие жүйесіне одан да қатты соққы берді. Ол балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы ілімді біршама тереңдетті. Табиғи тәрбие тұжырымдамасынан туындай отырып, Руссо өзінің көзқарасын мектепте іске асатын оқыту және тәрбие үрдісінен бөліп қарастырады. Ол мұғалімге нақты және пайдалы ұсыныстар мен кеңестерді, әсіресе оқытуды ұйымдастыру және әдістемесінің практикалық мәселелері бойынша өте аз береді.
Жан-Жак Руссоның әдеби және педагогикалық мұраларын Ресесйдің сол кездегі алдыңғы қатарлы озық ойлы өкілдері жоғары бағалаған болатын-ды. Эмильдің санаулы алғашқы даналары Петербургке 1763 жылы ақпанда алынды, бірақ бұл кітаптың таралуына тиым салынды, оған қарамастан, кітап құпия түрде таралған болатын-ды.
ХҮІІІ ғ.Ресейдің жолында революционері, ағартушысы А.Н.Радинцев ұлы гуманист-ойшыл Руссоның мұрасына ерекше баға берді. А.Н.Радинцев тәрбие мәселелеріндегі жүргізген өзгерістері үшін Руссоға “Еуропа көп міндетті” деп жазды.
Декабристерде ХІХ ғ.60-жылдарындағы революция демократтар Руссоның педагогикалық еңбектері ерекше бағаланды. Жан-Жак Руссоның педагогикалық мұрасының көптеген мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен сөзсіз үндесіп жатқандығын айтып өткен орынды.
6 дәріс. Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы және педагогикалық қызметі. (1746-1827)
   Швейцария – Песталоццидің отаны – ХҮІІІ ғасыр ортасында әлі де артта қалған феодалдық ел болды. Бірте-бірте швейцария деревнясына ене бастаған капитализм шаруаларды жіктей және жағдайы нашарлата бастады.
   Генрих Песталоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын берілген қызметші әйел тәрбиеледі. Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды.
   Балалық шағынан бастап, швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап, Песталоцци дворяндар – памещиктер және мануфактура иелері оларды қалай қатты қанағанын көріп өсті.
   Песталоцци алғашында білімді неміс бастауыш мектебінде, одан кейін латын орта мектебінде алды. Бұл мектептің оқу бағдарламасының нашарлығы және дайындығы жеткіліксіз оқытушылары жас Песталоццидің есінде берік қалды. Песталоцци Песталоцци жоғарғы оқу орнына түсіп, онда коллегиум, филология және философия бөлімдерінде оқыды. Песталоцци оқытқан жоғары мектептің кейбір профессорлары жастарды жан-жақты әртүрлі философиялық және саяси әдебиетпен таныстырды. 17 жастың өзінде Песталоцци Жан-Жак Руссоның "Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбегін оқып шықты. Руссоның "Қоғамдық шарт” еңбегінің жарық көруі Песталоцциге үлкен әсер етті.
   Цюрихтің жастары, оның ішінде Песталоцциде бар, жартылай жасырын үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірменің жиналысында тарих, саясат, мораль, Руссоның рухында жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Көп кешікпей қала әкімшілігі үйірмені жауып тастады, ал басқалармен бірге жас Песталоцииді қамауға алды.
   Песталоцци оған қарамастан, бұрынғыша халқына, шаруаларға көмектесуге жұмыстанды. Шаруалардың өмірі оған өте ауыр көрінде. Шаруаларға көмектесу үшін Песталоции ауыл шаруашылығын зерттейді.
   1769 жылы ол өзінің әлеуметтік экспериментін бастайды. Өзінің қарызға алған қаражатына "Нейгоф” (Жаңа аула) деп аталатын жер сатып алады, онда шаруаларды өз шаруашылығын дұрыс ұйымдастыруға үйрету мақсатында үлгілі форма ұйымдастырғысы келді.
   1774 жылы ол Нейгофте "Жарлы және панасыз балалар үшін” мекеме ашады, онда 50 тарта жетім және панасыз балаларды жинайды. Оның ойы бойынша, мекемені балалардың өздерінің тапқан қаражатына ұстау қажет болды (жазда - егіс даласында, қыста – тігін станокторында).
   Песталоцци балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретті, олардың тәрбиесімен айналысты.
   Песталоцци өз мекемесінде оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру мәселесін іске асыруға жұмыстанды. Қаражаттың болмауына байланысты 1780 жылы бұл сәтсіздік халқына көмектесу мақсатында қалаған жолынан таймай, әрі қарай жалғастырды.
   Келесі он сегіз жылын Песталоцци өзінің тәжірибесін және әдеби қызметін жинақтауға арнады.
   1781 жылы Песталоцци өзінің "Лингард және Гертруда” атты белгілі әлеуметтік-педагогикалық романын аяқтай, баспадан жарық көреді. Бұл роман үлкен жетістіктерге жетеді, онда автор жаңа негізде қалай шаруаларын өмірін қайта құруға болатындығын көрсеткісі келді.
   Бұл романда сол кезеңдегі Швейцариядағы ауыл өмірі бейнеленеді.
   Песталоцци өз романында шаруалардың негізгі үш түрін көрсетеді: байыған шаруалар; қосымша табыс табу мақсатында мануфактураларда жұмыс істейтін орта шаруалар; күйзеліске ұшыраған, күн көрістің қамымен мануфактураға түгелдей жолдамалы істеуге көшкен шаруалар.
   Романның басты қаһарманы, ақылды, шаруа әйелі Гертруда шаруашылық жүйесін тиімді жүргізудің үлгісін көрсете білді және өз балаларын оқытуды олардың еңбегімен ұштастыруды іске асырды. Мұғалім мектепте оқытуды Гертруданың үлгісімен жүргізді. Сонымен, "Лингард және Гертруда” романында Песталоцци шаруаларға көмектесудің жолын белгіледі және сонымен қатар әрбір ана балаларын оқыта білуі қажет екендігін көрсете білді.
   Роман үлкен жетістіктерге жетті. Ол бірнеше тілдерге аударылды. "Лингард және Гертруда” романынан кейін Песталоццидің есімі кеңінен белгілі бола бастады. Еңбекшілердің өмірін жақсарту мүмкіндігі туралы қиялдар сол кездегі барлық алдыңғы қатарлы буржуазиялық зиялылардың ақыл-ойын толғандырды.
   Француз республикасының заңдылық жиналысы 1792 жылы Песталоцциді "Лингард және Гертруда” романы үшін және оның аса дарынды педагогикалық қызметі үшін "француз азаматы” атағымен марапаттады.
   Швейцарияда буржуазиялық революция болған кезде (1798), Песталоцци жас өкіметтің келісімен Станцаға барып, панасыз балалар үшін мекеме ашты, оған 80 тарта 5-10 жас аралығындағы балаларды қабылдады. Балалардың жағдайы дене және моральдық жағынан нашар болды. Песталоцци панасыз балалар үйін жанұя түрінде құруды, балаларды қайта тәрбиелеу, онда өндірістік еңбекпен ұштасқан оқытуды енгізуді жоспарлады. Бірақ Песталоццидің Станцадағы қызметі сегіз айға ғана жалғасты. Әскери әрекеттерге байланысты балалар мекемесі жабылып қалды. Бұл Песталоцциге қатты соққы болды.
   Көп кешікпей Песталоцци Бургдорфте мұғалім қызметіне орналасады, ал кейіннен өзінің қызметкерлерімен Бургдорфте өз институтын ашады. Онда ол Станцада басталған тәжірибені одан әрі жалғастырады.
   ХІХ ғ.басында Песталоццидің бірнеше еңбектері жарық көрді. "Қалай Гертруда өз балаларын үйретеді”, "Аналар үшін кітап”, "Бақылау әліппесі”, "Сан туралы көрнекі ілім”.
   Бургдорфта орта мектеп интернатымен және жаңаша мұғалім даярлайтын бөлім ашылды. Институттың бастығы болып Песталоцци тағайындалды.
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы.
   Тәрбиенің негізгі мақсаты, Песталоццидің айтуынша, адамның табиғи қабілеттіктерін дамыту, әруақытта да оны жетілдіріп отыру. Песталоцци "адамның күштері мен қабілеттіктерін үйлесімді дамыту” туралы насихаттады; адамның жақсы нышандарын дамытып отыру қажет.
   Тәрбиешінің балаға әсері оның табиғатымен сәйкестікте болуы керек. Педагог жас ұрпақтың табиғи дамуын басып отырмау қажет.
   Негізгі тәрбие қағидасы, Песталоццидің түсіндіруінше, бұл табиғатпен сәйкестік.
   Песталоцци Руссо сияқты бала табиғатын асыра бағалаған жоқ.
   Барлық тәрбиенің орталығы адамды оның адамгершілік бейнесін қалыптастыру болып табылады. "Адамдарға жүрек жылуы” – бұл адамдарды адамгершілік қатынаста алға жетелейтін болуы қажет. Песталоцци ресми дінге және оның қызметшілеріне жағымсыз көзқараста болды.
   Песталоцци жанұя тәрбиесіне ерекше мән берді. Балаға сүйіспеншілік сезімі, оларға сене білу, тәртіп, алғыс сезімі, шыдамдылық, борыш, моральдық сезімдер т.б. баланың анасына деген қарым-қатынасынан пайда болады.
   Адамның табиғатынан берілген күштері мен қабілеттіктерін қалай дамытуға болады? Ең алдымен жаттығулар арқылы дамытады. Адамға берілген әрбір қабілеттіліктің өзі адамды жаттығуға талап етеді және итермелейді.
   Песталоцци революционер болған жоқ, бірақ шаруалардың жағдайын жақсарту үшін ұмтылды. Оған оның айтуынша, тәрбие "адам табиғатын жетілдіру арқылы жетуге болады” деді.
   Біз жоғарда атап көрсеткендей, оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру Песталоццидің педагогикалық теориясы мен практикасының негізгі қағидаларының бірі болды.
   Баланың дене тәрбиесінің мақсаты- Песталоццидің түсіндіруінше, оның барлық дене күштерімен мүмкіншіліктерін дамыту және нығайту, ал дене тәрбиесінің негізі – баланы ойнауға, бәрін ұстауға, әруақытта да әрекет етуге итермелейтін баланың қозғалысқа табиғи ұмтылуы.
   Песталоцци адамды қалыптастыруда дене тәрбиесіне ерекше мән берді және оны үлкендердің бала дамуына ойластырылған әсер етуінің бірінші түрі деп есептеді.
   Песталоцци дене тәрбиесінде ерекше орынды әскери жаттығуларға, ойындарға арнады. Дене тәрбиесі адамгершілік және еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста іске асты.
   Песталоцци адамды қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің мәнін ерекше атап өтті. Ол жұмыс кезінде "баланың жүрегін жылытуға, ойын дамытуға” ұмтылды. Оның айтуынша, мектепте балалар күні бойына иіру және тігу станоктарында өткізеді; мектеп жанында жер белгілі болады, әрбір оқушы өзіне бөлінген жерді өңдейді, жануарларды күтіп-бағады.
   Бірақ осындай еңбек тәрбиесі механикалық түрде берілді, оқытудың өнімді еңбекпен органикалық байланысы болмады, дей тұрғанмен, оның құндылығы Песталоцци балалардың  еңбегіне жан-жақты тәрбиелік мән берді.
   Песталоцци тәрбиенің негізгі міндеті – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту.
   Адамгершілік тәрбиенің қарапайым элементі, Песталоццидің пікірінше, баланың анасына махаббаты, ол бала ақзасының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету негізінде пайда болады. Жанұяда баланың адамгершілік мінез-құлқының негіздері қаланады.
   Одан әрі балалардың адамгершілік күш-жігері мектепте іске асуға тиіс, онда мұғалімнің балаларға қатынасы оның әкелік махаббатының негізінде құрылады. Песталоцци балалардың адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру моральдық өсиеттерді айтумен шектелмей, оларда моральдық сезімдерді дамыту, адамгершілік бейімділіктерді қалыптастырудың қажеттігіне тоқталды.
Дидактика негіздері элементарлық білім беру теориясы.
  Песталоцци бастауыш мектептің оқу жоспарын белгілі дәрежеде кеңейтті, оқу жоспарына оқу және жазу, санау және өлшеу, сурет, гимнастика, ән-күй дағдылары, сонымен қатар жағырафия, тарих, табиғаттану салаларынан кейбір білімдер берілді.
   Таным үрдісінің бастапқы сатысы бақылау болып табылады. Бақылаудан жаңа ұғымдарға көшу үшін кез-келген танымның үш элементін түсіну қажет, сан, түр және саз. Песталоцци өзінің алдына міндет қойды – оқытудың түрлері мен әдістерін табу, оны пайдалана отырып, шаруа-ана өз балаларын оқыта білуі мүмкін.
   Кез-келген білімнің негізіне, Песталоццидің пікірінше, оның элементтері жатады. Әрбір адам, оның түсінуінше, белгілі бір түсініксізді анықтап алу үшін, әр уақытта да алдына үш мәселе қояды: 1) Қанша оның көз алдында заттар? 2) Олар қандай түрге ие? 3) Олар қалай деп аталады? "Сан, түр және сөз: Песталоццидің айтуынша, кез-келген оқытудың элементарлық тәсілдері”.
   Бастапқы оқытуда түрге сәйкес келетін өлшеу, санға-есептеу, ал сөзге  - тіл. Сонымен, элементарлық оқыту өлшеу, санау және тілді меңгеру ептілігіне сүйенеді.
   Песталоцци ойлауды дамыту мен білімді жинақтаудың арасын ажыратады. Песталоцци мектептің негізгі міндеті рухани күштер мен қабілеттіктердің оянуы, ойлау қабілеттілігін дамыту, демек, формалардың білім беру деп түсінді.
   Бірақ Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы бір ғана дидактикалық проблемамен шектеліп ғана қоймайды. Песталоццидің түсінуінше, элементарлық білім беру теориясы баланың ақыл-ой, адамгершілік және дене күштерінің табиғатқа сәйкес дамуы деп қарастыруға болады.
   Песталоцци сол мектепте үстемдік еткен догматизм, механикалық еске сақтау балалардың дамуын тежеп ғана қойған жоқ, оның ақыл-ой қабілеттілігіне нұсқан келтірді. Песталоцци оқытудың мақсаты баланы белгілі білім негіздерін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар олардың ақыл-ой қабілетіктерін дамыту. Баланың сыртқа дүниені сезім органдары арқылы қабылдауы танымның алғашқы кезеңі болып табылады, оның айтуынша, оқыту нақтылы өмірлік бақылауларға негізделуге тиіс және көрнекілікті оқытудың негізгі қағидасы деп қарастырды.
   Песталоцци оқыту үрдісін жеңілдетуге ұмтыла отырып, ол  кез-келген білімнің қарапайым элементтері болатындығын, оны меңгере отырып, адам дүниені танып білетіндігін дәлелдеді.
   Бүкіл бастауыш білім беру үрдісін Песталоцци бірте-бірте бірізді элементтерден, демек, индуктивтік тәсілмен тұтастыққа өту негізінде құрды. Әруақытта да, оқытуда жақыннан алысқа, қарапайымнан күрделіге бірізді үздіксіз іске асыруды талап етті.
   Осы дидактикалық қағидаларының негізінде Песталоцци балаларға бастауыш білім беру әдістемесін талдады.
   Элементарлық білім беру әдістемесін ол соншама жеңілдетуге жұмыстанды, яғни, өз баласымен айналысатын кез-келген шаруа-ана онымен ойдағыдай пайдаланатындай болуы үшін мүмкіншілік жасады. Осы мақсатпен балалардың тілін дамыту, оларды санау және өлшеу ептілігін қалыптастыру үшін жаттығулардың бірізді қатарын жасады. Песталоцци баланы ана тіліне үйретуде ең алдымен оларда ауызша сөйлеуді дамыту қажет деп есептеді, ал одан кейін оқуға көшу.
   Балалардың тілін дамыту, Песталоццидің айтуынша, есту жаттығуларынан, дыбыстардан басталады: балалар анасының сөйлеуіне еліктеп, алғашында дауысты дыбыстарды айтып үйренеді, ал одан кейін әртүрлі буындарды дауыссыз дыбыстарды үйренеді. Одан кейін әріптерді оқып үйренеді, әрі қарай буындарды және сөздерді меңгереді.
   Песталоцци ана тілін оқытудың негізіне балалардың тілін дамыту қағидасын ұсынды. Песталоцци сауаттылыққа оқытудың негізіне дыбыстық әдісті жатқызуды жақтады.
   Сонымен, Песталоцци бастауыш білім берудің жан-жақты бағдарламасын белгіледі және іске асырудың нақтылы әдістемелік ұсыныстарын берді. Оқытудың басты негізі, Песталоццише, көрнекілік болып табылады. Көрнекілікті пайдаланусыз, сөздің кең мағынасында, қоршаған орта туралы дұрыс түсініктерді қалыптастыруға, ойлау мен сөйлеуді дамытуға жетуге болмайды.
   Песталоцци Коменскийдің кейбір оқу кітаптарымен ғана таныс болды, бірақ оның педагогикалық жүйесімен толық таныс болмады. Песталоцци Коменскийге қарағанда, көрнекілікке терең психологиялық негіздеме бере білді.
   Песталоцци мұғалімнің роліне ерекше мән берді. Мұғалім тек ғана өзінің білімін балаларға беруге дайын білімді адам ғана емес, сонымен қатар оның қызметі өте күрделі және жауапты болып табылды, ол ең алдымен баланы сүйе білуі тиіс, өзін балалардың әкесі сияқты сезіне білу қажет, оларды тәрбиелеу және дамыту үшін барлық қажеттісі оның міндеттеріне кіреді. Бала табиғатынан ерекше күш-жігермен қаруанған, сондықтан да мұғалімнің міндеті, оның пікірінше, бұл күш-жігерді жаттықтыру үшін қажетті материалды оқушыларға беру. Бұл сол уақытта мүмкін болады, егер мұғалім барлық тәрбие жұмысын шәкірттердің дене және психологиялық ерекшеліктерін білу негізіне құрылған жағдайда.
Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы
   Песталоцци буржуазиялық-демократиялық педагогиканың көрнекті тарстегі және практигі болды. Ол өзінің бүкіл ғұмыры мен күш-жігерін кедей балаларын тәрбиелеу ісіне арнады. Ол сол кездегі шаруалардың қиыншылығын көре білді және оған көмектесуге мектеп және ағарту ісі арқылы, оны жақсарту арқылы қиындықтан шығудың жолы деп білді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың негізгі жолы қоғамдық құрылысты өзгертудің жолын түсінбеді.
   Оны қанаттандырған, рухани күш-жігер берген, халыққа жақын болуға ұмтылуға шақырған кейбір француз ағартушыларының, оның ішінде Жан-Жак Руссоның идеяларының ролі ерекше болды.
   Тәрбиенің алдына Песталоцци програссивтік міндет адамның бүкіл табиғи күші мен қабілеттілігін үйлесімді дамытуды ұсынды.
   Песталоцци элементарлық білім беру теориясын жасады. Ол теория ХІХ-ғ. Еуропада халық мектептерінің дамуына көмектесті, ол жеке пәндердің әдістемесін талдауды бастады, олар бастауыш мектептерде кеңінен қолданылды. Бұл теория догматикалық оқыту мен механикалық есте сақтауға қарсы күресте халық мектептерінің дамуына мүмкіншілік жасады. Ол дене, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер ұсынды, бастауыш мектепте білім берудің мазмұнын кеңейтуге күш жұмсады, оны халыққа жақын, бұқара халықтың өмірі және қажеттіліктерімен тығыз байланысты етуге ұмтылды, балаларға еңбек тәрбиесін беруге және өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлді.
   Песталоцци алғашқы оқытудың жалпы негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін талдады. Көзқарасының тарихи шектеушілігіне байланысты ол оқушыларды біліммен қаруландыру және ақыл-ой күштерін дамытудың бірлігі үрдісі мәселесін дұрыс шеше алмады. Ол кей жағдайда ойлауды дамытуда механикалық жаттығулардың ролін асыра бағалады.
   Коменскийдің және Руссоның табиғатқа сәйкестік ойларына сүйене отырып, Песталоцци бұл үрдісті тереңдете отырып, оны оқыту үрдісін психологиялық негіздеу идеясына жақындатады. Оның әдістемесі, Песталоццидің пікірі бойынша, таным үрдісін белгілі түсінуден пайда болады, елестетулерден ұғымдарға қарай жүріп отырады.
    Песталоцциден бұрынғы ойшылдардың айтқан негізгі дидактикалық қағидалары мен ережелеріне сүйене отырып, бастауыш мектепте оқытудың жекеленген түрлеріне қолдану негізінде оларды нақтылай түседі, оның деңгейін жоғары көтереді.
   Песталоцци мектепті өмірге және еңбекке жақындату мәселесінде Руссодан әрі кетті. Оның мектебі бұқара халықтың өмірімен, демек, қызығуымен және қажеттіліктерімен тығыз байланысты өзіндік әлеуметтік орталық болып табылады. Оқыту мен еңбектің органикалық бірлігіне қол жетпеуіне қарамастан, ол мектепте еңбек тәрбиесіне, қоғамдық пайдалы еңбекке, практикалық өмір мен іс-әрекетке даярлауға ерекше мән берді. Песталоцци формалдық білім беру теориясын жақтау жолында болды. Песталоццидің оқытудың осы жағын дамытуды әсіресе оның шәкірттері ілгері дамытты.
   Бірақ Песталоцци ұсынған оқытудың дамыта оқыту идеясы, сөз жоқ, алдыңғы қатарлы педагогикалық теория мен практиканы одан әрі дамытуда жағымды роль атқарды. Бүгінгі күнде де педагогика ғылымында дамыта оқыту идеясы күн тәртібінен түспеген, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
7 дәріс. Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы және ғұмырнамалық деректері. (1790-1866)
Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды.
Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді.
Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды.
Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады.
1827 жылы Дистервег “Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады.
1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда “Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі осылай басталды. Оның осы қызметі, сонымен қатар оның дін мәселесіндегі еркіндігі (бірақ ол атеист болмады), қарапайым халықты қолдады пруссия өкіметі тарапынан Дистервегті қуғындауға себепші болды.
Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлармен кедейлердің қарама-қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және “чиновниктерге сүйкімсіз” танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді.
1835 жылы өз тәжірибесін жинақтаған “Неміс мұғалімдерін ұйымдастыруға басшылық” атты көрнекті еңбегін жариялады. Бұл еңбек екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірніші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелері мен дидактиканың негізгі ережелеріне арналған, екінші бөлімі- жеке пәндерді оқыту әдістемесіне. Бұл бөлім белгілі неміс мұғалімдері әдіскерлерінің қатысуымен жазылды. Дистервегтің белгілі еңбегі көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін халыққа білім беру үшін күресте қаруландырды. Бұл кітаптан оның байқалған Дистервегтің көзқарасы ресми педагогиканың ұстанымымен сәйкес келмеді: ол өзбетімен ойлай білетін, белсенді азаматтарды тәрбиелеуді талап етті. Оның барлық кейінгі жарық көрген еңбектері (мақалалары, әдістемелік басшылықтары, халық мектебі үшін оқулықтары) осы көзқарасты айқын білдіреді.
ХІХ ғасырдың орта кезінде педагог-демократтың пруссия өкіметі тарапынан оның ізіне түсу бірден бірге күшие түсті. 1847 жылы мұғалімдер семинариясы директоры қызметінен босатты.
1848 жылы революция кезінде Дистервег жаңадан ұйымдасқан “Барлық жалпы неміс мұғалімдері одағының” төрағасы болады және мектепті реформалау бойынша ұсыныстар жасайды. Ол мектепті шіркеуден бөлуді және балаларды жалпыға бірдей оқытумен қамтамасыз етуді, “жалыпадамзаттық”, азаматтың және ұлттық тәрбиені іске асыруды талап етті.
Революция басылғаннан кейін Дистервегті біржола шығарып жіберді. Бірақ Дистервег өз мақалаларында мектепті шіркеудің бақылауынан азат етуді талап етті, ол мұғалімдерді жалған беделге бағынудан адам етуге шақырды. Ол “тек ғана ерікті, дербес адам басқаны еркіндік және дербестік үшін тәрюиелей алады” деп дәлелдеді.
Дистервег халық мектептері мен мұғалімдер семинарлыра туралы 1854 жылы реакциялық заңдар-ережелер бастауыш білім беру мен мұғалім даярлаудың жалпы ғылыми, жалып білім беретін деңгейін біршама шектегендігін, шіркеулердің ролін арттырғанын, алдыңғы қатарлы әдістемеге тиым салғандығын дәлелдеді. Нағыз реакцияның күшейген кезінде осылай тікелей және ашық қарсылық білдіру орасан зор азаматтық қажырлықты қажет етті.
Халықтың арасында Дистервегтің беделі арта түсті. 1858 жылы ол депутаттар палатасына сайланды және онда өзінің белсенді күресін әрі қарай жалғастырды: өзінің кейбір парламенттік сөздерінде ол “ережелердің” зияндылығын дәлелдеді, діни тестілерді құрғақ жаттау балаларды топастыққа алып келетіндігін атап көрсетті.
Дистервегтің сөйлеген сөздері неміс мұғалімдеріне ерекше әсер етіп ғана қойған жоқ, сонымен қатар оны орыстың алдыңғы қатарлы қайраткерлері де қолдап, ерекше үн қосты.
“Неміс мұғалімдерінің мұғалімі” атанған ғұлама педагог-демократ 1866 жылы қайтыс болды.
Дистервегтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары.
Дистервег жалыпадамзаттың тәрбе идеясын жоқтады. Ол педагогикалық проблемаларды шешуде сословиялық және шивинистік көзқарасқа қарсы күресті. Бұл талаптың дерексіздік сипатына қарамастан, бұл идея сол кезде өте қажет болды, себебі пруссия өкіметі дін мен монархизмге негізделген тар көлемдегі ескі сословиялық тәрбиені насихаттады.
Мектептің міндеті, деп көрсетті Дистервег, ізгілікті адамдарды және саналы азаматтарды тәрбиелеу, ал “нағыз пруссиялықтар” емес. Адамзатқа және өз халықына сүйіспеншілік адамдарда тығыз бірлікте дамуы қажет деп көрсетті. “Адам – менің атым, неміс- менің есімім”, - деп жазды.
Тәрбиенің негізгі қағидасы Песталоцциден кейін Дистервег табиғатқа сәйкестік деп көрсетті. Оның қарастыруына тәрбиенің табиғатқа сәйкестігі - бұл адамның шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескеріп отыруды айтады. Ол мұғалімдерді баланың зейінінің, есінің, ойлауының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп отыруға шақырды; ол психологияда “тәрбие туралы ғылымның негізін” көре білді. Дистервегтің ерекше еңбегінің бірі педагогиканың дамуының қайнар көзі болып табылатын педагогикалық тәжірибеге оның қатынасы. Дистервег балаларды тәрбилеу тәжірибесін және педагогикалық еңбектің шеберлерінің жұмысын зерттеудің қажеттігіне ерекше көңіл бөліп отырады.
Табиғатқа сәйкестік қағидасына қосымша ретінде Дистервег тәрбие мәдени сипатқа сәйкес болу керек деген талаптар қойды. Ол “тәрбиеде адамның туған және өмір сүретін орны мен жағдайы еске алыну қажет, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең мағынасында, бүкіл қазіргі мәдениет,”- деп жазды.
Негізгі міндет- балада адамдық қасиеттерді дамыту.
Ол тәрбиенің ең жоғарғы мақсаты “дербестікті дамыту, ол шындыққа, сұлулыққа және жақсылыққа жұмыс істеуі қажет” деп көрсетті. Сонымен қатар оның Гербарттан айырмашылығы ол шындық, жақсылық және сұлулық тарихи өзгеріп отыратын ұғымдар болып табылады деді. “Шындық,- Дистервегтің айтуынша,- адамзатпен бірге мәңгілік қозғалыста болады”.
Адамның дамуында Дистервег үш сатыны көре білді: біріншіден, түйсіктердің үстемдік ету сатысы; екіншіден, ес сатысы немесе елестетулердің жиынтығы; үшіншіден, ақылдың сатысы. Дистервег балалардың жас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқытуды дұрыс ұйымдастыруға ұмтылу “баланың табиғи нышандарын” асыра бағалаумен, оның пікірінше, табиғатынан қаланған ұштасып келеді.
Оның баланың дамуы туралы ойлары прогрессивтік педагогикалық теорияға қосылған елеулі үлес болып табылады.
Дистервег еңбектеріндегі дидактика мәселелері.
Дистервегтің елеулі еңбегі оқытудың дамытушылық, тәрбиелік және білімділік идеяларын талдауы және негіздеуі болып табылады. Осы негізде ол өзінің дидактикалық қағидалары мен ережелерін құра білді, мұғалім өз шәкіртін, оның ерекшелігін, даму деңгейін, оның елестетулері мен ұғымдарының көлемін жақсы білуі қажет. Тек ғана осындай жағдайда қиындықты бірте-бірте және бірізді жеңе отырып, сабақты “табиғи жолмен” жүргізуге болады деді.
Оқушылардың пәнді терең түсінуі меңгерудің міндетті алғышарттары болып табылады. Оқулықтар мен сабақты материалмен асыра жүктеугеқарсылық білдіруі өзекті мәселе болып табылады. Бірден-бір кемшіліктің бірі жас мұғалімдер өздерінің не білетіндігінің барлығын оқушыларды үйретуге ұмтылады, шын мәнінде тек ғана оқушыларға негізгісін, мәндісін хабарлауы қажеттігін ол баса айтты. Осымен қатар Дистервег оқушылардың білімін бекітуде қиын жерлерді дер кезінде қайталап отырудың роліне ерекше мән береді. Ол жаттау мәселесіне ерекше мән береді. Мәселенің негізгісін ғана жаттау керек, оны бүкіл өмір бойы еске алуға болады. Меңгерген білімнің беріктігі есті нығайта түседі.
Дистервег оқытудың көрнекілігіне ерекше мән берді. Оқытудың негізне тікелей көрнекілік, нақтылы қабылдау жататындығына тоқталды. Көрнекілік қағидасы, Дистервегтің түсіндіруінше, көрнекіліктен ой қорытындысына жекешеден жалпыға, нақтыдан абстракцияға көшуді талап етеді.
Дистервег жоғарыда айтылғандарды оқытуда қарапайымнан күрделіге, жақыннан алысқа, өте жеңілден өте қиынға, белгіліден белгісізге көшу туралы жалпы белгілі ережелермен байланыстырады. Бірақ ол бұл ережелерді механикалық қолдаудан сақтандырады. Тек ғана оқытуды қызықты өткізгенде ғана нақтылы ақыл-ой іс-әрекетіне қол жеткізуге болады. Мұғалімнің алдында тұрған бұл қиын да, әрі күрделі міндет, егер мұғалім сабақты жақсы бере білсе және балалармен жұмыс істей білген ғана іске алады. Тек ғана өз пәнін жақсы білетін, балалардың ғылыми қызығуымен өмір сүретін, сонымен қатыр педагогикалық даярлығы жоғары мұғалім шәкірттерінің пәнге деген қызығуын сендіре алады.
Песталоции сияқты Дистервег оқытудың басты міндеті балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін дамыту деп түсінді. Ол Песталоцциге қарағанда алға бір қадам артық жасады, себебі Дистервег формальдық білім беру материалдық білім берумен бөлінбейтін байланысты деген болатынды. Дистервег таза күйінде формальды білім беру болмайды, құнды болып есептелетін оқушылардың өз бетімен меңгерілетін тек ғана білімдері мен дағдылары әрбір оқу пәні оның білімділік құндылығымен қатар адамгершілік мәні ерекше.
Дистервег балаларға білім беруде отандық тарих пен жағырафияға, ана тіліне және әдебиетке ерекше мән береді. Әсіресе, ол жаратылыстану және математика ғылымдарын жоғары бағалады, ол ғылымдардың балалардың дамуында негізгі құрал екендігін көре білді, бұл ғылымдар жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлеріне оқытылуы тиіс деді.
Дистервег дамыта оқытудың дидактикасын жасады, оның негізгі талаптарын ол оқытудың 33 заңдары мен ережелері түрінде көрсете білді.
Дистервег мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Мұғалім көпшіліктің көңіл-күйінің құлы емес, деп түсіндірді, ол белгілі бір принципті бағытты жүргізуші, моральдық үлгісі. Мұғалімнің міндеті – жастарды шындық өмірге бағыттау, шындыққа және жақсылыққа ұмтылысты ояту, балалардың күштері мен қабілеттіліктерін дамыту және әркім өзі бұл жағдайда қажетті сапаларды меңгерген адам болу керек. Осы тамаша ойларды Дистервег бүкіл өмір бойы насихаттады. “Көздің кең мағынасында, өзінің тәрбиеленген болуың керек,- деп жазды, - мұғалімдерге арналған үндеуінде, - сонда ғана сөздің шын мәнінде тәрбиеші бола аласың”.
Дистервег әруақытта да жоғары, жалпы, арнаулы, ғылыми және педагогикалық мәдениеттің 81 нағыз мұғалімге қажеттігін көрсетіп отырды. Мұғалім әруақытта өзінің жеке басын жетілдіруде жұмыс істеп отыруы керек; егер ол сәл тоқтап қалатын болса, ол қалып қояды және сонымен қатар алдыңғы қатарлы мұғалімдердің, жас өспірімдердің тәлімгерлері қатарынан шығып қалады. Дистервег мұғалімдерді педагогикалық шеберлікті меңгеруге шақырды, ол оқытудың ескі тәсілдерінен арылуға кеңес берді. Ол мұғалімдерді ақыл-ой дербестігіне шақырды, оның айтуынша, әрбір мұғалімнің борышы халқы үшін өмір сүру деп білді. Дистервег халық мұғалімдерін даярлауға ерекше мән берді. Өзі басқарған семинариялар үлгілі болды. Ол теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра білді, көп уақытты боашақ мұғалімдердің мектептегі тәжірибелік жұмысы үшін арнады. Дистервегтің өзі әруақытта да мектепте сабақ берді, ал мұғалімдер семинариясында педагогикадан, әдістемеден, неміс тілінен сабақ берді. Дистервегтің сабақтары жоғары педагогикалық шеберліктің үлгісі бола білді.
Дистервегтің педагогикалық жүйесінің маңызы.
Дистервег қоғамдық дамудың жолдарын түсінбеді және революционер болмады, бірақ ол педагог-демократ болды, реакцияға, шіркеудің езгісіне, демократиялық мектеп үшін күресті. Оның пруссия ұлтшылдығы мен шовонизміне оның қарсы күресінің қоғамдық мәні орасан зор болды.
Ал Песталоццидің ізбасары ретінде оның мұрасын жақтай отырып, ал оқыту мен тәрбие мәселелерін өзінше шеше білді және дидактиканы шығармашылықпен қайта-қайта қарауға ұмтылды. Дистервег балалардың дербестігінің мәнін жоғары қоя білді. Ол шәкірттердің ойлау қызметін оятуға, оларды берік, табанды азамат етіп тәрбиелеуге кеңес берді.
Дистервегтің теориялық педагогиканы дамытудағы орны ол өзінен бұрынғы педагогтардың ойларын одан әрі дамыта және жинақтай отырып, бірізді дидактикалық жүйеге енгізумен анықталады. Ол, әсіресе, бастауыш мектеп педагогикасына белгілі үлес қосты, оны көпшілік мұғалімдердің жетістігіне айналдыра білді. Мұғалімдерді ол ескіге қарсы күреске шақыра білді. Дистервегтің дамыта оқытудың дидактикасы және оның оқулықтары бастауыш мектепті одан әрі дамытуда ерекше әсер етті. Оның прогрессивтік идеялары ХІХ ғасыр ортасында Ресейде кеңінен тарады. Бірақ Германияның өзінде педагог-демократ Дистервегтің педагогикалық мұрасы жеткіліксіз мойындалды.
8 дәріс. Джон Локктың педагогикалық теориясы. Саяси-әлеуметтік және философиялық дүниетанымы. (1632-1704)
1688 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болды. Ол өндірістік төңкеріске негіз дайындады. Бұл төңкеріс жаңа кезеңнің – буржуазияның үстемдік ету кезіңін жария етті, ол бұқара халықтың қатысуымен іске асты, бірақ, төңкеріс буржуазия мен дворияндардың арасындағы келісіммен аяқталды.
Джон Локк 1632 жылы революциялық төңкеріске қатысқан адвокаттың жанұясында дүниеге келді. Ескі Вестминистрлік мектепте орта схоластикалық білім алғанынан кейін, ол Оксфорд университетіндеоқуға түседі, онда ол белгілі Декарт, Бекон, Ньютон сияқты ғалымдардың еңбектерімен танысады, жаратылыстану ғылымдарымен қызығады, медицинамен айналысады. Университетті бітіргеннен кейін Локк грек тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып университетте қалдырылады. 1667 жылы Локк либералдық саяси қайраткер лорд Шефтсбернмен танысады, үй дәрігері және оның немересінің тәрбиешісі болып орналасады. Шефтсберн буржуазия жағында корольге қарсы күресті. Шефтсбернді және онымен бірге Локкты қуғындайды, олар амалсыздан Голландияға эмиграцияға кетуге мәжбүр болады.
1688 жылы Локк Англияға қайта оралады, буржуазиялық қоғамда құрметті орынға орналасады. 1704 жылы қайтыс болады.
Өзінің еңбектерінде Локк корольдік өкіметтің ауысуын және Англиядағы жаңа мемлекеттік құрылысты негіздеуге ұмтылды. Ол мемлекеттің пайда болуының келісім теориясы және “табиғи құқық” теориясын жақтады, адамдар алғашында табиғи жағдайда өмір сүрді және ерікті және тең болғандығын дәлелдеді.
Өзінің “Адам ақылының тәжірибесі” атты негізгі философиялық еңбегінде Локк адам санасында туа біткен идеялар мен елестетулердің болмайтындығы бала жаны “таза тақта” сияқты екендігін дәлелдеді. Осыдан – адам дамытуда тәрбиенің ролін жоғары бағалады. Локктың білімнің және идеялардың сезгіштік тәжірибесінен шыққандығы туралы ілімі феодалдық аристократияға қарсы күресте буржуазияны қаруландырды, феодалдық аристократия идеялардың, “рыцарлық сапалардың” мемлекетті басқаруға қабілеттілікті, үстем тап өкілдерінің білім алуға ерекше құқы туа біткен қасиеттер екендігін насихаттады.
Локктың философиясы дуалисттік сипатта. Бір жағынан, ол елестетулер біз санамызға түйсіктер, сезім органдары арқылы келетіндігін дәлелдеді. Сонымен, ол бұл жерде материалистік сенсуализм көзқарасында болды. Бірақ, екінші жағынан, сыртқы тәжірибеден басқа, ақылдың еке қызметі болып табылатын ішкі тәжірибе өмір сүреді деген көзқарасты білдіреді. Бұл идеялизмнің элементі болып табылады.
Локктың этикасы туа біткен моралдық идеяларды жоққа шығаруға негізделген. Бірақ Локк бәрін жаратқан құдайдың барын жоққа шығармады, сондықтан да баланың жан дүниесінде ол туралы түсінікті өте ерте қалыптастыру керек деді.
Локктың педагогикалық көзқарастары.
Өзінің педагогикалық көзқарастарын Локк “Тәрбие туралы ойлар” (1693) және “Ақылды тәрбиелеу туралы” педагогикалық еңбектерінде жан-жақты талдаған болатын-ды.
Біздің кездесіп жүрген адамдардың ішінде он адамның тоғызының рақымшыл немесе қатыгез, пайдалы немесе пайдалы болмауы тек ғана тәрбиеге байланысты деп тұжырымдады Д.Локк. Тәрбиенің мәнін ерекше көрсетті. Ол қарапайым адамды ғана тәрбиелегісі келген жоқ, “өз ісін алдын ала ойластыра істейтін” джентельменді тәрбиелегісі келді, ол үшін джентельмен буржуазиялық іскер адамдардың сапасын меңгеруі қажет, қарым-қатынаста қасиеттермен ерекшеленіп тұруы керек деді.
Джентльменге дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру керек, ондай тәрбиенің негіздері мектепте емес, мектеп бұл “жағымсыз тәрбиеленген балалардың әртүрлі табыры” деп байымдады. Нағыз джентельмен үйде тәрбиеленеді, “кемшілігі бола тұрса да, үйдегі тәрбие мектепте берілетін білімдер мен ептіліктерден әлдеқайда пайдалы”.
Локк дене тәрбиесіне ерекше мән берді. “Денсаулық кәсіби іс-әрекет пен бақыт үшін қажет” дей келіп, жан-жақты талданған ғылыми деңгейде сол кездегі жүйені ұсынды. Локк балаларды ерте жас кезінен бастап, шынықтыру қажет, бала шаршауды, қиындықты, өзгерістерді жеңіл атқара білуі қажет деді.
Локк бала өміріндегі қатаң режимді қатаң сақтаудың мәнін негіздей келіп, оны қалай киіндіру, тамақтандыру туралы кеңестер беріп отыр. Дұрыс ұйымдасқан дене тәрбиесі батылдықты, табандылықты меңгреуге көмектеседі.
“Джентельмен сондай тәрбиеленген болу керек, егер керек болса, қолына қару алып, солдат болуға кез-келген уақытта даяр болуы қажет” деп жазды.
Локк мораль жеке тұлғаның пайдасы мен қызығуы қағидаларынан туындайды деп түсіндірді. Оның айтуынша, ол сондай адам өз бақытына жете білетін, сонымен қатар басқаға кедергі келтірмейтін адам. Джентельменнің мінез-құлқы орнықты, өзінің сезімін басқара білуі қажет, тәртіпті болуы керек. Бірақ Локктың тұжырымдауынша, “буржуазиялық ақыл адами ақыл болып табылады”.
Мінез-құлықты қалыптастыру, ерікті дамыту, адамгершілік тәртіптілік – тәрбиенің негізгі міндеттері.
Негізгі тәрбие құралдарына әруақытта да үлгі-өнеге, орта, баланың қоршаған ортасын жатқызды.
Баланың мінез-құлқына оның қоршаған ортасының, балалар әрекет ететін компаниясының әсері орасан зор екендігін Локк атап өтті.
Әсіресе, балаларда тұрақты жағымды әдеттерін тәрбиелеудің мәні ерекше. Балалардың әдеттерін жас кезінен бастау тәрбиелеу қажет. Ешуақытта қатыгездікпен, деректілікпен жағымды нәтижеге жетуге болмайды, жылы сөздер, қысқаша сендірулер керекті нәтижелер беретіндігін Локк атап өтті. Локк бірнеше әдетті біруақытта қалыптастыруға болмайды. Әуелі біреуін бекіту керек, содан кейін басқа әдеттерді тәрбиелеуге көшу қажет.
Джон Локк тәрбиеде жағымды нәтижеге жету үшін баланың дара ерекшеліктерін зерттеуге мән беру қажеттігіне тоқталды. Ол балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарымен жалқаулықпен күресу қажеттігіне тоқталды.
Локк дене жазалауына қарсы болды, ол “құлдық тәртіп құлдық мінезді жасайды”, - деп жазды, шектен шыққан тәртіпсіздік жасаған жағдайда дене жағынан жазалауды қолданды.
Локк діни тәрбиеге ерекше мән берді, ең негізгісі – балаларды діни рәсімдерге үйрету емес ол құдайға құлшылық ету болып табылады деген болатын-ды.
Джентльменнің ақыл-ой тәрбиесі, Локктың көзқарасы бойынша, іскер адамға қажетті сапаларды қалыптастыру. Джентльменді оқуға, жазуға, сурет салуғ, ана тіліне, француз тіліне, жағырафияға, геометрияға, астрономияға, этикаға үйрету қажет, тарихтан және заңтанудан, бухгалетриядан, атқа мінуден, би билеуден мәліметтер беру.
Бұл бағдарлама біржола ортағасырлық дәстүрлерден қол іздеуге себепші болды. Сонымен қатар Локк өз тәрбиешілерін белгілі бір қолөнердің түрімен немесе бақ өсірумен және ауылшаруашылығымен айналысуға ұсыныс жасады.
Еңбек тәрбиесінің қажеттігі таза ауадағы еңбек денсаулық үшін пайдалы, ал қолөнерді білу іскер адамға керегіне жаратуы үшін қажет. Баланы белгілі бір іске қатыстыру үшін балалардың қызығуын кеңінен пайдалану керектігіне Локк ерекше мән берді, қызығудан білімге деген құлшыныс пайда болады, сонымен қатар оларды қызықты емес нәрселермен де айналысуға үйрету керек.
Балалардың сұрақтарының да ерекше мәні бар, оларға ерекше көңіл бөлу керек, оған қате және тайғақтау жауап бермеу қажет.
Джон Локктың пікірінше, сонымен, жан-жақты тәрбиеленген джентльмен буржуазиялық Англияның күш-қуатын нығайтуға қызмет ететін жаңа адам болып табылады.
Жоғарыда айтылған болатын-ды Локк мектептерге жағымсыз көзқараста болды. Оның айтуынша, болашақ джентльменді “дөрекі көпшіліктің” әсерінен, қара халықтың балаларынан бөлек тәрбиелеу қажет деп есептеді.
Локк кедейлер туралы заңның жобасын жасады, онда жырлылар және қаңғыбастарға қарсы қатаң шаралар қолдану қажеттігін атап көрсетті, жалқауларды жұмысқа зорлап істету керек. Сол жазалаудың белгілі бір жүйесін ұсынды, онда 14 жасқа дейінгі балаларды жазалауға болмайды; әрбір жерді жұмысшы мектептерін ұйымдастыру керек, оған міндетті түрде 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды міндетті түрде балаларды қабылдау, олардың ата-аналары жергілікті жерден көмектесуді сұрайды. Бұл балалар мектепте “нанмен тойғанша” тамақтанады. Тамағын табу үшін балалар еңбек ету керек еді.
Ол өзінің “Ақылды тәрбиелеу туралы” және “оқу туралы” атты еңбектерінен бірнеше құнды пікірлер ұсынды. Жалпы алғанда Коменский сияқты Локк та оқуды күшпен зорлап оқытуға қарсы болды. Оның құнды ұсынған әдістемесінің мәні, балалардың білімге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін дамыту.
Сонымен Локктың педагогикалық теориясы үкімет басына келген буржуазияның өкілі джентльменді тәрбиелеудің мақсаттары мен сипатын анық айқындады, оның педагогикалық теориясында оны дене, адамгершілік және ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің мәселелері тәрбиелеудің мәселелері нақты талданылған. Сонымен қатар Локк еңбекшілердің балаларына тек ғана еңбек және діни тәрбие беруді ұсынды. Өзінің философиялық және педагогикалық еңбектерімен француз ағартушыларының көзқарастарының қалыптасуына ерекше ықпал етті.
9 дәріс. Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары
Француз материалистерінің философиялық
көзқарастарына қысқаша сипаттама.
Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары.
Дени Дидроның педагогикалық идеясы.
ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың “ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.
Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді.
Материалистер-философтардың табиғатқа көзқарастары дүниені жаратқан құдайдың жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік берді. Француз материалистері дінге және католиктік шіркеуге қарсы белсенді күресті. Бірақ олар діннің таптық тамырларын және мәнін түсінбеді, олар негізінен адамдардың надандығынан туындайды, осы зұлымдықты жою ағарту ісін және ғылыми білімді тарату арқылы жоюға болады деп есептеді. “ХҮІІІ ғасырдағы ұлы ойшылдары” және олардан бұрынғылар да қоғам дамуында идеалистік көзқарасты ұстанды ХҮІІІ ғ.барлық ағартушылар сияқты олардың айтуынша, “дүниені көзқарас билейді” деген болатынды, демек, көзқарасты өзгерту өзінен кейін дүниені өзгертеді, дүние ағарту ісін тарату және заңдылықты жақсарту арқылы өзгерді, әлеуметтік революция жолымен емес.
Франциядағы ұлы буржуазиялық революцияны идеялогиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары, ағартушылары әзірледі.
ХҮІІІ ғасырдың ортасында Францияда орын ала бастаған капиталистік даму үрдісі елде ертеден қалыптасқан феодалдық қатынастармен қайшылыққа кездесті.
Француз қоғамы бұл кезеңде үш топқа бөлінді:
Бірінші және екінші топтағылар діниелері және дворяндар – бүкіл жерді биледі және өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін пайдаланып, бұқара халықты, шаруаларды, қолөнершілерді аяусыз қанады, олар үшінші топты құрады, үшінші топ өз құрамы жағынан әртүрлі болды, шаруалардан басқа купецтер, фабриканттар, банкирлер кірді.
Бұқара халықтың феодализмге қарсы қозғалысы 1789 жылғы төңкеріспен аяқталған болса, бұл қозғалысты буржуазия тағы басқарды.
Фрнацуз буржуазиясының идеялогиясы өзінің анық көрінісін ағартушы-философтардың еңбектерінде тапты. Олар барлық феодалдық құрылысқа қарсы күресті.
Француз ағартушыларының өзінің философиялық және саяси көзқарастары жөнінен ерекше көрнекіліктері Вольтер, Руссо, материалист-философтар Гельвеций және Дидро болды. Барлық ағартушылар феодалдық өкіметтің деспатизмі мен зұлымдығына, діни фонатизмге қарсы шықты. Француз ағартушыларының көзқарастары төңкерісті идеялогиялық жағынан дайындауда ерекше роль атқарды.
Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары (1715-1771)
Гельвеций “Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын “Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.
Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.
Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.
Феодалдық мектептегі оқытудың схоластикалық әдістерін қатты сынай отырып, Гельвеций оқыту көрнекті болу керек және мүмкіншілігіне қарай баланың жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның айтуынша, шәкірттерге қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды.
Гельвецийдің айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді.
Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді.
Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.
Гельвецийдің ілімі тарихи прогрессивті сипатта болды және утопистік социализмнің идеялық қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Дени Дидроның педагогикалық идеялары. (1713-1784)
Дени Дидро – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды. Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол “дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.
Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің “Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.
Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.
Дидроның айтуынша, егер де тәрбиеші балаға табиғаттан берілген жағымды нышандарды дамытуға ұмтылса және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса, сол уақытта тәрбие жұмысында жақсы нәтижеге жетеді деп дәлелдеді.
Дидроның баланың табиғи ерекшеліктерін ескеру, оның даралық ерекшелігін дамыту туралы ұсыныстары жағымды бағалауға тұрарлық. Тек ғана таңдаулылар емес, барлық адамдар табиғаттан қолайлы нышандармен жаратылған деп дұрыс түсіндіреді.
Мұғалімге ерекше мән бере отырып, ол өз сабақ беретін пәнін терең білетін, өте қарапайым, әділ және басқа да жоғары адамгершілік сапаларды меңгерген болуды талап етті.
ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің педагогикалық көзқарастары олардың философиялық тұжырымдарымен бөлінбейтін буржуазиялық халық ағарту саласындағы талаптарын 1789 жылы революция қарсаңында бейнелейді. Француз материалистерінің тәрбие ілімі 1789-1794 жылдары буржуазиялық революция қайраткерлерінің және ХІХ ғ.социал-утопистердің (Сен-Симон, Фкрбе, Оуэн) педагогикалық идеяларына ерекше ықпал етті.
10 дәріс. Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің дамуы. Киев және Москва мемлекеттерінде балаларды тәрбиелеу және оқыту.
(ерте кезден бастап ХҮІІІ ғасырға дейін)
Ертедегі словяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты, қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өлкелеу ұрпақты тәрбиеледі. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді.
Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы кәмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Жанұяда және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қаумының аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті.
Балаларға адамгершілікке тәрбиелеуде шығыссловяндардың оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарады: ертегілер, өлеңдер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе- әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті. Бұл – халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауызша ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік құбылыстармен таныстырады, оларға жанұялық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді.
Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларды ортасына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді.
Орыстың ұлы классик – педагогі К.Д.Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: “Ол халық-ауыз әдебиеті шығармаларынан” орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көрсетеді.
ІХ ғасыр Батыс Еуропа жерінде мықты Киев мемлекеті пайда болды, феодалдық құрылыс қалыптасты. Х ғасыр аяғында князьдардың енгізген ресми мемлекеттік діні – христианство – осыған көмектесті.
Князьдар мен шіркеу халық арасында аударма жинақтарды таратты, онда әртүрлі діни әдебиеттерден алынған мақалалар мен педагогикалық сипаттағы үзінділер болды. Балаларда құдайдың алдында қорқыныш сезімін тәрбиелеу, сөзсіз үлкендердің діниелерінің және бастықтардың еркіне бағыну ұсынылды. Балалардың жас кезінен бастап, діни салттарды орындау, құдайға құлшылық ету, ораза ұстау тәрбиенің құралдары деп есептелді.
ХІ ғасырда Киев мемлекетінде дружинниктердің, боярлардың, князьдардың арасынан білімді адамдарды даярлау үшін мемлекеттік мектептер ашылды. Князьдар мен шіркеу діниелерін даярлайтын мектептер ұйымдастырды.
Орыс мемлекетінде сауаттылық жоғары бағаланды. Орыстың батырлар жырларының барлық кейпкерлерінде батырлар сауатты адамдар ретінде бейнеленеді.
ХІІ ғасырдың басында тамаша әдеби-педагогикалық ескерткіш болып табылатын “Владимир Монамахтың балаларына өсиеті”. Ақылды мемлекет қайреткері Владимир Мономах оның балалары батыр, ержүрек, өз жеріне берілген болып өсуіне қамқорлық жасады. Ол балаларын білімге және кітапқа құрметпен қарауды бойына сіңіруге ұмтылды, бес тілді меңгерген және ол үшін шетелден құрметке ие болған өз әкесіндей болуға еліктеу қажет екендігін айтты.
Мономах тәрбиенің негізгі мақсаты – балаларға құдайдың және діниелерінің алдында қорқынышты сендіру, православиялық шіркеудің әдет-ғұрыптарын қатаң орындауды үйрету. Владимир Мономах балаларына қалай өмір сүруді үйретті. Балаларын Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, батыр, ержүрек болуды талап етті. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірлерге қамқор болуды үйретті. Сонымен қатар Владимир Мономахтың балаларына Ресейде мәдениет пен педагогикалық ой-пікірдің дамуының жоғары деңгейде екендігін дәлелдейтін тамаша ескерткіш болып табылады.
Орыс князьдіктері ХІІІ ғ.екі ғасырдан астам уақыт монгол-татар басқыншыларының қоластында болды. Басқыншылар орыс халқына көптеген қайғы-қасіретті басынан кешіруге мәжбүр етті. Көптеген материалдық және мәдени құндылықтар жойылды. Басқыншылар ертедегі орыс қалаларын жоқ қылып жіберді, сонымен қатар қаншама кітапханалар, мектептер, кітаптар, ескерткіштер көптеген мәдени құндылықтар жойылып кетті.
Бірақ, археологиялық қазбалар көрсеткендей, тіпті осы қиын кезеңнің өзінде орыс мәдениеті одан әрі дами түсті, жергілікті халықтардың арасында сауаттылық жан-жақты тарала түсті, әсіресе, солтүстік княздіктерде, мысалы: Новгород жерінде, Тверь және Владимир княздіктерінде, жаңа күшейіп келе жатқан Москва княздіктерінде.
Сауаттылықпен халық арасында айналысқан адамдарды “сауаттылық шеберлері” деп аталды. “Сауаттылық шеберлері” баланың әкесімен немесе туысқандарымен келісім бойынша үйінде немесе оқушының жанұясында сауаттылыққа үйретті. Кей жағдайда сауаттылық шеберлерінде біруақытта бірнеше бала оқыды, сонымен шағын мектептер ұйымдастырылды. Әліппеге, діни оқуға үйретті, халық ауыз әдебиетінің шығармаларын пайдаланды.
Батыс Еуропа мектептерінен айырмашылығы, егер онда барлық оқыту латын тілінде жүргізілсе, Ресейде сауаттылыққа оқыту ескі словян тілінде іске асты, оқушылардың ауызша сөйлеу тіліне жақын болды.
Москва қаласының төңірегіне орыс княздіктерінің саяси бірігуі, бірыңғай орталықтандырылған орыс мемлекетінің ұйымдасуы товар-ақша қатынастарының және қалалардың өсуінің күштеріне, Ресейде қолөнермен өнеркәсіптің, мәдениеттің және ағарту ісінің дамуына көмектесті.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ Москвада дарынды шеберлер тамаша храмдарды тұрғызды, оларды қабырғаларында бейнелеу өнерінің керемет өрнектерімен безендірілді. Монастырлар мен княздіктердің сарайларында кітап сақтайтын орындар жасалынды, көптеген грек кітаптары алынды, оның кейбіреулері ескі словян тіліне аударылды.
ХҮІ ғ. Москвада кітап бастырып шығару пайда болды, көптеген кітаптар басылды, оның ішінде оқу-кітаптары, мектептер ашылды.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ тәрбие туралы анық түсінік беретін ескерткіштердің бірі – “Домострой”. Онда бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық, жанұялық және шаруашылық қатынастарын бейнелейді. “Домостройда” көптеген және әртүрлі христиан діні моралінің ережелері айтылады. Балаларда құдайға сүйіспеншілікті оның алдында қорқынышты тәрбиелеуді діниелерін қастерлеу, сөзсіз үлкендерді сыйлауды талап етті. Сонымен қатар балаларды кішіпейілділікке, үй жұмыстарына және қолөнерге оқыту, аналар қыздарын үйрету, ал әкелері – балаларын үйрету ұсынылды.
Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.
ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. халық ағарту ісінің тарихына құнды үлес қосқан тамаша оқиға болып табылатын Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептердің пайда болуы. “Туысқандық” – бұл орын, украин және белорусь халықтарының поляк католиктік езгісіне қарсы күресте бірігу орталықтарының ролін атқаратын ерекше бірлестіктер. Ресейдің Батыс және Оңтүстік – Батыс жерлері ол кезде Польша – Литва мемлекетінің құрамында болатын-ды. “Түпнұсқалық” бірлестігі поляк пандары мен католиктік діниелеріне, олардың поляктандыру және католик дінін енгізу мақсатындағы ұмтылыстарына қарсы бағытталған әртүрлі шараларды іске асырды. Солардың ең негізгілерінің бірі ретінде православие діні және туысқандықтың ұлттық тәуелсіздігі үшін католиктік шіркеуге қарсы күресте өз мектептерін ашып, оны кеңінен пайдаланды. Жарғысы бойынша, туысқандық мектептерге барлық сословиенің балалары қабылданды.
Мектептің жарғысы мұғалімдерден балаға ерекше мән беру және ізгілікпен қарау, олардың арасында ата-аналарының жағдайына қарай айырмашылық болмау керектігін талап етті. Қатаң, “тирандық” жазалауға тыйым салынды.
Туысқандық мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейі қалыптасты, мектепте ойластырылған әдістемелік жұмыстар іске асырылды. Мектептерде жеке оқыту емес, оқушылардың топтық оқытуы ұйымдастырылды. Украина мен Белоруссияның туысқандық мектептерінде сынып-сабақ жүйесі қалыптасты.
1586 жылы бірінші украин туысқандық мектебі Львов қаласында пайда болды. Одан кейін Виленск, Брест, Могилев, Луцк, Киев және басқа да Украина мен Белоруссияда туысқандық мектептер ашылды. Туысқандық мектептердің ректоры және мұғалімдері туысқандықтың жалпы жиналысында сайланылады.
Туысқандық мектептерде бірінші орында славян тіліне оқыту қойылады. Туысқандық мектептерде сонымен қатар грек және латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика оқыталады. Осы пәндердің толық курсы ірі қалалардағы (Львов, Луцк, Могилев, Вильне, Киев) туысқандық мектептерде оқытылды.
Украина мен Белоруссия туысқандық мектептері тәжірибесінде тәрбиенің негізгі құралы ретінде халық ауыз әдебиеті пайдаланылады.
Мектеп өмірін дұрыс ұйымдастыру, сынып-сабақ жүйесінің элементтерін пайдалану, балалардың қатысы мен үлгерімін ескертудің дұрыс қойылды және т.б. өте құнды және жаңа болып табылады. Бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Туысқандық мектептердің демократиялық белгілері өз кезінде алдыңғы қатарлы мектептер ретінде Коменскийдің “Ұлы дидактикасының прогрессивті қағидаларымен” үндесіп жатыр.
ХҮІІ ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.
ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. Жаңа грек-латын мектептері ашылды, сонымен қатар грамматикалық деп аталынатын мектептер де жұмыс істеді, онда сауат ашу, ескі словян және грек грамматика, риторикасы, математикасы пәндері оқытылды.
1686 жылы Москва славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары академияның және басқа мектептердің оқытушылары болды, сонымен қатар ХҮІІІ ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсенді қатысушылары. Академияда білім алғандардың ішінен орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері шықты. Олардың қатарында ХҮІІІ ғ.бірінші жартысында орыс мектептерінде кеңінен қолданылған арифметикадан тамаша басшылықтың құрастырушысы Леонтий Магницкий, ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов, белгілі жазушы А.Д.Кантемир, архитектор Баженов және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері оқыды.
1755 жылы Москва университетінің ашылуымен жоғары оқу орны ретінде өз мәнін жойды және діни академияға айналды.
Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өсуі, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Ол көбее бастады, ол жан-жақты болды. Көп тиражбен әліппелер және т.б. мектептер үшін балалар кітаптары шыға бастады.
Бірнеше рет қайта басталып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды.
ХҮІІ ғ.жартысында Епифаний Славинецкий “Балалар тәртібінің ережелері” атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.
Епифаний Славиницкийдің кеңестері сол кездің өзінде психологиялық тұрғыдан негізделген еді. Кітапта баланың дене жағынан дамуына, денсаулығын нығайтуға, сергек көңіл-күйін сақтауға көмектесетін көптеген құнды гигиеналық ережелерден тұрады. Балалардың моральдық қылықтары туралы айта отырып, Епифаний Славиницкий баланың сыртқы мінез-құлқы оның ішкі қасиеттерінің көрінісі болып табылатындығын атап көрсетті.
11 дәріс. ХІХ ғ .бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика.
Жоспар
1. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.
2. Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікірімен мектептің дамуына әсері.
3.Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.
Патша үкіметінің қоғамдық пікірге жекеленген, кейбір шектеулі жеңілдіктер беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісінің талқандалғаннан кейін азат ету және кез-келген прогрессивті қозғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңілдіктерге мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше қалаларда (Харьков, Казань және т.б) университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орындарының ашылуы. Бұл мектеп реформасына француз буржуазиялық революциясының ағартушылық идеялары ерекше әсер еткен болатын-ды.
1804 жылғы мектеп жарғысы. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. “Халық ағарту ісінің ережелері” жарияланды. Бұл ережелердің негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты оқу окургіне бөлінді. Әрбір округті мемлекеттік чиновник-оқу округінің попечителі басқарды. Барлық оқу орындарының мазмұны, приход мектептерінен басқасы толықтай мемлекеттік есепке алынды.
“Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері” негізінде 1804 жылы “Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы” жарияланды, бұл құжат “1804 жылы мектеп жарғысы” деп аталды. Осы жарғы бойынша халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі ұсынылды:
Приход училищелері жарғысы бойынша әр қалалар мен селоларда ашылған болатын-ды. Оның негізгі міндеттері: 1) оқушыларды уездік училищелерге түсуге даярлау; 2) оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылықты беру. Бұл училищелерде оқу мерзімі біржылдық.
Оқу жоспарына “құдай заңы” және “дәстүрді үйрету”, оқу, жазу, арифметика алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік беру, табиғат шығармалары, адам денесі, денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер берілді.
Приход училищелерін халықтың өзінің қаражатына ұстау жоспарланды. Мемлекет ешқандай қаражат қарастырмады.
Уездік училищелер губерниялық және уездік қалаларда бір-бірден ашылу жоспарланды. Уездік училищелердің міндеті, біріншіден, оқушыларды гимназияға түсуге даярлау, екіншіден, әртүрлі сословиялардың балаларына “өндірістің жағдайына” сәйкес қажетті білім берілді.
Оқу мерзімі уездік училищелерде екіжылдық деп белгіленді. Олардың оқу жоспарына құдай заңы, “Адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы” кітапты оқу, “ресей грамматикасы”, жалпы және орыс жағырафиясы, жалпы және орыс тарихы, арифметика, геометрия, физика, табиғи тарих пен технология (жергілікті жердің технологиясы, өндірісі). Уездік училищелер гимназияларға бағынды.
Гимназияларды әрбір губерниялық қалаларда ашу жоспарланды, олардың міндеті-жастарды университеттерге түсуге даярлау. Оқу жоспарына көптеген пәндер енгізілді: шет тілдері (латын, француз және неміс), жағырафия және тарих, жалпы және Ресей статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы (метафизика, логика, дәстүрді үйрету), сөз өнері, поэзия теориясы, эстетика, математика, физика, коммерция теориясы, технология және сурет салу. Гимназия университеттерге бағынды.
Гимназияның оқу жоспары құдай заңы енгізілмеді. Бұл 1804 жылғы жарғыға алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар гимназияларда орыс тілін оқыту қарастырылмады, оны орыс халқына деген менсінбеушіліктің бюрократияға тән болғандығынан деп түсіндіруге болады.
Университеттер халыққа білім беру жүйесінің жоғарғы сатысын құрайды, университеттерге гимназистік курстың көлемінде білімі барлар түсе алады. Жарғыны құрастыруға қатысқан ғалымдарға кейбір жеңілдіктер бере отырып, патша үкіметі университеттерге кейбір автономия берді. Университеттерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газеттер, журналдар, оқу және ғылыми әдебиетті басып шығаруға лұқсат етілді. Профессорларға студенттерге әсер етудің ізгілік шараларын қолдану ұсынылды.
Бірақ университеттердің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне чиновниктерді дайындау болып табылады. Бірақ барлық сословиелер үшін бірдейлігі жарияланғанмен, шын мәнінде білім берудің сословиелік жүйесі құрылды. Бұл жүйеге буржуазиялық мектепке ұқсас кейбір белгілері тән болды: мектеп бағдарламаларының сабақтастығы, барлық сатыларында оқытудың тегіндігі, ерікті сословиеге жататын балалар үшін мектептердің формалдық түрде бірдейлігі.
Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікірімен мектептің дамуына әсері.
Патша үкіметі мен крепостнойлық құрылысқа қарсы өзінің революциялық күресінде декабристер халыққа білім беру ісіне ерекше мән берді. Декабристер қозғаласының бағдарламалық талаптарының бірі халықтың арасында сауаттылықты тарату болды. Декабристер ғалымдар мен мұғалімдер қызметіне қойылған бюрократиялық бақылау жүйесін қатты сынға алды.
Жасырын декабристік ұйымдар, сол сияқты жекеленген декабристер, солдаттардың арасында сауаттылықты таратумен айналысты, әскери – жетімдер бөлімдердің солдаттар балалары үшін мектептеріне ерекше әсер етті, өздерінің жерлерінде басы байлы шаруалар балалары үшін мектептер ашты ал қалаларда – қала кедей балалар үшін. Олар халық мектептерінің жан-жақты жүйесін құруға қолдары жетті, олардың пікірінше, қоғамдық күштермен ашылуға тиіс және үкіметтің тарапынан бақылаудан ерікті болуы керек.
Қоғамның дамуы туралы өздерінің көзқарасында дворян революционерлері идеалистер болды, олар ағарту ісі қоғамдық қатынастарды өзгертудің негізгі факторы деп есептеді. Бірақ кейбір декабристер (П.Н.Пестель және басқалар) ағарту ісінің өмір сүріп отырған құрылысқа тәуелді екендігін дұрыс түсіндіруге дейін көтерілді. Олар ағарту ісін және тәрбиенің дұрыс қойылуы үшін қажетті шарты патша үкіметі мен крепостнойлық правоны жоюда екендігін көре білді.
П.И.Пестельдің құрастыруымен жарық көрген “Орыс правдасында” тәрбие адамдардың материалдық өмір сүруінің жағдайларына тікелей тәуелді екендігін атап өтті.
Декабристердің айтуынша, деспатизмнен және басы байлылықтан еркін жаңа Ресейде барлық азаматтардың бірден-бір мәнді құқы білім алуға құқылығы. Олар жаңа мемлекеттік өкімет барлық жұртшылық үшін мектептердің кең жүйесін құруға тиіс деп түсіндірді.
Жаңа тәрбие өзінің мазмұны жағынан патриоттық, халықтық болуы керек және өзінің мақсаты – азаматтық жағымды қасиеттерді меңгерген барлық күш-жігерін отанының гүлденуіне арнаған адамзатты тәрбиелеу. Декабристер орыс тілінде жүргізілген “отандық тәрбиені” талап етті.
Декабристер жаңа, ерекше әділетті қоғам жағдайында жас ұрпақты өмірге даярлау алдында тұрған мұғалімдерге ерекше жауапты міндеттер жүктеді.
Дворян революционерлерінің пікірі бойынша, тәрбиешілер болып жұмыс істейтіндер, “адамгершілік сыннан өткен”, белгілі отанын сүйе білетін, халықтың мақтанышын бойына сіңірген, шетелдік ықпалды жеккөретін адамдар болуы керек.
Дворян революционерлері балаларды оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін қолдады, оқылатын материалды оқушылардың механикалық есте сақтауына, құрғақ жаттауға қарсы шықты.
Декабристер “еркін одағын” ұйымдастырды – халық үшін мектептер құрумен, оқу әдебиеттері мен кітаптарын шығарумен, мұғалімдер даярлаумен, оқушыларға тегін дәрігерлік көмек берумен айналысатын беделді қоғамдық ұйым. Бұл қоғам декабристердің “Қайырымдылық одағының” педагогикалық филиалы болды, ол тарағаннан кейін декабристердің “Солтүстік одағымен” тығыз байланыста болды. Декабристердің әсерімен орыс мұғалімдері бұл кезеңде Петербургте, Киевте және Москвада сауаттылыққа оқыту үшін дидактикалық материалдар жасалды, оларда крепостнойлыққа қарсы бағытталған идеялар айтылды.
Декабристердің көтерілісі жеңілгеннен кейін “Еркін одағы” жабылып қалды, дворян революционерлерінің ашқан мектептері жойылды.
Николай І өкіметі декабристер көтерілісінің негізгі себептерінің бірі ағарту ісінің тарауы және осыған байланысты ғылымды және мектепті, профессорлар мен мұғалімдерді айыптады.
1726 жылы “Университеттер қарамағындағы гимназиялар мен училищелердің жарғысы” деп аталатын реакциялық сипаттағы жарғы жарық көрді. Мектептің әрбір түрі аяқталған сипатқа ие болды және белгілі сословиеге жұмыс істеу үшін белгіленді. Мектеп жүйесінің сословиялық сипатын нығайту мақсатында 1804 жылғы енгізілген оқу орындарының арасындағы сабақтастық байланыс алынып тасталды, орта және жоғары мектепке кедей балаларының түсуі қиындатылды.
Приход училищелері төменгі сословиеге арналса, оларды уездік училищелерге даярлау мүмкіншілігінен айырылды. 1726 жылғы жарғыдан кейін өкімет тарапынан оқу орындарына бақылау күшейтілді, оларға таяқ тәртібі енгізілді. Ресейдің шеткі аймақтарында патша саясаты империяның құрамына кірген халықтарды орыстандыруға болатын-ды.
М.В.Ломоносов пен А.Н.Радищевтің педагогикалық ой-пікірлері
ХҮІІІ ғ.басында Ресейдің экономикалық және мәдени өмірінде елеулі өзгерістің болуына қарамастан, ол Батыс Еуропамен салыстырғанда әлі де артта қалған ел еді. Бұл артта қалғандықты екі ғасыр бойы мангол-татарлардың езгісінде болуға байланысты түсіндіруге болады, мүмкін болғанынша, қысқа мерзімнің ішінде жою қажет болды.
Ресейдің экономикалық және саяси жағдайын нығайту мақсатында ХҮІІІ ғ. басында шешуші қадамдар алынған болатын-ды. Бұл кезде Ресей мемлекетінің басында көрнекті мемлекет қайраткері Петр І тұрды. Өндіріс мемлекетінің құрылыс кең қанат жайды, каналдар салынды, сыртқы және ішкі сауда дамыды, армия мен флот құрылды. Сонымен қатар ғылым мен мәдениет дамыды. Білімнің мынадай салалары практикалық механика және корабль құрылысы, навигация, астрономия, жағырафия, минералогия, геодезия және математика.
Бұл кезеңдегі ел өміріндегі ірі оқиғалар мемлекеттік жалпы білім беретін және арнаулы мектептерді ашу. Ғылым академиясы мен Москва кобсерваториясын құру болып табылады. Ағарту ісін дамытуда жаңа азаматтық алфавитті енгізу, бірінші көпшілік кітапхананы және мұражайды ұйымдастыру, біршама діни емес әдебиеттерді басып шығару, бірінші орыс газетін “Әскери және басқа істер туралы хабаршы” шығаруға шешімнің алынуы.
1701 жылы Москвада бірінші математикалық және навигациялық ғылымдардың мектебі ашылды. Оның құрамында жалпы білім беретін, сонымен қатар арнаулы сыныптар кірді. Онда арифметиканы, алгебраны, геометрияны, тригонометрияны оқыды, одан басқа арнаулы ғылымдармен танысты: новигация – теңіз ісі мамандары үшін, фортификация - әскери инженерлерге қажетті ғылым, астрономия, жағырафия және жерөлшеу ғылымдары оқытылды.
Бұл мектепте негізгі мұғалім болып Леонтий Магницкий жұмыс істеді. Ол алғашқы математикадан оқу құралын құрастырған, өз кезінің мәдениетті, білімді адамдарының бірі болды. Ол көптеген тамаша мамандарды – математиктерді, теңіз ісінің, артиллерия қызметінің, мұғалімдерді және оқулықтары жасаушыларды дайындады.
1715 жылы математикалық және навигациялық ғылымдар мектебінің жоғары сыныптары Петербургке ауыстырылды және онда оның негізінде Теңіз академиясы – теңіз офицерлері мен корабль құрылысшыларын дайындау үшін теңіз-әскери оқу орны ашылды.
Петербургте, Москвада және әртүрлі басқа қалаларда артиллериялық мектептер ашылды, ал кейбір қалаларда – навигациялық және грамматикалық мектептер. Хирургиялық мектептер де ашылды.
ХҮІІІ ғ.басында Оралда бірінші мемлекеттік металлургиялық зауыттар ашылды. В.Н.Татищевтің ынтасымен тау-кен ісі мамандарын даярлау үшін тау-кен училищесі құрыла бастады. Олардың ерекшеліктері жалпы білім беретін және арнаулы даярлықтың оларда орынды ұштасып келу, болып табылады.
Орыс дворяндары өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін әртүрлі тәсілдермен бекіту және кеңейтуге ұмтылды. Бұл ұмтылыс Петр І өлгеннен кейін ерекше байқалды. Дворяндар өздерінің балалары үшін мемлекет есебінін жабық оқу орындарын ашуға лұқсат алуға қол жеткізді.
Мәселен, 1731 жылы Петербургте дворян балалары үшін тәрбиелік-білімдік мекеме кадет корпусы ашылды, ол тәрбиеленушілерін әскери және азаматтық қызметке даярлау тиіс болды.
М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуындағы ролі. (1711-1765)
Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін оқуын діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды.
Ол онтоғыз жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жіберіледі, содан кейін білімін жалғастыру үшін шетелге жіберіледі.
1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды бағаберді: “Ғажайып күш-жігерді, ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласының татты. Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минералог, суретші және өлеңші – ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді”.
Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы – материяен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді.
М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының – замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н.Леклерктің мойындауынша М.В.Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға берген болатын-ды.
Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.
Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет.
М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек ғана дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.
Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан – теңіз.
“Экспериментальдық физика” (латын тілінен аударылған), Риторика “Ресей грамматикасы” – орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. “Ресей грамматикасымен” орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыған болатынды.
Москва университеті және оның мектеп пен педагогикалық ой-аікірдің дамуына ықпалы.
ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында көптеген орыс зиялылары М.В.Ломоносовтың төңірегіне топтасқан прогрессивтік бағыттағы алдыңғы қатарлы ғалымдар пайда болды. Сол кезде өте негізгі мәселе ретінде “табиғи ресейліктерден” ғылыми кадрлар даярлайтын отандық ғылымның орталығын құру туралы міндет күн тәртібіне қойылды.
Ломоносов ғылымның жаңа орталығы Москвада ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеді, ол Петербург салынғаннан кейін орыс өмірінің экономикалық, мәдени және қоғамдық орталығы болып жалғаса берді.
1755 жылы сәуірде М.В.Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москвада құрамында 3 факультеті бар университет ашылды: заң, философия және дәрігерлік.
Батысеуропалық университеттерден айырмашылығы онда діни факультет болмады. Ғалымдар ғылыми-зерттеулермен айналысуы үшін қамқорлық жасай отырып, университет жанынан әртүрлі қосымша мекемелерді (физикалық кабинет, анатомиялық театр және т.б.) құруды қарастырды.
Университет жанынан екі гимназия ашылды. Университет жанындағы гимназияның екеуі де дворяндар мен әртүрлі чинді адамдардың балаларына, шаруалардан басқаларына арналды. Ғұлама Ломоносовтың университетте шаруа балаларына білім алу туралы лұқсат беру қиялы іске аспады.
Гимназияда орыс тілі, латын тілі және шет тілдердің бірі, әдебиет, математика және тарих.
М.В.Ломоносовтың Ресейде ғылымның, ағарту ісінің және мәдениеттің даму тарихында терең із қалдырған Москва университетін және университет гимназиясын құруда еңбегі ерекше.
Москва университетінің жанынан белгілі орыс архитекторы Казаковтың мектебі жұмыс істеді. Мектептің өзінің мақсаты “табиғи ресейліктерден” мамандар мен құрылысшыларды даярлау. Сол сияқты белгілі орыс архитекторы Баженов, өзі Москва университетін бітірген, ол да мектеп ашып, онда талантты жастарды оқытты.
ХҮІІІ ғасырда Ресейде ағарту ісін дамытуда Москва университеті мен гимназияның профессорлары мен оқытушылары елеулі үлес қосты.
Университет профессорлары мен оқытушылары, Ломоносовтың шәкірттері мен ізбасарлары тәрбие мәселелерімен көбірек айналысты. Өздерінің университетте студенттердің алдында сөйлеген сөздерінде бұл ғалымдар негізгі педагогикалық мәселелерді ашып көрсетті. Олар оқытудың әдістемелерін талдаумен айналысты және құнды оқу құралдарын жасады.
1779 жылы университет жанынан Ресейде бірінші мұғалімдер семинариясы ашылды, ол негізінен Москва және Қазан гимназиялары үшін мұғалімдер даярлады, сонымен қатар пансиондар үшін.
Университетте ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында көптеген әртүрлі әдеби және ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Мектептегі білім беруді дамытуда типографиялық қоғам ерекше роль атқарды, оған жетекшілік еткен белгілі жазушы-сықақшы және ағартушы-педагог Н.И.Новиков. Оны ұйымдастыруда ол біршама еңбек сіңірді.
Москва университетінің жанындағы типографияның және әдеби қоғамдардың қызметінде ең жақсы шетелдік педагогикалық еңбектерді аудару үлкен орын алды. Орыс тіліне Коменскийдің “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқулығы мен басқа еңбектері аударылды. Джон Локктың “Тәрбие туралы ойлары”, Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбектері аударылды.
12 дәріс. В.Г.Белинский мен А.И.Герценнің педагогикалық теориясы мен көзқарасы. (1811-1848)
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары орыстың прогрессивтік қоғамдық-педагогикалық ой-пікірінің дамуына В.Г.Белинский мен А.Н.Герцен ерекше роль атқарды. Революциялық - материалистік көзқарастың негізінде олар орыс педагогикасында Ресейдің революциялық қозғалысының мүдделеріне жауап беретін революциялық – демократиялық бағытты жасады.
Виссарион Григорьевич Белинский аса көрнекті революционер-демократ, өзінің шығармаларында крепостнойлық правоға қарсылық білдірді, шаруалардың мүддесін жақтады. В.Г.Белинский дарынды сыншы болды, Ресейге, орыс халықына деген таусылмас жалынды сүйіспеншілікті аңғартты, оның жарқын болашағына сеніммен қарады. В.Г.Белинскийде өз отанына сүйіспеншілікті басқа халықтарға терең құрметпен қарауды ұштастыра білді. Олар ХІХ ғасырдың 30-40 жылдардағы орыстың ой-пікірінің рухани көсемлері болды. “Кімде кім өз отанының перзенті болмайтын болса, ол адамзаттың да перзенті бола алмайды”, - деп жазды В.Г.Белинский.
В.Г.Белинский идеялық дамудың күрделі жолынан өтті. Алғашында ол қоғамынң әділетті құрылымын тек ғана ағарту ісін тарату арқылы іске асыруға болады деген болатын-ды. Ал ХІХ ғ.40-жылдары ол революциялық ағартушылықтан революциялық демократизмге қадам басты, материалистік философияның қағидаларын жақтады, дүниенің дамуына диалектикалық көзқарасты білдірді. Сенімді материалист бола отырып, Белинский өзіне тән жігрелікпен православиялық шіркеуге және діни сенімдерге қарсы болды.
Белинский өнердің, әдебиеттің, ағарту ісінің, тәрбиенің халықтығы теориясын талдады. Ғұлама сыншы ресми халықтықтың теориясының реакциялық мәнін сынға алды.
40-жылдары Белинский социалист – утопистік көзқараста болды. Бірақ батысеуропа социал-утопистерінен айырмашылығы (Р.Оуэн және басқалары) ол социализмді бейбітшілік жолмен, халықтық революциясыз орнатуға болмайтындығын айтты. Ол өз кезінің ірі идеялық көсемі болды, оның төңірегіне барлық алдыңғы қатарлы адамдар, жаңа, еркін Ресей үшін күрескерлер топтасты.
В.Г.Белинский оның кезінде кеңінен тараған адамның табиғаты оның тәрбиесінің мүмкінішіліктерін алдын ала анықтайды деген тұжырымға қарсы шықты. Ол, керісінше, табиғат адамдарды қабілеттіліктермен және дарындылықтармен сыйлайды, ал дарынсыз және томас адамдар дене жағынан кемтарлар сияқты сирек ескертпелер. Адамдарды тегіне жатқызу тәрбие және білім алуға олардың құқын шектеуге болмайды.
А.Н.Радищевтен кейін, “адам қоғамдық құбылыс” екендігін мойындай отырып, Белинский былай дейді: “Адамды табиғат жаратады, бірақ оны дамытатын және қалыптастыратын қоғам”. Қоғам барлық адамдарға бірдей тәрбиемен қамтамасызетуге тиісті, олардың рухани күштері мен дара қабілеттіктерін дамыту.
В.Г.Белинский тәрбиенің алдына жаңа, прогрессивті міндеттер қойды. Ол жалпы адамдық тәрбиенің талаптарын ұсынды. “Алғашқы тәрбие, - деп жазды ол, - балаларда чиновникті емес, ақынды емес, қолөнершіні емес, адамды тәрбиелеуі қажет”.
Оның әдебиеттің халықтығы туралы талданған теориясынан Белинский балаларды өз отанын сүйіспеншілік рухында тәрбиелеудің қажеттігі туралы педагогикалық қорытындылар жасады. Орыс тілін және отандық әдебиетті оқытудың негізгі пәндері істеу керектігін атап өтті.
Пушкиннің, Крыловтың, Гогольдің және басқа да Ресейдің ұлы жазушыларының шығармаларында Белинский орыс халықтығы мен жалынды патриотизмнің анық көрінісін көре білді. Белинский балаларда орыс халқына тән ержүректілік, тапқырлық, табандылық, еңбексүйгіштік сияқты жағымды сапаларды қалыптастыруға шақырды.
Белинский тәрбиенің халықтығы идеясын жақтады және православия, самодервие және халықтық теорияны жақтаушылармен бітіспес күресте дамытты.
Белинскийдің педагогикалық теориясының негізгі қағидаларының бірі адамды үйлесімді дамыту болып табылады.
Адамгершілік тәрбиені Белинский адамды – қоғамдық қайраткерді қалыптастырудың негізгі саласы деп есептеді. Оның адамгершілікті тәрбиелеудің тәсілдері және жолдары туралы айтқан қағидалары бай және мазмұнды. Терең диалектик және нәзік психолог, ол моральдық тәрбиенің психологиялық негіздерін ашуға ұмтылды, адамгершілік тәрбие үрдісінің күрделігіне педагогтардың көңілін аудара отырып, оған формалды қарауға қарсы болуды ескертті.
Жас кезіндегі балалардың психикалық өмірінде эмоциялар басты роль атқарды. Сондықтан да ең алдымен балалардың санасына емес, сезімдеріне әсер ету қажет. “Сезім білімнің алдында келеді, кімде кім адамгершілікті сезінбесе, онда ол оны түсінген емес,”-деді Белинский.
Жоғарғы жас кезеңінде адамгершілік тәрбие ақыл-ой тәрбиесімен ұштасуы қажет, олардың алыднда күрделі де және жауапты міндеттер тұр.
Белинский сол кездегі мектепті қатты сынға алды, ондағы білім берудің мазмұны орыс ғылымының дамуынан артта қалды, сол кездегі оқулықтардың утилитарлық-эмпирикалық бағыттылығын атап көрсетті. Ол оқушылар тек ғана белгілі білімнің жиынтығын меңгеруі жеткіліксіз, сонымен қатар тұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыруы қажет деп есептеді. Ол ғылым мен оқу пәндерінің, теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жоюды талап етті.
Белинский ғылымды өмірге жақындату үшін бар күш-жігерімен күресті. Ол мектептегі білім беру олардың алдарына халық қойған міндеттерге жауап бермейтіндігін атап өтті.
Белинский мектептегі білім берудің мазмұнын кеңейту үшін күресті. Радищев сияқты, ол дінді оқытуға қарсы болды, дінсіз білім беру үшін білім беруді қазіргі отандық ғылымның деңгейіне дейін арттыруға жұмыстанды.
Белинский негізгі оқу пәндеріне адамгершілік тәрбиесін беруге көмектесетін гуманитарлық ғылымдарды (ана тілі, әдебиет, тарих) жатқызды.
Белинский балалардың қызығуын дамытуға негізделген, олардың жас ерекшеліктері мен даралық бейімділігін ескеретін оқытудың жаңа әдістемесін енгізуге ерекше көңіл бөлді. Оның пікірі бойынша, индуктивтік жол-оқытудың негізгі жолы. “Талдаудан жинақтауға көшу, мысалдардан ереже шығару – оқытудың ең пайдалы жүйесі”,- деп жазды ол. Ол догматикалық оқытуға қарсы болды.
А.И.Герценнің педагогикалық көзқарастары. (1812-1870)
Орыстың революциялық қозғалысының белгілі өкілі, көрнекті саяси қайраткер, публицист және талантты жазушы Александр Иванович Герцен, Белинский сияқты ХІХ ғ.30-40 жж.орыстың революция-демократиялық педагогикалық ой-пікірінің өкілі болды.
А.И.Герцен, философ-материалист және революцияшыл демократ, өз шығармаларында тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді, оны Белинский сияқты сол бағытта қарастырды.
Революциялық демократизм тұрғысынан Герцен адамның барлық рухани және дене күштерімен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін тәрбиені жақтады.
Тәрбие мақсаты, Герценнің пікірінше, дұрыс материалистік көзқарасты меңгерген, патша үкіметінің саясатын жеккөретін, халықтың мүддесін қорғай білетін ұрпақты тәрбиелеу болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі жүйесінде ол ғылыми-жаратылыстану және тарих ғылымдарына ерекше мән берді. Герцен жаратылыстануда материалистік көзқарасты тәрбиелеудің тиімді құралын көре білді, ал тарихта патриоттық сезімдер мен демократиялық сенімдерді қалыптастыруды іске асырды.
Патриотизм, Герценнің пікірінше өз отанына шексіз сүйіспеншілік пен оның ішкі және сыртқы жауларына жеккөрушілікпен қарау болып табылады. Герцен шәкірттерде достық және жолдастық, гуманизм, ерік-қайратты, ерлік істерге қабілеттілік сезімін тәрбиелеудің қажеттігіне мән берді. Осы қасиеттерді тәрбиелеуде ол негізгі рольді озық көркем әдебиетке және ұлы адамдардың өміріне арнады.
Герцен мектеп пен жанұяның оқу-тәрбие іс-әрекетінде тәртіптің ролі мен мәнін жоғары бағалады. Герцен біржола шектен шыққан дене жазалауына, ұрып-соғуға, балаларға әсер етудің, тәртіптің өрескел әдіс-тәсілдеріне қарсы болды. Ол ата-аналар мен тәрбиешілердің балаға ізгілік қарым-қатынасына негізделген тәртіпті талап етті.
Дидактика мәселелеріне қатысты қағидаларында Герцен ерекше табандылықпен оқытудың қарапайымдылығын және түсініктілігін жақтады, бұл педагогикалық шеберліктің өте қажетті жағы деп есептеді. Негізгі әдістерге мұғалімнің баяндау және түсіндіру әдістерін жатқызды. Герцен басқа әдістерге қарағанда мұғалімнің баяндауы тиімді, әрі бұл әдістің артықшылығы бар, берік білімді қамтамасыз етеді және оқушылардың ойлау белсенділігін оятады деген болатынды.
Оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімге жетекші орын бере отырып, Герцен оған өте жоғары талаптар қойды.
Тәрбиешінің таланты, Герценнің пікірінше, бұл “шыдамды сүйіспеншіліктің, шын берілгендіктің таланты, оны ешқандай ананың сүйіспеншілігі, ешқандай дилектика өзінің күшті қағидаларымен айырбастай алмайды” деген болатынды. Ол мұғалімінің сенімдеріне ерекше мән берді.
Герцен жанұя тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Герцен өз балаларының тәрбиелеу үлгісіне сүйене отырып, осы міндетке ата-аналарды ерекше қамқорлықпен, жауапкершілікпен қарауды балаларды болашақ өмірге, еңбекке даярлауда оларды барлық қажетті білім негіздерімен, адамгершіл ұғымдармен қаруландыру, олардан өз ата-ананың шын берілген патриотын тәрбиелеу міндетін қойды.
Белинский сияқты, Герцен сословиялық-крепостниктік тәрбие жүйесіне жағымсыз көзқараста болды. Ол Николай І үкіметінің саясатын халық мүддесіне қарсы бағытталғандығын қатты сынға алды.
Белинский сияқты, Герцен Радищевтің халықтық мәдениет, халықтық мектеп үшін күрес дәстүрін одан әрі жалғастырды. Олар Радищевке қарағанда, тәрбиенің материалистік негіздерін түсіндіруге одан әрі кетті. Олар тұқым қуалау, орта және тәрбие проблемаларын түсінуде тереңдете қарастырды. Белинский мен Герцен таным үрдісіне сонымен қатар педагогика мен психологияның және физиологияның өзара қарым-қатынасына жан-жақты материалистік түсінік берді.
А.И.Герцен бірнеше тамаша шығармалардың авторы. Атап айтқанда “Өткендер мен ойлар”, “Кім жазықты”, “Сұғанақ сауысқан”, “Доктор Крупов” орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген құнды шығармалар болды.
Белинский мен тәрбие мәселелері туралы Герценнің анық та, мазмұнды ойлары педагогикадағы жаңа, революцияшыл – демократиялық бағыттың негізін қалады. Белинский мен Герценнің педагогикалық мұрасы одан әрі Чернышевский мен Добролюбовтың еңбектерінде одан әрі дами түсті.
А.Н.Радищевтің педагогикалық көзқарастары. (1749-1802)
Орыс халықының дарынды ұлы, өз отанының жалынды патриоты А.Н.Радищев орыстың революциялық ағартушылық ой-пікірдің негізін салушы болып табылады. Негізгі философиялық мәселелерді Радищев материализм тұрғысынан шеше білді. Барлық қоршаған дүние Радищевше, материалды. Адам табиғатында материалдан тыс ерекше рухтың болуы мүмкін емес. Өзінің шығармаларында ол революциялық жігермен патша үкіметіне ашу-ызамен қарсылық білдірді. Радищев сонымен қатар езілген халықтың өздерін қанап отырғандарға- патшаға және помещиктерге қарсы революциялық күрестің қажеттілігі мен заңдылығын дәлелдеді. Басы байлы шаруалардың қиын жағдайы туралы, олардың балаларын тәрбиелеудің қолайсыз көріністері туралы Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхат” кітабында хабарлады. Бұл еңбекте Радищев шаруа балаларының көрген қиыншылығының ауыр жағдайын суреттеп берді.
Тәрбиенің мақсаты Радищев өз халқының бақыты үшін күресуге қабілетті және оны қанаушыларға жеккөрушілікпен қарайтын адамды – азаматты қалыптастыру деп есептеді. Өзінің “Отанының ұлы туралы әңгіме” деп аталатын еңбегінде Радищев тәрбиенің негізгі міндеті ең алдымен өз отанын сүйе білетін, өзін халқының мүддесі үшін күреске арнайтын, жоғары адамгершілікті адамды тәрбиелеу болып табылады деп жазды. Ол нағыз патриот дегеніміз тек ғана революционер, патша үкіметімен күреске дайын азаматты айтады.
Тәрбиенің алдына революциялық міндет “Отанның ұлын” қалыптастыруды ұсына отырып, Радищев патриотизмді түсінуде ресми патшалық педагогикадан түбірлі алшақтықты аңғартты. Сол уақытта үкімет мекемелерінде (кадет корпустарында, институттарында, мектептерде, тәрбие үйлерінде) балалардан патша өкіметі мен шіркеуге шын берілген қанауға негізделген құрылысты жақтайтын жалған патриоттарды даярлауға ұмтылды. Радищев шын патриотты тәрбиелеу туралы мәселе қойды. Шын мәнінде нағыз отанның ұлы шын жүректен жауыздық, жалғандық, хаюандық сияқты қасиеттерге жеккөрушілікпен қарайды және осы жағымсыз қасиеттерге қарсы күреседі.
Радищев орыс (Бецкой) және батысеуропалық педагогтарды (Руссо және басқалар) сынай отырып, олардың баланы қоршаған ортадан аластату туралы айтқан көзқарастарын сынға алды. Ол адам орта үшін дүниеге келеді, баланы ортасынан, шындық өмірден оқшаулау индвидуалистерді, тек ғана өз қара басының мүддесін ойлайтын, қоғамды өзгертуге қатысуға, идеялық күрескер болуға қабілетсіз адамдарды тәрбиелейді.
Радищев барлық балаларда дамуға және тәрбиелеуге табиғаттың берген қасиеттерінің болатындығын көрсете отырып, Радищев сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуы оның табиғатымен анықталмайды, өмір сүрген ортасына, әлеуметтік жағдайларға байланысты деген пікір айтады. Оның Бецкойдан айырмашылығы ол қоғамды тәрбие арқылы өзгертуге болады демейді. Керісінше, тек ғана ақылды қоғамда тәрьиені дұрыс ұйымдастыруға болады деген тұжырым жасайды. Ол адам мінезі жалпы игілік іс-әрекетте қалыптасады, заңсыздыққа, қоғамдағы тәртіпке, адамдардың бойындағы жағымсыз қасиеттерге әруақытта қарсы тұру арқылы іске асады.
А.Н.Радищев қанаушыларға жеккөрушілікке, қарапайым халықтық бағыты үшін олармен күресуге жаңа, революциялық моральдық алғашқы бастаушы болды. Балалардың бойында отанына, халқына деген шынайы сүйіспеншілікті сіңірудің қажеттігін айта отырып, А.Н.Радищев дворяндарға тән отандық мәдениетке менсінбей қарауға, орынсыз француз тіліне еліктеуге қарсы болды. Ол нағыз патриот өз ана тілін жақсы білуі қажеттігін айтты.
ІІ Екатерина үкіметі Радищевтің шығармаларын қоғамнан жасыру үшін, адамдардың санасынан оның есімін өшіру үшін бар шараларды алуға мәжбүр болды. Бірақ патша үкіметіне революциялық күреске шақырған ұлы патриоттық ашулы үні алдыңғы қатарлы орыс адамдарына естілді. Үкімет тарапынан тыйым салынған оның шығармалары, қолжазба түрінде жасырын таратылды.
А.Н.Радищевтің Ресейде қоғамдық ой-пікірдің, педагогикалық теорияның, орыстың революциялық қозғалысының дамуында алатын орны ерекше.
13 дәріс. К.Д.Ушинский – орыстың ұлы классик-педагогы. Оның өмірі мен педагогикалық қызметі. (1824-1870)
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті.
Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.
1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады.
Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары туралы, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды.
Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейінің профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай оытырп, оны жақсартуға ғылымның көмектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студенттерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оған көмектесуге шақырды.
Бірақ жас ғалымның профессорлық қызметі көп ұзаққа созылмады.
Лицей басшылығы оның қызметінің осындай бағыты жастарға зиянды әсер ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп кешікпей ол жұмыстан шығарылды. Ушинский үшін өмір сүру үшін күрестің ауыр жылдары басталады. Ол бірнеше жыл чиновниктік қызмет атқарды, журналдарда кездейсоқ, ұсақ әдеби жұмыстармен айналысты. Өз отанының игілігі үшін жан-жақты қоғамдық қызмет туралы армандаған оны осының барлығы қанағаттандырмады.
“Өз отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру – бұл менің өмірімнің бірде-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет”, - деп жазды жас Ушинский.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857-1958 ж.ж. “Тәрбие үшін журналда” өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы”, “Мектептің үш элементі” және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогикалық жұртшылыққа таныта бастады. 1854 жылы Ушинскийге алғашында Гатчинада жетімдер институтында орыс тілінің мұғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады. Бұл жерде Ушинский өзін педагог, ұйымдастырушы және зерттеуші ретінде өзінің күші мен қабілетін жан-жақты көрсете білді. Ол оқу орнының оқу жоспары мен бағдарламаларына өзгерістер енгізді, оқыту үрдісін ұйымдастыру мен әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. Бұл кезеңде жоғарыдағы аталған бірнеше мақалалары жазылған болатынды.
1859 жылы Ушинский Смольныйдағы инабатты қыздар институтының инспекторы болып тағайындалды. Онда ол түбірлі өзгерістер жүргізді: дербес жұмыс істеген дворян және ------ қыздар бөлімдерін біріктіреді, оқу пәндерін орыс тілінде оқыту енгізді, педагогикалық сыныпты ашты, онда тәрбиешілер даярланды, институтқа талантты оқытушылар шақыртылды, тәрбиенушілер каникулдар мен мейрамдарды ата-аналарында өткізуге құқығы болды.
Ушинский институтқа көрнекті педагогтар-әдіскерлерді шақырды: әдебиеттен – В.И.Водовозов, жағырафиядан – Д.Д.Семенов, тарихтан – М.И.Семевский және басқалар.
Смольныйдағы кезеңде ол бастауыш оқыту үшін оқу кітабын басып шығарды – “Балалар әлемі”.
Смольный институтындағы Ушинскийдің прогрессивтік қызметі институттың тәрбиеленушілері және алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының тарапынан ерекше жағымды қолдау тапты, институт әкімшілігі және Ушинскийдің тарапынан институттан қуылған мұғалімдер оны құдайсызды, атеизмі, еркін ойы саяси сенімсіздігі үшін айыптап, қуғындады.
1862 жылы ол институттан шығарылды. Оған бастауыш және әйелдерге білім берудің қойылуын зерттеу және педагогика оқулығын жасау сылтауымен шетелге баруды ұсынған болатынды. Бұл жол сапары шын мәнінде бүркемеленген жер аудару еді.
Ресейде басынан кешіргеннің бәрі Ушинскийдің денсаулығына өте ауыр әсер етті, ертеде байқалған өкпе ауруы асқына түсті. Бірақ, өте ауыр асқынған сырқатына қарамастан, шетелде ерекше күшті жұмыс істеді: Германия мен Швейцариядағы әйелдер оқу орындарын, мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді сын көзбен қарай отырып, зерттеді.
Шетелде 1864 жылы “Ана тілі” атты тамаша оқу кітабын жазды және “Ана тілін” оқытуға басшылық мұғалімдер мен ата-аналарға арналған оқу құралы жарық көрді. 1867 жылы Ушинский өзінің ең басты шығармасы. “Адам-тәрбиенің пәні” атты еңбегін жазды. Бұл еңбек педагогика ғылымының құнды да, сүбелі туындысы болып табылады.
22 желтоқсанда 1870 жылы 46 жасында орыс халқының ұлы перзенті К.Д.Ушинский қайтыс болды.
Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы жағынан Ушинский буржуазиялық демократ – ағартушы болды. Ол крепостнойлық правоның құлауын қызу қолдады, Ресейдің еркін дамуы туралы; халықтың әл-ауқатын материалдық және мәдени жақсарту туралы қиялдады. Бірақ ол қоғамдық құрылысты революциясыз, бейбіт жолмен өзгертуге болады деп есептеді. Өзінің философиялық дамуында Ушинский идеализмнен материализмге бет бұрды бірақ бұл жол аяқсыз қалды.
Өзінің табиғатқа көзқарасында Ушинский Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтады. Таным теориясы мен психологиясында оның материалистік элементтері басым. Ушинский психологияны физиологияға негіздеп құруға талпынды. Бірақ социологиялық мәселелерді түсіндіруде көптеген ағартушылар сияқты идеалистік бағытта болды.
Ушинскийдің қызметінің бс кезінде соңғы жылдарға қарағанда оның көзқарасында дін ерекше орын алды. Ушинский өмірінің соңғы кезінде, бұрынғыша дінді мойындай отырып, ғылым мен дінді анық ажырата білді.
Тәрбиенің халықтық идеясы туралы.
Ушинскийдің педагогикалық жүйесінің негізіне халықтық идея жатады. Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді.
Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды.
Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.
Халықтың бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, “халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады”.
Орыс халқына тән өзіндік ерекшеліктері болады. Ең негізгілеріне ол мыналарды жатқызды: 1) ғасырлар бойы сыннан өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік сезімі, өзінің күшін аямастан оның тұтастығы мен тәуелсіздігін басқа мемлекеттерден қорғай білуге әруақытта даярлығы; 2) жоғары азаматтық сезім, гуманизм; 3) шығармашылық энергияның байлығы.
Ушинскийдің пікірінше, орыс халқының рухы және Ресейдегі оқыту және тәрбие осындай негізде құрылуы қажет екендігін білдіреді.
Қандай ма болмаысн мемлекеттің тәрбие жүйесін орыс топырағына көшіру оның қажетті тәрбие күшінен айырған болар еді.
Халықтық идея Ушинскийдің түсінігінде терең демократизммен ерекшеленеді. Ушинский қоғамның жоғарғы бөлігіне тән халыққа аристократиялық - өркөкіректікпен қарауға қарсы болды. Өте дөрекі, сүреңсіз бұқара халықты “ерекше шығармашылық күштің, тамаша өлмейтін құндылықтардың қайнар көзі” дей келіп, ол “қарапайым” халықты жоғары қояды және терең бағалайды. Ушинскийдің түсінігінде, халықтыққа тән келесі белгісі – бұл жұртшылық. Тәрбиенің халықтық идеясы өз айналасына ауқымды атмосфераны талап ететіндігі және өзіндік кең қоғамдық элементтерді қатыстырусыз іске асуы мүмкін еместігіне Ушинский сенімді болды.
Ушинский былай деп жазды: “Халықтың өзі және оның ұлы адамдары болашаққа жол қалауда: тәрбие тек ғана осы жолмен жүреді...”
Ушинский Халықтық идеяны басшылыққа ала отырып, халық ағарту ісі халықтың қолында болуы керек, ал балаларды оқыту ісі олардың ана тілінде іске асуы қажет, ол халықтықтың ең айқын көрінісі болып табылады деген қорытындыға келді.
Балаларды өз ана тілінде оқыту мүмкіншілігінен айыру оларды қолайсыз жағдайға олардың рухани күштері мен қабілеттіктерінің жемісті дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі құралынан айырған болар еді.
К.Д.Ушинский жанұяда, балалар бақшасында және мектепте оқыту және тәрбиелеуді ана тілінде іске асыруға аянбай табандылықпен күресті. Бұл алдыңғы қатарлы демократиялық талаптар болатынды. Ол басқа тілде оқытатын мектеп балалардың күштері мен қабілеттіктерінің табиғи дамуын тежейді, ондай мектеп балалардың және халықтың дамуы үшін әлсіз және қажетсіз екендігін дәлелдеді.
Ушинскийдің пікірінше, ана тілі “халықты әлі де кітаптар, мектептер болмаған кезде де оқытқан және өркениет пайда болғаннан кейінде оны оқытуды жалғастырған ұлы халықтық тәлімгер болып табылады”.
Осыдан келіп, ана тілі “негізгі құрал болып табылады, оның көмегімен біз идеяларды, білімдерді меңгереміз, одан кейін шәкірттерге береміз”. К.Д.Ушинский элементарлық білім берудің басты міндеті ана тілін меңгеру деп есептеді.
Ушинский ерте кезден бастап, балалардың тілі мен ойын дамыту туралы құнды кеңестер берді, бұл кеңестер күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Тіл дамыту ойлауды дамытумен байланысты екендігін дәлелдеді, ой мен тіл бірлікте болатындығын көрсетті: тіл-ойды сөз арқылы беру.
Ұлы классик - педагогтің халықтық идея, ана тілінің болашағы туралы айтқан қағидаларының бүгінде маңызды, күн тәртібінен түспей отырған мәселе екендігін атап өткен жөн. Ұлттық идея, ана тілі мәселесі қай кезде де өміршең, өзекті мәселе болып келгендігін аңғару қиын емес.
К.Д.Ушинский “Ана тілі” атты белгілі мақаласында былай деп жазды: Тіл – бұл өмірі өткен, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақтағы халықтың ұрпағын бір ұлы тарихи тұтастыққа біріктіретін ең өміршең, дәмді және берік байланыс. Ол тек ғана халықтың өміршеңдігін білдіріп қоймайды, ол өмірдің өзі. Егер халықтың тілі жойылса, халық та болмайды.
Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері.
Тәрбиенің мақсаты қоғамның пайдалы мүшесі жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеу деп түсінді Ушинский. Адамгершілік тәрбиесіне Ушинскийдің педагогикасында негізгі орын берілген. Адамгершілік тәрбиесі ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты.
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралы Ушинский оқыту деп есептеді. Ол оқытудың тәрбиемен тығыз байланыстылығын айта келіп, оқытудың тәрбиелік сипатының ерекше мәнін дәлелдеді. Ушинский барлық оқу пәндері өте бай тәрбиелік мүмкіншіліктермен ерекшеленетіндігін атап көрсетті.
Халық мектебінің оқу пәндерінің ішінде ол ана тілін ерекше бағалады және ана тілін меңгере отырып, балалар тек ғана білім алып қоймайды, сонымен қатар халқымыздың ұлттық санасымен, оның рухани өмірімен, моральдық ұғымдарымен және түсініктерімен танысады.
К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.
К.Д.Ушинский адамгершілік тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі сендіру деп түсінді, көп жағдайда балалардың санасына жетпейтін орынсыз өсиет айтудан және үгіттеуден сақтандырды.
К.Д.Ушинский балаларда әдеттерді қалыптастыруға ерекше мән берді. Әдеттерді тәрбиелеу ісінде ол өте қажетті заңдылықты анықтады: неғұрлым адам жас болған сайын, солғұрлым оның бойында әдет тез қалыптасады және солғұрлым тез жоюға болады және неғұрлым қарт болған сайын әдеттерді жою, солғұрлым қиындай түседі. Ушинский балаларда пайдалы әдеттерді тәрбиелеу бойынша көптеген құнды кеңестерді ұсынды. Ушинскийдің әдеттерді тәрбиелеу туралы ұсыныстары мен кеңестері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Ушинскийдің пікірі бойынша, адамгершілік тәрбиесінің құралдарына төмендегілерді жатқызды:
1) оқыту (бұл жағдайда оның оқу кітаптарының мәні орасан ерекше, оларды тіл дамыту, білімді хабарлау және адамгершілік тәрбие орынды ұштасады);
2) мұғалімнің жеке басының үлгісі (“бұл жас рух үшін ешнәрсемен өзгертуге болмайтын күн көзінің жарқын сәулесі”);
сендіруге ерекше мән берді;
оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу (педагогикалық такт);
ескерту шаралары;
мадақтау және жазалау.
Адамгершілік тәрбие балаларда адамдарды құрметтеу және оған сүйіспеншілікпен қарау, олармен ізгілік, жағымды, әділ қарым-қатынас жасай білу.
Соқыр, таяқ тәртібіне қарсылық білдіре отырып, Ушинский былай деп жазды: “Ескі мектептегі тәртіп марапаттау мен жазалауды бөліп беретін мұғалімге деген қорқыныш пен үрейге негізделді. Бұл қорқыныш балаларды оларға тән емес, зиянды жағдайға бағынуға мәжбүр етті: қозғалмауға, іш пысушылыққа және жауыздыққа үйретті”.
Ушинский этикалық көзқарасының жағымды белгілерін және оның адамгершілік тәрбие теориясын атай отырып, сонымен бірге біз оның адамгершілігі дінмен бірігетіндігін ескертуіміз қажет. Бірақ оның дінге көзқарасының өзгергендігін атап өтпеу дұрыс болмаған болар еді.
Егер Ушинскийдің адамгершілік тәрбиеге көзқарасында алғашқы кезде діни сипат басым болса, одан кейінгі көзқарасында адамгершілік тәрбиеде басты орынды азаматтық міндеттерге, қоғамдық борыш сезімі билеген өз отанының белсенді азаматын даярлауға берілді.
Ушинский адамның дұрыс дамуының негізгі шарты еңбек деп есептеді. Өзінің “Еңбек, оның психикалық және тәрбиелік маңызы” атты мақаласында ол еңбекті материалдық құндылықтарды жасаудың және адамды дене, ақыл-ой, адамгершілік жағынан жетілдірудің басты факторы да болып табылатындығын атап өтті.
Оқытудың дидактикалық негіздері.
Ушинскийдің дидактикалық көзқарастары ерекше тереңдігімен және халықтығымен ерекшеленеді. Ол оқытуды балалардың дамуының жас кезеңдерін және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру негізінде құруды талап етті. Оның ішінде оқыту кезінде шәкірттердің зейінін пайдалану туралы құнды ұсыныстар жасады. Ол зейіннің екі түрі болатындығын атап өтті: активті немесе ерікті және пассивті, немесе еріксіз зейін. Сонымен қатар ол ес және есте сақтау туралы айта келіп, қайталау арқылы ұмыту үрдісін болдырмауды ескертіп отыру, тәрбиеленушілердің есін дамыту қажеттігін атап көрсетті.
Ушинский оқытудың дидактикалық негіздерін жасады, осыған сәйкес халық мектебінде барлық оқыту үрдісі құрылу қажеттігін атап өтті.
Ушинскийдің балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеріп отыруды талап етті. “Психологияға негізделген педагогика адамның табиғатына сәйкес оның жан дүниесін дамыту туралы бізге кеңес береді”. Осы талаптарды нақтылай отырып, Ушинский оқытуда ең алдымен шамаға лайықтылықты қамтамасыз ету қажет. Баланың шамасы келмейтін міндеттерді жүктеуге жол беруге болмайтындығын Ушинский атап көрсетті.
Сонымен қатар оқушының оқу жүктемелері өте жеңул болмау керектігін ескертті. Өте жеңул сабақтар – баланың ақыл-ой мен қабілеттіктерін дамытпайтындығын ескерткен болатынды.
Оқыту оқушылардың дербестігі негізінде құрылуы және олардың ынтасын дамытуы қажет. Балалардың белсенділігін және өз бетімен әрекеттенуін шектей беруге болмайтындығын ескерте келіп, олар мүмкіншілігіне қарай өз бетімен жұмыс істеу керек, мұғалім осыған үйрету және оларды басқару қажет.
Оқушылардың білімінің берітігін Ушинский жақсы ұйымдасқан оқытудың бөлінбейтін белгісі деп есептеді. Білімдерді, ептіліктерді және дағдыларды берік меңгеруге, балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін жемісті дамыту көрнекілігі көмектеседі.
“Оқуды, - деп жазды Ушинский, - әруақытта жақыннан және белгілеп бастау, одан әрі белгісізге көшу қажет”. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Ушинский ерекше табандылықпен көрнекілік оқытуды жақтады.
“Бала түрмен, бояумен, дыбыспен, жалпы түйсіктермен ойлайды. Осыдан келіп, балалар үшін көрнекілік оқытудың қажеттігі туындайды, ол дерексіз ұғымдарға және сөздерге құрылмайды, баланың тікелей қабылдайтын нақты образдарға негізделеді”, - деген болатынды Ушинский.
Ушинский әруақытта да оқыту тек ғана танымдық емес, сонымен қатар тәрбие үрдісі . Оқытуды дұрыс ұйымдастырудың басты көрсеткіші өзінің сабақ беруінде мұғалімнің танымдық және тәрбиелік мүмкіншілігі толық көлемде пайдалану ептілігідеп есептеді.
Дидактикалық проблемаларды шешуге К.Д.Ушинский ұқсас ғылымдардың мәліметтерін ескере отырып, антропологиялық ұстанымдарды, әлеуметтік – философиялық ғылымдардың қағидалары тұрғысынан келді.
Педагогикалық антропологияның “бірінші томына кіріспесінде ол былай деп жазды: “Жарыққа жазып отырған біздің еңбегіміздің бірінші бөлімі тікелей дидактикаға арналады, екінші бөлімі негізінен тәрбие үшін басымдық мәні бар. Сондықтан да біз бірінші бөлімді бқлек шығару туралы шешімге келдік”.
Ұлы ғалым, орыстың ғылыми педагогикасының негізін салушылардың бірі К.Д.Ушинский сонымен қатар көрнекті әдіскер-мұғалімдердің мұғалімі. Бірдей ерекше жетістікпен ол өзінің адам туралы тәрбие пәні ретінде ғылыми-теориялық еңбегін және мектепке арналған “Балалар әлемі” және “Ана тілі” тамаша оқулықтарын жазды.
К.Д.Ушинский оқытудың сынып-сабақ жүйесін жақтады. Ол сабақ оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі екендігін және мұғалімнің сабақты тиімді өткізуді сипаттайтын негізгі белгілерін анықтап берді. Бұл белгілерді төмендегіше түсіндіруге болады.
1) оқыту үрдісінде сабақтың басты түйінін немесе негізгі деректі алға қоя білу ептілігі
2) жаңа сабақты бұрынғы балалардың меңгерген білімдерімен табиғи байланысты қамтамасыз ету,
3) шәкірттердің жоғары деңгейдегі қызығушылығы мен белсенділігін қамтамасыз ету,
4) сабақ кезінде хабарланған шәкірттердің білімдерін толық мәнді және берік меңгеруді қамтамасыз ету,
сыныпта үлгілі талап пен тәртіптің болуы.
Оқытудың үрдісінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудың қажеттігін талап ете отырып, Ушинский олардың ішіндегі негізгілерді түсіндіріп оқыту, мұғалімнің әңгімесі, әңгіме, жаттығулардың әртүрлі түрлері (ауызша, графикалық, жазбаша) деп есептеді.
Ушинский қайталауға ерекше мән берді. Оның пікірінше, біржүйелі өткізілген қайталауларсыз шәкірттерді қажетті білім көлемі берік меңгеруді қамтамасыз ету мүмкін емес.
Ол салыстыру сияқты педагогикалық тәсілді өте жоғары бағалады. Осы тәсілдің көмегімен Ушинский шәкірттердің оқылатын заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттерін анық та және дәл қол жеткізуін айтқысы келді. Ушинский балаларды сауат ашуға оқыту үшін дыбыстың, жазу-оқудың аналитикалық-синтетикалық әдісін ұсынды, бұл әдіс революцияға дейінгі жүйесінде кеңінен қолданып, өзін ақтады. Бүгінгі мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді.
К.Д.Ушинский “Адам – тәрбиенің пәні” (“Педагогикалық антропология”) атты еңбегінде әрбір педагог орындауға тиісті негізгі талаптарды ұсынды және негіздеді.
“Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны жан-жақты білуі қажет...”
Адамды зерттейтін ғылымдардың тілінде, К.Д.Ушинский физиологияны және әсіресе психологияны бөліп көрсетті, ол педагогке адам ақзасы туралы және оның психологиялық қасиеттері туралы біржүйелі білімдер беріледі, балалармен тәрбие жұмысын жүргізуді тәжірибесі үшін қажетті білімдермен байытады.
К.Д.Ушинскийдің тарихи мәні, ол сол кездегі ғылыми жетістіктерге сәйкес дидактиканың оқыту теориясының психологиялық негіздерін талдады.
К.Д.Ушинский психологияның көзқарасы тұрғысынан негізгі оқытудың тәрбиелік сипатының дидактикалық қағидаларын негіздеді: көрнекілік, біржүйелік және бірізділік, оқу материалының беріктігі.
Ушинский тәрбие мен оқытудың қызметін тәрбиеші мен мұғалімнің арасында бөлуге қарсы болды. Ол оқытуды тәрбиенің негізгі құралы ретінде қарастырды.
Ушинский формальдық және материалдық білім беру теориясын және классикалық мектепті сынға алды. ХІХ ғ.дидактикада екі түрлі теория өмір сүруді формалды және материалдық білім беру теориясы.
“Формальды білім беруді” (негізінен классикалық білім беруді жақтаушылар) жақтаушылардың айтуынша, білім берудің негізгі міндеті – бұл есті, зейінді, ойлауды, тілді, қабілеттілікті дамыту, оған қарсы “материалдық білім беруді” жақтаушылар оқу материалының тәжірибелік мәніне, өмірге жақын болуға ерекше мән берді. Олар орта мектепте латын және грек тілдерін оқытуға қарсы болды, ең негізгі орынды ана тілі мен әдебиетке, математикаға, жаратылыстануға және жаңа шет тілдеріне арнады, бірақ оқушылардың ақыл-ойын дамытуға жеткіліксіз мән берді.
Ушинский бұл екі теорияның да біржақтылығын қатты сынады, сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілеттілігін дамытудың да, сонымен қатар өмірдің бірдей керектігін атап өтті.
Ушинскийдің бастауыш оқыту үшін екі оқу кітабын құрастырды. “Ана тілі” алғашқы бастап оқыту үшін арналады, әліппеден бастап, онда орыс тіліне ерекше мән беріледі. Бұл оқулықтар революцияға дейінгі Ресейде кеңінен тарап, пайдаланылды. “Ана тілінің” І бөлімі 150 ден астам басылып шықты. Бұл кітаптан орыс халқының көптеген ұрпақтары тәрбиеленді. Ушинскийдің оқулықтарының үлгісімен Ресейдің орыс емес халықтарының балаларына арналған оқулықтар жасалынды.
Мұғалімнің жеке басының үлгісі.
Өмірмен, қазіргі кезеңмен байланысты дұрыс ұйымдастырылған мектепте, К.Д.Ушинский өз халқын шын сүйетін және оның дамуы туралы қамқорлық жасайтын мұғалімге – тәрбиешіге басты рольді берді. Адам, педагог-гуманистің тұжырымдауынша, қоғам үшін ұлы байлықтың қайнар көзі. Баланың ойы мен жан дүниесін дамытатын, қоршаған ортаны оның танымымен байытатын мұғалімнің шығармашылық қызметінің нәтижесінде ол ержеткен соң, “балшықты жерлерді, құмдарды, адамсыз тауларды” байлықтың қайнар көзіне айналдырды.
Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының жігерлендіретін ықпалынсыз елестету мүмкін емес. “Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес”.
Мұғалімнің жеке басы бұл ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жас дүниесі үшін күн көзінің жарқын сәулесі. Осындай “күн көзінің жарқын сәулесі” болуы үшін қатаң белгіленген жалпы және педагогикалық танымның көлемін меңгеруі қажет және соның негізінде қалыптасқан берік педагогикалық сенімдермен қарулануы керек. Осындай сенімдердің болмауы нағыз тәрбиеші бола алмайды ол қарапайым чиновниктің деңгейінде қалады. Ушинский чиновник тәрбиеші емес деген болатынды. Тәрбиешіге өз ісіне ақыл-ойын және бүкіл жан дүниесін салу және өзінің барлық қызметі арқылы табанды жүргізу қажет. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге лайықты халық мұғаліміне ең жақсы өз халқына тән қасиеттерді меңгеру өте қажет.
Халық мұғалімдерін даярлау үшін Ушинский мұғалімдер семинарияларын ұйымдастыруды ұсынды, ал орта мектептің мұғалімдерін даярлау үшін университеттер жанындағы педагогикалық факультеттерді. Ушинский мұғалімдер семинарияларының жобасын жасады, кейіннен Ресейде алдыңғы қатарлы земстволардың тәжірибесінде іске асты.
Семинарияның оқу жоспарына ол орыс тілімен әдебиетін, арифметканы, жағырафияны, тарнихты жаратылыстануды енгізді, болашақ мұғалімдерді ауыл шаруашылығы мен медицина салаларынан кейбір мәліметтермен таныстыруды ұсынды. Ушинский семинарияның оқу курсында ерекше орынды психологияны, педагогиканы және бастауыш білім беру әдістемесін оқытуға және педагогикалық тәжірибеге арнады.
Ушинскийдің пікірінше, мұғалім білім беру саласындағы қол жеткен табыстарымен тоқтап қалмауа керек, ол өзінің білімін және педагогикалық шеберлігін одан әрі жетілдіріп отыруы керек.
Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857), “Мұғалімдер семинариясының жобасы” (1861), “Швейцарияға педагогикалық саяхат” (1862) атты мақалаларында мұғалімдерді даярлаудың және мұғалімдік мамандықтың қоғамдағы ерекше орнына тоқтала келіп, жан-жақты талдау жасайды. Мұғалімнің қоғамдағы орны, оның мәртебесі, университеттер мен педагогикалық орындарында мұғалім кадрларын даярлау мәселелері бүгін де күн тәртібінен түспей отырған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де, ұлы гуманист-педагогтің мұғалім туралы айтқан қағидаларын бүгінгі мектеп тәжірибесі мен тәрбие жүйесінде кеңінен пайдалануға болады.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.
Ушинский ұлы орыс педагогі, Ресейде халық мектебінің негізін салушы, белгілі педагогикалық жүйені құрушы, тамаша оқу кітаптарының авторы болып табылады. Ол – “орыс мұғалімдерінің мұғалімі” – мұғалімдер семинариясында халық мұғалімдерін даярлаудың жүйесін жасады, алдыңғы қатарлы халық мұғалімдері өзінің педагогикалық жұмысында Ушинскийдің шығармаларын басшылыққа алды.
Пушкиннің ақындық ғұламалығы өмірге бір топ пушкин мектебінің ақындарын әкелсе, сол сияқты Ушинскийдің педагогикалық ғұламалығы 60-70 жылдардың тамаша педагогтардың жаңа тобының, Ушинский ізбасарларының Н.Ф.Бунаковтың, Н.А.Карфтың, В.И.Водовозовтың, Д.Д.Семеновтың, Л.Н.Мадзалевскийдің, В.П.Вахтеревтің, Д.И.Тихомировтың, И.Н.Уляновтың және т.б. пайда болуына көмектесті.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы туралы айтқанда, ең алдымен ауызға ілінетіні тәрбие пәні адам туралы терең де ғылыми біліммен қаруланған, жан-жақты білімді ойшыл-гуманист ретінде педагогика теориясын, оның ішінде педагогика ғылымы және тәрбие өнері туралы айтқан құнды ойлары, тәрбиенің халықтық идеясын күн тәртібіне орынды қоя білуі, жеке адамды қалыптастыру және жан-жақты тәрбиелеу, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы орны, еңбектің тәрбиелік және психологиялық сипаты туралы, дидактиканың көптеген мәселелерін жан-жақты талдауы, мұғалім туралы айтқан пікірлері бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерімен астарласып жатыр.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қазақтың, грузиннің, армяннің, татардың, азербайжанның, чуваштың және т.б. озық ойлы, алдыңғы қатарлы педагогтарына тигізген әсері орасан зор болды.
Ендеше сол кездегі педагогикалық ойдың биік шынары К.Д.Ушинскийдің жүйесі Ресейдің шет аймақтарын мекендеген халықтардың алдыңғы қатарлы прогресшіл қайраткерлеріне ерекше ықпалын тигізгені анық. Қазақстанда, К.Д.Ушинскийдің ілімін тікелей жалғастырушы, оны нақты осы өңірде іске асырушы, халқымыздың тұңғыш педагогы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин болды. Ыбырай Алтынсарин орыс педагогтарының еңбектерін, оның ішінде К.Д.Ушинскийдің еңбектерін жан-жақты зерттеудің негізінде халық мектебінің қоғамдық міндеттерін толық ашып берді.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Ресейдегі бастауыш білім берудің негізін салушылар, сол замандағы алдыңғы қатарлы педагогтар – К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Д.Карф және т.б. үлкен әсер етті. Ыбырай К.Д.Ушинский сынды өз ұстаздары ізімен жүре отырып, 1864 жылы қазақ даласында тұңғыш білім ордасын ашты. Әсіресе, бұл ретте де оған Ушинскийдің Ресейде әйелдерге білім беруде атқарған шараларының үлкен әсері тигендігі аңғарылды.
Ендігі кезекте Ыбырай оқушыларға білім беру және оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана тілі” үлгісімен орыс-қазақ бастауыш мектептері үшін жаңа оқулықтар жазуды көздеді.
Бұдан біз Ыбырайдың қазақ мектептері үшін оқулықтар жасауда Ушинскийден тікелей үйренгендігін аңғарамыз және де Ушинскийдің сол үлгісін, қазақ халқының тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты іс жүзіне асырғандығы оның “Қазақ хрестоматиясынан” да айқын көрінеді. Осы сөзімізге Ы.Алтынсарин жазған “Қазақ мектептеріне орыс тілін үйретуге басшылық” деген екі оқу құралы да бұлтартпас дәлел.
Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясын” өмірге әкелуіне Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның “Балалар әлемінің” зор ықпалы болды.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясының психологиялық негіздерін тұңғыш зерттеген Қазақстанның көрнекті педагог-ғалымы, әрі психологы, педагогика ғалымдарының тілінде ол бірінші болып, К.Д.Ушинскийдің орыс психологиясының тарихына қосқан зор еңбегін жан-жақты зерттеп, оған талдау жасады. Соның нәтижесінде ғалымның “Ушинскийдің психологиясы және педагогикалық психологиясы” атты монографиясы дүниеге келді. Бұл Ушинскийдің педагогикалық және психологиялық мұрасына арналған тұңғыш ғылыми-зерттеу еңбегі болды.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский жайында Т.Тажибаев: “Педагогика ғылымының саласында К.Д.Ушинскийді педагогикалық ойдың асқан алыптары Я.А.Клменский және Песталоццимен қатар қоюға болады. Орыс ғылымының көрнекті қайраткерлері Ломоносов, Менделеев, Лобочевский, Павлов және басқалары қадірлі болса, Ушинский де сондай қадірлі”, - деп ерекше жоғары бағаланған болатынды.
13 дәріс.Л.Н.Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы (1826-1910)
Педагогика, тәрбие және оқыту мәселелері Л.Н.Толстойдың практикалық және теориялық қызметінде ерекше орын алады.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. 1860-1861 ж.ж шетелге барып, онда ол Францияның, Италияның, Бельгияның көптеген мектептерінің жұымысымен танысты. Бұл елдердің мектептері Л.Н.Толстойға жағымсыз әсер қалдырды. Бұл мектептердің әсіресе Германия мектептерінің негізгі кемшіліктері ретінде формализм, педантизм, оқушылар үшін еркіндіктің болмауын атап өтті. Толстой бұл мектептердің тәжірибесін алуға болмайтындығы туралы қорытындыға келді, Ресейде мектепті басқа негізде дербес құру керектігін атап өтті.
Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады.
Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау.
Бұл ескі мектепке қарағанда оқушылар үшін қолайлы жағдайды жасады және олар мектепке ерекше қызығумен қатысып отырады, қызыға оқыды, үлкен шығармашылық белсенділікпен дербестік аңғартты. Ясная Поляна мектебінің тәжірибесімен өте қызыға айналысқан, оның нәтижелерімен қанағаттанған Толстой бұл тәжірибені басқа мектептерге тарату ісін қолға алды. Осы мақсатпен ол “Ясная Поляна” педагогикалық журналының басылымын ұйымдастырды, оның бірінші кітапшасында Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жан-жақты суреттелді.
1862 жылы Ясная Поляна мектебінде полицияның жүргізген тінтуінен кейін Ясная Поляна мектебі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Толстой да педагогикалық қызметін біржола тоқтатып, “Соғыс және бейбітшілік” романын аяқтауға кірісті. 1870 жылы Толстой тағы да педагогикалық қызметке оралды (романмен жұмыс аяқталғаннан кейін). Осы кезде Толстой “Әліппе” атты алғашқы оқыту үшін оқу кітабын құрастырды, кейін “Жаңа әліппе” жарық көрді және сауат ашуға оқытудың жалпы мәселелерін талдайтын “Оқу кітабын” құрастыруға ерекше көңіл бөлді.
70-жылдардың екінші жартысында Толстой діни мәселелерге ерекше мән беруге байланысты педагогикалық қызметтен уақытша алыстауға тура келді, өмірінің соңғы кезінде ол педагогика мен тәрбие мәселелеріне қайта оралады. 70-жылдары Толстой балаларды тағы да Ясная Поляна мектебінде шәкірттерді қайта оқыта бастады, шаруа мұғалімдер семинариясының жобасын жасады. Өмірінің соңғы кездерінде Толстой тәрбиенің негізіне дінді қоя отырып, діни-адамгершілік ілімді насихаттады.
Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы.
Л.Н.Толстой педагогиканы және сол кездегі орыс, шетел мектептерін қатты сынға алды. Ол педагогика, оның ішінде неміс педагогикасы мектеп өмірінен алшақ, педагогикалық тәжірибе оның негізі болып табылмайды, онда формализм, бірсарындылық басым екендігін атап көрсетті.
Сол кездегі мектепті қатты сынай отырып, Толстой баланың жеке басын құрметтеуге, белсенділігі мен шығармашылығын дамытуға негізделген өзінің тәрбие жүйесін қарсы қойды. Толстойдың 60-жылдардың бас кезіндегі педагогикалық ізденістерінде тәрбие баланың жеке басына жасалған қатыгездік болып табылады, сондықтан да оған жол беруге болмайды, тек ғана білім берумен ғана, демек, үлкендердің балаларға берілетін білімімен ғана шектеу керек дегенді айтты. Бірақ ол шаруалар мектебінде оқуға, жазуға, арифметикаға және т.б. тек ғана оқытып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тәрбие жұмысын жүргізді.
Сонымен, бұлай деп пайымдау Толстойдың педагогикалық көзқарасы мен қызметіндегі көптеген қайшылықтарының бірі болды. Шын мәнінде ол жалпы тәрбиеге қарсы шыққан жоқ, бірақ сол кездегі мектептерде жүргізілген тәрбиеге, құрғақ жаттауға, шәкірттердің жеке басын аяққа басуға, формализмге қарсы болды. Осыған өзінің “Педагогиканың өлшемі – тек бір ғана еркіндік” деген ұранын қарсы қойды.
“Еркіндік тәрбие” теориясына тән қасиет баланың жеке басын асыра бағалалаушылық, оның “табиғатының” алдында бас ию болып табылады. Сонымен қатар Толстойдың балалардың жеке басын аяққа басуға қарсылықтың, балаларға деген сүйіспеншіліктің үні естіледі.
Толстой нәзік психолог болды, баланың жан дүниесін жақсы білді. Оған дәлел: оның тамаша әдеби шығармалары, барлық оның педагогикалық қызметі Толстой балаларды қызықтыра, олардың шығармашылығын оята және жан-жақты дамыта білді, оларға өз бетімен ойлауға және терең сезіне білуге көмектесті. Ол педагогикалық жұмыспен ерекше қызыға айналысты, үздіксіз іздеу үстінде әрбір мектеп педагогикалық зертхана болуы керек деген талап қоя білді. Осындай зертхана 1861-62 жылдары Толстойдың ашқан Ясная Полянадағы мектебі осындай зертхана, экспериментальдық мектеп бола білді. Бұл мектепте сабақ мұғалімдердің оқушылармен еркін әңгімесі түрінде ұйымдстырды. Оқу, жазу, таза жазу, грамматика, құдай заңы, орыс тарихынан әңгімелер, арифметика, табиғаттанудан және жағырафиядан қарапайым түсініктер, сурет әне ән салу пәндері оқытылды.
Белгілі бір белгіленген оқу жоспары, бағдарламасы және сабақ кестесі болмады. Оқушыларға үйге тапсырма берілмеді. Толстойдың айтуынша, балалардың сабаққа қызыққаны соншама, кешке дейін үйлеріне кетпей тыңдаушы еді дейді. Ясная Поляна мектебінде қандай ма болмасын жазалау және мадақтау әдістері болмады. Толстойдың Ясная Поляна мектебі, сөзсіз, құнды педагогикалық тәжірибе болып табылады. Бірақ соншама тамаша тәжірибе аяқсыз қалды. Ясная Поляна мектебінің негізгі кемшіліктері: біржүйелі білімді бағаламау, оқу жоспары мен бағдарламасының және сабақ кестесінің болмауы,балаларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және тәртіпке үйрететін мектеп ережесінің болмауы.
Л.Н.Толстой дидактиканың мәселелері.
“Еркін тәрбие” теориясымен Толстой өзінің жаңа дидактикалық қағидаларын тығыз байланыста дамытты. Мектеп пен мұғалімнің борышы-оқытуды оқушылар толық үлгеретіндей етіп, ұйымдастыруға қол жеткізу керек. Оқушыларға берілетін материал түсінікті және қызықты болу керекетігін ерекше атап өтті.
Бастауыш мектептің оқулықтарында отан өмірінен жеңіл естерінде қалатын жаңа балаларға күшті әсер ететін материалдарды беру қажет.
Толстой өзінің оқулықтарына қойылатын дидактикалық көзқарастары мен талаптарынасәйкес 1872 ж.жарық көрген “Әліппесін” құрастыруды содан кейін екі рет қайта өңделіп басылды. 1875 жылы “Жаңа әліппе” деген атпен қайта басылды. Ол сонымен қатар төрт “Оқу кітабын” құрастырды. “Әліппе” де және “Оқу кітаптары” да әрқайсысы 30-дан астам қайта басылып шықты, миллиондаған таралыммен Ушинскийдің “Ана тілімен” қатар бастауыш мектептердегі ең кеңінен таралған оқу кітаптары болды.
Бұл оқулықтардың жарыққа шығысымен, педагогикалық басылым бұл оқу кітаптарын жоғары бағалады. Толстойдың оқулықтары үшін жазған әңгімелері мазмұны жағынан бай және жан-жақты, олар балалар әдебиетіне қосылған құнды үлес болып табылады. Бұл балалар әңгімелерінің негізгі кемшілігін кейбір әңгімелерінде Толстойдың діни көзқарастары орын алды. Толстой оқу кітаптарының тіліне ерекше мән берді.
Толстой білімнің әртүрлі салаларынан білімдік материалдардан басқа оқу кітаптарына әртүрлі жұмбақтар мен мысалдар енгізудің қажеттілігін ол ескеріп отырды. Жұмбақтар мен мысалдар балалардың ойын дамытуда және жағымды қасиеттерді тәрбиелеуде құнды құрал болып табылады.
Л.Н.Толстой халық мұғалімінің негізгі сапаларына педагогикалық еңбекке және балаларға сүйіспеншілік, сонмен қатар педагогикалық өнер немесе “талантты” жатқызды.
Л.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: “Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”. Л.Н.Толстой мұғалімнің шығармашылық қабілеттігіне, оның педагогикалық шеберлігіне педагогикалық ізденістеріне ерекше мән берген болатынды.
Толстойдың жан-жақты педагогикалық қызметінде орыс, педагогикалық ой-пікірін және Ресейдің төңкеріске дейінгі мектебін байытқан көптеген жағымды жақтары мен құнды тұстары мол болды. Оның педагогикалық ілімінің жағымды жақтарына балаға деген сүйіспеншілік, баланың жеке басына құрметпен қарау, балалардың шығармашылығын ояту және дамыту ептілігі, әрбір жеке оқушының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдау жатады.
Толстойдың әруақытта да педагогикалық ізденістерін, педагогикалық қызметпен ерекше айналысуы, шығармашылыққа үндеуі, оның мұғалім және оқу құралдарының авторы ретіндегі орасан зор шеберлігін атап өту қажет.
Л.Н.Толстой орыс педагогикасының тарихына аса көрнекті педагог-ойшыл және жаңашыл ретінде енді.
14 дәріс. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеясы (1918-1970)
В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.
В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет баршылық, әдебиеттердің үлкен бөлігі В.А.Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған.
Сырт қарағанда, В.А.Сухомлинскийдің өмірі көптеген оның құрдастары мен замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте аз сияқты көрінеді.
Василий Александрович 1918 ж.26 қыркүйекте Васильевка селосында Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы). Осында оның балалық және жастық шағы өтті.
В.А.Сухамлинский, В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында оқыды. В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі мәңгі қалды.
1982 жылы В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық инстиутының ғимаратында Василий Александровичтің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында мемориалдық тақта орнатылды.
1938 жылы институтты бітіргеннен кейін, В.А.Сухомлинский өзінің туған жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет атқарады.
1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.
1948 жылы В.А.Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестен оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан кешуге тура келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған В.А.Сухомлинский болды.
Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.
В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.
Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесіне сайланды.
В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.
1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын аяқтады.
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.
А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушы В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады.
Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.
В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Белгілі поляк педагогының тамаша еңбектерімен, атап айтқанда “Баланы қалай сүюге болады” (1920), “Қашан мен қайтадан кішкентай боламын” (1926) В.А.Сухомлинский соғысқа дейін таныс болған еді. Я.Корчак гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады.
Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын Я.Корчактың ерлігін В.А.Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі – деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, - оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”.
Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты.
В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты”.
В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу үшін келеді.
Тек ғана баланың оқудағы 7 жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде бір бала екімен жазаланбапты.
Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес, жалқаулығы үшін жазалау емес, әруақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат деп түсінді.
15 дәріс. Н.И.Пироговтың педагогикалық қызметімен көзқарастары. (1810-1881)
ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалысқа жалпы сипаттама.
ХІХ ғ.60-жылдары Ресейде өндіргіш күштердің дамуымен және бұл дамуды тежейтін крепостниктік қатынастардың арасындағы қайшылықтарға байланысты үлкен қоғамдық қозғалыстың кезеңі болып табылады. Шаурашылықтың крепостниктік түрі капиталистік дамудың жолындағы кедергі болды. Крепостниктік құрылыстың іріп-шірігендігі және әлсіздігін Крым соғысы көрсетті. Ресей экономикалық және техникалық артта қалудың, жоғары әскери басшылықтың дұрыс емес стратегиясының салдарынан соғыста жеңілді.
Алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының және ойшылдарының крепостниктік құрылысқа қарсы шығуы крепостниктік тәртіппен келіспеушіліктің өсуіне көмектесті. Осының бәрі, қосып алғанда, 50-жылдардың аяғында Ресейде қоғамдық қозғалыстың пайда болуын даярлады.
Қоғамдық қозғалыстың құрамды бөлігі сол кездегі күшті дамыған педагогикалық қозғалыс болды. Крепостниктік тәрбиені қатаң сынау сословиялық мектепке қарсы күрес ой-өрісті дамытуға дінсіз білім беруүшін адамды, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін, догматизм мен схоластикаға, құрғақ жаттау мен муштраға қарсы күрес баланың жеке басын қастерлеу, прогрессивтік негізде дидактикалық мәселелерді талдау, халық мектептерінің кең жүйесін, жоғары мектептің автономиясын талап ету – ХІХ ғ.60-жылдарындағы орыс прогрессивтік педагогикасының ұсынған негізгі мәселелері осындай болды.
Педагогикалық қозғалыс біртекті болған жоқ. Әртүрлі қоғамдық бағыттарға ұстанған педагогтар негізгі мәселелрді әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсіндірді.
Бұл кезеңде әртүрлі қоғамдық қозғалыс пайда болды, олар өздерінің алдында педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды.
1859 жылы Петербург педагогикалық жиналысы құрылды, кейін Петербург педагогикалық қоғамына айналды. Оның жұмысына П.Г.Радкин, К.Д.Ушинский, В.Я.Срюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.еменов, А.Н.Герд және көптеген басқа да педагогтар мен методистер қатынасты.
Қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен бұл жылдары педагогикалық журналистика дамиды, журналдардың беттерінде тәрбие мен оқытудың басты мәселелері қызу талқыланды.
“Тәрбие үшін журнал” 1857 жарық көрді, 1860 жылдан бастап “Тәрбие” деген атпен шығып тұрды, онда К.Д.Ушинскийдің бірнеше мақалалары басылды, 1860 жылдан 1870 жылға дейін “Орыс педагогикалық хабаршысы”, “Мұғалім” журналдары жарық көрді, бұл басылымдар негізінен халық мектебінің мәселелеріне арналды.
1864 жылдан бастап “Педагогикалық жинақ” журналы шығарылды, ол тәрбие мен жалпы білім беретін мектептің жалпы мәселелеріне арналды; 1861-1862 жылдарда Л.Н.Толстойдың ұйымдастыруымен “Ясная Поляна” журналы шығып тұрды, онда Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі жарияланды, шетел және патша үкіметі мектептерін өте қатты сынға алды және т.б.
Тәрбие және халыққа білім беру мәселелері әдеби және саяси журналдарда жарияланды революцияшыл демократиялық бағыттағы “Современникте” Н.Г.Чернышевскийдің бірнеше статьялары жарық көрді, Н.А.Добролюбовтың “Тәрбиедегі беделдің маңызы туралы”, “Дүремен қиратылған Бүкілресейлік иллюзиялар” және басқалары жарияланды.
Тәрбиенің жалпы мәселелеріне 60-жылдардың бас кезінде тіпті кейбір арнаулы журналдар да өз беттерін арнады. 1856 жылы алдыңғы қатарлы “Марской сборник журналында Пироговтың “Өмір мәселелері” атты белгілі мақаласы жарияланды.
Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. (1810-1881)
Николай Иванович Пирогов көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог. Ол – Москва университетінің медицина факультетінің түлегі. Дернт университетінде (қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы) медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация ғылыми атағын алғаннан кейін, Петербургтің медициналық хирургия академиясында профессорлық қызмет атқарады. Ол Қырым соғысына өз еркімен қатынасады. Ол белгілі дәрігер-хирург Крым соғысында Севастопольді қорғауға қаһарман қатысушыларына дәрігерлік көмекті ұйымдастырушы ретінде 1856 жылы “Марской сборник” журналында Г.И.Пироговтың “Өмір мәселелері” атты мақаласы жарияланған болатынды. Бұл мақала жұртшылықтың назарын өзіне аударды. Мақалаларда ол жанұя және қоғамдық тәрбиенің негізгі мәселелерін күн тәртібіне қоя отырып, бұл мәселелерді басылымдарда, оқу орындарында, педагогтар мен ата-аналардың арасында кеңінен талқылауға себепші болды.
Бұл мақаласында Пирогов педагогиканың аумағынан тыс қарастырылатын мәселелерді күн тәртібіне қойды, атап айтқанда: азаматтық жеке тұлғаға және оның дамуының толықтығы, адамзаттың парасаттылығы. Тәрбиеге қатысты оның мағынасы, адамды тәрбиелеу қажет, ең алдымен жоғары, адамгершілік өнімдері қалыптастыру; жалпы адамзаттық тәрбие арнаулы, кәсіби білім беруден бұрын келуі қажет. Н.И.Пирогов былай деп жазды: “Пайдалы азамат боламын деп даярланып жатқандардың барлығы алдымен адам болңға үйренуі қажет”.
“Өмір мәселелеріне” Пироговтың айтқан ойлары алдыңғы қатарлы жұртшылықтан қолдау тапты, оның ішінде революцияшыл демократтардың өкілдері оның тәрбие және педагогика мәселелері бойынша оның болашақ мақалалары үшін негіз болды.
Пироговтың ескі мектепке қатысы. Өзінің баспа беттерінде мақалаларында Пирогов сол кездегі мектептің жағдайы Пироговты қанағаттандырмады.
Мектептердің негізгі кемшіліктері мен олқылықтарына Пирогов оқытудың сословиялық және тармамандық сипаты, сонымен қатар оқытудың артта қалған, ескі тәсілдерді қолдануы. Оқытудың тар мамандық сипаты, Пироговтың пікірінше, карьеристерді тәрбиелеуге көмектеседі деді.
Пирогов білім берудің ресми курсына жалпы адамзаттық тәрбие идеясын қарсы қойды, ол жан-жақты ой-өрісі бар жоғары адамгершілікті адамды қоғамдық өмірге даярлаудың қажеттігін қойды.
“Адам болу – бұл тәрбиенің негізгі мақсаты болу керек”,-деп жазды Пирогов. Ол ерте, күні бұрын берілген балаларды мамандандырудан сақтандырды, ол олардың ой-өрісін тарылтады және адамгершілік дамуын тежейді.
“Өмір мәселелері” мақаласының негізгі идеясы – жалпы адамзаттық білім беруді қорғау болып табылады.
Тәрбие мақсаты және мектеп жүйесі.
Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарасының жетекші белгісі гуманизм болып табылады. Бірақ Пироговтың гуманизмі буржуазиялық шектеулі болды. Осыдан келіп, Пирогов тәрбиенің мақсаты деп, әрбір оқушыдан өмірде кейін қандай арнаулы жолды таңдайтындығына қарамастан, “шындықты сүйетін адамды” даярлау, демек, жан-жақты ғылыми танымды, жоғарғы адамгершілік сенімдерді, ерікті және берік ерік-қайратты меңгерген осындай адамды есептеді.
Пирогов сословиялық мектепке қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды. Ол мектеп жүйесінің негізгі екі жылдық бастауыш мектеп болу керек, бастауыш мектептен барлығына орта мектепке жол ашылады. Өзінің мектеп жүйесін ол бірыңғай мектептің қағидасы бойынша құрды.
Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылардан ұмынды, атап айтқанда: екі жылдық бастауыш мектептен кейін-прогимназия (тоық емес орта мектеп) төртжылдық мерзіммен екі түрлі; одан кейін гимназия екі түрлі – үшжылдық және бес жылдық мерзіммен; бұл жүйені жоғары мектеп аяқтайды (университеттер және жоғары арнаулы оқу орындары).
Пирогов ұсынған мектеп жүйесінің жобасы.
Жоғары арнаулы
оқу орындары
Университет



Реальдық гимназия.
Оқу мерзімі 3 жыл
Гимназия классикалық. Оқу мерзімі 5 жыл





Реалдық прогимназия.
Оқу мерзімі 4 жыл
Прогимназия
Классикалық.
Оқу мерзімі 4 жыл.

Элементарлық бастауыш мектеп.
Оқу мерзімі – 2 жыл


Орта мектеп жүйесінде Пирогов ерекше орынды ертедегі тілдерге (латын және грек), орыс тілі мен әдебиетк, математикаға және тарих пәндеріне береді. Классикалық орта мектептерге реалдық мектептерге қарағанда артықшылықпен қарады. Оқу мерзімі біріншісінде екіншісіне қарағанда 2 жыл артық.
Классикалық гимназияны бітіргендер университеттерге немесе жоғары арнаулы оқу орындарына түсе алады немесе практикалық жұмысқа барады.
Пирогов мұғалімдерді ескі догматикалық оқыту тәсілдерні алып тастау және жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туралы көңіл аударды.
Жоғары білім алуды жеңілдету мақсатында Пирогов жағдайы нашарларға оқу үшін төлем ақысын азайтты.
Оқушылардың ойлау ерекшелігін ояту қажет, олардың ойлау қабілеттілігін дамыту,өз бетімен жұмыс істеу дағдысын меңгертті. Тәжірибелі оқытушы оқушылардың зейінін қоздыру қажет хабарланған оқу материалына оларда қызығуды дамыту – бұл, Пироговтың пікірінше оқытудың жемісті ұйымдастырудың ең негізі деп түсінді.
Негізгі дидактикалық қағидаларды Пирогов оқытудың мәнділігі, белсенділігі және көрнекілігі.
Пирогов гимназиялардың педагогикалық кеңестерінің жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар жасады, талқыланатын мәселелердің мазмұнын кеңейтті, дидактикалық мәселелер туралы баяндамалар жүйесін және пікір алысуды, мұғалімдердің әдістемелік ізденістерін көтермелеп отыруды енгізді, өзара сабақтарға қатысуды ұсынды. Пирогов сыныптан сыныпқа көшіруді оқушылардың жылдық үлегірм нәтижесінде іске асыру ұсынылды.
Жоғары мектепте сабақ беруге Пирогов белгілі ғалымдарды тартуды ұсынды, профессорлардың студенттермен әңгімелесулерін күшейтуді, семинарлар, просеминарлар және практикалық сабақтар өткізуді, әруақытта да студенттерде тереңдетілген өз бетімен жұмыстың дағдыларын дамытуды енгізуді ұсынды.
Оқушылардың тәртібі туралы мәселеге Пирогов ерекше мән берді. Пирогов жақсы ұйымдастырылған тәртіпті оқыту мен адамгершілік тәрбиенің жетістіктерінің негізгі шарттарының бірі деп есептеді. Ол ұрып-соғу, казармалық тәртіп сол кездегі мектептерде кең өріс алды, балаларға оның жеке басына жауапсыздықпен қарауды қатты сынға алды және тәртіпті орнатуда ізгілікпен және жүрек жылуымен қарауды талап етті.
Оқушы тәртіпсіз жасағанда педагог тәртіпсіздік қандай жағдайда жасалды соны өте зейін салып ескеру және оны бағалау қажет, оқушының санасына оның кінәсін жеткізу және қылығы үшін берілген жазаның әділдігіне Пирогов ерекше назар аударды.
Өзінің 1858 жылғы жазған “Балаларды ұрып-соғуға бола ма және басқа балалардың алдында ұрып-соғуға болама” атты мақаласында Пирогов баланы ұрып-соғуға және дене жағынан жазалауға қарсы бола отырып, бірақ тәжірибеде олсыз мүмкін емес дей келіп, оны тек ғана гимназияларда педагогикалық кеңестің шешімін ерекше шара ретінде қолдану керек деген ұсыныс жасады.
Н.А.Добролюбов Пироговтың осы көзқарасын және жазалау туралы екіжақтылығын әділ сынға алған кезде, ол “Киев оқу округі бойынша гимназиялардың шәкірттерінің қылықтары мен жазалау туралы ережелерді енгізудің салдарлары туралы” мақаласын жариялады. Онда ол бұл ережелер Киев округінің директорлар кеңесінде қабылданғандығын, округтің попегителі ретінде бұл коллегиялық шешімді өзгертуге болмайтындығын, “Ережені” енгізудің нәтижесінде дене жазалауын қолданудың санының бір жылдың ішінде өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе азайғандығын атап өтті.
Добролюбов Пироговтың келісімпаздығын және бұрынғы жарияланған прогрессивті қағидаларынан бас тартқандығына жаңа мақаламен жауап берді. Көптеген саяси және педагогикалық мәселелерді бірізді емес, жартылай шешуіне қарамастан, Пирогов орыс педагогикасының тарихында ерекше прогрессивтік роль атқарды. Пироговтың гуманизмі, оның тәрбиенің негізінде адамгершілікке үндеуі, оның сословиялық мектепке қарсы болуының мәні ерекше болды. 60-жылдардағы қоғамдық- саяси қозғалыстың жағымды дәстүрлері мен ұмтылыстары Пироговтың есімімен байланысты.
Көптеген мәселелерде Пирогов ресми педагогикаға қарсы шығып, мектептегі бюрократизмге қарсы күресе отырып, коллегиялық идеялар мен алдыңғы қатарлы әдістемелер үшін, оқытудағы схоластикаға қарсы күресе білді.
16 дәріс. А.С.Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі.
Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жазды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды.
Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.
Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды.
1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”.
А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1926 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды.
А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1926 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды.
Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды.
Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды.
Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді, коммунада жұмыс істейтін орта мектепте оқыды.
1935 жылы А.С.Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украинаның еңбек колониялары оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол адам кейін Москваға келіп, А.М.Горькийдің кеңесімен әдеби қызметпен, А.М.Горький атындағы колонияның және Джержинский атындағы коммунаның қызметін педагогикалық жинақтаумен айналысты.
1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.
1938 ж.ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.
А.С.Макаренко тәрбие мәселесі туралы.
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеды. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді.
Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатын-ды. Ұсақ буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.
Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.
Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-жоспарға”, “жобалау әдісіне” қарсы болды.
Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.
А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімі.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу – Макаренконың жүйесінде ең негізгі орталық идея, оның бүкіл педагогикалық қызметі мен барлық педагогикалық қағидаларының өзекті мәселесі болып табылады.
“Біздің тәрбиенің міндеті ұжымшылдықты тәрбиелеу болып табылады”,-деп жазды А.С.Макаренко өзінің “Менің педагогикалық тәжірибемнің кейбір қорытындылары” атты мақаласында.
Макаренконың айтуынша, ұжым дегеніміз адамдардың жай ғана жиынтығы, немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге ұмтылушылардың тобы.
Макаренконың түсіндіруінше, әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып, оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Бұл қағиданы “параллельді әсер ету қағидалары” деп атады. Бұл қағида ұжымның талаптары іске асады. “Параллельді әсер ету қағидасы”, бірақ дара әсер ету қағидасын қолдануды, педагогтың жекеленген тәрбиеленушіге тікелей, жанама әсер етуді жоққа шығармайды.
Ұжымның негізгі заңдарының бірі “ұжымның қозғалыс заңы” деп атады Макаренко. Егер ұжым алдына қойған мақсатты орындаса, бірақ ол болашаққа жаңа мақсаттар қоймайтын болса, онда ұжым мүшелерін жігерлендіретін ұмтылыс болмайды, қол жеткен табыстарға тоқмейілсу басталады, ондай ұжымның болашағы болмайды. Ондай жағдайда ұжымның дамуы тоқталады. Ұжым әруақытта да қызу өмір сүруі, белгілі мақсатқа ұмтылып отыруы қажет.
Осыған сәйкес Макаренко алғаш рет “Болашақ жолдар жүйесі” қағидасы педагогикаға ұсынып, жан-жақты талдады.
“Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы аты-шулы қозғаушысы, ертеңгі қуаныш”,-деп жазды Макаренко.
Балалар ұжымының дамуы, Макаренко бойынша, әруақытта да жүріп отыруға тиісті, дамуды педагогикалық ұжым бағыттап отырады, ал оның алға қозғалысының өте тиімді жолдарын шығармашылықпен іздестіреді.
Ұжымның өмір сүруінің ең негізгі заңын Макаренко ұжымның қозғалысы, өсуі және дамуы деп атады.Оның пікірінше, онсыз біздің қоғамның өміршең бөлігі ретінде ұжымды елестету мүмкін емес. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммунадағы өзінің педагогикалық тәжірибесінде осы ережені қатаң сақтады, колонистер мен коммунарлардың ұмтылысын және ешуақытта тоқтап қалуға болмайтынын, әруақытта алға жүріп отыру ептілігін орынды тәрбиелеу, алға мақсат қоя білу қабілеттілігі және сол орындай білу.
Макаренко балалар ұжымы өмірінде берік ұйымдасқан активке ерекше мән берді, оны педагогтың ең жақын тірегі деп қарады. Ол колония тәрбиеленушілердің ішінен актив ядросының бөлінуіне қуанды, оның толығуына қуанды, оны тәрбиелеу туралы қамқорлық жасады.
Колонистер өздерін тең құқылы колонияның иегерлері ретінде сезінді. Олар колониядағы дербестіктен және белсенділіктен қуаныш сезіміне бөленді, екінші жағынан, тапсырылған іске деген міндеттілік және жауапкершілік сезімін кешірді.
Балалар ұжымын құруды, оны тәрбиелеуде Макаренко жетекші рольді педагогтар ұжымына арнады. Педагогтар ұжымынсыз ол балалар ұжымын тәрбиелеу және әрбір жекеленген баладан ұжымшылдықты тәрбиелеу мүмкін емес деп есептеді.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.
Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді.
Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.
Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.
Ұжымның даму кезеңдері.
Ұжым болу үшін топ сапалы өзгерістердің әртүрлі жолдарынан өтуі қажет. Бұл жолды А.С.Макаренко бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші кезең – ұжымның қалыптасуы (алғашқы ұйымдасудың сатысы). Бұл кезеңде ұжым ең алдымен педагогтың тәрбиелік ықпалдарының мақсаты ретінде қызмет атқарады, ұйымдасқан топты ұжымға айналдыру, демек, әлеуметтік-психологиялық қоғамдастық, онда оқушылардың қарым-қатынасы олардың бірлескен қызметінің мазмұнымен, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады.
Ұжымды ұйымдастырушы – педагог, одан барлық талаптар тарайды. Бірінші саты сол уақытта аяқталған деп есептеледі, егер ұжымда актив қалыптасып, жұмыс істесе, тәрбиеленушілер жалпы мақсаттың, жалпы іс-әрекеттің және жалпы ұйымдастырудың негізінде топтасқан.
Екінші кезеңде активтің ықпалы күшейеді. Актив педагогтың талаптарын тек ғана қолдап қоймайды, сонымен қатар өзі ұжым мүшелеріне талап қояды. Екінші кезеңге тән ерекшелік ұжымның құрылымының тұрақтауы. Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе ретінде жұмыс жасайды, онда өзін-өзі ұйымдастырудың және өзін-өзі реттеудің механизмдері әрекет ете бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі мінез-құлық нормаларын талап етуге қабілетті, соған байланысты талаптарының көлемі бірте-бірте ұлғаяды. Сонымен, ұжымның дамуының екінші кезеңінде жеке тұлғаның белгілі сапаларын мақсатты тәрбиелеудің құралы ретінде жұмыс істеді.
Бұл кезеңде педагогтың негізгі мақсаты ұжымның мүмкіншіліктерін ұжымның алдындағы міндеттерді шешу үшін барынша пайдалану. Практикалық тұрғыдан ұжым тәрбие субъектісі ретінде өз дамуының белгілі деңгейіне жетеді.
Бұл кезеңде ұжымның дамуы қарама-қайшылықтарды жеңумен байланысты: ұжым мен жеке оқушылардың арасында; ұжымның алдағы талаптарының дамуы; жалпы және дара перспективалардың ара-қатынасы; Сондықтан да ұжымның дамуында серпіліс, тоқтау, кері кету болуы мүмкін.
Үшінші және одан кейінгі кезеңдер ұжымның көркерімен, шарықтауымен сипатталады. Бұл кезеңдерде одан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда айрықша сапаларымен ерекшеленеді. Бұл кезеңнің даму деңгейін көрсету үшін ұжым мүшелерінің бір-біріне қойылатын талаптарының деңгейі мен сипатын көрсетсек те жеткілікті. Егер ұжым дамудың осы сатысына жеткен болса, онда ол тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан да кейбір педагогтар төртінші және одан кейінгі кезеңдерді қарастырады. Бұл кезеңде әрбір мектеп оқушысы өзіне-өзі белгілі талаптарды қоя алады, адамгершілік нормаларды орындау оның қажеттілігі болып табылады, тәрбие үрдісі өзін-өзі тәрбиелеу үрдісіне ауысады.
А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері.
А.С.Макаренко тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері.
Макаренко “Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында” былай деп жазды: “Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да ескерту мен бұйрықты күтпестен өзінің борышын орындауға дайын болуын талап етеміз, ол ынталықты және шығармашылық ерікті меңгеру тиіс”. Әрбір ұжымның мүшесі ұжым алдындағы ұжымнан бастап, социалистік Отанымен аяқтап, сезіне білуге міндетті. Әрбір ұжымның мүшесі намыс сезімін меңгере білуі қажет, әруақытта да өз ұжымымен, өз Отанымен мақтана білуі керек.
А.С.Макаренко Горький атындағы колония, Дзержинский атындағы коммуна ұжымдарында намыс, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруды әрбір ұжымның мүшесі жақсы түсіне білді. Коммунарлар өз ұжымының намысы үшін, ары үшін аянбай еңбек етті. Олар әруақытта да өз ұжымын мақтан етіп отырды.
Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек ғана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу, белсенділік, жауапкершілік тәртібі.
Макаренко тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез-құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырды. Тәртіп ұымшыл ұжымда дамиды және бекиді. Макаренко былай деді. “Тәртіп – бұл ұжымның бет-әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі”.
А.С.Макаренко баланың жандүниесінің, әрбір жекеленген адамның психологиясын білу бұл әдіс әрбір нақты жағдайда ыңғайлы пайдалануға көмектеседі.
Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко “тәртіп” және “режим” ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды. Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы болды. Педагогтар жиі айтатын: “Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның табиғаты аңғарылады деді”. Макаренко оған қарсы болды, балалар өзін-өзі ұстай білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға тиіс.
Макаренко “еркін тәрбие” теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды жазалау мәселесінде айтқан “жазалау құлды тәрбиелейді” деген қағидасын қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады. Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық, жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін мойындауы қажет.
Жанұя тәрбиесі туралы.
А.С.Макаренко жанұя тәрбиесінің мәселелеріне ерекше мән берді. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтерінің ішінен бұл өте маңызды мәселені талдаумен айналысты.
Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары мен бақылаулар көрсеткендей, тәрбиенің басты негізі 5 жасқа дейін қаланады – бұл барлық тәрбие үрдісінің 90%, ал содан әрі адам тәрбиесі жалғасады, адамды өңдеу жалғасады, сіз жалпы алғанда жемісін бастайсыз, ал сіз бағып отырған гүлдер 5 жасқа дейін болған, - деген Макаренконың қорытындыларын дәлелдейді (шығ.,4т.,460 бет).
Көптеген жанұяларының өзінің тәрбие қызметін жеткіліксіз орындайтындығын ескере келіп, ол “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.
Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәрбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.
Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабын” жұртшылық қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады.
Автор өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзіне-өзі: “Мүмкін, бұл кітап тым асыра сілтеушілік болар?” – деп сұрақ қойып, өз міндетінің мейлінше қиын екендігін түсінді. “Жанұя - өте үлкен әне аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”, - деді А.С.Макаренко.
“Ата-аналар кітабында” екі ата-ананы салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп балалы” жанұя проблемаларын көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.
Бірінші кейіпкері Петр Александрович Кетов – ол күшті, ақылды, адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. “Жалғыз бала” дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады.
Ол кейіпкерге қарама-қарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты жанұясы мүлде қарама-қарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады. Жыныстық тәрбие мәселелері де Макаренконың назарынан тыс қалған жоқ.
А.С.Макаренко және қазіргі заман.
Аса көрнекті кеңес педагогикасының көрнекті өкілі жаңашыл-педагог, тамаша жазушы А.С.Макаренконың педагогикалық мұрасының мәні бүгін де өзекті, бүгін де өміршең екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Несімен ерекше көптеген адамдар мен біздің шетелдегі достарымыздың жүрегін А.С.Макаренко баурап алды?
Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми және революциялық мазмұнгмен толыққан. Оның жүйесінде көптеген педагогикалық мәселелер жаңаша ашып көрсетілді: бірыңғай балалар ұжымы – тәрбие субъектісі, тәртіп – адамгершілік категориясы, жазалау – адамды құрметтеудің ерекше көрінісі, қаталдық – ең үлкен, ізгілік және т.б.
Жаңашыл – педагог, көркем сөздің шебері Макаренко жаңа адамдық қатынастардың сұлулығын, талап қою мен қатаң тәртіптің сұлулығын, ұжымның ұлы қуатын түсіне білуге көмектеседі. Сондықтанда А.С.Макаренконың жүйесінің байлығы өміршеңдігі және сарқылмайтындығы, сондықтан да ол өзекті болып табылады.
“Біздің өміріміз жаппай жаңалық – деп жазды Антон Семенович, - Бұл өмірдк балаға да: бірлік, құрылыс, күрес, жеңістер, - барлығы жаңаша бай, жаңаша көңілді және жаңаша қиын” “(Шығ., 4т., 1957, 482-бет)
Макаренконың педагогикалық жүйесі қазіргі мектептеріміз бен арнаулы мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Кезінде А.М.Горький 1933 жылы хатында А.С.Макаренконың ұжым туралы іліміне жоғары баға берген болатын-ды:
“Маңызы орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан Сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің, меніңше, дүниежүзілік маңызы бар”. Кеңестік педагогиканың көрнекті өкілі А.С.Макаренко ұжым теориясын талдады. Оның қаламынан көптеген педагогикалық және көркем шығармалар туған болатын-ды, онда ұжымдық тәрбиенің әдістемесі жан-жақты талданылды.
А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімінде ұжымды кезең-кезеңмен қалыптастырудың жан-жақты технологиясы жасалды. Ол ұжымның өмір заңын айқындады, ұжымның даму қағидаларын анықтады, ұжымның даму кезеңдерін бөліп көрсетті.
Қазір А.С.Макаренко атындағы Украинада медаль тағайындалып, 1965 жылдан бері ең озат мұғалімдер марапатталады.
А.С.Макаренконың педагогикалық және әдеби мұрасынан бұрынғы кеңестер одағында 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды, көптеген монографиялық еңбектер жазылды. Әсіресе, оның педагогикалық мұрасын жан-жақты зерттеуде шәкірттері ерекше роль атқарды. Атап айтқанда, Н.Э.Фере, В.Н.Терский, С.А.Калабалин, В.И.Клюшник, Ройтенберг және т.б. Қазіргі мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да оқу-тәрбие мекемелерінде оның идеяларын басшылыққа алып отырады.
Оның “Педагогикалық дастаны” көптеген шет тілдерге аударылды.
Көп жылдар А.С.Макаренконың беделі берік болды. Бірақ соңғы жылдары жағдай өзгерді. Тәрбиені демократияландыру және ізгіліктендіру үрдістері педагогтарды бұрынғы құндылықтарды қайта бағалауға, қайта пайымдауға итермеледі. А.С.Макаренконың тәрбие жүйесіне сындар айтылып, баламалы көзқарастар пайда болды.
Шет елдерде жарық көрген педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко, оның ішінде балалар коллективі бағытталған көзқарастар кең өріс алды.
17 дәріс. 1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы. Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары.
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.
Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.
Мұғалімдер қауымы революцияға әртүрлі көзқараспен қарады. Көптеген мұғалімдер, көбіне орта мектептің мұғалімдері революциялық өзгерістерге дұшпандықпен қарады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы шықты, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының (БМО) Контрреволюциялық қызметін қолдады. Бірақ мұғалімдердің көп бөлігі, әсіресе, халық мектептерінің мұғалімдері революцияны ерекше көңілмен қарсы алды.
Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты. Съезге қатынасушылар Ағарту ісі мемлекеттік комиссиясының жұмысын талқылады, олар халыққа қарсы, Бүкілресейлік мұғалімдер одағының контрреволюциялық қызметін қатты сынға алып, мұғалімдерді Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады.
1918 жылдың бойына Ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” және “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелері” жасауда қызу жұмыс жүргізілді. 1918 жылдың тамыз айында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер”жобасы Ағарту ісі Бүкілресейлік съезінде хабарланып, бірауыздан оны мақұлдады.
“Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” педагогика-жұртшылықтың арасында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы” атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады. Мектептің саясатқа қарсы идеясын насихаттаған буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогикаға қарама-қарсы “Бірыңғай еңбек мектебі туралы Деклорация” мектептің саясатпен байланысын кеңес педагогикасының негізгі қағидасы ретінде атап көрсетті. Бірақ “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” уақытпен байланысты кейбір кемшіліктеріне қарамастан (емтихан және үй тапсырмасын алып тастау, ақыл-ой білімінің есесінен, еңбек тәрбиесімен ерекше әуестену және т.б) мектепті революциялық қайта құруда бұл еңбектердің мәні орасан зор болды.
Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.
1918 жылы қабылданған мектеп жүйесі азамат соғысы жылдары және шетел интервенция жылдарының өзінде кейбір өзгерістерге ұшырады. Жұмысшы факультеттері, жұмысшы – жеткіншектер үшін мектеп-клубтар жеткіншектер үшін екі жылдық мектептер және басқалары ұйымдасты.
1920 жылы құрылған Кәсіптік білім берудің бас комитеті жалпы білім беру үшін жас нормасы 16-дан 15 дейін азайтуды талап етті. Бас комитет кәсіптік білім беру жүйесіне белгілі өзгерістер енгізді: төменгі кәсіптік мектептер – техникумдар – бірыңғай еңбек мектебінің базасында халыққа білім берудің кеңесінде мектеп жүйесін қайта құру туралы мәселе қаралды. Ол кеңес екі сатылы тоғыз жылдықтың орнына негізгі мектептің түрі ретінде екі сатылы жетіжылдық мектепті қажетті деп тауып, ұсынған болатын-ды.
Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялдық, ауылшаруашылық, экономикалы, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Кеңес халықағарту комиссариатына маман жұмысшы кадрларын даярлау үшін фабрика-зауыт мектептерінің жүйесін жаасу қажеттігін атап көрсетті. Кеңесте мектеп жүйесінің өзекті негіздері туралы мәселе бойынша қызу күрес, тартыс болды, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектеп мәселесі туралы. Осының нәтижесінде 1922 жылы 1918 жылы қабылданған жүйемен салыстырғанда одан гөрі икемірек жүйе қалыптасты; бастауыш мектеп (4 жылдық); негізгі жетіжылдық жалпы білім беретін мектеп және жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысы, барлығы 9-10 жыл оқыту мерзімі. Бұл жүйенің жағымды жағы әрбір канцентр белгілі бір саты ретінде жалпы білім беретін мектеп баспалдағымен жоғары көтеріліп отырды және сонымен бірге одан әрі кәсіптік-техникалық білім беру үшін негіз болды. І сатыдағы мектеп төменгі кәсіптік білім беру мектептері үшін негіз болды: кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды.
1923-1924 оқу жылынан бастап, ауылдық жерлерде І саты мектептерінің негізінде шаруа жастар мектептері (ШЖМ) ашып бастады, оқу мерзімі 3 жылдық. Бұл мектептердің негізгі мақсаты – ауыл жастарынан мәдени жериелері мен жақсы белсенділерді тәрбиелеу. 1925 жылы алғашқы фабрика-зауыт жетіжылдықтары (ФЗЖ) ашылды, ол кеңінен тарай бастады. 1930-1934 жылдары олар негізгі жалпы білім беретін мектептер болды. Бұл кезеңде жұмысшы-шаруа жастарын жоғары оқу орындарына түсуге даярлауда ерекше роль атқарған жұмысшы факультеттерінің саны біршама арта түсті. 1921 жылы ашылған фабрика-зауыт оқушыларының мектептері (ФЗУ) тез қарқынмен дами бастады. Олардың негізгі мақсаты – жастардың арасынан өндіріс пен көлік қатынасы саласында маман жұмысшыларды даярлау.
1921-1922 жылдардағы еліміздің қиын экономикалық жағдайы мектептердің жағдайына орасан зор әсер етті. Кеңес үкіметі халыққа білім беру ісінің мұқтаждарына қажетті қаржыны қысқартуға мәжбүр болды. Өндіріс пен ауылшаруашылығын қалпына келтіру үшін үлкен қаражат қажет болды.
Халық ағарту ісінің мұқтажына бөлінетін қаржыны амалсыз орталық бюджеттен қысқарту және мектептерді жергілікті жердің қаражатына көшіру біршама мектептердің жүйесін қысқартуға алып келді.
1923 жылдан бастап, халыққа білім беру ісінің бюджеті нығая бастады және мұғалімдердің материалдық жағдайы артты, ең алдымен ауыл мұғалімдерінің. Жалпы білім беретін мектептердің жүйесі бірте-бірте өсе бастады, оны мына кестеден көруге болады:
Жылдар Барлық мектептердің
саны Оқушылардың саны
1914-1915
1923-1924
1925-1923
1927-1926
1929-1930 105524
91837
103276
118558
133197 7896
7962
10219
11466
13515
20-жылдардың аяғында мектептер жүйесі мен оқушылар саны 1944 жылмен салыстырғанда біршама артты. Сонымен айта кетуіміз қажет, тек ғана бастауыш мектептердің жүйесі өсіп отырған жоқ, сонымен қатар жетіжылдық және орта мектептердің саны да артты. 1922 жылдан 1926 жылға дейін жетіжылдық мектептердегі оқушылардың саны 3 есе артты. Оқушылардың әлеуметтік құрамында үлкен өзгерістер болды. Кеңес мектебінің оқушыларының негізгі құрамы еңбекшілер балаларынан тұрды, жұмысшы-шаруа балаларының саны артты.
Мектептердің материалдық-техникалық базасы біршама жақсарды. Оқулықтар, оқу және көрнекті құралдар алуға, мектеп үйлерін жөндеуге және мектеп үйлерін салуға қаражат бөлінді. Кеңес үкіметі ауыл үшін жазу құралдарын, оқулықтарды, оқу құралдарды және көрнекті құралдарды тегін алуға қаражат бөлді.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру.
1930 жылы сәуір айында өткен халық ағарту ісі бойынша ІІ Бүкілодақтық партия кеңесі дамудың қазіргі сатысында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру проблемасы негізгі проблема екендігін атап өтті. Кеңес жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің кең ауқымды бағдарламасын белгіледі.
1930-1931 оқу жылынан бастап, бастауыш білім алмаған 8-10 жастағы балалар мен 11-15 жастағы жеткіншектерді жалпыға бірдей міндетті оқытумен қамту жоспарланды. Партия 1930 жылы 25 шілдеде “Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Онда 1930-31 оқу жылынан бастап, барлық жерлерде жалпыға бірдей басмтауыш білім беруді енгізуді міндеттеді. 1930 жылдың 14 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі “Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Қаулының алдыңғы үш бабында былай делінген:
1. 1930-1931 жылы Кеңес Одағының барлық жерінде балаларға жаппай бастауыш білім беруді енгізу жүктеледі. 8-9-10 жастағы ер балалар мен қыз балалар 4 жылдық бастауыш мектеп көлемінде білім алуға тиісті болды. Осы қаулыға сәйкес 1930 жылдың күзінде жоғарыда көрсетілген жастағылардың бірінші бастауыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді. 930-1931 жылдан бастап, мектепте оқып жүрген балалардың бірінші басқыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді.
2. 1930-1931 оқу жылынан бастап, 11-15 жастағы ер және қыз балаларды жаппай оқыту белгіленді.
3. 1930-1931 оқу жылынан бастап, өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. Қаулы бойынша балаларды міндетті түрде оқыту олардың ата-аналарына жүктелді.
Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру үшін елімізде қызу жұмыс жүргізілді. Бұл жаппай бастауыш білім берудің қалалық, аудандық және ауылдық комитеттері құрылды. Республикаларда бұл жұмысты республикалық комитет басқарды.
1930-1934 жылдары жаппай білім беру бастауыш мектеп көлемінде, өндірістік қалаларда, фабрика, зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде жүргізілді. 1930-1931 оқу жылынан бсатап, жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалардың саны жыл сайын 3-4 миллионға көбейіп отырды. Егер олардың саны 1929-1931жылдары 13,5 миллион болса, 1939 жылдың аяғында 32 миллионға жетті. Ұлттық республикаларда жаппай білім беру ерекше тез қарқынмен дамып отырды. Ү-ҮІІІ және ҮІІІ-Х сыныптарда оқитын балалардың саны өте тез өсті. Ү-ҮІІІ сыныптарда 1929-1930 жылы 1,6 миллион бала оқыса, ал 1938-1939 оқу жылы 8,8 миллион бала оқыды. Ауыл мектептерін Ү-ҮІІ сыныптарында оқитын балалардың саны аталған мерзімде он есе көбейді.
Мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық институттардың, техникумдардың және педагогикалық курстардың желісі артты. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің материалдық жағдайы жақсарды.
30-жылдары жетіжылдық және орта мектептердің желісінің тез қарқынмен өсуімен ондағы оқушылардың санының артуымен сипатталады, негізінен жоғары және орта сыныптардың (Ү-Х) есебінен. Жетіжылдық мектептердің саны 1927-26 оқу жылы 6554 тен 1937-38 оқу жылы 34199-ға жетті. Орта мектептердің саны соған сәйкес 1775-тен 9909-ға өсті. Оқушылардың жалпы саны 11466 мыңнан 1927-1926 оқу жылында 29562 мыңға дейін 1937-1938 оқу жылында өсті.
Мектеп туралы қаулылар.
30-жылдардың бас кезінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құрудың және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін айқындап берді. Сонымен қатар біз бұл партия мен үкіметтің қаулыларына баға бергенде, кезінде елеуші кемшіліктер жібергендіктен атап өткен жөн.
1931 жылы 5 қыркүекте “Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулы шыққаннан кейн мектеп оқушыларының жалпы даярлығына мән беру ерекше артты. Бірақ 4 наурыз 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының қаулысымен еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды.
20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезінде көпшілік политехникалық мектеп туралы, мектептің өмірімен байланысы кең өріс алған қозғалыс Халық ағарту комиссариатының саясаты мен мектеп тәжірибесінде кеннеттен негізсіз өзгерістерге әеп соқтырды. Мектеп пен педагогикалық оқу орындарына өздеріне тән емес міндеттер жүктелді: базалық мекемелердің өндірістік жоспарын орындауға қатысу, өндірісте тәртіп нығайту үшін күрес, мәдени-ағарту жұмыстарының белгілі көлемін орындау. “Проект әдісі” педагогикалық институттарда, техникумдарда әмбебеп әдіс ретінде міндетті енгізілді. Қалыптасқан жағдай “Бастауыш және орта мектеп туралы” (1931 жылы, 5 қыркүектегі) қаулының кезекті “бұрмалаушылықты” болдырмауда мәні орасан зор болды. Сонымен қатар қаулыда еңбекке оқыту және тәрбиелеу идеясына елеулі соққы беріліп, нұсқан келтірді. Екінші жағынан, қаулыда политехникалық білім беруді іске асыруда теория мен практиканың бірлігі мәселесіне ерекше мән берілді және бүкіл оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі оқу мен тәрбие мақсаттарына бағындырылуға тиіс екендігі атап көрсетілді.
“Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламалары мен режимі туралы” (1932 жылы, 25 тамыздағы) қаулыда мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп атап көрсетілді. Ол оқушылардың бригадалық жұмысын және басқа да оқу жұмысының ұжымдық түрлерін қамтыды. Бірақ осы қаулыда мақұлданған оқу бағдарламаларының қағидалары шығармашылық жұмысты қатаң көрсетілген шектеушілік пен көптеген орындауға тиісті талаптардың жағдайында тежеп отырды.
“Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулыда педагогикалық жоғары оқу орындарында мектеп пен мұғалімге әдістемелік көмек беру жөнінде елеулі жұмыс жүргізуді талап етті.
1934 жылы 15 мамыр айындағы Халық Комиссарлар Кеңесінің “Мектептерде азаматтық тарихты оқыту туралы” және “Бастауыш орта мектепте жағырафияны оқыту туралы” (1935 ж) қаулыларына сәйкес кейбір педагогикалық институттарда тарих және жағырафия факультеттері ашылды.
1930 жылдары жалпыға бірдей бастауыш білім енгізіле бастағанда, мектеп жүйесі мен оқушылар саны тез қарқынмен өсе бастады, осыған орай мектептерді маман педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы ерекше күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі болды.
Партия 1936 жылғы 4 маусымдағы “Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі педагогикалық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысында педагогикалық ілім жалпы алғанда ғылым жат ілім деп танылды. Бұл қаулыда өрескел жіберілген кемшіліктердің біріне педалогияны буржуазиялық ғылым деп біржақты сынауын жатқызуға болады.
Педалогтарға тағылған ең негізгі кінә - олардың оқушылар арасында зерттеу және тесті жүргізуін “партия тарапынан бұрын сыналған” жалған буржуазиялық әдіс деп бағаланды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы мен дарындылығын зерттеу үшін қолданылған бұл әдістерді “оқушылардың қажетсіз, кеңес мектебінің міндеттеріне қайшы келетін буржуазиялық, таптық педалогиялық ілімді кеңсе мектебі жағдайына сын көзбен қарамай енгізу” деп өрескел бұрамаланған еді. Осы қаулының негізінде көптеген педалогиялық оқу орындары жабылып қалды.
Қазіргі жағдайда сол кездегі педалогтардың балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуы мен қабілеттілігін зерттеу үшін қолданылған диагностикалық зерттеу әдістерін де бүгінгі мектеп тәжірибесінде балалардың қабілетін дамытуда кеңінен қолданылуда. Бұл қаулы 20-жылдардың бас кезінде мектеп өміріне кеңінен енгізіле бастаған әртүрлі оқу пәндерін, оқытудың белсенді әдістерін, оның ішінде ынтымақтастық педагогика идеясын қолдану бағытында дамуын 30-жылдары буржуазиялық педалогия деп бағалаған болатын-ды.
30-жылдардағы педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы қаулыда негізінен шәкірттердің қабілетін дамытуға тиым салды. 70 жылдан астам уақыт кеңес мектебінде білім беруде формализм мықтап орын тапты. Қаулының кемшілігі барлық шәкірттерге бірдей білімнің деңгейін ұсына отырып, қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіншілігі болмады.
20-жылдардың бас кезінде халық ағарту саласында кең өріс алған барлық, демократиялық қағидалар, мейлі ол аяғына дейін ойластырылмаған, кейбір кемшіліктері болғанымен, 30-жылдары Сталиннің жеке басына табынудың қалыптасуы жағдайында және әкімшілік бәрін жоққа шығарды.
Біз бүгін 30-жылдарда қабылданған партия мен үкіметтің мектеп туралы қаулыларын бағалағанда; 20-жылдардағы мектепке тән жаңашылдық ізденістерді бірден-бір жоққа шығарған құжат ретінде қарауымыз керек.
30-жылдардағы жоғары мектеп пен орта мектептің жалпы білім берудің қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмады, политехникалық білімді ғылым негіздерін терең меңгеруден бөліп қарастырды, оқушыларды жоғары оқу орындары мен техникумдарға түсуге даярлау міндеттерін жеткіліксіз шешкен болатын-ды.
Бұл кемшіліктерге қарамастан, 30-жылдардың бас кезіндегі орта және жоғары мектеп туралы қаулыларының Қазақстанда мектеп жүйесі мен педагогикалық кадрларды даярлауда ерекше роль атқарды.
Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы.
Жаңа кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және басқалары болды.
Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәжірибенің жалпы мақсаты тұжырымдалды. Бұқара халықтың қызығуы мен дүниеге келген жаңа қоғамның қажеттілігін бейнелей келіп, кеңестік педагогика буржуазиялық педагогикалық теорияның дарашылдық, ұлтшылдық, бисаяси және басқа да қағидаларына адамзаттық алдыңғы қатарлы ойының ұлы идеяларын қарсы қойды: гуманизм, ұжымшылдық, интернационализм, демократизм, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың қажетті алғышарттары және шарты ретінде оқуды өнімді еңбекпен ұштастыру. Бұл идеялар белгілі “Бірыңғай еңбек мектебінің мектебі туралы ережелері” мен “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” тарихи мәні бар мемлекеттік құжаттарында айқын көрініс тапты. Бұл құжаттарда тәрбие мен білім берудегі гуманизм және демократизм, мектептегі өзін-өзі басқарудың және шәкірттер мен мұғалімдердің өзара жаңабілім қарым-қатынасының идеялары бекітіліп және педагогикалық тұрғыдан негізделді.
Тәрбие және білім беру мәселелері қызу талқыланды, әсіресе, 20-жылдардың бас кезінде жаңа экономикалық саясатқа көшу аяқталуға жақындаған кезде күшейе түсті. Бұл күрес төмендегідей негізгі педагогикалық мәселелердің төңірегенде болды: тәрбие үрдісінің мәні, оның негізгі бағыттығы, кеңес мектебінің мақсаттарымен міндеттері қандай.
Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” атты диклорацияға анық та айқын көрініс тапты. Диклорация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды.
Ұлтшылдық – шовенистік тәрбиеге кеңестік педагогика патриоттық және интернационалистік тәрбиені қарсы қойды.
Кеңестік педагогика өнерлі баланың танымдық қабілеттіктерін дамытудың рухани бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеялы мен дүниеге эстетикалық қатынастар ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.
20-жылдары педагогикадан алғашқы кеңестік басшылық пайда болды. Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ал “Педагогика” (1922) және “Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің “Педагогика” оқулығы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие мен білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Сонымен қатар олар аяғына дейін өздерінің кейбір ескі теориялық көзқарастарының шектелушілігін жеңе алады. Бұл ең алдымен тәрбие мәселесін анықтауға қатысты. Тәрбие балаға мақсатты, ұйымдасқан, ұзақ мерзімге әсер ету деп дұрыс түсіндірді, бірақ авторлар тәрбие үрдісінің тәрбиеші мен тәрбиеленушінің белсенді қарым-қатынасы үрдісі ретінде тәрбие үрдісінің екі жақтылық сипатын аталмады.
П.П.Блонский мен А.П.Пинкевичтің еңбектері кейбір кемшіліктеріне қарамастан, педагогиканың дамуына бір қадам алға басқандық болып табылады. А.П.Пинкевич “Еркін тәрбие теориясының” кейбір қағидаларын сынға алғандығын атап айту қажет.
1927-1930 жылдарда кеңестік педагогикада жан-жақты пікір талас өткізілді. Пікір талас кезінде көптеген өзекті мәселелер талқыланды: педагогиканың әсер ету саласы, тәрбиенің қоғамдық өмірдің басқа да құбылыстарымен байланысы, бала дамуында ұйымдасқан жеке стихиялық әсердің ролі. Кейбір педагогтар ұйымдасқан мектеп тәрбиесі үрдісін адамды әлеуметтік қалыптастырудың барлық үрдісімен бірдей қарастырды, ұйымдасқан тәрбие үрдісінің ролін кішірейту есебінен ортаның ролін асыра бағалады. Педагогика пәнінің басқа да дұрыс емес анықтамасы берілді.
Педагогикалық пікір талас дидактика мәселелерін жедел талдауға көмектесті. 1927 жылдың өзінде белгілі болды, мектептерде енгізілген Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің (ГЗС) кешенді бағдарламалары өзінің ғылыми негіздерін көрсетті.
Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек ғана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерін қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыруда ерекше роль атқаратындығын атап өтті.
Оқыту әдістері мәселесіне тоқтала келіп, жеке әдістемелер сабақта оқушылардың белсендігін және дербестігін қамтамасыз етуді Крупская талап етті, оларды ұжымда ұйымдасқан түрде әрекет етуге, дәйектер мен құбылыстарға ізденіс тұрғысынан қарауды қалыптастыруға үйретті. Крупская мектептің міндеті тек ғана оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың бақылағандығын, таным қабілеттіліктерін және белсенділігін дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын, ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру екендігін атап көрсетті.
20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теорияылқ міндеттерді шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді.
Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Сонымен қатар шетел теорияларына сын көзбен қарамау, сынып-сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу, оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің ролін төмендету аңғарылды.
Кеңестік педагогиканың алдына бірінші күндерден бастап, балалар ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие міндеттерін жемісті шешу мүмкін еместігі белгілі болды.
Кеңестік педагогиканың 30-жылдарда барлық салаларда ғылыми-зерттеу жұмысының дамуымен сипатталады. Педагогика ғылымының қайраткерлері меткептердің озат тәжірибесін зерттеу және жинақтаумен айналысты. Кеңестік педагогика ғылымының өсу көрсеткіші педагогикадан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын басып шығару болып табылады.
1932 жылы техникумдар үшін “Педагогика” оқулығы (редакциясын басқарған А.Африканов пен П.Груздев); 1934 жылы М.М.Пистрактың “Педагогикасы” педагогикалычқ институттарға арналған; П.Н.Шимбаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығы; 1939 жылы И.А.Каировтың редакциясына баруымен жарық көрді; 1940 жылы – П.Н:Груздевтің редакциясын басқаруымен “Педагогика” оқу құралы баспадан шықты; Б.П.Есиповтың және Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығын атап өтуге болады.
30-жылдары дидактика және тәрбие теориясы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Дидактика мәселелері таным теориясы тұрғысынан қарастырылды.
20-30 жылдары балалар ұжымы мәселесіне ерекше қызығу аңғартқан көрнекті кеңес педагогтары мен психологтары Н.М.Шульман, С.М.Ривес, П.П.Блонский, А.С.Залужный, М.М.Пистрак, С.П:Шацкий, А.С.Макаренко, Ф.Ф.Каролев.
Ұжым мәселесін зерттеуде А.С.Макаренко елеулі үлес қосты. Ұжымдық тәрбие теориясын талдай отырып, А.С.Макаренко: “Жеке тұлғаны қоғамнан, ұжымнан бөліп қарауға болмайды, тек ғана ұжымда жеке тұлғаның нышандарын жан-жақты дамыту, оның нағыз еркіндігі және қызығулары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін”. А.С.Макаренко балалар ұжымын ұйымдастыру және топтастырудың педагогикалық жүйесін негіздеді және тәжірибеде ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу әдістемесін байқап көрді, педагогика ғылымын байытуға ерекше үлес қосты. 30-жылдары негізгі көңіл дидактиканың жалпы проблемалары мен жеке пәндердің әдістемесіне бөлінді. 30-жылдары қабылданағн мектеп туралы қаулылар білім беру мен оқытудың теориясы дамуының негізгі бағыттарын анықтап берді.
Дидакт-ғалымдар және әдіскерлер жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ғыдыми-теориялық негіздермен, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі ретінде сабақтың теориясымен, оқушылардың таным қызметінің белсенділігін арттыру мақсатында оқытудың әдістерін жетілдіру проблемаларымен айналысты.
Партияның 1936 жылы 4 шілдедегі “Халық ағарту жүйесіндегі педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысы шыққаннан кейін педалогияны және оның өкілдерін сынау барысында асыра сілтеушілік және кейбір елеулі кемшіліктер орын алды. Кей жағдайда кейбір көрнекті педагогтар мен психологтардың еңбектері мен идеяларына дұрыс және объективтік тұрғыдан баға берілмеді. Педалогтардың, теаретиктер мен практиктердің ішінде педагогика мен психология ғылымына ерекше үлес қосқан ғалымдарымыз аз болған жоқ,олардың қатарында Л.С.Выготский, П.П.Блонский, М.Я.Басов белгілі ғалымдар болды. Бұл ғалымдар мен практиктер жеке тұлғаның психикалық даму заңдылықтарын зерттеуді оны тәрбиелеу үрдісімен бірлікте қарастырудың мәні ерекше болды. Педалогия ғылымын біржақты буржуазиялық ғылым ретінде сынай оырып, психология ғылымына оның дамуына қатты соққы болды, көптеген белігілі педагог, психолог ғалымдарымыз кезінде орынсыз қуғын-сүргінге ұшырады, педалогияны қатты сынай отырып, психология ғылымының дамуына орасан зор зиян келтірді.
30-жылдардың орта кезінде педагогика тарихының саласында ғылыми-зерттеу жұмысы елеулі жандана бастады. Бұл бағытта одақтас республикаларда жемісті еңбек етекне ғалымдардың ішінен С.Х.Чавдаровты (Украина ), С.Данелия, М.П.Оранхелашвили (Грузия), Т.Т.Тажибаев, Ш.Кохумбаев (Қазақстан) және т.б. ғалымдарды атуға болады. Капиталистік елдердегі мектеп пен педагогика тарихы зерттеле бастады (Е.Н.Медынский, Н.А.Константинов, С.А.Фрумов, М.Ф.Шабаева және басқалар).
1937 жылы барлық одақтас республикаларда бұрын жұмыс істеген зерттеу институттарының базасында мектеп ғылыми-зертеу институттары ұйымдасты.18 дәріс. 1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика.
Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ.
Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектептер қиратылды және тоналды. Тек ғана РСФСР территориясында неміс басқыншылары 17 мыңдай, Украинада 20 мыңға жуық мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар мектептерде мұғалімдер жетіспеді.
Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және тәртіптің үлгісін көрсете білді.
Көптеген жасырын жастар ұйымдарды, олардың ішінде ерекше белгілі болған краснодондық “Жас гвардияны” ерекше атауға болады, олар фашист басқыншыларына жанқиярлықпен қарсы күресе отырып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ондаған мың мұғалімдер мен оқушылар партизан отрядтарында күресті. Мысалы, бір ғана Беларуссияның партизан отрядтарында басқыншыларға қарсы 7 мыңнан астам мұғалімдер мен 30 мыңдай оқушылар қарсы күресті. Уақытша неміс фашистерінің басып алған жерлерінде Украинаның, Белоруссияның, Брянск, Псков және басқа облыстардың партизандық аудандарында мектептер кеңестік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істеуді жалғастырды.
Соғыстың алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты. Бұлар майдан шебіндегі аудандардың балалары еді.
Соғыстың және экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, партия мен үкімет-мектептер мен тәрбие мекемелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін ерекше қамқорлық жасалды. Мектеп үйлерінің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеуіне, мұғалімдердің жүктемелерінің ауырлығына байланысты туындаған көптеген мәселелер шешіліп отырылды. Соғыстың алғашқы жылдары ер мұғалімдердің негізгі бөлігі әскерге алынды. 1941 жылдың өзінде Белоруссиядан 10 мың мүғалімдер, Грузиядан 7 мыңнан астам мқғалімдер армия қатарына алынды. Соғыс астындағы аудандар мен тылдағы көптеген мектептер госпитальдерге, казармаларға, әскери-шақыру бөлімдеріне айналды.
Соғыс жылдарында ұйымдастыру бағытындағы көптеген кешенді шаралар алынды: сабақтың ұзақтығы, 35-40 минутқа дейін, үзіліс 5 минут қысқартылды, көптеген мектептер 3 кезеңмен оқыды.
Партия мен үкімет ата-аналарынан айырылған және еліміздің шығыс аудандарына көшірілген жүздеген мың балаларға қолайлы жағдайлар жасау, оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді.
1942 жылдың басында Халық Комиссарлар Кеңесі панасыз балалармен жұмыс туралы арнаулы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша, облыстық атқару комитетінің ерекше комиссиялар ұйымдасты, ол аудандық оқу бөлімдерінде панасыз және бақылаусыз балалармен жұмыспен айналысатын инспекторлар лауазымы енгізілді. Балаларды қабылдау және балалар үйлерінің жүйесі ұйымдасты, ересек жеткіншектерді жұмысқа орналастыру шаралары іске асырылды. Елімізде балаларды жаппай оқыту міндеттері біржүйелі шешіліп отырды. Батыс аудандардан 63 мың оқушылары бар. 600 ге тарта мектеп көшірілді. Мәселен, өндірісте жұмыс істейтін жеткіншектері жалпыға бірдей оқытумен қамту үшін 1943 жылы жұмысшылар үшін кешкі-сменалық мектептер, ашу туралы қаулы қабылданды, ал 1944 жылы ауыл жастарына арналған мектептер ашу туралы қаулы қабылданды. Бұл тептегі мектептер кейіннен кең өріс алды.
1943 жылы желтоқсан айында Халық Комиссарлары Кеңесінің балаларды 7 жастан бастап, жалпыға бірдей міндетті оқытуды енгізу туралы өте маңызды қаулысы қабылданды. Жалпыға бірдей міндетті оқытуды іске асыру мақсатында мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету шаралары белгіленді. Мамандығы бойынша жұмыс істемей, басқа жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мектепке қайтарылды, сырттай педагогикалық білім беру жүйесін дамыту туралы арнаулы шешім алынды, қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.
Партия мен үкімет мұғалімдерді материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған әртүрлі шараларды белгіледі. 1943 жылы мұғалімдердің жалақысын арттыру туралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Жоғары Кеңестің Президиумының жарлығымен 1944 жылы 5 мыңнан астам мұғалімдер мен халыққа білім беру ісінің басқа да қызметкерлері балаларды оқыту және тәрбилеудегі ерен еңбектері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Соғыс жылдарында мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына кейбір өзгерістер енгізілді. Әртүрлі оқу пәндеріне әскери-қорғаныс тақырыптары енгізілді: физика курсында қазіргі әскери техника оқытылды; химия курсында улы заттар және одан қорғанудың тәсклдері; жағырафиядан “Жастар және карта” тақырыбын оқыту кеңейтілді; онда карта бойынша және жергілікті жерлер бағдарлай білу ептілігіне ерекше көңіл бөлінді. Шет тілі және орыс тілі сабақтарында әскери терминология оқытылды; 1941-42 оқу жылынан бастап, тарих және әдебиетті оқытуда патриоттық тәрбиеге ерекше мән берілді. Тарих сабағында біздің халқымыздың қаһармандық өткен тарихына және оның шетел шапқыншыларына қарсы күресіне ерекше көңіл бөлінді.
Соғыс жыларында тимуровшылар қозғалысы мен госпитальдерге қамқорлық көмек беру ісі кеңінен дамыды. 1943 жылдың тамыз айында тәрбие жұмысын жақсарту мақсатында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі “Оқушыларға арналған ережені” бекітті, онда оқушылардың мектепке, ұстаздарға, ата-аналарға қатысы туралы міндеттері анықталды, мектептегі және мектептен тыс жерлердегі мәдени мінез-құлық ережелері бекітіледі.
Мектептегі оқу жұмысының тиімділігін арттыру және оқушылардың үлгерімін бағалау үшін бес балдық жүйені енгізудің үлкен мәні болды (қаңтар 1944 ж.( 1943 жылы ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде енгізу туралы шешім қабылданды, балаларды бөлек оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді. 1944 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі “Мектептегі оқу жұмысының сапасын жаңарту шаралары туралы” қаулы қабылдады. Ол қаулыда орта мектепті үздік бітіргендерді алтын және күміс медальдармен марапаттау туралы шешім қабылданды.
Соғыстың қиын жағдайына қарамастан педагогика ғылымы саласында ғылыми-зерттеу жұмысы бір сәт тоқтаған жоқ. Оқу-тәрбие жұмысының теориялық және әдістемелік мәселелері талданылды, оның ішінде білім берудің мазмұнын жетілдіруге, патриоттық, еңбек және интернационалдық тәрбиеге ерекше мән берілді. Кеңес мектебін одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында педагогика, психология және жекеленген пәндерді оқыту әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық және реттеп отыру үшін 1943 жылдың қазан айында үкіметтің қаулысымен Москвада РСФСР педагогика ғылымдарының акакдемиясы құрылды, Педагогика ғылымдарының академиясы педагогика ғылымының маман қызметкерлерін біріктіреді.
Сонымен, Ұлы Отан соғысы біздің құрылысымыздың мызғымас беріктігімен халықтар достығына сын болуымен қатар, кеңес мектебіне де сын болды. Бұл сыннан мүдірмей өтті. Оған кеңес мектебінен тәрбие алған мыңдаған ұл-қыздарымыздың жанқиярлық өшпес ерлігі дәлел бола алады. Ұлы Отан соғысы аяқталғалы 60 жылдан астам уаұыт өтсе де, біздің қоғамымыз оның сабақтарын толық та, терең түсінуге бет алып келеді. Ұлы Жеңіс халқымыздың тарапында тағылымы мол елеулі оқиғалардың бірі болып табылады.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958)
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Кеңес халқы көптен күткен жеңіс жолында барлық қиыншылықтардан мүдірмей өтті. Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек. Ұлы Отан соғысы майданында ерлікпен, жанқиярлықпен күресіп, тылда ерен еңбектің үлгісін көрсете білді.
Соғыстан кейінгі жылдарда республика еңбекшілерінің алдында орасан зор міндеттер тұрды. Ең алдымен, тез арада соғыстың зардаптарын жою, халық шаруашылығы мен мәдениетімізді тез арадан қалпына келтіру, еліміздің экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ету. Отанымыздың қорғаныс қуатын одан әрі нығайту. Бұл міндеттерді орындауда еліміздің зиялы кадрлары ерекше роль атқарды.
Ұлы Отан соғысында жауды жеңгеннен кейін кеңес халқы соғыстың халық шаруашылығына келтірген зиянын қайдан қалпына келтіруге ерекше өрлеу жағдайында жігерлене кірісті.
1946-1950 ж.ж арналған халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы соғыстан кейінгі бесжылдық жоспарда соғыс кезінде қираған мектеп үйлерін тек ғана құрылыстар салу, мектептердің жүйелерін одан әрі дамыту, балаларды міндетті жетіжылдық оқытумен толық қамту үшін соған сәйкес жағдайлар жасау және орта мектептердің жоғары сыныптарында оқитындардың санын 31,8 млн.адамға жеткізу көзделді.
Соғыс жылдарында қиратылған мектептерді қалпына келтіру және жаңа мектеп үйлерін салуда, олар үшін оқу-шығармашылық жабдықтарын даярлауда мектептерді қамқорлыққа алған өндірістік мекемелер белсене қатысты, ал ауылдық жерлерде – кеңшарлар мен ұжымшарлар, сонымен қатар еңбекшілердің өкілдері мұғалімдер, мектеп оқушылар кеңінен қатыстырылды.
Осындай шараларды іске асырудың нәтижесінде 1949 ж.жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беруді барлық жерде енгізу үшін толықтай мүмкіншілігі жасалды. Партияның ХІХ съезі халық шаруашылығын дамытудың 1951-1955 жж. арналған бесжылдық жоспарында төмендегі міндеттерді қойды: жалпыға бірдей жетіжылдық білім беруден жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау (республика орталықтарында, республикаға, облыстық, өлкелік және ірі өндіріс орталықтарында). Өткен бесжылдықпен салыстырғанда съез қалалық және ауылдық мектептер үшін мектеп үйлерінің құрылысын 70 пайызға арттыруды белгіледі. Осының нәтижесінде бұл жылдары біршама жетіжылдық мектептердің жүйесі артты, сонымен қатар орта мектептердің әсіресе ауыл мектептерінің жүйесі өсті.
1955-56 оқу жылы ауылдық жерлерде еліміздің орта мектептерінің жалпы санының жартысынан астамы орналасты. 1959-1960 оқу жылы жалпы білім беретін мектептерде 33361 мың, ал 1964-1965 оқу жылында – 46700 мың адам оқыды. 1964 жылы сегіз жылдық мектепті 4 млн.адам бітірді, орта білім беретін мектепті – 1 млн 400 мың адам тамамдады. Соңғы 5 жылда 7 мыңнан астам жаңа сегізжылдық мектептер ашылды. Жалпыға бірдей міндетті білім беруді іске асыруда ерекше жетістіктерге қарамастан, ауылдық мектептердің әлі де көптеген мектеп жасындағы балалар оқытумен қамтылмаған.
Ұлы Отан соғысына дейінгі қалыптасқан халыққа білім беру жүйесі, оның ішінде жалпы білім беретін орта мектептің құрылысы соғыстан кейінгі жылдарда да ешқандай елеулі өзгеріссіз сақталды. Директивтік құжаттарда айтылғандай, мектептің жұмысында кейбір өмірмен, тәжірибемен байланыс болмады, оқытудың сөздік сипаты берік орын тепті.
Партияның ХІХ съезі өзінің шешімдерінде жалпы білім беретін политехникалық мектепті құрудың қажеттігін атап көрсетті, бірақ ол партияның ХХ съезінде де күн тәртібіне қойылғанмен, бұл шешімдер іске асырылмады. 1956-1960 жж.арналған халық шаруашылығын дамытудың жоспарында жалпы білім беретін мектепте политехникалық оқытуды одан әрі дамытудың міндеттері қойылды.
50-жылдары орта мектептің жоғары мынып оқушыларының саны біршама артты. Егер де 1950-1951 оқу жылында ҮІІІ-Х сыныптарда 2 млн.адам оқыса, 1955-56 оқу жылында олардың саны 6 млн.адамға жетті. Орта мектептердің санының өсуіне байланысты пән мұғалімдерінің қажеттілігі артты. Егер де 1950-51 оқу жылында олардың саны 1330 мың болса, ал 1958-59 оқу жылында олар 1813 мың адамға жетті.
50-жылдардың екінші жартысында, ХХ съезден кейін оның шешімдеріне сәйкес оқу орындарының жаңа түрлері мектеп-интернаттар ашылды, оларға негізінен жалғыз басты аналардың, еңбек және соғыс ардагерлерінің, сонымен қатар жанұясында бала тәрбиелеуге қажетті жағдайы жоқардың балалары қабылданды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектептің өмірімен байланысына, оның ішінде мектептегі политехникалық оқытуға ерекше мән берілді. Мәселен, 1954-55 оқу жылынан бастап, РСФСР мектептерінде оқу жоспарына төмендегі пәндер енгізілді: І-ІҮ сыныптарда – еңбек, Ү-ҮІІ сыныптарда – шеберханадағы және оқу-тәжірибе алаңдарындағы практикалық сабақтар, ҮІІІ-Х сыныптарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығынан практикумдар. Осындай пәндер одақтас республикалардың мектеп бағдарламаларына да енгізілді. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулудың өте қажетті түрлерінің бірі оқушылардың өндірістік бригадаларын ұйымдастыру болып табылады. Алғашқы рет осындай бригадалар 1955 ж. Ставрополь өлкесінде ұйымдасты, ал содан кейін басқа облыстар мен республикада кең өріс алды.
40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың бас кезінде педагогика ғылымы мектептің оқу-тәрбие жұмысының идеялық-саяси деңгейін арттыру мәселелерін зерттеуге және практикалық іс-әрекетке оқушыларды даярлауға ерекше мән берді. Бұл кезеңде педагогика теориясы мен тарихынан монографиялар мен оқулықтар жарық көрді: Н.К.Гончаровтың “Педагогика негіздері” (1947), И.А.Кайровтың педагогикалық институттар мен универсиеттерге арналған “Педагогика” оқулықтар (1948), И.Т.Огородников пен П.Н.Шимбиревтің “Педагогика” оқулығы (1950), Б.П.Есипов пен Н.К.Гончаровтың педагогикалық училищелерге арналған “Педагогика” оқулығы (1950).
Партияның ХХ съезі (1956) педагогика ғылымының алдына көптеген жаңа өзекті мәселелерді қойды және мектептің оқу-тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, политехникалық білім беруді дамыту, мектептің өмірден алшақтығын жоюдың қажеттігін атап көрсетті.
Осыған байланысты Педагогикалық ғылымдар академиясының және педагогикалық институттардың педагогикалық кафедрасының ғылыми бағыты мектептердің өзекті мәселелерін зерттеуге біріктірілді: орта мектептегі жалпы және политехникалық білім беруді оқытуды ұйымдастыру және әдістері, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ғылыми негіздері, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ғылыми жаратылыстану және психологиялық тұрғыдан зерттеу. 50-жылдардың аяғында мектептегі білім берудің мазмұнын жетілдірудің жолдарын теориялық және экспериментальдық ізденістер басталды. Осыған байланысты жан-жақты мәселелер зерттелді: білім берудің мазмұнының, ғылымның, техниканың және мәдениеттің деңгейі мен сипатына тәуелділігі, жас өспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруге қойылатын жаңа талаптар; оқушылардың оқытудың әртүрлі тәрбие жұмысының бағдарламаларын құрудың қағидалары және т.б.
Педагог-теоретиктер 7-10 жастағы балалардың бастауыш мектепте оқыту үрдісінде жалпы дамуының мәселелері зерттелді.
Профессор Л.В.Занковтың басшылығымен “Оқыту және даму” атты өте күрделі және болашағы зор мәселе бастап зерттеліне бастады, сонымен қатар орыс тілі және арифметиканы оқыту мәселелері, алты жасар балалардың сауат ашу, санау, жазу дағдыларын қалыптастыруда тәжірибе жұмыстары жүргізілді.
Қарастырып отырылған кезеңде педагогика тарихынан зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Оның нәтижесінде педагогикалық институттарға арналған “Педагогика тарихы” (1955) оқу құралы жарық көрді. Сонымен қатар Е.Н.Медынскийдің “Украина мен Белоруссиядағы ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Туысқан мектептері” (1954), Н.А.Константинов және В.Я.Струминскийдің “Ресейдегі бастауыш білім берудің тарихы очерктері” (1949), М.Ф.Шабаеваның “Орыс прогрессивті – демократиялық, педагогикасының қалыптасу тарихынан” (1951), Н.А.Константинов және Е.Н.Медынскийдің “РСФСР кеңес мектебі тарихының очерктері” (1948) және т.б.
Аса көрнекті орыс педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Д.Д.Семеновтың, В.Я.Стоюниннің, В.И.Водовозовтың, Н.И.Пироговтың, Л.Н.Толстойдың, П.Ф.Лесгафтының еңбектері кеңестік тарихи-педагогика ғылымын байытты.
Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру.
1958 жылы 24 қыркүйекте СССР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған “Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы” заң жалпыға бірдей міндетті сегіз білім беруді енгізу туралы шешім қабылдады. 1962 – 1963 оқу жылы барлық жетіжылдық мектептер сегіз жылдық мектептерге айналды. Халық ағарту органдары мектеп жүйесін қайта құруды және педагогикалық кадрларды орналастыруда біршама жұмыстар атқарды.
ХХІІ съезде қабылданған партия бағдарламасында бүкіл кеңес халқының мәдени деңгейі мен ғылыми білім беруді арттыру мақсатында жалпыға бірдей орта білім берудің қажеттігін жариялады. Бұл талаптар 10 қараша 1966 жылы қабылданған “Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы”қаулысында көрініс тапты. Бұл қаулыда мектептердің материалдық-техникалық бағасын нығайту үшін ынталандыратын шараларды белгіледі (мектеп құрылысы, оқу жабыдықтары, мектеп жиһаздарын және оқу құралдарын шығару, мектеп бөлмелері мен зертханаларды жабдықтау және т.б.) Бұл шешімдерді іске асыруда негізгі ұйымдастыру шараларының ішінде РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясын СССР Педагогикалық ғылымдар академиясына айналдыру және одақтық-республикалық министрлікті құру болды.
Бастауыш мектепте төртжылдықтан алынатын білімнің деңгейін түсірместен үшжылдық бастауыш оқытуға көшу іске асырылды.
Жетіжылдық толық емес орта мектеп сегізжылдық жаппай міндетті оқытуға айналды.
Сегізжылдық мектеп оқушыларды ғылыми білімнің, ептіліктің және дағдының жан-жақты көлемімен қаруландыру және олардың жан-жақты даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету болып табысады. Ол шәкірттерді толық орта мектепте білімін жалғастыруға даярлайды және сонымен қатар болашақ еңбек іс-әрекетіне дайындық береді. Оқушылар жалпы білім алумен қатар, политехникалық даярлықты алады, техника саласында кейбір мәліметтер алады, қарапайым жалпы техникалық дағдыларды және еңбектің элементарлық мәдениетін меңгерді.
Сонымен, сегізжылдық мектепті бітіргендер төмендегі оқу орындарында орта білімді жалғастыра алады:
1) Жалпы білім беретін толық орта мектептерде (ІХ-Х сыныптар оның ішінде кейбір пәндерді тереңдете оқытумен).
2) 3-4 жылдық оқу мерзімді техникумдарда олар жалпы білім беретін даярықты және техник мамандығын алып шығады.
3) кәсіби және жалпы білім беретін даярлықты ұштастыратын кәсіптік-техникалық училищелерде
4) жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде өндірісте жұмыс істейтін жастар оқиды.
Ғылым мен техниканың дамуының өскелең деңгейі, әрбір оқушыға оның қабілеттілігі мен қызығуын дамытуда жағдайды жасаудың қажеттілігі орта мектептің ІХ-Х сыныптарында даралап оқытуды енгізу туралы мәселе қойылды. Кейбір мектептерде жекеленген пәндерді тереңдетіп оқыту енгізілді.
Мектеп туралы заң бойынша елімізде халыққа білім беру жүйесінің жалпы білім беретін мектептің жаңа құрылымы қалыптасты. Елімізде толық жалпы орта білім алу үшін онбіржылдық мерзім енгізілді орта білім беру екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде балалар 7-ден 15-16 жасқа дейін сегізжылдық жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектепте толық емес орта білім алады. Сегізжылдық мектептегі білім беру белгілі дәрежеде аяқталған сипатқа ие.
Екінші кезеңінде 15-16 жастан бастап, жастар толық орта білім алады және бірінші кезеңнен айырмашылығы бір ғана мектепте емес, мектептердің бірнеше түрінде білім алады:
а) жұмысшы және ауыл жастарының кешкі (кезекті) орта жалпы білім беретін мектептері (3 жылдық оқу мерзімі);
ә) өндірістік оқытумен орта жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектептерде. Онда сегізжылдық мектептерді бітіргендер 3 жыл ішінде толық орта білім мен кәсіби даярлық алады.
б) техникумдарда және орта арнаулы оқу орындарында онда жалпы орта және арнаулы орта білім алады.
Мектеп туралы заң мектеп-интернаттарды одан әрі жетілдіру және қалалық және ауылдық жерлерде ұзартылған күн мектептері мен топтарын құру қарастырылған.
Арнаулы білім беру жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді: фабрика-зауыт оқыту мектептері, кәсіптік-техникалық мектептер, фабрика-зауыт оқушыларының мектептері және басқа да кәсіптік оқу орындары күндізгі және кешкі қалалық кәсіптік-техникалық училищелерге және ауылдық кәсіптік-техникалық училищелерге айналды. Кәсіптік-техникалық училищелер өз жұмысын сегізжылдық мектептердің негізінде құрды.
Жалпыға бірдей орта білімді іске асыру-кеңес үкіметінің ерекше жетістіктерінің бірі: Қоғамның әрбір мүшесіне жалпы және кәсіптік орта білім берумен қамтамасыз ету үшін жалпы білім беретін мектептің негізгі буыны білім беру жүйесінде ерекше орын алатын сегізжылдық мектепті нығайту қажет. Сегізжылдық мектептің алдына жеткіншектерді ғылым негіздері мен берік қаруландыру, олардың жалпы еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгеру, көзқарасы мен дүниетанымын, сенімдерін қалыптастыру бейімділіктері мен қабілеттіліктерін анықтау және дамыту. Сонымен, барлық жастардың жалпы орта және кәсіптік білім алу үшін берік негіз қаланды.
Мектептердің оқу-материалдық базасын нығайтуда 60 жылдары және 70 жылдардың басында алынған шаралар, атап айтқанда, оқытудың сапасын арттыру, осының негізінде екінші жылға қалушылықты болдырмау жағымды нәтижелер берді. Жалпы орта білім беруге көшу сегізжылдық мектепке талаптарды күшейтті, себебі оның түлектерін даярлаудың сапасына білім берудің кейінгі сатыларында жастарды оқытудың жетістігі тәуелді болып табылады.
60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың бас кезінде сегізжылдықты бітіргендердің көбі өз білімдерін жалғастырғандығы өте қажет болды. 1970 жылы, мысалы, сегіз жылдықты бітірген түлектердің жалпы санының орта мектептің ІХ сыныбына 2555,7 мың адам түсті (60,2 пайыз), күндізгі орта арнаулы оқу орындарына – 495 мың (11,7 пайыз), орта кәсіптік-техникалық училищелерге – 99,5 мың (2,3 пайыз), орта білім бермейтін кәіптік-техникалық оқу орындарына – 552 мың (13 пайыз), сыртқы және кешкі мектептердің, сырттай арнаулы оқу орындарының – 305,8 мың (7,2 пайыз)
Жалпыға бірдей орта білім беру жастардың арасында білімнің мәртебесін көтерді. Өзінің білімін жалғастыруға көптеген жастар ұмтылғандығын аңғару қиын емес. Ленинград социологтарының 50 қала мектептерінің 5 мың түлектерін 5 жыл бойы өмір жолын зерттеудің нәтижесінде орта мектепті бітіргеннен кейін 5-6 жылда жұмысқа орналасқандардың көпшілігі жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіргендігін немесе оқуларын жалғастырғандығын дәлелдеді.
Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы.
Ұлы Отан соғысынан кейін жалпыға бірдей міндетті жетіжылдықты іске асыру, ал одан кейінсегізжылдық білімді және орта мектептердің жүйесін дамыту шараларымен қатар жалпы білім берудің берудің мазмұнын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
Соғыстан кейінгі жылдарда партия идеология мәселелер бойынша қаулылар қабылдады. Идеологиялық майданда 1946 жылғы тамыздың 14-сіндегі “Звезда” және “Ленинград” журналдары туралы қаулысы ерекше дәріптеліп, бүкіл еліміз оқу орындары мен мектептерінде өз жұмыстарын қайта құруда “бағдарламалық құжат” ретінде ұсынылды.
Қоғамдық ғылымдар сталиндік дәуірде жаппай орын алған партия комитеттерінің қатаң қадағалауы жағдайында дамыды. Еліміздің жоғары оқу орындары мен мектептері идеология саласындағы жұмысын аталған қаулысының бағытында ғана жүргізілетін болды. Мектептердің бүкіл оқу-тәрбие жұмысының негізіне бұл тікелей нұсқау беріп, міндетті орындау аталып өтілді. Қаулы мәдениет, өнер, ғылым салаларымен қатар ағарту ісіне де өрескел нұсқан келтірді. Себебі оқу орындарының, мектептердің оқу-тәрбие ісін орынсыз осы құжаттың міндеттерін мүлтіксіз орындауға бағындырды.
Бүгінгі күні бұл идеология мәселелері туралы қаулыларға баға бергенде осы кезеңе орын алған кемшіліктерді ескере отырып, тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан баға беруіміз керек.
1956 жылы Педагогика ғылымдарының акадеимясы мен РСФСР оқу министрлігі экспериментальдық оқу жоспарын жасады және 1956-1957 оқу жылынан бастап, Ресей Федерациясының 500 тарта мектептерінде оны тәжірибелік байқауға кірісті. Тәжірибелік мектептерде оқу-өндірістік шеберханалар, машинатану және электротехника кабинеттері ұйымдасты.
1959 жылы 29 тамызда бекітілген оқу жоспарлары мен бағдарламалардың кейінгі өзгертулерінде тәжірибе жұмысының материалдары қолданылды. Осы жоспар бойынша сегізжылдық мектепте жалпы білім беретін және политехникалық пәндерге жетіжылдық мектепте берілген 6256 сағаттың орнына 7296 сағат берілді. Барлығы еңбек сабағына сегізжылдық мектепте 1315 сағат бөлінді. Сурет сабақтары Ү-ҮІІ сыныптарда енгізілді, ал аз және ән-күй сегізжылдықтың барлық сыныптарында. Дене тәрбиесіне 566 сағат берілді.
Бұл оқу жоспарында әр циклдердің арасында сағаттар төмендегіше бөлінді: гуманитарлық пәндерге барлық оқу уақытының 39,5 пайызы (оның ішінде орыс тілінде – 25,3 пайыз); жаратылыстану-математикалық – 32,5 пайыз; еңбек сабағы және қоғамдық пайдалы жұмыс – 15,3 пайыз; сурет, саз және ән-күй – 6,2 пайыз, дене тәрбиесі – 6,5 пайыз.
1959 жылғы бағдарламаның негізгі ерекшелігі практикалық бағыттылығында, мектептің өмірімен, еңбекпен, оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмысымен берік байланысында болып есептеледі.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезінде жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары мен бағдарламасын тиімді жасаудың белсенді ізденістері байқалды. РФСР педагогикалық ғылымдар академиясы (жетекшілер Л.Б.Занков және Д.Б.Эльконин) ғылыми қызметкерлерінің ұжымдары жүргізген теориялық зерттеулер мен экспериментальдық жұмыстар бастауыш оқыту жүйесінде оқу уақытының біршама резервінің барлығын және бастауыш мектепте білім берудің мазмұнының ғылыми деңгейін арттырудың қажеттілігін негіздеді. 1959-1960 оқу жылы енгізілген осы идеялардың негізінде құрылған бастауыш сыныптардың бағдарламалары мектепті дамыта оқытуға бағыттайды, оқушылардың оқу еңбегінің белсенді әдістеріне ерекше мән беріледі (бақылаулар, практикалық сабақтар, экскурсиялар және т.б).
Жалпы орта білім берудің мазмұнын және оның теориялық негіздері жетілдірудің мәселелерін шешуде, жалпы, политехникалық және кәсіби білім берудің арақатынасының мәселелерін шешуде “Мектептің өмірімен берік байланысы және СССР-да халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы заң” (1958) көптеген жаңалықтар енгізді.
Орта мектептің барлық сыныптары үшін жаңа бағдарламалар жасау 50-60 жж. барлық одақтас республикаларда жүргізілген психологиялық-педагогикалы, дидактикалық және жеке әдістемелік зерттеулермен даярланған болатын-ды.
Жаңартылған бағдарламалар эксперимент түрінде байқап көру іске асырылды. Нәтижесінде жаңа оқу жоспары мен бағдарламалардың жобасын теориялық және экспериментальдық жаңарту дайындалды. Әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарына сәйкес жалпы білім беретін мектепте оқытудың мазмұны мен әдістерін одан әрі жетілдірумен байланысты мәселелердің көлемі (жалпы және жеке) анықталды.
Төмендегі мәселелер ең негізгі мәнге ие болып табылады:
- мектепте оқыту үшін міндетті оқу материалын іріктеп алудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау, жалпы дидактикалық сипатта екі мәселені шешумен байланысты: оқу пәндерінің және негізгі меңгеруге тиісті дәйектердің, ұғымдардың, заңдардың, теориялық анық логикалық құрылымын орнату;
- жалпы білім берудің, еңбек және политехникалық оқытудың және оқушыларды кәсіптік даярлаудың арақатынасы мен өзара байланысының ғылыми негізделеген шешімі;
- оқытудың дамытушылық сипатының күшейтілген жолдарын іздестіру және материалдық және формальдық білім берудің бірлігіне жету;
- оқушылардың оқу жұмысы мен еңбегінің тәрбиелік мәнін арттырудың тиімді шарттары мен тәсілдерін анықтау.
Үшжылдық бастауыш оқытуға көшу мәселелері өте күрделі және қарама-қайшылықты болып табылады. Бастауыш мектептің жаңа бағдарламаларға көшуді тиімді ұйымдастыру мәселесінің шешуші мәні болды.
Халық ағарту органдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген І-ІІІ сыныптардың жаңа бағдарламаға көшуді талдау бастауыш мектептің курсын оқытудың теориялық деңгейін арттыру тенденциясымен байланысты елеулі қиындықтарды анықтаған болатын-ды. Мұғалімдер бұл бағдарламаларды іске асыруға жеткіліксіз даярланған болды, теориялық материалды ашудың әдістемесін меңгермеді.
Бағдарламалардың негізгі кемшілігі, әсіресе бірінші сынып оқушыларының оқу жүктемелерінің ауырлығы болып табылады. Сөзсіз бастауыш оқытудың үшжылдық циклі қазіргі педагогиканың, психология және әдістеменің мәліметтеріне негізделді, кіші мектеп оқушыларының таным белсенділігі мен дербестігін дамытуда белгілі роль атқарды. Бастауыш және орта сыныптардың арасындағы сабақтастық үшін қолайлы алғышарттар жасалды. 70-жылдардың аяғында математикадан мектеп бағдарламасы қатты сынға алынды. Ондай сын тек ғана мұғалімдердің, педагог-әдіскерлердің тарапынан көп айтылып қойған жоқ, сонымен қатар белгілі ғалымдардың да тарапынан сынға ұшырады.
Оқушылардың таным қызметінің тиімділігін арттырудың, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін жетілдірудің теориялық негіздерінің бірі дамыта оқытудың тұжырымдамасы болып табылады.
Дамыта оқытуға көшу оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қолданудың аясы кеңейе түседі, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін арттырады.
60-жылдары дидактикаға психологтар негіздеген білімді кезеңмен қалыптастыру теориясы ерекше ықпал етті (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин және басқалар).
60-жылдардың бас кезінен бастап, оқушылардың оқытудағы белсенділігі мен дербестігін дамытуда проблемалық оқытудың ролі туралы мәселе ерекше қызығушылық туғызды. Проблемалық оқыту мәселелері көптеген дидактикалық және психологиялық зерттеулерде (И.Я.Лернер, А.М.Мартюшин, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин және т.б) оқушылардың таным қызметі мен оқыту әдістерінің ішкі мәнін түсінуде жан-жақты қарастырылды.
60-жылдардың бас кезінде сабақты одан әрі жетілдіруде алдыңғы қатарлы педагогтардың қозғалысы кең өріс алды. Бұл кезеңде педагог-практиктер мен ғалымдардың оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру саласында шығармашылық ізденістері біршама белсенділік танытты.
Липецкінің мұғалімдерінің тәжірибесіне қызығушылықтың себебі мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігін тежейтін, оқыту үрдісінің тиімділігін арттырудың міндеттерін жемісті шешуді қиындататын сабақтың шаблондық сипатына қарсы бағытталған алдыңғы қатарлы педагогтардың қозғалысына жауап берді. Липецк облысының мұғалімдері екінші жылға қалуды болдырмауда ерекше табыстарға жетті.
Липецкінің мұғалімдерінің тәжірибесі мұғалімдердің шығармашылық ізденістеріне жаңа импульс берді. Сабақты жетілдіру мәселесіне Татарияның, Ростовтың және Новосибирскінің мұғалімдері ерекше үлес қосты. Тиімді сабақ үшін қозғалыс бүкілодақтық мәнге ие болды.60-жылдардың аяғына алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің әсерімен сабақтың құрылымында елеулі өзгерістер байқалды.
Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.
Кеңестік педагогика өзінің өмір сүрген алғашқы жылдарынан бастап жас өспірімдерді оқыту және тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу ізденістерін жүргізді.
Ғылыми-педагогикалық мекемелердің қызметінің басты қағидасы мұғалімдермен, мектептің практикалық жұмысымен тығыз байланыс болды. Жаңа педагогиканың теориялық қағидалары мен идеяларын насихаттауды байқау мақсатында үлгі-тәжірибе мектептері мен станцияларының жүйесі құрылды, олар ғылыми-педагогикалық қызметтің экпериментальдық базасы болды. 60-70 жылдары жүргізілген педагогикалық зерттеулер жүйесінде партияның “СССР педагогикалық ғылымдар академиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы” қаулысында (1969) айқындалып берілген бірнеше басты бағыттар көрсетіліп берілді.
Бұл жылдары әдіснамалық жалпытеориялық сипаттағы зерттеулер орындалды. (Ф.Ф.Королевтің және В.Е.Гмурманның ред.басқаруымен “Педагогиканың жалпы негіздері”, М.А.Даниловтың, Н.И.Болдыревтің “Дидактика негіздері”, А.И.Пискуновтің, Г.В.Воробьевтің ред.басқаруымен “Педагогикалық эксперименттің теориясы мен практикасы”, Б.П.Есиповтың ред.басқаруымен “Педагогикалық зерттеулердің әдістері”).
Ғылыми-техникалық және әлекметтік прогресс педагогика ғылымы дамуының негізі мен бағыттары анықталды, оның ұғымдық жүйесі реттелді.Педагогиканың теориялық терең зерттеудің қажеттілігі олардың зерттелмегендігі көп жағдайда нақтылы теориялық-әдіснамалық зерттеулердің әлсіз әдіснамалық қаруланғандығына байланысты анықталады. Оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін, түрлерін және тәсілдерін одан әрі жетілдірудің мәселелері педагогика ғылымында өзектілері.
Кеңес мектебінің тарихында оның дамуының әрбір кезеңі бағдарламалық-әдістемелік қайта құрумен органикалық ұштасады. Жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау мектепте білім берудің мазмұнын модернизациялаумен және оқу-тәрбие үрдісін одан әрі жетілдірумен бірлікте іске асты. Педагогика ғылымының қайраткерлері мұғалімдермен ынтымақта мектепте оқу-тәрбие үрдісін қайта құруды негіздеді, практикалық тұрғыдан қамтамасыз етті.
Оқытудың мазмұны және әдістері ғылыми-зерттеу институтының алдына ғылымның, техниканың және мәдениеттің қол жеткен даму деңгейіне сәйкес мектептегі білім берудің мазмұнын келтіру міндеті қойылды.
Дидактиканың жетістіктеріне негіздей отырып, ең алдымен дамыта оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, әдіскерлер 60-70 жж. мектеп бағдарламалары үшін оқу материалын іріктеу қағидасын талдады, оларды ғылыми-техникалық жетістіктермен және қоғамның қоғамдық-саяси өмірінің дамуымен сәйкестендіруге алып келді, ғылымдардың ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық арақатынасын орнатты, орта оқу орындарының әртүрлі типтерінде жалпы білімдік даярлықтың бірыңғай деңгейінің жалпы негіздерін анықтады.
Оқытудың мазмұны мен әдістері мәселелерін іргелі және қолданбалы зерттеулерді одан әрі дамыту үшін жан-жақты тәжірибелік-экспериментальдық материал жинақталды. Дидактикалық-әдістемелік мәселелерді зерттеуге ерекше үлес қосқан М.Н.Скаткинді, И.Д.Зверевті, Ю.К.Бабанскийді, М.П.Кашинді, В.В.Краевскийді, И.Я.Лернерді, В.М.Монаховты, Б.Г.Разумовскийді, Г.И.Беленькийді, Н.М.Шанскийді және басқа ғаымдарды ерекше атауға болады.
60-70-жылдары негізделген әдістерін түсінуге және оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге көмектесетін ұйымдастыру-педагогикалық шаралар мен әрекеттер жүйесі белсенді талданылды (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин), оқытудың жаңа техникалық құралдарын кешенді қолданудың әдістемесі (С.Г.Шаповаленко) және оқыту әдістерінің тиімді ұштасуын таңдау (Ю.К.Бабанский).
Тәрбие саласында зерттеу жұмысын қорытындылай келіп, бұл жылдары оқытудың тәрбиелік қағидасы теориялық және практикалық жағынан дами түсті (В.М.Коротов); тәрбие әдістерін кешенді қолдану идеясы дами түсті (Б.Т.Лихачев, Г.Н.Филонов); тәрбие үрдісін тиімді басқару туралы қағида талданылды (Ю.К.Бабанский); педагогикалық ынталаландыру мен түрткілер теориясы мен әдістері (Л.Ю.Гордин, З.И.Равкин); адамгершілік тәрбиесінің әдістері одан әрі талданылды (Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, О.С.Богданова).
Еңбек тәрибесі және кәсіптік бағдар беру мәселелері өте терең талданылды. П.А.Атутовтың, С.Я.Батышевтің, К.А.Ивановичтің, М.Н.Скаткиннің, Д.А.Эпштейннің және басқа да ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, зерттеушілер оқушылардың еңбегінің мазмұны мен ұйымдастыру проблемаларын шешудің ерекше тиімді жолдарын анықтады. Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жас және педагогикалық психологияның проблемаларын зерттеуге тікелей тәуелді болып табылады.
60-жылдары мектептегі оқытудың тәсілдері мен оқушының дамуының арасындағы байланысы анықтады. Бұл зерттеулердің нәтижелері Л.В.Занковтың басшылығымен жүргізілді ІҮ сыныптан бастап, ғылым негіздерінбір жүйелі зерттеуге көшуді қамтамасыз ете отырып, тәжірибеге белсенді енгізілді.
Бұл жылдары оқыту мен тәрбиелеудің оздыру сипаты туралы идеяға ерекше мән берілді. В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен оқушылардың білімді меңгеру мүмкіншіліктерін ашып көрсететін теориялық зерттеулер жүргізілді. “Бастауыш оқытудың психологиясы” атты монография (В.В.Давыдовтың, Д.Б.Элькониннің жетекшілігімен) жарық көрді, В.В.Давыдовтың “Оқытудағы жинақтаудың түрлері” атты кітабы басылып шықты. Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, композитор Д.Б.Кобалевский мектепте музыкалық білім берудің жаңа мазмұны мен жаңа әдістемесін анықтау мақсатында жан-жақты эксперимент жүргізді. Бұл жұмысқа 50 мыңға тарата оқушылар мен мыңнан астам мұғалімдер қатыстырылды.
Белгілі суретші Б.Н.Неменский мектептегі сурет пәнін жетілдіру бағытында кешенді ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізді. Зерттеу нәтижелері төмендегі тақырыптар бойынша “Оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу және дамыту жүйесі”, “Көркемдік-эстетикалық тәрбие – оқушыларды жан-жақты дамытудың факторы” нақтылы ұсыныстар жасалды.
19 дәріс. 1980-1991 ж.ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы.
Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының егізгі бағыттары (1984).
Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері, дамуы.
Жаңашыл мұғалімдердің ғылыми-теориялық және әдістемелік ізденісі.
Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттары.
80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия “Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын” (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді.
Реформаның қағидаларының дамуына партия бірнеше қаулылар қабылдады, онда рефроманы іске асырудың жолдары нақтылы талданылды және білім беру органдарының мектеп басшыларының, мұғалімдердің, шығармашылық одақтардың және ұйымдардың реформаны іске асырудағы міндеттері айқындалды.
70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, кризис пен тақыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдай оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, жанұяның тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделгендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.
Елде қалыптасқан крезисалды жағдай қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың негізінде қалыптасқан екі негізгі қайшылықтардың себебіне байланычты болды.
Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық.
Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты.
Көпшілік ақпарат құралдарының дамуы балаларды жан-жақты хабардар етті. Қоғамдық өмірді демократизациялау әлеуметтік белсенділік, өздерінің азаматтық құқтарын түсіну, қоғамдық оқиғаларға қаысу, қызығуы бойынша ерікті бірігу үшін жағдайлар жасалды.
Акселерация балалардың физиологиялық жағынан жетілуін тездетті. Мектепте, бір жағынан, өскелең талаптарымен, әлеуметік-психологиялық және дене мүмкіншіліктерімен өзгерген балалар қалыптасты, екінші жағынан, оқу-тәрбие жұмысының ескі мазмұны, формалды түрде қалыптасқан түрлерімен әдістер сол күйінде қалды. Мектептер өмірдің жаңа талаптарына даяр болмады.
Осындай негізгі қайшылықтардың шиеленіскен жағдайында мектеп реформасының қажеттігі идеясы күн тәртібіне қойылды. Оны іске асырудың тұрақтап қалуы, ілгері баспауының себебі, оны іске асыру қоғамдық өмірдің барлық саласын қайта құрудан бұрын жүргізілді, тек ғана бір ғана сала – білім беруде қолға алынды.
Реформаның эволюциялық сипаты қайта құрудың революциялық мәнімен қайшы келді. Рефора мектептің әлеуметтік сұранысын орындаудың экстенсивтік түріне бағытталды.Осындай жағдайдан келіп, мұғалімдер, ғалымдар, ата-аналар, журналистер баспа бетінде өздерінің революциялық ұсыныстары мен мектепті қайта өзгертудің қажеттігін және жобаларын ұсына бастады. Әсіресе, баспасөз бетінде М.М.Постниковтың және Ю.П.Азаровтың жобалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар “Учительская” газетінің бетінде білім беру жүйесін қайта құру туралы әртүрлі мақалалар жарияланды.
М.Постников кеңес мектебінің “құрылымын, оның тамырымен қатты сынға ала отырып”, оның бұқаралық сипаты және еңбекке бағытталғандығы екірген элитарлық-гимназиялық қағидасымен “пәндерді оқыту немесе ғылым негіздерін” оқытумен ұштаспайды деп көрсетті. Ол орта мектепте ғылымдардың негіздерін оқытуға қарсы болды, ғылым негіздерін оқытудың орнына жобаның авторы мектеп баланы өмірге дайындау қажет дейді. М.Постников жобасының кемшілігі күнделікті балаларды өмірге даярлау қажеттігі туралы утилитарлық-тәжірибелік, прагматикалық түсінікте жатыр. Бұл жобаның кемшілігі: орта мектепте ғылым негіздерін оқытуды жоққа шығаруы.
Ал екінші жобаның, Ю.Азаровтың ұсынған жобасының мәні М.Постников сияқты пәндік оқытуға ғылым негіздерін оқытуға қарсы болды. Ол “пәндік оқытуды” кешенді бағдарламамен өзгерту қажеттігін күн тәртібіне қойды. “Мәселен, оқу, жазу, ауызша сөйлеу бір пәнге бірікті – тіл өнері”. Ол оқу орындарында негізінен гуманитарлық және эстетикалық пәндер циклін оқытуға ерекше мән берді.
Жоғарыда келтірілген жобалардың қай-қайсы да сол кездегі мектеп өмірінде қалыптасқан жағдайды тоқырауды, реформаны іске асыра алмады, уақыттың талабына жауап бере алмады. Реферона одан әрі туралый берді. Мектептегі кризистің негізгі себебі реформаны психологиялық, ғылыми-педагогикалық және материалдық тұрғыдан даярлықсыз жүргізілгендігінде.
Бұл кезеңде мектептердің оқу жоспарына реформаға байланысты бірнеше жаңа пәндер енгізілді: “Кеңес мемлекеті мен құқының негіздері”, “Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау” кейінгі жылдары оқу жоспарларынан алынып тасталды.
Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары негізінен кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдас оқу-өндірістік комбинаттар (УПК) материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдіңөзі оның дәрменсіздігін көрсетті.
1980 жж. тоқырау жылдары деп аталса, бұл кезеңде, яғни 1970-жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың бас кезінде мектептерде және жоғары оқу орындарында Л.И.Брежневтің “Тың”, “Өрлеу”, “Кіші жер” еңбектері міндетті түрде оқып-үйрету іске асты. Брежнев қайтыс болғаннан кейін, 1984 жылы, мектеп реформасы жүргізілді, реформа өзінің ойланылмаған ұйымдастырушылық қадамдарымен білім беру саласында тек ғана тоқырауды қиындата түсті.
“Тоқырау” М.Горбачевтің “қайта құруымен” ауысты. Сонымен, жүргізілген қайта құрудың нәитжесінде еліміздің саяси және экономикалық жүйесі шайқалды, ұлтаралық қанды қақтығыстар мен СССР құлауына алып келді.
1980 жж. аяғында жалпы сенімсіздік жағдайында демократияға, жариялыққа, рухани және экономикалық өрлеуге, білімге ұмтылыс кенеттен түсіп кетті. Мәселен, 1989 жылы тек ғана мектеп бітірушілердің 10 пайызы оқуға қызығушылық білдірді, оны әлеуметтік құндылықтардың тізімінде тек ғана орта жерінде атады.
Сөз жоқ, бүкіл Ресейлік білім беру жүйесін қамтыған өзгерістердің жағымды жақтары да болды. Білім беру жүйесіне мемлекеттік монополияның жойылуынан кейін жаңа тұрпатты мектептер мен оқу орындары пайда бола бастады. Мемлекеттік оқу орындарымен қатар ақылы білім беру жүйелері, жаңа тұрпатты оқу орындары, гимназиялар, лицейлер, колледждер, атаулы мектептер, авторлық мектептер пайда бола бастады.
Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері.
1980-1990 жж.аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқытудың мерзімі қысқарды: бастауыш мектеп және толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес (жекеменшік) оқу орындары пайда болды.
Жекеменшік оқу орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат тұрды. 1994-95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш және орта мектептер болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды.
Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады:
1-саты – бастауыш мектеп (3-4 жыл); 2-сатысы – негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жыл); 3-сатысы – толық рота мектеп (8-12 жыл). Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген.
Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданады. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және таңдау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін) техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2 ден 4 ке дейін).
Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.
Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған жоғары мектепте реформа одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмұнын деидеологизациялау.
Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары оқу орындарының өмірі елеулі өзгерді. Көптеегн жоғары оқу орындары коммерсиялық жұмыспен айналысты.Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең өріс алды.
1980 ж.ж.аяғына дейін Ресей әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердіңа ішінде жекеменшік жоғары оқу оырндары болмаған бірден-бір ел болды. 1980-1990 ж.ж. Ресейде мемлекеттік емес (ақылы) жоғары оқу орындары пайда бола бастады.
Ресейде мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, “Жыл мұғалімі” аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпы Ресейлік сайыстың жеңімпазы атанды.
Ресей ғалымдары идеалдық мұғалімнің және оны даярлаудың моделін талдады. Мұғалім даярлаудың тамаша моделін белгілі ғалым В.А.Сластенин ұсынды. Ол модель негізінен мұғалімнің тұтас жеке тұлғасын қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Модель бойынша, қазіргі мұғалім экономикалық білімінің бастамасын, ұйымдастыру және тәрбие жұмысының ептіліктерін, компьютерлік сауатылықты, жоғары мәдениеттң, ше ттілін жақсы білуі, ынталы және жауапкершілікті адам болу, әруақытта білімін байытып және жаңартып отыру қажеттігінің болуы, жаңалыққа қабілетті болуы қажет.
1990 жж.арнаулы тәрбие стратегиясында өзгерістер іске асты. Мектептің алдына қойылған мақсат қоғамның рухани жаңаруына жағдай жасау және көмектесу. Авторитарлық тәрбиеден бас тартып, мектеп оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруге ерекше мән берді. 1980 жылдардың аяғына дейін коммунистік, таптық тәрбие идеясы насихатталды. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін тәрбиеге ерекше өзгерістер болды. Моноидеологиялық коммунистік тәрбие келмеске кетті.
Тәрбиенің жаңа парадигмасы идеялық төзімділікті қарастырды.
Көп мәдениеттік тәрбие интернационалдық социалистік тәрбиеге баламалы түрде ұсынылды әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіншілік алды.
Даралап оқытудың ең негізгі бағыттарының бірі дарынды, талантты балалар мен жас жеткіншектерді оқыту болып табылады. Ресей ғалымы В.Юркевич дарындылықтың үш типін бөліп көрсетті: академиялық (оқуға анық байқалған қабілеттілік), интеллектуалдық (ойлауға ептілігі), шығармашылық (дәстүрлі емес ойлап білу).
Көп мәдениетті тәрбиеніңауқымы ұлғая түсті. 90-жылдардан бастап, орыс емес ұлт мектептерінде міндетті компонент ретінде көпұлтты Ресейде әр ұлттың тілінің, тарихының және мәдениетінің бағдарламасы енгізілді.
1990 жылдары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында тәрбиенің негізгі бағыттары қарастырылды: берік адамгершілік қағидалары, жалпы алынған рухани құндылықтар негізінде қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын меңгеру, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.
Діни тәрбие идеяларына да көзқарас өзгерді. Мектепте дінді оқытуға тиым салуды дінге қарсы ескі тәрбиені сақатуа деген ұғым тумаса керек. Дінде негізгі қаланған адамзаттық идеалды ескеру ұсынылды. Имандылық тәрбиесіне қарай бетбұрыс байқалды.
Азаматтық тәрбие міндеттеріде жаңаша шешілді.
80-жылдары жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Т.И.Гончарова және т.б. оқытуды жетілдіруде және оны ғылыми-теориялық тұрғыдн негіздеуде және әдістемелік белсенді ізденістері педгогика ғылымын дамытуда алатын орны ерекше болды. Мәселен, бастауыш мектепте оздыра оқытудың әдістемесін Л.Н.Лысенкова ұсынды. Бұл әдістемеме сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағаттар жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да, болашаққа дайындық іске асып отырды. Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының №587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі “Қашан жеңіл оқылады” атты еңбегінде баяндалады.
Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде донецкінің мұғалімі Виктор Феодоровичтің есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В.П.Шаталовтың “Қайта және қалай үштіктер жойылды” кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В.В.Давыдов былай деп жазды: “Оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарына В.П.Шаталовтың есімі зерттеуге және зерделеуге лайықты екендігін ерекше атап өтті”.
В.П.Шаталовтың еңбектерімен қатар “Педагогика” баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылығына ұсынды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының 2 санды мектебінің мұғалімі И.П.Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде “Шығармашылыққа үйретеміз” кітабы, Ленинград қаласының 516 санды мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильиннің іс-тәжірбиесі “Қарым-қатынас өнері” еңбегінде және Ленинградтың 536 санды мектебінің тарих пәні мұғалімі П.Н.Гончарованың іс-тәжірибесі “Тарих сабағы - өмір сабағы” атты еңбегінде жинақталған.
Мәселен,жаңашыл мұғалім, әрі көрнекті психолог ғалым Ш.А.Амоношвили алтыжасар балалармен жұмыстың мазмұны мен қағидаларының және тексерілген. Алтыжасарлармен жұмыста оқудың әлеуметтік жағымды түрткілерін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына көмектеседі.
Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім С.Н.Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін ұсынды.
Москваның Реутова қаласының 2 санды мектебінің сызу және сурет пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім И.П.Волков бастауыш мектеп оқушыларымен шығармашылық саабқтарын өткізеді. Оқу материалының мазмұны және оқыту үрдісін құру оның сабақтарында балалардың нышандары мен қабілеттіліктерін дамытуға және анықтауға мүмкіншілік береді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі бірден-бір өте күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, яғни, әрбір оқушыны күнделікті қиын ақыл-ой еңбегіне үйретуге, танымдық дербестікке көмектеседі.
Ленинградтық әдебиетші Е.Н.Ильин оқушылардың рухани дамуын жетілдіруге жол таба білді, әдебиет сабағын өзін-өзі және өмірді тану, адамгершілік сабағына айналдыра білді.
Дәрігер және педагог А.А.Дубровский тәрбиені және ауру балаларды емдеуді біртұтас мақсатты үрдіске біріктіруге мүмкіншілік беретін емдеу педагогикасын жасау туралы айтты.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі.
(1841-1889)
Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді… Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы».1
Кезінде қазақ ха лқының болашақ дағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды.
Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы-педагог, этнограф ғалым, ақын әрі жазушы, жаңашыл педагог болған адам.
Ы.Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Шаңбыршыұлы тәрбиелейді.
Балғожа би көзі ашық, көңілі жарқын, заманының алдыңғы қатарлы адамы еді: ол өз заманының жайын тез байқады. Ендігі үміт артта, ескіде емес, алды, жаңада екенін, Ресей өкіметінің саясатына ыңғайланып, орыс мәдениетінен азық алудың қажет екенін аңғарды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Патша өкіметінің бұл мектептерді ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: «Мектеп құрудағы басты міндет – шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан – ел билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау» деп жазылған.
Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды. Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, ерекше талантты болған.
Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және сонда қызмет етіп жүрген жылдары Ы.Алтынсарин Орынборда Шекара комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарған белгілі шығыстанушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысып, жақын болып және онымен достасып алады да, оның бай кітапханасын еркін пайдаланады. Соның арқасында ол орыс және шетел ақын-жазушыларының, ағартушы-ғалымдарының шығармаларын көптеп оқып, олармен мол танысады. Сөйтіп небәрі жетіжылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай өздігінен оқып, ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің арқасында жан-жақты мол білімі бар, ой өрісі өте кең, оқымысты адам болып шығады.
«Қарағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің!
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргеннен не мұратқа жетер едің?», - деп, атасы Балғожа би айтқандай, Ыбырай өз атасы тәрізді тек ауыл адамы ғана емес, бүкіл бір халықтың мәңдайына біткен жарық жұлдызы болып, қазақ мәдениетінің көгіне жарқырап шыға келді.
Ы.Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп 1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған мұғалім болады. Сөйтіп Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу, оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу жұмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған.
Сондықтан да ол: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы… Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты», - деп жазған болатын-ды.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген.
«Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»,-деп жоғары балады.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы.Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық» деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.
Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін енгізді.
«Қазақ хрестоматиясымен» жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның «Балалар әлемі», сонымен қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды.
Ы.Алтынсариннің есімімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру ісінің дамуы байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды, содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды. Ы.Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші ғалымдар В.В.Катаринский, А.А.Мазахин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников т.б.тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар ағартушылары Ш.Маржани, Қ.Насыри, С.Кукляшев, әсіресе, Петербург университетінің оқытушысы, Ш.Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы Хұсин Файызхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып, хат жазысып тұрады. Оқу ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да, Ы.Алтынсаринге көп көмегі тиген.
Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі пікірлес бола білмеген. Кейбір күрделі, көкейкесті мәселелер жөнінде Ы.Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері де аз болмаған. Мәселен, ол Н.И.Ильминский, А.Алектронов, А.Бессонов, т.б.миссионерлік әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ жазуын (яғни, араб әрпіне негізделген қазақ емлесін) орыс алфавитіне көшіруге мүлде қарсы болған. Бұл туралы жоғары орындарға бірнеше рет хат жазып, арыз айтып ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: «Шапағатты төрем Николай Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен… Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы».1
Алайда, Ы.Алтынсариннің өз заманы үшін бұл орынды ұсынысын Н.И.Ильминский де, сол кездегі оқу министрі Толстовта қабылдамаған. Ы.Алтынсарин сонымен бірге кейбір миссионерлердің оқушы қазақ балаларын еріксіз шоқындыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бұл жөнінде тиісті орындарға шағым жазып, наразылық білдіріп отырған.
Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан кедергілерге ұшырайды. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ табысты боларына губернатордың күдігі бар… ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеме де болмайды ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін».
Көп ұзамай бұл араманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халықының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастаманың сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұхсат етілді.
Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-ағарту жұмысының орталығы «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс.
Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді.
Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тіліндеоқыта алатын мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың бұл тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің тағы бір хатында «оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма пәле іздеп алдым, өкімет орындары маған теріс қарай бастады, «жер» аударылуға аз-ақ қалдым» деп күйініп жазды.
Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі – белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске асырмақ болды.
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийге жаңадан ашылып жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім кадрларымен көмектесуді сұрап әлденеше рет хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан мұғалімдер семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім кадрларын бірден бір оқу орны еді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін педагогикалық оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне қойды.
1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір-түкпірлерінде жемісті еңбек етті.
Ыбырай Орскіде ашылған педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін қалауда және қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Сондықтан да біз Ыбырайды Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы «Ұстаздардың ұстазы» ретінде бағалауға тиіспіз.
Ы.Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын сипаттайтын этнопедагогикалық мәнде келеді. Мұның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру және той жасау салты туралы баяндайды.
Халқымыздың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын жетік болатын жан-жақты ғылым екендігін таныта білді. Осы ерекшелік ұлы ағартушының оқулық, хрестоматияларынан да айқын аңғарылады.
Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған «Қазақ хрестоматиясы» атты оқу құралына енген материалдарға зер салып қарасақ, оның балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қанымдылығы мен көркемдік әсемділігі негізге алынды. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз нұсқауларын таңдап-талғап енгізу де өте орынды.
Ыбырай жастарды оқу білім -өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады.
Халықты және олардың жас өрендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтерген, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін ееңбегі «Кел,балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әй,достарым», «Әй,жігіттер» деген өлеңдері.
«Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!»-деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды.
Елді қараңғылықтан жарыққа шығаратын жастар, тек ғана жастар деген қорытындыға келді. Әсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған арманын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді.
«Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды!»-деп, ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кеткен еді. Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманының жүзеге асқанын бұл күнде айқын көріп отыр.
Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық құрылысқа көзқарасында тарихи шектеукшілік пен кейбір кемшіліктер болды. Қоғамдағы кемшіліктерді көре тұрып, оны өзгертудің негізгі жолы адамдарды ағарту, білім беру, өмірді төңкеріс жолымен емес, реформа арқылы әділетсіздікті жойып, жақсылық орнатуға болады деді.
Бұл оның көзқарасының, дүниетанымының кемшілігі еді. Ол табиғатты тануда материалист бола тұра қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік көзқарастан аса алмады.
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылғы 17 шілдеде, Қостанай қаласынан үш шақырымдай жердегі «Инспектор көлінің» жағасында салынған өзінің үйінде, қырық сегіз жасқа толуына үш ай және үш күн қалғанда дүниеден өтті.
Қазақ педагогикасының ұлы классигі Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерей тойы 1991 жылы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Қостанай қаласында атап өтілді. Мерей тойды өткізу барысында ұлы ағартушының туған топырағы «Инспектор көлінің» жағасында Ыбырайға арналған кесене іске қосылды, Қостанайда Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойында «Музей үйі» ашылды. Қостанай университетінде республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған республиканың белгілі Ыбырайтанушы ғалымдар, жазушылары жоғары оқу орындары, оқытушылары, мектеп мұғалімдері, Ыбырайдың ұрпақтары қатысқан болатынды.
Туған халқының талантты перзенті ұлтының рухани мақтанышы, тұңғыш ағартушы-педагогі Ы.Алтынсарин қазақ халқының мәдениеті мен тарихының алтын қорына үлес қосумен қатар өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды.
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы.(1845-1904)
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады. Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді.
Абайдың поэтикалық шығармалары мен қара сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз, түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз өмір сүреді. Адам баласы «көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»,-дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар – тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу- жан құмарлығы (жетінші сөз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, - деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен кию үшін пайдаланып, парақорлықпен алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:
Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толстой
Я тілмаш, я адвокат.
Болсам деген бәрінде ой,- деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын-жазушылар мен ғалымдарды үлгі-өнеге етіп, «білімдіден шыққан сөз талаптыға кез болса екен», -дейді. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімже деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу үшін қала салып, отырықшылықта болу керек, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін, терең түсінген ол: «Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылымда орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанға түседі»1,-деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті.
«Ақыл – ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терей ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман,- деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:
Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын.
Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.
Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:
Мамсапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам !
Жалданып өскен жасынан
Жағымпаздарға ашынам !
Өзіңе ғана бас ұрам,
Сенесің бе, Отан осыған !?
Алаяқтарға ашынам !
Ашынам-дағы тасынам
Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез құлықты ашына сынға алды. Мұқағали айтқандай, осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады.
Сол кезде Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзектілігін ерекше айта кеткен жөн.
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары болып келеді.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды, ертегіні термек үшін»,
- деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.
Абай өзінің өлеңдерінің бәрінде:
«Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың,
Жақсы мен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді еккі ұртың» – деген сөздері дәлел бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады. Сондай-ақ, Абай бос даурығуға, бекер сал шашуға, өтірік, өсек айтуға, жалқаулыққа қарсы шықты. «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, Бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз», - деген өсиет айтты.
Абай өнер-білім алуға шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.
Ол А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.
1840 жылы М.Ю.Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер маужырап» деп аударды. Сонымен қатар, Абай шығыс мәдениетінен де нәр алды. Фирдоуси, Науан, Низами, Хафиз, Сағди шығармаларына еліктеді.
1995 жылы бүкіл еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін ЮНЕСКО шешімі бойынша әлем болып тойлады. Ұлтымыздың рухани мақтанышы, ұлы гуманист, ақын-ағартушы Абайдың ғылыми-педагогикалық мұрасының зерттелу жайы туралы және Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны туралы айтқанымызда ұлы ғұлама ойшылдың педагогикалық мұрасын алғашқы зерттеушілер, педагогика тарихы саласындағы көрнекті қазақстандық ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Бержанов, Ә.У.Сембаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев және т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Ұлы гуманист-ақынның педагогикалық, тағылымдық мұраларының мәні мен маңызы бүгінгі таңда да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.
ХХ ғасырдың басында бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды.
Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлерi туралы ой-пiкiрлер(1835-1865).
1. Шоқанның алғашқы хат тануы.
2. Ш.Уәлихановтың орыс достары.
3. Шоқанның Батыс-Шығыс халық әдебиетін зерттеуі.
1.Шоқанның өскен ортасы. Әжесi Айғанымның, әкесi Шыңғыстың маңына аңшы, әңгiмешi, ертекшi, әншi, күйшi, ақын, құсбегi т.б. өнер адамдарының үйiр болуы. Олардың Шоқанның жастайынан қазақ өнерiмен сусындауына ықпал етуi, Ауыл молдасынан оқып хат тануы.
2. Ел билеу тiзгiнiн берiк қолда ұстау мақсатында Шыңғыстың 11 жасар Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусiне әскери оқуға беруi. Шоқанның орыс тiлiн тез меңгеруi.
3.Шоқанның Омбыдағы Кадет корпусiнде оқу кезiнде озық ойлы орыс интелигентерiнен бiлiм алуы. Оның ұстаздары И.Вас.Ждан, Пушкин, Николай Федорович Костымцский, Александр Андреевич Сотников, Василий петрович Лобадовсий т.б. болуы: Орыс география қоғамының негiзiн салушы П.П.Семенов – Тяньшанский, географ ғалым Н.Г.Потанин, саяси жер ауып келген орыс зиялылары: Ф.М.Достаевский, С.Ф.Дуров, А.Н. Майковтармен достық қатынаста болуы. Олардың прогрессивутiк идеяларының Шоқанға тигiзген әсерi;
4. Шоқанның Кадет корпусында оқып жүрiп те Батыс-Шығыс халықтарының әдебиетiмен, тарихымен, салт-дәстүрiмен, дiнiмен, тiлiмен терең танысуы.
5. Шығыс халықтарының әдет-ғұрпын, тұрмыс-тiршiлiгiн, тiлi мен дiни наным-сенiмдерiнжетiк бiлген Шоқанды Батыс Сiбiр генерал-губернаторы қырғыз елi мен ұлы жуз қазақтары, Қытайдың Жоңғария даласына саяхатқа жiберуi
1856-57 ж.ж. Шоқанның Қазақ, Қырғыз, Дұнған, Ұйғыр, Қытай халықтарының салт-дәстүрiн, ауыз әдебиет үлгiлерiн, тарихын зерттеп еңбектер жазуы;
6.”Сiбiр қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы жазба”, “Жоңғария очерктерi”, “Қырғыздың манас жыры туралы”, “Абылай”, “Шаман дiнiнiң қазақтар арасындағы қалдығы” деген еңбектерiнiң мазмұны мен тәлiмдiк мәнi;
7.Шоқанның ел билеу мәселесiн демократиялық жолмен шешпек болуы. Қазақ қыздар тәрбиесi жөнiндегi ой-пiкiрлерi.
Шаман, мұсылман дiндерiнiң шығу тарихы туралы ойлары. Қырғыз халқының Алатауға келiп орналасуы, салт-дәстүрi туралы көзқарасы.
Манас жыры туралы ойлары, онда кездесетiнқазақ батырларының (ЕРсайын, Ер Қосай, Орақ-Мамай) аттары жөнiнде, қазақ-қырғыз салт-дәстүрлерiнiң ұқсастық себептерiтуралы пiкiрлерi, Шаман дiнiнiң шығу тарихы, Шаман дiнiмен байланысты ырымдардың қазақ арасында күнi бүгiнге дейiн сақталуы. (Айға бата жасау, отқа май құю, келiннiң отқа салар апаруы, ауру адамды отпен аластау).
8.Шоқанның қазақ ырымдарын талдауы, (көз тию, садақа беру, әулиелердiң басына түнеу, ақ сарбас айту, хайуанаттарды киелi санау, буаз аңдарды атпау т.б.)
Қорқыт Көрұғлы туралы, Асанқайғы жөнiндегi ой-пiкiрлерi.
9.Шоқанның қазақ салт-дәстүрлер мен дiни наным-сенiмдердi зерттеу еңбектерiнiң құндылығы.
10.Шоқанның 1860-61 ж.ж. Петербургтегi сапары кезiндегi ғылыми қызметiне сипаттама;
11.Шоқан өмiрiнiң соңғы кезеңдерi (Чернияев армиясынан кетiп қалуы, Тезек төренiң ауылына барып, оның қарындасына үйленуi).
12.Шоқан еңбектерiн зерттеушiлер: Ә.Марғұлан, Қ.Хайдарова, Б.Сүлейменов т.б.
13.Шоқанның есiмiн мәңгi есте қалдыру жолында iске асырылған iс-шаралар:
Қазақстан ұлттық ғылым академиясының тарих және археология институтының , Көкшетаудағы университеттiң оның атымен аталуы, Алматы, Көкшетау қалаларында оған ескерткiш орнатылуы, көшелердiң аты берiлуi. Талдықорғанның Алтын-Емел станциясындағы бейiтiне ескерткiш орнатылуы, Алтын -Емелде, Көкшетауда мұражай ұйымдастырылуы, оның атындағы тарихи ғылыми еңбектерге жыл сайын мемлекеттiк сыйлық тағайындау, орысша-қазақша оның көптомдық еңбектерiн шығару т.б. iстер атқарылды.
Ы.Алтынсариннiң тәлiмдiк мұралары (1841-1889).
1. Ы.Алтынсариннің тілмаштық кезеңі.
2. Ы.Алтынсариннің орыс достары.
3. Ы.Алтынсариннің қазақ халқының салт-дәстүрін зерттеуі.
1.Ыбырайдың атасы Балғожа бидiң тәрбиесiнде болуы, оны Балғожаның өз орнына әкiм етiп тәрбиелеудi көздеуi. Орынбор шекара комиссиясы жанында 1850 жылы ашылған орыс-қазақ мектебiне берiп тiлмаш, писарь етiп шығаруы.
2. Ыбырайдың ауыл-ауылды аралап елден қаржы жинап 1864 ж. Торғайда тұңғыш орыс-қазақ бастауыш мектебiн ашуы. Әсiресе соңғы 10 жылда Торғай облысында мектеп инспеторы болып, оқу-ағарту iсiмен айналысуы. (Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда, Красноуфимскiде орыс-қазақ мектептерi, Қостанай, Торғай, Ақтөбеде қолөнер училищесiн, қыздар пансионатын ашуы).
3. Ыбырайдың “Мұсылмандық тұтқасы” атты (1884) оқулық жазып, дiндi тәрбиенiң құралы ретiнде пайдалануы, шала молдаларға қарсы күресi.
4. Ыбырайдың проф. Н.И.Ильминскиймен достық қарым-қатынаста болуы, оны өзiнiң ағартушылық iсiн алға апаруға пайдалануы, астыртын миссионерлiк саясатқа қарсы күрес ашуы, отарлау саясатына қарсылық бiлдiруi.
5. Ыбырайдың К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой еңбектерiн басшылыққа ала отырып екi оқулық (Қырғыз хрестоматиясы – 1879, Қазақтарға орыс тiлiн үйретудiң әдiстемесi – 1879) жазуы. Ол оқулықтардың үш түрлi ерекшелiктерi: бiрiншi – халық ертегi-аңыздарын пайдалануы, екiншi – орыс, батыс жазушыларының дидактикалық сарындағы еңбектерiн аударып енгiзуi, үшiншiден – өзiнiң ақыл-нақылға құрылған қысқаша әңгiмелерiн енгiзуi;
6.Ыбырайдың Ресей географиялық қоғамының Орынбор өлкетану бөлiмшесiнiң тапсыруы бойынша “Орынбор ведмоствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу, ас беру дәстүрлерiнiң очеркi” мен “Орынбор ведмоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерiнiң очерктерi” (1870) атты еңбектерiн жазып ұсыну:
Онда қазақтың құда түсу, жетi атаға дейiн қыз алыспау рәсiмдерiнiң елдi бiрiктiрудегi прогрессивтiк мәнiн ашып көрсетуiмен бiрге әмеңгерлiк зияндылығын айыптауы;
Молдалардың неке қиюдағы жас қыздарға жасайтын қиянатын, некенiң ерiксiз қиылатыны айыпталады.
Сондай-ақ өлген адамдары жерлеу рәсiмдерiне талдау жасай келiп, молдалардың өлген адамның күнәсiн “сатып алмақ” болып, мал-мүлкiн тонау сияқты жексұрын әрекеттерiн әшкерелейдi.
Жоқтаудың тәлiмдiк мәнiн аша келiп, өлген адамның жетiсiн, қырқын, жылын, асын беру, бейiт тұрғызу салттарын жан-жақты талдап баяндайды.
Өлген адамға асты 63 жасқа (пайғамбар жасына) келген атақты бай, билерге беретiнi, аста көп мал сойып, аста төк жасайтыны, ысырапқорлыққа жол берiлетiнi айтылады. Күрес, ат бәйгесi, т.б. ұлт ойындары ұйымдастырылатыны, аттың бәйгесi мен күрестiң бәйгесiн рулы елдiң талап алып кетiп, балуан мен ат иесiне түк тимейтiнi, мұның бiр жағы мақтаншақтық-даңғойлық екенi айтылады.
7. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерiн зертеудегi мақсаты дәстүрлердiң шығу тарихына ғылыми талдау жасай отырып, озығы мен тозығын ажырату, тәлiмдiк мән-мағынасын ашу, озық дәстүрдi тәрбиенiң құралы ету едi. Сонымен бiрге қазақ мәдениетiн орыс достарына бiлдiрудi мақсат еттi. Ол сол кездегi орыс чиновниктерi ойлағандай қазақтардың “ұры”, “тағы, көшпелi, жабайы халық” емес, өзiндiк мәдениетi, өнерi бар халық екенiн бiлдiрудi көздедi.
8.Қазақтың салт-дәстүрлерiн жинап зерттеумен бiрге, әр ауыл, болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кiтапхана салып, қайтсем қазақ елiн мәдениеттi елдердiң қатарына жеткiземiн деп арпалысты. Ол өзiнiң орыс досы В.В.Катаринскийге жазған хатында “Қазақ халқы оқу-бiлiмге сусап отырған халық, әттең, бұл iске оқыған адамдардың (орыс чиновниктерiнiң – С.Қ.) жаны ашымайтыны есiңе түскенде, кейде күйiнесiң” кейбiр ақылдысымақтардың “қазақ тентек, қанiшер халық” деулерi мәңгi-бақи тек қағаз бетiндегi мағынасыз сөз болып қала бермек… Қазақтарды оқыту жөнiнде бастықтарымыздың бекiнiстер жанынан мектеп салудан гөрi, үйлерiнiң онсыз да қызыл төбелерiн боятқанды, онсыз да ақ қабырғаны ақтай түскендi тәуiр көредi” деп ел билеушi әкiмдерге ренiш бiлдiредi.
Ыбырайдың Орынбор генерал-губернаторы Проценко тарапынан қуғын көрiп, оның Ыбырай ашқан мектептердi жауып, өзiн инспекторлық қызметтен босатпақ болып, iсiн сотқа беруi, ақыры орыс достары Н.И.Ильминский, В.В.Катаринскийлердiң ара түсуiмен аман қалуы осы кез едi.
9. Қалың елi қазағының қамын ойлап екi бiрдей қара күшпен (бiрiншi - қазақ арасындағы қожа-молдалармен, екiншi орыс миссионерлерiмен) алысып баққан Ыбырай Алтынсарин небәрi 49 жас жасап, 1889 ж. июнь айында жүрек ауруынан қайтыс болады.
10. Ыбырайды мәңгi есте қалдыру мақсатында Қостанайдағы қазақ мектеп-интернатына, Торғайдағы пединститут пен Алматыдағы Қазақ Бiлiм академиясына оның аты берiлдi. Осы мекемелер жанынан Ыбырайға арналған мұражай ұйымдастырылды. Алматы, Торғай, Қостанай қалаларында оның атында мектептер, көшелер бар.
Ыбырай мұраларын зерттеу iсiмен Ә.Сыздықов, Т.Тәжiбаев, Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Молдашев, К.Жұмағұлов, С.Қалиев т.б. айналысты.
Қазақ этнопедагогикасы жөнiндегi А.Құнанбаевтың (1845-1904) көзқарастары.
1. А.Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
2. Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні.
3. Абайдың шығыс әдебиет үлгілеріне қатысы.
Қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, классигi Абай Құнанбаевтың ең алғаш нәр алған бастау бұлағы – қазақтың бай ауыз әдебиет үлгiлерi болса, екiншi – Физули, Фердауси, Низами, Науаи, Сағди, Қожа Қафиз сияқты шығыс әдебиетi классиктерi едi. Үшiншщi – бертiн оңы мен солын тани бастағанда, Семейге жер ауып келген демократияшыл орыс зиялылары: Михаилес, Долгополов, Гросс т.б. достық қарым-қатынаста болып, солар арқылы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крыловтың, батыстың ұлы ақындары Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер еңбектерiмен танысты. Олардың (Пушкин, Лермонтов, Гете, Крылов т.б.) шығармаларын қазақ тiлiне аударды, Пушкиннiң Евгени Онегин поэмасынан Татьянаның хатына арнап ән жазды.
Абайдың қазақ, шығыс әдебиет үлгiлерiн үйренуi әжесi Зере, әкесi Құнанбай, халық ақындары: Шөже, Байкөкше, Балталар және Семей медiресесiнiң имамы Ахмед-Ризаның әсерлерiнен болса, ал орыс, батыс әдебиетiне құнығуына орыстың жер ауып келген оқымыстылары – революционерлерi әсер еттi.
1.Абай шығыс әдебиетiнiң асыл үлгiлерiн өз шығармаларының арқауы еттi. Мысалы, Абай шығыстың “Масғұт” атты ертегiлерiнiң мазмұнында поэма жазды. Онда иесiз тамда қарақшылар өлтiргелi жатқан малды ажалдан арашалап қалған жiгiт – Масғұттың (Мұхаммед пайғамбардың) ерлiгi, оған дән риза болған шалдың:
–Ағын жесең, ақылың жаннан асар,
Сары жесең, дәулетiң судай тасар
Егер де қызыл гүлдi алсаң таңдап,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар – деп үш түрлi жемiсi бар гүлдi ұсынуы, жiгiттiң ақылды да, байлықты да алмай, әйелдi таңдауы, кейiн топан суы қаптап, ел жындана бастағанда, оның да жынды суды iшiп жындануын суреттеу арқылы Абай дүниедегi байлық та, хандық та ақылға табынады. “Ақыл азбайды, бiлiм тозбайды. Тiршiлiктiң тұтқасы ақыл-бiлiмде деген қорытынды жасайды.
Екiншi Абай “Ескендiр” поэмасында атақты Александр Македонскийдiң дүниежүзiн жаулап алып бетi қайтпай келе жатқанда екi шатқалдың арсына салынған темiр қақпаға кез болуы, Ескендiр қанша жұлқынса да қақпаны бұза алмағаны, ақыры күзетшiден сыйлық – белгi сұрағаны, күзетшiнiң адамның көз сүйегiн шүберекке орап, Ескендiрге сыйға бергенiн, Македонский оны өзiнiң ұстазы – Аристотельге алып келiп көрсетуi, Аристотелдiң бұл жұмбақтың шешуiн тауып, адам көзi бүкiл әлемдi жауласа да, дүние-мүлiкке тоймайтынын, өлгенде бiр уыс топыраққа тоятынын мысал ете келiп, мұнда да хандықты да, батырлықты да, бiлiм-ғылым, ақыл жеңедi деген ой топшыланып отыр. Оны бүкiл әлемдi жаулаған Александр Македонскийдi Аристотельге бас игiзу арқылы дәлелдеп отыр.
2.Абайдың қай шығармасын алсақ та ел тағдыры, шаруашылық кәсiбi, тұрмыс-тiршiлiгi табиғатпен тығыз байланыста алынып суреттеледi.
Мысалы: “Ескi киiм” атты өлеңiнде қазақ жiгiтiнiң киген киiмi, ер тұрманы, сауыт-сайманы, олардың жасалу ерекшелiктерiн түп-түгел үш ауыз өлеңге сыйғызып берiп отыр. Сол арқылы қазақ аулының өмiрiн сипаттау көзделген.
Ал “Жазғытұры”, “Жаз”, “Күз”, “Қыс” атты жылдың төрт мезгiлiн сипаттайтын өлеңдерi де қазақ аулының өмiрi, шаруашылық кәсiбi, адамдардың кәсiбi баяндалған.
Абай жылдың төрт мезгiлiн арнайы тақырып етiп алып, оны ел өмiрiмен байланыстыруды орыс классиктерiнен үйрендi. Мысалы: Некраов орыс қысын “Мороз Красный нос” деп орыс ақсақалының бейнесiнде берсе, Абай “Кәрi құдаң қыс келiп әлек салды” деп құдасының ауылында ұзақ жатып алған құда-шалға теңейдi. Ал “Жазғытұры”өлеңiнде:
Жаздың көркi енедi жыл құсымен
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен
Көрден жаңа тұрғандай кемпiр мен шал,
Жалбаңдасар өзiнiң тұрғысымен – деп кәрi-жастың көңiл-күйiн жаздың бейнесiмен байланыстыра суретейдi.
Ал бұған қарама-қарсы “Қараша, желтоқсанмен сол бiр-екi ай” деген өлеңiнде күздiң ызғырық соққан қара суығын, аш-жалаңаш бүрсең қаққан кедей үйiнiң аянышты хәлi мен тамағы тоқ, үйi жылы ықтырма мен күзеуде ет жеп, сорпа iшiп, қызара бөртiп отырған бай үйiнiң кереғар өмiрiн суреттеу арқылы, ақын “Жалшы үйiне жаны ашып, ас бермес” сараң байларды санайды.
Ал Абайдың “Қан сонарда бүркiтшi шығады аңға” деген өлеңiнде аңшылық, саяткерлiк өнердiң қыры мен сырын поэзия тiлiмен сипаттай келiп, аңшының жанына ерген адамға (жас үлкенге) аңды тарту ету (байлау) дәстүрiн де сөз етедi.
3.Абайдың бiр топ өлеңдерi қыз бен жiгiттерге арналған. Өзiнiң “қақтаған ақ күмiстей кең маңдайлы” қазақтың сұлу қызының сыртқы бейнесiн тамаша, асыл теңеулермен бейнелеп бере келiп:
Сөйлесе сөзi әдептi,
Һәм мағыналы
Күлкiсi бейне бұлбұл құс сайрайды – деп сыртқы сұлулығына iшкi әдебi сай аруды перiштедей бейнелеп бередi. Ал бұған қарама-қарсы ашық боламын деп тантық болған “орынсыз жыртақтаған” күлкiшiл, оспадар, дөрекi, даңғаза, парықсыз, әдеп атаулыдан жұрдай қыздарды жерiне жеткiзе сынайды.
Жар таңдаушы жiгiттерге осындай оспадар қыздардан аулақ болуға шақырады.
Абай жiгiттерге де сын айтып, олар қандай болу керек деген эталлон-өлшемдi айқындайды. “Арыңды жасыңнан сақта”, “Ар ақылдың сауыты” дегендi айта келiп:
Керек iс бозбалаға талаптылық
Әр түрлi өнер, мiнез, жақсы қылық.
Кейбiр жiгiт жүредi мақтан көйлеп,
Сыртқа пысық келедi, көзге сынық, – деп, жiгiтке қойылар талаптар: талаптылық, арлылық, өнерлiк, мiнездiлiк – адамгершiлiк қасиеттiң биiк өлшемi дегендi айтады.
Бiр жерде бiрге жүрсең басың қосып
Бiрiңнiң бiрiң сөйле сөзiң тосып – деп сыйласымды достыққа шақырады.
Абай өзiнiң “Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ” атты өлеңiнде ойын-сырын, мiнез-құлық түзелмей, сыртын түзейтiн сымбас борбай, сидаң жiгiттердi:
Олардың ойында жоқ малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ
Жалғыз атын терлетiп ел қыдырып,
Сәлемдеспей алыстан ыржаң қақпақ – деп, жерiне жеткiзе мiнеп-сынайды.
Әкенiң тiлiн алмай, шаруаға мойын ұсынбай, ел қыдырып, ас iшiп, үнемi ойын-сауықпен өмiр өткiзушi жастарға “қалжыңбассып өткiзген қайран өмiр, түбiнде тартқызбай ма ол бiр зарлық” деп кейiн опық жейсiң, ойлан деп ой салады. Ондай жастарға Абайдың қояр талабы:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бiр кiрпiш дүниеге
Кетiгiн тап та бар қалан – деп өсиет айту болды.
Абай жастарға оқу оқып бiлiм ал, өнер үйрен, егiннiң ебiн, сауданың тегiн бiл… Мал жұтайды, өнер жұтамайды дегендi айтты.
Адам болам деген жiгiттiң бойында қандай қасиеттер болуы керек дегенге үлкен мән бердi.
Адам болам десеңiз.
Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда.
Оған қайғы жесеңiз
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәреден қашық бол…
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой…
Бес асыл iс көнсеңiз.
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның бiлсеңiз – деп жастарға жақсы, жаман қасиеттердi санамалап көрсетiп бередi.
Абайдың 41 қара сөздерiнде де адам бойында болуға тиiстi адами асыл қасиеттер мен оқу, бiлiм, өнердiң пайдасы, адамды адамшылықтан аздыратын ерiншектiк, мақтаншақтық, күншiлдiк, көрсе қызарлық, өсекшiлдiк т.б. жаман әдет, жат мiнездер жан-жақты ғылыми тұрғыда сөз еттi.
Абай өзiнiң ақындық өнерiн де, ғақылиялық ғалымдық ой-пiкiрiн де қазақ халқының ғалымдық ой-пiкiрiн де қазақ халқының келешегiне, iргелi, мәдениеттi, көсегелi, берекелi, бiрлiкшiл ел болуына арнады.
19 дәріс. Ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлы мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақтың тұңғыш халық ағартушысы, ұлт ұстаздарының атасы атанған Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңін жұртшылық арасында білмейтіндер кемде кем. Дегенмен де, осы балаларға арналған өлеңнің «Бір Аллаға сыйынып» деп басталатыны, бұл жолдардың кеңес тұсында алынып тасталғаны кейінгі күндері ғана белгілі болды.
Шындығында қазақ баласын оқуға, білім мен ғылым жарығына шақырған бұл өлең Ресей патшалығының орыс миссионерлерін жіберу арқылы қазақ даласын жаулай бастаған жылдары жазылғандығы анық. Сондағы алғаш рет ұлы даладан мектептер ашу ісінің мәнісі де түсінікті – қазақты ұлт ретінде жою. Яғни, Патшалы Ресей қазақты орыстандырып, православие дініне мойынсындырсам деген ниетінен барып қана қазақ сахарасында алғашқы миссионерлік мектептер ашылды. Бұл жөнінде ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Закон жобасының баяндамасы» атты «Қазақ» газетінде шыққан топтама мақаласында арнайы тоқталып өтеді. Онда автор былай деп жазады: «Дін жұмысы туралы 1822 жылғы Сібір уставында айтқан: бұ күнгі қазақтардың дінінде мұсылмандықтан мәджусилік (отқа табынушылық) мол, сондықтан да бұларды христиан дініне кіргізуге үміт бар. Облостной кәкімдер қазақ ішіне миссионер жіберуін сұрау керек. Миссионерлер қазақты зорламақ, өз еріктерімен христиан дініне үгіттеу керек... (Басқарма)». Осы тарихи деректің өзі мәдени-рухани тәсілмен жүргізілген отарлау саясатын ашық көрсетеді. Бірақ, діни миссионерлердің бұншалықты ұлтты жоюға бағытталған сорақы қам қаракетінен ештеңе шыға қоймады. Сол кездердің өзінде миссионерлер мектебінің табалдырығын аттағандар, яғни жат пиғылдылардың тәрбиесін көргендердің өзі түптеп келгенде ғылым мен білімге ізденістерін өздігінен дамытып, өз ұстаздарының мақсатын жүзеге асыруға емес, ұлтының білімді болуына қызмет ету жолын таңдағаны, сол бағытта табандылық танытқаны анық. Сондай ұлы тұлғаның бірегейі һәм қазақтың ұлттық ағарту ісінің атасы – Ыбырай Алтынсарин.
1926 жылы қазанның 29-ында Қазақстанның Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасов Тәшкентте педагогикалық жоғары оқу орнының ашылу салтанатындағы «Жоғары оқу орнының Қазақстан үшін маңызы» атты баяндамасында қазақ елін сауаттандыру ісіндегі Ы. Алтынсариннің еңбегін жоғары бағалайды. «Өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин деген қазағымыз болған. Ы. Алтынсарин – орыс мәдениетімен көрші қонған алғашқы қазақтың бірі. Біреуден қаймыққандығынан емес, өзінің ар иманымен православие миссионерлеріне көмектескен адам, орыс қазақ мектептерін алғаш ұйымдастырған да, қазақ жазуын орыс әліппесіне көшіруді көздеген де осы кісі. Ол әйгілі орыс оқымысты миссионері Ильминскийдің досы болатын, соған қалтқысыз көмектесті. Міне, дәл осы Алтынсарин өзі өлер алдында қазасын аза тұтуға бірде бір орыс адамының араласпауын сұрап, тіптен олардың «маған етене жақын жүргені болса да араластырмаңдар» деп тапсырған. «Жаназама тоқсан тоғыз молда шақырыңдар», деп өсиет қалдырған. Бұл, әрине, көзі ашық деген зиялы қазақтың басындағы трагедия еді. Орыстармен ұзақ жыл үзеңгілес өмір кешкен пенденің көңіліне түйгені, орыс миссионерлерінің қазақ жұрты үшін еш жақсылық ойламайтынына көзі әбден жеткен пенденің көкірегіндегі қасіреті болатын. Бәлки, бұл оның тіршілікте өз қолымен жасаған күнәсін қазақ деп қарс айрылған жүрегінің жантәсілімдегі айыптаулары болар. Қалай болғанда да, ол бәлен жыл бірге істеп, біте қайнасқан орыс ымыраластарынан безген», дейді С. Сәдуақасов. Тоқтала кететін жайт, Ыбырай Алтынсарин миссионерлік пиғылға қанша араласқанымен де, яки қазақ жастарына ана тілімен қатар орыс тілін де үйретуге күш салғанымен де оның ұстаздық мақсаты айқын болды. Бұл мақсат қазақ баласына ғылым, білімнің әр саласын терең меңгерту, қазақтың жастарын оқыту арқылы өркениетке қадам бастыру болып табылады.
Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, алғашқы тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді.
Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, әсерлі әңгімелері, мысалдары қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсариннің тіл тазалығы үшін күрескерлігі, педагогикалық ілімнің тұңғыш кемеңгері екендігі мойындалады.
Ал қазақ даласындағы оқу ағарту мәселесін іс жүзінде тұңғыш рет қолға алған Ы. Алтынсарин болса, оның салған ағартушылық жолын ілгері жалғастырып, дамытушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы. Яғни, қазақтың «екінші Алтынсарины» аталған А. Байтұрсынұлы саналы ғұмырын білімге арнап, кейінгі ұрпақ үшін ағартушылық жолды барынша жеңілдеткен ғұлама. Ол қазақ даласындағы білім берудің, мектептердің жайын, бала оқытудың жолдары мен тәсілдерін тек баспасөз жүзінде ғана көтеріп қоймай, өзінің бар ықыласын оқу мен білім әдістеріне аударып, осы жолда мол қазына қалдырған, өлмес мұра жасап кеткен данышпан ғалым.
«Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ - қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың» -
немесе,
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын
Ел бүгіншіл, менікі- ертеңгі үшін»,
- деп, айтатын Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық деңгейде дәріптелуі тиіс ұлы ұстаз. Ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы ғалым. А. Байтұрсынұлының жазған мектеп оқулықтары 1914 жылдан бастап 1926 жылдарға дейін пайдаланылып келді. Одан кейінгі күндері де, бүгінгі күні де ғалымның еңбегі еш ескірген емес. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әліпбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы», «Оқу құралы» арқылы оқып үйренді.
Ы. Алтынсарин балаларды оқуға үндегенде «Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық!», деп бастаса А. Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Қазақша алифба» (Орынбор 1912 жылы басылып шыққан) оқулығы «Би исми иллаһи рахмани рахим!», деп Құран сөзімен ашылады. Одан соң барып:
«Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!», деген насихаттық жыры жазылады. Тағы бір өлеңінде:
«Балалар, оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап»,
- деген өлең шумақтарымен балаларды мектепке, оқуға шақырады.
Деректерге сүйенсек, ұлт ұстазының «Тіл құралы» жиырма бес рет, «Әліпбиі» жеті рет басылып шыққан екен. Сондай ақ, қазақ мұғалімдері үші жазылған «Баяншы» оқулығы сегіз мың тиражбен, «Оқу құралы» елу мың данамен, «Тіл құрал» бірінші жылдық – отыз бес мың, «Тіл құрал» екінші жылдық - жиырма бес мың, «Қырық мысал» бес мың, «Маса» кітабы бес мың данамен таралған екен. Бұдан басқа ғалымның «Нұсқаушы», «Әліппе астары», «Сауат ашқыш», «Әдебиет танытқыш» секілді бірқатар оқулықтары да бары белгілі.
Арнайы оқулықтар тапшы болып тұрған тар заманда жұртшылықтың біліммен сусындауына төте жол салып берген А. Байтұрсынұлының еңбегі орасан зор, білімге талпынған қазақтың да сол еңбектерден алған пайдасы мол болды. Әрі бұл оқулықтардың қай қайсысы да сол кезеңдерде тек қазақ арасында ғана емес, көршілес елдерде де теңдессіз деп танылған. Орыс ғалымдарының өзі А. Байтұрсынұлының тарихта алатын құрметті орнын ғылыми дәлелдермен жазып қалдырған. Мәселен, 1929 жылы орыстың ғалым қайраткерлерінің басшылығымен басылып шыққан «Литературная энциклопедия» баспасында А. Байтұрсынұлы туралы: «Байтұрсынов является и первым выдаюшимся казахским ученым-лингвистом. Он – реформатор орфографии казахского языка, основоположник его грамматики и основатель теорий казахский литературы», деп жазады.
А. Байтұрсынұлының қазақ тілінің терминін қалыптастырудағы еңбегі де ұлттық білімдегі көп істі біршама жеңілдетіп, осы бағыттағы алға жылжуды барынша ілгерілетті. Мәселен, термин қалыптастыруда қазақ тілінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланған ғалым бүгінгі қолданып жүрген басты басты ғылыми терминдерді қалыпқа түсіріп берді. Қарапайым мысал ретінде айтсақ – зат есім, сын есім, сан есім, етістік, одағай, үстеу, шылау, леп белгісі, сұрау белгісі секілді тіл ғылымының терминдерінің баршасы А. Байтұрсынұлының жасаған еңбегі. Әйтпесе, оған дейін Ы. Алтынсарин оқулықтарындағы терминдер «нәрселердің аттары» (имя существительное), «зат мақұлықтың аттары» (имя прилагательное), «есеп аттары» (имя числительное) деген секілді түсіндірілген екен.
А. Байтұрсынұлының бала оқыту мәселесіндегі әдістері де, білім беру ісіндегі ол көтерген проблемалар да бүгінгі күні өзектілігін жойған жоқ. Қайта, соңғы кездері ұлт ұстазының қолданған әдістемелерін жаңғырта түсу қажеттілігі қатты сезіледі. Бұл тұрғыда қазақ балаларына өзінің ана тілінде біліммен сусындату мәселесінің де маңызы зор болмақ. А. Байтұрсынұлы сол кезеңдердің өзінде материалдық базасы мықты болып тұрған орыс мектептерінің қазақ балалары үшін келтірер пайдасы шамалы екендігін ашық айтады. «Олардың пайдасын кемітіп отырған бір ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отыр. Сол школалар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді. Соның үшін біреулері әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілінде оқысын дейді, ана тілінде оқығандар да орыс әрпімен оқысын дейді», дей келе, бұндай ұстанымға қарсы шығады. «Бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш болуы тиіс», дейді А. Байтұрсынұлы. Шындығында, ғалым осы жолда барынша күш жұмсады.
«Ана тілі» терминінің де осындай пәннің де авторы болған А. Байтұрсынұлы, ұрпақтың өз ана тілінде білім алуының маңызын, пайдасын түсіне отырып күрес жүргізеді. Ал шындап келгенде бүгінгі қазақтың басындағы хал де сол кезеңдегіден артық та алшақ та емес. Өйткені, бүгінгі қоғамда орыс тіліндегі білім сапалы болады деген желеумен баласын ана тілінде оқытудан бас тартып жатқандар да баршылық қой. Яғни, баланы жастайынан өзге тілмен жетілдіру әлі де сақталып отыр.
Ал оқулық сапасына келер болсақ, бұл өз алдына жеке әңгіме. Дегенмен де, бұл бағытта да Ахаң салған сара жолдан ауытқушылық бар секілді көрінеді, ал бұны қайта жаңғыртудан тек ұтарымыз хақ. Бір ғана мысал келтірейік. А. Байтұрсынұлы бала оқытушыларға арнап жазған оқулықтарында жасөспірімді қызықтырып, ынталандырып, баурап әкететін тұстарына көбірек көңіл бөлген. Ғалымның пайдалануға үгіттеген дағдыландыру, сынау, жетілдіру әдістерінің маңызы да үлкен. Оның оқулықтарындағы қысқа да нұсқа әңгімелерін, мысалдарын оқуға оқушылардың өзі құлшына, қызыға, құныға да кірісетіні кәміл. Ахаңның әңгіме соңынан тобықтай түйінмен қорытындылау әдісі бала тәрбиесіне, мәдениетіне де ерекше әсер етеді, қанымызда бар шешендік өнерді жаңғыртады. Осы тұрғыда ғалымның оқуға жеңіл тілмен баланы тарту әдістері әлі де өзекті болып табылады. Мақал мәтелдер, аталы сөздерге кеңінен иек артқан бұндай әдістердің бүгінгі күні жетіспей тұрғаны рас. Мысалға алатын болсақ, ауылдағы ата мен әжесінің әңгімесін тыңдап өскен баланың тілі қандай көркем болса, қалалық ортада өскен баланың қазақша әңгіме айтуы сондай шолақ көрінеді. Сол екі басқа ортада өскен, бірақ екеуі де қазақша оқыған баланы қатар отырғызып, тексерсеңіз бұған анық көз жетеді. Бұл да оқытушы тарапынан, оқулықтағы қазақы мысалдардың, аталы, шешендік сөздер үлгілерінің жетіспеушілігінен, жастайынан сіңбегендігінен болатын үрдіс.
Өткендегі жиында бір жазушы ағамыздың «Қазіргі қалада тіпті қазақша оқыған балаға «беті табақтай» деп сөз айтсаң түк түсінбейді. Оған түсінікті болуы үшін «беті компьютердің мониторындай» деп сөйлеу керек екен» деп кейігені де осындай кемшіліктерден туындайтын дүние деп білеміз. Тағы бір мысал. Бір танысымның кішкене немере інісі балабақшада және өз әке-шешесімен тілдескенде тек орысша сөйлесіп, ата әжесімен үнемі қазақша сөйлеседі екен. Қазақша мен орысша әбден араласып, миы ашыған болуы керек, бірде ол атасынан «Мен осы дәл қазір қазақша сөйлеп отырмын ба, жоқ орысша ма?», деп күңіреніп тұрып сұрайтын көрінеді. Мұның өзін баланың жастайынан жетілуінің орнына қиыншылыққа ұрынуы деп есептеуге болады. Сондықтан да, А. Байтұрсынұлы ілімдерін, соның ішінде бала оқыту әдістерін бүгінгі ұрпаққа сіңірудің мәнісі зор болатын еді.
Бір сөзбен айтқанда, Ы. Алтынсариннің де А. Байтұрсынұлының да қазақ халқы үшін, әлеуметтің оқу ағарту ісін алға бастыру үшін жасаған еңбегі орасан зор. Сондықтан да осыншама сарқылмас мұраны мирас етіп қалдырған данышпандардың еңбегімен баланы алғаш мектеп табалдырығын аттаған тұстан бастап таныстырудың мәнісі де үлкен. Кезінде «Оқы, оқы және оқы» деген Құран сөзін иемденген Ленинсіз мектеп есіктері ашылмайтындай еді. Ал қазақ балалары үшін осы екі ғалымның жасаған сыйын неге сондайлық деңгейде дәріптемеске?!
Мұхтар Әуезов А. Байтұрсынұлы туралы: «Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі»», деп дұрыс баға берген. Сондықтан да ұлттың рухани көсемдері шын мәніндегі көсемдер деңгейінде ұлықталуы тиіс.
А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ахметтің “Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5 ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске кіреді.
Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі. Осылайша большевизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған “Жизнеописание” (1929, 8 наурыз), “Биография” (1929, 21 тамыз) деген материалдар айрықша бағалы. Бұлар Алматы университеті архивінде сақталған.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын саралауға арналған.
Мәскеуде 1929 жылы “Коммунистік академия” баспасынан шыққан “Әдебиет энциклопедиясының” 1-томында А.Байтұрсынов: “Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылады.
Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың: “Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, “Қырық мысал”, “Маса” еңбегі, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды”. (“Ақжол”, 1923, 4 ақпан), – деп жазады ол.
Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол “Еңбекші қазақ” газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) “Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: “А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды”. “Қырық мысал”, “Маса” кітаптарын, “Қазақ” газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан компартияға кіргенін түгел шолып айта келіп, мынандай түйін түйеді: “Қалай болса да жазушы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... Елуге келген Ақаңды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзақ болуын тілеймін”.
Түркістан республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан Орталық партия комитетінің газеті “Ақжол” 1923 жылғы 4 ақпанында шыққан 270-санында: “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”, — деп жазылған.
Бұдан кейінгі уақыттарда, әділет принциптері бұзылып, адамшылықты таптаған зұлмат жылдар, нәубет, селебе, қан қырғын – репрессиялар басталған кезде, көп нәрсе мүлде бұрмаланды, “байтал түгіл бас қайғы” дейтін күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап, тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі – қылмыс, азамат басын жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды.
Бірақ сонда да ескі газет-журналдарды, архивтерді ақтарған, көне кітаптарды оқыған сұңғыла жандар алдынан тұтас тау сілеміндей болып Ахмет Байтұрсынов мұрасы шығар еді; көзі – қарақты, қайрат-жігерінен, азаматтығынан айырылмаған аға буынның кейбір есті өкілдері, кейде оңашада, алды-артына бір қарап қойып: “Ақаң былай деген ғой” деп суырыла жөнелер еді. Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды жуас, момын көрінгенмен, іштей берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті негіздеген батыр ойлы ғалым өз шәкірттерінің біріне: “Мынау Ақаң жазған “Әдебиет танытқыш”, әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер көресіңдер. Мықты жерге тығып қой” деген екен. Жас, өр кеуде, тұяғына тас тимеген шәкірт өмірде талай теперіш көріп, таяқ жеген, дана ұстаз тілін алды дейсіз бе. Ақаң кітабы, ондағы пікір-байлам, ой-тұжырым, жаңалық – табыс туралы айтып та, жазып та жіберген. Жұрт білмей ме, көрмей ме, көрсетпей ме, білген, көрген, көрсеткен. Сонда тұмсығы тасқа тиген шәкіртіне ұстазы айтқан сөз: “Ескерттім ғой, - болмадың. Енді оқасы жоқ. Шыда! Мұндайда еңбек етсең ғана еңсең көтеріледі”.
Қазақстанда Байтұрсынов есімін ауызға алуға да, жазуға да тыйым салынған уақыттарда түркологтар тарапынан оқта-текте ол туралы бірен-саран пікірлер айтылып қалып жүрді. Әсіресе академик А.Кононов еңбегі қалың көпшілікті елең еткізді. Аты шартарапқа мәлім, беделді тілші ғалымның редакциясымен және алғысөзімен Мәскеуден 1974 жылы шыққан “Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі” кітабында Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы, өскен ортасы, ата-бабасы, білім алған мектептері, қызмет еткен орындары, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол “араб алфавиті негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сол сияқты әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды” деп тарихи тұрғыдан әділ көрсетілді. Кейбір қазақтың “қырағы” оқымыстылары бұл пікірлермен келіспей өз ұлтшылымызды өзіміз әшкерелейміз” деген пікір айтты.
Қазақстан азаттық алғанға дейінгі Ахмет Байтұрсынов туралы жазылған пікірлердің сілемі осындай. Күрделі тұлғаның өмірі, ғылыми, әдеби мұрасы жайлы тілшілер — Ә.Қайдаров, Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Кеңесбаев, әдебиетшілер – Қ.Мұқамедқанов, Р.Нұрғалиев, тарихшылар – К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, С.Өзбеков, жас ғалымдар – А.Мектепов, Ғ.Әнесов, Б.Байғалиев т.б. еңбектері шыға бастады. Бір томдық шығармалары, үлкен көлемді “Ақ жол” (құрастырған Р.Нұрғали), “Тіл тағылымы” (құрастырған Р.Сыздықова) кітаптары басылды.
Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931)
Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады. 1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.
Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
***
Жүсіпбек Аймауытов (1889ж., Павлодар обл., Баянаулы ауд., Қызылтау мекені, - 1913) - аса көрнекті қазақ жазушы. 1907!1913ж. Баянауыл, Кереку (Павлодар) мектептерінде, 1914-1919ж. Семей мұғалімдер семинариясын оқыған. 1920-1921ж. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі. 1921-22ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істеген. 1922-1923ж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1923-1926ж. «Ақ жол» газетінің редакциясында (Ташкент) бөлім  бастығы. Ташкент институтында мұғалім, 1926-1929ж. Шымкент пед.техникумында директор. 1929ж. «Қазақстандағы ұлтшылық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931ж. атылған.
Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910ж. басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде респ. Газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен.
«Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20 ғасырдың басындағы әлеум.революциялар кезінде тартыс жолыннан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді. Үзінділері «Әйел теңдегі» журналында жарияланған «Ақбілек» тақырыбы жағынан «Қартқожамен» үндес. Алдыңғы романда жазушы жаңа қоғамдық жағдайда азаттық жолына шыққан қазақ жасын көрсетсе, соңғы романда осы әлеум.өзгерістер легінде қазақ әйелінің теңдік жолындағы ізденістерін суреттейді. Аймауытовтың үлкен проза саласындағы тағы бір елеулі еңбегі - «Күнікейдің жазығы» повесі.
Ол «Жаңа әдебиет» жарналында жариланған. Кітап болып басылып үлгермеген. Бұл шығарманың тақырыбы да әйел теңдігі, негізі кейіпкерлері - кедей қызы Күнікей. Аймауытовтың ырғақты прозасы - қазақ әдебиетінде ақ өлең үлгісін туғызуға жол бастады. Аймауытов драмалық шығармалар жазұға ерте талпынған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойынсауак үйірмелеріне белсене қатысып, домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойған, өзі басты рольдерде ойнаған. Аймауытовтың пьесаларының негізгі тақырыбы да халықтың азаттағы идеясы. Ол ескі өмірдің мешеу көріністерін сынай отырып, халықты оқуға, өнерге, білімге үндейді.
Ел адамдарын оятып, жаңа тіршілікке шақырады «Рәбиға», «Қанапия мен Шәрбануда», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар». Аймауытов пьесалаларының ең елеулісі - «Шернияз». Мұнда жазушы қайшылықты қоғамдық ортада күрделі өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын бейнелейді. Аймауытов - әдеби творчествосын өлең жазудан бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеғдері күнделікті баспасөз бетінде сақталған. Өлең - үлкен проза мен драматургияға ден қойған жазушының алғашқы тәжірибесі сияқты. Бұлардың көбі ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңару идеясын жырлайды.
«Нұр күйі» поэмасында анасынан соқыр боп тұған баланың өнерпаз, күйші болып өсуі, дәрігердің көмегімен көзінің жазылуы суреттеледі. Аймауытов «Интернационал», «Жас әскер» сияқты революция дәуірінде кең тараған күрес жырларын қазақшаға аударған. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. Өмірінің көбін баспасөз маңында өткізген жазушы үлкен публицист есебінде де белгілі. Сол кездегі мерзімді баспасөз беттерінде ол жазған мақалалар, оқшау-фельетондар, хат-хабарлар көп.
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.
Өмір жолы. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.
1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.
Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.
Шығармашылық мұрасы. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.
Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.
"Нұр күйі" поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.
Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары туды.
"Қартқожа" романы 1926 жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты. Роман жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың әлеуметтік аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болды. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады.
Романдағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, болашаққа бет алады.
Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романы кезінде кітап болып шыкпаған. 1927—1926 жылдары баспасөзде жарияланған. Тақырыбы жағынан ол "Қартқожа" романымен үндес. "Қартқожада" көтерілетін күрес, азаттық идеясы "Ақбілекте" одан әрі жалғасады.
Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.
Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы Жүсіпбек сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамдағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді.
Қысқасын айтқанда, "Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Сол кезеңдегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры Ж. Аймауытовтың 1926 жылы жазылған "Күнікейдің жазығы" атты хикаятына да арқау болды. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікейдің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін, көшпелі жұрттың еш нәрсеге бас қатырмай, жайбарақат кешіп жатқан тіршілігін көзге елестетеді. Шарасыздықтан, әрекетсіздіктен сақтандырады. Ескіге қарсы күресу идеясын көтереді.
Хикаяттың бас кейіпкері Күнікей кедей қызы болса да, еті тірі, пысық. ПІығарманың басында оның ұсқынсыз күйін, қараңғы үйде жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ. Өзі ауру.
Жазушы осы тұста шегініс жасап, Күнікейдің өткен өміріне үңіледі. Қыздың өскен ортасы, отбасының жұпыны тіршілігі суреттеледі. Әкесі Құлтума—байдың малын баққан момын адам. Шешесі Шекер — үй тұрмысын берік ұстаған ширақ әйел. Күнікейдің жаратылысы да ешкімнен кем емес. Өрелі, өнерлі жас болып өседі. Тұрмыстың ұсақ-түйек етекбастылығынан өзін жоғары сезінеді Арын таза ұстайды. Сөйтіп жүргенде арам ойлы қаскүнемдердің қастандығына тап болып, кеудесін ашу мен ыза, намыс пен кек кернейді. Өзі үшін күресе жүріп, ұзатылған жерінен қашып кетіп, сүйген жігітіне қосылады. Бақытына енді қолым жетті дегенде, сүйген жігіті Байман да опасыздық жасайды. Күнікейді ауру еткен осы жағдайлар болатын.
Күнікейдің басынан өткен бұл жайларды жазушы сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығымен сабақтастыра суреттейді. Ескіліктің бұғауын бұзып, қыздың ұзатылған жерінен қашып шығуын, сүйгені Байманға қосылуын баяндау арқылы жазушы сол кезеңдегі адамдар санасында оянған азаттық, бостандық идеясын жеткізуге тырысады. Бірақ әлі де болса шын бостандық жоқ, қазақ ауылына шынайы азат өмір жеткен жоқ еді. Күнікейдің соңғы тағдыры, Байманның опасыздығы осыны аңғартады.
Өзін осылайша талантты прозашы ретінде танытқан Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан бірқатар көркем әңгімелер де туды. 1918 жылы жазалған "Бетім-ау, құдағи ғой" атты әңгімесінен бастап, 1927 жылы жазылған "Ханалар тарихына" дейінгі аралықта өмірге келген "Елес" (1924), "Әнші" (1925), "Боранды болжағыш әулие" (1926) тәрізді әңімелерінің қай-қайсысынан да өзі өмір сүрген дәуірдегі елдің тұрмысын, ой-арманын, заман тынысын жетік білетін әрі оны көркем тілмен, парасатты оймен өрнектеп жеткізе алатын тамаша прозашының қолтаңбасы айқын байқалады.                          
“Боранды болжағьпп әулие" әңгімесінде қазақ ауылының қыстың бір боранды күніндегі өмірі суреттеледі.
... Сақылдаған сары аяз. Қарадан қарап тұрып бірдеме шарт ете түседі. Не терезенің шынысы шатынайды, не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз.
Қыстың аязды күнін жазушы осылайша дәл әрі көркем тілмен суреттейді. Бұдан әрі ұйтқып соққан боран, ыққан мал, адасқан малшылар жайында баяндайды. Сол боранда бірқатар мал қырылады. Әңгіме кейіпкері: "Шіркін, бұлай боларын алдын ала болжап білсем-ау", — деп армандайды. Кейін қалаға барып барометр туралы естиді. Соған қолым жетсе деген арманға беріледі.
Шағын ғана әңгімеде автордың өмір көріністерін суреттеудегі тамаша шеберлігі байқалады. Жазушы ұсынып отырған суреттер тура өмірдегідей қарапайым әрі түсінікті. Шын таланттың қаламынан туғаны байқалады.
Жазушының "Әнші" әңгімесі де дәл осындай нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған.
...Жетішатыр — жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы—қымыз, ойын-сауық— "кататься". Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса— пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.
Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі осындай қысқа-қысқа образды ұғымдармен берілген. Адам туралы бір ауыз сөз болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр.
Одан әрі қымыз дастарқаны. Қымыз құюшы қыз Шекет, қымызға құмартқан қалалықтар. Осындай бір сәтте дастарқанға әңгіменің бас кейіпкері әнші жігіт Әмірқан келеді. Ән салады. Кейін Әмірқан қала жастары дайындаған спектакль-концертке қатысып, көпшіліктің қошеметіне бөленеді.
Оқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірқанның арасындағы достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы,  жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған сәті баяндалады.
Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы — Семей, ал әнші Әмірқан — қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан — Әміренің әншілік кұдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. ...Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды, Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, Азда болса бірегей болды.
Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.
Бұл — ән айтып отырған әншінің бейнесі. Жазушы қаз-қалпындағы әсем сурет жасайды. Әншіні асыра мақтамайды, дәл бағасын береді. Ж. Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.
Тұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінін көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды.
Драмашы ретінде Жүсіпбек Аймауытов ерте танылды. Семейде оқып жүргенде жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, өнер көрсеткен, басты рөлдерде ойнаған. 1917 жылдың аяғында оның "Ескі тәртіппен бала оқыту", "Рәбиға" атты тұңғыш пьесалары жазылып, сахнада қойылды. Кейінірек 1925 жылы "Ел қорғаны", "Мансапқорлар", 1926 жылы "Қанапия мен Шәрбану", "Шернияз" атты драмалық шығармалар жазады. Жүсіпбектін драмалық шығармаларына қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар негіз етіп алынады. Олардың негізгі тақырыбы — азаттық, бостандық идеясы. Халықты оқу-өнерге шақырады. Ел азаматтарын белсенді қимылға үндейді. Әйелдердің теңдігін қорғайды.
Жүсіпбек Аймауытов — өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде "Абай" журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар", 1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы туралы", 1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры", "Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.
Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды.
Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.
Мағжан Жұмабаев
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды. Бірақ бұл оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандырмайды.
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп тұрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға қарай ойысады. Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой сезімдерін ерекше құдіретпен, шыңғырған жан даусының қуатымен жеткізіп, ішкі мұңы мен ашу кегін табиғи байланыстырып жібереді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықты өрнегімен көрініс береді:
Азамат! Анау қазақ ханым десең,Жұмақтың суын апар, жаным десең.Болмаса, Ібіліс бол да у алып бар,Тоқтатам тұншықтырып қанын десеңЕкінің бірі, басқа жол жоқ!
Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар.
Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.
Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына тұтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жендеттері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп 1929 жылдан бастап ақын қуғын сүргінге ұшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горкий мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен, 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін «Халық жауы» деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі
Шәкәрім Құдайбердиев
Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1958 жылы 11 шілдеде Семей уездінің Шыңғыс волостындағы Кең-бұлақта Құнанбай басқарған Тобықты руында дүниеге келген. Әкесі Құдайберді Абайдың үлкен ағасы. Шәкәрімнің анасы – Төлебике Қаракесек руынан Алдабергеннің қызы. Шәкәрімнің шығармалары оның өмір жолы және творчестволық қызметі туралы мәліметтер мен нақтыларды сақтайды.
 Әкесі Құдайберді Шәкәрімді 5 жастан бастап ауыл молласына оқуға береді, молладан араб және персі сауаттылығын тез үйренеді. 7 жасында жетім қалғанына қарамастан билік құрған Құнанбай атасының қорғауында Шәкәрімнің жас бала, бала, боз бала кездері қамсыз өтті. «Марқұм атам мені жетім деп есіркейтін, сондықтан оқытам деп көп қиналған жоқ, содан болар кейбір деңгейде оқуға деген ынтам да болған жоқ, ойыма келгенін жасайтын едім, оқу мен тәрбиеге қатысты қатаңдық көргенім жоқ,» - деп еске алатын Шәкәрім.
 Шәкәрім шамамен 1898 жылдан бастап, қырықтан асқан кезінде творчествоға бүтіндей бет бұрды. Белгілі бір жүйеде батыс және шығыс әдебиеттерін үйрене бастады. Сол кезде ол Шығыстың Хафиз, Физули, Навой сияқты ақын және ойшылдарының мұраларымен, сондай-ақ Байронның, Пушкиннің, Толстойдың шығармаларымен танысты. Әдебиет, тарих, философия, саз, риторика, жаратылыс ғылымдары, география, осының бәрі оны қызықтыратын.
 ХХ ғасырдың басы Шәкәрімнің творчестволық қызметінің атағы шыққан уақыт. 1906 жылы ол Меккеге, Мысырға, Стамбулға барып, сатып алған кітаптарын Семейге пошта арқылы жібере жүріп, кітапханаларда жұмыс істеген. Оның өмірінің соңғы кездері 1905-1907 жж. революциямен, столыпин әсерімен, бірінші дүниежүзілік соғыспен, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен, февраль және октябрь революциясымен, азаматтық соғыспен, кеңес үкіметінің орнауымен, коллективизациямен тұстас келеді.
 Шәкәрім Ресей мен Қазақстан арасында болған көптеген елеулі жағдайлар мен өзгерістердің куәсі болған. Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы, 1920-1921 және 1930-1931 жылдарғы аштық, 1926 жылғы жаппай конфискациялау – осының бәрі ақынның дүниеге көзқарасына үлкен әсер етті.
 Шәкәрім 1912-1922 жылдары өзін бүтіндей ғылым мен творчествоға арнап Кеңқонысорнында тұрған. 1931 жылғы 2 қазанда Шәкәрім кінәсіз сотталады және құпия түрде атылады. Ұлы талант иесі, үлкен ғалым көп жылдар бойы ұмытылып қалды.
 Құдайбердіұлының тірі кезінде оның «Қазақтар айнасы» кітабы, «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып шықты. 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында, «Қазақ» газетінде бөлек өлеңдері, мақалалары мен эсселері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында Хафизден аударған аудармалар мен Физулидің «Лейлі мен Мәжнүн» поэмасының аудармасын басып шығарды. 1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналына Пушкиннің «Дубровский» мен «Метель» поэтикалық аудармалары жарияланды.
 Бұрынғы ССРО-ның прокуратурасының 1958 жылғы 29 желтоқсандағы Шәкәрімді қылмыстық жасамағаны үшін ақталғаны туралы шешіміне қарамастан, ақынның творчествосына тыйым салу тоқтамады. Бірақ халық ақынның шығармаларын есінде сақтады. Қазақ интеллигенциясы Құдайбердиевтің шығармаларын ресми түрде қайта қарауды талап етті. Тек 1986 жылдан кейін ғана Шәкәрімнің поэзиясын халыққа қайтаруға мүмкіндік туды. 
Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымын, оның тарихи санасының қалыптасуы мен шығармашылық жолын зерттеу барысында, жан–жақты талдау қажет ететін бірнеше мәселелерді кездестіреміз. Солардың бірі рухани жолда өзіне ұстаз тұтқан орыс халқының ұлы ойшылы Л.Н. Толстой мен Шәкәрімнің арасындағы рухани жақындық туралы мәселе.
Сөз жоқ егер біз бұл ойшылдардың арасындағы рухани жақындық туралы ой қозғасақ ең алдымен оларға ортақ рухани жол, ілім ислам дінінің болғандығы шындық. Л.Н.Толстой мен Шәкәрімнің де адамгершілік қағидаларына ислам дінінің гуманистік идеялары ерекше әсерін тигізген. Оны ойшылдардың өздері талай айтып, жазып та кеткен.
Дегенмен мәселенің екінші жағы бар. Бұл жерде әлем ойшылдарының арасында ислам дінін мойындап, оған ерекше құрметпен қараған ойшылдарды шығыс халықтарының арасынан іздемегеннің өзінде, батыста Гете, орыс халқында Пушкиннің ислам мәдениетіне деген көзқарасы қаншалықты болғаны белгілі. Бірақ Шәкәрім сияқты ойшыл дәл осылардың ішінде неге Толстойды өзіне ұстаз тұтып, оның көзқарастарын жоғары бағалады деген заңды сұрақ туындайды.
Жалпы Толстой өз заманында қазақ ойшылдарына біршама әсер етіп, оның әңгімелерін Әлихан Бөкейханов («Бір уыс бидай»), т.б. жазушылар да аударып, ХХ ғасырдың басында “Қазақ” және басқада газеттерде жариялаған болатын.
Бірақ Толстойға өлең арнап, оған жақтас болып, оны ерекше бағалап ұстаз тұтқан Шәкәрім болды. Неге?
Мәселеге бірден кіріспей тұрып ойшылдың Л.Н. Толстоймен хат алысқаны туралы дерекке көз жүгіртсек, бұл жайында Шәкәрімұлы Ахат және басқа да зерттеушілер талай рет жазған болатын.
Шәкәрімнің ұлы жазушы Толстоймен рухани байланыста болған. Ол Толстойға хат жазып үш түрлі сұрақ қояды. Бұл хаттың өзі сақталмағанымен, Шәкәрімнің ұлы Ахатқа айтқан естелігі арқылы біздің заманымызға жетіп отыр [1].
“Адамның арына ең ауыр тиетін не нәрсе? Ірі шығармалар жазуға бет алдым, бұған қандай кеңес бересіз? Жазушы өз шығармасының қатесін қандай әдіспен көріп, сынап түзеуге болады”– деген сұрақтарды Толстойға хат арқылы жіберген Шәкәрім, оларға жауап та алған.
Толстой: “Адам көпшілікке, жалпы қоғамға зиян келтіретін ақиқат істі біліп, соны үш нәрседен қорғанып, айтпай қалса, сол арға ауыр тиеді. Бірінші, сен өте бай болып, сол ақиқатты айтсаң байлығыңа зиян келсе, екінші, сен мансап иесі болып, сол ақиқатты айтсаң мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші сол ақиқатты айтсаң басың жазаланатын болса. Міне осы үш түрлі зардаптан қорғанып, көпке зиян келетін ақиқаты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетін осы”– деп жауап қайырады.
Екінші сұраққа, “Сенің жазған шығармаларың өзің сол оқиғаға қатысқандай шынайы болуы қажет”. Үшінші сұраққа, “Жазушының артық қасиеті – өз қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді...
“...Егер адам өз істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақыл толғауынан өткен қортындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ықпалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, басқаның мінін де көре алады. Сондықтан әділ сыншы – ақ жүрегің”– дейді [2].
Толстойдан философиялық мәні терең осындай тағылым алған Шәкәрім, өз шығармашылығында бұл қағидаларды берік ұстана білді. Оны игілікті ар жолында іске асырды. Үнемі терең тағылымнан қуат алып отырды. Шәкәрімді Толстойға жақындастыра түскен себептің бірі осы рухани қуат еді.
Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының ерекшелігі сонда, ол адамның ішкі рухани дүниесіне ерекше көңіл бөліп, қоғамдық процестерді адамдандыруға тырысты. Қоғамдық қатынастардан адамды іздеуге тырысты.
Шәкәрім әрбір қоғамдық қатынастардан адамды, оның мәнін іздеді. Адамның адамдық мәніне сәйкес келмегенде оларды сынға алып отырады. Бірақ Шәкәрім өз заманындағы қоғамдық процестерден адамды тапқан жоқ. Қоғамдағы саяси әлеуметтік жағдай, қоғамдық ортаны адамдандыруға мүмкіндік туғыза алмады. Бұл ойшылдың қалыптасқан қоғамдық қатынастарды жатсынуына себеп болды. Қоғамдық қатынастар адамнан жоғары тұрған кезде жатсыну басталған еді.
Шәкәрім мен Толстойдың арасындағы рухани жақындық осы жатсыну процесі барысында нығая түсті. Толстой Ресей жеріндегі саяси–әлеуметтік қатынастарды жатсынса, Шәкәрім қазақ топырағындағы әлеуметтік қатынастарды жатсынды.-саяси
ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың басында, қазақ қоғамындағы әлеуметтік жағдай Ресей империясындағы саяси–әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты болды деп толықтай айта аламыз. Патша үкіметінің озбыр саясатына шыдай алмаған оның қол астындағы барлық халықтардың тағдыры, ортақ қиындықты бастан кешірді. Сол кезде Ресей жерінде де, қазақ топырағында да көзі ашық, көкірегі ояу адамдар бұл жағдайдан шығудың жолын іздеп, халықтың ауыр хал күйін жан тәнімен түйсінді. Әсіресе, Ресей жерінде Л.Н. Толстой өзінің бүкіл шығармашылығын сол замандағы халықтың тағдырына арнап жазып, өз шығармаларында бүтіндей бір дәуірдің бейнесін, хал күйін суреттеп кеткен еді. Ол патшаға бірнеше рет хат жазып халықтың мұң мұқтажын жеткізген болатын. Сол кезде, қазақ қоғамында, Л.Н. Толстойдың шығармалары, қазақ тіліне аударылып, ұлы ойшыл халық көсемі ретінде ерекше құрметке ие бола бастады. Қазақ топырағынан Л.Н. Толстойдың адамгершілік қағидалары мен халыққа деген ілтипатын ерекше жоғары бағалаған ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы еді.
Л.Н. Толстойдың көптеген шығармалары патша үкіметінің халыққа жасаған қанаушылық әрекетін сынауға бағытталды. Толстой өзінің “Не істеу керек?” деген шығармасында ресей қалаларындағы қайыршы шаруалардың аянышты хал күйін, олардың қаңғыбастық өмірі, қаналушылығын ерекше суреттеген болатын.
Патша өкіметінің салықты күшейту арқылы қарапайым халықты қанауы, Қазақстан жерінде де өз күшінде іске асты. Патша үкіметінің бұндай саясаты адамдардың еркіндігін аяққа басып, олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырды. Қоғамдық ортада қалыптасқан бұндай жағдай, көп ұзамай, 1905–1907 жылдардағы төңкеріске әкеліп соққан еді.
Л.Н. Толстой өзінің шығармалары арқылы, халқының құқықтық санасының оянуына, ала түсініп, патшаны-ерекше ықпал жасады. Ол төңкерістің болатынын алдын халықтың мүддесін ойлауға шақырды.
Ол 1902 жылы Николай патшаға хат жазады.
Патшаға жазған хатында “...Әскер күннен күнге күшейуде. Түрмелер саяси қуғын көргендерге толы. Енді олардың қатары жұмысшылармен толығуда...
...Діни қудалаулар дәл бүгінгідей қатал және жиі болған емес, олардың күн өткен сайын озбырлығы асқынуда. Барлық қалалар мен фабрикалық орталықтарда халыққа қарсы қаруланған әскер орналастырылған. Көптеген жерлерде қантөгістер де болды, әлі де бұндай қантөгістер бола бермек...”– деп ескертеді [3].
Толстой патшаға халықтың арасындағы қайыршылықтың күнделікті жағдайға айналғанын ашына жазды.
Шіркеулер патша үкіметінің саясатын қолдап, саяси құралға айналған дәуірді халық басынан кешірген болатын. Толстой өз хатында Синодтың патшаға берген есебінің жалған екенін, православиені қолдамайтын адамдардың еркіндігін аяққа басқан шіркеуліктердің әрекетін, сынға алды. Тіптен ол христиан дінінің адамның еркіндігін шектеп отырған әрекетінен мүлдем бас тартып, ислам дінінің адамгершілік қағидаларын, адамсүйгіштік идеяларын қолдап, ислам дінін өзіне ең жақын дін деп санады.
Толстой патшалық державаның тозығы жеткен билеудің формасы екенін айта келе, санасы оянып келе жатқан орыс халқы үшін гуманистік қоғам құруды ұсынды. Патшалық державалық және сонымен байланысты православиелік билікті қолдау Толстой үшін, қоғамдағы қанаушылықты қорғаумен бірдей еді.
Сонымен қатар Толстой Николай патшаға жазған осы хатында, жерді ірі жер иеленушілерден, қарапайым халыққа беруді талап етеді.
“Күштеу арқылы халықты аздыруға болады, бірақ басқаруға болмайды. Біздің уақытымызда халықты басқарудың ең негізгі құралы, халықты зұлымдықтан махаббатқа, түнектен жарыққа бастай отырып, осы жолдан нәтижие шығару.
Ал бұны жасайтындай жағдайға жету үшін, ең алдымен халыққа өзінің мұң мұқтажын айта алатындай мүмкіндік беріп және соған құлақ асып, солардың ішіндегі барлық халықтың талабына сай дегендерін орындау қажет”– деп жазды [4 ].
Толстойдың ойынша егер халықтың мұң мұқтажына құлақ түрсек, халық мынадай талаптар қояр еді;
“Алдымен жұмысшы халық азаматтардың құқықтарын қанағаттандыра алмайтын заңдардан құтқаруды сұрайды. Содан кейін дамуға, алға басуға деген еркіндікті талап етеді. Халықтың рухани қажеттілігіне сай сенімді қабылдау және оқуға деген еркіндік. Сонымен қатар жүз миллиондаған халық бір ауыздан жерді пайдалану бостандығын, жерге деген жеке меншікті жоюды талап етер еді”
Тәрбие отбасынан басталады
Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден  жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде  «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оұушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген.Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек.Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың  тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері  мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни өзіндік «менгің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, даужанжал, баланың табиғи  психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланыкиіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық. 
Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу – тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай – ақ ата – ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар.

Приложенные файлы

  • docx 23971896
    Размер файла: 339 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий