7-нұсқа 6-сынып


7-нұсқа
Сақтардың мекендеген жері,сақ қоғамы
1.Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің
.........тобы белгілі
А)2 В)3 С)4 Д)5 Е)6
2.Сақтар мекен еткен жылдар
А)б.з.б.III м.ж В)б.з.б.IIм.ж. С)б.з.б.Iм.ж.
Д)б.з.100ж Е)б.з.50ж
3.Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы
А)Батыр еркектер В)құтырған еркектер С)қасиетті еркектер
Д)құдіретті еркектер Е)қатал еркектер
4.Б.З.Б.484-425ж өмір сүрген сақтарды «массагет» деп
атаған грек тарихшысы
А)Демокрит В)Геродот С)Аристотель Д)Пифагор Е)Гипократ
5.Гректер тарихшыларының айтуынша «дұшпанға қатал»,
«досқа-адал» болған ежелгі тайпа
А)ғұндар В)скифтер С)сақтар Д)дайлар Е)үйсіндер
6.Жетісуда,Тянь-Шань тауларында,Сырдария өзенінің орта ағысында
мекендеген тиграхауда сақтарын парсылар..........деп атаған
А)ұзын бөріктілер В)қысқа бөріктілер С)шошақ бөріктілер
Д)қисық бөріктілер Е)жалпақ бөріктілер
7.Сақтарды «азиялық скифтер»деп атаған ежелгі халық
А)парсы В)иран С)үнді Д)грек Е)қытай
8.Иран жазбаларындағы сақтардың атауы
А)құдіретті еркектер В)жүйрік атты турлар С)азиялық скифтер
Д)дайлар Е)массагеттер
9. «Сақ әйелдері ержүрек келеді,соғыс қаупі төнгендеерлеріне
көмек көрсетіп,ұрысқа араласады»деп баяндаған грек тарихшысы
А)Ктесий В)Геродот С)Антисий Д)Демокрит Е)Страбон
10.Парсылар атаған теңіздің арғы жағындағы сақтардың атауы
А)сақ-тиграхауда В)сақ-парадарайа С)сақ-хаумаварга
Д)аргиллейлер Е)исседондар
11.Сақ қоғамы неше топтан тұрады
А)2 В)3 С)4 Д)5 Е)6
12.Сақтардың жақсышабандоздар екенін айтқан ежелгі грек географы
А)Геродат В)Ктесий С)Страбон Д)Полиэн Е)Скунха13.Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген
А)патшалар В)жауынгерлер С)малшылар Д)абыздар Е)егіншілер
14.Сақтарды аса құрметтеп,оларды әлемдегі ең әділ
,ең шыншыл халық деп есептеген кімдер
А)парсылар В)ирандықтар С)македондықтар Д)римдіктер Е)гректер
15.Сақтардың жаңа орынға көшіп-қонуды басқарушы
А)ру көсемі В)ру басшысы С)абыз Д)ру ақсақалы Е)әскербасы
16.Сақ қоғамындағы ежелгі үнді-ирандық тілінде «ратайшылар»
яғни «арбада тұрғандар» деп атаған топ
А)абыздар В)жауынгерлер С)малшылар Д)егіншілер Е)батырлар
17.Сақ малшылары мен егіншілері қандай түсті киім киген
А)ақ,қызыл В)ақ,сары С)сары,көк Д)қара,көк Е)жасыл,қоңыр
18.Арал бойы менСырдарияның төменгі ағысын мекен еткен сақтар
А)парадарайа В)хаумаварга С)тиграхауда Д)дайлар Е)исседондар19.Сақ қоғамында патша билігі баласына мұрагерлікке қалдырылғанба?
А)иә В)жоқ С)кейде Д)туысына Е)жақынына
20.Тайпа көсемі сайланған...............
А)басқосуда В)кеңесте С)жиналыста Д)соғыс кезінде Е)отырыста
21.Сақтардың қандай тобына хаома сусынына байланысты ат берілген
А)тиграхауда В)парадарайа С)хаумаварга Д)дай Е)аргиппейлер
22. «Сегізаяқты» деп аталатындар
А)абыздар,көсемдер В)малшылар,егіншілер С)жауынгерлер,көсемдер
Д)малшылар,абыздар Е)егіншілер,қолөнершілер
23.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?
А)сақ В)массагет С)скиф Д)дай Е)аргиппей
24.Қызыл және сары-қызыл киім киген сақтар қоғамының тобы
А)жауынгерлер В)абыздар С)малшылар Д)егіншілер Е)көсемдер
25.Каспиий теңізінің солтүстігін мекендеген сақтар атауы
А)исседондар В)аримаспылар С)массагеттер Д)сарматтар Е)аргиппейлер
сұрақ жауабы
1 А
2 С
3 Д
4 В
5 С
6 С
7 Д
8 В
9 А
10 В
11 В
12 С
13 Д
14 Е
15 А
16 В
17 С
18 А
19 А
20 С
21 С
22 В
23 В
24 А
25 Д

Приложенные файлы

  • docx 23961758
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий