6 класс 3 тема


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


19

ІІІ ТАРАУ


Темір дәуіріндегі Қазақстан.

Б.з.б. І мыңжылдықтың басында
Қазақстан өлкесінің бейнесі өзгеріске
ұшырап, жантақты изенді сорға, сусыз құмды
далаға айнала бастады. Адамдар жақсы
жайылымдық жер табу үшін қыстауларынан
көшіп, алыстай берді. Б.з.б I

мыңжылдықтың
басы:



ертедегі халықтың далалық, таулы
-
далалық және шөлейт кеңістіктерді игеру
дәуірі



Еуропа мен Азия далалық тайпаларының
экстенсивті мал шаруашылығының
қалыптасу дәуірі.

Қазақстан

жағдайындағы көшпелі мал
шаруашылығының дамуы белгілі бір

кезеңге
дейін өндіргіш күштерді дамытқан, алға
бастырушы құбылыс болды.


а) Темір дәуіріне сипаттама

Қазақстанды

мекендеген тайпалар үшін
темірді ашу, оны кеңінен қолдану дәуірі


б.з.б. VIII
-
VII ғ.ғ.

Тас құралдарды өндірістен толық
ығыстырып шығарған дәу
ір
-

ерте темір
дәуірі.

Біздің еліміздің тарихында темір дәуірі
2 кезеңге бөлінеді:



Ерте темір дәуірі
-

б.з.б. VІІІ
-

б.з.б. ІІІ
ғасырлар.



Кейінгі темір дәуірі
-

б.з.б. ІІІ
-

б.з. VІ
ғасырлар.

Ерте темір дәуіріндегі тайпалар
тіршілігі туралы бізге археологиялық

ескерткіштер көптеген мәліметтер береді. Сақ
тайпаларының ескерткіштері негізінен
алғанда обалар түрінде кездеседі.


Жетісу сақтарының ескерткіштері.

Жетісуды мекендеген сақтар мәдениеті 2
-
ге
бөлінеді:

1.

Ерте сақ

кезеңі
-

б.з.б. VІІІ
-

VІ ғасырлар.

2.

Соңғы сақ

кезеңі
-

б.з.б. V
-
ІІІ ғасырлар.

Бесшатыр қорымы Іле өзені бойындағы
Шылбыр қойнауында орналасқан, 31 обадан
тұрады. Ең ірісі
-

Үлкен Бесшатыр қорғаны,
диаметрі
-
104 м, биіктігі
-
17 м.
Бұл қорғандар


“патша қорғандар” деп аталады
.
Бесшатыр қорымдарының салынға
н мерзімі
шамамен бұдан 2400
-
2500 жыл бұрын, яғни
б.з.б. V
-
ІV ғасырлар.

Есік қорымы Алматы қаласының
шығысында, Іле Алатауы баурайында
орналасқан, 40
-
тан астам обадан тұрады.
1969
-
1970 жылы қазылған Үлкен Есік
обасының диаметрі 60 м, биіктігі 6 м.
Қабірден

17
-
18 жас шамасындағы сақ
ханзадасының сүйек қаңқасы және 4000
-
нан
астам заттар табылды. Ол заттардың ішіндегі
ең ерекшесі
-
26 таңбадан тұратын жазуы бар
күміс тостаған, “аңдық стильде” өрнектелген
акинак (қанжар). Күміс тостағандағы жазуды
түрколог


ғалы
м А.Аманжолов оқыды.
Ханзаданың бас киімінде 150 түрлі
жануарлар мен құстардың бейнесі
өрнектелген Археолог Қ.Ақышев бұл
ханзаданы тихрахауда сақтарына жатқызады.
Есік қорымы б.з.б. V
-
ІV ғасырларда
салынған.


Оңтүстік Қазақстандағы ескерткіштер.

Темір дәуі
рінде Оңтүстік Қазақстанда 3
түрлі мәдениет болған (б.з.б. VІІ
-
б.з.V
ғасырлар):

1.

Қауыншы

-

Сырдың орта ағысы.

2.

Отырар

-

Қаратау

(Кангюй
-
Қаратау)
-

Сырдың орта ағысы.

3.

Жетіасар


Сырдың төменгі ағысы.

Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары Арал
теңізінің шығысында орна
ласқан. Бұл
қорымдарды массагет тайпалары қалдырған.
Салыну мерзімі б.з.б VІІІ
-
V ғасырлар.

Жетіасар (жеті қалашық) мәдениеті
ескерткіштерін эфталит
-

хионит (ақ ғұн)
тайпалары қалдырған.


Шығыс Қазақстандағы ескерткіштер.

Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуір
і 3
кезеңнен тұрады:

1.

Майемер

кезеңі
-

б.з.б. VІІ
-
VІ ғасырлар.

2.

Берел
кезеңі
-

б.з.б. V
-
ІV ғасырлар.

3.

Құлажорға

кезеңі
-

б.з.б. ІІІ
-
І ғасырлар.

Шілікті қорымынан 51 оба табылды,
негізінен “патша қорғандар”
. Қабірден 13
қола жебе және қорамсақ табылған. Салыну
м
ерзімі б.з.б. VІІ
-
VІ ғасырлар.

40 обадан тұратын Берел қорымындағы
қабірден көсеммен бірге құрбандыққа
шалынған 13 жирен жылқы қаңқасы табылды.

Б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап Тарбағатай
терістігінде мәйітті тас сандықта жерлеу
дәстүріндегі құлажорға мәдениет
і таралды.

Орталық Қазақстандағы ескерткіштер.

І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


20

Сарыарқаның ерте темір дәуірі
ескерткіштері тасмола мәдениеті деген атпен
белгілі.
Ерекшелігі
-

“мұртты обалар”, ол
екі жерлеу орнынан тұрады
. Тасмола
мәдениеті 3 кезеңге бөлінеді:

Бірінші
кезең
-

б.з.б. VІІ
-


ғасырлар.

Екінші
кезең
-

б.з.б V
-
ІІІ ғасырлар.

Үшінші

кезең
-

б.з.б. ІІІ
-
І ғасырлар.

Белгілі археолог
-
тарихшы Әлкей
Марғұланның ғылыми тұжырымы бойынша
темір дәуірінде Орталық Қазақстанды
мекендеген тайпалар:



Аргипейлер
-
Сарыарқаның солтүстік
-
батысы.



Иссед
ондар
-
Сарыарқаның орталығы.



Аримаспылар
-
Сарыарқаның шығысы.


Солтүстік Қазақстандағы ескерткіштер.

Солтүстік Қазақстанның Ұлыбай
атырабының обалары Тасмола
ескерткіштермен ұқсас болғандықтан
Ұлыбай
-

Тасмола мәдениеті деп аталады.

Ұлыбай
-
Тасмола мәдениеті
3
хронологиялық кезеңнен өткен:

Бірінші
кезең
-

б.з.б. VІІІ
-
VІІ ғасырлар.

Екінші
кезең
-

б.з.б. VІ
-
V ғасырлар.

Үшінші

кезең
-

б.з.б. ІV
-
ІІ ғасырлар.


Арал
-
Каспий бойындағы ескерткіштер.

Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында бұл
аймақты мекендеген тайпалар
-

дахтар
(даи),
массагеттер және каспилер.

Темір дәуірінің құнды ескерткіштеріне
Маңғыстау жеріндегі Дықылтас және
Үстірттегі Бәйте, Қарамөңке, Терең
қорымдары жатады. Дықылтас қорымы

-

жерлеу және ғибадат ету орны (б.з. ІV
ғасыр)
.

Сақ тайпаларының археологиялық
ескерткіштері.

Оңтүстік
Қазақстан және
Жетісу.

Жуантөбе, Түгіскен,
Ұйғарақ, Қарашоқы,
Берікқара, Есік,
Қарғалы, Бесшатыр,
Алтынемел, Қадірбай,
Қызылауыл.

Шығыс
Қазақстан.

Берел, Катон, Күрті,
Майемер, Құлажорға,
Баты, Шілікті,
Бұқтырма, Жолқұдық,
Чернореч
енск, Боброво,
Ертіс, Мнотьевка.


Солтүстік
Қазақстан.

Бірлік, Покровка,
Бектегіс, Карлуга, Кең,
өткел, Боғанаты.

Орталық
Қазақстан.

Тасмола, Қарамұрын,
Нұрмамбет, Жыланды.

Батыс Қазақстан.

Целинный, Сынтас,
Бесоба, Нагорненский,
Алебастрова,
Лебедевка,

Бәйте.

Арал маңы.

Шырық
-
Рабад,
Баланды, Бабыш
-
молда.


Темір дәуірінің ерекшеліктері:

шаруашылық құралдарының темірден
жасалынуы, ірі тайпалардың тайпалық
одақтарға бірігуі, көшпелі мал шаруашылығы
мен жыртпалы егіншіліктің шығуы, алғашқы
мемлекеттердің
қалыптаса

бастауы.

Бұл дәуірдің тайпалары туралы құнды
мәліметтер парсы патшалары Дарий мен
Ксеркстің жарлықтарынан, ежелгі
ирандықтар кітабы “Авестадан” және
Геродот, Страбон, Птоломей еңбектерінен
алынды.


Сақ
-
сармат тайпалар одағы

Ерте темір дәуірінде
тайпалық одақтар
қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік
-
шығыс
және орталық аудандарын мекендеген
тайпалар
сақ тайпалар одағына
, ал батыс,
солтүстік аймақтарындағы тайпалар
сармат
тайпалар бірлестігіне
бірікті.


а) Сақтардың қоғамдық құрылысы

Б.з.б. І мыңжылдықт
ағы Қазақстан
территориясын мекендеген көшпелілер
-
сақтар. Бұл сақтардың материалдық
мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан
оңтүстік Сібір тайпалары және Ресейдің
еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын
мекендеген скиф тайпаларымен ұқсастықтары
болды.

Сақ
тайпаларының атауы әр елде
әртүрлі:



гректер
-

азиялық скифтер
;



парсылар
-

құдіретті

еркектер
;



ирандықтар
-

жүйрік атты турлар
.







І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


21

Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы:

Атауы

Мекені

Парадарайя

(теңіздің арғы
жағындағы сақтар.)

Қара

теңіздің
солтүстігі, Арал

теңізі
маңы, Амудария мен
Сырдарияның төменгі
ағысы.

Тиграхауда

(шошақ бөрікті
сақтар)

Сырдарияның орта
ағысы, Тянь
-
Шань,
Жетісу.

Хаумаварга

(хаома сусынын
дайындайтын
сақтар)

Мургаб аңғары

(Түркіменстан).




Б.з.б. VІІ
-
ІV ғасырлар
-

сақ тайпалар
одағы қ
ұрылды
.

Сақ қоғамының сипаты
-
әскери
-
демократиялық
. 3 негізгі топқа бөлінген, әр
топтың өзіндік дәстүрлі түстері болған:

1.

Жауынгерлер
-

қызыл түс.

2.

Абыздар
-

ақ түс.

3.

Қауым

мүшелері
-

сары және көк түс.

Тайпа көсемдерін жауынгерлер тобынан
сайлады. Мейрамдарда с
адақ атып сыналған
садақшылардың ең мергені тайпаны басқару
құқығын иеленді. Сақ тайпалар одағының
билеушісі
-
патша
.

Сонымен бірге сақ патшасы
-




Көктемде жерге алғашқы соқа салушы;



Малшылардың үйретуші ұстазы;



Құдайлардың

қалаулысы, аспан мен жер
арасындағ
ы дәнекерші.

Қоғамдағы

маңызды мәселелер халық
жиналысында талқыланып, оған әйелдер де
қатысты. Сақ әйелдері қоғамдық өмірге
белсене араласып, ерлермен бірге соғысу
құқығына ие болды.

Малға жекеменшік пайда болып, мүлік
теңсіздігі шықты. Соғыс тұтқындары

құлға
айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс
істеді.

Бұл кезең
-
алғашқы қауымдық
қатынастар ыдырап, әскери демократия
құрылысының пайда бола бастаған кезі.
Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі
болғандықтан, сақтар мемлекет құру ісінің
қарсаңында тұр
ды.

Грек тарихшысы
Геродот
(б.з.б. V ғ.
40ж.


30ж. жазылған “Тарих” еңбегі) және
Полиен деректері:



б.з.б. VІ ғасырда сақ
-
массагеттердің
патшайымы Томиристің және оның ұлы
Спаргаписестің парсы патшасы Кирмен
соғысы (б.з.б. 529 ж);



б.з.б. 519
-
518 жылдардағ
ы парсы патшасы
І Дарийдің тиграхауда сақтарымен
соғысы: (сақ көсемі Скунха, малшы
Ширак ерліктері).



б.з.б. ІV ғасырда Александр
Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын)
сақтармен шайқасы. (б.з.б. 330
-
327 ж)
Македондықтарға қарсы 3 жыл қатарынан
партизандық с
оғыс жүргізген сақ көсемі
Спитамен ерлігі.

Сақтар парсы әскерлерімен қосылып
Египетте, Грецияда соғысты. Фермопиль
(б.з.б. 480 ж) және Платея шайқастарында
батырлықтың үлгісін көрсетті. Гректерге
қарсы парсылармен одақтасып, Марафон
шайқасында соғысты (б.з
.б. 490 ж).

I Дарийдің қалдырған Бехистун сына
жазуында сақ тайпалары туралы құнды
деректер бар (б.з.б. 516ж).

Сырдария жағасында Македонский
бұйрығымен Александрия Эсхата (шеткі
Александрия) қаласы салынды. Мемлекеттің
шекаралық тірегі есебінде салынған б
ұл

қала
б.з.б. ІІІ ғасырда селевкидтер көтерілісі
нәтижесінде қиратылды.


ә
) Шаруашылығы.

Б.з.б. I мың ж. ортасында сақтарда
көшпелі мал шаруашылығы кең тарады.

Сақтардың негізгі шаруашылығы
-

көшпелі мал шаруашылығы
. Бұл дала
тайпаларының өміріндегі үлке
н
экономикалық прогресс болып саналады.

Сақтар мал шаруашылығының 3 түрін
үйлестірді:

1.

Көшпелі мал шаруашылығы
-

Батыс
және Орталық Қазақстанда.

2.

Жартылай көшпелі мал
шаруашылығы
-

Шығыс Қазақстан,
Жетісу, Батыс пен Орталық Қазақстанның
бір бөлігі, Тянь
-
Шань,

Алтай тауларының
етегінде.

3.

Отырықшы мал шаруашылығы
-

Оңтүстік Қазақстанда, Талас, Шу,
Сырдария, Келес өзендерінің бойында.
Осымен бірге бұл жерлерде суармалы егін
шаруашылығы басым болды.

Жылқы өсіру маңызды орын алды.
Батыс және Оңтүстік Қазақстанның дал
алық
І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


22

және шөлейт аудандарында түйе өсіру кең
тарады. Тебіндеп жайылуға қабілеті
болмағандықтан ірі қара аз өсірілді.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі
бағыты


қой өсіру. Б.з.б. I мыңжылдықтың
ортасындағы грек авторы Хэрил сақтарды
қойшылар деп атаған.
Балық аулау Ертіс
жағалауында және Сырдария атырабында
тараған.

Сақтар мал шаруашылығымен қатар
өзен және сулы аймақтарда суармалы
егіншілікпен айналысты. Ерекше суару
жүйесі бар егістік аймақтар
-

Сырдарияның
оңтүстік аңғарындағы Шырық
-
Рабат, Бәбіш
-
молда
қоныстары
. Тары, қарабидай, бидай
өсірген.

Сақ тайпаларында металл өндіріп, оны
өңдеуге байланысты кәсіпшілік пен қолөнер
жоғары дәрежеде дамыды. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанда, Іле аңғары, Ыстықкөл
маңында қазандар мен құрбандық заттары
жиі ұшырасады. Қа
зан “жоғалған үлгі”
әдісімен саз қалыптарға құйылып жасалды.
Осындай үлгімен жасалған “Жетісу михрабы”
деп аталатын құрбандық жозысы Алматы
түбінен табылды.


б) Мәдениеті. Діні.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және
Еуропа халықтарымен сауда байланысын
жасады. Б
.з.б. І мыңжылдықта Еуразия
далаларында дәстүрлі халықаралық жәрмеңке
өткізіліп тұрған.

Ұлы

Жібек жолының жеке бөліктерінің
бағыты:



Лазурит жолы.
Памир
-

Иран мен
Месопотамия.



Нефрит жолы.

Қашғария
-

Қытай.



Дала жолы
. Хуанхэ өзені


Алтай
-
Қазақстан
-
Қар
а теңіз жағалауындағы дала


грек, этрустар елі (б.з.б. I мың ж.
ортасы)

Ал Шығыс Қазақстан мен Жетісу
аралығында ішкі сауда қалыптасқан.



Б.з.б. VІІ ғасыр
-

Сібір, Қазақстан, Еділ
бойы және Еуропаның оңтүстігінде
скифтік
-
сібірлік “
аңдық стиль
” деп
аталған

өнер пайда болды. Басты
тақырыбы
-

аңдар мен аңыздағы қиял
-
ғажайып бейнелерді суреттеу.

“Аңдық стиль” өнері дәстүрімен сақтар
Алдынғы Азия мен Иранға жасаған
жорықтары кезінде танысқан. Осы жерден
алғаш рет “өмір ағашы” атанған арыстан
бейнесі тараған. Бұ
л өнердің негізі
-

ежелгі
аңыздарда сақталған адамның әртүрлі
жануарлардан шыққандығы туралы түсінік.

Б.з.б. III
-
II ғ.ғ бұл өнер түрі құлдырай
бастады. Аң стилі ою
-
өрнекке айналды.



Жылқы бейнесі
күн және отпен
байланыстырылды. Есік қорғанынан
табылған патш
аның бас киімінде
бейнеленген қанатты аттар
-

күннің
қозғалысын білдіреді.



Қабан

бейнесі
-
күн

күркіреу құдайы.
Арыстанды

бейнелеу Арал маңындағы
сақтардың тұрақты тақырыбы болған.

Сақтардың әлем құрылымы туралы
түсініктері:



Жер асты, жер, көк (аспан) әлемі.




Дүниенің төрт бұрышы
-
оң жағы, сол
жағы, алдыңғы жағы, артқы жағы.

Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік
қорымынан табылған патшаның бас киімінде
бейнелеген. Бұлар
-

күн, қанатты 4 ат және 4
алтын жебе суреті. Бұл құдайдың үш әлемге
билік жүргізуінің ерекш
е белгісі болып
саналған. Сақ патшасы күн бейнелі құдай
дәрежесінде көрсетілген.

Сақ қоғамында діни нанымдар мен
ғұрыптардың негізгі бағыты
-
ата
-
баба
аруағына сыйыну. Арнайы рулық зираттарға
мәйітпен қоса, оның дүние
-
мүлкін бірге
жерлеген. Өлген адамның ару
ағына
сыйынып, о дүниеде қайта тіріледі деп
санаған. Мәйітті сақтау үшін бальзамдау мен
мумиялау әдісін қолдана білген.

От пен Күннің символы
-

мәйіттерге
қызыл бояу, ал қабір басына от жағу.

Сақтардың б.з.б. VII ғ. “от храмдарын”
археологтар Жетісудан тапт
ы.

Отырықшы сақтар жерді киелі деп
есептеп, оған табынған. Ал көшпелі сақтар
күнге, отқа және соғыс құдайына табынды.

Сақ заманында анимизм, тотемизм және
магия секілді ең ежелгі діни ұғымдар
сақталған.

Сақтарда зергерлік өнер жоғары
дәрежеде жетілдірілді
. Әсіресе ағаштан ойып
жасаған бейнелер мен сәндік бұйымдарды
алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік
өнердің тамаша туындылары Есік және
Шырык
-
Рабат қоныстарынан табылды.

Шырык
-
Рабат қаласы
-

апасиактардың
(су жағасын мекендеген сақтар) астанасы. Бұл
қоны
стың орны Қызылорда қаласынан
І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


23

оңтүстік батысқа қарай 300 шақырым жерде,
Қызылқұм шөлінде жатыр. Шырық
-
Рабат
қаласындағы цитаделде:

1. ғибадатхана;

2. атақты адамдар жерленетін орын
болған.

Қабірден

б.з.б. V
-
ІV ғасырларға тән
пышақтар, алтын қаптырма, же
бе ұштары
табылған. Қаланың оңтүстік
-
шығысында
орналасқан кесенеден халцедоннан жасалған
гемма (мөр), алтын доғалар, алтын сырғалар
табылды. Бұл заттар б.з.б. ІV
-
ІІ ғасырларға
жатады.

Сақ тайпаларының Шырық
-
Рабат,
Бабыш молда, Баланды ескеткіштері туралы

грек ғалымы Страбон айтқан. Сақтар
мәдениетінің өркендеуіне Иран
ахеменидтерінің мәдениеті ықпал етті.

Антропологтар сақтарды еуропалық
нәсілге жатқызады. Дегенмен, монғолоидтық
белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстанды
мекендеген сақтарда көбірек байқалған.

Сақтар тілі
-
Шығыс ирандық
.

Сақ кезеңі мәдениетінің көрнекті өкілі


б.з.б. VI ғ. өмір сүрген ойшы
л
Анахарсис

(Анарыс).

Көшпелі мал шаруашылығына көшу
дала мен шөлді аймақтағы тайпалардың
өмірінде экономикалық ірі прогресс болды.
Сақ қоғамы әлеуметтік
-
экономикалық және
мәдени дамудың ең жоғарғы сатысына
көтерілді.



Б.з.б. ІV
-
ІІІ ғасырларда Қазақстан
территориясындағы сақ тайпалық
одақтары ыдырап, осы аймаққа келген
басқа күшті тайпалардың құрамына
енді.


в) Сарматтардың саяси құрылымы.

Сармат атауы антик деректерде б.з.б. ІІІ
ғасырдан белгілі. Б.з.б. ІІ ғасырда
савроматтар (ерте сарматтар) қазіргі Ба
тыс
Қазақстан жеріне баса
-
көктей еніп, Қара
теңіздің солтүстік аймақтарына дейін жетті.
Бұл тайпалар жөнінде грек, рим
тарихшылары (Геродот, Диодор, үлкен
Плиний, Полибий) жазып кеткен.

Савромат

сарматтар
-

Орталық Азия
мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін
б
айланыстырушы тайпа. Олар Босфор
мемлекетімен саяси
-
экономикалық байланыс
орнатты. Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ,
Парфияға жаулаушылық жорықтар жасаған.



Сармат тайпалар одағы
-

роксаландар,
аландар, аорстар, сирактар.

Б.з.б. І ғасыр
-

роксаландар Мидия
ше
караларына дейін жетті. Кейін олардың
осы ізін Арал теңізінің солтүстігін
мекендеген аландар басып өткен.

Сарматтар жаулап алған елдердің саяси
өміріне араласып отырған. Роксаландар
Понтий патшасы Митридатпен соғыста
скифтерді жақтаған, ал кейінірек
Митрид
атпен одақтасып, Риммен соғысқан.
Аорстар римдіктерге көмектесіп, сирактарды
жаулауға қатысқан, себебі сирактар Босфор
патшалығының одақтасы болды. Аландар
ғұндарға қосылып Испанияға дейін барған.

Сармат қоғамының сипаты
-

әскери
-

демократиялық
. Ішкі және

сыртқы
мәселелерді әскербасылары шешті. Олар
бүкіл қауым мүшелерімен ақылдаспай, тек
әскери жасақ қатарындағы адамдармен
санасты. Ерлер мен әйелдердің қоғамдағы
орны бірдей болып, әйелдер жасақ құрамына
кірген. Сарматтарда әйелдердің қоғамдағы
рөлі басқа
көшпелі тайпаларға қарағанда
жоғары болды.

Сарматтар тілі
-

ирандық
. Ғұндардың
келуімен олар түркіленіп,
түркі тілінің

ықпалына көшкен.

Сарматтар
-

еуропоидтық нәсіл
. Батыс
Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың
бет
-
пішінінде еуропоидтық белгілер басым
бо
лған. Ал сарматтардың кейінгі дәуіріне
жататын ескерткіштерден табылған
сүйектерде монғолоидтық белгілер көбейе
бастайды.


г) Археологиялық ескерткіштері.

Савроматтардың кейініректегі ұрпағы,
олардың мәдениетін жалғастырушы тайпа


сарматтар
. Бұл тайпалар
дың өмір сүрген
уақытындағы айырмашылықтар,
мәдениетіндегі өзгешеліктер оларды кейде
бөліп, кейде савромат
-
сармат деп біріктіріп
атауға негіз болады.


Савромат ескерткіштері
: Целинный,
Сынтас, Бесоба қорымдары.

Бұл ескерткіштер Ақтөбе облысы, Елек
өзеніні
ң

орта аңғарында шоғырланған. Орал
өңірінде Целинный ескерткіші зерттеліп, 100
-
ден астам обалар табылды.
Ерекшелігі
:
мәйіттің басын батысқа қаратып, мәйіттерді
І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


24

екі деңгейде жерлеу. Салыну мерзімі б.з.б.
V
ІІ ғ.

Бесоба қорымында абыз әйелдер
жерленген. Олард
ың бастары оңтүстік
-
батысқа қарата қатар қойылған.

Сармат ескерткіштері 3 дәуірге
бөлінеді:



Ерте сармат
дәуірі (прохоров кезеңі)


б.з.б. ІV
-
ІІ ғасырлар.
Володарка обасы
(Батыс Қазақстан облысы).
Ерекшелігі:

мәйіттің басын оңтүстікке қаратып
жерлеу.



Орта
сармат
дәуірі (суслов кезеңі)


б.з.б.ІІ
-
б.з.І ғасырлар.
Ерекшелігі:

мәйітті
қабірде қиғаштап жерлеу.



Соңғы сармат
дәуірі


б.з.ІІ
-
ІV ғасырлар.
Лебедевка, Аралтөбе қорымдары.
Ерекшелігі:

мәйіттің басы солтүстікке
қаратылып, шалқасынан қойып жерлеу.

Батыс

Қазақстан облысының
шығысында Шыңғырлау ауданында,
Лебедевка қорымында бай сармат әйелінің
қабірі табылды. Басы солтүстікке қаратылып
шалқасынан қойып жерлеген. Қабірден
әсемдік, тұрмыс заттары, қару
-
жарақ, еңбек
құралдары және Дионистің басы бейнеленген
мыс құмыра табылды.

Соңғы сармат кезеңінің Атырау облысы
Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе
қорымынан үш оба қазылған. Үшінші
зираттан қолбасылық пен абыздықты қатар
атқарған ер адам мен оның әйелінің қаңқасы
табылды. Адамның киімі алтынмен
әшекейленген. Т
абылған заттардың ішіндегі
ең маңыздысы


гректер жасаған қола құмыра
және қыш амфора.

Жалпы сармат обалары әр түрлі заттарға
өте бай, әсіресе алтын, күміс бұйымдар көп
кездеседі. Ерлердің және әйелдердің
қабірлеріне қару
-
жарақ міндетті түрде
қойылған. Арх
еологтар сарматтардың
қорымдарынан грек құдайы Дионистің
бейнелері салынған ыдыстарды көп тапқан.

Бұл бай қорғандар сарматтардың Қара
теңіз жағалауындағы грек қала
-
мемлекеттерімен тығыз байланысты
болғандығын және грек мәдениетінің сармат
қоғамына әсер етк
енін дәлелдейді.


д) Шаруашылығы. Мәдениеті.

Сарматтардың негізгі шаруашылығы


көшпелі мал шаруашылығы. Басты түліктері
-
қой мен жылқы. Еділ
-
Жайық бойын, Қара
теңіз жағалауын мекендеген сарматтар
малшылықпен қоса егін шаруашылығымен
айналысты.

Сарматтар өм
ірінде аңшылық қосалқы
кәсіп, қызықтау, сейіл құру қызметін
атқарды. Сармат шеберлері ағаштан жасалған
садақты балық желімімен желімдеген.
Жебенің ұзындығ 60 см. жеткен.

Сарматтардың өнері
-

“полихромдық
стиль”
.

ІІІ


V ғасырларда бұл өнер гүлденіп,
өрке
н жайды.

Осы кездегі зергерлік өнерде негізінен
тек алтын қолданылған.

Полихромдық стильдің жасалу
техникасы:



Түрлі
-
түсті тастармен безендіру


инкрустация
.



Түрлі алтын домалақтар жапсыру
-

зерлеу
.



Алтын жіптермен кестелеу, алтын жалату


оқа жүргізу
.



Зат
тың бетіндегі ойыстарды бағалы заттар
қосылған арнайы сұйықпен толтыру.

Бұл өнердің скифтік
-
сібірлік аңдық
стильді ауыстыруының ең басты себебі
-

Монғолиядан, Орталық Азия аймағынан
ғұндардың келуі.

Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында
Алдыңғы Азия мен Шығыс Жеро
рта теңізі
елдерінен тараған бұл зергерлік өнер
Қазақстанға келді. Шілікті, Жыланды, Бесоба,
Алакөлден табылған алтын бұйымдар
инкрустация және зерлеу тәсілдерімен
жасалған.

Сармат әйелдерінің әсемдік заттары
негізінен алтынмен қапталған. Олар кейде
сырған
ың орнына алтыннан жасалған
салпыншақ шекелік таққан.

Бұл деректерден полихромдық өнердің
сарматтар арасына кең таралғанын
байқаймыз. Полихромдық стиль жоғалып
кетпей қазақ шеберлерінің зергерлік өнерінде
жалғасын табуда.










І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


25

Өз

біліміңді тексер


3.

1.

Энеолит терминіне түсініктеме бер.

A) Ерте темір дәуірі.

B) Орта темір дәуірі.

C) Тас дәуірі.

D) Мыстытас дәуірі.

E) Қола дәуірі.


2.

Соңғы сармат кезеңіндегі Аралтөбе
қорымы

қай аймақтан табылды?

A) Алматы қаласының шығысынан

B) Ақтөбе облысынан

C) Атырау об
лысынан

D) Қызылорда қаласының оңтүстігінен

E) Шу өзені бойынан


3.

Сарматтар қай тілде сөйлеген?

A) Еуропалық тіл

B) Ирандық тіл

C) Түркілік тіл

D) Монғолдық тіл

E) Қытайлық тіл


4.

Темір дәуірінде жерлеу және ғибадат ету
кешені қайсы қорымнан табылды?

A) Шілік
ті.

B) Арқайым.

C) Дықылтас.

D) Есік.

E) Қазанғап.


5.

Сармат тайпалары қай елдерге
жаулаушылық жорықтар жасаған?

A) Кіші Азия, Босфор мемлекеті

B) Алдыңғы Азия, Солтүстік Кавказ

C) Оңтүстік Орал, Еділ бойы

D) Иран, Үндістан, Қытай

E) Орталық Азия, Персия


6.

Са
қ

тайпаларында отырықшы мал
шаруашылығы Қазақстанның қай
аймағында кең тарады?

A) Тянь
-
Шань, Алтай тауларының


етегінде.

B) Талас, Шу, Сырдария, Келес


өзендері бойында.

C) Батыс Қазақстанда.

D) Жетісуда.

E) Отырықшы мал шаруашылығы


болған

жоқ.

7.

Қазақстан

далаларында полихромдық
өнер қашан гүлденіп, өркен жайған?

A) Б.з.б. VІІ ғ.

B) Б.з.б. VІ ғ.

C) III
-
V ғ.ғ.

D) ІІ
-
І ғ.ғ.

E) І ғ.


8.

Шеткі Александрия қаласы қай жерде
салынған?

A) Оңтүстік Қазақстанда.

B) Ертіс өзені бойында.

C) Каспий теңізі ж
ағалауында.

D) Сырдария жағалауында.

E) Жетісуда.


9.

Әсемдік

заттарының бірі


салпыншақ
шекелікті қай тайпаның әйелдері таққан?

A) Сақ

B) Андронов

C) Үйсін

D) Ғұн

E) Сармат


10.

Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары қай ғасырда
салынған?

A) Б.з.б. X
-
ІX ғасырлар.

B) Б.з.б. ІX
-
VІІІ ғасырлар.

C) Б.з.б. VІІІ
-
V ғасырлар.

D) Б.з.б. V
-
ІІІ ғасырлар.

E) Б.з.б. І
-

б.з. І ғасырлар.


11.


Сармат қоғамының дамуына қай ел
мәдениеті әсер етті?

A) Византия

B) Грек

C) Рим

D) Иран


E) Қытай


12.

Савромат қорымдарының ерекшелігі
неде?

A) “Патша қорғандар” салу

B) Мәйітті тас сандықта жерлеу

C) Мәйіттің қол
-
аяғын бүгіп жерлеу

D) Екі деңгейде жерлеу

E) “Мұртты обаларда” жерлеу


13.

“Сармат” атауы қай ғасырдан белгілі?

A) Б.з.б. VІІ ғ.

B
) Б.з.б. VІ ғ.

C) Б.з.б. V ғ.

D) Б.з.б. ІV ғ.

E) Б.з.б ІІІ ғ.



І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


26

14.

Полихромдық өнер туындылары
Қазақстанның

қай жерінен табылды?

A) Сырдария бойы, Жетісу өлкесі

B) Каспий теңізі жағалауы, Орталық
Қазақстан

C) Ертістің жоғарғы ағысы, Орталық
және

Батыс Қазақстан

D) Оңтүстік Қазақстан

E) Қазақстанның барлық аймағы


15.

Ерте сармат дәуірінің (прохоров кезеңі)
хронологиясын анықта.

A) Б.з.б. ІV


ІІ ғасырлар

B) Б.з.б. ІІІ
-

ІІ ғасырлар

C) Б.з.б. ІІ


б.з. І ғасырлар

D) Б.з. ІІ


ІV ғасырлар

E) Б.з. І ғас
ыр


16.

Б.з.б. І ғасырда Мидия шекараларына
дейін жеткен қай тайпа?

A) Каспилер

B) Парадарайя
-
сақтар

C) Ғұндар

D) Аорстар

E) Роксаландар


17.

Полихромдық стильдің жасалу
техникасын ажырат.

A) Жарып түсіру

B) Өрнектермен безендіру

C) Гүлдік әшекейлер түсіру

D) Қи
ял
-
ғажайып бейнелерін суреттеу

E) Инкрустация


18.

Қайсы

тайпада әйелдердің қабіріне қару
-
жарақ қойылған?

A) Сақтар

B) Андроновтықтар

C) Ғұндар

D) Сарматтар

E) Үйсіндер


19.

“Патша қорғандар” қай қорымнан көп
табылды?

A) Бесшатыр қорымынан.

B) Есік қорымынан.

C) Т
үгіскен

қорымынан.

D) Тасмола қорымынан.

E) Берел қорымынан.



20.

Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді?

A) Көсемдер, бектер, қауым мүшелері.

B) Патшалар, жауынгерлер,


қолөнершілер.

C) Жауынгерлер, абыздар, қауым


мүшелері.

D) Көсемдер, ақсақалдар, ша
руалар.

E) Патшалар, әмірлер, құлдар.


21.

Темір дәуірінде Орталық Қазақстанды
қандай

тайпалар мекендеген?

A) Аргипейлер, исседондар,


аримаспалар.

B) Дахтар, массагеттер, каспилер.

C) Аландар, сарматтар, хазарлар.

D) Ғұндар, сақтар, үйсіндер.

E) Аримаспал
ар, савроматтар, дахтар.


22.

Сақ тайпаларында күн күркіреу құдайы
ненің бейнесінде берілген?

A) Жылқының.

B) Бұқаның.

C) Қабанның.

D) Түйенің.

E) Арыстанның.


23.

Шырық
-
рабат қаласының оңтүстік

шығысында орналасқан кесенеден
табылған гемма (мөр) қай ғасырға
жата
ды?

A) Б.з.б. VІІІ ғасыр.

B) Б.з.б. VІІ ғасыр.

C) Б.з.б. ІV
-
ІІ ғасырлар.

D) Б.з.б. ІІІ
-
ІІ ғасырлар.

E) Б.з. І ғасыр.


24.

“Мұртты обалар” қай мәдениетке тән
ерекшеліктер?

A) Беғазы
-
Дәндібай.

B) Тасмола.

C) Жетіасар.

D) Пазырық.

E) Қауыншы.


25.

Сақ тайпалары қай н
әсілге

жатады?

A) Түркілік.

B) Негрлік.

C) Еуропалық.

D) Монғолдық.

E) Ол кезде нәсілге бөлінген жоқ.


І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


27

26.

Ерте темір дәуіріндегі майемер кезенінің
хронологиясын анықта

A) Б.з.б. XVІІІ
-
VІІІ ғасырлар.

B) Б.з.б. VІІ
-
VІ ғасырлар.

C) Б.з.б. V
-
ІV ғасыр
лар.

D) Б.з.б. ІІІ
-
І ғасырлар.

E) Б.з. І ғасыр.


27.

“Дала жолы” атанған сауда жолы қай
кезде жұмыс істеген?

A) Б.з.б. ІІ мыңжылдықта.

B) Б.з.б. І мыңжылдықтың басында.

C) Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында.

D) Б.з.б. І мыңжылдықтың соңында.

E) Б.з. басында.


28.

Сақ
тарда жерлеудің қандай ерекшеліктері
болған?

A) Мәйітті тас қорғандарға жерлеу.

B) Өртеу әдісі.

C) Дүние
-
мүлікті қоса жерлеу.

D) Мәйітті бальзамдау мен мумиялау.

E) Үлкен және кіші қорғандарға


жерлеу.


29.

Құлажорға

мәдениетінің ерекшелігі неде
болды?

A)
Кремация.

B) Мәйіттің қол
-
аяғын бүгіп жерлеу.

C) Мәйіттің басын батысқа қарату.

D) Мәйітті тас сандықта жерлеу.

E) “Мұртты обалар” салу.


30.

“Аңдық стиль” сақтарға қай аймақтан
тарады?

A) Грециядан.

B) Римнен.

C) Алдынғы Азия мен Ираннан.

D) Қара теңіз жағала
уы елдерінен.

E) Персиядан.


31.

Темір дәуірінің хронологиясын анықта.

A) Б.з.б. VІІІ
-
ІІІ ғасырлар.

B) Б.з.б. ІІІ
-

б.з. VІ ғасырлар.

C) Б.з.б. VІІІ
-

б.з. VІ ғасырлар.

D) Б.з.б. І
-

б.з.ІІ ғасырлар.

E) Б.з. ІІ
-
б.з. І ғасырлар.



32.

Темір дәуірінің Дықылтас, Бәйте,
Қарамөңке
, Терең қорымдары
Қазақстанның қай аймағынан табылды?

A) Жетісу.

B) Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы.

C) Сырдарияның төменгі ағысы.

D) Маңғыстау және Үстірт аймағы.

E) Оңтүстік Қазақстан.


33.

Сақ дәуірінің Орталық Қазақстаннан
табылған қоныстарын ата
.

A) Берел, Майемер, Құлажорға.

B) Бөдене, Қызылсу.

C) Темір, Шатпақкөл, Құлсары.

D) Тегіскен, Таутары.

E) Тасмола, Қарамұрын, Жыланды.


34.

Оңтүстік Қазақстанда таралған темір
дәуірінің мәдениетін көрсет.

A) Тасмола мәдениеті

B) Беғазы
-
Дәндібай мәдениеті.

C)

Алакөл, Атасу мәдениеті.

D) Отырар
-
Қаратау мәдениеті.

E) Құлажорға мәдениеті.


35.

Сақтардың құрбандық заттары қай
аймақтан көбірек табылды?

A) Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Іле


аңғары, Ыстықкөл маңынан.

B) Маңғыстау түбегі, Каспий теңізі


жағалауынан
.

C) Орталық Қазақстан, Балқаш көлі


маңынан.

D) Сырдарияның орта ағысы


бойынан.

E) Қара теңіздің солтүстігі, Арал


теңізі маңынан.


36.

Құрбандыққа

шалынған 13 жирен жылқы
қаңқасы қай қорымнан табылды?

A) Есік.

B) Бесшатыр.

C) Аққ
ыр.

D) Берел.

E) Талды.


37.

Сақ және сармат әйелдерінің қандай
құқығы

болған?

A) Халық жиналысына қатысуға.

B) Алыс жайылымдарға ерлермен


бірге кетуге.

C) Бала тәрбиелеуге.

D) Отбасын билеуге.

E) Ерлермен бірге соғысуға.

І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


28

38.

Ұлыбай
-
Тасмола мәдениетін
ің бірінші
кезеңінің хронологиясын анықта.

A) Б.з.б. VІІІ
-
VІІ ғасырлар.

B) Б.з.б. VІІІ
-
VІ ғасырлар.

C) Б.з.б. VІІІ
-
V ғасырлар.

D) Б.з.б. VІІІ
-
ІV ғасырлар.

E) Б.з.б. VІІІ
-
ІІІ ғасырлар.


39.

Сақ тайпаларының Оңтүстік Қазақстан
және Жетісуда табылған қоныстарын а
та:

A) Карлуга, Кеңөткел, Бірлік.

B) Қанай, Трудникова, Малокрасноярка.

C) Қарғалы, Қадірбай, Қарашоқы.

D) Беласар, Бұғылы, Бөрілі.

E) Жетіасар, Қауыншы, Кангюй
-

Қаратау


40.

Б.з.б. VІІІ
-
V ғасырларда салынған
Түгіскен, Ұйғарақ қоныстарын қандай
тайпалар меке
ндеген?

A) Аландар.

B) Массагеттер.

C) Аримаспалар.

D) Сарматтар.

E) Тиграхаудалар.


Приложенные файлы

  • pdf 23947797
    Размер файла: 303 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий