6 класс 4 тема


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте его и откройте на своем компьютере.
І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


29

ІV ТАРАУ


ҚАЗАҚСТАН

ЖЕРІНДЕГІ ЕРТЕДЕГІ
ТАЙПАЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР


1

ҒҰНДАР


а) Саяси тарихы.

Б.з.б. І мыңжылдықта Орталық Азияның
байтақ жерін этникалық құрамы әртүрлі
тайпалар мекендеген. Шаруашылықтың
дамуы, тұрмыстың ортақтығы, саяси бірлік
оларды өзара жақын
датып, ірі тайпалық
бірлестіктер құрылды.



Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғындағы қытай

деректерінде “ғұн” атауы кездеседі (хунну
немесе сюнну). Ал европалық
жылнамашылар оларды гунни деп атаған.



Б.з.б. 206 жыл
-

ғұндардың билеушісі
Мөде шаньюй (б.з.б. 228
-
174ж.ж.)

батыста
үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте
Саян
-
Алтай тайпаларын бағындырып,
оңтүстікте Қытайдағы Хань әулетін
жеңеді. Қытай билеушісі Мөде шаньюйге
бас иіп, “Тыныштық және
туыстық”туралы шартқа отырып, жыл
сайын оған салық төлеп тұрды. Осы
кездегі ғұн

одағының территориясына
Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан
Хуанхэнің орта ағысына дейінгі жерлер
қосылды.
Халқы


1,5 млн. адам.



Б.з.б. 55 жыл

-

ғұн одағы екіге бөлінді.



Оңтүстік бөлігі

Хань империясына

бағынышты болды (шаньюй Хуханье).



Солтүстік

ғұ
ндар Монғолияның

солтүстік
-
батысындағы Қырғыз
-
Нұр көлі
маңына ордаларын орнатты (шаньюй Чжи
-
Чжи). Оңтүстік және солтүстік арасындағы
өзара қырқыстан кейін, Чжи
-
Чжи басқарған
солтүстік ғұндар Солтүстік Монғолия,
Шығыс Түркістанға қарай қоныс аударды.



Б.з.б
. 47 жыл


солтүстік ғұндар Тянь
-
Шаньнан өтіп, қаңлылармен көрші болды.

Чжи
-
Чжи шаньюй үйсіндерге қарсы
қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар
үйсіндерді жеңе алмағандықтан, өзара
жанжалдасып, Чжи
-
Чжи Талас өзенінің
жоғары ағысына кетіп, 2 жыл бойы сол жерде

қала салдыртты (б.з.б. 37
-
36ж.ж.).

Чжи
-
Чжи өз қаласын қорғауда Марка
Крас армиясының римдік жауынгерлерін
пайдаланды.

Ғұндардың

күшеюі Қытай империясын
алаңдатып, жорыққа дайындалады.
Шайқастың салдары:



Ғұн

әскері талқандалып, қала қиратылды.



Чжи
-
Чжимен

бірге 1518 адам тұтқынға
түсіп, қатал жазаланды.



1200 жауынгер Қытайдың қол астындағы
Ферғана және үйсін билеушілеріне
сыйлыққа берілді.



Б.з. 93 жыл
-

ғұндардың Қазақстанға
екінші рет қоныс аударуы
. Ғұндар
Сырдарияға, Арал жағасына, Орталық
және Батыс Қа
зақстанға жетті.



Б.з. ІV ғасыр
-

оңтүстік Орал даласына,
Дунайға жетіп, “ғұндар” деген атпен
Венгрияға қоныстанды.

Ғұндар

тарихы, әсіресе, жауынгершілік
жорықтармен белгілі. Аты аңызға айналған
үлкен ақыл иесі, қаһарман жауынгер, көреген
қолбасшы, әккі са
ясаткер, айлакер дипломат
Аттила
(410
-
453жж)

(Еділ)

басшылығымен
ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе
бүктірген.

Б.з. V ғасырдың ортасы
-

Аттила әскері
Шығыс Рим империясын жеңді. Оның
білімін, көрегендігін мойындаған Франк,
Бургундия билеушілері бала
ларын оқуға,
тәрбиелеуге жіберіп отырған.

Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз
дамуының жоғарғы сатысына жетті:



Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.



Құл

иеленушіліктің жойылуына ықпал
жасады.



Ғұндарда

әскери
-

демократиялық
құрылыс нығайды.


451 жыл
-

Аттил
а әскері Галлиядағы
Каталаун даласында рим
-
франк соғыс
одағымен шайқасты.

452 жыл


Аттила Италияны ойрандап,
Падуя, Милан қалаларын алды.



453 жыл
-

Еділ қайтыс болғаннан кейін
ғұн империясы ыдырай бастады.

Қазақ

ғалымдарынан Аттила (Еділ)
туралы алғаш ре
т жазып, ғылымға енгізген
-

Шоқан Уәлиханов
. “Пайғамбар” деген
өленде “ғұн


түркілердің арғы атасы” деген
тұжырым жасаушы
-

Мағжан Жұмабаев
.

Ғұндардың

Қазақстан жеріне енуіне
байланысты тайпалардың түріктенуі
басталған. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
тайп
аларының антропологиялық сипаты
-

монғолоидтық (б.з. І мыңжылдығының
бірінші жартысы).

І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


30

Ғұндар

Қазақстанға Орталық Азиядан
б.з.б. І ғасырдың соңы мен б.з. І ғасыры
аралығында келді. Бұл
-

“халықтардың ұлы
қоныс аударуы”
-

атанған тарихи оқиғамен
тұспа
-
тұс
кезең.


ә
) Шаруашылығы.

Ғұндар

өмірінде мал шаруашылығының
маңызы ерекше болды. Көшпелілер
тұрмысында мал қысы
-
жазы тебіндеп
бағылған. Жылқы ерекше маңызды орын
алды.

Ғұндарда

сонымен қатар егіншілік пен
аңшылық та дамыған. М.Қашғари (
X
І ғ.)
-

ғұндардың от
ырықшылыққа көшкенін және
түркілене бастағанын жазады. Баспанасы
-

киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне
қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір
тұтқан.

Тарих ғылымында ғұн
шаруашылығының жүйесі алғашқы
қауымдық немесе экстенсивті мал
шаруашылығы де
п сипатталады.


б) Қоғамдық құрылысы.

Ғұн

қоғамында патриархалдық
-
рулық
қатынастар үстемдік етті. Ғұндар 24 руға
бөлініп, әр руды ақсақалдар (ағамандар)
басқарған. Жылына 3 рет өткізілетін халық
жиналысында. мемлекеттік іс талқыланып,
көк (аспан) құдайына

арнап құрбандық
шалынған.

Малға, жерге жеке меншік болған.
Соғыс тұтқындарын құл етіп, үй қызметшісі,
бақташы, қолөнерші, жер жыртушы есебінде
пайдаланған. Мемлекет билеушісінің титулы
-

шаньюй
. Олар өз туыстарынан
түменбасын

(
әскер

басшысы
) сайлап, оларғ
а жер бөліп
берді (24 түменбасы болған).

Түменбасылар мыңбасыларды,
жүзбасыларды сайлаған. Қоғамда билік
мұрагерлікпен беріліп отырды.

Басқару аппаратын қаржыландыру үшін
халыққа салық салынды. Ғұндарда жазу ісі де
дамыған.

Ғұн

қоғамында соғыс ісінің даму
ы
шарықтау шегіне жетті. Әскердің негізі
-

атты жауынгерлер
. Басты қарулары
-

садақ.
Бұдан басқа темір қалқан және қамал бұзатын
қарулары болған.

Ғұндардың

әскери қуаты қытайлықтарға
Ұлы Қытай қорғанын салдыртты. (ұзындығы
5000 шақырым, биіктігі 6
-
10 м, е
ні 5
-
6 м)

Ғұндардың

дағдылы
құқық

ережелері
:

-

Ұрлық

жасаған адамның жері алынады.

-

Шайқаста жаудың басын алған немесе
жауды тұтқынға түсірген адамға қолға
түскен олжа мен тұтқындар қоса беріледі.

Ғұндар

таптық қоғамға және
мемлекеттік басқаруға өте бастаған.

Белгілері
:



жеке меншік пайда болды;



алғашқы әкімшілік аппарат құрылды;



салық енгізілді;



құқық

артықшылығының ережесі
қалыптасты.


2 Үйсіндер.


а) Саяси құрылымы.

Б.з.б. І ғасыр аяғында Қазақстан
далаларында сақтарды ығыстырған жаңа
тайпалық одақтар пайда

болды. Олар:
үйсіндер, қаңлылар.



Б.з.б. ІІ ғасыр
-

үйсін тайпалары
Орталық Азиядан Жетісуға қоныс
аударды. Б.з.б. 160 жыл
-

үйсіндер
тиграхауда


сақтарының жерін
мекендеді.

Ертедегі қытай жазбаларында “усун”
(көшпелі мемлекет) атауы б.з.б. ІІ ғ. соңынан

бастап кездеседі (елші Чжань Цянь дерегі).

Үйсіндердің

негізгі орналасқан жері
-

Іле даласы.
Территориясы
: Шу мен Талас
өзендері
-

Қаратау
-

Тянь
-
Шань тауы
-

Балқаш көлі
-

Ыстықкөл. Мемлекет 3
-
ке
бөлінген: шығыс, батыс, орталық (б.з.б. 73
ж.).

Астанасы
-

Чигучен

(Қызыл Аңғар)
қаласы (Ыстықкөл жағасы). Халқы


630 мың
адам, тұрақты атты әскері


30 мың. Соғыс
жағдайында 180 мың әскер жасақталған.

Үйсіндер

билеушісінің титулы


гуньмо
(күнбегі)
.

Тайпа көсемдері мен рубасылары
-

бектер
. Басты байлық
-

мал ме
н жер.

Б.з.б. І ғасырда ежелгі үйсін қоғамында
шұрайлы жерлерді жеке меншікке иелену
басталды. Жеке меншіктің болғанының тағы
бір белгісі


жеке адамдарға тиесілі мүліктің
ерекше таңбалармен белгіленуі. Таңбалар
дүние
-
мүлікке, үй малдарына салынды.

Әскер

басшылары мен жоғары
лауазымды ақсүйектердің алтыннан, мыстан
жасалған мөрлері болды. Лауазымы төмен
І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


31

үйсіндер

тас және қыш саздан жасалған мөр
ұстаған.

Үйсін

қоғамындағы әлеуметтік теңсіздік
археологиялық олжалардан айқын көрінеді.
Қорғандар

көлемі жағынан

3
-
ке бөлінеді:



Үлкен

қорған


диаметрі 80 м, биіктігі 15 м;



Орташа қорған
-

диаметрі 15 м, биіктігі 4 м;



Кіші қорған


диаметрі 10 м, биіктігі 1 м.

Үйсіндер

Қытаймен дипломатиялық
және туыстық қатынаста болды.Олар ұйғыр
тайпалары, Енисей қырғыздары, Еді
л бойы
халықтарымен сауда байланысын жасаған.

Қаңлы
, ғұндармен жайылым, сауда
жолы үшін соғысқан.


ә
) Археологиялық ескерткіштері.

Үйсіндер

обалары салынған уақытына
қарай 3 топқа бөлінеді:



Ерте қорымдар: Қапшағай, Өтеген,
Қызылеспе
, Қызылауыз, Қызылқайнар
.

Ерекшелігі
: солтүстіктен оңтүстікке
қарай тізбектеліп салынған, әр тізбекте 5
-
6
оба бар.



Орта кезең қорымдары: Өтеген


Қарлақ,
Қаратума, Тайғақ, Алтынемел, Талғар,
Ақтас.

Ерекшелігі
: жүйесіз, 3 обадан
тізбектеліп салынған.



Соңғы кезең қорымдары: Қапша
ғай
,
Шолақжиде, Үңгірқора, Қалқан.

Ерекшелігі
: тізбексіз және жүйесіз
салынып, қабірлер лақатталып қазылған.

Үйсіндердің

алғашқы қоныстары Шу
алқабында, Қырғыз Алатауының сілеміндегі
Құлан (Луговое) ауылы маңында салынған.

Үйсіндердің

археологиялық ескер
ткіштері

Қаратал

кезеңі:

(б.з.б. ІІІ
-
І ғ.ғ.)

Үйсін

мәдениеті
дамуының
бастапқы
сатысы.

Қаратал
, Қарғалы,
Қапшағай, Үңгірқора,
Қызылеспе
, Бесшатыр,
Өтеген, Қалқан, Ақшоқы,
Бетағаш, Сарытоғай,
Кеңсай, Бурака, Шелпек.

Жетісу кезеңі:

(б.з. І
-

ІІІ ғ.ғ.)

Үйсін

мәдениеті
эволюциясының
дамыған сатысы.

Талғар, Ақтас, Сарытау,
Ақшоқы, Ұзынбұлақ,
Алтынемел, Қызылқайнар,
Күрті, Қараша, Ащысу,
Шошқалы.

Іле кезеңі (б.з.
III
-
V ғ.ғ.) Үйсін
мәдениеті
дамуының
кейінгі сатысы.

Ақтас,

Үңгіртас
,

Шолақжиде


б) Шаруашылығы.
Өнері
. Діні.

Үйсіндер

шаруашылығының ерекшелігі
-

мал шаруашылығы егіншілікпен
ұштастырыла жүргізілді.

Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде
маңызды болған. Әсіресе жылқы өсіруге
ерекше көңіл бөлген. Бай үйсіннің 4
-
5 мың
жылқысы болды. Байлықтың негізгі өлшем
і


жылқы саны.

Үйсіндердің

егін шаруашылы
-
ғымен
айналысқандығын суару жүйелерінің
болғандығы дәлелдейді. Қарапайым суару
жүйелері Жоңғар Алатауы, Шу
-
Іле
бойындағы Шу аңғарында,Қырғыз
Алатауының Талас аңғарында табылды.
Көбінесе тары мен арпа еккен.

Б.з. б
ас кезінде үйсіндерде
отырықшылық болып, ал б.з. ІІІ


V ғасырда
бау
-
бақша шаруашылығы тәлімі егіншілік
түрінде одан әрі дамыған.

Үйсіндер

мыс, қорғасын, қалайы, алтын
кен орындарын пайдаланған. Темірді
балқытып пышақ, қанжар, семсер, жебе
ұштарын жасаған
. Зергерлік өнердің жоғары
деңгейде болғандығын айқындайтын
археологиялық олжалар:



Ақтас зиратынан (Алматы облысы)
табылған алқа.



Қарғалыдан

(Алматы облысы) табылған
диадема (тәті).

Бұл диадема 2300 м биіктегі тау
шатқалынан табылды, мұндай құпия
жерлер
ге бақсыларды жерлеу дәстүрі болған.
Диадема ұзындығы
-

35 см, ені
-

4,7 см екі
алтын тіліктен жасалған және аң
-
құстар
бейнелерімен өрнектелген. Диадемадағы
пырақты аттар күнді білдіреді. (б.з.б. ІІ ғасыр
-

б.з. І ғасыр аралығы). Ол Есік қорғанынан
табылғ
ан патшаның бас киіміне ұқсайды.
Бұдан шығатын қорытынды: Қарғалы
диадемасындағы бейнелер үнді
-
иран
халықтарының әлем туралы түсінігін
байқатады.

Отырықшы үйсіндердің баспанасы
-

кірпіштен және тастан салынған үйлер.
Көшпелі үйсіндер киіз үйлерде тұрды.

Үйсіндердің

жерлеу дәстүрі: мәйіттің
қолы қапталына созылып, басы батысқа
қаратылып жатқызылған. Ертедегі үйсіндер
өлген адам тіріледі деп есептеген. Адамды
жерлегенде ыдыстан бастап барлық тұтынған
заттарын бірге көмген.

І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


32

Тайпа адамдары жаратушы күшке
табы
нып, арнайы құрбандықтар шалған.

Үйсіндер

-

ежелден келе жатқан түркі
тайпаларының бірі. Бүгінде Ұлы жүз
құрамындағы ру.



3. Қаңлылар.


а) Саяси құрылымы.

Қаңлы

туралы мәліметтер б.з.б. ІІ
ғасырда қытай деректерінде жазылған.

Б.з.б. ІІ ғасырда “халықтард
ың ұлы
қоныс аударуы” деп аталатын оқиға
нәтижесінде Орталық Азияда бірнеше жаңа
мемлекеттік бірлестіктер пайда болды. Соның
бірі
-

қаңлы мемлекеті.

Қазақстанның

оңтүстігінде
қаңлылардың тайпалық бірлестігі құрылды
(б.з.б. ІІІ ғ. немесе ІІ ғасыр соңы).
Тер
риториясы
: Қаратау жотасы


Сырдарияның орта ағысы. Қаңлылардың ең
негізгі атамекені
-

Сырдария өзенінің орта
ағысы. Астанасы


Битянь

қаласы
(Түркістан қаласының маңы). Халқы


600
мың, 120 мың үй. Билеушінің титулы


хан
.
Бүкіл елді басқару ісін ханның
3 уәзірі
атқарған.

Жазба деректерге қарағанда қаңлы елі 5
бөлікке бөлінген. Әр бөліктің кіші хандары
болған, олар ұлы ханға бағынышты болды.
Лауазымдық қызмет мұрагерлік жолмен
берілді.

Соғыс тұтқындары құлға
айналдырылды. Құл еңбегі ұсақ малд
ы күту,
мал өнімдерін өңдеу, кейде қолөнер кәсібі
және егін егуде қолданылды.

Б.з. қарсаңында Қаңлы ірі мемлекеттік
бірлестікке айналып, Қытай, Рим, Кушан,
Парфия, Кавказ мемлекеттерімен жан
-
жақты
байланыс жасады. Қаңлылар әскери одақ
құрып, көрші тайпалар

-

ғұн және
үйсіндермен соғысты. Қаңлы мемлекеті өз
жерімен өтетін Ұлы Жібек жолын үнемі
бақылауда ұстауға ұмтылған.


ә
) Археологиялық ескерткіштері.

Археологтар қаңлылар мекендеген
аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп,
көптеген қорымдар мен қоныстарды тап
ты.
Оларды қауыншы, отырар
-

қаратау, жетіасар
археологиялық мәдениеттері деп бөлді.




Қауыншы

мәдениеті

-

Ташкент

төңірегіндегі аймақ. Бұл мәдениеттің ең
жақсы зерттелген ескерткіші


Сырдария
жағалауындағы Шардараға таяу орналасқан
Ақтөбе қонысы.



Отырар

-

Қаратау мәдениеті




Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы
Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі
аралық. Бұл мәдениет ескерткіштерінің
маңызды орталығы


Отырар алқабы. Арыс
өзенінің сол жағалауынан 20 шақты төбе
табылды: Пұшық
-
Мардан. Қостөбе,
Ш
аштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе,
Шалтөбе т.б. Олардың ең үлкені


Көк
-
Мардан. Бұл қоныстан балшықтан жасалған
кеспектер табылды, онда тары, күріш, бидай,
арпа, ақбұршақ сақталған.

Отырар алқабындағы Мардан
-
күйік
қорымындағы ер адам қабірінен мөр (гемма)
та
былды. Мөр Ұлы Жібек жолы арқылы
Ираннан әкелінген. Ескерткіш ІІ
-

V
ғасырларға жатады.



Жетіасар мәдениеті

-

Қуаңдария мен

Жаңадария аңғарлары аралығы. Бұл
-

б.з.б. І
мыңжылдықтың ортасы
-

б.з. І
мыңжылдығының ортасы аралығындағы
Арал теңізінің шығыс жағы
нда өркендеген
мәдениет.

Жетіасар мәдениеті ескерткіш
-
терінің
шоғырланған жері
-

Қуаңдария бойы (150
қала орны және 100
-
деген қорымдар).


Қаңлылардың

археологиялық
ескерткіштері.

Қауыншы

мәдениеті:

Ақтөбе
-

1,2,
Шаушықұм,
Жамантоғай,
Төребайтұмсық.

Отырар
-
Қаратау
мәдениеті:

Пұшық
-
мардан, Көк
-
мардан, Қостөбе,
Шаштөбе, Кетман
-
төбе,
Шөптөбе, Ахайтөбе,
Мардан
-
күйік, Ботай
-
төбе.

Жетіасар
мәдениеті:

Жетіасар, Алтынасар,
Томпақ асар,
Бидайықасар,
Үңгірасар.






І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


33

б) Шаруашылығы. Діні.

Қаңлы

тайпасының негізгі
ша
руашылығы


көшпелі мал
шаруашылығы
. Басты байлығы
-

мал.
Көбінесе жылқы мен қой өсірген. Мал
жайылымы Орталық Қазақстан далаларына
дейін жеткен. Қыстаулары
-

негізінен
Сырдария бойы.

Хорезмде, Арал өңірінде, Зеравшан
аңғарында, Ташкент алқабында
отырықшы
лық

дамып, ежелгі қоныстар мен
қалалар қалыптаса бастады. Отырықшы
қаңлылар қарапайым суландыру тәсілі
арқылы егіншілікпен айналысты. Б.з. басында
Шыршық өзенінің оң жағалауында Зах
арығы, ал сол жағалауында Ханарық арығы
қазылған.

Жиналған өнім сақталатын

орындар
-

ұралар, астық сақтайтын қамбалар, қыш
құмыралар.

Қосалқы

кәсіпшілік
-

аңшылық пен
балық аулау.

Қаңлылар

жеріндегі металл өндірісінің
орталығы
-

Шаш
-
Илақ аймағындағы
қоныстар. Ежелгі
Құлата

қаласы
-

металл
өңдеудің ірі орталығы
.

Қаңлыларда сүйек

ұқсату ісі дамыған,
сүйектен пышақ, қанжар, семсерлерге қын
жасалған.

Қаңлы

әйелдері арасында қолөнердің
жүн өндеу кәсібі жақсы дамыды.

Б.з. ІІ
-
V ғасырда қаңлылар күнделікті
тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері
дайындаған.

Сауда байланысының дамыға
ндығын
осы аймақтан табылған 1300 теңгелер
дәлелдейді:



Ташкент аймағынан табылған теңгелер
(б.з. ІІІ
-
ІV ғ).



Сырдария аймағында табылған
теңгелер (б.з. ІІ ғ).

Қаңлылар

Ұлы Жібек жолының бір тармағын
бақылап отырды: Сырдария
-

Жайық
-

Еділ
бойы
-

Кавказ
-

Қара теңіз.

Отырар алқабындағы Мардан
қорымдарынан Қытай теңгелері, Талас
аңғарындағы Шоң
-
Қаңқа қорымынан
кушандар мен сасанилердің теңгелері
табылды.

Қаңлылар

Иран, Сирия, Үндістан,
Қытай, Қара теңіз жағалауындағы елдермен
сауда қатынасын жасаған.

Қаңл
ылар ата
-
баба аруағына, табиғат
күштеріне табынып, оларға арнап құрбандық
шалған. Сонымен қатар күнге, айға,
жұлдыздарға табынған. Жыл санаудың негізі


аспан әлемі
.
Жұлдыздар арқылы
жайылымға көшу, егін егу уақыттарын
белгілеп отырған.



Б.з.б. І ғасыр
-

үй
сіндер мен
қаңлылардың соғысуынан екі мемлекет
ыдырап, Түрік қағанатының құрамына
енді.

Қаңлылар



ерте заманнан бері
Қазақстан жерін мекендеп келе жатқан ірі
тайпалардың бірі. Олар қазақ халқының
қалыптасуына негіз болған.


Қорытынды

Б.з.б.ІІІ
-
б.з.ІV ғасы
рларда Қазақстан
территориясында көшпелі және жартылай
көшпелі тайпалардың әуелгі таптық
мемлекеттері пайда болды. Өндірістік
қатынастардың дамуына байланысты сақ
қоғамының орнына ірі әрі тұрақты таптық
бірлестіктер құрылды.



Жетісуда
-

үйсіндер
;




Оңтүстік

Казақстанда
-

қаңлылар
;



Орталық және Батыс Қазақстанда
-

ғұндар
.

Сонымен, көшпелілердің қоғамдық
құрылымы мемлекеттік деңгейге жеткен.
Олар өзіндік материалдық мәдениеті мен
өнері бар көшпелі өркениетті жасауда
жоғары дәрежеге көтерілді.





















І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


34

Өз

біліміңді тексер


4.

1.

Еділ әскері Шығыс Рим империясына
қашан

жорық жасады?

A) Б.з.б. V ғасырда

B) Б.з. V ғасырдың басы

C) Б.з. V ғасырдың ортасы

D) Б.з. V ғасырдың соңы

E) Б.з. ІV ғасырда


2.

Үйсіндердің

негізгі орналасқан жерін ата.

A) Сырдария жаға
лауы

B) Балқаш маңы

C) Арал теңізінің оңтүстігі

D) Іле даласы

E) Ертіс өзенінің сол жағалауы


3.

Қаңлылардың

тайпалық бірлестігі қай
аймақта орналасты?

A) Шығыс Қазақстан

B) Батыс Қазақстан

C) Оңтүстік Қазақстан

D) Солтүстік Қазақстан

E) Орталық Қазақстан


4.

Ғ
ұндардың

егіншілікпен айналысқаны
туралы кімнің деректерінен білеміз?

A) Ж.Баласағұни

B) М.Дулати

C) М.Қашғари

D) А.Йассауи

E) Қ.Жалайри


5.

Б.з.б. І ғасыр соңында Қазақстанда қандай
тайпалық одақтар пайда болды?

A) Үйсіндер, қаңлылар

B) Сақтар, андроновтықта
р

C) Савроматтар, қыпшақтар,


оғыздар

D) Түріктер, қарлұқтар, қимақтар

E) Массагеттер, аримаспалар,


исседондар


6.

Үйсін

тайпаларының ерте кезеңінің
хронологиясын анықта.

A) Б.з.б. ІІІ
-
І ғ.ғ.

B) Б.з.б. ІІІ
-
ІІ ғ.ғ.

C) Б.з.б. І
-

б.з. І ғ.

D) Б.з. ІІ
-

ІІІ ғ.

E) Б.з. І ғ.


7.

Қаңлылар

туралы кімдердің деректерінде
алғаш рет жазылған?

A) Грек деректері

B) Рим деректері

C) Парсы деректері

D) Қытай деректері

E) Түркі деректері


8.

Қауыншы

мәдениетінің ең жақсы
зерттелген қонысын ата.

A) Пұшық
-
Мардан

B) Ақтөбе

C)

Қаратал

D) Талғар

E) Қанай


9.

Құлата

қонысы ненің орталығы болған?

A) Егіншілік

B) Зергерлік

C) Сауда

D) Металлургия

E) Дін


10.

Ұлы

Жібек жолының Сырдария, Жайық,
Еділ бойы, Кавказ, Қара теңізге өтетін
тармақтарын қайсы тайпа өз бақылауында
ұстаған
?

A) Үйсіндер

B) Қаңлылар

C) Ғұндар

D) Сақтар

E) Түріктер


11.

Б.з.б. 206 жылы Мөде шаньюй кімдерді
бағындырды?

A) Қаңлыларды

B) Түріктерді

C) Византия билеушісін

D) Қытай билеушісін

E) Римді


12.

Үйсіндердің

археологиялық
ескерткіштерін ата.

A) Қосқұдық, Б
атпақ, Қаратоғай

B) Бөдене, Қызылсу

C) Баланды, Бабыш
-
молда, Шырық
-
Рабат

D) Ақтас, Үңгірқора, Кеңсай

E) Шаштөбе, Мардан
-
күйік, Қостөбе



І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


35

13.

Үйсіндер

қай мемлекетпен

диплома
-
тиялық

-

туыстық қатынаста

болды?

A) Рим

B) Мидия

C) Қытай

D)

Византия

E) Парфия


14.

Қарғалы

диадемасы қай ғасырда
жасалынған?

A) Б.з.б. ІІ


б.з. І ғасырлар

B) Б.з.б. І


б.з. ІІ ғасырлар

C) Б.з.б. ІІІ


ІІ ғасырлар

D) Б.з.б. І ғасыр

E) Б.з. І


ІІ ғасырлар


15.

Б.з. ІV ғасырда ғүндар қай жерді
қоныстанды
?

A) Сырда
рия

B) Орталық Қазақстан

C) Орал даласы

D) Рим

E) Венгрия


16.

Ғұн

қоғамында құлдар қандай жұмыстар
атқарды?

A) Каналдар қазып, мал бақты

B) Ең ауыр жұмыстар

C) Құлдарды өлтірді

D) Үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші,
жер жыртушы

E) Соғыста алдыңғы шепке қойыл
ды


17.

Қаңлыларда

сауданың дамығандығын
қандай деректер дәлелдейді?

A) Мардан және Шоң Қаңқа
қорымдарынан табылған қытай,
кушан, сасани теңгелері

B) Түгіскен, Ұйғарақ қорымдарынан
табылған византиялық бұйымдар

C) Жыланды, Шілікті қорымдарынан
табылған полихро
мдық өнер
туындылары

D) Бесоба қорымынан табылған әйелдің
сәндік бұйымдары

E) Қаңлыларда сауда болған жоқ


18.

“Ғұн


түркілердің арғы атасы" деп
тұжырым жасаған қазақ зиялысы кім?

A) Ш.Уәлиханов

B) М.Қозыбаев

C) Ә.Марғұлан

D) М.Жұмабаев

E) С.Асфендияров

19.

Үйсін
дер Жетісуға қашан қоныс аударды?

A) Б.з.б І ғ.


B) Б.з.б. ІІ ғ.


C) Б.з.б. ІІІ ғ.

D) Б.з.б V ғ.

E) Б.з. ІІ ғ.


20.

Б.з.б. І мың.ж. ортасы


б.з. І мың.ж.
ортасы аралығында Арал теңізінің
шығысында қандай мәдениет болған?

A) Пазырық мәдениеті

B) Тас
мола мәдениеті

C) Қауыншы мәдениеті

D) Арыс мәдениеті

E) Жетіасар мәдениеті


21.

Қаңлы

бірлестігінің территориясын
көрсет.

A) Ертіс бойы

B) Ыстық көл жағалауынан

Жоңғар Алатауына дейін

C) Қаратау жотасынан

Сырдарияның орта ағысына дейін

D) Жетісу

E) Еділ
бойынан Сырдарияға дейін


22.

Б.з.б. ІІІ


І ғ.ғ. үйсіндердің ерте
қорымдарын көрсет.

A) Қапшағай, Қызылеспе

B) Алтынемел, Ақтас

C) Қалқан, Қапшағай

D) Сейітман төбе, Көк
-
Мардан

E) Лебедевка, Володарка


23.

Үйсіндердің

алғашқы қоныстары қай
жерден табылған?

A) Сыр
дария жағалауындағы


Ақтөбе қонысы

B) Ертіс бойындағы Шілікті


қонысы

C) Шу алқабындағы Құлан


қонысы

D) Іле жағалауындағы Бесшатыр


қонысы

E) Арал жағалауындағы Түгіскен


қонысы





І БӨЛІМ












ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН


36

24.

Гректердің қола құмырасы мен қыш
амфорасы Қазақс
тандағы қай қорымнан
табылған?

A) Есік қорымы


B) Бесшатыр қорымы

C) Шырық
-
рабат қорымы

D) Жыланды қорымы

E) Аралтөбе қорымы


25.

Қаңлылардың

шаруашылығы қандай болды?

A) Көшпелі мал шаруашылығы

B) Егіншілік

C) Аңшылық

D) Мал шаруашылығы және суармалы

егіншілік

E) Қолөнер


26.

Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай деректеріндегі

“көшпелі мемлекет” атауы қай тайпа
туралы?

A) Сақтар

B) Ғұндар

C) Үйсіндер

D) Қаңлылар

E) Сарматтар


27.


Қаңлыларда

ел басқару ісін кім атқарған?

A) Хан

B) Уәзі
р

C) Гуньмо

D) Бек

E) Қаған


28.


Үйсіндердің

Қаратал кезеңінің
хронологиясын анықта.

A) Б.з.б. VІ
-
І ғғ

B) Б.з.б. V
-
І ғғ

C) Б.з.б. ІV
-
І ғғ

D) Б.з.б. ІІІ
-
І ғғ

E) Б.з.б. ІІ
-
І ғғ


29.


Аттила (Еділ) туралы алғаш рет ғыл
ымға
енгізген қазақ ғалымы кім?

A) М.Қозыбаев

B) Ш.Уәлиханов

C) Е.Бекмаханов

D) С.Асфендияров

E) К.Ақышев


30.


Қаңлылардағы

Жетіасар мәдениетінің
шоғырланған жері:

A) Отырар алқабы


B) Сырдарияның орта ағысы

C) Қуаңдария

D) Жаңадария

E)
Ертіс бойы


31.


Шығыс
Рим

империясын жеңген тайпа:

A
) Қыпшақтар

B
) Сақтар

C
) Үйсіндер

D
) Ғұндар

E
) Оғыздар

32.

Солтүстік

ғұндардың билеушісінің есімі



A
)
Мөде



B
)
Чжи
-
Чжи




C
) Аттила


D
) Елұй Дашы

E
) Үшелік


33.

Қа
ңлылардың

астанасы қазіргі қандай
қаланың маңында орналасты?

A
) Түркістан

B
) Қызылорда

C
) Тараз

D
) Ташкент

E
) Талдықорған


34.

Күнбегі (
гуньмо
) кімдердің билеушісіне
тән атау?

A
) Түріктер


B
) Андроновтар

C
) Қарақытай


D
) Үйсін

E
) Қыпшақ


35.

Чжи
-
Чжи әскерін кімдер талқандады?

A
) Түріктер


B
) Арабтар
C
) Қытайлар


D
) Қаңлылар

E
) Сақтар


36.

Ғұндарда

қасиетті орын не болып
есептелген ?

A
) Төр


B
) Шаңырақ


C
) Ошақ


D
) Бұлақ маңы
E
)
Т
ау беткейі


37.

Үйсіндер

соғысқа кірісерде қанша әскер
жасақтаған?

A) 500 мың


B) 260 мың




C) 200 мың

D) 180 мың

E) 70 мың


38.

Отырар
-
Қаратау

мәдениеті таралған аймақ:

A) Сырдарияның орта ағысы


Талас

B) Есіл


Балқаш

C)
Сырдарияның төменгі ағысы


Шу

D) Іле даласы

E) Арал теңізі


39.

Отырар
алқабындағы

Мардан
-
күйік
қорымынан табылған мөр (гемма) қай
кезеңге жатады?

A) VI
-
Vғ.ғ. B) IV
-
Vғ.ғ. C) III
-
V ғ.ғ.

D) II
-
Vғ.ғ. E) I
-
Vғ.ғ.


40.

Үйсіндер

б.з.б 160 ж. кімдердің жері
не
келіп қоныстанды?

A
) Массагеттер

B
) Тиграхауда сақтары

C
) Хаумаварга сақтары

D) Сарматтар

E) Исседондар


Приложенные файлы

  • pdf 23911292
    Размер файла: 320 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий