variant_4_kaz_1


№ 2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ-интерн студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» пәні бойынша межелік бақылау тесті
Нұсқа-4?
Лейкоцитурия аталған ауруларға тән белгі болып табылады, мынадан басқасы :
- Цистит.
- Уретрит.
- Пиелонефрит.
+ Бүйрек поликистозы.
- Төменгі зәр шығары мүшелерінің инфекциясы.
?
Екіншілік пиелонефриттің негізгі себебі болып табылады:
- Суықтану.
- Тұқымқуалаушы фактор.
+ Урообструкцияның болуы.
-Аллергия.
-Жағымсыз әлеуметтік жағдай.
?
Зимницкий сынамасы аталған бүйрек қызметін бағалалауға көмектеседі :
- Азотшығарушы.
- Фильтрациялы.
- Реабсорбциялы.
- Секрециялы.
?
.Зимницкий сынамасы бойынша зәр тығыздығының ауытқу диапазонының қайсысы бүйрек жетіспеушілігін көрсетеді:
+ 1005-1012.
- 1010-1025.
- 1013-1028.
- 1015-1028.
- 1016-1032.
?
Анемияның қай түрі жоғары ретикулоцитозбен қосарласады:
- теміртапшылықты
- созылмалы постгеморрагиялық
+ гемолитикалық
- гипопластикалық
- В6 витамині тапшылықты
?
Салицилаттармен улану клиникасында мына симптомдардың барлығы бар,мынадан басқасы:
- Тамақта,іште күйдіру сезімі .
- Құсу.
- Бас айналу.
+ Аритмия.
- Қанағулар.
?
Жиілеген зәр шығаруды көрсететін терминді анықтаңыз:
- никтурия
- полиурия
+ поллакиурия
- дизурия
- ишурия
?
Құсу массаларында өттің болуы аталған аурулардың қайсысына тән
-Пилороспазм.
-Пилоростеноз.
+12 елі ішектің стенозы.
- Өңеш халазиясы.
- Өңеш ахалазиясы.
?
Эксикоз кезінде дұрыс жүргізілген инфузионды терапия кезінде тәуліктік диурез:
+ Тәулік бойы енгізілген сұйықтықтың 1/2-2/3 бөләгән құрайды
- Енгізілген сұйықтықтың санына эквивалентті
- Енгізілген сұйықтықтың 1/3 көлемін құрайды
- Енгізілген сұйықтықтың көлемінен жоғары
- 1500,0 мл

?
.Балада пневонияның бар екенін мына симптомокомплекстердің бірі көрсетеді:
+ Интоксикация, қызба, ТЖ2,өкпеде локальды физикальды өзгерістер
- жоғары температура, үрмелі жөтел, инспираторлы ентігу
- гипертермия, қиындаған тыныс шығару,тұтқыр қақырықпен жөтел
- Екі жақта өкпеде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдардың мол болуы
- Қызба, барлық өкпе алаңында шашыранды ірі және орта көпіршікті сырылдар
?
Оң қарыншалық қанайналым жетіспеушілігіне тән :
+ Ентігу, аяқтағы ісінулер, бауырдың ұлғаюы, асцит
- Еріннің және мұрын ұшының цианозы,ентігу, жөтел және өкпеде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар
- Асцит, ентігу, өкпеде ылғалды сырылдар
- Аяқтардың ісінуі, тахикардия,жүрек ұшында систолалық шу
-Өкпеде әртүрлі калибрлі сырылдар,жүрек шекарасының оңға ығысуы,аортада диастолалық шу
?
Жедел солқарыншалық жетіспеушілікке тән емес:
- Ентігу, көпіршікті қақырық
- Еріннің, мұрын ұшының цианозы
- Өкпеде іркілу көріністері
+ Бауырдың ұлғаю,аяқтардың ісінуі
- Жүрек шекараларының ұлғаюы.
?
Ұл бала 8 жаста,1 сағат бойы ессіз жағдайда, Куссмауль тынысы,беттің гиперемиясы,терісі құрғақ,көз алмалары жұмсақ,ауыздан ацетон иісі. 3 апта бойы шөлдеу,жиілеген зәр шығару мазалаған, 1 кг салмаққа арықтаған.Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
- қант диабеті
- қантсыз диабет
+ диабеттік кетоацидты кома
- менингит
- гипогликемиялық кома
?
Бала 1,8 жаста,дене массасы 10100,0 гр., бозғылт, акроцианоз,көз астында көгерулер,өте мазасыз, бастың шашты бөлігінің тершеңдігі айқын ,жүйке−рефлекторлы қозғыштық жоғарылаған,себепсіз жылау.Қарағанда:бала жағдайы мәжбүрлі –отырған қалыпты, көзқарасы үрейлі,тыныс шығарған кезде монотонды жылаумен бірге орташа ларингоспазм, аяқтамаларда бұлшықеттердің дистальды тетаникалық жиырылуы (жоғарғы аяқтамалар - «акушер қолы»,төменгі аяқтамалар – карпо-педальды спазм).
Сіздің алдын−ала диагнозыңыз:
- фебрильды тырысулар
- эпилепсия
+ спазмофилия
- аффективті- респираторлы ұстамалар
- вегетативті пароксизм
?
Науқас 7 жаста ,клиникаға ауруының 3-ші күнінде бас ауырсыну,бет пен балтырдың ісінуіне, «ет жуындылары» түсті зәрдің пайда болуы шағымдарымен түсті.Жалпы зәр анализінде : көлемі- 70,0мл,түсі- қызыл, реакция – сілтілі, тығыздығы- 1023, эритроциты- өзгерген, жаппай, лейкоциттер- 2-3 к∕а, белок 0,99%. Диагноз қойылды: жедел гломерулонефрит. Нефрология бөлімшесіне госпитализияланды. Науқасты диспансерлі бақылаудың ұзақтығын көрсетіңіз
- 6 ай.
- 1 жыл
- 3 жыл
+ 5 жыл
- 14 жылға дейін
?
Бала 7 жаста ,суықтанудан кейін жедел ауырып қалды, дене қызуының 39,0 С жоғарылауы байқалған, құрғақ жөтел, бас ауруы пайда болды. Қараудан кейін оңжақты пневмония диагнозы қойылды және бала стационарлы емге бағытталды. Жазылудан кейін емханада баланы қанша уақыт бақылау керек
- 6 а.
+ 1 жыл
- 2 жыл
- 5 жыл.
- 15 жылға дейін.
?
Балаға 1 ай. Тек ана сүтімен тамақтанады.Баланы үй жағдайында қараған кезде учаскелік педиатр баланың жүйке−психикалық жағдайын бағалайды және бала қозғалыстағы қызыл шарға үздіксіз бас бұрып қарауын, дәрігер даусын тыңдауын,күлуін,ішінде жатып басын көтеруге және оны ұстауға ынталанады, анасымен әңгіме кезінде жауап ретінде жеке дыбыстар шығаруын байқаған.Дәрігер баланың жүйке-психикалық дамуын қалай бағалайды
- бала дамуы қалыптыдан жылдам
- жылдамдаған даму
- 1 эпикризды кезеңге дамудың қалуы
- 2 эпикризды кезеңге қалуы
+ қалыпты даму.
?
Ұл бала 2,5 айлық. Екінші жүктіліктен, жүктіліктің ІІ жартысының гестозы фонында. 3600г. Дене салмағымен, 53см боймен туылған. 3,5 аптадан бастап әр тамақтанудан кейін жиілеген құсулар «фонтанды» құсуға дейін» . Объективті: Тері жамылғысы бозғылт, құрғақ,«мәрмәрлі» суретпен.Теріасты-май қабаты жұқарған,тіндердің тургоры төмендеген, бұлшықеттік гипотония. Ішкі мүшелері патологиясыз. Қарау кезінде бала салмағы 4300г құраған. Диагноз қойыңыз:
- пилоростеноз
- І дәрежелі гипотрофия ,
+ ІІ дәрежелі гипотрофия , пилоростеноз
- ІІ дәрежелі гипотрофия , постнатальды, эндогенді (пилороспазм)
- ІІІ дәрежелі гипотрофия
?
9 айлық балада: құсу,сұйық нәжіс,ІІ дәр. гипотрофия, ұманың гиперпигментациясы , гиперкалиемия- 6,2 ммоль/л, гипонатриемия- 122 ммоль/л.
Қандай ауру туралы ойлауға болады:
- Сальмонеллез
- Дизентерия
- Пилороспазм
- Пилоростеноз
+ Адреногенитальды синдром
?
Бала 10 жаста: 3 апта бұрын ЖРВИмен ауырған. Объективті:көлденеңінен жүрек шекараларының кеңеюі, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу, бір реттік экстрасистолалар пайда болды.Сіздің диагнозыңыз:
- бактериальды эндокардит
+ ревматикалық емес миокардит
- ВПС
- митральды клапанның пролапсы
- ревматикалық эндокардит
?
Оксана К. 7 айлық – ІІ босанудан,жүктілік физиологиялы өткен. 2 айынан бастап толық сүтпен тамақтанады.Көкөніс езбесін ынтасыз жейді.Тамақтануында ботқалар басым. Объективті: өз бетімен отыра алмайды, маңдай және самайда айқын бұдырлар байқалады,қабырғалық «таспихтер», Гаррисон жүлгесі пальпацияланады.Бұлшықет тонусы төмендеген. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Басқа мүшелерінде ерекшеліктерсіз.
Болжам диагноз:
- Рахит I, өршу,жедел ағым
- Рахит I, өршу, жеделдеу ағым
- Рахит II, өршу, жедел ағым
- Рахит II, өршу, рецидивирлеуші ағым
+ Рахит II, өршу, жеделдеу ағым
?
Жеті айлық балада ЖРВИ фонында аурудың 4 күнінде жағдайы нашарлады,дене қызуы қайтадан 37,8С дейін жоғарылады, экспираторлы ентігу, оральды сырылдар пайда болды.Аускультация кезінде – ұзарған тыныс шығару, екі жақтан әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар.Сіздің болжам диагнозыңыз:
- бронхиолит
+ обструктивті бронхит
- рецидивирлеуші бронхит
- пневмония
- плеврит

?
Қыз бала 6 жаста. Ұстаматәрізді жөтелге, шулы тынысқа шағымданады.Анамнезінен 1 жасқа дейін балалық экземамен ауырған,шоколадты,құлпынайды,жұмыртқаны қабылдағанды көтере алмайды ( терісінде бөртпелер пайда болады). Баланың анасында рецидивирлеуші есекжем. Тұншығу ұстамасы шоколадты қолданғаннан кейін пайда болды, жедел жәрдем дәрігерімен шұғыл шаралар жүргізілді. Қараған кезде жағдайы орташа ауырлық дәрежеде,бозғылт,көз астында көгерулер, бетінде,құлақ артында, қол мен аяқтың шынайы қыртыстарында құрғақтық,қабыршақтану,қасу іздері,тілі «географиялық», ауыз ұшында жаралар бар, тынысы шулы, арақашықтықта естіледі,өкпеде перкуторлы дыбыс қорапты көрініспен, барлық өкпе бетінде көптеген құрғақ сырылдар, тондары тұйықталған, бауыры қабырғаасты доғасынан +2 см шығыңқы. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – өкпе түбірлеріне жақын жерде бронхөкпелік суреттің күшеюі, мөлдірліктің жоғарылауы, ошақты көлеңкелер жоқ.ЖҚА – Нв – 118 г\л, Эр. – 4,3х1012\л, Лейк – 5,8х109\л, э – 14%, т\я – 1%, с – 48%, л- 29%, м- 8%, ЭТЖ – 3 мм\сағ. Сіздің диагнозыңыз
- обструкциялы бронхит
- атипті пневмония
+ бронх демікпесі
- есекжем
- муковисцидоз
?
14 жасқа дейінгі балаларды қарау үшін жұмысқа жарамсыздық парағы амбулаторлы түрде берілуінің максимальды мерзімі:
+ 10 күнге дейін
- 7 күнге дейін
- 2 айға
- берілмейді
- 3 аптаға дейін
?
Күндізгі стационарда болуды ұйымдастырудың мақсаты болып табылады:
- денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін жақсарту
- босануға көмектесетін қызметтердің сапасын жақсарту
- жаңа туылған нәрестелерге емдеу-профилактикалық көмектің сапасын жақсарту
- иммунопрофилактика эффективтілігін жоғарылату
+ тәулік бойы бақылауды және еді қажет етпейтін науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту
?
Күндізгі стационардан холецистит диагнозымен шығарылған балаларды емхана жағдайында диспансерлі бақылаудың ұзақтығы:
- 1жыл
+ 3 жыл
- 2 жыл
- 4 жл
- бақыланбайды
?
Баланың мектепке дейінгі мекемеге адаптациясының клиникалық критерийлеріне жатады:
+ аурушаңдық
- бойы
- дене пропорциясы
- тану сферасының дамуы
- дене қызуының жоғарылауы
?
Үй жағдайында 1 баланы қарауға дәрігер-педиатрға бөлінетін уақыт:
- 10 минут
- 5 минут
+ 30 минут
- 15 минут
- 20 минут
?
Профилактикалық екпелердің мерзімі мына бұйрықта тіркелген:
- № 404
- № 113
- №135
- № 60
+ № 40
?
Балалардың Антропометрические исследования детей на первом году жизни в полном объеме проводятся в СВА:
- еженедельно
+ ежемесячно
- ежеквартально
- 1 раз в полугодие
- ежегодно
?
Жүкті әйелдерге рахиттің антенатальды алдын алуы жүргізіледі:
+ 30-32 аптада
- 14-16 аптада
- 18-20 аптада
- 22-24 аптада
- 10-12 аптада
?
Баланы емізіп жүргенде алғашқы қосымша тамақтандыруды бастау керек
- 8 айда
- 5 айда
- 4 айда
- 2 айда
+ 6 айда
?
Қызылшаға қарсы вакцинацияны жасау мерзімі:
- 12 жаста
- 18 айда
- 3 жаста
- 6-7 жаста
+12 айда
?
Эпидемиялық паротитке қарсы вакцинация осы жаста жасалынады:
+ 12 айда
- 6 айда
- 9 айда
- 3 айда
- 18 айда

?
Перзентханада БЦЖ егілмеген 1,5 айлық нәрестеге қатысты аймақтық педиатрдың тактикасы:
- 2 айдан соң алдын ала Манту сынамасыз вакцинациялау
+ 2 айға дейін Манту алдын ала сынамасыз егу
- вакцинация қарсы көрсетілген
- 8 айға дейін Манту алдын ала сынамасын өткізбей егу
- 1 жасқа толғанда вакцинациялау
?
12 айында сау балаға егіледі:
- ОПВ, паротит
- БЦЖ, қызылша
+ қызылща, паротит
- АКДС, қызылша, паротит
- вирусты гепатит, қызылша, паротит
?
Көкжөтел, дифтерия мен сіреспеге қарсы жоспарлы иммунизация профилактикалық егулер күнтізбесіне сәйкес жасалады:
- 12 айда
- өмірдің 5-7 күндерінде
- 5 айында
+ 2 айда
- 15-18 айда
?
Созылмалы гастритпен ауыратын балаларды педиатрдің бақылау жиілігі:
+ 3 айда 1 рет
- 12 айда 1 рет
- айына 1 рет
- 6 айда 1 рет
- жылына 1 рет
?
Бронхтардың шырышты қабығының ісінуі, бронхтар саңылауына секрет бөлінуі, бронхиальды мускулатураның спазмы тән:
- созылмалы пневмонияға;
- муковисцидозға;
-ошақты бронхпневмонияға
+жедел обструктивті бронхитке;
- альвеолярлы микролитиазға.
?
Рахиттің алдын алуын өткізуге емханаларда қолданылады:
+ эргокальцеферол
- С витамині
- панадол
- аспирин
- пенициллин
?
D витамині майлы ерітіндісінің профилактикалық дозасы тең:
+ 1500 ед. тәулігіне
- 1000 ед. тәулігіне
- 500 ед. тәулігіне
- 2000 ед. тәулігіне
- 2500 ед. тәулігіне
?
Аймақтық педиатр вирусты гепатиттердің диагностикасында ерте клинико-лабораторлы көрсеткіш болып осы табылатыны есінде сақтау тиіс:
- аңқаны қарау
- аңқадан алынған жұғынды егу
+ АсАТ пен АлАТ анықтау
- зәрде ақуыздың көбеюі
- лейкоцитоз
?
Құрғақ, дөрекі, үрген жөтел мынаның зақымдалуына тән:
- көмейдің
- кеңірдектің
+ бронхтардың
- өкпелердің
- плевраның
?
ЖРВИ – дың қайсысына лимфа түйіндерінің ұлғаюы тән:
- грипп
- парагрипп
- респираторлы-синцитиальды инфекция
- риновирусты инфекция
+ аденовирусты инфекция
?
босануға дейінгі патронаждар белгіленетін есептік форма:
- 113/у
+ 112/у
- 076/у
- 063/у
- 030/у
?
1-ден 2 жасқа дейінгі балаларды антропометриялық зерттеу СВА толық көлемде өткізіледі:
+ квартал сайын
- ай сайын
- апта сайын
- жарты жылдықта 1 рет
- жыл сайын
?
баланың физикалық дамуының үйлесімділігінің бағасы осы бойынша анықталады:
+ центильды кестелердің коридорларының түрлілігімен
- бойымен
- массасымен
- физикалық дамуының ауытқуларымен
- жасымен
?
жыл бойында екі рет ЖРВИ мен созылмалы тонзилиттің өршуіне шалдыққан балаға денсаулық тобын анықтаңыз:
- I
- II
+ III
- IV
- V
?
Нәрестені табиғи тамақтандыруда екінші қосымша тамақтандыруды бастау осы уақыттан ұсынылады:
- 8 айда
- 5 айда
- 6 айда
- 4 айда
+ 7 айда
?
салмағы 3500 г 2 апталық баланың тәуліктік ас көлемі құрайды:
- 1000 мл
- 600 мл
- 800мл
- 900мл
+ 750 мл
?
микоплазмалық инфекцияда ең эффективті антибиотик:
+ азитромицин
- амоксициллин
- пенициллин
- цефамизин
- рифампицин
?
030/у есептік форма арналған:
- балаларды мектепке рәсімдеуге
+ «Д» бақылаудың жүйелілігін тексеруге
- ДДУ балаларды рәсімдеуге
- инфекциялық ауруларды есепке алу үшін
- профилактикалық егулерді есепке алу үшін
?
2.5 айлық бала өмірінің 3 аптасынан бастап аралас тамақтандыруда. Қарағанда шап аймақтарында, мойында, қолтықастында мұқият күтуге қарамасатан қызару бар. Екі бетінде гиперемия, ісіну, жарылулар, сүтті қабыршақтар көрінеді, бала мазасыз, ұйқысы бұзылған. Болжамды диагноз:
- аллергиялықдерматит
+ экссудативті-катаральды диатез
- лимфатико-гипопластикалық диатез
- қабыршақтану
- стрептодермия
?
Участкелік педиатрды 2 жастағы балаға шақырды. Ауру жедел басталған: қызуы 39°С- ға дейін көтерілген, катаральды көріністер пайда болған,мазасызданған. Кенеттен қысқа мерзімді тырысулар пайда болды. Алғашқы диагноз:
+ ЖРВИ, фебрильді тырысулар
- Эпилепсия
- Спазмофилия
- Менингит
- Вирусті энцефалит

?
Бала I жүктіліктен, ағымы ерекшеліксіз болып, 38 аптада туылған, туылғандағы салмағы 2900 г., бойы 49 см. Әйелде А(II), Rh(+) қан, балада АВ (IV), Rh (-) қан. Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. 3-ші тәулікте баланың тері жамылғысы сарғайды. Жалпы жағдайы өзгермеді. Белсенді түрде емеді, құспайды. Туа пайда болатын автоматизм рефлекстері белсенді. Қанның биохимиялық анализінде билирубин 90 мкмоль/л, байланыспаган фракция есебінен, трансаминазалар қалыпты. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
- асфиксиялық сарғаю
- Rh сәйкессіздік бойыша гемолитикалық ауру
- АВО сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру
- пренатальды гипотрофия
+ физиологиялық сарғаю
?
Бала 2 жаста, дене салмағы- 16 кг. Респираторлы аурулармен жиі ауырады. Әлсіз, апатиялы. Тері эластикалылығы, жұмсақ тіндер тургоры төмендеген, бұлшық еті нашар дамыған. Барлық шеткері лимфа түйіндері Ш-IV дәрежеге дейін ұлғайған, өзара және қоршаған тіндермен бірікпеген. Мұрын арқылы демі қиындаған, бадамшалары гипертрофияланған. Кеудесінің рентгенограммасы- тамшы тәрізді жүрек, тимомегалия. Қан анализінде: Нв-120 г/л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, п-22%, с/я-25%, лимф-62%, мон-10%. Қандай диагнозды жорамалдайсын:
- экссудативті-катаральді диатез
- нервно-артриттік диатез
- аллергиялық диатез
+ лимфатико-гипопластикалық диатез
- созылмалы тонзиллит
?
Стационарға 3,5 жастағы қыз бала түсті. Шағымдары: жиіжәне ауырсынумен жүретін несеп шығару, несебінің түсі өзгеруі. Баланың жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Төменгі ернінде және сыртқы жыныс мүшелерінде герпестік бөрітпелер бар. Несебі қызыл түсті. Қан анализінде: Нв-102 г/л, Эр.-3,4х1012/л, СОЭ-15 мм/ч. Несеп анализінде: өзгермеген эритроциттер жайылған! Сіздің алғашқы диагнозыныз:
- ЖРВИ
+ жедел геморрагиялық цистит
- стрептодермия
- жедел пиелонефрит
- жедел гломерулонефрит
?
Оң жақ қабырға астынан сыздап , тұйық ауырсыну, эмоциялар, диета бұзу кезінде күшею. Диспепсиялық көріністер.Спазмолитиктер (но-шпы ж/е т.б.) қабылдау жағдайын жақсартпайды. Сіздің диагноз:
- өт жолдарының дискинезиясы гипертониялық тип
+ өт жолдарының дискинезиясы гипотониялық тип
- созылмалы панкреатит
- созылмалы энтерит
- созылмалы колит
?
Бала 6 айлық, ЖРВИ-мен ауырды, участкелік педиатр қарау кезінде тері жамылғысының бозаруына көңіл аударды, бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. Жалпы қан анализінде НВ - 95 г/л, эритроцит - 3,3 х 1012, Т.К.. - 0,8, айқын полихроматофилия, анизоцитоз. Балады анемияның қай түрі неғұрлым мүмкін:
- витамин жетіспеушілік+ темір жетіспеушілік
- ақуыз жетіспеушілік
- гемолитикалық
- апластикалық
?
Бала 2 жаста, дене салмағы- 16 кг. Респираторлы аурулармен жиі ауырады. Әлсіз, апатиялы. Тері эластикалылығы, жұмсақ тіндер тургоры төмендеген, бұлшық еті нашар дамыған. Барлық шеткері лимфа түйіндері Ш-IV дәрежеге дейін ұлғайған, өзара және қоршаған тіндермен бірікпеген. Мұрын арқылы демі қиындаған, бадамшалары гипертрофияланған. Кеудесінің рентгенограммасы- тамшы тәрізді жүрек, тимомегалия. Қан анализінде: Нв-120 г/л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, п-22%, с/я-25%, лимф-62%, мон-10%. В комплексе профилактических мероприятий детям с Лимфатико-гипопластикалық диатезі бар балаларға профилактикалық шаралар комплексінің негізгілері:
- күн тәртібі, шынығу, массаж, антибиотиктер
- күн тәртібі, шынығу
- күн тәртібі
+ күн тәртібі, шынығу, массаж
- күн тәртібі, шынығу, массаж, антибиотиктер, физиоемдеу
?
Бронхта бөгде дене болғанға келесі клиникалық көріністер тән:
- ауыз- мұрын үш бұрышы цианозы, мұрын қанаттары делдію, кеуде клеткасы кеңею, перкуторлы дыбыс қорапты, аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар
- температура жоғарылау, ылғалды жөтел, оң жақта жауырын бұрышынан төмен өкпелік дыбыс қысқару, осы аймақта дем алу шегінде крепитациялаушы сырылдар
- “үруші” жөтел, дауыс қарлығу, температура 38,5 С, жұтқыншақтың артқы бетінің гиперемиясы, тынысы ауыр, қабырға аралықтар еніп, дем алу ұзарған
- құрғақ жөтел, өкпе үстінен қатқыл тыныс естіледі, құрғақ сырылдар ылғалдымен алмасады
- құрғақ жөтел, ентігу, өкпе түбірі аймағында өкпелік дыбыс тұйықталу және тыныс әлсіреуі
?
Бір жастағы бала жедел ауыра бастаған, қызуы 38,9 С-ге дейін көтерілген, инспираторлы ентігу пайда болды, жиі үруші жөтел, тахипноэ 60 мин. Бұл жағдайда кайсы ауруды жорамалдауға болады:
+ ЖРВИ, , ларинготрахеит, көмей стенозы II дәреже
- обструктивті бронхит
- ЖРВИ, бронхопневмония
- ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы I дәреже
- жоғарғы тыныс жолдарының бөгде заты
?
Бала 3 жаста. Стационарға ЖРВИ диагнозымен түсті. 3-ші күні науқаста ентігу пайда болды, қатты әлсіздік, жіп тәрізді пульс, жиі жөтеліп, ауыз аймағында көпірген қақарық жұқты. Аускультация кезінде екі өкпесініңде төменгіжақтарынан ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: альвеолярлы өкпе ісінуі, ошақтық көйлеңкелер жоқ. ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насостық қызметі төмендеуі. Қандай асқыныс дамыған:
+ жедел сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі
- жедел пневмония
- перикардит
- жедел оң жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі
- тотальды жүрек жеткіліксіздігі
?
Бала 8 жаста. Шағымы ішінің жоғары жағының ауырсынуы, сол жақ жауырын мен белге иррадиацияланады (кейде ауырсыну айналмалы сипатта болады), жүрегі айну, құсу, шөлдеу, іші кебу. Диета бұзғанда жағдайы ауырлайды. 2 жыл бойы ауырады. Анамнезінде - эпидемиялық паротит 6 жасында. Температура 38,8 С. Пальпацияда – эпигастриде және сол жақ қабырға асты аумақта ауырсыну. Қан анализінде:- Нв-120 г/л, Эр.-3,95х1012/л, Л-11,0х109/л, СОЭ-15 мм/час. Несеп диастазасы- 132 ЕД. Қан қанты- 6,8 ммоль/л. Алғашқы диагноз:
- созылмалы холецистит
- созылмалы гастродуоденит
+ созылмалы панкреатит
- өт жолдарының дискенезиясы гипермоторлы тип
- жедел аппендицит
?
Участкелік педиатр 4жастағы балаға шақырылуға келді. Балабақшаға барады, 2 – нен бері ауырады. Ауыру қызуының 37,7 С градусқа көтеріліп басталды, өзгермеген тері фонында сирек жайылған ұсақ везикулярлы бөрітпе пайда болды. Келесі күні бөрітпелер саны көбейді. Алғашқы диагноз:
- псевдотуберкулез
- қызылша
- скарлатина
+ жел шешек
- қызамық
?
Қыз бала 12 жаста. Бірнеше сағат бұрын ауырған, іші қатты ауырсынып, эпигастриде көбірек, омыртқаға иррадиацияланып, белдемелі сипатта болған. Екі рет құсқан, жеңілдік әкелмеген. Объективті: боз, тілі ақшыл жабынмен жабылған, температура 37,8 C, іші кепкен, эпигастриі сәл қатайған. Ортнер симптомы күмәнді. Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну. Лейкоцитоз-12,8х109/л. Нәжісі тазалаушы клизмадан кейін, тығыз, майлы. Алғашқы диагноз:
- жедел холецистит
- жедел гастродуоденит
- жедел гастрит
- жедел дуоденит
+ жедел панкреатит
?
Бала 10 жаста. Шағымдары: температура 39°С. Анамнезінен: жиі ЖРВИ-мен ауырады, анасында созылмалы пиелонефрит. Бұрын қаралмаған. Боз, қабақтары ісінген, көз асты«көгерген», несеп шығару кесіп ауырсындырады, осындай көрініс бір жыл бұрын байқалған. Соққылау симптомы екі жақтан да оң. Қан анализінде лейкоциттер 15,4 х 109л. СОЭ 36 мм/ч. Несеп анализінде тығыздығы 1010, ақуыз 0,047, лейкоциттер жайылған, эритроциттер жоқ, шырыш ++. Алғашқы диагноз:
+ пиелонефрит
- жедел цистит
- жедел гломерулонефрит
- несеп- тас ауыруы
- дисметаболизмдік нефропатия
?
12 жастағы балада интоксикация фонында 3 апта бойы жөтел. Туберкулезді ерте анықтау үшін отбасылық дәрігер не тағайындауы қажет:
- Пирке сынамасы және флюорография
- Манту сынамасы 2 ТЕ және рентгеноскопия
- рентгенография және кеуденің флюорографиясы
+ Манту сынамасы және флюорография
- Коха сынамасы және флюорография
?
Бала 10 жаста. Шағымдары: температура 39°С. Анамнезінен: жиі ЖРВИ-мен ауырады, анасында созылмалы пиелонефрит. Бұрын қаралмаған. Боз, қабақтары ісінген, көз асты«көгерген», несеп шығару кесіп ауырсындырады, осындай көрініс бір жыл бұрын байқалған. Соққылау симптомы екі жақтан да оң. Қан анализінде лейкоциттер 15,4 х 109л. СОЭ 36 мм/ч. Несеп анализінде тығыздығы 1010, ақуыз 0,047, лейкоциттер жайылған, эритроциттер жоқ, шырыш ++. Алғашқы диагноз:
+ пиелонефрит
- жедел цистит
- жедел гломерулонефрит
- несеп- тас ауыруы
- дисметаболизмдік нефропатия
?
Бала 8 жаста. Анамнезінде жиі жеделреспираторлы аурулармен ауырады, ангиналар. 3 жасынан созылмалы тонзилитке байланысты диспансерлік тіркеуде тұрады. Ангинамен ауырғасын 3 апта өткен соң шаршағыштық, артралгия, тахикардия, жүрек шекараларының кеңеюі, систолалақ шу пайда болды. Участкелік педиатрдың тактикасы және алғашқы диагноз:
- ревматизм, амбулаторлы емделу
- инфекционно-аллергиялық миокардит, госпитализация
- инфекционно-аллергиялық миокардит, амбулаторлық ем
+ ревматизм, госпитализация
- жүрек туа пайда болған кемістігі, госпитализация
?
Конъюгационнды сарғаюдың клинико-лабораторлық белгілері:
- бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, ентігу, мұрын ауыз үшбұрышының когеруі
+ сарғаю, бауыр көлемі ұлғаймаған, тікелей билирубин көбейеді
- сарғаю, гепатомегалия, тікелей билирубин артып, трансаминазалар белсендігі жоғарылайды
- бауыр ұлғайып, анемия, инъекция жасаған жерден қан ағады
- сарғаю, анемия, ретикулоцитоз, тікелей емес билирубин артады
?
Профилактикалық қабылдауда 1 жасар бала. Физическалық және нервно-психикалық дамуы жасына сай. ЖРВИ-дан кейін реконвалесцент. ОЖЖ-нің перинатальды зақымына байланысты невропатологта тіркеуде бар. Жасына сай екпелер жүргізілген . бала кандай денсаулық тобына жатады:
+ II б
- IIa
- I
- III
- IV
?
Баланы шаршағыштық, майлы тамақ ішумен байланысты ұстамалы, өткір, қысқа мерзімді ішінің ауырсынулары мазалайды. Қарауда тері жамылғысы қызғылт, таза. Ішін пальпациялағанда Мерфи, Кера симптомдары оң. Қан ан.: Нв-126 г/л, Эр.-3,96х10-12/л, Л-5,0х10-9/л, СОЭ- 2 мм/сағ, э-4, с-67, л-29. Дуоденальды зондтағанда: өттің «В» порциясы бөліну жылдамдығы 10 минут, Одди сфинктері жабылу уақыты - 9 минут, қайталап тітіркендіруден кейін қайтадан қаралау өт бөлінеді. Сіздің диагноз:
- жедел холецистит
- жедел дуоденопанкреатит
+ өт шығару жолдарының дискинезиясы гипермоторлы тип
- жедел гастродуоденит
- өт шығару жолдарының дискинезиясы гипомоторлы тип
?
Стенозды ларинготрахеиттің белгілері:
+ «үруші» жөтел, дауыс қарлығу, температура 38,5 градус, шулы тыныс, қабырға арлықтар ену, ұзарған дем алу
- жоғарылаған температура, ылғалды жөтел, өкпелік сурет оң жақтан күшею, жауырын бұрышынан төмен, сол жерде крепитациялық сырылдар
- құрғақ, шаршататын жөтел, тамақ ішу кезінде пайда болады, инспираторлы ентігу. Оң жақта түбірге таяу аймақта өкпелік дыбыс қысқару, с ол жерде тыныс әлсіреу
- құрғақ жөтел,өкпеде қатқыл тыныс тындалады,құрғақ және ылғалды сырылдар
- мұрын ауыз үшбұрышы көгеру, мұрын қалқандарының делдиюі, кеудесінің кеңеюі, перкуторлы дыбыс қораптық нышанмен, аускультацияда екі жақтан да дем алғанда және шығару басында ұсақ көпіршікті сырылдар
?
Бала 2 жаста. Шағымдары аяқ астынан жөтелу, 15 минутта қоятын ентігу. Қарауда: температурасы қалыпты, бала белсенді. Аускультацияда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде дем шығарғанда ысқырықты сырылдар. Науқаста қандау сырқатты жорамалдауға болады, жүргізу тактикасы:
- созылмалы бронхит, пульмонолог консультациясы
+ бронхтың бөгде заты, жедел госпитализация
- бронхиальды астма, тәулік шамасында бақылау
- пневмония, кеудесінің рентгенографиясы
- коклюш, қан анализін жасау
?
8 жастағы балаға жалпы тәжірибелік дәрігерді шақыру. Қарауда бозарған, әлсіз, бұлшық ет тонусы төмендеген, меті мен қолының когеруі, тыныштықта ентігу, ТАЖ- 50 мин, пульс- 140. Жауырынның төменгі ұшында өкпелік дыбыс қысқару, сол жерде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. Сіздің диагноз және тактика:
- пневмония, госпитализация
+ бронхиолит, үйде қалдыру
- муковисцидоз, үйде қалдыру және бақылауды жалғастыру
- бронхиальды астма, күндізгі стационарға жіберу
- жедел бронхит, үйде қалдыру, үйдегі стационар ашу
?
3 жастан асқан балаларға обструктивті бронхит кезінде СВА участкесінде қандай ем дұрыс болып табылады
- эуфиллин, теофиллин
- пенициллин, лобелин
- линкомицин, бронхолитин, супрастин
+ ингаляции сальбутамолмен, сілтілі ингаляция, амбробене
- жедел вакцинация, иммуноглобулин енгізу
?
Рахит фонында өтетін пневмония келесі клиникалық көріністермен сипатталады:
- айқын клиникалық симптоматикамен
- жедел басталу, жедел ағым
+ созылмалы ағым, жиі асқыныстар
- асқынуларсыз
- обструктивті синдроммен асқынады
?
Бала ағзасының резистенттілік деңгейі анықталады:
+ баланың жыл ішіндегі басынан өткізген жедел респираторлы ауруларының жиілігімен
- баланың өмір бойына басынан өткізген тексерілетін жедел аурулар жиілігімен
- жедел аурулардың ауырлығымен
- аурудың ұзақтығы және ауырлығымен
- созылмалы аурулардың өршу сатымен
?
2 жастағы баланы жиі ауыратын деп есептейді, егер:
- жедел респираторлы аурулар жылына 2 рет анықталса
- бронхиальді астма өршуі жылына екі рет көрініс берсе
- рахит салдарынан реконвалесценция сатысында 2 жыл ішінде 2 рет жедел аурулар анықталса
- созылмалы отит өршулерімен жылына 2 рет
+ өмірінің екінші жылында жедел респираторлы аурулар 7 рет ауырса
?
Қандай үш негізгі симптом созылмалы бронхит клиникасында басты болып табылады:
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қызба, тершеңдік, құрғақ жөтел
- кеуде клеткасында ауырсыну, беттің қызыл болуы, қанды қақырық («ржавая» мокрота)
- кеуде клеткасында ауырсыну, ентігу, ісінулер
- қан түкіру, таңертеңгілік жағымсыз иісті іріңді
+ жөтел, қақырық, ентігу
?
Бала 4 жаста, екінші күн науқас, дене қызуы 37,7 С, мұрын бітелуі, жөтел, аңқа гиперемиясы, тыныс жиілігі 1 минутта 25 рет, ЖЖЖ - 115 рет минутына. Өкпесінде қатаң тыныс алу естіледі, таралуы біркелкі, сырылдар жоқ, перкуторлы дыбыс өзгермеген. Сіз қандай ем тағайындайсыз:
- антибиотиктер + қақырық түсіруші
- анальгетиктер + сульфаниламидтер
+ жылы сұйықтық ішу, қақырық түсіруші
- эуфиллин, сульфаниламидтер
- антигистаминді препараттар, қақырық түсіруші
?
Қызамық кезіндегі бөртпе:
- уртикарлы, дұрыс емес пішінді, кейде бірігеді
+ дақты, кейде папулезді, терінің өзгеріссіз фонында
- папулезді-везикулезді
- геморрагиялық
- эритематозды
?
Рахиттің қай кезеңіне және ағым түріне остеомаляцияның айқын процестері тән - краниотабес, "етікші кеудесі", "тауық көкірегі", гаррисон жүлгесі:
- жедел ағым, бастапқы кезеңде
+ жедел ағым, айқын көріністер кезеңі
- жеделдеу ағым, айқын көріністер кезеңі
- жеделдеу ағым, қалдық көріністер кезеңі
- жеделдеу ағым, бастапқы кезең
?
Қызамық кезінде катаральді көріністер сипатталады:
- аздаған мұрын бітелумен және күшті жөтелмен
- жөтел және конъюнктивитпен
- қатты мұрын бітелумен, қатты жөтелмен, конъюнктивитпен
+ аздаған мұрын бітелумен, жөтелмен, конъюнктивитпен
- қатты мұрын бітелумен және конъюнктивитпен
?
Бала өмірінің алғашқы жылында типтік тәртіпте келесі мамандармен қаралуы тиіс:
- стоматолог, гатроэнтеролог
- эндокринолог, ЛОР-дәрігер
+ невропатолог, ортопед
- иммунолог, гематолог
- дерматолог, аллерголог
?
Ұғымдардың қайсысы физиологиялық сарғаюға жатпайды:
+ ағымы толқынды
- нәжісінің түсі қалыпты түсті
- зәрде өт пигменттері болмайды
- сарғаю өмірінің 2-3 күндерінде пайда болып, 5-7 күн созылады
- физиологиялық сарғаюмен туылған нәрестелер фототерапияны қажет етпейді
?
Галактоземия қандай симптомдармен көрінеді:
- катарактамен, ақыл есінің артта қалуымен және қандағы галактоза мөлшерінің төмендеуімен
- тек қана галактоза мөлшерінің жоғарылаумен
- катарактамен, ақыл есінің артта қалуымен және қандағы галактоза мөлшерінің жоғарылауымен
- катарактамен, ақыл есінің артта қалуымен, бауыр циррозымен, бүйрек жеткіліксіздігі және қандағы галактоза мөлшерінің жоғарылуымен
+ катарактамен, ақыл есінің артта қалуымен, бауыр циррозымен және қандағы галактоза мөлшерінің жоғарылауымен
?
Денсаулықтың 1тобына балалардың қай сұрыбын жатқызады:
+ Қалыпты физикалық және жүйке-психикалық дамумен, анатомиялық дефектілерсіз, функциональді және морфофункциональді ауытқуларсыз сау балалар
- Созылмалы аурулары жоқ, бірақ кейбір функциональді және морфофункциональді бұзылыстары бар, реконвалесценттер, әсіресе инфекциялық аурулардың ауыр және орта ауырлықты дәрежелерін басынан өткізген балалар
- Клиникалық ремиссия сатысында созылмалы аурулары бар, жиі емес өршулермен, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Созылмалы ауралардың активті сатысындағы және жиі өршитін тұрақсыз клиникалық ремиссия сатысы, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
Ауыр созылмалы аурулары бар, жиі емес клиникалық емес ремиссиямен, жиі өршумен, тоқтаусыз рецидивдеуші ағымды, ағзаның функционльді айқын декомпенсациясымен, негізгі аурудың асқынуы бар балалар
?
Денсаулықтың 2 тобына балалардың қай сұрыбын жатқызады:
+ Созылмалы аурулары жоқ, бірақ кейбір функциональді және морфофункциональді бұзылыстары бар, реконвалесценттер, әсіресе инфекциялық аурулардың ауыр және орта ауырлықты дәрежелерін басынан өткізген балалар
- Ауыр созылмалы аурулары бар, жиі емес клиникалық емес ремиссиямен, жиі өршумен, тоқтаусыз рецидивдеуші ағымды, ағзаның функционльді айқын декомпенсациясымен, негізгі аурудың асқынуы бар балалар
- Созылмалы ауралардың активті сатысындағы және жиі өршитін тұрақсыз клиникалық ремиссия сатысы, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Клиникалық ремиссия сатысында созылмалы аурулары бар, жиі емес өршулермен, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Қалыпты физикалық және жүйке-психикалық дамумен, анатомиялық дефектілерсіз, функциональді және морфофункциональді ауытқуларсыз сау балалар
?
Денсаулықтың 3 тобына балалардың қай сұрыбын жатқызады:
- Қалыпты физикалық және жүйке-психикалық дамумен, анатомиялық дефектілерсіз, функциональді және морфофункциональді ауытқуларсыз сау балалар
+ Клиникалық ремиссия сатысында созылмалы аурулары бар, жиі емес өршулермен, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Ауыр созылмалы аурулары бар, жиі емес клиникалық емес ремиссиямен, жиі өршумен, тоқтаусыз рецидивдеуші ағымды, ағзаның функционльді айқын декомпенсациясымен, негізгі аурудың асқынуы бар балалар
- Созылмалы ауралардың активті сатысындағы және жиі өршитін тұрақсыз клиникалық ремиссия сатысы, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Созылмалы аурулары жоқ, бірақ кейбір функциональді және морфофункциональді бұзылыстары бар, реконвалесценттер, әсіресе инфекциялық аурулардың ауыр және орта ауырлықты дәрежелерін басынан өткізген балалар
?
Денсаулықтың 4 тобына балалардың қай сұрыбын жатқызады:
- Қалыпты физикалық және жүйке-психикалық дамумен, анатомиялық дефектілерсіз, функциональді және морфофункциональді ауытқуларсыз сау балалар
- Клиникалық ремиссия сатысында созылмалы аурулары бар, жиі емес өршулермен, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Ауыр созылмалы аурулары бар, жиі емес клиникалық емес ремиссиямен, жиі өршумен, тоқтаусыз рецидивдеуші ағымды, ағзаның функционльді айқын декомпенсациясымен, негізгі аурудың асқынуы бар балалар
+ Созылмалы ауралардың активті сатысындағы және жиі өршитін тұрақсыз клиникалық ремиссия сатысы, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Созылмалы аурулары жоқ, бірақ кейбір функциональді және морфофункциональді бұзылыстары бар, реконвалесценттер, әсіресе инфекциялық аурулардың ауыр және орта ауырлықты дәрежелерін басынан өткізген балалар
?
Денсаулықтың 5 тобына балалардың қай сұрыбын жатқызады:
- Қалыпты физикалық және жүйке-психикалық дамумен, анатомиялық дефектілерсіз, функциональді және морфофункциональді ауытқуларсыз сау балалар
- Клиникалық ремиссия сатысында созылмалы аурулары бар, жиі емес өршулермен, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
+ Ауыр созылмалы аурулары бар, жиі емес клтникалық емес ремиссиямен, жиі өршумен, тоқтаусыз рецидивдеуші ағымды, ағзаның функционльді айқын декомпенсациясымен, негізгі аурудың асқынуы бар балалар
- Созылмалы ауралардың активті сатысындағы және жиі өршитін тұрақсыз клиникалық ремиссия сатысы, сақталған немесе компенсирленген функциональді мүмкіндіктері бар балалар
- Созылмалы аурулары жоқ, бірақ кейбір функциональді және морфофункциональді бұзылыстары бар, реконвалесценттер, әсіресе инфекциялық аурулардың ауыр және орта ауырлықты дәрежелерін басынан өткізген балалар
?
Молозива құрамының сүттен айырмашылығы:
- Ақуыз құрамынының аздау болуы, майлардың көбірек, Ig А концентрациясының төменірек, ауыстырылмайтын май қышқылдарының аз болуы
- Ақуыздар, майлар, көмірсулардың көбірек болуы
- Ақуыздар, майлар, көмірсулардың аздау болуы
+ Ақуыз құрамының көбірек, майлардың аздау, Ig А концентрациясы жоғары, ауыстырылмайтын май қышқылдары құрамының жоғарырақ болуы
?
Әйел сүтінің сиыр сүтімен салыстырғандағы минеральді құрамының ерекшелігі:
+ Минеральді тұздардың жалпы мөлшері аз, Са және Р 2:1 қатынасы, микроэлементтер биожетімділігі жоғары
- Минеральді тұздардың жалпы мөлшері көбірек, Са және Р 1:1қатынасы, микроэлементтер биожетімділігі төменірек
- Натрийдың көп болуы
- Минеральді құрамында айырмашылығы жоқ
- Темір, мыс, цинктің аздау болуы
?
Вакцинация жасауға қарсы көрсеткіш болатын гормонотерапияның қолданылу тәртібін көрсетіңіз:
+ стероидтарды > 2 мг/кг/тәул > 7 күн дозада қолдану
- стероидтарды кез келген дозада, кез келген ұзақтықта ем курсында қолдану
- стероидтарды > 1 мг/кг/тәул > 7 күн дозада қолдану
- стероидтарды > 1 мг/кг/тәул > 14 күн дозада қолдану
- стероидтарды > 2 мл/кг /тәул > 14 күн дозада қолдану
?
Бала 3 ай. Өмірінің алғашқы апталарынан бастап көкжөтелге тән ұстамалы жөтел мазалайды. Тәбеті қанағаттанарлық, бірақ салмақ қоспайды. Өкпе алаңы үстінде қысқарған және тұйықталған перкуторлы дыбыс, аускультативті – екі жағынан ылғалды әртүрлі калибрлі және құрғақ сырылдар. Нәжісі көп мөлшерде, өткір иісті, сілемейлі жылтыр түйірлері бар, тәулігіне 8 ретке дейін. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
- ошақты пневмония
- обструктивті бронхит
- жедел жай бронхит
+ муковисцидоздың өкпе-ішектік формасы
?
Нозокомиальді пневмониялар стационарда келесі уақыттарда дамиды:
- стационарға келген соң 24 сағат және үйге шығарылған соң 24 сағат
- стационарға келген соң 48 сағат және үйге шығарылған соң 24 сағат
- стационарға келген соң 48 сағат және үйге шығарылған соң 48 сағат
- стационарға келген соң 24 сағат және үйге шығарылған соң 48 сағат
- стационарға келген соң 72 сағат және үйге шығарылған соң 24 сағат
?
Оң жақ қарынша жеткіліксіздігі симптомдарына не жатады:
- бауырдың ұлғаюы және көкбауырдың ұлғаюы
+ бауырдың ұлғаюы және аяқтағы ісіну, анасарка
- бауырдың ұлғаюы және өкпенің ісінуі
- көкбауырдың ұлғаюы және іштің ісінуі
- өкпе ісінуі, тахикардия
?
Ұл бала 8 жаста. Физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге шағымданады. Жиі жоғары t° ангинамен ауырады. Болғылт. Жүректің шекарасы сол жаққа қарай кеңейген. Жүрек ұшы түрткісінде І тон әлсіреуі, жүрек ұшы түрткісінде І тонмен байланысты дөрекі систоликалық шу. Болжамды диагноз:
- жедел миокардит
+ ревматикалық қызба, активті фаза, қайтпалы ревмокардит, митральді қақпақша жеткіліксіздігі
- ревматикалық қызба, активті фаза, біріншілік ревмокардит
- ревматикалық қызба, қайтпалы ревмокардит, митральді қақпақша стенозы
- жүректің туа пайда болған ақауы (ВПС), өкпе артериясының стенозы



Приложенные файлы

  • docx 23903595
    Размер файла: 58 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий