4_n_1201_s_1179_a


Психиатрия пәні 7 курс дәрігер интерндерге арналған қорытынды тест
IV нұсқа
?
Ғалым Д.Брейдтің (James Braid) психиатрияға енгізген жаңалығының нақты анықтамасын көрсетіңіз:
+ «гипноз» терминін енгізген
-«шизофрения» терминін енгізген
- «психиатрия атасы»
- «қорғаныс механизмдері» концепциясын енгізген
- адам әрекеттеріне мәдениеттің әсерін зерттеген
?
Науқас үйіне жөндеу жұмыстарын жасап жатқан кезде аяқ астынан қолына малярлы бояу жаққышты ұстап қатып қалды,сосын бояу жақыш түсіп қалды.Бұл бірнеше секундқа созылды.Осыдан кейін науқас абыржып қалды,бірден ойын жинақтай алмай қалды,толық амнезия болды.Науқаста қандай жетекші синдром?
-обнубиляция
-транс
-фуга
+абсанс
-дереализация
?
Науқас шошымал, қиын дем алады, беті қызыл, терлеген . Көзіне ұсақ хайуанаттарды көрінгенін( егеуқұйрық,кішкентай сиырлардың, қара өрмекшілердің) үстінде жүргенін сезеді. Қолдармен бұлғайды, кереуеттің астына қарайды, айқайлайды.Қоршаған ортаны анық белгілей алмайды (аурухананы сырахана деп қабылдайды) . Қоршаған ортаны анық біледі,есі анық .
-параноидты
-галлюцинаторлы
+ делириозды
- онейроидті
- аментивті
?
Науқас ұйықтап бара жатқан кезде оған күліп, тілдерін көрсететін қорқынышты тыжырайған беттерді көреді:
- рефлекторлы галлюцинациялар
- гипнопомпиялық галлюцинациялар
- фотопсиялар
+гипногогиялық галлюцинациялар
-акоазмдар
?
Шынайы галлюцинацияларға келесілер тән:
-дені сау адамдарда да жиі дамиды
- астения белгісі болып табылады
+әрқашан бір анализатор деңгейінде пайда болады
-жиі таңертеңгі уақытта күшейеді
- науқастың еркіне тәуелсіз пайда болады
?
Науқас 27 жаста шағым жасады, ол өзіне түсініксіз және күтпеген жағдайда басқа қалада өз-өзіне келді.Ессіз сапар уақытынан кейін науқас қобалжыған күйде, өз ойына терең берілген адамның күйін көрсетеді, Науқастың жетекші синдромын атаңыз?
-фуга
+транс
-Кандинский - Клерамбо синдромы
-сомнамбулизм
-абсанс
?
Науқас М 65 жаста. Жаңа пәтер алғанан кейін аурып қалды. Жаңа ортаға үйрене аламайғандықтан, үрейлі, жаман жағдайларды күтті. ұйқы, асқа деген тәбетті нашарланды.Үй шаруасымен айналасуды тоқтатты. Үрей күннен-күнге үдей түсті, осыған байланысыты психиатриялық стациаонарға жатқызуға жолдама алды. Бөлмеде әрі-бері жүріп өзіне орын таба алмай жүр. Көңіл күйі төмен, Үнемі үйінде бір нәрсе болып қалғандай жағадайда жүрді.Синдромды атаңыз?
-астеникалық
-ипохондриялық
-депрессивті
-кататоникалық
+үрейлі - депрессивті
?
АХЖ -10 бойынша F21 қай диагнозды анықтайды:
-шизоаффективті бұзылыс
+шизоидты бұзылыс
-сандырақ бұзылысы
-параноидты шизофрения
-аффективті бұзылыс
?
АХЖ-10 бойынша F30 қай диагнозды анықтайды:
-депрессивті эпизод
+маникальды эпизод
-адаптация бұзылысы
-тұлғаның бұзылысы
-кем ақылдылық
?
Субьективті түрде ауруын уайымдаудан шығы алмай, өзінде шын мәнісінде жоқ ауруды іздеу:
-ауруға деген дисфориялық реакция
-обсессивті-фобиялық реакция
+ипохондриялық реакция
-паронояльды реакция
-эргопатиялық реакция
?
Науқасты қабылдау бөліміне милиция қызметкерлері жеткізді. Қабылдау бөлімінде: шиеленісті, жауызды, көршісі өз пәтерінде аппарат орнаты, сол арқылы науқастың ойларын магнитафонға жазып жүр және ол оған өз ойларын салады деп мәлімдейді. Кейде арнаулы аппаратпен оған тіл тигізеттің радиоапараттар жасайды. Соңғы уақытта көршісі науқастың өзі қаламаған жерге мәжбүрлейді, жаман боқтау сөздерді және оған жасанды көтерінкі көңіл күйді шақыртады. Көршісіне пышақ тықпақшы болады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?
-фрегол синдромы
-Катера синдромы
-Котара синдромы
-интерметаморфоз синдромы
+Кандинский – Клерамбо синдромы
?
Науқас: ішкі көзқарасымен қабырғаның арғы жағында не болып жатқанын көре алатынын айтады:
-сенестопатиялар
-шынайы галлюцинациялар
-вербальді галлюцинациялар
-парейдолиялық иллюзиялар
+псевдогаллюцинациялар
?
Альцгеймер ауруы көбіне туындайды:
- балалық шақта
- бозбалалық және ересеюдің ерте кезеңінде
- инволюциялық кезеңде
+ егде жаста
?
Жабысқақ ойлар жағдайындағы неврозға тән емесі:
-вегетативті бұзылыстар
+ аффективті бұзылыстар
-фобиялық бұзылыстар
-обсессивті бұзылыстар
-компульсивті бұзылыстар
?
Истериялық невроздың сипатына жатпайтыны:
-параличтер
-ұстама (припадки)
-алгиялар
-Мюнхаузен синдромы
+ астения
?
Науқас жабырқаулы, тұйықталған, үндемейді, сөздердің арасында ұзақ үзілістермен сұрақтарға бір буынды жауап береді:
-мутизм
-шперрунг
- аутистикалық ойлау
- вербигерация
+ ойлаудың баяулауы
?
Науқас созып, жай сөйлейді, бірақ көпсөзді. Сөздерді қиындықпен теріп айтады, детальдарда тұрып қалады, осы кезде өзі жөніндегі әңгімеде негізгісін ажырата алмайды:
-ойлаудың баяулауы
-шперрунг
-резонерлік
+патологиялық байымдылық
-паралогиялық ойлауф
?
Тұлғаның конституциялық ерекшеліктері әсіресе қай патологияның дамуында маңызды
+ психопатияда
-шизофренияда
-деменцияда
-эпилепсияда
?
Истериялық невроздың сипатына жатпайтыны:
- аффективті бұзылыстар
-қозғалыс бұзылыстары
-сенсорлық бұзылыстар
+ психоорганикалық бұзылыстар
конверсионды бұзылыстар
?
АХЖ-10 бойынша F 20,1 қай психикалық диагнозды анықтайды
-параноидты шизофрения
-кататоникалық шизофрения
+ гебефренді шизофрения
-неврастения
-тұлғаның бұзылысы
?
Жүйелі балалар неврозына мынадан басқаның бәрі жатады:
-тұтығу
-жыпылық
+ канцерофобия
-энурез
-логофобия
?
АХЖ-10 бойынша F 10-19 қай диагнозды анықтайды:
-шизофрения
-эпилепсия
+психоактивті заттарды пайдаланғанан болатын психикалық және мінез-құлық бұзылыстары
-дистемия
-реактивті жағдай
?
Фобияның сипаттамасына жатпайтыны:
-науқасты қоршап алған , интенсивті, басылмайтын қорқу
-оның жөнсіз екенін түсіну
+ оның жасалып қойғандығын түйсіне жүретін басылмайтын қорқу
-фобияның нақты түсінігінің болуы
-вегетативті көріністер
?
Корсаков синдромының пайда болуына қандай ауру әкелуі мүмкін:
-эпилепсия
- шизофрения
+ созылмалы алкогольді интоксикация
-истериялық невроз
- олигофрения
?
Сананың қарауытуының белгісі болып табылады:
+ аллопсихикалық және аутопсихикалық дезориентировка
-фиксациялық амнезия
- идеаторлы автоматизмдер
- кататониялық ступор
- парамнезиялар
?
Кешкі уақытта қозудың күшеюі және галлюцинациялардың пайда болуы келесі жағдайға тән:
-онейроид
- астения
- кататония
+ делирий
-тұлғаның бұзылысы
?
Науқас орын және уақыт бойынша дезориентирленген, бірақ өзіндік тұлғасында ориентирленген:
+ делирий
-онейроид
- аменция
- күңгірттену жағдайы
- Grand mal
?
Науқас мазасызданған. Контакт толық емес, паспорттық мәліметтерін дұрыс айтады, бірақ уақыт және орын бойынша дезориентирленген. Жиі төсектен ыпшып тұрады, еденнен бір нәрсе іздейді, төсектің шкафтың астына қарайды, тышқандарды ұстауға тырысады, қорқыныш сезімі бар. Түнде үйықтай алмайды, берілген психозды басу үшін қандай дәрілік заттарды қолдануға болады?
+нейролептиктер, транквилизаторлар
-антидепрессанттар, транквилизаторлар
- барбитураттар, ноотроптар
- антидепрессанттар
- күкір қышқылды магнезия
?
Ер адам 19 жаста. Тежеусіз, эйфориялы, көп сөйлейді, бірақ сөздері түсініксіз, сынмен әзілдейді, қимыл координациясы бұзылған, қарашықтары аздап кеңейген, беті аздап гиперемияланған, алкоголь иісі сезілмейді. Берілген жағдай нені қабылдау нәтижесінде болуы мүмкін:
-кокаинді
+ барбитураттарды
-гашишті
- апиынды
- марихуана
?
Рибо заңы бойынша дамиды:
-антероградтық амнезия
- фиксациондық амнезия
- ретрорадтық амнезия
+ үдемелі амнезия
-кем ақылдылық
?
Шизофренияда байқалады:
-аура
- абсанс
- амбулаторлы автоматизм
+ кататониялық ступор
-психогенді ступор
?
Пик ауруына тән:
-гидроцефалия
- гипоталамустың өзгеруі
-тамыр атеросклерозы
+локальды атрофия
-аталғандардың ешқайсысы емес
?
П.Б. Ганнущкин бойынша психопатияның бір белгісі болып табылады:
-психиканың жеке компоненттерінің кеш жетілуі
+ жеке адамның патологиялық ерекшеліктерінің тотальдылығы
-патологиялық қиялға бейімділігі
- интеллектуальды жетіспеушілік
- аталғандардың ешқайсысында емес
?
Эмоциональды ұстамсыздық көбінесе тән:
-реактивті депрессияға
+ атеросклерозға
-невроз тәрізді шизофренияға
- эпилепсияға
- сенильді деменцияның жай түріне
?
Наркопсихотерапияда қолданылады:
-рисполепт
- анафранил
- оланзапин
- сертралин
+ реланиум
?
Шизофренияға қандай түрдегі таным қызметінің бұзылысы тән емес:
-жалған галлюцинациялар
- сандырақ
- неологизмдер
+ ойлау байымдылығы
-символикалық ойлау
?
Невротикалық симптомокомплекстің психопатологиялық белгісіне жатпайды:
-астения
+сандырақ
- депрессия
- үрей
- фобия
?
Мінез акцентуациясы дегеніміз не?
+ норманың ең шеткі варианты
-мінез сипатының тотальдылығы
- әлеуметтік дезадапция
- тұлға қорының (склад) дисгармониясы
- психопатияның түрі
?
Психогенді ауруларға жатады:
-пиромания
- дромомания
- клептомания
+ ятрогения
-дисморфомания
?
Қандай препараттар антидепрессанттарға жатады?
-рисполепт
- оланзапин
+ золофт
-финлепсин
- гексамидин
?
Жабысқақ сипатты салтқа жатпайтыны:
-жабысқақ сипатты қозғалыс,әрекеттер
+ басқа біреудің еркімен жасалатын әрекеттер
-фобия салдарынан жасалатын жабысқақ әрекеттер
-қорғану мақсатында жасалатын әрекеттер
-обсессия салдарынан жасалатын әрекеттер
?
Истериялық талманың сипатына жатпайтыны:
+ тоникалық және клоникалық фазалары бар ұстама
-әрқилы, күрделі , айшықты қозғалыстар
-сананың тұмандануы
-психогенді себептен кейінгі
-уақытының ұзақтығы
?
Моториканың истерикалық тұрғыдан бұзылу сипатына жатпайтыны:
-функциональды парез бен параличтер
-астазия-абазия құбылысы
-гиперкинездер мен жыпылық (тики)
+ амавроз
-блефароспазм
?
АХЖ-10 бойынша F40 қай диагнозды анықтайды:
-Неврастения
+үрейлі-фобиялық бұзылыс
-диссоциативті бұзылыс
-тұлғаның параноидты бұзылыс
-аутизм
?
Истериялық тұрғыдағы сенсорлық және сезімталдықтың бұзылысының сипатына жатпайтыны:
-көру алаңын концентрикалық талқылау
-амавроз
-естімей қалу
-анестезиялар және гипостезиялар
+ жасалып қойғандық сезімнің болуы
?
Анестезияға тән емес:
-жылдам шаршау
+ эйфория
-сіркесі су көтермеушілік
-зейіннің нашарлауы
-жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі
?
Ипохондрияның сипаттамасы:
+ өзінде жоқ ауруды іздеуге бейімділік
-сіркесі су көтермейтін әлсіздік
-денесінде жағымсыз ауырсыну сезімнің болуы
-қабылдаудың бұзылуы
-санада сарапталмаған психологиялық қақтығысқа соматикалық жауап
?
Науқастар көбіне сын көзбен қарайтын идеялар:
-паронояльды
-құнды (сверхценные)
+ жабысқақ
-параноидты
-парафренді
?
АХЖ-10 бойынша F 20,1 қай психикалық диагнозды анықтайды
-параноидты шизофрения
-кататоникалық шизофрения
+ гебефренді шизофрения
-неврастения
-тұлғаның бұзылысы
?
Логоневроз бұл-
-невротиктегі логикалық ойлаудың бұзылуы
-сөздің ретсіздігі
-өз сөзіне күдіктену
-көпшілік алдында сөз сөйлеуден қорқу
+ тұтығу
?
Психогения ненің нәтижесінде дамиды:
-интоксикация
-инфекция
+ психотравма
-дұрыс тәрбиелемеу нәтижесінлегі мінез аномалиясы
?
Невроздың жоқ түрін көрсет:
-истериялық
-депрессивті
-ипохондриялық
+ апатиялық
-обсессивті
?
Истериялық талмаға тән емесі:
-демонстративті ұстама
-преморбидті жеке бастық радикал
+ рефлекторлық реакциялардың болмауы
-амнезияның болмауы
?
Нервтік-психикалық әлсіздік, жылдам шаршау тән:
-апатия
-абулия
+ астения
-амбиваленттілік
-ипохондрия
?
Ауруын саналы түрде жасыру:
-симуляция
+ диссимуляция
-аггравация
-анозогнозия
-деперсонализация
?
Науқас ешқандай сыртқы ортамен қарым қатынас жасамай төсекте көрпеге оранып алып ешқандай қызығушылығы, ұмтылысы жоқ жата береді тіпті астына да жіберіп қояды, соған қарамастан оны ауыстырып берсін деген бейім көрсетпейді. Тамақты алдына алып келіп, қасықпен аузына салғанда ғана жейді:
- гипобулия
- стререотипия
- каталепсия
+ апато - абулия
- гипербулия
?
Ремиссияның сапасы немен анықталады:
психопатологиялық симптоматиканың редукциясымен
дефицитарлық симптоматиканың қалыптаспауымен
+ әлеуметтік және еңбекке бейімделушілікпен
нейролептиктермен сүйемелдеуші емнің жүргізілуімен
диспансерлік бақылаумен
?
Жалпы және ми инфекцияларынан кейін қалыптасатын қайтымсыз психикалық бұзылысқа жататын:
- маниакальды- депрессивтік бұзылыстар
- депрессивті- сандырақтық бұзылыстар
+ психоорганикалық синдром- елес-сандырақ синдромы
- жедел галлюциноз?
Психикалық ауруларды диагностикалағанда ең маңыздысы:
-лабараторлық зерттеу тәсілдері
+клиникалық тәсіл
-психологиялық зерттеу
-соматикалық зерттеу
-неврологиялық зерттеу
?
Абстинеттік синдром келесісін қолданғанда өте қысқа мерзімде дамиды:
-барбитураттарды
+героинды
-гашишты
-эфедронды
?
Жасырын түрде емделетіндерге арналған кабинеттің жұмысы:
-қаралған адамға жазбаша түрде құжат толтырылмайды
-жазбаша ұжат қаралушының шешіміне қарай толтырылады
+медициналық амбулаторлық карта қаралушының аты – жөнісіз және мекен жайысыз толтырылады
-тіркеу картасы ғана ашылады
-тіркеудің барлық түрі өткізіледі
?
Наркологияда алдын алу шараларын қажет ететін жағдайға жататын:
-алкоголь, наркотикалық және токсикалық заттарды қолданудан туындаған ауруларда
- алкоголь, наркотикалық және естен айыратын заттарды қабылдаудан туындаған ауруларда
+адамның санасына өзгеріс енгізетін белгілі бір заттарға тәуелділік туындап, оның жүйке жүйесіне және жалпы денсаулығына зиян келтіретін сырқаттарда
?
Бензодиозепиндерге тәуелділік жатқызылады:
-наркоманияға
-тәртіпсіз әрекетке
+токсикоманияға
-кокаинизмге
-гашишизмге
?
Тыныштандыратын дәрілермен улану еске салады:
+алкогольмен улануды
-героинмен
-кокаинмен
-каннабиоидтармен
-галлюциногендермен
?
Псикикалық белсенді заттарды қолданғанды үзіп тастағанда туындайтын соматикалық, неврологиялық және психопатологиялық бұзылыстарды атайды:
-депрессиялық синдром
-деменция
+абстиненттік синдром
-аутизм
-астения
?
Галлюцинациялық бұзылыс түрін көрсетіңіз: науқас оған дәріні ішуге тиым салатын дауыстарды естиді:
- гипнагогикалық галлюцинация
- сендіретін галлюцинация
- диалогты галлюцинация
+ императивті галлюцинация- рефлекторлы галлюцинация
?
Психобелсенді заттарды қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі пайда болатын,соматикалық, неврологиялық және психопатологиялық бұзылыстырдың симтомды жиынтығы - бұл:
-астеникалық синдром
- депрессивті синдром- ипохондриялық синдром
+бас жазу синдромы- дисфория
?
Корсаков синдромына кіретіні парамнезия, ретроантероградты бағдарлай алмау, амнестикалық бағдарлай алмау және… толықтырыңыз:
+фиксационды амнезия
- ұлылық сандырағы
- жалған галлюцинация
- ие болу және ашылу сезімі
?
Апато-абулиялық синдром қай ауруда кездеседі:
- эпилепсия
- невроз
+шизофрения
- маниакальды-депрессивті психоз
- Альцгеймер ауруы
?
Дисфория қай ауруға тән:
+эпилепсия
- депрессия
- шизофрения
- маниакальды - депрессивті психоз
- Альцгеймер ауруы
?
Бұзылысты анықтаңыз: Науқас 82 жаста,өзінің балаларын және таныстарын танудан қалды.Өзінің қызын туған анасы ретінде таниды.Ол өзін 18 жастамын деп санайды, тұрмысқа шығуға дайындалады. Ерте балалық шағындағы оқиғалар есінде, бірақ осы уақыттағы оқиғаға есі бірден төмендеген. Амнестикалық бағдарлай алмау бар. Ұшқалақтайды,түнгі және кешкі уақытта бір жаққа кетуге жиналады, киімдерін жинайды, үйден шығуға тырысады.Көңіл-күйі кейде мейірімді,кейде ызалы:
-депрессивті синдром
-апато-абулиялық синдром
-маниакальды синдром
+деменция
-фобиялық синдром
?
«Бұл жағдай таңертең басталады.Әдетте ерте сағат бесте оянасың және көзді ашып жатасың. Қатты сағыныш және кеудеде тас тұрғандай сезім. Тұру керек, бірақ тұрғым келмейді, себебі алдымда ұзақ күн. Жұмыста да жақсы ештеңе жоқ,бұрышқа тығылғың келеді. Зіл батпан тұла бойымды басып алады,бүкіл әлем қызықсыз сияқты, кір әйнектен көрініп тұрғандай. Барлық ойым жоғалды және болашақта жақсы ештеңе жоқ» - деген жолдар тән:
+депрессивті бұзылыс
-ипохондриялық бұзылыс
-соматогенді бұзылыс
-шизотиптік бұзылыс
?
Науқас ұзақ уақыт ауыр соматикалық аурумен зардап шегеді.Соматикалық бұзылыстың өршуі әсерінен келесідей жағдай пайда болды.Науқас орынға, жеке бас уақытына бағдары жоқ.Кейде айқайлайды немесе басқа біреудін сөзін немесе қысқа фразаларды көп қайталайды.Қатты абыржыған,кейде бет әлпеті қобалжығандай болады, қолымен бірдеңелерді таңдап алады. Соңғы уақытта төсектегі ретсіз қозғалыс бұзылыстары пайда бола бастады. Жетекші синдромды анықтаңыз:
-астеникалық
-апатикалық
-үрейлі
+аменция
-онейроидты
?
Науқастың сөйлеу үлгісі: «Менің бұл дауысқа қаншалықты үйренгенім соншалықты, мен оны мүлдем байқамаймын.Әрине, кейде мен оларға жауап беремін және адамдар менен теріс айналады. Бірақ мен өзімді бақылауда ұстаймын, өйткені бұл ұзақ уақытқа созылып келеді. Бір сөзді қайталап айта береді, өте аз уақытта сен өлесің және сенің өміріңнің соңғы сағаттары өтеді, сосын олар ән айтады. Бұл жұптар: ер және әйел, ән, сол бір ән үнемі сол жақтан естіледі.». Жетекші синдромды анықтаңыз:
- паранойяльды
+ галлюцинаторлы-делириозды
-психоорганикалық
-астеникалық
?
Мына мысалда қандай сандырақ ой көрсетілген:
«Ол мені қай жерде және кіммен болсын көзіме шөп салады.Кейде мен өзім аңдысамда және достарыммен бақылауға келісемін,сонда да ол осыны істейді.Дәлел,үйге келгенде төсекте адам іздері,кілемде дақтар,олар шәуетке ұқсас,еріндері сүйіскеннен тістелген.Түнде орнынан тұрып кетеді,дәретханаға бара жатқандай болып,бірақ есікті жауып алады,сол жақта жасайтындай,естідім,жыныстық қатысқа түскендегі дыбыс тәрізді естілді.
- ізіне түсу
-қарым-қатынас
+қызғаныш
-өзін -өзі кінәлау
-әсер ету
?
Науқастың сөйлеу үлгісінен: «Бұл дақ менің кеудемде алғашында кішкентай болған,ал қазір өсуде.Бұл меланома. Ия,маған гистология жасаған жоқ ,бірақ бұл да мүмкін дұрыс емес шығар.Дақ қышиды және одан жүректі ауыртады,бұл метастаз,мен энциклопедиядан оқыдым,метастаздар кеуде қуысында болады.Міне не үшін маған дем алу қиын және асқазанда түйін.Мен өсиетімде жаздым,қалай әлсіздік өрши бастайды бәрі жылдам аяқталады».Психопатологиялық синдромды анықтаңыз:
+ ипохондриялық
-астениялық
-сенестопатиялық
-галлюцинаторлық
?
Сіз мына мәтелді қалай түсінесіз: «Алма алма ағаштан алысқа құламайды» деген сұрағына «Алма үнемі ағаштан алысқа құламайды» деп тура мағынасында ғана жауап қатты. Ал ауыспалы мағынасын түсіндіріп бере алмады. Ойдың бұл түрі қандай психикалық бұзылысқа тән?
-шизофрения
+кемақылдылық
- эпилепсия
-неврастения
-депрессия
?
Науқастың сөйлеу үлгісінен: «көктем уақытынан керемет ештеңе жоқ,әдетте бұл қыркүйекте басталады.Көп жұмыс жасайсын,бірақ шаршамайсын.Ойларды бірден жүзеге асырасын, олар пайда балған кезде бәріне үлгеремін және көңіл күйім үнемі жоғары. Көп жеймін,не жегенімді байқамаймын,бірақ үнемі тәбетім жоғары .Көптеген достар және дос қыздар пайда болды,ақша кейде бір күнде таусылады. Жетекші синдромды анықтаңыз:
-дисфориялық
+маниакальды
-гипербулия
-эйфориялық
-депресонализация
?
Төменде көрсетілген бұзылыстың түрін таңдаңыз,науқастың мінез-құлқы балалардың мінез-құлқына ұқсас болады: бала даусымен сөйлейді,саусағын сорады,тілін шығарады,өзін «кіщкентаймын» деп атайды, қолдан жетектеуді сұрайды:
-жалған деменция
+ пуэрилизм
-Ганзера синдромы
-реактивті параноид
-сандырақ тәрізді фантазия?
Науқас В. 30жаста,жетім.Достары жоқ. Ол өзін азап щегушімін деп сендіреді, адамгершіліктің барлық кінәләрін өзі мойына алғанын айтады,ақыр заман 2012 жылы болады деп ұлы көріпкел Мая сияқты айтады.Көңіл –күйі төмендеген,өзін-өзі күтпейді,ұйқысы ұйқышылдық типінде бұзылған.Тәбеті бірден төмендеген.Ол өзін жер бетінде жалғыз қаламын және азап шегемін,100,200,1000жыл өмір бойы құлшылық етемін деп ойлайды. Жетекші синдромды анықтаңыз :-параноидты
-паранойяльды
+кататоникалық
-галлюциноз
-делирий
?
Мына мысалды қандай психикалық ақауы көрсетілген: «Мені бас ауруы мазалайды. Білесізбе,самайда жеңіл қысады,тұрған кезде және жатқан кезде,кейде тамақтанғаннан кейін.Бұндай жеңіл қысым көп оқығанда болады,сол кезде жәйлап соғады .Сосын жүрек айниды,бұл барлық уақытта болады,әсіресе жиі көктемде,көп жеміс жегенде,шынында,көктемде жаңбырда да болады.Мұндай қызық жүрек айну төменнен жоғары және жұтып жібересін...Әрине үнемі емес,кейде ол бір жерде түйін тәрізді тұрады,яғни оны жұта алмайсын».
- қабылдау
-эмоциональді ерік- жігер
+ой
-ес
-интеллект
?
Мына жағдайдағы қабылдаудың бұрмалануын анықтаңыз.
«Сіз өткен жылдардығы оқиғаны айтуды сұранасыз ба? Жақсы.Мені мадақтады және көп ақша берді,мен оларды тығып қойдым.Мені Кремльге шақырды және президент айтты:Міне өте жақсы сен болғаның, Николай,осындай мықты және бізді құтқардың және бетінен сүйді.Міне , өткен жылдарда болған оқиға осы ғана.Сосын мен ақшаны қазып ап, тік ұшақ сатып алдым және қайтадан Москваға алтын медаль алу үшін ұшып бардым».
- фиксационды амнезия
-жабысқақ ой
+конфобуляция
-гиперамнезия
-ретроградты амнезия
?
Жетекші синдромды анықтаңыз. «Бұл жағдай таңертең басталады.Әдетте ерте сағат бесте оянасын және көзді ашып жатасын.Қатты сағыныш және кеудеде тас тұрғандай сезім.Тұру керек,бірақ тұрғым келмейді,себебі алдымда ұзақ күн. Жұмыста да, жақсы ештеңе жоқ,бұрышқа тығылғым келеді.Сағыныш сезімі тұла бойымды билеп алады,бүкіл әлем қызықсыз сияқты,кір әйнектен көрініп тұрғандай.Барлық ойым жоғалды және болашақта жақсы ештеңе жоқ”
-паранояльді
-дисфориялық
-апато-абулиялық
+депрессивті
-астеникалық
?
Науқас 18 жаста бірден ауырды.Жұмыста қорқынышпен айналасына қарай бастады.Мағынасыз бірденелер айтты,орманға қашып кетті.Орманнан табылды:Есіктің алдында тұрды,сұрақтарға жауап бермеді.Ауруханада:үндемейді,шақырғаннан кейін орындыққа отырмайды,бет әлпеті айқын емес,түрі қозғалыссыз. Салғырттық,белсенді негативизм анықталады.Ішкі ағзалар жағынан ақау жоқ.Жүйке жүйесі ошақты өзгеріссіз.Науқаста қандай жетекші синдром?
- параноидты синдром
- гебефреникалық синдром
- депрессивті синдром
+ кататоникалық синдром
- маниакальды синдром
?
Науқастың туыстары кеңес алу үшін келді.Олардың айтуынша науқас балалық шағында толық қанағаттанарлық түрде дамыған.Жыл бұрын 25 жасында мінез-құлқы өзгере бастады күдікті,тұйық,күні бойы бір бөлмеде жалғыз отырады,терезені пердемен жауып алады және есікті кілттеп алып отыратын болды.Науқастың күнделігінен анықталғандай,оны "бұзақылар ұйымының мүшелері өлтіргісі келеді". Науқас сақтықта отырады.Ұзақ уақыт әңгімелескеннен кейін көршілері науқасты жүйелі түрде аңдиды екен,олар қандайда бір топтың мүшелері болып табылады.Науқаста қандай диагноз?
+ параноидты шизофрения
- гебефренды шизофрения
- қарапайым шизофрения
- кататоникалық шизофрения- ажыратылмаған шизофрения?
Біреудің жан дүниесін түсініп, оның ішіне кіре алу:
- апперцепция
- рефлексия
- интуиция
+ эмпатия
- симпатия
?
Науқас 30 жаста,психиатриялық стационарда 12 жылдан бері тұрады.Алғашқы жылдары галлюцинаторлы-сандырақ синдромы анықталды.Соңғы жылдары сөйлеудің шашыраңқылығы өрши бастады.Үнемі еңбек үдерістеріне қатысып тұрады.Жұмыс істей тұра,үздіксіз мыңғырлайды: Яғни, дұрысы– сизформа, ой, тәртіппен, болмыс анықталады.Менің болмысымның түрі ерекше,ол 5 әріптен тұрады.Менің ойым менің қамқорлық әріптеріме сәйкес келеді.мен тек аты бар бірақ тегі жоқ адамдармен араласамын.Табиғат физиология негізінде математикалық жарық жаргоны көмегімен,шахмат бастапқысында дәлелденді,мен өзімнің физиологиямның азаматы емеспін.."Науқаста ойдың кандай түрі?
- пысықтауыш ойлар
- ойдың жылдамдауы
- амбивалентті ой
- паралогикалық ой
+ шашырынды ой
?
Науқас 24 жаста,Психиатриялық стационарда 5 жыл көлемінде қаралады.Галоперидол емі барысында науқаста өзекті сандырақ галлюцинаторлы уайымдау болды.Жиі дәрігердің бөлмесіне кіріп және шағыммен талап етті "мазақ қылуды тоқтатуды,аппаратты өшіруді,яғни оның ойларын ұрлап алатын және басқа бөтен ой сап қоятын".Науқас Н –ды ұрып соқты, қожайын аппаратын бақылау үшін жіберілген деп айтады.Галоперидол емінен кейін жағдайы біршама жақсарды: мінез-құлқы
жинақы,дәрігермен амандаса бастады, "эксперименттерге" қатысты шағымы жойылды.Әңгімелесу барысында айтады оның ойын оқиды және магнитофон лентасына жазып алады деп, кейде "экспериментаторлардың"ол жайлы әңгімесін естиді.Барлығына шын жүректен қарайды,айтады: "Мен енді көңіл аудармаймын".Белсенді түрде еңбек жұмыстарына араласады.Науқаста қандай жетекеші синдром?
-амнестикалық синдром
+параноидты синдром
-гебефреникалық синдром
- парафренды синдром
-энцефалопатиялық синдром
?
Науқас гипертониялық ауруы бойынша ем алуда.Бір дәрігердің қарауында (таңертең қан қысымы 200/110 мм.с.б болды.) төсектен секіріп түсті,қайшыны алып дәрігер мен кіші медицина қызметкерін жаралады.Содан кейін психиатриялық ауруханаға жатқызылды,бірден қобалжыған,айналасына қорқынышпен қарайды,қашуға тырысады.Уақытқа және жатқан орнына бағыты болмады,бірақ жеке басына бағыты сақталған. 10% глюконат кальцийді тамыр ішілік жасағаннан кейін жылдам тыныштанды,қоболжыған түрде айналысына қарады,қайда жатқанын сұрайды,не үшін оны терапиялық ауруханадан әкелді деп сұрайды.Ал болған жағдайды білмейді.Науқаста қандай жетекші синдром?
-онейроидты синдром
-есенгіреу синдромы
+делириозды синдром-галлюцинаторлы синдром-күңгіртену бұзылыстары
?
Неврапатологқа науқас ұйқысының бұзылуы бойынша жіберілді.Қарау барысында тәулігіне 1-2 сағат ұйықтайтынын айтты,бірақ соған қарамастан өте белсенді,түні бойы әдебиеттер оқиды.Әңгімелесу барысында монологқа тырысады,дәрігерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермейді,үнемі бөле береді.Ойы жылдамдаған,көңіл –күйі жоғары.Жеңіл түрде эротикалық тақырыпқа секіріп кетеді,дәрігермен әңгімелесу арақашықтығын сақтамайды,жеңіл түрде "Сен"ауысып кетеді және ағайынкершілікпен, айналадағылармен ерегіске түседі.Өзін мүмкіндік беруші адам деп санайды,мимикасы айқын,көзі жарқырап тұр,шырышты қабаты құрғақ.Науқаста қандай жетекші синдром?
- обсессивті синдром- ипохондриялық синдром- дементты синдром
- сенестопатиялық синдром
+маниакальды синдром
?
Науқас 82 жаста,өзінің баларын және таныстарын танудан қалды.Өзінің қызын туған анасы ретінде таныды.Ол өзін 18 жастамын деп санайды, тұрмысқа шығуға дайындалады.Ерте балалық шағындағы оқиғалар есінде,бірақ осы уақыттағы оқиғаға есі бірден төмендеген.Амнестикалық бағдарлай алмау бар. Ұшқалақтайды,түнгі және кешкі уақытта бір жаққа кетуге жиналады,киімдерін жинайды,үйден шығуға тырысады.Көңіл-күйі кейде мейірімді,кейде ызалы:
- депрессивті синдром
- ипохондриялық синдром
+дементты синдром
- сенестопатиялық синдром
- маниакальды синдром
?
АХЖ-10 бойынша F 10-19 қай диагнозды анықтайды:
-шизофрения
-эпилепсия
+психоактивті заттарды пайдаланғанан болатын психикалық және мінез-құлық бұзылыстары
-дистемия
-реактивті жағдай
?
АХЖ-10 бойынша F11 қай диагнозды анеықтайды:
-ұйықтататын және тыныштандыратын заттарды пайдаланған салдарынан болатын психикалық мінез-құлық бұзылыстары
-наркотикті және басқа да психоактивті заттарды пайдаланған салдарынан болаитын психикалық мінез- құлық бұзылыстары
-жедел улану
+апиадты қолданғанан пайда болатын психикалық және мінез- құлық бұзылыстары
-кататониялық шизофрения
-Альцгеймера ауруы
?
Қыз бала 12 жаста, инфекционды мононуклеозбен ауырды.2 күн аралығында дене қызуы 40 градусқа шейін көтерілді.Төсекте жатып мазасызданады жыланнан қорқады,яғни дракон көретін,олар көптеген кішентай динозаврларға ауысады, «терезедегі перде тірі» деп санайды, көрінбейтін құрбыларымен сөйлеседі, яғни оған үй тапсырмасын әкелген», ертең емтихан тапсыруым керек деп сендіреді.Үдемелі қорқыныш пен үрейдің фонында одеалды саусақтарымен жөндей бастайды,көзі бадырайған және ашық түрде таңқалғандай,вегетативті реакция айқын.Масасыздану кешкі және түнгі уақытта максимальды дәрежеге жетеді.Бөлменің үлкен болғанын байқайды,бірақ патолок төмен түсіп келе жатқаның,ашық түс мазалайды.Науқаста қандай жетекші синдром?
- параноидты синдром
- гебефреникалық синдром
- депрессивтісиндром
+ делириозды синдром
- маниакальды синдром?
Науқас Л., 52 жаста. Тиреоидэктомиядан кейін және климактериялық кезең фонында мұңды және тұйық бола бастады.Кешке қарай жұмыста шаршағыштық,тәбетті мүлдем жоғалту,түнгі уақытта ояну және сосын ұйықтай алмады.Туыстарына ауыртпашылық түсіре бастағанын байқады,яғни үйде ештеме жасамайды,үнемі төсекте жатып алады.Таңертең төсектен тұру қиынға соқты.Өзінің жеке қажеттілігінің болмауына байланысты өз –өзіне қол жұмсағысы келді.Сонымен қатар, тек қатты жүдегені емес қартайғанын байқады.Кеуде тұсының қысылуына және дем алғанда ауаның жетіспеуіне шағымданады.Науқаста жетекші синдромды ата
- параноидты синдром
- гебефреникалық синдром
+ депрессивті синдром
- делириозды синдром
- маниакальды синдром?
Психикалық аурулардың АХЖ -10 бойынша деменцияның шифры, коды:
+ F 00-F01
- F10 – F19
- F70- F79
- F80- F89
- F90- F99
?
АХЖ – 10 бойынша бірінші белгісі F әріпінен басталатын бұзылыс:
-инфекционды және паразитарлы аурулар
-жүйке жүйеінің арулары
+ психикалық және мінез-құлық бұзылыстары
-өспелер
-ішкі аурулар
?
АХЖ-10 бойынша F02,3 қай психикалық диагнозды анықтайды
-тамырлық деменция
-органикалық галлюциноз
+Паркинсон аруы
-жедел интоксикация
-эпилепсия
?
Науқас А. , пневманиямен сырқаттанған, жоғары қызбада түнгі уақытта бөлмеде қабырғада, төбеде үлкен көлемді өрмекшілерді және басқа қорқынышты жәндіктерді көреді, яғни олар құлап және айналасында жүгірді. Қорқыныштан ол айқайлап,көмекке шақырып,тығылуға тырысты. Медицина қызметкерімен әңгімеде атын, жасын дұрыс айтты, бірақ қайда екенің түсінбеді, айналасындағыларды өзінің достары немесе туыстары деп атады.Науқаста қандай жетекші синдром?
- галлюцинаторлы синдром
+делириозды синдром
- маниакальды синдром-параноидты синдром
-ипохондриялық синдром
?
Жас өспірім 14 жаста сөзі ақаумен,сақауланып сөйлейді,сөз қоры бірден шектелген,сөзі стереотипті, шаблонды.Балалық шағында психофизиологиялық дамудан қалып қойған.Бала бақшаға бармаған.Алғашқы сөзі 3 жасында. Қосымша мектепте оқыған,бірақ қиындықпен 10-ға дейін санаған.оқи алмайды,бірақ жеке әріптерді атай алады.Физиологиялық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қызығушылығы шектелген.Осы науқста ақыл- ойдың кемістігінің қай дәрежесі?
- деменция
+имбецилділік
- дебильділік(жетесіздік)
- идиотия
- маразм

Приложенные файлы

  • docx 23901722
    Размер файла: 42 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий