Дәріс № 3 5 курс


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Периодонт қабынуының этиологиясы және патогенезі. Периодонт қабынуының патологиялық анатомиясы және жіктелуі. Периодонт қабынуының клиникасы, диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы.  Этиология:Периодонт қабынуының пайда болу себептері:- инфекция салдарынан- жарақат әсерінен- дәрі-дәрмектердің әсерінен Инфекциялық периодонттың қабынуы Микроорганизімдердің периодонт саңылауына өткенде пайда болады. Микроорганизімдер: алтын және ақ стафилококтар, гемолитик және гемолитик емес стрептококтар, фузобактериалар, спирохеттер, саңырауқулақтар, олардын токсиндері, ұлпанын ыдрауы, дентиннің ыдрандысы түбір өзектен, пародонтальді қалталардан периодонт саңылауына өтуі кезінде.Бактерийлардың өту жолына карай инфекциялық периодонт қабынуын екі топқа бөлінеді: интрадентальді (тіс арқылы ) және экстрадентальді( тістін сыртынан).Интрадентальді остеомиелиттерден, периоститтерден, гаймориттерден , риниттерден, пародонттирден және т.б. гемотогендік лимфогенндік жолдар арқылы, адам туберкулезбен, гепатитпен, тифпен, гриппен ауырған кезде инфекция өтеді.Интрадентальді жолмен микроорганизімдер тісжегі арқылы және тістің түбірінен эндодонтық емдерді жүргізгенде периодонта қабыну үрдісі байқалады. Жарақат әсерлеріне болатын периодонтың қабынуы. Түбір өзектерде эндодонтық аспаптармен қызмет атқарғанда, т,ө. пломбылау кезінде, пломба материаларды артығымен шығып кеткенде, штифтермен пломбылаған кезде. Адамдар қулап қалған жағыдайларда тістерімен соғылған жағыдайларда, урып соққан кезде, тістермен қатты заттарды тістеген кезде, жаңғақты тісімен жарғанда, етікшілер тістерімен шегелерді ауызына тістеген кезде, тігіншілер жіптерді тістерімен жулады т.б. , үлпада қан қуілуі байқалады, қанайлануы бузылып ұлпа некроздалады, тістің түсі бузылады, әр түрлі тітіркендіргіштерге жауап береді. Турақты пломбаны артығымен қойған кезде, жасанды сауыт биік болғанда, науқастын тістесуы жоғарлайды, периодонт саңылауына зақым келеді. Дәрі-дәрмектерден болатын периодонттың қабынуы.Периодонт саңылауына концентрациясы жоғары дәрі дәрмектердәң баруы және химиялық заттардан( мышьяк қойыртпағы, хлорамин, хлоргексидин, димексид, фенол, формалин, т.ө. фосфат цементпен, резорцин формалин қойырпағымен плопбылау кезінде пломба материалы түбір ушынан шығып кеткенде периодонт саңылауында қабыну үрдісі байқалады. Периодонттын қабынуынын патогенезіАпикальді тесік арқылы түбір өзектердегі шіріген, ыдыранды ұлпаның токсиндері периодонт саңлауына өтеді, микробтардын эндотоксиндері. БАП тар пайда болады.БАП заттар қан тамырларынынң өткізгіштігін жоғарлатады, ісіну тез пайда болады, микроциркуляциясы бузылады, тромбоз, гиперфибринолиз, екіншілік гипоксия пайда болады, гипоксия жоғарлайды, тіңдердің трофикасы нашарлайды, лизосимальді ферментердің саны көбееді, осы жагыдайлар остеокластардын саның көбейтеді қабыну сүектің тіңдері сорылады. Периодонт қабынуының патогистологиялық өзгерістері:Периодонттын жедел серозды қабынуында микроскопиялық жағыдайда қабыну, қызаруы өте білінеді, полиморфті ядерлі лейкоциттердің жиналуы, жалқықтануы, кейбір жерде гистиоциттердің және лимфоциттердің жиналуы, қан тамырларынын кеңеюі байқалады. Периодонттын жедел ірінді қабынуы кезінде периодонт тіңдерінің ісінуі, кейбір жерде қанынын қуюлуі, жалқық, талшықтары ыдыраған, лейкоциттердің көшуі, диффузды лейкоциттердің инфильтрациясы пайда болада, кіші қурым абсцесстердің пайда болуы, олар бір бірімен қосылуы байқалады. Сонымен ірінді ошақтың пайда болуы көрініс береді.Периодонтқа жақын альвеола өсіндігінің сорылуы байқалады, мий суек тіндерінде қызаруы, жалқықтануы байқалады. Периодонттын созылмалы фиброзды қабынуы кезінде периодонт тіңдері дөрекі талшықты тіңдермен қоршалғаны байқалады, торшалар аз мөлшерде, талшықтардын орналасуы бузылған, түбір цементің сорылғаны көрінеді. Периодонттын созылмалы гранулдене қабынуы кезінде түбір ушында периодонт грануляциялық тіңмен қапталған, шасуша элементері фибробластар, гистиоцитер, лейкоцитердің көп жиналуы байқалады. Альвеола өсіндігінің кортикалді пластинкасынын сорылуы көрінеді, түбір цементің резорбциясы, тістің түбіріндегі дентиннің кейбір кезде сорылуы болуы мүмкін, Қабыну үрдісі мий суек тіңдеріне жаылып, суек қабат астына өтіп, жумсақ тіңдерге жиналады. Периодонттын созылмалы гранулематозды қабынуы кезінде түбір ушында гранулема пайда болады. Гранулема дегеніміз дәнекер тіңнен туратын қабық пен қоршалған , турпаты сопақ, донгелек болып келеді, гранулема көп кіші өрілген капиллярлармен және плазматикалық шасушалар, гистиоциттер, полиморфті ядролы лейкоцитерден турады, гранулемалар іріндеген жағыдайлара лейкоцитер көбееді. Түбір ушында цеменпен : жай гранулемалар, дәнекер тіңдерден турады , 10% жағыдайларда кездеседі.Эпителиальді гранулемалар грануляциялық тіңдердің арасында эпителийдің талшықтарымен шырмалған(90% жа5ылайда кездеседі). Олар қуысты болады кисталар, кисто гранулемалар, радикалды кисталар дейміз, қуыстын іштері эпителиймен қапталған, іштерінде жалқықтар жиналуы мумкін серозды , ірінді (қабынуына қарай) Периодонт қабынуларының жүйесі:И.Г. ЛУКОМСКИЙ - дін жүйесі 1936 жылы усынған.1. Периодонттың жедел қабынуы:а) серозды б) ірінді2. Периодонттың созылмалы қабынуы:а) фиброзды б) гранулдене в) гранулематозды3. Периодонттың созылмалы қабынуынын өршуі:а) фиброзды б) гранулдене в) гранулематозды ММСИ ( ММСА1987 ) М.И. ГРОШИКОВТЫН усынған жүйесі:1. Периодонттың жедел қабынуы:а) улану сатысы б) жалқықты сытысы серозды, ірінді2. Периодонттың созылмалы қабынуы:а) фиброзды б) гранулдене в) гранулематозды3.Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі:Фиброзды, гранулдене, гранулематозды Жедел периодонт қабынуының улану сатысы:Шағымы: турақты ошақты ауру сезіміне, ауру сезімі тістердің тістескенде, тағам ішкенде үлғая бастайды, керніп түрған сияқты. Науқас ауырған тісті дүрыс көрсетеді.Көріп тексергенде: бет әлпесі өзгермеген, ауызын еркін ашады. Тістің маңында шырышты қабығы өзгермен, тіс сауытының түсі өзгермеген, тіс интакты, тісжегі немесе тұрақты пломба болуы мүмкін. Тісжегі қуысын шұқып тексергенде ауру сезім жоқ. Қағып тексергенде аздаған ауру сезімі байқалады. Төмендегі жақ лимфа түиіндерін сипап тексергенде ауру сезімі байқалады. R-да өзгеріс жоқ. Жедел периодонт қабынуының жалқықтану сатысы:Шағымы: серозды жалқық жиналған кезде -тұрақты ауру сезіміне, ауру сезімі үлғая береді, тістің үясынан өсіп турғанына шағымдайды, тісті анық көрсетеді, тіске тиіп кеткенде ауру сезімі пайда болғанын айтады.Қарағанда: тісжегі қуысы болса – шұқып тексергенде ауыру сезім жоқ, суық, ыстыққа – ауырмайды, қағып тексергенде – қатты ауыру сезім, сипағанда тістің айналасындағы қызыл иек ауырады, қызыл иек, өтпелі қатпар қызарып, ісініп тұруы мүмкін, рентген сүретте түбір айналасындағы тіндерде өзгеріс болмайды.Науқастың жалпы жағдайы нашарламаған. Шағымы: іріңді жалқық жиналған кезде – солқылдатып ауру сезім ұзаққа созылады, құлақ, шекеге тарайды, тіс ұзарып, биіктеп кеткендей, науқастың жағдайы нашарлайды дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, әлсіздік, ұйқысы бұзылады.Көріп тексергенде: беттің асимметрия байқалады, қызыл иек бірнеше тістің маңайында қызарған, ісінген. Сипап тексергенде қызыл иекте ауыру сезімі үлғая түседі. Тістің түсі өзгермеген, тіс қозғалып тұрады. Лимфа түйіндер үлғайған, ауырады.Салыстырмалы диагностикасы: ұлпаның жедел толық қабынуымен, созылмалы шіри қабынуының өршуімен, созылмалы периодонт қабынуымен, жедел одонтогендік остеомиелитпен, периоститпен, пародонттың ошақты қабынуымен. Созылмалы периодонт қабынулары:Жие кездесетін аурулардың бірі. Клиникалық белгілері бояу дамиды. Созылмалы периодонт қабынуларының анықтау үшін міндетте түрде рентген сүрет қажет болады. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы:Клиникалық белгілері байқалмайды. Науқастың айтуынша ауру сезімі бұрында байқалған. Тістің түсі өзгерген, терең тісжегі қуысы, немесе тіс интакты болуы мүмкін.Қарап тексергенде: тісте терең тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан, немесе пломба салынған, қағып тексергенде ауырмайды, температуралық тітіркендіргіштерге – ауыру сезім жоқ. R-сүретте түбір ұшында периодонт саңылауы кеңейген, альвеола өсіндігінің кортикальді пластинкасы өзгермеген, гиперцементоз болуы мүмкін.Салыстырмалы диагностика: созалмалы шіри ұлпа қабынуымен, созылмалы гранулдене және гранулематозды периодонт қабынуымен. Периодонттың созылмалы гранулдене қабынуы:Науқастын ауру сезімі жоқ. Анамнезінде бурын тісінін аурғанына шағымдайды, приступ тәріздес, қатты ауру сезім әр түрлі тітіргендіргіштерге. Кейбір кезде жылан көз пайда болғанына. Терен тісжегі қуысы, тістің түсі өзгерген, ұлпа шіріген, ЭҚ 100 мкА төмегендеген. Вазопарез симптомы оң.Рентген сүретте түбір үшында альвеола өсіндісінің сорылуы, шекарасы анықталмайды, лапылдап жанған оттын тілдеріне уқсас. Түбір ушы қысқарған болып көрінеді, цемент және дентинің сорылуы байқалады. Периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы:Науқастын шағымы болмайды.Тісте терең тісжегі, турақты пломба, интакты болуы мүмкін.Түбір өзекте шіріген ұлпа болған кезде жағымсыз ис байқалады.Шуқып, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. ЭҚ 100 мкА дейін төмендеген. Рентген сүретте түбір ушында шекарасы анық ошақ көрінеді. Салыстырмалы диагностикасы: бір бірінен, орта тісжегімен, ұлпаның созылмалы шірі қабынуынан. Периодонттын созылмалы қабынуларынын өршуі: Тісте ошақты сыздаған ауру сезіміне, тілмен тиіп кеткенде улғая бастайды, тістердің бір біріне тістескен жағдайында. Тістің өсіп тұрғанына, басқа тістерден биік болып тұрғанына шағымдайды.ЭҚ 100 мкА төмендеген. Рентген сүретте фиброзды, гранулдене, граулематозды қабынуларын өршулері байқалады.Салыстырмалы диагностикасы периодонттын жедел қабынуынын жалқықты сатысымен, ошақты пародонтиттен, үшкіл нертің невралгиясынан, созылмалы периодонттитің бір бірінен. 

Приложенные файлы

  • pptx 23872750
    Размер файла: 98 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий